кіріспе акс


КІРІСПЕ
Азқабатты ғимараттың құрылысына әртүрлі технолоияны қолданады:
Панелдік, монолиттік, жинақталатын - монолитпен; кірпіш пен блоктық (бетондық негізде, газобетон, пенобетон) ғимараттардың технологиясы қолмен нақты қабырғаларға кірпіш өру арқылы жасалады; ал ағаштан - шабылған арнайы бөренелік қабырғалардан т.б, алайда ең көп тарағны жеңіл металдық құрастырылушы материалдар, олар жылдам көтерілетін толық кешенді болып келеді.
Сәулет өнері - адамдардың өмірімен мен қызметіне қажетті материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар,сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар,сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын- «сәулет өнері» інемесе «сәулет» дейді. Сәулет латынша «architectur», ал грекше «architekton», яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Сәулет деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы, етіп ұйымдастыру. Сәулет туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алмайтындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан.
Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек деген.
Олар:
А)Беріктік- инженерлік есеп;
Ә)Қолайлылық-тұрмыс жағын білуге байланысты;
Б)Әдемілік- талант- талғамға байланысты.
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Ч130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады.
Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді.
Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм.
Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды.
Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады.
Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған. Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті салтанатты өмір сүргілері келеді.Сондықтан сәулет өнері адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты.Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, сәулеткерлік ой керек.
Сәулет өнерінің мақсаты- кеңістіктегі ортада адам өмірі мен қызметін материалдық құрылым-құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып іске асыру. Функцианалдық ерекшелігіне байланысты ғимараттағы бөлмелер құрамы, өлшемі, арасындағы байланыстар анықталады. Ол қоғамның дамуына тікелей байланысты. Осы талаптар негізінде ғимараттар кеңістіктегі үш өлшемде, планда, фасадта, қимада жобаланады. Ғимараттың сыртқы және ішкі әсемдігіне көп көңіл бөлінеді.  
Барлық ғимараттардың сол және басқадай функционалды процесстеріне сәйкес келетін рационалды жоспарлануынан басқа, баспалдақ, лифт, жабдықтар инженерлік құрылғыларды(санитарлық жылытқыш вентиляциялық аспаптар) дұрыс жайғастыру қамтамасыз етіледі. Осылайша ғимарат пішіні көбіне функционалды заңдылықтарымен анықталады, бірақ оған қоса ол әсемдік зағдары бойынша салынады.
Құрылыс шығындарын қысқарту ғимараттың рационалды көлемді- жоспарлау шешімдері, құрылыс және әрлендіру материалдардың дұрыс таңдалынуы , конструкцияны жеңілдету , құрылыс әдістерін жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттің экономикалық нарыққа өтуіне байланысты, конструктивті және декоративті құрылыс материалдарының қағидалы жаңа түрлерүнүң саны артты. Осы арада , құрылыс материалдар нарығында бәсекелестіктің өршуіне байланысты олардың арзандалуы , сапасы мен сұрыптамасының қайтымсыз жақсаруы ұдайы жүріп жатады.
Ұсынылатын жоба конструктивті ерекшеліктері мен қолданылатын материалдары бойынша ыңғайлы жобаланған ,қатал функцианалды талаптарға жауап беретін архитектуралық мәнерлігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде қымбат емес және сапалы тұрғын.


І.ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Курстық жобаның құрамы
Жобаның есептік түсініктеме жазбасы 2 беттен тұрады.
Жалпы курстық тақырып Ақтөбе қаласындағы орналасқан екі қабатты коттедж.
№1т курстық жобаның графикалық бөлімінде төмендегідей масштабтарымен сызбалар сызылады
1)Басқасбет М 1:100
2) Жан қасбет М 1:100
3) 1-ші қабат жоспары М 1:100
4) 2-ші қабат жоспары М 1:100
5) Төбежабын жоспары М 1:100
6) Аражабын жоспары М 1:100
7) Тілік 1 М 1:100
8) Тілік 2 М 1:100
9) Шатыр жоспары М 1:100
10) Іргетас жоспары М 1:100
11) Телім жоспары М 1:100
12) Перспектива М
1.2 Ақтөбе қаласының климаттық және тарихи жағдайы
Климаттық аудан – III
Көпжылдық орташа температурасы - + 5,3C
Ылғалдық аймақ – орташа
Абсолютті максималды – 42,9
Абсолютті минималды – -48,5
Жылдағы ең суық ай – қаңтар
Ең ыстық ай – шілде
Ақтөбе қаласының климаты:
Құрылыстар аудан құрылысының IIIА климаттық аймағына жататын Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы болып табылады.
Ақтөбе қаласының климаттық жағдайы: қаланың табиғи климаты мұхиттар мен биік таулардан шалғай жатыр, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Қыста облыс Сібір антициклонның ықпалында болса, жазда жылы жел даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз еркін жетеді. Ауа –райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның кереғарлығында, күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Жалпы жыл ішінде ауа температурасының барысы қыста тұрақты аязды, жазда ыстығымен сипатталады.
Ауаның айлық неғұрлым төменгі орта температурасы қаңтар , ақпан айларында -33С болады. Жылдың ең жылы айы шілде, орташа + 26С .
Атмосфералық жауын- шашын мөлшері :
Орташа жылдық мөлшері 100-160 мм-ге дейін құбылады.Жыл бойы ылғал тегіс түспейді . Кейбір жылдары жауын-шашын жылдық орташа мөлшерден елеулі түрде ауытқып отырады. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай –маусым (35мм), ең аз түсетін ай қыркүйек (19мм) .
Жер беті топырағы неізінен қара топырақты. Мұнда топырақтың қара шірінділері аз болады, негізіне қиыршық құмдар болады. Дегенмен, ылғал талапқа сай жетпейді.
Топырақты метрлік қабатындағы тиімді ылғалдығының орта есебі өсімдік қоректенуі мүмкін бөлігі, жаздық дақылдарын себетін уақытта кеңістікте 100-150 мм болады. Жылдың орташа жел жылдамдығы 2.4 м/с. Жылдық орташа ауаның ылғалдығы 68%. Жауын – шашынның орташа жылдық есебі 546 мм, жылы мезгіл – 300 мм ,ал суық мезгіл шамамен 192 мм.
Ақтөбенің континентті климаттық жағдайы :
Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді.
Ауа райының континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның , және күн радияциясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Бұның кесірінен солтүстік батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пвйда болады.
Ақтөбедегі жиынтық күн радиациясы тәулігіне 108 ккал- ға тең , күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші – 2316 сағат. Жазы ұзақ әрі ыстық . Жылына 5 ай бойы күндізгі орташа температура 20С асып түседі. Қысы қоңыр салқын,жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады ( 31 см) .Ашық , бұлтты және жауын- шашынды күндердің жылдық саны – 174,148 және 43. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті 5,7 баллға тең. Атмосфералық жауын – шашын ең көп түсетін ай- қыркүйек (19мм).
Ақтөбе қаласының тарихы:
Ақтөбе қаласының негізгі 1869 жылы 28 маусымда қаланды.Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.Ақтөбе облысының әкімшілік аумағы 2,3 мың шаршы километрі құрайды. Оған қала аумағында бес селолық округ ( Благодар,Қарғалы , Қурайлы ,Новый,Сазды ) кіреді.
Ақтөбе қаласы биіктігі 250-400 метр болатын Орал үстіртінің бөлігінде Орал өзенінің сол жақ құйылысы – Електің сол жақ жағалауында орналасқан. Қала солтүстік – батыс жағында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданымен , солтүстік – шығыста Қарғалы ауданымен , шығыста Хромтау ауданымен, оңтүстігінде және оңтүстік – батыста Алға ауданымен шекараласады. Қала 1869 жылы Ресей империясының оңтүстік – шығыс батысындағы тыныштығын қорғау мақсатында құрылған көптеген бекіністердің бірі ретінде тұрғызылған.
Бекініс екі жақын орналасқан төбелерде құрылған, бұл төбелердің біреуінің шыңында ақ тастан жасалған мұсылман қабірлері болған. Осыдан да «Ақ – төбе» атауы берілген. Ол жыл да өтпей империяның шекарасы қашыққа оңтүстікке жылжып, Ақтөбе стратегиялық маңызды бекеттен қарапайым тұрғылықты мекенге айналды, бұл жерлерге Империяның басқа өңірлерінің қоныс аударушылар көшіп келе бастады. Тағы он жвлдан кейін 1891 жылы Ақтөбе қала мәртебесіне ие болды.
Қаланың ерекше назар аударарлық орындарының бірі – бүгінгі таңда 1967 жылы ашылған Қазақстандағы бірінші планетарий, бұл жерде күннің және айдың тұтылуы, метеорлы жауындар, кометалар мен болидтер сияқты аса қызық аспан құбылыстарын байқауда болады. Мешіт пен сауда – көңіл көтеру оның біріктіре құрылған (өзгеше үйлесімділігін айта кету керек) «Нұрдәулет» кешені де назар аударарлық орын.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық белсенділік Қарағанды мен Шымкент сияқты өнеркәсіп орталықтарынан елдің батысындағы мұнайлы облыстардың орталықтарына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау) ауысты.
Қазақстанға депортацияланған халықтардың өкілдері мен республика5а 1970 – 1980-ші жылдары Кеңес Одағының басқа республикаларынан келген мамандардың эмиграциясының кесірінен 1990-шы жылдардың соң мен 2000-шы жылдарың бастапқы кезеңінде қаладағы халық санының азаюы байқалды.
2000-шы жылдары қаладағы құрылыс саласында үлкен серпіліс орын алды: құрылыстың қарқыны бойынша Ақтөбе қаласы мен облысы ел ордасы. Астанадан асып түсті. 2005 жылы 137,1 мың тұрғын үй тұрғызылғаны белгілі болды.
Жеке құрылыс көреткіші жоспарланған мөлшерден бес есе асып түсті. Жалпы алғанда 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2,8 есе артық тұрғын үй қолданысқа берілген екен.

1.3 Құрылыс алаңының жалпы сипаттамасы
«Сәулеттік жобалау» пәнінен берілген жалпы қамтитын ортақ № 1 курстық жоба « Ақтөбе қаласындағы аз кабатты жеке тұрғын үй» тақырыбы бойынша менің курстық жобамның тақырыбы: 2 қабатты 6 бөлмелі эркерлі жеке тұрғын үй. Жеке тұрғын үйдің ось бойынша өлшемдері:
Жобаланған аймақта тұрғын үй жанындағы бос орындар көгалданып, жаяу жүргіншілер жолы орналасқан.
Құрылыс ауданы – Ақтөбе қаласы.
Климат ауданы – ІІІ А
Қысқы сыртқы ауа есептеу температурасы - 250 С
Қарлыжамылғы салмағы горизонтальдық беттің 1 кПа
Топырақтардың мұздау тереңдігі 1.8 м.
Жел қысымы биікте жер бетінің үстінде
Инженер – геологиялық шарттар келесі топырақтармен сипатталады: Топырақтардың тоттылық белсенділігі: Жерлерге объектілердің геодезиялық бөлінуін (ҚНжЕ) жүзеге асырады. Жаяу соқпақтар және жолдар қатты жабынмен жобаланған
II. СӘУЛЕТТІК-ҚҰРЫЛЫСТЫҚ БӨЛІМ
2.1 Бас жоспар
Құрылыс алаңында екі қабатты тұрғын үй, көлікжай, демалыс орны, бассейн орналасқан. Құрылыстан бос алаңда тас жол төселіп, көгалдандырылған.
Жер телім жоспары ------. Жобаның нобайын мемлекеттік стандарттың нұсқауына сүйеніп және құрылыс мөлшері және ережелеріне (ҚНжЕ), сәулеттік жобалау құжаттарына сәйкестендіріп сәулеттік сызбасының масштабтарымен сызылады. ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 «Ғимарат пен құрылыстардың негіздері» [1.28б].
2.2 Телім жоспар бойынша техника техника-экономикалық көрсеткіштер
Жеке тұрғын үй –
Төзімділік деңгейі –
Өртке төзу деңгейі –
2 қабатты тұрғын үй :
ұзындығы –
Конструкция элементтері:
Іргетас – құрастырылмалы , жиналмалы
Сыртқы қабырғасы –
Ішкі қабырғасы –
Едендер – ленолеумды, керамикалық плита, ламинат
Есік, терезелер – пластикалық
2.3 Көлемдік-жоспарлау шешімдері
Көлемдік жоспарлық шешімдері деп – бұл шешімінің негізгі болып қабылданған тұрғын үйдің құрамы мен өлшемін айтады.
Жобаланған курстық жоба Ақтөбе қаласындағы 2 қабатты 6 бөлмелі эркерлі тұрғын үй. Ең алғаш ғимараттың жобасын әзірлеу алдында, орналасқан аймақты ойға ала отырып, алдымен болашақ ғимараттың бейнесін, оның келбетін, оның көлемдерін құрайтын негізгі пішіндемесін жалпы нысанда, сосын барынша нақты құрауға тырысып, жобаладым.
2.4 Бірінші қабат экспликациясы
№ Аталуы Ауданы
м2 1 Дәліз 12,87 Д
2 Жылыту бөлмесі 5,38 Д
3 Санторап 2,24 Д
4 Ас бөлмесі 14,87 Д
5 Қонақ бөлмесі 35,06 Д
6 тамбур 4,77 Д
7 Терасса 12,47 Д
Екінші қабат
№ Аталуы Ауданы м2 1 Жұмыс бөлмесі 8,11 Д
2 Жатын бөлме 8,91 Д
3 Холл 14,86 Д
4 Санторап 2,09 Д
6 Жатын бөлме 10,61 Д
7 Жатын бөлме 22,10 Д
8 Жатын бөлме 12,45 Д

2.5 Қоршау қабырғаларының жылу техникалық есебі
Құрылыс аймағы: Ақтөбе қаласы
1.ҚМжЕ II-3-79* І-қосымшасы бойынша 3 - ылғалдылық аймағын анықтаймыз (құрғақ).
1.МСТ 12.1.005-76 бойынша бөлмелердің ішкі температурасы және жобалау нормалары бойыншаТB= от 18-20 0 C.
1.Қажетті көрсеткіштерді жинақтап кесте жасаймыз.
Қабат
атауы Қабат
қалыңдығы
Жылу
өткізгіштік
Жылу
қабылд.
коэфф.
S=Bm/M2C0 Жылу
беруге
кедергі Ri=M2C0/Bm
Цементті-құмды ерітінді 0.02 0,76 9,60 0.003
Силикат
кірпіш
X 0,76 9,77 0,451
Цементті-
құмды
ерітінді 0.02 0,76 9,60 0.003
4. tn- 0,92 қамтамасыз ететіндей ең салқын бес күндік және ең салқын тәуліктер температурасының жартысын аламыз

5. Жылу беруге қажетті кедергіні мына формула бойынша анықтаймыз:

мұнда n- қоршау конструкцияларының сыртқы бетінің сыртқы ауаға қарағанда қатынас коэффициенті, ҚМЕ 11-3-79*№ 3 кесте бойынша қабылдаймыз n=1,
tn- Сыртқы ауаның есептік қысқы температурасыtnһ – 18 0С
∆tH – температураның нормативті ауысуы № 2 кесте бойынша анықталады;
∆tH = 7 0С
£b жылу беру коэффициенті № 4 кесте бойынша анықталады
£b = 8,7 Вт/ М2С0 анықтаймыз :

7. Жылу беру кедергісін анықтаймыз
,
мұнда £ n қысқы жағдайларда жылу өткізгіштік коэффициенті
Ri=σλLn= 23 Вт/ М2С0

σ = R2 , λ= 0,18*0,76=0,14
Қабырға қалыңдығы 510 мм. қабылданған.

2.6 Ғимараттың құрылымдық шешімдері
Жеке тұрғын үйдің ось бойынша өлшемдері:
Бірінші қабаттың биіктігі:..........
Екінші қабаттың биіктігі:
Жалпы биіктігі: 6.0м
Іргетас құрастырмалы-жиналмалы болып жобаланды.Сыртқы көтеру қабырғаларының қалыңдығы - 510 мм. Ішкі көтергіш қабырғалар – 380мм.
Іргетас ғимараттың немесе құрылыстың, түсірілген салмақты – жердің негізгі қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер немесе су астындағы бөлігі; ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.
Аз қабатты тұрғын үйдің құрылымдық шешімдері қаңқасыз тұрғын үйге жатады. Жеке тұрғын үйімнің іргетасы жиналмалы блоктардан құрастырылған, іргетас көпшіктері жиналмалы құрастырмалы. Өлшемдері Каталог «ТОО Строй Деталь» бойынша таңдалған.
Қабырғаларға келетін болсам осы жобамда қабырға тастар мен қыш тақтайшалары пайдаланылды.Сыртқы қабырғаларына табиғи тас «Ракушняк» тасы пайдаланылады.Бұл тасты пайдалану себебі ғасырлар бойы табиғаттың өзінің қалауымен жасалған құрылыс материалдары. Табиғи тас теңіздің түбінде пайда болған және адамның өміріне химиялық қосылыстарға өте бай құнды құрылыс материалы болып есептеледі.
Бұл тастың құрамына қарай, қаттылығына қарай бірнеше түрі болады. Химиялық құрамы адамды таңқалдырады, ракушняктың ішінде теңіз тұзы бар.
Тастың құрамына қарай қабатталған теңіз малюскалары, құмнан, известтен және әртүрлі элементтермен табиғаттан құралған материал. Оның қиындысынан табуға болады: ертедегі фауна және флора қалдықтарын табуға болады.
Жылу өткізгіштігі : силикат кірпіштің жылу өткізгіштігі қыш кірпіштің мықтылығына және жылу өткізгіштігіне кем бөлінеді. Силикат кірпіштің жылу өткізгіштік күші -0,070 В/м С. Кірпіштің тығыздығы -1750кг/м. Бұл кірпішті жақында ашқан небәрі 130 жыл бұрын, бірақта көп сұранысқа ие.Салмақ түсетін қабырға 510см, болып қаланған. Салмақ түспейтін қабырғалары, яғни бөлмелерді бөлуге арналған қабырға 120см болып қаланады. Салмақ түсетін қабырғаға төбе жабынынан, шатырдан түскен салмаққа қарсы төтеп береді.
Қабырға қалағанда арасы раствор салынып қаланған. Қабырғаның сырты да ішкі беті де, бөлмелерді бөлуге арналған қабырғаларды да құм ерітіндісі мен сылақ жүргізіледі.Содан құм ерітіндісінен кейін гипс ерітіндісі сылақ, соңынан қабырға бетіне желімді ертінді шпаклевка сылақ жұмыстары жүргізіледі.Жеке тұрғын үйдің санторап бөлмесінің қабырғасы қыш тақтайшамен (кафель) жабыстырылған. Қабырға, сылақ, әрлеу жұмыстары құрылыс мөлшері және ережелеріне (ҚНжЕ) сай сақталынған.
Ал менің еденіме ламинат төселінеді, ламинаттың астына подлошка жайылады, қабырға мен еденнің түйіскен жерінде қазіргі заманға сай пластмасса бір-біріне кигізілетін плинтус орнатылған.
Шыны сәулетші материалы ретінде тарихта өте бай.
Шыны өнеркәсібінің алға басқан техникалық прогресі ХVII ғасырда жапырақ шынының пайда болуына жол аша отырып, біздің шыныға деген күнделікті қарапайым көзқарасымызды түбегейлі өзгертті.
Адамның күнделікті қолдану сферасында шыны соңғы жылдары кең қолданыста.Бұл дегеніміз шыны қазіргі таңның өзгертілмейтін атрибутына айналды.
Дүниежүзінің сәулетшілері мен дизайнерлерін шынының түпнұсқалылығы, мөлдірлігі мен ерекше дыбыс изоляциялық және және жылу изоляциялық қасиеттері қатты қызықтырады.
Заманауи сәулеттік шыны – бірегей құрылыс және ерекше өңдеу материалы бола алады және ол өзінің аса нәзіктігіне қарамастан химиялық әсерлерге берік болып келеді.
Бастысы – сәулеттік нысандардың тектоникалық структурасына жаңа, ерекше мүмкіндіктер аша отырып, сәулеттік-дизайнерлік жобалау шешімдерінің сан алуандылығына үлкен мүмкіншіліктер береді.
Шыныны пайдаланудағы оның негізгі абстракциялық қасиеті бар, бұл оны шексіз қылып көрсетеді. Шыныны тондауға (тонировать) оған айна тәрізді қылдыруға болады, ол бір текті болуы мүмкін, бірақ ол өзінің басты қасиеті мөлдірлігін жоғалтпайды. Бұл қасиетін сан алуан пайдалануға болады.
Ғимараттың сыртын шыны мен жабдықтай келе ол тек мөлдір болмай, ол металл және тас тәрізді тұнық болуы мүмкін. Сонымен қатар шыны өзінің күн өткізгіштік қасиетімен ғимараттың кей бөліктеріне күн сәулесінің өтуіне әсерін тигізеді.
Қазірде шыны жаңа заман сәулетінде қаланың көп қабатты үйлерді, жеке тұрғын үйді, демалыс орындарын тұрғызуда лайықты және үлкен сұранысқа ие. Мен де жобамның яғни жеке тұрғын үйімнің екі жақ бөлігінде орналасқан үлкен екі тереземді осы сәулеттік шыны материалымен құрастыруды жөн санадым.
2.7 Қабаттар аражабындары мен төбежабындары бойынша тізімі
Жоб. көрс. Аталуы Серия.ГОСТ. ТУ. Өлшемі (мм) Масса
(тн) Түйір Еск.
L B H Т-1 ЖТ 65.12 СТРК 949-92 6500 1200 220
2,3 32 Т-2 ЖТ 31.12 СТРК 949-92 3100 1200 220 1,5 15 2.8 Іргетас көпшіктері және блоктары бойынша тізімі
Жоб. көрс. Аталуы Серия ГОСТ.ТУ. Өлшемі (мм) Масса
(тн) Түйір Ескерту
L B H ФБС-1 ФБС 24.6.6 ГОСТ 13579-78 2400 600 600
1,96 25 ФБС-2 ФБС 12.6.6 ГОСТ 13579-78 1200 600 600 0,96 12 ФБС-3 ФБС 24.4.6 ГОСТ 13579-78 2400 400 600 1,3 8 ТҚБ Тұтас құйма бетон т/б - - - - - 1.0м3
2.8 Іргетас көпшіктері бойынша тізімі
Жоб. көрс. Аталуы Серия.ГОСТ. ТУ. Өлшемі (мм) Масса
(тн) Түйір Еск
L B H ФЛ-1 ФЛ 12.24 СТ РК 956-93 2400 1200 300
1,63 37 ФЛ-2 ФЛ 14.24 СТ РК 956-93 2400 1400 300 1,9 8 ТҚБ Тұтас құйма бетон т/б - - - - - 0.5м3

ІІІ. САНИТАРЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Жылумен қамтамасыз ету

Жылумен жабдықтау – тұрғын үйлерді, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ, тұтынушыларды жылу тасығыштар (ыстық су немесе бу) арқылы жылумен қамтамасыз ету; тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік үймереттер мен технологиялық тұтынушыларға жылыту, ау алмастыру, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу тасығыштың (ыстық су не бу) көмегімен жылумен жабдықтау.
Жылумен жабдықтау жылу көзімен, жылу тасығышты тұтынушыға жеткізетін жылу торабынан және жылу тұтынатын қондырғылардан тұрады. Жылумен жабдықтау бір орталықтан жылумен жабдықтау және жергілікті жылумен жабдықтау болып ажыратылады. Бір орталықтан жылумен жабдықтау жылуды өндіру орнынан тысқары орналасқан көптеген тұтынушыларға жылу жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мұндай жағдайда қала мен өндіріске қажетті жылу көзі ретінде жылу электр орталықтры (ЖЭО) ж»не жылыту қазандықтары кеңінен таралған. Бір орталықтан жылумен жабдықтау жүйесіне қарағанда отынды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның құрамына жылу көзі (қазандық немесе ЖЭО) және жылуды тұтыну орындарына жеткізіп беретін құбырлар кіреді.
Үйлерді ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу тораптарына қосу тәсіліне қарй бір орталықтан жылумен жабдықтау жабық және ашық жылумен жабдықтау жүйелеріне бөледі.
Бірінщі жағдайда ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу тораптарына су ысытқыштар арқылы жалғанады. Мұнда жылумен жабдықтау жүйесінің барлық тораптық суы жылумен жабдықтау көзіне қайтып оралады. Екінші жағдайда су жылу торабынан тікелей алынады. Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерін дербес (цех, бөлме немесе пәтер дербес жылу көзінен, соның әшәнде пеш арқылы жылумен қамтамасыз етіледі) және жеке (әрбір ғимарат өзінің жылу көзімен жабдықталады, оны ғимаратты орталықтан жылыту деп атайды) жылумен жабдықтау түрлеріне ажыратады.
3.2 Жылыту және желдету

Көп функционалды ғимараттар мен кешендерді жылытуды, желдетуді, ауабаптауды, және апаттық түтінде қарсы желдетуді ҚР ҚНжЕ және осы тараудың талаптарына сәйкес жобалау керек. Жылыту, желдету жүйелерін (әрі қарай – жылумен қамтудың ішкі жүйелері) жылумен қамтуды орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерінің жылыту тораптарынан жүзеге асыру керек. Жылумен қматудың ішкі жүйесін орталықтандырылған жүйеге қосу, ғимаратты жылытуға қажетті көлемде үзіліссіз беруді қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзее асыру мүмкін.
Жылуммен қамтудың ішкі жүйесі үшін жылу беруді 100% резервін қамтамасыз ету жобалауға берілген тапсырмада белгілінеді.
Желдеткіштерге қойылатын гигиеналық талаптар ауадағы арнайы метеорологиялық шарттар мен оның тазалығын сақтап , бірқалыпты ұстап тұруды қарастырады. Жобалаудың санитарлық нормасы өндіріс бөлмесінде қолдануға жіберілетін зиянды заттардың газдар мен шаңның концентрациясының ең жоғарғы мәнін қарастырады.
Техникалық негіздемелер болған жағдайда ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2008, ҚР ЕЖ 4.02-103-2002 сәйкес жобаланатын жылумен қамтудың автономды көзі (ЖАК) қабылдануы мүмкін.
Жылыту жүйесіне монтаж жасауды ҚНжЕ 3.05.01-85 сәйкес жүргізіледі.
3.3 Сумен қамтамасыз ету
Сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау— елді мекендерді, өнеркәсіп орындарын, көлікті және т.б. сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын әртүрлі жұмыстардың жиынтығы.
Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су кұбыры деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі жүйесі талықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін жер үсті (өзен, көл, теңіз) және жер асты сулары пайдаланылады.
Сумен жабдықтау жүйелері деген суды табиғи көздерден қабылдап, оның сапасын жақсартып пайдаланатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік ғимараттар мен шаралардың кешені.
Елді мекенді немесе өнеркәсіп, кәсіпорынды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі, жер бетіндегі немесе жерасты көздерінен суды алып, оны тазалап және өңдеп тұтынушыларға уақытысында қажетті мөлшермен жеткізуді қамтамасыз етуі керек. Осы мақсатпен сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттарға, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғы станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арналған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді.
Сумен жабдықтау жүйелерін төменгі бірқатар белгілермен жіктейді.
1. Қызмет көрсету нысанының түріне байланысты: тұрғын жерді (қалаларды, кенттерді, ауылдарды) сумен қамтамасыз ету жүйесі, өндірісті сумен қамтамасыз ету жүйесі; ауылшаруашылықты сумен қамтамасыз ету жүйесі.
2.Тағайындауы бойынша: шаруашылық және ауыз суының жүйесі; өндірістік жүйе; өрттен сақтау жүйесі.
3. Бір жүйемен бірқатар нысандарды қамтамасыз ететін болсақ топталған немесе аудандық жүйелер болып бөлінеді
4.Пайдаланатын табиғи су көздерінің түріне байланысты: жер бетіндегі су көздерінен су қабылдайтын жүйелер; жер астындағы суға бейімделетін жүйелер; аралас қоректену жүйелері.
5. Суды жеткізу тәсіліне байланысты айыру: өздігінен ағатын су құбыры бар жүйелер; суды механика арқылы сорғыны қолданып жіберу жүйелері.
6.Өндірісті сумен қамтамасыз ету жүйесі өзінше суды пайдаланатын тәсіліне байланысты былай жіктеуге болады: тіке ағызу жүйелері; қатармалы жүйелер; айналма жүйелер.
Сумен жабдықтау жүйесінің ғимаратының негізгі құрамы әр түрлі болумен қатар, олар келесі аталған факторларға байланысты болады. Оларды атайтын болсақ-су көздерінің түріне, ондағы су құрамына, судың сапасына тұтынушының қоятын талабына, жердің бедеріне, нысандардың саны мен түріне байланысты болады.
Елді мекендер мен өнеркәсіп орындарын сапалы сумен қамтудың санитарлық-гигиеналық және шаруашылық маңызы зор. Қазіргі заманғы қалалар мен өнеркәсіптік өндіріс орындарының қажеттілігі үшін қатаң талаптарға сай сападағы үлкен су қоры қажет.
Табиғи су көздерінен су алуға, оның сапасын жақсартуға (яғни тазартуға) және тұтыну орындарына жеткізуге арналған инженерлік құрылымдар кешені сумен қамту жүйесі деп аталады.
Сумен қамтуға арналған табиғи су көздері негізінен екі топтан тұрады:
1. Беттік су көздері - өзендер, көлдер және су қоймалары;
2. Жер асты су көздері – артезиан сулары мен бұлақтар.
Өзен сулары лайлылығымен (әсіресе, су тасу кездерінде), құрамында органикалық заттардың, бактериялардың және өзіндік түсінің болуымен ерекшеленеді. Солай бола тұра, өзен сулары құрамында тұздар аз болады.
Көлдер мен су қоймаларының суларында қалқыма заттар аз болады, өзіндік түсі болады, құрамында органикалық заттар көп және жаз кездерінде планктома кездеседі. Көл суларының минерал құрамы әр түрлі болуы мүмкін.
Беттік су көздерінің сапасы атмосфералық жауын-шашынның түсу қарқындылығына, қардың еруіне және беттік ағын сулардың ластауына байланысты болады.
Табиғи суларда (беттік және жер асты) айналу процесі нәтижесінде қоршаған ортадан түсетін түрлі қоспалар кездеседі. Су құрамындағы барлық қоспалар дисперстік дәрежесіне байланысты үш топқа бөлінеді:
1. ірі дисперсті немесе қалқымалы қоспалар;
2. коллоидты дисперстік қоспалар;
3. молекулалы-иондық дисперсті қоспалар.
Ірі дисперсті (қалқымалы) қоспаларға өлшемі 10 ммкм ірі түйіршіктер жатады. Ірі дисперсті қоспалар механикалық сүзгілер арқылы ұсталынады және олар уақыт өте келе тұнбаға түсуге қабілетті.
Колоидтық дисперстік қоспаларға өлшемі 1-ден 10 ммкм-ге дейінгі түйіршіктер жатады. Мұндай қоспаларды механикалық сүзгімен ұстау мүмкін емес, және олар ұзақ уақытқа дейін тұнбаға түспейді.
Молекулалы-иондық дисперстік қоспаларға өлшемі 1 ммкм-нен кіші, яғни молекулалық және иондық ыдырайтын (суда еріген тұздар, сілтілер, қышқылдар және т.б.) қоспалар жатады.
Молекулалы-иондық дисперстік қоспаларға өлшемі 1 ммкм-нен кіші, яғни молекулалық және иондық ыдырайтын (суда еріген тұздар, сілтілер, қышқылдар және т.б.) қоспалар жатады.
3.4 Кәріздендіру

Кәріздендіру суды гигиеналық және шаруашылықтың қажеттіліктер үшін пайдалану.нәтижесінде пайда болатын нақақтар мен ағын суларды ағызып әкетуге және тазалауға арналады.
Үйге суқұбырын қосуға тек кәріздендірудің ағын суларды санитарлық құралдардан ағызып әкететін құбырлары бар болса ғана жол беріледі.
Нақақты (фекальді) немесе «сұр» (қолжуғыштардан,ванналардан және асүйлік раковиналардан түсетін ), ағын сулар ішкі құбырларымен (бұл құрылыстың шекарасын қиып өтетін құбыр) үйде шығаруға әкелінеді ал мұнан кейін кәріздендіру сыртқы : алдымен аулалық, сосын көшелік жүйесіне түседі. Кәріздендіру көшелік желісі жоқ болса, әр үйден жекелей көрші үйлердің тобынан (жетгілікті кәріздендіру) ағызып әкетуге және тазартуға тура келеді.
Ішкі кәріздендіру желі.Кәріздендіру 100 мм диаметрлі, 0,012-ден кем емес көлбеулікті құрастырмалы құбырлы бірінші қабаттың еденінің астына төселеді.Оған раковиналардан ,қолжуғыштардан және ванналардан 50 мм диаметрлі ,0,025-тен кем емес көлбеуліктің , дәретшанақтардан және желдету тікқұбырларынан 100 мм диаметрлі, 0,012-ден кем емес көлбеулікті бұрылма ағызбалар түседі.
Санитарлық құралдардан, дәретшанақтардан басқаларынан, шығарылмалар гидравликалық қалпақ желілерден иістер мен газдардың бөлмелерге ( дәретшанақта сифон құрамына енгізілген) таралуына кедергі жасайтын сифондармен жарақтандырылады.
Шығарылманы үйдің іретасында немесе үйасты қабатының қабырғасында төсеу үшін өлшемі 300х300 мм тесік қарастырылады. Құбырды төсеген соң тесікті сазбетонмен (қиыршық тасты илемді саз қоспасымен ) бекітеді.
3.5 Газбен қамтамасыз ету
Газбен қамтамасыз ету жүйесінде негізгі элемент газ құбырлары болып табылады. Олар газдың қысымына , арналуына және орналастыру әдісіне байланысты жіктеледі.
Тұрғын үйлерді қамтамасыз ету көбінесе көшедегі төменгі қысымдағы газөткізгіштерінен болмаса немесе қуаттылығы жетпесе, үйлердің қамтамасыз ету көздері ретінде орташа немесе жоғары қысымды газөткізгіштерді қолдануға болады. Бірақ бұл жағдайда міндетті түрде бекетті реттегіш құрылғы болуы керек.
Газбен қамтамасыз ету әрекеттігі «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері «23.06.03ж ҚНжЕ 2.04.08-87* «Шаруашылығы басқармасы» ЖШС берген техникалық шарттарға сәйкес келген.
Сыртқы жылуды ГОСТ 10704-91 бойынша шойын трубаларынан орындалады ,жер үсті газ өткізгіш құбырлар астарлау бойынша 2 реттен майлы бояумен боялады, жерасты «Өте күшейтілген» тип бойынша оқшауланады оқшауланады. Тығыздалған кейін құбырлар боялғасын газ құбырларының ішкі жүйесі ГОСТ 107004-91 бойынша су газ өткізгіш шойын құбырлардан құралады.
Газ құбырларының жерасты бөлімдерді электрохимиялық қорғау бүкіл мөлтек ауданда ГИП «Казгипрогаз» кешенді бөлімімен шешіледі.
Сыртқы газбен қамтамасыз ету әрекеті «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері» 26.06.03 № 53 СНиП 2.04.08-87 «газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС берген техникалық шарттарға сәйкес игерілген және төменгі қысымда газ құбырынан Q раб=8500 ккал/н.м3 тарихи газбен жүзеге асырылады.
Ғимаратқа газдың 1 сағаттық шығын есебі – 5,4 нм3/сағ. Жобаланған газқұбыры жерасты және ғимарат фасады бойынша салынады.
Жерге салынған газ құбыры өте күшейтілген оқшаулармен жабылады.
Газ құбырларының жерден шығар жерінде оқшаулау фланце орнатылады. Газ құбырларының үйге кірер жерінде ажыратқыш құрылғы орнатылады.Жер бетіндегі газ құбыры атмосфералық тоттанудан 2 қабат астарлау және 2 қабат бояудан тұратын жабынмен қорғалады. Зауыттық дәнекерлеу қосылысынығ 100 пайзы бақылауынн кем емес әдістерімен және созылуға дәнекерлеу жолдарын сынаудан өткен,ГОСТ 00705-80 бойынша ст.3 шойыннан
ГОСТ 10704-91 бойынша электр дәнекерлеуіш шойын трублары. Газ құбырының орнын толтыру трассаның табиғи есебінен шешіледі. Газ құбырының құрылысын және құрастыруын ҚМжЕ 2.04.08-2012 және ҚНжЕ 3.05.08.2015 және «Газ шаруашылығындғы қауіпсіздік ережелері» сәйкес жүргізіледі.
3.5 Электр қамтамасыз ету және электр жабдықтары
Электр жабдықтарының автоматты түрде қосылу мен сөну жүйесінің жұмысын бақылап және қамтамасыз етілген. Электр жабдығына қызмет көрсету барысында қолданатын электро – құралдың номиналды кернеуліболуы тиіс: жоғары қауіптілігі жоқ кеңісіктерде 42 В аспауы тиіс . Электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтарды «энерго» ААҚ берген 21.03.02 ж № 297/236 техникалық шарт негізінде орындалған. Негізгі көрсеткіштер: есептік қуаты 41,9 квт, қуат коэффиценті 0,92.
Тікбөлімдер кіргіш жарлар ізінде поливинихлоридті құбырларда жасырын орындалады, топтық жарық желісі жаппа плиталарының қуысында және жасырын кірпіш жарлардың сылақастында ППВ маркалысымен жобаланады. Электр жабдықтарын құрастыру және жерге байластыру ПУЭ сәйкес жүргізіледі.
Сыртқы желі 0,4. Әрекеттігі ТП – 51 екі кабель желісі ғимараттардың құрылғысының кірмесіне дейін салынады және ғимараттар арасында апаттық тосқауыл қарастырылады. Повистиельді сорап станциясының қоректендіру ғимараттардың ВРУ-нен қарастырылады . 0,4кВ желісі дайындық қабаты қалыңдығы 10 см 0,8 тереңдік орда КВВГ, ВВГ, ААШпсУ-1 маркалы кабельдермен жобаланған.
Жер асты инженерлік жүйелермен кабельдің қиылысуын ФБС 100мм асбоцементті құбырмен орындау. Жерге қосуды контуры 50*50*5 мм көлемді бұрышты шойынмен және 40*40 мм тілінген темірмен орындалады.
3.6 Электрмен қамтамассыз ету және электр жабдықтары
Қазіргі уақытта электрмен қамтамасыз ету желісінің жалпы ұзақтығы 8699,26 шақырымды, ТҚС, КТҚС-1262 бірлік, оның ішінде коммуналдық меншіктегісі-2812,03 шақырымды, жеке меншікке тиесілісі-5611,52 шақырымды құрайды. Тозығы жеткен желілер 63,5 %-ды, оның ішінде коммуналдық меншікке тиесілісі-823,68 шақырымды немес 24,4%-ды құрайды. Берілген көрсеткіштердің басым құрамдас бөлігін 52% немесе 360 шақырымды алып жатқан Ақтау қаласына қарасты желілері, ТҚС, КТҚС құрайды. 
Энергиямен қамтамасыз ету және энергияның тиімділігін арттыру бойынша мәселелерді шешу мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан облыстағы энергиямен қамтамасыз ету саласындағы ірі энергетика кәсіпорындарымен жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш кәсіпорындар тарапынан  энергиямен қамтамасыз ету, жабдықтарды жетілдіру, «МЭТК» АҚ, «АЭЖБ» МҚК нысандарында электр қуатын бақылау мен есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу, жарықтандыру желілерінде энергия үнемдеу шамдарын пайдалану бойынша кешенді жоспарлар әзірленді. 
3.7 Өртке қарсы және жарылуы қауіпсіздік іс-шаралары
Өртке қарсы «Ғимараттар мен ғимарат жобалауды өртке қарсы нормалары» ҚНжЕ 2.01.02-85 талаптарына сәйкес орындалған. Атап айтсақ: түтін кірмейтін сатылы торлармен, түтіннен тазартатын жабдықтармен , өртке қарсы крандарға қосылған өрт сөндіруге арналған су құбырлармен, автоматты өрт дабылдарымен және тағы да басға құралдармен жабдықталады.
Осындай үйдің әр тұрғыны тұрғыны ғимараттың негізгі өрт кезінде әрекет ету алғышарттарын білуі тиіс. Көп жағдайда, өрт кезінде ауа қысымының тым жоғары болуынан және көк түтіннің әсерінен пәтерден далаға шығу мүмкін болмайды. Осындай жағдайда балкондарда орнатылған темірден жасалған өрт сатыларымен түсуге болады.
Үй – жайлардың, ғимараттар мен құрылыстар өртке қарсы жүйелері мен қондырғыларын (түтінуге қарсы қорғаныс, өрт сөндіру , автоматтардың құрылғылары, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелері, өртке қарсы есіктер, қақпақтар, өртке қарсы жасалған қабырғалар мен аралықтардағы басқа да қорғаныс қондырғылары) жарамды жұмыс күйінде ұстау қажет.
Көбік – анағұрлым тиімді және кең қолданылатын өрт сөндіргіш зат, ол газбен толтырылған көбікшелерден тұратын сұйық коллойдты оқшауғыш қасиеті бар дүйені құрайды.
Адамдарды ғимараттан қауіпсіз шығарудың бір жолы – түтін кірмейтін арнайы сатылық торлар арқылы көшіру.Сол арқылы халыты өрт шыққан ғимараттан қауіпсіз жерге шығаруға болады. Пәтерлердің кіре беріс бөлмелерінде өрт шыққанда хабар беретін нүктелер орнатуға болады, оның қосылғаны туралы дабыл өрт диспечерлік бөлмелеріне жетіп отырады. Өрт кезінде лифт арқылы адамдарды тасымалдауға болмайды, оларды бірінші қабатқа түсіріп содан кейін ажыратады.
Имараттардың, құрылымлдар мен құрылыстардың өртке қарсы қорғау қорғау жүйелері адамдарды ауіпсіз аймаққа қауіпті өрт факторларының шекті рұқсат етілген мәндері болғанға дейін эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Ғимараттардың құрастырылымдық шешімдерінде өрт және өртті сөндіру кезінде адамдарды құтқару үшін қажетті уақыт ішінде оларға жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін құралдар (басқыш шабықтары, өртке қарсы қабырғалар, өрт сөндіру лифтілері, сыртқы өрт сөндіру сатылары, апаттық люктер) қарастырылуы керек .
Ғимараттар мен құрылымдардың электр жабдығы олар орнатылған жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың жанғыш қоспаларының санаттары мен топтарына сәйкес болуға тиіс.
Өрт пайда болған кезде құнды материалдардың және адам өміріне қауіпі төнеді. Қазірі кезде құрылыс мөлшерлері мен ережелеріне сай ҚР ҚНжЕ ІІ89-80, ҚР ҚНмЕ ІІ 109-79, ҚР ҚНмЕ ІІІ 4-80 тіркелген. Осы мөлшерлер мен ережелерді қарай отырып, олардың талаптарына сәйкес орындалған.


ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.ҚР ҚНмЕ 3.02-43-2007* Тұрғын ғимараттар – 5 – 7 – беттер,11 бет
2.ҚР ҚНмЕ 5.01-01-2002 Ғимарат пен құрылыстардың негіздері-28 бет
3. ҚР ҚНмЕ 4.01-41-2006 Ішкі су құбыры және ғимараттарды кәріздендіру -25 бет
4. ҚР ҚНмЕ 4.01-02-2009 Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар – 23 бет
5. ҚР ҚН 4.01-05-2002 2009 Сумен жабдықтау желілері мен пластмасса құбырлардан жасалған кәріздерді жобалау және монтаждау бойынша нұсқаулық – 15 бет
6. ҚР ҚНмЕ 2.02-05-2009 Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі – 26 бет
7. ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 Жылыту, желдету және кондиционерлеу – 10 бет
8. ҚР ҚНмЕ 3.05.08.88 аз шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері – 12 бет
9. ҚР ҚНмЕ 8.02-16-2003 Көп функционалдық ғимараттар мен кешендер-8 бет
10. ҚР ҚНжЕ 4.04-10-2002 Электротехникалық құрылғылар-20 бет
11. ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы – 2 бет
12. ҚР ҚНжЕ ІІ-4-79 Табиғи және жасанды жарықтану – 9-12 беттер
13. ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі – 9-10 беттер
14. ҚР ҚНжЕ 5.01-01.2002 Ғимаратар мен құрылыстардың негізі – 3-5 беттер
15. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008* Қала құрылысы. Қала құрылысы. Қала және елді мекендерді жоспарлау және салу – 15 бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындыға келсем «Ақтөбе қаласындағы аз қабатты жеке тұрғын үй» тақырыбындағы жобалаған жобамның есептік түсініктемесін жазып толықтырдым. Кустық жобаны жобалаған кезде жеке тұрғын үйді зерттеп, талқылап үйдің негізгі көтергіш, сыртқы және ішкі қабырғаларын, төбе жабдықтарымен аражабынды қмтамасыз ететін құрылыс конструкциясымен таныстым. Құрылыс ауданы мен нысанның көлемін есептеп шығаруды үйрендім. Мен осы курстық жобаны жобалау кезінде көптеген арнайы оқулықтарды, құжаттарды және нұсқаулықтарды пайдалануды үйреніп, қажетті технологиялық шешімдерді табуға тәжірибе алдым. Осының арқасында ой-біліктіліім артып ой өрісім кеңейді.
«Сәулеттік жобалау» осыған дейін оқып үйренген теориялық және сарамандық сабақтарда алған білімдерімнің қорытынды жинағын көрсетеді. Бұл курстық жобаның жалпы мақсаты менің теориялық білімімді іс жүзінде қолдануыма ықпал етіп қана қоймай, алдағы қоғамдық ғимарат курсты жобамды және келешектегі дипломдық жобамды сапалы да, сәтті орындауыма көмегін тигізеді деп ойлаймын. Болашақта осы алған білімді одан әрі дамытып өз мамандығымды жетіке меңгерген жаңа заманға сай, бәсекеге қабілетті маман болғым келеді.
Сонымен қатар тәуелсіз елімнің осы салада дамып өркендеуіне өз септігімді тигізіп, сәулет өнеріне ерекше стильдік шешімдер ойлап тауып, осы жүзее асыруға бар ынтамды саламын.

Приложенные файлы

  • docx 8818637
    Размер файла: 85 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий