Билеты по казахскому языку


1-билет
1. « Қазақ тілі –мемлекеттік тіл» -тақырыбы бойынша әңгімелеу.
Қазақ тіл- мемлекеттік тіл
1989 жыл, 22қыркүйек: « ҚР Тілдер туралы» Заңы қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі (статусы) берілді. 1997 жыл, 11 шілде: « ҚР Тілдер туралы» Заңы Парламентте қайтадан талқыланып , ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша , қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халкының ұлттық тілі болып есептеледі.
2. « Қазақ тілі сабағынды» - тақырыбына әңгіме құру.
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – жауапты міндет.Ахмет Байтұрсыновтың пікірінше, жақсы мұғалім деген атқа түрліАуызекі сөйлеуде сұраққа дұрыс жауап беру, сұрақ қояСабақта оқушылардың білімін, ептілігін анықтау мақсатында бақылаушы тестердіҚазақ тілін қарым-қатынастық мақсатта оқыту - өте маңыздыӨйткені бүгінгі танда қазақ тілін іс жүзінде күнделіктіМеніңше, тілдік жағдайды ескере отырып, қарым-қатынаста ауызекі сөйлеудіМұндай кез келген оқу процесінде оқушыларды жаттықтыруда, олардыңАуызекі сөйлеу белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге дегенОсындай ауызекі сөйлеу жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастаротбасы.
3. Даусты және дауыссыз дыбыстарға сипатама бер.
Дауысты дыбыстар
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, эДауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:
Тілдіңқатысына қарай: Жуан: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтыңқатысына қарай: Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Ерінніңқатысына қарай: Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ
«Мемлекеттік» деген сөзге фонетиқалық талдау жаса.
« Мемлекеттік»- 11әріп, 11дібіс, 4 буын
М- дауыссыз,унді
Е- дауысты,жіңішке,ашық,езүлік
М- дауысыз,үнді
Л- үнді
Е- дауысты,жіңішке,ашық,езүлік
К- қатаң
Т- қатаң
Т- қатаң
І- жіңішке,қатаң,езүлік
К- қатаң
Мем- ле- кет-тік б.б
Мем-бітеу буын
Ле-түіқ буын
Кет-бітеу буын
Тік-бітеу буын
2-билет
1. «Жеті жарғы» заңдар жиынтығы туралы әңгімелеу
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер менқожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген. Бізге белгілі, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
Жеті жарғы
1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).
6-жарғы.Төбелесте мертігуің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы.Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820-шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы ( 34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі. «Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді. Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді. «Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану. Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз. «Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.
2. « Тарихи тұлғалар» тақырыбына әңгіме диолог құру.
Ол «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық интерактивті құралды қолдану арқылы ұлттық дүниетанымды қалыптастыру» атты әдістемелік тақырыпқа арналған. Аталмыш сайттағы мақсаттар: қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ұлы тұлғалардың өмірін насихаттау, олардың өмірлік тарихында Отанға, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, сайтты қолданушыларға керек кезде, тез және қолайлы түрде іздеген тақырыпқа мәлімет алуға, білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туғызу, жаңа педагогикалық технология негізінде қазақ жазушылыры, ақындары, хандары, билері, өнер және спорт жұлдыздары, қоғам қайраткерлері және тағы басқа белгілі адамдар туралы ақпарат бере отырып, қолданушылардың өзіндік дүниетанымын қалыптастыруға жағдаят туғызу. Қолданушы білімін толықтырып, бекітіп, өзін - өзі тексеру мақсатында тестік тапсырмалар берілген. Аталған сайт тек қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінен ғана емес, сонымен қатар дүниежүзілік тарих, Қазақстан тарихы, музыка, өнер, спорт салаларынан да қолданушыларға білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Келешекте ұсынылып отырылған сайт материалдары әр түрлі тапсырмалармен және жаңа мәліметтермен толтырылмақ.
3. Синоним. Омоним. Антоним . Мысал келтір.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезекбала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші- араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пенжақынды жортқан білер. Аз сөз –  алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер. Мысалы: аласа-биік.
 
Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді.Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әр түрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасындамағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзіомоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр. Мысалы: алма-алма.
 
Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздерсинонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әр түрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келдідеген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден, сын есімдерден, етістіктерден және үстеулерден кездеседі.
Зат есімнен
болған синонимдер Сын есімнен болған синонимдер Етістіктен болған синонимдер Үстеуден болған синонимдер
Ел
Халық
Жұрт
Көпшілік
Жамағат Сұлу
Әдемі
Келбетті
Ажарлы
Көрікті Кездесу
Дидарласу
Ұшырасу
Жолығу Алыс
Қашық
Шалғай
Қиян
 
 
Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сұлу, әдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай, қыздың жиған жүгіндейболса, алыс, қашық сөзінің тұрақты тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер. Мысалы: сабырлы-салмақты.
3-билет
1. Толе би туралы әңгімелеу.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
2. «Менің қалам- Алматы» тақырыбына диолог құру.
Алматының табиғаты өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас, егер әрбір тұрғын өзінің ауласын, жүрген жерін таза ұстап, Табиғат-Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді. Олай болса, болашақ, соның ішінде, Алматы қаласының болашағы – өзіміздің қолымызда!!!
3. Сын есім және оның түрлерін ата. Мысал келтір.
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Морфологиялық сипаттары
Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).
Синтаксистік қызметі
Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов).
Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.
Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.
Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кеңжолмен келеді (Ғ. Мұстафин).
Семантикалық топтары
Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.
Сапалық сын есімдер
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Қатыстық сын есімдер
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.
Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы:Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс .
4-билет
1. Абылай хан туралы әңгімелеу.
Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
2. «Қазақстан» туралы бір өлең жатқа айт.
Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан  — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевсайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері). Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігіндеРесеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км жәнеҚырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[6]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[7].
Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азовжәне Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.
2014 жылдың 1 наурызында елдегі тұрғындар саны - 17 202600 адам бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.
Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 63.1%,орыстар - 23.6%, украиндар - 2.9%, өзбектер - 2.8%,немістер - 1.5% ұйғырлар - 1.4%, татарлар - 1.3%, басқа халықтар - 4.3%.[8] Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[9]Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынанбастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына,Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестіктіМөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттерҚытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.
Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауышыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с.е.) Шыңыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстүгіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына
қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қлыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш.б.)Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді.
Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан.
3.Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай, мысал келтір.
Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A8%D1%8B%D1%80%D0%B0%D0%B9_%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%B3%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Шырай категориясы (мұндай бет жоқ)" Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.
Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жай, салыстырмалы, күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі. Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты: аппақ пен керемет ақ немесе тым аппақ деп айту оның ерекше аппақтығын білдіру, бір ғана түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған.
Сын есімнің шырайларын түрлері
1.Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
2.Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
3.Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
4.Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.
Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.
Біркелкі сыңдардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады. Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т. б.
Мысалы: Жақсы-жақсырақ, терең-тереңірек, ащы- ащылау.
Сапалық сын есімге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:
Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:
1. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: Мысалы: жақсы-рақ, жұқа-рақ, кіші-рек, күшті-рек, ұзын-ырақ, толығ-ырақ, үлкен-ірек, биіг-ірек т. б. Мысалдан көрінетіндей, сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, жуан буыннан кейін -рақ, жіңішке буыннан кейін -рек жұрнағы жалғанады; сапалық сын түбірінің соңғы дыбысы дауыссыз болса, жуан буыннан кейін -ырақ, жіңішке буыннан кейін -ірек жұрнағы жалғанады.
2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: Мысалы: жақсы-лау, сары-лау; кіші-леу, күрең-деу, терең-деу, сұр-лау, жасыл-дау, көк-теу, суық-тау т. б.
Сөздің соңғы дыбысы дауысты және үнді р, й, у болса, жуан буыннан кейін -дау жіңішке буыннан кейін -деу жалғанады; сөздің соңғы дыбысы үңді м, н, ң, л не ұяң болса, жуан буыннан кейін -дау, жіңішке буыннан кейін -деу жұрнағы жалғанады; сөздін соңғы дыбысы қатаң болса, жуан буыннан кейін -тау, жіңішке буыннан кейін -теу, жұрнағы жалғанады.
Бұл екі жұрнақ барлық сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасай береді. Сондай-ақ жекелеген сапалық сың есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын да жұрнақтар бар. Олар:
1. -ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым. Мысалы: ақшыл, ақшылтым, сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т. б.
2. -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: Мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім, ақшылтым т. б.
Ескерту: -шыл,-шіл қосымшалары тек түр-түсті білдіретін ақ және көк сын есімдеріне ғана жалғанады
3. -ғыш, -ілдір: Мысалы: сарғыш, көгілдір, бозғыш т. б.
4. -аң, -қай, -ша, -ше. Мысалы: куаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша, сұрша т. б.
5-билет
1. Райымбек батыр туралы әңгімелеу.
Райымбек Түкеұлы (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%B6%D2%AF%D0%B7" \o "Ұлы жүз" Ұлы жүз албан ішіндегі Алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы роман, ақынМ.Мақатаев “Райымбек, Райымбек” атты поэма жазған. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында “Райымбек бастауы” бар. Алматы облысының Нарынқол,Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматық-ндағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында. Бейітінің басына кесене — күмбез тұрғызылған. 1990 ж. “Райымбек” тарихи-этногр. қоғамы құрылды.
2. « Гулдене бер, Астана» тақырыбына мәтін құру.
Астана қаласы-Қазақстан Республикасының астанасы.Ол Сарыарқаның төрінде орналасқан.Астананың символы-Бәйтерек.Бәйтерек-әсем және биік ғимарат.Астанада зәулім ғимараттар салынып жатыр.Есілдің сол жағалауында Елбасының Резиденциясы-Ақ Орда,Парламент,Қорғаныс министрлігі,Ішкі істер министрлігі,т.б. ұйымдар мен мекемелер орналасқан.Астанада біздің еліміздің ұлы тұлғаларының-Абайдың,С.Сейфуллиннің,Төле,Қазыбек,Әйтеке би және т.б. ескерткіштері бар.Астана күннен-күнге гүлденуде.Астананың болашағы зор.
3. Күшейтпелі шырай,мысал келтір.
Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
6-билет
1. Бөгенбай батыр туралы әңгімелеу.
Канжыгалы́ Богенба́р (каз. Қанжығалы Бөгенбай баһадүр, 1680 − 1778) й батылары́-, ұлы қазақ қолбасшы, бас қолбасшы әскерлермен үш қазақ жузов Қазақстанның ұлттық батыры, потерпевший бірде-бір жеңілістің өзінің әскери мансабында (103 атыс-шабыс), мәмілегер.Баста елде қыстауда Аргын бауының - бас р. жағасында Бөген (қазірде Байдибекский оңтүстік-қазақстандық облыстың ауданы) ара потомственного баһадүрдің отбасысында - ара 1680 жылы туды баһадүрдің Ақшасының,, Тәукенің қазақ хан 80-мыңдаған әскер басқарған сардара, қарамастан және ол әйел-каракалпачка Сандык. Немере Альдеун баһадүр (1609 − 1670) - Есима қазақ ханының қолбасшысының. Выходец Аргын қазақ бауының канжыгалы руынан. Қартайғандықта кетті, салт атта отыра, Аргын бауының елдің жаздың өрісінде - Тургайка (қазірде Ақмоланың облысының Ерейментауский ауданы) р. жағасында. Бұрын сол жер Бөгенбай сөресі (орыс "Бөгенбайдың мөресінің") аталды, қазірде кенқұдық аталады. Оның денесі кейін 40-күндізгі бальзамда- бой 45 күннің болды.
2. « Қазақ батырлары» тақырыбына әңгіме құру.
Қазақ халқы көшпелі салтта, ақсақал дәуірінде болды. Қара бұқараның билігі ру бастықтары – билердің қолында болды. Руды билеген билердің өз руынан айырықша тілегі болмады.Қара шаруа мал бағуға лайық шарттар тіледі. Қоныс жайлы болса, ел бейбітшілік болса, малға, адамға түсетін салық аз болса, талас шыққанда әділ билік айтатын ақсақалдары болса – қара халықтың көңілі тыныш болды. Ел билеген ақсақалдар да елдің тілеген тілеп, елдің жоқшысы болды. Ақсақал болу, би болудың өзі елдің сайлауынан болғандықтан, бұлар елден бөлініп кете алматын еді.Сонымен қазақтың брынғы дәуірінде қара халықтың арасында бөлек таптар болмады.Руларды біріктіру үшін «Ақсүйектен» қазақ халқы хан сайлайтын еді. Ханды ру басылары – билер сайлайтын еді.Хандардың мақсаты - өздерін күшті қылу, халыққа айтқанын істету еді. Хандарға салтанатты болуға елден алым – салғырт керек болды; күшті болуға әскер керек болды; атақ үшін жауласу керек болды, тағы тағысын. Ханның табиғаты қара халықтың тілегіне қарсы болды.Қазақтың ескі тұрмысында алғашқы кезде таптықты хандық туғызды. Хандар, төрелер, бұлардың нөкерлері, төлеңгіттері бір тап еді. Өңге халақ бір тап еді. Бірінші таптың тамағы, атақты болуы, күшті болуы секілді тіршілігінің бәрі екінші таппен байланысты болды. Сондықтан таптың мақсаты қара халықты қойдай қылып жусатып алып, қосақтап сауу еді, құрай, құрайлап суғарып, кішиттеп оттатып, соғым қылу еді.Қара қазақта мұны жақсы білетін. Сондықтан қазақтың хандары күшті бола алмады. Қара қазақтың жоқшысы болған билер қара бұқараны хандарға ерттеп мінгіздірмеді. Бұлар хандарды жүгендеп ұстады.Жүгенделуге хандықтың табиғаты қарсы. Хандар жүгенді үзуге түрлі тәсілдер құрды. Ру ара дауларды бітірмей, барымта, жанжалды көбейтіп, руларды алжастырып, атыстырып, шабыстырып, өзіне жүгіндіретін болды. Олжаға қызықтырып, қазақтың қанындағы ескі ауруын қоздырып, айналасындағы көршілерімен елді жау қылып қойып отырып, елді биледі. Ар – намысты сатып, күшті көршіге сүйеніп, қара бұқараны қорқытып биледі. Осының бәрі қолынан келмеген күйде елге бағынып, билердің айтқанын істеп отыратын еді. Елді тәсіл мен ұстауға қолынан келмеген, бірақ билерге бағына алмаған хандарды «хан талау» деп, ел талап алып, қуып жіберетін еді не өлтіретін еді (Бұрындық, Тайыр, Нұралы, Есім, Арыстан).Біздің білуімізше, елді көршілермен жауластырып ұстаған Еңсегей болы Есім хан, Салқам Жәңгір.Бөтендерге бағынып, күштіге сүйеніп, елді қорқытып ұстаған Сығай хан, Әбілқайыр хан, Әбілқайырдың тұқымынан шыққан хандар, Абылайұлы Уали хан, Әлмәмбет хан. Билердің дегеніне көніп елді ұстаған Әз Тәуке хан. Жоғарыдағы әдістердің бәрін қатар жұмсап, ел ұстаған Абылай хан. Қалмақтан жеңіліп ақтабан шұбырындыға тап болған елдің бөтендермен жауласуға күші көп келмейтін болды. Қалмаққа бағынған қазақ бағынып қала берді де, құлдықтан құтылғандардың өз арасында күшті бүліншілік пайда болды. Ұлы хан қалмақтың қол астында қалған соң, қалған елге ұлы хан болғысы келген хандар көбейді. Әбілқайыр, Қайып, Сәмеке ұлы хан болғысы келіп қатар шықты. Бұлардың қайсысы да бір ауыздан елді тегіс соңына ерте алмады. Әбілқайырға елді қорқытып алып хан болудан басқа жол қалмады.Елді қорқыту үшін Әбілқайыр орыс патшасына бағынбақшы болды.Осы уақытта елдің билері екі айырылды. Бір бөлек билер басы арғын Жәнібек, табын Бөгембай болып соңына ерген елдермен хан жағына шығып кетті.Ел бөлініп қоныс аударған уақытта күшті рулардың аз руларға жәбірі көбейеді. Қоныстың да жайлысы күштілерге тиеді.Орта жүзден бөлініп кеткен аз ғана арғынға бүліншілік заманда теңдік аз тисе керек, қоныстың жайлысы екі бастан тимейді. Кіші жүздің ішінде аз болған жетіру да, жетірудің ішінде табын да Жәнібектің арғыны секілді күйде еді. Бұларға Кіші жүзді билеу үшін, еліне жайлы қоныс алып беру үшін Кіші жүздің билерінен сырт бір күш керек болды.Орыс үкіметі жәрдем беріп, Әбілқайыр айбарлы хан болса, бұларға іздегені табылғандай болды. Сондықтан бұлар бастан – аяққа дейін Әбілқайырды, Әбілқайырдың тұқымын сүйеп кетті.Бұлар дегеніне жеті. Әбілқайыр айбарлы хан болды. Жәнібек пен Бөкембай Кіші жүзді биледі. Арғын мен жетіру (табын) жайлы қоныс та алды, орысқа, ханға арқа сүйеп, күшті рулардан жарытып жәбір де көрмеді … Бірақ Кіші жүз еркінен айырылды.Әбілқайырдан бастап хан табы күшейе бастады. Патша үкіметі ханға зор сүйеу болды. Орыстың әскері елді ханға бағындыруға үлкен құрал болды. Ханға қарсыларға «өбежек» болды. Сый – сыяпатқа батқан Жәнібек пен Бөкембайдың үлгісі басқа билердің көзін қызықтырып, көңілін бөлді. Хан жақтаған билер көбейе бастады. Қара халықтың тілеуін тілеуден гөрі ханның тілегін тілеген билерге үнамды келді. Патша үкіметі жақындаған сайын, хан күшейген сайын қара халықтың күйі нашарлана бастады. Салық көбейді, ел аралаған әскердің, төрелердің, билердің жәбірі көбейді. Бұлардың көбі елдің қамын жемеді, ханның не өзінің қамын жеді. Билерді хан тағайындай бастаған соң, қара бұқараның күйі тіпті нашарлады.Хан төреге, хан жақтаған билерге көніп, қара бұқара да қарап тұрмады, бұларға қарсылығын күшейтті. Таршылықтың түбі патша үкіметінде екеніне түсініп, қара бұқара орысқа қарсы шықты. 1731 – інші жылдан 1870 – інші жылға дейін екі таптың күресі болды. Бірі - әуелі хан, кейін патша үкіметі, бұларды жақтаған төрелер, билер. Екіншісі – қара халық. Ақырында қара халық жеңіліп қалды. Қазақтың хандығы ресім он тоғызыншы әсірдің ортасына дейін созылса да, шынында Әбілқайырдан бастап қазақтың хандары патша үкіметінің қолында ойыншық болды. Сондықтан 1731 – інші жылдан бергі Кіші жүздің ханға болсын, сұлтандарға болсын, орысқа болсын көтерлістерінің бәрін патша үкіметіне қарсы көтерлістер деп атау керек.
3. Жай шырай,мысал келтір.
Жай шырай- сол сын есім айтылмыш белгінің немесе сапаның нұсқа- негізгі пішіні.
Мысал: жасыл.
7-билет
1. Қабанбай батыр туралы әңгімелеу.
Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі —Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр”атанды.
1717 ж. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D1%8F%D0%B3%D3%A9%D0%B7_%D1%88%D0%B0%D0%B9%D2%9B%D0%B0%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Аягөз шайқасы (мұндай бет жоқ)"Аягөз шайқасына, 1723 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D0%BA%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Түркістан" Түркістан қорғанысына, 1726 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%82%D1%8B_%D1%88%D0%B0%D0%B9%D2%9B%D0%B0%D1%81%D1%8B" \o "Бұланты шайқасы" Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды.
1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды.
1751 ж. ол Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.
1752 — 54 ж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%91%D0%B0%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD-%D0%91%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Баспан-Базар (мұндай бет жоқ)"Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан,Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.
1756 ж. жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты.
1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB" \o "Үшарал"Үшарал қаласында батырға ескерткіш, Астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған.
1992 — 93 ж. бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді. Батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара, т.б. ақын-жыраулар шығармашылығына арқау болған. Жазушы Қабдеш Жұмаділов “Дарабоз” тарихи романын жарыққа шығарды.
2. « Батырлық , ерлік» туралы мақал- жатқа айт.
Үркер жиылып — ай болмас, 
Кедей жиылып — бай болмас
Істің ағы білінбейді, 
Жігіттің бағы білінбейді.
Ердің ісі — елдің мойнында, 
Елдің ісі — ердің мойнында.
Ауырлықты жер көтерер, Ауыр қазаны ер көтерер. 
3. Сан есімнің ережесін айт, мысал келтыр.
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.
Морфологиялық сипаттары
Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.
8-билет
1. Ақан сері туралы әңгімелеу.
Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші, композитор.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор.
Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.
Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.
Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі — “Балқадиша”. Бұл — өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән.
90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.
Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.
Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%BB%D1%83%D0%B0%D0%BD_%D0%A8%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D2%9B" \o "Балуан Шолақ"Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері — өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы.
Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі — кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы.
2. « Менін сүйікті әннім» тақырыбына әнгіме құру.
3. Зат есімнің ережесін айт, мысал келтір.
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.
9-билет
1. Міржақып Дулатов туралы әңгімелеу.
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданынақарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1905" \o "1905"1905 жылы МіржақыпА. Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасыАхмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1907" \o "1907"1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1920" \o "1920" 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
2. Қазақ жазушылары жайлы не білесің?(ой тулғау)
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТI — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр”, «Алпамыс”, «Ер Тарғын”, «Қамбар батыр”, т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпик. дастандар («Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, «Қыз Жiбек”, т.б.) қазiргi Қ. ә-нiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қ. Ауыз әдебиетi.Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қ-на Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi.Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң «Мұхаббат-наме”, Сайф Сараидiң «Гулистан бит-турки”, («Түркi тiлiндегi Гүлiстан”, Құтбтың «Хосрау — Шырын”, Дүрбектiң «Жүсiп — Зылиха” дастандары ерекше мәшһүр болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң «Қисса-сул әнбия” деп аталатын прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi — «Кодекс куманикус” атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген туынды едi.Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның «Шежiре-и Түрк” («Түрiк шежiресi”), Қыдырғали Жалайыридiң «Жамиғ-ат тауарих” («Шежiрелер жинағы”), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме”, Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиi” ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этик.-дидактик. мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-филос. трактаттар, ғибрат сөздер, т.б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логик., тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты.Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15—16 ғ-ларда қазақ жыраулары ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк, стильдiк жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, филос. ой-пiкiрлердi қоғамдық дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қ. Жыраулық поэзия.18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ әдебиетіндегi жыраулық дәстүр бiртiндеп ығысып, жеке ақындық өнерге орын бере бастады. Жыраулық поэзияның қалыптасқан сөз саптауы, ел тағдырын ту етiп ұстап, ерлiктi мадақтаған биiк үнi бiр iзге түсiп, жеке ақындық өнер арқылы күнделiктi тiршiлiктiң сан-саласына, адам өмiрiне, оның iсi мен мiнез-құлқына, қоғамдағы орны мен қызметiне көңiл бөлiндi. Бұл — әдебиет дамуындағы жаңа дәуiрдiң басы едi. Ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты тануға, оған өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық өнер байып, өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз әдебиетi дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi. Осындай жеке ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын (Тiлеуке Құлекеұлы) өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам өмiрi, оның мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда тапқырлық, бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирик. «мен” көрiнiс тапты.19 ғ-дан бастап қазақтың жазба әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халық тың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары — Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836—37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты («Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп”), оған қатысатын ерлердiң сипаты («Ереуiл атқа ер салмай”), соғыс суретттерi («Соғыс”), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар («Тарланым”, «Мұнар күн”), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне («Баймағамбет сұлтанға айтқаны”, «Қызғыш құс”) байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлының Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен бағалы. Исатай—Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары—Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837 — 47) өзiне тiлектес әдебиет тудырды («Наурызбай — Қаншайым”, «Топ жарған”, «Жасауыл қырғыны”, Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-Наурызбай” жыры). Сыр бойында, Бат. Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар туды («Бекет батыр”, «Жанқожа батыр”). Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т.б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары — Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т.б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады; қ. Зар заман ақындары.Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғ-дың екiншi жартысында туған демокр. ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғы-лым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демокр. идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классик. әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классик. әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қ. ә-нiң эстет. принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме” — 1880, «Бала зар” — 1890, «Диуани хикмет” — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қ. ә-нiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қ. Әдеби байланыс. 20 ғ-дың басындағы Қ. ә. ұлы Абайдың ағартушылық, демокр. дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса” боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ” деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров Қ. ә-н көркемдiк-эстет. тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу”, «Кiм жазықты?” атты романдары, «Адасқан өмiр”, «Кедей”, «Таныстыру”, «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы” поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал” атты роман жазды. «Айқап” журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеум. теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима”, «Топжарған”) басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет” дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қ. Қазақ халық поэзиясы.Қ. ә. тарихында кеңес дәуiрi ерекше iз қалдырды. Бұл кезең, негiзiнен, ұлттық әдебиеттiң өрлеу жолынан өткен, жанрларын байытқан, одақтық, сол арқылы, әлемдiк әдебиетпен қарым-қатынасқа түскен шағы болды. Алайда, әдебиеттiң даму қарқыны үнемi бiркелкi болмады. «Әдебиеттiң партиялылығы” принципi оның тақырып таңдауына керi әсер еттi. Әдебиетте науқаншылдық өрiстеп, адамзат мүддесiне ортақ мәселелер жеткiлiксiз көтерiлдi, оның алдына бiрыңғай кеңестiк жүйенiң «артықшылығын” дәлелдеу мiндетi қойылды. Соған қарамастан ұлттық әдебиет туған халқының өмiрiмен байланысын үзген жоқ, оның қайшылықты өмiр жолын көркемдiкпен тануға ұмтылды. Әдебиетшiлердiң бiр тобы Кеңес өкiметiнiң теңдiк, әдiлдiк ұрандарын қолдап жаңа жырлар туғызды. Олардың басында Сәкен Сейфуллин тұрды. Сейфуллин жырларында азаттық, теңдiк аңсаған, сол үшiн күрескен жаңа адамның бейнесi жасалды. Ол табиғат суреттерi мен махаббатты, сезiмдi жырлаған лирик. өлеңдер, поэмалар («Көкшетау”, т.б.), прозалық шығармалар («Тар жол, тайғақ кешу”) жазды. Сәкен бастаған бағытқа Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров, Шолпан Иманбаева, Сәбит Мұқанов, т.б. ақын-жазушылар үн қосты. Олар қазақ жерiнде жаңа туа бастаған кеңестiк шындықтың жарқын жақтарына ризашылық бiлдiрiп, шаттық жырын жырлады. Алайда, 20-жылдардағы ашаршылық пен шаруаларды күштеп ұжымдастыру, қолдағы малды тартып алу, содан туған қуғын-сүргiн көшпелi елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн қиындатып жiбердi. Бiрақ бұл жағдайды суреттеуге кеңес әдебиетi бара алмады. Осы олқылықтың орнын Мағжан Жұмабаев шығармалары ғана толықтыра алды. Большевиктер билiгiн қабылдамаған Мағжан демокр. әдебиет дәстүрiн жалғастыра отырып, халық басындағы қайғылы тұстарды көркем суретке түсiрдi. Ол өмiрдiң мұңды, қайғылы жақтарына көп үңiлдi, өкiнiш пен күйiнiшке бой алдырды. Бiр мезгiл орыс декаденттерiне елiктеп өлеңдер жазды. Мағжанның махаббат пен табиғат жырлары да қазақ лирикасының ең жарқын беттерi болып саналады. Сәкен мен Мағжан шығармалары 20-жылдардағы Қ. ә-ндегi екi сарынның бейнесi iспеттi. Жаңашыл жас ұрпақ Сәкен маңына топтасты. Әдебиеттiң өмiр жаңалықтарын зерттеп, жаңа тақырыптарды игеруге бет бұрды. Азаматтық, саяси лирика дамыды, лирик.-публицистик. поэмалардың үлгiлерi туды. Көркем проза, драматургия даму жолына түстi. Мұхтар Әуезов, Жүсiпбек Аймауытов осы екi жанрда бiрдей елеулi шығармалар бердi. «Қилы заман”, «Қараш-қараш” оқиғасы, «Қартқожа”, «Ақбiлек”, т.б. повестер мен романдар, «Еңлiк-Кебек”, «Қаракөз”, «Мансапқорлар”, «Шернияз” сияқты пъесалар жазылды. Әңгiме жанрында Майлин жемiстi еңбек еттi. Әдебиетшi кадрлар қатары өсiп шықты. А.Тоқмағамбетов, Ө.Тұрманжанов, Ғ.Мүсiрепов, Ғ.Мұстафин, С.Шәрiпов, Ж.Тiлепбергенов, Е.Бекенов, М.Дәулетбаев, т.б. шығармалары әрқилы әлеум. көзқарастарына қарамастан, 20-жылдар әдебиетiнде жаңа бетбұрыс жасалғандығын көрсетедi. Мұндай қарқынды бұған дейiн ешбiр әдебиет тарихы көрiп-бiлген емес. Оған азаттық идеясының әсерi болғаны даусыз. 30-жылдар Қазақстан экономикасын, мәдениетiн кеңес саясатына ыңғайлау ұранымен басталды. Соц. реализм әдiсi қабылданып, әдебиет соц. шындықты бекiтетiн материалдар негiзiнде жұмыс iстейтiн болды. Бұл, белгiлi дәрежеде, әдебиеттiң еркiндiгiн шектедi. Осы шектеуге алдымен қазақ поэзиясы ұшырады. Ол 30-жылдары, негiзiнен, жаңа соц. отанды мадақтауға, елдi индустрияландыру, ұжымдастыру науқандарын паш етуге бағытталды. Адам ойын, сезiмiн, сүйiспеншiлiгi мен күйiнiшiн, табиғатпен байланысын жырлау саясаттан тыс саналды. Халықты «Бесжылдықты төрт жылда орындау” ұранына шақыру орын алды. Iстелген iстердi тiзбелеу, жаңалықты тамашалау сарындары көбейдi. Бұл — қазақ лирикасының өсуiне кедергi жасады. Оның есесiне публицист. поэзия iлгерiлеп, азаматтық лирика едәуiр есейдi. Эпик. поэзияның бүгiнгi күн тақырыбын жырлаған үлгiлерi де сәтсiз болды. Тек тарихи тақырыпта ғана (I.Жансүгiров: «Күйшi”, Қ.Бекхожин: «Ақсақ құлан”, И.Байзақов: «Ақбөпе”) табысты шығармалар туды. 30-жылдары эпик. проза жақсы өстi. Майлиннiң «Азамат-Азаматыч”, Жансүгiровтiң «Жолдастар”, Мұқановтың «Темiртас”, «Жұмбақ жалау” («Ботагөз”), М.Дәулетбаевтың «Қызылжар”, С.Ерубаевтың «Менiң құрдастарым”, Ғ.Слановтың «Дөң асқан” романдары жазылып, бұл жанрды Қ. ә-нде орнықтырды. Майлиннiң, Әуезовтiң, Сейфуллиннiң, Мүсiреповтiң, Шәрiповтiң әңгiме-повестерi жарияланды. Драматургияда Жансүгiров, Майлин, Әуезов, Мүсiрепов жемiстi еңбек еттi.30-жылдар әдебиетiнде жалпы қоғам өмiрiндегi халықтық энтузиазмге құрылған жаңа үн бар едi. Әдебиет соны үлгi ете отырып, өмiрдi толық игеруге бет бұрды. Бiрақ, 1937 — 38 ж. қуғын-сүргiн кезiнде елде қоғамның бүкiл даму заңдылықтары бұзылып, «халық жауларын” iздеу басталды. Сейфуллин, Байтұрсынов, Жұмабаев, Майлин, Жансүгiров атылды. Әуезов, Мұқанов, Мүсiрепов қуғынға ұшырады. Әдебиет саласындағы бұл дағдарыс екiншi дүниежүз. соғысқа дейiн жалғасты. Бұл жылдардың әдебиетке қойған өз талабы болды. Ол майдан мүддесiне қызмет етiп, халықты басқыншы жауға қарсы отан қорғау рухында тәрбиелеуге, майдан батырларының ерлiгiн жырлауға тиiс болды. Өлең саяси үгiт құралына айналды. Қазақ поэзиясы бұл мiндетiн жаман орындаған жоқ. Сонымен бiрге, соғыстың адам басына салған ауыртпашылығын солдаттың сезiмi арқылы суреттеу өрiс алды. Бұл тұрғыда майдангер ақындар Қ.Аманжолов, Д.Әбiлев, Ә.Сәрсенбаев, Бекхожин жақсы жырларымен көрiндi. Үлкен прозада бұл кезеңде Қ. ә-ндегi, тiптi кеңес әдебиетiндегi ең үздiк туындылардың бiрiне айналған М.Әуезовтiң «Абай” романының бiрiншi кiтабы жарияланды. Соғыстан кейiнгi дәуiрде Қазақ әдебиетінiң қарқынды iзденiстерi айтарлықтай табысқа жеттi. Партияның идеол. салада бiраз қаулылар («Ленинград” және «Звезда” журналдары туралы”, «Драма театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы”, т.б.) қабылдап, әдебиеттiң еркiндiгiн шектеуiне қарамай, эпик. проза үлкен табыстарға жеттi. Әуезовтiң («Абай”), Мұқановтың («Ботагөз”, «Сырдария”), Мүсiреповтiң («Қазақ солдаты”), Мұстафиннiң («Миллионер”) есiмдерi Одаққа кең тарады. Олардың кiтаптары шет ел тiлдерiне аударылды. Осыған жалғас «Абай жолы”, «Оянған өлке”, «Қарағанды”, «Дауылдан кейiн” романдары жазылып, жоғары бағаға ие болды. М.Иманжанов, Қ.Жармағамбетов, С.Бақбергенов, С.Шәймерденов, З.Қабдолов, т.б. жазушылардың әңгiме-повестерi туды. Қазақ поэзиясы соғыстан кейiнгi халық ш-н қалпына келтiрiп жатқан еңбек адамдарының жан сезiмiн суреттеуге қызмет еттi. Бұл салада Ғ.Орманов, Аманжолов, Ж.Саин, С.Мәуленов көркем туындыларымен көзге түстi. Т.Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты”, «Қырда туған құрыш”, Х.Ерғалиевтiң «Бiздiң ауылдың қызы”, Әбiлевтiң «Алтай асулары”, Бекхожиннiң «Мәриям Жагор қызы” поэмалары туды. Драматургияда Ә.Әбiшев, Ә.Тәжiбаев, Ш.Хұсайынов жаңа шығармалар («Достық пен махаббат”, «Көктем желi”, «Дубай Шубаевич”) бердi.50-жылдарда жеке адамға табынушылықты сынау мен елдiң iшкi нормаларын демократияландыру саясаты әдебиетке бiрсыпыра жеңiлдiк әкелдi. Әдебиетке қойылған қасаң тәртiп босаңсып, «жылымық” туды. Мұның өзi жазушылардың шығарм. белсендiлiгiн арттырды, олар өмiрдi боямалап көрсетуден бас тартып, заман шындығын қайшылықты құбылыстар арқылы тануға ұмтылыс жасады. Бұл iзденiс Әуезовтiң «Өскен өркен”, Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер”, «Боран”, Т.Әлiмқұловтың «Ақбоз ат”, Ә.Нұрпейiсовтiң «Қан мен тер”, С.Жүнiсовтiң «Жапандағы жалғыз үй”, З.Шашкиннiң «Сенiм”, «Темiртау” романдарынан көрiндi. Х.Есенжановтың тарихи романдары, Б.Момышұлының әскери прозасы жарық көрдi. Идеол. шектеудiң әлсiреуi, 60-жылдары әдебиетке келген жаңа ұрпақтың шығарм. iзденiстерiне тың шабыт бердi. Олар адам өмiрiн жан-жақты тереңдiкпен, филос. ойшылдықпен жырлауда, оның бойындағы ой, сезiм еркiндiгiн ашуда елеулi табыстарға жеттi. Поэзияда Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ғ.Қайырбеков, О.Сүлейменов, М.Мақатаев, Ж.Нәжiмеденов, Т.Айбергенов, прозада Ш.Мұртаза, Ә.Әлiмжанов, Ә.Кекiлбаев, М.Мағауин, С.Жүнiсов, Қ.Жұмадiлов, Д.Исабеков, Ә.Тарази, Қ.Ысқақов, Р.Тоқтаров, О.Бөкеев, С.Мұратбеков, Д.Досжанов есiмдерi қазақ оқырман қауымының сүйiспеншiлiгiне бөлендi. 70 — 80-жылдары Қ. ә. Ф.Оңғарсынова, К.Салықов, М.Айтхожина, С.Иманасов, М.Шаханов, И.Оразбаев, Ж.Жақыпбаев, т.б. таланттар есебiнен толыға түстi. Қ. ә-нiң үлкен бiр саласы — балалар әдебиетi. Сапарғали Бегалин, Ө.Тұрманжанов, Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, М.Гумеров, М.Қабанбайдың әңгiме, повестерi жас оқырмандардың сүйiктi шығармаларына айналды. Балалар прозасын бағдарлағанда, қаламгерлердiң шеберлiгi шыңдалып, психол. талдауларға батыл барғанын және бұл жолда балалар прозасы мен поэзиясы табыссыз емес екендiгiн аңғаруға болады (қ. Қазақ балалар әдебиетi).1960 — 90 ж. iшiнде Қазақ әдебиетінде тарихи тақырып ерекше қарқынмен дамыды. Ұлттар тарихына жасалған тұсау алынғаннан кейiн қазақ жазушылары елдiң тәуелсiздiгi мен бостандық идеясын тарихи материалдарға сүйене отырып, көтеруге мүмкiндiк алды. Бұл тұрғыда I.Есенберлиннiң («Қаһар”, «Алмас қылыш”, «Жанталас”, «Алтын Орда”), Мұртазаның («Қызыл жебе”), Мағауиннiң («Аласапыран”), Кекiлбаевтың, («Үркер”, «Елең-алаң”) Ә.Әлiмжановтың («Жаушы”, «Ұстаздың орлауы”, «Махамбеттiң жебесi”), Жүнiсовтiң («Ақан Серi”), С.Сматаевтың («Елiм-ай”) тарихи романдары Қ. ә-нiң қомақты табыстарына айналды. Тарихи романдар үлгiсi бүгiнгi күн тақырыбына шығарма жазушылар үшiн де мектеп болды. Б.Соқпақбаевтың, Жұмадiловтiң, З.Қабдоловтың, Тоқтаровтың, Ысқақовтың, Таразидiң, т.б. жаңа романдары дәуiр шындығының қайшылықты жақтарын кең ашып бейнелеуде, оқырманға заман мен адам туралы ой салуда едәуiр әдеби-көркемдiк жетiстiктерге ие болды. Осы жылдарда театр сахналарында Ахтановтың «Әке мен бала”, «Жоғалған дос”, Әбiшевтiң «Нұрлы жаңбыр”, Жүнiсовтiң «Ай тұтылғанда”, Ысқақтың «Таңғы жаңғырық”, Исабековтiң «Әпке”, «Мұрагерлер”, М.Хасеновтiң «Пай-пай, жас жұбайлар-ай”, Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтiрiк бөрiк астында”, Н.Оразалиннiң «Шырақ жанған түн”, Р.Сейсенбаевтың «Түнгi диалог”, «Нартәуекел” пьесалары табыспен жүрдi. 80-жылдардың соңына қарай, қазақ жазушылары бұрын айтылмай келген халық басынан кешкен аштық, қуғын-сүргiн оқиғаларын жазуға мүмкiндiк алды. Соңғы он жылдықтағы әдеби құбылыстар тақырыбы бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiн қозғауымен, тарихи ойымен, психологизм мен әлеум. iшкi өзара байланысымен, адамның iшкi жан дүниесiне, мiнезiне үңiле назар аударуымен, экол., урбанизация, ғыл.-тех. жетiстiктер көкейтестi, т.б. жайларға көңiл аударуымен ерекшеленедi. Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз”), Қабдолов («Менiң Әуезовiм”), Мұртаза («Ай мен Айша”), Мағауин («Сары қазақ”), Жүнiсов («Аманай мен Заманай”), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары”), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз”), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы”), Сматай («Жарылғап батыр”), С.Елубай («Тағзым”), Мұратбеков («Ай туар алдында”), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты”), Тарази («Қара жұлдызға сапар”), Жұмадiлов («Тағдыр”), А.Жақсыбаев («Тiрек”), Қ.Исабаев («Шоң би”), Д.Досжан («Құм кiтап”), Б.Мұқай («Өмiрзая”), Ә.Сарай («Едiл-Жайық”), О.Сәрсенбай («Шеңбер”), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты. Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтик. қиялдың ауқымдылығы, лирик., баяндаушылық, публицистик. және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтик. байқаулар шығарм. iзденiстердiң молаюына түрткi болды. 20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың «Абылай хан”, Ш.Құсайыновтың «Томирис”, М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндерi” тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады.
3. Көптік жалғаулары бар сөздермен сөйлем құрастыр.
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз"есімдігіндегі -з формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к, -қ формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.
Біртекті нәрселердің жиынтығын, белгілі бір адамдар тобын (мектеп-тер, үй-лер, жас-тар);
Сын есім мен есімшені субстантивтендіреді (жақсы-ларды, ақылды-ларды, оқыған-дарды);
Сан есімге, мезгіл үстеуге жалғанып, болжалдау, шамалау, мелшерлеуді білдіреді (жасы отыз-дарда, са-ғат үш-терде, былтыр-лар);
Бір нәрсенің жалпыға бірдей ортақтығын, меншіктеуші адамның көптігін білдіреді (жалғыз қыз-дарың, Сапар әке-лерің, мектеп-терің). Көптік жалғау бірыңғай мүшенің соңғысына ғана жалғанады. Көптік мағына Көптік жалғауның қатысынсыз лексикассыз, морфологиясыз, синтаксистік тәсілдер арқылы берілетін сөздер де бар (түз, ұн, құрт-құмырсқа, мәдениет, феодапизм, ақыл, достық, бала-шаға, кәрі-жас, жолдас-жора, ыдыс-аяқ). Көптік ұғымның сөз тіркесінен аңғарылатын тұстары аз емес. Мысалы, онсыз да көптік ұғымды білдіретіндіктен: барлық, көптеген, қанша, әр, бірнеше, сантүрлі, санмың, біраз сөздерімен, сондай-ақ сан есіммен тіркәсіп келгенде көптік жалғауы қажет болмайды: 5 адам, барлық адам, көп адам.
10-билет
1. «Киіз үй» туралы әңгімелеу.
Киіз үй— Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D1%88%D0%BF%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96_%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80" \o "Көшпенді халықтар"Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Толығырақ... Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.
Киіз үй түрлері
Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.
Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.
Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.
Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.
Қараша үй – кедей үйі.
Отау – жас жұбайлар үйі.
Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.
Киіз үй сүйегі
Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды. Ежелгі аты “қаңқа” сөзі болғанымен соңғы атау қазіргі ауызша да, әдеби тілде де көбірек пайдалануына байланысты біз де “киіз үй сүйегі” атауын пайдаландық. Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды етіп жасалынуы қажет. Киіз үй формасының дөңгелек түрде алынуы, барлық бөлшектерінің бір-бірімен айналмалы, қозғалмалы (шарнирлі) етіп жалғастырылуы киіз үйді жел екпініне, жер сілкінісіне төзімді етеді жҽне киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты дауылға шыдамай құлаған жағдайда үйлерді аз ғана шығынмен қайта тұрғызуға мүмкіндік береді. Өмірлік тәжірибе құлаған киіз үйдің ең көп зақымданатыны уық қаламдары екенін көрсетіп жүр. Бұндай жағдайға ұшыраған киіз үй сүйектері зақымданған уық қаламдарын сәл ұзартып, қайта қаламдаумен шектеледі де, үй қалпына келтіріледі.
Тоғын– шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
Шаңырақ– үйдің бас бөлігі.
Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.
Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.
Уық– шаңырақ пен кереге отрасын қосатын иінді ағаш.
Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы.
Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).
Керегенің басы– керегенің жоғарғы жағы.
Керегенің аяғы– керегенің жерге тірелген жағы.
Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Азат көз– керегенің көктелмеген жерлері.
Желі– керегені құрайтын ағаштар.
Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Қары– уақтың иініне дейінгі бойы.
Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.
Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.
Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.
Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
Күйеу қазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзін ағаш.
Шаңырақ
Басты мақаласы:Шаңырақ Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.
Шанырақ
Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады. Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.
Этимологиясы
Қазақ тілінде “шаңбақ” деген сөз бар. Ол сөз тек қана бір-біріне тік бұрышпен бікітілген нәрселерге арналатын сөз. Қауғаның шаңбағы деп құдықтан су шығаратын тері ыдысты бекітетін, тура шаңыраққа ұқсатып жасаған құралды айтады. “Шаң” сөз түбірі болса (қосу таңбасы) “рақ” пен “бақ” жалғаулары олардың бірін шаңыраққа бірін шаңбаққа айналдырып тұрады. Бұл мәселе жөнінде тіл мамандарына ой толғап көруіне болатын секілді.
Сықырлауық. Есік. Немесе киіз үйдің кіреберсі. Blender және ZBrush 3D графикалық бағдарламада орындалған сурет.
Есiк пен төрБасты мақаласы: Есік (қазақ үй), төрКиiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.
Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.
Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген.
Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.
Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар.
Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi.
Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi».
Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!
Басты мақаласы: Кереге, БосағаБосаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға.
Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т.б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады.
Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» осындай мағынасы үшiн де мақалға енген.
Сол босағадан кiрген дүние сыртқа шықпайды, қапқа түседi. Қазақ мұны «қапқа түскен — қатындыкi» деп бiр-ақ қайырады.
Ал оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi.
Қайтыс болған адамды да қазақ ақ киiзге жатқызып, оң жақтан шығарады. Демек оң жақ бiр әлеуметтiк сатыдан екiншi әлеуметтiк сатыға немесе бiр әлеммен екiншi әлемге өткiзетiн көпiр iспеттес. Олай болса, «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» деген тiлектiң кейiнгi жолдарында әке-шешең аман болсын деген астар жатыр.
Қазан-ошақ
Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады.Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек.Қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Құт деген түсiнiктi сарқа құйып алатын символдың басы осы — қазан. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi — Түркiстандағы Тайқазан. Қазақтың қазанды қатын-баламен бiрге атайтыны да осыдан келiп шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып бүгiнгi күнге дейiн жалғасып келедi.Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде де мансұқтайтын аңыздар бар. Оның бiрi: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы ретiнде де таниды.
Бақан, адалбақан
Басты мақаласы: Бақан, адалбақанБақан да еркектiң символы. Бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi тiреп тұрған нәрсе. Ал адалбақанның рөлi бұдан да жоғары. Төсек-орнымен сол жаққа шыққан ерлi-зайыптылар жастары өсе келе төрге бiр табан жақындаса, адалбақанға екi табан жақындайды.
Адалбақан — әлем ағашының символы. Әлем ағашы, әлем бәйтерегi дегенiңiз — Ертөстiк ертегiсiнде айтылатын, самұрық құс қонатын, арғы әлем мен бергi әлемдi жалғастырған ғажайып ағаш. Адалбақанға жақындаған адам — адалдыққа жақындаған адам. Дәл осы жастағылардың денсаулығы сыр берiп, жаны күйзелгенде «Төрiмнен көрiм жақын» деп қиналатыны да бар.
Табалдырықты баспа!
Ертедегi түсiнiк бойынша, әлем үш сатыдан тұрады. Аспан — рухтар мекенi. Ондағы адамдар белбеудi басынан байласа, жердегiлер белiнен, ал төмендегiлер аяғынан байлайды. Табалдырық сол төмендегi әлеммен байланысқа түсiретiн мәнге ие.
Мысалы, ертеректе шала-жансар туылып, өлiп қалған малдың төлiн табалдырықтың астына көметiн болған. Түсiктi де сөйткен. «Табалдырықты баспа!» дейтiн тыйымның шығу себебi, мiне, осымен байланысты.
Оталмаған мылтық пен қаппаған қақпанды домдау үшiн табалдырықтың астына қойып, бойын таза ұстайтын әйел адамға аттататын болған. Себеп, арғы әлем мен бергi әлемнiң арасындағы қаскөй рухтар мылтық пен қақпанды байлап тастады дейтiн түсiнiк.
2. «Менің пәтерім» тақырыбына әңгіме құру.


3. Мына сөздерді тәулде: қалам, ел, келешек, кітап
Менің қалам, елім, келешегім, кітабім.
Сенің қаламың, елің, келешегің, кітабің.
Оның қаламы, елі, клешегі, кітабі.
Біздің қаламымыз, еліміз, келешегіміз, кітабіміз.
Сендердың қаламың, еліңіз, келешегіңіз, кітабіңіз.
Олардың қаламысы, елі, келешегі, кітабі.
11-билет
1. Біржан Қожагұлулы туралы әңгімелеу
Біржан сал Қожағұлүлы (1834-1897)
Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жаңғасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата ңонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқүл, Қожағүл, Қожағүлдан Түрлыбай, Нүралы, Ералы туады. Біржан Түрлыбайдың баласьь Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағүлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан түрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге қүмар жас тар аяда ңалмай, ошақ басы, от ңасы әңгімелерінен биік түрып, ел тамсаидырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік ңүра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арңасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салтдәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мүса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс қүрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.
2. « Айтыс өнері» тақырыбына әңгіме құру.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
3. Ілік, барыс септіктері бар сөздермен сөйлем құрастыр.
Ілік септік сойлем:  Анардың әжесі зейнетақы. Менің әпкем нституттың ректоры.
Барыс септік сойлем: Университет-ке келіп жумыс істейді.
12-билет
1. Қожа Ахмет Йассауи туралы әңгімелеу.
Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі –Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан-Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді.
1. «Менің суйікті ұстазым» тақырыбына ой толғау жаз.
«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.Әрбір оқушының өз жүрегіне жақын сүйікті ұстазы болады. Ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Мысалға, менің сүйікті ұстазым – информатика пәнінің мұғалімі, әрі сынып жетекшім –Гульфира Октябровна. Ұстазым өз мамандығын сүйеді, сабаққа жан-жақты дайындықпен келіп, биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Информатика пәнінен бізге білгендерін үйретуде. Оқушының сабаққа қызықтыру мақсатында сыныптан тыс іс-шараларды жа жиі өткізеді. Сынып жетекшім бізге білім беруге, ой-пікірімізді тиянақтауға бар күшін жұмсап атсалысады. Білгенін үйретеді. Оқушының жаманын жасырып, жақсылығын асырады.
Ержеткен соң да, мекбеті мен ұстазын қимайтын оқушылар да кездеседі. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, үлкен азаматтар қатарына қосылғаннан кейін де ұстаздарын іздеп келіп жататындар да аз емес. Бұның барлығы ұстазға байланысты. Кейбіреулеріне ұстаз анасындай болып кетеді. Ал ана әрбір адам баласына қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз. Ұстазға әрдайым жылы жүз бен мейінбандылық тынытып, сыйлап құрметтеу – біздің парызымыд. Ұстазға қандай құрмет көрсетсе де аз емес. Сондықтан да ұстаз деген ұлы есімді мәңгілік қастерлеп өтемін.
3. Табыс, жатыс септіктері бар сөздермен сөйлем құрастыр.
Табыс септік сөйлем :Мұғалім кабинетіне оқушыны шақырды.
Жатыс септік сөйлем : Раушан дәрісте отыр.
13-билет
1. Шәкәрім Құдайбердіұлы тарулы әңгімелеу.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D0%B0%D0%B1_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" \o "Араб тілі" Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.
2. «Украинадағы Қазақстан жылы» тақырыбы бойынша әңгімелеу.
2007 жыл Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Украинадағы Қазақстан жылы болып жарияланды. Бұл екі ел арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан мен Украина президенттері арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында жүзеге асып отыр делінген ҚР президентінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде. Осы жайында «Азаттық» радиосына берген сұхбатында сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мұхтар Кәрібай Қазақстан мен Украина елдерінің жақындай түсуі осы кезге дейінгі екі ел байланыстарының бай мазмұнға толы болуына байланысты деп отыр. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мұхтар Кәрібай Украинада Қазақстан жылының жариялану әрекетіне Қазақстан ұстанып отырған диломатиялық дәстүрдің жалғасы болды деп баға береді. Ол екі ел арасында ежелден орнаған қатынастар әсіресе, соңғы жылдары биік деңгейге көтерілді дейді. - Қазақстан мен Украинаның қарым-қатынастары қазір нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында сауда-экономикалық байланыстар 971 миллион долларды құраған. Соның ішінде Қазақстаннан Украинаға көбінесе, минералды, отын-энергетикалық өнімдер шығарылса, Қазақстанға Украинадан машина құралдары мен әр түрлі құрылғылар импортталған. Бұл елдердің арасында соңғы кездері инвестициялық ынтымақтастық та дамып отыр, - дейді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы. Сондай-ақ Мұхтар Кәрібай келер жылы Қазақстанда Украина жылы жарияланып қалуы да мүмкін екенін айтты.- Қалыптасқан дәстүрге қарайтын болсақ, алдымен Қазақстанның Ресейдегі жылы жарияланса, кейіннен Ресейдің Қазақстандағы жылы жарияланды. Сол сияқты биыл Қазақстанның Украинадағы жылы жарияланса, келер жылы Укранинаның Қазақстандағы жылы болып жариялануы әбден ықтимал, - деді ол.Ал Алматы қалалық Украин мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Валентин Лейморенко бұл саяси шешімді қуанышпен қарсы алғанын жеткізді.- Бізді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ішіндегі ең мықты мемлекеттің, яғни Қазақстанның Украинамен тығыз байланыс ұстауы қуантады. Бұл әрине, екі елдің достығын күшейте түседі. Қазір жергілікті украиндар Қазақстанда өздерін үйлеріндегідей сезінеді. Оны Халықтар Ассамблеясының жұмысынан көруге болады. Қазақстанда сондай-ақ, біздің қауымдастығымыз жұмыс істейді. Мұнда украин тілі мен мәдениетін дамытуға барлық жағдай жасалған десе болады. Біз қуанбағанда қайтеміз, - деді Валентин Лейморенко.Ал саясаттанушы Шәріпбек Әмірбек болса, Украинада Қазақстан жылының жариялануы Астананың экономикалық мүдделерімен байланысты болып отыр деп есептейді.- Кеңестік кезеңдегі бүкіл өнеркәсіптік потенциал Ресей, Украина, Белоруссияның жерінде орналасқан болатын. Мұнымен қатар Украинада ұшақ ракета жасау кешендері бар. Мұның бәрінде Қазақстанның мүддесі бар. Қазақстан Украина рыногіне де қызыға қарайды. Қазір Укранина рыногі әсіресе, газды, онан кейін мұнайды қажетсініп отыр. Бұл жағдайды Қазақстан жағы дұрыс пайдаланғысы келеді. Мұның астарында сонымен қатар, Қазақстанның Украинаға инвестиция салу жоспары да жатуы мүмкін, - дейді саясаттанушы. Қазақстанның қатысуымен бұған дейін де осы тәрізді атаулы жылдар болған еді. Мысалы, 2003 жылы Қазақстанда Ресей жылы жарияланса, 2004 жылы Ресейде Қазақстан жылы жарияланған болатын.
3. Шығыс, көмектес септіктері бар сөздермен сөйлем құрастыру.
Шығыс септік сөйлем: Толқыннан толқын туады.
Көмектес септік сөйлем: Көшіп келе жатқан — Абай аулымен көрші ауылдар.
14-билет
1. Мағжан Жұмабаев туралы әңгімелеу.
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз,Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1910" \o "1910" 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия”медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1913" \o "1913"1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%BA%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96_%D0%B6%D0%B0%D0%BB%D0%BF%D1%8B%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%81%D1%8A%D0%B5%D0%B7%D1%96" \o "Екінші жалпықазақ съезі"Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана”журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады. 1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылыМ.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
2. «Менің сүйікті кітабым» тақырыбына әңгіме құру.
Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан  шексіз мейірбансың, ақылы  тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын  беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кітапжан. Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да  көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!
3. Сұраулы сөйлемге мысал келтір.
Осылардың соңында, қандай белгі келеді?
15-билет
1. Мағжан Жұмабаев туралы әңгімелеу.
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз,Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1910" \o "1910" 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия”медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды.1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана”журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылыМ.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
2. «Менің сүйікті кітабым» тақырыбына әңгіме құру.
Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан  шексіз мейірбансың, ақылы  тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын  беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кітапжан. Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да  көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!
16-билет
1. Қазыбек би туралы әңгімелеу.
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған. Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да: “Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті. Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан. Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – “Жеті жарғыны” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді. Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған. Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы. Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген. Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен.
2. «М.Әуезов туғанына 110 жыл» тақырыбына әңгіме құру.
Қазақтың ұлы жазушысы және ағартушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 110 жыл жылдығы аясында мерекелік шаралар, дөңгелек үстелдер мен “Абай жолы” эпопеясының  орыс тіліне аударылған жаңа аудармасының тұсаукесері өтеді. Мұхтар Омарханұлы өзінің шығармасында ұлы жазушы, әрі ірі ғалым, фольклор мен әдебиет тарихын зерттеуші ретінде, әдеби өзара әсер мен өзара байланысты, қазақ әдебиет тану ғылымында жаңа бағыт – абайтануды жасады. Қазақ әдебиетінің классигі өзінің бірінші шығармасы, республикадағы ұлттық театр мен театр өнерінің пайда болуымен туған “Еңлік-Кебек” трагедиясын,  жазушы 20 жасында жариялады.   М.О.Әуезов әлем халықтарының 30 тіліне аударылған “Абай жолы” бірінші қазақ роман-эпопеясын жазды. Бұл толық тізілім емес, көрнекті суреткер Қазақстанның рухани мәдениеті үшін көп еңбек сіңірді. 1961 жылғы 10 тамыздағы Үкіметтік қаулыға сәйкес, 1963 жылы Мұхтар Әуезовті мәңгі есте қалдыру, есте сақтау экспозициялық мұражай кешені салынды. Ұлы жазушының 110-жылдығында Мұражай үйінде Әуезов оқулары  өтті. Тағы да еліміздің маңызды мәдени оқиғасының бірі Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясының орын тіліндегі жаңа аудармасының дарыққа шығуы болды. Бейсенбі, 27 қыркүйек күні, Мұхтар Әуезовтың туғанына 110 жыл толуын мерекелеу аясында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында белгілі ресейлік жазушы Анатолий Ким аударған, романның екі томының жаңа аудармасының тұсаукесері болып өтті.
3. Лепті сөйлемге мысал келтіру.
Лепті сөйлем : Алақай, ертең мен киноға барамын!
17-билет.
1. Жас Фараби туралы әңгімелеу.
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик,астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9" \o "Абай" Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет. Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың«толық адам»жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, есімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы-көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған. Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.
2. «Өнер», «Білім» тақырыбына мақал-мәтелдер айту.
Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар. Өнерлі өрге жүзер. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. Өнерліге өлім жоқ. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөз алтын. 
3. Бастауыштың ережесін түсіндіру, мысал келтіру.
Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Бұл - менің келешектен күткен үмітім.
18-билет.
1. «Арал мен Балқаш» туралы әңгімелеу.
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді. Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр. Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым. Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі. Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады. Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады. Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – "Балқашмыс" АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр. Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады. Балқаш көлі  - Қазақстандағы ең ірі  көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген. Ақ теңіз  деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды.  Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан  көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мыңды айдаған бір байдың  ай мен күндей сұлу, ақылы асқан, келбеті жарасқан  қызы болыпты. Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл аймағы еркелетіп, оны Балқияжан, Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш деп атап кетіпті. Күндердің күнінде осы Балқаш айдай толып, алмадай пісіп, кемеліне келіп бой жетіпті. Осы шақта жастайынан айттырып, қалың малын тегіс төлеп бітірген бай құдалық қамына кірісіп «қамдана берсін, келінімді биыл күзде түсірем» деп  қыздың әкесіне сәлем жолдапты.  Бесік құдасынан хабар келген әке  қам жасай бастайды. Ал айттырып қойған күйеудің тілі сақау,  есерлеу жігіт екен.  Балқашқа бұл хабар төбесінен тас түскендей болып тиеді. Ас ішпей,  ұйқы кірмей, сарғайып, сола бастайды. Мұны сезген ата-ана, ағайын-туған «бір байдың еркесі, өсе келе есі кіріп, ел ағасы болып кетеді», «Ақ батаны, шариғат жолын бұзуға болмайды» деп жұбатысады. Күнде ойын, күнде  думан жасап көңілін бөлмек болады. Қайғы-қасірет жүрегін кернеген Балқаш   мұның  біріне де назар салмайды. Жадыраған жаз өтіп, қоңыр күз келе жатады. Қыз елден безіп қаңғырып   өлсе де есуас сақауға бармауға бел байлайды.  Өзімен көңіл қосып жүрген осы ауылға ертеден сіңісіп кеткен, еті тірі Ерден деген  жігітке Балқаш  жолығады.  - «Қайтсең де мені мына пәледен құтқар, өле-өлгенше алдыңнан шығып, айтқаныңды екі етпеймін, өлсең көріңе бірге түсейін»- деп асылып отырып алады.  Паналар жері, бетке ұстар елі жоқ  жігіт не істерін білмей қатты қысылады.  Ақыры, қыздың зарынан қабырғасы сөгілген, бір жағынан жатқа қиғысы келмеген ер көңілді жігіт  бір түнді қызды атпен алып қашады.  Барар бағыты  бұдан бір жыл бұрын жау алған жылқыны іздеп жүріп кез болған  қалың қамысты үлкен көл.  Мұз қатқанша  соның жағасында жасырынып жатып,  қысқа қарай оның аржағына, Ұлы жүз еліне өтіп кетпек болады. Екі жас түн жамылып, тау бөктерлеп, жапан түз сусыз шөлді кезіп өтеді. Қамыстың құрағы күректей,  сабаулары білектей, толқыны жар слққан үлкен көлге де келіп жетеді. Аттарын арқандап тастап, қамыстан күрке жасап, мұздың қатуын күтеді. Ауыл бұлардың  қайда кетіп, қайда қонғанын білмей елден – елге кісі шаптырып, сұрау салып, сабылысуда болады.
2. «Қазақстанның табиғаты» тақырыбына әңгіме құру.
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%B0" \o "Еуропа" Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығын және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерінде Жайық (Dаіх), Жем(Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендері туралы мәліметтер келтірген.
3. Баяндауыштың ережесін түсіндіру, мысал келтіру.
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесінатаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не?деген сұрауларға жауап береді. Мен бір аса маңызды жұмыспен келіп отырмын.
19- билет.
1. Ахмет Байтұрсынов туралы әңгімелеу.
Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы,Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі болған. Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.
2. Қазақ ақындары жайлы не білесің? (ой толғау).
Қазақстан жазушыларының І және ІІ съезінің арасындағы ірі табысы – халық ақындарының қаулапөсіп, әдебиет майданының күшті бір отряды болғандығы. Егер де, І съезде қатысқан халық ақыны болмауы былай тұрсын, онда халық ақындары туралы мәселе ауызға да алынбаған болса, бұл съезде халық ақындары көп қатысып отырғандығы сүйінетін факт. Егер де, І съезде біздің сүйікті қарт жырауымыз Жамбылдың аты ауызға алынбаған болса, мына ІІ съезімізде Жамбыл аты қазақ поэзиясының туындай ардақталып отыруы тарихи тамаша табыс. І-ІІ съездер арасындағы бес жылдың ішінде Жамбылдай ұлы тұлғалы ақынды әлем сақынасына шығарып, оны дүниеге танытып отырған, Жамбылдың бір топ аяулы шәкірттерін өсіріп отырған қазақтың советтік әдебиеті бүгінгі күні мақтануына да болады. І съезде халық ақындары туралы мәселе ауызға да алынбауының себебі не? Осыған біраз тоқталайық. Сол съездең қарсаңында қазақтың ұлан-байтақ өлкесінде халық ақындары болмап еді деп, кімнің аузы барып айта алады? Әрине айта алмайды. Ондай сөзді айтқандар болса, олар не нағыз көр соқыр надан, ақымақ та, не халықтың қаскүнем дұшпандары ғана. Біз қазақ әдебиетінің өткен-кеткен тарихын, өсу жолдарын айқын білеміз. Қазақтың революцияға дейінгі әдебиетінің өркендеу жолдары халық ақындарының аттарымен байланысты екенін де білеміз. Халық ақындары қазақ әдебиетінің күшті бір отряды болып та келген, болып та отыр. Егер де халық ақындары революциядан бұрынғы дәуірлерде қазақ халқының мұңын, зарын, арманын жырлап келсе, революциядан бергі жерде сол халықтың қолы жеткен бақытын, көктемнің көгіндей қаулап өскен өмірін, шаттығын, күш-қуатын жырлап келеді. Қазақстанда соцализм жеңістері, сол жеңістердің туы болған Ленин есімін ең ләззатты сезіммен, күшті сүйінішпен жырламаған халық ақыны (егер де ол халықтан шыққаны рас болатын болса) жоқ шығар. Ал, ендеше І съезде халық ақындары туралы мәселе ауызға алынбауын не дейміз? Оған жауап біреу-ақ: Қазақстан совет Жазушылары одағының басшылығында болып келген екі жүзді қарабет дұшпандар, қазақ халқының өмірін сырт саудалап өлімге сатпақшы болған, анасының адал сүтін арандауға әрекет жасаған азғындар, қазақ халқының ішінен шыққан ақын ұлдары мен қыздарын әдебиет сахнасына шығармауға тырысқандығы айдан анық. Сол бірінші съезде сумаңдап сөз сөйлеген сұмырай жаулар, ел мәдениетінің өш дұшпандары съезд трибунасын өз мақсаттарына пайдалануды көздеп, бірін-бірі мадақтауды, сөйтіп бірінің қара бетін бірі бүркеуді ғана білді. Олар өздерінің арамдық істерін жүргізу үшін қазақтың советтік әдебиетінің адал кадрын, әсіресе, халық ақындарын көрсетпей бүркеуге әрекет жасады. Міне, І съезде халық ақындары туралы мәселе ауызға алынбауының ең басты себебі осы. Оның үстіне, тағы да сол қырсықты дұшпандардың салдарынан, Қазақстан Жазушылары одағының басқармасы халық ақындарымен жұмыс жасауды елей алмап еді. Бірақ «асыл пышақ қап түбінде жатпас» дегендей, халықтың талантты қыздары мен ұлдары әдебиет дүниесінің сахнасына жарқ етіп шыға келді. Қуаныштың құйыны соғып, өнер теңізінің түбінде жатқан асылдарын жарыққа шығарды. Халық ақындарының қаулап өсіп, мықты отряд болып ұйымдасуына үш жағдай үлкен себепкер болды: бірі - қазақ искусствосының Мәскеуде болған декадасы, екіншісі - Конституцияның жарыққа шығуы, үшіншісі - Жамбылдың дүниені дүбірлеткен тойы. Осы ұлы қуаныштар дәуірі Қазақстанның түкпірлерінде жатқан халық ақындарының шабытын бұрынғыдан шалқытты, олардың көкірегін кернеген шаттық сырлары ауыздарынан жыр болып ақтарылды. Олардың шығандай шыққан дауыстары бүкіл қазақ халқына жете бастады. Міне, осы кезде Қазақстан советтік Жазушылары одағының басқармасы да өзінің халық ақындары жөніндегі қатесін мойындап, іске кірісті, халық ақындарын ұйымның қатарына тарта бастады. Сол-ақ екен, халық ақындарының отряды қаулап өсіп жүре берді. Алматыдан Жамбыл шырқап еді, Қаскелеңнен Саяділ қосылды. Шығыстан шырқап Жапарғали шықты, Қарағандыдан Доскей мен Ильяс шықты, Оңтүстіктен Орымбай, Солтүстіктен Естай қосылды, Ақтөбеден арқыратып Нұрпейіс жырау шықты. Халық ақындарын жарыққа шығаруда өте пайдалы болған жұмыс әдістері - халық ақындарының аудандық, облыстық, республикалық слеттерін шақыру жұмысы болды. Есеп беріп отырған дәуірдің ішінде мұндай слеттер Қазақстанның бірқатар аудандарында, облыстарында, республикада бірнеше рет өтті. Осы слеттер халық ақындарын тауып, жоғарылатуға үлкен себепкер болды. Алдағы уақытта да осы слеттер шақыру әдісін қолдана беру қажет болды. Бірақ мәселе тек халық ақындарын табуда ғана емес, оларды тәрбиелеуде. Біздің бүкіл өміріміздің кескіні бұрынғысынан өзгеріп кетті. Біздің өміріміз өте күрделі өмір, сыры терең, мәдениеттің, өнер-білімнің өмірі. Олай болса, халық ақындарын осы өмір шабысына ілестіру экспрестей заулаған заманның қарқынынан қалдырмау, олардың білімін, мәдениетін арттыру ең басты міндет қой. «Талант болса, білімсіз де жарыққа шығады» деген зиянды теорияға енді орын бере алмаймыз. Біздің заманымызда білімсіз, мәдениетсіз жалаң жалғыз талантпен ұзаққа бара алмайсың. Оның үстіне, біздің халқымыздың әдебиетке деген тілегі әлде қайда өсіп кетті, халқымыз өміріне, заманына сай әдебиет тілейді; оны халық ақындарынан тілейді. Осы тілекті орындау үшін әрбір халық ақыны өзінің білімін, дүниеге көзқарасын өрістетуге ең бірінші міндетім деп санамаса болмайды. Жазушылар одағы халық ақындарының білімін, мәдениетін көтеру жөнінде біраз жұмыстар істеді. Бірақ өте тапшы. 1937-1938 жылдары Жазушылар одағының жанында халық ақындары мен жас жазушыларға арналған екі айлық курстар ашылды. Бұған аудандардан қырық шақты халық ақындары келіп оқыды. Олар курстың программасын толық меңгеріп кете қоймағанмен, әдебиет мәселелерінен біраз білімдер алды. Міне, осының өзі көрнекті нәтижелер берді. Бұрын ұсақ өлеңдер шығарумен ғана жүрген халық ақындары курске барып қайтқан соң кезек шығармалар бастағанын көрдік. Мысалы, Саяділдің «Ер ұлы» поэмасын жазуы, Сапарғалидың «Жарма» поэмасын жазуы, Қуаттың «Ақсу» поэмасын, Кененнің «Әли батыр» поэмасын жазуы сол курстан алған білімнің нәтижесі. Рас, оқытқан білімді бойына сіңіре алмай, көрнекті шығарма бере алмай жүрген шабан ақындар да аз емес. Халық ақындарын өсірудің енді бір басты шарты: олардың таңдамалы шығармаларын бастыру жұмысы. Мұнда да біраз табысымыз бар, бірақ қанағаттанарлық емес. Мұндағы олқылыққа Жазушылар одағы да жауапты ғой, бірақ, ең басты кінә ҚКӘБ-да. Соңғы үш жылдың ішінде ҚКӘБ-ның басып шығарған халық ақындарының шығармалары өте аз. Жамбыл шығармаларын басып шығардым деп ҚКӘБ басшылары мақтана алмайды, өйткені, Жамбыл шығармаларын басып шығару жұмысы Қазақстанның партия, Үкімет орындарының, Мәскеу баспаларының тікелей қолқабысымен болған іс. Рас, ҚКӘБ Жамбылдың қазақша-орысша жинағын шығарды, бірақ ол ауыз толтырып айтуға тұрмайды. Онан басқа не шығарды? 1936-1937 жылдары халық ақындарының кішкене ғана жинақтары шықты. Осыдан басқа не бар? Еш нәрсе жоқ. Саяділ Керімбековтың өткен жылдың басында тапсырған жинағы әлі күнге шыққан жоқ. Биылғы жылы Жазушылар одағының халық ақындары секциясы ҚКӘБ-ның 1939 жылғы жоспарына Иса Байзақовтың поэмалар жинағын Саяділдің поэмасы мен өлеңдерінің жаңа жинағын, Байғанин Нұрпейістің, Доскей Әлімбаевтың, Манкин Ильястың жеке жинақтарын және басқа халық ақындарының көлемді бірнеше жинағын ұсынып еді, ҚКӘБ басшылары "қағаз жоқ" деді де, бірқатарын жоспарға енгізбей тастады. Халық ақындарының шығармаларын жариялау, оларға рецензия жаздыру, халық ақындарына консультациялар беріп отыруда әдебиет журналының істеген ісі де түкке тұрғысыз. Журнал қызметкерлері жеке халық ақындарымен тікелей байланыс жасауды білмейді, Жазушылар одағына қарап, "халық ақынының өлеңін берші" деп алақанын жаяды, берсең, анау деп, мынау деп баспай қояды. Не сол басылмаған шығармалардың кемшілігін айтып не бір рецензия, не бір консультация жазуды және білмейді. Тіпті, халық ақындарының тілін ұқпайтын сияқты. Оған бір дәлел: халық ақындарын ауыздарына алса, алақанын тек Жазушылар одағының халық ақындары секциясына жаяды. Өздері бірдеме десе қайтеді екен. Халық ақындарының көп шығармаларын жинап, бастырып отыратын орынның бірі - Ғылым Академиясының Жамбыл атындағы Әдебиет бөлімі. Бірақ мұның іс нәтижесін әлі көргеніміз жоқ. Бөлімнің бастығы Исмаилов жолдас халық ақындарының алдында ұялап қалмаса игі еді. Халық ақындарының таңдамалы шығармаларын жарыққа шығаруда "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттері үлкен істер атқарған болар еді; бірақ ол газеттердің әдебиет жұмысын басқаратын Сланов, Оңғарбаев жолдастар әзір қомпая алмайды. Бұл жөнінде "Социалистік құрылыс", "Екпінді құрылыс", "Советтік Қарағанды", "Оңтүстік Қазақстан" сияқты облыстық газеттердің ісі әжептәуір көзге түскенін де айта кетеміз.Халық ақындары шығармасын сынау мәселесіне келейік. Бұл жөнінде сыншымыз Смайлов жолдасқа өкпелеуге де болмайды ғой деймін. Өйткені халық ақындарының шығармасы түгіл, өзімен бірге өсіп, біте қайнасып жүрген жас ақындырдың шығармалары жөнінде де сараңдық істеп келеді. Аз да болса, халық ақындарына шығармалық көмек беруде Қалмақан, Сәбит, Қасым жолдастардың бірсыпыра еңбегі бар. Енді жеке ақындарға тоқталайық. Халық ақындарын атай бастағанда ең алдымен Жамбылды атасақ, сонан кейін Исаны, Саяділді, Нұрпейісті тағы басқаларын атаймыз. Жамбыл өз алдына бір кең дүние. Жамбылды бәріміз де жақсы білеміз. Исаны алайық. Шынында Исаны халық ақыны деп те, профессионал ақын деп те айтуға болады. Мәселе онда емес. Иса тамаша талант. Ол кезінде халық жауларының бөгетіне, қатты ренжіткеніне қарамастан өзінің талантының жемістерін бере берді. Оның "Құралай сұлуы", "Алтай аясындасы", "Ұлы құрылысы" қазақ әдебиетінің тарихында жоғала қоймайтын шығармалар. Иса халық жауларының қысымынан құтылған соң, Жазушылар одағының жұмысына да, өзінің шығармасына да жақсылап кірісе бастады. Ол ең алдымен ақындардың екі айлық курсінде оқып, әжептәуір білім алды. Сол алған білімінің нәтижесі ретінде "Кавказ" деген поэма беремін деп, уәде беріп еді, онысын орындамады Иса. Партиямыз бен үкіметіміз Исаның еңбегін бағалап, Еңбек Қызыл Туы орденін беріп отыр. Бұл зор табыс - тек Исаның ғана табысы емес қазақ әдебиетінің табысы. Енді Иса партия мен үкіметтің бұл құрметіне жауап беруі керек. Творчестводағы табысын мастанудан аулақ бола отырып, жаңа жақсы шығармалар беруді көбірек ойлауы керек. Иса поэзиясы "Құралай сұлу" дәрежесінен жоғарылауға тиіс. Өйткені "Құралай сұлуды" жазған дәуірдегі халық тілегі мен қазіргі тілек бір емес. Халық тілегі өсіп кетті. Ендеше Иса да өсуге тиіс. Біз Исадан "Құралай сұлудан" әлдеқайда жоғары сатыда тұрған шығарма күтеміз, Иса беруге міндетті. Соңғы екі-үш жылдың ішінде көп өскен ақынның бірі Саяділ Керімбетов. Саяділ ақын сөзінің салмағын, қадірін білетін ұқыпты ақын. Ол өлең жазғанда ақын сөздерін салмақтап, саралап алады. Сондықтан да оның поэзиясының тілі жақсы болып жүр. Оның үстіне ол тақырып таңдау жағынан да өсті. Данышпан Белинский айтады - әрбір объектінің поэтикалық жағы бар, ақын алдымен соны іздеп, тауып алуы керек, - дейді. Кез келген сөз ақын сөзі болмайды да, кез келген тақырып поэзия тақырыбы бола бермейді. Саяділ осы мәселені есіне алатын ақын. Сондықтан да ол "ақын шабыты" деген поэтикалық тақырыпты ала білді де, жырлай білді. Саяділдің соңғы берген кесек шығармасы "Ер ұлы" деген сюжетті поэмасы. Ол поэманың құрылысын, тіл жағындағы бірсыпыра кемшіліктерін былай қойғанда, Саяділдің сондай күрделі шығарма беруге кірісуінің өзі сүйсінерлік іс. Ол оның өскендігін көрсетеді. Саяділдің "Бес мылтық" деген поэмасы да жаман поэма емес. Саяділдің мұндай сюжетті поэмаларды айналдыруына қарағанда, біз одан жақын уақыттың ішінде бір кесек, жақсы шығарма күтуге праволымыз. Партия мен үкіметтің жоғарғы сыйы "Құрмет Белгісі" орденін алғанда Саяділ - "Жақсы шығармалар беруге" уағда берген, сол уағдасының орындалуын асығып күтеміз. Бірақ біздің Саяділге айтатынымыз: қазақ жазушыларының әсіресе классиктердің, сонымен қатар Европа, орыс жазушыларының шығармаларын, қазақтың бай фольклорын неғұрлым көп оқы, мәдениетіңді арттыра бер, таяу уақыттарда профессионал жазушының мәдениетіндей мәдениетке жетуің керек дейміз. Ақындардың ішіндегі бір ерекше тұлғалы ақын Нұрпейіс Байғанин. Нұрпейіс шын мағынасында жырау. Ол ылғи жырмен жосылтады. Нұрпейіс жырларының ішкі-сыртқы көркемдігі көп ақындардікінен артық. Оның жырлары - асқар шыңнан құлдырай аққан кәусәр бұлақтай әрі таза, әрі екпінді. Төрт аяғы тең жорғадай жосылған, селдей серпінді, толқындай ортқыған нағыз қазақ жырының бар аяулы қасиеттері Нұрпейіс жырларында толық көзге түседі. Нұрпейістің даусын біз алғашқы рет Жамбыл тойында естіп, қатты сүйсіндік. Оның "Ақын шабыты" деген өлеңі "Социалистік Қазақстанда" басылып шыққанда, Қазақстанның әдебиет дүниесі Нұрпейістің бетіне жалт қарағандай болды. Сол-ақ екен, Нұрпейіс жырау жосылта бастады. Ол толып жатқан сұлу жырлар, екі-үш поэмалар берді. Нұрпейістің "Ақын" деген поэмасы комсомолдың ХХ жылдығына арналған поэмалар конкурсында бәйге алды. "Дала", "Екі қыз" деген поэмалары баспаға дайындалып жатыр. Рас, Нұрпейіс суретті поэмаларды меңгерді деп айта алмаймыз.Оның жасының келіп қалғандығы, білімінің жоқтығы, хат танымайтындығы поэманың желісін тартуға мүмкіндік бермей келеді. Сөйтсе де, Нұрпейіс поэзиясының жоғарыда айтылған қасиеттері бізді сүйсіндірмей қоймайды. Ендігі жерде Нұрпейіске білім беру, әдебиетпен таныстыру, тақырыпты қалай меңгеруді үйрету мәселесін мықтап қолға алуымыз қажет. Жолдастар! Азды-көпті жазып жүрген ақындардың саны бізде 40-қа жуық.Олардың алдыңғы қатарлылары ұйым мүшелеріне тартылған. Біз, қай ақынды болмасын, еңбегіне қарай бағалаймыз ғой. Осы жағынан қарағанда, біздің ендігі атап айтатын ақындарымыз Доскей, Ильяс, Үркімбаев, Байырбаков Елеусіз, Терібаев Қуат, Әлімбетов Сапарғали, Орымбай, Нартай. Бұл ақындар өздерінің шығармаларының біздің өмірімізге көп еңбек сіңіріп жүрген ақындар. Бұлардың еңбектері, әсіресе, қалың халық арасында жұмысшылар мен колхозшылар арасында өте бағалы. Қарағанды шахтерлері өздерінің Доскей мен Ильясын сүйсіне оқып төбесіне көтерсе, Ақсу колхозшылар өзінің Қуат ақынына сүйсінеді. Біздің ақындарымыздың ең бағалы жағы осы қалың жұртшылықпен бірге өсіп, біте қайнасып жүріп, қайнаған еңбектің ортасында жүріп жырлауында. Олардың өлең-жырлары жұмысшылар мен колхозшылардың бойына жігер үстейді, еңбегінің жемісін молайтады.Ақынның қалың еңбекшілерге сүйкімді болғаны - бізге де сүйкімді болғаны. Ондай ақынды біз төбемізге көтереміз. Ал енді, кейбір ренжуге тура келетін ақынсымақтар да бар. Мысалға Қастек ауданындағы Өтеп Оңғарбаев деген ақынды алайық. Ол өзі ақын болғанмен, ақынның қоғамда алатын орнын, ақын халыққа еңбек етуге міндетті екенін түсінбеген адам. Ол не істеген? Колхозшыларды екпінді еңбекке, мәдениетке, қырағылыққа шақырудың орнына, "мен ақынмын, мені Алматы біледі, мен сендерден артық адаммын..." деп, колхозшыларға кеуде көрсеткен.Колхоз жұмысына өзі қолқабыс тигізбегені былай тұрсын, "...ақын басыма кір келтіресің" деп, әйелін де колхоз жұмысына шықпауға үгіттеген. Ал өзі бір-екі ауыз бірдеме айтса, жеке колхозшылардан ол үшін ақша сұрауды әдет еткен. Бұл баяғы Абай айтатын: мал үшін тілін безеп, сарнаған қайыршы ақын сияқты емес пе? Қайыршылық дегенді халқымыз ұмытып та кеткен заманда Өтеп сияқты ақынсымақтардың қайыршының ролін атқаруы қандай өрескел, қандай жат! Бұл сияқты құлқынқұмар, ақындығын саудаға салатын, ақын деген ардақты атақты былғайтындарды ақын демек түгіл, азамат деп те айта алмаймыз. Ақын халыққа аянбай қызмет етсін. Ақындығын саудаға салып атақты, абыройды өйтіп сатып аламын деп ойламасын. Ақынның еңбегіне бағаны халық береді. Онан соң, кейбір өкпешіл ақындар да жоқ емес. Кейбіреулері бірнеше жыл бойында бірлі-жарымды ғана өлең шығарады да, мені үлкен ақын деп танымайсыңдар, мақтамайсыңдар дейді. Ал, кейбіреулері көркемдік маңызы жағынан түкке тұрмайтын бірдеме соға береді де, "менің өлеңдерім жақсы еді, кітап еді, суретімді басып шығара қоймады" деп жоғары орындарға арыз жаудырады. Ондай ақындарға — біз "сенен еш нәрсе шықпайды, жазба" демейміз. Өлеңдеріңіздің кемшілігі көп, ойлаңқыраңыз, алдыңғы қатарлы ақындардан үйреніңкіреңіз дейміз. Бұған өкпелейтін болса, онда не шара? Жолдастар! Біздің Қазақстан жағдайында, басқа республикаларға қарағанда, колхозшылар мен жұмысшылар арасынан шыққан ақындар көп. Бұл факт - біздің қазақ әдебиетінің тарихи даму салдарының ерекшклігінен атап айтқанда: өткен замандарда қазақта жазба әдебиет болмағандықтан ауызша әдебиеттің дамуынан, сол себепті импровизация әдісінің қалыптасқан жүйеге айналуынан туған факт. Бұл дәстүрдің туын бір кездерде көтерген Бұхар, Сүйімбайлар болса, сол дәстүрді бізге алып келіп отырған Жамбыл, Нұрпейістер. Ендігі бір ойланатын мәселе мынау: осы ақындардың болашақ өсу жолы қай бағытта болуға тиіс? Қазақ әдебиетінде: осы ақындар поэзисы өз алдына бір сала болып жүре бере ме, жоқ әдебиеттің негізгі саласына барып құйып, негізгі бір арнамен аға ма? Меніңше, соңғысы болатын сияқты. Тұрмыстағы тәжірибеге қарағанда, біздің ақындарымыз өзінің өсу жолдарында поэттар қатарына қосылуға бейімделіп келеді. Оған Исаның, Саяділдің шығармалары айғақ. Бұл жолдастар бұрыннан келе жатқан импровизация әдісінен жазу әдісіне көше бастады. Оған баудыған біздің экономикалық, мәдениеттік жағдайларымыз болды. Біздің ақындарымыз сауатты болып, Европа, Азия классиктерінен сабақ алатын болды. Ауызша әдебиеттен жазба әдебиет әлдеқайда дамығыш екенін түсінді. Бұл бір. Екіншіден: импровизацияның жүйесін тудырған ауызша әдебиеттің орнына жазба әдебиет шықты. Жазба әдебиет қаулап өсе бастады, өзінің артықшылығын танытты. Үшіншіден: ауызша әдебиеттің жүйеге айналуына себеп болған бір жағдай халықтың сауатсыздығы еді. Сауатсыздық жойылды.Үшінші бесжылдықта жұмысшылар мен колхозшылар мәдениетін интеллигенция дәрежесіне дейін көтеру мәселесін қолға алып отырмыз. Сол интеллигенция дәрежесіне көтерілетін жұмысшылар мен колхозшылардың арасында біздің импровизатор ақындарымыз да бар. Ал, солардың мәдениеті интеллигенцияның мәдениетіндей болған уақытта импровизация әдісінен жазу әдісіне көшетіндігі айқын ғой. Сонда, қазіргідей импровизатор ақындардың поэзиясы өз алдына бір сала болмай, әдебиеттің негізгі арнасына құймай ма? Ипровизатор ақын мен профессионал арасында ешбір айырма қалмайды емес пе? Осы жағдайларға қарағанда, біздің импровизатор ақындарды тәрбиелеуде жұмысымыз ендігі жерде олардың білімін арттыру, прфессионал поэттардың дәрежесіне дейін көтеруге күресу болуға тиіс. Қалың еңбекшілердің арасындағы талантты ақындарды табу, тәрбиелеу де біздің ісіміздің негізгі бағыты жаңағы айтылғандай болуға тиіс. Ендігі бір мәселе мынау: біз осы күнге дейін импровизатор ақындарды - "халық ақындары" деп келдік. Ғылыми жағынан қарағанда, олай деуіміз дұрыс емес. "Халық ақыны" деген атаққа ие болу үшін ол ақын өзінің шығармасымен бүкіл бір халықтың өмірін барлық жағынан қамтыған болуға тиіс, оның шығармасы бүкіл халықтың пайдаланатын қазынасы болуға тиіс. Мысалға: Абай мен Жамбылды алайық. Бұл екеуі қамтыған қазақ халқының өмірінің саласы бар ма? Бұл екеуінің шығармасын оқымаған, білмейтін қазақ бар ма? Әрине, жоқ. Олай болса, "Халық ақыны" деген атақ бізде әзірше Абай мен Жамбылға лайық. Бір кездерде Белинский: Пушкин қазіргі уақытта орыс халқының ұлттық ақыны. Оған ақын кінәлі емес, ақынды оқушылар кінәлі. Ресейдің толып жатқан сауатсыз адамдары Пушкин шығармаларын әлі оқи алған жоқ. Алдағы уақытта, олардың сауатты болған кезінде, Пушкин халық ақыны дәрежесіне көтеріледі деген пікірді айтқан еді. Біз Пушлкинді қазір орыстың ұлы халық ақыны дейміз. Сондықтан, біз импровизатор ақындарды "халық ақыны" дегеннің орнына , "ақын" деп атасақ,дұрыс болар. Ал, профессионал ақындарды "поэт" деу керек. Өйткені: "поэзия", "поэт" деген сөздер орысқа да , неміске де, французға да ортақ сөздер, біз қазірде "поэзия" деген сөзге ортақтасып жүрміз, ендеше "поэт" деген сөзге де ортақтасуымызға әбден болады.
3. Толықтауыштың ережесін айту, мысал келтіру.
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді. Мысал: Оқушылар емтихан тапсырды.
20-билет.
1. «Балуан Шолақ» туралы әңгімелеу.
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен. Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. 14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құғында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді. Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады. Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды. Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді. Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады. Балуан Шолақ Баймырзаұлы[1] (1864—1916) — атақты қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты — Нұрмағанбет. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Дулаттайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Сарыарқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен. Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып — анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. 14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 жылы Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді. Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баянауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері — «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды. Белгілі музыка зерттеушісі А. В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі»жинақтарына енгізеді. Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.
Шығармалар
«Ащылы-айырық»
«Балуан Шолақ»
«Дікілдек»
«Көкшетау»
«Қосалқа»
«Қос барабан»
«Қос перне»
«Құлан кісінес»
«Кенже қоңыр»
2. «Спорт» тақырыбына әңгіме құру.
Спорт-денсаулық кепілі. Себебі үйде жата беріп ештеңе қылмай жата берсең еш пайда таппайсың, ал егер спортпен шұғылданып уақытыңды босқа кетірмейсің және де өз денсаулығыңа үлкен пайда келеді! 
3. Пысықтауыштың ережесін айту, сөйлемнен пысықтауышты табу.
Пысықтауыш  деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретінтұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет? Осы мінезің үшін дос болғым келіп тұр.
21-билет.
1. «Қазақ елі- менің Отаным» туралы әңгімелеу.
Менің елім- менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азаматы асқақ сезіммен , мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер , асқақ арман жетегінде , отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл – қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп – өніп , мекен етіп , береке – бірлікте , достық қарым – қатынаста , тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жан –жақты ойлап , кемел ойлы , кемеңгер ата – бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл – парасатының , азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз. Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Біз ұлы ата – бабаларымыздың арқасында ғана тәуелсіздікке жеттік. Олар көптеген шайқастарға қатысып , қан төгіп , Отан үшін отқа түсті. Өткен тарихымызды еске алсақ , қазақтар көп қиыншылықты басынан өткізді. Кедейлік , қиын өмір , Ұлы Отан соғысы , Сталиннің репрессиялары. Сталинның репрессияларынын құғынымен барлық инғуштар Қазақстанға келді. Менің әжем де солардың арасында болды. Уақыт өте қиын болғандықтан , қазақ халқы инғуштарды ашық , таза жүрекпен қарсы алып , өз қонақжайлығын көрсетті. Біртілім нанды бөліп жеді. Мен бұл қиын уақыт туралы әжеме көп сұрақ  қоятынмын. Бұл заман туралы әжем маған көп әңгіме айтты. Әскерлер үйге кенет келіп , инғуш халқын тарихи Отанынан жер аударды. Қазақстанға келіп , қазақ елі оны қалай қарсы алатынын білмеді. Бірақ қазақ елі оны өз қонақжайлығымен таң қалдырды. Қазақ елі , қиыншылыққа , кедейлікке қарамай , оларды тастамай , ашық жүрекпен қарсы алды. Әжемнің отбасы үлкен болды. Оларды өзінің панасына алған бір қазақ отбасы туралы әжем көз жасын сүртіп , риза болғанын бізге айтып отырды. Сол отбасының иесі атам мен әжемнің жұмысқа орналасуына көмектесті. Әжем қазақ елін туған еліндей сүйді. Достарының көбі қазақтар болды. Әжем қазақтармен тату – тәтті тұрып , олар бір – біріне әрқашан көмек көрсетуге дайын болды. Уақыт өткеннен соң , әжем қазақ елінің салт – дәстүрлерін үйреніп , қазақ тілін де жетік үйренді. Менің әжем өз Отанының нағыз патриоты! Қазір біз тату – тәтті , бірлікпен , ыңтымақпен тұрамыз. Ғасырлар бойы жасаған халқымыздың ерлік істері нәтижесіз емес! Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы он алтыншы желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздікке жетті. Дүние жүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәулсіз республика болып таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз , халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз , Елтаңбамыз бар.
2. «Қазақстан болашағы- жастардың қолында» тақырыбына ой толғау
Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады.  Қайсар рух пен қара күшті қару етіп,еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті.Жұмыр жердің иен бөлігін иемденіп,жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша  тоғызыншы орында тұрған Қазақстан Тәуелсіз Республикасы деген атақты бұдан аттай жиырма үш жыл  бұрын күллі адамзаттың санасына құйды.Қазіргі таңда  қазақ елі жан-жақты өркендеп, дамып келе жатқан алып елге айналып жатыр. Сондай елдің  төсінде өмірге келіп, қазіргі таңда өмір баспалдағынан өз жолын таңдағалы отырған мен сынды перзентке тәуелсіз елімнің болашағы жастар екені,солар жайында  ақ қағазбен тілдесу бұйырған сынды. Жастар еліміздің әлеуметтік, эканомикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастардың еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі  жастары  жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. «Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.  Әрбір қазақ жастары өздерін  ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің  бейбітшілік  аспанында  қазақ жастары  тәуелсі з елдің  айқын  мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың  қолында.
3. Анықтауыштың ережесін айту, мысал келтіру.
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтынтұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді. Ол ирекпен белгіленеді.
22- билет.
1. «Ұлттық теңгеміз» туралы әңгімелеу.
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық ВАЛЮТА енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.  1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады. 1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды. 1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді үсынған. Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-ВАЛЮТА резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды. Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты. Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты. Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады. Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады. Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр. Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша әлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс және алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге болады. Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттіктілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Теменгі бөлігінде монетаныңноминалын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ»деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Аи 999» деген жазу орналастырылған. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық белігінде ұлттық ВАЛЮТА нышандары суретінін аясында үш монетадан — «Шабандоз», «Регель қызғалдағы» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта — теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген. Ескерткіш монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1000 грамм, диаметрі — 100 mm., «proof» сапасымен жасалған.
2. «Қазақстан рәміздері» тақырыбына әңгіме құру.
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштіксезімін қалыптастырады. Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропадабет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96_%D0%93%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B8%D1%8F" \o "Ежелгі Грекия" Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған. Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;
3. Етістік туралы түсінік беру, мысал келтіру.
Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Мысалы: сөйле, жаз, әкел.
23- билет.
1. «Наурыз – жыл басы» туралы әңгімелеу.
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланыпкеледі. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді. Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Біздің 79 гимназияда Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Мерекеге арналған қабырға газеттерінде "наурыз" тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді беріледі. Сахнада наурыз мерекесіне арналып көріністер қойылады. Гимназияда "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтеді. Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі.
2. «Қазақ халқының салт- дәстүрлері» туралы не білесің?
«Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.
 
Той малы Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады. Күйеуаяқ Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді. Түйемұрындық Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.
Қыз қашар «Қыз қашар» (дәстүр). «Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді». (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді. Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді. Құйрық бауыр «Құйрық бауыр» (салт). «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген. Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы «Құйрық бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды.
Құда, құда дейсің ау, әй, Құйрық бауыр жейсің ау, әй, Құйрық бауыр жемесең, Несіне құда дейсің ау, әй. Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады. Күйеу киімі Күйеу киімі (салт). «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу міндетті түрде «күйеу киімін» киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Бұл да ауыл салты. Қынаменде «Қынаменде» (дәстүр). «Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?» (Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы.  Күйеудің бұл жолы әр жерде әртүрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер «қалыңдық ойнау» дейді, кей жерде «ұрын келу» дейді. «Бір күні күйеу байғұс ұрын келді, Қисайтып жаман бөркін қырын келді» (Н.Ахметбеков).  Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас жораларымен келеді. Мұны «есік көру» көбінесе «ұрын келу» деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын көріп танысып білісіп, тілдесіп көңілін демдейді.  Әрине «ұрын келудің де кәде жоралары аз емес. «Сені күтіп жүгіреміз деп ентігіп қалдық» деп «ентікпе» сұрап жеңгелері келеді, «балдыз көрімдік» деп тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты. «Ұрын той» өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне қайтады.  Құда түскенмен, келісім жасалғанмен күйеудің қыз ауылына «ұрыннан» бұрын келуге хақы жоқ. Егер келе қалса қыздың туыс туғандары (аға інілері) қазақ әдет ғұрпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы бар. Демек, құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже қағидалары тәрбиелік ғұрыптары әдеп пен тәртіпті талап етеді.  Күйеу кәделері мен ырымдары тағы бар. Олар мынандай: ұрын келу, есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу табақ, сүт ақы, жігіт түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы, жеңгетай, шымылдық байлар, отау жабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік жабар, үзік жабар, туырлық жабар, мойын тастау, ілу, қыз қашар, шашу, қыз көтерер, арқа жатар қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, «кемпір өлді», бақан салар, күйеу аттандырар, т.б.
3. Етістіктің шақтарын атау, мысал келтіру.
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау
Білімділік мақсаты:Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, Салыстыру, Сәйкестендіру, Тест, Топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, кесте, сурет, техникалық құралдар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Ән, Бейнелеу өнері. Мысалы: мен бардым, мен барғанмын, мен барып едім (өткен шақ), мен барамын, мен барармын, мен бармақпын (келер шақ), мен оқып отырмын, ол көріп тұр (осы шақ).
24- билет.
1. Іс қағаздары (үлгісін көрсету).
Іс-қағаздарының қызметтері:
- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші; - жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші; - әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші; - мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші; - жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы; - мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші; - тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі; - мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші; - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Іс қағаздарының сипаттары:
- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда); - әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда); - ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде); - құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда); - тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда). -ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).
Құжаттау үрдісі элементтері:
құжаттарды дайындау; құжаттарды жолдау, тіркеу; сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу; құжаттарды қолдануға дайындау; құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау; құжаттарды мұрағат қорына дайындау.
2. Мұхтар Шахановтың бір өленің жатқа айту.
Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің түған күніңде
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байқық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есңгінңен шеру тартып, сән құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен,
Тамыр алған төсіңнен,
Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен,
Онсыз адам жүре ала ма
Соқпақтар мен жолсыз да,
Ал сүлулық тілер ем,
Сұлусың сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да барлық адам аңсаған,
Барлық адам саң мың жылдар арман етіп шаршаған,
Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейтінші мен саған.
3. Есімдік туралы түсінік беру, берілген мысалдардан есімдікті табу.
Дүние жүзіндегі барлық халық бейбітшілікті сүйеді.
Ермек ешқайсысына жауап қайырған жоқ.
Менің іздегенім- сенсің. Сен нешіншісің?
Өз м -өлен төсегім.
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады
25- билет.
1. Мұхтар Әуезов туралы әңгімелеу.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясыныңакадемигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1910" \o "1910" 1910жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%8F" \o "Семинария" Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9" \o "Ресей" Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш»газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейдебольшевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азияуниверситетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін,«Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
2. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өленің жатқа айту.
Қараңғы түнде тау қалғып
Ұйқыға кетер балбырап
Даланы жым-жырт, дел-сал ғып
Түн басады салбырап
Шаң шығармас жол-дағы
Сілкіне алмас жапырақ
Тыншығарсың сен-дағы
Сыбыр қылсаң азырақ.
3. Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, оның түрлерін атау, мысал келтіру.
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.
Мысалдар:
1.Күн шығып,ел тұра бастады,-Ербол әлі жоқ.                                                           2.Уйге от жағылып еді,уй еңсесі көтеріліп,жылына бастады.                                       3.Ауылда түрлі шаралар,ұйымдар болып жатқан еді,-Айнұр әлі келген жок.

Приложенные файлы

  • docx 8925051
    Размер файла: 254 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий