тарих гос


1. ХХ ғасыр басындағы Қзақастанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуы
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал-губернаторлығы (Орталығы – Ташкент) Сырдария облысы Жетісу облысы
Дала генерал-губернаторлығы (Орталығы - Омбы) Ақмола облысы Семей облысы Орал облысы Төрғай облысы
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.
Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.
Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.
Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.
Қала халқының көбеюі жолдары: 1.Қоныстанушылардың көптеп келуі. 2.Жатақтар санының артуы. 3.Ішкі демографиялық өсім. 4.Сауда қатынасының дамуы.
Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.
Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.
1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.
1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың улесі: Ақмола облысы – 36,6% Семей облысы - 73% Жетісу облысы – 60,5% Сырдария облысы – 63,3% Төрғай облысы – 58,7% Орал облысы – 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.
XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
Темір жол.
1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.
Өндіріс орындары және жұмысшылар.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.
Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.
Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.
XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.
Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
2. ХХ ғ. басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері мен медреселерде, не «орыс-қазақ», «бұратаналық», ауылдық мектептерде оқып, бастауыш білім алуға болатын еді. Мұсылман мектептері мен медреселері байырғы ұлттардың балаларына білім және тәрбие берудің негізгі, ал Ресейдің отарлауы басталғанға дейін бірде-бір буындары болды. Бұл мектептер мен медреселердің басты мақсаты діни білім беру болғанымен, олардың оқу бағдарламаларында зайырлы пәндердің де елеулі орын алғанын атап өткен жөн. Оқыту және тәрбиелеу әдістерінің қаншалықты жетілдірілмегеніне қарамастан, бұл мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің де мүдделеріне қызмет етті.
Медреселердің оқу бағдарламаларына пәндердін мынадай топтамалары енгізілді: 1) араб тІлі, грамматика, морфология, синтаксис, этимология, араб риторикасы, араб тарихы, Құран оқу туралы ғылым және ғылыми-мәдени пікірсайыстар; 2) дін ілімі мен зантану — Құранның мазмұны мен маңызы, құқық, діни ережелер, мұраны болу тәртібі туралы ілім, зантану негіздері; 3) философия, логика, математика, география, астрономия, химия және жаратылыстану ғылымдары. Отарлау кезеңінде, әсіресе XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында өкімет орындары мұсылман мектептерінің өміріне араласпау туралы сөз жүзінде мәлімдей отырып, орыс-бұратана ұлттар мектептері желісін кенейту және басқа да шаралар арқылы медреселерде оқитын балалар санын азайтуға қол жеткізді. Патша өкіметі жаңа әдіспен оқытатын мұсылман мектептерінің қызметін бейтараптандыру жөнінде белсенді шаралар қолданды, олар қазақ халқының арасында исламшылдық және түрікшілдік идеяларды тарату жөніндегі қамалдар деп қарастырылды.
Дәстүрлі мектептердегі оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балаларын шәкірттерді жана әдіспен оқытатын Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусаиния», Троицкідегі «Расулия», «Уазифа» сияқты ірі медреселерге оқуын жалғастыруға жіберетін. Басқаларымен салыстырғанда, «Ғалия» медресесінде мына пәндер: шығыс тілдері, логика, философия, тарих, математика, география, орыс тілі, адам физиологиясы оқытылатын. Бұл медресенің қабырғасында 300-ден астам қазақ баласы білім алды. Олардың арасында қазақтың белгілі зиялылары, жазушылар Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, М. Жұмабаев, педагог-ақын Т. Жомартбаев, М. Оразаев, Н. Манаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, Ғ. Қайыров, Ә. Сұлтанов және басқалар бар.
3. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы. Қарқаралы петициясы
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды
1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды
1905—1907 жылдары жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғары жақтағы аймақтық бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мәселен, 1902 жылы мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150 жұмысшысы Дала генерал-губернаторының атына арыз-шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап, қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлеріне көше бастады. 1904 жылы Зайсан уезіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905 жылы Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арада саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті. 1905 жылғы 15 қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың, сондай-ақ енді қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары өкілдерінің саяси шеруі болып өтті. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Жақып Ақбаев Семей түрмесіне қамалды.
Бірінші орыс революциясы қазақ өлкесінде социалдемократтардың алғашқы ұйымдарының құрылуына ықпал етті. Олар Қазақстандағы жұмысшы табының басын қосып патша самодержавиесіне қарсы күреске басшылық етті. Қазақстанда өз беттерімен саяси білімін көтерушілердің алғашқы марксистік үйірмесі Атбасар қаласында құрылды. Оны Оралдан жер аударылып келген жұмысшы А. Д. Ушаков 1896 жылы ұйымдастырған еді. XX ғасырдың бас кезінде марксистік үйірмелер Қазақстанның Орал, Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей сияқты басқа да бірқатар қалаларында пайда болды.
Қазақ халқының азаттық күресіне ХІХ-XX ғасырларда қалыптасқан қазақ зиялылары үлкен үлес қосты. Олар, атап айтқанда, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар еді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады.
Каркаралы петициясы
XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында петициялық қозғалыс елеулі түрде етек алды. Қазақ халқы өзінің өмірлік маңызы бар шұғыл проблемаларын петициялар жолдау арқылы шешуге тырысып көрді. Ол петицияларда жер, дін және халыққа білім беру саласындағы алуан турлі талаптар қойылды
Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.
Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»
Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.
Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».
Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.
1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды.
4. Жадидизм және оның көрнекті өкілдері (ХХ ғ. бас кезі).
Жәдитшілік — 19 ғ. екінші бөлігінде пайда болған, 20 ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Ресей империясының түркі халықтарының ағарту үдерісіне және жалпы халықтарының дамуына үлкен тарихи рөлін ойнаған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу — түркі тілдес мұсылман халықтарының дамытуында үлкен үлес еді. Жәдиттердің еңбегі бекер емес еді
Жәдитшілікті қолдайтындарды «жәдиттер» деп атаған. Жәдиттер өздерін жиі «тараққипаруарлар», немесе «озатын өзгерістердің қамқорлары» немесе «жас», «жаңа» деп атаған еді.
Ысмайыл Ғаспыралының жаңа оқу тәсілінің насихаттандыру толқынында пайда болып, әр қарай дамып кеткен. Жәдиттердің негізгі ұстанымдарының бірі — мұсылман мектептерінде балаларды жаңа бағдарлама бойынша оқыту. Мысалы, араб әліпбиін үйреткенде, дыбыс тәсілімен (әр әріпті белгіленетін дыбысына сай) оқыту, бұрыңғыдай әріп құрастырушылық тәсілімен оқытпау. Жәдиттердің пікірі бойынша, жаңа тәсілін пайдаланып, әліпбиді үйрену жеңілірек, демек жұрттың көбірек адамы сауатты бола алады. Білім беру кейбір өзгерістерінің арасында мектептерде сәкі орындықтарын, тақталарын, карталарын пайдалану, кейін әл-Каһирада, Қазанда немесе Ыстамбұлда басып шығарылған жаңа оқулық кітаптарын пайдалану, балаларды сыныптарға бөлу, ал оқу уақытын сабақтарына бөлу еді. Оқу бағдарламасына кейбір зайырлы ғылымдары, мысалы, тарих, жағрапия енгізілген еді. Шынында да, бұрын тәсілі бойынша сауатын ашу үшін үш жыл керек болса, жаңа тәсілі бойынша соған бір жыл-ақ жеткен еді. Осындай оқу тәсілін «төте оқу» деп атаған еді.
Жәдиттер мектеп жүйесін түбегейлі өзгерткісі келді, бірақ білім беру сипаты діни көзқарастарының негізінде қалдырғысы келді. Осылайша, жәдиттер дінді білім беруінен бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа тұрмыс салаларында өзгерістер үшін болған. Бұл жәдиттердің көзқарастары керітартпа қағидаларымен қайшылықта еді.
Жәдитшілік ең жарық тұлғасы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Еділдегі татарлардың арасында жәдидизмні Мұса Бигиев, Әбдінәсір Құршауи таратты. Кейін, жәдитшілік идеялары қазақ даласына және Түркістанға, Орта Азияға келген. Мұстафа Оразай, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы жәдитшілік толқыны арқасында өз потенциалын көрсете алған. Өзбек халқы арасында М. Бехбуди, А. Авлони, И. Рахматуллаев, М. Расули, Комил Хорезми, Ы. Абиди, З. Фахриддин-заде деген жәдиттердің аттары қалған. М. Акмулла, М. Уметбаев, Р. Фахретдинов, З. Расулев та жәдитшілік «жарық жұлдыздары» болып саналанады. Жәдитшілік өзбек коммунисті Ходжаевқа да, Әзірбайжан Демократиялық республикасының мемлекеттік қайраткері Мамед Эмин Расул-задэге де әсер етті. Жәдитшілік «Алаш», «Мұсават» тағы басқа ұлттық партияларының идеологиясына әсер етті. Ал жәдидтердің өз партиясы да еді, бұл «Иттифок-и муслимин» еді.
Жәдиттер түрлі үнжарияларын шығарған. Жәдитшілік насихаттайтын үнжария «Тәржіман» санаса, «Дала уалаяты газеті», «Түркістан уалаяты», «Казан минбере», «Ўрта Осиенинг умр гузорлиги», «Хуршид», «Шухрат», «Азия», «Тиджар», «Турон», «Садои Туркистон», «Кояш», «Ульфат», «Серке», «Қазақ» тағы басқалар да жәдитдтердің үнжариялары еді. Қырымда «Ха-Ха» сатирикалық журналы шықса, Әзірбайжанда «Молла Насреддин», Түркістанда «Ойна», «Ал-Ислох», қазақша «Айқап» журналдары шыққан еді.
5. Ұлт зиялылыры және олардың XX ғ. басындағы қоғамдық-саяси, мәдени қызметі (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев).
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
Революцияға дейін
Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері мен медреселерде, не «орыс-қазақ», «бұратаналық», ауылдық мектептерде оқып, бастауыш білім алуға болатын еді. Мұсылман мектептері мен медреселері байырғы ұлттардың балаларына білім және тәрбие берудің негізгі, ал Ресейдің отарлауы басталғанға дейін бірде-бір буындары болды. Бұл мектептер мен медреселердің басты мақсаты діни білім беру болғанымен, олардың оқу бағдарламаларында зайырлы пәндердің де елеулі орын алғанын атап өткен жөн. Оқыту және тәрбиелеу әдістерінің қаншалықты жетілдірілмегеніне қарамастан, бұл мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің де мүдделеріне қызмет етті.
Медреселердің оқу бағдарламалары
Медреселердің оқу бағдарламаларына пәндердін мынадай топтамалары енгізілді: 1) араб тІлі, грамматика, морфология, синтаксис, этимология, араб риторикасы, араб тарихы, Құран оқу туралы ғылым және ғылыми-мәдени пікірсайыстар; 2) дін ілімі мен зантану — Құранның мазмұны мен маңызы, құқық, діни ережелер, мұраны болу тәртібі туралы ілім, зантану негіздері; 3) философия, логика, математика, география, астрономия, химия және жаратылыстану ғылымдары. Отарлау кезеңінде, әсіресе XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында өкімет орындары мұсылман мектептерінің өміріне араласпау туралы сөз жүзінде мәлімдей отырып, орыс-бұратана ұлттар мектептері желісін кенейту және басқа да шаралар арқылы медреселерде оқитын балалар санын азайтуға қол жеткізді. Патша өкіметі жаңа әдіспен оқытатын мұсылман мектептерінің қызметін бейтараптандыру жөнінде белсенді шаралар қолданды, олар қазақ халқының арасында исламшылдық және түрікшілдік идеяларды тарату жөніндегі қамалдар деп қарастырылды.
Діни мектеп ретінде, мұсылман оқу орындары діни мекемелерге ғана бағынышты болуга тиіс еді, сондықтан да мұсылман мектептерінің ықпалын шектеп, оларды азаматтық мектептермен қосуға наразылық білдірілді. Алайда бұған қарамастан 1874 жылы Қазақстанның мұсылман мектептері Халық ағарту министрлігіне тікелей бағындырылды. Империялық үкімет мұнымен тоқталмай, 1876 жылы мұсылман мектептеріне орыс сыныптарын енгізу арқылы орыстандыру жөнінде тағы бір ірі қадам жасады. Халық ағарту министрлігінің ресми мандатын алған орыс әкімшілігі мұсылман мектептерінің жанынан орыс сыныптарын ашуға белсене кірісті, мұның өзі мұсылман мектептері жанындағы орыс сыныптары орыс мемлекетінің үстемдігін орнықтыруға қажет деп санаған отаршыл әкімшіліктің қалың тобына қатты ұнады. «Көшпелі болса да, мұсылман болсада, қазақ орыс тілін білуге тиіс, өйткені бұл — Мемлекеттік тіл, үкіметтік және сот орындарында іс сол тілде жүргізіледі». Мұсылман оқу орындарына қатан талаптар қойылды, олардын бұзылуын отаршыл әкімшілік үнемі қудалап отырды. Бірақ бұған қарамастан, Қазақстан аумағында мектептер мен медреселер саны үздіксіз өсе берді, өйткені оқуға тілек білдірушілер саны барған сайын арта түсті.
Дәстүрлі мектептер
Дәстүрлі мектептердегі оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балаларын шәкірттерді жана әдіспен оқытатын Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусаиния», Троицкідегі«Расулия», «Уазифа» сияқты ірі медреселерге оқуын жалғастыруға жіберетін. Басқаларымен салыстырғанда, «Ғалия» медресесінде мына пәндер: шығыс тілдері, логика, философия, тарих, математика, география, орыс тілі, адам физиологиясы оқытылатын. Бұл медресенің қабырғасында 300-ден астам қазақ баласы білім алды. Олардың арасында қазақтың белгілі зиялылары, жазушылар Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, М. Жұмабаев, педагог-ақын Т. Жомартбаев, М. Оразаев, Н. Манаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, Ғ. Қайыров, Ә. Сұлтанов және басқалар бар.
Медресенің тәрбиеленушілері озық демократиялық идеялардың ықпалына түсті. Олар ескі оқыту әдістеріне, артта қалушылық пен надандыққа қарсы шықты. Шәкірттер арасында ұлтты түлету, өз елінің тарихын,әдебиеті мен тілін оқып-үйрену, зерттеу идеялары кен таралды. «Ғалия» медресесінің қазақ шәкірттері жастарды әдебиетке тарту мақсатымен 1916 жылдан қолжазба «Садақ» журналын шығарып тұрды. «Садақ» журналы апта сайын шығарылды, оның редакторлары сол жылдары медреседе оқып жүрген Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин мен Ж. Тілепбергенов болатын. «Садақ» журналы елді жаңғыртуды қазақ әдеби тілін дамыту, ұлттық әліпбиді қалыптастыру, ана тілінде оқулықтар шығару проблемасымен ұштастырды. Елдің көзін ашып, рухани түлеуге үндеген озық ойлы жас зиялы азаматтардың соны- на түскен полициялық бақылаудық құпия хабарында былай деп жазылған: «Олар қазақ тілінде теріс бағытта шығарылған, Уфада басылған кітапшаларды әкеліп, халық арасында таратады. Кітапшалар арасынан:«Оян, қазақ!», «Тұр, қазақ!» және «Маса» мысалдар жинағы мәлім, аталған басылымдарда қырғыздардың (қазақтардың) құқықсыз ауыр жағдайы туралы айтылады, аграрлық мәселе қозғалып, қазақтардың пайдалануындағы жер мөлшерінің тарылтаны көрсетіледі».
ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің бағыт-бағдарлары Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен көзқарастың қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді. Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да- экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады.[1] Кеңес үкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің бостандығы, бүкіл адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адам баласына тән өркениетті игеру жолында құжырлылықпен күрескен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі жасады. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихи-мәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен қалыптасып, дамыды деген сыңаржақ қағида орын алды. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллигенциясының жеңе легінің пайда болуы мен оның нақтылы іс-әрекетіне жасаған әсері зерттеушілер назарынан тыс қалды. Ал Алаш қозғалысының пайда болуына ұйтқы болып, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белсенді қайраткерлері болған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары "халық жаулары" деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы айтуға да жазуға да ресми түрде тыйым салынды. Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған "ақтаңдақ" беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің бірі. Демек, қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі.[2] ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ газеті мен Айқап журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды. Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді.[3] Бірақ бұл керісінше болып шықты. Жастардың бірден-сараны алдауға ергені болмаса, көбі отаншыл, елжанды боп өсті. Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамедсалықтарды үлгі тұтты. Алайда бұлардың бәрін отаршылдық жүйенің құрбаны деп есептеді. Тіпті олардың тосыннан келген ажалына осы режим кінәлі деп санады. Сондықтан ендігі жерде топтаса күресудің, сауатты саяси текетірестің амалын қарастырды. Осы көзқарас жаңа тұрпатты интеллигенцияның ой-сана темірқазығы еді. ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы 1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында «Алаш» партиясы құрылды.[4] Саяси күреспен қатар қазақ интелегенциясы ағартушылық қызметті де кеңінен өрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы дәрігерлердің, саясатшылардың, судьялардан, ақын- жазушылардан қаралып, мұның өзі қазақ ғылымының орнығып, алғашқы қадамдар жасауы үшін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев ж.б. қыруар істер тындырды.[5] Мәселен, Ә. Бөкейханов қазақ халқының саяси және құқықтық сана- сезімін қалыптастыру жөнінде көп іс тындырған тамаша саясатшы ғана емес, сонымен қатар ғұлама экономист, әдебиетші және тарихшы болған. Оның қазақ халқының тарихын, әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен мәдениетті зерттеуге арналған монографиялық мәні бар «Қазақтар» атты мақаласы 1910 жылы Петербургте жарияланды. Қазақ интеллегенциясының шығармаларында қоғамның негізгі идеялары, ой- пікірлері мен көзқарастары қарастырылған. Олар өз мақалалары мен кітаптары арқылы өз халқын ғасырлар бойы мүлгіген тіршіліктен оянуға, оны экономикалық және рухани тәуелділіктен азат етуге, өркениетті даму жолын нұсқауға ұмтылды. Қазіргі кезге дейін құнын жоғалтпаған А. Байтұрсыновтың «Маса» және М. Дулатовтың «Оян, қазақ» кітаптары нақ сол мақсатқа арналды. Қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы қозғалыс, әсіресе бірінші орыс революциясы самодержавиені біраз кеңшіліктер жасауға мәжбүр етті. Бастапқыда олар саяси салада булыгиндік Дума құрудан көрінді. І Мемлекеттік Думаның жұмысына қазақтың көзі ашық, зиялылары: Торғай облысынан- А. Қ. Бірімжанов, Уфадан- С.С.Жантөреев, Оралдан- А. К. Кәлменов, Астраханнан- Д. С. Ноян- Түндітов, Ақмоладан- Ш. Қосшығұлов және Семейден Ә. Бөкейхановтар қатысты. 1907 жылғы 20 ақпанда ашылған ІІ Мемлекеттік Дума құрамына қазақ халқынан оқыған мына зиялы азаматтар енді: Ақмола облысынан- Ш. Қосшығұлов, Торғайдан- Ғ. Бірімжанов, Семейден- М. Тынышбаев, Сырдариядан- Т. Аллабергенов, Оралдан-Б. Қаратаев, Астраханнан-Б.Құлманов.[6] Қазақ интеллигенция өкілдері Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуымен қазақ халқын сырттан жасалатын күйретуші әсерден қорғайтын қандай да бір заң қабылдауға қол жеткізуді мақсат етті, дегенмен де олардың Думаға қатысуының ең басты нәтижесі, негізінен, оның қазақтың ұлттық бірлігін нығайтуға және олардың саяси деңгейін көтеруге көмектескендігінде болды. Қазақ халқының Ресей империясына ортарлық құлдыққа түскен бүкіл кезең ішіндегі азаттық жолындағы күресінің шырқау шыңы 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысы болды. Қазақ халқының тарихында 1916 жылғы оқиғаларда қазақ интеллегенциясының алған орны мен атқарған рөлі туарлы мәселе ең жанға батарлық мәселеге айналды. «Алаш» партиясының негізі болған «буржуазияшыл- ұлтшыл» деп аталатын интеллегенция «қазақ халқының жауы және сатқандары», «барып тұрған контреволюционер», «патша малайлары» және т.б. сияқты ұғымдармен көрсетілді.[7] ХХ ғасырдағы ұлт интелигенциясы тарихында аумалы-төкпелі оқиғалар көп болса да, үш сапалық кезеңі аңғарылады. Олар 10-20 жылдардағы Алаш зиялылығы кезеңі, 50-60 жылдардағы ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның өрістеу кезеңі, 80-90 жылдардағы қоғамның ояну кезеңі. Алаш зиялылығы кезеңінде өркениетті мемлекет құру мәселесі, ұлттың тағдыры болашағы күн тәртібіне қойылды. Бұл жолдағы күресті Ресей шындығындағы құқықтық жолмен жүргізу көзделді. Ашық тартысқа шығуға бодандықтан еңсесі түскен елдің жайы мұрша бермеді. Оқығандардың Ресейдегі түрлі партияға кіруі, ақырында одан күдер үзіп өздерінше саяси партия құруы, әрқилы шаруашылықтық- экономикалық механизмдермен қоғамдық-әлеуметтік шаралармен ел әл- ауқатын жақсартуға қам жасауы, айлық, жылдық учительдік курстарды ашуы, негізгі мықты,бағыты анық газет-журналдар шығаруы- ХХ ғасырдың 10 жылдарындағы жетістіктер. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс Алаш қозғалысына тұтқиылдан соққы болып тиды. 1919 жылдан бастап зиялылар күрес тактикасын өзгертті. Оқу-ағарту, баспасөз саласында жүріп халықтың деңгейін көтеруге тырысты. 1926 жылы мемлекеттік ұлт театрын құрды, 1920-1929 жылдары ғылымның барлық саласы бойынша оқулықтар жазды. Қазақ ән-күйлері нотаға түсіріліп алғашқы киносценарий жазылды, фольклорлық мұралар жинастырылды. Академиялық орталық құрылды. Осы істерге Әлихан, Ахмет, Міржақып, Смағұл, Тұрар, Сұлтанбек, т. б. ұйытқы болды. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдары ұлт интеллигенциясы жаппай репрессияланды. Алаш зиялылығының тоталитаризм кезеңінде шет елде жалғасып, үмітті өшірмеген уақыты да болған. Бірақ эмиграцияға кеткен қазақ саусақпен санарлықтай. Алғаш шетке кеткен (1918) Мұстафа Шоқай 1941 жылы өлтірілді. Сонда жүріп ызбарлы Кеңеске қарсы біраз еңбек жазғанымен, барын бере алмай кетті. Зәки Уәлиди секілді естелік жазуға да ғұмыр бұйырмады. 1922 жылы Қытай асқан Райымжан Мәрсековтің онда немен айналысқаны бізге белгісіз. Бірақ ол да сонда 1937 жылы өлтірілді. Анығы: Мұстафа, Райымжан сынды рухы күшті жандар алаштың келешегі үшін басын бәйгеге тіккені.[8] 50-60 жылдары ғылыми-шығармашыл интеллигенцияның өрісі кеңейді. Мұхтар, Сәбит, Ахмет, Шәкен, Әлкей, Қаныш, Әбілхан т.б соңынан мол шәкірт ерді. Алғаш филиал ретінде құрылған ғылым академиясы іргелі ғылым жасауға ұйытқы болды. Әл-Фараби, Абай құбылысы зерделене бастады. Білімді қаламгер, сауатты оқырман өсіп шықты. Әдебиетшілердің санаткерлердің жаңа толқыны өмірге келді. Жас тұлпар секілді ұйымдар туды. Шенеуніктер мәдениетке ынтық болды. Белгілі жағдайлармен соғыс жылдары ашылған өнер ошақтары мен оқу орындарында ұлт интеллигентері көбейді.[9] Қазақ интеллигенциясының басты сіңірген еңбегі мынада: ол бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдық- патриархаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын көрсетуге ұмтылды. Қорытындылай келе айтарым қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғанындай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллигенция белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интелигенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және сана-сезімге қатынасы туралы мәселе туралы мәселе көтерді.
6. Қазақ зиялыларының Қазақ саяси элитасының (Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Көпеев, М.Дулатов, М.Тынышпаев, С.Асфендияров және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуі.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атқарған қызметі
Көрнекті қазақ ақыны, публицист, этнограф және ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Семей облысының Баянауыл сыртқы округында дүниеге келген. Бұхарадағы Көкілташ діни мед- реседе оқып, жоғары мұсылмандық білім алған. Бірнеше жыл туған өлкесінде мұғалімдік қызмет атқарып, қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашқан. Ол 1872 жылдан бастап қазақтардың халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға кіріседі. Осы мақсатпен Омбы, Павлодар, Семей, Петропавл, Атбасар сияқты тағы басқа да қалалардың маңындағы қазақ ауылдарын көп аралады.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен қатар өзі де көптеген поэтикалық шығармалар жазды. Оның «Исабек ишан», «Мұса Шорманұлы» сияқты жоқтау өлеңдерінде тарихи деректер көп кездеседі. 1893 жылы ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған өлеңдері мен мақалаларын жариялай бастады. 1907 жылы Қазан қаласында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағаннан көрген бір тамашамыз» атты үш кітабы басылып шықты. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» еңбегінде тарихи нақты деректер негізінде, оның шын мәніндегі заңды иесі қазақтар екендігін ашып айтты. 1905 жылы 9 қаңтарда болған оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» өленін жазды. Ол осы еңбектері үшін патша үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырады. Елден кетіп, Самарқанд, Бұхар жағына, Еділ мен Орал жағына барып бой тасалауға мәжбүр болды. Алайда қайда жүрсе де ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауды жалғастыра берді.Оның мақалалары алғашқы қазақ газеті «Дала уәлаяты» газетінде және «Айқап» журналында жарияланып тұрды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға ынталылықпен кірісуінің арқасында көптеген құнды бірегей тарихи аңыздар, этнографиялық материалдар, хандар мен сұлтандардың, батырлар мен би, қожалардың шығу тектері туралы егжей-тегжейлі деректер біздің күнімізге дейін сақталып, аман жетті.
Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы елеулі рөл атқарды. Қоғамның Қазақстанда, онымен шекаралас аумақтарда — Орынборда, Омбыда, Семейде және Ташкентте бөлімдері мен бөлімшелері ашылды.XIX ғасырдың 70-жылдары Қазақстан аумағында облыстар құрылғаннан кейін олардың барлығында да статистикалық комитеттер пайда болды. Олар Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті және шаруашылығы жөнінде құнды деректер мен мәліметтер жинастырды. Ол материалдар облыстарда жыл сайын мұқият шығып тұратын «Шолуларда» және «Естелік кітапшаларда» жарияланып тұрды.Батыс Қазақстанның тарихын зерттеуде Орынбор ғылыми мұрагат комиссиясы көп жұмыс атқарды. Ол 1887 жылы құрылған болатын. Комиссия мәжілістерінде мұрағаттык дерек көздері негізінде әзірленген ғылыми баяндамалар талқыланды. Ол материалдар «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектері» деген атпен жарияланып тұрды.1895 жылдан бастап Қазақстанның оңтүстік аумағын археологиялық тұрғыдан Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі зерттеуге кірісті. Үйірме мүшелері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, оның нәтижелерін ғылыми басылым беттерінде жариялап тұрды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның далалық уездерін Ф. Щербина бастаған экспедициялық топ зерттеді. Экспедицияға қатысушылар «Қырғыздардың (қазақтардың. - авт.) жер пайдалануы туралы материалдар» деген атпен 12 томдық еңбек әзірледі. Бұл топтың жұмысына Қазақстанның әр түрлі уездеріндегі білімді қазақтар да белсене қатысты. Атап айтқанда, экспедицияның жұмысына «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханов, Омбы мал дәрігерлік мектебін бітірген А. Исин, сондай-ақ О. Базанов, Р. Мәрсеков, Е. Итбаев, М. Шомбалов, Д. Сатыбалдин сияқты окыған жастар қатысты. Бұл материалдар XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы қазақ шаруашылығының жай-күйі жөніндегі теңдесі жоқ деректеме болып табылады. Сонымен катар қазақ халқы туралы құнды деректер Ресей империясының 1897 жылы өткізілген Алғашқы жалпыға бірдей халық санағы кезінде жиналды. Онда Қазақстанның шаруашылық қызметі, мәдениеті, тарихы, сондай-ақ халқының саны жөнінде аса қажетті мәліметтер мол болды.
Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуші ғалымдардың бірі Әбубәкір Диваев (1856—1933) болды. Ол Орынбор қаласында дүниеге келген, башқұрт болатын. Орынбор кадет корпусында оқып жүріп, қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қызығушылық танытады, XIX ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде отставкаға шыққан ол өз өмірін қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу ісіне арнайды. Ол әуесқой археологтардың Түркістан үйірмесінің, сондай-ақ Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды. 1917 жылға дейін Ә. Диваев 100-ден астам тарихи-этнографиялық еңбек жариялады. Ғалым Қазақстанның ежелгі тарихын жазу кезінде фольклорлық материалды пайдаланудың маңызды екенін атап көрсетті. Ол қазақтардың «Тазша бала», «Жалмауыз кемпір» ертегілерін жазып алды. Сондай-ақ «Қырғыздардың ауру-сырқаулары мен оларды емдеу тәсілдері», «Аспан денелері қырғыздардың көзқарасы бойынша» деген мақалалар да жариялады. Ә. Диваев орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинады.
Шәкәрім – тарихшы. Абайдың ақыл-кеңесімен ақын шежіре жазды. Шығыс, Батыс классиктерінің шығармашылығын жете танып, мұсылмандық ілім-білімді де еркін меңгерген. Түркі халықтарының тарихын терең білетін, діни, тарихи тақырыптарға «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханылар шежіресі», «Үш анық» еңбектер жазған ғұлама ғалым. Шежіре кітабының кіріспесінде Шаһкәрім былай дейді: «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген-білгенімді жазып алып, әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым» дейді.Оқыған кітаптары түрік-араб шежірелері: Табари. Түрік, араб шежірелері: «Тарих ғумуми», «Тарих ғұсмани», Нәжип Ғасымбектің «Түрік тарихы», Әбілғазы Баһадүр ханның жазған «Шежіре түрік», Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік», Радловтың «Ұйғыр туралы шежіресі», Аристовтың «Түрік нәсілі туралы» шежіресі, «Орхон жазбалары» және әр түрлі кітаптардан алынған сөздер. Орыс-тарихшы ғалымдарынан: Березин, Левшин, Сапсский, Маевскийлерді оқыды. Шаһкәрім осылай шығыс және орыс ғалымдарының еңбектерін оқып, қазақ халқының аңыз-әңгімелерін зерттеп, ондағы уақиғаларды тарихи шығармалармен салыстыра отырып барып өз еңбегінде пайдаланды. Сөйтіп, Шәкәрім он тоғыз жасынан бастап, қазақ шежіресін жазуға кірісті. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» осындай ізденістерден кейін 1911 жылы Орынборда шықты. Мұнда тарих, әдебиет, тіл және этнография жайында, тарихи тұлғалар туралы және басқа да әлеуметтік-тарихи мағлұматтар мол. Сонымен, шежіре Шәкәрімнің тұңғыш жарық көрген салиқалы еңбегі. Бұл шығарма қазақ халқының тарихын дұрыс баяндау және қазақтың түп атасын анықтап беру мәселесінде ешқашан тарихи мән-мағынасын жоймайтын құнды мұра болып қалды. «Шәкәрімнің басқа шығармаларын түсіну үшін ең алдымен шежірені оқу керек» дейді ғалым Қайым Мұхамедханұлы.
АСФЕНДИЯРОВ
 С.Ж. Асфендияров кең ауқымды білімі мен тарихи-әдістемелік зерттеулерін ұштастыра отырып келесі еңбектерін жазды: - ”История Казахстана с древнейших времен”. - ”Прошлое Казахстана в источниках и материалах”. - «Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане» монография. 1935-1936 жж. С.Асфендияров профессор П.А. Кунтемен бірлесіп «Прошлое Казахстана» атты екі томдық дереккөздер жинағын жарыққа шығарды. Орта мектепке арналған «Қазақстан тарихының очерктері» жарық көрді. С.Ж. Асфендияровтың география саласына қосқан үлесі де зор. Ұлы географиялық ашылулар кезінде басқа әлеммен байлыныссыз болған Орта Азия жерлерінің Атлант мұхитына шығатын құрлық жолдарының ашылуына өз үлесін қосты. Географиялық зерттеулерді оқып біле отырып көшпенділер тұрақтануға көшпейінше, отырықшы мемлекеттерге тәуелді болатындығын айтап кеткен болатын. 1937 жылы С.Ж Асфендияров заңсыз түрде қуғынға ұшырап ақталмаған күйде атылып кетті. 1989 жылы Қазақ ССР министрлер кеңесі С.Ж Асфендияровтың мемлекеттің, қоғамның, педогогика және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесін ескере отырып оның ақталып шығуына атсалысып, өзі негізін қалаған Алматы мемлекеттік медицина университетіне атын беруді ұйғарды. Сонымен қатар, ұлы қоғам қайраткерінің құрметіне ескерткіш тас қойылды.
Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі. Абайдың ғұмыр жолын қысқаша баяндап, түңғыш кітабының шығу тарихы, оған Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы және ақын балалары мен інілерінің қатысуы, Семейде Нәзипа Құлжанова өткізген әдеби кеш туралы сөз болады. Ең құнарлы ой -
Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас
деген салыстырма жасайды.[1] Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.
Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. Дөрекі социологиялық, таптық, атеистік көзқарас, дүниетаным тұрғысына түскен кезде зерттеушілер абайтануда толып жатқан солақайлыққа, сан-алуан қателікке ұрынғаны белгілі. Ал Кәкітай Ысқақов, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы Абайдың шығармаларын тануда ұлттық, халықтық, эстетикалық таза талғаммен ешқашан мәнін жоймайтын бағалы байламдар жасай алды. Абай шығармаларындағы сарын-әуезді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген. Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер Міржақып Дулатұлының өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы - біркүндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарына алаш деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатұлымен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.[2] [3][4]ТЫНЫШБАЕВ
Тынышбаев Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, «Талап» ұйымының мүшесі болды. Мұхамеджан «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымының қызметіне де белсене ат салысты. Тынышбаев халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дерек көздері бай, ғылыми тұрғыдан негізделген ірі еңбектер жазды. Оның тарихты тарең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан байқалады. Бұл пікірге Тынышбаев еңбектеріндегі «Қырғыз-қазақ руларының шежіресі», «Қырғыз-қазақтың шығу тегі», «Қазақ этнонимі туралы», «Алтын Орданың күйреуі және Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Ақтабан шұбырынды» секілді, әр тақырыптағы еңбектері дәлел бола алады. Қазақ тарихының көңе дәуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа заманы ретінде жеке қарастыратын күрделі мәселелерді кеңінен қамтуға талпынынысы, М.Тынышбаевтың өзіндік қалыптасқан ғылыми көзқарасы бар екендігін аңғартады.Тынышбаев еңбектері ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен ерекшеленеді. Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу үшін сол ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жетік меңгеру керек деген принципті берік ұстанды және бұл принципті өзге зерттеушілердің де ұстануын талап етті.1924-1925 жылдары Орыс Географиялық Қоғамының Түркістан бөлімінде жасалған баяндама негізінде Мұхамеджан «Қырғыз-Қазақ халқының тарихына материалдар», оған қосымша ретінде «Қырғыз-Қазақтар XVII және XVIII ғасырларда» деген еңбектері жарық көрді. Оларда М.Тынышбаев қазақ шежіре деректерін орыс, шығыс, қытай деректерімен салыстыра отырып қарастырады. Ол өзі пайдаланған дерекемелерге сыни көзқараспен қарады және оларды ауызша тарихи мәліметтермен үнемі салыстырып отырды. Тынышбаев қырғыз-қазақ халқының тарихы жөнінде айта келе, көп зерттеушілердің ішінде Вельяминов-Зернов пен Левшиннің зерттеулерінің ғана мағналы екендігін атап көрсетіп, қалғандарының олардан құр көшіріп қана қойғандығын айтады.«Авторлар - дейді, М.Тынышбаев-қырғыздар туралы әр түрлі деректерден «қазақ» деген сөзді ғана іздестіріп, олар әр қилы кезеңде әр түрлі түркі-моңғол тайпалары қосылған негізгі тайпа деп есептеді; солай дей отыра оның ешқайсысыда қазіргі кезеңде бұрыңғы «қазақтардың ұрпақтары қай қырғыз рулары болатынын анықтау мәселесімен айналысқан жоқ». Сондықтан да қазақ халқының әрбір руының шығу, даму тарихын жете білуді талап етеді. «Қазақ халқының әрбір руынын генеалогиясын алдын-ала зерттемей, сондай-ақ, оның қай кезде кіммен қақтығысқанын анықтап алмай, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы бітімін елестету мүмкін емес»- деп ол әрбір рудың генеалогиясына хронологиялық ретпен қысқаша түрде тоқталып өтеді. (Төлбасиева С. Мұхамеджан Тынышбаев – қазақ шежіресін зерттеуші.// Қазақ тарихы.- 2004.- №1.- 84 б).Осындай еңбектерінің нәтижесінде инженер М.Тынышбаев тарихшы, өлкетанушы ретінде де көрінеді. Негізі сол заманда ел басқарған Алаш азаматтарының көпшілігіне тән қасиет – әмбебаптық болып табылады. Олар қоғамдық қызметімен қатар қазақ халқының өткен тарихының сан алуан саласына үңіліп, зерттеп, шығармашылық қызметін де қатар ұстанады. Солардын бірі де, бірегейі де-Мұхамеджан Тынышбаев.ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманға қарамастан М.Тынышбаев ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе береді. Мұхамеджан 1920 жылы қазақ өлкесін зерттеу қоғамын құрушылардың бірі болып «Сана» журналының шығуына атсалысады. Осы журнал бетінде қазақ халқының қамын жеген, мүддесін көздеген зиялы қауымның шығармашылық еңбектері жарық көре бастайды. Солардың қатарында 1923 жылғы 1-ші санында М.Тынышбаевтың «Түрік-моңғол тарихы» деген еңбегі жарық көреді. Онда ХІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығына дейінгі қазақ тайпаларының географиялық орналасуы, құрылымы, өзіне тән қоғамдық мәдени дамуы туралы терең мәлімет береді.
7. ХХ ғ. басындағы қазақ баспасөзі (Айқап журналы, Қазақ газеті).
Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.
1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин.
"Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыровқатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
8. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.). Столыпин аграрлық реформасы және Қазақстандағы жер мәселесі.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия), Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.
Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
1. 40899244 пут мақта 2. 38 мың шаршы аршын киіз 3. 3 млн. пут мақта майы 4. 229 мың пут сабын 5. 300 мың пут ет 6. 473928 пут балық 7. 70 мың жылқы 8. 12797 түйе алынды 9. 14 мың киіз үй салынды
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.
Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:
1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. 2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов. 3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Жетісудағы көтеріліс.
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.
Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.
Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.
Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.
Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.
1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Төрғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.
Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.
Салдары: -3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. -161-і каторгаға айналды. -Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болды. 2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады. 6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.
Салдары: қазақтардың саны: - Қазақ өлкесінде – 446 мыңға; - Орта Азияда – 121,7 мыңға; - Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға; - Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.
Көтерілістің тарихи маңызы 1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесіндеп «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір казак отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіліп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақөлкесінде Орын-бор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасырдың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті. Ресейде аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейде аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер ұлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесінде ерекше көңіл белді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін бол-ды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетп. 1897 жыл-ғы санақ бойынша Дала елкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті.1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер непзінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бүл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен ендірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіп-орындар жүйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және ор-талық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай еңдеу кәсіп-орындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, не-гізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эр-нест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екі-бастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесінде ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді.XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшы-лардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы ешбір сын кетірмейтін дәрежеде болды. Олар жұмыс-тың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін беліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусым-дық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсіпорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
9. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс: себептері, барысы, тарихи маңызы.
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Көтерілістің мақсаты:  ұлттық және саяси азаттық болды. Көтерілістің ұлт - азаттық сипатта болуы, қазақ халқының барлық тап өкілдері (байлар, болыстар, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың өкілдеріне қатысты.
Көтерілістің ірі ошақтары: Жетісу және Торғай өңірлері
Жетісудағы көтерілістің басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қонаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар болды.
Жетісудағы көтеріліс тарихының барысы:
1. 1916 ж. шілдесі – стихиялық, наразылық көріністері.
2. Тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы.
3. Қыркүйек – қазан-көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңілуі 
Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығымен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: а) қазақ интеллегенциясының радикалды батыл іс- қимылға бейім өкілдері : Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Т.Рысқұлов, Ә.Жангельдин,С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жүнісов тағы басқа халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты. б) «Қазақ» газетіне топтасқан либерал- демократиялық зиялылар өкілдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов , М.Дулатов т.б. Халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, қазақтар қатты қан төгіске ұшырауы мүмкін деп, осы алмағайым заманда халықты жаңа аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде халықты аман сақтауға тырысты. Қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы бұлардың қауіптерінің негізсіз еместігін дәлелдеді.
Көтерілістің маңызы:
1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. К.Қасымов бастаған  ұлт- азаттық қозғалыстан  кейін 1916 ж. көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтыған , бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, Шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт -азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болды. 1960 жылдары орыстың белгілі тарихшысы А.В.Пястковский «Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс отар халықтардың ( Қытайдың, Парсының, Оңтүстік Америка одағының және басқалардың) империалистік езгіге қарсы барған сайын өрши түскен, революциялық күрестердің бір буыны болғандығы сөзсіз», - деген пікір айтқан еді.
10. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және Қазақстанның саяси дамуы.
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 191916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.16 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 
Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, эсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.
Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.
Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді.
11. Алаш партиясы және оның бағдарламасы.
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.
1917 жылғы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары мыналар:І. Мемлекеттік қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болу. Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер. Федеративный республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болды. Әр мемлекет өз тізгінін өзі алып жүреді. Осы бапты қазіргі саяси терминдермен түсіндірсек, Алаш партиясы мемлкеттік құрылыс мәселесіне Россияның терезесі тең (құрдас) мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект (құрдас мемлекеттер) өзінің егемендік құқы бар (іргесі бөлек) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті. ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болу, реті келсе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Алаш партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап жұрт тартқан айту жағына бастайды.Алаш партиясы бағдарламасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады. Екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады.ІІІ. Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хұқмет қызметкерлері, иесінен рұқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу.IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болады. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралады.V. Билік және сот. Әр жұртқа билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би және судья жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеуі – тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік және сот жүзінде жұрт біткен тең болады; құдайдан соңғы күшті би мен судья болып, кімде болса, олардың үкіметіне мойын ұсынады. Айтылған үкім тез орнына келуі керек. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралады. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болады. Присяжный қазақтан алады. Қырдағы ауыл, болыс ішінде билік пен сот жұрт қалаған ереже жолымен атқарылады.VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы тиіс. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару.VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек.VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды. IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақылсыз болады. Жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер, профессорлар өзара сайлау мен қойылуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы керек.X. Жер мәселесі. Төтенше жиналыс негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілкті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі, сыбаға өлшеу – норма жерлердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалуы; сыбағадан артылған жер земство қолында болуы тиіс; Артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілуі. Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілуі жерді қазақ үйі басына иленбей ауыл-аймақ туысқан табына меншіктеп алу, өзара әділдік жолымен пайдалануы керек. Жер заңында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалануы керек. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, өзендер мемлекеттік болып, аз ағаш және көл байлықтары земство мүлкіне саналуы керек.
12. 1917 жылғы «Қазан төңкерісі» кеңес өкіметінің билікке келуі және «Алашордаға» қарсы күресі.
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің  Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық  беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.
еңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған  Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда)  жұмысшылары мен солдаттары  өкімет билігін 1917 ж.  30 қазанда  (12 қараша)  өз қолына алды. Ташкентте  Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады.  Ал 1917 жылдың  қараша айының орта кезінде  Кеңес өкіметі Черняев  (Шымкент) қаласында  жеңді.  Қараша-желтоқсан айларында  Кеңес өкіметі Әулиетада,  Түркістанда, Қазалыда,  Арал поселкісінде және  облыстың басқа да ірі елді мекендерінде   бейбіт  жолмен орнады.  Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен  уездерінде  казак-орыс әскерлерінің  басым болуынан  Кеңес өкіметі  үшін күрес  біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында  Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
13. Алаш автономиялық республикасының құрылуы және оның қызметі.
Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:
Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...
Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).
Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді:
Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...
Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.
Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.
2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.
Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.[2]Атауы
Алаш автономиясы аталуы негізі болған алаш сөзінің мағынасы — дәлме-дәл қазақ, Қазақстан. Тағы да «Алты алаш заманы» деп Қазақ хандығына нақ үш жүзден тыс қырғыз, қарақалпақ, құрама елдері кіргенін көрсетеді.
Көрнекті мүшелер
Ақбаев ЖақыпАманжолов Садық,
Омар АлмасовБайтұрсынұлы Ахмет,
Бекімов Молданияз,
Бірімжанов Ахмет,
Бөкейхан Әлихан НұрмұхамедұлыБоштаев МұқышДосмұхамедов Жаһанша,
Досмұхамедов Халел,
Ермеков Әлімхан,
Жақыпбаев Нүсіпбек,
Жанайдаров Сейілбек Мейрамұлы,
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы,
Итбаев ЕрежепҚадырбаев СейдәзімҚашқынбаев ИсаКенжин АспандиярМәметов Базарбай,
Омаров ЕлдесСарсенов БиахметСабатаев Сатылған,
Солтоноев Белек,
Танашев Уәлитхан,
Тиесов Елдес Омарұлы,
Мұхаметжан Тынышбайұлы,
Тұрлыбаев Айдархан,
Телжан Шонанов,
Шоқай Мұстафа,
Халел Ғаббасов,
Бақтыкерей Құлманов,
Отыншы Әлжанов.
Алаш автономиясының құрылуы
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған[3].
1917 жылы желтоқсанның 5 — желтоқсанның 13 Орынбор қаласында өткізілген Екінші жалпықазақ съезінде жарияланған.
14. Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) және біртұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
Кеңестер билік басына келіп, әр халықтың өз тағдырын өзі шешетіні жөнінде насихат жұмыстарын жүргізген кездерінде М. Шоқай бастамасымен 28 қараша 1917 жылы Түркістан автономиясы құрылып, Түркістан автономиясының уақытша үкіметі жасақталған болатын және Бас министр болып М. Тынышбаев бекітіліп, ол отставкаға кеткен соң М. Шоқай осы орынға келген еді. Алайда 1918 жылдың қаңтарында Ташкендегі жұмысшысолдат депутаттарының үкіметі автономияны құлатып, М. Шоқай шет елге эмиграцияға кетті және өз өмірінің соңына дейін Түркістанның кеңестік кезеңдегі ауыр халін батыс жұртына әшкерелеп, түптіңтүбінде кеңестік жүйе жасанды жолмен бөлшектеген Түркістан халқы бірігіп, бір үлкен ту астына жиналатынына сеніп өтті. Бұл турасында «М. Шоқай Орталық Азия кеңістігінде ұлттықтерриториялық межелеу негізінде бірнеше кеңестік республикалардың өмірге келгендігін құптаған жоқ. Ол большевиктер бұл өлкеде «бөліп тастап, билей бер!» саясатын ұстанып отыр деп түсінді. Ал пайда болған республикаларды «ұлттық» емес, «ұлыстық» республикалар ретінде қабылдады» деген пікірді алдыға тартуға болады [Шоқай М. Таңдамалы. Алматы: Қайнар, 1998. – Т.1. 21 б.]. Бұл пікірдің ақиқаттылығын нақтылай түсу үшін оның «Большевиктер атамекеніміз Түркістан есімін де өзгертпек болады. Халқымыздың өзінің тарихи аты «түрік» деген атпен аталуына тыйым салып, ұлыстар мен руларға бөлшектеп тастауды көздейді» деген пікірін де келтіре кету артық болмас [Шоқай М. Таңдамалы. Алматы: Қайнар, 1998. – Т.1. 187 б.].
Кеңестік идеология түрікшілдікке де, Түркістан идеясына да қырын қарап, ортақ интернационалдық бағытты алғашқы кезден бастапақ насихаттауға тырысты. Алайда коммунистердің ішінде де түрікшілдікті жақтаушылар болды. «Тұтас Түркістан мемлекетін құру жолында күрес жүргізген коммунистік тұғырнамадағы коммунистердің ішінен Т. Рысқұлов пен М.Х. СұлтанҒалиевті бөліп көрсетуге болады. Мысалы, жергілікті халықтардың құқын қорғау жолында Түркістан Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанынан Мұсылман Бюросын құрған Т. Рысқұлов тобы алғашында РКП(б) ОКнің ұлт саясатына зор сенім білдірген болатын. Олар жергілікті орыс коммунистерінің шовинистік пиғылына қарсы күресе отырып, РКП(б) ОКнен қолдау табуға тырысты. Мұсбюро 1919 жылдың күзінде Түркістанда саяси жеңіске жетіп, барлық билік салаларын түрік өкілдері қолға ала бастады. Мұнан қауіптенген РКП(б) ОК 1919 жылы 8қазанда В.И. Ленин қол қойған қаулыға сәйкес Түріккомиссияны жасақтап, оны Мұсбюроға қарсы аттандырды. Т. Рысқұлов пен Мұсбюроның басқа да жетекшілері алғашында Түріккомиссияға зор сенім білдіре, үміт арта қарады. Бірақ, көп ұзамай, Түріккомиссияның пиғылын анық сезінген Т. Рысқұлов басқарған Мұсбюро өзінің әрекетін тактикалық жағынан өзгерте бастады. РКП(б) ОК һәм Түріккомиссияның шовинистік пиғылы мен отарлық саясатына қарсы қорғаныстық идеология ретінде түрікшілдік бағыт, яғни тұтас Түркістан идеясы таңдап алынды. Оны жүзеге асырудың жолы ретінде төмендегідей екі бағыт белгіленді: 1) Түркістанда өмір сүріп жатқан халықтарды «түрік» идеясына біріктіру арқылы республиканы құқықтық жағынан түрік халықтарының республикасына айналдыру; 2) Республиканы мекендеуші түрік тілдес халықтардың жекежеке ұлттық республикаларын құра отырып, оларды түрік конфедерациясына біріктіру» [Шілдебай С.Қ. 20 ғасырдың 1ші жартысындағы Қазақстанның ұлтазаттық қозғалысындағы түрікшілдіктің орны мен маңызы (тарихи талдау): тарих ғыл. канд. … автореф. – Алматы, 2001. – 21 б.]. Кейіннен негізін қалаушылары Сталиндік қуғынсүргінге ұшырап, халық жадынан өшірілген түрікшілдік және Түркістан идеялары коммунистердің тырысуы арқасында тарих сахнасынан өшірілді.
Әйтсе де Кеңес өкіметінің күні таяп, әлсіреген кезеңдерде түрік идеясы, Түркістан жайлы ойпікірлер қайта бой көтере бастады. Оның ең алғаш жарыққа шығып, жария түрде насихатталуы ССРОда мекен ететін шығыс халықтарының құрылтайында орын алған еді. 1990 жылдың 2730 қыркүйегінде Мәскеу қаласында өткен бұл құрылтайға Хакасияның, Якутияның, Әзірбайжанның, Татарстанның, Қазақстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Башқұртстан, Гагауз республикасының, ЧеченИнгушетия, Қырғызстан, Қырым татарларының, ноғайлардың, РСФСРдың Орынбор, Омбы, Пенза, Горький облыстарының қоғамдық ұйымдары мен саяси партияларының өкілдері қатысты. Аталмыш басқосуда Шығыс халықтарының Ассамблеясы құрылып оған қосалқы сегіз төраға сайланды және оның бірі ССРО халық депутаты, ақын О. Сүлейменов болды. Ал үйлестіру кеңесіне Азат ұйымының қосалқы төрағасы С. Ақатаев сайланды. Ал Азат қозғалысы осы Ассамблеяға мүше болып кірді [Бабалықов Ж. ССРОны мекен ететін шығыс халықтарының құрылтайы // Азат. – 1990. – қараша (№2). – 7 б.]. Бұл басқосуда алғаш рет түркі тілдес халықтар өздеріне жасалған зорлық зомбылықтар жайлы ашық айтып, сол кездегі мемлекет басындағы отырған тұлғаларға шешілуі тиіс мәселелер жөнінде Үндеулер жолдап, өз талаптарын қойған еді. Осылайша кеңестік режимнен ауыр соққы алған түркі жұртшылығы өз жоғын жоқтай бастаған шақта Түркістан идеясының да қайтадан көтерілуі заңды құбылыс болатын. Түркістан ұлттық мүдденің бір бөлігі болғандықтан, Азат белсенділері өздері құрылған кезденақ Түркістан мәселесін алға қоя білді. Дегенмен, нақ сол кезеңдегі қоғамдық пікірдің ұлтшылдарға қарсы бағытталуы, қозғалыс мұраттарына әсіре ұлтшыл деп айып тағылуы Түркістан идеясын ашық түрде батыл алға тартуға кедергі болғаны түсінікті де. Тіпті алғашқы 1990 жылдың 31 маусым1шілде аралығында өткен құрылтайда Азаттың экологиялық апат аймағында қалған қарақалпақ бауырларды Қазақстан жеріне уақытша қоныстандыру жайында мәселе көтеруі [Қазақстанның азаматтық Азат қозғалысының низамы. Жоба // Ақатай С. жеке мұрағаты. – Алматы, 1990. 2 б.] сол кездегі Компартия тарапынан үлкен сынға ұшырағаны мәлім. Тіпті Азаттың бұл идеясы сталиндік халықтарды қоныстандыруымен салыстырылған болатын [Горький вкус сладкого слова «свобода» // Вечерняя АлмаАта. 1990. 8 сентября. – 2 б.]. Десек те қазақтың дербес мемлекетінің тәуелсіздігінің баянды болуын «Түркістан Одағынан» көрген Азаттықтар өздерінің бағдарламасында «Орта Азия республикалары, сондайақ Россия ортақ нарыққа біріктірілсін, басқа мемлекеттермен өзара тиімді байланыс шарттары жасалсын» деген талапты енгізген болатын [Дәрімбет Б. Азат қозғалысы. Алматы: Өркениет, 2001. 85 б.]. Бұл жерде мән беретін мәселе Азаттың Қазақ мемлекеті үшін ең басты әріптес Орта Азия республикалары содан кейін ғана Ресей бола алатындығын нақтылауы. Бұл өз кезегінде Қазақ мемлекетінің бауырлас Қырғыз, Өзбек, Түрікмен және Тәжік мемлекеттерімен тығыз интерграцияға түсе отырып Ресеймен және өзге мемлекеттермен достық қарым қатынас орнатуы қажеттігін алға тарту еді. Осы мақсатта Азат аталған Орта Азиялық республикалардың демократиялық күштерімен тізе қосып біршама жұмыстар атқарған да болатын. 1991 жылдың наурызында Орта Азиядағы демократиялық бағыттағы саяси қозғалыстар мен партиялар бірігіп Орта Азия демократиялық Конгресін құрды. Оның құрамына Азат, Желтоқсан, Алашпен бірге Өзбекстандық Бірлік қозғалысы, Тәжікстанның Демократиялық партиясы, қырғыздың Асаба партиясы мен Демократиялық қимыл қозғалысы, түрікменнің Ауызбірлік қозғалысы кірді [Дәрімбет Б. Азат қозғалысы. Алматы: Өркениет, 2001. 49 б.]. 1991 жылдың 2526 мамыр күндері Бішкекте өткен Демократиялық Конгресс Құрылтайының екінші мәжілісінде оның құрамына Орта Азия мен Қазақстаннан 13 саяси партия, қозғалыстар мен ұйымдар құрылтайшы болып енді. Осы жолы Конгресс арнайы мәлімдеме қабылдап, Орта Азия мен Қазақстан Республикалары Демократиялық Конгресінің жалпы ережелерін бекітті. Мәлімдемеде конфедерация негізінде егеменді мемлекеттердің ерікті ынтымақтастығын құру. Мемлекеттердің саяси одағының тұғырын нығайту үшін өзара тиімді экономикалық шартқа қол қоюға ықпал ету сияқты келелі міндеттерді құрылтай қатысушылары өз мойындарына алады [Орта Азия мен Қазақстан Республикалары Демократиялық Конгресінің жалпы ережелері // Азат. 1991. – маусым (№8). – 2 б.].
Жалпы түркі тілдес халықтар арасындағы алауыздық пен араздықтың болмауын көздеген Азат қайраткерлері халықтар арасындағы достастықтың дәнекері болуды көздеді, болуы мүмкін қайшылықтардың орын алмауын көкседі. Соның бір мысалы ретінде С. Ақатайдың «Өзбекстандық қазақтүркі халқына үндеуін» атап өтуге болады. Аталмыш үндеуде қазақ пен өзбектің түбі бір туыс екендігі еске алынып, қалыптасып отырған саяси ахуал сарапқа салына отырып, олардың арасында қақтығыстың болмауына екі жақтың да атсалысуы қажеттігі көтеріліп, «Қазақ бауырларым! Өзбек достарыңа, көршілеріңе, тамыртаныстарыңа сырт бермей, жақынырақ түсінісіп, тіл табысыңыздар. Өзара түсінісу негізінде болашақ «Түркістан Одағының» шаңырағын көтеруге атсалысалық. Егер Өзбекстан мен Қазақстан дербес те тәуелсіз мемлекеттер бола алмаса, Түркістан Одағын да құру мүмкін емес, өзара түсінісу де мүмкін емес» деген ақыл парасатқа толы тілектер айтылды [Ақатай С. Өзбекстандық қазақтүркі халқына үндеуі // Азат. – 1991. мамыр (№7). – 2 б.]. Азаттықтар кішігірім даудамай мен өкпе назға мән бермей ұлы мақсаттар жолында халықты жұмыла күресуге шақырды.
Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.
1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкіметінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.
Мұстафа Шоқай
Балалық шағы
Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.
Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.
Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді. Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.
Түркістан үкіметінің мүшелері
Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет» деп белгіледі. Сонымен Түркістан үкіметінің мүшелері мына тұлғалар: Мұхаметжан Тынышбайұлы - Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі; Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі; Шахислам Шахиахметов Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі; Әбдірахман Оразайұлы - кейінгі ішкі істер министрі; Үбайдулла Хожаев - әскери істер министрі; Насырхан төре - халық ағарту министрі; Мірәділ Мырзахметов - әлеуметтік істер министрі; Хидаятбек Юрғули Ағаев - ауылшаруашылығы министрі; Әбитжан Махмұт - азық-түлік министрі; Саломон Гердфельд - азшылық ұлт өкілдерінің министрі. Осы кезде М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн тәртібіне қояды... Ал енді М.Шоқай түркістандықтардан тек жақсылық көрді деу де ақылға сыйымсыз. «Бірлік туы» газетіне 1918 жылы 18 наурызда жарияланған «тау арасынан» жасырын жолданған әйгілі хатында оны Гаухана, Маймүбәрак, Құмбаста сарттары қалай өлтіре жаздағаны жазылған. Түркістан автономиясын қырған большевиктік қара күш пен жергілікті бағдарсыз оспадар күштің айырмасы шамалы еді.
Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.
Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - М.Шоқай
Әлемге аты мәлім қоғам қайраткері, саясаткер, ақиқат жолына бас тіккен, азаттық үшін тағдырдың азабы мен мазағын қатыспай көтерген, әділеттен басқа досы жоқ, адалдықтан басқа жолы жоқ Мұстафа Шоқайдың біртұтас Түркістан мемлекетін құрудағы қызметі, қайғысы, қасіреті, мақсат – мүддесі кешегі кеңес үкіметі кезінде құлып астындағы құпия болды. Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсетті [1]. Мұстафаның інісі Нұртаза мен туысы Мырзеке Қалымбетұлы «халық жауымен» хандық қатысы болғаны үшін атылды [2]. Қалғандары қуғын-сүргінге түсті. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша отставкаға ҰҚК қызметкері Ж.Шәкібаев «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кітап жазып, М.Шоқайдың қоғам алдындағы жұмысын жоққа шығаруға тырысты. Ал Мұстафаның кінәсы - өз ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігі еді. Айыбы – атамекенге, ана сүтіне адалдығы. М.Шоқай өле-өлгенше осы бағытынан айныған жоқ. Уақыттан асқан кемеңгер бар ма, қазақ зиялылары жан алып, жан беріскен ел егемендігі тарихи мерзімі жеткен күні өз аяғымен келді. М. Шоқайдың бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы, арманы осы егемендік, өлмес рух елімен қайта табысты. Заман озады, өмірден тозбайтын ештене жоқ. Зат та, жер мен көк те, адамның аты да ескіреді. Бірақ, қараңғылық қойнауында жанған шамшырақтай Мұстафа есімі жыл өткен сайын жарқырай түсуде.
Мұстафаның 1886 жылы 7 қаңтарда Сыр бойында Сұлутөбе секілді ауылда, кірпіштен салған қазақы үйде дүниеге келіп, саясаттың биік тұғырына көтерілуі көбіміз үшін таңғаларлық жағдай. Бала күнінен киіз қазақтың тәрбиесін алады [2]. Осылайша он төртке толар-толмас жасөспірім бейшараның көзіндегі жасты сүртіп, әділеттің ауылын нұсқауға жарап қалады. Ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздіктерді танып біле бастайды. Түркістан халқының қамында бір қасиет пен кесапатты өмірге тоқиды. Өмірден осы кезде алған екінші сабағы – орыс өктемдігі.
Ташкенттегі орыс ұлты мен жергілікті халық арасындағы әлеуметтік теңсіздікті, келіспеушілікті көзімен көрді. Ұлтжандылық сезімін оянуына алдымен орыс шовинизмі ықпал етті. Алғашында орыс алпауыттары мен патшаның Ресейдің отаршылық саясатына саналы түрде қарсы шыққан, интеллект түрінде қорғанды. Ауыл қазағының арыз-шағымын жазып, дауына араласу гимназиядағы сабағына көп кедергісін келтірді. Ауыл баласы әлеуметтік мәселемен генерал Самсонов алдына бірнеше мәрте барды. Ол барған сайын орыс озбырлығын Самсоновтың көзіне шығып көрсеткісі келеді. Алайда Самсоновтың жан дүниесі адалдық ауылынан алыс жатыр еді [1].
Ғалым Ә.Тәкенов пен М.Қойгелдиев жазғандай «Генерал іске тыңғылықты, орысша сауатты қазақ жігітін өз кеңесіне тілмаш етіп алмақшы болады». Бұл мәселенің бір қыры. Екіншісі – тіпті тереңде. Орыс өкілдері отарлау мен саясат ісінде өте тәжірибелі, жергілікті халық өкілдерінен шыққан талантты ноқталаудың сырт көз аңдамайтын нәзік жолдарын біледі. Тілмаштық Мұстафаға қимастық берген қызмет емес, дарынды жастың келешегін кесу еді. Себебі, ел арасындағы тілмаштар қоғамдық теңсіздікке араша түспей, ақша-пара жолымен азғындап, адамдық қасиеттерінен айырылып жатқанын сол кезде өмірдің өзі көрсетті. Сондықтан, Самсонов бұрқылдып шыққан қайнардың көзін көміп тастағысы келді. Өзара қырқысып жатқан орыс чиновниктері осы мәселеде бірауызды болатын. Генерал Самсонов сезімтал кісі екен, ол Мұстафаның келешегінен орыс отаршылдарына келер бір залалды сезді. Мұстафа Шоқайұлы Петербургке барып, оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, - Заң факультетін қалаймын, - дегенде ішін тартып қалды. Петербургтегі заң университеті қазақтың баласы түгілі, орыстың қолына түспейтін оқу. Орыс отаршылары сауатысыз халыққа әділетті көрінуге ынталы, саналы, талантты қазақтың адамына аша таяқ қояды. «Тілмаш боласың ба?» - деп қамқорсыған Самсонов ақыры айтқаны болмағасын М.Шоқайға гимназиядан тиесілі алтын медалды, Зопрометов есімді орыс балаға бергізіп, бұған күміс медаль бермекші болады. Әділет жеңеді, адал азаматтар қолдауымен алтын медальін алған М.Шоқай орыс генералы қойған тосқауылмен өзі бетпе-бет кездеседі. Демек, Ташкенттің тұтқасын ұстап отырған генерал Самсоновтың Түркістан халықтарына деген пиғылы таза емес. Ал генерал орыс патшалығының өкілі. Бұдан Түркістанға Ресей жүргізіп отырған саясаттың күнгейі мен көлеңкесін бірдей аңғаруға болатын еді.
М.Шоқайдың Петербург университетінің заң факультетіне түсуі сол кез үшін үлкен дәреже. Бұған Орынбор генералы – губернаторы Перовскийдің ұсыныс хаты көмек болады. Бәрі бір реакцияшыл көзқарастағы губернатор ішікі саясаттағы ерекшеліктерді есепке алды. Әділет үшін айту керек орыс мемлекетінің билеуші топтары Түркістан тұрғысындағы отарлық саясат жүргізсе де, Петербургтың ғылым төңірегіндегі зиялы қауымы таланттарды бағалай білді.
М.Шоқай университетті 1917 жылы ақпан төңкерісіне бұрын бітірді. Зеректілігі арқылы универсиет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шықты. Оның ішінде қазақ, орыс, түрік, ағылшын, француз, неміс және поляк тілдері бар еді. Мұндай жетістік М.Шоқайдың мәдени көкжиегін кеңейте түскені мәлім. Ал, өмір тәжірибесінен, ұлтаралық саясаттың аса салмағын 1914 жылы думада Мұсылман фракциясына хатшы бола жүріп үйренді. Фракция Дума депутаты Әлихан Бөкейханның ұсынысымен келіп, А.Байтұрсынұлы, Ш.Кәрі секілді қазақ зиялыларымен жақын танысады. Мұндағы қызметі де өз жерлестерін отаршылардың зорлық-зомбылығынан қорғау болады. Жазықсызды жаладан сақтау, әлсізді қорғау Мұстафаның мақсатына айналады.
Ресей патшалығының көзге көрініп тұрған бір зорлығы – қоныс аударған орыстарға көшпелі қазақтың жайылымы мен қыстауларын күшпен тартып алып бергені. Мұстафа мәселені сенатқа дейін апаратын. «Бастықтың пиғылы түзу болмаса, заңнан қайран жоқ» деп Бисмарк айтқандай, орыс мемлекетінің отарлау саясатына қарсы тұратын күш жоқ еді. Халық орыс патшасынан осы кезде күдер үзеді. кейін Марияға жазған хатында бала кезін еске алып: «Теміржол біздің ауылдан біраз қашық болатын. Жол басы телеграф бағаналары менжарысатынбыз. Үлкендер бізге осы сымдар арқылы орыс патшасы Николай тұратын қаламен сөйлесуге болатынын әңгіме қылып айтатын. Бар қолымыздан келетіні – бағаналарды қамшыларымызбен осып-осып жіберіп, патшаны сөгу ғана еді», - деп бала кездегі түйсігінің кейіннен расқа шыққанына таңданады. 1917 жылы университет бітіріп, кейбір тарихшылар «Ақпан төңкерісін қуаттап, ол еліне бостандық алып келеді деп түсінді. Эсерлер партиясына мүше болды» - деп жазғандай, Мұстафа Шоқай ұлттық саяси өмірдің тоқсан тарау айрығында тұр еді. Эсерлер партиясына мүше болғаны, болмағаны мұрағаттық деректер арқылы әлі ашылады. Бірақ патшалық Ресейдің аз санды ұлттарға қатысты саясатына М.Шоқай үзілді кесілді қарсы болды.
Тарихшы-ғалымдар М. Қойгелдиев пен А. Нүсіпханның «М.Шоқай және Түркістан» мақаласында: «1916 жылы Түркістандағы ұлт азаттық қозғалысты аяусыз басып жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппозиция құрып талқылады. Осы мәселе бойынша ресми баяндама дайындау үшін Түркістанға арнайы сапармен келген депутат эсер А.Ф. Керенский және фракция жетекшісі К.М.Тевкеловпен бірге мұсылман фракциясының хатшысы М.Шоқай да болады» - деп жазады.
Бұл М.Шоқайдың өз ұлтына араша түсудің бірден-бір жолы – түрлі партия, уақытша үкімет және эсер жұмысшы солдат кеңесімен түсінісу керек болады.Осының бәрі Орта Азияда өз тағдырын өзі шешетін Түркістан автономиясын құру мақсатында жасалған еді.
Құрылтайшылары Түркістан автономиясы деп, оған Сырдария, Ферғана, Самарқан уәлияты толығымен қатысса да, орыс большевиктер кемсітіп, «Қоқан автономиясы» деп атаған аз күндік жаңа құрылым М. Шоқай идеясының түпкі мақсаты болатын.
М.Шоқай Түркістан жамиғатының келешек өз тағдырын өзі анықтайтын жеке мемлекет болуын мақсат етіп қойды. Осы мақсатта ептеп уақытша үкіметтің аз айлық билігін пайдаланып қалғысы келді. Бірақ «ұлттың өзін-өзі билеу мүмкіндігін береміз» деген бірде бір орыс демократтарына сенген жоқ. «Олар үкімет басына келген соң сөзсіз айнып» кетеді деген пікірін сөз арасында түсіндірумен болды. Сондықтан Ресейден енші алуды қызбалыққа, үстірттікке, асығыстыққа ұрынбай жан жақты ойластырылған саясат жүргізу керек еді. Ресейдің «демократ» билеушілері іш тартып алмас үшін М. Шоқай «ұлттардың өз өзін билеуін», Ресеймен шекаралық, қаржылық және сыртқы саясатта бірлігін жоққа шығармайтынын дәлелдеп береді.
«Қоқан автономиясының» келешегіне М.Шоқай күмәнсіз сенді ме, күмәні болды ма, бірақ ол адам қолынан жасау мүмкін емес тарихи төтенше оқиғалардан үміттенеді. Адамды үміт жетелейді, үміт апатқа да соқтырады. Соның бәріне Мұстафа бастаған ұлтжанды азаматар басы қиып еді.
М.Шоқай Түркістан халқы арасындағы қоғамдық белсенділіктің, сауатың, ұйымшылдықтың, рулық жіктелетін қандай деңгейде екенін жақсы білді. Жаңа автономияда сот жүйесін қазылар алқасы, немесе шариғат жолымен жүзеге асыруды ұсынған кезде «руластық тамыр белен алып кетеді» деп бірден қарсы болған.
Мұстафа түркі тектес халықтың психологиялық дәстүрлі ерекшелігін жақсы білетін. Сондықтан жалпы мемлекеттік сот құруын ұсынды.
Қоқан автономиясының 1918 жылдың қаңтарында құлауына себеп көп. Жергілікті халықтан кең көлемде қолдау таппады. Уақытша үкіметпен сенімді байланыс жоқ. Ел ішінен іріткі салатын алуан түрлі қоғамдық қозғалыс өріс алды. Ең бастысы Петербургтен бастау алып, Ташкенде өрістеген жұмысшы-солдат депутаттарының үкіметі, Қоқан автономиясын Түркістан өңірінде қауіпті аймақтың бірі деп санап, көзін жаймаққа жанталаса кірісті. Ақыры, Қоқан автономиясы қанды қырғынға ұшырады. Соның салдарынан елде басшылық қозғалыс өріс алды. М. Шоқай сол күндер жайлы тарығып жазған бір мақаласында: «...Қоқан ұлттық үкіметінің большевиктерге қарсы күресі кезінде, яғни 1918 жылғы ақпанда, осыдан бір жыл бұрын Ақмешітте 1917 жылдағы мамыр айында орыс жұмысшы солдаттары қолына өліп кетсемші деп өкінгенім бар» деп жазады.
Мақала көлеміне М. Шоқайдың тарих бетіне таңбалы із болып қалған барлық қызметін түгелдеп беру мүмкін емес.1918 жылы Грузияда одан Түркияда кейін Париж бен Берлинге ұласқан қоғам қайраткерінің өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін өнегелі жол.
М. Шоқайға комунистік қоғам идеологтарының күллі Түркістанға жасап отырған зорлық-зомбылығы, қарапайым алаңда берген ақыреті оның өмірінің қайғысы, мұңы болды. Орыс демократтарына үміт артуы да үзілді кесілді тоқтады. Тіпті, сенімді деген Сұлтанбек Қожановтан «Қоқан автономиясының» мүшелеріне Кеңес үкіметі кешірім береді деген хабар тигенде де компартия басшыларына екіжүзділік саясатын күні ілгері біліп, елге оралмады. Грузияда «Вольный Горец», «Борьба», «На рубеже», Стамбулда «Жаңа Түркістан» кейіннен «Жас Түркістан»газет-журналдары арқылы күллі өмірін азаттық үшін күреске жұмсады. Ал, 1920 жылы Варшавада Сталиндік режимге қарсы Кеңес одағының қудалауына түскен ұлт зиялылары «Прометей» ұйымын құрған болатын. Ал, Варшавадағы шығыстану институты 1929 жылы «Кеңес одағының ішкі және сыртқы саясаты туралы» ғылыми теориялық конференция ұйымдастырды. «Сталин социализмі – тонаушылықты қамтамасыз ететін саяси жүйе» деген 1937 жылы жазған мақаласында Кеңес үкіметінің өз халқына жасаған тонаушылық саясатына экономикалық тұрғыдан талдау жасайды. Осылайша М. Шоқай Кеңес үкіметінің шетелдегі басты дұшпанына айналады. Білімі – терең, ақылы асқан қазақ перзенті түрік жамиғатының бірлігі мен коммунистік қоғамның халыққа тигізер ықпалы жөнінде ондаған мақала жазды. Мақала дерегі талдау мен таразылаудан тұрды. 1936 жылы КСРО конституциясындағы логикалық қайшылықтарды дәлме-дәл түсіндірді. Белсенді, саналы, ынталы азаматары ғана коммунистік ұйымдарға біріге алады» деген конституция бабын сөзбе-сөз жүйелей келе, «Компартияға кірмеген адамдар белсенді, ынталы және саналы болып саналмайды деген сөз. Ал КСРО-да коммунист емес адамдар халықтың 98 %» деп жазады. Сондай-ақ жеке адамның тарихтағы рөлін жоққа шығаратын марксизм идеяларын, Сталиннің жеке басқа табынушылығын атап көрсетіп береді.
М.Шоқайдың өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған М.Шоқай 20 ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды. Оның бойында біз біліп үлгірмеген, тарихымен таныспаған талай рухани қазыналар жатыр. Ол Түркістан халқын орыс диктатурасынан қорғауға күш салды, бірақ озық және адал ойлы славян халқының өкілдері Я.Газовский, И.Пильсудский, В.Чайкин, В.Наливкинге деген құрметі ерекше еді. Өмірлік досы Мария Яковқызы да орыс ұлтынан болатын.
М.Шоқай осынау таза табиғи қалпымен, көптің көзі жетпейтін шың басындағы шынар секілді еді. Тамырын тасқа жайған шынар жалғыз өседі, жүзін күн сүйіп, жапырағын жел тарайды. Діні қатты болады. Шыңдағы шынар секілді М.Шоқай да жиырмасыншы ғасырдан өтіп, асыл ой, азаматтық қалпымен жиырма бірінші ғасырға келді.
Өмірінің соңғы жылдары
Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.
15. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). «Әскери коммунизм саясаты».
Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
Әскери коммунизм саясаты
«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].
Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.
Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.
Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.
Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.
1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.[3]. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.[4].
1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді».[5]. Сонымен бірге Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен жаңа құрылған Ресей үкіметтерінен II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әр түрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды.
Қазақ Ұлттық автономиясын құру туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімін жүзеге асыруға кіріскен Ә. Н. Бөкейханов бірден кезек күттірмейтін бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында саяси жағдай әр түрлі еді. Алаш қайраткерлерінің басқа саяси күштерге қатынасы да түрліше қалыптасты. Бөкейханов пен онын айналасындағылар бұл жағдайларды толықтай есепке алды. Семейде Кеңес өкіметі құласымен осында келген Ә.Н. Бөкейханов жаңа жағдайда қимыл жасау тактикасы туралы нұсқау берді. Облыстар мен уездердегі өз әріптестеріне тапсырыс берген нұсқауларының мәтіні Алаш көсемінің мәселеге әр қырынан келгендігін көрсетеді. Мәселен, Орынбордағы Торғай облыстық Алаш комитетінің басшысы Сейітқазым Қадырбаевқа жіберілген жеделхатта былай делінеді: «24 маусымда Алашорда өз жұмысына кірісті. II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыратын болады. Башқұрт және Сібір автономияларына туысқан автономиялар ретінде қараймыз. Большевиктерді тарату ісінде олармен одақтаспыз. Басқа облыстарда да тізе қоса отырып жұмыс істейміз. Торғайда Алашорданың облыстық бөлімін, уездерде уездік бөлімдерін ашуға кірісіңіздер. Олардың мүшелері земстволық мекемелерден құралсын. Уездік бөлімдер 3—5 адамнан тұрады, олардың біреуі қазақ милициясына қатысты істерді жүргізеді. Екіншісі ақша қаражатын жинаумен айналысады. Земство белгілі бір уақытка дейін сақталады. Земство ісіне Алашорда араласпайды.
Алашорда саясат және мәдениет саласындағы қазаққа қатысты істерді жүргізеді. Қазақ халқы үшін Алашордадан басқа өкімет жоқ. Әр болыстан халық милициясын құру үшін дереу 30 жігіттен жинаңыздар. Қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, офицерлерді оқыту мәселелері бойынша Дутовпен сөйлесіңіздер. Ақмола мен Семей облыстарында жігіттер жиналып жатыр. Семейлік жігіттер Алтай губерниясындағы ұрыстан жеңіспен оралды... Дутовпен және Ахмед-Закимен (Валидимен) байланысыңыздар, Түркістанды большевиктерден азат ету үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Бұл мәселеде Алашорда Дутовпен және Ахмед-Закимен бірдесе әрекет етеді.
Әлімхан (Ермеков. — авт.), Ахмет(Байтұрсынов. — авт.) және Мырзағазы (Есболов. — авт.) Омбыдағы Сібір үкіметімен келіссөз жүргізуде. Большевиктер құйыршықтарына ешқандай аяушылық болмасын! Алашорда төрағасы Әлихан (Бөкейханов)».[6].
Алаштың Орал облыстық комитетінің басшылығына Ә. Бөкейханов қосымша мынадай ұсыныс жасады:«... он жетінші, он сегізінші жылдардың салығын жинауға дереу кірісіңіздер, атты милицияға адам тартыңыздар, бірінші кезекте еріктілерді алыңыздар... милиция құрамын жасақтау жеделхатты алған күннен бастап үш апта ішінде аяқталуға тиіс».[7]. Омбы, Зайсан, Өскемен, Көкпекті, Қарқаралы, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Баянауылдағы Алаш комитеттеріне келетін болсақ, олар мұнымен қоса қазақ халқынын өкілі міндетін мойнына алып, «Сібірлік уақытша үкіметтің жергілікті өкілдерімен» тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.[8].
Алайда ұлттық автономия идеясы большевиктер тарапынан кеңестік тұғырнама мен таптық принцип тұрғысында ғана қолдау тапты. Басқа саяси күштердің бәрі бұл идеяның шешімін Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының еркімен байланыстырды.
16. Қазақ АКСР-ның құрылуы (1920 ж.).
ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚазАКСР) – 1920 – 36 жылдарғы кеңестік автономиялық мемлекеттік құрылым. 1919 ж. 10 шілдеде В.И. Ленин “Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы” декретке қол қойды. Ревком құрамына С.С. Пестковский, Б.Қаратаев, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, Ә.Әйтиев, т.б. енді. 1920 ж. 30 тамызда Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК құрамында “Автономиялық қазақ (қырғыз) Социалистік Кеңес республикасын құру туралы” декрет қабылдады. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал обл. және Каспий обл. мен Астрахан губ-ның қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қ. болып белгіленді. 1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-дің ОАК сайланып, ХКК құрылды. 1921 ж. соғыс коммунизмі саясатының орнына жаңа экон. саясат енгізілді. 1921 – 22 ж. жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың га-дан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 ж. 5 – 10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларын ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімш. енгізген “киргиз” деген атау 1925 ж. сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атын қайтарып алды. Ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губ. РКСФР-ге өтті. Жаңа әкімш. бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей обл. уез дәрежесінде кірді) облыстарынан және респ. үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысы кірді. 1928 ж. Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар (колхоз), 5 кеңшар (совхоз) құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды. 1929 ж. 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку (қазіргі Павлодар), Қызылжар (қазіргі Солт. Қазақстан облыстары), Семей, Сырдария, Орал) құрылды. 1929 ж. мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді. 1929 ж. жаппай ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде жою, кеңестік озбырлық тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу және көшпелі халықты отырықшыландыру науқандарымен қатар жүргізілді. 1928 – 37 ж. республикада 1–2 бесжылдық жоспарлары бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту з-тары болды. КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен орындары тез дамыды. Жедел түрде Түрксіб т. ж. іске қосылды. 1932 ж. бұрынғы округтер таратылып, орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе, Бат. Қазақстан, Қарағанды, Оңт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан) құрылды. 1936 ж. КСРО-ның жаңа конституциясы бойынша ҚазАКСР одақтас республикаға айналды.
17. Жаңа экономикалық саясат және жер-су реформасы, оның салдары.
Кеңес үкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.
Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей облыстарында көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен Есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын отряды Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 жылдың наурызында Орал губерниясының территориясында Сапожников отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінде 70 – тен астам партия және Кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: - Мемлекеттің еңбекші халыққа қолдану саясаты (азық – түлік салғырты); - 1921 – 1922 жылдардағы жаппай ашаршылық; - Мал шаруашылығының ауыр жағдайы; - Егін алқаптарының күрт азаюы.
Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: - Азық – түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.
Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).
18. Ф.И.Голощекиннің Қазақстанда билікке келуі. «Кіші Қазан» идеясы және оның мәні.
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.
Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).
Оның міндеттері : 1) Еңбек артельдерін құру. 2) Кедейлерге жер беру. 3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
 Ф.И голощекиннің Қазақстанда билікке   келуі
Осыдан 86 жыл бұрын, 1925 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Мәскеудегі орталық билік Филипп Исаевич (Шая Ицкович) Голощекинді жіберді.1933 жылдың 21 қаңтарына дейін осы қызметте отырған Голощекин тұсында қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан өткізді.
Ф.И.Голощекин (Шая Ицкович) Қазақ Өлкелік Комитетінің жауапты хатшысы болып тамыз айында бекітілгенімен, Қызылордаға 13 қыркүйекте келді. Қазақстанда бұрын істемеген, республика өмірімен, жергілікті халықтың тарих, салт-дәстүрінен мүлдем хабарсыз адамның басшылыққа келуін ұлттық интеллигенцияның алдығы қатарлы белсенді тобы құптамады. ғасырлар бойы отарлық егіде келе жатқан елде революция жеңісінен кейін, оған бірінші басшы ретінде басқа ұлт өкілінің жіберілуі және ол басшының жергілікті халықтың ықтиярынсыз орталықтан бекітілуі одақта тоталитарлық жүйенің теориядан шын мәніндегі тәжірибеге асырыла бастағанын көрсетті. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Соның кесірінен онсыз да 1921-22 жылдардағы ашаршылықта 30 пайызынан айырылған қазақ халқы 1931-1932 жылдары тағы да жаппай аштыққа ұрынып, тең жарымы, яғни 2 миллион 500 мыңға жуық адамы қаза болды. Кейбірзерттеушілер аштан қырылғандар 3 миллионнан да асып түседі дегенді айтады..
 «Кіші Қазан» идеясы және оның мәні
 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты:
 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту;
 2) өлкені шикізат базасы ету.
Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты: 1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер«түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т. б. деп санады.
Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды.
 
 19. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргіннің басталуы (1927-28 жж.).
1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сотпроцестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
20. Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары.
20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.
Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет — ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы — 2354, ал 1929 жылы — 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді.
Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы «Правда» газетінде «Ұлы бетбұрыс» деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек «күштеу» шарасының рухы үстемдік етті.
Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты — әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді.  «Ұлы бетбұрыс» селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.
Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бірүлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.
Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп «жер аударылып» жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырма бесмыңыншы» келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылыктарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ.
Колдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді.
Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы — 31, 1930 жылы — 82, 1931 жылы — 80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бүліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.

Если вкратце:
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.
Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.
Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.
1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.
Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. 
Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.
Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті. 1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды. 2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды. 3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды. 4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді. 5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. 6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді. 7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді. 8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) – 200 - ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.
Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.
21. Қазақстандағы индустрияландыру: қорытындысы мен салдары.
Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан  ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды.  Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен  қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы  капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды.  Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті.  Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустриялан- дырудан ерекшелігі  болды.  Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды.  Осы салаларға тән болып келетін кәспорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде  жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады.  Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.  Кеңестік тарихнамаға партияның 15-ші  съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік  индустрияландыру саясаты  республикалардың  ұлттық  ерекшеліктерін  қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру  саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды. Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының  бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде  өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері  көшпелі халық  бірден социализмге  өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі  өмір салты  ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді  индустрияландыру бағыты  оның осы ұлттық ерешелігін  жояды деп есептеді.  Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады.  Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов  өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын  ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны ары қарай  дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан  дайын өнімді қайта  алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені  тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды. Қазақстанға өнеркәсіпті  күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардың пікірінше  артта қалған көшпелі халық  индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе  алмайды. Сонымен қатар  өндіріс орындарына  жергілікті ұлт өкілдерін  көптеп тарту, яғни  жергіліктендіру (коренизация) саясаты  өндірісті өте-мөте қымбаттатады, қазақтар  жұмыс істей алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер  “ұлыдержавалық шовинистер”  деп айыптады.  Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға әртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді “социалистік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бөлшегіне айналуы  керек болды. Орталық ұсынған бұл көзқарасты осы кезде өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған  Ф. Голощекин де қолдады.  Республика өмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин өлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті  мойындамады.  Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру  барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте күрделі жағдайда жүргізілді. Біріншіден, өлкенің әлеуметтік-экономикалық  дамуы Рессейдің орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Екіншіден, өлкеде соғыстан қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни,  ол уақыт жағынан  бірінші бесжылдықпен сәйкес келді. Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық көлемдегі елді индустрияландыру бағытында жетекші орынға қойды.  Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы  Түркістан–Сібір темір жолы болды. Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев –Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Өлкені  индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі өркендету  міндеттерін қойды. Осыған байланысты  жаңа өндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қайта құру үшін тек 1933-34 жылдары 566,6 млн сом қаржы  бөлінді. Оның бестен төрті ауыр индустрияны дамытуға жұмсалды. Олардың  ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын және Балхаш мыс қорыту зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты  болды. Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын  салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай күрделі құрлыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды.  Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту  қажет болды. Себебі  түрлі-түсті метал өндіру саласын тез дамыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете  алмады. Осыған байланысты большевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің  бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты. Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары,  Өскемен қорғасын-мырыш  зауыттары  салына бастады. 1933 жылы ақпан айында  Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар  Қазақстанда  ғана емес бүкіл ел көлеміндегі  түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі  өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты  бүкіл Одақтағы қорытылған  қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш  мыс қорыту зауыты  республикадағы  қорытылған мыстың 51 процентін берді.  Осының бәрі Қазақстанды  түрлі-түсті металдар шығарудан  одақ көлемінде  2 орынға шығарды.  Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы  мұнай өндірудің көлемі  700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Эмбі мұнай орны игерілді.  Сағыз және Құлсары  мұнай орындары  ашылды. Қазақстанда химия өндірісі  қалыптасты. 1933 жылы  қарашада Ақтөбе  химия комбинаты  мен  Аралсульфат  комбинаты да іске қосылды.  1928-1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км. жетті. Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде  аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер өлкені  индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мысалы: Одақ көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жж. 3 есе көбейсе,  Қазақстанда - 5,9 есе көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша  5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда–486 есе артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда –3,1 есеге артқан. Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық  маман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа құрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кадрлар қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум кружоктары ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды.  1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар  13 мың маман кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда айта кететін бір жәй, Кеңес үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар  даярлайтын жоғары оқу орындарын республикада ашпады. Бұл мәселеде республика орталыққа тәуелді болды. Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты,  оның мынадай жетекші  салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы  индустрияландыру  тек шикізаттық бағытта болды. Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін зардабы өте күрделі болды.  Біріншіден,  өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбейюіне әкелді. Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928-1939 жж. Қазақстан қалалары тұрғындарының санының көші-қонымның нәтижесіндегі механикалық өсуі 1,8 млн адамнан асты. Үшіншіден, көші-қонымның нәтижесінде демографиялық  өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Большевиктер  өлкеге жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы қатарлы  өкілдерін әкелді деуге болмайды. Себебі кеңес үкіметі әртүрлі қылмысы үшін  сотталып, түрмеде отырғандардың  еңбегін арзан жұмыс күші ретінде  пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саясаты республикада жергілікті ұлт өкілдерінің санының азаюына да әсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі ұлтаралық қарым-қатынас шиеленісті.  Оның себебі Орталықтан әкелінген европалық ұлт өкілдерінен  шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына  менмендікпен жоғарыдан қарады. Мұндай көзқарас туралы фактілерді құжаттардан көруге болады. Большевиктер, сонымен қатар ірі өндіріс орындарынның  басшылығына жергілікті ұлт өкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдарды  орталықтан жіберіп отырды. Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі мал шаруашылығы және оның өнімдері әрі қарай дамытылмай,  дағдарысқа ұшырады. Оның себебі большевиктік саяси басқару жүйесі  өлкенің экономикалық  дамуының  бағытын өзгертті, яғни  халық шаруашылығының жетекші саласы етіп  өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның қарқынын жеделдетті.  Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті  заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл  большевиктік басқару әдісіне  бағынышты болды.  Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп  пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды. 
22. Социалистік «мәдени төңкеріс» және оның салдары (1920-930жж.).
Қазақстан жастарының 1920-30 жылдардағы сауатсыздықты жою науқанына қатысуыtc "Қазақстан жастарының 1920-30 жылдардағы сауатсыздықты жою науқанына қатысуы"
Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы он жылдықтағы қазақ халқының және Қазақстан ауыл-селоларындағы мәдени құрылыстағы оқиғалар мен іске асырылған өзгерістер туралы мәселе - тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мәдени құрылыс атауына ие болған бұл құрылыстың бір тармағы республикамыздағы сауатсыздықты жою болып табылады. Саутсыздықты жою науқанына қатысушы топтың бірі Қазақстан жастары мен ұйымдары болды.
Партия ұйымдары идеялық-саяси тәрбиелеу мен сауаттандыруды жастар мен мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі арқылы жүзеге асырып отырды. Қазақстан жастары мен ұйымдары партия тапсырмасымен идеологиялық және мәдени майдандарға қатыса отырып, өсіп келе жатқан буынды социализм рухында тәрбиелеу тапсырмасы бойынша жұмысқа жегілді.
1920 жылы РКФСР ХКК-нің шешіміне орай өлкелік Халық ағарту бөлімдерінің жанынан саутсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен, педагог мамандарды даярлаумен, курстар мен мектептерді ашумен, оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданатын сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды. 1924 жылдың қаңтар айында Қазақстанда "Сауатсыздық жойылсын" ұйымын құру жөнінде жұмыстар жүргізілді. 1924 жылдың 17 ақпанда өткен алғашқы ұйымдастырушылық жиналыста Қазақстандағы сауатсыздықты жою ұйымы (СЖҰ) рәсімделді. Олардың негізгі мақсаты сауатсыздықты жою болғанымен олар жергілікті жерлерде жұмысшы, шаруа, малшылар қатарын социалистік құрылысқа тартумен және сауатсыз село халқын бар күш жігері мен қаражаттарын қоғамдық іске жұмсауға үйрету сияқты коммунистік идеологияның принциптерін насихаттаумен де айналысты.
Мәселен, сол уақытта баспасөз беттері сауатсыздыққа қарсы күресу жастар ұйымының негізгі міндеттерінің бірі деп жазды. Жастар ұйымы туралы тоқталған "Жас қазақ" газетінің бір санында "Осы күні жастардың оқымағандығынан көріп жүрген қорлығымыз көп, надандықты салт қылып бара жатқандар да бар. Жастардың ұйымы мұндаймен бар күшімен күресу керек. Айта берсек, жастардың міндеті толып жатыр, оның бәрін бір мақалада сиғызуға болмайды. Қазіргі айтатын сөз: жастар ең әуелі оқу керек. Осыған жастар бәрі-бірден "төрелікке" таласпай, халықтың тұрмысын түзететін қоян-қолтық жұмыс шаруа ісіне кірісу керек"-делінген.
1925 жылы 9 наурызда РКЖО-ның Қырғыз (қазақ) облыстық комитеті Қырғыз (қазақ) өлкелік РЛКЖО болып өзгертілді. Көп жылдар көсем атанған В.И.Лениннің атымен аталатын Жастар Одағы социалистік құрылыстардың барлық жұмыстарына, оны жүзеге асыруға, партияның тапсырмаларын бұлжытпай орындауға, оның ішінде сауатсыздықты жою науқанына қатысуға мәжбүр болды.
1925 жылы 30 шілдеде қазақ саяси-ағарту басқармасының Қазақстан өлкелік партия комитетімен бірлескен, ауыл әйелдеріне арнайы қызмет ететін қызыл отаулар ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. Қызыл отауларды ұйымдастыру және басшылық жасау жұмысы жергілікті партия, комсомол комиттеттері мен "Қосшы" одағына міндеттелді. Қызыл отау әйелдер арасында сауатсыздықты жоюда негізгі күш болды. Бұл мәдени-ағарту мекемесі клубтың, оқу үйінің, кітапхананың, дәрісхананың және әр түрлі мәселелерге кеңес беретін орталықтың да қызметін атқарды. Негізгі мақсаты кеңестік идеологияны насихаттау болды. Осы мақсатта әйелдер мәселесін жан-жақты сөз ететін баспасөз органдары - "Теңдік" газеті (1925 ж. мамыр) мен "Әйел теңдігі" журналы (1926 ж. қаңтар) шыға бастады. Оның алғашқы редакторы Сара Есова болды.
Қызыл отаулар сауатсыздықты жоюмен қатар, әйелдер артелін (қолөнер, іс тігу, және т.б.) ұйымдастырып, хор үйірмесін ашты. Дауыстап газет-журнал, кітаптар оқу жұмысын жүргізді, қабырға газеттерін шығарды, комсомол жастар ауыл тұрғындарына спектакльдер көрсетіп, шағын кітапханалар ұйымдастырды және қызыл отаудың жұмысына белсене қатысты.
Қазақ халқының сауаттығы туралы 1927 жылы қарашада болған VI Бүкілодақтық партия конференциясында Ф.Голощекин қазақ халқының 97 пайызының сауатсыз екендігін, яғни оның 3 пайызы ғана арабша хат таниды деп кемсіткені бар. Егер, Қазақстанда 1927-28-ші оқу жылында Орталық есептеу басқармасының мәліметі бойынша Қазақстанның ауыл-село халқындағы сауатсыздар 1928-29-шы жылы қазақтар арасында 89,5 (қарақалпақтарда - 97%, өзбектерде - 94%, тараншыларда - 87%, басқаларда 51%) екенін ескерер болсақ, мәліметтердің дәл еместігін және Қазақстанның сол жылдардағы басшысының қазақ халқы арасындағы онсыз да көп емес сауаттыларды одан одан сайын әдейі төмендетіп отырғанын немесе Голощекин көрсеткендей 3 пайыз еместігінің куәсі болар едік.
Большевиктер партиясының басшылары елдің алдында сөйлеген сөзінде сауаттылардың санын мейлінше азайтып көрсетуге тырысса, ал өздерінің тек партия мүшелеріне арналған құпия деректерінде оларды бірнеше есе көбейтіп көрсеттіі. Қазақстандық ғылымдардың зерттеулеріне жүгінсек, Қазан төңкерісінің қарсаңындағы қазақтардың сауаттылары халықтың 8,2-10 пайызға жуығы болғанын байқаймыз.
1928 жылдың мамыр айында өткен БЛКЖО УІІІ съезі коммунистік партияның сауаттылық жолындағы нұсқауларын орындауда мәжбүр бола отырып, жастарды сауатсыздықты жою күресіне қатысуға бағыттады. 1928 жылдың 1 тамызынан бастап, сауатсыздықты жою айлығын өткізу туралы шешім қабылдады. Сауатсыздықпен күрес жөніндегі жергілікті комиссияларға көмек ретінде, сауатсыздықты жою жұмысына бір мың комсомолды жіберетін болды. Съезд әрбір сауатты комсомолға сауатсызды оқытуды міндеттеді. Съезд бұл шараны комсомолдың сауатсыздықпен күресудегі қызметін партияның маңызды нұсқауларының бірі ретінде қарастырды. Бірақ партия асыра мақтап көрсеткендей бұл шешімдер қағаз жүзінде әдемі жазылғанымен, іс жүзінде таңданарлықтай бола бермеді.
Партияның тапсырмасын мүлтіксіз орындау және атқару сол заманның негізгі қағидасы болды. Сөйтіп, жастар ұйымының қатысуымен мәдени сапар ұйымдастыру қолға алынды. Мәдени жорық ауа райының қолайсыздығына қарамастан 1928 жылдың қарашасы, тіпті желтоқсан айларында басталды. Сөйтіп, Қазақстандағы жастардан құралған мәдени сапар комсомолдарды жұмысқа жұмылдырудан басталды. БЛКЖО-ның Қазақ өлкелік комитеті сауатсыздықпен күресу үшін екі айлық курстарға жастарды қабылдады. Бұл курстарға қоғамдық және комсомолдық жұмыстарда белсенділік таныта білген, мектеп білімі бар және педагогикалық жұмысты жүргізуге қабілетті жастарды жіберіп отырды. Қазақстан комсомолы екіжылдық мәдени-ағарту жұмысын атқару мақсатымен, ауыл мен селоға 408 мәдени жауынгер мен қосымша 226 жастарды жұмылдырды. Жастар ауыл мен селоларға жөнелтіліп, сауатсыздықты жоюшылар ретінде іске кірісті, ал жастардың бір бөлігі оқытушылар жетіспеген бастауыш мектептерде және оқу үйлерінің басқарушылары болып жұмыс жасады.
Жалпы алғанда мәдени жорығына сауатсыздықты жою мақсатында ауылдар мен селоларға аттанған жастардың барлығын сауатты деп айтуға да болмады. Өйткені кеңестік идеологияның үйреншікті кәсібіне арналған асыра сілтеуі бұл салада да орын алды. Партия жүктеген тапсырма мен ол шығарған шешімді бұлжытпай орындауға мәжбүрленген атқарушы органдар барлық уақытта межеленген жоспар санын артығымен көрсетуге асықты. Сондықтанда, сауаттылық пен мәдениет үшін қозғалыс болып табылатын мәдени жорық күн сайын Қазақстанның көлемді аумағының жаңа бұрыштарын қамтыды делінді. Мәселен, 1928-1929жж. мәдени жорық нәтижесінде 179419 адам сауат ашты деп сол уақыттағы билік партиясы өз беделін көтеруге тырысты. Олардың тұсындағы мәліметтерге сүйенсек бұл жылы республикада 1120 сауатсыздық жою орындары мен 71 сауаты төмендерге арналған мектеп жұмыс жасады, олардың құрамында: коммунистер - 306, жастар ұйымының мүшесі - 510, кәсіподақ мүшелері - 1826, жұмысшылар - 28, батырақтар - 721, кедейлер - 3118 және орташалар - 1814 адам болды деп ескі құжаттарда олардың тізбегі көрсетілді.
Ал жастар ұйымдарын жаппай мәдени жорық атауының аясында ел ішіне аттандырған партия басшылығы жастардың білімінің саяздығы мен халықтың оларды қалай қабылдайтындығы туралы бас қатырмады. Өйткені шала сауатты елге келген жастар ұйымының мүшелері ел ішінен толық қолдау таба алмады. Жастар мен ел ішіндегі сәйкессіздіктер туралы "Жеткіншек" газетінің 1927 жылғы екінші нөмірі айта келіп: "Ел ішінде жастар ұйымы құрылып, іске кіріскелі едәуір уақыт болды. Содан бері түкпірде жатқан жарлы-жалшылар да жазылып жатыр. Бірақ, осы күнге дейін кемшілік келтіріп келген нәрсенің бәрі комсомолдардың саяси, мәдени сауаттарының жоқтығы. Елдегі кедей қара шаруалармен қоян-қолтық келіп, өкімет пен елді жапсарлаттырып, кедейлердің жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын ауыл комсомолдары саяси қараңғы ауыр міндеттерді орындай алмайды. Сондықтан, комсомолдардың бірінші негізгі міндеті ел ішіндегі ашылған қысқа мезгілді мектептерден оқып өздерінің саяси, мәдени сауатсыздықтарын жою керек. Сонда ғана көп нәрсенің тамырына балта шабылады. Мұны ойлаған жастар, сауатсыздықтарын жоюмен қатар, әр түрлі шығып жатқан баспасөздерді алдырып, үзбей оқып тұрулары керек"-делінген. Бұл айтылған ойдан партияның тек бір жақты нұсқаушылық бағытта жұмыс істейтіндігін көруге болады.
Мәдени жорық жоспары бойынша барлығы 276423 адамды оқыту болжамданды. Оның ішінде орыстардан - 81499, шығыс ұлттарынан - 20000, қалған 174924 адам - қазақтардан сауатын ашуға тиіс болды. Олардың қатарында 146400 - ұжымшар мүшелері, 23750 - жұмысшы, 52540 - ауылшаруашылық еңбекшілері, әскер жасына дейінгілер - 32385 адамдар болды. Мәдени жорықтың ұсынған жоспары қауырт болды, ол көп күш пен қаражатты талап етті, ұсынылған жоспар тек көпшілік күші мен қолдауының арқасында орындалады деп күтілді. Сол себепті, комсомол мәдени сапарды ұйымдастыру ісіндегі сауатсыздарға тойтарыс беруде тек міндеттерді орындаумен шектелді.
Мәдени жорық жұмысы Қазақстанның барлық облыстарын қамтыды. Бастауыш ұйымдар мәдени жорықты өткізу үшін, үздік жастарды таңдап, оларды отрядтар мен топтарға біріктірді. Әрбір отряд немесе топ алдында нақты міндеттер қойылды (сауатсыздарды есепке алу, сауатсыздықты жою орындарын ұйымдастыру, сауатсыздарды оқыту және т.б.).
Қазақстандағы мектептер мен оқушылар саны туралы 1927 жылғы баспасөз жүйесінің берген мәліметтеріне сүйенсек: "Қазан төңкерісіне дейін республикамыздағы төменгі дәрежелі мектептің саны-500, оқушылары-16 мың екен. Қазан төңкерісінен соң 1 басқыш мектеп-35 мың 844 деп есептелініп, оқушылары 215 мың 559 деп көрсетілген. 7 жылдық мектеп-78 саналып, оқушылары 22 мың 31болған. 9 жылдық мектеп-13, оқушылары 5 мың 197 деп көрсетілген. 2 басқыш мектеп-19, оқушылары 15 мың 919 болған. Орта дәрежелі мектептер (техникум және т.б.) - 28, оқушылары 4219 деп саналған".
Қазақстандағы білім ошағы саналған мектептердің саны жоғарыдағыдай болғанымен, олардың білім беру деңгейінің әлі де нашар екендігін мына айтылғандардан байқай аламыз. Кезінде Қазақстанның халық ағарту комиссары болып істеген Смағұл Сәдуақасов 1926 жылы 29-шы қазанда Тәшкент қаласында педагогтық жоғары оқу орнының ашылуына арналған салтанатты мәслихатта жасаған баяндамасында: "...біздің техникумға түсушілердің саны жыл сайын толмай қалып жүр. Әсіресе, қазақ жастарының мектепте алатын білім дәрежесі төмен, техникумға жеткілікті әзірліксіз келеді, неге десеңіз оларға бастауыш білім беретін мұғалімдердің өзінің де дайындығы шамалы"-деп айтқаны бар".
1928 жылдың аяғына дейін, қазақтар араб әліпбиін қолданып келді, партия көсемдері араб әліпбиін ауыстыруды Кеңестік Шығыстағы революция деп бағалады. Жаңадан құрылып социалистік бағыт ұстаған кеңестік идеология араб әліпбиін ауыстыру идеясын қызу қолдады. Араб әліпбиінің қорғаушылары ретінде байлар мен мұсылман дін басыларының мүдделері ұлтшылдар деген атаққа ие болды. Тап осындай ұстанымды халықты панисламистік және пантүркілік идеялармен басып алуға тырысушылар деген айып тағылды. УІ шақырылған Қазақ АКСР ОАК ІУ сессиясы 1928 жылдың желтоқсанында бүкіл жерде латын әліпбиіне көшуді заңдастырды.
Бастапқыда латын әліпбиіне көшу сауатсыздықпен күресуді біршама қиындатып, қосымша шаралар мен күш-жігерді талап етті. Бұрын араб графикасын қолданғандардың, ең алдымен, оқытушылар мен мәдени жауынгерлердің өздері жаңа жазуды меңгеріп кетуі үшін, уақыт қажет етілді, оқытудың жаңа оқулықтары мен әдістемесін жасау, кеше ғана сауатын ашқандарды жаңа жазуға қайта үйрету, типография жұмысын қайта құру және т.б. жұмыстар өз шешімін күтіп тұрды. Жастар ұйымдарына тәжірибелік көмек көрсету үшін, 1929 жылдың 4 қыркүйегінде өткен бюро шешімімен дайындықтан өткен жастар ұйымы белсенділерінен 60 адам уақытша жұмысқа жұмылдырылды. Қарқаралы аймағының жастары латындандыру бойынша мәдени жорыққа барлық педагогикалық техникумдардың, ІІ дәрежелі мектептердің және басқа мектептердің дайындалған жастарын жұмылдырды. "Мәдени жорыққа 295 адам тартылды, олардың 73-і жастар ұйымының және 7-уі партия мүшелері, қалғандары - партияда жоқ сауатты жастар" деп көрсетілді.
1929 жылы Атырау облысының комсомол жастарымен ұйымдастырылған мәдени жорығы 126 сауатсыздық жою орындарының құрылуына әкелді, онда 3585 адам қамтылып, жаңа әліпби негізінде 680 адамның сауаты ашылды [17]. Жастар барлық сауатсыздық жою орындарын оқытушы-мұғалімдермен бірлесе ұйымдастырды, оқытуды тегін, Жастар Одағының тапсырмасы ретінде жүргізді. Сол кездің өзінде-ақ аудандық жастар комитеттеріне комсомол бастауыш ұйымдарынан және жеке комсомолдардан жаңа латын шрифтімен жазылған қатынас хаттар келіп жатты. Ал қоғамда мұның бәрі коммунистік партияның жемісті еңбегінің ақасында ғана жүзеге асты деп асыра мақталып насихатталды.
Қазақстан жастар комитеті ауыл мен селоларға 4715 мәдени жауынгерді жөнелтті, яғни өлкелік комитет бюросының белгілеген мөлшерінен асып түсті. Бірқатар жерлерде мәдени жауынгерлер ауылшаруашылық артельдерінің өндірістік өміріне - көктемгі егіс компаниясы мен жинау жұмыстарына, есепке алуды реттеуге, шаруашылық жоспарларды құруға және т.б. тікелей қатысып отырды.
Ауылды жерлерде сауатсыздықты жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1931 жылы Мәскеу мен Украинадан Қазақстанға 114 мәдени бригада келді. Олар тек сауатсыздықпен ғана емес, жаппай орыстандыру мәселесімен де айналысты. Ал осы жылдың мамыр айында БКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің шешімі бойынша мәдени жорық 28 ауданды камтыды.
Мәдени жорыққа аттанған Сырдария аймағының жастары 19644 сауатсыздарды оқытып шықты, негізінен қазақ ұл-қыздарын, 315 сауатсыздық жою орнын ұйымдастырды, олардың 183 - ауылдарда, 47 - селода, 46 - қыстақта және 39 - қалада. Барлық аталған орындарда 8 058 сауатсыз оқытылды. Сауатсыздықты жою орындарымен қамтылып, есепке алынған сауатсыздар жөніндегі мәліметтер тек комсомол-мәдени жауынгерлер жөнелтілген аудандар бойынша ғана берілді. Тек Қызылорда қаласы бойынша 17 комсомол бастауыш ұйымдарында 550 мәдени жауынгер жұмыс жасады, олар 53 сауатсыздық жою орнында қызмет көрсетіп, жыл сайын 1460 адамның сауатын ашумен айналысты.
Бұл жоғарыда айтылған көрсеткіштердің барлығы асыра айтылса да, кеңестік идеология сауатсыздықпен қандай бағытта күрессе де жастар ұйымдары сол күресті жүзеге асыру жолында қатысып, тер төкті.
Ауыл мектептерінде 1927-28-ші оқу жылында қазақ ұл балалары оқушылардың 89 пайызын құраса, ал қазақ қыздары мұнда 11 пайыз ғана үлес алады. Салыстырар болсақ, орыстарда бұл көрсеткіштер - 66,3 пайыз және 33,7 пайыз екенін көрер едік. Мұнан байқайтынымыз, әсіресе қазақ балаларының мектеппен қамтылу пайызы басқа ұлт балаларынан, әсіресе орыстардан әлдеқайда төмен. Бұл көрсеткіштер қазақ ауылындағы халыққа білім беру шараларын "мәдени революция" деп көтермелеп айтуға мүлде келмейтінін дәлелдей түседі. Амал қанша, тарихи шындық осылай бола тұрса да, түсінікті себептермен біздің ғылыми және тарихи әдебиеттер кеңес өкіметінің халқының сауатын ашуға жасаған "ұлы қамқорлығы туралы" ауыз жаппай қайталап, жасалған жақсылыққа үздіксіз таңдай қағумен болды.
Қазақстанның үкіметі де, орталықтағылар да республикадағы білім беру ісін қаржыландыруға немкетті қарады. Қазақстан халыққа білім беру ісіне жұмсалатын шығын жөнінен басқа кеңестік республикалардың бәрінен төменгі орында болды. Халыққа білім беру ісінде 1927 жылы жан басына шаққанда жұмсалған шығын Қазақстанда небәрі 1 сом 35 тиын болса, ал бұл көрсеткіш РСФСР-да 2 сом 61 тиын, Түрікменстанда - 3 сом 88 тиын, Бурятияда - 4 сом 24 тиын, Закавказье Федеративтік республикасында - 5 сом 26 тиын болды.
Жастар ұйымындағы саяси ағартудың қанағаттанарлықсыз күйі кейбір комсомол қызметкерлерінің оқудың мәнін жете бағалай алмағандықтан қалыптасты, көптеген жастар ұйымдары шаруашылық-мәдени және қоғамдық-саяси міндеттерді шешу жөніндегі жұмыстарды (социалистік жарыс, ұжымдастыру, астық жинау, сауатсыздықты жою және т.б.) одақ мүшелерін саяси ағарту міндеттерімен үйлестіре алмады.
Сөйтіп, Қазақстан жастары арасында болашақ коммунистер тәрбиеленіп, алғашқы шынығудан өтіп жатты. Тек 1928 жылдың шілдесінен 1930 жылдың сәуірі аралығындағы екі жылда өлке бойынша қазақстан жастарының 19861 үздік тәрбиеленушілері Ленин партиясына қабылданды. Жетекші билік осы дәстүрмен жастарды жетектеп жүру үшін, оларды өз қатарына тартып, жастармен толығып отырғысы келді.
Дегенмен сталиндік социализмнің әлеуметтік-экономикалық шараларын саутсыздар немесе білімі төмендер бұқарасымен орнату мүмкін емес екендігін өздері шала сауатты большевиктер жақсы түсінді және сондықтан да өлкеде жоғары және орта мектептер ашуға және оларды жетілдіруге үлкен көңіл бөлді. Мысалы, 1928 жылы Қазақстанда жалғыз педагогтық жоғары оқу орны болған болса, 1932 жылы олардың саны сегізге жетті. Ал педагогтік техникумдар осы мерзімде 14-тен 29-ға, ал басқа техникумдар 16-дан 52-ге дейін өсті.
Бірақ біржақты таптық идеологиямен улана бастаған және әртүрлі саяси-әлеуметтік дүрбелеңдерді әдейі қолдан жасаған тоталитарлық жүйе жағдайында адамдарды орта және жоғары оқу орындарына тарту үлкен қиыншылықтарға кездесті. Адамдар сауатының төмендігі жағдайды ауырлатып отырғанына қарамастан, Ф.Голощекин басқарған Өлкелік партия комитеті оқуға келетіндердің партиялық-әлеуметтік және ұлттық тегіне үңіліп, орта және жоғары оқу орындарына студенттер қабылдауды одан әрі қиындата түсті. Мысалы, 1930 жылы Алматы ауыл шаруашылық техникумына ақпан айында қабылданғандар әлеуметтік және ұлттық жағынан қанағаттанғысыз деп таратып жіберілді. Осындай әңгімелер малдәрігерлік институтында сәуір айында қабылданған студенттер және т.б. туралы да көтерілді. ҚазҰУ-ның педагогтық факультетінің ұйымдық-нұсқаушылық бөліміне 50 комсомол мүшесі қабылдануы тиіс еді, жоспар орындалмай қалды.
Сөйтіп, біз қарастырып отырған 1920-1930 жылдар кезеңіндегі Қазақстан жастар ұйымдарының бар қызметі кейінгі жылдардағыдай, жастар күшінің төзімді екендігін көрсетті. Коммунистік партия басшылығы өз шешімдерін орындауға мәжбүр ете отырып, жастар мен олардың ұйымдарын барлық құрылыс учаскелеріндегі еңбекке пайдаланды.
23. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).
Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті.
Көптеген аудандарда сотсыз, тергеусіз ату жүзеге асырылды. ОГПУ қызметкерлері мен жергілікті кеңес және партия кызметкерлері тұткындалғандарды кіттті калибрлі винтовкалармен, бытыралы мылтықтармен атып, аяусыз қорлады. Бұл фактілер Қазакстандағы Кеңес өкіметінің 20-30-жылдардағы қылмыстарын ең қорқынышты, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстармен қатар қоюға болатынын дәлелдеді. Бүтіндей алғанда қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған «Кіші Қазан» ұжымдастыру саясатын геноцид деп есептеуге болады. Онымен бір мезгілде билік органдары казақтардан «босаған» жерлерге КСРО- ның басқа аймақтарынан қуғын-сүргінге ұшыраған, мал-мүлкінен айырылған кулактарды әкеле бастады.
Жаппай бой көрсету тұрғындардың ұжымдастыру саясатына қарсы жауабы болды. Басшылыктың пікірінше Қазақстанда болып өткен көтерілістер таптық күрестің шиеленісуінің салдары, өз қызметін баяғыда тоқтатқан «Алаш» партиясы әрекетінің нәтижесі болды.
1929-1931 жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-1931 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.
Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл окиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы күйрығын тапсыруға мәжбүр етті). Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп сокты.
Ақпан айында Созактың тәңірегіне 400-дей адам жиналды. Болыс қызметін атқарушы С. Шолаков хан болып сайланды, ол өз басшылығымен көтерілісшілердің алғашқы отрядтарын құрды. Созақ көтерілісі Сырдың бойындағы Түркістаннан Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды. Көтерілісті басу үшінТашкенттен жалпы саны 225 адам болған бірнеше әскерилендірілген топ жіберілді. Жазалаушы отрядтың қатары жуырдағы елді мекендердегі коммунарлар отрядымен толықты.
Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. Бұл шайқас қай жактың болса да айқын басымдылығымен аяқталған жоқ. Көтерілісшілер қару-жарақтарының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше топқа бөлінген көтерілісшілердің бір тобы Ташкент бағытына, басқасы Шолаққорған арқылы Шуға беттеді. Жазалау операцияларын Қазақстан ОГПУ-дің басшысы Ольшанскийдің өзі басқарды. Оның нұскауы бойынша коммунарлар отряды Созақ көтерілісіне қатысы жөнінде сол күдік тудырған жазықсыз адамдарды сотсыз, тергеусіз атты. Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде талқандалды. Көтеріліске қатысушыларды құғындау 1938 жылға шейін жалғасты.
Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылордаокругтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Кетерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Кетерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері етіп, кетерілісшілер ыдырады. Алайда куғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды.
Қарақүмға Ө. Жангелдин бастаған үкімет комиссиясы келді. Сарбаздар жағынан келіссөздерді Ж. Бәйімбетов, Д. Қараев пен А. Әйменовтер жүргізді. Олар мынадай талаптар ұсынды: орташалардан заңсыз төркіленген малды қайтару; ұждан бостандығы, мешіттерді қайтару және дінге сенушілерді істеріне өкіметтің араласпауы; төркілеуге тыйым салатын декрет жариялау, оны өкімет орындарының мүлтіксіз орындауы; күштеп ұжымдастыруды тоқтату; ауылдағы «тап күресін» жасанды шиеленістіруді тоқтату; ауыл ішіндегі барлық мәселелерді «өкілетті өкілдер» емес, жалпы жиналыстың шешуі; салық мөлшерін малдың санына қарай белгілеу; малшылардан астық салығын алу ісін тоқтату; көтерілісші ауылдардан Қарақұмда ерекше әкімшілік аудан құру. Осы шарттар орындалған жағдайда көтерілісшілер қаруларын тастауға келісімін берді. 30 сәуірде сарбаздар қаруларын өткізе бастады. Өкімет орындары өз уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң, ОГПУ органдары көтерілістің жетекшілері мен белсенді қатысушыларын тұтқындай бастады. Ауылдар жаппай ұжымдастыру науқаны қызу жүріп жатқан бұрынғы орындарына қайтарылды.
Өкімет орындарының саясатына наразылық Шығыс Қазақстанда да қарулы көтеріліске ұласты. 1930 жылы 20 ақпанда Өскеменмен Зыряновск аудандарының бесселосының шаруалары көтерілді. Кетерілісішлер «Кеңес өкіметі жойылсын, ерікті еңбек жасасын!» деген ұран кетерді. Бірнеше күннің ішінде көтерілісшілерге көршілес селолар да қосылды. Екі күннен соң ОГПУ бөлімдері жіберіліп, шаруаларды ауылдан қуып шықты. Көтеріліс басшысы тұтқындалды, көтерілісшілердің қалған бөлігі тауға кетіп, Қытайға өтуге әрекеттенді. 1930 жылы көктемде «Кіші Қазан» саясаты мен ұжымдастыру саясатына қарсы бой көрсетулер Қаратал ауданында да орын алды. Мұнда көтеріліс басып- жаншылған соң қазақтар Қытайға жаппай қоныс аудара бастады.
Көтерілісшілерге қарсы қатаң жазалау шаралары. 1931 - 1932 жылдары аштықтан аман қалған халықтың жартысы, яғни 1 млн 30 мың адам көшіп кетті. Олардың тек 414 мыңы ғана қайтып оралды, 616 мыңы қайтқан жоқ, 200 мыңы Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран мен Түркияға кетті.
ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адам болған 31 көтерілісшілер отряды, 1930 - 1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңга, 1932 - 1933 жылдары - 3,2 мың адамға жеткен. Сонымен қатар бұл кезеңде селолар мен ауылдарда жалпы саны 10 мың адам болған 2 мың «дұшпан топтар» анықталып, 10,4 мың «зиянкестер» тұтқындалды.
Голощекиннің Сталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағындағы 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылды.
Республикада осы уақыт ішінде кейбір жерлерде карулы көтерілістер сипатына ие болған, 80 мыңдай адам катынасқан шаруа- лардың 400-дей бой көрсетулері болып өтті. Осы толкулардың нәтижесінде 1931 жылдың езінде ғана Қазакстанды 281 мыңнан ас- там шаруа шаруашылыктары тастап кетіп, 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне карсы шыкканы үшін сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды, олардың 883-і атылды.
24. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары (1937-38 жж.).
Ұлттың мүддесі дегеніміз ұлттың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ететін игіліктер. Рухани қажеттігін өтей білген ұлттың материалдық игіліктері де қорғалмақшы. Демек, ұлттық мүддесін қорғай білген мемлекеттің тәуелсіздігі өміршең болмақ. Осы орайда ұлттық сананы көтеру ісінде негізгі салмақ тарих ғылымына түсетіндігін де мойындаймыз. Себебі, тарих өткен уақыт шындығын зерделейтін, кісілік келбетті сомдайтын іргелі ғылым.
Ұлт мүддесі ұлт зиялыларының деңгейіне қарай қорғалмақ. Қазақ зиялылары әрқашанда ұлт мүддесін қорғай білді. Сондықтан да олар сталиндік саяси қуғын – сүргін құрығына жаппай ілікті. 1917 жылғы қазан төңкерісінен басталған ұлт саясатының қудалануы КСРО ыдырағанға дейін жалғасын тапқандығы да тарихтан мәлім. Қазақ зиялыларының көрген қасіретін, рухани жан азабын жеткізу өте ауыр. Сталиндік саяси қуғын – сүргін қоғам өмірінің барлық саласын қамтығандықтан, тіпті оның құрығына әйелдер мен балалар да ілікті. Осы тұста кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің қазақ әйелдерінің теңдігі мәселесін мемлекеттік деңгейде көтеріп, оны өз саяси мақсат – мүддесіне орай шешкендігіне де ерекше назар қажет.
Кез-келген мемлекеттің негізгі мақсаты - ұлттық рухы биік тұлғаларды қалыптастыру проблемасы екендігі де шындық. Ұлттық рухы биік жан тұлғалық деңгейге жетіп игілік пен ізгіліктің шапағатын өз айналасына тигізіп қана қоймайды, ұлтын өрге сүйрейді, келер ұрпақтың есті болып жетілуіне өзіндік үлесін қосады. Ұлттық рухы биік түұлғаны қалыптастыру үшін өткен тарих даналығына зер саламыз. Өкініше орай, кеңестік тоталитарлық жүйе дәуірлеп тұрған өз уақытында, КСРО құрамындағы ұлттардың өздік санасын өзінің «идеологиясына» сай қалыптастыруға барлық күшін жұмсады. Соның салдарынан бірнеше ұрпақ этникалық өздік сана жадынан айрылып, «кеңес өкіметінің балалары» санасымен тәрбиеленді. Оның салдары әлі күнге дейін күнделікті өмірден көрініс беріп те жататындығы ешкімге құпия емес.
Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері жеткілікті. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің ұлт санасына салған «жаралары» жеткілікті. Одан арылу үшін уақыт ғана емес, уақыт ағынымен бірге ұлтшылдық келбетті қалыптастырып үлгеруіміз қажет. Осы мақсатта өткен тарихымыздың өзекті мәселелерін ақылмен пайымдауға да күш саламыз. Соның бірі 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды тұншықтырған тұстары. Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке жол ашқын кеңестік билікті ақылмен зерделеу қазақ тарихының кісілік келбетін дәйектемек.
Тәуелсіздік алғаннан бері Отандық тарих ғылымында кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам тұсындағы саяси қуғын – сүргін зобалаңы зерттелінуде. Кеңес өкіметінің саяси ұстанымы өз ұлтының мүддесін ойлағандарды «ұлтшылдар», «тап жаулары», «жікшілдер», «оңшылдар», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деп бөлшектегені де тарихтан мәлім. 1917 жылғы қазан төңкерісінен басталған ұлт саясатының қудалануы КСРО ыдырағанға дейін жалғасын тауып, жұртын сүйгендердің тағдырын кеңестік биліктің «шешкендігі» де мәлім. Қазақ ұлты өмірінде «ел-жұрт» атты категориямен берілетін даналық бар. Ел-жұрт ұғымымен бірге өскен қазақ баласында елдік түсінігі жоғары болды. Саяси қуғын – сүргін шаралары қазақты елдік санадан айыруға жол ашты. Саяси қуғын-сүргін салдарынан тексіздікке жол ашылғанымен, сталиндік зобалаң ұлт болмысының тамырын қиюға шамасы жетпеді. Оның түп-төркінін қазақ тарихының кісілік келбетінің биіктігінен, рух үндестігінің қуаттылығынан іздейміз. Әрине, бұл өз алдына бөлек зерделенетін іргелі тақырыптардың бірі екендігі де даусыз.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын – сүргін құқық қорғау органдарының қолымен жасалды. Осы мақсатта ең алдымен қуғындаудың заңдық негізі әзірленді. Оған дәлел ретінде сол жылдары қабылданған заңдарды алға тартамыз. Кеңес мемлекетінің заңдары қазан төңкерісінен бастап –ақ тоталитарлық жүйенің орнығуына жол ашты. Кеңестік құқық «биліктен айырылған қанаушы таптарға» қарсы бағытталғандықтан, адамдар шыққан әлеуметтік тегі үшін жазаланды. Кеңестік заңдар «кеңестік тәртіпті» нығайтуға, социалистік экономиканы құруға, еңбекшілер бостандығы мен демократиялық құқықтарын қамтамасыз етуге, бұқараны коммунистік санамен тәрбиелеуге тиіс болды [1]. Сөз жүзінде заңдардың сипаты демократиялық бағытта болғанымен, іс жүзінде адамдарды жікке бөліп «таптар арасындағы күресті» өмірге әкелді. Бұл адам баласының мәдениетіне, адамзат өркениетіне аса қауіпті еді. Кеңестік тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, алайда оның миллиондаған адам өмірін құрбандыққа қиған саясаты ұлт санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген халықтардың саяси қуғын – сүргін зобалаңына ұшырамағаны кемде кем.
Кеңестік тоталитарлық жүйе билік тармақтарын бір – бірімен байланыстырып, сот билігін саясаттың құралына, коммунистік партияның қолшоқпарына айналдырды. Сол арқылы репрессиялық шаралар жүргізілді. Сот билігі өзіндік мәртебесінен айырылған тұста өрескел заңсыздықтар етек алып, адам құқықтары аяққа басылды. Ең алдымен халықты идеологиялық өңдеу ісі қарқынды қолға алынды. Ср. А. Хайек тоталитарлық қоғамда билік басына қабілетсіз тұлғалардың келетіндігін және ол қоғамның азаматтары идеалға шын берілгендіктен де аморальды істерді жасайтындығын жазған еді. Р. Конквест өзінің «Большой террор» деген еңбегінде КСРО – дағы тоталитарлық тәртіпті зерттеп, репрессияның көлемі туралы пікір – таластардың бастамасын жасаған болатын. Сонымен кеңестік тоталитаризм тұсындағы саяси қуғын-сүргін шындығын ең алдымен шетелдік зерттеушілер көрсетті. Алайда, осы тұста КСРО – да КОКП - ның ХХ сьезінен кейін түрме мен еңбекпен түзету лагерлерінде болған тұлғалардың естеліктері мен әңгімелері шыға бастағандығын да ескеруіміз шарт. Сталиндік саясат біржақты сынға ие болды. Саяси қуғын – сүргін туралы еңбектер Л.И. Брежневтің басқару жылдарында кенет азайған. М.С. Горбачев тұсында сталиндік қуғын-сүргінді әшкерелеген еңбектер көп жазылса, ал одан кейінегі жылдары Сталинге дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін тарихы жазыла бастады. КСРО –ның өзінде қуғын – сүргін тақырыбы туралы тек қана диссиденттер жазған-ды. Олар өз шығармаларын шетелдерде бастырған. Бірақ, олар саяси қуғын-сүргін мехнизмін дәл ашып көрсете алмады. Ол үшін саяси қуғын – сүргіннің жүргізілу барысын көрсететін мұрағат құжаттарын жүйелі түрде зерттеу керек еді.
КСРО-дағы қайта құру курсына байланысты 1988-1991 жылдары кеңстік тарихшылардың сталиндік қуғын-сүргін саясаты мен кеңестік тоталитаризмді терең зерттеуіне жол ашылды. Осы кезеңде жапай қуғын – сүргін көлемі, заңсыздықтар туралы құнды фактілерге толы монографиялар, мақалалар жинағы көптеп жарияланды. Кейін тоталитарлық жүйе құлаған Қазақстанның зерттеушілері қуғын-сүргін саясатының алғышарттарын, жүргізілу барысын, салдарын қарқынды зерттеді. Әлі де зерттеу жұмыстары жалғасуда. Себебі, сталиндік зобалаңның ауқымы кең болғандықтан, оны 5-10 жыл көлемінде зерттеп болу мүмкін емес. Тәуелсіздіктің арқасында шаң басқан мұрағаттардағы зерттеушісін күтіп сарғайып жатқан деректерге қолымыз жетіп, сол уақыттың шындығын көре бастадық. Зерттеушілер «құпия» қорларды зерттегендіктен де, көптеген жаңа еңбектер жарық көрді.
Кеңестік тоталитарлық қоғам ұлт мүддесін аяққа басу, ұлт рухын әлсірету мақсатында саясат жүргізіп, «кеңес халқын» қалыптастыру ісін қарқынды қолға алды. Енді саяси қуғын-сүргіннің адам құқығын аяққа басқан заңдық негіздерін зерделесек: КСРО-да 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін социалистік құрылысты орнықтырудағы шаруашылық механизмінің ажыратылмас бөлігіне айналды. 1920 жылдан бастап ВЧК-ГПУ-НКВД халық арасынан «кеңестерге қарсы мәліметтерді» жүйелі түрде жинаған[2]. Жак Росидің айтуынша 1920 жылдың басынан бастап-ақ «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» іс-әрекеті үшін 6 айдан жоғары мерзіммен бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Ал, 1930 жылы РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-10 бабымен 10 жылға сотталғандар саны миллионға жетіп, ГУЛАГ халқының 25 процентін құраған. Осы баппен сотталғандар түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде «агитатор» деген атты иеленген[3].
1920-1930 жылдары кеңестік сот жүйесі қайта құрылып, саяси қуғын-сүргін шараларын жүргізуге бейімделді. Кеңестік заңдар халық шаруашылығын дамытуға есептелген жаңа экономикалық саясаттың тиімді тетігі болғандығын да көптеген зерттеушілер дәлелдеді[1, С.677]. Сол кезеңдегі КСРО Конституциясының 157-бабында сот мәжілістері ашық жүргізіледі, ал 155-бапта судьялар мен халық заседательдері дербес, тәуелсіз болып, тек қана заңға бағынады деп жазылғанмен, іс жүзінде жағдай басқаша болды. Конституция тұжырымдары мен шынайы өмір арасындағы алшақтық адамдардың өз қоғамынан жаттануына (отчуждения от общества) әкелді. Саяси қуғын – сүргіннің қалыптаса бастаған жүйесіне сталиннің болмысы сәйкес келген. Ол тіпті, генералдарды да ғайбат (донос) айтуға мәжбүрлеген: « ... Плохо сигнализируете. А, без ваших сигналовни военком, ни ЦК ничего не могут знать», деп жеткізілген ақпараттың 95 проценті жалған, ал 5 проценті шындық болса да қанағаттанған[4].
1928-1931 жылдары жалған айып пен жала жабу әдісі күшейіп, айыпкерді «мойындатудың» әдіс – тәсілдері жетілдіріліп, ОГПУ – дің қолында репрессияны жүргізудің даяр механизмі болған. Осы механизм 1930 жылдары толықтай күшіне енген. Нәтижесінде саяси қуғын – сүргін жалпылама бағыт алды. Сот – тергеу органдарының жазалаушы қызметі саяси – шаруашылық науқандар барысында қарқынды деңгейде жүрді. Астық, ет дайындау, бай – кулактарды тап ретінде жою, социалистік меншікті қорғау науқандары кезінде жоспарды орындай алмаған халыққа қарсы қолданылған репрессиялық шаралар өте көлемді. Юстиция халық комиссариаты екі апта сайын сот – тергеу органдарынан экономикалық науқандарға қатысты қылмыс туралы мәліметтерді сұрап отырған.Сол кезде азаматтар үстінен қозғалған қылмыстық істердің басым көпшілігі заңсыз болған. Дәлел келтірсек: «... 1928 жылы сотталған шаруалар өз өнімдерін сатпаған және алыпсатарлықпен айналыспаған. Оларлың көпшілігінде астықты сату туралы рұқсат қағаз болғанымен, олардың үстінен заңсыз түрде түрде қылмыстық істер қозғалған» [5], - деген мазмұндағы деректер мұрағаттарда жиі кездеседі. Мәселен, Қылмыстық Кодекстің 61 бабының 3 тармағы науқан жоспарын орындамау мақсатында ұйымдасқан топты жазалауға бағытталғанымен, осы бап бойына жеке адамдар да сотталған. Айыпқа тартылған тұлғаны «қылмыскер» атандыру үшін бірін – бірі танымайтын, әр ауылдан шыққан «айыпкерлерді» топтап, байланысы жоқ бірнеше істер біріктірілген. Ал, астық жинау науқанында кеңес өкіметіне наразылық білдіргендерді «террористік іс – әрекет» жасады деп айыптаған. Олар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 8 тармағымен ату жазасына кесілген. Тіпті, ауылдарында бай – кулак қаламағандығын айтқан ауылдық кеңес төрағалары да атылған. Ал, «науқан жоспарын орындауға шамамыз жетпейді» деп шындықты айтқан тұлғалар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 10 тармағымен сотталған. Нәтижесінде түрмелерге адам сыймай, сотталғандар адам төзгісіз жағдайда «жазаларын» өтеген. Түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде азапты өмір туралы мұрғаттарда көптеген құжаттар сақталған. Түрмелерде адам санының шамамдан тыс болуын билік «таптық күрестің шиеленісуінен» деп түсіндірген. Кейбір түрмелерде қылмыстық іс қозғалмай сотталған азаматтар да болған. Мысалы, 1931 жылы 112 орындық Қызылорда түрмесіндегі 325 адамның 203 – і ешқандай айыпсыз қамалған. Ал, 300 адам түрме қабырғасының жанында ашық аспан астында «қамауда» жатқан[6]. 1930 жылдан бастап өлім жазасына кесілгендер туралы ақпарат мемлекеттік құпияға айналады.
1934 жылы С. М. Кировке жасалған қастандықтан соң репрессиялық саясат жедел дамыды. Нәтижесінде әскери емес адамдарды әскери алқа соттап, әрбір қылмыстық істі қарауға 15 минут уақыт «кеткен». Тергеушілер жауап алудың хаттамасын алдын ала дайындап, айыпкерге қол қойдыртқан. НКВД органдарына тән ерекшелік тұтқынға алынған тұлғаның әлеуметтік тегіне, мүлкіне ерекеше назар аударатындығы. Сол жылдары сот – тергеу органдарына кәсіби біліміне қарамай, тек қана бұйрықты дәл орындайтын кадрлар іріктелген. Шала, сауатты, озбыр тергеушілер репрессиялық саясаттың нәтижесі. Егерде 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын – сүргін болмаса, осындай құбылыс өмірге келер ме еді? Адам құқын аяққа басқан заңсыздықтардың салдарынан ел арасында сот – тергеу органдарына үрей, сенімсіздікпен қарау үрдіс алған. Күні кешеге дейін КСРО бұғауынан шыққан елдер сот – тергеу органдарына сенімсіздікпен қарады. Өйткені, сот – тергеу органдары партияның айтқанын орындап, биліктің құралы ғана болды. Саяси қуғын – сүргінге ең алдымен ұлтжанды зиялылар ұшырады. Мұрағат құжаттары зиялылардың көзін жоюдың астарында саяси мән жатқандығын дәлелдейді. Тіпті, «халық жауы» атанып, атылған, лагерге айдалған тұлғалардың отбасы мүшелеріне дейін репрессияға ұшырады. Өйткені, кеңестік саясаттың түпкі мазмұнына кедергі болар отбасы құндылығы еді. Билік құрылымдары кез – келген отбасы мен жеке адам өміріне белсене араласты.
Қазақстандық әйелдерді, оның ішінде қазақ әйелдерінің саяси, құқықтық және әлеуметтік жағдайын өзгерту шаралары саяси қуғын – сүргінге ұласты. Саяси шаралар мен экономикалық науқандар барысындағы саяси қуғын – сүргін құрығынан әйелдер де аман қалмады. Саяси қуғын – сүргінге қазақтармен қоса, Қазақстанда өмір сүрген өзге ұлт өкілдері де ілікті.
«Ер адамдармен бірдей тең құқықты иеленген» (әйел теңдігі саясаты айтып отырмыз) әйел – аналар ер адамдармен бірдей дәрежеде қудаланды, ату жазасына кесілді, түрмеге жабылды, 8-25 жыл аралығында еңбекпен түзету лагерлерінде «жазаларын» өтеді. Өйткені, оларға ЧСИР (Отанын сатқандардың отбасы мүшелері) деген жалған айып тағылды. Міне, отандық тарихтың ең қайғылы, қасіретті беттерінің бірі. Қазақ тарихында мұндай сұмдық бұрын – соңды болмаған-ды. Қазан төңкерісіне дейінгі оқыған, зиялы қазақ қыздары қоғамдық қызметтерден әдейі шеттетіліп, ғасырлардан ғасырларға жалғасқан отбасы құндылығына саяси мән берілді. 1928 жылы тұрмыстық қылмысқа қатысты заңдардың барлығы бір жүйеге келтіріліп, РСФСР Қылмыстық кодексінің «Рулық тұрмыс қалдықтарын құрайтын қылмыстар туралы» деп аталатын 10-тарауында жинақталған. 1926-1929 жылдардағы тұрмыстық қылмыс түрлерін талдағанда оның шамамен 60 проценті қазақ қыздары мен әйелдеріне қатысты қозғалған[7]. Қазақ әйелдерін социалистік құрылысқа тарту саясаты мақсатты түрде жүргізілген. 1927 жылы жарияланған «Қазақстан кәсіподақтарындағы әйелдер арасындағы жұмыс туралы» деп аталатын кітапта «Партияның басты мақсаты жұмысшы табының ішіндегі әйелдердің ерекше мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Теңдік туралы, әйелдерді дамыту туралы мәселелерді біз ортақ мақсат, шешімдерден шығара отырып шешуіміз қажет» деп жазылған жолдар кеңестік биліктің әйелдерге бағытталған саясатының негізгі мазмұнын көрсетеді. Әрбір ұлттың мінезін ескере отырып, оны өзіне тиімді тұрғда идеологиялық өңдеуден өткізуге тұрғысында белсенді шаралар жүргізілді. Осы мақсатта кітапшалар, газет – журналдар көптеп шығарылған («Жетісу әйелдері», «Әйел теңдігі», «Азат әйел» және т.б. айтуымызға болады). Әйелдерді партияға кіргізу арқылы, олардың қызметін өсіріп, социалистік құрылысты нсихаттатқызды. Сонымен қатар, партия өзінің жүргізген шапраларының орындалу деңгейін қатаң бақылап отырған.
1920-1930 жж. Қазақ өлекелік БК(б)П комитетінің жанындағы әйелдер бөлімі, әйелдердің саяси – құқықтық және экономикалық жағдайын өзгертуге бағытталған саясатты жүргізетін, партия нұсқауын орындаушы органға айналады. Қазақстандағы делегат әйелдердің жиналыстары әйелдерді республиканың өндірістік және қоғамдық өміріне тарту ықпал етіп, нәтижесінде жылдан жылға делегат әйелдердің саны артқан. Әйелдер клубтары мен жиналыстарының негізгі мақсаты мен міндеті «ескі тұрмыс қалдықтарымен күресу» ісіне қазақ қыздары мен әйелдерін тарту болатын. 1925 жылдан бастап құрылған қызыл отаулар да әйелдер арасында кеңес билігінің саясатын «ұғындыру» жұмысымен қарқынды айналысқан. Сонымен қатар, олар әйелдер арасында «кеңестерге қарсы» көңіл-күйді үнемі қадағалап, жоғарыға мәлімдеп отырған. Мәселен, 1926 жылы республикада 13 көшпелі қызыл отау болса, 1930 жылы олардың саны 74 – ке өскен. Мұрағаттардағы партия құжаттарында «мұсылман әйелдері үгіт – насихат жұмыстарына онша назар аудармайды, олардың арасында кеңестерге қарсы көңіл – күй басым» деген жолдар жиі кездеседі. Кеңес өкіметі қазақ қыздарының «надандығын» нағыз ұлтжанды зиялылардың басын біріктірген Алашорда үкіметіне кінә етіп те артқандығы тарихымыздан белгілі.
Мұрағаттағы ОГПУ бөлімінің арнайы жазбаларында барлық округтерден «арнайы мәлімделер» жинақталып, «жоғарыға» жіберіліп отырған. ОГПУ бөлімі «жазбаларының» «Интеллигенция» деп аталатын екінші бөлімінде жергілікті жерлердегі зиялы қауым өкілдері мен олардың бала – шағаларының «кеңестерге қарсы» пиғылдағы әңгімелері жинақталған. Деректер келтірсек: «1929 жылы Зүбәйра Ілиясова малды сойып алу керек, Себебі, оны бәрібір өкімет тартып алады», Қызылорда округі, №15 ауылдың атқамінерлері Нұртаза Шоқаев пен оның ағасы Мырзеке Қалымбетов «парижде жүрген Мұстафа Шоқайдың өздеріне жақын арада қазақ халқы орыстардың езгісінен азат етіледі. Коммунистердің тәркілеу саясатынан қайғырмаңыздар. Кеңес өкіметі Қазақстаннан қуылғаннан кейін малдарыңыз қайтарылады, бұл жақын арада болатын жағдай» деген өсектер таратуда. Экономикалық науқандар кезінде ауыздан сөз «саяси мәнге» ие болып талай адам жазықсыз жау атанған. Мысалы, Орал округі, Жаңғалы ауылының тұрғыны Фатима Бакирова «Билік басындағылар байлардың малын тәркілеп, ал коммунистер тәркіленген мүліктерді арақ қылып ішеді» дегені үшін сотталған[5, 23 п.]. Ол кісінің арғы тағдыры беймәлім. Осылайша тізбектеліп кете беретін «мәлімдемелердің ізімен» жаппай жазалау жүргізілген. Жазықсыз жазаланған әйелдер түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде қанша қорлық көрсе де, психологиялық тұрғыдан адам айтып жеткізе алмас рухани ауыр азап шексе де күйеулері мен балалары үшін өмірмен арпалысып, қиындыққа қайсарлықпен төзе білген ерекше әйелдер болатын. Олардың рухы биік еді. Биік рухымен ұлттың рухын асқақтатты.
1937 жылы 28 желтоқсанда Орталық Комитет «жауапқа тартылғандардың балалары мен туыстарын оқудан шығару туралы» шешім қабылдап, сан мыңдаған жазықсыз балалардың тағдырын ойыншыққа айналдырды. Қаулының орындалу барысын сот-тергеу органдары қатаң бақылап отырған. Нәтижесінде балаға тән көңілмен айтылған жеке пікірлер мен болмашы істерге саяси мән беріліп, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Мәселен, Алматы қаласындағы мектептер мен техникумдардағы саяси тәрбие мен қоғамдық жұмыстардың кемшіліктері туралы жасалған баяндамада (ІІХК тарапынан әзірленген) оқушылардың «кеңестерге қарсы» істері тізілген. Осылайша адам құқығы өрескел түрде бұзылды. Сондықтан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың нақтылы санын айту да өте қиын. Орта ғасырлық жазалау әдістерін қолдану арқылы «қылмыскерлер» саны күрт артқан. Бұл жағдайды биліктегілер халыққа «тап күресі саясатының жемісті» болуы деп «ұғындырған». Сот процесстері А. Я. Вышинскийдің «дәлелдердің ханшасы» (царица доказательств) теориясының нәтижесінде «жемісті» болған. Әсіресе, 1937-1938 жылдары «конвейер» жүйесімен тергеу ісі ІІХК органдарының басты тірегі болды. Осы мәселені саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар өз естеліктерінде жиі жазады. Бекболат Мұстафин басынан кешкен саяси қуғын-сүргінде айта келе «...түрмеге алып келген соң құжаттарымды лақтырып, табанға тастады. «Сен Жапонның шпионысың» деп ұрады. Итше тепкілейді. Ешкімді ешнәрсеге сендіре алмайсың. Күн сайынғы көретін азап осындай. Олар мені үнемі тік тұрғызып қояды. Ұйқы жоқ, тергеу амалдарының бірі осындай болады екен ғой. Бірақ мен бәріне төздім, ешқандай құжатқа қол қоймадым...» [8], - деп одан әрі сталиндік қуұлт еркіндігін мәңгіге жоюды көздеген саясатын жазады. Ал, Е. Гинзбург өзінің «Крутой маршрут» еңбегінде «... Меня поставили на конвейер, непрерывный допрос. Они меняются, а я осталось все та же. Семь суток без сна и еды, даже без вовращения в камеру. ...Цель конвейера – истощить нервы, обессилить физически, сломить сопротивления, заставить подписать то, что им требуется»[9], - деп сол кезеңдегі «мойындату әдісін» көрсетеді. 1937 жылы 20 қаңтарда НКВД басшысы Ежовтың құпия бұйрықтарының бірінде атылғандардың жерленген жерін көрсетпеу туралы да жазылды.
Сталин ішкі және сыртқы қауіпті сезініп, ауыр өнеркәсіп пен жедел индустрияландыруды дамыту арқылы қорғанысты нығайтуға ұмтылды. Есебі жоқ адам шығыны оны ойландырмады. Зерттеушілер дәлелдегендей социалистік құрылыс жаппай жазалау, қудалау саясатымен нығайтылды. Сотталғандардың еңбегі тегін пайдаланылды. Ірі – ірі құрылыс обьектілері жазықсыз жандардың көз жасымен салынды. Ең сұмдығы адамдар «халық жауын» әшкерелеуге деген ұмтылыспен тәрбиеленіп, репрессиялық сана нормаға айнала бастады. Бірақ сонда да адамдар адами құндылықтардан айырылмады. Сонымен саяси қуғын – сүргін салдарынан ұлттың рухы тұншықтырылды. Әсіресе, отбасы бірлігіне қарсы бағытталған саясаттың астарында үлкен мән жатты. Ол ұлттың тектілік келбетін жою болатын-ды. Әрбір ұлттың ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлттық құндылықтарын қасақана жою арқылы тамырсыз адамдарды (өзіндік көзқарасы, ұстанымы болмайтын жандар) қалыптастыру саясаты қарқынды жүрді. Нәтижесінде тап күресі деген адам ақылына сыймайтын ұғым өмірге енгізілді. Осы мәселені де тереңнен зерелеуіміз керек. Өйткені, қазақ қоғамының өзіндік өмір сүру салтына сай қалыптасқан әлеуметтік құрылымы большевиктер саясатына мүлдем сай келмеді. Нәтижесінде таптық көзқарастар қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымын, түйіндеп айтқанда адами құндылықтар жүйесін бұзды. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды көптеген Алаш зиялылары тап күресінің қазақ ұлтының өмір сүруіне зор қауіп төндіретіндігін дәлелдеді де. Тіпті, Алаш зиялылары қазақ қоғамында тап күресінің болмағандығын, оның тамырын жаймау себептерін ғылыми тұрғыдан зерделеді де. Өкінішке орай, кеңестік тоталитарлық тәртіп ұлттық құндылықтарды жою саясатымен қаруланғандықтан, өзіне қарсы келгендерді (отбасы мүшелерімен, туған-туыстарымен қоса) саяси қуғын-сүргінге ұшыратты.
Саяси қуғын – сүргін салдарынан конформизм, бюрократизм, жағымпаздану секілді көптеген адами дамуға кереғар теріс түсініктер өмірден орын алып, тамырын тереңге жайды. Алаш зиялыларының «большевиктер ылаңы көпке кетер, биліктен кеткенше талайды былғап кетер»,- деген мазмұндағы даналығының ақиқатына біз куә болып отырмыз.
25. Ғылым мен мәдениеттің дамуы (ХХғ. 20-40 жж.).
Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40–50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен  заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға  жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді. Москва мен  Ленинградта  “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды. Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары  А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды. 1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекетерінің мәдениетіне көңіл  бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері – Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін “ұлтшыл” атанса, М.Әуэзов 1945 ж. жарық көрген “Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін” қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін, Москваға қоныс аударуға мәжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген” деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың “Абай Құнанбаев” атты әдеби еңбегіне де  космополиттік деген кәні тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың “Балуан Шолақ”, С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен Х.Бекхожиннің “Батырлық эпосы”, Қ.Сатыбалдиннің “Әлия”, М.Хакимованың “Мәншүк” еңбектері қайтып алынды. Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғалым Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл және мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау саясаты тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке  басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес” жойылып, ГУЛАГ  МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл - әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын. Сотталған  адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарында отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кадрлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы  Ж.Шаяхметовтің орнына КСРО мәдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955-1957 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957-1960),  Д.А.Қонаев (1960-1962), И.Юсупов (1962-1964) болды. Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар алып келді. 1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы  мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді. Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер  орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған  башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды. Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың “Намыс” және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды. 1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды. Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Ауэзов бас болып “Жас тұлпар” атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды. Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың әскери сұранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық және қаржылық  шығын әкелді. 1963 жылға  дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды. Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын жасауды  ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы  КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды. Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге аспады.  ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын  орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5 – 8 мың адамнан – біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан – 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар “тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды. Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан  КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды. Соғыстың зардабы мәдениет саласының  дамуында да үлкен қиыншылық тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің соғысқа алынуы, мәдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердің санының азаюы елдің мәдени даму үрдісіне кедергі келдірді. Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда тек майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді. Олардың қатарына Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты”, Ә.Нұрпейісовтың “Курляндия”, С.Мұқановтың “Сырдария”, Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” еңбектерін жатқызуға болады. Сонымен қатар республика әдебиеті жазушылар Ә.Нұрпейісовтың, Т.Ахтановтың, Б.Момышұлының, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, ақындар Қ.Аманжоловтың, Х.Ерғалиевтің т.б. жаңа шығармаларымен байыды. М.Әуезовтің “Абай жолы” романы дүние жүзіне танылды. М.Төлебаевтың “Біржан мен Сара”, Брусиловскийдің “Дударай”, Қ.Қожамияровтың “Назугул” опералары Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті болып Қ.И.Сәтбаев сайланды. Ғылым Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар – М.Әуезов, Ә.Бектұров, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов, Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүше-корреспонденттеріне Н.О.Базанова, Р.А. Барукаев, Ә.Х.Марғұлан, М.И.Усанович және т.б. сайланды. 50-шы жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу институты жұмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның комплексті металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны және оның методикасын зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сәтпаев және басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды. Ал жоғарғы оқу орындарының құрамына тоқталар болсақ,  50-ші жылдары 13 институт: Семейде – малдәрігерлік-зоотехникалық және медициналық, Қарағандыда – медициналық, политехникалық және педагогикалық, Атырауда, Қостанайда, Шымкентте және басқа жерлерде педагогикалық институттар ашылды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық тәртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол және пионер ұйымдары, мұғалімдер жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады.  Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайлы қарауы орын алды. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950-1970) қазақ мектептерінің  саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды. Кітаптардың 95 % орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 % эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. Кеңестік тәртіптің бұл қылмысының нәтижесінде қазақ халқының ұлттық мәдениетінің  аясы жылдан жылға тарылып, тіпті ұлттық территорияға қауіп төнген жағдайлар орын алды. Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм түсінігі үстем идеологияға айналды. Ұлттық мәселелердің барлығы тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы шешіледі деген түсінік негізінде ұлыдержавалық шовинизм жатты. Ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып, көбірек  дәріптелді. 
26. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы Қазақстандықтардың ерен ерліктері. Қазақстандықтардың партизандық және Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан  қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек бұл территория Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Армия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия территориясын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін негізгі күштер  талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келсімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға  дайындықты бастайды. Басып алған мемлекеттердің экономикалық, әскери ресурстарын өз мүдесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына  қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз сенді. Ал, Сталин және оның төңірегіндегілер 1939 жылғы келісімге сеніп, Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында  Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.  Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза  тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында  жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл  шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты. “Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды. Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер территорияларынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты. Тағы бір себеп – фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порттарын басып алып, одақтастары – Англия, АҚШ-пен байланысын үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық болды. Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сәтті аяқталуына үлкен мән берді. Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Москва бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей  қазақстандық  әскери құрылымдар қатысты: 292-ші атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-ші Аралдық  атқыштар бригадасы, 387-ші атқыштар дивизиясы, 27-ші атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-ші атқыштар кейінгі 3-ші гвардиялық атқыштар бригадасы. 3-ші атқыштар бригадасы Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-ші атты әскер дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші жеке көпір құрылысы  батальоны қатысты. 1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне “Казахстанская” аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдын басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты. 1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты. “Цитадель” операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады. Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: “Рейх”, “Ұлы Германия”, “Фикинг”, “Адольф Гитлер” және  т.б., барлық танктердің 70%, барлық ұшақтардың 65% тартылды. 5-ші шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақтандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры  атағына ие болды. 1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы територриясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды. “Достық көмек” идеологиясын жамылған Кеңестер Одағы болашақта азат  еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіпті кейбір мемлекеттерді өз бақылауында ұстауды көздеді. Өйткені басты жауы – Германияны  жеңгеннен кейін, Кеңестер Одағы әлемдік билікке талпынып, социалистік мемлекеттер жүйесін құруды  жоспарлады. Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар – В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга және т.б. Словакия территориясын жаудан азат етуге 4-ші Украина майданы құрамында қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 62-ші артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен, 151-ші Карпат полкі 3-ші дәрежелі Кутузов орденімен, 310-шы атқыштар полкі 3-ші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. 72-ші және 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия территорияларын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық Пупков М.А. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105-ші гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті. Прага операциясына 118, 88, 314, 8-ші атқыштар, 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992-ші алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк  екінші дәрежелі Б.Хмельницкий және 3-ші дәрежелі Суворов ордендерімен  үш мәрте марапатталды. 992-ші полк  7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді және т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52-ші армия құрамындағы алматылық 556-ші эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мәрте жау территориясын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тарапынан марапатталады. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-ші әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы  ерлігі үшін  С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский және Л.И.Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.  Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26-шы маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А. Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды. Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және  209-ші атқыштар полкі  қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін  Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды. Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған территорияларда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК “Германия әскерінің тылында күрес ұйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдастырды. 1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды. Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина территориясындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы территориясындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия территориясында 1,5 мыңға тарта  қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов  коммунистік жолдамамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып, Украина территориясында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж.Омаров, алматылық – А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Белоруссия территориясын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. Белоруссия территориясында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф.Озмитель, Ғ.Омаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмағұлов, Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ерещенко, К.Темирханов, Е.Балабеков, Т.Жұмабаева және т.б. Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілінен тұрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19, С.Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше партизан бірлестігі “Тринадцать” құрамында 48 қазақстандық болды. Смоленск облысында  қазақстандық партизандар А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мұқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов және т.б ерлікпен көзге түсті. Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар әр түрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстың кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері территориясына аттандырды. Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин – Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Жүздеген қазақстандық соғыс тұтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югославия, Греция және т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия, Италия территорияларындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған. Соғыстың алдында Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Ауғанстан территорияларын біріктіріп ислам пан-түріктік “Гросс Туркестан” немесе “Пантуркестан” мемлекетін құру көзделеді. Бірақта  “Гросс Туркестан”  идеясы  жүзеге аспады. Оның орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота және жүк тасушылар колоннасынан түратын Түркістан  легионын құруды жоспарлады. 1942 жылы құрылған Түркістан легионы құрамында неміс әдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Раух 650 000 адам, ал қазақстандық мамандар 180 000 - 250 000 адам болған деген мәлімет береді. Түркістан легионын қолдаушы қазақ зиялысы – М.Шоқай Түркістан легионы құрамындағы әскери құрылымдарды қажет деп таппаған. М.Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданға жіберу адамгершілікке жатпайды, керісінше, оларды Германия зауыт-фабрикаларына жіберіп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын ұсынады. Өкінішке орай, М.Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бұл идеясы жүзеге аспайды. Фашистер Түркістан легионы құрамындағы бір батальонды 1942 жылы алғаш рет Воронеж майданы маңында қызыл Армияға қарсы соғысқа қатыстырады. 193 легионер соғыспай Қызыл Армия жағына шығып кетеді, ал батальон басшысы Бақыт Байжановты фашистер тұтқындайды. Өйткені легион  құрамына әскери тұтқындардың басым бөлігі фашистік концлагерлерден шығу мақсатымен ғана кірген. Олардың көбі жергілікті партизандармен байланысып, фашистерге қарсы партизан қозғалысы  құрамында соғысады. Майданға түскен жағдайда Қызыл Армия жағына өткен. Өкінішке орай, бұл жағдай ескерілмеген. Отанында олар “РКФСР Қылмыстық істер кодексінің” 58-1 б, 58-3, 58-9, 59-10, 58-11 баптарымен жазаланып “сатқын” деген лақапқа ие болып, үрім-бұтақтарына дейін қудаланды. Француз тарихшысы Клод Дельпла түркістандықтар партизандық қозғалыстарға көптеп тартылып, үлкен ерліктер танытты дейді. Ал, неміс тарихшысы Патрик фон Мюллер олардың қиын тағдырын аяп, свастика мен қызыл жұлдыз арасында қалғандар деген сипат береді. Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда  6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да  құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы  еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші  қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
27. Қазақстан – майдан арсеналы.
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кеңес одақғы үшін бұрын-сонды бастан кешкен барлық соғыстардын ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жену мақсатына жұмылдыруды мақсат етті. Қызыл армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға Еліміздін түкпір-түкпірінен мыңдаған арыздар түсіп жаты. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оң. Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командиры болып азамат соғысына қатысушы генерал Панфилов тағайындалды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8млн. қазақстандықтар қатысты. Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан Соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.
Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді.
- Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
- Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артелълер Қазақстанға көшірілді. Өнеркәсіп орындарын көшіру 2 рет жүргізілді.
1941 жыл аяғы -1942 жыл басы.
1942 жылдың күзі.
Көшіріліп әкелінген 54 зауыт пен фабрика Тамақ өнеркәсібі халық комисариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорын көшіріліп әкелінді . Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Көшірілген кәсіпорындардың 20- сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта құрылды.
Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды. Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе.
Республика жұмысшы табының қатарына одақтас республикалардан мамандар келіп қосылды.
3200 кенші мен 2000 құрылысшы- Донбасс шахталарынан
2000 машина жасаушы – Воронеж бен Луганскіден
Тоқымашылар, тамақ өнеркәсібі қызметкерлері, мыңдаған теміржолшылар, 7 мыңдай инженер- техниктер Мәскеуден, Киевтен, Харъковтен.
Қазақстан – КСРО-ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы одақта өндірілген
қорғасынның 85%
көмірдің 1\8 бөлігін
молибденнің 60%-ын
оқтанды мұнайдың 1 млн. Тоннаға жуығын берді.
Түркістан – Сібір темір жолымен жүк тасымалдау 1942 жылы 1941 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді. 1944 жылы темір жол арқылы 20 мыңнан астам жүрдек поезд жөнелтілді . Орталықтағы өнеркәсіп аймақтарының жау шебінде қалуы көмір, мұнай, металл өндірудің азаю қаупін төндірді.
жылғы 21 тамыз – кеншілер еңбегіне үдемелі- кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.
1942 жылғы 24 тамыз – Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндірудің арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады.
Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу.
Қарағанды облысындағы ФЗО желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы 18 мың адам кенші мамандығын алды. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды.
Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді.
Атырау мұнай өңдеу зауытын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастылды.
Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдары салынған қырылыстар. Мақат-Қосшағыл темір жолы , Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі, Пешной аралы Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты, «Комсомол» кәсіпшіілігі т.б.
жылғы қазан –Ақтөбе ферроқорытпа зауытының біріші кезегінің іске қосылатын мерзімі белгіленді.
жылғы ақпан – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты іске қрсылды.
1943 жылғы сәуір – қайта өңдейтін Қарағанды металлургия зауытын салу туралы шешім қабылданды.
1944-1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп объектілері.
Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі.
Белоусов байыту фабрикасы.
Атырау мұнай өңдеу зауыты.
1941-1945 жылдары барлығы 460 зауыт, фабрика, шахта салынды.
28. 1920-1940 жж. Қазақстан тарихының зерттелуі.
Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес
1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге«секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм басшыларының қай-қайсысы болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.
Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардыңбасшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.
1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды.
Сталинизм
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген И.Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен өгей әкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі жаулардың тіміскіәрекеттерінен сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады.
БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.
Өлкедегі коммунистік күштерді бір партиялық ұйымға топтастыру шаралары жүзеге асырылды. 1924 жылы коммунистік партия қатарына республикадан 7 944 адам, оның ішінде 2000 қазақ мүшелікке өтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда өткен РКП(б) Бүкілодақтық V конференциясынан кейін ауыл коммунистерінің қатары толығып, жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады. Республиканың партия ұйымы 1932 жылы толық қалыптасып, өлкедегі шешуші күшке айналды. Алайда партия қатарына жалған белсенділер көбірек еніп, бюрократизм, көсемге табынушылық, жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дәстүр мен партия өктемдігі орнықты.
Өлкеде жастар қозғалысы да өріс ала бастады. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Телепов, Федор Рузаев т.б. жалынды жастардың есімдері республикаға кеңінен танылды. Кәсіподақтар мен әйелдер арасындағы жұмыс та жолға қойылды. Кәсіподақтар сауатсыздықты жою, сенбіліктер ұйымдастыру, еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту ісіне белсене араласты. Қазақ әйелдері арасынан шыққан белсенділер Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаевалардың есімдері бүкіл Қазақстан жұртшылығына әйгілі болды.
Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі сол дәуір оқиғалары: В. И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын-сүргінде өз көрінісін тапты.
Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін РесейдегіҚазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты.
Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты, әсіресе 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И. Голощекиннің келуімен қатаң сипат ала бастады.
Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Н.Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе түсті.
20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және ұлттық республикалардағы «троцкийшіл-зиновьевтік оппозициямен» және «оңшыл оппортунистермен» күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза тапты, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын өтегенімен, 1937 жылы «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық зиялылар өкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і (М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров т. б.) Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады.
Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып қайта құрылуы
20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыстың асқына бастауына сай әр түрлі зиянкестерді, кінәлі «халық жауларын», жасырын ұйымдар мен арандатушы антикеңестік элементтерді іздестіру кең өрістеді. Қазақстанда жауларды «әшкерелеуді» ұлттық нұсқада жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция 1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаңа Конституция бойынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті. Конституцияда қазақ халқы дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден социализмге қадам басқаны бекітілді. Негізгі заң бойынша қазақ халқы саяси теңдік, аумақтық автономия құқығын алды. Елдің индустриясы қарқынды дамыды, халықтың әлеуметтік-таптық құрылымы өзгеріске ұшырады, мәдениет пен білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге кол жеткізілді. Алайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстармен қатар, елде тоталитарлық қатаң әкімшілік-казармалық жүйе де берік орнықты.Қазақстан индустриялық дамыды деп қанша айтқанымызбен, оның экономикасы отарлық сипатта қала берді.
1937 жылы 12 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау болып өтті. Сайлау демократиялық сипатта өтпей, адамдар ұсынылған кандидаттарға ғана дауыс берді.
1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды.
1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.
Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады.
«Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге мәжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз бастамасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар бұл тізімді кебейтуді ұсынған өтініштер білдірді.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары
Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.
30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:
саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;
әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар - А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.
50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау - 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.
1930 жылдардағы халықаралық жағдай
30-жылдардың екінші жартысында Еуропада жаңа соғыс қаупі төне түсті. 1937 жылы фашистік мемлекеттер - Германия мен Италия милитаристік Жапониямен бірге «Антикоминтерндік пакт» атанған әскери-саяси блокқа бірігіп, дүние жүзін қайта бөлісу соғысына белсенді дайындық жұмыстарына кірісті. Бұл агрессияшыл блоктың саясаты тек Кеңес Одағына ғана емес, басқа да көптеген мемлекеттердің мүдделеріне қауіп төндірді.
Фашистік лагерьдің күш біріктіру жағдайында КСРО өз әрекеттерін кеңейте түскен агрессорларға қарсы ашық күреске шықты: 1936 жылы - Испаниядағы соғыс, 1938 жылы - Жапониямен Хасан көліндегі «кіші» соғыс, 1939 жылы - Халхин-Голдағы кеңес-жапон соғысы болып өтті. Осындай жағдайда ашық күнгі найзағайдай әсер еткен, Молотов-Риббентроп пактісі атанған, КСРО мен Германияның арасында 1939 жылғы 23 тамызда (Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан 8 күн бұрын) өзара шабуыл жасаспау жөніндегі Пактіге қол қойылды.
1939 жылы 1 қыркүйекте бұған дейін Франция және Англиямен әскери көмек жөнінде шарт жасасқан Польшаға Германия тұтқиылдан шабуыл жасады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Германияға қарсы Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Канада соғыс жариялады; АҚШ бейтараптығы, Жапония Еуропадағы соғысқа араласпайтындығы жөнінде мәлімдеме жасады.
КСРО мен рейхтің арасындағы одақ қысқа мерзімдік болса да, КСРО-ның саясаты «Антикоминтерндік пактінің» тарапынан болатын агрессияға қолдау көрсетіп, фашистік блоктың Екішні дүниежүзілік соғысты бастауына белгілі бір деңгейде жағдай жасады. Финляндиямен болған қысқа әскери қақтығыс КСРО Қарулы Күштерін ұйымдастырудағы кеткен қателіктер мен әскери техниканың, басшылық құрамды дайындаудың төменгі дәрежеде екендігін көрсетті. 30-жылдардағы армияда да болған жаппай қуғын-сүргіннен соң, әскердегі командирлік лауазымға арнайы даярлығы жоқ адамдар келді.
Басталған дүниежүзілік соғыс пен халықаралық жағдайдың шиеленісуі елдің бүкіл өмірін қайта құруды қажетсінді. Республика экономикасы әскери мүдделерді орындауға көшірілді. Бейбіт мақсатқа бөлінетін қаржы барынша қысқартылды. Өндіріс орындары қорғанысқа қажетті өнімдер шығаруға көшірілді, карточка жүйесі енгізілді. МТС-тар мен совхоздарда саяси бөлімдер құрылды, халық комиссариаттары мен олардың басшыларының сала жұмысы бойынша құқықтары мен жауапкершілігі арттырылды. Басқару органдарының ұйымдастыру құрылымдарына өзгеріс енгізілді. Қазақ КСР ХШК-нің жанында жұмысшы күшін бөлу жөніндегі бюролар, көшіріп әкелінген тұрғындарды шаруашылықтарға орналастыру жөніндегі бөлімдер құрылып, Кеңестердің атқару қызметі күшейді. Қазақстан өнеркәсібі соғыс қарсаңында елдің экономикалық күш-қуатында маңызды рөл атқарды.
Қазақ КСР-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы
Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстан экономикасында «индустрияландыру» бағыты жүзеге асырылды. 1926-1940 жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуы елді ірі нәтижелерге жеткізді. Қазақстан КСРО-ның құрамындағы аграрлы елден дамыған индустриялы-аграрлы елге айналды. 1938 жылы Балқаш мыс қорыту зауыты алғашқы өнімін берді, 1940 жылы Ақтебе ферроқорытпалар зауытының құрылысы басталды. Шымкент, Ащысай және Лениногорск комбинаттарының өнімі артты. Қарсақбай мен Ертіс мыс балқыту зауыттары жаңа техникамен жарақтандырылып, қайта құрылды. Қазақстанда 1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, өнім ендірді. 1940 жылы елімізде индустрияның жалпы өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда 7,9 есеге өсті. Республикамыз соғыс қарсаңында КСРО-да қорғасын ендіруден бірінші, мұнай мен кемір өндіруден алтыншы орын алды. Қазақстанның халық шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды, оның ірлесі 60%-ға жетті.
Еліміздің өнеркәсіпті шикізат аймағы Орталық Қазақстанда қалыптасты. Қарағанды өз көмірімен Балқаш пен Жезқазғандағы түсті металлургия кеніштерін, Оралдың оңтүстігіндегі кәсіпорындарды қамтамасыз етіп отырды.
1930 жылдардың соңында республикамызда транспорт жүйесі де жетілдіріле түсті. Соғыс қарсаңындағы жылдарда Қазақстанда темір жол салу ісі де кеңінен қанат жайды. Республиканың табиғи байлықтарын игеруде маңызды рөл атқарған Түркістан-Сібір темір жолы салынды. Ақмола-Қарталы темір жолының құрылысы 9 ай ішінде бітіп, оның үзындығы 806 километрге жетті. Гурьев-Қандыағаш темір жол желісі пайдалануға берілді. Аталған темір жолдар республиканың батысы мен орталық өлкелерін байланыстырды, жүк тасымалдау көлемін ұлғайтты. 1940 жылы елімізде 1358 километр темір жол пайдалануға берілді. Темір жол желілерінің ұзаруы республикамыздың халық шаруашылығын дамытып, ел корғанысын нығайтуға елеулі үлес косты.
Химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде де іргелі табыстарға қол жеткізілді. Еліміздің ірі қалаларында аяқ киім және тігін фабрикалары, ет, жеміс-көкөніс комбинаттары мен май, консерві, қант шығаратын зауыттар салынып, жұмыс істей бастады.
Соғыс алдындағы жылдары ауыл шаруашылығы да біртіндеп дами бастады. Негізгі ауыл шаруашылық өнімін колхоздар өндірді, 1940 жылы Қазақстанда колхоздардың саны - 6901- ге жетті, 194 совхоз болды. 1940 жылы еліміздің колхоздары мен совхоздарының егіс алқаптарында 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың астық комбайны, 14 мыңдай жүк автомашинасы жұмыс жасады. 1940 жылы егістік көлемі 5,8 млн гектарға, ал мал басы саны 3,5 млн-ға өсті. Күріш, қант қызылшасы мен мақта егу сияқты ауыл шаруашылығының жаңа саласы игеріле бастады. Соғыс қарсаңында мал басы жағынан Қазақстан Одақта РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Елімізде механизаторлар мен жоғары және арнаулы білімі бар мал дәрігері, зоотехник, агроном кадрлары қалыптасты. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің артуына мемлекеттің беретін қаржысы мен көмегі айтарлықтай әсер етті.
Халық шаруашылығындағы осындай жетістіктермен қатар шешілмеген мәселелер де баршылық еді. Ұжымдастыру мен 30-жылдардың басындағы зұлматтан кейін ауыл шаруашылығы әлі де толық өркен жайып кете алмады. Тоталитарлық жүйе колхоз құрылысына, еңбеккерлердің тәртібін бақылауға ерекше назар аударды. Колхозшыларға өз колхоздарын тастап, басқа жаққа көшіп кетуге тыйым салынды. Колхозшылардың қарамағындағы бақшалық жер телімдері мен мал басы санына қатаң түрде шек қойылды. Ауыл шаруашылығын басқарудың зорлықшыл әкімшілік-командалық тәртібі енгізілді. Ауыл еңбекшілерін материалдық ынталандыру, олардың еңбек белсенділігін қолдау принципі жүзеге аспады. Білікті маман кадрлар жетіспеді, колхоз бен совхоз басшылары ұдайы ауыстырылып отырды. Осының бәрі ауыл шаруашылығының жедел қарқынмен дамуына кері әсер етті. Осындай қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы Ұлы жеңістің алғышартын қалыптастырды. [1]29. «Түркістан легионы» және М.Шоқай.
Түркістан легионы жөнінде Мәскеудегі бұрынғы Одақтық Қорғаныс Министрлігінің және бас штабының архивтерінде де ешқандай мағлұматтар кезікпеді. Мұстафа Шоқайды ұлт қозғалысының ipi түлғасының бірі, өз елінің егемендігі, бостандығы үшін өмірінің соңына дейін күрескен ұлтжанды қайраткер екендігін көреміз.Мәлімет біржақты болғандықтан Мұстафа Шоқай мен "Түркістан легионы" деген сөздер бір-бірінің синонимі, бір-бірінен ажырамас тіркес есебінде қабылданды. Көпшілік қауым қазірдің өзінде солай деп есептейді. Сондықтан да алдымен Түркістан легионы туралы ой пікірлерге тоқталсақ. Легион қашан, қандай жағдайда құрылды деген сауалға жауап беруге ынта көрсеткен авторлардың ойы әртүрлі. Мысалы, соғыс мүгедегі, тарих ғылымының кандидаты Әбжәми Байшуақұлы "1941 жылдың күзінде Гитлер Шығыс Пруссияға келген кезінде генерал Эркилеттің ұсынысын мақұлдап, сол жылы 30 қарашада Түркістан легионын құруға шешім қабылданды, оны жасақтау 162-ші жаяу әскер дивизиясына тапсырылды ",- деп жазады ("Қазақ әдебиеті", N48, 1992)./Ал тарихшы ғалым Белан мынандай деректер келтіреді. 1941 жылдың 18 шілдесінде түрік бас штабы академиясының бастығы А.Ф.Эрден неміс елшісі Папенмен сөйлескенде Кавказда "жергілікті халықтардың федерациясын", ал Каспийден шығысқа қарай "тәуелсіз Тұран мемлекетін " құру туралы идеяны ұсынады. Берлиндегі түрік елшісі Гереде осы пікірді сол қалпында Сыртқы істер министрінің шенеунігі Вайцзеккерге жеткізген. 1941 жылдың қыркүйек айында пантүріктік бірден-бір идеолог Нұри-паша Папен арқылы рейх басшыларына ирандыкқ Әзірбайжан, Орта Азия, Қазақстан, Башқұртстан, Дағыстан, Әзірбайжан және Қырым түбегін қамтитын советтік республикалар есебінен мұсылман-пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың қажеттігін айтқан. Осы мәселені зерттеп жүрген ғалым Бақыт Садықованың жазғандарына қарағанда, 1941 жылдың желтоқсан айының басында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеясын қолдайтындығы туралы есептік анықтама құжат жолдайды. Фюрер идеяны толық қуаттайды.Осыған орай 1942 жылдың қаңтарында Сыртқы істер министрі Иоахим фон Риббентроп пантуранизмді белсенді түрде қолдау туралы нұсқау береді. Міне, сол кезден бастап қана вермахт легион құру туралы мәселені тікелей іске асыру жоспарларын қолға алса керек("Түркістан ", N21, 1998)Бақыт Садықова ханымның басқа да ой-өрімдері назар аударарлық: "Әр алуан деректер бойынша, 1942 жылдың көктемінде құрылған Түркістан легионы құрамында болғандардың саны 180 мыңнан 250 мыңға жетіп, бұл әскери құрылым шығыс легиондары арасында ең үлкені болыпты. Десе де, Мұстафа Шоқай мұндай әскери құрылымды қажет деп таппаған, тіпті, қарадай қарсы болған. Өйткені, оның пікірінше, фашист лагерлерінде зұламат айуандықтан зардап шеккен жандарды қайтара қанды соғысқа айдап салу адамгершілікке жатпайды. Керісінше, ол кісі саяси білімі таяз адамдарды Германиядағы фабрика, зауыттарға жіберіп, болашақ Түркістанға маман кадрлар даярлау идеясын ұсынған. Бірақ, жалынды патриоттың өзі 1941 жылдың 27 желтоқсанында қайтыс болып, бұл ниет жүзеге аспады" (Бұл да сонда).Сөз болып отырған мәселе жөнінде орысша-немісше жарық көрген көптеген материалдарды сараптай келіп, Искандер Гилязов ("Родина", N7, 1999, 75-79 б.) өзінше тұжырымдама жасайды. Біз аталмыш проблеманы талдау барысында осы автордың пікіріне де назар аударғанымызды ескерте кеткіміз келеді.Гилязовтың ойынша, 1941 жылғы күздің аяғына дейін Германияның әскери және саяси басшылығы КСРО-ның шығыс халықтарымен жұмысты өз түсінігімен жүргізсе, кейінірек, қарашаның орта кезінде, ақырында, бұл ұмтылыс рееми директивага ұласты: Гитлер түрік легионын құруды қолдайды. Бұл шешім негізінде кейін Польша жерінде Түркістан, Армян, Грузин және Кавказ-мұсылман (соңынан Әзірбайжан жөне Солтүстік Кавказ болып бөлінеді) төрт легионын құру туралы 1941 жылдың 22 желтоқса-нында ОКВ-ның бұйрығы шықты. Шығыс министрлігінің комиссиясы Еділ бойы және Жайық жағалауының халықтарын басқа әскери тұтқындардан әу баста бөлсе де Еділ-татар легаонын құру жөніндегі бұйрыққа 1942 жылдың 15 тамызында ғана қол қойылды.Енді мемлекет қауіпсіздігі органдарындағы қылмыстық іске тағы да үңілейік. Мұнда 1942 жылдың басында әу дегенде капитан Эрнекке, кейін генерал-майор Хайгендорф басқарған "Түркістан легионы" құрылды делінген. Штаб бастығы болып неміс армиясының офицері Робель тағай-ындалады. Батальон командирлері қызметіне де тек неміс офицерлері бекітіледі. Рота штабы бастығьша да немістерден басқа ешкім жолатылмады. Орта және кіші командирлік қызметтерге өзге ұлт өкілдерін қоюға рұқсат етілді.Легиондарға анықталған шендер мен қызмет дәрежесі: қатардағы жауынгер, бөлімше командирінің орынбасары, белімше командирі, взвод командирінің орынбасары, взвод командирі, рота командирі. Аталған қызметке Қызыл Армиядағы атақ-дәрежесіне қарамай тек "лайықтыларды" ғана бекіту қатаң ескертілді."Лайықтыларды" анықтау үшін сьшақ мерзімі белгіленді: бөлімше комаңдирлігінің орынбасарлығына - бір ай, бөлімше командирі мен взвод командирлігінің орынбасарлығына -екі ай, взвод пен рота командирлігіне - үш ай. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.Бұл жөнінде "ТҮК" президентінің орынбасары - әскери бөлімнің бастығы Баймырза һайт былай дейді; "Тұтқындарды өз мемлекетіне қарсы қою халықаралық қағидаларға қайшы болатын. Сондықтан да тұтқындардан бұл қадамға өз еркімен барғандықтарын айғақтайтын қолы қойылған екі нұсқа қағаз алынатын. Осы құжаттың бір нұсқасы Женеваға жіберілетін, екіншісін өз архивтерінде сақтайтын. Бұл қағазда "Өз еркіммен Түркістан құрамасында кеңестерге қарсы соғысуға дайынмын деп ант ішемін " деген едік.Енді мәселенің басын анықтап алу үшін "Түркістан ұлттық комитеті" (ТҰҚ-"Туркестанский национальный комитет", "ТНК"), "Түркістан легионы" ("ТЛ"), "Түркістан ұлттық советі" ("ТҰС"-"Туркестанский национальный совет", "ТНС") деген атаулардың мән-маңызына тағы да бір назар аударғанымыз абзал. Бұған жауапты Қазақ ССР-ы Мемлекет қауіпсіздігі министрлігінің (МҚМ) советке қарсы ұлтшыл ұйымның мүшелері есебінде айыпталған Хәкім Тыныбеков және басқа 49 адамға жазылған 1946 жылғы 10 желтоқсандағы айыптау қорытындысынан іздеп көрейік. Өйткені "ТЛ"-на қатысты дегендерді соттау үшін негіз болған бірден-бір ресми материал осы. С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов және басқа да республиканың көрнекті өкілдерімен бір сапқа қою тарихи шындыққа тым жанаспайды деп есептейміз", - деп жазады Асқар мұстафин.Мұстафа Шоқай тұтқын лагерьлерін аралағанда қандай мақсат-мүдде көздеді? Легионды құрған кім-Шоқай ма, әлде басқа біреу ме? Өздеріңіз байқаған боларсыздар, осынау сауалдар төңірегінде керағар пікірлер аз емес. Енді аталмыш проблемаға қатысы бар деген кейбір мамандарға құлақ түрейікші. Әбу Тәкенов, тарих ғылымының докторы, профессор:"Осындай алмағайып кезеңде Мұстафа өз халқының болашағына салқын қарай алмағаны хақ. Немістер жеңген жағдайда туған еліне қалай да қорған болу, сол үшін тұтқын боздақтардың өмірін сақтау оның бар арманы еді" ("Егемен Қазақстан", 13.07.1995)."Мұстафа Шоқайдың тұтқындағы кеңес әскерлерімен кездесуі легион құрылғанға дейін және белгілі мақсатта болғаны ескерілмейді. ІПет елдік легиондар тек түркстандықтар ғана емес, татар-башқұрт, әзірбайжан, грузин, армян, басқа да кавказдықтар, тіпті орыс-украиндықтардан да құрылуы Мұстафа шоқайдың еркіне байланысты емес, немістердің өз жоспарына сәйкес келгені де еске алынбайды. Шынында, легион Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27-желтоқсанда ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған соң өмірге келмеді ме? ("Қазақ тарихы", 1997, N2, 446).Гүлжауһар Көкебаева, тарих ғылымының кандидаты, доцент: "1941 жылы күзде кеңестік тұтқындар шоғырланған лагерьлерді аралап, тұтқындардың жағдайын, көңіл-күйін байқау үшін құрылған Гайбель басқарған комиссияға Мұстафа Шоқаймен бірге татар, өзбек, тағы басқа халықтардың эмиграциядағы өкілдері кіргізіледі... Демек, соғыс тұтқындарымен кездесу жалғыз Мұстафа Шоқайдың идеясы емес, кеңестік отаршылдық бұғаудан құтылуды аңсаған барлық халықтардың эмиграциядағы өкілдерінің әрекеті еді" ("Қазақ тарихы", 1997, N2, 30-31б.). Мәмбет Қойгелдиев, тарих ғылымының докторы, профессор: "М.Шоқайұлын "Түркстан легионын" құрушы, қанішер, кекшіл адам ретінде көрсетуді қалайтын авторлар жоқ емес. Бұл — шындыққа мүлдем жанаспайтын тұжырым. Олай дейтініміз- М.Шоқайұлын "Түркістан легионы" сияқты әскери құрылым өмірге келгенге шейін-ақ өмірден аттанып кеткендігіне дәлел болатын фактілер жеткілікті" ("Қазақ тарихы", N4, 48 б.).Сөз болып отырған мәселе жөнінде бұдан сәл бұрынырақ жазушы Әнуар Әлімжанов та жазған еді. Оның пікірі де біз жоғарыда келтірген ғалымдар Әбу Тәкенов, Мәмбет Қойгелдиев жасаған түжырымдармен сабақтас, үндес жатыр ("Қазақ әдебиеті", 22.07.1992).Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарық көрген кейбір дүниелердің өзінен-ақ Мұстафа Шоқайдың не туралы жазғанын, қандай мақсат-мұрат көздегенін, оның адамгершілік, күрескерлік түр-тұлғасын байқауға болады. Кезінде Әнуар Әлімжанов айтқандай ("Қазақ әдебиеті", 24.07.1992), бүкіл ағылшын, түрік, француз, неміс, қазақ, әзірбайжан, өзбек тарихшыларының, әдебиетшілерінің, немесе өзімізде жарияланған түрік ғалымы Т.Шағатайдың, Украинаның бұрынғы Сыртқы істер министрі, профессор А.Шульгиннің Мемлекеттік Думаның мүшесі, Грузияның бұрынғы Сыртқы істер министрі А.Чхенвелидің, әйелі Мариям ханымның пікірлерімен есептеспеуге бола ма?Шынын айтсақ, Мұстафа Шоқайды совет өкіметі ғана жау деп есептеді, ал дүние жү'зі оны өз өмірін түгелдей елін бостандыққа тәуелсіздікке жеткізуге арнаған әлем таныған күрескер есебінде біледі. Егер олай болмаса. Мұстафа Шокайдың еңбектері, саяси күрескер бейнесі туралы сурттеу материалдар Оксфордта. Берклиде, Кембриджде, Берлинде, Парижде, Мюнхенде, Кельнде, Нью-Йоркте бірнеше дүркін басылып шығар ма еді?!Мұстафа Шоқайдың қайтыс болуы жөнінде де әртүрлі пікір айтылып жүр. Генерал Мұстафин ол жөнінде былай дейді: "... М.Шоқаевтың зорлықпен өлтірілгенін нақтылайтын құжат жоқ. Өлімнің себебін іздеу, кінәні өзгеге арту "Түркістан Ұлттық Комитеті" мен "Түркстан легионы" мүшелері арасындағы ұлтараздық көріністерінің орын алуы салдарынан, тағы да сол "ұлттық батырдың" данқты бейнесін "сомдауға" ұмтылудан туған".Неміс тұтқынында болған, "ТҰК"-нде қызмет істеген, жазушы Хамза Абдуллин у беріп өлтірген ("Ана тілі", 28.02.1991) десе, мұны Мұстафа Шоқайдың өмірін зерттеп, кітап жазған Серік Шәкібаев та жоққа шығармайды ("Қазақәдебиеті", 24.07.1992). Бұл ақпарат құралдарындағы айтылған деректер және оның қайдан алынғаны, яғни белгілі бір құжатқа нақтылы сілтеме жасалмағандықтан оның әртүрлі бола беруі де мүмкін деп есептеуге болар еді. Сондықтан жоғарыда айтылған ресми құжатқа (айыптау қорытындысы) тағы да бір назар аударудың реті келіп тұр. Онда былай делінген: "При участии немецких разведывательных органов Вали Каюм-хан убрал Чокаева (уничтожил его) и занял в "ТНК" пост "президента". Қазақ CCP-ы Мемлекет қауіпсіздігі министрінің '" орынбасары полковник Сәкенов 1946 жылдың 9 желтоқсанында қол қойған құжатында осылай жазылған.Қазақ зиялыларының көбі 1917 жылғы ақпан төңкерісін қуана қарсы алған. Енді елге азаттық, теңдік берілетін болды, халқымыз империя бұғауынан мүлдем босады деп ойлады. Пролетариат табы қалыптаспаған, капиталистік жүйені басынан өткізбеген алаш жұрты қазан төңкерісіне күдіктене қарағаны түсінікті. Енді сол кездегі саяси хал-ахуалды бір сәт көз алдымызға елестетіп көрейікші. Әңгімені белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтан бастайық. Ол Ресейдің буржуазиялық-демократиялық кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. Кейін жер, ұлттық автономия, дін мәселесі жөнінде олармен келісе алмады да әуелі "Алаш партиясын", кейін "Алаш Орда" үкіметін құрды. Алашшылар жаңа өкіметті бірден жақтамады. қайта керісінше большевиктерге соғыс жариялаған атаман Дутовпен, конгрреволюциялық Оңтүстік шығыс одақпен және Колчак министрлерімен, ақгвардияшыл "Сібір" үкіметімен байланыс жасады. Ақтар бұларды қолдамаған соң советтер жағына да шықты, тіпті кейбіреулері оның құрамында қызмет атқарды.Сол кезде солшыл пікірде болған қазақ қауымы "Қазақтың Үш жүз" партиясын құрды. Оның алғашқы басшысы Мұқан Әйтпенов болды да, кейін басшылық оның орынбасары болған Көлбай Тоғысовтың қолына көшті. Көлбай кезінде Сырдария облысының қалалары мен елді мекендерінде "Шора-и-Ислам" партиясының ұйымдарын құруда Мұстафа Шоқайға да көмектескен, оның Ташкент ұйымының мүшесі болған. К.Тоғысов басқарған партия алғашында алашордашыларға іш тартып жүрді де, қазан төңкерісінен соң оларға ашықтан ашық қарсы шықты, совет өкіметін жақтады. Солай бола тұрса да "компартияға мүше емес, марксизм-ленинизм позициясын түсінбейді" деп большевиктер оған сенім көрсетпеді.Ал оңгүстіктегі жағдай басқаша өрбіді. 1918 жылдың басында Қоқан автономиясы құрылды, оның басшылығында әуелі М.Тынышпаев болды да, кейін оны сол үкіметінің министрі болған М.Шоқай басқарды. Бұл үкімет өзінің билігін Түркістан өлкесіне, оның ішінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандары аймағында жүргізуі тиіс болатын.Сонау 1911 жылы Женевада Ленинмен кездескен, 1915 жылдан компартия мүшесі Әліби Жанкелдин, жаңа заманды жырға қосьш, Лениннің көзі тірісінде шығыс елдерінде бірінші болып оған жыр жолдарын арнаған, "қызыл" Сәкен Сейфуллин болса, жаңа заманды бірден қолдады. Бұрын саяси күреске қатысьш, ысыла қоймаған, бұл салада пәлендей тәжірибесі жоқ қазақ зиялылары төңкеріс туралы, елді басқару жөнінде, ұлттық проблемаларды шешу барысында бастары бірікпеді, шашыраңқы, бытыраңқы болды.Сөйтіп, үлкен империяның шет аймағында большевиктерге, олар әкелген жаңа өмірге көзқарас біркелкі бола қойған жоқ. Орталықта да солай болды. Советтік тарихқа Ұлы Октябрь социалистік революциясы деп енген, кезінде керемет марапатталып, орынды-орынсыз мақталған қазан төңкерісін Ресейдің сорпаға шығар интеллегенциясы да әртүрлі қабылдады. Оның бағытына, идеяларына Маяковский, Блок, Брюсов, Тимирязев сияқты бірден бұлтарыссыз сенгендер көп бола қойды деп айта қою қиын. Анна Ахматова Отанына деген ыстық махаббатын білдіріп, сол үшін қандай қиындық болса да көндім деп елінде қалса, келіспегендер де аз болған жоқ. Алексей Толстой, Сергей Прокофьев, Александр Куприн, Марина Цветаева, Андрей Белый, Сергей Коненков сияқты еліне қайтып келгендер болды, бірақ бәрі бірдей ондай тоқтамға келе алмады. Советтік Россияда өзіне орын табыла қоятындығына сене қоймаған Сергей Рахманинов, Федор Шаляпин, Константин Коровин сияқты орыстың әлемге әйгілі өнер қайраткерлері шет елде қалып қойды. Орыс жазушыларьшың ішінен ең алғаш Нобель сыйлығына ие болған Иван Бунин де еліне келмеді, Париж түбіндегі Сен-Женевьев-дю-Буа қаласындағы орыс зиратында мәңгілік қоныс тепті.Бұрын алыстап кеткен, ұзақ уақыт бойы жоққа шығарылып келген тарихи есіміз кайта оралып жатыр. Енді, міне, біраз кезең ұмыт қалған сол жадымызды еске түсіру мүмкіндігі туған кезде оған сергектікпен қарағанымыз жөн. Мұндай сақтық бұйрық берілген жерінде тарих та тоқтайды деген қате ұғымды басшылыққа алып, "жаңа өмірді" тез орнатамыз деп асығыстық жасап, жанталасып, ысырап қылған рухани қазынамызды, ұмыт қалған есімізді білу үшін, оны орнына қайтару үшін қажет. Тарихты кезең мен дәуірге саясатшылар мен ғалымдар бөледі, бұлай жасау оны зерттеуге де, саясатқа да ыңғайлы. Ал тарих болса, ол - тұтас, бөлшектеуге келмейді. Тарих ешкімнің еркінсіз ағып жатқан өзен сияқты, өзіне бұлақтың көзі мен тармағын қосьш, сай-саланы қуалап, бір жерден екінші жерге тоқтаусыз жылжиды, сылдырап аға береді. Қазақ эмиграциясы өзінің рухани және мәдени бағыт-бағдары бола тұрса да қазақ мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихына кіре алмады, оның қуатты және үлкен тармағы болып есептелмеді. Мұның Мұстафа Шоқайға тікелей қатысы бар. Совет өкіметі бұған мүмкіндік бермеді. Шеттегілердің бәрі жау болып есептелді де, олардың еңбегін жариялауға болмады.Дүниежүзі өркениетіне елеулі үлес қосқан шетелдегі өз отандастарына дұрыс көзқарас болмауынан совет өкіметінің тапқан пайдасы көп емес. Алайда еліне оралмаса да әлем таныған бірен-саран мәдениет, өнер қайраткерлерін Ресей біржола шеттетпеді, аздап болса да олар туралы жазылып жүрді, шығармалары жарияланып, концерт залдарында орындалып жатты. Бірақ мұндай "жеңілдік" бұрынғы одақтас республикалардағы ұлт өкілдеріне жасалған жоқ: олар сол баяғы "жау, сатқын" есебінде қала берді. Бұлардың қатарында Мұстафа Шоқай, "Түркістан легионына" қатысты дегендердің бәрі болатын.Мұстафа Шоқай болса "ол түркі халықтарын патша отаршылдығынан азат ету үшін күресіп, оларды өзара біріктіруге тырысқан. Өз кезеңіңде бұл бірден-бір дұрыс бағыт еді, оны түркі халықтарының барлық көсемдері қолдаған болатын. Бұл ұлтшылдық та, пантүріктік те, панисламдық та емес. Бұл керісінше интернационалдық патриоттық әрекет еді". Тарих ғылымарының докторы, профессор Әбу Тәкеновтың осы пікірі дұрыс деп ойлаймыз ("Егемен Қазақстан", 13.07.1995).Ал соғыс жылдарындағы жағдайға келсек, неміс басшылары өздерінің "Үлкен Түркістан" мемлекетін құру жөніндегі жоспарын жүзеге асыруда Мұстафа Шокайдың беделін пайдаланғысы келгендігі шындық. Ал Мұстафаның шу деп алға қойғандағы мақсаты - Түркістан халықтарын советтік тоталитаризм жүйесінен құтқару, тәуелсіз ел болып, демократияға, өркениетке қадам басу. Бұл оның саяси бағдарламасы және мұны ол ешқашан жасырған емес. Өзінің халқына, еліне, оның болашағына нұсқан келтірерліктей ешбір қадам жасаған жоқ. Ал соғыс тұтқындары арқылы совет өкіметі сияқты үлкен империяны құлата қою деген ақылға сыймайтын нәрсе. Немістер де оны білді. Киял жүзінде қалған "Гростуркестан" деген неміс жоспарын ешкім оқьш көрген жоқ сондықтан да оны орындауда түркістандықтардың нақтылы орны қандай болғандығын айту қиын.Кезінде Мұстафа Шоқайды ақтау, оған ел тарихында өз орнын беру жөнінде бір топ зиялы қауым баспасөзде мәселе көтерген болатын. Бірақ бұған ақпарат құралдары арқылы ешкім жауап бере қоймады. Жобасы сотталмаған адамды несіне ақтайды деген болу керек. Сенуге болатын адамдардың сөзіне қарағанда, жоғары жақтағылар осындай пікірде көрінеді.Біздің ойымызша бұл мәселеде үкімет сырт қала алмайды. Өйткені Мұстафа Шоқай ресми түрде сотталмағанымен елде де, елден кеткеннен кейін де үнемі советтерлің қуғынында болды, оған моральдық террор жасалды. Совет өкіметі өзінің қуатты ақпарат құралымен туған жерінде ат туралы теріс қоғамдық пікір қалыптастырды. Тіпті бұл екпін кейде осы күндері де сезіліп қалады, "Түркістан легионына" қатысы бар дегендер атыльш, тірі қалғандары итжеккенге жіберілді, ал оның туған-туыстары болса, Мұстафа Шоқайды өңі түгіл түсінде көрмесе де оларға сенімсіздік көрсетілді. Мұның бәрі Мұстафа Шоқайға, оның саяси көзқарасына, қимыл-әрекетіне деген өкіметтің ресми бағыты болатын. Қазіргі өкіметтің бұған қатысы болмағанмен, бұрынғы ескі билік жүйесі жіберген қатені түзеп, оған тиісті бағасын беруі керек.Мұстафа Шоқай есімі түрік әлеміне, дүние жүзіне атамзаманнан белгілі. Қалың алаш жұрты, егемен болған туған елі кім екендігін енді біліп отыр. Мұстафа Шоқайды өзінің туып-өскен Сыр өңірі құрметтеп, әспеттеп жатыр. Бірақ ол облыс шеңберіндегі емес, мемлекет деңгейіндегі үлкен тұлға екендігін ескергеніміз жөн. Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы да Мұстафаның оқуларын өткізбек. Бірақ бұл тек қоғамдық ұйымдардың ғана атқаратын шаруасы емес. Сондықтқ өкімет те ресми түрде мойындау тиіс деп есептейміз. Олай болса, Мұстафа ісін қолдаған, "Түркістан легионына" қатысты дегендерге де қоғамдық өмірде басқаша көзқарас жасаудың мезгілі келді деп ойлаймыз. Түркістан легионы туралы мәселені жалпы кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологиясымен, іс-әрекетімен байланыстырып, кең көлемде зерттеу жүргізу қажет.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік тұтқынға түскен әртүрлі елдер өкілдерінің сан жағынан ең көбі- кеңестік тұтқындар.Олардың жалпы саны - 5,7 миллион, 3,8 миллионы алғашқы айларда қолға түскен. Себебі 30-жылдардағы жазалау Қызыл Армияның басшылық құрамын әбден-ақ жұтатып кеткен болатын.Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында командирлердің 7 процентінің ғана жоғарғы білімі болса, ал 37 процент! орта әскери білім де алмаған еді.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында немістердің қолына түскен ресейлік әскерлердің 5,4 проценті қаза тапса, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңестік тұтқыындардың 58 проценті қайтыс болған.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде барлық соғысушы елдер 1907 жылы тұтқындардың құқықтарын белгілеген Гаага келісіміне сүйенеді. 1929 жылы Женевада соғыс тұтқындарының құқықтарын белгілеген жаңа келісім жасалады. Кеңес Одағы аталған келісімдерге қосылмаған. Ал фашистік Германия Женева келісіміне 1934 жылы қосылады. Бұл келісімдердің мазмұны біздің халқымызға мүлде таныс емес еді, тұтқынға түскен Кеңес әскерлері өздерінің қандай құқықтары бар екенін білген жоқ. 1941 жылдың тамызында Гитлер Хаммерштадтағы Кеңес әскери тұтқындары орналасқан лагерьге Қызыл Крест делегация мүшелері арқылы Сталиннен түтқындағы Кеңес адамдарына азық-түлік жіберуін өтінеді. Алайда, Сталин бүган келіспей, адамның халықаралық құқына қарсы шықты.Халықаралық құқықтың: "Соғыста тұтқынға түсу-қылмыс емес. Қолға түскендер бақытсыздар қатарында қамқорлыққа алынуы тиіс",-деген талабын орындаудан бас тартты. Бұл басқалар үшін де бұлжымас заңға айналып кетті, оған қоса Сталиннің атышулы N270 КСРО Халық Қорғанысы Комиссарының Кеңес әскерлеріне тұтқынға түспеуді бұйырған, ал тұтқынға түскендердің туған-туысқандары қудаланатындығы айтылған жарлығы шығады.Көп ұзамай-ақ сол жылдың 8 қыркүйегінде фашистер де кеңестік тұтқындарға өте қатал қарау, аямау туралы бұйрық беріп, қылмысты әрекеттерге жол берілді.2Осылайша Кеңес тұтқындары екі тоталитарлық мемлекеттің екі диктатордың арасында жаншылып, отансыз, қорғансыз мүсәпірлік жағдайға түсті.Парижде тұрып жатқан Мұстафаны соғыс басталғанда немістер қамауға алады да, бірнеше күннен кейін оны түрмеден босатып, Берлинге апарады, неміс командованиесі Шоқайдың Орта Азия, Қазақстан халықтары арасындағы, жалпы түркі тілдес халықтар ортасындағы зор беделін пайдалануды жоспарлаған еді. Сол мақсатпен Мұстафаға Шығыс ұлттарынан жасақталған әскери тұтқындар легионын және оларды Кеңес Армиясына қарсы күрес үшін пайдалану жолында жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарымен таныстырады. Шығыс министрлігінің тапсырмасымен М.Шоқайды Польша, Жаңа Батыс Украина концлагерьлеріндегі Кеңес әскери тұтқындары жағдайымен танысу үшін арнайы жіберген. Сөйте тұра оның қасына ақылшы-кеңесші ретінде сыннан өткен сатқын Уади-Каюмды да тыңшы етіп қоса жібереді.Мұстафа Шоқай концлагерьлерді аралау барысында әскери тұтқындардың тұрмыс жағдайымен барынша мұқият танысып, олардың пікірлеріне жанашарлықпен құлақ асады. Мұстафаның талап етуімен шығыс ұлттарын жеке концлагерьлерде ұстау жүзеге асырылады. Олар үшін монша ұйымдастырып, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде француз әскер тұтқындарына берілген жаңа киімдер үлестіріліп, жұп-жұптан ішкі киімдер бергіздіреді. Оның өтінішімен тұтқындағы жүздеген қазақтар зауыттар мен фабрикаларда тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен бірге Мұстафа концлагерьлерді аралай жүріп, көзі ашық, білімді тұтқындармен жеке-жеке әңгімелесіп, олардың мамандықтары бойынша тізімдерін жасайды.Тұтқында болып аман қалған И.А.Дугас пен Ф.Я.Черонның Парижде жарық көрген естеліктерінен соғыстың алғашқы айларында фашистер кеңестік Азия өкілдеріне басқалардан гөрі қаталырақ қарағанын, соның салдарынан 1941 жылдың күзі -1942 жылдың қысында Польша жеріндегі лагерьлерде болған 130000 түркі тілдес тұтқындардың 122000-ы қаза тапқаны туралы мәлімет бар.1943-1947 жылдары Кеңес Одағына бес жарым миллионға жуық соғыс тұтқыны мен Германияға жұмысқа айдалған азаматтар қайтарылған, солардың 20 проценті атылған немесе 25 жылға айдалған, ал 15-20 проценті 5-10 жылға лагерьге жіберіледі, ал 10 проценті Сібірдің алыс аудандарына жер аударылады, 15 проценті соғыста қираған аудандарда ауыр жұмысқа салынады, 15-20 проценті ғана туған жеріне оралады.Соғыс тұтқындарын кеңестік "отаны" екі рет сатты. Әуелі неміс тұтқынында жүргенінде қорғаудан бас тартты, ал кейін елге қайтқанда, ауыр жазаға ұшыратты.Егер бүгін сол алапат соғысты кешірмеген үрпақ шындықты іздемей, соғыс тұтқындарына "сатқын" ретінде қарайтын болса, бұл оларды үшінші рет сатуы болар еді. Ал біз қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресіп, жеңісін көре алмай арманда кеткен абзал жандарды ақтай алмай отырмыз.Себебі, олар Сталиннің қателігінен (Гитлерге сеніп қалып), қолбасшылардың дарынсыздығынан соғыстың алғашқы айларында тұтқынға түсуге мәжбүр болған еді.Мұстафа Шоқайұлының идеясы мен арманы Тәуелсіздік пен Түркі елдерінің бірлігі болғандықтан, Германия жеңген жағдайда тіпті Германия құрамында Тәуелсіз ел болу еді. Оның бүкіл ғұмыры 03 халқына демократиялық күрес жолымен автономия, дәлірек айтқанда, дербестік алып беру күресі үстінде өтті.Еңбектеріне ден қоятын болсақ, оның Голощекиннің геноцидіне Қазақстандағы аштыққа, сталиндік респрессияға, тоталитаризмге, шовинситік баскяншылыққа қарсы аянбай күрескендігін, халқына араша болудың мүмкін жолдарын барынша іздестірумен жанталасқандығын байқаймыз.ОГПУ-ға берген түсініктемесінде А.Байтұрсынов: "... шетте жүріп өте аянышты ғұмыр кешсе де, халқының қамын жеген..."-деп айтқанындай, атақ, мансап, жайлы мекен, жақсы тұрмыс үшін ар-ожданын, сенімін саудаға салмаған (Керенский ұсынған министрлік портфелінен де бас тартқан). Бұл аталғандардан мүлде ада болғанымен, заман оны саяси өмірде ылғи да алдыңғы сапта болуға итермелеген.Бұл турасында Мария Шоқай естелігінен мынаны біле аламыз: "... ол үнемі Түркістанның большевиклерден құтылуын армандайтын. "Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім: Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы мен басқа өлке халықтары туралы тамаша кітаптар жазумен шұғылданар едім"- дейтін М.Шоқай. Осы орайда М.Шоқай: "Егерде Түркістан халқы өздерінің ұлттық мемлекеттері үшін Кеңестік жсүйені таңдаса, онда мен ол өкіметке шын ниетіммен адал қызмет етемін"- деуі халқына шексіз берілгендігін көрсетсе керек.Десек те Түркістанда орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын, фашизмнің Еуропаның ғана емес, Ресей мен Түркістанның да барлық халықтарына құлдықтың қара бұғауын әкелетінін қатесіз тани білген М.Шоқай қандай жағдайда да болмасын өмірлік мақсаты —Түркістанның тәуелсіздігіне жету жолында жүрді. Осы мақсатта Гитлер мен Сталиннің саяси ойынының нәтижесінде миллиондаған отар халықтардың өмірі жұтылып жатқанда, концлагерьлердегі бауырларын құтқара отырып, тәуелсіз Түркістанның болашақ кадрларын дайындауға кіріседі.Тұтқында жүріп М.Шоқаймен кездескен жерлесі М.Сандыбаев мырзамен болған сұхбатымда: "Біздің аянышты хәлімізді көріп: "Қарақтарым-ай, мұсылман жұртым-ау! Өздеріңе пайдасы жоқ соғыста текке қырылғандарың ба? Кез-келген ұлт үшін дүниедегі зор бақытсыздық басқа бір ұлттың тепкісіне түсу. Ұранымыз-Түркістан-түркістандықтардікі болуы тиіс"- деген жалынды сөздер айтып жігерлендірген еді"-деп еске ала отырып айтқан еді.Бұл екі христиан елдерінің халқына көрсеткен қорлығына шыдамай Германия үкімет басшыларына қаймықпастан: "Сіздер-немістер, өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттіліктеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сіздерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер ХХ-ғасырда өмір сүре отырып, ХІІ-ғасырда Шыңғысханның жасаған зүлымдығынан асып түстіңіздер. Мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуға хақыларыңыз жоқ" —деп хат жолдайды. "Пікірлеріңді тым тура айтыпсың, мұның артықтау емес пе?-деген неміс офицерлеріне Мұстафа: "Егер сіздер осыған байланысты маған ату немесе асу жазасын берсеңіздер де ризамын. Өйткені мұндай мәдени қоғамда өмір сүргім келмейді"-деп жауап беруі сол кездегі замандастары баға бергеніндей жеке басының қауіпсіздігін мүлде ойлап жатпай елінің қамын жегенін білеміз.Ендігі мәселе М.Шоқай арман-мақсатының, идеясының құндылығына қазіргі күнмен үндесіп жатқан өміршеңдігіне тоқталып баға беру. М.Шоқайдың түпкі мақсаты заманында Еуразия даласын ат ойнақтатып дүркіретіп жүрген бабаларымыздың жан-жакқа бөлініп отаршыл саясат салдарынан құлдыққа түскен түбі бір түрік халықтарына тәуелсіздік әперу болатын. Алдымен қарашаңырақта қалған ұрпақтары бас қосып, бірлесе отырып тәуелсіздікке қол жеткізу. Содан шетте қалған Әзірбайджан, Саха еліне, Башқұртстан, Татарстан сияқты бауырларына қол ұшын беру.М.Шоқайдың осы турасында мұра етіп қалдырған сөздеріне құлақ ассақ: "Біз Ресей үстемдігі тепкісінде ұлттық тәуелсіздігіміз жолында күресуші ұлттар, ортақ жауға қарсы күш біріктірудің қажеттілігін жақсы сезінуіміз керек... Ашығын айтқанда, өздерінің тәуелсіздігі жолында күресіп жатқан Кавказ, Еділ-Орал, Қырым және Түркістанның жеке-жеке әрекетінен пәлендей бір нәтиже шықпайды... Араларында жүйелі байланыс жоқ... Сол себепті барлығы "қуыршақ" автономиялармен шектелді... Біздер көздеген мәреге жеткенге дейін бір-бірімізге қолдау көрсете алмадық"-деп тағдырлас ұлттармен бірге "ең соңғы мәреге" жеткенге дейін "саяси жолсерік" болуымыз керектігін айтқан еді. Алайда уақыттың өзі көрсеткеніндей асыл ер арманы орындалмай, жеке-жеке күресіп жем болмадық па? Енді осы айтылған, бастан кешірген қасіретті күндерден болашаққа тағылым боларлық ғибратты сабақтар алуымыз қажет-ақ. Немесе оның қайталанып келетіні тарихтан белгілі.Мұстафа туралы шындықты бастан аяқ білгісі келген адам, оның не туралы жазғанын, нені қорғап, нені армандап, қандай мақсат-мұратты көксегенін білгісі келген жан аса көрнекті жан түрік тарихшы-публицисі Хасен Оралтайдың кітабын оқысын (Стамбул, 1986 ж.). Мұстафа Шоқайдың өміріне арналған зерттеулер неше қайтара Оксфорд баспаларында шықты (соңғы рет 1986 ж.). Берлинде (1960 ж. Калифорния, ІПАҚ), Кембридже (1957. 1964 ж.ж.), Кельнде (1962 ж.), Нью-Йоркте (1957 ж.) жарияланды...Біздің елімізде белгілі себептерге байланысты оның еңбектері жрияланған жоқ, Есесіне оны жоққа шығарушылардан, оған күйе жағушылардан жетімсіздік көргеніміз жоқ. Оны "әжуалаған", "әшкерелеген" дүниелерде де қисап жоқ. Мұның да сыры түсінкті. Сыңар жақ идеология, империялық ой-сана басқаша пайымдауға бейімдік білдіргендердің бәрін қатаң жазалайтын. Ұзақ уақыт бойы санамызға басқарушы партияның басындағылар желеп-жебеп келген мемлекеттік деңгейге жеткізілген жалған сөз сіңірілді. Мұндай жағдайда, әлбетте Жорес жазғандай: "Батылдық шындықты іздеп табуды және жұртқа жаюды талап етеді".Ал Мұстафа Шоқай болса, қанша тереңге тығып, тас қамауға ұстаса да Ақиқаттың, шындықтың түбіне дейін жетіп, оны жалғаның жарығына шығарып, томағасын сыпырды, сондықтан, екінші бір атақты француз Мұстафаның досы Пьер Ренодельдің мына бір сөздері әділдік тамырын тап басқан сөздер ме деймін."Бәрібір күндердің күнінде кім де болса сенуден қалатын өтірікпен өзіңді алдаусыратқаннан гөрі, өткеннен ой түйіп, сабақ алған әлдеқайда пайдалы емес пе? Осы орайда жаза баспайтын, жоққа шығаруға жатпайтын өз мәліметтері мен құжаттарының жиынтығын қолымызға ұстатқан Мұстафа Шоқай бізге зор ғибрат көрсетіп отыр.Ол Ақиқат алдында алғысқа лайық". Оның абзал да адал есімі еліне мәңгіге оралса екен, әлім деп елжіреген жүрегі мен жаны ылайым туған халқымен бірге болса екен! 
30. ҰОС жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау науқаны және оның салдары.
Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.
Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсінуқажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.
1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:
этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»).
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.
саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20—30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.
Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру,қызылша, қант өндірістерінде және т.б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.
1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің «Троцкий-Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелердетұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» — «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.
Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар,Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтаржанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.
1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегімектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.
70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.
КСРО-ның ұлт саясатында 30-жылдардағы қуғын-сүргінге иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан—қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Кеңес азаматтығын алған 6 мың адам арнаулы қаулы негізінде 1710 шаруашылық (отбасы) Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарына, 300 шаруашылық Алматы облысы аудандарына орналастырылды.
Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей империясының қол астына карады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан қүрамында1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі түтқындалып, ату жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние-мүлкі, малдары тәркіленіп алынды. Өздері НКВД-ның катаң бақылауында жүк вагондарымен әкелініп, облыс пен аудандарға бөліп орналастырылды.
Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, ізін ала Балтық жағалауы, Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Бессарабиядан «жағымсыз элементтерді» күштеп көшіріп-қоныстандыру қолға алынды. Егер соғысқа дейін бұл әрекет мемлекет қауіпсіздігін күшейту қажеттігімен түсіндірілсе, соғыс кезінде ұлттық-аумақтық автономиялары бар тұтас халықтар қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп, тоталитаризмнің таптық саясаты жаңа «сапалық» деңгейге өткен еді. 1941 жылы 28 тамызда барлық немістерді жаппай диверсиялық және шпиондық әрекеттерге қатысты деп айыптады.
Басқа халықтар да дәл осындай «логикалық актілермен» депортацияға үшырады. Бас кезінде олардың кейбіреулерінің немесе көпшілік бөлігінің өз Отанын сатқандығы атап өтілді, артынан аталған халықтарды түтастай шығыс өңірлерге көшіру туралы шешім қабылданды. Дөл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар жөн6 т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірінен халықтар көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. Басқаша айтқанда, олардан ұлттық мемлекеттілігі тартып алынды.
30—40-жылдардағы халықтар депортациясы қоғамдық-әлеуметтік форманың жоспарлы акциясына, адам психикасына әсер ете отырып, халықты ұлттық тамырынан айыруды ойластырған тағылық эксперимент, ғаламды қайта құру тәжірибесінеайналды.
Күштеп қоныс аудару кезінде жол бойында және арнайы лагерьлер мен тұрақжайларда бұл халықтардың жартысына жуығы опат болды.
Оларды бір сәтте туған жерінен айырып, мал сияқты жүк вагондарымен Қазақстанға әкеліп, 24 сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды көшіріп-орналастырып үлгерді.
Сталиндік куғын-сүргін кезінде осы халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларына қарсы «үлкен террор» жасалды, ұлттың бетке үстарлары тұп-тамырымен жойылды. Жер-жерлерде ұлттық мектептер, газет-журналдар жабылды.
Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ өңірлеріне күшпен жүргізілген депортациялар өзінің көлемі жағынан ауқымды болды. 1942 жылдың күзіне қарай кеңес әскерлері шығысқа қарай шегіне отырып, Еділ жағалауы мен Үлкен Кавказ қыраты алқабына жақындады. Шешен-Ингушетияның бір бөлігі, сондай-ақ карашай, балқар, қалмақтар мекендейтін аймақ жау қолында қалды. Тек Сталинград пен Курск түбінде Гитлер армиясын талқандағаннан кейін ғана Солтүстік Кавказ өңірі жаудан азат етілді. Алайда жаудан азат ету аяқтала салысымен фашистік басқыншылармен жақындасты деген желеумен бұл халықтарға саяси қуғын-сүргін басталды.
1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, қарашайларды көшіру туралы қаулы қабылданды. Жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасы Қырғызстанға,Өзбекстанға аттандырылды.
Депортацияның қайғылы қасіреті балқарларға да келіп жетті. 1936 жылы құрылған Кабардин—Балқар АКСР-нан 1944 жылы наурыз айында 650 мыңдай шешен, ингуш, калмақ, қарашайлар көшірілді. Бүкіл техника, НКВД құрамалары мен армиябөлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның өзі баскарды. Жалпы саны 40 мыңдай балқарлардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді. Балқарларды көшіргеннен кейін республика Кабардин АКСР-і болып атала бастады.
1944 жылдың ақпан айынан кейін Қызыл Армиядан босатылған шешен және ингуш ұлтының әскери адамдары НКВД-нің арнайы қоныстарының қарамағына өтті. Дәл осындай жағдай майданда жүрген депортацияланған халықтардың барлығына қатысты болды. Олардың барлығы өздерінің туған-туыстары түрып жатқан қоныстарға немесе Орал, Сібір өнеркәсіп өндірісіне жіберілді. КСРО- ның баска НКВД лагерьлеріндегі шешендер мен ингуштер Қарағанды лагеріне ауыстырылды. Дағыстан АКСР-да,Грузияда, Әзірбайжанда, Краснодар өлкесі, Дондағы Ростов, Астрахан облысында тұрып жатқан шешендер мен ингуштар да депортация қармағынан аман қалған жоқ, көші-қон 1945 жылдың соңына дейін жалғасты. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1944 жылы 7 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Шешен-ингуш АКСР-і жойылды. Барлық ауданның аттары өзгертілді. Шешен-ингуш АКСР-інің орнына Грозный облысы қүрылды. Облысқа дейін барлық жергілікті халықтың 58%-ын құраған шешен мен ингуш халқы осылайша туған жерлерінен қол үзді. Грозный облысына ондаған мың орыстар мен аварлар, осетиндер, украиндар әкелінді.
1944 жылы Орталық Азия мен Қазақстанға Грузиядағы күрділердің екінші толқыны, 1948—1950 жылдары үшінші толқыны күштеп көшірілді. Әзірбайжанда қалған күрділердің біраз бөлігі қуғын-сүргінге ұшырау қаупінен қоркып, құжаттарын өзгертіп, өзірбайжан болып жазылуға мөжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін майданнан қайтқан майдангер-күрділер өз туғандарын таба алмай әуре-сарсаңға түсті. Олардың өзі 50-жылдардың соңына дейін арнайы қоныстардағы НКВД органдарына айына 2 рет белгіленіп түруға міндетті болды.
1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына орналастырылды.
Фашистік Германия басып алынған аумақтар азат етілген сайын сол жерлердегі халықтарды депортациялау ісі де жалғаса берді. 1944— 1945 жылдары азат етілген Украина, Беларусь және Балтық өңірінде бұрыннан мекендеп келе жатқан немістерСібір мен Қазақстанға көшірілді. 1945 жылдың соңына қарай Қазақстанға 9 мың неміс отбасы орналастырылды.
Ел басшылығындағы шовинистік пиғылдардың ұлт саясатындағы белгілері жекелеген халықтар мен ұлт азшылықтарын «жағымсыз элемент» ретінде көшірудің белең алуынан көрінді. Әңгіме бірінші кезекте Қырым және Грузия аудандарындағы халықтарды тарихи Отандарынан көшіру туралы болып отыр.
1921 жылы құрылған Қырым АКСР-інде орыстар, украиндар, қырым татарлары, гректер, болгарлар, армяндар мекендеді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазартуға 2000 жүк машинасы өзірленді. 1944жылы мамырда 50 эше- лонға тиелген татар үлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен гректер әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға өкелінді. Жалпы, 1943—1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері. Еңбек армиялары
Екінші дүниежүзілік соғыстың дауылынан Қазақстан аумағына көшіп келушілер тасқыны шұғыл артты. Қазақстанға елдің батыс бөлігінен 536 мың адам көшіп келді.
Майданда 410 мың қазақстандық жауынгерлердің мерт болуы мен 125 мың адамдардың хабар-ошарсыз кетуі, концлагерьлерде азаппен көз жұмуы сияқты соғыстың әкелген зардабы орасан зор болды. Белгілі демограф М.Тәтімовтың болжамы бойынша, мұндай соғыстың зардабы 125 жылға дейін созылады екен. Мыңдаған отбасылардың шаңырағы ортасына түсіп, балалар жетім қалды. Қазақ балаларының табиғи тууы мен өсімінің карқыны төмендеп кетті.
Соғыс жылдарында Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам майданға шакырылды. Бұлардың 630 мыңы алғашқы аттанғандар болды. Сондай-ак еңбек колонналарына шақыруды қоспағанда, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға әрбір бесінші қазақстандық шақырылды.
Соғыс басталған кезден бастап 1941 жылдың соңына дейін, 1942 жылдың жазы мен күзінде әскери қимылдар болып жатқан аймақтардан шығыска өнеркөсіп орындары мен ұжымшар, кеңшар, МТС-ің дүние-мүлкі мен малы, 312 өнеркәсіп өндірісі мен жарты миллионнан астам адам Қазақстанға көшіріп өкелінді. Бұл өндіріс орындарының 142-сі ғана іске косылды.
Өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек армиялары басқа республикалардан келгендермен қатар, соғысқа дейінгі арнайы қоныстанғандар мен Қазақстанға депортацияланған халық өкілдері контингентімен толықтырылып тұрды.
Тұтастай алғанда, моральдық-саяси белгілері бойынша майданға шақырылмаған халық өкілдерінен еңбек армиясы құралды. Еңбек армиясының арнайы жұмыс колонналары неміс, фин, румын, корей халық өкілдерінен тұрды. Соғыс жылдарында еңбекармиясына 121 мың неміс, 30 мың корей ұлты өкілдері шақырылды. Еңбек армиясында тек арнайы қоныстандырылғандар ғана болған жоқ, негізгі бөлігі ұжымшар тұрғындары болып табылатын 200 мыңдай қазақтар да шақырылды. Олардың барлығы Орал жөне Сібір зауыттары мен Ақмола—Павлодар, Қарағанды—Ақмола, Орынбор—Арыс, Басқұншақ—Мақат темір жол құрылысында еңбек етті. Мыңдаған тұтқындар Доссор—Астрахан, Ор—Қандыағаш мұнай құбырлары қүрылысына терін төкті.
Соғыс жылдарында барлығы 700 мыңнан астам қазақтар, немістер, украиндар және т.б. еңбек колонналарына шақырылды. Соғыстың соңғы 1,5 жылында еңбек армиясының қатарына Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ елдерінен көшіріп-қоныстандырылған бөлігі қосылды. Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Арнайы қоныстандырылғандардың көп бөлігі ауру мен аштықтан қырылды.
Сонымен, еңбек колонналарында екі категориядан тұратындар, біріншілері — азаматтық тұрғындардан тұратын еңбек армиясы, екіншілері — тұтқын жағдайындағы арнайы қоныстандырылғандар болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға және қорғаныс өнеркәсібіне әрбір төртінші қазақстандық алынды. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында 350 мың қазақ жауынгерлері қаза тапты, 150 мың адам жау колында тұтқында болды немесе хабар-ошарсыз кетті. Соғыстың ауыр жылдарында демографиялық, депопуляциялық жолмен (туудың төмендеп, өлімнің артуы) 100 мың адамға кеміді.
Сөйтіп, Екінші дүниежүзілік соғыс тек қазақ халқының ғана 600 мың адамға азаюына әкеліп соқты.
1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 6,9 млн адам тұрса, соғыс аяқталған соң көшіп келген жөне депортацияланған халықтар есебінен бұл көрсеткіш шамамен 7,5 млн болды.
Жергілікті халықтың үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954—1956 жылдары заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар, таптар және басқа кеңес азаматтарын ақтау басталды.[2]Хронография
Бұрынғы Кеңес одағында 1920-1940 жылдары тұтас халықтар депортацияға ұшыраған. Оларга жалған айыптар тағып, атамекендерінен күшпен жер аударды.[3]1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 360 мыңдай адам жер аударылды.
1937 жылы Қиыр Шығыстағы мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сылтаумен онда тұратын корей халқын Қазақстан мен Орта Азиядағы өзге де республикаларға әкелді. Оның ішінде 20141 отбасы (95421 адам) Қазақстанғаорналастырылды.
1940-1941 жылдары поляктар қоныс аударылды. II дүниежүзілік соғыс жылдары олардың саны 105 мыңға жетті. КСРО Жоғаргы Кеңесі Төралқасының 1941 жылы 28 тамыздагы "Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы" №21-160 жарлыгына сәйкес, 1941 жылы күзде 1 млн. 120 мыңдай неміс Еділ бойынан көшіріліп, Қазақстанға 420 мыңы орналастырылды.
1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиясы жойылды да, 14 қазанда КСРО ХК К-і қарашайларды жер аудару жөнінде құпия қаулы қабылдады. Соның негізінде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 адам) Қазақстанға қоныс тепті.[4]1944 жылы 7 наурызда Шешен-Ингуш АКСР-ін жою туралы жарлық шықты. Қазақстанға 89901 отбасы (406375 адам) орналастырылды.
1944 жылы 5 наурызда балқарлардың тағдыры да осылай шешіліп, 4660 отбасы (21150 адам) Қазақстаннан бірақ шықты. Осындай қаулы, жарғылардың салдарынан 1944 жылы қалмақтар (2668 адам), түріктер (13260 адам), күрдтер (5530 адам) ата қоныстарынан аластатылды. Күштеп көшіру соғыстан кейінгі жылдары да жалғасын тапты.
1946 жылы басында Қазақстанға тек Солтүстік Кавказдан, Грузиядан, Қырым автономиялық республикасынан қоныс аударылғандардың жалпы саны 107272 отбасы (412191 адам) болды.
1954 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанға қоныс аударғандардың саны 2 млн. адамға жетті. Депортацияға ұшыраған халықтардың жағдайы оте нашар болды. Азық-түлік, тұрғын үй, киім-кешек қат болды. Суықтан, аштықтан, жұқпалы індеттерден адам өлімі көбейді. КСРО ішкі істер басқармасының 1944 жылы есебі бойынша, қоныс аударылғандардан 144704 адам, оның ішінде Қазақстанда 101036 адам өлген. Депортацияға ұшыраған халықтар жаңа қоныстанған жерлерінде қаталтексеруден өтіп тұрды. Олар рұқсатсыз ешқайда да бара алмады. Тіпті, корші ауылдардағы туған-туыстарымен араласуға тыйым салынды. Қазақ халқы еріксіз қоныс аударылып келгендерге барынша қамқорлық жасады.
1956 жылы Сталиннің жеке басына табынуды айыптап, саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау басталған кезеңде ғана депортацияланған халықтар тағдырына оң өзгерістер ене бастады.
1955-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, шешен, ингуш, балқар, қарашай, қалмақ халқының окілдері өз тарихи отандарына қайтуға мүмкіндік алды.
31. С.Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер]. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған.
Он жасына дейін «Ғалия медресесін» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазіреттен тәлім-тәрбие алып, одан кейін Әбіл молда мектебінде білімін жалғастырады. 1912-1915 жылдары Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіріп, бір жыл мұғалім болады да, Омбыдағы ауылшаруашылық мектебіне түседі.
1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.
1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.
Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.
1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті.
Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.
Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.
С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.
Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен біргеФ.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.
С. Сәдуақасов мен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту.
Асыл азамат 33 жыл ғана ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қайтыс болды
Смағұл Садуақасов есімі XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан елінің қайсар тұлғалы қайраткерлерінің қатарында аса құрметпен аталады.
Ол жиырмасыншы жылдары өзін ел қамын ойлаушы көрнекті мемлекет қайраткері әрі көреген саясаткер ретінде таныта білді.
1924-1927 жылдарда ол маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарды. Атап айтқанда, оқу-ағарту халық комиссары, Өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, республикалық "Еңбекшіл қазақ" газетінің бас редакторы болды. Дәл осы кезеңдерде саяси және мемлекеттік істерде зор белсенділігін көрсетті.
Смағұл Садуақасов 1900 жылы Омбы қаласына жақын Шерлак станциясында туды. Ол алдымен мұсылмандық сауатын ашып, кейін екі жылдық орыс мектебіне орналасады. Бастауышты үздік бітірген Смағұл Омбыдағы ауыл шаруашылығы мектебіне түседі.
XX ғасырдың басында Омбы қаласы Ресей империясының шығысындағы саяси экономикалық, әрі мәдени ірі орталыққа айналған-ды. Ғасырдың басындағы империяны сілкінткен замананың құйын желінің саяси дауылына Омбыдағы қазақ жастарының да екпіні қосылды. 1914 жылы олар "Бірлік" атты қоғам құрды. Олардың қатарында қазақ мәдениетінің болашақ көрнекті өкілдері Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошмұхаммед Кемеңгеров, Мұхтар Саматовтар болды.
С. Сәдуақасов 1915 жылы осы қоғамға мүше болып кірді. 1917 жылы "Бірлік" қоғамы толығымен "Алаш" партиясының түпкілікті мақсат ойын қабылдады. С.Сәдуақасовтың дүние танымдық көзқарасы күрт өзгеріп, ол маркстік партияның мүшесі атанды.
Бұл жерде ерекше атап айтатын жәйт, С.Сәдуақасов басшы партияның қатарына өткенімен, бірақ өмірінің соңына дейін демократтық көзқараста қалды. Ол тап күресінің жолында емес, жалпы ұлттық асыл мұрат пен "Азаматтық келісім" ізгілігіне бар ғұмырын арнады.
Смағұл Сәдуақасовтың социалистік құрылыс жөніндегі көп мәселелерде өзіндік озық көзқарасы болды. Ол Ф.И.Голощекин және басқа да республика басшыларының ой-пікірлерімен келіспейтінін ашық білдірді.
Мәселен, байлардың жеке мал-мүлкін талауға сап тәркілеп, кешпелі шаруашылықты жедел түрде әрі жаппай отырықшылыққа айналдыруға үзілді-кесілді қарсы шықты.
Смағұл Садуақасовтың өр кеуделі күрескерлігі кеңес басшыларының да қытығына тиді. Ол "Кеңес үкіметі мемлекеттік аппаратты және өндірісті басқаруға тұрғын халықтың өкілдерін қатыстырмай патшалық отарлау сая-сатын жалғастырып қитұрқылық жасап отыр" деді.
Сондай-ақ, Орталық басшылық біздің өлкеміздегі өзіміз дайындап шығаратын өнеркәсіп кәсіпорындары мен түрлі құрылыс орындарын одақтық шикізат базасына айналдыруға болмайтынын ескертті. Смағұл Садуақасовтың көрегендігі де сол, Қазақстанның шикізаттарын өзіне жақын жерде өндіріп, дайындауды ұсынды. Оларды қайтадан шығынданып, көлікпен тасымалдап әуре болмау жөнінде жан-жақты ойлау керектігін қатаң ескертті.
Оның “Жастармен әңгіме” (Орынбор, 1925 ж.), “Ұлт театры туралы” (Қызыл¬орда, 1926 ж.), “Қазақстан¬дағы халық ағар¬ту мәсе¬лелері” (Қызылорда, 1927 ж.) деген үлкенді-кішілі кітап¬тары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азат¬тық көтеріліс пен Қазан төң¬керісінен кейінгі ел өмі¬рін арқау еткен “Сәрсен¬бек” атты романы да бар. “Сал¬мақ¬бай, Сағындық” (1923 ж.), “Күміс қоңырау” (1927 ж.) повестері қазақ әдебие¬тін¬дегі проза жанрын дамы¬туға қосылған үлес болып табылады.
Смағұл Садуақасов қазақ халқының тарихында аса көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткері, жазушы, әдебиет және театр сыншысы ретінде де өшпес із қалдырған аяулы ардагеріміз.
32. Қ.И. Сәтпаев – ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
Дүниеге келгені: 1899, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы
Мансабы: академик
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899–1964) — аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Жетістікері
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.
Ірі тұлға
Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді. [1]Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 60 жылдығы
«Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 60 жылдығы» («60-летие академика Каныша Имантаевича Сатпаева»), жазушы Әуезовтің мақаласы. Ж. Айталиев және П. Аворовпен бірге жазған. «Вестник» Академии наук Казахской ССР журналының 1959 жылғы 4-санында орысша басылған. Мақала Сәтбаевтың туғанына 60 жыл толуына арналған. Онда авторлар ол кезде қазақ КСР Ғылым академиясының президенті қазақ КСР Ғылым академиясының Геология институтының директоры, аса көрнекті ғалымның қызметі мен лауазымдарын атаудан бастап, «аса ірі ғалым-геолог пен мемлекет қайраткері Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың аты біздің елде ғана емес, одан әрі шет аймақтарда терең құрметке» бөленгенін мақтанышпен жазған. Одан әрі ұлы ғалымның қысқаша өмірбаяны мен ғылыми, қоғамдық, мемлекеттік, ұйымдастырушылық қызметіне сипаттама берген.
33. Соғыстан кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірі. (1946-1954жж.).
Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер 21 Тамыз 2013 4149 0 Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40–50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді. Москва мен Ленинградта “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды. Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды. Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды. 1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекетерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері – Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін “ұлтшыл” атанса, М.Әуэзов 1945 ж. жарық көрген “Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін” қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін, Москваға қоныс аударуға мәжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген” деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың “Абай Құнанбаев” атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кәні тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың “Балуан Шолақ”, С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен Х.Бекхожиннің “Батырлық эпосы”, Қ.Сатыбалдиннің “Әлия”, М.Хакимованың “Мәншүк” еңбектері қайтып алынды. Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғалым Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл және мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау саясаты тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес” жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл - әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.
34. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы саяси және экономикалық өмірдегі құбылыстар.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды. Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың “Намыс” және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды. 1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды. Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Ауэзов бас болып “Жас тұлпар” атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды. Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың әскери сұранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық және қаржылық шығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды. Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды. Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5 – 8 мың адамнан – біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан – 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар “тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды. Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды.
35. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның салдары.
КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты.1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады.1954 жылы 23 ақпан — 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумында «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: интенсивтік бағыт — экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. экстенсивтік бағыт — яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы.Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.1. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай .-1946-1950жж-егістік жердің әр гектарынаналынған өнім орта есеппен 5-6 ц. болды.-1949 ж. мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды.-Тың жерлерді игеруге жаппай кірісу -1954 ж.— Басты міндеті: Халықты астықпен қамтамасыз ету және еліміздің астық бағасын тұрақтандыру2.Картамен жұмыс — Тың игеру аумағы
3. Тың игерудің нәтижелері мен салдарлары: Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Қазақстанда 1954 жылв — 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. 1955 жылы жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды. Одақ бойынша барлығы 42 миллион тың жер игерілсе, соның 25 миллион гектар жер Қазақстанда игерілген болатын. 1956 жылы республика 16 млн т астық жинады Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды 1954-1959 жж- Тың игеруге -20 млрд. сом қаражат жұмсалды, 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. 1940-1950жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды Қала халқының үлесі 1939ж 28%-дан 1959 жылы 44%-ға дейін артты. 1959 жылы қазақтың саны 2млн 700 мың болды., 29%; республика тұрғындары 9 млн 295 мың адамға жетті тың игерілген кезде Қазақстанның 5 облысында 200-ден астам ауылдық және село аттары орыс тілінде қайта өзгерді. . 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды.4. Тың игерушілерге көмекЕңбекшілерге, келіп жатқан тың игерушілерге елеулі жеңілдіктер көрсету, сондай-ақ өндірістік жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына және олардың еңбек сіңірген жылдары үшін елеулі сыйақылар беру арқылы тың игеруге қолдау көрсетілді.Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп келді, отағасына бір жолғы берілетін ақшалай жәрдем келемі 500-1000, ал отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем келемі 150-200 сом болды, үй салуға 10 жылға 10 мың сом несие берілді (оның 35%-ын мемлекет ез мойнына алды), мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді, 1,5 центнер астық немесе үн түріндегі азық-түлік қарызы беріліп, тың игерушілер ауыл шаруашылығы салығынан 2-5 жылға босатылды.5. Оқушыларға тапсырма: Өзіндік жұмыс Тың игеруТың игерудің жағымды жақтары Тың игерудің жағымсыз жақтары
5)Жетістіктер:Қала саны өсті.Халықтың өсуі артты.Халықтар ынтымағы артты.Астық өндіру жолға қойылды.Совхоздар көбейді.Қазақстан КСРО-ның астықты аймағына айналды.Қазақстан көп ұлтты республика болды.Жаңа елді мекендер көбейді.Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті.6)Кемшіліктер:Ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді.Қазақ мектептері жабылды.Қазақ тілінде баспасөз жабылды.Демографиялық тілдік ахуал өзгерді.Жер-су аттары орысшаланды.Тың игеру экстенсивті тәсілмен жүргізілді.Экологиялық жағдай ауырлады.Мал шаруашылығы төмендеді.Қазақстан жерін бөлшектеуге тырысты.Мал шаруашылығының жайы (бағытталған оқыту) талқылау. Мал санының азаю себептерін анықтау (Мал саны-39 млн) Жазылбек Қуанышбаев, С. АшаповТеміртаудағы оқиға-1959 ж Теміртаудағы металлургия комбинаты-«Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс» деп жарияланды
 36. Ж.А.Тәшеновтың қоғамдық-саяси қызметі.
ХХ ғасырдың 20-жылдары Мәскеудің ұйғаруымен Қазақстанның құрамынан Қарақалпақ АКСР-і алынып, Өзбекстанның құрамына қосылғаны мәлім. Осы кезде қарақалпақ халқының тілі мен салт-дәстүрінің өзбектен гөрі қазаққа жақындығы, халықтың мақсат-мүддесі, қарақалпақ зиялыларының жоғарыға бірнеше рет жазған хаттары, ондағы талап-тілектер мүлдем ескерілмеді. Қазақстанның жері онсыз да көлемді, басқару қиынға соғады деген сылтау айтылды. Осы аздай 50–60-жылдары орталық басшылықтың мүддесіне сай Қазақстанның жерін тағы да бөлшектеу әрекеті басталды. Міне, дәл осы кезде қарақан басының қамынан гөрі ұлттық мүддені жоғары қоя білетін Жұмабек Ахметұлы сынды шыншыл қайраткер бұл саясатқа бірнеше рет қасарыса қарсы тұрды. 
Ол 1915 жылы Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бабатай ауылында дүниеге келген. Ақмола құрылыс техникумын аяқтаған соң бірден көптеген қызметтерді атқарып, ел дамуына үлес қосты. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында төрағалық қызметтер атқарды. 1955 –1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, 1960– 1961 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Осы қызметте жүргенде Н.С.Хрущевке қарсы шығып, қызметі төмендетіліп, 1961–1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 
         Ж.Тәшенов 1954-1956 жылдары қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын Өзбекстанға беруге қарсылық білдірді. Қазақстан-Өзбекстан шекарасы 1924-1925 жылдары межеленген соң осы екі ел арасындағы шекара мәселесі 20-50-жылдары 5-6 рет көтеріліп, сонша комиссия жұмыс істепті. Біріне өзбектер риза болмаса, келесісіне қазақтар келіспеген. Үшіншісін Мәскеу бекітпеген. Үш тараптың мүддесі бір арнаға құйылмаған. Өзбектердің негіздемесінде, бұл аудандарға қазақтар Ташкент арқылы өтетіндігі айтылып, оның үстіне мақта мол шығатын аудандардың басшылығын бір қолға беріп, еңбек өнімділігі мен басқаруды қолайлы ету керек деп көрсетілді. Сөйтіп бүкіл КСРО-ның тұралаған экономикасын көтеруді желеу еткен ала тақиялы ағайындар оңтүстік аудандарды Өзбекстанға қосып, өз жерлерін кеңейте беруді көздеді. Ал қазақтар болса, бұл ежелден өздерінің атамекені екенін алға тартып, ол жерлердің Қазақстанға да керектігін дәлелдеп бақты. Міне, осы кезде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы Жұмабек Тәшеновтің төрағалығымен (мүшелері: М.Бейсебаев, С. Дәуленов, Х. Арыстанбеков, А.Морозов, В.Голосов, В. Шереметьев) арнаулы комиссия құрылады. Ол комиссия: “Өзбек ССР-іне Мақтарал ауданының кейбір бөліктерін беруге келісеміз, ал Үкіметтің Бостандық ауданын беру туралы өтінішін негізсіз деп санаймыз” деген шешім шығарады. Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Л.Брежневке жіберіледі. Л.Брежнев басқарған Орталық Комитет: “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды.           Еліміздің солтүстік облыстарын Ресейге қосу туралы мәселе көтерілгенде Жұмабек Ахметұлы үнсіз отыра алмады. 1953 жылы 5 наурызда КСРО-ны 31 жылдай басқарған И.В.Сталиннің қайтыс болғаны мәлім. Оның орнына Г. М. Маленко́в (1902 – 1988) КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып сайланады (1953 — 1955). Шын мәнінде ол Кеңес мемлекетіне 1953 жылдың наурыз-қыркүйек айларында ғана басшылық жасайды. Өйткені 1953 жылғы 7 қыркүйекте Н.С.Хрущев (1894–1971) КСРО Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Оның жеке басқа табынуға қарсы оңды әрекеттерге барғаны, ғарышты игеруде недәуір табыстарға қол жеткізгені, ол билік құрған заманның «жылымық» деп аталғаны мәлім.
 Осы Хрущев басқарған КСРО коммунистері еліміздің солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) біріктіріп, «Тың өлкесі» деген аймақ құрып, орталығына Ақмоланы (Целиноград) белгілеп, оны Ресейге қосуды жоспарлайды. Өлкенің басшылығына Орталықтан Т.И. Соколов деген өз адамын жібереді. Ол әлгі аталған Тың өлкесін Ресейге қосуға бейімдеп, Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастайды. Мұны сезген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж. Тәшенов 1960 жылы күзде Целиноградқа шұғыл түрде ұшып келіп, мәселені дереу шешеді. Ол республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей, бассыздық жасағаны үшін Соколовты қызметінен босатып, 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және Тың өлкесі ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады.
Халық, ел намысын биік қойған Ж. Тәшенов Қазақстанның бес облысының берілмейтінін ашық түрде мәлімдеген. 
Ж.Тәшеновтің қазақ мемлекетінің, елі мен жерінің тұтастығын сақтау жолындағы күресінен басқа қазақ қоғамын өркендету мен ұлттың рухын көтеру, абыройын асқақтату жолындағы айрықша еңбегі мен жанкешті қызметіне мынадай істері де куә екендігін айта аламыз.
37. Б.Момышұлы – дара тұлға.
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады 
Соғыс алдында
1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.
1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды.
1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары
1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.
1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.
1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.
1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.
1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.
1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек "Соғыс психология" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде де жарық көрді.[3]Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек«Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Мәскеу үшін шайқас
Мәскеу түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.
1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколам тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.
Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.
Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.
Шығармалары
Ұшқан ұя (1974 жыл)
Мәскеу үшін шайқас,
Жауынгердің тұлғасы,
Майдан,
Майдандағы кездесулер,
Генерал Панфилов,
Төлеген Тоқтаров,
Куба әсерлеріАдам қайраты (1981 жыл)
Елбасына күн тусаПсихология войныҚазақстанда батырдың атымен Алматы, Тараз, Атырау, Семей қалалары және Жамбыл облысы Аса селосындағы көшеге батырдың аты берілген;
Астана қаласындаБауыржан Момышұлы даңғылы (Астана)Алматы қаласындаБауыржан Момышұлы атындағы көше (Алматы)Тараз қаласындаЖамбыл облысының бұрынғы Бурное ауданы қазір Бауржан Момышұлы ауданы болып өзгертілген.
Бауыржан Момышұлы ауылы (Жамбыл облысы)Бауыржан Момышұлы ауылдық округі (Жамбыл облысы)№45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген және мектептің алдында Бауыржан Момышұлының бюсті орналастырылған.
Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы
Шымкент қаласындаБауыржан Момышұлы даңғылы (Шымкент)Алматы (№131), Шымкент (№42) және Алматы қаласындағы әскери мектеп интернаттары да батырдың есімімен аталады.
Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының Ішкi Істер министрлiгі ғимараты мен Астана қаласында Бауыржан Момшұлының ескерткіші орнатылған.
Наградалары
Соғыс кезінде
1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;
1944 жылы 6 маусымда «Мәскеуны қорғағаны үшін» медалімен;
1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды
Соғыстан кейін
1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен
КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді (медаль №11637).
2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды
Бауыржан Момышұлы туралы
1967 «За нами Москва», Режисеері: Мәжит Бегалин, Бауыржан Момышұлын сомдаған: Кәукен Кенжетаев2010 - Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм. Қалила Нематұлы Омаров[9]2013 - Бауыржан Момышұлы (телесериал) Режиссері: Ақан Сатаев.
Ақиқат пен аңыз - авторы Әзілхан НұршайықовВолоколамск тас жолы - авторы Александр БекВосхождение к отцу - авторы Бақытжан МомышұлыВо имя отца - авторы Бақытжан МомышұлыСыновья великого волка - авторы Бақытжан МомышұлыШуақты күндер - авторы Зейнеп Ахметова38. Қазақстанның 1960-1980жж. экономикалық дамуы.
1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды. 60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүрпзілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден ұшінші орынды иемденді. 1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған. 70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басым-дыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақ-тас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды. Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылда-нып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды. Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыру-ды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмыс-шыларды өнеркәсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді. Республикада егістік көлемі өте үлкен болды, тек астықтың өзі 25 млн га жерге себілді. Солай бола тұрса да, өнім жинаудың темендеуі тұрақты құбылысқа айналды. Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды. Егер 1970 жылы өзін-езі ақтай алмаған колхоз-дар мен совхоздардың үлес салмағы 15% болса, 1985 жылы бұл көрсеткіш 51%-ға жетті. Мысалы, қойдың саны 1971-1981 жылдары 3,4 млн басқа өссе, 1981-1985 жылдары өсу тоқтаған. Қой етін өндіру 1970-1985 жылдары 19%-га қысқарды, оның қоңдылығы да төмендеді. Дуние жүзіндегі ауыл шаруашылығына жарамды ең үлкен (603 миллион га) жері болса да, (мысалы, АҚШ-та ол 431,5 млн га, Канадада 78 млн га), Кеңес Одағы 1981-1985 жылдары әлемдеп ең ірі азық-түлік сатып алушы елге айналды. Бүл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-түлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы әрбір үшінші бөлке нан, әрбір екінші қораптағы макарон шет елдерден - АҚШ, Канада, Аргентина, Түркиядан сатып алынған астықтан дайындалды. 1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік түтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсал-май қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмса-латын жұмыс уақыты шығындалған. Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың езі идеологиялық қысымға алынды. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің және қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының керінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментаүда болатын, неміс автономиялық  облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл әділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау және Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін өзгертуге мәжбүр болды. КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді. Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып, Мәскеуде өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қаты-судан бас тартты. Б¥¥-да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы күштерін енгізуге қарсы шығып, бұл қадамын айыптады. Кеңес әскерлерінің «шектелген контингенті», яғни 80 мың әскер Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер әр түрлі жарақат алып, мүгедек болып қалды, ал жүздеген жауынгер елге қайтып оралмады. 1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол КеңесОдағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіл орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді. Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді. 
39. Қазақстанның тоқырау жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірі (1970-1980жж).
"Тоқырау жылдары" деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады.
70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді.
1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.
1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.
1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.
1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді.
70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Өйткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.
Сонымен Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
40. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы мәдени даму.
41. Қайта құру және Қазақстанның қоғамдық-саяси өмipi.
1991 жылға дейін Қазақстан - КСРО-құрамындағы он бес одақтас республиканың бірі болды. КСРО-ның жалпы аймағы құрлықтың 1/6 дерлік бөлігін — 22 402,2 мың шаршы шақырымды қамтыды. 1989 жылы КСРО-дағы адам саны — 285,7 млн-ды құрады. Ресей империясының геосаяси мұрагері ретінде Кеңестер Одағы осынау ұлан-байтак өңірде өзінің «социалистік» үлгісін жүзеге асыруға батыл қадамдар жасады. Қазакстан географиялық жағынан Еуразия құрлығында, Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан. Республиканың аумағы батыстан шығысқа 3000 шақырымға және солтүстіктен оңтүстікке 1600 шақырымға созылып жатыр. Қазақ КСР батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте РКФСР-мен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Орта Азиялык кеңестік республикалармен — Түрікмен КСР, Өзбек КСР және Қырғыз КСР-мен шектесті. Оңтүстік шығыс және шығыста республика шекарасы КСРО мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекара бойынша өтті. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың шақырым. Оның 3 мың шақырымы су (Каспий және Арал теңіздері) арқылы өтеді. Қазақ КСР аумағының көлемі жағынан Кенестер Одағы республикалары арасында РКФСР-нан кейін екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, қалған 13 республика аумағын косқаннан артық болды. Республика аумағы — 2717,3 мың шаршы шақырым. Демек, КСРО-ның 1/8 бөлігін құрады. 1977 жылғы КСРО Конститутциясы одактық республикалардың саяси дербестігін шартты түрде мойындады. Алайда барлық республикалар бір орталыққа бағынды. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы КСРО жоғарғы саяси басшылығының — КОКП ОК Саяси Бюросының құрамына кірді. КСРО-ның саяси жүйесі «барлық ұлттар мен ұлыстардың жұмысшы, шаруа және интеллигенциясының еркі мен мүддесін білдіретін социалистік, жалпы халыктық мемлекет» ретінде анықталды. КСРО Жоғары Кеңесі мемлекеттік биліктің ең жоғары органы болып жарияланды. 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында Республика — жұмысшылар мен шаруалардың және интеллигенцияның «егеменді социалистік» мемлекеті деп анықталды. Қазақ КСР-нің халқы кеңес халқының құрамдас бөлігі деп жарияланды. Республикадағы адам саны — 1986 жылы 1 каңтарда 16027,9 мың болды. Ол КСРО халқының 5,7%-ын құрады. Қазақстан 100-ден астам ұлт пен ұлыстар өмір сүрген көп этносты республика болып қалыптасты. КСРО өмір сүрген 70 жылдан астам уақытта кеңестік тоталитарлы жүйенің өзіндік үлгісі қалыптасты. Коммунистік партияның дербес билігі және адам құқығын аяққа басу, саяси, экономикалық реформалардағы жартыкештік, рухани-мәдени саланың бір идеологияға бағындырылуы сиякты қарама-қайшылыкты саясаты жыл өткен сайын қарқын алып отырды. «Социализм орнатудың жарқын идеялары» мен оны тәжірибе жүзінде іске асыру әдістеріндегі қайшылық 1980 жылдары КСРО-ның әр алуан бағыттарда саяси жаңаруын қажет етті. Қазақстан «100 ұлттың ғаламшары» деп дәріптелгенімен, ұлт мәселесінің ішкі қарама-қайшылықтары қордалана берді. Ұлттардың әртүрлі мәдени және діни айырмашылықтары біртұтас кеңес халқын қалыптастыруда назардан тыс қалды. КСРО-ның құрылған кезінен бастап өз құрамына «алынған» ұлттар мен ұлыс өкілдерін «кеңес халқына» айналдыру үшін коммунистік партия бар күш жігерін жұмсады. Әр ұлттың қайталанбас ерекшеліктері интернационалдық бағыт пен көлеңкесінде қалғандықтан да қарама-қайшылыктар туындады. Сөйтіп, кеңес қоғамының саяси жүйесінде дағдарыс белгілері айқын көріне бастады. Әкімшілік-партиялык бюрократиянын рөлі артып, билік пен халықтың арасы алшақтай түсті. Биліктің жоғары сатысында отырғандар арасында лауазымды орындарға талас байқалды. Жеке адамдар КОКП-ға мүшелікті пайдакүнемдік мақсатта пайдалана бастады. Өйткені, партияға мүше болу көптеген құқықтар мен артықшылықтарға жол ашатын. Қоғамдық үдерістердің басым бағыттары назардан тыс қалып, партия жетекшілерінің кұрамы әлсіреді. Жетекші құрамның ауысуының табиғи үдерісі бұзылып, тоқырауға ұшырады. Бұл саяси бюро мен орталық партия комитетінің хатшылығының және мемлекеттік аппараттың әлсіздігіне әкелді. 1980 жылдардағы Қазақстанның дамуы КСРО-да қалыптасқан саяси өзгерістерге сай бағыт алып отырды. 1980 жылдардың ортасындағы шешуші оқиға - М.С. Горбачевтің КСРО Компартиясы ОК Бас хатшысы қызметіне келуі. Белгілі дәрежеде бұл жағдай сол уақыттағы партия өміріндегі ескі дәстүр мен жаңа көзқарастардың күресін көрсететін еді. М.С. Горбачевтің билікке келуі мен 1985 жылғы сәуір пленумынан бергі кезеңде ел өмірінде «қайта кұру» үдерісі басталды. Алайда халық үшін ақпарат көздері жабық болды. Соның бір дәлелі ретінде, 1986 жылдың сәуір айындағы Чернобыль АЭС-дағы оқиғаны атауға болады. Бұл жағдай қайта құру саясаты мен саяси көшбасшылардың беделіне айтарлықтай нұсқан келтірді. Адам шығыны болды. Онын зардаптары ұзаққа созылды. М.С. Горбачев және онын айналасындағылар өз ұстанымдарын нығайту мақсатында партия органдарына да, кеңестерге де балама сайлау енгізді. Бұл бастаманы қоғам дұрыс қабылдады. 1986 — 1988 жылдары кеңес коғамын жаңартуға бағытталған реформаларды енгізу әдістері алдымен жасырын басталып, бірте-бірте ашық сипат алды. Балама, көп мандатты сайлаулар бірінші кезекте ұлттық, аймақтық мәселелер мен мүдделерді ұсынды. XX ғасырдың 80-жылдарынан кеңес қоғамында бұрын болмаған жаңаша ойлау, коғамдық-саяси өмірді қайта құру үдерісі басталды. 1990 жылдың қазан айына дейін республикада ұйымдық құрылымы мен идеялык позициялары қалыптасқан 104 саясиландырылған талапкер топтар мен партиялар құрылды. Республиканын саясиландырылған қоғамдық ұйымдары 1990 жылғы 9 ай ішінде аштық жариялау, пикет жасау, жер басып алу тәрізді 60-тан астам акциялар жасады. Көптеген аймақтарда ұлтаралық негізде қан төгілген қақтығыстар орын алды. Жазықсыз жандар опат болды. Алматыда, Бакуде, Ферғанада, Ошта, Молдовада, Оңтүстік Осетияда, Таулы Қарабахта және өзге де жерлерде жиі-жиі бас көтерулер, қарулы қақтығыстар өтті. КСРО-нын кұлауының «іргелі себебі» ұлт саясатындағы қордаланып қалған мәселелер болатын. КСРО-ның және кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуінің ең басты, әрі шешуші себебі де осы болатын. Таптық мүдде үстем болған КСРО-да ұлттық факторды қажетті деңгейде бағаламау орын алды. Мемлекет басшылығында ұлттық мәселені шешетін бағдарлама мен стратегия болған жоқ. Басты бағыт пен көзқарастардан ала-құлалық танылды. Батыл әрекет, оң шешім жасалмады. Ұлтаралық кикілжіңдерді реттеудің жүйесіздігі елдегі өкіметтін әлсіздігін көрсетті. Салиқалы ұлт саясатын жүргізу түбегейлі теориялық тұғырнаманы, қалыптасқан саяси ахуалды теориялық тұрғыдан жан-жақты пайымдауды қажет етті. Бұл — бір сәтте бола қоймаған, 70—80-жылдарға тұтас созылған ғылыми-технологиялық, стратегиялық жеңілістің салдары. Бұл күйреудің талай себептерін табуға болады. Сонымен, кайта құру алғашқыда қоғамдағы істің жағдайын тез арада жақсартып жіберетіңдей көңіл-күй туғызғанымен үміт ақталмады. Өйткені қайта құрудың мақсат, міндеттері айқындалмады. Әдіс-тәсілі талданып, шешілмеді. Ол құрғақ сөзбен басталып, дауға ұласты. Елді басқарып отырған адамдардың мемлекеттік оргаңдарды жоғарыдан төмен қарай қайта ұйымдастыру шараларының салдары экономиканы басқару мен халықтың әлеуметтік жағдайына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуге әкелді. Орталықта және жергілікті жерлерде бұрынғы басшылардың беделін түсіретін материалдар іздестіріліп, ол бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы жария етіле бастады. Жаңа басшылық өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткісі келді. Алайда биліктің тізгінін өз қолдарына «берік ұстағанымен» экономиканың тұралауына, қылмыстың күрт көбеюіне және дүкен сөрелерінің каңырап бос қалуына бұрынғы және жаңа басшылық та жауапты еді. «Кім кінәлі?» деген сұрақтың жауабын өткеннен іздеумен болды. Белгілі дәрежеде тығырықтан шығар жолды көрсете алмай отырған жаңа басшылыктың да осал тұстары айтылмады.
42. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С.М. Мұқашев, Н.Ә. Назарбаев, З.К. Камалиденов, О.С. Мирошхин, М.С. Меңдібаев, А.П. Рыбников, Л.Е. Даулетова, В.Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады. Негізінде алаңға бейбіт жастар шықты. Жалпы күш көрсетеміз деген ой олардың санасында да жоқ еді. Бірақ наразылық білдірді. Көтерген үнқағаздары болды. «Ленин идеясы жасасын!» деген үнқағаз ұстағандардың өзі де жауапқа тартылды. Жастардың алаңға шығу себептері әртүрлі. Олардың, кейбіреулері мұнда талай жылдар бойғы шовинистік кеудемсоқтыққа өкпе-наразылығын білдіргілері келсе, басқалары "ұлттық намысты қорғау” ұранына еліктей аттанды. Шеру саяси сипатта өтті және ол басқа халықтарға, соның ішінде орыстарға қарсы бағытталмады. 17 желтоқсанның кешіне дейін шеруге қатысушылар шектен шықпады, ешбір заңды бұзбады. Осы арада ерекше айта кететін бір жәйт, алаңда қазақ жастары басым болғанымен, олардың қатарында орыс, украин, ұйғыр және басқа ұлттардың өкілдері де болды. Оны сол кездегі ішкі істер органдары тіркеген тізім де растайды. Оқиғаның ушығуына, оның тым ауыр сипат алуына деген басты кінәні саяси айтыстан қашқақтаған, нақты жағдайда біліксіздік танытқан партия мен үкімет органдарының шенеуніктеріне арту керек. Соның салдарынан құқық қорғау органдары мен милицияға қара күш қолдануға рұқсат берілді. Ақыры оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Бұлардың ішінде Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша – 99 жас сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Тек қана Желтоқсан оқиғасына байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан шығарылып, 11-і университеттен қуылды. Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қ.Рысқұлбеков түрмеде қаза тапты. Студент қыз Л.Асанова жұмбақ жағдайда көз жұмды. Мұндай қайғылы мысалдар аз емес. Билік басындағылар 1986 жылғы көтеріліс кезінде әдейі арандатушы топ құрып оларды жастарды ортасына жіберген. Олар әдейі күпәйке киіп: «қашанға дейін осыған төзе береміз», «орыстар қашанға дейін бізді басына береді» деп өзеуреп, әскерлерге қарсы мұз лақтырып, бір жағы бұзақылық көрсетіп тұрған. Бұл қасақана ұйымдастырылған топ мүшелері «Метель» операциясына сай құрылып арнайы арандату арқылы ұлттардың арасына жік салу арқылы көтерілісті басу ісімен жүзеге асырылған зымиян жоспардан туындаған еді. Ал «Метель» операциясы 1986 жылғы желтоқсаннан бір жыл екі ай бұрын алдын ала ойластырылған еді. Бірақ ол операцияны жүзеге асыратындай жер болмаған соң ол босқа жатып қалған. Ал Алматыда бейбіт жастар шеруі жүріп жатқан кезде КСРО Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Чебриков М. Горбачевке жолығып «Метель» операциясын қолдануға ауызша рұқсат алған. Бұдан кейін бейбіт жастардың шеруі неге айналғанын қазір бәріміз білеміз. Ал сол күні Алматыға ұшып келген КСРО Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бобков пен КСРО ішкі істер министрінің орынбасары Елисов «Метель» операциясын сынау үшін, Алматыда жаппай күш көрсетуге көшті. Алдын ала ойластырылған үлкен күш Желтоқсан көтерілісі кезінде жастарға қасақана жұмылдырылды. Күш қолдану үшін оған негіз болу керек қой. Сондықтан «алаңға шыққандарды маскүнемдер, нашақорлар және бұзақылар еді» дегізу қажет болды. Колбиннің тапсырмасымен Желтоқсан көтерілісі қарсаңында зауыттар түні бойы жұмыс істеп темір таяқ кесіп дайындаған. Қазақтың жігіттері ондай қаруды қолданудан бас тартқан. Сөйтіп, жастарға күш көрсеткен қарулы топ, негізінен орыс жасақшылары болып шықты. Олардың көпшілігі қызып кетіп, садизмге беріліп, көше-көшеде жолыққан, ешкімде шаруасы жоқ бейкүнә адамдардың өзін ұрып-соғып таяққа жығып, қорлаған. Осылайша екі ұлт ашықтан-ашық бір-біріне қарсы қойылды. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. Иә, ақыры қазақты ұлтшыл атандырып КОКП Орталық комитетінің қазақ ұлтшылдығы туралы арнайы шығарған қаулысы дүниеге келді. 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес еді. Мәселені әрі қарай тексеріп, болған фактілерді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды. Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орын алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді. Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Желтоқсан оқиғасына «ұлт-азаттық саяси қозғалымс» деген баға беріліп отыр. Бұл – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын көтеріліс. Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі, мемлекеттілігі үшін қай заманда болсын, қозғалысын еш уақытта тоқтатпаған. Бұл - соның айғағы. Егемендікке жетудің жолында жасалған көп қадамның бірі осы Желтоқсан көтерілісі. Шындығы, бұл – ұлт-азаттық күрес. Өйткені бұған тек қазақтар ғана қатысты. Оған саяси дегенді қосуымыз керек. Бұл жердегі қойылған талап – билік басында қазақ отыруы тиіс. Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Халық арасында орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты. Жазықсыз жапа шеккен жастар
Енді жазықсыз жапа шеккендер, сотталған, түрлі дәрігерлік "сынақтан” өткен, қорланып, намыстары тапталған жандар өмірінен деректер берейік. Шымкент облысы, Бөген ауданы, Ақжол ауылының тұрғыны, зейнеткер Ақпал Молданазарованың сол кездегі Конституциялық сотқа жазған арызынан үзінді: "Менің қызым Кенжегүл Молданазарова Алматы дәрігерлік институтының студенті. 1986 жылдың 18 желтоқсаны күні көшеде келе жатқан кезінде солдаттар "торына түсіп”, басынан қатты соққы алды. Ауруханада қызымды дұрыс қарамай, тез шығарып жіберген. Ол алаңға өзінің немерелес сіңлісі, байланыс техникумының студенті Анар Бәдренованың қайда екенін білуге барған. Анар да соққыға ұшыраған. Қызым Арыс, Шымкент ауруханаларында емделгенімен, нәтиже шықпады. Сосын оны Ташкентке алып бардық. Ондағы зерттеу кезінде басына қатты соққы тигендіктен миына қан құйыла бастағаны белгілі болды. Операция үстінде Кенжегүл дүние салды. Қызымның өліміне кінәлі қанішер солдаттар мен милиция қызметкерлері және соларға бұйрық беріп, жастарды жазалаған басшылар жауапқа тартылуы тиіс. Мұны мен ана ретінде өтінемін.” (Конституциялық сот және желтоқсан оқиғасы туралы іс, 9-том, 265-бет.). Көздеріне қан ұялаған жендеттер қолдарына кімнің түскенін де ажыратып жатпады. Ұйғыр жігіті Абайдулла Рузиевтың сол кездегі басынан кешкенін ешкімге де тілемей-ақ қояйық. "17 желтоқсанда мені тұтқындады да 15 сөткеге жауып тастады. Осы 15 күн ішінде тергеушілер небір сұрақтар қойып, менің қайдағы бір қылмысқа қатыстылығымды айтып, ұрып-соғумен болды. Шағын камераға 30-дан артық адам әрең сиятын еді. Онда сыз тартып, суық болды. Ақыры мен ауырып қалдым. 15 күннен соң жұмысқа оралдым. Бірақ та 1987 жылдың қаңтарында мені қайта шақырып, түрмеге жауып тастады. Тергеушілер Сафонов пен Бейсалиев менің әскери курсанттарға қол жұмсағаным жөнінде түсінік беруімді талап етті. Көнбеп едім, олар ұрып-соғуға көшті. Қорлыққа шыдай алмай, өз "кінәмді” мойындадым, сөйтіп 5 жылға кесіліп, айдауға кеттім. Әкем дүниеден ерте кетіп еді, үйде шешем үйелмелі-сүйелмелі 7 баламен қалды. Алатыны бар-жоғы 75 сомдық зейнетақы. Айдауда жүргенде ең бір қиын учаскелерде болдым, тайганың 50-60 градустық аязы табанымнан өтіп, арқамнан шыққандай болды”. (Бұл да сонда. 10-том, 78-бет.). Алматы оқиғасының жаңғырығы басқа қалаларға да жетті. Барлық жерлерде студенттер мен жастар жиналып, ұлттық мәселені жоққа шығарып отырған орталықтың өктем саясатына қарсылық білдірді. Оған жауап ретінде жергілікті билік органдары жазалау әрекетіне көшті. Сондай жапа шеккендердің бірі целиноградтық Асқар Сағынаев Конституциялық сотқа былай деп жазды: "Алматыдағы оқиға туралы естіген соң, біз студенттер бірінші хатшы Г.В.Колбиннің атына қарсылық хат жаздық. Жоғары оқу орындарының студенттері қол жинауда белсенділік танытты. Сол үшін бізді ұстап, соттады. Мені бірден "есі” дұрыс емес деп тапты. Күштеп "емдей” бастады. 8 ай бойы олар жүйкеге әсер ететін дәрілерді беріп, осылайша менің "саяси көзқарасыммен” күресті. ...Кейіннен мен Жоғарғы Соттың шешімі бойынша ақталдым, өйткені менің іс-қимылымда еш қылмыс жоқ деп тапты. Әйтсе де бұл толық ақталу емес. Өйткені, дәрігерлер анықтаған "дерт” әлі де алынған жоқ. Тоталитарлық жүйенің жандайшаптары улаған менің денсаулығымды кім қалпына келтіреді? Олар осы күнге дейін адам құқын таптағандарын, сау адамды ауру қылғанын, мойынсұнбағандарды басып-жаншығанын еске алғылары келмейді. Қазір мен институтты тәмамдадым, отбасылы, бала-шағалы болдым. Бірақ та сонау бір аязды күндері тапталған ар-намысым кейде түн ұйқымды төрт бөледі. Біздің қазіргі билік органдары сол кездегі оқиғаға саяси баға беруге батылы бара ма екен?” (Конституциялық сот және желтоқсан оқиғасы туралы іс, 10-том, 66-бет.). 1992-1994 жылдарғы Конституциялық сотқа жазылған осындай хаттардағы оқиғаларды талдап қарайтын болсақ, онда жазалау әдістерінің бір-бірімен ұқсастығын байқаймыз. Сол кезде бұқаралык ақпарат құралдары бұл туралы неге жазбаған? Оның себебі айдан анық. Егер шындықты адамдар білетін болса онда: "Бір топ бұзақы маскүнемдер мен нашақорлардан басқа Қазақстанның еңбеккерлері пленум шешімін бірауыздан мақұлдады”, деген жалған ақпар иесі – ТАСС-тың өтірігі шығар еді. Сонымен бірге ойдан шығарған ақпараттарды таратуға қатысқан Соломенцев пен Колбиннің беделі түсер еді. Олар үшін ең қорқыныштысы осы болатын. Бірақ, бір нәрсе айқын: алаңға шыққан жастардың қимылын билеп-төстеушілер бәрібір қылмыс деп жариялады. Осыдан барып олар жастарды соққыға алды. Қазіргі күнге дейін қанша адам тұтқындалғанын ешкім айта алмайды. Өйткені, құқық қорғау органдарының құжаттарында "келісім” жоқ. Олардың жаттанды жауабы: "Сақтауға деген шектеулі мерзімнің бітуіне байланысты барлық құжаттар кезінде өртелінген”.
43. Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық –саяси қызметі.
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері және оның директоры болып істейді. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942-52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Д.Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-1986 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП ның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ПРезидиумының мүшесі болды. Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбестанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді. 1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді. Дінмұхамед Ахметұлының балалық шағы мен Мәскеуде оқыған студенттік сәттерін өмірбаяндық деректерінен басқа бергі қоғам қайраткері дәрежесіне жеткен кезеңдерінен өзінің естелік кітаптары мен қызметтес замандастарының, ізбасарларының жазған сан-алуан өмірбаяндық деректерінен жақсы таныс. Қазақ халқынан шыққан ғасырларда ғана біртуар аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты дүние жүзінің барша жұртшылығы жақсы таниды, құрмет тұтады, оның Қонаев деген фамилиясы әлемге әйгілі. Сол Қонай – Димекеңнің арғы Жолын, Нұрмамбет, Азынабайдан кейінгі төртінші атасы болады. Сондықтан берісі қазақ халқының, Қазақстан атты дүние жүзіне танымал республикамыздың өсіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Димекеңнің қазақтың Ысты руынан шыққан, жеті атасынан бері тармақтағанда: Жолын, Нұрмамбет, Азынабай, Қонай, Жұмабай қажы, өз әкесі Меңліахмет сияқты діндар бабаларынан таралған нағыз қазақ. Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. 2. Кемеңгер тұлғаның халқына өлшеусіз сіңірген еңбектері Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді. Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды. Дінмұхаммед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-цинк және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. Кемеңгер тұлға металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхаммед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды. Кемеңгер тұлғаның тұсында 19 облыс болды. Ол кісі жаңадан 2 облыс құрды: Маңғыстау және Жезқазған. Барлық облыстардың жағдайына өзіне мүмкіндік берді. Қонаев елді қабылдап алғанда Одақ бойынша өндіріс пен тұрмыс жағынан 15-орында болған. Димекеңнің тұсында қазақ Одақ ішінде 4-орынға шықты. Алда тек славян республикалары болды. Бәрін айт та бірін айт демекші, Қонаевтың қазақ алдындағы ең сүбелі еңбегі — жерді сақтауы еді. Кезінде қазақ жерінен бес аудан көрші ел Өзбекстанның егістігін дамыту мақсатында жалға берілген еді. Соған Димекеңнің де қатысы бар деген сөз бар. Қаулыға қол қойған да Дінмұхамед Ахметұлы еді дейді. Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты. Елдің жан-жақты гүлденуіне септігін тигізген Дінмұхаммед Ахметұлы үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанып, сегіз рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, тағы басқа еліміздің және шетел мемлекеттерінің ордендері мен медальдарымен марапатталған. Дара тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың салиқалы саясаты кезінде интернационалдық қарым-қатынас орнатылып, халықтар достастығы нығая түсті. Оның даналығы мен нақыл сөздері кез-келген салада жүрген талай жастың биіктен көруіне арқау болды. Атап айтсақ, ол әкімшіл-әміршіл жүйе заманында Олжас Сүлейменовтың «АЗиЯ» еңбегіндегі айтайын деген ойларына аса мән беріп, түрлі сын-жаладан арашалап қалды. Аты аңызға айналған тұлға Дінмұхаммед Ахметұлының өмірден өтсе де оның еңбектері бүгінде халық игіліне қызмет етіп отыр. Қазақстан тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Дінмұхаммед Ахметұлы қазақ елінің дамып, көркеюіне сүбелі үлес қосып, халық есінде кемеңгер тұлға ретінде мәңгілікке сақталады. 3.Д.Қонаев билік құрған жылдары Кеңестік Қазақстан тарихындағы елеулі өзгерістер 3.1. Халықаралық байланыста 70 жылдардан бастап Қазақстанның халықаралық байланыстағы орны кеңейді. Әсіресе Қазақстанның сыртқы саясатында мәдени және экономикалық байланыстар ерекше орын алды. Қазақстан металл мен руданы, мұнайды экспортқа шығарса, станок пен жиһазды, киім мен электр тауарларын, тағамды сырттан импорттады. Қазақстан мамандары Египет пен Иранда, Монғолия мен Финляндияда, Ауғанстан мен Үндістанда қызмет етті. Ғалымдар АҚШ, Франция, Италия, Болгария, Чехословакия ғалымдарымен тәжірибе алмасты. КСРО-ның Франциядағы күндерінде артистер Б. Төлегенова, Е. Серкебаев өз өнерлерін көрсетті. Қазақстанда Кеңес-Сирия достығының күндері өтті. Коммунистік партияның шалағай саясаты Қазақстанның сыртқы байланысына белгілі түрде кедергі жасады. 3.2. Өнеркәсіптің дамуы 60 жылдардың басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағанды МАЭС-І Бұқтырма СЭС-і 45000 шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 2700 адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Мұнай өндеу технологиясы толығымен жаңарды. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді. Өнеркәсіптегі жағдай. Ғылыми-технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты бастаған 11 өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70%-ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. 1970 жылы Қазақстанның одақ көлеміндегі кемір, темір кені мен қара металдар өндірудегі үлес салмағы өсті. Ақтау қаласында суды тұщытатын қондырғы іске қосылды. Жеңіл өнеркәсіптер қатары өсті. Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. Өндіріс, ғылыми-техникалық жаңалықты енгізу процесі барлық республикаларда бірдей жүргізілген жоқ. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғылыми-техникалық жаңалықтардың 3%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Орталық басқару жүйесінің Қазақстанды шикізат базасы ретінде ұстау бағыты өзгермеді. 70 жылдардың басында Қазақстанда Маңғыстау, Павлодар-Екібастұз, Шымкент-Кентау, Жамбыл-Қаратау аймақтық-өндірістік кешендер салынды. 3.3. Халыққа білім беру 70 жылдарға қарай республикадағы білім беру саласында бірқатар өзгерістер болды. 1970 жылы Қазақ КСР-дегі мектептердің саны 10154-ке жетті. Ал онда білім алатын оқушы саны 3 млн 266 мың болды. 80 жылдардан бастап шағын ауылдардың жойылуымен ондағы мектептер, қазақ тілінде оқу ісін жүргізетін бірнеше мектептер жабылды. Нәтижесінде 1986 жылы республикада физика, математика пәндерін терендетіп оқытатын мектептер ашылды. Бұл мектептерді Қазақ КСР Ғылым академиясы қамқорлыққа алды. 1986 жылы КОКП ОК-ы орта мектеп жұмысын жақсарту шаралары туралы қаулы шығарды. 1972 жылы Қазақ КСР-де жалпыға бірдей орта білім беруге көшудің соңғы кезеңі басталды. 1970 жылдан бастап республикадағы жоғары оку орындарында бірқатар өзгерістер болды. Республикадағы 55 жоғары оку орнында 173,3 мың студент білім алды. Арнаулы орта оқу орындарының саны 246 болды. Бұл оқу орындарында 272,2 мың адам білім алды. 3.4. Ғылымның дамуы 70 жылдардан бастап Қазақ КСР Ғылым академиясы Кеңестер Одағындағы ірі ғылыми-зерттеу кешені болды. 1985 жылы республикадағы 40377 ғылыми қызметкердің 864-і ғылым докторы, 650-і академик, профессор болды. Республикадағы кейбір ғалымдардың есімдері ірі ғылыми жаңалықтар арқылы шықты. Д.В. Сокольский алғаш рет катализаторды электрохимиялық әдістер арқылы зерттеу мәселесін ашты. У.К. Ахмедсафин Қазақ КСР-де гидрогеология мен гидрофизика ғылымдарын ұйымдастырды. М.А. Айтхожин генетика және микробиология салаларында өсімдік жасушаларындағы информосомаларды тапты. Бұл еңбегі үшін оған Лениндік сыйлық берілді. Қазақ тілінде Қазақ Кеңес энциклопедиясы жарық көрді. 4. Д.А.Қонаев атындағы мұражай Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі тек Қазақстан халқына ғана емес бүкіл әлемге әйгілі. Ұлы тұлға өзінің 45 жылдай уақытында еліміздің мемлекеттік және саяси өмірінің ең биік шыңында болды. Дінмұхамед Ахметұлының Қазақстанның экономикасының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. 1994 жылдың 24 ақпанында ҚР Президентінің «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы» қаулысы жарияланып, онда Д.А.Қонаевтың Қазақстанды өркендету жолындағы еңбегін ерекше бағалай отырып, Алматы қаласынан оның мұражайын ашу жөнінде тапсырма берілді.Ұлы тұлғаның 90 жылдығына орай 2002 жылдың қаңтар айында мұражай өз есігін көрермендеріне айқара ашты. Мұражайды ұйымдастыру барысында Дінмұхамед Ахметұлының туыстарының сақтаған құжаттары, фото және видеоматериалдар, әр алуан портреттер, тұрмыстық заттары жинастырылды. Бірте-бірте олардың қатарын Д.А.Қонаевтың замандастарының тапсырған жәдігерлері толықтыра түсті. Алғашқы бесжылдықтар кезінде еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған Дінмұхамед Ахметұлы алып құрылыстарды салу кезінде қаншама күш-жігері мен қажыр-қайратын, ерік-жігері мен талантын жұмсамады десеңші! 1942-1952 жылдар аралығында Д.А.Қонаев Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі, кейіннен Қазақ КСР Министлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет істеген жылдары ол еліміздің ауыр индустрия өнеркәсібін, транспорт, байланыс және қорғаныс салаларына басшылық жасады. Кейіннен, 1952-1955 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Осындай жауапты қызметтерді Дінмұхамед Ахметұлы абыроймен атқарып, өзінің туған Қазақстан халқының биік деңгейден көрінуіне күш салды. Мұражай жәдігерлері қарапайым шаруа баласының тау-кен инженерінен үкімет басшысы деңгейіне көтерілген, тіптен бұрынғы Одаққа, шет елдерге де танымал болған еңбек жолын көрсетеді. Әрине, бұл жол ауыр жол болса да, абыроймен атқарылған ұлы жол болды! Сондықтан да мұражай қызметкерлеріне жүктелер міндет – мұнда келушілерге Дінмұхамед Ахметұлының осындай ерлікке бара-бар жауапкершіліктерді абыроймен атқарғандығын жан-жақты түсіндіре білу. Д.А.Қонаевтың өнегелі өмірі мен адал қызметіне деген адамдардың қызығушылығы соңғы жылдары арта түсуде. Бұл жай ғана қызығушылық емес, ол қоғамдағы күрделі тарихи қызығушылық жағдайға да байланысты. Сондықтан да 2012 жылдың 12 қаңтарында «Д.А.Қонаевтың мемориалдық пәтер-мұражайының» ашылуы үлкен жаңалық болып табылады. Бұл мұражай өз жәдігерлерінің құндылығымен ерекшеленеді. Мұнда Дінмұхамед Ахметұлының жекелеген заттары, техникалық, анықтамалық және көркем әдебиеттер, өнер жөнінде альбомдар, авторлардың жекелей қолтаңбасы жазылған кітаптары, жиһаздар, тұрмыстық заттар, мерейтойларына арналған көптеген сыйлықтар мен экспонаттар, басқа да әр алуан заттар бар. Бұлардың бәрі ұзақ жылдар бойы мұқият сақталған және Дінмұхамед Ахметұлының немере інісі Диар Асқарұлы Қонаев мұражайға табыс еткен. Мұражайдың ерекше құндылығы – мемориалдық пәтер-мұражайының толықтығында және ауқымының кеңдігінде. Мұнда сақталған жәдігерлер Дінмұхамет Ахметұлының дүние-мүлікке қызықпайтын қарапайым адам болғанын, оның қарапайым тіршілігін, қалай дем алып нендей дүниеге қызығушылық білдіретінін аңғартады. «Д.А.Қонаевтың мемориалдық пәтер - мұражайы» - бұл өткен тарихымызбен таныстыратын орын әрі өнегелі өмірдің нағыз куәгер.
44. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірі (1985-1991жж.). ҚР «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн төртібіне кадр мөселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сөуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркөсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркөсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі
Дағдарыстың себептері
Саяси саладағы белгілері
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.4. Заңдылықтың бұзылуы.5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салада дағдарыстың белгілері
- Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі.- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.- Бақылаусыз басқару аппараты.- Инфляция.- Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.- Теңгермешілдік.- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.2. Демократияландыру мен жариялылық.3. Төрешілдікке қарсы күрес.4. Халықтық реформа жүргізу.5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
Жастардың алаңға шығуы
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болғанГ.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
КСРО-ның сыртқы саясаты
70-жылдардың соңында КСРО- ның өз өскерлерін Ауғанстанға кіргізуі “қырғи-қабақ” соғыс саясатының жаңадан басталуына әкелді. АҚШ жөне оның одақтастары КСРО-ға қарсы күш көрсету саясатын жалғастыра отырып, “жұлдыздар соғысы” доктринасын қабылдады. Бүл КСРО Үкіметі үшін өте ауыр болды. Кеңес мемлекеті сыртқы саясатта Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі “барқыт” революциясынан қорғанып, кеңестік диктат саясатын жалғастырды. 80-жылдардан бастап КСРО сыртқы саясатта жаңаша ойлау доктринасын жариялады. 1985 жылы КОКП-Ның Орталық комитетінің сөуір пленумында М. С. Горбачев сыртқы саясаттағы жаңа доктринасын белгілеп, американ-кеңес қарым-қатынастарындағы келіссөздерді жаңа бағытқа көшірді. 1985 жылы күзде Женева қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. 2000 жылға дейін ядролық қаруды таратпау жөне қысқарту туралы келісімдерді жалғастыруға келісті. 1985 жылы қазан айында Исландия астанасы Рейкявик қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. Орта қашықтықтағы зымыран- дарды қысқарту туралы келіссөздер жүргізілді. М. С. Горбачевтың сыртқы саясаттағы жаңаша ойлау түжырымдамасын көптеген Батыс Еуропа елдері қолдады. Бейбіт қатар өмір сүру саясатын жалғастыру арқылы КСРО өзінің диктаттық саясатынан бас тарта бастады. 1987 жылы 8 желтоқсанда Вашингтон қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган үшінші рет кездесті. Олар орта жөне қысқа қашықтықтағы зымырандарды жоюға келісті. 1989—1991 жылдардағы Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі демократиялық революция нөтижесінде бүл елдерде социализмнен капитализмге өту процесі жүрді. 1989 жылы желтоқсанда АҚШ Президенті Дж. Буш (үлкен) жөне КСРО Президенті М. С. Горбачев Мальта аралында кездесті. Екі ел стратегиялық қаруларды 50 %-ға қысқартуға келісті. Химиялық қару-жарақты жоюға келісті. 1989 жылы қарашада Берлин қабырғасы құлатылып, бүл “қырғи-қабақ” соғыс саясатының символына айналды. 1990 жылы 3 қазанда екі Германия мемлекеті біріктірілді. Еуропада Герман Федеративтік Республикасы — біртүтас неміс мемлекеті құрылды. М. С. Горбачев пен Г. Коль екі мемлекетті біріктіруге зор еңбек сіңіріп, тарихта қалды. 1989 жылы 15 ақпанда КСРО Ауғанстаннан Кеңес өскерлерін шығарды. 1990 жылы М. С. Горбачев Нобель сыйлығын алды. 1990—1991 жылдарда КСРО-ның ішкі дамуындағы дағдарыс пен ұлтараздық, жергілікті соғыстар КСРО-ның халықаралық қатынастағы беделін түсірді. Халықаралық қатынаста бір полюстің ықпалы күшейе түсті. 1991 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы “құмдағы дауыл” соғыс жылдарында айтарлықтай қолдау жасай алмай, бейтараптық саясат ұстанды. КСРО үлы державалық саясатынан айырылды. 1991 жылы 28 маусымда Социалистік елдер арасындағы ынтымақ ұйымы, Өзара экономикалық кеңес ұйымы өз жүмысын тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Прага қаласында Варшава келісіміне мүше елдер өскери одақтың жұмысын тоқтатқандығы туралы келісімге қол қойды. КСРО-ның құлауынан кейін Төуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымы құрылып, КСРО-ның мүрагері — Ресей Федерациясының жаңа тарихы басталды
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды.  Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты.  Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекет Конституциясының негізі болды. Олар саяси және әлеуметтік-экономикалық салада тиісті реформалар жүргізу үшін құқықтық база болды.  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды.  «Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады».  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады.  Міне, осылай 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық құқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады. 
45. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.
КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы. 1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
46. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі (1991-2000 жж.).
Егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі
Тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан, отаршылдық езгіге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзінің 30 елінен келген қазақтар қатысты. Мұндай жиынды өткізу өз отандастарының алдында кешігіп болса да атқарылған гуманизмнің жоғарғы көрінісі болды. Отандастар әр түрлі жағдайларға байланысты, негізінен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудің нәтижесінде, туған жерлерін тастап, шет елдерді мекендеуге мәжбүр болған еді. Қазақстаннан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсітушілікке де ұшырап, көптеген қиыншылықтарды бастарынан өткізді. Қонақтардың арасында кернекті діни қайраткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен студенттер болды. Құрылтайға көптеген елдерден, оның қатарындағы үлкен қазақ диаспорасы бар Ресейден, Өзбекстаннан делегациялар келді. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, көрнекті ақын және қоғам қайраткері О. Сүлейменов, Түркиядан келген дінтанушы ғалым Халифа Алтай, Ресейден келген қонақ Аман Төлеев т.б. сөз сөйледі. Қоғам күштерін барынша жұмылдыру мен халықтар достығын нығайтуда 1992 жылғы желтоқсанның ортасында өткен Қазақстан халықтарының форумыүлкен рөл атқарды. Форумда интернационализм, тату көршілік қатынастарды дамытудың қағидалары жаңа тұрғылардан қарастырылды. Өзінің форумда сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлттық келісім саясатын бекем және ақырына дейін жүргізетініне, олардың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін дамыту үшін сенімді құқықтық кепілдіктерді құрудың қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.
1993 жылдың соңы Қазақстанда Кеңестердің жаппай өзін-өзі таратуымен де есте қалды. Кеңестер көп жылдар бойы КОКП-ның өз билігін жүзеге асыруға пайдаланған шымылдық-пердесі болды. КОКП тарап, басқару жүйесі негізінен аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер болып құрылған соң, Кеңестер өздерінің бұрынғы мазмұнынан айырылды. Көптеген Кеңестерде айтарлықтай елеулі жұмыстар жүргізілмеді, сан мыңдаған депутаттар корпусы немен айналысуын білмеді. Сондықтан «Кеңестерге не істеу керек?» деген сұрақ қоғамның кең топтарының арасында айтыс-тартыс нысанына айналды. Кеңестердің өзін-өзі тарату идеясы туындады.
Өзін-өзі тарататыны жайлы алғаш рет Алматы қаласы Алатау аудандық кеңесінін депутаттары мәлімдеп, басқа депутаттарды өздерінен үлгі алуға шақырды. Өз әріптестеріне арнаған үндеуде олар мұндай шешім қабылдау себебін ескі кеңестердің бүгінгі заманда елдегі саяси және экономикалық процестерде елді дағдарыстан шығаруға ықпал ете алмайтындығымен түсіндірді. Қараша айының соңына таман өзін-өзі тарату жөнінде Алматы қалалық және облыстық кеңестері, жүзге тарта жергілікті кеңестер мәлімдеді. Бірқатар халық депутаттары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің де өзін-өзі таратуы жайлы мәселе көтерді.
Осындай жағдайда 1993 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында республика Жоғарғы Кеңесінің XI сессиясының екінші кезеңі өз жұмысын бастады. Сессияның жұмысына Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев, Министрлер Кабинетінің мүшелері, облыстық өкілдер қатысты.
Кіріспе сөзді Жоғарғы Кеңестің төрағасы сөйледі. Кеңестердің болашағы жөнінде депутаттардың көзқарастары екі ұдай болды. Депутаттардың басым көпшілігі жергілікті кеңестердің өкілеттілігін жаңадан сайланған жергілікті өкілдік органдары жұмыс істей бастағанға дейін, мерзімінен бұрын тоқтатуды жақтады. Барлық ұйымдастыру-құқықтық істер әкімшілік басшыларына тапсырылды. Бұған қоса Парламент «Қазақстан Республикасының сайлау туралы кодексін» қабылдап, Орталық сайлау комиссиясын құрды. Жоғарғы Кеңес өзін-өзі тарату туралы шешімін жариялады. Келесі Парламент Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент болды.
Қазақстан Республикасы астанасының ауысуы
Астана қаласы
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзак ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердегі астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстырудың негізгі себептерін былайша түйіндейді:
Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындайды. Сондыктан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.
Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.
Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-сонды болып көрмеген қарқынмен дамуда.
Төртіншіден, астананы көшіре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық.
Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 6 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» қаулысы тәуелсіз мемлекетіміз астанасының тағдырын шешті. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлығы, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығы шықты.
1997 жылдың 10 желтоксанында Президент Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды.
1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті.
47. Президент институты – тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. [3]Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.
Президенттің өкілеттілігі:
жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;
президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;
парламентті таратуға құқылы;
референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;
парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;
парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;
парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;
дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;
үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым;
мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;
халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;
төтенше және әскери жағдайды енгізеді.
Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттің қос палатасы отырысының шешімімен орнынан алынып тасталынады.[4]Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның президенттік өкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды.
48. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.
49. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.).
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
50. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экологиялық ахуалы.
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Семей ядролық полигоны
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. Негізгі бөлім
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Ядролық сынақтар
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
1. Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек. Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін. 1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930 жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы 100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті. Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы «Тұмақ» аралына күзде тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды. Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек, Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты. Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына айналды. Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-Белужий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін жоғары жақпен Сурхан каналының желісі іске қосылды. Бұл каналдардың тұщы ағынды суы түгелдей каналдың төменгі желісімен бұрынғы арналар ізімен теңізге құятын болды және осы арналар ізімен суды теңізге жеткізетін Ленкоса, Мальцев, Жанбай-Дементьев каналдары да қазылды. Мысылы «Белужий» арнасы атына сай Белуга (қортпа балығы) балығының ішкі суға кіретін, уылдырық шашатын бұрынғы терең арна болатын. Бұл каналдар бойындағы жайылымдық жерлерге, малшыларға Еділдің тұшы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының көктемде уылдырық шашып, көбеюіне мыңдаған суды мекендейтін құстардың көбеюіне мыңдаған жол ашты. Мұның бәрі кешегі өткен кеңістік кезеңдегі теңіз жағасын мекендеген Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді. Теңіз жағасының қазіргі жағдайы мүлде өзгерді. Аудандағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты өндіріс орындарының көбі жабылды. Аудан экономикасы төмендеді. Табиғаты қорғалмай, экологиясы бұзылды.Өткен 30 жыл ішінде каналдар бір де бір рет аршылмағасын, арналары бітелді. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті, көпшілігін су жүрмейтін болып, құм басты. Теңізбен байланыс үзілді. Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купросының ерітіндісіне айналды, зәрленді. Ауру таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық, жайылымдық жер шөпшықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға қарайтын батыстан-шығысқа ұзындығы 200км, терістіктен-түстікке150 километрге созылатын теңіз жағалауын нар қамыс, қоға басты, су арналары жойылды. Өзен суы теңізге жетпейді. Бірнеше жылғы ну орман болып шыққан қамыс, қоға, жыңғылдар 1974 жылдан бері өртелмегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су балдырларымен қопаға айналып шіріді. Қопа үстінен қайталап шыққан биік қамыс-қоғалар жыртқыш қасқыр, қарсақ, түлкі, қамыс мысықтарының, борсықтын, күзен, жанат, қабандардың және кемірушілер-егеуқұйрық, тышқан, атжалмандардың тұрақты мекеніне айналды. Жылма-жыл олардың санының ұлғаюына сай жұқпалы да, қатерлі аурулар туу қаупі өсті. Әсіресе қасқыр, түлкілер құтырып ауырып, адамға, малға шабатын болды. Тышқандар осы оңірде 1920 жылдарда болған оба ауруының қайталануына мүмкіндік туғызып отырТеңіз суын жағалай және су астындағы жеке аралдарға мұнай компаниялары қожа болып, мұнай ұңғымаларын қаптата бастады. Жағадағы «Белужий», «Ленкоса», «Трешкин» аралдарында жиырмашақты мұнай ұңғымылары жұмыс үстінде. Мемлекеттер арасындағы Каспийді бөлісу келісіміне сай Ресей үкіметінің мұнай-шылары біздің аудан жері болып саналатын теңіз суындағы «Новинск» аралына мұнай ұңғымасын орнатып жатыр. Мұнай ұңғымалары қамыс, қоға, қопа, балдыр үйіндішірінділердің ортасына орналасуда. Бұлар теңіз жағасының бұзылған ауасын одан сайын ластаса, екінші жағынан қураған қамыс мұнай көздерінің өртену қаупін туғызады. Аудан халқы үшін кәсіптік және күнкөрістік балық көзі-Каспий теңізінің балығы мен жер астының мұнайы. Оларды бұрынғы қалпына келтіріп, халық игілігіне айналдыру үшін төмендегідей шараларды шұғыл іске асыру қажет деп санаймыз: 1. Аудан жеріндегі каналдары қалпына келтіру, бітелген жерін аршып, қазып, Қиғаштын мол тұшы суын Каспий теңізіне құюын қамтамасыз ету керек. Ол үшін Сурхан каналының Қиғаш –Кобяков каналынан бастау алатын жеріндегі 15км жерін тереңдетіп қазған жөн. Онан кейін Кобяков-Жанбай-Забурын каналының бойындағы бұрын теңізге құятын Ленкоса каналын, Жанбай арнасын, Деменьтев каналдарының бітелген жерлерін қазып, кейбіреулерін теңізге қарай ұзартып, Шаронка суының осылар арқылы теңізге құюына мүмкіндік беруміз керек. Бұларды аршып, қазғаннан қандай пайда бар? Біріншіден, теңіз балықтарының үлкен-кішісі болмасын көктемде уылдырық шашу үшін үйірімен теңізді жағалап келіп, дағды бойынша өзен суы ағысына қарсы каналдармен жоғары өрлейді, көлдерге жайылған суға шығады, тұшы суда балық жақсы өседі. Мұның өзі аудандағы балық аулайтын колхоздар мен балық зауытының, кәсіпшіліктердің өркендеуіне, аудан экономикасын котеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазіргі кезде Жайық өзенінің теңізге құяр тамағы тайыздалған. Жылдар бойы қазылмағандықтан балықтар Жайық бойына толық шыға алмайды. Біздің ауданның тұсындағы теңізге құятын негізгі арналар бітелген, балықтар кіре алмайды. Соның салдарынан балықтар көктемде үйірімен жоғырылайды. Кейде онан да асып Мақашқалаға қарай асады. Сондықтан да Каспий балығының өз жерімізде көбеюіне жағдай жасауымыз керек. Үшіншіден, Еділ-Қиғаш суы өте көп. Көктемде олардан келетін мол суды бұрынғы қазылған Каспий теңізіне жібермесек ең адымен аудан орталығы Ганюшкинді су басады. Селоны бірнеше жылдар бойы богет салып қана аман алып қалып отырмыз, ал биыл жағдай өте қауіпті. Су басса мыңдаған саман үйлер құлап, ел баспанасыз қалады. Төртіншіден, су келсе каналдар бойындағы көлдер жағасы мен жайылымдарға шөп шығады, егін егіледі, халықтың күнкөрісі, ауа райы жақсарады, табиғат түзіледі. 2. Теңіз жағасына жағалай шыққан, адам жүре алмайтын, ит тұмсығы өтпейтін, жүздеген гектар жерді алып жатқан қураған қамыс, қоғалар, қопаларды көктемде және күзде өртеу керек. Өйткені олар қопаланып шіріп, бұларды паналап жүрген сансыз көп жабайы аңдар мен тышқандардың сүйегінен улы заттар, газдар көбейіп, экология бұзылады, аурулар тарайды. Оның елге келтіріп отырған зияны көп. Сондықтан да қамыс, қоғаларды жылма-жыл өртесе жер тазарады, қажетті аралдар мен су өз арналарын табатын болады.Оны осы жерді игеріп, өнімін алып жатқан мұнай компаниялары жүзеге асыра алар еді. Ал бұған бақылауды облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, одан жоғары министрлік жургізуге тиісті.
Аралдың экологиялық проблемасы
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жьылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының температурасы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу.
Балқаш проблемасы
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).
51. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.
1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – теңгені енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. 1993 жылы өз валютасын енгізуді Украина мен Белоруссия, Қырғызстан мен Балтық жағалауы елдері қолға алды. Қазақстандық валютаны енгізу жоспары сол 1991 жылы жасалғандығы кейін анықталып жатыр. Алдымен қазақстандық дизайнерлер тобы құрылған. Топтың құрамына Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлелов сынды шеберлер кірген. Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеген шеберлер алдымен валютамызға атау іздеген. Әуелде “ақша”, “алтын” сияқты атаулар да ойда болса керек. Бірақ көпшілігі түркі сөзі “теңгеге” ықылас білдіре бастаған. Ал қағаз ақшаға халқымызға белгілі ақын-жазушы, ғалым, ойшылдардың бейнелерін салу ұйғарылды. Суретшілердің айтуынша, бәрінен де әл-Фараби бейнесі бар банкноттар қатарын ашатын бір теңгелік купюра қиынға түскен. Оның портреті бұрынырақта Кеңес Одағының Ғылым академиясымен канонизацияланған (әулиелер санатына қосылған) еді. Бірақ оны ғалымдардың мұрағаттарда сақталған еңбектерінен табу да қиынға соқты. Бір теңгелік номинал бар қатарға идея берген негізгі купюра болды. Онда әл-Фарабидің ислам әлеміндегі барлық мешіттердің күмбездері есептелген схемалары, формулалары бейнеленген еді. Басқа купюралармен де қиындықтар болған. Олардың ішіндегі ең негізгісі – біздің кітапханаларымызда банкноттарда бейнелегісі келген тарихи тұлғалардың тура бейнелерінің болмауы[6, 69]. 1992 жылы тамыздың 27-сі Ұлттық банкте теңге купюрасының үлгілерін бекіткен дизайнерлер тобы Англияға аттанды. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ол кезеңді “Президенттің үлкен ойыны” фильмінде “Шетелдерге бару үшін ұшаққа жанармай, аэропортты жалға алу үшін қаржы жоқ еді” деп еске алады. Осындай кезеңде елімізде қаржылық реформа жүргізіліп, ұлттық валютаның қажетті қаражаттық инфрақұрылымын жасау қолға алынды. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды.Бұдан кейінгі жағдайды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Жеті миллион доллар тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік. «Ил-76» төрт ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Бұл өте құпия операция еді. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-берлі он сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты. Бәлкім дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар» деп сонау 1993 жылдарды еске алады Елбасы Н.Ә. Назарбаев.[7, 90 б] 1993 жылы 1-і қарашада Ұлттық банктің облыстардағы филиалдарына “Х” күні ашылады деген құпия конверттер жетті. Ал араға үш күн салып Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта – теңгені енгізу бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. 1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 1993 жылы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы шықты. Онда Қазақстан Республикасы Конституциясының (1993 ж.) 78 бабына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазанындағы қаулысына сәйкес: «Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылы 15 қарашада сағат 08.00-ден Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енгізілсін; 1993жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасының заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасындағы қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады»- деп көрсетілген [8, 32]. Қарашаның 13-і барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ақша купюрасы теңге мен қағаз тиындар, ауыстыру тәртібі туралы республикалық, облыстық баспасөз хабарлап жатты. Ал қарашаның 15-інен 20-сына дейінгі уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді. Тура алты күнде халық қолдағы ақшасын тәуелсіз елдің валютасына айырбастауы керек еді. Халық бес жүз сомы бір теңге алып жатты. Қағаз ақшасын қапшықтап жинаған ағайын енді теңгенің кезегіне тұрды. Бұл күндер әр тұрғынның есінде. Қобыраған “шөп ақшаны” жинап, сақтағанды шығарып, қолға жаңа купюраны көргендер төл теңгені бірнеше күн қызықтаған. Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді. Ұлттық банктің облыстық басқармасы, екінші деңгейлі он екі банктің филиалдары, есеп айырысу кассалары тәулігіне 19 сағатқа дейін тұрғындар қаржысын ауыстырып жатты. Ескі ақша түні бойы есептеліп, сұрыпталып, жөнелтуге даярланды. Жұмыстың ең ауыры облыс орталығындағы есеп-касса орталықтарына түсті. Бұл ұжым алты күннің ішінде 8 миллиард рубль ескі ақша қабылдапты. Осы күндері ақша тапсыруға 362 мың тұрғын келген. Тұрғындар 19,6 миллиард ескі рубль жинаған. 770 қапқа салынған 20 тонна рубль отқа жағылған. 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады. Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени — ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған. 2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді. Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі — қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. 2010 жылыҚазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуіне арналған 1000 теңгелік, «Азиада 2011» Жетінші қысқы Азиада ойындарына арналған номиналы 2000 теңгелік, 2011 жылғы 25 мамырдан бастап Ислам Конференциясын Ұйымдастыруға Қазақстанның төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік, 2011 жылғы 4 шілдеде Қазақстанның Ұлттық банкі республиканың тәуелсіздігіне 20-жыл толу қарсаңында номиналдық құны 10000 теңгелік, 2011 жылғы 4 шілдеде айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналдық құны 10000 теңгелік, 2011 жылы 30 желтоқсанда айналысқа жіберілген «Қазақ елі» монументі бедерленген 5000 теңгелік; 2013 жылғы 29 наурызда Ертіс өзені бейнеленген Қазақстан картасының сұлбасы бар 2000 теңгелік, 2013 жылдың 12 желтоқсанында «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарды. Оның көлемі 134х70 мм қағазда дайындалған [9].Ұлттық валюта күннен-күнге өз елімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бола бастады. Ұлттық банкке тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.Қазіргі кезде теңгені айналысқа енгізудің өзі бізге ұлттық нарықтық инфрақұрылымды құрудағы алғашқы және маңызды қадам жасауға мүмкіндік берді. Дербес ақша кредиттік және бюджеттік-салықтық саясатты және тиісінше неғұрлым тиімді макроэкономикалық тұрақтылық саясатын жүзеге асыруға жол ашты. Теңге әлемдегі неғұрлым барынша қорғалған валюталардың біріне айналды. Теңгені жасауда ең озық технологиялар пайдаланылды.Теңге- біздің ұлттық мақтанышымыз, дизайны жағынан әлемде ұлттық теңгеден асып түсетін ақша кемде-кем. Ұлттық теңгенің айналымға енуі – санғасырлық тарихы бар теңгені бүкіл әлемге танытты.
52. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Жолдауы (1997 ж). Қазақстанның даму стратегиясы.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан -2030 Жолдауы (1997ж.) Қазақстанның даму стратегиясы
Қазақстан-2030” стратегиясы – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 ж. қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеум. әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экон. әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықар. ин-ттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экон. өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экон. өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергет. қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүз. қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.
Қазақстан осы стратег. міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.
53. Астана – ҚР жаңа Ордасы: тарихы мен бүгіні.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 700 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 2012 жылғы 1 маусымда 750 мыңнан астам адам болды. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қала экономикасының даму қарқынының жоғарылығы инвесторларды көп тартуға әсер етті. Астаналық мәртебеге ие болған сәттен бері салынған инвестиция мөлшері іс жүзінде – 30 есе, ал өңірлік жалпы өнім 90 есе өсті. Қаланың өңірлік жалпы өнімінің үлесі республика көлемінде 8,5 пайызға тең.
Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астананы ауыстырған уақыттан бері өнеркәсіп өндірісінің мөлшері 11 есе артты. Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – Астанада 50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді, олар қаланың 170 мыңдай тұрғынын қамтып отыр. Астаналық тұрғындардың орташа номинальды айлық жалақысы 140 мың теңге шамасында. Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Астана құрылысына жүздеген құрылыс компаниялары қатысты. Жергілікті фирмалармен қатар жаңа елорданы түрік, итальян, француз, швейцария компаниялары тұрғызды. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада ерекше еуропалық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава болды.
54. Тәуелсіз Қазақстан – халықаралық аренада.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді. Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.). 2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел. Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.
55.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы кезеңіндегі экономикадағы қиындықтар (1991-2000 жж.).
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:
1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;
2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;
3) макроэкономикалық тұрақтандыру;
4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;
5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.
90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.
Республиканың жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен — 85863,1 млн. сом., 1992 ж. — 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзi 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы iшкi өнiм деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл шаруашылығында ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ доллары болды. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.
Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн (1.7.1994) ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.
Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 доллары үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру, әлеуметтік сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеуметтік саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы институттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға жол ашты.
Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүзілік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экономикалық өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеуметтік саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ доллары 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көлемі 5592,2 млн. АҚШ доллорына жеттi; Бұл кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. АҚШ доллорынан (1998) 77976,8 млн. АҚШ доллорына (1999) көбейдi. Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көлемі 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге).
Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
Бесiншi кезеңде Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды: тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж. — 87607,5 млн. АҚШ доллоры, 2001 ж. — 101674,1 млн. АҚШ доллоры. 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан 9,5%-ға көбейдi. 1999 — 2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000 — 02 ж. елдiң экономикалық дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ доллоры) инвестициялық мiндеттеме қабылданды. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкiметтiң 2002 — 04 ж. арналған iс-қимылдар жоспары (2002) және соның негiзiнде әзiрленген 2003 — 05 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi (2002) экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып отыр. Негiзгi мақсат — бәсекелестiк қабiлетi күштi экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай iлгерiлеуге стратегиялық салаларды — мұнай-газ секторын, энергетика мен агро-өнеркәсiптiк секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткiзiледi. ҚР-ның 2003 — 2005 жылдарға арналған мемлекеттік агротехникалық азық-түлiк бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негiзгi басым бағыттар көрсетiлдi, олар: елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; агро бизнестiң белсендi жүйесiн қалыптастыру; iшкi және сыртқы рыноктарда ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату көлемiн ұлғайту; ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екi жылдағы экономикалық өрлеу Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға дұрыс ықпалын тигiздi: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесi азая түстi. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеуметтік, зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды.
56. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» 
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканыңжетекшікүші.
Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.
Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.
Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.
Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.
Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады.
57. Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы.
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Түркия, Иран, Сауд Арабиясы елдерімен ынтымақтастығы артып келеді. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттарда ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде.
Қазақстан 2012 жылы Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) жариялаған ғаламдық бәсекеге қабілетті мемлекеттердің рейтингісінде өзінің орнын тұрақтандырды. Бұл рейтингте (IMD) мемлекеттердің мына факторлар бойынша бәсекеге қабілеттілігі талданады: 1) Экономикалық қызмет; 2) Үкіметтің тиімділігі; 3) Бизнестің тиімділігі; 4) Инфрақұрылым. Қазақстан әлемнің 59 елдерінің ішінде 32-ші орынға жайғасты, өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы 4 мемлекеттің алдын ораған. 
Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсіп келеді. Біздің серіктестеріміздің ішінде белгілі «Шеврон» мұнай – газ өндіретін компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес. Сондықтан, республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін заңы қабылданды. Ол: Қазақстан Республикасының 2003.01.08. N 373 Заңы. Шетелдік инвестицияларды тарту және нәтижелі түрде қолдану – Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзаратиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда шетелдік инвестицияларға ұлттық мәртебе беріледі, яғни шетелдік және отандық компанияларға инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін тең жағдайлар жасалған. 
ТМД одағы құрылғаннан бері ынтымақтастықтың дамуының қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдеріс бірегей, біртекті экономикалық кеңістік, тауарлар, қызмет, жұмыс күшінің ортақ нарығын құруға алып келуі тиіс. Сол себепті де ынтымақтастық шеңберінде көп деңгейлі интеграциялық үлгіні іске асырудың жаңа тетігін әзірлеудің маңызы зор.  Экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Мысалы, 2012 жылы қаңтар-желтоқсан айларының өзінде Қазақстанның достастық елдермен сыртқы сауда айналымы 34,7 млрд. долларды құраған. Демек, республика үшін негізгі серіктес болып ТМД елдері жатады, оның ішінде біріншісі – Ресей.  Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдері– мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын кұрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда – саттық жасау пайдалы.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
58. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» атты еңбектеріндегі ұлттық тарихты зерделеу.
Н.Ә. Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабының тәуелсіз Қазақстан тарихының жеке адамдық жазба дерек көзі ретіндегі басқа еңбектерінен басты айрмашылығы, автордың тәуелсіздік тарихының тамырын тарихтан іздеушілдігі. Егер, басқа еңбектерде тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің пайда болуының объективті алғышарттары туралы айтылып, нақты мемлекет құру ісі бейнеленсе, “Тарих толқынында” сол мемлекеттің тереңнен бастау алған ірге тасы туралы айтылған.
1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарыққа шықты, Маңызы - Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі айтыладыҚазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма.
Н.Назарбаев осы талғам-таным кітабында тарихшылар алдында тұрған келелі, кезеңді міндеттерді айқындап берді. Ол: - Ұлт мәдениетінің ұлы тұлғалық-кезеңдік тарих сахнасындағы орнын айғақтау; - Бүгінгі таптаурын жолдан шығып, тарихты безбендейтін жол тауып, тәсіл жасау; - Біз кімбіз, шұғыл тарихтың жолы бізді қайда апарды және қайда апармақ? - Жойдасыз ауыр міндетті тарихшы кемесі жолаушы келер ұрпаққа жеткізуге тиіс; - Тарихқа археологиялық зерттеулер тұрғысынан қарамай, өмір тану тұрғысынан қарау керек; - Бүгінгінің тұнығы мен тұманы қабаттасқан тарихтың тұңғиығы мен тамырластығын ашу қажет. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тарихи танымын айқындайды. Ол қазақ тарихының он екі кезеңін атап өтті: 1. Қазақстанның бүкіл аумағын қамтитын көшпелі, ежелгі арийлердің қоныстануы. Оған Сынтасты, Арқайым қорым-кешендері кіреді. 2. Осыдан 4-5 мың жыл бұрын арийлер солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік Оралдан Үнді өзені бойына ығысты. Үндіде Веда, Иранда Авеста жазылды. Мәдени-тарихи көтерілу басталды. Ежелгі дала, қазақ жері әлсіреді. Содан қалған белгі - таңбалы қамшы. Сақ патшаларының Есіктегі, Бесшатырдағы қорғандары одан кейінгі дәуірдің белгілері. 3. Осыдан 3-4 мың жыл бұрын Гоби маңында ғұндар билік құрды. Олардың бір тобы бір ғасырдан соң бүгінгі қазақ даласына құлады. Тәңірге табыну басталды. 4. Осыдан 1,5 мың жыл бұрын ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері жинақталып, кейін олар түркі қағанатын - Мәңгілік ел қалыптасты. «Қорқыт ата» аңызы сол заманның тарихи сарыны. Түркі эпосының үш бұтағы немесе үш бөлігі - Қазақстандағы түркі руханиятының қайнар көзіне айналды. 5. Бұдан 1300-1100 жылдар бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығысқа көшті. Ол Орхон-Енисей жазбаларында таңбаланды. Тоныкөк, Күлтегін рунасының жазбаларын, қырыққа тән жәдігерлерді енгізуге болады. 6. Осыдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстанға ислам діні дендеп енді. Араб әріпі руна жазуын ығыстырып шығарды. Ғылым-білім дамыды. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сол заманның сөнбес жұлдыздары. 7. ХІ ғасыр түркілерден шыққан тұңғыш сопы - Қожа Ахмет Йассауи хикметтерімен ерекшеленеді. Ол қазақтардың рухани мұрасы. Ал Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қазақ мемлекеттігінің нысанасы, ол қазақтың ұлы тұлғаларының пантеоны. 8. ХІІ-ХІV ғасырлар Шыңғыс хан мен оның ұрпағын жаулаушылық бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына кесел болып жабысты, қанжоса болды. Сол кезде қазақтан Майқы би шықты. Ол қазақтың үш жүзінің таңбаларын тасқа қашады. Үйсіндердің нысаны - ту, арғындардың нысаны - көз, алшындардың нысаны - найза. Үш жүз өзінің жауынгерлік ұранын алды. Ұлы жүз - Бақтияр - Бақыт, Орта жүз - Ақ жол - Әділет, Кіші жүз - Алшын - От-ана. Олардың ортақ ұраны - Алаш болды. 9. XV-XVIII ғасырлар қазақ хандығы құрылуымен биік сапаға көтерілді. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау қазақ руханиятының алтын ағысына айналды. Жәнібек пен Керей хан қазақ деген атауды тарих сахнасына алып шықты. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғыны» жасады. 1729 жылы Аңырақай шайқасы қазақтың болу-болмауы туралы мәселені шешті. «Біз күні бүгінге дейін осынау ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ»! 10. Бұл ХVІІ-ХІХ ғасырларды қамтиды. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезі еді. Осы кезеңде тарих сахнасына Абылай хан келді. Қазақ елі Ресейдің боданына кірген тұс та осы кезең. Осы сәтте жарқ етіп қазақ көгіне Шоқан мен Абай шықты. 11. ХХ - ХІХ ғасыр Ресейдің гүлденуі де, құлағалы тұрған кезеңін белгілейді. Қазақ өз мемлекетін құруды көздеді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов Алашорда үкіметін құруға ұмтылды. Қазақ төңкерісі сөз жүзінде еркіндік әкелгенімен, шын мәнісінде қасіретті жаңа бір кезеңге ұласты. 70 жыл бойы коммунистік жүйе қазақтың ұлттық рухын жоғалтуымен айналысты. Тілінен, дінінен айырылған халық қалыптаса бастады. 12. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі қазақтардың рухын оятты. Алып СССР құлады, қазақ егемен, тәуелсіз мемлекет құру құқығына ие болды. Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың осы атақты еңбегі 1999 жылы жарық көріп еді. Содан бері он төрт жыл өте шықты. Қазақ елі тарихының концептуальды жолы тайға таңба басқандай жазылған-ды. Қазақтың рухани тарихы қазақтың тарихи тұлға ретінде қалыптасқанынан жазылып отыр. Ұлы далада өз өрнегін салған, ұлттық құндылығын, тарихын жасаған, жерін қалыптастырып, қоғамдық қатынас орнатқан халық қана рухани дүние қалдырмақ.
59. Әлеуметтік саясаттағы бағдарламалар мен реформалар (ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2008 ж. 6 ақпан).
Менің жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді.
Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.
Үстіміздегі жылы Үкімет олардың орындалуы жөнінде есеп беруі тиіс.
Өткен жыл Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды.
Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.
Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет теңдестірілген негізде парламент сайлауы өткізілді. Сайлауда “Нұр Отан” партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алғаш рет Үкімет жасақтады.
Әкімшілік реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттік органдар аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды.
Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.
Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды.
Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті.
Әлеуметтік инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Біз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткіздік.
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында өткен үш жыл ішінде 18 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл біздің жоспарымыздағыдан 2,2 млн. шаршы метрге артық.
Жоғарыда аталынған қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы.
Құрметті депутаттар,
мәжіліске қатысушылар, меймандар!
Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.
Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді мына басым бағыттарда шешу үшін жұмылу қажет.
Бірінші – өндіруші сектор.
Мұнай-газ саласындағы басты бағыт – мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі ұстанымын күшейту.
Бұл үшін біз энергетика саласының стратегиялық маңызды буындарына мемлекеттің ықпалын дәйектілікпен күшейтеміз. Біз қазірдің өзінде Қашаған, Құмкөл мұнай кен орындарын, Богатырь көмір разрезін, т.б. игеруде қазақстандық үлесті ұлғайттық.
Бұл біз үшін және қосымша құн салығы үлесі жоғары дайын өнімді халықаралық рынокқа шығаруды қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.
“Самұрық” холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауытиіс. Бұл үшін қазіргі тау-кен металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттік пакеттерін бір жағына шығарып, оларды нақты басқаруға кірісу, сондай-ақ сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара және түсті металдардың барланған кен орындары қойнауын пайдалану құқығын өз қолымызға алуымыз қажет.
Үкіметпен бірлесіп, жаңа кен орындарын барлау мәселесін шешу қажет.
Екінші– экономиканың негізгі секторларын озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету.
Үкіметке электр энергетикасын, тасымалдау жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл секторлар бүгінде Қазақстан экономикасы дамуына анық “ілесе алмауда”.
Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтасыз ету саласындағы бірінші кезектегі міндеттер Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС-і және басқаларын салу құрылысы болып табылады.
2009 жылы “Қазақстанның Солтүстігі—Оңтүстігі” жобасы бойынша қуат тасымалдаудың екінші желісі мен “Солтүстік Қазақстан—Ақтөбе облысы” қуат тасымалдау желісінің құрылысын аяқтау қажет. Бұл Қазақстанның оңтүстігі мен батысындағы қуат тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.
Республиканың оңтүстік өңірлерінің газға сұранысын тұрақты қамтамасыз ету үшін “Бейнеу—Шымкент” магистральді газ құбыры мәселесі мүмкіндіктерін талдап, құрылысты бастау керек.
Ақтау қаласында атом электр стансасын салу бойынша нақты ұсыныстар енгізу қажет.
Үкімет осымен бір мезгілде өзінің күш-жігерін қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгізуге жұмылдыруы тиіс.
Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеуге біздің кәсіпорындарымыз бен азаматтарымыз әлі кірісе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиіспіз. Аз төлегіміз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркімнің өз қамы болуы қажет.
Үкімет осы жұмысты кеңінен қолға алуы тиіс.
Темір жол және автомобиль инфрақұрылымдарын салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет.
Біз биылғы жылдың өзінде концессиялық негізде Шар – Өскемен темір жолы құрылысын аяқтап, Маңғыстау – Баутино, Ералиев – Құрық темір жол желілері мен Қорғас – Жетіген учаскесінің құрылысын, Мақат – Қандыағаш темір жол учаскесін электрлендіруді бастауымыз керек.
Жылжымалы құраманың тапшылығын төмендету үшін үстіміздегі жылы отандық көліктік мәшине жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, іске асыруға кірісуіміз керек.
Біз барлық оңтүстік облыстарды көктей өтіп, Қызылорда мен Ақтөбе арқылы Ресейге шығатын, өңірлердің экономикасын жандандыратын Қазақстандағы ең ірі көліктік жобаны – “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” трансқұрлықтық дәлізді іс жүзіне асыруды қолға алуымыз қажет.
Бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында, тұтастай алғанда, концессиялық негізде, алдағы уақытта ақылы ету арқылы Астана – Бурабай, Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас автомобиль жолдарын, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма жолын салу мен қайта жаңғырту басталады.
Концессиялық жобаларды тартымды ету мен жандандыру үшін Үкімет қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіруі тиіс.
Үшінші. “30 корпоративті көшбасшы” бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал етеді.
Қазірдің өзінде “серпінді” аталудан үміткер 100-ден астам жоба пайда болды. Ақтөбе облысындағы үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинаттары мен мыс қорыту зауытын салу, Павлодар облысындағы алюминий зауыты және хлор мен каустикалық сода өндірісі зауытының құрылыстарын одан әрі жалғастыру, Қарағанды облысында сортты прокат өндірісі мен металлургиялық кремний өндірісін ұйымдастыру секілді экономикамыз үшін айрықша маңызды жобалар және басқа да көптеген жобалар іске асырылып жатыр.
Таяудағы уақытта Атырау қаласында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің, келесі жылы Қарашығанақ кен орнының базасында газ өңдеу зауытының, Қостанай облысында жаңа алюминий зауытының құрылысы басталады.
Біз Астана қаласында шина жасау кешенін құру, Астана мен Алматы қалаларында логистикалық орталықтарды дамыту, поликристалл кремнийі өндірісін құру жөніндегі жобаларды іске асыруды жалғастырамыз.
Мен аса ірі нысандарды атап өттім. Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Шыны шығару өндірісі Қазақстанда ешқашан болған емес – бұл өте тапшы, қажет материал. Қазақстанда алюминий өндірісі де болған емес.
Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда.
Тұтастай алғанда, “30 корпоративті көшбасшы” бағдарламасы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын қағидатты жаңа деңгейге шығаруы тиіс.
Бейіндік министрліктердің, “Қазына” қоры мен өзге де холдингтердің, сондай-ақ барлық деңгейдегі әкімдіктердің жұмысы, бірінші кезекте, “серпінді” жобаларды жүзеге асыру көрсеткіші бойынша бағаланатын болады.
* * *
Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр.
Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Сіздер біз табысты жүзеге асырған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасын жақсы білесіздер. Бағдарлама ел ішін дамытуға қуатты серпін берді.
Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолданудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артты.
2004 жылдан бастап егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік туғызды.
Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті.
Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.
Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескерер болсақ, агроөнеркәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс.
Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде, және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарыммен жауап беретініне сенімдімін.
Бірінші. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс.Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие.
Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өндіруді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқалар. Біздің бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар.
Екінші. Ауыл шаруашылығының өнімдерді экспортқа шығаратын секторларын күшейтуге күш-жігерді шоғырландырудың маңызы зор. Атап айтқанда, Каспий және Қара теңіздердің порттары арқылы өтетін және Қытай бағытындағы экспорттық арналарды кеңейту қажет.
Үшінші. Мал шаруашылығы саласы да үлкен экспорттық әлеуетке ие. Қосымша шара ретінде ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру қажет.
Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырамын.
Шикізат өңдеуге айрықша назар аудару қажет.
Енді макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы.
Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.
Бірінші. Қаржылық бақылау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту қажет.
Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған дайын тұруға тиіспіз.
АҚШ-тың біздің банктерге елеулі әсер еткен ипотекалық дағдарысының сабақтарын естен шығармаған жөн. ҚБА әр банктегі ахуалды неғұрлым мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар қабылдауы керек.
Мемлекеттік қолдау біржақты бола алмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек.
Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір және ұғынықты болуға тиіс.
Шетелдік капиталдың банк секторына келуіне біз Қазақстанға көрсетілген сенім, қажетті қаржылық қолдаудың көзі және банк қызметінің халықаралық озық тәжірибесі ретінде қараймыз.
Біздің қаржы жүйемізді құрылымдық реформалауды одан әрі жалғастыру қажет. Мұның құнды қағаздар рыногын, қазіргі заманғы қаржылық құралдарды дамытуға, банкроттық туралы заңдарды жетілдіруге, сот жүйесін тереңдете реформалауға қатысы бар.
Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚБА және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек.
Сондай-ақ, күтпеген ахуалдарға қарсы шапшаң іс-қимылдар жасау шараларының жүйесін әзірлеу міндеті де тұр.
Халық пен бизнестің, оның ішінде шетелдіктердің де сенім деңгейі елдің қаржы жүйесі тиімділігінің негізгі критерийіне айналуға тиіс.
Екінші. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.
Қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар.
Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.
Жаңа Кодекс салық қыз