9 — сынып (2015-16) Казахский язык


«Павлодар облысы әкімдігі
Павлодар облысы білім беру басқармасының
Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» КММ
Қазақ тілі пәнінен 2015-16 оқу жылына мемлекеттік емтихан билеттері
9 - сынып
(оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептер үшін)
№1 - билет
1.«Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
2.«Киіз үй» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
3 .Сөйлем. Сөйлемнің түрлері (айтылу мақсатына қарай).
№2 - билет
1. Әбілхан Қастеев туралы әңгімелеңіз.
2. Туыстық атаулар бойынша диалог құрастырыңыз.
3. Іс қағаздары. Өтініш жазыңыз.
№3 - билет
«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айтыңыз.
Жай сөйлемнің түрлері. Мысал келтіріңіз.
№4 - билет
Ахмет Байтұрсынов туралы әңгімелеңіз.
«Қазақстанның облыстары мен қалалары» туралы диалог құрастырыңыз.
«Наурыз мерекесіне» құттықтау жазыңыз
№5 - билет
«Павлодар қаласындағы мұражайлар» туралы әңгімелеңіз.
Ана тілі, сөз өнері туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.
Синоним, антоним, омоним. Мысал келтіріңіз.
№6 - билет
«Қара шаңырақ» туралы әңгімелеңіз.
«Ұлттық тағамдар» туралы диалог құрастырыңыз.
Оқшау сөздер.
№7 - билет
«Алтын адам» туралы әңгімелеңіз.
«Ұлттық аспаптар» туралы диалог құрастырыңыз.
Төл сөз бен автор сөзі. Төл сөз бен төлеу сөздің айырмашылығы неде?
№8 - билет
«Қазақстан аймақтары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
«Наурыз мерекесі» тақырыбы бойынша сұхбат құрастырыңыз.
Жалаң және жайылма сөйлем.
№9 - билет
Тіл туралы Заңның кейбір баптарын өзің түсінгеніңше айтып беріңіз.
«Қазақстан Республикасының мерекелері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Құрмалас сөйлем. Оның түрлері.
№10 - билет
«Кереку өңірінің белгілі адамдары» туралы әңгімелеңіз.
«Ұлттық ойындар» туралы диалог құрастырыңыз.
Фонетика. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
№11 - билет
Қалижан Бекхожин туралы әңгімелеңіз.
«Қазақ әншілері» туралы диалог құрастырыңыз.
Іс қағаздары. Түсініктеме жазыңыз.
№12 - билет
«Радио. Теледидар» туралы әңгімелеп беріңіз.
«Ұлттық киім» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.
№13 - билет
Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеңіз.
«Мемлекеттік рәміздері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.
№14 - билет
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» туралы әңгімелеңіз.
«Қазақтың тұңғыш журналистері» туралы диалог құрастырыңыз.
Сан есім. Сан есімнің түрлері.
№15 - билет
Астана туралы айтып беріңіз.
Бейтаныс мәтінмен жұмыс (Атақты ғалымдар).
Етістік. Шақ категориясы.
№16 - билет
Абай Құнанбаев туралы әңгімелеңіз.
«Мамандық» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Етіс түрлері.
№17 - билет
«Бейнелеу өнерінің тарихы» туралы әңгімелеңіз.
«Қазақстандық спортшылар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
№18 - билет
«Қазақстандық жоғары оқу орындары» туралы әңгімелеңіз.
«Қазақстанның табиғаты» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз.
Фразеологиялық тіркестер.
№19 - билет
«Алтын ұям - мектебім» туралы айтып беріңіз.
«Қазақтың қолөнері» туралы диалог құрастырыңыз.
Етістіктің болымсыз түрі.
№20 - билет
«Киелі сандар» туралы әңгімелеңіз.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айтыңыз.
Лексикалық талдау жасаңыз.
№21 - билет
«Қазақтың тұңғыш тілшілері» туралы әңгімелеңіз.
«Кең байтақ туған өлкем» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз.
Іс қағаздары. Өмірбаян жазу.
№22 - билет
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Жамбыл Жабаев туралы диалог құрастырыңыз.
Есімдік. Есімдіктің түрлері.
№23 - билет
Мұзафар Әлімбаев туралы әңгімелеңіз.
«Отбасылық дәстүрлері» туралы диалог құрастырыңыз.
Сөйлем мүшелері.
№24 - билет
«Павлодар облысы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
«Ұлы Отан соғысының батырлары» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз.
Сын есім. Туынды сын есім.
№25 - билет
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы әңгімелеңіз.
«Менің қалам» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Үстеу. Оның түрлері.

Приложенные файлы

  • docx 8925180
    Размер файла: 25 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий