Кардиология с 1 ответомКАЗ


1.36 жастағы науқас тамақ қабылдағаннан кейін бірден эпигастр аймағында аздап ауырсынудың болып, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастр аймағында жайылма ауырғандық байқалады. Бауыр үлкеймеген. Нәжісі қалыпты. ФГДС – да асқазан антральды бөлігінің кілегей қабаты қызарған. Асқазан рентгеноскопиясында – антральды бөлігінің кілегей қабатының рельефі дөрекі. Ең ықтимал диагноз қандай?
2. 36 жастағы науқас тамақ қабылдағаннан кейін бірден эпигастр аймағында аздап ауырсынудың болып, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастр аймағында жайылма ауырғандық байқалады. Бауыр үлкеймеген. Нәжісі қалыпты. ФГДС – да асқазан антральды бөлігінің кілегей қабаты қызарған. Асқазан рентгеноскопиясында – антральды бөлігінің кілегей қабатының рельефі дөрекі.Ең алдымен қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген дұрыс?
3. 36 жастағы науқас тамақ қабылдағаннан кейін бірден эпигастр аймағында аздап ауырсынудың болып, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, бір рет құсуына шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастр аймағында жайылма ауырғандық байқалады. Бауыр үлкеймеген. Нәжісі қалыпты. ФГДС – да асқазан антральды бөлігінің кілегей қабаты қызарған. Асқазан рентгеноскопиясында – антральды бөлігінің кілегей қабатының рельефі дөрекі. Осы науқасты жалпы емдеу қай маманның құзырында?
4. Науқас тамақ қабылдағаннан кейін, еңкейгенде және горизонтальды қалыпта күшейетін қыжылдау мен қышқыл кекірікке шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры үлкеймеген. Нәжісі қалыпты. ЭГДС: өңештің кілегей қабығының ұзындығы 5-6 см эрозиясы, кілегей қыртысы шегімен шектелген. Ең ықтимал диагноз қандай?
5. Науқас тамақ қабылдағаннан кейін, еңкейгенде және горизонтальды қалыпта күшейетін қыжылдау мен қышқыл кекірікке шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры үлкеймеген. Нәжісі қалыпты. ЭГДС: өңештің кілегей қабығының ұзындығы 5-6 см эрозиясы, кілегей қыртысы шегімен шектелген. Ең алдымен қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген дұрыс?
6. Ұзақ уақыттан бері асқазанның жара ауруымен ауыратын 72 жастағы науқас Е., зейнеткер дәрігерге әлсіздікке, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне, эпигастр аймағындағы тұрақты ауырғандыққа, жүдеуіне шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, жүдеу, терісі бозғылт. Іші эпигастр аймағында аздап ауырады. Бауыры үлкеймеген. Нәжісі қалыпты, күнде. Бұл жағдайда жара ауруының ең ықтимал асқынуы:
7. Науқас созылмалы гастритпен ЖТД-дің диспансерлік есебінде тұр. Соңғы 3 жылда ауруының өршуі байқалмаған. Аурудың қауіп факторлары жойылған. Шағымдары жоқ, жағдайы қанағаттанарлық. Тілі таза. Іші жұмсақ – ауырсынусыз. Созылмалы гастритпен осы науқасты динамикалық бақылауды анықтаңыз:
8. Науқас ГЭРА 7 жыл ауырады соңғы 2 жылда, ауруының өршуі жылына 2-3 рет, ЖТД-да ем қабылдайды. ГЭРА ауруымен пациентті әрі қарай емдеу қай маманның құзырында?
9. 68 жастағы науқас «кофе тұнбасы» құсықтың қимай түсті нәжістің, әлсіздікпен бас айналуының болуына шағымданады. Анамнезінде: асқазанның жара ауруы. Жағдайының нашарлауы нерв – эмоциональдық ренжулермен байланысты. Объективті: жағдай орташа ауырлықта, терісі бозғылт. А/Қ 90/60 мм с.б. Пульсі 110 рет минутіне. Тілі ақ жамылғымен жабылған, ылғал. Іші жұмсақ, эпигастр аймағында аздап ауырсынады. Бауыры үлкеймеген. Нәжісі «ботқа тәрізді» түсі қара. Ең алдымен қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген дұрыс?
10. 42 жастағы науқас, бухгалтер тамақ ішкеннен кейін күшейетін қыжылдауға, қышқыл кекірікке шағым айтады. Соңғы 4 жылда ауырады. Дәрігерге көрінбеген. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғысының түсі қалыпты. Қан - тамыр және тыныс алу жүйесі қалыпты. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Іші ауырсынусыз. Бауыры үлкеймеген. Қағу симптомы екі жақта теріс. Дизуриясы жоқ. Нәжісі қалыпты, күнделікті. ФГДС-да асқазан қалтқасы дұрыс жабылмайды, өңештің кілегей қабаты қызарған. Құрсақ қуысының УДЗ-да патология жоқ. ҚЖА, ЗЖА қалыпты. Ең ықтимал диагноз қандай?
11. 40 жастағы науқас кез келген тамақтан кейін бірден пайда болатын, эпигастр аймағындағы үнемі сыздап ауырғандыққа, ауырғандыққа байланысты тамақ ішуге қорқып, бір айда 5 кг-да жүдегендігін айтады. ФГДС жасағанда дефект анықталмаған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғысының түсі қалыпты. Қан - тамыр және тыныс алу жүйесі қалыпты. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Іші эпигастр аймағында аздап ауырсынады. Қағу симптомы екі жақта теріс. Дизурия жоқ. Нәжісі қалыпты, күнделікті.Ықтимал диагноз:
12. Меленаға не тән?
13. 35 жастағы науқас тәулігіне 8-10 ретке дейін, әсіресе түнде және таңертен болатын қан және кілегей араласқан сұйық нәжіске, тамақ қабылдаған соң ауырып, дефекация актінен кейін басылатынына жүдеуіне, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Дене қызуының 1 рет 38ºС көтерілуі болған. 1 апта бойы ауырады. Осыған дейін 2 ай бұрын окулисте конъюнктивитке байланысты антибактериялық ем қабылдаған. Объективті: аздап жүдеген. Тері жамылғысы мен кілегей қабаты бозғылт. Іші кепкен, іш пальпациясы мен аускультациясында – ішек шұрылы күшейген, соқырішек және сигма тәрізді ішек және кіндік маңы аймағында ауырғандық. Колоноскопияда сигма және тік ішектің эрозивті жаралы зақымдану көрінісі анықталған және осы ішектер мен тоқ ішектің қызарған кілегей қабаттарының аздап контактты қансырағыштығы анықталған. Ең ықтимал диагноз қандай?
14. Бейспецификалық жаралы колитте уақытша еңбекке жарамсыздықты анықтаңыз:
15.Диареямен тітіркенген ішек синдром (ТІС) ауруы бар бар науқастарда алдын алу ем жоспарына қандай дәрілік препараттарды қосу ең дұрысы?
16. Бейспецификалық жаралы колитте ең қарсы көрсетілген еңбек түрлерін көрсетіңіз:
17. 14 жастағы тітіркенген ішек синдромымен, іші қатып, ауыратын және дәрігерде диспансерлік бақылауда тұратын ер балада соңғы 2 жылда 3 рет өршу (рецедив) байқалған. Науқасты және оның отбасын тамақтану күнделігін жүргізуге оқыту керек. Балаланың ата-аалары жұмыстан қолдары босамайтындықтан бас тартады. Отбасының ащы, өткір тағамдарға әуес екендігі белгілі. Баланың өзі де тамақтану күнделігін жүргізгісі келмейді. Бұл ситуацияда дәрігердің қандай шарасы ең қолайлы:
18. Диареямен тітіркенген ішек синдром(ТІС) диагностикасында ең маңызды:
19. Тітіркенген ішек синдромымен (ТІС) – мен ауыратын науқастың өмірінде қауіп факторы:
20. Тітіркенген ішек синдромымен, іші қатыпауырғанда қандай дәрілік препарат ең тиімді:
21.Дүниежүзінде тітіркенген ішек синдромымен (ТІС) ауырады

22. 58 жастағы науқас, 10 жыл бойы бейспецификалық жаралы колитпен ауырады. Соңғы жылда 5-6 өршу болды, қан кетумен асқынған. Науқастың емін жалғастыру қай маманның құзырында:
23. Созылмалы панкреатитпен ауыру:
24. Созылмалы панкреатитке тән клиникалық белгі:

25. Созылмалы панкреатитте аурудың ауырлығына байланысты емханада жалпы тәжірибе дәрігерімен динамикалық бақылау жүргізіледі:
26.Сол коранарлық артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағы қанмен қамтамасыз етеді
27.Сол коронарлық артерияның айналма тармағы қанмен қамтамасыз етеді
28.Оң жақ коронарлы артерия қанмен қамтамасыз етеді
29.Жүректің систолалық қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады
30.Жүректің диастолалық қызметінің негізгі көрсеткіші
31.Ангинозды ұстамада диагностикалық мақсатта ең бірінші жүргізіледі
32.Трансмуральды миокард инфарктісімен ауыратын науқастарда уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімінің ұзақтығы
33.Гипертония ауруы 2-ші саты, криз 1 типі ауыратын науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімінің ұзақтығы
34. Артериальды гипертензия 2-ші саты, асқынған кризі барнауқастардың уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімінің ұзақтығы
35.Миокард инфарктісі сарысу маркері ішіндегі ең маңыздысы//
36. Жыбыр аритмиясынының тахисистолиялық түрінде ең тиімді препараттарды таңдаңыз
37. Сау адамда қалыпты жағдайда холестериннің оптимальді концентрациясын атаңыз
38. Метаболикалық синдромның белгілерін көрсетіңіз
39. Науқас АГ ауырады. Стресстен кейін бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болды. Кардио бригадамен ЭКГ жасалынды . ЭКГ-дегі өзгерістерді түсіндіріңіз
40. 55 жастағы әйел жүрек тұсындағы үзіліс, шалыс соғуға шағымданады. ЭКГ жасалынды.

Ең ықтимал диагноз қандай
41. 49 жастағы ер адам кардио орталығына «миокард инфарктсы» диагнозымен түсті. Бесінші тәулікте ЭКГ жасалынды:

Науқаста аталған асқыну түрлерінің қай түрі дамыған?
42. Науқастың жасы 53-те. Кардиоцентрде «миокард инфарктісі» диагнозымен жатыр. 12-ші тәулікте төсінде қатты ауыру, ентігу пайда болды. Қарағанда: цианоз, екі аяғының веналарының варикозды кеңеюі. А/Қ 90/60 ммрт. ст. ЭКГ-де ІІ, ІІІ, avf тіркемелерінде Р тісшесінің үшкірленуі және V1-2тіркемелерінде қосфазалы Р тісшесінің болуы, V5-6 тіркемелерінде S тісшесінің амплитудасы жоғарылаған. Жүректің электрлік осі оңға ығысқан. Науқастың ең ықтимал диагнозы қандай
43. Кардиология бөлімшесінде миокард инфарктысымен жатқан пациентте 3 тәулікте аускультацияда IV-V қабырғааралықта систолалық дөрекі шу естілді. Науқасқа ықтимал диагноз қойыныз
44. 67 жастағы науқас ГА ІІ бойынша «Д» есепте тұр. Тұрақты небиволол қабылдайды. Жүрек аймағындағы ауырсыну және ауырсынудың сол қолға таралатыны анықталған, нитроглицириннің әсері бар, көлденең жағдайда ентігу, аяқтарының ісінуі. Курлов бойынша бауыр шектері 14х13х 12см. Аяқтағы ісік. ЖҚА: Hb-60 г/л,эрит.-3.1х102/л, СОЭ-12 мм/с. ЭКГде: айдау фракциясы-40%. Ықтимал диагноз қандай?
45. 37 жастағы науқаста жиналыс үстінде кеуде тұсының сығып ауырсыну пайда болған, сол жақ қолының жансыздануы(ұюы), нитроглицеринмен басылмайды, жалпы әлсіздік. Бұндай ұсиамалар бір жылдан бері мазалайды, нитроглицеринмен басылады. Тәулігіне 1.5 қорап темекі шегеді. Жұмысы жеке комондировкамен байланысты. Оюъективті қарағанда: науқас артық тамақтанады. ДСМ-31. Жүректің сол жақ шегі 1.0см солға кеңіген. Жүректондары анық, ырғақты, экстрасистолалар минутына 10 рет. АҚ 95/60 мм с.б.б. Ықтимал диагноз қандай?
46. 56 жастағы науқас дәрігерге бас ауруына шүйде аймағының, бас айналуына, көз алдындағы «шіркей» шағымданады. Қарағанда: науқас артық тамақтанады. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, жүрек тондары ырғақты, шамалы тынықталған, қолқада екінші тонныңакценті. ЖСЖ 88 рет минутына. АҚ 175/105 мм с.б.б. аускультацияда кіндіктен жоғары эпигастрий аймағында шу естіледі. Ықтимал диагноз қандай?
47. 40 жастағы науқас д әрігерге бұлшық еттерінің әлсіздігіне, парестезияға, бас ауруына, тез шаршағыштыққа, шөлдегіштікке шағымданады. Қарағанда: дене бітімі нормостеникалық. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, жүрек тондары ырғақты, шамалы тынықталған. АҚ 160/115 мм с.б.б., полиурия анықталған. ЖЗАде: зәр тығыздығы 1008, белок 0.099 г/л, лейкоциттер 3-4 көру аймағында. Қанда: калий мен натрий төмендеген. Ықтимал диагноз қандай?
48. 38 жастағы пациенттің ЭКГде Р тісшесі жоқ, барлық өткізгіштерде R-R арақашықтығы біркелкі еместігі, R-R тісшелер аралығы толқын тәрізді. Анамнезінде: жүректегі ревматикалық ақауына байланысты есепте тұр. Науқасты қай маман емдеген дұрыс?
49. 65 жастағы ер адам стенокардиямен ауырады, аяқтарында ісік, оң жақ қабырға астындығы ауырсыну, түнгі уақыттардағы жөтел пайда болған. Энаприл қабылдағанымен байланыстырады. Дәрігерге ентігудің, әлсіздіктің және жүрек қағысының өршуіне байланысты қаралған. Өкпенің төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырыл естіледі. ЖСЖ -96 рет минутына. Бауыр 5 см ұлғайған. Аяғында ісік. Бұл пациентте ықтимал диагноз қандай?
50. 52 жастағы әйел адам, отбасылық дәрігерге шөлдеуге, аузының құрғауына, ентігуге байланысты қаралған. Объективті қарағанда: ДСМ-35. Бел айналымы- 94см. Жүректің сол жақ шегі 1 см солға кеңіген. АҚ – 160/100 мм с.б.б. Қанда аш қарынға глюкоза – 6.0 ммоль/л. Постпрандиалды деңгей -10.0 ммоль/л. Жалпы холестерин-7.3ммоль/л, ТГ- 3.1 ммоль/л, ЖТЛП- 0.9 . Ықтимал диагноз қандай?
51.Пневмонияның көрсетілген қоздырғыштарының ішінде қайсысы ең жиі өкпенің деструкциясына алып келеді?

52.Ауруханадан тыс пневмонияның қоздырғышын көрсетініз?
53.Орташа дәрежелі пневмония кезінде уақытша жұмысқа жарамсыздық уақыты қанша?
54.Атипиялық пневмонияның қоздырғышы?
55.“Ауруханадан тыс пневмония ” диагнозы қойылған науқасқа қай уақытта емдік дене шынықтыру тағайындайды?
56. Пневмония кезіндегі сауығу және жұмысқа шығу критериийлері болып табылады?
57. Пневмонияның ең қауіпті асқынуы?

58. Науқастың қақырығы шоколад түстес, күйген ет иісі бар, тез ағымды (24-48 сағат), өкпелік деструкция дамуы, нейтрофильді лейкоцитоз таяқша ядролы лейкоциттардың есебінен лейкоцитарлы формула солға ығысқан. Пневмонияның қоздырғышын көрсетініз?

59. 28 жастағы науқасқа “Крупозды пневмония” диагнозы қойылды. Мүмкін болатын ауру қоздырғышы қандай?
60. Ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде антибиотик тағайындаған кездегі оң динамикалық критерийлерді көрсет
61. Қақырықты тұтқырлығын азайтып және өкпенің сурфактант жүйесін сүйемелдеу үшін қандай препарат тиімді?
62. Пневмонияны емдеу үшін антибиотикті таңдағанда ең бірінші нені ескеру қажет?
63.Ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде қандай антибиотик тандаулы болып табылады. (клиникалық және бактериологиялық зерттеулер бойынша қоздырғышы пневмококк болып табылады)?
64. Микоплазмамен шақырылған пневмонияда қандай антибиотик тағайындалады?//
65. Ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын науқаста ең алдымен қандай зерттеу жүргізу керек?
66. Бронхдилятациялаушы тест теріс деп саналады, егер ОФВ1 жоғарласа:
67. Созылмалы аурудың асқынуы кезінде науқастардың қақырығы мен бронхиальды бөлініс себіндісінен көбіне анықталады?
68.Аталған препараттардан минимальды жүйелік глюкокортикоидтық биожетімділігін (биодоступность) атаңыз
69.Тез әсерлі бетта-2 агонистерге жатады?
70. Созылмалы бронхит пен ауыратын науқас ЭКГ-де альфа доғасының 90 градусқа дейін ұлғаюы және шеғеаралық зонаның (т.е. R=S) V 5-ке ығысуы нені білдіреді?
71. 56 жастағы науқас ұзақ уақыт бойы темекі шегеді, экспираторлы ентікрпе, кілегейлі-іріңді қақырық, бөшке тәрізді кеуде, өкпе суретінің күшеюі және деформациясы, қайтымсыз обструкция. Мүмкін болатын диагнозды көрсетініз?
72. 52 жастағы науқаста аз, қиын бөлінетін, әйнек тәрізді қақырықпен ұстамалы жөтел, тыныс шығарудың ұзаруы, құрғақ ысқырықты сырылдар, қайтымды бронхиальды обструкция, өкпе эмфиземасы. Мүмкін болатын диагнозды көрсетініз?
73. Бронхиальды астманың ең басты емі?
74. Бронхиальды обструкция белгісі болуы мүмкін аталғаннан басқасы?
75. Декомпенсацияланған өкпе текті жүректің басты клиникалық диагностикалық симтомы болып табылады?
76. Жіктелісте митралды стеноздың қандай түрі жоқ:
77. 14жастағы науқас қант диабетімен ауырады. Жиі гипергликемиялық кома байқалады. Қандай дәрілік препаратты ең алдымен тағайындау керек?
78. Қабылдау бөліміне жүрегінің қатты соғуына,шалыс соғуына,басының ауруына шағымданатын 43 жастағы науқас жеткізілді. Аускультацияда жүрек ырғағының жүрекшелер фибрилляциясы типті бұзылуы анықталды. ЭКГ, ЭхоКГ – кардиологиялық патология анықталған жоқ. Осы науқасты әрі қарай тексеру және емдеу қай маманның құзырында?
79.Жедел ревматизмдік қызбамен жиі ауырады:
80. ЖРҚ-ның кездесу жиілігі:
81. 45жастағы науқастың үйіне дәрігер шақыртқан себебі оң табанындағы күшті ауырсыну. Кеше қонақта болған, көп мөлшерде кәуап пен қызыл шарап (шашлық и красное вино) қабылдаған. Ауырсыну сағат таңғы алтыда кенеттен басталған, оң табанының I-II башпайларында орналасқан. Үлкен башпай буынының үстіндегі терісі айқын қызарған, ұстаған кезде ыстық, ісік жұмсақ тіндерге таралған, пальпациялаған кезде өте күшті ауырсыну байқалады, жүріс және қозғалыс тіпті мүмкін емес. Науқасты әлсіздік, басының ауырсынуы мазалайды, дене қызуы 37,60С. Осындай жағдай өмірінде бірінші рет дамыған. Сіздің диагностикалық тактикаңыз?
82. 62 жастағы науқасты соңғы 2 жыл бойы тізе буындарындағы (оң тізесі күштірек) ауырсыну мазалайды, ауырсыну жүрген кезде пайда болады, баспалдақтан түскен кезде күшейеді. Қарағанда оң тізе буынның көлемі сұйықтық жиналғандықтан шамалы ұлғайған. Буынның үстіндегі терісі сол буынмен салыстырғанда жылырақ. Тізе буындардың R-графиясында екі жақта бірдей остеофитоз. Нозологиялық диагнозды қойыңыз:
83. Төмендегі келтірілген өзгерістердің қайсы остеоартроздың рентгенологиялық көрінісін құрайды:
84. Ревматизм кезіндегі қабыну белгілердің лабораториялық көрінісі:
85. Жүректің қандай ақауына келесі көрініс тән: стенокардия ұстамалары, естен тану, ентікпе, төстің оң жағындағы систолалық діріл, қолқаның үстінде ІІ тонның әлсіреу және мойын тамырларына тарайтын айқын систолалық шу, кіші пульс:
86. 29 жастағы әйел науқасты физикалық жүктемеден кейінгі ентікпе, жүрек тұсындағы және қабырға арасындағы ауырсыну мазалайды. Анамнезінде ревматизммен ауырған. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, І тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шу, «бөдене» ырғағы, жыбыр аритмия. R-графияда: контрастталған өңеш кіші радиус доғасымен ығысқан. ЭКГ: Р - mitrale, оң қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің болжам диагноз:
87. 50 жастағы М. науқас, үй жағдайында қаралған. Шағымдары: тыныш күйдегі, физикалық күштемеден кейін күшейетін ентікпе және жүректің қатты соғуы, жөтел және қан қақыру. Ревматизммен ауырады. Объективті: акроцианоз, өкпесінің артқы төменгі бөліктерінде ылғалды үнсіз сырылдар естіледі. Жүрек тондары тынықталған, ырғағы бұзылған, ЖСЖ минутына 110 рет. Жүрек ұшында естілетін дыбыстар: І тон күшейген, диастолалық шу, митралды қақпақшаның ашылу шертпесі. Бауырдың шеті қабырға доғасынан 2 см төмен. Аяқтары іскен. Дәрігердің тактикасы:
88. 55 жастағы науқас, жүк көтеруші, остеоартрозбен, реактивті синовитпен асқынған оң жақты гонартрозбен ауырады. R-логиялық 4 сатысы. БҚЖ 2. Науқастың еңбекке жарамдылығы туралы қортынды беріңіз:
89. 49 жастағы науқас, жүргізуші, 16 жыл ауырады. Диагнозы: құян, құяндық артрит, R-логиялық 3 сатысы, БҚЖ 2. Құяндық бүйрек, шынжытас ауруы. Симптомдық гипертония. Зәр қышқылының деңгейі – 0,82ммоль/л, АҚҚ - 230/120 мм.с.б. Еңбекке жарамдылығы туралы сұрақты шешіңіз:
90. К. науқас 5 жыл бойы ревматоидтық артритпен ауырады. Индометацин 25 мг күніне 3 рет, метотрексат аптасына 7,5 мг қабылдайды. Қанның жалпы анализінде: Нb 92 г/л, эритроциттер 3-10¹²/л, лейкоциттер 6,8 * 109 /л, ЭТЖ 48 мм/сағ. Сарысудағы темір мен трансферриннің концентрациясы төмен. Грегерсон сынамасы теріс мәнді. Анемияның себебін атаңыз
91. 30 жастағы әйел науқасқа 2 ай бұрын ревматизмдік митралды стеноз бойынша операция жасалған. Қазіргі кезде шағымдары жоқ. Объективті тексергенде жүрек, өкпе, құрсақ куысының ағзалары жағынан өзгерістер жоқ. Стеноз рецидивінің профилактикасындағы ең маңызды факторын атаңыз
92. Урогендік реактивті артрит диагнозын қою үшін ақпараттылығы ең жоғары тексеру әдісін атаңыз:
93. Реактивті артритті ұзақ уақыт бойы емдеу үшін антибиотикті таңдаңыз:
94. Біріншілік остеоартрозбен ауыратын науқас әйел кенеттен оң тізенің мүмдем қозғалмай қалуына шағымданады. Остеоартрозбен он бес жыл бойы ауырады. Анамнезінде жарақаттар болмаған. Буын блокадасының ең ықтимал себебін атаңыз:
95. Жедел ревматизмдік қызбаның қоздырғышы
96. ЖРҚ-ң біріншілік профилактикасы:
97. ЖРҚ-ң екіншілік профилактикасы:
98. Активтілігі жоғары ЖРҚ-мен ауырған науқастың «Д» мониторингінің жиілігі:/
99. ЖРҚ-мен ауырған науқастарды «Д» есепке алғанда толтырылатын форма:
100. ЖРҚ-ның жедел ағымындағы дәрігерлік-еңбектік сараптама:
37 жастағы науқас А. ЭКГ –сы.

Осы науқаста жүрек ырғағының бұзылуының қандай түрі?//
жүрекшелік экстрасистолалар//
+қарынша үстілік экстрасистолалар//
қарыншалық электросистолия//
АВ блокада//
жүрекшелер фибрилляциясы
***
Науқас вирусты инфекциемен ауырған. 3күннен соң жүрек аймағында иррадиациясы жоқ сыздап ауырғандық,жүрген кезде ентігу,жалпы әлсіздік, дене қызуының 37,8 0 С дейін көтерілуі мазалайды. Тексергенде ЭКГ-да келесі өзгерістер анықталған.

Осы науқаста жүрек ырғағының бұзылуының қандай түрі?//
Гис будасының оң сабағының толық блокадасы//
АВБ І дәрежесі түйінді түрі//
+ АВБ І дәрежесі жүрекшелік түрі//
АВБ І дәрежесі дистальды түрі//
Гис будасының оң сабағының толық емес блокадасы
***
Пациент көп уақыттан бері баспамен ауырады. 7 күн бұрын вирусты инфекциямен ауырған. Учаскелік дәрігерде емделген. ЭКГ-да:

Осы науқаста төменде көрсетілген асқынудың қайсысы дамыған?//
жүрекшелер дірілі//
жүрекшелер фибрилляциясы//
экстрасистолия//
синустық түйіннің әлсіздігі//
+атрио-вентрикулярлық блокада
***
ЭКГ-да ырғақ бұзылуының қандай түрі көрсетілген?
//
Гис будасының оң сабағының толық блокадасы//
АВБ І дәрежесі түйінді түрі//
Гис будасының оң сабағының толық емес блокадасы//
АВБ І дәрежесі жүрекшелік түрі//
+АВБ І дәрежесі дистальды түрі
***
ЖИА. Үдемелі стенокардиямен ауыратын науқаста4-ші күні бас айналу,әлсіздік, пайда болған. ЭКГ-да:

Осы науқаста ырғақтың бұзылуының қандай түрі?//
толық АВБ//
синоаурикуляр блокадасы//
АВБ І дәрежесі//
+АВБ ІІ дәрежесі Мобиц І//
АВБ ІІ дәрежесі Мобиц ІІ
***
45 жастағы науқас әйел жүрегінің қатты соғуының жиілеуін ,ауа жетпеу сезімін байқайды. Оны менструальды циклының бұзылуымен байланыстырады.Кезекті ұстама кезінде ЭКГ түсірілген.

Осы науқаста ырғақтың бұзылуының ең ықтимал түрі?//
+қарыншаүстілік экстрасистолия//
қарыншалық экстрасистолия//
жүрекшелік экстрасистолия//
жүрекшелер фибрилляциясы//
синустық аритмия
***
53жастағы науқас әйел отбасылық дәрігерге шөлдеудің пайда болуына,аузының құрғауына,ентігуге шағымданды. Объективті: ДМИ – 35. Бел өлшемі – 92 см. Жүрек шектері 1см солға ығысқан. А/Қ– 160/100 ммс.б.Қанда глюкоза аш қарынға – 6,0 ммоль/л. Постпрандиальды деңгейі – 11,0 ммоль/л. Жалпы холестерин – 7,1 ммоль/л. Үшглицеридтер – 3,0 ммоль/л. ЛПТТ – 4,4 ммоль/л. Осы науқаста ең ықтимал диагнозды таңдаңыз//
семіздік I дәрежесі//
ишемиялық ауруы//
гипертониялық ауру//
қант диабеті//
+метаболикалық синдром
***
Гипертрофиялық кардиомиопатиямен (ГКМП),ауыратын науқас кішкене жүктемеде ентігуге,әлсіздіктің өршуіне,тез шаршағыштыққа шағымданып дәрігерге келді.Өкпеде везикулярлық тыныс. Жүрек тондары ырғақты.ЭхоКГ айдау фракция- сы 50%. Осы науқастың проблемасын табыңыз//
+жүрек шамасыздығы//
екі жақты пневмония//
өкпе шемені//
эксудативті перикардит//
ӨАТЭ
***
57 жастағы ЖИА, Үдемелі стенокардияға байланысты стационарда жатқан науқаста кеудесінде қатты ауырғандық,ентігу пайда болды.Қарағанда: цианоз,екі аяғыныңда кок тамырларының варикозды кеңеюі.А/Қ - 90/60 мм с.б. ЭКГ-да II, III, avF тіркемелерінде сүйірленген Р тісшесі, V1,2 қос фазалы Р тісшесі ; V5,6 S тісшесінің амплитудасының үлкеюі, жүректің электр осьінің оңға бүрылуы. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз//
бронхиалды астма ұстамасы//
+өкпе артериясының тромбоэмболиясы//
жүрек ырғағының экстрасистолия типті бұзылуы//
миокард инфарктісінің өкпе шеменімен асқынуы//
вазоспастикалық стенокардия
***
35 жасар 5 жылдан бері ішімдікке әуес болған жігіттің жүрек аймағында жаншып ауырғандық ,жылдам жүргенде ентігу , оң жақ қабырға астында ауырғандық және аяқтарында ісік пайда болды.Осы науқасты жүргізуде ең дұрыс тактика қандай?//
емханада тексеру//
+кардиологиялық стационарда емдеу//
ЭКГ түсіру жеткілікті//
отбасылық дәрігердің бақылауы//
наркология бөлімшесіне госпитализациялау
***
57 жастағы науқас ЖИА ауырады.Екі рет трансмуралды миокард инфарктісін басынан кешкен.Кардиологтың бақылауында.Бір ай бойы комплексті емді стационарда және емханада қабылдаса да ентігуі мен ісіктері азаймайды.Үлкейген тығыз бауыр пальпацияланады.Науқастың проблемасын анықтаңыз//
қан айналу жетіспеушілігі 0 стадия (жасырын)//
қан айналу жетіспеушілігі, І стадия//
қан айналу жетіспеушілігі, ІІА стадия//
қан айналу жетіспеушілігі, ІІБ стадия//
+ қан айналу жетіспеушілігі, ІІІ стадия (рефрактерлі)
***
Митралды аорталды жүрек ақауы , журек ырғағының жыбыр аритмиясы түрінде бұзылуы бар науқас жеті ай бойы дигоксин 0,05 тәуліктік дозада қабылдайды.Таңертеңнен бастап науқасты жүрек айну, құсу , басының ауыруы, көзінің қарауытуы,жағымсыз сезімдер мазалайды.Аускультацияда экстрасистолиялар естіледі.ЖСЖ – 48 мин.А/Қ – 110/70 мм с.б. Науқастың проблемасын анықтаңыз//
гипертониялық криз//
жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілік//
+дигиталистік интоксикация//
гастриттің өршуі//
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
***
Миокард инфарктісімен ауыратын науқасты лабораториялық тексергенде төмендегі өзгерістер анықталды. Қандай көрсеткіш диагнозды шынайы дәлелдейді? (МИ диагностикасында «алтын стандарт»)//
гипергликемия//
+тропониннің жоғарылауы//
гиперхолестеринемия//
ЭТЖ жоғарылауы//
лейкоцитоз
***
47 жастағы науқас ентігуге,А/Қ көтерілуіне шағымданады. Қарағанда:ДМИ – 30,бел сан айналымы – 1,1. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы метаболизмдік синдромның дамуына әсер етпейді?//
генетикалық бейімділік//
шамадан тыс рациональды емес тамақтану//
ұйқы кезінде обструктивті апноэ синдромы//
аз қозғалысты өмір салты//
+сұйықтықты қабылдау
***
26жастағы науқас психо-эмоцинальдық жүктемеден кейін пайда болатын , журек аймағындағы 3-4 минутке созылатын , нитроглицеринмен басылатын қысып ауырғандық шағымдарымен қабылдау бөліміне жеткізілген.Анамнезінде: осындай жағдай 3 апта бойы мазалайды.15 жастан бастап күніне 1,5 қораптан темекі шегеді,ДМИ-31. Ең ықтимал диагноз қандай?//
күш түсу стенокардиясы//
+алғаш пайда болған стенокардия//
үдемелі стенокардия//
миокард инфарктісі//
миокардит
***
Артериялық гипертензия емінде ұтымсыз комбинация қайсысы?//
+β-адреноблокаторлар + кальций каналдарының дигидропиринсіз блокаторлары//
β-адреноблокаторлар + диуретиктер//
ААФ ингибиторлары + кальций каналдарының блокаторлары//
ААФ ингибиторлары + диуретиктер//
β-адреноблокаторы + кальций каналдарының дигидропиринді блокаторлары
***
Созылмалы жүрек жетіспеушілік емінде алтын стандарт болып табылады//
пролангирленген нитраттар//
+ААФ ингибиторлары//
бета-блокаторлар//
альфа-блокаторлар//
кальций антагонисттері
***
Науқас 2 апта бұрын миокард инфарктысын басынан өткізді. Жүрек аймағындағы іркіліске шағымданады. Емдеу жоспарына қандай дәрілік препаратты қосқан орынды?//
анаприллин//
периндоприл//
+лидокаин//
ритмилен//
хинидин
***
56 жастағы науқас ЖИА және ГБ байланысты ұзақ уақыт бойы тәуліктік дозасы 50мг атенолол қабылдаған. Аяғында әлсіздік, потенциясы төменденген. ЖСЖ минутына 50 рет. ЭКГ жүргізілген. ЭКГ-де:

Бұл жағдайдағы дәрігердің әрекеті?//
атенолол + калий хлориды 4% - 40 мл инфузия//
+атенололды алып тастап, басқа гипотензивті препаратқа көшу//
атенололдың тәуліктік дозасын азайту + каптоприл//
атенололдың дозасын азайту + изоптин//
атенолол + дигитоксин
***
67 жастағы науқас ГА ІІ бойынша «Д» есепте тұр. Тұрақты небиволол қабылдайды. Жүрек аймағындағы ауырсыну және ауырсынудың сол қолға таралатыны анықталған, нитроглицириннің әсері бар, көлденең жағдайда ентігу, аяқтарының ісінуі. Курлов бойынша бауыр шектері 14х13х 12см. Аяқтағы ісік. ЖҚА: Hb-60 г/л,эрит.-3.1х102/л, СОЭ-12 мм/с. ЭКГде: айдау фракциясы-40%. Науқасқа емінде қай топ препараттары негізгі болып келеді?//
+ААФ ингибиторлары //
бета-блокаторлар//
диуретиктер//
нитраттар//
кальций антагонисттері
***
АГ ауыратын науқаста стресс жағдайынан кейін басының қатты ауырсынуы, жүрек қағысы, құлағында шу естілді. ЖСЖ -105 рет минутына. АҚ 170/95 мм с.б.б. Науқастың мақсаттық АҚ 130/80 мм с.б.б. Дәрігер ГА ІІ сатысы, криз І типті диагнозын қойды. Қандай терапия науқасқа әсерін береді?//
+обзидан+дроперидол//
капотен+папаверин//
фуросемид+оротат калия//
нифедипин + дибазол//
пентамин+лазикс
***
Науқас 33 жылданбері АГ ауырады. Физикалық жүктемеден кейін пайда болатын жүрек тұсындағы сығып ауырсыну сезімі тыныштық жағдайда басылатынына шағымданады. Соңғы 2күнде ұстама пайда болған. Бірнеше рет ЭКГ жасалған. Патология анықталмаған. Диагноз қою үшін қандай диагностика қолданған дұрыс?//
тәуліктік ЭКГ мониторингі//
эхокардиография//
+коронороангиография//
вентрулография//
сцинтиграфия
***
Науқас 33 жылдан бері АГ ауырады. Физикалық жүктемеден кейін пайда болатын жүрек тұсындағы сығып ауырсыну сезімі тыныштық жағдайда басылатынына шағымданады. Соңғы 2күнде ұстама пайда болған. Бірнеше рет ЭКГ жасалған. Патология анықталмаған. Науқасқа емінде қай топ препараттары негізгі болып келеді?//
тромболитиктер//
антиагреганттар//
антикоагулянттар//
+антиангинальды//
цитопротекторлар
***
44 жастағы науқас ЖИА ауырады. Кезекті ұстамада ЭКГ жасалған. ЭКГде:
Науқастың ұстама уақытында және ұстамадан кейін 30 минут өткендегі ЭКГсі:

Ұстаманы басқаннан кейін 30 минут өткендегі ЭКГ:

Бұл жағдайда қай топ препараттары тиімді?//
тромболитиктер//
антиагреганттар//
+антиангинальды//
спазмолитиктер//
анальгетиктер
***
37 жастағы науқаста жиналыс үстінде кеуде тұсының сығып ауырсыну пайда болған. Бұрын бұндай ауырсыну болмаған. Темекі шегеді. Объективті қарағанда: науқас артық тамақтанады, ДСМ-31. Жүректің сол жақ шегі 1.0см солға кеңіген. Жүрек тондары анық, ырғақты, экстрасистолалар бірең-сараң. Бірінші кезекте қандай қосымша тексеру әдісін жүргізген дұрыс?//
жалпы қан анализі//
липидтерді анықтау//
глюкозаны анықтау//
+электрокардиография//
эхокардиография
***
37 жастағы науқаста жиналыс үстінде кеуде тұсының сығып ауырсыну пайда болған. Бұрын бұндай ауырсыну болмаған. Темекі шегеді. Объективті қарағанда: науқас артық тамақтанады, ДСМ-31. Жүректің сол жақ шегі 1.0см солға кеңіген. Жүрек тондары анық, ырғақты, экстрасистолалар бірең-сараң. Науқасқа қандай тактика қолданған дұрыс?//
амбулаторлық жағдайта тексеру//
терапевтік бөлімшеде емдеу//
кардиологиялық бөлімшеде емдеу//
күндізгі стационарда емдеу//
+кардиология бөлімінің ҚТП емдеу
***
58 жастағы пациентті тексергенде, келесі қауіп факторлары анықталған. Осы факторлардың қайсысы модифицирленетін (басқаруға келетін немесе өзгеретін) қауіп факторына жатпайды?//
+жасы (65 жас)//
семіздік (ДСИ – 35)//
гиперхолестеринемия – (7,0 ммоль/л)//
гиподинамия (кономист болып жүмыс жасайы)//
темекі шегу (тәулігіне 1,5-2 пачка темекі шегеді)
***
Қабылдау кезінде ЖИА ауыратын науқаста келесі қауіп факторлары анықталған.
Пациенттің проблемаларын көрсетіңіз://
гипердинамия (спортпен шұғылданады)//
+ішімдікке әуес//
ДСИ – 23,8//
жалпы холестерин – 4,3 ммоль/л//
глюкоза 5,0 ммоль/л
***
45 жастағы науқас клиникаға сол қолының іш жағына тарайтын төс артындағы қысып ауырғандыққа шағымданып түскен. Ауырғандықты психо-эмоциональды фактормен байланыстырады. ДСИ – 26. А/Қ – 135/85 мм с.б.б. Коронографияда (КГ) ірі поксимальды тәж артерияларының айқын атеросклероздық тарылуы анықталмаған. ЭКГ-да ұстама кезінде S-T сегментінің V1,2,3,4 тіркемелерінде депрессиясы анықталмаған. Ең ықтимал диагноз://
күш түсу стенокардиясы//
алғаш туындаған стенокардия//
үдемелі стенокардия//
+микроваскулярлық стенокардия (синдром Х)//
вазоспастикалық стенокардия
***
40 жастағы ер адам дәрігерге төс артында жаншып ауру және ауа жетпеу сезіміне шағым айтты. Нитроглицерин қабылдағаннан нәтиже болмаған. ЭКГ-да V1,2,3 тіркемелерінде ST1 сегментінің күмбез тәрізді көтерілуі анықталды. А/Қ 130/80 мм с.б. Бұл пациентке ең алдымен не істеу керек?//
нитроглицерин тіл астына//
+нейролептанальгезия //
анальгин бұлшық етке//
гепарин тері астына//
коринфар тіл астына
***
Ангинозды ұстамада қандай аспапты тексеру әдісі бастапқы://
+электрокардиография//
эхокардиография//
коронарография//
позитронды эмиссионды томография (ПЭТ)//
вентрулография
***
65 жастағы ЖИА ауыратын науқас бетінің сол жағына тарайтын, төс артындағы қысып ауырғандық, ауа жетпеу сезімі мен өлім үрейімен емханаға келген. А/Қ 120/80 мм с.б. ЭКГ-да V1,2,3 тіркемелерінде ST сегментінің күмбез тәрізді көтерілуі. Бұл науқасқа ауырғандықты басқаннан кейін қандай тактика ең қолайлы://
амбулаторлық жағдайда емдеу//
күндізгі стационарда емдеу//
жедел жәрдем бақылауы//
терапиялық бөлімшеде емдеу//
+интенсивті терапия палатасында емдеу
***
26 жастағы ер адам төс артындағы басып ауырғандық сезімінен таңертең оянады, ауырғандық нитроглицеринге басылмайды. Физикалық жүктемені жақсы көтереді. А/Қ – 120/80 мм с.б. ЭКГ-да ұстама кезінде S-T сегментінің V1,2,3 тіркемелерінде доға тәрізді жоғары ығысуы байқалады. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз://
күш түсу стенокардиясы //
үдемелі стенокардия//
алғаш пайда болған стенокардия//
миокард инфарктісі//
+вазоспастикалық стенокардия
***
Миокард инфарктісімен ауыратын науқасты лабораторлы зерттегенде төменде көрсетілген өзгерістер анықталды. Қай көрсеткіш диагнозды айқын дәлелдейді (миокард инфарктісінің диагностикасындағы «алтын стандарт»)://
лейкоцитоз//
ЭТЖ артуы//
гиперхолестеринемия//
+тропониннің көбеюі//
гипергликемия
***
35 жастағы ер адамда жиналыс үстінде төс артында қысып ауырғандық пайда болды. Бұрын бұндай ауырғандық болмаған. Анасы ІІ типті қант диабетімен ауырады. Қарағанда: науқас толық жүректің сол жақ шегі 0,5 см-ге кеңіген. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында систолалық шу. Қосымша тексеру әдістерінің қайсысын ең алдымен жүргізген дұрыс://
қанның жалпы анализі//
липидтерді анықтау//
глюкозаны анықтау//
+электрокардиография//
эхокардиография
***
60 жастағы науқасты 1 жыл бойы физикалық жүктемеге байланысты жүрек тұсын қысып ауруы мазайлайды. Кейде бұндай ауырғандық көп тамақ қабылдағаннан кейін пайда болады. Бүгін үй ішін жинастырып жүргенде, төс артында ауырғандық тағы пайда болды. Қарағанда: науқас толық. Өкпе жағынан патология анықталған жоқ. Жүректің сол жақ шала тынық шегі 1 см-ге кеңіген. Жүрек тондары ырғақты. ЖСЖ – 86 рет минутына. А/Қ 130/85 мм с.б. ЭКГ-да V1,2 тіркемелерінде ST сегментінің изосызықтан 2 мм төмен ығысқандығы анықталады. Ең алдымен қандай дәріні қолдану дұрыс?//
+нитроглицерин//
моносан//
кардикет//
капотен//
анальгин
***
Завод директорын жүрек тұсының жаншып, басып ауруы, ауа жетпеу сезімі шағымдарымен жұмыс орнынан клиникаға жеткізеді. Бұндай жағдай бір апта бұрын жиналыс кезінде болған. 2 таб. нитроглицерин және бұлшық етке кетонал инъекциясын жасаған соң жағдайы жақсарған. Қабылдау бөлімінде нейролептоанальгезия жасалды, 20 минуттен кейін ауырғандық басылып жағдайы жақсарды. А/Қ – 120/80 мм с.б. ЭКГ-да өзгерістер анықталмады. Науқасты жүргізу тактикасын көрсетіңіз://
амбулаторлық емдеу//
терапия бөлімінде емдеу//
+кардиологиялық бөлімшеде емдеу//
емдеу қажет емес//
реанимациялық бөлімде емдеу
***
МО қабылдау бөліміне жүрек қағуына, бас айналуына шағымданған 15 жасар баланы жеткізді.Аускультация кезінде жыбыр аритмиясы түріндегі ырғақ бұзылысы анықталған. Аритмияның бұл түрінің туындауына қандай себеп болуы мүмкін:
миокардиодистрофия//
миокардит//
+митральды стеноз//
митральды шамасыздық//
кардиомиопатия
***
Науқасқа жүйелі тексеруден кейін жүрек ишемиялық ауруы, күш түсу стенокардиясы ФКІІ. ҚЖ І дәр. диагнозы қойылған. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз://
стационарда емдеу//
республикалық санаторийде емдеу//
жергілікті профилакторийде емдеу//
+күндізгі стационарда емдеу//
емнің қажеті жоқ
***
24 жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге 3 күн бойы, таңертенгі уақытта әлсін - әлсін жүрек тұсының ауруына байланысты көрінді. Нитроглицерин ауырғандықты дұрыс баспайды. Физикалық белсеңділігі шектелмеген. ЭКГ-мониторлы зерттеуде таңғы сағаттарда ST сегментінің көтеріліп, ауырғандық басылған соң изолинияға түсуі байқалады. Бұл патологияда қай топтағы препараттар ең тиімді?//
ААФ ингибиторлары//
+кальций антагонисттері//
бета-адреноблокаторлар//
альфа-адреноблокаторлар//
диуретиктер
***
Науқас 1 ай бойы ЖИА күш түсу стенокардиясы ФКІІІ бойынша белсеңді ем қабылдап жатыр. Стенокардия ұстамасы басылмайды. Коронаграфияда 2 тамырдың тарылғаны анықталған. Бұл пациентті жүргізуде ең дұрыс тактика://
тромболитикалық терапия//
баллонды коронарлық ангиопластика//
+аорто-коронарлық- шунттау//
нитраттардың максимальды дозасын қабылдау//
наркотикалық анальгетиктер
***
Қабылдауда көп жылдан бері қуық асты безінің аденомасы мен ауыратын 50 жастағы науқаста 5 ай бойы А/Қ көтерілуі байқалған. Диагноз қойып ем тағайындау үшін келесі тексерулерді жүргізу қажет. Ең алдымен қай тексеруді жүргізу қажет://
ЖҚА, ЖЗА, Нечипоренко сынамасы//
креатинин, мочевинаны анықтау//
бас сүйегінің 2 проекцияда рентгенографиясы//
катехоламиндерді анықтау//
+бүйрек және қуық асты безін УДЗ
***
Соколов-Лайон индексі дегеніміз://
Rv2 + Sv1>25мм//
Ravl + Sv5>25мм//
Ravl + Sv1>25мм//
+Rv5,6 + Sv1,2≥35мм//
Rv1 + Sv5>28мм
***
30 жастағы науқас әйел учаскелік дәрігерге басының ауруына, тахикардияға және қатты терлеуіне (тремор), құсыққа шағымданды. Қарағанда: науқас қозу күйінде, тері жамылғысы бозғылт, ылғал. Жүрек тондары күшейген, тахикардия. ЖСЖ минутына 110 рет, А/Қ 200/100 мм с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия. Бұндай жағдайлар бұрында болған, тропофен инъекциясынан кейін басылған. Науқаста ең ықтимал диагноз?//
гипертония ауруы, І типті криз//
гипертония ауруы, ІІ типті криз//
+феохромоцитома, криздік ағым//
біріншілік гиперальдостеронизм//
тиреотоксикалық криз
***
Артериялық гипертензиямен төменде көрсетілген аурулардың қайсысы қатар болғанда β-блокаторларды қабылдаған дұрыс://
+жүрек ишемия ауруы//
брадиаритмия//
созылмалы бүйрек шамасыздығы//
жүрек шамасыздығы//
обструктивті бронхит
***
48 жастағы науқас К. отбасылық дәрігерге басының ауруына, жүрегінің айнуына, бір рет құсуына, құлағы шулап, бетінің ісінуіне шағымданды. А/Г байланысты диспансерлік есепте тұр. Объективті тексергенде: жүрек шектері солға ығысқан бұғана ортасы сызығынан 0,5 см сыртқа. Жүрек тондары аздап бәсеңдеген, ырғақты. ЖСЖ – 92 рет минутына, А/Қ – 180/110 мм с.б. Қанда лейкоциттер – 5,2х109 /л, глюкоза – 4,5 ммоль/л. Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз://
жедел жәрдем этапында А/Қ қалыпты көрсеткіш деңгейіне шұғыл түсіру//
дереу кардиологиялық стационарға госпитализациялау//
+А/Қ 25%-ға жылдам түсіріп, кейін амбулаторлық жағдайда біртіндеп түсіру//
артериальдық гипертензияны жоспарлы емдеу//
кардиологтың консультациясы
***
15 жастағы жігітті медициналық орталықтың қабылдау бөліміне бас ауруы, құлағының шулауы, аяқтарының әлсіреп, ұйып қалуы шағымдарымен жеткізген. А/Қ қолында 170/100 мм с.б., аяғында 140/80 мм с.б. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз://
артериальдық гипертензия//
+аорта коарктациясы//
Конн ауруы//
феохромоцитома//
Такаясу ауруы
***
37 жастағы науқас К. отбасылық дәрігерге жүрегінің қатты соғуына, жылауықтыққа, тітіркенгіштікке, басының ауруына, А/Қ 160/90 мм с.б. көтерілгеніне шағымданады. А/Қ көтерілуі қай жүйенің патологиясына байланысты болуы мүмкін?//
жүрек қан-тамыр//
орталық жүйке жүйесі//
+эндокрин//
несеп бөлу//
ас қорыту
***
56 жастағы науқас дәрігерге басының көбіне желке тұсының ауруына, басының айналуына, көзінің қарауытуына шағымданды. Қарағанда: науқас толық. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары аздап бәсеңдеген, ырғақты ІІ тонның аорта үстінде акценті. ЖСЖ – минутына 88 рет. А/Қ 175/105 мм с.б. Ішіне аускультация жүргізгенде эпигастр аймағында кіндіктен жоғары шу естіледі. Бұл науқасқа ең алдымен қандай тексеру әдісін жүргізген жөн://
бүйректің УДЗ//
+аорторенография//
компьтерлі томография//
құрсақ қуысының рентгенографиясы//
бүйректі ультрасонографиялық зерттеу
***
30 жастағы ер адамда алғаш рет А/Қ көтерілуі анықталған. А/Қ көтерілу себебін анықтау үшін дәрігер науқасқа тексерудің І этапын тағайындады. Қандай тексеру әдісі І этапқа кірмейді://
ЖҚА, ЖЗА//
ЭКГ//
бүйректің УДЗ//
қанда глюкозаны анықтау//
+бүйрек үсті безінің компьтерлік томографиясы
***
І типті кризбен асқынған гипертониялық аурудың ІІ стадиясында уақытша еңбекке жарамсыздық ұзақтығы://
+ 7 – 10 күн//
10 – 15 күн//
15 – 18 күн//
18 – 20 күн//
20 – 25 күн
***
І типті гипертониялық криз кезіндегі пациенттің ЭКГ-сы:

ЭКГ-дағы өзгерістерді интерпретациялаңыз://
оң қарыншаның гипертрофиясы//
сол қарыншаның гипертрофиясы//
+систолалаық шамадан тыс жүктеу//
екі қарыншаның гипертрофиясы//
Гис будасының оң жақ сабағының блокадасы
***
Нейровегетативті кризі бар науқасқа ең тиімді ем?//
+ обзидан+дроперидол//
капотен+папаверин//
фуросемид+калий оротаты//
нифедипин + дибазол//
пентамин+лазикс
***
45 жастағы науқас әйел учаскелік дәрігерге бұлшық етіндегі қатты әлсіздікке тіпті жалған параличтей сезімге, басының ауруына, тез шаршағыштыққа, шөлдеуге шағымданды. Объективті тексергенде: дене бітімі нормостеникалық, тері жамылғысының түсі қалыпты. Өкпеде везикулярлық тыныс, жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. А/Қ 160/115 мм с.б., полиурия байқалады. Несептің жалпы анализінде: салыстырмалы тығыздығы 1008, белок 0,099 гр., лейкоциттер 3-4 к/а. Қанда калий мен натрий деңгейі төмендеген, альдостерон деңгейі артқан. Компьютерлік томографияда оң жақ бүйрек безінің түйіндері гиперплазиясы байқалады. (түйін өлшемдері 1,5х2,8 см). Осы науқасқа ең тиімді емдеу әдісін таңдаңыз://
+хирургиялық әдіс//
альдостерон антогонистері//
ААФ ингибиторлары//
кальций антогонистері//
бета-адреноблокаторлар
***
45 жастағы науқас әйел учаскелік дәрігерге бұлшық етіндегі қатты әлсіздікке тіпті жалған параличтей сезімге, басының ауруына, тез шаршағыштыққа, шөлдеуге шағымданды. Объективті тексергенде: дене бітімі нормостеникалық, тері жамылғысының түсі қалыпты. Өкпеде везикулярлық тыныс, жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. А/Қ 160/110 мм с.б., полиурия байқалады. Несептің жалпы анализінде: салыстырмалы тығыздығы 1008, белок 0,066 гр., лейкоциттер 3-4 к/а. Қанда калий мен натрий деңгейі төмендеген. Бұл жағдайда диагноз қоюға ең ақпаратты диагностика әдісі қандай?//
глюкозаны анықтау//
+қанда альдостеронды анықтау//
қанда катехоламинді анықтау//
гипофизді компьютерлік томография//
бүйрек үсті компьютерлік томографиясы
***
33 жастағы науқас А/Қ 180/100 мм с.б. көтерілуін айтады. Өз бетімен энап қабылдаған. Басы ауырып, құлағы шулап жағдайы нашарлауына байланысты емханада тексерілуден өтті, ЭКГ-мен ЭхоКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Анасында артериялық гипертензия бар. Бұл пациентке келесі кезекте қосымша тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген жөн://
қанның жалпы анализі//
несептің жалпы анализі//
+көз түбін тексеру//
қанның липидті спектрі//
қандағы электролиттер
***
47 жастағы науқас М. кеудесінде жүрегі «тоқтап қалғандай» сезім шағымымен дәрігерге қаралды. ЭКГ-да: синусты ырғақ минутіне 76 рет. Қалыпты QRS комплекстері фонында Р тісшесінде өзгерген QRS толық компенсаторлы пауза мен пайда болды. Науқастағы ырғақ бұзылысының түрін анықтаңыз//
жүрекшелер фибрилляциясы//
атрио-вентрикулярлы блокадасы//
+қарыншалық электросистолиялар//
жүрекшелік экстрасистолиялар//
қарынша үстілік экстрасистолиялар
***
ЖИА бар 55 жастағы науқас К. ЭКГ-сі. Бұл пациенттің ең ықтимал диагнозы://

жүрекшелер фибрилляциясы//
атрио-вентрикулярлы блокадасы//
+қарыншалық экстрасистолиялар//
жүрекшелік экстрасистолиялар//
қарынша үстілік экстрасистолиялар
***
АГ бар 47 жастағы науқас А. ЭКГ-сі. Бұл пациенттің ықтимал диагнозы://

жүрекшелер фибрилляциясы//
атрио-вентрикулярлы блокадасы//
қарыншалық экстрасистолиялар//
жүрекшелік экстрасистолиялар//
+қарынша үстілік экстрасистолиялар
***
38 жастағы науқас К. ЭКГ-да Р тісшелері жоқ, барлық тіркемелерде R-R қашықтығы әртүрлі, R-R тісшелер арасында толқын тәрізді бейне. Анамнезінде: эндокринологта есепте тұр. Бұл пациентті емдеу қай маманның құзырында?//
терапевтің//
+эндокринологтың//
ревматологтың//
аритмологтың//
кардиохирургтың
***
22 жастағы науқас Т. жедел респираторлық вирусты инфекциямен ауырған. 3 күннен соң жүрек тұсында еш жерге тарамайтын сыздап ауырғандық, жүрген кезде ентігу, әлсіздік және дене қызуының 37,8º көтерілуі мазалайды. Ең алдымен қандай қосымша тексеру әдісін жүргізу керек?//
+ЭКГ//
ЭхоКГ//
тәуліктік мониторирлеу//
фонокардиограмма//
позитронды эмиссионды томография
***
Науқас жедел респираторлық вирусты инфекциямен ауырған. 3 күннен соң жүрек тұсында еш жерге тарамайтын сыздап ауырғандық, жүрген кезде ентігу, әлсіздік және дене қызуының 37,8º көтерілуі мазалайды. Тексеру жүргізгенде ЭКГ-да келесі өзгерістер анықталған. Бұл пациентте жүрек ырғағының бұзылуының қай түрі?//

+атриовентрикуляр блокадасының І дәрежесі жүрекшелік түрі//
Гис будасының оң жақ сабағының толық емес блокадасы//
АВ блокадасының І дәрежесі түйінді түрі//
АВБ І дәрежесі дистальді түрі//
Гис будасының оң жақ сабағының толық блокадасы
***
Пациент ұзақ уақыттан бері баспамен (ангина) ауырады. 7 күн бұрын вирусты инфекцияны басынан кешті. Учаскелік дәрігерде емделді. ЭКГ-да:

Бұл пациентте асқынудың қай түрі дамыған?//
экстрасистола//
жүрекшелер фибрилляциясы//
жүрекшелер жыбыры//
+атрио-вентрикулярлық блокада//
синустық түйін әлсіздігі
***
ЭКГ-да ырғақтың бұзылуының қай түрі көрсетілген://

атриовентрикуляр блокадасының І дәрежесі жүрекшелік түрі//
Гис будасының оң жақ сабағының толық емес блокадасы//
АВ блокадасының І дәрежесі түйінді түрі//
+АВБ І дәрежесі дистальді түрі//
Гис будасының оң жақ сабағының толық блокадасы
***
65 жастағы стенокардия және созылмалы бронхиті бар науқаста кенеттен тұншығу, кеудесінің қысуы пайда болды. Тексергенде: шоқырақ ырғағы, жайылған құрғақ сырылдар, өкпенің төменгі сегменттерінде ылғалды сырылдар, А/Қ 85/50 мм с.б. Қабылдаған нитроглицерин жағдайды жақсартқан жоқ. Ойлаған диагнозыңызды дәлелдеу үшін ең тиімді тексеру әдісін таңдаңыз://
спирография + кеуде қуысының Р-графиясы//
+ЭКГ + кеуде қуысының Р-графиясы//
ЭКГ + спирография//
ЭхоКГ + спирография//
компьютерлі томография + ЭКГ
***
Алдында жиі жүректің шалыс соғуы мазалаған, миокард инфарктісімен ауыратын науқаста, аритмияның алдын алу үшін қандай ем тағайындаған жөн://
бета-блокаторлар//
калий препараттары//
+лидокаин//
ритмилен//
хинидин
***
Миокард инфарктісімен ауыратын науқаста 3-ші тәулікте бас айналу, әлсіздік пайда болды. ЭКГ-да:

Бұл пациенттегі бұзылыстың түрін анықтаңыз://
синоаурикулярлы блокадасы//
атриовентрикуляр блокадасының І дәрежесі//
+атриовентрикуляр блокадасының ІІ дәрежесі Мобиц І//
атриовентрикуляр блокадасының ІІ дәрежесі Мобиц ІІ//
толық атриовентрикуляр блокадасы
***
58 жастағы пациент ГА ауруына байланысты ұзақ уақыт бета-блокатор қабылдайды. Соңғы кезде аяқтарында әлсіздік, жалпы әлсіздік, бас айналуын байқаған. Осыған байланысты ЭКГ жасалған:
ЭКГ-да:

Бұл жағдайда дәрігердің қай әрекеті ең тиімді://
бета-блокаторды қалдырып көк тамырдан электролиттер қосу//
+бета - блокаторды дереу алып тастап басқа гипотензивті препаратқа ауыстыру//
бета - блокаторды біртіндеп алып тастап басқа гипотензивті препаратқа ауыстыру//
бета - блокатордың дозасын кемітіп, басқа гипотензивті препарат қосу//
бета – блокаторға жүрек гликозидтерін қосу
***
І дәрежелі атриовентрикуляр блокадасының ЭКГ белгілері://
+барлық тіркемелерде Р-Q интервалының тұрақты ұзаруы 0,20 секундтан артық//
P-Q интервалының біртіндеп ұзарып, QRS комплексінің түсіп қалуы//
қарыншалық (QRS) комплексінің деформациясы//
қалыпты Р-Q интервалы QRS-тің түсіп қалуымен//
V1,2 -де R тісшесінің кеңуі
***
47 жастағы әйел жүрегінің жиі қатты соғуын, ауа жетпеу сезімін байқайды және оны менструальдық циклдың бұзылуымен байланыстырады. Кезекті ұстама кезінде ЭКГ жасалды. ЭКГ-да:

Пациенттегі аритмияның түрін анықтаңыз://
синустық аритмия//
жүрекшелер фибрилляциясы//
жүрекшелік экстрасистолия//
+қарыншаүстілік экстрасистолия//
қарыншалық экстрасистолия
***
55 жастағы науқас әйел дәрігерге жүрегінің қатты соғуына, жүрек тұсында жағымсыз сезімінің мазалайтына, басының айналуына шағымданды. Бір жылдан бері жүрек ырғағының бұзылуы бар. Эндокринологта диффузды зобқа байланысты ем қабылдайды. ЭКГ-да:

Осы науқасты емдеуде аритмияға қарсы препараттардың қай тобы ең тиімді://
кальций каналдарының блокаторлары (верапамил)//
бетаблокаторлар (пропранолол)//
+калий каналдарына әсер ететін (кордарон)//
натрий каналдарына әсер ететін дәрілер (лидокаин)//
электролиттер (калий-магний аспарагинат)
***
18 жастағы пациент жиі жоғарғы тыныс жолдарының бактериальдық инфекциямен ауырады. Бір апта бойы дене қызуының көтерілуін, ентігу және әлсіздік пайда болғанын айтады. Тексергенде: жүректің сол жақ шегінің бұғана – ортасы сызығынан 0,5 см-ге кеңігендігі анықталды. Аускультацияда жүрек тондары бәсеңдеген, бірең – сараң экстрасистолиялар естіледі. Осы науқасты емдегенде дәрігердің қай әрекеті бірінші кезекті болады?//
аритмияға қарсы препараттарды тағайындау//
қызу түсіретін препараттарды тағайындау//
жүрек гликозидтерін тағайындау//
бронходилататорды тағайындау//
+антибактериальды препараттарды тағайындау
***
Метаболизмдік синдром түсінігіне не кірмейді://
абдоминальдық семіздік//
глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы//
артериялық гипертензия//
гиперлипидемия//
+гипергликемия
***
Метаболизмдік синдромның дамуына әсер етпейтін фактор://
генетикалық бейімділік//
шамадан көп және дұрыс тамақтанбау//
ұйқы кезінде обструктивті апноэ синдромы//
аз қимылды өмір салты//
+сұйықтықты шамадан тыс қабылдау
***
Бүкілресейлік кардиологтардың ғылыми қоғамының 2007ж. мәліметтері бойынша ер адамдарда абдоминальдық семіздік критерийі - бел өлшемі://
80 см//
85 см//
90 см//
+94 см//
98 см
***
45 жастағы әйел. Скрининг өту кезінде келесі көрсеткіштер анықталды: ДСИ – 35. Бел өлшемі – 90 см. Жүректің шектері 0,5 см солға ығысқан. А/Қ 150/100 мм с.б. Аш қарынға глюкоза – 6,0 ммоль/л. Бұл пациентте ең ықтимал диагноз://
қант диабеті//
+метаболизмдік синдром//
гипертониялық ауру//
жүрек ишемия ауруы//
семіздіктің І дәрежесі
***
45 жастағы әйел. Скрининг өту кезінде келесі көрсеткіштер анықталды: ДСИ – 35. Бел өлшемі – 90 см. Жүректің шектері 0,5 см солға ығысқан. А/Қ 150/100 мм с.б. Аш қарынға глюкоза – 6,0 ммоль/л. Диагнозды нақтылау үшін келесі кезекте қандай қосымша тексеру әдісін жүргізу керек?//
қанның белоктык құрамын//
+қанның липидтік спектрін//
қанның электролиттік балансын//
жедел фазалық реакциялар//
қанның шлактық деңгейін
***

Приложенные файлы

  • docx 8925758
    Размер файла: 882 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий