8-lek (тарих)


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Тақырыбы: ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЖӘНЕ ХХҒ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ДАМУЫ Дәріс-слайд ДӘРІС ЖОСПАРЫ: Қазақстандағы патшалық отаршылдық реформалар.XIX ғ. 80-90-жж. реформалар. Өлке өміріндегі әлеуметтік- экономикалық өзгерістер. XVIII – ХХ ғасырдың басындағы мәдениеттің дамуы.Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. 1916 жылғы көтеріліс. XIX ғасырдың 60 жылдарында қабылданған әкімшілік, сот, басқару реформалары бірден іске аспады. Қазақстандағы байлықты игеру барысында капиталистік қатынастардың күрделенуі жаңаша реформа жасауға алып барды.Реформа бойынша:Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды.Уездік қалаларда полицейлік пристав кұрылды.Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту облыстық әскери-губернатор құзырында болды.Жетісу, Орал облыстық әскери губернаторлары атаман болып есептелді. XIX ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР 1886 жыл 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралы" заңы Ресейлік үлгідегі жаңа соттар құрды:17 баптан тұратын жаңа патша заңы қабылданды; Соттардың төтенше съезі әскери- губернатор рұқсатымен шақырылды және өкілдік құқығы берілген орыс шенеунігінің қатысуымен өткізілді;Төменгі сот буыны халықтық сот болды; Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады. Билердің соттары жеңілдіктерін сақтап қалуға тырысқан билеуші топтардың мүддесін қорғады1891 жылы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы» заңы бойынша:1.Түркістан өлкесі құрылып, орталығы Ташкент болды. Облыстары:Сырдария (5 уезд)Ферғана (5 уезд) Самарқан (4 уезд).2.Дала генерал-губернаторлығы құрылып, орталығы Омбы қаласы болды. Облыстары:Ақмола (4 уезд) Семей Жетісу (1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қайтарылып берілді) XIX ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ Қоныс аудару саясаты1861 жылдың 19 ақпанындағы «Ереже» бойынша аграрлық мәселені жасағанмен, толық нәтиже бере алмады.Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету;Жер тапшылығын шешу; Ґлттық аймақтарда әлеуметтік тірек жасау.1-кезең.XIX ғасырдың 60 жылдарыныһ ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» (Жетісу губернаторы Г.А.Колпаковский) ереже бекіті. Бұл ереже 1883 жылға дейін күшін сақтады: Бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 30 десятина жер берілді;15 жылға салық төлеуден босатылды; Әскери міндеткерліктен босатылды. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ 2-кезең.1883 жылы «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы» ереже қабылданды: Жан басына 10 десятина жер беру (1885 жылдан 4-5 десятина жер берілді, дүнгендерге 3 десятина); Орыс шаруаларды 3 жылға салық төлеуден жэне әскери міндеткерліктен босату.3-кезең.1889 жылы 13 шілде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы ереже бекітті:Жан басына 15 десятина жер беру; Қоныстанушылардың арнайы рұқсат алуы; Қоныс аударатын басты аймақтар: Жетісу, Ақмола, Семей облыстары, Тобыл, Том губерниялары;Бұл ереже 1891-1892 ж.ж. Торғай мен Орал облыстарына тарады. 4-кезең.1891 жылы 25 наурыздағы ережеге сәйкес:Жан басына 15 десятина жер беруді бекітті. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ Қоныс аудару саясаты тереңдеген сайын, қазақ ауылдарының жағдайы мүшкіл бола бастады. Өйткені:1855-1893 жылдар аралығында Ақмола облысы қазақтарының пайдаланып жатқан жерінің 250 мың десятинасын тартып алып, 11 мың орыс шаңырағына бөліп берген (24 село);1855-1893 жылдар аралығында Семей облысы қазақтарының 33 мың десятина егістік жерін тартып алды. Қоныс аудару саясаты, әсіресе Жетісу өңірінде болды:1868-1880 жылдар аралығында бұл өңірге 3 мың отбасы (2 мың жаңа қоныстанушы, 1 мың қалаларда қоныстанушы) қоныстанған;1884-1892 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездеріне орыс және украин шаруаларының 37 қоныс кұрылды. XIX ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына Орыс, украин шаруаларының қоныстануы себепші болды XIX ғасырда қоныстандыру саясаты Сырдария облысын түгелге жуық қамтыды ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ идеялық ағымдар Еңбекші бұқара мүддесін білдірушілер Ақсүйектердің мүддесін білдірушілер ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ Ақтамберді жырау Сарыұлы(1675-1768) Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жы­лы Се­мей об­лы­сының Абай ауда­нын­дағы Жүрек­жо­та де­ген жер­де қай­тыс болған. Жо­рық жы­ра­уы, әскер­ба­сы, қоғам қай­рат­кері. Қазақ халқы ба­сынан кешірген ұлы күй­зелістер кезінде өмір сүрген Ақтам­берді 17 жа­сынан бас­тап қал­мақтар­мен, Ор­та Азия би­ле­ушілерімен болған шайқас­тарға қаты­сады.Бұл соғыс­тарда ол ба­тыл­дығымен ерек­ше­ленеді, кейінірек әскер­ба­сылық қабілетімен де көзе түседі. Та­лай-та­лай ұрыс­тарда ысы­лып, ба­тыр атанған Ақтам­берді жы­рау та­рихқа «Ұлы апат жыл­да­ры» бо­лып ен­ген оқиғалар­дың ішінде жүрді. Жоңғар­ларға қар­сы ұлт-азат­тық күресін ұйым­дасты­рушы­лар­дың бірі бол­ды. Жоңғар мем­ле­кетін талқан­дап, Қазақстан­ның шығыс өңірін жау қолы­нан бо­сатқан­нан кейін, Ақтам­берді жы­рау қазақтар­ды ежелгі ата-ба­бала­ры өмір сүрген қоныс­та­рына ор­на­лас­ты­руға бел­се­не ат­са­лыс­ты.Ақтам­берді өз қара­мағын­дағы қазақ ру­ларын оты­рықшы­лыққа үй­ре­туге ты­рыс­ты. Бұл бағыт­та арық қазу­ды, бөген са­луды ұйым­дасты­рып, қазақтар­ды егін ша­ру­ашы­лығына үй­ре­туді қолға ала­ды.Ақтам­берді жы­рау ту­ын­ды­лары негізінен нақыл-өси­ет түрінде ке­леді. Олар­дан көшпелі қазақ халқының ой-ар­ма­нын, мақсат-мүдде­лерін білу­ге бо­лады. Көшпенділердің өміріндегі үй жа­ну­ар­ла­ры, әсіре­се жылқының ор­ны мен рөлі ту­ралы ой -толғаула­ры өзге­лер­ден биік туады. Ол жылқы ма­лын «ер қана­ты» дей ке­ле, оны жауға қар­сы шапқан ба­тыр­дың серігі ретінде су­рет­тейді.Ақтам­берді жыр­ла­рының арқауы ба­тыр­лыққа үндеу, жауға қар­сы соғысқа жігер­лендіру бо­лып та­была­ды. Ол жоңғар­лардың билігінде қалған қазақ да­лала­рын азат етуді, қазақ халқының өрлеуін, жоңғар басқын­шы­ларын то­лығымен жеңуді ар­мандай­ды. Көпте­ген өлеңдер­де қазақ халқын жауға қар­сы жан аямай күре­суге шақыра­ды. Ақтам­берді жы­ра­удың сұра­пыл соғыс­тар кезінде ту­ын­даған өлеңдері XVI­IIғасыр­дағы қазақтар­дың жа­уын­герлік өр ру­хын дәріптейді. Ақтамберді жырау Сарыұлы(1675-1768) Тәтіқара ақын(1705-1780) Тәтіқара (1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы – 1780, сонда) – ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары (“Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын, кең құрсақ”, т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты. Өткір мінезді Тәтіқара ел билеген ханның осал жақтарын сынап, батыр-бектердің кемшін тұстарын беттеріне айтып отырған. “Кеше тоқыраулы судың бойында” атты толғауында ол “Ат құйрығын күзеңдер, Аллалап атқа мініңдер, Ханталау қылып алыңдар” деп халықты күреске шақырады. Бұдан кейін Абылай мен ақын арасы алшақтап, Тәтіқара сарайдан біржола қуылады. Жасы ұлғая келе жағдайы ауырлап, жоқшылық көреді. Алайда ақын қиыншылыққа мойымаған, ханға бас имеген. Бұған көңілін сұрай келген билерге айтқан “Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар” дейтін жыры дәлел. Тәтіқара ақын(1705-1780) Бұқар жырау Қалқаманұлы(1693-1787) Бұқар жы­рау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жы­рау. Туған жері қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы. Өз елінде қайтыс болған, моласы Далба тауында. Абы­лай хан­ның ақыл­шы-биі, абыз. Жұрт оны «Көме­кей әулие» деп атаған. Сөй­ле­ген­де үнемі қара сөзбен емес, көме­кейі бүлкілдеп, түй­дек-түй­дек жыр­мен сөй­лейтін болған. Көбіне-көп Абы­лай хан­ның өтінішімен, «сәуе ай­тшы» де­ген тілегімен түсінде көрген істерін бол­жап ай­та­ды екен, бұла­ры дәлме-дәл келіп отырған. Жы­рау қазақ халқының жоңғар басқын­шы­лығы тұсын­да, елдің бо­лашағы қыл үстінде тұрған кез­де өмір сүріп, сол ал­мағайып за­ман­дағы күрделі мәсе­лелер­ге өз жыр­ла­рымен жа­уап бе­ре білген.  Осын­дай ауыр сәттер­де Абы­лай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқын­шы жауға қар­сы күрес­те біріктіру­ге, бір ту­дың ас­ты­на топ­тасты­руға күш салған. Өзінің са­яси-әле­уметтік мәнді жыр-толғаула­рымен сол жа­лын­ды күрестің жыр­шы­сына ай­налған. Осы мақсат­та ол Абы­лай хан­ды бірден-бір қажетті бас­шы са­нап, оған ха­лық бірлігін сақтап ка­латын көсем тұрғысын­да үлкен сенім артқан. Абы­лай хан да сол биік та­лап­тан та­былып, елдің бірлігі мен жарқын бо­лашағы үшін жан аямай қыз­мет ет­кен. Жы­рау сол азат­тық жо­лын­да өлімге бас бай­лап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсет­кен хан мен оның ба­тыр­ла­рын жырға қосып, олар­дың өшпес әде­би бей­не­лерін жа­саған. Әсіре­се, Абы­лай хан­ның көре­гендігі мен да­налығын, ауыр ке­зең, қиын сәттер­де ел ұйытқысы бо­ла білгенін асқақ жыр­лаған. Оның «Абы­лай хан­ның қасын­да», «Ал, тілімді ал­ма­саң», «Ай, Абы­лай, Абы­лай», «Қазақтың ха­ны Абы­лай», «Ханға жа­уап ай­тпа­сам», «Ба­сыңа біткен күніңіз», «Ай, Абы­лай, сен он бір жа­сыңда», «Ал, ай­та­мын, ай­та­мын» ат­ты толғаула­рын­да хан­ның сол кез­дегі ұстанған са­яса­ты мен көре­гендігі, алғыр­лығы мен білгірлігі си­пат­талған. Бұқар жырау Қалқаманұлы(1668-1781) Үмбе­тей Тілеуұлы 1697 жыл­дар ша­масын­да осы еліміздің Ерей­мен­тау өңірінде дүни­еге кел­ген. Әкесі – Тілеу қаһар­мандық жыр­ларды, көне аңыз­дарды, ше­шендік сөздер мен қис­са­лар­ды жақсы білетін шежіре, со­нымен қатар ха­лықтың му­зыка өнерінен көп ха­бары бар ше­бер қобыз­шы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбе­тейдің өмірдегі, өнер­дегі мек­тебі — өз әкесі, дәріс алған тұстаз­да­ры – сол кез­дегі әкесі тәрізді көнекөз қарт­тар. Ақын­дық қабілеті ер­те байқалған Үмбе­тей ауыл ара­сын­да ғана емес, жал­пы жұртқа да өзіндің ерек­шелігімен өте тез та­ныла­ды. Жоңғар шапқын­шы­лығы кезінде ат жа­лын тар­тып мініп, най­за­сы мен жа­лын­ды жыр­ла­рын жа­уына қатар сер­ме­ген Үмбе­тей жы­рау халқының құрметіне бөле­неді. Сыртқы жа­улар­мен күрес­те аты шыққан ба­тыр­ларды ма­дақтау оның өзекті тақыры­бына ай­на­лады. Үмбетей жырау Тілеуұлы(1697-1776) Үмбе­тей – Бұхар жы­ра­удың әрі за­ман­да­сы, әрі тілек­тес-ни­ет­тес ең жақын до­сы болған адам, XVI­II ғасыр­дағы ең атақты, ірі жы­ра­улар­дың бірі. Ол өзі көрген, ба­сынан кеш­кен та­рихи оқиғалар­ды жеріне жеткізе шын­шылдықпен жыр­лай­ды. Оның бұл қаси­етін Бөген­бай ба­тыр­ды жоқта­уынан және оның дүни­еден өткенін Абы­лайға естіртуінен айқын аңғара­мыз. Үмбе­тей жы­рау «өткіздің тоғыз хан­ды толғауме­нен» де­се, бұл та­рихи шын­дық. Бұхар Әз Тәуке­ден бас­тап, одан кейінгі қазақ хан­да­ры: Қайын, Бо­лат, Сәме­ке, Әбілмәмбет, Күшік, Әбілхайыр, Ба­рақ, Абы­лай­дың ақыл­шы­сы, ке­меңгер биі болған.Ше­шендік сөздің сал­мағын білетін қас жы­рау қара қыл­ды қақ жа­ра оты­рып, қаһар­лы қылыш ала ал­маған қамал­ды қанат­ты сөзбен алуға бо­латын­дығын дәлел­дейді. Сөйтіп, Қаз да­уыс­ты Қазы­бектің ұлы Бек­бо­лат би мен Абы­лай хан­ды бір ауыз сөзбен тоқта­тып, ел бірлігін сақтап қала­ды. Үмбетей жырау Тілеуұлы(1697-1776) Туған жері: Шағыс Қазақстан облысы, бұрынғы Абыралы ауданында дүниеге келген.XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкілі. Сурып салма ақын.«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасы бүгінгі күнге жетті.Атақты ақын Орынбаймен айтысты. Жанақ ақын(1775-1846)  Әкесі Сағындық сол өңірге белгілі аңшы болған. 1748 — 58 жылдары қазақ-қалмақ соғысында мергендігімен көзге түскен. Жанақ ауыл молдасынан дәріс алып, хадимше хат танып, діни білім алған. Сағындық құсбегі кейіннен Жанақты Түркістан өңіріндегі Қарнақ, медресесінде, Ташкент қаласындағы медреседе оқытқан. Жанақ жас кезінен өнер жолына түсіп, домбыра, қобыз тартып, жыр-дастандарды жатқа білген. Жанақ 1790 — 97 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, қозғалыс жаршыларының бірі болған. Жанақ ақын(1775-1846) ОРЫС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУІ П.С. Паллас(1741-1811) Академик, табиғат зерттеуші.1768-1774 жылдары Қазақстанда экспедиция жасады.1769 жылы өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін басқарып, «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» еңбегін жазды. (22.9. 1741, Германия, Берлин – 8.9.1881, сонда) – Ресей географы, Петербург ҒА-ның академигі. (1767). Германияда, Нидерландыда, Ұлыбританияда оқыған. 1768 – 74 ж. Петербург ҒА-ның экспедициясын басқарып Төменгі Поволжьеге, Каспий ойпатына, Орталық және Оңтүстіік Оралға, Алтайға, Байкалға саяхат жасады. Аталған аймақтардың географиясы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі жөнінде мәліметтер жинап, сол деректерді ғылыми тұрғыда қорытты. Паллас ғылымға беймәлім Қазақстан жануарларына, құстың 41, сүтқоректілердің 26 түріне, көптеген бауырымен жорғалаушылар мен жәндік түрлеріне сипаттама беріп, олардың тіршілігі мен таралу аймағын зерттеді. П.С. Паллас(1741-1811) П.И. Рычков(1712-1777) Академик, зерттеуші.Орынбор өлкесінің Колумбы деген атпен даңқы шыққан.Еңбектері: «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»1769-1772 жылдары баласы Н. Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып, «Капитан Н. Рычковтың 1771 жалдардағы кырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» еңбегін жазды.Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған. В.Н. Татищев(1686-1750) (19.4.1686, Псков – 15.7.1750) – Ресейдің саяси қайраткері, тарихшы. Түркі текті помещик отбасында дүниеге келген. Мәскеудегі артиллерия мектебін бітірген.Солтүстік соғысына (1700 – 21) қатысып, Петр Қ-нің түрлі әскери, дипломаттық тапсырмаларын орындады. 1720 – 22, 1734 – 37 жылдарда Оралдағы қазына заттарын басқарды, Екатеринбург қ-ның негізін қалады. Татищев 1738 – 41 ж. Орынбор экспедициясын басқарып, қазақ билеушілерімен (Әбілқайыр, Абылай, т.б.) тікелей байланыс орнатты. 1741 – 45ж. Астраханның губернаторы болды. Татищев орыс тарихын зерттеуші және географ ретінде танылды. Ол орыс және шетел деректері негізінде “Ерте заманнан бергі Ресей тарихы” атты еңбек жазды. Бұл еңбек 19 ғ-дың 1-жартысына дейінгі аралықта 5 рет жарық көрді. Татищевтің тарихи көзқарасы Петр Қ-нің реформашылдық қызметінің әсерімен қалыптасты. Мемл. құрылысты монархия, аристократия, демократия сияқты үш түрге бөліп, билік жүргізудің самодержавиелік формасын жақтады. В.Н. Татищев(1686-1750) Г.Ф. Миллер(1705-1783) Белгілі тарихшы, этнограф.Еңбегі: «Сібір патшалығының тарихы»Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан.Қазақстан туралы бағалы мәлімет қалдырған.«Сібір тарихының атасы» атанды. Махамбет Өтемісұлы (1803/04 -1846) Туған жері: Ішкі Бөкей Ордасы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Нарындағы Бекетай құмы). Ол Қараой өңірінде (қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы) қайтыс болды.Қызметі: ақын, күйші, композитор, отаршылдыққа қарсы И.Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1838) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Арабша, орысша білген: 20 жасында Жәңгір ханның ұлыЗүлқарнайынға тәрбиеші болған; 1824-1829 жылдары Орынборда тұрды; 1829 жылы шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесінде отырды.Ақын өз шығармаларында үстем таптың озбырлығын айыптады. Махамбеттің өлеңдері 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. Поручик Аитов пен орыс әскерлерін Есет батырдың тұтқынын босатуға Махамбет көмектесті.1846 жылы 20 қазанда Баймағамбет сұлтанның жендеттерінен қаза тапты. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) Туған жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы. Қызметі: халық ақыны, Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт- азаттық көтерілісіне (1836-1838) қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі.Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң, Шернияз қуғындалды және оған қатаң бақылау қойылды. Осыдан кейін ол Баймағамбет сұлтанның қол астынан пана тауып, қалған ғұмырын осында өткізді. Шернияздың әдебиет саласына қосқан жаңалығы — суырып салма өнерді жетілдіруі.Феодалдардың оғаш мінездерін әжуалап, әшкереледі.Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) Туған жері: Көкшетау облысының Қызылту ауданы.Қызметі: айтыскер ақын. Жастай екі көзінен айырылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды. Шөже - ірі әпик ақын, "Қозы Көрпеш - Баян сүлу" жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған. Ш.Уәлиханов Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалады. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ Сүйінбай Аронұлы (1822-1895) Туған жері: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракәстек деген жер.Қызметі: белгілі қазақ ақындарының бірі. Ол кедей отбасыдан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен.Ол 14-15 жасынан бастап ақындық өнерін машық ете баетаған. Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса- жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген.Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі- елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей сынайды.Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін аралаған. Өзіне түстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезек төре, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген.М.Әуезов Сүйінбайды «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын) (1748-1819) Туған жері: қазіргі Ақмола облысы, Көкшетау өңірі, Азат темір жол стансасының маңы.Қызметі: халық ақыны, Абылай ханның замандасы әрі оның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадірлес досы, сенімді батыры, беделді елшісі болып, Орта жүздің ішіндегі ел бастаған, қолбасшы адамы.1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушілердің бірі болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетіне елшілікке барғаны туралы деректер сақталған. Анасы - атақты Төле бидің қызы.Түңғыш өлеңі «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің».Нысанбай Жаманқұлүлы (1812-1871)Кенесары көтерілісіне қатысқан, "Наурызбай-Қаншайым" дастанында соғыс жорықтарын жазған. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ Дулат Бабатайұлы (1802-1871/74) Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.Қызметі: жыршы, заманы туралы терен толғаған ойшыл, әсем тілмен өрнектеген ақын, «Зар заман» ақындары аталған ағымның алып түлғасы. Қазақ халқының қиын халін көрген, орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған шайыр.Мүсылманша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардын бірі. Оны Абай ақынның үстазы деуге болады.Шыққан тегі - Найманның Қаракерей табы Ақын жырлары XIX ғ. 30-40 жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты туған. "Бейшара менің казағым", "О.Сарыарқа, Сарыарқа!” "Ақжайлау мен Сандықтас" өлеңдерінен халықтың ауыр жағдайына күйініші көрінеді.Ақын бүрынғы хан билігіне қайтып оралуды армандайды. Халық мүддесі және ел тәуелсіздігі жолында күрескен Еспембет биді дәріптейді.1880 жылы жарық көрген «Өснетнама» дастанына патша үкіметі тиім салды. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) Туған жері: қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жер. 63 жасында Жайық бойындағы Өрлік ауылында қайтыс болған.Қызметі: XIX ғасырдың екінші жарты- сында өмір сүрген айтыскер ақын, жырау, майталман жыршы, термеші.Руы - Беріш, оның ішінде Қаратоқай. Жастайынан әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша хат танығын. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алған. Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен.Ол Жылқышы (17 жаста), бала Ораз (20 жаста), Жаскелең (25 жаста), Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. "Үш қнян" өлеңінде патша үкіметінің отарлау жағдайындағы қазақтардың күйінішті өмірін суреттеген. "Қазтуған", "Шалгез" өлеңдері - өткен заманның жырауларының дәстүрін жаңа заман талаптарына сәйкес одан әрі дамытуға жол салған әпикалық үлгілер. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ Осы сияқты ел арасына танылған күйшілер, сазгерлер болды. 1809 ж. қарсыластары өлтірген Кіші жүздің ханы Жантөре атақты "Шалқыма" күйін шығарған.XIX ғ. I жартысында өмір сүрген Әбіл ақын "Қырық ноғайлық батырлар" атты үлкен әпикалық үлгіні сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдырды.XIX ғ. аса үздік сазгер, сыбызғышы - Сармалай (1835-1885), шын есімі Садық. "Қоңыр қаз" күйіндегі қаздың қайғылы қаңқылынан Қыз Жібек Төлегеннің қазаға ұшырағанын біледі. Сармалай - эпос, аңыз-ертегілердің желісі бойынша тамаша күйлер шығарды ("Нар идірген", "Қоңыр бүқа").Қазақ халқының ХУІІІ-ХІХ ғ.ғ. музыкалық өмірін зерттеуде орыс ғалымдары мен саяхатшыларының сіңірген еңбектері маңызды. С.Г.Рыбаков 100-ден астам қазақ әндерін жинады. Этнограф А.А.Ивановский "Қырғыздың халық ақыны Ноғайбай" деген мақаласында қазақтың сазгер-әншілері шығармашылығының әлеуметтік мазмұны өткір болатындығын жазды. XIX ғасырда музыкалық мәдениетінде елеулі із қалдырған 1836-1838 жылдардағы көтеріліс болды ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІ ХІХ ғ. ІІ жартысында Алтайға, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, өлкені жан-жақты зерттеген;«Ресей отанның толық географиялық сипаттамасы» еңбегінің «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» деген бөлімдерін Қазақ өлкесі мен Орта Азияға арнады. Шығыс зерттеушісі, академик.Іле алқабын, Жетісуды зерттеді.Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтады. «Сібір қырғыздарының облысы» еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді. Зерттеуші.«Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы» еңбегінде Кіші жүз тарихын статистикалық жағанан сипаттады. «Торғай облысы. Тарихи очерк» еңбегін жазды.Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін толық зерттеген. Украин ақыны.1847-1857 жылдары Қазақ өлкесінде айдауда болып, шығармаларын қазақ тақырыбына арнады: «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Байғұстар» суреттері және «Менің ойларым» өлеңі. Т. Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі: «Менің ойларым». ХІХ ғасырдың аяғында «XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы және XVIII ғасыр ортасындағы Кіші жүз тарихы» еңбегін жазды.Қазақ тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюда 1845 жылы ашылған орыс географиялық қоғамының Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі бөлімдері үлкен орын алды. Қазан, Петербург университеттерінің шығыстану бөлімдері Орта Азия мен Қазақстанды зерттеді. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі облыстық статистикалық комитеттер ұйымдастырылды.Өлкенің тарихы, этнографиясы, рухани – материалдық туралы мәліметтер жинады.Мәліметтер «Облыстарға шолу жасау» жинағында жазылған.ХІХ ғасырда қазақ баспасөзінің қызметі басталды:1870 жылы 28 наурызда «Түркістан уәлаяты» газеті шықты. Туған жері: 1835 жылы қарашада Құсмұрын бекініснде туып, Сырымбетте (Солтүстік Қазақстан) өсті. Қызметі: географ, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф, суретші. Шын есімі: Мұхаммед – Қанапия. Әкесі Шыңғыс Абылай ханның немересі.Оның жетіліп, сана – сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным әсер етті. 1847 жылы күзде 12 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы 18 жасында бітіріп, корнет деген офицерлік атақ алды. Кадет корпусында Г. Н. Потанинмен танысып, дос болады.Шоқанның орыс ғалымы И. Н. Березинмен, ұстазы Н. Ф. Костылецкиймен байланыста болуы, оның бағытын дұрыс анықтауға себеп болды.Ол Пушкин мен Лермонтовтың және Батыс Еуропа жазушыларының шығармалырымен таныс болды. Шоқан ғылымға бейімделіп, шығармашылық еңбек жолын бастады:1855 жылы генерал Гасфорт сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Іле Алатауында болып, аңыз – өлеңдерді жинады.1856 жылы Ыстықкөлді топографиялық суретке түсіріп, Семенов Тянь – Шаньский мен Құлжаға барды. 1857 жылы Алатау қырғыздарына барып, қырғыз эпосы «Манасты» жазып алды.22 жасында Орыс географиялық қоғамына толық мүше болып қабылданды.1858-1859 жылдары өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатын барды: (Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін бұл елге барған тұңғыш барған шетелдік).Осы сапары туралы «1858-1859 жылдардағы алты шаһар немесе Қытай провинциясының батысындағы алты қала жағдайы» еңбегін жазып, 1865 жылы бұл еңбек ағылшын тіліне аударылды.1859-1861 жылдары Петербургте болып, орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен араласты: Орыс жаушысы Ф. М. Достоевскиймен алғаш 1854 жылы Омбыды танысып, Семейде, Петербургте қайта кездеседі.1861 жылдан кейінгі кезеңдері бұрынғы бағытынан өзгере бастаған Ф. М. Достоевскийдің көзқарасына Шоқан сын көзбен қарай бастады.1860 жылы Петербургте ержүрек жиһангез және Орта Азия халықтары өмірін зерттеуші ретінде құрметтеліп, орденмен марапатталды.1861 жылы ауруға шалдығып, ауылына қайтады. Омбыда қазақтың сот реформасындағы мәселелермен айналысты:«Даладағы мұсылмандық туралы»;«Көшпелі қырғыздар туралы»;«Сот реформасы туралы» еңбектерін жазды. 1862 жылы Атбасар округының аға сұлтаны болуға кандидатурасын ұсынып, сайлауға қатысады. Бірақ қабылданбайды.1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуға қатысады.Генералдың әділетсіз істеріне наразы балып, 1864 жылдың маусымында Верныйға қайтады.1865 жылы «Русский инвалид» газетінде «Қытайдағы дүнгендер көтерілісі» деген ақырғы еңбегі жарияланды.Шоқан мұраларының бірі бейнелеу өнеріндегі еңбектері (150 суреті болған).1865 жылы сәуірде Алтынемел жотасы етегіндегі Көшен тоғаны деген жерде (Алматы облысы, Кербұлақ ауданы) сұлтан Тезектің ауылында қайтыс болды. Туған жері: қазіргі Қостанай облысы, Алтынсарин ауданында «Бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, (Аманқарағай болысы).Қызметі: ағартушы – педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы. 1844 жылы әкесі қайтыс болып, атасы Балқожа биден тәрбие алған. 1850-1857 жылдары Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепте білім алып, алтын медальмен бітірді.Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысып, кітапханасын пайдаланды.1857 жылы атасы Балқожа бидің хатшы-тілмашы болды.Ы.Алтынсарыұлының басты арманы – қазақ жастарын білімге тарту. 1864 жылы Орынбор бекінісінде мектепте оқытушы болды.1864 жылы 8 қаңтарда Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашылды. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педагогикалық көзқарастары қалыптасты. 1867-1868 жылдардағы реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейін патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын әшкереледі.1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қызметке тағайындалды. Ыбырайдың терең із қалдырған жарқын істерінің бірі- қолөнершілік, ауылшаруашылық мектептерді ұйымдастыруы. Ол өсиетіне өзіне қарасты жерді Торғайдағы ауыл шаруашылық мектептің қарамағына қалдырған. Ыбырай Қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы.1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды.1890-1896 жылдары орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, Қостанайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы 211 қыз, соның 70-і қазақ қызы оқыған. Ыбырай педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің және ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың педагогикалық мұрасын пайдаланды.Орыс-қазақ мектептеріне арнап оқу құралдарын жазды:«Қырғыз хрестоматиясы» (1879).«Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық».Орыс алфавитінде құрастырылған оқу құралы араб графикасын ығыстырды. Миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы Н.И.Ильминскиймен тығыз байланыста болуы педагогикалық көзқарасына әсер етті.Қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздігін сынаған Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. «Қыпшақ Сейітқұл», «Талаптың пайдасы», «Байлық неде» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.Ы.Алтынсаринның «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде уағыздағын кәсіп – егіншілік. Туған жері: Семей облысының Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді. Абайдың шын есімі: Ибраһим. Қызметі: Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Балалық шағы:Әкесі Құнанбай Тобықты руының старшыны.Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды.Абай Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастады. Абай медреседе 3 жыл, Семейдегі «Приходьская школада» 3 ай оқиды.Ел билеу ісіне баласын тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады.Ру тартырстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Елге қызметі:1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіске жетіп, 1878жылға дейін болыс болды.1880жылы айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен танысып, олардан көп нәрсе үйренді, әрі оларға халқының салт-дәстүрін таныстырды.1885 жылы мамырда Шар өзені бойындағы Қарамола деген жерде семей генерал-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губерниясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезде Абай төбе би болып сайланған. Семейде кездесіп кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс зиялы қауым өкілдері Абайға ықпал етті.Семейде айдауда болған азаттық қозғалыс өкілдері Е.П.Михаэлис, А.В.Леонтьев,С.С.Гросс, Н.И.Долгополов оның ақындық шығармашылығының демократтық бағытта қалыптасуына әсер етті.Абай орыс демократиялық мәдениетінің өкілдері А.С.Пушкинге, М.Ю.Лермонтовқа, М.Е.Салтыков-Щедринге, Л.Толстой сияқты орыс зиялыларының еңбектерімен танысты.Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығының көрінісі Абай мен Е.П.Михаэлистің қарым-қатынасы.Абай пушкиннің «Евгений Онегинінен» өзі аударған бөлімдеріне ән шығарды. Әкесінің әсерімен ұлдары Ақылбай, Кәкітай, Мағауия орыс мәдениетіне көңіл қойып, поэзиялық туындылар жазды.Әбдірахман Петербургте Михайлов артиллерия училищесін бітірді. Білімді, талантты ұлы Әбдірахманның (1895), сүйікті баласы Мағауияның (1904) күрт ауруынан дүние салуы абайды науқасқа шалдықтырды.Еңбекшілер тұрмысын жақсарту жолдарын Абай қоғамның экономикалық негіздерін өзгертуден көрді.Қазақтардың өркениетті дамуын егіншілікті, қолөнерді, сауданы өркендетумен тығыз байланыстырды.Жастарды ғылым мен білімді үйренуге шақырып, өзге халықтарды құрметтеуге солармен қарым-қатынас орнатуға үндеді . Прогресшіл бағыттағы орыс суретшілері қазақ халқының тұрмысы мен табиғатын бейнелеуде зор үлес қосты. «Лепсі алқабын қоршаған таулар» картинасы қазақ жерінің сұлулығын көрсетеді. Өнері негізінен Қазақстан тақырыбына арналған.«Мал айдау», «Көш», «Отынға бару» шығармаларында қазақ елі аса сүйіспеншілікпен берілген. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеде қазақ зергерлік бұйымдары мен ұлттық киімдері қойылды.1872 жылы Мәскеу көрмесінде қазақ музыка аспаптары көрсетілді.1896 жылы Жерілікті шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петропавлдағы , Көкшетаудағы көрмелерде көрсетілді. XIX ғасырдың II жартысы халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез. Туған жері: Бөкей ордасындағы Жиделі деген жерҚызметі: Күйші, сазгер, аспапты музыканың (күйдің) классигіҰстаздары: алғашқы ұстазы ХанбазарКүйші ұстаздары: Ұзақтан Байбақты, Байжұма, Баламайсаң, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйренген.Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай» Исатайға арналды.«Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Адай» күйлерінде азаттықты ансаған халықтың үміті, езушілерге қарсы өшпенділігі суреттелген.«Сарыарқа» туындысы арқылы туған жерді,кең даланы, халықтың қажымас күшін сипаттады.Би күйлері: «Қызыл қайың», «Балбырауын» Үстем тап өкілдерінің жаласымен Орал,Орынбор абақтысында отырып,Иркутск түрмесіне қамалды. 1880 жылдардың аяғында күйші Астрахань маңындағы сахмаға қоныс аударды (сонда қайтыс болды).Шәкірттері: Дина, Ерғали Есенжанұлы, Мендіғали Сүлейменұлы, Сүгірәлі, Көкбала, Шора.т.б. Қызметі: шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі,лирик сазгер. Еңбегі:Домбыра тартуды әкесінің інісі Әлиден үйренген40-тан астам күй шығарған лирик сазгер «Саржайлау», «Былқылдақ», «Балбырауын», «Сал қоңыр», «Алшағыр» күйлерінде негізінен өмір тартысы, сұлулыққа құштарлық байқалады.«Бестөре» күйінде әлеуметтік теңсіздікке қарсы әуен байқалады.1855 жылы Петербургте өнер көрсетіп, күміс медальға ие болады. Қызметі: күйші,сазгер,домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы.Күйші көзқарасын қалыптастыруда 1836-1838 жылғы көтеріліс әсері мол.Дәулеткерей Бөкей Ордасын басқару жөніндегі Уақытша кеңестің төрағасы Г.В.Ващенконың көмегімен далалық әкімшілік құрамына сайланды. Сазгердің орыс зиялыларына жақын болуы, Орынбор, Мәскеу, Петербургке барып, мәдени мұралармен танысуы оның талантын ұштай түсті. Сазгердің 40-қа жуық күйі сақталған.Орыс музыкасының әскери марш әсерімен шығарған күйлері «Ващенко», «Қос ішек», «Топан», «Қоңыр».Тұрмыстық саланы бейнелейтін күйлері: «Желдірме», «Қосалқа», «Ақбала қыз», «Тартыс», «Ысқырма», «Құдаша», «Жұмабике».«Төре күйлерінің атасы» атанған. Туған жері: қазіргі Көкшетау облысы,Еңбекшілер ауданы,Степняк қаласы. Шыққан тегі: Керей руы. Қызметі: ақын,әнші,сазгер.Әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл Біржанның атасы (атасының атын қойған)20 жасынан ән шығара бастаған.1865 жылы Абаймен кездесуі оның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дамуына әсер етті. 40-қа жуық әндері бізге жетті.Біржанның алғашқы әндерінің бірі «Біржан сал». Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулық атаулыға қызығу да көрініс береді.Біржан патриархалдық-феодалдық қоғамның озбырлығына қарсы тұрды («Жанбота» өлеңі).Біржанның Сарамен айтысы оның суырып салма ақындық талантын елге танытты.Шоқтығы биік туындылары «Ғашығым», «Біржан сал» , «Айтбай»Біржан мектебінен тәлім алған дарындылар Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ. Туған жері: Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасы. Қызметі: сазгер, әнші, ақын-публицист. Балалық шағы: 4 жасында Тайжан (әкесінің ағасы) қолына алып, арабша оқытқан. 1851 жылы Петропавлда орысша оқып, гармоньда, скрипкада ойнауды үйренді. “Кел балалар, оқылық” өлеңіне ән шығарды. Шоқанмен бірге жүріп, Абайға өлең арнады. 1852 жылы Омбыға келіп, 1854 жылы орыс мектебіне түседі. Еңбегі: Өзі шығарған 70-ке жуық әннің сөздерін өзі жазған. «Ақсиса», «Хаулау», «Шорманұлына», «Толғау», «Баянауыл», « Сұршақыз» т.б. Желтоқсаншылар мен петрашевшілер тарихы оның әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына әсер етеді.1856жылы ауылына қайтып,дауларға араласады.Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса мен інісі Мұстафа Шорманұлдары Байжанның балалары өздерімен ататс болмасын деп,Мұсаны-«Жаяу», інісі Мұстафаны «Жалаң аяқ» аттандырады.1860 жылы Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылып, 1862 жылы өз еркімен әскерге алынды. Генерал М.Г.Черняев тобының құрамында Шымкент,Әулиеата жорықтарына қатысты.Өзін қуғынға ұшыратқандарға шағымданып, қолдау таба алмай, жиһан кезіп кетеді: Польша, Латвияда болып, Қазанда тұрақтайды. 16-17 жасынан өнер жолына түскен. Оның шығармашылық қалыптасуына негіз болған қазақтың халық музыкасы және орыс шаруалары, қала тұрғындарының әндері. Ақанның 40-тан астам әндері бізге жетті. Ақан серінің аңыздық серігі болған мың жылда бір туатын ұлы даланың даңқты тұлпары – Құлагер Ақан сері 1905-1907 жылдардағы Ресей революциясының лебімен сықақ өлеңдер шығарды: «Шоғырмаққа», «Сұрағанға», «Смағұлға».«Құлагер» өлеңінде ақынның көңіл-күйі, ашу-ызасы жырланады.Сазгердің «Маң-маң-кер», «Сырымбет», «Балқадиша» әндері халықтық музыка мәдениетінде ерекше орын алады.Ақан серінің жақын серіктері: Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай. Қызметі: Күйші,қобызшы,сазгер Еңбегі:Белгілі туындылары: «Ықыластың күйі» мен «Қоңыр күй»Эпикалық аңыздар негізінде шығарған күйлері: «Қорқыт күйі», «Қамбар күйі», «Қазан күйі».Патша шенеуніктері мен байларды келекелеген «Жарым патша», «Бес төре» күйлерін шығарған.Баласы Жүсіпбек оның «Қорқыт» күйін кеңінен насихаттап,кейінгі ұрпаққа жеткізді.

Приложенные файлы

  • ppt 862435
    Размер файла: 7 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий