несеп АФО


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Несеп шығару жүйесінің балалардағы ерекшеліктері.Орындаған: Темірбек М.Н Жоспар.Кіріспе.Негізгі бөлім.Бүйректің дамуыБүйректің құрылысыНефрон құрылысыНесепағар ҚуықҚорытынды Пайдаланған әдебиттер Зәр шығару жүйесіне – бүйрек , несепағар, қуық және зәр шығарушы түтік жатады. Эмбриональды даму кезенінде зәр түзуші мүшелерін үш жұбы қалыптасады. Олар:Алдыңғы бүйрек (pronephros )Алғашқы бүйрек(mesonephros )Тұрақты бұйрек (metanephros ) Алдыңғы бұйрек. (pronephros )Ол мезодерманың алғышқы 8-10 сегменттік аяқшаларынан дамиды. Адам ұрығында зәр түзуші мүше ретінде қызмет атқармайды және сонында семіп қалады. Алғашқы бүйрек(mesonephros ) Ұрықтың құрсақ бөлігінде орналасқан 25 сегменттік аяқшалардан дамиды. Сегмент аяқшалары немесе нефротом сомиттерден және спланхнотомнан оқшауланады да алғашқы бүйректің каналшаларына айналады. Каналшалар алдыңғы бүйректе дамыган мезонефральды өзекке қарай өседі, онымен байланысады. Оған қолқадан қарама қарсы тамырлар таралады, тамыр шумақтарын түзеді. Каналшалар тұйық соңымен осы шумақтарды қармайды да, капсула түзеді. Шумақтар мен капсула қосылып бүйрек денешігін түзеді. Алдыңғы бүйректе дамыған мезонефральды өзек артқы ішекке ашылады. Тұрақты бұйрек (metanephros ) Ұрықтың 2 айында дамиды, бірақ оның дамуы нәресте дүниеге келгеннен кейын аяқталады. Ол екі даму көзінен дамиды-мезонефральды өзек және нефрогенді ұлпа. Ол ұрықтын каудальды бөліміндегі сегмент аяқшаларына бөлінбеген мезодермадан дамиды. Мезонефральды өзек несепағарға, бүйрек түбекшесіне, бүйрек тостағаншасына, еміздікше каналдары мен жинактаушы түтікшеге бастау болады. Нефрогенді ұлпадан бүйрек каналдары дамиды. Бір ұшынан капсула, ал екінші ұшы жинақтаушы түтікке барып қосылады. Пайда болған тұрақты бүйрек жылдам өсе бастайды және 3 айдан бастап алғашқы бүйректен жоғары жатады, жүктіліктің екінші жартысында семеді. Осыдан бастап тұрақты бүйрек ұрықтың ағзасындағы зәр жасаушы қызметті атқара бастайды. Зәр шығару жүйесінің дамуына нефрогенді ұлпа мен Вольфог өзегінен басқа мынандай құрылымдар қатысады: -Қуықтың өтпелі эпителиі аллантоистың эндодермасы және эктодермасынан пайда болады. -Зәр шығару каналының эпителиі- эктодермадан дамиды. -Мезенхимадан зәр шығару жүйесінің дәнекер ұлпалары мен тегісбұлшыкетті элементтері дамиды. -Спланхнотоманың висцеральды жапырақшаларынан қуық пен бүйректін іштік мезотелиі дамиды. Бүйрек.Адам ағзасындағы зәр түзетін жұп мүше. Қызметі:Зәр түзу мен зәр шығаруҚышқыл сілтілік гомеостазды ұстап тұруСу тұз алмасуын реттеуАртериальды қысымды реттеуЭндокринді және биологиялық белсенді заттарды синтездеуЗат алмасуға, оның ішінде ақуыз бен көмірсу алмасуына қатысу. Ұю жүйесіне қатысу. Уракиназа бөлу арқылы жүреді. Бүйрек дәнекер ұлпалы капсуладан, алдынан серозда қабықшамен қапталған. Бүйрек затын қыртыстық және милық деп бөледі. Қыртыстық заты мүшенің капсуласынын астында орналасқан тегіс кабат. Бүйректің дамуы кезінде қыртыстық заты көлемі жағынан ұлғаяды, бүйрек пирамидаларының ішіне бүйректік бағандар ретінде (Бертен бағандары ) орналасады.Милық заты 10-18 конус тәрізді милық пирамидалардан тұрады, оның негізі қыртыстық затқа кіре орналасыды. (Феррейн сәулелері). Бүйрек стомасы борпылдақ талшықты дәнекер тіні.Бүйрек паринхимасы бүйрек денешіктерінен және эпителиальды түтікшелерден тұрады. Тамырлардың қатысуымен нефрон түзіледі. Нефрон. Бүйректің құрылымдық функциональды бірлігі. Оның түтікшелерінің жалпы ұзындығы 5см. Ал барлық нефрондардыкы 100км-ге жетеді. Нефрон жинақтаушы түтікке жалғасады. Ал ол еміздікше түтікшеге одан пирамиданың негізіне, бүйрек тостағаншаларына ашылады. Тамыр шумағыӘкелуші артериолаӘкетуші артериолавенаБоумен капсуласыПроксимальды түтікшеДистальды түтікшеГенле ілмегіТөмендеген және жоғарлаған бөліміЖинақтаушы түтікшеКапилляр өріміНефронның құрылысы. Мальпиги денешігі. Екі қабатты капсула Шумлянский – Боумен капсуласы тамыр шумағын жан- жағынан коршап жатыр. Олар Мальпиги денешігін түзеді. Бүйрек денешігінде әкелетін және әкететін тамырлар орналасқан тамырлық полюсті және проксимальды түтікшенің бастапқы бөлігі орналасатың зәрлік бөлімді ажыратады. шумақӘкелуші артериолаӘкетуші артериолаДистальды түтікшеПорсимальды түтікше Капсула кеністігі Алғашқы капиллярлық тор әкелетін және әкететің тамырлардын арасында орныласады. Ол 30 шақты капилляр ілмектерінен тұрады. Капилляр ілмектерінің арасында мезангиальды жасушалары мен жасушаралық заттары бар шумақтын дәнекер тіні мезангий орналасады. Капилляр эндотелиі 0,1 мм фенестерлері бар қатты тығыздалғын эпителиоциттерден тұрады. Фенестерлер саны функциональды жүктеменің әсерінен өзгеруі мүмкін. Эндотелиоциттер үш қабатты базальды мембрананың үстінде орналасқан. Мембрананың сыртқы және ішкі қабаттары ақшыл , ал ортаңғы қабаты қарангғы болады. Капсула ішкі және сыртқы қабаттан тұрады. Ішкі қабат. Ол тамыр шумақты жан жағынан қоршайды. Бұл қабат подоциттер деп аталатын бір қабатты эпителиоциттерден тұрады. Подоцит денесінен жан жаққа ірі өсінділер цитотраберкулалар таралады; ал цитотраберкулалардан ұсақ өсінділер цитоподилер таралады. Цитоподилер базальды мембранаға бекінген, олардын арасында фильтрациялы саңылау болады. Олар арқыла жұқа мемебрана тартылған. Подоциттер қызметі.Фильтрационды тосқауылдың жұмысына қатысу.Фагоцитоз және қаннан сүзілетін макромолекулаларды еріту.Базальды мембрана компонеттерінің биосинтезі.Эритропоэтин биосинтезі Сыртқы қабат. Жазық эпителиоциттерден тұрады. Тамырлы полюс аймағынан ол ішкі қабатқа жалғасады. Осы жерде сыртқы қабат тамырлы полюсты белдік тәрізді қоршап жатады. Екі қабат арасында біріншілік зәр жиналатын қуыс болады. Зәрлік полюс маңайында сыртқы қабат нефронның проксимальды бөлімінің эпителиіне жалғасады. Ал капсула қуысы проксимальды түтікше куысына жалғасады. Нефронның проксимальды бөлігі. Ол иректелген және тік бөлімнен тұрады. Проксимальды иректелген бөлімі қыртыстық затта орналасады. Проксимальды тік бөлімі нефрон ілмегінің жуан төмендеген бөлімі және милық сәулелердің және те бүйректің милық затында орналасады. Түтікшенің саңылауы әлсіз, базальды мембранада орналасқан цилиндр немесе куб тәрізді эпителиальды жасушалардан тұрады. Ал апикальды бөлімі жиектелген. Жиектелген бөлімі көптеген ұзын микробүрлерден тұрады. Қызметі. Біріншілік зәрден қанға ақуыз бен глюкозаны сіңіру.Су мен минеральды заттарды факультативті сіңіру.Кейбір органикалық қыщқылдар мен негіздердің секрециясыКейбір экзогенді заттардың экскрециясыКальцитриолдың биосинтезі Нефронның жіңішке бөлімі. Ол төмендеген және жоғарлаған бөлімдерінен тұрады. Бүйректің милық затында орналасады. Жіңішке бөлім Генле ілмегін құруға қатысады. Оның қабырғасы цитолемада терең қатпарлары бар жалпақ жасушалардан тұрады. Қызметі.Біріншілік зәрден судың пассивті реабсорбциясы.Тұздардың диффузиясы жүреді. Дистальды бөлімі. Дистальды тік және дистальды иректелген түтікшелерден түрады. Дистальды тік түтікше милық заттың және милық сәуленің құрамында болады. Ал дистальды иректелген бөлімі бүйректің қыртыстық затында иректеле орналасады. Бүйректік денешікке келіп тығыз дақты түзеді. Содан кейын жинақтаушы түтікке ашылады. Дистальды бөлім анық саңылаулы, куб немесе цилиндрлі эпителилерден тұрады. Қызметі.Зәрден электролиттердің қосымша реабсорбциясы жүреді. Бұл процесс концентрация градиентіне қарсы активті тасымалданады.Калликреин синтезделеді. Жинақтаушы түтікше. Нефронның дистальды бөлімінің жалғасы , бірақ нефрон құрамына кірмейды. Олар қыртыстық бөлімінде куб тәрізді эпителиден, ал милық бөлімінде цилиндр тәрізді эпителиден тұрады. Эпителилерді ақшыл және қараңғы деп бөледі. Көбіне ақшыл болады. Ақшыл клеткалар судың кері реабсорбциясын және простагландиндерді бөледі. Цитолеммасының апикальды, латеральды және базальды беткейынде аквапорин- су каналдарын түзетін интегральды ақуыз болады. Аквапорин антидиуретикалық гормонды реттейды. Вазопрессин су каналдарын ашады және жинақтаушы түтікше эпителилерінен интерстициге одан қанға өтеді. Бүйректің қан айналымы. Юкстагломерулярлы аппарат.Бұл аппарат гормон тәрізді фермент- ренинді бөледі. Ол ең күшті тамыр тарылтқыш зат ангиотензин ІІ түзеді. Ренин сонымен қатар бүйрекүсті безінің қыртысты бөлімінің шумақты аймағында альдестерон өнімін белсендіреді. Ол дистальды және жинақтаушы түтікшеден натрий мен судың реабсорбциясын күшейтеді. Бұл қанның көлемін көбейтедә одан артериальды кан кысымы жоғарлайды. Юкстагломерулярлы аппараттың жасушалары.Юкстамедулярлы жасушалар – бұл жасушалар әкелетін және әкететін артериолалардың ортанғы қабатында орналасады. Дамуы бойынша –бұлшық етті, ал қызметі бойныша – секреторлы. Ол ақуыз синтездейтын апппараттан және реннин гранулаларынан тұрады. Тығыз дақ жасушалары – олардың саны 20-40, дистальды түтікшенің қабырғасында, әкелетін және әкететің артериолалардың ортасында орналасқан. Бұл жерде базальды мембрана өте жұқа немесе мүлдем жоқ. Бұл жасушалар осморецепторлар. Олар юкстагломерулярлы аппаратқа дистальды бөліміндегі зәрдегі натрий ионы жайлы хабарды беріп тұрады.Юкстоваскулярлы жасушалар немесе Гурмагтиг жасушалары – ол әкелетін және әкететін артериолалар мен тығыз дақ жасушалар арасындағы ұшбұрышта орналасады. Ол қосымша ренинді сақтайды.Мезангиальды жасушалар – бұл клеткалардың жартысы юкстагломерулярлы клеткалар тозғада ренин бөледі. Бүйрек дамуының жастық ерекшеліктері.Жаңа туылған нәстелерде: препарата бір біріне жақын орналасқан бүйрек денешігі,бүйрек түтікшелері қысқа, қыртыстық заты жұқа.Бес жасар бала: бүйрек түтікшелерінің ұзындығының ұзаоуы, бірақ олар аз және диаметрі кішкентай.Жыныстық жетілу кездегі: ересектердегілерге ұқсайды. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12 г, 1 жаста — 36-37 г, 5 жаста — 55-56 г.Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Ол бөліктер 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады. Бүйректің қыртыс қабатының қалындығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі ми қабаты 8  мм болады.Нәрестелердің нефрондарының иірілуі аздау. 1 жаста иірімді өзектердің өсу қарқыны күшті, ал 3-4 жаста олардың саңлауларының диаметрі кеңейеді, қабырғасындағы клеткалардың құрылысы мен қызметі жақсы жетіледі. Нәрестенің алғашқы 3-4 күнінде несеп өте аз шығады, ал бір аптадан кейін несеп көбейеді. 6 айда баланың несебінің мөлшері екі есе артады. 9 айда несептің құрамы тұрақтала бастайды. Мысалы, несептің құрамындағы хлордың мөлшері ересек адамдардағыдай болады, бірақ мочевина мөлшері аздау, өйткені бұл кезде баланың негізгі тамағы әлі де болса, сүт болады да, басқа жануар текті тамақтардың мөлшері аз болады.1 жастағы балалар бүйрегінің гломерулалық сүзілу деңгейі өте баяу жүреді, кері сүзілу мен нефрон түтікшелерінде заттардың концентрациясының артуы, яғни қоюлануы жеткіліксіз. Несептің мөлшері 700 мл ғана болады. 4-5 жаста оның мөлшері 1000 мл-ге дейін көбейеді, ал 10 жаста тәулігіне 1500 мл несеп сыртқа шығады. Несепағар. Зәрді бүйректен қуыққа алып келетін мүше. Негізгі қабаттары:ШырыштыШырыш асты негізБұлшықетті қабатАдвентициальды Қуық. Зәрді жинақтаушы жиырылғыш келетін мүше. Қабаттары: Шырышты қабатШырыш асты негізБұлшық етті қабатАдвентициальды қабат Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфинктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі және еріксіз рефлекторлы түрде шығады. Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий клеткаларының зат откізгіш қасиеті жоғары болғандықтан несеп құрамында  лактоза, аздаған (із мөлшерінде) мөлшерде белок, мочевина, фосфатты және хлорлы қосындылар болатыны байқалған. Кейін 1 жасқа жақындағанда лактоза мен белок мүлде болмайды, ал қалғандарының мөлшері азаяды.1  жаста балалардың организміндегі осмостық қысым мен иондар алмасуының тетіктері толық жетіледі.2  жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу және иірім каналдардағы кері сүзілу мен секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткіштеріне жақын болады.Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін реттейтін вазопрессин мен адреналин гормондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің эпителий клеткаларының және қан тамырларының қабырғасындағы рецепторлардың сезімталдығы төмен болады. Ал альдостерон гормоны жөнінде мұндай  мәліметтер әлі белгісіз. Бүйректің асимметриялы жабысуларының схемалық көрінісі: а — S-тәрізді бүйрек; б — L-тәрізді бүйрек; в — I-тәрізді бүйрек; 1 — қолқаның құрсақ бөлігі; 2 —төменгі қуысты вена; 3 — несепағар; 4 — бүйрек. Зәр өзгерістерінен болатын синдром: Зәр құрамындағы патологиялық өзгерістердің жиынтығымен сипатталады: біріншіден протеинурия және гематурия, және де лейкоцитурия, цилиндрурия, қалыпты жағдайда болмайтын тұнба элементтерінің пайда болуы, зәр түсінің өзгеруі және салыстырмалы тығыздығының өзгеруі жатады. 1. Гематурия – зәрде эритроциттер-дің көбеюі.Себептері: Бүйректе немесе несеп жолдарында тас болуы.Бүйректе немесе қуықта қатерлі ісік болуы.Гломерулонефриттің гематуриялық варианты.Бүйрек артерияның тромбоэмболиясы. 2. Протеинурия: іс жүзінде белок зәрде болмауы керек, кейде0,033 г/л (яғни белок іздері) болуы мүмкін.Бүйрек текті протеинурияның себептері:жедел және созылмалы нефрит;амилоидоз;нефроз;нефросклероз. Бүйректен тыс себептерден протеинурия: жұқпалы аурулар, қанттық диабеттің ауыр түрі, ауданы үлкен күйік, ауыр операциялар, жүрек әлсіздігі («қан іркілген бүйрек»), қан аздықтың ауыр түрі, бактериялық эндокардит, лейкоцитурия кезінде де 1% шамасындағы протеинурия кездесуі мүмкін. 3.Жеке лейкоцитурияСебептері: Пиелонефрит (нейтрофилдер көп болады);Гломерулонефрит (лимфоциттер басым болады);Бүйрек туберкулезі (нейтрофилдер және лимфоциттер болады);Цистит, уретрит, простатит (нейтрофилдер болады). 4. Зәрде эритроциттер де, лейкоциттер де болса: Себептері:пиелонефрит;бүйрек немесе қуық туберкулезі;цистит, уретрит, простатит. Назар аударғандарыңызға рахмет!

Приложенные файлы

  • pptx 8831110
    Размер файла: 2 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий