пословицы о труде на казахском языке


ЕҢБЕК-БАЙЛЫҚ, КӘСІП-НӘСІП ТУРАЛЫ
ЕҢБЕК-БАЙЛЫҚ, КӘСІП-НӘСІП ТУРАЛЫМал жисаң қонысын тап,Ас жисаң — ыдысын тап.***Кәсіп, кәсіп түбі — нәсіп.***Еңбегі аздың өнбегі аз.***Жатқанға жан жуымас,Жалқауға мал құралмас.***Ерді еңбек жеткізер.***Ердің атың еңбек шығарады.***Еңбегіңнен ел таныр.***Жылай-жылай жап қазсаң,Күле-күле су ішерсің.***Еңбегің қатты болса,Татқаның тәтті болар.***Жаңбырменен жер көгерер,Еңбекпенен ел көгерер.***Байлықтың атасы — еңбек, анасы - жер.***Ісі кенеулінің — есімі елеулі.***Қайратың бар да мал тап.***Жан қиналмай жұмыс бітпес,Талап қылмай мұратқа жетпес.***Жақсы жұмыс - жанға тыныс.***Ырыс алды - ынтымақ.***Еңбек ет те міндет ет.***Жұмысы бардыңЖүйкесі тыныш.***Еңбек еткен емеді,Еңбексіз не өнеді.***Қолынан келген қонышынан басады.***Көрнекті іс көмілмейді.Еңбек етсең — емерсің,Ерінбесең — жеңерсің.***Не ексең соны орасың.***Біткен іске сыншы көп.***Істің басы байлы болса,Аяғы сайлы болады.***Біткен істің міні жоқ,Бітірген ердің кемі жоқ.***Ерте тұрған еркектің ырысы артық,Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.***Әлің бар да еңбек ет,Еңкейгенде емерсің.***Тере берсе тезек те қызық.***Алтын шыққан жерді белден қаз.***Темірді қызғанда соқ.***Іздеген мініскер ағашын табады.***Шапқан озар, жатқан қалар.***Қалауын тапса қар жанар.***Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла.***Сабақты ине сәтімен.***От жанбағы көріктен.***Тамшыдан тама берсе, дария болар.***Еңбегіне қарай өнбегі***Еңбегі ештің — күні кеш.***Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді.***Еріншек егіншіден,Ерінбеген масақшы озады.***Арамнан алған түйеден,Адалдан алған ешкі жақсы.***Қарманған қарап қалмайды.***Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.***Қимылдаған қыр асады.***Керек тастың ауырлығы жоқ.***Ерте тұрған өкінбес.***Қашпақ болсаң зымыра.***Алыстан арбалағанша,Жақыннан дорбала.***Істегенің еліңе жақсы,Үйренгенің өзіне жақсы.***Шоқ қайдан болса,Жылу содан.***Ерінбеген етікші болады.***Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.***Михнат болмай, рақат болмас.***Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің,Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.***Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.***Түсі келіспей, ісі келіспес.***Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.***Рақаттың түбі кеңіс,Еңбектің түбі жеңіс.***Қасықтап жинап,Шөміштеп төкпе.***Киіз кімдікі болса,Білек соныкі.***Түстік өмірің болса,Кештік мал жыйна.***Отынды шапқанға жақтыр,Малды тапқанға бақтыр.***Сөз қуған пәлеге жолығар,Шаруа қуған қазынаға жолығар.***Қысқа шілдеде қу сақта,Жаз шілдеде су сақта.***Қырсыққан жігіт мал таппас.***Адасқан жігіт жол таппас.***Ебептен себеп, балшықтан мұрат.***Қазаныңа не салсаң,Шөмішіңе сол ілінер.***Кезі келсе кетпен шап,Майрылмаса, қайырылсын.***Колхоз аулы қауымды келеді,Еңбек екпіні дауылды келеді.***Екпіндінің өзі де екпінді, сөзі де екпінді.***Шегірткеден қорыққан егін екпес.***Жер — ырыстың кіндігі.***Жердің сәні — егін,Ердің сәні - білім.***Екпей егін бітпес,Үйренбей білім бітпес.***Берген - алар, еккен - орар.***Жері байдың елі бай.***Жер бауыры жазық.***Ексең егін, ішерсің тегін.***Көшпелі елдің қоры болғанша,Егінші елдің зоры бол.***Еңбек ер атандырар.***Дихан болсаң, қос өгізің тең болсын,Шаруа болсаң, қос етегің кең болсын.***Жанжалды елге жақын қонба,Оқпанды жерге егін салма.***Күн күркіресе, жерге абыйыр,Жер иісе, малға абыйыр.***Құлан дайда семірсе,Сол жерге түгін төгеді.***Бұлт қайда орнаса,Береке сонда шөгеді.***Шөбі жоқ деп жерден түңілме,Мал бітпес деп ерден түңілме.***Тарыға май көптік қылмайды,Күрішке су көптік қылмайды.***Күріш арқасымен күрмек су ішеді.***Айыр пішен қасында,Кісені кереге басында.***Шаруа жазда жазылар,Қыста қысылар.***Жердің жарлысынаЕрдің сорлысы қонар.***Сусыз жердің шөбі арық.***Орақшының жаманы орақ таңдайды.***Жасық кісі жасқа тоймас,Пасық кісі ұйқы мен асқа тоймас.***Жалқауға от басы айшылық жер.***Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.***Еріншектің ертеңі таусылмайды.***Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді.***Тойғанға бір салса да еңбек.***Тынымсызды жұмсасаң,Тыңдайсың да тұрасың.***Еріншектің ісі екі.***Піскен асқа тік қасық.***Тартынып үзген шабанның ісі,Өткізіп алған жаманның ісі.***Тіл алмасқа сөз айтсаң,Адам таппас жауап айтар.***Айтқызған жаманның ісі,Қамшылатқан шабанның ісі.***Таз таранғанша, той тарқар.***Жаман болатын жігіт, шегіншек келер,Кедей болатын жігіт, еріншек келер.***Айдап салдың малы өспес,Алакелдің жұмысы бітпес.***Шабан үйрек бұрын ұшар.***Жалқауға мың сылтау.***Жалқаудың жаны ұйқыда.***Еріншектен мізбақпас туады.***Еріншектің ертеңі бітпес.***Жалқау жыламсақ келеді.***Алма піс, аузыма түс.***Сен салар да мен салар,Атқа жемді кім салар.***Етік тіге алмаған біз таңдайды.***Тұр-тұрдан хабар келсе,Ұйқыдан маза кетеді.***Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен.***Жапа шегіп жай жату,Жасқаншақтың белгісі.Ерте жатып кеш тұру,Еріншектің белгісі.***Еріншек екпінді болмас.***Еріншекке бүгіннен ертең оңай.***Дарақының күлкісі қанбас, Жалқаудың ұйқысы қанбас.***Бірдің кесірі мыңға тиеді.***Қыс қысыл, жаз жазыл.***Кедейге кербездік келіспес.***Әр кемістікке — бір жетістік.***Төркінге сенгеннің төбесі тесік.***Кедейді кесір құртар.***Сауданың түбі борыш,Шаруаның түбі кеңіс.***Базарда бәрі бар,Ақшасыз ешкім бермейді.***Арзанның жілігі татымас.***Саудада достық жоқ.***Бал ұстаған бармағын жалайды.***Жалқау жатып бұйырады.***Малсызға малға балап ұйқы береді,Арсызға арға балап күлкі береді.***Еңбексіз жалқау еріншек,Көрінгеннен тілемсек.***Арсызға алты күн мейрам.***Жалқау дәлелшіл келеді,Жасқаншақ жыламсақ келеді.***Еңбек — ердің көркі,Ер — елдің көркі.***Еңбексіз құраған дәулет,Емсіз жабықсан дертпен тең.***Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.***Құр сөз қоңылтақ етік,Жүрсең аяғыңды қажайды,Отырсаң тобығыңа батады.***Еңбекке үйренем десең, ерінбе,Өнерге үйренем десең, жерінбе.***Ер еңбегімен озады,Еріншек езілумен тозады.• ***Еңбексіз ауырса, емі табылмайды,Есалаң жетіссе, теңі табылмайды.***Кімнің ісі көп болса,Соның күші көп.***Мың қайғы, бір борышты өтемейді.***Өгіздің отын оттап,Бұзаудың орнына жатпа.***Отырам деп, еріншек өлер,Кісіге жақсылық қылам деп, көңілшек өлер.***Саудың асын ішіп,Аурудың сөзін сөйлейді.***Ұйқыда ұят жоқ.***Тек жүрсең тоқ жүресің,Қыдырма болсаң көп жүресің.***Өтірік сөз өрге баспас.***Әңгіме бұзау емізер,Бұзау таяқ жегізер.***Өтірікшінің жаны күйер,Ұрлықшының малы күйер.***Өсекші ауыз жыбырламай тұрмас.***Көсеуі қысқаның қолы күйер.***Жыртық үйді жел табар,Өтірік сөзді шын табар.***Өткір пышақ қынға қас,Өтірік сөз жанға қас.***Сөзді сөз түртеді.***Ауруда шаншу жаман,Сөзде қаңқу жаман.***Шұбалаң жолдан,Бәлекет тілден.***Тауды, тасты жел бұзар,Адамзатты сөз бұзар.***Қолымен қосаяқ соқпайды,Аузымен орақ орады.***Қотыр қолдан жұғады,Пәле тілден жұғады.***Ұшқан құстың жолы жоқ,Өтірік сөздің түбі жоқ.***Сөздің өтірігіне нанба,Қисынына нан.***Адам тілі тас жарар,Тас жармаса, бас жарар.***Құрғақ сөз — бас ауыртар,Құрғақ қасық — ауыз жыртар.***Өтірік айтқаннан өлген артық.***Жел болмай шөп басы қозғалмас.***Тілге шешен, күшке мешел.***Ұялмас бетке, талмас жақ бітеді.***Тентекті тентек десең,Бөркі қазандай болады.***Өтірік - ұят, шын — мұят.***Құр судан май шықпайды,Құр сөзден мән шықпайды.***Өтірік - қаңбақ, шын — салмақ.***Адам сөзінен жазады,Сиыр мүйізінен жазады.***Өтірік екеу, шын төртеу.***Құлақтан кірген суық сөз,Көңілге барып мұз болар.***Сүйрендеген жаман тіл,Сүйгеніңнен айырар.***Еңбек етсең емерсің.***Есің барда, етек жап.***Ер қадірін ер білер,Зер қадірін зергер білер.***Қатты жерге қақ тұрар,Қайратты жерге бақ тұрар***Еңбек қылсаң ерінбей,Тояды қарның тіленбей

Приложенные файлы

  • docx 8925117
    Размер файла: 34 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий