12 Жеке ағзаларға тән эпителий ісіктері


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Жеке ағзаларға тән эпителий ісіктері Теріден өсетін ісіктерОлар тері эпителиінен және тері қосалқыларынан: тер бездерінен, шаш фолликулаларынан және май бездерінен өседі. Олар қатерлі және қатерсіз болып бөлінеді. Осы ісіктердің ішінен ең жиі кездесетіндері: - Сирингоаденома – тер бездерінің түтіктерінен өсетін ісік. Ол сорғышты және түтікті болып бөлінеді. СИРИНГОАДЕНОМА Гидраденома – бұл ісік те тер бездерінің эпителиінен өседі. Көптеген сорғышты құрылымдар түзеді. Трихоэпителиома – шаш фолликулаларынан өсетін қатерсіз ісік. Базалиома ісігі – жергілікті тінді бұзып өсуші ісікке жатады, рецидив береді, бірақ метастаз бермейді. Қатерлі ісіктерге тер бездерінен, май бездерінен және шаш фолликулаларынан өсетін карциномалар кіреді. ГИДРОАДЕНОМА БАЗАЛИОМАНЫҢ ТҮЙІНДІ ТУРІ БАЗАЛИОМАНЫҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ ТҮРІ Сүт бездерінің ісіктері Сүт бездерінің қатерсіз ісіктеріне фиброаденома кіреді. Ол екі түрге бөлінеді:Периканаликулярлық фиброаденома – ол кезде дәнекер тін бөлік ішілік түтіктердің айналасында өсіп кетеді.Интраканаликулярлық фиброаденома – ол кезде дәнекер тін бөлік ішіне, түтіктердің қабырғасына өсіп кіреді. Өзек ішілік папиллома – көлденеңі 1 см-ден аспайтын бүртікті ісік. Қатерлі ісіктің өсуіне байланысты сут безінің пішіні өзгерген Сүт безінің фиброаденомасы Ван Гизон бойынша пикрофуксин х200 Сүт безі ісіктерінің қатерлі түріне: Бөлік ішілік сіңіп өспейтін рак кіреді;Өзек ішілік сіңіп өспейтін рак;Педжет ауруы кіреді. Ісіктің бірінші және екінші түрінде ісік жасушалары айналасындағы тіндерге өсіп кірмейді. Оның кеш түрлерінде ғана инвазиялық өсу болады. Педжет ауруына үш түрлі белгі тән:Сүт безінің ұшында және айналасында экземаға тән өзгерістердің дамуы;Сүт безі ұшының және айналасындағы эпителиде ірі, ақшыл ісік жасушаларының болуы;Сүт безі түтігінің карциномасы. Сүт безінің сіңіп өсуші (инвазиялық) ісіктері:Инвазиялық өзекті карцинома;Инвазиялық бөліктік карцинома;Медулярлық рак;Коллоидты рак;Тубулярлық рак. Жатыр ісіктеріЖатырдың жеке ағзаға тән ісіктеріне:Қатерлі қағанақ тығыны;Хорионэпителиома кіреді.Қатерлі қағанақ тығыны – хорион бүрлерінің жатырдың веналарына өсіп кіруімен сипатталады. Соның нәтижесінде өкпеде екіншілік ісік түйіндері пайда болады. Бұл ісіктің тең жартысы хорионэпителиомаға айналады. Хорионэпителиома – трофобластың қатерлі ісігі. Ол аборттан кейін, түтіктік жүктіліктен кейін, бала туылғаннан кейін қалған бала жолдасының қалдықтарынан өседі. Оның негізгі себебі, қатерлі қағанақ тығыны. Ісік цито- және синцитиотрофобласт элементтерінен тұрады. Олардың арасында ақшыл эпителий жасушалары және көп ядролы алып жасушалар көрінеді. Ісік қан тамырларына өсіп кіріп, гематогендік метастаздар береді. Аналық без ісіктері – үш топқа бөлінеді:Эпителий ісіктері;Жыныстық созылмалар стромасының ісіктері;Герминогендік ісіктер. Қатерсіз эпителий ісіктері:Серозды цистаденома;Муцинозды цистаденома.Қатерлі эпителий ісіктері:Серозды цистаденокарцинома;Муцинозды цистаденокарцинома; Аналық бездің папиллярлы цистаденомасыгематоксилин-эозин х 200 Герминогендік ісіктер – оларға тератомалар, дисгерминома, эндодермалық синус ісігі және аралас ісіктер кіреді. Жыныстық созылмалар стромасынан өсетін ісіктер. Оларға: гранулезожасушалық ісік және текома кіреді. Текома – аналық бездің жыныстық созылмасының стромасынан өсетін қатерсіз ісік.Қатерлі текома;Гранулезды-жасушалы ісік (фолликулома). Оның қатерлі және қатерсіз түрлері болады.Дисгерминома. Аталық без ісіктеріОның қатерсіз ісіктері: - Лейдиг жасушаларының ісіктері;Сертоли жасушаларының ісіктері.Бұл ісіктер гонада стромасынан өседі. Көбінесе белсенді гормондар бөліп шығарады, жас балаларда тез жыныстық жетілу белгілері пайда болады, ересектерде – гинекомастия дамиды. Герминогендік ісіктер – оларға семинома, эмбриондық рак, сары қапшық ісігі, полиэмбриома, хориоидкарцинома және тератомалар кіреді. Семинома – герминогендік қатерлі ісік. Ісік тез өсіп, аталық без 5-10 есе үлкейеді. Бұл ісік цитоплазмасы ашық, тығыз орналасқан жасушалардан түзілген. Стромасы өте аз. Эмбрионалдық рак – жас балаларда кездеседі. Ісік жасушалары ірі, поликаналды, кейде түтікті, бүртікті құрылымдар түзеді. Жасушалардың арасында митоздар көп. Қалқанша без ісіктері Қатерсіз түрлері:Фолликулярлық аденома: микрофолликулярлық; макрофолликулярлық; аралас.Папиллярлық аденома;В-жасушалық аденома;С-жасушалық аденома. Қатерлі түрлері:Фолликулярлық рак;Папиллярлық рак;Медулярлық рак;Жетілмеген (анапластикалық) рак. Қалқанша безінің папиллярлы рагы гематоксилин-эозин х200 Бүйрек үсті безінің ісіктері Қатерсіз түрлері:Ашық жасушалы адренокортикалдық аденома (альдостерома);Қанық жасушалы адренокортикалдық аденома (андростерома);Аралас жасушалы адренокортикалдық аденома (кортикостерома).Қатерлі түрі:Адренокортикалдық рак;Бүйрек үсті безінің милы қабатынан өсетін ісікті – феохромоцитома деп атайды. Оның қатерлі түрі де болады. АНДРОСТЕРОМА КОРТИКОСТЕРОМА Тимустан өсетін ісіктерҚатерсіз түрлері:Лимфоидты тимома;Эпителилі тимома.Қатерлі түрлері:Қатерлі лимфоидты тимома;Қатерлі эпителилі тимома; Қатерлі лимфоэпителилі тимома. ТИМОМА ҚАТЕРЛІ ТИМОМА Ұйқы безінің ісіктеріҰйқы безінің жеке ағзаға тән ісіктеріне, оның аралшаларынан өсетін ісіктер кіреді. Олардың қатерсіз түрі – аденомалар деп аталады. Түрлері:α-жасушаларынан өсетін аденома (глюкагонома);β-жасушаларынан өсетін аденома (инсулома);G-жасушаларынан өсетін аденома (гастринома).Қатерлі түрлерін – қатерлі инсулома деп атайды. ГЛЮКАГОНОМА ГЛЮКАГОНОМА , ЛАНГЕРГАНС АРАЛШЫҚТАРЫ инсулома инсулома гастринома Асқазан-ішек жолдарынан өсетін, жеке ағзаға тән ісік – карциноид деп аталады. Ол Кульчицкийдің энтерохромаффиндік жасушаларынан өседі. Ол көбінесе аш ішекте, аппендиксте өседі. Ісік жасушалары өзінен серотонин бөліп шығарады. Соның нәтижесінде, карциноидтық синдром дамиды (қан қысымының көтерілуі, жүректің зақымдануы, миға қанның тез жиналуы). Сирек жағдайларда қатерлі карциноид дамиды. Аш ішектің карциноиды Гипофиздің ісіктеріСоматотроптық аденома, өсу гормонының қалыптан тыс өндірілуімен сипатталады. Микроскоппен қарағанда ісік жасушалары эозинофилді боялған. Ересек кісілерде акромегалия ауруы дамиды. Жастарда гигантизм белгілері пайда болады;Кортикотроптық аденома – микроскопта қарағанда жасушалар қоңыр түсті (базофильді) болады. Өздерінен АКТГ гормонын бөліп шығарады. Соның нәтижесінде, бүйрекүсті бездерінің гиперплазиясы, аденомасы дамиды. Гормондар бөліп шығармайтын гипофиз ісіктерін үш топқа бөледі:Майда жасушалы хромофобты аденома;Ірі жасушалы хромофобты аденома;Онкоцитома.

Приложенные файлы

  • ppt 8764092
    Размер файла: 6 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий