распечатка


Кіріспе
Жылуэнергетика халықтық шаруашылықтың қазіргі заманға сай индустриалды дамыған жүргізуші сала болып табылады. Энергетиканың дамуында негізгі бағыт өндірістің, қалалардың және елді, мекенді энергиямен қамдау орталықтандыру болып табылады.
Алматылық 2-ЖЭО Алматы қаласының батысына қарай, 15км қашықтықта, Қарасай ауданы, Алғабас ауылында орналасқан.2-ЖЭО екі кезекте құрылған.
Бірінші кезегінде құрылыс 1978-1983 жылдары жүзеге асырылды.Үш БКЗ-420-140-7с типті бу қазандары жэне үш ПТ-80/100-130/13 типті бу шығырлары пайдалануға енгізілген болған.
Құрылыстың екінші кезегі 1985-1989 жылдары іске асқан.
Пайдалануға тағы да БКЗ-420-140-7с типті төрт бу қазандары, бір Р-50-130/13 типті бу шығыры жэне екі Т-110/120-130 типті бу шығырлары енгізілді.
1995 жылдан үшінші кезекті құрылыс осы күнге дейін қарастырылып отыр, онда тағы бір БКЗ-420-140-7с типті қазанды қосу, Вентури түтікшелері бар скрубберлерді жаңарту, жаңа күл төгіндісінің құрылысы, БКЗ-420-140-7с қазандардың ағындық шахталарының жаңартылуы болжалануда.
2-ЖЭО-дан жылу жіберілу Алматы қаласының жылуландыру аймағы үшін ыстық суда іске асады.
АлЭС 2-ЖЭО-да электр энергияны жіберу 10 кВ кернеуде өндіріледі және 110 кВ кернеумен таратылады. 110 кВ таратқыш қондырғысының сүлбесі екі қабатты жұмыстық және шинаның жүріп өту жүйесімен, бір ажыратқышпен орындалған. Екі жұмыстық шина жүйелері бөлімдендірілген.
2013 жылда 2-ЖЭО-ның орнатылған қуаты келесі мәндерді құрады:
-электрлік-510 МВт; -жылулық-1176 Гкал/сағ.
АлЭС 2-ЖЭО-ның бас жоспары
ЖЭО құрылыстық ауданшасы Алматы қаласынан батысқа қарай 15км, қаланың болашақта оңтүстік-батысқа қарай дамитынын ескерген.
Топырақ суларының деңгейі жер бетінен 15,9-22,1м тереңдікте жатыр.Тербеліс амплитудасы 1,0 м. Байланыс жолдарынан ағып кету есебінен топырақ суларының деңгейінің өсіп кетуінің мүмкіндігі өте аз.
Топырақтардың қатуларының қалыпты тереңдігі 100 см.
Топырақтар өңдеу қиындығы бойынша СНиП 4-2-82 бойынша алынады.Инженерлі-геологиялық шарттары бойынша ауданшасы 3-ші санатты қиындыққа жатады.
1-2 санатты ғимараттар мен құрылыстарды жобалаған кезде
Сонымен қатар:
а)электр стансасының ауданшасы (қоршау шектерінде) 38га
б)күлтөгіндісі (3 жылға арналған сыйымдылық)12га
в)уақытша құрылыстар20га
Бас жоспарды өңдеу кезінде технологиялық байланыстар, ЖЭО ЛЭП және Жылутрасс, көлік жэне құрылыс кезегінің қорытынды талабын ескере отырып аймақты функционалды талаптары ескерілген.
Тұрғын аймақтарынан құрылыс ауданшасы 3 км ауылшаруашылық өрістерінің тау жоталарымен және көгалдандырулармен бөлініп тұр.
Электр стансасының ауданшасында ЖЭО-ның бас тұрқысы орналасқан, қосымша тұрқылар жағулық мазут шаруашылығы,қатты отын қоймасы, ұсақтағыш тұрқы, градирнялар, өзгерткіштер, ашық таратқыш қондырғылар, әкімшілік-тұрмыстық тұрқылармен біріктірілген.
Шектеу шегінен тыс батыс жағында стансалық темір жол және станса (бір қатар кәсіпорындар үшін) орналасқан, ОКСа көлемдік қоймасы, еріткіш қондырғы.
Ары қарай қажетті өртке қарсы үзікпен-мазут шаруашылығы және мазут сақтаушы РКТ (жылулық желілердің Алматылық кәсіпорындары).Электр стансасына солтүстік жағынан бетон-ерігіш
түйінмен, автобазамен және бас тұрқысының металл құрылыстық қаңқасын құрастыру үшін арналған екі үлкейткіш-құрастырғыш және қазандар құрамаларының ауданшаларымен жанасады. Электр стансасы ауданшасының өлшемі технологиялық,тазалық және өртке қарсы талаптары бойынша ғимараттар мен құрылыстар арасындағы минималды үзіктерді талап етулеріне сәйкес қабылданған.
Темір жол бағыты ЖЭО аймағының солтүстік жағынан бұзылған вагондарды түсіру эстакадасына және ары қарай жанулық мазут шаруашылығымен ОВК-2 келеді. Темір жолда үлкейткіш-құрастырғыш ауданшаларында орындалған. Құрастыру аймағына үлкейтілген құрамаларды әкелуі пневможүрісте трейлермен ісек асады.
Құрылыс ауданшасын ішкі автомобиль жолымен байланыстыратын негізгі автомобиль жолы ауданшаның оңтүстігі жағынан әкелінген.
Электр стансасына кіретін бас жол және бас тұрқы айналасындағы сақиналық жолдың ені 6м, қалған жолдар (қатты қаптаумен) қозғалыстың бір жолағымен 4,5м енімен орындалады.
Электр стансасы аумақтарының тік жоспарлануы жергілікті жұмыстардың минималды көлемі кезінде табиғи жер бедерінің мүмкіндігі бойынша сақтанумен орындалған.Сонымен қатар сол уақытта ғимараттардан және құрылыстардан қысқа жол бойынша ашық су өткізгіштер жүйелерімен қайықтарға жэне кюветтерге және жауын қабылдағыш арналуынан (майланған және мазутталған ақаба суларды тазалауға тура келеді) жер беті суларын әкетуді толық қамтамасыздандырады. Жоспарланған ауданшалардың минималды еңісі 0,005-0,008 шектерінде қабылданады.
Ғимараттар қабырғасының сыртқы жағының бойымен 200м карниз шығаруынан асып кететін отмост ені бар, бірақ 500мм-ден аз емес, ғимарат қабырғасынан 0,03-0,10 еңіске қарай бағытталған.

Ғимараттың бірінші қабатының таза еденінің белгілеуі ғимараттың
жоспарланған белгілеуінен 0,15м жоғары орналасқан.
Машина залының шықтық бөлмесінің ОВК-1 және қазан цехының күлділік бөлімінің бас тұрқысының таза еден деңгейі минус 12м белгілеуде орналасқан (бас тұрқының тереңдетілген нұсқасы).
Төтенше жағдайларда паводковты және басқа да суларды бас тұрқының күлділік бөлімінен әкету үшін үңгір тесілген.
Жыл ішінде Алматы қаласында жылдамдығы 3 м/с-қа дейін желдер болды (80% жағдайлар).
Қатты желдер (15м/с және одан да көп) Алматы қаласында сирек бақыланады, орташа жылына 15 күн. Қыста қатты жел 10 жылда 1-3 күн болады, жазда әр жылда 2-3 күн, көбінесе күннің екінші жартысында.
Электр стансаның аймағына ағаштарды, олармен бірге шөпті газондарды отырғызу арқылы көгалдандыру орындалған.Жасыл сілемдерде жоспар бойынша демалуға арналған ауданшалар қарастырылған.
Бас жоспарды болашақта ЖЭО-ны кеңейту мүмкіндігін ескеріп жасаған.
Бас жоспарды орналастырудың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері.
І.Электр стансасының шектеуіндегі аудан Ғ=38 га;
2.Ғимараттар қамтыған аудан Ғғим=10 га;
З.Ғимараттар және құрылыстар қамтыған аудан Ғқос=16 га; 4.Өндірістік ауданның меншікті ауданы Ғменш=Ғ/N=38/620=0,061га/МВт;
Аумақшаның пайдалану еселеуіші Каум=(Ғқос/Ғ)* 100=42.1%;
Құрылыс еселеуіші Кқұрылыс=(Ғғим/Ғ)* 100=26.3%;
Жел бағытын қайталау бөлімі, %; бағыты бойынша желдің орташа жылдамдығы алымы, м/с; штилдердің қайталануы, %; желдің максималды жэне минималды жылдамдығы, м/с (Стандартная климотология и геофизика СНиП-01-01-82 мөлшері бойынша):
Ай С СШ Ш ОШ О ОБ Б СБ Штиль
Қаңтар 9 12 7 23 16 20 7 6 34
1,4 1,5 1,4 1,8 1,8 1,9 1,7 1,3 Маусым 5 11 6 45 11 8 4 4 13
1,9 2,0 1,6 2,8 2,8 2,4 2,2 1,9 Алдында жүретіндер оңтүстік бағыттағы желдер болып табылады (оңтүстік-шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс): 59%-қаңтарда, 70%-маусымда.
1 Бөлім. ЖЭО-ның жылулық жүктемелері
1.1. 2-ЖЭО-ның жылулық жүктемесі
АҚ «Теплокоммунэнерго» және АлЭС «Распределительные тепловые сети» мәліметтері бойынша АлЭС 2-ЖЭО-ның максималды жылулық жүктемесі Qmax=1065 Гкал/сағ құрайды, олардың ішінде ыстық сумен қамдаудың жүктемесі Qысқ=195 Гкал/сағ, жылыту және желдету жүктемелері Qот=870 Гкал/сағ болады.
Алматы қаласы үшін ықылымдық мәліметтер
Сыртқы ауа ыстықтығы:
- Есептік жылыту tрн=-250С
- Суық айдың орташа ыстықтығы tсан=-7,40С
Жылытулық кезеңнің орташа ыстықтығы tсрн=-2,10С
Жаздық кезеңнің орташа ыстықтығы t=+200С
Тәртіптер бойынша жылулық жүктемелерді есептеу:
І-тәртіп, максималды-қыстық:
Гкал/сағ
ІІ-тәртіп,есептік-бақылаулық:
Гкал/сағ
ІІІ-тәртіп,орташа жылытулық:
Гкал/сағ
ІV-тәртіп, жазғы:
Гкал/сағ
Негізгі қондырғылардың жылулық қуаты
Шығырлардың жылуландырулық алуы
3хПТ-80/100-130/13,=3х80=240 Гкал/сағ
2хТ-110/120-130,=2х175=350 Гкал/сағ
Алулардың қосынды қуаты:
Гкал/сағ
Шыңдық жылытқыштар қуаты:
ПТ-80/100-130, Гкал/сағ
Р-50-130, Гкал/сағ
Шыңдық жылытқыштардың қосынды қуаты:
Гкал/сағ
Алматы қаласы үшін қалып бойынша жылуландыру еселеуіші ұсынылады:
1.2. Жылуландыру еселеуішін есептеу

Шығыр алуының жүктемесі:
Гкал/сағ
АлЭС 2-ЖЭО-ның шыңдық жүктемесі:
Гкал/сағ
Жылулық жүктемелер бойынша мәліметтерді 1.1-кестеге енгіземіз.
1.1-кесте. Жылулық жүктемелердің жинақ кестесі
№ Тұтынушының аталуы Белгіленуі Өлшем бірлігі Тәртіптер
1 2 3 4
1 Жылыту және
желдету Qжылыту Гкал/сағ 870 513 405 -
2 Ыстық сумен қамдау Qысқ Гкал/сағ 195 195 195 195
3 ЖЭО бойынша қорытынды Q Гкал/сағ 1065 708 600 195
4 Негізгі тораптық қыздырғыштар Qнтқ Гкал/сағ 554 554 554 195
5 Шындық тораптық қыздырғыштар Qшж Гкал/сағ 511 154 46 -
2 Бөлім. БК3-420-140 қазанының техникалық сипаттамасы мен мінездемесі
БКЗ-420-140-7С қазаны бір дағралы, тік су құбырлы табиғи айналымды, П-тәрізді орналастырылған.
Қазан ошағы газбен тығыздалған, түгел дәнекерленген экранмен, құбыр d=60мм адымы 80мм –ден орнатылған. Ошақ көлемі 2660м3 , есептеулік жылу кернеуі 103,5 Гкал/м3 .
Ошақтың алдыңғы қабырғасында алты құйындық екі ошақтық тозаң газдың жанарғы орнатылған, екі қатар. (бір қатарға үштен). Шеткілері ошақтың ортасына қарай 8 градусқа бұрылған. Бір оттықтың өндірулігі – Қарағанды өнеркәсіптік өнімімен 12,35 т/сағ және газбен 5166м3 /сағ. Қожшығару қатты түрде. Әр қазанға су ваннасынан 4 шнектан келеді.
Ошақтың жоғарғы жағында және көлденең газ жолында 4 сатыдан тұратын радиациялы – конвективті бу қыздырғыш орнатылған. Қыздырылған будың температурасын реттеу екі сатыда өзінің конденсатын шашырату арқылы орындалады. Қазан дағырасы пісіріліп құрастырылған, ішкі қосөресі 1600мм, қабырғасының қалыңдығы  112 мм (ст. 16 ГНМА)
Буқыздырғыш сәулелі-ағындық.
Төмендегі шымылдықтан:
d x S = 42 x 5 мм ( ст . 12 Х 1 МФ )
және құбырдың ағындық бөлігінен тұрады:
d x S = 38 х 4 мм ; 38 х 4,5 мм ; 38 х 5 мм ; 38 х 6 мм ( ст . 20 ; 12 Х 1 МФ ) .
Қызған бу температурасы бүркігішті бусалқындатқыш арқылы реттеліп, буқыздырғыштың сатыларының арасында бөлгішке орналасқан.
Ағындық шахтада сулы үнемдегіш пен «бөлгішке» үйлестірілген ауақыздырғыш орналасқан.
Сулы үнемдегіш иілгіш жұмсақ, 20 с болаттан тұрады:
d x S = 32 x 4 мм.
Текше ауақыздырығыштары құбырлардан тұрады:
d x S = 40 x 1.5 мм, болат 3.
Конвективті шахтада сулы үнемдегішінің 2-ші сатысы, құбырлы ауа қыздырғыштың екінші сатысы, сулы үнемдегішінің 1-ші сатысы, құбырлы ауа қыздырғыштың 1-ші сатысы газ жолында орналасқан.
Отынды бөліп ұсату үшін төрт жеке СПУ 700/6000 типті шаң дайындау қондырғысы, балғалы диірменмен ММТ-2000/2600/730 типті және ВГДН-15 типті ыстық ауа үрлейтін желдеткіш орналасқан. Желдеткіш диірменге ауа беру үшін орналасқан.
Суық ауа қазанға екі ДН-26ГМ типті желдеткіштер арқылы беріледі, олардың айналу жиілігі 740/600 айн/мин.
Қазаннан газдың кетуі екі жылдам ДН-26-2 -0,62 типті түтін сорғыш арқылы орындалады, (745/590 айн/мин).
Қазанды тұтату үшін өндірулігі 0,8 т/сағ мазут болатын 6 механикалық мазуттық форсунка қарастырылған.
Түтін газдарынан тазарту сулы күл ұстағыштармен атқарылады. Түтін газдарының температурасын жоғарылату үшін күл ұстағыш қондырғыдан кейін таза газ жинау қорабына 70 оС де ауа қыздырғыштан кейін ыстық ауа жіберіледі.
Ауа қыздырғыш алдындағы ауа температурасы үрлегіш желдеткіштің сору қорабына ыстық ауаның қайтарумен реттеледі.
Дайындау зауытымен келісімде шымылдықтың 1-ші сатысын, толғымен алып тастап барлық қазан қондырғыларында бу қыздырғыштар орнатылған.
Күлділігі жоғары Борлин, Куучекин, Екібастұз көмірлерін жағу үшін және қазан қондырғысының артқы үстіңгі жағының күлден тозуын төмендету үшін «Казтехэнерго» жобасымен және дайындау зауытының келісімі бойынша қазан агрегатында қайта құру жасалынған, ал өзгерістер мыналар:
2-ші сатылы сулы үнемдегіш ауыстырылған, жаңаға, құбыр диаметрі 32х4 және металл (сталь 20) және құбырдың көлденең және тік адымдары үлкейтілген, 75 және 46 мм ден 111 және 55 мм-ге дейін.
Ол газ жылдамдығын азайту үшін жжәне құбырдың күлден тозуын азайту үшін жасаған.Осыған байланысты газдың кескіні азайды. 38,6 м2 тан 50,3 м3 ке дейін, ал сулық үнемдегіштің жоғарғы жағының қызуы 32% ға кеміді, 1790 нан 1220 м2 қа дейін.
Аталып өткен өзгерістер станцияның №1,2,3,4,5 қазан қондырғыларында орындалды және ол қазан қондырғыларының жұмысында өзін жақсы көрсетті, су үнемдегіштің бұзылуының төмендеуі және ҚАҚ-тың тозуын төмендетті. Қазанның жүктемесін 280 т/сағ қа дейін көтерді, бірақ аз ғана тиімділігі төмендеді, өзгерісті барлық қазан қондырғыларында өткізуді ойластыруда.
Қазанның жоғарғы қыздыру ауданы:
- буды қайта қыздырғыш2987 м2- 1-ші және 2-ші су үнемдегіш:
өзгеріске дейін4150 м2өзгерістен кейін3580 м2- 1-ші және 2-ші сатылы ауа қыздырғыш26868 м2 .
3 Бөлім. Негізгі және қосалқы қондырғыларды таңдау
3.1. 2-ЖЭО-да орнатылған негізгі қондырғылардың сипаттамалары
а) алты бу шығыры
ПТ-80/100-130/13 типті үш шығыр;
Р-50-130 типті бір шығыр;
Т-100/120-130 типті екі шығыр.
б) 2-ЖЭО-да жеті БКЗ-420-140-7с типті қазандар орналасқан, олар жалпы 140 ата жинағышқа жұмыс істейді.
Жинағыштан алты шығырлар қоректенеді:
Жылуландырулық жүктемені қамтамасыздандыратын тораптық қыздырғыштары бар ЗХпт-80/100-130/13,2Хт-110/120-130 жэне 1хР-50-130/13.Осы ПТ және Т шығырларының жаңғырту жүйесі төрт ПНД, деаэратордан және үш ПВД-дан, ал Р-50-130/13 шығыры үш ПВД және деаэратордан тұрады. Стансалық жинағышқа 13 ата бу Р-50-130/13 шығырынан және ПТ-80/100-130/13 шығырының алуынан жіберіледі.13 ата жинағыштан шындық жылулық жүктемелерді жабатын шындық бойлерлер қоректенеді, ЖЭО-ның өзіндік мүқтаждығына бу жіберіледі, яғни 2-АЖЭО-дан өндіріске бу берілмейді.
Бір шығыр бұзылып қалған жағдайда 13 ата жинағышты жөндеуге қойған кезде екі 150т/сағ жэне бір 250т/сағ РОУ-140/13 жүйесін пайдалануға болады. ПТ-80/100-130/13 және Т-110/120-130 типті шығырларда шықтағыштары бар.
Шық шықтағыштан ПНД тобы арқылы деаэраторға жіберіледі, деаэратордан қоректік су ПВД арқылы қазанға беріледі және айналымда тұйықталады.
Р-50-130/13 типті шығырда шықтағыш жоқ, ал шығырдан шыққан бу 13 ата жинағышқа беріледі.
Шығыр деаэраторына шындық бойлерлер құрғатылуы беріледі.
Қондырғылар типі Қуаты, өндірулігі Бу және бу алымдарының көрсеткіштері Эксплуатацияға қосылған жылы Кезек
ст№1 БКЗ-420-140-7с типті бу қазаны 420 т/сағ 13,8 МПа 5600С 1980 1
ст№2 БКЗ-420-140-7с типті бу қазаны 420 т/сағ 13,8 МПа 5600С 1981 1
ст№3 БКЗ-420-140-7с типті бу қазаны 420 т/сағ 13,8 МПа 5600С 1983 1
ст№4 БКЗ-420-140-7с типті бу қазаны 420 т/сағ 13,8 МПа 5600С 1984 2
ст№5 БКЗ-420-140-7с типті бу қазаны 420 т/сағ 13,8 МПа 5600С 1985 2
ст№6 БКЗ-420-140-7с типті бу қазаны 420 т/сағ 13,8 МПа 5600С 1987 2
ст№7 БКЗ-420-140-7с типті бу қазаны 420 т/сағ 13,8 МПа 5600С 1988 2
ст №1 ПТ-80/100-130/13 бу турбинасы 80 МВт 12,8 МПа 5550С
1,3 МПа 2700С 1980 1
ст №2 ПТ-80/100-130/13 бу турбинасы 80 МВт 12,8 МПа 5550С
1,3 МПа 2700С 1981 1
ст №3 ПТ-80/100-130/13 бу турбинасы 80 МВт 12,8 МПа 5550С
1,3 МПа 2700С 1982 1
ст №4 Р-50-130/13 бу турбинасы 50 МВт 12,8 МПа 5550С
1,3 МПа 2700С 1986 2
ст №5 Т-110/120-130-5 бу турбинасы 110 МВт 12,8 МПа 5550С
1,3 МПа 2700С 1988 2
ст №6 Т-110/120-130-5 бу турбинасы 110 МВт 12,8 МПа 5550С
1,3 МПа 2700С 1990 2
3.1.1. Шығырдың техникалық сипаттамасы мен мінездемесі.
ПТ-80/100-130/13 типті бу шығыры, шықтағыш номиналды 80 МВт қуаттылықпен таңдаулы реттегіш өндірістік бумен жылытады. 120 МВт қуаттылықпен ТВФ-120-2 типті өндіргішті арнайы келтіру және бірбілікті екіцилиндрлі күйді көрсетеді.
ПТ-80/100-130/130 типті шығыр саптамалық буды таратады, ол ЖҚЦ - ға кірердегі төрт реттегіш қақпақтардан тұрады.
ЖҚЦ құрылымы-ыстыққа төзімді болаттан тұрады. Ағындық бөлігі, бірвенцті реттелетін саты мен 16 қысымдық сатыдан тұрады.
ЖҚЦ-дан кейін бу өндірістік таңдауға кетеді, сондай-ақ ТҚЦ –нан ары қарай шығыр шықтағышына барады.
ТҚЦ үш бөліктен тұрады:
біріншісі, жоғарғы жылыту таңдамасына дейін реттегіш саты мен сатылық қысым жүйесінен;
екіншісі, жоғарғы және төменгі жылыту таңдамасы аралығында, яғни аралық ағыс, екі сатылы қысымнан;
үшінші бөлік, екі сатылы қысымнан және реттегіш сатыдан.
Жылыландыру таңдамасының қысымы бір бұрылмалы тарылтқышпен реттеледі.
Жоғары қысымды айналғы (ЖҚА) – бір тұтасты, ал төменгі қысымды айналғы (ТҚА) – қиыстырылған, яғни он толық табақшадан, үш саптамалықтан құрастырылған. Екі айналғы да ЖҚА мен ТҚА – иілгіш. Шығыр айналғылары өздері арасында және айналғы өндіргішінің қатты жалғастырғышымен байланысқан, ортақ нығайту айналматірекпен байланысқан.
Егер айналғының айналуын айналматіректің алдыңғы жағынан қарасақ сағат бағытымен бірдей. Шығырдың белгі-қосыны ТҚЦ-ның артқы іргетас жиектігінде орналасқан.
ПТ-80\100-130\13 типті шығырдың негізгі көрсеткіштері:
1)Электрлік қуаты:
максималды, N max 100 МВт
номиналды, N nom 80 МВт
2)Стопорлы қақпақшаның алдындағы бу көрсеткіштері:
қысымы, Po 12,75 МПа
температурасы , t0 555 С3) Шықтағыштағы қысым, Рш 0,0035 МПа
4) Реттелетін таңдамадағы бу көрсеткіштері:
өндірістік Pn 1.3 МПа
tn 265С
жоғарғы жылыту Р вот 0,25-0,05 МПа
төменгі жылыту Р нот 0,10-0,05 МПа
5)Реттелмейтін таңдамалардың бу көрсеткіштері, яғни бу қысымы, Рі:
I, ПВД – 7 4.5 МПа
II, ПВД – 6 2,6 МПа
III, ПВД – 5 (газдан тазартқыш) 1,3 (0,6) МПа
IV, ПНД – 4 0,4 МПа
V, ПНД – 3 0,17 МПа
VI, ПНД – 2 0,085 МПа
VII, ПНД – 1 0,033 МПа
6)Шығырға кеткен будың максималды шығыны,
Dmax 470 т/сағ
7)Шығырға кеткен будың номиналды шығыны
Dmin 420 т/сағ
Р-50-130/13 бу шығыры, қарсықысымды, бірбілікті және бірцилиндрлі күйді көрсетіп, 63 МВт қуаттылықпен ТВФ -63-2 типті өндіргішті міндетті түрде әкелуге арналған.
Шығыр бір реттелетін саты мен 16 сатылық қысымнан тұрады.
Шығыр алдындағы бу көрсеткіштері:
қысымы, Ро 12,75 МПа

температурасы, to 555 С
Қарсықысымды шығырдан кейінгң қысым,
Рn 1,3 МПа
Реттелетін таңдама саны, қысым Р :
I, ПВД-3 3,63 МПа
II, ПВД-2 2,16 МПа
III, ПВД-1 1,3 МПа,
Шығырға кеткен будың максималды шығыны
D ma 470 т/сағ
Шығырға кеткен будың номиналды шығыны,
D nоm 385 т/сағ
Т-110/120-130 типті бу шығыры екі реттелетін жылуландыру таңдамасымен, 110 МВт номиналды қуаттылығымен, үшцилиндрлі күйді көрсетіп, ТВФ-120-12 типті өндіргішті арнайы әкелуге арналған және 175 Гкал/сағ өлшемді жылуландыруға қажетті жылуды жіберу.
Жылуландыру таңдамасының номиналды қуаты 175 Гкал/сағ,жаңа шыққан будың номиналды көрсеткіштерінде қамтылады:
қысымы, Ро 12,75 МПа
ОҚЦ бір ағынды, әр ағыны екі сатыдан тұрады, яғни, бір реттейтін және бір қысым сатысынан тұрады.
Шығырдың жеті реттелмейтін таңдамасы бар. Таңдама көрсеткіштері кесте түрінде 3.1 кестеде келтірілген.
3.1 – кесте. Т-110/120-130 типті шығырдың реттелмейтін таңдамасының көрсеткіштері
Таңдама № Жылытқыш Р, МПа t, С х
I ПВД – 7 3,32 379 II ПВД – 6 2,28 337 III ПВД–5 (газдан тазартқыш) 1,22 266 IV ПНД – 4 0,57 190 V ПНД – 3 0,294 130 VI ПНД – 2 0,98 - 0,983
VII ПНД – 1 0,037 - 0,964
3.1.2. Т-110/120-130 бу шығырының жылулық есебі
Турбинаның төмен қысымды цилиндрындағы (ЦНД) ішкі келтірілген ПӘК ηцндоі = 0,70.
Турбинаның шықтағышындағы қысым мөлшері Рк = 5,0 кПа.
3.1.2.1. Жылулық сүлбенің сыртқы элементтерінің есебі
1) Тұзсыздалған судың бір блокқа қажетті мөлшері, [1]

Dблхов = 0,02·Dка + 25 = 0,02·500 + 25 = 35 т/сағ
мұнда бу қазанның өнімділігі Dка = 500 т/сағ.
2) Жылулық жүйеге қажетті химиялық тазартылған су шығысы
Dтсхов = 0,0075·Vтс + 1,2·Dгв = 0,0075·10725 + 1,2·174 = 290 т/сағ
мұнда жылулық желінің көлемі Vтс = q·Qот = 65·165 = 10725 м3,
жылуландыруға арналған бу алымдарының жүктемесі
Qот = 690 ГДж/сағ = 165 Гкал/сағ;
жылулық желінің меншікті көлемі q = 65 м3/Гкал/сағ.
Ыстық сумен қамтамасыздандыруға ыстық су шығысы
Dгвс = Qгв·103/(tгв – tхв)·C = 40·103/(60 – 5)·4,19 = 174 т/сағ
3) ХСТ-ға алғашқы су шығысы
Dв = 1,25· Dтсхов + 1,4·Dблхов = 1,25·290 + 1,4·35 = 411 т/сағ.
4) ХСТ-ға алғашқы суды қыздыруға жылу мөлшері
Qв = Dв·С·(tвых – tвх) = 411·4,19·(30 – 5) = 41 ГДж/сағ
5) Турбина шықтағышындағы жылу мөлшері
Диафрагма толық жабық кезінде [4] бойынша
Qквент = 184 – 175 = 9 Гкал/сағ = 9·4,19 = 38 ГДж/сағ
Желдету бу ағынымен жылудан бөлек қосымша жылу мөлшері
Q′к = Qв – Qквент = 41 – 38 = 3 ГДж/сағ
Жылумен және ыстық сумен қамтамасыздандыруға жылуландыру бу алымынан берілетін жылу мөлшері
Q′от = Qот – Q′к = 733 – 3 = 730 ГДж/сағ
Желі су шығысы
Dсв = Q′от·103/С·(tпм – tом) + Dтсхов =
= 730·103/4,19·(150 – 70) + 290 = 2468 т/сағ
6) Үрлеу судың кеңейткішінің (РНП) есебі
Бу қазан дағырасындағы (барабандағы) қысым Рб = 15,5 МПа.
Үрлеу судың мөлшері
Dпр = р·Dка = 0,01·500 = 5 т/сағ;
мұнда р = 0,01 – үрлеудің бөлігі;
Dка = 500 т/сағ – бу қазанның өнімділігі.
РНП қосылу сүлбесі 4 - суретте келтірілген.
РНП-1 бөлініп шыққан бу мөлшері
Dс1 = Кс1·Dпр = 0,44·5 = 2,2 т/сағ;
мұнда бөлініп шығу еселеушісі Кс1 = (hпр·ηс1 – h'пр1)/( hс1 – h'пр1) = (1630·0,98 – 670,5)/(2757 – 670,5) = 0,44;
мұнда үрлеу судың энтальпиясы hпр дағырадағы қысым Рб = 15,5 МПа мөлшерімен су мен бу кестелері арқылы табылады, hпр = 1630 кДж/кг.
РНП-1 қысымы Рс1 = 0,6 МПа кезінде, қаныққан құрғақ будың энтальпиясы hс1 = 2757 кДж/кг;
h'пр1 = 670,5 кДж/кг – үрлеу судың энтальпиясы;
РНП-1 ПӘК мөлшері ηс1 = 0,98.
РНП-1 ден РНП-2 берілетін су мөлшері
D'пр = Dпр – Dс1 = 5 – 2,2 = 2,8 т/сағ;
РНП-2 ден бөлініп шыққан бу мөлшері
Dс2 = Кс1·D'пр = 0,616·2,8 = 2,2 т/сағ;
мұнда бөлініп шығу еселеушісі
Кс2 = (h'пр1·ηс1 – h'пр2)/(hс2 – h'пр2) =(670,5·0,98 – 483,2)/(2699 – 483,2)= 0,616;
РНП-2 дегі қысым бойынша су мен будың энтальпиялары
Рс2 = 0,17 МПа, hс2 = 2699 кДж/кг; h'пр2 = 483,2 кДж/кг; h'пр1 = 670,5 кДж/кг.
РНП-2 ден шығатын су мөлшері
D"пр = D'пр – Dс2 = 2,8 – 0,22 = 2,58 т/сағ.
4. Турбинадағы кеңею құбылысты hs-диаграммада салу
Турбина кірісіндегі бу сипаттамалары (Ро = 12,75 МПа, tо = 555 оС) ескеріліп оның энтальпиясы hо = 3488 кДж/кг табылады.
Турбинаның регенеративті бу алымдарының сипаттамалары арқылы
Р1 = 3,32 МПа, t1 = 379 оС; Р2 = 2,28 МПа, t2 = 337 оС;
Р3 = 1,22 МПа, t3 = 266 оС; Рд = 0,6 МПа, tд = 200 оС;
Р4 = 0,52 МПа, t4 = 160 оС; Р5 = 0,32 МПа, t5 = 130 оС;
hs-диаграммада кеңею құбылыста нүктелер табылып, энтальпиялары 5 - кестеге толтырылады.
5 нүктеден адиабата Ка нүктеге (қысымы Рк = 5 кПа) түсіріледі де энтальпия мөлшері hка = 2140 кДж/кг табылады.
Төмен қысымды цилиндрдың ПӘК-ін ηцндоі = 0,70 ескеріп, шықтағышқа берілген бу энтальпиясының мөлшері табылады
hк = h5 – (h5 – hка)·ηцндоі = 2730 – (2730 – 2140)·0,7 = 2320 кДж/кг.
5 және К нүктелерін қосатын сызықта қиылысатын қысымдар Р6 = 0,10 МПа мен Р7 = 0,038 МПа арқылы 6 және 7 нүктелерде энтальпия мөлшерлері табылады h6 = 2600 кДж/кг және h7 = 2520 кДж/кг.
5. Су мен шықтың сипаттамаларын анықтау
Бу алымдардағы қысым мөлшерлері арқылы қанығу температуралар tн мен шық (дренаж) энтальпиялары hдр табылады.
Қыздырғыштардан шыққан су температуралары tві судың қызбау мөлшері Δtн арқылы табылады. Судың қызбау мөлшері ПВД да Δtн = 1-3 оС, ПНД да Δtн = 4-5 оС, сонымен
tві = tні – Δtн , оС.
Судың (шықтың) энтальпиясы қысым мен температураға байланысты табылады, ал қоректендіру судың қысымы Рпв = 18,5 МПа тең, ал нагізгі шықтың қысымы Ркн = 2,5 МПа тең. Табылған мәліметтер 5 кестеге жазылады.
Турбинаның бу алымдарының жылулық құламасы
Ні = hі – hк , кДж/кг
Турбина бу алымдарының электр энергияны өндірмеу коэффициенттері табылады. Электр энергияны өндірмеу коэффициенттер мөлшері
уі = (hі – hк)/(hо – hк);
мұнда hі – бу алымындағы энтальпия, hк – турбина кірісіндегі бу энтальпиясы, hк – турбинада жұмыс атқарып шыққан будың энтальпиясы.
Т-110/120-130 бу турбинаның жылулық сүлбесі 13 - суретте келтірілген.
6. Жылулық сүлбенің есебі
Турбинаға берілетін болжамалы будың шығысы

Do = β∙[N/((hо – hк)∙ηм∙ηг) + у6∙Dспв + у7∙Dспн] =
= 1,2∙[110∙103/((3488 – 2400)∙0,98∙0,98) +0,211∙28,3 + 0,143∙40] = 140 кг/с
мұнда β – регенерация коэффициенті, регенеративті бу алымдарына бу шығысының мөлшерін ескереді, турбина түріне байланысты β мөлшері 1,05-1,2 аралығында алынады;
N = 110∙103 кВт - турбинаның номиналды қуаты;
hо = 3488 кДж/кг - турбина кірісіндегі бу энтальпиясы;
hк = 2400 кДж/кг - жұмыс атқарған будың энтальпиясы.

3.1 Сурет – hs-диаграммада турбинадағы кеңею құбылысы


3.2 Сурет – Т-110/120-130 бу турбинаның жылулық сүлбесі
Жылуландыруға бу шығысы:
Жоғарғы желі су қыздырғышқа (СПВ):
Dспв =[Gсв∙(tспв – tспн)∙Ср/(h6 - h'6)∙ηп] =
= [608∙(118 – 94)∙4,19/(2630 – 429)∙0,98] = 28,3 кг/с;
мұнда желі су шығысы
Gсв = Qт /св(tпм – tом) = 204∙103/4,19∙(150 – 70) = 608 кг/с = 2189 т/сағ;
tспв = 118 оС – СПВ-дан шыққан ыстық судың температурасы арқылы қысым мөлшері табылады Рспв = 0,185 МПа, (негізінде Рспв = 0,18÷0,25 МПа, Рсрн = 0,215 МПа, tсрн = 123 оС, судың қызбау мөлшері 5 оС ескерілсе, tспв = 123 – 5 = 118 оС);
Төменгі желі су қыздырғышқа (СПН):
Рспн = 0,1 МПа (негізінде Рспн = 0,08÷0,12 МПа, Рсрн = 0,1 МПа, tсрн = 99 оС, судың қызбау мөлшері 5 оС, tспн = 99 – 5 = 94 оС).
СПН-ға бу шығысы
Dспн = [Gсв∙(tспн – tвп)∙Ср – Dспв∙(h'6 - h'7)∙ηп]/(h7 - h'7)∙ηп =
= [608∙(94 – 57)∙4,19 – 28,3∙(429 – 265)∙0,98]/(2556 – 265)∙0,98 = 40 кг/с;
Қазанның бу өнімділігі
Dка = (1 + α)∙Dо = (1 + 0,05)∙140 = 147 кг/с;
мұнда α = 0,05 - бу шығынының бөлігі 0,02 мен өзіндік мұқтаждарға 0,03 бу бөлігі.
Қоректендіру су шығысы
Dпв = (1 + αпр)∙Dка = (1 + 0,01)∙147 = 149 кг/с;
мұнда үрлеу судың бөлігінің мөлшері αпр = 0,010.
Жылулық сүлбенің есебі регенеративті су қыздырғыштарының ПВД, газсыздандырғыш және ПНД жылулық баланстары арқылы өткізіледі.
ПВД тобының сүлбесі 14 - суретте келтірілген.

3.3 Сурет – ПВД тобының сүлбесі
ПВД-1 қыздырғыштың жылулық баланс теңдеуі
D1·(h1 – hдр1)·ηп = Dпв·(hв1 – hв2);
ПВД-1 қыздырғышқа бу шығысы:
D1 = Dпв·(hв1 – hв2)/(h1 – hдр1)·ηп =
= 149·(1016 – 925)/(3180 – 1039)·0,98 = 6,46 кг/с;
ПВД-2 қыздырғыштың жылулық баланс теңдеуі
D2·(h2 – hдр2)·ηп + D1·(hдр1 – hдр2)·ηп = Dпв·(hв2 – hв3);
ПВД-2 қыздырғышқа бу шығысы:
D2 = [Dпв·(hв2 – hв3) – D1·(hдр1 – hдр2)·ηп]/(h2 – hдр2)·ηп =
= [149·(925–760)–6,46·(1039–940)·0,98]/(3100–940)·0,98 = 11,3 кг/с;
ПВД-3 қыздырғыштың жылулық баланс теңдеуі
D3·(h3 – hдр3)·ηп + (D1+ D2)·(hдр2 – hдр3)·ηп = Dпв·(hв3 – hпн);
ПВД-3 қыздырғышқа бу шығысы:
D3 = [Dпв·(hв3 – hпн) – (D1 + D2)·(hдр2 – hдр3)·ηп]/(h3 – hдр3)·ηп =
=[149·(760–693)–(6,46+11,3)·(940–770)·0,98]/(2972–770)·0,98= 3,25 кг/с;
ПВД тобынан газсыздандырғышқа берілетін шық мөлшері
Dпвд = D1 + D2 + D3 = 6,46 + 11,3 + 3,25 = 21,01 кг/с;
Газсыздандырғыштың есебі
Газсыздандырғыштың сүлбесі 16 - суретте келтірген. Газсыздандырғышқа бу 3 бу алымынан беріледі және ПВД тобының шығы мен ПНД-4 қыздырғыштан соңғы шық жіберіледі.

3.4 Сурет – Газсыздандырғыштың сүлбесі

Газсыздандырғыштың материалды баланс теңдеуі
Dпв – Dд – Dс1 – Dпвд = Dкд ,
Газсыздандырғыштың материалды баланс теңдеуінен берілетін ПНД-4 қыздырғыштан соңғы негізгі шық мөлшері
Dкд = Dпв – Dд – Dс1 – Dпвд =
= 149 – Dд – 2,2 – 6,46 – 11,36 – 3,25 = (125,8 – Dд);
Газсыздандырғыштың жылулық баланс теңдеуі
Dпв·hвд/ηд = Dд·hд + Dкд·hв4 + Dс1·hс1 + Dпвд·hдр3 ;
Теңдеулердің есебі өткізіледі
Dпв·hвд/ηд = Dд·hд + (108,52 – Dд)·hв4 + Dс1·hс1 + Dпвд·hдр3 ;
149·693/0,99 = Dд·2972 + (125,8 – Dд)·634 + 2,2·2757 + 21,01·770;
Газсыздандырғышқа бу шығысы Dд = 0,98 кг/с ;
Газсыздандырғышқа шық шығысы

Dкд = 125,8 – Dд = 125,8 – 0,98 = 124,82 кг/с;
ПНД тобының жылулық есебі
ПНД тобының жылулық сүлбесі 16 - суретте келтірген. Сүлбе бойынша шық жолында ағын қосылуының екі нүктесі бар, сондықтан әр қосылу нүктелерден соңғы шық ағынның энтальпиясын табу қажет.


3.5 Сурет – ПНД тобының жылулық сүлбесі
ПНД-4 қыздырғышының есебі
ПНД-4 пен ПНД-5 аралығында жоғарға желі қыздырғыштың шығы еңгізіледі, шық мөлшері Dтво = 18,68 кг/с, энтальпиясы hдр5 = 527 кДж/кг, сондықтан ПНД-4 қыздырғыш кірісіндегі (1 қосылу нүктедегі) энтальпия мөлшерін анықтау қажет.
1 нүктенің материалды баланс теңдеуінен
Dк2 = Dкд – Dтво = 124,82 – 18,68 = 106,14 кг/с,
1 нүктенің жылулық баланс теңдеуі
Dкд·hсм1 = Dк2·hв5 + Dтво·hдр5 ;
124,82·hсм1 = 106,14·504 + 18,68·527 ;
hсм1 = 507,4 кДж/кг .
ПНД-4 қыздырғыштың жылулық балансының теңдеуі
D4·(h4 – hдр4)·ηп = Dкд·(hв4 – hсм1);
ПНД-4 қыздырғышқа бу шығысы:
D4 = Dкд·(hв4 – hсм1)/[(h4 – hдр4)·ηп] =
= 124,82·(634 – 507,4)/[(2832 – 654)·0,99] = 7,3 кг/с,
ПНД-5 қыздырғыштың есебі
2 нүктедегі энтальпия мөлшері
Dк2·hсм2 = Dк1·hв5 + (Dтно + D4 + D5 + D6)·hдр6 ;
Dк = Dк2 – (Dтно + D4 + D5 + D6) =
= 106,14 – 47,3 – D5 – D6 = (58,84 – D5 – D6) кг/с.
106,14·hсм2 = (58,84 – D5 – D6)·504 + (40 + D5 + D6)·429
hсм2 = (441 + 8,8·D5 + 8,8·D6) кДж/кг.
ПНД-5 қыздырғыштың жылулық балансының теңдеуі
D5·(h5 – hдр5)·ηп + D4·(hдр4 – hдр5)·ηп = Dк2·(hв5 – hсм2);
D5·(2728 – 527)·0,99 + 7,3·(654 – 527)·0,99 =
= 106,14·(504 – 441 – 8,8·D5 – 8,8·D6);
3113·D5 = 6687 – 934·D6 ;
D5 = (2,15 – 0,3·D6) ; кг/с,
ПНД-6 қыздырғыштың жылулық балансының теңдеуі
D6·(h6 – hдр6)·ηп + (D4 + D5)·(hдр5 – hдр6)·ηп = Dк·(hв6 – hв7);
D6·(2630 – 429)·0,99 + (7,3 + 2,15 – 0,3·D6)·(527 – 429)·0,99 =
= (58,84 – D5 – D6)·(410 – 245);
2315·D6 + 916,8 = (58,84 – 2,15 + 0,3·D6 – D6)·165;
2594,3·D6 = 9353,8;
ПНД-6 қыздырғышқа бу шығысы D6 = 3,6 кг/с
ПНД-5 қыздырғышқа бу шығысы
D5 = (2,15 – 0,3·D6) = (2,15 – 0,3·3,6) = 1,07 кг/с,
Шықтағышқа бу шығысы
Dк = (58,84 – D5 – D6) = 58,84 – 1,07 – 3,6 = 44,17 кг/с
ПНД-7 қыздырғыштың жылулық балансының теңдеуі
D7·(h7 – hдр7)·ηп = Dк·(hв7 – hвк);
ПНД-7 қыздырғышқа бу шығысы
D7 = Dк·(hв7 – hвк)/(h7 – hдр7)·ηп =
= 14,17·(245 – 110)/(2556 – 265)·0,98 = 0,86 кг/с.
12. Қуаттар баланс теңдеуі
Турбинадағы бу ағынының қуаты
Бірінші бу алымының
NiI = D1·(hо – h1) = 6,46·(3488 – 3180) = 1990 кВт;
Екінші бу алымының
NiII = D2·(hо – h2) = 11,3·(3488 – 3100) = 7384 кВт;
Үшінші бу алымының
NiIII = (D3 + Dд)·(hо – h3) = (3,25 + 0,98)·(3488 – 2972) = 2183 кВт;
Төртінші бу алымының
NiIV = D4·(hо – h4) = 7,3·(3488 – 2832) = 4789 кВт;
Бесінші бу алымының
NiV = (D5 + Dтво)·(hо – h5) = (1,07 + 28,3)·(3488 – 2728) = 22321 кВт;
Алтыншы бу алымының
NiVI = (D6 + Dтно)·(hо – h6) = (3,6 + 40)·(3488 – 2630) = 37409 кВт;
Жетінші бу алымының
NiVII = D7·(hо – h7) = 0,86·(3488 – 2556) = 801,5 кВт;
Шықтағышқа жіберілетін бу ағынының қуаты
Nк = Dк·(hо – hк) = 44,17·(3488 – 2400) = 38123 кВт;
Турбинадан өтетін бу ағынының толық қуаты
Ni = NiI + NiII + NiIII + NiIV + NiV + NiVI + NiVII + Nк =
= 1990 + 7384 + 2183 + 4789 + 22321 + 37409 + 801,5 + 38123 =
= 115000 кВт;
Электр генератордың қуаты
Nэ = Ni ·ηм·ηэг = 115000·0,98·0,98 = 110450 кВт.

3.1.2. Энергетикалық қазандарды таңдау
Шығырды таңдағаннан кейін өткір будың көрсеткіштері мен әрбір шығыр үшін бу шығыны белгілі болады. Таңдалатын қазандар да осындай көрсеткіштері бар бу өндіру керек және турбоагрегатқа кететін будың қосынды шығынын номиналды тәртіпте қамтамасыз ету керек. Егер қазанның біреуі істен шығатын болса,қазандардың саны 2 есептік-бақылау тәртіптегі жылумен қамту шартын қанағаттандыру керек.
Шығырға баратын жаңа будың қосынды шығыны:
т/сағ
шығырларды бумен қамту үшін Е-420-140 түрлі қазан таңдаймын және бір қазанды қорға аламын. Е-420-140 қазанының көрсеткіштері:
- қазанның номиналды өндірулігі Dн =420 т/сағ;
- қазандардың қосынды өндірулігі Dн =4*420=1680 т/сағ;
- буқыздырғыштан шыққандағы қысым р=14 МПа;
- буқыздырғыштан шыққандағы ыстықтығы t=5650С.
Шындық су қыздыру қазандарын таңдау
1 және 2 тәртіптегі жылу жүктемесі шыңдық су қыздыру қазандарымен
қамтылады. Оның жылу қуаты:
МВт
Есептік жылу өндірулігі 40,7 МДж/с болатын ПТВМ-30М типті 1 қазан таңдаймын және жылу өндірулігі 35 МДж/с (1 кВт=1кДж/с) болатын КВ-ГМ-30 типті 1 қазан таңдаймын.
Qпвк=40,7+35=75,7 МВт
Желілік сорғыларды таңдау
Желілік сорғылар тегеурін және өндірулік бойынша таңдалады,егер біреуі істен шықса, қалғандары есептеулік су шығынының 70%-ін қамтамассыздандыру қажет.Желілік сорғылардың минималды саны-2.
Тегеурінін есептегенде 10-20 бар деп алынады
Беретін магистральды желілік судың шығыны (максималды):
,
мұндағы, Gжыл+жел- желілік судың жылытуға және желдетуге кететін есептелген қосынды шығыны;
Gыс-беретін құбырдан ыстық сумен қамту құбырына баратын желілік
Gжыл+жел=158,2*26+(67,4+0,2522)*13=4993 м3/сағ
судың есептеулік шығыны;
Gыс=5*136=680 м3/сағ
=5344 м3/сағ
3СЭ-1250-100 сорғысын және I сатылы СҮ -1600-80 сорғысын таңдаймын.
G=1250*3+1600=5350 м3/сағ.
3.2. Қосалқы қондырғы сипаттамасы мен оны таңдау.
1) Үздіксіз үрлеу кеңейткіштері (ҮҮК)
Жобалау қалпы бойынша үрлеу өлшемі қазанның буөндіргіштігінен 1,0-1,5 % құрайды.
Бір қазанға кететін үрлеу өлшемі:
Dүр=үр Dка=0,012420=5,0 т/сағ
Сепарация коэффициенті:
Ксеп= ;
мұндағы, су мен бу энтальпиялары:
-ҮҮК-дан шығардағы hр=2763 кДж/кгегерРҮҮК=0,7 мПа;
ҮҮК-дағы су hр=697,1 кДж/кг
- қазандық судағы h қс=1620 кДж/кг
Үздіксіз үрлеу коэффициентінің ПӘК-і:
сеп=0,98
ҮҮК қалыптасқан бу өлшемі:
DҮҮК=Ксеп Dпр=0,4315,0=2,17т/сағ=2170 кг/сағ
ҮҮК қалыптасқан бу көлемі:
V=DҮҮК V=21700.2727=591,7 м3/сағ
мұнда, V=0,2727 м3/сағ, РҮҮК=0,7 МПа болғандағы құрғақ қаныққан бу көлемі.
Кеңейткіштің қажетті көлемі:
V ҮҮК= (nкV)/H= (2591,7)/1000=1,2 м3
мұндағы, nк=2 бір ҮҮК-да жұмыс істейтін қазан саны.
Н=1000 м3/ м3 ҮҮК бу көлемінің қалыпты кернеуі.
ҮҮК зауыттық каталогы бойынша СП-1,5 типті кеңейткішті таңдап аламыз.
Кеңейткіш сыйымдылығы 1,5 м3Тұрқының сыртқы қосөресі 820мм
Дайындаушы Таганрог зауыты «Красный котельщик»
2) Қалпына келтірудің қыздырғыш сүлбесі
Негізгі шықтағыштың жаңғыртулық қыздырғыштарының саны мен өндірулігін осы бу таңдамасынан шығырдағы бар сандармен алады.
Жаңғыртулық қыздырғыштар қосалқысыз орнатылады [1].
Т-110-130 типті шығырлық қондырғы үшін «Теплообменное оборудование» каталогы бойынша қыздырғыш жинақтарын таңдап аламыз:
ПВД-7 ПВ-425-230-35 МПВД-6 ПВ-425-230-23 МПВД-5 ПВ-425-230-13 МПНД-4 ПН-250-16-7 IV
ПНД-3 ПН-250-16-7 IV
ПНД-2 ПН-250-16-7 IV
ПНД-1 ПН-250-16-7 III
КГ-6200-2 шықтағыш қондырғысының жабдықтары шығырлы қондырғылы жинақта келтірілген.
ПТ-80-130/13 типті шығырлы қондырығысы үшін каталогтан:
ПВД-7 ПВ-475-230-50- I, ПО «Красный котельщик», Таганрог қ.
ПВД-6 ПВ-425-230-37 - I
ПВД-5 ПВ-425-230-25- I
ПНД-4ПН-200-16-7-I, Саратовский завод энергомашиностроения
ПНД-3 ПН-200-16-7 I (СЗЭМ)
ПНД-2 ПН-130-16-7 II
ПНД-1 ПН-130-16-7 II
80 КЦС-1 шықтағыш қондырғысының жабдықтары шығырлы қондырғылы жинақта корсетілген.
3) Қоректік судың газдан тазартқышын таңдау.
Әр шығырлы қондырғыға бір газдан тазартқаш орнатылады. Блоксыз ЖЭО негізгі газдан тазартқыш күбілерде қоректік судың қосынды суы кем дегенде жеті минуттық жұмыс атқару керек.
БКЗ –420-140 қазаны үшін қоректік судың мүмкіндік шығыны
Dқс = (1++) Dка = (1+0,012+0,02)420=433 т/сағ
мұндағы, , - сәйкесінше, қоректік судың өзіндік қажет пен үрлеудегі шығын үлестері.
Газдан тазарту күбісінің төменгі пайдалы сыйымдылығы (ПГК) V БДП = төм
мұндағы, V=1,1м3/т – судың меншікті көлемі
МЕСТ бойынша, ДП-500 типті газдан тазартқышты БДП-65 пайдалы сыйымдылығы 65м3 газдан тазартқыш күбісін таңдаймыз, газдан тазартқыш бағандарының өндірулігі 500 т/сағ.
Газдан тазартқыш бағанындағы толық қысымы 0,6 МПа.
4) Қоректік сорғыны таңдау
Қалып бойынша энергожүйеге қосылған ЖЭО, барлық қоректік сорғының қосынды берілуі, біреуінің істен шығып қалған жағдайда, қалғандары барлық қондырылған қазандардың номиналды буөндірулігін қамтамсыздандыру керек.
Резервті қоректік сорғысы ЖЭО- на қондырылмайды, ол қоймада болады.
БКЗ-420-140 қазанына кететін қоректік су шығыны:
Dқс = 433 т/сағ, tқс =230С
Судың меншікті көлемі Vқс =1,1м3/т
Сорғының есептік қысымы 17,5 МПа тегеуріннен кем болмауы керек.
Қоректік судың көлемдік шығыны:
Dқс = Vқс Dқс=1,1433 = 476,3 1м3/сағ
Есептік мәндер мен каталогтан ПЭ-580-15 типті қоректік сорғыны сипаттамасымен аламыз:
берісі 580м3/сағ
сорғы қысымы 18,1 МПа
сорғы тегеуріні2030м
сорғының келтіру қысымы3650 кВт
сорғының ПӘК-і80

Сорғы-үрлеу қондырғысын таңдау
а) Үрлеу үрлегішін таңдау
Үрлегішке кеткен ауа шығыны:
Vса = В Vв0 (т - т -кж +-вп) =
=726184,25 (1,2-0,05-0+0,03)
мұндағы, Vв0=4,25м3/кг бір килограмм отынды жаққандағы ауа шығыны; суық ауа температурасы tса =30С; қазаннан шығардағы ауаның артықтық
еселеуіші т =1/2; қазан оттығындағы сорма т =0,05; күлжүйесінде кж=0, ҚАҚ-дағы ағындар вп =0,03.
Үрлегіш өндірулігі
Qүрл=1,1 Vхв=1,1404200=444620 м3/ч;
Үрлегіш тегеуріні:
Нүрл =1,15Нп =1,153,5=4,025 кПа
Мұнда Нтөм =3,5кПа қазандағы ауа жолының қысымының төмендеуі.
Үлгіқалып бойынша қондырғыға ДН-26ГН типті екі үрлегіш таңдаймыз.
берісі 260300 м3/сағ
тегеуріні4,12 кПа
біліктегі қуаты 403 кВт
б) Түтін сорғыны таңдау
Түтін сорғыға кететін газ шығыны:
Vд=В[V0r+[(кет -)-1] V0а ] =
=72618 [4.56+[(1.33-0.05)-1]4.25] м3/сағ
мұнда, газ көлемі V0r = 4,56 м3/кг
ауа көлемі V0в= 4,25 м3/кг
газдар температура Vд =Vух-10=140-10= 130С
Газ жолындағы ауақыздырғыштан кейінгі сорылу = 0,05
Түтін сорғыш өндірулігі:
Qтс=1,1 Vд=1,1616300=677930 м3/сағ
Түтін сорғы тегеуріні:
Ндс=1,2п =1,23,65= 4,38 кПа
мұндағы, газ жолындағы кедергі: п=3,65 кПа
Үлгіқалып бойынша ДН-26ч2-0,65 типті екі түтін сорғыны таңдаймыз:
берісі 351000 м3/сағ
тегеуріні4,668 кПа
біліктегі қуаты 749 кВт
Күлжүйесіндегі қондырғыны таңдау мен есептеу. 2-АЖЭО-да қазан ошағына тікелей үрлеуді тозаңдайындау сүлбесін және балғалы диірмендерді.
А) Шикі көмірдің шанағын таңдау (ШКШ)
Қалып бойынша жобалау, қазанға кететін ШКШ-ның пайдалы сыйымдылығы таскөмірді жағу кезінде 8 сағаттан кем емес жұмыс уақыты көмір қорының есептеуі бойынша қолданылады.
Шикі көмір шанағының көлемі:
VШКШ =
мұндағы, В= 2,618 т/сағ қазанға кететін отын шығыны;
шанақтағы отын қоры m=8 сағ;
Отынның себулік салмағы =1,0 т/м3
Қазандағы шанақтар саны ZШ=2.
Б) Диірменді таңдау
Қалып бойынша төрт диірменді қазанға қондыру кезінде, әр қайсысының өндірулігі таңдалады. Бір диірменнің істен шығып қалуы кезінде, қалағандарының өндірулігі 90% қазанның өндірулігін қамтамасыздандыру керек:
Вд= т/сағ

Қондырғыға ММТ-200/2590-750К төрт балғалы диірменді таңдап аламыз:
Өндірулігі 22,4т/сағ
Айналу жиілігі 750айн/мин
Қосөресі2000мм
Ұзындығы 2590мм
В) Отынды қоректендіруді таңдау
Балғалы диірменді отынмен қоректендіруде ПС-700/6080 типті өндірулігі 5-тен 40 т/сағ скребкалы қоректендіргішті таңдап, оны әр диірменге береміз.
3.3. ЖЭО-ның отын шаруашылығы
2-ЖЭО-ның отын шарушылығы жобалау мөлшерімен орындалған.Қазандық отынды беру таспалы екі жіпті жүйемен іске асырылады. Ал қоймаға берілетін отын бір жіпті жүйемен асырылады.
Отын беру жолында ұсақтап ұнтақтау үшін балғалы ұнтақтағыш қондырылған. Ағындықтарда металл бөлгіш және металл ұсақтағыштар қондырады.
Көмір бар темір жол вагондарының жүктемесі үшін ротор типті вагонаударғышты өндірулігі 700-900т/сағ қолданады.
Вагонаударғышқа тиелеген көмір қабылдау шанағына түседі. Қабылдау шанағынан көмір таспалы қоректену арқылы контейнердің екі жібіне және аударыстыру түйініне тасымалданады. Аударыстыру түйінінен көмір контейнердің бір жібіне аударылып, ұнтақтау тұрқына тасымалданады. Ұнтақтау тұрқынан көмір конвейрдің көмегімен қоймаға жіберіледі немесе желпуіш тәрізді торлардан ұнтақтағышқа өте контейнрдің зінің жібіне ЖЭО-ның негізгі тұрқындағы аударыстыру түйінімен тасымалданады.
3.3.1. Отын қоймасының сыйымдылығы
Қойманың сыйымдылығы қоймадағы 30 тәуліктік отын қорын есептеумен таңдалынады.
V=24қаз Вt =24772.61830=365995
мұндағы ЖЭО-дағы қазанның саны қаз=7; бір қазан үшін отын шығыны В=72,618 т/сағ; қоймадағы отын қоры t=30 тәулік.
3.3.2. Отын қоймасының ауданы
Қойманың нетто ауданы:
FH = м2;
мұндағы, штабель пішінінің коэффициенті к=0,8;
штабельдің биіктігі Нм =20 м;
көмірдің меншікті салмағы у =1,0 т/м3.
Қойманың брутто ауданы, яғни жүру, өту есебімен.
Fбр = 1,3 FH=1,322874,6=29737 м2
3.4. Техникалық сумен қамтамасыздандыру
2-ЖЭО-ның айналым жүйесінде техникалық суды салқындату қолданылады.
ЖЭО-да техникалық судың шығыны
Wтех.су =
мұндағы техникалық көрсеткіштер бойынша шықтағыш шығырдағы судың шығыны:
ПТ-80/100-130/13 – шығыр саны nптТ =3
Wптк =6250 м3/сағ
Т-110/120-130 – шығыр саны nтТ =2
Wтк = 13500 м3/сағ
Берілген мөлшер мен техникалық ережелердің қолдануымен судың шығыны :
- газ салқындатқыш Wгс =140 м3/сағ
- май салқындатқыш Wмс =550 м3/сағ
- айналымтірек Wайнал =1160 м3/сағ
Суытқыш беті 648 м2/с екі секциялы және қоршаған ауаның параметрі болғанда, градирняның бір секциясы арқылы судың шығыны 4000 м3/ссғ кезінде ЖЭО-да 6 желдеткіш градирня қондырамыз.
tсырт=30С, В=760 мм рт. Ст.
Қайтымды сумен қамтамасыз ету жүйесінде айналмалы сорғының тегуріні, бос тегеурінді шашыратқыш саптаманың алдында есептеу арқылы анықталады.
Нцн= Нг+hс+ hбр=14+5+5=24 м
мұндағы судың берілуінің геодезиялық биіктігі
Н г =14 м су.ст.
Су өткізгіштің гидравликалық кедергісінің қосындысы
hс=5м. су. ст.
шашырағыш саптамалардың алдындағы еркін судың тегеуріні
hбр=5м. су. ст
Айналмалы сорғыны таңдаймыз D-6300-2:
Берілуі 6300 м3/сағ
Тегеурін 27 м.су.ст
3.4.1. Химиялық суды тазалау
ЖЭО-да суды химиялық тазалаудың (СХТ) өндірулігі қазанды қоректендіру мен жылулық желілерді қоректендіруінен жиналады. Қазанды қоректендіру 2% өлшемдегі шықтағыштың жабық жойылуының есепке алып, қазанның бу өндірулігімен СХТ-ның өзіндік қажетіне орналастыру арқылы анықталады.
Бу қазандарының қоректендірудегі СХТ-дағы өндірулігі
Dқор/қазСХТ =0,02 Dқаз + Dқосмсн =0,022940+25=83.8 т/сағ
мұнда қазандардың буөндірілулігінің қосындысы
Dқаз = nқаз Dқаз 7420= 2940 т/сағ
Жылумен қаматамсыздандыру жүйесінде жылулық желідегі желілік судың шығыны үшін жылулық желілерді қоректендіруде СХТ өндірулігі анықталады.
Dқор/жжСХТ =Gжел.су =8875т/сағ
СХТ өндірулігі
DСХТ = Dқор/қазСХТ+ Dқор/жжСХТ =84+8875=8959 т/сағ
СХТ-ға шикі судың шығыны
Gшс =1,25 DСХТ= 1,258959 =11188 т/сағ
ЖЭО-да дағыралы қазанагрегаты қондырылған, сондықтан жобалауда қалыпқа сәйкес мөлдірлеткішті судайындау сүлбесі мен толық химиялық тұзсыздандыру таңдалынады.
СХТ сүлбесінің мөлдірлеткішінде ізбесті коагуляциясы мен магнезиалды кремнийсіздендіру жүреді. Мөлдірленген су мөлдірленген суы бар күбіге беріледі де, ары қарай І сатылы Н-катионитті механикалық сүзгіден өтіп ОН-анионитті сүзгілері арқылы декарбонизаторға беріледі. СО2 -ны судан жойғаннан кейін ІІ және ІІІ сатылы Н-катионитті және ОН-анионитті сүзгілерде тазартылады.Химиялық тазаланған су химиялық тазаланған таза су күбісіне беріліп, одан айналымды қоректендіру мен жылулық желіге берілуі мүмкін.

Приложенные файлы

  • docx 8832693
    Размер файла: 312 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий