Монологи по казахскому языку


«Отбасым».
Қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Әкенің орны ерекше де, шеше орны ерекше. Әке- отбасының тірегі., ал шешені әке де, балалар да сыйлайды. Мен Қостанай қаласында тұрамын. Мен жаралыстану-математикалық гимназияда, 9-ыншы «Г» сыныпта оқимын.. Отбасымызда үш адам бар. Олар: әкем, шешем және мен. Менің сіңілі(қарындас),інім, әпкем жоқ. Әкемнің аты-жөні – Самат Елтайұлы, ол басшы болып жұмыс істейді. Әкем 35-те. Ол орта бойлы, қара торы. Ол бауырмал, байсалды және жұмсақ мінезді. Шешемнің аты-жөні – Гүлжан Маратқызы , ол сатушы. Шешем 35-те, ол орта бойлы, қара көзді, қара шашты. Шешем мейрімді және ақылды адам.Анам, әкем екеуі бір-бірін сыйлайды, бір-біріне сенеді. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және ата-анамды құрметтеймін. . Біздің отбасымыз тату тұрады.
«Қостанай – туған қалам».
Қостанай қаласы Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан. Қостанай 1879 жылы салынды. Қостанай сәнді, әсем қалалардың бірі. Ол Тобыл өзеннің сол жақ жағасында орналасқан. Қостанайда Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры, Ыбырай Алтынсаринның мұражайы бар. Қаланың ортасында парк, кинотеатр, телеграф, орталық әмбебап дүкені бар. Қостанай астықты өлке, мәдениет орталығы. Онда жалпы білім беретін ондаған мектеп, Ахмет Байтұрсынов атындағы университет, заң институты басқа да жоғары және орта оқу орындары, өлкетану және географиялық мұражайлар бар. Қостанайда 220 мың адам тұрады. Олар әр ұлттың өкілдері. Олар тату тұрады. Қостанай жерінде ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ғалым Шоқан Уәлиханов, қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов және тағы басқалар туған. Қазір Қостанайда атақты ақын, жазушылар тұрады. Олар Серік Шәкірібаев, Ақылбек Шаяхмет, Нағашыбай Мұқатов. Олар біздің мақтанышымыз.
«Қазақстан – туған елім».
Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Қазақстанның жаңа рәміздері бар. Қазақстан Республиқасының астанасы – Астана қаласы. Қазақстан Республикасының президенті – Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға созылды. Солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. Жер көлемі 2,7 (екі бүтін оннан жеті) миллион шаршы шақырымнан астам. Оның қырық проценті - өзең, көл, теңіз, елу проценті - шөл, шөлейт, он проценті – таулы жер. Қазақстан пайдалы кендерге өте бай. Жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі де мұнда бар. Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті, білімді елге айналды. Қазақстан - әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Мен Қазақстанды өте жақсы көремін. Қазақстан – менің Отаным.
«Астана – бас қала».
Астана 1830 жылы қаланған. Ол Сарыарқаның даласында, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана – орталық Қазақстан аумағында орналасқан. Астана – Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. Бұл жер Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтардың туған мекені. Астанада тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген университтер, институттар, колледждер бар. Астана – Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда Президент, Парламент және Үкімет орналасқан. Астана – алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзімнің ішінде мұнда Үкімет ғимараттары, «Континенталь» қонақ үйі салынып, орталық көшелер қайта жаңаланды. ХХІ ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.
«Киіз үй».
Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Киіз үй қатты соққан дауылда жылжымайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді. Киіз үймен қазақтар жазда ауасы таза әрі салқын жерге көшкен. Ол жер жайлау деп аталады. Қазіргі кезде де киіз үйлерді мерекелерде көруге болады. Әсіресе қазақ халқының Наурыз мерекесінде көп тігіледі. Сырттары ұлттық оюмен безендіріледі. Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы мен сыртқы жамылғысына қарай 4қанат,6 қанат, 8 қанат, 12 қанат болып бөлінеді.мен киіз үйді орталықтан көрдім. Іші кең, жарық әдемі болады екен.
«Мемлекеттік нышандар».
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы алғашқы кітаптар 16 ғасырда жазылған. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа рәміздері 1992 жылы маусымда қабылданды. Олар: мемлікеттік ту, елтаңба, әнұран. Мемлекеттік Туымыздың түсі – аспан түстес ашық көк. Ол адалдықтың, тазалықтың белгісі. Ту бетінде алтын күн бейнесі, бүркіт, ұлттық өрнек бейнелеген. Алтын күн – киелі шамшырақты, қыран бүркіт еркіндікке, биік арманға самғауды білдіреді. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Көгілдір ашық аспан аясында шаңырақ бейнеленген. Оған күн сәулесі сияқты уықтар шаншылған. Оларды қанатты қос пырақ бейнесі көмкеріп тұр. Елтаңбада бес жұлдыз – бес құрлық белгісі. Авторлары: Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібекұлы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны. 1992 жылдың11желтоқсанында ҚР әнұраны шықты.2006жылы ҚР-сы елбасының жарлығымен “Менің Қазақстаным”өлеңі қайта дұрсталып, ҚР-ның әнұраны болды. Сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжмеденов,Н.Назарбаев.Әнін жазған:Шәмші Қалдаяқов.
«Қазақтың билері».
Қазақтың билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Төле би 1657 жылы қазіргі Жамбыл обласында Шу өзененің жағасында дүниеге келген. Ол ақылды, әділ, шешен және қазақ қамын ойлаған қайраткер. Жоңғар шапқыншылығы тұсында үш жүздің басын қосып, қазақ елінің тәуелсіздігін сақтап қалуға көп күш жұмсаған. Әйтеке би 1644 жылы туды. Кіші жүздің бас биі. Тәуке ханның ақылшысы болған. Атақты «Жеті жарғыны» құрастырушылырдың бірі. Үш жүздің бірігугіне қосқан үлесі мол. Қазыбек би - асқан шешен ақын. Ол ел басқарған, орта жүздің бас биі ретінде. Ол да «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Қазыбек би 97 жасында қайтыс болды.Бабамыздың денесі Түкістандағы Қожа – Ахмет Яассауи ғимаратында жерленген.
«Қазақтың салт-дәстүрлері».
Салт – дәстүрлер халықтың даму тарихының, ұлттық сипатының айнасы. Ежелгі замандардан бастап қазақтар салт-дәстүрлерін берік ұстаған. Салт-дәстүрлер арқылы ұрпақ тәрбиесі дамып отырған. Адам дүниеге келген сәттен бастап, өмірінің ақырына дейін ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіреді. Қазақтың салт-дәстүрлері: шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, сүндет тойы, құда түсу, келін түсіру, беташар т.б. Күнделікті тұрмыста жиі кездесетін, көп қолданылатың салт-дәстүрдің бірі бата беру болып табылады. Батаның түрлері: ақ бата, теріс бата. Ақ бата дастарқан басында, сапарға аттанғанда, жаңа іске кіріскенде беріледі. Наурыз мерекесі күні адамдар бірін-бірі құттықтап, бақыт, мол ырыс, татулық тілейді. Ал теріс бата сирек кездесетін құбылыс. Теріс бата дегеніміз қарғыз ұғым білдіреді. Қазақ халқында ақсақалдар, құрмет кісілер бата береді. Наурыз баталар:
-Ақмол болсын, қайда барсаң жол болсын!
-Ырыс ақты болсын, Ұлыс бақты болсын!
-Төрт түлік ақты болсын!
-Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
“Музыка аспаптары”.
Музыка аспаптарының мұражайлары көп елдерде бар.Қазақ музыка аспаптары мұражайында “өлі”экспонат жоқ.. Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін естуге, ойнау тәсілі мен көзбе-көз танысуға болады.Музыкалық аспаптардың ойналу тәсіліне ,дыбысына қарай төртке бөлінеді.Ішекті аспаптар:домбыра,қобыз, жетіген.Үрмелі аспап: Сыбызғы, керней,сазсырнай т.б жатқызылады.Ал дауылды шулы аспаптарға: дабыл, асатаяқ, қоңырау жатады,Сарнамалы аспаптарға: ауызсырнай, сырнай т.б жатады.Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабы.Ол қазақ халқының өмірінде ерекше орын алады.Қазақ халқы барлық ойын тойларда домбырамен ән шырқап, айтысып көңіл көтерген.
«Мемлекеттік тіл туралы».
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе(статус) алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қыргыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түрікмен, әзірбайджан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері жатады.Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде, шетелдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.Қазір қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі, ал орыс тілі – ресми тіл. Заңға сәйкес мемлекеттік ұжымдарда іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі.Мектептерде мемлекеттік тілді оқыту, үйрену – маңызды іс. Ол үшін баспаларда қазақ тілінде оқулықтар, әдістемелер шығуы керек. Ақпарат құралдары осы мақсатқа қызмет етеді.
«Ыбырай Алтынсарин».
Белгілі жерлестеріміз: Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Хакимжанова, Ш. Уәлиханов т.б. Мен сіздерге Ы. Алтынсарин туралы айтамын. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Затобол ауданында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі. 1850 жылы Орынбор қаласында оқуға түседі. Мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді. Ы.А. – қазақ халқының аса көрнекті педагог-ағартушысы, публицист, аудармашы, ақын. Ы. Алтынсарин Ушинский, Толстой, Крыловтың шығармаларымен танысты, қазақ тіліне аударды. Ол қазақ қыздарына арнап мектеп ашты. Ы.А. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» - деген оқулықтар жазды. Ы. Алтынсарин 1889 жылы қайтыс болды.
«Ежелгі қалалар ».
Қазақ жерінде ежелгі қалалар көп. Олардың көбі өзеннің жағасында, ауа –райы жылы жерде салынған.Қазақстанда ең алғашқы қалалар осыдан екі жарым жыл бұрын пайда болған.Көне қалалар олар Түркістан,Отырар, Тараз,Фараб,Шабғар т.б
Қазір сақталғаны Түркістан және Тараз. Түркістан қаласы- қазіргі Оңтүстік Қазақстан обылысындағы Түркістан ауданының орталығы. Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде .Бұл қаланың орнында IV-V ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған.Ежелгі қалалардың бірі Отырар.Ол VI-VIII ғасырларда ірі мемлекеттің астанасы болған.Алғашқы кезде Фараб деп аталған.VII ғасырдан бастап Тараз деген әйгілі қала болған.Бұл қалада сәулет өнерінің ескерткіштері болған.Олар: Айша бибі, Арыстан баб, Бабажы қатын кесенелері. XVII ғасырдан бастап бірте – бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналды.

Приложенные файлы

  • docx 8925215
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий