Төл теңге тарихы


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Төл теңге тарихыТураров, Темиргалиева, Достыбаева, Қалдыбекова Тарих – ақша баламасында»Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол -Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б.ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И.Х.Эккель. Ақша тауар өндірісі мен айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде стихиялы жолмен пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Айырбастың өзі ерте заманда шықты, әуелгі кезде ол кездейсоқ сипатта болды. Мұнда бір еңбек екінші түрдегі еңбек өніміне тікелей айырбастырылды.Ерте кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі сауда –саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда: мәселен, ертедегі гректерде, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда- мал, Скандинавияда, ертедегі Русьте-аң терісі, Қытайда-шай, Абиссинияда- тұз атқарды.Қазақстанда ішкі сауда саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Тарихи деректерге қарағанда жезден және күмістен жасалған ақша белгілері біздің жыл санауымыздан 3мың жыл бұрын Азия елдерінде пайдаланылған. Ресей тарихында металл ақша ретінде ІХ ғасырдан бастап қолданылды.Қазақстанда металл ақша негізінен орта ғасырларға жататын көне қалаларда, обаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылды. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері ҮІ-ҮІІІ ғ-дың 1-жартысында дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнесі бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен бірге Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Б.з. 704-706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып, айналымға енгізілген . Оның бетінде «Түркеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекеттің дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме болған. Тарихи деректер Қарахан әулетінің билік құрған тұсында Қазақстан мен Орта Азияда сауданың күшті дамығандығын көрсетеді. Осыған орай ақша шығару мен ақша айналымы кең етек алған. Әсіресе, мыс, күміс,ақшалар көп шығарылған. ХІІ-ғасырдың 2-жартысы мен ХІІІ ғ-ң басында теңгелердің Отырардан шығарылуы Қазақстан жерінде сауда-саттықтың дамуына ерекше үлес қосқан. Ол дәуірде мыс,алтын, ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енген. Сөйтіп Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында Отырар ақшасы көптеп тараған. 1271ж ақша айналымына енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізіледі. Бұл күміс ақшалар Қазақстаннның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірленіп шығарылған.Сонымен қатар ақша тарихында Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек , Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі. Жалпы металлдан тиын соғу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану сол қоғамның әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында қандай табысқа жеткендігін байқатты. Алғашқы бастамалар...1922-1924 жылдары 1,3, 5 сомдық қазыналық билеттер,1 сомдық ,50,25,15,10 тиындық күміс және 1,2,3,5 тиындық қара шақалар шығарылды.1941-1945жылдарға созылған Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 1947жылы тағы да бір ақша реформасы жүргізілді. Ол бойынша: айналысқа ақшаның 10 сомы жаңа ақшаның 1сомына айырбасталып шығарылды. Сөйтіп айналыстағы артық ақша жойылды. Ал 1960жылы 1,3,5,10,25,50,100 сомдық ақша билеттері және 1сомдық күміс ақша шығарылды.1961жылдың 1қаңтарынан бастап ,сомның алтын бағамы таза алтынның 0,222168 г-нан 0,987412 г-на дейін артылды, яғни Американың 1 доллары жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды. Қазақстан Егемен ел аталғаннан кейін тарихымыздың жаңа парақтары ашылды. Өйткені ертеден қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша әрбір елдің жеке елдік нышандары болуы тиіс. Олар: елдің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Осы мемлекеттік нышандарға қарай сол елдің қайсы ел екені әркімге айқын болады. Нышандар жеке бір мемлекеттікі болғанымен, оның халықаралық мәні зор. Нышандар мемлекетаралық қарым-қатынастарда үлкен ресми роль атқарады. Сондықтан Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін өзіміздің Елтаңбамыз , әнұраны белгіленіп, ұлттық валютамыз дүниеге келді.. Астанамыз Сарыарқа төрінен оз орнын тапты. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр. Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда. Айналымға енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ долларына қатысты құлдырады десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін құнсызданды.  Қызықты дерек2007 жылғы таңдалынған теңге нышаны, осыдан 120 жыл бойы Жапон пошта фирмасы қолданып келе жатқан белгісінің айнымасы болып шықты. Алғашқы шығарылған ақшаларда қазақтың қоғамдық мәдени өміріндегі ерекше тұлғалар Әл-Фараби, Абай, Құрманғазы, Шоқан, Әбілхайыр хан бейнелері көрініс тапты. Олар 1,3,5,10,20,50,100,500,1000,2000 теңгелік билеттерде шығарылды.Қазақстан Республикасында ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымынан шығару ісін Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады.1993 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы «теңге» айналысқа шығарылды. Бүгінде еліміздің ұлттық валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады. 1994 ж. Тиындар1995-97 ж. Тиындар 1993 жылғы үлгідегі теңге үлгілері Қазақстан Қағаз ақшалары (1993-2003) 2006ж. 20112013 Жақсы идеямыз бар!Наурыз мейрамына немесе одан да бұрын Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мұражайына топпемен бару!Ұлттық Банк мұражайының қорында 5 мыңнан астам жәдігер бар.Мұражайға кіру үшін алдын ала ҚР Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаментінің директоры Терентьев Александр Леонидовичке мұражайға келетіндер саны, жетекшінің аты-жөні және жеке нөмірі жазылған фирмалық бланкты факс арқылы жіберу міндетті.Мекен-жайы: Панфилов көшесі, 98Жұмыс уақыты: Дүйсенбі — ЖұмаДемалыс: Сенбі, ЖексенбіТелефон: 8 (727) 261 25 70Факс: 8 (727) 704 703\ Қолданылған Әдебиетhttp://yvision.kz/post/302502http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстан_теңгесіhttp://www.qazaq.kz/?p=1846

Приложенные файлы

  • pptx 1597695
    Размер файла: 7 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий