5+ валеология


«Денсаулық» білім беру саласы бойынша, «Валеология» ұйымдастырылған
оқу іс -әрекетінің перспективті жоспары
№ Тақырыбы Мақсаты С/с
1 «Валеология»еліне саяхат. СӨС дәрігері - біздің мейірімді досымыз Білімділік: Балаларды «валеология», «СӨС» ұғымдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Салауатты өмір салтын, өзінің және айналадағы адамдардың денсаулығын сақтау әдістерін меңгерту. Тәрбиелік: Өз денсаулығына, өзге адамдарға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу. 1
2 Гигиена біздің көмекшіміз. Неліктен қолды жуып, ауызды шайып, тісті тазалау керек? Білімділік: Балаларды «гигиена» ұғымымен таныстыру. Дамытушылық: Мәдени гигиеналық дағдыларын пысықтау және жетілдіру, салауатты өмір салтын ұстану туралы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу. 1
3 Менің күн тәртібім. Білімділік: Балаларды «күн тәртібі» ұғымымен, гигиеналық талаптармен таныстыру. Дамытушылық: Салауатты өмір салтын сақтау, күн тәртібін, өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын күту қажеттігі туралы түсініктерін дамыту. Тәрбиелік: Сөздік қорын байыту, өз денсаулығына мұқият қарауға тәрбиелеу. 1
4 Күн, ауа және су-біздің ең жақсы достарымыз. Табиғи факторлардың көмегімен шынығудың ережелері мен маңызы Білімділік: Балаларды табиғи факторлардың, алуан түрлі жаттығулардың көмегімен ағзаны шынықтыру ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық: Мәдени гигиеналық дағдыларды жетілдіру, салауатты өмір салтын, өз денсаулығын сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өзінің денсаулығына және қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу. 1
5 Сымбат. Денешынықтыру, ертеңгілік жаттығу және сергіту сәті не үшін керек? Білімділік: Балаларға «сымбат», «сколиоз» сөздері туралы түсінік беру, «денетәрбиесі», «сергіту сәті» туралы түсініктерін бекіту. Дамытушылық: Салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықты сақтау мен күтуге деген құлшыныстарын арттыру. Тәрбиелік: Өзінің және өзгенің денсаулығына құндылық тұрғысынан қарай білуге тәрбиелеу. 1
6 Ұйқы және оның адам өміріндегі маңызы Білімділік: Ұйқы туралы, оның адамдар мен жануарлар өміріндегі маңызы туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Дамытушылық: Күн тәртібін сақтау мен мезгілінде ұйықтаудың маңызы туралы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Айналадағы адамдардың және өзінің денсаулығына, толыққанды ұйқысына мән бере қарауға тәрбиелеу. 1
7 Адамның денесі. Мен кіммін? Мен өз денемді қалай күтемін? Білімділік: Адам денесінің құрылымы, бүтін жүйе ретіндегі оның жұмысы туралы білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық: Өз денесін күтуге деген құлшыныстарын дамыту. Тәрбиелік: Гигиеналық тәрбие беру. 1
8 Жүрек және оның жұмысы Білімділік: Балаларды адам ағзасының маңызды мүшесі жүрекпен таныстыру, оның қызметі туралы түсінік қалыптастыру. Дамытушылық: Дүние танымдарын кеңейтіп, айналаға сүйіспеншілікпен қарауға дағдыландыру. Тәрбиелік: Өзінің және жақын адамдарының денсаулығына құндылық тұрғысынан қарауға тәрбиелеу. 1
9 Сезім мүшелері, олардың қызметі. Білімділік: Сезім мүшелері, олардың қызметі, адам үшін маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамыт: Тіл байлықтарын, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Сезім мүшелеріне күтім жасауға тәрбиелеу. 1
10 Тыныс алу мүшелері. Мұрын. Өкпе. Білімділік: Тыныс алу мүшелерінің қызметі, тыныс алу үрдісі, ауа мен оның қасиеттері туралы жалпы түсінік беру. Дамытушылық: Салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылдыру, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Тыныс алу мүшелеріне, бүкіл ағзасына күтім жасауға тәрбиелеу. 1
11 Тыныс алу мүшелері. Мұрын. Өкпе. Білімділік: Тыныс алу жүйесі жұмысының ерекшелігі, адам өмірін-
дегі ауа мен тыныс алу мүшелерінің рөлі туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Ұжымда жұмыс істей білу дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, қоршаған ортаны күтуге, аялап ұстауға тәрбиелеу. 1
12 Зәр шығару мүшелері. Бүйректер Білімділік: Зәр шығару жүйесінің жұмысы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: Денсаулықтарына күтім жасауға тәрбиелеу. 1
13 Тіл Білімділік: Тілдің қызметі, тамақ ішудегі рөлі туралы түсінік беру. Дамытушылық: Өз ойларын жеткізе білуге жаттықтыру, тәжірибе жасау арқылы білім, білік дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: Өз денелеріне күтім жасауға тәрбиелеу. 1
14 Ас қорыту мүшелері. Асқазан. Білімділік: Ас қорыту жүйесінің құрылымымен және қызыметімен таныстыру. Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Өз ағзаларына күтім жасауға тәрбиелеу. 1
15 Тамақтану.
Тамақтану мәдениеті Білімділік: Балалардың азық-түлікпен оның адам өміріндегі маңызы, «салауатты, дұрыс тамақтану» туралы білімдерін бекіту. Дамытушылық: Эстетикалық талғамдарын арттыру, сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелік: Өзінің және өзгенің денсаулығына құндылық ретінде қарауға тәрбиелеу. 1
16 Азық-түліктер.
Дәрумендер. Білімділік: Пайдалы азық-түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтанудың маңызы туралы білімдерін бекіту. Дамыт: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, зейіндерін шоғ/у.
Тәрбиелік: Өз ағзасын күтуге тәрбиелеу. 1
17 Су - тіршілік нәрі Білімділік: Судың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Сараптау, талдау, ойлау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Өз денсаулығына, тіршілік нәрі болып саналатын суға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 1
18 Пайдалы және зиянды әдеттер Білімділік: Пайдалы және зиянды әдеттер туралы білімдерін, қалыптастыру.
Дамыт: Салауатты өмір салтын сақтауға қызығушылықтарын ар/у.
Тәрбиелік:Зиянды әдеттерге ұнамсыз көзқарастарын тәрбиелеу. 1
19 Табиғи дәріхана.
Дәрілік шөптер.
Улы өсімдіктер Білімділік: Балалардың дәрілік және улы өсімдіктер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Сөйлеу және сөйлесу тілдерін дамыту. Тәрбиелік: Өз денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу. 1
20 Үй жануарлары және оларды күтіп бағу Білімділік: Балалардың үй жануарлары және оларды күту туралы білімдерін жүйелеу және қорыту.
Дамыт: Танып, білуге қызығушылықтарын арттыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелік: Өз денсаулықтарын күтуге, үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу. 1
21 Жабайы жануарлар.
Жәндіктер Білімділік: Жабайы жануарлар, жәндіктер, олармен кездескендегі қауыпсіздік ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын, дұрыс сөйлеу
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Табиғат пен өз денсаулықтарына қамкорлық жасай білуге тәрбиелеу. 1
22 Мен табиғат аясындамын Білімділік: Табиғат пен адамның бір бірімен тығыз байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын, дұрыс сөйлеу
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Айналадағы қоршаған орта мен өз денсаулығына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. 1
23 Ауа райы.
Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері Білімділік: Балалардың жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары туралы, әртүрлі ауа райы жағдайындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. 1
24 Саңырауқұлақтар.
Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар.
Оларды жинау ережелері Білімділік: Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін кеңейту, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтармен, оларды жинау ережесімен таныстыру, ағаштар туралы білімдерін бекіту, сөздің көп мағыналылығы туралы дайындық жұмыстарын жүргізу. Дамытушылық: Ұсақ қол қимылдарын, ойлау қабілеттерін дамыту, зейіндерін шоғырландыру.
Тәрбиелік: Өз денсаулығына, табиғатқа құндылық ретінде қарап, оларды күтіп ұстауға тәрбиелеу. 1
25 Жақсы деген немене, жаман деген немене? Білімділік: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету, қоғамдық орындарда өзін ұстау, киімді күту ережелерімен таныстыру, мәдени гигиеналық дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: Тәртіптілікке, ізгілікке ұмтылдыру.
Тәрбиелік: Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға тәрбиелеу. 1
26 Қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелері.
Киімді күту. Білімділік: Қоғамдық орындарда өзін ұстау, киімді күту ережелері-
мен таныстыру, мәдени-гигиеналық дағдыларын жетілдіру.
Дамыт: Тәртіптілікке ұмтылдыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға, ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелеу. 1
27 Мен үйдемін.
Үйдегі қауіпсіздік ережелері. Білімділік: Үйдегі қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекітеді. Дамыт: Есте сақтау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру.
Тәрбиелік: Өз денсаулықтары мен қауіпсіздіктеріне мән бере қарауға тәрбиелеу. 1
28 Менің телефоным шырылдады. Телефонмен сөйлесу ережелері.
Жедел қызмет телефондары Білімділік: Телефонмен сөйлесу ережесі туралы білімдерін бекіту, жедел қызмет телефонының нөмірлерімен таныстыру, үйдегі қауіпсіздік ережесі туралы білімдерін бекіту. Дамытушылық: Зейіндерін шоғырландыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру. Тәрбиелік: Сыпайы болуға, өз денсаулықтарын күте білуге, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу. 1
29 Біздің жасыл достарымыз.
Бөлме және дала өсімдіктерін күту ережелері Білімділік: Бөлме және дала өсімдіктерін күту туралы түсініктерін және өсімдіктерді күтуге арналған құрал-жабдықтарды қолдану икемділіктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін арттыру, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру.
Тәрбиелік: Сыпайылыққа, өз денсаулықтарын күтіп, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ете білуге, дұрыс шешім қабылдауға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. 1
30 Мен ас үйде анама көмектесемін. Азық-түлікті пайдалануға дайындау ережелері;
жуу, пісіру, тазалау Білімділік: Азық-түліктерді пайдалануға дайындау ережелерімен таныстыру, себеп-салдар байланысын анықтауға үйрету. Дамытушылық: Гигиеналық дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру, зейіндерін шоғырландыру. Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 1
31 Мен көшедемін. «Балалар», «Жаяу жүргінші» жол белгілері. Қауіпсіздік ережелері Білімділік: Көшеде өзін ұстау ережесі, жол қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндіру, автокөлік түрлерімен, «Балалар», «Жаяу жүргінші» жол белгілерімен, полиция қызыметкері мамандығымен таныстыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, зейіндерін шоғырландыру.
Тәрбиелік: Өз денсаулығын күтіп ұстауға деген ұмтылысын, жауапкершілік сезімін, жол қауіпсіздігі ережесін сақтауға деген ниетін, жаяу жүргіншіні, полиция мен жүргізуші мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу. 1
32 Автокөлік.
Полиция Білімділік: Көшеде өзін ұстау, жол қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін бекіту, автокөлік түрлерімен, «Балалар», «Жаяу жүргінші» жол белгілерімен, полиция қызыметкері мамандығы туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Ойлауды дамыту, зейіндерін шоғырландыру.
Тәрбиелік: Жол қауіпсіздігі ережесін сақтауға деген ниетін, сезімдерін, полиция мен жүргізуші мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу. 1
33 Мен ауладамын.
Балабақша мен үй ауласы.
Қауіпсіздік ережелері, қауіпті орындар. Балабақшаға барар жол Білімділік: Көшеде өзін ұстау ережесін, жол қауіпсіздігі ережелерін қайталату, өз үйі мен балабақша орналасқан ықшам ауданда, жақын төңіректе, жалпы кеңістікте бағдарлай білуді, қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз және мәдениетті ұстау ережелерін сақтауды үйрету. Дамытушылық: Ойлау мен елестете білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өз денсаулығына құндылық тұрғысынан қарауға, дербестікке өз қаласы мен ондағы адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу. 1
34 Өзіңе және өзгелерге көмектес. Алғашқы көмек көрсету ережелері,
дене ауруын жеңілдету Білімділік: Адам дене мүшелерінің қызметі туралы білімдерін бекіту, жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы түсініктерін жалғастыру, өзіңде және басқада аурудың алғашқы белгілері біліне салысымен үлкендерден дер кезінде көмек сұрауды, дене ауруын жеңілдету жолдарын, жедел көмек қызметін шақыруды үйрету, азық-түліктерді пайдалануға дайындау, үйдегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Өз денсаулығына құндылық тұрғысынан қарап, оны сақтаудың қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу. 1
35 Мен және менің айналамдағы адамдар.
Сөйлесу мәдениеті.
Достық Білімділік: «Достық» түсінігімен, мәдениетті сөйлесу ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Достыққа, төзімділікке, өзге адамдарға сый-құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. 1
36 Біз - Қазақстан Республикасының салауатты жас азаматтарымыз Білімділік: Өз қаласы, өз елі туралы түсініктерін бекіту, Қазақстан Республикасының Президенті туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру, еліміздің рәміздері туралы білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Зейіндерін шоғырландыру, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу. 1
Барлығы 36 сағат.

Приложенные файлы

  • docx 8848948
    Размер файла: 23 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий