гистология реферат


48196590805Сөж
00Сөж

Жұмыстың түрі: Әдебиеттермен жұмыс жасау, реферат дайындау
Тақырыбы: Нерв тіні. Жасқа байланысты гистологиясы, регенерациясы. Нейрондық теорияның негізгі қағидалары.
Орындаған: Өрісбаева А.С
Қабылдаған: Жаңбырбаева А.Қ
Топ: ЖМ-15-003-2
Алматы 2016 ж
Жоспар:
Кіріспе 
Негізгі бөлім
Нерв тіні
Жасқа байланысты гистологиясы, регенерациясы.
Нейрондық теорияның негізгі қағидалары.
Қорытынды бөлім 
Қолданылған әдебиеттер 
Біздің орган - бір үлкен механизм. Ол өте кішкене бөлшектерден тұрады және олардың әрқайсысы белгілі бір функцияларды жүзеге асырады, және өзінің бірегей қасиеттеріне ие. Бұл механизмді жасушалардан, тіндерден және олардың жүйесінен тұратын біздің денеміз атқарады және жалпы жұмыс істеу механизмін реттейді. Жүйке жүйесі арнайы реттеу механизмінің маңызды рөлін атқарады. Жүйке жүйесі - ішкі органның қызметін реттеу, және ол қарапайым қозғалыстар (мысалы, тыныс алу) болсын, сондай-ақ бір клеткадан басқа клеткаға сигналдардың берілуін қамтамасын етеді.
Нерв  тіні нерв жүйесінің негізгі құрылымдық элементі. Нерв тіні бір-бірімен байланысты нерв жасушалары (нейрондар) және нейроглия жиынтығы. Бұл құрылымдардың ең негізгі қызметі – ішкі және сыртқы ортадан өндеу. Сонымен қатар организмнің тіндері мен мүшелерін бір -бірімен байланыстырып олардың қызметін реттеу болып табылады.
4650105558038000Нерв тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың  дорсальді жағындағы  эктодерма алғашында қалындап - нерв пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең сонында бұл шеттері дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір - бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлінеді. Осыдан нерв түтігі пайда болады. Нерв түтігі эмбриогенездің алғашқы сатысында көп қатарлы нейроэпителий жасушаларынан тұрады. Бұларды вентрикулярлы жасушалар деп атайды. Пішіндері цилиндр тәрізді болып келеді. Бүл жасушалардың біразы дифференция-цияланып нейроциттерге, ал біразы глияльді жасушаларға айналады. Нерв тінінің құрамында екі компоненті болады. Олар нерв жасушалары мен нейроглия, ал нейроглия трофикалык, секреторлы және қорғаныс қызметтерін атқарады.
Нерв жасушалары немесе нейроциттер тітіркендіргішті қабылдап, қозады да, тітіркену энергиясын нерв импульсына айналдырып, оны әрі қарай орталыққа өткізу процесін қамтамасыз етеді. Осы қызметтеріне байланысты нейрондар рефлекстік доғаны қаыптастырады.Рефлекстік доғаның қызметіне байланысты нейрондардың үш түрі белгілі:
2863215-41529000Рецептор
Сезімтал нейрон
Аралық нейрон
Қозғатқыш нейрон
Эфффектор
Сезімтал нейрондар импульсті орталық нерв жүйесіне береді. Бұлар жұлын түйінінде, бас миының сезімтал түйіндерінде орналасады. Сезімтал нейрондар көбінесе жалған бір өсінділі болуы да мүмкін.
Аралық нейрондардың дендриттері сезімтал нейрондардан импульсті қабылдап, қабылдаған импульсті аксоны арқылы қозғалтқыш нейрондарға береді. Бұл орталық жүйке жүйесінің құрамында болады. Аралық нейрондар мультиполярлы болып саналады.
Қозғалтқыш нейрондар нерв импульстарын орталық жүйке жүйесінен ұлпаларға немесе тітіркенгіштікке жауап беретін органдарға, мысалы – бұлшық еттеріне немесе бездерге береді. Құрамында мультиполярлы нейрондар бар.
4408170362140500Нейрондардың құрылысы мен пішіні әр түрлі. Нейрон жасушалары нейрондардың денесінен және одан тармақталған өсінділерінен тұрады. Бұл өсінділердің біреуі міндетті түрде аксон, ал қалғандары дендриттер болып келеді. Өсінділерінің санына байланысты бірнеше түрге ажыратамыз. Униполярлы нейрондар тек қана бір өсінділі. Бұл нейробласттар эмбриогенездік даму кезеңінде болады және сирек кездеседі. Биполярлы бір аксон бір дендриттен тұратын нейрондар, біріншілік сезім мүшелерінің құрамында болады Бұл өсінділер бір-біріне қарама-қарсы бағытталған, сондықтан пішіні ұршық сияқты келеді. Нерв клеткаларының көпшілігінің денесінен көптеген өсінділері шығып тұрады, яғни мультиполярлы нейрондар болып келеді.
Импульмтарды клетканың денесіне өткізетін өсінділері дендриттер деп аталады. Олардың құрамында хроматофильді субстанцияның кесегі, митохондриялар, көптеген микротүтіктер және нейрофиломенттер болады. Ал аксон арқылы жасушаның денесінен импульс беріледі. Онда митохондриялар, нейротубулиндер және нейрофиланменттер, сондай-ақ тегіс эндоплазмалық тор болады.
Нейрондардың  ядросы. Адамда нейрондар көбінесе бір ядролы болып келеді. Көп ядролы нейрондар болмайды, болса өте аз кездеседі. Мүндай нейрондар вегетативті нерв жүйесін түйіндерінде және қуық асты безінде, жатырдың мойын бөлігінде кеп ядролы нейрондар кездеседі (ядролар 10-15-тен ). Ядролардың пішіні дөңгелек, құрамында 1-2 ядрошығы болады. Егер нейрондардың қызметі жоғары деңгейде болса, ядродағы ядрошығыңың саны көбейеді.
Нейрондардың  цитоплазмасы. Нейрондардың цитоплазмасында көп-теген органеллалар бар. Оларға: эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, Гольджи комплексі, жасуша орталығы лизосомалар, нейротубулалар мен нейрофиломенттер өте көп. Ал, нейрондардың плазмолеммасының ерекшелігі - қозу процесін өткізуі болып саналады (тітіркенеді).
Нерв тінінде нейроглия тіректік, қоректік, секреттік және қорғаныс қызметтерін атқарады. Нейроглияның барлық жасушалары екі генетикалық түрге бөлінеді: глиоциттер (макроглия) және микроглия. Глиоциттердің арасында эпендимоциттерді, астроциттерді және олигодендроциттерді ажыратады.
4282440171831000Эпендимоциттер.Жасушалардан тұратын тығыз қабат құрайды, бұлар жұлын каналы мен мидың барлық қарыншаларын төсейді. Нерв тінінің даму барысында эпендимоциттер нерв түтікшесінің глиобласттарынан бірінші болып дифференцияланды және осы даму сатысында шекаралық, тіректік қызметтерін атқарады. Глиобласттардың созылыңқы денелері, нерв түтігінің ішкі бетінде эпителий жасушалары сияқты қабат құрайды. Нерв түтігінің ішкі қуысына қараған жасушалардың үстіңгі бетінде кірпікшелер қалыптасып өз бүрлерімен жұлын миы сұйықтығын ағызып тұрады. Эпендимоциттердің базальді ұштары ұзын өсінділерден тұрады, бұлар тармақталып нерв түтігін кесіп өтіп тіректік аппаратын құрады. Осы өсінділер нерв түтігінің бетіне жетіп нерв түтігін басқа тіндерден шектеп тұратын сыртқы шектеуші глиальді мембрананың пайда болуына қатысады. Постэмбриональдық даму кезеңінде кірпікшелер бірте-бірте жойылып тек орталық нерв жүйесінің кейбір жерлерінде ғана сақталып қалады, мысалы ортаңғы мидың су жүретін түтігінде кейбір эпендимоциттері секреттеу қызметін атқарады және түрлі активті заттарын ми қарыншаларының ішіне немесе қанға құяды. Мысалы, бас миы жылғашасының (комиссура) артқы аймағында арнайы субкомиссуральдық орган құрады, осыдан бөлініп щыққан секрет су алмасуының реттеуіне қатысады. Ми қарыншаларындағы қан тамырлар оралымдарын сыртынан қаптайтын эпендимоциттер куб тәрізді пішінге ие. Нәрестелерде, кешіректе осылардың үстіңгі беттеріндегі кірпікшелері кері дамиды. Базалды бөлігінде цитоплазма көптеген қатпарлар мен шұңқырлар құрайды. Цитоплазмасының құрамында ірі митохондриялар, түрлі қосындылар, майлар, пигмент және тағы басқа заттар кіреді. Жануарлардың қан тамырларына трипан көк бояуын ендіргенде, бұл осы жасушалардың цитоплазмаларына жинақталып эпендимоциттердің жұлын миы сұйықтығын өндіруіне және оның құрамын реттеуге қатысатынын дәлелдейді.
4282440640461000Астроциттер.Бұлар орталық нерв жүйесінің тіректік аппаратын құрады. Көріністері бойынша өсінділері көп тармақталған ұсақ жасушалар болып табылады. Астроциттердің екі түрін ажыратады: протоплазмалық және талшықты, осылардың арасында ауыспалы пішінділері де кездеседі. Көбінесе протоплазмалық астроциттер орталық нерв жүйесінің сұр затында орналасады. Бұларға ірі келген, ашық түске ие домалақ ядросы мен көптеген қатты тармақталған қысқа өсінділердің болуы тән. Цитоплазмаларында эндоплазмалық тор цистерналары, еркін рибосомалар және микротүтікшелер аз мөлшерде кездеседі, ал митохондриялардың саны өте көп. Протоплазмалық астроциттер қоректік және шекаралық қызметтерін атқарады. Талшықты астроциттер мидың ақ затында орналасады. Бұл жасушалардың құрамындағы әлсіз тармақталған 20–40 ұзын өсінділері, глиалдық талшықтарын пайда етеді. Осы талшықтардың бірігуінен, тығыз тор мидың тіректік аппараты құрылады. Астроциттердің өсінділері қан тамырлары мен мидың үстіңгі бетінде соңғы енділенген ұштарымен периваскулярлық глиальді шектеуші мембрананы түзеді. Электронды микроскоппен зерттегенде фиброзды астроциттердің цитоплазмалары ашық түсті көрініске ие. Кейде олардың ядро қабығы шұңқыр қатпарлар түзеді, ал кариоплазмасы біркелкі электрондық тығыздыққа ие.Цитоплазмаларында диаметрлері 8–9 нм тең көптеген фибрильдер шоғырлары өсінділеріне бағытталып өтеді. Астроциттердің негізгі қызметі тіректік және нейрондарды сыртқы әсерлерден шектеп тұру, бұл нейрондардың арнайы қызметін орындауға қажетті.
45612051744980Олигодендроциттер. Бұл нейроглияның ең көп жасушалық тобы. Олигодендроциттер орталық және шеткі нерв жүйесіндегі нейрондардың денелерін қоршап тұрады, бұлар нерв талшықтары мен нерв ұштарындағы қабықтардың құрамына кіреді. Электрондық микроскоппен зерттеу нәтижесінде, олигодендроглия жасушаларының цитоплазмаларының тығыздығы нерв жа-сушаларына жақын, ал айырмашылығы құрамындағы нейрофиламенттердің жоқтығында. Бұл жасушалар түрлі қызмет атқарады; нерв жасушаларындағы зат алмасуына қатысып қоректік қызметін атқарады және олигодендроциттер жасушаның өсінділерін қоршап тұратын қабықты түзеді, сондықтан нейролеммоциттер деп аталады. Нерв талшықтарының дегенерация және регенерация процестерінде бұл жасушалар басты қызмет атқарады.
4558030363156500Микроглия.Микрологияның дамуы мен оның макрофагальдік табиғаты қазіргі кезде толық дәлелденген. Айтылып жатқан көзқарастардың бірінде, микроглия жасушалары глиальді макрофагтар болып табылған және сүйек кемігінің промоцитінен дамыған. Микроглия жасушалары шамалы мөлшердегі, өсінділері бар, амебалық жылжу қабілетіне ие жасушалар. 2 – 3 ірі өсінділерінің үстіңгі бетінен екіншілік, үшіншілік қысқа тармақтар шыққан. Созылыңқы немесе үшбұрышты пішінді ядролары хроматинге бай. Микроглия жасушаларын тітіргендірсе пішіндері өзгереді, өсінділері жиырылып жасуша домалақтанады, мұндай пішінді жасушаларды дәнді шарлар деп атайды.
Нерв талшықтары
Көбінесе қабықтармен қапталған нерв жасушаларының өсінділерін нерв талшықтары деп атайды. Нерв жүйесінің түрлі бөлімдеріндегі нерв талшықтары бір-бірінен қабықтарының құрылыстары бойынша ажыратылады, сондықтан барлық нерв талшықтары екі топқа бөлінеді миелинді және миелинсіз. Осы талшықтың екеуі де нерв жасушасының өсіндісінен тұрады, талшықтың ортасында орналасқан өсіндіні білікті цилиндр, дейді, ал олигодендроглия жасушаларынан пайда болған қабықты нейролеммоциттер (шван жасушалары) деп атайды.
4215765761428500Миелинсіз нерв талшықтары вегетативтік нерв жүйесінің құрамына кіреді. Миелинсіз нерв талшықтарының қабығында, олигодендроглия жасушалары тізбектер құрып тығыз орналасады, ал сопақша келген ядроларын арнайы қашықтықта көруге болады. Ішкі органдардағы нерв талшықтарының мұндай тізбегінде түрлі нейрондарға жататын 10-20 білікті цилиндрлер орналасқан. Бұлар бір талшықтан келесі талшыққа өте алады. Сондықтан құрамында бірнеше білікті цилиндрлері бар талшықтарды кабель түріндегі талшықтар деп атайды. Электронды микроскопта, миелинсіз нерв талшықтарындағы білікті цилиндірлер леммоциттер тізбегіне енгенде, леммоциттер бұларға муфта сияқты киіліп тұрады. Леммоциттер қабығы ішке қарай ойыстанып білікті цилиндрлерді тығыз қоршайды және үстіңгі беттерінде шектесіп шұңқыр қатпарлар құрайды, осы қатпарлардың түбінде бөлектенген білікті цилиндрлер орналасады. Қабаттар аймағында жақындасқан нейролеммоцитқабығының шеттері қос қабатты мембрана мезаксонды құрайды, бұған білікті цилиндр ілініп тұрады. Нейролеммоциттердің қабықтарының өте жұқа болуына байланысты, осы жасушалардың шеті мен мезаксон жарық микроскопта көрінбейді, сондықтан бұл жағдайда миелинді нерв талшықтарының қабығы білікті цилиндрлерді киіп жатушы біркелкі цитоплазма тізбегі ретінде көрінеді. Әрбір нерв талшығы сырт жағынан базальді мембранамен қапталған.
4202430303403000Миелинді нерв талшықтары орталықтағыдай шеткі нерв жүйесінде де кездеседі. Бұлар миелинді нерв талшықтарына қарағанда қалыңдау болып келеді. Көлденеңінен кескенде диаметрлері 1-20 мкм. Бұлар білікті цилиндрлерден, нейролеммоциттерден тұратын қабықпен «киілген», бірақ білікті цилиндрлердің диаметрлері енді, ал қабығы күрделі. Қалыптасқан миелинді талшығының қабығы екі қабаттан тұрады. Ішкісі қалыңдау келген миелинді қабат және сыртқысы жұқа, нейролеммоциттердің цитоплазмасы мен ядроларынан тұрады нейролемма деп аталады. Миелинді қабаттың құрамында липидтер бар болуына байланысты талшықтарды осмий қышқылымен бояғанда, олар қара қоңыр түске айқын боялады. Бұл кезде бүкіл талшық бір түсті цилиндр көрпісінде болады және арнайы бір-бірінен қашықтықта ашық түсті сызықтар орналасады, оларды миелин кетіктері деп атайды. Бірнеше қашықтықтан кейін (бірнеше мкм ден бірнеше милиметрге дейін) нерв талшығының миелин қабатынан айырылған жерінде үзілістер кездеседі, мұндай жерлерді Ранвье үзілістері деп атайды. Екі үзілістің арасында орналасқан жер үзілістер аралығындағы сегмент деп аталады, ал бұны қоршап жатқан қабық жалғыз глиальді жасуша болып табылады. Миелин талшығының даму барысында білікті цилиндрі нейролеммоцитке еніп қабығын ішке қарай ойыстырып терең қатпар түзеді, нәтижеде мезаксон құрылады. Кейіннен осы мезаксон ұзарып, білікті цилиндрдің маңайына оралып тығыз қабатты аймақ миелинді қабатты пайда етеді. Электронды микроскоппен қарағанда, әрбір мезаксонның оралымы ені 8-12 нм жуық ашық түсті қабат болып көрінеді, және нейролеммоциттің екі жапырақты плазмолеммасының липидті қабаттарына сәйкес келеді. Оның ортасы мен үстінде белок молекулаларынан түзілген қара түсті сызықтар көрінеді. Сыртқы қабат (нейролемма) деп, нерв талшығының шеткі аймағын атайды, мұның құрамына нейролеммоциттердің (шван жасушалары) ығысқан цитоплазмалары мен ядролары кіреді. Талшықты осмий қышқылымен бояғанда бұл аймақ ашық түсті болып қалады. Мезаксон оралымдарының арасындағы кетіктері аймағын цитоплазманың көп жері кіреді, ал сол шеттеріне сәйкес келуші жасушалық мембрана ұзақ қашықтықта орналасады. Талшықты бояған кезде, бұл жерлері боялмайды. Үзілістер маңындағы аймақта мезаксон оралымдары білікті цилиндрмен жанасады. Ең төменірек орналасқан оралымдар үзілістерден алыс жатады, ал қалған оралымдарының барлығы жақын орналасқан. Мезаксонның алғашқы қабаттары соңғыларына қарағанда қысқа болып келеді. Екі леммоциттердің шеттері үзілістер аймағында диаметрі 50 нм тең саусақ тәрізді өсінділер құрайды, өсінділерінің ұзындықтары әркелкі. Миелинді нерв талшығы сыртынан базалды мембранамен қапталған және ұзына бойы үзілместен бағытталған коллаген фибрильдері тізбектерімен тығыз байланысқан. Нерв талшығының білікті цилиндрі нейроплазмадан тұрады, бұл нерв жасушасының цитоплазмасы, құрамында нейрофиламенттер мен нейротубулалар бар. Білікті цилиндрдің цитоплазмасында митохондриялар кездеседі, олар үзілістері маңында және талшықтың соңғы ұштарында өте көп кездеседі. Білікті цилиндрдің сырт жағынан қаптап тұратын мембранасын аксолемма деп атайды, бұл нерв импульсін өткізеді.
Нерв жүйесінің жасқа байланысты ерекшелігі.
Орталық нерв жүйесінің алғашқы постнатальді онтогенездегі өзгерістері жүйенің дамып, пісіп-жетілуіне байланысты. Нерв жүйесінің құрамындағы нейрондардың көлемінің ұлғаюы, цитоплазмасының мөлщерінің біртіндеп көбеюіне байланысты өтеді.
Жаңа туылған балада қыртысты нейрондарының ядросымен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары.
3-айлық нәрестеде үлкен ми қыртысының II және IV қабаттарындағы пирамидальды нейрондарының көлесі тез өседі. Бұлармен қоса мидағы синаптикалық байламдардың саны да көбейеді. Үлкен ми сығарларының онтогенездегі дамуы адамда көптеген негізгі құрылымдық компоненттерінің – нейрондар, глтоциттер мен қан тамырларының дамуымен ерекшеленеді. Нәрестенің дүниеге келу мезгіліне дейін ми қыртысында нейроглиальды қан тамырлар ансамблі түзіледі. Бірақ бұл кезеңде мидың құрамындағы нейрондары пішінсіз, майда болып келеді. Ми қыртысындағы қан капиллярлы өте жіңішке нәзік болғанымен, қыртыстың барлық қабаттарын қамтиды.
Баланың бір жасынан үш жас аралығында ең негізгі пирамидалы және жұлдыз пішіндес нейрондарымен бұлардың өсінділері дамиды.
5-6 жас арасында ми қыртысының құрамындағы полиморфты нейрондар, бұлардан тараған терминальды байламдар түзіледі.
Баланың 9-10 жас аралығында әр түрлі кортико аксональды нейрондар топтары мен олардың коллатеральды нейрон аралық аксональды байламдары түзіледі.
12-14 жаста пирамидальды нейрондардың ансамблі пайда болып, бұлардың арасында диаметрі кең, қабырғасы қалың қыртыс ішіндегі артериялар тізбегі дамиды.
18 жастағы жасөспірімдерде ми қыртысының дамуы шыңы ересек адамдағыдай болады.
Ересек адамдардың бас ми қыртысындағы нейрондардың саны жаңа туған баланың нейрондарының санынан аз болып келеді. Бұл нейрондардың жасқа байланысты тіршілігін жоюмен қатар, ми қыртысында нейрондардан тараған талшықтардың ұзарып, нейрондардың бір-бірінен алшақтауына байланысты ми қыртысы қалыңдайды. Нейрондардың қосымша элементі немесе аралық заты нейроглияда өседі.
Нерв жүйесінің адамның егде тартқан шақтағы өзгерісі негізінен мидағы қан тамырларының склеротикалық өзгерістермен тығыз байланысты. Бұл кезеңде мидың жұмсақ және қан тамырлы қабықтары қалыңдап, қатаяды. Бас миының маңдай және төбе бөліктерінде атрофиялық өзгерістер байқалады. Нейрондардың саны азаяды, көлемі кішірейіп, базофильды заты жойылады, ядросы тығыздалып, пішіні өзгереді. Ми қыртысында тез өзгеріске ұшырайтын V қабаттағы пирамидалы нейрондар мен мишықтағы алмұрт пішіндес ганглинарлы нейрондар. Нерв жүйесінің әр түрлі бөліктеріндегі нейрондардың құрамында липофусцин пигментінің түйіршіктері де пайда болады.
Қорытынды бөлім 
Нейрондар және олардың арасындағы синапстардың дұрыс жұмыс жасауы организм үшін өте маңызды. Бұл қызметтер бұзылса елестету мүмкін емес процестер орындалмай қалады. Жүйеледің бірі бұлыған жағдайда бүкіл организм істен шығып, соның салдарынан өлімге де алып келуі мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер 
Гистология және эмбриология негіздері. Нұрышев М. 1998 ж
Цитология, эмбриология және гистология. Аяповпа Ж.О. 2007ж
Жалпы гистология негіздері. Сапаров Қ.А. 1994 ж
Основы сравнительной гистологии. Заварзин А.А. 1985 гtezister.net›index.php?newsid=13690medlec.org›lek-174460.html

Приложенные файлы

  • docx 8871466
    Размер файла: 182 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий