экономика


«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Электроника» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
экономикалық бөлім
Тақырыбы: «Транзисторлардың түрлері мен анықтамалары үшін тестерлердің өзіндік құнын анықтау»
Мамандық: 6В071600 – Аспап жасау
Тобы: ПСк-12-2
Орындаған: Каримолданова М.А
_________ ________ «____» ___________ 2016ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2016
1 Бағдарламалық қамтамасыздандыру шығынын есептеу
Қазіргі уақытта алдыңғы қатардағы бағдарламалық қамсыздандыруды құру үшін ресурстардың неғұрлым тиімді пайдалануы, бағдарламалық қамсыздандыруды құру жұмысының көлемі мен рационалды реттілікті қалыптастыруды және бағытты дұрыс таңдауды айтуға болады.
Ақпарат ағымын дұрыстау және оның тиімділігін арттыру үшін бағдарламалық қамтамассыз ету пайдаланады.
Енгізудегі экономикалық тиімділік көздері:
- алғашқы мәліметтерді, сұрақтар мен жауаптарды автоматты тіркеу, жинау және сақтау үшін мәліметтік негіз құру.
- анық, тез және функционалды – агригирленген мәліметтер арқылы басқарушылардың еңбегінің сапасы мен жылдамдығын арттыру;
Бағдарламалық қамтаманың басты мақсаты барлық техникалық құралдарда орнатылған микропроцессорлардың жұмыс істеу барысын басқару.
Өнімді нарықта экономикалық көрсеткіштерге байланысты үш категорияға бөлуге болады:
- құн – бұл бағдарламалық қамтаманы пайдаланатын тұтынушыға қойылған ақша сомасы;
- өнім – бұл микроконтроллерді басқаруға арналған бағдарламалық қамтама;
- дистрибуция– бағдарламалық қамтама жеткізілетін микропроцессорлар шығаратын мекеме.
2 Еңбек сыйымдылығын есептеу
Еңбек шығыны құрамдасын есептеудегі базалық көрсеткіш мына формуламен есептелінеді:
Q=q×cмұндағы Q-шартты командалар саны;
q-есеп түріне қарай шартты командалар санын ескеретін коэффициент;
с-бағдарламаның қиындығы мен жаңалығын ескеретін коэффициент.
Атап өткен q коэффициентінің мәнін 2-кестеден таңдап алуға болады.
q коэффициентінің мәнін 3000 деп аламыз.
Q=3000×1.15=3450Бағдарламалық өнім жаңалықтық дәрежесіне қарай төрт топқа бөлінуі мүмкін:
-А тобы-негізінде жаңа тапсырма дайындау;
-Б тобы-ерекше бағдарламаларды дайындау;
-В тобы-типтік шешім қолданған бағдармаларды дайындау;
-Г тобы бір жолғы типтік есеп.
Атап өткен «с» коэффициенті анықталады, ол күрделік тобы бағанасы мен жаңалықтық дәрежесі бағанасының қиылысуы.
Біздің жағдайда c=1.26Q=1655*1.26=2079Ары қарай бағдарламалық өнімді әзірлеуге кететін уақытты есептеу керек.
Жалпы бағдарлама жасауға кеткен уақыт әртүрлі компоненттен тұрады. Бағдарламалық өнімді жасауға кеткен жалпы уақыт құрамы 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1 – бағдарламалық өнімді жасауға жалпы уақыт құрамы

Бағдарламалық өнімін дайындауға кеткен әр кезеңнің уақытын анықтаймыз:
1) Tпо (қойылған мақсатты дайындауға кеткен уақыт. 3-тен 5 күнге дейін, 8 сағаттан):
Tпо=24адам/сағ2) ТО (қойылған мақсатты сипаттау уақыты) келесі формуламен анықталады:

мұндағы В – мақсат есебі өзгерісінің коэффициенті, В коэффициенті мақсат күрделігіне және өзгеріс санына тәуелді – 1,2-ден 1,5-ке дейін. К– бағдарлама жасаушы білектілігін ескеретін коэффициент [В қос. 2, 3 кесте].
T0=2079*1.2/(50*1) = 49.896 адам/сағ.
3) ТА (алгоритм құруға кеткен уақыт) мына формуламен есептейміз:

ТА = Q / (50  K).
ТА = 2079/50*1 = 41.58 адам/сағ.
4) ТБС (блок – сұлба құруға кеткен уақыт) ТА сияқты 3 формуламен
есептеленеді.
ТБС = 2079/50*1 = 41.58 адам/сағ
5) ТН (бағдарламаның тілінде жазуға кеткен уақыт) келесі формуламен анықталады:
ТН = Q *1,5 / (50 * K).
ТН = 2079*1.5/(50*1) =62.37 адам/сағ.
6) ТП (бағдарлама теру уақыты) келесі формуламен анықталады:
ТП = Q / 50.
T = 2079/50 = 41.58 адам/сағ.
7) ТОТ (бағдарламаны реттеу және тестілеу уақыты) келесі формуламен анықталады:
ТОТ = Q * 4,2/50 *К. (3.6)
ТОТ = 2079*4.2/50*1= 174,636 адам/сағ.
8) ТД (құжаттарды рәсімдеу уақыты), нақтылы деректер бойынша алынады және құрылады (3-тен 5 күнге дейін, күніне 8 сағат):
ТД = 24 адам/сағ.
Еңбек шығындарының сомасы еңбек шығынының құрама сомасы ретінде келесі формуламен есептелінеді:

Т = ТПО+ ТТО + ТА + ТБС + ТН + ТП + ТОТ + ТДT = 459,642 адам/сағ
Бағдарламалық қамсыздандыру шығыны ең бастыларына еңбек ақы шығыны да, амортизациялық шығындар және еңбек ақыдан аударылымдар кіреді.
Еңбек ақы екі құраушыдан тұрады: негізгі еңбек ақы және қосымша еңбек ақы сомасы және негізгі еңбек ақы және қосымша еңбек ақы сомасы мына формуламен есептеленеді:
ФОТ = Зосн + Здоп
мұндағы Зосн – негізгі еңбек ақы, мың тенге;
Здоп – қосымша еңбек ақы, мың тенге.
Негізгі еңбек ақы төмендегідей анықталады:

Зосн = Т * ТС/(tорт*8),

мұндағы Т – еңбек шығының сомасы, (3.7) формуламен анықталады;
tорт – бір айдағы орташа жұмыс күндерінің саны (21), жұмыс ұзақтығына көбейтіледі (8 сағат);
ТС – тарифтік мөлшереме.
Зосн = 459,642*21459/(21*8) = 58711,058 тг.
Қосымша еңбек ақы негізгі еңбек ақының 20 % құрайды және келесі формуламен есептелінеді:
Здоп = 0,2 * Зосн.
Здоп = 0.2*58711,058 = 11742,211 тг.
Әлеуметтік салық ЕАҚ 11 % құрайды (ҚР СК 358 б. 1-тарау) жұмыскердің табысынан, мынандай формуламен есептеледі:
ОСН = (ФОТ - ЗА) * 11%,
ФОТ = 58711,058 + 11742,211 = 70453,269 тг
ОСН= = (70453,269 – 7309,6928) · 0,11 = 6974,874 тг
мұндағы ЗА – зейнетақы аударылымдар, ЕАҚ-нан 10% құрайды және әлеуметтік салықпен міндеттелмейді:

ЗА = ЕАҚ *10% = 697,4874 тг

Амортизациялық аударылымдар амортизацияның тағайынды шамаларымен орындалады, пайыздармен жабдықтың баланстық құнына және мына формуламен есептеледі:

мұндағы Аш – амортизация шамалары;
Ббас – жабдықтың бастапқы бағасы;
N – жұмыс орындалуына кеткен күннің саны;
t – дербес компьютерді қолдануға кеткен жалпы уақыт.
А = (10000*23,75*3)/(100*12*361,746) = 16,44 тг.
Амортизация шамалары (АШ), мына формуламен есептеледі:

мұндағы Қтар – таратылым құны, жабдықтың құнынан 5% құрайды.
Тнорм – жабдықтың нормативтік қызмет ету мерзімі (дербес компьютер үшін – 4 жыл).
Дербес компьютерде жалпы жұмыс істеу уақыты мына формуламен есептеленеді:
Т = ТА + ТБС + ТН + ТП + ТОТ.
T = 361,746 адам/сағ
Электрэнергия шығындары мына формуламен есептеледі:
СЭЭ = Қ * kз * Т * СкВт-сағ
мұндағы Қ – ЭЕМ қуаты (450 Вт+2.25 Вт);
kз – жүтеме коэффициенті (0.8);
СкВт.с – 1 кВт-сағ электрэнергиясының құны; СкВт.с = 13,58 кВт/сағ.
Т – жұмыс уақыты, сағ.
СЭЭ = 0,45 *0,8 * 11 *361,746 = 1432,514 тг
Материалдар мен көмекші бөлшектер шығыны, бағдарламалық өнімді жазу барысында қолданылды (СМжК), сонымен қатар техникалық қызмет көрсету шығыны (СТО), жабдықтың құнынан 1.5% және 2.5% құрайды және мына формулалар мен есептеледі (3.17 – 3.18):
СМжК=0,021* Собор,
СМжК=0,021*100000=2100
СТО = 0,023 * Собор
СТО=0,023*100000=2300
Басқару мен қызмет көрсетуге байланысты үстеме шығындар, сондай-ақ жабдықты пайдалану кезіндегі және де кәсіпорын үдерістері мен айналымдарынан қосымша шығындар еңбек ақы қорынан 50% құрайды және де мына формуламен есептеледі:
СН = 0,5* ЕАҚ
СН= 0,5* 70453,269 =35226,634
Бағдарламалық өнімнің өзіндік құнының есебінің жиынтық нәтижелерін кесте түрінде ұсыну керек, шығын статьясын атап, оның ортақ құндағы сыбағаларын пайызбен есептеп, бағдарламалық қамсыздандырудың өзіндік құнының құрылымының диаграммасын сызу керек. Өзіндік құнның қорытынды 2 кестеде көрсетілген:

Кесте 2 – Өзіндік құнның қорытынды кестесі

3 Бағдарламаны енгізуге жұмсалған шығындарды есептеу
Бағдарлама өнімін сатып алуға және оны өндіріске енгізу шығындары келесі шығындардан тұрады:
ΣЗ = СС + СТР + СО
мұндағы СС – жүйенің құны;
ΣЗ = 118503,731+997 500+ 14220,448=1130224,179
Кесте 3– Ақпарат жүйелерін енгізуге керекті бір жолымғы шығындар
есебінің жиынтығы

СТР – көлік шығыны, жүйе құнынан - 25 %, мың тенге;
СТР = 0,12*118503,731=14220,448
СО – өнімді игеруге деген шығыннан, мың тенге.

Жүйе құны үстінде есептелінді, ал қалғандары келесі түрде есептеленеді. Өнімді игеруге деген маманды оқыту шығыны, оқытуға кеткен уақыт пен оған деген консалтингті фирмадағы мөлшерлемеден тұрады:
СО = Т * СОП
мұндағы Т – оқытуға кеткен уақыт, Т = 40 сағ.;
СО=1050*950=997 500
4 Игеру саласындағы жылдық бір жолғы шығынды есептеу
Ақпараттық технологияларын қолданған кездегі жылдық шығындары келесі баптардан тұрады:
– әлеуметтік салық аударым;
– жылдық ЕАҚ;
– басқа да шығындар.
Осының барлығын енді келесі формуламен арқылы есептейміз:
Сэ = ЗП + ОСН + ПР
мұндағы ЗП – жылдық еңбек ақы шығыны, мың теңге;
ОСН – әлеуметтік салық аударым, мың теңге;
ПР – басқа да шығындар, мың теңге.
АТ енгізгеннен кейінгі мамандардың жылдық еңбек ақы шығындары келесі формуламен есептеледі:

мұндағы ОС – маманның сағаттық ақысы;
t – жұмыс күнінің ұзақтығы, 8 сағ.;
КР – жылдағы жұмыс күндер саны, 245 күн;
Ч – үдеріске қатысы бар мамандар саны, адам;
КД – қосымша еңбек ақы коэффициенті, 20 %.
ЗП = =(950*6*297)*3*(1+0,15)=5 840 505
Басқа да шығындар – материалға деген шығындар, үстеме шығындар жылдық еңбек ақы шығындарынан 30 % құрайды және келесі формуламен есептеледі:
Пр = ЗП * 0,3
Пр = 5 840 505*0,3=1752151,5
Кесте 4 – Ақпараттық технологияларын қолданған кездегі жылдық бір жолғы шығындар жылдық бір жолғы шығындар

АТ енгізгенге дейінгі мамандардың жылдық еңбек ақы шығындары
келесі формуламен есептеледі:

Кесте 5– Ақпараттық технологияларын қолданғанға дейінгі жылдық бір жолғы шығындар


5 Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу.
АТ енгізудегі жылдық экономикалық әсерінің болжалды мәні келесі формуламен есептеледі:

мұндағы Эг – жылдық экономикалық әсерінің болжалды мәні, мың теңге;
Эуг – шартты-жылдық үнемдеудің болжалды мәні, мың теңге;
К – күрделі қаржы салымы (бағдарлама өнімді алуға кететін бір жолғы шығындар), мың теңге;
Ен – нормативтік күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігінің коэффициенті.
Нормативтік күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігінің коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

мұндағы Тн – нормативтік күрделі қаржы салымын өтелу мерзімі, жыл.
Нормативтік күрделі қаржы салымын өтелу мерзімі, АТ моральдық тозуы техникалық құралдардың және жоба шешімдерінің тозуына байланысты (Тн = 1, 2, 3…n) бағдарлама өнімдерінің өтеу мерзімі 4 жыл.
Есептік күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігінің коэффициенті:

мұндағы Ер – есептік күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігі;
К – жүйеге күрделі қаржы салымы, тенге.
Есептік күрделі қаржы салымын өтелу мерзімі:

Ақпараттық жүйелер енгізудің салыстырмалы экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу қорытындыларын келесі кестеге сомасын, баптарын көрсетіп толтырыңыз (7 кестені қара).
Ен = 1 / 4 = 0,25
Эг = 5447244,33-1130224,179*0,25=5729800,375
Ер=5447244,33/1130224,179 =4,82
Тр = 1 /4,82=0,207 жыл(3 айға жуық)
6 Динамикалық көрсеткіштер негізінде есептеу
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдісі өтелу мерзімі 1 жылдан асатын жобаларға қолданылады. Бұл инвестиция жобаларына алғашқы салымдар және олардың өтелуін бір нысанаға келтіруін қарастыратын әдіс.
Келтірілген құн немесе дисконттау әдісі келтірілген шығындар мен қорытындыларды бір кезеңге келтіреді. Дисконттау қандай болса да қазіргі ақша келешектегі ақшадан ылғи да кем болатынына негізделген.
Қаржы есептерінде инновациямен қамсыздандыруда уақыт ықпалын дисконттау шешеді. Келешектегі құн мен қазіргі кездегі құнның айырмасы дисконттау деп аталады.
Дисконт негізіндегі әдіс келесі көрсеткіштер арқылы көрсетіледі:
- таза дисконттық табыс (ЧДД) немесе шетелде көбінесе – таза келтірілген құн (net present value (NPV)) деп аталады;
- табыс индексі (profitability (PI));
- өтелу мерзімі (бір жолғы шығындардың өтелу мерзімі РВ);
- ішкі табыс мөлшері (intemal rate of retum (IRR).
Таза дисконттық табыс (ЧДД) келесі формуламен есептеледі:

7 Жобаны өткізуде экономикалық тиімділігін бағалау
Қаржы есептерінде инновациямен қамсыздандыруда уақыт ықпалын дисконттау шешеді. Келешектегі құн мен қазіргі кездегі құнның айырмасы дисконттау деп аталады.
Таза дисконттық табыс (ЧДД) келесі формуламен есептеледі:

мұндағы Рt – ұсынылған ақпараттық жүйелерді енгізудегі болжамды нәтиже, теңге;
Зt – ақпараттық жүйелерді жасауға және пайдалануға керекті болжамды шығындар, теңге;
Эt = (Рt – 3t) – t-аралықты есептеуде жеткен әсер;
К – күрделі қаржы салымы;
t – есептеу аралығының нөмірі (t = 0,1,2,...Т);
Т – есеп шегі;
E – тұрақты дисконт мөлшері, %.

Жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құндылығының түсуін, абсолюттік таза табыс шамасынының азаюын көрсету үшін дисконттау коэффициентін қолданады және ол келесі формуламен есептеледі:

мұндағы r – дисконттау мөлшері, %;
t – есептеу аралығының нөмірі, (t = 0,1,2,...Т).

Жобадан түскен бүгінгі табыс оған кеткен күрделі қаржы салымдарды көтере алатынын көрсететін индекс - табыс индексі (ИД и PI). Ол келесі формуламен есептеледі:

PI> 1, жоба тиімді.
Ішкі табыстық мөлшері (IRR) - келтірілген әсер, келтірілген күрделі қаржы салымдарға тең болғандағы дисконттау мөлшерін (rвн) көрсетеді.

Приложенные файлы

  • docx 8832784
    Размер файла: 156 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий