Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясаты


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясаты Жоспар 1. Кіріспе1.1. Инфляция ұғымы2. Негізгі бөлім2.1. Инфляция түрлері2.2. Инфляцияның пайда болу себептері3. Қорытынды3.1. Қазақстандағы инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары Кіріспе Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Алғашқы инфляция 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды. Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:алтынға;тауар;шетел валютасына.Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді. Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады. Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау. Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;энергетикалық дағдарыс. Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады: Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді. Таралу орнына қарай: локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;дуниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды. Бағаның өсу қарқынына қарай: баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды. ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды. Осы бөлімді қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын болады. Ұлттық Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит құралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.Инфляция инфляциялық таргеттеу кезінде маңызды рөлді атқарады. Сонымен қатар, ауыспалы ұсыныс пен сұраныс, ақша агрегаттары, пайыздық ставкалар, валюталық бағам, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, инфляция және баға мен инфляциялық тосу бірге қолданылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк трансмиссиондық модель дайындап, ақша-кредит саясатының экономикаға әсерін бақылап, «базалық инфляцияның» индексі саналуда.

Приложенные файлы

  • ppt 875370
    Размер файла: 9 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий