биоэтика 1-казакша презент (1)


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Алматы технологиялық университетиТағамдық биотехнология кафедрасы ПӘН «Биоэтика және тағам биотехнологиясындағы қауіпсідік негіздері» Лектор Алибаева Бахыт Насихатқызы Дәріс № 1 КІРІСПЕ ЖоспарыБиоэтика және тағам биотехнологиясындағы қауіпсіздік негіздері (биоқауіпсіздік), олардың мақсаты мен міндеттері, басқа биология ғылымдарының ішіндегі орны. «Биоэтика» ұғымы және оның магынасы. Биоэтиканың ғылым ретінде қалыптасуы. Қауіпсіздік дегеніміз не, және оның негізгі бағыттары.Дәрістің негізгі терминдері, қолданылатын әдебиеттер мен электронды ресурстар Пәндердің негізгі анықтамалары: Биоэтика және тағам биотехнологиясындағы қауіпсіздік негіздері (биоқауіпсіздік) – адамның қазіргі заманғы биомедициналық технологиялар және генетикалық түрлендірілген организмдердің қауіпсіз қолданылуының моральды-этикалық және құқықтың негіздерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығы. Биоэтика – биомедициналық зерттеулерде жалпы тірі ағзаларға соның ішінде, адам денсаулығына адамгершілік қарым қатынасты орнатуға бағдарланған моральдық нормалардың жиынтығын зерттейтін пән - практикалық этика деп аталады. Биоқауіпсіздік – қоршаған орта мен адам денсаулығына гендік инженерлік қызметті және гендік инженерлік (трансгенді) организмдердің ықтималды қолайсыз әсерлерден қауіпсіз деңгейге дейін бағытталған алдын алу немесе төмендетуге ғылыми негізделген іс шаралар жүйесі. Пәннін мақсаты және міндеттер: Мақсаты: оқытылатын студенттің қазіргі заманғы биологиялық ғылымдар, биомедицина мен биотехнологиялық практиканың даму деңгейінде адам денсаулығын сақтауға жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу және жалпы адами құндылықтары негізінде ғылыми құру. Міндеттері: медицинада және биотехнологиялық салаларда жаңа техникалық шешімдер мен тәсілдерді қолдану барысында жаңа моральды-этикалық мәселелердің қалыптасуы; қазіргі таңдағы жаңа технологиялардың қолданылуымен байланысты қалыптасатын тәуекелдер мен ықтимал қатерлерді бағалайтын әдіс-тәсілдермен болашақ биотехнологтарды таныстыру. Биоэтика «Вios» сөзі «тіршілік» деген мағынаны білдіреді, «Этика» терминін грек философы Аристотель енгізді. (грек тілінен аударғанда ethos – әдет, ғұрып, мінез) және отбасы, қоғам, өмір мен жұмыстың адамдар арасындағы қарым-қатынасты анықтаудың моральдық, адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелерінің ілімі болып табылады. «Биоэтика» терминін америкалық биолог Ван Ранслер Поттер1969 жылы «Биоэтика – болашақтың көпірі» деген кітабында енгізді. Ол кітабында биоэтиканы биологиялық білім мен адами құндылықтардың қосындысы деп түсіндірді, яғни «тіршілік үшін күрес және өмір сүру жағдайларын жетілдіру ғылымы», пән ретінде «емдеу әдісін таңдауда адамдардың жауапкершілік дәрежесін анықтау және тәжірибеде ғылыми білімді қолдану туралы шешім қабылдау» ретінде түсіндірді. Биоэтика Биоэтиканың пайда болуы, ХХғ-ң 60 жылдары басталған медицина саласының ғылыми техникалық көтерілісімен байланысты. Биоэтиканың дамуы мен қалыптасуына биоэтикалық мәселелердің жаһандануы, барлық адамзаттың мүдделерін қорғайтын шешімнің қалыптасуы ықпал етті. Медицинадағы әлемдік моральды-этикалық мәселелерінің ұжымдық шешімдерінің іздеуін Бүкілдүниежүзілік медициналық бірлестігі- БМБ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы - ДСҰ басқарады. Биоэтика Биоэтика - Медицина мен биология саласының дамуынан туындайтын моральды, құқықтық және әлеуметтік мәселелерді зерттейтін білім аумағы (Страсбург симпозиумында (1990) ұсынылған анықтама)Биоэтика ұғымының тар мағынасы әртүрлі алдын алу шаралары мен клиникалық-диагностикалық зерттеулерде дәрігер мен пациенттің қарым-қатынасының этикалық мәселелерін білдіреді, бұл медициналық этика деп аталады. Медициналық этика Медицинаның дамуы оның күрделенуі мен бағасының өсуіне ықпал етеді және дәрігердің тегін медициналық көмек беруін қиындатады.Roemer M. Z. 1980 Медицина және биологиядағы қазіргі замаңғы технологиялар Биоэтика философиялық бағдар алады, медицинадағы, биологиядығы жаңа технологиялар мен идеялардың қалыптасуының нәтижелерін бағалайды, және биомедицинадағы келесі мәселелерді зерттейді: Эвтаназия және түсікТрансплантация және ксенотрансплантацияКлондау және бағаналы жасушаларды жасау айласы Суррогатты ана және ЭКО технологияларЕугеника және медициналық генетикаАдамдарға клиникалық сынаулар мен жануарларға биомедициналық зерттеулердің жасалуыГендік түрлендірілген (модификацияланған) ағзалар (ГМА) мен ГM өнімдерін жасау барысында хаңа гендік-инженерлік технологияларды қолдану Биомедициналық этиканың негізгі оқыту пәні Главным является то, что предметом биомедицинской этики являются в первую очередь быстро накопляющиеся новые достижения, глубокое их исследование и определение степени опасности в настоящем и будущем при их приложении к человечеству и обществу в целом. (Президент РАМН, акад. РАМН В. И. Покровский 1997) Биомедициналық этиканың негізгі ережелері Биомедициналық этиканың ең негізгі мәселесі болып табылады:1. Денсаулық сақтау - бұл адамдардың шектеулі тобы үшін ғана мәртебе емес, бұл барлық адамдардың құқығы болуы тиіс. Биомедициналық этиканың негізгі ережелері: 2. Адами қасиеттеріне, оның ішінде қадiр-қасиетiне, еркіндік, даралығына байланысты жеке тұлғалар тең қарастырылуы тиіс.3. Биоэтиканың қалыптасуы балама ғылым мен технология үшін қозғалыспен қана емес, сонымен қатар адамды бақылау, тәжірибелер мен айла-шарғы жасау объектісі ретінде түсіну қаупімен тұспа-тұс келді. Гендік инженерияның дамуы - биология мен медицинадағы жаңа технологиясының әдісі ретінде қарастырылуы  Гендік инженерияның дамуымен, оның ғылым ретінде этикалық мәселелері жағынан көптеген сұрақтар туындайды. Бір жағынан ғалымдар, гендік инженерияның көмегімен аштыққа мәжбүр болған адамдардың мәселесінің шешілуін растайды, көптеген генетикалық аурулардың жеңуін осы геннің көмегімен шешуге болады дейді. Бірақ, сонымен қатар бұл ғылымның этикалық жағының сұрақтары күннен-күнге көбейеді. Гендік инженерия және гендік түрлендірілген өнімдер Бүгін, генетикалық түрлендірілген өнімдердің жүздеген түрі бар. Бірнеше жыл бойы, оларды көптеген мемлекеттерде миллиондаған адамдар пайдаланады. Генетикалық түрлендірілген өнімдердің әлемдік нарықта пайда болуы үшін біз американдық компания Монсантоға қарыздармыз. 80-ші жылдардың аяғында ол трансгенді өнімдер өндіруді бастады және соларды бірінші Америка Құрама Штаттары мен, содан кейін басқа елдерде сата бастады. Биоқауіпсіздік Гендік инженерияның күндік адамдың тағамдар рационына араласуын қолдау мәселесі әлі шешілмей жатыр. Әлем екі лагерьге бөлінді: біреулері өнімдердің өзгеруін растайды, екіншілері бұл адамдарға мен қоршаған ортаға зиян келтіреді деп растайды. Соңғы тобына тұтынушылардың өздері жатады. Биоқауіпсіздік 1975 ж Асиломарск конференциясында ғалымдар маңызды сұрақ қойды: генетикалық түрлендірілген өнімдер биологиялық әртүрлілікке жағымсыз әсер ете ала ма? Сол сәттен бастап гендік инженерияның қарқынды дамуымен бірге биоқауіпсіздік дами бастады. Оның негізгі міндеті – ГМА-ң пайдалануы қоршаған ортаға, адам денсаулығына және жануарларға теріс әсері болуын анықтау ғана емес, және оның негізгі мақсаты - қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде қазіргі заманғы биотехнология жетістіктерін пайдалануға жол ашуы. Биоқауіпсіздік және оның бағыттары: Гендік инженерияның биоқауіпсіздігін екі басты бағытқа бөлуге болады:Бірінші – бұл тәуекелдерді бағалау мен оларды алдын-алу әдістерін жасау (биотәуекелдіктер)Екінші – гендік инженерияның қауіпсіздігін реттейтін мемлекеттік бақылау жүйесі. Қазіргі таңда ГМА-ң қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін бақылайтын қауіпсіздік бақылау жүйесі жасалған. Ол жүйеге генетикалық модификацияны жоспарлауыдан бастап, трансгендік сорттың мемлекеттік тіркеу куәлігін алуына дейін, көптеген әдіс-тәсілдер енеді. Қорытынды ... Дәрігерлердің ойынша, гендік түрлендірілгіен өнімдердің адамға әсері жарты ғасырдан кейін ғана, трансгендік тағамдарды қолданған адамдардың кем дегенде бір ұрпақтары ауысқанда ғана белгілі болады дейді. Сондықтан да бұл мәселе қоғамды күннен күнге алаңдатады, және адамзаттың гендік инженерияның даму уақытында өмір сүруінің этикалық мәселелері биолог-ғалымдардың, биомедиктардың, биотехнологтардың ғылыми жұмыстарының басты өзегі болып табылады және ол ғалымдардың басты міндеті енді адам табиғатын жақсарту емес, ал адамдардың денсаулығын нығайту мен ауруларды емдеу болады. Дәрістің басты терминдері: 1. Биоэтика. 2. Этика. 3. Биомедицина .4. Медициналық этика5. ДСҰ- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы6. БМБ - Бүкілдүниежүзілік медициналық бірлестігі- 7. Гендік инженерия8. ГТО –Генетикалық түрлендірілген организмдер9. ГТ өнімдер- Генетикалық түрлендірілген өнімдер10. Биоқауіпсіздік11. Биотәуекелдер12. Биоқауіпсіздікті реттеу Әдебиеттер мен электронды ресурстар: 1. Лопатин П. В. Биоэтика : учебник / П. В. Лопатин, О. В. Карташова. - 4-е изд., перераб. и доп. - Москва : ГЭОТАР-Медиа, 2011. - 272 с. 2. .Юдин Б.Г., Тищенко П.Д Введение в биоэтику: учебное пособие. – Москва, Прогресс-Традиция, 2008. - 382 с.3. Ермишин А.П. Биотехнология. Биобезопасность. Биоэтика / А. П. Ермишин, В.Е. Подлисских, Е.В. Воронкова, Б.Ю. Аношенко, В.М. Зарьков; под ред. А.П. Ермишина. – Мн.: Тэхналогія, 2005. – 430 с 4. Этика [Электронный ресурс] : учебник для бакалавров / А. А. Гусейнов [и др.]. - Электрон. текстовые дан. - Москва : Юрайт, 2015. - 569 с. ; 12 см. - (Бакалавр. Уг.лубленный курс). - CD-ROM. Электрон. версия печ. публикации . - ISBN 978-5-9916-2385-8 (в кор.) : Б. ц. Электронная копия учебник 5. http://dic.academic.ru/ Словари и энциклопедии на Академике6. http://www.bioethics.ru Биоэтический форум. 7. http://bioethica.iatp.by/ Белорусский сайт, посвященный биоэтике. 8. http://www.linacre.org/ Сайт содержит обширную информацию по многим биоэтическим вопросам (англ.). Лектор Алибаева Бахыт Насихатқызы Назарларыңызға рахмет

Приложенные файлы

  • ppt 8843809
    Размер файла: 557 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий