Казахский язык


1билет. Қоғамдық өмірде дамыумен байланысты жаңа ұғымдар, жаңа сөздер пайда болады. Сөздердің пайда болуы және олардың жасалуына қарай белгілі заңдылықтар бар. Құрамында түбір және қосымша болған сөзді қосымшалы сөз дейміз. Сөздердің жасалуының бірнеше жолы бар:1. түбірге жұрнақ жалғанады: ақылды, оқушылар.2. сөздердің бірігуі арқылы жасалады: елтаңба (біріккен сөз).3. сөздердің қосарлануы арқылы жасалады: ата-ана (қос сөз).Сөз құрамына қарай алты бөлінеді: 1. Түбір сөз – тек қана түбірден жасалған сөз: кітап, қыз.2. Туынды сөз – жұрнақ арқылы жасалған сөз: орындық, тұздай.3. Біріккен сөз- екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап бертін сөз: тасбақа, қарақұрт.4. Кіріккен сөз- құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысы өзгеріп біріккен сөз: биыл- бұл жыл, бүгін- бұл күн.5. Қысқарған сөз- күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі: ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы.6. Тіркескен сөз- екі сөз немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі. (Күрделі зат есім : Алматы қаласы; күрделі сын есім: ұзын бойлы; күрделі сан есім: он бес; күрделі етістік: келіп отыр; күрделі үстеу: күні бойы.)Сөз құрамы. Сөз түрлі бөлшектерден құралады, осы бөлшектер сөз құрамы деп аталады. Сөз құрамында әр бөлшектің өзіне лайықты мағынасы мен қызметі бар. Сөздің негізі – түбір: балалар. Ал оған қосылатын бөлшектер қосымша деп аталады. Қосымша- жұрнақ пен жалғау. Сөз бен сөзді байланыстаратын қосымша – жалғау. (Мен балалармен бірге далаға шықтым). Жұрнақ деп жалғанған сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны айтамыз. Жұрнақтың екі түрі бар:1сөз тудырушы: ақылды.2.сөз түрлендірушы: барар, барған. 6. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша. Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай осы жағдайларда арасына сызықша қойылады:
1.Егер бастауыш та, баяндауыш та Атау септікте тұрып зат есім болса, асқ. (Қазақстан – менің туған жерім. Мектеп – білім орны.) 2.Егер бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің үшінші жағынан болса, ал баяндауыш зат есім болса, асқ. (Бұл – менің сүйікті қалам. Ол - жазушы.) 3.Егер бастауыш заттанған сын есім, сан есім, есімшеден болса, асқ. (Келгендер – менің достарым. Сегіз – менің ең жақсы көретін саным.) 4.Егер бастауыш тұйық етістіктен болса, ал баяндауыш зат есім немесе керісінше болса, асқ. (Жақсы оқу – менің мідетім.) 5.Егер бастауыш та, баяндауыш та сан есімдер болса, асқ. ( Бес жерде бес – жырма бес.) 6.Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшені ажырату үшін асқ. ( Жүз – жиырма беске бөлінеді.) 7.Егер бастауыш – сілтеу есімдік пен жіктеу жалағауында, үшінші жақта болса, немесе зат есім, есімшеден болса, көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлемнен мүшесінің анықтауыш деп шатастырмас үшін асқ. ( Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді
11. Етістіктің шақтары іс қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. Етістіктің үш шақ тұлғасы бар осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Бұл үш шақ сөйлеп тұрған уақытқа қарай анықталады. Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Оның екі түрі бар: нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ. Нақ осы шақ дәл сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Оның екі түрі бар. Олар: жалаң және күрделі нақ осы шақ. Жалаң нақ осы шақ жатыр, отыр, жүр, тұр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен қазір кереуетте жатырмын. Ал күрделі нақ осы шақ көсемше жұрнақтар а, е, й, ып, іп, п жэне қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы, Сен не істеп отырсың?Ауыспалы оы шақ күнделекті болып жатқан іс қимылды білдіеді. Ол а, е, й көсемше жұрнақтары және жіктік жалғауы арқылы жасалады. Мысалы, Күнде сабаққа барамын.Өткен шақ сөйлеп уақыттан бұрын біткен іс әрекетті білдіреді. Оның екі түрі бар.Бірінші жедел өткен шақ. Ол іс қимылдың жуық арада болғанын білдіреді. Жедел өткен шақ етістік ды/ді, ты/ті, жалғауларымен және жиктік жалғауы арқылы жасалады. Мысалы, Қазақ ханындағы ең жоғары билеуші хан болды.Екінші түрі бұрыңғы өткен шақ. Ол іс қимылдың жалпы болғанын көрсетеді, етістік көсемше немесе есімше жұрнақтармен ған/ген, қан/кен, ып, іп п және жиктік жалғауы арқылы жасалады. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы Торғай обласында дүниеге келген. Үшінші түрі, ауыспалы өткен шақ сөйлеп тұрған уақытиқа дейін дағдылы болыптұрған іс қимылды білдіреді. Ол атын/етін, йтын/йтін есімше жұрнақтары және жиктік жалғауы арқылы жасалады. Мысалы, Әже алыстаны жүрген ең кіші немересін жақсы көретін. Келер шақ сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс әрекетті білдіреді. Оның үш түрі бар. Болжалды, мақсатты және ауыспалы келер шақтары. Болжалды келер шақ іс қимылдың келешекте болатынын дәл кқрсетпей болжай ғана білдіреді. Ол ар/ер/р жұрнақтары және жиктік жалағауы арұылы жасалады. Мысалы, Ана баласына қай уаықытта сабақ аяқталады, маған білдір деп сұрады. Мақсатты келер шақ іс қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Ол мақ/мек, пақ/пек, бақ\бек журнақтары мен шы/ші қосымшалары және жиктік жалғауы арқылы жасалады. Мысалы, жетінші сынып оқушылары келе жатқан Науырыз мейрамына арналған улкен концерт дайындамақшы.Ауыспалы келер шақ алдағы уақытта болатын іс қимылды білдіреді. Ол а/е/й жұрнақтар және жиктік жалғауы арқылы жасалады. Мысалы, Мен ертең ерте тұрамын.
2билет. Үндестік заңы. Түбір мен қосымшаның және сөз арсында көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үйлесіп қолданылуын дыбыстарды үндестік заңы деп атайды.Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі.Буын үндестігі. Қазақ тілінде сөздер не бырыңғай жуан, не бырыңғай жіңішке буынды болады. Егер сөз жуан буынды болса, оған жуан қосымша жалғанады. Мысалы: дәстүр+лі, атау+лы. Кейбір уакытта қазақ тілінде аралас сөздер кездеседі. Аралас сөздің соңғы даусты дыбысы болса , сондай қосымша жалғанады. Егер жуан –жуан қосымша, егер жіңішке –жіңішке қосымша.Бірыңғай жуан болымды сөздер немесе жіңішке болымды сөздер дауысты дыбыстар арқылы анықтанады Бірақ осы заңға бағынбайтын қосымшалар бар: Мен, бен, пен, қор, паз, қой, нікі, дікі, тікі, кер, гер, хана, тай, тал, еке, жай, күнем. !Кер, қой, кор, паз, ист, изм, бан, ғой: араб, иран, басқа тілдерден енген қосымшалар, олардың сынарларын жоқ.+Қазақ тілінде айтылуда ерін үндестігі де байқалады. Егер сөздің бірінші дауысты дыбысы Ө,Ұ,Ү ал екінші буында і,ы болса, екінші дауысты дыбыстары ұ, ү-ға өзгеріледі.
Дыбыс үндестігі. 3 түрге бөлінеді: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар. Ілгерінді ықпал. Сөз ішінде немесе сөз арасында алғашқы дыбыстың кейінді дыбысқа әсерін тигізіп тұрыун Ілгерінді ықпал дейміз. Олардың бірнеше турлері бар: сөздің соңғы дыбысы үнді болса қосымшаның дыбысы дауыссыздан қосымшаның дыбысы не үнді не ұяң болады. Мысалы: басшы-лар, шешен-дер; Сөздің соңғы дыбыс қатаң болса немесе б,в,г,д оларға қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады: дыбыс-тар, араб-ша, зауыт-ты; Біріккен сөздерге немесе сөз тіркесінің алғашқы сынары дауысты үнді ұяңға аяқталса, екінші сынары қатаң болса айтылуда қатаң дыбыс ұяң дыбысқа айналады: Талдықорған –толдығорған Кейінді ықпал. Сөз ішінде немесе сөздер арасында кейінгі дыбыстың өзіннен бұрын тұрған дыбысқа әсер етеді. Бұны кейінді ықпал дейміз.Тәуелдік жалғау жалғанған кезінде болады: мектеп- мектебім. Сөздің соңғы дыбыс н болса ,ал жалғанатын қосымшалар б,п,к,қ,ғ, болса н дыбыс м,ң дыбысқа айналады. Бірақ жазуда сол қалпында қалады: Жанболат-Жамболат. Сөздің соңғы дыбысы с,з болса ал қосымша дыбысы ш қосымшанан басталса с,з дыбыстар ш дыбысқа айналады: Аспазшы, босша. Түбірдің соңғы дыбысы з болса ал кейінгі с,ш болса з дыбыс с немесе ш дыбысқа айналады Тұз сал – түссал. Тоғыспалы ықпал. Біріккен сөздердің немесе сөз тіркестің сынарларын бір-біріне ықпал етелі. Ілгерінді де кейінді де әсер етіп басқа дыбысқа айналады. Бірақ жазуда өзгерілмейді: Досжан-Дошшан, Жанқожа- Жанғожа. 7. Сын есім-заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы. Сын есім қандай? қай? Кімнің? Ненің? Сұрақтарға жауап береді. Сын есім 3 түрге бөлінеді: Тұлғасына қарай(негізгі, туынды); құрамына қарай(дара, күрделі) және мағынасына қарай(сапалық, қатыстық)сын есімТұлғасына қарай сын есім негізгі (түбір сын есім: сары, таза, жақсы) және туынды (жұрнақ арқылы жасалған сын есім: көшпелі, қысқы) болады.Құрамына қарай сын есім дара (бір ғана сын есімнің сындық белгіні білдіруі: ақ, бойшаң, тар) күрделі (тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі: ақ киімді, ұзын бойлы, қара торы) болады.Мағынасына қарай сын есім сапалық (сындық белгіні анықтайтын төл сын есім: сұр, ақ, көкпеңбек) қатыстық (басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім: бойшаң адам, тқұзды, өнерлі бала) боп бөлінеді. Синтаксистік қызметі. Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай). Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов). Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады: Жақсы студент жақсы оқиды.Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғ. Мұстафин). Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).
12. Етістік райлары.Етістіктің райлары орындаушының іс қимылға байланысты ой пікірін, қатынасын білдіреді. Олар 4 түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және қалау рай.Ашық рай іс қимылдың қай шақта екенін білдіреді, үш шақтың жасалу жолдары арқылы жасалады. (Сен не істеп отырсың? Деді атасы. Бейімбет Майлин 1894 жылы Қостанай обласында дүниеге келген. Ертең біз саяхатқа барамыз).Бұйрық рай іс қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді. Ол етістіктің бұйрықты түрде жиктелуі арқылы жасалады. (Мен барайын, сен бар, сіз барыңыз, ол барсын).Шартты рай іс қимылдың орыналу орындалмау шартын білдіреді. Ол етістік мен са/се және жиктік жалғауымен арқылы жасалады. (Күн ашық болса, тауға шығамыз).Қалау рай қалау, тілекті білдіреді. Ол етістік мен ғы/гі, қы/кі тәуелдік жалғауымен кел етістігі арқылы жасалады. (Біздің сабақ оқығымыз келді).
3. Лексика (грек. «сөздік қор») мына тақырыптарды зертейді:
далпы қолданыстағы сөздер: бар, кел, есік.
қолдану аясы шектеулі сөздер: (архаизм, историзм, неологизм, диалект сөз, термин сөз, кәсіби сөз, табу сөз, кірме сөз, эвфемизм, дисфемизм).
қанатты сөздер (тұрақты сөз тіркес, идиома, мақал- мәтел, афоризм)
сөздің лексикалық мағыналары: (тура, ауыспалы, көп мағына, синоним, антоним, омоним).
Сөздің лексикалық мағынасына қарай үшке бөлінеді: тура мағына(сөздің бастапқы мағына: домбыра шерту, ашық терезе); ауспалы мағына (сөз мағынасы ауысып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы: сыр шерту, ашық мінез); көп мағыналы (бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы: адамның басы, сөздің басы, судың басы)Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер: аласа-биік, ақ- қара.Омоним – дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер: жақ- адамның жағы, от жақ, оң жақ, маған жақ бол, қара бояу жақ.Синоним – айтылуы әр- түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер: ұстамды, сабырлы, салмақты, төзімді, байсалды.
8. Есімдік - зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы.(Орынбасар сөз табы деп те аталады.)Есімдіктің мағынасына қарай төмендегідей 7 түрі бар:Жіктеу-белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. (Мен,сен,ол,біз).Сілтеу-нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді.(Сол,мынау,аналар,міне т.б). Сұрақтары: қай? қайсы?Сұрау-жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар.(Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?)Өздік-өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.Жалпылау-жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі. Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.Белгісіздік-затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді жорамалдап көрсететін есімдік түрі. (Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме, бірнеше, әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әалдақашан).Болымсыздық-болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі. Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. (еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы).
13. Етіс іс-қимыдың орындаулында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Оның төрт түрі бар:
Өздік етіс Іс-қимылды адам өзі істейді -ын, ін, н (жуынды, киінді)
Өзгелік етіс Адам іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады -дыр,дір,тыр,тір,ыр,ір (жазды)
-ғыз,гіз,қыз,кіз (айтқыз)
-т(оқыт)
-сет(көрсет)
Ырықсыз етіс Іс-қимыл өздігінен жасалғандай көрінеді -ыл,іл,л (аударылды)
-ын,ін,н )түбірде «л» әріп болса): алынды
Ортақ етіс Іс-қимыл бірлесіп, ортақтасып істелінеді -ыс,іс,с (жазысты,бөлісті, оқысты)
4. Тұрақты сөз тіркесі.Сөздер бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады: еркін тіркес, тұрақты тіркес.Құрамында сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға болатын сөз тіркесін еркін тіркес дейміз. Еркін тіркестерінің мағынасы өзгерілмейді. Мысалы: (кешкетаман) Мен кешкетаман қонаққа барамын. (Ауылдың) Қала мен ауылдың маңы-дала.Тұрақты сөз тіркестері.Тұрақты тіркесінің мағынасы ешқашан өзгерілмейді, сондықтан сөздер ішінде (құрамында) олардың орнын өзгертуге немесе алмастыруға болмайды. Тұрақты тіркесінің мағынасы сөздерге қарағанда-басқа. қой аузынан шөп алмас-момын адам
Ит өлген жер-алыс
Сегіз қырлы, бір сырлы-алыс
Екі көзі төрт болды-қорықты
Мінезі ауыр-салмақты
Ұзын құлақ-лақап сөз, өсек. 9. Сан есім.Заттың санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше? нешінші? нешеу?Сан есім тұлғасына қарай дара (бір сөзден тұрады: екеу, жүз, мың,) және күрделі сан есім (екі не одан да көп сан есімдерден құралады: : он бес, тоқсан тоғыз, жүз бес, қырық-елу) болып екіге бөлінеді. Күрделі сан есімдер. Сан есімнің өзге соз таптарынан ерекшелігі: ол басқа сөз таптарынан жасалмайды. Мағыналық ерекшелігіне қарай сан есім алты топқа бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік сан есімдер.Есептік – нақты санды білдіреді: бір, екі, үш, он, мың. Сұрақтары: қанша? неше?Реттік – заттың реттік қатарын білдіреді: бір-інші, жет-інші. Сұрағы: нешінші?Жинақтық – жинақталған санды білдіреді: , бір-еу, екеу, үш-еу, төрт-еу, бес-еу, алт-ау, жет-еу.Сұрағы: нешеу?Топтау – заттың санын топтап көрсетеді: елу-ден, алпыс-тан, бес-бестен, он-оннан. Сұрақтары: қаншадан? нешеден?Бөлшектік – заттың бөлшектік санын білдіреді: 1/2, екіден бір. Сұрақтары: қанша? неше?Болжалдық - заттың санын дәл атамай шамамен, болжалмен көрсетеді. Сұрақтары: қанша? неше? қаншадан, қай шамалы? Болжалды сан есім септік сан есімдерге -лаған, -леген, -даған, -деген, таған-теген, лап - леп, -дап, -деп, -тап, -теп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы: мың-даған, жүз-деген, мың-деп, жүз-деп, мың-дай, жүз-дей; есептік сан есімдерге көптік және жатыс септігінің жалғауы жалғану арқылы: жиырма-лар-да, жүз-дер-де, елу-лер-де жасалады. Сан есім сөйлемде анықтауыш, бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш бола алады.
14. Үстеу – қимылдың түрлі белгісін, мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын, білдіретін сөз табы. Үстеу мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді: мекен, мезгіл, себеп-салдар, қимыл-сын, мөлшер, күшейткіш, мақсат.Мекен үстеу қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. Қайда? Қалай? Қарай? Қайдан? сұрақтарға жауап береді. М-ы: ілгері, осында, бері.Мезгіл үстеу қимылдың мезгілін білдіреді. Қашан? Қашаннан бері? сұрақтарға жауап береді. М-ы: бүгін, таңертең, түнде.Себеп-салдар үстеу қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді. Неге? Не себебі? Нелектен? сұрақтарға жауап береді. М-ы: амалсыздан, лажсыздан, босқа, бекерге.Қимыл-сын үстеу қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді. Қалай? Қайтіп? Қалайша? сұрақтарға жауап береді. М-ы: емін-еркін, әрең.Мөлшер үстеу қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. Қанша? Қаншама? Қаншалық? Қаншалап? сұрақтарға жауап береді. М-ы: сонша, неғұрлым, осылай, біршама.Күшейткіш үстеу қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солгындатын көрсетеді. Қалай? Қандай? сұрақтарға жауап береді. М-ы: ең, тым, аса, нағыз, кілең, орасанМақсат үстеу қимылдың болу мақсатын білдіреді. Қалай? Не мақсатпен? сұрақтарға жауап береді. М-ы:әдейі, қасақана, жорта.Үстеудің сөйлемдегі қызметі.Үстеу қимылдың әр түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады. М-ы: Кеше қар жауды. Мен амалсыздан үйге кеттім. Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауыш болады. М-ы: Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді. Бүгінгісін ғана қамданған алысқа бармайды.Үстеу атау септікке тұрып бастауыш болады. М-ы: Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін – Ұлыстың ұлы күні.Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш болады. М-ы: Ең берекелі, ең парасатты тәжірибеө-халық түйген тұжырымдар. Сонша алтынды қайдан алады?Үстеу жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады. М-ы: Мен сенімен біргемін. Талапты бала – талпынған құстай.
5. Зат есім-заттың, ұғымның, құбылыстың және жалқы есімдердің атын білдіретін сөз табы. Зат есім кім, не, кімдер, нелер сұрақтарға жауап береді. Сөйлемеде бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш рөл атқарады.Зат есім құрамына қарай дара (бір ғана түбірден негізгі-туынды тұрады: ой, оқушы, баспалдақ) және күрделі (кемінде екі сөзден біріккен, қысқкарған, тіркескен, қосарланған тұрады: кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ) болады. Зат есім тұлғасына қарай негізгі (бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім: қант) және туынды (зат есімге, басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім: білім, боран) болады. Зат есім мағынасына қарай деректі (көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыстардың атауы: ағаш, гүл) және дерексіз (оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы: сана, арман, махаббат) болады. Жалпылай/жекелей атауына қарай зат есім жалпы (біртектес заттардың жалпы атауы: кісі) және жалқы (біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы: Алатау, Ертіс) болады.
10. Етістік заттың іс-әрекетің қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? Не қылды?Тұлғасына қарай: Негізгі. Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздіің түбірі етістік болады. Мысалы: кел, кет, айтпады. Туынды. Түбір етістікке және басұа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етісті. Мысалы: көгер, сана.Құрамына қарай: Дара. Бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: кес, баста, тарату. Күрделі. Келінде еуі етістіктің тіркесуі, қорсалануы, бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: алып кел, жазып отыр. Күрделі етістіктің бірінші етістік негізгі етістік деп аталады, а екінші етісігі көмекші етістік болады. Мағынасына қарай: Салт етістік. Өзінің алдынан табыс септіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы: үйде отыр, үйден шық. Сабақты етістік. Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет етістік. Мысалы: хатты оқы, есепті шеш, шашынды тара.
15. Шылау.Сөз және сөйлемдерді байланыстырады және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Шылаудың 3 түрі бар: септеулік, жалғаулық, демеулік.Септеулік шылау сөздерді сабақтастыра байланыстырады. Ол атау, барыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Алдындағы сөздің септігіне қарай оның 4 турі бар: Атау септікті (Үшін, сайын, сияқты, туралы, арқылы, бойы, бойымен, шамалы); Барыс септікті (Шейін (дейін), қарай, таман, тарта, жуық, таяу); Шығыс септікті (Гөрі, бері, кейін, соң, бұрын); Көмектес септікті (қатар, бірге, қабат).Жалғаулық шылау. Сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстырады. Оның 6 түрі бар:1. Ыңғайлас жалғаулықтар (соединительные союзы): әрі, да, де, та, те, және, мен, бен, пен. Эти союзы служат для связи слов и членов предложения. Например: Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз.2. Қарсылықты жалғаулықтар (противительный союзы): ал, алайда, әйтпегенде, әйтсе де, бірақ, дегенмен, онда да, әйткенмен, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйткенде. Мысалы: Білімің мол, бірақ тәжірибең жетіспейді.3. Талғаулықты жалғаулықтар (разделительные союзы): я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде. Мысалы: Не сыйлау, не ұят, не қаймығу, не қорқу жоқ жерде, тәртіп те болмайды.4. Себептік жалғаулықтар (причинные союзы): өйткені себебі, неге десең. Мысалы: Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен сау қайтқан емес.5. Салдарлық жалғаулықтар (следственные союзы): сондықтан, сол себепті әдебиеттен көп біледі.6. Шарттылық жалғаулықтар (условные союзы): егер, егер де, онда. Мысалы: Егер жұмысың өнсін десең, ретін тап.Демеулік шылау. Сөздерді байланыстырмайды тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына устейді. Демеулік шылаудың 6 түрі бар: сұраулық ( ма, ме, ба, бе, па, пе); шектік (ғана, қана, тек, ақ); нақтылық (ғой, қой, ды, д,і ты, ті); күшейткіш (-ау, –еу, да, де, та, те); болжалдық (–ау, –мыс, –міс, кейде); болымсыздық (түгіл, тұрсын, тұрмақ)

16. Оқшау сөз – сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматиқалык байланысқа түспейтін мүше.Оқшау сөздің 3 түрі бар: қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз.
Қаратпа сөз Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз. (Самат, ертең сынақ болтады. Ұялма, балам, жоғары шық.. Ендігі кезек сенде, қарағым.)
Қыстырма мөз Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз. (Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Бұларды, әрине, жасау керек. Өзі осында келген шығар , сірә?)
Одағай сөз Сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз. (Қап, оны кеше сұрау керек еді. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой! Аз сабыр етсең қайтер еді, ә?)
21. Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріСөйлемнің біріңғай мүшелері, бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді біріңғай сөйлем мүшелері дейміз. Мысалы: Ербол, Еламан, Райхан келді. Біріңғай сөйлем мүшелері бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Ыңғайлас жалғаулар: да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен. 1. Талғаулы жалғаулықтар: я, не, немесе, әлде. 2. Қарсылықты жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде. 3. Кезектес жалғаулықтар: бірде, біресе, кейде. Жалпылауыш сөз – бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды жинақтап тұратын мүше
Сөз табы Мысалы
Сілтеу есімдігі Мыналар осылар, бұлар
Жалпылау есімдігі Бәрі, баршасы, барлығы
Жинақтық сан есім Екеуі, үшеуі, төртеуі
Зат есім Зат есім + көптік жалғау
Жалпылауыш сөздің тыныс белгісі
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. Бүгін баратын оқушылар: Таня мен Вова.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін келсе, оның алдынан сызықша қойылады. Таня мен Вова-бүгін баратын оқушылар
Бірыңғай мүшенің алдында жалпылауыш сөз тұрып, соңында сөйлемнің басқа мүшелері келсе, бірыңғай мүшеден бұрын қос нүкте, олардан кейін сызықша қойылады. Мына оқушылар: Таня мен Вова- бүгін барады.
Айқындауыш (приложение) сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз. Екі түрі бар: оңашаланған және қосарлы.
оңашаланған қосарлы
Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады
Мысалы Мен, Асанов Үсен, осы ережемен таныстым Мысалы Әнші Күләш, Біржан сал, авто-дүкен
Тыныс белгісі
а) Үтір оңашаланған айқындауыш екі жағыннан қойылады. Мұнда, Алматы обласынада, ауа райы салқын
ә) Сызықша оңашаланған айқындауыш екі жағыннан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға қойылады. Мысалы: 1928 жылы Қазақстандағы тұнғыш оқу орны – ҚазПИ ашылды. 17. Еліктеу сөз - әр түрлі дыбысқа,құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден уындаған сөз.Құрамына қарай екіге бөлінеді:Дара-бір ғана түбірден тұратын төл еліктеу сөз (тарс,күмп,жымың)Күрделі-екі сөздің қосарлуынан жасалған еліктеу сөз (тарс-тұрс,қисан-қисаң)Тұлғасына қарай екіге бөлінеді:Негізгі-бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөз (морт,күрс,селк)Туынды-жұрнақ жалғануы арқылы жасалған.Жұрнағы:аң,ең,ың,ің,ң (қисаң,елпең,ыржың-ыржың)Мағынасына қарай екіге бөлінеді:Еліктеуіш-түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған еліктеу сөздер;дыбысқа негізделеді(тарс,сарт-сұрт,тасыр-тұсыр,салдыр-гүлдір)Бейнелеуіш-көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер;көрініске негізделеді(маң-маң,сылқ,жалт,күрт,морт,қисаң-қисаң)
22. САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ. Салалас кұрмалас сөйлемдер мағыналық қарым-қатынасына карай ыңғайлас, қарсылықты, іліктес, себеп-салдар,  талғаулы, кезектес   болып алты түрге бөлінеді. Бұлардың   ішінде іліктес салалас ешбір жалғаулықсыз байланысса, талғаулы мен кезектес салаластар әрқашан жалғаулық шылаулардың көмегімен байланысады. Салаластың басқа  түрлері жалғаулықсыз да, жалаулық шылау арқылы да байланыса береді. Ыңғайлас салалас. Құрамындағы жай сөйлемдері бастауыштарының  іс-әрекеті бір тектес,  мезгілдес, орайлас болып келген салаластарды ыңғайлас салалас дейміз. Ыңғайлас салалас іргелес тұрып та, және, да, де, әрі деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады: Денесі тіп-тік, өңі сұп-сұр (Ғ. Мүст.). Қарсылықты салалас. Қарсылықты салалас жай сөйлемдердегі істің, оқиғаның бір-біріне қарама-қарсы болатынын көрсетеді. Қарсылықты салаластың құрамы өзара іргелес те, бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Қарсылықты салаластағы жай сөйлемдердің баяндауыштары кебінесе антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады: Жанат орнын ұсынып еді,— отырған жок (Ғ. Мұст.). Іліктес салалас.Іліктес салалас құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне түсінік болатындай, бірін-бірі толықтырып айқындайтындай қатынасты білдіреді. Іліктес салалас_ әрқашан іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемінде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді басқа да сөздер болады: Бұл трубалардың жуандығы сондай — Бейсен сияқты тәпелтек адамдар ішінде жүгіріп жүрерлік (Ғ. Мұст.). Себеп-салдар салалас. Салалас құрамындағы жай сейлемдер өзара бірі екіншісінде айтылған істің себебін не салдарын білдірсе, ондай салаласты себеп-салдар мәнді салалас дейміз. Себеп-салдар салалас іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Оның жалғаулықтары: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз. Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын (Ғ. Мұст.). Талғаулы салалас. Талғаулы салалас құрамындағы жай сөйлемдердің өзара болжалдық қарым-қатынаста болып, тек біреуіндегі істің, оқиғаның жүзеге асатындығын көрсетеді. Талғаулы салалас я, яки, болмаса, не, немесе, әлде, әйтпесе деген жалғаулықтар арқылы байланысады. Талғаулы салаластың арасына үтір қойылады. М ы с а л ы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын (X. Ес). Кезектес салалас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің іс-әрекеті өзара талғау, салғастыру мәнді салаласты кезектес салалас дейміз. Кезектес салалас біресе, кейде, бірде деген жалғаулықтар арқылы байланысады. Жазуда кезектес салаластың арасына үтір   қойылады. Мысалы: Жұлдыздың саналы еркі ұйқыға қарсы шығады, бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді (Б. Соқп.) 18. Неологизмдер, архаизмдер, терминдер. Қоғамның дамыуына сай тіліміз де дамып, жетеліп дамылды. Әр қоғамда халықтың санасына әр түрлі жағдайына, рухани өсеуіне экономика мен техниканын дамуына байланысты жаңа сөздер пайда болды. Осындай жаңа сөздерді неологизм деп атайды. Кеңес одағы мемлекетінде өте көп жаңа сөздер Қазақстанда пайда болды. Мысалы: комсомол, коммунист. Қазақстан тәуелсіз ел болған уақытта да ол басқа шетел мемлекеттермен экономика, мәдени, тағы басқа қарым-қатынас өте көп жаңа сөздер пайда болған. Таспа (магнитофон), ғаламтор, ұялы телефон. Қазақ тілінде неологизмдер бас түрлі тәсілмен жасалады.
Сөз тудырушы жұрнақ арқылы (оқу+лық. Мұздат+қыш)
Сөздердің бірігіу арқылы (теледидар, өнеркәсім)
Басқа тілдердін кірген сөздер (партия, паспорт, лагерь)
Сөздедің мағыналарын жаңарды (мұра-наследие, әлем-мир)
Басқа тілден сөзбе-сөз аудару арқылы жасарады; дословный перевод (жазушы, аудармашы)
Өткен замаңда болған кейбір әдет-ғұрыптар, ескі ұғымдар, үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары халық тұрмысының дамуына байланысты азайып, қолданудан шығып қалады. Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, сол үшін қолданудан шыға бастайды. Осы сөздерді көнерген сөздер деп атаймыз. Екіге бөлінеді: историзмдер, архаизмдер. Архаизм - әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, әр түрлі басқаша сөздермен ауысып отыратын, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз. (аэродром-әуежай, станция-бекет, адрес-мекенжай, рынок-нарықтық) Тарихи сөз (историзм) – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз. (ханзада, барымта, нөкер, батырақ, би, болыс) Көнерген сөздер қазіргі уақытта көркем әдеби шығармаларда кездеседі.
23. САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ. Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірі екіншісіне тәуелді болып, оған бағына байланысқан кұрмалас сөйлемнің түрін сабақтас кұрмалас дейміз. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы, ара қатынасы салалас сөйлемнің құрамы мен ара қатынасына қарағанда әлдеқайда тығыз байланысып, жымдасып келеді. САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМІҢ ТҮРЛЕРІ. Бағыныңқы сөйлемнің басыңқы сөйлеміне мағыналық қарым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп, мақсат, сын-қимыл және салыстырмалы бағыныңқылы    болып жеті түрге бөлінеді. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. қайтсе де? не етсе? қайткенде? не еткенде? Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы іске қарама-қарсы мәнде айтылады. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары шартты райдан кейін да/де жалғаулық шылауының тіркесуі арқылы (-са да, -се де), көмектес жалғаулы есімшеден (-ған + мен, -ген-мен), ша/ше жұрнақты есімшеден (-ған+ша, -ген+ше), шығыс жалғаулы болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түрінен (бармас+тан, қарамас + тан), тәуелді жалғаулы есімшеден кейін бол-маса деген шартты рай тұлғалы көмекші етістіктің (-ға-ны, -гені болмаса), көсемшеден кейін тұра деген көсемше тұлғалы көмекші етістіктің (айта тұра) тіркесуі арқылы жасалады. қайткенмен? қайтсе де? не істесе де? Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы істІң жүзеге асу я аспау мерзімін білдіреді. Мезгіл бағыныңқының баяндауыштары -ша/ше жұрнақты есімшеден (-ған+ша, -ген+ше), жатыс жалғаулы есімшеден (-ған + да, -ген-\-де), есімшеге септеулік шылауларынын, (-ған, -ген, соң, кейін, сайын, бері, шейін), мезгіл мәнді көмекші сөздердің (-ған, -ген, кезде, шақта, уақытта) тіркесуі арқылы, көсемшеден (-ғалы, -гелі, -а, -е, -й) және етістіктің түбіріне -ысымен, -ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.Сұрақтары: қайткенмен? қайтсе де? не істесе де? Мысалы: Соңғы аттылар Қүнанбай қасына жеткенде, балқьыған темірдей боп ұшқын атып жарқыраған үлкен күн алыстағы Арқат тауының иректелген жотасына міне бастап еді (М. Ә.). Себеп бағыныңқылы сабақтас.Себеп бағыныққылы сабақтас басыңқыдағы істің себебін көрсетеді. Себеп бағыныңқының баяндауыштары есімшеге -дықтан, -діктен деген қосымшаның жалғануы арқылы (-ған+дықтан, -ген-діктен), есімшеден кейін соң шылауының тіркесуі арқылы -ған, -ген соң), көсемшеден (-ып, -іп, ~п және оның болымсыз түрінен)  жасалады. неге? неліктен? не себепті? Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда түрады. Мақсат бағыныңқылы сабақтас.Мақсат бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы істің мақсатын көрсетеді. Мақсат бағыныңқының баяндауыштары тұйық етістікке, кейде болжалды келер шақ есімшенің түріне үшін шылауының тіркесуі арқылы (айту үшін, айтпас үшін), -мақ, -мек жұрнақты етістіктен кейін болып деген көсемше формалы көмекші етістіктің (-мақ, -мек болып), етістіктің шартты, қалау және бұйрық райының 3-жағынан кейін көсемше деп формасының (келсем деп, келейін деп, келсін деп) тіркесуі арқылы жасалады. Не үшін? Не мақсатпен? Бұл күнге дейін салт жүретін Игілік енді пәуескеге мінуді лайық көріп Степан арқылы Қызылжардан  төрт жеңіл тарантас арба саттырып алған. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы істің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіреді. Қимыл-сын бағыныңқының баяндауыштары көсемшеден (-ып, -іп, -п, -а, -е, -й), болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы (келмес + тен), есімшеге -дай, -дей жұрнағының жалғануы арқылы жасалады (-ған + дай, -ген+ дей). қалай? қайтіп? Қаулап өскен шөп үстінде қанаттары жалтылдап, қызылды-жасылды көбелек ұшып жүр. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы істің бағыныңқыдағы іске ұқсас екендігін, белгілі бір қасиеттері ортақ екендігін білдіреді. Шыбық та, сол шыбықты қадап жүрген балалар да көңілге бір әсерлі күй құяды. Жақыпбек шәкірттерге тамашалай қараса, Бану Жақыпбекке тамашалай қарайды. 19. Сөйлем мүшелері.Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. Сөйлем мүшелелері екі топқа бөлінеді: 1. Тұрлаулы мүшілер сөйлем құрауға негіз болады. Бастауыш – сөйлемде айтылған ойдың иесі болатын мүше. Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарға жауап береді. М-ы: Жазда күн өте ыстық болды. Баяндауыш – сөйлемді тиянақтап тұратын мүше. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді. М-ы: Біз тауға шықтық.2. Тұрлаусыз мүшілер өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер.Анықтауыш - сөйлемде басқа мүшелердің сын-сипатын анықтап тұратын мүше. Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Неше? Нешінші? Қанша? Қайдағы? Қашанғы? сұрақтарға жауап береді. М-ы: Ол ұзын бойлы адам.Толықтауыш - сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? сұрақтарға жауап береді. М-ы: Атасы баласын шақырды.Пысықтауыш - сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін анықтайтын мүше. Қайда? Қайдан? қашан? Қашаннан бері? Қалай? Қалайша? Қайтіп? Неліктен? Не үшін? Неге? Не мақсатпен? Қаншалықты? сұрақтарға жауап береді. М-ы: Ол қалада тұрады.
24. Сабақтас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемнің біреунің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін дейміз. Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады. Мысалы, Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше, оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабактарды қырқып та үлгірді. САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ. Сабақтас кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өз ара мағыналық карым-катынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық карым-катынасы әр түрлі болады. Сондықтан да басыңқы сөйлемнен бағыныңқы сөйлемге сұрақ коюга болады. Сабақтастың құрамындағы бағыныңкы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық карым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас болып алты түрге бөлінеді. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. қайтсе де? не етсе? қайткенде? не еткенде? Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың.Мақсат бағыныңқылы сабақтас.Мақсат бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы істің мақсатын көрсетеді. Мақсат бағыныңқының баяндауыштары тұйық етістікке, кейде болжалды келер шақ есімшенің түріне үшін шылауының тіркесуі арқылы (айту үшін, айтпас үшін), -мақ, -мек жұрнақты етістіктен кейін болып деген көсемше формалы көмекші етістіктің (-мақ, -мек болып), етістіктің шартты, қалау және бұйрық райының 3-жағынан кейін көсемше деп формасының (келсем деп, келейін деп, келсін деп) тіркесуі арқылы жасалады. Не үшін? Не мақсатпен? Бұл күнге дейін салт жүретін Игілік енді пәуескеге мінуді лайық көріп Степан арқылы Қызылжардан  төрт жеңіл тарантас арба саттырып алған. 20. Төл сөз деп жазушының я сөйлеушінің сөздігі жағынан болсын, грамматикалық формалары жағынан болсын ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреуідің сөзін айтамыз.Жазушының я сөйлеушінің біреудің сөзін өз сөзінде өзгертіп беруін төлеу сөз дейміз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және өте жиі қолданылатын - төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге –дық, -дік жұрнағы мен тәуелді жалғауы арқылы жалғанады. М-ы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты.Төл сөздің баяндауышы өткен шақты немесе нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы беріледі. М-ы: « Автобус күтіп тұр», - деді Омар. Омар автобус күтіп тұранын айтты,Егер төл сөз етістіктің келе шақ (бұйрық түрінен басқа ) немесе ауыспалы осы шақ төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы беріледі. М-ы: «Ол ертең келеді», - деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.Егер төл сөз баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық етістік формасына айналады. М-ы: «Сен ертерек кел», - деді Омар. Омар оған ертелек келуін айтты.Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда, е етістігі көмекші болып келеді. : «Кітап – білім бұлағы», - деді Омар, Омар кітаптың білім бұлағы екенін айтты.
25. Сабақтас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемнің біреунің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін дейміз. Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады. Мысалы, Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше, оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабактарды қырқып та үлгірді. САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ. Сабақтас кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан олардың өз ара мағыналық карым-катынасы арқылы да құрмаласады. Бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің бір-бірімен мағыналық карым-катынасы әр түрлі болады. Сондықтан да басыңқы сөйлемнен бағыныңқы сөйлемге сұрақ коюга болады. Сабақтастың құрамындағы бағыныңкы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің мағыналық карым-қатынасына қарай сабақтас құрмалас шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы сабақтас болып алты түрге бөлінеді. Себеп бығыныңқылы сабақтас құрмалас. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп бағыныңқылы сөйлем неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:а) -дықтан, -діктен қосымшасы үстелген есімшеден жасалады: Артиллерия дайындығы жеткілксіз болғандықтан, жаудың атыс қарулары жанды қимылдап, бет қаратпады (С. Бақбергенов).ә) есімше тұлғалы етістікке соқ шылауы тіркесінен жасалады: Балуан аяңға көшкен соң, қалғандары да тақым суыта бастады («Қазақ әдебиеті»).б) болымсыз етістіктің көсемше тұлғасынан болады: Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті. (Б. Полевой) Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас құрмаласБағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Қимылсын бағыныңқылы сөйлем қалай? қайтіп? не етіп? деген сұрақтарға жауап береді.Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:а) -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеден болады: Бір бүйірі қызарып, пісуге жақындап қалып еді. Осынша қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген (Ш. Мұртаза).ә) есімше тұлғасына -дай, -дей жұрнағы жалғанып жасалады: Өзгелері қос атпен тартқандай, косалқы мүғалім жолдаумен ілігіп келеді (Ғ. Мүсірепов).

Приложенные файлы

  • docx 8925082
    Размер файла: 50 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий