кардиология


1-вариант
1. 42 жастағы науқас ер адам кенеттен пайда болған жүрек қағуға, тұншығуға, басының айналуына, көз алдының қарауытуына, жалпы әлсіздікке шағымданып ауруғанаға түсті. Об-ті: тері жамылғылары бозарған, ылғалды. ЭКГ-де деформацияланбаған QRS комплексі. ЖСЖ 180 рет минутына. Осы жағдай қандай жүрек ырғағының бұзылысына тән?
А) көшпелі суправентрикулалық ырғақ жетекшісі
В) қарыншалық пароксизмальді тахикардия
С) қарыншалық политопты экстросистолия
D) +суправентрикулалық пароксизмальді тахикардия
Е) қарыншалардың дірілі және фибрилляциясы
2. 52 жастағы науқас ер адам физикалық күштемеден соң (100м – 200м жүргенде) пайда болатын, нитроглицерин таблеткасын қабылдаған соң басылатын, сол қолы мен иығына берілетін төс артының қысып, басып ауырсынуына шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінен: ЖИА-мен ауырғанына бірнеше жыл болған. Соңғы 1 ай көлемінде физикалық күштемеге төзімділік азайған. Об-ті: Жүрек үндері басыңқы, ырғақты. ЖСЖ – 88 рет мин. АҚ – 130/80 мм с.б. Төменде келтірілген стенокардияның қай түріне жатады:
А) алғаш пайда болған стенокардия
В) вазоспастикалық стенокардия
С) күштемелі үдемелі стенокардия
D) +күштемелі стенокардиясы ФК ІІІ
Е) ерте постинфаркты стенокардия
3. 68 жастағы науқас ер адам жедел артқы қабырғалық миокард инфаркты диагнозымен ауруханаға түсті. Дәрігердің көруі кезінде науқас кенеттен есінен танып, денесін мұздай тер басты. Жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозарған, мұздай. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 180 рет минутына. АҚҚ - 80/40 мм с. б. ЭКГ-да: деформацияланған қарыншалық комплекс 0,18 сек. Науқаста дамыған пароксизмалді қарыншалық тахикардия ұстамасын тоқтату үшін қолданылатын «таңдау препараты» болып табылады?
А) анаприлин
В) верапамил
С) карведилол
D) +амиодарон
Е) фозиноприл
4. 68 жастағы науқас ер адам жедел артқы қабырғалық миокард инфаркты диагнозымен ауруханаға түсті. Науқасқа ЭКГ зерттеу жүргізілді. ЭКГ-да трансмуральды миокард инфарктына тән белгілер анықталды:
А) төмен вольтажды электрокардиография
В) жоғары ассиметриялы Т тісшесі
С) +QS және ST сегментінің жоғарлануы
D) qR және ST сегментінің депрессиясы
Е) Т тішесінің теріс немесе тегіс болуы
5. Науқас 62 жасар ер адам ауруханаға мына төмендегі шағымдармен келіп түсті: басының айналуына, оқтын-оқтын талып қалуына. Ауру тарихынан 2 жыл бұрын басынан миокард инфарктын өткізген. Об-ті: Жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек тондары тұйық. Пульс – минутына 40 рет. ЭКГ: ЖСЖ минутына 40 рет, PQ-0,22 сек; P- үш тісшесіне 1 қарыншалық комплекстен келеді. Мұндай ЭКГ көрінісі тән:
А) АВ блокадасы II дәреже, Мобитц II
В) +АВ блокадасы II дәреже, ІІІ типі
С) СА блокадасы III дәреже
D) АВ блокадасы I дәреже
Е) АВ блокадасы II дәреже, Мобитц I
6. 68 жастағы науқас әйел емханада жүректің ишемиялық ауруымен диспансерлік есепте тұрады. Кезекті диспансерлік тексеруден өткен кезде науқаста холестерин деңгейінің 7,8 ммоль/л екендігі анықталған. Атеросклероз кезіндегі липидті алмасуды қалпына келтіруге арналған препараттар:
A) нитраттар
B) +статиндер
C) сартандар
D) фибраттар
E) антиоксиданттар
7. 37 жастағы науқас ер адам кардиология бөлімшесіне: жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауру сезіміне және есінің тануына шағымданып түсті. Объективті: дене бітімі астениялық типті. Жүрек үндері әлсіз, тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 88 рет мин. АҚ – 90/60 мм с.б. ЭКГ- V2-V3 кеуде тіркемелерінде ST сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Информативті зерттеу әдісі:
А) эхокардиография
В) вентрикулография
С) коронароангиография
D) +ЭКГ тәуліктік мониторлау
Е) электроэнцефалография
8. 56 жастағы науқас ер адам ауруханада миокард инфарктымен ем қабылдады. Науқасқа стационардан шығарда ұзақ уақыт тромбоасс препаратын қабылдауына кеңес берді, өйткені ол:
А) протромбин индексін төмендетеді
В) +тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайды
С) түзілген тромбтарды лизистейді
D) қан ұюының ішкі механизмін тежейді
Е) аспириннің оң әсерінің механизмі белгісіз
9. 52 жастағы науқас ер адам эпигастрий аймағы мен төс артында жедел ұстамалы ауырсынудың пайда болуына байланысты қалалық аурухананың қабылдау бөліміне келіп қаралды. Об-ті: Науқастаң жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары анық, ырғақты. АҚ 130/80 мм.с.б. Пульс 88 рет. Асқазан тұсын тексергенде ауырсынулар байқалмайды. Науқасқа тағайындалатын міндетті тексеру:
А) асқазан рентгеноскопиясы
В) асқазанды зондтау
С) +электрокардиография
D) гастродуоденоскопия
Е) ирригоскопия
10. 45 жастағы науқас ер азамат артқы қабырғалық трансмуральді миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Мониторлау барысында І дәрежелі атриовентрикулалық блокаданың дистальдік түрі анықталды. Жүрек ырғағы бұзылысының ЭКГ белгісі:
А) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің пішінінің бұзылмауы
В) QRS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі
С) +PQ аралығының 0,20 с артық ұзаруы, қарыншалық комплекстердің деформациялануы
D) PQ аралығының 0,20 с артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі
Е) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы
11. 45 жастағы науқас ер азамат стационарда трансмуральді миокард инфарктымен ем алып жатыр. Аурудың басталуынан 2 апта өткен соң ЭКГ динамикасының болмауынан науқаста жүрек шекаралары солға ығысқан, I тонның әлсіздігі, сол жақта III-IV қабырға аралықта прекардиальді пульсация, жүрек ұшында систолалық шу анықталады. Дамыған миокард инфарктының асқынуы:
А) кардиогенді шок
В) перикардит
С) +жүрек аневризмасы
D) жүрек жыртылысы
Е) тромбоэндокардит
12. 68 жастағы науқас әйел горизонтальді қалыпта күшейетін ентігуге, жүрегінің лүпілдеп соғып кетуіне, басының айналуына, жалпы әлсіздікке шағымданып қалалық аурухананың кардиология бөліміне түсті. Ауру тарихынан: 5 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткізген. Об-ті: АҚ – 110/60 мм.с.б. Пульс – 102 рет минутына. ЭКГ: Жүрекшелер жыбыры, қарыншалардың жиырылу саны минутына 126-82 рет. Болжам диагноз:
А) тромбоэмболиялық синдром
В) миокард инфаркты
С) гипертониялық криз
D)+ жүрек шамасыздығы
Е) жедел коронарлық синдром
2 - вариант
1. 68 жастағы науқас әйел аздаған физикалық күштемеде және тыныштықта пайда болатын ентігуге және төс артындағы басып ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: 4 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: ЖСЖ – минутына 92 рет. АҚҚ – 110/60 мм.с.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – созылмалы коронарлық жетіспеушілік белгілері. Тиімді тағайындау:
А) анальгетиктер
В) жүрек гликозидтері
С) кальций антагонистері
D) дигидропиридиндер
Е) альфа - блокаторлар
2. 38 жастағы науқас ер адамның кенеттен АҚ 270\120 мм.с.б. дейін көтеріліп, бастың ауруына, айналуына, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, қалтырауына шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: осы шағымдар соңғы бір жылдың ішінде бірнеше рет мазалаған. Объективті: тері жамылғылары ылғалды, жүрек тондары күшейген, тахикардия. Қан анализінде гипергликемия- 7,6 ммоль/л. ЭКГ- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою мақсатында тағайындалатын мәліметті тексеру:
А) қандағы электролиттерді анықтау
В) қандағы кортизолды анықтау
С) қандағы альдестеронды анықтау
D) қандағы катехоламиндерді анықтау
Е) қандағы ренинді анықтау
3. 68 жастағы науқас әйел горизонтальді қалыпта күшейетін ентігуге, жүрегінің лүпілдеп соғып кетуіне, басының айналуына, аяқтарының ісінуіне, жалпы әлсіздікке шағымданып қалалық аурухананың кардиология бөліміне түсті. Ауру тарихынан: 5 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткізген. Об-ті: АҚ – 110/60 мм.с.б. Пульс – 102 рет минутына. Аяқтарында айқын ісінулер анықталады. Жүрекке түсетін күшті жеңілдету мақсатында қолданатын калий сақтаушы диуретик:
A) фуросемид
B) индапамид
C) гидрохлортиазид
D) спиронолактон
E) пиретанид
4. 45 жастағы науқас ер азамат артқы қабырғалық трансмуральді миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Мониторлау барысында атриовентрикулалық блокаданың І дәрежесі анықталды. Жүрек ырғағы бұзылысының ЭКГ белгісі:
A) стандартты тіркемелерде Q тісшесінің болуы
B) қарыншалық комплекстің 0,1 с ұзаруы
C) R-R интервалы аралығының әртүрлілігі
D) P-Q интервалының ( 0,2 с артық) ұзаруы
E) P-Q интервалының ( 0,1 с кем) қысқаруы
5. 60 жастағы науқаста профилактикалық тексеру барысында келесі симптоматика табылған: аса тұрақты систолалық артериальді гипертензия, таңертеңгілік желкеде орналасқан бас ауруы; жүректің соғуы, эпигастрийде систолалық шу естіледі. Болжам диагноз:
А) құрсақ қуысының атеросклерозы
В) бүйрек артериясының аневризмасы
С) аортаның коарктациясы
D) бүйрек артериясының гипоплпзиясы
E) аортаның гипоплазиясы
6. 67 жастағы науқас әйел, соңғы бір аптада физикалық күштемеге төзімділігінің төмендегеніне, төс артындағы ауырсыну сезімінің күшейгеніне және нитроглицерин таблеткасының әсерінің төмендегеніне шағымданып ауруханаға түсті. Шұғыл түрде ЭКГ жасалынды: ST сегменті изосызықтан 1,5 мм жоғарылаған. Ақпаратты диагностикалық тексеру әдісі:
А) қандағы креатинин деңгейін анықтау
В) қандағы билирубин деңгейін анықтау
С) қандағы тропонин деңгейін анықтау
D) қандағы липопротеидтер деңгейін анықтау
Е) қандағы холестерин деңгейін анықтау

7. 75 жасар ер адам, жүрек қағу, ентігу, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Осы шағымдар бір айдан бері мазалайды, анамнезінде жүрек созылмалы ишемиялық ауруы 10 жылдан бері. ЭКГ-де P тісшесі тіркелмейді. Жүрекшелік f толқындар бар, жиілігі 270 рет минутына, ұзақтығы, түрі және биіктігі бойынша бірдей, күрт биіктейтін және доғал төмендейтін (ара тісі тәрізді) бөліктен тұрады. II, III, avF, V1 тіркемелерінде анық көрінеді. R-R интервалдары әр түрлі. QRS комплексі өзгермеген. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы бар?
А) жүрекшелер жыбыры
В) жүрекшелер тыпыры
С) синусты аритмия
D) атриовентрикулярлық блокада
Е) синусты тахикардия
8. 47 жастағы ер адам ірі ошақты артқы диафрагмалық миокард инфарктымен шұғыл түрде ауруханаға келіп түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ - 110 рет мин. АҚ-150/100 мм с.б.б. Эхокардиографияда гипокинезия аймағы анықталған. Тромболитиктерді қандай мерзімде тағайындаған тиімді:
A) алғашқы 6 сағатта
B) алғашқы 24 сағатта
C) екінші тәулікте
D) тыртықтану кезеңінде
E) жедел кезеңде
9. 54 жастағы науқас ер адам «қайталамалы алдыңғы қалқааралық миокард инфарктың сол жақ қарыншаның жүрек ұшы мен бүйір қабырғасына өтуі» диагнозымен клиникаға түсті. Объективті: жағдайы ауыр. Бозғылт, суық жабысқақ тер, акроционоз. Өкпеде - төменгі-артқы бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар. ЖСЖ 110 рет минутына. Тыныс алу жиілігі минутына 24 рет. АҚ 80/60 мм.сын.бағ. Пульсі әлсіз соғуда. Олигурия. Науқас толқулы, адекватты емес. Болжам диагноз:
А) соматогенді психоз
В) анафилактикалық шок
С) кардиогенді шок
Д) өкпенің ісінуі
Е) жүректік астма
10. 43 - жастағы ер адам аурухананың реанимация бөлімшесіне шұғыл түрде жедел коронарлық синдром диогнозымен түсті. Науқасқа жедел коронарлық синдром кезінде ацетилсалицил қышқылымен қатар, қосымша тағайындалатын антиагрегант:
А) курантил
В) фозикард
С) тромбоасс
D) плавикс
Е) короним
11. 45 жастағы науқас клиникаға, жедел алдыңғы қалқалық миокард инфарктының белгілерімен түсті. 10 сағаттан кейін жүрек жұмысында «қатып қалуды» сезінді, әлсіздік күшейді, бас айналуды сезінді. ЭКГ: ритм синусты, ЖСЖ 78 рет мин. Кезеңмен пайда болатын 2-3 кең қарыншалық комплекс, ұзақтығы 0.18, толық компенсаторлы үзілістен кейінгі болатын дұрыс емес, полиморфты форма. Дамыған миокард инфарктының асқынуы:
А) толық атриовентрикулярлық блокада
В) қарыншалық тахикардия
С) түйіндік экстрасистолия
D) суправентрикулярлық тахикардия
E) қарыншалық экстрасистолия
12. 68 жастағы науқас ер адам жедел артқы миокард инфаркты диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Тексеру барысында есінен танып қалды, суық тер басты. Жағдайы ауыр. Терісі бозғылт, суық. Жүрек шулары қатаң, ырғақты. ЖСЖ 180 рет минутына, АҚ 80/40мм.сын.бағ. Пульсі әлсіз. ЭКГ-да; бұрыс пішінді кеңейген қарыншалық комплекстер 0,18с. Науқаста дамыған пароксизмалді қарыншалық тахикардия ұстамасын тоқтату үшін қолданылатын «таңдау препараты» болып табылады?
А) анаприлин
В) верапамил
С) карведилол
D) амиодарон
Е) фозиноприл
3 - вариант
1. 63 жастағы науқас әйел тегіс жермен орташа жылдамдықта 500 метрден артық жаяу жүргенде пайда болатын, нитроглицерин қабылдағаннан басылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы басып, қысып ауырусыну сезіміне шағымданып аймақтық дәрігерге келіп көрінді. Ауру тарихынан: Артериялық гипертония ауруымен «Д» есепте тұрады. Болжам диагноз:
A) стенокардия
B) ревмакардит
C) эндокардит
D) кардиомиопатия
E) миокардит
2. 68 жастағы науқас әйел горизонтальді қалыпта күшейетін ентігуге, жүрегінің лүпілдеп соғып кетуіне, басының айналуына, аяқтарының ісінуіне, жалпы әлсіздікке шағымданып қалалық аурухананың кардиология бөліміне түсті. Ауру тарихынан: 5 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткізген. Об-ті: АҚ – 110/60 мм.с.б. Пульс – 102 рет минутына. Аяқтарында айқын ісінулер анықталады. ЭКГ-да жүрекшелер жыбырының ЭКГ-белгілері анықталды:
А) Р тісше мен QRS комплексі жұптасқан, R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық
В) Р тісшесінен кейін тұрақты түрде QRST кешендерінің түсіп қалуы
С) R-R-аралықтары тыныс фазасына сәйкес қысқарып ұзарады
D) РQ аралығының біркелгі 0,24 с ұзаруы, QRS комплексінің түсіп қалуы
Е) Р-тісшесінің жоқтығы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі
3. 47 жастағы ер адам басының ауыруына, қол бұлшық еттерінің әлсіздігіне, шөлдеуге, түнгі уақытта жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Қарағанда: аяқтар мен қол-дардағы бұлшықеттердің күші шамамен бірдей; ЖСЖ минутына 64 рет, АҚ 170/90 мм.с.б. Қан анализінде: гипокалиемия, гипернатриемия, альдостеронның деңгейі жоғары. Зимницкий бойынша несеп анализінде- изогипостенурия, никтурия. Болжам диагноз:
A) Иценко-Кушинг синдромы
B) созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы
C) созылмалы гломерулонефрит
D) біріншілік гиперальдостеронизм
E) бүйрек артериясының гиперплазиясы
4. 45 жастағы науқас ер азамат артқы қабырғалық трансмуральді миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Мониторлау барысында P-Q интервалының ( 0,2 с артық) ұзаруы анықталды. Миокард инфаркты кезінде бета-адреноблокаторларды қолданудың қарсы көрсетпесі:
A) жүрекшелер жыбыры
B) атриовентрикулалық блокада
C) жүрекшелік экстрасистолия
D) қарыншалық экстрасистолия
E) пароксизмдік тахикардия
5. 42 жастағы науқас ер адам кенеттен пайда болған жүрек қағуға, тұншығуға, басының айналуына, көз алдының қарауытуына, жалпы әлсіздікке шағымданып ауруғанаға түсті. Об-ті: тері жамылғылары бозарған, ылғалды. ЭКГ-де деформацияланбаған QRS комплексі. ЖСЖ 180 рет минутына. Ұстаманы басу үшін қолданатын препарат:
А) верапамил
В) кордарон
С) эуфиллин
D) лидокаин
Е) короним
6. 48 жастағы ер адам, төс артындағы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Бір күн бұрын жүрек аймағында басып, қысып ауыратын ауыру сезімі мазалап, спонтанды басылған. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, қозған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 96 рет минутына, АҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да: II-III, aVF тіркемелерінде QS және ST изосызықтан 4 мм жоғарылаған. ST сегментінің тұрақты көтерілуі ... көрсетеді.
A) жүректегі электролиттік бұзылыстарды
B) тәждік артериясының толық окклюзиясын
C) миокард қабырғасындағы тыртықтық өзгерістерді
D) жүрек бөлімдерінің гипертрофиясын
E) миокардтағы дистрофиялық өзгерістерді
7. 47 жастағы ер адам, төс артындағы ауырсыну басталғаннан 2 сағаттан кейін ауруханаға жеткізілген. Ангинозды статус промедолды енгізгенде басылған. ЭКГ: ІІ, ІІІ, AVF, V5, V6 тіркемелерінде ST сегментінің монофазалық элевациясы анықталған. Диагнозды нақтылауда тиімді диагностикалық тексеру:
А) фибриноген
В) тромботест
С) холестерин
D) лейкоцит
Е) тропонин
8. 52 жастағы ер адам баспалдақпен 3 қабатқа көтерілгенде пайда болып, нитроглицерин қолданғанда жойылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы қысып ауыру сезімі шағымдарымен аймақтық дәрігерге келіп көрінді. Ауру тарихынан: Ауру ұзақтығы 1 айдан көп. Об-ті: жүрек тондары бәсеңдеген, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚҚ – 150/90 мм.с.б.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Болжам диагноз.
А) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІІІ
В) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІІ
С) ЖИА. Алғаш дамыған стенокардия
D) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІV
Е) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
9. 45 жастағы науқас ер азамат стационарда трансмуральді миокард инфарктымен ем алып жатыр. Аурудың басталуынан 2 апта өткен соң ЭКГ динамикасының болмауынан науқаста жүрек шекаралары солға ығысқан, I тонның әлсіздігі, сол жақта III-IV қабырға аралықта прекардиальді пульсация, жүрек ұшында систолалық шу анықталады. Дамыған миокард инфарктының асқынуы:
А) кардиогенді шок
В) жүрек аневризмасы
С) перикардит
D) жүрек жыртылысы
Е) тромбоэндокардит
10. 48 жастағы ер адам, төс артындағы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Бір күн бұрын жүрек аймағында басып, қысып ауыратын ауыру сезімі мазалап, спонтанды басылған. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, қозған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 96 рет минутына, АҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да: V1-V3 тіркемелерде QS және ST изосызықтан 4 мм жоғарылаған. ЭКГ өзгерістерінің сипаты бойынша миокардттың топикалық диагностикасы:
А) алдыңғы бүйірлік интрамуральді миокард инфаркты
В) алдыңғы-қалқалық трансмуральді миокард инфаркті
С) алдыңғы жайылмалы трансмуральді миокард инфаркті
D) алдыңғы-қалқалық интрамуральді миокард инфаркты
Е) артқы бүйірлік трансмуральді миокард инфаркты
11. Науқас 47 жаста, стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: Артериялық гипертония ауруымен «Д» есепте тұрады. АҚҚ максимальді 180/110 мм.с.б. дейін көтерілетін айтады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, перкуссияда жүрек шекарасы солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚҚ - 160/90 мм.с.б. тахикардия, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы. Болжам диагноз:
A) Артериялық гипертония ІІ дәреже. Жоғары қауіп.
B) Артериялық гипертония ІІІ дәреже. Өте жоғары қауіп.
C) Артериялық гипертония ІІ дәреже. Өте жоғары қауіп.
D) Артериялық гипертония ІІІ дәреже. Жоғары қауіп.
E) Артериялық гипертония ІІ дәреже. Орташа қауіп.
12. 44 жастағы науқас әйел басының ауруына, белінің ауыруына, кіші дәретке жиі шығуына және зәр шығарғанда ауырсыну сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. АҚ 170/100 мм с б.б. Зерттегенде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Зәр анализінде аздаған белок, лейкоцитурия, бактериурия. Артериялық гипертония қандай аурудың симптомы болып табылады?
А) созылмалы гломерулонефрит
в) бүйрек поликистозы
с) бүйрек артериясының стенозы
D) интерстициялық нефрит
е) созылмалы пиелонефрит
4- вариант
1. 48 жастағы науқас ер адам ірі ошақты артқы диафрагмалық миокард инфарктымен шұғыл түрде ауруханаға келіп түсті. Коронарлық ауырсынулардың мазалағанына 1 тәулік пайда болған. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ - 110 рет мин. АҚ-150/100 мм с.б.б. Науқасқа көрсетпе бойынша антикоагулянттық терапия тағайындалды. Гепаринмен емдеудегі бақылау тесті:
А) плазманың рекальцификациялану уақыты
В) плазмадағы фибриногеннің концентрациясы
С) жартылай активтелген тромбопластин уақыты
D) веналық қанның ұю уақыты
Е) қандағы тромбоциттердің саны
2. 68 жастағы науқас әйел аздаған физикалық күштемеде пайда болатын, тыныштықта басылатын ентігуге және жүрегінің соғып кетуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 4 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: жүрек шекарасының солға кеңеюі. ЖСЖ – минутына 102 рет. АҚҚ – 110/60 мм.с.б. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы. Болжам диагноз:
А) ЖИА. Постинфарктты кардиосклероз. ЖШ ФК ІІІ (NYHA)
В) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК ІІІ. ЖШ ФК ІІ (NYHA)
С) ЖИА. Жүрек ырғағының бұзылысы. ЖШ ФК ІІ (NYHA)
D) ЖИА. Постинфарктты кардиосклероз. ЖШ ФК ІІ (NYHA)
Е) ЖИА. Үдемелі стенокардия. ЖШ ФК ІІІ (NYHA)
3. 53 жастағы науқас ер адам физикалық күштеме түскенде пайда болатын, нитроглицерин қабылдағаннан басылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы басып, қысып ауырусыну сезіміне шағымданып аймақтық дәрігерге келіп көрінді. Ауру тарихынан: Артериялық гипертония ауруымен «Д» есепте тұрады. Тыныштық қалыпта ЭКГ-да өзгерістер байқалмаған. Жасырын коронар шамасыздығын анықтау мақсатында велоэргометриялық сынама жасалды. Оң мәнді күш түсіру сынамаларының критериі:
А) ST интервалының 0,5 мм-ден кем депрессиясы
В) ST интервалының 1 мм кем қиғаш төмендеуі
С) V5-V6-тіркемелердегі – Q тісшесінің болуы
D) ST интервалының 1 мм артық биіктеуі
Е) QRS комплексінің деформациялануы
4. Төменде келтірілгендер аурулардың қай түріне тән: науқастың жас болуы, көкірек клеткасының жоғарғы бөлігінің жақсы даму, кездейсоқ анықталған жоғары қан қысымы, сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері, кеуде клеткасының рентгенограммасында 5-7 қабырғалардың төменгі жиектерінің тісшеленуі, аяқтарда пульсацияның төмендеуі?
А) Такаясу синдромына
В) Иценко – Кушинг ауруына
С) ашық артериалық түтікке
D) қолқа коарктациясына
Е) Марфан синдромына
5. 46 - жастағы ер адам, көшеде келе жатып, кенеттен эпигастрий аймағында ауыру, лоқсу сезініп, екі рет құсқан. Таңертең кеше кешке дайындалған тағамды қабылдаған. Науқасты инфекциялық ауруханаға жеткізген. Объективті: жағдайы орташа, тері жабындысы бозғылт. Жүрек үндері тұйық, сирек экстрасистолалар. ЖСЖ - 98 рет мин. АҚ - 90/60 мм. с.б.б. Ішті сипағанда эпигастрийде аздаған ауыру сезімі байқалады. Асқазанды жуғаннан кейін ауыру төс артына ауысып, жағдайы кенеттен ауырлаған. ЭКГ: II, III, aVF тіркемелерінде QS. Осы тіркемелерде ST монофазды қисық түрінде. Болжам диагноз:
A) тағамдық токсикалық инфекция
B) миокард инфаркты, абдоминальді түрі
C) миокард инфаркты, ангинозды түрі
D) созылмалы панкреатит, өршу сатысы
E) калькулезлі холецистит, өршу сатысы
6. 63 жастағы науқас әйел тегіс жермен орташа жылдамдықта 500 метрден артық жаяу жүргенде пайда болатын, нитроглицерин қабылдағаннан басылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы басып, қысып ауырусыну сезіміне шағымданып аймақтық дәрігерге келіп көрінді. Болжам диагноз:
A) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК ІІІ.
B) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК ІV.
C) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК ІІ
D) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК І.
E) ЖИА. Тұрақсыз стенокардия ІІ В.
7. Миокард инфаркты кезіндегі қанда тропониннің құрамының қалыпына келу уақыты:
А) 2-3 күннен кейін
В) 8-12 күннен кейін
С) 5-6 күннен кейін
D) 2 аптадан кейін
Е) 2-3 аптадан кейін
8. 46 жастағы ер адам, жедел жәрдем бригадасымен жалпы әлсіздікке шағымданып, ауыр жағдайда жеткізілді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды, сұрғылт цианоз, аяқ-қолдары суық. Жүрек тондары тұйықталған, бөдене ырғағы, ЖЖЖ 110 рет мин. АҚ 85/55 мм сын. бағ. Олигурия – 20 мл/сағ. ЭКГ: синустық тахикардия, QS V1-V6, осы тіркемелерде ST сегменті монофазды қисық түрінде. Дамыған жедел миокард инфарктының асқынуы:
А) гиповолемия
В) кардиогенді шок
С) экстросистолия
D) жедел аневризма
Е) фибрилляция
9. Төменде берілген ЭКГ өзгерістері бар 5 пациенттің 4-уінде жүректің функциялық, ал біреуінде органикалық патологиясы анықталды. Жүрегінде органикалық патологиясы бар пациенттің ЭКГ-сын көрсетіңіз:
А) V3-V5 - тіркемелеріндe QS комплексі
В) оң кеуде тіркемелерінде болмашы теріс Т
С) QТ аралығының ұзаруы
D) экстрасистолиялық аритмия
Е) ерте реполяризациялану синдромы
10. 68 жастағы науқас ер адам жедел артқы қабырғалық миокард инфаркты диагнозымен ауруханаға түсті. Дәрігердің көруі кезінде науқас кенеттен есінен танып, денесін мұздай тер басты. Жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозарған, мұздай. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 180 рет минутына. АҚҚ - 80/40 мм с. б. ЭКГ-да: деформацияланған қарыншалық комплекс 0,18 сек. Жедел миокард инфарктының дамыған асқынуы:
A) қарыншалар фибрилляциясы
B) қарыншалық тахикардия
C) жүрекшеішілік тахикардия
D) атриовентрикулалық блокада
E) қарыншалық экстрасистолия
11. Науқас ер адам 51 жасар. Күштемелі стенокардия диагнозымен ауырғанына 3 жыл болған. 3 сағат бұрын сол жақ мойны мен сол жақ күрек ортасына берілетін, кеудесін қысатын ауырсыну, тыныштық қалыпта ентігу, қызыл көпіршікті қақырықты жөтел мазалаған. Об-ті: аяқ-қолдары мұздай, өкпеде іркілісті сырылдар, жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ-90/70 мм.с.б. ЭКГ-да QS V2-4 тіркемелерінде, патологиялық Q I, aVL, V5-6 тіркемелерінде. Дамыған асқыну:
А) жүректік астма
В) кардиогенді шок
С) астмалық статус
D) гидроторакс
Е) өкпенің ісінуі
12. 38 жастағы науқас ер адамның кенеттен АҚ 270\120 мм.с.б. дейін көтеріліп, бастың ауруына, айналуына, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, қалтырауына шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: осы шағымдар соңғы бір жылдың ішінде бірнеше рет мазалаған. Объективті: тері жамылғылары ылғалды, жүрек тондары күшейген, тахикардия. Қан анализінде гипергликемия - 7,6 ммоль/л, норадреналин – 1500 пг/мл. Жоғарылаған артериялық қысым қай аурудың симптомы болып табылады:
А) феохромоцитома
В) гломерулонефрит
С) альдостеронизм
D) тиреотоксикоз
Е) гипертериоз
5- вариант
1. 53 жастағы ер адам ЖИА. Күштемелі стенокардия ауруымен емханада «Д» есепте тұрады. Науқасқа стенокардия ұстамасының айқындығы мен жиілігін бәсеңдету, систолалық артериялық қысымын бастапқы деңгейден 10-15%-ға төмендету, ЖСЖ-ін минутына 7-10 –ға жоғарылату мақсатында аймақтық дәрігердің тағайындаған дәрмектер тобы:
A) α-адреноблокаторлар
B) ААФ ингибиторлары
C) -адреноблокаторлар
D) кальций антагонистері
E) изосорбид динитраттар
2. 57 жастағы әйел 1 жыл көлемінде айына 1-2 рет таң cәріде төс артының қысып ауырсынуына, сол жауырын астына берілуіне, оның нитроглицерин қабылдаған соң жарты сағаттан кейін басылуына шағымданады. Ұстама кезіндегі холтерлік мониторлауда V2-V5 кеуде тіркемелерінде ST сегменті 8 мм-ге жоғарылаған. Келесі күні ST изосызыққа түскен. Болжам диагноз:
А) ЖИА. Алғаш дамыған стенокардия
В) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІІ
С) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІІІ
D) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІV
Е) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
3. Реанимация бөлімшесіне 55 жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖСС 35 рет мин. АҚ 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ: тәуелсіз жүрекше ырғағы 100 рет/мин., қарыншаның жиырылуы 30-35 рет мин., QRS комплекстері 0,16 сек, деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркті диагнозы қойылған. Науқаста дамыған асқыну:
А) синус түйінінің әлсіздік синдромы
В) ІІ дәрежелі АВ блокаданың І типі
С) толық қарыншаішілік блокада
D) толық атриовентрикулярлы блокада
Е) ІІ дәрежелі АВ блокада ІІ типі
4. 68 жастағы науқас ер адам жедел артқы миокард инфаркты диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Тексеру барысында есінен танып қалды, суық тер басты. Жағдайы ауыр. Терісі бозғылт, суық. Жүрек шулары қатаң, ырғақты. ЖСЖ 180 рет минутына, АҚ 80/40мм.сын.бағ. Пульсі әлсіз. ЭКГ-да; бұрыс пішінді кеңейген қарыншалық комплекстер 0,18с. Дамыған миокард инфарктінің асқынуы:
А) қарыншалар фибрилляциясы
В) қарыншалық тахикардия
C) қарыншалық экстрасистолия
D) атриовентикулярлық блокада
E) қарыншаүстілік тахикардия
5. Кардиология бөліміне төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымымданған ауыр жағдайда 50 жастағы ер адам әкелінді. Объективті: тері жабындысы сұрғылт түсті, суық жабысқақ тер. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 40/0 мм с.б.б. ЭКГ: V2-V6 шықпаларында ST сегментінің элевациясы. ЭКГ белгілері бойынша науқаста Q тісшесіз миокард инфаркты анықталды. Дамыған жедел миокард инфарктының асқынуы:
А) гиповолемия
В) кардиогенді шок
С) жедел аневризма
D) экстросистолия
Е) фибрилляция
6. 48 жастағы ер адам, төс артындағы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Бір күн бұрын жүрек аймағында басып, қысып ауыратын ауыру сезімі мазалап, спонтанды басылған. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, қозған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 96 рет минутына, АҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да: II-III, aVF тіркемелерінде QS және ST изосызықтан 4 мм жоғарылаған. ЭКГ өзгерістерінің сипаты бойынша ошақтық өзгерістер орналасқан:
А) бүйірлік аймағында
В) қалқалық қабырғасында
С) алдыңғы қабырғасында
D) алдыңғы аралық аймағында
Е) төменгі қабырғасында
7. Реанимация бөлімшесіне 75 жастағы ер адам естен тану ұстамасымен түсті. Туыстарының айтуынша есінен танбас бұрын науқасты басының айналуы, көз алдының қарауытуы, ентігу, әлсіздік мазалаған. Осыдан 2 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткізген. Об-ті: жағдайы өте ауыр, тері жамылғылары бозарған, суық тер басқан. АҚ 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да политопты қарыншалық экстросистолалар байқалады. Тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфарктының клиникалық түрі:
А) ангиноздық
В) абдоминальдік
С) аритмиялық
D) церебральдік
Е) астматикалық
8. 45 жастағы науқас ер адам стационарда трансмуральді миокард инфарктімен ем алып жатқанына 1 күн болған. Об-ті: жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 88 рет мин. АҚ – 110/70 мм с.б.б. Науқаста субфебрильді температура қай уақытта пайда болады:
А) ауру басталғаннан кейін 12 сағаттан соң
В) ауру басталғаннан кейін бесінші күні
С) ауру басталғаннан кейін төртінші күні
D) ауру басталғаннан кейін екінші күні
Е) ауру басталғаннан кейін кештеу кезеңінде
9. 56 жастағы артериялық гипертензиямен ауыратын әйел, изокет-спрейге басылмайтын кеуде артындағы басып ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 98 рет мин. АҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ– V2-V6 кеуде тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы. Миокард инфарктына күдік туған. Зерттеу жоспарына мынаны анықтауды енгізген тиімді:
A) тропониндерді
B) трансаминазаны
C) креатининді
D) тромтотестті
E) фибриногенді
10. Артериялық гипертонияның Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесінің негізі болып саналады:
A) қан тамырларындағы гемодинамика типтерінің өзгерісі
B) гипертониялық криздердің болуымен асқынулардың болуы
C) нысана ағзалардың зақымдануы және қан қысымның деңгейі
D) катехоламиндер секрециясының төмендеуі мен жоғарылуы
E) альдостерон секрециясының төмендеуі мен жоғарылауы
11. 37 жастағы науқас әйел басының ауруына, айналуына, аяқ-қолдарының бұлшық еттерінің әлсіздігіне шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: науқас миоплегиялық ұстамалардың кез келген уақытта жіті басталатындығын және етеккірінің келуі себеп болатындығын атап өтті. Об-ті: жалпы жағдайы орташа, жүректің шекарасы солға ығысқан. АҚҚ–240/140 мм.с.б. Аяқ-қол бұлшық еттерінің әлсіздігі. ЭКГ-да ST сегментінің горизонтальді түрде изосызықтан төмен ығысуы, Т-тісшесінің инверсиясы, QT аралығының ұзаруы, сол қарынша гипертрофиясы. Осы аталған ауру кезіндегі қан қысымының жоғарылауы байланысты:
А) тамыр қабырғаларында натрийдің шамадан артық жиналуына
В) қандағы катехоламиндер концентрациясының жоғарылауына
С) қандағы глюкокортикостероидтардың жоғарылауына
D) қандағы кортикотропиндердің жоғарылауына
Е) бас миының қыртыс асты құрылымдарында доминантаның болуына
12. Науқас ер адам 50 жаста. Кенеттен өзін нашар сезінді: төс астында пайда болған үдемелі түрде, қысатын ауыру сезімі жарты сағаттан кейін шыдатпайтындай болды. Науқас бозарған, терісі салқын термен жабылған. ТАЖ-18 рет минутына, ЖСЖ-100 рет минутына. АҚҚ – 80/50 мм.с.б.б. Диурез 20 мл/сағ. Төмендегі келтірілген қай диагноз дұрыс:
А) ЖИА. Миокард инфаркты, аритмиялық шок
В) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
С) ЖИА. Миокард инфаркты, кардиогенді шок
D) ЖИА. Миокард инфаркты, өкпенің ісінуі
Е) ЖИА. Жедел коронарлық синдром

6- вариант
1. 56 жастағы ер азамат науқасты 2 жылдан бері ентігу, жүрегінің қағып кетуі және басының ауруы мазалайды. Дәрігерлерге қаралмаған. Соңғы 3 аптаның көлемінде ентігуі күшейіп, тыныштық қалыпта мазалайтын болған. Об-ті: акроцианоз, тері жамылғыларының бозаруы. Жүрек тондары басыңқы, ырғақсыз, ІІ тон акценті аорта үстінде. АҚҚ-210/130 мм.с.б. ЖСЖ 130-150 рет минутына. ЭКГ-да жүрекшелер жыбыры тахисистолиялық түрі, сол қарынша гипертрофиясы. Зәрдің жалпы анализінде өзгерістер жоқ. Симптомдық артериялық гипертензияның себебін анықтау мақсатында жүргізілетін тиімді тексеру әдісі:
А) құрсақтық аортография
В) доплер-эхокардиография
С) кеуде рентгенографиясы
D) ультра дыбыстық зерттеу
Е) коронарография
2. 55 жастағы әйел бірнеше жылдан бері аяқ тамырларының варикозды кеңеюімен ауырады. Физикалық күштемемен айқын байланысы жоқ, нитраттармен басылатын, төс артындағы күйдірген, ауыру сезіміне шағымданады. Кезеңді түрде артериялық қан қысымы 160/90 мм с.б.б. жоғарылайды. ЭКГ-да арнайы өзгеріс жоқ. Диагнозды нақтылау үшін тиімді әдіс:
А) велоэргометриялық сынама
В) доплер-эхокардиография
С) фармакологиялық сынама
D) холтерлік мониторлау
Е) селективтік коронарография
3. 68 жастағы ер адамда, артериялық гипертензиямен 15 жыл бойы ауырады, соңғы айда физикалық күштемеде ангинозды ауыру сезімі мазалайды, кейде таңға жақын пайда болады. Ұстама кезіндегі ЭКГ-да ишемия анықталды. Емдеу жоспарына мынаны қосқан тиімді:
A) престариумды
B) теветенді
C) физиотензті
D) гипотиазидті
E) конкорды
4. 60 жастағы ер адам, төс артындағы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Бір күн бұрын жүрек аймағында басып, қысып ауыратын ауыру сезімі мазалап, спонтанды басылған. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, қозған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 96 рет минутына, АҚ - 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да: І, AVL, V1-V6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі және ST сегменті 2 мм жоғарылаған. ЭКГ өзгерістерінің сипаты бойынша миокардттың топикалық диагностикасы:
А) алдыңғы жайылмалы трансмуральді миокард инфаркті
В) алдыңғы-қалқалық трансмуральді миокард инфаркті
С) алдыңғы бүйірлік интрамуральді миокард инфаркты
D) алдыңғы-қалқалық интрамуральді миокард инфаркты
Е) артқы бүйірлік трансмуральді миокард инфаркты
5. 42 жастағы науқас ер адам кенеттен пайда болған жүрек қағуға, тұншығуға, басының айналуына, көз алдының қарауытуына, жалпы әлсіздікке шағымданып ауруғанаға түсті. Об-ті: тері жамылғылары бозарған, ылғалды. ЭКГ-де деформацияланбаған QRS комплексі. ЖСЖ 180 рет минутына. Суправентрикулалық пароксизмальді тахикардия кезіндегі таңдау препараты:
А) эуфиллин
В) кордарон
С) верапамил
D) лидокаин
Е) короним
6. 47 жастағы ер адам, төс артындағы ауырсыну басталғаннан 2 сағаттан кейін ауруханаға жеткізілген. Ангинозды статус промедолды енгізгенде басылған. ЭКГ бойынша науқаста сол қарыншаның төменгі бүйір жағының миокард инфаркты анықталған. ЭКГ белгілері:
А) ІІ, ІІІ, AVF, V1 – V3
В) III, aVF, V5-V6.
С) І, ІІ, AVL, V4 – V6
D) ІІ, ІІІ, AVF
Е) ІІ, ІІІ, AVF, V4 – V6
7. 57 жастағы науқас 1 ай бұрын миокард инфаркты болған. 2 апта бойы медикаментозды емі нәтижесіз, төс артындағы қысылған тәріздес ауырсыну мазалайды. ЭКГ-да динамикалық өзгерістер жоқ. Тиімді диагностикалық әдіс:
А) велоэргометриялық сынама
В) рентгеноскопия сердца
С) селективтік коронарография
D) доплер-эхокардиография
Е) фармакологиялық сынама
8. 59 жастағы науқасер азамат 5 жылдан бері физикалық күштемеден соң пайда болатын, нитроглицерин қабылдағаннан басылатын төс артының басып ауырсынуына шағымданып аймақтық дәрігерге көрінді. Ангамнезінен: Ұстаманың жиілігі физикалық активтілікке байланысты күніне 1-ден 4-ге дейін болатын. Соңғы 3 аптада дәрмектерді тұрақты қабылдауына қарамастан ұстамалар күніне 10-12 ретке жиілеген және уақыты ұзарған, сонымен қатар тыныштық қалыпта түнде пайда болатын болған. ЭКГ-да алдыңғыларына қарағанда динамикалық өзгеріссіз. Дәрігердің іс-әрекеті:
A) науқасты тексеруге жолдама беру
B) күндізгі стационарға жолдама беру
C) шұғыл госпитализациялау
D) үй жағдайында дәрмектік ем тағайындау
E) эхокардиографиялық тексеру
9. 48 жастағы ер азамат аймақтық дәрігерде ЖИА.Тұрақты стенокардия ФК ІІ және ІІ А типті гиперлипидемиямен «Д» есепте тұрады. Аторис 20мг/тәул, предуктал таблеткасын тәулігіне 3 реттен, кардиоаспирин 100 мг дәрмектерін науқас тұрақты қабылдағаннан жақсы антиангинальді әсер байқалған және қанның құрамындағы жалпы холестерин 7,8-ден 4,9 ммоль\л-ге төмендеген. Соңғы 1 айдың көлемінде аяқтарының бұлшық еттерінде тұрақты ауырсыну және әлсіздік пайда болған. Об-ті: балтыр және сан бұлшық еттерін пальпациялағанда ауырсынулар байқалады. Бұлшық еттердің ауырсыну себептерін анықтау мақсатында диагностикалық тексеру:
А) қандағы үшглицеридтер деңгейін анықтау
В) қандағы тропониндер деңгейін анықтау
С) қандағы креатинфосфокиназа деңгейін анықтау
D) қандағы лактатдегидрогеназа деңгейін анықтау
Е) қандағы миоглобин деңгейін анықтау
10. Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның IІ дәрежесі деңгейі сай келеді:
A) 140/90-149/94 мм.сын.бағ.
B) 179/109-180/110 мм.сын.бағ.
C) 140/90-159/99 мм.сын.бағ.
D) 130/85-139/89 мм.сын.бағ.
E) 160/100-179/109 мм.сын.бағ.
11. Клиникаға 69 жастағы ер адам үнемі жүрек қағу, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, төс артындағы қысып ауырсыну, оның сол қолға таралуы, изокет спреймен қысқа уақытқа басылуы, бас айналу, әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. ЭКГде: ырғақ дұрыс емес, жиілігі шамамен 138 рет минутына, Р тісшесі жоқ, V1- V2 тіркемелерінде ұсақ амплитудалы толқындар анықталады, электрлік ось солға ығысқан, алдыңғы-септальді және жүрек ұшында трансмуральды инфарктен кейінгі тыртықты өзгерістер бар. Науқаста пайда болған ырғақ бұзылысы:
A)жүрекшелер жыбыры
B)қарыншалар жыбыры
C)жүрекшелер дірілі
D)қарыншалар дірілі
E)жүрекшелік экстрасистолия
12. Науқас М., 36 жастағы даяшы әйел, стационарға басының ауруы, аяқ-қол бұлшық еттерінің әлсiздiгi, еңбекке қабiлеттілігiнiң төмендiгi, шөлдеу, несеп бөлуінiң жиiлеуi, ұйқысының бұзылуы шағымдарымен келiп түстi. Өзiн кейiнгi бір жылда ауру санайды. Об-ті: Жүрек жағынан: жүрек ұшы V қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа; аускультативті: жүрек тондары тұйықталған, АҚ - 170/100 мм сын. бағ. ЭКГ-де: гипокалиемияға тән белгілер анықталған (ST сегментінің горизонтальді түрде изосызықтан төмен ығысуы, Q-Т аралығы ұзаруы). Науқаста дамыған синдромды атаңыз:
А) Кушинг синдромы
В) Конн синдромы
С) Рейно синдромы
D) Шегрен синдромы
Е) Стилл синдромы
7-вариант
1. 22 жастағы ер адам басының қатты солқылдап ауруына, құлағының шуылдауына, мұрнының жиі қанауына, ентігуіне шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінен: систолалық артериялық қысымның максимальді көтерілуі АҚ - 200/90 мм с. б. Об-ті: дененің жоғарғы бөлігі жақсы дамыған, аяқ тамырларының пульсациясы әлсіз. Жүрек тондары анық, ІІ тон акценті аорта үстінде, төстің сол жақ ІІ-ІІІ қабырғааралықтарында систола шуы естіледі. АҚ-200/80 мм.с.б. Гипертензияның даму себебі:
A) феохромацитома
B) аортоартериит
C) тиреотоксикоз
D) альдостеронизм
E) коарктация аорты
2. 53 жастағы әйел басының ауруына, ұйқышылдыққа, тәбетінің төмендегеніне, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, тез шаршағыштыққа, жалпы әлсіздікке шағымданып емханаға келіп дәрігерге қаралды. Об-ті: теріасты-май қабаты артығымен дамыған, ай тәрізді бет. ЖСЖ 58 рет минутына, АҚҚ - 150/90 мм с б.. Жүрек тондары басыңқы, ырғақты. Қалқанша без өлшемдері қалыпты. ЭКГ: Синусты ритм, ЖСЖ 60 рет минутына. ЭОС солға ығысқан. Миокардттың диффузды өзгерістері. Болжам диагноз:
A) тиреотоксикоз
B) гипотериоз
C) феохромоцитома
D) альдостеронизм
E) гипертиреоз
3. 46 жастағы әйел, алқызыл көпіршікті қақырықты жөтелмен қосылған ентігумен шұғыл түрде ауруханаға түсті. Науқас қозған, мәжбүрлі қалыпта (ортопноэ). Өкпенің барлық аймақтарында қатаң тыныс, түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Тыныс жиілігі - 38 рет минутына. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия - 128 рет мин. АҚ - 230/140 мм с.б.б. ЭКГ-да айқын сол қарынша гипертрофиясы. Дамыған асқыну:
A) тотальді пневмония
B) демікпе ұстамасы
C) өкпеден қан кету
D) өкпенің ісінуі
E) тромбоэмболия
4. 43 жастағы ер азамат науқас сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия. АҚ – 110/70 мм с.б. ЭКГ: ST V2-V4 сегментінің элевациясы. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі зерттеу тәсілі:
А) велоэргометрия
B) коронарография
C) вентрикулография
D) эхокардиография
E) дәрмектік жүктеме тест
5. Науқас 45 жаста, кардиология бөліміне алдыңғы қабырғаның жедел миокард инфаркты диагнозымен түсті. АҚ 150/100 мм.сн.бғ., ЖСС 100 рет мин. 2 күннен кейін қысқа уақытқа пайда болған ентікпеге шағымданды. АҚ 100/70мм.сн.бғ, ЖСС 120 рет мин., ТЖ 32 рет мин. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар пайда болды. Төстің төменгі бөлігінде голосистолалық шу, ат шабысының дүбірі ритмі пайда болды. Диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеу әдісі:
А) электрокардиограмма
В) өкпе рентгенографиясы
С) өкпе артериясында қысымды өлшеу
D) эхокардиография
Е) артериальді қандағы газдарды зерттеу
6. Реанимация бөлімшесіне 55 жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖСС 35 рет мин. АҚ 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да жүрекшелер мен қарыншалардың тәуелсіз қозуы, қарыншалық комплекстер саны 35 рет минутына. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркті диагнозы қойылған. Науқаста дамыған ырғақ бұзылысы:
А) синус түйінінің әлсіздік синдромы
В) атриовентикулалық блокада ІІ дәреже
С) қарыншаішілік блокада
D) толық атриовентрикулалық блокада
Е) пароксизмальді тахикардия
7. 52 жастағы науқас ер адам ЖИА-мен ауырғанына бірнеше жыл болған. «Д» есепте тұрады. Дәрігердің тағайындаған дәрмектерін үнемі уақытында тұрақты қабылдап тұрады. Соңғы кездері балтыр бұлшық еттерінің ауыруы, аяқтың жансыздануы және тоңуы мазалайтынына шағымданып дәрігердің кезекті қабылдауына келді. Науқасқа тағайындаған төмендегі дәрмектердің қайсысының жанама әсері:
A) бруфен
B) конкор
C) короним
D) аторис
E) капотен
8. Науқас әйел 65 жасар. 2 сағатқа созылған төс артындағы ауырсыну ұстамасынан кейін 6 сағаттан соң ЭКГ түсірілді. Ауырсынулардың иррадиациясы асқазан аймағына беріліп, қабаттаса құсу мен іштің кебуі мазалаған. ЭКГ-да QS III, AVF тіркемелерінде, патологиялық Q II, V5-6 тіркемелерінде; осы тіркемелерде S - Т сегментінің жоғарылауы. Болжам диагноз:
А) артқы жайылма миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі
В) төменгі миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі
С) алдыңғы жайылмалы миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі
D) артқы бүйірлік миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі
Е) алдыңғы-бүйірлік миокард инфаркты, жедел сатысы, абдоминальді түрі

9. Қыз 19 жаста. Бұрын кезеңді түрде басының ауыратынын байқаған. Сирек ЖРВИ болған. Қарағанда: гипостениялық дене қалпы, ісіктер жоқ. Жүрек тондары жеткілікті дыбысты, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 80 рет, АҚ 170/120 мм с. б. Басқа мүшелері жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Жалпы қан және зәр анализдері, биохимиялық көрсеткіштері қалыпты деңгейде. ЭКГ-да, ЭХОКС-те сол қарыншаның гипертрофиясы белгілері. Изотопты ренографияда оң бүйректің васкулярлы сегменті өзгерген. Гипотензиялы препараттармен үш кешенді терапия нәтижесіз. Артериялық гипертензияның ең мүмкін болатын себебі қандай?
A) созылмалы пиелонефрит
B) созылмалы интерстициалды нефрит
C) бүйрек артерияларының фибромускулярлы дисплазиясы
D) бүйрек туберкулезі
E) біріншілік альдостеронизм
10. 56 жастағы ер адамды 2 жылдан бері ентігу, жүрегінің қағып кетуі және басының ауруы мазалайды. Дәрігерлерге қаралмаған. Соңғы 3 аптаның көлемінде ентігуі күшейіп, тыныштық қалыпта мазалайтын болған. Об-ті: акроцианоз, тері жамылғыларының бозаруы. Жүрек тондары басыңқы, ырғақсыз, ІІ тон акценті аорта үстінде. АҚ-210/130 мм.с.б. ЖСЖ 130-150 рет минутына. ЭКГ-да жүрекшелер жыбыры тахисистолиялық түрі, сол қарынша гипертрофиясы. Зәрдің жалпы анализінде өзгерістер жоқ. Симптомдық артериялық гипертензияның түрі:
А) ренопаренхиматозды гипертензия
В) реноваскулярлы гипертензия
С) гемодинамикалық гипертензия
D) эндокриндік гипертензия
Е) эссенсиальді гипертензия
11. 68 жастағы науқас әйел аздаған физикалық күштемеде пайда болатын, тыныштықта басылатын ентігуге және жүрегінің соғып кетуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 4 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: жүрек шекарасының солға кеңеюі. ЖСЖ – минутына 102 рет. АҚ – 110/60 мм.с.б. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы. Болжам диагноз:
А) ЖИА. Постинфарктты кардиосклероз. ЖШ ФК ІІІ (NYHA)
В) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК ІІІ. ЖШ ФК ІІ (NYHA)
С) ЖИА. Жүрек ырғағының бұзылысы. ЖШ ФК ІІ (NYHA)
D) ЖИА. Постинфарктты кардиосклероз. ЖШ ФК ІІ (NYHA)
Е) ЖИА. Үдемелі стенокардия. ЖШ ФК ІІІ (NYHA)
12. 65 жастағы науқас жедел артқы диафрагмалдық миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. Мониторлау барысында PQ интервалы 0,4 с ұзаруымен QRS комплексінің түсіп қалуы анықталды. Жүрекшелердің толқыны QRS комплексіне 4:1 арақатынасындай, ЖСЖ 40 рет минутына. Болжам диагноз:
А) атриовентрикулярлық блокада II дәрежесі, II типі
В) ІІ дәрежелі І типті жүрекшеішілік блокада
С) толық емес І дәрежелі жүрекшеішілік блокада
D) атриовентрикулярлық блокада II ші дәрежесі, I типі
Е) атриовентрикулярлық блокада II ші дәрежесі, IІІ типі
8-вариант
1. 68 жастағы науқас әйел горизонтальді қалыпта күшейетін ентігуге, жүрегінің лүпілдеп соғып кетуіне, басының айналуына, жалпы әлсіздікке шағымданып қалалық аурухананың кардиология бөліміне түсті. Ауру тарихынан: 5 жыл бұрын миокард инфарктын басынан өткізген. Об-ті: АҚ – 110/60 мм.с.б. Пульс – 112 рет минутына. ЭКГ: Жыбыр аритмиясы тахисистолиялық түрі. Жүрек жеткіліксіздігімен негізделген тахиаритмияны жоюға арналған таңдау препараты:
A) верапамил
B) атропин
C) дигоксин
D) пропранолол
E) дилтиазем
2. Климакс кезеңіндегі остеопороз белгілерімен қатар АГ-сы бар науқас әйелге мына төмендегі антигипертензивті дәрмектердің қайсысын тағайындау тиімді:
А) -адреноблокаторларды
В) тиазидті диуретиктерін
С) -адреноблокаторларды
D) ААФ ингибиторларын
Е) кальций антагонистерін
3. Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның IІІ дәрежесі деңгейі сай келеді:
A) 140/90-149/94 мм.сын.бағ.
B) 180/110 мм.сын.бағ. жоғары
C) 140/90-159/99 мм.сын.бағ.
D) 130/85-139/89 мм.сын.бағ.
E) 160/100-179/109 мм.сын.бағ.
4. 38 жастағы әйел лоқсуға, жүрек қағуына, белінің ауырсыруына, теңертеңгілік беттерінің ісінуіне, әлсіздікке шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: жүктілік кездерінде АҚҚ максимальді көтерілуі 180/110 мм.с.б. болған. Об-ті: АҚ - 200/120 мм с.б.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. Қандағы креатинин - 0,22 ммоль/л, зәрдегі ақуыз - 0,33 г/л. Артериялық гипертония қай аурудың симптомы болып табылады?
A) эссенциальді гипертония
B) созылмалы пиелонефрит
C) бүйрек артериясы аневризмасы
D) бүйрек атрериясы гипоплазиясы
E) созылмалы гломерулонефрит
5. 28 жастағы ер адам лоқсуға, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: созылмалы гломерулонефритпен диспансерлік есепте тұрады. Об-ті: АҚ - 180/100 мм с.б.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. Қандағы креатинин - 0,22 ммоль/л, зәрдегі ақуыз - 0,33 г/л. Антигипертензивті препараттардың қайсысын, емдеу жоспарына енгізген тиімді?
A) α-адреноблокаторларды
B) кальций антогонистерін
C) ААФ ингибиторларын
D) изосорбид динитраттарды
E) β-адреноблокаторларды
6. 55 жастағы науқас ер адам аймақтық дәрігерде бір жылдан бері ЖИА.Тұрақты стенокардия ФК ІІ ауруымен «Д» есепте тұрады. Соңғы 5 күнде ауырсыну сезімі күшейген, физикалық күштемеге толеранттылық бірден төмендеген, тыныштық қалыпта ауырсыну сезімі пайда болған, нитроглицеринді қабылдау көбейген. Болжам диагноз:
А) ЖИА. Алғаш рет пайда болған стенокардия
В) ЖИА. Тұрақты стенокардия. ФК ІІІ
С) ЖИА. Ұсақ ошақты миокард инфаркты
D) ЖИА. Тұрақты стенокардия. ФК ІІ
Е) ЖИА. Үдемелі күштемелі стенокардия
7. 55 жастағы науқас әйел аздаған физикалық күштемеде пайда болатын, тыныштықта басылатын ентігуге және жүрегінің соғып кетуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 1 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: жүрек шекарасының солға кеңеюі. ЖСЖ – минутына 102 рет. АҚ – 110/60 мм.с.б. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы. Науқасқа ұзақ мерзімге β-адреноблокаторлар тағайындалған, ескерілетін жанама әсері:
A) тахикардияның дамуы
B) АВ-өткізгіштігінің жылдамдауы
C) қарыншалардың деформациясы
D) АВ- өткізгіштігінің баяулауы
E) фибрилляцияның дамуы
8. 56 жастағы науқас ер адам дене қызуының көтеріліп, қалтырауға, кеуде тұсының ауырсынуына, буындарының ісінуіне шағымданып ауруханаға түсті. 1 ай бұрын жедел миокард инфарктымен ауырған. Об-ті: жүрек тұсын аускультациялағанда перикардтың шуы естіледі. Қанда: лейкоциттер -10 мың, ЭТЖ-40 мм/с. ЭКГ-де динамикалық өзгерістер байқалмайды. Төмендегі келтірілген диагнозға сәйкес жауапты табыңыз:
А) Керниг перикардиті
В) Дресслер синдромы
С) Лефгрен синдромы
D) Гудпасчер синдромы
E) Вегенер синдромы
9. Науқас 45 жасар ер адам алдыңғы-қалқалық жедел миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. 10 минуттан кейін жүрек соғуының «тоқтап қалғандай» сезімі, әлсіздіктің күшеюі, басының айналуы пайда болды. ЭКГ-да: синусты ритм, ЖСЖ 78 рет минутына. Кезеңімен пайда болатын 2-3-тен ұзақтығы 0,18 сек кеңейген, деформацияланған қарыншалық комплестер, соңынан толық компенсаторлы пауза байқалады. Миокард инфарктының дамыған асқынуы:
A) қарыншалық экстрасистолия
B) қарыншалық тахикардия
C) түйіндік экстрасистолия
D) суправентрикулалық тахикардия
E) атриовентрикулалық блокада
10. 65 жастағы науқас жедел артқы диафрагмалдық миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. Мониторлау барысында І дәрежелі атриовентрикулалық блокаданың жүрекшелік түрі анықталған. Жүрек ырғағы бұзылысының ЭКГ белгісі:
А) PQ аралығының 0,20 сек артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі
В) PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы
С) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы
D) QRS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі
Е) QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі
11. Науқас ер кісі, 28 жаста, аймақтық дәрігерге келесі шағымдармен келді: жүрек соғуының жиілеуі, 1 апта бұрын пайда болған. Жүрек соғуының жиілеуін күніне 5 кесе кофе және күніне 2 қорап темекі шегумен байланыстырады. 12 жастан созылмалы тонзиллитпен ауырады. ЭКГ: ритмі ырғақты, R-R 0,52 сек, ЖСЖ минутына 110 рет. Әр қарыншалық комплекстің алдында Р тісшелері бар. РQ интервалы 0,15 сек, QRS 0,08 с. Стандарттық және кеуделік тіркемелерде Т тісшесі үшкірленген. ЭКГ қорытынды:
A)синусты брадикардия
B)синусты тахикардия
C)синусты аритмия
D)идиовентрикулярлы ырғақ
E)түйінді ырғақ
12. 78 жастағы әйелді баспалдақтың 1-ші жартысына көтерілгенде төс артындағы басып ауыру сезімі, жүрек тұсындағы қағулар, бас айналу мазалайды. Анамнезінен: басынан миокард инфарктын өткізген. Объективті: өкпесінде іркілісті ылғалды сырылдар. ЖСЖ - 106 рет минутына. АД - 170/100 мм с.б.б. Созылмалы қан айналым жетіспеушілігі барын дәлелдейтін белгілер:
A) іркілісті ылғалды сырылдар
B) бастың айналуы
C) жүрек тұсындағы қағулар
D) төс артындағы басып ауыру сезімі
E) АҚ жоғарылауы
9-вариант
1. 48 жастығы науқас ер адам стенокардиялық ұстама санының көбейіп, физикалық күшке төзімділіктің төмендегеніне және ұстаманың тыныш күйде пайда болатындығына шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: тұрақты стенокардияның ФК ІІ классымен ауырғанына бір жыл болған. Болжам диагноз:
А) ЖИА, Тұракты стенокардия ФК ІІІ
В) ЖИА, Принцметал стенокардиясы
С) ЖИА, Үдемелі стенокардия
D) ЖИА, алғаш пайда болған стенокардия
Е) ЖИА, Q-тісшесіз миокард инфаркты
2. 37 жастағы науқас ер адам кардиологиялық бөлімшеге жүрек қағу ұстамасына, төс артындағы қысым сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары сәл тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚ – 90/60 мм с.б. ЭКГ- V2-V3 тіркемелерде ST сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды дәлелдеуде деректі зерттеу тәсілі:
A) эхокардиография
B) тәуліктік ЭКГ мониторлау
C) коронароангиография
D) велоэргометрия
E) вентрикулография
3. 44 жастағы науқас әйел басының ауруына, белінің ауыруына, кіші дәретке жиі шығуына және зәр шығарғанда ауырсыну сезіміне шағымданып ауруханаға түсті. АҚ 170/100 мм с б.б. Зерттегенде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Зәр анализінде аздаған белок, лейкоцитурия, бактериурия. Ренопаренхималық гипертензияны емдеудегі тиімді гипотензиялық дәрмектер тобы:
А) кальций антагонистері
В) -адреноблокаторлар
С) изосорбид динитраттар
D) ААФ ингибиторлары
Е) α-адреноблокаторлар
4. 57 жастағы ер адам, стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: Артериялық гипертония ауруымен «Д» есепте тұрғанына 5 жыл болған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, перкуссияда жүрек шекарасы солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚҚ - 160/90 мм.с.б. тахикардия, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериялық гипертония кезіндегі ЭКГ белгілері:
A) электр остің оңға ауытқуы, V1 тіркемедегі R тісше S тісшеден биік
B) электр остің солға ауытқуы, І, aVL, V5-V6 тіркемелерде биік R тісше
C) Р тісшесінің І, ІІ, aVL, тіркемелерде амплитудасының биіктеуі
D) Р тісшесінің ІІ, ІІІ, аVF тіркемелерде амплитудасының биіктеуі
E) ІІІ, аVF, V1-2 тіркемелерде S-Т аралығының төмендеуі
5. 48 жастағы ер адам, 30 минуттан асатын, төс аймағының қысып ауыратын, сол иық пен сол жағына тарайтын ауырсыну сезіміне шағымданып стационарға түскен. Жағдайы орташа ауырлықта, тахипноэ, тері жабындылары ылғалды, АҚ сын бағ. б. 90/60 мм. Пульстың толуы әлсіз. жүрек тондары бәсең. Өкпесінің төменгі-артқы бөліктерінде ылғалды сырылдар. ЭКГ-да: Р тісше мен QRS комплексі жұптасқан, R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық. Пайда болған ырғақ бұзылысы:
А) синусты тахикардия
В) синусты брадикардия
С) жүрекшелер жыбыры
D) АВ блокада
Е) снусты аритмия
6. Науқас, ер кісі 72 жаста, 1 апта бұрын есінен тану бас ауыру ұстамалары пайда болды, соған байланысты жедел жәрдем көмегімен кардиология бөліміне жеткізілді. Анамнезінен: 5 жылдан бері ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК III бойынша «Д»есепте тұрады. Невропатолог тексеруінде жедел ми қан айналуы бұзылысы жоққа шығарылды. ЭКГ: II дәрежелі атриовентрикулярлы блокаданың ІІ типі (Мобитц ІІ) ырғақ бұзылысы анықталды. ЭКГ-ға тән өзгерістер:
A)PQ интервалының біркелкі ұзаруымен, QRS комплекстерінің түсіп қалуы жоқ
B)PQ интервалының біртіндеп ұзаруы, артынан QRS компексінің түсіп қалуы
C)PQ интервалының біркелкі ұзаруымен, QRS комплекстерінің түсіп қалуы
D)QRST комплекстері түсіп қалған кезде сырғымалы жиырылулардың пайда болуы
E)РР арақашықтығына тең үзілістің болуы, QRST комплекстерінің түсіп қалуы
7. 47 жастағы әйел стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: Артериялық гипертония ауырғанына 3 жыл, Қант диабетімен ауырғанына 5 жыл болған. АҚҚ максимальді 170/100 мм.с.б. дейін көтерілетін айтады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, перкуссияда жүрек шекарасы солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚҚ - 150/90 мм.с.б. тахикардия, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы. Болжам диагноз:
A) Артериялық гипертония ІІ дәреже. Өте жоғары қауіп.
B) Артериялық гипертония ІІІ дәреже. Өте жоғары қауіп.
C) Артериялық гипертония ІІІ дәреже. Жоғары қауіп.
D) Артериялық гипертония ІІ дәреже. Жоғары қауіп.
E) Артериялық гипертония ІІ дәреже. Орташа қауіп.
8. 38 жастағы науқас ер адамның кенеттен АҚ 270\120 мм.с.б. дейін көтеріліп, бастың ауруына, айналуына, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, қалтырауына шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: осы шағымдар соңғы бір жылдың ішінде бірнеше рет мазалаған. Объективті: тері жамылғылары ылғалды, жүрек тондары күшейген, тахикардия. Қан анализінде гипергликемия- 7,6 ммоль/л, адреналин – 300пг/мл. Феохромоцитомалық гипертониялық криз кезіндегі жедел көмек:
А) капотен, атенолол
В) фентоламин, тропафен
С) лазикс, обзидан
D) тропафен, короним
Е) коринфар, конкор
9. Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның IІ дәрежесі деңгейі сай келеді:
A) 140/90-149/94 мм.сын.бағ.
B) 160/100-179/109 мм.сын.бағ.
C) 140/90-159/99 мм.сын.бағ.
D) 130/85-139/89 мм.сын.бағ.
E) 179/109-180/110 мм.сын.бағ.
10. 78 жастағы әйел, төс артындағы басып ауыру, баспалдақтың 1 жартысына көтерілгендегі ентігу мен жүрек тұсындағы аритмияға шағымданады. Миокард инфарктысы болған. Объективті: өкпесінде іркіләстә сырылдар, ЖСЖ-106 рет мин. АҚ - 170/100 мм с.б.б. Тропонин Т – теріс. Холестерин - 6,2 ммоль/л. ЭКГ: солжақ қарыншаның алдыңғы, перде аралық, ұшы және бүйір қабырғасының тыртықты өзгерісі. ЭхоКГ: шығару фракциясы - 49%. Сол жақ қарыншаның алдыңғы, пердеаралық, ұшы және бүйір қабырғасында гипокинезия зонасы анықталған. Созылмалы қан айналым жетіспеушілігін дәлелдейтін белгілер:
A) іркілмелі ылғалды сырылдар
B) жүрек тұсындағы ырғақ бұзылысы
C) төс артындағы басып ауыру
D) ЭКГ –де тыртықтық өзгеріс
E) ЭхоКГ-да гипокинезия аймағы
11. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында анигиотензинге айналдырушы фермент ингиторларына қарсы көрсетілім болып табылады:
A) созылмалы жүрек шамасыздығы
B) артериалық гипертензия
C) инфаркттан кейінгі кардиосклероз
D) бүйрек артериясының атеросклерозы
E) декомпенсацияланған өкпетекті жүрек
12. 40 жастағы ер адамды ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. 0б-ті: өкпесінде дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары кеңейген, үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл; жыбыр аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ: солжақ қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі - 8,2, айдау фракциясы - 21%. Тиімді ем жоспары:
A) анаболикалық гормондар
B) антиоксиданттар
C) кортикостероидтар
D) шеткілік вазодилататорлар
E) метаболиктер
10 - вариант
1. 47 жастағы ер адам басының ауыруына, қол бұлшық еттерінің әлсіздігіне, шөлдеуге, түнгі уақытта жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Қарағанда: аяқтар мен қол-дардағы бұлшықеттердің күші шамамен бірдей; ЖСЖ минутына 64 рет, АҚ 170/90 мм.с.б. Қан анализінде: гипокалиемия, гипернатриемия, альдостеронның деңгейі жоғары. Зимницкий бойынша несеп анализінде- изогипостенурия, никтурия. Осы жағдайда тағайындалатын гипотензивті препарат:
A) бисопролол
B) индапамид
C) верапамил
D) физиотенз
E) верошпирон
2. Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның I дәрежесі деңгейі сай келеді:
A) 140/90-149/94 мм.сын.бағ.
B) 160/100-179/109 мм.сын.бағ.
C) 140/90-159/99 мм.сын.бағ.
D) 130/85-139/89 мм.сын.бағ.
E) 179/109-180/110 мм.сын.бағ.
3. 60 жастағы ер адам, ауыр жағдайда өкпе ісінуінің клиникасымен интенсивті терапия блогына жеткізілді. ЭКГ: V1-V3 кеуде тіркемелерінде QS комплексі, ST сегменті доға тәрізді көтеріліп T тісшесімен қосылып кетеді. Осы ЭКГ өзгерістеріне сәйкес диагноз:
ЖИА, алдыңғы-қалқалық жедел Q тісшелі миокард инфаркты
ЖИА, төменгі қабырғалық Q тісшелі миокард инфаркты
ЖИА, алдыңғы қабырғаға таралған жедел Q тісшесіз миокард инфаркты
ЖИА, алдыңғы бүйірлік трансмуральді миокард инфаркты
ЖИА, бүйір қабырғалардың жедел Q тісшелі миокард инфаркты
4. 49 жасар ер адам, кенеттен пайда болатын жүрек қағу ұстамасына, әлсіздікке, шаршағыштыққа, тез жүрген кездегі ентігуге шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінде: бір жыл бұрын тұмаудан кейін ошақты миокардитпен ауырған, осы кезден бастап кезеңді түрде жүрек қағу ұстамасы мазалайды. Об-ті: тері жамылғысы бозғылт. Өкпеде везикулярлық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек жағынан: жүрек ұшы V қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1 см ішке; аускультативті: жүрек тондары аздап тұйықталған. ЭКГ-де: Р тісшесі биіктігі 2,5 см, әрбір QRS комплексі алдында тіркеледі, доғал, ұзақтығы 0,10 сек, RII>RI>RIII, РQ интервал – 0,18 сек., қарыншалық комплекс – 0,08 сек., QТ-0,42 сек., ЖСЖ- 75 рет 1 мин., RV4 > RV5 > RV6,. Жүректің электрлік осінің позициясын анықтаңыз:
жүректің электрлік өсі вертикальді бағытта
жүректің электрлік осі горизонтальді бағытта
жүректің электрлі өсі солға ығысқан
жүректің электрлік өсі оңға ығысқан
жүректің электрлік өсі қалыпты бағытта
5. 65 жастағы науқас жедел артқы диафрагмалдық миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. Мониторлау барысында II дәрежелі атриовентрикулярлық блокаданың ІІ типі, (Мобитц ІІ тип) жүрек ырғағының бұзылысы анықталған. Жүрек ырғағы бұзылысының ЭКГ белгісі:
А) PQ аралығының 0,20 сек артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі
В) PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы
С) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы
D) QRS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі
Е) QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі
6. 68 жастағы науқас ер адам жедел артқы қабырғалық миокард инфаркты диагнозымен ауруханаға түсті. Дәрігердің көруі кезінде науқас кенеттен есінен танып, денесін мұздай тер басты. Жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозарған, мұздай. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 180 рет минутына. АҚҚ - 80/40 мм с. б. ЭКГ-да: деформацияланған қарыншалық комплекс 0,18 сек. Жедел миокард инфарктының дамыған асқынуына қолданылатын таңдау препараты:
А) обзидан
В) верапамил
С) новокаинамид
D) кордарон
Е) лидокаин
7. 68 жастағы ер кісі ауруханаға жатқызылды, шағымдары: еш себепсіз жүрек тұсының сыздап ауыруына, оның ауа жетіспеу сезімімен және жалпы әлсіздікпен бірге болатынына, жүрген кезде ентігуге, периодты түрде қысқа уақытқа есінен тануларға шағымданады. Объективті: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек ұшында систолалық шу, пульс минутына 40 рет. АҚ – 110/60 мм.с.б. Науқасқа ЭКГ түсіргенде атриовентрикулалық блокада анықталды. Атриовентрикулалық блокаданың басты белгісі:
А) f толқындарының пайда болуы
В) Р-Q аралығының 0,20 сек артық ұзаруы
С) QRS комплексінің 0,12 сек артық ұзаруы
D) R-R аралықтарының 0,60 сек қысқаруы
Е) SТ сегментінің изолиниядан 2 мм-ге жоғарылауы
8. 42 - жастағы ер адам, таң алдында мазалайтын төс артының айқын қысып ауыруына шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауыру сезімі мазаламайды. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгеріс анықталмаған, эргометринмен сынама оң мәнді. Болжам диагноз:
A) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК III
B) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК I
C) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II
D) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
E) ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК IV
9. 57 жастағы әйел 1 жыл көлемінде айына 1-2 рет таң cәріде төс артының қысып ауырсынуына, сол жауырын астына берілуіне, оның нитроглицерин қабылдаған соң жарты сағаттан кейін басылуына шағымданады. Ұстама кезіндегі холтерлік мониторлауда V2-V5 кеуде тіркемелерінде ST сегменті 8 мм-ге жоғарылаған. Келесі күні ST изосызыққа түскен. Науқасқа ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия диагнозы қойылған, антиангинальдік таңдау препараттарының тобы:
А) кальций антагонистері
В) бета-адреноблокатор
С) α-адреноблокаторлар
D) ААФ ингибиторлары
Е) изисорбид динитраттар
10. Басынан миокард инфарктын өткізген, іркілісті жүрек шамасыздығымен асқынған жүректің ишемиялық ауруы бар науқастардың өмірін ұзартуға әсер ететін препараттар тобы:
А) кальций антагонистері
В) бета-адреноблокатор
С) альфа-адреноблокаторлар
D) тиазидті диуретиктер
Е) антиагреганттар
11. Төс артының өте интенсивті ауыру синдромымен науқас ер адамның ЭКГ-да: ритмі синусты. ЖСЖ 80 рет минутына, ЖЭО - горизонтальды. V1-V3 тіркемелеріндегі ST сегменті депрессияланып теріс Т тісшесіне өткен. Науқастың диагнозы:
ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q тісшелі миокард инфаркты
ЖИА, төменгі қабырғалық жедел Q тісшелі миокард инфаркты
ЖИА, алдыңғы-қалқалық жедел Q тісшесіз миокард инфаркты
ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q тісшесіз миокард инфаркты
ЖИА, бүйір қабырғаларының жедел Q тісшелі миокард инфаркты
12. 63 жастағы науқас әйел тегіс жермен орташа жылдамдықта 500 метрден артық жаяу жүргенде пайда болатын, нитроглицерин қабылдағаннан басылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы басып, қысып ауырусыну сезіміне шағымданып аймақтық дәрігерге келіп көрінді. Жүректің ишемиялық ауруы кезінде миокард гипоксиясының себебі:
А) артериальдық гипоксемия
В) оттегі түсуінің жеткіліксіздігі
С) перифериялық венаның кеңеюі
Д) оттегі утелизациясының төмендеуі
Е) перифериялық артерияның кеңеюі

Приложенные файлы

  • docx 8925683
    Размер файла: 79 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий