Өңештің тыртықты тарылуы.Өңештегі бөгде заттар.


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

С.Ж.Асфнедияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті СӨЖ Кафедра: Хирургиялық аурулар.Тақырыбы: Өңештің тыртықты тарылуы.Өңештегі бөгде заттар. Клиникасы.Диагностикасы.Емі Орындаған: Жомартов Д.Е Факультет:ЖМ Курс:4 Тобы: 14-2 Тексерген: Токсанбаев Д.С Жоспар: I. Кіріспе бөлім II.Негізгі бөлім Өңештің тыртықты тарылулары Клиникасы. Диагностикасы. Өңештегі бөгде заттар. Клиникасы Диагностикасы ЕміIІІ.Қорытынды бөлім Өңештің тыртықты тарылуы Күйіктен кейінгі құрылым айтарлықтай өзгерістер көбіне өңештің физиологиялық тарылуларда кездеседі.Олар дара немесе күрделі,толық және толық емес түрлері болады. Күйіктен кейінгі құрылым қатпарлы түрде өңеш қуысында орналасады. Клиникалық көріністері мен диагностикасы Ең негізгі клиникалық көрінісі дисфагия,өңештен тағамдық заттардың өтуінің қиындауы.Алғашында құрғақ тағамдардың өтуі,сосын сұйық тағамдардың өтуі қиындайды.Тағамдар біраз уақытқа өңеште кідіруі мен эзофагоспазм жағдайынан эзофагит дамиды.Өңештің стенозында тағамдық заттар кеңірдекке түсіп ларингоспазм,ұстмалы жөтел,шашалу болуы мүмкін. Сонымен қатар науқаста құсу,жүрек айну тағамды дұрыс қабылдамауынан салмақ жоғалту болады. Диагностикасында негізінен науқастан жиналған шағымдары,қарап тексергенде,пальпация,аускультация, рентгенологиялық,эзофагоскопиялық зерттеулермен нақты диагноз қоямыз. Өңеш аймағын пальпациялап қарағанда өңештің конфигурациясы өзгергенін,қамыр тәрізді жумсақ болады.Ал аускультацияда екіншілік тыныстың кешігуін естиміз.Рентгенологиялық зерттеуде өңештегі стеноз аймағында өңештік тыртықтық тарылулардың өлшемін тарылу аймағын көреміз. Емі.Негізінде стационарда емделеді. Алғашқы 2-3 тәулікте аштық режим тағайындалады.Физиологиялық ерітінді ас тұзын тері астына 2 рет 1,5 л ден енгізеді. Венаішіне 40% глюкоза ерітіндісін 30-40 мл күніне 2 рет,тәулігіне 3 мл ден 5% аскорбин қышқылын енгіземіз.Күнделікті кешке өңешті 1-2% ас тұзымен жуу керек. 4-күннен бастап сұйық түріндегі тағамдық заттарды жылы күйінде береміз. Хирургиялық емге көрсеткіштер.1)Өңеш қуысының толық облитерациясы2)Беріштенудің тез дамуымен рецидивтенуінде3)өңеш-кеңірдек пен бронх-өңештік тыртықтану кезінде4)Жайылған беріштенуде5)Тыртықтанған өңеш тесілуінде Операция науқастың жасына,жалпы жағдайына,өңештің тарылу дәрежесіне,жайылуына қарай жүргізіледі. Науқасқа 1 этапты пластикалық операция жасалынады.Ал ауыр дәрежедегі тыртықтану болса өңеш алып тастап тоқ ішектен немесе асқазанның үлкен иінінен алып трансгиатальды экстирпация жасалынады. Өңештегі бөгде заттар Өңешке бөгде заттардың түсуіне себеп жас балалардың аузына кез-келген заттарды салып отыру әдеттері,тағамды асығыс жегеннен.Көп жағдайда ұсақ заттар ешқандай клиникалық көріністерсіз асқорыту жолдар арқылы еніп сыртқа шығару жолдары арқылы шығып отырады.Қатерлі бөгде заттарға ине,шеге,балық сүйетері жатады. Бөгде заттар алдымен өңешке келіп тұрып қалады,сосын төменгі ас-қорыту жолдарына түседі.Ал үлкен мөлшердегі заттар өңештің физиологиялық қысылуларында тұрып қалады.Өңешке түскен бөгде заттар өңештің мускулатурасының спазмын тудырады,шырышты қабатының қабынуын дамиды. Клиникалық көріністері мен диагностикасы. Негізгі симптомдары түскен бөгде заттардың түріне байланысты.Бөгде зат өңешке түскенде науқаста қорқыныш сезімі,тамағында ауыру сезімі,сілекей мен шырыш бөлінуінің жоғарылауын туғызады. Үлкен мөлшердегі бөгде зат түскенде кеңірдек кіреберісі жауылып адам асфиксиядан өліп кетуі мүмкін. Бөгде зат өңеште ұзақ уақытқа тұрып қалғанда өңештік травматикалық эзофагит,қан кету,өңеш қабырғасы тесілуінен медиастенит,іріңді плеврит дамиды. Диагноз қою үшін анамнез бен рентгенологиялық зерттеу көмегімен қойылады. Көп мәлімет беретін зерттеу бұл эзофагоскопия.Эзофагоскопия бөгде заттың орналасқан орнын анықтайды.Эзофогоскоп көмегімен бөгде затты жоюға болады. Емі.Өңешке бөгде зат түсуіне күмән туғанда хирургиялық стационарға жіберу керек.Бөгде заттарды алу үшін фиброоптикалық немесе эзофагоскоп пен арнайы құрал жабдықтар көмегімен жүргізіледі. Эзофагоскоп көмегімен алу мүмкін болмаса операциялық жолмен алады. Операциядан кейін өңеш қабырғасы қалпына келеді. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК. Қолданылған әдебиеттер Хирургические болезни М.И.КузинХирургиялық ауруларgoogle/.kz

Приложенные файлы

  • ppt 1593474
    Размер файла: 8 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий