ТЕРАПИЯ КҮНДЕЛІК


Күні Істелген жұмыс Ескерту
Терапия бөлімі
Егу бөлмесі

Өкпеге аускультация жүргізу техникасы.
Анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсету.
Ішке пальпация жүргізу техникасы.
Өкпеге салыстырмалы перкуссия жүргізу техникасы.
«Өкпе аскультациясын жасау әдісі»

1. Науқасты беліне дейін шешініп, ыңғайлы отыруын немесе тұрып тұруын (жағдайы ауыр науқастың – жатуын) өтіндім.
2. Фонендоскопты (стетоскопты) өкпе ұшының жоғарғы жағына бұғананың астына, кезекпе-кезек оң және сол жағына қойдым.
3. Өкпе дыбысын әртүрлі тыныс алу фазасында тыңдаңыз; олардың сипатын, ұзақтылығын, күшін (дауысын) бағаладым.
4. Оң және сол кеуде бөліктерінің симметриялық нүктелерінде фонендоскопты әр жағына және төмен жылжыта отырып, бұғана астының аскультациясын жалғастырдым.
5. Артқы және шеткі жақтардың аскультациясын осы тәртіп бойынша жасадым: жауырын асты, жауырын арасы, жауырын үсті және қолтық асты.
Анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл көмек
Организмге қайталанып бөгде заттар түскенде, мысалы: ақуыздар, сары сулар, медикаменттер, шіркейлердің тістеуінде (аралар, масалар) дамитын паталогиялық жағдай
Мақсаты: емдік
Көрсеткіші: анафилактикалық шок
Кері көрсеткіштері: жоқ
Жабдықтар: адреналин, преднизолон, полиглюкин, эуфиллин, димедрол
Жедел жәрдем: Тез, тура, ем қажет. Медицина қызметкерлерінің есі шығып, сәл кешіксе науқас кетуі мүмкін. Барлық науқастарды жедел жәрдем реанимация бөліміне жеткіз.
Анафилактикалық шок болғанда:
1. Дәріні еңгізуді тоқтат.
2. Басқа толықтыратын қызметкерлерді шақыр.
3. Қан қысымын өлше, жүрек соғысын қадағала, тыныс алуын қадағала.
4. Ылғалдандырылған оттегіні бер.
5. Науқасты жатқызып, аяқтарын көтеріңкіреп қой, басын төменірек қой, тілінің түсіп кетпеуін қадағала.
6. Аллерген дәріні қолға немесе аяққа еңгізсең, сол жерден, жоғары жгут байла (3-4 минут сайын алып тұр).
7. Көк тамырға перифериялық катетер енгіз.
8. 0,9% натрий хлорид ертінідісін көк тамырға енгізуді және тез арада медикаментозды емді баста.
9. Қан қысымын және жүрек соғысын қадағалап отырып, көк тамырға тамшылатып 1 мл 0,1% , адреналин ертіндісін 400 мл 0,9%, хлорид ерітіндісіне қосып қан қысымы нормаға келгенде бақылаймыз.
10. Көк тамырға кортикостероидтар енгіз: 90-150 мг 1000 мг-ға дейін преднизолон, 200-500 мг гидрокортизон сукцинат (солукортеф) немесе күніне 300 мг/кг-ға дейін метилпреднизолон. 11.Бронхоспазм басылмаса көктамырға 10 мл 2,4% эуфиллин ертіндісімен 0,9% (қан қысымы төмендеуі мүмкін).
12.Жүрек жетіспеушілігінде көк тамырға 0,9% натрий хлорид ерітіндісмен жүрек глюкозиттерін: 1 мл 0,05% строфантин ерітіндісін немесе 1 мл 0,06% корглюкон ерітіндісін, зәр айдайтын: фурасемид немесе 2-4 мл 2%, лазикс ерітіндісін енгіз. 13.Қажет болса трахея интубациясын, жасанды өкпе вентиляциясын, трахеотомия жаса. 14. Тері реакциясы байқалса, ангиневротикалық ісікте көк тамырға немесе бұлшық етке 2 мл 0,1%, тавегил ерітіндісін немесе 2 мл 2% супрастин ерітіндісін енгіз.
15. Қан қысымын күрт төмендесе көк тамырға тамшылатып 1 мл 0,2% норадреналин немесе 5 мл 4%, дофамин ерітіндісін 400 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен енгіз.
16. Анафилактикалық шок пенициллин қолданғаннан болса инъекция салған жерге бұлшық етке 1000 000 ЕД пенициллиназамен 2 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісін енгіз.
17. Аллерген пероральді жолмен енсе, асқазанды жу (егер науқастың жағдайы болса).
18. Аллергенді мұрынға немесе коньюктивалық қақпа тамызса ағынды сумен шайып 0,1% адреналин және 1%гидрокартизон ерітіндісін тамыз.
19. Ауыр жағдай басылмаса жүрекке, уқалау жүргіз. Пульсі жоғалса перифериялық тамырларға уақалау жүргіз. Барлық науқастарды реанимация бөліміне жеткіз. Реанимациялық шаралар сол жерде, бара жатқанда, сосын арнайы бөлімде жүргізіледі.

«Ішке жеңіл пальпация жасау әдісі»
1. Науқастың аяғын созып, қолдарын денесінің бойымен төмен түсіріп,арқасымен жатқыздым.
2.Пациенттің оң қолының алақанын ішінің сол жағына қойдым.
3. Сәл бүгілген саусақтарыңызбен іштің бет пердесін баяу бастым. Алдыңғы іш қабырғасының кернеу дәрежесін бағалау.
4. Қолыңызды оңжамбас облысынақойып, пальпация жасадым.
5. Қолыңызды жоғарыға іштің бет пердесінің оң және сол симметриялық бөліктеріне эпигастрийге алып барып науқастың ішіне пальпация жасадым.
Ішке беткей жеңіл пальпация жасау:
1. Іш тығыздаушы бұлшық еттердің кернеуін;
2. Шоғырланған және жалпы ауырсынуды;
3. Іштің бұлшық еттерінің ажырауын, ақ сызық пен кіндік каналының грыжасын;
4.Іш қуысы органдарының ұлғаюын, ісіктерін және басқа да паталогиялықтүзілімдерінанықтадымға мүмкіндік береді «Өкпеніңсалыстырмалы перкуссиясын жасау әдісі»

Салыстырмалы перкуссияныөкпе мен плеврақуысының патологиялық өзгерістерінің сипатын анықтадым үшін қолданады және бірқатар бронхо-өкпе синдромдарының диагностикасы үшін пайдаланады.
Салыстырмалы перкуссия әдісінің бірқатар ерекшеліктері бар:
1. Салыстырмалы өкпе перкуссиясы белгілі бір тәртіп бойынша: қатаң түрде кеуде қуысының оң және сол жақтарының симметриялық жерлерінің алдынан, жандарынан, артынан жасалады.
2.Орташа күшпен перкуторлы соққылар жасайды немесе дауысты перкуссияны пайдаланады.
3. Перкуссия қабырға араларынан жасалады.
4. Кеуде қуысының симметриялық бөлімдері нен алынған перкуторлық дауыстардың сипатын салыстырыңыз.
I. Кеуде алдынан:
1. Науқастың беліне дейін шешінуін өтіндім.
2. Плессиметр-саусақтарыңызды кезекпе-кезек кеуде қуысының оң және сол жартысына, өкпенің жоғарғы жағынан бұғанаға көлденеңінен қойдым, бірдей күшпен 2-3 рет соққыладым.

Перкуторлы дауыстарды салыстырыңыз.
3. Оң қолдың екінші саусағымен науқастың бұғанасынансоққыладым.
4. Плессиметр саусағын бұғанадан төмендеу жерге ортаңғы бұғана сызықтары бойынша қабырғалардың арасына қабырғаға көлденең етіп қойдым.Сол жақтан IVқабырға деңгейіне дейін перкуссияладым. Оң жақтан төмен дыбыс шыққанша перкуссияладым.
II.Кеуде жанынан:
1. Плессиметр саусағын қабырғаларға көлденең етіп қойдым.
2. Науқастың қолдарын басының артына қойдым, шынтақтары ашық болуы тиіс.
3. Орта қолтық асты сызықтары бойынша салыстырмалы перкуссия жасадым.
III.Кеуденің артқы тұсынан:
1. Алдымен жауырынның үстіңгі жағынан перкуссияладым, ол үшін плессиметр саусағын жауырын сүйегінің жоғарғы жағына қойдым, оған көлденеңінен оң және сол жақтан кезекпе-кезек перкуторлық соққылар жасадым.
2. Перкуссия жасау барасында науқастың қолдары денесінен төменге қарай түсулі, бұлшық еттері бос болуы тиіс.
3. Сонан кейін екі жауырынның арасын перкуссияладым. Плессиметр саусағынжауырынның шетіне өмыртқаға көлденең етіп қойдым. Ал науқас қолдарын бір-біріне айқастырып, алақандарын иықтарының үстіне қоюы тиіс; жауырындары бір бірінен алшақтап, жауырын кеңістігін кеңейтуі тиіс.
4. Әрі қарай жауырынның астыңғы жағын перкуссияладым.Плессиметр саусағын оң және сол жақтан кезекпе-кезек, жауырын бұрышының төменгі жағына көлденеңінен қойдым. Науқастың қолдары денесінен төменге қарай түсулі, бұлшық еттері бос болуы тиіс.

Қорытынды
Анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсетуді,
өкпеге салыстырмалы перкуссия жүргізу, өкпеге аускультация жүргізу, ішке пальпация жүргізу техникаларын жасап уйрендім және дауыс дірілін анықтадымды көріп теорияны практика жүзінде дәлелдедім.

Терапия бөлімі
Қабылдау бөлімі
Бауыр коликасы кезінде шұғыл көмек көрсету
Бауырға перкуссия жүрргіздім
Бауырға пальпация жүргіздім
Бүйрекке пальпация жүргізу техникасы көрдім
Бүйрекке перкуссия жүргізу техникасы көрдім
Бауыр ұстамасында көрсетілетін шұғыл жәрдем
 
Мақсаты:Ауырсыну синдромын басу.
Қорлары:тонометр, фонендоскоп, стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток. Дәрілік препараттар:
2мл но-шпа, папаверин 2% -2,0 мл, атропин 0,1% - 1,0 мл,10 мл 2,4 % немесе 1 мл 24% эуфиллин ерітіндісі, 10 мл 40% глюкоза ерітіндісі, 2 мл 1%морфинерітіндісі және 0,5-1 мл 0,1 % атропин ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен және қатаң түрде төсек режимімен қамтамасыз еттім.
2. 2 мл но-шпаб/е, папаверин 2% - 2,0 мл б/е. атропин 0,1% - 1.0 мл т/а салдым.
3. 5,0 мл баралгинк/т салдым.
4. Нәтиже бермеген жағдайда баяу 5 минут аралығындак/т 10 мл 2,4 % немесе 1 мл 24% эуфиллинерітіндісін,10 мл 40% глюкоза ерітіндісін салдым.
5. 1-2 мл 1% морфинерітіндісінжәне 0,5-1 мл 0,1 % атропинерітіндісін т/а салдым.
6. Пациенттің жағдайын бақыладым.
7. Хирургия бөліміне жібердім
«Бауыр перкуссиясын жасау әдісі»
 

«Бауырдың абсолютті жоғарғы шекарасын анықтадым»
 
1. Пациентті беліне дейін шешіндірдім. Пациентті ыңғайландырып отырғыздым немесе арқасымен жатқыздым.
2. Плессиметр саусағын оң кеуде сызығы бойынша екінші-үшінші қабырға араларына қойып, жоғарыдан төмен қарай ашық өкпе дауысының тұйықталу шекарасына дейін баяу перкуссия жасадым.
3. Плессиметр саусағының жоғарғы шеті бойыншатерідетабылған шекараны белгілеп қойдым.
4. Оң орта бұғаналық сызық пен оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызық бойынша осыған ұқсас перкуссия жасадым.
Қалыпты жағдайдабауырдың абсолютті жоғарғы шекарасы:
• оң кеуде сызығы бойынша –VI қабырғаның жоғарғы шетінде;
• оң ортаңғы бұғана сызығы бойынша –VI қабырға деңгейінде;
• оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызық бойынша –VII қабырға деңгейінде болуы тиіс.
«Бауырдың абсолютті төменгі шекарасын анықтадым»
1. Пациентті беліне дейін шешіндірдім. Пациентті ыңғайландырып отырғыздым немесе арқасымен жатқыздым.
2. Плессиметр саусағын кіндік деңгейіне іштің алдыңғы бет пердесіненемесе оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызығына көлденеңінен қойдым, тимпаникалық дыбыс абсолютті шекарасына жеткенше жоғары қарай перкуссия жасадым.
3. Плессиметр саусағының төменгі шеті бойынша теріге табылған шекараны белгілеп қойдым.
4. Оң ортаңғы бұғана сызығы, оң кеуде сызығы және алдыңғы орта сызық бойынша осыған ұқсас перкуссия жасадым.Қалыпты жағдайдабауырдың абсолютті төменгі шекарасы:
• оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызық бойынша – Х қабырға деңгейінде;
• оң ортаңғы бұғана сызығы бойынша – оң қабырға доғасының төменгі шетінде;
• оң кеуде сызығы бойынша – оң қабырға доғасының шетінен 2 см төмен;
• алдыңғы орта сызық бойынша – кеуденіңсемсер тәріздес өсіндісінен 3-6 см төмен болуы тиіс.
«Бауырдың абсолютті сол жақ шекарасын анықтадым»
1. Пациентті беліне дейін шешіндірдім. Пациентті ыңғайландырып отырғыздым немесе арқасымен жатқыздым.
2. Плессиметр саусағынVIII - IX қабырғалар деңгейіне сол қабырға доғасының шетіне тігінен қойдым.
3. Тимпаникалық дыбыс абсолютті шекарасына жеткенше тікелей оң қабырға доғасының астынан перкуссия жасадым.

Бауырға пальпация жасау әдісі
 
1. Пациентті беліне дейін шешіндірдім, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқыздым, қолдарын кеудесіне қойдым.
2. Сол қолыңызды оң қабырға доғасына қойып, қатты бастым, төрт саусағыңыз науқас белінің оң жағында, ал бас бармағыңыз – алдыңғы жақта оң қабырға доғасында болуы тиіс.
3.Оң қолдың алақанынтолығымен теріге қойдым, саусақтарыңызды сәл бүгіп, оң қабырға доғасынан төмен орта бұғаналық сызықпен іштің алдыңғы бет пердесіне бауырдың төменгі жағына тігінен қойдым.
4. Теріні төмен қарай тартыптері қатпарын жасадым.
5. Тыныс шығару барысында қолыңызды іш қуысына баяу батырдым.
6.Науқастың терең тыныс алуын өтіндім, сол кезде бауырдың шеті төмен түсіп, саусақтардың арасынан өтеді.
7. Осы тәсілді бірнеше рет қайталаңыз. Бірақ қолыңыз қозғалмауы тиіс. Терең тыныс алу соңында байқалатын бауырдың шеті қабырға доғасынан 1-2 см төмен, жұмсақ, үштік, мәнді болуы тиіс.

«Бүйрекке пальпация жасау әдісі»
 
Бүйрек пальпациясы екі қолмен жасалады (бимануалды).
1. Пациентті беліне дейін шешіндірдім. Пациентті ыңғайлы тұрғыздым немесе арқасымен жатқыздым.
2. Сол қолдың алақанын XII қабырғадан төмендеу жерге пациенттің беліне қойдым. Оң қолдың бүгулі саусақтарын пациенттің ішіне, қабырға доғасының астына, тік түскен бұлшық еттердің жанына қарай тігінен қойдым.
3. Теріні төменге қарай тартып, тері қатпарын жасадым.
4. Пациенттің терең тыныс алуын өтіндім, тыныс шығарғанда оң қолыңызды ішіне терең батырдым, ал сол қолыммен артқы жағынан алға қарай бастым.
5. Пациенттің терең тыныс алуын өтіндім. Терең тыныс алғанда, бүйрек төмен түседі, осы сәтті пайдалана отырып саусақтарымның жылжымалы қозғалуымен бүйректің алдыңғы жағының үстін байқауға болады.
 
«Бүйрек перкуссиясын жасау әдісі»
 
1. Науқастың тұрып тұруын өтіндім.
2. Сол қолдың алақанын науқас белінің бүйрек тұрған жеріне қойдым.
3. Оң қолдың алақанымен сол қолдың сыртынан сәл соққы жасадым.
Егер соққылағанда ауырсынуды байқасаңыз, симптом оңды дегенді білдіреді (Пастернацкий симптомы).
Қорытынды
Бүгінгі тәжірибелік жұмыста дәрігердің көмегімен бауырға пальпация мен перкуссия жүргіздім.
Бүйрекке пальпация, перкуссия жүргізу техникасын көрдім.
Бауыр коликасы кезінде шұғыл көмек көрсетуді уйрендім.
Терапия бөлімі
Пост
ЭКГ жүргізу техникасы
Стенокардия ұстама кезінде шұғыл көмек көрсету
Жүрек демікпесінде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Жүрек қан тамыр мүшелеріне пальпация жүргізу техникасы.
Жүрекке перкуссия жүргізу техникасы.
Жүрекке аускультация жүргізу техникасы.

«ЭКГ жасау әдісі»

 
1.Пациентті беліне дейін шешінуін, аяқтарын киімдерден босатуды өтіндім.
2. Пациентті кушеткаға «арқасымен жатқыздым».
3. Пациент қолының ішкі жағына, аяқтарының төменгі жақтарына жұмсартқыш гель жақтым.
4. Жұмсарған теріге қысқыштары арқылы электродтардың металл пластинкаларын жабыстырдым.
5. Электродтарды металл пластинкаларды келесі тәртіппен жабыстырдым:
• Оң қолға – қызыл электрод.
• Сол қолға – сары электрод.
• Сол аяққа – жасыл электрод.
• Сол аяққа – қара электрод.
6. Электродтардың кеуде қуысына жабыстырылған жерлеріне ылғалдандырушы гель жақтым.
7. Пациенттің кеуде қуысына нөмірленген резіңке сорғыштарарқылы электродтарды біртіндеп 6-шыпозиция бойынша жабыстырдым:
• Кеуденің оң жақ шетіне ІV қабырға аралығына;
• Кеуденің сол жақ шетіне ІV қабырға аралығына;
•Сол жақтың кеуде маңы сызығы бойынша IV қабырға аралығына;
• Сол жақтың ортабұғаналық сызығы бойынша Vқабырға аралығына;
• Сол жақтың алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша V қабырға аралығына;
• Сол жақтың орта қолтық асты сызығы бойынша V қабырға аралығына
8. ЭКГ аппаратын қосыңыз, «пуск» кнопкасын бастым, ЭКГ жазуын шығарыңыз (әрбір жолында кем дегенде үш жүрек кешендері жазылуы керек).
9. 12 жол жазуы аяқталғаннан кейін ЭКГ аппаратын сөндіріңіз. Пациенттегі электродтарды шешіп алыңыз.
10. Тіркелген ЭКГ лентасына пациенттің тегін, атын, жасын, ЭКГ тіркелу күнін жаздым.
Стенокардия ұстамасында көрсетілетін шұғыл жәрдем

Мақсаты: ауырсыну синдромынбасу, миокардтың оттегіне деген қажеттілігін төмендету.
Қорлары: тонометр, фонендоскоп, дәрілік препараттар: нитроглицерин, валидол, нифедипин(10 мг), аспирин 325 немесе 500 мг, ыстық су, қыша қағаздары.
Іс-әрекеттер реті:
1. Физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз еттім;
2. Науқасты отырғыздым немесе жатқыздым; таза ауаның болуын қамтамасыз еттім;
3. Науқастың тілінің астына нитроглицеринмен валидол таблеткаларын қойдым.Егер жүрегінің ауырғаны басылмаса, әрбір 5 минут сайын (2-3 рет) нитроглицерин беріп отырдым.
4. Нитроглицерин болмаған жағдайда науқасқа тілінің астынан 1 таблетка нифедипин(10 мг) қойдым, АҚ қадағалап отырдым;
5. Аспирин таблеткасын бердім (325 немесе 500 мг);
6. Жүрек тұсына қыша қағазын қойдым немесе науқасқа ыстық су ішкіздім;
7. Пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырдым, АҚ мен тамыр соғуын өлшедім.
8. Ауырсыну синдромы пайда болғанда уақтылы көмек көрсету туралы пациентпен сөйлестім.
Ескерту: нитроглицеринді 3 реттен артық бермеңіз.
Жүрек демікпесінде көрсетілетін шұғыл жәрдем
 
Мақсаты:Өкпе тамырларындағы қанның ұюуымен қан қысымын төмендету, оттегі жетіспеушілігін жою, өкпе капиллярларының қысымынтөмендету, артериялық қан қысымын қалыпқа келтіру.
Қорлары:тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/ттамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
2 мл лазнкса,нитроглицерин.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқастың аяқтарын төмен түсіріп отырғыздым.
2. Қолына жгут қойдым.
3. Ылғалдандырылған кислород бердім.
4. Қ\т 2 мл лазикс салдым.
5. Тілінің астына нитроглицерин таблеткасын салдым.
6. 5000 ЕД гепаринді 10 мл 0.9% физиологиялық ерітіндімен к/т салдым.
7. К/тнемесеб/е1 мл 1% морфин ерітіндісін салдым.
8. Гипертониялық кризис болған жағдайда қосымшак/т 1 мл клофелиндінатрий хлоридініңфизиологиялық ерітіндісімен салдым.
9. Бронх тарылуы демікпесінде 2,4% эуфиллин ерітіндісін к/т салдым.
Ескерту: миокард инфарктінде жүрек глюкозидтерін салуға болмайды, өйткені олар миокард жиырылуын арттырады, некрозды ұлғайтады.
«Тамырларға пальпация жасау әдісі»
 
1. Пациентті ыңғайлы жағдайға келтіріңіз - қол тамырларын тігінен, омыртқа тамырларын – тігінен немесе ішімен жерге қарай жатқанда, аяқ тамырлары - тұрғанда, отырғанда немесе жатқанда зерттеледі.
2. Тамыр үстіндегі теріні сипалаңыз және ұстап көріңіз. Тамырларға пальпация жасағанда келесі өзгерістерді анықтайды:
• Қарау барысында белгілі болған тамырлардың сыртқы көрінісі (мысалы, оның контурының тегіс болуы немесе ісінуі, тұрақты дефигурация мен деформация).
• Зақымдалған тамыр терісінің гипертермиясы, кейбір жағдайларда оның ісінуі байқалмауы да мүмкін.
• Тамыр капсуласының ауырсынуы.
• Ірі тамырларда (мысалы, тізе тамырында) сұйықтықтың пайда болуы.
• Қатаюы — кальцинаттар, инфильтраттар, ірі артериялардың түйінделуі,тофустар.
• Омыртқаларды ұстап көргенде және омыртқа өсінділерінсоққылағанда олардың ауырсынуын бағаладым.
• сегізкөз-мықым қиылысынтексеру барысында, біраз уақыт алақанмен мықым сүйектерінің қырынқысып тұрдым. Егер қабыну процесі болатын болса, зақымданған жерде ауырсыну пайда болады.

«Жүрек перкуссиясын жасау әдісі»

1. Пациентті беліне дейін шешіндіріп, ыңғайлы етіп отырғыздым (тұрғыздым, жатқыздым).
2. Салыстырмалы тұйықталуы арқылы жүректіңоң жақ шекарасын анықтадым:
а) перкуссия тәсілімен ортаңғы бұғана сызығы бойынша оң өкпенің төменгі шекарасын табыңыз (қалыпты жағдайда – VI қабырғаның деңгейінде болады);
ә) плессиметр саусағын оң өкпенің төменгі шекарасынан бір қабырға жоғарылаужерге тігінен (қалыпты жағдайда – IVқабырға аралығы) қойдым;
б) плессиметр саусағын қабырға аралығымен ішке қарай жылжыта отырып, тұйықперкуторлық дыбыс пайда болғанша біртіндеп перкуссия жасадым;
в) саусақтың сыртқы шетімен анық өкпе дауысы бойынша, жүректің оң жақ шекарасын белгіледім.
Қалыпты жағдайдажүректің салыстырмалы оң шекарасы кеуденің оң жақ шетінен сыртқа қарай 1 см жерде орналасқан.
3. Жүректің салыстырмалысол жақ шекарасын анықтадым:
а) пальпация әдісіменжүрек ұшын табыңыз, плессиметр саусағын қабырға арасының сырт жағына қойдым (егер жүрек ұшы табылмаса, плессиметр саусағын алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша V қабырға аралығына қойдым);
ә) қабырға аралықтарымен ішке қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасадым.
Қалыпты жағдайдажүректің салыстырмалы сол жақ шекарасы сол жақтағы ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасқан және жүрек ұшына сәйкес келеді.
4. Жүректіңсалыстырмалы жоғарғы шекарасын анықтадым:
а) плессиметр саусағын сол өкпе сызығынан ішке қарай 1 см жерге 1-ші қабырға деңгейіне қойдым;
ә)шекарасы байқалғанша төменге қарай перкуссияладым.
Қалыпты жағдайдажүректіңсалыстырмалы жоғарғы шекарасы III қабырға деңгейінде орналасқан.
Мысық пырылы» симптомын анықтадым
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріп, ыңғайлы етіп отырғыздым (тұрғыздым, жатқыздым).
2. Оң қолыңызды жүрек тыңдалатын жерге қойып, кеуде дірілін анықтадым. Жүрек ақауының диагностикасында «мысық пырылы» симптомының үлкен маңызы бар. Диастоликалық діріл сол жақтағы атривентикуляр тесігі тарылғанда (митральді стенозда) пайда болады, ал систоликалық діріл аорта басы тарылғанда (аорталы стенозда) II қабырға аралығында пайда болады.
«Жүрекке аскультация жасау әдісі»
 
1. Пациентті беліне дейін шешіндірдім.
2. Пациентті ыңғайландырып отырғыздым/тұрғыздым (ауыр халде болса жатқыздым).
3. Келесі тәртіп бойынша фонендоскоппенжүректі тыңдаңыз:
1 нүкте – митралдыклапан– жүрек ұшында;
2 нүкте – аортаклапаны– кеуденің оң жағындағы екінші қабырға аралығында;
3 нүкте–өкпе артериясыныңклапаны-кеуденің сол жағындағы екінші қабырға аралығында;
4 нүкте–үш өзекті клапан–кеуденің семсер тәріздес өсіндісінің түбінде;
5 нүкте (Боткин-Эрба нүктесі) –аортаклапаны–кеуденің сол жақ шетінің III - IV қабырғаларына қосылған жерінде.
Қалыпты көрсеткіштер.
Аскультация барысында дені сау адамдарда екі дыбыс естіледі:
I дыбыс– систолық, систола кезінде ұзын диагностикалық кідірістен кейін пайда болады;
II дыбыс- диастолық, диастола кезінде қысқа кідірістен кейін пайда болады.
Қорытынды
Жүрек қан тамыр мүшелеріне пальпация жүргізу, жүрекке перкуссия жүргізу, жүрекке аускультация жүргізу,
ЭКГ жүргізу техникасын уйрендім және стенокардия ұстама
кезінде шұғыл көмек көрсету мен жүрек демікпесінде
көрсетілетін шұғыл жәрдемді қалай дұрыс жасау керектігін де уйрендім.
Терапия бөлімі
Пост

Гипертониялық криз кезінде шұғыл көмек көрсетуді
Өкпеден қан кету кезінде шұғыл көмек көрсетуді қайталадым
Бронх демікпе ұстамасында шұғыл көмек көрсетуді
Лимфа түйіндерінің пальпация жүргізу техникасын уйрендім
Гипертониялық кризде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты:артериалды қан қысымын төмендету.
Қорлары:тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/ттамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
нифедипин 10-20 мг немесе каптоприл 12,5 мг, 0.9 % натрий хлоридінің ерітіндісі, клонидин 0.75-0,15 мг, 4—6 мл 1% фуросемид ерітіндісі, 10-20мл 25 %магний сульфатының ерітіндісі, 2-6 мл 0,5 % диазепам ерітіндісі, валерианка экстракті, корвалол.
Іс-әрекеттер реті:
Нейровегетативті кризис формасында:
1. Физикалық және физикалық тыныштықты қамтамасыз еттім, науқасты басын көтеріңкі етіп жатқыздым;
2. Артериялық қан қысымын өлшедім;
3. 10 мг нифедипин (1-2 таблетка) немесе12.5 мг каптоприл (1-2таб-летка) тілінің астына қойдым;
4. 4-6 мл 1%фуросемид ерітіндісінк/т салдым;
5. Седативті препараттар: 2-3 таблеткавалерианкаэкстрактіннемесенауқастың аузына25-30 тамшы корвалолтамызыңыз;
6. Нәтиже бермеген жағдайда тілінің астына0.075-0,15 мг клонидин (клофелин)салдым.
Сулы-тұзды кризис формасында:
1. 2-6 мл 1%фуросемид ерітіндісін бір рет к/т салдым;
2. 10-20 мл 25 %магний сульфатының ерітіндісін к/т баяу салдым;
Тамыр тартылу кризисі формасында:
1. 10 мл 0.9 % натрий хлоридінің ерітіндісімен араласқан 2-6 мл 0,5 %диазепам ерітіндісін к/т салдым;
2. Артериялық қан қысымын қадағалай отырып гипотензивті препараттар мен диуретиктер салдым.
Ескерту:
1. ДЕМ АЛУ ЖИІЛІГІ мен АҚәрбір15 минут сайын қадағалап отырдым.
2. 20-30 мин ішінде гипотезивті эффект болмаған жағдайда, мидың қан айналымы бұзылғанда, жүрек демікпесінде, стенокардияда науқасты көп бейінді стационарға жіберу қажет.

Өкпеден қан кеткенде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты:қан кетуді тоқтату.
Қорлары:мұз қалақ, тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/т тамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
1-2 мл 12,5 %дицинон ерітіндісі, 10 мл 1% кальций хлоридінің ерітіндісі, 100 мл 5%аминокапронқышқылының ерітіндісі, 1-2 мл 1 %викасол ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқасты тыныштандырыңыз, отырдымына көмектесіңіз (қақырынуын жеңілдету үшін), тұруына және сөйлеуіне тиым салу.
2. Кеуде қуысынамұз қалақнемесесалқын компресс қойдым;
3. Науқасқа салқын сусын: ас тұзының ерітіндісін (1стакан суға 1ас.қ. тұз), қалақай ерітіндісін бердім.
4. 1-2 мл 12,5 %к/тнемесеб/едицинон ерітіндісін салдым.
5.10 мл 1%кальций хлоридінің ерітіндісін к/т салдым.
6.100 мл 5%аминокапрон қышқылының ерітіндісін к/т тамшылатып салдым.
7. 1—2 мл 1%викасол ерітіндісінб/е салдым.
8. Хирургия бөліміне жібердім.
9. Науқасты зембілге отырғызып тасымалдаңыз.
Бронхиалды демікпе ұстамасында көрсетілетін шұғыл жәрдем

Мақсаты:Бронх тарылуы демікпесін басу.
Қорлары:қалта ингаляторыбронхолитиктерімен, небулайзер бронхолитиктерімен, оттегілі баллон, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/т тамшылатып салуға арналған жүйе, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар: 120-180 мг преднизолон, 5000-10000 ЕД гепарин, бронхолитиктер (беротек, беродуал, сальбутамол), 0.9 % натрий хлоридінің ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Пациентті тыныштандырыңыз, таза ауамен қамтамасыз еттім;
2. Ыңғайлы жайғасуына көмектесіңіз;
3. Тар киімін шешіңіз;
4. Қалта ингаляторын қолданыңыз;
5. Небулайзер бронхолитигімен (сальбутамол) қолданыңыз;
6. Маска арқылы ылғалдандырылған кислород жібердім;
7. 2А %эуфиллин е-сі - 10 мл к/т5-7 мин. баяу салдым;
8.90 - 120 мгпреднизолонк/т салдым;
9.500,0 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісін немесе 500,0 мл 4% натрий гидрокарбонатыныңының ерітіндісінк/т тамшылатып салдым;
10. 5000-10000 ЕДгепаринк/т салдым;
11. Пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырдым–қанның соғуын, АҚ, дем алу жиілігін, сілемейлі қақырығын.
12. Науқасты жан сақтау бөліміне немесе қарқынды терапия палатасына жібердім.
13. Науқасты зембілге отырғызып немесе басын көтеріңкі етіп жатқызып тасымалдаңыз.
Өкпеден қан кеткенде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты:қан кетуді тоқтату.
Қорлары:мұз қалақ, тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/т тамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
1-2 мл 12,5 %дицинон ерітіндісі, 10 мл 1% кальций хлоридінің ерітіндісі, 100 мл 5%аминокапронқышқылының ерітіндісі, 1-2 мл 1 %викасол ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқасты тыныштандырыңыз, отырдымына көмектесіңіз (қақырынуын жеңілдету үшін), тұруына және сөйлеуіне тиым салу.
2. Кеуде қуысынамұз қалақнемесесалқын компресс қойдым;
3. Науқасқа салқын сусын: ас тұзының ерітіндісін (1стакан суға 1ас.қ. тұз), қалақай ерітіндісін бердім.
4. 1-2 мл 12,5 %к/тнемесеб/едицинон ерітіндісін салдым.
5.10 мл 1%кальций хлоридінің ерітіндісін к/т салдым.
6.100 мл 5%аминокапрон қышқылының ерітіндісін к/т тамшылатып салдым.
7. 1—2 мл 1%викасол ерітіндісінб/е салдым.
8. Хирургия бөліміне жібердім.
9. Науқасты зембілге отырғызып тасымалдаңыз.
 
«Лимфа түйіндеріне пальпация жасау әдісі»
 
1. Пациентті беліне дейін шешінуін өтіндім. Пациентті ыңғайландырып отырғыздым, тұрғыздым немесе арқасымен жатқыздым.
2. Лимфа түйіндерінің болжалды шоғырланған жерлеріне (жағының асты, құлақтарының жаны, бұғана асты мен үсті, қолтық асты, шаптары т.б.) саусақтарымның ұшын айналдыра қозғалтыңыз, оларды қаттырақ бастым (сүйектеріне, бұлшық еттеріне).
Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері байқалмауы тиіс.
Қорытынды
Бүгінгі тәжірибелікжұмыста бронх демікпе ұстамасында шұғыл көмек көрсетуді,
гипертониялық криз кезінде шұғыл көмек көрсетуді уйрендім
Өкпеден қан кету кезінде шұғыл көмек көрсетуді қайталадым.
Лимфа түйіндерінің пальпация жүргізу техникасын уйрендім
Терапия бөлімі
Пост
Инфаркт Миокард кезінде шұғыл көмек көрсету
Естен тану кезінде шұғыл көмек көрсету.
Коллапс кезінде шұғыл көмек көрсету
Асқазаннан қан кету кезінде шұғыл көмек көрсету.
Кардиогенді шок кезінде шұғыл көмек көрсету
Миокард инфарктінде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты: ауырсыну синдромынбасу, миокардтың кислородқа деген қажеттілігін төмендету.
Қорлары:тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/ттамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
нитроглицерин, изокет-спрей, аспирин 325 немесе 500 мг, клопидогрел немесе плавикс, 2-4 мг морфин ерітіндісі, 5000 ЕДгепарин, актелиз, 1500000 ЕДстрептокиназ,преднизолон 60 мг, 10 мл физ.ерітінді.
Іс-әрекеттер реті:
1. Физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз еттім. Науқасты жатқыздым, киімінің алдын шешіңіз,таза ауамен қамтамасыз еттім;
2. Тілінің астынаәрбір 5 мин. (бірақ 3 реттен артық болмауы тиіс) сайын нитроглицерин таблеткасыннемесе1-2 дозаизокет-спрей қойдым;
3. Аспирин таблеткасын шайнатыңыз (325 немесе 500 мг) немесе клопидогрел немесе плавике бердім;
4. Ылғалдандырылған кислород бердім;
5. К/т2-4 мг морфин салдым;
6. Систоликалық АҚ-да 100 мм рт. ст. кем 60 мг преднизалонды 10 мл физ.ерітіндімен араластырып к/т салдым;
7. 30 минут аралығында к/т1500000 ЕДстрептокиназтамшылатып салдым;
8. 5000 ЕДгепарин к/т және90 минут аралығында актелизе 3 кезеңге бөліп салдым: 15 мг к/т,50 мг к/т тамшылатып35 минут аралығында, 35 мг к/ттамшылатып60 минут аралығында;
9. Пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырдым–АҚ, ЖҮРЕК ҚАҒЫСЫНЫҢ ЖИІЛІГІН, ДЕМ АЛУ ЖИІЛІГІН өлшедім.
10. Науқасты стационарға зембілге жатқызып тасымалдаңыз.
Естен танғанда көрсетілетін шұғыл жәрдем

Мақсаты:артериялық қан қысымын көтеру, ми гипоксиясын кеміту.
Қорлары:тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, к/т дәрілік препараттарды тамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
мүсәтір спирті, 2 мл 25% кордиамин ерітіндісінемесе 2 мл 20% кофеин ерітіндісі.
Іс-әрекеттер реті:
1. Науқастың басын төмендеу етіпнемесеаяқтарын жоғарылау етіп жатқыздым, егер жатқызу мүмкіндігі болмаса, онда басын төмен қаратып отырғыздым.
2. Таза ауаның болуын қамтамасыз еттім, киімінің алдын шешіңіз.
3. Бетіне салқын су шашыңызнемесебеттерінен шапалақтаңыз.
4. Мүсәтір спиртінің буын иіскеттім.
5.т/анемесеб/е2,0 мл 25% кордиамин ерітіндісіннемесе 2,0 мл 20% кофеина ерітіндісін салдым.
6.Тамыр соғуы мен АҚ өлшедім.
7. Пациенттің жағдайын бақыладым.
8. Естен тану себептері туралы әңгілесіңіз.
 
Коллапста көрсетілетін шұғыл жәрдем
 
Мақсаты:Артериялық қан қысымын көтеру.
Қорлары:тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, жапқыш немесе жылытқыш, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:1 мл 20 % кофеин ерітіндісі, 90 мг преднизолон, 10 мл 0,9% натрий хлоридініңерітіндісі. 400 мл реополиглюкин немесе полиглюкин.
Іс-әрекеттер реті:
1. Пациенттің аяқ жағын жоғарылау етіп жатқыздым.
2. Науқасты жылытыңыз (одеял жабыңызнемесежылытқыш қойдым).
3. 1 мл 20% кофеина ерітіндісінт/а салдым.
4. Ылғалдандырылған кислород бердім.
5.10 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісіндегі 90 мг преднизолонды к/т салдым.
6. 400 мл реополиглюкиннемесе полиглюкинк/ттамшылатып салдым.
7. Тамыр соғуы мен АҚ өлшедім
8. Пациенттің жағдайын бақыладым.
Гипергликемиялық (диабеттік) есеңгіреудекөрсетілетін шұғыл жәрдем
 
Мақсаты:қан құрамындағы қанттың мөлшерін түсіру.
Қорлары:тонометр, фонендоскоп, стерилді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар:0.9 % натрий хлоридініңерітіндісі, инсулин.
Іс-әрекеттер реті:
1. Пациенттің басын жанына қаратып дұрыс жатқыздым.
2. 1 кг салмаққа 0.1 - 0.2 ә.б.инсулин қан тамырынан, тері астынан салдым.
3. 0,9 % натрийхлоридініңерітіндісі 400 мл қан тамырынантамшылатып салдым(тез салған жағдайда ми ісінуі мүмкін);
4. Артериялық қан қысымын,тамыр соғуын бақыладым.
5. Көпбейінді стационардың қабылдау бөліміне кіргізбей, жедел жан сақтау бөліміне жібердім.
6. Науқасты зембілге жатқызып тасымалдау қажет.
 
Асқазаннан қан кеткен жағдайда көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты:Қанды тоқтату.
Қорлары:тонометр, фонендоскоп, мұз қалақ.Стерилді: одноразовые шприцы,ватные шарики, спирт этиловый 70%, резиновый жгут, перчатки, пинцет в дезерітіндісіе,лоток.Лекарственные препараты: 10 мл — 10% ерітіндісі кальция хлориді, 4 млвикасола. 2-4 мл 12.5 % ерітіндісі дицинона, 50 мл 5% ерітіндісі аминокапроновойкислоты.
Іс-әрекеттер реті:
1. Обеспечить больному полный физический и психический покой.
2. Уложить больного с приподнятым головным концом.
3. Подать пуіырь со льдом на область эпигастрия.
4. Ввести к/т 10 мл – 10% ерітіндісі кальция хлориді.
5. Ввести б/е 4 мл викасола.
6. Ввести к/т 2-4 мл 12.5 % ерітіндісі дицинона немесек/ттамшылатып 50 мл 5% ерітіндісі аминокапроновой кислоты.
7. Следить за достоянием больного (подсчет қан соғуыа, измерениеАД).
8.Хирургия бөліміне жібердім.
9.Науқасты бас жағын көтеріңкі етіп зембілге жатқызып тасымалдаңыз.
Кардиогенді есеңгіреуде көрсетілетін шұғыл жәрдем
Мақсаты:Артериялық қан қысымын көтеру.
Қорлары:тонометр, фонендоскоп,оттегілі баллон, маска, дәке майлығы, стерильді: бір рет қолдануға арналған шприцтер, дәрілік препараттарды к/ттамшылатып салуға арналған жүйелер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резіңке жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, клеенка валик, лоток, дәрілік препараттар:
2-5 мг морфиннемесе фентанил, 5000 КД гепарин, 0.25 мг аспирин, 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі 200 мл, дофамин 200мг, 5% глюкоза ерітіндісі 400 мл.
Іс-әрекеттер реті:
1. Пациентті бас жағын көтеріңкі етіп жатқыздым.
2. Ылғалдандырылған кислород бердім.
3.2-5 мг морфинк/т салдым, 30 минуттан кейін қайта салдымнемесе 1-2 мл 0,005 % фентанилерітіндісін салдым.
4. 5000 ЕДгепарин к/т салдым.
5. 0,25 г аспирин шайнатып, жұтқызыңыз.
6.200 мл 0.9 % натрий хлоридінің ерітіндісін10 мин. ішінде к/т салдым.
7.200мг дофаминді 400 мл 5% глюкоза ерітіндісаімен к/т салдым.
8. Науқасты стационардың жан сақтау бөліміне немесе кардиология бөлімінің қарқынды терапия палатасына жібердім.
9. Науқасты зембілге басын көтеріңкі етіп жатқызып тасымалдаңыз.
Қорытынды
Асқазаннан қан кету кезінде шұғыл көмек көрсету.
Кардиогенді шок кезінде шұғыл көмек көрсету
Инфаркт Миокард кезінде шұғыл көмек көрсету
Естен тану кезінде шұғыл көмек көрсету.
Коллапс кезінде шұғыл көмек көрсетуді уйреніп тәжірибе алдым.
Терапия бөлімі
Пост

Науқасты жалпы қарадым
Қалқанша безге пальпация жасауды уйреніп көрдім
Кеуде сарайның пальпациясын жүргіздім.
Кеуде сарайының ауырсынуының анықтадым
Постағы журналдармен таныстым
Науқасқа курация жүргіздім
Науқасты жалпы қарау (реттілігі).

 Жалпы қарау жүйе бойынша реттілігі сақталып жүргізіледі және науқаспен алғашқыда кездесіп, әңгімелескенде басталады.
             Науқастың жалпы жағдайы, жалпы жағдайы  анықталады (қанағаттанарлық, орташа, ауыр, өте ауыр, өлім халінде).
             Науқас есінің жағдайы: анық (сақталған), бұзылған: 
а) сопор - әңгіме арасында ұйқыға кетіп қалып отырады, сұраққа оянып жауап береді;
б) ступор – есеңгіру-берілген сұрақтарға дәл жауап бермейді;
 в) кома-ес-түссіз жағдай
г) елерушілік, елестеушілік, сандырақтау.
 Науқастың төсектегі жағдайы:
а) активті (белсенді) - өзіне жағдай жасай алады;
б) пассивті - енжар- айналасына енжарлықпен қарайды, өзіне жағдай жасай алмайды (сұлқ түсіп жату).
в) мәжбүрл і- дертіне сәйкес өзінің жағдайын жеңілдететін қалпы (мысалы- ентігу, тұншығу болса- тұрып отырады-ортопноэ).
Дене бітімін анықтадым:
а) дене құрылымын (конституциясы) – астеник-бойшаң; нормостеник-қалыпты-орташа бойлы; гиперстеник-алыпты, аласа бойлы;
б) бойының ұзындығы;
в) салмағы;
Басты қарау-пішіні (сақталған, кішірейген, үлкейген), шаштың жағдайы (барлығы, жоқтығы, майлығы, қалыңдығы); бастың қалтырауы, мойын омыртқаларының қимылы (сақталған, шектелген).
Бет-әлпетін қарау-терісінің түсі.
а) Бетінің үшкірленуі - «Гиппократ беті».
б) Бүйрек дерттерінде ісінген, бозғылт бет қ сарғыштанумен;
-акромегалияда - иек, жақ, қас үсті сүйектерінің айқын үлкеюі – Иценго-Кушинга ауруында – ай тәрізді дөңгелек, көгерген, иегі шаштанған;
д) ұшықтар (герпес) – мұрнында, еріндерінде.
е) мұрынды қарау-мұрын қылқаны сақталған, қисайған, терісінің түсі көгерген.
ж) ауыз қуысын қарау-кілеге қабаты (түсі, бөртпелер), тілі түсі, ылғалдылығы, тазалығы
Мойынды қарау- жуандығы, көзге көрініп тұрған қан тамырлардың соққысы, лимфа түйіндері, қалқанша бездің үлкеюі.
Терісін, кілегей қабаттарының, тері асты майының даму деңгейін қарау.
 Терісі:
а) түсі (қалыпты, бозғылт, қызарыңқы, көгерген (цианоз), сарғайған, ақ таңдақтар, бөртпелер;
б) ылғалдылығы
в) құрғақтығы
г) серпімділігі
- кілегей қабаттары-көздің, еріннің, ауыздың – түсі- бозғылт, сарғайған, көгерген.
-тері асты шелінің дамуы-кіндік аймағында ер адамда, жауырын астында-екі саусақпен қалыңдығы тексеріледі (1,5-2,0 см)
- ісіктер-орналасқан орны, таралуы; көрінбейтін ісіктер-тобықта саусақпен басу арқылы анықталады; таралған ісіктер-анасарка-дене бойынша.
         Лимфа түйіндерін қарау-желкесінде, мойында, құлақ айналасында, жақ астында, бұғана үстінде, астында, қолтық асты, шынтақта, шапта, тізе асты- сипау арқылы мына мәліметтерді алу керек: көлемі, тығыздығы, қозғалғыштығы, ауырсынуы, терімен немесе бір-бірімен жанасуы.
        Сүйектер мен буындарды қарау- қимыл көлемі (өзі жасайтын, көмекпен жасалатын); аурсынғыштығы, ісінуі, қызаруы, пішінінің өзгеруі; саусақтардың қолда домалақтануы («дабыл таяқшасы»), тырнақтардың тегістеліп, «сағат әйнегі» сияқты өзгеруі.
       Бұлшықет еттерді тексеру:
а) даму деңгейін (азаюы-атрофия; симметрияланған: екі қолда, аяқта, иықта, кеуденің екі жартысында салыстырылады).
б) ауырсынғыштығын
в) тығыздығын
г) күшін
5. Алынған мәліметтерді жазып алу.
- науқастың жағдайы қанағаттанарлық;
- тері түсі өзгермеген (қалыпты);
- терісі көгістенген;
- шеткі лимфа түйіндері үлкеймеген;
- шап лимфа түйіндерінің екі жағында да мөлшері моншақ тәрізді үлкейген, ауырсынғышты, жұмсақ, қозғалмалы;
- буындарының пішіні өзгермеген, буындағы белсенді қозғалыстар толық көлемді.


«Қалқанша безге пальпация жасау әдісі»

Пациентті ыңғайландырып отырғыздым, тұрғыздым немесе арқасымен жатқыздым. Қалқанша безге пальпация жасаудың үш әдісі бар:
1-әдіс–зерттеуші науқастың алдында тұруы тиіс, екі қолдың бүгілген II— V саусақтарын артқы кеуде-бұғаналық-емізік шебұлшық еттеріне, ал бас бармақтарыңызды қалқанша сіңірге көрсетілген сіңірлердің алдыңғы жағының ішіне қарай қойдым. Пальпация жасау барысында науқастың жұтынуын өтіндім, сол сәтте қалқанша без жұтқыншақпен бірге орнынан жылжып, дәрігердің саусақтарының арасынан өтеді.
2-әдіс–дәрігер науқастың оң жағында сәл алдында болуы тиіс. Мойын бұлшық еті бос болуы үшін науқастың басын алдына қарай сәл еңкейтуін өтіну қажет. Дәрігер сол қолының алақанымен науқастың мойнын артқы жағынан ұстап тұрады, ал оң қолының саусақтарымен қалқанша безге пальпация жасайды.
3-әдіс–зерттеуші науқастың артқы жағында тұруы тиіс. Қолының бас бармағын мойынның артқы жағына қояды, ал қалған саусақтарын қалқанша сіңірлеріне кеуде-бұғаналық-емізікшебұлшық етінің алдыңғы жағынақойып, пальпация жасауы тиіс.
 
«Кеуде қуысын пальпациялау»
 
Пальпацияны екі қолмен жасадым, ол үшін саусақтардың немесе алақанның ішкі жағын кеуденің сол немесе оң жақтарының симметриялық жерлеріне қойдым.
Пальпация арқылы:
1. Кеуде қуысының ауырсынуын;
2. Кеуде қуысының созылмалы болуын;
3. Эпигастрий бұрышының енін;
4. Дауыс дірілін анықтадымға болады.
«Кеуде қуысының ауырсынуын анықтадым»
 
1. Науқастың беліне дейін шешінуін өтіндім.
2. Науқасты отырғыздым немесе орнынан тұрғыздым.
3. Пальпацияны екі қолыммен жасадым, екі қолдың саусақтарының ұштарын бірден кеуде қуысының симметриялық жерлеріне қойдым.
4. Әрі қарай бұғана үстіне, бұғанаға, бұғана астына, кеудеге, қабырғалар мен қабырғалардың арасына, сонан кейін кеуде қуысының шет жақтарына, онан әрі жауырындардың арасына және жауырын астына пальпация жасадым.
Науқастарға курация жүргіздім

Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіштері: ішкі мүшелердің аурулары
Кері көрсеткіштер: жоқ
Жабдықтау: ауру тарихы
1. Науқасты психологиялық дайындадым
2. Ыңғайлы отырдымын сұрадым
3. Науқастың қасына үстелге отырдым
4. Әңгімелесу барысында науқасты әр түрлі тітіркендіргіштерден шектедім
5. Төлкұжат мәліметін жинадым
- аты-жөні,
-тегі; - жасы;
- мамандығы;
- мекен жайы;
6.Науқастың негізгі шағымдарын анықтадым.
- шағымдардың байланысын тауып, симптомдар мен синдромдарын айқындадым
7.Келесі схема бойынша ауру анамнезін жинадым:
-аурудың басталуы;
-аурудың ағымын айқындадым (жедел, созылмалы);
-осы ауруды шақыратын себебтерін анықтадым;
- жалпы бұзылыстарды айқындадым; - қолданған емнің нәтижесі;
- өршу жилігін белгіледім;
8.Өмір анамнезін сұрастыру:
- тұқым қуалаушылық;
- дамуы;
-бала кезінде және өмір бойы ауырған аурулары;
-зиянды әдеттер;
-өмір және тамақтану ерекшеліктері;
- аллергиялық реакциялар;
- қан құю жағыдайлары ;
-жақын туысқандарының денсаулығы;
- жұмыс және тұрмыс ерекшеліктері;
9.Медициналық құжаттарға осы мәлеметтерді кіргіздім

Қорытынды
Тәжірибелік жұмыстың бірінші күні мен эндокринология бөлімшесінің құрылысымен таныстым және постағы мейірбикеге көмектестім. Постағы журналдармен таныстым,
науқасқа курация жүргіздім, науқасты жалпы қарадым және
қалқанша безге пальпация жасауды, кеуде сарайның пальпациясын, кеуде сарайының ауырсынуын анықтауды уйреніп көрдім.


Приложенные файлы

  • docx 9475171
    Размер файла: 904 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий