Антропология жауаптары


№ Сұрақ Бөлім
1 Әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні және адам туралы толық білімді қалыптастырудағы оның атқаратын рөлін сипаттаңыз 1 Сұрақ
2 Антикалық философтардың адамның мәні туралы ойларының әлеуметтік маңызын дәлелдеңіз 1 Сұрақ
3 Мәдениет және өркениет ұғымдарының арақатынасына салыстырмалы талдау жасаңыз 1 Сұрақ
4 Әлеуметтік антропологияның теориялық және практикалық құндылығына қатысты эссе жазыңыз 1 Сұрақ
5 Салыстырмалы әдістің әлеуметтік антропологияда қолданылу ерекшелігін көрсетіңіз 1 Сұрақ
6 Адам туралы конфуций ілімінің мәнін түсіндіріңіз. Бұл ілімнің негізгі құндылықтарын топтастырып көрсетіңіз. 1 Сұрақ
7 Аралас антропологиялық типтер, олардың қалыптасуына әсер ететін факторларға социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз 1 Сұрақ
8 Нәсілдік антропологиялық  мектептің теориялық тұжырымдарына сипаттамалық талдау жасаңыз 1 Сұрақ
9 Медициналық антропология, негізгі мәселелерін бөліп көрсетіңіз 1 Сұрақ
10 К.Леви-Стростың әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні туралы ойларына түсініктеме беріңіз 1 Сұрақ
11 Қазақ халқының этнографиялық мұраларының қазіргі уақыттағы өзектілігін дәлелдеңіз 1 Сұрақ
12 Антропогенез және палеоантропология. Адамның саналы жануар екендігін бейнелейтін философиялық көзқарастардың ерекшелігін сипаттаңыз 1 Сұрақ
13 Технологиялық мәдениеттің салдарларына  антропологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан талдау жасаңыз 1 Сұрақ
14 Адамның интегралды табиғаты туралы көзқарастардың философиялық мәнін ашып көрсетңіз 1 Сұрақ
15 Этногенездің мәнін нақты оқиғалар негізінде сипаттап түсіндіріңіз. 1 Сұрақ
Феминизм және антропология. Феминистік қозғалыстардың қоғамдық  қатынастарды өзгертуге әсерін сипаттаңыз. 2 Сұрақ
16 И.Канттың философиялық антропологияға қосқан үлесіне баға беріңіз 2 Сұрақ
17 Қазіргі философияда білімнің антропологизациялану тенденциясын көрсетіп, оның себебін түсіндіріңіз 2 Сұрақ
18 Антикалық философияда қалыптасқан  адам туралы тұтас теорияның мазмұнына қандай сипаттама беріңіз 2 Сұрақ
19 Философиялық антропология және оның қалыптасуының алғы шарттарын атап көрсетіңіз 2 Сұрақ
20 Қалалық антропологияның негізгі ұғымдарына терминологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз 2 Сұрақ
21 Антропологиядағы гендерлік  сұрақтар. Гендерлік стереотип және оны өзгерту мәселелерін тұжырымдаңыз. 2 Сұрақ
22 Антропогенетикалық зерттеулердің мәнін ашып көрсетіңіз. 2 Сұрақ
23 Қазақстанның этносаясатының негізгі бағыттарын баяндап, этносаралық қарым-қатынастардың қалыптасуына талдау жасаңыз. 2 Сұрақ
24 Этностар дағдарысының  эндогендік және экзогендік  факторларын бөліп көрсетіңіз 2 Сұрақ
25 Этностар мәдениетінің негізгі атрибуттарын атап, олардың қазіргі қоғамдағы рөлдеріне тоқталыңыз. 2 Сұрақ
26 Биологиялық және әлеуметтік жан ретіндегі адамның эволюциясына сипаттамалық талдау жасаңыз 2 Сұрақ
27 Адамның биопсихоәлеуметтік жан ретіндегі бейнесін жасаңыз 2 Сұрақ
28 Нәсілдік антропологиялық мектептің қалыптасу ерекшеліктеріне тарихи тұрғыдан талдау жасаңыз. 2 Сұрақ
29 Адам табиғатын оның қажеттіліктерінің жиынтығы ретінде қарастырған  көзқарастардың ерекшелігіне социологиялық тұрғыдан баға беріңіз 2 Сұрақ
30 Қазақ халқының  қалыптасуында әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың атқаратын рөліне социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз   3 Сұрақ
31 Э.Дюркгеймнің діни антропологияның дамуына қосқан үлесін «Діни өмірдің қарапайым түрлері» еңбегіне талдау жасау арқылы көрсетіңіз. 3 Сұрақ
32 Этнос пен ұлт ұғымдарының айырмашылығына салыстырмалы талдау жасап, азаматтық ұлт ұғымының қалыптасу жағдайларын атап көрсетіңіз. 3 Сұрақ
33 Техногендік өркениеттің салдарлары, адамзат болашағына тигізер жағымсыз әсерлері, бұл әсерлерді болдырмау үшін қолданылатын шараларды атап көрсетіңіз 3 Сұрақ
34 Антропоцентризмнің мәні неде? Жеке ғалымдардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, түсіндіріп беріңіз. 3 Сұрақ
35 Адамның мәні мен табиғаты туралы  классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңіз 3 Сұрақ
36 Әлеуметтік антропологияның қалыптасу тарихын, жаратылыстанулық және қоғамдық ғылымдармен байланысын салыстырмалы талдауды қолдана отырып түсіндіріңіз. 3 Сұрақ
37 Жаһандану  жағдайында Қазақстанның   басшылыққа алған  стратегиялық жобаларының бірі  – Еуразия идеясын  өзектендірудің негізгі себебін көрсетіңіз 3 Сұрақ
38 Нәсілдердің қалыптасуына әсер ететін факторлардың классификациясын жасап, қазіргі уақытта өзекті болып отырған фактордың ерекшелігін сипаттаңыз 3 Сұрақ
39 Әлеуметтік  және мәдени  антропологияның, этнология мен этнографияның ерекшеліктеріне антропология ғылымының негізін салушылардың көзқарастары тұрғысынан талдау жасап, Қазақстанда антропология ғылымының даму жағдайларын сипаттаңыз
3 Сұрақ
40 Этникалық қақтығыстардағы негізгі сұрақтарға тоқталып, оларды шешу жағдайларын көрсетіңіз. 3 Сұрақ
41 Нәсілдер классификациясының"бейнелеу" және "өлшеу" әдістерінің қолданылу аспектілеріне қатысты сипаттамалық талдау жасаңыз 3 Сұрақ
42 Инфантилизм және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы антропология ғылымында қалыптасқан көзқарастардың ерекшелігін көрсетіңіз 3 Сұрақ
43 Азаматтық ұлт ұғымына анықтама беріп, оның қалыптасу жағдайларына социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз 3 Сұрақ
44 Мультикультурализм, оның мәні. Қазақстанда мультикультурализмге қатысты қалыптасқан «жақтау» және «қарсы шығу» көзқарастарына қатысты тұжырымдама жасаңыз 3 Сұрақ
45 Қаланы  антропологиялық тұрғыдан  түсінуде  әл-Фарабидің  урбанистік көзқарасының маңызы туралы өз  ойыңызды  жазыңыз 3 Сұрақ
46 Қалалық антропологияның Чикаголық мектебінің зерттеу бағыттарының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз 3 Сұрақ
47 Адамның даму тегіне байланысты  түрлі тұжырымдарға талдау жасап,  өз ойыңызды пункттер бойынша  көрсетіңіз. 3 Сұрақ
48 О.Шпенглердің «Еуропаның ақыры» еңбегіне қатысты өз көзқарасыңызды қысқаша түрде баяндап, эссе жазыңыз 3 Сұрақ
49 Қалалық өмірдің сапасы мен стандарттарын сипаттап көрсетіңіз. 3 Сұрақ
50 Қазақтардың нәсілдік сипаттамаларына тарихи  шолулар негізінде антропологиялық талдау жасаңыз. 3 Сұрақ
51 Антропологиядағы гендерлік сұрақтар. Гендерлік антропологияның негізгі мәселелеріне ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау жасаңыз. 3 Сұрақ
52 Қазіргі кезеңнің этносоциологиялық мәселелерінің ерекшеліктерін талдау негізінде өзекті мәселелерді атап көрсетіңіз 3 Сұрақ
53 Томас Гоббс пен Джон Локктың көзқарастарының басты айырмашылықтары неде екендігін  көрсетіңіз 3 Сұрақ
54 Көшпенділер мәдениетінде орын алған номадизм феноменінің басты ерекшелігін бейнелеп,өз ойыңызды тұжырымдаңыз 3 Сұрақ
55 Биологиялық және әлеуметтік жан ретіндегі адамның даму эволюциясына   өркениеттің даму кезеңдері тұрғысынан  салыстырмалы талдау жасаңыз 3 Сұрақ
56 Этнос пен ұлт ұғымдарына сипаттамалы түрде талдау жасап, этногенез процесінің эндогендік және экзогендік факторларын бейнелейтін құбылыстарды атап көрсетіңіз. 3 Сұрақ
57 Нәсілдік антропологиялық мектептің  басты  тұжырымдарын баяндап, нәсілдік теңсіздікке негізделген эксперименттерден мысал келтіріңіз 3 Сұрақ
58 Д.Рисменнің бірөлшемді адам концепциясы бойынша тұлғаның негізгі типтерін сипаттап, Қазақстанда аталған түрлердің басым орын алып отырған типін көрсетіңіз 3 Сұрақ
59 Көпшілік мәдениеті мен тұтыну қоғамының қалыптасу жағдайларына социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз 3 Сұрақ
60 Э.Фроммның «Бостандықтан қашу» еңбегі негізінде тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларға талдау жасаңыз 1.Әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні және адам туралы толық білімді қалыптастырудағы оның атқаратын рөлін сипаттаңыз
Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады. Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді.Морфология - әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланыстыөзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін және тұрмыс жағдайын зерттейді.Этникалық антропология - өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді.Физикалық антрополгия – адамның физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен олардың әртүрлі өзгерістерін зерттейді.
Әлеуметтік антропология-зерттеу обьектсі адам мәдениет және қоғам болып табылатын ғылым және оқу пәні.Бұл түрлі әлеуметтік топтарды, қауымдастықтағы,қоғамдар мен мәдениеттердегі адамдардың өмірлік тәжірибелерінің мәдени тұрғыдан әрқилылығынан зерттеу пәні ретінде қалыптастыратын ғылым. Әлеуметтік антропология пәнінң пайда болуы адамның мәні мен мәндік құрылымы туралы, оның метафизикалық мәндік шығу тегі және әлемде физикалық, психикалық, рухани тұрғыдан көрінуі туралы; оны бағындыратын күш пен билік және олардың күшімен бағындыратын ол туралы;адамның биологиялық, психологиялық , рухани-тарихи және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары мен заңдары туралы фундаменталдық ғылымды жасаудың қажеттігіне байлансты. Әлеуметтік антропология  - әлеуметтану мен этнографияға жақын, адамның шығу тегі мен даму сатыларын, өмірінің мәнін, индустрияға дейінгіаграрлы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды, институттарды зерттейтін ғылым. Антропология ұғымын алғаш грек ойшылы Аристотель енгізді. Бүл ұғым көне грек дәуірінен орта ғасырдың соңына дейін адамның физиологиялық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді.
Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады.Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған.Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары - еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қалуына, дамуына жағдай жасады.Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл – ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып, сонымен бірге еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның ізгілікті бір белесінде өмір сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып табылады.Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады.Н.Н.Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.Сөйтіп, әлеуметтік организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі – мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның даму эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші – сыртқы дүние туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік еркіндігі, құрал – саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз қолымен дамып отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне байланысты оған оның бағыныштылығының арта түсуі.Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы.Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы – оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады.Осының нәтижесінде туындаған Адам өзінің даму эволюциясында ең соңғы нүктеге, яғни «Омега нүктесіне» жетуге ұмтылады. Философтың ойынша, «Омега» нүктесі эволюцияның аяқталып, сүйіспеншілік негізінде бір – біріне ұмтылатын жалпы бірігу мен әлемдік гармонияның бастауы болып табылады. Бұл әлем бөлшектерінің бірін – бірі іздестіріп, өзара гармонияда бірігуі. Омега нүктесі - Әлем мен Адамзаттың болашағы, эволюцияның ең жоғарғы полюсі. Онда барлық индивидтер мен халықтардың өзара келісуі болады. Барлығы сүйіспеншілік арқылы бірігеді. Православие дінінің көрнекті уағыздаушысы. А.Меньнің пікірінше «Адамның әлемдегі орны туралы тейярдизм ілімін», «оптимистік мәре» деп атауға болады. Омега нүктесі – бұл жарық.
2 Антикалық философтардың адамның мәні туралы ойларының әлеуметтік маңызын дәлелдеңіз
Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.  Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.  ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.  ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі - әлеуметтік факторлары қарастырмауы.  Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.  Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.  Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы. 
Сократ (б.з.б.469-399 жж.) жасында мүсіншілікпен айналысқан, кейін философ, қоғам қайраткері. Сократ софистер бастап бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі «Өзіңді өзің таны». Екінші қағидасы «менің білетінім – менің ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді».  Сократ философиясның негізгі тақырыбы – этика. Адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, «жан -тәнді құраушы». Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады. Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады. Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу. Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі – Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі – Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі, Платона академиясы - Платон Сократтың дана шәкірті, ізбасары, оның философиялық ілімін жүйелеуші Платон (б.з.б. 427-347 ж.ж.) атақты және аса ауқатты жанұядан шыққан.Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңі – Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы. 2-ші кезең – Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін негіздеуге ұмтылған кезеңі. 3-ші кезең - философиялық жүйесі толығымен анықталып, объективті идеализмі толығымен қаланды. Платонның филосоиялық ілімінің орталығы эйдос (идея) теориясы болды. Платон бойынша идея адам ақылымен байланысты ұғым емес. Идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі. Ол объективті, тәуелсіз, салыстырмалы емес, денесіз, мәңгі, сезімдік қабылдауға келмейтін, тек ақыл арқылы танылатын бастама. Идея заттар болмысының түпнегізі, олардың идеалды бейнесі сипаттас, Демиург (жаратушы) сол арқылы нақты сезімдік заттарды жасайды. Сезімдік заттар оның көлеңкесі, көшірмесі, заттар идеялардың анықты үлгісі Аристотель шығармашылығын үшке бөліп қарастыруға болады:теоретикалық – болмыс мәселесін, барлығының пайда болу мәселесін қарастырған;практикалық – адам әрекеті, мемлекет құрылымы мәселесін қарастырған;поэтикалық Аристотель бойынша адам жанында екі түрлі бөлгі бар: жануарлық және ақылды. Ақыл – индивидуалдылыққа жатпайтын, жалпылық, өзгермейтін және мәңгі. Ақыл барлығына ортақ, оның индивидуальды ерекшеліктері болмайды. Ол тәндік процестермен байланысты емес, жан тек ақылды бөлігінде ғана ажалсыз.
Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның «Зат тұрғысы» - «О природе вещей» атты шығармасында берілген. Рим дәрігері К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілді. Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болиады. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізген. К.Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық және түрлік атаққа ие болды (Homo sapiens – человек разумный – ақалды адам). ХVІІІ ғасырда адам маймылдардан шықты, деген ұғымды қолдағандардың бірі орыс натуралисті Афанасий Каверзанов болатын. Ол өзінің «жануарлардың қайта қалыптасуы» деген кітабында (1778) барлық жануарлардың шыққан тегі біреу және олар бір-біріне сыртқы бейнесі ұқсамағанымен олардың ішкі мүшелерінің құрылысында таңқаларлықтай ұқсастықтар бар деген.
3 Мәдениет және өркениет ұғымдарының арақатынасына салыстырмалы талдау жасаңызМәдениет пен өркениетМәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:• 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).• 2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).• 3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).• 4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).• 5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.4.Әлеуметтік антропологияның теориялық және практикалық құндылығына қатысты эссе жазыңыз
Құндылықтар ортақтығы немесе әртүрлілігі адамдарды ортақ мақсаттар үшін біріктіретін, ал мақсаттары сәйкес келмеген жағдайда жіктеуді жүзеге асыратын негіз болып табылады. Осылайша, әлеуметтену процесінде қандай да бір құндылықтарды игеру, іс-әрекет барысында және қарым-қатынаста қолдану әлеуметтік жүйенің құндылықтарының сипаты оның әлеуметтік агенттіктерінің мінез-құлықтарын айқындайды. Аксиологиялық тәсіл тікелей мазмұнды талдауға көңіл бөліп ,оның шығармашылық негіз екеніне басты назар аударады. Мәдениет саласын зерттеуші әлеуметтанушы бұл бағытты нназардан тыс қалдырмайды. Соған қарамастан, бұл тәсілдің де бірқатар кемшіліктері бар екендігіне көңіл аударған жөн. Біріншіден, бір ғана мәдени тұтастық шеңберінде құндылыққа қатысты түрлі түсініктер мен құндылық бағыттыр орын алуы мүмкін. Екіншіден, құндылықтар қақатысын шешу құндылықтар жүйелерініің қақтығысынан тыс тұрған өлшемдерге көңіл аударуды талап етеді.
5. Салыстырмалы әдістің әлеуметтік антропологияда қолданылу ерекшелігін көрсетіңізСалыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру –ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл. Сондықтан бұл әдіс барлық ғылымдарға тән, ортақ тәсіл деп есептеледі. Салыстыру тек ғылыми зерттеуде ғана емес, әр түрлі тілдерді үйрену, оқыту істерінде, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырып отырған айқындалады. Салыстырудың жолдары, одан шығатын қорытынды, көздеулердің түпкі мақсаты - әр ғылымда әр басқа болуы мүмкін. Сондай өзгешелік тіл білімінде қолданылатын салыстырмалы әдісте де бар. Басқа ғылымдарда қолданылатын салыстырулардан өзгешелігін айтпағанда да, бұл әдістің бір ғана тіл білімінде қолданылуының өзінде де әр түрлілілк аз емес. Ондай әр түрлілік салыстырылатын фактілердің ерекшеліктерінен, салыстырудан күтілетін нәтижелерден, көзделетін түпкі мақсаттан туады. Салыстырылатын фактілер әр түрлі тілдерден алынуы дабір тілдің өз фактілері болуы да мүмкін. Сондай-ақ, салыстырылатын әр түрлі тілдер өзара туыстас, төркіндес тілдер болуы да, бір-бірімен ондай жақындықтары жоқ тілдер болуы да мүмкін
Салыстырмалы әдісті Радклиф - Браун, ал одан кейін профессор Гинсберг қарастырғандықтан оны әрі қарай талқылаудың қажеті жоқ деп ойлауға болар еді. Шынында да осы іске кіріскен бойда соңғы жылдары бұл мәселе соншалықты көп жазылғандығын ұқтым. Көп жаңа нәрселер немесе жалпы жаңалық айтам деуге менде ешқандай үміт жоқ-ау деп қорқам. Берілген әдістің белгілі - бір сыни шолуынан сіз шүбәсіз таба алатын кейбір сәттерді, мен тек қана ажырата алам және
өзімнің жеке көзқарасымды білдіре аламын. Бұл жерде қамтылған мәселелердің
ұстанымды және шешуші мәні зор болғандықтан, менің кешірім сұрауым осымен
аяқталады.
Негізінде мен салыстырмалы әдістің тарихи шолуымен көбінесе біздің елді қарастырумен шектелемін. Оған қоса мен өзімнің шолуымды оны қолданудың бірнеше ғана мысалдарымен шектелемін (соның ішінде, сіздердің естіп қалармын деген — Фрезер,
Макс Мюллер және Вестермак есімдері - бұл жерде еске түсірілмейді). Бұл әдісті
толығымен қарастыру антропологияның барлық әдебиетін қамтып шығу болар еді,өйткені кеңінен қарағанда антропологияда басқа әдіс жоқ. Салыстыру, сөз жоқ, кез келген ғылымда ең маңызды рет - жосықтардың (рәсімдердің) бірі және адамдық ой-өрісінің үстірт үрдісінің бірі болып келеді. Жөне де әлеуметтік институттар туралы жалпы ой-пікірлерді айтып салу қажеттілігі қоғамдардың кең ауқымды спектрінде ғана олардысалыстыру арқылы іске асуы мүмкін екені анық
Бұл бұрын-ақ құпталған болатын және кейіннен салыстыру әдісі ретінде белгілі болып танылған рәсімді кезінде мемлекеттік құрылымның әртүрлі нысандарын зерттеу барысында Аристотель іске асырды, одан кейін басқарушылардың билікті сақтап не одан айрылып қалатын (саясат өнері) жағдайларын зерттеу барысында Макиавелли пайдаланды және басқарудың (бүгінгі күнде үстемдіктің ең жоғарғы тұрпаты болып танылатын) әртүрлі нысандарымен аралас пайдаланылған әртүрлі институттарды, құндылықтарды,сезімдер мен ішкі жағдайларды зерттеу барысында Монтескье қолданған болатын.
Антропологиялық зерттеу әдістері. Антропологияның зерттеу аймағы – адам денесі. Ол антрополгиялық және медициналық аймақ болғанымен, олар бірдей емес. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді (антропоскопия) және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшеліктерін суреттейді. Антропологиялық әдістер арқылы морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштерді талдайды. Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері сот медицинасында, хирургияда т.б. практикалық медицинада өте кең және жиі қолданылады. Мысалы, киім тігуде, үй жиһаздарын дайындауда және станоктарды құрастырудың стандарттарын белгілейде де маңызы бар. Антропоскопиялық әдіс пен антропометриялық әдіс, бірін-бірі толықтырып отырады.
6. Адам туралы конфуций ілімінің мәнін түсіндіріңіз. Бұл ілімнің негізгі құндылықтарын топтастырып көрсетіңіз.КОНФУЦИЙ ІЛІМІНДЕГІ ЕҢ ЖОҒАРҒЫҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ИГІЛІГІӘр ұлттың салт-дәстүрі өмір сүріп жатқан елінің саяси-экономикалық, жағрафиялық және қоғамдық қатынастарының негізінде қалыптасты. Салт-дәстүрдің даму бағытында діни наным-сенімдер пайда болады. Бұл өте күрделі үдеріс болғандықтан, күні бүгінге дейін әлем халықтары арасындағы түрлі діндер ортақ құндылықтарға ойыса алмай отыр. Бірақ бір шындықты мойындау керек: адамзаттың бақытты өмір сүруін ойлап, бүкіл саналық қуатын сол бағытқа жұмсаған ойшылдар тақуалық деңгейде өздерінің туған халқы тарапынан құрметке ие болып келеді. Олардың қатарында Шығыстың ғұламалары Заратуштра мен Конфуцийді атап көрсете аламыз. Заратуштра адами қасиеттің жақсы мінез, жақсы іс және жақсы сөз арқылы қалыптасуын айтады. Ақыретте жұмақ пен тозаққа сенген. Конфуций болса «дүниеауи болмыста қайырымды және зиянды екі рух адам баласының бағы не соры болады» деп сендірген. «Өлімнен кейін өмір бар ма?» – деген сұраққа, Конфуций: «Біз бұл өмір туралы еш нәрсе білмей жатып қалай өлім мен өлімнен кейінгі өмірді тани аламыз?» – депті. Сол үшін оның бар күш-қуаты бұл өмірдің жұмбақтарын шешуге жұмсалған. Осы орайда жұмыс беруші мен жұмысшы, ерлі-зайыпты, аға-іні, достық қатынастар заңдылықтарын анықтауда өзінің философиялық ойларын мұра етіп қалдырды. Кун-фу-цзының ілімінше ең жоғары жаратушы күш-аспан. Ол жерде әділеттік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әр түрлі сатыдағы топтардың болуы ол- әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзының қарастырған негізгі мәселесі- адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік» және өзара «сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп келіп «дао» («дұрыс жол») құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.«Тең орта» - адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мұндай ортаны ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.Ал адамгершілік негізі – «жэнь» - ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау, жалпы алғанда үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уакытта жамандық жасамайды. Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас, конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы бір сөзбен айтқанда: «Өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама», дегенге сацып келеді. Атал.ан әдептілік қағидаларын «текті адамдар» (цзюн-цзы) ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы «текті адамдарға» қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» - заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп ойлайды, текті адамға үлкен маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамдарға ондай тапсырма бере алмайсын, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға болады; текті адам басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрседе, олардың артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артынан жүруге дайын тұрады.«Текті адам» тек қана этикалық ұғым емес,ол саяси ұғымда. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі – басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады деседе, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші-билеуші, шенеунік-шенеунік, әке-әке, бала-бала болып, аттарына байланысты емес, шын мәнісінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші – әке, халқы – оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, білу дегеніміз табиғатты емес, адамдарды танып білу деп есептейді. Кейбір адамдарға туа біткен білім тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады.
7.Аралас антропологиялық типтер, олардың қалыптасуына әсер ететін факторларға социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз
Аралас антропологиялық типтер — адамдардың екінші, үшінші дәрежелі морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне, белгілі бір географиялық орталыққа таралу деңгейіне қарай жіктелуі. Өзара морфол. және тарихи жақындықтары бар топтар аймақтық көлемде қосылып, 2-қатардағы кіші раса тобын құрайды. Бұлардың антропол. бірлігі 1-қатардағы раса тобын құрайды. Адам баласы антропол. бөлініс бойынша үш үлкен расадан тұрады: монғолоид, еуропеоид және негроид. Бұлардың әрқайсысы бірнеше кіші нәсілдерге бөлінеді. Мыс., монголоидтар Орталық Азия өңірлеріндегілері — Орта Азия (өкілдерінің бірі — моңғолдар) және Байқал (өкілдері буряттар, тувалықтар) топтары болып ажыратылады. Сонымен қатар екі үлкен раса қосындысынан пайда болған кіші топтары да бірнеше А.т-ге бөлінеді. Солардың біріне көне еуропеоид пен ертедегі монғолоидтардың бірнеше ғасырлар бойы өзара араласуынан пайда болған метистік оңтүстік сібір — тұраноид расасы жатады. Оның өзі үш аумақтық А. т-ге немесе варианттарға жіктеледі: қазақстандық, тянь-шаньдық және алтай-саяндық. Негізгі өкілдері: қазақ, қырғыз, хақастар. Бұл А.т. арасындағы айырмашылықтар: қазақстандық типте осы метистік топтарды басқаларымен өзара салыстырғанда еуропеоидтық белгілері басым келеді, ал хақастарда керісінше монғолоид белгілері басым. Қырғыздар болса осы екі метистік топтың аралығына жатады. Былайша айтқанда, үшеуінің қайсысы болса да моңғолоидтық пен еуропеоидтық нәсілдер аралығындағы метистік А. т. өкілдері болып қала береді. Сөйтіп, А. т. — жүйедегі ең кішкентай ұсақ топтың құрылымы. Мұндай А. т-ге кейде бір немесе екі-үш этник. топтың өкілдері кіреді. А. т. сипаттамаларының негізінде гуманитарлық қауымдастық топтарының ортақ белгілері емес, морфол. ұқсастықтар заңдылықтары жатыр.
20ғ, 50жылдарына дейін орын алған түсініктерге сәйкес әрбір индивид өзінде белгілі бір нәсілдің белгілерін белгілейді. Бұл бағыт нәсілдік типтік концепциясы деген атауға ие болды. Содан соң түрлі нәсілдік тптердің өкілдердің пайыздық арақатынасын есептеу жүзеге асырылды. Осының негізінде әрбір топтың, халықтың нәсілдік сипаттамасы жачалды. Нәсілдік сипаттамалардың көмегімен түрліхалықтарды бір бірімен салыстыру жүзеге асрылды. Типтік концепцияның негізінде нәсілдік белгілердің мұрагерлігі туралы гипотеза орын алып, осыған орай мұндай белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғандығы айтылды.
Нәсілдердің құрылуына әсер ететін факторлардың бірі* географиялық фактор, ол климатқа тәуелді. Адамның мұрнының еніжылдық орта температураға, күннің әсеріне, жердің геграфиялық кеңдігіне байланысты болады. Ал, мұндай тәуелділіктерден еркін болып есептелетін аралас антропологиялық типтер. Нәсілдерді жіктеу оларға классификация жүргізу бейнелеу және сипаттау әдістерін қолдану негізінде шашының түріне, қаттылығына, түіне, мұрнының ерекшеліктеріне, шықшытына, қасының қалыңдығына, сақалы мен мұртының өсуіне, денесінлегі түктерге ,бетінің формасыны, желкесіне, аяғының, қолының,денесінің ұзындығына қатысты жүзеге асады.
Егер нәсілдердің құрылуына географиялық фактор негізгі орынға ие болса, онда қазіргі уақытта бірінші орынға экономикалық этномәдени факторлар шықты. Американың ашылуы түрлі этностар мен антропологиялық типтердің араласуына алып келді. Еуропалықтардың индеецтермен араласуы метистердің, еуропа +негр мулаттар, индеец+негр самбоның қалыптасуына алып келді.
8. Нәсілдік антропологиялық  мектептің теориялық тұжырымдарына сипаттамалық талдау жасаңыз
Нәсілдік антропологиялық мектеп 19 ғ екінші жарысында қалыптаса басталды. Бұл мектептің концпцияларының әр түрлілігіне қарамастани олардың барлығын біріктіретін, олардың мектеп екендігін көрсететін негізгі постулаттар мыналар:
Түрлі қоғамдар, әлеуметтік және мәдени топтар- нәсілдік антропологиялық құрылымдар. Нәсілшілдіктің таптық, сославиелік, этникалық тіпті кәсіби түрлері туралы да айтуға болады.
Қоғам мен мәдениеттің эволюциясы- нәсілдік антроплогиялық топтардың өзара әрекеттесуі мен әр түрлілігінің нәтижесі
Нәсілдер мен антропологиялық топтартең емес
Адамдардың әлеуметтік мінез құлқы мен мәдениеті тштасымен немесе негізіне алғада биологиялық тұқым қуалаушылық арқылы анықталады.
Түрлі нәсілдер немесе антропологиялық топтардың арасындағы араласу биологиялқ, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан қарағанда зиянды.
бұл аталған постулаттарды француз философы, жазушы әрі дипломат Жозеф де Гобино өзінің 4 томдық Адамдар нәсілінің теңсіздігі туралы трактатында толықтырылған түрде көрсетілген Гобино теңдіктің барлық түрлерін жек көреді таптық сословиелік. Гобино ақ нәсілдің интеллектуалдық жағынан жоғары екендігін , сонымен қатар, басқа нәсілдердің ерекшеліктерін көрсетуге тырысты. Мысалы, негрлер мен басқа нәсілдермен салысиырғанда көркем творчества сферасында басы, сондықтан да өнер қара нәсілдермен араласқанда туындайды- дейді ол.
Нәсілдік –антропологиялық мектептің басқа да өкілдеріне жататындар: ағылшын германофилі Х.С. Чемберлен, В. Де Ляпуж.Чемберлен германдықтар мен еврейлерді салыстырды. Германдықтар оның ойынша, бүкіл әлемдік өркениеттердің таратушылары және адамзатты құтқарушы ретінде қарастырылса, онда еврейлер таза емес нәсіл ретінде қарастырылады. Германдықтардың еврейлердің түбіне жететііндігіне тіптен шек келтірген жоқ. Чемберлен Германияда алғаш рет евгеника теориясының, яғни нәсілдер тазалығы ғылымының және адамдарды іріктеп алудың өзіндік әдістерін жасаудың негізін қалады.Чемберленнің ізін жалғастырушы В.де Ляпуж нәсілдердің теңсіздігін және ақ нәсілдердің артықшылығын ғылыми тұрғыдан негіздеуге тырысты.
9. Медициналық антропология, негізгі мәселелерін бөліп көрсетіңіз
Медициналық антрополгия Қазақс андағы әлеуметтік антропологиялық бөлімнің жаңа саласы болып табылады. Батыста,негізіне алғанда, АҚШ-та Англияда медициналық антропология адм туралы ғылымның бөлігі ретінде 1970жылдан бастан жақсы дами бастады.20ғ басында медиктер арасында медицина тарихын жазуға деген қызығушылық қалыптасты. Медиктер Еуропадағы медицинаның даму тарихын, атақты медиктердің ауруларға көмек көрмету техникасы мен әдістерін жазуға ірекет жасай бастаййды. Медицина тарихын жазушылар ұлттық медицина мектеп өкілдері Э.Литтре,Ж. Гардиа,Л. Менье, С.Ковнер, Я. Чистович еңбектерін сипаттап жазуға кірісті.
Антропологтар медициналық білмнің анатомия, физиология, хирургия, диетология, акушерства, гиенекология, психотерапия, гигиена, косметика салаларына аса назар аударады.Соңғы жылдары денсаулық пен ауруды экологиядық тұрғыдан зерттеу аймақтық әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен шығып, түрдің мінез-құлық таңдауын шектейтін кең саяси және экономикалық әсерлерге көңіл бөлуде. Экологиялық антропология сияқты саяси экология да мәдени, физикалық және саяси-экономикалық факторлардың ауру мен өлімнің таралуына әсерін зерттейді.
10 К.Леви-Стростың әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні туралы ойларына түсініктеме беріңіз.
Клод Леви-Строс (1908)- француздық этнограф және әлеуметтанушы, француздық структурализмнің басты өкілдерінің бірі, француздық әлеуметтік мектебінің, сонымен қатар мәдени антропологияның американдық мектебінің ықпалында болған. Клод Леви-Стросс – аса көрнекті француз антропологі, мәдениет зерттеушісі, этнологі әрі социологі. Мәдениетті зерттеу саласындағы структуралистік (құрылымдық) бағыттың негізін салушы. 1908 жылы туған, Сорбонна университетінде білім алған. Жас шағында Руссо, Маркс ілімдерімен, социализм идеяларымен, Кант, Гегель философиясымен қатты әуестенген. Француз социалистік партиясының мүшесі болған. 1935-1938 жылдары Бразилияда тұрған, Сан-Паулу университетінің профессоры болған, Оңтүстік Америка үндістерінің өмірін зерттеп, этнографиялық, антропологиялық, ізденістер жолына түскен. Сол зерттеулерінің нәтижесінде “Туыстықтың қарапайым құрылымы” (1947 ж.), “Тропиктік аймақтың қасіретті тірлігі”(1953 ж.) атты танымдық маңызы зор этнографиялық еңбектер жазған. 1945-1947 жылдары АҚШ-тағы француз елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі, 1948-1958 жылдары Ғылыми зерттеулердің Француз Ұлттық орталығы жетекшілерінің бірі, Адам музейі директорының орынбасары, Жоғары зерттеулер Мектебінің жабайы халықтар діні кафедрасының меңгерушісі, ЮНЕСКО-ның әлеуметтік ғылымдар жөніндегі Халықаралық кеңесінің бас хатшысы міндетін атқарушы болып істеген. 1960-1984 жылдары Колледжде Франс деп аталатын әйгілі оқу орнының әлеуметтік антропология кафедрасының меңгерушісі, осы колледж жанынан құрылған әлеуметтік антропология Лабораториясының жетекшісі болған. 1973 жылдан бастап Француз академиясының мүшесі, одан кейін Ұлыбритания королдігі жанындағы антропология институтының мүшесі, бірнеше батыс елдері Ұлттық академияларының мүшесі болып сайланған. Басты еңбектері: “Нәсіл және тарих” (1952 ж.), “Антропология құрылымы-1” (1958 ж.), “Мифология” (1961-1971 ж., 4 томдық), “Мифтердің құрылымы” (1970 ж.), “Антропология құрылымы-2” (1973 ж.). ЮНЕСКО-ның тапсыруы бойынша жазылған “Нәсіл және тарих” атты еңбегінде Леви-Стросс адамзат мәдениетінің әралуандығы, олардың өзара байланыстылығы және ықпалдастығы жөнінде айта келіп, “Әлемдік өркениет дегеніміз әлемдік ауқымда алынған мәдениеттер бірлестігі, басқа ештеңе де емес және олардың қай-қайсысы да тек солардың өздеріне ғана тән өзіндік ерекшеліктерін сақтауға тырысады”, – деген тұжырымдама жасайды. Ғалым өз зерттеулерінде өзі негіздеп берген құрылымдық принципке сүйене отырып, мәдениет құбылыстарын олардың ішкі және сыртқы байланыстарының бірлігі және олардың көп деңгейлілігі тұрғысынан алып қарастырады.
Бұл ғылымның негізінде мәдениет пен алғашқы қауымдық құрылыс тайпаларының әлеуметтік құрылымын талдауда құрылымдық лингвистика мен информатиканың кейбір әдістерін пайдалануы жатыр. Леви-Строс артта қалған көптеген мемлекеттерде этнографиялық зерттеулер жүргізудің нәтижесінде евроорталықтық пен нәсілшілдікті жоққа шығарды.Леви- Стростың құрылымдық антропологиясында «миф- коллективтік сананың басты мазмұны, тұрақты әлеуметтік құрылымның негізі» ретінде қарастырылуы ерекше атап өтетін жәйт болып саналады. Мифтің ерекшелігін француз ерекше көрсетуге тырысады.
Леви-Стросстың көзқарасы бойынша, этнография, этнология,антропология өз алдына жеке пәндер емес бір ғана зерттеудің үш уақыттық кезеңдері: салыстырмалы сипаттамаларын ескере отырып, адамдар топтарының этномәдени ерекшеліктерін зерттеу;түрлі түсініктер жүйесі ретінде әлеуметтік өмірлің , кеңістік және уақыт жағынан локалды адамдар қауымдастығының жалпы ерекшеліктерін түсіндіру;әлеметтік өмірдің тікелей байланыстарға, жеке индивидтер араасындағы байланыстардың алуан түрлілігіне негізделген жақтарын зерттеу.
11. Қазақ халқының этнографиялық мұраларының қазіргі уақыттағы өзектілігін дәлелдеңіз: Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы» атты тұрақты экспозиция екі залда орналасқан және 15 бөлімнен тұрады. Негізгі бөлімдер: «Көшпелі мал шаруашылығы», «Қазақтардың кілем-киіз бұйымдары», «Тері өңдеу кәсіпшілігі», «Ағаш өңдеу», «Зергерлік өнер», «Кесте».
Көшпелі мал шаруашылығы
Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқының шаруашылықтық маңызы зор болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бәрінен бұрын жылқы төзімді әрі жыл бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт, көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін.
Аңшылық
Қазақтарға аңшылық негізгі кәсіп болмаса да, ертеден шаруашылығына демеу болған. Кедейшілікке ұшыраған бірқатар қазақтар үшін ғана аңшылық негізгі кәсіпке айналған. Елдің басым көпшілігі онымен оқтын-тектін айналысатын. Байлар үшін аңшылық ермек болған.
Әскери Қару-жарақ
Қазақтардың әскери сауыт-саймандары: қару және қорғаныстық құрал – жарақ болып бөлінген.
Қазақ қаруы дәстүрлі бес түрге бөлінген:
Ұсталық кәсіп
Ұсталық кәсіп – ертеден келе жатқан кәсіп түрі болып табылады, ол көшпенділер өмірінде халықты шаруашылық және тұрмыстық маңызы бар бұйымдармен қамтамасыз еткен.
Тері өңдеу кәсібі
Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған. Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әртүрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген. Бояуларды өсімдіктерден және жергілікті жерде өндірілетін түрлі минералдардан алған. Сары, қоңыр, тоқсары, қызыл, күрең қызыл, қан қызыл және басқа бояғыштар алынатын негізгі өсімдік риян мен оның тамырлары болған. Мысалы, қанық сары бояғыш алу үшін ашудастан жасалған арнайы ертіндіге тамырды көп мөлшерде салып қайнатқан. Көптеген шебер әйелдер бояудың нілі шықпас үшін ерітіндіге қойдың майын қосқан.
Ши тоқу
Ши тоқу – көне кәсіптердің бірі. Ши тоқуға қазақтар шидің сабағын қолданған. Ол үшін әуелі әр шиді белгіленген сурет бойынша түрлі түсті жүннің иірілмеген талшықтарымен жеке-жеке шырмап алады. Бұдан соң оларды біріктіре тоқып кілемдей әсем сурет шығарады. Осылайша тоқылған шым шимен киіз үйдің керегелері айнала қоршалған, сондай-ақ киіз есіктің ішкі жағына тұтылған.
Ағаш өңдеу кәсібі
Ағаш өңдеу кәсібі қазақтардың өндірістік қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылған, өйткені ол тіршілікті қамтамасыз ететін мәдениеттің элементтерін жасайтын.
Ағаш шеберінің құралдары көптүрлілігімен ерекшеленбейтін: шаппа шот, қашаулар мен пышақтар, біздер мен қысқаштар, аралар мен егеулер жиынтығы.
Киімі
ӘЙЕЛДЕР КИІМІ
Әйелдер киімінің түрлері ерлердікіне қарағанда көбірек және жасына қарай ерекшеліктері болған. Әйелдердің ішкі киімі көйлек пен дамбалдан тұрған. Сырт көйлекті жеңіл матадан тіккен, оның пішімі туника тәріздес болып келген.
ХІХ ғасырдың соңында ескі үлгіні біртіндеп ысырып шығарған жаңа үлгідегі көйлектер пайда болды. Көйлектерді кеудешелі етіп және етегі белден қиылып жасай бастады.
Зергерлiк өнері
Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің дәстүрлерін жалғастыруда. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктердің бірі болып табылады.
Музыкалық аспаптар
Қазақ халқының музыка өнерінде өмірдің сан қыры көрініс тапқан. Тарихи оқиғаларды қозғайтын, қайғы мен қуанышты, ірі мен ұсақты тілге тиек ететін халық әншілері мен күйшілері өз замандарының шежірешілеріне айналған. Олардың әндері, аңыздары, жырлары мен күйлері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ғасырлардың терең қойнауынан біздің заманымызға дейін жетті. Қазіргі уақытта музыкалық аспаптардың 25 түрі белгілі.
Сауда
Шығыс Қазақстаннан Жетісуға, Түркістанға, Қытайға қарай керуен жолдары созылып жататын. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін барлық тауар құрлық жолдары арқылы тасымалданды және мұның өзі қазақ халқының арасында жүк тасымалдау кәсібінің дамуына жағдай жасады.
12. Антропогенез және палеоантропология. Адамның саналы жануар екендігін бейнелейтін философиялық көзқарастардың ерекшелігін сипаттаңыз: Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады.
Н.Н.Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.
Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.
Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.
Сөйтіп, әлеуметтік организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі – мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның даму эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші – сыртқы дүние туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік еркіндігі, құрал – саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз қолымен дамып отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне байланысты оған оның бағыныштылығының арта түсуі.
Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы.
Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы – оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады.
Осының нәтижесінде туындаған Адам өзінің даму эволюциясында ең соңғы нүктеге, яғни «Омега нүктесіне» жетуге ұмтылады. Философтың ойынша, «Омега» нүктесі эволюцияның аяқталып, сүйіспеншілік негізінде бір – біріне ұмтылатын жалпы бірігу мен әлемдік гармонияның бастауы болып табылады. Бұл әлем бөлшектерінің бірін – бірі іздестіріп, өзара гармонияда бірігуі. Омега нүктесі - Әлем мен Адамзаттың болашағы, эволюцияның ең жоғарғы полюсі. Онда барлық индивидтер мен халықтардың өзара келісуі болады. Барлығы сүйіспеншілік арқылы бірігеді. Православие дінінің көрнекті уағыздаушысы. А.Меньнің пікірінше «Адамның әлемдегі орны туралы тейярдизм ілімін», «оптимистік мәре» деп атауға болады. Омега нүктесі – бұл жарық.
13. Технологиялық мәдениеттің салдарларына антропологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан талдау жасаңыз: ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми бір тұтастық пайда болды.
Технологиялықгиялық мәдениет – бұл білім берудің бөлігі емес, заманауи білім беру үдерісінің мақсаты немесе нәтижесі ретінде қарастырылады. Технологиялық мәдениет әмбебап мәдениеттің, жалпы және кәсіптік мәдениеттің іргелі компонентінің бірі болып табылуы қоғам және адам өмірінің барлық жақтарына ықпал етеді.
Біріншіден, ол адамда технологиялық білімдер, іскерліктер және технологиялық басты сапалар жүйесінің бар болуын болжайды.
Екіншіден, технологиялық мәдениет қоршаған ортаға белгілі технологиялық көзқарастарды қалыптастырады және өздерімен биосфералар, техносфералар және ноосфералар бірлігін көрсететін, әлемге жаһандық планетарлық көзқарас негізінде жатқан технологиялық дүниетанымда көрінеді. Бұл жүйенің ортасында адам тұрады, әрі ол әлемде саналы түрде өзінің ақыл-ойымен теңдікті ұстайды.
Жалпы мәдениеттің бөлігі бола тұра, аталған ұғым қоғамдық мәдениеттің философиялық, антропологиялық, экономикалық, рухани, эстетикалық және басқа да жақтарымен тікелей байланысты.
Технологиялық мәдениет қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде өзімен күрделі динамикалық жүйені көрсетеді, оның құраушылары педагогикалық практиканың әртүрлі деңгейінде көрінеді.
Қазіргі кезеңде педагогикалық білім беру мазмұны изоморфты кәсіби-педагогикалық мәдениетті болуы және ғылыми-педагогикалық, әдістемелік және арнайы білімдер блогын қамту керектігі қарастырылуда. Бұл мазмұнның өзегі ретінде аталған блоктан басқа педагогикалық сана және білімдік практика енетін педагогикалық мәдениет табылады
Ал, О.С.Гребенюк, М.И.Рожков болашақ педагогтың педагогикалық мәдениеті моделі төмендегідей кәсіби мәнді психикалық сфера компоненттерін қамтиды деп біледі: интеллектуалдық; мотивациялық; еріктік; эмоционалдық; заттық-практикалық; экзистенциальды; өзіндік реттеу сферасы
Педагог-ғалымдардың пікірінше, егер де жоғары оқу орындарының нақты педагогикалық үдерісінде тізбеленген сапалар қалыптасатын болса, онда жоғарыда көрсетілген компоненттер мұғалімнің жеке-даралық ерекшелігі педагогикалық мәдениеттің сәйкес деңгейін сипаттайды.
Соңғы жылдардағы әлеуметтік құбылыс ретінде мәдениетті зерделеудегі ғылыми еңбектерді талдау екі тенденцияның көрініс тапқанын растайды.
Оның біріншісінің мәні мәдениет бағыттарының жекелеген жақтарын: рухани-мәдениет, материалдық мәдениет, жеке тұлға мәдениеті, іс-әрекет мәдениеті, оқыту мәдениеті, мінез-құлық мәдениеті, өнегелік мәдениет және т.б. зерттеуден тұрады.
Екінші тенденция олардың түзілуінің бірлігін, тұтастығын көрсетеді. Болашақ мұғалімдердің кәсіптік педагогикалық мәдениетін зерделеу екі тенденцияның үйлесімділікте қарастырылуын болжайды. Бүгінгі күнгі мамандардың жоғары деңгейдегі дайындығы оның жалпы, жеке тұлғалық және кәсіби мәдениетінің шоғырландыруы болып табылады.
Жалпы мәдениет – бұл адамның дүниетанымының мазмұны мен сипаты, білім деңгейі, еңбекке қатынасы, тәрбиелілігі, ол, білімнің, қызығушылықтың, сенімнің сапалық өзгерісінің нәтижесі. Жалпы мәдениет – кәсіби білім мен іскерліктің, сондай-ақ аталған мамандық адамының жалпы мәдени тұғырының толығуының қайнар көзі. Ол педагог кәсібінің шыңына (профессионализмге) қатысты айтылады, оның деңгейін және кәсіби мәдениетінің дамуын анықтайды. Педагогтың жалпы мәдениетін құраушылар оның кәсіби мәдениетінің компонентіне айналады және керісінше, кәсіптік мәдениеттің дамуы оқытушының жалпы мәдениетінің көтерілуіне алып келеді.
14. Адамның интегралды табиғаты туралы көзқарастардың философиялық мәнін ашып көрсетңіз: Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыра да мын толғантқан сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақпен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.
Осындай бағыттардың бірі – психоанализ – ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберіндеистерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзітазарту методы ретіндепайдаболып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерінзерттеугебағытталғанпсихологиялықдоктринағаайналдырғанілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан » (сознательное) ғанаемес, «бейсаналыдан » (бессознательное) және «саналының алдындагыдан » (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтынбасты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше инстаниия деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол » (Оно) бейсана құштарлықтардың терең қабаты. психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен» (Е%о) – саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; «Меннен Жогары » ( Sиреr-еgo) – ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы.
Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо.
Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп аталатын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фроммморальдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.
Фроммер кіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың басым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» дамытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ештеңеге айналатынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үміт » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу, адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Нотоеsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды.
Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. Ол негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» жәнет.бұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:
1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияныңміндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп пайымдады. Бұл кезеңнің өкілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.
2) махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.
3) неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салыстырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты. Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімді тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.
Постмодернизм – монизм философиясын терістеп, плюрализм философиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс филосотары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (18 1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (19 2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925) және Постмодернизмнің негізгі тұжырымдары:
1) Объективтілік реалдылық көп өлшемді, оның мәні мен формаларының арасындағы байланыс-қатынастарының сипаты сан түрлі қасиеттерге ие.
15. Этногенездің мәнін нақты оқиғалар негізінде сипаттап түсіндіріңіз. Феминизм және антропология. Феминистік қозғалыстардың қоғамдық қатынастарды өзгертуге әсерін сипаттаңыз: Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстанаумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар). Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады: 1) жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биол. жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасу; 2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Осыған орай, отандық тарихнамадағы қазақ халқының қалыптасуына қатысты ой-пікірін айтқан ғалымдарды автохтондық және миграц. бағыттарды қолдаушылар деп екіге бөлген жөн. Қазақ халқының Этногенез үрдісі әр түрлі миграц. жолмен, яғни басқа жерден қоныс аударып келгендердің бір-біріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасты деген ғалымдардың (Н.Масанов, Б.Ермұханов, т.б.) ізденістері кездеседі. Бұған қарсы тұжырымдама жасаған зерттеушілер (Ә.Марғұлан, М.Қозыбаев, К.Ақышев, О.Смағұлов, Б.Көмеков, т.б.) қазақ халқының тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтитындығын дәлелдейді. Олар Этногенез үрдісін әрдайым кешенді түрде қалыптасатын күрделі үрдіс ретінде қарастырды, әрі өз зерттеулерінде бірнеше ғылымдардың (археология, антропология, лингвистика, этнология, тарих, деректану, т.б.) дерек көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының Этногенез жайында салиқалы қорытындылар, дәйекті тұжырымдар жасаған. М. Мұратқазин. ХХ ғасыр ғалымы, ойшылы этногенез ілімін қалаушы – Л.Н.Гумилев болатын. Қазақ этногенезі мен этникалық тарихына көңіл бөлгендердің бірі А.Н. Харузин Аристовтың бағытын ұстанушылардың бірі. Ол қазақтардың этникалық құрамын терең зерттеуге тырысады. Ол көптеген қазақ тайпаларын «туыстардың одағы емес, қоғамдық-саяси одақ ретінде» қарастыруды ұсынады. Екі автор да өздерінің зерттеулерінде қазақтардың этникалық құрамын зерттеуге көп көңіл бөледі және мұның өзі қазақ тайпаларының ежелгі тарихын талдаудағы алға қозғайтын қадам болды.
ХХ ғасырдың 20 – жылдары қазақ этногенезіне қатысты алғашқы ғылыми зерттеулер дүниеге келе бастады. Олар: М.Тынышпаев, С.Аспендияров және т.б. Авторлардың зерттеу нысанасы төмендегідей мәселелерді қамтиды: қазақтың тегі және қашаннан бері жұрт, яғни қалыптаса бастағандығы мәселесі; қазақ жеріндегі ежелгі түркілік, тайпалық одақтардың және мемлекеттердің қазақ ұлтын қалыптастырудағы ролі. 1925 жылы М.Тынышпаевтың “Қырғыз-қайсақ халқының тарихы жөніндегі материалдар” деген еңбегі жарық көрді. “Материалдарда” қазақ жүздерінің этникалық құрамы, қазақтардың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер, қазақ руларының таңбалары мен ұрандары берілген, әрбір тайпаның тарихын сипаттау үшін тарихи материал іріктеліп алынған. Түркі халықтарына арнаған еңбектердің авторы Л.Н.Гумилевтің еңбектерінің құндылығы зор болып табылады. Оларда хунну державасы мен ежелгі түріктердің тарихына, географиялық орналасуына тоқталады . ІХ – ХІ ғасырлардығы кимектер тарихы жөніндегі монографиялық зерттеуін қазақ этногенезінің сюжеттерінің біріне арналған Б.Е.Көмеков – шығыстанушылардың Петербург мектебінің көрнекті өкілінің бірі. Мұсылман топтарын егжей – тегжейлі зерттеу негізінде ол қазақ халқының тегі деп санауға болатын кимектер мемлекетінің өмір сүруі мен мәдениетінің проблемасын тұжырымдап шешті. Л.Н.Гумилев «Этногенез және Жер биосферасы» атты еңбегінде этногенез (халықтың пайда болуы) проблемалары Күн әсері мен географиялық ортаға тікелей тәуелді деп көрсетті.
ФЕМИНИЗМ (лат. femіna – әйел; ағылш. femіnіsm; франц. femіnіsmе) – әйелдердің еркектермен құқықтағы теңдігі жолындағы қоғамдық қозғалыс. 18 ғасырда дүниеге келген. Әйелдердің тең құқығы талабы алғаш рет Солтүтік Америкада болған 1775 – 1783 жылы тәуелсіздік жолындағы соғыс кезеңінде көтерілді. Қле-шала Франциядағы революция кезінде әйелдер қозғалысы әрі қарай жанданды. Феминист әйелдердің 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырда негізгі талаптары әйелдерге еңбек ету, білім алу, түрлі кәсіптерді игеру, тек еркектер ғана пайдаланатын саяси құқықтарға қол жеткізу болды. 19 ғасырдың аяғында Еуропа мен Солтүстік Американың барлық елдерінде феминист әйелдердің ұйымдары пайда болды. 1888жылы Халықаралық әйелдер кеңесі, 1904 жылы Әйелдердің сайлау құқығы жолындағы халықар. одақ құрылды. Халықаралық және ұлттық феминистік ұйымдардың ықпалымен БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелері әйелдердің жағдайына қатысты түрлі мәселелер бойынша бірқатар қарарлар, ұсыныс-кеңестер, конвенциялар қабылдады. Атап айтқанда, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1967 жылы қарашада Әйелдер жөніндегі кемсітушілікті жою туралы декларация қа-былдады. Қазіргі Қазақстан жағдайында әйелдер өздерінің мүдделерін мәлімдеуге ұмтылыс білдіріп, қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуда. Феминизм - кең мағынада қоғамның барлық салаларында әйелдердің ерлермен теңесуге талпынуы; тар мағынада, XVIII ғасырда пайда болып, әйелдерді кемсітушілікті жою және олардың құқын ерлермен теңдестіруді көздеген әйелдер қозғалысы. Қазіргі феминистік теорияларда екі негізгі қақтығысушыидеологиялық көзқарас қалыптасқан: гендерлік езгінің гомогендік және гетерогендік үлгілері. Гомогенді үлгі әйелдердің жалпы белгілерін сипаттайды, ал, гетерогендік әйелдердің айырмашылықтарына тоқталады. Мульти мәдени және ғаламдық феминистік теориялар шеңберіндегі гетерогендік үлгінің әйел үшін езгіде болудың, күйзелістің не екенін сыни түсінуде маңызы бар. Гомогенді үлгінің жақтастары егер феминисттер түбегейлі саяси реформалар жасауға талпынса, әйелдерге қатысты барлық мәселелерде ортақтасулары керек деп есептейді. Американдық феминизмнің алғашқы толқынында (1848-1920) суфражисткалардың басым көпшілігі "әйелді" біртүтас категория ретінде қарастыру дұрыс деп санайды, өйткені әйелдер ерлердің кез келген түрінен анағүрлым ерекшеленеді, бір-біріне сондай ұқсас, қайғы-мұңы ортақ, сондықтан да олардың бір тобы барлығының атынан сөйлей алады дейді. Кейбір феминистқалардың пікірінше (Анджела Дэвис), XX ғ. алғашқы жартысында жүргізілген ген-дерлік алалауды жою тек орта татпағы ақ нәсілдердің мүддесін қорғады. Гомогендік және гетерогендік үлгілер феминистік философияға және қозғалысқа маңызды үлес қосты. Гомогендік үлгінің мықты тұстары мынада: саяси ынтымақтастыққа шақыру; эталитарлық тәсіл. Бірақ, гомогенді үлгінің әлсіз тұстары да баршылық, атап айтсақ, әлсіз топтардың есебінен үстемдік құрушы топтардың өз басымдықтарын жан-жақтыландыруға талпыну мүмкіншілігі.Бастау көзі XVIII ғасырдағы Англияда жаткан әлеуметтік қозғалыс. Осы себепті де гомогенді үлгінің әлсіздігін ескере отырып, кейбір феминистқалар гетерогендік тәсіл ұстанады.
Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік.
Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді.
Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді.
Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады:
1. Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны
мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді.
2. Морфология - әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты
өзгеруін, жынысқы байланыстыөзгеруі, жынысқа байланысты
белгілерін және тұрмыс жағдайын зерттейді.
3. Этникалық антропология - өткен дәуірден және қазіргі жер
шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік
қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді.
4. Физикалық антрополгия – адамның физиологиялық және
биохимиялық ерекшеліктерімен олардың әртүрлі өзгерістерін
зерттейді.
16. И.Канттың философиялық антропологияға қосқан үлесіне баға беріңіз: Адам болмысы философиядағы басты проблемалардың бірі болып табылады. Адамның табиғаты, мәні, бағыт-бағдары философиядағы антропологиялық мәселелердің өзектілігін және ерекшелігін анықтайды.
Адамның философиялық концепциясы ғылымдардың жалпы философияның негізі ретінде көрініс бере отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты адамның тектік мәнінің негізгі формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез процесінде сананы, сонымен бірге заттық- практикалық қызметті қалыптастыратын негізгі факторлар болып табылатын тіл мен еңбектің роліне көп көңіл бөлінеді. Адамның тіршілігін үйлестіруге, оның құндылығы мен мәнін анықтауға деген ұмтылыстар идеалды адам концепцияларында жүзеге асырылып, философияда гуманистік дәстүрді тудырды. Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры, өмірі, өлім және өміршеңдік /бессмертия/ мәселелері, «өлуге құқылы» / Эвтаназия/ мәселесі, адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық және әлеуметтік жалғастығы сияқты философиялық гуманизмнің классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да актуальды.
Бірыңғай әлемдік қауымдастықты қалыптастырып, дамыту сияқты интеграциялық процестер қазіргі заманда адамзат тағдырын ғаламдық тұрғыдан қарастыруды біргейлі идеясын адам мен адамзаттың бір-біріне өзара қарым-қатынасының философиялық негіз етіп алады.
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет берді. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды.
Адамның әуел бастағы күнәкарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа, бағытқа және үйлесімділікке табиғи ұмтылысын бекітеді. Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.
И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиги қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Кант адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде, өзінің теориялық, практикалық әрекетінің қожайыны ретінде айқындауға ұмтылады. Адам әрекеті мен қылығының түпкі принципі категориялық императив болуы тиіс. Категориялық императив – кезкелген тұлғаның өзіндік мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол ешқашан да, қандайда бір міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асу құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген тұжырымға негізделген формальды ішкі талап.
Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бүкіл философиясы сияқты рационализммен тұнып тұр. Адамның жануардан артықшылығының өзі, ең алдымен адамзатқа оның адамдығы туралы хабар беретін ойлауында. Ол адамды рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух мен ақыл-ойдың тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын аса зор күш-жігермен дәлелдеп берді. Тұлға индивидпен салыстырғанда адам өзінің “шексіз, жалпы және еркін” жан екендігін сезінгенде ғана басталады. Әлеуметтік тұрғыда оның ілімі индивидтен әлеуметтік бүтіндіктің басымдылығы принципін айшықты түрде көрсетеді.
17. Қазіргі философияда білімнің антропологизациялану тенденциясын көрсетіп, оның себебін түсіндіріңіз: Әлеуметтік философияның пәнің негіздеуден бұрын «әлеуметтік» деген ұғымның мән-мағынасын анықтап алайық. Қазіргі заманғы философиялық әдебиеттерде бұл ұғым тар және кең мағынасында қолданыс тауып жүр.Тар мағынасында «әлеуметтік» деген ұғым қоғамның әлеуметтік саласын құрайтын қоғамдық құбылыстардың ерекше бір жүйесін сипаттайды. Бұл салада адамдардың тиісті мүддесіне сай белгілі бір мәселелер қатары қарастырылып, шешімін табады. Кең мағынасында «әлеуметтік» деген ұғым «қоғамдық» деген ұғымның синонимі ретінде қолданыс тапты. Әлеуметтік философияның пәні – біртұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам, оның дамуы мен қызмет ету заңдары. Бұл дегеніміз, әлеуметтік философия сан алуан қоғамдық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде, яғни бүкіл қоғам деңгейінде қарастырады. Оны ең алдымен қызықтыратыны әлгі қоғамдық құбылыстардың арнайы ерекшеліктері емес, керісінше олардың қоғамның біртұтас құрамындағы алатын орны мен оның дамуы мен қызмет етуіндегі атқаратын рөлі. Сонымен бірге әлеуметтік философия қоғамдардың бір-бірімен өзарабайланысын да зерттейді. Бүкіл адамзаттың дамуын сипаттайтын қоғамдық процестер мен үрдістерде оның назарында. Бұл сәтте оның зерттеу объектісі ретінде біртұтас тарихи процесс, ондағы субъективтік және объективтік шарттардың өзарабайланысы, даму заңдылықтары есептеледі. Адамдардың практикалық іс-әрекеті мен қоғамдық қатынастарыда әлеуметтік философияның назарында деуге болады. Өйткені өздерінің сан алуан практикалық іс-әрекеттері (өндірістік-экономикалық, рухани, әлеуметтік-саяси, ғылыми, өнегелік, эстетикалық) барысында адамдар өздеріне қажетті рухани және материалдық игіліктерді өндіреді, табиғатты түрлендіріп, өзгертеді, қажетті рухани жағдай мен әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастырады. Адамдар бірлесіп еңбек ету барысында өздерінің қоғамдық өміріне қатысты проблемаларын шешу үшін бір-бірімен әр түрлі қатынаста болады. Бұл қоғамдық қатынастардың (өндірістік, жан үялық-тұрмыстық, өнегелік, саяси т.б.) өзара бірлігінен қоғам құрылады. Өйткені қоғам дегеніміз – бір-бірімен қоғамдық қатынаста болатын адамдар. Тек қана қоғамдық қатынастардың аясында адамдардың барлық практикалық іс-әрекеттері жұзеге асады, мемлекеттік, саяси, өнегелік және т.б. әлеуметтік институттар қалыптасады, қоғам мәдениетінің барлық жақтары дамиды. Сонда, қоғамның негізгі мазмұның құрайтын және оның дамуын белгілейтін — адамдардың атқаратын іс-әрекеттері мен қоғамдық қатынастары. Бұл екеуі кез-келген қоғамның қалыптасуы мен дамуының бастапқы шарттары мен негізгі белгілері. Әлеуметтік философия адамдардың іс-әрекеті мен қоғамдық қатынастарының субъективтік және объективтік жақтарын да зерттейді. Адамдарды еңбек етуге итермелейтің объективтік қозғаушы күштерін зерттейді, мұндай қозғаушы күш ретінде олардың объективтік қажеттіліктері мен мүдделерін және олардың санасына тән мотивтер мен мақсаттарды есептейміз. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен тығыз байланысады және диалектикалық қатынаста болады. Сонда әлеуметтік философия қоғамның біртұтас даму бейнесін береді. Осыған байланысты әлеуметтік философия қоғамға қатысты көптеген жалпыға ортақ мәселелерді шешеді. Мәселен, кез-келген мәні мен болмысы, оның негізгі салалары мен әлеуметтік институттарының өзарабайланысы, тарихи процестің қозғаушы күштері т.б. Жекелеген қоғамдық ғылымдар (тарих, саяси экономия, әлеуметтану, саясаттану, әлеуметтік психология, құқық, этика т.б.) өз зерттеулерін жүргізгенде бұл ортақ проблемалармен үнемі кездесіп отырады. Әлеуметтік философияның тұжырымдамаларына сүйену бұл қоғамдық ғылымдарға өздерінің жекелеген мәселелерін біршама толық шешуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, әлеуметтік философия қоғамдық ғылымдардың методологиясы болып рөл атқарады, олардың қоғамның тиісті жақтарын зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар береді, зерттеу амалдары мен принциптерін белгілейді. Бұл қалай мүмкін десек, өйткені әлеуметтік философия бұл қоғамдық ғылымдардың өкілдеріне өздері зерттеутін құбылыстардың жалпы қоғамда алатын орнын, басқа әлеуметтік процестермен байланысын, олардың дамуындағы заңдылық пен кездейсоқтықтың ара қатынасын т.б. зерттейді. Бұл методологиялық көмектің тиімділігі ең алдымен әлеуметтік философияның мазмұнына, қоғамның ішкі мәнің ашып беруіне байланысты.
18. Антикалық философияда қалыптасқан адам туралы тұтас теорияның мазмұнына қандай сипаттама беріңіз: Антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, алғашқы философиялық ой-пікірдің қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.
Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.
Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.
ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.
ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі - әлеуметтік факторлары қарастырмауы.
Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.
Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы.
19. Философиялық антропология және оның қалыптасуының алғы шарттарын атап көрсетіңіз: Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, Әлемнің барлық түкпірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінде кездесіп отырған өмірлік мәселелердің ұдайы шешіліп отырылуы қажеттігінен туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен-күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі-жиі туғыза түсуде. Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігіне де күмән жоқ. Адамдар өз мүмкіндігін қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-қатынастың алғашқы түрі “мен” және “сен” деп бөлінуден басталады да, әр адам өзінің “менін” басқалармен қарым-қатынаста танытуға тырысады. Адам организмінің қандай ерекшеліктері мен биологиялық қажеттіліктері қоғамдық өмірге ықпал етті, оған негіз болды. С.Крапивенский А.Роза (АҚШ) мен Я.Шепаньскийдің (Польша) еңбектеріне сүйене отырып, адам организмінің бірнеше ерекшеліктерін атап көрсетті.
тік жүру адамның негізгі анатомиялық ерекшелігі ретінде оған қоршаған ортаны оңтайлы қабылдауына мүмкіндік берді, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді;
күрделі де нәзік қимылдарды орындай алатын берік қолдар;
кеңістікте жақсы бағыт беретін және үш өлшемді де көре алатын, алдыға бағытталған көзқарас.
психикалық өмір мен интеллектік жоғары дамуына жағдай жасайтын үлкен ми мен күрделі жүйке жүйесі;
ерін, көмекей күрделі өзгеріске түсіп, сөйлеу қабілетінің қалыптасуы;
балалардың ата-аналардан ұзақ уақыт бойында бағыныштылықта болуы, өсу мен жетілудің ұзақ уақытқа созылуы;
туа біткен импульстер мен қажеттіліктердің икемділігі.
сексуалдық құмарлықтық тұрақтылығы тағы басқа да ерекшеліктер.
Бұлардың бәрі адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін қамтиды, сонымен қатар‚ оның мәдени, әлеуметтік іс-әрекеттерінің биологиялық негіздері болып табылады. Адам биологиялық ақпаратпен қатар әлеуметтік ақпаратты да иеленеді. Адам болмысының толыққандығының маңызды белгісі оның өткенімен және болашағымен байланысуды тек сезіну - түсіну ғана емес, бұл рухани қарым-қатынастық адамның қазіргі болмысының жан-жақтылығымен, тереңдігімен өлшенеді. Бұдан бұрынғы дәстүрге сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде адамның әртүрлі қасиеттерін көрсететін “личность”, “индивид”, “индивидуальность” ұғымдарын қазақ тілінде “тұлға”, “индивид”, “индивидуалдылық” деп айтып жүр еді. Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Сапар Оспановтың “Қазақ тілі мен Әдебиеті” журналының 1997 жылғы 9-10, 11-12 сандарында жарық көрген “Азамат” ұғымын жаңғырту және оны өзінің ғылыми тұғырына көтеру” тақырыпты мақаласындағы ұсыныс көңілге тұрарлық екенін ескеруіміз қажет.
20. Қалалық антропологияның негізгі ұғымдарына терминологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз: Гарольд Дуайт Лассуэл (1902-1978) - Чикаголық мектептің көрнекті өкілі, саяси ғылымда бихевиористік көзқарасты жақтаушы. Йель құқық университетінің құрметті процессоры, Нью-Йорктағы Саяси ғылымдар Орталығының директоры, Американдық саяси ғылымдар Ассоциациясын басқарды. Саяси ғылымның саласында саяси мінез-құлықты әлеуметтік психология мен психоанализ әдістерін кеңінен қолданатын зерттеулерге бағыттады. "Психопатология және саясат" еңбегінде жеке тұлғаның саяси белсенділігіне әсер ететін жасырын, астыртын сананың ықпалы зерттелді. Лассуэлл саяси тұлғалардың жіктелуін жасап, саясаткерлердің түрлерін анықтады. Билікті зерттеу барысында бір индивидтердің әмір етіп, екіншілерінің бағынуын түсіндіретін "билікке - ерік" жайында гипотеза ұсынды, ол бойынша саясаткерлердің сыртқы және ішкі (рухани) кемістіктерінің орнын толтыру мақсатындағы әрекеті түсіндіріледі. Элиталар саясаттың басты субъектілері деген қорытындыға келеді және абстрактылы институттар мен ұйымдарды зерттегеннен сол субъектілердің арақатынасын зерттеу әлдеқайда маңызды деп тұжырым жасайды. "Саясат: кім, қашан, қалай, не алады" деген еңбегінде Лассуэлл саяси ғылымның басты міндетін қоғамдағы құндылықтар бөлінісін зерттеуден кәреді. Егер қоғамның экономикалық саласында материалдық құндылықтар өндірілсе, мәдениет саласында - рухани құндылықтар , ал саяси салада құндылықтар өндірілмейді, тек бәліске түседі. Құндылықтарды кім бөлсе, сол билікке ие болады, - дейді ол
Біздің тілдік қолдану аямызға кіргізілген шетелдік терминдер алғашқы мәніне қарағанда кең мағынаға ие болады. Нақ осы жәйт «инклюзия» ұғымына да қатысты. Мегаполистегі сәулеттің үйлесімдігі, қоршаған кеңістіктің қолжетімдік қабілеті, қала азаматтарының достық ықыластары мен ашықтығы туристтер үшін қаланы тартымды етеді немесе қала туралы жағымсыз әсер қалдырады.
Инклюзивті мәдениеті бар қала әлеуметтік мәдениетті, инфрақұрылымдық және сәулет ортасының қабілеттерін, статустық ерекшеліктеріне қарамастан адамның дамуы мен өзін-өзі қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-саяси перспективаларды қамтиды. Егер адам қалада үйлердің реттік нөмірін (кейде мұндай нөмірлер мүлдем болмайды) анықтауда қиындық көрсе, қажетті мекенжайын табуға қыруар күш жұмсаса немесе қалада жаяужолдар мен қоғамдық кеңістік болмаса, тұрғылықты халықтың жылы ықыласына қарамастан бұл қала туристтер үшін тартымды (позитивті) бола қоймас. Керісінше, инфрақұрылымы дамыған заманауи мегаполисте әлеуметтік коммуникацияларда жағымсыз және немқұрайлық қатынастар, ұлттық ұстанымдар басым болса, бұл қала адамдарға тартымсыз.
Қалалық антропологияның инклюзивті мәдениеті – «басқаларға» қатысты достық қарым-қатынас сипатындағы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік көңіл күйді өзара қабылдау, құрметтеу және толеранттылық арналарына бағыттайтын орта. Мұнда қала халқының білім статусы ерекше рөлге ие. Тұрғындардың басым бөлігі «Болашақ» бағдарламасымен тікелей немесе жанама байланысты, ал бұл жобаның әлеуметтік нәтижелігі сарапшылармен жоғары бағаланып отыр. Білім жоғары статусқа ие қоғам мен өз халқының дамуына жан-жақты мүмкіндік беретін мемлекетте ғана жоғары инклюзивті мәдениет қалыптасуы мүмкін.
Қалалық антропология қаланың әлеуметтік ұйымдастырылуын зерттеп , қалаға тән әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өмірдің үлгілерін қарастырады.Қала антропологиясы өз алдына дербес сала ретінде XXғасырдың 50-60 жылдары қалыптасты.Қала антропологиясында оның әдіснамасын сипаттайтын бірқатар аспектілері бар.Негізінен алғанда маңызды сұрақтар қалаларды салыстырмалы зерттеуге қатысты қалыптасты .Қала антропологиясында қалалардың түрлі типтері -индустриалыққа дейінгі , батыстық ,және батыстық емес индустриалдық, колониалдық, колониалдықтан кейінгі – қарастырылады.
Антропологтар қалаға ерекше орта ретінде қарады.Бұл идея Э Дюркгеймнің <<Қоғамдық еңбек бөлінісі>>деген енбегінде дамылтып ,кейін Чикаголық мектептің қаланы зерттеуге байланысты бағытына әсер етті.Егер Шоберг қаланы сауатты элитаның болу өлшеміне қарай анықтаса ,онда П.Уитли <<этноқаланың>>функционалдық анықтамасына назар аударып, халаықтың және әлеуметтік белсенділіктің шоғырланған ортасы ретінде қарайды.
Қалалық антропология үлкен қалалардың әлеуметтік мәселелерін: қылмыскерлік, әлеуметтік, ұйымсыздық, кедейшілік, үйсіздік, тұрақсыздық мәселерін қарастырады.
Гарольд Дуайт Лассуэл (1902-1978) - Чикаголық мектептің көрнекті өкілі, саяси ғылымда бихевиористік көзқарасты жақтаушы. Йель құқық университетінің құрметті процессоры, Нью-Йорктағы Саяси ғылымдар Орталығының директоры, Американдық саяси ғылымдар Ассоциациясын басқарды. Саяси ғылымның саласында саяси мінез-құлықты әлеуметтік психология мен психоанализ әдістерін кеңінен қолданатын зерттеулерге бағыттады. "Психопатология және саясат" еңбегінде жеке тұлғаның саяси белсенділігіне әсер ететін жасырын, астыртын сананың ықпалы зерттелді. Лассуэлл саяси тұлғалардың жіктелуін жасап, саясаткерлердің түрлерін анықтады. Билікті зерттеу барысында бір индивидтердің әмір етіп, екіншілерінің бағынуын түсіндіретін "билікке - ерік" жайында гипотеза ұсынды, ол бойынша саясаткерлердің сыртқы және ішкі (рухани) кемістіктерінің орнын толтыру мақсатындағы әрекеті түсіндіріледі. Элиталар саясаттың басты субъектілері деген қорытындыға келеді және абстрактылы институттар мен ұйымдарды зерттегеннен сол субъектілердің арақатынасын зерттеу әлдеқайда маңызды деп тұжырым жасайды. "Саясат: кім, қашан, қалай, не алады" деген еңбегінде Лассуэлл саяси ғылымның басты міндетін қоғамдағы құндылықтар бөлінісін зерттеуден кәреді. Егер қоғамның экономикалық саласында материалдық құндылықтар өндірілсе, мәдениет саласында - рухани құндылықтар , ал саяси салада құндылықтар өндірілмейді, тек бәліске түседі. Құндылықтарды кім бөлсе, сол билікке ие болады, - дейді ол.
20. Қалалық антропологияның негізгі ұғымдарына терминологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз
Гарольд Дуайт Лассуэл (1902-1978) - Чикаголық мектептің көрнекті өкілі, саяси ғылымда бихевиористік көзқарасты жақтаушы. Йель құқық университетінің құрметті процессоры, Нью-Йорктағы Саяси ғылымдар Орталығының директоры, Американдық саяси ғылымдар Ассоциациясын басқарды. Саяси ғылымның саласында саяси мінез-құлықты әлеуметтік психология мен психоанализ әдістерін кеңінен қолданатын зерттеулерге бағыттады. "Психопатология және саясат" еңбегінде жеке тұлғаның саяси белсенділігіне әсер ететін жасырын, астыртын сананың ықпалы зерттелді. Лассуэлл саяси тұлғалардың жіктелуін жасап, саясаткерлердің түрлерін анықтады. Билікті зерттеу барысында бір индивидтердің әмір етіп, екіншілерінің бағынуын түсіндіретін "билікке - ерік" жайында гипотеза ұсынды, ол бойынша саясаткерлердің сыртқы және ішкі (рухани) кемістіктерінің орнын толтыру мақсатындағы әрекеті түсіндіріледі. Элиталар саясаттың басты субъектілері деген қорытындыға келеді және абстрактылы институттар мен ұйымдарды зерттегеннен сол субъектілердің арақатынасын зерттеу әлдеқайда маңызды деп тұжырым жасайды. "Саясат: кім, қашан, қалай, не алады" деген еңбегінде Лассуэлл саяси ғылымның басты міндетін қоғамдағы құндылықтар бөлінісін зерттеуден кәреді. Егер қоғамның экономикалық саласында материалдық құндылықтар өндірілсе, мәдениет саласында - рухани құндылықтар , ал саяси салада құндылықтар өндірілмейді, тек бәліске түседі. Құндылықтарды кім бөлсе, сол билікке ие болады, - дейді ол
Біздің тілдік қолдану аямызға кіргізілген шетелдік терминдер алғашқы мәніне қарағанда кең мағынаға ие болады. Нақ осы жәйт «инклюзия» ұғымына да қатысты. Мегаполистегі сәулеттің үйлесімдігі, қоршаған кеңістіктің қолжетімдік қабілеті, қала азаматтарының достық ықыластары мен ашықтығы туристтер үшін қаланы тартымды етеді немесе қала туралы жағымсыз әсер қалдырады. 
Инклюзивті мәдениеті бар қала әлеуметтік мәдениетті, инфрақұрылымдық және сәулет ортасының қабілеттерін, статустық ерекшеліктеріне қарамастан адамның дамуы мен өзін-өзі қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-саяси перспективаларды қамтиды. Егер адам қалада үйлердің реттік нөмірін (кейде мұндай нөмірлер мүлдем болмайды) анықтауда қиындық көрсе, қажетті мекенжайын табуға қыруар күш жұмсаса немесе қалада жаяужолдар мен қоғамдық кеңістік болмаса, тұрғылықты халықтың жылы ықыласына қарамастан бұл қала туристтер үшін тартымды (позитивті) бола қоймас. Керісінше, инфрақұрылымы дамыған заманауи мегаполисте әлеуметтік коммуникацияларда жағымсыз және немқұрайлық қатынастар, ұлттық ұстанымдар басым болса, бұл қала адамдарға тартымсыз.
Қалалық антропологияның инклюзивті мәдениеті – «басқаларға» қатысты достық қарым-қатынас сипатындағы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік көңіл күйді өзара қабылдау, құрметтеу және толеранттылық арналарына бағыттайтын орта. Мұнда қала халқының білім статусы ерекше рөлге ие. Тұрғындардың басым бөлігі «Болашақ» бағдарламасымен тікелей немесе жанама байланысты, ал бұл жобаның әлеуметтік нәтижелігі сарапшылармен жоғары бағаланып отыр. Білім жоғары статусқа ие қоғам мен өз халқының дамуына жан-жақты мүмкіндік беретін мемлекетте ғана жоғары инклюзивті мәдениет қалыптасуы мүмкін.
Қалалық антропология қаланың әлеуметтік ұйымдастырылуын зерттеп , қалаға тән әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өмірдің үлгілерін қарастырады.Қала антропологиясы өз алдына дербес сала ретінде XXғасырдың 50-60 жылдары қалыптасты.Қала антропологиясында оның әдіснамасын сипаттайтын бірқатар аспектілері бар.Негізінен алғанда маңызды сұрақтар қалаларды салыстырмалы зерттеуге қатысты қалыптасты .Қала антропологиясында қалалардың түрлі типтері -индустриалыққа дейінгі , батыстық ,және батыстық емес индустриалдық, колониалдық, колониалдықтан кейінгі – қарастырылады.
Антропологтар қалаға ерекше орта ретінде қарады.Бұл идея Э Дюркгеймнің <<Қоғамдық еңбек бөлінісі>>деген енбегінде дамылтып ,кейін Чикаголық мектептің қаланы зерттеуге байланысты бағытына әсер етті.Егер Шоберг қаланы сауатты элитаның болу өлшеміне қарай анықтаса ,онда П.Уитли <<этноқаланың>>функционалдық анықтамасына назар аударып, халаықтың және әлеуметтік белсенділіктің шоғырланған ортасы ретінде қарайды.
Қалалық антропология үлкен қалалардың әлеуметтік мәселелерін :қылмыскерлік ,әлеуметтік ,ұйымсыздық,кедейшілік,үйсіздік ,тұрақсыздық мәселерін қарастырады.
Гарольд Дуайт Лассуэл (1902-1978) - Чикаголық мектептің көрнекті өкілі, саяси ғылымда бихевиористік көзқарасты жақтаушы. Йель құқық университетінің құрметті процессоры, Нью-Йорктағы Саяси ғылымдар Орталығының директоры, Американдық саяси ғылымдар Ассоциациясын басқарды. Саяси ғылымның саласында саяси мінез-құлықты әлеуметтік психология мен психоанализ әдістерін кеңінен қолданатын зерттеулерге бағыттады. "Психопатология және саясат" еңбегінде жеке тұлғаның саяси белсенділігіне әсер ететін жасырын, астыртын сананың ықпалы зерттелді. Лассуэлл саяси тұлғалардың жіктелуін жасап, саясаткерлердің түрлерін анықтады. Билікті зерттеу барысында бір индивидтердің әмір етіп, екіншілерінің бағынуын түсіндіретін "билікке - ерік" жайында гипотеза ұсынды, ол бойынша саясаткерлердің сыртқы және ішкі (рухани) кемістіктерінің орнын толтыру мақсатындағы әрекеті түсіндіріледі. Элиталар саясаттың басты субъектілері деген қорытындыға келеді және абстрактылы институттар мен ұйымдарды зерттегеннен сол субъектілердің арақатынасын зерттеу әлдеқайда маңызды деп тұжырым жасайды. "Саясат: кім, қашан, қалай, не алады" деген еңбегінде Лассуэлл саяси ғылымның басты міндетін қоғамдағы құндылықтар бөлінісін зерттеуден кәреді. Егер қоғамның экономикалық саласында материалдық құндылықтар өндірілсе, мәдениет саласында - рухани құндылықтар , ал саяси салада құндылықтар өндірілмейді, тек бәліске түседі. Құндылықтарды кім бөлсе, сол билікке ие болады, - дейді ол
21.Антропологиядағы гендерлік  сұрақтар. Гендерлік стереотип және оны өзгерту мәселелерін тұжырымдаңыз.
Қазіргі кезде қоғамдағы әйел мен ер адамдардың орны туралы түсінік ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі біздің заманымызда бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барлық адамзатқа ортақ өмір сүрудің идеалдары мен құндылықтарын іздеу қажеттігі туып отыр. Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың бірі - гендер мәселесі болып табылады.
Гендер түсінігі соңғы кезде елімізде ерекше жиі қолданысқа еніп, елеулі мәселеге айналып келеді. Сонымен, гендер дегенміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқы мен өзара қарым-қатынастарын айқындайтын, сондай-ақ, олардың әлеуметтік орны мен рөлдерiн анықтауға бағытталған ғылыми бағыт. «Gender» ұғымы ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) деген түсініктi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң бар-лық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет.
Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Рес-публикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, эконо-микалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отба-сында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдай-лар жасау, жыныстық белгiсi бойынша еркiн болу сияқты жайттар жатқызылады.
Гендерлік теңдік стратегиясы - мемлекеттің гендерлік саясаты мен мемлекет және азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асыруға бағытталған негізгі құжат болып табылады. 
Гендерлік теңдік стратегиясы 2006 - 2016 жылдар аралы-ғындағы кезеңде ер адамдар мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді және 9 бөлімнен тұрады.
22.Антропогенетикалық зерттеулердің мәнін ашып көрсетіңіз
Әлеуметтік антропология  - әлеуметтану мен этнографияға жақын, адамның шығу тегі мен даму сатыларын, өмірінің мәнін, индустрияға дейінгіаграрлы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды, институттарды зерттейтін ғылым. Антропология ұғымын алғаш грек ойшылы Аристотель енгізді. Бүл ұғым көне грек дәуірінен орта ғасырдың соңына дейін адамның физиологиялық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді.
Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады.Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған.Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары - еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қалуына, дамуына жағдай жасады.Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл – ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып, сонымен бірге еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның ізгілікті бір белесінде өмір сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып табылады.Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады.Н.Н.Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.Сөйтіп, әлеуметтік организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі – мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның даму эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші – сыртқы дүние туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік еркіндігі, құрал – саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз қолымен дамып отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне байланысты оған оның бағыныштылығының арта түсуі.Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы.Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы – оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады.Осының нәтижесінде туындаған Адам өзінің даму эволюциясында ең соңғы нүктеге, яғни «Омега нүктесіне» жетуге ұмтылады. Философтың ойынша, «Омега» нүктесі эволюцияның аяқталып, сүйіспеншілік негізінде бір – біріне ұмтылатын жалпы бірігу мен әлемдік гармонияның бастауы болып табылады. Бұл әлем бөлшектерінің бірін – бірі іздестіріп, өзара гармонияда бірігуі. Омега нүктесі - Әлем мен Адамзаттың болашағы, эволюцияның ең жоғарғы полюсі. Онда барлық индивидтер мен халықтардың өзара келісуі болады. Барлығы сүйіспеншілік арқылы бірігеді. Православие дінінің көрнекті уағыздаушысы. А.Меньнің пікірінше «Адамның әлемдегі орны туралы тейярдизм ілімін», «оптимистік мәре» деп атауға болады. Омега нүктесі – бұл жарық.
23. Қазақстанның этносаясатының негізгі бағыттарын баяндап, этносаралық қарым-қатынастардың қалыптасуына талдау жасаңыз.
Этнос, этникалық қауымдастық – [грек, ethnos – тайпа, халық] – бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. Ұлттық саясат — бір мемлекетте тұратын әр түрлі этностардың, этникалық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу. Өркениетті мемлекеттерде Ұ. С. Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауды және нығайтуды мақсат етеді. Әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 80%-дан астамы көп этн. Және көп дінді. Сондықтан Ұ. С. Әрбір мемлекеттегі әлеум. Саясаттың маңызды сегменті болып табылады. Ұ. С. Этн. Татулықты нығайтудың нақты шараларын күн тәртібіне қояды және шешеді. Ұлт саясатын этносаясат деп те атайды. Этносаясаттың мақсаты елдегі этносаралық түсіністікті сақтай отырып, халықты өркениеттілік дәстүрлеріне тарту. Ол үшін саясатқа араласатын мүдделі топтар әрбір қайшылықты, шиеленісті өзара келісімге келу арқылы шешеді. Түрлі халық өкілдері өздерімен қатар өмір сүріп жатқан этностардың дәстүрлеріне, мәдениетіне, тілдеріне, т.б. ерекшеліктеріне толеранттылық көрсетеді. Ұ. С. Өркениетті елдерде азаматтардың ұлттық құндылықтарына деген позициясына сәйкес жүргізіледі. 1970 — 80-жылдары Қазақстандағы қазақ ұлты өкілдерінің 40%-ы ана тілін білмейтін халге жетіп, халықтар достығы саясатының толық құрбаны болуға аз қалды. Қазақ халқына қарсы геноцидтік саясат жасалды. 1916 ж. 6 млн-ға жеткен қазақтар 1959 ж. 3 млн-ға дейін азайды. Қазан төңкерісінен кейін басталған шаруашылық және саяси реформалар салдарынан 3 млн-ға жуық қазақ қырылды немесе шет елдерге кетуге мәжбүр болды. Қазіргі Қазақстандағы Ұ. С-тағы кемшіліктер мен қателіктердің түп-тамыры осы процестерге байланысты. Қазақ тілінің дағдарысқа ұшырау мәселесі әлі де тиімді шешілмей отыр. Дербес мәдениеті мен дамыған тілі бар қазақ этносының орыс тіліне көшу үрдісі әлі де тоқтаған жоқ. Сондықтан қазіргі Ұ. С. Кемшіліктерді жоюдың кешенді шараларын күн тәртібіне қойып, оларды шешудің жолдарын қарастыруы қа-жет. Елдегі ұлт саясаты қазақ этносының ұлттық мүдделерін шешумен шектелмейді. Этносаясаттың басымдылығы Қазақстандағы этн. Татулықты сақтай отырып, басқа да этн. Топтар мен диаспоралардың мұң-мұқтажын мемл. Деңгейде шешуге, шиеленістер мен қайшылықтарды реттеуге ат салысу.
24.Этностар дағдарысының  эндогендікжәне экзогендік  факторларын бөліп көрсетіңіз
Дағдарыстық фокторларды   эндогендікжәне экзогендік ,-деп екі топға бөлуге болады.Алайда ,бұл шартты түрде ғана. Этностың дағдарысына алып келетін ішкі және сыртқы факторлар бір-бірімен өте тығыз байланысты.Көп жағдайда сыртқы фокторлар ішкі факторларға келіп ұласады.
Мысалы :сыртқы фокторлардың әсерімен болатын амалсыздан және күш қолдану арқылы жүргізілетін аккультурация-этностар үшін ерікті түрге айналады.Осылайша адамдар өз еріктерімен ана тілдерінен , дәстүрлі мәдениетінен , этникалық сана- сезімінен айырылады.
Л.Н.Гумилев өзінің «Этногенез және жер биосферасы» монографиясында және «Этнос географиясы» кітабында этнос дамуының фазаларын ежелгі Рим тарихының мысалында көрсетеді. Біздің заманымыздың IX ғасырынан бастап Батыс Еуропа қалған басқа әлемнен идеологиялық жағынан – католицизм, лингвистикалық жағынан – роман-герман тілдері, ал физикалық-географиялық жағынан – қаңтардың изотермасы секілді жағдаяттармен бөлектенеді. ХІV ғасырда Батыс Еуропада күйзеліс басталды, оның нәтижесі ретінде Реформацияны көрсетуге болады.


25.Этностар мәдениетінің негізгі атрибуттарын атап, олардың қазіргі қоғамдағы рөлдеріне тоқталыңыз.
“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi  – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.Адам баласының әлеуметтiк дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал халық тарихы жөнiндегi (бiз ендiгi жерде оны шатастырмас үшiн “этнос” деп алып қараймыз) зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық көп. Шын мәнiсiнде, этностан тысқары бiрде-бiр адам өмiр сүрмейдi. Кiмге де болса, “сен кiмсiң?” деген сұрақ қойса, ойланбастан “орыспын”, “французбын”, “ағылшынмын”, “немiспiн”, “парсылықпын” немесе “түрiкпiн” деп жауап бередi. Олай болса, адамның санасындағы этнос жайындағы түсiнiк көпке ортақ. Ал жоғарыдағы сұраққа жауап берушi әрбiр этнос мүшесiне: “Сен неге ол халықты немесе ұлтты өз ұлтым деп санайсың?” деп сұрақ қойса, оған анықтама беруге қиналады. Әсiресе, “сенiң ұлтыңның басқа ұлттан қандай айырмашылығы бар?” деген сұраққа бұрынғы Кеңес Одағында, бүгiнгi ТМД елдерiнде тiршiлiк ететiн ұлт өкiлдерi тиянақты жауап бере алмайды.
Бүгiнде этностық мәдениет пен ұлт тiлдерiнiң өткенi мен келешегiне көз жiберу ұшiн этностардың шығу тегiн ғылыми методологиялық тұрғыдан қарастыру қажеттiгi туып отыр. Бұл жөнiнде соңғы жылдары ұлт мәдениетiн ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды. Ол өзiнiң “Халықтар қалай пайда болады және жоғалады?” (изд-во Ленинградского университета, 1989) деген атақты еңбегiнде, дүние жүзiндегi халықтардың пайда болу, өсу, өркендеуiн және олардың бiртiндеп өшiп, жоғалу заңдылықтарын диалектикалық тұрғыда, тарих, география және биология (оның iшiнде экология және генетика саласы) ғылымдары негiзiне сұйене отырып, “этнос” туралы ғылыми дәйектi анықтама берген едi. Л.Гумилев “этнос” туралы соңғы уақытқа дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына тоқталады. Айталық, бiреулер “этнос дегенiмiз — шығу тегi бiр халықтар” десе, екiншiлер “этнос — тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң тууы” дейдi. Ал үшiншiлерi “этнос — бiр-бiрiне ұқсас адамдар тобы” десе, төртiншiлерi “этнос - сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы” дейдi. Бесiншiлерi “этнос” - белгiлi бiр қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы” десе, ал алтыншылары “этнос — табиғаттың сыйы, этнос — әлеуметтiк категория” дейдi .
26.Биологиялық және әлеуметтік жан ретіндегі адамның эволюциясына сипаттамалық талдау жасаңыз
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайы әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж. 1млн адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды басқа аурулар бойынша да келтіруге болады.
Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның “қалыпты ” орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.
Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.
Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтардың пікірінше, адамның түр ретіндегі биологиялық эволюциясы Homo sapiens пайда болғаннан бері тоқтады деуге болады. Мұның дәлелі ретінде сол уақыттан бері адам миының өзгермегендігін, оның морфологиялық өзгерісінің аяқталғанын келтірсе де болады. Бұған қарама-қарсы пікір айтуға жеткілікті негіз жоқ.
Сонымен антропогенез процесінің дамуы адам түрінің қалыптасуының аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. О сы кезден бастап эволюция әлеуметтік өмірмен байланысты іске асып, адамның болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның өмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік инфомация келгенін атап айту қажет.
Әлеуметтік және биологиялық факторлардың жеке адамның эволюциясына тигізетін әсері жайлы қазіргі ғылыми әдебиетте бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт бар. Олардың бірі панбиологизм деп, ал екіншісі пансоциологизм деп аталады. Панбиологизм бағытын жақтаушылар адамның жеке басының дамуы бүтіндей генмен анықталады деп, биологиялық фактордың рөлін абсолюттендіріді. Ал пансоциологизмді жақтаушылар жеке адамдардың бәрі дүниеге келгенде бірдей гендік қабілетпен келеді, олардың қабілеттердің дамуында оқу-тәрбие басты, шешуші рөл атқарады деп есептейді.
27.Адамның биопсихоәлеуметтік жан ретіндегі бейнесін жасаңыз
Тұлғаның биопсихоәлеуметтік мәні барлық уақытта ғалымдардың назарын аударып отырды.Әлеуметтік ортаның тұлғаның қалыптасуына тигізетін әсерінің маңызды екендігін мойындай отырып,биологиялық тұқым куалаушылық факторы рөлінің де зор екендігін ұмытпаған жөн. Адам психикасының қалыптасуында белгілі бір әлеуметтік жағдайлардың әсерімен өзгерістерге ұшырай отырып ,адамның түрлі әлеуметтік типтерін –еркі жоқ жалқауларды немесе жігерлі тұлғаларды қалыптастыратын генетикалық факторларды да ескермеуге болмайды.Ұқсас әлеуметтік жағдайлар бір-бірімен айырмашылығы жоқ тұлғалардың қалыптасуына ешқандай әкелмейді ,өйкені адамның жекелік қасиеттері әлеуметтік фокторлардың ғана емес , қындалады.Адам әлеуметтік ортаның әсерін өзінің қажеттіліктерінің ,<<әлеуметтенудің ішкі механизмдерінің>>негізінде қабылдағандықтан ,соңғы нәтижелердің ,ягни адам мізіз-құлқының түрлі болатындығы да осыдан шығады.


28.Нәсілдік антропологиялық мектептің қалыптасу ерекшеліктеріне тарихи тұрғыдан талдау жасаңыз
Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.[1]Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:
экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),
еуропалық,
моңғолоид.
Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.
Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.
Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер
Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.
Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер
Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.
Негроидтік нәсілдерге тән белгілер
Негроидтік нәсілдердің шаштары бүйра әрі кара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.]Раса[3] (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Р. термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады.ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған:
Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;
адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады;
адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляц. тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза Р. жоқ;
адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Р-ларға, одан кейін кіші Р-ларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен Р-ға жүйеленеді;
ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Р. құрай алмайды. Р. деген ұғым тек биол. мағынада пайдаланылады. Р-ның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады.
Олар қалай және қандай затты және рухани өркениетті дамытам десе ерікті екендігі көрсетілген. Қазіргі уақытта әлем халықтарының антропол. жүйелеу әдістемелері бойынша еуропеоид, негроид, моңғолоид секілді негізгі үш үлкен Р. белгілі. Бұлардың әрқайсысы бірнеше кіші Р-ларға ажыратылады (қ. Нәсілдер). Сонымен қатар әрбір үлкен Р. жігінде аралас кіші Р-лар бар. Мыс., еуропа тектес және моңғол тектес Р-лар жігінде ерте заманнан бері олардың араласуынан пайда болған кіші тұран тектес (оңт. сібір) Р. бар. Оның өзі мынадай үш антропол. нұсқаға ажыратылады: қазақстандық антропол. нұсқа (өкілі қазақтар), тянь-шань өңірлік нұсқа (өкілі қырғыздар), алтай-саяндық нұсқа (өкілі хакастар);
29.Адам табиғатын оның қажеттіліктерінің жиынтығы ретінде қарастырған  көзқарастардың ерекшелігіне социологиялық тұрғыдан баға беріңіз
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті.
Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады. . Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Адам дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады.
Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын.
Фейербахтың антропологиясына келетін болсақ, антропологиялық материализм теориясы:
-нағыз, шын өмір сүретін табиғат пен адам ғана;
-адам табиғаттың бір бөлшегі
-адам материалдық пен руханилықтың бірлігі
-адам философиясының басты мәселесі болу керек
-табиғат мәңгі және шексіз
-бізді қоршағанның барлығы-матияның алуан түрлі көрінісі
-идея дегеніміз өздігінен өмір сүрмейді, ол адам санасының өкілі.
-Құдай өз бетінше жеке өмір сүрмейді, құдай-адамның елесінің желісі.
К. Маркстің байқауынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады». И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялықтың жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Табиғат пен адам табиғаты арасындағы байланысты осы екі өзара қарама-қарсылықтар,
бірақ жеке тұрғанда әлсіз, өзара бір-бірін толықтыратын қызметтер арқылы орнату
теориялық мәнде маңызды салдарға жетелейді. Классикалық ойлау жүйесінде адам
табиғатқа да, езіне де, басқа тіршілік иелеріне де тумысынан дарыған жарым-жарты,
шектеулі, ерекше "табиғаттың" көмегінсіз-ақ кірігеді. Адам табиғаты "жалпы табиғатпен"
білім механизмдері қызметі арқылы ғана қосылады немесе, дәлірек айтсақ, классикалық
әдістеменің ұлы жүйесінде жалпы табиғат, адам табиғаты және олардың өзара қарым-
қатынасы қызметтік анықтауға және болжауға келетін сәттер болып табылады. Ал, әуелгі
қалың реалдылық, күрделі объект және кез келген мүмкін білімнің жоғарғы субъектісі
ретіндегі адамның өзіндік ешқандай орны жоқ.
30.Қазақ халқының  қалыптасуында әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлардың атқаратын рөліне социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз
 Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.
Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:
1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;
2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
4. халықтың тілінің қалыптасуы;
5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты.
31.Э.Дюркгеймнің діни антропологияның дамуына қосқан үлесін «Діни өмірдің қарапайым түрлері» еңбегіне талдау жасау арқылы көрсетіңіз.
Дiни антропология - дiни дәстүрлердегі адам және оның жаратушыға, қасиеттiлiкке қатынасы туралы түсiнiктер, сонымен қатар адамның шығуы мен бағыт-бағдары, адам өмiрiнiң мәні, күнәсі мен құтқарылуы (хамартиология мен сотериология), өлімі және өлімнен кейінгі тіршілігі(танатология и эсхатология) туралы зерттейтін ғылыми пән. Дiни антропология – философиялық - дінтанулық білімнің бір саласы ретінде адам туралы имплициттік (қасиетті және діни текстер бойынша) көзқарастарды оқумен қатар оның экспликациялық, әр түрлі діни дәстүрлердің адам туралы ілімдерінің теологиялық және діни – философиялық кешенін зерттейді.
Дiни антропология философиялық - дінтанулық білімнің бір элементі ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде және шет елдерде жеке ғылыми пән болып қалыптасты. Дiни антропология методтары ретінде топтамалауды, саластыру методын, жалпығылыми, философиялық, дінтанулық методтарды атап өтуге болады.
Дiни антропологияның негізгі мәселелеріне келесі мәселелерді жатқызуға болады: әлемнің діндерінің қасиетті және діни текстеріндегі антропологиялық имплициттік көзқарастарды; антропологиялық терминологияны; ұлттық діндердегі антропологиялық көзқарастарды; діни дәстүрлердің адам туралы теологиялық және діни-философиялық ілімдерді; дескриптивтік, нормативтік және практикалық діни антропология.



32.Этнос пен ұлт ұғымдарының айырмашылығына салыстырмалы талдау жасап, азаматтық ұлт ұғымының қалыптасу жағдайларын атап көрсетіңіз.
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.
Ұлт — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек.
КСРО дан кейін қалыптасқан ұғым бойынша, ұлт — белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік (менталитет), өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым. Бұл Сталинниің ұлттқа берген қате анықтамасы негізінде айтылған көзқарас. Себебі бұл жиынтықта айтылған компоненттерде саяси ерік және осы еріктің негізінде туындайтын саяси мемлекет туралы еш нәрсе айтылмайды. Марксистік идеология негізінде ұлттың негізгі саяси компоненті жойылып, ұлт ұғымы этнос деңгейіне дейін төмендетілген. Оның бірнеше себептері болған. Біріншіден, марксистік көзқарас бойынша коммунизм орнағаннан кейін ұлттар жойылу керек еді болашақта. Екіншіден, отарлаушы мемлекетте ұлттың шынайы саяси көрініс табуы мүмкін емес еді. Сондықтан советтік кезеңнен қалған шолақ анықтамалардан сақ болу керек.
33.Техногендік өркениеттің салдарлары, адамзат болашағына тигізер жағымсыз әсерлері, бұл әсерлерді болдырмау үшін қолданылатын шараларды атап көрсетіңіз
Техногендік өркениет Еуропа аймағында ХІV-XVІ ғасырларда қалыптаса бастаған.Қайта өрлеу, реформация және ағартушылық заманында бұл өркениеттік құндылықтар жүйесінің ядросы қалыптаса бастады. Ол адамның қоғамдағы орны мен функциясын айқындауға бағытталды. Адамның табиғатты өзгертудегі және оны өзіне бағындырудағы ролі еске алынды. Бұл жасампаздық құбылыс техногендік өркениетке тән еді. Бұл әдеттегі мәдениетте болмайтын.
Дәстүрлі мәдениеттер әлемді жаңғыртуды, адамның табиғатқа үстемдігін қамтамасыз етуді өздеріне мақсат етіп қоймады. Техногендік өркениет табиғатты жансыз, органикалық емес дүние деп таныса, дәстүрлі өркениет оны тірі дүние, жанды организм деп қарап, адамды соның бір бөлшегі деп есептеді.
Бүгінгі жаһандану үдерісін академик В.Степин техногендік өркениет экспансиясының жемісі деп бағалайды.
Техногендік өркениет әлемге орасан зор жетістіктер ала келді. Халықтың көбі өздерінің болашағын осы өркениетпен байланыстырды. Бұдан жарты ғасыр бұрын осы өркениет әлемді жаһандық дағдарысқа жетелеп келеді деп ешкім де ойламаған болар. Қазіргі шындық басқаша болып отыр. Техногендік өркениет планетаны дағдарыстың құшағына да бөледі.
Техногендік өркениет бұл күнде әлемге тосын жайларды сыйлап отыр. Жаһандық дағдарыстар – осының дәлелі. Техногендік мәдениеттің құндылықтарының базистік жүйелерін өзгертпей бұл алапаттардан құтылуға бола ма? Бұл сұраққа академик жоқ деп жауап береді. Құндылықтарды жаңарту үшін ол адамдар қызметінің мақсатын түбегейлі өзгертуді ұсынады. Бұл үшін залалы мол болған техногендік өркениеттен жоғары көтеріліп, дамудың жаңа сатысына жетісуді ұсынады. Бұл үшінші жолды қажет етеді. Бұл дәстүрлі және техногендік өркениеттерге қарағанда өзгеше, үшінші сатыға көшу деген сөз.
Бүгінгі постиндустриялық қоғам техногендік өркениеттің одан әрі жай жалғасуы емес, бұл өркениет дамуының жаңа белесі, жаңа биігі болып табылады.
Дамудың жаңа сатысын қалыптастыру үшін қазіргі мәдениет бірден-бір алғышарт бола ала ма? деген сауал туындайды.
Бұл үшін табиғатқа деген бұрынғы көзқарасты қайта қарау керек болар. Адамның табиғатқа үстемдік ету идеясынан бас тарту қажет болары сөзсіз.
Академик В.Степин өркениетті жеке сөз етпей, бүгінгі жағдайда оны дамудың формациялық жолдарымен қатар алып сөз етеді. Техногендік өркениеттің жетістіктері мен кемшіліктерін қоса көрсетіп, бүгінгі постиндустриялық кезеңде өркениеттік дамудың жаңа белесіне көтерілуді қажет деп отыр.
Бұл жаңа өркениет болмақ. Атақты философтың тұжырымы бойынша, жаңа заман құндылықтардың жаңа үлгісін дүниеге әкеліп, өркениеттік жаңа кезеңге аяқ басудың алдында отыр. В.Степиннің бағытын ұстану өркениет туралы түрлі ұғымдарды шатастырмауға мүмкіндік береді, өркениет (цивилизация) деп мәдениет пен өмір құндылықтарының жаңа деңгейін қалыптастыруды түсінетін боламыз. Бұл жаңғыру материалдық дүниенің жаңаруы ғана емес, рухани әлемнің де жаңа сапаға көтерілуі болып табылады.
34.Антропоцентризмнің мәні неде? Жеке ғалымдардың көзқарастарын басшылыққа ала отырып, түсіндіріп беріңіз.
Космоцентризм-әлемді  түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл  кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) . 
Теоцентризм-барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш- Құдай арқылы түсіндіру (Орта ғасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын  философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Осы антропоцентризмнің алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген  ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.). Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. Сондай – ақ М.Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П.Боранецкийдің тұжырымдамасы). Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында Антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.
35.Адамның мәні мен табиғаты туралы классиктердің көзқарастарына салыстымалы талдау жасап, оларды топтастырып көрсетіңіз
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті.
Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады. . Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Адам дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады.
Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын.
Фейербахтың антропологиясына келетін болсақ, антропологиялық материализм теориясы:
-нағыз, шын өмір сүретін табиғат пен адам ғана;
-адам табиғаттың бір бөлшегі
-адам материалдық пен руханилықтың бірлігі
-адам философиясының басты мәселесі болу керек
-табиғат мәңгі және шексіз
-бізді қоршағанның барлығы-матияның алуан түрлі көрінісі
-идея дегеніміз өздігінен өмір сүрмейді, ол адам санасының өкілі.
-Құдай өз бетінше жеке өмір сүрмейді, құдай-адамның елесінің желісі.
К. Маркстің байқауынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады». И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялықтың жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Табиғат пен адам табиғаты арасындағы байланысты осы екі өзара қарама-қарсылықтар, бірақ жеке тұрғанда әлсіз, өзара бір-бірін толықтыратын қызметтер арқылы орнату теориялық мәнде маңызды салдарға жетелейді. Классикалық ойлау жүйесінде адам табиғатқа да, езіне де, басқа тіршілік иелеріне де тумысынан дарыған жарым-жарты, шектеулі, ерекше "табиғаттың" көмегінсіз-ақ кірігеді. Адам табиғаты "жалпы табиғатпен" білім механизмдері қызметі арқылы ғана қосылады немесе, дәлірек айтсақ, классикалық әдістеменің ұлы жүйесінде жалпы табиғат, адам табиғаты және олардың өзара қарым-қатынасы қызметтік анықтауға және болжауға келетін сәттер болып табылады. Ал, әуелгі қалың реалдылық, күрделі объект және кез келген мүмкін білімнің жоғарғы субъектісі ретіндегі адамның өзіндік ешқандай орны жоқ.
36.Әлеуметтік антропологияның қалыптасу тарихын, жаратылыстанулық және қоғамдық ғылымдармен байланысын салыстырмалы талдауды қолдана отырып түсіндіріңіз.
Әлеуметтік антропология- зерттеу объектісі адам,мәдениет және қоғам болып табылатын ғылым және оқу пәні.Әлеуметтік антропология- түрлі әлеуметтік топтардағы,қауымдастықтағы,қоғамдар мен мәдениеттердегі адамдардың өмірлік тәжірибелерінің мәдени тұрғыдан әрқайлылығын зерттеу пәні ретінде қарастыратын ғылым.Әрбір мәдени топтың жас ерекшелігі,мәртебе,денсаулық пен аурушаңдық,әйел және ер кісі т.б. ұғымдарға қатысты қөзқарастары,түсініктері әрқилы.Антропология ұғымы гректің екі сөзінің негізінде – «антропос» адам және «логос» ілім қалыптасады.Антропология терминінің өзі XVI ғасырдың басында Германияда қалыптасып,анатомиялық контексте қолданылды.Ал кейінірек адамның жаны туралы ілім ретінде қарастырылды.Өз алдына дербес ғылым ретінде антропология XІX ғ. қалыптасты. Оның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы,антропогенез ілімі,нәсілтану.Антропологияның негізгі ұғымдарына:адам,индивид,тұлға,дербестік,теңдестіру,архетип,мәдениет,өркениет т.б. жатады.Антропологияның физикалық және мәдени екі бағыты ғылыми білімнің жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық салаларының бөлінуіне сәйкес өз алдына жеке пәндерге бөлінді.
Әлеуметтік антропологияның шегі туралы пікірталастар тоқтар емес.Британияда әлеуметтік антропология,АҚШ-та мәдени антропология,Францияда-этнология,Ресейде әлеуметтік антропология және этнография ғылымдары болып қалыптасқан.Әлеуметтік антропология ұғымы ағылшындарда негізгі орынға ие болды. Радклифф-Браун, М. Фортес сияқты британ антропологтары Э.Дюркгеймнің әлеуметтік деректер туралы іліміне сүйене отырып,әлеуметтікті мәдениліктен бөлек автономды түрде қарастырды.
37.Жаһандану жағдайында Қазақстанның басшылыққа алған стратегиялық жобаларының бірі – Еуразия идеясын өзектендірудің негізгі себебін көрсетіңіз
Жалпы, кез келген серпінді идеяның шығу тегін тарихи тұрғыдан қарастырсақ, өзінің даму кезеңдерін қамтиды. Еуразияшылдық идея алғаш рет ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропада қуғында жүрген орыс эмигранттарының арасында туған екен. Бұл дегеніміз, бұрынғы ақыл-ойдағы идеологиялық құндылықтардың өзгеріп, жаңа көзқарастың пайда болуымен байланысты туған ерекше идеялардың бірі болды деген сөз. 1921 жылы Еуропада жарық көрген орыстың еуразияшыл философтарының осы бағыттағы пікірлерін жинақтаған «Шығысқа шығу» атты еңбектің алғы сөзінде «Бұл мақалалар дүниетанудың апатты өзгерісі кезеңінде туған дүниелер. Болған және алдағы уақытта болатын өзгерістерден біз саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды ғана емес, дүниетану көзқарасында да терең өзгерістер болатынын болжап отырмыз», делінген.
Демек, мұнда еуразияшылдық идеясының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Г.В.Вернадский дамытқан философиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық доктринасын теориядан шынайы болмысқа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға болады. Олай болса, ресейлік «ескі еуразияшылдық» пен қазақстандық «жаңа еуразияшылдықтың» айырмашылығын ажыратып алайық. Біріншіден, еуразияшылдық Ресей үшін тарихи тұжырымдама болып қалды. Ал Қазақстан үшін өмірлік қажеттілік. Екіншіден, ресейлік еуразияшылдық Батысқа қарсы тұрушылықпен ерекшеленді. Ал қазақстандық еуразияшылдық Батыстан алыстауға емес, керісінше, мемлекетаралық деңгейде неғұрлым терең қарым-қатынас орнатуға зор мән беріледі. Қазақстанның 2008 жылы қабылдаған «Еуропаға жол» бағдарламасы осының айғағы болып табылады. Үшіншіден, Назарбаевтың еуразиялық доктринасы орыстардікіндей тар ауқымдағы идеологиялық сызба емес, кең ауқымдағы халықаралық және өркениетаралық байланыстар әдісі, ашық түрдегі өркениеттік карта болып табылады. Ендеше, Көшбасшымыздың Еуразиялық идеясын неоеуразияшылдық емес, жаңа қазақстандық еуразияшылдық деп атауымызға әбден негіз бар.
Сараптай келгенде, еліміздің Ұлт Лидері Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған Еуразиялық Идеясы өзінің маңыздылығын, өмірлік қажеттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп келеді. Меніңше, сонау еуразияшылдықтан бастау алған бұл идея өзінің түпкі мақсатына жетеді деп ойлаймын. Яғни, болашақта құрылатын Еуразиялық Одақ Еуроодақтың кем тұстарын зерделей отырып, алып аймақтық интеграцияға айналуы тиіс. Алайда, теориядан шынайы тәжірибеге айналған идеяны жүзеге асырып, асығыстық танытып, Еуразиялық Одақты бірден құрмауымыз керек. Алдымен, қатысушы-мемлекеттердің саны ұлғайып, Одақ өз күшіне еніп, даяр болған сәтте, Елбасымыздың көздеген Еуразиялық Одақ Жаһандық әлем жүйесінде, Еуразия кеңістігінде өзінің орнын, рөлін табатыны айдан анық. Себебі, ағылшын ғалымы Х. Маккиндер айтқандай, «Хартлендті (жердің жүрегін - Еуразияны) кім өз бақылауына алса, сол бүкіл әлемді бақылайды».
38.Нәсілдердің қалыптасуына әсер ететін факторлардың классификациясын жасап, қазіргі уақытта өзекті болып отырған фактордың ерекшелігін сипаттаңыз
Нәсілтану – антропология ғылымының бір саласы.Әлем халықтарының антропологиялық құрамы көп түрлілігімен ерекшеленеді. Үш үлкен нәсіл туралы айтуға болады. Экваторлық (австриялық-негроидтық); еуразиялық (еуропалық); азиаттық-американдық (монголоидтық).Ірі нәсілдерді кішілерге бөлу: экваторлық –австриялық, веддоидтік, меланизистік, негрильдік (орталық африкалық), бушмендік (оңтүстік африкалық), эфиоптық (шығыс африкалық), оңтүстік киндиялық (дравидтік), экваторлық-атлант-балтықтық, ортаевропалық, индо-жерортатеңіздік, ақтеңіз-балтықтық, балкан-кавказдық, оңтүстік сібірлік (тұрандық), уралдық, арктикалық (эскимостық), қиыршығыстық, оңтүстік азиялық, лерикандық, полинезистік, курильдік (аниялық), және басқа.
Антропологияда түрлі зерттеушілер түрлі кезеңдерде «нәсіл» ұғымына түрлі анықтамалар берді.
Қазіргі кезеңдегі нәсіл ұғымының мағынасы 1684 жылы алғаш рет адамзат нәсілінің классификациясын жасауға әрекет жасаған француз ғалымы Ф. Берньенің түсіндіруіне ұқсас.Адамдардың бет-пішініне,терісінің,көзінің,шашының түсіне,сонымен қатар тілі мен мәдениетінің ерекшелігіне қарай ол адамзатты үш үлкен нәсілдік топқа бөлді.Осыған ұқсас жіктеуді ұсына отырып К.Линней төртінші нәсілдік топты- лапландықтарды (Швеция мен Финляндияның солтүстік аймақтарының халқы)-бөліп көрсетті.
Нәсілдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
географияық
экономикалық
этномәдени
Нәсілдердің құрылуына әсер ететін факторлардың бірі – географиялық фактор,ол климатқа тәуелді. Адамның мұрнының ені жылдық орта температураға,күннің әсеріне,жердің географиялық кеңдігіне байланысты болады. Мұрынның максималды ені тропикалық климатта өмір сүретіндерде, ал минималдық ені Скандинавия,Аляска,Гренландия т.б. жерлерде орын алады.Мұндай тәуелділікті пигменттерге де және тағы басқа да антропологиялық белгілерге айтуға болады.
Ал мұндай тәуелділіктен еркін болып есептелетін аралас атропологиялық типтер.Нәсілдерді жіктеу, оларға классификация жүргізу «бейнелеу», «сиапаттау» әдістерін қолдану негізінде : шашының түріне, қаттылығына, түсіне,мұрнының ерекшеліктеріне,қасының қалыңдығына,бетінің формасына,денесің,қолының,аяғының ұзындығына қатысты жүзеге асады.
Нәсілдер классификациясын жасай отырып,нәсілдерді ірілендіруге әрекет жасаған Т.Гексли 1870 жылы адамзатты екі үлкен топқа бөлуді ұсынды. Ақ түстілерге – еуропоидтар мен монголоидтарды, ал қара түстілерге- негроидтарды топтастырып көрсетті.
Егер нәсілдердің құрылуында географиялық фактор негізгі орынға ие болса,онда қазіргі уақытта бірінші орныға экономикалық және этномәдени факторлар шықты. Американың ашылуы түрлі этностар мен антропологиялық типтердің араласуына алып келді. Еуропалықтардың индеецтермен араласуы метистердің, еуропалықтар мен негрлердің араласуы мулаттардың, индеецтердің негрлермен араласуы самбоның қалыптасуына алып келді.
39.Әлеуметтік және мәдени антропологияның, этнология мен этнографияның ерекшеліктеріне антропология ғылымының негізін салушылардың көзқарастары тұрғысынан талдау жасап, Қазақстанда антропология ғылымының даму жағдайларын сипаттаңыз
Дәстүрлі түрде, антропология «мәдени» және «әлеуметтік» болып бөлінеді. Егер де тек «мәдени» және «әлеуметтік», сөздерінің мәніне ғана тоқталар болсақ, онда екеуінің арасындағы аса үлкен айырмашылық жоқ. АҚШ та зерттеушілердің тұрақты қоғамдық ұйымы жоқ үндіс қоғамдарын зерттей бастауы мәдени антропология мектебінің қалыптасуына алып келді (негізін қалаушы Ф. Боас). Әлеуметтік топты белгілі бір жүйе деп қарастырудың орнына, бірінші орынға даму динамикасының мәселелері шықты, дәлірек айтсақ мәдениеттің бір ұрпақтан келесі ұрпаққа қандай жолдармен берілетіні жөнінде. «Әлеуметтік антропология» термині Англияда метериалды мәдениеттіпен емес, сенім, дәстүр және ұстанымдар мәселелерімен қызығатын Дж. Фрэзер басқарған кафедраны белгілеу пайда болды. «Әлеуметтік антропология» терминінің пайда болуы А.Р. Радклиф-Браун есімімен байланысты, ғалым өз зерттеу жұмыстарының пәнін анықтай отыра, қоғамдық қатынастар мен қоғамдық құрылымдарды зерттеуге ерекше назар аударды. Алайда, ең маңыздысы, антропологияның өзін «әлеуметтік» немесе «мәдени» деп аталуында емес, оның жалпы адамды тануына ұмтылуында, бір жағдайда оның зерттеу негізі заттық нәрсе болса, екінші бір жағдайда оның зерттеу негізі түсініктер болып табылады.
Францияда антропология адамның физикалық сипаттамасын білдірсе, этнография ұлттық (және өзге) мәдениеттің дәстүрлері мен ерекшеліктерінің сипаттамасын, ал этнология алғашқы ееуіне негізделген аналитикалық пәнді білдіреді.
Этнография и этнология терминдері неміс дәстүрінде де жиі қолданылады. 1869 жылдан бері «Цайтшрифт фюр этнологи» журналы басылып шығады. Алайда өз халқының дәстүрлі мәдениетін зерттейтін Volkskunde термині мен өзге ұлттардың мәдениетін зерттейтін Volkerkunde терминдері де аса танымал болды.
Ресейде халықтар туралы ғылым-этнография мен адамды биологиялық тұрғыдан зерттеу-антропология дәстүрлі түрде бөлінген. Бірнеше онжылдықтар бойы этнография тек фольклористика мен өлкетанумен тығыз байланысты сипаттамалық пән болып келді.
Кеңестік дәуірде салыстырмалы мәдениеттанулық зерттеулерді ғылымдардың перифериясы деп есептеу қабылданды, ол ол еңбектердің авторлары мәдени антропологияның өкілдері емес, филологтар, тарихшылар, тіпті философтар болып келді. «Этнология» терминінің өзі қолданысқа тек 1980- жылдардың соңында ғана енді, ал бұған дейін түрлі халықтарды зерттеу этнография деп аталып, физикалық антропологиямен бірікті.
Кеңес дәуіріндегі этнологияның жарқын өкілдеріне, батыстық ғылымда қалыптасқан көрсеткіштерді қолдана анықтасақ, Ю.Лотман А. Гуревичті жатқызуға болады. Кеңес дәуірінде батыс ғылымының жетістіктерін кеңінен танымал етуге ерен еңбек еткен И. Кон есімі ғалымдар ішіндегі орны айрықша. Ол орыс тілінде американдық антрополог Маргарет Мидтің көптеген еңбектерін орыс тілінде жариялаған, сонымен қатар оның аудармаларында және редакциялық басқаруымен Зигмунда Фрейдтің ізбасарларының еңбектері жариялынып шықты.
Орта Азия мен Қара теңіз жағалауындағы көшпелі мәдениет мәселелерімен айналысатын А. Хазанов, этноархеология және алғашқы қауымдық қоғам тарихы саласында өзінің еңбектерінің басым көпшілігін посткеңістік республикаларының, әсіресе Қазақстан Республикасының ұлттық-әкономикалық мәселелеріне арнаған.
Қазақстандағы жалпы толыққанды мәдени антропологиялық мектептің бар екендігі жөнінде айту әлі ертерек, дегенмен бұл үрдіс қалыптасу деңгейінде. Ресеймен аналогия келтірсек, Қазақстанда антропологиялық зерттеулер тек тарихи, мәдениет философиясы, этнография, этнология, әдебиеттану, фольклористики, елтану ғылымдары шеңберінде ғана қарастырылды.
Жалпы, барлық зерттеу жұмыстарын шартты түрде ежелгі қазақ даласын мекендеген және қазіргі Қазақстан территориясын мекендейтін түрлі этностар мен халықтардың мәдениеті мен тұрмыс тіршілігін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне бөлсе болады. Мәдени антропологиялық зерттеу жұмыстары деп атауға болатын бірінші топты аса танымал ғалымдар құрайды: Т. Нагель, Г. Диц, Т. Нельдеке, В.Радлов, В. Бартольд, А Диваев, В. Вельяминов-Зернов, И. Аничков, Г. Потанин.
Екінші топты 19- 20 ғасырлардың бас кезеңіндегі қазақ зиялы топтарының өкілдері құрайды: Ш. Уәлиханов, Ә. Бүкейханов, М. Тынышбаев. Жане қазіргі заман ғалым зерттеуші, философтары мен мәдениеттанушылары, қоғамдық қайраткерлер: Ғ. Айдаров, С. Ақатай, С.Әкішев, Ә Марғулан, М. Мағуин, О. Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Ғарифолла Есім, М. Орынбеков, К. Нурланов, Т. Ғабитов, Ж. Алтаев, Б. Нұржанов, З. Исмағамбетова, А. Наурзбаева, А. Қодар, Н. Масанов, Н. Шаханова және т.б.
Мәдени антропологияның негізін - әлем халықтарының мәдениеті мен тұрмыс түршілігін зерттейтін этнография және мәдениеттерді салыстырмалы зерттеу ғылымы этнология ғылымдары құрайды.
19 ғасырда аталған ғылыми пәндердің зерттеушілері мәдени антропологияның негізін қалады, ал 20 ғасырда эмперикалық базаның өзгеруіне байланысты, өзге социогуманитарлық ғылымдардан алынған әдіснамалық жүйенің қолдануы нәтижесінде, аталмыш ғылымның шеңбері кеңейе түседі.
Адамзат қоғамын зерттеу этнография мен ежелгі заман антропологиясынан басталады. Қазіргі заман этностарынын, мәдениеттерді және өркениеттерді жан-жақты және жүйелі түрде зерттеу үшін бір ғана антропологиялық білім жеткіліксіз. Көмекке , мәдениеттің арнайы салаларын құрайтын және жалпы ғылымның арнайы салаларын құрайтын тарихшылар, әлеуметтанушылар, экономистер, өнертанушылар, психологтар келеді.
Антропологиялық және этнологиялық пәндер, түрлі зерттеу салаларына байланысты лингвистика, археология, юриспруденция, тілтану тәрізді гуманитарлық ғылым салаларын қамтиды. Мәдени антропология және этнография археология, физикалық антрпология, фольклористика, тілтану, әлеуметтану, тарих және басқа да ғылымдармен зерттеу барысында түйісіп, тығыз байланыста болады.
Этникалық қоғамдырдың топтық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында психологиямен тығыз байланыста этнопсихология ғылымы туындайды. Алайда, бұл салалардың бір-бірінен оқшауланбайтынын, керіснше бір бірінің кемшіліктерін тауып, анықтап, толықтырып, тек қосыла отыра қарастырылып отырған мәдениет жөнінде толыққанды мәлімет бере алатындығын айта кету қажет.
Мәдени антрпологияның әлеуметтік мәдениеттен, мәдениет социологиясынан, мәдениет философиясынан, этнографиядан, этнологиядан айырмашылығын айта кетейік.
Этнография, этнология ғылымдарының зерттеу пәні әлем халықтарының пайда болуы(этногенез), жалпы даму заңдылықтары, таралуы, мәдени-тарихи өзара қарым-қатынастары, олардың материалды және рухани мәдениеттері, тұрмыс-тіршілік ерекшеліктері.
Әлеуметтік антропология – нақты тарихи жағдайларға қатысты, қоғамдық-мәдени өзгерістер заңдылықтарын талдау мәселесімен айналысатын теориялық зерттеудің бағыты.
Мәдениет социологиясы мәдениеттің қоғамдық құрылымдар мен қоғамдық институттарға сәйкес құрылымы мен қызмет етуін зерттейді.
Мәдениет философиясында мәдениеттің мәні, мақсаты, құндылықтары, оның шарттары мен түрлерін зерттеудің әдіс, тәсілдері қарастырылады.
Сәйкесінше, этнография, этнология, мәдени және әлеуметтік антропология сипаттық бағыттарымен ерекшеленеді, олар бірінші кезекте, эмперикалық деректердің жинақталуы мен талдануына сүйенетін, түрлі қоғамдар мен түрлі кезеңдердің мәдениетін зерттейтін жүйелі салыстырмалы ғылымдар. Мәдениет философиясы өз пәнінін теориялық тұжырымдауға, яғни мәдениеттің қызмет етуі мен өзгерін түсінуге бағытталған.
21 ғасырда гуманитарлық ғылымның парадигмасы өзгерді, ол адамның табиғи, жаратылыстық, жасанды, мәдени мәндерінің антагонистік түсініктерінің бірлігіне бағыт ала отырып, мәдениет мәселелерін зерттеуді экожүйе және оның инварианттары ретінде өзекті мәселеге айналдырады.
Осылайша, антропология ғылыми танымның саласы болып табылып, адамның табиғи және жасанды ортада тіршілік ету мәселелерін зерттеумен айналысады, адамның уақыт пен кеңістіктегі өзгермелігі жөніндегі білім жүйесі ретінде танылады. Жиырмасыншы ғасыр барысындағы антропологтар, этнографтар жекелеген халықтардың, мәдениеттердің, субмәдениеттердің тарихы бойынша орасан зор эмперикалық деректерді жинады, сонымен қатар антропологиялық теорияның қалыптасуындағы фундаментальді базаны құрды. Қазіргі таңда антропология көптеген бағыттарға бөлінген: ғылыми-жаратылыстану, философиялық, теологиялық, психологиялық, тарихи және т.б.
Мәдени антропология мәдениеттанулық білімнің саласы ретінде мәдениеттердің вариативтілігін зерттеумен айналысады. Бұл тұста басты назар белгілі, жергілікті және кезеңдік форматтағы өзіндік мәдениеті бар адамға аударылады.
40.Этникалық қақтығыстардағы негізгі сұрақтарға тоқталып, оларды шешу жағдайларын көрсетіңіз.
Этникааралық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы әртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын. Этникааралық қақтығыстардың шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесін¬де туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-әрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады (экс-Югославиядағы азаматтық соғыс себебі дін алуандылығынан туындаған субмәдениеттер (православиелік, католиктік, мұсылмандық) болды). Сондай-ақ этникааралық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды. Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады. Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі окпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды". Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін).
Этникааралық қақтығыстардың реттелу жолдары - қандай да бір этникааралық қақтығысты түбірімен, түпкілікті біржола шешу мүмкін емес. Этностар бар жерде әйтеуір бір қайшылықтар туындайды. Мәселе осы қайшылықты шиеленістірмей, күш қолдануға жеткізбей дер кезінде алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге талпынуда. Көпэтникалы қоғамда этносаралық қарым-қатынастар реттеліп отырылуы керек. Бұл қатынастардың басқару стратегиясын жасау үшін полиэтникалы кеңістікте жалпыға ортақ құндылықтар мен ережелерді табу қажет. Жалпыға бірдей ойын ережесін жасау керек, ол әмбебап, бүкіл көпэтникалы қоғамды құндылықты-ережелік алаңмен қамту, екінші жағынан жеке дәстүрлер мен құндылықтар шектелмеуін ойластырған жөн. Осыдан келіп мемлекет пен оның құрамына кіретін этностар арасында "қоғамдық келісімге" келудің қажеттігі туады. Мұндай келісім этникааралық қатынастардың барлық қырын қамти алмайды, дегенмен негізгі маңызды нормалар мен қағидаттар ұсынылуы керек: жеке тұлға мен этнос қауіпсіздігі кепілдігі, тең құқықтық, қайшылық туа қалған жағдайда күш қолданудан бас тарту, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу және т.б. Осы жағдайда ойын ережесінің ешкімге "бүйрегі бұрмауы" керек, сонда ғана ол тиімді болмақ.Егер этникааралық қақтығыстың ал¬дын алу мүмкін болмай, қақтығыс орын алса, ең алдымен күш қолдануға жол бермей, зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Одан кейін қақтығысты тіл табысу кезеңіне өткізу, қандай да бір себеп¬термен қақтығысушы жақтардың арасында диалог мүмкін болмаса ара ағайындық жасау. Қақтығысты реттеудің келесі кезеңі - "қазыға жүгіну" (арбитраж). Міндетті арбитраж қақтығысты реттеу мен күшпен басудың аралығында болады. Қақтығыстарды реттеудің ең соңғы жолы - күшпен басу.
Этникааралық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы әртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын.
Шығу себептері
Этникааралық қақтығыстардың шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесін¬де туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-әрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады (экс-Югославиядағы азаматтық соғыс себебі дін алуандылығынан туындаған субмәдениеттер (православиелік, католиктік, мұсылмандық) болды). Сондай-ақ этникааралық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды. Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады. Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі окпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды". Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін).
Реттелу жолдары
Этникааралық қақтығыс¬тардың реттелу жолдары - қандай да бір этникааралық қақтығысты түбірімен, түпкілікті біржола шешу мүмкін емес. Этностар бар жерде әйтеуір бір қайшылықтар туындайды. Мәселе осы қайшылықты шиеленістірмей, күш қолдануға жеткізбей дер кезінде алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге талпынуда. Көпэтникалы қоғамда этносаралық қарым-қатынастар реттеліп отырылуы керек. Бұл қатынастардың басқару стратегиясын жасау үшін полиэтникалы кеңістікте жалпыға ортақ құндылықтар мен ережелерді табу қажет. Жалпыға бірдей ойын ережесін жасау керек, ол әмбебап, бүкіл көпэтникалы қоғамды құндылықты-ережелік алаңмен қамту, екінші жағынан жеке дәстүрлер мен құндылықтар шектелмеуін ойластырған жөн. Осыдан келіп мемлекет пен оның құрамына кіретін этностар арасында "қоғамдық келісімге" келудің қажеттігі туады. Мұндай келісім этникааралық қатынастардың барлық қырын қамти алмайды, дегенмен негізгі маңызды нормалар мен қағидаттар ұсынылуы керек: жеке тұлға мен этнос қауіпсіздігі кепілдігі, тең құқықтық, қайшылық туа қалған жағдайда күш қолданудан бас тарту, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу және т.б. Осы жағдайда ойын ережесінің ешкімге "бүйрегі бұрмауы" керек, сонда ғана ол тиімді болмақ.Егер этникааралық қақтығыстың ал¬дын алу мүмкін болмай, қақтығыс орын алса, ең алдымен күш қолдануға жол бермей, зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Одан кейін қақтығысты тіл табысу кезеңіне өткізу, қандай да бір себеп¬термен қақтығысушы жақтардың арасында диалог мүмкін болмаса ара ағайындық жасау. Қақтығысты реттеудің келесі кезеңі - "қазыға жүгіну" (арбитраж). Міндетті арбитраж қақтығысты реттеу мен күшпен басудың аралығында болады. Қақтығыстарды реттеудің ең соңғы жолы - күшпен басу.
Этноконфликтология
Этноконфликтология - этникалық, этникааралық қақығыстарды зерттеуші ғылым саласы. Қақтығыстанудың аса маңызды бөліктерінің бірі этникалық қақтығыстардың шығу заңдылықтарын, дамуын, алдын алу, реттеу, шешімін табу мәселелерін қарастырады. Ол этнос өкілдерін қиян-кескі қаталдыққа, төзімсіздікке, күш қолдануға жетелейтін бөлінудің, жіктелудің, конфронтацияның алдын алып, тығырықтан, түйықтан шығудың жолдарын қарастырады. Қазіргі этноконфликтологияның аса маңызды мәселелерінің бірі ықтимал қақтығыстарды алдын ала ескертіп, болжам жасау және жағымсыз салдарын төмендету жолдарын қарастыру болып табылады.
41 Нәсілдер классификациясының"бейнелеу" және "өлшеу" әдістерінің қолданылу аспектілеріне қатысты сипаттамалық талдау жасаңыз
Нәсілдер — бұл саны әртүрлі адамдардың тарихи қалыптасқан топтары (популяциялар топтары), олардың морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ұқсас, сонымен бірге олар белгілі бір аумақтарда ғана таралады. Олар тарихи факторлардың әсерлері арқылы дамып және бір ғана түрге (Н. sapiens) жатады. Нәсіл халықтан немесе этностан айырмашылығы белгілі бір аумақта таралған, бірнеше нәсіл жиынтықтарынан құралуы мүмкін немесе керісінше, сол бір нәсілге бірнеше халықтар жатуы және олар әртүрлі тілде сөйлеуі мүмкін.
Нәсілдің бар екенін адамдар біздің ғасырымызға дейін де білген. Сол кездің өзінде олардың қайдан пайда болғаны туралы алғашқы қадамдар жасалған. Мысалы, гректердің көне аңыздарында қара нәсілді адамдарды Фаэтон (Гелиос құдайының баласы) байқаусызда өзінің күн тәрізді арбасымен жерге ақ нәсілді адамдарды жағып жіберу үшін жақын келген кезде пайда болды деп түсіндіреді. Грек философтары нәсілдердің пайда болу себептерін көбіне ауа райымен байланыстырды.
Інжіл жазбалары бойынша ақ нәсіл Симнің, сары Ноя-Яфеттің және қара нәсіл Хамның балалары делінген. XVII ғасырда жер шарын мекендеген халықтарды ғылыми түрде жүйелеуге ұмтылды. Бұл кезде адамдарды нәсілге бөлу бет әлпетінің құрылыс ерекшеліктеріне, терісінің, шашының, көзінің түстеріне сәйкес, сонымен бірге тілдерінің ерекшілігі және мәдени әдет-ғұрыптары бойынша бөлген француз дәрігері Ф. Бернье алғаш рет 1864 жылы адамдарды еуропоидтік, негроидтік және моңғолоидтік деп үш нәсілге жіктеді. Осыған ұқсас жіктеуді К. Линнейде ұсынған. Ол адамзат бір ғана түрге жатады деп есептеп, қосымша (төртінші) лапландық нәсілді (Швеция мен Финдляндияның солтүстік тұрғындары) жеке бөлді.
И. Ф. Блуменбах (1752-1840) 1775 жылы адам туысын терісінің түсіне сәйкес деп: кавказдық (ақ), моңғолдық (сары), эфиопиялық (қара), американдық (қызыл) және малайлық (қоңыр) 5 нәсілге бөлді. У. Бойд (1953) шамамен, бұдан 200 жылдан кейін қан құрамындағы антигендерінің негізінде адамдарды бес нәсілге жіктеді, атап айтқанда:
Еуропалық топтар — оған лопарейлер, оңтүстік еуропалықтар және солтүстік африкандықтар.
Африкалық топ.
Азиялық топ — оған үнді субконтинентінде тұратындар.
Дмерикандық топ, барлық байырғы тұрғындар.
Тынық мұхиттық топ (меланезиялықтар, плинезиялықтар, австралиялықтар).
Шын мәнінде, адам туысына европеоидтық, негроидтық, моңғолоидтық және аустралоидтық деп жіктеу кеңінен қолданылады. Европеоидтықтардың терілері ақшыл түсті шаштары тік немесе ашық-сарғыш толқынды немесе, қара қошқыл жұмсақ немесе орташа жұмсақ, көздері үлкен, қоңырқай, қоңыр-жасыл, көк-қой көздер, иектері анық жіктелген, бөксесі жалпақ, мұрны жіңішке әрі ұзынша, еріндері қалың емес және денесіндегі және бетіндегі түктері жақсы жетілген. Осы нәсілдің әйелдеріне жартылай жұмыр кеуделі (емшегі) және шығыңқы бөксе тән. Бұл нәсілге жататын адамдар, Еуропаның көп бөлігінде және соған іргелес аймақтарда тұрады.
Негроидтықтар терісінің түсі қара, шаштары бұйра әрі қалың, еріндері қалың, мұрындары кең және жалпақ, тістері өте ірі, көздері қара және қойкөзді, бастары ұзын, беттеріндегі және денесіндегі түктері сирек, жамбас қуысы шағын, табандары үлкен. Әйелдерінің кеудесі конус пішінді, бөксесі шығыңқы емес. Бұл нәсілге жататын адамдар Африкадан бастап, экватор белдеуінен Тынық мұхиттың аралдарына дейінгі аралықта мекендейді. Бұл нәсілге Африканың халықтары, тағы да негритолар (пигмеилер), мұхиттың негроидтары (меланезийстер), оңтүстік африкандық бушмендер және готтентоттар жатады.
Моңғолоидтықтардың терісінің түсі қара торы, сары немесе сарғыш қоңыр. Олардың шаштары тік әр қатты әрі қара көк түсті, беттері жалпақ әрі етті, қысыңқы қой көзді, көзінің үшінші қабағының бұрышы анық, мұрны жалпақ және кең, беттеріндегі және денелеріндегі түктері сирек. Бұл нәсілге жататындар Шығыс Сібір және Моңғолия, Қиыр Шығыс, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия жерлерін мекендейді. Индонезийцтер мен американдық үндіс аралас моңғолоид нәсілін қүрайды.
Кейде аустралоидтықтарды жеке нәсіл ретінде бөледі. Олардың да терісінің түсі негроидтардықтарға ұқсас қара (олардың терісінің түсі шоколад түстес қара), бірақ бұлардың қара шаштары толқын пішінді бұйра, бастары үлкен және бет-әлпеттері ірі, кең, мұрындары жалпақ, иектері шығыңқы, денелеріндегі және беттеріндегі түктері көптеу болады. Аустралоидтықтар Аустралияның байырғы тұрғындары, бірақ аустралоидтықтарды көбіне, негроидттықтар деп есептейді. Кейде, американдық нәсілдер деп те бөледі. Олар терілерінің түсі қара қошқыл, бет бұлшық етті шығыңқы, мұрындары шамалы ұзынша және көзінің ішкі бұрышы қатпарлы, шаштары қара көк. Бірақ, американоидтықтарды көбіне, моңғолоидтық нәсілге жатқызады.
Нәсілдердің шығу тегінің (расогенез) үрдісін дұрыс түсіну үшін, нәсілдердің мәнісін және олардың жіктеуін дұрыс анықтап алу керек. Көп уақыт бойы нәсілдердің анықтамасында типологиялық көзқарас басым болды, осыларға сәйкес нәсілдердің анықтамасын стереотипті (таптаурын) негізде түсіндіру, яғни нәсілдің барлық белгілері қайталанып отырады деп келді. Сондықтан жеке даралық сипаттарын басшылыққа ала отырып нәсілдердің арасында болатын жеке айырмашылықтан нақты дара өзгешіліктер болады деп есептейді. Популяциялық генетиканың дамуына байланысты нәсілдердің табиғатын түсінуде типологиялық көзқарастың дәлелдерінің толық еместігін көрсетті.
Нәсілдерді жүйелеуде тек популяциялық көзқарас ғылыми негіз болып есептеленеді. Нәсілдерді жүйелеудің дұрысы болуы олардың бір-бірінен ажырататын белгілер санының көп болуымен ерекшеленеді немесе нәсілдердің арасында көп белгілерді пайдалану, солғұрлым нәсілдерді жүйелеуде нәтижелі болады. Нәсілдер популяциялардан құралатындықтан, кез келген нәсілге сипаттама беру үшін, жеке адамдарды емес жалпы көп адамдар тобынына қатысы бар нақты деректерге сүйену қажет. Өйткені, әрбір нәсілдің арасында әртүрлі тұқымкуалайтын белгілер көп болғандықтан, осылардың қайсысын алуын пайдалану қиынға соғады сондықтан жеке адамдардың белгілерін бүкіл нәсілге пайдалану мүмкін емес. Сонымен бірге, осындай бір жеке адамдардың белгілерінің жиынтығын бір нәсілге де пайдалануға болмайды. Сондықтан нәсілді жеке бір адамдар деп бір топқа жататын адамдар деп қарау қажет. Мысалы, швед пен орыстың бас сүйектерін салыстырғанда, олардың арасында әр ұлттың өзіне тән айырмашылықтары бар екендігі анықталды, бірақ ол белгілер орташа есеп ретінде беріледі, ал жеке даралардың белгілері бір-бірін қайталайды. Соныменен нәсілдердің айырмашылығын қатып қалған стереотиппен (типологиялық) анықтау дұрыс емес, өйткені нәсілдер топтарының арасында бір-бірінен айырмашылық жасайтын қатып қалған белгілер болмайды.
42 Инфантилизм және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы антропология ғылымында қалыптасқан көзқарастардың ерекшелігін көрсетіңіз
Кейбір адамдар есейіп, тіпті егде тартса да, ақыл-ойы жетілмей бала секілді болып жүреді екен. Мұны ғылымда инфатилизм дертімен ауырған дейді екен. Енді осы инфантилизм дерті туралы әңгіме қозғап көрейік. Инфантилизм – латын тілінен аударғанда “балалық” дегенді білдіреді. Яғни, ақыл-ой дамуының кері кетуі, тежелуі. Мұны адам психологиясының қалыпты жағдайынан ауытқуы десек дұрыс болар. Жасы егде тартқан кей адамдардың ой-өрісі мен іс-әрекеті балаға ұқсап, өздерін бала сияқты сезінеді. Кәдімгі адамдар шынайы өмірді нақты түсініп, есейген сайын ақыл-ойы толыса берсе, инфант адамдар өз қиялымен, еш уайымсыз, ешбір жауапкершіліксіз өмір сүре береді. Олар әрдайым өзгелердің көмегіне, кеңестеріне мұқтаж болады. Бұл дертке шалдыққан адамдардың өмірге көзқарасы бала кезіндегідей болып ешқашан өзгермейді, тіпті кері кетеді. Инфант адамдардың ақыл-есін жанған шырпыға теңесек те болады. Олардың сана - сезімі тез шоқтанып, жарқырап жанады да, тез сөніп қалады. Алайда мұны инфант адамдар сезіне қоймайды, олар өмірінің бәрі осылай уайымсыз болу керек» деп қабылдайды және ешқашан өздерін кінәлі санамайды. Неміс социологы, психолог Карл Густаф Юнгтың айтуынша, «инфант адамдар жас бала сияқты өзінің де, өзгенің де жағдайын терең түсінуге қабілетсіз болады. Оларға ең бастысы - өз қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.» Бір сөзбен айтқанда, инфант адамдар өзгелердің жағдайларын, қайғы-мұңын, қуанышын түсінбейді, керісінше, «адамдар мені түсінбейді», деген ойда болады. Осылайша мұндай адамдар айналадағы өмірді көрмей, білмей тек қиялымен өмір сүреді. Инфантилизмге шалдыққан жандардың кейбірі тіпті, өздерін де танымайды, білмейді, біреуді елестетіп сол менің өзім деп сезінеді. Атамның әңгімесінде айтқан кісіні жұрт жасына жетпей алжыды деп ойласа керек. Бала секілді қылық танытқанымен, жүріс-тұрысы дұрыс,он екі мүшесі сау адамды қалай алжыды деп айтамыз? «Жас күнінде бір бала, қартайғанда бір бала» деп адамдар көбінесе ондайға онша мән бермейді. Әрине, жасы келген үлкен қарт кісінің алжуы табиғи жағдай. Алайда, қарттардың балалық мінезін алжығандық деп қарастыруға болмайды. Алжығандық деп біз – альцгеймер ауруын айтар едік. Бұл ауру мен инфантилизм дерті мүлде бөлек, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Альцгеймер дертіне шалдыққандар ақыл-естен айрылғандар. Олар тіпті, не істеп не қойғандарын білмейді, әрдайым біреудің қамқорлығында болуы керек. Ал инфант адамдар ақыл-есі дұрыс, бірақ бала кезінен ой – өрісі жетілмей қалғандар. Сондықтан инфантилизм мен альцгеймер дертін шатастыруға болмайды. Қазіргі таңда қаншама адамның өмірі компьютер ойындарының алдында өтіп жатыр. Тіпті, қаншама адамдар өздері құмар ойынды тамашалау үшін әлемді шарлап кетеді. Америкада мұндайларды “кидалты” деп атайды екен. Ағылшын тілінен аударғанда бұл сөз kid – кішкентай және adult – үлкен адам деген ұғымды білдіреді . Яғни, ойынқұмар, отбасын құруға асықпайтын, жасөспірімдер сияқты киінетін кексе тартқан адамдар. Италияда қартайған шағына дейін ата-анасының қамқорлығында тұратын адамдарды “бомбоччиони” деп айтады. Яғни, тамағы дайын, төсек орны, киім-кешегі болса, олар осыны қанағат тұтып өмір сүреді. Кидалт адамдар әлем бойынша көбейіп келеді. Тіпті, 2009 жылдың өзінде АҚШ-та 7 миллион адамды осы кидалт адамдардың қатарына жатқызған екен. Олар, әлбетте, өз жұмыс орындары, жағдайлары бар, алайда бала секілді іс- әрекеттері мен ой қиялымен ғана өмір сүріп жүргенін ыңғайсыз сезінбейді. Кидалт адамдар бала секілді өмір сүре отырып, нағыз өмір өзгерістеріне қарсы тұрады. Қоршаған ортаға, айналасына, өмірге баланың көзімен қарау, балалық пәк сезім мен шынайы көзқарас, әрине, жаман емес. Дегенмен, жасы келген егде адамның балалық әдеті, өз өміріне жауапкершіліксіз, немқұрайды, бейжай қарауы ыңғайсыз, ерсі емес пе. Ресейдегі МГППУ-дың профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Андрей Копьевтың пікірінше, көптеген адамдар, инфатилизм дерт екенін ажырата алмайды екен. «Бұл үстірт пікір: сен не инфатилсың, не прагматиксың .Ең маңыздысы инфант болу емес, тек бойыңда балаға тән шынайы, жақсы әдептерді сақтай отырып, өмірді, адамдарды , қуанышты сол қалпында қабылдап, өмірді нақты шынайы көре білу», деген ой түйеді Андрей Копьев. Негізінде, әрбір адам қандай да бір дәрежеде инфант деуге болады. Тек біреуде инфантилизм көбірек, енді біреуде аз болуы да мүмкін. Көп жағдайда әйел адамдардың инфантилизм ауруына шалдыққанын байқай қоймаймыз. Өйткені, қыз бала бойжеткенше әке-шешесінің қамқорлығында еркелеп, ештеңеден тарықпай өседі. Артынша, жасы келгенде тұрмыс құрады. Сол кезде жас кезіндегі ата-анасын күйеуі алмастырып, соның қамқорлығында болады. Қазіргі таңда күйеуіне сеніп, жұмыс істемей, өз қажеттіліктерін қанағаттандырып, үйде отыратын әйелдер көптеп кездеседі. Жалпы ер азаматтар әйел адамға әрдайым қамқор көзқараспен қарайды. Сондықтан әйелдердің күйеуіне еркелеп, оның табысын шашып өмір сүретін болса, бұл инфантилизм екені анық. Мұндай әйелдер ойын-сауыққа, той -думанға құмар болады. Қолына ақша түссе, сол сәтінде көк тиын қалдырмай ұстап жібереді. Өзінің де, күйеуінің де, балаларының да өзіне ұнамаған киім-кешегін, тіпті төсек жабдықтарына, жиһазына дейін қоқысқа лақтырғысы немесе өртеп жібергісі келіп тұрады. Мұндай әйелдер тіпті баласын да күтіп бақпай, үй жағдайын ойлай бермейді. Тіпті, киім-кешекті балаларына ғана емес өзіне ғана алғысы кеп тұрады. Егер мұндай әйелдердің ұлдары ержетіп, үйленсе, оның әйеліне, яғни келініне күн көрсетпейді. Еш себепсіз ұлына әйеліңнен ажырап, «одан құтыл!» деп талап етіп, ұрсып-зекіп мазалайды. Кемшілігін айтқанға ашуланып, өз қылығын мойындамайды. Отбасындағы кемшіліктің бәрін күйеуінен, отбасының өзге мүшелерінен көріп, ұрыс шығаруға әуес болады. Егер мұндай инфант әйелдер ішімдікке үйір болса, оның дерті тіпті күшейіп, соңында маскүнем болуы қиын емес. Сондай-ақ мұндай әйелдер шамадан тыс жомарт, ақкөңіл, сенгіш, адал, өзгенің сөзіне тез еретін қасиетімен де ерекшеленеді. Сондықтан мұндай әйелдерге дертін ұғындырып мойындатар болса, еңбек етіп сауығуы әбден мүмкін. Ал, ер адамдардың инфант болуы ерсі көрінетін құбылыс. Өйткені ер адамның мойнына артылған жауапкершіліктер көп. Мысалы, отбасын асырау, жұмыс істеп балаларын жеткізу. Ал, жасы егде тартқан ер адамның ата-анасы мен әйеліне сеніп, бала секілді қылықтар көрсеткені өрескел кемшілік болмақ. Жалпы ер адамдардың инфантилизмге шалдығуы әйелдерге қарағанда сирек кездеседі. Олар тұрмысқа қабілетсіз болғандықтан, әйелімен ажырасып жалғыз өмір сүруге бейімделеді. Ал енді инфантилизмнің түрлеріне тоқтала кетсек. Оны ғалымдар үш түрге бөліп қарастырады. Бірінші, физиологиялық инфантилизм. Бұл адам ағзасының табиғи даму үрдісінен ауытқып, дамуының тежелуі. Инфантилизм адамның психикасын ғана емес, физиологиялық тұрғыда бүкіл ағзасына де әсер етеді. Ең алдымен адамның миының, нақтырақ айтқанда мидың гипофиз безі мен гипоталамустың нашарлауынан болады. Мидың дәл осы құрылысынан тарайтын гормондардың жеткіліксіздігі сана- сезімнің дамуын тежейді. Сонымен қатар, қалқанша безінің жұмысының нашарлауы да адамға осындай әсер береді. Инфантилизм адам ағзасының белгілі бір бөлігіне ғана әсер ете алады. Мәселен, әйел адам жүкті болған кезде туындаған қиыншылықтардан да инфант болуы мүмкін. Сондықтан жүктілік кезінде денсаулыққа барынша көңіл бөлген дұрыс. Екінші, психологиялық инфантилизм. Бұл адамның ішкі жан дүниесінің сана-сезімінің дамып жетілуінің орнына, күннен-күнге кері кетіп, адамның рухани тығырыққа тіреліп, ой-санасын түрлі-түрлі елестер торлап алып, бір түсініксіз халге бой ұрып, өмірінің мәнін түсінуден қалады, ажал жақындап қалғандай сезініп, тұла бойын үрей мен қорқыныш билейді. Сол кезде, бұрынғы жастық шағындағы қызықты кездерді, уайымсыз жайдары өмірді есіне алып өзін жұбатқан болады. Жастық шағындағы қызықтарды қиғысы келмей, соны көзге елестетіп, сол кездегі қалпына оралуды ойлайды. Адам психологиясының тоқырауы деген осы. Орыс психологы Борис Новодержкиннің пікірінше, қазіргі заманда көптеген адамдар психологиялық инфатилизм дертіне ұшыраған. Олар өмірде кездесетін ауыр жағдайларға, тіпті, өлімге қатысты болса да немқұрайды қарайды. Инфантилизмнің тағы бір түрі - психикалық инфантилизм . Бұл да психологиялық инфантилизм іспеттес. Көбінесе, психологиялық инфатилизмде адам кейде өз бетінше шешім қабылдай отырып, ойын өзгерте алады, алайда бастапқы ойын еш өзгеріссіз қалдыруды жөн көреді. Ал, психикалық инфантилизмге шалдыққан адамдар қандай жағдай болмасын, өз бетінше шешім қабылдауға жоқ, ойын өзгерте алмайды. Инфатилизм – шын мәнінде зиянды дерт, алайда, көптеген егде тартқан адамдар шалдыққан бұл дертті қазіргі өмірде ауру деп айта қоймаймыз. Ол көбінесе еріншектіктен, жалқаулықтан, өзімшілдіктен пайда болуы мүмкін. Өйткені есейген адамдар өздерін бала сияқты әлсіз етіп көрсеткісі келеді. Ал мұндай кісінің балалыққа тән қылықтары ешқандай жақсылық емес, керісінше оғаш құбылыс. Инфант болуды қорқыныш пен үрейдің зардабы деп айтсақ та болады. Мысалы, «мен ізденіп, еңбектенсем де еш нәтижеге жете алмаймын», «мен кіналы боламын » деген небір үрей олардың бойын билейді. Кейде, егде адам өзінің жас ерекшелігін, яғни кәрілікті мойындағысы келмей, жасаруға тырысуынан да осындай күйге ұшырауы мүмкін. Алайда, кейбір дені сау, жан-дүниесі жастыққа құштар адамды инфантпен шатастыруға болмайды. Бұл екеуі екі бөлек ұғым. Инфант – нақты өмір қиыншылықтары мен жауапкершілігін өз мойнына алғысы келмеуі, іштей рухани жағынан дамуды қаламауы, яғни шынайы өмірден бас тарту болып табылады. Инфант адамдар – мақсаты мен арманын жоғалтқан жандар деуге болады. Мұның бастау алуы, әрине, сол балалық шақтан, келе- келе пайда болады. Көбінде, теріс тәрбиеден пайда болады және де адам санасына білінбей сіңе береді. Егер ата-анасы баласын, жасы 30-дан асса да өз қамқорлығына алып, қиындықтармен күресуге бейімдемей, жауапкершілікті мойнына алудан шектесе, әрине, мұндай жағдайға үйренген кез-келген жан өз бетімен өмір сүріп үйренбесе, инфантилизмге шалдығуы әбден мүмкін. Абайдың «тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген сөзінің мәнісі де осыған саяды. Мұндайлар қазақша айтқанда, арамтамақ болуға әбден бейімделеді. Ата-ананың бала бойындағы қалыптасып келе жатқан құштарлықты жойып, өзін тыңдауын ғана талап етуі, ал егер бағынбаса, күштеп көндіру дұрыс емес. Бала тек ата-анасы қалағандай болуы міндетті емес. Әркім өз өмір жолын қалыптастыруға құқылы. «Cенің қалағаның болмайды, ата-анаң неге рұқсат берсе, сол ғана болады, өйткені ата-анаңдыкі әрдайым дұрыс» дегендей сөздерді жиі естиміз. Нәтижесінде, бала өз қалауы бойынша адамдарымен сөйлесе алмайды, өзі қалаған іспен айналыса алмайды Сөйтіп ата-ана инфантил бала тәрбиелеп жатқанын байқамай да қалады. Орыс психологы Юлия Люцтің айтуынша, инфантилизмге ұрынбаудың шарты қазіргі қоғамның біздерге таңып қойған өмір сүру стереотипінен бас тартып, адамның өзінің шын қалауын таба білуі және қоғамның тарапынан тайсалмай, үрей мен үмітсіздікті жеңіп, өмірдің мәнін өз бетімен түсіне білу. Психологтар инфант адамдар әлем бойынша қоғамға қауіпті деп есептейді. Сондықтан бұл дертке немқұрайды қарауға болмайды. Егер де инфат жандар, өзінің ауру екенін түсініп мойындап, одан сауыққысы келсе, бұл дерттен жазылып кетуі мүмкін. Оларға тек, ақыл-кеңес беріп, еңбек етуге, өз мінін сезінуге үнемі көмектесу ғана қажет. Сондықтан инфант дертіне ұшырағандарды «ауру қалса да әдет қалмайды » деген түсінікпен өмір бойы дертінен айықпайды деп жүре бермей, қалайда емдеу жолдарын іздестіріп, психологтардың, педагогтардың ақыл- кеңесіне жүгініп, еңбекке араласуға, үй шаруасымен айналысуға, жауапкершілікті мойнына алуға ағайын- туғандары, жора – жолдастары көмектессе көп ұзамай мұндай адамдар қалыпты адамдар қатарына қосылып кетеді.
43 Азаматтық ұлт ұғымына анықтама беріп, оның қалыптасу жағдайларына социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз
Ұлттық-этникалық қауымдастықтардың теориялық мәселелерін талдамас бұрын, ұлттық фактордың ұдайы өсуі және пікірталастарға толы ұлт (этнос) жөніндегі терминологиялық проблемаларға назар аударайық.Соңғы 20-30 жылда этникалық мәселелерге назар аударыла бастауының айқын себептері де бар. Біз өмір сүретін орта – көп этностық. Әлемде 200-ге жуық мемлекеттердің шамамен 20-ға жуығы бір этносты деп есептеледі. Онда да ол елдер бірыңғай бір этностық емес, шағын этностық топтар да бар, бірақ, олар 5 пайыздан аспайды. «Ұлт», «этнос», «этностылық» (этничность) бірқатар ғалымдардың категориялық аппаратына енген.ХХғ.ортасына дейін ғылым мен технологияның дамуы, демократияландыру, азаматтық біртектілік этностық белгілерді бірте-бірте ығыстырады деп болжам жасалған. Ал, бұрынғы Совет Одағында таптық қатынастарға зор мән беріліп, этникалық фактордың маңыздылығы мойындалмады. Бірақ, тарихи тәжірибе этникалық құбылыстардың әлеуметтік және саяси процестердегі мәні сақталып қана емес, күшейгендігін көрсетті. 1972 жылы Оксфордтың ағылшын тілі сөздігінде этникалық мәселелерге (этничность) жаңа мән берілді. Этнос – грек сөзі, алғашқыда оған көп құдайға табынушылар деген мағына, кейін нәсілдік мән берілді. АҚШ-та «этникалық топтар» деген ұғым тегі британдық емес еврей, итальяндық, мексикандық, басқа да ұлттарға қатысты айтылды. Совет ғылымында «этнос» ұғымы 50-60 жылдардан қолданыста. Этностық проблема бүгін жаһандық мәселелердің біріне айналды. Отарлау жүйесінің күйреп, тарих санасына жаңа ұлттардың пайда болуы бұл мәселеге зор мән бергізді. Бүгін этникалық қатынастарды әлеуметтік антропология, психология, әлеуметтік философия, этнопедагогика және басқа да ғылымдар зерттеуде.Айта кететін бір жағдай – әр аймақтарда бұл проблеманы зерттеудің өз ерекшеліктері бар. Этникалық және нәсілдік топтар қарқынды араласқан АҚШ-та ХХ ғасырдың басында өзіндік ғылыми мектептер қалыптасты. Еуропада этностық мәселелер діндермен астарлана бастағаннан кейін, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерландияда да оларға мән беріле бастады. Қоныс аударушылар жаңа мәдени ортаға сіңбей, этникалық топтар өздерінің дәстүрлі қағидаларын, дінін, туыстық қатынастарын, қауымдастық байланыстарын үзбегені еуропалық ғалымдарды, саясатшыларды таң қалдырды. «Этникалық элемент» Еуропа мемлекеттерінде жаңа маңызға ие бола бастауы ғалымдардың да назарын аударды.Азаматтық біртектілікті ғана алға тартатын батыс қоғамында әлеуметтік көпэтностылығы деген ұғым әлі де даулы мәселе болғанмен, этностар мен этносаралық қатынастар қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жеке тұлғаның келбетіне ықпалын мойындамасқа амал жоқ болып отыр.Этнос туралы ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы пікір алмасудың басқа да себептері бар. Ұлтаралық қатынастардың түбірлі өзгеруі, жаңаруын қалыптасқан теориялық қағидалар толық қанағаттандыра алмады. Сонымен, постсоветтік, постсоциалистік кеңістікте ұлттық қозғалыстар мен қақтығыстардың қозғаушы күштері мен себептерін зерттеу қажеттілігі де туды. Дау тудырған басты мәселенің бірі – этностық қауымдастықтарды тарихи сатылы тұрғыдан жіктеу – ру, тайпа, халық, ұлт және ұлтты тек капитализм дәуірімен байланыстыру, сондай-ақ, ұлт деп тек өздерінің мемлекеттілігі бар одақтық және автономиялық республикаға ие халықтарды мойындау да көптеген совет ғалымдары тарапынан күдіктер туғызды. Сондай-ақ, этностық қауымдастықтарды халық (народность) және ұлт деп жіктеуге де негіз жоғы алға тартылды. Іріктеудің басты критериі өнеркәсіптегі жұмысшылардың саны жағынан халықтар мен ұлттардың айырмашылықтары жоқтығы дәлелденді.ХХ ғасыр бойы «ұлт» ұғымы этникалық мағынасында пайдаланылды, оған мыңдаған еңбектер арналды, ол ұғым миллиондаған адамдардың санасына сіңді, менталитетіне айналды. Расында, XVIII ғасырда ұлы француз революциясынан кейін ерікті азаматтардың қауымдастығын «ұлт» («нация») деп атады. Кейін азаматтардың қауымдастығы ретінде бұл ұғым ағылшын тілінде де қолданыла бастады.Германияда жағдай өзгеше болды. Онда бірнеше неміс тілді мемлекеттер өмір сүрді. Неміс қауымдастығы тілдік, мәдени, теориялық негізінде үйлесім тапты. Ұлт ұғымын немістер халық (volk) мағынасында күні бүгінге дейін пайдаланып келеді. Ресейде «ұлт(нация), халық (народ), этнос» ұғымдарын пайдалануда нақтылық, айқындылық болмады. Ұлт ұғымын азаматтық мағынасында пайдалануға азаматтық қоғам қалыптаспағандықтан да болар, қолданысқа енгізбеді. Сонымен бірге, бүгін ұлтты мемлекеттік азаматтық қауымдастық ретінде қабылдаушылар көбеюде, бірақ оны этностық жағынан да қолдаушылар аз емес.Ұлттық фактордың әлемде және жеке мемлекеттерде, ұдайы өсуі түрліше теориялар мен тұжырымдардың, оның ішінде нигилистік ағымдардың пайда болуы мен тарауына себеп болды. Кейбір постмодернистік ағымдар ұлттық қауымдастықтардың ақиқаттығына, нақтылығына күмән келтіріп, оны адамдардың санасындағы ғана ұстаным деп аңызға саятындар көбеюде. Бұл негізінен сан жағынан үстем ұлт өкілдерінің сойылын соғатын ғалымдар жағынан туып отыр. Оларға сенсек, ұлттық қауымдастық ең алдымен ұлттық сана-сезімнің бірлігі, ол ешқандай да топтық айырмашылық, ерекшелікті білдірмейді. Ұлт дегеніміз жай ғана ұран, адамдарды бірлікке жұмылдыратын идея ғана, ешқандайда ғылыми категория емес. Ұлт ұғымын ғылымда пайдалануға тұрмайды, сондықтан, ғылыми қолданыстан алыстату керек дегенге дейін барды. Бұл бос, бекер сөзді тек кәсіби деңгейі төмен ғалымдар мен саясаткерлер ғана қолдайды делінеді. Ұлт идеясы болмаса, Совет Одағы да ыдырамас еді, себебі ұлттық қауымдастық тарихи қажеттіліктен туған қауымдастық емес, адамдардың саяси әрекетінің нәтижесі. Ұлт ұғымы басқа да қырынан сынға ұшырауда.Әрине, мәселе көп жылдар бойы созылып келе жатқан мәні жағынан күрделі де терең, ұлт сияқты ұғымның таным төңірегінде пікір таластарды жалғастыруда емес. Мәселе, осы ұғымға көзқараста және одан шығатын нақты саяси ұстанымдарда. Бұл жерде қалай бүркемелеп бұлдырақтатқанмен, ұлттық нигилизм айқын көрініп тұр. Ұлтты ұлттық сана-сезімге теңеудің астарында ұлтты менсінбеу, философиялық тілмен айтсақ, субьектіні мойындап, обьектіні жоғалту, ұлттың өзгеруін, дамуын, жаңаруын, оның жоғалуына теңеу, дамудағы сабақтастықты мойындамауға әкеліп отыр. Айналып келгенде, ұлттық қауымдастықтың өзін бұлдыр сағым деп оған мән беруді, оны ғылыми обьект ретінде зерттеудің де қажеті жоқтығын дәлелдеу.Мәселе терминдер төңірегінде де өрбіп тұр. Бүгінгі әлеуметтік ғылымда «ұлт» ұғымы әрдайым екі жақты мағынада пайдаланылады:а) әлеуметтік теория қоғамды әлеуметтік, таптық, демографиялық, кәсіби жіктерге бөлумен бірге, этностық қауымдастық және этнографиялық топтарға да бөледі. Мемлекеттердің ұлттық құрамы жөнінде сөз болса ұлттар немесе этностар, диаспоралар туралы айтамыз.Осы тұрғыдан келгенде, «ұлт» пен «этнос» термині синонимдер;б)саяси ұлт мағынасында, мемлекет азаматтарының бірлесуі ретінде де қолданады.Қазақстан республикасының Конституциясы ұлт категориясын этникалық мәнінде тарқатады. Мысалы, 14-баптың екінші тармағында «Тегіне әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» – делінген. Сондай-ақ, 19-баптың, 1 тармағында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету -көрсетпеуге хақылы» деп түйеді. 20-бапта ұлттық астамшылықты үгіттеуге жол берілмейтіндігі ескертіледі. Ал Қазақстан халқы, қазақстандықтар туралы сөз болса ұлт ұғымына мемлекеттік мән береміз. Осыдан келіп «ұлттық табыс», «ұлттық экономика», «ұлттық компания», «ұлттық қауіпсіздік», «ұлттық университет» дегенде біз ұлттық деп этникалық мағынада емес мемлекеттік мәнін айтамыз.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевты ұлт көшбасшысы дегенімізде қазақтардың ғана емес, қазақстандықтардың лидері деп қабылдаймыз. Әлемдік қауымдастықты Біріккен Ұлттар Ұйымы деп атайды.Бұл ұғымның екі мағынада қолдануында тұрған ештеңе де жоқ. Бірақ екі сапалы құбылысты білдіретін бір терминді пайдалану қаншалықты орынды деген сауал да туады. Сонымен бірге, бұл екі ұғымның артында екі әлеуметтік қауымдастықтың этностық және мемлекеттік тұрғаны және оларды ажыратудың қажеттілігінің барлығы да белгілі. Сондықтан, ғылыми әдебиетте ұлттың этникалық мәні туралы сөз болғанда, этноұлт (этнонация) деген терминді қолдану идеясы да ұсынылды. Ол ұсыныс қолдау таппады. («Социологические исследования», 1998, №6 61-66 беттер).Мәселе, тек осы терминдерді ажыратуда ғана емес, мәселе бүгін үзілді- кесілді ұлттың этностық (атамекен, тіл, мәдениет, дәстүр т.б.) мәнінен бас тартып, мемлекеттік, азаматтық мәніне басымдық беру, тіпті паспортта да ұлтын көрсетпеуге бет алуда болып отыр. Осы тұрғыдан бүгін «ұлт мәселесі», «ұлт саясаты», «ұлтаралық қатынастар», «ұлтаралық қақтығыстар» да кеңес заманының қалдығы, ескірген ұғымдар болып отыр.«Ұлт» терминін әртүрлі анықтауға болар, бірақ оның терең әлеуметтік, тарихи тамырын, тіл бірлігін, мәдени ерекшелігін, дәстүрлері мен салтын көрмеу мүмкін емес.Сонау кеңес заманында, тарихи материалистік тұрғыдан саралай келе ұлттың рухани өміріне, тіліне, мәдениетіне үстүртін қарадық. Ұлт болмысының территориялық, экономикалық, шаруашылық қырларына ұлттың белгілері ретінде мән беріліп, ұлтты ұлт ететін этникалық сана-сезімін, рухани болмысын елемедік, жоққа шығардық. Бүгін совет заманындағы біржақтылықты сынай келе, енді екінші шекке шығу орын алуда – ұлттың ақиқаттығына күмәндану, оны тек субьективтік, тамырсыз қиял ретінде түсіну.Өмірде жеке адамның өзін ұлтқа жатқызуы (самоидентификация) – күрделі де қиын жағдайларға байланысты болатыны белгілі. Жеке адамды, оның ресми түрде қандас туыстығына байланысты міндетті түрде нақты ұлтқа жатқызуды, оның хұқын шектеу деушілер бар. Осыдан келіп паспортта ұлтын көрсетпеуді қолдайтындардың ықпалы да күшейді. Елмен ақылдаспай осындай үлгідегі паспорт беру ел арасында пікір-талас туғызып, бұл да азаматтардың хұқын бұзу деп есептелді. Бұл талапты аралас некеден туғандар қойып келген, бірақ олардың бәрібір белгілі бір ұлтқа бүйрегі бұратыны анық. Ұлттық қауымдастықтың адамдық материалы өзгеріп, оған жаңа топтар еніп, санамен бірге тілі, діні, ұлтын да өзгертіп жататындар кездеседі. Бірақ, осыдан келіп ұлт қауымдастығы өткінші, уақытша қауымдастық, адамдар бүгін бір этносқа, ертең екінші этносқа ауысып, біреу мініп, біреу түсіп жаңарып жататын қаладағы қоғамдық көліктей өзгереді, бүгін ұлт тұтас әлеуметтік организм ретінде жойылып барады деген асығыс пікірге жетелеп отыр.Жеке азаматтың қай ұлтқа жататыны ол жеке өзінің субьективтік, өзіндік сипаттағы мәселесі, ал ұлттық қауымдастық бұл обьективті, шынайы ақиқат, қияли топ емес. Әлемдегі әр мемлекеттің тірегі ұлттар, олардың саяси-территориялық қауымдастығы, ал, бір ұлт, егер, ол ел халқының 60 пайызынан асса, мемлекет құраушы ұлт болып табылады, себебі сол мемлекеттің ұйытқысы. Сондықтан, көпэтностық мемлекет деген, «ұлттардың мемлекеті» деген қисынсыз пікір. Бүгін, әсіресе көші-қон тасқыны қарқынды дамып тұрған тұста, бір ұлтты мемлекет жоқтың қасы. Қоныс аударушылардың келу-кетуіне қарай мемлекетті көп ұлтты деу қате. Бүгін Германия да, Франция да, басқа да мемлекеттер де әр түрлі ұлттар тұрып жатыр, бірақ, ол мемлекеттер мәні жағынан ұлттық болып қала береді. Бүгін, сондай-ақ, тарихи отанына қоныс аудару үрдісі де кең орын алып отыр. Оны Совет Одағы ыдырағаннан кейінгі жағдай көрсетті.Ұлтты шынайы, нақты қауымдастық емес деушілер әлемдік әдебиетке жиі-жиі сілтеме жасайды. Батыс әлеуметтік ғылымы мен советтік ғылыми теориялар арасында үлкен алшақтық, маңызды категорияларды әр түрлі тұрғыдан түсіну, ұлт мәселесіне байланысты әртүрлі ғылыми салалар да бар. Әрине, шетелдік тәжірибеге де сүйену, кеңес заманында қалыптасып қалған кейбір идеологиялық қағидалардан арылу бүгін орынды. Ал, енді, шетел ғылымы да, өз ғылымымызда пайдаланатын, нақты әлеуметтік қауымдастықты теориялық тұрғыдан бейнелейтін терминді негізсіз деу жөнсіз. Бұл тек ғылыми пікір-талас емес, ғылыми мәжілістерде талқыланумен шектелмейді, тікелей өмірге, ұлттардың мәртебесіне, ұлт саясатына қатысы бар тұжырымдама. Егер, ұлт негізсіз, орындалмайтын арман (химера), саяси ұран , белгілі бір мақсатқа қол жеткізетін, мысалы, тәуелсіздікке, құрал ғана болса, неге оны басқа идеялармен алмастырмасқа. Қазақстандағы қазақ ұлтын, диаспораларды «қазақстандық ұлт» деп атау орынды десек, бұл айналып келгенде нигилизмге, қазақтардың жерін, тілін, мәдениетін, дінін менсінбеуге, диаспоралардың мүддесімен есептеспеуге әкеледі.Ұлт мәселесінің көкейтестілігі бүгін сан жағынан тек басым этностарды ғана емес, шағын этникалық топтарды зерттеуді, олардың терминологиялық атауларына зор мән беруді талап етіп отыр.1992 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблиясы шағын этникалық, діни және діни азшылық топтардың мүддесін адам хұқы аясында қорғау, жанжалдардың алдын алу үшін Жоғарғы Комиссардың институтын құрды.Себебі олар белгілі бір этностардың бөлігі болып, басқа мемлекеттерде өмір сүреді. Бұл топтарды ғылыми талаптарға сай қалай атауға болады? Және оларға берген атау олардың мәртебесін кемітпейтін, сондай-ақ, саяси-құқық жағынан да айқын болғаны жөн. Терминология тұрғысынан Қазақстандағы татарлар мен Татарстандағы татарлардың мәртебесі әртүрлі. Қазақстандағы татарлар шағын этникалық топ, Татарстандағы татарлар республиканың негізгі байырғы халқы. Ал, енді, Қазақстандағы орыстар шағын этникалық топ мәртебесімен келісе бермейді. Қазақстанда 40 жуық саны 100 шамасында ғана этнографиялық топтар өз мәртебесімен сөзсіз келіседі, оларды этникалық тегіне байланысты сана-сезімінен басқа ұлттық этникалық құндылықтардың нышаны көрінбейді. Кейбір ғылыми публицистикалық мақалаларда көп ұлттымыз деу үшін жоқты бар деп ұсақ этникалық топтарды теріп жүрміз деу негізсіз емес. Мысалы, Қытайда 1950 жылғы халық санағы бойынша 700 ұсақ ұлттық топтар тіркелген, кейін саясат өзгеріп «түзетіліп», олардың санын 30-ға дейін түсірген.Шынында да, ұсақ этностар халқының саны 50 мен 60 аралығында болған. Басқалары, тіпті, сан жағынан ұсақ этнос деп айтуға да келмейтіндер. Оның барлығын тіркеп ұлттың санын көбейтудің қажеті жоқ. Ал, әлем қауымдастығы үшін бұл ел қытай ұлты өмір сүретін мемлекет болып қабылданады, қытайлықтар да өздерін солай сезінеді.Азшылық этникалық топтарға байланысты соңғы жылдары «диаспора» термині пайдаланады. Бұл ұлттық немесе этникалық тегі бір, тарихи отанынан тыс жерде өмір сүретін шағын топтар. Олар тұрақты, топтасқан, қабылдаған елдің заңын, құндылықтарын мойындаған, билік пен және негізгі ұлтпен тиімді қарым-қатынасты орнатқан қауымдастықтар. Олар көптеген мемлекеттердің дамуына ықпал етеді, сол арқылы тарихи отаны туралы да оңды пікір қалыптастырады. Диаспорамен тіл табысу ұлт саясатының маңызды бағыты. Диаспора сонымен бірге ұлттық мәдениет ерекшеліктерін, тілін сақтауға тырысады.Бүгін Арменияда тұратын армяндар мен шет елдерде тұратын армяндардың саны бірдейге жуық. Олар Еуропа, Азия және Америка елдерінде тұрып жатыр. Арменияда шамамен 2 млн. жарым армяндар тұрады. 1991мен1995 жылдар аралығында Армениядан 1 млн. жуық армяндар қоныс аударған. Тек Ресейде 1 млн. 130 мың армян тұрады (Ю.В. Арутюнян. «Армянь в Мосвке». «Социологические исследования» 2001ж. №11,13 бет; Сол автор: «Армяне-россияне сквозь призму этносоциологии» «Социологические исследования», 2010 №3.58-бет.).Диаспоралардың тарихи отаны болуы да, болмауы да мүмкін. Әр елде шашырап қоныстанған курдтар, сығандар, тағы басқалар да диаспора деп аталады. Дегенмен, диаспораға кімдер жатады деген сұрақ әлі де ғалымдарды ойландырады. Диаспораға басқа ұлттық ортада өмір сүре отырып, ұлттық төл-тума қасиеттерін сақтаған және сақтап қалуға мүдделі этникалық топтар жатады деген пікірмен келісуге болар. Егер, белгілі бір этностық қауымдастықтың өз болмысын сақтауға ішкі ынтасы, сұранысы болмаса, оған ұмтылмаса, басқаға сіңіп бара жатса, оны диаспора деуге болмас. Көптеген диаспоралардың этномәдени бірлестіктері, жерлестік қауымдастықтары, тіпті, саяси ұйымдары жұмыс істейді, олар қандастарына әлеуметтік, рухани, саяси жағынан үлкен қолдау көрсетеді. Олардың басын біріктіруде діннің де орны бөлек. Мысалы, әлемде тарыдай шашылып өмір сүретін еврейлер мен армяндардың ұлттық тегін сақтаушы ұлттық діндері.Ғылыми әдебиетте диаспора ұғымымен қатар, ирредентта ұғымы қолданылады, ол латыншадан аударсақ, азаттығы жоқ жер дегенді білдіреді. Бір халық мемлекеттік шекарамен екіге бөлініп, бөлінген аумақ қайта қосылуды көздейтін қозғалысты ирредентизм дейді. Біздің саяси әдебиетте Ресей, Қытай, Монғолия мемлекеттеріндегі қазақтарға байланысты кейде бұл ұғым орынсыз қолданылатынын көреміз. Мысалы, Ресейдегі қазақтар саны жағынан кейбір байырғы, автономиялық республикалар бар халықтардан басым, бірақ этникалық топқа, диаспораға жатады. Қалағандары елге оралып жатыр.Ғылыми әдебиетте мемлекеттің ежелгі тұрғындары, байырғы, тұрғылықты халқы (коренные) деген атау көп тараған. Бірақ, Ресейдің отарлаушы саясатының ықпалымен қазақ жеріне, басқа елдерге қоныс аударған орыстар да өздерін байырғымыз, бірнеше ұрпақ осы елде туып өсті дейді. Тіпті, күні кеше солтүстік өңірлерге қоныс аударғандар өздерін байырғы тың игерушілерміз дейді. Ежелгі тұрғындарды, қазақтарды байырғы халық деп атауды қолдамайтындар «байырғы» сөзінің астарында қазақтарға ерекше артықшылық береді деп меңзейтіндер бар. Сондықтан, ғылымға титулды, титулды емес халықтар деген ұғым енгізілді. Бірақ титул деген сөз де князь, граф, барон сияқты құрметті атақ иелерін, еңбегін, қызметін мойындап берілетін әскери лауазымды да білдіреді. Байырғы немесе титулды ұлт дегеніміз сол елдің ежелгі халқының атауы, оның байырғы тілі, мәдениеті, салты, дәстүрі, діні, атамекені, ұлттың бұрынғы өткен дәуірден бастау алатын түп-негізін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің мемлекеттің «байырғы қазақ жерінде» құрылғанына әдейі назар аударылған. Ал, диаспоралар сан жағынан мемлекет құраушы ұлттан аз, бірақ этномәдени ерекшеліктерін сақтап қалғандар.Ұлттық-этникалық қауымдастықтар саласындағы терминологиялық пікірталас ұлт феноменінің күрделілігінен туындайды. Бірыңғай құбылыстарды анықтайтын терминдердің алуан түрлілігі, әрқилы ой тудыратыны бүгінгі әлеуметтік ғылымға тән жағдай. Біз «ұлт», «этнос», «диаспора» ұғымдарына байланысты бүгінгі ғылыми әдебиеттердегі басым қолдау тауып отырған пікірлерді ортаға салдық.
КонструктивизмКонструктивистердің тұжырымы бойынша ұлттық-этникалық қауымдастық ұлттық қозғалыстар мен қақтығыстарға жетелейтін жеке мүдделерін көздеген саяси лидерлер мен интеллектуалдардың қолымен балалардың ойыншығындай жасанды әлеуметтік құрылмалар (конструкты). Батыс елдерінде өмірге келген бұл теория Совет Одағы ыдырап, ұлтаралық қайшылықтар өріс алып, Ресей Федерациясына да қауіп төнген тұста постсоветтік кеңістікке де тарай бастады. Бұл теорияның негізін қалаушы Эрнест Геллнер. Бұл теория ұлттардың тамырын этностардың тарихынан емес, саясаттан іздейді. Белгілі бір саяси, мәдени, тілдік, басқа да мақсат көздеген билік ұлттық мүдделердің бағдарламаларының төңірегінде саяси күштерді, топтарды шоғырландырып, ұлттық мемлекет құрады. Шындығында ұлттар, мемлекеттер де кездейсоқтық дүниелер. Ұлттың территориясы, мәдени, тілдік, психологиялық, шаруашылық ерекшеліктері бар болғаны саяси-хұқықтың нышандардың бейнесі ғана. Адамдар бір-бірінің ортақ хұқы мен алдындағы міндетін мойындағанда ұлтқа айналады делінеді. Сонымен, ұлт тарихи қауымдастық емес, саяси күштердің саяси ойнынан пайда болған теориялық құрылым, наным-сенімнен, тілдік әуестілік пен бейімділіктен, еркін таңдаудан туады.Әлемдегі мемлекеттер мен ұлттардың саны сәйкес келмейтіндігін ескере отырып, конструктивисттер ұлттарды нақты ұлттар мен потенциалды ұлттар деп екіге жіктейді. Нақты ұлттар мемлекетке ие, ал, екіншілерінің мәдениеті төмен, әдет-ғұрпы жабайы. Ал, әрбір мәдениеті дамыған ұлт мемлекеттілікке ұмтылады, ұлтшылдыққа шалдығады. Әрбір жабайы мәдениет жетіліп, жоғары мәдениетке қол жеткізуі мүмкін. Ал, кемшін мәдениет иелері мемлекет болуға үміттенбейді, өмірден оңай ығыстырылады, олар ұлтшыл бола алмайды.Мәселе, тек африкандық және азиялық аз ұлттар жөнінде емес, Еуропа мемлекеттері құрамындағы фламандықтар, шотландықтар және басқа да шағын этностар туралы да болып отыр. Олардың ұлттық мемлекет бола алатын мүмкіндіктері бар, олар тағдырымызға ассимиляцияға ұшырап, ірі ұлттарға сіңіп келу жазылмаған деп есептейді.Бірақ, тіпті, мемлекеттің ассимиляцияторлық саясатына қарамастан, империялар ыдырап, жаңа мемлекеттер пайда болды. Әр ұлт мүмкіндігіне қарай мемлекеттілікке ұмтылуда. Н. Бердяев жазғандай «это есть здравый инстинкт нации». Дербестіктен, тәуелсіздіктен айырылу ұлттың соры, ауыр індет, ең бастысы ұлттың рухына жарақат салып, оны жасытады.Конструктивизм теориясы большевиктерден бастау алады. Ұлттардың тарихи болашағы шектеулі, адамзат даму барысында олар тұтас ұлтсыз қауымдастыққа ұласады деп насихаттаған Ресей коммунистері о баста ұлттық егемендік, тәуелсіздікке, дербес мемлекеттілікке қарсы болды. В.И.Ленин 1917 жылға дейін Ресейдің унитарлық мемлекет болуын қалады.Кейін ұлт-азаттық қозғалыстардың дүмпуімен ұлттық мемлекеттілікті мойындады. Сонымен бірге, «Алаш» ұлттық партиясы мен ұлттық егемендікті қолдайтын басқа да саяси партиялар мен саяси қозғалыстар аз болмады.Батыс философы Э.Гельнер ұлттық қауымдастығының нақтылығын жоққа шығармайды. Қай ұлт та ұзақ тарихи даму барысында пайда болып, өсіп, жетіледі. Бұл адамзатқа ортақ үрдіс – ортақ тіл, атамекен, жалпыға бірдей мәдениет пен тарих негізінде ұлттық қауымдастық қалыптасады.Ұлтшылдық идеясы елді жаңалыққа жұмылдыратын идея. Халықты модернизацияға жұмылдыру, оның негізінде ұлттық мемлекет құру үшін белгілі бір деңгейде елдің бірыңғайлығы, ортақ мәдениеті, тілі, әскері, хұқықтық тәртібі, азаматтығы қажет. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық идея ұлтшылдыққа бастайды. Ұлтшылдық ұлттың тіліне, ұлттық тілде білім алуға, ұлттық тарихқа, әдебиетке, дінге артықшылық береді. Философ Эрнет Гельнер айтқандай, ұлт ұлтшылдықты тудырмайды, ұлтшылдық ұлтты өмірге әкеледі, шыңдайды. Бұл пікірмен келісуге болмайды. Керісінше, отарланған ұлттар тарихи көштен қалып қойған кемсітушіліктің орнын толтыру, ұлттың жанына салған жарақатын емдеу үшін ұлт идеясын жүйелі ұлтшылдық идеологиясына айналдырады.Конструктивизм идеясын қолдаушылардың бірі Ресей ғалымы В.А.Тишков болды. Оның «Забыть о нации. Постнационалистическое понимание национализма». «Вопросы философии» журналының 1998 ж. 9 санында жарияланған.Конструктивизм теориясы үшін ұлт қиялы, өмірдегі емес, санадағы қауымдастық. Совет қоғамы ұлттар мидай араласқан ұлтсызданған ел еді дей келе, Тишков В.А. «Эта воображаемая общность становится реальностью по мере того, как массы обретают веру в эту идею и в то, что ее составляет» (8 бет).Горбачев бастаған қайта құру, қоғамды демократияландырудың сәтсіздікке ұшырауының басты себебі ұлт ұғымын мемлекет мәнінде емес, этностық мәнінде қабылдауында болды. Себебі, ұлт ұғымы мемлекеттілікпен емес, ұлттың өзін өзі билеуімен байланыстырылды: «этнические казахи, русские, украинцы, татары, латыши и прочие как нации должны обьязательно политически самоопределяться и иметь свое собственное государство. Если они не имеют «своей национальной государственности», то они есть некая полунация или не полностью состоявшаяся нация», – деп менменсіген түр танытады автор.Адамзаттың тарихи даму барысында әртүрлі қауымдастықтар өмірге келді, олар географиялық орта, технология, мәдениетке байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, дейді автор, бүгін отбасы, туыстық ұғымдардың төңірегіндегі көңіл-күй өзгерді. Неке мен отбасының бүгінгі күні дағдарысқа ұшырауы, жиырмадан астам елде бір жыныстық некелердің өмірге келуі, гендерлік саясаттың ықпалымен әйелдің отбасындағы табиғи, тарихи орнының өзгертуі, шамадан тыс ақылға сыймайтын эмансипация немесе еркектенуі, сондай-ақ, ерлердің әйелденуі, ерлерге тән психологиядан айырылуы соған дәлел. Ұлт та сол сияқты өзгерді деушілер көп. Ұлт мемлекеттің синонимі ретінде қолданыла бастады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл мемлекеттердің халықаралық ұйымы. «Нация – это слово, наполненное смутным, но привлекательным содержанием», – дейді В.А.Тишков. Ол конструктивизм идеясын дәлелдеу, ұлттың жай ғана ұран екендігін көрсету үшін Қазақстан және басқа да мемлекеттерді мысалға алады. Мемлекет тілінен гөрі орыс тілінде көп сөйлейтін, жазатын, ойлайтын олар орыс тілді ұлтқа қарай бет алды деп түйіндейді: «в правительственных кабинетах и в президентских семьях, а также большинство населения столиц разговаривают не на том языке, который обьявлен «национальным» или государственным». Қазақстан сияқты елдерде ол таңданарлық жағдай қалыптасқан дейді: ұлттық тілді мемлекеттік деп жариялап, басқа тілде сөйлеу. Бұл да ұлттық құндылықтардың екінші, үшінші дәрежеге ысырылуы деген қорытындыға жетелейді. Шынында, егер этноұлт обьективті ақиқат емес, жай ғана субьективтік көңіл күй, белгі, аңыз, оның мемлекеттілігі де тамырсыз, табаны жоқ болып шығады. Сондықтан да, «қазақстандық ұлт» идеясын қолдаушылар қазақ идеясына қарсы болды. Дегенмен халықтың басым көпшілігі де, ғалымдар да, саясаттанушылар да, бұл идеяны қолдамай, оның ел бірлігіне қаншалықты қауіпті екенін ескертті. Бірақ, күні бүгін де ұлттық нигилизмді ресми мемлекеттік саясат деңгейіне айналдыруға тырысатындар баршылық.Конструктивизм аясында әлеуметтік ұлт идеясы да алға тартылды. Көп этностар тұратын мемлекетті біртұтас мемлекетке айналдыру үшін бірлікке, тұрақтылыққа шақырып, ұран тастау аздық етеді. Тарихи тәжірибе халықтың әлеуметтік жағдайы әсер ететіндігін көрсетіп отыр. Молшылық пен еркіндікке қол жеткізген бай мемлекеттерде азаматтарды мемлекеттің мүддесіне, мәдениетіне, тіліне икемдеуге қоныс аударушыларды да мемлекетті отаным деп тануға, ішкі жан-дүниелерінің де бейімделуіне жағдай туады. Бұл өте ұзақ жылдар бойы қалыптасатын психологиялық ахуал. Неге Кеңес одағынан АҚШ-қа, Израильге қоныс аударушылар көбейді? Неге Батыс Германиядан Шығыс Германияға өтушілер көп болды? Егер, немістердің тарихи Отанындағы тұрмыс деңгейі Сомалидағыдай болса, немістер қоныс аударар ма еді деген сұрақтар кезінде көп қойылды. Мысалы, неге бүгін Қазақстандағы орыстардың Ресейге қоныс аударуы толастар емес? Оның себептері, әлеуметтік жағдайда: жұмыссыздық, тіпті қолда бар жұмыстан айырылып қалу қаупі, қымбатшылық, осыдан келіп балаларының тағдыры ойландырады. Жайлы әлеуметтік ахуал, тәртіп, қауіпсіздік әр жеке адам үшін ең басты мұрат. Ол үшін адам басқа тілге де, ұлттық ортаға да икемделеді. Осыдан келіп жеке адам өзінің туған ұлтына қызмет ету үшін өмір сүрмейді, өзі үшін ғана өмір сүреді деушілер де бар. Сөйтіп, Еуропада этникалық емес әлеуметтік ұлт идеясы үстемдік құрып, ұлттық құндылықтар өзінен өзі мәнін жояды, қайшылықтардың беті қайтады деген қағида басымдыққа ие болды. Дегенмен, өмірде олай болмады, этномәдени мәселелер өзекті бола бастады.Қазақстанда да әлеуметтік жағдай жақсарған сайын ұлтаралық ахуал өзінен өзі жақсарады деу алдамшы пікір.Елдегі этно-мәдени орталықтар өз диаспораларының шаруасымен, өз бауырларына білім беру, қызметке орналастыру, дін ісімен, тарихи отанымен байланыстарға басымдық беріп, оқшауланып бара жатыр деген орынды пікір айтылуда. Қазақты, Президентті мақтауға саяси бизнеске айналдырып, мәжіліске, сенатқа депутат болғанмен, балаларын қазақ мектебіне беруге олар асықпай отыр. Бірқатары ұрпақтарының ағылшын тілін білгеніне мақтанады. Бүгін қазақ мектебінде оқитын диаспоралардың балалары мектеп оқушыларының 1пайызға жетер жетпес, ал, диаспоралар еліміздің 30 пайыздан астамын құрайды. Диаспоралардың бірқатары Қазақ еліне тек табыстың көзі ретінде қарайды. Қазақтар туралы тәтті сөз айтылады, бірақ, қазақты сыйлаудың бір және жалғыз бірегей критериясы – оның тілін білу. Диаспоралардың шет елден ағыл-тегіл келіп жатырған қаржысы бақылаусыз. Заңды сыйламайтын діни топтар да бар.Бүгін Еуропа толеранттылық идея төңірегінде үлкен пікір-таластар туып отыр.Толеранттылық, біржағынан, қажетті, екінші жағынан, міндетті емес сияқты көрінетін, нақты критериялары жоқ, сусылдап қолға тұрмайтын, психологиялық жағынан тіпті қауіпті көрінетін ұғым екендігіне назар аударылады.Бүгінгі қауіп-қатерге толы, ұлттық астамшылық пен ұлтсыздық, экстремизм мен радикализм бас көтерген заманда толеранттылық немесе төзімділік, өзгені сыйлай беру қаншалықты тиімді? Егер, мемлекеттің тілін сыйламау, меңгермеу, тіпті масқаралау, мемлекеттік рәмізді қорлаумен келісу болмайтындығы ақиқат болса да, төзімділік көрсету керек деген қағиданың солқылдақ екендігі белгілі.Толеранттылық ештеңеге араласпаушылық, селқостық, ықылассыздық, пәрменсіздік, басқаны қабылдап беру дегенді білдірмейді. Жеке адам, қоғамның басым көпшілігі қабылдамаған, мойындамаған құндылықпен келісу мүмкін емес. 2011 жылдың 5 ақпанында Мюнхен қаласында өткен қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференцияда Ұлы Британия премьер-министрі Д.Кэмерон, Германия канцлері А.Меркельді қолдап, толеранттылық саясаты ұлт, дін мәселелерінде ойдан шықпай отыр деді. Мультикультурализм идеясының тиімсіздігін мойындады.Сонымен, тарихи қалыптасқан ұлттық-этникалық қауымдастықтардың тұрақтылығы, беріктігі оның адамдардың маңызды қажеттілігі , сұраныстарынан, тіпті мұқтаждықтарынан туып отыр.Біріншіден, ұлттық сана-сезім, психология оның мәдени және рухани құндылықтарының бейнесі, ұлттың ұлт ретінде басын біріктіріп, тұтастығына, тарихын сақтауына негіз болады.Екіншіден, этникалық стереотиптер, ұстанымдар басқа ұлттарды қабылдауға, «біз» бен «оларды» салыстыруға, олармен араласып, алысып-берісіп өмір сүруге бағыт береді.Үшіншіден, адамның дүниетанымы, рухани бейнесі, мәдени таңдауы, өмір салты, дәстүрі, наным-сенімі көп жағдайда этникалық тегіне байланысты. Сондықтан да, ұлттық қауымдастық конструктивистер айтқандай жасанды идея емес. Белгілі бір тарихи қажеттіліктен пайда болып адам өміріне де зор ықпал жасайды. Өзінің үйреншікті мәдени, әлеуметтік, дәстүрлі, тілдік ортасынан бөтен ортада адам өзін әлсіз, бишара сезінеді, кейде тіпті күлкілі көрінеді. Оның іс-қимылы басқа ұлт өкілдеріне қораш көрінуі де мүмкін. Оның мәртебесі оның қаржысымен емес, өмір сүретін ортасы, білімділігі, мәдениеті, тәрбиесімен айқындалады. Ол жеке адамды жатсынудан туған жағдай емес, керісінше өзінің басқа ортада ыңғайсыз сезінуінен туған жәйт.
«Мемлекеттік ұлт» идеясыЕуропада да мемлекеттік ұлт құру идеясын ұстанғандар болған. Мысалы, Франко зорлық-зомбылықпен, қан төгіп, баскілер мен каталондықтардың ұлттық қозғалыстарын басып жаншығанмен де мызғымас біртұтас испан ұлты қауымдастығын құра алмады.Үш тілде сөйлейтін Бельгия корольдігінде, солтүстігінде 5,7 млн. фламандықтар фламанды тілінде, оңтүстігінде 3,3 млн. құрайтын валлондықтар француз тілінде, шығысындағы этникалық топ неміс тілінде сөйлейді. Әр провинция ұлттық-этникалық негізде автономия құрып, Бельгия федеративтік мемлекетке айналды. Ұлтаралық мәселе елде әлі де шиеленісті жағдайда, бұл мемлекет ыдыраудың аз-ақ алдында.Испанияның мемлекеттік құрылымы да терең өзгерістерге ұшырады. 1979 жылдан бері Каталония, Баскония, Виленсия,Галисия және Балеар атаулары автономия алды. Этникалық тілдер кастиль тілімен қатар ресми тіл мәртебесін алды. Мемлекет жалпы 17 әкімшілік территориялық және ұлттық аймақтарға бөлінген. Ұлттық автономияларға табиғи ресурстарын пайдалануға, ұлттық мәдениеттерін дамытуға, білім және басқа да салаларға еркіндік берілген.Ал, Англияға келсек, онда шотландықтар мен уэлстіктерге ұлттық-территориялық әкімшіліктері құрылған. Орталық билік пен федеративтік байланыстардың жолдары қарастырылуда. Шотландияның Парламенті дербес сыртқы саясатқа және өте бай мұнай көздерін дербес билеуге ұмтылуда.Францияда корсикандықтардың XIX ғасырда басталған ұлт-азаттық қозғалысы 1991 жылы корсикан автономиясын құруға әкелді. Францияның Ұлттық Мәжілісі ұзақ талқылаудан соң, «корсикан халқын» ресми түрде мойындады. Сонымен, Еуропада барлық ұлттық қауымдастықтар әртүрлі деңгейде өз мемлекеттігіне қол жеткізді. Совет Одағының, Югославияның, Чехословакияның ыдырауы Еуропада жаңа конфедерациялық қауымдастыққа жол ашты, бүгін Еуроодаққа 27 мемлекет кіреді, 5-6 мемлекет кіруге дайындық үстінде еді. Бүгінгі дағдарыс оның болашағын күмәнді етіп отыр. Сонымен Еуропада барлық ұлттық қауымдастықтар мемлекеттер жүйесінде өз орнын табуға ұмтылуда. Ал Югославия, Чехословакия жасанды федерациялар сияқты одақтар, КСРО ыдырап, жаңа демократиялық талаптарға сай мемлекеттілігін таңдады.Қираған империялардың жұртында өмірге келген афро-азиаттық мемлекеттер көп тілді, көп дінді, көп мәдениеттілігімен ерекшеленеді. Неке, отбасы, білім, құқық, дәстүр, еңбек салаларында бұл этникалық ерекшеліктер дараланып, әр этникалық топтың ішкі қатынасын реттейтін механизмге айналды. «Бір мемлекет – бір ұлт» идеясын іске асырған тұста бұл мемлекеттерге өте өткір шиеленісті қайшылықтарға тап болды. Сепаратизм, автономизм, шовинизм идеялары елді жанжалдарға итермеледі. Бұл қақтығыстарға жас мемлекеттер ықпал етуге қауқарсыз болды, қай жеңгенің менікі дегендей сырттан байқап отырған жағдайлар жиі кездеседі. Бір ұлтқа бүйрегі бұрмасын деп, кейде ел басшылары, элита өкілдері жергілікті этностардан болмады, олар барлық этностарға ортақ мүдде көздейді деген ой үстем болды. Сан жағынан басым этникалық топтар мемлекетке өз үстемдігін орнатуға, ұсақ топтарды өзіне сіңіруге тырысты. Этностанушы ғалымдардың айтуы бойынша, «бір мемлекет – бір ұлт» идеясы этникалық топтар мен азаматтарды мәжбүрлеумен қол жеткізілмейді. Этностардың құқын шектеу, биліктен «бөтендерді» ығыстыру, оларды тең азамат етуді емес, кем бағынышты топқа айналдыруды көздейді. Бирмада 67,8 пайызын құрайтын бирмандықтардың үстемдігі басқа ұлттардың ызасын туғызды. Бирмада өз тарихи этникалық территориясында карендер 6,3 пайыз (2,6 млн.) , шандар – 4,9 пайыз (2,1 млн.) арақандықтар – 4,2 пайыз (1,8 млн.) еркін дамуға тырысуда. Бирма федеративтік мемлекет делінгенмен, шындығында унитарлы мемлекетке айналды.Филиппин елінде бисайлықтар (35пайыз) тогалдықтар (25 пайыз), илокандықтар(10 пайыз) құрағанмен бір тұтас ұлттық мемлекеттің нышаны жоқ. Елдің астанасы Манила қаласында өндірісі дамыған нарық, капитализм қарқын алған. «Филиппин ұлты» белгілері сезілмейді, ұлттардың өзіндік мүдделері айқын көрініс алып отыр. Ел билеушілері, әсіресе, Ф.Маркос «филиппин ұлты» идеясын жалықпай уағыздағанмен, «жалпы ұлттық» рухты сіңіруге тырысқанмен, бір пікірлестік, ынтымақтастық қалыптаспады, «жалпы ұлттық» идеяның іргетасы қалыптаспады. Оның басты себебінің бірі, сараланған ұлт идеясының қалыптаспауы. Президенттің кадр мәселесінде бір ұлтқа артықшылық беруі, тіпті күзет қызметін локан этносы өкілдеріне сенуі елді ойландырды. Бір этносқа артықшылық беруі Тайланд, Шри-Ланка, африкандық мемлекеттерде жиі кездеседі («Социологические исследования» 1999, №5.124-125 беттер). Сонымен бірге, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, жемқорлық, ұрлық, шенеуніктердің жалпы елдің қамы емес, өз қара бастарының қамымен айналысуы, жемқорлардың басым, мемлекет құрушы ұлт өкілдерінен болуы да елдің басын біріктіруге кедергі болып отыр. «Бір мемлекет бір ұлт болуы үшін ” ұлтаралық ахуалдың қалыптасуы маңызды. Зерттеуші Р.Исмагулова Африка елдерінде халықтар туралы «жыртқыш», «қаскүнем», «пайдақор», «айлакер», «залым», «жалқау», «қайырымсыз», «сатқын» сияқты жағымсыз стереотиптер кең тараған. («Азия и Африка сегодня», 1957 №6, 22-23 беттер).Замбия «бір ел – бір ұлт» идеясын басшылыққа алып, 73 ұсақ этникалық ұлттық топтардан бір ұлт қалыптастыруға бет алды. 1991 жылы Президент Ф.Чилуби барлық этностарды ығыстырып, өз этносы бембамен жақындағанда жанжалдар басталды. Ал 1995 жылғы конституция бемба этносының басымдығын бекітіп, ел халқы заңмен мұсылман, христиандар болып жарияланған тұста елде ойран басталды. Ал Руандада елдің 15 пайызын құрайтын, бірақ дамыған тутси тобы елді түгел басқарып тұр. Ал, 84 пайыз құрайтын хуту биліктен түгелдей ығыстырылған. 1994 жылғы ұлтаралық қақтығыста бір миллионға жуық тутси қырылды. Бүгін де жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бір сөзбен айтқанда, «бір ел – бір ұлт» идеясы бір ұлтқа артықшылық беріп, ұлтаралық қатынастарды шиеленістіреді.
«Ресей ұлты» хақындаСовет Одағы ыдырап, ұлтаралық қайшылықтар күш алған тұста Ресейде де «Ресей ұлты» идеясы алға тартыла бастады. Паспортта ұлты көрсетілмейтін болды. Батыстың конструктивизм теориясын негізге алып, ұлт аңыз, қиялдан туған қауымдастық деуші ғалымдар көбейді. Ең бастысы Ресей өзінің бағыт-бағдарын әлі анықтап алмаған мемлекет дейді Збигнев Бжезинский. Ол тура мынандай сұрақ қояды:«Чтобы быть русским, должен ли человек быть русским с этнической точки зрения или он может быть русским с политической, а не этнической точки зрения (т.е. быть «россиянином»-что эквалентно «британцу», не «англичанину»)? Например, Ельцин и некоторые русские доказывали (трагическими последствиями), что чеченцев можно «даже должно считать русскими» (Збигнев Бжезинский. Великая шахматная доска.М.1999ж., 119бет).В.Путин алғашқы рет Ресей Президенті болған тұста «ұлт» ұғымына этномәдени емес, азаматтық қауымдастық – «саяси ұлт» мәнін беруді жиі қолдады. Оның «ресейлік ұлт», «ресей азаматтары», «біз ұлт ретінде», «біз ресей халқы», «біртұтас ресей халқы» тағы басқа сөздерінің астарында ұлтты мемлекеттік қауымдастық ретінде қабылдау идеясы жатыр. Ұлт және одан туатын «ұлттық мүдде» сияқты сөз тіркестері В.Путин жолдауларында жиі кездесті. Ресей ғалымдары В.Путин «ұлт» ұғымын 2000ж.-10 рет, 2005ж.-15рет, 2007ж.-18рет пайдаланды деп көрсетті (Общественные науки и современность, 2007ж.№2,69 бет).«Ресей ұлтын» қалыптастыру барысында ассимиляцияға ұшырап, ұлтсызданғандарды, ұлтын орысқа ауыстырғандарды қолдау, ұлтсыздықты саяси мәдениетке, әдепке, төзімділікке, кеңдікке теңеу орын алған. 2005 жылдан бері Коми-Пермяк, Таймыр, Эвенки, Усть-Ордын Бурят, Коряк, Ағын Бурят автономиялық округтары тарады. Бұл орыс ұлтына қарсы психологияны өршітіп отыр. Шағын ұлт өкілдерінің арасында үрей көбейді. Әсіресе, ненецтер мен адыгейлер орыстарға деген араздығын ашық білдіруде. Енді қалған автономиялық республикалар да таратылады деген үрей пайда болды («Литературная газета», 14-20 мамыр, 2008жыл).Сонымен, Ресей де «ресейлік ұлтқа» бет алды, бірақ, бүгін ресейлік азаматтар үшін, әсіресе, орыс емес қауымдастықтың арасында ұлттың этностық мазмұны басым. Ғалымдар Ресейдегі ұлтаралық қарым-қатынастардың дамуын физиканың энергияның сақталу және айналу заңы бойынша дамиды деп есептейді: сепаратистік қауіп бәсеңдеп, әлеуметтік шиеленістер азая бастаса, «біз жеңдік!» – деген ұлыдержавалық шовинизм күш алады, ал, ол өз кезегінде қайтадан сепаратизмді күшейтеді. Осылай цикл қайталана береді. Бұл болжамның шындығын уақыт көрсетеді.
44 Мультикультурализм, оның мәні. Қазақстанда мультикультурализмге қатысты қалыптасқан «жақтау» және «қарсы шығу» көзқарастарына қатысты тұжырымдама жасаңыз
Мультикультурализм ХХ ғасырдың 60 жылдары Канадада елдегі этно-мәдени, нәсілдік, діни әртүрлілікті білдіру үшін пайда болды. 1971 жылы ресми мойындалған мультикультурализм Канадамен қатар АҚШ, Еуропа елдерінде де кең дамыды. Саяси, экономикалық мәселелерде ыңғайлы әрі демократияның бір көрінісі болып қабылданған бұл құбылыс, уақыт өте келе өз әлсіздігін дәлелдеп берді. Мысалға, қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы Еуропа елдері өздеріндегі мультикультурализм идеясының құрдымға кетуде екендігін ашық айтуда. Өйткені, кейбір елдерде тарихи төл мәдениет құлдырап, кірме мәдениеттердің гүлденуі байқалады. Өз кезегінде мемлекеттің ұлт құраушы халқының өз тарихи болмыс-бағдарынан айырылу қаупі туындауда.
Қазіргі таңда осы мәселе тек Америка немесе Еуропа елдерін ғана емес өзге де мемлекеттерді алаңдатуда. Сол себепті, әр діннің өкілі, әр елдің белгілі саясаткерлері қатысатын, әлем жұртшылығы назар аударатын мұндай шарада ұлтаралық, дінаралық түсіністік пен келісімді сақтай отырып мультикультурализм феноменін жан-жақты талқылау, мәдени ерекшеліктерді сақтау мен толеранттылықты нығайту жолдарын қарастыру аса маңызды жұмыс болып саналады.
Әр елдің болашағы жастар, олардың қандай құндылықтарды бойына сіңіріп өсуіне байланысты мемлекет, ұлт болашағы айқындалатыны анық. Жаһандық заман талаптарында жастар арасында түрлі келеңсіз оқиғалар көптеп орын алуда, олардың басым көпшілігі нашақорлық, өзін-өзі өлтіруге ұмтылушылық, түрлі заң бұзушылықтар екендігі әмбеге аян. Осыған қоса, заманымыздың рухани кеселіне айналып отырған жалған діни ағымдар мен экстремисттік топтар да өз назарларынан жастарымызды тыс қалдырмауда. Түрлі әлеуметтік желілер арқылы әр секундтарын жастарды өз қармағына түсіруге арнайтын мұндай жат пиғылдылардан жастарды қалай аман сақтауға болады? Жастар адамзат болашағы екендігін ескерсек, оларға қатысты мәселелердің жаһандық деңгейдегі проблемалар екендігі анықталады. Сол себепті де осы мәселелерді шешудегі діннің, діни тәрбиенің орнын анықтау, жастар құқығын қорғау, рухани құлдырауға апаратын зиянды құбылыстарды түбірімен жою жолдары және өзге де көптеген мәселелер дін лидерлерінің талқысына түспек.
Оның маңыздылығы жоғарыда келтірілген әлемнің тұрақты дамуы, дін мен мультикултурализм мәселелері, ел, ұлт болашағының негізі – әйел, жастарға қатысты мәселелерді әлемдік деңгейде талқылауға арналғандығында болып отыр.
45 Қаланы  антропологиялық тұрғыдан  түсінуде  әл-Фарабидің  урбанистік көзқарасының маңызы туралы өз  ойыңызды  жазыңыз
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы
Ең алдымен әл-Фарабидің бұл трактатын қозғамас бұрын, әл-Фараби жайлы мағлұмат айтып кеткенім жөн болар. Бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырған - Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алады. Одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін толықтыру мақсатымен сол кездегі мәдени орталық Бағдатқа кетеді. Ғылым - білімге құмартқан зерек шәкірт мұсылман бола- тұра «кәпірлерден» де сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер мен логиканы христиан оқымыстысынан, жаратылыстану ғылымы мен грек тілін атақты аудармашыдан үйренеді.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше оқып игерген. Ол әсіресе, грек ғалымы мен философиясына, Аристотельдің бай мұрасына зер қойған. Осы жолда әл-Фараби шыдамдылық пен ыждағаттылық үлгісін көрсетеді.
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жөніндегі трактат» – әл-Фарабидің ең кемел туындыларының бірі. Бұл еңбек 948 жылы жарыққа шықты. Бұл трактатта әл-Фараби өзі тұрған «қайырымды қала» туралы оқуды баяндайды. Адам толығымен дамып жетілуі үшін ол көптеген нәрселерден тәуелді. Себебі ол барлық өзіне қажет нерселерді жалғыз өзі жасай алмайды, әрі қол жеткізе алмайды дейді. Сондықтан адам өзінен басқа адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек және сонда ғана ол толық жетіліп, бақытқа қол жеткізе алады дейді. Жалпы адам қоғамдастығын ғалым екі түрге бөліп көрсетеді: толық және толық емес. Толық қоғамдастықтың өзін ол үш түрге бөледі: үлкен, орташа, кіші. Үлкен қоғамдастық деп ол бүкіл жерді мекендеуші барлық адамдардың жалпы қоғамдастығы деп көрсетеді. Ал орташа қоғамдастық дегеніміз белгілі бір халық ретіндегі қоғам дейді, кіші қоғамдастықты ол белгілі бір қала ретінде көрсетеді.
Толық емес қоғамдастыққа келсек Фараби оларды төртке бөліп көрсеткен. Олар - квартал, көше, үй және ауыл. Соңғысы қала құрамына кірмегенімен ол қалаға қызмет көрсетуші толық емес қоғам болып табылады. Жоғары деңгейдегі даму мен игілікке адам ең бірінші ретте ең кіші дегенде қалада ғана қол жеткізе алады деп көрсетіледі. Кез келген нәрсеге шын көңіл білдіріп, шынайы таңдау жасап талаптанып жетуге болатындықтан кез-келген қалада бақытқа қол жеткізуге болады дейді. Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қала қайырымды қала деп түсіндіріледі. Және сол секілді қайырымды қоғам, қайырымды халық та болады дейді.
Ал сол қалада тұратын тұрғындарды бес топқа бөледi. Яғни қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан. Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi топтағы шешендерге — дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге-есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Әл-Фараби бойынша, байлар дегенiмiз — қалада байлық табатындар, егiншiлер, мал өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер.
Қайырымды қаланы әл-Фараби сау әрі мінсіз адам денесіне ұқсас дейді. Себебі оның әрбір мүшесі денсаулықты сақтау үшін бір-біріне көмектесіп өмір сүреді. Бірақ адам денесіндегі органдар бір-бірінен табиғаты, атқаратын қызметіне байланысты айырмашылық жасайтындығы сияқты қала тұрғындары да өздерінің қыметі мен қоғамдағы орны бойынша айырмашылық жасайды дейді. Қалада бір басшы болады, ол өзінен бір саты төмендегілерден белгілі бір істің атқарылкын талап етеді, ал талап етілгендер өз кезегінде өздерінен кейінгілерден талап етеді, осылайша ең төменгі ешкімнен талап ете алмайтын сатылардағыларға да жетеді дейді.
Адам денесінің бас мүшесі, яғни жүрегі ең жетілген және ешкіммен басқарылмайтын, ең жоғары сатыдағы органы болып табылатыны секілді қала басшысы да ең жетілген, ең дамыған, бәрінен жоғары тұратын мүше болып табылады. Адам жүрегі басқа органдардың бірігуінің, яғни адам денесінің бар болуының себебі, қалған органдардың белгілі тәртіппен орналасып, жұмыс істеуінің ұйытқысы. Дәл сол сияқты қала басшысы да қаланың бар болуының, адамдардың оның маңайына топтасуының себебі, олардың белгілі сатымен үйлесімді түрде іс атқаруының ұйытқысы. Жүрек денеде орын алған кез-келген орынсыздықтың барлығы жойып отыратыны секілді, басшы да қалада орын алған әрбір келеңсіздіктерді жойып отыруы керек.
Дене мүшелері жүрекке жақын орналасқандарынан бастап жоғары істерді атқарады, ал одан бір саты төмен орналасқандары жоғарыда орналасқандардан қарағанда төменірек іс атқарады. Сөйтіп ең төменгі іс атқаратындарға дейін жалғаса береді. Қала басшысы мақсаты артынан басқалар өз сатыларына қарай ұмтылуы керек.
Қала басында кез-келген адам тұра алмайды. Ондай адам қаланы басқаруы үшін екі шарт орындалуы қажет. Бірінщісі ол қаланы басқаруға дайын болуы керек. Екіншісі басқаруға мүмкіндіктері мен жағдайы келуі керек. Оның өнері де басқалардың өнерінен жоғары тұруы керек, ол өнер ештеңе үшін қызмет етпейді, не басқалар оны қолданатын өнер түрі де емес дейді, ол - оған басқа өнерлердің барлығы бағынатын өнер, ол үшін басқа өнерлер қызмет жасайтын өнер болуы керек деп тұжырымдайды. Қала басшысы осы өнерді біле тұра, өзі ең жетілген, бақытқа жетудің барлық жолдарын білетін адам дейді. Сонымен қатар қала басшысы алты түрлi қасиетке ие болуы керек деп есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. Осы қасиеттердің барлығын өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кiмге елiктеу керек екенiн, кiмнiң айтқан сөзiн тыңдау керек екенiн, яғни қандай адамдардан кеңес алу керек екенін көрсетеді және мұндай адам мемлекеттi өзiнiң қалауынша басқара алады дейді.
Біз осы еңбектен әл-Фарабидің идеалды қоғам жасауға ұсынысын көреміз. Ол қоғамда әрбір өнер түрі, әрбір білім-ғылым түрі қажет болады. Ал ондай қоғам басшысы тіптен ең жетілген, ең жоғары тұрған адам болуы керек. Ондай адам өнерлердің ең жоғарғысын игерген, ең батыл, ең данышпан, ең ақылды, ең білімді т.б. адам болуы керек. Ол басқаратын қоғам идеалды адам денесі сияқты қызмет ететін, әрқайсысы өз орнын білетін мүшелерден тұрады.
Менің ойымша әл-Фарабидің бұл еңбекті жазудағы басты мақсаты адамдарға идеалды қоғамға, яғни бақытқа қалай жетуге болатынын, және ең бастысы сол жолда барлық адам жеткен ғылымдардың, оның өнерлері мен мүмкіндіктерінің қаншалықты маңызды екенін көрсету деп түйеміз. Сондықтан ол тарктатты материямен формадан бастап, барлық бағытта мағлұмат бере отырып бақыт пен өнер категорияларынан аяқтаған. Себебі ол осының барлығын бір жүйеге, бір ұғымға біріктіруге тырысқан деп ойлаймын. Сөйтіп ол барлық нәрсенің бірімен тығыз байланыста екенін, және адам қоғамы адам денесі сияқты құрылуы керек, ал оны құраушы мүшелердің әрбірінің өзара қатынасы мен әрбірінің қызметі үйлескен болуы керек.
Сонымен қатар бұл трактатта тек қана қоғам, онда болып жатқан жағдайларды емес, адами құндылықтар жайындада айтқан, яғни адамдардың рухани жетiлуiндегі дiн мен философияның орнын салыстырады. Әбу Насыр әл-Фараби, философия дәлелдеудi, дiн сенудi қажет етедi, бiрақ екеуi де адамдардың ақиқатқа жету жолына көмек бере алады дейдi. Философия мен дiндi, әсiресе этиканы жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкiндiк беретiн ғылым ретiнде қарап, адам баласын жаратылыстың ең құндылығы, яғни осы өмірде адамнан асқан оның өмірінен асқан құнды зат жоқ екенін біз білеміз, сондықтан да адамдар арасындағы бір-біріне деген құрмет, мейiрбандылық, сыйластықты жоғары деңгейде болу керек екенін айтқысы келген.
Сонымен Әл-Фараби осы трактатында қазіргі біз сүріп жатқан өмірге керекті құндылықтардың барлығын бізге осы трактаты арқылы жеткізуге тырысқанын айтқым келеді.
46 Қалалық антропологияның Чикаголық мектебінің зерттеу бағыттарының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз
Қалалық антропологиның Чикаголық мектебі.Бұл мектептің негізін салушылардың бірі Роберт Парк. Ол АҚШ-та алғашқы болып саналатын қалалық зерттеу орталығын ашты. Р.Парк өз зерттеулерін қала экологиясына әсер ететін екі түрлі- биотикалық және мәдени -факторлардың айырмашылығын негіздеуге бағыттады. биотикалық деңгей-бұл адамның суға және басқа да ресурстарға деген базистік қажеттіліктері. Бұл фактор тұрғылықты орындардағы халықтың жалпы көлемін анықтайды. Өмір сүру үшін және ресурстарды иелену үшін болатын күрес бұл деңгейдің заңдарын бейнелейді.
Мәдени деңгей салттарға, талаптарға,заңдар мен институттарға негізделеді. Парктың көзқарасы бойыныша, адамдардың қалада орналасуы биотикалық деңгейдің қажеттіліктеріен байланысты болып, өз кезегінде тұрғын-үйге, транспортқа төлей алу мүмкіндіктеріне қатысты анықталады.
Жұмысшылардың қалалық жерлердегі тұрғылықты орналасу ерекшелігін көрсететін ммысалдың негізінде, Р.Парк олардың орналасуының тұрғын-үйге, жұмысқа бару жолына төлей алу мүмкіндігіне тәуелді биотикалық деңгейдің қажеттіліктерімен анықталатындығын дәлелдеді. Содан соң тұрақты орналасу кеңістігінің негізінде мәдени деңгейдің элементтерінің-мектеп, шіркеу және басқа да институттардың қалыптасуы жүзеге асады. Р.Парк бір қаланың аумағында түрлі "әлемдердің" /қаланың түрлі аудандарында, әлеуметтік, этникалық және діни біртекті топтардың орналасуы негізінде\ өмір сүруі туралы айтады. Бұл әлемдердің қазір өмір сүруі біреуінің басқаларының территориясына басып кіруі, біреулерді территориясынан ығыстырып шығару сияқты процестердің болуына алып келеді. 1916 жылы Р.Парктің " Қала: қалалық аумақтағы адамдар мінез-құлқын зерттеуге байланысты ұсыныстар" деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте ол қала экологтарына арналған зерттеу бағдарламасын ұсынады. Чикаголық мектептің келесі өкілі Эрнст Берджесс қалалық мекендердің шоғырлануы теориясының негізін қалады.Қалалардың түрлі мекендерге бөлінуін көптеген ғалымдар зерттеді. Мұның мсалы ретінде, Х.Зорбаухтың "Алтын жағалау мен лас қапастар" деген еңбегін келтіруге болады. Бұл еңбек Чикагоның солтүстік жақтарын, қаланың бай отбасылары тұратын Мичиган өзенінің жағалауын және қаланың кедейлер тұратын жақтарын зерттеуге арналған. Зерттеліп отырған аудандар бір-бірінен бірнеше кварталдардан соң орналасқан.Сонмен қатар, итальяндықтар тұратын кварталдар да бар. Чикагодағыы бұл жер социологтар үшін шын мәніндегі зерттеу лабораториясына айналды. зорбаух қаланың әлеуметтік әлемдеріндегі өмірдің анық бейнесін жасады. Оның пайдаланған әдістерінің бірі Чикаголық мектептің авторларының қолдауының негізінде әйгілі болған сапалық зерттеу әдісіі-енгізілген бақылау болатын.
XXғ. басында қаланың өмірі арнайы әлеуметтік феномен ретінде,немесе урбандалу процесі әлеуметтік ғылымдардағы екжей-тегжейлі мән беруді талап ететін нысанаға айналды. Чикаголық мектептің антропологтары мен социологтары урбанизм теориясын әлеуметтік өмірдің ерекше типі ретінде қарайтын теорияны дамытты.Р.Парктың шәкірті Луис Вирт 1938жылы "Урбандалу өмір сүру бейнесі ретінде" ддеп аталатын классикалық мақаласын жариялады.Мұнда американдық социолог қаладағы адамдардың өмірінің психологиялық және мінез-құлықтық салдарларын қарастырады. Вирт қаланың үш түрлі сипаттамасын:халықтың көлемі, тығыздығы және әртүрлілігі және мұның салдарларын көрсетеді.Халықтың тығыздығының көтерілуі адамғатигізетін әсерлердің санының
47 Адамның даму тегіне байланысты  түрлі тұжырымдарға талдау жасап,  өз ойыңызды пункттер бойынша  көрсетіңіз.
Адамның эволюциялық тарихы жер бетіндегі басқа жануарлардан сапалық тұрғыдан айырмашыығы бар түрдің қалыптасуына алып келді. Алайда Homo sapiens эволюциясының тарихы барысында орын алған механизмдер мен факторлар басқа да тірі организмдердің эволюциясынан қатты ерекшеленген жоқ. Тек қана адамзат эволюциясының белгілі бір кезеңінде әлеуметтік факторлар биологиялық факторларға қарағанда үлкен рөл атқарды.
Алғашқы адамдар үшін тікелей жүрудің маңызын көрсететін көзқарастар:
Сократ: " Адам өзінің қоғамдағы жоғары мәртебесі үшін екі қолына ризашылығын білдіруі қажет".
Аристотель: " Адамның саналы жануар болуы оның қолының болғандығын емес, ол саналы болғандықтан оның қолы бар,өйткені саналылар ғана көптеген құралдарды қолдана алады, ал қол болса бір ғана емес көп құрал. Ол құралдардың құралы. Кім өнерді көп қабылдай алса табиғат оған құралдардың ішіндегі ең қолайлысын берген".
Аристотельдің " Жануарлар тарихы", " Жануарлардың дене бөліктері туралы", " Жануарлардың пайда болуы туралы", "Рух туралы" деген еңбектерінде антикалық философия өзінің адамды зерттеудегі ең жоғарғы шегіне жетті.
Д.Дидро : Адам деген кім? Оның төрт аяғы бар.Алдыңғы екеуі ұстау үшін, ал артқы екеуі жүру үшін. Адам төрт аяқты жануар.
Жан Батист Ламарк. " Зоология философиясы" еңбегінде эволюция барысында адам ағашқа өрмелеу дағдысын жоғалтып, екі аяқпен жүру дағдысына ие болды,- деп атап көрсетті. Бұл жағдай, оның ойынша жаңа қажеттіліктердің, жаңа іс-әрекет түрлерінің қалыптасуына алып келді.
Ч.Дарвин "Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу" еңбегінде адамның антроморфты маймылдардан қалыптасқандығы туралы айтады.Осының дәлелі ретінде ол адам ағзасындағы маймылдармен ұқсастықтарды,көп жағдайда алғашқы қалыптасу жағдайындағы ұқсастықтарды тілге тиек етеді.Бірақ ол адамның қалыптасуында тікелей жүрудің рөлі туралы айтқан жоқ.
Адамның ата отаны туралы сұрақ барлық уақытта маңызды болып табылады.
Адамның азиаттық ата отаны.Пакистанда,Индияда көптеген зерттеулер мен қазба жұмыстарының нәтижесінде 8-12млн жыл бұрын өмір сүрген гоминоидтар Сиваптектер табылды.Африкадағы зерттеулерге дейін азияттық маймылдар гоминоидтардың ата тегі,- деп есептелді.Қазіргі көзқарастар бойынша, азиаттық сиваптектер қазіргі орангутангтардың ата тегі болып есептеледі.
Адамның африкандық ата тегі.Азиаттық қазбалардан соң Африкада үлкен қазба жұмыстары жүргізіліп,іраз жаңалықтар әйгілі болды.Гоминоидтардың ең ежелгілері осы жерден табылды.Проконсул-10-22млн.жыл бұрын,афропитектер-17-20млн, дропитектер-9-16 млн жыл бұрын өмір сүрген.Олардың морфологиясы қазіргі понгидтар мен алғашқы автралопитектерге жақын.
Адамның Оңтүстік еуропадағы ата тегі.Гоминидтер Азия мен Африкада ғана еме сонымен бірге Оңтүстік Еуропада да тұрған.Горилла ұқсас уранопитектер және шимпанзеге ұқсас дропитектер-9-10млн,сехельянтроп-6-7млн.жыл бұрын өмір сүрген.Осы аталған үш орталықтың ішінен адамның алғашқы ата тегі Африкада деген қорытынды жасалынды.Азия мен еуропада адамға ұқсас маймылдардың кешіректегі түрлері бар да,өте ертедегі гоминидтер жоқ.
Адамзаттың дамуы неолит дәуіріне қатысты.Бұл дәуір адамдардың егін егіп,жануарларды қолға ұстап,әр түрлі климат жағдайында өмір сүре білу қабілеттерін қалыптастырды.
48 О.Шпенглердің «Еуропаның ақыры» еңбегіне қатысты өз көзқарасыңызды қысқаша түрде баяндап, эссе жазыңыз
Шпенглер Освальд (1880-1936)
Неміс философы, тарих философиясы мен мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі.
Бұл кітапта тұңғыш рет тарихты алдын-ала айқындауға қадам жасалды.
Қазір осы ғаламшарда аяқталуға жақын батыс еуропалық-американдық мәдениеттің тағдырын, оның әлі бітпеген кезеңдерінде бақылап байыптау туралы.
Шпенглердің пікірінше, оның құлдырауы 2000 ж. шамасына сай келеді.
Антикалық (аполлондық)
Арабтық (сиқырлы)
Египеттік
Вавилондық
Үнді
Қытай
Мексикалық
Еуропалық (фаусттық).
Еңбек екі бөлімге бөлінді.
«Гештальт және шындық», ұлы мәдениеттер формаларының тілінен бастау алады, оның шығу тегінің тамырларына бойлауға ұмтылады және соған сәйкес белгілі бір символиканың негізіне қол жеткізеді.
«Бүкіләлемдік-тарихи перспективалар», шындық өмірдің фактілерінен бастау алады және ең жоғарғы адамзаттың тарихи праксисінен тарихи тәжірибенің квинтэссенциясын алуға күш салады, соның негізінде бізге біздің болашағымыздың құрылымын оз қолымызға алуға мүмкіндік жасалады.
Табиғат дегеніміз - бұл өзінің ауқымында жоғары мәдениетті адам, өзінің тікелей алған әсерлерінің бірлігі мен маңызы туралы хабарлайтын гештальт.
Тарих дегеніміз - одан адамның фантазиясы, одан әлемнің тіршілігін тануға ұмтылатын, сол арқылы оны бірегейліндіретін гештальт.
Бүкіләлемдік тарих -бұл әлдебір ретке келтірілген ұғым, бүл әлдебір ішкі постулат, сезімнің нысанын білдіру екені күмән туғызбайды. Бірақ соншалықты айқындалған сезім әлі де нағыз форма емес, және, біз бүкіл әлемдік тарихты бәріміз сезінеміз, бастан кешіреміз, оның біз гештальтте қалмауын қарастырамыз, бүгінде оның нысанының өзі емес, біздің ішкі өміріміздің нақты көшірмесі емес, кейбір нысандары ғана белгілі.
Жоғары көркемдік және метафизикалық өнімге сұраныс болмаған кезде таза экстенсивті қызмет ғасыры - қысқаша айтқанда, дінсіз дәуір, бұл әлемдік қала ұғымына толықтай сәйкес келеді, - құлдырау кезеңі болып табылады. Оған күмән жоқ. Бірақ біз осы кезеңді таңдаған жоқпыз ғой. Біз Фидийдің немесе Моцарттың уақытындағы күні жарқырап шығып тұрған пісіп-жетілген мәдениетте емес, толық өркениеттің алғашқы бастауында туғандықтан ештеңені өзгерте алмаймыз. Осыны жете түсінбеген адам өз замандастарының арасында есепте жүре алмайды. Ол есалаң, көз бояушы немесе педант болып қала береді.
Қазіргі кезде қандайда бір проблемаға кіріспес бұрын, өзіңе сұрақ қойып алу керек.
Сұрақ, оған жауап түпнұсқаға арналғандардың ішкі түйсігімен беріледі, - біздің кезеңнің адамының қолынан не келеді және ол өзіне нені тыйым салуы тиіс. Әрқашанда мейілінше аз санды метафизикалық міндеттер болады, оларды шешу ойлаудың белгілі бір дәуірінде кейінге қалдырылған.
Жүйелендірген философия XVIII ғасырдың соңында аяқталды.
Кант батыс еуропалық рух үшін бар мүмкіндігінше оған түпкілікті форма берді.

Платон мен Аристотельдің кезіндегідей, одан кейін, өзіне тән ерекшелігі бар қалалық, алыпсатарлық емес, практикалық, діншіл емес, этикалық-қоғамдық философия тұрады.\
Батыста ол - тиісінше қытай өркениетіндегі Ян Чжудің «эпикурлік», Моцзыдың «социалист», Мэн-цзыдың «позитивист» мектептеріне және антиктікте киниктердің, киренаиктердің, стоиктер мен эпикурлардың мектептеріне сәйкес - Шопенгауэрден басталады, ол алғаш рет ерікті өзінің ойлауын жинақтауда өмірмен байланыстырды, бірақ ықпал ететін дәстүрдің қысымымен әлі де ескірген айырмашылықтары сақталды, пайымдаудың, парасат пен ой-сананың формасы мен мазмұны оз ілімінің терең үрдісін бүркемеледі.
Ақыр соңында мен ішкі қажеттілікпен орындалған таң қаларлық контурда шешімді айқын көрдім, - бұл шешім бірден-бір принципке негізделген, оны табу керек болды және ол әлі күнге табылмаған, мені жас кезімнен мазалаған мәселені өзіме берілген тапсырма ретінде бар екендігін сездім, бірақ оны ұстай алмай қойғанмын. Сонымен, кездейсоқ жағдайға байланысты осы кітап жазылды, ол әлемнің жаңа картинасын алдын ала көрсету ретінде жүзеге асты, қиындық дегенді мен алғашқы талпыныстың барлық қателіктері деп білемін, бұл толық емес және қарама-қарсылықтары да болуы мүмкін. Дейтұрғанмен менің пайымдауымша, ол ойдың дәлелді тұжырымын құрайды, ол қайталап айтайын, осы жолы айтылған енді ешқандай қарсылық туғызбайды.
Әрбір философ өмірде тіршілік етіп жүрген обьектінің,оның ойы бойынша сана арқылы зерттеуге болатындығына сенуі керек.Оның рухани өмір сүруінің өзі осы мүмкіншілігінде.Барлық логикада және психологта бір шарт бар,ол шартта олар өздерінің формуласын немесе әдістерін қолданбай,осы сенімге бой ұсынады.Жағдай:ойлаудың көмегі арқылы ойлаудың формасын білуге болады деген ой Канттың күмәнін келтірмеді,бірақ бұл философ емес адамдардың күмәнін туғызар еді.Бір де бір психолог тіршілік жасап жатқан жанның құрылымын ғылыммен зерттеуге,дәлелдеуге болатынындығына күмән келтірмеген.Дегенмен осы мәселеге байланысты қатты күмән болуы керек. Жан туралы дерексіз ғылым болуы мүмкін бе? Осы жол арқылы біз іздегенімізді таба аламыз ба?Неге жалпы психология адамның білімі,тәжірибесі арқылы емес,бұрынғы тегіс және жарамсыз пәндерден қалған?Себебін іздестіру оңай.
Әлемдегі әр түрлі тілдердін арқасында жан сөзіне дұрыс анықтама бере алмаймыз,ол мүмкін де емес.Жанды ой өрісі арқылы шешуден гөрі,скальпел немесе бір кислорот арқылы Бетховеннің бір тақырыбын зерттеген дұрыс.Тіпті жанның өзі,өзі туралы білмейді.Оның бар білетіні өзі туралы ешқашан біле алмайтынында.Табиғат туралы ғылым мен адамның білімі оны шешуде ешқандай рөл ойнамайды. Рембрант автопортрет арқылы өзінің жақын деген адамдарын зерттеп көріп,өзінің жанының кішкене ғана бөлігін білгендей болды.ал Гете оның бұл қайғысын жеткізді.
49 Қалалық өмірдің сапасы мен стандарттарын сипаттап көрсетіңіз.
50 Қазақтардың нәсілдік сипаттамаларына тарихи шолулар негізінде антропологиялық талдау жасаңыз.
Қазақ антропологиясы
Қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Ресей ғалымы Аркадий Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған «Алтай – саян түріктері» деген очеркін антрополог Георг Дебец өңдеп, 1947 ж. Абаканнан бастырып шығарды. Бұл зерттеуде Алтай – Саян өңіріндегі түркі халықтары антропологиялық тұрғыдан үш топқа (кіндіказиялық, алтайлық және оралдық) бөлініп жүйеленген. Бірінші топтың антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар, үшінші топқа – шорлар алынған да, барлығы монғолоид расасына жатқызылған. Тек, 1950 жылы ғана соңғы 2 топтың антропологиялық типі аралас екені, яғни өздерінше бөлек метистік топтарға жататындығы анықталды. 1947 –1948 ж. КСРОғалымдары Дебец, Михаил Левин, т. б. арнаулы антропологиялық экспедициялар ұйымдастырып, қазақтар арасында кең зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде «Қазақстанның антропологиялық очеркі» жарыққа шықты. Онда қазақтың антропологиялық типінің қалыптасуы қола дәуірде осы жерді мекендеген тайпалардан басталатындығы көрсетілді. Гинзбург қазақ жеріндегі ертедегі тайпалардың антропологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, осы күнгі қазақтарға тән морфологиялық ерекшеліктер біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 8 ғасырларда Қазақстанның солтүстік аймақтарында қалыптасқанын анықтады. Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлұлы 1960-жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі антропологиялық және этнографиялық мұражайына тапсырды. Ол ұзақ жылдар (1977 – 1996) зерттеулер жүргізіп, қазақ халқы жайлы (қола дәуірінен қазіргі кезең аралығын қамтитын) көлемді антропологиялық деректер жинап, құнды еңбектер жариялап келеді. Ғалым антропометрия, одонтология, краниология, т.б. әдістерді пайдаланып, қазіргі қазақ халқының арғы тегі қола дәуірінде Андрон мәдениеті қалыптасқан әрі еуропеидтік әрі монголоидтық сипаты бар тайпалар болғандығын дәлелдеді.
51.Антропологиядағы гендерлік сұрақтар. Гендерлік антропологияның негізгі мәселелеріне ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау жасаңыз.
Кітаптан 110-114 беттер



Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр. 2000 жылғы қыркүйекте өткен Мыңжылдық саммитте әлемнiң көптеген елдерiнiң лидерлepi БҰҰ Мыңжылдық декларациясын қабылдады, оның сегiз мақсатының бiрi гендерлiк теңдiктi қолдау болып айқындалған. Бұл мәселеге БҰҰ Бас ассамблеясының "Әйелдер 2000 жылы: әйелдер мен ерлер арасындағы теңдiк, XXI ғасырдағы даму және әлем" атты 23-ші арнайы сессиясы арналды. Осы сессияға қатысушы үкiметтерге әйелдердiң өмiрдiң барлық салалары мен барлық деңгейлерiне тең қол жеткiзуiн және толық ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдама Қазақстандағы гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi. Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады. Сонымен, гендер дегенміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуда үлкен жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен 2011 жылдың 5 наурызында Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті. Съезде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ер мен елге қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білгендігін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы әйелдердің өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндіктеріне назар аударды. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздік жылдарында ондаған әйелдер министр және мемлекеттік органдардың басшылары болып тағайындалды. Жүздеген әйелдер Парламент пен мәслихат депутаттары болып сайланды. Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған. 2010 жылы ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған. Сонымен қатар, мемлекет басшысы әйелдердің мемлекеттік басқарудың шешім қабылдау деңгейіндегі үлесінің өте аз екендігін тілге тиек етті. Бүгінде Үкімет құрамында 3 министр әйел болса, бірде-бір облыс әкімі жоқ. Облыс әкімдерінің 5 орынбасары және 3 аудан әкімі ғана әйелдер. Осы мәселелерді шешуге Президент Үкіметке Президент әкімшілігімен, Ұлттық комиссиямен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, әйелдерді шешімдер қабылдау деңгейіне дейін жылжыту жөнінен 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған нақты жоспарлар жасауды тапсырды.
52.Қазіргі кезеңнің этносоциологиялық мәселелерінің ерекшеліктерін талдау негізінде өзекті мәселелерді атап көрсетіңіз
Қазақстандағы этноәлеуметтік жағдайдың ерекшелігі, отандық мамандар атап көрсеткендей, мыналардан тұрады: 1) екі этностың саны жағынан басымдығы сақталатын көп этностылығы; 2) ислам мен христиан діндерінің басымдығы сақталатын көп конфессиялылығы; 3) екі ірі этносаралық түркі және славян топтарының болуы. Қазақстанның бүгінгі этноәлеуметтік жағдайы қоғамның тотальдық биліктен және кеңес өкіметінен кейінгі бейнесімен сипатталады. Бұл республика этностарының өзара іс-қимылыңдағы жаңа кезең болып табылады. Еліміздің егемендікке ие болу кезеңіңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы этникалық фактордың едәуір ықпалын сезінді. Көп этносты мемлекеттің қалыптасуы этникалық сана-сезімнің, этникалық топтардың мүддесінін өзгеруімен қатар өтті. Осы кезде қабылданған заңдар мен нормативтік-құкықтық актілер көп жағдайда республиканың этникалық саясатының приоритеттерін көрсетеді. Еліміздің егемендікке ие болу кезеңіңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы этникалық фактордың едәуір ықпалын сезінді. Көп этносты мемлекеттің қалыптасуы этникалық сана-сезімнің, этникалық топтардың мүддесінін өзгеруімен қатар өтті. Осы кезде қабылданған заңдар мен нормативтік-құкықтық актілер көп жағдайда республиканың этникалық саясатының приоритеттерін көрсетеді. Бүгінгі танда республикадағы этносаяси жағдай көптеген көрсеткіштер бойынша біршама тұрақты болып саналады. Алайда, этностар арасындағы қарым-қатынастар өзгеріп отырады, этникалық саясатты жүзеге асыру барысында осы жағдайды ескерген жөн. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу процесінде өзгеру ерекшелігін осы қатынастардың эволюциясынан айқын көруге болды. Егер еліміздің егемендікке ие болған алғашқы кезенінде ұлтаралық қарым-қатынасты шиеленістіруге қайтсе де әсері болатын этникалық сана-сезімнің өсуі байқалса, ұлтшыл және империялық көзқарастар пайда болып, нығая түссе, мемлекетті этнизациялау тенденциясы пайда болса, кейінгі кезеңдерде, мысалы Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылып, 1995 жылы Мемлекеттің Негізгі Заңы — Конституциясы қабылданғаннан кейін, этностар қарым-қатынастары мәселесінде оң өзгерістер айқындала бастады. Қазақстандағы тұрақтылықтың сенімді кепілі-барлық қазақстандықтарға тән қасиет: төзімділік пен сыйласымдық сезімін одан әрі тереңдету және олардың заңды бірінші орынға қойып, кез-келген топтық шамшылдықтан жоғары тұрулары. Мәселе, Қазақстан Республикасының мүддесін бір ұлттың мүддесімен теңдестіруге болмайтындығында. Мәдени тұрпаттардың көп этностылығы мен әралуандылығы жалпы келісімге келіп, тең құқылары мойындауын талап етеді. Қазақстандық заң шығарудың негізгі талабы — азаматтық қоғам қалыптастыру және мемлекеттің барлық азаматтарының құқықтарды пайдалануы. Көп этносты және көп конфессиялы Қазақстан үшін «ұлт-мемлекетті» қалыпстастыру ең қолайлы және ол этносаралық бірігудің объективті факторы болып, қоғамның азаматтық принципі бойынша бірігуіне ықпал етеді. Ал азаматтық қоғам кұру өз кезегінде қоғам өмірінін барлық тұстарын демократияландыруға негіз болады. Этникалық жағынан бөлінген қоғамдарда демократия маңызды рөл атқарады, өйткені ол плюрализм мен төзімділік принциптеріне сүйенеді, этникалық проблемалар ізгі және өркениетті шешім қабылдаудың негізі болады. Көршілермен тату болу аса маңызды міңдеттің бірі, алайда, елімізде ішкі қайшылықтар ушықтырылып жатса, оны шешу киын болады. Егер түрлі топтар, оларды саясат, идеология, дін, этникалық немесе таптық мүдделер біріктіріп отырғанына қарамастан, өзара қарама-қайшылықта болса, бұл қоғамды қауіпті жағдайға тірейді... Көп этносты Қазақстан үшін осы мәселенің Казақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуында аса маңызды екені ескерліп, қоғамның ішкі саяси тұрақтылығы мен бірігуі ұлттық қауіпсіздікген кейінгі маңызды міндетдеп айқындалды. Бүгінгі әлемнің этноболмыстары этникалық процестердің терендеуін, этностылықтың барлық жердегі дамуын, этникалық өрлеудің арта түскенін көрсетеді. Этникалық процестердің терең сипат алуы мынадан байқалады: біріншіден, ол түрлі әлеуметтік-экономикалык саяси құрылыстағы әр алуан елдерді қамтиды; екіншіден, қазіргі қақтығыстардың бәріне немесе көбіне этникалық сипат тән, үшіншіден олар қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды: саяси, экономикалық, рухани; және төртіншіден, бүгінгі күннің күрделі проблемаларының бәрі сияқты, этникалық проблемаларды шешу жеке бір елдің қолынан келе бермейді, әдетте оларды шешу ісіне үшінші жақ тартылады. Төреші міндетін әлемге аты танымал жеке лидерлермен қатар, жеке мемлекеттер, тіпті халықаралық ұйымдар атқара алады. Этникалық қақтығыстарды, саны аз этностар құқықтарын реттеумен айналысатын халықаралық ұйымдарға БҰҰ, ЕҚ (Еуропа қоғамдастығы), ЕҚЬІЖҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым), ХВҚ (Халықаралық валюта қоры), АҚАК (Адам кұкы бойынша америкааралық комиссия), АБҮ (Африка бірлігі ұйымы) және т.т. жатады. Осы аймақтық ұйымдардың этникалық қақтығыстарды реттеу немесе олардың алдын алу жөніндегі қызметіне түрлі бағыттылық сипат тән — бұл «әрі жұмсақ, әрі қатаң», делдалдық, саны аз топтар құқы және адам құқы нормаларының, үкіметтер тарапынан сақталуын бақылайтын аймақтық жүйе кұру, түрлі экономикалық шара қабылдау және әскери араласу. Әлемнің бірде-бір елінде ұлттық мәселе осы күнге дейін шешілген жоқ және оның ақырғы шешімі жоқ. Кезіңде О.Бауэр «ұлттық тендігі мен тең құқылылығы туралы мәселені шатастырып алуға болмайды: абсолютті тендік болуы мүмкін емес, айырмашылықты мойындау-тендіктің негізі болмақ, алайда ұлттардың тең құқылылығын жүргізіліп отырған ұлттық саясат қамтамасыз етуге тиіс» деп дұрыс айтқан. Бүгінгі танда Қазақстанның алдында екі бағыт бар. Біріншісі — қоғамның бір-біріне қарсы этностарға бөлінуі, әсіресе қазақ-орыс қарым-қатынастары ушықтырылатын болса. Нәтижесінде — ұлттық бағыттағы партиялар мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар және т.б. арасындағы қатынастарды айқындау үдей түседі. Онда қоғамның біртіндеп шыңырауға құлдырауы әбден мүмкін. Екінші бағыт ала-ауыздық туғызбай қоғамдағы парасатты күштерді біріктіру; Қазақстан халықтарының бәріне ортақ мақсаттар мен міндеттерді айқындау жөне шешу арқылы барлық этникалық топтар мен ұлттық мүдделері мен мұқтажын қанағаттандыру үшін жағдай туғызу, әлеуметтік және ұлттық ерегеске жеткізбей, дағдарыстан шығу, ұлтшыл, шовинистік, экстремистік теріс құбылыстардың Қазақстанның саяси өміріне деген ықпалын жою. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды бағалай отырып, олардың тұрақтылығын атап көрсеткен жөн. Этникалық топтардың тату-тәтті өмір сүріп, біте қайнасып жататын пиғылын қазақстандықтар жоғалтқан жоқ. Социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша этносаралық қарым-катынастардағы шиеленісушіліктің денгейі төмен және толеранттығының деңгейі жоғары. Ұлттық саясатта ұзақ мерзімге арналған стратегиялық және таяу арада жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттерді айқындау қажет. Сөйтіп, көп ұлтты Қазақстанда халықтар бірлігін ұлтаралық ынтымақтастық негізінде нығайту-стратегиялық міндет болып табылады. Өркениеттің соңғы жетістіктерінің бірі — қазіргі толып жатқан полиэтносты мемлекеттердің ұранына айналған көп мәдениеттің идеясы, ол бір мемлекет ішіндегі көптеген этникалық топтарға тату да бейбіт өмір кешуге мүмкіңдік береді. Осы принцип Қазақстан үшін де қолайлы, «әр алуандылықтағы бірлік» (немесе «бірлікте әр алуандылық») немесе «қазақстан өрнегі» ұраны біздің мемлекетіміздің стратегиялық саясатындағы басты ұран ретінде қабылданды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму перспективасы тілге тиек болған, халыққа арналған Жолдауында екі нәрсеге ерекше назар аударылған: біріншісі «еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндікке негізделген өзіміздің бірыңғай азаматтығымызды дамытуға кепілдік беру», екіншіден, «этникалық қайшылықтардың себептері жойылып, барлық этникалық топтар тең құқылы болуын қамтамасыз ету». Сонымен Қазақстанның перспективалы дамуында екі түрлі міндетті шешу көзделеді: біріншіден, әр жеке этникалық топтың дамуына мүмкіндік беру, екіншіден, Қазақстанның барлық халықтарын бірыңғай азаматтық қоғамдастыққа біріктіру үшін жағдай туғызу. Алайда, мықты тұрақтылыққа, тіпті консолидация мен бірлікке жету оңай емес, және өзімізді бірыңғай отбасы ретінде сезініп, мақсаттарымызды біліп, оларға жұмыла жету үшін әлі көп жұмыс атқару тура келетінін назардан шығармау керек».
53.Томас Гоббс пен Джон Локктың көзқарастарының басты айырмашылықтары неде екендігін көрсетіңіз
Жаңа дәуірде қоғамдық ойдың дамуына Томас Гоббстың адам,мемлекет және құқық туралы ілімі зор ықпал етті.Гоббс адамды санасы мен тілі бар тіршілік иесі деп біледі.Адам-мәдениет әлемін жасаушы,мораль мен саясаттың нағыз субъектісі.Өзінің «Адам табиғаты « атты зерттеуінде ол былай деп жазды. «адам табиғаты оның тамақтану,іс-қимыл жасау,өсіп-өну,сезім,ақыл-ой сияқты тағы басқа табиғи қабілеттері мен күш-қуатынан тұрады.Бұл қабілеттерді біз бір ауыздан табиғи деп айтамыз және ол адамды ақыл ойы бар жануар ретінде сипаттайды»-деді.
Оның ойынша, адам табиғаты өзіне тән өзімшілдіктің басымдылығына байланысты әлеуметке қарсы,қоғамға қас болып табылады.Гоббс адам табиғатындағы соғыстың үш негізгі себебін:бақталастық,сенімсіздік және атаққұмарлықты көрсетеді.
Мұндай жағдайды Гоббс «адамның бір-біріне қарсы жаугершілік күйі», «табиғи жағдай» деп анықтап ,мұны мемлекеттік ұйымның жоқ болуымен түсіндіреді.
Джон Локк ағылшын буржуазиялық либерализмнің алғашқы өкілдеріннің бірі,конституциялық монархияның жақтаушысы болып табылады.Оның әлеуметтік-саяси ойларының негізіне табиғи құқықтар мен қоғамдық келісім туралы ілімі жатады.Локктың «табиғи күйі» Гоббстың «адамдардың бір-біріне қарсы жаугершілік күйіне» ұқсамайды.Ол бұл жағдайды тең қатынастардың,бостандықтың және адамдардың бір-біріне тәуелсіздігінің жиынтығы деп көрсетеді.
Томас Гоббс(1588—1679 жж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзкарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Левиафан — материя, форма, мемлекеттік діни және азаматтық билік».
Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі — есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, болу, т.б.).
Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап, өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқай- сысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын. Мұндай «соқтығыстық» қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет – жасанды дене (Левиафан). Сөйтіп, адамдар өзін-өзі қорғауға және адамша өмір сүруге мүмкіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдық талап-сұраныстарды түсініп, білгендіктен дұрыс айтады, ал оның қарсыластары, халықтың мұқтаж-мүддесін білмегендіктен теріс жолға бастайды. Қоғамдық заң азаматтардың ар-ожданы.
Джон Локк (1632-1704 жж.) — ағылшын философы, психологы, педагогі. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе». Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім — тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан түрады:
Адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады;
Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе – түйсік.
Сезімдік түйсінудің өзі сыртқы түйсіну және ішкі рефлексия (өзін-өзі бақылау) деп екіге бөлінеді. Сыртқы түйсінудің қайнар көзі сезім мүшелеріне әсер ететін материалдық денелер болса, ішкі рефлексияның негізі — адамның өз көңіл-күйін іштей сезінуі, қиналуы немесе мақұлдауы,
Психиканың қалай қалыптасатынын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеяларға денелердің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық, т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал, екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм, т.б. қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар бар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал, екіншісі — сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар. Мысалы: «көк» ұғымы — көру түйсігі, ал «қозғалыс» ұғымы — көру және сезіну түйсіктері арқылы пайда болған. Мұндай үғымдар енжар болу себепті ой белсенділігін талап етпейді. «Бірінші» және «екінші» сапалы идеялар адамның көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдануы мүмкін.
Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.
Адамның қуанышын тудыратын және күшін өсіретін істің барлығы — игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлеқет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.
54.Көшпенділер мәдениетінде орын алған номадизм феноменінің басты ерекшелігін бейнелеп,өз ойыңызды тұжырымдаңыз
Номадизм - (грек– көшпенді) - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" және диаспоралар белсенділігімен ерекшеленетін) аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым. XX ғ. 70-ші жж. Э.Тоффлердің еңбектерінде көрініп, 1990-шы жж. Ж.Аттали, М. Маффезоли, Р. Брайдотти және т.б. еңбектерінде жетілдірілген. Ерекше пұрсатты халықтың шағын топтарының және ондай ерекшеліктерден жұрдайлардың арасындағы терең айырмашылықтардың жүргізілуі жағдайында "номадизм" ұғымын түсіндіру өндірістік факторлар арқылы жүзеге асырылады ("көшпелі өмір" әлемдік экономиканың қызметін оңтайландыру ретінде), сондай-ақ өмір салты, мәдени стилі және 2000 жылдан кейін тұтыну түрі ретінде көрінеді. "Мінсіз номад" келесідей негізгі сипаттарға ие: а) шағындылығы (шекараларды көзге ілмей, өзгенің аумағын басып өту мүмкіндігі); ә) тәуелсіздігі (өзін элем азаматы деп сезіну, этникалық, ұлттық, азаматтық, нәсіл, таптық белгілерге меңзейтін ішкі шекараларды жою; б) тиістіктен тыс (үзілді-кесілді биліктен тыс болу, коммуникацияның магистралдық торабынан және билік өндірісінен; в) үздік сараптамалық қабілет және білімнің жоғары деңгейі; г) іс-әрекет (номад тұлғасы аса белсенді және саясаттандырылған, "номадтың грамматикалық уақыты - мінсіз емес: белсенді және ұзақ" (Е. Брайдотти, "Номадизм жолымен"). Бірқатар сарапшылар (Ж. Ведел, Г.П. Мартин және X. Шуман және т.б.) "бай номадтардың" мәдени мәнділігіне күмәнмен, сынмен қарайды. Олардың пікірінше, шынайы билікті иемдену (саяси, экономикалық, масс-медиа билігі) космополиттік кәсіпкерлік және интеллектуалдық топтар өкілдерінің қоғамдық мәнді шешімдерді қабылдау- да жоғары моральды-этикалық сапаларымен ақталмаған. Керісінше, бұл страта осыған дейін ұстанып келген қағидаларды тоталитарлық "жабық қоғамдармен" теңдестіреді. А. Негри мен М. Хардтың "Империя" еңбегінде "номадизмге" "аз ғана пұрсатты топтардың ерекше тәжірибесін" ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, әлемдік масштабта өршіп келе жатқан еңбек миграциясын да жатқызады. Аумақсыздандырылған көптеген "кедей көшпенділерді" (бүкіләлемдік еңбек армиясының жұмысшыларын) "Коммунистік манифест" қисынына сәйкес әлемдік саяси империялық ықпалдасудың өршуіне қарай халықаралық ынтымақтастық, таза таптық сана деңгейіне көтеріледі және әлемді эгалитарлық қайта құруға бағыт алған жаңа интернационалды "пролетариат" болады деп түйіндеуде.
Әлемдік құбылыс ретіндегі көшпелі өркениет Көне дүниенің тарихында Зеунердің «Екінші номадизм» дегенін білдірді. Оның пікірінше, мал шаруашылығы егіншіліктің алдында болды деген болжам дұрыс емес. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық пікірде дамудың сабақтастықты үш кезеңі – 1) жабайы табиғат өнімдерін тұтыну (терімшілік, аңшылық, балықшылық), 2) малшылық және 3) егіншілік туралы тұжырым- дама орнықты. Қазіргі кезде арнаулы егіншілік пен малшылықтың алдында кешенді егінші-малшылық шаруашылық болды деген көзқарас басым. Малшылықта болса, көшпелі шаруашылыққа дейін жайылымдық малшылық болды. Арнаулы егіншілік пен малшылыққа келер болсақ, онда бұл үшін өндірістің үдеуінің белгілі бір деңгейі мен соған сәйкес экологиялық ахуал қажет. ХХ ғасырдағы әлемдік ғылымның аса ірі жетістігі өсімдіктер мен жануарларды қолға үйретудің бастапқы ошақтары туралы Н.И. Вавиловтың ілімі болды . Онсыз көне өркениеттердің пайда болуы мен дамуын көзге елестету мүмкін емес. Бұл шындығында солай. Малды жүйелі түрде дамыту егінші- ліктен 2000 жыл кейін пайда болды. Сол сияқты мәдениет пен өндіріс тұрғысынан алғанда, малшылыққа қарағанда егіншілікке кесімді түрде басымдылық беру соншалықты дұрыс емес. Анағұрлым кейін пайда болған және отырықшылықты қажет ететін, өзінің арнаулы және дамыған формаларындағы егіншілік ерек- ше мәдени рөлге ие болғанымен, өмірдің санитарлық-гигиеналық шарттарының төмендеуіне әкелді. Халықтың шоғырланып тығыз орналасуы инфекциялық аурулардың таралуына сеп болды, жал- пы адамдардың ағзасына теріс ықпал етті. Сондай-ақ көшпенділіктің қалыптасқан жері мен уақыты, нома- дизмнің эпицентрі мен мезгілі мәселесі де көптеген пікірсайыстың өзегіне айналды. Кейбір зерттеушілер көшпенділік б.з.д IV–III мыңжылдықтарда Таяу Шығыста алғашқы өркениеттердің шеткері аймақтарында пайда болды деп есептейді. Ал басқалары бұл уақытта шаруашылық-мәдени тип ретіндегі көшпенділіктің болуы туралы сөз қозғаудың өзі ерте деп санайды. Тіпті б.з.д. II мыңжылдықта арбаның пайда болуы, тіпті оның алдындағы жылқының қолға үйретілуі тұсында да номадизм қалыптаса қойған жоқ саналады. Ғалымдардың басым көпшілігі нағыз көшпенділікке өту б.з.д. II – I мыңжылдықтардың аралығында еуразиялық далалы аймақтарда жүзеге асты деген тоқтамға келеді. Бұл кезеңде өндіргіш күштердің өсуімен және халық санының артуымен Еуразияның таулы-далалы аймақтарының тай- палары отырықшы және жартылай отырықшы жайылымдық малшылықтан ауыспалы, қозғалмалы, көшпелі малшылыққа өтті. Қола дәуірінде бұл кеңістікті біртұтас «андрон мәдениетінің» (Қазақстанда «бегазы-дәндібай мәдениеті» деген атпен белгілі) өкілдері деген шартты атаумен белгілі тайпалар мекендегенін тарихшы-археологтар дәлелдеп отыр. Дәл осы кезден бастап, яғни біздің заманымызға дейінгі бір мыжылдықтан бастап бұл территория көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген еуразиялық номадизмнің эпицентрі болды.
55.Биологиялық және әлеуметтік жан ретіндегі адамның даму эволюциясына өркениеттің даму кезеңдері тұрғысынан салыстырмалы талдау жасаңыз
соңғы кезде шыққан социобиология деп аталатын жаңа бағыттың адам жайлы теориясының көзқарастық қағидаларына талдау жасаудың сабақ боларлық мәні бар.
1975 ж. Американдық энтомолог Э. О. Уилсонның “социобиология : новый синтез” деген кітабы жарық көрді. Социобиологияның щығыуы осы кітаптың шығуымен байланысты болды. Бұл кітапта адамның моральдік, еркіндік, агрессивтік, эгоистік, альтруистік сияқты әлеуметтік сапаларын жануарлар биологиясы тұрғысынан жаңаша түсіндіру концепциясын түсіндіреді. Мұнда жануарлармен адам арасындағы мінез құлық ұқсастығының шекарасымен мүмкіндігін талдауға аса маңызды орын беріледі. Бұл мәселелерді шешудің кілтін дарвенизм ілімінің ұғымдары мен принциптерінен, атап айтқанда табиғи сұрыпталу ілімінен іздейді. Жануарларды зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытындыларының адам мінезін түсіндіруге кеңінен қолданады. Методологиялық жағынан өарағанда, адамның мінез-құлық сапасы биологиялық және малекулалық генетика тұрғысынан тұрпайындылап түсіндіріледі, яғни антропология биологияға, ал биология малекулалық генетикаға жатқызылады.
Социобиологтардың пікірінше, адамның табиғаты жайлы түсінікті негізінен өзгертетін біріккен гендік-мәдени эволюция теориясы блуы тиіс. Бұл теорияның мәні мынада: адамның бойындағы органикалық және мәдени эволюциялар процестері бірге жүруі керек, өйткені гендер мен мәдиниет бұл эволюцияда өзара айырғысыз байланыста. Бірақ жетекші рөлді гендер атқарады. Адамның көптеген іс-әрекеттерінің түпкі себебі солар болып табылады. Сондықтан адам іс жүзінде алдымен биологиялық танымның Обьектісі болады. Осыдан келіп Уилсон социобиологияның міндеті “барлық жануарлардың, адамды қоса алғанда, әлеуметтік мінез-құлқының барлық формаларының биологиялық негіздерін зерттеу болуы тиіс ” деп тұжырымдайды. Оның теориясының басты қағидасының мәні мынада: адамның биологиялық табиғатынан тыс, одан бұрын пайда болған “трансцендельтальды” мақсаттары болуы мүмкін емес.
Гендік-мәдени коэволюция теориясы өкілдерінің теориясы бойынша, адам моральдік сезімдерін биологиялық каналдар бойынша мұраланатын сияқты. Мәселен қандас адамдардың некелесуіне тиым салу жануарлардың мінезіндеде байқалатын сияқты, олай болса, жалпы моральдық тиымның биологиялық негізі де сонда. Агрессияшылдық та сол сияқты адам психологиясына табиғи тән қасиет, олай болса, соғыс-адамға іштей тән қасиеттің сыртқы саяси көрінісі ғана . Махаббатта адамға іштей тән бірін-бірі қанағаттандыру сезімінің социобиологиялық көрінісі. Тіпті адамның санасы да тек биологиялық қажеттіліктерді орындау енструменті ретінде қарастырылады. Бұл қағидалардың бәрін қазіргі әлеуметтік дарвенизм, нәсілшілдік және евгеника теориялары өз мүддесіне пайдалануға тырысады.
Адам мен табиғаттың дамуында биологиялық пен әлеуметтік факторлардың бірлігін көрсететін коэволюция шындығында бар. Ол ол ма, қайта адам табиғатпен бірлікте ғана дами алатынын ерекше атап көрсеткен жөн. Мұны орыс ғалымы В.И.Веронадский ХХ ғасырдың басында-ақ атап көрсеткен болатын, адам мен табиғаттың, оның ішінде адам мен биосфераның өзара тығыз байланыстылығын сол кісі тұңғыш ғылыми негіздеген болатын. Алайда басты мәселе биологиялық фактордың әлеуметтіке тигізетін әсері, адамның мінез-құлқы биологиялықтан қаншалықты тәуелді екндігінде. Биология, гендер әрине адамның мінез-құлқын айқындайды, бірақ ол өзінің биологиялық табиғатынан тыс шыға алмайды. Адамның жануарлар мен эволюциялық байланысы да бар, олрдың мінез құлқында белгілі бір ұқсастықта бар. Басқаша айтқанда, адамның әлеуметтік жаратылысының биологиялық негізі бар.
Алайда социолобиология бағытының өкілдері жасағандай, адамның дамуын және мінез-құлқын негізінен биологиялық терминдердің, заңдылықтардың көмегімен ғана түсіндірсек, мүлдем дұрыс болмады, өйткені адам бойынедағы биологиялық пен әлеуметтік, біз жоғарыда атап көрсеткендей, өзара тығыз байланысты. Тағы да айтайық, белгісіз бір себептермен жануарлар тобырының ішінде қалып қойған адам нәрестесі тірі қалғанымен, бірақ адам қоғамына қайта қосылса, бәрібір толық мәнінде адам бола алмайды. Мұны растайтын фактілер тарихта баршылық. Нәресте адам болу үшін туғаннан бастап әлеуметтендірудің белгілі бір кезеңінен өту керек. Осы тұрғыдан алғанда орыс психологы А.Н.Леонтьевтің “Бала туылған кезде адамдыққа тек кандидат қана, бірақ ол оңашада адам бола алмайды: ол адамдармен қатынаста ғана адам болуды үйренуі тиіс”-деген сөздерімен келіспеуге болмайды. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жағдайлардан тыс табиғаттың бір өзі адамды адам жасай алмайды.
Адамның биологиялық жаратылысына әлеуметтіктің тигізетін әсерінің тағы бір жағы бар: адам бойындағы биологиядық қасиеттер мен әлеуметтік формада іске асып, әлеуметтік формада қанағат табады, яғни адам өмірінің табиғи биологиялық жақтары мәдени-әлеуметтік факторлар арқылы ғана “адамдыққа ” айналады. Бұл ұрпақ өсіру, тамақтану, сусындау сияқты т.б. таза биологиялық қажеттерді қанағаттандыруға да қатысты.
Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторларының адам дамуындағы рөлін түсіндірген кезде панбиологизм және пансоциологизм сияқты сыңаржақ теориялардан аулақ болған жөн, өйткені панбиологизмді бетке ұстаған кезде адам жануарлар деңгейіне дейін төмендетіледі, ал екінші сыңаржақ бағыты ұстанғанда адам түрінде көрінеді де оған сыртқы орта оның даму барысын жазады.
56.Этнос пен ұлт ұғымдарына сипаттамалы түрде талдау жасап, этногенез процесінің эндогендік және экзогендік факторларын бейнелейтін құбылыстарды атап көрсетіңіз.
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.
Ұлт — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Негізінде XX-XXӀ ғасырлар ғаламдық деңгейдегі саяси ұйымдасудың негізгі бірлігі болып табылатын ұлттық мемлекетке сәйкес келуі керек. Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек.
КСРО дан кейін қалыптасқан ұғым бойынша, ұлт — белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, оның өмір сүруін қамтамасыз етіп, оған өзіндік түр беретін субстанционалды-рухани негізі бар, бірыңғай тіл, мәдени, психологиялық, ділдік (менталитет), өмір салты сияқты ерекшеліктер тән әлеуметтік қауым.Бұл Сталинниің ұлттқа берген қате анықтамасы негізінде айтылған көзқарас. Себебі бұл жиынтықта айтылған компоненттерде саяси ерік және осы еріктің негізінде туындайтын саяси мемлекет туралы еш нәрсе айтылмайды. Марксистік идеология негізінде ұлттың негізгі саяси компоненті жойылып, ұлт ұғымы этнос деңгейіне дейін төмендетілген. Оның бірнеше себептері болған. Біріншіден, марксистік көзқарас бойынша коммунизм орнағаннан кейін ұлттар жойылу керек еді болашақта. Екіншіден, отарлаушы мемлекетте ұлттың шынайы саяси көрініс табуы мүмкін емес еді. Сондықтан советтік кезеңнен қалған шолақ анықтамалардан сақ болу керек.
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.
Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар). Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады: 1) жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биол. жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасу; 2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу.
Дағдарыстық факторларды эндогендік және экзогендік – деп екі топқа бөлуге болады.Алайды,бұл шартты түрде ғана.Этностың дағдарысына алып келетін ішкі және сыртқы факторлар бір-бірімен өте тығыз байланысты.Көп жағдайда сыртқы факторлар ішкі факторларға келіп ұласады.
Мысалы,сыртқы факторлардың әсерімен болатын амалсыздан және күш қолдану арқылы жүргізілетін аккультурация-этностар үшін ерікті түрде айналады.Осылайша адмдар өз еріктерімен ана тілдерінен,дәстүрлі мәдениетінен,этникалық сна-сезімінен айырылады.
57.Нәсілдік антропологиялық мектептің басты тұжырымдарын баяндап, нәсілдік теңсіздікке негізделген эксперименттерден мысал келтіріңіз
Нәсілшілдік түрлі нәсілдік-антропологиялық категориялардың тең еместігі және өзінің тобының басқалармен салыстырғанда артықшылығына негізделген, түрлі қоғамдарда бұрыннан орын алып келе жатқан түсінік.Бұл түсінік этноцентризмге,эгоцентризмге негізделеді.Еуропада теңдік идеясы таралғанға дейін түрлі сословиелер нәсілдік топтар ретінде қарастырылып келді.Жоғарғы сословиелердің қоғамдағы мәртебесі олардың шығу тегіне қарай қалыптасты. XVIII-XIX ғасырда әлеуметтік ойшылдар әлеуметтік теңдікті жақтағанымен де ақ нәсілдердің басқалардан артықшылығына тіптен шек келтірген емес.Тіпті мұны дәлелдеудің өзі де ретсіз,-деп есептеді.
Нәсілдік-антропологиялық мектеп ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады.Бұл мектептің концепцияларының әр түрлілігіне қарамастан олардың барлығын біріктіретін, олардың мектеп екендігін көрсететін негізгі постулаттар мыналар:
Түрлі қоғамдар,әлеуметтік және мәдени топтар-нәсілдік-антропологиялық құрылымдар.Нәсілшілдіктің таптық сословиелік,этникалық,тіпті кәсіби түрлері болады.
Қоғам мен мәдениеттің эволюциясы – нәсілдік-антропологиялық топтардың өзара әрекеттесуі мен әр түрлілігінің нәтижесі.
Нәсілдер мен антропологиялық топтар тең емес.
Адамдардың әлеуметтік мінез-құлқы мен мәдениеті тұтасымен немесе негізінен алғанда биологиялық тұқым қуалаушылық арқылы анықталады.
Түрлі нәсілдер немесе антропологиялық топтардың арасындағы араласу биологиялық,әлеуметтік және мәдени тұрғыдан қарағанда зиянды.
Бұл аталған постулаттарды француз философы,жазушы және дипломат Жозеф де Гобино (1816-1882) өзінің төрт томдық «Адамдар нәсілінің теңсіздігі туралы тәжірибе» трактатында толықтырылған түрде көрсеткен. Ж.де Гобиноның нәсілшілдігі оның элиталық дүниетанымдық көзқарасының бір бөлігі еді.Элита оның көзқарасы бойынша мәңгі,өзгермейтін болуы тиіс.Гобино теңдіктің барлық түрлерін (таптық,сословиелік,нәсілдік, т.б.) жек көреді. Нәсілдік теңсіздік оған теңсіздіктің ең біріншісі,ең негізгісі болып көрінеді.Гобино ақ нәсілдің интеллектуалдық жағынан жоғары екендігін көрсеткісі келді.Сонымен қатар басқа да нәсілдердің ерекшелігін көрсетуге тырысты.Мысалы: негрлер басқа нәсілдермен салыстырғанда көркем творчество сферасында басым,сондықтан да өнер қара нәсілдермен араласу арқылы туындайды,-дейді ол.Ақ нәсілдер басқалардан дене күші,әдемілігі,шыдамдылығы жағынан басым деп,мәлімдей отырып,ол интеллектуалдық қабілеті жағынан ақ нәсілділерге зор баға беріп,оларды иерархиялық баспалдақтың ең жоғарғы жағына орналастырады. Ж.де Гобиноның «Адамдар нәсілінің теңсіздігі туралы тәжірибе» атты еңбегі оның еуропадан ешқайда шықпаған кезінде жазылған жұмыс.Ол тіпті еуропалық емес халықтардың қандай екендігін де көрмеген.Сондықтан да оның бұл еңбегі бұрыннан қалыптасқан түсініктері негізінде ғана жазылған,-деп айтуға болады.
«Нәсілдердің өзара араласуы өркениеттің қалыптасуы мен дамуының қажетті көзі (міндетті түрде ақ нәсілдермен араласу), алайда осы процесс ақырында оның күйреуіне алып келеді.Осылайша тарихтың трагикалық диалектикасы жүзеге асырылады»-дейді Ж.де Гобино. Ол тарихта орын алған он өркениетті:индиялық,египеттік,ассириялық,гректік,қытайлық,италиялық,батыс және Американың үш өркениеті:аллегандық,мексикандық,перуандықты бөліп көрсетеді.
Өркениет ұғымы оның концепциясында тек сипаттаушы тұрғыдан қарастырылады.Сондықтан да ол бұл ұғымды еуропалық емес қоғамдарға да қатысты қолданды.Осылайша оның көзқарасындағы еуропоцентризм мәдени релятивизммен алмастырылды.Нәсілдердің тең еместігі туралы айта отырып,Ж.де Гобино түрлі қоғамдардағы өркениеттердің тең екендігін айтады.Нәсілдік-антропологиялық мектептің басқа да өкілдеріне жататындар:ағылшын германофилі Х.С.Чемберлен, В.де Ляпуж (Франция), т.б.
Арийлық нәсілдің элитасы ретінде Ж.де Гобино германдықтарды атағанымен,негізінен алғанда француз аристократиясын түсінді.Оның идеялары Францияда қолдау таппағанымен,Германияда зор қызығушылықпен қабылданды.Гобиноның Германиядағы ізін жалғастырушылардың бірі Х.С.Чемберлен болды.Ол германдықтар мен еврейлерді салыстырды.Германдықтар оның ойынша бүкіл әлемдік өркениеттердің таратушылары және адамзатты құтқарушы ретінде қарастырылса, онда еврейлер «таза емес» нәсіл ретінде қарастырылады.Бүкіл адамзат тарихы,оның ойынша нәсілдер күресіне негізделеді.Германдықтардың еврейлердің түбіне жететіндігіне ол тіптен шек келтірген жоқ.Чемберлен Германияда алғаш рет «евгеника» теориясының,яғни нәсілдер тазалығы «ғылымының»,және адамдарды іріктеп алудың өзіндік әдістерін жасаудың негізін қалады.
Чемберленнің ізін жалғастырушы В.де Ляпуж нәсілдердің теңсіздігін және ақ нәсілдердің артықшылығын ғылыми тұрғыдан негіздеуге тырысты. В.де Ляпуж адамзатты бас сүйектерінің формасына қарай:долихоцефалы (ұзын бастылар) жоғары арийлық нәсілді, брахицефалы (қысқа бастылар) төмен нәсілдерді бөліп көрсетеді.Осылайша,адамдардың сыртқы физиологиялық ерекшеліктері түрлі жалған теорияларды және идеологияларды негіздеуге арқау болды.
58.Д.Рисменнің бірөлшемді адам концепциясы бойынша тұлғаның негізгі типтерін сипаттап, Қазақстанда аталған түрлердің басым орын алып отырған типін көрсетіңіз
Д. Рисмен 1909 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген американдық социолог және заңгер. Жеке тұлғаның типтері:
1. аполитикалық (саясатқа немқұрайды қарайтын);
2. саяси белсенділігі төмен адамдар (саясатқа, болып жатқан оқиғаларға
онша қызықпаушылық);
3. саясатқа жанама қатысатын адамдардың типі (саяси проблемаларға
қызығушылық танытады, газет оқиды, өзінің көзқарасы бар);
4. қоғамдық қайраткерлер (саяси белсенділігі жоғары адамдар, уақытының
көбін саяси жұмыстарға бөледі);
5. саясаткер-кәсіпқойлар (саяси жұмыспен тұтастай байланысты:
депутаттар, мемлекеттік қызметшілер);
6. саяси лидер – саяси жеке тұлғаның жоғарғы типі.
Қазақтардың көбі , меніңше, 2 немес 3 сияқты.
59.Көпшілік мәдениеті мен тұтыну қоғамының қалыптасу жағдайларына социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады.
Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады.
Көпшілік мәдениетін оймен жаза салындар: өзін қалай ұстау, қалай жүріп-тұру керек, мәдениеттілік жайлы. Ок?)))
Мәдениеттілік – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытуы — мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерден құралады. Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көргенділік таныту, жан мен тән тазалығы, мұның барлығы Мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық-эстететикалық, заңи, саяси, тағыда басқа талаптардың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында Мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арнасында дамыды.
Қазіргі әлемді тұтыну қоғамы деп те атайды. Осы қоғамдық тұтыныс бұрыннан бері жеке адам қызметінің және тұтас алғанда өндіріс пен экономиканың дамуының басты қозғаушы күші ретінде саналған.
Қазіргі уақытта, нарықтық шаруашылықтың ең негізгі категорияларының бірі болып тұтынушылық сұраныс табылады. Қазіргі заманғы экономика жағдайында тұтынушылық сұранысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді. Тұтынушылық сұраныс мазмұнының, формаларының, тұтынушы талғамдары мен қалауларының өзгеруі, нарық жағдайларының, әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету шарттарының өзгеруі, сондай-ақ, тұтынушылық сұраныстың нарықтың көптеген аса маңызды үдерістеріне әсерінің күшеюімен байланысты осы тұтынудың және оған әсер ететін факторлар табиғатының тәжірибелік маңыздылығы бүгінгі күні арта түсуде. Сонымен қатар, экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруда, әртүрлі нарықтардың теориясы мен ұйымдастырылуын зерттеуде тұтынушылық сұраныстың рөлі көтеріліп келеді.
Тұтынушылық сұраныс теориясы неоклассикалық нұсқада сұранысты нарықтың ажырамас элементі ретінде, оның бағалық және бағалық емес факторларын, сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігін, тоғыспалы икемділігін, икемділік коэффициенттерін, сұраныс заңын және оның ерекше жағдайларын (Гиффен қайшылығы, Веблен әсері) зерттейді.
Адамдар қажеттілігінің дамуы бойынша, тұтынушы қалауларының өзгеруіне, тұтынуға ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің көбеюіне, демалысты ұйымдастырудың әдістеріне байланысты тұтынушылық сұраныстың және оның факторлары мен құрауыштарының арнасы кеңейіп, олардың арасындағы өзара байланыстар бара-бара күрделене түсуде.
60.Э.Фроммның «Бостандықтан қашу» еңбегі негізінде тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларға талдау жасаңыз
Фромм Эрих (1900-1980) - неміс-американдық философ; психолог, социолог, неофрейдизм негізін салушы, гуманист-ғалым, әлеуметтік прогресті жақтаушы. 1933 жылы АҚШ-қа қоныс аударды. Философия, психология, антропология, тарих және дін социологиясының дамуына зор үлес қосты. Өзінің ілімін «гуманистік психоанализ» деп атады. Фромм индивид психикасы мен коғамның әлеуметтік құрылымының арасындағы байланысты анықтау барысында Фрейд биологизімінен алшақтады. Психоаналитикалық «әлеуметтік және дербес» терапия негізінде үйлесімді «дені сау коғам», жобасын АҚШ-та гуманистік позицияда ұсынды. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету. Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ноmо еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды. американдық ғалым Э. Фромм, қоғам дамуының неофрейдистік теориясын немесе антропологиялық моделін жасады.
Э. Фромм З. Фрейдтің ізбасары ретінде оның психоанализмін реформалау арқылы, акцентті ішкі психологиялық процестен әлеуметтік, кісіаралық қатынастарға көшірді. Адамның полярлық бастамалары арасындағы күресті - өмірді сүю мен өлімге ұмтылуын, ол әлеуметтік сипаттың негізіне салады. Э. Фромм үшін қоғамдық өмірдің идеалы адамның еркін және бақытты өмір сүруі. Оларсыз прогресс туралы ойлардың еш мәні жоқ.
Ол «Бостандықтан қашу» деген еңбегінде нарық қоғамындағы бостандықтың өсуін және адамдардың сол бостандықты пайдалана алмауын талдайды. Осының негізінде өмірден «қашудың» механизмін көрсетеді: тұлғалар арасындағы байланыстың, симбиоздық (садизм және мазохизм), автоматтандырылған ұқсастық конформизмнің өсуі, т. б. Фроммның тоталитарлық мемлекеттің пайда болуын, адамдардың жауапкершіліктен және ынталанудан бас тартуын, өз тағдырын патерналистік өкіметке жүктей салуын психикалық ұмтылыс деп түсіндірді. Ол бұл жолды жалғыздықтан арылудың қияли әдісі деді. Оның «Адам өзіне-өзі үшін» деген еңбегі ерекше «өмір сүру өнері» ретінде этиканы және адам мінезі типологиясын, «жемісті немесе жемісті емес» тағдырларды талдауға арналған. Оның негізгі еңбектері: «Бостандықтан қашу» (1941), «Маркстің адам концепциясы» (1961), «Психоанализ кризисі» (1973), «Адам өзіне-өзі үшін».

Приложенные файлы

  • docx 8826103
    Размер файла: 4 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий