улы жәндіктер


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Улы жәндіктерге әр түрлі буынаяқтылар – қыршаяндар, аралар, асалар, шершндер, өрмекшілер жатады (қарақұрт, тарантул, кейбір тропикалық және солтүстік америкалық түрлері).Өрмекшілер өздерінің құрбанын тістейді және уларын хелицерлерімен жібереді. Қалған жәндіктер инелерін қолданады. Ара шаққан кезде инесі құрбанының денесінде уымен бірге қалып қалады; аса және шршндер шаққан кезде инелерін қалдырмайды.ХАК-10 · Т63.2 Қыршаян уының токсикалық эффекті · Т63.3 Өрмекші уының токсикалық эффекті · Т63.4 Басқа буынаяқтылар уының токсикалық эффекті. Клиникалық сипаттамалары Ең улы жәндік қарақұрттың аналығы болып табылады («қара жесір»; аталықтар уының улылығы он есе кем). Улану ауырлығы дәрежелерге бөлінеді. Клиникалық көрінісінде щаққан жерде қатты ауырсыну, тері бөртпесі, бұлшықеттердің қатты ауыруы (құрсақішілік қысымның бірден жоғарылауынан кейде жедел ішпен шатастырып алуға болады), профузды тер бөліну, өмірге маңызды ағзалар қызметінің бұзылыстары, артериалды гипертензия (140 мм сын.б.б.; у құрамында прессорлы агент бар), тахикардия, экстрасистолиялар, гипертермия, жалпы токсикалық реакция белгілері (жүрек айну, құсу, бас ауыру, сілекей ағу және т.б.) болады. Кейбір ауыр кездерде қозу сопорозды және коматозды жағдайға ауысады.Тарантулдар, ірі өрмекшілердің улы аппараттары болғанымен олардың уы өлімге әкелмейді, бірақ парестезияларды, жұмсақ тіндердің ісінуінсіз жүретін жергілікті ауырулық реакцияны шақырады. Жергілікті ауыру сезімі «бүкіл денеге» тарап, бірнеше күн сақталып тұруы мүмкін. Қыршаянның шағатын және улы аппараты құйрығында болады. Шаққан жерінде бірден қатты қинайтын ауыру сезімі, күйдіру, гиперестезия және парестезиялар (солқылдау) пайда болады. Жалпы интоксикация симпомдары барлық жағдайларда анықталмайды (жиі мектепке дейінгі балаларда анықталады): әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, қалтырау, жүрек аймағының ауыруы, ентігу, жүрек қағу, ұйқышылдық пен адинамияға ауысатын мазасыздану, тремор, аяқ-қолдардың ұсақ ұстамалы тартылуы, жайылмалы тоникалық және клоникалық ұстамалар, парездер мен параличтер, тердің мол бөлінуі, сілекей мен жастың ағуы, мұрыннан шырыштың мол бөлінуі, дене қызуының қысқа уақытқа 38ْ С дейін көтерілуі. Өте ауыр уланулар қыршаянның кейбір африкалық және американдық түрлері шаққан кезінде болады. Аралар, асалар, шершндер (жарғаққанаттылар) шаққан кезінде организмге құрамында аминдер, гистамин, кининдер мөлшері көп у жібереді. Бұлар айқын жергілікті ауыру және қабыну реакцияларын тудырады. Сонымен қатар уда фосфолипазалар, гиалуронидаза, қышқыл фосфатаза мен мелиттин болады. Көп мөлшердегі биологиялық активті және белоктық заттар жарғаққанаттылардың уына біршама аллергогенді әсер береді. Көп жағдайларда IgЕ түзілуімен жүретін иммунды процесс дамиды. Осы аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксиялық шок өмірге қауіпті болып табылады. Егер адамға шектен тыс көп жәндіктер шабуыл жасаса, онда удың тікелей әсері өлімге алып келуі мүмкін. Диагностика. Анамнез және қарап тексеру. Диагноз анамнезді ескеріп және тістеп шаққан жерді қарау арқылы қойылады. Қосымша зерттеуЛабораторлы зерттеу қарақұрт шаққан кезінде пайдалы, бұл кезде іштегі және бұлшықеттердегі қатты ауыру сезімі болатын жағдайлармен салыстырмалы диагностика жүргізіледі. Емі Қарақұрт шаққан кезде адамды біріншіден тыныштандырып қорқынышын басу керек. Шаққан жерге тиіспеу керек; тек дымқыл матамен, тері бетіндегі уды алу үшін, сүртуге болады (ауызбен немесе шприцпен уды соруға, күйдіруге, қыздыруға, тінге калий перманганат, фенол, трипсин ерітінділерін енгізуге болмайды). Шаққан аяқ қолдың иммобилизациясын жасау керек. Интоксикацияның ерте белгілерін емдеу: қорқынышты басу: седативті заттар (хлорпромазин 25-50 мг ересектерге, балаларға 1 мг/кг б/е немесе басқа транквилизаторлар). Ауыру сезімін басу: парацетамол ішке, анальгетиктер инъекциясы, сонымен қатар наркотикалық анальгетиктер. Шаққан жерге суық басу. Бронхообструктивті синдром дамыса оттегі ингаляциясын жүргізу керек. Тынысы тоқтаса ауыздан ауызға, ауыздан мұрынға немесе Амбу мешогымен жасанды тыныс алдыру. Қанайналымы тоқтаса жүректің жанама массажы, толық көлемдегі жүрек-өкпе реанимациясы. Мүмкіндігінше жылдам түрде ауруханаға жеткізу. Антитоксинді терапияАнтитоксинді терапия арнайы қарақұртқа қарсы сарысуды қолдануға негізделген. Препарат реанимация бөлімшесінде немесе қарқынды емдеу блогында енгізілгені абзал. Арнайы қарақұртқа қарсы сарысуды тек ауыр улануларда қолданылады, өйткені ол қауіпті жанама әсерлерді, тіпті анафилаксиялық шокты тудыруы мүмкін. Қыршаян шаққан кезде емі негізінен симптоматикалық. Зақымдалған жерге суық компресстер қойылады, стеройдты емес қабынуға қарсы препараттар тағайындалады. Тропикалық түрлері шаққан кезде арнайы сарысулармен емдеуге болады.Ара шаққан кезде инесі теріде қалып қоятындықтан зақымдалған жерді мұқият қарауды талап етеді. Араның улы инесін инемен немесе лезвиямен алу керек. Жергілікті емі суық компресстерді және қышынуға қарсы мазь немесе лосьондарды қолдануға негізделген. Антигистаминді препараттар тағайындалады. Жарғаққанаттылар уына аллергиясы бар адамдар ерекше көңіл аударуды талап етеді. Егер анамнезінде ара шаққаннан кейін дамыған ауыр анафилаксиялық реакциялардың болғаны көрсетілсе, онда стимптомдар дамуын күтпей бірден эпинефрин инъекциясын 0,3-0,5 мл 0,1% жасау керек. Инъекцияларды әр 20-30 мин сайын қайталап отырады. Бұл шаралар жапа шеккен адам өмірін сақтап қалады. Қосымша шаққаннан кейін мықты антигистаминді препарат қолдану керек.Анафилаксиялық реакцияларды басу мақсатында глюкокортикоидтар көрсетілген, оларды көктамырға ағыммен енгізеді: гидрокортизон 250 мг (кристаллды емес!), немесе преднизолон 90-120-360 мг, немесе метилпреднизолон 50-250 мг, немесе дексаметазон 8-32 мг. Осыдан кейін глюкокортикоидтар инфузиясын іске асырады. Иммунотерапия Жарғаққанаттылардың әр түрлерінің уынан алынған сұйылтылған препараттарын осы уларға аллергиясы бар адамдарды анықтау үшін қолданады. Анафилаксиялық реакциялармен ауыратын науқастарға, арнайы IgG өндіру мақсатында арнайы десенсибилизация жүргізуге болады. Шағуға қарсы қалыпты реакцияларда (транзиторлы ауыру сезімі, ісіну) және ісіну түріндегі гиперэргиялық жергілікті реакциялар кезінде иммунотерапия көрсетілмеген. Болжамы. Қарақұрт шаққан кезде өлім сирек, бірақ мүмкін. Шаққаннан кейін ұзақ уақыт бойы (айлар) қалдық неврологиялық және астениялық бүліністер (расстройства) байқалуы мүмкін.Қазақстан жерінде қыршаян шаққаннан кейін болған өлім белгісіз. Африка және Оңтүстік Америка жерлерінде мекендейтін тропикалық қыршаяндардың шағуы өмірге қауіпті (шағу жағдайлары көбінесе экзотикалық жануарларды өсіретіндерде болады). Жедел көмек болмаған жағдайда ара және аса шаққаннан дамыған анафилаксиялық реакциялар (шок, ангионевротикалық ісіну) кезінде өлім өте қысқа уақытта келуі мүмкін. Абжыланның басы: 1 – у өндіретін без; 2 – удың ағуына арналған өзегі бар улы тістері; 3 – безден уды сығатын бұлшықет; 4 – көз; 5 - тіл; 6 – трахеяның тыныс алу тесігі; 7 – қызыл иек. Улы жыландар 1 - коралловый аспид (Elaps corallinus), 2 - бунгара-пама (Bungarus fasciates), 3 - очковая змея, кобра (Naja tripudians). 4 - двухцветная пеламида (Hydrus bicolor), 5 - ластохвост синеполосный (Distira cianocineta) Улы жыландар 1 - обыкновенная гадюка (Vipera berus), 2 - песчаная гадюка (Vipera ammodytes), 3 - капская гадюка (Vipera arietans), 4 - рогатая гадюка (Cerastes cornutus), 5 - гремучая змея (Crotalus durissus), 6 - бушмейстер (Lachesis muta) Ядовитые змеи 1 - мокасиновая змея (Ancistrodon contortrix), 2 - копьеголовая куфия (Trimeresurus Lanceolatus), 3 - эфа (Echis carinatus), 4 - гадюка габонская (Bitis gabonica)

Приложенные файлы

  • ppt 926222
    Размер файла: 5 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий