Диалектология лекция


І ТАРАУ
Қазақ тілінің диалектілік тіл жүйесі
ГЛОССАРИЙ
ДИАЛЕКТОЛОГИЯ – тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді зерттейтін саласы.
ДИАЛЕКТ – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.
СӨЙЛЕНІС – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. ДӘСТҮРЛІ ДИАЛЕКТІЛІК ҚҰБЫЛЫСТАР –ертеден келе жатқан, көне тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған ерекшеліктер.
ДӘСТҮРСІЗ ДИАЛЕКТІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР – сөйленістерде кейінгі замандарда пайда болған, қоспа ретінде басқа тілдерден енген не кейін жұрнақ пен тіркес арқылы жасалған сөздер
СӘЙКЕСТІ ДИАЛЕКТІЛЕР - әртүрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер.
СӘЙКЕССІЗ ДИАЛЕКТИЗМДЕР – белгілі бір сөйленісте қолданылған сөздердің түрлі географиялық немесе шаруашылық, әдет-ғұрып жағдайларына байланысты басқа сөйленістерде ұғым жағынан сәйкес сөзі болмауы.
ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР – кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, дыбыстардың жуан-жіңішке айтылуымен немесе кейбір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты ерекшеліктер.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР – сөздердің тұлғаларымен, олардың түрленуімен немесе сөздердің тіркесімдік ерекшеліктерімен байланысты.
ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР – бір нәрсенің атауы не оның сын-сапа қимылының әр жерде әртүрлі аталуымен байланысты.
ДИАЛЕКТІЛІК АРХАИЗМДЕР – әр жерде әртүрлі айтылып, кейін бар заттардың ұғымдардың, ескі әдет-ғұрыптардың бірте-бірте жойылуымен байланысты оның аттары да сирек қолданылып, бірте-бірте ұмыт болып бара жатқан сөздер мен сөз тіркестері
1-тақырып. ДИАЛЕКТОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Дәріс мақсаты: «Қазақ диалектологиясы» ғылымының зерттеу нысаны, салаларымен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Диалектология ғылымының зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері.
2. Жергілікті диалектілер, олардың түрлері.
3. Жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы.
4. Жергілікті диалектілер және ұлттық тіл.
Жергілікті тілдік ерекшеліктер – жалпыхалықтық тіліміздің бір аймаққа тән тілдік көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпыхалықтық тіл арнасымен астасып жатады да, кейбір дыбыстық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын территориясы, тілдік материалының көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект 2-3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2-3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді зерттейтін саласы диалектология (диалектос – сөйлеу, сөйленіс; логос – ілім ) деп аталады.
Қазақ диалектологиясының міндеті – қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттеу, оларды топтап, жан-жақты сипаттау. Мысалы: Менің сөзімді әбден тыңлап барып жазғын.
Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз жергілікті жерде басқаша айтылуы мүмкін. Мысалы, қоңсы-көрші, сой-тұқым, оздыру-өткізу.
Әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше нұсқасы кездеседі: үлкен-дырау, нән, нәнбай, дығал, дөкей, әйдік, жоян, ноян, сомбал, шанбол, чоң, шоң.
Диалектілік ерекшеліктер сөздердің дыбысталуында да кездеседі: шәш-шаш, айқыра-айқара, кербаз-кербез, мәртаба-мәртебе.
Сондай-ақ сөз тіркестерінде де кездеседі: зыбан ұру – әлек салу, ілкі әзірде – алғашқы кезде.
Халық я ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер еш уақытта бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болуы жағынан да, жалпыхалықтық әдеби тілге қатысы жағынан да, халық тілінде қолданылуы жағынан да әртүрлі болып келеді. Белгілі бір кезеңде әдеби тіл қабылдап, оның қолданылу нормасына айналып, тұрақталып, жалпыхалықтық сипат алған ерекшеліктермен қатар, әдеби тіл қабылдамай, одан тыс қалып отыратын диалектілік ерекшеліктер, қарапайым сөздер, жаргондар, варваризмдер, кітаби тіл элементтері де бар.
Жергілікті диалектілер дегеніміз – белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің тармақтары.
Жергілікті ерекшеліктер 3 топқа бөлінеді:
1. Фонетикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, дыбыстардың жуан-жіңішке айтылуымен немесе кейбір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты. Мысалы: пысқан-піскен, құлдану-қолдану, маңлай-маңдай, чақыру-шақыру.
2.Грамматикалық ерекшеліктер сөздердің тұлғаларымен, олардың түрленуімен немесе сөздердің тіркесімдік ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы: оңтүстікте бұйрық райдың барғын, келгін тұлғалары кездеседі.
3. Лексикалық ерекшеліктер. Бір нәрсенің атауы не оның сын-сапа қимылының әр жерде әртүрлі аталуымен байланысты болады. Мысалы: иінағаш-әпкіш, күйенте, құрамыс, мойынағаш т.б. Осы 3 топтың сандық арақатынасы тұрғысынан алып қарағанда, лексикалық ерекшеліктердің әлдеқайда басым екені байқалады.
Тілдегі диалектілер мен сөйленістер диалектология мәселелерін шешу үшін ғана зерттелмейді. Оларды танып-білудің тіл тарихын зерттеуде, халық тілінің сөз байлығын меңгеруде теориялық та, практикалық та маңызы зор.
1. Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу процесін, әдеби тілінің даму заңдылықтарын жете түсіну үшін, қазіргі тілдегі жеке категориялардың тарихын зерттеу керек. Бұған қажетті материалдар бұрынғы заманнан қалған тарихи жазба ескерткіштерде, көне нұсқаларда, туыстас түркі тілдерінде және осы күнгі халық тілінің өзінде, оның жегілікті диалектілері мен сөйленістерінде жатыр.
2. Мектепте тілден, әдебиеттен сабақ беретін мұғалімдер үшін диалектологияны білудің практикалық мәні бар.
3. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ тілі сөздіктерін, оның диалектологиялық картасын, атласын жасауға, тіл байлығын жинап пайдаға асыруға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
Диалект, сөйленіс дегеніміз не?
Жергілікті ерекшеліктер қандай топтарға бөлінеді?
Диалектологияны зерттеудің қандай маңызы бар?
Әдебиет:
Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
Т. Айдаров. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1975.
Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.
2-тақырып. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕНІСТІК ТІЛ ЖҮЙЕСІ
Дәріс мақсаты: Диалектілердің тарихи даму жағынан, шығу төркіні жағынан түрлерімен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Қазақ тіліндегі диалектілік және сөйленістік тіл жүйесі.
2. Сәйкесті, сәйкессіз, дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілер.
3. Диалектік құбылыстардың жалпы түркілік сипаты.
Қазіргі тілдердегі диалектілер (сөйленістер) бұл күнге дейін өте күрделі процестерді басынан өткізіп келген. Олар бір кезде негізі бір ру-тайпалық сипатта болып, келе-келе жергілікті сипатқа көшкен.
Тіл жүйесінің негізгі белгілері оның диалектілері мен сөйленістеріне де тән, ал әрбір диалекті мен сөйленіс жүйесінің ерекшеліктері мен тілдік белгілері тұтас тілге және оның диалектілері мен сөйленістеріне тән емес. Мыс, етістіктің –лық, йық бұйрық райы жалпыхалық тілге де, әдеби тілге де, оның сөйленістеріне де тән. Ал оның –лы, лі түрі оңтүстік-батыс сөйленістеріне ғана тән, жалпы ұлттық сипаты жоқ.
2. Сәйкесті, сәйкессіз, дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілер.
Диалектілік ерекшеліктерді тарихи даму жағынан, пайда болу, шығу төркіні тұрғысынан алып қарағанда, оның құрамында көне тілдің сарқыншағы ретінде сақталып қалған ертедегі тайпа тілдерінің қалдықтарын, көнеленген қат-қабаттарын табамыз. Бұдан басқа қазақ халқының әртүрлі дәуірде көрші халықтармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде, ауыс-түйістен пайда болған кірме сөздер де бар. Осыған орай оларды дәстүрлі және дәстүрсіз ерекшеліктер деп екі топқа бөліп қарауға болады.
1. Дәстүрлі диалектілік құбылыстар. Бұл топқа ертеден келе жатқан, көне тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған ерекшеліктер жатады. Мысалы: жандық (ұсақ мал), үріптес (туыстас), сой (тұқым).
2. Дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер. Бұл топқа сөйленістерде кейінгі замандарда пайда болған, қоспа ретінде басқа тілдерден енген не кейін жұрнақ пен тіркес арқылы жасалған сөздер жатады. Оларды ішінара екі топқа бөлуге болады: а) кірме сөздер. Мысалы: шиша, дәліз, пірнәбес; ә) қоғамдық-әлеуметтік өміріміздегі, мәдениет, ғылым, тұрмысымыздағы өзгерістердің ықпалымен тіліміздегі бар материалдар негізінде жасалған сөздер мен тіркестер. Мысалы: тапсырыс (тапсырма, задание), көрсетпе (инструкция), жатыс күні (жексенбі) т.б.
Жергілікті ерекшеліктердің диалектаралық қатысы тұрғысынан, яғни бір ерекшеліктің басқа сөйленісте балама сыңарының болу-болмауы, бір-біріне сәйкес құбылыстың бар-жоғына қарай 2 топқа бөлуге болады:
1. Сәйкесті диалектілер - әртүрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер. Мысалы: оңтүстікте – кемпірауыз, батыста – атауыз, солтүстікте – тістеуік.
2. Сәйкессіз диалектизмдер – белгілі бір сөйленісте қолданылған сөздердің түрлі географиялық немесе шаруашылық, әдет-ғұрып жағдайларына байланысты басқа сөйленістерде ұғым жағынан сәйкес сөзі болмауы мүмкін. Мысалы: оңтүстікте кездесетін қарық, қоларық, қазына арық, көл арық, көтерме арық сияқты ирригациямен байланысты арық атаулары солтүстік қазақтарының тілінде жоқ.
Қазақ сөйленістерінің тіл құрылысын зерттегенде, көңіл аударарлық жайттардың бірі – олардағы көптеген тіл эелементтері қазақтың жалпыхалықтық тілінде, ұлттық әдеби тілінде кездеспегенімен, негізінен алғанда, қазақ тіліне жақын түркі тілдері тобы (қыпшақ, қыпшақ-ноғай) аясынан, ары кетсе жалпытүркілік көлемнен шығып кетпейтіндігінде. Е.И.Убрятованың пікірінше, оның себебі басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінің бір-біріне жақын тайпалық тілдерден құралып, диалектілік жүйесі жете дамымағандығында. «Жалпытүркілік сәйкестіктер шегінен шықпау олардың ерекшеліктеріне тән сипат болып табылады».
Сөйтіп, белгілі бір түркі тіліндегі диалектілік құбылыстардың тек оған көршілес жатқан түркі тілдерінде ғана емес, одан алыс жатқан түркі тілдерінде де кездесуі, генетикалық, типологиялық белгілері бірыңғай түркі тілдерінің туыстық жақындығында, сонымен бірге олардың дамуындағы жалпытүркілік тенденцияларға байланысты екендігін көреміз.
Мысалы, а/ы сәйкестігі қазақ тілінің батыс сөйленістеріне тән (ықпыл – ықпал) құбылыс болумен қатар, түркі тілдерінің әр тобына жататын тілдерге де тән құбылыс. А орнына якут, чуваш тілдерінде ы айтылса, Сібір мен Кавказдағы түркі тілдерінде де осы сәйкестікті көреміз.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Дәстүрлі, дәстүрсіз диалектілік құбылыстар дегеніміз не?
2. Сәйкесті, сәйкессіз диалектілік құбылыстар дегеніміз не?
3. Диалектизмдердің түркі тілдеріне қатысы
Әдебиет:
Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
С. Омарбеков. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы: Мектеп, 1965.
Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.
3-тақырып. ДИАЛЕКТОЛОГИЯДАҒЫ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Дәріс мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі дыбыстық ерекшеліктермен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Диалектологиядағы дыбыстық ерекшеліктер
2. Дауысты дыбыстардың алмасуы.
3. Дауыстылардағы басқа құбылыстар
4. Дауыссыз дыбыстардың алмасуы.
5. Дауыссыздардағы басқа құбылыстар
Қазақ тілі сөйленістерінде қазақ әдеби тіліндегі дыбыстық нормадан аса зор ауытқушылықтар жоқ. Аффрикат ж (дж) дыбысы болмаса, сөйленістердегі дыбыстар сан жағынан әдеби тілдегі дыбыстармен бірдей. Дыбыстық айырмашылықтардың ең бастысы деп дыбыс алмасуларын атауға болады. Дыбыс алмасуына байланысты ерекшеліктерді шартты түрде екі жікке бөліп көрсеткен қолайлы. Олар: дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасуы. Бұлардан басқа фонетикалық сипаттар ерекшеліктер ретінде әдеби тілде жіңішке айтылатын кей сөздердің сөйленістерде жуан, ал жуан айтылатын кей сөздердің жіңішке айтылуы мен үнді, ұяң және дауысты дыбыстар аралығында келген кейбір қатаң дауыссыздардың ұяңдамауы тәрізді құбылыстарды атауға болады. Сол сияқты дауысты, дауыссыз дыбыстардың белгілі бір сөздерде түсірілуі (аферезис, синкопа), кейбір дыбыстардың қосылуы, орын алмасуы (эпентеза, метатеза) арқылы да көрінеді.
Сонымен, сөйленістердің фонетикалық жүйесінде кездесетін диалектілік ерекшеліктер төмендегідей.
1)Дауыстылардың алмасуы
2)Дауыстылыардағы басқа құбылыстар
3)Дауыссыздардың алмасуы
4)Дауыссыздардағы басқа құбылыстар
Дауысты дыбыстардың алмасуы
А/Е. Бірқатар сөздерде Қарақалпақстанда тұратын қазақтар әдеби тілдегі а дыбысы орнына е дыбысын айтады. Қалегенін – қалағанын. Қалегенің осы болса алып кетің. Мақсет – мақсат, бикарга – бекерге.
А/ы. Бұл алмасу Шу, Маңғыстау сөйленістерінде, Ақтөбе облысының Байғанин ауданында тұратын қазақтар тілінде, Семей облысының кей аудандарында кездеседі. Дыбыл – дабыл, жуап – жауап, шатқыл – шатқал, аз – мыз – аз-маз.
О/ұ. Бұл алмасу Шу, Арал, Маңғыстау сөйленістерінде кездеседі. Ұйран – ойран, сұрақы – сорақы, құтару – қотару, құрамсақ – қорамсақ, құрқақ – қорқақ, дұп – доп. Соншалықты сұрақы іске баруға бола ма екен.
Ұ/ы. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы, ШҚ кей аудандары тұрғындарының тілінде кездеседі. Пышық – пұшық, жылын – жұлын, бықтыру – бұқтыру, шыбар – шұбар, ымыту - ұмыту. Төрт қыбыласы түгел.
Ө/Ү. Бұл алмасу батыс сөйленістеріне тән: үрлік – өрлік, үгей – өгей, күміскі – көмескі, бүлдірік – бөлтірік, төнеру – түнеру. Баяғы үшін күмескілене бастапты.
Ы/і. Тірнектеп –тырнақтап, пысқан-піскен, зәлім-залым, іләж-ылаж, т.б
Қарап келші барып пысқан чығар (сен).
Дауыстылардағы басқа құбылыстар.
Эпентеза. Сөзге дауысты дыбыстардың қосылып айтылуы. М: тарамағы-тармағы, сандалама-сандалма, арайлас-аралас, жаурадым –қалжырадым, ағиып-ағып, тасиып-тасып т.б. Су құмырадан ағиып тұр.
Эпитеза. Кейбір сөздердің соңынан дауысты дыбыстар қосылып, қосарланып айтылуы, арза-арыз, дәне-дән, ілгеншек-ілгешек, еңкі әуелі-ең әуелі, инеуі-иіні т.б. Мен саған арза айтқалы келіп тұрғам жоқ. Бұл құбылыс Батыс Қазақстан тұрғындары тілінде кездеседі.
Синкопа. Сөз ішінде дыбыстардың түсіп қалуы: жуап-жауап, абиыр- абырой, бөрен-бөрене, баланысады-байланысады, күсеу-күйсеу, түе-түйе.
Дауыссыз дыбыстардың алмасуы.
Б/м. Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Маңғыстау облыстарында кездеседі. Бауыздау-мауыздау, матыру-батыру, мекіре-бекіре, бейнет-мейнет, мүгін-бүгін, құрман-құрбан, мәртеме-мәртебе, мейірман-мейірбан. Күніңді отбасыңда күймеңдеумен өткізетін болдың-ау.
С/ш. Оңтүстік және батыс сөйленістеріне тән. Тұрмыш-тұрмыс, мүшәпір-мүсәпір, тышқары-тысқары, беш-бес, машқара-масқара, ауышқан-ауысқан, шәрт-серт. Қырманы бірдің шамалы бір.
Т/д. Томалақ-домалақ, тушар-душар, дым-тым, дұрбат-тұрпат, дермен-тиірмен, даярланбау-таярланбау (Орынбор обл.)
Б/П. Батыс сөйленістеріне тән. Пешпет-бешбет, пәтір-бәтір нан, піткеру-бітіру, полат-болат, пал-бал, жібек-жіпек. Тапамызды кеше балалар алып кеткен. (Шымк)
М/п. Пақта-мақта, пашақ-масақ, панай-манай. Жаптың панайы қалың тоғай.
К/г. Гүрес-күрес, гешір-кешір, гілем-кілем, гөбелек-көбелек, күзет-гүзет, бөтеке-бөтеге, теңке-теңге. Гүресте атаң да болса жық.
Ш/ч. Әдетте оңтүстік шығыс сөйленістеріне тән. Чатақ-шатақ, чапқы-шапқы, малчы-малшы, мұнча-мұнша, екінчі-екінші, чикі-шикі. Дөң басында чалдар әңгімелесіп отыр.
Ж/й. Бара йатыр-бара жатыр, баратыр, бұяқта-бұл жақта, сойерде-сол жерде, қайерде-қай жерде. Бұяқта егін жақсы шықты (Оңт. обл-да).
Дауыссыздардағы басқа құбылыстар.
1. Аферезис. Сөз басындағы кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы. Әзір-кәзір, қазір, үрмет-құрмет, әжет-қажет, айран қалу-қайран қалу т.б. Бұл Оңтүстік Қазақстан облыстарының Түлкібас, Сайрам ауд. тұрғындарының тілінде, Шу бойы қазақтарының тіл-е, араб-парсы т-нен енген сөздерде кездеседі.
2. Эпентеза. Сөздерге дауыссыз дыбыс қосылып айтылуы. Шоршып-шошып, суғару-суару, құмған-құман, заһар-зәр, һардагер-ардагер, һәулет-әулет, һәл-әл. Оңтүстік облыстарда кездеседі.
3. Синкопа. Сөз ортасында кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы. Ұсармын-ұқсармын, уқалау-уалау, жантаспа-жақындаспа, бәсі-бағасы, боған-болған, уақия-уақиға, тақан-талқан, қамауы-қалмауы.
4. Метатеза – сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмасуы, не буынның өзара алмасып келуі. Айлану-айналу, тәпкіш-тәптіш, екші-ешкі, дайра-дария, қапқыш балық-қақпыш балық, мәниға-мағына, әпке-әкпе, өпке-өкпе, сепкіл-секпіл, тексеру-тескеру, құрмысқа-құмырсқа.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Фонетикалық ерекшеліктер дегеніміз не?
2. Дауыстыларға байланысты құбылыстарды ата.
3. Дауыссыздарға байланысты құбылыстарды ата.
Әдебиет:
Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.
С. Омарбеков. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы: Мектеп, 1965.
Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.
С. Омарбеков, Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы: Мектеп, 1985.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
4-тақырып. ДИАЛЕКТОЛОГИЯДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Дәріс мақсаты: Қазақ диалектіліктеріндегі лексикалық ерекшеліктерді сипаттау.
Сұрақтар:
Аймақтық лексиканың зерттелу тарихынан.
Лексикалық диалектизмдер және олардың түрлері
Диалектілік ерекшеліктердің түрлі лексикалық топтарға қатысы.
Қазақ диалектологиясы тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда кейін пайда болған сала. Диалектілерді, сөйленістерді зерттеу ісі 1940-жылдардан бастап қана қолға алына бастады. Бұл салада алғаш еңбек жазғандар С.А.Аманжолов пен Ж.Д.Досқараев болатын. Осы екі ұстаз ғалымдарымыз алғаш рет материал жиып, оларды бір ізге түсіріп, диалектологиялық сөздік жасаумен ғана шектелмей, қазақ диалектілерінің классификациясы, әдеби тіл негізі т. б. теориялық мәселелер жөнінде өз пікірлерін айтқан еді. Профессор С.Аманжолов ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында осы пәннен лекция оқып, кадр дайындау ісіне мол үлес қосты. Диалектологиялық экспедициялар ұйымдастыруға, диалектологияның проблемалық мәселелерін көтеруге тікелей араласып ат салысты. Революциядан бұрынғы нұсқалардан, халық ақындары мен қазақ тілінде шыға бастаған аудандық газеттерден қыруар лексикалық материал жинауда көп еңбек сіңірді. Оның 1959 жылы шыққан «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді. Осы еңбегінің соңында берілген диалектологиялық сөздігінде лексикалық материалдар мол қамтылған. Бұл сөздік 4000 сөзді қамтиды. Реестрдегі әрбір сөз орыс тіліне аударылып, жеке тіркестер реестрлік сөз ретінде алынған.
Диалектологияға көп еңбек сіңірген тіл мамандарының бірі – доцент Ж.Досқараев. Ол диалектологиядан тұңғыш рет мақала жазып, монографиялық еңбек шығарған ғалым. Ж.Досқараевтың 1955 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» атты еңбегінде екі мыңға жуық сөз қамтылып, мағынасы ашылған. Автор сөздердің тек мағынасын ғана түсіндірмей, олардың басқа тілдердегі баламаларын тауып, салыстырмалы-тарихи әдіс тұрғысынан қарастырады, көптеген сөздердің этимологиясын ашып, көп мағыналылығын сөз етеді. Біраз сөздердің шығу төркіні жайлы да қызықты деректер бар.
Сөйленістер лексикасын арнайы зерттеуге арналған еңбектердің бірі- Т.Айдаровтың «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» атты монографиясы. Бұл еңбекте сөздерді лексика-семантикалық топқа бөлу, көнерген, кірме, омоним, синоним сөздер сипатталуымен қатар жергілікті сөздердің фразеологиялық тіркестер, қосалқы есімдер құраудағы ерекшеліктері сөз етіледі.
Ғ.Қалиев 1985 жылы «Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру» деген еңбегінде қазақ сөйленістері тіл жүйесінің сипаты мен диалектілік сөз тұлғалары, қазақ сөйленістеріндегі сөз тудыру мәселелері т.б. сөз етіледі.
Ә. Нұрмағамбетов 1985 жылы жарық көрген «Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні» атты сөздігінде 220-дан астам сөздердің шығу тегін, тарихын, төркінін, бастапқы мағынасын ашуға тырысқан. Автор диалектілік сөздердің этимологиясы жайлы едәуір мәлімет береді.
1969 жылы бір топ диалектологтар көлемі 27 баспа табақ 6000-нан астам сөзді қамтитын диалектологиялық сөздік құрастырды. Осы сөздікті құрастыру үстінде С.Аманжолов пен Ж.Досқараевтың сөздіктерінен басқа Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының диалектология бөлімінің қорындағы лексикалық материалдар және диалектология бойынша қорғалған кейбір диссертациялық еңбектегі материалдар пайдаланылды.
Сөйтіп, бұл қысқаша шолудан диалектологиялық еңбектерде сөйленістердегі лексикалық ерекшеліктердің зерттелуіне едәуір көңіл бөлінгенін көреміз.
Лексикалық диалектизмдер және олардың түрлері.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді әр тұрғыдан топтауға болады. Мысалы: олар тарихи тұрғыдан, түп төркіні жағынан бірнеше топқа бөлінеді. Таралу аумағы, құрылысы жағынан немесе ерте не кеш пайда болу жағынан да диалектизмдерді топқа бөліп жіктеуге болады. Ең алдымен жергілікті ерекшеліктер үш топқа бөлінеді: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.
Құрамына қарай диалектілік лексиканы төмендегі топтарға бөлуге болады:
1. Түбірлі диалектизмдер. Сой (тұқым), лұт (өте), тәр (дәстүр), сүген (балықтың түрі), пес (сараң), пәт (қарқын, екпін), нән (зор, үлкен).
2. Туынды диалектизмдер. Бұл топтағы сөздер диалектілік немесе әдеби сөздердің негізінде жұрнақ жалғау арқылы жасалады. Жасалу жағынан олар ішінара екіге бөлінеді:
а) Диалектілік сөз + әдеби жұрнақ. Мысалы: шек + кі (таразы), нөкөс –тік (ақмақтық), көпене –ші (шөмеле жиятын адам), пісент –ті (ұқыпты).
ә) Әдеби сөз + әдеби жұрнақ. Теп +пе (баспалдақ), жар+ла (жариялау), жұмыс+та (жұмыс істе).
3. Тіркестік диалектизмдер.
а) Құрамында диалектілік сөзі бар тіркесім. Мысалы: дәрпі кету (әйгілі болу), тырпысын шығару (тас талқанын шығару).
ә) Құрамында диалектілік сөзі жоқ, тұтас әдеби тілдегі сөздердің өзара тіркесі арқылы жасалған тіркестер. Мысалы: жұмыс жасау (жұмыс істеу), бір мойын жер (ширек гектар жер), жер шығып кетті (жер құрғап кетті).
4. Семантикалық диалектизмдер. Бүл топқа әдеби тілде бір мағынада, жергілікті жерде екінші мағынада немесе әдеби тіл мағынасын сақтай отырып диалектілік мағынада жұмсалатын сөздер жатады. Мысалы: әке сөзі әдеби тіл мағынасын сақтай отырып, Жетісуда, Семей облысының кейбір аудандарында «шырағым», «қарағым» мағынасында қолданылады. Әдеби тілдегі жағымды мағынада қолданылатын әжептәуір сөзі Орал облысының Орда, Жәнібек аудандарында керісінше «нашар» мағынасында қолданылады.
5. Лексика-фонетикалық диалектизмдер. Бұл топқа құрамында фонетикалық ерекшеліктері белгілі бір заңдылыққа бағынбайтын, тек сол сөзде ғана кездесетін ерекшеліктер жатады. Мысалы: диуал / дуал (балшықтан жасалған қоршау), ашты (ащы), кеуіл (көңіл).
6. Жиілік диалектизмдер. Бұл топқа Қазақстанның бір өңірінде жиі екінші өңірінде сирегірек айтылатын сөздер жатады. Мысалы: оңды деген сөз оңтүстік өңірден гөрі орталық-солтүстікте жиірек айтылады (оңды болды, оңды адам).
Диалектілік ерекшеліктердің түрлі лексикалық топтарға қатысы
Тіліміздегі варваризм, кітаби лексика, тосын сөздерден (окказиональные слова) аймақтық лексиканың негізгі айырмашылығы – диалектизмдердің таралуында белгілі бір изогластық шек болады, олар әдеби тіл лексикасына жатпайтын тек белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Лексикалық ерекшеліктерге байланысты еңбектерді ата.
2. Диалектілік лексика құрамына қарай қалай бөлінеді?
3. Диалектілік ерекшеліктерден басқа әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын қандай құбылыстар бар?
Әдебиет:
Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
Т. Айдаров. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1975.
Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.
Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.
5-тақырып. ДИАЛЕКТІЛІК ЛЕКСИКА, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дәріс мақсаты: Диалектологиядағы сөз мағынасына байланысты құбылыстармен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Омонимдер.
2. Антонимдер мен омоантонимдер.
3. Синонимдер, дублеттер, варианттар.
4. Көп мағыналы сөздер.
5. Табу және эвфемизмдер.
Омонимдер. Қазақ әдеби тілдегі сияқты бір-бірімен тұлғалас, бірақ мағына жағынан үйлеспейтін омоним сөздер көп кездеседі. Мысалы: көтерме сөзі Арқа қазақтарында көмек, асар, жәрдем мағынасында қолданылса, Сыр бойында, Шымкент облыстарда ой жерден жүргізілген, топырақпен көтеріп жасаған арықтарды айтады. Ақыр сөзінің әдеби тілдегі зекіру мағынасына қосымша қыста қардан жасалған қораның ық жағындағы қар түсіртпей тазалап тұратын алаңды да білдіреді. Ал бұл сөздің басқа омонимдік қатарлары да бар. Оңтүстік алқапта малға шөп салатын орын, оттық; Ақтөбе тұрғындарында – кірпіш құю үшін қазылған жер. Баспа сөзінің әдеби тілдегі кітап шығаратын орынмен қатар, орталық-солтүстікте шөп жинайтын машинаның педалін де айтады. Осы сөз Түрікмен, Орынбор қазақтарында баспалдақ, Жамбыл облысында есіктің ілгегі. Алматы облысында текемет, көйлек жиегіне салатын өрнек мағынасын білдіреді.
Антонимдер мен омоантонимдер
Қазақ сөйленістерінде бір-біріне қарама-қарсы мағынада жұмсалатын антоним сөздер көп кездеседі. Әдеби тілге қатыстылығына қарай тіліміздегі антонимдер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Таза диалектілік антонимдер. Сыңарларының бәрі де сөйленістегі сөздерден құралған антонимдік қатарлар.
Дырау, нән (үлкен) – күйттей, шікідей (кішкентай)
Субайлы (әдепті) – сімсіз (әдепсіз)
Сәлекей (аз) – күдер (мол, көп).
2. Әдеби-диалектілік антонимдер. Антонимдік қатардағы сыңарларының бірі – әдеби сөз, екіншісі диалектілік сөздерден құралған қатарлар: Керім, әйбәт-жаман, кішкентай-нән, дырау, тәуір-тақыл.
3. Таза әдеби антонимдер. Сыңарларының бәрі түгел әдеби сөздерден құралған қатарлар. Үлкен-зор, дәу, жаман-жақсы, биік-аласа.
Синонимдер
Қай тіл болмасын белгілі бір заттың не ұғымның бірнеше атпен аталып, бірнеше вариант күйінде айтылуы себепсіз, жай бола салған құбылыс емес. Қазақ сөйленістерінде де тұлғасы әртүрлі, бірақ мағынасы бір-біріне жақын сөздер мол.
Әдеби тіл мен диалектілік лексика өзара тығыз байланысты. Кейде олардың арасына меже қою қиын. Өйткені әдеби тілдің қалыптасу барысында бір ерекшеліктер әдеби тілге еніп, оны байытып жатса, енді бірқатар аймақтық сөздер әдеби тілді шұбарлап, оның нормалануына кедергі жасайды. Көптеген варианттық сыңарлар әдеби тілде қатар қолданылып жүргендіктен, олардың әдеби варианттары осы күнге дейін анықталмай келе жатыр.
Тіліміздегі вариант, дублеттер тіл категориялар тұрғысынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық болып үшке бөлінеді:
1. Фонетикалық дублеттер. Залым (зәлім), құдағи (құдағай), сүйінші (шүйінші), жаутаңдау (жәутеңдеу) т.б. Бұл дублеттердің әрбір сыңары бір-бірінен фонетика жағынан яғни жеке дыбыстардың түрліше дыбысталып айтылуы арқылы бөлектенеді.
2. Лексикалық дублеттер. Бұл топқа сыңар сөздердің әрбір компоненті дыбысталу жағынан бір-біріне ұқсамайтын сөздер жатады: иіс су / әтір /иіс май, су ағаш / иінағаш / күйенте т.б.
3. Грамматикалық дублеттерге бір-бірінен қосымша арқылы ерекшеленетін сыңарлар жатады: барасыз / барасыңыз, барғым жоқ / барғым келмейді, жатқан / жатырған т.б.
Көп мағыналы сөздер
Қазақ сөйленістерінде көп мағыналық (полисемиялық) құбылыстар өте жиі кездеседі. Бір сөйленісте бір мағынада қолданылатын сөз екінші сөйленісте басқа мағынада, тіпті кейде қарама-қарсы мағынада қолданылуы мүмкін. Немесе сөз сөйленісте әдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, қосымша диалектілік мағынада қолданылуы мүмкін. Мысалы: Сарымсақ сөзі әдеби тілде чеснок мағынасында жұмсалса, орталық-солт. қазақтарының тілінде пияз мағынасында жұмсалады.
Тас етістігі әдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, «кірпіш» мағынасында да жұмсалады. Мыс: Биыл 20000 тас соғып, тұрғын үй салу ойымызда бар (Орал. Жәнібек). Кейде әдеби тілде бір-ақ мағынада жұмсалатын сөздің сөйленістерде мағынасы кеңейе түседі. Мысалы: пәс сөзі әдеби тілде пәс адам түрінде тек адамның мінезімен байланысты қолданылса, Шымкент, Жамбыл облысының кейбір аудандарында әдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, оның үстіне пәс стол, пәс орындық, пәс ағаш дегендей, аласа мағынасында да айтылады. Мысалы: Мына ағаш пәс екен (Шымк, Сайр).
Табу және эвфемизмдер
Сөйленістерде кездесетін кейбір заттық атаулар жергілікті халықтың әдет-ғұрпындағы, тұрмыс-салтындағы ерекшеліктермен байланысты болып келеді. Табу (полинезия сөзі) – кей сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тыйым салу. Ең көп тараған табу адам есімімен байланысты: туыстардың атын айтуға тыйым салынған, сондай-ақ құдай, патшаның атын айтуға тыйым салынған. Ақсақалдық-феодалдық дәуір өктемдік еткен заманда қазақ әйелдеріне өзінің ерінің атынан бастап күйеуінің жақын-туысқандары мен оның ата-бабаларының аттарын атауға тыйым салатын ат тергеу деп аталатын дәстүр болған. Ақсақалдық сана тудырған талапты қанағаттандыру үшін әйелдер аты тергелетін адамның атын жанама, қосымша шартты сөздермен атауға тиіс болатын. (Сегізбай деудің орнына Екітөрт, Жолдыбек деудің орнына Соқпақ).
Әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа байланысты айтылатын сөздердің бірі–эвфемизмдер. Эвфемизмдер – (гр – ев – жақсы, феми – сөйлеу) эмоция жағынан бейтарап сөздер, құлаққа ерсі естілетін сөздердің синонимдері ретінде жұмсалады. Эвфемизмдер негізінде этнографиялық құбылыстар, бірақ олардың тіл мәдениетіне тікелей қатысы бар. Эвфемизмдердің жасалуының тағы бір айғағы – өлікті құрметтеу, ол туралы жарамсыз сөздер айтпау дәстүрінен шыққан. Мысалы: өлген адамның қойылатын жері – мола, көр, бейіт, қорым сияқты сөзді айтуға тыйым салудан келіп, әулиешілік, қойымшылық сөздерін жиі қолданған. Сондықтан ондай сөздерді жергілікті халық жиі қолданып, сөздік қорына енгізіп, синонимдік қалыпқа дейін жеткізген. Мыс: өлді, қайтыс болды деудің орнына шетінеді делінеді. Ол Қазақстанның көп жерінде қолданылады. Ауру аттарын да тергеп айтады: қызамық - қызылша дегенді білдіреді.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Диалектілік омонимдер мен антонимдер дегеніміз не?
2. Синонимдер, дублеттер, варианттар дегеніміз не?
3. Диалектілік полисемия дегеніміз не?
Әдебиет:
Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.
С. Омарбеков. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы: Мектеп, 1965.
Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.
С. Омарбеков, Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы: Мектеп, 1985.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
6-тақырып. ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ТОПТАРЫ
Дәріс мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі лексикалық ерекшеліктердің тақырыптық түрлеріне тоқталу.
Сұрақтар:
1. Диалектілік неологизмдер мен архаизмдер
2. Тұрақты сөз тіркестері
3. Семантикалық ерекшеліктер
4. Сөйленістегі лексикалық ерекшеліктер
5. Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер
6. Заттардың түр-түсін, сыр-сипатын білдіретін сөздер
7. Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер
Диалектілік неологизмдер мен архаизмдер
Жергілікті халық тілінде кездесетін ерекшеліктер, сөйленістік сөздер қоғамдық-экономикалық өмірдің бүкіл барысында, әртүрлі кезеңдерге байланысты пайда болған, әртүрлі дәуір туғызған тілдік құбылыстар, белгілі бір кезеңде не дәуірдің сан-алуан өмір шындығының көрінісі ретінде сақталған тілдік факторлар. Тілдің даму барысында басынан кешкен жайлардың ізі ретінде сақталған осы сияқты тіл құбылыстарының бірі көнерген сөздер. Көнерген сөздердің 2 түрі бар.
1. Әдеби архаизмдер. Тілімізде бір кезде жаппай қолданылып, кейін саяси-әлеуметтік, кейбір әдет-ғұрып, мәдени-тұрмыстық жағдайлардың өзгеруімен байланысты сирек аталатын сөздер. Мысалы: би, болыс.
2. Диалектілік архаизмдер. Бұл топқа әр жерде әртүрлі айтылып, кейін бар заттардың ұғымдардың, ескі әдет-ғұрыптардың бірте-бірте жойылуымен б-ты оның аттары да сирек қолданылып, бірте-бірте ұмыт болып бара жатқан сөздер мен сөз тіркестері жатады. Бұларға Маңғыстау қазақтарының қыз ұзату, келін түсіру әдетімен байланысты айтылытын: алапа (кәде), дойыр жығар (күйеудің қыз жеңгелеріне беретін кәдесі), революциядан бұрын қолданылған: ақұн (молда), қоңылшы (қотаншы, мал баққан адам), жауынгерлікке байланысты жаншы (жансыз), шамшар (сауыт), алым-салыққа байланысты дәлдір (күміс ақша), кежекей (түтін салығы) және т.б. сөздер жатады.
Әбдіре/әбдыра –зат бұйым салуға арналған үлкен сандық. Бұл сөз көптеген тілде бар. Парсы тілінде шыны аяқ салатын қоржын.
Боқша-матадан, киізден тоқылған немесе алашадан істелген кір салатын қалта, кей жерлерде оқушының кітап салатын қабы. Балалар боқша арқалап мектепке бара жатыр.
Ұлама-білгір, көп оқыған көп білетін ғалым адам (Өзбекстан қазақтарының тілінде).
Ж.Досқараев Қызылорда обл. Қазалы тұрғындарының тілін зерттеуге арналған мақаласында дегмент (күміс белбеу), ұша төс (сүбелі төс), нашар бала (қу бала), тайжақы, серке т.б. сөздердің сирек айтылатын көнерген сөздер тобына жататынын айтады. С.Омарбеков құрамындағы кейбір сөздер жеке қолданылмайтын мақы жібермеу (қапы жібермеу), тән-тән болу (дал болу), тақыр-тұлым ақыртатпай ( түк жоқ) сияқты сөз тіркестерін келтіреді.
Неологизмдер. Көнерген сөздердің айтылудан шығып қалуы н/е пассив сөздіктің құрамына ауысуы қандай заңды құбылыс болса, соған қарама-қарсы белгілі бір заттарға, құбылыстарға, жайларға б-ты тыңнан сөз пайда болуы да сондай заңды құбылыс. Бұлар жаңа сөздер– неологизмдер. Бұлар Кеңес өкіметі тұсындағы өзгерістерге б-ты актив сөздігіміздің қатарынан сүбелі орын алған сөздер.
Мысалы, ауызекі тілде айтылатын, бірақ әдеби тілімізде жоқ жаргазет-қабырғагазет, базар күн –демалыс күн, жарлау-хабарлау, сүзеуік-бульдозер, тікаяқ–стакан сияқты сөздердің бар екенін байқаймыз. Сөйленістегі тіркестер қалпында кездесетін баян жазу–шығарма жазу, байрақ алу–бәйге алу, іске көтеру–қызметке орналастыру, жауап алу–рұқсат алу, қош шегу–қол қою, суретке алу–суретке түсіру т.б. сөз тіркестері кездеседі.
Батыс өңірлерде қатерлеу– хабарлау, жазбалы ретінде – жазбаша түрде, жұмыстау – жұмыс істеу, толықтай – толық сияқты кеңсе тіліне тән жазбаша сөз саптау үлгілері бар.
Сөйленістердегі жаңа сөздердің дені орыс тілінің әсері негізінде пайда болған. Мыс, жаргазет, отырыспа т.б. сөздер орыс тілінен калька жолымен алынған сөздер.
Тұрақты сөз тіркестері
Диалектологиялық еңбектерде келтірілген сөйленістегі фраза оралымының жасалу жолдары, оның түрлері әдеби тілдегімен бірдей болып келеді. Сөйленістегі сөз тіркестерінің әдеби тілден айырмасы, ерекшелігі олардың құрамындағы сөздерге б-ты. Көптеген сөз тіркестерінің құрамында әдеби тілде жоқ сөздерді кездестіруге болады. Ол сөздердің өзді-өзінің тіркесуі арқылы да, әдеби тілдегі белгілі сөздермен тіркесуі арқылы да бұрын белгісіз сөз тіркестері жасалады.
1. Кей сыңарларының лексикалық мәні түсініксіз сөз тіркестері.
Тән-тән болу–дал болу, басы қату, пәлеті жоқ– құнтсыз, ыждағатсыз. Баз кешу–күдер үзу, үміт үзу.
Қыпы қану –құмары қану, құмардан шығу. Метел қылу–кесел жасау. Жұмысқа метел қылма. Пысы жату– құр сүлдері жату, хал үстінде жату.
2. Сыңарларының лексикалық мәні айқын сөз тіркестері. Тасбақаның аузынан шөп алған – айлакер, қу, сұм. Төрт аяғы алаяқ, маңдайы қасқа – сегіз қырлы, бір сырлы. Итке тышқан мысықтай–сүтке тиген күшіктей.
Дән қою–алдау, мұзға отырғызу. Қап, мынаның дән қойып кеткені-ай! Қойға келген ешкідей–жатырқау, жат көру. Ауыздап жіберу– дауыстап жіберу (Маңғ). Аяқ үстінде–жүріп, жол-жөнекей, жанды өлтіру–мал сою. Жерге арқан ұру– малсыз, түксіз қалу.
Семантикалық ерекшеліктер
Лексикалық ерекшеліктердің ішінде сөздің семантикасы, мағынасына байланысты құбылыстар жиі кездеседі. М: бір сөздің өзі бір өлкеде бір мағынада, екінші өлкеде екінші мағынада жұмсалуы мүмкін. М: араб-иран тілдерінде «кесе, бокал» мағынасында жұмсалатын пияла сөзі қазақ тіліне еніп, әртүрлі мағынада жұмсалып кеткен. Орталық-солтүстік сөйленістерде керосин шамының шынысын атау үшін, ал оңтүстік сөйленістер тобында бұл сөзді шай ішетін кесені атау үшін қолданады.
Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер
Сөйленістегі лексикалық ерекшеліктердің ішінде сан жағынан ең жиі ұшырайтыны – заттар мен құбылыстардың атын білдіретін сөздер. Олар өз ішінен бірнеше шағын топқа бөлінеді.
1. Үйге, үй құрылысына, үй шаруашылығына байланысты сөздер:
2. Туыстық атауларға байланысты сөздер
3. Тағам атауларын білдіретін сөздер
4. Тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ойын-сауыққа байланысты сөздер
5. Киім-кешекке байланысты сөздер
6. Ыдыс-аяқ атаулары
Заттың түр-түсін сын-сипатын білдіретін сөздер
Қазақ тілі сөйленістерінде кездесетін лексикалық ерекшеліктердің енді бір тобы заттар мен құбылыстардың сынын, сыр-сипатын, түрлі сапалық қасиеттері мен белгілерін білдіретін сөздер.
1.Адамның түрлі рухани, физикалық қасиеттерін білдіретін сөздер.
Мәтөк – кербез (Атырау), шіленгер –шебер, ісмер (Маңғыстау).
2. Түрлі сапалық белгіні білдіретін сөздер
Сабу – саябыр баяу, оқсаулы – тәуір, оңды, лайқат –лайық, арзу –ынтық, ынтызар, жабық – семіз, дырапа – үлкен, жуан ағаш, патырас– лас, кір.
Қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер
Жергілікті халық тілінде көлем жағынан алғанда зат пен құбылыстың сынын білдіретін сөздермен шамалас келетін ерекшеліктердің бірі – іс-әрекет пен қимылға алуан түрлі қозғалысқа байланысты сөздер. Аяздап қалдым – салқын тиіп ауырып қалу, дағыту – тарату, отарласу–отасу, сәмсіреу –әлсіреу, тәртіптеу – баяндау, шөлкемдестіру – ұйымдастыру, құтару – тауысу, ауқамдасу –әңгімелесу, тәнжіреу – шаршау, қалжырау.
Әдебиет:
Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.
С. Омарбеков. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы: Мектеп, 1965.
Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.
С. Омарбеков, Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы: Мектеп, 1985.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
7-тақырып. ҚАЗАҚ СӨЙЛЕНІСТЕРІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕР
Дәріс мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі кірме сөздермен таныстыру.
Сұрақтар:
1.Қазақ сөйленістеріндегі кірме сөздер
2.Орыс тілі арқылы енген сөздер.
3.Араб, иран тілдерінен енген сөздер
4.Монғол тілдерінен енген сөздер
5.Түркі тілдерінен енген сөздер
Қазақ сөйленістеріндегі кірме сөздер
Қай тіл болмасын, оның сөздік құрамында басқа тілдерден енген сөздер де кездесіп отырады. Мұның өзі белгілі бір тарихи жағдайлар, көп жылдар бойы болып келген қарым-қатынас нәтижесі.
Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар, әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы: Өзбекстанмен түйіс жатқан Шымкент облысы тұрғындарының тілінде өзбек тілінен ауысқан сөздер көп. Қырғызстанмен шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер кездеседі. Жетісудың шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр тілі әсер етсе, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт тілдері әсер еткен. Тіліміздегі кірме сөздерді әдеби тіл дәрежесінде және сөйленіс дәрежесінде қолданылатын сөздер деп екіге бөліп қарау керек.
Орыс тілі арқылы енген сөздер
Тіл мамандары орыс тілінен ауысқан сөздерді Қазан төңкерісіне дейінгі және төңкерістен кейінгі енген сөздерді де екі дәуірге бөліп қарастырады. Сан жағынан молы да, көбі де төңкерістен кейінгі кездегі күнделікті өмір қажетіне сай қабылданып жатқан ғылым, техника, шаруашылық, мәдениет салаларына байланысты сөздер. Мысалы, Көкшетау облысы Щучинск Еңбекшілдер аудандары тұрғындары тілінде жеңіл шана орнына қашауа – кошевка, бәкінің бір түрін білдіретін забиял –Завьялов зауытының қойылған, тәрте орнына оғлоп-оглобля, етік кремі орнына айтылатын бәкіс –вакса, бас орамал орнына қолданылатын кәстеңке – косынка, шәркей орнына қолданылатын шабата – чобот сөздері кездеседі. Қарағанды экспедициясының материалдарынан қылауыз – өсекші, кляуза, декабріс – декабрь айында туған мал, бурус – төрт қырлы ағаш, брусья, шолан –ас үй, чулан тәрізді сөздерді кездестіреміз.
Араб, иран тілдерінен енген сөздер
Оңтүстік сөйленістерінде мынадай араб, иран сөздері кездеседі: кәшек, ақыр, зуала, дәліз, айуан, бадыраң, дәсте, дуал, жанан, қоза, қыш, мұрап, наубайхана т.б. Бұлар басқа сөйленістерде кездесе бермейтін оңтүстікті жеке бөліп тұратын өзгешеліктер.
Монғол тілдерінен енген сөздер
Монғол тілдерінің қазақ әдеби тіліне де диалектілерге де тигізген әсері шамалы. Егер қазақ сөйленістерінде қазақ пен монғолдарға ортақ сөздердің барлығын монғол элементтері деп қарасақ, онда аяқ алып жүре алмаймыз, мәселен, әдеби тілдегі қап-қара, сап-сары, маңдай, құйқа, бауыр, қал сияқты сөздердің монғол тіліндегі хав-қар, шап-шар, магнай, хұйх, боор, хал деген баламаларына қарап, олардың бәрін монғол тілінен енді деуге сене қою қиын. Ол әлі дәлелдеуді керек етеді. Ж.Болатов Монғол Халық Республикасының Баян-Өлгей қазақтарының тілін сипаттауға арналған мақаласында төмендегі сөздерді монғол тілдерінен енген элементтер деп есептейді. Лоңқа – бөтелке, монғолша лонх, дөңсе – махоркадан орап тартатын шылым (дунс), бақчы – ұстаз (бахч), домбы – шәйнек, монғолша домбо.
Түркі тілдерінен енген сөздер
Түркі тілдерінің әсері көбінесе, Қазақстанмен көрші түркі тілді республиканың түйіскен жеріндегі сөйленістерде кездеседі. Мысалы: Өзбекстанмен шектес Шымкент облысындағы сөйленістерде өзбек тілі арқылы енген элементтері көп кездеседі. Мысалы: жүдә – өте, пісте – күнбағыс, мейман – қонақ. Осы өлкеде ұйғыр тілінен енген көмбеқонақ – жүгері, қалаймақан – ретсіз, асбузыл – асхана, қырғыз тілінен енген таеке – нағашы, майана –жалақы, чыбыр сөздері кездеседі.
Маңғыстау сөйленісінде қарақалпақ, түркімен тілдерінен енген төмендегі сөздерді келтіруге болады: ашар – кілт, түркіменше – ачар, жіптік –кішкене қысқаш, түркіменше – жіптик, дәп – әдет, жалатай – алдамшы.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Орыс тілі арқылы енген сөздер Қазақстанның қандай өңірлерінде кездеседі?
2. Араб-иран тілдерінен енген сөздер қай өлкеде мол?
3. Моңғол тілінен енген сөздер қай сөйленісте кездеседі?
Әдебиет:
Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.
Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.
Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.
Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
Т.Айдаров. Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии. Алматы: Рауан, 1991.
Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.
ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЙЛЕНІСТІК ТОПТАРҒА
ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕР
ГЛОССАРИЙ
ДИАЛЕКТІЛІК КӘСІБИ СӨЗДЕР – жергілікті жерде әралуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасқан заттардың, өндіріс еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атаулары
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР – грамматикалық категориялардың ішіндегі кейбір тұлғалардың түрленуі.
СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР – кейбір септік жалғаулардың сөйлемдегі қызметімен және сөз тіркестерімен байланысты құбылыстар.
ШЫҒЫС СӨЙЛЕНІСТЕР ТОБЫ – Қазақстанның шығыс өңірін және Моңғолия, Қытай Ресейдегі Қошағаш қазақтырының тілін қамтиды.
ШЫҒЫС СӨЙЛЕНІСТЕР ТОБЫ – Қазақстанның батыс өңірін және Қарақалпақстан, Түрікменстан қазақтарын тілін қамтиды.
ОҢТҮСТІК СӨЙЛЕНІСТЕР ТОБЫ – Қазақстанның оңтүстік өңірін және Өзбекстан, Тәжікстан қазақтарының тілін қамтиды.
ОРТАЛЫҚ-СОЛТСҮТІК СӨЙЛЕНІСТЕР ТОБЫ – Қазақстанның орталық-солтүстік өңірін қамтиды.
СҰРАҚ ҚОЮ ТӘСІЛІ – көбінесе лексикалық материал жинауда (шаруашылыққа, әр түрлі затқа, т.б. байланысты) не бұрын алынған материалдың мағынасын, айтылуын анықтау қажет болғанда пайдаланылады.
ФОНЕТИКАЛЫҚ ТРАНСКРИПЦИЯ – диалектологиялық жазбада тілдік ерекшеліктер мүмкіндігінше айтылған қалпында дәл берілуі .
ДИАЛЕКТОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА – белгілі территориядағы сөйленіс я диалектінің барлық ерекшеліктері түсірілген карта.
8-тақырып. ДИАЛЕКТІЛІК СИПАТТАҒЫ КӘСІБИ СӨЗДЕР
Дәріс мақсаты: Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздермен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Балық кәсібіне, теңізге байланысты сөздер.
2. Бау-бақша егісімен байланысты сөздер.
3. Ирригацияға байланысты сөздер.
Кәсіби сөздер жергілікті жерде алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасады. Соларға байланысты заттардың, өндіріс еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атауларын білдіреді.
Балық кәсібіне,теңізге байланысты сөздер
Үкі – қыста мұзды ойып су алатын, ау салатын жер. Аққылтық – шортан балық, бояқ – қалтқы, бекіре – бекіре, қақпыш балық – кептірілген балық, жылын – ау, теңізге ғана салынатын аудың түрі.
Қарақалпақстан қазақтарының тілінде торта – қаракөз балық –вобло, таутан – сазан, Балқаш, Каспийде – көксерке, Аралда – тісті. Сүзекі –сөкі-жылым, Балқаш. Итерқұл – балықты араластыратын құрал. Әттік – қармақтың тілі. Бөкпен – балықтың майлы сорпасына пияз, бұрыш қосып, нан турап, бөктіріп істейтін тамақ.
Бау-бақша егісімен байланысты сөздер
Алматы облысы дарбыз – қарбыз, жегелек – сары қауын, келімдәрі – қызыл бұрыш, чемішке – күнбағыс. Жамбыл облысы бадыраң – бәдірен –бадыраң – бәдірең – қияр, күнгебағар – күнбағыс, қозықұлақ – саңырауқұлақ.
Шымкент облысы аскелді – асқабақ, жоңырышқа – жоңышқа, пақта – мақта, пәмілдәрі – помидор, керем – кәрәм – капуста.
Орал облысы алашағу – күнбағыс, балмұрын – итмұрын, ботташық –картоп. Қостанай обылыс алақұрт – күнбағыс, бәрәңгі – картоп, өгіршік –қияр, шеттеуік – күнбағыс.
Семей, Шығыс Қазақстан облысы қауын – қарбыз, әгүршік –қияр, чекілдеуік – күнбағыс, рауағаш – рауғаш т.б.
Орталық және солтүстік Қазақстан облысы картопия –картоп, қоқыраз –жүгері, патсөндік – күнбағыс, сарымсақ –пияз.
Ирригацияға байланысты сөздер
Бұл атауларға әсіресе, оңтүстік, шығыс өлкелер бай. Ирригацияға байланысты сөздердің басым көпшілігі басқа кәсіби сөздер сияқты әдеби тіл лексикасының баюына аса қажетті.
Қолшық – кішкене арықшалар (Жамбыл), оман арық – үлкен бас арық (Қарағанды), қарық – ұсақ арық, бақша ішіне жіберілетін кішілеу арық (Қызылорда), жер суы – егіндік жерді жыртпастан бұрын берілетін су (Алматы облысы).
Бір иін су – жарты күндік су. Қыстам – келесі жылы егін егілетін дайын жер (Қарақалпақ қазақтары тілінде).
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Диалектілік кәсіби сөздер қандай топтарға бөлінеді?
2. Мақта шарушылығына байланысты сөздерге мысал келтір.
3. Шығыс сөйленістеріне тән кәсіби сөздерге мысал келтір.
Әдебиет:
Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.
Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.
Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.
Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
Т.Айдаров. Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии. Алматы: Рауан, 1991.
Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.
9-тақырып. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДИАЛЕКТ, СӨЙЛЕНІСТЕРДІ ТОПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Дәріс мақсаты: Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістерді топтастыру мәселесімен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Кейбір диалектілердің шығу төркіні.
2. Қазақ тіліндегі диалектілерді, сөйленістерді топтастыру мәселесі.
3. Шығыс сөйленістер тобы.
4. Батыс сөйленістер тобы.
5. Оңтүстік сөйленістер тобы.
6. Орталық-солтүстік сөйленістер тобы.
Кейбір диалектілердің шығу төркіні
Қазақтардың жергілікті тіл ерекшеліктеріндегі біршама сөздердің тарихын, шыққан тегін, бастапқы мағынасын ашу мақсатымен бұдан бұрын Ә.Нұрмағамбетовтың «Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні» еңбегі шыққан еді.
Ақа (Атырау: Тең, Ес, Махам, Ақт: Жүр,Ойым) – жасы үлкен адамға айтылатын қаратпа сөз. Ақа,үйге кіріп жатыңыздар (Атырау).
Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде ақа – апа және аға. Аға мағынасында осы тұлғалас сөз араб тілінде де байқалады. Ах – аға. Жалпы алғанда ақа, аға, ах сөздерінің негізгі мағынасы жас жағынан үлкендікті білдіреді.
Ақа сөзінің алғашқы мағынасы ер адам ұғымын білдіреді. Мұны ертеректегі мағына деуге болар, кейін қазіргі якут тіліндегі ағый – қартая бастау, кәрі, егде тарту мағынасын тудырған. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінде ақа – ақас сөздерінің жасы үлкен ер адамға қаратыла айтылуы осы ұғымдардың қосылуы,бірігуі нәтижесінде деп түсінген орынды.
Қазақ тіліндегі диалектілер сөйленістерді топтастыру мәселесі
1960 ж.ж дейін қазақ тілінің диалектілік құрылымын анықтауда екі пікір болғаны белгілі. Бірі – С. Аманжоловтың қазақ тілінде оңт, батыс, солтүстік-шығыс деп аталатын 3 диалект бар деген пікірі. Екінші – профессор Н.Т.Сауранбаев пен Ж.Досқараевтың қазақ диалектілері оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс болып 2 топқа бөлінеді деген пікірі.
Алайда 50 жылдардан кейінгі Тіл білімі институты тарапынан ұйымдасқан диалектологиялық экспедицияға қарағанда С.Аманжолов классификациясындағы республикасының орталық облыстарынан шығыс жағындағы тұрғындар тілінің айырмашылығы анықталып жеке сөйленіс болып қарастырыла бастады. Сонымен қазақ тіліндегі ерекшеліктер 4 сөйленіске топтастырылып қаралып жүр:
1. Шығыс сөйленістер тобы
2. Батыс сөйленістер тобы
3. Оңт сөйленістер тобы
4. Орталық-сол сөйленістер тобы
Шығыс сөйленістер тобы
Әдеби тілден және басқа сөйленістер тобынан ерекшеленетін аймақтың бірі қазақ тілінің шығыс сөйленістер тобы. Бұл өңір қазақтары тілін көп жылдар бойы Ж.Болатов тексеріп, 1970 жылы докторлық диссертация қорғады. Автордың топшылауынша шығыс сөйленістер тобы Баян-Өлгей, Шыңжаң, Қошағаш, Өскемен, Аягөз тәрізді бес сөйленіске бөлінеді.
1. Аягөз сөйленісі. Бұл сөйленіс Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Шұбартау, Абай, Ақсуат, Көкпекті, Мақаншы және Зайсан, Тарбағатай аудандары, яғни Ертістің сол жағына орналасқан тұрғындар тілін қамтиды.
2. Баян-Өлгей сөйленісі
Шығыс сөйленістер тобын зерттеуші Ж.Болатов Монғолияның Баян-Өлгий, Хобда аймақтарында тұратын қазақтар тілін қазақ тілінің шығыс сөйленісіне жатқызады.
3. Қошағаш сөйленісі
Қошағаш сөйленісі Ресейге қарайтын Таулы Алтай автономиялық облысында тұратын қазақтар тілін қамтиды. Мұндағы тұрғындар орыс, алтай халықтарымен аралас, қоныстас тұрады. Бұлар христиан дінін қабылдап алған қазақтар. Тіл жағынан орыс, алтай тілдерінің әсерінің молдығымен сипатталады.
4. Шыңжан сөйленісі. Бұл сөйленіс 50-жылдардың басында Қытай Халық Республикасынан келген қазақтар тілін қамтиды.
5. Өскемен сөйленісі. Ж.Болатовтың топшылауынша Өскемен сөйленісі Шығыс Қазақстанның Үлкеннарын, Марқакөл, Күршім, Катонқарағай аудандарын, яғни Ертістің шығыс жағындағы тұрғындар тілін қамтиды.
Батыс сөйленістер тобы
Ә.Нұрмағамбетов өзінің «Қазақ тілі говорларының батыс тобы» еңбегінде қазақ тілі сөйленістерінің батыс тобын Орталық, Маңғыстау, Арал, Сыр бойы, Қарақалпақстандағы, Түркіменстандағы қазақ тілі сөйленістері деп іштей бес сөйленіске бөліп қарастырады.
Ә.Нұрмағамбетов батыс диалектісін төмендегі топтарға бөледі.
1.Орталық сөйленіс. Орал, Атырау облыстары, Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарынан басқа жерлер, Қостанайдың Жетіғара ауданы, Ресейдің Еділ бойындағы (Астрахан, Волгоград, Саратов облыстары мен Қалмақ автономиялы республикасындағы) қазақ аудандары.
2.Маңғыстау сөйленісі. Маңғыстау облысының жерін қамтиды.
3. Арал сөйленісі: Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарын, Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарын қамтиды.
4. Қарақалпақстандағы қазақ сөйленісі. Қарақалпақстаннның оңтүстік аудандарын қамтиды.
5.Түркіменстандағы қазақ сөйленісі. Түркіменстандағы қазақтар мекендеген аудандарды қамтиды.
Оңтүстік сөйленістер тобы
О.Нақысбеков қазақ тілінің оңтүстік сөйленістер тобын 6 сөйленіске бөледі.
1.Ташкент сөйленісі – Өзбекстан республикасының Ташкент, Бұхара облыстарындағы қазақтар тілін қамтиды.
2.Қызылорда сөйленісі – Қызылорда облысының күшығысынан бастап Түркістанға дейінгі Сыр бойын қамтиды. Ауыспалы сөйленіс болып есептеледі.
3.Шымкент сөйленісі – Шымкент облысының жерін қамтиды. Бұл жерде бірден көзге түсетіні – кәсіби лексиканың молдығы.
4.Шу сөйленісі – Жамбыл облысының жерін қамтиды. Бұл өлке тілі егінге, ирригацияға, техникаға байланысты атаулардың молдығымен сипатталады.
5. Жетісу сөйленісі – Алматы, Талдықорған облыстарының жерін қамтиды.
6. Тәжік сөйленісі – Тәжікстан Республикасындағы қазақтар тілін қамтиды.
Орталық-солтүстік сөйленістер тобы
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін жинап зерттеу жұмысының басталғанына жарта ғасырдан артық уақыт өтсе де, орталық-солтүстік сөйленістер тобын жасайтын Арқа (Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды облыстары және Қостанай мен Семей облыстарының кейбір аудандары орналасқан өңір) қазақтарының тілі осы күнге дейін толық зерттелмей келеді. Оған, біріншіден, алғашқы кезде зерттеуші кадрлардың жеткіліксіздігі, екіншіден, солтүстік-шығыс диалектісі әдеби тілдің негізі деп есепету себеп болды.
Профессор С.Аманжолов қазақ тілі диалектілерін топтастырғанда, орталық-солт облыстарды Шығыс Қазақстан Семеймен қосып, солтүстік-шығыс диалектісі деп атаған болатын. Бірақ кейінгі зерттеу материалдарына қарағанда орталық облыстардан республиканың шығыс жағындағы тұрғындар тілінің едәуір айырмашылығы бар екені анықталды. 1960 жылдардан бергі зерттеу экспедицицясының материалдары (Ж.Досқараев, О.Нақысбеков, А.Байжолов, С.Қызылбаевтар жинаған) Арқа қазақтары тілінің басқа аймақтардың тіліне қарағанда әдеби тілге жақын екендігін байқатады. Сонымен бірге зерттеу материалдары бұл аймақта әдеби тіл нормасына жатпайтын тар көлемді сипаты бар ерекшеліктер бар екендігін де көрсетеді. Профессор С.Аманжолов солтүстік-шығыс облыстардағы халық тілін тірек диалекті деп санағанымен, бұл өңірде ерекшеліктер бар екендігіне өз кезінде назар аударған болатын. Байқалған ерекшеліктер, негізінен, лексикалық құбылыстарға қатысты екені, ал фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер өте аз, тапшы екені айқындалады.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Шығыс сөйленістерін ата.
2. Батыс сөйленістерін ата.
3. Оңтүстік сөйленістерін ата.
Әдебиет:
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.
Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.
Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.
10-тақырып. ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Дәріс мақсаты: Диалектологиядағы грамматикалық ерекшеліктермен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Қазақ сөйленістеріндегі грамматикалық ерекшеліктердің жалпы сипаты.
2. Сөйленістердегі морфологиялық ерекшеліктер 
Қазақ тілі сөйленістерінде грамматикалық ерекшеліктер сан жағынан көп емес. Сөйленістердің морфологиялық қүрылысы мен әдеби тілдін морфологиялық құрылысы негізінде бір. Олар бір-біріне өте жақын. Сөйленістерде әдеби тілден бөлек, өз алдына дербес көптік, жіктік, тәуелдік не септік категориялар жоқ. Әдеби тілден оқшауланып түрған етіс, кесемше, есімше, т.б. категориялар да жоқ. Демек, әдеби тілдегі грамматикалық категориялар сөйленістерде де бар. Сөйленістердегі морфологиялық ерекшеліктер тек грамматикалық категориялардың ішіндегі кейбір тұлғалардың түрленуі жағынан ғана ерекшеленеді.
Қазақ сөйленістерінің синтаксистік құрылысы олардың морфологиялық құрылысына қарағанда, әдеби тілге әлдеқайда жақын. Синтаксис жағынан әдеби тілден ерекшеленетін құбылыстарды сөз еткенде кейбір септік жалғаулардың сөйлемдегі қызметімен және сөз тіркестерімен байланысты құбылыстарды атауға болады.
Морфологиялық ерекшеліктер 
Септік жалғау, шылау түрлеріне байланысты ерекшеліктер мен әдеби тілдегі жұрнақтардың диалектілік сөз тудыруға катысуынан басқа қазақ сөйленістеріндегі морфологиялык ерекшеліктердің басым көпшілігі етістік тұлғаларымен байланысты. Негізгі тұлғалық ерекшеліктер мынадай:
-мынан, -бынан, -пынан, -бан, -пан, -ман. Көмектес септік жалғаудың бұл вариантгары оңтүстік аймақтарының кейбір аудандарында кездеседі. Мысалы: Арбамынан келдім - арбамен келдім. Ол бұрын балдақпан жүретін (Шымк., Сарыағ.). Ілгеріде, қолтіс жасап, қос атпан, түйеман жер жыртатынбыз (Жамб., Шу).
Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында -ғалы -гелі, -қалы, -келі, жұрнақтары орнына -ғайы, -гейі, -кейі тұлғалары қолданылады. Мысалы: Барғайы отырмын отырмын), айтқайы отырмын (айтқалы отырмын), т.б. Бұл Таулы-Алтай автономиялы облысындағы Қошағаш ауданын деген қазактардың тілінде бар.
Монғол қазақтарының тілінде көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жүрнақтары -ғайы, -гейі, -қайы, -кейі түлғасында айтылады: барғайы жатыр, қайтқайы жатыр, келгейі отыр, кеткейі жатыр.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Грамматикалық ерекшеліктер дегеніміз не?
2. Морфологиялық ерекшеліктер дегеніміз не?
3. Шығыс сөйленістеріне тән морфлогоиялық ерекшеліктерге мысал келтір.
Әдебиет:
Ә. Нұрмағамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. Алматы, 1986.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.
Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.
Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.
11-тақырып. ДИАЛЕКТІЛІК СӨЗЖАСАМ
Дәріс мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі сөзжасам саласындағы ерекшеліктермен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Диалектілік сөзжасам
2. Диалектілік қос сөздер
3. Диалектілік біріккен сөздер
Қазақ сөйленістеріндегі ерекшеліктердің бірқатары диалектілік туынды сөздермен байланысты. Сөзжасам саласындағы зерттеу еңбектерде айтылып жүрген ғылыми-теориялық тұжырымдар, талдаулар негізінен алғанда түркі халықтарының әдеби тілдері мен жалпыхалықтық сипаты бар тіл фактілеріне негізделген. Мәселен, қазақ тіліндегі сөзжасам туралы ғылыми зерттеулерде жергілікті халық сөйленістерінің кейбір жеке мысалдары ғана сөз болады.
Қазақ тілі сөйленістеріндегі диалектизм сипатындағы кірме сөздерден басқа диалектілік сөздер мен сөз тіркестерінің қай-қайсысы болсын сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалык тәсілдері арқылы пайда болған.
Қазақ сөйленістеріндегі сөзжасам жүрнақтарының қызметі әртүрлі. Олардың қызметі әдеби тілде қалыптасқан үлгінің аясында бола бермейді. Әдеби тіл жүйесінде сөзжасам қызметі нормаланған көптеген жүрнақтардың бірқатары сөйленістерде басқаша қырынан көрінеді. Жұрнақтардың көмегімен жасалған диалектілік туындылар мынадай үлгілерден түрады.
а)        Әдеби негіз + әдеби косымша-диалектілік туынды. Мысалы, Маңғыстау сөйленісіндегі шақырық "шақыру", қоймек "қой асығы", отырмақ "сауық кеш", сұргаю "сұрлану", айырмақ "айырмашылық", үреген "үргіш", желгір "желгіш";
ә) Диалектілік негіз + әдеби қосымша-диалектілік туынды.
Мысалы, -сыз жүрнағы арқылы туған татасыз "қайғысыз", ниқаятсыз "өлшеусіз, есепсіз", -ты жұрнағы арқылы туған пісентті "жинақы", шақатты "әлді, қуатты".
б)        Әдеби негіз + диалектілік қосымша-диалектілік туынды. Мұндай туындылардың қатарына -жал арқылы туған сұрамжал "сұраншақ" (Маңғ.,Қарақ.); -қос/ қас арқылы туған сырқос, сырқас "сырқат" (Тем., Жүр.); мейманқос "меймандос" (Ұзын.) т.б.
в) Диалектілік негіз + диалектілік қосымша-диалектілік туынды. Мысалы, кейку "айла, қулық" (Маң.); керку: 1) "бос сез" (Сыр., Маң.), 2) "ақыл, кеңес" (Ад., Бөр.); түбірі кей//кер. Кейқуат ("Алпамыс" жырындағы кейіпкер); Сенен келген керді көріп аламын"
Қос сөздер
Қазақ сөйленістерінде қос сөз түлғасында айтылатын сөздердің саны өте көп. Олардың құрамында қайталама қос сөздермен бірге құрамы әртүрлі, сыңарлары бір-біріне ұқсамайтын қос сөздер жиі ұшырайды. Ондай қос сөздердің құрамындағы сыңарларының мағыналы, мағынасыздығына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
1) Екі сыңары да түсініксіз қос сөздер.
Шыған-тоғайда. Анда-санда. Ол біздің үйге шыған-тоғайда бір келетін еді (Орал, Орда). Бәкін-шүкін. Майда-шүйде, ұсақ-түйек. Ол қазір бәкін-шүкінді қоя тұрсын (Тау., Қош.).
2) Екі сыңары түсінікті кос сөздер.
Онша-мұнша. Аздап, ептеп. Мақта өсірудің жайын онша-мұнша білеміз ғой (Шымк., Сарыағ.).
3) Бір сыңары түсінікті, екінші сыңары түсініксіз кос сөздер. Сиыр-сыбыр. Сиыр-миыр, Көзіңе жайылып жүрген сиыр-сыбыр көрінген жоқ ла? (Гур., Маңғ.).
Біріккен сөздер
Қазақ сөйленістерінде бір-бірімен бірігіп жасалған сөздер көп. Кейбір біріккен сөздердің жігі айқын ажырап, олардың біріккендігі бірден көзге түсіп түрса (шаңтас, кемпірауыз, атауыз, т.б.), енді бірқатар сөздердің жігі ажырамай, бір-бірімен жымдасып кеткен. Олардың бастапқы түбірлері бірден табыла коймайды. Мысалы, шалорақ (Гур., Маңғ.) сөзі шалғы және орақ сөздерінің бірігуінен жасалса, шымшуыр мағынасындағы мәстемір (Орал, Чап.) сөзі маса және темір сөздерінің бірігуінен жасалған. Ал алшалғы//алчалғы, алжапқыш сөздерінің құрамындағы алғашқы ал сыңарлары алд-алды (бір нәрсенің алды) мағынасындағы сөз де, калған сыңарлары әдеби тілде жеке-дара қолданылатын шалғы, жапқыш деген сөздер.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Диалектілік туынды сөздер қандай үлгілермен жасалады?
2. Диалектілік қос сөздер қандай топтарға бөлінеді?
3. Диалектілік біріккен сөздер қандай топтарға бөлінеді?
Әдебиет:
Ә. Нұрмағамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. Алматы, 1986.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.
Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.
Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.
12-тақырып. ДИАЛЕКТОЛОГИЯДАҒЫ СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Дәріс мақсаты: Қазақ сөйленістеріндегі синтаксистік ерекшеліктермен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Септік жалғауларының сөйлем ішінде алмасып қолданылуы.
2. Сөз тіркестерімен байланысты ерекшеліктер
Септік жалғаулардың сөйлем ішінде алмасып қолданылуы
Қазақ сөйленістерінде сөйлем ішінде кейде кейбір септік жалғаулары өзара алмасып келеді. Мысалы, барыс жалғауында тұруға тиісті сөз кейде табыс жалғауында қолданылады. Керісінше, табыс жалғауында тұруға тиісті сөз барыс жалғауында жұмсалады. Сөйленістерде төмендегі септік жалғаулар бір-бірімен алмасып келеді.
Жатыс септікте қолданылуға тиісті сөз кейде барыс септікте қолданылады. Мысалы: Биыл осы айға қар жауып қалуы мүмкін (Шымк., Түлкібас). — Биыл осы айда қар жауып қалуы мүмкін. Алдаш суға жақсы жүзеді (Сем., Ақс). ~ Алдаш суда жақсы жүзеді.
Шығыс септікте қолдануға тиісті сөз кейде барыс септікте қолданылады. Мысалы: Біз баяғыда шала сауатты молдаға оқуды едік (Алм., Узын.) - Біз баяғыда шала сауатты молдадан оқушы едік.
Табыс септігінде қолданылуға тиісті сөз кейде барыс септікте қолданылады. Мысалы: Біз Алдырбайға куып жеттік (Алм., Ұзын.). Біз Алдырбайды қуып жеттік.
Сөз тіркестері
Сөйленістердегі сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің өзара байланысу тәсілі немесе жасалу тәсілі әдеби тілдегідей.
Сөйленістердегі көптеген сөздердің тіркесу қабілеті күшті. Кейбір сөздер бірнеше тіркестердің жасалуына негіз болады. Мысалы, батыс сөйленістер тобында өз алдына жеке колданылатын ілкі (алғашқы) мен әзірде сөздері өзара тіркесіп те, басқа сөздермен тіркесіп те көптеген тіркестердің жасалуына негіз болады. Мысалы: ілкі мезетте (алғашқы кезде). Қанша сенбестік болса да, оған ілкі мезетте Филипп Петрович ойына сап ете түсті (Ғ.Сланов). Ілкі әзірде (алғашқы кезде). Мысалы: шалғай қоныстарда, бригадаларда ілкі әзірде жұмыс ойдағыдай болмады да, кейін жолға қойылды (Орал, Чап.). Осы сөйлемдегі әзірде сөзі кезде сөзінің синонимі ретінде қолданылып тұр. Бұлар келген, соңғы, жаңағы, манағы сөздермен де тіркесіп айтылады. Келген әзірде (келген бойда), жаңағы әзірде (жаңағы кезде, жаңа ғана), манағы әзірде (манағы кезде), бұрынғы әзірде (бұрынғы кезде).
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Қазақ сөйленістерінде қандай жалғаулар ламасып қолданылады?
2. Диалектілік сөз тіркестері қалай жасалады?
3. Шығыс сөйленістеріне тән сөз тіркестеріне байланысты ерекшеліктерге мысал келтір.
Әдебиет:
Ә. Нұрмағамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. Алматы, 1986.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.
Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.
Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.
13-тақырып. ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Дәріс мақсаты: «Қазақ диалектологиясы» ғылымының зерттелу жайымен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Қазан революциясына дейінгі зерттелуі
2. Кеңес дәуірінде зерттелуі
 
Қазан революциясына дейінгі зерттелуі 
   Қазақ диалектологиясы — Қазан революциясынан кейін пайда болып, калыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шүғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалек-тологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.
Революцияға дейінгі түркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер мен оның диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топка бөлуге болады:
а) В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский (әуелгі кезде), А. М. Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды;
ә) Н. И. Ильминский, Н. Ф. Катанов, П. М. Мелиоранский, М. Терентьев т.б. қазақ тілінің барлық жерде біркелкі емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындады.
Қазақ тіліндегі сөйленістерді зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар революциядан бұрынғы басқа зерттеушілер (А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, Ш.Уәлиханов, А. А. Диваев, И. В. Аничков, И. Лаптев т.б.) бастырып шығарған ауыз әдебиеті нұсқаларында да кездеседі. Бірақ бұл материалдар осы күнге дейін толық жинакталып қорытылған жоқ.
 Кеңес дәуірінде зерттелуі 
1. Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде кеңес дәуірінде ғана басталды.
Диалектология мәселелері жөнінде ең алғаш мақала жазған белгілі жазушы — ғалым Жүсіпбек Аймауытов еді. Оның "Еңбекші қазақ" газетінің 1926 ж. 9-наурызындағы санында "Тіл туралы" деген көлемді мақаласы жарияланған.
Осы күні ғалымдар қолданып жүрген "Жергілікті тіл ерекшеліктері" деген атауды алғашқы колданған Ж. Аймауытов.
КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы 1937 жылы алғаш рет Алматы облысының Кеген, Нарынқол; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал; Қарағанды облысының Нұра аудандарына диалектологиялық үш экспедиция шығарды. Мұндай экспедияциялар 1939 жылы Мақтаарал, Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу, Арал, Орда аудандарында болып, материал жинады. Міне, осы кезден бастап күні бүгінге дейін Қазақ-станның әрбір аудандарына жылма-жыл диалектологиялық экспедициялар шығарылып келеді. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да бұл жұмыс біржола тоқтап қалған жоқ. 1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып, материал жинаған. 1944 жылы Ж. Досқараев "Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері" деген тақырыпта кан-дидаттық диссертация қорғады.
Соғыстан кейінгі жылдары тіл ерекшеліктерін жинап-зерттеу жұмысының көлемі әлдеқайда артты. Диалектологиялық экспедициялар бұрын болмаған көптеген басқа аудандарда болып, бірнеше рет материалдар жинады. Қазіргі кезде республиканың оңтүстік, батыс аудандары тіл жағынан едәуір зерттелді деуте болады. Ал орталық, шығыс аудандары соңғы жылдарда ғана колға алына бастады. Қазір олардың бірсыпырасында диалектологиялық экспедиция бірнеше рет болып қайтты. Бұл жерде әлі де болса кейбір орталық, солтүстік аудандардың жете қамтылмай келе жатқанын айта кеткен жөн.
Тіл ерекшеліктерін жинау жұмысын ұйымдастыруда 1945 жылы КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл жөне әдебиет институтында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттейтін арнаулы бөлім қүрудың зор мәні болды. Бұл бөлім қазіргі кезде бүкіл республика көлеміндегі диалектологиялық зерттеу жұмысын басқарып отыр. 1956 жылы "Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сүраулық" жарық көрді. Алғашқы тәжірибе екендігіне қарамастан, сұраулықтың тіл ерекшеліктерін жинауда әжептәуір көмегі тиді. 1959 жылы бұл сұраулық толықтырылып, кайта басылып шықты.
Сонымен бірге Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты диалектологиялық зерттеу жүмыстарына арнап, ғылыми жинақтар шығарып келеді. Бұл жинақтарда республикадағы және одан тыс жерлердагі қазақ тілі ерекшеліктері мен кәсіби сөздері туралы материалдармен бірге тіл тарихының да әр түрлі мәселелері қамтылды.
1950 жылдардың орта тұсынан бастап қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинап зерттеу жұмысында жаңа бетбұрыс басталды. Бұған дейін пікір таласының шарпуы тиіп, қүлаш жая алмай келген қазақ диалектологиясында енді зерттеу жұмысына тікелей кірісуге мүмкіндік туды. Жалпы қазақ диалектологиясындағы қол жеткен табыстардың басым көпшілігі 1950 жылдардың орта тұсынан кейінгі уақыттың ішінде іске асылуы кездейсоқ емес. Оған дейін казақ диалектологиясының зерттелу дәрежесі жеке мақалалар аясынан шыға алмай келсе, енді алғашқы көлемді монографиялық енбектер, сездіктер пайда бола бастады. Мысалы, Ж. Досқараев 1955 жылы "Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері" (лексика) деген атпен диалектологиялық сөздік шығарды,
С.Аманжоловтың 1959 жылы «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» деген атпен көлемді монографиясы жарык көрді.Бүл еңбектерде тіл ерекшеліктері нақты зерттелумен бірге диалектілік лексикографияның алғашқы үлгілері жасалды. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясына арнап жеке жинақтар шығарып отыру мәселесі де осы кезенде қолға алынды.
1953 жылдан бастап қазақ диалектологиясын зерттейтін маман кадрлар көбейе бастады. Қазак, тіл біліміне келген жас мамандардың бір тобы халықтық сөйленістерді зерттеуге белсене кірісті. Соның нәтижесінде жеке сөйленістер туралы монографиялық еңбектер жазылды.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Орыс түркологтарының қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер туралы пікірлері қандай?
2. Диалектілер туралы ең алғашқы мақала авторы
3. Қазақ диалектологиясы ғылымының іргетасын қалағандар кімдер?
Әдебиет:
Ә. Нұрмағамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. Алматы, 1986.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.
Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.
Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.
14-тақырып. СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫ
Дәріс мақсаты: С.Аманжоловтың диалектология ғылымына сіңірген еңбегімен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Аманжолов Сәрсен Аманжолұлының өмірбаяны
2. Ғылымыи мұрасы.
3. Диалектология саласындағы еңбектері
Қазақтың аса көрнекті тілші ғалымы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бір, ҚР Ғалым, көрнекті тілші ғалымы академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Аманжолов 1903 ж. 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Егінсу деген жерде туған. 1916 жылы Шыңғыстай орыс-қазақ мектебін, 1920 жылы Семейдегімұғалімдік курсты, 1930 жылы Ташкенттегі педагогика факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірді.
1931 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтке оқытушылық қызметке келді. 1931 жылы бұл институтта әрі асперант, әрі ассистент болып, 1932 жылдан доцент қызметін атқарды. 1931 жылдан педагогикалық институтте лекция оқып, 20 жыл бойы сол институттағы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болумен қатар, басшылық қызметтер де атқарды. Қазақтың ұлт мәдениетін зерттеу институтының тұңғыш директоры, Одақтық Ғылым академиясының Қазақ филиалында тіл мен әдебиет секторының меңгерушісі (1937-1942) болды.
С.А. Аманжолов осындай ұйымдастыру-басшылық жұмыстарын атқара жүріп, негізінен ғылыми еңбектер, оқулықтар жазу ісімен шұғылданды. Ол – ғылымда құлашын кең сермеген шығармашылығы жан-жақты адам. Сондықтан Одақтың Оқу министрлігінің жанындағы жоғарғы аттестациялық комиссия С.Аманжолвқа доцент атағымен қоса, қорғамай-ақ филология ғылымының кандидита дәрежесін берді. Осы жылдардың ішінде ғалым қазақ тілінің сырына әбден қанық болып, оның барлық салалаларын ддерлік зерттеді.
С.Аманжолов осындай шығармашылық өрлеу үстінде жүргенде, Ұлы Отан соғысы басталып, өз тілегімен майданға аттанады. Карел майданында үгітші (1942-1944), Кеңес Армиясында (1944-1946) қызмет етті.
Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, Мәскеуде Ленин атындағы кітапханада «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» атты докторлық диссертациясын қорғады. Ғалымның бұл еңбегі – елімізбен қатар шетелдерде де кең танымал болған көрнекті табыстардың бірі.Қазақ филологиясына үлкен еңбек еткен профессор С.А. Аманжоловтың ғылыми қызметі бағаланып, 1954 жылы республика ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

С. Аманжоловтың ғылыми мұрасы
Профессор С.А Аманжолов 1925 жылдан бастап филология ғылымының әр түрлі мәселелерімен тұғылдана бастаған. Оның қаламынан көлемі 500 баспа табақтай 200-ден аса еңбегі басылап шықты, қалғаны қолжазба күінде сақталған. С.Аманжолв зерттемеген қазақ тіл білімінің саласы жоқ денсек артық болмайды. ғалымнаң негізгі еңбектерін 6 салаға бөліп қарауға болады.
І Жалпы тіл білімі және қазақ тіл білімінің мәселелері
ІІ Тіл тарихы мен диалектология. Түркология.
ІІІ Қазіргі қазақ тілі
ІҮ Мектептерге арналған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалар
Ү Тіл және әдебиет Әдебиет пен фольклор.
ҮІ Тарих. Археология және этнография.
С.Аманжоловтың диалектология саласындағы еңбектері
30-шы жылдардаң аяғына дейін үлкен еңбектерімен танылған С.А. Аманжолов қазақ тілінің фактілерін басқа түркі тілдерімен салыстыра зерттеп, көрнекті түрколог деген атаққа ие болды. Ол еңбек, қырғыз қарақалпақ, башққұрт, алтай чуваш, якут т.б. түркітілдерін жақсы білгендігін былай қойғанда, парсы, араб тілдерін де тәуір білген.
1948 жылы «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, осы жылы С.Аманжоловқа профессор деген атақ берілді. Ғалымның бұл еңбегінде қазақ тілі дара қалпында алынбай, басқа да көптеген түркі тілдерімен салыстыра зерттелді. Мұнда тек диалектология мәселесіғана емес, қазақ халқының ертедегіжәне кейінгі тарихы, этнографиясы, мәдени мұрасы да терең, кең көлемде қамтылды. Сол арқылы қазақ тілінің сипаттама диалектологиясы мен тарихи диалектологиясының негізін салды.
Профессор С. Аманжолов өмірінің соңғы кезінде қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы екінші кітабын жазуға кіріскен еді. Ол Алматының Абай атындағы педагогикалық институтындағы тарих-филология факультетінде қазақ тілі тарихы курсынан лекция оқыды. Негізгі еңбектері:
Қазақ тіліндегі диалектілер туралы мәселеге (1940, мақала, орыс тілінде)
Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері (1948, докт. дисс. қолжазбасы, орыс тілінде)
Қазақ диалектілерін меңгеру тарихына (1948, мақала, орыс тілінде)
Көне түркі жазба ескерткіштері және олардың қазіргі түркі тілдеріне қатысы туралы (1957, қолжазба, орыс тілінде)
Қыпшақтың тайпалық одақ тілі туралы (1957, қолжазба, орыс тілінде)
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері (1959, орыс тілінде)
Қазақ тілі тарихына материалдар (мәтіндер, қолжазба, орыс тілінде ) т.б.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. С.Аманжоловтың докторлық дисссертациясы қалай аталады?
2. С.Аманжоловтың диалектология саласындағы негізгі еңбегін ата.
3. Ғалымның еңбектері қандай салаларға бөлінеді?
Әдебиет:
Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.
С. Омарбеков. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы: Мектеп, 1965.
Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.
С. Омарбеков, Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы: Мектеп, 1985.
О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
15-тақырып. ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖИНАУ ТӘСІЛДЕРІ
Дәріс мақсаты: Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап-зерттеу жолдарымен таныстыру
Сұрақтар:
1. Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау тәсілдері
2. Диалектологиялық материалдарды құжаттандыру
3. Фонетикалық транскрипция
4. Лингвистикалық география
Қазіргі диалектологияның алдында тұрған міндет, негізінен, екі саладан тұрады: бірінші, сөйленістердің тіл жүйесін барлық жағынан сипаттай отырып, арнайы зерттеу; екінші, тілдегі сөйленістердің өзара қарым-қатынасын, байланысын, тараған аймағын анықтай отырып, толық классификациясын жасау. Бұл міндеттер тек қазақ диалектологиясы үшін емес, жалпы қазақ тіл білімі үшін маңызды болып табылады. Өйткені қазақ тіл білімінің диалектологияға қатысы бар мәселелерінің түбегейлі шешілуі тікелей осыларға байланысты.
1. Байқау тәсілі. Диалектілер мен сөйленістерді зерттеудегі ең негізгі материал жергілікті халық тілінен тікелей жиналған материал болып табылады. Халық тілінен материал жиюда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Солардың бірі - байқау тәсілі. Байқау әдісі екі түрлі кезеңге бөлінеді: алдын-ала жалпы байқау және негізгі нысан бойынша тікелей байқау. Диалектолог жергілікті жерге келген бетте-ақ байқаған ерекшеліктерін жазып алуға асықпауы керек. Қайта, ол біраз уақыт жай тыңдап, жергілікті халық тілі жайында жалпы түсінік алуға тиіс. Бұл, біріншіден, зерттеушінің жергілікті халық тілінің қай жағына өте-мөте көңіл аудару керектігін анықтауына, кейбір нәзік ерекшеліктерді аңғартатындай болуына, екіншіден, өз мақсатына сай болашақ байқау нысандарын тыңдап алуына, үшіншіден, жергілікті адамдармен танысып жақындасуына, халық өмірін неғұрлым жетік білуіне мүмкіндік береді. Жалпы байқау мөлшері зерттеу мақсатына байланысты. Егер тұтас сөйленіс зерттелетін болса, жалпы байқау мерзімі ұзағырақ болғаны жөн.
Алдын ала байқаудан соң, зерттеуші өз мақсатына сай тікелей байқау әдісіне ауысады. Ол енді жалпы байқау кезінде белгілеп алған адамдармен жұмыс істей бастайды. Мұның өзінде әңгімелесу, тыңдау, сұрақ қою сияқты әр түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл тәсілдер қалай болса солай қолданыла бермейді, әрқайсысының орны, реті бар. Мәселен, әңгіме кез келген адаммен емес, алдын-ала белгіленген адамдармен ғана өткізіледі.
Сұрақ қою тәсілі көбінесе лексикалық материал жинауда (шаруашылыққа, әр түрлі затқа, т.б. байланысты) не бұрын алынған материалдың мағынасын, айтылуын анықтау қажет болғанда пайдаланылады. Сұрақ қою үстінде білгісі келіп отырған тұлғаны не зат атауын зерттеушінің өзі айтып қоюдан сақтану керек. «Сіздерде былайша айтыла ма?» , «Мұндай сөз қолданыла ма?» деп сұрақ беру орынсыз. Мұндай сұрақтарға жоқ, бар, не айтылады, айтылмайды деп жауап қайтаруы мүмкін. Ал егер зерттеуші затты көріп тұрып, «Бұл қалай аталады ?», «Бұл не ?» деген сұрақ берсе, білгісі келген сөзді я тұлғаны естиді. Сондықтан сұрақ мүмкіндігінше тікелей емес, жанама түрде қойылғаны жөн.
3. Ауыл жайында мәлімет жинау.
Материал жиюшы өзі зерттеп жүрген ауылға да көңіл бөлуі керек. Оның қай облысқа, ауданға, ауылдық әкімшілікке қарайтыны, дәл аты (ресми атынан басқа жергілікті аты), өзінде не маңында өндіріс, кәсіпорны бар, теміржолға, қалаға, аудан орталығына алыс-жақындығы, қандай мәдениет орындары бар, олар қашаннан бері жұмыс істейтіні т.б. жөнінде толық мәлімет берілу керек. Сол сияқты ауылдың және оның тұрғындарының тарихына байланысты материал жинау да қажетті жұмыстардың бірі.
Диалектологиялық материалдарды құжаттандыру
Аса бір жауапты істің бірі─диалектологиялық материалды дұрыс құжаттай білу. Әрбір диалектілік ерекшелікке бөлек сауалнама толтырады. Диалектологиялық материалды сауалнамаға түсірмес бұрын ұқыпты түрде дайындап алу керек. Дәл айтылуы, жиі, сирек қолданылатыны, қандай адамдардың (қарт, жас) тілінде кездесетіні жайында материал толық болу керек. Күдікті жері әбден салыстырылып тексерілгені жөн. Диалектілік ерекшеліктер (әсіресе грамматикалық, лексикалық, мағыналық) сөйлем ішінде берілуі керек, онсыз өзгешеліктердің қолданылу үстіндегі, мағынасындағы және басқа сөзбен байланысынан туатын өзіндік ерекшелігін білу қиын. Сол себепті берілетін сөйлем ерекшеліктің жоғарыдағы қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретіндей болуы керек.
Фонетикалық транскрипция
Диалектологиялық жазбада тілдік ерекшеліктер мүмкіндігінше айтылған қалпында дәл берілуі керек. Бұл үшін фонетикалық транскрипция пайдаланылады. Фонетикалық транскрипция, әсіресе фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерді жазуда өте қажет. Қазақ тіліндегі ерекшеліктерді беруде шартты түрде біраз қосымша таңбалар қосып, қазіргі қазақ әліпбиін пайдалануға әбден болады. Тәжірибеде мынандай қосымшалар пайдаланып жүр:
А-а және ә дыбыстары аралығында айтылатын, жіңішкеруге бейім дыбыс, көбінесе басқа тілдерден енген сөздерді жазуда қолданылады: айал, адауір.
йЕ- ашық дифтонг, кейде сөз басындағы е дыбысының құрамында аздап й- дің қатысы барлығын білдіреді. Мысалы: йел, йекі.
уО- ашық дифтонг, кейде сөз басындағы о дыбысының құрамынды аздап у-дың қатысы барлығын білдіреді. Мысалы: уол, уоқу.
уӨ-ашық дифтонг, кейде сөз басындағы ө дыбысының құрамында аздап у-дың қатысы барлығын білдіреді. Мысалы: өмір, өкініш.
Ж(ж) - аффрикат дифтонг. Сөз басындағы ж дыбысының қатаңға жақындап, шұғыл айтылатынын білдіреді. Мысалы: жол, жылқы.
>-дыбыстардың бір-біріне ауысуын білдіреді. Мысалы: қ>у (қыстақ-қыстау).
/ - дыбыстардың алмасуын білдіреді. Мысалы: Ш/ч (шапан- чапан), б/п (болат-полат).
// - қатар қолданылатын фонетикалық нұсқалар мен лексикалық дублеттерді білдіреді.
Белгілі территориядағы сөйленіс я диалектінің барлық ерекшеліктері түсірілген осындай картадан диалектологиялық атлас жасалады. Тілдегі жеке құбылыстардың тараған шекарасы бір-бірімен сәйкеспейтініне қарап, кейбір зерттеушілер (француз, неміс ғалымдары) тілде бірыңғай өзіндік белгілері бар сөйленіс, диалект жоқ, тек жекелеген ерекшеліктер бар деп есептеген.
Лингвистикалық география әдісімен жүргізілген зерттеулер бұл пікірдің негізінен қате екенін көрсетеді. Шынында, әр түрлі тіл ерекшелігінің изогластары бір-бірімен дәл келіп сәйкеспегенмен, географиялық жағынан алғанда бір-бірінен сонша алыстап кетпейді, біресе жуықтан, біресе бірін-бірі қиып өтіп, изогластар өзара шоғырланып отырады. Изогластардың осылайша өзара шоғырланып топтасуы тілдегі сөйленіс я диалектілердің нақты сипатын танытумен бірге, олардың тарихи жағынан қалыптасқан белгілі көлемі, іргесі бар екенін көрсетеді.
Тіл ерекшеліктерін лингвистикалық география әдісімен зерттеу қазақ тілінде енді-енді ғана қолға алынып келеді. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институтындағы қазақ диалектологиясы бөлімі қазақ тілінің диалектологиялық атласының бірінші томын жасады. Кейінгі отыз жылда қазақ сөйленістері біршама тәуір зерттеліп келеді. Қазақ диалектологиясы мен жеке сөйленістері жөнінде бірнеше монографиялық еңбек жазылды. Диалектологиялық сөздіктер құрастырылып, бірнеше жинақ жарық көрді. «Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық» жасалып, ол арқылы едәуір материал жиналды. Міне, осының бәрі қазақ тілінің диалектологиялық атласын жасауға мүмкіндік береді.
Диалектологиялық атлас жасау – аса күрделі, қиын жұмыс. Оған үлкен дайындық керек, өйткені диалектологиялық атлас – қазақ тіл білімінің диалектологиясында ондаған жылдар бойы жүргізілген барлық жұмыстың нәтижесі болмақшы. Одан қазақ тіліндегі жергілікті сөйленістер мен диалектілердің негізгі тілдік сипаты, тараған көлемі, бір-бірімен қарым-қатынасы - қысқасы, қазақ тілінің бүкіл диалектілік жүйесі көрінуге тиіс.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. Жергілікті ерекшеліктерді жинауда қандай тәсілдер қолданылады?
2. Диалектологиялық карта дегеніміз не?
3. Фонетикалық транскрипция дегеніміз не?
4. Лингвистикалық география дегеніміз не?
Әдебиет:
Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.
Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.
Ғ. Қалиев. Қазақ диалектологиясы. Практикум. Алматы, 1967.
Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы:Ғылым, 1973.
С. Омарбеков, Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы: Мектеп, 1985.
Казахская диалектология. Алма- Ата: Наука, 1960.
Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. Алматы: Ғылым,1990.
Т.Айдаров. Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии. Алматы: Рауан, 1991.
Т. Айдаров. Лингвистикалық география. Алматы: Мектеп, 1977.
Н. Сауранбаев. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық. Алматы, 1956.
Әдебиет:
Негізгі әдебиет
1. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы: Ғылым, 2002.
2. Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы: Ғылым, 1990.
3. С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы, 1997.
4. Т. Айдаров. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1975.
5. Х. Кәрімов. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1980.
Қосымша әдебиет
6. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960.
7. С. Омарбеков. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы: Мектеп, 1965.
8. Н. Жүнісов. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы: Мектеп, 1981.
9. Ә. Нұрмағамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. Алматы, 1986.
10. Ә.Нұрмағамбетов. Қазақ тілі говорларының батыс тобы. Алматы, 1978.
11. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1994.
12. Ж. Досқараев, Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. Алматы, 1951.
13. Б. Базылхан. Монғолиядағы қазақтардың тілі. Уланбатыр-Өлгий, 1991.
14. Б. Бекетов. Қарақалпақ қазақтарының тілі. Алматы: Рауан, 1992.
15. Ғ. Қалиев. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. Алматы: Мектеп, 1985.
16. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. Алматы, 1996, 1998.
17. С. Омарбеков. Халықтық тіліміздегі тектес тілдермен ортақ құбылыстар. Алматы: Ғылым, 1978.
18. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. Алматы, 1982.
19. Ғ. Қалиев. Қазақ диалектологиясы. Практикум. Алматы, 1967.
20. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы:Ғылым, 1973.
21. С. Омарбеков, Н. Жүнісов. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы: Мектеп, 1985.
22. О. Нақысбеков. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы: Ғылым, 1972.
23. Ж. Болатов. ШҚО Катонқарағай ауданында тұратын қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы. «Арай» журналы, 1989, 9 қыркүйек.
24. Казахская диалектология. Алма- Ата: Наука, 1960.
25. Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. Алматы: Ғылым,1990.
26. Т.Айдаров. Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии. Алматы: Рауан, 1991.
27. Т. Айдаров. Лингвистикалық география. Алматы: Мектеп, 1977.
28. Н. Сауранбаев. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.
29.Б.Базылхан. Монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Баян-Өлгий, 1973.
30. М. Достанов. Қазақ тілі сөздерінің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қатар талдау әдістері. Алматы, 1991.
31.М. Атабаева. Диалектілік сөз мағынасы. Алматы, 1996.
32.Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық. Алматы, 1956.
33.Ә. Нұрмағамбетов. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. Алматы: Мектеп, 1985.
34. Л. Рүстемов. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982.

Приложенные файлы

  • docx 8881391
    Размер файла: 94 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий