6. Асқорыту жүйесі


106680361315 №1 Тақырабы: Асқазанның анатомиялық құрылысы және топографиясы, іш қуысындағы проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері.
30943552399665АСҚАЗАН, ventriculus (греч. gaster, қабынуы- гастрит), асқорыту жолының қалтатәрізді кеңейген жері болып табылады. Асқазанда өнеш арқылы өткен тамақ жиналып, ас қорытудың бірінші сатылары өтеді; тамақтың қатты бөліктері ботқатәрізді қоспаға айналады. Асқазанда алдыңғы қабырға, paries anterior, мен артқы қабырғаны, paries posterior, ажыратады. Асқазанның ойыс жиегі - кіші иіні, curvaturа ventriculi minor,ал дөңес жиегі үлкен иіні- curvaturа ventriculi major, деп аталады. Асқазанда мына бөліктерін ажыратады: өңештің асқазанға кіреберіс жері, ostium cardiacum, асқазанның жүрекке жанаса жатқан жүректік бөлігі, pars cardiacа; шығар жері- қақпасы, pyloris, оның тесігі, ostium pyloricum, асқазанның жанасып жатқан бөлігі, pars pyloricа, асқазанның ostium cardiacum-нан солға қарай түбі, fundus, немесе күмбез, fornix, деп аталады. Денесі, corpus ventriculi, асқазан күмбезінен pars pyloricа-ға дейін созылады. Рars pyloricа өз кезегінде қақпалық үнгірге, antrum pyloricum, асқазанның денеге жақын бөлігіне және canalis pyloricus-ке, қақпаға тікелей жанасып жатқан енсіздеу, түтіктәрізді бөлікке бөлінеді.
2724152648585Асқазанның топографиясы. Асқазан epigastrium-де орналасады; асқазанның көп бөлігі ортаңғы жазықтықтан солға қарай жатады: асқазанның үлкен иіне ол толған кезде regio umbilicalis-ке проекцияланады. Асқазан өзінің ұзын білігімен жоғарыдан төмен, солдан оңға және арттан алға қарай бағытталған; ostium cardiacum - VII сол жақ қабырға шеміршегінің артында, төстің жиегінен 2,5-3 см қашықтықта орналасқан. Асқазан күмбезі linea mamillаris sinistra бойымен V қабырғаның төменгі жиегіне жетеді. Қақпа асқазанның бос кезінде ортаңғы сызық бойында немесе одан оңға қарай VIII оң жақ қабырға шеміршегіне қарсы жатады. Асқазан толған кезде жоғарғы жағында- бауырдың сол үлесі және көкеттің сол жақ күмбезімен, артқы жағынан- сол жақ бүйректің жоғарғы шеті және бүйрекүсті безімен, көкбауырмен, ұйқы безінің алдыңғы бетімен, төменгі жағында- colon transversum, алдыңғы жағында - іш қабырғасы жанасады. Асқазан бос кезінде өзінің қабырғаларының жиырылуы салдарынан тереңге қарай кетіп, босаған кеңістікті көлденең жиек ішек алып жатады. Асқазанның ұзындағы шамамен 24-25 cм. Асқазанның сиымдылығы едәуір дәрежеде жеке адамның тамақтану дағдысына байланысты, бір литрден бірнеше литрге дейін өзгеруі мүмкін.
Құрылысы. Асқазан қабырғасы үш қабықтан тұрады: 1. Күшті дамыған шырышасты негізі, tela submucosa-сы, бар, tunica mucosa- шырышты қабық; 2. tunica muscularis- бұлшықетті қабық; 3. tunica serosa -сірлі қабық. Шырышты қабықта асқазан сөлін, succus gastricus, түзетін арнайы бездер орналасады, оның сөлінде тұз қышқылы болады. Бездердің үш түрін ажыратады: 1. кардиалық бездер; 2. асқазан бездері – асқазан күмбезі мен денесі аймағында орналасқан және екі текті жасушалары болады: басты жасушалар, главные (пепсиноген бөліп шығарады) және қоршау жасушалары, обкладочные (тұз қышқылын бөліп шығарады); 3. қақпалық (пилорикалық) бездер, тек басты жасушалардан тұрады. Қатпарлар кіші иіннің бойын бойлай бағытталып, «асқазан жолын» түзеді, ол, асқазан бұлшықеттері жиырылған сәтте тамақтың сұйық бөліктері өңештен асқазанның кардиалық бөлігіне соқпастан қақпаға өтетін өзекке айналады. Шырышты қабықта қатпарлардан басқа дөңгелекше келген, асқазан алаңдары, areae gastricae, деп аталатын дөңестер жатады, олардың бетінде асқазан шұңқыршаларының, foveolae gastricae, көптеген кішкене тесіктері көрінеді. Осы шұңқыршаларға асқазан бездері ашылады. Қақпа тесігі, ostium pyloricum, аймағында асқазанның қышқыл ортасын ішектің сілтілік ортасынан бөлетін шырышты қабықтың циркулярлы қатпары орналасады, ол қақпа жапқышы, valvula pyloricа, деп аталады.
38100153035005433695-1088390Бұлшықетті қабық- үш қабатта болады: сыртқы қабат - бойлық, ортаңғы қабат - дөңгелек және ішкі қабат- қиғаш бағытта орналасады. Асқазанның шығаберісі бағытына қарай дөңгелек қабат қалыңдап, pyloris пен он екі ішек арасындағы шекарада, m.sphincter pylori қақпа қысқышын түзеді.
Асқазанның негізгі үш пішіні мен орналасу қалпан ажыратады: 1. Мүйізпішінді асқазан. Бүкіл асқазан көлденең дерлік орналасқан (брахиморфты типті адамдарда); 2. Ілмектәрізді асқазан. Асқазанның жалпы орналасу қалпы қиғаш (мезоморф типті адамдарда); 3. Шұлықтәрізді немесе ұзарған асқазан. Асқазанның жалпы қалпы вертикалды (долихоморфты типті адамдарда).
Асқазан жастық ерекшеліктері
5619115527050Асқазан нәрестелерде цилиндр пішінді болады. Кардиалық бөлігі, түбі және пилорикалық бөлігі нашар жетілген, қақпалық бөлігі кең. Нәресте асқазанының көлемі - 50 см3, ұзындығы 5 см, ені 3 см. Кіретін тесігі VIII-IX кеуде омыртқалары деңгейінде орналасқан. 1 жасқа таман асқазан ұзарады, көлемі 300см3-ге дейін үлкейеді, ұзындығы 9 см, ені 7 см болады. 2 жаста асқазан көлемі 490-590 см3, 3 жаста - 580-680см3, 4 жаста - 750см3, 12 жаста -1300-1500см3. 7-11 жаста асқазан пішіні ересек адамдардағыдай болады. Кардиалық бөлігінің қалыптасуы 8 жаста аяқталады. Жас өскен сайын асқазан төмен түсе береді де, 7 жаста оның кіретін тесігі XI-XII кеуде омыртқалары арасында проекцияланады. Нәрестелерде асқазанның шырышты қабығы қалың, қатпарлары биік, асқазандық шұңқыршалар 200.000. Шұңқыршалардың саны 3 айға таман 700.000-ге дейін көбейеді, 2 жаста 1.300 000, 15 жаста - 4 млн. болады. Нәресте асқазанының бұлшықеттік қабығында барлық үш қабаты болады, бойлық қабаты мен қиғаш талшықтары нашар жетілген. Бұлшықеттік қабығы ең жоғарғы қалыңдығына 15-20 жаста жетеді.
ЖІҢІШКЕ ІШЕК, intestinum tenue (грекше enteron, қабынуы - энтерит), Еркек мәйіттерінде жіңішке ішектің ұзындығы шамамен 7 м, әйелдердікінде – 6,5 м. Жіңішке ішекте ас механикалық (жылжытылады) және сілтілік реакция жағдайында одан әрі химиялық өңдеуден өтіп, сіңіріледі. Жіңішке ішек үш бөлімге бөлінеді: 1. Duodenum, он екі елі ішек; 2. Jejunum, аш ішек; 3. Ileum, мықын ішек қалған.
1.Он екі елі ішек, duodenum, ұзындығы 25-30 cм, ұйқы безінің басын тағатәрізді айналып жатады. Онда төрт бөлімді ажыратады: 1. pars superior I бел омыртқа деңгейінде оңға және артқы қарай өтіп, төмен қарай иілім, flexura duodeni superior, түзе; 2. pars descendens –ке ауысады, ал ол төмен түсіп, омыртқа бағанасынан оңға қарай III бел омыртқаға дейін орналасады; бұл жерде екінші иілім, flexura duodeni inferior, түзіледі. 3. pars horizontalis - солға қарай бағыт алып v. cava inferior мен қолқа алдында көлденең өтетін; 4. pars ascendens I –II бел омыртқа деңгейіне көтерілетін. Рars ascendens duodeni аш ішекке ауысқанда II бел омыртқаның сол жағында ішектің күрт иілімі он екі елі аш ішек, flexura duodenojejunalis, пайда болады. Рентгендік зерттегенде 12-елі ішектің бастапқы бөлігі кең жері, ampulla duodeni (bulbus duodeni) негізі қақпаға қараған үшбұрышты көлеңке тәрізді, қақпа жиырылған кезде duodenum одан ақшыл жолақпен бөлінеді.
12954010693405560060156527500217170-1416685Аш және мықын ішек. Аш және мықын ішекті intestinum tenue mesenteriale деген жалпы атпен біріктіреді, өйткені бүкіл бұл бөлім ішастармен жабылып, шажырқай арқылы артқы іш қабырғасына бекиді (так как весь этот отдел покрыт брюшиной полностью и прикрепляется к задней брюшной стенке брыжейкой). Аш ішек пен мықын ішек, арасында айқын шекара болмаса да, екі бөлімнің де jejunum (жоғарғы бөлігі) мен ilium-нің (төменгі бөлігі) байқалатын айырмашылықтары бар: jejunum-нің диаметр үлкен, қабырғасы қалың, қан тамырлары мол болады. Аш ішек негізінен ортаңғы сызықтың сол жағында, ал мықын ішек негізінен ортаңғы сызықтың оң жағында орналасады. 2%- жағдайда мықын ішекте, оның шетінен шамамен бір метр қашықтықта өсінді- diverticulum meckelii Меккелев дивертикул (ұзыңдығы 5-7см) (ұрықтың сарыуыздық түтігінің қалдық бөлігі) байқалады.
461010020154900013081090995500Жіңішке ішектің шырышты қабығы, оны жауып тұратын көптеген ішек бүрлерінен, villi intestinales, барқыттәрізді көрінеді. Бүрлер- ұзындығы шамамен 1 мм, шырышты қабықтың өсінділері, олар цилиндрлі эпителимен жабылған және лимфа орталығында лимфа қойнауы мен қан капиллярлары болады. Ішек қуысындағы ас қорытудан басқа қабырға жаналық асқорыту да болады (пристеночное пищеварение). Жіңішке ішектің шырышты қабығының сіңіру ауданы онда дөңгелек қатпалар plicae circulares, деп аталатын көлденең қатпарлардың арқасында едәуір үлкейеді. Бұл қатпарлар тек шырышты қабық пен шырышасты негізінен ғана құралады да, тіпті ішек түтігі созылғанда да жоғалып кетпейтін тұрақты түзілістер болып табылады. Он екі елі ішектің шырышты қабығында төмендеген бөлігінің медиалды қабырғасында бойлық plica longitudinalis duodeni орналасқан, papilla duodeni major (Фатеров сосочек) аяқталады (сфинктер Одди). Рapilla duodeni major-да жалпы өт түтігі мен ұйқы безі түтігі бір ортақ тесікпен ашылады. Рapilla duodeni major-дан проксималды орналасқан кішілеу екінші бүртік, papilla duodeni minor, жатады. Оған ұйқы безінің қосалқы өзегі ашылады. Бүкіл 1016031115ішекте шырышты қабықта қарапайым түтікті бездер, glandulae intestinalis, орналасқан; олар ішек сөлін бөліп шығарады. Жіңішке ішекте зиянды заттар мен микробтарды залалсыздандыратын лимфа аппараты болады. Ол жеке түйіншелерден, folliculi lymphatici solitarii, және олардың жиындары шоғырланған лимфа түйіншелерінен, folliculi lymphatici aggregati, тұрады. Folliculi lymphatici solitarii бүкіл жіңішке ішекте тары дәніндей ақшыл дөнестер түрінде шашырай орналасқан. Folliculi lymphatici aggregati (20-30) (пейеровы бляшки) мықын ішекте ғана болады.
Бұлшықет қабығы, tunica muscularis, екі қабатынан тұрады: сыртқы бойлық қабат және ішкі дөңгелек қабат. Бұлшықеттің бойлық және дөңгелек қабаттардан басқа, дөңгелек қабаттық спиралды бұлшықет талшықтары болады. Спиралді талшықтар перисталтикалық толқынның ішек түтікшесінің білігі бойымен дисталды жылжуына жәрдемдеседі.
Жіңішке ішек жастық ерекшеліктері
18415219710Жіңішке ішек ұзындығы нәрестеде 1,2-2,8 м, ал 2 -3 жаста ұзындығы шамамен 2,8 м. құрайды. Саңылауының ені 1 жаста - 16 мм, ал 3 жаста - 23,2 мм. Нәрестеде 12-елі ішектің пішіні сақинатәрізді, оның иілімдері кейінірек қалыптасады. Оның басталатын және аяқталатын жері I бел омыртқасы деңгейіне сәйкес келеді. 5 айдан кейін 12-елі ішектің жоғарғы бөлігі XII кеуде омыртқасы деңгейінде болып, 7 жаста төмендеген бөлігі II бел омыртқасына дейін түседі. Он екі елі ішек бездері нәрестеде өлшемдері кішкентай және нашар тармақталған, ең қарқынды жетілетін кезі өмірдің бірінші жылына сәйкес келеді. Шырышты қабықтың қатпарлары мен бүрлері анық көрінбейді. Ішек бездерінің саны өмірдің алғашқы жылында қарқынды көбейеді. Нәресте ішегінде лимфоидты түйіншелер туылғанда болады. Бұлшықеттік қабығы, әсіресе бойлық қабаты нашар жетілген.
4482465777875Ток ішек (жуан ішек), intestinum crassum (қабынуы - колит), жіңішке ішектің шетінен артқы тесікке дейін созылып, мынадай бөліктерге бөлінеді: 1. сaecum - құрттәрізді өсіндісі (appendix vermiformis) бар соқыр ішек; 2. colon ascendens - жоғарылаған жиек ішек; 3. colon transversum - көлденең жиек ішек; 4. colon descendens төмендеген жиек ішек; 5. colon sigmoideum - сигматәрізді ішек; 6. rectum тік ішек. Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 1,0 мен 1,5 м аралығында өзгеріп отырады. Тоқ ішектің диаметрінің үлкендігінен басқа мынадай белгілердің болуымен ерекшеленеді: 1. бойлық бұлшықетті таспалардың, teniae coli болуы 2. өзіне тән қампаймаларының, haustra coli, болуы және; 3. майы бар сірлі қабық өсінділерінің, appendices epiploicae болуы. Teniae coli, жиек ішек таспалары, саны үшеу. Олар соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісінің түбінен басталып, rectum басталатын жерге дейін созылады. Teniae жиек ішектің бойлық бұлшықет қабатының орналасу қалпына сәйкес келеді, ол қабат бұл жерде тұтас қыртыс түзбей үш таспаға бөлінеді: 1. tenia libera – бос таспа, caecum және colon ascendens-тің представляют пальцевидные выпячивания серозной оболочки, содержащие жировую ткань и расположенн алдыңғы бетінен өтеді, ол colon transversum-де көлденең жиек ішектің өз білігі айналасында бұрылуына байланысты артқы бетке өтеді; 2.tenia mesocolica – шажырқайлық таспа, көлденең жиек ішек шажырқайдың бекитін сызығы бойымен өтеді, осыдан «шажырқайлық таспа» деп аталады; 3. tenia omentalis- шарбылық таспа, үлкен шарбының colon transversum- дегі бекитін сызығы бойынша және осы сызықтың тоқ ішектің басқа бөлімдердегі жалғасы болып табылады. Haustra coli, тоқ ішектің қамп аймалары, іш жағынан қапшықтәрізді ойыс түрінде байқалады; сырт жағынан таспалар арасында орналасқан дөнестер түрінде болады; сырт жағынан таспалар арасында орналасқан дөңестер түрінде болады. Аppendices epiploicae, шарбылық өсінділер, сірлі қабықтың ұзындығы 4-5 см өсінділері болып табылады, аppendices epiploicae-те май тіні болады. Тоқ ішектің шырышты қабығында бүрлер болмайды – тегіс болып келеді. Тоқ ішекте жарты айлық қатпарларға, plicae semilunares coli, болады – тек шырышты қабықтан ғана емес, қабырғаның басқа қабаттарынан болады. Бұлшықет қабығы екі қабаттан тұрады: сыртқы- бойлық және ішкі – дөңгелек қабат. Ішкі дөңгелек, тарылтатын қабат қана тұтас. Кеңейтетін бойлық бұлшықет тоқ ішекте үш teniae-ге бөлінеді.
9398037617400045910506584950092710-2046605001.Сaecum (грекше typhlon, қабынуы- typhlitis), соқыр ішек тоқ ішектің басталатын жерінен оған жіңішке ішек құятын жерге дейінгі бірінші бөлігі болып табылады; тік шамасы 6 см-дей, көлденең шамасы 7-7,5 см-дей қап тәрізді. Caecum оң жақ мықын шұңқырында орналасады. Caecum –нің медиалды бетінен құрттәрізді өсінді, appendix vermiformis, шығады. Құрттәрізді өсіндінің орташа ұзындығы 8,6 см-ге тең. Өсіндінің орналасу қалпының әр алуан түрлерінің барлығында да оның орталық бөлігі, яғни өсіндінің соқыр ішектен шығатын жері тұрақты. Аппендицит болған кезде ауырсыну нүктесі сыртқы және кіндікті алдыңғы жоғарғы мықын қылқанымен қосатын сызықтың ортаңғы және сыртқы 1\3-нің шекарасында (точка Мак- Бурнея) немесе осы сызықта оң жақ 1\3-і ортаңғы үштен бірден бөлетін нүктеде, екі алдыңғы жоғарғы мықын қылқанымен қосатын сызықта іш бетіне проекцияланады (точка Ланца). Аппендикстің шырышты қабығы folliculi lymphatici aggregate appendicis vermiformis түріндегі лимфа тініне біршама бай да, кейбір авторлар оның қызметін осымен байланыстырады (ауру тудыратын микробтарды тұтып, жоятын «ішек бадамшасы», аппендициттің жиілігі осымен түсіндіріледі). Соқыр ішек пен құрттәрізді өсінді жан-жағынан ішастармен жабылған. Жіңішке ішектің тоқ ішекке құятын жерінде ішінде мықын-соқыр ішек қақпағы (клапан), valva ileocaecalis (баугиниева заслонка), байқалады. Ол екі айшық қатпардан тұрады, олардың негізінде сақиналы бұлшықет қабаты, m. sphincter ileocaecalis, жатады. Valva et sphincter ileocaecalis бірлесе, астың реакциясы сілтілі жіңішке ішектен, реакциясы қайтадан қышқылды тоқ ішекке қарай жылжуын реттеп, астың кері жылжуына және ортаның бейтараптануына кедергі жасайды. Valvae ileocaecalis-тің жіңішке ішекке қараған беті бүрлермен жабылған, ал басқа бетінде бүр болмайды. 2. Сolon ascendens, жоғарылаған жиек ішек соқыр ішектің тікелей жалғасы болып табылады, және екеуінің арасындағы шекара-жіңішке ішектің құяр жері. Ол осы жерден жоғары қарай өтіп, бауырдың төменгі бетіне жетіп, осы жерде солға қарай жиек ішектің оң иілімін- flexura coli dextra, түзіп, colon transversum-ге ауысады.
-895351547495004663440-4445003. Сolon transversum, көлденең жиек ішек, ішектердің ішіндегі ең ұзыны, flexura coli dextra-дан көкбауырдың төменгі шетіндегі-ға дейін созылады, ол жерде жиек ішек екінші иілім жасап, colon descendens-ке ауысады. Көлденең жиек ішек екі иілім арасында қатаң көлденең өтпейді, дөнесі төмен доға түзеді әрі оның сол жақ иілімі оң жақ иілімі қарағанда жоғарылау тұрады. Көлденең жиек ішек арқы жағынан pars descendens duodeni, pancreas-тың басын қиып өтіп, шажырқайы, mesocolon transversum, арқылы артқы іш қабырғасына және pancreasтың алдыңғы жиегіне бекиді.
4.Colon descendens, төмендеген жиек ішек, flexura coli sinistra-дан төмен қарай, іш қуысының сол жағымен өтіп, мықын қыры деңгейінде colon sigmoideum-ге ауысады.
5. Сolon sigmoideum, сигматәрізді жиек ішек– төмендеген жиек ішектің жалғасы болып табылады, тік ішектің басталатын жеріне дейін созылады.
-15951201261110005561965777875006. Тік ішек, rectum (грекше- proctos, қабынуы - проктит ) нәжіс массасының жиналуы үшін қажет. Ол сегізкөз алдында кіші жамбас астауына түсіп, екі иілім түзеді: біріншісі- сегізкөз ойысына сәйкес- flexura sacralis, сегізкөздік иілім, екіншісі, дөнесі алға қараған, шат иілімі- flexura perinealis. Rectum-ның жоғарғы бөлімі жамбас астау қуысында жайғасады- pars pelvina деп аталады; ол жамбастық бөлік, flexura perinealis-ке қарай кеңейіп тік ішектің кеңжерін- ampulla recti-түзеді. Rectum-нің төмен қарай кететін соңғы бөлігі артқы өтіс өзегіне, canalis analis, созылады, ол жамбас астау түбінен өтіп, артқы өтіспен, anus, аяқталады. Шырышты қабық, tunica mucosa, ішек қабырғасы созылғанда оңай жазылып кететін көптеген бойлық қатпарлар түзеді. Canalis analis-те бойлық қатпарлар 8-10 мөлшерінде артқы өтіс бағаналары- columnae analis- деп аталатындар түрінде тұрақты болып қалады. Олардың арасындағы ұңғылдар, артқы өтіс қойнаулары, sinus anales, байқалады. Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, ішкі- дөңгелек және сыртқы- бойлық қабаттан тұрады. Ішкі қабат шат бөлімінің жоғарғы бөлігінде жуандап, осы жерде артқы өтістің ішкі қысқышын, m.sphincter ani internus, түзеді, оның биіктігі 2-3 см, артқы өтістің терімен қосылатын жерінде аяқталады.
Тоқ ішек жастық ерекшеліктері
Тоқ ішек. Нәресте тоқ ішегі қысқа, оның ұзындығы 63 см, қампаймалары мен шарбылық өсінділері болмайды. 6 айда қампаймалары, 2 жаста шарбылық өсінділері пайда болады. 1 жасқа таман тоқ ішек 83 см-ге дейін ұзарады, ал 10 жаста 118 см-ге жетеді. Тоқ ішектің таспалары, қампаймалары және шарбылық өсінділері толығымен 6-7 жаста қалыптасады. Нәресте соқыр ішегі құрттәрізді өсіндісінен анық бөлінбеген, ені ұзындығынан үлкен болады. Соқыр ішектің ересек адамға тән сипаттары 7 жаста қалыптасады. Соқыр ішек жоғары орналасады, оң жақ мықын шұңқырына 14 жаста түседі. Илеоцекалдық тесік нәрестеде сақинатәрізді, бос тұрады. Нәресте соқыр ішегінің құрттәрізді өсіндісінен ұзындығы -2см, диаметрі 0,5 см, кіреберісін жауып тұратын қақпақша 1 жасқа таман пайда болады. Өсіндінің ұзындығы 1 жаста - 6 см, 10 жаста - 9 см, 20 жаста - 20см болады. Жоғарылаған жиек ішек – нәрестеде нашар жетілген және бауырмен жабылып тұрады. 4 айда бауыр оның тек жоғарғы бөлігіне жанасып жатады. 7 жасқа таман жоғарылаған жиек ішекті алдыңғы жағынан үлкен шарбы жауып тұрады. Ересектерге тән құрылымдары жасөспірімдік кезеңде қалыптасады. Көлденең жиек ішек – нәрестеде қысқа шажырқайымен болады (2 см ге дейін). 1,5 жаста шажырқайдың ені 8 см ге дейін үлкейеді, бұл ішектің қозғалғыштығын арттыруына мүмкіндік береді. 1 жаста ұзындығы -25 см, 10 жаста - 35 см болады. Ең үлкен өлшемдері қарт адамдарда байқалады. Төмендеген жиек ішек – нәрестелерде ұзындығы 5 см, 1 жаста – оның ұзындығы екі еселенеді, 5 жаста - 15см, 10 жаста - 16см. Ең үлкен өлшемде қарт адамдарда болады. Сигматәрізді жиек ішек – жоғары, іш қуысында орналасады, ұзын шажырқайы болады. Тік ішек нәрестелерде цилиндр пішінді, ампуласы мен иілімдері болмайды, қатпарлары айқын емес, оның ұзындығы 5-6 см. Артқы өтістік бағаналар мен қойнаулар балаларда жақсы жетілген. Айтарлықтай өсуі 8 жастан кейін байқалады. 14 жаста ұзындығы 15-18см, ал диаметрі 5 см болады.
-482603683000№2 ТАҚЫРАБЫ: ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ. БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2199005163639500Ұйқыбез, pancreas (қабынуы - панкреатит)- region epigastrica-да артқы іш қабырғасында жатады, сол бөлігімен сол жақ қабырғаастына еніп тұрады. Артқы жағынан төменгі қуыс венаға, сол жақ бүйрек венасы мен қолқаға жанасып жатады. Ұйқы безінің басы caput pancreatic, ілмектәрізді өсіндісі, processus uncinatus және денесімен, corpus pancreatis, құйрық, cauda pancreatis, деп бөлінеді. Бездің басы он екі елі ішекпен қамтылып, I бел омыртқа мен II бел омыртқаның жоғарғы бөлігі деңгейінде орналасады. Дене призма пішінді, үш беті бар: алдыңғы, артқы және төменгі. Әдетте бастың денемен қосылатын жеріне жақын шарбылық төмпе, tuber omentale, болады. Үш беті бір-біріне үш жиек арқылы бөлінген: margo superior, anterior және inferior. Pancreas-тың қапшығы болмайды, сондықтан оның үлесті құрылысы бірден көзге түседі. Ұйқыбез түтігі, ductus pancreaticus тік бұрышпен дерлік келіп құятын көптеген тармақтарды қабылдайды. Ductus choledochus-пен қосылып, түтік онымен ортақ тесік арқылы papilla duodeni major-да ашылады. Негізгі түтіктен басқа тұрақты дерлік қосалқы түтік, ductus pancreaticus accessorius, болады, ол papilla duodeni minor-да ашылады. Ұйқыбезі құрылысы жағынан күрделі альвеолды бездерге жатады. Онда екі құрам бөлігін ажыратады: бездің негізгі массасының сыртқы секреттік қызметі бар, ол секретін шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке құяды; бездің аздау бөлігі- ұйқыбез аралшықтары, insulae pancreaticae (Лангерганса), деп аталатындар түрінде эндокринді түзілістерге жатады, олар қандағы қант мөлшерін реттейтін инсулинді қанға бөліп шығарады.
Ұйқы безі жастық ерекшеліктері
Ұйқы безі – өлшемдері нәрестелерде өте кішкентай болады. Оның ұзындығы 4-5 см, салмағы 2-3г, без ересектермен салыстырғанда жоғары орналасады. 3-4 айда бездің салмағы екі есе үлкейеді, 3 жаста - 20 г, 10-12 жаста - 30г болады. Нәрестенің безі іш қуысының артқы қабырғасына мықтап бекінбегендіктен қозғалғыш болып келеді. 5-6 жаста бездің түрі ересек адамдардағыдай болады.
Возрастные особенности – у новорожденного поджелудочная железа имеет очень маленькие размеры. Длина ее 4-5 см, масса 2-3г, железа располагается выше, чем у взрослого. В 3-4 мес масса железы увеличивается вдвое, к 3 годам-20 г, в 10-12 лет- 30г. У новорожденного железа подвижна, в следствие отсутствия прочной фиксации к задней стенке брюшной полости. К 5-6 годам железа принимает вид как у взрослого.
№3 ТАҚЫРАБЫ: БАУЫРДЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ. БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
-3937016319500БАУЫР, hepar (қабынуы-гепатит) – көлемді безді ағза болып табылады (массасы 1500 г- ға жуық). Бауырдың қызметі әр алуан. Ол ең алдымен шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке келетін өт түзетін үлкен ас қорыту безі болып табылады. Оған бөгеу, тазарту қызметі тән: қанмен бауырға келетін белок алмасуының улы өнімдері бауырда нейтралданады; оның үстіне бауыр капиллярының эндотелиі мен жұлдызды ретикулоэндотелиоциттердің фагоцитоздық қасиеттері бар, бұл ішекте сіңірілетін заттарды залалсыздандыру үшін маңызды. Бауыр зат алмасудың барлық түріне қатысады; ішектің шырышты қабығы сіңіріп алатын көмірсулар бауырда гликогенге айналады (гликоген депосы). Бауырдың гормоналдық қызметі бар деп есептеледі. Эмбриондық кезенде оған қан түзу қызметі тән, өйткені ол эритроциттер түзеді. Сөйтіп, бауыр бірмезгілде асқорыту, қанайналым және гормоналды алмасуды қоса зат алмасудың барлық түрлері өтетін ағзасы болып табылады.
494855558102500Бауыр топографиясы. Бауыр алдыңғы іш қабырғасының құрсақүсті аймағында проекцияланады. Дененің алдыңғы-бүйір бетіне проекцияланған бауырдың жоғарғы және төменгі шекаралары бір-бірімен екі нүкте: оң және сол жағынан түйіседі. Бауырдың жоғарғы шекарасы оң жағынан Х қабырғааралықта ортаңғы қолтық сызығында басталады. Ол осы жерден бауыр жанасып жатқан көкет проекциясына сәйкес тіке жоғары және медиалды көтеріліп, оң ортаңғы бұғана сызығы бойында IV қабырғааралықта орналасады. Ол осы жерден төс жоғары негізі processus xiphoideus қиып өтеді және V қабырғааралығында - linea sternalis sinistra және linea mamillaris sinistra арасында орналасады. Төменгі шекарасы жоғарғы шекара сияқты X қабырғааралығында басталып, одан қиғаш және медиалды өтіп, оң жағынан X қабырға және IX шеміршектерін қиып өтеді. Одан құрсақүсті аймағымен қиғаштай солға және жоғары жүріп, қабырға доғасын VII сол жақ қабырға шеміршегі деңгейіне қиып өте, V қабырғааралығында жоғарғы шекарамен қосылады.
468693549339500-86995-12382500Бауыр байламдары- бауыр байламдары ішастардан түзілген, ішастар көкеттің төменгі бетінен бауырға, оның көкеттік бетіне өтіп, сол жерде бауырдың тәждік байламын, lig. coronarium hepatis, түзеді. Бұл байламның жиектері үшбұрышты байламдар, ligg. triangulare dextrum et sinistrum, деп белгіленеді. Бауырдың висцералды бетінен таяу ағзаларға байламдар шығады: оң жақ бүйрекке- ligg. hepatorenale, асқазанның кіші иініне- lig. hepatogastricum және он екі елі ішекке-lig. hepatoduodenale.
-50165688975004721860329311000Бауыр тікелей көкеттің астында іш қуысының жоғарғы бөлігінің оң жағында орналасқан, сондықтан оның кішкене бөлігі ғана ересек адамда ортаңғы сызықтан сол жаққа қарай өтеді. Бауырда екі бет пен екі жиекті ажыратады. Жоғарғы көкеттік бет, facies diaphragmatica, төменгі висцералды беті, facies visceralis, ажыратады. Жоғарғы және төменгі беттерді үшкір төменгі жиек, margo inferior бөліп тұрады. Бауырда екі үлесті ажыратады: бауырдың оң үлес, lobus hepatіs dexter, және кішілеу бауырдың сол үлес, lobus hepatіs sinister, бұлар көкеттік бетте бір-бірінен бауырдың орақтәрізді байламымен, lig. falciforme hepatis, бөлінген. Бұл байламның бос жиегінде –бауырдың жұмыр байламы, lig. teres hepatis, жайғасқан, ол кіндіктен бастап созылып, бітіп кеткен кіндік венасы болып табылады. Жұмыр байлам бауырдың төменгі жиегі арқылы иіліп өтіп, тілік түзіп, бауырдың висцералды бетіндегі сол жақ бойлық жүлгеге жайғасады, бұл жүлге бауырдың осы бетіндегі оның оң жақ және сол жақ үлестерінің шекарасы болып табылады. Жұмыр байлам осы жүлгенің алдыңғы бөлімін- жұмыр байлам саңылауы, fissurа lig. teretis алып жатады; жүлгенің артқы бөлімінде ұрықтық кезенде жұмыс істеген, бітелген веналық түтік; жүлгенің бұл бөлімі веналық байламның саңылауы, fissurа lig. venosi, деп аталады.
Бауырдың оң жақ үлесі висцералды бетінде екі жүлге арқылы екінші үлестерге бөлінеді. Олардың біреуі сол жақ бойлық жүлгеге параллелді өтеді де, өтқуық, vesica fellea, орналасатын алдыңғы бөлімде- өтқуық шұңқыры, fossa vesicae felleae деп аталады; жүлгенің артқы бөлімінде төменгі қуыс вена, v.cava inferior, жатады да, бұл бөлім- төменгі қуыс вена жүлгесі, sulcus venae cavae деп аталады. Fissurae ligamentі teretis пен fossa vesicae felleae-нің артқы шеттерін қосатын көлденең жүлге бауыр қақпалары, porta hepatis, деп аталады. б деп аталатын біршама енсіз бауыр тіні қылтасымен бөлінген. Олар арқылы a.hepatica және v.portae, нервтер бірге кіріп, лимфа тамырлары мен жалпы бауыр түтігі, ductus hepaticus communis, шығады. Бауырдың оң үлесінің артқы жағынан-бауыр қақпасымен, бүйілерінен-оң жағынан өтқуық шұңқыры және сол жағынан жұмыр байлам саңылаумен шектелген бөлігі шаршы үлес, lobus quadratus, деп аталады. Сол жағынан fissurа ligament venosi және оң жағынан sulcus venae cavae шектелген, бауыр қақпасынан артқа қарай құйрықты үлес, lobus caudatus, орналасады.
4557395236918500558805461000Бауырдың сірлі қабығының астында жұқа фиброзды қабық, tunica fibrosa (глиссонова капсула), жатады. Ол бауыр қақпасы аймағында тамырлармен бірге бауырға еніп, бауыр үлесшелерін, lobuli hepatis, қоршайтын жұқа дәнекер тінді қабатшаларға созылады. Бауыр жасушалары үлесшеде табақшалар түрінде топтасады, олар үлесшенің біліктік бөлімінен шетке қарай радиалды орналасады. Үлесшелер ішіндегі бауыр капиллярлары қабырғасында эндотелиоциттерден басқа фагоцитарлық қасиеттері бар жұлдызша жасушалар болады. Үлесшелер қақпа венасының тармақтары болып табылатын улесшеаралық веналармен, v.interlobularis және үлесшеаралық артериялармен, а. іnterlobularis (a.hepatica propria-дан), қоршалған. Бауыр үлесшелерін құрайтын бауыр жасушалары арасымен, олардың екі жасушасының жанасқан беттері аралығында өт түтікшелері, ductuli biliferi, өтеді. Олар бауыр үлесшелерінен шығып үлесшеаралық түтікшелерге, ductuli interlobulares, құяды. Әр бауыр үлесінен шығарушы түтік шығады. Оң және сол жақтардағы түтіктердің қосылуынан өтті, bilis, әкететін және бауыр қақпасынан шығатын жалпы бауыр түтігі ductus hepaticus communis, түзіледі.
509524012541250010287054292500Бауырдың қанмен қамтамасыздануының ерекшелігі ол артериялық қанмен қоса веналық қанды да алатындығында. Қақпасы арқылы бауыр затына a.hepatica propria және v.portae енеді. V.portae іш қуысының тақ ағзаларынан әкелген қанмен бауыр қақпасына еніп, үлесшелері арасында орналасқан тармақтарға vv.interlobulares бөлінеді. Бұлармен үлесшелераралық артериялар, aa.interlobulares (a.hepatica propria) және үлесшелераралық түтікшелер, ductuli interlobulares, қосарлана жүреді. Бауыр үлесшелерінің затында артериялар мен веналардан капилляр торлары түзіліп, олардан барлық қан орталық веналарға- vv.centrales жиналады. Vv.centrales бауыр үлесшелерінен шығып, жинаушы веналарға құйып, ал олар біртіндеп өзара қосылып, vv.hepaticae-ні түзеді. Vv.hepaticae 3-4 тармақтар түрінде бауырдың артқы бетінен шығып, v.cava inferior-ға құяды. Сөйтіп, бауырда екі веналар жүйесі болады: 1. қақпалық, v.portae тамырларынан түзілген, ол арқылы қан бауыр қақпасы арқылы бауырға ағып келеді және 2. кавалды, қанды бауырдан v.cava inferior-ға әкелетін vv.hepaticae тармақтар құйылыстарының жиынтығы болып табылады (чудесная венозная сеть, rete mirabile venosum).
Бауырдың сегментті құрылысы. Бауыр сегменті- бауыр үштігі (печеночная триада) деп аталатын анатомиялық құрылымға жанасып жатқан оның паренхимасының пирамидалы бөлігі. Үштікті құрайтындар: 2-ретті қақпа венасының тармағы, оған қосарланатын меншікті бауыр артериясының тармағы және бауыр түтігінің сәйкесті тармағы. Бауырда sulcus venae cavae-ден солға, сағат тілі жүрісіне қарсы мынадай сегменттерді ажыратады (классификация по Куино): СI – сол жақ үлестің құйрықты 234955016500 сегментті, СII – сол жақ үлестің артқы сегменті, СIII- сол жақ үлестің алдыңғы сегменті, СIV - сол жақ үлестің шаршы сегменті, СV – оң жақ үлестің ортаңғы жоғарғы-алғы сегменті, СVI - оң жақ үлестің латералды төменгі-алдыңғы сегменті, СVII - оң жақ үлестің жоғарғы-артқы сегменті, 5006975187579000СVIII - оң жақ үлестің ортаңғы жоғарғы-артқы сегменті.
Сегменттер бауыр қақпасының айналасында радиустар бойынша топтасып, бауырдың секторлар деп аталатын ірілеу дербес бөліктеріне кіреді. Осындай 5 секторды ажыратады: 1. Сол жақ латералды сектор СII сегментке сәйкес келеді (моносегментарлы сектор) (левый латеральный сектор); 2. Сол жақтағы орталық жанындағы СIII- СIV сегментерден құралған (левый парамедианный сектор); 3. Оң жақтағы орталық жанындағы сектор СV және СVIII сегменттерден құралады (правый парамедианный сектор). 4. Оң латералды секторға СVI және СVII сегменттер кіреді (правый латеральный сектор). 5. Сол жақ дорсальды сектор СI сегментке сәйкес келеді (моносегментарлы сектор) (левый дорсальный сектор).
51301652599055228609969500ӨТҚУЫҚ (ЖЕЛЧНЫЙ ПУЗЫРЬ), vesica fellea s. biliaris – алмұрт пішіндес. Оның кең шеті - өтқуық түбі, fundus vesicaе fellea, деп аталады. Оған қарама-қарсы тар шеті - өтқуық мойны, collum vesicae felleae, деп аталады; ортаңғы бөлігі - өтқуық денесін, corpus vesicae, түзеді. Мойын, ұзындығы 3,5см қуық түтігіне, ductus cysticus, жалғасады. Ductus cysticus пен ductus hepaticus communis қосылуынан ортақ өт түтігі, ductus choledochus, түзіледі. Ол lig. hepatoduodenale-нің екі жапырақшасының арасында жатады, оның артқы жағында қақпа венасы, сол жағында жалпы бауыр артериясы орналасады; одан кейін ол duodenum-ның жоғарғы бөлігінің артында төмен жүріп, pars descendens duodeni-дің медиалды қабырғасын тесіп өтіп, ұйқыбез түтігімен бірге papilla duodeni major (Фатеров сосочек) тесік арқылы ашылады. Duodenum–ге ductus choledochus-тің құяр жеріндегі, түтік қабырғасының бұлшықеттері қабаты күшейіп, өттің ішек қуысына ағуын реттейтін, жалпы өт түтігінің қысқышын, m. sphincter ductus choledochi (сфинктер Одди), түзеді. Ductus choledochus-тың ұзындығы 8-12 см. Өтқуық тек төменгі бетінде ғана ішастармен жабылған; оның түбі оң жақ m.rectus abdominіs пен қабырғалардың төменгі беті арасындағы бұрышта алдыңғы іш қабырғасына жатады. Сірлі қабықшаның астында жатқан бұлшықет қабаты фиброзды тін косласы бар еріксіз бұлшықет талшықтарынан тұрады. Шырышты қабықша қатпарлар түзеді және онда көптеген шырышты бездер бар. Мойын мен ductus cysticus-те спиралды орналасқан иірімді қатпар, plica spiralis болады.
-98425146494500Өт бауырда тәулік бойы түзіліп, ал ішекке керегіне қарай келіп тұратындықтан, өтті сақтайтын ыдыс қажет болады. Осындай ыдыс өтқуық болып табылады. Бауырда түзілетін өт одан жалпы бауыр түтігі, ductus hepaticus communis, арқылы шығады. Керек болған жағдайда ол ductus choledochus арқылы бірден он екі елі ішекке келеді. Егер ондай қажеттілік болмаса, онда ductus choledochus пен оның қысқышы жиырылған қуй де болады да, өтті ішекке жібермейді, сол себепті өт ductus cysticus-ке бағытталып өтқуыққа ағады, бұл үрдісті иірімді қатпар, plica spiralis, құрылыс ерекшелігі қамтамасыз етеді.
Бауыр жастық ерекшеліктері
Бауыр нәрестеде үлкен өлшемді болады да, іш қуысының жартысынан көбін алып жатады. Нәресте бауырының салмағы 135 г (дене салмағының 4-4,5%-ы, ересектерде дене салмағының 2-3%-ы). Бауырдың сол үлесі оң үлесімен бірдей немесе үлкенірек болады. Нәресте бауырының төменгі жиегі оң жақ бұғанаортаңғы сызық бойымен қабырға доғасынан 2,5-4 см шығып тұрады, ал алдыңғы ортаңғы сызық бойынша семсертәрізді өсіндіден 3,5 – 4 см төмен тұрады. 3-7 жастағы балаларда бауырдың төменгі жиегі қабырға доғасынан 1,5 см-2 см төмен тұрады. 7 жастан кейін бауырдың төменгі жиегі қабырға доғасынан шықпайды. Балаларда бауыр өте қозғалғыш және оның орналасу қалпы дене қалпы өзгергенде бірге өзгеріп тұрады.
«Ас қорыту жүйесі»
1. Нәресте асқазанында нашар дамыған:
A.кардиалық бөлігі+
B.түбі+
C.қақпалық бөлігі+
D.денесі
E.алдыңғы қабырғасы
2. Өтқуық түбінің проекциясы:
A.іштің оң жақ тік бұлшықетінің сыртқы жиегінің қабырға доғасымен қиылысқан жері+
B.іштің сол жақ тік бұлшықетінің сыртқы жиегінің қабырға доғасымен қиылысқан жері
C.кіндік аймағы
D.сол жақ бүйір аймағы
E.семсертәрізді өсінді деңгейінде
3. Ұйқы безінің қызметі:
A.ас қорыту+
B.иммундық
C.қан түзу
D.эндокриндік +
E.дезинтоксикациялық
4. Асқазанның проекциясы:
A.құрсақүсті аймағында +
B.оң қабырғасты аймағында
C.сол қабырғасты аймағында +
D.кіндік аймағында
E.сол жақ бүйір аймағында
5. Жіңішке ішектің шажырқайлы бөліктері:
A.он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігі
B.аш ішек +
C.мықын ішек +
D.он екі елі ішектің төмендеген бөлігі
E.он екі елі ішектің көлденең бөлігі
6. Асқазанның оң жақ төрттен бір бөлігінің проекциясы:
A.құрсақүсті аймағында +
B.оң жақ қабырғасты аймағында
C.сол жақ қабырғасты аймағында
D.кіндік аймағында
E.оң жақ бүйір аймағында
7. Нәресте тоқ ішегінің ерекшеліктері:
A.қампаймалары жоқ +
B.таспалары жоқ
C.майлы өсінділері жоқ +
D.жарты ай тәрізді қатпарлары жоқ
E.бұлшықеттік қабығы жоқ
8.Мықын ішектің проекциясы:
A.сол жақ бүйір аймағында
B.оң жақ қабырғасты аймағында
C.кіндік аймағында +
D.оң жақ бүйір аймағында +
E.құрсақүсті аймағында
9. Бауыр қақпасына кіреді:
A.жалпы бауыр түтігі
B.қақпа венасы +
C.меншікті бауыр артериясы +
D.лимфа тамырлары
E.жалпы бауыр артериясы
10.Ұйқы безінің басымен жанасып жатқан ағзалар:
A.көлденең жиек ішек +
B.асқазан +
C.оң бүйрек
D.он екі елі ішек +
E.оң бүйрекүсті безі
11. Балалар асқазанының ересектегілердей пішінге ие болу мерзімі:
A.3-5 жас
B.5-6 жас
C.7-11 жас +
D.12 -15 жас
E.1-3 жас
12.Аш ішектің проекциясы:
A.сол жақ бүйір аймағында +
B.оң жақ қабырғасты аймағында
C.кіндік аймағында +
D.оң жақ бүйір аймағында
E.сол қабырғасты аймағында
13.Нәрестенің он екі елі ішегінің пішіні:
A.тағатәрізді
B.вертикалді орналасқан ілмек
C.көлденең орналасқан ілмек
D.сақинатәрізді +
E.спиралтәрізді
14.Бауырдың үлестері:
A.оң үлесі +
B.артқы үлесі
C.шаршы үлесі +
D.құйрықты үлесі +
E.алдыңғы үлесі
15. Ұйқы безінің бөліктері:
A.құйрығы +
B.басы +
C.мойны
D.денесі +
E.қылтасы
16. Толған асқазанның үлкен иінінің проекциясы:
A.құрсақүсті аймағында
B.оң жақ қабырғасты аймағында
C.сол қабырғасты аймағында
D.кіндік аймағында +
E.құрсақасты аймағында
17.Он екі елі ішектің төмендеген бөлігі орналасқан деңгейі:
A.I-II бел омыртқалары
B.II-III бел омыртқалары
C.III-IV бел омыртқалары
D.I-III бел омыртқалары +
E.Х кеуде – I бел омыртқасы
18.Vv. hepaticae құяды:
A. v. portae
B.v. cava superior
C.v. cava inferior +
D.vv. centrales
E.v. lienalis
19.Ұйқы безінің қосымша түтігі ашылады:
A.он екі елі ішектің үлкен бүртігіне
B.он екі елі ішектің кіші бүртігіне +
C.бауыр-ұйқы безі кеңжері
D.он екі елі ішектің бойлық қатпары
E.он екі елі ішектің көлденең бөлігіне
20. Асқазан алдыңғы бетімен жанасады:
A.көкетпен +
B.ұйқы безімен
C.сол бүйрекпен
D.бауырдың сол үлесімен +
E.көкбауырмен
21.Асқазанның бөліктері:
A.денесі+
B.кардиалық бөлігі +
C.түбі+
D.қақпалық бөлігі+
E.мойны
22.Асқазан артқы бетімен жанасады:
A.шарбылық қап +
B.көлденең жиек ішек +
C.сол бүйрек +
D.ұйқы безі +
E.аш ішек
23.Балалардың жіңішке ішегі ұзындығының ересек адамның жіңішке ішегінің ұзындығымен теңесетін мерзім:
A.1-3 жас (ерте балалық шақ)
B.4-7 лет (бірінші балалық шақ)
C.8-12 лет (екінші балалық шақ) +
D.13-16 лет (жасөспірімдік шақ)
E.1 жылға дейін
24.Ұйқы безінің ішастарға қатысты орналасуы:
A.интраперитонеалді
B.мезоперитонеалді
C.экстраперитонеалді +
D.интраперитонеалді, шажырқайы барE.интра-мезоперитонеалді
25. Жалпы бауыр түтігін түзеді:
A.өтқуық түтігі
B.оң жақ бауыр түтігі +
C.сол жақ бауыр түтігі +
D.жалпы өт түтігі
E.үлесшелік түтік
26.Асқазанның қабықтары:
A.дәнекертінді қабық (адвентиция)
B.бұлшықетті қабық +
C.сірасты негізі+
D.шырышты қабық+
E.сірлі қабық+
27.Сигматәрізді жиек ішектің проекциясы:
A.оң жақ қабырғасты аймағында
B.сол жақ қабырғасты аймағында
C.оң жақ шап аймағында
D.сол жақ шап аймағында +
E.құрсақүсті аймағында
28.Балаларда таспалар, қампаймалар және шарбылық өсінділер қалыптасып бітетін кезең:
A.2-3 жас
B.4-5 жас
C.6-7 жас +
D.13-14 жас
E.15-16 жас
29. Бауыр қақпасынан шығады:
A.жалпы бауыр түтігі +
B.қақпа венасы
C.меншікті бауыр артериясы
D.құрсақ артериясы
E.жалпы бауыр артериясы
30. Өтқуықтың бөліктері:
A.түбі +
B.денесі +
C.ұшы
D.мойны +
E.құйрығы
31.Асқазанның бұлшықетті қабығының қабаттары:
A.сыртқы дөңгелек қабат
B.ішкі қиғаш талшықтар +
C.ортаңғы дөңгелек қабат +
D.сыртқы бойлық қабат +
E.ортаңғы қиғаш-бойлық қабат
32.Жіңішке ішектің шажырқайлы бөлігінің ілмектері проекцияланады:
A.құрсақ аймағында (mesogastrium) +
B.құрсақүсті аймағында (epigastrium)
C.құрсақасты аймағында (hypogastrium) +
D.сол жақ қабырғасты аймағында
E.оң жақ қабырғасты аймағында
33.Қабырғасында бүрлері бар ішектің бөліктері:
A.көлденең жиек ішек
B.аш ішек +
C.мықын ішек +
D.сигматәрізді ішек
E.тік ішек
34. Бауыр сегменттерінің саны:
A.5
B.6
C.7
D.8 +
D.10
35. Ұйқы безінің іштің алдыңғы қабырғасына проекциясы:
A.меншікті құрсақүсті аймағында +
B.оң жақ қабырғасты аймағында
C.сол жақ қабырғасты аймағында +
D.кіндік аймағында
E.оң жақ бүйір аймағында
36.Асқазанның он екі елі ішекке ауысатын жерінде орналасқан анатомиялық құрылымдар:
A.қақпа +
B.бұрыштық тілік
C.қақпа қысқышы +
D.асқазан қабырғасының қысқышы
E.жалпы өт түтігінің ашылатын жері
37.Ересек адамда кездесетін асқазан пішіндері:
A.ілмек пішінді +
B.мүйіз пішінді +
C.шұлық пішінді +
D.ұршық пішінді
E.эллипс пішінді
38.Соқыр ішектің проекциясы:
A.құрсақүсті аймағында
B.құрсақ аймағында
C.оң жақ бүйір аймағында
D.оң жақ шап аймағында +
E.оң жақ қабырғасты аймағында
39. Ductus pancreaticus бірігеді:
A.ductus pancreaticus accessorius-пен
B.ductus hepaticus communis-пен
C.ductus choledochus-пен +
D.ductus cysticus-пен
E.ductus hepaticus dexter-мен
40. Бауырдың үлестері:
A.оң үлес +
B.артқы үлес
C.шаршы үлес +
D.құйрықты үлес +
E.алдыңғы үлес
41.Жоғарылаған жиек ішектің проекциясы:
A.құрсақүсті аймағында
B.құрсақ аймағында
C.оң жақ бүйір аймағында +
D.оң жақ шап аймағында
E.кіндік аймағында
42.Асқазанның кіші иіні аймағында орналасқан ірі қатпарлар:
A.қиғаш қатпарлар
B.көлденең қатпарлар
C.бойлық қатпарлар +
D.сақинатәрізді қатпарлар
E.жарты ай тәрізді қатпарлар
43.Көлденең жиек ішектің проекциясы:
A.құрсақүсті аймағында +
B.кіндік аймағында +
C.оң жақ бүйір аймағында
D.оң жақ шап аймағында
E.құрсақасты аймағында
44. Бауырдың дене бетіне проекциясы:
A.оң жақ қабырғасты аймағында +
B.меншікті құрсақүсті аймағында +
C.сол қабырғасты аймағында +
D.кіндік аймағында
E.оң жақ шап аймағында
45. Асқазанның ішастарға қатысты орналасуы:
A.интраперитонеалді+
B.мезоперитонеалді
C.экстраперитонеалді
D.мезо-, интраперитонеалді
E.ретроперитонеалді
46.Төмендеген жиек ішектің проекциясы:
A.оң жақ қабырғасты аймағында
B.сол жақ қабырғасты аймағында+
C.сол жақ бүйір аймағында+
D.оң жақ бүйір аймағында
E.кіндік аймағында
47.Он екі елі ішектің бөліктері:
A.жоғарылаған бөлігі +
B.горизонталды бөлігі +
C.төмендеген бөлігі +
D.жоғарғы бөлігі +
E.артқы бөлігі
48.Жіңішке ішектің шырышты қабығында орналасқан анатомиялық құрылымдар:
A.жекелеген лимфалық түйіншелер +
B.жарты ай тәрізді қатпарлар
C.ішек бездері +
D.шоғырланған лимфалық түйіншелер +
E.ішек бүрлері +
49.Ұйқы безінің артқы бетіне жанасып жатады:
A.аш ішек
B.көлденең жиек ішек
C.іш қолқасы +
D.асқазан
E.жоғарғы қуыс вена
50. Нәресте бауырының құрылымының ерекшеліктері:
A.ересектерге қарағанда салыстырмалы түрде өлшемдері үлкен +
B.ересектерге қарағанда салыстырмалы салмағы көп +
C.сол үлесі мен оң үлесі бірдей +
D.сол үлесі оң жағына қарағанда кіші
E.ересектерге қарағанда салыстырмалы түрде өлшемдері кіші
52806607405370005128260725297000

.

Приложенные файлы

  • docx 2351942
    Размер файла: 8 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий