Шарын өзені


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................... 4
1 ШАРЫН ӨЗЕНІ БАССЕЙНІНІҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА................................................................................................ 5
1.1 Шарын өзені бассейнінің физико-географиялық орны.............................. 5
1.2 Шарын өзені бассейнінің климаттық ерекшеліктері.................................. 9
2 ШАРЫН ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.................................. 14
2.1 Өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымы мен гидрологиялық және гидрографиялық ерекшелігі................................................................. 14
2.2 Су қорын пайдалану проблемалары............................................................. 18
2.3 Шарын өзенінің негізгі ластану жолдары.................................................... 22
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................. 28
КІРІСПЕ
Елбасының Қазақстан халқына 2011 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет - осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологиялық жағдайға тікелей қатысы бар.
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
«Шарын» өзенінің жағалық шөгінділері негізінен жақсы жуылып-жайылған құм шағалмен толтырылған дөңбек малтастан тұрады, кейде жалаңаш тас қабаты да кездеседі. Шамамен қалыңдығы 5 метрге жетеді. Өзеннің жоғарғы және төменгі жағалауы шөгінділері (a,Q4) cу қоймасының түптік бөлігінің өзен жағалары екі жағында да кездесіп отырады. Литологиялық тұрғыда, арасында құм, құмайт линзомары бар құм-шағалды-малтас, дөңбек тасты топырақтардан тұрады. Бет жағынан олар қалыңдығы 2 метрге дейін құмдақты және олар қалыңдығы 2метр құмды топырақтармен жабылған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Шарын өзені бассейнінің табиғат жағдайына, экологиялық мәселелеріне шолу жасай отырып, геоморфологиялық құрылымына сипаттама беру.
Алға қойылған міндеттер:
- Шарын өзенінің физико-географиялық орнын теориялық тұрғыдан негіздеу;
- өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымын сипаттау;
- өзеннің негізгі экологиялық мәселелерін туындатушы факторларды анықтау;
- өзен суының сапасына жалпылама сипаттама беру.
Курстық жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелерін география және экология мамандықтарында оқып жүрген студенттерге және оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне Қазақстан Республикасының су ресурстарының экологиялық жағдайын түсіндіру барысында қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен. Жұмыстың жалпы көлемі 28 бет, 6 кесте, 3 суретпен толықтырылған.
1 ШАРЫН ӨЗЕНІ БАССЕЙНІНІҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
1.1 Шарын өзені бассейнінің физико-географиялық орны
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су - өмір нәрі» деп бекер айтылмайды. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қажет, онсыз тіршілік процесі жүрмейді. Жер бетінің 71 пайызын су алып жатыр. Су қорларына – өзен, көл, теңіз, мұхит, жер асты сулары, мұзды және қарлы аймақтағы су, атмосфералық ылғал кіреді. Жер шарының сулы қабатын, яғни өзен-көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, тоған, су қоймалары және шалшықты-батпақты жерлер жиынын – гидросфера деп атайды.
Өзендер – республиканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста – Ертіс өзені, батыста – Орал өзені, солтүстікте Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды. Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр.
Шарын шатқалы Алматы облысындағы Шарын өзенінің төменгі ағысындағы Жартасты табиғи өңір, палеоген дәуірінен келе жатқан бірден-бір табиғат ескерткіші. Коньон оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Шарын өзенінің бойымен 154 км-ге созылған. Жартастарының биіктігі 150-300 метрге дейін жетеді. Негізгі Шарын коньонының тамаша көрінісін Көртоғай, Сарытоғай қоныстарының аралығындағы 30 км-дей бөлігі құрайды. Шарын өзенінің аңғарында Шетен тоғайы сақталған. Ландшафтысының әркелкілігі флора мен фаунаның әр түрлі болуын қалыптастырған. Негізгі Шарын каньонына бірнеше басқа каньондар жанасады. Мысалы, өзеннің оң жақ сағасындағы Темірлік каньоны. Жергілікті жердің бірегей ландшафтары «Қорғандар аңғарына» немесе «Жалмауыздар шатқалына» апарады [1].
Ата заңымыздың 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» деп анық жазылған. Бұл барды бағалай біліп, табиғат байлықтарын өз кезегімізде дұрыс пайдаланып, келер ұрпақ өкіліне аман-есен өткізу перзенттік парызымыз екендігін адами тұрғыдан да заңнама тұрғыдан да ұғындыру болып саналады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат бағы құрылды. Мақсаты - тарихи, эстетикалық және экологиялық құндылыққа ие табиғи ескерткіші бар табиғат құндылықтарын қорғап қалу болып табылады. Республикалық маңызы бар осынау табиғат ескерткіші 19 наурыз, 1964 жылы Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №447-Р қаулысымен қорғауға алынып 5014 га жерді алып жатқан Шарын шатқалын, палеоген дәуірінің ескерткіші - соғды шетенінен (1-сурет), шетеннен басқа сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі - ауған терегі, әртүрлі жапырақты терек, іле үшқаты, үйеңкі, тораңғы, іле сексеуілі, сонымен қатар, жануарлар дүниесі - қолаңтас, жыланшы қыран, қара дегелек, үкі, ителгі, ортаазиялық бақа, жұртшы, шұбар батбат кесірткесекілді құндылықтардан тұрады. Орманды қорғау режимі бекітілген, туристердің рұқсатсыз келуі шектелген. Тоғай ішінде мал жаюға, ағаш кесуге тыйым салынған.

1 - сурет. Шарын шатқалы
Шарын Іле өзенінің ең үлкен тармақтарының бірі. Ол жоғарғы ағысында «Шалкөдесу» деп аталса, орта ағысында «Кеген» деп аталады (2-сурет). Өзеннің ұзындығы – 427 км, бассейнінің ауданы 7720 км2. Шарын өзенінің оң жақ тармақтары Кетпен жотасының оңтүстік беткейінен бастау алады. Өзеннің суы мол тармағы – Қарқара өзені. Ол басын Теріскей Алатау мен Күнгей Алатаудың солтүстік-шығыс қапталынан алады [2].
Шалкөдесу шағын тау суы түрінде Кеген – Қарқара ойпатына жетіп, әрі қарай жазықпен, баяу батысқа қарай ағады. Ол орта ағысында Қарқара өзенінің және басқа ұсақ өзендердің суымен толығып, Күнгей Алатаудың төменгі аңғарын кесіп өтіп, Іле өзеніне қарай жылжиды.
Алматы облысының Райымбек және Ұйғыр аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің ірі салаларына Темірлік, Шет-Мерке, Орта-Мерке, Кеңсу, Қарқара, Кеген тағы басқалары жатады.
Шарын өзені тым тереңде, шақырайған күнге шағылыса жылтырап ағады, гүрілдеп, арқырай бастау алар өзені осы тұсқа келгенде сілелей шаршаған дерсің, қаншама жылдар бойына жер қабатының қымтана жасырған құпиясын тырмалай ашқан арынды ағыс сәл тыныс алғандай. Көз алдыңызда таңғажайып көркем көрініс тұрады. Биіктік пен тереңдік: мұзарт таулардың аспан тепкен тәкаппар шыңдары өн бойын мақтаныш кернегендей маңғаз кейіп танытады; жүзін әжім торлағандай қатпар-қатпар жарқабақтан төмен құлаған аңғарлар мұңая ойға беріледі.

2 - сурет. Шарын өзені
Өсімдік-топырақ жамылғысының жиынтығы бассейннің геоморфологиялық, геологиялық және климаттық жағдайларының әртүрлілігімен сипатталады. Топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша аздап өзгереді. Осыған байланысты бассейн территориясын бірнеше биіктік белдеуге бөлуге болады:
Биік таулы белдеу (3000 метрден жоғары). Территорияда өсімдік жамылғысы аз, кей жерлерде тіпті кездеспейді. Тастар мен жартастарда балдырлар мен қыналар кездеседі. Төменірек тау-шалғынды топырақтарда альпілік шалғындардың фрагменттері таралған. Сонымен қатар қыналар мен мүктер де бар. Жануарлар әлеміне келетін болсақ , бұл аймақта кемірушілерден тышқандар, суырлар, құстардан – жартас кептері, альпілік галка, сұр құр тіршілік етеді.
Орта таулы биіктік белдеу 3000-2200 метрлік абсолюттік биіктікті қамтиды. Бұл белдеудің жоғарғы бөлігінің күңгірт тау-шалғынды топырағында альпілік және субальпілік шалғындар, күңгірт түсті шымды топырағында аршалар өседі. Одан төмен шыршалы орман орналасқан. Жануарлар әлемі біршама алуантүрлі. Мұнда борсық, қабан, үй және орман тышқандары, суыр, тоқылдақ, жапалақ, үкі тағы басқа жануарлар кездеседі.
Төменгі биіктік белдеуге 2200-1600 метр абсолюттік биіктік тән. Топырағы таудың қара топырағы және қызғылт. Өсімдік жамылғысы ақселеу, бетеге және астық тұқымдас-әртүрлі шөпті шалғын. Берілген белдеудің жануарлар әлемінің көпшілігін бауырымен жорғалаушылар құрайды. Сонымен қатар қасқыр, түлкі, борсық, ал құстардан құр, орман кептері, қырғауыл тағы басқалары тіршілік етеді.
Келесі белдеуге шөл-далалы зона кіреді (1600 метрден төмен). Бұл белдеуге сұр-құба топырақта өсетін өсімдіктерге жусан, тасбұйырғын және астық тұқымдастар тән. Дала тасбақасы, тышқан және құстардан қараторғай кездеседі.
Жарқабақтары бұйраланып жатқан құзды аңғардың түбінде Шарын өзенінің сарыны құлаққа талып жетеді. Каньон тереңдігі Құлықтау мен Торайғыр тауларының түйіскен осы тұсында 300 метрге жетеді. Бұл тереңдік Жалаңаш алабында 100-150 метрге дейін азаяды. Тау беткейін кестелей аққан өзендер ұлан далаға асығады. Өзен бойлап төмен қарай жүрсеңіз Сарытоғайға кез боласыз. Бірыңғай үйіңкіден тұратын сарғыш-жасыл тоғайдың ені 2шақырым, ұзындығы 25 шақырымнан асады. Шарын үйеңкісінің биіктігі 30-35 метрге, ал діңінің диаметрі 2 метрге жетеді. Бұлардың тағы бір ерекшелігі, қабығындағы өрнектері көз қызықтырады. Жалпы, үйеңкі ұзақ жасайтын ағаш. Олардың кейбіреулері 300 жылға жейін өмір сүреді, суыққа төзімді. Топырақтың аздап сорлануы мен құрғақ ауада оған онша әсер ете қоймайды. Бірақ сусыз жерде өспейді. Сондықтанда оның тағдыры Шарын өзенімен сабақтас. Сарытоғай-табиғаттың асыл қазыналарының бірі [3].
Шарынның Шетен тоғайы неоген кезеңінен сақталып қалған. Мұнда өте сирек кездесетін, реликті ағаштың үш түрі: Іле жидесі, Іле бөріқарақаты және соғды шағаны өседі. Соғды шағаны (Fraxinus sogdiana) – зәйтүн тұқымдасының шаған туысына жататын, өте ылғал сүйгіш ағаш. Биіктігі 25 метрдей, жапырақтары жалпақ, ұзындығы 20 сантиметрдей. Бұл ағаштар өзен арнасына жақын өседі, 5014 гектар жерді алып жатыр. Соғды шетені Қазақстаннан басқа тек АҚШ-тың Невада штатындағы «Гранд» шатқалында өсетін, жойылып бара жатқан, қорғауды қажет ететін түр. 2006 жылы Сарытоғай елді мекеніне 370 гектар жерге шетен ағашының көшеті отырғызылып, 2 гектар жерге ағаш тұқымы себілді. Шарын шетен тоғайы осы кезде тек шағын алқапта сақталып қалған табиғи ескерткіш болып саналады (3-сурет).

3 - сурет. Шарын өзеніндегі Шетен тоғайы
Шарын шатқалының түбімен ағатын өзенде сирек кездесетін «жалаңаш осман» балығы бар. Ландшафтысының әркелкілігі флора мен фаунаның әр түрлі болуын қалыптастырған. Өсімдіктер мен жануарларының 34 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Мұнда сүтқоректілердің 60 түрі, ұя салатын құстардың 300 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20 түрі кездеседі. Табиғи саябақта өсімдіктердің 940 түрі өседі. Шарын шатқалын кейде «Қызғылт қамалдар аңғары» деп те атайды. Жер бедерінің мұндай ерекше пішінді болуы дүние жүзінде АҚШ-тағы Колорадо штатында (Үлкен каньон) ғана бар. Шарын каньоны өзіндік табиғи көркем ландшафты-палеонтологиялық туризм нысаны екені анық.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қарқара жайлауында атақты Қарқара жәрмеңкесі жыл сайын өткізіліп келгені анық. Бұл Жібек жолы бойындағы ең үлкен жәрмеңке болған. Оған Еруопа мен Ресейден саудагерлер тауарларын әкелген. Шығыстан Қытай елінің саудагерлері, сол секілді өзбек, тәжік, түркімен саудагерлері де осы жерде бас қосқан.
Көптен бері Бұғыты тауының етегімен өтетін темір жол салу жоспарланғаны анық. Бұл темір жол салынса, Алатау баурайын қоныстанған көптеген елді мекен тұрғындары ХХІ ғасырдың жетістіктеріне қол жеткізер еді.
1.2 Шарын өзені бассейнінің климаттық ерекшеліктері
Шарын өзені бассейнінің климаты континентальды. Мұның себебі Тянь-Шань тауларының ылғал көзі – Атлант мұхитынан біршама арақашықтықта орналасқанына байланысты. Сонымен қатар бассейннің климаттық жағдайы Іле бассейнінің басқа региондарымен салыстырғанда құрғақ.
Бассейн территориясының климатына интенсивті күн радиациясы тән . Радиацияның жылдық ағыны жазық аудандарда 135-150 ккал/кв.см, ал тау етегімен таулы аймақтарда бұлттылықтың жоғары болуына байланысты радиация ағыны 125-130ккал/кв.см азаяды.
«Шарын» өзенінің алабының территориясының климаты өте өзгермелі, ал географиялық жағдайы және ауқымды су алабтарынан алыс жатуымен түсіндіріледі. «Шарын» өзенінің алабында континентальді климат бүкіл жыл бойында және де тәулік ішінде ауа температурасының үлкен ауытқуларымен байқалады. «Шарын» өзенінің алабының төңірегінде 4 климаттық белдеуді көрсетуге болады: жазықтықты, тау ішілік, тау етегі және таулы. Жобаланатын су торабы және су тастағыш алабы таулы аймақта орналасқандықтан,таулы белдеу климатына көңіл аударамыз [3].
Осы төртінші белдеудегі климаттың басқа белдеулерден айырмашылығы - ауа температурасы температуралық режимнің өзгеруі фотографиялық ерекшеліктерімен анықталады. Егер тау етегі аймағында орташа жылдық температура +70, -80 болса, 1800-2000м биіктікте 0,1+1,80C-қа дейін төмендейді. Ең суық ай болып қаңтар саналады.Бұл айдың орташа температурасы - 140C-қа дейін төмендейді. Су қоймасының тұстамасында абсолюттік минимум -450C-қа жетеді. Шілде айында температура өзінің ең жоғарғы мәніне жетеді. Абсолюттік максимум биіктеген сайын төмендейді. Жылдық амплитуда 27-280C-ты құрайды. 1кестеде ауаның орташа айлық және жылдық температурасы келтірілген.
Кесте 1. Ауаның орташа айлық және жылдық температуралары
стансалар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 жыл
1.Кеген -13,7 -11.2 -2,7 4,0 9,1 12,6 14,8 14,0 8,8 9,6 -4,6 -10,0 2,0
2.Сарытас -13,3 -10,8 -3,6 8,9 3,8 12,2 14,2 13,7 9,2 2,9 -4,7 -10,3 1,8
Қарастырылып отырған метеостанциялар үшін аязсыз кезеңнің орташа көпжылдық ұзақтығы 85-86 күндерді құрайды.
Топырақ тоңдануының ең төменгі тереңдігі тау етегінде 20-40см құраса, таулы аймақтарда ол 50-60см жетеді. Топырақтың тоңдану тереңдігі орташа мәндерден қатты ерекшеленуі мүмкін. Оның басты себебі қар қабатының биіктігі және топырақтардың түріне және олардың құрамына және қасиеттеріне байланысты болады.
Өзен бассейні климаты – континентальды. Ол қоңыржай климаттық белдеуге кіреді (климаттың суббореальды типі) және материктің ішінде аумақтың географиялық орнымен, сонымен қатар мұхиттарға алыстығымен, төменгі ендікпен, атмосфералық айналымның жағдайымен анықталады. Қысты күні аумаққа Сібір барикалық сілемдері, жазда Орта Азиялық термиялық депрессия әсер етеді. Таулы бөліктері үшін алыстан келетін ауа массасы жергілікті ауа массасы – тау жазықтықты желге, жылылық шақыратын қыстық фенге сәйкес келеді. Көктемде ұзаққа созылатын тұрақсыз ауа райы тән, кейде үсік жүріп, қар жауады. Күзде қарсы және циклонды құбылыстар күшейеді. Климаты көктемгі тұрақсыз жауын-шашынмен немесе оның мүлдем болмауымен сипатталады, ол оның Қазақстанның басқа аймақтарынан ерекшелігін көрсетеді. Шарын өзенінің жоғарғы және төменгі жағындағы климаттың айтарлықтай айырмашылықтарының барлығы байқалады. Климаттық жағдайды әртүрлі аумақтағы ауа райының режимі әсер ететін инверсиялық құбылыстары анықтайды. Температураның, жауын-шашынның төмендеуі жоғарғы бөліктен төменгі гипсометриялық деңгейге қарай байқалады. (2 кесте)
Бұл құбылыстар әсіресе, Шарын МҰПТ негізгі аумағы орналасқан Іле тауаралық шұңқырының орталық бөлігінде айқын көрінеді. Сонымен бірге шығыстан батысқа қарай бағытта аумақтың ақырын қуаңшылығы байқалады. Батысында, Сөгеті – Бұғыты сілемдерінің таулы жағында көктемде жылына 325 мм. жауын-шашын түседі (3 кесте).
Кесте 2. Шарын өзені бассейнінің аумақтық климатының көрсеткіші
МетеостанцияларЖердің абсолютті биіктігі, м Жыл ішіндегі
жауын-шашын (мм) Қатты жауын-
шашын, мм. Ауаның орташа t,
С0 Ауаның оң температурасының суммасы, С0 Мерзімнің ұзақтығы
t ауа > 10 С0 Мерзімніңұзақтығы
t ауа > 0 С0
Добын580 125 30 8,7 3719 188 251
Борхудзир614 131 30 9,2 3752 195 252
Малыбай870 216 48 10,3 3784 195 267
Шонжы766 220 40 8,2 3750 - -
Подгорное 1264 325 88 7,7 2920 168 248
Кесте 3. Ай ішіндегі жалпы жауын-шашын мөлшері мен жаңбырлы күндердің саны

АйларАй ішіндегі жауын-шашынның жалпы мөлшеріЖауынды күндер саны
1 17,9 -
2 34,6 3
3 21,1 4
4 58,4 10
5 56,7 13
6 77,8 16
7 30,7 14
8 2,2 4
9 36,4 5
Температура және жауын-шашын режиміне байланысты бассейннің 4 климаттық белдеуін ажыратуға болады:
1. Жазықтық белдеу Іле өзенінің сол жақ жағалауынан тау етегіне 700 метрге дейінгі территорияны қамтиды. Қысы суық, жазы ыстық, әрі құрғақ, яғни континентальды.
2. Тау етегі белдеуі 700-ден 1500 метрге дейінгі территорияны алып жатыр. Төмен континентальдығы және төмен температура тербелістерімен айқындалады.
3. Тау ішілік белдеу абсолютті биіктігі 1200-1500 метрге жететін Шалкөдесу, Кеген, Қарқара қазандығымен Жалаңаш жазығының батыс бөлігін қамтиды. Климаты континентальды.
4. Тау белдеуі 1500 метр биік территорияны қамтиды. Климаты анық көлденең зоналы. Атмосфералық жауын-шашын бассейн территориясында тегіс түспейді. Оның негізгі себебі физико-географиялық жағдайларға және жер бедерінің формасы мен жартастардың экспозициясына байланысты. Қордағы су қоры 30 мм-ден аспайды [4].
Ауа ылғалдылығы. Жылдың суық мезгілінде ауаның ылғал ұстағыштығы төмен, ал булармен қаныққандығы жоғары болады. Жаз айларында бұл қатынас керісінше өзгереді. Ауаның жылдық абсолюттік орташа ылғалдылығы жазық аймақтарда 5-5,5 мб-дан 7,3 мб-ға дейін өзгереді, ал таулы аудандарда абсолютті биіктіктің жоғарлауына байланысты орташа есеппен 6 мб-3,5 мб-ға дейін азаяды.
Жел көп соғатын қыраттар қардың қалыңдығымен ерекшеленсе, қорғалатын аңғарлармен шығыс жағындағы қыраттары аз. Жер бетінің бедері биіктеген сайын қар қабатының қалыңдығы өсіп, 1800-2000 метр биіктікте қардың қалыңдығы өсіп 30-40 см жетеді.
Ауаның ылғалдылығы. Орта айлық және жылдық абсолюттік және салыстырмалы ауаның ылғалдылығы. 4 кестеде келтірілген.
Кесте 4. Орташа айлық және жылдық ауаның ылғалдылығы
Айлар I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII жыл
Кеген 2,0 2,3 3,8 5,3 7,4 9,2 10,4 9,3 6,5 4,8 3,1 2,2 5,5
Сарытас 1,8 2,1 3,5 5,1 7,0 8,8 10,0 9,0 6,3 4,4 2,9 2,0 5,2
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
Айлар I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII жыл
Кеген 75 74 72 67 66 66 64 62 62 67 73 74 68
Сарытас 68 67 69 65 63 64 63 61 58 61 68 69 65
Желдің бағыты және жылдамдығы. Кеген метеостансасының төңірегінде солтүстік және оңтүстік-шығыс бағытындағы желдер басым. Жергілікті желдерден тау етегі мен таулы бөлікте, таулы аңғарларда циркуляция, әсіресе жазда жақсы көрінеді. 5 кестеде желдің орташа айлық шамалары берілген.
Кесте 5. Желдің орташа айлық және жылдық жылдамдығы (м/с)
Айлар I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII жыл
Кеген 3,5 3,4 3,7 3,3 3,0 2,9 2,6 2,5 2,3 2,9 3,3 3,7 3,1
Сарытас 1,7 2,0 2,5 3,0 2,9 2,5 2,2 2,1 2,4 2,2 1,8 1,8 2,3
Жер бетінің биіктігі өскен сайын жауын-шашын мөлшері өседі, бірақ бұл өсу белгілі бір биіктікке дейін ғана болады. Атмосфералық жауын-шашын мөлшері өседі, бірақ бұл өсу-белгілі бір биіктікке дейін ғана болады. Атмосфералық жауын-шашын мөлшеріне және оның территория бойынша үлесіне су жинағыштардың бағыты және кейбір аймақтардың ауаның ылғал массасынан қорғану дәрежесі үлкен әсерін тигізеді.
Жауын-шашын жыл ішінде де бір қалыпты үлеседі. Ішкі тау аралық аймақтарда жылы кезеңге жауын-шашынның 80-900C келеді.
Су қоймасының тұстамасында тұрақты қардың қабаты жыл сайын байқалады. Тұрақты қар қабатының түзілуі және оның кету мерзімдері өте үлкен шамада өзгереді және биіктіктің өзгеруіне байланысты болады. Қарастырып отырған стансалар үшін қардың пайда болуы негізінен қазанның бірінші онкүндігіне, ал қардың кетуі сәуір айының соңғы онкүндігіне келеді. Қардың қабаты тұрақты күндер 120-155 күн арасында ауытқиды.
2 ШАРЫН ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымы мен гидрологиялық және гидрографиялық ерекшелігі
Шарын өзені кайназой кезеңінің шөгінділер негізін айқын көрсете алуымен ерекшеленеді. Өзеннің оң жағасындағы жарқабақтан рет-ретімен кезектеле қатпарланған сары батпақты әрі жұқа цементті тастақты шөгінділерінің қырық қырау бедерін көресіз. Каньон геологиялық өлшеммен алғанда жас деп саналады. 2 миллион жыл бұрын Тянь-Шань тауының етегіндегі жер қыртысы блоктарының көтерілуі, өзеннің өз арнасын іздеуіне әкеліп соқты. Сайдағы өрнекті кескіндердің бүгінгі күнге жақын келетін түрі жарты миллион жылға жуық бұрын пайда болғаны дәлелденіп отыр. Одан бергі арада ағын су салған кейіпті күн мен желдің әсері өзгертті. Осы кезде көрінбес сұлулықты мүсіншілер өздерінің ғажайып та ұлы туындыларында бір сәт тыным алмай құбылта беретіні де анық екені рас.
Су торабы аймағының геологиялық құрылымында ені қабатты қалыңдық қатысады.Төменгі қабат туф, ингимбрит, брекция, дацит, туффит, әктас және де басқа петрографиялық жыныс түрлерінен тұратын тас көмір дәуірінен төмен (С,t-V,kt) «Кетпен» бетінің жартасты түсірілімдерден тұрады.
Жоғарғы қабат жартасты емес неоген (mi-ланоцен) және төрттік дәуір шөгінділерінен құрылған. Неогенді шөгінділер құрамында негізінде жабысқақ және жартылай жабысқақ топырақтар басым, олар: саздар, саздақтар, құрамында шағал мен құмы бар құмайт [5].
Төрттік дәуір шөгінділері әртүрлі топырақтардан тұрады. Төменгі төрттік дәуір шөгінділері ауданның түгел дерлік аймағында тараған. Олар «Жалағаш» тау аралық сайдан орын алып, «Шарын» өзенінің сол жағасы бойынша жергілікті су айызықтарды құрайды және шамалы бөлікте оң жағында орын тепкен. Шөгінділердің қалыңдық қабаты зерттеу нәтижелері бойынша 80 м және одан әрі метрді құрайды. Литологиялық тұрғыда олар құмдағы дөңбек тас және құм мен құмдақ толықтырғыштардан тұрады, конгломерат және саздақ қабаттары аралас дөңбек тастардан құралған.
«Шарын» өзенінің аңғарының террастық келенінде орта және жоғары төрттік дәуір шөгінділері малтатас, құмдақ және беттік саздақтардан тұрады.
Қазіргі заманғы шөгінділер төмендегі литология-генетикалық түрлерден тұрады.
«Шарын» өзенінің жағалық шөгінділері негізінен жақсы жуылып-жайылған құм шағалмен толтырылған дөңбек малтастан тұрады, кейде жалаңаш тас қабаты да кездеседі. Шамамен қалыңдығы 5 метрге жетеді.
«Шарын» өзенінің жоғарғы және төменгі жағалауы шөгінділері (a,Q4) cу қоймасының түптік бөлігінің өзен жағалары екі жағында да кездесіп отырады. Литологиялық тұрғыда, арасында құм, құмайт линзомары бар құм-шағалды-малтас, дөңбек тасты топырақтардан тұрады. Бет жағынан олар қалыңдығы 2 метрге дейін құмдақты және олар қалыңдығы 2метр құмды топырақтармен жабылған.
Деллювиалды шөгінділер өзен аңғарының қыраттарын және уақытша ағындар аңғарын тауып жатыр. Қыратты жауып жатқан деректі материалға байланысты, деллювиалды шөгінділер литологиялық әртүрдегі ауқымды топырақтар спектрынан тұрады. Малтас-құмшағал-дөңбек тастан немесе қиыршық тас – қоспа тас қабаттарынан – саздақты топыраққа дейін. Олардың қалыңдық қабаты бірнеше сантиметрден 1-3 метрге дейін. Шығару конусының пралювиалды шөгінділері V-түрдегі жар терең, уақытша ағын аңғарларын құрайды және осы аңғарлардың шығару конусын құрайды. Бұл шөгінділер өте мардымсыз литологиялық құрамымен ерекшеленеді, ол бір-бірімен кезектесіп отыратын саздақтан, саздан, малта тас кездесетін құмдақтан, қиыршық тастан, дөңбек тастан тұрады. Шөгінділердің қалыңдық қабаты 1-2 метрден 15-20 метрге дейін жетеді.
Жарлар мен жыралардың гравитациялық шөгінділері коньондардың негізінен тік, кейде сиылып тұрған беттеріндегі жалпақ қиыршық тасты беттен тұрады. Бұл шөгінділердің шамамен қалыңдық қабаты 20-25 метрге дейін жетеді. Өзеннің оң жағасы төменгі коньонның жартасты вулканогенді-шөккіш тау жыныстарынан тұрады, ал неогенді түзілімдермен қапталған, негіздеуші-материалдарды жинақтағанда, зерттеулер нәтижесінде және де инженерлік-геологиялық түсірілім негізінде төмендегі қорытындыларды жасауға болады, қалыпты тегеурінді деңгейден төмен су қоймасының оң жағынан төменгі төрттік дәуірдің делюв поляциалды қиыршық дөңбек тасты топырақтардан, араларында құмдақты және құмды толықтырғыштары бар. Су айызығын түзейтін барлық қабат үшін қиыршық дөңбек тас топырақтың орташа сіңу коэффициенті 12м/тәулікті құрайды.
Қабаттың негізінде неоген жасындағы саздақ пен саздар жатады. Неоген шөгінділерінің орташа сіңу коэффициенті 0,4/тәулікті құрайды. Неогенді шөгінділер төменгі таскөмір дәуірінің (C,t-Vct) жасындағы жартасты жыныстарда жатыр. Сонымен жоғарыда аталған шөгінділер деллювиалды саздақтар және құмдақтар қабатымен жабылған. Олардың сіңу коэффициенті 0,2/тәуліктен 2м/тәулікке дейін шаманы құрайды [6].
Рельефі. Солтүстік Тянь-Шаньның солтүстік шығыс бөлігі мен Шарын өзенінің орта және төменгі ағысы бассейнінің табиғаты әсем. Тек қана жер бедері ғана емес кейбір компоненттері де қайталанбас құбылыс. Оның морфоқұрылымы мен морфобедерінің тек ғылыми ғана емес, эстетикалық та маңызы үлкен және табиғат ескерткіші болып есептеледі. Аталған аумақтың сыртқы бетінің қалыптасуында олар эндогендік және экзогендік құбылыстардың арақатынасының ақпарат көзі болып есептеледі. Шарын өзенінің алқабының құрылымы туралы ғылыми деректер П.П.Семенов Тянь-Шанскийдің (1896ж) еңбегінде берілген М.Ж.Жандаевтың (1972-1978) жылғы «Қазақстанның жер бедері» атты кітабында ауданның геоморфологиялық құрылымы туралы көзқарас жазылған. Аудан жер бедерінің осы күнгі бейнесі неоген дәуірінде дифференциалды тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде, комплексті денудация және аккумуляция процестерінің нәтижесінде қалыптасқан.
Нысанның барлық территориялары бойынша 1956,1957,1962 жылдары геодезиялық түсірімдер жүргізілген,ал 1963 жылы түсірімдер «Балтық» биіктік жүйесімен түсірілген. Рельеф қимасы 5 м-ден, масштабы 1:25000 түсірімдер де бар, олар 1957жылы орындалған, ал кейін «Балтық» биіктік жүйесімен координаттар жүйесінде жасалынды. Масштабы 1:25000 түсірім «Казгидпроект» мекемесінен өтіп, барлық өзгерістер түзетіліп 1984жылы қайта жасалынды.
1978-1979жылдары ГУГК мекемесімен бүкіл құрылым ауданына, масштабы 1:20000 аэрофотосьемка материалдарын пайдаланып масштабы 1:20000 түсірілімнің рельеф қимасын 1 және 2 метрден және масштабы 1:5000 стереотопографиялық түсірілім орындалады. Бұл түсірімдер жергілікті координаттар жүйесімен «Балтық» биіктік жүйесі бойынша орындалады. Жалпы жұмыс көлемі 109км2 ауданды құрайды.
1979 жылы «Каз ГИИЗ»де жалпы ауданы 154,7 га төрт танаптың масштабы 1:1000 фототеодолиттік түсірілім орындалады:
1. Рельеф қимасы 1метрден масштабы 11000ауданы 205га мензульдік түсірілім. Одан кейін дәл осы масштабта еркін план дайындалады. Осында жоғарыда аталған түсірілім мен 1979 жылы «Каз ГИИЗ» орындаған фототеодолиттік түсірілім біріктірілді.
2. Аралық ені 100 м,ұзындығы 25км,масштабы 1:2000 рельеф қимасы 0,5 метрден «Ұзынбұлақ» ауылынан су қоймасының тұстамасына дейін ЛЭП 110 кВт, мензульдік түсірілім.
3.Ені 50м, ұзындығы 16км «Жалағаш» ауылынан су қоймасының тұстамасына дейінгі ЛЭП аралығына, рельеф қимасы 1метрден масштабы 1:2000 мензульдік түсірілім.
4. Су қоймасы аймағында ЛЭП 35және 10 кв және ПЭС трасса түсірілім.
5. Автомобиль жолын сыртқа шығару мақсатында жұмыс істеп тұрған автожол бойында ұзындығы 2,5 км, рельеф қимасы 1 метрден масштабы 1:2000 аралықтың мензульдік түсірілім.
6. Жалпы ұзындығы 36км, саны 28 «Шарын» өзенінің жоғарғы және төменгі рельефтерінде көлденең қималарды натураға шығару және бөлу жүргізілді.
«Шарын» өзені көктемгі-жаздық (сәуір-шілде) кезеңі созылған аралас түрдегі қорек алатын өзен тобына жатады. Кей кезде байқалып отыратын әртүрлі биіктік аймақтарында қардың еруінен болатын бір уақытылы су тасқыны жүреді.
Су деңгейінің көтерілуі, су тасуы кезеңінде 30-50 тәулікті құрайды. «Шарын» өзеніндегі су тасуының ұзақтылығы орташа алғанда 114-тен 120 күнге созылады. Аралық уақыт қыркүйек айының соңғы жағында орнығады, бірақ кей кезеңдері күздік жауыннан судың көтерілуімен өзгереді.
Қысқы кезеңде суық күннің жылы күндермен ауысуына байланысты судың деңгейі жиі өзгеріп отырады. Сондықтан бұл мезгілде су деңгейінің ауытқуы жиі кездеседі. Ағынның жыл ішіндегі таралуы, жалпы алғанда ағын ауытқу заңдылығының төңірегінде деп тұжырымдауға болады.
Шарын өзені өз бастауын Кетмен жоталарының оңтүстік бөлігінен ағып шығатын Шалкөдесу және Теріскей Алатаудан басталатын Қарқара өзендерінен алады. Жоғарғы бөлігінде ол кезінде тау көлі болған, қазір Шарын өзені бастауының далаларына айналған кең көлемді, батпақты аумақтан ағып өтеді. Төмендей келе өзен терең шатқал арқылы солтүстікке қарай ағып, Іле өзеніне келіп құяды. Ол - Іле өзеніне келіп құятын суы мол ірі салалардың бірі. Шарын өзенінің бірнеше атауы бар: ол жоғарғы бөлікте Шалкөдесу, Қарқара, Кеген деген атқа ие, ал орта бөлігінен бастап Шарын өзені деп аталады. Бұл өңірде сұлулық атаулыны кәнігі шебердің ісмер қолымен кестелегендей иректеле жылт-жылт еткен өзендер өрнегі тамсантады. Шарын биіктен бастау алады. Басында Шалкөдесу болып басталып тау өзені қойнаудағы қазыққа келгендей адуын екпіні айтып, Кеген болып жалғасады. Қарқара өзенінің солтүстік сағасы қосылып, Шарын 855 шақырымға ұласады. Өзеннің ені 30-40метр, тереңдігі 2-3 метрге дейін, ал, алқасының көлемі 8000 шаршы шақырым. Күнгей Алатаудың беткейінен басталатын Кеңсу, Орта Мерке, Шет Мерке өзендерінің арналары Шарынға қосылып, Жалаңаш ойпаты мен Торайғыр тауының шығыс бөлігін кесіп өтеді де алып каньондарға кез болады. Сонан Темірлік өзенінің үлкен жалғыз сағасы келіп, Шарын арнасы солтүстік-шығысқа ойысып Ілеге құяды.
Өзен бойында ұзындығы 208 км-дей, жалпы аумағы 25,0 мың гектар жерді суаратын және суландыратын Ортатоған, Қаратоған, Ұқыршы, Құмтекей, Дараты, Белтоған, Жаңа жеміс, Төменгі Шонжы және Исламов атындағы су құбыры жүйелері тартылған. Кеген, Сарыбастау, Көлсай, Сарыбұлақ, Қосағаш, Сүйінбай бөгендері және Тоғызбұлақ, Тоғызбұлақ-2 әуіттері салынған. Өзен алабында суармалы егіншілік кең дамыған. Жайылымы шабындық ретінде пайдаланылады. Қараторғай шатқалынан бастап Іле өзеніне құяр сағасына дейін көптеген демалыс орындары, туристік маршруттар ұйымдастырылған. Олар әртүрлі гидрографикалық көрсеткіштері бойынша 6-кестеде сипатталған
Кесте 6. Шарын өзенінің негізгі салаларының гидрографикалық сипаттамасы.
Өзендердің атыҚұятын жеріҰзындығы,кмЕңіс,%
Шарын Іле170 7.7
Шарын-КегенІле346 3.9
ШалкөдесуЖоғалады50 20
ҚарқараШарын65 20
КеңсуШарын43 40
Орта-МеркеШарын34 59
Шет-МеркеШарын34 47
ТемірлікШарын58 35
Шарын өзенінің суы Күнгей Алатауының қарымен толығады. Ол қыста 12.8%, көктемде 33.8%, жазда 31.1%, күзде 19.3% ағысқа ие.
Өзеннің су жинау ауданы – 7310 км2. Бассейндегі мұздықтардың саны - 20, ал ауданы – 2.4 км2, ал бассейннің қату коэффициенті –0.0003м.(33) Суы тұщы, минералдылығы 150 мг/л-ден 560мг/л-ге дейін өзгереді, гидрокарбонаттылар класының кальцийлер тобына жатады. Көп жылдық орташа су ағымы 37,7 , тасынды ағындысы-11,1кг/с.
2.2 Су қорын пайдалану проблемалары
Су жер бетіндегі өмірдің барлық түрлерін сақтап қалуда өте маңызды мәселе. Ол экономикалық және элеуметтік дамуы, атап айтқанда электр энергиясын өндіру, ауыл шаруашылық өндірісін даму өнеркәсіптік және тұрмыстық тұтынуды қамтамасыздандыру үшін өте қажетті болып отыр. Сол себепті оның әр тамшысы тиімді, әділетті және ақылға қонымды түрде пайдалануы керек. 1990 және 1995 жылдар арасында суды пайдалану мөлшері 7 еседен астам көтерілді, яғни сол мерзім ішіндегі халық санының өсу қарқынынан 2 есе асып түсті. Жер бетіндегі барлық су қорларының 97,5%-і негізінен мұхиттардағы тұзды су. Ал қалған 2,5%-і ғана тұщы судың үлесіне тиеді, соның өзінің басым бөлігі Антрактида мен Греландиядағы қалың мұз қабаттарында және жер астында жатыр, көлдерде суаттарда өзендер мен бұлақтардағысы жер бетіндегі тұщы су қорының 0,26%-ін немесе жалпы судың 0,07%-ін құрайды барлығы да айта кететін жай, судың осы бөлігі орнын толтыратын қорға жатады, яғни ол тұрақты негізде пайдаланылады. Су ресурстарын пайдалану жүйесінде біз бүгінгі күні ең төменгі дәрежеде қамсыздандыру жағдайындағы жұмыс тәжірибесіненде мүлде айырылып қалдық. Су шаруашылығы ұйымдарының техникалық жағынан өте төмен дәрежеде жабдықтандырылуы. Алдағы уақыттарда бізді сумен қамтамасыз ету саласында ешқандай проблеманың болмайтындығына ешкімде кепілдік бере алмайды. Сондықтан сумен түрлі дәрежеде қамсыздандырылу жүйесін басшылыққа алып, өзендердің, каналдардың және басқа да гидротехникалық құрылымдардың жұмыс режимдерінің мәліметтік базасын жасау өз қызметін тиісінше жаңа бағытта жүргізу қажет-ақ. Бүгінгі нарық заманының талаптары өте қатаң – жер иемденуші сумен қамсыздандырудың қандай деңгейде қандай жағдайларда болатынын күні ілері білмей, сенімді түрде қызмет істей алмайды. Су ресурстарын бөлудегі бүгінгі күні қолданылып отырған тұжырымдаманың 1-і негізгі кемшілігі-маңызы географиялық объект және Орта Азиядағы басты климат құрушы фактор саналатын Арал теңізі, су ресурстары тұтынушылар қатарынан толығымен шығарылып тасталған [7].
Қазақстан Республикасының су кодексі 1993 жылы наурыз айының 31 жұлдызында қабылданды.
Кодексте қойылған негізгі міндет – су қорларын ластанудан, таусылудан қорғау, зиянды әсерлерді болдырмау, суды пайдалануда заңдылықты күшейту, халықтық экономика салаларының қажетін өтеу үшін суды ұтымды пайдалану.
Су қорлары мемлекет меншігіндегі бүкіл халықтың байлығы болып табылады. Оларды сатуға басқаның меншігіне беруге ұрықсат етілмейді, тек пайдалануға беруге болады.
Еліміздің су қорлары өзендерден, көлдерден, бөгендерден, жерасты суларынан, мұздардан мемлекеттік шекараға кіретін теңіздерден және теңіз жағалауындағы территориялық сулардан құралады.
Республиканың Министрлер Кабинеті су қорларына иелік етеді, оларды пайдалану, сақтау тәртібін белгілейді, судың сапасы мен жалгерлік бағасы жөніндегі құжаттарды бекітеді. Су қорларын пайдалану мен қорғау жүйелерін анықтап, оның есебін жүргізеді.
Жергілікті жерде су қорларын пайдалану мен суару мәселері облыстық және аудандық әкімдер мен үкімет құрған өкілетті мекемелерге жүктелген.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп, тұрмыстық қажетті өтегеннен кейін, өсімдіктер балық және басқа жануарлардың өмір сүруіне, сақтануына зиян келмейтін болса ғана жаңадан салынатын немесе жөндеуден өтетін кәсіпорындар құрылысын жобалауға, жүргізуге, технология жабдықтарын жақсартуға рұқсат етіледі. Сондықтан аталған жұмыстарды жүргізбес бұрын жергілікті әкімдердің, санитарлық-бақылау инспекцияларының, балық қорғау жөніндегі басқарманың келісімдерін алу қажет.
Кодексте мына құрылыстарды іске қосуға тыйым салынған:
- қалдық суларды тазалайтын қондырғылары жоқ жаңа салынған немесе жөндеуден өткен кәсіпорындарды, коммуналдық тұрмыстық мекемелерді;
- су тасқынынан, жайылуынан, батпақтанудан, ащыланудан сақтайтын шамалар жасалмаған каналдарды, суару және суландыру жүйелерін;
- су қабылдағыштары жоқ су ағызу жүйелерін;
- балық өтпейтін жабдықтары жоқ су тартатын қондырғылар;
- тасқын суларды өткізіп жібере алатын жабдықтары жоқ гидротехникалық ірі құрлыстарды;
- су шашырап төгілмейтін қондырғылары және санитарлық сақтану аймақтары жоқ бұрғылау скважиналарын;
- су қоймалары құрлысы толық біткенше оларға су жинауға тыйым салынады.
Құрылыс жұмыстарын, арна тереңдету және кеңейту, жер бұрғылау, жұмыстар жүргізу, пайдалы кендерді қазу, су өсімдіктерін жинау, кабель сымдары мен құбыр салынатын жерді қазу, су қоймалары маңайындағы ағаштарды кесу, тағы басқа жұмыстарды жергілікті әкімдермен, су қорларын қорғау мекемелерімен келіспей жүргізуге болмайды [8].
Су пайдаланушылар суды ұтымды және үнемді жұмсауға сапасын төмендетпеуге, топыраққа, орманға, қазбалы кендерге, жануарлар дүниесіне зиян тигізбеуге міндетті. Су тазалайтын қондырғылар үнемі түзу қалыпта болып келгенде жұмыс істейтін болу керек.
Аса қымбат су көздері ерекше бақылауда болып, оларды таусылудан қорғап, барынша үнемді жұмсау қажет. Мысалы, жерасты ауыз суды, сапасы онан төмен су бар болса, техникалық қажетке жұмсауға рұқсат етілмейді. Егер бөтен су көзі болмай ауыз суды немесе емдеу суларын басқа қажетке жұмсау керек болса жергілікті әкімнің рұқсатын алу керек.
Өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарында ластаушы заттар шектеулі-рұқсат етілген мөлшерден артық болса, қандай суларды өзендерге, көлдерге, бөгендерге жіберуге болмайды.
Ауыз су қорларымен басқа да су қорларын күзет қойып, ластанудан, таусылудан, сақтау маңызды мәселе.
70-ші жылдардан бастап Қазақстанда суды пайдаланудың және қорғаудың республикалық және жергілікті жүйелері жасалып, онда суды ұтымды пайдалану, облыстар мен аймақтарға бөлу, ластанудан, таусылудан сақтау шаралары көзделеді.
Су қорларын пайдалануды реттеу үшін әрбір ірі су көздерін, мысалы Жайық, Сырдария, Ертіс, Іле өзендерін пайдалану жоспарлары жасалады.
Кіші өзендерді қорғауға да көп көңіл аудару қажет. Қоршаған ортаға, су айналымына зиян келетін болса мұндай өзендерді өтеуге болмайды.
Су кодексінде суды мөлшерден тыс жұмсаған, шашып-төккен, қорғау және пайдалану тәртібін бұзған рұқсатсыз гидротехникалық жұмыстар жүргізген, су шаруашылығы құрылыстарын бүлдірген кінәлі адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылатыны көрсетілген. Кінәлі мекеме немесе адамдар келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.
Екінші мысал ретінде 1 май химия зауытының (Ресей) айналмалы су жүйесінің үлгісін көруге болады. Мұнда қалдық судың 97 процентін қайта пайдаланылады.
Қаланың басқа кәсіпорындармен бірлесіп жүргізген айналмалы су жүйесі, олардың қалдық суларын биологиялық және химиялық тазалаудан өткізгеннен кейін тазарған су жиналатын тоғанға құйын зауытының қайта пайдалануы өте тиімді болды.
Алдағы уақытта ластанған қалдық суларды өзенге, көлге, су қоймаларына жібермей, топырақ-өнім-адам-топырақ жүйесімен тазаласа дұрыс болар еді. Себебі су қорлары ластанбай, оның құнарлығын арттыра түсер еді.
Ғарыш кемелерінде қолданылып жүрген суды қайтадан қалпына келтіру жүйесі де болашағы бар әдіс болып саналады. Тек, қазір ол өте қымбат, мүмкін келешекте арзандату жолы табылар.
Су қорларын үнемді пайдалану кезек күттіртпейтін мәселе. Егістік пен шабындықтарды суландыруда шығын көп. Инженерлік есепсіз қазылған ескі арықтар мен каналдар судың шашылып-төгіліуіне, ысырап болуына әкеліп соғады. Егістіктерді көлдетіп суаруда судың көп жұмсалуына жердің батпаққа айналуына, жерасты тұзды сулардың жоғары көтеріліп топырақтың тұздануына ұшыратады. Су құю мөлшері мен мезгілі сақталмайды. Қазақстанның кейбір ауыл шаруашылықтарында қолданыла бастаған Израильдік егістікке суды тамшы түрінде жіберіп, Голландияның картоп өсіру технологиясы бізде суды аз жұмсап, мол өнім алуға болатынын көрсетті.
Табиғи батпақтар туралы да көптеген түсініспеушіліктер бар. Оларды зиянды санап, тезірек құрғату жолын іздестірушілер де кездеседі. Батпақтың жойылуы жерасты су қорларының азаюына, ауа-райының өзгеруіне әкелетіні ескеріле берілмейді. Әуелі батпақты қойып, артынан сол жерді суландыруға су іздеген кездер де болған. Тағы бір ескермей жүрген мәселе – бұл кіші өзендердің жағдайы. Әрбір шаруашылық өзінің қалауынша маңайдағы кіші өзенді, бұлақты, жылғаны кез келген жерден бөгеп, ағысын тоқтатады. Әрине сол шаруашылық үшін бұл пайдалы да болар. Дегенмен мынаны да ұмытпаған дұрыс. Ағынсыз су тез жылынып, көп буланады, сөйтіп ысырап болады. Таяз бөгендерді қамыс пен балдыр басып пайдадан шығарады. Бөгеттен төмен отырған елді мекендер сусыз қалады. Табиғатта қалыптасқан су айналымы бұзылып қоршаған ортаға зиян келеді [9].
Күрт өзені арнасынан шыққанда мыңдаған тонна минералды тыңайтқыштар Күрт су қоймасы арқылы Іле өзеніне кетіп көп зиян келтірді.
Алматы қаласының қалдық суларын жинайтын Сорбұлақ көлі де Іле бойындағы елді – мекендерге, Балқаш көліне үлкен қауып енгізіп тұр. Кезінде есептемей, ойламай жасаған көлден құтылудың жолын таба алмай әуре болуда.
Іле өзеніндегі бөгет пен Қапшағай су қоймасы да ойланбай, әр кісінің еркімен жасалған шаруа. Өзеннің ағысы азайған соң Балқаш көлі қысқарып, таяздап, ернеуі алыстап барады. Ағынмен келетін лай мен қалқып жүрген затта бөгеттің жоғары жағына төгіп, тұнып, жиналып жатыр. Әр кетсе 50-60 жылдан кейін жиналған құм мен лайдан құтыла алмай, жағаны қамыс басып, облыс территориядағы жер үсті суларының ағысы біркелкі таратылмағандықтан, оны пайдалану күрделі проблемаға айналып келеді. Қолда бар 247 суларндыру көзінің ішінен ағысы облыс көлемінен асып, сонау Қырғызстанға дейін созылып жатқан ірілері үшеу ғана – Шу, Талас және Аса өзендері. Облыс өзендерінің жылдық көп жылдық орташа ағысы 5,0 млрд. текше метрге жуықтайды да, оның шамамен жартысына жуығы өз бастауын Қырғызстан территориясын алды. 5,0 млрд. текше метр жылдық жалпы су ағысының 2,5 млрд. текше метрі суландыру мен өнеркәсіп мұқтаждарына жұмсалады да, қалған су табиғи шабындықтарды, жайылымдарды суландыруға көлдерді толтыруға пайдалыналады. Өз бастауын Қырғызстан территорясындағы Тянь-Шань тауының биік жоталарындағы қар, мұздарынан алып жатқан Шу өзені облыстағы ең басты өзен болып саналады. Ол оң қанаттан Қарақожыр, сол қанаттан Қошқар өзендерінің қосылуынан пайда болған. Өзен екі мезгіл тасиды: көктемде мамыр және шілде айларында.
Аса өзені Қазақстан мен Қырғызстан шекаралары маңындағы Қапшағай шатқалындағы Теріс және Күркіреусу өзендерінің түйісуінен пайда болған. Теріс өзенінің ағысы сыйымдылығы 158 млн. текше метрлік Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында ретке келтірілген. Аса өзенінің шатқалдан шыға беріс тұсында ірі Аса гидротехникалық торабы бар. Суландыру көлемі 27 мың га.
Жамбыл облысындағы ағын суды пайдаланудың мынадай ерекшеліктерін атап өткен жөн. Барлық су ресурстарының 76% беретін облыстағы негізгі өзендер Шу, Талас және Аса болып саналады. Аталған өзендер өз бастауын Қырғызстан территорияларын алғандықтан барлық су ресурстары көлемі жағынан және жылдық ішкі бөлімдері жағынан болсын, республикадан тысқары жерден келетін судың көлеміне байланысты. Суландыру көлемінің өсуі ағынды реттеу, суландыру жүйелерін қайта құру, бас сала құрылыстарын салу және суландыру техникаларын жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыру болады. Мұның өзі суды пайдалану коэффициенті мен суландыру жүйелерінің пайдалы әсер коэффициентінің артуына әсер етеді. Бұл бағытта аса зор жұмыс істеуге тура келеді. Қазіргі кезде өзендердің ағысын ретке келтіру 19 су қоймаларында жүзеге асырылуда, оның ең ірілері Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ және Талас өзеніндегі Киров су қоймалары. Суды пайдалану коэффициентін суландыру жүйелерінің пайдалы жер коэффициентін арттыру мен ағысты ретке келтіру жөніндегі жоғарыда атап көрсетілген шараларды жүзеге асыру. 2005жылы Жамбыл облысындағы суландыру көлемін 367,0 мың гектарға жеткізуге мүмкіндік береді.
2.3 Шарын өзенінің негізгі ластану жолдары
Өндірістік және тұрмыстық қажеттерге жыл сайын 600-700 м³ су жұмсалады, олардың ішінде 130-150 км³-і гидросфераға қайтып оралмайды. Қалғандары өзен, көл, теңіз және жерасты суларға қосылады.
Қалдық суларды қанша тазалағанмен 10-20 процент шамасында ластаушы заттар бөлінбей сақталады. Бір рет пайдаланылған қалдық суларды тазалау үшін оларды 7-14 есе (кейбіреулерін 30 есе) көп таза, оттегі мол сумен араластыру керек.
Өндірістік қалдықтарда сода, күкірт қышқылы, азотты тыңайтқыштар, түрлі металл тұздары, басқа да минералды қалдықтар сияқты органикалық емес қоспалар көбейюде. Олар биологиялық жолмен ерімейді де, шірімейді де. Мұнай өңдеу, кокс-химия зауыттарының, қалдықтарында уытты заттар да кездеседі.
Қала көшелерімен ағатын суларда тетроэтилқорғасын, күкіртті қосындылар, ауыру тарататын микробтар, мұнай өнімдері қалдықтары бар.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қалдықтарында минералды тыңайтқыштар, уытты пестицидтер көп. Олар жауын, қар суларымен өзендерге, көлдерге, жерасты суларына қосылып жатады.
Алдерин, диоксин, ДДТ, хлоридан сияқты пестицидтер, құрамында сынап пен мышьяк бар дәрі-дәрмек қалдықтары аса қауіпті, олар қоректік тізбектерде жиналып, ет, сүт, көкөніс, картоп, бидай, күріш т.б. өнімдер арқылы адамдарды уландырады.
Электр станциялардың жылы сулары өзендерге, көлдерге, су қоймаларына жіберіліп, ондағы қалыптасқан жағдайды өзгертеді. Судағы оттек азайып биологиялық процесстердің жүру ырғағы бұзылып, суда уытты көбіктер пайда болады. Балықтың уылдырығы мен ұсақ жәндіктер өле бастайды [10].
Өткен 2016 жылдың есебі бойынша қазақ жеріндегі ашық су қорларының көлемі - 105,5 текше шақырым, оның ішінде жеріміздегісі - 60,5, сырттан келетіні: Қытайдан - 18,9; Өзбекстаннан - 14,6; Ресейден - 7,5; Қырғызстаннан - 3,0 текше шақырым. Барлығы жеріміздің бір шаршы шақырымына 37000 текше метр су тиесілі, бұл көрсеткіште ТМД елдерінде ең соңғы орындамыз.
Небәрі 30 жыл бұрын жеріміздегі ашық су қорларының көлемі - 126 текше шақырым, оны құрайтын ішкі су қоры - 66,8, сырттан келетіні - 59,2 текше шақырым еді. Су қорлары көлемінің азаю себептері - табиғаттағы өзгерістер және сырттан келетін өзендердің деңгейінің төмендеуі. Есепке жүгінсек, қазіргі табиғи жағдайда Қазақстандағы ашық су қорларының көлемі 2020 жылы 86 текше шақырымға шегініп, 2030 жылы 75 текше шақырымға дейін жетеді. Ал еліміздің экономикасының өсу үрдісіне негізделген су қажеттілігі аталған жылдары 101 және 106 текше шақырым. Мұндай айтарлықтай су тапшылығы жуық арада оң шешімін таппайтын болса, ел өміріне көптеген қиындықтар әкеледі. Өйткені қалаға жақын орналасқан жерасты су қорлары тым мардымсыз, ұзақ мерзімге жетпейді.
Бүгінде еліміздің өмір сүруіне қажетті судың 90% өзендер мен көлдерден алынса, жерасты сулары - 4-6 % , қайтарымды су - 4-5 %, теңізден өндірілетін тұщы су - 1-2%. Суды пайдалану бөлісінің арақатынасы: ауыл шаруашылығы - 75%; өндіріс - 18-22%; тұрмыстағы тұтыну - 5-7 %.
Жеріміздегі су көздері - биік таудағы мұз қабаттарынан бастау алатын өзендер және Каспий, Арал, Балқаш, кішігірім көптеген су қоймаларының булануынан пайда болатын жаңбыр сулары. Өкінішке қарай, Іле Алатауындағы және басқа таулардағы мұз қабаттары 1973 жылдан бері бірыңғай азайып келеді, ғалымдардың пікірінше, 2030 жылы жер бетінде қалмайды.
Шарын өзенінің маңызды экологиялық мәселелерінің бірі - Мойнақ су электр станциясының салынуы. Халқымызды энергиямен қамтамасыз ету әрине, құптарлық іс. Бірақ жоба дұрыс қадағаланбаса, бұл да Қапшағайдың кебін кимесіне кім кепіл. Өзен бойындағы таңқалдырар табиғат байлықтары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі біртіндеп жойылады. Асау тау өзенінің қоректік көзі тау басындағы мұз, қарлар көлемі жылдан-жылға азайып бара жатыр, яғни болашақта жоспарлаған энергиямызды ала – алатындығымыз күмән туғызады. Су қоймасы жоба бойынша тастан жасалады, биіктігі 90 метр қазір салу жұмыстары аяқталған. Бестөбе су қоймасы жоба бойынша шатқалды, тау алды жазығын ені 300 метр, ұзындығы 15 км-ге дейін аймақты суға толтырады. Халықаралық комиссияның анықтамасы бойынша (ICOLD), бұл су қоймасы «ірі су қоймасы» класына жатады. Осы комиссияның көп жылғы зерттеулері көрсеткендей мұндай ірі су қоймасының салынуы күрделі экологиялық мәселелерді туындатады, мысалы өзен экожүйесіне кері әсерін тигізіп, судың ластануына, өсімдік жамылғысының жойылуына, тұщы су қорының азаюына, өзен арнасының тартылуына және т.б.
Іле-Балқаш бассейні планетамыздағы ең ірі көл экожүйесінің бірінен саналады. Бірнеше көлдер мен өзендерден тұратын бұл табиғи су кешенінің жалпы аумағы Қазақстанның оңтүстік-шығысында және Қытайдың солтүстік-батысында 413 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Оның ең үлкен бөлігі – 353 шақырымы Қазақстан Республикасының үлесіне тиесілі. Көптеген мемлекеттердің аумағынан да үлкен жерді алып жатқан Іле-Балқаш бассейніне қарасты көлдердің бірі де, бірегейі тұтастай Қазақстан аумағында қоныс тепкен Балқаш көлі болып табылады [11].
Ғалымдардың пікірінше, болашақта тұщы су қоры мол елдер бүгінгі мұнай державаларының табысынан да артық табыс табады. Себебі, ауыз су болашақта мұнайдан да қымбат ресурсқа айналмақ. Ауыз су қоры аз елдер, тұщы суды экспорттайтын болады.
Міне, планетамыздың қайталанбас тамаша өзен-көл экологиялық жүйесін құрайтын, осы ғажайып Іле-Балқаш бассейні бүгінде жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Қасиетті қазақ жеріндегі табиғаттың тағы бір тамаша тартуы, көнеден келе жатқан Көкшетеңіз – Балқаш көлі тартылып барады. Балқаш қасіретінің басталуы тағы да адам факторының кесірінен орын алып отыр.
Іле-Балқаш бассейінінде өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап шаруашылық қызметтің кең етек алуына байланысты, ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи экологиялық жүйе бұзылды. Бассейн аумағындағы шаруашылық қызмет табиғи тепе-теңдік қағидаларды ескермей жүргізілгендіктен, экологиялық жүйеге орасан зор зиян тигізді. Өңірдің бірден-бір өмір нәрі болып табылатын Іле өзені бірнеше жерден буылып, жасанды су қоймалары салына бастады. Іле өзенінің сағасын тарылтып, 28,1 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан жасанды Қапшағай көлі пайда болды. Шілік өзенінің суын бөгеп, Бартоғай су қоймасы салынды. Өзен суларына тосқауыл қойып, 31,7 мың гектар Ақдала алқабына, 15,3 мың гектар Шеңгелді алқабына суармалы күріш егістігі жасалынды. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында бассейндегі су тұтыну мөлшері екі есеге дейін артып, жылына 7,51 текше шақырымға жетті. Іле өзенінің сағасында Қапшағай СЭС-нің салынуы онсыз да табиғи тепе-теңдігі бұзылған бассейннің қасіретін қалыңдата түсті. Бір кездері Іле өзенінің өзі Балқашқа жылына 22,87 текше шақырым су құятын болса, 1992 жылы оның мөлшері жылына 10,5 текше шақырымға дейін төмендеді. Соның салдарынан Балқаш көлінің су айдыны тарылды. Мәселен, 1961 жылы Балқаш көлінің су айдыны 21,4 мың шаршы шақырымды құраса, 1999 жылы 17,07 мың шаршы шақырымға дейін қысқарды. Көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне құйылатын су көлемінің азаюына байланысты Балқаш қала сының тұсындағы көл суының тұздылығы 1,5 г/л-ден 2,3 г/л-ге дейін көтерілді.
Балқаштың батыс бөлігіне бүкіл көл тіршілігінің нәрі – Іле өзенінің кәусар суы құйылып жатқандықтан тұщы болып отыр. Іле өзенінің суы болмаса, Балқаш көлі де өмір сүруін тоқтады. Мамандардың пайымдауынша, тойымсыз сұранысын тойғызу үшін табиғат тылсымын бағындыруға талпынған адам қиянатының салдарынан Балқаш болашағына балта шабылатын кез де жақындап қалған сияқты.
Балқаш қасіреті адам қолымен тұрғызылған жасанды Қапшағай су қоймасының дүниеге келуінен басталды. Отыз жылдан астам саналы ғұмырын Балқаш көлін зерттеу жұмысына арнаған белгілі табиғаттанушы, жазушы Павел Мариковскийдің «Қапшағай Балқаштың суын алып, тіршілік тынысын тарылтты. Қапшағай су қоймасының көлемі 16 текше шақырымды құрайды. Ал Іле өзенімен жыл бойы келетін судың көлемі 13 текше шақырымнан аспайды. Осының өзі-ақ қолдан жасалған бұл құбыжықтың қанша суды жұтып жатқанын көрсетсе керек. Енді Балқашқа бар болғаны жылына 7 текше шақырым ғана Іле өзенінің суы құйылады. Сөйтіп, Балқаш адам қолымен ажалға айдаған екінші Аралға айналып барады», деген жанайқайының шыққанына да біраз жылдың жүзі болды. Одан бері де Балқаш қасіреті қалыңдамаса, сейілген жоқ.
Таяу болашақта Балқаш қасіретінің соңғы нүктесі алып көршіміз Қытайдағы су тапшылығы болғалы тұр. Ғалымдардың айтуынша, бүгінде Қытайдағы қарқынды экономикалық және демографиялық даму жағдайы бұрын-соңды болмаған су тапшылығына ұрындырып отыр. Қазір бұл елдегі барлық су көздерінің 70 пайызына жуығы тіпті техникалық мақсаттар үшін де жарамсыз болып қалған.
Қалыптасқан су тапшылығынан қалайда қорғану мақсатында Қытай қазір өз жерінде бастау алып, Қазақстанға құйылатын, ұлан-ғайыр Қазақ даласының табиғат берген қос қайнар нәрі – трансшекаралық Іле және Ертіс өзендерінің бойында жаппай кең көлемдегі бөгеттер тұрғызу науқанын бастады. Осы қасиетті қос өзен бастау алатын Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық (ШҰАР) ауданы қазіргі кезде экономикалық жағынан шұғыл даму үрдісі басталған аймаққа айналды. Мұнда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамытылып, алыстан ойлайтын қытай саясатының негізінде ішкі жақтан қоныс аударылған қытайлармен барынша кеңінен қоныстандырылып жатыр. Қауырт өскен өнеркәсіп орындары мен ауылшаруашылық кешендері мол су қорын талап ете бастады. Оның үстіне осы аймақта суармалы егістік пен мақта плантациялары кеңейтілуде. Мамандардың есептеулері бойынша, бүгінде қытайлықтар ауылшаруашылық алқаптарын суару үшін ғана Іле өзенінен 2,2 текше шақырым су алып жатыр. Бұл өнеркәсіптік және коммуналдық шығындарды есептемегендегі көрсеткіш. ШҰАР-дағы Аналин мыс кен орны ұлғайтылып, мұнда мұнай кен орны ашылды. Жаңадан ашылған Қарамай мұнай-газ кен орнын сумен қамтамасыз ету үшін жедел түрде ірі су қоймасы – «Ертіс-Қарамай» каналы салынды. Алғашқыда Ертіс өзенінің бойынан салынған су бөгеттеріне алынатын су көлемі жылына 1 шаршы шақырым (жыл сайын қытай-қазақстандық шекаралық аймақтан ағатын судың 10 пайызы) деп есептелген. Енді «Ертіс-Қарамай» каналы салынғаннан кейін Қара Ертістен алынатын су көлемі 450 миллион текше метрге артты. Ал 2020 жылға таман Ертістен қытай жағы бұл каналға 2,5 текше шақырым, одан кейінгі жылдарда 4 текше шақырым су алуды жоспарлап отыр. Бұл – қазақстандық қасиетті Қара Ертістің соңғы тұяқ серпер қасіреті деген сөз [12].
Соңғы жылдары ШҰАР-дың аграрлық саласы өте жылдам дамытылуда. Мәселен, 2010 жылы мұндағы егіс алқаптарының көлемі 4 миллион гектарға жеткізілсе, бұл көрсеткіш 2020 жылдары 6 миллион гектарға дейін ұлғайтылмақ. Осы ауқымды егіс алқабы Қазақстанға қарай ағатын Іле және Қара Ертіс өзендерінің суын бөгеу арқылы жүзеге асырылмақ. Бүгінде Балқашқа құятын судың 80 пайызына жуығын қамтамасыз етіп отырған Іле өзенін бөгеу тәсілімен Қытай 3,5 текше шақырым суды өз аумағында қалдырып отыр. Алдағы уақытта қытайлықтар Ілені бөгеу арқылы алынатын су көлемін 5 текше шақырымға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл – Балқаштың нәр беретін бастауы, Қазақ жерінің тағы бір қасиеті су көзі – Іле өзенінің соңғы тұяқ серпер сәті деген сөз. Қазақ жеріне жомарт табиғат сыйлаған бұл ұлы қос өзеннің Қытай тарапынан тұсалуы тек Балқаш үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін экологиялық апат болатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Қытайдың ішкі қажеті үшін Іле мен Ертіс өзендерін бөгеу жөніндегі кешенді жоспарлары жүзеге асса, Қазақстан жағы орасан зор зардап шегеді. Қазақстан аумағындағы осы екі өзен бассейнінде 4 миллионнан астам халық тұрады. Бейжіңнің жоспары жүзеге асатын болса, Қазақстанның шығыс және орталық өңірлеріне келетін су көлемі азаяды. Еліміздің Өскемен, Семей, Павлодар, Қарағанды сияқты индустриялық-өнеркәсіптік облыстары су тапшылығына ұрынады. Ауыз су тапшылығын былай қойғанда, осы өңірлердегі экономикамыздың аграрлық және өндірістік салаларына нұқсан келеді. Сонымен бірге Қазақстанның гидроэнергетикалық саласына да үлкен кесірін тигізіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қиындатады. Еліміздің электр қуатына деген сұранысының 10 пайызын қамтамасыз ететін Бұқтырма, Шүлбі және Қапшағай сияқты ірі гидроэлектрстансалары осы екі өзеннің сағасына орналасқан.
Күннен-күнге қарқынды дамып, ХХІ- ғасырдың ірі мегаполисіне айналып келе жатқан еліміздің бас қаласы Астананың суға деген өскелең сұранысын қамтамасыз ету үшін Есіл өзенінің мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан елімізде болашақта Ертіс-Қарағанды каналын кеңейтіп, Астанаға дейін ұзарту жөніндегі ірі жоба бар. Ал ҚХР-дың Іле және Ертіс өзендерін бөгеу барысында жүзеге асырып жатқан шаралары егемен еліміз үшін ауадай қажет бұл жобаның да болашағына балта шаппақ.
Қытай көршілес мемлекеттердің экономикалық және экологиялық жағдайын қиындатуға жол бермейтіндігі жөнінде үнемі айтып, биік мінберлерден мәлімдеме жасап келеді. Алайда 1988 жылы қабылданған ҚХР Су кодексінің №51 және №52 баптарында Бейжің ел сұранысын қанағаттандыру мақсатында трансшекаралық өзендердің су қорын толық пайдалануға құқылы делінген. Осы баптар бойынша бұл мәселеде халықаралық келісімдер жасау жағдайы да жоққа шығарылмаған.
Балқаштың күннен-күнге азайып бара жатқан айдынының ластануы туралы да аз айтылып жүрген жоқ. Іле өзені арқылы Қытайдан келетін зиянды химиялық қалдықтар жылдан-жылға молайып барады. Қазір Балқаш көліндегі фенол, йод, мыс, цинк, марганец, фосфор, күкірт сульфаты сияқты химиялық элементтердің мөлшері қалыпты жағдайдан ондаған есе асып кеткен. Химиялық реакциялар қосындысына айналған Балқаш суында әлі күнге дейін тіршілік барына таң қаласың. Балқаш көлі ауыр металдармен барынша ластануымен бірге, өзен суларымен бірге ағып келетін пестицид, гербицид сияқты улы тыңайтқыштар қалдықтарымен де тұншығып болды. Егер Балқаш көлінің экологиялық ауыр жағдайы осылай жалғаса беретін болса ол да Аралдың жолын құшады. Биология ғылымдарының докторы Ф.Қозықбаева Іле-Балқаш бассейніндегі экологиялық зардаптардан Қазақстан қазірдің өзінде 2 миллиард еуродан артық шығын шеккенін алға тартады. Себебі, көлдегі балық саны күрт азайды, бір кезде Балқаштың бренді болған ондатрлардың тұқымы құрыды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Су торабы аймағының геологиялық құрылымында ені қабатты қалыңдық қатысады.Төменгі қабат туф, ингимбрит, брекция, дацит, туффит, әктас және де басқа петрографиялық жыныс түрлерінен тұратын тас көмір дәуірінен төмен «Кетпен» бетінің жартасты түсірілімдерден тұрады.
Жоғарғы қабат жартасты емес неоген (mi-ланоцен) және төрттік дәуір шөгінділерінен құрылған. Неогенді шөгінділер құрамында негізінде жабысқақ және жартылай жабысқақ топырақтар басым, олар: саздар, саздақтар, құрамында шағал мен құмы бар құмайт.
Деллювиалды шөгінділер өзен аңғарының қыраттарын және уақытша ағындар аңғарын тауып жатыр. Қыратты жауып жатқан деректі материалға байланысты, деллювиалды шөгінділер литологиялық әртүрдегі ауқымды топырақтар спектрынан тұрады. Малтас-құмшағал-дөңбек тастан немесе қиыршық тас – қоспа тас қабаттарынан – саздақты топыраққа дейін. Олардың қалыңдық қабаты бірнеше сантиметрден 1-3 метрге дейін. Шығару конусының пралювиалды шөгінділері V-түрдегі жар терең, уақытша ағын аңғарларын құрайды және осы аңғарлардың шығару конусын құрайды. Бұл шөгінділер өте мардымсыз литологиялық құрамымен ерекшеленеді, ол бір-бірімен кезектесіп отыратын саздақтан, саздан, малта тас кездесетін құмдақтан, қиыршық тастан, дөңбек тастан тұрады. Шөгінділердің қалыңдық қабаты 1-2 метрден 15-20 метрге дейін жетеді.
Кіші өзендер тұрмыстық қалдықтармен ластану, сонымен бірге өзен жағалауының топырағының шайылуы, осы өзен экожүйесінің бұзылуымен сипатталады. Нақтылы айта кетсек, Шарын өзенінің экологиялық жағдайын жақсарту, Іле-Балқаш бассейнін, осы аймақтағы халықтың су тапшылығын көрмеуіне бірден-бір себеп. Сондықтан мынадай шараларды іске асыру осы саладағы мамандардың басты міндеті деп санаймын:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Вислогузова А.В. Гидрография. Іле аңғары, оның табиғаты мен ресурсы. Алматы., 1980.
Керимбай Н.Н. Характеристика естественного геохимического фона ландшафтов бассейна реки Шарын. / Вестник КазНУ. Географические науки./ 2009.
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. 9-том.-Алматы: 2007 -547-548 бет.
Карпеков К.Д. Іле ауданы табиғат жағдайларының ерекшеліктері. «Таптым-таптым- Эврика»- Алматы, 2009. -№2.- 11-16 б.
Карпеков К.Д. Іле ауданының қазіргі экономикалық дамуы. // География, биология, экология// Алматы, 2009.-№2 – 10-11б.
Карпеков К.Д. Іле өзені төменгі ағысының жер бедері ерекшеліктері. // География, биология, экология орта мектепте. – Алматы, 2009. -№3 - 25-28 б.
Кипшакбаев Н., Абишев Т. История развития водного хозяйства Казахстана // «Водное хозяйство Казахстана».№1.2005
Қазақстан Республикасының Су Кодексі. А., 2003
Жүнісов Д. Сулы, нулы Жетісу.- Алматы., 2006
Науменко А.А., Попов А.В. Шарын өзенінің бассейні: географиялық, физикалық сөздік. Алматы: Мектеп. 1996, 106 бет
Мельников В.А., Курмангалиева Ш.Г. Шарын өзенінің су құрылысына байланысты балық шаруашылығын бағалау (балқаш- Іле бассейн). Баяндама. Фрунзе: Ілім. 1981. 126-128б.
Омаров С. Іле Алатау геоморфологиясы және өзен аңғарының қалыптасу мәселесі. Алматы., 2005

Приложенные файлы

  • docx 9333421
    Размер файла: 466 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий