.19Ғ. ВОУД


19ғ. әдебиеті
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904)— ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор,аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю,Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді. Абай 101845 ж. Қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Шығ: Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%B9" \o "Семей" Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жазды. М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастаны.Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды. Шәкірт: Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау — 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) —ақын. Әкесінің есімі — Тілеу, атасының есімі — Өтембет.Ақын жырлары Қарақалпақстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріндегі қазақтар арасында да кеңінен мәлім болған. Маңғыстауда өмір сүрген түрікмен шайыры Хатаммен және Есет, Махамбет, Шернияз, Есенбақ сияқты айтулы қазақ ақын-жыраулармен достық қарым-қатынаста болып, ниеттес жүрген. Өлеңдері ауызша тараған. Алғаш баспа бетін көрген толғауы — “Арғымақ атта сын болмас” (“Сана”, 1924, №2-3, Ташкент). Шығармаларының негізгі арқауы—адамгершілік пен елдік, ерлікті дәріптеу (“Сексеннің біз де келдік жетеуіне”, “Отырған қарсы алдымда Қанымайым”, “Қар жауар күн-түн оның қабағынан”). Абыл Хиуа ханы Аллақұл өктемдігіне қарсы бұқара ызасын бейнелеп, ел қорғаған ерлерді жыр еткен (“Сүйінқараны жоқтау”, “Құлбарақ батырға”). “Арғымақ атта сын болмас”, “Естірту”, “Кәрілік” т. б. терме, толғаулары - өмір сырын бейнелейтін көркем ақыл, нақыл, насихатқа құрылған өнегелі, өсиет сөздер. Абыл — айтыстың да шебері (“ Балдай қызбен айтысы”, “Нұрымды санауы”, “Сушы қызбен сөз жарыстыруы”, “Шерниязбен кездесуі”). Ол - өз дәуірінің елеулі мәселелеріне үн қосып, Сыпыра жырау негізін салған “Қырымның қырық батыры” сияқты батырлық дастандарды дамыта жырлаған.Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Ақберен” (1972), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843 – 1913 ж) — ақын, әнші, композитор. Туған жері: Көкшетау облысының Ақан әндері: «Балқадиша», «Сырымбет», «Құлагер», «Құлагердің желісі», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Ақтоты», «Алай көк», «Маңмаңгер», «Майда қоңыр», «Көкшетау», «Мақпал», «Ақсаусақ», «Перизат», «Жамал қыз», «Шәмшиқамар», «Көк көбелек», «Әудемжер», «Сәулем – ай», «Кепсер», «Алтыбасар», «ай көке», «Қай дөңге», «Жылқылы бай», «Қараторғай», «Кербезсұлу», «Ақан сері», «Үш тоты құс», «Іңкәр – ай», «Нұрила». Ақан серінің туындылары орындаушылары: Ә.Қашаубаев, Ж.Елебековтың, М.Ержановтың, К.Лекеровтың, Қ.Бабақовтың, Ж.Кәрменовтың, Қ.Байбосынов Зерттеушілер: С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, І.Жансүгіровтер Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды.
Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған.
Алмажан Азаматқызы Нарынның Бекетай-Бесқасқа дейтін құмында 1823 жылы туған (Батыс Қазақстан облысы). Қай жылы өлгені жөнінде мәлімет жоқ. Әкесі Азамат  1836-37 жылдары Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып,  сол көтерілісте ерлікпен қаза тапқан. Азаматтың артында Алмажан деген қызы, Төрежан деген ұлы қалды. Алмажан жасынан ақын қыз атанып,  өз жанынан өлең  шығаратын болған.  Ол жөнінде бұрынғы Бөкей ордасының қазақтары арасында әр алуан аңыздар бар. Кейбір аңыздар ертегіге айналғанға ұқсайды.Атап айтқанда, «Өлең дарыған», «Түсімде Ерпалуан әулие, аян беріп толға» тағы сол сияқтылар. Қысқасы, ол қандай тақырыпта  болсын,  тез шығарып айта алатын,күшті қабілет иесі болатын. Алмажаның шығарған өлең-жырлары  көп  болған.Оның атын сақтап, біздің дәуірімізге жеткен шығармасы - «Жетім қыз» атты поэма.Дастан әділетсіз әкімдердің жетім-жесірлерге жасаған зорлық-зомбылығы әшкереленеді. “Жетім қыздың” басты кейіпкері — Алмажанның өзі. Оқиға 2-жақтан баяндалады, аракідік қарасөзбен баяндауы бар. Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат қайтыс болғаннан кейін жетім қалған 14 жасар қыз бен 7 жасар ұлға Нарындағы билік иелері тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханға арызданбақшы болғанда көрген қиыншылықтары негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған.
Арыстанбай (Арыстан) Тобылбайұлы (1811, қазіргіАқмола облысыҚорғалжын ауданы 1880, сонда) — суырып салмаақын.   HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%BE%D2%9B%D0%B0%D0%BD_%D0%A3%D3%99%D0%BB%D0%B8%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2" \o "Шоқан Уәлиханов" Шоқан УәлихановА. ақынды ірі сөз шеберлерінің қатарына қосқан. Ол«Едіге туралы» жыр мен «Ер Қосай», «Ер Көкше»дастандарын алғаш А-дан естігенін жазады. А. Ұлытау экспедициясына жолбасшы болған кезінде (1845 — 46) бірге болған орыс оқымыстысы И.З. Безверхов оның ақындық, жыршылық, әншілік өнерін өте жоғары бағалайды, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын жатқа айтып бергенін жазады. Өлеңдері мен айтыстары жинақталып, 1910 ж. бастап әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді.Ақынның бүгінге "Арыстанның әні" атты жалғыз әні ғана жетті.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Хронология:Туған жері — бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). Аудармалары: И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Базар Жырау Оңдасұлы Балқы Базар (1842, қазіргі Қармақшы ауданы ауыл – 1911, Өзбекстан, Тамды ауданы Жалпақтау деген жерде) – жырау. 15 – 16 жасында бала жырау атанады. 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған. Шығ: «Әминә қыз», «Айна – тарақ», «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды, «Әр кемелге – бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық». Зерттеу: 1925 жылыТашкенттен шыққан «Терме» жинағына, 1931 жылы жарық көрген «Қазақтың әдебиет нұсқалары» атты кітаптарға енді. Оның шығармаларына С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, аса жоғары баға беріп, Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау алыбы деп таныған. Жырау шығармаларын жинастыруда Ә. Диваев, Сейфуллин, Ә. Марғұлан, Ә. Қайнарбаев үлкен еңбек сіңірді.
Байтоқ Алаша (туылған - өлген жылы белгісіз) — Батыс Қазақстан өңірінде 19 ғасырда өмір сүрген жырау.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D3%A9%D0%BA%D0%B5%D0%B9_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%8B" \o "Бөкей Ордасы" Бөкей ордасында, Жәңгір ханның жанында болған. Байұлының алаша руынан шыққандықтан ел арасында “Алаша Байтоқ жырау” деп аталған. Оның Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауы,[2] “Мұрат ақынның Ғұмар Қазыоглына айтқаны” (Қазан, 1908), “Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары” (Орынбор, 1910) жинақтарында жарық көрген. “Қары азамат сардарбек” деп басталатын толғауы ел арасына кең тараған. Толғаудың маңғыстаулық Т. Жанғабылұлынан 1939 жылы Байтоқ Жақыппайұлы, 1947 жылы И. Ұйықбаев жазып алған мәтіні Қазақстан Ғылыми Академиясының Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы (198—705 бумалар). Байтоқ жыраудың 2 толғауы да Жәңгір ханға, оның сән-салтанатына арналған мадақ жырлар. Қолжазба мәліметтерге қарағанда, Жәңгірге жырау сексен жасында барған. Ханның сұрауымен, әуелі жиналып отырған жамағатқа, биге, байға, батырға, қызға, бәйбішеге өмірде не жарасатынын жырлайды, сосын хан мәртебесіне ойысады. “Жәңгір хан дүниеден қайтқан соң айтқан толғауында” әсерлеу әдісін мол қолданады. Жоқтау сарынындағы бұл толғауда жыраудың Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатына қарсы көзқарасы айқын сезіледі.
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (15.11.1894, Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысыныңТаран ауданы - 10.11.1938) ,1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журналдарына жазып тұрады.қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.ШығармаларыБейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар»
Біржан сал Қожағұлұлы (1834, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы — 1897, туған жерінде) — Қазақтың әйгіліақыны, сазгер.  Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. 1865 жылы Абаймен кездесуі.  біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Шығ: «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен», «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», «Ләйләм-Шырақ».Кеңес заманында Ғ. Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М. Ержанов сынды әншілер Біржан әндерін орындаушылар. Сара, Әсет, Доскей айтысты.  Біржан мен Сараның айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М. Төлебаев қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған «Біржан—Сара» операсын жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» (1942) атты кітабының үлкен бір тарауын Біржанға арнады. 1982 ж. республика жұртшылығы халық композиторының туғанына 150 жыл толуын салтанатпен атап өтті. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен жалғастырды. Зерттеуші: Х.Сүйіншіәлиев. Ә.Оспанов.
Бұдабай Қабылұлы (1842, Шиелі ауданы Жөлек ауылы – 1912, сонда) – айтыс ақыны. Бұдабай өткір сөзді ақын, терме, толғау, мақтау, сынау, сөзге шебер дарынды дүрдің бірі. Оның алғаш ақын ретінде танылуы Қарлығаш деген қызбен айтысынан басталады. Жастайынан өлең-жырға әуес Бұдабай шығармаларының біразын жазып қалдырған. Өлеңдерінің басым көпшілігі ел бірлігі мен татулықты жырлауға, араздасқандарды бітімге шақыруға арналған. Кейбір нысапсыз, парақор ел басшыларын сынай отырып, бұрынғы өткен әділ би, кемеңгер шешендердің үлгілі істерін көлденең тартады, сөйтіп, оларды дұрыс жолға салмақ болады («Әлмәмбетке», «Әжібай мен Торғайға», «Аппазға», тағы да басқа). Оның есімі жоқтау жырлаумен де белгілі болған. «Әйекені жоқтау» деп аталатын жыры ел арасына кең таралған көркемдігі мен құрылысы жағынан ерекше туынды. Бұдабайның «Әшірдің баласы Сыздықты жоқтау», «Әлмәмбеттің жалғыз баласы өлгенде» атты туындылары да жұртқа мәлі метр Ақынның «Өзім жайлы», «Көңіл туралы», «Өмір туралы», тағы да басқа өлеңдері белгілі.
Ғұмар Қараш (1875 жыл Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Қырқұдық деген жері - 12 сәуір, 1921 жыл, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық округі жеріндегі Құнаншапқан) - ақын, қоғам қайраткері. «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1910), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан, 1913). Ол өз шығармаларын Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғұмар әл-Қараши, Бөкей елінің бір баласы, Ғұмар Қараш, Ғ.Қ., Ғ. Мұштақ, Ғабдолла Мұштақ, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев деген есімдермен жариялап отырған.
Досқожа (1801 - 1866) - жырау. Оның есімі "Кенесары қонысынан ауғанда Досқожаның айтқаны" деген жырымен елге мәлім болган. Жыр ата мекенін тастап ауа көшкен елдің туып өскен жерін қимай жылап айрылысқан коштасуын бейнелейді. Жырда Сарыарқаның жасыл орманы, көгілдір таулары, көк үйірім көлдері мен өзендері көркем тілмен суреттеледі.Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" заманының ұлы ескерткіші — "Елім-ай" дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-тұрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған. "Сегіз" деп ат қойған — жеңгелер
Дулат Бабатайұлы(1802, Шығыс Қазақстан обл.Аягөз ауд. Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” жеке кітап болып жарық көрген. “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Өлеңдеріндегі ерекшелік – шоғыр. 7-8 буынды.Шығ:«Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ»  «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «О, Ақтан жас, ақтан жас», «Аягөз қайда барасың?», Атаны бала алдады», Ақжайлау мен Сандықтас», «Ешенге», «Саршымшық», «Айтпасымды айтқызды», «О, Барақ жас, барақ жас». Зерттеу:Х.Сүйіншіәлиев.Қ.Өмірәлиевтің“Қазақ поэзиясының жанры мен стилі”. «Өсиетнама» баспаға дайындаған Мүлкен Сейілұлы. Жыр көлемі 800 жолдай. Дулат өлеңдерін алғаш жеткізген – Байділдә (1839-1919).
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05.03.1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі -27.09.1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әсет Найманбайұлы (1867 жыл, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыл-арай" ауылы - 1922 жыл, Қытай, Құлжа ) — қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы. Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар. Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды.
Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы, Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шығ: «Шағым»,«Жылқышы»,«Шәбденге», «Сәт сайланарда»,«Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды»,«Зілді бұйрық», «Туған елім» атты толғауы,Атаның әлдиі,Балаларға,Балама хат,Бесік жыры, Жастық жыры,Жаңа жыл, Жаңа жыл сәлемі,Жеңіс жырын сайраңдар,Жүз жасаған жүректен,Ленин,Ленинградтық өренім,Октябрь толғауы,Сәлем саған комсомол,Сыйлық,Туысқан ел,Чапай,Халық туысқандығы,Өнердің өсуі есік жыры т.б. Айтысқан:Жамбыл мен Айкүміс,Жамбыл мен Құлманбет,Жамбыл мен Шашубай,Жамбыл мен Досмағанбет. Дастандар: Өтеген батыр,Сұраншы батыр,Көрұғлы,Бақ,дәулет,ақыл. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.
Жанақ Сағындықұлы, кіші Жанақ (1770 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қайнар кеңшары, Жақсы Абыралы қонысы - 1856 жыл, қазіргі Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы “Хан сүйегі” деп аталған жер) — ақын.  Әкесі Сағындық сол өңірге белгілі аңшы болған. 1748 - 58 жылдары қазақ-қалмақ соғысында мергендігімен көзге түскен.Жанақ ауыл молдасынан дәріс алып, хадимше хат танып, діни білім алған. Сағындық құсбегі кейіннен Жанақты Түркістан өңіріндегі Қарнақ медресесінде, Ташкент қаласындағы медреседе оқытқан. Жанақ жас кезінен өнер жолына түсіп, домбыра, қобыз тартып, жыр-дастандарды жатқа білген. Жанақ 1790 - 97 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, қозғалыс жаршыларының бірі болған. Туып-өскен жеріне ауылын бастап көшіп, шамамен 1838 - 39 жылдары Ұлытау өңіріне қоныстанады. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” жырының халық арасына көп тараған нұсқасын сонда айтып, шығарған. 1839 жылы Жақсы Абыралыға көшіп келіп, ел-жұртымен табысады. 1846 ж. жазда ел аралаған поляк А. Янушкевич жазған Жанақ — осы кіші Ж. ақын. Жанақ шығармаларының көпшілігі сақталмаған. “Рүстем төреге” толғауы мен біраз өлеңдері ғана жеткен.
Жансүгіров Ілияс —  1894- 1938 Туған жері Қазіргі Талдықорған обылысы Ақсу ауданы.ақын ,қоғам қайраткері. Жазушы драматург,публицист,аудармашы өнер зерттеуші1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.1928 жылы бітіріп шыққан соң,«Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. 1938 жылы ату жазасына кесілген.1958 жылы ақталды Поемалары Дала,Күй,Күйші, Құлагер,Көбік шашқан ,Жорық Пьесалары: Кек, Түркісіб,Исатай Махамбет.
Жаяу Мұса Байжанұлы (30 шілде 1835, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы—1929) — қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақыны. Шығ: «Сүйіндік», «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау», «Шолпан», «Сәулем қыздар», «Гауһар қыз», «Ләйлім», «Келдім», «Сапар басыңа», «Қыз күйі», «Қызқарқара», «Қыз бала күйі», «Қамшылау», «Шал мен торғай», «Бөдене мен қаншыр», «Ақсиса», Шормоновқа», «Бұзау зары», «Тұтқын зары», «Сүйіндік», «Сұрша қыз», Баянауыл», «Жазда», «Ұлытау», «Сарын», «Жаздың күні». Зерттеу: ол туралы шығ.З.Ақышеав «Жаяу Мұса» романы.
Жаяу Мұса Байжанұлы(1835-1929) туған жері-Павлодар облысыБаянауыл ауданы Жасыбайкөлінің жағасы,қайтыс болған жері- Ақшоқы алқаб.Ол–Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озықидеялары менастасып жатты қазақ халқының әйгіліәнші-сазгері, ақыны Шыққан тегі—Орта жүз,Арғын ішіндег іСүйіндікруы,БолғанжерлеріТобыл, Орынбор,Қазан, Новгород, Мәскеу, Владимир, Петербор қалаларында, Полония, Литва жерінде болады.Шығ:Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады.
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туғ. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%B0%D1%80_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B" \o "Павлодар облысы"Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Шығ:Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген. Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.Жүсекең мұрасын зерттеуші – Нұржан Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының бұл шығармалары оның «Ғылым» баспасынан жарық көрген Еңбектері1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше .Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.), кемел прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің жазығы», (повесть), «Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын («Сылаң қыз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы аудармашылығын («Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В. Гоголь), «Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын - «Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл» т.б. еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - «Жаман тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды ертегілер Фильмдер1994 — «Алаш туралы сөз» режиссері: Қ.Умаров. Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” 2009 — «Алашорда» режиссері: Қ.Умаров.Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
Зерттеу:Х.Сүйіншіәлиев.Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.Махамбет жайлы шығармалар: Ы.Шөреков «Исатай-Махамбет», Ж.Молдағалиев «Кен», М.Шаханов «Қарақұм трагедиясы», М.Неталиев «Арыстан еді-ау Исатай», Ф.Оңғарсынова «Алмас қылыш».
Кенен Әзірбаев (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Туып-өскен жері – Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Мәтібұлақ деген өңір. Қызметі әйгілі халық ақыны сазгер, композиторлар одағының мүшесі. Әндері Бозторға ,Көкшолақ, Базар назар,Біз жеңеміз, Сүйгенім ай,күйгенім ай, оналтыншы жыл, Қайран елім,Аттан.Дастандары Құдалар,Әли батыр,Қырғызбай ,Кененбай кербез, Бұрынғы өткен батырлар,жалғыз қаз,Шөлей барғанда,Жамбыл жыр.
Күдеріқожа Көшекұлы (1820, қазіргі Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы – 1858, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) – ақын. Ақындық, әншілігімен жастайынан аты шыққан. Күдеріқожаның өзі өмір сүрген тұстағы атамекеннен ауа көшкен ел мұңын жырлап айтқан «Қарқаралы, қазылық», қалмақтардың шапқыншылығына арналған «Абылай ханның қалмақты аударғанына айтқаны» деген өлең, толғаулары бар. Күдеріқожа айтысқа да қатысқан. Оның Ұлбикемен айтысы (1840 жыл шамамен) қыз бен жігіт айтысының жұмбақ аралас келетін көне түріне жатады, халықтың дүниетанымын, философия ой-түсініктерін білдіреді. Күдеріқожаның бұл айтысын В.В.Радлов жазып алып, «Түркі тайпалары ауыз әдебиетінің үлгілері» кітабына (1870) енгізген. Ақынның «Қарқаралы, қазылық» атты толғауын М.Әуезов пен С.Сейфуллин жоғары бағалап, өздері құрастырған хрестоматияларға кіргізген. Күдеріқожаның осы толғауы және Ұлбикемен айтысы «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақта жарияланды Сералин Мұхамеджан (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек аулы — 8.11.1929, сонда) — ақын, журналист Сералин Мұхамеджан (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек аулы — 8.11.1929, сонда) — ақын, журналист.Троицкідегі медреседе оқыған (1880),Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген (1891).1911 — 1915 жылдары Троицкіде “Айқап” журналын шығарды.1919 — 1920 жылдары “Ұшқын” газетінде қызметкер . 1921 жылы Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитеттінің төрағасы,1922 — 1923 жылдары Қостанай губаткомы төрағасының орынбасары,1923 — 1926 жылдары “Ауыл” газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Шығармашылығы: Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді: 1-кезеңіне “Айқап” журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2-кезең 1918 – 1928 жылдары аралығын қамтиды, бұл кезеңде “Ұшқын”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. Алғашқы “Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада 19 ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. “Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Сералин өз шығармаларында Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын қолдады. Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем — Зораб” бөлімін В.А. Жуковский (1846 – 1847) нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған
Күдеріқожа Көшекұлы (1820, қазіргі Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы – 1858, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ақындық, әншілігімен жастайынан аты шыққан. Күдеріқожаның өзі өмір сүрген тұстағы атамекеннен ауа көшкен ел мұңын жырлап айтқан «Қарқаралы, қазылық», қалмақтардың шапқыншылығына арналған «Абылай ханның қалмақты аударғанына айтқаны» деген өлең, толғаулары бар. Күдеріқожа айтысқа да қатысқан. Оның Ұлбикемен айтысы (1840 жыл шамамен) қыз бен жігіт айтысының жұмбақ аралас келетін көне түріне жатады, халықтың дүниетанымын, философияой-түсініктерін білдіреді. Күдеріқожаның бұл айтысын В.В.Радлов жазып алып, «Түркі тайпалары ауыз әдебиетінің үлгілері» кітабына (1870) енгізген. Ақынның «Қарқаралы, қазылық» атты толғауын М.Әуезов пен С.Сейфуллин жоғары бағалап, өздері құрастырған хрестоматияларға кіргізген. Күдеріқожаның осы толғауы және Ұлбикемен айтысы «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақта жарияланды (1985).
Қашаған Күржіманұлы(1841– 1929) Туған жеріТүрікменстан, Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында Қайтыс болған жері–  Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленді) – ақын. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді- мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. Шығармашылығы «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали»дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді «Қырымның қырық батыры» деп аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған. Кейбір толғаулары алғаш «Әдебиет майданы»  журналында жарияланған. Өмірі мен шығармашылығы А.Жұбановтың «Қазақ композитарларының өмірі мен творчествосы» (1942), Қ.Сыдиықұлының «Ақын-жыраулар» Өлең-толғаулар жинақтары«Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Ақберен» ,«19 ғасырдағы қазақ поэзиясы» ,«Бес ғасыр жырлайды» ,«Қашаған Күржіманұлы: Топан» ,«Алқаласа әлеумет»,«Жыр-дария» ,«Қайыртпай кеткен қашаған» 1991 жылы Маңғыстауда ақынның туғанына 150 жыл толуына арналған той халықтық мереке ретінде атап өтілді. Ақын бейітіне сәулетті күмбез – кесене (бас шебері М.Нұрқабаев) орнатылды.
Қашқынбай Қожамбетұлы (1830, Нарын құмы, Майтөбе мекені, қазіргі Атырау облысы - 1870 жылы шамамен Өзбекстан, Хорезм өңірі) Кіші жүз Байұлының Таз руынан шыққан. Шығармалары: "Әуелі сөз сөйлейін жүрген жайдан", "Айналайын, Ыбыраш", "Сәлем айт барсаң, шырақ, біздің елге", "Дүнияның қызығы", "Ыбыраш, адал туған бір бала едің", т.б. толғаулары сақталған."Сахара салқын, самал, самиян жел, жақсы еді жаз жайлауға Ойылымыз", "Көп кешер деген сөз бар сынық арба", "Мың қарға тие ала ма бір сұңқарға, он жабы сатсам жетпес бір тұлпарға", т.б. туындылардың авторы. Қашқынбай ақындығын Қарасақал Ерімбет ерекше бағалаған. Ақын өлең, толғаулары "Ақберен" (А., 1972), "Бес ғасыр жырлайды" (1984, II т., 1989, 1-т.) жинақтарында жарияланған. Шығармалары К. Сыдиықовтың "Ақын, жыраулар" (1974) кітабында талданған.
Қашқынбай Қожамбетұлы(1830,Нарын құмы,Майтөбе мекені, қазіргі Атырау облысы - 1870 жылы шамаменӨзбекстан,Хорезмөңірі) - акын.Шығ: "Әуелі сөз сөйлейін жүрген жайдан", "Айналайын, Ыбыраш", "Сәлем айт барсаң, шырақ, біздің елге", "Дүнияның қызығы", "Ыбыраш, адал туған бір бала едің", т.б. толғаулары сақталған. "Сахара салқын, самал, самиян жел, жақсы еді жаз жайлауға Ойылымыз", "Көп кешер деген сөз бар сынық арба", "Мың қарға тие ала ма бір сұңқарға, он жабы сатсам жетпес бір тұлпарға", т.б. туындылардың авторы. Қашқынбай ақындығын Қарасақал Ерімбет ерекше бағалаған. Ақын өлең, толғаулары "Ақберен" (А., 1972), "Бес ғасыр жырлайды" (1984, II т., 1989, 1-т.) жинақтарында жарияланған. Шығармалары К. Сыдиықовтың "Ақын, жыраулар" (1974) кітабында талданған.[1]Қобылан Бәрібайұлы (1760-1840) Орталық Қазақстан. Бұқар жыраудың жолын ұстанған. Шығ: «Кедейлік», «Ат арыды, тон тозды», «Қара тасты қақ жарған қайран тісім», «Бұл дүние...», «Қадір, құрмет тоққтықта», «Нұралыға», «Кәрілік», «Не жаман?», «Бәрібай сөзі», «Судемжер».
Құлтума Сармүратұлы (1860-1915) Туған жері, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы ) – ақын, әнші, композитор. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%BD_%D1%81%D0%B0%D0%BB" \o "Біржан сал"Біржан сал, Ақан серілердің әншілік дәстүрін қуған. Шөже, Орынбай ақындармен өнер сайысына түскен. Ел-жер аралап өнер көрсетіп, ән салған. Құлтуманың "Дөңбек", "Пау-ой", "Демалыс", "Жамал-Шамшид", "Тау қиялап", "Үш көтерме", "Шайқалма", "Соқпай соқ", "Құла атым", т.б. әндері белгілі болған. Бірақ көптеген әндері ұмыт болған. Құлтума әндерін насихаттағандар Қ.Бабақов (нотаға түсірткен), Ғ.Айтбаев, Қ.Лекеровтер болды. Құлтуманың "Үш көтерме", "Тау қиялап" әндерін А.Жұбанов пен Л.Хамиди "Абай" операсында пайдаланды. Құлтума әндерін әнші Қ.Байбосынов та орындайды.
Құлыншақ Кемелұлы (1840-1911, )туған жері- Созақ ауданы, Жартытөбе аулы ақын.Сол жерде қайтыс болады .Толғаулары"Көлбайға" "Дүйсенбі датқаға" ,дастаны - "Шырын-Шекер" дастанында, Өлең:Оңдыбайға", "Майлыға", "мөделіге", т.б. айтысқан ақындары- Майлықожа, Шөже, т.б. "Алпамыс" эпосын толықтай жырлаған. Жамбыл Құлыншақтың ақындық талантын жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құлыншақ қолжазбаларын ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорына тапсырған.
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы –19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.Мағжан шығармашылығы (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”).Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу (“Жарыма”, “Есімде... тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, т.б.). (“От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). (“Шолпы”). Жұмабайұлы поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Жұмабайұлы поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті. (“Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”, “Түркістан”, “Орал”). Сондай-ақ, Жұмабайұлы “Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн – түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан “Алыстағы бауырыма” Мағжан поэзиясы (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). Мағжан поэмалары (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).Мағжан публицистикасыЖұмабайұлы аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса Жұмабайұлы “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.ШығармаларҚазақтың көңіл күйі, өлең, “Үзік” жинағында, Орал,;Шолпан, өлеңдер, Қазан, Өлеңдері, Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі "Мен Жастарға Сенемін" болып табылады
Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм жерінде туып өскен. 14 жасында жетім қалған. 20 жаста ақын. Майлықожа 1860 жылдары Сырдан қазіргі Таразға келіп, Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесікен. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген. Шығ: «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт», «Ахмет төреге», «Аңқау мен қу», «Жолдас болсаң жақсымен», (Жақсы адам қартайса), «Тотынама», «Тұрлыбекке», Шора батыр». Кейбір деректерде Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір сүрген жылдары 1835-1898 деп берілген және оның Сарыағаш ауданында туғаны туралы мәлімет бар. Айтысқан ақындары: Сүйінбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбиеке, қырғыз ақыны Жаныс.Зерттеу: Ә.Диваев. Х.Сүйіншіәлиев. Ә.Оспанов.
Марабай Қүлжабайұлы (1841-1898) - ақын, жырау.Жасынан өлең-жырға құмар болып ақындық, жырау өнеріне машықтанған, атақты Шернияз ақыннан үлгі алған. Жүмырбай, Көкейқыз, Базар, Қашаған, Сүгір ақындармен айтысқан. Марабай эпостық шығармаларды кең насихаттаушылардың бірі. Н. И. Ильминский Марабайдан «Ер-Тарғын» жырын жазылалып (1862), жеке кітап етіп шығарған.Марабай жырлаған «Қобыланды батыр» дастанын Ә. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0%B8%D0%B2%D0%B0%D0%B5%D0%B2&action=edit&redlink=1" \o "Диваев (мұндай бет жоқ)"Диваев Ташкентте бастырған. Абай Марабайдың жыр, дастандарымен жақсы таныс болған.
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан обл.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D3%99%D0%BD%D1%96%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%8B" \o "Жәнібек ауданы" Жәнібек ауд.Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау обл.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80_%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%8B" \o "Индер ауданы" Индер ауд.) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Орыс, татар, араб тілдерін тәуірмеңгерген.Махамбеттіңлирикалықөлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды.Шығ: «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер»  «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса»,  «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға», «Мұңайма», «Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). 
Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888 ж.) - Қазақтың байтақ даласында көрнекті ақын әрі батыр атанған азаматтың бірі. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданының қожатоғай кеңшары (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам жері). Шығ: Мәделі әдеби мұрасы — толғаулар, айтыстар, арнау өлеңдер. Мысалы, “Батырбек пен Байзаққа”, “Әбділда қожаға”, “Айналайын, Әзірет”, “Аман бол, Қосжарсуат туған жерім!”, “Датқа-еке, мен осында туып едім”, “Қанайға”, “Шәріпке”, “Кетпейді бастан бұлт күн жайланып”, тағыда басқа арнаулары мен толғауларында әлеуметтик ортаның қайшылықтары, атамекенін қорғап, Хиуа хандары озбырлығынан құтқарған ерлердің тарихи тұлғалары жырланады. ғұмырнамалық өлеңдерінде адамның ана құрсағында пайда болуынан бастап жүз жасқа дейінгі фәнилік кезеңдегі тағдырына дидакт.-филос. шолу жасалады. Ақынның айтыстарында (“өлбике мен Мәделі”, “Айым қызбен жұмбақ айтысы”, тағыда басқа) айтыскер ретіндегі шеберлігі аңғарылады. Ол атақты Майлықожа ақынмен де өнер жарыстырған (“Бес ғасыр жырлайды”, 1-т., 1989). Мәделі шығармалары баспасөз беттерінде (“Түркістан уәлаяты”, 1875, 1878; “Жас Қайрат”, 1924; “Оңтүстік Қазақстан”, 1973), хрестомататиялық-антологиялық жинақтарда (“Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы”, 1967; “Бес ғасыр жырлайды”, 2-том, 1984, 1989, 1991), жоғары оқу орындарына арналған хрестоматиялық оқу құралдарында жарияланған.Зерттеген: Х.Сүйіншәлиев, Ә.Оспанұлы
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931) ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар. Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Бозторғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын білеміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі болдық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жинағынан ала отырып, олардың бәрін қолжазбаның әр жеріне шашыратпай, бір жеріне ғана топтастыра орналастырған. Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар. Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша туралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “ 7 жасар Желкілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б. Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыстың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт –Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыстанбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жанақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” айтысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғжан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дерегімен де бірге берген. Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар.
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Туған ж:Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" .Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.1913 жылы ол АхметБайтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетіндеқызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады.. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1910" \o "1910"1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты..Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер 1993 — «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ.Умаров Жанры: “Деректіфильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”1994 — «Алаштуралы сөз» Алашордарежиссері: Қ.УмаровЖанры: “Деректіфильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм ”2009 «Алашорда»Алашордарежиссері: Қ.УмаровЖанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы Еңбектері: Оян қазақ,Бақытсыз жамал,Азамат жинағы,Терме жинағы,Есеп құрал оқулығы, Қирағат.
Молда Мұса, Мұса Байзақұлы (1849, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Шоқытас ауылы – 1932, сонда) – қазақтың халық ақыны. Шығ: “Сырым қызға”, “Қосай тілмашқа”, “Тышқан мен түйе”, “Ағаш пен маймыл”, “Опасыз жар”, “Сұлу әйел мен молда”.Жасында араб, парсы, шағатай, түрік тілдеріндегі әдеби шығармалармен танысып, Құлыншақ, Мәделі, Майлықожа, Бұдабай ақындардан тағылым алған. Ақынның хат түрінде жазылған Манат қызбен, Бұдабай ақынмен айтыстары сақталынған. Оның шығармашылығы туралы алғаш Ө.Тұрманжанов мақала жариялады. Молда Мұса – Құлыншақ, Мәделіқожа, Майлықожа сынды өз замандастары сияқты сықақ өлеңдерге де шебер болған. Оның осындай өлеңдері оны әлеуметтік дәрежесін көтеріп, ақындық шеберлігін шыңдай түседі. Мысалдары: «Адам мен аюдың достығы», «Ағаш пен маймыл», «Адалдық пен арамдық», «Қайырымды қыз мен қайыршы», «Тышқан мен Түйе» сынды мысалдары тәлім тәрбиеге толы Молда Мұсаның шығармашылығы көрнекті өзбек ақыны Мұхаммед Шәріп Гүлһани, орыстың мысалшы ақыны А.И. Крылов мысалдарымен сабақтас.
Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906 ж.ж Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы Айтысқан: Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25 жасында Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан Толғаулары: «Жалғаншы фәни жалғанда»(«Во времени обманном, бреном»),«Әттең қапы дүние-ай» («Омир, суетный, скоротечный»),«Өлім» («Смерть») Еңбектері: «Үш қиян», «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны» (Қазан 1908ж), «Ақын» (1912 ж), «Мұрат ақынның сөздері» (Ташкент 1924ж), «Бес ғасыр жырлайды» (1989ж), «Алқаласа әлеумет» (1991ж), «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» Термелері: «Өлім»,«Қыз»,«Арғымақ сыйлап не керек»,«Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» Шығармаларын зерттегендер: Х. Досмұхамедов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Тоқмағанбетов, Б. Омарова, Қ. Мәдібаев, Қ. Жұмалиев. Қайтыс болған жері:1906 жылы 63 жасында, Жайық бойындағы Өрлік поселкесінде.
Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп  1856, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекені — 21.6.1924, Өлеңдері:"Серікбай қажыға", "Байларға", "Қабдолла биге","Ғылым туралы", "Еңбек туралы", "Шәкірттеріме "Тәрібек болысқа" т.б. өлеңдерінде Абай үлгісіндегі сыншылдық қасиет керінеді. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9" \o "Абай" Абайдың талантты шәкірттерінің бірі.11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882 — 84 жылдары Сергиополь у-нде тілмаш болып істеді. 1884 — 87 жылдары Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Оның алғашқысы “Зияда-Ша?мұрат” дастаны 1884 жылы жазылып, 1890, 1892, 1893, 1896, 1909, 1912 жылдары немере туысы Жақып Байжігітұлының атынан Қазан қаласында баспадан шыққан. “Қисса-и Бә?рам” дастаны 1908, 1912 жылдары жарық көрді. Осы шығармалары және “Қожа Ғапон” “Нұрғызарун”, “Та?ир” дастандары —махаббат тақырыбына арналған қисса үлгісіндегі туындыларӘріп 1913 жжылы айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды.А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақ тіліне аударды. Қазір Семей, Аягөз қалаларында Әріп Тәңірбергенов атымен аталған көшелер бар.
Нарманбет Орманбетұлы (1859, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет атындағы ауыл Саға жері – 1918) – ақын. Ғұмар Қараш (1875 жыл Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Қырқұдық деген жері - 12 сәуір, 1921 жыл, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық округі жеріндегі Құнаншапқан) - ақын, қоғам қайраткер. Шығармалары: Нарманбет Орманбетұлы отаршылдыққа қарсы “Оян, қазақ!” деп ұран тастап, 1905 жылғы дума сайлауында “Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық” (“Сахараға қарасақ”) деп сөз бастаған. Ол орыс отаршылдығын, ел басындағы қасіретті, азаттыққа қол жеткізуді жырлаған (“Аждаһаның аузында”, “Ұран”, т.б.). Патшаның тақтан құлауын қуана қарсы алып, “Тілекті берген күн” атты өлеңін шығарса, оның “Айшаға”, “Жамалға”, “Дауысың қалай асыл” атты өлеңдері махаббат, жастық тақырыбына арналған. Нарманбет 1918 жылы Қарқаралыда совдептің уездік судьясы болып қызмет істеп жүргенде ауырып қайтыс болған. Абай дәстүріндегі Нарманбет сол кездің өзінде белгілі ақын, әрі шешен болған. Абай үлгісінде көптеген өлеңдер, нақыл өлеңдер, нақыл сөздер жазып шығарған. Ақын шығармаларының таңдаулы үлгілері 1939 жылы жеке жинақ болып жӘкесі Байғана жоқшылықты көп көрген. Анасы Үміт әнші, домбырашы әрі ақын болыпты, айтыстарға қатысқан.“Құбығұл”, “Төрехан”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Айман — Шолпан” сияқты жыр, дастандарды жырлаған
Наушабаев Нұржан (Нұрмұхамбет) (1858, қазіргі Қостанай облысы Алтынсарин ауданы – 1919) – ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Шығармалары:Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары “Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы” (1903), “Манзұмат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) атты жинақтарында Қазан қаласында басылған. Наушабаев өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. “Замананың қалпына айтылған сөз”, “Тақпақ”, “Терме”, “Леп ұрған жігітке” өлеңдерінде, сондай-ақ А.И. Крыловқа еліктеп жазған “Түлкі мен әтештің хикаясы”, “Өгіз бен есек”, т.б. Ақынның “Көкем-ай”, “Көңіл ажар”, “Жан сәулем”, “Асылай”, “Мұқидаш”, “Бес тілек”, т.б
Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.Айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады
Нұрпейіс Байғанин (20.06.1860, қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы — 9.4.1945, Әкесі Байғана жоқшылықты көп көрген. Анасы Үміт әнші, домбырашы әрі ақын болыпты, айтыстарға қатысқан. Шығармашылығы: Ол ақындық өнерді ең алғаш анасынан үйренген. 16 — 17 жасынан-ақ “бала жыршы” атанады. Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық жырларды үйренеді. Байғанин Нұрпейіс негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын “Құбығұл”, “Төрехан”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Айман — Шолпан” сияқты жыр, дастандарды жырлаған. “Ақкенже”, “Нарқыз” “Ер туралы жыр” (1942), “Жиырма бес” (1942) поэмалары Кеңес Одағының Батырлары Нарсұтбай Есболатов пен Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналған. Байғанин Нұрпейістің “Ақын шабыты”, “Ақынға”, “Отарба”, “Зор майданға шапшаң бар”, тағы басқа өлеңдері дәстүрлі терме мәнерінде жазылған.
Өске (Ысмайыл) Торқаұлы – ақын. Ол кісі 1788 жылыҚостанай облысыҚарабалық ауданындатуып1857 сонда қайтыс болған.Шығ: Жарасбай, Жантақай,Қылышбай,Асаубай,Байшүленсияқты байлар менНаурызбай би,Сүлейментөреге арнаған жырлары, Ыбырай Алтынсаринніңатасы Балғожа биді сынап жазған өлеңі бар. Сондай-ақ қыз-келіншектерге арнағанәзіл-оспақ, сайқымазақ өлеңдері кезігеді. Тәтті қызбен сөз қағыстыруы оның тапқыр сөзге кенде болмағанын, суырыпсалмалық қасиетін айғақтайды. Өске өлеңдері алғаш “Жаңа әдебиет” журналында (1929, ғ5) жарияланған, сегіз өлеңі “ХІХ ғасырдағықазақ поэзиясы” (1988) жинағында жарық көрген. Ел аузынан жинаған М.Хакімжанова, И.Жылқайдаров, О.Шипин. Ол туралы С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында айтылады.
Сабырбай Ақтайлақұлы (1793, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Құндызды өңірі — 1880, Апатай қыстағы) — ақын. Әкесі Ақтайлақ елге танымал би болған. Сабырбай жастайынан өлең шығарып, серілік құрған, жиын-тойларда көптеген ақындармен айтысқaн. Айтысқан тұлғалар: Сыбанның Түбек бастағaн 16 ақыны Жанақ ақынмен айтысып жеңілгенде, он жетінші бала ақын Сабырбай ғана жыр дүлдүлін тапқырлықпен ұтып кеткен. Бұл айтыс В.В. Радлов құрастырған “Образцы народной литературы тюркских племен” кітабының (1870) қазақ ауыз әдебиетіне арналған 3-томына енген, Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1906), С.Сейфуллиннің “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” жинағында (1931) жарияланғaн. Сабырбай айтыста алдына жан салмаған, Байбала есімді ақын қыздан ғана тізе бүккен. Сабырбайдың Жанақпен, Байбаламен айтыстарын М.Әуезов жоғары бағалaған, “Абай жолы” эпопеясында Қадырбай ақынның прототипі ретінде Сабырбайды алған. Сабырбайдың өз әкесі Ақтайлақпен, Құнанбаймен, Қуандықпен сөз қағысулары да сақталған. Ақынның “Барақ сұлтанға”, “Үш қызыл”, “Жанақ ақын-ға”, “Шaһар-ау, өлемін бе, өлмеспін бе”, т.б. өлеңдері заманa шындығын бейнеледі. “Сыбан Сабырбай ақынның Солтабай төреге айтқан сөзі” “Таң журналындa” басылса, айтыстары “Айтыс”,“Қазақ халық әдебиеті” жинақтарында жарияланғaн.
Серәлі Еруәліұлы (1835— 1876 жж).қазіргі Қостанай облысы қарабалық ауданы Осы өңірде көз жұмған. айтыс ақыны. Суырыпсалма өнерімен елге танылып, өз заманының белді ақындары Орынбаймен, Ұлбикемен айтысқан. Серәлінің Орынбаймен айтысының екі нұсқасы сақталған. Алғаш бұл айтыс 1914 ж. Қазан қаласында жарық көрген “Қазақтың айтысқан өлеңдері” жинағында, екінші нұсқасы 1931 ж. Сәкен Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинақта жарияланды.Өлең толғаулары, Серәлінің “Уа, дүние, мұнша қатты еттің мені”, “Біреуге жүз салмақты қиын білдім”, “Дос емес, дос сыртынан жамандаса”, “Дүние жарға ойнаған лақтайсың”, “Сұлушаш”, т.б. өлең, толғаулары заман ағымын, достық, адамгершілік, имандылық секілді қасиеттерді жырлауға арналған. Жоғары баға бергендер. Оның ақындықталантын С. Мұқанов, М.Мағауин т. б. Зерттеушілержоғары бағалаған. Шығ, ҚР ҰҒА ОҒқорындасақтаулы.
Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%B9_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B_(%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9_%D0%B8%D0%BC%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B)" \o "Семей облысы (Ресей империясы)"Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін.Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазу бастады.Баянауылда сотта жұмыс істеген, кейін орнына Қаныш Сәтбаев келді.Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933 ж. мамырдың 23 қайтыс болған.ШығармашылығыАқынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар.. «Биік тау», «Заман кімдікі» «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» , «Атылғандарға», «Жүрекке», «Ескі болыстың тәубасы», «Темірге», «Ерікті Айша», «Кемшілікте», «Бір жыл етті». «Кемшілікте» («Балалық» т. б.). («Қансонарда бүркітші шығады аңға...», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» т. б.)тәсілді «Ұлтшылға», «Қазақтарға қарап» атты өлеңдерінде Сәбит те бекем ұсынады.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы - 25 ақпан [1] 1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болды. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады.Ақмола 4 маусымдағы 1918 жылы Ақмоладағы ақтар төңкерісінен соң Сейфуллин тұтқындалып, 1919 жылы 5 қаңтарда Петропавл түрмеге жіберілген болатын. 1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.Еңбек Қызыл Ту ордені (1936).Шығармалары өткен күндер,Асығып тез аттандық,Кел жігіттер.Драмалары Қызыл сұңқарлар,Асау тұлпар,Домбыра Аққудың айырлуы,Экспресс,Социолистан.
Спандияр Көбеев (1878, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген.Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды. Шығармалары Екі соқа: Әңгімелер мен мысалдар.Қалың мал: Роман.Құстың ұясы: Әңгімелер мен мысалдар.Орындалған арман: Романдар мен мысалдар.
Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны.14-15 жасында ақын болған. Айтысты: Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезек төре, Бақтыбай, Қатаған. М.Әуезов оны (ХІХғ. Ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі. Шығ: “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр”,  “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, «Әділеттілік орнаса», «Бөрілі менің байрағым», «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері», «Төрелерге».Зерттеу:С.Садырбаев, Е.Естаев Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17 – 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған.“Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармалары.Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы)ақын,прозашы публицист ағартушы.*1912 – 13 жылдар аралығында“Оқып жүрген жастарға”,“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),“Ендігі беталыс”, “Оқудағы мақсат не?”, HYPERLINK "https://sites.google.com/site/torajgyrov/-le-deri/anau-mynau" \t "_blank" “Анау-мынау”, “Мағынасыз мешіт”, “Жарлау”,“Досыма хат”,“Шығамын тірі болсам адам болып”, “Түсімде”,“Жазғықайғы”,“Қымыз”,“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.“Ләнет бұлты шатырлап”,“Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған.“Ендігі беталыс”,“Тұрмысқа”,“Бір адамға”,“Туғанеліме”,“Сымбатты сұлуға”,“Қыз сүю”,“Гүләйім”,“Өмірімнің уәдесі”,“Жан қалқам”,“Гүл”, т.б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол“Шалмен қызға”,“А, дүние”,“Жас жүрек”,“Сарыарқаның жаңбыры”,“Адасқан өмір”,“Кедей”,“Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды.Көптген әдеби сын мақалалар ,очерктер жазды.
Тастанбекқызы Сара (1853-1907) – атақты суырып салма ақын, сөз майталманы, айтыс өнерінің қайталанбас шебері. Алматы облысының Қапал ауданында дүниеге келген. Руы: Найман. Өлеңдері:«Жүрек»,«Ашындым»,«Арсалаң аға алдында»,«Жүрек сыры»,«Жайлауда», «Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар. 1889 жылы Ә.Найманбаевпен, 1900 жылы Төребай Есқожаұлымен айтысқан. 1993 жылы Т.Қалилахановтың «Ақын Сара» атты кітабы «Жалын» баспасынан жарық көрді.Талдықорған қаласында, Алматы облысының Ақсу ауданында ақынға ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ туып-өскен жерінде мұражай ашылған. Табиғат тақырыбындағы («Шымылдық») өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер толғаныстарының мәні.Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның әлеуметтік мәні («Арсалаң алдында», «Аққу», «Қарлығаш», «Торығу», «Қош бол елім»).Ақынның Біржан сал мен айтысы, ондағы Сара өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық тағлымы. «Төребай мен Сара» - қыз бен жігіт айтысы мазмұнындағы ақындық өнер сайысы.
Түбек Байқошқарұлы[1] (1780-1870) - ақын, айтыс өнерінің аса көрнекті өкілі. Семей обл. Жарма ауд. «1 май сов.». Айтысты: Жанақ, Тезек, Қарқабат, Құлмамбет. Зерттеу: Түбектің Тезек тере, Сабыр бай, Құлмамбет, Қарқабат, Қосан, Бақтыбай, Орынбай сияқты танымал жыр жүйріктері мен айтысына М. О. Әуезов өз еңбектерінде ерекше тоқталған. М. О. Әуезов«Абай жолы»эпопеясында шынайы суреттеген. Түбектің талантына орыстың түрколог ғалымыВ. В. Радлов, ұлы ағартушы-педагогЫ. Алтынсаринжоғары баға беріп, оның Жанақпен айтысын өздері құрастырып шығарып, жинақтарға енгізген. 
Түбек Байқошқарұлы[1] (1780-1870) - ақын, айтыс өнерінің аса көрнекті өкілі.Абай аулына көршілес Сыбан елінде өскен.Жастайынан суырып салма елең шығарып, ақындығымен елге танылған.15 жасынан өлеңді серік еткен ақын алқалы жиындарда көптеген ақындармен сөз сайысына түскен.Түбектің Тезек тере, Сабыр бай, Құлмамбет, Қарқабат, Қосан, Бақтыбай, Орынбай сияқты танымал жыр жүйріктері мен айтысына М. О. Әуезов өз еңбектерінде ерекше тоқталып, Түбектің айтыс өнеріне үлкен баға берген.Поляк саяхатшысы А. Янушкевич 1848 жылы Семей облысында болған кезінде Түбек ақынмен кездесіп, бұл туралы өзінің «Қазақ даласына саяхаттан күнделік және хаттар»деген кітабында тебірене жазып, ақын талантына сүйсінген.1863 жылы атақты Құлмамбет ақынмен Тезек төренің үйінде айтысып жеңуі Түбектің даңқын бүкіл Жетісу өлкесіне мәшһүр еткен.1830 жылы ол Керекуге ақындығымен белгілі болған апалы-сіңлілі Жәкежан, Айымжандарды жеңген. Түбек өзінің суырып салма ақындық өнерімен жас Абайға да үлкен әсер еткен. Ұлы айтыскер ақынды ұстаз тұтып, талантын жоғары бағалаған. Бұл туралы М. О. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында шынайы суреттеген. Түбектің талантына орыстың түрколог ғалымы В. В. Радлов, ұлы ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин жоғары баға беріп, оның Жанақпен айтысын өздері құрастырып шығарып, жинақтарға енгізген.Өске (Ысмайыл) Торқаұлы – ақын, жырау. Ол кісі 1788 жылы Қостанай облысы Қарабалық ауданында туып 1857 сонда қайтыс болған .Өз кезіндегі заман ағымына үн қосып, әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген. Толғауларында заман, тіршілік, барлық пен жоқтық туралы ойларын ортаға салады.Тарихи деректерде бірде қыпшақ Өске, бірде танабұға Өске аталғанымен, барлығы бір адам турасында айтылған. Он жасында әке-шешесінен жетім қалған ол Қазы атты беделді адамның (қыпшақ Наурызбай бидің әкесі) қолында тәрбиеленеді. Жамағайын інісі Тоқбайдың жылқысын бағады. Қырыққа келгенше кедейлікпен күнін өткізген Өске қожайынымен ренжісіп, еліне оралады. Бұл жай оның “Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік, Көкшеге екеуара мінгесейік, Бауырына Қызылжардың қонып алып, Бір жаздай қымыз ішпей күн кешейік” деп келетін туындысында айқын айтылған. ӨскеніңЖарасбай, Жантақай, Қылышбай, Асаубай, Байшүлен сияқты байлар мен Наурызбай би, Сүлеймен төреге арнаған жырлары, Ыбырай Алтынсариннің атасы Балғожа биді сынап жазған өлеңі бар. Сондай-ақ қыз-келіншектерге арнаған әзіл-оспақ, сайқымазақ өлеңдері кезігеді. Тәтті қызбен сөз қағыстыруы оның тапқыр сөзге кенде болмағанын, суырыпсалмалық қасиетін айғақтайды. Өске өлеңдері алғаш “Жаңа әдебиет” журналында (1929, ғ5) жарияланған, сегіз өлеңі “ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1988) жинағында жарық көрген.
Тұрмағамбет Ізтілеуов  (1882, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин атындағы кеңшар (қазіргі Тұрмағамбет ауылы)-1939) - халық ақыны, аудармашы.  Алғаш Алдашбай ахуннан оқып, сауатын ашқан. «Шәкірттеріме», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдерін жазған. 18 жасында «Мәрді дихан» атты алғашқы дастанын шығарған. , «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану», тағы басқа да оннан астам дастан жазған.Т.Ізтілеуовтің шығармаларының негізгі тақырыбы - білім-ғылым («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілік («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмытылма ер дегенге», «Толымды жігіт»). Оның сондай-ақ сатиралық («Құрбанғалиға», «Бар» мен «Жоқ», «Ал» мен «Бер», «Бірге туған», «Құлжан биге», т.б.) өлеңдері келеңсіз құлық, адамдыққа жат қылықтарды әшкерелеуге арналды. «Назым», «Сөз берсем «жөндеймін» деп бұзасыңдар», «Әр елдің бар бұлбұлы», «Жоқ деме, маза өлеңде», «Жырыңды жаз жөрмелеп», тағы басқалары жатады. Сондай-ақ «Атаңның әуелінде белінде едің», «Адам» атты діни-философиялық жырлары мен бұрын баспа бетін көрмеген «Хазіреті Омардың хикаялары», «Пендесін Алла жеткерер», «Бұйрық» өлеңдерінде ол өзінің суреткерлік таланты мен дін ілімінің білгірі, терең психологиялық танымының иесі екендігін танытты. Т.Ізтілеуовтің табиғат тақырыбында жазған «Жыл келді», «Сыр бойы», тағы басқа өлеңдері де бар.Ақын 1936 жылы Ә.Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақ тіліне еркін түрде аударма жасаған (40 мың жол). Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т. б. жоғары бағалаған. Туындының «Рүстем - Дастан» аталатын бөлімі 1961 жылы, «Шаһнама. Рүстем - Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Қасиетті Қармақшым», «Ғасырлар толқыны» жинақтарына енген. Зерттеуші М.Байділдаев Т.Ізтілеуовтің ел ауызында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинаған.
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1856-1932) Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты № 5 ауылында 1860 жылы дүниеге келді. Кеңес үкіметі кезінде бұл ауыл «Өскен» деп аталды. Деріпсалдың Сандыбай, Маңдай, Әбіле атты үш ұлынан үлкен әулет тарады. Әйгілі классик жазушымыз, академик Сәбит Мұқанов «Қазақ әдебиеті» газетінде бұл мәселенің басын ашып, ашық айтқан. Ол әңгіме жайын бұрын да жазғанбыз. Ақынның өлеңдері мен толғау айтыстарын «Гәкку» атты бір кітап етіп (Астана, «Фолиант», 2005) шығардым, бірақ, бұл әлі толық дүние емес, іздей түсу қажет. Ал, әндеріне дегенде ақиқатты орнату керек. Мысалға, «Сырғақтының» Ыбырайдыкі екенін бала күннен білуші едім, Б. Ерзакович те солай дәлелдепті.Шығ: «Жиырма бес», «Қарақат көзді»,«Сүйгенім кете барды соңыма еріп», «Қалдырған», «Көкейкесті», «Көкшетау» секілді туған елге ынтық мархабатты, шапағатты өлеңдерін ұмытпаймыз. Ыбекеңнің әндерінің ішінде әлемге кең тарағаны «Гәкку» Әндері: «Гәкку», «Сырғақты», «Қараторғай», «Қалдырған», «Қарақат көзді сым саусақ», «Көкше», «Аңшының әні», «Па, шіркін!», «Алтыбасар», «Толқын», «Апай көк»
Ұлбике Жанкелдіқызы(1825 жыл,Сырдария ауданы,Қызылорда облысы - 1849 жыл,Жамбыл облысы,Талас ауданы,Үшарал)- қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы. Тал бойына алуан түрлі өнер дарыған ару.12-13 жаста ақын болды. Айтысқандар:Күдеріқожа,Майлықожа,Мәделіқожа,Таспақожа,Серәліқожа, Жанкент. Шығ:Бұрынғылар домбыра ұстап, айтатұғын «Қайым білесің бе?» деуші еді. «Қайым» деп екі ақынның айтысқанын айтады екен.Зерттеу: Сонда «Қайым» өлеңінің басын Күдері қожа мен Ұлбике айтысқан. Бұл екеуінен бұрын қайым өлең де жоқ, айтыс та жоқ. Бұрынғылардікі — мақал, тақпақ… Күдері қожа албырт бозбала күнінде Ұлбикемен айтысамын дегенде Күдерінің әкесі (Еркөшек қожада ақын екен, жырлап сөйлейді екен): «Бала, Ұлбикемен айысамын десең Бұхарға барып үш жыл оқып кел. Әйтпесе онымен сен айтысуға жарамайсың» — деген екен. Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Ұлбикенің асыл мұрасын жинауға М-Ж. Көпеев, Ә. Диваев, В.В. Радлов сияқты әйгілі фольклор жинаушылар айрықша ыждаһатпен ден қойған. «Бұдан 120 жылдай бұрын жанды бетіне қаратпаған ақын болып, қазақтан Ұлбике деген қыз шығыпты», — деп жазады Ә. Диваев. Ұлбикенің шығармаларын В.В. Радлов Санкт-Петербургқаласында бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялады.М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Жолдасбеков қатарлы білікті ғалымдар Ұлбикенің ақындығына жоғары баға берген.
Шернияз Жарылғасұлы (1806, қазіргі Ақтөбе облысы Ойыл ауданы — 1867, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) — халық ақыны.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%96%D1%88%D1%96_%D0%B6%D2%AF%D0%B7" \o "Кіші жүз" Кіші жүзқазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836 — 37) қатысқан. Шығ:“Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т.б. жырларын шығарды. Шернияздың “Ай, Қазы би, Қазы би”, “Тостағанды қолға алып”, “Ай жігіттер”, “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”, “Көл қылып құдайым талай судай ағын”, «Баймағамбет сұлтанға айтқаны».Зерттеу: Х.Сүйіншіәлиев. Шернияз өлеңдері үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшїүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) бар. Шығармалары 1925 жылы Мәскеуде, Ташкентте (Қ.Жансүгіров жариялауында) жарық көруінен бастап, әр кездерде шыққан орта мектептерге арналған хрестоматияларда, “18 — 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Айтыс” (1-т., 1965) жинақтарында басылған.
Шәді Жәңгіров 1855, Сырдария губерния Қызылкөл мекені, Созақ ауданы – 12.11.1933, қазіргі Өзбекстан, Сырдария облысы Қаратөбе мекені) – қазақ ақыны.Төре әулетінен шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуті әнші, домбырашы кісі болған. Шығ: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған.Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған.Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Жас бала 13 жасында-ақ "Мың бір түн", "Тотынама", "Шаһнама" секілді шығыс ертсгілері мен дастандарынан хабардар болған.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шығармалары:" Қалқаман- Мамыр", «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді
Шәңгерей Бөкеев (1847-1920) Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы — Көлборсыда өмір кешеді.Шығ: 1911 — 12 жылы “Шайыр”, “Көксілдер”, 1926 жылы “Үш жоқтау” жинақтарында жарық көрген. “Өмірдің өтуі”, “Ғылым”, “Эдисон”, т.б. өлеңдері өзгермелі, өтпелі өмірдің заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен, әсерлі суреттерімен бейнелейді. Бөкеев — қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын ақын. “Үш ғасыр жырлайды” және “Бес ғасыр жырлайды” топтамаларына өлеңдері енген. Жазықсыз жапа шеккен бұқара халық өкілдеріне (мысалы, Кубала ақын, т.б.) қол ұшын беріп, қолқабыс жасайды, Оралда “Қазақстан” газетін шығарысуға ат салысады. Шәңгерей өлеңдерінің ерекшеліктерін сөз еткенде, оның тіл көркемдігіне айрықша көңіл аудару керек, себебі Шәңгерей өлеңдері құрылысы жағынан 11 буынды, жыр ағымымен келетін 7-8 буынды, не 7 буынды өлеңдер болып келеді. 
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы,  Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Шығ: "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жорықтары", «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы». Одан 150—дей сурет қалған. Ресейдің шығыстанушы ғалымдары П.П. Семенов Тянь-Шанскиймен, В.П. Васьильевпен достық қатынаста болды. Зерттеуші: Ғ.Қарасаев, К.Сүтеева, О.Сүлейменов, Е.Уалиханов. Ол туралы шығарма: «Аққанжұлдыз» С.Мұқанов.
Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген.Шығ: “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, «Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға", «Атамыз Адам пайғамбар», «Шортанбайдың насихаты», «Келер заман сипаты».Зерттеу: Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нүскаларында» (1931), С. Мұқанов, К. Бекхожин құрастырған «қазақ әдебиетінің хрестоматиясында» (1942), «Айтыс» (1965) жинағында жарияланды.Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сайысқа түскен.  Шортанбай мұраларын алғаш зерттеушілердің бірі М.Әуезов Шортанбаймен қатарлас өмір сүрген ақындар шығарм-н тұтастай алғанда Шортанбай мұрасына сай “Зар заман ақындары” деп саралады. Шортанбай мұраларын зерттеу ісінде С.Мұқанов, І.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Нұртазин, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді.
Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Айтысты: Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай.  Зерттеу.Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағыпәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген.Шығ:(“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, «Байлық».
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келді. 1864 ж. 8 қаңтарда Ыбырайдың мектебі ашылады. 1876 жылы «Қазақ хрестоматиясы» жасалып, 1879 ж. Орынборда басылады. Торғай, Ырғыз, Тройск, Ақтөбеде 1879-1883 жж. Мектеп ашады. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ол туралы Ғафу Қайырбеков «Дала қоңырауы» дастаны, Жайсаңбек Молдағалиев «Таза бұлақ» романын жазды. Шығ: Жаз, Кел, балалар, оқылық, Қарлығаш, Қарға мен түлкі, Әй, достарым, Әй, жігіттер, Өзен, Өнер - білім бар жұрттар, Өсиет өлеңдер. Әңгімелер: Ізбасты, Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ, Алтын –айдыр, Алтын шеттеуік (Паульсон), Асыл шөп, Ақымақ дос, Білгеннің пайдасы, Бір уыс мақта (Паульсон), Бай баласы мен жарлы баласы, Байұлы, Баланың айласы, Бақша ағаштары, Данышпан қазы (Толстой), Дүние қалай етсең табылады, Жаман жолдас(Толстой), Жамандыққа жақсылық (Толстой), Жан-жануарлардың дауласқаны, Жиренше шешен, Жомарт, Жәнібек батыр, Зеректік, Киіз үй мен ағаш үй, Лұқпан әкім, Малды пайдаға жарату, Мейірімді бала, Мұжық пен жасауыл, Мұңсыз адам (Толстой), Надандық, Оқудағы балалардың үйішіне жазған хаты, Петр патшаның тергелгені, Полкан деген ит, Салақтық, Сараңдық пен жинақтылық, Сауысқан мен қарға (Ушинский), Сақып, Силинші деген ханым (Толстой), Сәтемір хан, Таза бұлақ, Талаптың пайдасы, Тышқанның өсиеті, Түлкі мен ешкі (Ушинский), Тәкәпәршілік (Паульсон), Шеше мен бала, Қанағат, Қарға мен құрт, Қыпшақ Сейітұлы, Үнді, Үш ұры (Толстой), Әділдік, Әдеп (Паульсон), Әке мен бала, Әлім кісі, Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш, Өтіріктің залалы. Қайырымды түлкі (Ушинский).

Приложенные файлы

  • docx 8857480
    Размер файла: 124 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий