География 11 сынып Геоморфология НЗМ Султанбаев..


ГЕОМОРФОЛОГИЯ
Мазмұны
1. Кіріспе............................................................................................................................... 4
2.Жер бедерінің қалыптасуында эндогендік үрдістердің әсері........................................ 5
2.1 Жанартау...................................................................................................................... 5
2.2 Жер сілкіну................................................................................................................. 8
3. Жер бетінің қалыптасуында экзогендік үрдістердің әсері.......................................... 10
3.1 Жел эрозиясы............................................................................................................. 10
3.2 Су эрозиясы................................................................................................................ 11
3.3 Физикалық, биологиялық, химиялық үгілу............................................................. 12
4. Адамдар мен жер бедері туралы..................................................................................... 14
5. Өзен эрозиясының үрдістері........................................................................................... 15
6. Өзеннің жоғары, орта, төменгі аңғарлардағы пішіні.................................................... 17
7. Меандрдың, ескі арна, атыраудың және аңғардың қалыптасу үрдісі......................... 19
8. Бұлақтар мен арықтардың топырақты шаюы туралы тұжырымдама......................... 22
9. Қар суының ағынынан пайда болған құмды, зандрлы жазықтардың
қалыптасу үрдісі.............................................................................................................. 22
10. Жалпы геоморфологиялық терминология................................................................. 24
11. Тест тапсырмалары........................................................................................................ 34
12. Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................................... 40
Кіріспе
Оқу әдістемелік құрал Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кіріктірілген білім беру бағдарламасына қосымша мәліметтер базасы.
Жер бедері географиялық ортадағы (компонент) құрам ретінде басқа табиғи құрамдардың дамуына және бүкіл географиялық ортаға әсерін тигізеді. Жер бедері, жер бетінің әр түрлі таксономикалық рангтегі табиғи территориялық кешендерге (ландшафттар) күрделі бөлінуінде басты роль атқарады.
Геоморфология (гр. ge - жер, morphe - пішін, logos - білу, тану) - бедердің құрылысын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі нысаны - бедер (француз тілінде reliev - дөңестілік) - құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге тау жаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т.б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының үгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан бедер пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамын, қасиетін және оларға әсер ететін процестерді анық білу кажет
Оқушылар жер бедерін қалыптастыруда эндогендік үрдістердің (жер сілкінуі, жаңартау атқылауы) және экзогендік үрдістердің (жел эрозиясы, су эрозиясы, физикалық ыдырау, биологиялық шіру және химиялық ыдырау) әсерлерін. Олар жер бедерінің қалыптасуындағы антропогендік ықпалдарды анықтай алу және жер бедернің адамның тіршілік және егіншілік әрекетіне әсері. Оқушылар бөлімнің негізін құрайтын өзен эрозиясы үрдісі және тасымал туралы түсінігін қалыптастырады. Олар өзеннің жоғары, отра, төмен аңғарлары туралы білімдерін арттырады және әр түрлі фотосуреттері мен карталарда сол ерекшеліктерін анықтап, талдайды. Олар меандр, ескі арна, атыраулардың, алқаптардың қалыптасу үрдісін меңгереді және карталар мен фотосуреттер оларды түсіндіре алу. Олар жер бетіндегі ландшафтардың маңызды элементі болып табылатын қар суының ағынынан пайда болған құмды, қиыршық тасты аңғарлардың қалыптасу үрдісін түсіну.
2. Жер бедерінің қалыптасуында эндогендік үрдістердің (жанартау атқылау, жер сілкіну) әсері
2.1 Жанартау
Жанартау (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары. Жанартау - төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім. Ол терендік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Атқылау каналдарының пішініне сәйкес жанартауларды орталық және жарықтық деп бөледі. Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған және сөнген болуы мүмкін. Жанартаулық атқылаудың типі, магманың мөлшері мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін анықтайды. Оның ең көп тараған типтері: конус тәріздес жанартау (атқыламасында сынық материалдар басым кезінде), күмбез тәріздес жанартау (тұтқыр лаваның сығымдалуы кезінде) және көлбеу қалқан тәріздес жанартау (сұйық лава аққан кезде). Жанартаудың бір рет қана атқылауы кезінде пайда болған түзілімді моногендік жанартау, бірнеше рет атқылаудан пайда болған түзілімді полигендік жанартау деп атайды. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 км3 жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі
Су асты жанартауы 3 – 4 км тереңдіктегі лавалық жарықтардан тыныш күйде шығып жатады, бірақ оларды тікелей бақылау мүмкін емес. Жер үсті жанартаулары атпа өнімдерінен құралады, ол орталық кратері бар конус пішінді тау түрінде болады. Сөнбеген жанартаулардың ең жоғары салыстырмалы биіктігі – мұхиттарда 9 км, аралдарда 6 км, таулы өңірлерде 3 км-ге жетеді. Жердегі сөнбеген жанартаулардың орташа биіктігі 1750 м, көлемі 85 км3.
Кесте-1. Дүние жүзіндегі ірі жанартаулар
Жанар таулар Биіктігі, метр Жанар таулар Биіктігі, метр
Еуразия: Солтүстік Америка: Ключевск шоқысы 4750 Попокатепель 5452
Фудзияма 3776 Мон - Пеле 1392
Этна 3340 Оңтүстік Америка: Авачин шоқысы 2741 Котопахи 5896
Гекла 1491 Австралия, Океания: Везувий 1277 Мауна – Лоа (Гавай аралдары) 4170
Стромболи 926 Руапеху (Жаңа Зеландия) 2796
Кракатау 813 Антарктида: Санторин 504 Эребус (Росса аралы) 3795
Африка: Меру 4567 Камерун 4070 Жанартаулар сөнбеген, потенциалды сөнбеген, шартты түрде сөнген және сөнген болып жіктеледі. Сөнбеген жанартауға соңғы 3500 жылғы тарихи кезеңде атқылаған не ыстық газдар мен су шығарған жанартаулар жатады, олардың жалпы саны 947 (2008). Потенциалды сөнбеген жанартауға 3500 – 13500 ж. ішінде байқалған голоцен дәуірінің жанартаулары жатады, олардың саны 1343. Голоцен дәуірінде ешқандай әрекет көрсетпеген, бірақ өзінің сыртқы пішінін сақтап қалған жанартаулар шартты сөнген жанартауларға жатады. Эрозияға шалынған, жартылай үгіліп, бүлінген және кейінгі 100 мың жылдан астам уақытта ешқандай әрекет жасамаған жанартаулар сөнген жанартау деп аталады. Жанартау шығу жолдарына байланысты орталық және жарықшақты болып бөлінеді. Магманың шығу тереңдігіне қарай жанартау мантиялық (30 – 70 км және одан да терең), қыртыстық (5 – 45 км) және аралас болып бөлінеді. Бірінші жағдайда базальт жынысы, екінші жағдайда басым көпшілігі андезит, дацит, липарит тау жыныстары, үшіншісінде барлық жанартаулық тау жыныстары шығады. Сөнген жанартау– көбіне қираған не шайылған, тарихи кезеңде белсенділігі білінбеген жанартау. Сөнген жанартауға кратері шайылып, Бүліне бастауы, беткейлерінде терең барранкостар пайда болуы мен құрылысының қирауы тән. Кейбір сөнген жанартау кейде қайта атқылайды. Мысалы,Камчаткадағы Безымянный жанартауы 1955 жыл әрекетін жандандырған. Әрекетті жанартаулар алаңында орналасқан сөнген жанартау ұйқыдағы жанартау деп аталады. Жанартаулардың атқылауы - Жер қабығындағы жарықтар мен каналдар бойымен ыстық газдардың, су буының, тау жыныстары сынықтарының, күлдің жәнелаваның Жер қойнауынан аспанға атылуы. Жанартау атқылаған кезде аспанға атылған шаңнан атмосфера қарауытады. Күн радиациясы бәсендейді және жарық азаяды. Ауа ағыстарымен атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралған жанартаулық ұлпа шаңдардан (күлден) оның атылған тұсында ғана емес, тіпті одан өте шалғай жерлерде аспанда шапақтың басқаша қызыл түсті оптикалық құбылысы болады. Жанартаулардың атқылауынан стратосфера мен мезосферадағы бұлттарпайда болады.
Жанартаулық тау жыныстары, вулканиттер – жанартау атқылауынан пайда болған тау жыныстары. Атқылау сипатына байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Жанартаулық тау жыныстары қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады.Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып, күмбез пішінді болып қатаюынан пайда болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы пішіні қатты өзгерген көне түрлері палеотипті, ал пішіні сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері – пирокластардан тұрады. Жанартаулық тау жыныстары Қазақстанның барлықаймақтарында кеңінен тараған: олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады. Жанартаутекті шөгінді кендерге силикаттар мен карбонаттардан, оксидтер мен гидроксидтерден тұратын темір мен марганецтің аса қалың қабаттары, құрамында темір, мыс, мырыш, кейде қорғасын сульфиттері және барит пен гипс болатын колчедан кентастары жатады. Мұндай кендер барлық геологиялық жүйелерде кездеседі. Жанартаутекті шөгінді кендерге Орталық Қазақстанның темір-марганец, Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары жатады.

Сурет 1. Жанартаудың құрылысы
1 - кальдера, 2 -сомма, 3 -конус, 4 - өзегі (кратер). 5 – өзек ауызы, 6 -лава толқыны, 7 - вулкан ошағы
Эффузифтік магматизм Вулкандық процесс үш сатыға бөлінеді: бастапқы (субвулканды), басты (оны жанартау атқылауы дейді) және ақырғы (фумаролды). Субвулканды саты. Жердің жоғарғы мантиясында күшті қызудан.
Эндогендік процестер – Жердің ішкі энергиясына, ауырлық күшіне және Жер айналған кезде пайда болатын күштерге байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық процестер. Эндогендік процестерге радиоактивті заттардың ыдырауы, әр түрлі химиялық реакциялар және жер қыртысының астындағы массалардың өзгеруі және т.б. жатады. Эндогендік процестер тектоникалық қозғалыстар (жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі, қатпарлану, бедердің ірі элементтерінің пайда болуы, жер сілкіну), вулканизм процестері (магманың көтерілуі, бедердін жанартаулық пішіндерінің құрылуы мен жанартаулардың атқылауы), таужыныстарының метаморфизмі және пайдалы қазбалар кенорындарының қалыптасуы түрінде көрініс береді. Эндогендік процестер жер бетінің морфоқұрылымына себепші болады және экзогендік процестермен бірге Жер бедерінің қалыптасуына қатысады
Эндогендік күштердің әсерінен жердің бір тұсы көтеріліп, тау мен қыраттар түзіледі, ал екінші тұсында төмен майысып, ойпаттар пайда болады. Жанартаулар жер бетінде кең тараған. Қүрлықтан басқа, жанартау пішіндері, жоғарыда айтылғандай, мұхит түбінде де бар. Кейінгі зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, тек Тынық мұхит ауқымында 3 мыңнан астам суасты жанартаулары кездеседі. Жер үстінде жанартаулар біркелкі тарамай, белгілі бір зоналарға жинақталған. Осы белдеудің біреуі негізінен бойлық, меридиандық бағытта Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларында орын алған. Екінші зона Тынық мұхиттың батыс жағалауындағы аралық иіндерге шоғырланған. Жалпы айтқанда, Тынық мұхит шеңбері жұқа мұхиттың қыртысы мен құрлықтың қалың қыртысының жапсарын шектейді. Белдеудің мұхит жағындағы тереңдігі 7 км-ден 11 км-ге дейін жеткен терең науалар, ал құрлық жағында биік тау жоталары (Кордильер-Анды) немесе арал иіндері (Курил, Жапон, Филиппин, Тайвань) орналасқан. Осылардың пайда болуы мұхит пен құрлық жапсарында материкке қарай еңкіш құлап, терең жер ментиясына дейін жеткен мұхиттан тектоникалық жарылымдарға байланысты. Мұндай терең және көлбеу жатқан сейсмоактивті жарылымдарды 1938 жылы жапон сейсмологы К.Вадати ашқан. 1946 жылы совет ғалымы академик А.Н.Заварицкий осы жарылымдардың бойымен Тынық мұхиттың отты шығыршығы деген жанартау белдеуі орын тепкенін көрсетті. 1949 жылы американ сейсмологы Х.Беньофф бұның толық сипаттамасын берген. Қазір солардың құрметіне мұны Вадати-Беньофф-Заварицкий зонасы деп атайды. Осы тектоникалық жарылымдарды бойлап мұхиттық тақта (плита) төмен қарай құрлық астына ығысады. Сонда мантияға кірген мұхит қыртысы балқып, базальт құрамды магма береді. Сол магма қысымнан көтеріліп, жанартаулардың тізбегін құрайды.
Үшінші жанартау белдеуі ― Жерорта теңізінен Индонезияға дейін созылған ендік бағыттағы белдеу. Бұл кайназой эрасының соңында жойқын Альпі қатпарлану әрекетінен пайда болған. Қазіргі заманда тау қатпарлану процестері бәсеңдеген. Белдеудің орта шегіндегі Карпат, Кавказ, Қарақорым тауларында жанартаулар сөнгенімен, оның батыс (Везувий, Этна) және Шығыс жағында (Кракатау, Тамбора т.б.) жанартаулар қазіргі заманға дейін атқылап тұр. Атлант белдеуін құрған, осы мұхитың орталық жотасында орналасқан төртінші жанартау белдеуі бар. Мұнда тектоникалық жарылымдар бойымен тізелген жанартаулардың көбі су астында атқылайды.
Бойлық бағытта созылған Шығыс африка жанартау белдеуі құрлықтық рифтер жүйесінің терең тектоникалық жарылымдарымен байланысты. Бұл белдеудің жанартаулары қазіргі заманда сөнген. Сондай-ақ сөнген жанартаулар Байкал ойпаңының маңында және Қытайдағы Санганхә аңғары мен Хинган ауларында кездеседі.
2.2 Жер сілкіну
Жер сілкінісі- жер қыртысы немесе мантия бетінің кенеттен қозғалуы нәтижесінде және тығыз тербеліс түрінде үлкен қашықтыққа берілетін жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі. Жер қыртысындағы сейсмикалық толқындар тарайтын нүктені жер сілкінісінің ішкі кіндігі деп атайды. Жер сілкіну ішкі кіндігінің ең қысқа қашықтықтағы жер бетінің орнын жер сілкіну кіндігі деп атайды. Жер сілкінудің қарқындылығын 12 баллдық сейсмикалық шкала бойынша (MSK-86) бағалайды, ал жер сілкінудің энергетикалық санаты үшін магнитуданы пайдаланады. Жер сілкіну шартты түрде әлсіз (1-4 балл), күшті (5-6 балл) және қирататын (8 және одан да көп) деп бөлінеді. Жер сілкінісі кезінде шынылар сынады және ұшады, сөреде жатқан заттар құлайды, кітап сөрелері мен аспа шамдар шайқалады, төбенің балшығы құлайды, қабырғалар мен төбелерде сызаттар пайда болады. Бұның барлығы қатты шуылмен бірге болады. 10-20 секунд сілкілегеннен кейін жер асты дүмпулері күшейе түседі, нәтижесінде ғимараттар мен құрылыстар қирай бастайды. Барлығы он шақты күшті дүмпулер бүкіл ғимаратты қиратады. Жер сілкінісі орта есеппен 5-20 секундқа созылады. Сілкініс ұзаққа созылған сайын зардаптар ауырлау болады. Сахалин облысының Нефтегорск қаласындағы жер сілкіну кезінде (1995 ж) қираған қала үйінділерінің астында 2000 адам мерт болды.
Жер сілкіну (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال‎, ағылш. earthquake) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Сейсмикалық толқындар таралуына қарай  қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.
Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады. Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 – 4 км/с. Сейсмикалық толқындар
туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді. Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.
Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.
Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:
Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км),
аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі.
Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашхабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 — 20 км, Ташкентте 5 — 10 км, Спитакта10 — 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B8%D1%8B%D1%80_%D0%A8%D1%8B%D2%93%D1%8B%D1%81&action=edit&redlink=1" \o "Қиыр Шығыс (мұндай бет жоқ)" Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 — 700 км тереңдікке жеткен). Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунамипайда болады.
Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы(Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген.
Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.
Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады.
Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі.
Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:
Тынық мұхиттық белдеу — Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан. Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ, құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері (Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут , Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб, Кариб , т.б. теңіздер) кіреді. Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан.
Жерорта теңіздік белдеу — Еуразияның оңтүстік арқылы, батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады.Бұл белдеуде жерсілкіну болатын ошақтардың 21%-і орналасқан.
Жерсілкіну ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты.
Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ.
Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады.

Сурет 2. Жер сілкіну ошағы мен белдеулері
3. Жер бетінің қалыптасуында экзогендік үрдістердің (жел эрозиясы, су эрозиясы, физикалық үгілу, биологиялық шіру, химиялық ыдырау) әсері
3.1 Жел эрозиясы
Экзогендік күштер тауды бұзады, ойпатты жерлерді борпылдақ материалмен толтырып тегістейді.
Жел эрозиясы - ең алдымен, жер бедерінің құрылысымен айқындалатын, одан кейін жел әрекетінің белгілі бір бағыттағы арнасын бойлай қопсыма материалдардың (құмның, көлдік сазбалшықтың) үрленуі.
Үгілу енімдері мен борпылдақ жыныстарды тасымалдау арқылы жер бедерін өзгертуде желдің маңызы зор. Жел әрекетінен қалыптасатын жер бедері пішіндерін золдық деп атайды. Әсіресе шөлдердегі құрғақ климат жағдайында жел әрекеті айқын көрінеді, мұнда құмды тебелер мен жалдар, толқын тәрізді эолдық пішіндер таралған. Теңіздер мен көлдердің жағалауларында да жел әрекетінен түзілген мұндай пішіндер жиі кездеседі.
 Топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен ұшуы салдарынан құнарының азаюы.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D0%BB_%D1%8D%D1%80%D0%BE%D0%B7%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B" \o "Жел эрозиясы" Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет.

Сурет 3. Жел әрекеті
3.2 Су эрозиясы
Су эрозиясы  – тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау жыныстарының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатыс бағытына, су ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның ірілі-ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геол. құрылысы да әсер етеді. Эрозия – жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі. Түзілген жербедер пішіндеріне байланысты беткі Эрозияға (ағын өткен жер беті ой-шұңқырлары тегістеледі) және тілімдеу Эрозиясына (жер беті сай-жыраларға тілімделеді) ажыратылады. Беткі Эрозияаңғар және арнаның бүйірлері бұзылып, ағынның жайылуынан, ал тілімдеу Эрозиясы ағын арнасының тереңдеуінен қалыптасады. Демек, Эрозиялық бедер пішіндері – бүйірлік және тереңдік Эрозиялардың нәтижелері. Кейбір ғыл. әдебиетте “Эрозия” термині негізінен мұздық, жел және теңіз толқыны әрекетін сипаттағанда жиі қолданылады. Эрозияқұбылысына қарсы күресу жолдары – табиғатты қорғаудың басты шараларының бірі болып табылады. Сонымен қатар Эрозияның қалыпты (табиғи) және


Сурет 4. Су әрекеті
3.3 Физикалық, биологиялық, химиялық үгілу
Физикалық үгілу ауа температурасының өзгеруіне байланысты жүреді. Күндіз күн көзінен тау жыныстары қатты қызады, ал түнде керісінше, қатты суынады. Соның нәтижесінде олардың көлемі бірде үлкейіп , бірде кішірейіп өзгеріп тұрады.
Температураның тез өзгеруінен жыныстар шытынап жарылады, одан соң бөлшектеніп кетеді. Тау жыныстары, әсіресе жарықтарға су кіргенде тез бұзылады. Жарыққа кірген су, қатқаннан кейін өзінің көлемін үлкейтіп, жарықты кернейді, соның салдарынан жыныс қақ айырылады
Қираған жыныстар салмағымен тау беткейімен төменге сырғып түседі. Климаты құрғақ аймақтарда таудың төменгі беткейін және етегін орасан зор үйінділер басып жатады.
Физикалық үгілу жер бедерін қатты өзгертеді. Оның әсерінен тау бастары біртіндеп бұзылып, аласарады. Беткеймен түскен жыныстар ойыстарды толтырады. Сөйтіп таулар бірте-бірте тегістеліп, жазыққа айналады

Сурет 5. Физикалық үгілу
Биологиялық үгілуде бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар, мүктер және т.б. организмдердің әсерінен болады. Олар таужыныстардың қуыстарында, жарықшаларында өніп-өсу барысында түрлі ерітінді заттар бөліп шығарады. Үгілу нәтижесінде жер бедерінің түрлі бітімдері қалыптасады.
Химиялық үгілу — тау жыныстары мен минералдардың құрамындағы реакцияға тез түсетін заттардың (оттек, кемір қышқылы, тұздар, қышқылдар, негіздер) ауадағы су буының көмегімен өзгеруі және өзара әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуы. Сондықтан химиялық үгілу ылғалды, ыстық климат жағдайындағы субтропиктер мен тропиктерге, сондай-ақ теңіз маңы аудандарына тән. Әдетте, үгілудің барлық әрекеттері қатар жүріп отырады, сондықтан айқын басымдылық танытатын әрекет түрі бірінші кезекте айтылады. Өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесі де белгілі дәрежеде физикалық және химиялық үгілу әрекеттеріне қатысып, кейде тіпті оның жүру қарқынын күшейтеді.
Өздерің тұратын өлкеде жер бедері пішіндерін қалыптастыруға қандай күштер әсер етеді?
Мәтінге сүйене отырып, оларға нақты мысал келтіріңдер.
Карсты морфоскульптура, суға тез еритін (әк тас, доломит, бор, ас тұзы, мергель) тау жыныстары тараған аудандарда дамиды. Оны ерітуге, тасымалдауға жер асты сулары қатысады, ал жер беттік сулар аз қатысады. Кейбір жағдайда, ол шайылу (эрозия) процесімен ұштасады. Онда үңгірлер дамиды.
Тау жыныстарының еруі жер бетінде де, жердің ішкі терең қабаттарында да жүреді. Нәтижесінде карсты рельеф формалары дамиды.
Жер астындағы мүсінді формалар (үңгірлер) жарықтар арқылы жер бетіндегі формалармен жалғасады. Ашық жер бетіндегі карст формалары дөңгелек ойысты. Олардың қатар орналасуында бір тәртіп жоқ, ретсіз, жүйеге бірікпейді.
Карсты формалар, жер асты су деңгейіне дейінгі аралықта жасалады. Аса терең жер қыртысының қабаттарында жер асты сулары аз қозғалады, ылғалға қанығып болғаннан кейін, карстар түзілу тоқталады.
Суға тез еритін жыныстар, жер бетіне шығып жатса да, тез арада карстелу процесі бастала қоймайды. Ол үшін, белгілі бір табиғи жағдай қажет. Алғаш ашық карст дамиды, егер оның үстінде суға ери қоймайтын жыныстар жауып жатса, онда карсты процесс тереңде жүре береді. Ол жер бедерінде айқын білінбейді. Білінсе де, қалың шөптері мен орман ағаштарының астында қалып қояды.
Ашық карсттар жер бетінде бірнеше тегіс формалар құрайды: карпалар, карсты құдықтар, шахталар.
Жер астылық карсты формаларға қуыстар, үңгірлер жатады. Морфологиясына , орналасуына қарай, үңгірлер тұйық не ашық, тік не көлденең болып бөлінеді. Үңгірлерде көлдер, өзендер дамиды. Кейде құрғақ болады. Онда сталактит, сталагмит деп аталатын сүңгімелер қалыптасады. Сондай – ақ үңгірлер жылы және суық болып та бөлінеді.


Сурет 6. Карстық үрдістер
Кесте-1. Дүние жүзіндегі ең ірі үңгірлер
№ Үңгірлердің атауы
Ұзындығы, км Географиялық орны
1 Флинт - Мамонтова 290 АҚШ, Кентукки
2 Хеллох 123,5 Швейцария, Альпі
3 Оптимистік 110,8 Ресей, Падолия
4 Озерная 102,6 Ресей, Падолия
5 Гринбайер 55 АҚШ, Батыс Виргиния
6 Айсризенвельт 42 Австря, Альпі
7 Тантолова 30,6 Австря, Альпі
8 Дахштейн Мамонтова 27,7 Австря, Альпі
9 Дань – де - Кроль 23 Франция, Изер
10 Паламера - Доленсия 21,5 Испания, Бургос провинциясы
11 Джуэл 21,0 АҚШ, Оңтүстік Дакота
12 Деменовске 20,5 Чехословакия
13 Барадла – Домицане Агтелек 20 Словакия карты
14 Энвил 19,2 АҚШ, Алабама
15 Крмсталды 18,8 Ресей, Падолия
16 Санто - Томас 18 Куба
17 Постойна 15 Югославия
18 Эйджен Олвен 14,4 Ұлыбритания, Оңтүстік Уэлс
19 Маленкий 14 Ресей, Падолия
20 Салайвен 13,6 АҚШ, Индиана
21 Кэрол 13,3 АҚШ, Миссури
22 Пауэлэ 13,2 АҚШ, Техас
23 Эн - Горнера 13,2 Франция
24 Карнесбад 11,8 АҚШ, Нью - Мексика
4. Адамдар мен жер бедері туралы
Пайдалы қазбаларды өңдеу барысында әр түрлі аккумуляциялық, яғни үйінділердің (террикондардың ) пайда болуы немесе ашық тәсілмен өндіргенде біршама ауқымды қазынды-ашық кеніштердің қалыптасуы.
Инженерлік-құрлыстарды, сонымен қатар елді-мекенді салу барысында аумақты тегістеу және топырақ үйінділерінің түзілуі, қоқысты жерлердің пайда болуы, урбанландшафттардың дамуы.
Мұнай мен газ құбырларын бойлай топырақ жамылғысының бұзылуы.
Темір мен тас жолдарын жағалай жыра-жырмалардың пайда болуы.
Агрогендік процестер- жыртылған жерлерде эрозиялық әрекетінің атауы, алаңдық шаю және үйілу, топырақтың батпақтануы және сорттандануы, жайылымдық жерлерде торақ деграциясы, шаңғыту, шөл құбылыстарының байқалуы.
Генетикалық ұстанымына жіктелген қазіргі геоморфологиялық процестер мынадай тәсілмен картаға түсіреледі. Алдымен бедер элменттері мен пішіндері категорисын белгіленіп, олардың қазргі кездегі қарқындылығын айыру қажет. Шөлді аймақтардағы аккумуляциялық және суффозиялық процестер. Мысалы, делювийлік беткейлердегі әр қарқынды делювийлік шайы мен үйілу процесстері, шөлді аймақтардағы аккумуляциялық және суффозиялық процесстер. Содан кейін осы процесстердің қарқындылығын түрлі-түсті өңмен (фонымен) немесе сызат белгілерімен карта бетінде белгілеу. Мұнда бецнелеу тәсілі де әр түрлі болуы ықтимал. Бірінші вариантта түрлі-түсті өңмен қазіргі геоморфологиялық процесстердің генетикалық түрін, ал түстердің қоюлығымен – олардың қарқындылығы. Екінші вариантта қазіргі процесстердің қарқындылығы әр түспен, сызатты белгілермен олардың генетикалық түрін, мысалы, ең қауіпті процесстерін қызыл түспен, ал баяу жүріп жатқан процесстерді – жасыл түспен бояйды.
Сонымен қатар , қазіргі геоморфологиялық процестердің қарқындылығын анықтау үшін, сапалық көрсеткіштермен қатар сандық көрсеткіштерді де қолдану тиімді.
Жоғарыда айтылған геоморфологиялық процесстердің көбі Қазақстанда кең дамыған. Иәсіресе Республикамыщздың қуаншылық денудациялық аймақтарында көбінесе эолдық әрекеті, яғни құм бөлшектерінің желмен ұшуы (дефляция), корразия, эолдық тасымалдау және шоғырлану процесстері кең тараған. Орталық Қазақстандағы Сарыарқа өлкелерінде үгілу процестерімен қатар, делювийлік шайылуы мен үгілуі, суффозиялық процестер, уақытша ағын суларының әрекеті кең дамыған. Соңғы кездегі Батыс Қазақстандаңы Каспий теңізінің су көтерлуықпалынан абразия процесі, яғни соқпа толқын әсерінен жоғарлардың бұзылу процестері қарқынды түрде жүріп жатыр. Қазақстаның оңтүстік және оңтүстік – шығыс жағындағы таулы өлкерлерін сел әрекетімен қатар сейсмотектоникалық қозғалыстар әсерінен опырмалылар, жылжымалар, сырғымалар, қар көшкінділері және тағы басқа көптеген гравитациялық және эрозиялық процестер байқалады.
Казіргі геоморфологиялық процестерді жоғарыда айтылған генетикалық принциппен жіктеу және арнайы шарты белгілермен геормофологиялық карталарға түсіріп, оларға қарсы шаралар қолданудың бүгінгі күндерде өте зор практикалық маңызы бар.
Антропогендік процестерге байланысты соңғы кездегі табиғат (сорттандану, опырылмалар, эолдық дефляция мен аккумуляция, ластану және т.б. зиянды құбылыстар) күннен күнге қарқынды түрде дамып келеді. Бүгінгі таңғы антропогендік әсерлер жер бедерінің өзгеруінде ең маңызды фактор ретінде жылдан-жылға өсіп келеді, соның салдарынан қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдік жағдайы бұзылып, әр түрлі өзгерістер пайда болуда. Кейде мұндай әрекеттер ғаламдық көлемдік ірі өзгерістерді туғызады.
5. Өзен эрозиясының үрдістері
Өзен эрозиясы  - аққан судың мүжу-шаю әрекеті. Терендеу эрозиясы, бүйірлік эрозия және регрессиялық эрозия болып бөлінеді.
Адамзаттың тіршілігі үшін өзендердің маңызы ауыз тола айтарлықтай: «өзен жағалағанның өзегі талмас». Өзен суы ауыз судың, өндіріске қажетті судың, жер суарудың, қуатты және таза электр энергиясының басты көзі.
Өзен суы жер бетіндегі және жер астындағы сулардан құралады. Өзеннің суы жыл маусымына байланысты сабасы жоғары немесе төмен болады. Жазғытұрым қар кілт ерігенде өзендер жағасынан шығып, Қазақстан жерінде бip-eкi айда өзен суының 70—80 проценті ағып өтеді. Жаз аяғында сабасы ең төменге түсіп, қайырланып жеке қарасуларға бөлшектеніп қалады. Биік таулы қар (мұз) суымен қорланатын өзендердің биік сабасы керіciншe шілде кезінде болады.
Сабасы толған кезде су көлемі 5—20 есе өседі, ағыс жылдамдығы су деңгейi төмен кезде жазықтардың iрі өзендеріңде ceкундінe 1-1,5 м (сағатына 3- 5 км), таулы өлкелерде 3—5 м (сағатына 15- 45 км) шамасында. Өзен арнасының ең терең жерінде ағыс қатты болады да, жағалау және түп беттерінде судың сүйкеліп қақтығысуынан ағыс баяулайды. Өзеннің бойында да оны ылдиы өзгepiп, қайраң, апан тұстарында ағыс жылдамдығы кемиді. Өзен сағасында су ауытқып, теңселіп, құйынша (турбулентті) ағады. Соның салдарынан су ирелендеп, оның барлық массасын түбінен бетіне дейін алмастырады, үгінділерді көтеріп, сүйреп, сыпырып отырады. Эрозия пpoцестepi оның бағыты мен арақатынасы өзен аңғарының даму сатысына байланысты. Эрозия екі түрге бөлінеді: түпкі (тереңдік) эрозия салдарынан ағыс түбін сойып, орып тереңдете түседі, бүйip эрозия салдарынан жағалау бұзылып, аңғар кеңи түседі.
Түпкі эрозия, өзен аңғарының бас жағында тереңдік эрозия басым болады. Тасқын тау жыныстарын бұзып-жарып, өзеннің құятын көл немесе теңіз деңгейіне тепе-теңдік бойлау қимасын жасайды. Өзен құятын бассейннің деңгейінен төмен қарай түпкі эрозия болуға тиic eмес. Содан осы деңгейді қзеннің эрозия базиci деп атайды. Өзеннің бастапқы (жас) кезінде оның аңғары кepi эрозия арқылы эрозия базисінен жоғары қарай қалыптасады.
Әдетте өзен аңғарының бойы үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігінде эрозия терендеп және жоғарғы су айырық бетке қарай жылжиды. Өзеннің орта шенінде ағын энергиясы көтерген үгіндіні тасымалдауға жұмсалады. Өзен төменгі тұсында аккумуляция басым болады.
Бүйірлік эрозия. Өзеннің бойлау қимасы жатықталғaн сайын түпкі эрозия біртпідсп баяулайды да бүйір эрозия күшіне кіреді. Өзен арнасының бойында бойлау ағыстан көлденең бағытты ағыстар туады. Олар әуелi су түбіне жетеді де жағаға қарай ұрынады. Содан cу түбі шайылып, үгінді жағаға соғылады. Онын бip шамасы жара бойында шөгеді де арна жиегінде қайрағдар түзеді. Өзен суы қайраң жиегіне соқтырып, ағыс жылдамдығы баяулайды да, алдынан кездeceтін кедергіні «сезгендей» олай-бұлай буландап ирелендей бастайды. Арна өз жағасын кеміре береді.
Өзендердің аңғарының кеңеюіне және жаға беттерінің асимметриялық қимасы түзілуіне жер шарының өз бетімен айналуы да ықпал жасайды. Орыс ғалымы К. М. Бэр солтүсік жартышарда бойлық бағытта ағатын өзендердің (Еділ, Енесай, Ертіс, т. б.) оң жағасы кашанда болса биік, жарлы, ал қарсы жиегі төмен ойпат болатынын байқаған. Оңтүстік жартышарда, керісінше, өзеннің сол жағасы биік жарлы, оң жағасы ойпаң болады.Аңғардың осылайша жаралуы жердің тәулік айналуының ықпалынан: жер бетіндегі жазық бағытта қозғалған дене (су) солтүстік жартышарда оңға ұрынады,оңтүстік жартышарда солға ығысады: экваторда ол күш нөлге тең. Содан жазықпен аққан су 6ip жағына сусып, арнасып жырып отырады.
Беткі суға атмосфералық жауын-шашыннан бастап ipi өзен ағыстарына шейін жатады. Олардың құрлық бетіндегі денудациялық жұмысы алуан түрлі. Сол себептен ағын суды жер бейнесінің мүсіншісі дейміз. Беткі су жер бедерін бұзады да оны үнемі аласартып отырады. Ағын судың жұмысы оның көлемі мен жылдамдығына тікелей байланысты. Ол жұмыс судың шаюынан, кeмipiп-жыруынан, шайындыны төмен тасымалдауынан, ақыр аяғында оны жинап-үюден құралады. Осының барлығын бipіктipiп флювиалдық (латынша «флювио» — ағым, тасқын) процестер деп атайды.
Беткейдің көлкіме ағыны. Жауын-шашын, қар еруі кезінде көлкіген су күші мардымсыз, сонда да сорғалап аққан су үгілу-тозу кезінде пайда болған майда үгіндіні беткейден төмен ығыстырып, шайып жуады. Соны алаңдық шаю дейді, шайылған жумасы тау-төбенің бөктepi мен етегінде жиналады да оны делювий (латынша «делюо» — шаямын) деп атайды.
Делювий шөгінділер етекті жамшыдай (шлейф) көмкереді. Оның ең қалың жepi де осы етекте болады. Teгістіктен шаю салдарынан баурайдың тіктігі біртіндеп еңкіштеніп, кейде ойысталып кетеді. Делювий үйіндісінің жоғарғы басында құм, кала берсе түйіршік, малта жиыны болса, төменгі етегінде майда сазды, құмайт жыныстардан түзіледі. Сол сияқты жазық далаларда да ұсақ үгінділер орын алады. Оған далалы өлкенің шөбі селдір болуының да әсері бар. Лайлы су сорғалап, тік етектегі ipi қорымдар кесектерінің арасын бітейді. Бұдан көретініміз, делювий шөгінділері қат-қабатқа жіктелмейтін біртұтас, жұмырланбаған, түйіршіктерінің өлшеміне қарай сұрыпталмаған,
арасында жануар, өсімдік қалдықтары жоқ жыныс үйіндісінің құрамынан тұрады.
Тұрақсыз ағынның әрекеті. Біркелкі тегістікті шаю жер беті жазық болғанда ғана орын алады. Әдетте жер үстінде табиғи жолмен немесе адам әрекетімен жаралған әр түрлі шұңқыр, өр-жылғалар жиі кездеседі. Оларға құйған су ағысы күшейіп, бетті ойып, жыртып әкетеді. Осы әрекетті эрозия (латынша «эродо— жырту, кемipy, сою) дейді. Соның салдарынан жыралар туады. Басында пайда болған кiшi-гipiм ойыстарға жауын-шашын жинала келе күшейіп, ойыстың бeтi мен шетін орып кетеді. Жыра өз бойынан төменге қарай да, ең басынан да өсе бастайды. Ол шақта жыраның бойлық қимасы өте тік түбі де ойлы-қырлы, сағасы аспалы болады да түпкі эрозия күшті бойлайды. Келесі күшті жауын немесе қар күрт ерiген кезде ағын жыраның жар басын жоғары қарай әpi жырып-сойып кете барады. Сөйтіп жыл сайын жыруы су айырыққа қарай өсе түседі. Жыраның осылайша ұлғаю процесін кepi (peгрессивтiк) эрозия дейді. Жыралар жан-жағына да тармақтана келе көп аумақты жыртып өтеді.
Жыралау эрозиясының қарқыны көп жағдайға — климатқа, жер бедеріне, жердің геологиялык құрылысына, өciмдік жамылғының қою, селдірлігіне байланысты.Кейде адамның шаруашылық әрекетінен де, мысалы, eгіндікті дұрыс жыртпау, туады.Жер бетінің жұмсақ жыныстардан түзілген аймақтарда сай-салалар сілемдері тез өседі.Мысалы, Дон өзенінің төменгі даладарында жыралар жыл сайын 1 -1,5 метрге өседі, ал Кавказ етегінде жылына 2—3 метрге жетеді. Украинада әpбip 100 шаршы километр жерде 100 -150 км жыра сілемдері бар Таулы өлкелерде де ауық-ауық су тасқындары өтеді. Күшті жауын немесе қар кенеттен еріген шақта таудың барлық сай-салалары, аңғарлары cyға толады да қатты ағыспен төмен құлдилайды.
Жол-жөнекей алапат тасқын дөңбек, малта, қиыршық тастарды, құм-лайды қоса ағызып, жолындағының барлығын күйретеді, жайпайды. Тасқын тау етегіне жеткен кезде оның ағыс жылдамдығы кенет басылады да ағын көптеген тарамдарға бөлінеді.Содан күші шұғыл кеміген тасқын ағызып әкелген жыныс бөлшектерін бөктерге жайып салып шөктіреді.Осы жыныстар жиынтығын ысырынды конус дейді. Оның тау жақ үшкір бұрыштарында ipi дөңбек, шала жұмырланған малталар, кесектер жиналады. Етектен алыстаған сайын құм, құмайттар шөгеді. Ысырынды конустың сыртқы шегін шаң-тозаңнан түзілген леес, леес тұқымдас тұнбалар алады. Шөгінділердің осы түрлерін ғалым А.П. Павлов пролювий (латынша «пролюо» - жуып-шаю) деп атады. Сол себептен алдыңғы майда түйірлі шөгінді келесі зор тасқынның ipi үгінділерімен көміледі.Kepiсінше, одан кейінгі мардымсыз тасқыннан олардың бетін ұсақ түйірлі келесі шөгінділер жабады.Сөйтіп,осылайша кездескен жағдайдан өте күрделі қабаттасу құралады.

Сурет 7. Өзен эрозиясы
6. Өзеннің жоғары, орта, төменгі аңғарлардағы пішіні
Өзен аңғары – негізінен өзендердің эрозиялық әрекеттерінің нәтижесінде пайда болатын жер бедерінің созылмалы пішіні; жер бетінің ғасырлар бойы аққан судың эрозиялық әрекетінен жуылып-шайылуы арқылы қалыптасқан, ұзына бойы иректеле созылған, бастауынан сағасына дейін түбі еңіс болып келетін, қазіргі кезде ағын арнасы бар бедердің терең теріс пішіні.
Оның қалыптасуы климаттық, эрозиялық, мұздық, тектоникалық процестер мен карстық (оқпалық) құрылыстарға тікелей байланысты. Өзен аңғарының элементтеріне оның табаны, тальвегі (фарватері), арнасы, жайылмасы, террасалары және аңғардың беткейлері мен жарқабағы (кемері) жатады.
Олардың көбі (әсіресе ірі аңғарлар) тектоникалық элементтермен байланысты (құрылымдық немесе тектоникалық аңғарлар). Өзен аңғарларының көлденең қимасының пішіні олардың даму кезеңіне, геологиялық құрылысына байланысты. Олар: қысаң, шат, шатқал, астау, У-тәрізді, трапеция тәрізді, анық білінбейтін және т.б. болып бөлінеді. Аңғарлардың бастапқы түрі — қолаттар, сайлар, өзектер, жыралар. Өзен аңғарлары арна, жайылма, жайылма үсті террасалар және түпкі жағалар, саға маңында кейде атыраулар немесе ысырынды конустар секілді морфологиялық элементтерден тұрады. Тектоникалық құрылымдар мен тау жоталарының созылымына қатысты бойлық өзен аңғарлары ажыратылады. Геологиялық құрылымының типіне байланысты бойлық аңғарлардың арасында синклиндік, антиклиндік, моноклиндік, лықсымалық және грабендік аңғарлар болып бөлінеді. Көлденең аңғарлар қаттылығы әр түрлі тау жыныстарын кесіп өтіп, кескінінде және планында морфологиялық бейнесін өзгертеді, яғни аңғардың жіңішке бөлікшелері кеңейген бөлікшелерімен алмасып отырады. Өзен аңғарларының конфигурациясы мен динамикасына жаңа тектоникалық қозғалыстар әсер етеді (әсіресе таулы аймақтарда).
Көлденең қимасының сипатына қарай аңғарлар төмендегідей типтерге бөлінеді:
саңылау – терең, әрі тар аңғар; таулы аудандарда кездеседі;
каньон – құлама беткейлі терең аңғар, әдетте табаны тар, таудан шыға берісте немесе таулы өңірде кездеседі;
шатқал – терең жартасты тау аңғары, әдетте беткейлері шығыңқы келіп, төменгі тұсындағы құламасы ұлғая түседі;
трапецияға ұқсас – көбіне жазық келетін шығыңқы немесе түзу көлбеу пішінді кең аңғар;
астау тәрізді – беткейлері ойыс, баурайы біртіндеп көлбеу пішінге айналады. Жазықтағы өзендердің аңғарын шабындық ретінде және әртүрлі аңғар шабын дақылдарын өсіруге пайдаланады.
Ағынды сулар әрекетімен жасалған рельеф формалары флювиальды деп аталады. Ылғалды климатты жағдайда, жауын – шашыны мол, еріген қар суы көп, жыл ішінде ағынды суы толас таппайтын аймақтарда кеңінен таралады.
Ағынды жер беті сулардың әрекеті екі жақты: жер бетін қазады, бұзады (эрозия) нәтижесінде теріс рельеф формаларын (эрозиялық) түзеді; жыныстарды тасымалдап шөктіреді (аккумуляция), әртүрлі шөгінді (аккумулятивті) рельеф формаларын қалыптастырады. Тұрақты ағынды су әкеліп, шөктірген шөгінді жыныстар – аллювий, ал маусымдық ағынды сулар әкеліп, шөктірген шөгінділер – пролювий деп аталады.
Ағынды судың массасында кәдімгідей қуат болады, жер бетін эрозиялық әрекетпен қазып, көп мөлшерде шөгінді жыныстар тасымалдайды. Түптік эрозия әрекетінен арна тереңдейді, ал бүйірлік эрозиядан, арна кеңейеді.
Ағынды арналар, бір-бірімен байланысып, дара өзен жүйесін құрайды (мысалы, Ертіс өзен жүйесі, Волга өзен жүйесі, Сарысу өзен жүйесі).
Бірнеше өзен жүйесі қосылып, годрографиялық торлар құрайды. Гидрографиялық торлар, кеңістікте флювиальды рельеф формаларымен сай келеді, жоғарғы ағысында ұсақ – жылға, жылғалар, сайлар дамыса, төменгі ағысында аңғарлар болып дамиды. Жылға, жылғалар, сайлар, флювиальды рельеф формаларының генетикалық типтерін құрайды. Оны алғаш ХІХ ғасырда өмір сүрген В.В.Докучаев айқындаған еді.
Әр түрлі ауқымды флювиальды рельеф формалары, өзен торының әр бөлігінде дамыған, бірінен-бірі морфологиясы жағынан айырмашылық жасайды. Олар әдетте, бірімен-бірі қиылыспайды, ұзына бойы созылып жатады. Эрозиялық рельеф формалары әрқашанда ашық, ірілері ұсақтарының қосылуынан жалғасып дамып жатады.


Сурет 8. Өзеннің гипсометриялық қимасы
7. Меандрдың, ескі арна, атыраудың және аңғардың қалыптасу үрдісі
Өзен аңғары дегеніміз– жер бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелендеп созылып жатқан жалпы еңістегі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойыс түрінде көрініс беретін бедер пішіні.Аңғар су ағындарының эрозиялық әрекеті нәтижесінде қалыптасқан.
Аңғарлардың төмендегідей негізгі морфологиялық элементтері бар арна,жайылма, террасса, аңғар жағалуындағы беткейлер.Жайылма өзен аңғарының сол өзен тасыған кезінде су басып кететін бөлігі.
Террассалар тегіс немесе аздаған еңістігі бар аңғардың беткейлер шегінде сатыланып орналасқан алаңдар, соның ішінде жайылма ең төменгі террасса болып есептеледі.
Аңғар беткейі өзен аңғарының екі жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі өзен арнасына бағытталған көлбеу жазықтық.Оның беті жыра, сай және басқа да жуып шаю әрекеттерінен пайда болған элементтерден тұрады.
Арна өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең тереңделген бөлігі.Оның ені әдетте ондағанметден бірнеше жүздеген метрге дейін жетеді, ал Амазонка немесе Янцзыцзян сияқты үлкен өзендердің сағасында арнаның ені бірнеше километрге жетеді.Арнаның ең терең нүктелерін біріктіретін иректелген сызық өзеннің фарватері немесе тальвегі деп аталады.Өзен арналары планда әдетте ирек бейнелі болып келеді.Арна ұзына бойы бір бірімен алмасып тұратын терең шұңғымалардан,яғни қарасулардан және тайыз, қайраңдар деген бөліктерден тұрады. Шұңғыма, яки қарасу бөлігі өзеннің иілген тұсында ұшырасады,ал қайраң шұңғымалар арасындағы арнаның түзу бөлігінде орын тепкен.Шұңғымалардың пландағы көрінісі иін тәрізді эрозиялық шұңқыр.Құмды жалдардан құралған қайраңдар өзен иінінің шығыңқы жағасынан келесі төменгі иіннің шығыңқы жағасына дейін созылып жатады. Қайраң мыныдай негізгі элементтер тұрады:жоғары қайыр, қайраңның астауынан жоғары орналасқан;төменгі қайыр,астаудан төмен орналасқан;жоғары иірімдік жыра немесе жылға қайраңнан жоғары орналасқан арнаның терең жері;төменгі иірімдік жыра немесе жылға қайраңнан төмен орналасқан арнаның терең бөлігі;бел қайраңның жоғарғы және төменгі қайырларын жалғастыратын ең биік бөлігі;қайраңның астауы арнаның фарватері өтетін, белдің ең терең бөлігі;арынды беткей;төменгі беткей.Кейде өзен арнасының бағытын өзгерткен тұстарында өзен табанының көтерілген жайпақ бөлікшесі өткелдер кездеседі. Әдетте қайраңдар мен шұңғымалардың орналасуы, көлемі мен биіктігі ағын судың тұрақты әсер етуінен үнемі өзгеріп отырады.Олар өзен ирелеңдеріне ұқсас өзен ағысымен ұзына бойына қозғалыста олады.Қайраң өзеннің тасыған кезде ұлғайып, судың төмен сағасына келген кезде шайылуға ұшырайды. Ал,шұңғымаларда керісінше,судың тасыған кезінде ,жыру процесі басым болады да,деңгей төмен түскенде бұл процесс бәсеңдейді.Өзен арнасы төменгі құрылымдардан тұрады:
- арал жайылманың бір бөлігі ,өзен қолтықтарымен немесе салаларымен
қоршалалған, өсімдік жамылғымымен бекітілген, орнықты;
- қалдық өзеннің негізгі арнасы мен өзеннің бөлініп қалған ескі өзен арасындағы
жайылманың бір бөлігі;
- жеңсала аралмен бөлінген өзеннің бір бөлігі;
- сала өзеннің негізгі арнасынан аласырақ кеткен және одан енсіздігі, тереңдігі,
ағысының жылдамдығымен ерекшеленетін бөлігі;
- шығанақ өзен жағасына терең біріккен өзен құрылымы;
- қайыр өзен арнасының саяз бөлігі,су тартылған кезде судан босап,құрғақ аралға
айналады;
- жағажай кең, тегіс келген,өзен тасындыларынан құралған өзен жалауындағы
жолақ;
- түбекше өзен арнасына сұғына кіріп жатқан құм шөгіндісі.
Өзеннің құмдардан тұратын арнамаңы қайраңдардың бетінде судың ағысынан пайда болған күрделі түрде тарамдалған толқындар іспетті шағын шағын иірімдер жүйесін ағыс иірімі дейді.Мұндай құмды толқындар су ағынының бір бағытта ағуының нәтижесі, нақ осы себептен олардың сыртқы пішіні ассиметриялы болып келеді.
Өзен меандрлары,меандр түрлері.Өзеннің ырғақты түрде ирелеңденуі меандрлар деп аталады. Меандр төмендегідей бөліктерден тұрады:
- меандр зонасы меандр иіндерін шектеуші сызықтардың арасындағы белдеу;
- меандр қадамы екі иіндер арасындағы арақашықтық;
- меандр мойыны иіндердің бір біріне ең жақындаған бөлігі;
- арна бойындағы жалдар иіндердің жайпақ шығыңқы жағасында жинақталған
аллювийлік материал;
- шпорлар өзен иіндері ішіндегі түпкі тау жыныстарының қалдықтары;
- жайылма құм жалдарының жылжымалы желпеуіштері;
- меандр радиусы иін ортасына өзен ортасына дейін өлшенетін иіннің дөңгелену
радиусы.
Ағынның алға жылжу бағытына байланысты, меандр түрлері сонымен қатар шұңғымалар мен қайраңдар жыл сайын аңғар бойымен төмен қарай 0.5-20м жылдамдықпен ығысады.Осындай жағдайда меандр мойнының ағысы бойынша жоғарғы жағы бірте бірте ағынмен шайылып, шпордың негізгі бөлігі жіңішкеріп көктемгі тасқын кезінде оны бұзып өте алады.Осындай жолмен арна түзіледі, ал иірім бөлігі өзеннен шет жаққа бөлініп, жеке апандар немесе көл тәрізді ескі арна құрады.Ескі арнанаың үлкендері көлдерге айналады.Оның түбінде лай балшық шөгіп, бұта басып кетеді, кішігірімдері жаз бойы құрғап, орнында иінді ойпаңдар қалады.
Н.И.Маккавеевтің айтуынша, неғұрлым өзен шығыны көп болып, өзен еңістігі аз болса, соғұрлым иіндердің дөңгелену радиусы жоғары. Жазықтағы кішігірім өзендер белгілі бір иін құру, яғни дөңгелену радиусының шегі болады. Бұл оптималды дөңгелену радиусы өзен түбінің арна ағысына минимальды кедергі жасау қабілетіне сәйкес болу керек.осыдан, өзен иіндерінің дөңгеленуі оптимальды радиустан асып кетіп немесе кем болған бөліктерінде, өзеннің қимасы қалайда болса бірте бірте деформациялану арқыл өзара қолйлы жағдайға келеді.
Жалпы меандрдың екі түрін ажыратуға болады: аңғарлық меандрлар олар бүкіл аңғардың иілістерін бұлжытпай қайталайды еркін арналық меандрлар жалпақ, тегіс аңғардың түбінде пайда болады.
Меандрлардың осы екі түрі өзеннің еркін иректену категориясына жатады,бұл су ағыны мен шайылуға ұшыраған тау жыныстарының өзара әрекеттестігімен ғана белгіленеді.Аңғардың созылыңқы иіндері аңғар жағасындағы түпкі тау жыныстарының әсеріне байланысты.Мұндай тұрақты тау жыныстарының әсеріне байланысты.Мұндай тұрақты тау жыныстаты өзен өзінің оптималды режиміне сай меандр түзуіне мүмкіндік бермейді.Еркін меандрлар өзеннің иректелу көлеміне әсер ететін төзімді тау жыныстарды жырып өтеді.Негізінде бұл құбылыстардың физикалық мәні әр аңғарда бірдей.
Іле Алатауының солтүстік бауырындағы Үлкен Алматы өзені иінінің біреуінде сирек кездесетін құбылысты байқауға болады.Ол өзеннің иілген тұстарында аралдың түзілуі.Ойлап қарасақ, ағын қатты болғандықтан аңғардың осы бөлігінде мұндай араддың тұзілуі мүмкін емес.Бұл қызғылықты фактының анализі өзен суы режимінің өзгеруіне байланысты.Көктемгі су тасуы кезінде өзен суы мол және жылдамдығы жоғары болғандықтан меандр көлемі де үлкен радиусты иінімен аға алмайды, сондықтан су ағыны өз режіміне сәйкес кіші радиусты иінді жасайды.әр радиусты иін ортасында аллювийдің шөгуңне қолайлы жағдай туады да, құмды арал пайда болады.
Жалпы айтқанда аңғар бойында екі түрлі меандр кездеседі.Су тасуына байланысты үлкен радиусты және өзеннің төменгі сағасына сәйкес кіші радиусты меандр.Алайда, арнаның морфологиялық элементтері негізінен су тасуы кезінде қалыптасатын болғандықтан, судың қайтқан кезіндегі әсері де аз болады, ол аңғардың морфологиясына аз ғана өзгерістер жасайды.
Кейінгі зерттелген мәліметтерден меандрлану құбылысы жазықтықтағы өзендермен қатар барлық тау барлық тау өзендерінде де дамитынын көрсетеді.Әрине бұл өлкелерде меандрлар жазықты өзендегідей айқын көрінбейді.Мұнда өзен иіндерінің қалыптасуы көбінесе тау жыныстарының қасиетіне және тектоника элементтеріне байланысты.Тау өзендеріне судың ағу жылдамдығы жоғары болуына сәйкес, өзен бұрылыстарында ағынның көлденең циркулияциясы да онша дамымаған, әйтпесе олар айқын көрінген меандрлар жасаған болар еді.Соныме қатар , таулы аймақтарда кейбір өзеннің бойында айқын көрінетін кіші радиусты иіндер қалыптасады.Мысалы, Есік өзені бойында , бөгеттің төменгі жағында мұндай құбылыстарды байқауға болады. Осылайша, тау өзендерінде де жазықтық өзендеріне ұқсас меандрлану құбылыстары бар.Тек тауда меандрлар айқын білінбеген.Соған қарамастан бұл құбылыстың физикалық заңы әр жерде бірдей.
Далалық бақылау мәліметтеріне қарағанда, алғашқы ағыстардың өзінде ақ ағынның иіндер құру тенденциясын құруға болады. Каналдар мен арықтар түзу болып салынғанымен бірте бірте уақыт өткен сайын ирек бейнелі айналып меандр құра бастайды.Мысалы жылы Есік өзенінде сел түріне өткеннен кейінгі екінші күні ақ Есік көлінің түбінде меандр түзеле бастады.Олар өзеннің жаңа қалыптасқан бөлігінде пайда болды, өйткені көлдің қазаншұңһөыры сел материалымен көміліп қалған тболатын.Дәл осындай құбылыс тау етегінде жаңадан қалыптасқан ысырынды конустың бетіндн де пайда болды және осы жерде өзен еңістігі едәуір құламалы жағдайына қарамастан.
Осылайша жер бетінде меандрлану белгісі судың жаңа аға бастаған кезінде пайда болатындығына көз жеткізілді.Бұл М.В.Великанов және Н.С.Шарашкинаның тәжірибелері арқылы да дәлелденді.
Жоғарыда айтылғандай, меандрланудың негізгі себебі өзенде ағыстың шиыршық спираль тәрізді пайда болуына байланысты және бұл жерде бүйірлік эрозияның ұзақ уақыт дамуы да үлкен роль атқаруы мүмкін.
Ағын өзінің арнасымен тоқтаусыз өзара әрекет жасау барысында тұрақты ағуына әрекет жасайды.Бұл, М.В.Великановтың пікірі бойынша, ағынның диссипация принципімен сәйкес, өзеннің ағуы кезінде түбінде кездескен барлық кедергіні жуып шаюына ағынның минималді күш салуымен түсіндіріледі.Өзен ағысының тұрақты және ұқыпты көрінісі меандрлану болып саналады.
Сонымен, меандрлану процесі өзен ағысының минималді күш жұмсау нәтижесінде кедергісі ең аз жолмен ағуы салдарынан пайда болған құбылыс.Меандрлану нәтижесінде өзеннің ұзындығы ұлғайып, шұңғымалар мен қайраңдардың арна бойымен ауысуы, жайылмалар мен террессалардың қалыптасуы, аңғардың меандрлануы арна ағыны дамуының негізгі заңдылықтарының бірі болып табылады және өзен аңғарларының барлық морфологиялық элементтерінің қалыптасуы бұл заңдылықтарына тікелей байланысты.
8. Бұлақтар мен арықтардың топырақты шаюы туралы тұжырымдама
Бұлақтар мен арықтардың топырақты шаюы нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригац. эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инженерлік құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т.б. шаралар жүргізу қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. Топырақ эрозиясының қарқындылығы жер бедеріне, беткейлердің тік болуына, жауын-шашынның түсу мөлшеріне, топырақтың түйіршікті құрамына, су сіңіргіштік қабілетіне, өскен өсімдіктеріне, т.б. байланысты. Эрозияға ұшырау мөлшері беткейлер мен шатқалдардың тіп-тігіне және су жиналатын алқаптың аум-на қарай әр түрлі болады. Топырақ эрозиясының көбіне ұсақ түйіршікті топырақтарда, жауын-шашын көп түсетін және күшті жел тұратын аймақтарда кездеседі. Топырақ эрозиясының күштірек болғанда топырақ құнарлылығын азайтып, себілген тұқым зиян шегеді, а. ш-ның жайылымдық жерлерін нашарлатады. Осының барлығы ауыл шаруашылығына орасан зиян келтіреді. Топырақ эрозиясының алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі.
9. Қар суының ағынынан пайда болған құмды, зандрлы жазықтардың қалыптасу үрдісі
Зандр (исл. Sander – құм) – ежелгі және қазіргі мұздықтардан еріген ағын сулар әсерінен мореналық материалдардың шайылып және шоғырлануынан пайда болған құмды, қиыршықтасты жазық. Әдетте, олар мұздықтардың алдыңғы немесе шет бөліктерінде қалыптасады. Таулы аудандарда Зандрларлар мұздықтардың “тілі” мен ең соңғы қалыптасқан моренаның аралығындағы шағын аймақтарды алып жатады. Кейде Зандрлар соңғы морена аймағынан төмен орналасады. Ең ауқымды Зандрлы далалар жазықтарда, төрттік мұздықтар көмкерген аймақ шетінде қалыптасады. Бетін өсімдік жауып үлгермеген құмды Зандрлар жел әрекетінен құм төбелерге айналады. Зандрлы ландшафтарға, негізінен, біркелкі тегіс жер бедері, ежелгі құмды төбелер, құмды топырақ, қарағайлы ормандар мен батпақтар тән. Орыс жазығындағы (Шығыс Еуропа жазығындағы) “полесье” деп аталатын жерлер Зандрлардың классикалық мысалы бола алады.
Белоруссия Республикасындағы плейстоцендік жамылғы мұзбасу атырабында кең тараған. Полесьеде, Мещера ойпатында,Ресейдегі Батыс Сібірде үлкен аудандарды алып жатады. Таулық мұздықтық өзендерде зандрлық террасалар түзіледі.
Қабаттасқан мұздық суларының шөгінділерінен тұрады: малтатас, гравий, құм. Зандрлар біріккен жайпақ тегіс, радиусы үлкен шығарынды конустар болып келеді. 3андр аландары тау етектерінде дамыған.
Мұз суының ағыны және оның шөгінділері. Мұз айдынының беті үнемі буланып, еріп отырады да олар мұзбен құрсауланған нағыз өзендерге айналады. Тасқын мұз бетімен де, оның жарықтарын бойлап та, мұз табанымен де ағады. Ағындары жол бойында кездескен морена үйінділерінен құм-лайды ағызып әкетіп, оларды әрі апарып шөктіреді. Осылайша мұз суынан шөккен угінділерді флювиогляциялдық шөгінділер дейді. Олар жер бетінде зандр, оз, кам деп аталған бедерлер түзеді.
Зандрлар (датша «зандр» — құм) деп негізгі моренаның сырт жағында құм, қиыршық, малта үйіндісінен қалыптаскан жайпау бедерді атайды. Мұз астынан жайық жерге шыккан судың ағысы кілт баяулайды да көптеген арналарға бөлініп, жайылып кетеді. Сонда ағызып жеткізген үгінділердің барлығы шөге бастайды. Ақырғы моренаның жиегінде ірі кесектері — малта қиыршық, ірі құм шөгеді, әрі қарай ауқымды өлкеде құм үйіледі, одан әрі ағысы әбден басылғанда құмайт, лай шөгеді. Сонымен зандрлы аймақ негізінде құм шөгінділерден құралады. Бет бедерінің көлбеуі 3—5° шамасында.
Мұздықтардың рельеф түзудегі әрекеті, қазіргі кезде қар түсетін, бірақ бірақ еріп үлгермейтін, нивальды климатты аймақтарда байқалады. Жиналған мұздық, өзінің салмақ күшінің әсерінен серпімді қасиетке ие болады, қозғалады. Жылжуы кезінде, жер бетін қазады, осы әрекетті экзарация деп атайды. Босаған жыныстарды, мұздық ысырып, бір орыннан екінші орынға тасымалдайды. Осы әрекетпен байланысты дамыған рельеф формалары мен тау жыныстарын мұздықты не гляцияльды деп атайды. Кейде, ол шөгінді тау жыныстарын моренналар деп атайды.
Дүние жүзінде ірі материкті мұздықтар қазіргі кезде Антарктидада, Гренландияда, Жаңа Зеландия мен Солтүстік Мүзды мұхиттың аралдарында тараған. Алып жатқан аудандары миллиондаған шаршы шақырым, ал қалыңдығы 0,5 – 4 шақырым болады.
Тауларда мұздықтар, әдетте, ой – шұңқырларға жиналады, сондықтан олар тұтас емес ойдым – ойдым болып жатады. Бұл мұздықтар аса қалың емес (100 – 300 метр), ені де ұзындығы да шағын (10 – 100 шақырым), бірақ қозғалысы жоғары болады.
Ол тау беткейлерінің құлау бұрышының үлкендігіне және қоректенуінің молдығына байланысты. Дүние жүзіндегі ең үлкен таулы мұздық – Федченко мұздығының (Памирде) ұзындығы – 80 шақырым, ені – 5 шақырым, ал қалыңдығы 1 шақырымға жетеді.
Қазіргі кездегі мұздықтар материктердің 10% жер бетін жауып жатыр, ал таулардағы үлесі небары 0,5%.
Мұздықтардың таралуы, шектеулі болғанымен, олармен байланысты дамыған рельеф формалары жер бетінде кең тараған. Бұл құбылысты, 600 мың жыл – 25 мың жыл бұрын жүріп өткен төрттіктегі (Q) мұздану процесімен түсіндіруге болады. Дәл сол кездегі материкті мұздықтар Солтүстік жарты шардағы құрлықтың әжептәуір алабын жауып жатқан еді. Мысалы, Шығыс Еуропа жазығында, максимальды мұздану Днепр өзенінің аңғарында, Днепропетровск қаласының ендігіне дейін келген.
Батыс Еуропада мұздықтар Финляния, Швеция, Норвегия, Дания, Исландия, Голландия, Польша, Германияның жартысынан көбән, Англия мен Ирландияны тұтастай жауып жатқан.
Солтүстік Америкада, мұздықтар Канада жерін тұтас, Нью – Иорк ендігіне, Огайо өзенінің Миссисипиге құяр сағасына дейінгі алқапта тараған.
Қазіргі материкті, әрі таулы мұздықтардың алабында екі аймақты ажыратады:
1. Қоректену аймақтары қар сызығынан жоғары бөлікте, тау шыңында жатады. Мұнда мұздың көлемі ылғи артып отырады.
2. Мұздықтың еру аймағы – қар сызығынан төмендегі бөлігі. Мұндағы мұздықтар қоректену аймағынан жылжып келетін мұздықтардың есебінен толтырылып отырады.
Қалыңдығы артқан мұздықтар құрлық бетін қазады, шұңқырлар жасайды, оны кеңейтеді. Қазып босатқан жыныстарын, өзімен бірге, жылжыған бағытында алып кетіп отырады. Олар мұз денесіне жабысқан күйде, үлкен – үлкен кесектер түрінде тасымалданады.
Жалпы геоморфологиялық терминология
Жаңа атауларды игеруге арналған жүйелік жұмыс, оқушылардың өзіндік жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады және материалдарды бекітуге мүмкіншілік береді. Төменде, оқушылар бірінші тоқсанда геоморфология пәнін оқыр үйренуде еркін игеруге қажет негізгі атаулар тізімдер мен анықтамалары берілген..
АБЛЯЦИЯ – 1) гляциялогияда – қардың еруі, булануы, желмен үрленуі немесе мұздың жойылуы (мұздықтың опырылуы, мұзтаудың бөлшектенуі және т.б.) нәтижесінде қар жамылғысының немесе мұздық массасының азаюы; 2) геоморфологияда – кейде «беткі шайылу» және «денудация» терминдерінің (үгілу өнімдерінің жойылуына әсер ететін процестердің жиынтығы есебінде) синонимі ретінде қолданылады.
АБЛЯЦИЯЛЫҚ МОРЕНА – еру моренасы, мұздықтың еріген кезінде беткі және ішкі мореналар материалдарының мұздық табаны мен түптік моренаның бағытына «бағдарланатын», сондай-ақ мұздықтың беткі моренасының «ағуына» сәйкес шөгетін моренаның типі.
АБРАЗИЯ – (лат. abrasio – қырып тастау, қырып кетіру) – жай толқындар мен соқпа толқындардың әсерінен мұхит, теңіз, көл және бөген жағаларының жеміріліп жырмалануы. Абразия су қоймаларда ондаған метр, мұхиттарда 100 м және одан да көп тереңдікке дейін тарайды. Абразияның әсерінен абразиялық жағаның әр түрлі пішіндері пайда болады.
АЛЛЮВИЙ, АЛЛЮВИЙЛІК ШӨГІНДІЛЕР (лат. alluvio – тосқын (тасынды), шайынды) - өзен аңғарларының жайылмалары мен террасаларын құрайтын арналық су тасқындарының (өзендердің, жылғалардың) шөгінділері. Пайда болуы жағынан таулық және жазықтық өзендердің аллювийі, ал шөгу жағдайлары бойынша арналық, жайылмалық, ескі арналық және т.б. деп бөлінеді. Түйірөлшемдік құрамы қойтастар мен малтатастардан бастап саздарға дейін өзгереді.
АЛЬПІЛІК БЕДЕР – қар сызығынан жоғары алқапта кең көлемді аумақты қамтитын, ұдайы мұз бен қар басқан биік тауларға, сондай-ақ плейстоценде мұз басуға ұшыраған тауларға тән жер бедерінің типі. Бұл тауларға үшкір шыңды қырқалар, терең тілімдену, жартастар мен қорымдардың және мұздықтық пішінді бедердің (карлар, цирктер, трогтар, карлингтер) кеңінен таралуы тән.
АМФИТЕАРТ (грек. amphitheatron, amphi – екі жағынан, theatron – төңірек, көрініс) – геоморфологияда – беткейлердің жарты шеңберленіп тұйықталуы. Пайда болуы жағынан мұздықтық (цирктер, карлар, морена шеттерінің белдері), жылжымалы (жылжымалы массаның үзілген шұңқыры) немесе жанартаулық (кальдерлер) болып бөлінеді.
АРИДТІК БЕДЕР (лат. aridus - құрғақ) – шөлдерге, шөлейттерге және құрғақ далаларға тән бедердің типі. Эолдық әрекеттердің, үгілудің, жазықтық шайылудың, мезгілдік ағыс сулардың және т.б. әсерінен қалыптасады. Қыраттарға, үстірттерге, тау алды өңірлер мен тауларға аридтік денудация және эрозия (тау алды жазықтары, педименттер, бедленттер және т.б.) пішіндері, ойпаттар мен жазықтарға тастақты шөлдердің әр түрлі типтері, сорлар мен көл ойпаңдары, тақырлары бар бедердің эолдық пішінді құмды шөлдері (шағылдар, қырқалы және ұяшық құмдар) тән.
БЕДЕР – көрінісі, мөлшері, пайда болуы, жасы және даму тарихы жағынан әр түрлі жер беті пішіндерінің жиынтығы. Қыраттарды түзетін оң пішіндерді және ойпаңдардан тұратын теріс пішіндерді құрайды. Масштабына қарай мынадай топтарға бөледі: планеталық (материктер мен мұхит шарасы), мегапішіндер (таулы жүйелер, жазық өңірлер), макропішіндер (тау жоталары, тауаралық ойпаңдар), мезопішіндер (төбелер, өзен аңғарлары, сайлар), микропішіндер (эрозиялық жырмаларкарст шұңқырлары), нанопішіндер (шалғындық томарлар, кеміргіштердің індері, жел иірімдері). Жер бетінде эндогендік және экзогендік процестер бірге әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.
БЕДЕР ПІШІНДЕРІ – жер бетінің ойлы-қырлы, яғни оң және теріс бедер кескіндері. Өлшемі (мегабедер, макробедер, мезобедер, микробедер, нанобедер); пайда болуы (тектоникалық, жанартаулық, сулық-эрозиялық, мұздықтық, карстық, эолдық және т.б. сонымен қатар әр түрлі процестермен түзілген полигенетикалық бедер пішіндері) және басқа белгілері бойынша ажыратылады. Бедер пішіндері әдетте, өзара үйлесіп, Жердің бедер жиынтығын құрайтын бедердің типтеріне жіктеледі.
БЕДЕР ЭЛЕМЕНТТЕРІ – 1) бедер қаңқасын құратын, әр түрлі генезисті бедер пішіндерін шектейтін жеке жазықтықтар, сызықтар және нүктелер (мысалы жеке беткейлер, террасаның сыртқы жапсар сызығы, шыңдар); 2) қандай да бір аумақтың бедерін құрайтын (тау жұрнақтары, карст шұңқырлары) және оларды үйлестіретін (төбешікті құм массивтері, зандр алаңдары) әр түрлі өлшемді және генезисті литосфера бетінің пішіндері.
БЕДЕРДІҢ АККУМУЛЯЦИЯЛЫҚ ПІШІНДЕРІ – теңіз, өзен, мұздық, эол және т.б. шөгінділері мен жанартау атқылауы (күлі, лавасы және т.б.) өнімдерінің жиналуынан, сондай-ақ адамның шаруашылық қарекетінің салдарынан пайда болған жер бетінің бедер пішіндері. Бедердің аккумуляциялық пішіндерінің жер беткі (арна маңы белестер, друмлиндер, камдар, морена жалдары, шағылдар және т.б.) және су асты (теңіз жазығы, су асты жағалық белестер және т.б.) пішіндері кездеседі. Бедердің көптеген пішіндері аралас та болады (мысалы, эрозиялық-аккумуляциялық өзен террасалары).
БЕДЕРДІҢ ТЕРІС ПІШІНДЕРІ – құрлық бетінің немесе суқойма түбінің тереңдігі, ауданы және пайда болуы әр түрлі ойпаң бөліктері. Ойпаңдар, қазаншұңқырлар, аңғарлар, шатқалдар және т.б. жатады. Олардың өлшемі жүздеген мың шаршы шақырымнан (ірі мұхиттық қазаншұңқырлар) бірнеше метрге дейін (карст шұңқырлары, үңгірлер және микробедердің басқа пішіндері) болады.
БЕДЕРДІҢ ФЛЮВИЙЛІК ПІШІНДЕРІ – тұрақты және уақытша ағын сулар әрекетінен қалыптасқан бедер пішіндері (аллювийлік, аллювийлік-пролювийлік жазықтар, аңғарлар, сайлар, жыралар, террасалар, ысырынды конустар және т.б.)
БЕДЛЕНД, БЭДЛЭНД (ағылшын. badlands, сөзбе-сөз – жаман жерлер) – жауын – жашын көп жауатын кезде уақытша ағатын өзендердің эрозиялық әрекетінен өте тілімделген, өткізгіштігі қиын, көбінесе борпылдақ балшықты және саздақты топырақтардан тұратын, климаты семиаридті және аридті, егіншілікке жарамайтын тау алды және аласа таулы өңірлерде тараған жер бедерінің типі. Бедленд климаты қуаң болатын елдерде – Орта Азия елдерінде, Қазақстанда, Арменияда көп тараған.
БЕТКЕЙЛЕР – құрлықта (таулардың, қыраттардың шегінде, өзен аңғарларының бойында және т.б.), сонымен қатар теңіз бен мұхит түбінде, эндогендік және экзогендік процестер нәтижесінде қалыптасқан жер бетінің еңісті бөліктері. Беткейлердің сипаты оларды түзетін тау жыныстарының құрамына, құрылысына, жердің абсолют және салыстырмалы биіктігіне, беткейлік процестердің қарқындылығына, климат ерекшеліктеріне, өсімдік түрлеріне, беткейлер экспозициясына және табиғи ортаның басқа да құрамбөліктеріне байланысты. Қандай да бір түрінің гравитациялық қозғалыстарының басымдығы бойынша және бедер түзуші процестердің сипатына байланысты опырылымды, жылжымалы, солифлюкациялық, делювийлік, эрозиялық және т.б. деп бөлінеді. Белдеулердің маңызды көрсеткіші – олардың еңістігі. Таулы беткейлердің орташа еңістігі 20º-тан жоғары, ал жазық өлкелерде 2-3º шамасында. Уақыт өткен сайын беткейлердің пішіні мен еңістігі өзгеріп тұрады.
БЕЛ, БЕЛЕС – г е о м о р ф о л о г и я д а - енсіз, ұзын және аласа жер бедерінің пішіні. Толқын, өзен, мұздық, жанартау және сел әсерінен пайда болады. Жағалық, сағалық, мореналық, шеңберлі және селдік болып бөлінеді.
БЭР ТӨБЕШІКТЕРІ – көбінесе Каспий маңы ойпатындағы Жем және Құм өзендерінің арасында кездесетін ендікке таяу бағытта созылып жатқан сопақша қырқалар мен төбелер. Биіктігі 10 -45 метр, ені 200-300 метр, арақашықтықтары 1-2 шақырым болады. Кейбір қырқалардың ұзындығы 25 шақырымға дейін жетеді. Құм мен саздың ұсақ тығыз ұнтақтарынан түзілген, эолдық процестен пайда болуы мүмкін. Алғаш орыс табиғат зерттеушісі К.М.Бэр сипаттап жазды (XIX ғасырдың ортасы).
ВЛЕЙ (ағылшын. vlei, гол. Valley - аңғар) – Оңтүстік Африкадағы борпылдақ шөгінділер бетінде түзілген, дөңгелек немесе сопақша ойыстар. Көлденеңі бірнеше метрден бірнеше шақырымға дейін жетеді. Грунт сулары жер бетіне жақын жатуына байланысты өсімдіктері қалың өседі де, айналасындағы шөлді және шөлейтті аумақтардан бөлектеніп тұрады. Жазғы жаңбырлар кезінде Влейде таяз сулы көлдер мен батпақтар пайда болады.
ГАЙОТТАР (бірінші болып ашқан америкалық географ және геолог А.Гайоттың атымен аталған) - әдетте, жанартау атқылауынан пайда болған, оқшауланған жайпақ төбелі су астындағы таулар. Негізінен, Тынық мұхитта таралған.
ГЕНЕТИКАЛЫҚ БІРТЕКТІ БЕТТЕР – бедердің (мысалы, өзен жайылмасының, делювийлік баурайдың, денудациялық беттің) пайда болуының біртектілігін көрсететін жер бетінің телімі.
ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОРФОЛОГИЯ – 1) бедердің пайда болуы мен дамуын зерттейтін геоморфологияның бөлімі. Синонимі – Морфогенез. 2) геологиялық құрылымына байланысты морфологиялық ландшафтылардың тарихын зерттейтін геоморфологияның бөлімі.
ГЕОАНТИКЛИНАЛЬ – геосинклинальдық ойыстарды бөліп тұратын, жер қыртысының көбінесе асимметриялы сызықтық көтерілімі (ені 50 – 150 шақырым, ұзындығы 2000 шақырымға дейін). Геоантиклинальдың жеке бөліктері – денудациясы ұзақ және қарқынды болатын зоналар. Мысалы, Орал таулары, Шыңғыстау.
ГЕОМОРФОЛОГИЯ (гр. ge - жер, morphe - пішін, logos - білу, тану) - бедердің құрылысын, жаралуын, даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым. Демек, геоморфология зерттеуінің негізгі нысаны - бедер (француз тілінде reliev - дөңестілік) - құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді. Эндогендік процестерге тау жаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т.б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының үгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан бедер пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамын, қасиетін және оларға әсер ететін процестерді анық білу қажет.
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАР – морфометриялық және морфологиялық белгілері, пайда болуы, жасы және серпіні (динамикасы) бойынша Жер бетінің (құрлықтың және мұхит түбінің) бедерін сипаттайтын карталар. Геоморфологиялық карталарды жалпы, жеке, арнаулы деп бөледі. Геоморфологиялық карталар жер бедерінің қазіргі пішінінің және геоморфологиялық процестердің карталары, геоморфологиялық аудандау; жер бедері дамуының өткен кезеңдерін көрсететін; Жер бедері мен геоморфологиялық процестердің келешекте дамуы бейнеленген болжау карталары болып бөлінеді.
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЛАНДШАФТ - өзара генетикалық байланыстағы, кейде сырт белгілері бойынша алуан түрлі, бірақ заңды түрде қайталанатын топтарды құрайтын белгілерінің пайда болуы – ортақ бедер пішіндерінің кешені.
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР – қандай да бір аймақта немесе бүкіл Жер шарында бедерді құрайтын эндогендік (тектоника, вулканизм) және экзогендік (эрозия, дефляция, карст және т.б.) процестердің жиынтығы. Терминді орыс геоморфологі И.С.Щукин ұсынды (1969ж).
ГРАБЕН, ОПЫРЫҚ ( нем. Craben-ор) – айналасындағы телімдерімен салыстырғанда құлама немесе тік жарықтар (айырылым) бойымен төмен түскен жер қыртысының ұзына бойы созылған телімі. Дүние жүзіндегі Г-нің ұлы жүйесі Шығыс Африкадағы сллтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. (мыс. Шығыс Африканың рифтік жүйесі).
ДЕЛЮВИЙ (делювий шөгінділері) – жауын-шашынның немесе еріген сулардың әсерінен тау беткейлерінде, етегінде үгінді жыныстардың жиналуы.
ДЕНУДАЦИЯ (лат.denudatio-ашылма) –уатылған тау жыныстарының жер бетінің ойпаң бөліктеріне сырғу немесе тасымалдану (сумен, желмен, мұздықпен, ауырлық күшінің, тікелей әсерімен) процестерінің жиынтығы. Д-ның қарқыны мен сипатына тектоникалық қозғалыстардың тербелу шегі және
жылдамдағы әсер етеді. Тектогикалық көтерілудің нәтижесінен Д. Басым болса, онда әр аймақтың абсолют және салыстырмалы биіктіктері ұдайы үгіліп, жер бедері біртіндеп аласарып отырады. Соның нәтижесінде таулы аудандар белесті жазықтарға –пенепленге айналуы мүмкін. Д-ның қарқындылығын өзендермен ағып келіп жиналған тосқындардың мөлшерінен көруге болады. (мыс. Амазонка өзенінің алабының жылына 1 млрд т- нан астам тосын жиналады.)
ДЕНУДАЦИЯЛЫҚ БЕДЕР- денудациялық процестердің нәтижесінде түзілген бедер. қ. Бедердің денудациялық пішіндері.
ДЕНУДАЦИЯЛЫҚ БЕТКЕЙ –денудация агенттерінің әсері нәтижесінде түзілген беткей немесе оның бөлігі.
ДЕНУДАЦИЯЛЫҚ БЕТТЕР –денудациялық процестерден түзілген және тау жыныстарын бір деңгейде қиып тұратын жайпақ немесе біршама белесті жер беті. Д.б. тектоникалық әрекеттің әлсіреген кезіндегі денудация базисінің ұзақ тұрақтануы кезеңінде қалыптасады. Таулы аудандарда кейде денудация базисінің жиі өзгеруі кезінде әр жастағы Д.б. пайда болуы мүмкін және олардың ең байырғылары, әдетте, жеке бөліктер түрінде сақталады. Кейде «Д.б.», термині «тегістелу бетінің» синонимі ретінде қолданылады. қ. Бедердің денудациялық пішіндері.
ДЕПРЕССИЯ ( лат. depressio –жаныштау, төмен түсу, бату) -1) геоморфологияда- жер бетіндегі кез келген көбінесе тұйықталған ойпаңдар. Тар мағынада – теңіз деңгейінен төмен жатқан (құрғақ немесе су толған) ойыстар, қазаншұңқырлар (мыс. Каспиий теңізі мен оның шығыс жағындағы Қарақия, Жазқұрлы, Басқұрлы, Қауынды ойыстары); 2) метеорологияда- «бар депрессиясы» деген мағынаны білдреді; 3) гляциологияда- қар сызығының депрессиясы, төмендеуі.
ДЕПРЕССИЯ-1) депрессия деп, кең мағынада жер бетіндегі кез келген ойпат жерлерді айтады, ал тар мағынада, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыс; қазаншұңқыр сияқты рельефтің теріс пішініне Турфан, Сарықамыш құрғақ ойыстары немесе суға толған Каспий, Өлі теңіз ойыстары жатады; 2) тектоникалық депрессия деп жер қабығының ойыстана келіп, түгелдей немесе жартылай шөгінді толған түрін айтады. Мысалы, Тәжік депрецисы.
ДЕФЛЯЦИЯ (лат. deflation –үрлеу, ұшырау) – тау жыныстарының және топырақтың жел әсерінен бұзылуы үгілуі. Көбінесе шөлді жерлерде байқалады.
ДЕФЛЯЦИЯЛЫҚ ҚАЗАНШҰҢҚҰРЛАР (ОЙЫСТАР) – борпылдақ материалды желдің үрлеп әкетуінен пайда болған бедердің теріс пішіні. Беткейлерден еріген қар, нөсер, жаңбыр суларымен сілтіленген немесе ағып келген тұздардың жиналған жерінде пайда болады. Құрғаған сорларда тұзды-минералдар шаң түзіледі. Үрленген қазаншұңқырлардың көлденеңі бірнеше метрден ондаған км-ге, тереңдігі 150 м –ге дейін барады. Ең ірі және терең қазаншұңқырларды үгілу ойыстары деп атайды (мыс. Орталық Азиядағы Турфан ойысы).
ДӨНБЕКТАС(Валунник)-жақсы тегістеле келген, мұздықтардың және тасқын су әрекеті әсерінен жұмырланған тау жынысы. Д.Еуропада, әсіресе оның солтүстік және орталық бөліктерінде көп ұшырайды. Бұл жерде оның жиі кездесуі, бір кезде Еуропанының солтүстігінде түгелінен ұзындығы 0. 5-2 дейін барады.
ДРУМЛИНДЕР(ағылш.drumlins) –негізінен, материктік мұз басу атыраптарында тараған, өзгегі түпкі тау жыныстарынан немесе флювиогляциалдық құмдардан тұратын, үстінгі жағы мореналдық шөгінділерден түзілген созылыңқы эллипс пішінді төбелер. Ұзындығы жүздеген метрден 2-3 км-ге, ені 100-200 м (кейде 700 м), биіктігі бірнеше метрден ондаған метрге дейін болады. Байырғы мұздықтардың жылжыған бағытымен созылып жатады, жайдақ тегістелген беткей бұрынғы мұздыққа, ал тіктеу келген беткейі қарама – қарсы жаққа қарайды. Д. өбінесе мұз астындағы аккумуляциялық процестердің және мұздық эрозияның әсерінен пайда болды. Кейде Д. Друмлин далаларын түзеді. Олардың ең үлкенінің (АҚШ – тың Нью- Йорк штаты) ішінде 10 мыңға жуық Д. бар. Д. Эстония мен Латвия жерлерінде де кездеседі.
ЖАҒАЛЫҚ БЕЛ – теңіздің немесе көлдің толқындануы әсерінен пайда болған бедердің аккумуляциялық пішіні. Өзімен құралыптас жағалық сызықпен қатарлас созылып жатыр, биіктігі бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін болады. Ж.б. құмнан, малтатастан, қиыршық тастан, ұлу тастардан тұрады, қимасы ассиметриялы, су жақ беткейі көлбеу болады. Жағалық бел су қоймаларының көлемдері мен деңгейлері өзгерулерінің көрсеткіштері болып табылады. Деңгейлері жиі өзгеріп тұратын кейбір суқоймаларда, әсіресе көлдерде су асты жағалық бел сақталған.
ЖАҒАЛЫҚ БЕТКЕЙ – суқоймалардың (мұхиттың, теңіздің, көлдің) жағалары жағына қараған, әдетте, биік және тік, құлама болып келетін құрлықтың беткейі.
ЖАЗЫҚТАР – жер шары бедерінің маңызды элементтерінің бірі; біршама тегіс бетінің үлкен атырабын алып жатқан, биіктік айырмасы өте аз (200 метрден аспайтын), сәл еңістеу келеді. Жазықтар басым көпшілігінде ежелгі жас платформада жайғасады. Құрлықтың әр түрлі биіктігінде, сонымен қатар мұхит пен теңіз түптерінде (су асты жазықтары, соның ішінде, абиссалдық жазықтар) болатын жазықтар. Құрлықта ойпатты жазықтар (0-200 м), қыратты жазықтар (200-500 м). Орогендік атыраптарда бір жағына қарай сәл еңістеу (тау алды жазығы) немесе ойысты (тау аралық жазықтар) болып келеді. Морфология жағынан тегіс, сатылы, белесті, жонды, жонды-төбелі болады. Экогендік бедер түзушң процестерге байланысты денудациялық (тұғырлы немесе қабатты) және аккумуляциялық (аллювийлік, көлдікғ мұздықтық, пролювийлік, эолдық және т.б.) жазықтарға бөлінеді. Жазықтар жалпы жер бетінің 15-20 пайызын алып жатыр.
ЖАЙПАҚ ТАУЛАР – биіктігі 1000 метр және одан да жоғары, тар және терең аңғарлармен тілімденген, төбесі біршама тегіс немесе белесті жайпақ, сәл деформацияға ұшыраған тау жыныстарынан құралған кең ауқымды биік таулы өлке. Жайпақ таулардың көбі таулы қыраттардың ішкі бөліктері болып табылады.
ЖАЛДАР - әр түрлі себептерден (эолдық, аллювийлік, мұздықтық, сулық-эрозиялық т.б.) пайда болған, енсіз жайпақ және ұзына бойы созылған қырат түріндегі жер бедерінің пішіндері. Кейде шоғырлар (жалды бедер) құрайды. Ұзындығы жүздеген метрден ондаған және жүздеген шақырымға жетеді, биіктігі 100-150 метр болады. Көбінесе Солтүстік Қазақстан,Батыс Сібір және Құланды далаларында таралған.
ЖАНАРТАУ ТАУЛАРЫ – жеке жанартаулардың қосылуы нәтижесінде түзілген оқшау тұрған жанартау конустары мен жоталары және жанартау таулы қыраты. Жанартау таулары тұтас таулы атырап құруы да мүмкін.
ЖАНАРТАУ ҮСТІРТІ – жер бетіне лаваның орасан үлкен массасы атқылаған кезде түзілетін үстірт. Мысалы Солтүстік Америкадағы Колумбия үстірті, базальттан тұратын Кавказ алды үстірттері, игнимбриттен тұратын Жаңа Зеландияның жанартау үстірті.
ЖАР – тасқын судың шаюынан пайда болған өзеннің тік биік не құлама жағасы, беткейі. Жаңа тектоникалық қозғалыстардың, абразиялық, эрозиялық т.б. процестердің нәтижесінде қалыптасады. Бұл процестер толастағаннан кейін құламалы жағалары гравитациялық қозғалыстар әсерінен бірте-бірте жайпақтала бастайды. Бэр заңына сәйкес Жердің Солтүстік жарты шарында жар көбінесе өзендердің оң жағаларында байқалады.
ЖАРҚАБАҚ – үстірт, суқойма және өзен аңғары мен терассасы тік беткейінің өзінің жоғары жатқан көлбеу немесе жазық бөлігінен төменгі жатқан тіктеу бөлігін ажыратып тұратын қыры, қабағы.
ЖАРЫҚТАР – тұтас тау жыныстарының әр түрлі себептермен жарылуы әсерінен бөлшектенген бөліктерінің араларында пайда болған ыдырау сызықтары. Пайда болу тұрғысынан тектоникалық жарықтар және бейтектоникалық жарықтар болып екіге бөлінеді. Тектоникалық жарықтарға тектоникалық айырылымдар, кливаж; бейтектоникалық жарықтарға үгілу жарықтары, опырылма жарықтары, жылжыма жарықтар жатады.
ЖЫРАЛАР – негізінен, уақытша су ағындары әрекетінен қалыптасп, тарамдарға бөлінген эрозиялық бедер пішіндері. Оған орман-тоғайлардың ұқыпсыз кесілуі, беткейлердің жыртылуы себепші болады. Ұзындығы бірнеше метрден бірнеше шақырымға дейін, ені мен тереңдігі ондаған метрге дейін жетеді, көлденең қимасы көбінесе V тәрізді болып келеді. Жоталы жазықтарға және оңай шайылып кететін түзілімдерден (лесс және лесс тәрізді саздақтар) құралған тау алды жазықтарға да тән.
ЗАНДРЛАР (исл. sandr, sand - құм) – ежелгі және қазіргі мұздықтардың шеттеріне таяу жерлерде шайылған және қайта шөккен мореналардан түзілген жазық беттер (негізінен, құмдардан, сондай-ақ шақпа тастардан, шала өңделген қиыршық тастардан тұрады). Белоруссия Республикасындағы плейстоцендік жамылғы мұз басу атырабында кең тараған. Польеседе, Мещера ойпатында, Ресейдегі Батыс Сібірде үлкен аудандарды алып жатады. Таулық мұздықтық өзендерде зандрлық терассалар түзіледі.
ЗОЛЛДАР (нем. Soll - ойпаң) – көбінесе термокарстық жолмен пайда болған, тереңдігі бірнеше метр, диаметрі ондаған метр, суға немесе шымтезекпен толы дөңгелек ойыстар. Плейстоцендік мұз жамылғысы дамыған атыраптарда, негізінен, байырғы мұздықтардың шеткі жақтарында (кейде үлкен топтар түрінде) кездеседі. Орта Еуропа жазығында көп тараған.
ИЛЛЮВИЙ (лат. illuvies- шайынды лай) – топырақтың жоғары қабаттарынан (гумустық және эллювийлік) жаңбыр және еріген қар суымен шайылып, төмендегі иллювийлік қабатта шөккен органикалық және минералдық заттар.
ИНВЕРСИЯЛЫҚ БЕДЕР – пішіндері геологиялық құрылымдарға қарама қарсы болатын эрозиялық-денудациялық бедер (мысалы, тау жоталары орналасқан орны бойынша синклинальдарға ал аңғарлар антиклинальдарға сәйкес келеді).
КАМДАР (нем. Kamm-қырқа) – соңғы материктік мұз басу дамыған атыраптардағы дөңгелек немесе сопақша пішінді күмбез тәріздес тік беткейлі төбелер. Бір-бірден немесе топтасып кездеседі, биіктіктері көбінесе 6-12метр, ең биігі 30 метрге дейін жетеді. Арасында қиыршық тас және жеке қойтастары бар құмдақ және саздақ материалдардан тұрады, үстінде мореналық жамылғысы болады. Балтық маңының, Ленинград облысының, Карелия Республикасының көптеген аудандарына тән.
КАРСТЫҚ БЕДЕР – негізінен, әктастардың, доломиттердің, гипстердің және т.б. тау жыныстарының суда еруі нәтижесінде қалыптасқан бедер типі. Жер бетінде каррлар, шұңқырлар, қазаншұңқырлар, ал жер астында құдықтар мен үңгірлер түрінде таралған бедердің тұйық және теріс пішіндері басым болады. Тропиктерде бедердің оң пішіндері (мұнаралар, конустар,күмбездер және т.б.) жиі кездеседі. Құрғауға жақын өзендер тән келеді.
КАРСТЫҚ ҚҰЗ – табиғи шахталармен басталып, горизонталь және көлбеу галереялармен алмасып келетін вертикаль карсттық қуыстарының жүйесі. Карстық құздың тереңдігі 1,5 шақырымға жетуі мүмкін. Дүние жүзіндегі ең терең карстық құз Франция мен Испанияның шекарасындағы Пиреней тауындағы Пъер-Сен-Мартен (1332 м), Франциядағы Савоя Альпісінің Жан Бернар (1298 метр), Францияныің Алдыңғы Альпісінің Сорнек үстіртіндегі Бержа (1141метр), Тәжікстандағы Зерафшан жотасының Қырықтау үстіртіндегі Киев ( 950метр).
КАРСТЫҚ ҮСТІРТ – карстық тау жыныстарының горизонталь жатысты немесе жылжымалы шөгінділерінен түзілген үстірт типі. Ол атмосфералық судың баяулаған ағынына және грунт суларының көлденең циркуляция зонасының күшті дамуына байланысты карстық пішіндердің көп болуымен сипатталады.
КЛИФ (ағылшын. kliff-тік жар, тік жартас) – теңіздің, мұхиттың абразиялық жағаларында соқпа толқындардың әрекетінен түзілген тік немесе сатылы жарқабақ, жағалық кертпеш. Ол біртіндеп құрлыққа қарай шегініп, абразиялық жағалық террасалардың енін кеңейтіп отырады.
КОРРАЗИЯ (лат. korrado - қырамын) – сумен, мұзбен, желмен тасылған немесе гравитациялық процестердің әсерінен төмен сырғыған сынық материалдардың (малта тас, қойтас, құм) тау жыныстарына механикалық денудациялық әсері. Корразия төселме тау жыныстарын тегістеу, майдалау, бұрғылау түрінде болады. Мұндай жағдайда сынықтар да өңделеді. Соның нәтижесінде, тау жыныстарының бетінде атыздар, қолаттар, сызаттар және басқа ойықтар пайда болады. Синонимі: эррозия.
КӨМПИМЕ ТӨБЕЛЕР – арасында мұз түзілу есебінен көлемі үлкейген ылғалданған тау жынысының қатуы кезінде пайда болған жер бедерінің пішіні. Көпшілігінің биіктігі 1-2 метр, ең биігі 30-40 метр (гидролаколиттер). Тобелері аяз ұрған радиалды жарықтармен бұзылған жайпақ, беткейлері тік болып келеді. Тундра мен орманды тундрада кездеседі. Бірнеше айдан бірнеше жылға дейін болады.
КҮМБЕЗ – 1) геоморфологияда – бедердің немесе тау жыныстары массивтерінің кез келген күмбез тәрізді пішіндерін белгілеу үшін қолданылатын жалпы термин. Күмбез бен тас тұзының, мұнайдың, газдың және т.б. кен орындары байланысты.
ҚАЗАНШҰҢҚЫР – бедердің дөңгелек немесе сопақша теріс пішні. Қазаншұңқыр тұйық немесе ашық (өзен ағып өтетін жағдайда бңр немесе қарама-қарсы екі бағытта) болуы мүмкін. Пайда болуы мен геологиялық құрылысы бойынша: тектоникалық, жанартаулық, эрозиялық, карстық, дефляциялық; морфологиясы бойынша: жайпақ түптік, тостаған тәрізді; ағын режимі бойынша: ағысты, ағынды және ағынсыз (аридтік зонада) болып бөлінеді. Жер беткі және су асты қазаншұңқыр деп те бөлінеді. Жер беткі қазаншұңқырлардың аумағы бірнеше метрден ондаған және жүздеген шақырымға (мысалы, тау аралық қазаншұңқыр) дейін барады. Су асты қазаншұңқырлар мұхит табаны бедерінің ең ірі теріс пішіндерін түзе отырып, жүздеген және мыңдаған шақырымға дейін созылады (мысалы, Тынық мұхиттағы Оңтүстік қазаншұңқыр). Қазаншұңқырларды кейде ойыс пен депрессияға да ұқсастырады.
ҚОЙТАС (Валун) – мұздықтардың және тасқын судың тасымалдау әсерінен тегістеле жұмырланған, көлденеңі 10 см-дей және одан да ірі тау жыныстарының сынықтары немесе жақпарлары. Пайда болуына байланысты мұздықтық, делювийлік, пролювийлік және аллювийлік қойтастар деп бөледі. Мұздықтық қойтастардың көлденеңі бірнеше метрге дейін жетуі мүмкін; олардың ең үлкендерін мұздық шығарындысы деп атайды.
ҚОЛАТ (Ложбина)– ұзына бойы созылған, жайпақ және жатаған беткейлері бар, түбі суайрық кеңістігіне білінбей ауысатын бедердің таяз (ондаған см-ден бірнеше метрге дейін) ойпаң пішіндерінің жалпы атауы. Ені ондаған метрден 150 метрге дейін, планда ирек, кейде анық байқалатын түрі болады. Төбелі жерлерге тән. Көбінесе ылғал сүйгіш өсімдіктері мол, көктемде қар еріген кезде суға толады. Қолат көбінесе эрозиялық (кейде карстық, эолдық және аралас) жолмен пайда болады.
ЛИНЕАМЕНТ (лат.lineamentum-сызық, кескін) – бедер мен құрылымдарда анық көрінетін, әдетте, жарылым зоналары ретінде байқалатын, планеталық мәнді сызық немесе доғал түріндегі құрылымдық элементтер. Линеамент жер қыртысындағы терең жарылымдардың көрінісі ретінде қарастырылады. Мысалы, Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығысындағы Карпинский сызығы мен Тұран плитасындағы оның жалғасы (Сармат-Тұран линеаменті), Транссібір көлденең дислокациясы. Терминді американдық геолог У.Хобс ұсынды (1904ж).
МААРЛАР(неміс. Maar-шұңқыр) – лавасыз газ атқылаған кезде жер бетінде пайда болатын шұңқыр немесе цилиндр тәріздес жанартаулық ойпаңдар. Маарлардың диаметрі 3,5 шақырымға, тереңдігі 300-400 метрге дейін болады. Кейде тау жыныстарының сынықтарынан түзілген сақина тәріздес белестермен қоршалады. Ылғалды климат жағдайында суға толады, оларды маар көлдері деп атайды.
МЕГАБЕДЕР-жер беті бедерлерінің ең ірі элементтері – материк көтерілімдері, мұхит ойпаңдары, таулы және жазық атыраптар, бедерде айқын көрінетін ұлы планеталық жарылымдар. Мегабедердің пішіндері эндогендік және экзогендік сипаттағы барлық басқа күштер мен жалпы планеталық күштердің өзара әрекетінен туындайды.
МЕГААНТИКЛИНАЛЬ – 1) платформа ауқымында пайда болған аралық типтегі қатпарлардан (тұтас және үзік) тұратын жайпақ көмпиме; 2) ірі күмбез тәріздес эпилатформалық көмпиме.
МЕГААНТИКЛИНОРИЙ – жоғары дәрежедегі бірнеше антиклинорий мен синклинорий топтары біріктірген жалпылай биік төбесі ортасында орналасқан күрделі қатпарлы құрылым (мысалы, Оралдың, Кавказдың қатпарлы құрылыстары). Әдетте, қатпарлық-геосинклинальдық жүйеге сәйкес келеді.
МЕЗОБЕДЕР(грек. mesos-орташа) – биіктігі бірнеше метрден артық ауытқымайтын (кіші өзен аңғарлары, сайлар, жоталардың қосалқы сілемдері, мореналық төбелер, жағалық шағылдар, лайлы жанартаулар және т.б.), көлемі бойынша макробедер мен микробедер пішіндерінің арасындағы бедердің орта пішіні. Көбінесе экзогендік процестердің (аккумуляция, эрозия, дефляция және т.б.)әсерінен пайда болады.
МИКРОБЕДЕР (грек. micros-кішкентай) – мөлшері, әдетте, бірнеше метрден аспайтын бедердің ұсақ пішіндері. Көбінесе экзогендік күштерден пайда болады. Бедердің ірі пішіндернің бөліктері іспеттес болып келеді (мысалы, дала көлдеулері, арна маңы белестері, полигональдық түзілімдер); кейде антропогендік іс-қимылдардың нәтижесінде пайда болады. «Микробедер » қғымына нанобедердің барлық пішіндері енеді.
МОГОТТАР (испан. Mogote-төбешік) – тропиктік карсттың конусты және мұнара тәрізді көмпимелерінің жергілікті (кубалық) атауы.
МОРФОГЕНЕЗ (грек. morhpo-пішін, genesis-пайда болу) – экзогендік және эндогендік факторлардың әсерінен жер бетінде бедердің әр түрлі пішіндерінің пайда болуы мен дамуы.
МОРЕНАЛЫҚ БЕДЕР – мұздықтардыі әрекеттерінен пайда болғанбедердің аккумуляциялық пішіндеріңнің жиынтығы. Жазықтардағы мореналық бедерді: негізгі моренамен түзілген жайпақ белесті немесе белесті мореналық жазық, төбелі соңғы мореналық қырқалар, друмлиндр бедері деп бөледі.
НЫҒЫЗДАЛҒАН БЕДЕР – үстіңгі жағы қатты тау жыныстарынан (әктас, құмтас, эффузиялық және т.б.) тұратын, ұзақ уақыт үгілуге, денудациялық басқа факторларына төзіп келген және төмен жатқан жұмсақтау тау жыныстарын бұзылудан сақтайтын таудың бөліктері, үстірттер, аралды төрткіл қыраттар. Оның қатты қатты нығыздаушы, ал беті нығыздалған деп аталады. Нығыздалған бедердің қалыптасуына эрозия базисінің тұрақты қалпы әсер етеді. Мұндай жағдайда суайрықтық кеңістік бүйірлік эрозиямен баяу бұзылады.
ОЙДЫМ – геоморфологияда, жер бетінің тұйық ойпаң пішіні. Тектоникалық, карстық, эолдық, эрозиялық және т.б. жолмен пайда болады. Ауданы мен тереңдігі әр түрлі, көбінесе су толы болады (көл немесе батпақ).
ОЙПАҢ – барлық жағынан тұйықталған, көбінесе тектоникалық процестердің нәтижесінде пайда болған жер бетіндегі ойпауыт. Көлденеңі ондаған және жүздеген (кейде мыңдаған) шақырымға дейін жетеді. Ойпаңдарды ағынды және ағынсыз деп ажыратады. Мұхит түбіндегі тар және терең ойпаңдар, әдетте, тереңсулық науалар деп аталады.
ОЙПАТ – құрлықтың теңіз деңгейінен биіктігі 200 метрден аспайтын жазық, кейде белесті бөлігі. Ойпатты жазық деп те аталады. Қыраттарға қарама-қарсы бедер түрі. Негізінен, горизонталь жайласқан борпылдақ тау жыныстарының қабаттарынан тұрады. Жер шарындағы едәуір ірілері: Амазонка, Атланд маңы, Үнді-Ганг, Тұран ойпаттары. Кейбір ойпаттар мұхит деңгейінен төмен орналасқан (мысалы, Каспий маңы ойпатының бөлігі). Ойпат таулы атыраптарда да болуы мүмкін (мысалы, Кура-Аракс ойпаты). Олар тектоникалық төмен аласару және ойыстардың борпылдақ континенттік және теңіздік шөгінділерімен қабат жасап толуы нәтижесінде түзіледі.
ОРОГРАФИЯ (грек. oros-тау, grahpo-жазамын) – жоталардың, қыраттардың, өзен аңғарлардың, қазаншұңқырлар мен бедердің басқа түрлерінің сырт бейнелерін және өзара орналасуын зерттейтін геоморфологияның саласы.
ПЕДИМЕНТ (ағылшын. pediment-баурай) – таулар мен қыраттардың құлама беткейлерінде; олардан алыстаған сайын баяу төмендеп жайпақталған сәл еңіс (3-5º), шамалы шымдалған түпкі тау жыныстарының үстінде қалыптасқан жазықтар. Горизонталь бағытта шегінуі арқылы қалыптасады. Жер қыртысының мобильді аймақтарында денудациялық цикл тектоникалық көтерілулермен үзілген жағдайларда кейде баспалдақты педименттер қалыптасады. Педимент аридтік және жартылай аридтік аймақтарға тән, мұнда олардың ені кейде он шақты шақырымға жетеді (мысалы, Африка мен Солтүстік Американың шөлді аймақтарында). Педименттеу процесі педипленнің түзілуіне апарып соғады.
ПЕДИПЛЕН (латын. pedis-баурай, plain-жазық) – ертеде таулы-қыратты бедердің орнында болған педименттердің бір-бірімен қосылуы нәтижесінде қалыптасқан сәл еңіс, түгелдей денудацияға ұшыраған жазық. Бұл жазықтың бетінде алғашқы жоғары деңгейде қалған құламалы беткейлі оқшау таулар көтеріліп тұрады. Олар қазіргі жазықтың 10 пайызын ғана қамтиды. Педиплен тым континенттік аридтік және семиаридтік климатты аймақтарға (мысалы, Африканың шөлдері мен саванналарына) тән.
ПЕНЕПЛЕН (лат. paene-дерлік, ағылшын. plain-жазық) – сәл толқынды, кейбір жерлері тегіс денудациялық-аккумуляциялық жазық. Пенеплен алғашқы едәуір тілімденген бедердің ұзақ уақыт тегістелуі кезінде тектоникалық дамуының өтпелі кезеңінде (орогендіктен платформаға) қалыптасады. Педипленмен салыстырғанда пенеплен ылғалды климат жағдайларында, эрозия базисінің тұрақты орналасуы кезінде және вертикаль денудация, яғни жоғары жағынан тегістелу басым болған жағдайларда қалыптасады. Мұнда бедердің тегістелуі тау беткейлерінің біртіндеп жайпақталуы және өзен аңғарларының кеңеюі арқылы жүзеге асады. Ақырында бұрынғы таулы өлке (оның кейбір аңғар бастауларының аралығында сақталған төбелер болмаса) жазыққа айналады. Пенеплен көбінесе қалыңдығы 100 метрден жоғары үгілу қабығымен көмкеріледі. Пенеплен Қазақстанда Сарыарқа даласында кездеседі, жаңа тектоникалық әрекет нәтижесінде олар едәуір биіктікке көтерілуі мүмкін (мысалы, Орталық Тянь-Шаньдағы «Сырт» деген қыратты жазықтар 3000 метрге дейін биіктікте кездеседі). Пенепленнің қалыптасу процесі пенеплендену деп аталады. «Пенеплен» терминін америкалық ғалым У.Девис ұсынды (XIX ғасырдың соңы).
ПЛАНЕТАЛЫҚ ГЕОМОРФОЛОГИЯ – көбінесе дистанциялық әдістер арқылы Жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін планета ретінде және Күн жүйесіндегі планеталардың бедерін зерттейтін геоморфологяның бөлімі. Планеталық геоморфология пайда болуы және дамуы тұрғысынан бедердің ірі пішіндерін (мега және макробедер): материктер мен мұхит ойпаңдарын, жазық атыраптарды, орогендік белдеулерді, ірі-ірі тектоникалық жарылымдарды және т.б. зерттейді. Планеталық геоморфология кейде планетологияның құрамды бөлігі ретінде қарастырылады.
ПРОЛЮВИЙ (лат. proluo-жуып-шаю) – уақытша ағын сулар арқылы тасымалданған, таулы атыраптардың етектерінде ысырынды конус түрінде жиналып, көмкере жайылған борпылдақ тау жыныстарының жиынтығы. Тұрақсыз ағын сулары тау етегіне жеткен кезде көп тарамдарға бөлініп, олардың ағыс жылдамдығы күрт төмендейді. Сол себепті ағынды су таудан ағызып әкелген тау жыныстарының бөлшектері тау етегіне шөгеді. Пролювийді құрайтын борпылдақ материал қырлы және іріктелмеген болса да, оның тау жақ бөлігінде ірі қойтастар мен шала жұмырланған малтатастар жиналады.
ТЕГІСТЕЛУ БЕТТЕРІ – жер бетінің тегістеліп, бірдеңгейленген бедерлі көтеріңкі телімдерінің жалпы атауы. Платформалық және қатпарлы аймақтарда тектоникалық әрекеттің бәсеңдеуі және ұзақ уақыт бойы экзогендік (денудациялық, денудациялық-аккумуляциялық) процестердің эндогендік процестерден басым болуы кездерінде алғашқы тілімденген бедердің тегістелуі нәтижесінде қалыптасады. Тегістелу беттері Тянь-Шань, Саян және т.б. таулы атыраптарда дамыған.
ТӨБЕЛЕР – дөңгелек немесе сопақша келген нысандардан тұратын шағын қырат. Салыстырмалы биіктігі 200метрден аспайды. Беткейлері түйетайлы (30ºC-тан аспайды), шымданған, басы жұмырланған, етегі айқын шектелмеген. Берік тау жыныстарынан тұратын қыратты жазықтардың тілімделіп шайылуынан пайда болған төбелер шоқы деп аталады. Мұздық ысырып әкелген тау жыныстарының үйілуінен мореналық төбелер, жел әрекетінен әр түрлі құм төбелер түзіледі. Ұзынша келген төбелердің түрлерін қырқалар, жалдар және жонжар деп атайды.
ҮҢГІР - жердің үстіңгі бетіне бір немесе бірнеше саңылаулармен (жарық, тесік) ұштасатын жер қыртысының жоғары қатқабатындағы қуыс. Ерігіш тау жыныстарының (әктас, доломит, гипс, тас тұзы) сумен сілтіленуі және шайылуы арқылы, сондай-ақ суффозия, сазды карст, абразия және т.б. процестер нәтижесінде пайда болады. Неғұрлым ірі карсттық үңгірлердің ұзындығы ондаған километр болады. Үңгірді зерттейтін ғылым спелеология деп аталады.. Көптеген үңгірлер туристік обьекті болып табылады. Бірқатар елдерде үңгірлер емдік мақсатта пайдаланылады.
ҮРЛЕНУ, ДЕФЛЯЦИЯ (лат. deflation-үрлену, ұшу) – тау жыныстары мен топырықтың желдің әсерінен бұзылуы. Дефляция кезінде қатты бөлшектер кейде едәуір қашықтыққа тасымалданады. Көбінесе шөлде байқалады, бірақ басқа табиғи зоналарда да болуы мүмкін.
ҮСТІРТ – құрлықта төмендеу жатқан жазықтан анық байқалатын беткейлермен немесе ернектермен (кертпештермен) бөлінген көтеріңкі тегіс немесе белесті жазық үстірт көбінесе бір кездері горизонталь бағытта жатқан (шөгінді не жанартаулық) тау жыныстарынан құралған бедердің бұзылуы және тегістелуі нәтижесінде пайда болады. Ылғалды климатты аймақтарда терең каньондармен тілімделіп, борпылдақ түзілімдер жамылғысынан түгелдей дерлік айырылады. Құрғақ аймақтарда үстірт шегінде шақпатасты тегіс жазықтың үстінде оқшау таулар орналасады. Геологиялық құрылымына байланысты құрылымдық, жанартаулық немесе лавалық, денудациялық, қыратты түрлері ажыратылады. Гипсометриялық жоғары деңгейде орналасқан үстірт жайпақ таулар мен таулы қыраттардың құрамына кіреді. Су асты үстірт – құламалы беткейлермен шектелген тегіс бетті су түбінің көтерілімі. Олар орта-мұхиттық жоталар шегінде орналасады немесе материктік беткейлердің сәл еңіс баспалдақтарын түзуі мүмкін.
ЦИРК (лат. circus-дөңгелек) – таудағы ойыс бедер пішіні. Мұздықтық цирк – карлар және пластикалық тау жыныстарынан құралған құламалы беткейде жылжыма нәтижесінде қалыптасқан жылжымалы цирк деп ажыратылады.
ШҰҢҚЫРЛЫ БЕДЕР – Орта Азияның құмды шөлдерінде, әсіресе тау баурайындағы аудандарда таралған шағылды бедердің бір түрі. Құм ықтасын тау етектерін желдің ұңғылауынан пайда болады.
ШЫҢДАР (Ернектер) – көбінесе Қазақстан мен Орта Азияда үстірттерді, Бетпақдала мен Торғай төрткіл өлкелерін жан-жағынан шектейтін біршама тік кертпештер (ернектер) мен жарқабақтар. Биіктігі 300-350 метрге дейін баратын үстірттің айналасын көмкеріп тұрған тік беткейлер мен кертпештер және дараланған тік тұмсықтар төменгі жазықта мекендеген елге шың сияқты болып көрінген. Сондықтан үстірт немесе төрткіл өлкелерін шектеген тік немесе сатылы биік кертпештерді шыңдар, ал орыс тілінде қате «чинки» деп атап кеткен. Генезисі жағынан эрозиялық, денудациялық және тектоникалық болып келеді.
ЭЛЮВИЙ (лат. eluo-шаю) - өзінің түзілген орнында қалған түпкі тау жыныстарының үгілуінен, моруынан және ыдырауынан түзілетін борпылдақ өнімдері. Денудация процестері баяу көрінетін жазықтық беттерде не көлбеу беткейлерде қалыптасады.
ЭОЛДЫҚ БЕДЕР ПІШІНДЕРІ – көбінесе аридтік климатты аймақтарда, сондай-ақ теңіз, көл, өзен жағаларында жел әрекетінен пайда болатын бедер пішіні. Бедердің аккумуляциялық және аккумуляциялық-дефляциялық пішіндері, соның ішінде, құмды қырқалар, төбешікті құмдар, ұяшықты құмдар, шағылдар, жағалық шағылдар және т.б. көп кездеседі. Олардың морфологиясы мен көлемі, негізінен, басым желдің режіміне байланысты. Орыс ғалымы Б.Федоровичтің (1964жыл) жіктеуі бойынша тропиктік, аридтік шөлдерге тән (Сахара, Такла-Макан) жалаңаштанған жылжымалы құмдар, тропиктік шөлдерден тыс (Орта Азия, Аустралия) жартылай өсімдік өскен жылжымалылығы аз құмдар және шөлді аймақтардан тыс (Батыс Сібір, Солтүстік Америка) өсімдік өскен бекітілген құмдар деп бөлінеді. Өңделген (дефляциялық) пішіндерге үрлену қазандары, қуыстар, қолаттар, қазаншұңқырлар, ярдангтар, торлы құздар және әр түрлі үрлену жұрнақтары жатады.
ЭРОЗИЯ (лат. erosio- мүжу) – ағын судың әсерінен топырақ пен тау жыныстарының бұзылып шайылуы. Жер беті бедері қалыптасуының негізгі факторларының бірі.
Тест тапсырмалары
1.Жер бедерін құрудағы экзогендік процесті атаңдар.
а) жанартау
б) жер сілкіну
в) тектоникалық қозғалыстар
г) магматизм
д) өзен эрозиясы
2.Жер бедерін құрудағы эндогендік процесті атаңдар.
а) үстіңгі қабаты шайылуы
б) денудация
в) дефляция
г) жанартау
д) солифлюкция
3.Флювиалды процесті көрсетіңдер.
а) абразия
б) экзарация
в) эрозия
г) солифлюкация
д) үгілу
4.Жер бедерінің флювиалды пішіндерін көрсетіңдер.
а) трог
б) құм төбелер
в) ригель
г) өзен аңғарлары
д) шоқы
5.Мұздықты денудациялық процесті көрсетіңдер.
а) эрозия
б) абразия
в) экзарация
г) дефляция
д) солифлюкация
6.Жер бедерінің мұздықты аккумулятивті пішінін көрсетіңдер.
а) жайма
б) терраса
в) шағыл
г) моренді белес
д) шоқы
7.Өзен аңғарларының шөгінділерін атаңдар.
а) үгілу қыртысы
б) пролювий
в) алювий
г) морендер
д) колювий
8.Уақытша су ағысы аңғарларының шөгінділерін көрсетіңдер.
а) морендер
б) алювий
в) пролювий
г) үгілу қыртысы
д) колювий
9. Өзен аңғарлары жер бедері пішіндерін атаңдар.
а) трог
б) шағылдар
в) жайылма
г) куэста
д) прилавки
10. Жер бедерінің эолды пішіндерін көрсетіңдер.
а) куэста
б) шағылдар
в) жайылма
г) трог
д) шоқы
11. Жанартау шөгінділерін атаңдар.
а) құмдар
б) саздар
в) лава
г) саздақтар
д) гранит
12. Жер бедерінің жанартаулы пішіндерін атаңдар.
а) қырқалар
б) куэста
в) өзен аңғарлары
г) кальдера
д) трог
13. Жер бетінің өзендермен шайылуы бұл:
а) экзарация
б) эрозия
в) үгілу қыртысы
г) абразия
д) дефляция
14. Жер бедерінің жыралы эрозия пішіндері.
а) төбелі
б) карст
в) террасалар
г) жазықтық
д) промойна
15. Жер бедерінің карсты пішіндері.
а) жайылма
б) бөктер конусы
в) жылжыма
г) опырық
д) карралар
16. Жер бедерінің пішіндері жер асты шағылдары.
а) воронкалар
б) шахталар
в) үңгірлер
г) төбелер
д) жон
17. Жер бетіндегі карстілі пішіндер.
а) төбелері
б) террасалар
в) қазынды (промойны)
г) воронкалар
д) бөктер конусы
18. Тауларда беткейлік процестер нәтижесінде құрылған жер бедерінің пішіндері.
а) жон
б) шоқы
в) опырық
г) жыра-сай
д) цирктер
19. Өзен аңғарларында беткейлік процестер нәтижесінде құрылған жер бедерінің пішіндері.
а) жайылма
б) жылжыма
в) террасалар
г) арна бойы белестер
д) ескі арна
20. Солифлюкационды процестер нәтижесінде құрылған жер бедерінің пішіндері.
а) сайлар
б) төбелер
в) деллилер
г) жыралар
д) бархан
21. Аллювийден түзілген террасалар.
а) цокол түпқабатты
б) аккумулятивті
в) эрозионды
г) скульптуралы
д) скульптуралы-аккумулятивті террасаларға жатады.
22. Жер бедерінің тоң пішіндері.
а) жыралар
б) сайлар
в) шағылдар
г) үңгірлер
д) төбешіктердің үрленуі
23. Мұз тау жыныстары ретінде басқа жыныстардан немен ерекшеленеді.
а) орналасуымен
б) қалыңдығымен
в) ағымдылығымен
г) жасымен
д) текстурасымен
24. Жер бедерінің планетарлы пішіндерін атаңдар.
а) таулар
б) жазықтар
в) мұхит ортасындағы таулар
г) өзен аңғарлары
д) жағалық белес
25. Жер бедерінің мегапішіндерін атаңдар.
а) материктер
б) таулы зоналар
в) жыралар
г) моренді қырқалар
д) террасалар
26. Жер бедерінің макропішіндерін атаңдар.
а) мұхитты жазықтар
б) материктегі бөлектенген таулар
в) өзен аңғарлары
г) жанартаулар
д) жағалық белес
27. Жер бедерінің мезопішіндерін атаңдар.
а) жазықтар
б) таулар
в) мұхит ортасындағы таулар
г) жыралар
д) ойпаттар
28. Жер бедерінің микропішіндерін атаңдар.
а) тау аралық жазықтар
б) таулы үстірт
в) ойпат
г) қазынды
д) материктер
29. Өзен аңғарларының морфологиялық түрлері.
а) эпигенетикалық (эпитектік)
б) шатқал
в) көмілген
г) синклиналды
д) қазіргі кездегі
30. Өзен аңғарларының текті түрлері
а) шаттар
б) терең аңғар
в) антклиналды
г) ежелгі
31.Желдің іс-әрекеті нәтижесінде жер бедерінің қандай пішіндері құрылады.
а) аллювиалды
б) гравитационды
в) эолды
г) делювиалды
д) гляциалды.
32.Жер бедерінің теріс пішіндері
а) төбелер
б) жыралар
в) қырқалар
г) құм төбелер
д) куэсталар
33. Жер бедерінің теріс пішіндері.
а) примоиндар
б) ойыстар
в) дефляциялық қазаншұңқырлар
г) шағылдар
д) сайлар
34. Жер асты сулары іс-әрекетінің нәтижесінде жер бедерінің қандай пішіндері құрылады.
а) өзен аңғарлары
б) төбелер
в) жыралар
г) карсты үңгірлер
д) шағыл
35. Қандай процестердің нәтижесінде тас сақинасы, дақ медалендар пайда болады.
а) өзендерде
б) көлдерде
в) эолды
г) тоңды
д) карсты
36. Қандай процестердің әсерінен көшкіндер пайда болады?
а) беттік шайылу
б) абразия
в) жыралы эрозия
г) гравитациялық процестер
д) эолды
37. Антропогендік іс-әрекеттің нәтижесінде пайда болған жер бедері пішіндерін көрсетіңдер.
а) сай
б) арық
в) төбе
г) құм төбе
д) моренді бел-белес
38. Жер бедерінің флювиалды – флювиогляциялды пішіндері.
а) жыралар
б) қырқалар
в) оздар
г) куэсталар
д) (бедленд) жарамсыз жер
39. Флювиалды процестер:
а) желдің әрекеті
б) ағатын сулар әрекеті
в) флювиогляциялды тасқын әрекеті
г) мұздар әрекеті
д) жер асты суларының әрекеті
40. Өзендердің қиратушы жұмыстары:
а) абразия
б) дефляция
в) эрозия мүжілу
г) экзарация
д) абляция
41. Өзен шөгінділері:
а) каллювий
б) аллювий
в) элювий
г) делювий
д) деляпси
42. Аллювидің аккумуляциясы:
а) үгілу
б) аллювиді тасымалдау
в) арнаның тереңдетілуі
г) өзен шөгінділерінің жиналуы
д) уақытша салалардың шөгінділерінің жиналуы
43. Өзеннің мүжілуі ненің есебінен іске асады:
а) тектоникалық қозғалыстар
б) тасқын энергиясы
в) геологиялық құрылысы
г) жер бедерінің морфологиясы
д) абсолюттік биіктік
44. Тасқын энергиясы немен анықталады:
а) ағыстардың жылдамдығы мен сулардың көптігімен
б) тектоникалық құрылыммен
в) арнаның пішіндерімен
г) арнаның тереңдігімен
д) арнаның енімен
45. Түпкі мүжілу қалай анықталады:
а) аңғарлардың үлкейуі
б) аңғарлардың тереңдеуі
в) аллювияның жиналуы
г) үгілу қыртысының тасымалдануы
д) коллювийдің аккумуляциясы
46. Алювий басқа континенталдық шөгінділердің генетикалық түрлерінен қалай
ажыратылады.
а) тау жыныстарының жақсы домалақтануы мен сортталуымен
б) шөгінділердің тығыздығымен
в) құрайтын тау жыныстарының құрамымен
г) шөгінділердің жасымен
д) метоморфизмнің дәрежесімен
47. Өзен аңғарының бойының ұзаруы ненің себебінен өзгереді.
а) тереңдік
б) бүйір
в) трансгрессивтер
г) регрессивтер
д) беткейлік процестер
48. Ағыс бойынша төмен қарай өзен аңғарының ұзаруының өсу шегі:
а) регрессивті мүжілу
б) тереңдікті мүжілу
в) трангрессивті мүжілу
г) бүйірлік
д) беткейлік процестер
49. Қиманың тепе-теңдікті пайда болуына қандай процестер қатысады?
а) тек мүжілу процесі
б) тек қана аккумуляция
в) тек қана қоқыстардың тасымалдануы (транспортировка)
г) аккумуляция және тасымалдануы және мүжілуі
д) қоқыстардың мүжілуі мен тасымалдануы
50. Аллювидің түйіртпекті материалдары неден тұрады:
а) жақпартастардан
б) кесек тас-малтатастардан
в) қиыршық тастардан
г) ұсақ тастардан
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Акпамбетова К., Веселова Л., Жылқайдарова Г. « Жалпы геоморфологияның терминологиялық түсіндірме сөздігі» Алматы. 1994ж.
2. Сейітов Н., Абдуллин А. «Геология терминдерінің сөздігі» Алматы: «Қазақстан» 1996 ж.
3. Леонтьев О.К,. Рычагов Г.И. Общая геоморфология. М. 1989. 346 с.
4. Лютцау С.С. Основы геоморфология. М. 1971. 367 с.
5. Башенина Н.В. Формирование рельефа земной поверхности : М. 1967.
6. Геоморфология СССР.Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. М. 1975.364 с.
7. Кинг Л. Морфология Земли. М. 1967.
8. Методическое пособие по геоморфогическим исседованиям.Под ред. Г.С. Ганешина.
Л. 1972.
9. Панов Д . Г. Общая геоморфология . М. 1966.
10. Рельеф Земли. Под ред. И. П. Герасимова. М. 1970.
11. Спиридонов А.И. Основы общей методики полевых геоморфологических исследовании
и геоморфологического картографирование. М. 1975.
12. Спиридонов А.И. Геоморфологическое картографирование. М. 1975.
13. Сваричевская З.А. Геоморфология Средней Азии и Казахстана . Л .1965.
14. Федорович Б.А. Законлмерности развития рельефа пустынь. М. 1981.
15. Щукин И.С. Общая геоморфология. В 3 – х томах М. 1960, 1964, 1974.

Приложенные файлы

  • docx 8864638
    Размер файла: 803 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий