Имани гул


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.
ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН БІЛІМІН ҚОЛДАУ ҚОРЫ
РАТ
ЖОЛДЫБА
Алматы, 2011
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
cараптау комиссиясы мақұлдаған
Исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының бұдан
бұрын бірнеше рет басылған «Ақиқат шуағы» және
«Күдікпен күрес» атты кітаптары біріктіріліп, қайта
өңделіп, «Имани гүл» деген жаңа атпен жарыққа шығып
отыр. Кітапта иман негіздері мен бүгінгі қоғамды мазалап
жүрген түрлі күрделі сауалдардың тұшымды жауаптары
Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының сыйы
Күллі мадақ пен мақтаулар
Ұлы Раббымыз Аллаға ғана
тән. Адамзаттың ұлы ұстазы әз
Пайғамбарымызға (с.а.у.) сәлем
жолдап, сансыз салауат айтамыз.
Сондай-ақ Алла елшісінің пәк от
басы мен ардақты асхабына Жарат-

Иман – ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ
нәтижесі мен ар-ожданның құба-құптаған жемісі. Иман
– адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін ғажайып
тылсым қазына. Ұлы Жаратушы әу баста адамды айна
ласына қарап Ұлы Иесін тапсын, танысын, иман етсін,
Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының, шеберлігінің
алдында таң қалып бас исін деп мына дүниеге жіберген.
Демек, Иман – адамның жаратылуының мән-мағынасы,
мына дүниеге жіберілуіндегі асыл мақсұты. Міне,
адамның жаратылуының негізгі мақсұты Ұлы Иесін
табу болғандықтан, оған басқа жаратылыстардан
«ақыл-ой, сана»
берілген. Ұлы Жарату
шы айналамызды қоршаған мына жалпы ғаламды Өзін
танытатын ғажайып алып кітап іспетті жаратқан. Ондағы
әрбір жаратылыс оқи білген адам үшін өз болмысы
мен, бойында мөрленген ғажайып нақыштарымен Ұлы
Ұстасын меңзеп тұр. Адам осы ғалам деген кітаптың сы
рын түсініп оқи білсе, онда сөзсіз Ұлы Иесін тапқаны.
Сондықтан Алла Тағала соңғы пайғамбар Мұхаммедке
(с.а.у.) түсірген алғашқы аятта:
яғни,
жаратқан Раббыңның атымен»,
– деп көз алдымыздағы
осы жаратылыс кітабын оқуды бұйырған.
Ұлы Жаратушымыз бізге рақым етіп, мейірімділік
жасап осы алып кітапты қатесіз түсінуіміз үшін жер бетіне
пайғамбар жіберіп, кітап түсірген. Құран осы бір ғажайып
«ғалам»
атты кітаптың түсіндірмесі мен мән-мазмұны бол
са, Мұхаммед (с.а.у.) оны адамдарға түсіндіруші ұстазы
болмақ.
Құрметті оқырман қауым! Осыдан бірнеше жыл
бұрын ислам дініндегі иман негіздерін қамтыған «Ақиқат
шуағы» мен түрлі шүбәлі сұрақтарға жауап ретінде
«Күдікпен күрес»
аты кітаптарым жарыққа
шығып, оқырманға жол тартқан еді. Күдіктен арылып,
имани гүлге қол жеткізу адамзаттың басты мақсаты
болғандықтан, аталған екі кітап та оқырманның мол
сұранысына ие болып, бірнеше қайтара басылды. Мұны
кітаптың кемелдігінен емес, халқымыздың руханиятқа
деген құштарлығынан деп түсіндік. Алайда жиырма бес
мыңға жетер жетпес аз ғана таралымның ұзақ жылдар бойы
ислам бұлағынан жырақ ғұмыр кешкен халқымыздың, ру
хани азығын іздеп, шөл қысқан әрбір қазақ баласының
қолына тимегені айтпаса да түсінікті. Міне бұл жолғы
басылымда осы екі кітап біріктіріліп
«Имани гүл»
деген
жаңа атпен Елбасының қолдауымен ашылған «Ислам
білімі мен мәдениетін қолдау қоры» тарапынан қайта
жарыққа шығып отыр. Кітаптың
«Имани гүл»
деп аталуы
данышпан Абайдың мына бір өлең шумақтарымен байла
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жол осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады ИМАНИ ГҮЛ,
Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл.
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл.
Хәкім Абай мұнда пенденің әуелі жаратқан иесі
Алланы, сосын барша адамзатты және әділеттікті
сүюді, яғни осы үш ұлы сүюдің жиынтығын
ни гүл»
деп атағанын көреміз. Шындығында, иман
ақиқаты осы үш махаббаттан тарайды десек, артық
айтқандық емес. Кейбір ғалымдардың Абай өлеңдерін
қолжазбадан оқығанда бұл сөзді
«имани күл» - «толық
деп транслитерациялаған дұрыс деген пікірі де
осыны аңғартса керек. Демек,
«Имани гүл»
бұл кемел
иманға айтылған сөз. Алла елшісінің (с.а.у.):
етпейінше жұмаққа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы
көрмейінше кемел иманға қол жеткізе алмайсыңдар»
деген хадисінен осы «Имани гүлдің» жұпар исі аңқып
тұрғанын сезу қиын емес. Кітапта қамтылған тақырыптар
негізінен иман төңірегінде болғандықтан, оған осы атты
беруді жөн көрдік.
Әсілінде, иман безбені – махаббат. Иман бұл тек
тілдің ұшымен айтыла салатын жай сөз я болмаса діни
рәсімдерді орындаумен ғана өлшенетін жеңіл дүние емес.
Оны да кемеңгер Абайдың өзі:
«Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.
Дененің барша қуаты
Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңірі үшін»- деп түйген.
Рас, адамның жүрегіндегі Аллаға деген махаббаты,
көкірегіндегі барша жаратылысқа деген мейірімділігі
мен жанашырлығы қаншалық терең болса, иманы да
соншалық кемел. Ол қаншалық таяз болса, иманы да
сондай жұтаң. Олай болса, адамзат осы
«имани гүлге»
қол жеткізгенде ғана жаһанды жайлаған жауыздық мен
қатігездіктен арылып, шынайы бақытқа қол жеткізеді.
Алланы сүю үшін Оны жақсы танымақ керек. Ойда-
ғы түрлі шүбә, күдіктен арылмақ ләзім. Алланың құдірет
қаламынан шыққан
«Ғалам»
атты алып кітапты оқу
арқылы Ұлы Жаратушының шеберлігі мен шексіздігін,
құдіреті мен құзіретін, теңдессіз өнері мен өлшеусіз білім
иесі екенін мойындау қажет.
Адам баласы өзін жоқтан жаратып, айналасындағы
барша жаратылысты қызметші етіп берген Ұлы Алланың
пендесіне деген махаббатын сезінуге тиіс. Сонда
«Ма
хаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алла
ны жәннан тәтті»
деген байламға келеді. Ерікті түрде
құлшылыққа жүгіреді.
Терең иманға қол жеткізген кісі Алланың жалпы
жаратылысқа деген мейірімінен үлгі алып, мейлінше
мейірбан болуға ұқсап бағады. Өзі қанша рет күнә жа
саса да, дереу жазаламай, тәубе етуі үшін мұрсат беріп,
кешірім жасаған рақым иесі Раббысын ойлағанда, пен
де ретінде өзгелердің де жаза басып, жаңылыс кеткен
қателіктерін кешіруге ұмтылады. Осылай жасау жоғарыда
Абай айтқан
«әділдікті сүюдің»
нәтижесі. Себебі біз өзіміз
қателескенде Жаратқанның кешіріміне ынтызар боламыз.
Ал біреудің алдында ағаттық жасасақ, оның да кешкенін
күтеміз. Ендеше, біздің де басқалардың қателіктері мен
кемшіліктерін кешіре білуіміз бұл нағыз әділдік. Сондай-
ақ, өзіміз үшін тілегенді айналамыздағыларға да тілей білу
– бұл да әділдік. Біз өзіміз үшін көп жақсылықты тілейміз.
Қиыншылықтан тезірек құтылуды, жаманшылықтан аулақ
жүруді де қалаймыз. Ендеше, басқаның, қиналғанын көріп
сенің де жүрегің қиналса, ар-ожданың сыздаса бұл да
әділдікті сүю болмақ. Мұндай әділдіктің адам жүрегіндегі
махаббаттан туындайтыны айтпаса да түсінікті. Осы тұста
Алла елшісінің (с.а.у.):
«Өзің үшін жақсы көрген нәрсені
басқалар үшін де жақсы көрмейінше кемел иманға
жете алмайсыңдар»
деген мүбәрак хадисі ойға орала
ды. Олай болса, Абайдың әділдікті сүюді
«имани гүл»
деуі
тегін емес.
«имани гүлге»
жеткен жан Тәңірі үшін барша
адамзатты гүл-тікеніне қарамастан жақсы көреді. Е
ң бол
маса жанашырлық танытып, аяушылық білдіреді. Себебі
бәрі Алланың жаратқан туындысы болмақ. Тағы да Абай
айтсақ:
«Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса
үшін».
Себебі раушан гүлдің жұпар исіне ынтық
жан оның тікеніне де шыдайды. Жаратылыс суретіндегі
әрбір көлеңкенің негізгі бейнені айқындап тұрғанын
көреді. Ақырында Алла үшін Оның жаратқан әрбір ту
ындысына мейірім көзімен қарайды. Сондықтан ол адам
түгіл жан-жануар, құрт-құмырсқаға да мысқалдай да зия
нын тигізбейді.
Иман шуағына шомған адам мына дүниеден
кейін екінші бір дүниенің бар екеніне иланғандықтан
Раббысының ризалығы үшін тек игі істерді атқаруға ты
рысады. Өмірін салиқалы өткізіп, бар ғұмырын ізгілік
амалдармен кестелеп бағады. Ана дүниеде әрбір ісіне
есеп беретінін ойлап ұрлық-қарлық, кісі ақысын жеу,
ар-намысын аяққа таптау сияқты зұлымдықтардан аулақ
жүреді. Жаратылыстың мәнін түсініп, иман нұрына шомған
осындай адамның көңілі әрдайым шаттанып, игілік атау
лы мен барлық көркем мінез, тамаша қасиеттердің қайнар
көзіне айналады. Мұндай жан әлемге бейбітшілік туын
желбіретіп, айналасына тек мейірімділік нұрын шашады.
Ал, имансыз адам бұл дүниедегі барлық ақыл иесі
адамды мазаламай қоймайтын
«Мен қайдан келдім? Өмір
сүрудегі мақсатым не? Қайда барамын? Жан-жағымды
қоршап жатқан мына алып, шексіз дүние қайдан, оның
мағынасы неде?»
деген орынды да күрделі сұрақтардың
жауабын таба алмағандықтан үнемі мазасыз, бақытсыз.
Өйткені мағынасыз, мақсатсыз өмірден шаршау, мазасыз
дану – ақыл иесі адам үшін табиғи нәрсе. Бақытсыздығы,
шаршағаны соншалық – ішкі мазасыздықтан уақытша
болса да арылу үшін зиянын біле тұра, казино сияқты
түнгі ойын-сауық орындарында уақыт өткізіп, миын,
есін улайтын наша, арақ сияқты есірткілерге салынады.
Дертінің шипасын осылай іздеп, жүрегінің тыныш
осылай тапқысы келеді.
Иманнан нәсібін ала алмаған жан ғаламға қарап,
ондағы әр нәрсені мағынасыз, мақсатсыз деп түсінеді.
Мысалы, «Күн өз-өзінен ешбір мақсатсыз, кездейсоқ
жерге сәулесін шашып тұр. Жер өз-өзінен әйтеуір шыр
көбелек айналып жатыр» деп пайымдайды. Ғаламдағы
барлық нәрсені иесіз деп ойлағандықтан, өзін де
иесізбін деп пайымдайды. Өмір сүруінде ешбір мағына,
мақсат таба алмаған мұндай имансыз жан үнемі руха
ни шаршап жүреді. Екінші бір дүниенің бар екендігіне
де иланбағандықтан, өлімді шіріп, жоқ боп кету деп
ойлайды. Сөйтіп, мына қысқа, пәни өмірінде нәпсісін
қанағаттандыруды, құрсағын тойдыруды мақсұт тұтады.
Ақыры өлемін, олай болса, «осы қысқа өмірімде барлық
нәрсенің дәмін татып, қызығын көрейін», – деп жақсы-
жаман, арам-адал деп ажыратып жатпай нәпсісінің
құлына айналып, күнәға белшесінен батады.
Иә, нәпсісінің құлына айналған мұндай жан:
«Тек
мен ішейін, мен жейін, мен көрейін»
дегендіктен қара
басын ғана ойлайтын өзімшіл келеді. Өзгелерді бір сәт
болсын ойламайды.
«Өзім жақсы болайын, сені қайдам»
– дейді. Бұндай түсінікке ие болған адамнан көркем мінез,
салиқалы іс, өнегелі өмір күтудің өзі бекер.
Имансыз адам өмірде белгілі бір жетістікке жете
қалса
«Мен істедім, мен жасадым»,
– деп паңданып шыға
келеді. Өйткені оның сенімінде өзін қолдап, жәрдем беріп,
сол жетістігіне жетуі үшін сәттілігін салып тұрған Ұлы
Жаратушысы жоқ. Ал тәкаппарланып, паңданған мұндай
жан өзі жеткен жетістікке жете алмаған өзгелерді үнемі
төмен санап, қорлайды да, жеткендерге қызғаныш көзі-
мен қарап, үнемі бәсекелеседі де тұрады. Ішін қызғаныш
өрті шалып, осындай рухани дертке шалдыққан пенделер
ден құралған қоғам – ең бақытсыз қоғам.
Қысқа айтсақ, имани гүл – барлық игілік атауының
қайнар көзі, күллі көркем қасиеттердің кәусар бұлағы
болса, имансыздық – барлық рухани аштықтың, сорақы іс
әрекеттер мен жағымсыз қылықтардың ұясы.
Қадірлі оқырман! Қолыңыздағы кітаптың
атты бірінші бөлімінде
«Ұлы Жаратушы –
Аллаға, Ұлы Раббымыздың періштелеріне, кітаптарына,
пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырға
секілді иман негіздері жеке-жеке қарастырылып,
мәселелерді ақыл һәм нақыл (аят пен хадис) жолдарымен
ғылыми түрде дәлелдеуді көздедік. Себебі, иман, сенім
бар нәрсенің алдында тұрады.
Адам жүрегінде имани гүлі жайқалып өспесе, онда
оның жасаған ғибадаттары да шикі болмақ. Абайша
айтсақ:
«Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс.
Бас жоғары жаралған, мойын төмен,
Қарашы, дене біткен ретімен.
Істің басы – ретін танымақтық,
Иман білмес тағатты қабыл демен».
Сондықтан сенімі мықты, иманы берік жан ғана
нағыз мұсылманшылықтың өкілі болып, исламның өзіне
жүктеген міндеттерін саналы түсініп, салиқалы орындауға
ұмтылады. Ал, санасы әр түрлі күдікке толы, иманы әлсіз
жанның мұсылманшылығы да соншалық әлсіз, шүбәлі
келеді.
Кітаптың
«Күдікпен күрес»
атты екінші бөлімі түрлі
діни, пәлсапалық күрделі сұрақтарға берілген жауаптар
Кешегі кеңестік зұлымат көптеген жандардың
жандүниесін жаралап, көңіліне түрлі шек, шүбәлі ой
қалдырды. Метафизикалық әлемді мойындамай бар
нәрсені тек көзбен көріп, құлақпен естуге негізделген
материалистік көзқарастың әсерінен көптеген ақиқат
күмәнға айналды. Дінге қарсы ашық дұшпандық – діннен
бейхабар жандардың санасын улау мақсатында қасақана
түрлі күмәнді сауалдар мен сұрақтарды тудырды. Әйтпесе,
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) толық өмірбаянын былай
қойғанда, аты-жөнін де дұрыс білмейтін жандардың Оның
(с.а.у.) көп әйел алғандығынан хабардар болуын әрі оның
астарына үңілмей жатып, бірден нәпсіқұмарлыққа жору
ын басқаша түсіну әсте мүмкін емес?
Сондай-ақ, кітаптағы
«Жаратушыны не үшін көзбен
көре алмаймыз?», «Алла Тағала адамдарды не үшін бай-
кедей ғып жаратқан. Оның сыры неде?», «Алла Тағала
біздің ғибадатымызға зәру ме? Неліктен біздің ғибадат
етуімізді талап етіп, орындамағандарды азаптайты
нын ескертуде?», «Намаз, азан сияқты ғибадаттар
тек қана араб тілінде орындалады. Әр ұлт өз тілінде
орындаса жеңіл болмас па еді?», «Доңыз еті неліктен ха
секілді көптеген сұрақтар дінімізге жаңа бет бұрып
жатқан кісілердің ішкі ізденісі мен көкейлеріндегі табиғи
сауалдары. Өйткені адам ақылы діни үкімдердің хикметі
мен мәнісін түсінуге әрдайым ұмтылып, жан дүниесі
жаратылыстың жасырын қатпарларын ұғуға құштар.
Абайдың:
«Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын» немесе,
«Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа», – деуі де
сондықтан.
Алайда, адам санасы Ұлы Иеміздің түпкі мақсаты
мен игі істеріндегі хикметті толық түсіне алмасы
ақиқат. Өйткені, адам санасы шектеулі. Әрі не нәрсені
де айналасындағы өзі көрген, білген дүниелермен
ғана салыстырып пайымдай алады. Көбінесе мына
дүниенің физикалық өлшемдерінен шыға алмай, ойын
қысқа қайырады. Ал, Ұлы Жаратушының істеріндегі
хикметтері мына дүниенің физикалық заңдарымен, яки,
адамның көрген, білген дүниелерімен шектелмесі анық.
Сондықтан мұсылман баласы Ұлы Жаратушыға қатысты
немесе діни мәселелерді түсіну барысында әрдайым бай
ып сақтап, Құран мен сүннетті темірқазық еткен нұрлы
ақылға жүгінуге тиіс. Ойына күдік салған сұрақтардың
дұрыс жауабының бар екенін әу бастан қабылдау қажет.
Егер тапқан жауабы санасына сіңбей жатса, онда ол
мәселені түсіндірудің кемшілдігінен, яки деңгейіміздің
төмендігенен, не болмаса сезіміміз бен нәпсіміздің
жетегінде кеткен түйсігіміз бен тепе-теңдік сақтап ойлау
дан мақұрым санамымыздың сарыны деп ұққан жөн. Я бол
маса, адам ақылының шектеулігінен, Ұлы Жаратушының
құпия сырларынан деп қабылдау қажет. Ал басқаша ойлап,
Ұлы Жаратушы жайлы күдікке бару – аса қатерлі!
Бұрынғы қоғамның жарасы жеңіл болатын. Өйткені,
ондағы сауалдар мен күдіктер білімсіздіктен туындайтын.
Ал қазір олай емес. Көбіне күдіктер мен жаңсақ пікірлер
өзінше бір ғылым мен кейбір түсініксіз терминдердің таса
сына тығылып,
«әйел теңдігі», «мәдениет», «жаһандану»,
«адам құқығы» «сезім еркіндігі» «азаматтық неке»
секілді ұрандармен безендірілген. Сондықтан мұның
бәрінің ара-жігін ажыратып, дұрыс түсіну үшін Құран
ақиқатымен нәрленген
«нұрлы ақыл»
мен жан-жақты
біліммен сусындаған парасат-пайым қажет екенін естен
шығармауымыз ләзім.
Ізгі оқырман! Қолыңыздағы кітап кеңестік дәуірден
кейін өз құндылығына қайта оралып, асыл дініне бет
бұрып жатқан халқымызға, әрбір құштар жүрекке аңсаған
«имани гүлін»
сыйлай алмайтыны анық. Алайда сол жол
да аз-кем өз үлесін қосып жатса, бұл біз үшін баға жетпес
бақыт, ғұмырымыздың шуақты сәті болмақ.
Алла Тағала баршамыздың жүрегін иман нұрына
бөлеп, ихсан дәрежесіне жеткізсін! Кітаптың жазы
луы мен жарыққа шығуына септігі тиген баршаға екі
дүниенің жақсылығын тілеймін!
«Ислам мәдениеті мен
білімін қолдау қорының»
алдағы атқарар жұмыстары сәтті
болғай!
Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ
І КІТАП
АҚИҚАТ ШУАҒЫ
(Иман негіздері)
ҰЛЫ ЖАРАТУШЫҒА ИМАН
«Жер мен көктің жаратылуында және күн мен
түннің алма-кезек өзара алмасуында ақыл иелері
үшін (Алланың бір һәм бар екендігін) білдіретін
«Әли Ғимран» сүресі
«Жалпы жаратылыс – Ұлы Жаратушымызды
АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ
БАР ЕКЕНДІГІНІҢ ДӘЛЕЛДЕРІ
Ар-ождан дәлелі
Адам баласы өзінің таза жүрегіне, бұзылмаған ар-
ожданына бір сәт назар аударса, оның әу бастан Ұлы Ал
ланы қабылдауға және құдайлық дінге деген бейімділігін
аңғарады. Иә, адам баласы жан дүниесіне көз жүгірткен
уақытта ар-ожданы мен жүрегінің әрдайым бастауы әрі
соңы жоқ мәңгі Ұлы Алламен терең байланыста екенін
сезеді. Ар-ожданының, ішкі дүниесінің тек мәңгі Ұлы
Жаратушымен ғана жай тауып, тынышталатынын, Одан
басқа еш нәрсенің оны қанағаттандыра алмайтындығын
түсінеді. Өйткені көзін ашқаннан бері жан-жағындағы
барлық жаратылыстың адамға қызмет етіп тұрғанын
және айналасында әр түрлі ғажайып істердің атқарылып
жатқанын сезген таза жүрек пен бұзылмаған, кірленбеген
ар-ождан өзінің Ұлы Иесін, Құдіретті Жаратушысын
іздері хақ. Сондықтан жалпы тарихқа көз жүгіртсек, ешбір
қоғамның дінсіз, наным-сенімсіз ғұмыр кешпегеніне куә
боламыз. Демек, адамның жаратылысы, жалпы болмысы
өзінің әлсіздігі мен мұқтаждығын мойындауға уа һәм өзін
жаратқан Ұлы Құдіретті іздеуге бейім жаратылған. Міне,
сондықтан имансыз жандар да қиналып, қиыншылыққа
тап болған мезетте Ұлы Құдіретке сыйынуға мәжбүр бо
лады. Бастарына қиыншылық түскенде ғана өздерінің
әлсіздіктерін түсініп, кірленген ар-ождандары оянып
Ұлы Жаратушы – Алла Тағаладан медет тілей бастайды.
Қиыншылықтан құтқарылған сәтте көпшілігі өзіне
көмек
берген Алла Тағаланы ұмыт қалдырып кете барады.
Құранда бұл туралы:
«Адамдарға бір қиыншылық кел
ген уақытта Раббыларына шын ықыласпен жалбары
нады. Сосын Алла өз тарапынан оларға рақымдылық
(сол қиыншылығынан құтқарып) таттырса, олардың
кейбіреуі Раббысына серік
қосады»
– делінеді.
Кімнен жәрдем сұрайды?
Кез келген құдайға сенбейтін адам теңізде саяхат
та жүріп, кемесі батып, тақтайға жабысқан күйде бір өзі
судың ортасында жалғыз қалды делік. Таудай-таудай асау
толқындар тақтайды олай да, былай да ырғытуда. Айна
ла тас түнек. Күннің күркіреуі мен найзағайдың жарқылы
үрейге үрей қосқан. Қол ұшын беріп, құтқарып алар тірі
жан көрінбейді. Қолынан келер ешбір айласы, не бір ша
расы жоқ. Кез келген уақытта суға батып яки балыққа жем
болып немесе жаурап қатып қалуы әбден мүмкін. Міне,
осындай бір заматта құдайға сенбеймін деген әлгі адам
Ұлы Құдіретке жалына жалбарынып, бар ықыласымен
жәрдем тілей бастайды. Себебі былайғы уақытта адам
баласы өз қажеттілігін өзі өтей алады. Ауырса дәрі
ішеді. Қалтасында ақшасы бар, қажетін сатып алады.
Мәселелерін телефон арқылы шеше алады. Үй салып,
қала тұрғызады. Зауыт құрады. Қысқасы, Құдай Тағала
тарапынан өзіне берілген осындай мүмкіншіліктердің
бәрін ол өзім жасап жатырмын деп ойлайды. Сондықтан
Аллаға деген мұқтаждығын да ұмытады. Тек қарызға ба
тып дағдарысқа тап болса, яки қатерлі ісікке шалдығып
шарасы қалмағанда ғана ар-ожданына ырық бермей тұрған
мендігі жоғалғандықтан, Ұлы Жаратушыға бас иеді. Со
сын қиыншылықтан құтылса, көбісі Раббысын қайтадан
ұмыт қалдырып, дүние рахатының соңында кете барады.
Аллаһқа ортақ қосу, ширк келтіру.
Рум сүресі /33
Кейіннен пайда болу дәлелі
Бүкіл әлем, ондағы үлкенді-кішілі, жанды-жансыз
барлық нәрсе өзгеруде, ауысуда, ескіруде, жаңаруда,
қозғалуда, тоқтауда. Бұл өзгерістер – кейіннен пай
да болғанның белгісі әрі ерекшелігі. Ал кейіннен пайда
болған әрбір нәрсе мәңгі емес, уақытша, яғни, жоқ болуға
бас иетін пәни болмақ. Кейіннен пайда болған барлық
нәрсенің бастауы бар деген сөз. Ал бастауы бар нәрсенің
соңы, яғни ақыры да болуға тиіс. Барлық әлемнің кейіннен
пайда болғанына қарағанда бұларды жоқтан бар еткен,
жоқтық әлемінен тіршілік әлеміне шығарған бастауы әрі
ақыры жоқ – мәңгі, құзіреті шексіз бір Құдіреттің бо
луы ләзім. Өйткені жоқ нәрсе сырттан басқа бір күштің
ықпалынсыз өз-өзінен пайда бола алмайды.
Иә, әлемдегі үлкенді-кішілі нәрселердің кейбіреуі әр
ғасырда, ендігілері әр жылда, тағы біреулері әр көктемде,
әр айда, әр күнде тіпті әр сағатта, әр сәтте ауысып, тіршілік
әлемімен қош айтысып, орнын басқаларға қалдыруда.
Олардың орнына келгендер де өздерінің жаратылуындағы
міндеттерін тәмамдағаннан кейін орнын басқаларға боса
туда. Бірақ бұл өзгерулер мен ауысулар қаншалықты көп
болса да, әлемдегі тепе-теңдікті, керемет жүйені бұзбай, еш
ақаусыз іске асып тұр. Демек, бұлардың бәрін қадағалап,
жаратылыстағы әр нәрсеге өз бұйрығын тыңдатып,
құдіретіне бас идіріп, қалауына бойұсындырып тұрған
бастауы әрі ақыры жоқ мәңгі бір Жаратушы болуға тиіс.
Міне, осы Ұлы Жаратушы әлемдегі әр нәрсені жаратуы
арқылы Өзінің барлығын білдірсе, ескінің орнына жаңаны
жарату арқылы әр нәрсенің уақытша, пәни, өткінші екенін,
ал Өзінің мәңгі екендігін ақылы бар әркімге көрсетуде.
Жаратылыстағы өзара жәрдемдесу дәлелі
Жалпы жаратылысқа үңіліп қарасақ, барлық нәрсенің
бір-бірімен тығыз байланыста, өзара жәрдемдесу
арқылы керемет жүйе құрып тұрғанын байқаймыз. Де
мек, ақылды-ақылсыз, жанды-жансыз тіршілік әлемінің
барлығын бір-бірінің жәрдеміне жүгіртіп, әр нәрсенің
қажетін уақытында жібертіп, оларды Өзінің қалауына бас
идіріп, әлемдегі тепе-теңдікті сақтап тұрған мейірімді де
құдіретті Ұлы Жаратушының болуы тиіс. Себебі, сырттан
бір құдіретті күштің ықпалынсыз мына әлемнің фабри
ка машиналарының кертік-кертік тістері арасындағы
үйлесімділікке ұқсас кейіпте бір-бірімен тығыз бай
ланыста болуы, бір-бірінің қажетіне сай жұмыс істеп,
белгілі бір тепе-теңдікті, керемет жүйені сақтауы мүмкін
емес. Атом, клетка сияқты ең кішкентай материялар мен
ең үлкен ай, жұлдыз, күн тәрізді алыптардың және жарық,
ауа, су, топырақ секілді нәрселердің жансыз, санасыз
болғандарына қарамастан дүниедегі мына керемет жүйені,
әр нәрседегі мән-мағына, пайдалы мақсатты жасау үшін
саналы адамдай бір-бірлерінің жәрдеміне жүгірулері, бір-
бірлерінің жұмысын толықтырып, қолға қол жалғаулары
– бұлардың барлығын махаббатпен, мейірімділікпен
басқарып тұрған Ұлы Құдіреттің барлығының айғағы.
Иә, Ұлы Рахман Алла Тағала әлемдегі қойған
жәрдемдесу ережесімен бұлттарды және жердегі мине
ралдарды өсімдіктерге, өсімдіктерді жан-жануарға, ал
оларды адамдарға көмек ретінде жіберіп тұр. Аналардың
ақ сүтін сәбилерге, әр түрлі тағамдардың атом, молеку
лаларын денедегі клеткаларға медет етіп жіберуде. Әр
сатыдағы барлық тіршілік иелерінің қажеттерін күтпеген
жерден, мұқтаждықтарына қарай жеткізуде. Әр нәрседегі
мұқтаждық Оның ешкімге мұқтаж еместігін меңзейді. Қар
мен жаңбырды бірнеше шақырым биіктіктен, түскен жерін
жапырып, тиген жерін опыратын томардай-томардай, ірі-
ірі көлемде емес, жапалақтатып, тамшылатып жаудырып
жердегі суға мұқтаждарға мейірімділікпен көмек беріп,
медет жіберген Ұлы Құдіретті танымауға бола ма?
Әлемдегі теңдессіз жүйе дәлелі
Иә, төбеміздегі бас айналдырар таңғажайып үйлесім-
ді жүйемен жүрген сансыз жымыңдаған жұлдыздар
мен жан-жағымызды қоршап жатқан мың бір мағына-
хикметке толы жалпы жаратылыс – Ұлы Жаратушымыз
ды танытатын ерекше алып кітап. Аспан әлемінің әрбір
қабаты – бұл үлкен кітаптың жеке-жеке беттері, әрбір
галактика – сол беттегі жеке-жеке мағыналы сөйлем, сол
галактикалардағы әрбір жұлдыз – том-том кітаптарға пара-
пар мағыналы жарық сөз. Жер шары бұл үлкен кітаптың
мазмұнын қамтитын негізгі беті болса, адам баласы сол
беттің негізгі мазмұн-мағынасы. Барлығы Ұлы Жаратушы
Алланы өз болмысымен танытып, Оның бар екендігін һәм
бір екендігін күллі әлемге әйгілеп тұр.
Жалпы жаратылысқа қарағанымызда ондағы әр
нәрсенің орын-орнында тұрғанын, арнайы өзіндік мән-
мағынамен безендіріліп, әрқайсысына белгілі бір міндет
жүктелгенін көреміз. Әр нәрседен сұлулық, кемелдік,
жүйелілік байқаймыз. Жалпы жаратылыс сағат сияқты
керемет есеппен, нәзік жүйемен істеп тұр. Тіпті біздер
сағатымызды осы жалпы жаратылыстағы жүйеге қарай
есептейміз. Ендеше, өзіндік мағына-міндеті бар кішкентай
иненің де белгілі бір ұстасының болатыны секілді,
жаратылыстағы сұлулықтың, кемелдіктің, жүйенің, мән-
мағынаның да бір жаратушысы, қоюшысы болуға тиіс.
Кейбіреулер айтатындай, бұл әлем өз-өзінен,
кездейсоқ пайда болған жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені
кездейсоқтық мына өте керемет жүйемен, нәзік те
ғаламат есеппен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ шексіз
әлемді, жаратылысында еш міні жоқ түрлі-түсті, сан ал-
уан жан-жануарды, көздің жауын алатын сансыз өсімдік
әлемін және мың бір сырлы, ғажайып жалпы жаратылы
сты жасайтындай күш пен ақылдан мақұрым.
Аспан әлемі
Алла Тағала
сүресінде:
«Жеті қабат
аспанды бір-біріне үйлесімді етіп жаратқан – Ол Алла.
Рахманның жаратуында ешбір ақау, жүйесіздік көре
алмайсың. Сал көзіңді, көре аласың ба бір ақау? Со
сын көзіңді қайта-қайта бұрып қара! Көзің ешбір ақау
таба алмағандықтан шаршап, талған күйде саған
қайта оралады»
– деп аспан әлеміндегі керемет жүйені,
ақаусыздықты баяндайды.
Аспан әлемі, яғни сансыз планеталар мен
жымыңдаған жұлдыздар бір-бірімен қақтығыспай өте
нәзік есеппен, өте керемет жүйемен миллиардтаған
жылдар бойы істеп тұр. Бұларды бір-бірімен
қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске қосып
тұрған күш қандай күш? «Тартылыс» күші делік. Тарты
лыс күшіндегі нәзік те ғажайып тепе-теңдікті қойған тыл
сым күш қандай құдірет? Егер бір планетаның тұрақты
тартылыс күші бір мезет кездейсоқтықтың әсерінен
азайса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан бо
ларын бір сәт ойландыңыз ба? Барлық планеталар мен
жұлдыздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бір-бірінің
ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері
бар. Тартылыс күшіндегі бұл есеп,
кездейсоқтықтың емес,
арнайы бір Ұлы Құдіреттің жаратқанын меңзейді.
Жер шары
Біз отау тігіп, өмір сүріп жатқан жер шары мен жылуын
күлімдей төккен күннің арасы жаз және қыс мезгілдеріне
байланысты 135 немесе 149,5 миллион шақырым. Егер
осы аталмыш арақашықтық кездейсоқтықтың әсерінен аз
мөлшерде азайса, тоңып, мұз болып қатып қалатынымызды
немесе аз мөлшерде көбейсе күйіп-жанып кетерімізді бір
мезет ойладық па? Ойланып, Жер мен Күннің арасындағы
осы ыңғайлы арақашықтықты белгілеп, оны ғасырлар
бойы бұлжытпай ұстап тұрған құдіретті күшті тани алдық
Аспандағы әрбір дененің өзіне тән белгілі, тұрақты
айналу орбитасы, қозғалу жылдамдығы бар. Мысалы, Жер
шары сағатына 1 670 шақырым жылдамдықпен өз-өзін ай
налса, Күнді сағатына 108 000 шақырым жылдамдықпен
айналады. Егер осындай жылдамдықпен жүретін көлік
жасалған жағдайда жалпы дүниенің шеңберін 22 минутта
айналып шығуға болады екен. Көрсетіліп отырған бұл сан
дар тек Жер шары үшін, ал Күн жүйесінің жылдамдығы
мүлде таң қаларлық. Ғарыштық (космоста) жүйелердің
көлемі ұлғайған сайын қозғалу жылдамдықтары да
арта түседі. Күн жүйесінің Құс жолы галактикасы
орталығын айналудағы жылдамдығы сағатына тұп-тура
720 000 шақырым. Ал, шамамен құрамында 200 милли
ард жұлдызды қамтитын осы Құс жолы галактикасының
ғарыштағы жылдамдық мөлшері сағатына 950 000
. Мұндай бір-бірімен тығыз байланыстағы
әрі өте жоғары жылдамдықтағы жүйелердің соғысып,
қақтығысуы әбден мүмкін бола тұра ғарышта ешбір
ақауға куә болмадық. Иә, миллиардтаған жылдар бойы
Адем Якуп, Куран Мужизелері, 23-бет. Несил Матбажылык, 2003 ж.
жылдамдықтарындағы тұрақты мөлшер еш өзгерместен
жалғасуда. Мысалы, біз автокөлікпен сағатына 200
шақырым жылдамдықпен келе жатып, оқыс тоқтатсақ,
терезе әйнегін быт-шыт қып сыртқа тесіп шығарымыз
анық. Ал енді біздің сенімді бесігіміз – Жер шары бір
мезет оқыс тоқтамай-ақ қойсын, тұрақты жылдамдығын
аз ғана азайтса, жер бетіндегі күллі зат атаулы ғарышқа
тарыдай шашылып кетер еді. Демек, миллиард жыл
дар бойы Жер анамызды және басқа да жұлдыздарды
бір мезет тоқтатпастан, әрқайсысын өзіндік тұрақты
жылдамдықтарымен айналдырып, тербетіп тұрған Ұлы
Жаратушы болуға тиіс. Егер мұның бәрін кездейсоқ
жүзеге асып жатыр десек, неге біз тағы да сол сенімсіз
кездейсоқтықтың әсерінен Жер анамыздың тоқтап немесе
жылдамдығында кідіріп қалуынан еш қорықпастан, уа-
йымдамастан, үстінде жайбарақат жүрміз?
Бейтаныс бір адам қолындағы механикалық жүйемен
істейтін қол сағатын бізге таныстыру барысында:
«Өз-өзінен, кездейсоқтықтың әсерінен, яғни, жердің
астындағы минералдар өз-өзінен еріп, темірге айналып,
одан жіңішке есепті ішіндегі әр түрлі кертік-кертік
құралдары, көрсеткіш сандары және бетіндегі әйнегі өз-
өзінен жасалып, іске қосылып пайда болды»
– десе, сенер
ме едік? Әрине, сенбес едік. Ал енді жай бір уақытты ғана
көрсететін кішкентай қол сағаттың өз-өзінен, кездейсоқ
пайда болғанына сенбейміз де, жүйе жағынан сағатпен
салыстыруға мүлдем келмейтін мына керемет ұшы-қиыры
жоқ шексіз әлемнің өз-өзінен пайда болғанына қалай
сенбекпіз?
Экология
Табиғатта құстар (бүркіт, қаршыға, құзғын, т.б.)
өлтірілген жағдайда жыландар көбейеді екен. Ал жы
ландар қырылса, құрбақалар көбейеді. Құрбақалар
құрыған жағдайда, шыбын-шіркей көбейеді екен. Жан-
жануарлардың өмір сүрулерін бір-біріне байланыстырып,
табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті, осы таң қалдырар
Жер шарының өз-өзін және Күнді айналуынан күндіз
бен түн және жылдың төрт мезгілі жаз, күз, қыс, көктем
болып алма-кезек үздіксіз өзгеріп тұратыны бәрімізге
мәлім. Жаздың қайнаған аптап ыстығынан кейін дереу
қыстың қақаған аязы мен ысқырған бораны болмайды.
Екі мезгілдің ортасында күз атты қоңыр салқын мезгіл
бар. Міне, осы күз мезгілінің арқасында адамдардың
жаздың жылы ауа-райына үйреніп қалған ағзалары
біртіндеп қыстың қақаған суығына бой үйретеді. Сол
сияқты қыстың қақаған аязынан кейін ауа райы күрт
өзгеріп, дереу көктемсіз жаз болғанда қандай күйде
болар едік? Бәлкім, ағзаларымыз күрт өзгеріске дайын
болмағандықтан бәріміз жаппай ауруға шалдығар ма
едік? Ендеше, жыл мезгілдеріндегі осындай керемет
рет пен үйлесімдікті және Жер шарының айналуындағы
дәлме-дәл есепті қойған кім?
Неше түрлі гүл, жапырақ,
Әрбіреуін қолыңа ал.
Онда не бар ойға сал.
Бақшамызда өсетін сары-қызыл, түрлі-түсті, сан
алуан хош иісін аңқытып, адам баласын өзіне тамсан
дырып қаратпай қоймайтын гүлдерге бір рет болса да,
ойлана-толғана, ғибрат көзімен қарайықшы.
Иә, гүлдер кішкене түйір дәннен жер қойнауын жара
шығып, бұл дүниеге келеді. Сабағы мен жапырағы жасыл
тартып, гүлі шоқтай болып мың бір түрлі реңмен бояна
ды. Үлбіреген нәзіктігіне, адам баласының қиялына келе
бермейтін әр түрлі ою-өрнегіне, ондағы көркем эстетикаға,
мүлтіксіз симметриялы ғажайып формасына, аңқыған сан
алуан жұпар иісіне, қауырсынындағы өмірін жалғастырар
мұрагері – ұрығына қараңызшы... Қандай ғажап?! Неткен
әдемілік? Жерге қараңызшы, гүлдердегі сан алуан, түрлі-
түсті реңдерді көре аласыз ба?
Гүлдерден аңқитын, бір-
біріне ұқсамайтын әр түрлі жұпар иісті топырақтан иіскеп
сезе аласыз ба?
Жер бетіндегі жайқалған барлық гүл атаулының нәр
қойнауы саналатын топырағы, аймалаған күн сәулесі,
ішетін сулары мен жұтатын ауалары бірдей болғанымен,
өздері әр түрлі, сан алуан. Бұл таң қаларлық нәрсеге
таң қалмай, қолымызбен жасаған пластмас гүлдерге таң
қалайық па? Бұл да кездейсоқтық па, жоқ, әлде құдіреті
күшті Ұлы Жаратушының бізге ұсынған сыйы ма? Егер
мұны да кездейсоқтықтың түсініксіз кездейсоқтығы жа
сады десек, сол кездейсоқтың жасағанын адам баласы
ақылымен асып түсіп, одан да кереметін жасауы керек
еді ғой. Өйткені ақыл кездейсоқтықтан әлдеқайда үстем
емес пе? Бірақ адам баласы осы күнге дейін нәзіктіктен
мақұрым, қоқайып, қатып қалған, өніп-өспейтін жансыз,
жасанды пластмас гүлдерден асырып, артық ешнәрсе жа
сай алмады, жасауы да мүмкін емес!
Кездейсоқтың жасады деген нәрселерін лаборато
рияда түрлі-түрлі құралдардың көмегімен ақыл иесі –
адам баласы жасай алмаса, ойлап қарайықшы, ақылсыз
кездейсоқтық қалай жасамақ?! Олай болса, барлық жара
тылысты, адамның ақылын да жаратқан тылсым құдірет
– Ұлы Алла жаратқан деп мойындау ақылдының жолы
болса керек.
Көбелектер
Бақшамыздағы ұшып жүрген сан алуан түрлі-түсті
көбелектерге ғибрат көзімен алғаш рет көріп тұрғандай
бір мәрте болса да зер салып қараңызшы. Ондағы кере
мет эстетиканы, нәзіктікті, қанаттарындағы қиялымызға
келмейтіндей ою-өрнектерді, ою-өрнектеріндегі ешбір
қатесіз симметрияны, әр түрлі реңдеріндегі үйлесімдікті
көріп, таң қалып, таңдай қағасыз. Қарапайым суреттің,
кез келген ою-өрнектің белгілі бір жасаушысы, дизайнері
бар да, көбелектердегі мына теңдессіз сұлулықтың, ою-
өрнектің неге жасаушысы, жаратушысы болмасын?!
«Раббың бал арасына:
«Таулардан, ағаштардан және адамдардың салған
күркелерінен ұя жасап ал. Сосын әр түрлі жемістерден
же де, Раббыңның саған оңтайластырған жолымен
жүр», – деп уахи етті. Араның қарнынан адамға шипа
лы түрлі-түсті бал шығады. Әлбетте, мұнда ойланған
қауым үшін ғибрат бар».
Бал арасы мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып жүріп бал
жинайды. Ондаған шақырымдарға ұшып барып, компас-
сыз-ақ күнге қарап қайта айналып ұясын таба алады. Ке
ремет инженер сияқты алты бұрыш етіп, геометриялық
пішінде бал ұяшықтарын жасайды. Аралар бал ұяшықта-
рын неліктен алты бұрышты еті
п жасауда? Неге сегіз бұрыш
немес
е үш бұрыш яки бес бұрыш емес? Математиктердің
есебі бойынша алты бұрышты бал ұяшықтарын жасауда
ең аз материал қолданылып, оған ең көп мөлшерде бал
АРАСЫ
АРАСЫ
сыяды екен. Яғни, алты бұрышты бал ұяшықтары ара
лар үшін ең тиімдісі болмақ. Бал ұяшықтарын жасаудағы
аралардың қолданған тәсілі өте таң қаларлық. Аралар бал
ұяшықтарын жасаған уақытта бөлек-бөлек екі-үш жерден
бірден бастайды. Яғни, бір топ ара бөлек-бөлек жерден
бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды со
сын бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып,
сосын барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың
бір-бірімен біріктірілген тұстары өте шеберлікпен іске
асқандықтан кейіннен біріктірілгендіктері мүлдем
байқалмайды.
Ал енді осы ақылсыз араға қай гүлдерде бал бар
екенін, күнге қарап ұшқан ұясын қайта табуды, керемет
есеппен есептелген бал ұяшықтарын жасауды кім үйретті?
Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас
араларды қоректендіру істері жүйелі түрде іске асады.
Егер ұяның іші ыстық болса жұмыртқаларды салқындату
үшін қанаттарын қағып, ал суық болса жұмыртқаны жан-
жағынан көлегейлеп жылытады. Кез келген бір бал арасы
бал жасауға жарамды гүлдерді тапқан жағдайда, алыстағы
басқа араларға өздері ғана түсінетін кейбір іс-әрекеттері
арқылы хабар береді. Бал арасы мұның бәрін қайдан,
кімнен үйренді? Бал арасы улы денесінен құрамында мың
бір түрлі минералдар мен витаминдері бар шипалы балды
жасауды кімнен үйреніп, қай зертханада жасады. Балдың
формуласын қайдан алды?
Жарқанат
Бәрімізге белгілі, жарқанаттың көзі көрмейді,
яғни көр. Ол дыбыс толқындарын жіберу арқылы жан-
жағындағы нәрселерге қақтығыспайды. Тіпті, қорегін
осы арқылы аулайды. Адам баласы радарды жарқанатқа
қарап тапты. Радардың кереметтігінің алдында таң қалып,
шапалақ ұрған біздер жарқанатқа осы дыбыс толқынын
жіберу қабілетін, өнерін үйреткен Ұлы Жаратушының
құдіретіне неліктен таң қалып, бас имейміз?
Ауаның құрамы
Әр тыныс алған сайын жұтатын ауамыздың құрамын
ойланып көрейік! Ауаның құрамында 21% оттегі, 78%
азот, 1% басқа газдардың қосындысы бар. Ауаның
құрамындағы 21% оттегінің мөлшері кішкене көбірек
болғанда күн сәулелері арқылы келетін радиациялар сал
дарынан Жер беті тұтанып, лаулаған отқа айналып, ал
аталмыш мөлшерден кішкене азырақ болғанда, оттегінің
аздығынан тыныс ала алмай, бұл дүниемен қош айтысып
кетер едік.
Біздер ауадағы оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын
бөліп шығарамыз. Ал өсімдік әлемі болса, керісінше,
көмірқышқыл газын жұтып, оттегі бөліп шығарады. Осы
лайша ауа үздіксіз алма-кезек табиғи жолмен тазаланып,
адамның игілігіне айналады. Өсімдіктер де біз сияқты
оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын бөлер болса, ауа
мызды қалай тазалар едік? Әр нәрседе өзінің құдіретін
сездірген Ұлы Жаратушы қандай ұлық!
Шаштарымыз ұдайы өсіп отырады. Шаштың бұлай
үнемі өсуін кездейсоқтық деп қабылдасақ, неліктен
шаш тектес қастарымыз бен кірпіктеріміз өспестен
бір қалыпты тұр? Ал бұлар да шаш тәрізді ұдайы өсіп
отырса, жағдайымыз қалай қиынға соғар еді. Бұған
қоса кірпігіміздегі эстетикаға, нәзіктікке, сұлулыққа
қараңызшы, олар да кездейсоқ емес, басқа бір тылсым
күш тарапынан әдейі жасалғандығын аңғарасыз. Ал
мұрнымыздың ішіндегі түктерді ше? Оның ауаны жы
лыту, фильтрлеу, одан да басқа қызметтерін ескерместен,
өз-өзінен, бостан-босқа кездейсоқ өсіп тұр деп кім айта
алады?!
Жапалақтап жауса қар.
Таза тексер, көзді сал да,
Кәдімгі қардың әрбір қалаушасында Ұлы
Жаратушымыздың шеберлігінің мөрі бар. Жай көзімізбен
қарағанның өзінде әрбір қар түйіршігінің бір-біріне
ұқсамайтынын көреміз. 1 м
қарда 350 миллион қар
түйіршігі бар деп жобалануда. Бұлардың әрқайсысы әр
түрлі симметриялы ою-өрнекпен безендірілген хрусталь
тәріздес алты бұрышты пішінде екенін білесіз бе? Қар
түйіршіктерінің бұл ғажайып сыры соңғы 100 жылда ғана
белгілі болды. Уилсон Бертлей 1885 жылы фотомикрофик
фотоаппараты арқылы 46 жыл қар түйіршіктерін түсіріпті,
артынан
«Қар түйіршіктері»
атты кітабын жазады. Уил
сон Бертлей өзі түсірген 5300 суреттің ішінен бір-біріне
ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін таң қала айтады.
Жер бетіндегі барлық қар түйіршігінің бір-біріне ұқ-
самайтын алты бұрышты әрі геометриялы пішінде болуы
– Ұлы Жаратушымыздың теңдессіз шеберлігі мен барлық
қардың пішінін білетін шексіз ілімінің белгісі болса керек.
Жер бетіне түсіп, ерігенге дейін ғана өмірі бар әрбір қарда
өзінің құдіреті мен шеберлігінің мөрін нақыштаған Алла
қандай ұлы! Мұны да кездейсоқ дейтіндерге не дейік?
Өсімдік өмірінің негізгі қорегі – су. Қурап немесе со
лып қалмауы үшін бақшамыздағы өсімдіктердің түбіне
белгілі мөлшерде су құямыз. Өсімдік құйылған бұл су
дан өз тіршілігін жалғастыруға жететіндей ғана көлемін
денесіне қабылдайды. Ал қалған су буға айналады немесе
басқа өсімдіктердің қажетін өтейді. Әрбір өсімдік ішілген
суды денесінің түкпір-түкпіріне, жапырақтарының
ең ұшына жібереді. Мысалы, ағаштар суды ешқандай
насостың көмегінсіз 15-20 тіпті 30 метр биіктіктегі
бұтақтарының түкпір-түкпіріне, жапырақтарының ұшына
жеткізеді. Ақыл иесі біздер 15-20 метр биіктіктегі үйлерге
суды насостың көмегінсіз шығара алмай жатқанда,
ағаштар суды осыншама биікке қалай көтереді?
Бұдан да таң қаларлығы, өсімдіктер жаздың аптап, ми
қайнатар ыстығында аз мөлшердегі сумен-ақ жап-жасыл
қалпын сақтап қалады. Бір гүлдің бойында 50 грамм су,
тіпті кішкентай бір шөпте бір немесе екі тамшы су болады
екен. Жазда бір апта бойы 35 градус ыстық болғанын ой
лап көріңіз. Топырақ құрғап, тастар қызып жатқан осын
дай ыстықта өсімдік әлемі қалай ғана бойындағы аз ғана
сумен өзінің жасылдығы мен тіршілігін сақтап қалуда?
Гүлдің бойындағы 50 грамм су мұндай ыстықтың астын
да көп болса 5-6 сағаттың ішінде, шөптің бойындағы бір-
екі тамшы су бірнеше минуттың ішінде-ақ буға айналып
кетуге тиіс. Бірақ қалай ғана өсімдік әлемі құрғамастан
жасыл түсін, өмірін сақтап тұр? Ойланғанға ғибрат.
Тістеріміздің орналасу ретін ойлаңызшы. Алдыңғы
күрек тістеріміз өткір болып келеді. Ал артқы азу тістеріміз
жалпақ. Демек, күрек тістеріміз жейтін қорегімізді
қырқып, үзу үшін өткір етіп, ал азу тістеріміз сол алдыңғы
өткір тістерімізбен қырқып, үзген қоректерімізді шайнап,
үгітуге қолайлы жалпақ етіп жаратылған. Егер барлық
тісіміз жалпақ немесе, керісінше, барлығы өткір болса
жағдайымыз қалай болар еді?
Астыңғы тістер мен үстіңгі тістердің арасында ке
ремет бір үйлесімділік бар. Жағымыз жабылған уақытта
астыңғы тістеріміз бен жоғарғы тістеріміз бір-бірімен
қабысады. Мысалы, азу тісіміздің біреуі сәл ұзындау бол
са, тамақ жеу, сөйлеу сияқты кейбір істерімізді еш ақаусыз
атқара алар ма едік?
Жас нәресте сүтпен ғана қоректенгендіктен онда тіс
болмайды. Бірақ басқа қатты нәрселермен қоректенетін
шаққа жеткенде, дереу тісі өседі. Тістердің өте шебер
орналасу реттері мен бір-бірімен үйлесімділігі және
қажетіне қарай дер кезінде өсу уақыты кездейсоқтық емес,
Алланың теңдессіз шеберлігі мен әр нәрседегі дәлме-дәл
есебі екені анық.
Дүрсілдеген жүрек
Дүниедегі ең керемет мотор – көкірегіңіздің сол
жағында орналасқан жүрегіңіз. Жүрегіміз ерекше
жүйесімен, тоқтаусыз соғуымен тәулігіне денеміздегі
қанды 1000 рет толық айналдырып шығады екен. Жүрек
бір сағатта орташа көлемді жеңіл көлікті 1 метр жоғары
көтеретіндей қуат бөліп шығарады. Жүректің қанды
айдаған кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш
арқылы қанды 3 метр биіктікке ытқыта алады. Жүректің
ең бір ерекше қасиеті – өмір бойы үздіксіз жұмыс істеуі.
Осы тұрғыдан алғанда, оны дүниедегі тоқтамай, демалыс
сыз жұмыс істейтін теңдессіз мотор деуге болады. Жүрек
– шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллион рет
соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның
орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300
миллион литрдей қан айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың
өзінде жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды екен.
Алақаныңызды қанша минут үздіксіз ашып-жұмып
тұра аласыз? Алақан бірнеше минуттан кейін-ақ талып,
бұл әрекетіңізді тоқтатуға мәжбүр боласыз. Ал енді өмір
бойы жүрегіңізді бір мезет тоқтатпастан, денеміздің
түкпір-түкпіріне сағатына жүздеген литр қанды
айдатқызып тұрған қандай күш? Тағы да кездейсоқтық
па? Жоқ әлде...
Егер барлық нәрсе кездейсоқ пайда болса...
Неліктен жаратылыстағы барлық нәрсе ерекше
керемет?
Неліктен жаратылыста ешбір ақау, кемшілік жоқ?
Неліктен ең озық аппараттар сүтті, балды жасай
алмайды?
Неліктен ең дамыған қалалар ормандағы тазалыққа
жете алмайды?
Негізінде дарвинизм нақты дәлелденген ғылыми
жетістік емес, бар болғаны гипотеза, болжам, яғни осы
лай болуы мүмкін деген ой-пікір ғана. Гипотеза ғылыми
түрде дәлелденген жағдайда ғана теориялық болжамнан
шығып, шындыққа, ғылымға айналады.
Ал дарвинизм теориясынан бастау алған
«Адам май
мылдан пайда болды»
деген пікір бір ғасырдан астам уақыт
өтсе де, ғылыми түрде дәлелденіп, нақтылық тұғырына
жете алмады. Олай болса, бұл пікір қара дүрсін болжам
ғана. Сондықтан оны талқылап жатудың өзі артық. Десек
те, оқырманға пайдасы болар деген ниетпен кейбір негізгі
ұстанымдарын талдап көрелік.
Дарвинизм теориясының негізгі ұстанымдарын
қорыта айтсақ, төмендегідей:
1. Жан-жануар, өсімдік әлемі және жалпы жан иелері
бір-бірінен пайда болды. Барлық жан иелерінің түпкі
тегі біреу. Жан-жануарлар мен өсімдіктер уақыт өте
келе бүгінгі пішіндері мен түрлеріне айналған. Бастауы
миллиондаған жылдарға барып тірелетін жан иелерінің
қазіргі түрлері – мақсатсыз, мағынасыз, кездейсоқтықтың
әсерінен кішкентай бір жан иесінен сатылай-сатылай да
мып, пайда болған.
2. Жан-жануарлар мен өсімдіктер өмір сүріп, тіршілік
бетінде қалу үшін өте үлкен күш жұмсап, күрес жүргізіп,
бір-бірімен қырқысуда. Өмір үшін жүргізілген бұл күресте
ең күштілері тірі қалып, ал әлсіздерінің тұқымы құрып,
жан иелерінің қатарынан шығуда. Тірі қалғандардың
ұрпақтары көбейіп, уақыт озған сайын бір түрден екінші
түрге ауысып, өзгеруде. Бұл өзгерістер жаңа ұрпақтарға
да өтуде.
Жансыз материя қалай жан иесі болды?
Дарвиншілердің бірінші ұстанымдарында
айтылғандай, жан-жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегі
бір болуы мүмкін бе?
Дарвинизм пікірін қолдайтындар бұл сұраққа «иә»
дейді. Дәлелдері – тек болжам ғана.
Олардың пікірлері бойынша қазіргі жан иелерінің бәрі
жалғыз клетканың дамуы арқылы сатылай-сатылай пай
да болған. Ал енді барлық жан иелерінің бастауы болған
кішкентай клетка қалай пайда болды? Олардың айтуынша
клетка да сатылай даму жолы арқылы пайда болған.
Жансыз материя мен жанды нәрсенің арасында таң
қаларлық үлкен айырмашылық бар екендігі бәрімізге
белгілі. Ал енді жансыз бір зат қалай ғана өз-өзінен,
сырттан, басқа бір күштің әсерінсіз жанды клеткаға ай
налуы мүмкін? Бұл сұрағымызға тағы да
«кездейсоқтың
әсерінен»
деген жауап аламыз. Алайда сол бір қарапайым
клетканың өзі кездейсоқ өз-өзінен пайда бола алмайды.
Себібі ол аса керемет, тамаша жүйеге ие. Ал санадан
мақұрым, білімнен ада, жансыз, көр материядан кездейсоқ
саналы адамның пайда болуы тіптен мүмкін емес.
Профессор, доктор Клаус Доус (Германиядағы
Johannes Gutenberg университетінің биохимия
институтының ректоры):
«Соңғы 30 жыл бойғы өте терең
зерттеулерге қарамастан алғаш жанды клетканың пай
да болуы туралы ешқандай ғылыми дәлел табылмады»,
деп, алғашқы жанды клетканың өз-өзінен пайда болуының
ешқандай ғылыми негізге сүйенбейтінін айтса, Кейц
Граһам:
«Алғашқы өмірдің (жанды клетканың) баста
уы деп есептелген элементтер қазір де бар. Бірақ қазір
неліктен олардан жанды нәрсе пайда болмайды?»
деп,
жансыз элементтерден өз-өзінен жанды нәрсе пайда бол
майтынын дәлелдейді.
Батыстың белгілі ғалымы Макс Планк материяның
қалай пайда болғандығы жайлы былай дейді:
Материя белгілі бір күш-құдірет арқылы тіршілік
бетіне шығып, пайда болады. Материяның ішінде
кішкентай-кішкентай күн жүйесі тәріздес жүйелер бар.
Атом және электрон деп аталатын бұл жүйелер ма
терияны ыдырап кетуден қорғайды. Ғарышта мұндай
керемет күш-қуат болмағанына қарағанда күллі жа
ратылысты белгілі бір жүйеде ұстап тұрған керемет
ілім, шексіз құдірет иесі болуға тиіс. Міне, материяның
бастауы – осы құдірет. Бұл құдіреттің Ұлы Жаратушы
екені күмәнсіз».
Ескі қаңқалар дарвинизмнің
қателігін әшкерелейді
Эволюция теориясы бойынша, барлық жан иелері бір-
бірінен тараған. Ертерек пайда болған белгілі бір жан иесі
уақыт өте келе екінші бір жан иесінің түріне айналған. Міне,
осылайша барлық жан иелерінің түрлері пайда болған. Бұл
теория бойынша, жан иелері түрлерінің бір-біріне айналула
ры миллиондаған, тіпті миллиярдтаған жылдарда сатылай-
сатылай жүзеге асқан-мыс. Олай болса, осы жан иелерінің
бір-біріне айналған жүз миллиондаған жылдар ішінде екі
түрдің бір-біріне айналу кезінде сансыз
«аралық түрлердің»
пайда болуы және өмір сүрулері тиісті. Мысалы, судағы
балықтың бірден бауырымен жорғалайтын жан иесіне ай
налуы мүмкін болмағандықтан, екеуінің арасын жалғайтын
жартылай балық, жартылай бауырымен жорғалайтын
«аралық түр»
жан иелерінің немесе бауырымен жорғалай-
тын жан иелерінің құсқа айналу кезінде жартылай бауыры
мен жорғалайтын, жартылай ұшатын құстардың ерекшелік-
тері бар
«аралық түрі»
пайда болып, өмір сүрулері керек
еді. Бұл аралық түрлер өтпелі кезең үшін болғандықтан ауру,
кемшілікке толы болуға тиіс. Егер шынымен-ақ аталмыш
аралық түрлер өмір сүрген болса, олардың өмір сүргенін
дәлелдейтін миллиондаған, тіпті қазір өмір сүрген жан-
жануар, құстардың санынан да көп қаңқа сүйектері табылуға
тиіс еді ғой. Бірақ табылмады. Чарльз Дарвиннің өзі де
«Түрлердің түбірі»
атты кітабында былай дейді:
«Егер те
ориям дұрыс болса, түрлерді бір-біріне байлайтын сансыз
аралық түрлердің өмір сүрулері тиіс. Бұл аралық түрлердің
өмір сүргендіктерін дәлелдейтін жалғыз дәлел – аталмыш
аралық түрлердің фосилдері (тасқа айналған қаңқалары) бо
лар еді».
Бірақ Дарвин өзінің теориясын дәлелдейтін аралық
түрлердің қаңқаларын терең зерттеулердің нәтижесінде де
таба алмағанын былай деп мойындайды:
«Егер шынымен-ақ
барлық жан иелерінің түрлері бір-бірінен сатылай-сатылай
дами отырып пайда болса, неге сансыз аралық түрлердің
қаңқаларына кезікпейміз? Неліктен жалпы жаратылыс
кемшіліксіз тамаша жүйеге ие?!»
«Қазір бұл аралық түрлердың қаңқалары
табылмағанымен келешекте міндетті түрде табылуға
деген үміті арқылы өзін-өзі жұбатты әрі оңбай
қателесті. Үмітсіз шайтан деген эволюционерлер Дарвиннің
бұл үмітіне сенім артып, 19 ғасырдың ортасынан бастап
осы күнге дейін дүниенің әр-әр жерінде өте қызу түрде
аралық түрлердің қаңқаларын іздеу жұмысын жүргізді.
Бірақ осыншама қызу зерттеулердің нәтижесінде үміттері
босқа шығып, ешбір аралық түрлердің қаңқасын таба ал
май діңкесі құрыды. Керісінше, жүргізілген зерттеулерден
табылған қалдықтар, эволюционерлердің күткеніндей емес,
барлық жан иелерінің тіршілік бетіне сатылай-сатылай емес,
бірден кемшілік, қатесіз түрде пайда болғандығын тайға
таңба басқандай дәлелдеді. Осылайша эволюционерлер өз
Чарльз Дарвин, Түрлерин көкені. Онур Иайынлары, Анкара 1996.
теорияларын дәлелдейміз деп жүріп, оны өз қолдарымен
күйрете құлатты. Бұл шындықты эволюционер болғанына
қарамастан атақты ағылшын, ескі қаңқаларды зерттеуші па
леонтолог Дерек Агер былай деп мойындайды:
«Проблема
мыз мынандай: қаңқаларды кеңінен, тереңінен зерттеген
уақытымызда, әрдайым сатылай-сатылай дамыған емес,
тіршілік бетіне бірден пайда болған жан иелері түрлерінің
кездескенін көреміз».
Қазіргі өмір сүріп жатқан жан иелері
мен олардың ежелгі қаңқалары
Қазір өмір сүріп жатқан көптеген жан иелері мен
олардың миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген түрлерінің
қаңқалары арасында ешқандай айырмашылық, өзгерістің
жоқ. Бұл барлық жан иелерінің сатылай даму жолы арқылы
емес, Ұлы Алла тарапынан арнайы жаратылып, жер бетінде
бірден пайда болғандығын көрсетеді.
100 миллион жыл бұрын өмір сүрген құмырсқаның
табылған фосилі (таста қалған қаңқасы) мен қазіргі кездегі
құмырсқаның арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген араның
табылған қаңқасы мен қазір өмір сүріп жатқан араның
арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
410 миллион жыл бұрын өмір сүрген целекант
балығының таста қалған қаңқасы. Эволюционерлер осы
нау қаңқаға сүйене отырып, табылған бұл балық түрін жан
иелерінің судан құрлыққа өту кезеңіндегі «аралық түрінің»
Бірақ қаңқасы табылған осы целекант балығы 1938
жылы тірідей бірнеше рет ауланды. Соңғы жылдары бұл
балық түрінің жиі-жиі аулануы эволюционерлердің өтірік
тұжырымдарын әшкере етті.
135 миллион жыл бұрын өмір сүрген инеліктің тасқа
айналған қаңқасы мен қазіргі инелік еш өзгеріссіз бірдей.
Эволюционерлердің қаңқаларды ғылыми
негізсіз жорамалдап, халықты алдауы
Эволюционерлер табылған сүйектің бір бөлігі
арқылы белгілі бір жан иесінің суретін яки макетін өз
мақсатта-рына орайластырып ғылыми негізсіз қияли жо
балау арқылы халықты өздеріне сендіруді көздеген. Газет-
журнал, кітаптардағы дарвинизмді дәлелдеуге қолданған
көптеген суреттер мен макеттер, міне, осындай сурет, ма
кеттер.
Эволюционерлердің бұл тұрғыда шектен
шыққандары соншалық,
«Zinjanthropus»
деп атала
тын адамның бас сүйегін негізге алып бір-біріне мүлде
ұқсамайтын үш түрлі қияли сурет салған.
Бір бас сүйектен үш түрлі сурет
Бұл туралы Гарвард университетінен Эрист А. Хутен
былай дейді: «Денедегі жұмсақ жерлерді жобалап, қайта
жасау өте қиын жұмыс. Ерін, көз, құлақ, мұрын сияқты
жұмсақ мүшелердің астындағы сүйектерімен ешқандай
байланысы жоқ. Мысалға,
бас сүйегін жоба
лау арқылы оны бір маймыл түріне немесе бір философқа
ұқсатып суретін немесе макетін жасай аласыз. Байырғы
адамдардың қалған сүйек қалдықтарына сүйене отырып
жасалған суреттер мен макеттердің ешқайсысы ғылыми
негізге сүйенбегендіктен сенімді емес және халықты
өздеріне сендіру үшін қолданылатын айла».
Эволюция – ғылым емес, алдау
Эволюционерлер маймылдың адамға айналу
кезеңіндегі
«аралық түр»
жартылай маймыл, жартылай
адамның болғандығын дәлелдейтін сүйек қаңқаларын
таба алмағандықтан, бұл проблемаларын маймыл мен
адамның сүйектерін құрастыру арқылы шешуге бел
Атақты доктор, ескі сүйектерді зерттеуші Чарльз
Доусон 1912 жылы:
«Англиядағы Пилтдаун деп атала
тын жердің маңайындағы бір шұңқырдан бір жақ сүйек
пен бас сүйек тауып алдым»
деп әлемге жар салады. Жақ
сүйек маймылдікіне ұқсағанымен, бас сүйегі мен тістері
адамдікіне ұқсайтын бұл сүйектерге 500 мың жылдық жас
берілді. Сөйтіп
«Пилтдаун»
деп аталған бұл сүйектерді
әр түрлі мұражайларға қойып, адамның маймылдан са
тылай даму жолы арқылы пайда болғанын растайтын
нақты дәлел ретінде қолданды. Бұл сүйекке байланысты
40 жылдам астам уақыт ғылыми мақалалар жазылып, су
реттер сызылды. Әлемдегі әр түрлі университеттерден
500-ге жуық докторлық еңбек қорғалды. Алайда, 1949
жылы Кеннет Окли атты ғалым сүйектердің нақты жасын
анықтайтын
«Flor test»
тәсілі арқылы
«Пилтдаун адамын»
да зерттеп көрді. Нәтиже өте таң қаларлық, бір сөзбен
айтқанда, масқара! «Пилтдаун адамының» сүйектері адам
мен маймылдың сүйектерін өте шеберлікпен құрастыру
арқылы жасалғандығы әшкереленді. 500 жыл бұрын өмір
сүрген адамның бас сүйегіне 60 жыл бұрын өмір сүрген
Орангутан маймылының жақ сүйегі, жақ сүйегіне адамның
тістері жасанды түрде өте шеберлікпен орнатылғандығы
анықталды. Сүйектердің жанынан табылды делінген
құралдардың қолдан жасалғаны да белгілі болды. Осыдан
кейін ғана 40 жылдай Британ мұражайында тұрған бұл
құрастырылған сүйек дереу шығарылып тасталды. Иә,
өз мақсаттарын дәлелдеу үшін осындай айла, қулықтарға
жүгінген ғалымсымақтардың қандай дәлелдеріне сенуге
болады?
Адам бас сүйегіндегі орангутанның жақ сүйегі
Герчеге догру журналы № 13, 10-бет. Гуфран Койунсу. 1996 ж.
Әр жан иесінің еркек-ұрғашысы
қалай пайда болды?
Эволюционерлер сатылай даму арқылы маймыл
дан адам пайда болды деп жар салып, оның қиялдан
макеті мен суретін салды. Бір таң қаларлығы, маймыл
дан сатылай дамудың ең ақырғы кезеңінде пайда болған
адам ретінде орта жастағы нәсілі батыстыққа жататын
ер адамның бейнесі таңдалған. Бұл әрине батыс нәсілді
адамдарды өзге адамдардан үстем етіп көрсетудің айқын
көрінісі. Маймылдан адамға айналу кезеңіндегі дамудың
ең соңғы үлгісі ретінде батыс нәсілді ер адамның бейнесін
көрсеткен эволюционерлер әйел адамның қалай пайда
болғанына келгенде, дерек көрсетпек түгілі ол туралы жақ
ашпауда. Осы пайда болған ер адамға ішкі-сыртқы бар
жағынан үйлесімді түрде өзгеше даму жолы арқылы әйел
баласы қалай және қай жерде пайда болды? Бұған байла
нысты қанағаттанарлық ғылыми қандай дәлелдер бар?
Ғаламдағы барлық жан иесінің еркектері
миллиондаған жылда сатылай даму арқылы пайда бол
ды дей тұрғанмен, солардың әрқайсысының ұрғашы
тектері қалай пайда болды деген сұрақ бәрібір мазаламай
қоймайды. Әр жан иесі бөлек-бөлек даму жолдарымен
пайда болды десек, олардың еркек-ұрғашылары қалай
бір-бірімен үйлесетіндей тамаша күйде пайда б
олған? Өз
ұрпақтарын жалғастыратындай мүмкіншілікке қалай ие
болды? Бұл сұрақтарға
«кездейсоқ»
деп жалтарудан өзге
тұщымды жауап табу да мүмкін емес.
Өмір дегеніміз қырқыс, күрес пе?
Дарвинизм пікірін қолдайтындардың ұстанатын
екінші негіздері:
«Жан-жануарлар мен өсімдік әлемі
тіршілік үшін үлкен күрес жүргізіп, бір-бірімен қырқысуда.
Өмір үшін жүргізілген бұл күресте ең күштілері ғана тірі
қалып, ал әлсіздерінің тұқымы құрып, жойылуда. Тірі
қалғандардың ұрпақтары көбейіп, уақыт озған сайын
бір түрден екінші түрге ауысып, өзгереді. Бұл өзгерістер
жаңа ұрпақтарға да өтуде».
Олардың айтқанындай, егер әр жан иесі тіршілік үшін
басқа жан иелерімен үнемі қырқыс, күрес үстінде болса,
аналардың балаларына деген мейірімділігін, ақылсыз
тауық сияқты құстардың балапандарын құтқару үшін
жыртқыштардың аузына түсіп, өз жандарын балаларының
жолында пида етулерін қалай түсінуге болады? Мыса
лы, теңіздегі кейбір үлкен балық түрлері тамақтанғаннан
кейін аузын ашып тұрады. Ал екінші бір кішкентай балық
келіп тістерінің арасындағы еттерді тазалап, қорек етеді.
Демек, өмір – қырқыс, күрес емес, өзара жәрдемдесіп,
көмектесу. Әйтпесе кішкентай балық қорықпастан, емін-
еркін жыртқыш балықтың аузында жүре алмасы анық.
Үлкен балық та кішкентай балықтарға тиіспестен аузын
ашып жай ғана тұра алмас еді. Дарвиннің айтқанындай,
жан иелері арасында өмір үшін жасалған бұл қырқыс,
күресте әлсіздердің тұқымы құрып, тек қана күштілері
қалатын болса, жер бетіндегі әлсіз миллиондаған жан-
жануар, өсімдіктердің осы күнге дейін өз өмірлерін сақтап,
ұрпақтарын жалғастыруын, керісінше, ең күшті санала
тын динозаврлар секілі ірі жыртқыштардың тұқымының
тұздай құруын қалай түсінуге болады?
ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
ЖАРАТУШЫ БОЛА АЛМАС
Заң мен сол заңды қоюшының бірдей болмасы анық.
Табиғат заңдарының табиғатты жаратуы мүмкін емес.
Табиғат өзінде болмаған қасиет пен ерекшеліктерді
басқа бір жаратылысқа беруі тіпті мүмкін емес. Мысалы,
адамдағы сана мен түрлі сезімдер табиғатта жоқ. Олай
болса, өзінде жоқ нәрсені табиғат адамға қалай берсін?
Адамды табиғат қалай жаратсын? Көрмейтін, естімейтін,
сезбейтін су, топырақ, ауадан құралатын табиғат өзінен
де керемет адамды және басқа жаратылысты жаратуы
мүлдем мүмкін емес. Жаратылысты табиғат жаратты деу
– табиғат өз-өзін жаратты деумен бірдей. Себебі табиғат
дегеніміз, ол – топырақ, су, ауа, ағаш, тас. Ал енді суды,
ауаны, ағашты, топырақты, тасты табиғат жаратты
деуіміз, өз-өзін жаратты деген күлкілі жауап емес пе?
Табиғат заңдары мен нәтижелері және
жаратылыстағы себептер мен салдарлары
Табиғат заңдары мен себептері өте әлсіз, ілімсіз, са
насыз, сезімсіз бола тұра нәтижелері өте керемет, жүйелі,
тамаша. Демек, табиғат заңдары мен жалпы себептер
ден пайда болатын нәтижелерінің арасында байланыс
болғанымен, жер мен көктей сәйкессіздік бар. Мысалға,
кішкентай бала саусағына ілген жіппен бір жүк маши
насын сүйрегенін көрсек, себеп пен нәтиже арасында
сәйкессіздік болғандықтан, әлгі машинаны сүйреп бара
жатқан кешкентай бала емес, басқа бір жасырын қуат
бар деген тұжырымға келер едік. Міне дәл осы секілді
жан-жағымызда болып жатқан себептер мен салдарлар,
нәтижелер арасында бізді таң қалдырып, тамсандыратын
өте үлкен сәйкессіздік бар. Жібек тәріздес, өте жіңішке
тамырларымен нәзік өсімдіктер қатты тастар мен қара
жерді қақ жарып шығады. Өте жұқа, нәзік жапырақтар
ми қайнатар аптап ыстыққа күйместен, қурамастан
тіршілігін, жасылдығын сақтап қалады. Өте әлсіз сперма
мен адам баласының мына дүниеге келуі арасында байла
ныс болғанымен, өте үлкен сәйкессіздік бар. Олай болса,
мұндай керемет жаратылыстарды жаратқан әлсіз, соқыр,
білімсіз себептер мен табиғат заңдары бола алмасы анық.
Табиғат заңдары мен себептердің
өзі де басқа себептерге мұқтаж
Табиғат заңдары мен жалпы себептер әрқашан басқа
себептерге, заңдарға мұқтаж. Мұқтаж болған себеп
пен заңдардың өзі басқа себептер мен заңдарға мұқтаж.
Шексіздікке созылып кете беретін себеп, заңдардың бір
жерде нүктеленіп, тұрақтауы тиіс. Мысалға, ағаштың пай
да болуына ағаштың дәні себеп делік, ал сол дәннің пайда
болуына не себеп? Тауықтың пайда болуына жұмыртқа
себеп болса, жұмыртқаға не себеп?
Алма пайда болуы үшін себеп ретінде алма ағашының
гүлдеуіне, алма ағашының гүлі ағашқа, бұтаққа, ағаш,
бұтақтың өзі алма ағашының дәніне, ал дән топыраққа
және топырақ қамтитын минералдарға, жылуға, жарыққа,
ауаға тәуелді. Осылай алманың пайда болуындағы
себептерді тартылыс күшіне дейін созып, ұзата берсек
те, мәселе шешілмейді. Сұрағымыз бітпестен алманың
пайда болуы үшін көрсетілген соңғы себепке де, басқа се
беп іздеріміз анық. Демек, себептерді себептерге байлау
мен мәселе айқындалып, толық шешілмейді. Себептерді
жаратушысына, яғни Алла Тағалаға байлаған кезде
ғана сұрағымызға қанағаттанарлық жауап алып, көңіліміз
жай табады. Әйтпесе, әр себепке құдайлық сипаттар
таңуымыз қажет болады. Ал әр себепке құдайлық сипат
тарды таңу қисынға қайшы. Ендеше, барлық себептерді
жаратқан негізгі себеп бар. Ол, еш күмәнсіз, Алла Тағала.
АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ТАНУ
Әлемдегі ең үлкен
ақиқат – Ұлы Жаратушыны тану,
Оған деген махаббатты ояту.
Алла Тағалаға иман келтірген мұсылман баласы Оны
көркем сипаттары арқылы тануға тиіс. Ұлы Жаратушыны
тану дәрежесіне қарай адамның Оған деген махаббаты ар
тып, үміті мен қорқуы күшейе түседі. Оны таныған сайын
иманы күшейеді. Ұлы Жаратушысына деген жақындығын
сезініп, тақуалығы мен тәуекелі арта түседі. Ұлы Иесін
жеткілікті түрде таныған адам ғана күнә атаулыдан бо-
йын мейлінше алыс үстап, түрлі күдікті ойлардан аулақ
жүреді. Адам ақылы Ұлы Алланы толық танып, біле ал
майды. Өйткені адам шектеулі, ал Ол – шексіз. Деcек те,
Оны Құранда әрі хадистерде айтылған сипаттары арқылы
танып-білуге міндеттіміз.
Ұлы Алланың сипаттары
Ұлы Алла бар әрі бір және барлық кемел сипаттардың
шынайы иесі. Оған тек қана кемел сипаттар тән. Нұқсан
сипаттардан Ұлы Иеміз пәк.
Алла Тағаланың сипаттары сәлби және субути болып
екіге бөлінеді.
Сәлби сипаттары
Бұл сипаттар тек қана Алла Тағалаға тиесілі, Одан
басқа ешкім бұл сипаттармен сипатталмайды. Жаратылыс-
та бұл сипаттардың қарама-қайшылары бар. Сәлби сипат
тар бесеу.
Алла Тағаланың бар болуының бастауы жоқ деген
мағынаны білдіреді. Бұл сипат Алла Тағаланың әзәли
екендігін, яғни, Ұлы Иеміздің барлығының алдында
ешқашан жоқтық болмағандығын білдіреді. Оның бар
болмаған ешбір заман, уақыт тіпті бір мезет жоқ. За
ман, уақыт деген түсінікті Ол өзі жаратқан. Өйткені
Алладан басқаның бәрі кейіннен пайда болып, Оның
шексіз құдіреті мен бөгетсіз қалауы арқылы тіршілік
бетіне шыққан. Иә, Алла Тағаланың бар болуының ба
стауы жоқ. Керісінше, Ол – кейіннен жаратылған барлық
жаратылыстың жал-ғыз бастауы. Қидам сипатына қайшы
мағынада келетін
«худус»
сипаты, яғни кейіннен пайда
болу – Ұлы Жаратушы үшін әсте мүмкін емес. Себебі
Алла Тағаланың өзі кейіннен пайда болса, Оны жаратқан
біреу болуға, оны жаратқанды жаратқан тағы біреу болуға
тиіс. Осылайша шынжырланып кете беретін еді. Ал бұлай
кете беру мүмкін емес, әрі қисынға да қайшы.
Бар болуының соңы, ақыры жоқ – мәңгі деген
мағынаны білдіреді. Бұл сипат Алла Тағаланың мәңгі
екендігінің, яғни, барлығының соңы, ақыры жоқ екенді-
гін білдіретін сипат. Алла Тағала әзәли яғни, барлығының
бастауы болмағаны секілді соңы да жоқ мәңгі. Сондықтан
Оның жоқ болатын ешбір уақыт, ешбір заман, тіпті ешбір
мезет болуы мүмкін емес.
Барлық жаратылыстың белгілі бір уақыттан кейін
жоқ болып, көз алдымыздан кетуі – оларды жоқ еткен
Ұлы Жаратушымыздың мәңгілігінің белгісі.
Бұл сипат
«біреу, жалғыз, дара»
деген мағынаны
білдіреді. Алла Тағала затында, барлық сипатта
ры мен істерінде жалғыз, біреу. Оның ортағы, серігі,
теңдесі жоқ. Ұлы Алла көбеюден, азаюдан, бірігуден,
бөлінуден, ажыраудан пәк. Өйткені бұның бәрі кейіннен
жаратылғандардың ерекшеліктері. Алла Тағала бұндай
нұқсан, кемшілік сипаттардан пәк әрі жоғары. Күллі
жаратылыстағы барлық жарату, тірілту, өлтіру, рызық
беру сияқты т.б. істердің негізгі болдырушы себебі, яғни,
себептердің себебі – еш теңдесі жоқ Ұлы Алланың Өзі
• Жалпы әлемнің, ондағы әрбір нәрсенің бір-бірімен
тығыз байланыста болуы – Жаратушының бір екендігінің
белгісі. Мысалы, бір ғана алманы жарату үшін жалпы
әлемді жарата алатындай күш-құдірет керек. Демек, алма
ны кім жаратса, оған керекті топырақты, топырақтағы ми
нералдарды және Жерден бірнеше есе үлкен Күнді, ауаны,
суды да жаратқан – Сол Алла болуға тиіс. Күнді кім жарат
са, Күн жүйесіндегі оған байлаулы бүкіл жұлдыздарды да
жаратқан – Сол. Күнді кім жаратса, көзімізді де жаратқан
– Сол болуға тиіс. Себебі, көзді жаратып, жарықты жарат
паса, көзіміз көре алмас еді ғой. Егер көз клеткаларының
атомдары Күн сәулесіне үйлесімді етіп жаратылмағанда,
көзіміз еш ақаусыз көре алар ма еді? Мына әлемдегі барлық
жеміс-жидектерге әр түрлі дәмді кім берсе, адамды жара
тып, оған сол дәмді тату үшін дәм тату қабілетін де берген
– Сол. Ер адамды кім жаратса, оған үйлесімді етіп, бейне
бір минус пен плюс іспетті бір-бірін толықтыратын кейіп-
те әйел затын жаратқан да Сол бір Алла болуы ләзім.
Иә, жалпы ғалам, ондағы әрбір нәрсе бір адамның
денесіндегі ағзалардай бір-бірімен тығыз байланыста
болып, бір кісідей әрекет етуде. Тіпті олардың біреуінің
ақау келтіруі басқаларға әсер етеді. Ендеше, бұлардың
барлығын жаратқан және басқарып, бақылап тұрған
құдіретті Жаратушы – біреу.
• Әрі күллі жаратылыстағы ұқсастық бір
Жаратушының құдіретінен шыққандығына дәлел. Мы
салы, барлық адамдардың, жан-жануардың ағзаларының
ұқсастығы және атомның айналасындағы электрондар
мен Күн жүйесінің ұқсастығы секілді сансыз ұқсастықтар
– бәрінің де жаратушысы бір екендігін білдіреді.
• Әлемдегі теңдессіз де үйлесімді таңғажайып жүйе
олардың Жаратушысының бір екендігін тайға таңба
басқандай айқын білдіреді. Егер Алладан басқа тәңірлер
болған жағдайда, әлемдегі бұл керемет жүйенің тас-
талқаны шығар еді. Мысалы, бір тәңір Күннің Жерді ай
налуын қаласа, екінші бірі Жердің Күнді айналуын қалауы
мүмкін. Ал екеуінің де қалауы бір уақытта жүзеге асуы
мүмкін болмағандықтан, мына әлемдегі жүйе, тепе-теңдік
бұзылар еді. Құранда бұл ақиқат былай деп баяндалады:
«Егер жер мен көкте Алладан басқа тәңірлер болғанда
жер мен көк тас-талқан болып бұзылар еді»
Егер тәңірлердің екеуі де бірдей бір қалауда тоғысып,
келіседі делінсе, онда екеуі де қалаулары шекті, бір-
бірлерінің қалауынан тыс әрекет ете алмайтын және
бір-біріне тәуелді әрі әр қалағанын істей алмайтын әлсіз
Әнбия сүресі/22.
болмақ. Ал әр қалағанын істей алмайтын әлсіз, қалауы
басқаларға тәуелді нәрсе ешқашан Алла бола алмайды.
• Бір мектепте екі директор, бір қалада екі әкім, бір
мемлекетте екі президент болуы мүмкін емес. Өйткені
ешкім өзінің ісіне басқаның араласуын, екінші бір
ортақты қаламайды. Қалауы мен күш-қуаты шектеулі
адам баласының өзінде осылай болып жатса, күллі
ғаламның жаратушысы Алла Тағала өзінің салтанатты
патшалығына, теңдессіз құзіретіне басқа біреудің ара
ласуын қалай ма? Әлбетте, қаламайды. Себебі, шынайы
Алла, нағыз патшалық басқаның бұйрығына бас имейді,
өзгенің иненің жасуындай араласуын қаламайды. Ешбір
ортақ пен серікті қабылдамайды.
4. Әл-Мухалафатул лил-хауадис.
Кейіннен пайда болғандарға еш ұқсамау де
ген мағынаны білдіреді. Бұл сипат – Алла Тағаланың
кейіннен жаратылғандардың ешқайсысына мүлдем
ұқсамайтындығын немесе ешбір нәрсенің Оған
ұқсамайтындығын білдіретін сипат.
Алла Тағаладан өзге барлық нәрсенің, күллі
жаратылыстың бастауы және соңы бар. Ұлы Жаратушы
дан басқаның бәрі кейіннен пайда болған. Міне, Алла
Тағала осы кейіннен пайда болғандардың ешқайсысына
ұқсамайды. Әрі олардан бөлек, өзгеше. Сондықтан
ғұламалар:
«Ақылға, қиялымызға, ойлау кеңістігімізге
қандай нәрсені пайымдасақ та Алла Тағала одан
басқа, әрі өзгеше»,
– деп Хақ Тағаланың еш нәрсеге
ұқсамайтындығына назарымызды аударған. Өйткені
барлық нәрсе Алла тарапынан кейіннен жаратылған. Ал
жаратылған нәрсе дене, түр, уақыт, мекен сияқты ерек-
шеліктерге тәуелді болғандықтан үнемі өзгереді, ауыса
ды және бір-біріне ұқсайды. Соңында бәрі пәнилікке
бас иеді.
Иә, жаратылғандар көптеген нәрсеге мұқтаж. Олар
өз ерекшеліктеріне қарай туып-өсуге, заман мен мекен
ге, ішіп-жеуге, тоқтауға және қозғалысқа, отырып-тұруға,
қуанып-қайғыруға, шаршауға, дем алуға мұқтаж. Ал
Ұлы Алла Тағала бұлардың ешқайсысына мұқтаж емес.
Керісінше, бәрі Оған мұқтаж. Өйткені жаратылыстың
ешқайсысы жоқ кезде де Ол бар еді. Өйткені Алла
Тағаланың барлығының бастауы жоқ – әзәли, соңы
жоқ – мәңгі. Алла Тағаланың еш теңдесі жоқ әрі шексіз
болғандықтан, біздер Оны толық түсіне алмаймыз. Себебі,
біз кез келген нәрсені көрген, білген нәрсемізге салыстыру
арқылы ғана түсіне білеміз. Алла Тағала Құранда:
еш ұқсасы жоқ»
. «Оның еш теңдесі жоқ»
Бар болу үшін басқа біреуге мұқтаж болмау деген
мағынаны білдіреді. Алла Тағала бар болу үшін басқа
бір жаратушыға яки, белгілі бір мекенге, арнайы бір
уақытқа, жалпы себепке мұқтаж емес. Егер Алла да бар
болуы үшін басқа бір себепке мұқтаж болса, жаратушы
емес жаратылған болар еді. Ал Хақ Тағаланың жарату
шы һәм жаратылған болуы ақылға теріс. Алланың бар
болуы сырттан басқа бір күштің жаратуы арқылы емес.
Өйткені Оның барлығының бастауы жоқ, яғни, кейіннен
пайда болмаған − әзәли.
Алла Тағала еш нәрсеге мұқтаж емес. Керісінше
күллі жаратылыс Алла Тағалаға мұқтаж. Егер Алла
Тағала мына ұшы-қиыры жоқ әлемнен бір мезет байла
Шура сүресі/11
Ықылас сүресі/4.
нысын үзсе, күллі жаратылыс быт-шыт болып тарыдай
шашылып, әлемдегі жалпы жүйе бұзылар еді.
Алла Тағала
сүресінде былай дейді:
адамдар, Аллаға мұқтаж болған сендерсіңдер. Ал
ешкімге мұқтаж емес, әрі күллі мақтауға лайық тек
Субути сипаттары
Алла Тағала – барлық кемел сипаттардың шынайы
иесі. Ондағы барлық сипаттар шексіз және кейіннен
пайда болмаған әрі соңы жоқ, мәңгі. Жаратылыстағы
әсемдік пен сұлулық – Ұлы Жаратушының еш
теңдессіз көркемдігінің белгісі. Әр нәрседегі шеберлік
– Оның теңдессіз шеберлігі мен құдіретінің дәлелі.
Жаратылыстағы тіршілік – Оның тірі екендігінің айғағы.
Ғаламдағы үлкенді-кішілі барлық тіршілік атаулының
рызықпен қамтамасыз етілуі – Оның
«Раззақ»
яғни, рызық
беруші екендігінің көрінісі. Адамға ілімді, қалауды, күш-
қуатты, өмірді берген Ұлы Иеміздің ілімсіз, қалаусыз,
құдіретсіз, тірі болмауы мүмкін емес.
Субути сипаттар сегіз. Олар мыналар:
1. Хаят.
«Тірі болу»
деген мағынаны білдіреді. Алла Тағала
тірі әрі тірілігі мәңгі. Әр нәрсеге, өлі топыраққа, жалпы
жаратылысқа жан беріп, тіршілік иесі еткен Алла екені
сөзсіз. Бұл сипат Ұлы Алладан бір мезет болса да ажы
рамайды. Өйткені Оның кемелдігі тек қана мәңгі тірі
болу арқылы жүзеге асады. Бұл сипатқа қарама-
мағынадағы өлі болу – Алла Тағала үшін әсте мүмкін емес.
Алла Тағаланың Тірі болу сипаты Ілім, Қалау, Құдірет
және басқа сипаттарымен тікелей байланысты. Өйткені
тірі болмағанның бір нәрсені білуден, қалаудан және жа
ратудан мақұрым қалатыны айтпаса да түсінікті.
Ұлы Жаратушымыз тірі әрі мәңгі дедік. Себебі,
жаратылыстағы кез келген жансыз нәрсенің өз-өзінен
тіршілік иесі болуы мүмкін емес. Демек, Ұлы Жарату
шымыз – барлық жан иелеріне рух беріп, тіршілік бетіне
шығарған тіршіліктің шынайы иесі, әрі қайнар бұлағы.
«Фурқан»
сүресінің 58-ші аятында:
өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет»
- делінген.
Бұл сипат
«білу»
деген мағынаны білдіреді. Ұлы
Алланың ілімі жаратылғандардың ілімі секілді таяз, шек-
теулі әрі кейіннен жиналған емес. Оның ілімі шексіз, еш
құралды қажет етпейді және барлық нәрсені қамтитындай
өлшеусіз. Иә, Алла Тағала – әр нәрсені білуші. Ол жарияны
білгені секілді құпияны да біледі. Жалпыны білгені секілді
жалқыны да біледі. Үлкенді білгені секілді кіші де біледі.
Барлық өткен заманды толық білгені секілді келешекті
де біледі. Жердің астындағыны білгені сияқты көктегіні
де біледі. Көзге көрінетінді білгені сияқты көрінбей жа
сырын көмес қалғанды да біледі. Барлық болып-кеткенді
білгені тәрізді бүкіл болатынды да біледі. Себебі, оның
ілімі кейіннен үйрену, оқу арқылы пайда болмаған. Оның
ілімінің бастауы жоқ – әзәли. Міне, сондықтан Оның
ілімі үшін үлкен мен кішіні, жария мен құпия арасында
еш айырмашылық жоқ. Оның ілімінен ешбір нәрсе тыс
қалмайды. Құранда:
«Ғайб әлемінің (көместің) кілттері
тек Оның құзырында. Оны Өзінен басқа ешкім білмейді.
Және Ол жердегі, теңіздегі барлық нәрсені біледі. Тіпті
бір жапырақ түссе де Ол міндетті түрде одан хабардар.
Жердің қараңғы қабаттарындағы бір тал дән де, құрғақ
және дымқыл барлық нәрсе де ашық кітапта бар»
-
делінеді.
Иә, Алланың ілімінен ешбір нәрсе тыс қалмайды,
қалуы да мүмкін емес. Өйткені бүкіл нәрсені білмеген,
олардың әрбір жағдайынан хабардар болмаған құдірет
шынайы Алла бола алмайды. Осыншама тамаша да кере
мет мағыналы әлемді, әлемдегі әрбір нәрсені жарата ал
майды. Әр түрлі қажеттері бар сансыз жаратылғандарды
басқаруы да мүмкін емес. Мысалы, Алла Тағаланың
барлық жас сәбилерге ананың қараңғы құрсағында
ыңғайлы қорегін беріп, дүниеге келгеннен кейін
қорегін өзгертіп, анасының омырауынан оған ең керекті
витаминдерді қамтыған ақ сүтті беруі – баланың қажетін,
оған ненің керек, ненің керек емес екенін білетін шексіз
ілімінің дәлелі болса керек. Баланың қажетін білмеген
Алланың оған осы ең ыңғайлы қоректі беруі мүмкін бе?
Мына әлемдегі тамаша тәртіп пен ақау-кемшіліксіз
жүйе, теңдессіз сұлулық пен көркемдік – Ұлы Алланың
әр нәрсені қамтыған шексіз ілімінің белгісі әрі дәлелі.
Ұлы Алланың әр нәрсені білетініне бек сенген жан
әрқашан әр қадамын байқап басып, әрбір істеген ісін
абайлап атқарады. Мұндай адамның аузынан ешқашан
былапыт сөз шықпайды, ешбір адам туралы жаман ой
лап, ешкімге зиянын тигізбейді. Ешкімнің ақысын жеп,
зұлымдық жасап шектен шықпайды.
Өзінің әрбір ісін, әрбір қимыл-әрекетін, тіпті әрбір
ойын біліп тұрған ілімі шексіз Аллаға иман келтіріп,
жүрегіне бекем түйген жандар ешкім көре алмайтын таса
жерде болса да, Оның бұйрықтарына қарсы шығып, ты-
йымдарын бұзбайды. Мұндай жандар Алланың жердегі
әрі көктегі сүйікті құл тұғырына
көтеріліп, адамдардың
арасындағы ең сенімді тұлғаға айналады.
Әнғам сүресі/59.
Алла Тағаланың көрмегі, естімегі
біз секілді көзбенен, құлақпенен емес.
Абай
Бұл сипат
«есту»
дегенді білдіреді. Ұлы Иеміздің
естіп, білуі жаратылғандардікі сияқты шекті, нұқсан әрі
себеп-құрал, дәнекерге мұқтаж емес. Иә, Алла Тағала
әр нәрсені естіп біледі. Оның бір нәрсені естуі басқа
нәрселерді е
стуіне бөгет емес. Өйткені Алланың бұл
сипаты кейіннен пайда болмаған. Алла Тағаланың естуі
жаратылғандардың естуіне мүлдем ұқсамайды. Себебі,
жаратылғандардың естуі кейбір ағзалардың, құралдардың
көмегі арқылы жүзеге асады. Ал Алла Тағала ешбір
құралға, ешбір себепке тәуелді емес. Міне, сондықтан
ең жасырын, ең құпия дыбыстар да Оның естуінен тыс
қалмайды.
Алла Тағаланың өзіне жалбарынған құлдарының жа
сырын және құпия әр түрлі зікірлерін, дұға-мінәжаттарын
қабыл етіп, хикметіне сай мұқтаждықтарын қамтамасыз
етуі – Оның әр нәрсені толық еститіндігінің дәлелі.
Есту сипатына қарама-қайшы мағынадағы – естімеу,
саңырау дегендер кемшілік болғандықтан, барлық кемел
сипаттардың шынайы иесі, күллі нұқсан сипаттардан пәк
Алла Тағала үшін мүмкін емес.
4. Басар
Бұл сипат
«көру»
деген мағынаны білдіреді.
Алла Тағала өзінің ұлылығына әрі шексіздігіне лайық
дәрежеде көру сипатымен сипатталады. Ұлы Алла
Тағала әр нәрсені кемел түрде еш нәрсенің көмегінсіз,
ешбір құрал-жабдықсыз біліп, еститіні секілді әр нәрсені
еш кемшіліксіз, еш нәрсенің көмегінсіз көреді. Оның
ілімі және естуі шексіз болғаны секілді көруі де шексіз.
Оның бір нәрсені көруі басқа нәрселерді көруіне бөгет
емес. Оның көруінен ең кішкентай атом да, басқа да тыс
қалмайды. Оның назарында жасырын мен құпия, жарық
пен қараңғы, алыс пен жақын, үлкен мен кішінің арасын
да ешбір айырмашылық жоқ. Құранда:
«Еш күмәнсіз
Алла көктегі және жердегі ғайыпты (көмес нәрселердің
бәрін) біледі. (бұларды білген Алла) Әлбетте, сендерді
барлық істеп жатқан істеріңді көруде»,
- делінеді.
Бұл сипат
«қалау»
деген мағынаны білдіреді. Ұлы
Алланың қалауы әзәли және еш бөгетсіз. Қалағаны еш
күмәнсіз орындалады. Қаламаған нәрсесін күллі әлем
жиналып іске асырмақ болса да, жүзеге аспайды. Оның
қалауына ешкім тосқауыл бола алмайды.
Жоқтықтан тіршілік әлеміне шығарылған сан
сыз жаратылыстың миллиондаған түр-тұрпат, түстерге
бөлініп, әр түрдің өзіне тән ерекшеліктерге ие болуы –
Оның еш бөгетсіз қалауының дәлелі. Мысалы, сансыз
ағаштардың, миллиондаған гүлдердің, түрлі жеміс-жидек,
жалпы өсімдіктердің бір су, бір
топырақ, бір ауамен, бір
күннің жарық-жылуымен қоректенгендеріне қарамастан
әр түрлі болып, сан алуан реңге боялуы, неше түрлі
хош иіс, дәммен безенуі – Оның әзәли қалауының белгі-
Жаппар Иеміз хикметіне орай қалағанын қалаған
түрде, қалаған уақытында жаратады. Сондай-ақ
қалағанын қалаған уақытта өзгертіп, қалаған уақытта жоқ
етеді. Қалағанына байлық беріп, қалағанына кедейлік
шапанын кигізеді. Қалағанының дәрежесін көтеріп,
Хужурат сүресі/18.
қалағанының абыройын айрандай төгіп, төмен түсіреді.
Құранның тілімен айтқанда:
«Ей, барлық мүліктің шы
найы иесі – Алла Тағалам! Сен мүлікті қалағаныңа
беріп, қалағаныңнан қайта аласың. Қалағаныңның
мәртебесін көтеріп, қалағаныңды төмен түсіріп
қорлайсың. Күллі ізгілік пен қайырлы істер тек
қана Сенің қолыңда. Әлбетте, сенің барлық нәрсеге
құдіретің толық жетеді»
– деп айт.
6. Құдірет.
Бұл сипат
деген мағынаны білдіреді.
Ұлы Жаратушымыз – шексіз және мәңгі құдірет иесі.
Қаласа күллі әлемді бір мезетте бар етіп, бір сәтте жоқ
етеді. Оның құдіреті кейіннен пайда болмаған, яғни,
бастауы жоқ әрі мәңгі. Оның шексіз құдіреті үшін
кішкентай атомды жаратуымен сансыз галактикаларды,
ондағы сансыз жұлдыздарды жарату оңайлық жағынан
бірдей. Сондықтан көк жүзіндегі Күн, Ай, басқа да
ұшы-қиыры жоқ жұлдыздар, жердегі жалпы жаратылыс
– Оның құдіретіне бас иіп, еш ақау-кемшіліксіз мына
таңғажайып үйлесімді жүйені бұзбай әрекет етуде.
Алла Тағаланың шексіз құдіретін қабылдаған иман
ды адам Оның еш теңдессіз ұлылығының алдында бас
иіп, тағзым етері сөзсіз. Құдіретіне тамсана таң қалып,
рухы шат-шадыман болады. Оның қасиетті бұйрықтарын
орындап, тыйымдарынан алыс болуға тырысып бағады.
Бұл істерімен тек Оның ризалығын алуды мақсат етеді.
Себебі бұндай түсінікке, иманға ие болған асыл жандар
Раббыларының ризашылығына бөленген жағдайда, өзінің
барлық арман-мұраттарына жететінін біледі. Себебі, тек
Оның шексіз құдіреті ғана барлық тіле
ктерін орындай
алады.
Әли Ғимран сүресі/26.
Бұл сипат
«сөйлеу»
деген мағынаны білдіреді. Ұлы
жаратушымыз Алла Тағала сөйлеу сипатына ежелден ие.
Иә, Оның кәлам сипаты кейіннен пайда болмаған және әр
түрлі әріп, дыбыстарға мұқтаж емес. Алла Тағала сөзін
Өзінің ұлылығына лайық түрде періштелеріне естіртіп
жеткізеді. Ұлы Жаратушымыздан түскен бүкіл кітаптар
мен уахилер осы сипаттың д
әлелі әрі жердегі көрінісі.
8. Тәкуин.
Бұл сипат жоқты бар етіп яки бар нәрседен екінші
бір нәрсені жарату деген мағынаны білдіреді. Алла
Тағала барлық әлемді және қалаған нәрсесін кемшіліксіз
хикметіне орай бар етіп жаратуы тікелей осы сипатқа бай
ланысты. Әлемдегі сансыз әрі сан алуан жаратылыс – осы
сипаттың айқын дәлелі. Алланың
яғни
«бол!»
де
ген бұйрығы арқылы кез келген нәрсе әпсәтте бар болады.
Жүсіп Баласағұн Ұлы Жаратушының бұл сипаты
н мына
бір жыр жолымен тамаша жеткізген:
Қалады да, жаратты бар болмысты,
«Бол!» – деді де, бірден бәрін болғызды.
ҒАМБАРЛАРҒА ИМАН
«(Уа, Мұхаммед!) Біз сені барша адамзатқа
оларды тек (жәннатпен) сүйіншілеуші және
(тозақтан) ескертуші етіп жібердік. Бірақ
адамдардың көбі мұны білмейді»
«Сәбә» сүресі
«Біз бүкіл адамзат баласына нұр шашқан киелі
Құран – түскен Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи
уә сәллам) пайғамбарға мәңгілік қарыздармыз»
Гете
ҒАМБАРЛАРҒА ИМАН
Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман
негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман ету – олардың Ұлы
Жаратушы тарапынан арнайы таңдалып, елші етіп жіберіл-
гендіктеріне және олардың жеткізген барлық хабарларына
күдіксіз сену деген сөз. Алла Тағала мұсылмандарға жер
бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарларға иман етуді
бұйырады. Яғни, Құранда аты айтылған пайғамбарлардың
кейбіреуіне иман етіп, кейбіреуіне сенбеуге қатаң тыйым
салынады. Біз, мұсылмандар, өзіміздің соңғы пайғамбар
Мұхаммедтің (с.а.у.) Алла Тағала тарапынан жіберілген
арнайы елші екеніне қалай иман келтірсек, басқа
пайғамбарларға да дәл солай иман келтіреміз. Құранда:
«Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне,
кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне
иман келтірмесе, қатты адасады...»,
- делінеді
Жер бетін нұрландырып, адамзатқа тура жолды
нұсқап, ақиқат пердесін ашып, екі дүние бақытын көрсету
үшін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген жалпы
пайғамбарлардың толық әрі нақты саны бір Аллаға мәлім.
Құранда тек жиырма бесінің аты аталған. Құранда есімі
көрсетілген Узайр, Луқман, Зулқарнайн атты үш кісінің
пайғамбар яки үлкен әулие екендігі жайлы ғұламалардың
арасында әр түрлі пікір бар.
Жер бетіне жіберілген барлық пайғамбарлар арнайы
бір қауымға белгілі бір уақыт үшін ғана келсе, әз елші
Мұхаммед (с.а.у.) қияметке дейінгі барлық адамзат үшін
ақырғы пайғамбар ретінде жіберілуімен ерекшеленеді.
Ол (с.а.у.) өзіне дейінгі барлық пайғамбарлардың
Ниса сүресі/136.
ерекшеліктері мен мәртебелеріне ие болса, Оның (с.а.у.)
алып келген ислам діні алдыңғы барлық діндердің
мән-мазмұнын қамтиды. Пайғамбарлық міндеті оның
елшілігімен нүктеленгендіктен одан кейін ешбір
пайғамбар келмек емес. Алла елшісі (с.а.у.) келгеннен
кейін барлық пайғамбарлардың алып келген діндерінің
үкімі тоқтады.
Құранда аты аталған пайғамбарлар
1. Адам (а.с.)
4. Һуд (а.с.)
5. Салих (а.с.)
7. Лут (а.с.)
8. Исмайл (а.с.)
9. Исхақ (а.с.)
11. Яқуб (а.с.)
12. Юсуф (а.с.)
14. Зулкифл (а.с.)
16. Мұса (а.с.)
17. Һарун (а.с.)
19. Әлиаса (а.с.)
22. Зәкария (а.с.)
24. Иса (а.с.)
25. Мұхаммед (с.а.у.)
Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы
Адам баласы – санасы мен ерік-қалауы бар жараты
лыс. Қалаған нәрсесін сөйлеп, қалаған жағына бара ала
ды. Жалғыз емес, қоғам болып өмір сүреді. Басқалармен
үнемі қарым-қатынас, байланыста. Бойында әр түрлі
қасиеттердің көзі бар. Тас сияқты қатты, мақта сияқты
жұмсақ та бола алады. Мейірімді де, қатігез де бола ала
ды. Ал басқа жаратылыс олай емес. Мысалы, арыстан
әрқашан жыртқыш, ал қой үнемі жуас, момын. Алма
ағашында өрік, өрік ағашында алма өспейді. Қарға бұлбұл
секілді ән салып, бұлбұл қарғадай қарқылдай алмайды.
Өйткені барлығы өзгермейтін тұрақты қасиеттерге ие.
Ал адам жақсы-жаман әр түрлі қасиеттерді бойында жи
най алатындай кейіпте жаратылған. Иман етуі де, етпеуі
де өз қолында. Қаласа сауатсыз, қаласа ғалым бола ала
ды. Тілінен туралық та, жалған да шығуы мүмкін. Қолын
қанға былғап, қатігездікте жыртқыштарды да артқа
қалдыруы мүмкін. Дәл осы адам мейірімділікті ту етіп,
шартарапқа бейбітшілікті жаюы да ықтимал. Міне, адам
баласы осындай түрлі қалау мен сан алуан қасиеттердің
иесі болғандығы үшін мына дүниеде ол үшін сынақ әрі ана
дүниеде жәннат, тозақ бар. Міне осындай әр түрлі жолға
бағыт бұруға бейім адам үшін тура жолды көрсететін,
әлемнің сырын ашып, оның қайдан пайда болғанын,
кімнің жаратқанын, жаратылуындағы негізгі мақсат-
міндетін түсіндіріп, жауабына қол жеткізе алмайтын небір
сұрақтарына қатесіз жауап беретін, әрбір ісінде үлгі бо
латын шамшырақ керек. Ол – Ұлы Жаратушы тарапынан
жіберілген пайғамбарлар екені шүбәсіз. Жалғыз ғана ақыл
бұларды еш қатесіз, кәміл түрде шешуге жеткілікті емес.
Дін нұрын шырақ тұтпаған небір зерек ақылдылардың,
атақты пәлсапашылардың жаратылыстың сырын аша ал
май орта жолда шаң қауып қалғаны немесе қате түсініп
адасқаны, адасып тығырыққа тірелгенде ақылынан айы
рылып, жынды болып кеткеніне тарих куә.
Иә, адамның бүгін тура дегені ертең қате болып жа
тады. Бұған күн сайын өзгеріп отырған сансыз
«измдер»
дәлел. Дәлірек айтсақ, көбіне
адамды тек біржақты
бағалайды. Ақылдың ойлап тапқан
«коммунизм»
секілді
«измдер»
де адамды тек материалдық тұрғысынан
әрі осы дүниемен шектеп қана қарастырады. Оның ру
хани жан дүниесін және мәңгілік екінші дүниесін ұмыт
қалдырады. Міне, дін адамды һәм рухани, һәм заттық, һәм
екі дүние таразысының басын тең ұстап бағалағандықтан,
адам дінге, дінді жеткізетін пайғамбарларға әрдайым
мұқтаж. Діні жоқ ешбір қауымның жоқтығы осының
белгісі. Қысқасы, Құран тілімен айтқанда:
«Жаратушы
жаратқанын білмейді ме?»
• Егер пайғамбарлар келмегенде Ұлы Жаратушы
ны толық, кемел сипаттарымен қатесіз тану мүмкін бол
мас еді. Жаратушы деп түкке тұрмайтын нәрселерге
құлшылық жасап, табынуы әбден мүмкін. Пайғамбарға
сенбеген қауымдардың жаратушы деп өз қолдарымен
жасаған пұттарға, Ай, Күн, жұлдыздарға сыйынғандары,
міне, осы тұсты айқындай түседі.
Адамның ақылы
«Дүниеге не үшін келдім? Міндетім,
мақсатым не? Жаратушым менен нені талап етеді?»
деген сұрақтардың жауабына жете бермейді. Адам
мақсатсыз, басым бос»
деп пайымдайды. Жақсы-жаман,
адал-арам деп талғамай, қалағанын істейді. Сондықтан
адамға жаратылуындағы мақсатын, адамдығына сай
міндетін түсіндіріп, Ұлы Жаратушысының бұйрықтары
мен тыйымдарын жеткізетін пайғамбарлар керек.
Тәбарак сүресі/14
• Адам баласына өлімінен кейінгі құбылыстар мүлде
беймәлім. Сондықтан пайғамбарлар адамға өлгеннен
кейін қайта тірілетіндігін, дүниеде істеген әрбір ісінен
сұрақ алынып, жәннатпен марапатталып яки тозақпен жа
заланатынын түсіндіріп, ескерту үшін жіберілген.
• Пайғамбарлардың жіберілу мақсатының бірі –
үмбеттеріне қайталанбас үлгі-өнеге көрсету. Алла Тағала
Құран Кәрімде:
«Міне, солар (пайғамбарлар) нағыз
Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де
олардың тура жолына ілес!»
– делінсе, басқа бір аят
та:
«Расында, сендерге, Алладан және ақырет күнінен
үміт еткендер мен Алланы көп зікір еткендер үшін
- делінеді
Пайғамбарлар – біз үшін жолбасшы әрі имам. На
мазда имамға ұйығанымыздай, өмірдің әр қадамында
Оны үлгі тұтып, Оның жолымен жүреміз. Бізге нағыз шы
найы өмірді пайғамбарлар ғана көрсете алады. Исламның
алғашқы дәуірін көргендер Алла елшісінің (с.а.у.) қас-
қағым сәттерін де қалт жібермей мұқият қадағалап, Одан
үлгі-өнеге алып отырған.
• Пайғамбарлар дүние мен ақырет тепе-теңдігін
құру үшін келген. Олардың әкелген тепе-теңдігімен адам
баласы өмір жолының астамдығы мен нұқсандығынан
құтылып, дұрыс бағытын табады. Бұл – поптар мен мо
нахтардай дүниені тәрк етіп, монастырларға қамалып,
елден бөлектену, тұмшаланған әлемге кіріп, ғұмыр бойы
жалғыз өмір сүру емес, керісінше, үнемі орта жолдан ай
рылмай, дүние мен ақыреттің өзіндік салмағына қарай
тепе-теңдік сақтай ғұмыр кешу. Бұл – уахидың (Алла
дан келген хабар) нұрлы әлемінде ғана қол жеткізуге
болатын табыс.
Пайғамбар жеткізген ақиқаттан мақұрым
Әнғам сүресі 90-аят.
Ахзап сүресі 21- аят.
жалаң сана арқылы мұндай тепе-теңдік орнығуы әсте
мүмкін емес. Құ
ран Кәрім осы тепе-теңдік жайында:
«Алланың саған берген бар мүмкіншілігімен ақырет
жұртын іздеп, соған ұмтыл. Бірақ дүниедегі несібеңді
де ұмытпа. Алла саған жақсылық еткендей, сен де
өзгелерге жақсылық істе. Сондай-ақ, жер жүзінде
бүлікке ілеспе. Күдіксіз Алла бүлікшілер мен содыр
ларды жақсы көрмейді»
• Ақыретте
«бізге пайғамбар жіберіп, тура жолды
көрсеткеніңде адаспайтын едік»
деп сылтауға басқысы
келетіндердің аузына құм құйылуы үшін, оларға хақ пен
нахақты түсіндіріп, жеткізетін пайғамбарлар жіберілген.
Осылайша сылтауларының алды алынған. Бір аят бұл
мәселені былай баян етеді:
«Елшілерден кейін Аллаға ай
тар желеуі болмас үшін пайғамбарларды сүйіншілеуші
әрі ескертуші етіп жібердік: Алла Азиз (аса үстем), Ха
ким (хикмет иесі)»
Пайғамбар сипаттары
Адамзат пайғамбарларға қарап, жалпы істерінде
бағыт түзеп, бағдар алады. Олар – адамға әрбір істе
қайталанбас үлгі, ізгілікте қол жетпес биік шың, адасқанға
жол сілтейтін жарық жұлдыз. Адамзат үшін осындай
асыл міндеттермен жүктелген пайғамбарлардың бойында
міндетті түрде табылуы тиіс сипаттар бар. Бұлар бесеу:
1. Исмәт.
Барлық пайғамбарлар пайғамбарлық
міндетпен жүктелмес бұрын да, кейін де барлық күнә
атаулыдан пәк. Қысқасы, күнә пайғамбардың түсіне
Қасас сүресі 77-аят.
М. Фатхуллаһ, Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-
инсания, муассисатул-Рисәлә, 1-том, 69-77 бет. Бәйрут. ауд:
Ниса сүресі 165-аят.
де кірмейді. Егер адамзатқа тура жолды көрсетіп,
әрбір істерінде шамшырақ, үлгі болу үшін жіберілген
пайғамбарлар да күнә істейтін болса олардың артынан
ешбір адам үмбет болып ермес еді. Міне, сондықтан
барлық пайғамбарлар күнә атаулыдан Ұлы Жаратушы та
рапынан арнайы қорғалған.
2. Сидқ.
«Туралық»
деген мағынаны білдіреді. Бар-
лық пайғамбарлар сөйлеген әрбір сөздері мен істеген әрбір
ісінде туралықты ту етеді. Олар ешқашан болған жайды
бұрмалап айтпайды. Қандай жағдай болса да, ешқашан
жалған сөйлемейді. Раббысының баянын жеткізетін
пайғамбардың жалған сөйлеп, халық алдындағы
сенімділіктерін аяққа таптауы, осылайша өз міндеттеріне
ақау келтіруі мүмкін емес.
3. Аманат.
«Сенімділік»
деген мағынаны білдіреді.
Әрбір пайғамбар адамдар арасындағы ең сенімді тұлға.
Ешкімді алдамайды, ешбір аманатқа иненің жасуындай да
қиянат жасамайды. Қысқасы, пайғамбарларды жер бетіне
сенімділікті орнату үшін жіберілген сенімділіктің жарқын
4. Фәтәнат.
«Тек қана пайғамбарларға тән зеректік,
ерекше зейінділік»
деген мағынаны білдіреді. Алла
Тағаланың дінін жеткізуші барлық елшілер пайғамбарға
ғана тән ерекше зейінге, асқан зеректікке ие. Себебі,
пайғамбарлық – өте ауыр міндет. Қоғамдағы өте зерек, әрі
оқыған білгір ғалымдарға, түрлі қабілетке ие тұлғаларға
ың баянын жеткізіп, сұрақтарына қанағаттанарлық
жауап беру үшін еш күмәнсіз бұл міндетпен жүктелген
пайғамбарлардың ерекше зейін, зерек қисынға ие болуы
5. Тәблиғ.
«Жеткізу»
деген мағынаны білдіреді.
Барлық пайғамбарлар Алладан алған уахиді еш өзгертіп-
бұрмаламастан қаз-қалпында жеткізуге міндетті. Құранда
бұл турасында былай делінеді:
«Уа, Расулым! Саған
түсірілгенді адамдарға жеткіз. Егер мұны орындамасаң,
елшілігіңді (пайғамбарлық миссияңды) жеткізбеген
боласың...»
Ақырғы пайғамбар – Мұхаммедтің (с.а.у.)
хақ екендігінің дәлелдері
Тіліміз бен жүрегімізден терең орын алған
«Лә иләһә
иллаллаһ», «Алладан басқа тәңір жоқ»
сөзінің ажырамас
«Мухаммәдур-расулуллаһ»
яғни,
«Мухаммед Оның
сөзі – ислам дінінде негізгі сенімдердің бірі.
Төменде Оның Алланың адамзатқа жіберген шынайы
елшісі екендігін білдіретін нақты дәлелдер келтірілген.
Оның шынайы пайғамбарлығының дәлелдерін қамтып
жазу ешкімнің қолынан келер іс емес екені анық. Өйткені
Оның (с.а.у.) киелі аузынан шыққан әрбір сөзі, әрбір іс-
қимылы, қысқасы, өмірінің әрбір сәті – күндей жарқырап
ғаламға сәуле шашқан нұрлы елшілігіне дәлел.
Оның (с.а.у.) адамзатты тәнті еткен көркем
мінез-құлқы – пайғамбарлығына дәлел
Адамзат Оның (с.а.у.) мінез-құлқына тәнті. Ғасырлар
озып, ғылым дамып, мәдениет өркендесе де, күллі адам
зат Оның (с.а.у.) бойындағы асқақ та, биік қасиеттеріне
қайран қалумен келеді. Оның күннен-күнге көбейе түскен
үмбеті қайталанбас өмір жолын, көркем мінез-құлқын
«қасиетті сүннет»
, деп өнеге етіп ұстануда. Тарихта
Оның өміріндей ешбір дақ түспеген таза да пәк, ғибратқа
толы екінші бір ғұмыр жоқ. Алла елшісінің (с.а.у.) дүние
салғанына он төрт ғасырдан астам уақыт өтсе де, Ол бар
Мәида сүресі 67-аят.
ша мұсылманның жүрегінде тірі, тіпті сүннетімен бірге
жүр. Оның мүбәрак есімі әрбір азан мен қаматта үнемі
қайталанып, жүрегімізде жаңғыруда. Иман нұрынан нәр
алған әрбір адам Алла елшісінің (с.а.у.) тек бір сүннетімен
өмірін өрнектеу үшін қолындағы бар құндысын жұмсауға,
тіпті жанын пида етуге дайын.
Абай атамыз халықты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) үлгі
алуға былай деп үндейді:
«Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ,
Мүмин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ.»
Иә, он төрт ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Алла
Расулының көркем де әсем мінез-құлқы әрбір мұсылман
баласының аңсарына айналды. Себебі, Ондағы бұл
асыл қасиеттер – адамзатты адамдықтың асқар шыңына
шығарар еш өзгермес ереже-қағида, барлық жақсылық
атаулыға бағыт көрсетер темірқазық іспетті.
Пайғамбарымыздың бойындағы қасиеттер мүлдем
ерекше дедік. Кез келген адам бір-біріне қарама-қайшы
екі көркем қасиетті бір-біріне араластырып, шатас-
тырмастан алып жүруі өте қиын. Мысалы, бір адам
жомарт болуы мүмкін, бірақ бұл жомарттығын асы
рып, ысырап дәрежесіне дейін апаруы мүмкін немесе
қолындағысын үнемдеймін деп жүріп сараңдыққа бой
алдыруы да ықтимал. Батыр, қаһарман болуы мүмкін,
бірақ бұл ержүректік қасиеті өз арнасынан шығып,
алды-артын аңдамайтын, жақсы-жаман деп талғамайтын
соқырлық дәрежесінде қатігездікке ұласуы ғажап емес.
Ал, Пайғамбарымыз болса, ешбір жақсы қасиетті екінші
бір қарама-қайшы қасиетпен араластырмаған. Өз ар
насынан асырмаған. Алла елшісі ержүрек, батыр және
мұнысымен қоса құмырысқаны байқамай басып кетсе,
жүрегі елжіреп, діріл қағатындай аса мейірімді, рақымды
және кішіпейіл еді. Өте кішіпейіл, мейірімді боламын
деп ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Алла
елшісі өте салмақты, байсалдылығымен қоса жанындағы
адамдарға шаттық сыйлай алатын жарқын жүзді еді. Жал
пы ғаламға ұстаздық етіп, үлкен мәселелерді қозғаған
Пайғамбарымыз кішкентай бүлдіршіндермен құмда оты
рып ойыншық ойнайтындай қарапайым әрі кішіпейіл еді.
Қысқасы, әр қасиетті өз арнасынан асырып екінші бір жа
ман қасиеттің жағасына апармаған. Яғни, таразының екі
басын тең ұстап, тепе-теңдік сақтаған.
Әр қасиетті өз орнында қолданбаған жағдайда да
ол қасиеттің мағынасы өзгермек. Мысалға, әкім қызмет
орнында көрсеткен салмақтылығын отбасында көрсетсе,
тәкаппарлыққа айналады. Әскердегі жауынгердің
халыққа көрсеткен мейірімділігі мен кешірімділігін
жауға, дұшпанға қолданса, халқына деген зұлымдыққа
айналмақ.
Жан-жақты жетілген кемел адамның бойынан
табылуға тиіс көптеген көркем қасиеттерді ең жоғарғы
дәрежеде әрі әрқайсысын өз орнында бір-бірімен ша
тастырмастан ең керемет түрде қолданып, үмметіне іс
жүзінде көрсете білген адам – пайғамбар болмаса, кім
болмақ?
Тарихта келіп-кеткен көптеген ұлы тұлғаларды зерт
теген уақытымызда олардың бойында тек кейбір жақсы
қасиеттердің ғана орын алғанына куә боламыз. Кейбіреуі
атымтайдай жомарт, бірақ дәл сондай дәрежеде кешірімді,
кішіпейіл емес. Кейбіреуі кешірімді, кішіпейіл, бірақ
ашуға бас иетін сабырсыз. Ержүрек батыр, бірақ дәл
сондай дәрежеде мейірбан емес. Ал, Пайғамбарымыз –
жақсы деген қасиеттердің бәрін бойына жинай білген әрі
әрбір қасиетті ең биік шыңында іс жүзінде қолдана білген
жалғыз адам. Алла Тағала Құранда:
«Сен керемет мінез-
құлыққа иесің»
– деп Алла елшісінің бойындағы осы
қасиеттерді нұсқайды.
Американдық ғалым Майкл Харт өзінің
зат тарихындағы ұлы жүздік»
атты кітабында адам
баласының тарихында өнегелі де ғибратты із қалдырған
ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын жазған. Майкл Харт
еңбекте Аристотель, Платон, Евклид, Архимед бастаған
топтың алдында ең бірінші болып Мұхаммед (с.а.у.)
пайғамбарды көрсеткен екен. Бұлтартпас ғылыми
тұжырым жасау үшін Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.)
өмірбаянын басқа тұлғалармен бірге компьютердегі ар
найы бағдарламаға енгізген Майкл Харт таңданысын жа
сыра алмаған. Себебі компьютерге түскен 100 адамның
ішінен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімі бірнеше мәрте
бірінші болып шыққан.
Иә, Пайғамбарымыз бойындағы он төрт ғасыр өтсе
де еш ескіріп, тозбайтындай әрі қияметке дейін келіп-
кетер күллі адамзатты тәнті еткен осынау ұлы қасиеттер
мен көркем мінез-құлықты кімнен үйреніп, қайдан алды?
Оны (с.а.у.) осындай етіп кім тәрбиелеп жетілдірді?
Бұл сұрақтың жауабы ретінде әке-шешесі дейін де
сек, Пайғамбарымыз әкесінен анасының құрсағында
алты айлық кезінде, шешесінен алты жасында айырылып,
тұл жетім қалды. Демек, Алла елшісінің (с.а.у.) тәлім-
тәрбиені әке-шешесінен алуы еш мүмкін емес. Ал, оған
бұл көркем мінез, жалпы тәлім-тәрбиені өскен ортасы,
өмір сүрген қоғамы берді дейін десек, ол қоғамның тарих
та
«надандық, қараңғылық дәуірі»
деген қара таңбасымен
орын тепкені бәрімізге мәлім. Надандық пен қараңғылық,
зұлымдық пен қатігездік билік еткен бұл қоғамда қыз ба
ласы тірідей көміліп, әйел атаулы қорланып, базарларда
бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан-ашық
жасалды. Тіпті, зина жасаушы осы ұятты ісімен халық ал
дында мақтанып, атақ-абыройға кенелді. Ата-тек, шежіре
шатасып, көптеген балалар өз әкесінен бейхабар-ды. Ақ
қара деп саналып, ақиқат жалғанға бұрмаланып, залымдық
бейне бір әділдіктей көрінген бұл қоғамда әлсіздер
құлға айналып, бар құқықтары бәзбір адам бейнесіндегі
жыртқыштардың аяғында тапталып жатты. Міне, осын
дай бір қоғам – қияметке дейін келіп-кетер күллі адам
затты бойындағы асыл қасиеттерімен таң қалдырып,
көркем де сұлу мінез-құлқымен тәнті еткен Алла елшісін
(с.а.у.) тәрбиелеп, жетілдіруі мүмкін бе? Жай қатардағы
бір адам бұл қоғамның тыныс алған зиянды вирусынан
еш зақымданбай дін-аман, сау-саламат құтылуы мүмкін
бе? Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ қасиеттерді басқаға
қалай бермек? Демек, Пайғамбарымызға бұл көркем де
әсем қасиеттерді беріп, арнайы тәрбиелеп жетілдірген
Әлемдердің Раббысы – Алла екендігі еш күмәнсіз. Адам
баласына қыстың күні мұз бетінде бәйшешек сыйлаған
«надандық дәуірде»
Пайғамбарымыздай нұрлы
тұлға жетілдіріп, ғаламға рақым сыйлады. Пайғамбары-
мыз (с.а.у.) бір хадисінде:
«Раббым Мені Өзі тәрбиеледі
және тәрбие болғанда да ең керемет үлгіде»
– деп осы
айтқанымызды айқындай түседі.
Иә, Оның бойындағы керемет мінез-құлқы – Оның
пайғамбарлығының белгісі, нышаны екені еш шүбәсіз.
Адам баласының мінез-құлқы жас кезінен қалыпта-
са бастайды. Ер жете келе бойына әбден сіңіп, отыз жастан
кейін тұрақтап адам табиғатына айналады. Ал, қырықтан
кейін бойындағы қалыптасып, тұрақтаған мінезді өзгерту
өте қиын. Енді пайғамбарымыздың қырық жасына дейінгі
(пайғамбарлық жүктелген шақ) өміріне көз жүгіртіп
көрейікші. Ол (с.а.у.) қырық жасына дейін адамдардың
арасында ең сенімді тұлға деп қабылданғандықтан,
Мекке халқы оны
«Мухаммадун Амин»
, яғни,
«Сенімді
Мұхаммед»
деп атаған. Мекке халқынан кез келген адам
сапарға шығар болса, қолындағы ең құнды затын еш
күмәнданбастан Пайғамбарымызға аманаттап тапсыра
тын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ешбір аманатқа қиянат ет
пеген. Өйткені оның дінінде аманатқа қиянат ету, уәдеде
тұрмау және жалған сөйлеу – екіжүзділіктің нақ белгісі.
Тіпті, Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға көшуге
мәжбүр болған кезде де қолындағы Мекке халқының
аманатын иелеріне тапсыру үшін хазіреті Әлиді орнына
қалдырған. Иә, Ол (с.а.у.) осылайша өзіне қарсы шығып,
тіпті өлтіруді жоспарлап, елінен, жерінен кетуге мәжбүр
еткен пенделердің де аманаттарына қиянат етпеген. Не де
ген сенімділік, не деген туралық десеңізші!
Мекке халқы Оның қырық жасына дейін бір рет бол
сын жалған сөйлегеніне куә болмаған. Әбу Бәкір Сыддық:
«Қырық жасына дейін бір де бір өтірік сөйлемеген
адам мінез-құлықтың өзгерместей толық қалыптасып,
тұрақтаған осы жасынан кейін қалайша өтірік айт
– деп Пайғамбарымыз әкелген жаңа дінге иман
келтіріп мұсылман болған. Иә, кішкентай бір мәселеде,
аз ғана бір қоғамның алдында өтірік айтпаған адам қалай
ғана бойындағы берік боп, қалыптасқан қасиетін бір күнде
өзгертіп, дін сияқты үлкен бір мәселеде дүйім жұртқа,
тіпті, қияметке дейін келіп-кетер адамзатқа шімірікпестен
«Мен пайғамбармын»
– деп өтірік айтсын?!
«Нағыз шындық – дұшпанның да мойындағаны»
демекші, дін дұшпандары да Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
туралығын, шыншылдығын еріксіз мойындаған. Әлі
мұсылман бола қоймаған Әбу Суфиян Оның (с.а.у.)
туралығын былай баян етеді:
Алла елшісі көрші елдің патшаларына хат жіберген
болатын. Осы хаттардың бірі Рим императоры Гераклге
арналған-ды. Геракл хатты басынан аяғына дейін оқып
шығып, сол кездерде Шам аймағында жүрген мені (Әбу
Суфиян) шақыртып алды. Сосын екеуміздің арамызда мы
нандай сұқпат жүрді:
– Оған ең көп қосылып жатқан кімдер, байлар ма, ке
– Кедейлер.
– Оған иман еткендердің ішінен бас тартқандар бол
ды ма?
– Қазірге дейін бола қойған жоқ.
– Сандары артып жатыр ма, әлде кеміп жатыр ма?
– Күн сайын артуда.
– Өмірінде жалған сөйлегенін естіп көріп пе
едіңдер?
– Жоқ, Оның жалған сөйлегенін ешқашан естімедік.
Хаттың ғажайып әсерімен қоса сол кездегі
мұсылмандардың қас дұшпаны Әбу Суфиянның
жоғарыдағыдай жауаптарына тап болған Геракл:
– Осы уақытқа дейін адамдарға жалған сөйлеуден
бойын аулақ ұстаған жанның енді келіп Хақ Тағалаға
жалған сөйлеуі әсте мүмкін емес, – дейді
Оның (с.а.у.) нұрлы жүзі –
пайғамбарлығына дәлел
Кез келген жанның бет-әлпеті – тани алатын
адам үшін иесі жайлы мағлұмат беретін кітап тәрізді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұрлы жүзінде тек туралық
көрінетін. Мұны байқаған яһуди ғалымдарынан Абдуллаһ
ибн Сәлам Пайғамбарымызды бір көргеннен:
жүзде еш жалғандық жоқ»
деп дереу иман келтірсе,
Абдуллаһ ибн Рәууаха былай дейді:
«Егер Оның (с.а.у.)
пайғамбарлығын қуаттайтын айқын мұғжизалар
болмаған жағдайда Оның нұрлы жүзінің өзі – көрген
адамның иман келтіруіне жеткілікті еді»
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.
Егер Пайғамбарымыздың пайғамбарлығына дейін,
я болмаса пайғамбарлығынан кейін сөзінде немесе іс-
әрекетінде титтей де жалғандық, көзбояушылық болса,
дос-дұшпан тарапынан сезіліп, байқалатын еді. Сөйтіп,
тырнақ астынан кір іздейтін дұшпандар қылыш, найзаға
жүгінбестен тапқан олжаларын әлемге жария ету арқылы
күн сайын үдеп бара жатқан жаңа дінге тосқауыл қояр
еді ғой. Алайда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен
ешбір қате, ешбір көзбояушылық таба алмай діңкелеген
дін дұшпандары амалсыз жаңа дінге қылыш, найзамен
тосқауыл қоюға тырысты.
• Көз бояушы, өтірікші, алаяқ адамның сенімді
серігі, бар мүмкіншілігін жолында пида ете алатын
жора-жолдасының болуы мүмкін емес. Ал енді бір мезет
Пайғамбырымыздың (с.а.у.) айналасына шоғырланған нұр
жүзді сансыз сахабаларға, кейінгі ғасырларда өмір сүре
келген әулие, ғалымдарға, жалпы Оның дінімен нұрланған
қияметке дейін келіп-кетер адамзатқа қараңызшы. Олар
Ол (с.а.у.) үшін мал-мүлік дүниелері емес, керек болса,
жандарын да пида етуге әзір. Олар Оның (с.а.у.) есімі
аталғанда, Оған (с.а.у.) салауат айтып, сәлем жолдауды
өздеріне борыш санайды.
Әз сахабалардың өмірінен бір-екі үзінді келтіріп,
Оның (с.а.у.) қаншалықты қадір-құрметке, махаббат пен
сүйіспеншілікке ие болғанын баяндап көрелік.
Алғашқы кезде мұсылмандар құлшылықтарын
еркін орындау үшін хазіреті Әркәмнің үйіне құпия жи
налатын. Оның үйі кіріп-шығуға қолайлы, көзден таса,
әрі сырттан келген-кеткендерді бақылауға оңтайлы еді.
Күндердің бірінде осы үйге жиналған сахабалар Алланың
бір екендігін мүшріктерге ашық түрде жария ету үшін
Пайғамбарымыздан (с.а.у.) рұқсат сұрайды. Араларында
Әбу Бәкір де бар болатын. Алайда, пайғамбарымыз оның
уақыты әлі келмегендігін, бұл үшін әлі мұсылмандардың
аз екендігін айтып алғашында рұқсат бермеген-ді, бірақ
Әбу Бәкірдің табандылық танытуынан кейін олардың
айтқандарына көнеді. Барлығы жұптарын жазбай Қағбаға
барады. Әбу Бәкір мүшріктерге қарап:
– Хақ һәм жалғыз Аллаға мадақ! Мәңгі бақыт –
Аллаға иман келтіруде. Оны мойындамай пұтқа табыну –
өте жаман әдет. Мағынасы жоқ жаһилия әдеттерін тастап,
Алла елшісінің шақыруына мойынсұныңыздар!– деді.
Мүшріктер алғашында толқыса да, тез арада естерін
жинап, мұсылмандарға қарсы шығады. Әбу Бәкірді жерге
жатқызып алып, қолдарына түскен нәрсемен ұрып-соға
бастады. Қаныпезер мүшрік Ұтба ибн Рәбиға табанында
шегесі бар аяқ киімімен тепкілеп оның нәзік бетін қан-
жоса қылады. Сол арада Әбу Бәкірдің туыстары көмекке
келіп оны өлім аузынан әзер алып қалды.
Өлімші халде есін жиған Әбу Бәкірдің ең алғашқы
«Алла елшісінен хабар бар ма?»
болды. Ол есі
кіресілі-шығасылы жатқанын елемей, Пайғамбарымызды
(с.а.у.) уайымдап: «Оған не болды?» – деп сұраумен бол
ды. Анасының:
«Балам, бір нәрсе ішіп-жейсің бе?»
– де
ген сұрағына:
«Алланың Елшісі қайда? Оның жағдайы
– деп бәрібір көңілі жай таппады. Анасы еш нәрсе
білмейтінін айтқан кезде, ол:
«Анашым, Хаттабтың
қызы Үммү Жамилге барып, Хақ елшісінің жағдайының
қандай екенін сұратыңызшы»
– деді. Пайғамбарымыздың
жағдайының жақсы екендігін айтып келген хабарға да
көңілі толмай, Оның (с.а.у.) халін өз көзімен көргісі
келіп тағаты таусылды. Айнала біраз тынышталғаннан
кейін қасындағылар Әбу Бәкірді қолтықтап Әркәмнің
үйіне алып барады. Пайғамбарымызды (с.а.у.) өз көзімен
көрген кезде:
«Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын,
ей, Расулаллаһ!»
– деп жылай бастады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) оны құшақтады. Оның бұл халі Пайғамбарымызға
(с.а.у.) қатты әсер етіп, көздерінен мөлдір жас моншақтай
Мұсылман қауымның алғашқы азаншысы хазіреті
Біләлдің пайғамбарлар сәруары – хазіреті Мұхаммедке
(с.а.у.) деген сүйіспеншілігін тілмен айтып жеткізу
мүмкін емес. Исламды қабылдағаннан кейін бір сәт бол
сын қасынан ажырамады.
Екі дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) ақыретке
аттанғанда, көптеген сахабалар сияқты қабырғасы қайыса
қайғырған ол Мәдинада қала алмады. Алла елшісінің
кетуі оған жарық күннің сөнуімен бара-бар келді. Өйткені
Мәдинаның әр тасы мен топырағы оның есіне Алла
елшісін түсіретін. Біләл сол тұстағы халифа хазіреті Әбу
Бәкірден басқа жаққа кетуге рұқсат сұрады. Әбу Бәкірге
– Ей, Алла елшісінің халифасы! Мен
Пайғамбарымыздың:
«мүминнің ең қайырлы ісі – Алла
жолында күресу»
– дегенін естіген едім. Мен де өлгенге
дейін Алла жолында жанымды пида еткім келеді,– деді.
Әбу Бәкір:
О, Біләл! Бізге кім азан шақырады? - дегенде, екі
көзге ерік берген хазіреті Біләл:
Мен Алла елшісінен кейін ешкімге азан шақыра ал
маймын, – деді.
Біләлдің алысқа кеткенін қаламай, қанша жібермеуге
тырысса да Хазіреті Біләл:
– Уа, Әбу Бәкір, рас сен мені құлдықтан құтқардың.
Егер мені өзің үшін азат еткен болсаң, онда алып қал. Ал,
егер Алланың ризалығын көздеп, сатып алған болсаң,
еркіме жібер, – деді.
Хазіреті Әбу Бәкір рұқсат берген соң хазіреті Біләл
Хабаши Шамға барып, Ислам туын биікте желбіретуге
жігерін салды.
Шамда жүрген кезінде бір түс көріп, Мәдинаға келді.
Пайғамбарымыздың қабірінің қасында хазіреті Хасан мен
Хұсейнді кездестіріп, Алланың Сүйікті Елшісімен (с.а.у.)
бірге өткізген тәтті күндерді еске алды. Әлемдердің Па
дишасы (с.а.у.) дүниеден озғаннан соң, Мәдинада азан
шақырмаған еді. Ғаламның рақым нұры (с.а.у.) ақыреттік
болғаннан кейін азан шақыруға тағаты да жетпеді.
Өйткені, азандағы
«Әшһәду әннә Мухаммадан Расулуллаһ»
(Мұхаммедтің Алла елшісі екендігіне куәлік етемін) деген
сөйлемді айта алмай іркіліп қалатын. Даусы шықпай көз
жасына булығып, аяқтарының буыны босап кететін.
Пайғамбарымыздың
«менің дүниеде иіскеген екі
райханым»
деген немерелері Хасан мен Хүсәйіннің
өтінішінен кейін, соңғы рет Мәдинада азан шақыруға
бел буды. Көзін көкке қадап тұрып, бүкіл жан дүниесімен
азан шақырды. Бүкіл Мәдинада Алла елшісіне (с.а.у.)
деген сағыныш жаңғырды. Ел тегіс көшеге шықты.
Алла Расулының нұрлы өмірін көз алдарына елестетіп,
Пайғамбарымыз қайта тіріліп келіп, Біләлге азан
шақыртқандай әсерде болды. Сол күні көзіне жас алып
иығы селкілдемеген тірі жан қалмады
Айналасындағы заңғар тұлғалардың Оған деген
мұншалық терең сүйіспеншілігі мен махаббаты – Оның көз
бояушылығының емес, тек шынайы пайғамбарлығының
дәлелі болса керек.
• Әрбір нәрсенің шынайысы мен алдамшысы, табиғиы
мен жасандысы ешқашан бірдей болмасы анық. Сауатсыз
адам ғалымның рөлін, қарапайым адам мемлекет бас-
Алау Әділбаев, Саңлақ сахабалар, 175-бет. Дәуір баспасы,
Алматы, 2004 ж.
шысының рөлін, міндетін қанша уақытқа дейін ешкімге
білдіртпестен, сездірместен жүргізе алады? Бәлкім, сауат
сыз адамның алғашқы жүріс-тұрысы айналасындағыларға
күмән тудырса, қарапайым адамның басқа мемлекет бас
шыларымен бір-екі кездесуінен кейін-ақ жалғандығы су
бетіне қалқып шыққан майдай жария болады. Ал енді
оқу-жазу білмейтін бір адамның пайғамбарлық сияқты
ғалымдықтан да, мемлекет басшылығынан да ауыр бір
рөлді, міндетті жиырма үш жыл бойы айналасындағы
өте зерек те ақылды адамдарға еш білдіртпестен ойнауы,
жүргізуі мүмкін бе? Тіпті, жиырма үш жыл емес, қияметке
дейін келіп-кетер сансыз кемеңгер, ойшылдарға, ғалымдар
мен әулиелерге, жалпы адамзатқа өзінің жалғандығын еш
сездірместен жалғастыра беруі мүмкін бе? Әрине, жоқ.
Олай болса Ол (с.а.у.) – шынайы пайғамбардың дәл өзі.
• Тарихта ереже-қағида қойып, жаңа жүйе құрған
көптеген тұлғалар бар. Олардың көбі өздері қойған
ережелерді басқаларға үлгі боларлықтай дәрежеде іс
жүзінде атқармағандықтан, адамдар тарапынан шы
найы жанашыр, ешбір қолдау таппағанын көреміз.
Ал енді п
айғамбарымыздың
«Намаз оқыңдар!»
– деп
адамдарды намазға шақырып, ереже қойғаннан кейінгі
Оның оқыған намазына қараңыздаршы. Бес уақыт на
мазды жамағатпен, жылап тұрып оқуы былай тұрғанда,
түн жарымда тұрып
«тәһәжжуд»
намазын егіле жы
лап, аяқтары талып-ісігенше оқитын. Айша анамыздың:
«Уа, Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша қинайсың?»
– де
ген сұрағына:
«Аллаға шүкір еткен құл болмайын ба?»
– деп жауап қатқан Алла елшісінің намазынан қандай
жалғандық көруге болады?
«Зекет беріңдер!»
деп ереже
қойған Пайғамбарымыздың қолына тиген мал-мүліктің
бірін де қалдырмай мұқтаждарға бөліп беруінен нен
дей көзбояушылық байқауға болады?!
дан аулақ болыңдар!»
– деп ескертіп түнде төсегінен
тауып алған құрманы аш болғандықтан байқамай жеп
қойып, садақадан
келген құрма болуы мүмкін деген
күдікпен түні бойы дөңбекшіп, ұйықтай алмай шыққан
Пайғамбарымыздың харамға деген іс-әрекетінен қандай
жалғандық, нендей көз бояушылық
көруге болады?!
Оның (с.а.у.) ерекше өмір салты –
Пайғамбарымыз егер (хаша уә кәлла) жалған
пайғамбар болған болса, мал-мүлікке ие болу, мансап-
билікке қол жеткізу, атақ-абыройға кенелу сияқты пенделік
мақсат-мұраттары болатын еді. Жалған пайғамбар болуда
егер дүниелік еш мақсат-мұрат жоқ болса, өз өмірін қауіп-
қатерге, қиыншылықтарға душар ететін мұндай ауыр да
жауапты жүкті неліктен сау басына тілеп алсын? Ал егер
дүниелік еш мақсаты жоқ болса, сөзсіз Ол адам – шынайы
Алланың жіберген хақ пайғамбары болмақ.
Алла елшісінің (с.а.у.) нұрлы өмірін зерттеп көрсек,
аталмыш мақсаттардың ешбірін кездестірмейміз.
Иә, Ол егер жалған пайғамбар болу арқылы мал-
мүлікті, атақ-абыройды, билікті мұрат еткен болса,
әу баста бұлардың бәрі Пайғамбарымызға ұсынылған
еді. Күннен-күнге қанат жайып бара жатқан жаңа діннің
алдында не істерлерін білмей абдыраған құрайыштар
Пайғамбарымыздың немере ағасы Әбу Тәліпке келіп:
«Біз оған қалаған байлығын берелік, қаласа Меккенің
бар билігін қолына ұстатайық, әйел қаласа, ең әдемі
қызымызға үйлендірейік, ауырып жүрсе, дүниенің ең
атақты дәрігерін шақыртып емдетейік. Тек ата-
бабамыздың дінін жоққа шығармасын. Мына жаңа
– деп ұсыныс тастаған еді.
Садақаны жеу, яки қолдану Пайғамбарымызға харам етілген.
Әбу Тәліп құрайыштардың бұл ұсыныстарын Алла
елшісіне жеткізді. Пайғамбарымыз ұсыныстарын естір-
естімес:
«Уаллаһи, егер менің оң қолыма күнді, сол
қолыма айды ұстатса да мен бұл дінімді уағыздаудан
бас тартпаймын»,
– деп жауап берді. Ал, енді
Пайғамбарымыз жалған пайғамбар болған болса, аспан
нан іздегені жерден табылған мына ұсыныстардың ал
дында жауабы жоғарыдағыдай болар ма еді?
Құранда жалпы пайғамбарлардың есімдері ша
мамен 500-ге жуық рет аталса, Пайғамбарымыздың
«Мұхаммед»
есімі төрт-ақ рет аталады. Ал енді бәзбіреулер
айтқандай, Алла елшісі
(с.а.у.)
Құранды өзі құрастырып,
пайғамбарлығы арқылы атақ-абырой іздеген болса, онда
ондай адамның кітапта өзін осылай көрсетуі мүмкін бе?
Алла елшісі мұсылмандардың арасында ең қадірлі
адам бола тұра үнемі қиыншылықтардың бел ортасында
жүрді. Үш күн бойы нәр татпастан аш жүрген күндері жиі
кездеседі. Тіпті кейде аштықтың ауыртпалығы соншалық
– оны аз да болса жеңілдету үшін ішіне тас байлады.
Денесі әлсірегені соншал
ық – намаздарын отырып оқуға
мәжбүр болатын.
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Алла
елшісін мешітте көрдім. Намазын отырып оқуда екен.
«Пайғамбарым, сырқаттанып қалдыңыз ба?»
– деп
«Жоқ, Әбу Һурайра, ашпын. Аштықтан
түрегеліп оқитын дәрменім қалмады»,
– деді. Мен жы
лай бастадым. Ол сонда мені жұбатып:
«Жылама, мах
шарда есеп қиыншылығы аш болғандарға тимейді»,

деді.
Тағы да бір күні Хақ Пайғамбар, хазіреті Әбу Бәкір
және Омармен түн ортасында Мәдинаның бір бұрышында
ойламаған жерден кездесіп қалып, бір-бірінен сұрады:
«Түн жарымында сыртқа неге шықтыңыз?».
Үшеуінің
де жауабы бір жерден шықты.
Иә, үшеуі де
Алла үшін барын беріп, енді азық боларлық бір тілім нан
таба алмағандықтан дөңбекшіп, ұйықтай алмай, сыртқа
шыққан беттері еді.
Ислам шартарапқа қанатын жайып мұсылмандар
күшейіп, жағдайлары жақсарғаннан кейін де
Пайғамбарымыз (с.а.у.) және оның Әбу Бәкір, Омар секілді
хас шәкірттері де өте қарапайым, жұпыны өмір сүрді.
Бір күні Пайғамбарымыздың:
«Омар, неге
– деген сұрағына ол:
«Пайғамбарым, дәл
қазір патшалар құс төсектерде жатқанда, Сен ши
үстінде жатырсың. Ши денеңе батып із тастапты.
Алайда Сен Алланың Елшісісің. Рахат өмірге бәрінен де
– деп жауап береді. Сонда Рақым Пайғамбар
(с.а.у.):
«Омар, мына дүние – олардың, ал ақырет –
біздікі болуына риза емессің бе?»
– деді.
Пайғамбардың отбасында үш ай бойы қазан асылып,
ыстық тамақ ішілмегенін Айша анамыз риуаят етеді. Алла
елшісі (с.а.у.) дүниеден озған уақытта артында ешбір
дүние қалдырмаған. Өйткені Ол –
«Біздер – Пайғамбарлар
артымызға дүниені мирас қалдырмаймыз»,
- деген тек
пайғамбарларға тән қасиетті сөздің иесі еді.
Ол (с.а.у.) алуды емес, беруді, ішіп-жеуді емес, ішіп-
жегізуді ұнататын. Киюді емес, өзгені киіндіруді, қуануды
емес, басқаны қуантып, жаралы жүректеріне шаттық сый
лауды міндет деп білді. Қысқасы, Ол (с.а.у.) өзі үшін емес,
өзге үшін ғұмыр кешті.
Иә, жалған пайғамбарлығы арқылы мал-мүлік,
дүниені көздеген көзбояушы бір адамның өмірі
жоғарыдағыдай болар ма еді? Жауабын өзіңіз беріңіз.
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.
Оның (с.а.у.) ерекше сабыры –
хақтығына дәлел
Белгілі бір мектепте мұғалім немесе бір мекеме
де бастықсыз. Оқушылардың, яки қарамағыңыздағы
адамдардың жүректеріне жол тауып, ойыңыздағы асқақ
пікірді, терең тәлім-тәрбиені бергіңіз келді делік. Бұл
мақсатыңызға жету жолында кез келген қиыншылыққа,
әр түрлі рухани және заттық зиян, қауіп-қатерге, өте ауыр
қорлайтын сөздер мен іс-әрекеттерге шыдайтыныңызды
ойлап, тіпті бұл жолда жаныңызды да пида етемін деген
ниеттесіз. Ал, енді төменде көрсетілген пайғамбарымыз-
дың басына келген қиын да шытырман жағдайлар кез
дескен сәтте, қандай күйде боласыз? Жолыңызды еш
өзгертпестен, пайғамбарша сабырмен жалғастыра білесіз
бе? Жалпы өзіңізге, жүрегіңіз бен сезімдеріңізге бір көз
салып, құлақ түріңіз... Сізге бұлар не дейді?
«Ата-бабамыздың осы уақытқа дейін табынып келген
пұттарына қарсы шығатын мынау қайдан шықты?» - деп
бетіңізге түкірсе...
Әбдімүттәліптің жетімінен басқа пайғамбарлыққа
адам табылмай қалып па? – деп жаныңызға бататын ауыр
сөз айтып, қорласа...
Көпшілік арасында: Сиқыршы, көзбайлаушы – деп
келеке етіп, мысқылдаса...
Әйеліңізге әр түрлі ауыр жалалар жауып, халық ара
сында ар-намысыңызды қорлайтын өсек таратса...
Намазда басыңызды сәждеге қойып, Раббыңызға
мінәжат етіп жатқанда, малдың ішек-қарнын әкеп
басыңызға аударып, келемеждеп, қарқылға басып күлсе...
Елмен араласуға қатаң тыйым салып, сауда-саттық,
жалпы қарым-қатынасты үзіп, бойкот жариялап аш
қалдырса...
Аштықтың ауыртпалығы соншалық айлар бойы нәр
татпаған достарыңыз аштықтан жапырақ жеп кетсе...
Ең жақын туысыңызды өлтіріп, құлағын кесіп, көзін
ойып, денесін тілгілеп, бауырын суырып алып, шайна
са....
Жүретін жолыңызға тікен шашып, бұрыш-бұрышта
қолдарына шоқпар алып сізді аңдыса...
Сүйікті отаныңызды тастап кетуге, туған-туыстан
айырылысуға мәжбүр етіп, өлтіруге ант ішсе...
Барған жеріңізде де тыныштық бермей әскер
жіберіп, жаныңыздан да жақсы көретін достарыңызды
өлтірсе...Не істер едіңіз? Оларға қандай жауапта болар
едіңіз? Осылардың бәріне сабыр сақтап, еш мойымастан,
шайқалып-теңселіп, күмәнға бой алдырмастан жолыңыз-
ды жалғастыра білесіз бе? Олардың осы іс-әрекеттеріне
кешіріммен, мейіріммен қарап:
«Раббым, олардың бұл
істерін кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын
білмейді. Оларды сен тура жолға сала гөр!»
-деп олар
үшін ізгі тілек тілеп, жаманшылықтарына жақсылықпен
жауап бере аласыз ба?
Иә, адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) олардың барлық зұлымдықтары мен қорлықтар-
ына шыдап, әр түрлі кесірлеріне қарсы сабырды қару етті.
Оларға анадай мейірім құшағын ашып діттеген мақсатына
жете білді. Міне бұл – адамзат ардақтысы Мұхаммедтің
(с.а.у.) шынайы елші екендігінің тағы да бір айқын дәлелі
болса керек. Оның (с.а.у.) қасиетті өмірбаянын оқып оты
рып, көзге еріксіз жас алып «Мұхаммед, Сен тек Алланың
шынайы елшісісің» – деп иманыңа нәр тамызасың.
Әр сала өз тілімен Оның (с.а.у.)
пайғамбарлығын паш етеді
Тек бір ғана салада жетістікк
е жетіп, сол салада білік-
ті маман болу үшін арнайы жағдайдың қажеттілігі айтпаса
да түсінікті. Кез келген бір ғана салада кәсіби мамандық-
қа қол жеткізу үшін ондаған жыл уақыт кетіреміз. Тіпті
сол салада ғұмыр бойы жұмыс істейміз. Иә, тек бір са
лада ғана белгілі бір жетістікке жету үшін арнайы құрал-
жабдықтың, тыныш ортаның, ыңғайлы ахуалдың, белгілі
бір уақыттың керектігі сөзсіз. Ал бір адамның әр салада
жетістікке жетіп, барлық салада бесаспап маман болуы
мүмкін емес. Мысалы, бір адам жоғары дәрежеде тәрбие-
ші, психолог, һәм тамаша бір қолбасшы және аса білгір
медицина ғалымы, әрі физик және т.б. ғылымдарды игеруі
ине көзінен нар түйенің өтуімен парапар. Бірақ осындай
мүлде болмайтынды ешбір құрал-жабдықтың көмегінсіз,
әр түрлі қым-қиғаш қиын жағдайлардың бел ортасында
жүріп жүзеге асырған жалғыз адам – Мұхаммед (с.а.у.).
Өйткені Ол жай адам емес, адамзатқа әр нәрседе үлгі бо
луы үшін жер бетіне жіберілген Алла Тағаланың арнайы
елшісі еді. Сондықтан Пайғамбарымыз әр саланың асқар
шыңына туын тігіп, қияметке дейін өзгермейтін
, тозбай
тын жаңалықтар әкеліп, ереже-қағида қойды.
• Иә, Пайғамбарымыз – керемет ұстаз, тама
ша тәрбиеші. Оның (с.а.у.) теңдессіз ұстаздығы
мен тәрбиешілігінің алдында бүкіл әлем бас иеді.
Пайғамбарымызға дейін араб түбегінің жағдайы
қалай еді? Айтуға ауыз бармайтын жаман әдеттер
мен іс-қылықтардың, зұлымдық пен тағылықтың
қараңғылығында тұншығып жатпап па еді? Міне,
Пайғамбарымыз сол қараңғы қоғамды бар-жоғы жиыр
ма үш жыл ішінде тәрбиелеп, жетілдіріп әлемге үлгі бо
лар қоғамға айналдырды. Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли
секілді жұлдыздай жарық та биік сансыз тұлғаларды
жетілдіріп ғаламға кәміл адамның үлгісін көрсетті.
Тайпа-тайпаға жіктеліп, бір-бірімен қырық пышақ бо
лып қырқысып, бітпейтін қан дауына бой алдырған
бұл қоғамда нағыз бауырмашылдық пен ағайындықтың
бейбіт туы желбіреді. Бір-бірінің мал-мүлкін талан-
таражға салған бұл қоғам Оның (с.а.у.) арқасында бір-
біріне «Бауырым! Сен аш жүргенде, менің бұл жүрісім
қалай?» – деп мал-мүлкінің жартысын шын көңілімен
бөліп берді. Тіпті өзі аш болса да, үйіндегі аз ғана
тамақпен басқаны тойдыру үшін шамды байқамай
өшіріп алған болып, өзі табақтағы тамақтан қасығына
еш нәрсе ілместен аузына алып-келіп, қайта табаққа
апарып, ішіп-жеп отырғандай көрінген періште тәріздес
сахабаларға айналды. Қоғамның денесіне бойлап,
қанына сіңген адамгершілікке жат әдет-ғұрыптардың
тамырына балта шауып, қамырдан қыл суырғандай жоқ
етті. Пайғамбарымыз (с.а.у.), міне, осындай тәрбиеші,
осындай ұстаз еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдарға ешбір істі зорлап-
зомбылап істетпеген. Айналасына жиналған нұр жүзді
сахабалар Оның аузынан шыққан әрбір сөзді жан-
жүректерімен қабылдап, жүзеге асыру үшін керек болса,
жандарын да пида етуге дайын тұратын. Әрбір сөзі мен
іс-әрекеті жанындағы ад
амдар тарапынан ереже-қағида
тұтылған бұл тұлға пайғамбар болмаса кім еді?
Оның ұстаздығына тәнті болған Муғауия ибн Хакам
атты сахаба:
«Одан асқан керемет мұғалімді бұрын-
соңды көрмедім. Ол мені зекіп ұрыспады және қол
жұмсап ұрмады»
Абдул-Фаттах Әбу Ғудда, Әр-Расулул-муғаллим, 12-бет. Дәрул-
башайрул-Исламия, Байрут. 1997.
Әлемдегі барлық саладағы ғалымдар жиналып адам
баласына темекінің зиянын айтып, түрлі тәсілдерді
қолданса да, оны тастатуға шамалары келмеді. Ал
енді адамдардың қанына сіңісіп кеткен темекіден де
сорақы әдеттерді тастатып, олардың орнына әр түрлі
көркем қасиеттерді үйрете білген Мұхаммедтің (с.а.у.)
пайғамбарлығының, ұстаздығының алдында қалай бас
имессің?
ТӘРБИЕНІҢ ТӨРТ ТІРЕГІ
Пайғамбарымыз баланы қалай тәрбиелеген?
Бірде мәдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған
құрмасына тас лақтырған баланы сүйреп отырып
Пайғамбарымызға әкелді. Бала - жас та болса Ислам дінін
қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі қатты кейіген
сыңайда. Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса, өзінің
сабырлы қалпын сақтап:
«Балапаным, құрма ағашына
неге тас лақтырдың?»,
- деп сұрады. Бала:
қатты ашты. Құрма жегім келді»
,- дегеннен артық сөз
айтпады. Әз Пайғамбар (с.а.у.) балаға:
«Жерге түскенін
жесең же, бірақ ендігәрі құрмаларға тас лақтырма,
жарай ма?»,
-деді. Сосын баланың басынан сипап, оған
былай деп дұға жасады:
«Уа, Алла Тағалам! Бұл баланың
қарнын тойдыра гөр!»
Ал енді осы оқиғаға психологиялық талдау жа
сай отырып, астарындағы педагогикалық тәлім-тәрбие
негіздерін ұғуға тырысайық.
Біріншіден алдына ашумен алып келген балаға, оның
кінәлі екенін біле тұра неге Пайғамбарымыз салған жерден
ұрыспады? Өйткені, балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы
Тирмизи, буйу’, 54. Ибн Мәжа, Тижарәт, 67.
көретініңді білдіру аса маңызды. Психология ғылымында
дәлелденген осы бір әрекетке тоқталып өтейік.
Балаға мейірімділік таныту мен
сүйіспеншілігіңді көрсету
Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен
сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім
мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар
қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен
ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес. Бала
кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді.
Әрдайым соны іздеп тұрады. Оны ренжітпей, мейірімі
мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін оның
айтқандарын орындауға тырысады. Өзі жақсы көрген
кісіге еліктегіш келеді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала
тәрбиесіндегі негізгі қағида. Пайғамбарымыз барлық
адамзаттан сүйіспеншілігін аямаған. Жан жүрегімен
жақсы көріп, әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлетіндіктен,
әр сахаба өзін «Пайғамбардың ең жақсы көретін ада
мы мен шығармын» деген ойға қалатын. Алайда, Алла
елшісінің балаларға деген мейірімі тіптен ерекше еді.
Жоғарыдағы
«Рафиғ ибн Амр оқиғасы»
– осының нақты
дәлелі. Дедектетіп Пайғамбарымызға әкеле жатқанда бұл
бала қандай үрейді бастан кешті десеңізші?!
«Қап, маған
енді не істер екен? Не деп ұрсып, қалай жазалар екен»
деп қатты қорқып келген балаға пайғамбарымыз
«балапа
деген жалғыз-ақ ауыз сүйіспеншілікке толы жылы
сөзін арнады. Сол жылы сөзімен қарсы алып, басынан си
пап, мейірлене қарады.
Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жазалау
тәсілінің ерекше орнының бар екенін жоққа шығармай-
мыз. Бірақ жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі
мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн.
Себебі, балалар көбіне жасаған қателіктерінің парқына
бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің
пайдасынан зияны басым болуы кәдік.
Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан
сүйіп, иіскеуі яки құшақтап арқасынан қағуы, көтеріп
құшағында тербетуі – бәрі-бәрі балаға оң әсерін тигізеді.
Бала үлкеннің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне
сенеді әрі сол кісіге деген құрметі де артады. Құшақтап,
басын сипаған кісіні өзінің қорғаушысы деп біледі.
Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген,
басынан сипалып, маңдайынан иіскелмеген балалардың
кейбір психологиялық ауруларға ұшырайтынын
дәлелдеуде.
Ата-ана яки кез келген педагог үшін балаға көп
ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі оның басынан си
пап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі.
Бұның астарында құрғақ сөздермен жеткізуге келмейтін
небір сезімдер бар. Жоғарыда келтірілген оқиғада
іс-әрекет үстінде ұсталып, енді не істер екен»
деген
үреймен келген балаға пайғамбарымыз, ең алдымен,
«балапаным!» деген жылы сөзін арнаған. Қорқып кел
ген балаға жылы сөз ғана айтып қоймай,
«қорықпа, мен
сені қорғаймын»
дегендей басынан сипауы, әрине, бала
жүрегіндегі қорқыныштың орнына қуаныш сыйлады.
Өзіне жанашыр жан тауып, оның қасында өзін сенімді
сезінген бала ойындағысын бүкпесіз айтты.
Балаға құлақ асу
Баланы әуелі тыңдай білу керек. Сөйлеген бала өзінің
ішкі дүниесін ашып береді. Әр нәрсені дұрыс түсінуге
бала ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не
ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке
ұрындырған себептерді іздемейміз. Дереу өзіне ұрса
жөнелеміз. Жоғарыдағы Рафиғ ибн Амр оқиғасында
пайғамбарымыз оған дереу дүрсе қоя берген жоқ,
оңбаған! Біреудің бақшасында нең бар?! Енді тас
лақтырады екенсің көресеңді көрсетем, қолыңды тура
деп ұрысқан жоқ.
«Неліктен тас лақтырдың?»
деп, онымен тілдесті. Бала себебін айтты. Қарны ашқаны,
құрма жегісі келгендігі анықталды. Аш баланың мұндай
әрекетке баруы табиғи жағдай екені сөзсіз. Не істесе де
дереу жазалауға жүгірмей, алдымен баланы сөйлетіп,
тыңдай білу қажет.
Балалар балалықпен қате жасайды. Ал үлкендер
болса, олардан үлкен кісінің істейтін ісін күтеді. Қате
жасаса дереу ұрсып, жазғыра жөнеледі. Көбіне балала
рын тыңдауды қажеттілік деп те ойламайды. Бала бол
са, өз ісінің қателігін түсінбегендіктен ата-анасының
яки үлкендердің не үшін ұрысқанын, яки жазалағанын
түсінбей дал болады. Сөйтіп, үлкендер маған жамандық
жасады яки ата-анам мені жақсы көрмейді деген ойға
қалады. Міне, сондықтан баланың ішкі дүниесімен сыр
ласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс
еместігін түсіндірместен оған ұрысу, жазалау дұрыс
емес.
Балама нәрсе көрсету
Ата-аналардағы қателіктердің бірі – баланы не бол
са содан тыйып, іс-әрекетін шектей беруі. Баланың қате
қылығын тыйған кезде, орнына басқа бір дұрыс нәрсені
көрсету керек. Олай болмағанда бала баяғы істеген
қателіктеріне қайта басуы я болмаса қырсық мінезділікке
бейімдеуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен ойнағысы
келгенде, дереу қолынан ыдысты жұлып алғаннан гөрі
«ойнасаң, мә, мына сынбайтын ыдыспен ойна»
деп оған
басқа ыдыс беру керек. Үйдің керегелерін сызғыштап
ойнаған баланың қолына дереу басқа бір дәптер яки қағаз
ұстатып немесе арнайы тақта мен қалам сатып алып бе-
«сызсаң мынаған сыз», «жүгірсең, мұнда емес ана
жерде жүгір», «көрсең, бұл фильмді емес ана фильмді
деген секілді баламаларды көрсетуіміз қажет.
Жоғарыдағы оқиғада пайғамбарымыз
«Құрмаларға тас
лақтырма! Жесең, жерге түскендерін же!»
деп, тыйым
мен қоса балаға басқа балама іс ұсынды.
Қазіргі кездегі қалада балалар баратын ойын зал
дары мен кино театрларда көрсетілетін фильмдер бала
тәрбиесіне, мінез-құлқына залалды болуы мүмкін.
Сондықтан балаларға ана жерге - мына жерге барма де
геннен гөрі, оларға басқа жағдай жасау керек. Үйге ком
пьютер алып, зияны жоқ ойындар мен фильмдердің СD-
лерін дайындап, ойын ойнап, кино көретін уақыттарын
белгілеген жөн.
Тілек тілеу не балаға бата беру
Ата-ана қашанда баласының тілегін Құдайдан сұрауы
жөн. Бұл педагогтар үшін де маңызды. Көптеген хадис-
терде баласының тілеуін тілеген ата-ана дұғаларының
қабыл болатындығы айтылған. Пайғамбарымыз
жоғарыдағы оқиғада балаға дұға ету арқылы дұғаның
маңыздылығын білдіруде. Қолынан келер тәлім-тәрбие
берген педагогтар да бұдан кейін балалар үшін үнемі
Жаратқаннан тілек тілеп жүргендері дұрыс
Қорыта келгенде, адамға әр жасқа сай тәлім-тәрбие бе
руде ұлағаты мол тамаша ұстаз, ақиық Пайғамбардан алар
үлгіміз көп. Оның бала тәрбиесіне қатысты көрегендігі
жоғарыдағы бір оқиғамен ғана шектеулі емес. Кезінде
«Иени үміт» журналы, №73, Б. 21, 2006 ж.
тұтастай бір қоғамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа
тәрбиелеген хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі
зерттелуі тиіс. Ол – бала тәрбиесінде қиындық көріп
жүрген ата-аналар мен педагогтар үшін таптырмас үлгі.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ерекше қолбасшы
еді.
Ел әскері өлімнен қашқан уақытта Оның (с.а.у.)
жауынгерлері дінді, Отанды қорғау жолында өлімді іздеп,
өлімге жүгіретін. Яғни, өлім оларды емес, олар өлімді
қорқытатын. Оның тәрбиесінен өткен әрбір тұлға, жас
болсын, кәрі болсын мейлі әйел болсын:
«Отанымды
бергенім – дінімді бергенім, дінімді бергенім – барлық
нәрсемді аяққа таптатқаным. Отанымды, дінімді, ар-
намысымды аяққа таптатып, қорланып өмір сүргенше,
қаһарман шейіт боп өлгенім артық»,
- дейтіндей
ержүрек батырға айналатын. Оның (с.а.у.) жетілдірген
қолбасшылары Исламды бесікте тұншықтырғысы келген
сол кездегі Иран, Византия сияқты ұлы державаларды
өздеріне бас идірді. Мұндай соғыс тәсілін жетік білген
күшті державаларды жеңу араб халқының Исламнан
бұрын үш ұйықтаса түсіне де кірмейтін.
Пайғамбарымыз керемет психолог еді.
Ол
адамдардың қоғамдағы дәрежесіне, ақыл деңгейі мен
түсінігіне және мінез-құлықтары мен құбылмалы көңіл-
күйлеріне қарай сөз таңдап, уақыт белгілейтін. Міне,
сондықтан Ол кейде бір ғана сөзімен заманының заңғар
тұлғаларының жүрегіне жол тауып, көңіліне Исламға
деген сүйіспеншілік отын маздататын. Барлық сахабаға
жүрегінен жеке орын беріп, ерекше назар аударғандықтан,
әрқайсысы өзін
«Пайғамбардың ең жақсы көретін адамы
шығармын»
деген ойда қалатын.
Ол барлық ғылымның негізін қалап, өшпейтін
хат қалдырған – ғаламның ғалымы.
Оның осыдан он
төрт ғасыр бұрын түйіндеп айтқан хадистері мен Оған
түскен Құран аяттарын – қазіргі технология мен зертха
на, жалпы ғылым дүниесі енді ғана түсініп, Оның (с.а.у.)
пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында
бас июде. Бүгінде ғылым өзінің сан рет жаңылып, неше
мәрте қателескен жерінде Құранның әу бастан дөп ба
сып тура айтқанын көріп таң қалуда. Құрандағы ғылыми
аяттар осы кітаптың
«Кітаптарға иман»
бөлімінде жеке
берілетін болғандықтан, қазір тек Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған бірнеше
хадисін мысал ретінде келтірейік.
Сүндет.
Алла елшісі он нәрсені адам табиғатына
тән нәрселердің қатарына жатқызады. Соның бірі –
сүндеттелу.
Қазіргі ғалымдар ер кісінің жыныс мүшесінің
аузындағы терінің ластық пен түрлі микробтарды
жинайтындығын, нәтижесінде оның түрлі ауыруларға се
беп болатындығын дәлелдеуде. Ал одан сақтану жолы –
сүндет жасату.
Бүгін Америка мен Англияда сүндет жасатқандардың
саны миллионнан астам.
«Элефтером Тинос»
грек
газетінің хабарлауынша, АҚШ-тың педиатриялық ака
демиясы жүргізген зерттеуге қарағанда, ұл балалардың
59,5 %-ы сүндеттеледі екен. Осылай істеу арқылы олар
көптеген аурулардан сақтануды көздейді.
Кеселден қорғаушы
Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары
сүндеттеудің мынандай пайдалары бар екенін дәлелдеді:
1. Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген
ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз
шалдығады;
2. Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр
«Аңсар» журналы. №5. Б.10, 2007 ж.
мойыншығының қатерлі ісікке шалдығу қаупі 6 ес
жоғары;
3. Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі
сүндеттелмегендерде 8 есе жоғары; Зерттеуші ғалымдар
бұған қызықты дәлелдер келтірген. Айталық, балалардың
небәрі 10 немесе 30 пайызы сүндеттелетін Кения,
Замбия сияқты елдерде жыныстық жұқпалы ауруға
шалдыққандар жергілікті тұрғындардың төрттен бірін
құраған. Ал, Бенин және Камерун секілді шамамен әр
бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға
шалдыққандар тұтас алғанда 6-ақ пайыздан аспаған.
Австриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық
ашты. Олар
«СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым
көпшілігінің сүндеттелмегендер»
екендігін дәлелдеді.
Өйткені СПИД вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұш
қабатын зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым
алса, қабыну қаупі өте тез жүреді екен.
4. Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін
мойындауда;
5. Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафи
лококк (іріңді микроб), гонорей (жыныстың жіңішке ау
руы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жа
сату аса керекті. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ
түйіршіктер) қабынып, жараға айналмауында үлкен рөл
6. Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып
ашылмай қалуы), парафимоз, баланит, баланопостит
кеселдерінің алдын алады.
• Имам Муслим «Сахихындағы» хадиске көз
жүгіртсек:
«Ит жалаған ыдыстарыңды тазалау үшін
әуелі оны топырақпен, содан соң сумен алты рет
жууларың қажет!»
– делінген.
Ол дәуірде бүгін кейбір заттарды тазалау үшін
қолданылатын нәрселер болған жоқ. Дезинфекция орны
на Алла елшісі (с.а.у.) топырақты пайдаландырды. Кейін-
гі ғылыми еңбектер нәтижесінде топырақтың су секілді
қызмет атқарғаны белгілі болды. Мұнымен қатар топырақ
тетралит пен тетрациклин секілді заттарды да қамтыған.
Осы заттар кейбір микробтарды өлтіріп дезинфекция
лау үшін пайдаланылған. Пайғамбар топырақпен жууды
ескерткенде ыдыстың алдымен стерилизациялануын әмір
еткен.
Сондай-ақ хадис шарифте мына мәселелерге на
зар аударылған. Итте болуы ықтимал кейбір аурулар
адам денесінде де өмір сүре алады. Бұл өз алдына бөлек
Екіншіден, ит нәжісі адам денсаулығына зиян.
Сілекейі де. Белгілі бір уақыттан кейін олардан жұғатын
аурулардың алдын алу қиынға соғатындықтан стерилиза
ция өте маңызды.
Үшіншіден, алғашқы топырақпен жуу әмірінің на
зар салдырған басқа жағы, топырақтың сол сәтте стери
лизация қызметін атқаруы, бір риуаят бойынша – алты,
басқа риуаят бойынша – жеті рет жуылуы керектігі
ескертілді. Айтқандай-ақ, бұл тақырып Германия мен
Англияда шыққан бірқатар журналдарда жазылып,
Пайғамбарымыздың баянының шындығын растаған.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) иттер мәселесіне өте
сақ қараған. Тіпті, бір кездері өз шешімімен өлтіруге де
әмір берген. Бірақ, кейін бұл әмірін қайтып алып:
иттер өз алдына жеке әлем болмағанда, өлтіруге әмір
беретін едім»,
Мұның мағынасы: Егер ит әлемдегі адам, хайуан,
өсімдік, жансыз заттар т.б. секілді жеке өз бастарына
экологиялық тепе-теңдікке қатысты негіздердің бірі және
жаратылысының қажеті болмағанда, өлтіруге әмір берер
едім. Өйткені ит – микроб ұясы. Осы тұста бір ескере
кететін жайт қазақ итті жеті қазынаның біріне кіргізсе
де е
ш уақытты бүгінгі батыстағы тәрізді үйіне кіргізіп,
төріне шығармаған. Итті аң аңлау мен мал күзету, үйдің
қалдық тамақтарын жегізу мақсатында ғана ұстаған. Ал
бұған ислам бойынша рұқсат.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көзқарасы – ерекше
мұғжиза. Қазіргі заманда біздің енді-енді ежелеп оқи
бастаған табиғаттағы жүйе, экологиялық тепе-теңдікті
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонау күндердің өзінде, иттерді
қыруға болмайтынын қағида етіп ұстанып заңдастырған.
Біз тек қана 1400 жылдан кейін киттер, пілдер және мүйіз
тұмсықтылар нәсілінің жоғалмауы қажеттігін, олардың
әлемдегі тепе-теңдікті сақтайтынын ежелей бастадық.
Алла елшісі сан ғасыр бұрын:
«Егер иттер өз алдына
жеке дара әлем болмағанда»
деген кезінде тіршілікке
Ұлы Алла әлемді жаратып, жалпы тепе-теңдік қой-
«Ол өлшеу қойды. Өлшеуде шектен шықпаңдар»
аяты да осы жалпы қағиданы ескертуде. Алла елшісі
тізгінді тең ұстап, тепе-теңдікті сақтаған. Бір-екі ауыз
сөзінің өзінде біз анықтаған бірнеше мұғжизалық
жақтары бар. Осы сөздер келешекте талай ақиқаттардың
шабыт қайнарына айналатын шығар. Сол заманда біреу
өмір бойы ойланып, толғанып осы сөзді айтса, кемеңгер
атануына жетіп артылатын еді. Алайда, Алла елшісінің
осыған ұқсас сөздері қаншама десеңізші.
Рахман сүресі/7-8.
Әр буынға бір садақа
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) буындарға
қатысты бірқатар хадистер айтқан. Тіпті, адам денесінде
қанша буын болатындығын нақты білдірген. Бір қызығы,
сол хадистерде көрс
етілген буын сандарын қ
азіргі меди
Буын жайында айтқан Пайғамбарымыздың хадистері
мыналар:
«Әр адамның жаратылысында 360 буын бар. Олай
болса, Алла Тағаланы ұлықтаса, мақтау айтса, лә
иләһа иллаллаһ, сүбханаллаһ десе, Құдайдан кешірім
тілесе, ел жүретін жолдан тас, тікен немесе сүйек
секілді нәрселерді жол шетіне алып тастап отырса я
болмаса жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйса,
осы жасаған жақсылықтарының барлығы 360-қа жет
се, сол күннің кешіне дейін тозақ отынан қорғалады».
«Әр буын үшін адам күн сайын бір садақа борыш
ты. Екі адам арасында әділ төрелік айту да – садақа,
атына міну үшін біреуге көмектесу немесе қоржынын
артысу да – садақа. Жақсы, ұнамды сөз айту да – садақа.
Намазға бара жатқандағы әр адымы да – садақа.
Адамға зияны тиетін нәрселерді жолдан алып тастау
да – садақа».
Тағы бір хадисінде сәске уақытында оқылған екі
рәкат намаздың да сондай шүкіршілікке жататындығы
Бухари мен Мүслимде риуаят етілген осы үш хадис
адамның анатомиялық тұлғасын ашумен қатар құлшылық
пен сауаптың кең мағынасын да қамтиды.
Екі бөлек сүйек арасын жалғайтын бөлікті
«буын»
дейміз. Буындар табиғи түрде мынадай топтарға
бөлінеді.
1. Қимылдайтын буындар: тізе, тірсек, иық, ортан
жілік, аяқ-қолдың білегі мен жіліншігі секілді.
2. Аз қимылдайтын немесе мүлдем қимылдамайтын
буындар: омыртқа, қол-аяқтың табан мен алақан сүйекте-
А) араларын дәнекер ұлпа (ткань) жалғағандар;
Ә) араларын шеміршек ұлпа жалғағандар;
Б) араларын сүйек ұлпа жалғағандар.
Осы ерекшеліктеріне қарай анатомия кітаптары мен
атластарын зерделегенімізде, адам денесінде 360 буын
бар екенін көреміз. (1-4 тізім). Пайғамбарымыз (с.а.у.)
айтқан бұл сан медициналық зерттеулермен де дәл
келеді. Пайғамбарымыздың оны нақты білдіруін қалай
түсіндіруге болады? Мәйіт яки адам қаңқасы мұқият
зерттелген бе, жоқ әлде, бұл пайғамбарлық мұғжиза
болғаны ма?
Мәйіт пен жеке сүйектерді зерттеу арқылы буындар
ды анықтай алмайтындығының дәлелі мынау:
Адамның бас сүйегінде 90 қимылсыз буын болады.
Алайда, бұл буындар санын қаңқадан болмаса, өліктен
анықтау мүмкін емес. Ал, қаңқа кезінде анықтау үшін ол
адам медицина ғылымын жақсы білетін әрі тәжірибелі
болуы тиіс. Өйткені, медицинадан хабары жоқ жай адам
бастағы бір-бірімен астасып, ию-қию боп жатқан буын
дарды буын деп те ойламайды. Құйымшақ сүйегіндегі
буындар шорланған буындарға жатады. Мейлі өлік,
мейлі қаңқа күйінде қолға алған күннің өзінде медици
наны жақсы меңгермеген адамның бұл буындарды тануы
мүмкін емес.
Кеуде сүйегі (sternum) 3 бөлек сүйектен құралады.
Бұлардың бір буыны шеміршек, бір буыны сүйекке
айналған буын пішінін құрайды. Сүйекке айналған бу
ынды білу үшін де медицинаның маманы болу міндетті.
Бұл екі буынды да өлік я болмаса қаңқа күйінде ажырату
мүмкін емес.
Бас сүйектің орталығында орналасқан
«Сфенойд»
(Sfenoid) деп аталатын сүйек, бөлек-бөлек 10 жұп бас
сүйегімен буынды құрайды. Бұл буындар өте күрделі,
бейнелері шым-шытырық, ретсіз пішінде келген.
Қуыстарында
«Дискас»
(discus) деп аталатын
шеміршек томпақтары бар кейбір буындар да кездеседі.
Беті жай ғана сүйек секілді. Адам қайтыс болып,
денесіндегі жұмсақ тіндер шіріп, қаңқаға айналғанда,
бұлар буын емес секілді көрінеді. Оларды қаңқа күйінде
анықтау да сол сала мамандарының қырағылығын қажет
етеді. (Кеуде сүйегі – бұғана сүйегі буыны, мойын
омыртқаның артқы жағындағы буын секілді).
Баста орналасқан кішігірім аралдар секілді
«Ос су
турарум»
(os suturarum) деп аталатын сүйектерді өлік
күйінде анықтау қиын. Оны тек қаңқа кезінде ғана
анықтап, санауға болады. Жіліншіктегі
«Талус»
(talus) деп
аталатын сүйек пен тобық сүйегінен (calcaneus) пайда бо
латын буын үш түрлі болса да, сырттай бір-ақ буын секілді
көрінеді. Бұны тек қаңқа күйінде болмаса, өлік күйінде
анықтау өте қиын.
Өздеріңіз де куә болып отырғандай, буындардың
тобын анықтау үшін аса шебер маман болу қажет. Енде
ше, түрлері мен топтарына қарай Хазіреті Мұхаммедтің
(с.а.у.) адам денесіндегі буындар санын 360 деп айтуы –
оның пайғамбарлығының дәлелі.
Бұхари мен Мүслимде риуаят етілген хадистер
бір жағынан мұғжизалықты білдірсе, бір жағынан
құлшылықпен қоса елге жақсылық жасаудың мәнін
ұқтыруда.
Жоғарыдағы хадистерде келтірілген әр буын үшін
садақа боп есептелген іс-әрекеттер мыналар: Алла
Тағаланы пәктеу, шүкіршілік етіп, Оған мадақ айту,
ұлықтау, жамандықтан тыйып, жақсылыққа бұру, сәске
уақытында оқылатын екі бас намаз, лә иләһа иллаллаһ
деу, Құдайдан кешірім тілеу, ел жүретін жолда жатқан тас,
тікен, сүйек сияқты зиянды нәрселерді алып тастау, екі
адам дауласса, әділ төрелік айту, бір адам атына мінерде
демеп жіберу немесе қоржынын артысу, жақсы, ұнамды
сөз айту, намаз үшін мешітке бару.
Бұл аталған жақсылықтардың әрбірі бір-бір
буынның өтеуі, шүкірі, садақасы ретінде қабыл бола
ды.
Буындар қалайша адам денесіндегі сүйектерді
бітістіріп, тұтастай бір ағза ретінде қимылдауын
қамтамасыз етсе, хадистерде айтылған жақсылық жа
сай жүру де ел арасындағы өзара бауырмалдықты,
ағайындықты, сүйіспеншілікті арттыратын байланыстарға
жатады.
Хадис астарынан ғылыми шындықпен қатар
қоғамдық өмірдің тыныштығы мен бейбітшілігін
нығайтатын әрі мол сауапқа кенелтетін іс-шаралар
жатқанын көреміз
Ішіп-жеу өлшемі.
Салауатты өмір салтын
қалыптастыру медицинаға қатысты. Алла елшісі:
«Тамақтанған шақта асқазанның үштен бірін –
тамаққа, үштен бірін – суға, үштен бірін – ауаға
қалдырыңдар. Алланың қатты ашуланған ыдысы –
толы асқазан»,
«Аңсар» журналы. №2. Б.27, 2006 ж.
Басқа хадистер де бар. Алла елшісінен:
«Үмбетім
жайында ең қорыққан нәрселерім: үлкен қарын мен көп
ұйқы. Жалқаулық пен «яқин» әлсіздігі».
Өмірін бақылаусыз, есепсіз, аңғалдықпен өткізіп,
ғұмырының соңына дейін алаңсыз ұйықтап өткен адам-
ның семіріп май жинауы, май жинаған адамның семіз бола
тыны даусыз. Адам толған сайын көп жейді. Жеген сайын
өзін салғырттыққа салады. Өте көп жеген адам, әлбетте,
көп ұйықтайды, көп ұйықтаған адамда сөзсіз «яқин»
яғни терең түсінік немесе берік иман пайда болмайды.
Қай жағынан алып қарасаңыз да, барлығы Алла елшісін
қобалжытқан. Бұл туралы медицина ғалымдарының
ғылыми қорытындыларын оқып қарасаңыз, Алла
сүйіктісінің (с.а.у.) сан ғасырлар бұрын айтқан сөздерінің
кәміл шындық пен ақиқат екеніне көзіңіз жетеді.
Шыбынға қатысты шындық.
Бұхаридің жеткіз-
ген хадисіне сүйене отырып, Алла елшісін (с.а.у.)
«Кей адамның (су немесе тамақ) ыдысына
шыбын түссе, батырып жіберіп, қайта алып таста
сын. Өйткені қанаттарының бірінде аур
у, енді бірінде
Әуелі, шыбынның микроб тасуы, сол кездегі адамдар
үшін беймәлім нәрсе еді. Шыбын бір сұйық затқа түскенде,
қанаттарының бірін сақтықпен, жоғарыда ұстауға тыры
сады. Екі қанатын бірдей батырмайды. Өйткені қонған
жерінен қайта ұшқанда, құрғақ қанаты оның ұшып кетуіне
жеңілдік жасайды. Осылайша ұшып кетеді, бірақ ішкен
астарымызға қалдырған микробтарымен бізге де ауру
Екіншіден, (мұндай жағдайда ескертілген нәрсе)
шыбын түгелдей ыдысқа батырылып, қайта шығарылып
тасталады. Өйткені оның бір қанатында микроб, екінші
110
қанатында сол микробты жоятын антимикроб бар.
Өліммен арпалысқан шыбынның арқасынан нұқып кеп
жібергенде, сақталған антимикроб құтысы жарылып
кетеді. Осылайша шыбын алғашқы қанатымен жұқтыр-
ған микробты дезинфекциялайды. Бұлай жасау діни
міндет болмаса да, қажет жағдайда қолдануға болатын
ғылыми ақиқат.
Бұл мәселенің ғылыми тұжырымын ғалымдар
шыбынның арқасынан басқан кезде микроскоп арқылы
кейбір микробтардың кәдімгідей қимылдап жүргендерін
растайды. Бүгінде олардың стерилизация қызметшілері
екеніне ғалымдар толық көз жеткізіп отыр
• Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде:
«Кімде кім
май (крем) жаққысы келсе, ең алдымен қастарынан ба
стасын. Өйткені бұл бас ауыруын қайтарады. Адамның
қасы – денесінде ең алғаш пайда болған түктер»
деген.
Бұл хадистен адамның қасы мен бас ауруының ара
сында байланыс бар екенін әрі қастың адам баласының
денесінде пайда болған ең алғашқы түк екенін түсінеміз.
Бұл жайлы проф. Увейс Маскордың
«Эмбриология»
атты дәріс кітабында былай делінеді:
«Ең алғашқы түктер эмбриондық төртінші кезеңде
пайда болады. Ол түк – қастар».
Бүгінгі таңда дамыған медицина ғылымы дәлелдеп
отырған бұл ғылыми шындық та пайғамбарымыздың
(с.а.у.) шынайы елші екендігін дәлелдеуде. Өйткені
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде ананың
жатырындағы эмбрионды (ұрықты) толық зерттеп
білетіндей қазіргі таңдағы микроскоп, рентген сияқты
құралдар жоқ еді.
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.
Мұғжизалар – пайғамбар дәлелі
Алла Тағала жер бетіне жіберген әрбір пайғамбарына
шынайы елші екендігін дәлелдеу үшін мұғжизалар бер
ген. Мұғжизаның ерекшелігі – әдеттегі табиғат заңдарына
қарама-қайшы және пайғамбарлардан басқа ешкімнің
еншісіне бұйырмаған ғажайып таң қаларлық істер. Мы
салы, Айдың Пайғамбарымыздың ишараты арқылы екіге
бөлінуі секілді. Барлық мұғжизаны жарататын Алла Тағала
екенін ескерсек,
«мүмкін емес»
деп күмән келтірудің өзі
бекер. Себебі Алланың әр нәрсеге билігін жүргізген шек-
сіз құдіреті үшін
«Болмайды, болуы мүмкін емес»
деген
нәрсе жоқ. Ешбір мұғжиза Алланың қалауынсыз жүзеге
аспайды. Пайғамбарымыздың пайғамбарлығына дәлел
ретінде самсаған мұғжизаларынан бірнешеуін келтірейік.
Пайғамбарымызға берілген ең үлкен мұғжиза
– Құран.
Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) қияметке дейін
үкімі жалғасатын ақырғы пайғамбар болғандықтан,
оған түскен Құран да мәңгілік мұғжиза болмақ. Басқа
мұғжизаларды сенімді тұлғалар тарапынан естіп білсек,
Құранның мұғжизалығын қияметке дейін келіп-кетер
барлық адамзат өз көзімен көруде. Құран Кәрімнің за
ман ескірген сайын қазір түсіп жатқандай жаңара түсуі,
күннен-күнге артына еріп, әр аятын шамшырақ еткен
жамағат санының көбеюі, технология дамып, білім озған
сайын ғылым дүниесінің биік шыңынан көрініп, ны
сананы 14 ғасыр бұрын нұсқауы – Оның хақ екендігін
білдірсе, Пайғамбарымыздың хақ елші екендігін паш
етеді. Құранның мұғжизалығына «Кітаптарға иман» атты
арнайы бөлімде кеңінен тоқталамыз.
Айдың екіге жарылу мұғжизасы.
Бір күні Әбу
Жәһил мен Уәлид ибн Мұғира бастаған бір топ мүшр
Пайғамбарымызға келіп:
112
«Егер сен, шынында да Аллаh Тағаланың тара
пынан міндет жүктелген пайғамбар болсаң, бізге
аспандағы айды екіге бөліп көрсет… Айдың жар
тысы Әбу Құбайыс тауының, екінші бөлігі Құайқан
жотасының үстінен көрінсін»
- деп талап қойды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардан:
– Осы тілектеріңді орындасам, иман келтіресіңдер
– Әрине, о не дегенің! - деп жауап берді.
Мүшріктер сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке
(с.а.у.) келген тұста айдың дөңгеленіп толған сәті еді, яғни
он төртінші түні. Алла елшісі (с.а.у.) Жарылқаушысының
бұйрығымен Айға қарай қолын созып, сұқ саусағымен
ортасынан бөлгендей ишара жасады. Пайғамбардың
осы әрекетін күтіп тұрғандай-ақ, ай дәл ортасынан екіге
бөлініп, мүшріктердің сұрағанындай, жартысы Әбу
Құбайыстың, жартысы Құайқанның төбесінен көрінді.
Ардақты Пайғамбарымыз айналасындағыларға:
«Куә болыңыздар! Куә болыңыздар! Әнекей,
төбелеріңізге қараңыздар!»
– деп дауыстады
Мүшріктер Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл айқын
мұғжизасына сиқыр деп қарсы шығып, сырттан келген
дерге:
«Айдың екіге бөлінгенін көрдіңдер ме?»
деп сұраған
уақытта көрдік деген көңілдеріне ұнамайтын жауапқа тап
болып, амалсыз
«Мұның сиқыры айға да әсер етіпті», -
деп тот басқан жүректері міз бақпады.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұғжизасы арқылы бір
уыс тамақтың берекесі артып, мың адамға дейін жетіп
, су тапшы кезде саусақтарының арасынан
Бухари, манақиб/3636. (ауд: Дамира Өмірзаққызы, Адамзаттың
асыл тәжі, 1-том, 237.)
Бухари, манақиб/3578.
113
атқылап аққан судан үш жүздей сахабаның сусындап әрі
дәрет алғаны
жайлы көптеген сахих риуаяттар бар.
• Аурулардың емделіп, жазылу мұғжизасы.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хайбар шайқасында:
– Әли ибн Әби Тәліп қайда?-деп сұрады. Сахабалар:
– Уа, Расулаллаһ! Оның көзі ауырып жатыр,
деді.
– Дереу оған хабар беріңдер, - деді. Сахабалар дереу
Әлиді алып келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) киелі түкірігін
Әлидің көзіне жағып, оған дұға жасағаны сол екен Әли
жазылып шыға келді...
Міне, Пайғамбарымыздың осы секілді көптеген
мұғжизалары Оның хақ пайғамбар екендігіне куәлік
етеді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешекке
байланысты хабарлары
Алла елшісінің (с.а.у.) кейіннен болатын көптеген
оқиғаларды бейне бір теледидар экранынан көріп
тұрғандай айна-қатесіз хабар беруі де – Оның
пайғамбарлығының дәлелі. Пайғамбарымыздың берген
хабарларынан бірнеше мысал келтірейік:
• Алла елшісінің (с.а.у.) Бәдір шайқасының алдында
Әбу Жәһил, Утба, Шәйба және Уәлид сияқты діннің қас
дұшпандарының осы соғыста қаза табатындықтарын,
тіпті әрқайсысының қайда жер жастанатындықтарына
дейін дөп басып сахабаларына хабар беруі
және
айтқандарының айна-қатесіз келуі – Оның (с.а.у.) тек
Хақтың пәк елшісі екендігінің белгісі.
Бухари, манақиб/3576.
Муслим, Жәннат.
114
«Менен кейін халифалық отыз жыл жалғасады.
Сосын патшалық болады»
– деген Алла елшісінің
сөздері кейіннен дәл айтқанындай болды.
1. Әбу Бәкір (р.а.) 2 жыл 3 ай.
2. Омар (р.а.) 10 жыл 6 ай.
3. Осман (р.а.) 11 жыл, 11 ай, 18 күн.
5. Хасан (р.а.) 6 ай 22 күн.
Барлығын қосқанда 30 жыл
«Омар тірі кезде бүлік болмайды. Омар барлық
бүлік – фитна есіктерін жабады», «Осман Құран
оқып отырғанда өлтіріледі», «Хайбар қамалы Әлидің
қолымен алынады», «Әбу Зәрр жалғыз өмір сүріп,
жалғыз өледі», «Менен (с.а.у.) кейін әһли бәйт ішінен
алғаш қайтыс болып, маған қауышатын Фатима»
секілді Пайғамбарымыздың пәк сөздері кейіннен «Сен
еш күмәнсіз Расулуллаһсың, Алланың хақ елшісісің»
гендей дәлме-дәл болып жатты.
Тәурат пен Інжіл де ақырғы
пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.)
келетінін сүйіншілеген
Жер бетіне келіп-кеткен көптеген пайғамбарлар
өздеріне түскен кітаптарда соңғы пайғамбар Мұхаммед-
тің (с.а.у.) келетіні жайлы үмбеттеріне білдіріп, айтып
кеткен. Алайда бұл кітаптардың заман өте келе адамдар
тарапынан әр түрлі бұрмалануына байланысты бұл ха
барлар да өзгеріске ұшыраған. Сан мәрте адамдар тара
пынан әдейі бұрмаланып, өзгеруге ұшыраса да, ішінде
әлі де Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) келетіні жай
лы ишарат пен сүйінші хабарларға толы Тәурат, Інжіл
Тирмизи, Әбу Дәәуд.
Абдуллаһ Аймаз, Кадер илми исбаты, 10-бет.
115
кітаптарының тек бір-екі жеріне тоқтала кетуді жөн
көрдік.
Тәурат сүйіншілері:
Ысмайл нәсілі
Алла Тағала Тәуратта Хазіреті Мұсаға бы
лай дейді:
«Олар (Израйл ұрпақтары) үшін
бауырларының арасынан сен секілді бір пайғамбар
шығарамын да, сөздерімді Оның аузына саламын.
Ол әмірлерімнің барлығын оларға айтып жеткізеді»
Тәураттағы
«Израйл ұрпақтарының бауыры»
де
ген сөз тіркесі Хазіреті Ысмайлдың нәсілінен келетін
пайғамбарға ишарат етілген. Себебі Израйыл ұрпақтары
Ибраһимнің баласы Исхақтан тарағандықтан, олардың
(израйл ұрпақтарының) бауыры Ибраһимнің екінші ба
ласы Исмайлдан тараған ұрпақ болуға тиіс.
Ал Хазіреті
Исмайлдың нәсілінен келгені анық жалғыз пайғамбар
– Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Алла
елшісі де (с.а.у.) Хазіреті Мұса (а.с.) секілді жаңа
шариғатпен келген. Аяттың соңындағы «Сөздерімді
Оның аузына саламын» сөзі – Пайғамбарымыздың оқу-
жазу білмейтіндігіне және Құранды ауызша жатқа оқып
адамдарға жеткізетіндігіне ишарат. Тәуратта айтылған
пайғамбардың Хазіреті Иса мен Хазіреті Юша (а.с.) болу
ықтималына келсек, бұл ақылға қонбайды. Өйткені сөз
етіліп отырған пайғамбарлар Израйл ұрпақтарынан кел
ген.
Иоганна Інжілінде:
«Мәсих (Иса): «Рабб сендермен
әрқашан бірге болуы үшін сендерге басқа Фарақлит
береді» – деді.»
116
Фарақлит келген кезде мен үшін куәгер болады.
Сендер де маған куәлік етіңдер»
Мен кетпесем Фарақлит келмейді»
(Иоганна,
сөзі грек тілінде
«Приклитос»
деп
өтеді. Ал «Приклитос» сөзі араб тіліндегі
«Ахмет»
деген сөздің мағынасымен бірдей. Бәрімізге белгілі
Пайғамбарымыздың бір аты
«Ахмет»
болған. Тіпті
Құранда пайғамбарымыздың Інжілдегі есімінің
«Ахмет»
екендігі айтылады
Жоғарыда ескерткеніміздей, бұларды адамдарға
оймақтай ой салу үшін айттық. Қосымша мынаған
тоқталсақ дейміз. Күншілдік пен кекшілдігі шырмауық-
тай шырмасқан яһуди мен христиандар бар күшін салып
бұрмалауға қанша тырысса да, әлі де Тәурат пен Інжілден
Алла елшісінің пайғамбарлығына тән көптеген ишарат
пен сүйінші табылуы мүмкін. Тәурат, Інжіл және Зәбур-
дан ең аз өзгеріске түскен нұсқалары табылса, сол кезде
шамасы ешқандай жорамалды да, тәпсірді де қажет етпей,
Алла елшісіне (с.а.у.) байланысты көптеген ашық белгі-
лер бар екенін қарапайым адам да анық аңғарады
Иенер Өзтүрік, Иені бір иорумла Ислам инанч есаслары. Ышык
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.
КІТАПТАРҒА ИМАН
кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет
күніне иман келтірмесе, қатты адасады...»
«Ниса» сүресі
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас»
Абай
118
КІТАПТАРҒА ИМАН
Жалпы жаратылыс, мына болмыс әлемі адам баласы
на Ұлы Жаратушыны танытар алып кітап ретінде жаратыл
са, пайғамбарларға уахи арқылы жеткен барлық парақтар
мен кітаптар да Ұлы Құдіретті қатесіз тануымыз үшін
жіберілген. Сондай ақ адамзатқа мына дүниедегі негізгі
міндетін түсіндіріп, ақ-қараның ара-жігін айқындап, екі
дүниенің бақытын сыйлау үшін түсірілген. Міне, Алла
Тағала тарапынан келген барлық осы кітаптарға сену –
Ислам дінінде иманның негіздерінен саналады. Құранда:
«Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне,
кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне
иман келтірмесе, қатты адасады...»
– делінген.
Ұлы Жаратушымыз әр түрлі мекендер мен уақыттар-
да түрлі-түрлі қауымдарға өзінің бұйрықтары мен тый
ымдарын қамтыған және сол қоғамның сана дегейіне
сай керекті мәліметтерді жеткізетін, жеке тұлғалық,
қоғамдық проблемаларының шешімдерін баяндап, өз
араларында әділдікті орнататын парақтар мен кітаптар
жіберген. Парақтардың нақты саны бізге беймәлім. Ал,
Құран Кәрімде білдірілген жалпы кітаптың саны төртеу:
Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құран. Біз, мұсылмандар, бұл төрт
кітаптың барлығының Алла тарапынан адам баласына
тура жолды көрсету үшін жіберілгендігіне кәміл сенеміз.
Алайда соңғы кітап Құранның алдындағы үш кітап заман
өте келе адамдар тарапынан әр түрлі әдейі өзгертулер мен
бұрмалауға ұшырағандықтан, оларды негізге алып амал
Ниса сүресі/136.
119
етпейміз. Құран түскеннен кейін өзге кітаптар негізге
алынбайды.
әбур.
Бұл кітапты Алла Тағала Дәуітке (а.с.)
түсірген. Зәбур арапша «кітап» деген мағынаны білдіреді.
Құран Кәрімде:
«Біз Дәуітке
әбурді бердік
делінген.
Құранда Зәбур жайлы Тәурат және Інжілге қарағанда
өте аз мағлұмат білдірілген. Еврейлердің Дәуіттің (а.с.)
пайғамбарлық қасиетіне көлеңке түсіріп, ар-намысын
кірлететін әйелдерге байланысты айтылған әр түрлі
әңгімелері дұрыс емес. Себебі, барлық пайғамбарлар
күнәнің кішісінен де, үлкенінен де Ұлы Жаратушы тара
пынан қорғалған. Яһудилер, көбінесе, Дәуітке (а.с.) патша
ретінде қарайды. Ал, мұсылмандар патша әрі пайғамбар
ретінде иман келтіреді.
2. Тәурат.
Мұса пайғамбарға түскен кітап. Тәурат
иврит тілінде
«заң, ереже-қағида, шариғат»
деген
мағыналарды білдіреді. Құранда:
«Ішінде адамдарға
тура жол және нұрды қамтыған Тәуратты біз
жібердік
»
– делінген. Тәураттың қазіргі таңда танымал
үш түрлі нұсқасы бар. Бұл үш нұсқада айтылған көптеген
ереже-қағида, хабарлардың бір-бірімен сәйкес келмеуі –
Тәураттың адамдар тарапынан қатты өзгертілгендігінің
3. Інжіл.
Исаға (а.с.) түскен кітап. Інжіл
тағылым»
деген мағыналарды білдіреді. Құранда:
пайғамбарлардың артынан Мәриям ұлы Исаны өзінен
бұрын түскен Тәуратты растаушы етіп жібердік. Оған
(Исаға): Өзінен бұрын Түскен Тәуратты растаушы
ретінде әрі тақуаларға тура жол мен насихат болсын
деп ішінде тура жол және нұрды қамтыған Інжілді
бердік»
, - делінеді.
Исра сүресі/55.
Майда сүресі/44.
Маида сүресі/46.
Қазіргі таңда Інжілдің Алла Тағала тарапынан түскен
түпнұсқасы жоқ. Христиандардың қолында
«Жаңа ха
атты кейіннен адамдар тарапынан құрастырылып
жазылған әр түрлі кітаптар бар. Бұлардың төртеуіне
«Інжіл» делінеді. Бұл Інжілдер Иса (а.с.) дүниеге келген
соң 325 жылдан кейін халық арасында кеңінен тараған,
бір-біріне қарама-қайшы пікірлерге толы Інжілдің
көптеген нұсқасынан таңдалып, құрастырылған.
«Мат
та», «Маркос», «Лука», «Югонна»
делінген адамдардың
атымен аталатын бұл төрт Інжілдің ішіндегі баяндала
тын оқиғалар көбінесе бір-бірімен сәйкес келе бермейді.
Бірінде харам делінген нәрсе екінші бірінде адал бо
лып жатады. Бұған қоса інжілдің бізге дейін келіп жету
жолдарының дұрыстығы мен сенімділігі тұрғысынан
да қасиетті Құранмен, тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
хадистерімен де салыстыруға тұрмайды.
Ұлы Жаратушыға байланысты және әр түрлі
мәселелер мен тарихи оқиғаларды баяндайтын
мағлұматтардың бұл төрт Інжілде әр түрлі, тіпті бір-
біріне қарама-қайшы берілуінен түпнұсқаның кейіннен
адамдар тарапынан қатты өзгеріске ұшырап, адами
пікірлермен лайланғанын аңғарамыз.
Құран араб тілінде
«көп оқылатын кітап»
деген мағынаны білдіреді. Құран – Ұлы Жаратушының
ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды
көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) уахи
арқылы түсірілген, оқылуының өзі ғибадат саналатын
мәңгілік иләһи кітап. Құран – өзіне дейінгі түскен барлық
парақтар мен кітаптардың мазмұнын қамтыған. Құран –
санасы қанша жетілсе де ақыретке дейінгі келетін күллі
адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жа
уап беретін, жеке тұлғалық, қоғамдық әрі әлемдік барлық
проблемаларына қатесіз толық шешім беретін, адамның
сан
асы жете бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім
сырларды ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен
қараның ара-жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан
жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жарату
шы тарапынан жіберілген қасиетті
соңғы кітап.
Құран Кәрімнің Алла Тағала тарапынан
жіберілгендігінің кейбір дәлелдері
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде арабтардың
ауыз әдебиеті, сөз өнерінің, әсіресе, ақындықтың шыңына
жеткені соншалық – ақындар бір шумақ өлеңдерімен
бейбіт жатқан екі елді соғыстырып немесе қылыштарын
қындарынан шығарып, соғысуға шақ қалған екі елді
татуластыратындай дәрежеде болған. Жыл сайын сөз
өнерінен арналған сайыстар ұйымдастырылып, алғашқы
жеті орынға ие болған шайырлардың есімі мен өлеңдерін
алтынмен әшекейлеп қағбаға іліп қоятын. Ақындарды бы
лай қойғанда, жалпы халықтың өзі бір-бірімен өлеңдесіп
сөйлескен. Міне, сөз өнерінің осындай шыңына жеткен
уақытта Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран түскен.
Қазіргі дін дұшпандары сияқты сол дәуірдің кәпір
шайырларының Пайғамбарымызға: (с.а.у.)
«Құранды өзің
ойдан жазып жатырсың»
деген жалаларына қарсы
Тағала:
«Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер адам
дар мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін
жиналып, тіпті бір-бірін қолдап, күштерін жинаса да
оған ұқсас бір кітап жаза алмайды»
(Исра/88) – деп аят
түсіріп, олардан Құранға ұқсас бір кітап жазуларын талап
етеді. Алайда араб ақын-шешендері Құранға ұқсас бір
кітап жазу қолдарынан келмегендіктен ауыздарына құм
құйылып, үн-түнсіз қала берді.
Бұл жайлы кең мағлұмат үшін қараңыз, М. ИСАҰЛЫ, Құран
кімнің сөзі?, Алматы 2004.
Алла Тағала басқа бір аятта:
«Жоқ, әлде олар
(кәпірлер) Құранды өзі құрастырып алды деп жатыр
ма? (Мұхаммед (с.а.у.) оларға айт: Егер айтқандарың
рас болса Алладан басқа шақыра алатындарыңды
(жәрдемге) шақырыңдар, (бәрің бірігіп) сендер де
сол сияқты құрастырылған он сүре жазыңдар!»
-
деп әншейінде намысшыл болып келетін шайырлардың
намысын қайрап, олардан құрастырылған он сүре жа
зуларын талап етеді. Бірақ шайырлардың ауыздарына
құм құйылып, дәрменсіздіктен Алланың бұл талабын
да жауапсыз қалдырды. Он сүре жазуға шамалары кел
меген шайырларды Алла Тағала басқа бір аятта былай
деп, бар білетін өнерлерін көрсетуге шақырады. «
Егер
құлымызға түсірген Құранға күмәндансаңдар, қанеки,
бір сүресіне ұқсас сүре жазып әкеліңдер және Алладан
басқа сенетіндеріңнің барлығын шақырыңдар, егер
күмәндарың әрине рас болса. Бұны жасай алмасаңдар,
– ешқашан жасай алмайсыңдар да – Ендеше, отыны
адамдар мен тастардан тұратын кәпірлерге әзірленген
тозақ отынан сақтаныңдар»
(Бақара, 23-24). Әншейінде
намысшыл келетін шайырлар бұл жолы тағы да Алланың
талабына дәрменсіз қалып, Құранға ұқсас бір кітап емес,
тіпті он сүре де емес, жалғыз ғана сүре жазу да қол-
дарынан келмегендіктен тағы да үнсіз қалды. Иә, күмән
келтірген арабтардың өздерінен талап етілген Құранға
ұқсас бір кітапты, яки он сүресін, тіпті жалғыз сүресін
жазу Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жаңа дініне тосқауыл
болудың ең қысқа әрі оңай жолы бола тұра, мал-жандарын
қатерге соғатын соғыс жолын таңдауларының астарын
да Құран сүрелерінің ұқсасын жаза алмаулары бар еді.
Өйткені Құран мағынасындағы тереңдігі мен тәсіліндегі
ерекшелігі жағынан арабтардың қара сөздеріне де, өлең
Һуд сүресі/11-13.
шумақтарына да ұқсамайды. Он төрт ғасырдан бері Құран
сүрелеріне ұқсас бір сүрені күллі адам баласының жаза
алмауы – Құранның Алла Тағала тарапынан жіберілген
хақ кітап екендігінің айқын дәлелі.
• Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінің
арасында сөз стилі тұрғысынан жер мен көктей ерекшелік
бар. Ерекшелігі соншалық – кез келген арабша білетін
адам мағыналары бір болып келетін Құран аяттары мен
хадистерді
«мынау – аят», «мынау – хадис»
деп, оп-оңай
ажырата алады. Арабтар пайғамбарымыздың хадистерін
өздерінің сөздеріне ұқсас деп біліп, Құранды өздері
қолданатын сөйлеу тәсілдерінің ешқайсысына ұқсата
алмай, қайран қалатын. Себебі, Құранда арабтардың
қолданған қара сөздеріне де, өлеңдеріне де ұқсамайтын,
жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін оқыған
уақытымызда терең толғанып, Алланың ұлылығының
дында бас иіп, тебіреніп айтып тұрған адам бейнесі
сезіледі. Ал Құранды оқыған уақытымызда Алланың
ұлылығы мен жаббарлығының үні байқалып, сөздің
жұмыр басты адамнан емес, бүкіл әлемдердің Ұлы
Жаратушысынан келіп тұрғандығы анық байқалады.
Пайғамбарымыздың бір-бірінен тым басқаша екі тәсілді
әр жерде еш ойланбастан, оп-оңай ажыратып қолдануы
Құранның ойдан шығарылған кітап емес, Алла Тағала та
рапынан
түсірілгендігінің айқын дәлелі болса керек.
• Оқу-жазу білмейтін Алла елшісінің (с.а.у.) уахидың
көмегінсіз жеке тұлғалық, отбасылық, қоғамдық,
экономикалық және адами қатынастарды реттейтін
құқықтық қағидалар қойып, ислам діні сияқты кемел
жүйе құруы әсте мүмкін емес. Алла елшісінің (с.а.у.)
алып келген жаңа жүйесі ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан
алуан ұлттар тарапынан іс жүзінде қолданылуда. Тіпті
заман ескірген сайын ислам діні жаңара түсуде. Енде
ше, бұл ереже-қағидаларды орнатқан Мұхаммед (с.а.у.)
емес, Ұлы Жаратқанның өзі болмақ. Тарихқта көптеген
құнды кітаптар жазылған. Бірақ жұмыр басты пенденің
туындысы болғандықтан, заманның жаңалығына өз
шешімін беріп, адамзаттың күн сайын дамыған ой-өрісін
қанағаттандыра алмағандықтан, жаңа толқын тарапынан
«ісің бітті» делініп, сөредегі орнынан беймәлім жаққа
тәрк етілген. Ал, Құранға деген адамзаттың мұқтаждығы
күннен-күнге артып отыр. Иә, заман ескірген сайын
Құран жаңара түсуде. Өткен ғасырларда тәпсірленіп, сол
ғасырлардағы аса көкейкесті мәселелерге дауа болған
Құран аяттары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, құдды
жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір за
манауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына жауап
беруде және қияметке дейін бере бермек. Сөйтіп, өзінің
сарқылмас қазынаға толы мәңгілік мұғжиза, е
скірмес
иләһи кітап екенін дәлелдей бермек.
• Әлемде миллиондаған адам жатқа білетін және күн
сайын жалықпастан оқылатын Құран секілді екінші бір
кітап жоқ. Қандай классикалық әдеби кітапты алсаңыз да,
бірнеше рет оқығаннан кейін одан жалығасыз. Ал Құранды
оқыған сайын жалығу былай тұрсын, ол сізді жаңа
ойларға жетелеп, рухани шабытқа кенелтеді. Көңіліңізге
көктем сыйлайды. Алты жүзден аса беттен тұратын
Құран Кәрімнің араб тілін білмейтін миллиондаған адам
дар тарапынан сөзбе-сөз толықтай оңай жатталуы және
адамның жандүниесіне ағыла құйылып, баурап алатын,
тек өзіне ғана тән ерекше әуені мен әуезі – Оның иләһи
кітап екендігінің нақ белгісі.
• Құранның бұрын болып кеткен көптеген оқиғалар
мен келешекте болатын оқиға, жаңалықтардан нақты ха
бар беруіне ат үсті қарап, оны адам баласының жазған ту
ындысы деу қисынға қайшы. Бұл жерде оның барлығын
қамтып жазу мүмкін болмағандықтан, мысал ретінде бір-
екеуін ғана беріп отырмыз.
• Салих, Лұт, Мұса сияқты пайғамбарлар мен
қауымдарының ежелгі дәуірде ғұмыр кешкен мекендері
мен өмір сүру ахуалдарын Құран баяндағандай енді ғана
зерттеп тапқан қазіргі археология ғылымы Құранға ерік-
сіз таң қалуда.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде румдықтар
мен сасанидтер үнемі бір-бірімен шайқаста бола
тын. Румдықтар сасанидтерден соңғы соғыста қайта
бас көтерместей ойсыра жеңіліске ұшырайды. Осы
жеңілістен кейін румдықтардың бірнеше жылдың ішінде
жеңіс тұғырына қайта көтерілетіндігіне ешбір кемеңгер,
данышпанның болжам жасауы мүмкін емес еді. Міне,
осындай ешбір болжамның ұшы да көрінбеген кезеңде
Құран Кәрім румдықтардың осы жеңілістерінен кейін
сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңетіндігін
дөп басып айтып салады:
«Рум жеңілді, сендерге ең
жақын жерде. Олар бұл жеңілістерінен кейін бірнеше
жылдың ішінде қайта жеңіске жетеді...»
Құран
айтқандай-ақ румдықтар сасанидтерді бірнеше жылдың
ішінде қайта жеңеді.
Құран Кәрімнің енді-енді кейінгі ғасырларда ғана
ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан
он төрт ғасыр бұрын айтып кетуі көптеген батыс-шығыс
ғалымдарын таң қалдырып, Исламға бас идірген. Міне,
бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Алла тара
пынан жіберілгендігінің дәлелі.
Рум сүресі/1-4.
Мысал ретінде бірнеше аят:
Өсімдіктер де аналық-аталыққа бөлінеді
Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының
ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп
білінгені бәрімізге мәлім. Ал, Құран мұны он төрт ғасыр
бұрын былай деп көрсеткен: «
Жерден өніп-өсетін
барлық өсімдіктерді және өздеріңді және сендердің т.б.
білмейтін нәрселеріңді жұп-жұп қып жаратқан Алла
Желдің ұрықтандыру қызметі
сүресіндегі:
«Біз желді ұрықтандыру
үшін жібердік, сөйтіп аспаннан жаңбыр жауғызып,
сендерді сусындандырдық…»
аяты жаңбырдың жау-
уында, желдің ұрықтандыру қызметін атқаратындығын
ашық баяндайды. Аятта жел үшін қолданылған «уақих»
сөзі «ұрықтандыру» деген мағынаны білдіреді.
Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір-
бірімен қақтығыстырады. Бұл қақтығыс салдарынан
найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан
кезде жерге жаңбыр жауады. Желдің бұлттарды айдап,
бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта
«бұлттарды бір-
біріне қосады»
деп емес,
«ұрықтандырады»
деп берілуі
шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта айтылған
желдің бұлттарды
«ұрықтандырады»
деуінің аста
рынан бұлттардың да бейне бір аталық-аналық тәрізді
позитив-негатив болып бөлінетіндігін аңғаруға болады.
Демек, желдің позитив-негатив бұлттарды бір-бірімен
қосып, тығыздауы нәтижесінде жаңбыр жауғызуы оның
«ұрықтандыруы»
болмақ.
Тоғызыншы ғасырдың аяғында яғни осыдан он
бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Жәрир әт-Табарани
Ясин сүресі/36.
атты ғалым жоғарыдағы аятты тәпсірлегенде:
«Әуелі
жел өсімдіктерді тозаңдайды, сосын бұлттарды
ұрықтандырады»
- деп, желдің өсімдіктерді
тозаңдайтынын һәм бұлттарды да ұрықтандыратынын ай
туы таң қаларлық.
Міне, Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын желдің
аналық-аталықтан тұратын өсімдіктерде және позитив-
негативті бұлттарда ұрықтандыру қызметін атқаратынын
ашық айтып кеткен. Ғылыми тұрғыда кешірек
дәлелденген аталмыш табиғат заңдарын 1400 жыл бұрын
ешбір адамның білуі мүмкін емес еді. Олай болса, Құран
адам емес, осы заңдарды жаратқан Ұлы Құдіреттің сөзі
болмақ.
Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Ең жақын бес-алты галактикадан басқа барлық галак
тикалар бізден өз қашықтықтарына сай жылдамдықпен
тоқтамастан ұзақтап жатқанын 1922 жылы астроном
Хабл (Hubble) зерттеп тапқан болатын. Оның айтуына
қарағанда, жарық жылдамдығымен есептегенде бізден
миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір жұлдыз
бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл
ұзақтағы жұлдыз екі есе жылдамдықпен, үш миллион
жыл ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен тоқтамастан
алыстауда.
Иә, 1922 жылы ғана зерттеп білінген
Үлкен жарылыс» заңын Құран осыдан 1400 жыл бұрын,
яғни астрономия ғылымы дамымаған, телескоп сияқты
құралдар болмаған ғасырда:
«Аспанды құдіретімізбен біз
жараттық және оларды үнемі кеңейтудеміз»
(Зарият/47)
– деп анық айтып кетуі күмәнсіз толғанған ақыл иесін
Жердің домалақтығы
«Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің
үстіне орайды»
– деген аяты жердің шар тәріздес
екендігін меңзейді.
Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыр
тына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді.
Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін
сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің тәулік
бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы Жер шары домалақ
пішінде болған жағдайда ғана жүзеге асады. Міне, Құран
осылайша «такуир» сөзі арқылы Жердің шар тәріздес
екендігін білдіруде. «Назиғат» сүресінің отызыншы аяты
жер пішінінің аздап сопақтау екендігін:
«Содан кейін
жерді түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтірді»
– деп айқын білдіреді.
Батыс әлемі он алтыншы ғасырдың өзінде жердің
домалақ екендігін дәлелдемек болған ғалымдарын инкви
зиция сотында қаралап, отқа жағу жазасымен қорқытқаны
тарихтан белгілі. Мұның бәрі шіркеудің ғылымға қарсы
болғандығынан туындады. Батыста жердің домалақ
екендігін әрі өз осьін және күнді айналатындығын атақты
ғалым Коперник біле тұра, сол кездегі ғылым-білімге қас
шіркеу поптарынан қорыққандықтан ашық айта алмады.
Тың жаңалық жайлы Коперниктің бұл кітабы өзі дүние
салғаннан кейін ғана жарыққа шықты. Коперниктің бұл
еңбегі он сегізінші ғасырға дейін батыс елінде тыйым
салынған бірқатар кітаптардың қатарында болды.
Коперниктен кейін Италияның атақты ғалымы Гали
лео Галилей Жердің домалақтығын әрі оның өз-өзін және
күнді айналуда екендігін өз кітабында жазған еді. Алайда
Зумар сүресі/5
Бұл аяттағы «
», «дахаһа» сөзінің: төседі, жайды деген
мағыналары да бар.
инкивизиция соты оны да отқа өртейміз деп қорқытып,
сот алдында өз пікірінен бас тартуға мәжбүрледі. Гали
лей сот тарқағаннан кейін
«Жер бәрібір айналыста»
деген пікірін күбірлеген бойда кете барды. Галилейден
кейін Италия философы Бруно да өзіне дейінгі Копер
ник, Галилей сынды ғалымдардың жерге байланысты
пікірін қолдағандықтан инквизиция соты тарапынан
аяусыз өртеліп, жарық дүниемен қош айты
сты. Міне,
баты
с әлемі жердің домалақтығын әрі өз осін және күнді
айналып тұрғандығын он алтыншы ғасырдың өзінде
осылай таласып-тартысып жатқан кезде, ислам әлемі
оны ғылыми тұрғыда он бірінші ғасырларда-ақ анық
дәлелдеген әрі мұсылмандар бұған кәміл сенген-ді. Тіпті
көптеген мұсылман ғалымдар он бірінші ғасырға дейінгі
өз еңбектерінде де жоғарыдағы аяттарға сүйене отырып,
Жердің домалақтығын жазып кеткендігіне сол тари
хи кітаптардың өзі куә. Жердің домалақтығын ғылыми
тұрғыда әл-Бируни атты ғалым он бірінші ғасырларда
дәлелдеп берді. Әл-Бируни Жердің домалақ екендігін әрі
өз-өзін және Күнді айналып тұрғандығымен қоса тіпті
жердің «тартылыс» күші жайында да сөз қозғаған. Әл-
Бируни Жердің «тартылыс» күшін кейіннен дәлелдеген
Ньютоннан бірнеше ғасыр бұрын жердегі «тартылыс»
күшін былай деп айтып кеткен:
«Жер айналып тұрса, онда жер бетіндегі тау-тас,
ағаш, жанды-жансыздар неге ғарыш кеңістігіне құлап
кетпейді?»
деп сұралса, былай деп жауап беремін: Бұл
жағдай жердің айналуына қатысты жаңалығымызға
қайшы емес. Өйткені барлық нәрсе жердің орталығына
түсуде. Демек жердің орталығында тартылыс бар. Міне,
жердегі осы
«тартылыс»
күші жер бетіндегі барлық
нәрсенің басқа жаққа құлап кетуіне кедергі жасауда»
Шабан Дөген, Мұсылман білім өнжиллери ансаклапедиясы,
51-бет. Стамбул.
Жердің айналу бағыты
«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп
ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі
тәріздес жылжуда»
Алла Тағаланың адамдардың ақиқат аясында өмір
сүрулері үшін шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның
бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар
оның айналу бағыты да айтылып кеткен. Қазіргі заман
ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының бірі – 3500-
4000 м биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс
бағыты әрқашан батыстан шығысқа қарай болатыны. Ауа-
райын болжау үшін көбінесе батыстағы жағдайға назар
аударылуының себебі де содан.
Ал, бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай
қозғалуының негізгі себебі – Жердің айналу бағыты.
Өйткені жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі.
Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр
бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны керемет емей
Теңіздердің бір-біріне араласпауы
Зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай
ланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі
«Рахман»
сүресінде былайша баяндалады:
«Алла Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен
қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір
бірімен араласпайды»
Иә, бір-бірімен қабысып жатса да, сулары
араласпайтын теңіздердің жоғарғы аятта айтылған
Нәміл сүресі/88.
Рахман сүресі/19-20 аят.
ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапы
нан Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының қабысқан
жерінен табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп
тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі бо
луы – екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай орта
да көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері,
тығыздық өлшемі сияқты нәрселер әлі адамның үш
ұйықтаса түсіне кірмейтін дәуірде Құранның бұл ғылыми
ақиқатты дөп басып баяндауы ойланған адамға көп
нәрсенің бетін ашары сөзсіз.
Таулардың қозғалуы
Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ ажы
рамас бөлігі – таулардың әрдайым қозғалыста болатыны
турасында былай делінген:
«Тауларды көріп, оларды
тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса,
бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда»
Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының
қозғалысына байланысты болады. Жер қабығы болса,
мантияның үстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш ХХ
ғасырдың басында неміс ғалымы Алфред Вегенер жер
бетіндегі құрлықтардың бастапқыда біртұтас болғаны,
кейіннен түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені
туралы тұжырымды ортаға салған болатын.
Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек
тұжырым ғана емес, ғылыми ақиқат екендігіне оның
өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни 1980 жылдары ғана
көздері жетеді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де пәленбай
ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы – Құранда
айтылып кеткен еді.
Нәміл сүресі/88.
Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына
деректер келтірілген еді: «Жер бетіндегі құрлықтар ша
мамен 500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя
атты бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Ша
мамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді.
Екі бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі құрлықтың
бірі – Африка, Австралия, Антарктикада және Үндістанды
қамтыған Гондвана, ал, екіншісі – Еуропа, Солтүстік Аме
рика және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия бола
Осылайша, Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пай
да болған бұл құрлықтар үздіксіз түрде жылда бірнеше
сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады».
Бұл жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе –
Құран аятында таулардың қозғалысына байланысты
«жылжу» сөзінің қолданылуы. Қазіргі ғалымдардың
бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдала
нып жүрген термині ағылшын тілінде
ntinental drift»,
«құрлықтық жылжу».
Адам баласының дүниеге келуі
Адам өміріне ақиқат нұрын шашқан қасиетті Құранда
пендені иманға жетелеу үшін алуан түрлі дәлелдер
келтіріледі. Адам көзін ақиқатқа ашу үшін Жаратушы
иеміз бірде көкті, бірде жерді, бірде өсімдіктерді, енді бірде
жануарларды тілге тиек етіп, олардың жаратылысындағы
ғажайып сырларды ашып салады.
Сондай-ақ, Құранның көптеген аяттарында адам
баласының дүниеге қалай келетіні, Алланың құдіретімен
ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіні
туралы жиі-жиі сыр шертіледі. Мысалы «Мүминун»
сүресінде:
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан
жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде
мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол
тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға)
сосын, оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі
жаратылысқа), сосын мудғаны сүйектерге
айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, со
сын, оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла ең ке
ремет Жаратушы»
– делінеді. Осы сияқты мұғжизаға
толы аяттар Құранда көптеп кездеседі. Мұндай аяттар
да 7-ші ғасырда адамдардың білуі мүмкін емес болған
ғылыми детальдар жатқанын байқау қиынға соқпайды.
Мысал бере кетсек:
1. Адам шәует сұйығының түгелінен емес, тек бір
кішкене бөлігінен, яғни аталық клеткадан (спермадан)
жаратылатыны,
Сәбидің жынысын – аталық ұрық айқындайтыны,
Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабысып
тұратыны,
4. Сәби ана құрсағында 3 қараңғы кеңістік ішінде
өсетіні, т.б.
Бұл детальдар 20 ғасырда ғылым мен технологияның
шарықтау шегінде ғана айқындалғандығы – адамды
Құранға және оны түсіруші Аллаға жақындата түспеуі
мүмкін емес, сірә. Енді осыларға тереңірек тоқтала
кетелік.
Шәуеттің бір тамшысы
Аталық клеткалар аналық клеткаға жеткенге дейін
бірталай сапар шегетіні белгілі. Бұл сапардың соңында,
250 миллион аталық клетканың тек мың шамасындайы
Муминун сүресі/12-14.
ғана аналық клеткаға жетіп, оның ішінде тек біреуі ғана
тұз ұсағының жартысындай ғана аналық клеткаға кіреді.
Яғни, адамның негізі – шәуеттің түгелі емес, оның тек бір
кішкентай бөлшегі ғана. Құранда бұл ақиқат былайша
баян етіледі:
«Адам баласы өзін (еш сұрақ алынбастан)
басы бос қоя берілемін деп ойлай ма? Ол (әу баста)
тамызылған бір тамшы шәует емес пе еді?»
Шәуеттегі қоспа сұйықтар
Шәует сұйығы – тек аталық клеткалардан ғана
тұрмайтынын ғылым дәлелдеп отыр. Керісінше, ол
бір-бірінен бөлек әр түрлі сұйықтардың қоспасынан
тұрады. Бұл сұйықтар аталық клетканың қажет ететін
энергияны тасу, аналық клетканың кіре берісіндегі
түрлі қышқылдарды нейтралдау, аталық клетканың
қозғалысына қажет тайғақ ортаны ыңғайлау сияқты
қызметтері бар.
Ақиқат айнасы – Құранда шәуетті қоспа сұйық деп
бейнелеп, енді-енді ашылып жатқан ғылыми детальдарға
ишарат жасап тұрғаны таңдай қақтырады.
«Біз адамды
әр түрлі аралас қоспа шәуеттен жараттық...»
Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клет
калар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алай
да, VII ғасырда түскен Құран Кәрімде бұл мәселе тура
лы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа
құйылған аталық сперматозоидтан жаратылғаны айты
«Ол (Алла Тағала) еркек пен ұрғашы жұбын
ытқып шыққан ер кісінің шәуетінен жаратты»
Инсан сүресі/2.
Нәжім сүресі/45-46.
Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика
мен микробиология ғылымдарының дамуы нәтижесінде
дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін аталық клет
ка тарапынан айқындалады, ал әйел ағзасы бұл жерде
ешқандай рөл ойнамайды.
Жыныс – адам ағзасындағы хромосомаларға бай
ланысты. Ағзадағы барлығы 46 хромосоманың екеуі –
жыныс хромосомалары деп аталады. Бұл екі хромосома
еркектерде ХУ, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. У хро
мосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік гендерді
тасиды.
Адам баласының түзілуі – жұптала жүретін осы
хромосомалардың еркек пен әйелдің бір-бір жұптарының
бірігуі арқылы іске асады. Әйелдегі бұл жұптың екеуі де
Х болса, еркектерде біреуі Х, екіншісі У болады. Демек,
жаңа жаратылған сәбидің ұл болуы – ана ағзасындағы Х
хромосомасымен аталық клеткадағы У хромасомасының,
ал қыз болуы Х хромосомасымен бірігуі нәтижесінде пай
да болады.
Құрсаққа ілініп тұратын ет
Құран дариясына сүңги түссек, ана құрсағындағы
сәбидің даму кезеңдері туралы әлі көптеген деректерге
Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы
құралатын зигота атты жалғыз клетка сол арада бөлініп, өсе
бастайды да, бір түйір етке ұқсайды. Алайда, зиготаның
бұлайша өсуі бос алаңда мүмкін болмағандықтан, ол ана
құрсағына жабысып, ілініп тұрады. Осылайша өзінің өсуі
үшін қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де мүмкіндік
туады. Талайды таң қалдырған бұл ақиқат Құран аятын
да былайша баяндалады:
«Сені жаратқан Раббыңның
атымен оқы! Ол адамды жабысқақ нәрседен (жатырға
жабысқан клеткадан
) жаратты»
«Әлақ»
сөзі араб тілінде – ұйыған қан және бір жерге
жабысып, ілініп тұрған нәрсе деген мағынаны білдіреді.
Сүйектердің бұлшық етпен қапталуы
Құранның тағы бір баға жетпес мұғжизаға толы аяты
ана құрсағындағы сәбидің өсу кезеңдеріне тоқтала келе,
алдымен сүйектер бітіп, кейін сол сүйектерді бұлшық ет
тер қаптайтыны туралы былайша сыр шертеді:
да, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық.
Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты
жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға
(жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға
(бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын
мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді
етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс
жасадық. Алла – ең керемет Жаратушы»
Ана құрсағындағы сәбидің өсіп-жетілуін зерттейтін
эмбриология ғылымы – көпке дейін сүйектер мен бұлшық
еттер бірге құралады деген қате тұжырымда болып кел
ген еді. Тек технологияның дамуы нәтижесінде ақиқат
айғақтарына қол жеткізіліп отыр.
14 ғасыр бұрын, яғни ғылымның дамымаған, микро
скоп, УЗИ сияқты құралдардың жоқ кезінде құрсақтағы
сәбидің өсіп-жетілу, даму кезеңдерін дөп басып, бүге-
шігесіне дейін дәлме
дәл айтып кеткен Құранның
жаңалықтарын соңғы техно
логиялардың көмегімен енді
Негізінде жалпы тәпсіршілер «алақ» сөзін ұйыған қан пішінінде
көрінетін ұрықтандырылған клетканы айтады. Бірақ кейбір
кейінгі тәпсіршілер алақ сөзін жоғарыда айтылған жабысқан
клетка мағынасына да келетінін айтады.
Алақ сүресі/1-3.
Муминун сүресі/12-14.
ғана тапқан қазіргі эмбриология ғылымы Құранға еріксіз
таң қалса, ар-ожданы ояу жандар:
«Бұл кітап Алланың
деп иман келтіруде.
Биікке көтерілген сайын
кеуденің қысылуы
Адам баласының өмір сүруі үшін оттегінің мәні айт
паса да белгілі. Біздің дем алуымыз – ауадағы оттегінің
өкпемізге кіруін қамтамасыз етеді. Ал, биіктеген са-
йын жер шарының атмосферасы жұқара түсетіндіктен,
атмосфераның қысымы мен қан айналымына түсетін
оттегінің мөлшері азая түседі. Яғни, дем алу қиындай
түседі де, өкпе қысылады. Белгілі бір биіктіктен кейін
адам баласы дем ала алмайды. Теңіз деңгейінен 5000-7500
метр биіктіктегі адам дем алудың қиындығынан талып та
қалады. Осы жоғарыға көтерілген сайын оттегінің азая
түсетінін қазіргі ғылым соңғы ғасырларда тауып отыр
са, Құран 1400 жыл бұрын былай деп дөп басып айтып
кеткен:
«Алла кімді тура жолға салғысы келсе, оның
көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы
келсе, оның көкірегін бейне бір көкке көтеріліп бара
жатқандай қысады»
Пайғамбарымыздың
(с.а.у.)
ұшақ жасап, биікте
көтеріліп ұшпағанын және өмір сүрген Мекке,
Мәдинаның төңірегінде төбесіне шыққан адамның
кеудесі қысылатындай биік таулардың жоқтығын ескер
сек, бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у.) шына-
йы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында
қалайша бас имессің?!
Әнғам сүресі/125.
Жаңбырдағы өлшем
Құран Кәрімде жаңбырдың белгілі бір мөлшерде
жауатыны туралы былай делінген:
«Алла Тағала көктен
белгілі бір мөлшермен су жіберуде. Біз онымен өлі бір
өлкеге жан беріп, құлпырттық. Міне, сендер де осылай
қайта тірілесіңдер»
Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшер де
технология мен ғылымның дамыған біздің заманымыз
да табылып отыр. Зерттеулердің нәтижесі бойынша,
жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып
ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллионды
құрайды. Дәл осы мөлшер бір жылда жер бетіне жауа
тын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады.
Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып
тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте өзгеріс туа қалса, әлемде
үлкен экологиялық ауытқулар белең алып, тіршіліктің
тоқтауына әкеліп соғу да бек мүмкін.
Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек
оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу
жылдамдығында да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз
дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен
салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен
құласа, жерге 558 км/сағ жылдамдықпен келіп түсер еді.
Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған
мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары қандай биіктікте
болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы
орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды
• Атақты батыс-шығыс ғалымдарының Құранға
таң қалып, оның Иләһи кітап екендігін мойындап, рас
тауы ойланғанға ғибрат. Мысалға: C. Харт: Құранның
Зухруф сүресі/11.
Адем Якуп, Куран мужизелері. Несил Матбажылык, 2003 ж.
Алла тарапынан Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи арқылы
жіберілгендігін, Жан Поуль Роул: Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы жіберіл-
ген Құран Кәрім екендігін, Виктор Имбердес: Құранның
бүтін заң негіздеріне қайнар көзі бола алатындай бай
кітап екендігін, Доктор М. Букайле: Құранның көптеген
ғылыми жетістіктердің негізін қамтығандығын толық
зерттеп және ондағы басқа да ақиқаттарға тәнті болып,
мұсылман болғандығын, Родвел: Құранды оқыған сайын
таң қалатындығын айтса, Гете: Бұл кітап (Құран) мәңгілік
күш – қуаттың қайнар көзі болып қала бермек, Капитан
Кусто: «Қазіргі ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған
Құранға ант етейін, ол – Алланың хақ сөзі» деген. Абай
атамыз: «Алланың өзі д
е рас, сөзі де рас, Рас сөз еш
уақытта жалған болмас», – деп Құранның хақ екендігін
білдірген.
«Біз сендерді бостан-босқа жараттық
әрі өздерің де Бізге кері қайтарылмаймыз
деп ойлап қалдыңдар ма?»
«Әл-Муминун» сүресі
«Адам баласы ұйқыда, өлгенде ғана оянады»
Хазіреті Әли
Өлгеннен кейін қайта тірілу, мәңгілік өмірдің
барлығы – Исламда, тіпті, жалпы барлық діндерде негізгі
сенімдердің бірі. Иә, мәңгілік өмірге құштар боп, шексіз
өмірді аңсап-армандап зыр жүгірген адам баласының
тулаған жүрегі мен мазаланған көкірегі өлгеннен кейін
қайта тірілу сенімі арқылы ғана жай тауып, санасын
шырмаған күрделі сауалдардың жауабына сол кезде ғана
қол жеткізеді.
Ұлы Жаратушының адам баласының екі дүние
бақыты үшін түсірген ақырғы кітабы – Құран Кәрімнің
өлгеннен кейін қайта тірілу тақырыбын жалпы кітаптың
шамамен үштен бірінде сөз қозғауы бұл сенімнің
қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек. Ақыреттің
болатыны еш күмәнсіз хақ. Бір ақынның:
«Әлемдегі діндердің түп мақсұты
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар», – деп
жырлағанындай тарихқа қарасақ, жалпы адам баласының
бір пікірде тоғысқан мәселесі – осы ақыретке деген сенім.
Адам Атадан бастап жер бетіне келіп-кеткен барлық
пайғамбарлар Ұлы Жаратушының барлығы мен ақыреттің
еш күмәнсіз хақ екендігін жар салса, жүрегі нұрланған
күллі ғалымдар мен ұлы ойшылдар бұл сенімге бекем
иланып, мына жалған уақытша өмірлерінің ағысын сол
бір мәңгі өмірге қарай реттеп, бағыт түзеп ғұмыр кеш
кен. Міне, осы ұлан-асыр тарих пен осыншама зәңгір
тұлғалардың ақырет турасында бір пікірге келісуі –
ақыреттің хақ екендігін білдіретін басқа дәлелелдерге
жүгінуді қажет етпейтіндей қуатты дәлел. Себебі, бес
өтірікші адам бірінен кейін бірі келіп, орманды өрт ша
лыпты десе,
«бұлардың айтқаны рас боп қалар»
деген
ойда қаламыз. Бұл сан бес емес, онға жетсе, жеткізген
хабарларына сене бастаймыз. Ал, енді өтірік айту ауруы
нан пәк жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарлар мен
жалған сөйлеуді ар санайтын сансыз әулие, ғұламалардың
барлығы ақыреттің бар екенін ескертіп, өздері де айтқан
сөздерін ораза, намаз сияқты ғибадаттары мен жалпы іс-
әрекеттері арқылы қуаттап жатса, ақыреттің бар екендігіне
күмән келтіру орынсыз болмақ.
Бірақ соңғы ғасырларда мына материалдық дүниенің
қыспағы мен қараңғы қапасында қалып, тұншыққан са
намызда өлімнен кейін қайта тірілу сенімі азды-көпті
әлсіздікке ұшырағаны рас.
«О дүниеге біреу барып келіп
пе?» немесе «ақыреттің болатынына кім кепіл?»
деген
дей сұрақтарды мұртынан күліп қойып жататындардың да
ел ішінен табылуы осының айғағы.
Ондай адамдардың көбі күнделікті әдет еткен
нәпсісіне ұнайтын күнә істерді тастағысы келмегендіктен
және ораза, намаз сияқты ғибадаттарды орындауға
ерінгендіктен қайта тірілудің болатындығын білдіретін
сансыз дәлелдерге көз жұмып қарайды. Өйткені он
дай адам адал-арам демей рахаттануды, жақсы-жаман
деп талғамай нәпсісін қанағаттандыруды қалайды. Ал
қайта тіріліп, істеген барлық ісіне есеп беру сенімі оның
осы рахатына бөгет болып, кедергі жасайтындықтан,
оны жоққа шығару мұндай адам үшін әлде қайда жеңіл.
Сөйтіп, соқырға айналған ақылы тізгінін нәпсісінің
қолына ұстатып, ақыретті жоққа шығар
у үшін сан қилы
дәлел іздеп, адасқан сайын адаса түседі. Құранда:
«Есеп
күнін тек шектен шығушы әрі күнәһар адамдар ғана
жалғанға шығарып, сенуден бас тартады»
– делінеді.
Ойын-сауық қуып жүріп уақытын босқа өткізіп,
ұстазы берген тапсырмаға салғырт қарап емтиханға
дайындалмаған оқушы психологиялық тұрғыдан
емтиханның болғанын қаламайды. Ұстазының аурып
қалуын яки басқа бір себеппен келмей қалуын іштей
қатты қалайды.
Міне, тура осы сияқты мына дүниедегі көл-көсір
уақытын босқа өткізіп, Раббысы міндеттеген тапсырма
ларын орындамай күнәға белшесінен батқан пенде де
ақыреттің болуын іштей қаламайды. Өйткені ол ақыретте
болатын есеп күніне дайындала алмаған. Ал ақыреттің
болуын іштей қаламаған мұндай жан қайта тірілуге бай
ланысты көз алдындағы сансыз дәлелдерді көре алмайды.
Тіпті ол турасында ойлағысы да келмейді.
Ақыретте болатын есеп күніне салихалы амал, сауап
ты іс істеп әзірлене алмаған адам тозақты былай қойғанда,
жұмақтың өзін іштей қаламайды. Тіпті басқа ізгі іс істеген
жандардың кіруіне де қызғаныш көзімен қарағандықтан,
жұмақтың, жалпы қайта тірілудің болуына қарсы шығады.
Мұндай психологиядағы адам жүйелі түрде тепе-теңдік
сақтап салмақты ойлауды жоғалтқандықтан, әрдайым
қайта тірілуді жоққа шығаруға тараптар әрі бейім тұрады.
Ал бейім болған жан қайта тірілуді жоққа шығаруға
байланысты атеистердің келтірген әлсіз, күмәнді, түкке
тұрмайтын дәлелдерін қуатты, айқын дәлел санап өзін-
өзі алдай береді. Бейне бір басын ғана құмға сұғып өзін
дұшпанынан жасырдым деп ойлаған ақымақ түйеқұстың
кейпіне енеді. Мұндай адамдар мына дүниеде жасаған
күнәларының есебін беруден қашқандықтан, қайта
әл-Мутаффифун сүресі/12.
тірілуді жоққа шығару үшін сан-қилы сылтау айтып өз-
өзін жұбатады.
«Оларға есеп күніне байланысты аят
тарымыз оқылған уақытта: «Бұлар бұрынғылардың
аңызы ғой» деп өте шығады»
– деп, кәпірлерге
ақыреттің болатындығын білдіретін дәлелдер айтылған
кезде ақырет есебін қаламағандықтан, барынша елемеуге
тырысатындығы баяндалады.
Өлілерді қайта тірілту құдіреті шексіз
Алла үшін қиын емес
Еш шаршамастан жеті қабат аспанды жаратып, оны
ғасырлар бойы еш ақау-кемшіліксіз басқарып тұрған
Жаппар иеміз Алла Тағаланың адамдарды өлгеннен кейін
де қайта тірілтуге құдіреті толық жетеді. Құранда:
Аспан әлемі мен жерді жаратқан әрі оларды жаратқан
уақытта еш шаршап-шалдықпаған Алланың, өлілерді
қайта тірілтуге құдіретінің толық жететінін (Ақыретке
сенбейтіндер) көрмейді ме? Иә, Ол әр нәрсеге толық
– делінген. Басқа бір аятта:
«Көк әлемі мен
жерді жаратқан Алланың олардың ұқсасын жаратуға
құдіреті толық жетеді емес пе? Әрине, толық жетеді.
Ол – (әр нәрсені) толық білетін жаратушы»,
– делінсе,
«Назиғат» сүресінің 27-аятында:
«(Ей қайта тірілуге
сенбейтіндер! Ойланып ақылға салыңдар!) Сендерді
қайтадан жарату қиын ба? Жоқ әлде аспанды ма? (көз
салып, қараңдаршы) Алла аспан әлемін қалай мықты
етіп жаратқан»,
– деп төбеміздегі мына бас айналдырар
таңғажайып үйлесімді жүйемен әрі дәлме-дәл есеппен
істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ аспан әлемін, жымыңдаған
әл-Мутаффифун сүресі/13.
Иасин сүресі
жұлдыздарды жаратқан Алла Тағала үшін өлгеннен кейін
адам баласын қайта тірілтудің еш қиын еместігіне наза
рымызды аударады. Иә, осыншама миллиардтаған га
лактикалар мен ондағы сансыз жұлдыздарды жаратып,
оларды бір-бірімен қақтығыстырмай, белгілі бір жүйемен
ғасырлар бойы ұстап тұрған Құдіреттінің, әлбетте, адам
баласын қайта тірілтіп, жан беруге құдіреті толық жетеді.
Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?
Шірігенді кім тірілтер деп адаспа!
Тірілтеді, Кім жаратса оны әу баста!
Қайта тірілуге сенбейтін бұрынғы адам
дар мен қазіргі кейбір замандастарымыздың бұл
тұрғыдағы күмәндары мен келтіретін дәлелдерінде еш
айырмашылық жоқ. Өйткені бәрінің қайта тірілуге деген
көзқарасы біреу –
«шіріп кеткен сүйекті кім тірілтеді?»
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде де өлгеннен кейін
қайта тірілуге сенбейтіндер болатын. Бір күні Убай ибн
Халаф Алла елшісінің жанына келіп, қолындағы шіріп
кеткен бір сүйекті ұстап тұрып келеке еткен сыңаймен
былай деді:
– Алла Тағала мына сүйекке жан беріп, қайта
тірілтеді, солай ма?
Алла Расулы (с.а.у.):
Әрине, оған жан беріп тірілтеді, әрі сені тозағына
салады, – деп жауап берді.
Осы оқиғаға байланысты
сүресінің төмендегі
аяттары түсті:
«Адам баласы біздің оларды бір тамшы
судан жаратқанымызды көрмей ме? Сөйте тұра ол
бізге ашық дұшпан болды. (бір тамшы судан) Қалай
жаратылғанын ұмытып, бізге былай деп мысал
келтірді: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» Оларға:
«Оларды әу баста кім жаратса, қайтадан тірілтетін де
Сол және де Ол барлық жаратылысты толық біледі
– деп кеше мен бүгіннің адамдарының қайта тірілуді
жоққа шығару барысында келтірген дәлелдері мен
күмәндарына назарымызды аударып, олардың келтірген
айғақтарының түкке тұрғысыз екенін көрсетеді.
Осыдан бір ғасыр бұрын жер бетінде қайсымыз бар
едік? Бәріміз жоқ емес пе едік? Солай бола тұра адам
баласы өзінің бір тамшы судан жаратылғанын ұмытып,
өзін жоқтан жаратқан Раббысының қайта тірілтетініне
күмәндана қарап, өзінше даңдайсып
«шіріген сүйектерді
кім тірілтеді?»
– деп мысал келтіреді. Иә, өзін жоқтан
жаратқан Аллаға иман келтіре отырып, қайта тірілтетін
құдіретіне күмән келтіретіндердің ойы мүлде түсініксіз,
Қол сағатты алғаш тауып, жасаған шебер адам бізге:
«Мына сағатты қазір бұзып, қайтадан жасауға ілімім
әрі қабілетім толық жетеді» десе, еш күмәнсіз сенер
едік. Ал, енді біздерді жоқтан тіршілік бетіне шығарған
Ұлы Жаратушымыздың бізді өлтіргеннен кейін қайта
тірілтетініне күмәндана қарап, шексіз құдіретіне шүбә
келтіру орынды ма?
Адам баласы – тән мен жаннан жаратылған ғажайып,
сиқырлы дүние. Оның материалдық тәнінің жанында ру
хани жағы, яғни, жаны бар екені еш талассыз шындық.
Егер адам баласы ет, сүйек, қан сияқты нәрселерден
тұратын тек қана материалдық бір жаратылыс болатын
болса, ғылымның шарықтап дамыған осы заманда керемет
соңғы үлгідегі құралдар арқылы ажалы жеткен жандардың
өліміне араша түсіп құтқарып қалмас па едік?! Алайда та
рихта осы дүниеде мәңгілікке қол жеткізген ешбір тұлға
жоқ. Жеткізуі де мүмкін емес. Өйткені тәнімізді басқарып
тұрған жанымыз Ұлы Жаратушымыздың әмірімен
тәннен шыққаннан кейін оны қайта әкеліп қосуға
ғылымның да, басқаның да шамасы жетпек емес.
Иә, денеде рухтың бар екендігіне қарсы дау айтар
ешкім жоқ. Сондықтан оны дәлелдеп жатудың өзі артық.
Десек те, жан жоқ дейтіндерге әрбір адамнан табы
лып жа
татын мына бір жауаптың мәнін жаза кетуді жөн көрдік.
Егер кез келген адамға: Миың, жүрегің, көзің, аузың,
қол-аяғың, барлық дене мүшелерің кімдікі делінсе?
Менікі дері сөзсіз. Ал енді барлық дене мүшесін менікі
Мен» кім? Оны деп тұрған оның рухы, яғни,
жаны. Демек,
«Мен»
дегеніміз, ол– рухымыз, ал
«Менікі»
дегеніміз, ол – денеміз.
Абай атамыз жанның өлмейтіндігін, оның тұрақтап,
мекен тебетін басқа бір мәңгілік өмірдің бар екенін былай
деп тілге тиек етеді:
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Бірақ ол ойнап-күліп қайта келмес,
«Мені» мен «Менікінің» айырылғанын
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес».
Яғни, рухымыз өлмейді. Ол денеден айырылғаннан
кейін өзінің мәңгілік мекеніне, негізгі отанына сапар
шегеді.
Қазақ халқы жан тәсілім еткен адамға өлді демейді,
болды дейді. Бұл сөздің астарынан жанның
өлмейтіндігі, басқа бір мәңгі өмірге қайта қайтатындығын
түсінуге болады.
Алла Тағала адам баласына арғы дүниеде мәңгілік
ғұмыр сыйламақ. Жаппар иеміздің мәңгілігі – ешкімге
тәуелсіз мәңгілік. Ал адамның жұмақ яки тозақта мәңгі
болуы – Ұлы Жаратушымыздың мәңгілігіне тәуелді әрі
Оның мәңгілігінің дәлелі. Міне, адам баласының сол
мәңгілік ғұмыр үшін қайтатын орнын ақырет, жұмақ,
тозақ дейміз.
Рухымыздың мәңгілікті аңсауы
Кез келген адам баласы машақат, бейнетке толы,
найзағай жылдамдығына пара-пар қалай зымырап өтіп
кеткені түсініксіз мына қамшының сабындай қысқа
ғұмырға қанағаттанбайды. Оның рухы, жан дүниесі
мәңгілікті аңсайды. Шексіз өмір мен бақи дүниеге
құштарланып тұрады. Өзінің бір ғасырға да жетпейтін
жалған, шектеулі өмірін ойлап, бүгін басып жүрген
қара жерді ертең көрпе етіп жамыларын сезінген сәтте
мәңгілікке құштар жан-жүрегін қайда қоярын білмей, ұй-
қысы қашып, шарасыздықтан мазасыздана түседі. Адам
баласының рухын мәңгілікке құштар етіп, оған екінші ба-
қи өмірге деген ынтық сезім берген Алла Тағала, әлбетте,
оған аңсап, армандаған мәңгілік екінші өмірді береді.
Олай дейтініміз жер жүзін сан алуан дәм мен жұпар иісті
әр түрлі жеміс-жидек пен тағамдарға толтырып, адам ба
ласына соларды татып көретін дәм тату сезімін сыйлаған
аса жомарт Жаппар иеміз егер адам үшін мәңгілік өмірді
жаратпайтын болғанда, оның тулаған жүрегіне мәңгілікке
деген құштарлық сезімін де бермес еді. Яғни, мәңгілікке
деген құштарлықты берген Алла мәңгілік өмірді де бер
мек. Мейірімі шексіз Алла жаратылыстағы әр нәрсеге
тілегенін беріп, сұрағанын жауапсыз қалдырмауда. Дұға
етіп, тілек тілеу үшін жайылған ешбір алақанды Ұлы
Жаратушымыздың жауапсыз құр қайтаруға ұялатыны
жайлы көптеген хадистерде білдірілген
Асқазанымыздың аштық арқылы сұраған дұға-
тілегін жауапсыз қалдырмай аспаннан жаңбыр жауғызып,
жерге әр түрлі жеміс-жидекті төгіп, жан-жануарды алды
на салып берген мейірім-рақымы мол Ұлы Жаратушы
мыз сүйікті құлы, жаратылыстың маңызы – жалпы адам
баласының «мәңгілік, мәңгілік» деп тулаған жүрегінің
тілегі мен дұғасын қалай ғана жауапсыз қалдырып, оны
жоқ етіп тіршілік бетінен мүлде келмеске сызып таста
сын? Ол үшін ақырет әлемін, бақи өмірді жаратпасын?
Адамды өмір сахнасынан мүлдем келмеске жіберіп,
Өзінің шексіз мейірімділігі мен рақымдылығын қалай
ғана жоққа шығарсын? Өйткені адамды мәңгілік өмірге
құштарландырып, сосын оған құштарланған мәңгілік
өмірін бермеуі – Оның шексіз шапағат, мейіріміне теріс
болмақ.
Егер ақырет болмаса, бұл ғұмырда көрініс тапқан
Ұлы Жаратушының махаббат шуағының еш бір мән-
мағынасы қалмай, мейірімділік зұлымдыққа, махаббат
дұшпандыққа, ләззат өкінішке айналар еді. Себебі адам
бұл дүниенің пәни ләззаттарымен, өткінші рахатымен,
Ұлы Жаратушысының мына дүниемен шектеулі уақытша
махаббатымен қанағаттанбайды. Ол мәңгілік ғұмырды,
шынайы бақытты, шексіз мейірімді қалайды.
Айналамызда болып жатқан қайта
тірілудің үлгілері
Ұлы Жаратушымыз мына дүниеде-ақ қайта тірілудің
сансыз үлгілерін жаратып, сана иесі адам баласына қайта
тірілтудің оңай екендігін көрсетуде. Иә, толғанып, ғибрат
алмақ ниетпен пікір етсек, әрбір көктем қайта тірілудің
дәлелі емес пе? Көктем қайта тірілудің сансыз үлгісіне
толы. Жазда жап-жасыл болып жайқалып, күзде жеміс-
жидегін шашу етіп шашқаннан кейін барлық өсімдік
әлемі адамның қартайған шағындағы шаштарының
ағарғанындай жапырақтары солып, сары алтынға боя
лып, біртіндеп төгіліп, өздері қурай бастайды. Қыс кел
генде, бейне бір өлімге ұшырап, аппақ қардың астында
қалады. Тіршіліктерінің тынысы байқалмайды. Міне,
өсімдіктердің қыстағы осы өлі қалпынан кейін сен оларды
көктемде көр. Көктем келіп, күн нұрына малына бастаған
шақта күллі өсімдік әлемі әп-сәтте бүршік атып, гүлдерін
ашып, жап-жасыл болып жайқала түседі. Қысқы өлік
көктеммен қайта тіріледі.
Абай атамыз:
«Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне Алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер
Адамзаттың көңлі өсіп көтерілер
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның бейлі енер.
Тамашалап қарасаң Тәңрі ісіне
Бойың балқып, ериді іште жігер» – деп жырлағандай
көктемде айналаңа қарасаң, сен де өзіңді қайта тірілген-
дей сезінесің. Өйткені айналаңдағы табиғат жаппай қайта
тірілуге, жаңа өмірге, қайта келген құстардың тамылжыта
сайраған әсем әніне тұнып тұр. Қыста ызыңы жоғалып,
аты өшкен шыбын-шіркей көктемде қайта пайда болып,
үсті-басыңа қонып мазаңды алады. Бірақ сол ызыңымен
саған қайта тірілетініңді меңзеп тұрғандай. Иә, қысқы
өлімнен кейін өсімдік әлемін, адамнан қанша есе көп жал
пы жәндіктерді қайта жер бетіне шығарған Ұлы Жарату
шымыз адам баласын өлім қысынан кейін қайта тірілтеді.
Себебі адам өсімдіктен де, шыбын-шіркей, жәндіктерден
де маңызды әрі мағыналы.
Жеген қорегіміз де денемізде қайта тірілуде
Күзде
«Өмірімнің соңына таядым»
дегендей,
сарғайып тұрған егінді орып аламыз. Бұл – жайқалып өсіп
тұрған бидай үшін бірінші өлім. Сосын диірменге тартып
ұн жасаймыз. Бұл – ол үшін екінші өлім. Сосын илеп ашы
тып, қып-қызыл қызып тұрған тандырға салып пісіреміз.
Бұл – бидай үшін тағы бір өлім. Дастарханға келген нан
ды аузымызға салып, тісімізбен үгітіп, асқазанымызға
жібереміз. Ол жерде әр түрлі сөлдермен араласып, басқа
бір өлімге душар болады. Міне, осылайша нан асқазан
қабірінде көмілген болды. Нан осыншама өлімнен кейін
асқазаннан он екі елі ішегімізге өтеді. Сол жерде асқазанда
өлген нан бұрынғысынан да керемет түрде қайта тіріліп,
денеміздегі қанымызға, клеткаларымызға, витаминдерге
айналып, тәнімізде тіршілігін жалғастырады.
Ал енді Алла Тағала адам баласын өлгеннен кейін
жан беріп, қайта тірілтпейді дейтіндей, бірнеше өлімге
куә болып, адамның тәнінде қайта тірілген бидайдан да
төмен, мағынасыз болғаны ма?
Күзде топыраққа түсіп көмілген әр түрлі дәндер мен
дақылдарды шіріді, бітті, өлді деп ойламаймыз. Себебі
ол көктемде алғашқы кейпінен де керемет түрде қайта
тіріліп, қара жерді қақ жарып шығып, жайқала өсіп, жер
бетін жасыл реңімен бояп тастайды. Тіпті біреу болып
өледі, бірнеше болып тіріледі.
Алла Тағала Құранда:
«Оның (құдіретін көрсететін)
дәлелдерден бір дәлел мынау:
Сен жерді құрғап, (Алладан медет сұрап тұрған
адамдай) басын иген күйде көресің. Бірақ Біз жаңбыр
жауғызған сәтте жер беті құлпырып, көпси түседі.
Міне, құрғақ жерді осылай кім тірілтсе, өлілерді де
Сол тірілтеді. Өйткені Оның әр нәрсеге құдіреті толық
жетеді»
– деп өлілерді тірілтетін шексіз құдіретіне наза
рымызды аударады.
Топырақ астында шіріген дән-дақылды көктемде
қайта тірілткен Алла Тағала, өзінің жер бетіндегі хали
адам баласын да қабірде шірігеннен кейін көктем
тәріздес Хашыр күні қайта тірілтеді.
Ұлы Патшаның әділдігі ақыретті талап етеді
«Кімде-кім тозаңдай жақсылық істесе,
жақсылығының қарымын сөзсіз алады.
Ал кімде-кім тозаңдай
жаманшылық жасаса, оның
жазасын тартады».
«Зилзала» сүресі
Алла Тағала – күллі әлем мен жалпы жаратылыс
атауына салтанатты патшалығын құрып, әр нәрсеге
өзінің үкімін қабылдатып, билігін жүргізуші Ұлы Патша.
Жаратылыстағы әр нәрсе Оның ілімінен тыс қалмайды.
Әрбір іс Оның рұқсатынсыз жүзеге аспайды. Күллі әлем
Осы Ұлы Патшаның мейірімінен алған нәрмен тыныс
алып, тіршілік бетінде қалуда. Оның осы шексіз мейірім
нұрынан өзінің нәсібін алған ақылсыз тауық та өз бала
панын қорғау үшін жыртқыштардың аузына түсіп, жанын
пида етуде. Осындай мейірімнің негізгі қайнар-бұлағы,
құдіреті шексіз Ұлы Патша, өзінің бұйрықтарына қарсы
шығып, ел ішіндегі әлсіздердің ақысын жеп, зұлымдыққа
белшесінен батып, тайраңдап жүргендердің тиісті жаза
сын беріп, олардан әлсіздердің ақысын алып, иелеріне
қайтармауы, әлсіз құлдарының мүддесін қорғамауы
мүмкін бе? Залымдардың істеген істерінен есеп алмас-
Фуссилат сүресі/39
тан, оларды жауапқа тартпастан жібере салса, бұл ісі
Оның салтан
атты
патшалығы мен әділетті билігіне әрі
шексіз құдіретіне жарасар ма еді? Ал зұлымдық, әлсіздік
сияқты нұқсан сипат – мейірімі шексіз Ұлы Жаратушыға
жат сипат. Осылай бола тұра, мына жалған дүниеде
залымдардың тиісті жазасы мен жақсылардың ізгі
істерінің қарымы лайық дәрежеде беріле бермейді. Демек,
сынақ үшін жаратылған мына уақытша дүниеден кейін
ақыретте үлкен сот болмақ. Бұл соттың әділетті төрешісі
Ұлы Жаратушымыздың өзі болып, сол жерде бәріне тиісті
бағасы берілмек. Ендеше, барлық кемелдіктің шынайы
иесі, патшалардың патшасы – Алла Тағала жақсыларға
сауабын сыйлап, жамандарға азабын беріп, әділеттілігі
мен шексіз құдіретін паш етуі үшін ақыретті жаратып,
үлкен сот құруға тиіс. Иә, Алланың шексіз құдіреті
мен қара қылды қақ жарар әділеті ақыретті, үлкен есеп
күнінің жаратылуын қалайды.
Ұлы Жаратушымыз Құран Кәрімде:
«Қиямет күні
әділдік таразысын құрамыз. Ол жерде ешбір жан
әділетсіздікке ұшырамайды. Істелінген іс бір қыша
дәнінің салмағындай болса да, оны таразыға әкеліп
тартамыз. Есеп алушы ретінде біз жеткіліктіміз»

деп бұл дүниеде істеген әрбір ісіміздің ақыретте әділ тара
зымен тартылатындығын білдіреді.
Иә, ақырет сияқты екінші бір дүние жаратылмаса,
мына дүниедегі көптеген түйіні қиын сауалдар жауап
сыз қалмақ. Мына дүниеде сезіліп, байқалған көптеген
әсем мағына баянсыз кетіп, күллі жаратылыс бейне бір
мағынасы аяқсыз қалған түсініксіз кітап болмақ.
Әнбия сүресі/47
Алланың көркем есімдері
ақыретті талап етеді
Алланың барша көркем есімдері ақыреттің болуын
талап етеді. Мысалы, Алла Тағаланың
«Аса жомарт»
деген сипатын негізге алып түсіндіріп көрелік. Жалпы
әлем Ұлы Жаратушының терең мейірім-шарапаты мен
шексіз жомарттығына тұнып тұр. Жер бетіндегі ең әлсіз
саналатын құрт-құмырысқа сияқты жәндіктердің оп-
оңай қоректенулеріне куә болудамыз. Дүниедегі ең әлсіз
жаратылыстарға да уақыт-уақытымен күтпеген жер
ден жәрдем келуде. Ананың құрсағындағы әлсіз сәби
сол қараңғы, тар жерде тұншұқпастан тамаша тәсілмен
қоректенеді. Сәби дүниеге келер-келмес оның нәзік бол
мысына арналған арнайы тамағы әзір тұрады. Ананың
омырауындағы сүт басқа уақытта емес, сәбидің дүниеге
қадам басуына орай ытқылап аға түседі. Теңіздің түбіндегі
балықтардың, жеміс-жидектің ішіндегі құрттардың,
тұрған жерінен қозғала алмайтын ағаштардың, жалпы
өсімдік әлемінің тамаша түрде қоректенуі – Оның ерек
ше жомарттығы мен теңдессіз мейірімділігінің айқын
белгі-нышаны. Жер бетіндегі ырыс-береке, нығметтің
молдығы, асып-тасуы – Ұлы Жаратушының түгесілмейтін
қазынасын меңзеп тұр. Демек, Алла Тағала – теңдессіз
дархандық пен аса жомарттықтың нағыз иесі. Ал Ондағы
бұл дархандық пен жомарттық мәңгі бақи беруді, төгуді,
рызықтандыруды қалайды. Міне, сондықтан Оның
дархандығы мен жомараттығынан жаңбырдай құйыла
төгілетін сый-сыяпатқа, ырыс-берекеге кенеліп, мәңгі бақи
рызықтанатын жаратылыс керек. Ол еш шүбәсіз мына
дүниенің халифасы, ең мағыналы жаратылысы – адамның
қайта тірілуі арқылы болмақ. Егер мына дүниеден кейін
Ұлы Жаратушының осы аса жомарттық пен дархандық
сияқты сипаттарының көрініс табатын басқа екінші мәңгі
өмір болмаған жағдайда, бұл сипаттары осы дүниемен
шектеулі қалмақ. Ал шектеулілік Ұлы Жаратушымызға
тән емес. Өйткені Ұлы Жаратушымыз Алланың өзі қандай
шексіз, мәңгі болса, барлық көркем сипаттары да сондай
шексіз, мәңгі. Сондықтан Алланың барлық көркем сипат
тары ақыреттің болуын талап етеді. Осы жерде айтылған
Алла Тағаланың жомарттық сипатына басқа да көркем си
паттарын салыстырып ойлан!
Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым»
деп ойлай ма?
Әлемдегі кез келген нәрсе белгілі бір мақсатпен,
арнайы хикметпен жаратылған. Әрбір жаратылыстың
өзіндік мән-мағынасы, міндеті бар. Күллі жаратылыс Ұлы
Жаратушының барлығын, бір екендігін білдіретін үлкен
кітап дедік. Ұлы Иеміз бұл алып кітапты адам оқысын,
оқып Өзінің құдіретіне, шеберлігіне таң қалып, мақтау айт
сын, құлшылық жасасын деп құдірет қаламымен жазған.
Түсірілген Құран да осы бір үлкен кітаптың түсіндірмесі,
қорытындысы, мазмұны іспетті. Бұл ғалам атты алып
кітаптағы әр нәрсе – мағыналы бір сөз, бір сөйлем, тіпті
бір кітап. Әрі Ұлы Жаратушымыз осы алып кітапты
адамның игілігіне, қызметіне берген. Жерден неше есе
үлкен Күн де, су да, ну орман да, өсімдік те, жан-жануар
да бәрі-бәрі
деп адам баласына қызмет етуде.
Жалпы әлем адам үшін жаратылды десек артық емес. Осы
әлемнің ішінде адамның орны мүлдем ерекше. Өйткені
жер бетіндегі жалғыз саналы тіршілік иесі – адам. Ал енді
Ұлы Жаратушымыздың барлық дүниені адам үшін жа
ратып, ал адамды бостан-босқа, еш мақсатсыз жаратып,
мәңгілікке өлтіре салуы мүмкін бе? Кішкентей араны да
мағына, мақсатпен жаратқан Ұлы Жаратушы – Хаким
Иеміздің адам баласын бостан-босқа мақсатсыз жаратып,
мәңгілікке тіршілік бетінен келмеске жібере салуы мүлде
мүмкін емес. Құранда
сүресінде:
сендерді бостан-босқа жараттық, әрі өздерің де Бізге
кері қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?»
- делінсе,
сүресінде:
«Адам баласы (еш сұрақ алын
бастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма?»
-
делінеді.
О дүниеге біреу барып келіп пе?
Кез-келген нәрсенің бар екендігіне сену үшін ол
нәрсені, алдымен, міндетті түрде көзбен көріп келу шарт
емес. Ешбір адам анасының құрсағында жатып, мына
дүниені көріп, сосын бұл дүниеге аяқ басқан жоқ қой.
Ананың құрсағындағы сәби өзінің жатқан тар, қараңғы
мекенінен тыс басқа әлем жоқ деп пайымдаса, қаншалық
қателескен болар еді. Тура сол сияқты біздер де осы дүниені
барлық болмыс әлемі деп танып, бұдан басқа әлем жоқ
деп пайымдасақ, құрсақтағы баладай қателесеріміз анық.
Өйткені мына әлем де ақырет әлемімен салыстырғанда
ананың құрсағындай ғана.
Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам
баласын бір уақытта қайта тірілту
қалай жүзеге асады?
Алла Тағала үшін барлық адам баласын, тіпті
күллі жаратылыс атаулыны қайта тірілту – бір адам
ды тірілтумен бірдей. Оның шексіз құдіреті үшін шы
бын сияқты кішкентай жаратылысты жарату мен аспан
әлеміндегі миллиондаған галактикаларды, ондағы сан
сыз жұлдыздарды жарату – оңайлық жағынан парапар.
Негізінде, Алла үшін оңай, қиын деген ұғым жоқ. Ол
үшін барлық нәрсе оңай. Оның «бол!» деген әмірі арқылы
барлық нәрсе бір сәтте бар болып, тіршілік әлемінде көзін
ашады. Қиямет күні Исрафил періштенің сырнайға екінші
рет үрлеуінен кейін Алла Тағала барлық адамды бір сәтте
мәңгілік өмір үшін қайта тірілтеді. Қысқы өлімнен кейін
шіріген сүйек тәріздес жер бетіндегі барлық ағаштарды,
сансыз гүл-бәйшешектерді, жалпы өсімдік атауын еш
жаңылыспастан әп-сәтте, бір мезгілде оп-оңай тірілткен
құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымыз үшін Адам атадан бері
жер бетіне келіп-кеткен күллі адам баласын бір мезгілде,
көзді ашып-жұмғанша қайта тірілту еш қиын емес. Әр
нәрсесімен шектеулі әлсіз адам баласы бір ғана нүктеге
басу арқылы көзді ашып-жұмғанша үлкен бір қалаға
жарық беріп, нұрға бөлеп жатқанда, құдіреті шексіз Хақ
Тағала үшін барлық өлілерге бір мезгілде жан беріп,
әпсәтте қайта тірілтуі неліктен мүмкін болмасын?!
сүресінде:
«Сендердің жаратылуларың
да, қайтадан тірілтілулерің де бір кісінің жаратылып,
тірілтілуіндей-ақ (оңай). Күмәнсіз Алла Тағала барлық
нәрсені толық естуші әрі көруші»
- делінген.
Ибраһимнің қиссасы
Ибраһим (а.с.) бір күні теңіз жағасында жатқан
бір жануардың өлексесін көрді. Жағаға ұрған теңіз
толқынымен ілесе келген балықтар бұл өлексені жұлып-
жұлып жеп, кетіп жатты. Толқын кетісімен төбедегі құстар
келіп шоқып-шоқып жей бастады. Осылайша өлексенің
бір бөлігі балықтардың, қалған бір бөлігі құстардың
құрсағында кетіп жатты. Осы көріністі тамашалаған
Лұқман сүресі/28
Ибраһим (а.с.) енді Ұлы Жаратушысының осы бөлік-бөлік
боп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жа
нуарды қалай тірілтетінін көргісі келіп, Раббысына:
Раббым, өлілерді қалай тірілтетініңді маған көрсетші»,
- деп өтініш жасады. Шынтуайтында Ибраһимнің
(а.с.) тірілтуді көргісі келгені Ұлы Жаратушысының
құдіретіне деген күмәннан туындамаған еді. Тек Ұлы
Жаратушысының қалай тірілтетінін көріп, тамаша етіп,
шеберлігіне таң қалып, шексіз құдіретін көрген жүрегі
жай тауып, Ұлы Жаратушысына мадақ айтып, бас игісі
келген-ді. Бір нәрсеге сену басқа, көру басқа. Сондықтан
«Раббым өлілерді тірілте аласың ба?»
деп сұраған
жоқ,
«Уа, Раббым маған өлілерді қалай тірілтетініңді
көрсетші»,
– деді.
Алла Тағала Ибраһимге (а.с.):
«Жоқ, әлде сенбедің
бе?»,
– деді. Негізінде Алла Тағала оның ақыретке
күмәнсіз сенетінін білетін еді. Ал, Ибраһимге былай деп
сұрақ қоюуының себебі – кейін келетін адамдардың ол ту
ралы қате түсінікке бармаулары үшін еді.
Ибраһим (а.с.) өтінішіндегі мақсатын былай деп
түсіндірді:
«Әрине, (өлілерді қайта тірілтетініңе)
сенемін. Бірақ (қалай тірілткеніңді көріп, әр нәрсені
көргісі келетін) жүрегім жай тапсын деп едім».
Осыдан кейін Алла Тағала Ибраһим құлына:
«Төрт
тал құс ал. Сосын, оларды өзіңе әбден үйреншікті ет.
(Сосын, төртеуін де сойып бір-бірімен араластырып)
оларды (араласқан еттерді) әр таудың басына бөліп-
бөліп қой. Сөйтіп олардың әрқайсысының атын атап
шақыр; олар саған жүгірген күйде келеді. Алланың
(әр нәрсеге күші жететін) Азиз әрі (әр нәрсені орын-
орынды істейтін) Хаким екендігін біл деді».
Ибраһим (а.с.) берілген әмірді бұлжытпай орындады.
Құстарды тауып, сосын оларды әбден өзіне үйретті. Со
сын оларды сойып, жүндерін жұлып, еттерін бір-бірімен
араластырды. Араласқан еттерді төртке бөліп, төрт таудың
басына апарып тастады. Сөйтіп құстардың әрқайсысының
атын атап шақырғаны сол еді, бәрінің тіріліп, ұшқан бойда
жанына келгенін көріп Ұлы Жаратушысының құдіретіне
таң-тамаша болып, жүрегі жай тапты.
ТА ТІРІЛУГЕ
1. Өлімнен кейін қайта тірілуге толық иланған кез
келген адамның қоғамдағы ең сенімді тұлғаға айналары
сөзсіз. Себебі оның сенімі бойынша, Ұлы жаратушы
сы өзінің істеген әрбір ісін көріп тұр. Бұған қоса барлық
қимыл-әрекеттері екі жағындағы періштелер тарапынан
үнемі жазылып, есепке алынуда. «Зилзала» сүресінде
«Кімде-кім тозаңдай жақсылық істесе,
жақсылығының қарымын сөзсіз алады. Ал кімде-кім
тозаңдай жаманшылық істесе, оның жазасын тарта
Істеген әрбір ісінің, басқан әрбір қадамының,
сөйлеген әрбір сөзінің ертең ана дүниеде есебін беретінін
ойлап, жүрегімен бек сенген адам жаманшылық атау
лыдан, жалпы күнәдан алыс жүреді. Өйткені иманды
адам істеген қиянаттарының жазасынан бұл дүниеде
құтылғанымен, ана дүниеде құтылмайтынын ойлап,
күнәларының есеп күні алдынан
деп аттан
салып, жағасынан алып, масқара ететініне кәміл сенеді.
Бұған қоса ана дүниеде қайта тірілетініне сенген кез кел
ген адам өзін жаратқан Ұлы Иесінің ризашылығын алып,
жәннатында сый-сыяпатқа кенелуі үшін барлық өмірін
ізгі істермен өрнектеп, жақсы амалдармен кестелеуге ты
рысып бағады. Мұндай сенімге ие болған жеке тұлғадан
да, қоғамнан да жаманшылық күтудің өзі орынсыз. Жеке
тұлғаның, отбасының, кез келген қоғамның, тіпті жалпы
дүниенің бейбітшілікті ту етіп, бақытты ғұмыр кешуінің
жалғыз жолы – ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге
деген шынайы сенім. Жалпы әлемдегі істелініп жатқан
зұлымдыққа, бейкүнә жандардың бостан-босқа төгілген
қанына, әділетсіздікке, барлық жаманшылық атаулыға
«Жетер енді, тоқта!»
деп, тосқауыл бола алатын
жалғыз күш – қайта тірілуге деген осы сенім. Өйткені
бұл сенім әр тұлғаның ар-ұжданында, жүрегінде әрбір
ісін қадағалап тұратын ең әділ күзетші іспетті. Ақиқат
тек күште деп саналатын және әділетсіздікке, ұрлық-
қарлыққа, жемқорлыққа, парақорлыққа толы қазіргі мына
дүниеде бұл сенімнің қаншалықты қажет екені айтпаса
да түсінікті. Қазақ атамның
«Құдайдан қорықпағаннан
деуі де бекер емес.
2. Ақыретке кәміл сенген адам ешқашан өлімнен
қорықпайды. Өлім – ол үшін жоқ болып, шіріген сүйекке
айналып, мәңгілікке көз жұму емес. Керісінше, екінші бір
мәңгілік өмірге көшу, жалған дүниеден бақи негізгі дүние-
ге қоныс аудару. Өлім құбылысы – ақырет сенімін толық
қабылдаған адам үшін мәңгілік өмірдің, шексіз бақыт-
тың басы болмақ. Кезіндегі ең күшті мемлекеттердің бірі
Иранды жеңіп, тізе бүктірген Сағд ибн Әби Уаққас өзінің
жетістігінің себебін былай деп түсіндіреді:
әскерлер шейіт болып, мәңгілік бақытқа қауышу үшін
ешнәрседен қорықпастан өлімге жүгіреді. Ал жаудың
әскерлері болса, керісінше, өлімнен қашып, әрбір қадамын
өлімге деген үреймен басады»
Иә, ақыретке сенбеген адам үшін өлімнен
қорқынышты еш нәрсе жоқ. Өйткені олар үшін өлім –
жоқ болып, тіршілік бетінен мәңгілікке өшу деген сөз.
Мұндай жандар өлімді ойлап кетсе, ұйқылары қашып,
өне-бойлары суып, мазалары кетеді. Әсіресе, өмірлерінің
соңына таяп қалған ақыретке сенімі жоқ қарттар мен
айықпас ауруға шалдыққан жандар үшін өлім өте
қорқынышты. Қалған аз ғана өмірлері де олар үшін
бейне бір тас қараңғы зындандай көрініп, тіршіліктен
түңіліп, үмітсіз күй кешеді. Оларды осы қараңғы зын
даннан жарық нұрға, үміт толы өмірге алып шығатын
жалғыз күш, дара медет – ақыретке, қайта тірілуге деген
берік сенім.
3. Ақыретке сенген адам өзінің қу қара басын
ғана ойлайтын өзімшілдіктен құтылады. Ақыретте
жүзінің жарқын болып, Ұлы Жаратушы алдында сүйікті
құлдарының қатарынан табылу үшін әрқашан басқаларға
жақсылық жасап, көмектеседі. Жалпы айтқанда, Алланың
құлдарына пайдалы болуға тырысады. Мұндай жақсылық
жасауды өмірлерінің түп мақсаты еткен адал жандардан
құралған қоғам – жер бетіндегі ең бақытты қоғам.
4. Ақыретке деген сенім – бұл дүниеде
залымдардың зұлымдығына ұшырап, адам бейнесіндегі
жыртқыштардың қанды аузында ақысы кеткен әлсіз
жандар үшін үлкен жұбаныш. Бұл сенімге ие әрбір
жан ертең есеп күні Ұлы Жаратушының алдында осы
дүниеде залымдарға қолды болған ақысын, мүддесін
қайтарып алатынына кәміл сенгендіктен, өз-өзін жеп,
уайым-қайғыға салынып, ішкі дүниесін ызаға, кек
ке, дұшпандыққа булықтырмайды. Керісінше, сабыр
сақтап,
«ертең-ақ залымдар Алланың алдында сазайын
тартады»
деп, бойындағы иманның сиқырлы күшінің
арқасында ештеңе болмағандай өмірдің нұрлы жолында
бағытын өзгертіп, қадамын бәсеңдетпестен жүре береді.
5. Жазылмайтын ауруларға, сал сияқты дерттерге
шалдығып, әр түрлі себептермен мүгедектікке тап болған
жандарға жұбаныш болатын жалғыз нәрсе – осы ақыретке
деген сенім. Ұлы Жаратушыларынан келген қиын сынаққа
сабыр етіп, сүрінбей өткен жағдайда мәңгілік ғұмырда
бақытты болатындарын ойлап, жандары жай тауып,
бойларына ерекше күш кіріп, жаралы жүректе
ріне үміт
қанаты бітеді.
6. Ақ жаулықты ана мен асқар таудай әкенің, ешкім
орнын толтыра алмайтын бауырдың және басқа да сүйікті
адамдардың бұл дүниеден қайтуы кез келген адамның,
әсіресе, жас бүлдіршіндердің нәзік жүрегінде оларға
деген үлкен сағыныш сазын қалдырады. Иә, өмірдегі
тірегіңнен, қысқа айтқанда, соққан жүрегіңнен, қимас
адамыңнан айырылу – адамның нәзік болмысына ауыр
соққы, жүрегіне үлкен айықпас жара. Мұндай ауыр
соққының, айықпас жараның орнын тек қана сол сүйікті
адамдарыңмен қайта қауышуға, ақыретке, қайта тірілуге
деген иман ғана толтырады. Ақыретте бұл дүниеден өткен
сүйікті адамдарымен қайта табысып, қайта қауышатынына
иланған кез келген адамның жүрегі орнына түсіп, солған
гүлі қайта тіріледі. Иманы кәміл жандар бұл дүниедегі
қимасының қайтқанын естіген сәтте
«Күмәнсіз, біз Ұлы
Жаратушымыздан келдік, әрі Ұлы Жаратушымызға
қайта қайтамыз»
мағынасындағы аятты көкейінде түйіп,
Құранда мақталған
«сабыр»
нәрін жүрегіне қорек етіп,
қимасына деген ыстық сезімі мен сағынышын ертеңгі
ақырет күніндегі қауышуға, мәңгілік өмірге аманаттайды.
Қысқасы, өлім хабарын естіген сәтте иманнан нәсібін ала
алмаған жандар не істерін білмей абдырап қалған сәтте
иманды адам әрқашан сабыр сақтап, байсалдылық таны
тады.
Асқармен жолда кездескенімде азан шақырылып жа
тыр еді.
Бүгін жұ
ма, білесің ғой. Сені мешітке апарайын, –
дедім.
Бұдан бұрын да бірнеше рет өтінішімді қабылдама-
ған болатын. Сондықтан ол:
Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, – деп
асыға-үсіге жауап берді.
Білемін, бірақ бармауыңның себебін білгім келеді.
– Қайдан білейін, әйтеуір барғым келмейді де тұрады.
Қысқасы, ол жаққа тартпайды. Бәлкім, араласып жүрген
айналамдағы адамдардың да әсері бар шығар. Оның
үстіне шалбарымның қыры бұзылып, тізесі шыға ма деп
Мен болсам таң қалған бойда:
– Қалжыңдап тұрған шығарсың? Шалбарымның
қыры бұзылады деп мешітті тастауға бола ма?
Шынымен айтып тұрмын, – деді. Киімдеріме қатты
көңіл бөлем әсіресе ақ түсті киімді қатты ұнататынымды
білесің ғой.
Шынымен солай еді. Үнемі шырттай киініп жүретін.
Қашан көрсең де киген киімдері ақ түсті, қыры пышақтың
қырындай болатын.
Жарайды, өміріңде бір рет болса да мешітке бар-
Бала кезімде атаммен бір-екі рет ілесіп барғанмын.
Бірақ мұнан кейін мүлде бармайтын шығармын, – деп
жауап берді.
Айтқан жауабынан қатты шошындым. Тіпті бұл
тақырыпты қозғағаныма өкіндім. Сөйтіп, бір-бірімізбен
қол қысысқан бойда өз шаруамызбен кете бардық.
Осы кездесуімізден екі айдан кейін, оның бүгін
мешітке келгенін естіп, қатты таң қалдым. Дереу апыл-
ғұпыл мен де мешітке келіп жеттім. Тіпті, мешітке мүлде
бармайтын шығармын деген жолдасым мешіт сыртын-
дағы намаз қатарларының ең алдынан орын алыпты. Міне,
бүгін де үстінде сол баяғы үйрен
шікті ақ киімі. Тіпті, бүгін
Ақырындап қасына жақындадым да, сыбырлаған
Қане, мешітке мүлде бармайтын шығармын деп едің
ғой, – дедім.
Еш жауап қатпады. Өйткені ол табыттың үстінде
ақ кебінге оранған күйде жатқан-ды. Жұрт жаназасын
шығаруға жиналыпты
Ақырет сөзі сөздікте
«бір нәрсенің соңы, ақыры,
кейіннен болған нәрсе»
деген мағыналарды қамтиды. Ал
шариғаттағы терминдік мағынасы жаратылыстағы жал
пы жүйенің Ұлы Жаратушының бұйрығымен быт-шыт
болып бұзылып, күл-талқан болғаннан кейін басталатын
жаңа мәңгілік өмірге айтылады. Бұл күн қиямет-қайымнан
кейін басталуына байланысты «қиямет күні» деп те атала
Құранда ақырет күніне: мұсылмандардың Алла
мен қауышып, жүздесетін күні болуына орай
«қауышу
адамдар бір жерге шоғырланып, жиналатын
уақыт болғандықтан
«махшар – жиналу күні»
қайта
тірілгеннен кейін адамдардың бәрі қабірден қайта
шығатындықтан
«шығу күні»
мына дүниеде
Алла
Тағалаға иман етіп, бұйрықтары мен тыйымдарына
құлақ салмағандардың алданып қалғандықтарының
белгілі болатын күні болуына орай
«алдану күні»
және
кәпірлердің бұл дүниеде істеген істерінің босқа кеткенін
көрген кезде қатты өкініп, мына дүниеге қайта қайтып,
иман келтіріп, жақсы амал жасағысы келгенімен бұл ар
мандары орындалмайтын болғандықтан
«қасірет күні,
Хайатын ишинден, Гунейд Суави
Мүмин сүресі, 40/15.
Тағабун сүресі, 64/9.
Қаф сүресі, 50/34.
Тағабун сүресі, 64/9.
өкініш күні»
дүниеде істелінген ізгі немесе жаман
істердің қарымының, есебінің берілетін күні болғандықтан
«есеп күні»
мына өткінші жалған дүниеден кейін мәңгі
шынайы өмір болуына байланысты
«шынайы өмір»
деп
те аталды.
Исрафил періштенің сырнайды екінші рет үрлеуінен
кейін барлық адамдар қайта тіріліп Ұлы Алла алдын
да есепке тартылады. Сосын дүниедегі иман және іс-
әрекеттеріне қарай жұмаққа, яки тозаққа барады.
Қабір немесе Барзах әлемі
Өлімнен кейін қайтадан тірілуге дейін жалғасатын
өмір – қабір немесе барзах әлемі деп аталады.
Кез келген адам өлгеннен кейін топыраққа көмілсе
де, яки көмілмей суға батып балықтарға жем болып не
месе отқа жанып күл болып кетсе де, міндетті түрде қайта
тірілгенге дейін қабір, яғни, барзах өмірін бастарынан
өткізеді. Өйткені рух сол бөлек-бөлек боп шашылып кет
кен денемен байланыс құра алатындай қабілетте. Мы
салы, бір жерден жіберілген радио толқындар дүниедегі
миллиондаған радиолармен байланыс құрып, бір хабар
ды әлемдегі миллиардтаған адамға таратып жатқанда,
рухтар неліктен өз денесінің бөлшектерімен белгілі бір
байланыста бола алмасын? Негізінде өлген адамдардың
денелерінің қабірге жерленуіне байланысты барзах өмірі
– қабір өмірі делінген. Өйткені рух қабірдегі денесімен
белігілі бір байланыста болады.
Қабір, барзах әлемі ерекше бір әлем болғандықтан,
өзіне тән заңдылықтары мен өлшемдері де болуға тиіс.
Сондықтан барзах әлемінде болатын азапты яки рахатты,
Марям сүресі, 19/40.
Фатиха сүресі, 1/4.
Анкабут сүресі, 29/64.
адамдардың иманына қарай қабірдің қысуы мен қараңғы
болуын немесе керісінше кең және жарық болуын бұл
дүниеге тән заңдылықтармен түсіну, әсте, мүмкін емес.
Оны түсінуге біздің шектеулі ақылымыздың да, мына
дүниедегі физикалық заңдылықтарының да өлшемі сай
келе бермейді.
Адам баласы қабірге жерленгеннен кейін Мункәр
және Нәкир деп аталатын екі періште келіп оған:
«Раббың
кім? Пайғамбарың кім? Дінің не?»
сияқты сұрақтарды
қояды. Сұрақтарға жауап берген иманды жандар дүние
өмірінен де тамаша, жұмақ өміріне жақын дәрежеде, рақат
және ләззат ішінде болады. Ал, сұрақтарға жауап бере
алмаған имансыз яки күнәһар жандар дүние өмірінен де
бетер, тозаққа жақын кейіптегі азап ішінде ғұмыр кешеді.
Демек, қабір адамдардың дәрежелеріне қарай жұмақ
бақшаларынан бір бақша яки тозақтың шұңқырларынан
бір шұңқырға айналады. Бір хадисте:
«Кісі жан тәсілім
еткен уақытта таңертең және кешкісін оған отыра
тын жері көрсетіледі. Егер жәннаттық болса, жәннат,
тозақтық болса тозақ көрсетіледі. Сосын оған, міне,
Алла сені қиямет күні қайта тірілткенге дейін отыра
тын жерің осы делінеді»
Дүниеде мұсылман құлдардың басына келетін әр
түрлі аурулар мен қиыншылықтар дүниеде істелген
кішігірім күнәлардың кейбіреулеріне кәффарат болып,
сол күнәлардың тазалануына себеп болса, дүниеде де та
заланбайтындай кейбір күнәларға қабір азабы кәффарат
болмақ. Қабірде де тазаланбайтындай үлкен күнәлар
ақыретке, үлкен есеп күніне аманатталады. Бір хадисте:
«Қабір ақырет аялдамаларының алғашқысы, кімде-кім
осы аялдамадан аман-есен өтсе, кейінгі аялдамалардан
да оңай өтеді, ал өте алмаса кейінгілерді өту одан да
Әл-Бухари, Жәнайз/1379.
қиын болады»,
- делінеді. Басқа бір хадисте:
«Мүшріктер
(Аллаға серік қосқандар) қабірлерінде қатты азапқа
душар болуда. Олардың (шыңғырған) дауыстарын тек
қана жануарлар естиді»
- деп қабір азабының ауыр
екендігін білдірілген.
Қайтыс болған кісі үшін артында қалған адамдар
көбірек дұға жасап, күнәларының кешірілуін тілеу керек.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамды жерлеп болғаннан кейін
қабірдің жанына тұрып былай дейтін:
«Бауырларыңыз
үшін Алладан кешірім тілеп (иманында) тұрақты етуі
үшін дұға етіңдер. Еш күмәнсіз ол қазір сұраққа тар
тылып жатыр»
Мына дүниеде оқыған құранымыз бен түнде оқыған
тәһажжуд намазымыз тар орнымызды кеңейтіп, қараңғы
қабірімізді ерекше нұрға бөлейді.
Қабір азабына себеп болатын
кейбір күнәлар
Қабір азабына күнәлардың барлық түрі себеп бола
алады. Хадистерде айтылған қабір азабына себеп болатын
күнәлар мыналар:
• Ғайбат, өсек айту, біреудің сөзін екінші біреуге
жеткізу. Кез келген адамның артынан оның көңіліне
келетін әрі ренжитін сөздер айту қабір азабына себеп бо
• Кіші дәретті сындырғаннан кейін тазаланбау.
• Мойнында қарызы болған күйде жан тапсыру.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
«Мүминнің рухы мойнындағы
борышы өтелгенге дейін сол борышымен байлаулы»
хадисінен мойнында қарызы бар борыштының қабір аза
бын тартатынын аңғарамыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бо
Муснәд, 6/362
Әбу Даауд, Жәнайз 73.
рышты кісінің қарызы өтелгеннен кейін ғана жаназа на
мазын оқыған.
• Жалған сөйлеу, Құранды біле тұра ішіндегі
айтылғандарға теріс әрекет ету, зина жасау, пайыздық
өсім жеу.
Адамдарды алдау, жетімдердің ақысын жеу,
мұсылмандардың қателерін, кемшіліктерін іздеу, туған-
туыстардан қатынасты үзу, жалған куәгер болу, жан-
жануар, жәндіктерге зұлымдық жасау, ұрлық жасау, ар-
намысты пәк әйелге жала жабу, нәсібіңе разы болмау
сияқты күнәлар да қабір азабына себеп болады.
Қиямет деп Исрафил атты періштенің сырнайға
алғаш рет үрлеуінен кейін жалпы жаратылыстың, жан-
жағымыздағы жүйенің күл-талқан болып қирауын, барлық
жан иелерінің өлім құшуын айтады. Қияметтің болуы
ақыл қабылдай алмайтындай теріс құбылыс емес. Өйткені
барлық жаратылысты жаратып, күллі болмыс атаулыдан
үйлесімді таңғажайып жүйе құрған Ұлы Жаратушымыз
бұл жүйені бұзамын десе кім кедергі? Кім алдын орап
«жоқ»
деп айта алады? Кез келген жұлдыздың орбитасы
нан шығып кетіп Жер шарына соғылуы қияметтің болуы
на себеп емес пе? Қияметтің қашан болатыны Құранда
яки хадисте білдірілмегендіктен, нақты уақыты бір Аллаға
ғана мәлім. Құранда:
«Олар сенен қияметтің қашан бо
латынын сұрап жатыр. Оларға айт: Оның қашан бола
тыны жайлы мәлімет тек қана Раббымның жанында
ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім білдіре ал
майды. Қиямет көктегіге де, жердегіге де (қиындығы,
қорқыныштылығы соншалық) ауыр келеді. Қиямет
сендерге кенеттен келеді. Сен оны білетіндей олар
сенен (қашан болатынын) сұрастырады. Оларға бы
лай деп айт: Қияметтің уақыты жайлы білім тек қана
Алланың жанында. Бірақ адамдардың көбісі мұны
Адам баласы үшін қияметтің қашан болатынын білу
өте маңызды емес. Қияметтің қашан болатынын білсек
те, білмесек те әрбір адамның өлімі сол адам үшін қиямет
емес пе? Міне, сондықтан әр адамның қияметі саналатын
өлімінен кейін басталатын мәңгілік өмірде бақытқа қол
жеткізуіміз үшін ізгі істер істеп, күнәлардан аулақ болуы
Алла Тағала өзінің сүйікті құлдары үшін жәннат
мекенінде мына дүниеде бұрын-соңды көзіміз көрмеген,
құлағымыз естіп-білмеген, ақылымыз ойлап, елестете
алмаған мәңгілік сый-сыяпат әзірлеген.
Қиямет немесе ақырзаман көріністері
Ұлы Жаратушының белгілеген уақыты келіп жетіп,
дүниедегі сынақ мерзімі бітіп тоқтаған мезет. Исрафил
періште Ұлы иесінің бұйрығын алар-алмас ғажайып сыр
найын үрлеп кеп жіберуі мұң екен дүниенің астаң-кестеңі
шығып тас-талқан болды. Еш түгесілместей көрінген,
тіпті мәңгілік деп болжалған Күн де бүгінде пәнилікке
бел бүгіп, мәңгіліктің шынайы Иесін адам баласына
ұқтырғандай. Ғасырлар бойы әлемді жарыққа бөлеп, жы
луын толассыз төгіп тұрған күннің де бүгін осылайша
нұры сөніп, жер мен қоса көптеген әлем қараңғылыққа
қамалды. Көктегі жымыңдаған сансыз жұлдыздардың
жарығы сөніп, тас-талқан болған күйде күл боп ша
шылып үрейге үрей қосты. Жердің қазығы кейпінде
жаралған биік-биік асқар таулар да көкке көтеріліп ба
рып, жерге құлап, бір-біріне ұрылып, шаң-тозаңға айна
Ағраф сүресі / 187.
лып, Құранның тілімен айтқанда
«түтілген жүндей»
болды. Таулар көшіп, сынаптай толқып, әр жерден
атқылап шыққан жанартаулар сай-сайды қуалап, алдынан
шыққанды өртеп, жұтқан күйде ағып барады. Әшейінде
отты сумен өшірсек, бүгін, міне, су атасы теңіздер де өртке
айналып, жалын шашып тұр. Жай уақытта аз ғана жер
сілкінуден үрейі қашып, жүрегі жарылатын адамның бұл
күнгі жағдайын бір ойлаңызшы?! Жер беті қап-қараңғы.
Тек әр жерден аққан жанартаулар мен теңізден шыққан
қалың өрттің қорқынышқа толы қызғылт түсті жарығы
ғана бірде сөніп, бірде жанып, бірде күшейіп, бірде
әлсіреп тұр. Бұл көріністерге куә болған тау-тастағы, ну
ормандағы жай уақытта бір-бірінен үрке қашатын жабайы
аңдар да қорқыныштан бір-біріне үйездеп, бүріскен бойда
шоғырланып әр жерде топ-топ боп, шыңғыра шыққан әр
түрлі дауыстарымен қорқынышқа қорқыныш қосқан.
Иманнан нәсібін ала алмаған
«шығайбайлардың»
бір-бірімен бәсекелесіп, жарыса соққан ұзын-ұзын, қабат-
қабат үйлері күлдей үгітіле құлап, ішіндегі адамдар
деген үйреншікті сөзді ғана айтуға шамалары келіп,
жермен-жексен болып, бетондардың астында мыж-тыж
боп жаншылған бойда көміліп жатыр. Қорқыныштан
не істерін білмей, жүректері аузына келіп, өне бойы
қалтырап, не болып кеткенін түсінбей абдырап қалған
адамдар. Ары-бері сабылып шырқырай жүгірген жандар
бір-бірін танымайды. Бұл күні қорқыныштан аяғы ауыр
жүкті әйелдер де түсік тастайды.
Күн-түн демей тер төгіп қол жеткізген байлықтарға
да, асыл, құнды дүниелерге де бұл күні ешкім пысқырып
та қарамайды. Бұл сәтте асыл тастардың да, алтын-
әшекейдің де ешкімге керегі жоқ. Хадисте айтылғандай
«масаның сынық қанатынан да құнсыз».
Кедей, жарлы-
жақыбайларға соқыр тиынын да қимаған
«шығайбайлар»
бұл күні амалсыз артта қалып бара жатқан мал-мүлік,
дүниелеріне қараған бойда
«неліктен бұл күн келіп жет
пес бұрын Алла жолында жұмсап, ізгілікке сарп етпедім?»
деп өкініштен бармақтарын шайнайды. Бірақ оларға осы
сағатта жасаған бұл өкініштерінен не пайда? Не қайыр?
Айқайлаған құлындағы дауыстар, түсініксіз сөздер.
Әшейінде тәкаппарланып Ұлы Жаратушысына қарсы шы-
ғып, бұл күнді ескертіп келген Құранға да, Пайғамбарға
да жалған деп, намаз оқып, ораза ұстап дінге бас иіп,
осы күннен қорыққан құдайшыл жандарға мысқылдай
күле қарап, оларға «кері қалған, артта қалған байғұстар»
лақабын тағып, менсінбей қарайтын кәпірлер де бұл күнде
тілі келсе де келмесе де
«Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-
расулуллаһ»
деу үшін аузындағы қызыл етті алай да бұлай
да бұрап көріп, жанталасып, бір өліп, бір тіріліп қылғынып
жатыр. Бірақ, олардың Құдіреті шексіздің осындай
дүниедегі сынақ уақыты біткен сәтте, әр нәрсенің Оны
ашықтан-ашық паш еткен мезгілде келтірген имандары
Бірақ осы күн келмес бұрын Ұлы Жаратушысына
иман етіп, өмірлерін ізгі істермен кестелеген адал жандар
бұл қорқынышты оқиғаны, үрейлі құбылысты көрместен,
Рахман Иелері тарапынан жіберілген ғажайып хош иісті
иіскеген бойда жан тапсырады. Иә, шынайы мұсылмандар
осы бір сұрапыл оқиғаны көрмек емес, хадисте бұл жай
«Қиямет тек адамдардың жаманына болады»
, -
делінеді.
Муслим, Фитән 131.
ПЕРІШТЕЛЕРГЕ ИМАН
Жаратушыларына ғибадат жасаудан бас тартып,
паңданбайды және құлшылық жасаудан шарша
майды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-түні
Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп)
тәсбих етеді»
«Әнбия» сүресі
«Періштелер Алланың бұйырған нәрселеріне
қарсы шықпайды және не бұйырылса соны
қалтқысыз орындайды»
«Тахрим» сүресі
Періштелерге иман – Ислам дініндегі иман
негіздерінің бірі. Періштелер ғайып әлемінен, яғни, бізге
көмескі әлемнен болғандықтан, біз оларды көзбен көріп,
ақылмен толық қамтып түсіне алмаймыз. Сондықтан олар
жайлы мағлұматты Құранның бізге жеткізген қасиетті
аяттары мен Алла елшісінің (с.а.у.) хадистері арқылы
«Алла елшісі Раббы тарапынан өзіне
түсірілгендерге иман келтірді және мүміндер де
(иман келтірді). Барлығы Аллаға, періштелеріне,
кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне
иман келтірді...»
- делінсе, басқа бір аятында:
кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына,
пайғамбарларына және ақырет күніне иман етпесе,
қатты адасады...»
- деп періштелерінің барлығынан ха
бардар етіп және оларға еш шартсыз иман етуді бұйырады.
Негізінде періштелерге иман етпеу – Алла Тағаланың
жер бетіне жіберген пайғамбарларына және оларға
түскен кітаптарға иман етпеумен бірдей. Себебі, Ұлы
Жаратушының адам баласына ақ пен қараны ажыратып,
тура жолды көрсетіп, ақиқат пердесін ашу үшін түсірген
барлық кітаптары уахи жолымен пайғамбарларына осы
періштелері арқылы келіп жеткен.
Періштелердің ерекшеліктері
Періштелер – нұрдан жаратылған рухани болмыс.
Бақара сүресі/285.
Ниса сүресі/136.
Пайғамбарымыздың хадисінде:
«Періштелер нұрдан
жаратылған...»
– делінген.
Періштелер адамнан бұрын жаратылған. Олардың
өздеріне тән денелері бар. Олар адамдар секілді ішіп-
жеуге, ұрпақ көбейтіп, көбеюге, шаршап-шалдығып,
ұйықтауға мұқтаж емес. Жынысқа бөлінбейді. Қызғану,
ашулану, ренжу, тәкаппарлану сияқты жаман сипаттар
олардың пәк дүниесінен аулақ. Олар үнемі Ұлы Жа
ратушыларына ғибадат жасайды. Ғибадат – олардың
қорегі. Олар Алланың бұйрықтарын бүге-шігесіне дейін
бұлжытпай, айна-қатесіз орындайды. Олар ешқашан
күнәнің кішісін де, үлкенін де жасамайды. Барлық күнә
атаулыдан қорғалған. Құранда:
«Оның жанындағылар
(періштелер) Ұлы Жаратушыларына ғибадат жасау
дан бас тартып, паңданбайды және құлшылық жа
саудан шаршамайды. Олар жалығып, шаршамастан
күндіз-түні Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп)
тәсбих етеді»
. «Періштелер Алланың бұйырған
нәрселеріне қарсы шықпайды және не бұйырылса
соны қалтқысыз орындайды»
– делінеді.
Періштелер Алланың рұқсатымен әр түрлі бейне-
пішінге кіре алады. Періштелер пайғамбарларға негізгі
бейнелерімен және басқа да бейнелерімен көрінген.
Мысалы, Жебірейіл періште Пайғамбарымызға және
жанындағы сахабаларға жолаушы кейпіндегі адам
бейнесінде көрінген
. Ибраһимге қартайған шағында
Алла тарапынан сәби берілетінін сүйіншілеп келген
періштелер де адам бейнесінде келгендіктен, Ибраһим
(а.с.) оларды қонақ етпек болып арнайы тамақ дайынд
тады. Бірақ олардың тамақ жемей отырғандарын көрген
Муслим, Китабуз-зуһд/2996
Әнбия сүресі/19-20.
Тахрим сүресі/6.
Муслим, Иман.
уақытта жүрегіне үрей ұялайды. К
ейіннен барып олардың
сөздерінен періште екенін аңғарады
Алла Тағала періштелерге адамның қолынан
келмейтін қабілеттер мен мүмкіншіліктер берген. Олар
аз ғана бір мезеттің ішінде ұзақ жерлерге жылдам барып
келе алады. Таудай ауыр жүктерді көтеретіндей күш-
қуатқа ие.
Құранда және пайғамбарымыздың хадистерінде
періштелердің қанаттары жайлы әңгіме қозғалады.
Бірақ олардың қанаттарының қандай қанат екені бізге
беймәлім. Періштелердің жаратылысы мына дүниедегі
жаратылыстарға ұқсамағандықтан олардың қанатын
дәлме-дәл құстардікіне, яки басқа нәрселерге ұқсайды
деп айта алмаймыз.
Періштелердің міндеттері
Алла Тағала періштелерге әр түрлі міндеттер
жүктеген. Алла Тағаланың оларға міндет жүктеуі –
олардың көмегіне мұқтаждығынан емес, керісінше,
олар өз міндеттерін орындаулары арқылы Ұлы
Жаратушыларының құдіретін, ұлылығын және
шексіздігін күллі әлемдерге паш етіп, теңдессіз
патшалығының сән-салтанатын жалпы жаратылысқа
жар салып, куәлік етеді. Алла Тағала ешнәрсеге, ешкімге
мұқтаж емес. Періштелер өздеріне жүктелген міндет-
терін орындау арқылы өздеріне тән ғибадаттарын жасап,
Ұлы Жаратушыларының рақымына бөленеді.
Періште түрлері
1. Жебірейіл періште.
Алла тағаланың барлық
пайғамбарларына уахи жеткізуші періште. Яғни, Алла
Һуд сүресі/69-70.
елшісі мен пайғамбарларының арасындағы елші. Жебірейіл
періште Құранда
«рух»
деп те аталады.
«Әлбетте бұл
(Құран) – әлемдердің Раббысының түсірген кітабы.
Оны сенің жүрегіңе ескертушілерден болуың үшін
Сенімді Рух (Жебірейіл) әкелді»
2. Микайл періште.
Жаратылыстағы оқиғалардың,
жалпы әлемдегі жан иелерінің рызықтары мен
рызықтарының жел, бұлт, жаңбыр секілді себептерін
қадағалайтын періште.
3. Исрафил періште.
Бұл періште қиямет күні Алла
Тағаланың бұйрығымен сырнайды алғаш үрлегеннен
кейін Ұлы Жаратушының қалаған кейбір жаратылы
старынан тыс көктегі және жердегі барлық жаратылыс
пәнилікке бас иеді. Сосын екінші рет сырнайға үрлеген
уақытта бәрі қайта тіріледі.
«Сырнай үрленді, Алланың
қалағандарынан тыс жердегі және көктегі барлығы
дереу жансыз жерге құлады. Сосын сырнай тағы бір
рет үрленген мезетте адамдар қабірлерінен аяққа
тұрып жан-жағына қарап қалады»
- делінеді.
4. Әзірейіл періште.
Барлық ажалы жеткен адам-
дардың рухын алумен міндеттелген періште. Әзірейіл
періштенің бұйрығына бағынатын басқа да періштелер
Құрсақтағы сәбиге жанын үрлейтін және рызқын,
ажалын, дүниеде істейтін амалдарын, бақытты яки
бақытсыз болатынын жазумен міндеттелген періштелер-
дің бар екенін хадистерден аңғарамыз
(тағдыр бөліміне
Шуғара сүресі/192-195.
Зумар сүресі/68.
Бухари, Бәдул-халқ, Муслим, Китабул-қадар.
6. Кираман-Катибин.
Құлдарының жақсы-жаман
амалдары мен істерін жазумен міндеттелген періштелер.
Алла Тағала әрбір адамның оң жағы мен сол жағына екі
періштені жақсы-жаман амалдарын жазу үшін өкіл етіп
қойған. Бұл екі періште адамның істеген үлкенді-кішілі,
жария яки құпия, жақсы-жаман әрбір ісін, сөйлеген әрбір
сөзін қадағалап, амал дәптерлеріне жазып тұрады.
«Сендерді (жандарыңнан ажырамай
тын) арнайы бақылаушылар бар. (Олар) ардақты
жазушылар. Сендердің не істегендеріңді біледі»
күмәнсіз адамды біз жараттық және біз нәпсісінің оған
не сыбырлайтынын да білеміз. (Өйткені) Біз оған күре
тамырынан да жақынбыз. Оның оң жағында және сол
жағында отырған әрбір ісін жазатын екі періште бар.
Бір сөз сөйлер-сөйлемес жанында оны (сөзді) жазушы
және балқылаушы дайын тұрады»
Адам баласы жиырмасынша ғасырда-ақ дыбысты
және әр түрлі көрініс, қимылдарды жазатын құралдар тау
ып шығарды. Әрине, Алла Тағаланың періштелері мұндай
құрал-жабдықтарға мұқтаж емес. Дегенмен, адам бала-
сының өзі бойындағы шектеулі қабілеттерімен осындай
жазатын құралдар тауып шығарып жатса, Алла Тағаланың
адамның істеген әрбір ісі мен әрбір сөзін жазатын жазу
шылары неге болмасын? Есеп күні періштелердің жазға-
ны бейне бір жазып алынған бейне таспадай көрсетіледі.
Қиямет күні адам баласы өз құлағымен дүниеде сөйлеген
жақсы-жаман әрбір сөзін естіп, істеген әрбір амалдарын
Яғни, ардақты жазушылар деп бұл періштелердің
адамдардың арасынан ешкімді алалап жақтамайтын бейтарап
екендіктеріне, болған оқиғаны жасырып яки асырып өтірік
жазбайтындықтарына, ешбір нәрсені ұмыт қалдырмайтындарына
ишарат етіліп отыр.
Инфитар сүресі/10-12.
Қаф сүресі/17-18.
өз көзімен көреді. Күнәһарлар істеген күнәларын көріп
ыстары тарылып, өн бойынан шып-шып аққан суық
терге көміліп, қызарып-сазарып, қорқыныштан жүректері
діріл қағып жатқанда, тақуа жандар жасаған игіліктерін
көріп жан жүректерімен
«әлхамдулиллаһ»
деп Раббы
ларына шүкір етіп, көңілдері жұбаныш тауып, шексіз
қуанышқа бөленеді. Демек, ақыретте адам баласының
әрбір істеген істеріне өзі істеген амалдары куәлік етпек.
Күнәларын мойындағысы келмей, тұра қашқысы келген
адамдардың алдынан дүниедегі әрбір ісі
«Қайда барасың?
Мені істеген сенсің»
деп шыға келеді.
7. Мүнкәр-Нәкир періштелері.
Қабірдегі адамдарға
«Раббың кім? Пайғамбарың кім? Кітабың не?»
сияқты
сұрақтарды қоятын әрі адамдардың осы сұрақтарға берген
жауаптарына қарай қарым-қатынас жасайтын періштелер.
Мүнкәр-Нәкир «бейтаныс, бөтен» деген мағыналарды
білдіреді. Қабірдегі адамға бұрын-соңды көрмеген кейіпте,
бейтаныс көрінетіндіктен осы атпен аталған.
әбания періштелері.
Ақыретте тозаққа
барғандарды азаптау ісі міндеттелген періштелер.
9. Ридуан періштелері.
Жәннатқа кіру бақытына ке
нелгендерге қараушы періштелер.
Ұлы Жаратушының аршын таситын, сүйікті
құлдарының жүрегіне туралықты, ақиқатты илһам ететін,
намаз оқығандармен бірге
«фатиха»
сүресінің соңында
деп дұға ететін, әрбір таң және екінді намаз
дарында мүминдермен бірге болатын, Құран оқылған
уақытта арнайы жер бетіне түсетін, ғылым алқалары мен
өз араларында Алланың кітабын оқып, уағыз айтып, Оны
еске алу үшін жиналған барлық жерлерді арнайы аралап,
сол жердегілерге Алладан рақымдылық тілеп,
кешірім
өтінетін, әрбір адамды қорғап жүретін, Бәдір шайқасында
көмектескендей шынайы мұсылмандарға қиын кезеңде
Алланың рұқсатымен көмектесетін періштелердің де бар
екенін хадистер мен аяттардан аңғарамыз. Періштелердің
жалпы саны бізге беймәлім.
ТАҒДЫРҒА ИМАН
«Еш күмәнсіз Біз барлық нәрсені арнайы
есеппен жараттық»
«Қамар» сүресі
«Тағдырға иман еткен адам – басынан барлық
уайым-қайғы кеткен жан»
ТАҒДЫРҒА ИМАН
Ислам дініндегі иман негіздерінің соңғысы – тағдыр-
ға иман. Пайғамбарымыздан (с.а.у.)
«Иман дегеніміз
– деп сұраған уақытта:
«Аллаға, періштелеріне,
кітаптарына және пайғамбарларына, ақырет күніне,
тағдырдың жақсысы мен жаманына иман ету»,
– деп
жауап берген.
Тағдыр сөзі – бір нәрсені белгілі бір өлшем, мөлшерге
қарай реттеу, арнайы есеппен жүйелеу, жобалау деген
мағыналарды білдіреді.
Ал, шариғаттық термин бойынша: өткен шақ, осы
шақ және келер шақтан, яғни, жалпы уақыт ұғымынан пәк
– Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен
кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпас-
тан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне
дейін білуін және оларды белгілі бір өлшем, мөлшерге
қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір
жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.
Ұлы Жаратушының тағдыры тек адамға ғана бай
ланысты емес, жалпы болмысты, күллі жаратылысты
Жалпы жаратылысқа байланысты тағдыр
Жалпы ғаламға көз жүгірткен уақытта әр нәрседегі
арнайы өлшемді, нәзік есепті, жалпы әлемді қамтыған
таңғажайып жүйені байқаймыз. Әр нәрсе өзінің бойына
берілген бағдарламамен жүруде. Мысалы, өрік ағашы
кішкене дәнегіне қойылған бағдарлама арқылы жер бетіне
қылтия шығып, күннен-күнге жайқала өсіп, көктем кіре
бүршігін атса, артынан жемісінің сүйіншісі іспетті гүлін
ашады. Сосын сол бағдарламаға қарай өзіне тән аңқыған
исімен, көзді тартар реңімен, балдай тәтті дәмімен
құлпыра өскен жемісін береді. Күн Алланың қойған
бағдарламасына қарай арайлап атып, алаулап батады.
Сол бағдарламаға қарай сәулесін шашып, жылуын төгеді.
Жердегі судың бу боп көтеріліп, артынша бұлтқа айналып,
уақыты жеткенде жерге қайта жаңбыр боп жаууы, құрғақ
топырақтың, жалпы суға мұқтаждардың қажетіне жара
уы – Ұлы Жаратушының арнайы бағдарламасына қарай
жүзеге асады. Судағы ағу, тастағы қаттылық, жердегі
тартылыс заңдары – бұл әрқайсысының өзіндік тағдыры.
Құстардың ұшуы, балықтың жүзуі, еліктің жүгіруі – бәрі-
бәрі Ұлы Жаратушының әрқайсысына лайық етіп қойған
заңдары, арнайы тағдыры болмақ.
Құран Кәрімде:
«Еш күмәнсіз біз барлық нәрсені
арнайы есеппен жараттық»
. «...Барлық нәрсені жа
ратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді»
, -
деп
жалпы әлемдегі осы арнайы есепке, тағдырға назарымыз
ды аударады.
Демек, Ұлы Жаратушымыз әр нәрсеге өзіндік
тағдырын жазған. Жаратылыстағы әрбір нәрсе сол
тағдырдан, арнайы бағдарламадан асып, жалпы жүйеден
шығып кете алмайды. Әлемдегі бас айналдырар мына
теңдессіз сұлулық, ерекше жүйе алдын-ала белгіленген
арнайы жобаны, дәлме-дәл есепті, яғни, иләһи тағдырды
Жымыңдап, жарқыраған сансыз жұлдыз белгіленген
өз межесінен еш ауытқымай қозғалып, ғарышта жүзіп
жүрсе, жан-жануар, өсімдік, жалпы жаратылыс Алла
Тағаланың жазған арнайы бағдарламасын айна-қатесіз
қайталап ғұмыр кешеді.
Қамар сүресі/49
Фурқан сүресі/2.
Адамға байланысты тағдыр
Адамға байланысты тағдыр мәселесі, задында,
күрделі болғандықтан кейбір адамдар қате түсінеді.
Бәзбіреулер істеген күнәларынан
«Тағдырымда осылай
болса, не істеймін?»
деп ақталып жатса, енді біреулер
әр істеген ісімді өз қалауыммен істеймін,
«олай болса,
тағдыр жоқ»
деп шектен шығып жатады. Бұл екі пікірдің
біреуі астамдық болса, екіншісі нұқсандық. Орта жолды,
дұрыс тағдыр ұғымын түсіне алмаған.
Адам баласы басқа жаратылыстардан өзіндік ақыл-
ойымен, айрықша ерік-қалауымен екшеленгендіктен
Оның тағдыры да өзгеше.
Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар.
Адамның еркінен тыс Алла Тағаланың қалауы, ар
найы белгілеуі арқылы болатын құбылыстар осыған жа
тады. Мысал ретінде, адамның ұлты, туылған жылы,
жынысы, денінің сау, яки ауру болып дүниеге келуі,
бойының ұзын немесе қысқа болуы, зерек және әр түрлі
қабілеттерге ие болуы, басына жер сілкінісі, өрт секілді
пәлекеттердің келуі, жетім қалуы тәрізді қалауынан
тыс болатын нәрселерді айтуға болады. Адам баласы
қалауынан тыс бұл істерден ақыретте сұраққа тартылмай
ды. Бірақ тағдырдың жанында адамның ерік-қалауының
бар екенін де ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, бір адамның
тағдырында жетім қалуы жазылғанмен, сол жетімдікке са
быр етіп, қиындықтарға мойымай адамдығын, арын таза
ұстап, сынақты жіберген Ұлы Жаратушысына бас иіп,
имеуі – өз еркінде. Ол жетім қалғандығы үшін сұраққа
тартылмағанымен, өзінің қалауы мен еркі арқылы іске
асатын басқа істерден сұралмақ.
Алла белгілі бір адамға сәтін салып, барлық шарт
тарды ыңғайлап, күні-түні жүгіріп істеген істеріне бе
рекет беріп, бай етті делік. Яғни, Алла Тағала оның бай
болуын қалап, тағдырына байлықты жазды. Демек, Ұлы
Иесі бұл құлына мына дүниеде «байдың рөлін» беріп,
байлықпен сынағысы келді. Бірақ бұл байлықты жақсы
жолда қолданып, жетімдердің басын сипап, кедей-
кепшікке қол ұшын беріп, Ұлы Иесіне шүкіршілік етуі не
месе керісінше байлықтың буына мастанып, Жаратқанды
ұмыт қалдырып, тәкаппарлыққа бой алдыруы – бәрі-бәрі
құлдың өз қолында, өз еркінде. Құл екі жолдың біреуін өз
қалауымен таңдап, жәннатқа яки тозаққа қарай жол сала
Иә, пешенеге жазылған тағдырдың жанында адамға
берілген өзіндік ерік-қалау бар. Тағдырдың өзіне жүктеген
рөлін дұрыс жолда, салиқалы мағынада ойнап-ойнамауы
2. Адамның қалауына байланысты жағы
Алла Тағала әу баста әр адамның қай жерде, қай
уақытта не істейтінін бастауы жоқ әзәли әрі шексіз ілімі
арқылы білген. Өйткені Алла үшін өткен шақ, осы шақ,
келер шақ деген ұғым жоқ. Міне, Ұлы Жаратушымыз сол
білгенін адам үшін тағдыр етіп
«Ләухул-Махфузға»
жазған.
Басқаша айтқанда, адамның қалауы – Алла Тағаланың
жазған тағдырында есепке алынған.
Адам баласы күнә немесе ізгі іс істеуге мәжбүр емес.
Өйткені адамда таңдау еркі бар. Мысалы, жолда кетіп
бара жатып, түсіп қалған ақшаны көрдік делік. Осы сәтте
адамның таңдауына бірнеше нұсқа келеді. Біз соның
біреуін өз қалауымызбен таңдаймыз.
1. Ақшаны ақырын ғана қалтамызға сүңгітіп жіберіп,
ол жерден дереу қарамызды батырамыз.
2. Ақшаны алып, иесін тауып қайтарамыз.
Жоғарыдағы таңдаулардың қайсысын таңдасақ та өз
еркімізбен, дербес қалауымызбен іске асырамыз. Бірінші
таңдауды істеп күнәға батуымыз да, екіншісін таңдап
сауапқа кенелуіміз де мүмкін.
Алла Тағала Құранда:
«Оған (адамға) жақсылық
және жамандық жолдарын көрсетпедік пе?»
жақсылық істесе пайдасы өзіне, ал, кім жаманшылық
істесе оның зияны да өзіне. Раббың құлдарына
ешқашан зұлымдық жасамайды»
-деп жақсы, жа
манды таңдаудағы адамға берілген ерікті білдіреді. Ақын
Майлықожа да осы ақиқатты мына жыр жолдарымен
жеткізген:
«Алла берді екі жол
Бірі оңда, бірі сол.
Ойланыңдар, бауырлар!
Дүние қысқа, ақырет мол».
Алла Тағаланың бұйрықтарын о
рындаған адам
Жаратушының салиқалы құлдарының тұғырына
көтеріледі. Ал бұйрықтарына қарсы шыққан пенде күнә-
һар болады. Алла Тағала әу баста күнәһар және салиқалы
құл болудың жолдарын осылай тағайындап белгілеген.
Сондықтан кімде-кім осы екі жолдың қайсысын ұстанса,
жазылған нәтижесіне жетеді. Міне, осы құлдың қалауына
қарай таңдалған нәтиженің Алла Тағала тарапынан әу ба
стан білінуіне «тағдыр» делінсе, білінген нәрсенің уақыты
жеткен мезетте Алла Тағаланың құдіретімен жүзеге асуы
делінеді.
Жоғарыда Ұлы Жаратушымыз әзәли ілімі арқылы
біздің мына дүниеде не істейтінімізді біліп, білгенін
тағдыр етіп
«Ләухул-Махфузға»
жазған дедік. Демек,
біз бұл дүниедегі барлық істерімізді Алла Тағала алдын
Фуссилат сүресі/46
ала білгені үшін істемейміз, керісінше, Алла Тағала не
істейтінімізді білгені үшін тағдырға жазған. Яғни, Алла
Тағаланың біздің істейтін ісімізді алдын ала білуі – бізді
сол істі істеуге мәжбүр етпейді.
Мысалы, біз күннің шығу сағатын астрономия
ғылымы арқылы алдын ала біліп, күнтізбеге жазып
қоямыз. Уақыты жеткен мезетте, дәл сол минутта күн
шығады. Ал енді осы күннің шығуы біздің алдын ала
есептеп білгеніміз үшін жүзеге асты ма? Жоқ, әлде
сол
уақытта шығатын болғаны үшін біз білеміз бе?
Тағдырды сылтау ету дұрыс па?
Кейбір адамдар өз ерік, дербес таңдауларымен істеген
«тағдырымда осылай жазылып қойса,
қайтем?! Немесе тағдырымда ғибадат жасау болғанда
ғибадат етер едім»
деп, тағдырды сылтау етіп ақталып
жатады. Тағдырымен осылай ақталып, әрбір жаман ісіне
жазмышты сылтау еткен әлгі адамдар өздерінің өмірде
қолы жеткен кейбір жетістіктерімен
«Мен істедім, мен
жасадым»
деп көкірегін қағып мақтанып жатады. Ал,
енді әрбір ісін тағдырда жазылғаны үшін жүзеге асырып
жатса, бұл мақтануларын, паңдануларын қалай түсінуге
болады? Тіпті, басқа бір адам үйіне кіріп мал-мүлкін
ұрлап кетсе, сот алдында
«Бұл байғұс тағдырында ұрлау
болған соң мәжбүрлікпен ұрлаған ғой»,
– деп ұрыны ақтау
– әлгі әрбір жаман ісін тағдырға сілтеушінің үш ұйықтаса
түсіне де кірмейді. Тағдырды себепші етіп көрсеткен
ешбір адам кішкентай баласын қылқындырып өлтірейін
деп жатқан адамды көріп:
«Бұл кісінің тағдырында менің
баламды өлтіру жазылған екен, қаласа да, қаламаса да
баламды өлтіреді»
деп баласын айналып өте шықпайды.
Демек, мұның бәрі ғибадаттан қашу үшін көрсетілген
арзан сылтау мен күнәлардан оп-оңай ақталу үшін шай
тан
«ұстаздың»
үйреткен қисық жолы ғана. Әйтпесе,
тағдырдың жазмышына мәжбүр болғандықтан емес.
Өйткені адам әрбір ісін өз қалауымен істейді. Және
ертең тағдырында не бар екенінің ол үшін көмескі,
беймәлім екенін ескерсек,
«Тағдырымда болса қайтем?»
деу – іші қуыс салмақсыз әшейін сылдыр сөз ғана. Егер
адамдардың бәрі әрбір істерін ежелден Алла Тағала та
рапынан жазылған тағдырларына мәжбүр болғандықтан
атқаратын болса, Ұлы Жаратушымыздың пенделеріне
пайғамбар жіберіп, кітап түсіруінің, адамдарды тозақпен
ескертіп, жәннатпен сүйіншілеуінің ешқандай мағынасы
қалмас еді.
Тағдырдан тағдырға қашып барамын...
Бір кездері Омар (р.а.) Мәдина қаласындағы бірнеше
сахабаны жанына ертіп Шамды бақылап, тексеру үшін
жолға шығады. Шамның сол кездегі бастығы Әбу Убәйда
ибну Жәррах Омар (р.а.) мен жанындағы жолдастарын
қаланың сыртынан күтіп алады. Әбу Убәйда Омарға
(р.а.) Шамда оба ауруының етек алғанын жеткізеді. Ха
барды естір-естімес хазреті Омар жанындағы сахабалар
мен ақылдасады. Сахабалардың кейбіреуі:
«Осы жер
ге дейін келдік қой, Аллаға тәуекел етіп қалаға кіріп,
жұмысымызды бітіріп кетейік»
, - десе, енді біреулері:
«Кері қайтайық»
, - деген ойларын ортаға салады. Хазіреті
Омар да осы кері қайтайық деушілерге қосылады. Сонда
Әбу Убәйда:
– Уа, Омар Алланың тағдырынан қашқаның ба?-
Омар (р.а.):
«Бұл сөзді сенен басқа біреу айтқанда ғой! Иә,
Әбу Убайда, Мен Алланың тағдырынан оның басқа
бір тағдырына қашып бара жатырмын»,
- деп жауап
қатады. Сосын түсінікті етіп ойын ашпақ ниетпен:
– Уа, Әбу Убәйда, сенің түйелерің бар делік. Мына
жердің бір жағы жасыл-желек, балғын шөп, ал екінші жағы
құрғақ, сусыз тап-тақыр жер делік. Сен егер түйелеріңді
жасыл желек, балғын шөпке жайсаң Алланың тағдырымен
жайған боласың. Ал егер, керісінше, құрғақ жерге жаяр
болсаң Алланың тағдырымен жайған болмайсың ба?
Бұл әңгімеге кейіннен қосылған Абдуррахман ибн
Ауф былай дейді:
– Уа, Омар, менің бұл турасында мағлұматым бар.
Бұл мәселеге байланысты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) мы
нандай хадис естідім. Пайғамбарымыз былай деді:
«Бір жерде оба ауруының бар екенінен хабар
дар болсаңдар, ол жерге бармаңдар, ал егер сол жерде
болсаңдар сыртқа шықпаңдар».
Омар (р.а.) бұл хадисті естігеннен кейін қатты
қуанады. Пікірінің дұрыс шыққаны үшін Алла Тағалаға
шүкір етеді.
Тәуекел
Тәуекел сөзі
«сенім арту, істі біреуге тапсыру»
де
ген мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік
мағынасы:
«Белгілі бір мақсатқа, нәтижеге қол жеткізу
үшін қажетті заттық және рухани барлық себеп-
салдарларды орындағаннан кейін нәтижесін Аллаға тап
сыру, күту»
дегенге саяды.
Мысалы, диқан уақыты келгенде жерін жыр
тып, тұқымын сеуіп, сосын суарып, содан соң арам
шөптерін жұлып, қажет болса түбін қопсытып, керекті
тыңайтқыш дәрілерін шашқаннан кейін жақсы өнім
беруін Ұлы Жаратушыдан тілеп, еңбегінің нәтижесін
Одан күтуі, құдіретіне сенім артып, тапсыруы Ислам
құптаған тәуекелге жатады. Бұлардың ешқайсысын орын
дамай жатып
«тағдырымда не болса, сол болады»
деп
қол қусырып қарап жату – тәуекел емес, жалқаулықтың
дәл өзі.
«Атыңды арқандап, тұсаулағаннан кейін ғана
Жаратқанға тәуекел ет»
деген атам қазақтың мақалы –
дәл Исламдағы осы тәуекел түсінігіне сай айтылған. Тіпті
бұл мақал пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінен алынған.
Тәуекел – мұсылмандардың тағдырға деген бекем
сенімдерінің табиғи нәтижесі. Тәуекел еткен адам – Ұлы
Жаратушысына ешбір шартсыз бас иіп, тағдырына, өзіне
берілген үлесіне риза болған иманды жан. Тағдырға иман
етіп, тәуекелге бел байлау – жалқаулық етіп, ай қарап,
жұлдыз санау емес, керісінше, бар күшіңді салып, бар
мүмкіншіліктеріңді қолданғаннан кейін нәтижесін Жара
тушыдан күту. Себебі, Алла Тағала әрбір істің нәтижесіне
жету үшін белгілі себептер мен заңдар жаратқан. Яғни,
бидай екпей, егін өспейді, ауру емделмей, жазылмайды.
Игі істер істеп, күнәлардан аулақ болмайынша, Алланың
ризашылығы да болмайды, жәннат та қашық. Олай болса,
тәуекел – еңбек етіп, тер төгіп, барлық керекті себептерді
орындағаннан кейін нәтижесін Аллаға тапсырып,
Жаратқанның берген үлесіне риза болу, бас ию.
Алла Тағала Құранда:
«...Шешіміңді қабылдағаннан
кейін Аллаға тәуекел ет. Еш күмәнсіз Алла Тағала
тәуекел еткендерді жақсы көреді»,
- деп мүминдердің
басқа біреуге емес, тек Өзіне ғана сенім артып, бас июлерін
Рызық сөздікте:
«Азық, жейтін, ішетін, жал
пы пайдаланатын нәрсе»
деген мағыналарды білдірсе,
шариғаттық терминде: Ұлы Жаратушының жан иелеріне
жеп-ішу, пайдалану үшін берген несібеге айтылады.
Барлық жан иелерінің рызығын беруші тек қана
Алла Тағала. Құранда:
«Жер басып жүретін барлық
жан иелерінің рызығын беру тек қана Алла Тағалаға
«...Қалаған жан иесінің рызығын кеңейтіп,
қалағанікін тарылтады»
- деп барлық жан иелерінің
мол, яки аз етіп рызығын беруші шексіз құдірет иесі тек
Алла Тағала екенін білдіреді.
Біз қолымыздан келгенше еңбек етіп, рызық табу үшін
Алла тарапынан қойылған барлық заңдар мен себептерді
орындаймыз. Сосын, Алланың нәсіп еткен азды-көпті
тағдырымызға жазылған рызығымызға қол жеткіземіз.
Адал рызықтың себептерін орындаған адамға – адал,
ал харам рызықтың себептерін орындағанға – харам
рызық беріледі. Адал рызық тапқан құл сауапқа кенелсе,
хараммен қоректенген құл күнәға белшесінен батады.
Еңбек етіп, тер төкпей жатып тағдырды сылтау ету
дұрыс емес. Алла құлдарының кейбіреулеріне рызық-
нәсібесін көп етіп берсе, енді біреулеріне аз береді.
Бір адамның бай болуы – Алланың ол құлын жақсы
көретіндігінің немесе кедей болуы – жек көретіндігінің
белгісі емес. Оның берген байлығы да, кедейлігі де
құлдарына берілген сын.
Еңбек еткен ешбір құлын Алла Тағала аш
қалдырмайды. Бұл дүниеде әркім өзіне тағайындалған
рызығын жейді. Ешкім ешкімнің рызығына аузын сала
алмасы анық.
Тағдырдағы әділдік
Мұса (алейһиссәлам) бір күні
«Уа, Раббым, маған
әділдігіңді көрсетші»
деп өтініш жасаған екен. Алла
Һуд сүресі/6.
Шура сүресі/12.
Тағала Мұса алейһиссәламға:
«Бұлаққа маңына барып,
онда болып жатқан барлық оқиғаларды қадағалап,
- деп уахи етеді. Муса (алейһиссәлам)
Раббысының айтқанын бұлжытпай орындап бұлақтың
маңына барып тасаланып қалады.
Бұлақтың басына бір атты адам келіп атын суарып жа
тып, қалтасындағы алтынын түсіріп алады. Алтынының
түсіп қалғанынан бейхабар бұл адам артына қарамастан
жөніне кете барады. Ол кете салысымен, бір кішкене бала
бұлақтың басында жатқан алтынды көре сала дереу алады
да қойнына тыққан күйде қаша жөнеледі. Бала кете са
лысымен, бұлақтың басына бір соқыр адам келеді. Осы
мезетте әлгі алтынын түсіріп алған атты адам жоғын іздеп
қайта келіп қалады. Атты адам соқыр адамға:
нымды қайтар, сенен басқа бұл жерге ешкім келген жоқ,
алтынды сен алдың»,
– деп жағасына жабысады. Соқыр
«Мен алған жоқпын»,
- деп қанша ақталса да, атты
адам сенбейді. Сөйтіп, атты адам соқыр адамды сол жерде
мерт етеді. Мұса алайһиссәлам бір қарағанда зұлымдық
сияқты көрінген бұл оқиғалардың мән-мағынасын Алла
Тағаладан сұрайды. Сонда Алла Тағала:
«Атты адам
бұрын баланың әкесінің алтынын ұрлаған еді. Біз сол
алтынды балаға мұрагер етіп қайтардық. Ал анау
соқыр адам баяғыда атты адамның әкесін өлтірген
еді. Енді, міне, атты адамға соқырдан әкесінің өшін
әпердік».
Ажал
Ажал сөзі –
«уақыт, мезет»
және
«алдын-ала
белгіленген уақыт»
деген мағыналарды білдіреді.
Шариғаттағы терминде – адам баласы және басқа жан
иелері үшін белгіленген өмірдің бітуіне, яғни, өлім
уақытына айтылады.
Әрбір адамның өзіндік ажалы бар. Алла Тағала әрбір
адамға белгілі бір уақытқа дейін өмір сыйлаған. Ажал
деп осы белгіленген уақыттың бітуін айтамыз. Құранда:
«Араларыңда өлімді біз белгілеп, тағайындадық...»
– делінеді.
Әр пенде Ұлы Жаратушымыз тарапынан алдын ала
тағайындалып, белгіленген ажалынан бір мезет бұрын
яки кейін қалмай, дәл уақытында өліммен қауышады.
сүресінде былай делінеді:
«Ажалы келіп
жеткен ешбір адамды Алла Тағала (ажалынан) мүлде
кешіктірмейді»
Ажалдың уақыты ешбір себеппен өзгермейді.
Пайғамбарымыздың
«Туысқандармен жақсы қарым-
қатынаста болу – өмірді ұзартады»
мағынасындағы
хадисіне Ислам ғұламалары екі түрлі түсінік береді.
1. Ғұмыры мол сауап, қайырлы амалдармен
берекеттеніп, аз уақытта бейне бір көп уақыт өмір
сүргендей болады.
2. Алла Тағала мұндай құлдарының жақсылық жа
сайтынын алдын ала әзәли ілімімен білгендігі үшін ол
құлының өмірін әу баста ұзақ етіп тағдырына жазған.
Әрбір адамның ажалы алдын-ала тағдырында
белгіленген. Ал енді осы ажалы жеткен адамды өлтіргеннің
күнәсі не? Бәрібір сол уақытта өлетін еді ғой.
Тағдыр себеп пен оның нәтижесіне біртұтас қарай-
ды. Яғни, Алланың әзәли ілімінде әр адамның ажалы
мен ажалына себеп болар іс-қимылдың қай уақытта, қай
жерде жүзеге асатыны алдын ала белгілі болғандықтан
тағдырға солай жазылған.
Өлген адамның өлім уақыты
Уақиға сүресі/60.
Мунафиқун/11.
ғана емес, онымен бірге оның өліміне себеп болатын іс-
әрекет те алдын ала білінгендіктен, себеп-нәтиже тағдырға
бірге жазылған. Өлген адамды ол адам өлтірмегенде, оның
өлімі немен жүзеге асатыны бізге беймәлім. Мысалы, жол
апатынан болды дейік. Онда оның тағдырына ажалы «
жол
апатынан болады»,
деп жазылар еді.
Демек, оны өлтірген адам өз қалауы мен
өлтіргендіктен ақыретте жауапқа тартылады.
Тағдырға байланысты тартысуға
неліктен тыйым салынған?
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағдырға байланысты
сөз таластырып отырған сахабаларын көріп:
«Сендер
ге осыларды істеу әмір етілді ме? Жоқ, әлде Мен сен
дерге осы үшін жіберілдім бе? Сендерден бұрынғылар
(адамдар) осы тақырыпта тартысқандықтан құрып
кеткен»,
- деп тағдыр турасында тартысудың дұрыс емес
екенін білдірген.
Пайғамбарымыздың тағдырға байланысты қажетсіз
сөз таластыруды тыюының хикметін былай деп түсінуге
болады.
1. Адамның өз қалауымен болатын және қалауының
тысында болатын тағдыры бар. Қалауынан тыс болатын
тағдырдың себептері мен хикметтері бізге беймәлім.
«Ақыл жаратылған, жаратушыны толық түсіне ал
демекші, ақылымыз қалауымыздан тыс болатын
тағдырдың себептері мен хикметтерін және сырын толық
шеше алмайды. Адамның туылған жылы, әке-шешесінің
кім болуы, ұлты, жынысы және қалауынан тыс болатын
аурулар мен пәлекеттердің хикметтері мен сырларын,
себептерін түсіну үшін өзімізді қинау, бір-бірімізбен
сөз таластыру түбі жоқ тұңғиыққа батумен бірдей.
Пайғамбарымыздың тыйған тартыс мәселесі тағдырдың
осы екінші түріне байланысты болуы мүмкін.
2. Адам баласы жалпы тағдырды толық әрі дәл
түсіне алмайды. Өйткені тағдыр тақырыбы – өте қиын
әрі күрделі мәселе. Сондықтан әрбір мұсылман тағдырға
байланысты мәселелерді дін мамандарынан сұрап, осы
тақырыпқа байланысты жазылған кітаптарды оқып түсіне
алғанынша түсініп, ал түсінбей ақыл жеткізе алмаған
мәселелерін Алланың шексіз ілімі мен әділдігіне тапсы
рып, адамдармен бос дау-дамайға кірмегені жөн. Алла ең
дұрысын біледі.
ТАҒДЫРҒА ИМАН КЕЛТІРУДІҢ
Тағдырға иман адамды жауапсыздық пен
паңданудан сақтайды.
Адам табиғатында өз қателігін мойындамай,
екінші біреуге сілтеу немесе тағдырға жала жа-
уып, жауапкершіліктен қашу бар. Әрдайым жасаған
күнәларына әр түрлі сылтау құрастырып, бас сауғалап
қашып кетер жол іздейді. Міне, осы өз ерік-қалауымен
жасаған күнәларын тағдырға жауып, жауапкершіліктен
қашқысы келетін адамның алдына Алла Тағала тара
пынан берілген
«дербес ерік-қалауы»
шығып,
«Қайда
барасың? Сен істеген әрбір ісіңді өз ерік-қалауыңмен
атқардың. Сондықтан күнәларыңа тағдырды сыл
тау ете алмайсың»,
-деп тозақтың қызыл отын көзіне
елестетіп, жауапкершілігін есіне салады.
Сондай-ақ, адам табиғатында қолы жеткен
жетістіктермен мақтанып, паңдануы тағы бар. Күнәларынан
ақталып, тағдырды сылтау еткен әлгі адам істеген кейбір
жақсылықтары мен қолы жеткен бәзбір жетістіктерін
«Мен істедім, мен бүйттім, мен
деп, дем арасында өзгеріп, күбідей ісініп шыға
келеді. Менмендігі бара-бара ұлғайып, тәкаппарлыққа
айналып, ақыры әрбір ісін жаратқан Ұлы Жаратушысын
ұмыт қалдырып, кердең басып, айналасындағы адамдарға
мысқылдай қарап, жеңінің ұшымен сәлем береді.
Осындай нәпсісіне адамдық тізгінін ұстатып,
тәкаппарлыққа, менмендікке құл болып, мұрнын
шүйіргісі келетін пенденің алдына
«тағдыр»
шығып:
«Сенің мақтануға, паңдануға ешбір ақың жоқ. Барлық
жақсылыққа апарар жолды көрсетіп, ниетіңе жеткізіп
сәтін салған, ізгілікті жаратып, жетістікті нәсіп еткен
Алла емес пе?»,
- деп құлдың шамасын көзіне көрсетіп,
«тәкаппарлықтан аулақ бол!»
Иә, адамның қолы жеткен жетістіктері мен жасаған
игіліктеріне иелік етуге еш ақысы жоқ. Себебі, әрбір
жақсы істің жасалуын Алла Тағала қаламаса қалай жүзеге
асар еді? Құлдың ниет етіп, істегісі келген ізгі ісіне «жоқ»
деп Ұлы Жаратушысы тосқауыл қойса, құлдың қолынан
не келер? Адамға істің жақсысын ажырата білетін ақыл
сыйлаған, қабілет берген, оның жасауға ниет еткен әрбір
ісін жүзеге асырған Ұлы Иесі емес пе?! Иә, жақсылықты
қалаған – біз, ал оны жаратқан – Алла Тағала.
Жақсылық атаулыны жүзеге асырудағы адамның алар
еншісі лифтің ішіндегі түймені басуындай-ақ. Мысалы,
лифтпен жоғары қабатқа шығуды қалап, саусағыңыздың
ұшымен түймені басасыз, сөйтіп, лифт сізді қалаған
қабатыңызға шығарады. Шыққаннан кейін «лифтіні
жоғарыға мен шығардым» деп, мақтана алмайсыз. Өйткені
сіз лифтіні емес, лифт сізді шығарды.
Таразының екі басын тең ұстап, астамшылық пен
нұқсандықтан бойын аулақ ұстаған тақуа жан барлық
істеген күнәлары үшін
«нәпсімді тыңдап, шайтанның
арбауына алданып, жаманшылықты таңдаған, қалаған
менмін, олай болса өзім кінәлімін»
деп Ұлы Иесінен істеген
күнәларының кешірілуін тілесе, қолы жеткен жетістіктері
«Алла Тағалам мұны нәсіп еткен Сенсің, сәттілігін
салған тағы Өзіңсің!»
деп, жақсылықтың шынайы иесі
Алла Тағалаға рахметін білдіріп, өзінің борыштарлы-
ғын сезінеді. Мұндай тақуа жанның жадында әрдайым:
«Саған келген барлық жақсылық Алладан, ал басыңа
келген барлық жамандық нәпсіңнен»
- деген қасиетті
Басына қиыншылық түскен жан
тағдырдан жұбаныш табады.
Тағдырға иман етіп, әрбір істің Алланың рұқсатынсыз
іске аспайтынына жүрекпен сенген кез келген адам ба
сына келген қиыншылықтар мен пәлекеттердің әсерінен
өз-өзін жеп, іштей тынып, үмітсіздікке бас имейді. Ұлы
Жаратушысының құлын жақсылықпен де, қиыншылықпен
де сынайтынын білгендіктен:
«Алла Тағалам, маған са
быр бер! Сауабыңа кенелейін»
деп, келешекке деген
үмітін қанат етіп, қайрат-жігерін қамшылайды. Басына
келген айықпас ауруға:
«сау болғанда бәлкім Аллаға де
ген мұқтаждығымды ұмытып, әр түрлі күнәға батар
ма едім? Бәлкім, Алла маған сауап жинаудың, Өзіне
жақындаудың жолын осылай берген шығар. Ендеше, ауру
ларым күнәларыма кәффарат болар»
деп, сынық көңіліне
медет табады. Мал-мүлкін жоғалтып алса, яки басқа
біреудің қолында кетсе:
«Алла Тағала менің тағдырыма
жазбаған ғой, бұйырмаған екен, барлық мал-мүліктің
шынайы иесі – Ұлы Жаратушым Сен өзіңсің, қалағаныңа
бересің, қалағаныңнан аласың»
деп, Ұлы Иесінің алдында
басын барынша иіп, әр нәрсенің Оның қалауымен ғана бо
латынын жадында тағы бір рет жаңғыртып, түгесілмес са
уабы мен жәннаттағы мәңгілік сый-сияпатынан үміт етеді.
Себебі, сабыр сақтап, шүкір еткен құлдың мына дүниеде
жоғалған пәни мал-мүлкі ақыретте мәңгілік мал-мүлікіне
айналып, жәннат төрінен менмұндалап тұрады.
Жобасын жасап, жеті рет өлшеп, бір рет кескен
ойындағы ісі, армандаған мақсаты орындалмай қалса,
Ниса сүресі/79.
«қайырлысы болсын» деп, сабыр танытады. Ал тағдырға
иманнан нәсібін ала алмаған байғұс жандар басына түскен
жоғарыда айтылған қиыншылықтар мен пәлекеттерге:
«Неге бұлай болды, қап, әттеген-ай»,
– деп санын сабалап,
айналасынан кінәлі пенделерді іздеп, басын тастан-тасқа
ұрып, өмірден түңіліп, үмітсіздіктің қараңғы әлемінде
тұншығып жатады.
Тағдырға иман ержүректік пен
батылдыққа бастайды.
Басына не келсе де, Алланың рұқсатымен, қалауымен
келетініне бек сенген жанның бойына ерекше батылдық
бітеді. Ар-намысын таптауға төніп келген дұшпаннан ота
нын, дінін, халқын қорғау үшін ерен ерлікпен шайқасады.
Ажалының алдын ала Ұлы Жаратушысы тарапынан
белгіленгенін білгендіктен
«тағдырымдағы өлімім қай
жерде, қай уақытқа белгіленсе, міндетті түрде сол
жерде, сол мезетте өлімді татамын, жазмыш ажалым
мұндай қасиетті соғыста емес, үйде жылы төсекте
жатсам да келіп жетер»
«алғалап»
ұран тастап, жау
жүрегін аузынан шығарады.
Белгілі бір пайдалы іске кірісер болса, алдымен,
барлық қолынан келер қажетті іс-шараларды атқарып,
керекті себептерді орындағаннан кейін,
«тағдырыма
жазылғанын, бұйырғанын, Алланың қалағанын көрерміз,
жазмыштан озмыш жоқ»
деп, тәуекелге бел байлай
ды. Шегіншектеп, қорқу тағдырға сенген жанның пәк
дүниесіне аяқ баспайды.
Тағдырға иман қанағатқа тәрбиелеп, көре
алмаушылық пен қызғаныштан сақтайды.
Барлық адамның бұл дүниеде дәм татар рызық-
несібесі алдын ала Ұлы Жаратушысы тарапынан
белгіленгеніне иман еткен жан өзіне жүктелген
міндеттерін, қолынан келер барлық себептерді
атқарғаннан кейін Жаратқанның берген үлесіне ризалық
білдіріп, қанағатты пір тұтып, басқалардың мал-мүлкіне
сұқ көзбен қарап, пәк жүрегіне қызғаныш сезімін қонақ
Тағдырға иман адамды жүйелі жұмыс істеуге,
әрбір ісін тап-тұйнақтай атқаруға тәрбиелейді.
Жаратылыстағы әр нәрсенің арнайы есеппен, белгілі
жүйемен жұмыс істеп тұрғанын көріп, одан сабақ ала
білген жан әрбір ісін тап-тұйнақтай атқаруға, жоба-
жоспарсыз ешбір істі бастамауға тырысады. Жүйелілік
оның табиғатына сіңіп, тұрақты мінезіне айналады.
Өмір өзендей аққан бойы өтіп жатыр. Үйреншікті
күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пәни
дүниенің қамын жеп, өздерінің мына дүниеге қайдан, не
үшін келгендерін, қайда баратындарын ұмытқан. Бәрі
сағым қуғандай бір арманнан екінші бір арманның, бір
белестен екінші белестің ізіне түсуде. Біріне енді жеттім
дегенде, екіншісі анау жақтан мен мұндалап тұрады. Бірақ
адам бәрібір тоймайды, бәрібір қанағаттанбайды. Енді
асыл арманыма, аңсаған мақсат
-мұратыма жеттім деген
де, өлім оны өкшелеп жетеді. Сөйтіп, адам мына пәнидің
алдамшы қызылына қызығып, қайран бір ғұмырды жоқ
етеді.
Бұл күнде адамдар өмірдегі өзіне жүктелген мінде-
тін орындау үшін тамақ ішпейді, керісінше, тамақ ішу
үшін өмір сүреді. Яғни, өмірдегі мақсаты – қарын тойды
ру. Ойланғанға екеуі екі бөлек. Тамақты мақсат ететіндей
ғаламдағы ең саналы жаратылыс – адамның осындай
мағынасыз жаратылғаны ма? Сонда адамның құрсағын
тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, университетте бес-
алты жыл оқып, сол бір қарнының қамы үшін өтірік пен
өсек айтып, басқаны қызғанғаны ма? Сол үшін қан төгіп,
жауласқаны ма? Сонда адам бар ғұмырын құрсақтың қамы
үшін арнайтындай осыншама төмен деңгейге түскені ғой...
Жо-жооқ, әлемдегі ең саналы, ең кемел жаратылыстың
әсте мұндай төмен болуы мүмкін емес. Мал екеш малдың
өзін алып қарасақ, әрқайсысының белгілі бір мақсат
үшін жаратылған көреміз. Қорадағы мөңіреген сиырдың
да өзіндік міндеті бар. Таңертең өріске барып, кеш ауа
желінін сыздата аппақ сүт әкеледі. Кім үшін? Адам үшін.
Ара да таңның атысы, кештің батысымен мыңдаған
гүлдерге қонып жүріп, кешке улы денесінен шипасы мол
бал тарту етеді. Демек, бұл өмірдегі әрбір жаратылыс
иесінің өзіндік міндеті бар. Олар саналы болмаған күннің
өзінде сол міндетін мүлтіксіз орындауда. Ал ең көркем
жаратылыс иесі адамның міндеті не? Ол сиыр, ара сияқты
денесінен басқаға пайдалы бір нәрсе шығара ма?
Иә, ең көркем жаратылыс иесі адамның да өз сана
сы мен абырой-дәрежесіне қарай өзіндік үлкен міндеті
болға тиіс. Егер адамның да өзіндік орны мен міндеті
болмаса, онда оның кім болғаны? Жай ғана асхана мен
дәретхананың ортасында жүріп, ас қорытып-шығарудан
аспайтын жанды аппарат болғаны ма?! Жо-жооқ, әсте олай
емес! Ең кемел жаратылыс иесі адамның өзіне тән жоғары
міндеті бар. Ол міндет бәрінен де жоғары, аса абыройлы
міндет.
Ол – өзін жоқтан бар еткен құдіреті шексіз Ұлы Жа
ратушыны тану. Ол − күллі жаратылыс атаулының бойы
нан Алла Тағаланың тіл жетпес шеберлігі мен ұлылығын
көріп, Оның құдірет-күшінің алдында таң қала бас иіп,
құлшылық жасау.
Ол − өзіне тегін берілген сансыз жақсылық, нығметтер
үшін Ұлы жаратушы Иеге алғыс-рақметін білдіріп, Оның
алдында мәңгілік қарыздар екенін сезіну.
Бұған қоса табиғатындағы қызғану, сабырсыздық,
жалқаулық, қанағатсыздық сияқты жаман қылықтардан
арылып, бойындағы асыл қасиеттерді шыңдап, сан алуан
сезімдерін кемелдендіріп, әр түрлі қабілеттерін жетілдіру
«кәміл адам»
тұғырына көтерілу. Сөйтіп,
күйінде о бастағы асыл мекені – Жәннатқа оралу.
Хақ Тағаланың ризашылығына бөленіп, ондағы мәңгілік
бақытқа, бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген, ақыл
ойлап елестете алмаған Ұлы Жаратушысының өлшеусіз
ғажайып сый-сияпатына қауышу һәм бұның бәрінен де
қымбаты − жұмақта Алла Тағаланың аса көркем дидарын
тамашалап шексіз ләззатқа кенелу.
Хақ тағалаға деген құлшылықтың мәні
Күллі жаратылыс атаулы − Алла Тағаланың құдіреті
мен құзіретін, шеберлігі мен шексіздігін, өлшеусіз ілімі мен
теңдессіз ұлылығын танытар жеке-жеке құдайылық мөр.
Біз осыларға қарап Оны таныдық, әлі де тану үстіндеміз.
Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Мен жындар мен адам ба
ласын «тек қана (мені танып), маған ғибадат етсін»
деп жараттым»
Демек, Алла Тағала бізді бұл дүниеге Өзін мына
жаратылысқа қарап тапсын, танысын, білсін, құдіретінің,
шеберлігінің, ілімінің алдында таң қалып, бас исін,
құлшылық етсін деп жіберген. Мысалы, кез келген атақты
суретшінің табиғатты өрнектеген суретіне қарап таң
қалып, тамсана таңдай қағамыз. Оның өнерін, шеберлігін,
талантын мойындап, оған мақтау айтамыз. Тіпті сол
суретшімен бір сәт бірге болуды мәртебе санап, суретке
түсіп жатамыз. Ал, енді сол суретшінің салған суретін бір
сәт бағалап көрелікші!... Өспейді, өнбейді, төрт мезгілде әр
түрлі құбылысқа енбейді, ағаштары жеміс бермейді, сула
ры ақпайды, құстары сайрап, балықтары жүзбейді. Міне,
біздер осындай жансыз, жасанды, көшірме суреттерге
қарап таң қалып, таңдай қағып жатамыз. Бірақ сырттағы
көркемдігі ғажап мына шынайы әлемге көңіл бөлмейміз.
Ондағы жұпар исі аңқыған сан алуан гүлдерді, әр түрлі
жеміс-жидегін шашу еткен ағаштарды, құрлық пен теңізді
Зарият сүресі 56-аят.
ендеген сансыз қасиетке ие жанды-жансыз атаулыны,
көздің жауын алар жасампаздыққа тұнып тұрған жалпы
табиғатты жаратқан негізгі Ұлы Суретшіні, шебер Жа
ратушыны елемеуге бола ма? Саналы адам үшін нағыз
мақтауға ие сол Жаратушы емес пе? Қалай ғана Оның
құдіретінің, шеберлігінің, ұлылығының алдында таң
қалып, Оған мадақ, мақтау айтпастан жайбарақат жүре
аламыз?! Неліктен ғибадат, мінәжатымыз арқылы Ұлы
Құдіретпен бірге болуды өзімізді мәртебе санамаймыз?
Ендеше, адам баласының ең басты міндеті – Ұлы
Жаратушыны тану. Оның ұлылығын дәріптеп,
«Аллаһу
әкбар», «Алла Тағалам сен қандай ұлысың!»
деп бас иіп,
мадақ айту.
Иә, Оның құдіреті мен құзіретінің, шеберлігі мен
шексіздігінің, өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығының
алдында таң қала бас иіп, мақтау айту – құлшылықтың
Намазымыздың әр рәкатында үнемі оқылатын
«Фа
тиха»
сүресіндегі:
«Бүкіл мадақ та, мақтау да тек қана
бүкіл әлемнің Раббысы − Аллаға тән»
деудің мағынасы
да осы болса керек.
Құлшылықтың тағы бір мәні – Ұлы Жаратушы та
рапынан бізге тегін тарту етілген сан жетпес жақсылық,
ризық, нығмет үшін алғысымызды ғибадат арқылы
білдіріп, Оның алдында қарыздар екенімізді мойындау.
Жан-жағымызды қоршап жатқан күллі болмыс атау-
лы тек қана біз үшін жаратылған. Алла Тағала өзінің шек-
сіз құдіретімен оларды әлсіз, дәрменсіз адам баласының
қызметіне бас идірген. Алып табиғат денелерін Ұлы Жа
ратушы өзі бас идірмесе, оларды күшпен бағындыруға
адам баласының қауқары жетпесі даусыз.
Арайлап таңның атуы, алаулап күннің батуы кім
Жосылып бұлттың көшуі, еркелеп желдің есуі кім
Сылдырлап аққан өзен мен буырқанып тасыған теңіз
Қойнауы қазынаға толы асқар таулар кім үшін?!
Етімен, сүтімен, терісімен, жүнімен өрісте жүрген
жан-жануар атаулы кім үшін?!
Жан-тәнімізді сүйсінтіп, өне бойымызды толқытып,
ән салатын, тоты, бұлбұл жыршы құстар кім үшін?!
Жұпар исін аңқытып, көздің жауын алатын, сан алуан
түсті гүлдер мен балдай тәтті жеміс-жидек кім үшін?!
Алып Күн денесінің жылуы мен жарығы кім үшін?!
Бір ғана жауап − бәрі де біз үшін. Бәрі де адам баласы
үшін. Бәрі де ардақты жаратылыс иесі адамзат үшін.
Әр ай сайын қолданған ыстық, суық суымыз бен
жаққан электр шамымыздың ақысын төлеп жатырмыз.
Ал, көзімізді ашқаннан бері бізге жылуы мен жарығын
күлімдей төккен күннің Ұлы Иесіне қандай ақы төледік?!
Төле деп талап еткенде немізді төлер едік?! Ендеше
адамның міндеті тек қана ішіп-жеп, тайраңдау емес, осы
ларды тегін берген Ұлы Жаратушысына алғыс білдіріп,
құлшылық жасау.
Дана Абайдың:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті», - деуі де
сондықтан.
Ендеше, бізге сүйіспеншілікпен қарап, таусыл
мас қымбат нығметтерді сыйлаған Ұлы Иемізге біз де
сүйіспеншілікпен қарап, бас иі
п, алғысымызды ғибадат
арқылы білдіруіміз – ұмытылмас міндетіміз.
Адам дене мен рухтан тұрады. Денемізді күн сай
ын ішкен-жеген тамағымыз арқылы қоректендіреміз. Ал
рухты немен қоректендіреміз? Рухымызды және оның
мазасыздығын дамыған ғылым да, шарықтаған экономи
ка да, сәт санап өркендеген мәдениет те қанағаттандыра
алмайды. Адамның төрт түлігі сай болып, жегені май
болса да, бәрібір оған бір нәрсе жетпей тұрады. Өйткені
оның сұрағаны заттық емес, рухани болмақ. Демек,
материалдық денеміздің материалдық қорек талап еткені
тәрізді, рухымыз да рухани қоректі талап етеді. Олай болса,
рухымыздың, жан дүниеміздің қорегі – біздің намазымыз,
оразамыз, жалпы күллі ғибадатымыз.
«Рағд»
сүресінде:
«Біліп қойыңдар! Жүректер тек қана Алланы еске алу
арқылы жай табады»,
- деп ғибадат жасаған уақытта
ғана рухымыз еркін тыныс алып, жүрегіміз жай тауып,
жан дүниеміз тыныштыққа, шексіз рахатқа қауышып,
ерекше ләззатқа бөленетінін білдіреді.
Нұсқа айтсақ, ғибадат – рухымызға қорек, жүрегімізге
шипа, денемізге саулық, ақылымызға туралық, ерік-
жігерімізге қуат, сезімдерімізге кемелдік, әлсіздігімізге
сүйеніш сыйлайды. Ғибадат – өмірімізді ретке келтіріп,
күнәлардың батпағына батудан, рухани ластықтан
сақтайды.
Ғибадатымыз – екінші дүниемізге жинаған азығы-
мыз, мәңгілік дүниеде бақытты болудың бірден-бір жолы
да сол.
Ғибадатымыз – бәрінен бұрын Ұлы Жаратушының
бізге жүктеген ең ұлы парызы.
Ғибадатымыз – иманымыздың белгісі, әлсіздігіміз-
дің, мұқтаждығымыздың, шарасыздығымыздың,
қысқасы, құлдығымыздың нышаны.
Біздің Аллаға бас июіміз – басқаға бас имейтіндігіміз
үшін берілген шынайы антымыз бен сертіміз. Өйткені
біз Аллаға құл болған кезде ғана нәпсіге, дүниеге жалпы
барлық басқа жалған құлшылықтардан құтыламыз.
Тәніміз сәждеде барынша кішірейген сәтте, рухымыз
Ұлылардың Ұлысына самғай ұшып, көтеріліп жатады.
Шүкір – жаратылыстың сыры, шүкір – дүниенің
мәйегі, шүкір – адамдықтың рәмізі, шүкір ету – пенденің
ең үлкен міндеті. Шүкір – жақсылық иесіне жақсылығы
үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның алдында бас иіп,
алғыс-рахметіңді білдіру.
Міне, жаратылыста шүкір осыншалықты маңызды
бола тұра, өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен
мақұрым. Құран Кәрім бұл шындықты:
арасында шүкір етушілер өте аз»,
- деп ескертеді.
Иә, адам баласы кішкене ойланып-толғанса, өзін
қоршаған қай нәрсенің болмасын Алла тарапынан ар
найы әзірленіп, адам баласының қызметіне ұсынылғанын
түсінері сөзсіз. Тіпті, өзінің жоқтан бар етіліп, тіршілік
иесі болуының өзі баға жетпес нығмет. Бірақ, өкініштісі
бұл нығметтің қадірін жете түсініп, Жаратушысына деген
шүкірінен жаңылмайтын тіршілік иесі өте аз.
Мысалы, суға батып бара жатқан адамды әлде бір кісі
құтқарып қалса, өміріне себеп болған әлгі адамға: «Мен
саған бұдан былай қарыздар болып өтемін, - деп оның ал
дында құрақ ұшады. Істеген бір ғана жақсылығы үшін бас
иіп, өмір бойы ізет білдірері сөзсіз. Ал енді бізді жоқтан
бар етіп жаратып, әр ауа жұтып, тыныс алған сайын бізді
бір өлімнен құтқарып, бір өмір сыйлаған Жаратушы
мызды ұмыт қалдырып, жақсылығы үшін алғысымызды
білдірмеуіміз дұрыс па?
Ұлы Жаратушымыздың адамға берген жақсылық,
нығметтері шексіз. Құранда:
«Егер Алланың сендер
ге берген нығметтерін санасаңдар, санап тауыса
алмайсыңдар»,
- делінеді.
Біз, адам баласы, денсаулықтың, әрбір он екі
мүшеміздің баға жетпес нығмет екенін ойлап, қадірін
түсіндік пе? Оларды бізге тегін берген Раббымызға
рақметіміз бен алғысымызды білдіріп, Оған қарыздар
екенімізді сезіндік пе? Шындығында, бізге бұл сұраққа
жауап беру оңайға соқпаса керек.
Егер біреу бізге көп ақша берсе, оған рахметімізді
жаудырып, алдында құрақ ұшамыз. Ал, енді бір қолымыз
шолақ болса, мейлі миллиардтаған жыл жұмыс істеп,
триллион ақша тапсақ та, Алланың бізге тегін берген
сау қолын сатып ала аламыз ба? Сатып ала алмасақ, неге
біз триллион ақша жұмсап қол жеткізе алмайтын әрбір
мүшемізді бізге тегін сыйлаған Ұлы Жаратушымызға
алғыс-рақметімізді білдірмейміз? Неге
«Аллаһу әкбар»
деп сәждеге бас ұрмаймыз?
Иә, тіпті ішкен-жеген асымызды табиғи жол
мен сыртқа шығарудың өзі де Ұлы Иеміздің үлкен
жақсылығы. Оның қадірін ұғу үшін ауруханалардағы
бұл нығметтен мақрұм жандарды барып көріп, атал
мыш нығметтің қадірін түсінейік! Түсініп, Раббымызға
қарыздар екенімізді шын жүректен сезінейік!
Осыншама жақсылықтың, ырыс-берекенің
алғысы
деген тіліміздің ұшымен айтылатын
үйреншікті сөзбен шектелмейді. Ұлы Иемізге деген шы
найы алғысымыз бен махаббатымыздың белгісі – Оның
бұйырған әмірлерін
деп, айна-қатесіз орындап,
міндеттеген ғибадаттарын қадари халімізше толық атқару
мен тыйымдарынан түгелдей тыйылу.
Көбіне біз рахметімізді, алғысымызды шынайы Ие-
сіне емес, жолдағы түкке тұрғысыз себептерге білдірумен
ғана шектеліп жатамыз. Қалайша дейсіз бе? Базардан бір
алма сатып алдық делік. Сатушыға рахметімізді айтып,
қолына ақшасын ұстатамыз. Бірақ сол алманы
жесін»
деп көз тартар сұлу пішінде жаратып, аузыңнан
сілекейіңді ағызар тамаша дәм мен мұрныңды жарар кере
мет жұпар иіспен безендіріп бізге жіберген, яғни алманың
шынайы иесі – Алла Тағалаға шүкірімізді, рахметімізді
білдіріп, Оған деген қарыздығымызды сезінеміз бе?
Сатушының қолына ұстатқан азды-көпті тиын-
тебенді алманың құны деп ойламаңыз, ол тек сатушының
еңбегі ғана. Себебі, алманың өз құны өлшеусіз. Ол
бағамен өлшенбейді. Неге дейсіз бе? Егер алма жоқ болса,
оны өсіру үшін дәнегін қайдан алар едік? Миллиардтаған
қаржы жұмсап, жоғары деңгейдегі зертханаларды құрсақ
та алманың бір түйір дәнін жасай алар ма едік? Тіпті дәні
бар болған күннің өзінде оның өсіп жетілуіне керекті
Күнді, ауаны, топырақты, ондағы әр түрлі минералдар
ды қайдан табар едік Бүкіл әлем жиналса, алманың өсуі
үшін керекті суды, ауаны жасай алмайды. Енді осы алмаға
керекті күн, ауа, топырақ, су сияқты қажетті заттардың баға
жетпестігін ескере отырып, алманы бағалап көрейікші...
Иә, біз көбіне жаратқанды ұмытып, ортадағы себеп
терге ғана алғысымызды білдірумен шектеліп жатамыз.
Бұл ісіміздің қаншалықты әділетсіз екенін білу үшін мына
мысалға назар аударайық.
Патша қызметшісі арқылы біреуге бағалы сый
жіберді делік. Әлгі адам сыйлықты ала салысымен
рахметін үйіп-төгіп патшаның қызметшісіне айтып,
сыйды тарту еткен патшаның өзін елемесе, оның бұл ісі
қаншалықты жөнсіз болар еді. Бұл тұста нағыз алғыс
айтуға лайық жан қызметші емес, патшаның өзі емес
Мінәжат
Ғұмырын осы уақытқа дейін
босқа өткізіп, жүрегі ақиқат шуағына
кейінен ғана оянған бір пенденің
Уа, Жаратушы Жаппар Ием – Хақ Тағала!
Құлың саған келді бас иіп, тәуба тілеп. Медет тілері
бар ма оның Сенен басқа? Құлың адамдық тізгінін
нәпсінің қолына ұстатып, әр бұрышта тұзақ құрып, айла
ойлаған ібілістің құрығына шалынды. Дүниенің жылты
рына алданып, пендешіліктің батпағына малынды. Енді
міне, күнәларын арқалаған бойы бір қызарып, бір сазара
ұялған күйі Саған келді. Өйткені Сен – мейірімділердің
ең мейірімдісі, рақымдылардың ең рақымдысы,
кешірімділердің кешірімдісісің.
Рахман Ием! Құлың қанша күнәға батса да, «бір күні
келіп, Сенің ұлылығыңның алдында бас иемін» - деген
көкірегіндегі үмітін жоғалтпады. Өйткені ол күнәсінің
қанша үлкен екенін білсе де, Сенің кешіріміңнің одан да
үлкен, шексіз екеніне бек сенді.
Алла Тағалам!
«Раббым − тек Сенсің»
дедім, сөйте
тұра нәпсіме, дүниеге құлдық ұрдым.
Жаратушы Ием! Ақырет дедім, сөйте тұра дүниені
таңдадым. Мәңгілік дедім, сөйте тұра пәниді артық
көрдім.
Жаппар Ием! Сенің:
«Уа, құлдарым, шайтан сендердің
ашық дұшпандарың»
деген рақымға толы ескертулеріңе
құлақ аспай, Ібіліспен қоян-қолтық дос болдық, жо-жоқ,
дос қана емес, тіпті, ажырамас сырлас болдық. Тіпті, кей
тұста шайтан бізді емес, біз шайтанның өзін азғырдық.
211
Раббым! Мен Сені басыма бір қиыншылық түскен
сәтте немесе ауру-сырқауға ұшырап, тығырыққа
тірелген мезетте ғана іздедім. Сол кезде ғана Саған деген
мұқтаждығымды мойындап, құдіретіңе бас идім.
«Раб
бым, егер осыдан бір құтқарсаң, Сенің адал жолыңда
жүрер едім»,
- деп Өзіңе сан рет уәде бердім. Сөйтіп,
қиыншылықтан құтылған сәтте, Сені еске алмастан баяғы
әдетімше кердеңдеп кете бардым.
Жаратқан Ием! Сен маған рақым етіп, ырыс-
берекеңді төккен сайын, Өзіңе қарыздар екенімді сезініп,
маңдайымды сәждеге қоюдың орнына, тайраңдаған сай
ын тайраңдай түстім. Сенен алыстаған сайын алыстап,
күнәға белшеден баттым. Істеген әр күнәма өзімізше ақтау
айтып, мың түрлі сылтау іздедім. Жүрегімнің қарайып,
күнәға етімінің үйренгені соншалық ауыр күнәлардың
өзін елемейтін болдық.
Күллі ғаламды мейіріміңмен тербеткен Рахман Раб
бым! Сен не деген кешірімді, не деген мейірімдісің?
Мен қанша күнә істеп, жүрегім қарайып, қараңғылыққа
құлдиласам да, Сен мені дереу жазалап, тас төбеме
азабыңды жаудырмай, тәубе етуім үшін ғұмыр сыйлап,
адам болуым үшін мұрсат бердің.
Уа, Алла Тағалам! Ертең Сенің алдыңа барғанда:
«Құлым! Мен үшін не істедің?»
деген сұрағыңа не деп
жауап беремін? Дүниедегі қай амалымды бір ғана Сенің
разылығың үшін істедім дей аламын? Қу құлқынның
қамын күйттеген істерімді ме? Әлде сол бір құлқынның
қамы үшін айналамдағыларға жасаған қулық-айла, ұрыс-
жанжалымды ма? Жоқ әлде мына бес күндік дүние үшін
құраған қилы-қилы жоспарларымды ма?
Раббым! Сенің алдыңда бір-бірлеп тұрып есепке тар
тылар Махшар күні менің жағдайым не болмақ? Ол күні
жан біткеннің жүрегі дүрсілдеп, ақ тер, көк терге түсіп,
ана баладан, бала әкеден қашып, күйеуі әйелінен безіп,
әркім тек өзінің қара басының қамын жеп, қиналған сол
Сенің:
«Ей, құлым! Менің саған берген болаттай
жастық шағыңды, темірдей денсаулығыңды, көл-көсір
уақытыңды, мал-мүлкіңді қайда, кімнің жолында, не үшін
жұмсадың»,
– деген сұрағыңа не деп жауап беремін?
шкімге пайдасы жоқ бос сөздер мен мағынасыз
ойын-сауыққа, күнәға толы жастық шағымды қалайша,
қалай ғана
«Алла Тағалам! Сенің жолыңда, адамзаттың
игілігі үшін»,
– дей алам?! Түкке тұрмайтын бос нәрселер
үшін өзгелермен бәсекелесіп, ысырап етуден асып-
артылмаған мал-мүлкімді қалайша, қалай ғана
«Раб
бым! Тек сенің жолыңда, кедей-кепшік, жетім-жесірдің
қамы үшін?»,
- деп Сені де, өзгені де алдай алам? Атақ-
абырой, мансап үшін атқарған қызметімді қалай ғана
«Алла Тағалам, тек сенің ризалығың мен халқымның
жақсылығы үшін»,
- дей алам?!
Қызығын көретініме көзім нақты жетпесе де пәни
дүниенің қамы үшін жанымды алып-салып күндіз-түні
тер төктім. Сөйте тұра сөзсіз келіп жететін өлім үшін, ау
зын ашып күтіп тұрған қараңғы қабір үшін, сұрағы ауыр
есеп күні үшін, жалпы мәңгілік ғұмыр үшін Өзің тегін
берген ағыл-тегіл жиырма төрт сағаттың ең болмаса бір-
екі сағатын да қимадым-ау. Ақыретте құлдың ең бірінші
сұралатын нәрсесі
демекші, осы уақытқа дейін
ананы сылтауратып, мынаны сылтауратып, дүниені
көлденең тартып, қаза еткен сансыз намаздарымның
есебін қалай беріп, сұрағынан қалай құтыламын?
Жаратушы Раббым! Мен қанша күнәһар болсам да
сенің шексіз кешірім-мейіріміңнен үміткермін. Есеп күні:
«Құлым! Сені де кештім»
деген рақымға толы ілтипатыңа
ынтызармын. Өйткені Сен – рақымдылардың рақымдысы
– бүкіл әлемдердің Раббысысың. Өйткені Сен Құрандағы:
«Ей, (көп күнә істеп) өздеріне жаманшылық жасауда
шектен шыққан құлдарым! Алланың рақымынан
үміттеріңді үзбеңдер! Алла барлық күнәларды
кешіреді. Өйткені Ол – өте кешірімді және рақымды»,
деп үміт шашқан қасиетті сөздің Иесісің.
Уа, Алланың мен секілді ертеңінен
бейғам құлдары!
Өлімнен кім қашып құтылған? Пәнилікке бас име
ген, сірә, біреу бар ма? Қайда кешегі сән-салтанатымен
саят құрып, зәулім-зәулім сарайларда ғұмыр кешкен аты
әйгілі заңғар тұлғалар? Қайда кешегі біздің көз алдымыз
да жүрген ақ сақалды қариялар мен бетін әжім басқан
ақ жаулықты әжелер? Олардан қане, кім қалды? Кім?
Кешегі олардың орнын бүгінгі біздер басатынымызды
Жастығыңның тұла бойыңды жасындай шарпып,
сарқылмастай көрінген күш-қуатын
деп ал
данба! Жалғанның жарын жағалап жүріп, күндердің бір
күнінде аңдаусыз ажалдың құрығына іліккен сәтте ғана қу
түлкідей құбылған сұм дүниеге алданғаныңды аңғарып:
«Қап, әттеген-ай, жарығы сөнбестей көрінген жалған
дүние жалт бұрылып мені де қапыда қалдырды-ау»
деп
аһылап
-үһілеп өкінгеннен не шара?!
Алла Тағалам! Мен Саған, Сенің асыл дініңе бет
бұрдым. Алла Тағалам! Қалған ғұмырымда Құран нұрынан
таймай, Сенің жолыңда, иман нұрында, тақуалықтың
ізінде жүруді нәсіп ет! Амин, Әмин!!!
ІІ КІТАП
Күллі жаратылысты Алла Тағала
жаратқан, ал Алла Тағаланың өзін кім
жаратты?
Адам баласы кез-келген нәрсені ойлаған уақытта
әдетте осы дүниеде жүретін заңдарға және көрген
нәрселеріне салыстыру арқылы пайымдайды. Мысалы,
жәннатта бір ағаш бар екен делінсе, дереу осы дүниеде
көріп жүрген кәдуілгі топыраққа, күнге, ауа мен суға
мұқтаж ағаш елестейді. Бұрын-соңды мүлде көрмеген,
бізге беймәлім бір нәрсе түсіндірілген уақытта:
ұқсайды екен?»
деп сұрақ қойып жатамыз. Демек, біз
көрмеген өзімізге таңсық нәрсені тек салыстыру жолы
арқылы ғана пайымдай аламыз. Ал Алла Тағаланы салыс-
тыру жолымен түсіну мүмкін бе? Әрине жоқ. Өйткені,
Оның мына дүниеде теңдесі әрі ұқсасы жоқ. Құранда
былай делінеді:
«Оның (Алла Тағаланың) еш теңдесі
жоқ»
, «Оған еш нәрсе ұқсамайды»
«Алланы кім жаратты?»
деген сауал әу-
бастан қате. Себебі бұл Алланы мына дүниедегі заңдарға
тәуелді жаратылыспен салыстыра ойлаудың нәтижесі.
Ал Ұлы Жаратушы өзі жаратқан ешбір жаратылысқа
ұқсамайды. Тіпті қарапайым жай суретшінің өзі,
өзінің салған суретіне ұқсамайды ғой. Өйткені, сурет
– әр түрлі бояудың қоспасы ғана. Онда суретшідегідей
басыбүтін қасиеттер жоқ. Қысқасы, шебер мен оның
қолынан шыққан туынд
ы екі бөлек нәрсе. Ендеше,
күллі кемшілік сипаттардан пәк Ұлы Жаратушы да өзі
Ықылас сүресі/4.
Шура сүресі/11.
салған мына жаратылыс суретіне, жаратқан туындысына
мүлдем ұқсамайды. Сондықтан жаратылысқа арналған
заңдарға да тәуелді емес. Мысалы, дүниеге келу үшін не
нәрсенің болсын белгілі бір себепке тәуелді екендігі анық.
Барлығымыз туылғанбыз, бізді туғандарды да біреулер
дүниеге әкелген. Яғни, барлық нәрсенің бастауы бар.
Біздің қателігіміз сол, дүниедегі осы туу, туылу және бар
болу үшін белгілі бір себепке мұқтаждық заңын Ұлы Жа
ратушымыз Алла Тағалаға да таңғымыз келеді. Ал Алла
болса, барлық туу, туылу былай тұрсын, тіршілік заңдары
жоқ кезде де бар еді. Тіпті, Алла Тағала осы аталмыш
заңдарды да өзі жаратқан жоқ па!? Ендеше, өзі жаратқан
бұл заңдарға Ұлы Жаратушының тәуелді болмасы анық.
Сондықтан
«Ықылас»
сүресінде:
«Ол еш нәрсеге мұқтаж
емес, тумады да туылмады», -
делінеді. Бейне бір
«Ей,
құлдарым, туу, туылу, сыртқы бір түрткіге зәрулік сен
дерге тән, мені ол заңдарға тәуелді етіп ойламаңдар»
деп
тұрғандай. Алла Тағаланы ешкім жаратпаған. Алла Тағала
«әзәли»,
яғни, Оның барлығының бастауы да, соңы да
жоқ – Мәңгі.
Алла жаратылмағандығы үшін Алла емес пе? Мы
салы, әскерлер бұйрықты қолбасшыдан алады. Ал
қолбасшы бұйрықты патшадан алады делік. Ал енді
«патша бұйрықты кімнен алады?»
деп сауал қоя алмай
мыз. Өйткені, патша да бұйрықты біреуден алса, онда ол
шынайы патша бола алмайды. Тағы бір мысал, мешіттегі
жамағаттың бәрі намазда бір имамға ұйиды. Ал сол имам
да басқа бір адамға ұйыса, ол имам емес, жамағаттың бірі
болып қалады. Сол сияқты Алланы да басқа бір Алла жа
ратса, онда жаратылған бірінші Алла, Алла бола алмай
ды. Өйткені, біз
«Алла»
деп о баста еш жаратылмаған,
ешкімге мұқтаж емес, жаратылғандарда жоқ мәңгілік
сияқты сипаттардың шынайы иесін ғана айтамыз.
Екіншіден, Алланы да басқа бір Алла жаратты де
сек, сол жаратқан Алланы да басқа бір Алла жаратуы
тиіс. Оны да басқа бір Алла... Міне, осылайша алғашқы
қойған сұрағымыз тізбектескен күйі шексіздікке дейін
жауапсыз жалғаса береді. Қашан еш жаратылмаған, бас-
тауы жоқ мәңгі бір Алланы қабылдаймыз, сол уақытта
жауабы табылмаған сұрағымызға нүкте қойылып, жан
жүрегіміз жай табады. Мысалы, нөл санының оң жағына
миллиондаған нөлдерді қатар қойсақ та, олардың ешбір
мәнді иеленбесі белгілі. Ал егер кез-келген бір санды
қойсақ, сол нөлдер бірден мағынаға ие болады. Дәл осы
мысалдағы сияқты барлық жаратылыс атаулының түп
негізін – бастауы жоқ, мәңгілік жалғыз Аллаға тіреген
кезде ғана, шынжырдың өріміндей бір-біріне қосақталған
сауалымыз баян табады.
Иә, адамның не нәрсесі болсын шектеулі. Көзінің
көре алатын аясы, құлағының есту қабілеті – бәрі,
бәрі шектеулі болғаны секілді оның ақыл-ойы да
шектеулі. Ал осындай шектеулі ақылмен шексіз Алла
ны қалай ғана толық түсінбекпіз? Ол – жаратушы, біз –
жаратылғанбыз. Жаратылған нәрсе Жаратушысын
толық түсінбеймін?»
деп шағым айта ала ма? Біздегі
ақыл да, жан да кейіннен жаратылған. Солай бола тұра біз
тіпті қарапайым жаратылған
«жанның»
өзін толық түсіне
бермейміз. Енді жаратылған нәрсені жете түсіне алмай
жатып еш теңдесі жоқ Ұлы Жаратушымызды қалай толық
түсінбекпіз?! Пенденің шектеулі ой-санасы Оны қалай
қамтымақ? Белгілі ойшыл Анри Бергсон былай дейді:
«Ақылдың ең соңғы тоқтамы – өзінің әлсіздігін мойын
дауы».
Рас, ақыл өзінің жетер жерін, шамасын білуі тиіс.
Сахаба Әбу Бәкір Сыддық:
«(Алла Тағалам!) Сені
толық түсіне алмауымды мойындауым – сені толық
десе, Абай атамыз:
Өзіне құмар қылған оның әмірі.
Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі
-деп түйсе, тағы
бір өлең жолдарында:
«Ақылға сыймас Ол Алла,
Тағрифқа
тілім қысқа-ақ»
110
деп, осы ақиқатқа
үлкен ой салады. Ал философ Декарт былай дейді:
– тұтастай шектеулі жаратылыс. Ал осындай шектеулі
адам шексіздікті мүлдем түсіне алмайды».
Алланың мәңгілік сипатын қабылдағысы келмеген
өркөкірек материалистер сол сипатты жансыз материяға
телімек болады. Алайда, мәңгілік сипатын шынайы Иесі
Аллаға беру бір басқа да, оны қателесіп күнде өзгеріске
ұшырап, пәнилікке бас иіп жатқан жансыз материяға беру
Абай, Қалың елім, қазағым, 153-бет. Атамұра баспасы,
Алматы 2002 ж.
Халиқ – Жаратушы, Махлұқ – жаратылыс, Дәһрі – арабша «уақыт,
заман» дегенді білдіреді. Алланы мойындамай, ақыретті жоққа
шығаратын дінсіздерге де «Дәһри» делінеді. Бұл жерде хакім
Абай «Дәһрі» сөзін «уақытша, пәни, кейіннен жаратылған» де
ген мағынада қолдануы ықтимал. Яғни, адам санасының «біліп,
түсіндім» деген нәрселері кейіннен жаратылған пәни дүниелерге
жатады. Ал Алла кейіннен жаратылмағандықтан, Оны толық
түсіну мүмкін емес дегенді меңзеп тұр. «Халиққа махлұқ ақылы
жете алмайды» дегені де сондықтан.
Тағриф – түсіндіру.
110
А.а.е, 189-бет.
Алла Тағаланы неге көзбен көре
Әсілінде, бәріміз Ұлы Жаратушыны көрудеміз.
Бірақ көру қабілеті шектеулі жалаң көзімізбен емес,
ақыл көзімізбен көрудеміз. Рас. Мысалы, түрлі жеміс-
жидектердің дәмін көзбен көру мүмкін емес, бірақ
тілімізде орналасқан дәм тату түйіршіктері арқылы
сеземіз, оларды бір-бірінен ажыратамыз. Дыбыстарды,
әр түрлі иістерді де көзімізбен көре алмаймыз. Оларды
құлағымыздың есту, мұрнымыздың сезу қабілеті арқылы
сезіп, білеміз. Міне, дәл осылай біздер жан-жағымызды
қоршап жатқан өздігінен пайда бола алмайтын мына сан
сыз таңғажайып жаратылысқа қарап, Ұлы Жаратқанның
бар екенін, бір екенін, құдіретін түсінеміз, Ендеше, Оны
ақыл көзімізбен көреміз.
«Өз басым Алланы көрген емеспін, олай болса Ол
жоқ»
деу, көру қабілеті белгілі заңдардан аса алмайтын,
көру аясы шектеулі көзіміздің әлсіздігімен қоса Ұлы
Жаратушының ұлылығы мен шексіздігін түсінбеуден
туады. Түймедей екі көзімен күллі болмыс әлемінен ада
шексіз Алла Тағаланы неге көре алмаймын деу күлкілі
нәрсе.
Көздің әлсіздігі соншалық – тікелей көру мүшесі бола
тұра ол өз-өзін көре алмайды. Ал енді осындай өз-өзін
көруге қабілетсіз көзбен
«Алла Тағаланы көре алмадым,
олай болса, Ол жоқ», -
деу қисынға келе ме?.
Негізінде айналамызда көзге көрінбейтін, бірақ бар
екендігіне еш күмән жоқ қаншама нәрсе бар. Мысалы,
адамның рухын, қуану, қайғыру сезімдерін және ақыл-
ын, әлемдегі тартылыс, гравитация күшін көзімізбен
көре алмағанымызбен бұлардың бар екендігіне ешкім кү-
мән келтірмейді. Өйткені, біз нәтижесіне қарап бұлардың
бар екендігіне көз жеткіземіз. Айталық, жүзіміздің реңіне,
даусымыздың шығу ырғағына, бет-жүзіміздің құбылуына
қарап адамның қуанғанын яки қайғырғанын білеміз. Бірақ
қуаныш пен қайғы сезімдерін көзімізбен көре алмаймыз.
Көзбен көру үшін көрінетін заттың қарсы алдыңда
тұруы және оның материалдық нәрсе болуы шарт. Де
мек, көзіміздің көруі осы тәрізді бірқатар заңдылықтарға
тәуелді. Ал Алла Тағала шектеулі әрі материалды
болмағандықтан, Оның тек қарсы алдымызда яки басқа
белгілі бір мекенде болуы да мүмкін емес. Себебі, барлық
мекен атаулы кейіннен жаратылған. Ал Алла Тағала сол
жаратылған мекендер жоқ кезде де бар еді. Міне, гәп
осында.
Олай болса, көру аясы тар, көру қабілеті кейбір
заңдылықтарға тәуелді әлсіз көзімізбен Алла Тағаланы
мына дүниеде көруіміз мүмкін емес. Демек, Ұлы Жарату
шыны көре алмауымыз – Оның жоқтығының белгісі емес,
керісінше, көз көре алмайтындай Оның ұлылығы мен
шексіздігінің, сондай-ақ біздегі көздің тым әлсіздігінің
белгісі.
Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Көздер Оны көре ал
мас, бірақ Ол көздерді көреді»
- делінген.
Алла Тағала бізді бұл дүниеге Өзін мына жаратылыс-
қа қарап, тапсын, танысын, білсін, Өзінің құдіретінің,
шеберлігінің, ілімінің алдында таң қалып бас исін,
құлшылық етсін деп, сынақ үшін жіберген. Ал енді бізге
ерекше көру қабілетін беріп бұл дүниеде өзін көрсетер
болса, бізді бұл дүниеге жіберуіндегі сын-сынақтың мәні
болмас еді.
Әл-Әнғам сүресі/103.
Алла Тағала неге адамдарды бай-кедей етіп
жаратқан. Оның сыры неде?
Байлық – мұрат емес,
Кедейлік – ұят емес.
Ең алдымен, бұл бес күндік пәни дүниенің адам
зат үшін үлкен
«сынақ мекені»
екенін бір сәт естен
шығармауымыз қажет.
Сондай-ақ, ақыретті есепке алмастан тек қана осы
пәни дүниенің күрмеуге келмейтін қысқа өлшемдерінің
шеңберінде мұндай сұрақтарға жауап беруге тырысу да
бос әурешілік. Ондай жағдайда сұрағымыз да тұщымды
жауабын таба алмай, бейнебір мағынасы аяқсыз қалған
кітап яки екінші бөлімі көрсетілмей қалған фильм іспетті
жарымжан күй кешері даусыз.
Алла Тағала өзі қалаған кейбір пенделерін мал
мүлік, байлық, дәулетке кенелтіп, қайсыбіріне кедейліктің
қамытын кигізеді. Бұған қоса, адамның білімінің,
тәжірибесінің, еңбегінің де байлыққа қол жеткізу үшін
керекті себеп екенін ұмытпағанымыз жөн. Бірақ бай
болу үшін адамның бұл қасиеттерге ие болуы жеткілікті
емес. Өйткені, Алла Тағала дүние
мүлікке ие болудың
барлық себептері мен шарттарын орындап, күндіз-
зыр жүгірген адамға байлық бермеуі де мүмкін. Яғни, бұл
тұста пешене, рызық мәселелерін де ескерген жөн.
Әрбір адам мол рызыққа, несібеге жету үшін
қолынан келер бар іс-әрекетті жасауы тиіс. Сосын
Раббысының нәсіп еткен азды-көпті үлесіне разы бо
лып, соған қанағат етуі ләзім.
Байлықты әрдайым Алланың құлдарына берген
жақсылығы деп түсінбеуіміз қажет. Әсіленде, Оның
құлдарына берген байлығы да, кедейлігі де – сынақ. Құран
«Сендердің малдарың да, бала
шағаларың
да сынақ ретінде берілді»
112
делінеді. Байлыққа қол
жеткізу – бақытқа кенелу деген сөз емес. Бай бола тұра,
жан дүниесі байыз таппай бақытсыздықтан басы қатып,
тіпті, өздеріне қол жұмсаған адамдар да аз емес. Қаншама
байлар кедейдің бір күнгі алаңсыз бақытты өміріне зар,
тіпті сол бақытты бір-ақ күн үшін барлық дүниесін бере
салуға пейіл. Қара нан мен қара шайды қайғысыз ішкен
қанағатшыл кедейдің қол жеткізген рахаты мен ләзззатын
дәулетті кісілердің көбі небір тәтті мен дәмдіні жесе де,
қол жеткізе алмай жатады.
Бірақ, кедейлікті де бақытқа жетудің төте жолы деп
түсініп қалмайық. Кедейліктің салдарынан басын тастан
тасқа ұрып, өмірден түңілген жандар да қаншама. Демек,
байлық та, кедейлік те адамды бақытты ететін негізгі се
бептер емес. Себебі, адам тек асқазаннан ғана тұратын
жаратылыс емес. Оның рухы, жүрегі, ішкі сезімдері, ар
ожданы бар. Негізінде адам баласын басқа жаратылы
стардан үстем ететін ерекшеліктері де адамның, міне, осы
жақтары. Адам баласының осы ішкі рухани жан-дүниесі
қанағаттандырылмайынша, бүкіл әлемді жалғыз өзі уы
сында ұстаса да, оның бақыты бәрібір баянсыз, күлкісі
жалған.
Шынтуайтында, әр адам жағдайы өзінен жоғарыға
емес, өзінен де нашар адамдарға қарап өз жағдайына
қанағат етуді, шүкіршілік жасауды ғұмырының негізгі
112
Тағабун сүресі/15.
ұстанымы ете білсе, өмірден опық жемейтіндігі ақиқат.
Мысалы, кез-келген адам өзінен де жағдайы жақсы адам
ды өмірде кездестірері шындық. Сонда әлгі адам өз басына
жетерлік жағдайы болса да, ана адамға қарағанда өзінің ке
дейлеу болғанын ойлап, ішін әлдебір қызғаныш тырмалап,
өз-өзін кедей санап, Құдайға назалануы мүмкін. Ал ана
бай өзінен де бай басқа адамды көріп, ол да бәсекелестік
пен қызғанышқа шырмалуы ықтимал. Алайда, өздерінен
де төмен жағдайдағы адамдарға бір сәт көз тастап, өзіне
берілген жақсылықтарға ой жүгіртсе, Құдайға мұң шағуды
қойып, шүкіршілікке бет бұрар еді. Адам көбіне есепсіз
Құдай Тағаланың берген теңдесі жоқ өз бойындағы
байлықтан хабарсыз. Зағип адам ешқашан үйдің тарлығын
айтып шағымданбайды.
«Япырай, «көз»
деген, айна
лайын, басқа ешбір байлықпен өлшенбейтін Құдайдың
берген керемет сыйы екен ғой, мен мұны неліктен ерте
сезінбеді екенмін» деп Құдайдан жатса да, тұрса да басқа
дүниені емес, тек көзінің айығуын тілейді. Ашаршылыққа
душар болған жұрт та
«шіркін, бір үзім нан болса ғой»
деп
аңсайды. Ол алтын мен күмісті яки жақсы машинаны емес,
тек соны тілейді. Демек, кедейлік пен байлық адамның өз
жүрегіндегі «қанағат» сандығында жатыр. Байлық та,
кедейлік те өзгелерге қарап өлшенгендіктен, бұлардың
бәрі салыстырмалы түрде болмақ. Пайғамбарымыз бір
хадисінде:
«Өздеріңнен көп берілгендерге емес, аз
берілгендерге қараңдар! Сонда ғана Алла Тағаланың
сендерге нәсіп еткен нығметтердің қадір-қасиетін
113
десе, басқа бір хадисінде:
«Нағыз
113
Муслим, Китабуз-зуһд. Бухари, әр-Риқақ. Бухаридегі риуаятта
былай делінеді: «Сендерден де көп дүние берілгендер мен жа
ратылыстары сендерден де артық болғандарды көрген уақытта
өздеріңнен де төмен болғандарға қараңдар!». Және қараңыз: Әбу
Зәкария Мухиддин Иахия Ән
Нәуәуий, Нузһатул
Муттақин, 1
том,
бет. Муәссисәтур
Рисәлә, Байрут 1991ж.
байлық мал-мүліктің көптігінде емес, жүректің,
жан дүниенің кеңдігінде»
114
деп шынайы байлықтың
мән-маңызын дәлме-дәл ашып берген.
Иә, қанағат – түгесілмейтін қазына. Қанағатсыз адам
қанша бай болса да, дүниеге тойымсыз келеді. Өйткені,
ондай адамның ішкі дүниесі кедей. Ал қанағатшыл адам
қара нан жесе де, дүниесі түгел. Себебі, оның жан дүниесі
Ыбырай Алтынсариннің
«Сақып»
атты мына бір
қысқа әңгімесі осы айтқанымызды дөп басып суреттеген
«Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп,
ақырында әл кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір
күні етігі болмаған соң жалаңаяқ далада жүргенінде,
аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жа
тып, екі аяғы жоқ ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге
жолықты. Мұны көріп, Сақып аһ ұрып айтты дейді:
Әй, Құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір
саған – менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа; мынау
балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та
болса жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау деді,-
дейді»
115
«Алла Тағала барлық құлдарын неліктен бірдей
бай етіп жаратпаған?»
деу де орынсыз. Өйткені жал
пы жаратылыстың өзі позитив және негативтік жүйеден
құралған. Токтағы минус-
плюс, бұлттардағы негатив-
позитив ағымдары және қатты
жұмсақ, суық
жарық, әйел-
еркек сияқты көптеген мысал
келтіруге болады. Міне, осы кереғар заңдылықтар арқылы
жалпы ғаламда тамаша үйлесімділік, керемет жүйе
114
Хадисті Имам Муслим жеткізді.
115
Ыбырай Алтынсарин, Таңдамалы шығармалары, 125-бет.
сақталуда. Олай болса жалпы ғаламның негізгі бір бөлшегі
саналатын адамзат та ғаламдағы осы кереғар заңдылыққа
бағынуы тиіс. Сөйтіп қоғамның біртұтастығы, өзара
үйлесімділігі сақталады. Қоғамдағы әрбір тұлға басқа
бір тұлғамен бірігіп селбескенде ғана өз қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді. Барлық адам басшы болып кетсе, кім
кімге басшылық етіп, кім кімге жұмыс істемек? Міне,
сондықтан қоғамда біреуі басшы болса, екінші бірі соған
тәуелді жұмысшы, енді бірі дәрігер болса, басқа бірі ау
ырып ем қабылдайды. Бұлардың бәрі табиғи түрде Ұлы
Жаратушының қойған белгілі заңдылықтарымен жүзеге
асып жатады. Сондықтан бір адамның бай, екінші бір
адамның кедей болуы – табиғи нәрсе болумен қатар,
жалпы ғаламдағы Ұлы Жаратушының қойған кереғар
Барша адам бірдей бай немесе кедей болсын деу –
барлық адам бірдей басшы яки бәрі ер кісі немесе түгел
әйел болсын дегенге саятын күлкілі жайт. Осы жобалас істі
жасамақ болған кешегі коммунизмнің немен аяқталғаны
бәрімізге белгілі.
Түптеп келгенде, Алла Тағаланың адамға байлықты
беруі де, бермеуі де игі һәм қайырлы. Адам егер берілген
мал
мүлік, дүниені жақсы жолда жұмсап, сол байлықты
берген оның шынайы Иесіне үнемі шүкір етіп, кедей
кепшіктерге қол ұшын созып, ғұмырын ізгілікпен,
қайырымдылықпен өрнектей білсе, онда байлық ол адам
үшін әлбетте қайырлы. Алайда байлықтың буына мас-
танып, оны берген Жаратқанды естен тарс шығарып,
небір күнәға батып, айналасындағы кедей
-кепшік, мұң-
мұқтаждарға мұрнын шүйіре қарап, өзге байлармен
бәсекелесіп, бақ таласқандар үшін байлық әрдайым
қатерлі, әрі ақыреттік өмірін тамұқ ететіндіктен қайырсыз.
Кедейлік те дәл осылай. Егер кедей адам қара нанның өзін
қадір тұтып, қара суды қанағат ететін иман нұрына шомған
жан болса, кедейлік мұндай адам үшін қайырлы. Өзінің
әлсіздігін түсініп, Ұлы Жаратушысына деген мұқтажды-
ғын әр сәт естен шығармауға итермелейтін кедейшілікті
қалай ғана қайырсыз дей аламыз? Оразада күні бойы
ауызға нәр татпай, ауыз ашарда ішкен бір жұтым суды
тұла бойымыз шымырлап, бар жан-тәнімізбен сезінеміз.
Жоқшылық та Ұлы Жаратушының адамға берген сансыз
-қасиетін түсіндіреді.
Иманды жан Ұлы Иесіне
«неге кедейлік бердің?»
шағым жасауы былай тұрсын,
«маған байлық бергеніңде,
бәлкім, сол байлықтың буына мастанып, Сені естен
шығарып, Саған деген мұқтаждығымды қазіргідей
сезінбес пе едім?»
деп, кедейлікпен сынаған Раббысына
шүкір етеді. Кедейлікті әрдайым Раббысы тарапынан
тарту етілген сансыз сауаптың қазынасы мен мәңгілік
байлықтың қайнар көзі деп біледі. Себебі, кедейлігіне
сабыр етіп, шүкір ете білген жан Раббысының
ризашылығына бөленіп, ақыретте мәңгілік бақытқа
кенеледі.
Ал, керісінше, жүрегі иманмен нұрланбаған жан
дар үшін кедейлік те қайырсыз. Күн сайын байлардың
байлығына қызыға қарап, өзі ондай мал
-мүлікке ие
болмағандықтан, ішін қызғаныш өрті шалып, үнемі
өзгелердің ақшасын сырттай санап әуре болады. Мұндай
жандар уақыт өте келе Раббысына қарсы шығып,
күпірліктің тас түнегінен бір-ақ шығады. Сөйтіп, кедейлік
сынынан сүріне құлап, ақыретін де ойран етеді.
Міне, Ұлы Жаратушының байлығы да кедейлігі де
адамдар үшін сын
-сынақ. Байлықты да, кедейлікті де
жақсы, жаман дей алмаймыз. Өйткені, бұлардың қайырлы
яки қайырсыз болуы адамның өзіне байланысты.
Иә, мына қысқа дүниеде бір айлық жалақы алу үшін
күні бойы барымызды салып жұмыс істейміз. Ендеше,
ана дүниеде мәңгілік бақытқа, көз көріп, құлақ есті-
меген, ойша елестете алмаған Раббымыздың ғажайып
сыйына қауышу үшін мына дүниеде кездескен кейбір
қиыншылықтар мен кедейшілікті ауырсынып, өкпе ар
туымыз былай тұрсын, ризашылықпен күле қарсы алуы
мыз керек емес пе? Бұл дүниедегі уақытша кедейліктің
есесіне ақыретте мәңгілік бақытқа қауышуға кім разы
болмас?!
Мәселенің екінші жағы – кедейлер ғұмыр кеш
кен қоғамға байланысты болмақ. Егер сол қоғамда
өмір сүретін әрбір дәулетті адам тек өзінің қара ба
сын ғана ойламай, Құранның:
«Тақуа жандар – Алла
Тағаланың өздеріне берген нәсібесінен (кедейлерге,
қажетті жерлерге) жұмсайды, (игілік жолында сарп
етеді)»
116
, «Олардың байлықтарында кедейлердің
белгілі мөлшерде үлесі бар»
117
секілді аяттары мен
Пайғамбарымыздың (с.а.у.):
«Жанындағы көршісі аш
екенін біле тұра өзі тоқ ұйықтаған адам толық иман
еткен болмайды»
118
секілді хадистерін әрдайым жадын
да сақтап, байлықтарының қырықтан бірін зекет етіп
мұқтаждарға берер болса, мұндай қоғамда кедейліктен
түңіліп, үміті үзілген пенде қалмас еді.
Бұған қоса, кедейлердің де оқып-білуіне, жұмыс
істеп, тұрмыстарын жақсартуларына мүмкіншілік жасап,
жол ашу әрі олардың мүддесін қорғау – сол қоғамның
басшыларының міндеті. Ақыретте олар да қарамағын-
дағы адамдар үшін жауапқа тартылары сөзсіз.
116
Бақара сүресі, 3-аят.
117
Мағариж сүресі, 24,25-аят.
118
Хадис Ибн Аббастан риуаят етілді.
Иә, мұсылман қоғамында
«мен ғана жейін, өзім ғана
қызығын көрейін»
секілді өзімшілдік түсініктер емес, өзара
көмектесу мен мейірімділік, адамгершілік, шыдамдылық
қағидалары үстемдік етеді. Мұндай қоғамда дәулетке
кенелген жандардың жүрегінде әрдайым мейірімділік
самалы ессе, кедейлердегі қызғаныш сезімі өз орнын
«бәрекелді, байлығың тасығыр» деген игі тілектер мен
шынайы лебіздермен айырбастайды.
Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме?
Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп,
орындамағандарды азаптайтынын ескертуде?
Ұлы Жаратушымыз біздің құлшылығымызға да, тіпті
жаратылыстағы еш нәрсеге де мұқтаж емес. Керісінше,
барлық жаратылыс атаулы Оған мұқтаж. Ол –
«Самад»,
яғни ешкімге мұқтаж емес, керісінше, барлық нәрсе Оның
жәрдеміне, мейірімі мен шарапатына, түгесілмейтін
қазынасына мұқтаж.
Адамзатты жоқтан жаратып, жерді оған құтты мекен,
көкті жымыңдаған жұлдыздармен безендіріп, бейнебір
өрнектелген күмбездей төбесіне көтеріп, алып Күнге жы
луы мен жарығын толассыз төккізкен Ұлы Жаратушының
өзі жаратқан әлжуаз адамның құлшылығына қандай
мұқтаждығы болсын?! Өсімдік әлеміне, сан
алуан жеміс
жидегін шашу етіп шашқызып, күллі жан
жануарды
қызметіне жүгіртіп, алдына салып берген Ұлы Құдіреттің
өзі жаратқан әлсіз адамзаттың ғибадатына нендей
мұқтаждығы болуы мүмкін?!
Иә, біздің болар-болмас құлшылығымыз арқылы
күллі болмыс әлемін басқарып тұрған құдіретті Ұлы
Иеміздің даңқы мен теңдессіз ұлылығына нендей даңқ
қосылмақ?! Немесе біз ғибадат жасамасақ, оның шексіз
ұлылығына қандай нұқсан келіп, таңғажайып cалтанатты
патшалығынан не кеміп қалмақ? Біз ғибадат жасасақ
та, жасамасақ та Ол задында даңқты, барлық мадақ
мақтауларға нағыз лайық, күллі ұлылықтың шынайы иесі
емес пе?!
Ғибадат – Ұлы Шебердің мына ғаламдағы жараты
лыс туындысына қарап, ондағы нақышталған құдіретінің,
шеберлігінің, білімінің алдында таң қалып, бас шайқап,
қайран қалудың нәтижесі, тіпті нағыз өзі болмақ.
Құлшылықтың түп мәні – Ұлы Алланың тегін бер
ген сансыз ырыс
-берекесі мен есеп-
қисапсыз төккен
жақсылығына құлдың мадақ айтып, Оны ұлықтап, зікір
етуі арқылы алғыс, рақметін білдіруінде. Ал енді адамның
Ұлы Иесіне осылай алғысын білдіруіне, адамдығына сай
борышын өтеуіне, Оның алдында қарыздар екендігін
мойындауына Ұлы Жаратушыны мұқтаж деу ақылға сыя
қояр ма?!
Ғибадат – адамның жүгі зіл-батпан мына дүниедегі
барлық мұқтаждығы мен қыжалат
-керегін Ұлы Жа
ратушысына білдіруі, Оның алдында қолын жайып
мінәжат етуі. Осы ісі арқылы адам баласының жүрегі
жай тауып, шексіз рахатқа қауышады. Бойындағы ауыр
жүк жеңілдейды. Ал бұған Алла емес, адамның мұқтаж
екені айтпаса да түсінікті.
Ғибадат – адамның кемелденуіне, еш нәрсеге
қанағаттанбаған рухы мен жүрегінің жай тауып,
шексіз рахатқа қауышуына, денінің саулығына, сан
алуан сезімдерінің жетілуіне, мінез
-құлқының толысып
көркеюіне ықпал етеді.
Һәм ғибадат –
деп ажыратпай, «жақсы
жаман» деп талғамай әр нәрсені татқысы келетін то-
йымсыз асау нәпсісінің тізгінделіп, тәрбиеленуіне,
қоғамда тыныштықтың орнауына, зуылдап өтіп жатқан
уақытымыздың реттелінуіне, күнделікті ісіміздің
жүйеленуіне ықпал жасайды. Ал мұның бәрі Алла Тағала
үшін емес, біз үшін қажет.
Әрі ғибадатымыз арқылы уақытша, пәни әрі сан
алуан қиыншылықтарға толы мына дүниенің орнына ана
дүниеде мәңгілік рахатқа, шексіз бақытқа қол жеткіземіз.
Сөзсіз, мұндай мәңгілік бақытқа Алла Тағала емес, біз
зәруміз.
Алла Тағаланың мына дүниеде қойған белгілі заңдары
мен шарттары бар. Осы заңдармен жүрудің пайдасы яки
оны орындамаудың зияны тек бізге, яғни пенделерге тән.
Мысалы, бау
-бақшадан өнімді жеміс, егістіктен берекелі
егін алу үшін оны жақсылап суғару, түбін қопсыту, түптеу,
зиянды жәндіктерден қорғау үшін дәрі
дәрмек шашу
сияқты белгілі заңдылықтарды орындауымыз керек. Иә,
бұл шарттарды орындаудың пайдасы да, жалқауланып
жатудың зияны да сол бау-
бақшаның иесіне тән. Міне,
осы тәрізді Ұлы Жаратушы біздің о дүниеде мәңгілік
бақытқа қол жеткізуіміз үшін, жәннатқа лайық болуымыз
үшін Өзінің бұйрықтары мен тыйымдарын қамтыған заң-
қағидаларын, белгілі шарттарын қойған. Бұл бұйрықтарға
құлақ асып, мойынсұнудың пайдасы мен сый
-сыяпаты
адамға тимей қоймайтыны секілді, қарсы шығып, күнәға
батудың да жазасы сол адамға тиеді. Бұл заңдарды бекіткен
Ұлы Жаратушыға ешбір зиян да, пайда да
келмек емес.
Иә, парыз етілген намазды оқудың сауабы мен
оқымаудың жазасы адамға тиесілі. Адам баласы Хақ
Тағаланың құзырында күніне бір сағат намаз оқуымен
яки Оның берген мал-
мүлкінің қырық та бірін зекет етіп
мұқтаждарға таратуымен немесе Рамазан айында бір
ай аш жүруі арқылы еш нәрсеге мұқтаж болмаған Алла
Тағалаға нендей жәрдем беріп, Оның қандай қажетін өтей
алмақ?
Адамға алма берген ағашқа қарап «Бізге күні
түскендіктен берді» дей алмасымыз анық. Ал енді адамға
қызмет етіп тұрған барлық өсімдік әлемін, жалпы жан
жануарды, күллі ғаламды жаратқан Ұлы Құдіретке
қалайша
«Мұның бәрін біздің ғибадатымызға мұқтаж
болғандықтан жаратты»
дей алмақпыз?!
Мейірімді дәрігер ауру жандарға жаны ашып, көмек
көрсетпек ниетпен тегін емдесе, ауру адамдар:
дәрігер бізді емдеуге зәру»
дей ала ма?! Немесе, мейірімді
дәрігер сол ауру адамның ауруларына шипа болар әр
түрлі дәрілерді
деп бұйырса, әлгі ауру жан:
дәрігер маған бұл дәрілерді ішкізуге зәру-ау, шамасы»
демесі анық. Міне, тура осы сияқты Алла Тағала біздің екі
дүниеде де бақытты болуымыз үшін, рухани дертіміздің
дауасы ретінде намаз, ораза, зекет сияқты ғибадаттарды
біздерге парыз еткен.
Сөз түйіні, Алла Тағала
«Самад», «Ғани»
яғни, ешбір
нәрсеге мұқтаж емес, керісінше өте бай. Күллі жараты
лыс атаулы Оған мұқтаж. Сұрақтың жауабын осы жерде
нүктелеп, мына бір тұсты баса айта кетуді жөн көріп от
ырмыз.
Егер Ұлы Жаратушымыз адам баласына ғибадат жа
сауды парыз етпеді деп санаған күннің өзінде біздер Оның
ұлылығы мен шексіз құдіретінің, теңдессіз шеберлігі
мен ұлықтығының алдында таң қалып, өз еркімізбен
бас иіп, Оның жалғыз Құдайлығын (улуһиәтын) мойын
дап жан тәнімізбен ұлықтауға, сан түрлі мақтау айтып
ғибадат жасауға тиіс болар едік. Адамды жоқтан жара
тып, һәм оған өзге жаратылыстардан үстем етіп ақыл-ой,
сана-сезім сыйлаған, сан
алуан жақсылығы мен рызық
несібесін толассыз төгіп, айналасындағы күллі жараты
лысты қызметіне жүгірткен Ұлы Иесіне адам баласының
өз еркімен алғыс
-шүкірін білдіруі, Оның алдындағы
қарыздар екенін мойындап тағзым етуі оның ұмытылмас
міндеті әрі адамдық қасиетінің асыл талабы болса ке
Намаз, азан сияқты ғибадаттар неге
тек қана араб тілінде орындалады?
Әр ұлт өз тілінде орындаса болмай ма?
Намазда мұсылмандардың Құран Кәрімнен сүрелер
оқуға міндеттілігі бәрімізге белгілі. Мұсылмандардың өз
тілдеріне, жергілікті жеріне қарамастан сонау Мұхаммед
(с.а.у.) пайғамбар заманынан бұлжымай, заңдасқан бұл
қағида келешекте де дәл осылай жалғаса бере ме?
Ең алғашында кез-келген адам үшін ана тілінде
құлшылығын орындау – әрі жеңіл, әрі орынды көрінері
рас. Алайда, мәселені егжей-тегжейлі қарастырар болсақ,
кең көлемді түсінікке қол жеткізеріміз анық.
Ең алдымен тілек-дұға мен намаздың ара жігін
ажыратып алған жөн. Намаздан тыс жасалатын тілектер
мен дұғаларда мұсылман кісіге ішкі тілегі мен мұң-
мұқтажын қай тілде айтып жеткізем десе де, бұған тыйым
салынбаған.
Өйткені, бұл Жаратушы мен құл арасындағы жеке
мәселеге қатысты. Ал намаз болса, ол жалпыға, жамағатқа
тән құлшылық болғандықтан, намазға қосылатын басқа
да мұсылмандардың қажет тілектерімен санасу керек.
Негізінен намаз жамағатпен оқылуға тиіс. Бірақ жалғыз
оқуға да рұқсат етілген.
Егер Ислам діні қандай да бір белгілі аймақтың яки
белгілі бір ұлттың діні болса, онда ешқандай күмәнсіз сол
аймақтағы сол ұлттың ғана тілі қолданылар еді. Алайда,
төрткүл дүниеге тараған, бір-бірін түсінбейтін қаншама
ұлт өкілдеріне ортақ діннің өзіндік ерекшеліктері мен
қасиеттері болатыны сөзсіз.
Айталық, қытайша білмейтін қазақ Қытайға бар
са, көшеден шыққан қытай тіліндегі дауыстарды естісе
де оны түсіне алмайды. Жергілікті тілде оқылған азан
ды да түсінбегендігінен, әлгі мүмін-қазақ намазын
қазаға ұшыратып алуы мүмкін. (Қытайдағы мешіттер
мұнараларымен ерекшеленбейді). Сондай-ақ, Қазақстанға
келген басқа ұлттар да мұсылмандардың өз тілінде
орындап жатқан ғибадаттарынан ештеңе ұқпасы анық.
Олай болса, мұндай жалпы әлемдік діннің өзіндік ортақ
жақтары, ортақ тұстары болуы заңды. Бұл тұста азан мен
қырағаттың орны ерекше екені кімге де болса мәлім.
Бұндай жайттарды күнделікті өмірде де кездестіруге
болады. Айталық, Біріккен Ұлттар Ұйымында да әрбір
мүше мемлекет өзара белгіленген ортақ тілде ғана
сөйлеседі. Ондайда әрбір мемлекеттің жеке бас пайдасы
көзделмейді.
Мәселенің тағы бір жағы, Құранның қандай да бір
аудармасының ешқашан да түпнұсқаны толық қамти
алмайтындығында
119
. Құран аяттарының әрбір сөзінің
бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі.
Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің де өзіндік
бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы әріптердің
өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки
біреуі ғана ескеріледі. Құранда белгілі бір мағынаны
білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен сөздің ды
бысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан да ең
қолайлысы таңдалған. Сондықтан, кейбір сөздің «сөздік
мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп
тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада
беру мүлдем мүмкін емес.
Ең бастысы, Құран сөздері оқыған адамды еш уақытта
жалықтырмайды. Ал кез келген аударманы бірнеше рет
119
Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 106-бет. «Дарул-қалам» баспасы,
Димашқ. 2001 ж.
оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін
оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады.
Өйткені, Алла Тағала Құран сөздеріне осындай ерекшелік
берген. Міне, сондықтан
«Фатиха»
сүресін күнделікті
әр намазымыздың барлық рәкаттарында оқысақ та,
жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне ғана тән әуені
мен әуезі оқыған адамның ішкі дүниесіне ерекше әсер
етуі тағы бар.
Оқылған Құранның әрбір сөзіне, тіпті әрбір әрпіне
сауап жазылатындығы көптеген хадистерде білдірілген.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Кімде-кім Алланың кітабынан
(Құраннан) бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық
жазылады. Ал әрбір жақсылық он
еселенеді. Мен
Әлиф, Ләм, Мимді (бәрін қосып) бір әріп демеймін,
Әлиф – жеке бір әріп, Ләм – жеке бір әріп, Мим – жеке
бір әріп. (әрқайсысына жеке-жеке сауап жазылады)»
-деген.
Ал кез-келген аударма Құранның дәл өзі
болмағандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу
ерекшелігі де жоғалады.
Тағы бір баса айта кететін жайт, ол – намазда
қолданылатын сөздердің көп емес, аз екендігі. Алды
мен азан мен қамат, артынша
«Аллаһу әкбар», «Субха
нака раббиял-ъазим», «Субхана раббиял-аъләә»
секілді
қысқа қайырымдармен қоса
«Фатиха»
сүресі мен бір-
екі қосымша шағын сүрелер. Барлығын қосса бір беттен
де аспайды. Бұлардағы сөздердің көбі мағыналары оңай
жатталатын, мұсылмандардың көбіне ортақ қолданатын
сөздері. Намазға жаңа жығылған жас бала да бұлардың
мағыналарын бір үйреніп алса, өмірі ұмытпасы анық.
Бұл дүниелік болмашы тірліктер үшін үлкен-үлкен
сөздіктер жаттап, шет тілін үйренетіндер мәңгілік ғұмыр
Әт-Тирмизи
үшін Алла Тағаланың сөздерінен бір бетті жаттай алмаса,
онда: «Ғибадат-құлшылықтарымызға Алла Тағала емес,
керісінше біз зәруміз» деген шүбәсіз шындықты әркез
есте ұстаған абзал
М.Хамидуллаһ. Құран Кәрім тарихы.
қиянатым жоқ» деп намаз оқуға салғырт
қарайтындарға не деуге болады?
Бұл құлшылықтың түп мәнін жетік түсінбеуден
туындайды. Намаз – тек күнәһарлар мен молдаларға
ғана жүктелген жеке міндет емес, әрбір адамның мой
нына жүктелген асыл парызы. Құранда Алла Тағала:
«Мен адамдар мен жындарды (мені танып), маған
ғана ғибадат етсін деп жараттым»
дейді. Сондықтан
құлшылық – адамзат жаратылысының негізгі мақсаты.
Ал ғибадат-құлшылықтың ең ұлысы – намаз. Жүрегі таза,
көңілі пәк адамдар, керісінше, намазды көбірек оқулары
тиіс. Құлдың намаз оқуы – күнәсінің көптігі емес,
керісінше, оның Құдайға бір қадам жақын екендігінің
белгісі. Құранда бірнеше жерде тақуа жандардың
белгісі ретінде
«Тақуа жандар намаздарын толық
-делінсе, басқа бір аятта шынайы намаз-
дың адамды жаманшылықтан тыятындығын:
«Шынайы
намаз адамды арсыздық пен жаманшылық атаулы
- деп білдірген.
Егер намазды тек қана жүрегі кір, көңілі пендешілік-
ке толы қиянатшыл пенделер ғана оқитын болса, онда
күнә атаулыдан пәк пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)
әрі Оның артынан ерген қаншама ғұламалар мен тақуа
жандар неліктен өле-өлгенше бес уақыт намаздарын қалт
жіберместен оқыған. Егер жүрегінің тазалығы үшін намаз
оқымауға рұқсат етілген бір ғана жан болар болса, ол адам
Бақара сүресі, 3-аят,
Анкабут сүресі, 45-аят.
– сөзсіз Алла елшісі Мұхаммед (с.а.у.) болар еді. Алайда
Ол (с.а.у.), керісінше, күллі адамзаттан артық намаз оқып,
құлшылық жасайтын.
Иә, Алла елшісі (с.а.у.) бес уақыт парыз намазды бы
лай қойғанда, түн жарымда тұрып
«тәһәжжуд»
нама
зын егіле жылап, аяқтары талып, ісігенше оқитын.
Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша қинайсың? Алла Тағала
сенің барша күнәларыңды кешірді емес пе?»
– деген
Айша анамыздың сұрағына:
«Аллаға шүкір ететін құл
болмаймын ба?»
– деп, намазды тек күнәһар адамдардың
оқымайтындығын білдірген.
Жүрегім таза, көңілім пәк, намазды басқа жандар
оқысын деудің астарында, айтушының терең бейғамдығы
жатыр. Олай дейтініміз, адамның Ұлы Иесі алдындағы
борышынан алаңсыз болуы – бейғамдық емей немене?
Жүрегім таза, көңілім пәк деу – күнәсізбен деген сөзге
саяды. Ал өзін күнәсізбін деген адам, осы сөзімен-ақ
күнәһардың нағыз өзі болмақ. Өйткені, күнә істеу –
пайғамбарлардан тыс барша адамзатқа тән. Күнәсінің
бар екенін білмеген адам – күнәсін мойындаған адамнан
әлдеқайда төмен тұрады. Күнәсінен бейхабар адам күнәсі
мен қатесін, кемшіліктерін түзеуді мүлде ойламақ емес.
Себебі, оның пайымдауынша, ол – күнәсіз, қатесі жоқ
адам. Ал мұндай күйдегі адам жалған дүниеде өзін қанша
ақтағанымен, о дүниеге таудай-таудай күнәларын қоса
ала кетпек. Сол жерде ғана өзінің кінәсін мойындап, тәубе
қылмақ. Бірақ ол кезде өкініш пен
атаулы
дан иненің жасуындай да қайыр болмасы белгілі.
Иә, ғаламды жоқтан жаратып, оны ғажайып
жүйемен, теңдессіз тәртіппен реттеп, үлкен-кішілі,
жанды-жансыз барлық жаратылысты әлсіз адамның
ыңғайына жығып, қызметіне бағындырып қойған Ұлы
Иемізге шүкір етіп, алғысымызды білдіріп, ұлылығының,
құдіретінің, шексіздігінің, кемелдігінің, қысқасы, жалпы
Құдайлығының алдында бас иіп, адамдық борышымызды,
құлдық міндетімізді атқару үшін міндетті түрде күнәһар
құл, жүрегін кір шалған пенде болуымыз шарт емес.
Өзінің Ұлы Иесінің алдындағы әлсіздігі мен
мұқтаждығын мойындамаған пендеден асқан күнәһар
пенде бар ма бұл жалғанда?! Біздер көбіне бұйрықтың,
шақырудың қайдан, кімнен келгеніне аса мән бере
бермейміз. Егер патша елші жіберіп бір адамды шақыртса,
әлгі пенденің құстай ұшып патшаның алдынан табылары
сөзсіз. Сол секілді патшалардың патшасы – Ұлы Жарату
шы иеміз Өзінің талаптары мен бұйрықтарын білдіретін
Құран атты пәрменін Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың
қолына ұстатып, оны жер бетіне елші етіп жіберген.
Міне, сол
атты кітаптың сексен жеті жерінде
құлдарына бес уақыт намазды тікелей бұйырып, ғибадатқа
шақырған. Ал енді жердегі пәни патшаның шақыруына
бей-жей қалмайтын пенденің Ұлы Иесінің осы бір «ұлы
шақыруына» салғырт қарап, бұйрықтарын елеместен
бей-жай жүре беруі немесе
«жүрегім таза, ешкімге
жаманшылығым жоқ»
деп өзін алдап бұлғақтауы дұрыс
Ендеше,
«жүрегім таза, ешкімге зияным жоқ, маған
намаз оқып не керек»
деген тәрізді сөздердің астарында
Құдайдың қасиетті Құранын, сол кітаптағы Ұлы Иесінің
талабын жетік ұғынбау жатқан секілді. Бұл намаздың
мәнін, мағынасын түсінбеуден туындаған салмақсыз,
әшейін айтылған сылтау болса керек.
Көп адамдардың он екі мүшесі сау болғанмен
кейбіреулердің мүгедек, кемтар болып
туылатындығы яки кейіннен түрлі себептер
мен мүгедектікке ұшырап жататын жайт
тары өмірде көп-ақ. Кей адам бұл өмірден
еш қиналыс көрмей рахатқа батып өтеді де,
кей жандар өмір бойы тауқымет тартып,
қиыншылықтан көз ашпай өтеді. Мұны Ұлы
Жаратқанның әділдігі тұрғысынан қалай
түсінуге болады?
«Таршылық адамды шынықтырады,
Баршылық адамгершілікті ұмыттырады»
Біріншіден, Алла Тағала – бәріміздің Ұлы Иеміз.
Терең үңілер болсақ, біз денеміздегі ешбір мүшемізді
өзіміз жаратпадық, еш жерден сатып та алмадық.
Бұлардың бәрі бізге Ұлы Шебер тарапынан тегін берілді.
Сондықтан, біз – Ұлы Жаратқанның басыбайлы мүлкі-
міз. Ендеше, Ұлы Иеміздің өз мүлкімен нендей қатынас
жасауы Өз қалауында. Ауыртады, кейін
есімімен
көмектесіп шипа береді. Құлын ашықтырады да, кейін
Өзінің теңдессіз
«Раззақ»
екендігін, яғни рызық беруші
екендігін сездіртеді.
Екіншіден, Ұлы Жаратушымыз өте әділетті. Ол
еш-бір құлына титтей де қиянат жасамайды. Әділдік
дегеніміз не? Әділдік деп негізінен жүктің қоржынның
екі жағына тең артылуына айтылады. Яғни, берілген
нәрсеге қарай қарымының қайтарылуына әділдік
делінеді. Берілген нәрсенің қарымы кем болса,
деп жетпегенін сұрауға қақымыз бар.
Бірақ тегін
берілген нәрсеге аз бердің яки көп бердің деп реніш
білдіруге,
«әділдік қайда?»
деп аттан салуға ақымыз жоқ.
Мысалы, бай адам бір ауылға барып тегін көмір, ұн та
ратып, екінші бір ауылға барып тек қана ұн таратса, сон
да еншілеріне тек қана ұн тиген екінші ауыл әлгі адамға
рақмет айтудың орнына
«бізге ұн ғана бергенің не?
тұрған әділетсізсің»
дей ала ма? Әрине, жоқ. Себебі,
тегін берілген нәрсеге
яки
деп шағым жасау
әділетсіздіктің нақ өзі болмақ.
Керек десеңіз, Жаратқанның тегін берген әрбір
мүшеміздің қайтарымына біз не бердік? Бір ғана мүшенің
қарымын төлеңдер десе өтей алар ма едік? Ұлы Жарату
шыны әділетсізге балап,
«екінші көзімді бер»
деп қатаң
талап ететіндей біз Оған не беріп едік?
Әрине, егер тілек тілеген сәтте шағымдану емес,
Оған деген мұқтаждығ
ымызды сезініп, құдіретіне бас иіп
сұрасақ, ол басқа мәселе.
Үшіншіден, өмірде кездесетін әр түрлі қиыншылық-
тар, айықпас дертке шалдығу, бір мүшенің кем болуының
адам үшін дүниелік кішігірім зияны болғанымен, оның
рухани өмірімізге ақыреттік пайдалары өте көп. Жанын
құтқару үшін гангрен (іріңдеп, шіріген) болған саусағының
кесілуіне ешкімнің қарсы шықпасы анық. Яғни кішігірім
зиян үшін үлкен пайдаларға ешкім тосқауыл болмайды.
Оттың өртке
себеп болуын желеу етіп оттың бар пайда
сын жоққа шығарып, жалпы от атаулыны
«жаман»
дей
алмаймыз ғой. Міне, дүниеде құлдың басына келетін
әр түрлі қиыншылықтар мен аурулардың да дүниелік
зияны болғанымен оның ақыреттік пайдасы өте зор.
Адамның рухы өмірдегі қиыншылықтар арқылы таза
рып, кемелдікке қарай қанат қағады. Әр түрлі ауруларға,
қиыншылықтарға тап болған адам үнемі өзінің әлсіздігін
әрі Раббысына деген мұқтаждығын сезінеді. Әрдайым
Оны ойлап, Оған қол жайып медет тілейді.
мен үнемі байланыста болып, Жаратушысына қарай
жақындаған сайын жақындап дәрежесі артады. Өмірдің
пәнилігін түсініп ақыретке, мәңгілік өмірге ынтық келеді.
Себебі, жағдайы жақсы, өмірі қиындық көрмеген жандар
көбіне Раббысына деген мұқтаждығын, өзінің әлсіздігін
ескермей, ұмыт қалдырады. Дүниені, бойындағы күш-
қуатты, жастықты мәңгілік деп есептегендіктен, мына
дүниені өлердей жақсы көріп, ақыретті естен шығарады.
Құлшылық міндетіне салғырт қарап, күнәсіне бейғам
келеді. Міне, басқа түскен қиыншылықтар мен әр түрлі
аурулар адамды осындай ақыретке деген бейғамдықтан
сақтап, күнәға қарсы сергектігін оятады.
Аурулар мен қиыншылықтар сабыр етіп, ақыретте
Раббысының беретін сый
-сыяпатын ойлаған жанның
күнәларына кәффарат
болады.
«Алла Тағала мұсылманның душар болған
ауру, шаршау, дерт, қайғы тіпті уайымдаған уайымы
арқылы кейбір кінәларын кешіреді»
делінеді.
Бұған қоса, душар болған аурулары мен өмірде кез
десер түрлі қиыншылықтарға сабыр ете білген адамның
бір сағаттық ғибадаты, бәлкім, өзгелердің бір күндік
ғибадатына, тіпті бір минуты бір күндігіне тең болады.
Осылайша қысқа ғана өмірдің берекесі тасып, ғұмыры
ұзара түседі. Бәлкім, сабыр ету арқылы өзге жандардың
түні бойы намаз оқып ала алмаған сауабына кенеледі.
Алла Тағала қудси хадисте:
«Мен кімнің (мына
дүниеде) екі көзін соқыр етіп сынасам және құлым бұған
Күнәлардың кешірілуі.
Бухари, Марда/1, Муслим, Бирр/52.
сабыр етсе, ол құлыма екі көзінің орнына ақыретте
Жәннатты беремін»
Бұл дүниедегі басына түскен қиыншылықтар мен
душар болған ауруларға сабыр еткен адамның ақыреттегі
сауабын көрген өзге жандар
«біз де дүниеде сан түрлі
қиыншылыққа душар болып, бүгін мынандай мәңгілік
сауапқа кенелгенімізде ғой»
Пайғамбарымыз бір хадисінде:
«Мұсылманның ісі
(өмірі) мені қатты қайран қалдырады. Оның әрбір ісі
ол үшін қайырлы әрі жақсылық. Бұл тек мұсылманға
ғана тән. Ол бір қуанышқа тап болса, шүкір етеді,
(сауапқа кенеледі) сөйтіп, оған бұл қуаныш жақсылық
болып жазылады. Ал егер басына бір қиыншылық
түссе, сабыр етеді де, (сауапқа кенеледі) сөйтіп,
оған қиыншылық та жақсылық болып жазылады»
деп, қиыншылықтарға сабыр ету арқылы мол сауапқа
кенелетінімізді білдірген. Дене мүшелеріне зиян келген,
әр түрлі ауруларға шалдыққан адамдар әрбір мүшенің,
денсаулықтың қадірін жақсы түсінгендіктен, дене мүшесі
сау өзгелерден гөрі Раббыларына көбірек шүкір етеді.
Әрбір мүшесінің бағамен өлшенбейтіндей құнды сый
екенін
өзгелерге де ұқтырғаны үшін сансыз сауапқа
кенеледі. Оларды көрген өзге жандар да тәубелеріне келіп,
Раббыларына шүкір етеді. Сөйтіп, басқалардың да Раб
быларына бет бұруларына, Оның берген нығметтерінің
қадірін түсінуіне себеп болғандықтан,
«Бір іске себепкер
– сол істі істегенмен бірдей»
демекші, ақыретте күтпеген
жерден сансыз сауапқа белшеден батады.
Иә, Алла Тағаланың құлдарына берген уайым
ауру
-сырқау, әр түрлі қиыншылықтар – өткен өмірлеріндегі
Тирмизи. Бухари, Марда/7.
Әбу Зәкария Мухиддин Иахия Ән
Нәуәуий, музһатул
Муттақин,
том, 49
бет. Муәссисәтур
Рисәлә, Байрут 1991ж. (Муслимнен).
күнәларына кешірім, қазіргі өмірлері үшін сауап, келешек
ғұмырына ғибратты дәріс әрі ескерту. Міне, құл осыны
түсінсе, өмірге деген көзқарасы әп-сәтте өзгеріп, ойындағы
қалың қайғыдан, бойы
ндағы ауыр сезімнен арылады.
Алла Тағалаға сенбеген, бірақ жұртқа
жақсылық жасап өткен адам жәннатқа кіре
Барша діндердегі құқықтар мен қазіргі таңдағы
қолданатын заңдар бойынша, барлық адамдар заң алдында
бірдей, сот құзырында тең дәрежеде қаралады. Ешбір адам
өзінің бойындағы ерекшеліктері мен кейбір қасиеттерін
алға тартып, жалпыға арналған заң ережелерінен тысқары
қала алмайды. Қазақтың мәдениетін әлемге танытуда
еңбегі сіңген яки белгілі бір спорт саласында әлемдік
деңгейде үлкен дәрежеге жеткен белгілі тұлға мен ондай
дәрежеге жете алмаған өзге жандар заң алдында пара-пар.
Мысалы, Олимпиядада бірінші орын алып, Қазақстанның
көк байрағын әлем алдында желбіретіп, елдің мерейін
үстем еткен спорт шебері кісі өлтіріп,
«Мені түрмеге
жаба алмайсыңдар»,
- деп, сот алдында өзін жалпыға
арналған заңнан тыс ұстай алмайды. Егер әрбір адам
қоғамға істеген игі істерін сылтауратып, мемлекеттен тек
өзіне арналған жеке заң талап ететін болса, қоғамда заң
деген түсініктің де мәні қалмас еді.
Енді негізгі сұрақтың жауабына оралайық. Мысалы,
Эдисон сияқты электр энергиясын тауып, халыққа пайда
сы тиген жандардың ақыретте жағдайы қалай болмақ?
Егер Эдисон бұл игі ісін Алланың ризалығы үшін
істеген болса, Алла Тағала ақыретте ниетіне қарай сауабын
береді. Ал егер бұл игі ісімен ел алдында атақ-абыройға
кенелуді, тарихта атының қалуын көздеген болса және
бойындағы ерекше зеректік пен талантын Алла Тағала
емес, табиғат берді десе, Алла Тағала оған сұраған атақ-
абыройын мына дүниеде береді. Ал жұмақтағы көз көріп,
құлақ естімеген, ақыл ойлап елестете алмаған ғажайып
сый-сияпатты өздері мына дүниеде иман келтірмеген
Алла Тағаладан емес табиғаттан сұрасын. Мына дүниеде
Алла Тағаланы мойындамай арғы дүниеде Жаратушыдан
сый-сияпат күту ақылға сы
йымсыз болса керек.
Жәннаттағы сый-сияпат – иман етіп, ізгі іс істеген
адамдарға ғана арналған. Иман еткен жандар мен иманға
келмеген пенделерді тең дәрежеде бағалап, бәріне бірдей
жәннатты беру – әділетсіздік. Себебі, нағыз әділеттілік
– иманды жанға иманының, салиқалы амалдарының
қарымы ретінде жәннатты беру, ал иманнан бас тартып,
күпірлікті таңдаған адамға да жазасын беру.
Мына пәни дүниенің өзінде кез-келген мемлекет
өзінің заңдарына бағынғандарды мемлекеттік жалпы
мүмкіншіліктерден пайдалануға жағдай жасап, құқығын
қорғауда. Ал мемлекет заңдарына қарсы іс-әрекет ет
кен адамдарды бірнеше жылға немесе қылмысының
үлкендігіне қарай мәңгілік абақтыға жабуда. Қазіргі
таңдағы бұл заңға ешкім қарсы шығып, әділетсіздікке ба
лап, қаралай алмайды. Ендеше, Ұлы Жаратушының ұлы
заңдарын адамдардың шығарған заңдарынан төмен санап,
әділетсіздікке теңеу ақылды адамның ісі болмаса керек.
Олай болса, Ұлы Патшаның да мына
деген
мемлекетінде қойған өзіндік ереже-қағида, заңдары бар.
Ол – Өзіне иман етіп, бұйырған бұйрықтарын орындап,
тыйған тыйымдарынан тыйылған құлдарын жәннаттық
ғажайып сый-сияпатпен марапаттау. Ал, керісінше, Ұлы
Патшаның өзін де, салтанатты патшалығын да мойында
май:
«Сен сияқты Ұлы Патша жоқ әрі Сенің билігіңді де,
патшалығыңды да мойындамаймын»,
- деп даңдайсып
иманнан бас тартып, Құдайлық заңдардан қашқандарды
тозағында жазалау.
Иә, Ұлы Жаратушының бар екенін қабылдамаған
адам мына қысқа ғұмырында күпір делінген бір ғана
күнәні істегенімен, сол күпірлік арқылы шексіз қылмыс
жасайды. Өйткені, Ұлы Жаратушыны жоққа шығару
– оның жаратқан мына ғажайып сұлу да үйлесімді әрі
сан сырлы мағынаға ие жалпы жаратылысты жоққа са
нау. Олай дейтініміз, кәпір адам күллі жаратылысты
бостан босқа, еш мағынасыз әйтеуір кездейсоқ жара
тылыс ретінде бағалағандықтан, олардың бойындағы
терең мән-мағынаны жоққа шығарып, аяққа таптайды.
Әрбір жаратылыстағы Ұлы Жаратушы жүктеген ар
найы міндеттерді көре алмағандықтан, оларды қорлаған
боп саналады. Мысалы, Күн ешбір мақсатсыз, кездейсоқ
әлемге сәулесін шашып тұр. Жер өз-өзінен әйтеуір
бостан-босқа шыр көбелек айналып тұр, сиыр да бекер
ге кездейсоқ сүт береді деп пайымдағандықтан, олардың
қадір-қасиетін төмен түсіріп, мән-мағынасын аяққа тап
тайды. Жаратушының оларға жүктеген ұлы міндеттеріне
қиянат жасап, қорлаған саналады.
Бұған қоса әрбір жаратылыстың бойындағы кере
мет жүйені, үйлесімділікті, мән-мағынаны жоққа санау –
олардың әрқайсы
сының өз болмысымен Хақ Тағаланың
бар екендігін паш еткен куәліктерін жалғанға шығару бо
лып есептеледі.
Иә, ғаламдағы триллиондаған әр түрлі жаратылысқа
жасалған мұнша күнәнің жазасы берілуге тиіс. Себебі,
Алла Тағаланың әділдігі осыны талап етеді. Мысалы,
белгілі бір мемлекеттің елтаңба, әнұран, байрақ секілді
қасиетті рәміздерін рұқсатсыз өзгертуге яки қорлауға
болмайды. Олай жасаған адам мемлекет алдында жа-
уап береді. Ендеше, Алла Тағаланың қастерлеген киелі
ұғымдарын аяққа таптап, қорлағысы келген пенделер де
жазаға тартылуы тиіс.
Ғаламдағы әрбір жаратылыста мөрленген Алла
Тағаланың ғажайып нақыштарын мәнсіздікке балап,
көзді тарс жұмып оларды көрмеу – Хақ Тағаланың
«теңдессіз жаратушы», «ғажайып шебер», «толассыз
рызық беруші», «шексіз ілім иесі»
тәрізді сансыз ұлы си
паттарын мәнсіздікке теңеу, тіпті оларды жоққа шығару
болғандықтан күнәсі де ауыр, тіпті шексіз. Себебі, бұл күнә
жай ғана бір адамның құқығына емес, Алла Тағаланың
өзіне, ұлы сипаттарына жасалуда.
Иә, адам баласының Ұлы иесін танымай, Оның тегін
берген сансыз жақсылығы мен ырыс-берекесін мойында
май мына дүниеден өтуі – өзіне жүктелген негізгі міндетін,
адамдығына сай асыл борышын, мына өмірге жіберілудегі
«иман ету» миссиясын орындамауы болып саналады.
Өзін ерекше ақыл-ой, әр түрлі үстем қабілеттермен
безендіре жаратқан Ұлы Иесін танымай,
«мұның бәрін
табиғат жасады»
деп, опасыздық жасаған құл Ұлы
Иесінің ақыретте дайындаған сый-сияпатына лайық
па? Әрине, жоқ. Бірақ, Ұлы Жаратушыға сенбеген
барлық пенделердің ақыреттегі жазалары бірдей бол
майды. Олардың мына дүниеде істеген күнәлары мен
жақсылықтарының тозақтағы жазаларына да өзіндік әсері
болары сөзсіз.
«Жақсылықты да, жамандықты да
Алладан» деп білуді қалай түсінеміз?
Жақсы яки жаманды, иман немесе күпірді қалайтын,
таңдайтын – біз. Ал, сол істі қаласа, жарататын – Алла
Тағала. Мысалы, біз бидайды ектік, сосын жаз бойы арам
шөбін жойып, суын құйып қарадық делік. Ал оны осыдан
кейін өсіретін, өсу ісін жарататын, нәтижесін беретін Алла
Тағала болмақ. Бидайды өсіруді біз қаладық, бірақ бидай
ды өсірген біз емес. Қалай дейсіз бе? Бізге ақыл беріп, би
дай егуді үйреткен – Алла Тағала емес пе? Ал, бидайдың
дәнін жаратып, оны адамға сыйлаған кім? Бидайдың
өсіп-жетілуі үшін қажетті топырақты, топырақтағы әр
түрлі минералдарды, күнді, ауаны, суды жаратқан кім?
пті оны егіп, суын құю үшін қолымызды қимылдатқан
кім? Біз тек қимылдатуды қалаймыз. Қозғалтуға шешім
қабылдап, бел байлаймыз. Ал, оны қимылдатып, қолға
күш беретін, барлық клеткаларды бір-бірімен жалғайтын,
қолдағы сіңірлеріміз бен бұлшық еттерімізді іске қосатын
– Ұлы Алла Тағала. Егу, суару, қопсыту істерінен кейін
ешқайсымыз бидайымның бірінші сабағын өсірейін, со
сын жапырағын шығарайын, құйған суымды әр дәнегіне
жеткізейін, бидайға мына минерал керек, ал, мынауы ке
рек емес деп басымызды қатырып жатпаймыз. Бұлардың
бәрі біздің араласуымыздан тыс Алла Тағаланың қалауы
және жаратуы арқылы іске асып жатады.
Қысқасы, жақсы, жаман әрбір ісімізді істеуге ниет
ету, таңдау – біздің еншімізде, ал оны жарату – Ұлы
Жаратушының қалауы мен құдіретіне тапсырылады.
Абай атамыз:
«Ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан
Құдай емес»
– деп қандай тамаша айтқан. Яғни, бір
адам Құдайдың қойған заңымен жүрмей, қыста терлеп
тұрып, желең далаға шығып ауырса,
«Құдайым-ай, бұл
ауруды қайдан ғана беріп едің?»
деуге ақысы бар ма?
Ауруға себеп болған – өзі, бірақ сол ауруды жаратқан –
Алла Тағала.
Біздің әрбір қалаған ісімізді Алла Тағала қаласа ғана
жүзеге асырады дедік. Себебі біздің қалауымыз Алланың
қалауынан рұқсат алмайынша қолы байлаулы қалмақ. Сөз
түйіні, Алланың қалауынсыз ешнәрсе жүзеге аспайды,
қалауынан тыс жапырақ та сыбдырламайды.
Алла Тағала
сүресінде былай дейді:
нәрсені де «Мен мұны ертең істеймін» деме. Тек Алла
қаласа ғана істеймін де...»
«Алла Тағала нені қаласа сол болады.
Ал Оның қаламағаны ешқашан жүзеге аспайды»
-
делінеді.
Ұлы Жаратушымыздың жақсы істерге ризалығы
бар, ал жаманына жоқ. Құранда:
«Алла құлдарының
күпірге кіруіне разы болмайды»
, «Алла Тағала ысы
рап етушілерді жақсы көрмейді»
- деп, жаман істерге
ризашылығының жоқ екендігін білдірген.
Бірақ бұл дүние сынақ әлемі болғандықтан, адам ба
ласы өз еркімен жаманшылыққа ниет етсе, Алла Тағала
қаласа оны да жүзеге асырады. Кейде адам жаман іс
істеуге ниет етеді. Бірақ Алла Тағала құлының бұрын
істеген кейбір жақсылықтарын яки келешекте істейтін
Абай, Қара сөз, Поэмалар. Жиырма сегізінші сөз, 62-бет, «Кітап»
Кәһф сүресі/22-23.
Әбу Дәәуд, Әдаб/106.
Зумар сүресі/7.
Әнғам сүресі/141.
ізгіліктерін ескеріп, құлының істеуге ниет еткен жаман
ісін болдыртпауы мүмкін. Ниет еткен жаман ісіне арнайы
тосқауыл қойып, құлы енді сүрініп, күнәнің тұңғиығына
қарай құлдилап бара жатқанда Жаратқаны көмек беріп,
күнәнің батпағынан аман сақтап қалуы мүмкін. Мұны тек
Ұлы Жаратушының құлына деген арнайы рақымдылығы
мен мейірімділігі деп түсінген жөн. Сондай-ақ, кейбір
істеген күнәларымыздың нәтижесінде Алла Тағала
басымызға небір пәлекеттерді беруі де мүмкін.
Жақсылық та, жамандық та адамның таңдауына
қарай Ұлы Иеміздің қалауы мен құдіреті арқылы жүзеге
асатындықтан,
«жақсылық та, жамандық та Алладан»
деп иман етеміз. Себебі жарату ісі те
к қана шексіз құдірет
иесі Ұлы Жаратушы – Аллаға ғана тән.
Құранда Алла Тағала:
«Алла Тағала сендерді
және істейтін амалдарыңды жаратты»
десе,
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде:
«Істеушіні және
оның ісін жаратушы – Алла Тағала»
- деп біздің
істеуге бел байлаған әрбір ісіміздің Ұлы Жаратушы тара
пынан жаратылатындығы білдірілген.
Саффат сүресі/96.
Кәнзул-Уммал, 1/263
Пайғамбарымыздың хадисінде: «Бақытты
адам анасының құрсағында бақытты,
бақытсыз адам да анасының құрсағында
делінген. Бұл хадисте
айтылған адам баласының иманды болып,
бақытқа кенелетіні немесе имансыз болып
бақытсыздыққа ұшырайтыны мына дүниеге
аяқ баспай жатып, анасының құрсағында жа
зылып қоятынын қалай түсінуге болады?
Иә, әрбір адамның бақытты болу-болмауы анасының
құрсағында жатқан уақытта жазылып қояды. Әбу Бәкір,
Омар, Осман, Әли сияқты заңғар сахабалардың иман
нұрымен нұрланып, екі дүниеде де бақытты болатыны
және Әбу Жәһил, Әбу Ләһәб секілді имансыз жандардың
бақытсыз болатындығы аналарының құрсақтарында
жатқан уақытта жазылған. Бірақ бұл олардың мына
дүниедегі ниеттері мен қалаулары есепке алынбастан
жазылмайды. Яғни, Алла Тағала әзәли ілімімен барлық
адамның мына дүниеде не істейтінін, қалауларын қай
бағытта қолданып, иманды яки имансыз болатындықтар-
ын алдын ала білгендіктен солай жазып қояды. Олар Алла
Тағала жазғаны үшін бақытты, не бақытсыз болмайды.
Керісінше, олардың бақытсыз яки бақытты болатынын
Алла Тағала әу бастан білгендіктен тағдырларына солай
Һәйсами, Мәжма’уз-зәуәид. VII. 193.
Доңыз еті неліктен харам?
Доңыз ең әуелі бүкіл әлемдердің Раббы Алла Тағала
«жемеңдер»
деп тыйғаны үшін харам. Мұсылмандар
Алла Тағаланың тыйған тыйымдарының астарлы
хикметін, зиянын білмесе де
«неліктен, неге?»
демес-
тен дереу бойұсынуға тиіс. Себебі, оны бұйырып тұрған
ұлы иеміз Алла Тағала. Мына дүниеге біздер сынақ үшін
жіберілгенбіз. Алла Тағаланың адал еткен нәрселері
шексіз, санасаң санап бітіре алмайсың. Ал, керісінше,
харам еткен нәрселері санаулы әрі шекті. Солай бола
тұра, кейбір адамдар осыншама адал нәрселерді ысырып
қойып, Алла Тағаланың сынақ үшін харам еткен санау
лы нәрселеріне барып ұрынады. Құдды ол харамды же
месе яки ішпесе аштыққа ұрынатындай. Бойұсынудың
ең ұлысы һәм ең сауаптысы – істің зияны мен пайдасын
есепке алмастан, тек бүкіл әлемдердің раббы – Алла
Тағала бұйырғаны үшін ғана орындау. Мұнымен қоса,
Алла Тағаланың тыйған кез-келген тыйымдарында бұл
дүниелік һәм арғы дүниелік пайдалар бар екені де сөзсіз.
Доңыз етінің харам болуының да әр түрлі хикметтері бар.
Оларды қысқаша қайыратын болсақ:
1. Доңыздың денесінде улы заттар бар. Доңыз еті
өте майлы келеді. Бұл май жеген адамның қанына сіңеді.
Сөйтіп, қан май түйіршіктеріне толып қалады. Қандағы
өлшемінен көп бұл май артерия тамырларының қатаюына,
қан қысымының көтерілуіне және жүрек талмасына себеп
болады. Бұған қоса, доңыз майының құрамында (sutoksin)
«сутоксин» делінген улы зат бар. Денеге енген бұл улы
заттың сыртқа шығарылуы үшін лимфа бездерінің ша
мадан тыс жұмыс істеуі қажет. Ал бездердің бұлай ша
мадан тыс жұмыс істеуі, әсіресе, жас балалардың лим
фа бездерінің асқынуына және ісінуіне әсерін тигізеді.
Ауруға ұшыраған баланың тамағы қатты ісігендіктен,
доңыз кейпін елестетеді. Міне, сондықтан бұл ауруға ме
дицина тілінде «доңыз ауруы» (skrofuloz) делінеді. Ауру
қатты асқынған жағдайда лимфа бездері жарақатқа ай
налып, қатты ісінеді. Аурудың ыстығы көтеріліп, қатерлі
жағдайға душар етеді.
2. Доңыздың денесінде көп мөлшерде күкірт
болғандықтан, оны жеген адамның организмінде
өлшемнен тыс күкірт пайда болады. Ал организмдегі
өлшемнен тыс күкірттің болуы шеміршек, бұлшық
ет және сіңірлерге сіңіп, буындарда тұз жиналу және
омыртқаның жылжуы сияқты ауруларға себеп болуы әб-
ден ықтимал. Доңыз еті жиі желінген жағдайда денедегі
қатты шеміршектер сол доңыз етінен келетін бөлшектердің
әсерінен тым жұмсарып, дене ауырлығына шыдамайтын
халге келеді. Бұл буындардың босаңсуына әкеліп соғады.
Доңыз етін жейтін адамдардың қолдары ісіп, денелерінде
май қабаттары пайда болады. Мысалы, ол адам спортпен
айналысқан күннің өзінде жалқау, жайбасар халге енеді.
3. Доңызда өсу гармоны да көп мөлшерде кездеседі.
Бірнеше жүз грамдық салмақпен ғана туылған торай
лар алты айдың ішінде жүз килоға жетеді. Торайлардың
мұншалықты тез өсіп, үлкеюі доңыздың денесіндегі өсу
гармонының өте көп мөлшерде болуына тікелей байла
нысты. Бұл гармондар доңыздың етін жеген адамдардың
денесіне де өтетіндіктен, ол адам организміне кері әсерін
тигізеді. Денедегі тканьдардың ісіну мен қабынуына
әкеп соғады. Мұрын, жақ, қол, аяқ сүйектерінің табиғи
қалыптан тыс үлкейіп, өсуіне және жалпы дененің майла
нуына себеп болады. Гормандардың ең үлкен зияны – де
неде қатерлі ісіктің (рактың) пайда болуына жағдай жасай
ды. Мал дәрігерлері еркек доңыздардың белгілі бір жастан
кейін қатерлі ісік ауруына көптеп шалдығатындықтарын
айтуда.
4. Доңыз етінің құрамындағы хистамин (histamine)
және имидазол (imidazole) делінетін заттар адамның
терісінде қышу тудырады, есекжем, бөртпе (экзема), дер
матит сияқты тері ауруларға себеп болады. Бұған қоса,
бұл заттар соқыр ішек, өт жолдары, тамыр ауруларына да
көп жағдайда себеп. Сондықтан дәрігерлер жүрегі ауыра
тын адамдарға доңыз етін жемеуге кеңес береді.
5. Доңыздың етін жеу салдарынан адамда пайда бола
тын тағы бір ауру – трихина ауруы. Доңыздар бұл ауруды
трихина атты құрттары бар тышқандарды жеу арқылы
өздеріне жұқтырады. Доңыздардың денесінде бұл құрт
көптеп кездеседі. Бірақ трихина ауруы доңыздарға қатты
әсер етпейді. Ал адамдар үшін бұл ауру өміріне қауіп
төндіретіндей қатерлі ауру болып саналады. Трихина
құрттары асқазан және ішектер арқылы қанға өтеді. Сосын
барлық денеге тарайды. Трихина құрттары, әсіресе, жақ,
тіл, мойын, жұтқыншақ және көкірек бұлшықтарының
тканьдарында орналасады. Сондықтан осы мүшелердің
бұлшықтарының тартылып қалуына (сал болуына) себеп
болады
. Бұған қоса, қан тамырларының бітелуіне, ме
нингит және мидың асқынуына әкеп соғады. Трихина ау
руы кей жағдайда адам өліміне де себеп. Бұл аурудың тағы
бір жаман жағы нақты емінің болмауы. Трихина көбінесе
батыс елдерінде кеңінен етек алған. Мал дәрігерлерінің
қатты қадағалауына қарамастан, Швейцария, Англия
Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 221-бет. «Дарул-қалам» баспасы,
Димашқ. 2001 ж.
және Польшада трихина ауруы кең тараған. Ал, мұсылман
елдерінде бұл ауру жоқтың қасы.
Медицина ғылымы дамығаннан кейін ғана
доңыз етіндегі трихина сияқты зиянды құрттар мен
микроптардың, улы заттардың бар екенін білудеміз. Ал
Құран сан ғасыр бұрын доңызды
«харам»
деп кесіп үкім
берген. Сондықтан доңыздың денесінде әлі де біз біле
білмейтін, ғылым дәлелдей қоймаған зиянды нәрселердің
жоқ екендігіне кім кепіл?!
6. Адамдар мен жан-жануарлардың табиғаты
мен мінездерінің қалыптасуында жеген қоректерінің
де рөлі бар. Мысалға, арыстан, қасқыр сияқты етпен
қоректенетін аңдар жыртқыш болып келсе, керісінше
сиыр, қой, қоян сияқты шөппен қоректенетін жануарлар
жуас болып келеді. Көбіне көкөністермен қоректенетін
адамдардың табиғаты жұмсақ, биязы болып келетіндігі,
ал етті көбірек жейтін адамдардың табиғатының қаттылау
болып келетіндігі анықталған. Қазақта адам мінезін су
реттеген кезде жылқы мінезді, қой мінезді деуі де осы
айтқандарымызды айқындай түседі. Доңыз – өзінің
ұрғашысын қызғанбайтын, мейірімсіз хайуан. Сондықтан
доңыз етін көптеп пайдаланатын адамдарда жарына, тіпті
анасына деген бөгде еркектердің арам пиғылына қарсы
намыс, қызғаныш сезімдері әлсірейді екен. Мұнымен
қатар, мейірім, қанағат секілді қасиеттеріне айтарлықтай
қаяу түсетіні байқалған. Француз ойшылы Саворин
қоректенудің маңыздылығын түсіндіре келе «Маған не
мен қоректенгеніңді айт, сенің кім екеніңді айтайын» де
ген екен.
Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати шубуһатил-
мушаккикин, 649-бет. Каир қаласы, Мажлисул-ағла ли шуунил-
Шайтан не үшін жаратылған? Елді
адастыратын ондай азғырушының керегі
не? Өзінің тозаққа баратынын біле тұра ол
неліктен кінәсін мойындап, тәубеге келмейді?
Алла ешбір жаратылысты бекерден-бекерге я болма
са жаманшылық жасау үшін жаратпаған. Шайтан әу баста
шайтан болып жаратылмаған. Ол – періштелердің арасын
да ғұмыр кешкен жаратылыс. Алайда ол Алла Тағаланың
алғашқы сынағынан-ақ сүрінді. Сүрінгенде жай сүріну
емес, омақасып оңбай құлады. Оған берілген сынақ,
Алла Тағаланың
«Адамға сәжде ет!»
деген бұйрығы еді.
Шайтан осы бұйрыққа қарсы шығып, қырсыққан үстіне
қырсығып, тәкаппарлана түсті. Паңданып, Алланың
бұйрығына қарсы шығуының салдарынан, Жаратушының
шексіз рақымынан қуылды. Мұның бәрін ол өзінің дер
бес қалауымен жасады. Яғни, ол өз қалауымен шай
тан болды. Шайтан алғашында періштелердің ара
сында жүріп, Алла Тағалаға құл
шылық жасады. Бірақ
шайтанның періштелердің қатарында жүруі – оның
өзіндік іс-әрекетінің, үздіксіз күрес, тынбайтын еңбегінің
нәтижесі емес еді. Бәлкім, бұл Алла Тағаланың арнайы
шарапаты әрі оның шынайы дәрежесін анықтайтын
сынаққа т
үспеуінің арқасында болған-ды. Сондықтан бо
лар, ол Жаратқанның алғашқы сынағында-ақ өзінің кім
екенін байқатып, шынайы бет пердесін ашып берді. Ен
деше, шайтанның әу баста періштелермен бірге болуы
– оның абыройлылығына ешқандай да дәлел бола алма
сы хақ. Ал оның періштелердің жанында жүріп жасаған
құлшылығына келер болсақ, оның осы құлшылығы
шынымен-ақ Алла Тағалаға бойұсынуы ма, жоқ әлде та-
ғы да өзіне ұнамды болғандығы үшін бе? О жағы бізге
белгісіз. Бірақ алғашқы сынақта көрсеткен қылығы
– оның Аллаға емес, өз нәпсісінің құлы болғандығын
Шайтан жәннаттан, Ұлы Жаратушының рақымынан
Адам үшін қуылғандықтан, ол әрқашан адам ұрпақтарына
қас дұшпан. Сондықтан адам баласы әрқашан өзінің осы
қас дұшпанына сақ болып, негізгі жаратылу мақсатына
сай ғұмыр кешуге тырысқан уақытта ғана өзінің ішкі
дүниесіндегі күнәға қарсы барлық қорғаныс механизмдері
күшейе түседі. Бейне бір белгілі бір вирусқа сан рет душар
болған жанның денесіндегі ішкі қорғаныс механизмінің
іске қосылып, иммунитетінің қуаттанып, автоматты түрде
қорғанысқа түсуі секілді.
Шайтанның сан түрлі азғыруына сақ жүрген жанның
«парасаттылық», «қырағылық»
секілді сипат
тары артса, оның сан алуан айлаларына көнбей, көкірегін
керіп, қарсы тұрған жанның бойындағы
«сабырлылық»,
«төзімділік», «қайсарлылық»
секілді қасиеттері дамып,
шыңдала түседі. Олай болса, шайтан адам баласының
мына дүниеде өте сақ боп ғұмыр кешуіне, бойындағы
қорғаныс жүйесінің жетілуіне, табиғатындағы ашылмаған
көптеген асыл қасие
ттерінің кемелденуіне басты себепші
екеннін де есте ұстауымыз керек.
Бұл дүние – адам баласының сынаққа түсер ұлы май
даны. Алла Тағала адамдарды әр түрлі себептермен сынға
салуда. Сөзсіз, шайтан да сол себептердің ең бастысы.
Шайтан арқылы адамдар арасындағы жақсысы мен жама
ны, осалы мен қайсары, жәннат пен тозаққа лайықтысы
ажыратылуда.
Әр түрлі химикалық тазарулардан өткеннен кейін
асыл тастың алтынға айналатыны секілді шайтанның
да азғыруына құлақ аспай, сан-алуан айлаларына қарсы
тұрып, өмір бойы оны қас дұшпаны санап өткен жандар,
рухани жетіліп, кемелдене түседі. Сөйтіп, жәннатқа лайық
дәрежеге жетеді. Ал, керісінше, шайтанның арбауына
көніп, әр түрлі азғыруларына қуана келісіп, оның шабуы
лына ақ туды көтеріп, еш қарсылықсыз беріліп, жаманшы-
лық атаулыны шімірікпей жасап, күнәларға белшесінен
батқан пенде, бара-бара өзі де адам бейнесіндегі шайтанға
айналып, тозаққа тән кейіпке енеді. Міне, шайтан адамның
рухани жетілуіне, жәннатқа лайық жаратылыс дәрежесіне
көтерілуіне яки күнә істеп, тозақтық болуына себеп
болғандықтан, оны бостан-босқа хикметсіз жаратылған,
не болмаса оның жаратылуы мүлдем қажетсіз дей алмай
Мысалы, пышақты түрлі пайдалы іс үшін қолдануға
болатыны секілді, онымен адам өлтіріп күнәға батуға да
болады. Сол себепті, пышақтың өзін жаман, керексіз дей
алмаймыз. Ендеше, шайтанның да жаратылуы жамандық
емес. Алла Тағаланың құлдарына еш жаманшылық
қаламасы хақ.
Ал енді шайтанның Алла Тағаланы біле тұра істеген
күнәсін мойындап, тәубеге келмеуіне тоқталайық.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, шайтан Адам ата жара
тылмас бұрын ерекше дәреже-абыройға ие дара жара
тылыс еді. Оның есімі әрдайым періштелердің жанында
қатар аталатын. Алла Тағала періштелердің өзі сәжде
ететініндей дәрежеге ие ардақты
делінген жара
тылыс жаратты. Алайда шайтан мұны қатты қызғанды.
Өйткені, ол өзін жаратылғандардың ішіндегі ең ардақтысы
деп білетін. Енді міне, Ұлы Жаратушының көптеген
сипаттарының көрсеткіші іспетті өзінен де артық зат жа
ратылып отыр. Шайтан мұны көре алмай, қызғанды. Ішін
өрт шалған шайтан үшін осы
алдында сәжде жа
сау өте қиын еді. Бүгінгі күні де өзінен асып бара жатқан
өзгелерді көре алмай, аяқтан шалушылықтар осы бір
шайтани мінездің адамдағы айқын көрінісі.
Еврейлер мен христиандар арабтарды өздерінен
төмен санайтын. Сол себепті, олар соңғы пайғамбардың
араб ұлтынан келуін мүлде елестете алмайтын. Алай
да, соңғы пайғамбар араб ұлтынан келген сәтте олар
мұны көре алмады. Қызғанды. Сондықтан олар араб
ұлтынан шыққан Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.)
бойындағы барлық ерекшеліктерді қасиетті кітаптарында
білдірілген сипаттамаларға дәл келсе де,
«бұл біз күткен
пайғамбар емес»
деп тайқып шыға келді. Құранда:
«Бізден кітап берілгендер (еврейлер мен христиандар)
оны (Мұхаммедті) өз балаларындай анық таниды»
делінеді. Олардың соңғы пайғамбарды біле тұра, оны
қабылдамауының астарында қызғаныш пен тәкаппарлық
жатыр еді. Міне, осы сияқты көптеген оқиғалар шайтан-
«Адамды қызғану»
оқиғасын көз алдымызда жандан
дыра түседі.
Алла Тағала
жаратқаннан кейін барлық
періштелермен қоса шайтанға да
«Адамға сәжде етіңдер»
деген бұйрығын берді.
«Сәжде ету»
термин ретінде
маңдайды сәждеге қойып, құлшылық жасау. Ал бұл
жердегі
«сәжде ету»
Адамды (а.с.) мойындау, оған ізет,
құрмет білдіру мағынасында келген. Шынайы құлшылық
мағынасындағы сәжде тек Алла Тағалаға ғана жасалады.
Шынтуайтында, бұл
«сәжде»
Адамға салынған
сәлем мен оған жасалған құрметтен бұрын, Ұлы
Жаратушының бұйрығына әрі
секілді ғажайып
жаратылысты жаратқан Оның құдіреті мен теңдессіз
шеберлігіне жасалған сәжде еді.
Періштелер Адамға сәлем салып, ізет білдіріп Ұлы
Жаратушының бұйрығына сәжде етті. Тек шайтан ғана
Әли Ғимран, 146 аят.
тәкаппарланды. Алла Тағаланың бұйрығынан бас тар
тып, қарсы шықты. Алла Тағала:
«Менің бұйрығыма
қарамастан, адамға сәжде етуге не нәрсе бөгет болды?»
деді. Шайтан:
«Мені оттан, оны топырақтан жараттың.
Мен, әлбетте, одан қайырлымын, артықпын, қалай
оған сәжде етпекпін, менен артық жаратылыс бар
ма?»
деп тәкәппарланды. Шайтан ішіндегі қызғанышы
мен тәкаппарлығының салдарынан бұйрықтың Ұлы Жа
ратушыдан келіп тұрғанына да қарамады. Шайтан бұл жа
уабы арқылы Алла Тағаланың өзінен де артық жаратылыс
жарата алатын құдіретіне қарсы шығуда еді. Тіпті мұның
астарында:
«Сен менен асқан артық жаратылыс жара
та алмайсың?» деген «менмендік»
Шынтуайтында, шайтан төмен санаған топырақ аса
қайырлы еді. Себебі, топырақ өмірдің қайнар көзі. Барлық
тіршілік топырақтан өрбиді. Сондықтан топырақта Алла
Тағаланың
«теңдессіз жаратушы», «толассыз рызық
беруші», «шексіз шебер»
сияқты есімдері мен сипаттары
көрініс табуда. Яғни, топырақ – Ұлы Жаратушының сан
сыз көркем есімдері мен сипаттарының айнасы іспетті.
Шайтан қатесін түсініп, тәубеге келудің орнына
қасарысқан сайын қасарысып, тәкаппарлана түсті. Сөйтіп
шайтан Алла Тағаланың:
«Ендеше, дереу ол жерден түс!
Сенің ол жерде тәкаппарланып, паңдануыңа жол жоқ.
Қанеки, тез шық! Сөзсіз, сен қорланғандардансың!»
деген сөзімен құзырынан қудаланды. Сонда Ібіліс:
«Маған қайта тірілетін күнге дейін мұрсат бер!»
Алла Тағаладан қиямет күніне дейін өмір сұрады. Алла
Тағала:
«Сен мұрсат берілгендердің қатарындасың»
деді. Ібіліс
«Ендеше, Сен мені қаңғыртып, адасуға ду
шар еткенің үшін мен де олардың тура жолға түсуіне
барынша бөгет жасаймын. Олардың алдынан, ар
тынан, оңынан, солынан келіп азғырамын. Сөйтіп,
Сен олардың азын ғана Өзіңе шүкір еткендердің
қатарынан табасың»
деп, адамға деген дұшпандығын
айтып салды. Иә, Ібіліс адамға қас. Себебі, сол үшін
өзінің бар абыройынан, күллі атағынан айрылып,
Алланың рақымынан мәңгілікке қуылды. Өзінің күллі
атақ-абыройынан айрылып, қорланғанына, ал керісінше
Алланың сүйікті құлы болып, күллі жараты
лыс атаулының алдында абыройға кенелгеніне шыдай
алмады. Енді ол осы Адамға және оның қияметке дейін
келетін бүкіл үрім-бұтағына дұшпан болмақ. Қандай
жолмен болса да, оны азғырып, Алланың рақымынан
қуылып, абыройынан айырылуын қалады. Қалайша Адам
абыройлы күйде, ал менің жағдайым мынау. Жоо-жоқ,
мен мұны көтере алмаймын дегендей ішін қызғаныш
кеміріп, тәкаппарланған сайын тәкаппарлана түсті.
Сол күннен бастап Адамды азғырумен болды. Адам ата
мен Хауа анамыздың жәннаттан қудалануын тіледі. Сан
қилы айла жасап, осы арам пиғылын жүзеге асыру үшін
небір қулықтарға барды. Ақыры Адам мен Хауаның
Алла Тағаланың
«жақындаушы болмаңдар!»
деп
бұйырған жемісін жегізіп тынды. Сөйтіп, Адам ата
мыз бен Хауа анамыз шайтанның азғыруына алданып,
тыйым салынған жемісті жегені үшін жәннаттан жер
ге түсірілді. Яғни, жәннат мекенінен шығарылды. Шай
тан айласын асырғанына айран-асыр қуанды. Алайда,
Адам мен Хауа дереу қателерін түсініп,
«Раббымыз, біз
өзімізге зұлымдық жасаушыларданбыз. Егер сен бізді
рақымыңа бөлеп, күнәмізді жарылқамасаң, сөзсіз, біз
ұтылғандардан боламыз»
деп кешірім тілеп, тәубе етті.
Тәубелері қабыл болды. Шайтан одан әрі ызалана түсті.
Шайтан енді Адаммен қоса оның ұрпақтарын азғырумен
Ағраф сүресі, 12-17 аяттар.
Ағраф сүресі, 23-аят.
бол
ды. Адам пайғамбардың ұрпақтары хақ жолында
жүрген сайын оны ашу кернеп, азғындығы асқына түсті.
Пұт атаулыны күл-талқан етіп, жер жаһанға Хақты жаяр
соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) дүниеге келгенде, сірә
шайтан қатты ашуланып, терісіне сыймаған болар.
Міне, осылайша тұла бойын ашу билеп, ішін
қызғаныш өрті шалған Ібіліс айықпас тәкаппарлық
ауруына шалдықты. Алланың рақымынан қуылып,
болмысындағы тәубеге деген барлық жолдарды бітеді.
Жүрегі қарайған сайын қарайғандықтан енді хаққа қарай
қайтуы да мүмкін емес-ті.
Үнемі адамдарды қойша бауыздап қырып жүретін
қатігез адамның жүрегінде мейірімділік сезімінің мүлдем
өшетіні секілді шайтанның да бойындағы тәубе етуге,
Хаққа бет бұруға деген қасиеттері мүлдем өшіп, оның ор
нын тек ыза мен кек қана басқан.
Шыдамы таусылған момын адамның ашу үстінде
ешқандай үгіт-насихатты тыңдамай, өршелене түсіп,
алдындағы адамның кім екенін де ажыратып жатпай небір
сорақы іс-әрекеттерге баратыны секілді шайтан да мәңгі-
лік ашу үстінде. Адам ұрпағының әрбір жетістігі оны ашуға
булықтырып, қызғаныштың қызыл отына көмгендіктен
ол өзінің кінәсын мойындап, тәубе етуді бір сәт болсын
ойламақ емес. Өйткені, оның болмысындағы игілікке,
ізгілікке деген барлық жақсы сезімдер мен қасиеттер
өшіп, өзі қызғаныш пен тәкаппарлықтың айықпас дертіне
шалдыққан. Адам ұрпақтарының әрбір жетістіктерін
көрген сайын ашуға булығып, ал керісінше адасулары
нан ләззат алып, жаны жай табады. Міне, шайтан осын
дай кеселге ұрынғандықтан оның жүрегі мөрленіп, көзі
перделенген. Бойын ашу кернеп, Хақтың рақымынан
алшақтаған сайын алшақтай түсуде.
Дұрысын Алла біледі. Ұлы Жаратқан бізді шайтанның
кесірінен сақтап, әрдайым тәубешіл құлдарынан болуды
нәсіп етсін!
«Жиһад» деген не? Оның терроризммен
сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге,
мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-
қайратың мен ынта-жігеріңді төгу, тырысу, күресу деген
сияқты мағыналарды білдіреді.
ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда
теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адам
дар жиһадтты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді.
Әрине, мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді.
сөзі 35 жерде өткенімен төрт жерде ғана
тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы
«харб», «мухарабә», «мағрака», «қитал»
терминдерімен
білдірілген. Бірақ, жиһад сөзі соғысты да қамтығандық-
тан, көпшілік жиһад делінген кезде тікелей соғысты
түсінеді.
– адамның Алла Тағаланы тануына кедергі
келтіретін барлық тосқауылдарды жою. Жаратушы мен
адамның арасындағы бөгеттерге сауатсыздық, әлеуметтік
жағдайдың төмендігі, ерік-ойға, санаға жасалған шектеу
лер жатады. Ендеше,
деп осы бөгеттерді жою
үшін жасалатын барлық іс-шара, күреске айтылмақ.
Алла ризалығы үшін істелген әрбір іс-қарекет
жиһад» саналады. Қандай да болсын қиын жағдайларға
қарамастан күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, кейде
аптап ми қайнатар ыстықта ораза ұстау, Алла Тағаланы
өзге жандарға түсіндіру үшін істелген әрбір іс, қоғамдағы
кейбір керітартпа келеңсіздіктерді
түзету үшін
атқарылған үлкенді-кішілі барлық шара исламдағы жиһад
ұғымының аясына кіреді.
Жиһад – ең әуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегің-
ді тазарту. Болмысыңды қызғаншақтық, қанағатсыздық,
сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі
жаман қасиеттерден арылтып, олардың орнын көркем
қасиеттермен толтыру. Қысқасы, нәпсіңмен әрдайым
үздіксіз күрес. Себебі, әуелі өз басын түзете алмаған адам,
нәпсісін жеңіп, кәміл адам болу жолына түспеген жан
өзгені қалай түзетіп, тура жолға қалай шақырмақ.
Сыртқы күрестен бұрын ішкі күресті қолға алудың
маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Себебі, адам өзінде
жоқ нәрсені басқаға қалай бермек? Пайғамбарымыз бірде
соғыстан шаршап, шалдығып келе жатқан сахабаларына:
«Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық»
де
ген кезде, сахабалары:
«Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад»
- деп, таң қала сауал қойды.
«Ол – өз нәпсіңмен күрес»,
- деп жа
уап қайырды. Міне, көрдіңіз бе? Неге? Өйткені, нәпсімен
күрес қолға қару алып дұшпаннан соғысқаннан да қиын.
Олай дейтініміз, сыртқы дұшпанның кім екені, қайда екені,
қашанға дейін болатындығы белгілі. Сондықтан онымен
күресу оңай. Ал, нәпсің болса, олай емес. Ол сенің ішіңде.
Қай жақтан, қалай келіп айласын асыратыны да белгісіз.
Оның дұшпандығы белгілі бір уақытпен шектелмейді,
әрдайым сенімен бірге. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз
сыртқы дұшпанмен күресті
«кіші жиһадқа»
жатқызса,
нәпсімен күресті
«үлкен жиһадқа»
балаған.
Қазіргі таңда кең етек алған болмашы себептермен ажыр
су, тастанды бала, жемқорлық, иманнан бейхабар ғұмыр кешу
сияқты келеңсіздіктерді түзету үшін жасалған әрбір салиқалы іс,
қажырлы күрес жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде:
«Нағыз жиһад
жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші»
деп, нәпсімен
күрестің маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен.
Жиһад ұғымы адамға, қоғамға, жағдайға қарай
түрленіп отырады. Бір дәрігердің өз саласында кәсіби
деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі,
экономика маманының мұсылмандардың әлеуметтік
жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты,
мұғалімнің сауатты түрде бала оқытуы – мұның бәрі
жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны
тірнектеп жинап, өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; жоқ-
жітіктерге көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан
қалталы азаматтардың бұл істері де Хақ жолындағы
күреске – жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде:
«Жесірлер мен
міскіндер үшін жұмыс істеуші кісі Алла жолында
жиһад жасаушы адамға тең»
Кейде нағыз сөз саптайтын ұрымтал тұста бір ғана
кесімді сөз айту да, сөздің кері әсер ететін тұсында сабыр
сақтап, тіліңді тістеу де жиһадқа саналады. Тіпті, кейде
қажеттілігіне қарай тек қабағыңды шыту яки күлімсіреу-
дің де жиһадқа саналуы ғажап емес. Қысқасы, істелетін
әрбір істің Хақтың ризашылығына қарай реттелуіне
делінеді.
Жиһад мәжбүр жағдайда қарумен де болады. Барлық
дипломатиялық байланыстар нәтижесіз аяқталып,
келіссөздерден толықтай үміт үзілген шақта отанды
қорғау үшін қолға қару алып жиһад жасауға рұқсат.
Пайғамбарымыздың дәуіріндегі жиһадқа, яғни
мұсылмандардың Хақ жолындағы күрестеріне назар
Бухари, китабун-нафақат. Және қараңыз Әбу Зәкария Мухиддин
Иахия Ән
Нәуәуий, узһатул
Муттақин, 1
том, 227
бет. Муәссисәтур
Рисәлә, Байрут 1991ж.
аударсақ, жоғарыда айтылған жиһадтың барлық түріне
куә боламыз.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарлығының
алғашқы үш жылында исламды жасырын насихат
тады. Мұсылмандардың бұл кезеңдегі жиһадтары
дұшпандардың көзіне түспестен, пайғамбарымызбен жа
сырын түрде кездесіп тұруы болатын.
Пайғамбарлықтың төртінші жылынан бастап,
Адамзаттың ардақтысы (с.а.у.) елді жаңа дінге жа
рия түрде шақыра бастады. Міне, осы кезде Мек
ке мүшріктері иман келтіріп, жаңа дінге кірген ат
төбеліндей аз ғана мұсылмандарды келеке, мазақ етіп,
сан-алуан қиыншылықтарға душар етті. Осы кезеңдегі
мұсылмандарға тиесілі жиһад – мүшріктердің жан шы
датпас азаптарына сабыр етіп, жаңа дінді насихаттауды
тоқтатпау болатын. Әз сахабалар мұны ең керемет түрде
атқара білді.
Мүшріктердің жан түршігерлік азабына душар
болған кейбір мұсылмандарға пайғамбарымыз (с.а.у.)
Эфиопия еліне көшуді бұйырды. Жағфар және басқа да
онымен бірге барған бірқатар ардақты сахабалар Эфио
пия патшасы Нәжашиға жаңа дінді жеткізіп, оның иманға
келуіне себеп болды. Осылайша бұл көш жай ғана көш
емес, Жағфар сынды әз сахабалардың үлесіне тиген сол
кездегі дін жолындағы жиһадтың нағыз өзі болатын.
Мүшріктер мұсылмандарды азаптаптауда жаңа бір
айлаға көшті. Мұсылмандарды өзге халықтан бөлектеп,
сауда-саттық секілді жалпы адами барлық қатынастарына
тыйым салып, оларды қоғамнан оқшаулап, саяси-
экономикалық байкот жариялады. Тоз-тоз болып, аш-
жалаңаш күй кешкен мұсылмандар бұл қиын кезеңде
де сабыр сақтап, жаңа діндерін тастамастан, өздеріне
жасалған зұлымдықтарға табандылық танытты. Осындай
қиын кезеңде Хадиша анамыз қолындағы бар дүниесін
мұсылмандарға үлестіру арқылы өзіне тиесілі жиһад
міндетін атқара білді. Исламнан бұрын Меккенің аса
ірі байларының санатына жататын Хадиша анамыз бар
байлығын Хақ жолына жұмсағандықтан, өзі қайтыс болған
кезде ақыреттік кебініне бір орам бөз де табылмаған еді.
Сол қиын кезеңдерде Әбу Бәкір өз үйінде Құран
оқитын. Бірақ Құранды ішкі бөлмелерінде емес, ел
жүретін жаққа қарайтын сыртқы бөлмеде оқитын.
Көшеден ары-бері өткен адамдар Әбу Бәкірдің тебіреніп
оқыған Құранынан әсерлене бастады. Әбу Бәкір арқылы
Құранмен табысқан көптеген адамдар мұсылмандықты
қабылдап жатты. Міне, Әбу Бәкір қиын заманда өзінің бір
ғана Құран оқуымен де жиһад міндетін атқара білді.
Мүшріктердің жан шыдатпас ауыр азаптары күн
санап артып жатты. Осындан кейін мұсылмандар
ғибадаттарын емін-еркін атқарып, жаңа діннің қанат жа
юын қамтамасыз ету үшін Меккедегі туған жерлерін, бар
дүние-мүлік, туған-туыстарын тастап, Мәдина қаласына
хижрет етті (көшті). Сөйтіп мұсылмандар Мәдинада екі
жылдай ғұмыр кешті. Мекке мүшріктері олардың Мек
кеде қалған бар мал-мүліктерін талан-таражға салып,
өртейтінін өртеп, құртатынын құртты. Қалған дүниелерін
үлкен керуендермен Шамға, Сирияға сатуға жіберді.
Мұсылмандар бұлардың бәрінен хабардар еді. Енді
олар Мәдина қаласының маңайынан өтіп бара жатқан
мүшріктердің керуенінен өздерінің мал-мүліктерін
қайтарып алуды ниет етті. Алайда, мұны білген Меккелік
мүшріктер мұсылмандарға қарсы үлкен әскер жіберді.
ғни мұсылмандардың ниеттері соғыс емес, өздерінің
талан-таражға түскен дүниелерін қайтарып алу болатын.
Бірақ мүшріктер соғысты қалады. Міне, Алла Тағала осы
дан кейін ғана мұсылдандардың рухын көтеріп, әлсіздер
мен қорғансыздарға қорған болу мақсатында күн санап
қиянат жасауда шектен шыққан кәпірлердің шамасын
көздеріне көрсету үшін соғысқа алғашқы рет мына аят
арқылы рұқсат берді.
«Өздеріне қарсы соғыс ашылған
мұсылмандарға (мүшріктермен) соғысуға рұқсат
берілді. Өйткені олар зұлымдыққа ұшырап, жәбір
көрді. Әлбетте, Алла Тағала оларға жәрдем беруге
толық күші жетеді. Олар ешбір себепсіз тек «Раббы
мыз – Алла» дегендері үшін отандарынан қуылды...»
Демек, өздеріне ешбір себепсіз зұлымдық жасап,
сан-алуан қиыншылықтарға душар етіп, елінен-жерінен
кетуге мәжбүрлеп, мал-мүліктерін талан-таражға салған
адамдарға қарсы соғысуға тек он бес жылдан кейін ғана
рұқсат етілді.
Исламда негізгі ұстаным – бейбітшілік. Бұл туралы
Алла Тағала былай дейді:
«Егер олар сендерден аулақ
тұрса, әрі сендермен соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт
тұруды ұсынса, онда Алла Тағала сендердің оларға
шабуыл жасауларыңа ешқандай жол бермеді»
Алла Тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешу-
ді былай қойғанда, мұсылмандардың оларға жақсылық
әрі әділдік танытуларына қарсы еместігін білдірген.
«Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендер-
ді өз отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға
жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті
болуларыңа Алла Тағала қарсы емес. Өйткені, Алла
Тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді»
Соғыс – дипломатиялық жолдар түгелдей іске
аспаған жағдайларда ғана амалсыз барылатын ақырғы
шара. Ал бейбітшілікке, келісімге қайтадан мүмкіншілік
туған жерде соғысқа жол жоқ. Яғни, қарсы жақ соғысты
Хажж сүресі, 39-40 аят.
Ниса сүресі, 90-аят.
Мумтахина сүресі, 7-аят.
тоқтатып, келіссөз сұраса, мұсылмандар да соғысты
тоқтатып, келіссөзге жүгінулері абзал.
«Егер олар
келісөзге, бейбітшілікке (ниет білдірсе) жақындаса,
сен де жақында»
Исламда қарулы соғысқа тек мынандай жағдайларда
ғана рұқсат етіледі:
1. Қорғану мақсатында. Шабуыл жасаған жауға қарсы
соғысу. Құранда:
«Сендермен соғысқандарға қарсы
сендер де Алла жолында соғысыңдар. Бірақ шек
тен шықпаңдар. Алла Тағала шектен шыққандарды
жақсы көрмейді»
-делінеді.
2. Өзіңе шабуыл жасайтыны нақты анықталған
дұшпанға соғыс тактикасы бойынша бірінші болып шабу
ыл жасауға рұқсат етіледі.
3. Жазалау мақсатында.
4. Түрлі зұлымдықтарға жол бермеу мақсатында.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) барлық соғыстарына көз
жүгіртсек, тек осы айтылған себептерге ғана сүйенгеніне
куә боламыз. Ендеше, соғыс – тек Алланың ризалығы
үшін Оның рұқсат еткен жағдайларда ғана болуға тиіс.
Жай кезді былай қойғанда, соғыс жағдайында да
Ислам озбырлық әрекеттерге жол бермейді. Айталық,
соғыста әйелдерді, жас балаларды, соғысқа қатыспаған
қарт кісілер мен ешкіммен шаруасы жоқ монахтар
ды өлтіруге қатаң тыйым салды. Өсіп тұрған ағаштар
мен егін алқаптарын өртеуге, түйе, сиыр сияқты мал
дарды өлтіруге, әр түрлі өзге діннің ғибадатханаларын
қиратуға жол бермеді. Дұшпан әскерлерінің өлі денелерін
тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын кесуге де қатаң
тыйым салды. Пайғамбарымыз соғысқа кетіп бара
жатқан қолбасшыларына мынандай ескертулер жасады:
Әнфал сүресі, 61-аят.
Бақара сүресі, 190 аят.
«Алланың атымен жолға шығыңдар. Алла жолында
күресіңдер. Соғысатын адамдарыңмен араларыңда
келісімдер бар болса, оны қадағалаңдар. Шектен
шықпаңдар, соғыс кезінде өлтірген адамдарға «мүсле»
(өлі денелерін тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын
кеспеңдер) жасамаңдар. Балаларды, әйелдерді,
қарт кісілерді, ғибадатханалардағы адамдарды
өлтірмеңдер»
148
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тіпті өзіне қарсы
соғысып жатқандарды қарғауы былай тұрсын, оларға
«Алла Тағалам, олар Сенің құлдарың, біз де Сенің
құлдарыңбыз...», «Алла Тағалам, олар білмейді, Сен
оларды кешіре гөр!» деген кең пейіл игі тілекте болған.
Пайғамбарымыздың өмірбаянының атақты жазушы
сы Қади Мұхаммед Сүлеймен әл-Мансұрдың
ту рахматан лил-аламин»
атты кітабындағы келтірген
санақ бойынша һижри жыл санауымен ІІ-ІХ жылдар
аралығында болған барлық соғыстарда дұшпан әрі
мұсылман қатарынан бар болғаны 1018 кісінің ғана көз
жұмғаны төңірегіндегі мәліметтерді ескерер болсақ,
соғыс деп әй-шәй жоқ қан төге берудің де дұрыс емес
екендігін аңғарамыз. Ал 1914-1918 жылы болған Бірінші
дүниежүзілік соғыста 21 миллион адам жараланып,
олардың 7 миллионы өмірмен қош айтысқаны белгілі
.
Жоғарыда да айтылғандай, соғыс – тек бейбіт шешу
жолы түгелдей таусылған кезде барылатын соңғы жол.
Рұқсат етілген бұл соғыстың өзін жекелеген адамдар, яки
белгілі бір топ бұйрық беріп бастата алмайды. Соғысқа
қатысып-қатыспауды шешетін,
деп аттан сала
«соғысыңдар!»
деп бұйрық беретін тек қана мемле
Ахмед ибн Ханбәл, Муснәд, 1/300. әбу Дәуід, Жихад, 82.
Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Иени умит
журналы, 24-бет. №47, 2000 ж. Стамбул.
кет болуы тиіс. Әйтпесе, кез-келген соғысқұмар адамның
ашқан соғысы жиһадқа жатпайды.
Әлемде болып жатқан террорлық әрекеттермен
Исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам сөзі
«бейбітшілік, амандық
-есендік» деген мағынаға саяды.
Ислам діні – жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты
орнату үшін жіберілген Құдайлық соңғы дін. Міне,
сондықтан әр мұсылман, тіпті, сәлем бергеннің өзінде
қал
-жағдай сұрап емес, «бейбітшілік пен тыныштықты
тілеп амандасады. Мұсылмандардың сәлемдесуде ай
татын
«әссәламу алейкум»
сөзі
«сендерге Алланың
бейбітшілігі мен есендігі, тыныштығы болсын!»
де
ген мағынаны білдіреді.
«Ислам», «сәлам», «мұсылман»
сөздерінің барлығының түбірі бір. Яғни, бейбітшілік
пен тыныштықтың мағынасын қамтитын сөздер. Ислам
бейбітшілікті уағыздайтын дін болса, мұсылман баласы
сол бейбітшілікті өзінің отырып-тұруында, сәлемі мен
сөйлеуінде, өзгелермен қарым
-қатынасында, қысқасы,
-әрекетінде іс жүзінде көрсетуші тұлға болмақ.
«Бейкүнә бір адамды өлтіру – күллі адамзатты
өлтірумен тең»
Бұл ереже қасиетті Құранда айтылған.
Олай болса, қаншама бейкүнә адамның, періштедей
бүлдіршін сәбилердің жанын қиған лаңкестік әрекеттер
исламға, Құранға, мұсылманшылыққа жата ма? Тіпті,
адам өлтіру былай тұрсын, малды қорқытудың өзі Исламға
теріс. Сойылатын малдың көзінше пышағын қайраған са
хабасына Алланың соңғы
елшісі Мұхаммед (с.а.у.) қатты
кейіп: «
Сен малды неше рет өлтірмексің? Пышағыңды
малды жатқызбас бұрын қайрамадың ба?»
деп ескер
ту жасаса, тағы бір хадисінде:
«Қаруды қалжыңдап бол
са да өзгеге кезенбе!»
деп, адамды өлтіру былай тұрсын,
Маида сүресі, 32-аят.
әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 17-том, 422-бет.
өзгенің көңіліне аз да болса үрей салудың өзі исламға,
шынайы мұсылманға жат әрекет екенін түсіндірген.
Беліне бомба байлап, өзгелердің жанын қию үшін
өзіне де қол жұмсаған жанкештілер өздерін
деп есептейді. Шейіттік мәртебе бейкүнә жандарды
өлтірумен келетін оп-оңай нәрсе емес.
Өзін-өзі өлтіру – исламда үлкен күнә. Құранда
«Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар!»
делінген.
Біз дінімізді қасиетті кітап Құраннан әрі оны
түсіндіруші соңғы пайғамбар Мұхаммедтен (с.а.у.)
үйренеміз. Ал енді осы мұсылманшылық қағидаларының
қайнар көзі саналған Құран мен Пайғамбарымыздың
өмірінде өзіне қол жұмсап, бейкүнә жандарды қыру бар
ма? Тіпті, соғыс жағдайында да соғысқа қатыспаған
адамдарды өлтіру – дінімізде харам саналып жатса, жай
уақытта күнде құбылмалы саяси ойындар үшін жүздеген
бейбіт жатқан күнәсіз жандардың жанын қиюдың қандай
ауыр күнә екені айтпаса да түсінікті.
Қоғамның пайдасы үшін болса да исламда қандай
да бір адамның құқы аяқ асты етілмейді. Жалғыз ғана
адамның құқы – жалпы қоғамның құ
қындай қымбат.
Исламда мақсат қандай ұлы, таза болса, оған апара
тын жолдар да сондай таза, ұлы болуы тиіс.
Террорлық әрекеттер арқылы ешбір проблема қазірге
дейін шешілмеген әрі бұдан кейін де шешілмейді.
Барлық лаңкестік әрекетте
р – ислам үшін жасалған
күрес емес, керісінше, исламға қарсы қиянат.
Кейінгі кезде Ислам мен терроризмнің бірге айты
луы – тырнақ астынан кір іздейтін ислам дұшпандары
үшін таптырмайтын олжа болды. Сондықтан қандай
қиын жағдайға душар болса да мұсылмандар исламның
атына кір келтіретін лаңкестік әрекеттерден аулақ болуы
Ниса сүресі, 29-аят.
керек. Себебі, белгілі бір жағдайлар, дағдарыстар мен
саяси ойындар күнде өзгереді. Ал діннің ұстаным, ереже-
қағдилары мәңгілік. Өтпелі жағдайлармен діннің атына
кір келтіруге болмайды.
Қазіргі таңда болып жатқан барлық жарылыс,
лаңкестік әрекеттерді ислам дініне жабу кең етек
алды. Алайда, солардың барлығын істеп жатқан
мұсылмандар ма? Бұған «иә» деп жауап беру, әрине,
қиын. Мұсылмандықты бет-перде етіп, лаңкестік
әрекеттерге барып жатқандар кімдер? Кей жағдайда
олардың қатарында соғыстарда әке-шешесінен, туған-
туыстарынан айырылған, немесе басқа да рухани
күйзелістерге түскен адамдар да болады. Ондай адам
дар кеудесін кернеген ішкі ыза-кек пен күйіктің сал
дарынан барлық іске баруы мүмкін. Мұндай адамдар
психологиялық тұрғыдан алғанда, діннің рұқсат етпе
ген нәрселерін де жасауға бейім тұрады. Өз істеріне
шариғаттан әлсіз болса да негіз іздей бастайды. Я бол
маса кейбір өзгелердің ойыншығына айналып, бопса
тұзағына іліккен мұсылмансымақ адамдар. Бұған қоса,
мұсылманның атын жамылған әлдебір ұйымдар, тіпті
алпауыт мемлекеттер саяси мақсаттары үшін шала сауат-
ты кейбір дүмбілездерді арнайы дайындап, Құрандағы
кейбір аяттардың бас-аяғын қырқып монтаждап,
«шейіт
болып, жұмаққа кіресің»
деп лаңкестік әрекеттерге
айдақтауы да мүмкін. Яғни, зомбиге айналған адамдар.
Бүгінде кейбір арнайы дәрілерді ішкен адамдардың
өлімнен де қорықпай, өз жандарын қиып та жіберетіндігі
белгілі болды. Мысалы, Шриланка аралында өсетін бір
шөптің жойылуы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы (WHO) 110 миллион қаржы бөлді. Бұл шөпті же
ген жастарда өлімнен қорқу сезімі жоғалып, өздеріне оп-
оңай қол жұмсайды екен. Тіпті
атты дәріні белгілі
бір адамға арнайы лагерлерде күнде тамағына қосып беру
арқылы миындағы өзіндік ойларын өшіріп, орнына қалаған
пікіріңді құйғаннан кейін
секілді химикаттар
арқылы 8-10 сағаттық лаңкестік әрекеттерді орындатуға
болады
. Мұндай дәрілер арқылы өлімнен қорқу деген
сезімі өшірілген, тіпті өлімді аңсайтын мәңгүрт адамдар
арқылы кез-келген лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруға
болады.
Осындай жолдардың түрлі-түрлісімен жасалып
жатқан лаңкестік әрекеттерді Ислам дініне жауып, оны
«террористтік дін»
етіп көрсету – оған жасалған тарих
та бұрын-соңды болмаған ауыр қиянат. Терроризмнің діні,
ұлты болмайды. Жапонияның Токио қаласындағы метро
да бірқатар адамның өліміне себеп болған
«Аум Сенрике»
сектасының жасаған лаңкестік әрекетін ешкім
«Будда
терроризмі»
деген жоқ қой. 2000-2004 жылдар аралығында
болған Испанияның Мадрид қаласында орын алған
бірнеше лаңкестік әрекеттерді
«Христиан терроризмі»
деп тірі жан айыптаған жоқ. Ендеше, мұсылманның атын
жамылған кейбір лаңшыл адамдардың жасаған террорлық
әрекеттері неге бейбітшілікті уағыздайтын Ислам дініне
жабылуы тиіс? Бұл тек күн санап көркейіп, өсіп келе
жатқан дінімізге жаны қас дұшпандардың жапқан жаласы
мен жаққан күйесі ғана.
«Оларды (мүшріктерді) қайда
көрсеңдер сол жерде өлтіріңдер»
аятын лаңкестер
өз істеріне ақтау ретінде қолдана алмайды. Себебі,
бұл аят соғыстың қызып тұрған кезінде қолына қару
алып, мұсылмандарды өлтіру ниетімен соғыс майда
нына шыққан дұшпан әскерін
«сендер де өлтіріңдер»
Құрастырған: Ергун Чапан, Ислама гөре терөр ве интихар салд
рылары, 98, 103-беттер. Станбул. 2005 ж.
Бақара сүресі, 191-аят.
деген мағынаны білдіреді. Әйтпесе, бейбіт жатқан кез-
келген өзге діндегілерді
«қайда көрсеңдер, сол жер
де өлтіріңдер!»
деген мағынаны білдірмейді. Исламда
мұсылман өлкесінде тұратын өзге дін өкілдерін өлтіру
былай тұрсын, оларға мұсылман болмағанын желеу
етіп, титтей де болса әділетсіздік жасау дұрыс емес.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:
«Кім де кім бір
зиммиға (мұсылман елінде тұратын өзге дін өкілдері)
қиыншылық көрсететін болса, мен ол адамның
дұшпанымын. Ал мен кімнің дұшпаны болсам, онымен
ақырет күні жеке есептесемін»,
- делінген.
Басқа бір хадисте:
«Кімде кім біздің
қарамағымыздағы зиммиді өлтірсе, жәннаттың
иісін де иіскемейді»,
- деп, келісім бойынша мұсылман
өлкесінде тұрып жатқан басқа дін өкілін өлтірген адам-
ның жәннаттан мақұрым қалатындығын білдірген. Міне,
дініміздің осы кеңшілігінің арқасында ғасырлар бойы
мұсылман елдерінде христиандар бейбіт ғұмыр кешуде.
Олардың діни рәсімдері мен жеке істеріне мұсылмандар
араласпаған. Оларға пікір, және сенім бостандығы
берілген. Қазірге дейін Мысыр, Түркия, Сирия сияқты
мұсылман мемлекеттерінде шіркеулердің мешіттермен
қатар терезелері тең тұр. Бұл исламның өзге дін өкілдеріне
деген толеранттық көзқарасының айқын көрінісі. Ис
ламда мұсылманшылықты қабылдамағаны үшін адам
өлтіру деген ұғым жоқ. Исламға әркім өз еркімен сана
лы түрде кіруі тиіс. Алла Тағала Құранда бұл туралы
«Дінде зорлық жоқ»
деп кесіп айтады. Ғасырлар бойы
мұсылмандардың Құранның осы бір өміршең қағидасы-
нан айнымағанына тарих куә. Бұл ақиқатты батыстың
өзі мойындайтындығына айғақ ретінде С. Арнольдтың
Бақара сүресі, 256-аят.
мына сөздерін келтірейік:
«Мұсылмандардың х
арды жеңгеннен кейінгі жасаған толеранттық қарым-
қатынастары ауыз толтырып айтуға тұрарлық жайт.
Олардың бұл қарым-қатынастары кейінгі ұрпақтарда да
жалғасын тапты. Шындығын айтар болсақ, хрис-тиан
тайпалары кейіннен исламға кірген уақытта өздерінің
дербес ерік-қалауларымен кірген еді. Бүгінге дейін
мұсылмандардың арасында христиандардың ғұмыр
кешуі – олардың осы толеранттық әрекеттерінің айқын
Мысырдағы мұсылмандардың жеңісіне куә
болған Никоу епископы Джон (694 жылда өмір сүрген)
мұсылмандардың сол кездегі қолбасшысы Амр ибн
Астың өзге дін өкілдеріне көрсеткен құрметін былай деп
тілге тиек етеді:
«Ол шіркеулерден еш нәрсе алмады.
Талан-таражға салмады. Тіпті, шіркеулердің мүлкіне
қол тигізбеді де»
Міне, осы сияқты тарихи дәлелдер кейбіреулердің
айтқанындай исламның жер жүзіне қылыштың жүзімен
емес, айдай анық ақиқаттары мен оны ұстанушы
мұсылмандардың адамгершілігі мен толеранттық
ұстанымдарының арқасында жайылғандығын білдірсе ке
Мұсылмандар ғасырлар бойы қол астындағы өзге
дін өкілдерін алаламастан оларға жақсылық жасап,
қошемет көрсеткені соншалық, Рим императорлығы Си
рияны қайтадан қайтарып алуға қалың әскер жинап келе
жатқанда, сол жердегі христиандар шіркеулерге жиналып,
мұсылмандар үшін қол жайып тілек тілеп, мінәжат еткен.
Егер мұсылмандар қол астындағы өзге дін өкілдеріне
қысастық жасап, исламға кірулері үшін күштегенде, олар
Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Иени умит
журналы, 24-бет, №47, Стамбул, 2000 ж
жалына-жалбарына осылай мұсылмандардың тілеуін
тілер ме еді?
Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен
күрес. Мұсылмандардың соңғы ғасырларда артта
қалуларының, көптеген саяси ойындардың құрбанына
айналуларының, экономикалық күйзеліске ұшырауының
бірден-бір себебі – сауатсыздық, кедейлік пен ішкі
алуыздық. Білім мен дін – бір-бірін толықтыратын егіз
ұғым. Дінсіз ғылым ақсақтық болса, ғылымсыз дін
соқырлыққа тең. Сондықтан мұсылмандар үшін ең
қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі,
біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны ойлап табуды бы
лай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да сауат
ты қолдана алмаулары. Осының бәрі – мұсылмандардың
дамымай артта қалуларының негізгі себептері. Ендеше,
бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан
гөрі ғылымға сүйенбек.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:
«Мах
шар күні соғыста ағызылған шейіт қаны мен ғылымға
жұмсалған ғалымдардың сиясы таразыға тартылған
сәтте ғалымдардың сиясы басым түседі»
делінеді.
Қазіргі өмір талабына сай озық құралдармен
жабдықталған білім ордаларын ашып, ол жерде сау
атты білім беру, үлкен зертханалар құрып, ғылыми
жаңалықтар ашу, қысқасы, жүректері діни тағлыммен,
ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, рухани біліммен
нәрленген, ал ақыл-ойлары қазіргі озық ғылыммен
сусындаған еңсесі биік ұрпақ жетілдіру – міне, қазіргі
мұсылмандардың кезек күттірмей іске асыратын ең
үлкен жиһады болмақ. Бұл жолда қолымыздағы бар
мүмкіншілігімізді сарп етуіміз ләзім. Бай байлығын,
М. Абдулфәттах Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том,
101-бет. Ғайе баспасы, Станбул. 1990 ж.
мұғалім білімін, тәрбиеші тәлім-тәрбиесін берсе, лауа
зымды орындықта отырған кісілер де қолдарынан келген
барлық қолдауларын көрсетсе, қысқасы, ел болып әркім өз
үлесіне тиген міндетін, мүмкіншілігін Алла ризашылығы
үшін атқарса, міне, сонда ғана мұсылмандар өз пробле
маларын сауатты шеше алады. Әлдебіреулердің саяси
ойыншығы болудан, пікір бодандығынан, экономикалық
тәуелділіктен құтылады. Сонда ғана мұсылман әлемі
күшейіп, әлемдегі барлық озбырлық әрекеттер мен
әділетсіздіктерге батыл қарсы тұра алады. Сонда ғана
мұсылман әлемі мемлекеттер арасындағы тепе-теңдіктің
сақталуына, әлемде бейбітшіліктің орнығуына тарихтағы
орны толмас өз үлестерін тағы да көрсете алмақ.
«Кәһф» сүресінде «Алла кімді тура жолға
салса, ол тура жолға түседі, ал кімді адастыр
са, оны тура жолға салатын көмекші таба
алмайсың» деген аят бар. Сонда адамды тура
жолға салатын да, адастыратын да Алла
Тағаланың өзі болса, мына дүниедегі сынақтың,
ана дүниедегі жұмақ пен тозақтың қажеті не
болғаны?
Аятқа тереңірек үңілсек, онда айтылған тура
жолға салу мен адастыру түсінігі – белгілі бір іс-әрекет
мағынасына саяды. Ал әрбір істі жарататын Алла
Тағаланың өзі екенін «Жақсылық та, жамандық та Ал
ладан» дегенге қатысты сауалға берген жауабымызда
кеңінен айтып өттік. Тура жолға салуды да, адасты
руды да болғызатын, жарататын – Алла Тағала. Бірақ
Алла Тағала ешкімді күштеп иман еткізіп, еркінен тыс
адастырмайды. Алла Тағала тура жолға, иманға апарар
себептерді ыңғайлап, адамдарды тура жолға шақырған.
Құранда бұл жайлы мынандай аят бар: «Біз әр
пайғамбарды (ақиқатты толық) түсіндіруі үшін өз
қауымының тілімен жібердік. (Тура жолдың себептерін
жіберіп, ескерткеннен кейін) Алла Тағала қалағанын
адастырады, қалағанын тура жолға салады. Ол – шексіз
құдірет иесі – Азиз, әр істі орынды істейтін, еш нәрсені
бекер жасамайтын – Хаким»
. Яғни, Алла Тағала жер
бетіне тура жолды түсіндіретін пайғамбарлар мен кітаптар
түсірген, арнайы ғалымдар жіберген. Құлдарының арасы
нан кім осы тура жолдың себептерін ұстанса, ақиқатты
үйреніп, білу ниетімен мешітке барып уағыз тыңдаса,
Ибраһим сүресі /14.
арнайы кітаптар оқып, ақылға жүгініп, имандылыққа бет
бұрса, Алла Тағала да ол құлының жүрегіне иман нұрын
құйып, тура жолға салады. Дүниенің қызылына қызығып,
түнгі клубтар мен сыраханалардан шықпай, күнәлардан
бас алмаса, нәпсісіне ұнамды күнәларды тыяды деп
Құранға, дінге қарсы шығып, жүрек тілімен «тура жолды
қаламаймын» десе, Алла Тағала ол құлын адастырады.
Қысқасы, тура жолды немесе адасуды қалайтын, тілейтін
– біз, ал Алла Тағала сол қалауымызға қарай бізді тура
жолға салып, жүрегімізге иман нұрын құяды немесе
адастырып, қараңғылыққа салады.
Әзірейіл періште дүниенің әр жерінде бір
уақытта қайтыс болатын адамдардың жа
нын алуға жалғыз өзі қалай үлгереді? Оның
өлім аузында жатқандарға үрейлі яки ұнамды,
түрлі кейіпте көрінуін қалай түсінуге
болады?
Әзірәйіл – Алла Тағаланың адамдардың рухын алуға
міндеттеген періштесі. Ажалы жеткен адамдың жанын ол
тікелей өзі алады. Немесе Әзірәйіл періштенің бұйрығына
бағынатын көптеген көмекші періштелері арқылы да
алуы мүмкін. Күнәһар, кәпір адамдардың рухын алатын
періштелердің бір басқа, ал мұсылман жандардың рухын
алатын періштелердің бір басқа екенін Құранның кейбір
аяттар мазмұнынан аңғаруға болады
Дүниенің әр жерінде бір уақытта қайтыс болған
адамдардың жанын Әзірәйіл періштенің өзі тікелей
алу мәселесі бір қарағанда мүмкін емес сияқты. Алай
да, бұл пікір өзіміздің шектеулі ақылымыз бен періште
мүмкіндігін өзімізбен салыстырудың нәтижесінен туған
Жалпы дүние болмыстарына қарай олардың
шағылысулары да әр қилы.
1. Мәселен, заттық, қатты, тығыз нәрселердің көрініс,
шағылыстарын алалық. Біз жүз айнасы бар бөлмеге
кірер болсақ, айнаға шағылысқан көрінісіміз арқылы біз
Бұл жайлы «Назиғат» сүресінің алғашқы аяттарындағы Аллаһ
Тағаланың серт еткен: «суырып шығарушы» сөзіне ғұламалар
«кәпірдің, күнәһардың жанын суырып алушы періштелер» деп
түсінік берсе, «ақырын шығарушы» сөзін «мұсылмандардың жа
нын оңай алушы періштелер» деп тәпсірлеген.
жүз тал болып көрінеміз. Бір қолымызды қозғасақ, жүз
қол қозғалады. Бірақ материалдық, заттық денеміздің
шағылысуынан туған көрініс болғандықтан рухымыз,
сезімдеріміз, тәніміз ол жерде толықтай барлық болмы
сымызбен көрініс таппайды. Айналарға шағылысқан
денелерімізде өмір жоқ болғандықтан, олардың бәрі өлі,
рухсыз.
2. Заттық, бірақ нұрлы нәрселердің көрініс,
шағылыстары. Мысалы, күн әйнек тәрізді заттарға
өз бойындағы жеті түрлі реңі, жылуы сияқты барлық
қасиеттерімен бірге өтеді. Яғни, әрбір күн сәулесіне
шағылысқан әйнек, су тәрізді жылтыр нәрселер бейнебір
күннің өзі сияқты көрінеді. Мысалы, лупаны күнге қарату
арқылы кез-келген нәрсені күйдіруге болады. Қолымызға
күнге шағылысқан бір айнаны алып, қараңғы бөлмеге
қарату арқылы ол жерге жарық беруге болады. Міне,
Күн барлық нәрседен ұзақ болуымен қатар, барлық
нәрсеге өте жақын да. Сәулесін күллі теңізге төккені
тәрізді әрбір су тамшысына, барлық жылтырақ заттарға
да төге алады. Бір уақытта барлығына бірдей нұрын
шаша береді. Біреуімен шағылысуы екінші бірімен
шағылысуына бөгеттік етпейді. Бірақ, күн заттық әрі
сәулелі болғандықтан көбіне шағылысқан нәрселерге
тек сәулелі, нұрлы жағын ғана өткізе алады.
3. Заттық емес, нұрлы–рухани нәрселердің көрінісі.
Мысалы, періштелердің шағылысуы барлық болмыс-
тарымен бірге тұтастай көрініс табады. Бірақ періште
шағылысқан айналардың қабілет, болмыстарына қарай
көрінгендіктен, күллі ақиқаттарымен барлық жерде көріне
бермейді. Мысалы, Жебірейіл періште пайғамбарымызға
(с.а.у.) аса сымбатты сахаба Дихиә келбетінде көрінген
сәтте Алла Тағаланың құзырында ғибадат жасап жатуы
да мүмкін. Әзірәйіл періште де нұрлы болмыс болғандық-
тан, бір сәтте бірнеше жерде болу мүмкіншілігіне ие.
Бір істі істеу екінші бір істі істеуіне бөгет бола алмайды.
Міне, сондықтан Әзірәйіл періште дүниенің бір жеріндегі
белгілі бір адамның жанын алған сәтте басқа жердегі
екінші бір адамның жанын да оп-оңай ала алады
. Мұны
тағы бір мысалмен айқындай түсейік. Мысалы, белгілі бір
жерден радио толқындары арқылы хабар жіберілсе, сол
толқынды ұстайтын жиіліктегі (частота) барлық құралдар
да дәл сол хабарды сөйлей кетеді. Ал орталықтан хабар
ды бір ғана түймені басу арқылы тоқтатса, сол толқынды
ұстайтын жиіліктегі барлық радио, т.б. басқа құралдар да
тоқтай қалады. Дәл осы секілді Әзірейіл періште де өлім
жиілігіне қарасты барлық адамның жанын бір уақытта
неге ала алмасын?!
Өлер алдындағы адамға Әзірейіл періштенің
қорқынышты яки ұнамды болып түрлі кейіпте көрінуін
қарапайым ғана айнаны мысал ете отырып түсіндіріп
көрейік. Мысалы, бөлмедегі жүз айнаның біреуі
шағылысқан заттарын қара-көк, ұзын-қысқа, ал енді бірін
жуан-жіңішке, етіп көрсететін болса, бөлмеге кірген бір
ғана адам жүз айнада жүз түрлі кейіпте көрінеді. Міне, сол
сияқты Әзірейіл періште де рухын алатын кісінің иман,
ғибадат, мінез-құлықтарының рухани айналарындағы
жағдайына қарай түрлі бейнеде көрінеді. Күнәһар адамға
үрейлі, айбатты, ал тақуа адамға ұнамды кейіпте көрініп,
рухын майдан қыл суырғандай оп-оңай алуы мүмкін.
Асылында, бұл жерде келтірілген барлық мысалдар
сұрақтың жауабын жеңілдету үшін берілді. Періштелерді
ешбір өзгеріссіз дәл мысалдардағыдай деуден мүлде
аулақпыз.
Савфет Сених, Шүпһелер үзеріне¸ 60-бет. Т.Ө.В. баспасы, Измир.
Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) неліктен
көп әйел алған? Мұны нәпсіқұмарлыққа
жатқызатындарға не деуге болады?
Ежелден күні бүгінге дейін адамзат тарихына қарасақ,
қарама-қайшы пікірде екі қоғам бар екенін байқаймыз.
Бұлардың біріншісі – Ұлы Жаратушыға иман келтірген
жандар болса, екіншісі иман келтірмей күпірлік жолын
ұстанғандар. Иманнан мақұрым қалғандар әрдайым иман
ды жандарға сан түрлі жолдармен шабуыл жасап, олардың
қастерлеген киелі ұғымдарын тілдеп келген. Осылайша
олар өздерінің ішкі дүниелеріндегі арам пиғылдарымен
қоғамдағы пәк адамдардың санасын улауға тырысуда. Ен
деше, бүгінгі таңда да арам пиғылды қара
ниеттілердің
болуы табиғи нәрсе. Өйткені, әркім өзінің ішкі дүниесіне
қарай әрекет етеді. Осылайша Ұлы Жаратқанның
«Уа,
пайғамбарым, әркім өз мінез-құлқына қарай әрекет
етеді-де»
деген баянының туралығын растайды.
Міне, сондықтан бүгінгі таңда пайғамбарымыздың
толық өмірбаянын былай қойғанда, аты-жөнін де
дұрыс білмейтін жандардың Оның (с.а.у.) көп әйелмен
некелескенін қозғай беруі – дін дұшпандарының жайған
жалған жалаларының нәтижесі екені сөзсіз. Мұндай
пікірлерді жаюға тырысқан адамдар ешбір дінге сенбейтін
имансыз жандар да болуы мүмкін. Ал, бұл адамдар
пайғамбарымыз жайлы қоздатып келген бұл қитұрқы
істі өздері ешбір шектеусіз, ешбір заңсыз жасырын түрде
істеуде. Енді осы әйелдермен бірге болу мәселесінде
Исра сүресі, 84-аят.
осыншалықты нәпсілерінің құлақкесті құлдарына
айналған бұл кісілердің пайғамбарымыздың әр түрлі
мақсаттар мен хикметтер үшін Алла қосқан ақ некелілері
турасында оны қаралап, айыптауға, одан есеп алуға ешбір
арлары да, беттері де жоқ. Яки бұл тақырыпта Оны (с.а.у.)
қасақана қаралауға тырысқандар исламға жаны қас еврей
және христиан дінін ұстанатын кейбір адамдар. Ал, бұл
дінге сенетін адамдардың да бұл әрекеттері ақылға да
өздері сенген Тәурәт, Інжіл секілді кітап ұстанымдарына
да қайшы. Себебі, олардың өздері қастерлейтін бұл
кітаптарда көптеген пайғамбарлардың көп әйелмен некелі
екендіктері баяндалған. Мысалы, Тәуратта Ибраһим,
Дәуіт, Сүлеймен сияқты пайғамбарлардың көп әйелмен
шаңырақ құрғандығы айтылған. Ендеше, өздері сенетін
пайғамбарлардың көп әйел алуына ешбір кінә тақпаған
еврейлер мен христиандардың сонғы пайғамбар
Мұхаммедке (с.а.у.) келгенде жалғаннан жала жауып,
күйе жағуға
тырысулары дұшпандықтан басқа ештеңе де
емес
Сондай-ақ бұл жайлы күмәнді ой өрбітіп, тілдерін
босқа бұлғап жүргендер – ислам дінін жетік білмейтін,
пайғамбарымыз жайлы жазылған кітаптарды оқымастан,
өзгелердің өтіріктен өрген өсек өрмегіне ілінген адамдар.
Егер олар пайғамбарымыздың өмірбаянын бастан-аяқ
дұрыстап оқып шығып, оның әрбір ісін зерделер болса,
аталмыш күмәндарынан сейіліп, ақиқатқа көз жеткізер
еді.
Ғаламның рақым нұры – Мұхаммедтің (с.а.у.)
көп әйелмен некелесуіндегі асыл хикметтер мен ұлы
мақсаттарды түсіндірмес бұрын дін дұшпандары
Мухиддин Акгүл, пейгамберимизин ханымлары ве евлиликлери
деки хикметлер – 1. Иени үміт журналы, №12, 31-бет. 1999 ж.
айтқандай Оның (с.а.у.)
«нәпсіқұмар, әйелқұмар»
емес
екенін дәлелдеуіміз қажет. Ол үшін пайғамбарымыздың
өмір сүрген дәуірі мен қоғамын жетік білуіміз ләзім. Иә,
ол дәуірдің
«надандық, қараңғылық»
дәуірі делініп, та
рихта қара таңбасымен орын тепкені бәрімізге мәлім.
Надандық пен қараңғылық үстемдік еткен бұл қоғамда
зинақорлық ашықтан-ашық жасалды. Тіпті, зина жа
саушы осы ұятты ісімен халық алдында мақтанып, атақ-
абыройға кенелді. Ата-тек, шежіре шатасып, көптеген ба
лалар өз әкесінен бейхабар-ды. Осыншалықты бұзылған
қоғамда Пайғамбарымыз – өзінің ар-ұятына зәредей кір
жуытпаған абзал тұлға. Ол өзінің алғашқы отауын жиыр
ма бес жасында тіккен еді. Пайғамбарымыз күш-жігердің
бойда тасып тұрған осы бойдақтық шағында да ұятты
істерге маңайламады. Нәпсісін тежеп, өзінің ерік-жігеріне
ие бола білді. Егер пайғамбарымыз осы жасына дейін
әлдебір әйелмен заңсыз байланыста болған жағдайда,
тырнақ астынан кір іздегіш дін дұшпандары мұны жерден
жеті қоян тапқандай аттан салып күллі әлемге жар салар
еді. Алайда, пайғамбарымыздың пәк өмірі мұндай лас
істерден пәк болғандықтан, дін дұшпандарының діңкесі
құрып, бұл туралы жақ аша алмауда. Демек, Мұхаммед
(с.а.у.) – пайғамбарлық шағына дейін де нәпсіқұмарлық
пен әйелқұмарлықтан аулақ болған, ар-ұятына қылаудай
дақ түсірмеген абыройлы жан
Жиырма бес жасында өзінен он бес жас үлкен Ха
диша анамызбен шаңырақ көтерді. Пайғамбарымыз
Мекке қаласындағы, тіпті, дүниедегі ең сымбатты әрі
ең сыйлы жан бола тұра өзінен он бес жас үлкен Хади
ша анамызбен некелесті. Дін дұшпандары айтқандай,
Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати
шубуһаатил-мушаккикин, 354-бет. Кайр қаласы, Мажлисул-ағла
Пайғамбарымыз нәпсіқұмар біреу болғанда, өзінен он
бес жас үлкен әйелге үйленер ме еді? Хадиша анамыз бай
болғандықтан үйленді деген ой тіптім орынсыз. Себебі
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хадиша анамызбен үйленгеннен
кейін барлық байлығын дін жолында кедейлерге таратып,
өздері күнкөрісі қарапайым халықтан да төмен жұпыны
өмір сүргенін ұмытпайық. Байлық үшін үйленген адам өзі
әрең жеткен байлықты мұқтаждарға осылай оңды-солды
таратар ма еді?!
Хадиша анамызбен көтерген бұл киелі шаңырақтың
дәм-тұзы жиырма бес жыл жарасты. Хадиша анамыз
о дүниелік болғаннан кейін де пайғамбарымыз (с.а.у.)
бес-алты жылдай бала-шағасымен жалғыз қала берді.
Егер пайғамбарымыз әлгілер айтқандай әйел құмар
болса, осыншама жыл қалай ғана ешбір ұятты істің
көлеңкесіне де маңайламастан бойдақ жүре алды?
Пайғамбарымыздың бұдан кейінгі барлық некелесулері
әйелге деген құмарлық сезімнің азаятын шағында ба
сталды. Яғни, 53-54 жасында. Бұған қоса, Айша ана
мыздан өзге некелескен жарларының барлығы да
үлбіреген жас қыздар емес, жастары әжептеуір ұлғайған
жесір әйелдер еді. Тіпті, көбінің бұрынғы күйелерінен
бірнеше баласы да өздерімен ере келген болатын. Ал
енді пайғамбарымыздың барлық некелесулері әйел
құмарлықтан, нәпсіқұмарлықтан туындаған бол
са, пайғамбарымыз қалыңдыққа жасы ұлғайған жесір
әйелдерді емес, он екі де бір гүлі ашылмаған үлбірген
жас қыздарды таңдар еді ғой.
Күннен-күнге өрістеп кең етек алып бара жатқан
жаңа дінді тоқтату үшін не істерлерін білмей абдыраған
құрайыштықтар Пайғамбарымыздың немере ағасы Әбу
Тәліпке келіп:
«Біз оған қалаған байлығын берелік, қала-
са, Меккенің бар билігін қолына ұстатайық, әйел қала-
са, ең әдемі қызымызға үйлендірейік, ауруға шалдықса,
дүниенің ең атақты дәрігерін шақыртып емдетейік.
Тек ата-бабамыздың дініне қарсы шықпасын. Мына
жаңа дінін тастасын»,
– деп ұсыныс тастаған еді.
Әбу Тәліп құрайыштықтардың бұл ұсынысын Алла
елшісіне жеткізді. Пайғамбарымыз ұсыныстарын естір-
естімес:
«Алла Тағалаға ант етейін, егер менің оң
қолыма күнді, сол қолыма айды ұстатса да мен бұл
дінімді уағыздаудан бас тартпаймын»,
– деп жауап
берді. Егер нәпсісін тояттату үшін үйленер болса, Мекке
мүшріктерінің бұл ұсыныстарына пайғамбарымыздың
(с.а.у.) берер жауабы жоғарыдағыдай болар ма еді?!
Демек, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көп әйелмен
некелесуінің астарында нәпсіқұмарлық емес, басқа биік
мақсаттар мен ұлы хикметтердің ж
атқаны есті адамға ай
дан анық. Бұл хикметтерді қысқаша түсіндірейік:
1. Тәлім-тәрбие және үйретуге байланысты.
Ис
лам діні – ең ақырғы дін. Сондықтан бұл дін күллі
адамзаттың қажеттілігін өтейтіндей ерекшелікке ие бо
луы ләзім. Міне, сондықтан тіршіліктің қай қырын бол
са да қамтитындай ереже-қағида, заңдар әкелуге тиісті.
Адамзат көкейіндегі кез-келген сұрақтарына жауап таба
алуы үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үй тіршілігі, жанұя
рі, түнгі өмірі, үй ішіндегі қарым-қатынастары т.б.
бөгде ешкім хабардар бола бермейтін іс-әрекеттерінің бәрі
нақты түрде бүге-шігесіне дейін түсіндірілуі керек. Олай
болмаған жағдайда қияметке дейін жалғасатын ақырғы
бұл дін түсініксіз, жабық күйінде қалмақ. Ал ондай діннің
әлемдік дін болуы әсте мүмкін емес.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көп адамға беймәлім
жанұя тынысының толық білініп, адамзатқа жеткізілуі
үшін Оның отбасында бірнеше жанның болуы ләзім. Міне,
осындай ұлы мақсаттың жүзеге асуы үшін Пайғамбары-
мыз (с.а.у.) бірнеше әйелмен некелескен болатын.
Пайғамбарымыздың әрбір сөзі ғана емес, әрбір іс-
әрекеті – үмбетіне темірқазық іспетті жол көрсетер ереже-
қағида. Оның түнде тұрып оқыған намазын, мінәжат,
ғибадаттарын бізге осы пәк жұбайлары жеткізбегенде,
пайғамбарымыздың бұл тұстары үмбетіне мүлде
беймәлім күйде қалар еді. Барлық хадис кітаптарына на
зар аударар болсақ, Хақ Елшісінің (с.а.у.) түнгі намазы,
үйдегі қарым-қатынасы, басқа да бөгде адамдар көре
бермейтін іс-әрекеттерінің бәрін Айша анамыз сияқты
пәк жұбайлары риуаят еткеніне куә боламыз. Тіпті, Айша
анамыз хадистерді жеткізіп қана қоймай, қай хадистің
қандай жағдайда айтылғанын да жақсы білуші еді. Әбу
Муса әл-Әшғари (р.а.):
«Бізге (сахабаларға) бір хадис
түсініксіз болса, оны Айшадан сұрап білетін едік»
-деп, пайғамбарымыздың пәк жұбайларының исламды
түсіндірудегі ерекше орнын білд
ірген.
Әйел баласына қатысты сан алуан үкімдерді үйретуде
пайғамбарымыздың ақ некелілері мұсылман әйелдер
мен пайғамбарымыздың арасында дәнекерлік қызметін
атқарды. Пайғамбарымыздың әйелдерінің бірнешеу
болуының арқасында әйел заты өздеріне қатысты ислам
үкімдерімен оңайырақ танысу мүмкіндігі туды. Ислам
дініндегі әйелдерге байланысты хайыз, нифас секілді
кейбір ұятты мәселелерді пайғамбарымыздың әйелдерге
тікелей түсіндіруі дұрыс емес-ті. Міне, сондықтан
пайғамбарымыздың ақ некелілерінің әрқайсысы әйел-
дерге осы мәселелерді емін-еркін түсіндіретін.
Алла елшісінің жұбайларының арасында жас, орта
жастағы және жасы егде тартқан әйелдер бар еді. Себебі,
Хадисті имам Тирмизи жеткізді.
әр жас мөлшерінің өзіне тән жеке мәселелерінің болаты
ны да сөзсіз. Міне, осы мәселелер пайғамбарымыздың
ошағын-да іс жүзінде, Алла елшісінің көз алдында
болғандықтан, жауабы мен шешімдері де дер кезінде
беріліп отырды. Пайғамбарымыздың әр жас ерекшелігіне
тән мәселелерге берген жауаптары мен шешімдерін
үмбетіне жеткізуі осы пәк жұбайларының арқасында
жүзеге асты.
Пайғамбарымыздың шаңырақ көтерген ақ
некелілері арабтың түрлі руларынан болатын. Тіпті,
олардың арасында сол аймақтағы еврей сияқты басқа
да ұлт өкілдері де бар еді. Олар пайғамбарымыздың
көзі тірісінде әрі бақилық болғаннан кейін де өз рула
ры мен қауымдарына ислам дінін үйретуге атсалысты.
Пайғамбарымыздың әр жұбайы өз руларының ортасын
да ұстаздық қызметін атқарды. Тәпсір, хадис секілді
білім салаларының тарауында үлкен үлес қосты.
2. Қоғамға қатысты хикметтері:
А) Пайғамбарымыздың әйелдерінің басым көпшілігі
пана тұтар ешкімі жоқ әрі жетім балаларымен жалғыз
қалған жесір әйелдер болатын. Пайғамбарымыз жаңа
дінді уағыздай бастағанда мұсылмандар мүшріктерден
қатты жәбір көрді. Оларды сан алуан азаптарға душар
етті. Ислам діні жаңа тарай бастағандықтан бір отбасында
кейбіреулердің әйелдері мұсылмандықты қабылдағанымен
күйеулері қарсы болатын, енді біреулерінің қыздары
мұсылман болып, әкелері исламнан бас тартты. Мұсылман
болған әйелдерге ең алдымен күйеулері, сосын әкелері
қарсы шығып, жаңа діннен қайтуы үшін оларды аяу
сыз таяқтың астына алып, шырқыратып жан шыдатпас
азаптарға салатын. Бір жолын тауып күйеулерінен қашқан
қорғансыз мұсылман әйелдерді пайғамбарымыз кейде
сахабаларына кей тұстарда Алланың әмірімен, өзіне не
келеп, оларды мүшріктердің азабынан құтқарып, оларға
пана бола білді.
Бір жанұяда кейде әйелі де, күйеуі де мұсылмандықты
бірдей қабылдап жатты. Ерлері түрлі себептермен о
дүниелік болған мұсылман әйелдер әке-шешесінің, ағайын-
туысының жанына барған жағдайда оны дереу өлтіретіні
яки жан шыдатпас азапқа душар ететіндері сөзсіз еді.
Осындай қорғансыз қалған жесір әйелдерді мүшріктерге
қорлатпай аман алып қалу үшін пайғамбарымыз (с.а.у.)
оларды өз ұсыныстары бойынша сахабаларға яки Алла
Тағаланың әмірімен өзіне некелейтін. Міне, осындай
қиын жағдайға тап болған мұсылман әйелдердің жара
лы көңілдеріне медеу болып, жетімдерінің басын сипау
үшін пайғамбарымыз үйлену сияқты қиын істі кейде өз
жауапкершілігіне де алатын.
Пайғамбарымыздың хазіреті Сәу
да, Хафса, Мәймуна
аналарымызбен үйленуінің астарында осындай мақсаттар
жатыр.
б) Алла елшісінің көп әйелмен некелесуінде сол
кездегі қоғамға тән кейбір ерекшеліктер назарға алынған.
Мысалы, сахаба Әбу Бәкір, Омардың қыздарымен үйленуі
арқылы Құрайыш руымен туысқандық байланыс құрды.
Арабтарда туыстық қатынастар өте қуатты еді. Міне, осы
туыстық сезім, байланыс арқылы құрайыш руының жаңа
дінге жақындай түсулеріне себеп болды.
3. Саяси мақсаттар:
Алла елшісі Мұхаммедтің (с.а.у.) некелесуінің
бір қыры саяси мақсатқа да сүйенді. Бұл арқылы
пайғамбарымыз көптеген рулардың ислам дінімен та
нысуына себеп болды. Бір адам белгілі бір румен яки
ұлтпен қыз алысқанды ол ру яки ұлтпен табиғи түрде
жақындық байланысы күшейе түсетіндігі белгілі. Яғни,
құдалық-құдандалық байланыс арқылы араларындағы
ыза-кек, дұшпандық жойылып, сыйластық бой
көтереді. Міне, адам табиғатының осы бір қырын
жақсы білген пайғамбарымыз (с.а.у.) мұны ислам дінін
жұртқа жеткізуде шебер қолдана білді. Мысалы, Ха
рис қызы Жубәйра, Хуйай қызы Сафия және Әбу Су
фиян қызы Рәмләлармен некелесуінде осындай астар
бар. Аталмыш үш анамыз да сол қоғамда әжептеуір
ықпалы бар кісілердің қыздары еді. Жубәйра мен
Сафияның әкелері еврейлердің басшыларының сана
тында болатын. Бұлармен некелескеннен кейін еврей
лермен туысқандық қарым-қатынас орнап, көптеген
адамдардың Исламмен танысып, мұсылман болуына
мүмкіншілік туды. Ал, Рәмлә анамыздың әкесі Әбу
Суфиян Мекке басшыларының бірі болумен қатар
мұсылмандардың азулы дұшпаны еді. Мұсылмандарға
көрсетпегені қалмаған Әбу Суфиян қызы Рәмланың
Пайғамбарымызбен үйленуінен кейін әжептеуір
жұмсарып, кейіннен Ислам дініне өз еркімен кірді
Құдаласу арқылы ара-қатынас, байланысты
жақсарту тәсілі кейінгі ғасырларда да көп қолданылды.
Мысалы, қазақ хандары қалмақтар секілді көршілес
елдермен де қыз алысқан. Мақсат – қарым-қатынасты
күшейту, олардың ішкі саясатынан хабардар болу, елге
төнер қауіптің алдын алу болған. Бір өкініштісі, бұл
тәсіл кейіннен мұсылмандарға қарсы да қолданылған.
Тарихта кейбір үлкен мансапқа қол жеткізген мұсылман
басшылардың жұбайларын зерттеген уақытымызда
олардың да ағылшын, француз, неміс, еврей сияқты өзге
ұлттардан болғандығын көреміз.
Мухиддин Акгүл, пейгамберимизин ханымлары ве евлиликл
риндеки хикметлер–1. Иени үміт журналы, №12, 31-бет. 1999 ж.
Алайда пайғамбарымыз бұл тәсілді игі мақсатта
қолданған. Адамзаттың исламмен танысып, екі дүниеде
де бақытты болуын көздеген.
Иә, Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасаған, тарихта бұрын-
соңды болмаған әрі ескірмейтін, тозбайтын рухани,
ғылыми, саяси, мәдени төңкерістерінің ешбірін елемей,
Алланың бұйрығымен жоғарыда айтылған ұлы мақсаттар
мен асыл хикметтер үшін Оның (с.а.у.) көп әйелмен
некелесуін жамандыққа балап, жарықтан қашқан
жарқанат тәрізді иләһи нұрдан, исламнан қашқан жан
дар үшін Алла Тағаладан тек қана тура жол тілеп,
жүректерінің иман нұрымен нұрлануын қалаймыз!
Ислам дінін ұстанған мұсылмандардың
бүгінгі күні ғылым-білімде артта қалуы
неліктен?
Ислам – адамзатты екі дүниенің бақытына жетелер
Алла Тағаланың ақырғы діні. Оның дәлелі – Құранның
нұрлы аяттарын өмірлерінің сан саласына шамшырақ
ете білген мұсылмандар. Иә, Құран қағидаларын
берік ұстанып, аяттардың қасиетіне бас иген алғашқы
мұсылмандар мәдениетте, ғылымда күллі әлемге
ұстаздық етіп, үлгі бола білді. Себебі, Құранның алғашқы
, яғни
деп түскен. Бұл бұйрық тек
Құранды жатқа оқу емес, жаратылыс сырларын оқу, адам
ды оқу, жалпы ғаламды зерттеп-зерделеп оқу еді. Құран
аяттары мен Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың хадистері
мұсылмандарды әрдайым білімге, ғылымға үндеді. Тіпті,
Пайғамбарымыз (с.а.у.)
«ғылым үйрену – ә
рбір мұсылман
ер кісіге де, мұсылман әйелге де парыз»
деп, ғылым
үйренуді әйел-еркек деп бөліп жатпай, әрбір мұсылман
баласына парыз етті. Ғылым іздеуді мектеп, университет
сияқты білім ордаларымен, докторлық, профессорлық
тәрізді ғылыми дәрежемен яки өмірдің белгілі бір
кезеңімен ғана шектемей
«ғылымды бесіктен көрге дейін
ізде!»
деп, үлкен талап қойып, бүкіл өмірді қамтитын
нысананы меңзеді. Исламда әрбір ғылым саласы Алла
Тағаланың құдіретін, ұлылығын, шеберлігін, шексіз білімін
паш етіп, құлды Жаратушыға бір табан жақындататын
болғандықтан, мұсылмандар ғылымға жай ғана ізденіс,
өзінің атын шығаратын әуестік емес, ғибадат, құлшылық
ретінде қараған.
«...Білетіндер мен білмейтіндер тең
бе?...»
деп келетін Құран аяттары білетіндер мен
білмейтіндердің, сауаттылар мен сауатсыздардың сөз
сөйлеуде, өзгелермен қарым-қатынаста, ел басқаруда,
бала тәрбиелеуде, жалпы қай қырынан болмасын тең
еместігін, тіпті, Алла Тағаланың алдында да бір дәрежеде
болмайтындығын ашық ұқтырды. Құран иман еткен жан
дарды әрдайым
«ақылға салмайсыңдар ма?», «ойлана
тын ақыл иелері үшін жаратылыста ғибраттар бар»,
«пікір өрбітпейсіңдер ме?»
деген секілді көптеген аятта
рымен қашан да оймен саралауға, ақылға жүгініп, терең
пайымдауға, салмақты пікірге шақырды. Тіпті, бір сағат
ғылым-білім үйрену исламда бір жылдық нәпіл ғибадаттан
да а
ртық саналды
. Ислам әркімге еңбегіне қарай несібесі
берілетіндігін айтып, Құдайға сеніп қам-қарекетсіз қол
қусырып жатудың дұрыс еместігін түсіндіріп, еңбекке,
ізденіске шақырды. Мұсылман әрбір ісін Алла Тағаланың
назарына ұялмай ұсынардай тиянақты, сапалы істеуі тиіс.
Себебі, Құран аяты осыны талап етуде.
«Еңбең етіңдер!
Себебі, істеріңді Алла Тағала, оның елшісі, жалпы
мұсылмандар көреді»
Дініміздің адамзатты ғылымға қызықтырып, еңбек-
ке құлшынтқанын жете түсініп, Құранның әрбір аятын
өмірлеріне шамшырақ ете білген мұсылмандардан әр
түрлі ғылымның негізін қалаған көптеген ғұламалар
шығып, күллі әлемге сара жол қалдырды.
«Жер домалақ па, төрт бұрышты ма, жоқ әлде
мидай жазық па? Жер күнді айнала ма, жоқ күн жерді
айнала ма?»
деп аражігін ажырата алмай, батыс ала
шапқын болып жатқан кезде жердің домалақ екендігін
VIII ғасырда-ақ тәпсір ғалымдарымыз анық айтып кет
Зумәр сүресі, 9-аят.
Кашфул-хафа, 1-том, 310-бет. Тахриж ахадисил-Ихиа, 9-том,
291-бет.
Тәуба сүресі, 105-аят.
кен болса, ХІ ғасырда Әл-Бируни сынды мұсылман
ғалымдарымыз ғылыми тұрғыдан дәлелдеген болатын.
Ал батыс елі ХІ ғасыр емес, XVI ғасырдың орта шеңінде
де жердің домалақ екендігін дәлелдемек болған Ко
перник, Галилео Галилей сынды ғалымдарын Інжілдің
қағидаларына қайшы деген қатігездікпен шіркеудің
инквизиция сотына салып, өртейміз деп қорқытып,
пікірлерінен айнуға мәжбүр етті. Ал Италияның ғалымы
Бруноны пікірінен қайтпағаны үшін аяусыз тірідей
өртеп жіберді. Орта ғасырлардағы батыстың ғылымға
деген осындай жабайы көзқарасына қарамастан, соңғы
ғасырларда ғылым мен технологияда үлкен жетістіктерге
жеткендіктерінің арқасында философия мен тарих көбіне
еуроцентристік көзқараста жазылып, бүкіл мәдениет
пен философияның «бастауы» европалықтар болып
шыға келді. Бұл көзқарасты қалыптастырғандықтары
соншалық, қай қоғамда болмасын әлі күнге осы жаңсақ
пікір жетегінде жүргендер баршылық. Мәдениет, білім,
тарих кітаптарында мұсылман ғалымдарының атта
ры тіптен ескерілмеді. Мұсылман мәдениетінің ең бір
гүлденіп, шарықтау шегіне жеткен алтын дәуірі әдейі
бүркемеленіп, орта ғасырды европалықтар
деп атады.
Қазіргі таңдағы ғылымның дамуына батыстың
қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда,
батыстың осындай деңгейге көтеріліп, ғылым мен техно
логия саласындағы көптеген жаңалықтарға қол жеткізуіне
мұсылман ғалымдарының үлесі өте зор болғандығы анық.
К.В. Бодлейдің айтқанындай:
«Қазіргі батыс мәдениеті
ренессансқа, ренессанс өз кезегінде исламға қарыздар».
Тарихқа үңілсек, мұсылмандардың батыс ғалым-
дарынан бұрын көптеген ғылымның негізін қалап, талай-
талай жаңалықтарды ашқанына куә боламыз. Алғашқы
күн сағатын ойлап тапқан орта ғасыр астрономия және ма
тематика ғалымы Жабир ибн Әфлах та мұсылмандардан
еді. Ол Батыста
«Geber Filius Af�ae»
есімімен танымал.
Химия саласының атасы Жабир ибн Хаййан (721-805):
«Материяның ең кішкентай бөлшегі атомда тығыз
энергия бар. Грек ғалымдарының айтқанындай атом
бөлінбейді деу дұрыс емес. Бұл да бөлінеді. Ал, бөлінген
жағдайда Бағдаттың күл-талқанын шығаратындай
күш пайда болады. Бұл – Алланың құдіретінің ныша
деп, атом бомбасы жайлы алғаш түсінік берген.
Зоология ғылымының алғашқы ұстаздарынан Жаһиз
(негізгі аты Әбу Осман Амр ибн Бахр) және сегіз
ғасыр бұрын автоматтық жүйені ал-ғаш ойлап тапқан
Жәзари (1136-1206), европалықтардан 400 жыл бұрын
«Хайатул-Хайауан»
атты зоологиялық энциклопе
дия кітабын жазған Демири (1349-1405) (негізгі аты
Мұхаммед ибн Муса), европаға математиканы үйреткен
Әбу Камил Шужаъ (?-951), Тригонометрияға тангенс,
котангенс, синус және косинус заңдылықтарын қосқан
математик Әбул Уәфа (940-998), ең алғаш
«мәд жәзір»
(теңіз суының көтеріліп-түсуі) заңын ойлап тапқан ғалым
Әбу Мағшар (785-886) да мұсылман ғалымдардан еді.
Сондай-ақ, алғаш рет жүйелі әрі кең көлемді
уәл-Мұқабала»
атты алгебра кітабын жазып, батысқа ал
гебраны үйреткен ғалым әл-Хорезми (780-850) болған.
Әлі күнге дейін бұл ғылым сол кісінің жазған
«әл-жабр»
атты кітабымен аталғандықтан,
«Алгебра»
делінуде. Ба
тыста жеті ғасыр бойы кітабы қолдан түспеген астро
номия ғалымы Ферғани (негізгі аты Әбул-Аббас Ахмед
ибн Мұхаммед) батыста
делінеді, агроном
саласында орта ғасыр бойы тек мұсылмандар арасында
емес, жалпы дүниеде теңдесі жоқ
«Китабул-фәлах»
атты
кітапты жазған Ибн Аууам (ХІІ ғасыр), жиырма тоғыз
жыл бойы көптеген елдерді, құрлықтарды тынбай аралап
зерттеген саяхатшы Ибн Баттута (1304-1369), он екі ғасыр
бұрын алғашқы қағаз фабрикасын құрған уәзір Ибн Фазыл
(739-805), Wright, Wilbur және Orville атты ағайындылар
европада тұңғыш рет 1903 жылы ұшақ жасап, ұшуға қол
жеткізсе, бұдан шамамен 1000 жыл бұрын, яғни, 880 жылы
ұшақ жасап, ұшуға қол жеткізген Ибн Фирнас (?-888), та
рихты ғылыми негіздеп, жүйелеген алғашқы ғалым Ибн
Халдун (1332-1406), туберкулез микробын R. Kochтан 150
жыл бұрын ашқан
атақты дәрігер Камбур Уәсим (?-1761),
дүниенің диаметрін алғаш өлшеген үш ағайындының бірі
Мухаммед ибн Муса, алгебрадағы «Бином» формула
сын тапқан Омар Хайям (?-1123), 400 жыл бұрын қазіргі
дүниежүзі картасына өте жақын кейіпте дүниежүзі карта
сын сызған Пири Рейс (1465-1554), тұңғыш рет компасты
ойлап тапқан Кабажаки (ХІІІ ғасыр), химия саласында
Кантитаф тәсілін ашқан Әбул-Касым әл-Каши (?-1436),
1000 жыл бұрын майда тамырларды тауып, алғаш рет рак
ауруына операция жасаған ғалым Али ибн Аббас (?-994)
секілді жүздеген ғалымдар мұсылман еді
Иман – адамда ең киелі де қастерлі нәрсе болса, ис
лам дінінде сол иманның жартысы– тазалық. Ардақты
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде:
«тазалық – иманның
жартысы»
деген. Тазалыққа мұнша көңіл бөлгендіктен
ибн Сина, әр-Рази, Абдулқаһир және Сахир Ибн Насруллаһ
секілді ислам ғалымдары жуынудың адам денсаулығына
пайдасын егжей-тегжейлі зерттеген. Емханаларда жуыну
үшін арнайы орындар бөлінген. Көптеген үйлердің жанын
да моншалар болған. Ал европада болса, монша ұғымы
деген тіптен жоқ еді. Европалықтардың ІХ ғасырда жуына
бастағаны белгілі. ХVІІ ғасырларда Испанияның инкви
Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси. Ста
бул, 1984 ж.
зиция сотында мұсылман испандықтар мен христиандар
тазалығына қарап ажыратылатын болған.
Сабынды да алғаш қолданған мұсылмандар еді.
Сондықтан мұсылман елдерінде базарларда сабынның
хош иісі аңқып тұратын. Батыс тілдерінде сабынға
делінсе, ағылшын тілінде
«soap»
делінуде. Бұл батысқа
сабынның мұсылмандардан өткендігінің белгісі болса ке
Ислам пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.):
«Ей, Алла
Тағаланың құлдары, емделіңдер! Құдай түсірген кез-
келген дерттің дауасы бар. Тек кәріліктің дауасы жоқ»
деп, емі жоқ аурудың жоқ екенін білдіріп, мұсылмандарды
емделуге, ем іздеуге шақырды. Сондықтан исламда
дәрігерлік, емхана саласы ерте дамып, басқа адамдарға жол
көрсетіп, бағыт берді. Оныншы ғасырдың орталарында
бір ғана Кордова қаласында елуден астам емхана болған.
Біз қазір қолданып жүрген әлемдік терминдегі «медици
на» сөзі Ибн Синаның атымен тікелей байланысты деген
де көзқарас бар. Бұл көзқарас бойынша «Медед» арабтың
«көмек» деген сөзі, ал оның артына қосылған «Сина» сөзі
Ибн Синананың аты. Сонда
«Синаның адамзатқа көмегі»
деген мағынаны білдіреді. Ибн Синаның медицина са
ласы бойынша жазған
атты кітабы әлемнің әр
түрлі тілдеріне аударылып, алты ғасырдай дәрігерлердің
қолдарынан түспейтін дерек көзіне айналды. Тіпті, әлі
күнге дейін батыс сөздіктері Ибн Синаға
«дәрігерлердің
деген түсінік беруде. Кейінгі дәрігерлік сала
сы дамығанға дейін батыста Ибн Сина теңдессіз ұстаз
Мусаннафу Ибни Әби Шәйба, 5-том, 421-бет. Қосымша мына
кітаптарға қараңыз: Сунану Ибни Мәәжа, әл-Мустадрак алас-
сахихайн, әл-Муғжамул-кабир лит-Табарани, Шуғабул-иман
Батыста психикалық ауруға шалдыққан адамдар
ды «ішіне шайтан кіріп алған, жын иектеген» деген
түсінікпен абақтыларға қамалып, тоқпақтау арқылы
емделетін. Тіпті, Інжілге қарсы келетін сөздері үшін
оларды өлтіруге дейін баратын. Ауырып жатқан адам дін
адамының алдында күнәсін айтып, мойындамаса, ол адам
өлмеші халде болса да, оны дәрігерлердің емдеуіне қатаң
тыйым салатын. Емдеген жағдайда христиан дінінен
шығарылатын. Поптардың түсінігі бойынша, дәрі – тәңір-
ге деген күпірлікке жетелейтін жол. Бұл жайлы шіркеу
мұғалімі Татиан былай дейді:
«Дүниелік дәрілерге, шөп
пен тамырларға сенім арту – тәңірге деген сенімсіздік.
Адамдарды тәңірден алыстатқысы келетін шайтандар
мен лас рухтар иманы әлсіздерді алдауда»
Кейіннен батыс елі мұсылмандардан көп нәрсе
үйренді. Батыста орын тепкен Андалусия ол кез
де мұсылмандардың қолында еді. Қазіргі Испания ол
кездері мұсылмандардың ғылым мен мәдениет орталы-
ғы болатын. Бар ғылым мен мәдениет батысқа ашылған
осы мұсылман өлкесінен тарайтын. Андалусияның
Кордова қаласының бір ғана кітапханасында 600 000-
ға жуық қолжазба кітаптар бар еді. Ал ІХ ғасырда
батыстың ең бай деген Сенегалдағы кітапханасында
400 дей ғана кітап бар болған көрінеді. Кейіннен батыс
мұсылмандардан әсерлене бастаған шақта Сен Венсан
кітапханасында кітап саны 11000-ға жетті. Мен бұларды
батысты жамандау үшін емес, тек тарихи шындықты
жеткізу мақсатында айтып отырмын. Шіркеудің ғылымға
деген осындай қараңғылығының салдарынан батыста
ғылым мен мәдениет едәуір артта қалған еді. Бірақ батыс
ХVІІІ ғасырда шіркеудің үстемдігін құлатып, саналарын
Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси, 32-бет.
Стамбул, 1984 ж.
билеген шектеуден азат болғаннан кейін ғана ғылым
көкжиегіне еркін қанат қақты. Бүгінгі таңда батыс ғылым
мен технологияда алдыңғы қатарда. Дейтұрғанмен,
дінсіз ғылым да өзінің кері нәтижесі мен кемшіліктерін
байқатпай қалған жоқ.
«Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын,
Демеске бара жатыр ішім толып»
-деп Шәкәрім
Құдайбердіұлы жырлағандай дінсіз, руханиятсыз ғылым
адамға кейбір тұстарда қасірет әкелді. Ол атом бомбасы
боп жарылып, оқ боп бейкүнә жандарға атылды. Руха
ниятсыз ғылым өзгелерді қанауға қолданылды. Соңында
«клондауды»
шығарып, жаратылысты жаратуға адамның
да құдіреті жетеді дегендей күпірлікке барды. Ол – ол
ма? Оны адам деген киелі жаратылысқа да қолдануға
шақ қалды. Қолдан ұрықтандыруды дамыта келе ешбір
шектеусіз оны адамға да қолдана бастады. Сөйтіп, ер
адамдардың спермалары сатылатын сперма банкалары
пайда болып, әйелдер тұрмысқа шықпай-ақ жүкті болу
мүмкіншілігіне ие болды. Нәтижеде әйелдер
деген Құдай қосқан жұбынан айрылды. Тіпті, оларды
керек те қылмайтын болды. Балалар болса тумай жатып
жетімдік көріп, дүниеге әкесіз келді. Киелі ұғым, ата-тек
әбден шатасты. Ежелгі қастерлі ұғымдар бүгінде
«ескінің
сарқыншағы», «керітартпалық»
саналса, небір сорақы
әрекеттер «ғылым, мәдениет, даму, әйел еркіндігі» деген
ұранменен көкке аспандатылды. Міне, мұның бәрі ру
ханиятсыз ғылымның жемісі екені сөзсіз. Бүгінгі таңда
батыстың ғылымда, технологияда өркендегенімен руха
ни азғындап, тығырыққа тірелгені баршаға мәлім. Дінсіз
жерде ғылым құлды Құдайға жақындатудың орнына,
керісінше, оны алшақтатты. Адамды
«мен жасадым, мен
Шәкәрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын баспасы,
Алматы 1988 ж.
деген тәкаппарлыққа тәрбиелеп, азғындауға
душар етті. Атақты ғалым Эйнштейн:
«Дінсіз ғылым –
ақсақ болса, ғылымсыз дін - көр»,
– деп бекер айтпаса ке
рек. Қысқасы, дінсіз жерде ғылым, ғылымсыз жерде дін
болмайды. Құранның алғашқы аятына назар аударсақ,
«Оқы, жаратқан Раббыңның атымен!»
делінеді. Яғни,
Ұлы Құдіретті танытудан ада, Оның ризашылығы жоқ
оқу – ғаламға пайдасынан гөрі зиянын тигізбек. Ыбырай
Алтынсариннің:
Кел, балалар, оқылық!»-деп, оқудың жанына жарату
шы иеміз Алла Тағаланы да қосуы, ақын Мұқағалидың:
«Қол қусырып Құдайға,
Ғылым мен дін бірге бар!»
-деуі де бекер болмаса
керек-ті.
Өкінішке орай, кейбір адамдардың
«Батыс діннен
алшақтағанда ғана ғылымда қайта өрлеу дәуірі бастал
ды, дамушылық белең алды. Мұсылмандар да діндерінен
алшақтар болса, бәлкім, артта қалудан құтылар ма еді»
дегенін де құлақ естіп жүр. Алайда, батыс бізге өлшем
емес. Батысты мұсылмандармен салыстыруға мүлде
болмайды. Себебі, сол кездегі шіркеу ғылымға қатты
қарсы болғандықтан, батыстың одан құтылған шақта да
муы табиғилық. Ал, ислам діні ешқашан ғылымға қарсы
болмаған. Тіпті, әрдайым қолдап отырған. Сондықтан
дінді жақсы түсініп, Құранға құлақ асқанда ғана
мұсылмандар ғылымда шарықтап, мәдениетте өркендеген.
Әлемге ғасырлар бойы ұстаздық еткен. Алайда, Құран
қағидаларынан алшақтап, өзгелерге ес-түссіз еліктеп,
өз тектерінен адасып, қастерлі ұғымдарды аяқасты ет
кен кездері еріксіз кері кетушілік бой көрсетті. Ғылымда
Мұқағали шығармалары, 2-том, 26-бет. «Жалын» баспасы,
артта қалып, сауатсыздықтың шыңырауына құлады.
Ендеше, мұсылмандардың артта қалуы Ислам дінінің
керітартпалығынан емес, керісінше олардың өз діндерінен
алшақтауында, Құранның өміршең қағидаларын жаңа
өмірге сай дұрыс түсіне алмауларында жатыр. Содан
барып жақсы мен жаманның парқын білмейтін, дос пен
дұшпанды ажырата алмайтындай мешелдікке ұрынды. Өз
құндылықтарын мақтан ете бойын тік ұстаудың орнына,
өзгелердің жылтырақ мәдениетінің алдында бүгежектеп
өздерін төмен санаудан аса алмады. Ынтымақ-бірліктеріне
сызат түсті. Талқыланатын қаншама маңызы зор мәселелер
бола тұра түймедей жайттар түйедей етілді. Сол бол
машы нәрселерге бола бір-бірімен қызыл кеңірдек боп
айтысып-таласып, жаға жыртысуға дейін барудан тайын
бады, береке-бірліктен айрылды. Ал береке-бірлік кеткен
жерде даму емес, тек кері кетушілік қана болады.
Иә, бұл айтылғандар мұсылмандардың артта
қалуының негізгі себептері. Бұған қоса, кешегі тарих
беттеріндегі шытырман оқиғалар да мұсылмандардың
сергелдеңге түсіп, сансырауына себеп болды. Бұған
орта Азияның ғылым мен мәдениет ошағы Отырар
ды, сан ғасырлар бойы мұсылмандарға ғылым-білімде
орталық болған Бағдат шаһарын жалмап жұтқан
моңғол-татар шапқыншылығын, бүкіл батыстың
шоғырланып мұсылмандарға ес жиғызбай неше қайтара
жасаған
«крест жорығын»,
ғылым мен өнерде күллі
адамзаттың мақтанышына айналған
«Андалусияның»
мұсылмандардың уысынан шығуын,
«Осман
жатқызуға болады.
Андалусияны (қазіргі Испанияны) христиандар
жаулап алған уақытта, мұсылмандардың мәден
ғылымы мен білімін ойрандай етіп
, кітапхаларындағы
бар құндысын талан-таражға салып, өз елдеріне әкетті
Сөйтіп, Андалусия батыстың қазіргідей ғылым-білімде
дамып-жетілуіне жағдай жасады.
Кешегі, ғасырлар бойы төрткүл дүниені аузына
қаратып, мәдениет пен ғылымда өзгелерден оқ бойы озып
шығып, оларға жетекшілік еткен ата-бабаларындай бола
мыз десе, бүгінгі мұсылмандар да Құранның нұрлы аятта
рын өмірлерінің әр саласына шамшырақ ете білуі керек.
Құран аятта
рын заманға зай тапсірлеп, жорамалдай білуі
қажет.
Бір ғана Гырнатаны қолға түсірген уақытта қаланың ортасында
мұсылмандардың 80000-ға жуық кітабын өртеп жіберді.
Ахмет Гүркан, Ислам күлтүрүнүн гарбы меденилештирмеси,
230-бет.
Рухтың денеден денеге өтуі, яғни,
«реенкорнация» сенімі дұрыс па?
Рухтың бір денеден екінші денеге өтуі ғылымда «
енкорнация»
немесе
(ислами) деп аталады.
Бұл жаңсақ наным-сенім бойынша, рух қонған денелердің
барлығы оның сыртқы шапаны іспетті. Өмір − үлкен мек
теп. Бұл өмірге қайта келіп, кем-кетігіңді толықтыруға
болады. Рух өзінің кемел дәрежесіне жеткенше денеден-
денеге өтіп, үлкен мектепті тәмамдайды екен.
Бұл сенімнің негізінде өлімнен қорқу, жер
бетінде мәңгі өмір сүруге деген құштарлық, дүниеде
кездесетін жаманшылықтарды өзінше түсіндіру сияқты
психологиялық себептер жатыр. Яғни, өлуді қаламайтын
адамдар бұл сенім арқылы өздерінің мәңгілік өмір сүруге
деген құштарлықтарын қанағаттандырмақ болған.
Реенкорнация сенімінің нақты қай жерде бастау
алғаны белгісіз. Кейбір деректер бойынша, бұл көзқарас
көне Мысырдан бастау алған. Тарихшы Геродот та осы
ны мақұлдаған. Өйткені, көне Мысырда өлген адамның
жаны жануарлардың, әсіресе, құс немесе жыланның
денесіне өтіп, сол жерде өмірін жалғастырады-мыс де
ген наным болған. Ежерлгі мысырлықтар дене өле сала,
рух құрлықта болсын, мейлі суда болсын бірнеше жан-
жануардың денесін аралағаннан кейін қайта айналып
адам денесіне қонады деген пікірге сенген. Перғауындар
заманында Пирамидалардың салынуына да осы бір
түсініктің ықпал еткені мәлім.
Ал басқа дерек көздеріне сүйенсек, бұл жалған сенім
Мысырда ғылыммен айналысқан Пифагор арқылы грек
терге, осылайша батыс әлеміне жеткен.
Шығыста тәнасұх сенімінің ең көп тараған жері
–Үндістан. Ганга және Сент өзендерінің бойында өмір
сүрген тұрғындар адам өлгеннен кейін жаны құсқа ба
рып қонады, сол арқылы тіршілігін үзбейді деген пікірге
Бұл сенім түрлі қоғам мен мәдениеттердің
ерекшеліктеріне, уақыттың өтуіне қарай әр түрлі си
пат алып, өзгерістерге ұшырап отырған. Сондықтан
бұл жалған көзқарас көне Греция, Мысыр, Үндістан,
Қытай, Иран елдерінде әр түрлі. Айталық, тәнасұх пікірі
Үндістанда жалпыға ортақ кейіпте болса, Будда мен Брах
ман діндерінде аңыз ретінде сипатталады. Тіпті мынадай
ой қалыптасқан:
«Тазарған күнәсіз рухтар Нирванаға қол
жеткізеді, ал күнәһар рухтар болса, тазарғанға дейін
аңдар мен айуандардың денелерінде көшіп жүреді».
Көне мысырлықтар реенкорнацияны адамнан
жануарға, жануардан қайтадан адамға өту деп түсінген.
Иранда болса, тәнасұх мәселесі пәлсападан гөрі
діни негізде қолға алынған. Бұл пікірді Зороастризм
мен Мәздақы секілді діни топтар арасынан қолдағандар
да шыққан. Көнеден келе жатқан бұл жарамсақ пәлсапа
Иранда Ғұлат секілді кейбір Шиилік ағымдарға да
араласқан
Жинақтап айтар болсақ реенкорнацияның негізгі
басты-басты сенімдері мыналар:
1. Рухтар бір денеден екінші денеге мәңгілік өтіп
жүре береді. Буддада кемелденген рухтар «Нирванаға»
жетеді.
Меһмет Кыркынжы, Рух недир? 74-бет. Зафер иайынлары,
Станбул.1993 ж.
2. Адам үшін жұмақ пен тозақ ақыретте емес, осы
дүниеде әр түрлі денелерде болады. Олардың түсінігінше,
Жұмақ – бұл дүниеге сау-саламат, қуанышты әрі бай болып
келіп, рахаттанып өмір сүру болса, Тозақ – ауру-сырқау,
мүгедек, жетім болып келіп, қиналып, бар ауыртпалық-
тарды бастан кешу ғана. Қиямет – кісінің өлімі, қабір –
ана жатыры, ал өлгеннен кейін қайта тірілу болса, тенасұх
жолымен қайтадан дүниеге келуді білдіреді.
Жақсы іс істегендер келесі келулерінде әдемі, сұлу
денелерде, ал жамандық істегендер жағымсыз денелер
де келеді. Жаман адамдар жазаларын түрлі жан-жануар,
өсімдік және жансыз нәрселерге көшу арқылы тартады.
Адам және барлық жан-жануарлар – жауапкершілік
иелері. Яғни, Алланың бұйрықтарын орындауға міндетті.
Жан-жануарлармен қоса барлық жан иелеріне пайғамбар
келген әрі келуде.
Реенкорнация сенімінің исламдағы негізгі
ұстанымдарға және жалпы қисынға қайшы жақтары
1. Ислам діні бойынша әрбір адам жеке өзінің өмірі-
нен, істеген істерінен жауапқа тартылады. Ал мыңдаған
денеге кіріп шыққан рух – біреуінде жақсы, екіншісінде
жаман, үшіншісінде тағы жақсы болды делік. Сонда ол
қай денеде атқарған істері бойынша сұраққа тартылады?
2. Ислам діні және басқа да Құдайылық діндер бой
ынша, адамдардың барлығы мына дүниеде істеген әрбір
ісінің қарымын ана дүниеде алады. Ал енді бір денеде
істеген жаманшылығы мен жақсылығының қарымын
алу үшін екінші бір денеге кіретін болса, онда тозақ пен
жәннат кім үшін? Арғы дүниеде адам рухының рахатқа
бөленіп, байыз табатын Жәннат мекені болмаса денеден-
денеге өтіп рухани тазарудың қандай пайдасы бар?
3. Денеден-денеге өткен сайын рухтың сатылай
жоғарылап тазара түсетіндігі айтылады. Егер шынымен-
ақ адам рухы бір денеден екінші бір денеге көшу арқылы
тазарып отыратын болса, адамзаттың жағдайы қазіргідей
болмас еді ғой. Миллиондаған жылдан бері мыңдаған де
нелерге кіріп-шығып жүрген адам рухтары тазарған сай
ын тазарып, күллі пендешілікден арылып, жалпы әлем
мейірімділік пен бейбітшіліктің, адамгершіліктің шуағы-
на шомуға тиіс еді. Алайда, қазіргі таңда әлемде керісінше
соғыс, қатігездік, зұлымдық, зинақорлық, ішімдікке салы
ну, өзімшілдік, жалпы рухани аштық кү
ннен-күнге арта
түсуде.
Рухтың денеден денеге өту сенімі ақыл-ой, қисынға
да сай келмеуде. Өйткені, егер ондай көзқарастың шынайы
өмірдегі ғылыми астары қалың болса, онда ол бүкіл адам
зат баласына ортақ болуы қажет еді. Айталық, әркім-ақ
әуелгі денелерін, бастан өткен оқиғаларын еміс-еміс еске
түсіре алуы керек еді. Алайда, бірнеше жас балалар мен
психопаттардың және кейбір адамдардың гипноз кезінде
айтқан сандырақ әңгімелерінен басқа ешкім бұл тура
сында жақ ашпауда. Осы уақытқа дейін басқа денелер
де өмір сүргендіктерін айтып келген алты-жеті жастағы
үш-төрт кішкене баланың сөздері құқықтық әрі ғылыми
тұрғыдан ешқандай дәлел бола алмайды. Өйткені, әлі
қиял мен шындықты ажырата алмайтын кішкене жастағы
балалардың бөгде біреулердің психологиялық ықпалынан
шыға алмауы әбден мүмкін. Реенкорнацияшылардың
мықты дәлелі – әр нәрсенің басын бір шала әңгімелеген
осы балалар ғана. Психопаттарға келсек, бұлардың ақыл-
есінде ақау болғандықтан, айтқан сөздерінде де қарама-
қайшылықтар жиі ұшырасуда. Дәрігерлік емге зәру бұл
кісілердің айтқан уәжіне тоқтау, сірә, ақыл-есі бүтін
адамға жараса қоймас. Сондықтан бұлардың айтқандары
311
да құқықтық тұрғыдан дәлел бола алмайды. Ал кейбір
адамдардың гипноз сеансы кезінде ес-түссіз жағдайда гип
ноздаушы адамдардың ықпалымен өткен өмірлеріне бай
ланысты айтқан әңгімелері реенкорнацияның шындығына
қалайша ғылыми дәлел бола алмақ? Неліктен барлық
психиатрлар реенкорнация сенімін қолдаушылар сияқты
гипноз кезінде айтылған сандырақтарды реенкорнация
сеніміне дәлел ретінде қарамауда? Керісінше, барлық
психиатрлар бұл адамдарды
психологиялық (dissosyetif
бұзылу) ауруға ұшыраған деп, ренкорнацишылардың
дәлелін бірауыздан жоққа шығаруда.
«Рухтар өткен өмірлерін неге естеріне түсіре ал
деген сауалымызға бұл сенімнің жақтаушылары
адам үшін өткен өмірлерін білмеулері тиімді деп, мы
нандай дәлелі әлсіз мысалды алға тартады:
«Өткен
өмірлерінде араларында келеңсіз жайттар болып, бір-
бірімен дұшпан болған екі ағайынды екінші өмірлерінде
де бір шаңырақтың астында дүниеге келулері мүмкін.
Мұндай жағдайда олардың бұрынғы өмірлерін білулері
олардың бұрынғы дұшпандықтарын естеріне түсіріп,
ыза-кек, дұшпандықтарын қоздыра түсуі мүмкін.
Сондықтан бұрынғы өмірлерін естеріне түсіре алмау
лары олар үшін әлдеқайда тиімді».
Берілген бұл жау
аптарына қанағаттану әсте мүмкін емес. Себебі, өткен
өмірлеріндегі қателіктерін білмейтін адамдардың қазіргі
өмірлерінде сол жіберген қателіктерін түсініп, түзетуі
мүмкін бе? Ендеше, өткен өмірлеріндегі қателіктерін
білмеген адамдардың сол жіберген қателіктерін түзету
үшін мына дүниеге қайта келулерінде қандай мән бар?
Өткен қателерін мүлдем білмейтін адамдардың қайтадан
сол қателерге ұрынбауына кім кепіл?
6. Егер реенкорнацияшылардың айтқанындай
адамдардың рухы жан-жануар, өсімдіктерге, сосын
өсімдіктерден қайта адамға өте беретін болса, бұрынғы
өмірлерінде адам болған қазіргі триллиондаған жан-
жануарлар мен өсімдіктерде неліктен адамның кейбір
ерекшеліктері мен оған тән іс-әрекеттері қылаң
бермейді?
7. Бұл сенім адамдардың арасындағы қарым-қатынас-
қа да психологиялық тұрғыдан кері әсерін тигізері сөзсіз.
Жаңа туған пәк сәбидің денесінде мына дүниеге сан рет
келіп, әр түрлі істерді жасаған қария рух жатқандықтан,
ата-ана жаңа туған сәбилерін құшақтап тұрып: «бұл сәби
кезінде қандай күнәлар мен қылмыстарды жасады екен»
деген үрейлі ойға батып, өз сәбилерінен өздері қорқып,
бойларын балаға деген сүйіспеншіліктен гөрі суық сезім
билеуі әбден мүмкін.
Реенкорнация сеніміндегідей егер рух бұрынғы
өмірлеріндегі кейбір қабілеттері мен жеткен жетістіктерін
басқа денеге қайта қонған кезде бірге ала келетін болса,
неліктен жаңа туға сәбиді оқытып, тәлім-тәрбие беріп, өте
қарапайым нәрселердің өзін қайыра үйретуге мәжбүрміз?
Әлемде неліктен баланың өмір сахнасына дайындалуы
үшін қыруар қаржы жұмсалуда?
9. Реенкорнация сенімі бойынша рухтар бірнеше
рет келіп, кемелдену дәрежесіне жеткеннен кейін бұл
дүниеден мүлдем келмеске кетеді. Будда діні бойынша
«Нирванаға»
жетеді. Ал енді миллондаған жылдан бері
көптеген рухтар кемелденіп, мына дүниені тәрк етіп
келмеске кеткені рас болса, жер бетіндегі адамдардың
саны ғасырдан ғасырға азаюға тиіс еді ғой. Алайда жер
бетіндегі адамдардың саны керісінше күннен-күнге арта
түсуде.
10. Мына дүниеде берілген бір ғана шектеулі өмірде
адам баласының рухани кемелдікке жетуіне толық
мүмкіндігі бар. Ислам тарихында исламды қабылдамай
пұтқа табынып, өз қыздарын өз қолдарымен аяу
сыз өлтіріп, зұлымдыққа белшесінен батқан көптеген
жандар Ұлы Жаратушыға иман етіп, Құран қағидаларын
ұстанғаннан кейін жалпы адамзатқа үлгі боларлық кемел
тұлғаларға айналғаны баршаға мәлім. Олай болса, ру
хани жетілу үшін біресе адамның, біресе өсімдік, жан-
жануардың денелеріне сан рет кіріп-шығудың қандай
қажеттілігі бар? Тіпті, реенкорнация сенімі адамдарды ру
хани жетілдіру былай тұрсын, керісінше, мінез-құлқының
құлдырап, адами қасиеттерден ажырауына әкеліп соғады.
Себебі, бұл сенімге иланған адам
«мына дүниеге мыңдаған
рет келіп, өзімді түзетіп, кемелденуіме әбден мүмкіндігім
деп пайымдағандықтан небір сорақы іс-әрекеттерге
баруы ғажап емес. Ал, керісінше, өмірге бір-ақ рет келіп,
барлық істеген іс-әрекеттері бойынша ана дүниеде есепке
тартылатынына иланған адам рухани жетілуге бар ынта-
шынтасымен ұмтылары сөзсіз. Өйткені, ондай сенімдегі
адам үшін мына дүниеге
қайта келіп, қатесін түзету
мүмкіншілігі жоқ
11.
«Өткен өмірде болған Маркс, Андрей, Григо
рий сияқты мүлде танымайтын адамдардың істеген
күнәларының салдарынан неліктен мен осы өмірімде жапа
шегіп, қиыншылықтарға душар болуым керек? Еміс-еміс
болса да есімде жоқ алдыңғы өмірдің күнәсін неліктен мен
арқалауым керек? Алғашқы өмірім мен күнәларым кіммен
басталды және қашан басталды?»
сияқты сұрақтарға
қанағаттанарлық жауап табу мүмкін емес. Құранда:
«Ешкім ешкімнің күнәсін арқаламайды. Ақырында
барлықтарыңның қайтар жері – Раббыларың бола
ды. Сөйтіп, Ол сендерге не істегендерің жайлы толық
Аднан Бүлент Балаоглу, Ислама гөре текрар догуш Реенкарнас
он. 190-198 бет. Китабиат баспасы, Анкара, 2001 ж.
хабар береді. Шүбәсіз, ол жүректеріңдегіні толы
делінген.
12. Реенкорнация сенімі бойынша, рухтардың
барлығы әзәли, яғни, бастауы жоқ, жаратылмаған. Ал
ислам діні бойынша әзәли – барлығының бастауы жоқ,
жаратылмаған, ол тек қана – Ұлы Жаратушы Алла Тағала.
Оның әзәлилігінің жанында екінші бір әзәли болмыс жоқ
әрі бола да алмайды.
Бұл сенім ислам сеніміне, тіпті, басқа да бұрынғы
Құдайлық діндердегі жәнннат-тозақ сеніміне түбегейлі
қайшы. Өйткені, исламда әрбір адамға жеке рух берілген.
Әрбір кісі бұл дүниеде атқарған жақсы-жаман ісіне қарай
ақыретте Хақ алдында есепке тартылып, жәннатта сый-
сыяпатын яки тозақта жазасын тартады. Көз жұмған адам
екінші рет мына дүниеге сынақ үшін қайта келе алмайды.
«Олардың әрбіріне өлім келген сәтте:
«Раббым! Мені дүниеге қайтар! Мүмкін мен дүниеге
барып жақсы іс істермін» -
(деп жалынады)
Әсте
олай емес. Рас, бұл олардың айтқан бос сөздері ғана.
Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге
дейін бөгет бар»
- делінсе, басқа бір аятта:
(кәпірлер) сол жерде (тозақта) жәрдем сұрап былай деп
шыңғырады: «Ей, ұлы Раббымыз! Бізді мына жерден
дүниеге қайтадан шығара гөр! Біз бұрыңғы істеген
істерімізден басқа салих, ізгі амалдар істейік». (Алла
Тағала оларға былай деп жауап береді:) Біз сендер
ге түсініп, ғибрат алатын адамның өміріндей мерзім
бермедік пе? Әрі сендерге пайғамбар да келіп ескертті.
Олай болса, азаптарыңды татыңда
алымдарға
ешқандай көмекші жоқ»
Зүмар сүресі, 7-аят.
Мүминун сүресі, 99-100-ші аят.
Фатир сүресі, 37-аят.
Реенкорнация пікірі көне қауымдарда қате, жаңсақ
сенім күйінде жалғаса келді. Қазіргі таңда бұл сенім кейбір
адамдардың денесіне енген жын-шайтандардың олардың
жүрек пен ақылдарына тікелей әсер етіп, өктемдік етуінің
салдарынан болуы бек мүмкін. Пайғамбарымыздың
хадисінде:
«шайтан адам баласының қан тамырында
жүреді»
делінеді емес пе? Ендеше, жын-шайтан адам
баласының жүрегі мен ақылына тікелей әсер етуі арқылы
реенкорнация сияқты еш негізі жоқ нәрсені бардай етіп
көрсетуде.
Алла Тағала құранда: «Маған дұға етіңдер,
сендерге жауап беремін» деп, құлдарының
дұғаларын қабыл ететіндігін айтқан. Алай
да біздің жасаған дұға, тілектеріміз көбінесе
қабыл болмайды. Мұны қалай түсінуге
болады?
Иә, Құранның
сүресінің 60-аятында
Алла Тағаланың
«Маған дұға етіңдер, сендерге жау
ап беремін»
деген уәдесі бар. Алла Тағала құлдарының
жасаған барлық дұғаларына жауап беруші. Алайда,
дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны қабыл алу бір басқа.
Аятта Алла Тағала өзіне жасалған барлық дұға-тілектерге
жауап беретінін айтуда. Ал дұғада сұралған нәрсенің
беріліп-берілмеуі яғни тілектің қабыл болып-болмауы
Алла Тағаланың хикметі мен қалауына қарай жүзеге аса
ды. Қарапайым бір мысал келтіре кетейік, бір сырқат адам
дәрігерді көмекке шақырса, дәрігер оған
«иә, не болды, не
деп, оның шақыруына ілтипат білдіріп жау
ап береді. Бірақ, дәрігер сырқаттың өзі сұраған барлық
дәрі-дәрмегін дереу бере салмайды. Ауруын қарағаннан
кейін, оның сұраған дәрісі шынымен-ақ ауруына шипа
лы болса ғана береді. Сұраған дәрісі ауруына, яки басқа
бір ағзасына кері әсерін тигізер болса, ол дәрінің орнына
басқа бір шипалы дәрі беруі мүмкін.
Міне, дәл осы тәрізді Ұлы Жаратушымыз да
құлдарының барлық жасаған мінәжат, дұға-тілектеріне жа
уап береді. Бірақ сұралғанның бәрін қабыл ала бермейді.
Себебі, біз көбіне мына пәни дүниенің өткінші пайдасын
ғана күйттеп, мәңгілік дүниемізге кері әсері тиер нәрсені
сұраймыз. Сұраған нәрсеміз кейбір жалған сезімдеріміз-
дің яки асығыс қабылдаған шешіміміздің нәтижес
і болуы
ықтимал. Кейбір жақсылық деп пайымдаған нәрселеріміз
біз үшін аяғында жамандық болуы мүмкін.
«Жек көрген нәрселерің сендер үшін
қайырлы болуы мүмкін. Ал жақсы көрген нәрселерің
сендер үшін жаман болуы мүмкін. Алла біледі, сендер
, - делінеді. Сондықтан кейбір сұраған
нәрселеріміз берілмеген жағдайда дұғам қабыл болмады
дегеннен гөрі, тілегімнің орындалмауы мен үшін қайырлы
шығар деп Жаратқанның жазғанына риза болған жөн.
Кейде асығыстық жасап, әлі пісіп жетілмеген
нәрселерді уақыты келмей жатып шикілей жинап алуды
қалаймыз. Алла Тағала осындай көңілі мен сезімдеріне
ұнамды әр нәрсені сұрай беретін құлына ненің керекті,
ненің қажетсіз, дүниесі мен ақыретіне қай нәрсенің пайда
лы, қайсысының зиянды екенінін жақсы білгендіктен, оның
тілегін Өзінің хикметіне қарай береді яки сұрағанынан
да абзалын нәсіп етеді. Мысалы, біреу Алла Тағаладан
ер бала тілеуі мүмкін. Ал Алла Тағала оған қатардағы
қарапайым ер баладан да қайырлы қыз бала нәсіп етуі
мүмкін. Имранның әйелі Жаратушыдан ұл бала тілейді.
Алайда, Ұлы Жаратқан оған ұл баладан да қайырлы қыз
сыйлайды. Олай дейтініміз, ол болашақ Иса пайғамбарды
дүниеге әкелетін Мәриям анамызды босанған болатын.
Дұғаның негізгі мақсаты – ғибадат пен құлшылық.
Сондықтан кейде оның қарымы ақыретте сауап ретінде
беріледі. Дұға жасаған құл өзінің әлсіздігін, мұқтаждығын
мойындап, Жаратушысының өзінің сол мұқтаждығын
көріп, дұғасын естіп тұрғандығына кәміл сенгендіктен,
иман дәрежесі арта түседі. Әрі бүкіл әлемді құдірет
қолында ұстаған Ұлы Сүйенішті паналағандықтан,
құлазыған көңілі байыз табады. Құл дұға жасаған уақытта
өзінің әлсіздігін, әлжуаздығын, ал Жаратушысының
Бақара сүресі, 216-аят.
құдіреттілігін түсінгендіктен, оның өзі бір ғибадат. Кез-
келген ғибадатта осы мағыналар көрініс береді емес пе?
Мысалы, құл басын сәждеге қойған уақытта өзінің төмен,
әлсіз екенін іс жүзінде көрсетіп, ал Алла Тағаланың
құдіретті, ұлы екенін паш етеді. Пайғамбарымыз
хадисінде:
«Дұға – ғибадаттың мәйегі»
деген
. Енде
ше, дұға жеке басына құлшылық саналғандықтан, оның
негізгі жемісі мен қарымы ақыретте берілмек.
Дұғаның қабыл болуы үшін мына дүниенің өзіндік
заңдары мен себептерін ешбір ақаусыз атқаруымыз қажет.
Дұғаның өзі екіге бөлінеді. Біріншісі
«фиғли дұға».
Яғни,
өзіміздің ісіміз арқылы Ұлы Жаратушыдан тілеу. Мысалы,
жер жыртып, дән сеуіп, оны жаз бойы суғарып, оның өсіп-
жетілуі үшін керекті барлық іс-шараларды атқару. Мұндай
дұға Алла Тағаланың қойған заңдары мен себептерін
орындау арқылы жүзеге асатындықтан көбіне қабыл бо
лады. Ал екінші дұға
«қаули дұға»
– сөзбен не жүрекпен
тілеу арқылы болатын дұға. Қаули дұға мен қатар фиғли
дұға жасалуы керек. Іс істемей жатып жасаған барлық
дұғаларды Алла Тағала қабыл ала беретін болса, елдің
бәрі жатып-ішер жалқауға айналар еді. Ал Алла Тағала
құлдарының жалқау болуын, әлбетте, қаламайды.
Сондай-ақ, жасаған әрбір дұғамызды Алла Тағала
қабыл ала беретін болса, дүниедегі тепе-теңдік бұзылар
еді. Мысалы, жұрттың көпшілігі бай болуды, бастық бо
лып, мөр басуды қалағандықтан, олардың осы тілектерінің
бәрі қабыл болар болса, жұмысты кім істеп, кім-кімге бас
шы болмақ?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді:
«Алла Тағала өзінен тілек тілеген барлық адамның
дұғасына жауап береді. Оның құлдарының дұғаларына
Сунән әт-Тирмизи.
жауап беруі – дұға жасаған адамға сұрағанын беруі
арқылы, яки дұғасының сауабын ақыретке жинауы
немесе тілеген тілегінің көлемінде күнәсінің кешіруі
арқылы жүзеге асады
. Бірақ кісі күнә нәрсені тілемесе
немесе туысқандық қатынастың бұзылуын сұрамаса әрі
жасаған дұғам қабыл болмады деп асығыстық жасамаса
болғаны
Дұғалардың қабыл болуының басқа да шарттары бар.
Мысалы, дұғаны ықыласпен жасау, ешбір харам аспен
қоректенбеу сияқты.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде
дұғам қабыл болмайды деп шағым жасайды. Алайда,
оның ішкен-жегені, киген киімі харам болса, дұғасы
қалай қабыл болсын?» десе, басқа бір хадисінде: «Біліп
қойыңдар! Алла Тағала құлықсыз жүрекпен жасалған
дұғаны қабыл етпейді»
деген.
Тирмизидегі басқа бір риуаятта: «Тілеген тілегінің көлемінде
күнәсін кешіруі арқылы» дегеннің орнына «жасаған дұғасының
көлемінде жаманшылықтан сақтау арқылы» делінген.
Тухфатул-ахуази Шарху Жамуғут-тирмизи, 2-том, 2426-бет.
«Дәрул байтул афкария» баспасы.
әл-Хаким, әл-мүстадрак алассахихайн, 1-том, 670-бет.
«Дәрулкутубил илмия» баспасы, Бәйрут, 1990 ж.
Жалпы пайғамбарлардың саны қанша?
Әйел затынан неге пайғамбар келмеген?
Жер жүзіне көптеген пайғамбарлар кел
ген. Пайғамбарымыздың бір хадисінде жалпы
пайғамбарлардың саны жайлы 124 мың делінсе, басқа
бір хадисте 224 мың делінуде. Бірақ, бұл хадистердің
әлсіз хадистердің қатарына жататынын да естен
шығармағанымыз жөн. Сондықтан жалпы жер бетіне
жіберілген пайғамбарлардың нақты саны бізге беймәлім.
Құранда жиырма сегіз пайғамбардың аты аталғанымен,
үшеуінің пайғамбар болып-болмауына қатысты ғалымдар
арасында әр түрлі пікірлер бар. Пайғамбарлар тек қана
араб түбегіне келмеген. Барлық жерге, әр түрлі қауымдар-
ға арнайы пайғамбарлар жіберілген. Адамзаттың жараты
лу мақсаты
«Ұлы Жаратушыны тану, оған ғибадат етіп,
өзіне жүктелген төл міндетін түсіну»
сияқты күрделі
тақырыптар болғандықтан, бұларды түсіндіру үшін
адамзатқа пайғамбардың жіберілуі үлкен қажеттілік. Себе-
бі, жаратылыстағы осы ұлы мақсатты адам баласының
жалаң ақылымен қатесіз тауып, хақ пен нахақты уахидің
көмегінсіз ажыратып түсінуі әсте мүмкін емес. Адамның
бүгін тура дегені ертең қате шығып жататындығы да, міне,
сондықтан.
сүресінде былай делінеді:
«Біз пайғамбар
жібермейінше (ешбір қауымды) азаптаушы емеспіз»
Яғни, пайғамбар жіберілмеген қауымдарды азаптау –
Исра сүресі, 15-аят.
Ұлы жаратушының шексіз рақымдылығына қайшы.
Алла Тағала арғы дүниеде әрбір жаманшылықтың есебін
алып, күллі ізгіліктің сый-сыяпат, қарымын беретін
болғандықтан, барша адамзатқа арнайы пайғамбар
жіберген. Құранда:
«Ескертуші пайғамбар келме
ген ешбір үмбет жоқ»
-делінеді. Демек, Адам ата
дан бастап көптеген елшілер пайғамбарлық міндетімен
жер бетін нұрландырып, адамзатқа ақиқаттың пердесін
ашып отырған. Кейбір зерттеушілердің сөзіне құлақ
салсақ, Африканың мәдениеттен, білімнен бейхабар,
тіпті араларындағы кәрі кісілердің етін жеуді әдетке
айналдырған кейбір қараңғы тайпаларының сенімдерінде
Алла жалғыз, Оның серігі жоқ. Егер екі Құдай болса,
алып жүйе бұзылады», «Жаратушы тумады да туыл
сияқты, Құран білдірген ақиқаттарға сайма-сай
ережелердің бар екенін айтуда. Демек, мұндай жалаң
ақылмен біліне бермейтін ұлы ақиқаттарды бір уақыттарда
сол тайпаларға жіберілген пайғамбарлар жеткізген болса
керек.
Әйелден пайғамбар келіп-келмеу мәселесіне тоқта-
лар болсақ,
«әһлі-сүннет уәл-жәмағат» ғалымдарының
көпшілігі әйел затынан пайғамбар келмегендігі жайлы
бір көзқараста
«Сенен бұрын да біз уахи етілген тек
еркектерді пайғамбар етіп жібердік. Егер білмесеңдер
білім иелерінен сұраңдар» - делінеді
Себебі, әйел тегінен пайғамбардың келгендігін
білдіретін шариғи нақты дәлел жоқ. Негізінде, әйел заты
нан пайғамбардың келмеуі оларды кемсі
ткендік емес. Хақ
Фатир сүресі, 24-аят.
Әһлу сунниттік кәләм ғалымы Әшғари бойынша, әйелдерден де
пайғамбар жіберілген.
Әнбия сүресі, 7-аят.
Тағала жаратылыстағы барлық нәрсені бір-бірін тәмамдап,
толықтыратындай кейіпте жаратқан. Тең күштер әрдайым
бір-бірін теуіп, итеретіндігі де заңдылық. Сондықтан
әйелдің мейірімділігі мен нәзіктігі еркектің күштілігі мен
қуаттылығы әрдайым бір-бірін толықтырып, оң және теріс
зарядтар тәрізді бір жерде бірігулеріне жағдай жасауда.
Соңғы ғасырларда қолдан әйел болмысын еркекке
айналдыру – оның өз еріне бағынбай, қарсы шығуына
әкеп соқты. Сөйтіп, басшысыз қалған отбасында бақыт
байрағы жерге құлап, жанұя мүшелерінің сансырауына
себеп болды.
Шынтуайтында, жанұямен қатар қоғамда әйел
затының өз жаратылысы мен болмысына сай қасиетті де
киелі орны бар. Дүниеге сәби әкелу – еркектің қолынан ке
лер іс емес. Ол – тек әйелдің еншісіне бұйырған қастерлі
міндет. Ұрпаққа керекті тәлім-тәрбиені беріп, қоғамға
пайдалы азамат өсіруден артық та абзал міндет жоқ. Міне,
осы міндет те – тікелей ананың мойнынадағы қасиетті
борыш. Әйел заты өз болмысына жарасымды міндетін
ұмытып, еркекке ұқсауға тырысқан күннен бері ұрпақ
саны азайып, тіпті сол аз ғана ұрпақтың өзі тәрбиеден
алшақтап, қоғамда келеңсіз жайттар көптеп орын ала
бастады.
Ендеше, әйел затына пайғамбарлық міндеттің
жүктелмеуі – оның адами деңгейінің төмендігінен емес,
керісінше, ерекше жаратылысы мен нәзік табиғатына
тікелей байланысты.
Иә, әйел баласы әр ай сайын хайыз
мерзімінің
келуіне байланысты оншақты күн пайғамбарлық міндетін
атқара алмайды. Мұндай кезде әйел адам Хақ Тағаладан
уахи алып, хабарласу былай тұрсын, жай мұсылманның
атқаратын ораза, намаз сияқты ғибадаттарды да атқара
Етеккір.
алмайды. Бұған қоса, оның жүкті болу жағдайы, сәбиді
дүниеге әкелгеннен кейін қырық күндей нифас мерзімі
тағы бар. Жаңа туған нәрестеге қарау сияқты әйел
ғана атқара алатын маңызды істер оның пайғамбарлық
міндетіне ақау келтіреді.
Пайғамбарлық – өте ауыр міндет. Пайғамбарлық
жүктелген жан қашанда қауіп-қатер мен небір
қиыншылықтардың бел ортасында жүреді. Ол – соңынан
ергендерге әр істе өнеге болып, жол көрсететін көшбасшы
көсем тұлға. Ол – керек кезінде атқа мініп, жауға қарсы
шабатындай тайсалмайтын батыр, майданда стратегиялық
шұғыл шешім қабылдап ел қорғайтын дана қолбасшы.
Мұның бәрі үйде отырып атқаратын шаруа емес.
Пайғамбарлық бір ғана отбасындағы балаларды тәрбиелеу
емес, жалпы адамзатты тәрбиелеу болғандықтан әйел
тегінен пайғамбар келмеген.
Сөз түйіні, әйел тегінен пайғамбар келмегенімен
барша пайғамбарлар мен ұлы тұлғаларды дүниеге
әкелгендердің әйелдер екені даусыз.
Мұсылман емес мемлекеттерде туып-
өскен адамдардың ақыреттегі жағдайы қалай
болмақ?
Ислам діні – Құдай Тағаланың жер бетіне жіберген
ең ақырғы діні. Ақырғы дін келгеннен кейін бұрын
келген барша діндердің үкімі жойылды. Алла Тағала
«Кімде кім исламнан өзге дін іздесе, қабыл
болмайды...»
деген.
Дінімізде ислам дініне кіру бақытына кенелме
ген жандардың бәрі жаппай тозаққа барады деп кесіп
айтылған нақты үкім жоқ.
«Әһлус-суннет»
ғалымдары бұл
мәселеде әр түрлі көз қараста. Мысалы, Әшғари бойынша
ешбір дін, ешбір құдайылық баян жетпеген адамдардың
барлығы, мейлі атеист болсын ақыретте сұраққа тартыл
майды. Алла Тағала
сүресінде дін жетпеген ешбір
қауымды азаптамайтынын білдірген:
«...Біз пайғамбар
жібермейінше (ешбір қауымды) азаптаушы емеспіз»
.
Алла Тағала мұндай жандарды өзінің жәннат нығметінен
белгілі бір дәрежеде құр алақан қалдырылмайды.
Ал Матурудилер бойынша, барлық адамдар
пайғамбар келсін-келмесін, дін жетсін-жетпесін
Ұлы Жараушының аты мен есімін, кітаптары мен
пайғамбарларын білмесе де, Оған иман етулері керек.
Мұндай жандар ақыретте ғибадат тұрғысынан сұралмаса
да, иман тұрғысынан сұраққа алынады. Себебі, адамның
ақылы ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата
Әли Имран сүресі, 85-аят.
Исра сүресі, 15-аят.
алатындай кейіпте жаратылған. Табиғаты да Ұлы Жа
ратушыны табуға әрі Оған иман келтіруге бейім. Бұған
қоса, әлемдегі әрбір жаратылыс бойындағы ғажайып
нақыштарымен Ұлы Жаратушының бар екендігін паш
етуде. Аспан әлеміндегі жымыңдаған жарық жұлдыздар,
жер бетіндегі құлпырған тамаша өсімдік әлемі, жараты
лыстарында ешбір міні жоқ сансыз жан-жануар – бәрі-
бәрі Ұлы Жаратушыны меңзейді. Шөлде ғұмыр кешкен
шопанның өзі Ұлы Құдіретті тапқандығы хадисте риуа
ят етілген. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құзырына кел
ген бәдауиден Ұлы Жаратушыны қалай тапқаны жайлы
сұраған уақытта, ол былай деп жауап берген: «Бір жердегі
түйенің тезегі ол жерден түйенің өткенін, ал аяқ ізі де
сол жерден біреулердің жүргендігін меңзейді емес пе?
Ендеше, мына таңғажайып жүйемен жаратылған аспан
әлемі, мына ғажап әдемілікке толы жер беті – шексіз білім
иесі һәм барлық нәрседен толық хабардар Ұлы Құдіретті
қалайша меңземесін?!». Демек, қарапайым түйешінің өзі
әлемдегі барлық нәрсені жаратып, оны керемет жүйемен
еш ақаусыз басқарып тұрған Ұлы Құдіретті таба білген.
Олай болса, иман мәселесінде ақыл-ойдың рөлін толықтай
жоққа шығара алмасымыз ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда,
ғалым Матуруди
«адам ақыл-ойымен-ақ Ұлы Жарату
шыны таба алады»
деген
Қорытындылар болсақ, Ислам діні мүлдем жетпеген
яки жетсе де, өзінің шынайы келбетінде емес, бұрмаланған
түрде жеткен әрі оны дұрыс тану мүмкіншілігі мүлде
жоқ қоғамда өмір сүріп жатқан жандарды Алла Тағала
өзінің рақымына бөлейді деп үміттенеміз. Ал ислам діні
толық жеткен әрі онымен танысу мүмкіншілігі бола тұра
оған салғырт қарап, қырсықтық пен тәкаппарлықтың
М, Абдулфәттах Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том,
57-бет. Ғайе баспасы, Станбул. 1990 ж.
шырмауынан шыға алмай, ақиқатқа көз жұмған ақ пен
қараны ажырата алатындай ақыл-есі бар жандар ақыретте
азапқа душар болады. Тек шет мемлекеттегі адамдар
ғана емес, исламның қайнап тұрған жеріндегі адам
дар да пайғамбарымыздың әкелген ақырғы дініне құлақ
аспай, Жаратқанның жіберген соңғы нұрына жарықтан
қашқан жарқанат тәрізді көз жұмып, иманнан адасып,
күпірлікке жүгірер болса, тозаққа барады. Бұл мәселеде
Алланың рақымынан артық рақымшылық ойлау өзіміздің
шамамызды білмеу әрі Ұлы Жаратқанды қатігезге теңеу
болғандықтан өте сақ болғанымыз жөн.
Алла Тағала әр пендесін өзіне берілген мүмкіндік-
теріне қарай сұраққа тартатыны ақиқат. Сондықтан
мұсылман емес мемлекеттердегі адамдардың жеке
жағдайы мен мүмкіншіліктеріне қарай бұл сұрақтың
жауабы да әр түрлі болмақ. Олай дейтініміз, мүлде
дін жетпеген, қараңғы қоғамда өмір сүрген адам мен
хақ діннің ортасында туып-өскен адамның ақыреттегі
жауапкершілігі бірдей болмасы анық. Бәлкім, ешбір дін
жетпеген жапан даладағы бір адамның жан жүрегімен
«Уа, Жаратқан!»
деп бір рет айтуы – ақыретте исламның
қайнаған жерінде туып өскен адамдардың мың рәкат
на
мазынан асып түсуі әбден мүмкін.
Міне, сондықтан біз мұсылман емес мемлекеттер
де туып-өскен жандардың бәрін бірдей дереу кәпір деп,
«олардың барар жері тозақ»
дей алмаймыз
. Үлкен
ақида ғалымдарының жоғарыдағыдай көзқарасынан кей-
ін, біздер бұл тақырыпта өте абай болғанымыз жөн.
Мәселенің бізге қатысты жағын қозғар болсақ, біз ис
ламды сахабалар тәрізді әлемнің түкпір-түкпіріне дұрыс
Себебі, «кәпір» деп: ислам толық түсіндіріліп, оны
қабылдамаған адамға айтылады. Мустафа Зарқа, Фәтәәуа.
«Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж.
жеткізе алдық па? Исламды өзінің шынайы келбетінде
насихаттап, нағыз мұсылманшылықты тазалығымен,
білімімен, экономикасымен, бірлігімен, тірлігімен,
қысқасы, күллі асыл қасиеттерімен іс-жүзінде көрсете
білдік пе? Бұл сұрақтарға
деп жауап бере алма
мыз айдан анық. Ендеше, ғылымнан артта қалып,
сауатсыздық жайлаған, экономикада басқаларға тәуелді,
саясатта тізгінді басқаға ұстатқан, өз арасындағы бірлігі
бұзылған қазіргі ислам әлемін қай батыс елі үлгі алып,
«мұсылманшылық па, шіркін, қандай керемет»
деп
исламға жүгірсін? Әрине, біз бұл жерде ислам әлемінің
қазіргі жағдайы олардың хақ дінді іздемеулеріне толық-
тай сылтау бола алады деуден де аулақпыз.
Дей тұрғанмен, өз жағдайымыз осындай
болғандықтан, мұсылман емес мемлекеттердегілер-
дің бәрін тозаққа толтыру сияқты тар түсініктен
аулақ болғанымыз жөн. Басқа мемлекеттерде шала-
шарпы, тиіп-қашып жүйесіз жасаған мардымсыз
насихаттарымызға иек артып, олардың исламға жаппай
бет бұруын күтуіміздің жөні жоқ.
Олай болса, ақыретте өзгелерден бұрын біз
мұсылмандар
«сендер неге жеткізбедіңдер»
деген сұраққа
тап боларымыз ақиқат. Сондықтан бар мүмкіншілігімізді
әлемге хақ діннің жайылуы үшін, мұсылманшылықты
шынайы келбетін іс-жүзінде таныту үшін сарп етуіміз
Бір күні, иншалла, ислам әлемі дүниедегі өзінің
бұрынғы тұғырына қайта оралады. Алла Тағала Құранда
өзінің соңғы дінін тәмамдайтынын уәде еткен.
Алла Тағала өз нұрын (дінін) кәпірлер қаламаса да
тәмамдайды»
Міне, сол кезде жер-жаһанның бәрі
мұсылмандарды еріксіз тыңдайтын болады. Бұған еш
Саф сүресі, 8-аят.
күмәніміз жоқ. Себебі, ислам – задында жоғары, теңдессіз
қасиеттерге ие құдайылық соңғы дін. Исламның адамның
дүниесін, ақыретін, рухын һәм тәнін қанағаттандыратын
асылдығын түсінген көкірегі ояу жандардың оны
қабылдары сөзсіз. Тіпті, бұл қазір басталып та кетті.
Күннен күнге батыста ислам дінін қабылдаған жандардың
санының арта түсуі осының дәлелі. Бүгінде батыстың
зиялылары, ойшыл ғалымдары исламның сөнбейтін
нұрын, солмайтын гүлін көріп жақындай түсуде. Иә, бір
күні адамзат исламға бас иеді. Бірақ, мұны жасауға се
бепкер болатындар жүректері дін ғылымымен сусын
дап, ақылдары дүниенің озық ғылымымен нәрленген,
пенделік қасиеттерден барынша арылған
«дінімді қалай
жеткіземін?»
деп түн ұйқысын төрт бөліп уайымға батқан
сахаба тәріздес қаһарман жандар болмақ.
Алла Тағала жалғыз, дара бола тұра Құран-
ның көптеген жерінде неліктен «біз» деген?
Мысалы, «қадір» сүресінде «Сөзсіз, Біз құранды
қадір түні түсірдік» деген аят бар.
Құранда Алла Тағаланың жалғыз, дара, бір екендігі-
не байланысты көптеген айқын аяттар бар. Мысалы,
бәрімізге мәлім
«Ықылас»
сүресінде
«Алла жалғыз»
делінсе, басқа бір аятта:
«Сөзсіз, Мен – Алламын, ме
нен басқа ешбір тәңірі жоқ. Сондықтан маған ғана
ғибадат ет! Мені еске алу үшін намаз оқы»
делінген.
Ал кейбір сүрелердегі Ұлы Жаратушының өзін
деуінің астарында араб тілінің ерекшелігі жатыр. Мы
салы, орыс тілінде екінші жақтың жекеше түріне
делінеді. Алайда кейде адамға деген құрметті, ізеттілікті,
сыпайылықты білдіру үшін жалғыз адамның өзіне
екінші жақтың көпше түріне қолданылатын
сөзі
қолданылады. Сол секілді араб тілінде де
делінген
уақытта Алла Тағаланың ұлылығы мен жаббарлығын
білдіру үшін қолданылады. Арабша
«Муғжамул-уасит»
және «
әл-Му’жамул-арабил-әсәси»
сөздіктерінде былай
делінеді:
, яғни
сөзі екі және үш адамға
көпше түрінде қо
лданылатыны секілді кейде ұлықтау
мақсатында бір адамға да қолданылады
«Таһа» сүресі, 14 – аят.
Әл-му’жамул-арабил-әсәси сөздігі, 1179-бет.
Алла Тағала құлдарынан кімнің жәннатқа,
кімнің тозаққа баратынын о бастан біледі
делінуде. Ендеше, Алла Тағала мына дүниеге
құлдарын сынақ үшін жібермей-ақ бірден
жұмақтықтарды жұмаққа, тозақтықтарды
тозаққа жібере салмаған?
Иә, Алла Тағаланың барлық өткен-кеткен, қазір бо
лып жатқан әрі келешекте болатын барлық нәрселерді
бүге-шүгесіне дейін білетіні хақ. Себебі Алла үшін
өткен шақ, осы шақ, келер шақ деген уақыт өлшемдері
жүрмейді. Рас, Алла Тағала құлдарының бұл дүниеде
жақсы, жаман не істейтіндерін әрі кімнің тозақтық, кімнің
жұмақтық екенін біле тұра, оларды мына дүниеге сынақ
үшін жіберген. Хақ Тағаланың құлдарын сынаққа алуы
олардың ақыреттік жағдайын білмегендіктен емес. Бұл
мәселенің біз бірден байыбына бара бермейтін басқа да
астарлы тұстары жетерлік.
1. Егер Алла Тағала адам баласын жаратқаннан кейін
оларды екіге бөліп, бірін жұмаққа, екіншісін тозаққа
жіберер болса, тозаққа кеткен адамдар Алла Тағалаға
Жаратушымыз, бізді тозақта азаптау үшін жараттың
деп шағым жасап, біздің күнәміз не дегендей
тозақтық болғандықтарына ашынар еді. Міне, сондықтан
әркім мына дүниеде өзінің барар жеріне лайық істерін жа
сап, әрбір жасаған әрекеттері періштелер тарапынан мына
дүниеде бүге-шігесіне дейін жазылғаннан кейін мұндай
шағым жасап, желеу айта алмасы анық. Себебі, әркім
өз қолымен жасаған іс-әрекеттерінің жауапкершілігінен
қаша алмайды.
2. Екіншіден, мына өмірде көз көріп, құлақ естімеген,
ақылмен ойлап елестете алмайтын ғажайып сый-
сыяпатпен жәннатта марапатталу үшін адам баласының
мына дүниеде соған лайық дәрежеге жетуі керек. Яғни,
рухани болмысы сол жұмаққа сай дәрежеге өсуі тиіс.
Бойындағы әр түрлі асыл қасиеттердің дәндері көркейіп,
жайқалып өсіп, бейне бір жәннатқа кірер адамның бойында
табылуы тиіс қасиеттерге айналуы ләзім. Дәл осы секілді
тозақтық адамдар да мына дүниеде барар жерлеріне сай
қылық жасап, бейне бір тозақтық кейіпке енеді. Тозаққа
сай дәрежеге құлдилайды.
Алла Тағала мына таңғажайып ғаламды өзінің
теңдессіз құдіреті мен шеберлігінің, шексіз білімі мен
ұлылығының т.б. ұлы сипаттарын танытар көрме іспетті
жаратқан. Құлдарының назарына ұсынған. Адам баласы
осынау ғажайып көрмені аралай жүріп, ондағы сан алуан
туындыларды тамашалай отырып, Ұлы Жаратушысын та-
қол жеткізеді. Сөйтіп, Раббыларының
ұлылығына тәнті болып, таң қала құлшылық жасау арқылы
өздері де рухани жетіліп, кемелдене түседі.
3. Алла Тағала өзінің көркем есімдерінің құлдарында
әрі жалпы жаратылыста көрініс тапқанын қалайды. Әр
түрлі көркем есім, сипаттарымен танылуды қалайды. Құл
мына дүниеде күнә істесе, Хақ Тағала өзінің
яғни аса кешірімді есімімен кешіріп, есіркейді. Рызыққа
мұқтаждарға
«Раззақ»
есімімен рызық-несібесін жеткізеді.
Ауруға шалдыққан құлдарына Алла Тағала өзінің
есімімен жәрдемін беріп, шипа дарытады. Осылайша Ұлы
Раббымыз осы дүниеде құлдарының дәрежесіне қарай
өзінің көркем есімдерінің көрініс табуын қалайды.
Әйел мен еркек тең бе?
«Әйел теңдігі»
мәселесін қанша даурықтырғанмен,
шындап келгенде, жаратылыс тұрғысынан әйел мен ер
кек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерек-
шеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ
өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай Тағала еркек-әйел
етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел яки еркек етіп жа
ратар еді ғой. Еркек пен әйел табиғатындағы өздеріне тән
ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ
«Екі жарты бір бүтін»
деген. Әйел мен еркек минус пен
плюс заңдылықтары іспетті. Әйел денедегі жүрек болса,
еркек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл
жүрексіз ғұмыр сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары
яки ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі
өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін
жалғастыра алады. Ендеше, әйел еркектен жоғары яки
төмен деу, жалпы алғанда, дұрыс айтылған сөз емес.
Әрқайсысының қоғамда өзіндік қызметі бар.
Әрбірі соны
дұрыс атқарған кезде ғана мінсіз қоғам пайда болады.
Сыр өңірінің ақыны Тұрмағанбеттің:
Әйел көктен түскен жоқ,
Ол – еркектің баласы.
Еркек жерден шыққан жоқ,
Әйел – оның анасы,- дегеніндей, екі жыныс өкілінің
де қоғамда өзіндік міндеттері бар. Кей тұстарда еркектен
асып түскен әйел, кей тұстарда одан төмен тұрады. Мыса
лы, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала
әкеле алмайды. Өйткені, тоғыз ай қабырғасы қайысып
құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен
арпалысқан қайсарлылық – тек әйелдердің ғана қолынан
келетін ерлік. Ер кісі сәбиге әйел секілді түн ұйқысын
төрт бөліп қарай алмайды. Бала тәрбиесінде де әйелдегі
мейірімділік пен ептілікті ер ад
ам көрсете алмайды.
Балабақшалардағы тәрбиешілікке көбіне-көп әйелдердің
алынуы – осының айғағы. Міне, әйелдер өз табиғатындағы
осындай қасиеттерімен еркектен жоғары болмақ.
Ал, еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі жағы-
нан ірілеу әрі күштілеу келеді. Міне, сондықтан жауға
қарсы шауып, ел қорғау секілді басқа да ауыр жұмыстарды
ер кісілер атқарады. Дер кезінде шешім қабылдау
жағынан да еркектер әйелдерден анағұрлым алда. Бұған
мысал ретінде әйелдер көлік айдап келе жатып, кенеттен
бір жағдайға тап болса, көбінесе рулді жіберіп, бетін ба
сады екен. Ал еркектер болса, салқынқандылықпен сол
жағдайдан шығудың амалына көшеді. Сондықтан да болар
«әйелдер теңдігі»
деп аттан салып жатқан батыстықтарда
ғасырға жуық уақыт өтсе де әлі күнге дейін ұшақ айдай
тын әйел заты жоқтың қасы. Неге? Өйткені, ұшқыштық
– дер кезінде шешім қабылдауды, ерлікті қажет ететін
аса қиын іс. Сондықтан, әйелдер ұшқыш емес, көбінесе
жолсеріктікті таңдайды. Әлем басшыларына қарасақ та,
көбінесе еркектер көзге түседі. Міне, осының өзі табиғи
көрсеткіш. Мұндай істерді әйел адам мүлде істей алмай
ды деуден де аулақпыз. Кейбір еркектерді он орап алатын
әйелдер де кездеседі. Біз тек жалпы жағдайды тілге тиек
етіп отырмыз.
Әйелдерден еркек жасағысы келетіндер мынаны
ескерсе екен. Әйелдердің табиғаты тым нәзік, сезімтал.
Осыған сай оның өзіндік міндеті бар. Әйелдер сырт
тан
гөрі ішкі шаруаларға бейім. Егер әйел баласы өз
міндетіне салғырт қарап, есіл-дерті далада болса, қоғам
өмірінде кейбір келеңсіз жайттардың бой көтерері дау
сыз. Мысалы, саясатпен айналысатын әйелдің отбасында
бала тәрбиесі ақсап, күйеуімен арада салқындық пайда
болуы мүмкін. Мансап (карьера) қуған әйел көбіне бала
туудан саналы түрде бас тартады. Өйткені, мансабын жар
ты жолда тастағысы келмейді. Мысалы, «Әйел теңдігін»
желеулеткен батыста бүгінде бала саны мүлдем аз.
Тіпті, демографтардың пікіріне құлақ түрсек, келешекте
батыстықтардың ұрпақсыз қалатын түрі бар. Сондықтан
болар, батыста
«бала мәселесі»
Парламент деңгейінде
талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастырылуда.
Иә, әйелдер саясаткер боламын, биліктің бір тұтқасын
мен ұстаймын деп желпінгеннен гөрі биліктің тұтқасын
ұстайтын мықты азамат дүниеге әкеліп, елін, халқын ой
лайтын ұрпақ тәрбиелесе, биліктің тұтқасын ұстады де
ген сол емес пе?! Қазақ
«әйел бір қолымен бесік тербет
се, екінші қолымен әлемді тербетеді»
деп қандай әдемі
«Әйел теңдігі»
мәселесі қайдан шықты? Батыс-
та ХІХ ғасырдың орта шеңіне дейін әйелді адам құрлы
көрмеген. Өйткені, олар өз діндеріндегі жаңсақ сенім
бойынша Хауа ана Адам атаға тыйым салынған жемісті
жегізіп, бүкіл адам баласын жұмақтан шығарған. Сондай-
ақ қияметке дейін келетін барша адамзаттың күнәларына
себепкер болған Хауа ана деп иланады. Сондықтан батыс
жалпы әйелдерді лағынеттеп, оларды жек көрген. Міне,
осы қорлыққа намыстанған әйелдер, еркектердің алдын
да тұқырмаудың жолын қарастырып,
«феминизм», «әйел
деген ұғымдар мен ұрандарды шығарды. Ал бізге
оның түкке де керегі жоқ еді. Біз әрдайым әйел баласын,
ананы қадір тұтып, құрметтей білген елміз. Батыс бүгінде
мұның зардабын тартудай-ақ тартып отыр.
«менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асы
рай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, тіпті,
мына ғылым дамыған заманда еркексіз-ақ балалы бола
аламын»
деп желігіп жүрген әйелдер де кездеседі. Ал
мұндай әйелдердің күйеуіне бағынбасы айдан анық.
Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала
кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді,
бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар
көбінесе ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап
келгенде, алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы
шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жараты
лысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды
әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ис
лам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге
ұқсауына қатаң тыйым салынған. Сондықтан әйелдер
қоғамдағы әр түрлі іс-қызметтерде де бала тәрбиесі мен
отбасының істерін қатар алып жүре алатындай өз болмы
сына сай жұмыстарды таңдағаны жөн. Бірақ қажеттіліктің
күн санап артқан қазіргі мына заманда әйел баласы жанұя
экономикасына өз үлесін қосып, ерінің бір жағынан
шығу үшін түрлі жұмыстарда істеуде. Мұндай жағдайда
әйелдің үйдегі жұмыстары мен бала тәрбиесіне ері көмек
көрсеткені жөн. Бұл жатырқап қарайтындай жат нәрсе
емес. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да қат-қабат шаруа
лар мен сан-алуан оқиғалардың бел ортасында жүріп, үй
шаруаларында жұбайларына үнемі көмек көрсетіп, бір
Ал әйеліне сыртта жұмыс істетіп, өздері масыл боп
үйде бос жатқан еркектерді пайғамбарымыз (с.а.у.) өз
хадисінде қатаң сөккен.
Жоғарыда әйелмен еркек минус пен плюс зарядта
ры тәріздес бір-бірін толықтырып, бір-біріне үйлеседі
дедік. Ал екеуі де минус яки плюске айналған жағдайда
араларындағы үйлесімділік жоғалып, бір-бірін кері тебе
бастайды. Бұның арты сөзсіз ажырасуға соқтырып жата
Бір мемлекетте екі президент, бір көлікте екі рөл, екі
жүргізуші болмайтыны секілді кішігірім мемлекет – от
басында да бір ғана басшы болуы тиіс. Әйтпегенде, үйдің
берекесі қашады.
«Еркектер әйелдерге пана, қамқоршы,
жауапкер, қорған, басқарушы»
деген. Ендеше, осы
жауапкершілікті арқалаған еркек отбасынының тізгінін өз
қолына алып, парасаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен
басқаруы тиіс. Еркек отағасы екенмін деп дөрекілікке,
«мен айттым болдыға»
салынбай, бар мәселені өзара
түсіністікпен, үнемі ақылдасумен шешкені жөн. Әйелдер
Иә, әйел болмысы басшылық не қаттылыққа емес,
керісінше, мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен
ізеттілікке бейім. Ал еркектердің болмысы дөрекілік пен
қатігездікке емес, жауапкершілікке, отбасына қамқоршы,
қорған болуға бейім.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде
«Сендердің ең
ізгілерің – әйелдерімен жақсы мәмледе болғандарың»
десе, басқа бір хадисте
«Артында қалған күйеуі өзінен
разы болған күйде жан тапсырған әйелдің барар жері
– Жұмақ»
деп, ер мен әйелді өзара рухани түсіністікке
Ұлы Жаратушының алдында пенде баласы еркек не
месе әйел болғандығымен, байлық, мансабымен емес,
иманының деңгейімен өлшенбек. Олай
болса, еркек пен
Ниса сүресі, 34-аят.
әйелден, оларға Жаратушы тарапынан асқан хикметпен
берілген асыл міндеттердің қаншалықты атқарылғандығы
да сұралмай қалмақ емес.
Ислам дінінде әйел адамдарға орамал
тағу, ұзын киім кию парыз ба? Орамал
тағу арабтың, түріктің әдет-ғұрпы деп
ажыратып берсеңіз.
Орамал тағып, ұзын киім кию үрдісі – тосырқап,
таңдана кейде түсінбей, тіпті жатырқай да жақтырмай да
қарайтын тосын құбылыс емес. Ең алдымен, киім киюдің
бұл үлгісі – ислам діні әкелген жаңалық емес. Бұл үрдіс
еврей мен христиан дінінде де, корей, жапон секілді
көне мәдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы Ме
нахем M. Брейер (
«Йешива»
университетінде киелі кітап
әдебиетінің профессоры) еврейлік дін құқығы бойынша
әйелдерінің орамал тағуға тиісті екенін айта келе, кейбір
танымал раввиндерінің мынандай сөздерін келтірген:
рей қыздарына орамалсыз сыртқа шығу жараспайды»,
«Әйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсат еткен еркектерді
қарғыс атсын!», «Еркектерге ұнау үшін басын ашып
жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі».
Әйелдің орамалсыз
жалаңбас жүруі жалаңаш жүрумен тең саналғандықтан,
иудаизм орамалсыз жүрген әйелдің жанында дұға сияқты
ғибадаттарды жасауға тыйым салады. Еврей діні бойын
ша, орамал тағу әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік
жағдайын білдіреді. Сондықтан төменгі таптағы әйелдер
жоғарғы таптағы әйелдердің қатарында көріну үшін ора
мал тағуға тырысатын. Орамал тағу тектіліктің нышаны
саналғандықтан, байырғы Израйлде зинақор әйелдердің
орамал тағуына рұқсат берілмейтін. Сондықтан, зинақор
әйелдер өздерін абыройлылардың санатында көрсету үшін
арнайы орамал түрін тағатын. Европадағы еврей әйелдері
сол жердің тұрақты мәдениетімен араласа бастаған ХІХ
ғасырға дейін орамал тағып келген. ХІХ ғасырда ев
ропа қоғамы басты ашып жүруге мәжбүр еткендіктен
кейбір еврей әйелдері орамалдың орнына парик киіп
жүруді шығарды. Ал бүгінде еврей әйелдері синагогада
ғана орамал тағады. Еврей дінінің
бағытын
ұстанушылар орамалға балама ретінде әлі күнге дейін па
рик тағуда.
Ал христиан дінінде орамал тағу мәселесі қалай? Ка
толик шіркеуіндегі монах әйелдердің 1000 жылдан бері
орамал тағатындығы белгілі. Тертуллиян атты христиан
ғалымы бойжеткендердің шашын жабуға байланысты
баяндамасында былай дейді:
«Бойжеткендер, көшеде
жүргенде бастарыңа орамал тағыңдар, шіркеуде, бөгда
адамдардың жанында және өз ер бауырларыңыздың жа
нында бастарыңды ашық ұстамаңдар....».
Бүгінгі Католик шіркеуінің ата заңдарында шіркеуде
әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы
бабтар бар. Амиш және Меннонилер сияқты кейбір
христиан ағымдары әлі күнге дейін әйелдердің орамал
тағуын талап етуде
Алысқа бармай-ақ орыс халқының ұлттық киіміне,
назар аударсақ, олар да орамал тағып, ұзын киім киген.
Демек, орамал тағу ислам діні әкелген жаңалық емес
Жаһанданудың арқасында біз бүгінгі таңда ба
тыс мәдениетінен барынша әсерлендік. Әсерленгеніміз
соншалық, оған ес-түссіз беріліп, жақсы-жаманын ажыра
тып жатпастан, залалы мен пайдасын сараламастан оларға
қатты еліктедік. Сондықтан, біздің қоғамда әйел адамның
етек-жеңін қымтап жүруі, жартылай жалаңаштанудан
Шәріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Иени үміт
журналы, №14, 2002 ж.
тұрпайы көрінуде. Қоғамда заман талабына ілесудің
«жалаңаштану»
сияқты көзқарас қалыптасты.
Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүрген жандар замана
көшіне ілесе алмай, қатардан қалып кеткен ескішіл адам
дардай бағалануда.
Бүгінде әйел баласы бейне бір зат секілді әркімнің
ойына келген арам пиғылдарына ойыншық болуы
өкінішті-ақ. Мысалы, әйелдің жалаңаш тәні өзгелердің
назарын тарту үшін кәсіпкерлердің тауарларын жарна
малайтын жарнама құралына айналды. Әйтпесе, газет
жарнамасында, көліктің дөңгелегінің жанында жалаңаш
тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар?
Алла Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер
тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны,
жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлдем
ерекше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде
ғана, қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам
өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен
қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады.
Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию – әйел
адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың
арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден бір қор-
ған. Әрі әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық
сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен таны
тар нышан. Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі –
Құранның тікелей бұйрығы.
сүресінде:
«Мүмін әйелдерге айт, өздеріне
харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты
жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр
көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен
екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалда
рын жағаларының ойықтарын жабатындай ет
іп
тақсын...»
-делінеді.
Жартылай жалаңаш киінген әйелдер еркектерді
еліктіріп, нәпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай
бүгінде көптеген шаңырақтың шайқалуына, көпшілік
бойжеткендердің абыройдан айрылуына себеп болып
отыр. Нәтижесінде көзі жәут
еңдеген мыңдаған пәк
сәбилер тастанды болып, жетімханаларға тоғытылса, жы
лына қаншама қыз баласы қолдан түсік жасатуда
Пайғамбарымызға бірде бір сахаба келіп
«Уа,
Алланың Елшісі, мені жұмаққа жетелер бір амал
айтсаңыз»,
- дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Ашуланба!
Ашуыңды жең, ашудың жетегінде кетпе»,
- деп қысқа
да нұсқа жауап берді.
Иә, ашу атүсті қарайтын жеңіл мәселе емес. Себебі,
ашуға бой алдырған адам санаға сыймайтын үлкен
күнәларға да оп-оңай барып жатады. Мысалы, ашуға
булыққан адам бір сәттік өзін ұстай алмай мылтықтың
шүріппесіне басып кеп жіберу кесірінен жылдар бойы
түрмеде отырады. Сөйтіп, ғұмыр бойы өкінумен өтеді.
Міне, ашудың осындай кесірлі нәтижесін білгендіктен
пайғамбарымыз (с.а.у.) кейбір сахабаларына
жең, ашуға салынба, ашудан аулақ жүр»
деген ескерту
лер жасаған.
Ал енді ашу дегеніміз тек қана жүйкенің тырысу
мен ғана болатын құбылыс емес. Ашудың
дейтіні де болады. Ол – адамның нәпсіқұмарлық
сезімдерінің өршіп, шәһуатының қозып, өз-өзін ұстай ал
май ақылға сыйымсыз қылықтарды жасайтындай көзсіз
Нұр сүресі, 31-аят.
Қазақстанда қазіргі таңда 100 мың тастанды бала, 600 балалар үйі
бар. 2003 жылғы есеп бойынша 127200 аборт жасалғаны ресми
тіркелген. Ал ресми тіркелмегені қанша екені тағы белгісіз.
соқырға айналуы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде
«құмарлық сезімі қозған кезде адам ақыл-есінің түгелі
немесе үштен екісі кем»
деген. Яғни, мұндай адам
ақыл тізгініне ие бола алмай, құмарлыққа алданады.
Соқыр адамша шайтанның тұзағына оп-оңай түсе кетеді.
Құмарлық сезімі өршіп, нәпсісі қозған адам ақылға да,
заңдарға да, ар-ожданға да қарамай небір арам істерге
. Сондықтан еркектердің осы бір осал тұстарын
түрткілемеу үшін әйел адамдар ашық-шашық киінбеуі ке
рек. Әйтпесе, нәтижесі өзіне де, өзге де абырой әкелмесі
ақиқат. Мысалы,
«Queens әйелдер бюросы»
жетекшісінің
мәлімдемесі бойынша, Канадада әр 6 минут сайын 1 зор
лау оқиғасы тіркеліп, әрбір үш әйелдің біреуі әйтеуір
өмірінің бір кезеңінде зорлау оқиғасына тап болады екен.
Тағы бір ірі мемлекетте 1998 жылы 49280 зорлау оқиғасы
ресми тіркелген көрінеді
Міне, сондықтан әйел адамға ашық-шашық киінбеуді
ислам оны төмен санағандықтан емес, қайта оны қорғау,
абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған. Әйел өзінің
орамалымен көрікті. Жарасымды ғып ұзын киінуімен
ибалы. Қазақтың
«Есті қыз етегін қымтап ұстайды»
деуі де бекер емес. Күнделікті өмірде біз құнды, асыл
заттарды қоғамдағы бұзық ниеттілердің арам пиғылынан
қорғаудың сан түрлі жолын іздейміз. Ендеше, әйел заты да
құндылардың құндысы, асылдардың асылы, нәзіктердің
нәзігі. Олай болса, оның да жат адамдардың алдында
ашық-шашық жүргені құптарлық емес.
Орамал тағудың физиологиялық тұрғыдан да
әйелдерге пайдасы бар. Әрине, бұл өз алдына жеке
зерттеуді қажет ететін бөлек мәселе. Десек те, С. Асфен
Ахмед Шаһин, иени айле илмихалы, 245-бет.
Шәріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Иени үміт
журналы, №14, 2002 ж.
дияров атындағы Мемлекеттік медицина университеті
Емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина
ғылымының докторы, профессор Қарлығаш Тоғызбаева
бұл жайлы былай дейді:
«Ер адамдар көбіне көктен,
әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдің
шашы магнит тәрізді ауадағы кір-лас қуатты жинағыш
келеді. Бұл да оның, әсіресе, бас ауруына ұшырауына әсер
етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кездес-
кендей, орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы»,
т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса,
ашық-шашық жүрген әйел көктен өзіне қажет емес
артық қуат алады, сөйтіп, онда еркектерге тән гисто
стерон гормоны пайда болады, нәтижесінде ағзаның гор
мональды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы
қатерлі ісік, т.б. ауруларға жол ашады»
Исламда әйел өз көркін бөгделерге емес, тек
өзінің некелі еріне ғана көрсетеді. Сондықтан, шариғат
әйелдердің некелі ерлерінің алдында барынша әдеміленіп
жүру, күйеулерінің назарын көшедегілерге емес, өздеріне
қаратуға әрекет етуді салиқалы амалдардың қатарына
жатқызады. Әдемілігі мен тәнін жұртқа көрсетуге ты
рысу – әйел адамды мақтаншақтық пен риашылдыққа
тәрбиелейді. Ондай адамның табиғаты әрдайым
көрсеқызарлық пен бәсекелесуді қалап тұрады.
Құранда әйел адамның киетін киімінің нақты форма
сы айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін қатты
кескіндемейтіндей кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың
өменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай
кез-келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар
орындалғаннан кейін, сәнді әрі өзіне жарасымды жалпы
эстетикаға сай киім киюге ислам діні қарсы емес. Сауд
арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру
Мұсылман журналы, 25-бет. №1/ қаңтар айы, 2004ж.
үрдісі барша мұсылмандарға парыз киім үлгісі емес. Он
дай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына
қарай таңдалған. Сондықтан Құран өлшемдерінен шық-
пау шартымен әр қоғам киім үлгісін өзінің менталитеті
мен әдет-ғұрыптарына, заманына қарай әрі өмір сүрген
жерінің климатына ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы,
қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті,
әйелдердің жас ерекшеліктеріне қарай кимешек үлгілері
тігілген. Ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу
жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше,
оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп,
өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда
да Құран өлшемдеріне әрі заман талабы мен ұлттық
түсінігімізге сай әр түрлі киім үлгілерін тігуге неге бол
масын? Осылай істер болсақ, бәлкім, орамал тағып, ұзын
киім кию – ананың, мынаның ұлттық киімі дегендей таяз
түсініктерден арылар ед
Мәселенің тағы бір маңызды жағы – діни сауаттылығы
төмен қоғамға ең әуелі орамалды емес, иман мәселелерін,
сенім негіздерін насихаттау қажеттілігі. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) ең әуелі орамалды емес, иман мәселелерін кеңінен
түсіндірді емес пе? Иман мәселесі шешілген қоғамда
исламның кез-келген тыйымдары мен бұйрықтарының
да оп-оңай шешілері сөзсіз. Иманнан бұрын орамал
ды насихаттаудың – уықсыз шаңырақ көтермек болған
әурешілікпен тең болары сөз
Ислам діні көп әйел алуға неліктен рұқсат
еткен?
Қазіргі таңда қоғамда бұл тақырып өте өзекті
мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыда айтарымыз, көп
әйел алуға мүлдем болмайды деп үзілді-кесілді қарсы
шығу да, көп әйел алуды діннің негізгі талабы іспетті
жаппай уағыздау да астамдық екені. Көп әйел алу – ба
тыста қатты сынға ұшыраған тақырып. Алайда көп әйел
алушылықты алғаш ойлап тауып, заңдастырған ислам
діні еместігі ақиқат. Ислам келгенге дейінгі, әлемдегі әйел
затының жағдайы баршаға мәлім. Ол кезде әйел затша
саудаланатын, қанша әйелмен үйленем десе де еркектер
ге шек қойылмайтын. Әйелді қалаған уақытында қалаған
адамына сатып немесе айырбастай салатын. Тіпті, көне
Грек және Рим мәдениеттерінде әйелді адам деп те есеп
темеген. Еплатонның пікірінше, әйел бір қолдан екінші
бір қолға өтіп жүре беретін ортақ мүлікке жатады. Ежелгі
қытай мәдениетінде әйел заты адам саналмағандықтан,
оған айдар тағып, ат та қойылмайтын болған. Тіпті, ба
тыс философтары
«Әйел заты жалпы адам ба, жоқ
па? Адам болса, оның жаны бар ма, жоқ па? Бар бол
са, оның жаны ер адамдардың жанындай ма, жоқ әлде
жануарлардың жандарына ұқсас па?»
деген тәрізді адам
шошитын ой-пікір таластарын да тудырған
. Міне, әйел
баласының жағдайы осындай жан түршігерлік қорлыққа
толы бір заманда Ислам діні әйелдердің абзал жаратылыс
Емине Шеникоглу, Генчлерин иманыны сорыларла чалдылар,
118-бет.
екенін түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Оны заттықтан
адамдыққа, қорлықтан ардақты деңгейге көтерді. Тіпті,
«Жұмақ – аналардың табанының астында»
деген
сыры терең, сыны биік ұстанымға бас идірді. Жоғарыда
айтқанымыздай, ислам келмес бұрын әйелдермен
үйленуде шектеу жоқ еді. Ер кісі қанша әйел алам десе де
өз еркінде еді. Ислам осы шексіздікті төртеумен шектеді.
Өзінің сыршыл күрделі талаптарын қойды. Олай болса,
бұл да исламның әйел баласына жасаған жақсылығы де
сек артық айтқандық емес.
Екіншіден, төрт әйел алудың діндегі орны парыз
яки уәжіп емес. Яғни, әрбір мұсылман ер кісі көп әйел
алуға міндетті емес. Көп әйел алу, бар болғаны, кей
жағдайларға байланысты адамдарға берілген рұқсат қана.
Бұған қоса көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары
мен талаптары бар. Мысалы, екі әйел алғысы келетін
кісінің ең әуелі оларды бағып-қарайтындай жағдайы бо
луы тиіс. Мұнымен қоса, әйелдерінің арасында қара
қылды қақ жарардай әділдік тең қарым-қатынас құруы
керек. Яғни, біреуіне жылы шырай танытып, екіншісімен
суық қарым-қатынас жасау, біреуінің жанында көп болып,
екіншісінікінде аз уақыт қана болу секілді көңілдеріне
кірбің салар әділетсіз араластықта болу дұрыс емес.
Біреуіне жағдай жасаса, екіншісіне де жағдай жасауы ке
рек. Ал мұндай талаптарды орындай алатындардың саны
өте аз екені айтпаса да түсінікті. Ардақты Елші (с.а.у.):
«Екі әйелі бар кісі әйелдерінің береуімен артығырақ
қарым-қатынас жасап, әділетсіздікке жол беретін болса,
ондай адам ақырет күні бір иығы төмен салбыраған күйде
келеді», - деп әйелдерінің арасында әділетсіз қарым-
қатынас жасаған еркектің ақыреттегі аянышты жағдайын
білдірген. Алла Тағала «Ниса» сүресінде: «Егер әйелдер
арасында әділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар онда
біреуі жеткілікті...» деген.
Ал енді ислам дінінің көп әйел алуға рұқсат етуінің
өзіндік бірқатар себептеріне тоқталайық. Ер адамдардың
саны әйел адамдарға қарағанда әжептеуір аз. Оның бір
себебі, ер адамдардың қазалы оқиғаларға көптеп ду
шар болуында. Мысалы, соғыстарда, жол апаттарында,
тағысын тағы басқа жағдайларда ер адамның көптеп қаза
табатыны сөзсіз. І-ІІ дүниежүзілік соғыста миллиондаған
ер адамның қаза тапқанына тарих куә. Қаза тапқан бұл
ер кісілердің артында көзі жәутеңдеген бірнеше баласы
мен аңыраған жас әйелдері жесір қалды. Осы мыңдаған,
миллиондаған жесір қалған әйелдердің де үйленіп жанұя
құратын ер адамның, жас бүлдіршіндеріне қамқорлық
көрсетер әкенің қажет екені сөзсіз. Екі әйел алуға рұқсат
жоқ жағдайда бұл мәселе қалай шешілмек? Қорғансыз
аналар мен бүлдіршіндер кімге аманат?
Қазіргі таңда көптеген елдерде соғыс болмаса да,
әйел санының ер адамдардан әлдеқайда басым екені
белгілі. Осының салдарынан көптеген бойжеткендер
уақытында үйлене алмай үйде отырып қалуда
. Әрине,
бұл қыздардың да үйленгісі келетіні, ана болуды аңсары,
белгілі біреудің қамқорлығын, өмірдегі тірегін іздері
хақ. Ал бұл мәселелер заңды түрде әрі жауапкершілік
шеңберінде шешілмеген жағдайда қоғамда түрлі келеңсіз
жайттардың етек алары сөзсіз.
Бұлардан да жиі кездесетін бір жағдай – ер адамның
екі әйел алуға мәжбүр болу жағдайы. Перзент сүйгісі
келетін ер азамат некелескен әйелі дүниеге бала алып
келе алмайтын бедеу болған жағдайда не істейді? Бірінші
әйелімен ажырасып, басқамен үйлене ме? Яғни, сәби
Қазақстанда қазіргі таңда 182700 әйел баласы жастары отыздан
асса да әлі тұрмысқа шыға алмаған. (2006 ж)
дүниеге әкеле алмағандығы үшін онсыз да жарым көңіл
жүрген әйеліне опасыздық жасап, оны талақ етіп, басқа
біреумен қол ұстасып кете бармақ па? Жоқ әлде әйелін де
далаға тастамай, оған күйеу әрі сүйеу болып екінші бір
әйелмен некелесе ме? Әрине, бұл тұста ақылға да, ар-
ожданға да қонымдысы екінші таңдау екені сөзсіз. Осы
жерде бірінші әйелімен де ажыраспасын, екінші әйел
де алмай жүре берсін деген ой туындауы мүмкін. Алай
да, бұған барлық азамат көне алмайды ғой. Әр адамның
өзінше бір әлем екені де ақиқат. Өмірде өз белінен перзент
сүю сияқты арманы бар адам мақсатына жетпей байыз
таппасы және белгілі. Тіпті, екі-үш бала емес, ұрпағының
көп болғанын қалайтын еркектер де кездеседі.
Сондай-ақ, адам баласы өмірде әр түрлі жағдайға
тап болады. Мысалы, әйелі айықпас дертке шалдығып,
күйеуіне дұрыс қарай алмайтындай жағдайға душар бол
са, ер азаматтың тағы да екінші нұсқаны таңдағаны абзал
емес пе?
Жоғарыда айтылған жағдайлар болмаған күннің
өзінде де көп әйел алуға ислам діні рұқсат етеді. Олай
дейтініміз, бірінші әйелін жақсы көрумен қатар көңілі
басқа әйелге де бұрып тұратын адамдардың да кездесері
сөзсіз. Себебі, барлық адамның табиғаты, жаратылысы
бірдей емес. Кейбір азаматтардың жыныстық қабілеті
мен құмарлығы артықтау келеді. Бұған қоса, бірінші
әйелі көңілінен шықпай қалуы да әбден мүмкін. Көп әйел
алуға тыйым салған жағдайда мұндай күйдегі адамдар
әйтеуір бір жолын тауып алғашқы жұбайымен ажырасып
тынуы немесе жасырын көңілдес тауып, шариғат тыйған
зина сияқты харам істерге баруы бек мүмкін. Сөйтіп,
Жаратушының алдында – күнәһар, ал бала-шағасының ал
дында екіжүзді болады.
«Біреу біліп қоя ма?»
деген күдікті
ойдан құтыла алмағандықтан, психологиялық тұрғыдан
мазасыз болады. Ол ол ма, көңілдес әйелдерді тек өткінші
төсек ләззаты үшін ғана пайдаланғандықтан, олардың да
абыройы айрандай төгіліп, әркімнің қол жаулығына айна
лары белгілі. Екі ортада тірі жетім қорғансыз сәбилер мен
олардың қорланған шешелері қалады. Бүгінде көп әйел
алуға үзілді-кесілді тыйым салған европа бұнысымен
қаншама әйелдермен жасырын түрде төсектес болуға,
яғни көңілдестік пен ойнастықтыққа, жезөкшеліктің етек
алуына, мыңдаған балалардың әкесіз дүниеге келуіне,
қолдан сансыз түсік жасалуына көз жұмып қарауда.
Бұл шындықты батыстық ғалым Густав Ли Вон:
«Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі – заңды
түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде көп
әйелмен көңілдес болып жүре беретін европалықтардан
әлдеқайда артық»
Негізінде, көп әйел алу ислам дінінде парыз да, уәжіп
те емес. Тек рұқсат етілген кеңшілік жол ретінде ғана
қарастырылады. Жоғарыда айтылғандай, көп әйел алудың
өзіндік күрделі шарттары мен арнайы талаптарын ескерер
болсақ, көп әйел алудың әркімнің батылы жете бермейтін
жауапкершілігі зор іс екенін байқаймыз. Бұған қоса, ер
кісінің екі немесе бірнеше жанұяны бірдей басқаруға
қабілеті жеткіліксіз болса немесе екінші әйел алған
жағдайда бірінші жанұяның шаңырағы шайқалар болса,
мұндай іске барудың өзі қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр.
Сондықтан үйленетін адам өз жағдайын, жанұясының әрі
қоғамының ахуалын, тыныс-тіршілігін есепке алмастан
мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс болмаса керек-ті.
Проф. Др. Ибраһим Жанан, Күтүб-и ситте, 2-том, 274-бет.
«Акчаг» баспасы, Стамбул.
Музыка тыңдау харам ба?
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Абай
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ән, музыкаға рұқсат
ететін де
, тыйым салатын
да көптеген хадистері бар.
Музыкаға байланысты дәлелдердің әр түрлі болуына бай
ланысты ғұламалардың кейбіреуі жалпы музыканы харам
десе, енді біреулері адамға пайдалысы халал деп фәтуа
берген
Пайғамбарымыздың музыкаға байланысты
хадистерінің әр түрлі болуының астарынан тыйым
салынған немесе рұқсат етілген нәрсенің тікелей музыка
Мысалы, риуаятта Әбу Бәкір (р.а.) қызы Айша анамыздың үйіне
кіреді. Ол жерде екі жәрияның «буғас» соғысына байланысты ән
айтып жатқанын көреді де: Пайғамбардың үйінде шайтанның
мизмары (шайтанның әуен аспабы) ма?-деп кейіс білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса: «Уа, Әбу Бәкір, оларға тиіспе!
Бүгін мейрам күні ғой» деді. Осы секілді басқа да хадистерге
сүйенген кейбір ғұламалар: «Егер ән айту жалпы харам болғанда,
пайғамбарымыз (с.а.у.) өз үйінде оның айтылуына мүлде рұқсат
бермес еді» деп, зияны жоқ музыка, әндерге рұқсат беретін
фәтуалар шығарған.
Мысалы, хадисте: «Ән, өлең жүректе екіжүзділікті өсіреді»
делінген. Осы секілді хадистерге қараған кейбір ғұламалар жал
пы музыка, әндерге харам деп фәтуа берген. Толығырақ мәлімет
үшін қараңыз: Қ. Жолыбайұлы, Дін мен діл, 97-бет. «Дәуір»
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.
аспаптары емес, олардың қалай қолданылуы, сондай-ақ,
тыңдаушы мен орындаушының түпкі ниетіне байланысты
екенін аңғарамыз.
Себебі, кез-келген музыка аспабының жақсы-
жаман әркелкі тартылуына, бұған қоса, айтылатын ән
мазмұнының әр алуан болуына байланысты оның адамға
тигізер әсері де әр түрлі болады. Міне, сондықтан
харам-халал үкімін музыка аспабынан гөрі оның қалай
қолданылуын негізге алып қарастырған жөн.
Мысалы, сіріңкені бейкүнә біреудің үйін өртеу
тәрізді қастандыққа да, от жағып үй жылыту, ас пісіру
сияқты игілікті істер үшін де қолдануға болады.
Адам табиғаты, ішкі сезімдері, жан дүниесі ерікті-
еріксіз көптеген нәрселерді қалайды. Мысалы, көркем
табиғат көріністерін тамашалағанда бойы сергіп рахат
танады. Өзеннің сылдырап аққан үні өне бойына ерек
ше әсер етеді. Теңіздің буырқанып тасуы, ормандағы
тоты, бұлбұл секілді жыршы құстардың сайрап ән са
луы да жан дүниесін рахатқа бөлеп, дем алдырады.
Сондықтан адамның жан дүниесі, ішкі сезімдері әрдайым
көркем табиғатты тамашалауды, судың сарқыраған дауы
сын естіп, құстар салған әсем әндерді естуге құмартып
тұрады. Ислам діні адам баласын өз табиғатындағы осын
дай сезімдеріне тұсау салып я болмаса тамырына балта
шауып мүлдем жоқ ету үшін келген жоқ. Керісінше, олар
ды реттеп, орта жолға бағыттау үшін келді
211
. Ендеше
музыка – егер адам баласының уақытын босқа өткізіп
ғибадаттарына кедергі жасаса, нәпсісін қоздырып, ойына
харам нәрселерді салып, жаман пиғылдарға жетелейтін
болса, даңғырығының қаттылығынан мидағы клеткалар
ды өлтіріп, адам мінезін ұшқалақтыққа тәрбиелесе онда
211
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.
– харам. «Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі
музыкаға байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа
жетелейтін музыкаларға байланысты болса керек»- дейді
ХІ ғасырда өмір сүрген тақуалығымен танымал ханафи
ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәбулуси өзінің
«Идахут-дәлалат
фи самағил-әәләәт»
(музыка аспаптарын тыңдауға байла
нысты дәлелдерді баяндау) атты кітабында
Ал егер саз бен әуен керісінше адам бойындағы
мүлгіп жатқан жақсы сезімдерін оятып, рухы мен миына
тыныштық сыйласа, шаршағанда жүйкесін дем алдырып,
ойына көркем пікірлер салатын болса, онда неге харам
болсын?!
Абайдың: «Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй», - дегеніндей кейбір
әуендер мен әуездер ешбір сөз айтылмаса да, адамның
ішкі дүниесіне ағыла құйылып, өзінше бір әлемге же
телеп терең ойға шомдырады. Мысалы, қазақтың кейбір
күйлері орындалған уақытта көз алдыңа кең байтақ жер
мен ондағы әсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңіл-күйді
білдіретін, жауған жаңбырдың тырсылын елестететін,
көңіліңді сергітіп, керемет ойға жетелейтін жұмсақ та
нәзік әуендердің бар екені баршаға белгілі. Отанды,
бірлікті, ерлікті уағыздайтын, ата-ананың қасиетіне бай
ланысты, адам баласын адамгершілік пен имандылыққа
баулитын музыка мен әндерді тыңдау әрі айту неліктен
харам болсын?
Соғыста әскердің жау алдындағы рухын көтеру
әрі кейбір әскери бұйрықтарды білдіру мақсатында
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.
мұсылмандардың барабан аспабын қолданғандары
тіпті кейбір психикалық ауруларды музыка арқылы
емдегендіктері тарихтан белгілі
. Мұндай жақсы істер
үшін қолдануды кім болса да құптары сөзсіз.
Ең әсем әуен Құран екені сөзсіз. Алайда қоғамдағы
адамдардың дәрежелері мен болмысы, табиғаты мен
ішкі сезімдері бірдей емес екені шындық. Олай болса,
музыканы жалпылай харам санап, барлық адамға
«Тек
Құранды ғана оқы әрі тыңда!»
деп күштей алмаймыз.
Себебі, қоғамда Құран оқып, басқа да өзіне міндеттелген
ғибадаттарын толық орындаумен қатар, өзі ұнатқан пай
далы музыкаларды тыңдағысы келетін адамдар тағы бар.
Сондай-ақ адам жан дүниесі үздіксіз ғибадат жа
саудан, яки үнемі салмақты нәрселермен шұғылданудан
жалығуы ықтимал. Сондықтан адамның табиғаты мен
болмысы анда-санда көңілін көтеріп, рухын дем алдыра
тын нәрселерді қажетсінеді.
Хазірет Алидің (Алла Тағала одан разы болсын):
«Тәннің шаршайтыны тәрізді жүрек те шар
шайды. Сондықтан оны қызық хикметтермен дем
алдырыңдар!», «Жүректеріңді анда-санда дем алды
рып тұрыңдар! Себебі, жүрек зорықса, тас соқырға
дегені риуаят етілген.
Музыка тыңдауды ұнататын адамдарға біз егер
жақсы музыканы тыңдауға болатынын айтып жөн
сілтемесек, тіпті көркем мағыналы әрі әуенді әндердің
шығарылуына бағыт-бағдар беріп реттемесек, ол
адамның бара-бара жаман музыкаларға ұрынбасына
кім кепіл?
Фатауа Мустафа Зарқа, 349-бет. Дарул-қалам, Димашқ. 2001 ж.
Һейет, Мүслүман Илим Өнжүлери, 149-бет. Стамбул, 2005 ж.
Мухаммед Абдур-Рахман әл-Марғашли, әл-Ғина уәл-мәғазиф
фил-иғламил-муғасир уә хукмуһә фил-ислам, 229-бет. «Дәрул-
мағрифа» баспасы, Бәйрут. 2006 ж.
Егер музыканы жалпылама харам десек, онда
мұсылмандардың мәдениеті, өнері артта қалары
сөзсіз. Мысалы, ғибратқа толы ұлан-асыр тарихымыз
ды бейнелейтін киноларымызға ешбір музыка аспа
бы қосылып, керекті жерінде эффекті берілмесе, ол
киноны кім ерекше әсермен тамашалай алады? Онда
жастарымыздың өзгелердің өте тартымды, әсері күшті,
бірақ мағынасы улы киноларының соңына түсіп кетері
сөзсіз. Сол сияқты телеканалдарда бір бағдарламадан
екінші бағдарламаға өту кезеңдерінде, басқа да
көрермендердің назарын аударар жағдайларда музыка
аспаптарының рөлінің маңыздылығын кім жоққа шығара
алады?!
Сөз соңы, музыка белгілі бір мән-мағынаны жеткізу-
де қолданылатын
іспетті. Сөзбен пайдалы нәрсені
насихаттауға да, зиянды теріс мағынаны жеткізуге бола
тыны секілді музыканы да жақсы-жаман түрлі бағытта
қолдануға болады дей келе Әбу Насыр әл-Фарабидың ба
сынан өткен мына бір оқиғаны бере кетуді жөн көрдім.
Әл-Фараби бабамыз ән-күй десе ішкен асын жерге
қоятын жан болған екен.
Бір күні өзінің бір ұстазынан ән-күй жайын сұрады.
Ұстазының айтуынша, сырнай-керней, әуен – жын-
шайтанның ісі болып шықты. Адамды алаң қылып азды
рады, ісінен қалдырып, күнәға кіріптар етеді екен.
Бұрын ән-күйді жақсы сүйетін Әбунасыр осыны
естігеннен кейін қолына күй аспабын алмайтын болды.
Ән-күйді сүйіп ойнайтын Әбудың бір қымбатты қимас
жолдасы жоғалып қалғандай күй кешеді де мынандай
ойға батады. Әсем ән деген адамды жадырататын, көңілді
көтеріп, жүректің мейірімін оятатын бір қасиетті өнер ғой.
Ендеше, ол қалай сайтанның меншігі болады?
Осы сауалын ол екінші бір ұстазынан сұрайды. Ол
ұстазы: Әсем саз – ол қасиетті нәрсе емес пе? Мұнда
аспанның сыры бар, әлемнің үні бар. Қолыңнан келсе бұл
өнерден жиренбе...», - дейді. Мұны естіп Әбунасыр қатты
шаттанады. Алайда ол үлкен ұстаз Әбу Мәлік хазіреттің
өзінен сұрамаққа бекінді. Әбу Мәлік ұстаз былай д
еп ж
ап берді:
– Ол да дұрыс, ол да дұрыс. Екі айтушының екеуі
де дұрыс айтады... Я, солай... Жамандық та, жақсылық
та адамның өз бойындағы қасиетке сүйенеді. Азғындық
пен ізгілік ежелден егіз емес пе? Ән-күйдің әуеніне еріп,
басқа өнер-білімнен қол үзсең, сонымен өміріңді қапыл
өткізсең өкініш емей немене. Әсем әуен алпыс екі тамыр
ды бірдей қозғайтын кереметті, құдіретті нәрсе. Оның
сені билеп әкетуі ғажап емес. Алғашқы айтушы сені сонан
сақтандырады. Құдіретті өнерді керекті жерінде өлшеумен
ұстап, тізгінді ақыл-ойға беріп ізгілік іске қоссақ, онан
келер пайда тағы көп. Көкірек кеңіп көңіл оятар, қиял
қоздырып қайрат берер тағы сол... Ғылымның ата тегі әр
ненің өлшеуін білуде емес пе?! Сен ән-күй үйренсең онан
менің қаупім жоқ. Құдіретті күйдің сиқырлы үнін тежеп
отыруға сенің ақыл-қабілетің мол жетеді
Ағжан Машанов, әл-Фараби. Жалын баспасы, 1970 ж.
Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан
ұрықтандыру арқылы сәби дүниеге әкелуге,
әсіресе, суррогаттық тәсілге (құрсақ ана)
дініміздің үкімі қандай?
Қолдан ұрықтандыруға қатысты дініміздің үкімін
айтпас бұрын қолдан ұрықтандырудың не екендігі жайлы
оқырманға қысқаша түсіндірме бере кетейік.
«Қолдан ұрықтандыру»
– табиғи жолмен өздігінен
ұрықтана алмаған жағдайда, әйел жұмыртқа клетка
лары мен еркек ұрық клеткасын сыртқы ортада ар
найы медициналық түтікшелер көмегімен біріктіріп
ұрықтандыру тәсілі. Ұрықтандырылған бұл зигота
ар
тынша әйел жатырына салынады.
Бұл тәсіл XX ғасырдың а
лғашқы жартысында ең
әуелі жан-жануарларда қолданыла бастады. Бір ғана
еркек малдың ұрығымен мыңдаған ұрғашы малдар
лдан шағылыстырылды. Бұл ғылыми жаңалық мал
шаруашылығына айтарлықтай экономикалық тиімділік
әкелді. Мыңдаған сиырларға бір ғана бұқа салу қиындық
туғызатындықтан, шаруа иелеріне бұрынырақта көптеп
бұқа ұстау, оларды арнайы күту, бағу керек бола
тын. Енді жаңаша мына тәсіл арқылы оларды күтуге
жұмсалатын шығын азайды.
Оған қоса, бұқаларды
көптеп ұстағаннан кейін қартайған бұқалардың етін
өткізу де қолайсыз болатын. Жаңа тәсіл арқылы санау
лы ғана бұқа ұсталатындықтан басқа еркек малдарды
жас кезінде сойып етке өткізу де экономикалық пайда
Зигота – әйелдегі жұмыртқалық клетканың еркек ұрығымен
ұрықтанған кезі.
келді. Оның үстіне, бұқалардың ұрықтарын зертхана
да зерттеу арқылы олардың ішінен аурудан таза, етті, ең
мықтылары таңдалып, ұрықтандыруға қажетті бұқалар
іріктелетін болды. Сөйтіп, жоғарғы сапада мал төлдету
мен мал түрлерін көбейтуде бұл тәсіл таптырмайтын
мүмкіндік сыйлады.
Кейін келе-келе бұл тәсіл табиғи жолмен ұрықтана
алмайтын адамдарға да қолданыла бастады. 1978 жылы
Эдвардс және Стептоу атты дәрігерлер, Джон Браун, Луиз
Браун атты ерлі-зайыптылардың ұрықтарын түтікшеде
ұрықтандырып, оны қайтадан Луиз Браунның жатырына
салады. Сөйтіп, 1978 жылы 25 тамызда Лесли Браун атты
алғашқы сәби дүниеге келген.
Қолдан ұрықтандыру екі тәсіл арқылы жүзеге асады:
1. Қолдан іштей ұрықтандыру тәсілі.
Бұл тәсілде
ер кісінің спермасы алынып, әйел жатырының қолайлы
жеріне қойылады.
2. Қолдан сырттай ұрықтандыру тәсілі.
Бұл тәсіл
ер кісінің спермасы мен әйелдің жұмыртқа клеткасы
алынғаннан кейін оларды зертханада арнайы түтікшелер-
де ұрықтандырып, артынша оны әйелдің жатырына орна
ластыру арқылы жүзеге асады.
Осы негізгі екі тәсілге тән қолдан ұрықтандырудың
алты түрі бар. Олардың екеуі ішкі ұрықтандыру тәсілі
арқылы, қалған төртеуі сыртқы ұрықтандыру арқылы
жүзеге асады.
Іштей ұрықтандыру тәсілі:
Біріншісі, үйленген ер кісінің ұрығы алынып,
оны әйелінің жатырының ыңғайлы тұсына орналасты
ру арқылы жүзеге асады. Сонда барып еркектің спер
масы табиғи жолмен әйелдің жұмыртқа клеткасымен
ұрықтанады. Бұл еркектің спермасы өздігімен табиғи
түрде әйелінің жатырына жете а
лмаған жағдайда
қолданылады.
Екіншісі, ер кісінің спермасын өз әйелі емес, басқа бір
әйелдің жатырына салу арқылы болады. Бұның әуелгіден
айтарлықтай көп айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы
– ер адамның спермасы өз некелісінің жатырына емес,
басқа әйелдің жатырына салынады.
Сырттай ұрықтандыру тәсілі:
Біріншісі, ерлі-зайыптылардың спермасы мен
жұмыртқалары алынып, арнайы түтікшелерде
ұрықтандырылғаннан кейін жұмыртқасы алынған әйел-
дің жатырына қайта орналастырылады. Ұрықтандырыл-
ған зигота жатырға жабысқан жағдайда өз дамуын ары
қарай жалғастырады. Бұл әйелдің жұмыртқалық жолдары
бітеліп қалған жағдайда қолданылады.
Екіншісі, ер адамның спермасы мен бөгде әйелдің
жұмыртқасын түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны
әйелінің жатырына орналастыру арқылы болады. Бұл
жол әйел адамның жұмыртқалығында ақау болса әрі
жатыры зиготаны қабылдай алатындай сау жағдайда
қолданылады.
Үшіншісі, бөгде ер-әйелдің спермасы мен
жұмыртқасы түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны
басқа бір тұрмыстағы әйелдің жатырына салу арқылы
жүзеге асады. Бұл тәсілге жатырына зигота қойылған
әйелдің жұмыртқалығының жұмыс істемеуі әрі күйеуінің
спермасы жарамсыз болған жағдайда жүгініледі.
Төртіншісі, ерлі-зайыптылардың спермасы мен
жұмыртқа клеткалары түтікшеде ұрықтанғаннан кейін,
оны жүкті болып босанып беруге келісім берген басқа
бір әйелдің жатырына орналастыру арқылы болады.
Яғни, суррогаттық тәсіл арқылы жүзеге асады. Босанып
беруші анаға –
«құрсақ ана»
делінуде. Бұл жолға ерлі -
зайыптылардың сперма, жұмыртқалары болғанымен,
әйелдің жатыры жарамаған яки түгелдей жоқ жағдайда не
месе бала көтеріп, тууды қаламаған жағдайда жүгініледі.
Қазіргі таңда әлемде жоғарыда айтылған барлық
тәсілдер кеңінен қолданылуда. Қолдан ұрықтандыруды
біреулер тек ақша табу мақсатында пайдаланса, енді
біреулері үйленбей-ақ балалы болу үшін немесе ерлі-
зайыптылардың біреуіндегі яки екеуіндегі жүкті болуға
бөгет келтіретін кей ақауларға байланысты кеңінен
қолдануда. Бүгінгі таңда танымал яки белгісіз адамдар-
дың спермаларын сақтап, сосын оны қажетсінген
адамдарға сататын арнайы әлемдік сперма банкалары
Ислам ғұламалары
«Рабитатул-аламил-ислам»
(Әлем мұсылмандарының өзара байланысы) ұйымы
ұйымдастырған фиқһ (ислам құқығы) мәжілісінің
VIII кезекті отырысында жоғарыда айтылған қолдан
ұрықтандырудың барлық түрлері мен жолдарын зерттеп
мынандай пәтуалар шығарған:
1. Ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клет
калары табиғи түрде ұрықтана алмаған жағдайда, оларды
қолдан ұрықтандыруға шариғат рұқсат етеді. Яғни, жүкті
болуға қажетті
«сперма, әйелдің жұмыртқа клеткасы
және жатыр»
бәрі бірдей бір ерлі- зайыптылардікі болған
жағдайда ғана қолдан ұрықтандыруға рұқсат. Ал бұған
жоғарыда айтылған сырттай және іштей ұрықтандырудың
бірінші жолдары ғана сай келеді.
Рұқсат етілген бұл жолдың өзінде де мынандай шарт
тар орындалуы тиіс:
• Әурет жерін көрсетуге тыйым салынғандықтан,
әйелдің жұмыртқасын алу немесе ұрықтанған зигота
ны жатырына қайта салу істерін мүмкіндігінше сенімді
мұсылман әйел дәрігер яки басқа әйел адам, әйтпесе,
мұсылман ер дәрігер, ол да мүмкін болмаған жағдайда
басқа кез-келген сенімді ер дәрігер атқарады. Бірақ, жа
нында басқа туысқандары бірге болуы керек.
Ұрықтардың ауысып, шатастырылмайтындығына
нақты көз жеткізілуі керек.
Қолдан ұрықтандыру күйеуінің көзі тірісінде жаса
луы керек. Өлгеннен кейін рұқсат жоқ.
Ерлі-зайыптылардың бұл іске бірдей рұқсаты бо
луы керек.
2. Қолдан ұрықтандырудың қалған барлық түрі
шариғат бойынша – харам. Бұл жолдардың кез-келгені
зинаның бір түріне жатады
. Өйткені, бұл тәсілдерде
сперма мен жұмыртқа бірдей ерлі-зайыптыға тиесілі емес
яки тиесілі болған күннің өзінде жатыр оларға еш қатысы
жоқ бөтен біреудікі. Мұндай жолдар ата-тектің шата
суына, көптеген келеңсіз жайттардың етек алуына әкеп
соғары сөзсіз. Аталмыш тәсілдердің ішіндегі кең тараған
суррогаттық (құрсақ ана) тәсілмен балалы болуға оң көзбен
қарайтын адамдар да кездесіп жатады. Алайда, оның да
өзіндік қауіп-қатері мен кері нәтижелері болатындығын
ескермей болмайды. Айталық, олардың кейбірі:
• Батыста туылған сәбиді құрсақ ананың зигота
иелеріне қайтармау оқиғасы жиі кездеседі. Расында да,
ұрық басқа біреудікі болғанмен өз қанымен қоректендіріп,
тоғыз ай бойы қиналып көтерген, жан алып - жан берісіп
барып толғатып дүниеге әкелген бауыр еті баласын кім
басқа біреуге көзі қиып бере салсын? Қайтарған күннің
өзінде бұл жағдайдың ананың ішкі жан дүниесіне, пси
хологиясына қалай әсер ететінін дүниеге сәби әкелген
аналар жақсы түсінер. Ана баласын табыстағаннан кейін
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-фәтәәуа, 281-бет. Даруш-
шуруқ, Каир, 2004 ж.
өмір бойы оны санасынан өшіре алмасы анық. Ғұмыр
бойы рухани күйзеліске түседі. Бала мен ана арасында
өзара рухани тығыз байланыс болатындығын ешкім де
жоққа шығара алмайды. Себебі, жаратылысының негізгі
кезеңдерін бала ананың жатырында тәмамдайды. Рухы
ананың жатырында беріледі. Құранда былай делінеді:
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан
жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде
мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны
алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны
мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа)
сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын
сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жара
тылыс жасадық. Алла – ең керемет Жаратушы»
Құранда баланың анасы ұрығын берген әйел емес,
оны дүниеге әкелген жан екені айтылады:
«Oлардың
аналары – оларды дүниеге әкелгендер ғана»
адамдарға әке-шешесіне жақсылық жасауды өсиет
еттік. Анасы оны қиындықпен құрсағында көтеріп,
сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкел
«Әлсіреген үстіне әлсіреген күйде анасы оны
көтерді»
• Сәби өскеннен кейін әке-шешесіне қарсы шығып,
өзін тапқан құрсақ анасына қайтамын деп қиғылық салған
жағдайда не болмақ?
• Бұған қоса, баланың пікірімен санаспастан оны
туған анасына емес, жұмыртқа иесі әйелге тапсырылуы
Бұл жерде Адам атамыздың әу баста балшықтан жаратылғандығы
яки адам денесінің топырақтағы элементтерді қамтитындығына
ишарат етілуде.
Муминун сүресі,12-14-аят.
Мужадәла сүресі, 2-аят.
Ахқаф сүресі, 15-аят.
Тафсируль-мунир, 13-т, б. 347
на кім рұқсат берді. Яғни, әр сәби өзін туған анасының
құшағында өсуге, ақ сүтін емуге құқылы емес пе?
• Құрсақ ана алдын ала берілген қаржыны қанағат
тұтып, өзгесін керек етпей ішіндегі баласын әдейі түсік
қып тастаса ше?
• Ал баланың түр-әлпеті ұнамаса немесе дене бітімін-
де бір ақау кездесе қаласа, тіпті, ешбір себепсіз балаға тап
сырыс берген ұрық иелері баладан бас тартқан жағдайда
баланың және құрсақ ананың жағдайы қалай болмақ?
• Құрсақ ана өз өмірінде бірнеше жанұяның ұрпағын
туып берсе
, кейіннен ол балалары ер жете келе бір-
бірімен үйленіп жатса қалай болады? Яғни, шешелері бір
аға-қарындастар бір-бірімен тұрмыс құрып жатса қалай
болғаны? Олай дейтініміз, құрсақ ана бәрінің бірдей ана
сы емес пе?
• Құрсақ ана үйленбеген қыз болған жағдайда оның
тұрмысқа шықпастан жүкті болғанын көрген ел не ойлай
ды? Бұл бәлкім діні бұзылған батыста ерсі болмағанмен,
біз секілді зинаны үлкен күнә санайтын мұсылман
елдерінде өте жиіркенішті қылық.
• Батыста суррогаттық ананың өз күйеуінен жүкті
болып қалу жағдайы да кездесуде. Германияда бір әйел
суррогаттық ана болуға келісім берген. Сөйтіп, жатыры
Мысалы, Ұлыбританияның 38 жасар тұрғыны құрсақ ана - Керол
Хорлок осымен қатарынан сегіз рет өзгелердің баласын босанып,
енді тоғызыншысына аяғы ауыр. Ол - Childlessness overcome
through Surrogacy (ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің
нәрестесін көтеру) ұйымында жұмыс істейтін көп әйелдердің бірі.
Өздігінен сәби көтере алмайтын жанұяларға жалдамалы құрсақ
аналарды іздеу мақсатында 1990 жылы құрылған бұл ұйымға Ке
рол Хорлок 1994 жылы келген. Ол жыл сайын бір нәресте көтеріп
келеді. АҚШ-та бұл үлкен бизнес көзіне айналған. Заң жүзінде
төлемнің ең жоғарғы мөлшері белгіленбеген. Алайда, Sunday
Times – тың хабарлауынша төлем мөлшері 12 мен 18 мың евро
көлемінде өзгеріп отырады. (бұл мағлұмат Mednovosti.ru сайты
нан алынды.)
на келісілген шарт бойынша ерлі-зайыптылардың зиго
тасы қойылғаннан кейін аяғы ауырлайды. Алайда, уақыт
өте келе оның сол зиготадан емес, өз күйеуінен жүкті
боп қалғаны анықталады. Бірақ, ол алдын ала 8000 АҚШ
долларын алып қойғандықтан, әлгі ерлі-зайыптыларға
күйеуінен жүкті болған өз баласын табыс етуге мәжбүр
болған. Кейбір адамдар өз балаларын ақшаға осылай сату
да. Міне, бұл – дінсіз, рухсыз ғылымның жетістіктері
• Қазір батыста табиғи жолмен өзі босануға
денсаулығы жете тұрып, әйелдің баланы кестіртіп ал
дыруы сәнге айналды. Себебі, толғатып, қиналып
туғанша кестіріп алдыра салу әлдеқайда оңайырақ.
Бірақ қиналмай әкелген баланың анасына деген құрмет-
ықыласының қаншалықты болары тағы белгісіз.
226
Себебі, ана мен баланың арасында рухани байланыстың
бар екені сөзсіз. Ол ғылыми зертханада білінетін нәрсе
емес. Ананың аналығы да, қаһармандығы да оны тоғыз
ай бойы қабырғасы қайыса көтеріп, қиналып босануын
да емес пе? Ал енді суррогаттық тәсілдің де бара-бара
еріккендердің ермегіне айналмасына кім кепіл? Бала
көтеріп қиналғысы келмейтін кей әйелдер баласын тауып
беретін басқа біреуді жалдауды әдетке айналдыруы мүмкін
ғой. Бұл – батыста кең етек алған ауру. Қазіргі күннің
өзінде елімізде
«Мен бала туып дене-бітімімді бұзғым
келмейді», «жасым қырықта, баламды басқа біреу туып
берсе... Өйткені, мен үшін жұмысым маңыздырақ»
деп,
орталыққа келетіндердің бар екендігін Қазақстандағы
«Экомед»
клиникасының бастығы Салтанат Берденқызы
да айтуда
. Сонда әйел ана болудан қашса, күйеу бөгде
Мухаммед Али әл-Баарр, Дин ве тып ачысындан түп бебек. 80-81
бет. Ауд: Адил Бебек. Несил иайынлары, Стамбул, 1989 жыл.
Әрине, мәжбүр жағдайда кестіріп алу басқа жағдай.
«Қазақстан заман» газеті, 11 қараша 2005.
еркектің ұрығын өзінің әйелінің жатырына қойылуына
намыстанбаса, оны ұят деп қабылдамаса, ағасының ба
ласын қарындасы немесе анасы тағысын тағы жақын
туысқандары туып беріп жатса бұл адам баласының
азғындауы емес пе?
• Жоғарыдағыларға қоса, сперма мен жұмыртқаны
түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны үшінші бір
әйелдің жатырына қою жолымен дүниеге келген баланың
жаратылыс, болмыс, мінез-құлық, психология, ақыл-
есінің ақаусыз болатындығына ешкімнің кепілдік бере
алмасы және хақ
. Мұны алдағы уақыт көрсетеді. Бұл өз
алдына зерттеуді қажет ететін тақырып.
Қысқасы, суррогаттық тәсілмен дүниеге бала әкелу
мейлі діни тұрғысынан болсын, мейлі адамгершілік
жағынан болсын құптарлық іс емес екені айқын. Ислам
ғұламалары бірауыздан қолдан ұрықтандырудың бұл
тәсіліне «харам» деп анық пәтуа берген.
Иә, өмірде бала сүюдің қандай бақыт екені баршаға
аян. Алайда, міндетті түрде бала сүю керек екен деп
шариғат тыйымдарын аттап, адамгершілікке жат
қылықтарға бару дұрыс емес. Бұл тұрғыда батыстық
экспериментер мен адасулар бізге үлгі бола алмай
ды. Батыста үйленбей-ақ балалы болуды қалайтын
әйелдер арнайы құрылған сперма банкаларынан белгілі
бір мөлшердегі қаражатқа қалаған адамының ұрығын
сатып алып балалы бола береді. Белсіз азаматтар өз
әйеліне осы сперма банкаларынан танитын яки таны
майтын еркектердің ұрығын пайдалануына рұқсат ету
де. Бедеу әйелдер күйеулеріне өзі мүлдем танымайтын
бөтен әйелдің жұмыртқа клеткаларын қолдануына разы
болуда. Керек десеңіз, шешесі қызының баласын, қызы
Мұхаммед Барада Ғазиюли, әл-ихсабус-синағи мин манзурин
шешесінікін, қарындасы ағасының баласын босанып
беретін жайттар да кездеседі.
Бүгінде батыста құрсақ аналар мен баласыз ерлі-
зайыптылар арасында бизнестік мақсатты көздеп
делдалдық жасайтын мекемелердің, әйелдердің
жұмыртқа клеткалары мен ер адамдардың спермала
рын саудалайтын орталықтардың кең тарағандығы
баршаға мәлім. Бұлардың қай-қайсысы болма
сын біздің адамгершілігімізге сыйыспайтын, келер
ұрпақ алдындағы адалдығымызға нұқсан келтірер
жиіркенішті істер екені сөзсіз. Сұрақтың жауабын
Шәкәрімнің:
«Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын,
Демеске бара жатыр ішім толып»
- деген даналық
сөзімен тамамдайын.
Шәкәрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын баспасы, А
маты 1988 ж.
Пайғамбарға салауат айту деген не? Біздің
салауат айтуымызға пайғамбарымыз мұқтаж
«Салауат»
сөзі араб тілінде
«береке», «құрмет
көрсету», «тілек»
сияқты мағыналарды білдіреді. Ал
діни терминде болса, салауаттың айтушыға байланыс-
ты мағыналары да өзгеріп отырады.
«Ахзаб»
сүресінде:
«Сөзсіз, Алла Тағала және Оның періштелері әрдайым
пайғамбарға салауат етеді. Ей, иман еткендер! Сен
дер де Оған (Мұхаммедке) салауат айтып, жан-
дүниелеріңмен сәлем жолдаңдар!»
делінеді.
Жоғарыдағы аятта білдірілгендей, Пайғамбарымызға
тек адамдар ғана емес, Алла Тағаланың өзі де және
Оның періштелері де салауат етеді. Сондықтан са
лауат Алла Тағаладан болған жағдайда
«рақым ету,
дәрежесін көтеріп, мерейін үстем ету, берекеге кенел
ту»
мағыналарын білдіреді. Ал періштеден айтылған
«ізгі дұға және кешірім тілеу»
мағынасында
қолданылады. Ал мұсылман үмбетінің салауат айтуы –
ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Алла Тағаланың
ерекше рақымына бөленіп, асқақ дәрежесінің одан әрі
биіктеп, мерейінің үстем болуын тілеуі болмақ. Яғни,
үмбетінің пайғамбарына деген ізгі тілегі. Салауат тура
лы қысқаша осылай түсінік бергеннен кейін жоғарыдағы
сұраққа қайта оралайық.
Онсыз да Алла Тағаланың рақымы мен берекетіне
бөленген, абырой-дәрежесі жоғары Пайғамбарға (с.а.у.)
салауат айтып, жақсық тілеу не үшін қажет?
Ахзаб сүресі/56.
Біріншіден, ақырғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) са
лауат айтуымыз – мойнымыздағы қарызымыз. Оның (с.а.у.)
алдындағы жақындығымыз бен сүйіспеншілігіміздің
белгісі. Оған деген алғысымызды тілек ретінде білдіріп,
жүрек жарды сағынышымыз бен құрметімізді салауат
түрінде жеткізу болмақ.
Егер пайғамбарымыз жіберілмегенде, біз Ұлы Жа
ратушыны барлық кемел сипаттарымен танып, қатесіз
түсіне алатын ба едік? Пайғамбарымыз келмес бұрын
адамзат ай, жұлдызға, жансыз, тілсіз, меңіреу, қолдан
жасалған пұттарға Құдай деп табынғаны баршаға белгілі.
Ендеше, адамзатқа таухид дінін үйретіп, Раббымызбен
табыстырған ардақты елші хазреті Мұхаммедке (с.а.у.) са
лауат айту – әрбір мұсылманның пайғамбары алдындағы
адал борышы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзіне білдірілген
ақиқаттарды жан шыдатпас қиыншылықтармен қырқыса
жүріп адамзатқа жеткізді. Сол жолда малын да, жа
нын да аямады. Сол үшін апталап емес айлап аш қалды.
Мүшріктердің:
«Әбдімүттәліптің жетімегінен басқа
пайғамбарлыққа адам табылмай қалып па?!»
дейтіндей
қорлық сөздерін естіп, келеке-мазағына душар болды.
Мүбәрак жүзіне дұшпандары сан рет түкіріп, ғибадат
жасап жатқан кезде түйенің қан-жынын әкеп төбесіне
қотарып, айыздары қана алшаң басып кете барған кездері
де болды. Жаңа дінге қарсы шыққан Мекке мүшріктері
Пайғамбарызды өлтіруге ант ішіп, мүбәрак өмірін
қауіп-қатерге кіріптар етті. Жақын туыстары мен жора-
жолдастарын өлтіріп, мал-мүліктерін талан-таражға сал
ды. Бірақ, хақ діннің адамзатқа жетуі үшін пайғамбарымыз
(с.а.у.) осының бәріне мойымай шыдады. Пайғамбарымыз
бұл жан түршігерлік қиыншылықтарға қияметке дейін
келіп-кетер жалпы адамзаттың бақыты үшін душар бол
ды. Иә, ол ақырғы дін исламды бізге жеткізбегенде, ақ
пен қараны, дүние мен ақыретті, тозақ пен жұмақты,
адамдықтың асыл қасиеттері мен құндылықтарын, Ұлы
Жаратушының бізді екі дүниеде де бақытты ететін,
адамзатты тура жолға бастайтын ескірмейтін заңдарын
қайдан біліп, кімнен үйренетін едік? Осының бәрін бізге
тұнық күйінде үйреткен хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) са
лауат айту – біздің Оған деген шексіз алғысымыз бен
сүйіспеншілігіміздің рәмізі.
Салауат – сан ғасырлар бойы жалғасып келген әрбір
үмбетінің
«Уа, Пайғамбарым! Мен де сенің үмбетіңмін»
деп көкірек кере қуаныштан жар салуының көрінісі.
Салауат – сан ғасырды артқа тастаса да, үмбетінің
Пайғамбарына деген түгесілмес сағыныш сазының әуені.
Салауат – үмбетінің Оған (с.а.у.) бір қадам болса да
өзін жақын сезінуінің шарасы болса керек.
Екіншіден, үмбетінің әрбір істеген жақсылығының
сауабы Пайғамбарымыздың да амал дәптеріне жазылып
отырады. Сол себепті, Оның
«махмуд мақамы»
биіктеген
сайын биіктеп, ақыретте көптеген үмбетіне шапағат
ете алатын болады. Салауат арқылы Пайғамбарға Алла
Тағаладан береке, рақым тілеп, асқақ дәрежесінің одан
сайын биікке көтеріліп, мейірімінің үстем етілуін сұрау
– Оның (с.а.у.) ақыретте шапағатына кенелуімізге себеп
болады. Үмбеті Оған салауап айтқан сайын оның биіктегі
дәрежесі одан әрі асқақтап, шапағат ету ауқымы кеңейе
түседі.
Хақ Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) хадисте:
«Қиямет күні
адамдардың маған ең жақыны – мына дүниеде маған
көп салауат айтқан адам»
- деген. Пайғамбарына са
лауат айтып, сәлем жолдаған құл, иншалла, ана дүниеде
пайғамбарға анағұрлым жақын тұрады. Сөйтіп Хақ ал
дында есебімді қалай беремін деп ақ тер, көк терге
әт-Тирмизи. Салат/357.
түсіп абдыраған құл күтпеген жерден пайғамбарының
кең шапағатына ие болады. Сондықтан салауат айтудың
пайдасы Пайғамбарымыздан бұрын Оның үмбеті, бізге
тиеді. Шындап келгенде, салауат айтуға Ол емес, біз
мұқтажбыз.
Үшіншіден, біз пайғамбарымызға салауат айтқан сай
ын Алла Тағала бізге он рет салауат айтады. Он күнәміз
кешіріліп, дәрежеміз он есе көтеріледі.
Әнас атты сахаба риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Кімде-кім маған
бір рет салауат айтса, Алла Тағала оған он салау
ат айтады. Әрі он күнәсі кешіріліп, дәрежесі он есе
көтеріледі»
Демек, Ұлы Жаратушының рақымына бөленіп,
күнәларымыздың кешіріліп, дәрежеміздің өсуіне се
беп болар салауатқа Пайғамбарымыз емес, керісінше біз
зәруміз.
ән-Нәсаий. Сәһу/55.
Абай Құнанбаев, Өлеңдер мен поэмалар. «Ғылым»
баспасы, Алматы – 1977 ж.
2. Абай, Қара сөз, Поэмалар. «Кітап» баспасы,
Абдул Мәжид Азизул-зандани, Китабу Тәухидул-
Халиқ. Дарус-Салам, Египет, 1994 ж.
Абдуллаһ Аймаз, Кадер Илми Исбаты. Силм мат
басы. Измир, 1983.
Абдул-Фаттах Әбу ғудда, Әр-Расулул-Му’аллим уа
Әсалибуһу фит-та’лим. Дарул-Башаирул-Исламия, Бай
рут, 1997 ж.
Адем Татлы, Мерак еттиклеримиз. Жиһан иайын
лары, Станбул.
Адем Якуп, Куран Мужизелері. Несил Матбажы
Али Жума Али, әл-Кәлимут-таййбу фәтәәуа асрия.
«Дәрус-сәлам» баспасы. Египет, 2005 ж.
9. Афиф Әбдул-Фаттаһ Таббара, Рухуд-динил-
Исламий. Дарул-ғилм Лилмәлаййн, Байрут. 1995.
10. Ахмад ибну Али ибни Хажарил-Асқалани, Фатхул-
Бәри ли шархил-Бухари. Дәрул-Фикр, Бәйрут. 2000 ж.
11.
Ахмед Шаһин, иени айле илмихалы. Жихан иай
12. Әбу Зәкария Мухиддин Иахия ән
Нузһатул
муттақин, «Муәссисәтур
рисәлә» баспасы, Бай
рут 1991ж.
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-фәтәәуа.
Даруш-шуруқ, Каир, 2004 ж.
әш-Шәйх Мухаммед Мутауалли әш-Ша′рауи, әл-
Фәтәәуа. Дәрул-фәтх ли-и′ламил-араби, Каир, 1999 ж.
Бухари, Әбу Абдуллаһ Мухаммед ибн Исмайл,
Әс-Сахих. Байрут.
Гуфран Койунжу, Герчеге догру-13, 10-бет. Стан
бул, 1996 ж.
Емине Шеникоглу, Генчлерин иманыны сорылар
ла чалдылар, «Мектуб» баспасы, 1993 ж.
Ергун Чапан, Ислама гөре терөр ве интихар сал
дырылары, Станбул. 2005 ж.
Жүсіп Баласағұн, Құтты Білік. Жазушы баспасы,
Алматы, 1986 ж.
Зафар Ахмад әт-Тәһауани, Иғлаус-сунан. Дарул-
кутубул-ғилмия, Байрут. 1997 ж.
Құдайбердіұлы Шәкәрім, Шәкәрім шығармалары.
«Жазушы» баспасы, Алматы 1988 ж.
М. Букайлее, Китабы Мукаддес, Куран ве билим.
ауд: Суат Иылдырым. Т.Ө.В. иаиыневи.
23. М. Фатхулла, Ән-нурул-халиду Мухаммадун
мафхаратул-инсания, Муассисатул-Рисәлә, Бәйрут.
24. М. Фатхуллаһ, Әсилатул-асрил-мухаиира. «Дәрун-
25. Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи
муажаһати шубуһаатил-мушаккикин, Кайр қаласы,
Мажлисул-ағла ли шуунил-Исламия. 2004 ж.
Мехмет Айдын, Мусбет илим ве Аллаһ. Шамил
иайыневі. Станбул, 1976 ж.
Муслим, Әбул-Хусайн ибн Хажжаж. Әс-Сахих,
Байрут.
Мустафа Зарқа, Фәтәәуа. «Дарул-қалам» баспасы,
Димашқ. 2001 ж.
29. Мустафа Сайдул-Хан, Мухиддин диб-мусту, Әл-
ақидатул-Исламия. Дарул-Кәлимут-таййб, Дару ибни
Кәсир, Байрут, 1996 ж.
Мұқағали шығармалары, «Жалын» баспасы, Ал
маты, 2001ж.
31. Мұхаммед Абдул-Ғани Ибраһим Халил, Саддул
фажуа уәссулма байнал-ихуати уәл-умма. Сауд Арабия,
Әл-Мадинатул-мунаууара.
Мұхаммед Ғимара, «Хира» журналы, №1, 2005 ж,
Каир қаласы.
Сайд Хауа, Аллаһ. Дәрус-Сәлам, Египет, 1998 ж.
Сафвет Сених, Шубһелер үзерине. «Т.Ө.В.» ба
спасы, Измир, 1988 ж.
Уәһбатуз-Зухайли, әт-Тафсирул-мунир. Димашқ,
«Дәрул-фикр» баспасы, 2003 ж.
Һейет, Мүслүман Илим Өнжүлери. Стамбул, 2005 ж.
Чарльз Дарвин, Түрлерин көкені. Онур Иайынла
ры, Анкара 1996.
38. Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери анси
клопедиси. Стамбул, 1984 ж.
Шәкәрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын
баспасы, Алматы 1988 ж.
АҚИҚАТ ШУАҒЫ
ЖАРАТУШЫҒА
Алла Тағаланың бар екендігінің дәлелдері
Ар-ождан дәлелі
Кімнен жәрдем сұрайды?
Кейіннен пайда болу дәлелі
Жаратылыстағы өзара жәрдемдесу дәлелі
Әлемдегі теңдессіз жүйе дәлелі
Аспан әлемі
Жер шары
Экология
Жыл мезгілдері
Көбелектер
Бал арасы
Бал арасы
Жарқанат
Ауаның құрамы
Шаш, қас, кірпіктеріміз
Өсімдіктер
Дүрсілдеген жүрек
Неліктен?
Дарвинизмнің жалғандығы
Жансыз материя қалай жан иесі болды?
Ескі қаңқалар дарвинизмнің қателігін әшкерелейді
Қазіргі өмір сүріп жатқан жан иелері мен
олардың ежелгі қаңқалары
Эволюционерлердің қаңқаларды ғылыми негізсіз
жорамалдап, халықты алдауы
Эволюция – ғылым емес, алдау
Өмір дегеніміз қырқыс, күрес пе?
Әр жан иесінің еркек-ұрғашысы қалай
пайда болды?
Табиғат және табиғат заңдары жаратушы
бола алмас
Табиғат заңдары мен нәтижелері және жаратылыс-
тағы себептер мен салдарлары
Табиғат заңдары мен себептердің өзі де басқа себеп
терге мұқтаж
Алла Тағаланы тану
Ұлы Алланың сипаттары
Сәлби сипаттары
Субути сипаттары
ҒАМБАРЛАРҒА ИМАН
Құранда аты аталған пайғамбарлар
Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы
Пайғамбар сипаттары
Ақырғы пайғамбар – Мұхаммедтің (с.а.у.)
хақ
екендігінің дәлелдері
Оның (с.а.у.) адамзатты тәнті еткен көркем мінез-
құлқы – пайғамбарлығына дәлел
Оның (с.а.у.) нұрлы жүзі – пайғамбарлығына дәлел
Оның (с.а.у.) ерекше өмір салты – шынайы
Оның (с.а.у.) ерекше сабыры – хақтығына дәлел
Әр сала өз тілімен Оның (с.а.у.)
пайғамбарлығын
паш етеді
Тәрбиенің төрт тірегі
Кеселден қорғаушы
Әр буынға бір садақа
Мұғжизалар – пайғамбар дәлелі
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешекке байланысты
хабарлары
Тәурат пен Інжіл де ақырғы пайғамбар Мұхаммедтің
(с.а.у.) келетінін сүйіншілеген
Тәурат сүйіншілері:
Ысмайл нәсілі
КІТАПТАРҒА ИМАН
Құран Кәрімнің Алла Тағала тарапынан
жіберілгендігінің кейбір дәлелдері
Желдің ұрықтандыру қызметі
Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Жердің домалақтығы
Жердің айналу бағыты
Теңіздердің бір-біріне араласпауы
Таулардың қозғалуы
Адам баласының дүниеге келуі
Шәуеттің бір тамшысы
Шәуеттегі қоспа сұйықтар
Құрсаққа ілініп тұратын ет
Сүйектердің бұлшық етпен қапталуы
Биікке көтерілген сайын кеуденің қысылуы
Жаңбырдағы өлшем
Өлілерді қайта тірілту құдіреті шексіз Алла үшін қиын
емес
Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?
Рухымыздың мәңгілікті аңсауы
Айналамызда болып жатқан қайта тірілудің
Жеген қорегіміз де денемізде қайта тірілуде
Ұлы Патшаның әділдігі ақыретті талап етеді
Алланың көркем есімдері ақыретті талап етеді
Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым» деп ойлай ма?
15
О дүниеге біреу барып келіп пе?
Ибраһимнің қиссасы
Өлгеннен кейін қайта тірілуге иман келтірудің
пайдалары
Қабір немесе Барзах әлемі
Қабір азабына себеп болатын кейбір күнәлар
Қиямет немесе ақырзаман көріністері
ПЕРІШТЕЛЕРГЕ ИМАН
Періштелердің ерекшеліктері
Періштелердің міндеттері
Періште түрлері
ТАҒДЫРҒА ИМАН
Жалпы жаратылысқа байланысты тағдыр
Адамға байланысты тағдыр
2. Адамның қалауына байланысты жағы
Тағдырды сылтау ету дұрыс па?
Тағдырдан тағдырға қашып барамын...
Тәуекел
Тағдырдағы әділдік
Ажал
Тағдырға байланысты тартысуға неліктен тыйым
салынған?
Тағдырға иман келтірудің пайдалары
Хақ тағалаға деген құлшылықтың мәні
Мінәжат
Күллі жаратылысты Алла Тағала жаратқан, ал Алла
Тағаланың өзін кім жаратты?
Алла Тағаланы неге көзбен көре алмаймыз?
Алла тағала неге адамдарды бай-кедей ғып жаратқан.
Оның сыры неде?
Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме? Неліктен
біздің ғибадат етуімізді талап етіп, орындамағандарды
азаптайтынын ескертуде?
Намаз, азан сияқты ғибадаттар неге тек қана араб
тілінде орындалады? Әр ұлт өз тілінде орындаса бол
май ма?
«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге қиянатым жоқ»
деп намаз оқуға салғырт қарайтындарға не деуге
болады?
Көп адамдардың он екі мүшесі сау болғанмен
кейбіреулердің мүгедек, кемтар болып туылатындығы
яки кейіннен түрлі себептермен мүгедектікке ұшырап
жататын жайттары өмірде көп-ақ. Кей адам бұл
өмірден еш қиналыс көрмей рахатқа батып өтеді де, кей
жандар өмір бойы тауқымет тартып, қиыншылықтан
көз ашпай өтеді. Мұны Ұлы Жаратқанның әділдігі
тұрғысынан қалай түсінуге болады?
Алла тағалаға сенбеген, бірақ жұртқа жақсылық
жасап өткен адам жәннатқа кіре ме?
«Жақсылықты да, жамандықты да Алладан» деп
білуді қалай түсінеміз?
дам баласының иманды болып, бақытқа кенелетіні
немесе имансыз болып бақытсыздыққа ұшырайтыны
мына дүниеге аяқ баспай жатып, анасының құрсағында
жазылып қоятынын қалай түсінуге болады?
Доңыз еті неліктен харам?
Шайтан не үшін жаратылған? Елді адастыратын он
дай азғырушының керегі не? Өзінің тозаққа бараты
нын біле тұра ол неліктен кінәсін мойындап, тәубеге
келмейді?
«Жиһад» деген не? Оның терроризммен байланысы
бар ма?
«Кәһф» сүресінде «Алла кімді тура жолға салса,
ол тура жолға түседі, ал кімді адастырса, оны тура
жолға салатын көмекші таба алмайсың» деген аят
бар. Сонда адамды тура жолға салатын да, адасты
ратын да Алла тағаланың өзі болса, мына дүниедегі
сынақтың, ана дүниедегі жұмақ пен тозақтың
қажеті не болғаны?
Әзірейіл періште дүниенің әр жерінде бір уақытта
қайтыс болатын адамдардың жанын алуға жалғыз өзі
қалай үлгереді? Оның өлім аузында жатқандарға үрейлі
яки ұнамды, түрлі кейіпте көрінуін қалай түсінуге
болады?
Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) неліктен көп әйел алған?
Мұны нәпсіқұмарлыққа жатқызатындарға не деуге
болады?
Ислам дінін ұстанған мұсылмандардың бүгінгі күні
ғылым-білімде артта қалуы неліктен?
Рухтың денеден денеге өтуі, яғни, «реенкорнация»
сенімі дұрыс па?
Алла Тағала құранда: «Маған дұға етіңдер, сендерге
жауап беремін» деп, құлдарының дұғаларын қабыл
ететіндігін айтқан. Алайда біздің жасаған дұға,
тілектеріміз көбінесе қабыл болмайды. Мұны қалай
түсінуге болады?
Жалпы пайғамбарлардың саны қанша? Әйел затынан
неге пайғамбар келмеген?
Мұсылман емес мемлекеттерде туып-өскен
адамдардың ақыреттегі жағдайы қалай болмақ?
Алла Тағала жалғыз, дара бола тұра Құранның көп-
теген жерінде неліктен «Біз» деген? Мысалы, «қадір»
сүресінде «Сөзсіз, Біз құранды қадір түні түсірдік»
деген аят бар.
Алла тағала құлдарынан кімнің жәннатқа, кімнің
тозаққа баратынын о бастан біледі делінуде. Ен
деше, Алла тағала мына дүниеге құлдарын сынақ
үшін жібермей-ақ бірден жұмақтықтарды жұмаққа,
тозақтықтарды тозаққа жібере салмаған?
Әйел мен еркек тең бе?
Ислам дінінде әйел адамдарға орамал тағу, ұзын киім
кию парыз ба? Орамал тағу арабтың, түріктің әдет-
ғұрпы деп түсінушілер де бар. Осының ара жігін
ажыратып берсеңіз.
Ислам діні көп әйел алуға неліктен рұқсат
еткен?
Музыка тыңдау харам ба?
Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан
ұрықтандыру арқылы сәби дүниеге әкелуге, әсіресе,
суррогаттық тәсілге (құрсақ ана) дініміздің үкімі
Пайғамбарға салауат айту деген не? Біздің салауат
айтуымызға пайғамбарымыз мұқтаж ба?
Пайдаланылған әдебиеттер
СКЕРУ
СКЕРУ
РАТ
ЖОЛДЫБА
едактор:
Ноғаев Асылбек
Корректор:
Құттиев Кеулімжай
Алымуддинұлы Абдилазиз
Кітапқа қатысты пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды
адресіне жолдауларыңызға болады.
www.muftyat.kz

Приложенные файлы

  • pdf 1658470
    Размер файла: 6 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий