((Әдебиеттік оқу 2 сынып нұсқаулық 1 бөлім


Мұғалімге арналған нұсқаулық

1-БӨЛІМ
20172
ӘОЖ 373.3 (072)
КБЖ 842.58.0
Қ 13
Авторлары:
Р.Ж. Кабдолла, А.К. Шадетова
Қ 13Әдебиеттік оқу: 2 сынып. Жалпы білім беретін мектептердің 2-сыныбына
арналған мұғалімге арналған нұсқаулық. 1-бөлім. / Р. Ж. Кабдолла, А.К. Шадетова. – Астана: «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. – 132 б., сур.
ISBN 978-601-7905-56-9
1-бөлім – 2017. – 132 б.
ISBN 978-601-7905-64-4
ISBN 978-601-7905-56-9 (жалпы)
ISBN 978-601-7905-64-4 (1-бөлім)

ӘОЖ 373.3 (072)
КБЖ 74.268.0
© «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017
Кіріспе

Мазмұны
Кіріспе121-ТАРАУ. ӨЗІМ ТУРАЛЫ21
Жайлаудағы демалыс22Мен әдепті баламын24Үлкенге жол беру – менің міндетім26Қолғанат28Қолымнан келеді, қамқорлық.30
Орынсыз еркелемеймін.32Мен не жасай аламын?.34
Басқаларға ұқсамаймын.36
Басқаларға ұқсамаймын.38
Мен күштімін40Мен осындай баламын!42
Менің талабым таудай44
Мен баратын үйірме46
2-ТАРАУ. МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ49
Отбасым – бақытым50
Біріміз – бәріміз үшін!.52
Бірлік – таусылмас байлық54
Ізгілік бастауы56
Мейірім көзі58
Татулық – таптырмас байлық.60
Адалдостық.62
Нағыз дос.64
Досы көпті жау алмайды.66
Дос.68
Менің досым қандай?.70
Маған жақын адамдар.72
3-ТАРАУ. МЕНІҢМЕКТЕБІМ75
Білім керек бәріне76
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.78
Алғашқы сабақ80
Менің қиялымдағы мектеп82
Мектеп – ана, асыл дос.84
Мектеп – менің өз үйім.86
Керемет баға.88
Кітаптың мұңы.90
Керек оқу құралдар, жақсы білім аларға.92
Дәптер, қалам – достарым.94
Қамқоршы мұғалім.96
Кезекшілік міндетім98
4-ТАРАУ. МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ101
Туған елім.102
Туған жер – байлығың.104
Батыр туса – ел ырысы.106
Батыр туса – ел ырысы.108
Астанам – айбарым.110
Астана – жас қала.112
Жайлауы жасыл байтақ ел.114
Мен тұратын өлке.116
Аңыз түбі – ақиқат118
Даналық даламнан дарыған.120
Елімнің даналары.122
Елге еңбек еткен де – ерлік124
Туған жерге туың тік!.126
1-тарау. Өзім туралы
4
Оқу мақсаттары, тірек сөздері жайлы карта
Бет Тарау/ тақырыпша Негізгі мәтіндер Тыңдалым Оқылым Жазылым Сөйлесу Тілді қолдану Сөз қоры Дыбыс және әліппе
1-тарау. Өзім туралы
1 Жайлаудағы демалыс Жайлаудағы жаз
Қ. Баянбай 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. 2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын шығармадан таба білу;
2.2.1.1 Шығарманы дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу. жайлау, сәске, бесін, текемет, ұшар басы, асқар тау 2 Мен әдепті баламын Әдеп
Т. Қажыбаев 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау;
2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;
2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау. жайғасу, әзер, қарт, ыңғайлану, қалқам,
төңірек 3 Үлкенге жол беру – менің міндетім Рақмет, ата (Балдырған журналынан) 2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.2.9.1 Сұрақтың жауабын анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгіге/ кестеге салу;
2.2.1.1 Шығарманы дауыстап, дұрыс әрі түсініп/ рөлге
бөліп/ мәнерлеп оқу. қария,
құрт, ірімшік, риза болу 4 Қолғанат Қолғанат
Н. Қадырбаев 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;
2.1.5.1 Тірек сөздерді пайдалана отырып, өз ойын, сезімін жеткізу. көзі іліну, машықтану, кілт өзгеру, қойма,
қас қараю 5 Қолымнан келеді, қамқорлық Қамқорлық Ә. Ысқақбаев 2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/ сахналау. 2.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау;
2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу. ертеңгілік, көкейі, қиылыс 6 Орынсыз еркелемеймін Әмірдің қулығы А. Хамзеұлы 2.1.5.1 Тірек сөздерді пайдалана отырып, өз ойын, сезімін жеткізу;
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау. 2.2.4.1 Мақал- мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме,
өлеңдердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау. қит ету дүрсілдету керіліп-созылып сүйретілу мойнына салу 7 Мен не жасай аламын? Кішкене маса (Ертегі) 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау. 2.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру;
2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу. үлпілдек, сымбатты, ғажайып, мөп- мөлдір, сүйсіну 8 Мен басқаларға ұқсамаймын Ұсқынсыз керік (Ертегі) 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. 2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу. Африка, сұрықсыз, келемеж, моншақ-моншақ, ебедейсіз
Бет Тарау/ тақырыпша Негізгі мәтіндер Тыңдалым Оқылым Жазылым Сөйлесу Тілді қолдану Сөз қоры Дыбыс және әліппе
9 Мен басқаларға ұқсамаймын Ұсқынсыз керік (Ертегі) 2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау. 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу жападан-жалғыз, мұңаю, кенет, өрмелеу,
бұрын-соңды немесе дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар/ санамақтар құрау. 10 Мен күштімін Кім күшті? М. Әлімбаев 2.1.5.1 Тірек сөз- дерді пайдалана отырып, өз ойын, 2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, алты батпан ауыр, алшаю, көк шұнақ сезімін жеткізу; пунктуациялық, 2.1.4.1 Сөйлеу ба- стилистикалық рысында мақал-мә- қателерді табу телдерді, вербалды
емес тілдік құрал- және түзету. дарды қолдану. 11 Мен осындай баламын! Аппақ бала Ө.
Тұрманжанов 2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ шап-шақ, тақ-тақ, суық сөз, талпыну оның жауабын жұмбақтар жазу шығармадан таба білу. немесе дайын
ұйқастарды қатыстырып, шумақтар/ санамақтар құрау; 2.3.3.1 Мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу. 12 Менің талабым таудай Таудай үлкен талабы
Ә. Табылды 2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, 2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы Таудай үлкен талабы, қастерлейді, қадірлейді, оның жауабын
шығармадан таба білу. бөліктерге бөліп,
жоспар құру. ізетті 13 Мен баратын үйірме 2.2.9.1 Сұраққа жауапты анықта- малық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздік- 2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, жарнама, үйірме, қолөнер, құлағын бұрау терден табу және стилистикалық ақпаратты берілген қателерді табу үлгі/ кестеге салу;
2.1.2.1 Шығарманың және түзету. мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау. 2-тарау. Менің отбасым және достарым
1 Отбасым – бақытым Кішкентай қарындасым Ә. Табылды 2.1.5.1 Тірек сөздерді пайдалана отырып, өз ойын, сезімін жеткізу; 2.3.3.1
Мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ 2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы қуаныш, жақсы көру, қамқорлық, мейірім, бақыт 2.1.1.1 Шығарманың аппликация/ бөліктерге мазмұны бойынша фотосуреттер бөліп, жоспар берілген сұрақтарға жауап беру. пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу. құру. 2 Біріміз – бәріміз үшін! Үш көбелек (Неміс ертегісі) 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау. 2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.2.1.2 Шығарманы алаңқай, ық, сая, таса, пана, іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу. 3 Бірлік – таусылмас байлық 2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұм- береке, бірлік, ынтымақ мазмұндау/ үзіндісін бақтар жазу мазмұндау/ немесе дайын сахналау. ұйқастарды
қатыстырып, шумақтар/ санамақтар құрау.
Бет Тарау/ тақырыпша Негізгі мәтіндер Тыңдалым Оқылым Жазылым Сөйлесу Тілді қолдану Сөз қоры Дыбыс және әліппе
4 Ізгілік бастауы Менің әжем Қ. Мырза-Әлі 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың ізгілік, бақ, асыл, нағыз тақырыбы мен негізгі ойын анықтау; 2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу; 2.2.9.1 Сұрақтың жауабын анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгіге/ кестеге салу. 5 Мейірім көзі Жылу Ф.
Оңғарсынова 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау; нәрлі, жылу, нұр, ғұмыр, арайлы 2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу. 6 Татулық – таптырмас Отбасы татулығы 2.2.4.1 Мақал- мәтел, жұмбақ, 2.1.5.1 Тірек сөздерді шыдамдылық, сүйіспеншілік, ақ- байлық (Қытай аңыз-
әңгімесі) ертегі, тұрмыс-салт
жырлары, әңгіме, өлеңдердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау; пайдалана
отырып, өз ойын, сезімін жеткізу. қарасын анықтау,
келісім, қауым 2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. 7 Адал достық Екі дос
Е. Өтетілеуұлы 2.1.4.1 Сөйлеу барысында
мақал-мәтелдерді, 2.1.5.1 Тірек сөздерді пайдалана әділ, шыншыл, қызықты, құралпы, вербалды емес отырып, өз еңбексүйгіш, тілдік құралдарды қолдану. ойын, сезімін жеткізу. талапты 8 Нағыз дос Адал дос
М. Төрежанов 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың жайбарақат, сырқат, тұтылу жауап беру. тақырыбы мен негізгі
ойын анықтау. 9 Досы көпті жау алмайды Құмырсқа
Т. Әбдірайым 2.2.4.1 Мақал- мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, 2.1.5.1 Тірек сөздерді пайдалана отырып, өз әурелену, илеу, илеулес, жалғыздық өлеңнің жанрлық ойын, сезімін ерекшеліктерін
анықтау; жеткізу. 2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау. 10 Дос 2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын сырлас, сыйлас, тамыр сұрақтарын қою, ертегілер/ оның жауабын жұмбақтар жазу шығармадан таба білу. немесе дайын
ұйқастарды қатыстырып, шумақтар/ санамақтар құрау.
Бет Тарау/ тақырыпша Негізгі мәтіндер Тыңдалым Оқылым Жазылым Сөйлесу Тілді қолдану Сөз қоры Дыбыс және әліппе
11 Менің досым қандай? Екі дос (Нақыл әңгіме) 2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу; тасқа қашау, жанашыр, жылы шуақ 2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу; 2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету. 12 Маған жақын адамдар 2.3.3.1 Мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ алғыс хат аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу; 2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету. 3-тарау. Менің мектебім
1 Білім керек бәріне Білім керек бәріне
Ф.
Оңғарсынова 2.1.4.1 Сөйлеу барысында
мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды 2.2.9.1 Сұрақтың жауабын анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ білім, теңіз, мектеп, кеме, ұйқас қолдану. сөздіктерден табу
және ақпаратты берілген үлгіге/ кестеге салу; 2.2.4.1 Мақал- мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау. 2 Ғылымға көңіл бөлсеңіз Өнер-білім бар жұрттар
Ы. Алтынсарин 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау; айшылық алыс жер, күн жарымда, дүниені кезу 2.2.1.1 Шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу. 3 Алғашқы сабақ Балалық шаққа саяхат
Б. Соқпақбаев 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі малдас құру, киіз үй, шөге-шөге ойын анықтау; 2.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру; 2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу. 4 Менің қиялымдағы мектеп 2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ ғажайып, болашақ, қиял оның жауабын жұмбақтар жазу шығармадан таба білу. немесе дайын
ұйқастарды қатыстырып, шумақтар/ санамақтар құрау; 2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.
Бет Тарау/ тақырыпша Негізгі мәтіндер Тыңдалым Оқылым Жазылым Сөйлесу Тілді қолдану Сөз қоры Дыбыс және әліппе
5 Мектеп – ана, асыл дос Мектеп біздің анамыз
Ө.
Тұрманжанов 2.2.1.1 Шығарманы дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу. 2.3.3.1 Мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер күзге тіреп күн иек, шөмеле, межелі, рай пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу; 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар/ санамақтар құрау. 6 Мектеп – менің өз үйім Орындықтың әлегі 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы 2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін си- паттау, мінез-құлқы мүлік, тым-тырыс, жауапкершілікпен қарау, қорғаныс бөліміне) сүйеніп, мен іс-әрекетін қаруы, ауыр жүк оқиғаның соңын болжау. бағалау;
2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығар- түсу мадағы көркемдеуіш құралдарды (салысты- ру, кейіптеу) табу. 7 Керемет баға Керемет баға Р. 2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын 2.1.5.1 Тірек сөздерді дәліз, танауы желпілдеу, Әбдіқадырова жоспар бойынша
немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін пайдалана
отырып, өз ойын, сезімін бағдарлай қарау,
аптықпау мазмұндау/
сахналау; жеткізу. 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. 8 Кітаптың мұңы Кітаптың мұңы Ә. Балта 2.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы 2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған есіл-дерті, күн ұзақ, еркінсуғ көрсоқыр, қылдай оқиғаның басталуын,
дамуы мен аяқталуын шығарманы
бөліктерге бөліп, ой, дәу анықтау;
2.2.8.1 Мұғалімнің жоспар құру. көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау. 9 Керек оқу құралдар, жақсы білім аларға Ертеңгілік
Е. Ашықбаев 2.2.4.1 Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұр- мыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшелік- 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу Ретім жоқ «қап!» дер, әдетінен жаңылмау терін анықтау; немесе дайын 2.2.3.1 Мұғалімнің ұйқастарды көмегімен шығарма- қатыстырып, ның тақырыбы мен шумақтар/ негізгі ойын анықтау. санамақтар құрау. 10 Дәптер, қалам
– достарым Ақ дәптердің олақ қаламға зары
М. Әлімбаев 2.1.5.1 Тірек сөздерді пайдалана отырып, өз ойын, сезімін жеткізу. 2.3.3.1
Мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ 2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтел- дерді, вербалды емес тілдік бүй деді, зергер, жөн-жосық, безіну, үрку фотосуреттер құралдарды пайдаланып, қолдану; шығармашылық 2.1.5.1 Өз ойы жұмыс жазу. мен сезімін
тірек сөздерді пайдалана оты- рып жеткізу. 11 Қамқоршы мұғалім Қамқоршы мұғалім
А. Исәділ 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. 2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. 2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру. пана, нану, имену, асулардан асу, тұғырынан түспеу
Бет Тарау/ тақырыпша Негізгі мәтіндер Тыңдалым Оқылым Жазылым Сөйлесу Тілді қолдану Сөз қоры Дыбыс және әліппе
12 Кезекшілік міндетім Кезекшілік М. Әлімбаев 2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу. 2.3.4.1
Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету; 2.3.3.1
Мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу. кезекші, қоқыс жию әркім 4-тарау. Менің туған өлкем
1 Туған елім Туған жер О. Асқар 2.1.5.1 Тірек сөздерді пайдалана отырып, өз ойын, сезімін жеткізу. 2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау. байтақ ел, жөргек, белін буу, диқан, қамба 2 Туған жер – байлығың Туған жер Халық ертегісі 2.2.1.2 Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;
2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын шығармадан таба білу. 2.1.5.1 Тірек сөздерді пайдалана отырып, өз ойын, сезімін жеткізу. жұмақ, ғажап, тікенек 3 Батыр туса – ел ырысы 2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. 2.3.3.1
Мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу. 2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану. батыр, ерлік 4 Батыр туса – ел ырысы Толағай (Аңыз) 2.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиға- ның басталуын, да- муын мен аяқталуын анықтау;
2.2.4.1 Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұр- мыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшелік- терін анықтау;
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін си- паттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. туған ел, ер жігіт 5 Астанам – айбарым Ақорда
Ә. Ысқабай 2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу. 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар/ санамақтар құрау. көгілдір күмбез, қажымас қайрат шырақ 6 Астана – жас қала 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. 2.2.1.1 Шығарманы дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу. қалану, тоғыз жолдың торабы, байтақ, ел, інжу- маржан 7 Жайлауы жасыл байтақ ел 2.2.1.1 Шығарманы дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу;
2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар/ санамақтар құрау. шалғай, шүйгін, жазғы қоныс 8 Мен тұратын өлке Мен елімді сүйемін
С. Мәуленов 2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау. табалдырық, қия, мұржа, балауса, шапақ, мейірбан
Бет Тарау/ тақырыпша Негізгі мәтіндер Тыңдалым Оқылым Жазылым Сөйлесу Тілді қолдану Сөз қоры Дыбыс және әліппе
9 Аңыз түбі – ақиқат «Бурабай туралы аңыз» 2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын шығармадан таба білу. ақбас бура, Күміскөл, қасиетті, әулие жануар, боздау 10 Даналық даламнан дарыған Жерден ауыр не? (шешеендік сөз) 2.2.9.1 Сұрақтың жауабын анықта- малық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздік- терден табу және ақпаратты берілген үлгіге/ кестеге салу;
2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау. тәкаппар, шешен, би 11 Елімнің даналары Бала Төленің бата алуы (Ел аузынан) 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау. 2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру. 2.1.5.1 Тірек сөздерді пайдалана отырып, өз ойын, сезімін жеткізу. Абыз, бата алу, солқылдақ шыбық, ауызбірлік 12 Елге еңбек еткен де – ерлік Бидай мен қаңбақ (Мысал) А. Тоқмаған- бетов 2.2.1.1 Шығарманы дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу;
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. сайран салу, қанасына сыймау, тұлға болмау, тегістік, абырой 13 Туған жерге туың тік! Туған өлкем Ө.
Тұрманжанов 2.2.9.1 Сұрақтың жауабын анықта- малық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздік- терден табу және ақпаратты берілген үлгіге/ кестеге салу;
2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығар- мадағы көркемдеуіш құралдарды (салысты- ру, кейіптеу) табу. 2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар/ санамақтар құрау. жұпар, ақ күмістей, көркем Кіріспе
Ұсынылған оқу-әдістемелік кешен «Әдебиеттік оқу» пәнінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 Қаулысымен бекітіл- ген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастама- сымен жазылған. Оқу кешенінде қамтылған мате- риалдар 2-сынып оқушыларының жас ерекшелігі мен таным-түсінігіне, өскен ортасы мен әлеумет- тік мүмкіндігіне сай таңдалған. Алайда оқушының ғаламдық білім кеңістігі аясын кеңейту және пән- дік білімін толықтыру мақсатымен түрлі мәдениет, өнер және ғылым салаларына қатысты мағлұмат- тар қосымша ұсынылады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақ мазмұны өте жеңіл түрде құрылып, біртіндеп күр- делену қағидатына негізделеді. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін білім жүкте- месін анықтап, сабақты ұйымдастыру және өткізу өте маңызды. Сондықтан «Әдебиеттік оқу» оқу-әді- стемелік кешенінде өлеңдер мен әңгімелер, тіл да- мытуға және білімді бекітуге арналған суреттер мен ойындар, ертегілер мен аңыздар молынан қамты- лады. Әсіресе жобалық жұмыстар арқылы жоспар- лауды, нұсқауды түсініп жоба жасауды, өз еңбегін қорғауды, өзін және өзгені бағалауды игереді.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдылары арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүр- гізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұ- мыс жасау, өлең жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолда- ну барысында оқушылардың сөздік қоры жетіледі. Бастауыш сыныптардағы «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшелігі және қор- шаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.
Сыныпты басқару ісіне қатысты жұптық, топ- тық жұмыстар берілетін білімнің жүйелі, өміршең болуына ғана септігін тигізіп қоймайды, сонымен қатар оқушылардың өзара коммуникативтік қа-

білетін нығайтады. Өз ойын еркін жеткізуге, өзгенің пікірімен санаса білуге ерте жастан үйретеді.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – баста- уыш сынып оқушыларының көркем шығарма- ны сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қай- та жаңғыртуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндет- терді шешу көзделеді:
әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;
коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларды қалыптастыру;
ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушылардың бойына сыйластық, құрмет көрсету сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап, оқу) жетілдіру;
оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдысын меңгерту;
сыни ойлауын жетілдіру;
көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындауға дағдыландыру.
Тіл үйрету оқулықтарын әзірлеу жобасының материалдарын пайдалану әдісі
Компоненттер
«Әдебиеттік оқу» оқыту-әдістемелік кешені бір- неше компоненттерге жіктеледі:
Оқулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Оқушының жұмыс дәптері
Мұғалім нұсқаулығына қосымша
Әдебиеттік оқу пәнінің оқу-әдістемелік кешені бағдарламада көрсетілген ортақ 8 лексикалық тақы- рыптарды негізге ала отырып, тілдік оқу дағдысы мен білімді игертуді көздейді. «Өзім туралы», «Менің от- басым және достарым», «Менің мектебім», «Менің туған өлкем» сияқты алғашқы төрт тарау бір кітапқа жинақталған. Келесі төрт тарау екінші кітапқа жи- нақталып, басылған.
Оқулықтың әр тарауында қамтылған лексика- лық қордың көлемі оқушының қабылдау деңге йіне сай алынған. Әр сабақта 5-6 жаңа сөзді үй- рету принципі ұстанылады. Әрбір жаңа сөз алда берілетін тапсырмаларда қайталанып отырады. Оқушының ынтасын арттыратын тапсырмалар беріледі. Олар күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, өз ойын айтуды үйретеді.
Тілді оқыту оқулықтарын әзірлеу жобасының компоненттері
1-2 бөлім 1-2 бөлім
2 Мұғалімге арналған нұсқаулық. Әр нұсқаулық 4 тараудан тұрады және CD дискісі бар.
2 оқулық. Әр оқулық 4 тараудан тұрады.

1-2 бөлім 2 жұмыс дәптері. Әр жұмыс дәптері 4 тараудан тұрады.

«Әдебиеттік оқу» оқу-әдістемелік кешенінің құрылымдық сипаттамасы
Оқулық мазмұны «Әдебиеттік оқу» оқу бағдар- ламасында көрсетілген лексикалық ортақ тақырып- тардың мазмұнын сақтай отырып, құрастырылған. Бағдарламада көрсетілген әрбір ортақ тақырып бірнеше сабақтан тұрады. Әр тарау тыңдалым, ай- тылым, оқылым, жазылым дағдыларына негіздел- ген сабақтардан тұрады. Осымен байланысты әр сабақтың тапсырмалары аталған дағдыларға не- гізделген. Сыныптағы оқушылардың қабілеті жоға- ры не төмен болуымен байланысты бір сабақтың тапсырмалары бірнеше сабаққа бөлініп берілуі де мүмкін.
Оқулық – ұсынылып отырған оқыту-әдісте- мелік кешеннің ең негізгі құралы. Кешеннің қалған компоненттері осы аталған оқулықтың негізінде құрастырылып, жазылған.
Жұмыс дәптері – оқушылардың оқулықта берілген тіл мен дағдыларды жете меңгеруі үшін қосымша жаттықтыру мақсатымен құрастырылған тапсырмалар құралы.
Бастауыш сынып сабағының ұйымдастырылуы
Сынып ішін 2-сынып оқушыларының жас ерек- шелігіне сай безендіру, жиһаздармен жасақтау мәселелері – оқыту үдерісінің маңызды бөлігі. Бұл кезекте мынадай кеңестерді ескеріңіз:
үстелдерді орналастыру. Топтық жұмысты қамтамасыз ету үшін оқушылардың партасын төрттен немесе алтыдан қатар орналастырыңыз;
сынып алдындағы тақтаны немесе басқа да көрнекі заттарды барлық оқушының көріп отырғанына көз жеткізіңіз;
сыныптың ішін кеңістікті тапсырмалардың түріне қарай бөліп қойыңыз. Мәселен, оқу бұрышы, әңгіме бұрышы, ойын алаңы т.б.;
сынып қабырғасына оқушылардың жұмысынан тұратын көрме ұйымдастырыңыз;
«Сынып міндеттері» постерін жасауды назардан тыс қалдырмаңыз. Сабақ барысында жиі қолданылатын жайттарды, мәселен, тақтаға, дәптерге күннің жадын жазу.
Сыныпты басқару
Мұғалім сабақтың сапалы өтуі үшін сыныпты басқарудың түрлі тиімді тәсілдерін қолданулары қажет. Ол үшін мынадай нұсқауларды назарыңыз- ға ұсынамыз:
оқушылардың сыныпқа кіруі немесе шығуы
үшін оларды бір қатарға тұрғызыңыз;
сынып ережесін құрастырып, қабырғаға іліп қойыңыз. Бұл ережелер оқушыларға түсінікті болуы үшін тәртіптік, тәрбиелік мәні бар суреттерді де қолданыңыз;
сыныпта белгілі бір тәртіп орнатыңыз. Мысалы, сырт киімді шешіп қою, белгіленген орынға ілу,
отырған орнын таза ұстау т.б.;
тиімді нұсқаулар беріңіз. Берілген нұсқаудың түсінікті, қарапайым, қысқа болуын естен шығармаңыз;
жетістіктер мен тәртіптілікті марапаттау жүйесін жасаңыз. Мысалы, жекелеген оқушылардың кестесіне біртіндеп
«жұлдызшалар» жинақтау;
қабілеті әртүрлі оқушыларды басқарыңыз. Тапсырмаларды ерте аяқтаған оқушыға берілетін қосымша тапсырмаңыз дайын болсын;
ойындар мен тапсырмалар арқылы сыныптасын қолдауға және топпен бірге жұмыс істеуге оқушыны үнемі ынталандырыңыз;
тапсырмаларды оқушылардың қабілетін ескере отырып, дұрыс бөліңіз.
Дифференциацияланған оқыту
Дифференциация мұғалім пайдаланатын әртүрлі материалдар мен әдістерді білдіреді және сыныптағы оқушы қабілетінің және оқыту стиль- дерінің әртүрлі деңгейін есептеу үшін қолданыла- ды. Тілді үйрету оқулықтарын әзірлеу жобасының барлық компонентіндегі тапсырмалар тақырып- тарды, тапсырма түрлерін және тапсырма дизай- нын таңдауға қатысты дифференциацияланған оқыту әдісіне сәйкес жасалған. Мұғалімге арналған нұсқаулықта әрбір тақырыпшаға/блокқа арналған тапсырмалардың дифференциациялап оқыту әдісіне сай құрастырылуы қамтамасыз етіліп, ол тапсырмалармен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріп береді. Мұғалімге арналған ескертпеде оқытушы дифференциаланған оқыту әдісін қол- дана отырып, оқыту материалдарын ала алады.
Бағалау
Ұсынылған оқыту кешенін пайдалану кезін- де мұғалім 2-сынып оқушылары үшін жиынтық және қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жүргізеді.
Жиынтық бағалау оқушылардың белгілі бір ке- зеңде не үйренгендерін өлшейді (мысалы, тоқсан- дық, жарты жылдық немесе оқу жылының соңы), алқалыптастырушыбағалауоқушылардың ағымдағы ілгерілеуін бақылауға арналған. Қалып- тастырушы бағалау мұғалімдерге оқушылардың деңгейлерінің бағдарлама мақсаттарына қанша- лықты жақын немесе алыстығы туралы маңызды ақпарат береді. Сонымен қатар оқушылардың әл- сіз тұстарын жетілдіруді жоспарлауға көмектеседі. Бейресми қалыптастырушы бағалауды блок тапсырмаларының әрбір жинағы аяқталған кез- де және әр тараудың соңында берген жөн. Оқу- лықтың әр тарауының соңында және «Қалып- тастырушы бағалау стратегияларында» (16-17) оқушының жасына сәйкес бағалау тапсырмалары
берілген.
2-сынып оқушыларына арналған қосымша қолдау
Оқушылардың сыныптан тыс жерде тілді үй- ренуге деген ынтасын арттыру – жақсы идея. Сол себептен оқушылар күнделікті өмірде кездесетін ақпараттармен сабақта танысса, ал сыныптан тыс уақытта оны қолдана алады.
Үй жұмысы
Жұмыс дәптері – оқулыққа қосымша ретінде үй жұмысын орындау үшін қажетті құрал.
Мұғалім қосымша тапсырма беру үшін арнайы үй жұмысы саясатын жүргізуі тиіс.
Мүмкін болған жағдайда оқушылардың үй тапсырмасының орындалуына ата-анасы мен тәрбиешісінің де қолдауы қажет. Қолдауды оқушының күнделігін пайдалану арқылы көрсетуге болады. Бұл күнделікке оқушы үй жұмысы тапсырмаларын жазады, ал ата-ана апта сайын қол қояды. Мұғалім ата-анаға сабақта өткен тақырып пен тірек сөздерді хабарлайды және тапсырмаларды үйде тереңдету бойынша ұсыныстарын білдіріп, тоқсандық хаттар жібереді.
Жоспарлауға қолдау көрсету
Сабақты жоспарлау
Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім тақырып бойынша оқушыларды қызықтыратын және ілгерілеуі- не септігін тигізетін тапсырмаларды таңдауы тиіс.
Мұғалім жалпы оқу мақсатын және сабаққа берілген уақытты алдын ала жоспарлайды. Сонымен қатар, жоспарланған сабақ алдыңғы сабақпен тығыз байланысты болуы керек.
Сабақ құру
Мұғалім сабақ құру барысында тапсырмаларды таңдауы тиіс. Тапсырмаларды және сабақтың жалпы жұмыс сызбасын сыныптың ерекшелігіне байланысты таңдағаны жөн. Бір сабақта тап- сырмаларды орындауға кететін уақытты қалауы бойынша ескереді.
Мұғалім әр сабақты бастаған кезде мазмұнына, мақсатына және дағдыларға бағытталған материал- дарды алатынын түсінуі керек. Мұғалім оқушылар қабілетінің ілгерілеуі үшін әртүрлі тапсырмаларды түрлендіріп беру қажеттігін түсінеді.
Сабақты толықтыру
Мұғалімдердің көбі сабақтарын оқушылардың қабілет ерекшелігіне, қызығу- шылығына және оқыту стильдеріне сәйкес бейімдеу және толықтыру қажеттігін анықтайды. Осы жағдай туындаған кезде мұғалім оқулықта берілген тақырыптарды бекіту және тереңдету үшін CD дискіні пай- даланулары тиіс. Сонымен қатар, жұмыс дәптері оқушыларға оқулықта берілген тіл мен дағдыларды қосымша жаттықтыру мүмкіндігін береді.
Бағалау
Мұғалім оқушылардың үлгерімін әртүрлі деңгейде бағалауы тиіс. Қосымша ақпаратты XX беттегі
«Бағалау» тақырыбынан және мектептің суммативті және формативті бағалау үрдісіне қатысты жеке саясатынан қараңыз.
Қалыптастырушы бағалау стратегиялары
Төменде берілген стратегиялар оқыту барысында қалыптастырушы бағалауды жоспарлауда және оны орындауда пайдалы болуы мүмкін. Оларды мұғалімге арналған нұсқаулық блогының беттерінде кез келген ұсыныстарға және оқушылардың қажеттілігін бағалау үшін пайдаланылатын кез келген қа- лыптастырушы бағалау стратегияларына қосымша ретінде пайдалануы тиіс.
Қалыптас- тырушы бағалау стратегиялары Нұсқаулық ескертпелері
Сауалнама Түсінуді бағалау үшін жабық сұрақтарға қысқа жауап және ашық сұрақтарға ұзақ жауап беру комбинациясын пайдаланыңыз. Сұрақтар блокта, тақырыпша- да немесе тарауда қамтылған тақырыптарға және дағдыларға қатысты ұғымды және білімді бағалауға арналған.
Жабық сұрақтарға қысқа жауап берудің мысалдары:
Мектепте күніне қанша сабақ болады?
Гүлнардың сүйікті тамағы қандай?
Ашық сұрақтарға ұзақ жауап берудің мысалдары:
Сүйікті өлеңіңді не үшін жақсы көретініңді түсіндір.
Өзіңді досыңа сипаттау үшін қандай сөздер пайдаланар едің?
Қол сигналдары Оқушылар түсінгенін білдіру үшін сұрақтарға жауап ретінде қолдарымен белгі көрсетеді. Мысалы:
Бас бармақты жоғары қарату – "Мен түсіндім және оны түсіндіріп бере аламын".
Бас бармақты төмен қарату – "Әлі түсіне алмадым".
Қолын бұлғау – "Толықтай сенімді емеспін".
Бұл стратегияны алдағы сауалнаманы немесе блок тапсырмаларын орындату үшін пайдаланыңыз.
Рөлдік ойын Тапсырма ретінде берілген диалог креативті түрде талқылануы үшін жұптарға немесе шағын топтарға арнап, тақырыптар тағайындау. Бұл ойынды мұғалім- оқушы, жұп немесе шағын топ тапсырмасы ретінде орындауға болады.
Өрмекші картасын жасау Жазылған сөздер мен сызықтар топтастырылған және байланыстырылған қа- рапайым суреттердің тіркесімін пайдалану арқылы тақырыптарды немесе қара- пайым түсініктерді білдіретін кілт сөздер диаграммасын жасаңыз.
Жалған ұғымға тексеру Блок тақырыптары негізінде оқушыларға жалпы немесе болжамды жалған ұғымдарды ұсыныңыз. Олардан келісетіндерін немесе келіспейтіндерін және жауаптарын түсіндіріп беруін сұраңыз.
Мұғалім-оқушы өзара әрекеттесуі Түсінік деңгейін тексеру үшін оқушылармен бірге сұхбат жүргізіңіз. Сондай-ақ, бұл әдісті мұғалім берген кеңестер негізінде әрі мұғалімнің жұптарды бақыла- уымен оқушы-оқушы өзара әрекеттесуі ретінде пайдалануға болады.
Өзін-өзі бағалау Оқушыларға өздерінің білімін, түсінігін, ілгерілеуін және келесі қадамды баға- лауға жетелейтін сұрақтар немесе көмекші тұжырымдамалар.
Сонымен қатар, өзін-өзі бағалауды символдар пішімінде пайдалануға болады, мысалы, бағдаршам түстері. Оларды жеке сұрақтармен немесе тұжырымдама- лармен бірге пайдалануға болады.
Бос орындарды толтыру Қарапайым бос орындарды толтыру тапсырмаларын блок тапсырмасының барысында немесе соңында оқушының түсінігін айқындау үшін пайдалануға болады. Сабақ алдындағы дайындық уақытты азайту мақсатында оқушыларға ауызша тапсырма беруге немесе тақтада тапсырманы орындауына болады.
Суретті анықтау Мұғалім (немесе оқушы) блокта оқытылған тақырыпқа немесе атауына қатысты суретті тақтаға салады және оқушылар оны дұрыс анықтауы тиіс. Сипаттамаларды пайдалану арқылы оны түрлендіруге болады.

Сауалдар Сауалдарды нақты ақпаратты және ұғымды бағалау үшін пайдалануға болады.
Мысалы:
рас/жалған
қысқа жауап
көп таңдау сәйкестендіру тапсырмалары
кеңейтілген жауап
сызбалар.
Журнал жазбалары Оқушылар тақырыпты, ұғымды немесе тапсырманы түсінгендерінің негізінде журналға жазбалар жазады немесе ауызша жазбалар жасайды. Егер жазбаша болса, қажетінше қамтамасыз етілген сызбаларға немесе суретке негізделген өте қысқа, қарапайым сөйлемдер болуы мүмкін. Тақырыпша немесе тарау бойынша оқушылардың түсінгенін және үлгерімін тексеру үшін, бұл жазбаларды мұғалім- дердің тексеруіне болады.
Шапалақтау Оқушылар мұғалім дауыстап айтқан шумақ, өлең немесе буындарға сәйкес шапалақтайды.
А-Б-В жинағы Оқушыларға әліппенің әртүрлі әріптері беріледі және олар блок тақырыбына байланысты сол әріптен басталатын сөзді таңдаулары тиіс.
Тірек сөз карталары Тақырыпшадағы немесе тараудағы бірнеше тірек сөздері бар карталарды ұсы- ныңыз. Әр оқушыға тірек сөздер картасы беріледі. Оқушылар мұғалім айтқан сөздерді тыңдап, оларды тірек сөздер карталарынан тексереді.
Бір сөздік мазмұндама Оқушылар өздері үшін блок тақырыбын, ең жақсы мазмұндайтын бір сөзді таңдайды.
Ойлан – жұпқа бөлін – айт Оқушылар сұрақтың жауабына жеке ойланып, кейін жұптарға бөлініп, жұпта- рымен талқылайды және жауаптарын сыныпқа айтады.
Білімді/ дағдыларды тексеру сұрақтары Оқушылар білімді немесе дағдыларды тексеру сұрақтарына жазбаша, ауызша немесе көрнекі түрде жауап беретін ақырғы тапсырма.
Жұбыңа бұрыл Оқушылар алдымен сұрақтардың жауабын ойланып алып, кейін жұбымен бөліседі. Мұғалім жауабын сыныпқа айтуы үшін кез келген бірнеше жұпты шақы- рады.
Сұрақ тармақтары Сұрау стратегиялары мұғалімге оқушының, жұптың, топтың немесе сыныптың білімін жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы:
Оқушылардың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
Отбасы өзара қалай байланысады?
Отбасы туралы қандай ойлар/мәліметтер қоса аласың?
Түстерге мысал келтір.
Мына тапсырмада қандай қате бар?
Мына баланың ісі туралы не ойлайсың?
Тыныс белгілері есіңде ме?
Ойыншықтар туралы не білесің?
Саяхат туралы не білгің келеді?
Егер оқушы басқаша жасаса, не болуы мүмкін?
Жауаптың дұрыс екенін қалай білеміз?
Қалыптастырушы бағалау стратегияларының жазба пішімі
Алдыңғы беттерде көрсетілген формативті стратегияларын және мұғалімге арналған нұсқаулығын оқытуда пайдаланылатын басқа да формативті бағалау стратегияларын, қалай және қашан пайдаланы- латынына және оларды формативті бағалауда пайдалану қандай жетістікке әкелетініне қатысты қысқа пікірлерін жазу мұғалім үшін пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар мұғалім бұл стратегиялардың оқу жағдайларында қолданылуына қатысты пікірлерін білдіре алады.
Бағалау стратегияларын жазу үлгісі төменде көрсетілген.
Мұғалімнің жеке қалыптастырушы бағалау стратегиялары Мұғалімнің жеке қалыптастырушы бағалау стратегияларын іске асыру және оларды қолдану әдісі мен уақытына қатысты нұсқаулық кеңестер

Мұғалімнің жеке қалыптастырушы бағалау стратегиялары Мұғалімнің жеке қалыптастырушы бағалау стратегияларын іске асыру және оларды қолдану әдісі мен уақытына қатысты нұсқаулық кеңестер
1-тарау. Өзім туралы
Кіріспе
19
1-тарау. Өзім туралы

Жазбалар үшін


1Өзім туралы
Тарауға кіріспе бет

Оқу жылының алғашқы бөлімінде оқушылар жазғы демалысы туралы, бос уақыты туралы, баратын үйірмелері, достары мен өзі жайлы, сүйікті кейіпкерлері туралы талқылау сұрақтарына қатысып, тақырып бойынша мәтіндер мен өлеңдер оқиды. Тыңдаған, оқыған мәліметтері бойынша шығармашылық жазылым тапсырмаларын орындайды.
Оқу мақсаты:
Осы тараудың оқу мақсаты 5-6-беттердегі Көлем мен құрылым кестесінде берілген.
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну; 1.2. Шығарманы мазмұндау, 1.3 Шығармадағы
оқиғаны болжау; 1.4 Тыңдарманның назарын аудару; 1.5 Пікір білдіру; 2.1 Оқу түрлерін қолдану; 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру;
Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау; 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау; 2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату; 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау; 2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну; 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру; 2.9 Дереккөздерден ақпарат алу; 3.1 Жоспар құру; 3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу; 3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну; 3.4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету.
Негізгі тіл
Бұл тарау 13 сабақтан тұрады. Сабақтың тақырыптары төмендегідей:
Жайлаудағы демалыс
Мен әдепті баламын
Үлкенге жол беру – менің міндетім
Қолғанат
Қолымнан келеді, қамқорлық
Орынсыз еркелемеймін
Мен не жасай аламын?
Басқаларға ұқсамаймын
Басқаларға ұқсамаймын
Мен күштімін
Мен осындай баламын!
Менің талабым таудай
Мен баратын үйірме
Тірек сөздер:
жайлау, сәске, бесін, текемет, ұшар басы, асқар тау, жайғасу, әзер, қарт, ыңғайлану, қалқам, төңірек, қария, құрт, ірімшік, риза болу, көзі іліну, машықтану, кілт өзгеру, қой-
ма, қас қараю, ертеңгілік, көкейі, қиылыс, қит ету, дүрсілдету, керіліп-созылып, сүйретілу, мойнына салу, үлпілдек, сымбатты, ғажай- ып, мөп-мөлдір, сүйсіну, Африка, сұрық- сыз, келемеж, моншақ-моншақ, ебедейсіз, жападан-жалғыз, мұңаю, кенет, өрмелеу, бұрын-соңды, алты батпан ауыр, алшаю, көк шұнақ, шап-шақ, тақ-тақ, суық сөз, талпыну, таудай үлкен талап, қастерлеу, қадірлеу, ізетті, жарнама, үйірме, қолөнер, құлағын бұрау.
Өзім туралы
Жайлаудағы демалыс
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын мәтіннен таба білу;
2.2.1.1 мәтінді дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу/ рөлмен/ мәнерлеп оқу;
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.

жайлау, сәске, бесін, текемет, ұшар басы.
«Жазғы демалыс» тақырыбына байланысты көңілді ән жазылған үнтаспа, кеңсе құралдары (флипчарт, топқа бөлуге арналған суреттер).
өлеңді оқып не жайында екенін түсінеді;
бір-біріне сұрақ қойып, сұраққа жауап береді.
Оқулық: 6-7-беттер
Жазу дәптері: 3-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардың сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдылары дамиды, өзара идея алмасу мен мәсе- лені бірлесіп шешуді үйренеді.
Тапсырманың орындалуы: тапсырма оқушы- лардың оқу жылындағы алғашқы тақырып екенін ескере отырып, оқушылардың пәнге, оқуға деген қызығушылығын оятып, тақырыпқа кіріспе ретінде ұсынылады. «Жазғы демалыс» тақырыбына байла- нысты көңілді ән тыңдатып, мұғалім оқушыларды үлестірме парақшалар арқылы жұпқа бөледі және үлгі сұрақтарын (Сен жазғы демалысты қалай өт- кіздің?
Жазғы демалыста қайда бардың?
Жазғы демалыста қандай қызықты оқиғалар болды?
т.б.) көрсетеді. Оқушылар «Сұхбат алу» ойынын ойнау үшін сыныпта еркін қозғалады. Олар алдымен бір-біріне жазғы демалысты қалай өткізгендері жай- лы сұрақтар қояды, содан соң олар өзге оқушымен жұп болып, оған бұрынғы жұбының демалысы ту- ралы әңгімелеп береді. Мұғалім олардың сұраққа
дұрыс, толық жауап беруін қадағалайды. Бір-біріне қолдау көрсету үшін жұптық жұмыс түрі жүргізіледі. Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада жұптық саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушылардың қа-
білетін дамытуын қолдау үшін беріледі.
Сыныпты ұйымдастыру: «Сұхбат алу» ойынын ойнау үшін жұпқа бөлініп, үлестірме па- рақшалар таратылады. Үлестірме парақшалар- да бірнеше суреттер (2 алма, 2 алмұрт) берілген. Екі алма бір жұп, екі алмұрт бір жұп болады. Осы жұптар бір-бірінен сұхбат алады. Басқа оқушы- ларға барып, өзінің жинаған сұхбатымен бөліседі. Ойынды шынайы жүргізуші ретінде ұйымдасты- руға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ол үшін әр оқушы өзіне микрофон жасап алса, ойынды оқушылар қызыға орындайды.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардың өлеңді дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқуы арқылы тыңдалым дағдысы дамиды. Тыңда- лым бойынша өз ойлары мен идеяларын еркін айтуға дағдыланады. Алғашқы тапсырманы то- лықтыруға негізделген тапсырма.
Тапсырманыңорындалуы:мұғалімоқу-
лықта берілген Қастек Баянбайдың «Жайлаудағы жаз» өлеңін оқитындарын айтып, автор туралы қысқаша мәліметпен таныстырады. Автор туралы берілген ақпараттан соң, мұғалім өлеңді дауыстап оқиды, оқушылар бірге оқиды. Оқып отырғанда дұрыс әрі түсініп оқуларын қадағалайды. Оқып болған соң, өлең мен сурет арасында қандай ұқ- састық пен айырмашылық бар екенін айтады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ тапсырмадан әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сұра және жауап бер
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бар- лығын өлеңді ілесіп оқуы үшін жағдай жасау.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың сұрақтар қойып және қойған сұрақтарына жауап бере алу дағдысын жетілдіруге және тақы- рыпты түсінуге бағытталған.
Тапсырманың орындалуы: «Өлеңнің мазмұны бойынша өз жұбыңа сұрақтар қой және жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер» деген тапсырма беріледі. Ол үшін қабілеті әртүрлі оқушылардан жұп құрылады. Жұпты құру үшін мұғалім әртүрлі суреттерді немесе басқа да тәсілдерді қолдана- ды. Оқушылардың пікірлері анықталады. Берілген уақыт ішінде жұптар өздеріне сұрақтар қойып, бір- бірінің сұрақтарына жауап береді.
Мұғалім барлық жұптарды қадағалап, сұрақ қо- юға қиналатын оқушыларға көмектесіп, оқулықта берілген сұрақтарға ұқсас сұрақтарды өзі қояды:
Жайлау деген не?
Жайлауға қашан шықтық?
Алдымызда не бар?
Таудың басындағы мұз неге мәңгі тұрады?
Бізді кім күтті?
Атам мен әжемнің көңіл күйі қандай?
Жайлауға қашан жеттік?
Бесін және сәске сөздерін қалай түсінесің?
Сәскеде шықса неге бесінге қарай барады?
Жайлауда бүлдіргенді қалай теріп жеді? Мұғалім рефлексивті талқылау болып жатқан-
дығына көз жеткізеді. Жұптардың өзара әрекет етуі мадақталады және олардың ұйымшылдығы, бейімділігі ескеріліп, сыныпта айтылады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырманы орындау үшін топтарға қабілеті әртүрлі оқушылар жиналады. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы орын- дау үшін сынып оқушыларының санына қарай- жұпқа бөлінеді. Жұптарды қабілеті әртүрлі оқушы- лардан құруға назар аударылуы тиіс.

дамытуға және алдыңғы тақырыпты бекітуге бағытталған.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқулықта берілген (Қаладағы демалыс және ауылдағы дема- лыс суреті берілген) суреттердегі жазғы демалыс- ты өткізуге қолайлы әртүрлі жерлерді салыстыру тапсырмасын орындайтындарын айтады. Ол су- реттердің әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, тағы да демалуға болатын жерлердің атауларын сұрайды. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар топқа бөлінеді. Ол үшін қабілеті әртүрлі 4-5 оқушыдан шағын топ құры- лады. Әрбір топқа флипчарт беріледі. Онда олар әрбір жердің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, демалуға болатын басқа да жерлерді жа- зады. Жұмыстың басталуы мен аяқталуын мұғалім қадағалайды. Барлық топ мүшелерінің қатысуы ескерілген жөн. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы толықтыруына болады. Мұнда әрбір ой- дың құнды екендігі ескеріліп, барлық салыстырулар тыңдалады, ешқандай шектеу жасалмайды, идея- лар сыналмайды, түзету енгізілмейді. Бұл тапсырма кезінде кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау маңызды екендігі жиі ескеріліп отырады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада топтық саралау жүргізіледі, әртүрлі қабілетті оқушы- лар бір-бірлеріне қолдау көрсетеді. Қосқан үлесі көрініп тұру үшін әр оқушының бөлек түсті қалам қолдануына болады. Сынып «Атомдар мен мо- лекулалар» белсенді стратегиясы арқылы топқа бөлінеді.
Ойланайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіруге және тақырыпты бекітуге бағытталған.
Тапсырманыңорындалуы:оқушыларға
«Жазғы демалыста есіңде қалған ең қызықты сәтті әңгімелеп айт» деген тапсырма беріледі. Оқушылар жеке-жеке өз әңгімелерін сынып ал- дында айтады. Барлық оқушылардың әңгімелерін тыңдау барысында оқушылар артық-кемшілігін белгілеп отырады. Барлық оқушылардың әңгіме- лері тыңдалып болған соң, бір-бірін бағалайды. Өздеріне ұнаған әңгімені таңдайды.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма арқылы са- ралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар бір- бірінің әңгімелерін тыңдауы тиіс.
Оқушылардыңқанша- лықты меңгергенін тексеру
Мұғалімдероқушылардыңсабақтықанша-
лықты меңгергенін тексеруі қажет.
Салыстырайық
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың өздеріне қажеттіні салыстыру дағдысын
Өзім туралы
Мен әдепті баламын
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.3.1 2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау;
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;
2.2.8.1мұғалімніңкөмегіменсюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау.

жайғасу, әзер, қарт, ыңғайлану, қалқам, төңірек.
топқа бөлуге арналған суреттер.
белгіленген сөз тіркестері арқылы автордың не туралы айтқысы келгенін түсінеді;
мәтіннен қажетті ақпаратты таба алады;
мұғалімнің көмегімен кейіпкердің іс- әрекетіндегі өзгерісті анықтай алады.
Оқулық: 8-11-беттер
Жазу дәптері: 4-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың тілдік дағдысын жетілдіреді. Өз пікірін ай- туға жетелейтін тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықтағы әрбір суретке анықтама беріп, суреттер бойынша топтық талқылау жасап, суреттегі ба- лалардың іс-әрекеті туралы оларға баға береді, дұрыс немесе бұрыс екенін түсіндіреді.
Бұлтапсырманыорындауүшінмұғалім
«Сыңарыңды тап» ойыны арқылы оқушылар- ды топқа бөледі. Ойында мұғалім қабілеттері бірдей оқушыларды бөлу үшін алдын ала ар- найы суреттер әзірлейді. Ресми емес талқылауда оқушылар өз ойларын ортаға салады, әрбір топ мүшесі өз ойын ортаға салып, қағазға жазады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріліп, барлық жауаптар жазылады, ешқандай шек- теу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету енгізілмейді. Оқушы теріс қорытынды жасаған кезде де, оның қызығушылығын арттырып, оған
қолдау көрсетіледі. Шағын топтардағы жұмыста оқушылар өз бетінше жұмыс жасап үйренгенге дейін рөлдері бөлініп беріледі. Сыныптағы бел- сенділігі төмен оқушылардан құрылған топқа сенімді диалогке қатысу үшін қосымша уақыт беріледі. Кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау ке- ректігі ескертіледі. Жазбаша орындау талап етіледі.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада топтық саралау жүргізіледі, қабілеті бірдей оқушылар бірін-бірі қолдайды, өздерін еркін сезіне алады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар 4-5 бала- дан бірнеше топқа бөлінеді.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың іштей және түсініп оқу дағдыларын дамы- туға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: оқулықта берілген мәтінді мұғалім өзі оқып шығып, кейін оқушыларға мәтінді оқып отырғанда қарамен берілген сөй- лемдерге мән беріп оқу тапсырылады. Оқушылар
әрбір кейіпкердің не айтқанын нақты есте сақтай

басында» және «үйде» деп жазылған сөз бұлтша-

гер
отырып оқуы қажет. Мәтінді оқып болғаннан кей- ін, қарамен жазылған сөздерге назарын аудар- тып, не байқағандарын сұрау керек. Әңгімеден қандай қорытынды шығарғандарын сұрау кезінде оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалім үнемі бір топтан екінші топқа барып, олардың оқып отыр- ғандарын бақылауы керек.
Оқушылар оқулықта берілген барлық сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма арқылы са- ралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: мұғалім оқушылар- дың бір-біріне бөгет жасамай, тыныш отырып оқуын ескертеді.
Баянда

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың ақпаратты басқа формада түсіну дағдысын дамытуға көмектеседі. Әңгіменің мазмұнын түсін- гендерін анықтауға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: «Кадр жасау» ойыны ойнатылады. Оқушылар алдында бөлін- ген топтарымен отырып, мәтінді оқып отыра- ды. Мұғалім «тоқта» деген кезде, бәрі тоқтатады. Мұғалім кез келген оқушыны «тетік басқандай» басып, мәтінге кадр жасайды. Сол «кадр» жа- салған үзінді бойынша не көріп тұрғанын және не ойлайтынын сұрайды. Оқушылар топпен ақыл- дасып, айтып береді немесе қимылмен көрсе- теді. Бұл шағын топтарда қабілеті бірдей оқушы- лардың отыруына байланысты олардың басқа топтағылардан пікірлерінде айырмашылықтар болады. Оқушылардың сұрақ қоюларына бола- ды. Сыныптағы белсенділігі төмен оқушылар бірге жұп болып, олардың тапсырмаға дайындалуына көбірек уақыт беріледі. Оқушылар- дың жұбына арналған уақыт бөлініп қойылады. Оларға кезекпен сөйлеу, бірін-бірі мұқият тыңдау керектігі ескертіледі.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада топтық саралау жүргізіледі, қабілеті бірдей оқушылар бірін-бірі қолдайды, өздерін еркін сезіне алады.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар 4-5 ба- ладан бірнеше топқа бөлінеді. Ол үшін парталар жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орна- лаcтырылады.
Жоспарлайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырмада оқушылар өз іс-әрекетін жоспарлай алуға дағды- ланады.
Тапсырманы қалай орындау керек: оқулық- тағы «көшеде», «мектепте», «қонақта», «дастарқан
лары бойынша әдеп ережелерін жоспарлау тапсы- рылады. Ол үшін оқушыларға флипчарт таратылып беріледі. Оқушылар сөз бұлтшаларындағы сөздерді пайдаланып, қандай әдеп ережелері сақталу керек солардың тізімін жасайды және ережелерінжоспар- лайды. Мұғалім өз үлгілерін ұсынады. Мұғалім үнемі бір топтан екінші топқа барып, олардың жұмыстарын бақылауы керек. Жұмыста қабілеті төмен оқушылар отырған топқа баса назар ауда- рылады. Егер олардың жауаптары дұрыс болса, сол топтан бастаған дұрыс болады. Себебі ол топ мү- шелерінің дұрыс жауаптары аз болса, басқа топтың оқушылары дұрыс жауаптарды беріп қоюы мүм- кін. Ал, олар ұтымды жауаптар бере алмаса, онда басқа екінші топтың берген жауаптары бойынша қай жерлерде қате жіберілді соны айтулары керек. Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада топтық саралау жүргізіледі, қабілеті бірдей оқушылар
бірін-бірі қолдайды, өздерін еркін сезіне алады.
Сыныпты ұйымдастыру: топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін бастапқы кезеңде барынша қолдау көрсеткен дұрыс.
Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушылар- дың айтылым дағдысын жетілдіреді.
Тапсырманың орындалуы: алдымен, оқу- лықтағы сөйлемді оқиды, әдептілікке тағы не қосуға болатынын айтады. Дәптерге оқулықтағы сөйлемді және қосымша жалғастырып айтқандарын жазады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада нәтиже бойынша саралау жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың жұ- мыс жасауына жағдай жасалады.
Ойланайық
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушылар- дың айтылым дағдысын жетілдіруге көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: бұл – топта орында- латын тапсырма. Оқушылар оқулықтағы мақал-мә- телдерді оқып, олардың мағынасын түсіндіреді. Оқушылар өз ойларын еркін айтады. Оқушылар- дың жауаптары оқылады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада нәти- же бойынша саралау жүргізіледі, қабілеті бірдей оқушылар бірін-бірі қолдайды, өздерін еркін сезі- не алады.
Сыныпты ұйымдастыру: топтық тапсырма ба- рысында бастапқы кезеңде барынша қолдау көр- сеткен дұрыс.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты мең-
Өзім туралы
Үлкенге жол беру – менің міндетім
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу;
2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу.
қосымша ақпараттар алып, олармен жұмыс жасай алады;
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
мәтінді рөлге бөліп оқи алады.
қария, құрт, ірімшік, риза болу.
мәтіндегі кейіпкердің сыртқы бейнесіне, іс-әрекетіне, мінез-құлқына сәйкес пікір білдіре алады;
анықтамалық кітаптардан, сөздіктерден
флипчарт, маркер, қалыптастырушы бағалау үшін смайликтер, қосымша кітапшалар, желім.
Оқулық: 12-13-беттер
Жазу дәптері: 5-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Анықтайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын жетілдіреді. Өз бол- жамын жасауға, ойымен бөлісуге жетелейтін тапсырма. Сонымен қатар алдында орындалатын тапсырманы ашуға негізделеген тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға оқу- лықтағы берілген сурет бойынша, «Суретке қара. Не байқадың? Өз болжамыңды айт» деген тапсыр- ма беріледі. Ол үшін мұғалім «Атомдар мен мо- лекулалар» ойыны арқылы оқушыларды топқа бөледі. Ойында мұғалім қабілеті әртүрлі оқушы- ларды топтастырады. Әрбір топ мүшесі өз ойын ортаға салып, қағазға жазады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріліп, барлық жауаптар жа- зылады, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету енгізілмейді. Оқушы теріс қо- рытынды жасаған кезде де, оның қызығушылығын арттырып, оған қолдау көрсетіледі. Шағын топ- тардағы жұмыста оқушылар өз бетінше жұмыс жасап үйренгенге дейін рөлдері бөлініп беріледі. Топ басшысы, жазушы, жұмысты қорғаушы, уақыт
бақылаушысы сияқты рөлдер бөлініп беріледі. Аяқталған соң, әр топ өз болжамдарын қорғайды.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада топтық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, өз идеяларын айтуды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар 4-5 бала- дан бірнеше топқа бөлінеді. Ол үшін парталар жұ- мыс жасауға ыңғайлы етіп орналастырылады.
Оқы және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Мәтіннің мазмұнын түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім әңгіменің тақырыбын «Рақмет, ата!» деп дауыстап оқып, ол әңгіме жайлы қандай мәлімет беретінін сұрайды. Әңгімені мұғалім өзі оқып береді. Одан соң мұғалім оқу техникаларын қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше оқуға тартады. «Сөздерді оқу» страте- гиясы оқушыларға жаңа сөздерді түсініп, оларды есте сақтауға, мәтіннің ішінен табуға, дұрыс айтуға көмектеседі. Мұғаліммен «Бірігіп оқу» стратегиясы жаттығуын жүргізгенде, төмендегі техникалардың бір немесе бірнешеуін қолдануына болады: сөз-
дерді буындап оқытады, дыбыстарды бір-біріне байланыстырып, сөз құратады. Жаңа сөздің мағы- насы бар ма? Анықталады. Сонан соң балалар әң- гімені рөлге бөліп оқиды. Оқушылардан мәтінде белгіленген сөйлемдерді бірінші сурет бойынша тапсырмадағы өздерінің болжамдарымен салыс- тырады. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарды өз- дері табады. Содан соң «Сурет бойынша алдында жасалған болжаммен сәйкестік бар ма? Мәтіннен өзіңе қандай қорытынды шығаруға болады?» деген сұрақтарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар мәтінді оқып отырғанда бір-біріне бөгет жасамауын қа- дағалау керек.
Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырмада оқушылар өз пікірін айтуға, бағалауға дағдыланады. Әдеби теориялық терминдерді білуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға «Сен- дер әңгімені қалай оқыдыңдар? Сендерде диалог болды ма? Түсіндіріп көр» деген сұрақтар қой- ып, мәтінді қалай оқығандары жөнінде сұрала- ды. «Диалог – грек сөзі. Әдеби шығармаларда екі немесе бірнеше адамның бір-бірімен сөйлескен сөздерін диалог деп атайды. Диалогте әр адам- ның сөзі жаңа жолдан басталып жазылады. Алды- на сызықша қойылады» деген ереже оқытылады. Мұғалім ережені түсіндіреді.

күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Құрастырайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар айтылым дағдысын жетілдіреді.
Тапсырманың орындалуы: тапсырманы орындау үшін оқушылар топқа бөлінеді. Оқулықта берілген тірек сөздердің бірін қолданып диалог құрастырады. Құрастырып болған соң, әрбір топ құрастырған диалогын оқып шығады. Мұғалім жұ- мыс барысында барлық оқушылардың жұмысқа қатысуын қадағалайды.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста топтық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірлесіп жұмыс жа- сап, диалог құрастыруды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар 4-5 ба- ладан бірнеше топқа бөлінеді. Ол үшін парталар жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орна- лаcтырылады.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Салыстырайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың шығармашылық тұрғыдан ойлауын дамы- туға және оқыған мәтінді терең түсінуге негіздел- ген.
Тапсырманың орындалуы: тапсырмада оқушы- лар алдыңғы бөлінген топтарымен отыра береді. Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтін мен оқу- лықтағы иллюстрациялық суретке қарап, шығар- мадағы кейіпкердің сыртқы бейнесіне, іс-әрекетіне, мінез-құлқына сәйкес пікірлерін білдіреді. Ол үшін кесте беріледі, кестеде мұғалім өз үлгісін береді.
Реті Гүлнәрдің сыртқы бейнесі Гүлнәрдің іс-әрекеті Гүлнәрдің мінез- құлқы
1 шашы ұзын тосып тұрды әдепті
Кестені толтырған соң оқушылар жазғанда- рын ортаға салып талқылайды. Барлық топтардың жазғандары тыңдалып, оқушылар өздері бағалай- ды.
Мұғалім оқушыларға мәтін бойынша өз ойла- рын ортаға салуды ұсынады. Оқушылардан ав- тордың айтайын деген ойын қалай түсінгені ту- ралы сұралады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсыр- ма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже
Өзім туралы
Қолғанат
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
көзі іліну, машықтану, күрт өзгеру, қойма, қас қараю.
флипчарт, маркер, суреттер, желім.
шығарманың тақырыбына сүйеніп, оқиғаның соңын болжай алады;
оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жазатын жұмыстардың жоспарын құра алады;
тыңдалған материалға сүйеніп, ойын өз сөзімен жеткізе алады.
Оқулық: 14-15-беттер
Жазу дәптері: 6-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік!

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын дамытады және шығар- машылықпен жұмыс жасай алуларына көмектеседі. Келесі орындалатын тапсырмаларға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: «Мұз жарғыш» жаттығуы орындалады. Мұғалім 3 оқушыға әртүрлі сұрақ қояды. «Сен анаңа қалай көмектесесің?», «Үй шаруасына көмектесесің бе?» деген сияқты сұрақтар қойылады. Бұл оқылатын мәтіннің не жөнінде бола- тындығына оқушыларды дайындау. Мұғалім қабілеті бірдей оқушыларды жұп қылады. Жұп арасында оқушылар «Ойлан – жұптас – бөліс» стратегиясы арқылы мұғалімнің берген тапсырмасын орын- дайды. Ол үшін оқушылар 1. Жұп арасында мәтін
«Қолғанат» деп неге аталады, оқиға не туралы бо- латынын болжайды. 2. «Қолғанат» деп кімді айта- ды? Жеке ойланады. 3. Жұптарымен жасаған бол- жамды топта достарымен бөліседі. Оқушыларға
уақыт беріледі. Барлық оқушылардың жазғандары тексеріледі және неге олай ойлайтындарын айта- ды. Оқушылар өз ойларын ортаға салады, әрбір жұп мүшесі өз ойын ортаға салады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріледі, ешқандай шек- теу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету ен- гізілмейді. Оқушы теріс қорытынды жасаған кезде де, оның қызығушылығын арттырып, оған қолдау көрсетіледі.
Саралау мүмкіндіктері: жұп бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті бірдей оқушылар тапсырма- ны бірге орындағанда өздерін еркін сезінеді.
Пәнаралық байланыс: тапсырма «Қазақ тілі» пәнімен байланыста жүргізіледі. Оқушылар сөй- лемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың са- баққа белсенді қатысуы үшін қолайлы орта жа-
салады.
Оқиық
Жасайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Әңгімені оқып, мазмұндауға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар «Қолға- нат» мәтінін оқиды. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Жұптағылар бір-біріне әңгімені баяндап береді. Мәтіннен алған әсерлерімен бөліседі. Бірінші тапсырмадағы жасалған болжам мен мәтіндегі оқиғаның арасында сәйкестік болды ма, болса қай жұптың болжамы дұрыс келсе, сол топ өздерінің жазғандарын оқып береді. Кейін сөздіктермен жұ- мыс жүргізіледі.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Өзгертейік
Сыныпты ұйымдастыру: жұптық, топтық жұ- мыстар жүргізілуге сынып дайындалады.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың өз ойларын дамытуға және мәтінді түсіну- ге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар өзіңе арнап айтылған «қолғанат» деген сөзді естіп, естімегенін айтады. «Қолғанат» сөзін қалай түсін- гендері жайлы өз ойларымен бөліседі. Ал мұғалім осы сөздің мағынасы жайлы толық ақпарат алу үшін оқушылардан түсіндірмелі сөздіктерге жү- гінуін сұрайды. Осы сөздің анықтамасын оқушылар дәптерге көшіріп жазады. Сонымен қатар оқушы- лар әңгіменің жалғасын болжап айтады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.
Оқушылар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және жазылуы бойынша алған білімдерін қолданады.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардың білімді шығармашылықпен пайда- лану дағдысы дамиды. Өз ойлары мен идеяларын, сезімін білдіруге дағдыланады.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- лардан суреттерін алып келулерін алдын ала сұрай- ды. Суретте оқушының үй шаруасына көмектесіп жатқан сәттері бейнеленуі тиіс. Оқушылар үйден әкелген суреттерді біріктіріп, коллаж әзірлейді. Ол үшін топқа бөлініп, флипчартқа топ мүшелерінің барлығының суреттерін желімдеп дайындайды.
Коллаж әзірлеуге арналған суреттердің «Мен
қолғанатпын» тақырыбында болу керек екенін мұғалім алдын ала хабарлайды. Егер оқушының үй шаруасына көмектесіп жатқан суреттері бол- май жатса, оларды мәжбүрлеуге болмайды. Ол оқушыға өзі жайлы шағын әңгіме жазып әкелуі- не болады. Жұмыс аяқталған соң барлық топтар- дың коллаждары тақтаға ілінеді. Оқушылар өздері бағасын береді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: коллаж әзірлеуге қа- жетті заттарды дайындау.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Ойымызбен бөлісейік және жазайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырмада оқушы- лардың айтылым және жазылым дағдылары да- миды, тапсырма мәтін кейіпкері арқылы өзіне баға бере алуына негізделген.
Тапсырманы қалай орындау керек: оқушы- лар Ерланның іс-әрекетіне қарап, оған мінездеме береді. Мәтіннен қандай қорытынды шығарғанын баяндайды. Белсенділігі жоғары оқушыларға ке- зекпен сөйлеу, мұқият тыңдау керектігі ескертіледі. Оқушылар өз дәптерлеріне айтқан пікірлерін жа- зады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың жұ- мыс жасауына жағдай жасау.
Өзім туралы
Қамқорлық жасаймын
2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау;
2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау;
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.
шығарманың мазмұнын сахналайды;
мұғалімнің көмегімен әңгіменің басталуын
анықтайды;
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
мәтінді іштей түсініп оқиды.
ертеңгілік, көкейі, қиылыс.
«Қамқорлық» тақырыбына байланысты суреттер, оқушылардың жауаптары ілінетін орын, А-4 қағазы.
Оқулық: 16-19-беттер
Жазу дәптері: 7-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушылар- дың әңгіменің басталуын анықтай алуын, айтылым дағдысын дамытады. Сонымен қатар өзара идея ал- масу мен мәселені бірлесіп шешуді үйренеді.
Тапсырманың орындалуы: сабақты бастамас бұрын мұғалім оқушыларды екі шеңберге тұрғызады. Сыртқы және ішкі шеңбер сағат тілі бойынша жүреді. Оқушылар бір-біріне кеше не істегені жөнінде айтып береді. Бұл тапсырманы орындату арқылы оқушы- лардың сабаққа деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар мәтінді бастауларына көмектеседі, оқушыларға «"Қамқорлық" деген сөзді қалай түсі- несің? Кеше кім қамқорлық көрсетіп еді?» деген сұрақтар қойылып, анықталады. Егер қамқорлық көрсеткен оқушылар болса, әңгімені әрі қарай өр- бітіп, тақырып ашылады. Содан кейін оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топ оқулықтағы иллюстрациялар бойынша өз ойларымен бөліседі. Саралау мүмкіндіктері: топтық саралау. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен
бірге жұмыс жасап, өз идеяларын айтуды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушыларды шең-
берге тұрғызғанда барлығын бақылау оңай. Оқушылар өздерін еркін ұстайды. Кейбір оқушы- ларға оңай түспеуі де мүмкін, сондықтан мұғалім шеңберде барлығы ашық сөйлесіп, ойларын біл- діріп және идеяларымен бөлісе алатындарын түсіндіреді.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың мәтін желісіндегі оқиғаны өмірмен бай- ланыстыру дағдысын жетілдіруге және мәтінді түсініп оқуына негізделеді.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім әңгіменің тақырыбын дауыстап оқиды. Әңгіменің авторымен таныстырады. Ысқабаев Әли Әпекұлы – жазушы. Оның балаларға арналған «Менің інім» (1961),
«Солдат ағаға хат» (1979), «Еңбекқор құмырсқа» (1988), «777 жұмбақ» (1994), «Бесік жыры» (1996) атты өлендер жинағы, «Тайқасқа» (1992) атты по- вестері мен әңгімелері бар. Әңгімені мұғалім өзі оқып береді. Мәтінді оқу барысында мұғалім оқу техникаларын қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше оқуға тартады. «Сөздерді оқу» стратеги- ясы оқушыларға жаңа сөздерді түсініп, оларды есте сақтауға, мәтіннің ішінен табуға, дұрыс айтуға көмектеседі. Мұғаліммен «Бірігіп оқу» стратегиясы
төмендегі техникалардың бір немесе бірнешеуін қолдануына болады: сөздерді буындап оқытады, дыбыстарды бір-біріне байланыстырып, сөз құра- тады. Жаңа сөздердің мағынасы анықталады. Со- дан соң мәтіннің басталуын, ортасы мен соңын анықтатып, бөліктерге бөліп оқытады. Ол үшін мұғалім дайын жоспар береді. Жоспар:
Арайлымның үйіне асығуы.
Жылаған баланың жанына келуі.
Баланы үйіне апаруы.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Салыстырайық
Сыныпты ұйымдастыру: Оқушылардың бір-біріне бөгет жасамай оқып шығулары қадаға- ланады.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын жетілдіреді.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар су- реттер мен мәтінді салыстырып, өз ойларымен бөлісуі тиіс. Қамқорлық жайында өз пікірлерін айтады. Тағы қандай іс-әрекеттер қамқорлыққа жататынын айтып, себебін түсіндіреді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың жұ- мыс жасауына жағдай жасалады.

мытады.
Тапсырманың орындалуы: тапсырма жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Оқушыларға
«Сурет бойынша әңгіме құра» деген тапсырма беріледі. Оқушылар жұбымен тапсырманы орын- дап, әңгімені барлық топтың алдында қорғайды.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушыларды жұпқа түрлі түсті үлестірме парақшалар арқылы бөліп, жұптық жұмыстың болуын қадағалау.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
«Ыстық орындық» әдісі. Оқушылар мәтін бойын- ша сұрақтар қояды:
Сен Арайлымның орнында болсаң не істер едің?
Арайлым ауылға бармағанына өкінді ме?
Адасқан бала қандай бала?
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Мазмұнын айт

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың мәтін бойынша түсінгендерін анықтау мен мазмұнын өз сөзімен айту дағдысын дамы- тады.
Тапсырманың орындалуы: тапсырма жеке жұмыс түрінде ұйымдастырылады. "Мәтінді жос- пар бойынша мазмұнда" деген тапсырма беріледі. Оқушылар оқулықта берілген жоспарға сүйе- не отырып, мазмұнын айтады. Қабілеті жоғары оқушыларға мәтін бойынша түсінгендерін өз сөз- дерімен толық айту тапсырылса, қабілеті төмен оқушыларға негізгі сұрақтар қойылады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың жұ- мыс жасауына жағдай жасалады.
Баянда

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың тақырып бойынша түсінгендерін анықтау мен сурет бойынша әңгіме құрау дағдыларын да-
Өзім туралы
Орынсыз еркелемеймін
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс- салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау.
шығарма мазмұны бойынша қарапайым және нақтылау сұрақтарының жауабын мәтіннен таба алады.
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
қит ету, дүрсілдету, керілу-созылу, сүйретілу, мойнына салу.
тыңдалған материалды түсініп, өз сөзімен жеткізе алады;
ертегі жанрының ерекшеліктерін таниды;
Алдар көсе туралы мульфильм, флипчарт, түрлі түсті үлестірме парақшалар.
Оқулық: 20-23-беттер
Жазу дәптері: 8-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік!

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардың жұптық жұмыста коммуникативті болу дағдысы дамиды, өзара идея алмасу мен мәселені бірлесіп шешуді үйренеді.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар түр- лі түсті үлестірме парақшалар арқылы жұпқа бөлінеді. Жұптың әрбір мүшесі белсенді қаты- суы үшін қолайлы орта жасалады. Оқушылар өз жұбына «Әжелерің, ата-аналарың немесе басқа да үлкендер сендерді қалай еркелетеді?» деген сұраққа жауап береді. Әр оқушы өз жұбының
«еркелеткендегі атауын» айтып береді. Айтқы- сы келмейтін оқушы болса, ол оқушыны күштеп айтқызуға болмайды және кейін оқушылардың бірін-бірі мазақ етпеуі де ескертіледі. «Еркелік жақсы әдет пе?» деген сауал қойылады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже арқылы сара- лау жүргізіледі. Тапсырма бәріне бірдей беріледі, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың сы- ныпта еркін қозғалуына, бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.

Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмектеседі. Тапсырма мәтіннің мазмұнын түсінуге негізделген.
Тапсырманыңорындалуы:оқушыларға
«Мәтінді оқы. Есіңе сақтауға тырыс. Әмір әжесінің еркесі екенін білдіретін үзіндіні есіңе сақта. Өз сөзіңмен айтып беруге дайындал» деген тапсыр- ма беріледі. Оқушылардың барлығы мәтінді оқып шыққан соң, мұғалімнің көмегімен мәтіндегі кей- іпкерді суреттейтін үзіндіні және ондағы көркем сөздер мен сөз тіркестері жөнінде талдау жүргі- зеді. Мұғалім «Мәтіндегі кейіпкер туралы мына бір үзінді сабақтың тақырыбына сай келе ме?» сауа- лын қояды (Әмір әжесінің баласы болғандықтан, өзін еркін ұстайды. Үйдегілерге бағынбай, қит етсе
«Әжеме айтамын», – деп байбалам салып жүр- гені. Әжесі де: «Әміржанға тимеңдер, әлі жас қой, есі кірген соң қояды», – деп оны қорғаштайды.)
«Осыдан Әмірдің ерке екенін байқауға бола ма?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардан мәтін ту- ралы ойлары сұралады. «Қит ету, дүрсілдету, керіліп-созылып, сүйретілу, мойнына салу» деген тірек сөздер бойынша түсіндірме жұмыстар жүр- гізіледі, «Сөздік дәптеріне» жазылады. Келешекте
бұл сөздерді шығарма жазуда қолдануға бола- тыны ескертіледі. Оқушылар оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Анықтайық
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бәрінің әңгімені оқып отырғанын қадағалау керек. Сы- нып іші тыныш болып, мәтінді, түсініп оқуларына жағдай жасалады.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын жетілдіреді. Өз бол- жамын жасауға, ойымен бөлісуге жетелейтін тапсырма. Сонымен қатар алдында орындалатын тапсырманы ашуға негізделген тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға оқулықтағы берілген суретке қарап болжау жасатады. Ол үшін мұғалім «Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы оқушыларды топқа бөледі. Ойында мұғалім қабілеті әртүрлі оқушыларды топтастырады. Әрбір топ мүшесі өз ойын ортаға салып, қағазға жазады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріліп, барлық жауап- тар жазылады, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету енгізілмейді. Дайын болған соң, әр топ өз болжамдарын қорғайды.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада топтық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, өз идеяларын айтуды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: парталар жұмыс жа- сауға ыңғайлы болатындай етіп орналастырыла- ды.

жұмыстарды бағалайды. Ол үшін барлық топ мү- шелерінде бағалауға арналған түрлі түсті қағаздар болады. Қызыл – өте жақсы, жасыл – жақсы, сары
орташа. Осы түстерді көтеру арқылы бағалайды.
Саралау мүмкіндіктері: бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және жазылуы бой- ынша алған білімдерін қолданады.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Салыстырайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың шығармашылық пен сын тұрғысынан ойла- уын дамытуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар ал- дыңғы тапсырмаларда отырған топтарымен оты- ра береді. Яғни қабілеті әртүрлі оқушылар топ- тастырылады. Мұғалімнің көмегімен оқулықтағы мәтіннің кейіпкері мен мультфильм кейіпкерін са- лыстырады:
Әмірдің іс-әрекеті дұрыс па?
Алдар көсе туралы мультфильмді еске түсір.
Екеуінің де іс-әрекетіне баға бер.
Берген бағаңды салыстыр. Неге олай болғанын түсіндір.
Оқығаның – әңгіме, көргенің – ертегі. Айырмашылығын түсіндіріп көр.
Осы тапсырмаларды орындап болған соң, оқушылар жұмыстарын қорғайды. Басқа топтар
Өзім туралы
Уақытымды тиімді өткіземін
2.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (сурет/ мультфильм/ бейнефильм) нұсқасымен салыстыру;
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу;
2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау.
мәтінді суреттеме нұсқасымен салыстыра алады;
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
оқиғаның соңын болжай алады.
үлпілдек, сымбатты, ғажайып, мөп-мөлдір, сүйсіну.
А4 қағазы, фломастер мен қаламдар, флипчарт.
ертегідегі кейіпкерді суреттейтін үзіндіні және ондағы көркем сөздерді таба алады;
Оқулық: 24-25-беттер
Жазу дәптері: 9-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Сұра және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- ларды сұрақтар қоя алуға дағдыландырады. Ал- дағы тапсырмаларды орындауға және оқушы- лардың жаңа сабаққа белсенді қатысуларына негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықтағы суретке қарап, сұрақтар құрастырады. Суретте (Табиғат аясында ұшып жүрген масаның суреті. Аяғы алтау. Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрады, ал қалған екеуі: қорғаушылар. Қанат- тары мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріп ке- теді. Мұртшасы үлпілдек, ал тұмсығы жебе сияқты біздей.) маса бейнеленген. Жазу үшін оқушыларға А4 қағазы мен фломастер беріледі. Әркім өзі неше сұрақ құрастырғысы келсе, сонша құрасты- ра береді. Сөздерді оқып, өздері тексереді. Қағаз- дарын жоғары көтеріп көрсетеді. Оқушылар өз- дерінің жазғандарын ортаға салып оқиды. Мұғалім оқылғандар бойынша мәтін мазмұнына сай келетін ортақ сұрақтарды шығарып тақтаға жазады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Орындалған жұмыстарды таныстырған соң, «Сөй-
леу қабырғаларына» ілуге болады.
Оқы және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: тапсырмада оқушылар мәтіндегі кейіпкердің мінез-құлқын талдайды және іс-әрекеттеріне баға беру арқылы коммуникацияның түрлі тәсілдері, оның ішінде тілдік дағдылары дамиды.
Тапсырманың орындалуы: Мұғалім мәтінді өзі оқып береді. Мәтін http://erketai.kz/balalarga/ ertegiler-alemi/kishkentai-masa/алынғанын ескерткен жөн. Оқушыларға мәтінді дауыстап, дұрыс әрі түсініп оқу тапсырылады. Оқушылар- дың барлығы мәтінді оқып шыққан соң, мұғалімнің
көмегімен ертегідегі кейіпкерді суреттейтін үзіндіні және ондағы көркем сөздер мен сөз тіркестерін та- уып оқиды. Ертегідегі кейіпкерді суреттейтін үзінді (Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт! Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы – қорғаушылар. Олар денеге ештеңені жақындатпайды. Қанаттарым қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріліп кетеді. Мұртшам үлпілдек, ал тұмсығым жебе сияқты біздей) арқылы оқушылардың алдында құрастырған сұрақтарының жауабын алуға бола ма? Соны ортаға салады. Содан соң әңгіменің соңын болжауға уақыт беріледі. Оқушылар мәтін- дегі оқиғаға сүйеніп, соңын болжайды. Бұл тапсы- рманы жұбымен бірге орындайды. Мәтінді қалай аяқтағандарын жұптарына оқып береді. Таныс емес сөздер «сөздік дәптеріне» жазылады. Келе- шекте бұл сөздерді шығарма жазуда қолдануға бо- латыны ескертіледі. Мұғалім жаңа сөздердің мағы- насын түсіндіреді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша са- ралау жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Салыстырайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушылар- дың шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлауын дамытуға және оқыған мәтінді терең түсінуге негіздел- ген.
Тапсырманың орындалуы: мұғалімнің көме- гімен оқулықтағы суретті мәтіннің нұсқасымен са- лыстырады. Мұғалім ең алдымен әртүрлі қабілетті оқушыларды 4-5 оқушыдан топқа бөліп, келесі не- гізгі сұрақтарды қояды. Масаның көңіл күйін қай- дан көруге болады? Масаның ғажап, әдемі, сұлу екенін қайдан байқауға болады? Аяқтары қандай және нешеу? Олардың қызметтері суретте көр- сетілген бе? Масаның қанаттары қандай? Оның мөп-мөлдір, жеп-жеңіл екенін қайдан байқауға болады? Мұртшасының үлпілдек, ал тұмсығының жебе сияқты біздей екендігі көріне ме? Біз деген не? Ал оның ән шырқап тұрғанын қайдан байқауға болады? Осы негізгі сұрақтарға жауап бере оты- рып, ертегі кейіпкерін өзгертіп суреттейді. Салған суреттерді мәтінмен салыстырады. Оқушылар топ- та жауаптарын талқылап отырып жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: топ бойынша сара- лау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан үйренеді.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі», «Бейнелеу өнері» пәндерімен байланыс жүр- гізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және суреттегі кейіпкердің көңіл күйін тану бойын- ша алған білімдерін қолдана алады.

Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Топқа бөлудің белсенді әдістері пайдаланылады.
Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі: тапсырмада оқушы- лардың айтылым дағдысын дамытуға және тілдерін жаттықтыруға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықта берілген жаңылтпашты бірге дауыстап оқи- ды.
«Жаңылтпаш – тілді дамыту үшін, жылдам, жаңылмай айтуға немесе оқуға берілген сөздер. Жаңылтпаштар ұйқасты, ұқсас сөздермен жазыла- ды» – деп, мұғалім түсіндіреді.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: оқушылар ай- тылым дағдысын жетілдіреді.
Тапсырманың орындалуы: бұл тапсырмада оқушылар жаңылтпашты оқиды және тақырыпқа сай қосымша жаңылтпаштары болса, сол жаңылт- паштарын айтады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Өзім туралы
Жақсы қасиеттерді бойыма жинаймын
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу;
шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру .
Африка, сұрықсыз, келемеж, моншақ-моншақ, ебедейсіз.
флипчарттар, телефон.
мұғалімнің көмегімен шығармадан кейіпкерді суреттейтін үзіндіні табады;
қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.
Оқулық: 26-27-беттер
Жазу дәптері: 10-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ізденейік

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағды- сын дамытуға көмектеседі. Келесі орындалатын тапсырмаларға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: ойын: оқушылар- ды шеңберге тұрғызып, тапсырма түсіндіріледі (мысалы: қолдарыңды бұлғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, т.б). Барлық оқушылардың қатысуы қадағаланады. Тапсырманы кімнің оңай орындайтыны және кімге көмек қажет екені бақыланады. Мұғалім шеңберде тұрған оқушыларды әртүрлі қабілет- теріне қарай топқа бөледі. Оқушыларға топ мүше- лерінің басқаға ұқсамайтын қандай ерекшеліктері бар екенін анықтауға тапсырма береді. Оны білу үшін 3 сыныптасыңнан өзі туралы мәлімет жазып ал. Ол үшін сұрақтар қой:
Сенің сүйікті ісің қандай?
Қолыңнан не келеді?
Сен қамқорлық жасадың ба?
Өздерініңбір-бірінеұқсамайтындарын анықтайды.
Саралау мүмкіндіктері: топ бойынша сара-
лау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан үйренеді.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Жара- тылыстану» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: жаттығуға үлкен кеңістік қажет болады – сыныпта орын босатуға, не болмаса мектеп дәлізін, не ойын алаңын пай- далануға болады.
Оқы және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Оқытудың түрлерін қолдану арқылы оқуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім «Бірігіп оқу» стратегиясы арқылы «Ұсқынсыз керік» ерте- гісін өзі оқып береді, оқушылар ілесіп отырады. (мәтін http://erketai.kz/ сайтынан алынды).
«Бірігіп оқу» стратегиясынан соң, «Сөздерді оқу» стратегиясын қолданып, бейтаныс сөздер оқып көрсетіледі, мысалы: «Африка, сұрықсыз, ке- лемеж, моншақ-моншақ, ебедейсіз». Мұғалім бұл сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мәтін бойынша оқулықта берілген сұрақтар қояды.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Ойлан, тап!
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың ерте- гіні оқып отырғанда бір-біріне бөгет жасамауын қадағалау керек.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Мәтіннің мазмұнын түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға керіктің сыртқы бейнесін сипаттайтын сөйлем- дерді оқу тапсырылады. Үзіндіні тауып оқыған соң, алдыңғы тапсырмада анықтаған өздерінің ерекшеліктері мен керіктің ерекшеліктерін бай- ланыстырады. Ол үшін сұрақтар қойылады:
Керіктің ұзын мойны үшін ұялғаны дұрыс па?
Оны келемеждейтін маймылдар туралы не айтасыңдар?
Біздің сыныпта сондай балалар бар ма? Бол- са оларға не айтар едіңдер?
Достарды келемеж ету қандай баланың ісі?
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Өзгертейік
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың ерте- гіні оқып отырғанда бір-біріне бөгет жасамауын қадағалау керек.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағды- сын дамытуға көмектеседі. Мәтіннің тәрбиелік маңыздылығын түсіндіруге негізделген.
Тапсырманы қалай орындау керек: мәтінде- гі маймылдардың «– Ой, қараңдаршы, оның көзі- не қарау үшін де сатыға шығу керек!, – Қандай сұрықсыз әрі ыңғайсыз мойын!», – деп айтқан сөздерін тауып оқы. Сол сөйлемді сен басқаша қалай ауыстырар едің? Өзгертіп көр. Ол үшін мұғалім оқушыларға екі түрлі қағаз таратады. Ақ және сары түсті қағаз. Ақ түсті қағазға маймыл- дың айтқандарына қарсы, Керіктің ұзын мойнын мақтайтын, оны қолдайтын оқушылар жазады. Ал, сары түске Керікті әлі де болса мазақ еткісі келетін оқушылар болса, солар жазады. Мұғалім оқушылардың таңдауына бөгет жасамайды, ер- кіндік беріледі. Оқушы не жазғысы келсе, соны жазуына болады. Жазып болған соң, өз пікір- лерін оқушылар өздері қорғайды. Мұғалім тек сөйлемдерінің дұрыс құрылуы мен қателерін тү- зетеді.
Саралау мүмкіндіктері: топ бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, өз ой- ларын айтуды үйренеді.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Жаратылы- стану» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар дене мүшелері туралы алған білімдерін қолдана алады.
Сыныпты ұйымдастыру: бұл тапсырма оқушы- лардың жазуына қолайлы болуы керек.

Көрсетейік

Тапсырманың негіздемесі: тапсырмада оқушы- лар мәтіндегі кейіпкердің дамуындағы өзгерістерді анықтай алу және баға беру арқылы оларда ком- муникацияның түрлі тәсілдері, оның ішінде тілдік дағдылары дамиды.
Тапсырманың орындалуы: 4-5 оқушы-дан бір- неше топқа бөлінеді. Мұғалімнің көмегімен кейіп- кердің іс-әрекетіндегі өзгерісті, негізгі оқиғаларды са- лыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау мақсатында «Телефон» ойыны ойнатылады. «Керікке қоңырау шал. Оған басқалардан өзгеше болудың ұят емес екенін түсіндір.» деген тапсырма беріледі. Ол үшін топ мүшелері Керікке айтатын сөздерін анықтап, талдап жазып алады.
Бір оқушы Керік, бір оқушы қоңырау шалып тұрған бала, бір оқушы жазушы болып рөлге бөлінеді. Ол үшін оқулықтағы мәтінді тағы да бір шолып шыға- ды. Бұл жұмыс үшін топты әртүрлі қабілетті оқушы- лармен топтастырған жөн. Балалардың қабілеттері ескерілуі керек. Өнерге бейім оқушылар мен ұяң оқушылардың бір топқа түспегені дұрыс. Әр оқушы кезектесіп жұмыс істеуі үшін уақыттың белгіленгені туралы жарияланады.
Саралау мүмкіндіктері: топ бойынша сара- лау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан үйренеді.
Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру: шағын топтарда қа- білеті әртүрлі оқушылар отырған соң, рөлдер
бөлініп беріледі.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Мәтіннің мазмұнына сәйкес күнделік жазу үлгісі бойынша кестені әрі қарай толтыр.
Бір кездері Бірақ Сондықтан
Джина жалғыз өзі Африканың қалың ну тоғайларын
аралап жүреді. Мазасыз маймылдар мазақ қылды. екі көзінен моншақ- моншақ жас тама бастады.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Өзім туралы
Жақсы қасиеттерді бойыма жинаймын
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру.
негізгі оқиғаларды салыстыруды және өзгерістерді анықтайды;
үлгі бойынша шағын ертегі құрайды;
жападан-жалғыз, мұңаю, кенет, өрмелеу, бұрын- соңды.
А. Қалаубаеваның орындауындағы
«Ертегілер әлемі» әні басылған таспа, көбелектің даму кезеңдеріне арналған суреттер.
Оқулық: 28-31-беттер
Жазу дәптері: 11-бет
Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын жетілдіреді. Сонымен қатар сабақта жағымды көңіл күй орнатуға негіз- делген тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: өткен сабақта біз не туралы айттық және не істедік? т.с.с. сұрақтар қойып, оқушыларды жаңа сабаққа шақыра- ды және бүгінгі сабақ өткен сабақтың жалғасы екендігі ескертіледі. Мұғалім сабақта «Ертегілер әлемі» әнін тыңдатады. Оқушылар әнді бірге шы- рқап, көңілдерін көтереді. «Ертегілер әлемі» әні- не шыққан клипін көрсетуге болады (https://www. youtube.com/watch?v=Lkmv50XMrDE). Мұғалім бұл әнді тыңдату арқылы оқушыларға тақырып- тың ертегілер жайлы жалғасатынын түсіндіреді. Оқушылардың әнді белсене шырқауларына жағдай жасалуы керек. Шеңберге тұрып, әнді би қимылдарымен жалғастыруға болады.
Әннен соң оқушылар оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма арқылы са- ралау жүргізіледі. Әнді жақсы салатын оқушылар белсенділік танытады. Сабақ тақырыбын жақсы
білетін оқушылар бұл тапсырманы емес, қосым- ша тапсырманы орындауға болады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Музыка» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру. Ә. Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер әлемі» әні басылған таспаны қойып тыңдату.
Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын дамытуға және ақпарат алуларына негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықта берілген ертегінің анықтамасын өздері оқи- ды. Мұғалім оқушыларға ертегі туралы қосымша ақпарат береді.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Оқы және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың мәтін желісіндегі оқиғаны өмірмен бай- ланыстыра алу дағдысын жетілдіруге және мәтінді түсініп оқуына негізделеді.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім әңгімені
өзі оқып береді. (мәтін http://erketai.kz/ сайтынан алынды) Оқушылар өткен сабақта оқытылған мәтіннің жалғасы екенін түсінеді. Оқу техника- ларын қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше оқуға тартады. «Сөздерді оқу» стратегиясы оқушы- ларға жаңа сөздерді түсініп, оларды есте сақтауға, мәтіннің ішінен табуға, дұрыс айтуға көмектеседі.
«Бірігіп оқу» оқу стратегиясы арқылы төмендегі техникалардың бір немесе бірнешеуін қолдануы- на болады: сөздерді буындап оқытады, дыбыстар- ды бір-біріне байланыстырып, сөз құратады. Жаңа сөздің мағынасы анықталады. Содан соң балалар әңгімені іштей оқып танысып шығады. Оқып шығу үшін оқушыларға уақыт беріледі. Оқушылардың бір-біріне бөгет жасамай оқып шығулары қа- дағаланады. Оқып болған соң, оқушылар мәтін бойынша бірнеше сұрақ қояды. Сұрақтар топта талқылану үшін уақыт беріледі. Ол үшін мұғалім топтарға сигналдық үлестірме парақшаларын та- ратады. Мұғалім балаларға оқулықтағы сұрақтар- ды қояды. Сұрақ-жауап кезінде оқушылар сиг- налдық үлестірме парақшаларын көтереді. Қызыл
– жауап дайын емес; сары – әлі ойланып отыр; жа- сыл – жауап беруге дайын. Мәтінді талдап болған соң, рөлге бөліп оқытуға болады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді. Кейбір оқушыларға олардың қа- білеттері мен қажеттіліктеріне қарай сұрақ қой- ыңыз. Осылайша барлық оқушылар сұрақтарға жауап бере алады және өзгелердің толығырақ жауаптарын тыңдай алады.
Салыстырайық
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың ақпаратты басқа формада түсіне алу дағ- дысын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: оқушы ертегідегі оқиғаларды салыстырып, өзгерістерді анықтайды. Ол үшін оқулықта берілген сұрақтар бойынша су- рет салады.
Тапсырма оқушылардың ертегіні басқа фор- мада ұғына алуларына арналған, сондықтан оқушылар осы сұрақтар бойынша сурет салады. Суреттерді салу үшін қағазда екі бөлікке бөліп салу тапсырылады. Бір бөлігіне маймылдардың керікті мазақтаған кезін бейнелесе, екінші жағы- на ұялып, кешірім сұрап тұрған кездерін сала- ды. Бұл тапсырманы топта орындайды. Мұғалім жиі бір топтан екінші топқа барып, олардың жұмыстарын бақылауы керек. Жұмыста қабілеті төмен оқушылар отырған топқа баса назар ауда- рылады. Егер олардың жауаптары дұрыс болса, сол топтан бастаған дұрыс болады. Себебі ол топ мүшелерінің дұрыс жауаптары аз болса, басқа топтың оқушылары дұрыс жауаптарды беріп

қоюы мүмкін. Ал олар ұтымды жауаптар бере ал- маса, онда басқа топтардың берген жауаптары бойынша қай жерлерде қате жіберілгенін айту ұсынылады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада топтық саралау жүргізіледі, оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезең- дерде барынша көп қолдау көрсету тиімді.
Ойымызбен бөлісейік және жазайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың жазылым дағдысын дамытуға көмекте- седі. Шығармашылық тапсырмаларды орындауға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: ертегідегі жануар- ларды өзгертіп, өзің ертегі құра деген тапсырма- ны оқушылар жеке орындайды. Бұл үшін мұғалім керіктің орнына пілді қойып өзгертуге болатынын түсіндіреді. Яғни пілдің ұзын мұрнын мазақ еткен жануарлар, пілдің ренжуі, ұзын мұрнының пайда- сы туралы ертегі үлгісін ұсынады. Оқушылар өздері кез келген аңды таңдап, ертегіні өзгертіп жазады. Барлық оқушылардың жазғандары тексеріледі және неге сол аңды таңдағанын айтады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріледі, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзе- ту енгізілмейді. Оқушы теріс қорытынды жасаған кезде де оның қызығушылығын арттырып, оған қолдау көрсетіледі.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі»пәнімен байланыс жүргізіледі.Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел-
сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Анықтайық
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың жазылым дағдысын дамытуға көмекте- седі.
Тапсырманың орындалуы: оқылған ертегі бойынша кестені дәптерге толтырады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Өзім туралы
Мен күштімін
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету;
2.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану.
мұғалімнің көмегімен сөйлемдерінің дұрыс құрылуын тексереді.
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
алты батпан ауыр, алшаю, көк шұнақ.
флипчарт, фломастерлер.
тыңдалған материалға сүйеніп, өз ойын білдіреді;
Оқулық: 32-35-беттер
Жазу дәптері: 12-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын дамытуға көмектеседі. Келесі орындалатын тапсырмаларға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: ойын: Оқушылар- ды шеңберге тұрғызып, барлық сыныппен келесі өлең айтылады. Өлең тақтада жазулы тұрады.
Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі, әрі нәзік, жарық, мейірімді.
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Барлық оқушылардың қатысуы қадағаланады. Содан соң «Ең күшті не болуы мүмкін? » дегенде ойға не келеді деп, оқушылардан сұрап, «Сурет- тегі аңдарды күштілігіне қарай орналастыр. Ой- ыңды дәлелдеп айт.» деген тапсырма беріледі. Ол үшін қабілеттері әртүрлі оқушылар топтастырыла- ды. Әрбір оқушы бір-екі сөйлеммен ойды аяқтап жазады. Барлық оқушылардың жазғандары тек- серіледі. Ресми емес талқылауда оқушылар өз ойларын ортаға салады, әрбір топ мүшесі өз ойын ортаға салады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріледі, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету енгізілмейді. Оқушы теріс қо-
рытынды жасаған кезде де, оның қызығушылығын арттырып, оған қолдау көрсетіледі. Барлық тізім- дер оқылып қорытынды шығарылады. Мұғалім
«Күшті» сөзін оқушылармен бірге талдайды: Адам қай жағынан күшті болады? Оқуда күшті, сурет са- луда, өлең айтуда, тағы да басқа жағынан адамнан асқан «күшті» жоқ деген пікірге келеді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлем- дердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың ертегі желісіндегі оқиғаны өмірмен бай- ланыстыру дағдысын жетілдіруге және ертегіні түсініп оқуына негізделеді.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім ертегінің тақырыбын дауыстап оқып, ол ертегі жайлы қандай мәлімет беретінін сұрайды. Әңгіменің авторымен таныстырады. М. Әлімбаев 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6-сыныпта бір қыс
ішінде ауыл кітапханасының 150-ден аса кітабын («Бауырсақтан» ертегісінен бастап, «Батырлар жы- рына» дейін) оқыған. Мұғалім оқушыларға «Ертегіні оқы. Есіңе сақтауға тырыс. Түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып бер» деген тапсырма береді. Ертегіні тыңдап болған соң, оқушыларға жаңа сөздерді түсіндіріп, оларды есте сақтауға, дұрыс айтуға көмектеседі.
Салыстырайық
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бо- йынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың шығармашылықпен өз ойларын дамытуға және тыңдалған мәтінді түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар ал- дыңғы тапсырмаларда отырған топтарымен отыра береді. Яғни қабілеті әртүрлі оқушылар топтасты- рылады. Топтың әрбір мүшесі белсенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Мұғалімнің көме- гімен тыңдалған ертегідегі оқиғаны оқулықтағы суретпен салыстырып, ретімен мазмұнын айтып береді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және жазылуы бой- ынша алған білімдерін қолданады.
Ойлан, тап!
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағды- ларын дамытуға көмектеседі. Оқыған ертегінің мазмұнын түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: тапсырмада оқушы- лар алдыңғы бөлінген топтарымен отыра береді. Мәтіндегі құмырсқаның сөзін оқиды. Ертегіде- гі «Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, – деген құ- мырсқаның сөзімен келісесің бе? Құмырсқа неге бәрінен күшті болды? Өз ойыңды білдір, дәлелде. Топтарға флипчарттар таратылады. Олар ортаға құмырсқаның суретін салып, шетіне неге «құмырс- қа күшті» деп ойлайтындарын жазады. Мұғалім оқушыларға ертегі бойынша өз ойларын ортаға са- луға, яғни ертегінің ұнаған немесе ұнамаған тұста- ры жөнінде әңгімелеседі. Автордың айтайын деген ойын оқушылардың қалай түсінгендерін білу үшін сұрақтар қояды.
Шағын топта жұмыс бастамас бұрын тапсыр- ма нақты және анық түсіндіріледі, оқушылардың бірінен нұсқаулықты қайталап сұрауға болады. Мұғалім жиі бір топтан екінші топқа барып, олар-

дың жұмыстарын бақылауы керек. Оқушылар- дың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модел деуіне болады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және жазылуы бой- ынша алған білімдерін қолданады.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Жоспарлайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың сын ойлауын және топта жұмыс жасай алу дағдысын дамытуға көмектеседі. Келесі орындала- тын тапсырмаларға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: қабілеттері бір- дей оқушылар топтастырылады. Мұғалім оқулықта берілген сөз бұлтшасына жазылған сөздерге қа- рауды ескертеді. Бұл сөздерді қолданып, ерте- гі жоспарын құрау тапсырылады. Жұптарымен жазған жоспарларды тексереді. Қабілеттері жоға- ры оқушылар өз пікірлеріне қалай тоқталғанын сы- ныппен бөліседі. Оның жауабы қалған оқушыларға үлгі болады. Өз ойларын жеткізуде қиналып жатқан оқушыларға көмек көрсетіледі. Құрастырған ертегі жоспары бойынша сюжеттік сурет салуға да бо- лады. Әртүрлі қабілетті оқушылардың топтарын бағалау өлшемі де тапсырмалардың орындалу деңгейіне байланысты болады.
Саралау мүмкіндіктері: топ бойынша саралау жүргізіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолданады. Со- нымен қатар «Бейнелеу өнері» пәнімен де байла- ныс орнатылады.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
«Еңбекқор құмырсқа» тақырыбында шағын әң- гіме жаз.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалімоқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Өзім туралы
Аппақ бала
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.3.2.1 мұғалім көмегімен шағын ертегілер/ жұмбақтар (үлгі бойынша) жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар мен санамақтар құрау;
2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;
2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.
дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар құрайды;
шығармашылық жұмысын ұсынады;
қарапайым сұрақтар қойып, оның жауабын мәтіннен табады.
шап-шақ, тақ-тақ, суық сөз, талпыну.
таныстырылым көрсетуге графопроектор.
Оқулық: 36-37-беттер
Жазу дәптері: 13-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардың білімді шығармашылықпен пайда- лану дағдысы дамиды. Өз ойлары мен идеяларын, сезімін білдіруге дағдыланады. Оқылатын өлең арқылы тақырыпты ашуға негізделген тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- ларға «Сен қандай баласың?» тақырыбы бой- ынша алдын ала таныстырылым дайындатады.
«Сен қандай баласың?» сауалына таныстырылым көмегімен жауап береді. Оқушылар үйде ата- аналарымен бірлесіп жасаған таныстырылымын қорғайды. Мұнда оқушының сәби кездегі, туған күніндегі, демалыс орындарындағы түскен сурет- терінен қызықты сәттері көрсетіледі. Ата-анасы баласы жөнінде жақсы сөздер, тілек, қызықты сәттері туралы айтуларына болады. Бұл тапсыр- маны орындай алмайтын оқушылар мен ата-ана- лар кездессе, оларды мәжбүрлеуге болмайды. Ол оқушыға өзі жайлы шағын әңгіме жазуға болады. Таныстырылым 2-3 минуттық жұмыс болуы керек. Мұғалім оқушыларға мынадай сауалдар қояды:
Күніне неше рет тісіңді тазалайсың?
Тамақтанар алдында қолыңды неге жуасың?
Киімді неге күтіп кию керек деп ойлайсың?
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: таныстырылым көр- сетуге қажетті заттар болуы қажет.
Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма қосым- ша ақпарат беруге және ойлануға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: «Автор» тура- лы қысқаша мәліметті оқуды ұсыныңыз. Мұғалім ақын Өтебай Тұрманжанов жайлы қосымша ақпа- ратты алдын ала әзірлеуі тиіс. Сыныпта автор жай- лы қысқаша мағлұмат береді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма арқылы са- ралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушыларға қолай- лы жағдай жасалады.
Мәнерлеп оқы

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың оқылым және сын тұрғысынан ойлау дағ- дысын жетілдіруге көмектеседі. Мәтіннің мазмұ- нын түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- лардың назарын оқулықта берілген «Аппақ бала» өлеңіне аудартады. Өлеңнің авторы – Өтебай Тұр- манжановтың шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығатын «Ақ жол» газетінде 1920 жылы жария- ланған. Оқулықта берілген өлеңді мұғалім өзі оқып шығып, оқушылардың өздеріне оқуға уақыт бе- реді. Мәтінді оқып отырғанда оқушыларға өлең- дегі кейіпкерді суреттейтін көркем сөздер мен сөз тіркестерін тауып оқу тапсырылады. Өлеңді суретпен салыстырулары қажет. Оқулықта беріл- ген «Аян қандай бала? Суретті қалай толықтырар едің?» деген сауалдарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма арқылы са- ралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бір-біріне бөгет жасамай, тыныш отырып оқула- ры ескертіледі.
Құрастырайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырмада оқушылар шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы жазылым дағдысын дамытады.
Тапсырманың орындалуы: барлық сынып оқушыларына дайын ұйқастар беріледі.
Оқулықта берілген «аппақ, тақ-тақ, шап-шақ, мақтап» ұйқастарын қатыстырып, бір шумақ өлең құрайды. Өлеңге тақырып қояды. Мұнда әрбір ба- ланың шығарған өлеңі құнды екендігі ескеріліп, барлық жауаптар жазылады, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету ен- гізілмейді. Оқушы қандайда бір дұрыс емес қо- рытынды жасаған кезде де оның қызығушылығын арттырып, оған қолдау көрсетіледі. Сыныптағы өлең ұйқастарын пайдаланып немесе өз бетімен шығара алатын оқушылар тапсырманы өлең үлгісі бойынша орындап болса, өз еркімен тағы да өлең шығаруына мүмкіндік беріледі. Ал қабілеті төмен оқушыларға үлгі бойынша өлең шығаруларына қосымша уақыт беріледі. Өлең ұйқастарын қол- дана алмаса, тапсырманы орындауға тырысады. Оқушыны мәжбүрлеп өлең шығартуға болмайды, тек талпындыруға жағдай жасалады. Оқушылар ұйқас бойынша жазған өлеңдерін барлық сыныпқа оқиды және дәптерлеріне жазады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада уақыт арқылы саралау жүргізіледі. Көмек қажет ететін оқушыларға бұл тапсырманы орындау үшін

көбірек уақыт қажет болуы мүмкін. Ал қабілеті жоғары оқушылар қосымша тапсырмаға көшу- леріне болады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың жұмыс жасауына жағдай жасау.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Тапсырманың негіздемесі: Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық пен сын тұрғы- сынан ойлауын дамытуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: өзіңмен өлеңдегі кейіпкер Аянды келесі көрсеткіштер бойынша са- лыстыр. Бұл үшін мұғалімнің берген келесі кестесі толтырылады. Бұл тапсырма топта орындала- ды. Алдында бөлінген топтарымен отыра береді. Мұғалімнің тағы басқа да көрсеткішті қосып, өз- гертуіне болады.
№ Көрсеткіштер Мен Аян
1 Өзім қандаймын? 2 Киімім қандай? 3 Қалай еркелетеді? 4 Сабағымды қалай оқимын? 5 Сабаққа қалай келемін? 6 Ер болып өсуім үшін, не істеуім керек? Мұғалім оқушыларға өлең бойынша автордың ойын түсінгендерін білу үшін сұрақтар қояды:
Өзің мен Аянда ұқсастық бар ма?
Өзіңтуралыәзірлегентаныстырылымда Аянға ұқсас ойлар бар ма?
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырма «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Өзім туралы
Таудай талабым
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру;
2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.
таудай үлкен талап, қастерлеу, қадірлеу, ізетті.
флипчарт, маркер, суреттер, желім.
оқылған өлеңдегі бөлімдер бойынша сұрақ құрастырып, жоспар құра алады;
мәтін бойынша сұрақтар қойып, оның жауабын мәтіннен табады.
Оқулық: 38-39-беттер
Жазу дәптері: 14-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар айтылым дағдысын, айтылған ақпарат бойынша өз пікірлерін қосу дағ- дысын дамытады. Оқушыларды алда орындайтын тапсырмаларға дайындайды.
Тапсырманың орындалуы: «Қошеметтер бұрқасыны» стратегиясы арқылы оқушылардың көңіл күйін көтеру. Оқушыларға кішкентай кесілген қағаз әзірлеп, бір сөзден тұратын жағымды сөздер жазуын ұсынады.
Кішкентай кесілген қағазға сынып оқушыларына арнап жағымды сөздер жазып, лақтырады. Әркім алдына түскен қағазды ашып, дауыстап оқиды.
Содан соң мұғалім оқулықтағы «Талабым тау- дай» дегенді қалай түсінесің? Түсіндіріп көр» деген тапсырма береді. Оқушылардың түрлі пікірі тыңда- лады. Соңында жаңа сабақтың тақырыбы айқын- далады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда нәтиже бойын- ша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушы- ларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бар- лығын сабаққа қатыстыру үшін оқушылардың аттары жазылған таяқшалар пайдаланылады. Бұл үшін оқушылардың аттары жазылған таяқшалар қажет. Мұғалім таяқшаларды өзі таңдап оқушы- лардың қабілетіне қарай сұрақтарды қояды.
Мәнерлеп оқы

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқу- шылардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Өлеңнің мазмұнын түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім бірігіп оқу стратегиясы арқылы өлеңді өзі оқып береді, оқушылар ілесіп отырады. Бірігіп оқу стратегия- сынан кейін оқушылар өздері оқу стратегияларын жалғастырады, яғни өлеңді іштей оқиды. Содан соң өлеңді барлық оқушы мәнерлеп оқып шыға- ды. Оқып болған соң, оқулықта берілген мына са- уалдарға жауап береді:
«Білгіш» деп кімді айтамыз?
«Ізетті» деп кімді айтамыз?
«Өнерпаз» деп кімді айтамыз?
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада қа- білеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушы- ларға көмек көрсетеді.
Оқы және жауап бер
Сыныпты ұйымдастыру: өлеңді мәнерлеп оқуға жағдай жасалады, яғни оқушылардың қа- білеттері, ерекше мінездері ескеріледі.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың оқылым және сын тұрғысынан ойлау дағ- дыларын жетілдіруге көмектеседі. Өлеңнің мазмұ- нын түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларды «Жұ- быңды тап!» ойыны арқылы жұпқа бөледі. Ол үшін түрлі түсті парақшаларды, суреттерді т.б. заттарды қолданады. Содан соң оқушыларға мәтін бойын- ша сұрақтар қойып, оның жауабын мәтіннен табу тапсырылады. Жұмысты келесі кезеңдер бойынша орында:
Өлең бойынша сұрақтар құрастыр.
Жұбыңа сұрақтарыңды қой.
Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер. Сұрақтарды келесі үлгіде оқушыларға көрсетіп,
сұрақтар құрастыруға көмек көрсетіледі.
Қандай баланы «білгіш» деп атаймыз?
Неге «ізетті» баланы мақтаймыз?
«Өнерпаз» деп кімді айтамыз?
Сұрақтарға жауап бергеннен кейін, сұрақтар бойынша жоспар құрылады. Мұғалім жоспардың құрылуына көмектесуі керек.
Оқушылардың барлығы өлең бойынша мұғалімнің көмегімен өлеңдегі кейіпкерді сурет- тейтін үзіндіні және ондағы көркем сөздер мен сөз тіркестерін тауып оқиды. Өлеңдегі кейіпкердің та- лабы мен алдағы тапсырмадағы өздерінің ойларын салыстырып, «Таудай талап» дегеннің не екендігі түсіндіріледі. «Таудай үлкен талап, қастерлеу, қадір- леу, ізетті» деген тірек сөздер бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізіледі. «Сөздік дәптеріне» жазыла- ды. Келешекте бұл сөздерді шығарма жазуда қол- дануға болатыны ескертіледі.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: жұппен жұмыс жүр- гізуге жағдай жасалуы керек.

Ойымызбен бөлісейік және жазайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырмада оқушы- лардың жазылым дағдысы дамиды, өлең кейіпкері арқылы өзіне баға бере алуына негізделген.
Тапсырманың орындалуы: Оқушы өзі құрған жоспарды пайдаланып, «Еркін жазу» стратегиясы арқылы «Менің талабым таудай» тақырыбында өзі туралы досына хат жазады. Ол үшін төмендегі жоспарды пайдалану керек:
Мен білімдімін.
Мен ізеттімін.
Мен өнерлімін.
Жазып болғаннан кейін «Автордың орындығы» стратегиясы арқылы оқушылар өздері жазғанда- ры бойынша оқып береді. Ол үшін ортаға орын- дық қойылады. Оқушылар орындыққа отырып, өз жазғандарын оқиды. Барлық оқушылар автор болғысы келсе, өз қалауларымен орындыққа оты- рады. Белсенділігі жоғары оқушыларға кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау керектігі ескертіледі.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың жұ- мыс жасауына жағдай жасау.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Кейіпкердің сипаттамасын өзгертіп жаз.
Қосымша тапсырма
«Күннің шуағын» сал және боя. Әр шуаққа сен қалай талаптанасың, соның тізімін жаз.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Құрастырайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың жазылым дағдысын жетілдіруге арналған. Тақырыпты толықтыруға негізделген тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушыларға
«Әр шумаққа тақырып қой. Дәптеріңе жаз.» деген тапсырма береді. Қабілеті жоғары оқушыларға өлең жазу тапсырмасы қосымша беріледі. Бірақ барлық оқушыға өлең шығару міндеті қойылмауы тиіс.
Саралау мүмкіндіктері: тапсыр ма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың жұмыс жасауына жағдай жасау.
Өзім туралы
Маған ұнайтын үйірме
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу;
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету;
шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау.
анықтамалық кітаптардан, сөздіктерден қосымша ақпараттар алып, олармен жұмыс жасай алады;
сөйлемдер құрай алады;
басқа формада берілген мәтінді оқи алады.
жарнама, үйірме, қолөнер, құлағын бұрау.
А4 қағазы кітаптар, жарнамалық кітапшалар.
Оқулық: 40-41-беттер
Жазу дәптері: 15-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушылардың сұрақ қоя алу дағдысын дамыта- ды. Сонымен қатар өзара идея алмасу мен мәсе- лені бірлесіп шешуді үйренеді.
Тапсырманың орындалуы: сабақты баста- мас бұрын мұғалім оқушыларды екі шеңберге тұрғызады. Сыртқы және ішкі шеңбер сағат тілі бойынша жүреді. Оқушылар бір-бірінен бос уақыттарын қалай өткізетініне қатысты сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жа- уап алады. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянады. Содан кейін оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Топтарға бөлінген соң, оқулықтағы бос уақытты өткізу туралы суреттерге назар ауда- рады (мысалы: футбол, шаңғы, теннис, скрипка, жүзу, шахмат, коньки және би аяқ киімі).
Суреттердегі заттарға қарап, оқушылар үйірме түрлерін анықтайды. Әрбір үйірменің ерекшелі- гі туралы айтады. Осы туралы сөйлемдерді А4 қағазына жазып, көлденең керілген жіпке неме- се тақтаға іліп отырады. (Бұл «9 гауһар тас» ойы- ны үшін қажет болады).
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойын- ша топтық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен
461-тарау. Өзім туралы
оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұ- мыс жасап, өз идеяларын айтуды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушыларды шеңбер- ге тұрғызғанда барлығын бақылау оңай. Оқушылар өздерін еркін ұстайды, мүмкін барлығы бір-бірін көріп тұрғанын түсінгеннен шығар. Кейбір оқушы- ларға оңай түспеуі де мүмкін, сондықтан мұғалім шеңберде барлығымыз ашық сөйлесіп, ойларымы- зды білдіріп, идеяларымызбен бөлісе алатындарын түсіндіреді.
Сен білесің бе?

Тапсырма негіздемесі: оқушылардың тыңда- лым дағысын дамытуға бағытталады.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- ларға "бір заттың белгісін басқа заттың белгілері- не теңеп, жасырып айту арқылы жұмбақ шыққан. Жұмбақ тақпақтап, ұйқасты сөздермен айтылады." деп түсіндіреді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Ойлан, тап!
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушы- лар ойын, қиялын дамытуға және әдеби теориялық терминдерді білуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықтағы жұмбақты оқып, шешуін табады.
Жұмбақтың шешімін тап: Дауысы бар, жаны жоқ, Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра. Ол не?
Жұмбақ ойды, қиялды дамытады.
жауап береді:
Бос уақытты қызықты өткізу үшін не істейсің?
Бос уақытта кітап оқу қызық па?
Үйірмеге барған ұнай ма?
Достарыңа өз үйірмең жайлы айтып бердің бе?
Үйірме сабақ оқуыңа кедергі келтіре ме?
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылардан үйренеді.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың өлеңді ілесіп оқуына негізделеді.
Тапсырманың орындалуы: өлең «Бірігіп оқу» стратегиясы арқылы оқытылады. Оқушылар мұғаліммен бірге оқиды. Содан соң оқу техни- каларының бір немесе бірнешеуін қолдануына болады: сөздерді буындап оқытады, дыбыстарды бір-біріне байланыстырып, сөз құратады. Жаңа сөздің мағынасы бар ма? Анықталады. Содан соң балалар өлеңді іштей оқып, танысып шыға- ды. Оқып шығу үшін оқушыларға уақыт беріледі. Оқушылардың бір-біріне бөгет жасамай оқып шығулары қадағаланады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бір- лесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.
Қосымша тапсырма
Мектепте шахматшылар үйірмесінде жарыс өтпекші. Бұл туралы хабарландыру жазу 2-сы- нып оқушыларына тапсырылды. Сен қалай жазар едің? Хабарландыру жазып көр.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Баянда

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың өз іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, өзін-өзі реттеуге үйретеді және жұппен жұмыс істеу дағ- дысын жетілдіреді.
Тапсырманың орындалуы: бұл – «9 гауһар тас» ойыны. Тапсырма жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Олар алдыңғы жұмыс ба- рысында жинақталған пікірлерден бос уақытты өткізудің ең маңызды жолынан маңыздылығы аз түріне қарай реттілікпен орналастырады. Бұл жұмыс сыныпта тартылған жіпке орналастыры- лады. Барлығы орындап болған соң, жұптар ал- масып, неліктен сондай ретпен орналастырғанын бір-біріне айтады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма топтық са- ралау арқылы жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушы- лар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, өз идеяларын айтуды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырмада оқушы- лар сыныпта еркін қозғалу керек. Сыныпқа оқушылардың жауаптары ілінетін орын дайында- лып қойылады.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Мұғалім сыныпта қағаздан жасалған ұшақты ұшырады, ұшақ кімге тисе, сол келесі сұрақтарға
Өзім туралы
Тараудың қорытынды беті
Оқығанды қайталау
Сен не үйрендің?
Тапсырма негіздемесі: Бұл тапсырма арқылы оқушылар алған білімдерін қолдана алуларына және бөлімді қорытындылауға бағытталған.
Тапсырманы қалай орындау керек: Бөлім бойынша сұрақтар жазылған конверттер таратылады.
мәтіндегі кейіпкердің мінез-құлқына сәйкес пікір білдіру арқылы өзімнің мінезің туралы айтып көр;
әдеп, қамқорлық, үлкеннің жолын кеспеу, қолғанат болудың маңызын түсіндіріп бер;
орынсыз еркелік пен қулықтың зиянына мысал келтір;
басқалардан өзгеше болудың еш ұяты жоқ екенін дәлелде.
Көрсетейік
Тапсырма негіздемесі: Бұл тапсырма оқушылардың осы бөлімен не алғандарын анықтауға бағыт- талған. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, өз ойларынан қорытынды шығара алуларына көмек- теседі.
Тапсырманы қалай орындау керек: Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға алдын ала тапсырма беріледі. Қабырға газетін жасауға қажетті заттар алып келу тапсырылады. Қабырға газетінің тақыры- бы «Мен осындаймын». Бөлім бойынша жасалған жұмыстардың бәрі сыныпқа әкелінеді, оқушыларға көрнекті жерде болғаны дұрыс. Бұл жұмыстар оқушыларға қажет болады. Мұғалім оқушылардың қа- білеттерін ескереді. Топта рөлдерге бөліп қойған дұрыс. Оқушылар өз қабілеттеріне қарай жұмыста- рын жасайды. Қабырға газетінің қалай болатынын мұғалім өзі көрсетеді. Бірнеше қабырға газетінің суреттері болса, топтарға таратылады. Барлық жұмыстар болған соң сыныпта таныстырылым жасайды. Таныстырылым жасалған соң оқушылар өздеріне ұнаған жұмысты бағалайды.
Қосымша тапсырмалар
Алға ұмтыл!
Тапсырманың негіздемесі: Бұл тапсырма оқушылардың ақпараттық құралдарды қолдана дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманы қалай орындау керек: «Менің туған күнімде» тақырыбында powerpoint презентациясын жасау тапсырылады.
Өздеріне ұнаған суреттерді әкелу тапсырылады. Оқушылар барлық суреттерді өздерінің фантазияла- ры бойынша қолданады. Дайын жұмыстар қорғалады. Бағаланады. Өз ойларын ортаға салады. Бөлім бойынша қарастырылған ақпараттардың қолданылуын мұғалім қадағалайды.
Алға ұмтыл!
Тапсырма негіздемесі: Бұл тапсырма оқушылардың өміріне қажет болатын мәтін түрлерін құра алу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманы қалай орындау керек: «Менің бос уақытым» тақырыбында кітапша әзірлеу тапсырыла- ды. Ол үшін мұғалім бөлімде қарастырылған мәтіндер бойынша материалдар таратады.
48
Менің отбасым және достарым

Тарауға кіріспе бет

«Менің отбасым және достарым» тарауында оқушылар отбасы, отбасылық құндылық туралы ұғым-түсінік алады. Отан отбасынан басталатынына түсінік беріледі. Адам өміріндегі құндылық достық туралы мәтіндерді түсініп оқу, мазмұнын талдау барысында оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасуға мүмкіндік туады. Тапсырмалар арқылы оқушы қолдануға, алған ақпаратты талдауға және жинақтауға дағдыланады. Мәтіндердегі автордың айтпақ ойына өз көзқарастарын білдіріп, ойларын жинақтайды. Алған білім мазмұнын қолданып, өз шығармашылықтарына бастау алады.
Оқу мақсаты:

Осы тараудың оқу мақсаты 6-8-беттердегі Көлем мен құрылым кестесінде берілген 6-8-беттерде.
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру;
2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау;
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;
2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу;
шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;
2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын
Негізгі тіл
Бұл тарау 12 сабақтан тұрады. Сабақтың тақырып- тары төмендегідей:
Отбасым – бақытым
Біріміз – бәріміз үшін!
Бірлік – таусылмас байлық
Ізгілік бастауы
Мейірім көзі
Татулық – таптырмас байлық
Адал достық
Нағыз дос
Досы көпті жау алмайды
шығармадан таба білу;
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау;
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.2.6.1 Шығармадағы кейіпкердің сыртқы бейнесін сипаттау, оның іс-әрекетіне, мінез- құлқына сәйкес қарапайым тілмен пікірін білдіру;
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу;
2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу;
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру;
2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу;
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.
Дос
Менің досым қандай?
Маған жақын адамдар
Тірек сөздер: бақыт, сезім, шаттық, мейірім, құн- дылық, алаңқай, ық, сая, таса, пана, береке, бір- лік, ынтымақ, шыдамдылық, сүйіспеншілік, ақ-қа- расын анықтау, келісім, қауым, бақ, асыл, нағыз, нәрлі, жылу, нұр, ғұмыр, арайлы, әділ, шыншыл, қызықты, сырқат, тұтылу, әурелену, илеу, илеулес, жалғыздық, сырлас, сыйлас, тамыр, көрші, жана- шыр, шұрқырасып, жылы шуақ, алғыс хат.
49
Менің отбасым және достарым
Отбасым – қорғаным
Сабақтың соңында оқушылар;
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру;
2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу.
қуаныш, жақсы көру, қамқорлық, мейірім, бақыт.
отбасы суреттер, плакат, түрлі түсті бояу, отбасы тақырыбына қатысты суреттер.
тыңдалым мәтіні арқылы өз ойын, сезімін білдіре алады;
отбасылардың ерекшеліктерін салыстырып, айта алады.
Оқулық: 44-45-беттер
Жазу дәптері: 16-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы барлық сыныппен бірге орындау ұсынылады.
Кел, сөйлесейік!

Ойымызбен бөлісейік
Тапсырманың негіздемесі: берілген суреттер- ге назар аударып, суреттерді салыстырады. Топта өзара сурет бойынша өз ойларын айту арқылы сөздік қоры кеңейеді.
Тапсырманың орындалуы: оқулықтағы ил- люстрацияға назар аудартылады. Оқушылар- дан суреттен не көріп тұрғандары сұралады. Олар суретте не бейнеленгенін айтады. Осы суреттердің отбасымен қандай байланысы бар екендігі сұралады. Адамдардың алақандарында тұрған киіз үй макетінің отбасына қандай қаты- сы бар екендігі айтылады. Екінші суреттегі отба- сы туралы әңгімелейді. Екі суретті бір-бірімен салыстырады. Оқушылар екі суретті «Отбасы» ұғымымен байланыстырып сөйлейді.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырма барлық оқушыға бірдей ұсынылады. Оқушылар қойылған сұрақтарға өз деңгейлеріне қарай әртүрлі жауап бере алады. Әртүрлі нәтиже күтіліп, нәтиже бой- ынша саралау жүзеге асады.
Пәнаралықбайланыс:бұлтапсырмада
«Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс орын ала- ды.
502-тарау. Менің отбасым және достарым
Тапсырманың негіздемесі: берілген сұрақтар арқылы отбасы мен отбасы қуанышы, бақыты ту- ралы ойларын ортаға салып, сөйлеу барысында тілдік, тілдік емес құралдарды орынды қолдану дағдысын дамытады.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға плакаттар беріледі. Оқушылар плакаттың шетіне отбасында қандай қуаныштар болатыны, отбасы өзін қандай жағдайда бақытты сезіне алатыны туралы өз ойларын жазады. Берілген уақыт ішін- де жазып аяқтағаннан кейін, топта бір-біріне та- ныстырады. Топта барлық ойлардың ішінде ең үздік 5 ойды ортаға жазу сұралады. Барлық топ аяқтағаннан кейін сыныпта таныстырылым жа- сайды. Таныстырылым барысында ерекше ой- ларды марапаттау, ерекше ойға сынып назарын аудартып, ойды толық таныстыру мақсатында қосымша сұрақтар қойылады.
Саралау мүмкіндіктері: таныстырылым бары- сында нәтиже бойынша саралау қолданылады. Ерекше ойдың иесіне мұғалім қолпаштау көрсете отырып, ойын әрі қарай жетілдіру мақсатында не-
гізгі сұрақтар қойып, диалог бойынша қолдау көр- сетіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топтық жұ- мыс түрінде ұйымдастырылады. Сынып үлкен от- басы, шағын отбасы, спортпен айналысуды сүйетін отбасы, үй жануарлары бар отбасы болып, беріл- ген сурет қиықтарын жинату арқылы оқушыларды топқа бөледі.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: оқылым дағды- сын, сурет пен өлең арасында байланыс орнатуды жетілдіреді,
Тапсырманың орындалуы: оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып шығады. Кейін оқушылардың на- зары оқулықта берілген суретке аударылады. Сурет арқылы баланың қарындасы туралы әңгіме жүр- гізіледі. Ағасы мен қарындасының арасындағы қа- рым-қатынас туралы сұралады. Ағасының қарын- дасына деген сүйіспеншілігі баяндалады.
Оқулықта берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді. Сурет пен өлеңді байланыстырулары тиіс. Оқушылар өз отбасыларындағы аға мен қарындас қарым-қатынасы туралы айтып береді.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Оқушылардың деңгейіне қарай әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма сыныппен ұйымдастырылады. Оқушылар сынып алдында өз ойларымен бөліседі.

гізіледі.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Әр оқушы өзінің отбасы туралы ойларын ассо- циациямен (теңеумен) беру сұралады. Мұғалім өз ойларын таныстыруда креативтілікпен танысты- ру үлгісін көрсетеді. Мен үшін отбасы – бәйтерек ағашы. Атам – діңгек.
Ол өйткені барлығының тірегі. Ал біз, ата-анам, ағатайларым мен тәтелерім және балалар, неме- релер – бұтақтармыз. Оқушы мұғалімнің үлгісін қайталамай өз ойларын қағазға түсіреді. Танысты- рылым жасайды.
Мен үшін отбасы ...
Қосымша тапсырма
Суреттегі отбасының қызығушылығы туралы әңгіме құра.
Өз отбасыңның ерекшелігін таныстыр.
Сурет бойынша сюжетті әңгіме құрайды. Онда кейіпкерлер, оқиға болу керек. Отбасы ерекшелігі танылу керек.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Құрастырайық

Тапсырманың негіздемесі: алдыңғы тапсы- рмада берілген өлеңдегі аға мен қарындас қа- рым-қатынасы, отбасы туралы ойларын жинақта- уға мүмкіндік беріледі. Өз ойларын, идеясын шығармашылықпен беріп сын тұрғысынан ой- лау қабілеті дамиды және сурет пен өлеңді байланыстыра отырып әңгіме жазады.
Тапсырманың орындалуы: өлең мен суреттің арасында байланыс орната отырып, диалог құра- стырады. Аға мен қарындастың бір-біріне қамқор болуы, құрмет көрсетуі туралы сөз қозғалуы керек. Осы әңгімені дәптерлеріне көшіреді.
Оқушылар өз отбасының ерекшелігін таныту мақсатында мазмұнды әңгіме құрап, бір-біріне айтады. Сосын құраған әңгімелерін дәптерлеріне жазады. Оны топта оқиды. Әр топтан ерекше деп тапқан әңгімені сынып алдында оқуға ұсынылады. Саралау мүмкіндіктері: осы тапсырма үшін қабілетіәртүрлібалалар бір топтастырылады.
Сонда қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Бейнелеу өнері» мен «Сөз өнері» пәндерімен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма алдымен жеке орындалады. Талқылау топта жүр-
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;
шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау.
білдіріп, баға береді.
Менің отбасым және достарым
Біріміз – бәріміз үшін!
Сабақтың соңында оқушылам:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
алаңқай, ық, сая, таса, пана, жайбарақат.
Парақтағы «білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесі, парақтар, бояу қарындаштар.
ертегі мазмұнындағы қажетті ақпаратты анықтай алады;
кейіпкерлерді сипаттайды және өз пікірін
Оқулық: 46-48-беттер
Жазу дәптері: 17-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: ертегіні іштей оқып, түсініп оқу дағдысын дамытады.
Тапсырманың орындалуы: «Үш көбелек» ер- тегісін оқу үшін мұғалім оқушыларды оқулықтағы ертегіге назар аудартады. Мұғалім мен оқушылар ертегіні бірге оқиды. Мұғалім екпінмен оқиды, ал оқушылар сөздерді саусақтарымен көрсетіп, мұғаліммен бірге оқиды.
Алдыңғы болжағандарын еске түсіріп және болжамдарын оқығандарымен байланыстырып, жұп арасында әңгімелейді. Оқушылар ертегінің соңында берілген сұрақтарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: жұбымен әңгімелеу тапсырмасы нәтиже бойынша саралау жүзеге асырылады.
Ойлан, тап!
Сыныпты ұйымдастыру: ертегіні оқуда оқушылар бірге ілесіп іштей жеке оқу ұйымдасты- рылса, әңгімелеуде жұптық жұмыс ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі: оқушының мәтінге үңіліп, мәтінмен жұмыс жасау дағдысы қалыпта- сады.
522-тарау. Менің отбасым және достарым
Тапсырманың орындалуы: Оқушылар кейіп- керлерді атап, олардың сырт бейнесін сурет арқылы өздері сипаттайды. Мұғалім суретке назар аудартып,
«Көбелектер қандай?» деген сұрақ қояды. Сурет арқылы олардың түсі, нәзіктігі, әдемілігі айтыла- ды. Үш көбелектің мінезін сипаттайды. Одан кей- ін мәтінде олардың сипаты қалай берілгеніне на- зар аудартылады. Мәтінмен жұптар жұмыс істейді. Мәтіндегі көбелектердің сипаттарын тауып оқиды. Бір-бірін толықтырады. Көбелектерден кейін ертегі- дегі гүлдердің сипатын табады. Күннің сипатын сурет арқылы және әрекеті арқылы айтуға бағыттау үшін мұғалім сұрақтар қояды. Бұл мәтін туралы сөйлесуге және тереңірек ойлануға мүмкіндік береді.
Саралау мүмкіндіктері: диалог бойынша са- ралау орын алады. Сұрақ қоюда кей оқушыларға жауабын тез тауып айтуға болатын сауалдар қойы- лады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма барысын- да суретпен, мәтінмен жұмыста жұптық жұмыс орын алса, кейіпкер рөлінде жеке - сыныппен жұмыс ұсынылады. Кейіпкер рөліне оқушыны ал- дымен қалауы бойынша, екінші кейіпкерді сана- мақ арқылы алу қызықтырақ болмақ.
Сен білесің бе?
Тапсырманың негіздемесі: оқушылардың тыңдалым жене айтылым дағдысы дамиды.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- ларға " мақал - мәтел- тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, те- рең ой, кең мазмұнды қамтиды" деп түсіндіреді.
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: оқушылардың оқылым дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіреді.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма сыныппен ұйымдастырылады. Оқушылар сынып алдында өз ойларымен бөліседі.

ралау орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: жағдаятты талдауда, диалог жазуда жұптық жұмыс орын алса, жұптар өз ойын топта жинақтап, шығармашылық жұмы- сын топта таныстырады. Топтағы үздік жұмыстар сыныпқа таныстырылады.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Ойланайық

Тапсырманың негіздемесі: берілген жағдаят- ты шешу арқылы оқушы креативтілікке, өз ойла- рын тиянақты жеткізе білуге дағдыланады, жұппен жағдаятқа талдау жасап, жинақтауына мүмкіндік жасалады. Шығармашылықпен ойлауы артады.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға берілген жағдаятты жұп арасында талқылау ұсы- нылады. Інісінің досын ренжітуінің бірнеше себеп- терін анықтау, оларды ортақ тіл табысуға шақыру үшін қандай кеңес беруге болатыны, қандай әре- кет жасайтыны туралы жұпта ұсыныстар жасайды. Жұптарымен талдағаннан кейін, ортақ шешімге келіп, інісі, досы, және өзінің арасындағы диалог- ты жазуды бастайды.
Жұмыстарын аяқтағанда топта оқиды, топта та- ныстырылған екі диалогтың бірін таңдап, сыныпқа таныстырады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са-
ертегіні өзгертіп жаза алады.
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру;
2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау.
береке, бірлік, ынтымақ.
көбелектердің бетпердесі, сахнаға қажет суреттер, парақтар.
ертегі мазмұнын сахналай алады;
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздем:
Оқу мақсаты:

Оқулық: 50-51-беттер
Жазу дәптері: 18-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
нылады.
Көрсетейік

Тапсырманың негіздемесі: «Үш көбелек» ерте- гісінің мазмұнын сахналау арқылы оқушының мең- герген мазмұнын қолдануына мүмкіндік жасалады. Оқушы ертегіні сахналау арқылы дайын мазмұнды қолдануда әртістік шеберлігін таныта алады. Тапсыр- ма арқылы шығарманың мазмұнын сахналауға дағ- дыланады.
Тапсырманың орындалуы: топтарда оқушы- ларға ертегіні сахналауға дайындықты рөлді бөлу- ден бастау ұсынылады. Алдыңғы тапсырмада өз- гертілген ертегі мазмұнын қолдану ұсынылады. Ондағы сөздерді оқып, жаттау үшін жеке жұмыс жа- сайды. Оқушылар ертегіні келесі жоспарға сүйеніп сахналайды:
Көбелектердің қуанышы;
Жаңбырда қалған көбелектер;
Күннің көмегі.
Әр оқушы өз сөзін оқып дайындаған соң, топ бір- ге дайындалады. Рөлді ойнауда оқушылардың сөй- леу мәнері, қимыл әрекеттері шыңдалады. Мұғалім оқушыларға оңашаланып дайындалуға мүмкіндік туғызады.
Саралау мүмкіндіктері: рөлдік ойында тапсы- рма бойынша саралау орын алады. Топты рөлге бөлуде оқушының ерекшелігі ескеріледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Өнер» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Өзгертейік

Тапсырманың негіздемесі: оқушылар ұсы- нылған кадрдағы сурет оқиғасын өздері өзгертіп жалғастыруы арқылы отбасы мүшелерінің бірлі- гін танытатын ертегі жазуға қалыптасады. Шығар- машылыққа дағдыланып, ертегіде оқиға желісін өзгертіп, тәуелсіз жазуға қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: «Үш көбелек» ер- тегі мәтіні оқушыларға толық меңгертілгеннен кейін, енді осы мәтінге ұқсас мәтін құрау тапсырылады. Ер- тегінің алғашқы бөлігінің оқиғасы суретпен беріледі. Ортаңғы және соңғы бөлігін оқушылар өздері құрайды. Ертегілеріне кейіпкер қосып, оқиғаны өз- дері өзгерте алады.
Саралау мүмкіндіктері: ресурстар бойынша саралау қолданылады. Қабілеті төмен немесе қол- дау қажет ететін оқушыларға үлгі немесе кейіпкер, әрекетті білдіретін сөздер тізбегі беріледі.
Сыныпты ұйымдастыру: жеке жұмыс ұсыны- лады.
Жазайық

Тапсырманың негіздемесі: оқушылар ұсы- нылған ұйқас түрлерін пайдаланып өлең шығару арқылы олардың шығармашылық қабілеттерінің
Менің отбасым және достарым
Бірлік түбі – береке
Сыныпты ұйымдастыру: Топтық жұмыс ұсы-
542-тарау. Менің отбасым және достарым
артуына мүмкіндік жасалады. Өлең табиғатын
және ерекшелігін тану қалыптасады. Шығар- машылыққа дағдыланып, өз бетінше жазуды қа- лыптастырады.
Тапсырманың орындалуы: берілген өлең үл- гісіне назар аудартылады. Үлгідегі ұйқасты пай- даланып, бос орындарға керекті сөздерді қойып, өлең шығару жолдары көрсетіледі. Өлең көбелек- тердің татулығы жайында болуы тиіс. Алғашқы екі жолын сыныпта мұғаліммен бірге шығарады. Кейін оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Соңын- да оқушылар сынып алдында өз өлеңдерін оқып таныстырады. Мұғалім түзеу және өңдеу жұмыста- рын жүргізеді.
Ұсынылған ұйқасты пайдаланып, мынадай өлең шығарылады:
Бірге жүріп шаттанады, Татулықпен қуантады. Қиындықты кез келген. Бірге жеңіп шығады.
Саралау мүмкіндіктері: ресурстар бойынша са- ралау қолданылады. Қабілеті төмен немесе қолдау қажет ететін оқушыларға белгілі сөздер, сөздер тіз- бегі ұсынылып, көмек жасалады.
Ойымызбен бөлісейік
Сыныпты ұйымдастыру: жеке жұмыс ұсыны- лады.
Тапсырманың негіздемесі: оқушылар ұсы- нылған сұрақ бойынша өз ойларын айтып, шығар- мадан алған ойды жинақтауына мүмкіндік жасала- ды.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушылар- ды тапсырмамен таныстырады. Оқушылар топта ойларымен бөліседі. Өз пікірлерін дәлелдеп айту- лары сұралады. Мұғалім көбелектердің достығы ұнаған оқушылардың пікірін бірге жинақтап ай- тқызады. Күннің қамқорлығын ұнатқан оқушы- лардың пікірін бірге, гүлдердің талаптары ұнаған оқушылардың пікірлерін бірге жинақтап айтқыза- ды. Мұғалім алдын ала тақтаға «ақылқалта» қоржы- нының суреті бар плакат дайындап қояды. Оқушы- лар осы қоржынға өздерінің ойларын таратылған қағаздарға жазып, жапсырады. Барлығы соңында
«ақылқалта» қоржынына жапсырылған ойлармен танысып, өздеріне қандай ой ұнағанын, ақылқалта- дан қандай ой алғанын ортаға салады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша сара- лау орын алады. Әрбір оқушы қабілетіне қарай өз ойларын жеткізеді, ақыл-кеңестерін қағазға түсіре алады.
Сыныпты ұйымдастыру: сыныппен жұмыс ұсынылады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
«Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша өлең жаз.

«Көбелек» сөзіне сыныппен бірге стратегия бой- ынша өлең шығарылады. Бірінші жолда негізгі сөз жазылады, екінші жолға осы сөзге екі сын есім ай- тқызады, үшінші жолға үш етістік, төртінші жолға төрт сөзден тұратын негізгі оқиға, бесінші жолға негізгі сөзге синоним немесе балама сөз айту сұра- лады. Мұғалім оқушылардан сұрап отырып, жазу арқылы тапсырманы орындау жолын көрсетеді.
«Қызғалдақ», «күн» сөздерінің біріне өздерінің жұптарында өлең жазу тапсырылады.
Көбелек мейірімді, тату
тоңады, пана іздейді, жылынады
бір-біріне қамқор болған апалы-сіңлілер бірлікшіл
Қосымша тапсырма
Ертегідегі бір кейіпкерді таңдап, оған хат жаз. Мұғалім хат үлгісін көрсетеді. Хаттың алғашқы бөлігінде амандасады, өз амандығын айтады. Ор- таңғы бөлігінде негізгі айтайын дегені, не сұрайты- ны жазылады. Соңғы бөлігінде қоштасу, тілек айту орын алады. Хаттың хатқалтаға салынып, сыртына мекенжай жазылатыны айтылады.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау;
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу;
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу.
мақал бойынша өз пікірін толықтырып, айта алады.
Менің отбасым және достарым
Ізгілік бастауы
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
ізгілік, бақ, асыл, нағыз.
плакат, бояу қарындаштар.
өлеңнің тақырыбын, автор ойын анықтай алады;
Оқулық: 52-53-беттер
Жазу дәптері: 19-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: отбасындағы ең жақын адамдар және оларға деген өзінің жылы сөздері мен сезімдерін айту арқылы ойларын ер- кін айтуға дағдыланады.
Тапсырманың орындалуы: тапсырманы сы- ныпты ішкі және сыртқы шеңберде әңгімелестіру арқылы ұйымдастырылады. Ішкі шеңбердегілер ең жақын адамдар туралы және олар өзіне қандай жылы сөздер айтатынын айтады. Сыртқы шеңбер- дегілер өз кезегінде өздеріне ең жақын адамдар кім және оларға деген қандай жылы сезімде бола- тыны туралы әңгімелейді. Мұғалім сыныпты шең- бер бойымен әңгімелестіруді ұйымдастырады. Шеңберде тыңдағандарын топта ортаға салады. Топта отбасының адамға жақындығын, олардың жылы сезімдерін айтуы арқылы отбасында адам бойында қалыптасатын жақсы қасиеттер туралы талқылау жасайды. Өз ойларын сызбаға түсіру сұралады. Оқушылар кластер немесе өрмекші сы- збасын естеріне алады.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша сара- лау орын алады. Кей оқушыларға мұғалім сөздер
мен сөз тіркестерін айтып көмектеседі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Өзін-өзі тану» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: сыныппен бірге орындау ұсынылады.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: өлең мәтінін оқу, өлең не туралы екенін анықтау арқылы оқушы- ның оқылым дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: өлеңді мұғалім- мен ілесіп оқиды. Оқығаннан кейін оқушылардан мәтін түрін анықтау сұралады. Оқушылар өлең оқылғаннан кейін жанры поэзия екендігін айта- ды. Өлеңнің өзіндік ерекшеліктері анықталады. Өлеңнің шумақтан, тармақтан тұратынына, белгілі ырғақтан, ұйқастан құралатынына назар аударты- лады. Екінші рет оқығаннан кейін өлең не туралы екендігі жайлы жұбымен ой бөліседі.
Оқулықтағы сұрақтарға назар аударылады: Өлең кімге арналған?
Сен өз әжеңе қандай сөздер арнар едің?
«Нағыз ана тілі – әжем» деген өлең жолын қа- лай түсінесің?
Саралау мүмкіндіктері: диалог бойынша сара- лау орын алады. Қабілеті төмен оқушыларға ашық
сұрақтар қойылып, жауап беруге мүмкіндік жаса- лады.
Сыныпты ұйымдастыру: жеке жұмыс ұсыны- лады.
Табайық
Тапсырманың негіздемесі: берілген өлеңнің тіл көркемділігіне назар аударып, сөздердің қол- данылуы мен мағынасына өз пікірлерін білдіру арқылы талдауға, өз ойын айтуға дағдыланады.
Тапсырманың орындалуы: өлең мәтініне на- зар аударып, мәтіндегі әжеге арналған көркем сөздер мен сөз тіркестерін жұп арасында анықтау тапсырылады. Жұппен анықтаған сөздерін дәп- тердегі кестеге жазады.
Өлеңдегі көркем сөздер Мағынасы
Ұл мен қыздың бағы Гүл әжем Алтын әжем Күн әжем Нағыз ана тілі Мұғалім кесте үлгісін тақтада көрсетеді. Жұппен көркем сөздерді тауып, кестеге жазғаннан кейін сыныпта таныстырылады. Сөздердің мағынасын сыныпта талдай отырып ашады. Мұғалім неге, неліктен осылай атағанын сұрақтар қоя отырып, оқушылардың ойларын еркін айтуына мүмкіндік жасайды.
Әже неге ұл мен қыздың бағы деп ойлай- сыздар?
Әжесі бар балалар мейірімге бөленеді, әже- ге еркелейді, «Әже – баланың бағы, бақыты», деп айта аламыз.
Гүл әжем деуінің себебі неде?
Гүл – әдемі өсімдік, әжесінің әдемілігін, өзі үшін көрікті екендігін айтады.
Алтын әжем деуінің себебі неде?
Алтын – бағалы, құнды зат, әжесін алтынға балап тұр.
Күн әжем деуінің себебі неде?
Күн ең шуақты, жарқыраған, мейірімділіктің белгісі болғандықтан күн әжем деп айтып отыр.
Нағыз ана тілі деуінің себебі неде?
Әжелер баламен көп сөйлесіп, аналық мейірімін білдіреді, бала тілінің дамуына әсер етеді.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша сара- лау орын алады. Жекелеген оқушыларға мұғалім кейбір сөздер мен сөз тіркестерінің қасиетін та- ныту үшін суреттерін көрсету арқылы қолдау жа- сайды.
Сыныпты ұйымдастыру: жұппен жұмыс ұсы- нылады. Мағынаны ашуда сыныппен жұмыс орын

алады.
Ізденейік
Тапсырманың негіздемесі: берілген мақал бойынша сын тұрғысынан ойлап, өз ойын білдіру- де шығармашылық таныту дағдысын дамыту көз- делген.
Тапсырманың орындалуы: берілген сурет атаулары анықталады. Оқушылар сол суреттен та- уды, бұлақты, құрақ шөпті кімге теңейтінін айтады және неліктен олай ойлайтыны сұралады. Атаға, анаға, балаға лайық ұғымдарды осы суреттегі ұғымдармен байланыстыруға болатынын ойлауға мүмкіндік беріледі. Осы мақал мағынасын ашып таныстыруда шығармашылық таныту сұралады. Мұғалім топтарды аралай жүріп, олардың ойын тыңдайды. Оларға бағыт береді. Өз ойларын, иде- яларын танытуға, таныстырылым жасаудың ұтым- ды жолдарын таңдауға кеңес береді. Әр топты өлеңмен, суретпен, рөлдік ойынмен, ассоциация арқылы танытуға бағыттайды.
Саралау мүмкіндіктері: жылдамдық бойын- ша саралау орын алады. Қабілеті төмен оқушы- ларға тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беріледі.
Сыныпты ұйымдастыру: топтық жұмыс ұсы- нылады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Анаңа арналған ашықхат даярла.
Ашықхатты суретпен безендірумен қатар, ана- сына деген сезімдерін жазу ұсынылады.
Қосымша тапсырма
Анаға қатысты 3 мақал-мәтел жаз.
Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауына мүмкіндік жасау мақсатында мұғалім жинақтар мен энциклопедиялармен қамтамасыз етеді.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің отбасым және достарым
Мейірім көзі
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру;
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау;
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу.
өлең мәтініндегі ерекше ойларды тани алады;
шығармадағы көркем сөздерді анықтай алады.
нәрлі, жылу, нұр, ғұмыр, арайлы.
парақтар, бояу қарындаштар.
Оқулық: 54-55-беттер
Жазу дәптері: 20-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: өлең мәтінін оқу, өлең не туралы екенін анықтау арқылы оқушы- ның оқылым дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: оқулықта беріл- ген өлең мәтінін мұғалім өзі оқып таныстырады. Мәтінді оқып аяқтағанда оқушылардан қандай мәтін тыңдалғандығы сұралады. Оқушылар өлең мәтіні тыңдалғанын, жанры поэзия екендігін айта- ды. Екінші рет тыңдағаннан кейін өлең не туралы екендігі жайында жұбымен ой бөліседі.
Оқушыларға анаға қатысты көркем сөздерді табу тапсырылады. Автордың өлеңде айтқысы келген ойы сұралады.
Саралау мүмкіндіктері: диалог бойынша сара- лау орын алады. Қабілеті төмен оқушыларға ашық сұрақтар қойылып, жауап беруге мүмкіндік жаса- лады.
Сыныпты ұйымдастыру: жеке жұмыс ұсыны- лады.

Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі: оқушыға «сипат- тау» ұғымы туралы мағлұмат беріліп, затты немесе ұғымды сипаттау сөздерін қолдануға дағдыланды- ру көзделеді.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға ал- дыңғы тапсырмада өлең мәтінінде автордың анаға қатысты қандай сөздерді қолданғанын анықтап, мағынасы ашылғанын айта келіп, енді өз ана- ларын қандай сөздермен сипаттай алатындары сұралады. Жұп арасында өз аналарына арналған сезімдерін, аналарын таныстыруда қандай сөздер қолданатындарын айтады. Осы сөздерге «қан- дай?» деген сұрақтар қойып, жұп арасында жау- ап береді. Мұғалім «Қандай? Қай?» деген сұраққа жауап беріп, заттың немесе құбылыстың сынын, сипатын білдіретін сөздерді «сипаттау» дейтінін айтады.
Мысалдар келтіреді. Сыныпта мұғалім оқушы- лардың көз алдында тұрған затты сипаттауды ұсынады. Оқушылар ол затты сипаттап айта алуы арқылы жаңа білімді меңгергенін танытады.
Саралау мүмкіндіктері: сұрақтар бойынша саралау орын алады. Әрбір оқушының қабілетін ескеріп, сұрақ қояды. Ал қабілетті оқушыларға талқылап, өз ойын айтуға жетелейтін сұрақтар қойылады.
Сыныптыұйымдастыру:сыныппенбірге
орындау ұсынылады.
Ойымызбен бөлісейік
Тапсырманың негіздемесі: оқушының мәтін- дегі баланың анасына арнаған сипаттау сөздерін қолдануы мен ол сөздерді таңдауы туралы өз ойла- рын айта отырып, өлеңдегі өздері үшін ерекше деп танылған сөздер туралы өз ойларын айту арқылы шығарма тіліне назар аударып, өз көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Өлеңдегі сөз- бен өрілген анаға деген сезімдерді суретпен қалай беруге болатынын ойлану арқылы алынған ақпа- ратты модельдеуге мүмкіндік жасалады.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға мәтін- нен анаға арналған сипаттау сөздерін тауып, дәп- терге теріп жазу ұсынылады.
Сөз мағынасын талдауды кестеге жазады. Сөз- дерді жазғаннан кейін ол сөздерді қолдануға байланысты өз ойларын жұбына айтады. Ортақ шешімге келіп жазады.
Өздеріне ұнаған сөздердің себебін айтып, оқушылар өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік ала- ды.
Сөздер мен сөз тіркесі Мағынасы
таң мекен айдай күн көзіндей сүті нәрлі Өлеңдегі анаға арналған сезімдерді суретпен қалай беруге болатынын жұбымен ойланып, па- рақтарға суретпен береді.
Саралау мүмкіндіктері: сұрақтар бойынша саралау орын алады. Әрбір оқушының қабілетін ескеріп, сұрақ қояды. Ал қабілетті оқушыларға талқылап, өз ойын айтуға жетелейтін сұрақтар қойылады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәні мен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: жұбымен талдап жа- зады, соңында сыныппен бірге орындау ұсыныла- ды.
Жасайық
Тапсырманың негіздемесі: оқушы өз анасын сипаттап, анасының махаббатын сипаттайтын сөз- дерінің мағынасына үңіліп, анаға арналған жылы сөздерін жинақтап, шағын кітапша жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттырады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар өз ана- ларын сипаттайтын сөздер мен ана махаббатын сипаттайтын сөздерді жеке жазады, жұп арасында ортаға салады. Жұбымен толықтырған сөздерін кітапшаға түсіруді жоспарлайды. Кітапша жасауда жеке жұмыс ұсынылады.
Саралау мүмкіндіктері: ресурстар бойынша
саралау қолданылады. Қабілеті төмен немесе қол- дау қажет ететін оқушыларға үлгі немесе сөздер тізбегі беріледі.
Пәнаралық байланыс: «Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы өз ойла- рын айтып жинақтауда жұппен орындау, кітапша жасауда жеке орындау ұсынылады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Өлеңдегі өзіңе ұнаған шумаққа сурет сал.
Мәтіндегі ұнаған бір ойды кадрға түсіру арқылы мәтіннің ерекше тұсын таныту көзделеді. Оқушы- лар сурет салады. Өз суреттерін таныстырады.
Қосымша тапсырма
Тапсырманың негіздемесі: оқушының мәтінді түсінуі мен мәтін тіліне назар аударуы арқылы өз ойын айта алу дағдысы дамиды.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар топтар- да анаға қатысты сөздерді теріп жазады. Жалпы мазмұн бойынша автор ананың тағы қандай қасиет- терін көрсетіп тұрғанын анықтау сұралады.
Мұғалім топтарға парақтар беріп, өлең мәтінін- дегі анаға қатысты сөздерді сызбаға түсіруді сұрай- ды. Сүйікті адам, сұлу адам, мейірбан, сөздерін оқушылар мәтіннен жазады. Ананың құшағы – таң мекен, жанары күн көзіндей, сүті нәрлі, үйдің жылуы анадан тарайды, айдай анам, асқан сұлу, жылылықтан жаралған сөз тіркестерін оқушылар мәтіннен тауып жазады. Өз жұмыстарын танысты- ру барысында өздеріне ұнаған 3 сөздің мағына- сын ашып, түсінік беруі сұралады. Топтар мағына- сын ашпаған сөздерді мұғалім қосымша сұрақтар беріп сыныпта талдатады.
Саралау мүмкіндіктері: сұрақтар бойынша сара- лау орын алады. Әрбір оқушының қабілетін ескеріп, сұрақ қояды. Ал қабілетті оқушыларға талқылап, өз ойын айтуға жетелейтін сұрақтар қойылады.
Сыныпты ұйымдастыру: сыныппен бірге орындау ұсынылады.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің отбасым және достарым
Татулық
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс- салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
аңыздың жанрлық ерекшелігін ажырата алады;
кейіпкерлердің сипатына, іс-әрекетіне пікір білдіреді.
шыдамдылық, сүйіспеншілік, ақ-қарасын анықтау, келісім, қауым.
плакат, бояу қарындаштар.
Оқулық: 56-57-беттер
Жазу дәптері: 21-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: берілген аңыз мәтінін түсініп оқу арқылы түсіну дағдысын дамы- туға арналған тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: аңыз мәтінін оқыр алдында суретке назар аудартылады. Оқушылар сурет арқылы оқитын мәтін мазмұнына болжау жасайды. Мәтін не туралы болады, онда қандай кейіпкерлер болуы мүмкін, қандай оқиға орын алатынын болжап айтады. Мәтінмен өздері оқып танысады. Мәтіндегі мағынасы күрделі сөздер- мен жұмыс ұйымдастырылады. Сыныпта мағы- насы қиын деп ұсынылған сөздер талданады. Сынып бөлмесіндегі түсіндірме сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Аңыз мазмұны не туралы, алдыңғы болжаған мазмұнға сәйкес келу-келмеуі туралы сыныпта әңгіме ұйымдастырылады. Аңыз мазмұ- ны шеңбер бойымен әңгімеленіп, пысықталады. Оқушылар оқулықта берілген сауалдарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша сара- лау орын алады. Кей оқушыларға мұғалім сөздер мен сөз тіркестерін айтып көмектеседі.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада «Гео- графия», «Тарих» пәндері мен байланыс жүргізіледі.
Сыныптыұйымдастыру:сыныппенбірге тапсырмаларды орындау ұсынылады.
Сұра және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: оқушылардың ай- тылым дағдысын дамытуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықта берілген келесі сұрақтарға жауап береді:
Патша неге үлкен отбасын іздеп келді?
Қария қай сөздерді қағазға жазды?
Патшаның сұрағына қария қалай жауап берді?
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша сара- лау орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру:оқушыларға же- ке-жеке орындау ұсынылады.
Мазмұнын айт

Тапсырманың негіздемесі: оқушы аңыз мәтініндегі оқиғаларды кейіпкер рөлінде әңгіме- леуі арқылы мәтін мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыланады.
Тапсырманың орындалуы: тақтаға аңыздағы бірнеше кейіпкерлердің аты жазылған қағаздар теріс қаратылып ілінеді. Онда қария, патша, сол от- басының баласы, сол отбасындағы бір мүше деп жазылады. Тақтаға кез келген оқушы шығып қағаз- ды алады, өзіне берілген рөлді таңдайды. Өз рөлінде аңыздың мазмұнын айтады.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша сара- лау орын алады. Кейбір оқушыларға мұғалім сөздер мен сөз тіркестерін айтып көмектеседі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Өзін-өзі тану» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы сынып- пен бірге орындау ұсынылады.
Қосымша тапсырма
Осындай тату отбасында болған бір оқиға тура- лы сурет сал.
Оқушыларға осындай тату, үлгілі отбасы мүше- лерінің арасында қандай оқиға болуы мүмкін деп ой тасталады. Оқушылар бір оқиға туралы сурет салып, оны түсіндіріп беруі тиіс.
Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты
меңгергенін тексеруі қажет.
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: оқушының ойлау қабілетін дамыта түседі, айтылым дағдысын жетіл- діреді.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар ақсақал айтқан қасиеттердің өз отбасыларында бар-жоғын айтады. Өз сөздерін мысалдармен дәлелдейді. Мұғалім отбасында басқа қандай қасиеттер болу ке- рек екені туралы пікірталас ұйымдастырады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша сара- лау орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: пікірталасты сынып- пен бірге орындау ұсынылады, ал жеке отбасын- дағы қасиеттер туралы әрбір оқушы жеке өзі жауап береді.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Ақсақал айтқан қасиеттерге өз пікіріңді айт.
Сүйіспеншілік, кешірім, бірлік, шыдамдылық қа- сиеттерінің көрінісі туралы мысалдар айт.
Оқушылар берілген қасиеттер туралы өз ой- ларын айтады. Өз өмірлерінен мысалдар айтып, дәлелдер келтіреді.
Менің отбасым және достарым
Адал достық
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану.
тыңдалымға сүйеніп, ойы мен идеясын өз сөзімізбен айта аламыз;
сөйлеу барысында ым-ишараны орынды қолдана аламыз.
әділ, шыншыл, қызықты, құралпы, еңбексүйгіш, талапты.
плакаттар, бояу қарындаштар, сұрақ ағашы бейнеленген плакат.
Оқулық: 58-59-беттер
Жазу дәптері: 22-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың өз ойларын байланыстырып, айту дағды- ларын қалыптастырады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықта берілген сауалдарға жауап береді:
Достар деп кімдерді айтамыз?
Достық туралы қандай мақал-мәтел білесің? Балалар достар арасындағы қандай қасиет-
терді байқағандарын жұппен талқылайды. Ба- лалар арасындағы қарым-қатынасты әңгімелеу барысында «әділдік», «қызықты», «қамқор болу» ұғымдары туралы түсінік қалыптасады.
Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін кімдерді дос деп айтуға болатыны сұралады. Оқушылар олар тату, өзара қамқор, бірін-бірі құрметтей- тін адамдар екенін еркін айтады. Достармен бір- ге немен айналысуға болатынын айқан кезде әр оқушы өзі досымен бірге немен айналысатынын айту арқылы жауап бере алады. Мұғалім оқушы- лардың жауабын толықтыру мақсатында негізгі сұрақтарын қоя алады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау жүзеге асады. Қабілеті төмен немесе қол-
дау қажет ететін оқушыларға үлгі немесе сөздер ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушылардан адал достыққа қандай мысалдар келтіре алатыны сұра- лып, олар сынып алдында әңгімелейді.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Өзін-өзі тану» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: Тапсырманы сынып- та талдау ұсынылады. Тапсырманы орындау бары- сында Барлық оқушылар қамтылуы керек.
Сөздерді зертте

Тапсырманың негіздемесі: ұсынылған ере- жені талқылау барысында өз пікірлерін білдірген кезде эмоцияларын танытуда вербалды емес тіл- дік құралдар мен дәйек келтіре алу арқылы сөй- лесім дағдылары қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: оқулықтағы достық ережесін мұқият оқып танысу сұрала- ды. Достық ережесін топта талқылайды. Ереже- ге келісетіні немесе келіспейтіні туралы ортақ шешімге келеді. Осындай шешімге келулеріне 3 дәлел (себеп) айтуы қажет. Өз шешімдері тура- лы дәлелді пікір айтуға дайындалу тапсырылады. Топтардың пікірлері тыңдалғаннан кейін мұғалім оқушылар ортақ пікірге, дұрыс шешімге келу үшін достық тақырыбына қатысты жағдаяттар айтса
болады.
Топта өздері достық ережесін құрастырады. Ереже құрастыруда ереженің құрылымы мен ерекшелігіне назар аударылады. Достық ережесін дәптерлеріне көшіріп алады.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс арқылы сара- лау қолданылады. Қабілеті төмен немесе қолдау қажет ететін оқушыларға жағдаят ұсынылады.
Пәнаралық байланыс: «Өзін-өзі тану» пәні мен байланыс жүргізіледі.
Оқиық
Сыныпты ұйымдастыру: Топтық жұмыс ұсы- нылады.
Тапсырманың негіздемесі: өлең мәтінін оқу кезінде оқушыларды ырғақты дұрыс қолданып, өлеңді мәнермен айтуға дағдыландырады. Өлең мағынасына сай ишаратты қолдана алуға үйре- неді.
Тапсырманың орындалуы: оқулықта беріл- ген өлең мәтінін мұғалім өзі оқып таныстырады. Мәтінді оқып аяқтағанда оқушылардан мәтін не туралы екені сұралады. Өлеңде қандай көңіл күй байқалатыны анықталады. Автордың екі дос ба- лаға сүйсіну сезімі болғандықтан өлеңді көтеріңкі дауыспен оқылатыны айтылады. Мұғалім өлең оқығанда кейбір сөздерге екпін түсіріп, кей сөз- дерге қосымша эмоция білдіретін ым-ишараттар мен қол қимылын қосып көрсетеді. Өлең екі рет оқылғаннан кейін сыныппен бірге екі-үш рет мә- нермен, қимыл-қозғалыс, ишараттар қосып айты- лады.
Оқушылар оқулықта берілген келесі сұрақтарға жауап береді:
Өлең не туралы?
Өлеңде достар қандай?
Өлеңнен қандай қорытынды шығарар едің?
Саралау мүмкіндіктері: жылдамдық бойын- ша саралау орын алады. Қабілетті оқушылар сы- ныппен бірге оқығаннан кейін жеке айтуға ынта білдірсе, қабілеті төмендер оқушыларды тыңдау барысында өлеңді жаттап алуға мүмкіндік алады.
Сыныпты ұйымдастыру: сыныппен жұмыс ұсынылады.

табады. Содан кейін өз достарының қасиеттерін тізбектеп жазады. Оны топ ішінде таныстырып, нағыз достың қасиеттерінің тізбегін толықтыру арқылы сөздік қорларын кеңейтеді. Досының жақсы қасиеттерін мақал-мәтелдерді қолданып сипаттап жазады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырманы орын- дауда жылдамдық бойынша саралау орын ала- ды. Қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар тез орындай- тын болғандықтан, оларға кеңейту тапсырмасы даярланады. Тапсырманы кеңейту барысында «ал өзің досыңның жағымсыз мінезін көргенде, не істер едің?» деген сұрақ қоюға болады.
Сыныпты ұйымдастыру: топтық жұмыс ұсы- нылады.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Достық туралы екі мақал айт.
Тапсырманы орындауда мұғалім оқушыларды мақал-мәтелдер жинағымен, қосымша ақпарат көздерімен қамтамасыз етеді. Ғаламтордан ізде- нуге мүмкіндік туғызады.
Қосымша тапсырма
Досыңмен өткізген бір сәт туралы кітапша жаса. Оқушылардан досымен бірге өткізген қызықты, қорқынышты, тіпті қиын болған бір сәтті еске түсіру сұралады. Енді осы оқиғаны таныстыру үшін
шағын кітапша жасау ұсынылады.
Тапсырманы орындау арқылы бұл сабақта қарастырған сөздік қорларын қолданады және өзімен байланыстыру жүзеге асады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: оқушылар өлеңде- гі екі достың ортақ қасиеттерін анықтап, өздерінің достарының жақсы қасиеттерін таныту үшін
«достық» ұғымына қатысты сөздерді қолданады және досының өзіне әсері туралы ойын жинақтап, оны ұтымды таныстыру арқылы өз ойын еркін айта алу дағдысы қалыптасады. Бірігіп жазуда үлгі бойынша өз жазбаларын жазады.
Тапсырманыңорындалуы:оқушылар өлеңдегі достардың ортақ қасиеттерін мәтіннен
Менің отбасым және достарым
Нағыз дос
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру;
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау.
әңгіменің мазмұнын түсінеді;
әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтай алады.
жайбарақат, сырқат, тұтылу.
Оқулық: 60-61-беттер
Жазу дәптері: 23-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: оқушылар нағыз дос ұғымына келу үшін берілген сұрақтар бойын- ша жауап беру барысында өз ойларын дәлелдеп айту арқылы айтылым дағдысы дамиды.
Тапсырманың орындалуы: оқулықта берілген
«Досың қуанғанда, қиналғанда қандай сезімде бо- ласың?» сұрағына топта жауап береді. Оқулықта мультфильм кейіпкерлерінің суреттері берілген. Оқушылар өз сөздерін мультфильм кейіпкер- лерімен байланыстыра отырып сөйлейді.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті аралас жұп- тарға беріледі. Оқушылар бір-біріне қолдау көр- сетіп, нәтижелі болады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма орындар алдында сыныпты топтарға бөліп, топтық жұмыс ұйымдастырылады. Сынып бөлмесін топтық жұ- мысқа ыңғайлап, парталарды топтап орналастыру ұсынылады.

Тыңдайық

Тапсырманың негіздемесі: әңгіме мәтінін- тыңдап танысу арқылы оқушының тыңдалым дағ- дысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: алдымен оқулықта берілген сурет арқылы әңгіме мазмұны болжа- нады. Оқушылар әңгіме не туралы болатынын, қандай оқиға болатынын болжайды. Содан кейін әңгіме мәтіні тыңдалады. Әңгімеде қандай кейіп- керлер бар екендігі сұралады. Екінші тыңдағаннан кейін мазмұнды бірінен соң бірі айтып шығады. Оқушылар әңгімеге қайта назар аударып, оқиға- ның басы, ортасы, соңын анықтайды. Әңгіме не туралы? деген сұраққа достық туралы, адал достық туралы екендігін оқушылар айтқаннан кейін, ав- тордың осы әңгімеде қандай ой ұсынып отырғаны анықталады. Оқушылар оқулықта берілген сауал- дарға жауап береді, жеткіліксіз болған жағдайда мұғалім оқушыларға негізгі сұрақтар қоя отырып, шынайы, адал достықты таныту әңгіменің негізгі ойы екендігін түсіндіреді
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау жүзеге асады. Топтағы оқушылардың қа- білетіне байланысты рөлді ойнауда әртүрлі нәти- же күтілетіні ескеріледі.
Тыңдалым мәтіні Нағыз дос
Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмай- тын сырқат еді.
Бір үйдің жанынан өте бергендерінде дәу қара төбет арсылдап, тура алдынан шыға келді.
Абыз:
Аблан, қаш, әне ит келіп қалды! – деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.
Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бір- неше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.
Абыз Абланның жанына келіп:
Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кет- кенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртпаған бо- лар еді, – деді.
Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өй- ткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, – деді Аблан.
– Достар деген осылай болар, – деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.
Мазмұнын айт
М. Төрежанов
Тапсырманың негіздемесі: ұсынылған сұрақ- тарға жауап беру арқылы оқушының мәтін мазмұ- нын меңгеруі тексеріледі. Түсіну дағдысын пы- сықтауға арналған тапсырма. Бұл тапсырманы орындаған соң, оқушыларда оқыған мәтін мазмұ- нын кейіпкер атынан мазмұндау дағдысы пайда болады деп күтіледі.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім тапсы- рманы жұппен талқылап орындауды ұсынады. Белгіленген уақытта жауап береді. Өз жауапта- рын топтағы екінші жұппен тексереді. Егер жау- аптары сәйкес келмесе, топта талқылау жасайды. Мұғалім оқушыларды бағыттап, көмек береді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада диалог арқылы саралау орындалады. Топ талдау талқылау барысында қабілеті жоғары оқушыға ашық не- месе күрделі сұрақ қойылады. Ал қабілеті төмен оқушыға үлгісі бар сұрақ қойылады.
Сыныпты ұйымдастыру: Жұптық, топтық жұ- мыс ұсынылады.
Пәнаралық байланыс: «Өнер пәні».
Сыныпты ұйымдастыру: Тапсырманы сынып- пен орындау ұсынылады.

Жазайық
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар алдыңғы тапсыр- мада алған білімдерін қолданып жаза алу дағды- сы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға бір кейіпкерді таңдап, соған хат жазу ұсынылады. Хат- ты қалай жазуды, хатқалтаны толтыру үлгісі тура- лы мұғалім мағлұмат береді. Хат мазмұнында кей- іпкерге сұрақ қою немесе оған кеңес беру керек. Хатты әр оқушы жеке жазады да, соңында жұбына оқып таныстырады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша саралау жүзеге асады. Бірдей тапсырмадан әр оқушы әртүрлі дәрежеде орындайды.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы жеке орындайды.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Әңгіме картасын жасау ұсынылады.
Әңгіме картасы мұғалім оқиғалар тізбегін су- ретке түсіру екендігін айтады. Тақтаға әңгімедегі оқиғаларды ретімен суретпен беруді бастайды. Сурет көркем болуы міндетті емес, әңгіме арқылы беруге болатыны ескертіледі.
Қосымша тапсырма
Достық туралы мақал-мәтелдер кітапшасын жаса. Топта өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді тақы-
рып бойынша жинақтап, шағын кітапшаға түсіру ұсынылады. Мұғалім кітапша жасау үлгісін көрсе- теді.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс- салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.
батылы, шарасын табу, басын ию.
флипчарт, маркер, А4 қағаздар
ертегі, мақал- мәтелдің ерекшеліктерін біледі;
кейіпкер әрекеттерін салыстыруды үйренеді.
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:

Оқулық: 62-65-беттер
Жазу дәптері: 24-бет

Менің отбасым және достарым
Досы көпті жау алмайды
Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын дамытуға, өзара идея алмасу мен мәселені бірлесіп шешуге үйренеді.
Тапсырманың орындалуы: Алдымен оқушы- ларға сурет бойынша әңгіме құрайтынын айтыңыз. Ол үшін берілген суретке назар аудартыңыз. Бұл тапсырмада барынша жоғары ұжымдық нәтиже- лерге қол жеткізуге жағдай жасалады, яғни оқушы- лардың қабілеттері ескеріледі.Бір-біріне қолдау көрсету үшін жұптық жұмыс түрі жүргізіледі.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада жұптық саралау жүргізіледі.Бұл барлық оқушылардың қа- білетін дамытумен қолдау үшін беріледі.
Сыныпты ұйымдастыру:
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың іштей және түсініп оқу дағдыларын дамы- туға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- лардың назарын оқулықта берілген «Ханзаданың
достығы» ертегісіне аудартады. Оқулықта берілген ертегіні мұғалім оқушылардың өздеріне оқуға уақыт береді. Ертегіні оқып отырғанда оқушыларға әрбір кейіпкердің не айтқанын нақты есте сақтай отырып оқу ескертіледі. Себебі ол келесі тапсырманы ашуға қажет болатыны айтылады. Мұғалім ылғи бір топтан екінші топқа барып, олардың оқып отырғандарын бақылауы керек.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма арқылы сара- лау жүргізіледі. Бұл тапсырама барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сұра және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардың сұрақ қою, сұраққа жауап беру, пікір білдіру дағдылары дамиды,өзара идея алма- су мен мәселені бірлесіп шешуге үйренеді.
Тапсырманың орындалуы: тапсырма оқушы- лардың мәтінді түсініп оқуын анықтауға негіз- деледі. Ол үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беріледі.
Неліктен балалар ханзадамен ойнамады? Неге хан қызметшісін жұмыстан қуып жіберді? Неге қызметші ханзадаға алғыс білдірді?
Ойыңды дәлелде. Ханзаданың іс- әрекетін баға-
ла.
Ертегіден қандай қорытынды шығарар едің?
Мұғалім олардың сұраққа дұрыс, толық жауап беруін қадағалайды. Сұрақтарға жауап беру кезін- де өмірмен байланыстыруды ескеріңіз. Бұл тапсы- рмада барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізуге жағдай жасалады,яғни оқушылар- дың қабілеттері ескеріледі.Бір-біріне қолдау көр- сету үшін жұптық жұмыс түрі жүргізіледі.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада жұптық саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушылардың қа- білетін дамытумен қолдау үшін беріледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Мұғалім әр жұптың сұраққа то- лық, дұрыс жауап беруін қадағалайды.
Мазмұнын айт

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын дамытуға көмекте- седі.
Тапсырманың орындалуы: Оқушыларға ер- тегіні ертегідегі кез келген кейіпкердің атынан мазмұндайтынын айтыңыз. Ертегінің мазмұнын айтуға кейіпкерлерді бөліп беріңіз. Бір топ ханза- да атынан мазмұндаса, енді бір топ қызметшінің атынан, енді бір топ бағбанның, келесі бір топ ханның атынан мазмұндауға мүмкіндік беріңіз. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға қолдау көр- сетіңіз.
Саралау мүмкіндіктері: топ бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, өз иде- яларын айтуға үйренеді. қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмек көрсетеді. Бірлесіп жұмыс жасайды.
Көрсетейік
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар топқа жұ- мыс жасайды. Кейіпкерді таңдап алады.

сап, өз ойларын айтуға үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар жеке жұ- мыс жасауына жағдай жасаңыз. Қабілеті төмен оқушыға қолдау көрсетіңіз.
Өзгертейік
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың жазу дағдысын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: Оқушыларға ер- тегінің соңын өзгертіп жазу тапсырмасын ұсы- ныңыз. Ертегі соңын өзгертуде оқиға қосуға бо- латынын айтыңыз. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріңіз. Жазған жұмысты оқытыңыз.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар жеке жұмыс жа- сап, өз идеяларын айтуға үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар жеке жұ- мыс жасауына жағдай жасаңыз. Қабілеті төмен оқушыға қолдау көрсетіңіз.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Мақалдың мағынасын түсіндір.
Кісі болар баланың, Кісіменен ісі бар.
Кісі болмас баланың, Кісіменен несі бар?
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалімдер оқушылардың сабақты қанша- лықты меңгергенін тексеруі қажет.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың тыңдалым және айтылым дағдысын да- мытуға көмектеседі. Шығармашылықпен жұмыс жасауға бағытталған.
Тапсырманың орындалуы: Бұл тапсырма шығарма мазмұнын терең түсінуге көмектеседі. Оқушыларға топта ертегіні рөлге бөліп оқиды. Әр кейіпкердің рөлін бөліп алғаннан кейін сах- налайды. Мұғалім оқушылардың дайындалуына уақыт беруін ескеруі қажет. Әр топ ертегіні жұ- мысты түрліше ұсынуы мүмкін. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына қолдау көр- сетіңіз.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар топта жұмыс жа-
Менің отбасым және достарым
Дос
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын
мәтіннен таба білу;
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру.
мәтін мазмұны бойынша сұрақ қоя және жауап бере алады;
ертегі мазмұнын өзгертіп , өздері ертегі жаза алады.
сырлас, сыйлас, тамыр.
парақтар, бояу қарындаштар.
Оқулық: 66-67-беттер
Жазу дәптері: 25-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Сұра және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: «Ханзаданың до- стығы» ертегісі бойынша кейіпкерлерге сұрақ қою және сұрақтарға жауап беру арқылы білім мазмұ- нын қолдану дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім бірінші оқушыны өз қалауымен таңдап, кейіпкер рөлін ұсынады. Оқушы сынып алдында орындыққа отырады, ал қалған оқушылар оның кейіпкері- не сұрақтар қояды. Мысалы: орындықта отырған оқушы қоңыз рөлінде болса, ол қоңызға қойыла- тын сауалдарға жауап береді. Сұраққа жауап беру арқылы оқушының мәтін мазмұнын меңгеруі, та- пқырлығы танылады.
Саралау мүмкіндіктері: әр оқушының қа- білетіне қарай нәтиже бойынша саралау жүзеге асады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма сыныпта орындалады.

Жоспарлайық

Тапсырманың негіздемесі: оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар ертегі мазмұнына сүйене отырып, жоспар құрастырады. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар топ- тарға бөлінеді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма аралас топ- тарды саралау арқылы жүзеге асады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топта орындалады. Топтарға дайындалуға сынып бөл- месінен орын бөлініп беріледі.
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: оқушылардың ай- тылым дағдысын дамытуға арналған тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықта берілген келесі мақал-мәтелдердің мағына- сын түсіндіреді:
Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас.
Дос тұтқанды қадірле.
Жақсы болсаң, жақын көп.
Түсіндіріп болған соң ертегімен байланысты-
рып, ойын дәлелдейді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма аралас топ- тарды саралау арқылы жүзеге асады.
Өзгертейік
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топта орындалады. Топтарға дайындалуға сынып бөл- месінен орын бөлініп беріледі.
Тапсырманың негіздемесі: ертегі мәтінін- дегі оқиғаны осы заманға сәйкес өзгертіп жазу арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік жасалады.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға хан- заданың басынан өткен оқиғаны қазіргі заманға сай өз қалауы бойынша өзгерту ұсынылады. Өз- дерінің жазған мәтінін рөлдік ойын түрінде та- ныстырады. Тапсырманы орындау барысында оқиғаға кейіпкер қосуға, оқиғаны басқа арнаға өзгертуге болатыны ескертіледі. Мұғалім оқушы- ларға қолдау көрсетіп, оқиғаларын дамытуда көмек береді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма аралас топ- тарды саралау арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс: өз мәтіндерін рөл- дік ойын арқылы таныстыру жолымен «Өнер» пәнімен пәнаралық байланыс жүзеге асады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топта орындалады. Топтарға дайындалуға сынып бөл- месінен орын бөлініп беріледі. Ал қойылым қою кезінде арнайы орын дайындалады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Достар арасындағы жақсы қасиеттерді ата. До- стықты бұзатын мінездер туралы өз ойыңды
айт. Оқушылар адамның қасиеттері мен жағым- сыз мінез ерекшеліктері туралы өз ойларын айту арқылы достар арасындағы қарым-қатынас тура-
лы өз ойларын еркін айтуға дағдыланады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Жазайық

Тапсырманың негіздемесі: оқушының қи- ялын дамыта түседі.
Тапсырманың орындалуы: Жануарлар мен құстар арасында достық бола ма? деген сауалға оқушылар жауап береді. Қалағандары өз сөзін мысалдармен дәлелдейді.
Оқушылар топтарға бөлінеді. Олар жануарлар мен құстар арасындағы достықты мазмұндайтын ертегі құраулары қажет. Әрбір топ қабілеті әртүрлі оқушылардан құралуы тиіс. Топ мүшелеріне ақыл- дасуға белгілі бір уақыт беріледі. Дайын болған кезде топ мүшелері өз рөлдерін сомдайды.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырма аралас топтарды саралау арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс: өз мәтіндерін рөл- дік ойын арқылы таныстыру жолында «Өнер» пәнімен пәнаралық байланыс жүзеге асады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топта орындалады. Топтарға дайындалуға сынып бөл- месінен орын бөлініп беріледі. Ал қойылым қою кезінде арнайы орын дайындалады.
Менің отбасым және достарым
Екі дос
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.1.2 мәтінді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқу;
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу.
көрші, жанашыр, шұрқырасып, жылы шуақ.
плакаттар, бояу қарындаштар.
мәтінді түсініп оқып, маңызды ақпаратты таба алады;
кейіпкерді суреттейтін көркем сөздерді анықтай алады.
Оқулық: 68-69-беттер
Жазу дәптері: 26-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: оқушы тақы- рыпқа келу үшін өзінің білетін ақпараттымен, өмір тәжірибесімен өз ойын ортаға салу арқылы алғашқы білімдерін жинақтау көзделеді.
Тапсырманың орындалуы: мәтінмен та- ныспас бұрын тақырыпқа болжам жасату мақса- тында сұрақтар қойылады:
Досың үшін қандай жақсылық жасадың? Неліктен достар ренжіседі деп ойлайсың? Саралау мүмкіндіктері: сұраққа жауап бойын-
ша саралау орын алады. Әр жұптың мүмкіндігіне орай әртүрлі жауап күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: қатар отырған екі оқушы немесе бір қабілеті жоғары, бір қабілеті төмен оқушы жұп болады.

Оқы және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым дағдысы дамиды. Алдында орындаған тапсырманы аяқтауға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: мәтін бірқатар стратегияларды пайдаланып оқылады. Мұғалім әңгіменің тақырыбын дауыстап оқып, ол әңгіме жайлы қандай мәлімет беретінін сұрайды. Әңгімені мұғалім өзі оқып береді.
Мұғалім осы берілген мәтінді оқу барысында оқу техникаларын қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше оқуға тартады. Балалар әңгімені іштей оқып танысып шығады. Оқып шығу үшін оқушы- ларға уақыт беріледі. Оқушылардың бір-біріне бө- гет жасамай оқып шығулары қадағаланады. Мәтін оқылып болған соң, оқиғаға байланысты оқушы- лар өз пікірлерін айтады. Оқушылар жұп болып, кейіпкерлерге мінездеме береді. Топтаса оты- рып, ортақ шешімге келеді. Мәселелік сұрақ қою арқылы оқушылардың топтаса отырып шешім қа- былдауына мүмкіндік беріледі. Сұрақтар:
Әли неліктен үндемей кетіп қалды?
Ренішті неге жел ұшырып кету керек?
Жақсылық неліктен ешқашан өшпеу керек?
Мәтіннен қандай қорытынды шығарар едің?
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста топтық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты жинақтан іздеуді немесе өз идеяларын айтуды үйренеді.
Жазайық
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді болуына жағдай жасалады.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар алдыңғы тапсы- рмада алған білімдерін қолданып жазу дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: «Қандай адам- мен дос болғың келеді?» сұрағы төңірегінде жұ- мыс жасайды. Қағазды екіге бөледі, бір бөлігіне дос болғысы келетін адамның қасиетін жазады, ал екінші бөлігіне оқушының өзінде осындай қасиет бар ма? соны жазады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша сара- лау жүзеге асады. Бірдей тапсырмадан әр оқушы әртүрлі дәрежеде орындайды.
Жасайық
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы жеке орындайды.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар қосымша ақпараттар- ды алу дағдысын жетілдіреді. Алдыңғы тапсырма- да алған ақпараттарды қолданады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар «До- стық алақаны» деген макет дайындайды. Оқушы жеке орындайды. Қағаздан өз алақаныңды сы- зып, сосын қиып ал. Сол алақанға досына тілек жазады. Өз макетін сынып қабырғасының кез келген жеріне іледі. Оқушылар «Достық алақа- ны» макетін қарап жүріп, ең жақсы жазылған тілек туралы өз бағаларын береді.

Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста нәтиже саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты жинақтанп іздеуді немесе өз идеяла- рын айтуды үйренеді.
Пәнаралық байланыс: «Бейнелеу өнері» пәні мен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымда- стыру: Мұғалім қабілеті бірдей оқушылардың әр топта отыруларын қадағалайды.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Досыңмен демалысты бірге өткізуге жоспар құр. Жоспарды сурет арқылы беруге болатыны ескертіледі. Тапсырманыорындау барысында алдын ала әңгімелесіп, өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік беріледі. Содан кейін тапсырманы жұп-
пен орындайды.
Қосымша тапсырма
Өзіңнің досыңа таныстыру жаса.
Досыңа арналған таныстырылымды плакат немесе сурет арқылы беруге болады. Қабілетті оқушыларға өлең шығару ұсынылады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.3.3.1 шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы ұсыну;
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.
алғыс хат.
парақтар, түрлі түсті бояулар.
өзінің жазған қателерін түзету жұмыстарын жасай алады;
өз ойларын шығармашылықпен жеткізе алады.
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:

Оқулық: 70-71-беттер
Жазу дәптері: 27-бет

Менің отбасым және достарым
Маған жақын адамдар
Сабаққа қатысты нұсқаулар
Сөздерді зертте

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы осы бөлімде меңгерген сөздерін жинақтауға, оларды қолдануға бағытталады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар сөз- дер тізбегімен танысады. Осы сөздерді кімдер- ге арнауға болатыны туралы ойланады. Осы сөздерден сөздер картасын жасау ұсынылады. Мысалы: анам – мейірімді, қамқор, әділ, ... деп сөздерді жазу тапсырылады. Сөздер тізбегін жасайды. Оқулықта сөздер тізбегі «Отбасынан» басталып, ортасында бірнеше сөз жазуға орын қалдырылады да, сөздер тізбегінің соңы
«қамқор» сөзімен аяқталып тұрғанына назар ау- дарылады. Оқушылар сөздер тізбегін толықты- рады. Топта жасаған сөздер тізбегін байланысты- рып, сөз тіркестерін құрайды. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрайды. Сөйлемдерді құрау ба- рысында тақырыптың қамтылуын мұғалім өзі бақылап, топтарға көмек жасап жүреді.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша са-
722-тарау. Менің отбасым және достарым
ралау орын алады. Сөздер тізбегін жасауда қо- сымша материалдар беруге болады. Қосымша материал керек пе, қажеттілігі жоқ па өздері таңдау жасайды.
Пәнаралық байланыс: «Қазақ тілі» пәні мен байланыс жүргізіледі. Оқушылардың жасаған сөз тізбегінің орфографиялық сауаттылығына назар аудартылып, өзара тексеру ұсынылыды.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Қатар отырған екі оқушы бір жұп болады.
Жоспарлайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы өзіне жақын адамдармен бірге өткізілетін уақыт туралы жоспарлап, ол күнді қадамдар бойынша жүйелі жоспарлап таныстыруға мүмкіндік жаса- лады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардан демалысты қалай өткізуге болатыны сұралады. Олар табиғат аясында, ойын-сауық орталығын- да, аулада, спорт алаңында өткізуге болатынын айта алады. Топта өз жақындарыңмен (отбасың, достарың, көршілерің) демалысты қызықты өт- кізудің бір түрін таңдап, сол демалыс күнінің күн
тәртібін жасау ұсынылады. Күн тәртібін суретпен, шартты белгімен жасап, таныстырылым жасау жоспарланады. Демалыс күнінің алғашқы шара- сынан бастап, әр қадамдарын тиянақтап жазу та- лап етіледі.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша сара- лау орын алады. Мұғалім қосымша материалдар- мен қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланыс: «Бейнелеу өнері» пәнімен пәнаралық байланыс орын алады.
Жасайық
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.
Тапсырманың негіздемесі: алдыңғы тапсыр- мада жоспарланған іс-шараны сызбаға түсіріп, таныстыру арқылы өз жұмыстарын жинақтап, ол күнді таныстыруда сөздік қорларын еркін пайда- лана алу дағдысын көрсетуге мүмкіндік жасалады. Тапсырманың орындалуы: оқушылардан алдыңғы жоспарларын сызбаға түсіру сұралады. Плакаттар беріледі, күндік жоспарды суретпен, шартты белгімен ретімен беру керек. Плакат дай- ындалғаннан кейін таныстырылымға дайындай- ды. Таныстырылымды топ болып немесе тағайын- далған спикер орындайды. Әр топтың жұмысын тыңдағаннан кейін «екі жұлдыз, бір тілек» бойын-
ша өзара бағалау айтады.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша сара- лау орын алады. Мұғалім қосымша материалдар- мен қамтамасыз етеді.
Жазайық
Пәнаралық байланыс: «Бейнелеу өнері» пәнімен пәнаралық байланыс орын алады. Сы- ныпты ұйымдастыру: тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.
Тапсырманың негіздемесі: берілген алғысхат үлгісін пайдаланып, алғысхат жазу арқылы жа- зылым дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға мей- ірімді, қамқор, әділ, адал, жанашыр, сүйкімді, сыпайы, дана сөздерін қолдана отырып, өзі құр- меттейтін адамға арнап алғысхат жазу тапсырыла- ды. Алдымен «алғысхат» дегеніміз не, оны кімге жазатыны туралы әңгіме жүргізіледі. Оқулықта берілген алғысхат үлгісімен таныстырылады. Онда бос берілген сөздердің орнына өздеріне басқа сөздер жазу ұсынылады. Алғысхатты безендіру, ондағы сөздердің орфографиялық сауаттылығы жұпта тексеріледі. Өзара бағалау жүргізіледі.
Үлгі:
Құрметті анашым!
Сіз – мен үшін ең қымбат жансыз. Сіздің маған қамқорлығыңыз, мейіріміңіз, тәрбиеңіз, жанашыр- лығыңыз үшін алғыс айтамын.

Қызыңыз Айжан.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша сара- лау орын алады. Әр жұптан әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныпты ұйымдастыру: Жұптық жұмыс ұсы-
нылады.
Көрсетейік
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылар берілген алғысхаттың үлгісіне қарай отырып тексереді және алғысхаттың сауаттылығы да қаралып, өзара тексеру, бағалау, өңдеу жұмы- сын жүргізуге дағдыланады.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- лардың жұмысын жұппен алмастырады. Алғыс- хаттың үлгісі беріледі. Оқушылар өздерінің алғыс- хаттарын оқиды. Үлгіге сүйене отырып, оқушылар алғысхат құрылымын тексеріп, өңдеу жасайды. Екінші кезекте сауаттылығын тексереді. Өзара тек- серген жұмыстарын бір-біріне айтып талдайды. Қателер түзетіліп, өңдеу жүргізіледі.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша сара- лау орын алады. Мұғалім қосымша материалдар- мен қамтамасыз етеді.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Өзіңе жақын адамды жұмбақтап айт. Жұмбақ құрауда ол адамның ерекшелігін, сипатын білдіру- ге болатыны ескертіледі.
Қосымша тапсырма
Төменде берілген мақалға ребус құра: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің отбасым және достарым
Тараудың қорытынды беті
Оқығанды қайталау
Сен не үйрендің?
Тапсырманың негіздемесі: тапсырмада өз жақын адамдарын жылы сөздермен атауы сұралады. Тапсырманы қалай орындау керек: осы бөлімде өзімізге жақын адамдар туралы қарастырылды. Көр- кем мәтіндермен, өлең жолдарымен танысқаны айтылады. Өздеріне жақын адамдарды қандай жылы сөздермен атайтындары сұралады. Оқушылардың жауабы тыңдалғаннан кейін оларды еркелетіп жақындары қандай жылы сөздер арнайтыны сұралады.
Жаңа күрделі тапсырмалар
Алға ұмтыл!
Тапсырманың негіздемесі: бөлімде танысқан сөздерді, қалыптасқан дағдыларды пайдаланып шағын кітапша жасау арқылы шығармашылықтарын танытады.
Тапсырманы қалай орындау керек: Өзіне жақын адамдарға арналған кітапша жасауда суреттер арқылы жасауға болатынын мұғалім алдын-ала ескертіп сабаққа сурет әкелуді ескертуі керек. Әр су- ретті таныстыратын 1 сөйлемнен жазу ұсынылады.
74
Менің мектебім
Тарауға кіріспе

Оқушылар менің мектебім тақырыбы бойынша өздерінің бастарынан өткен қызықты оқиғалары туралы талқылау сұрақтарына қатысып, тақырып бойынша әдеби шағын мәтіндерді оқиды. Тыңдаған, оқыған мәліметтері бойынша шығармашылық жазылым тапсырмаларын орындайды.
Оқу мақсаты:

Осы тараудың оқу мақсаты 8-9-беттердегі Көлем мен құрылым кестесінде берілген.
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну; 1.2 Шығарманы мазмұндау, 1.3 Шығармадағы
оқиғаны болжау; 1.4 Тыңдарманның назарын аударту; 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру; 2.1 Оқу түрлерін қолдану; 2.2 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру; 2.3 Шығарманың тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау; 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау; 2.5 Шығарманың композициясын анықтау; 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау; 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау; 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру;2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу; 3.1 Шығарманың жоспарын құру; 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу; 3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну; 3.4 Қатені табу және түзету.

Негізгі тіл
Бұл тарау 12 сабақтан тұрады. Сабақтың тақырып- тары төмендегідей:
Білім керек бәріне
Ғылымға көңіл бөлсеңіз
Алғашқы сабақ
Менің қиялымдағы мектеп
Мектеп – ана, асыл дос
Мектеп – менің өз үйім
Керемет баға
Кітаптың мұңы
Керек оқу құралдар, жақсы білім аларға
Дәптер, қалам – достарым
Қамқоршы мұғалім
Кезекшілік міндетім
75
Менің мектебім
Білім керек бәріне
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу;
2.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс- салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.
мақал-мәтелдер жинақтарынан қосымша ақпараттар аламыз;
сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдана аламыз.
білім, теңіз, мектеп, кеме, ұйқас.
мақалдардың мазмұнын ашатын суреттер, флипчарт, маркер, мақал-мәтелдер, жинақтары, шар, жіп.
Оқулық: 4-5-беттер
Жазу дәптері: 28-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағды- сы дамиды, айтылғын ақпарат бойынша өз пікір- лерін білдіре алады. Оқушыларды алда орындай- тын тапсырмаларға дайындайды.
Тапсырманың орындалуы: Бұл уақытта оқушылар мақал-мәтелдердің не екенін біледі және 1-сыныптан бері көптеген мақалдарды жат- тады. Сондықтан сабақты мектеп туралы қандай мақалдар білесіңдер деген сұрақтан бастауға болады. Оқушылардан айтқан мақалының мағы- насын өзі қалай түсінетінін сұраған дұрыс не- месе ол мақалдың мән-мағынасы туралы басқа оқушыларға өз пікірлері айтқызылады. Бұл бар- лық оқушылардың бірін-бірі тыңдауына және бірге ойлануына мүмкіндік береді. Балалар өздері бұрыннан білетін мақалдарын айтқан соң мұғалім балаларға оқулықтағы суретті көрсетеді. Суретте шетсіз-шексіз теңіз және оның бетінде кеме тәрізді қалықтап жүзіп бара жатқан мектеп бейнеленеді (мектеп-кеменің ішіне оқушыларды, ұстаздарды, т.б. бейнелеуге болады). Мұғалім жаңа сабақты
осы сурет бойынша сұрақтар қоюдан бастайды: Суреттен не көріп отырсыңдар? Неліктен мектеп ұшан-теңіз су айдынында жүзіп жүр? Бұл нені біл- діреді? Бұл қандай мақалды еске түсіреді? т.с.с. Осыдан соң халық ауыз әдебиетінде білімді теңіз- ге, мектепті қайыққа неліктен теңеп отыр деген сұрақ төңірегінде балалардың әртүрлі пікірлерін тыңдаған жөн. Бұл суреттегі мақал екендігі түсін- діріледі. Тапсырманың соңында оқушылар білім алудың маңызды екенін дәлелдей алады. Осы сияқты 1-2 мақалдың мағынасын сурет арқылы белгілеп, олардың мазмұны туралы оқушылардан не білетінін, оны қалай түсінетінін сұрау жұмысын жалғастырға болады. Оқушылардың жұмыстарын қолдап отыру, қызығушылықтарын тудырады.
Тапсырманың жауаптары, орынды болса:
Оқушылар суреттің мазмұнына қарап ойланып,
«Білім – теңіз, мектеп – қайық» деген мақалды та- булары тиіс.
Саралау мүмкіндіктері: Мұнда нәтиже бой- ынша саралау жүргізіледі. Қабілеттері әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ түрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: Оқушылардың бел- сенді, еркін қозғалуына жағдай жасалынады.
Кел, бірігейік!
Тапсырманыңнегіздемесі:бұлтапсырма оқушылардыңоқылымдағдысындамтытады. Тақырыптың мазмұнын ашуға берілетін тапсырма. Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықта берілген Ф.Оңғарсынованың «Білім керек
бәріне» өлеңін оқиды.
Оқымас бұрын мұғалім мәнерлеп оқып, үлгі көрсетеді. Сонан кейін оқушылар өлеңді бірі- гіп оқиды. Қиын немесе жаңа сөздермен жұмыс жасалады. Осыдан соң өлеңдегі ұйқастарға көңіл бөлгізіп, олардың қай жолдары ұйқасып келіп тұрғанын анықтайды. Оқушылар оқып болған соң оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.
Пәнаралық байланыс: тапсырма «Дүниетану» мен
«Жаратылыстану» пәндерімен байланыс жүргізіледі. Саралау мүмкіндіктері: Мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға
ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Ойымызбен бөлісейік және жазайық
Сыныпты ұйымдастыру: Өлеңді ілесіп оқыған- да барлық баланың оқып отырғаны қаралу керек.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар қосымша ақпараттар- ды алу дағдысын жетілдіреді. Алдыңғы тапсырма- да алған ақпараттарды қолданады.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға «Қазір біз мақалдар ағашын жасаймыз, сендерге дейін ондайды ешкім жасаған жоқ. Жасаса да сендердікі басқалардан ерекше болуы тиіс» деп, тапсырма- ны орындауға деген қызығушылықтарын арттыра- ды. Оқушылар 4-6-дан бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа көлемді флипчарттар және «Мақал-мәтел- дер жинағы» үлестіріледі. Оқушылар флипчартқа ағаштың суретін салады да, оның түсі мен пішінін ойластырады, жинақтың ішінен іздеп тапқан неме- се өздері білетін мектеп, білім туралы мақалдарды жапырақ тәрізді қағаздарға әдемілеп жазып, сол ағаштың суретін жабыстырады. Өлеңмен байланы- сты мақал-мәтелді таңдауы керек. Жұмыс барысын- да барлық оқушылардың жұмысқа қатысуы үшін мұғалім оқушылардың рөлдерінде бөліп беруіне болады. Мысалы мақал жинаушы, сурет салушы, уақыт белгілеуші, жасаған еңбектерін қорғаушы деген сияқты рөлдер. Қабілеті төмен оқушыларға мақал-мәтелдер жинағынан ақпарат қалай іздеу керек екені көрсетіліп жіберіледі. Оқушылар түсі мен пішінін ойластырады.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста топтық
саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты жинақтан іздеуді немесе өз идеяларын айтуды үйренеді.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Бейне- леу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі. Флип-

чартқа ағаштың суретін салады, жапырақтарды жабыстырады.
Сыныпты ұйымдастыру: мұғалім түрлі түсті үлестірме парақшаларды тарату арқылы топқа бөледі. Түстер жиналып бір топ болады. Мұғалім қабілеті бірдей оқушалырдың әр топта отырула- рын қадағалайды.
Көрсетейік

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар айтылым дағдысын жетілдіреді. Алдында орындалған тапсырманы қо- рытындылауға мүмкіндік береді.
Тапсырманың орындалуы: Мұғалім оқушы- лардың жасаған жұмыстары жөнінде «Сендер топтарыңмен өздеріңізге дейін ешкім жасамаған Мақал-мәтелдер ағашын жасадыңдар. Жасаса да сендердікі басқалардан ерекше деп ойлаймын» деп, олардың тапсырманы орындауға деген ынтасын арт- тырады.
Оқушылар топтарда дайын болған тапсырма- ларына «Мақал-мәтелдер ағашына» танысты- рылым жасайды. Таныстырылым жасар алдында мұғалім келесі жетістікті бағалау өлшемдерін бе- реді: 1. Неше мақал-мәтел алынды?; 2. Мақал-мә- телдердің мағынасын ашу; 3. Мағынасына қарай реттеу. Оқушылар осы берілген жетістік белгілері бойынша таныстырылым жасайды. Таныстырылып болған соң топтар жасалған жұмыстарын «Галере- яда. Қиял әлеміне саяхат.» мақал-мәтелдер ағашы- на іліп қояды. Барлық оқушылар өздеріне ұнаған
«Мақал-мәтелдер ағашына» смайликтерді жапсы- рады. Соңынан қорытынды шығарылады және жасалған мақал-мәтелдер ағашына баға беріледі. Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап,
өз идеяларын айтуға үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: сынып оқушылары алдыңғы топтарымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың білімін кеңейтуге, қосымша ақпа- ратпен танысуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар автор ту- ралы мәліметті оқулықтан оқып танысады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау;
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру;
2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу.
мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбын анықтап және автордың не туралы айтқысы келгенін түсінеді;
өлең мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді;
өлеңді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқиды.
Менің мектебім
Ғылымға көңіл бөлсеңіз
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
айшылық алыс, күн жарымда, дүниені кезу.
мазмұнын ашатын суреттер, флипчарт, маркер, қағаз қайшы, желім, т.б.
Оқулық: 6-9-беттер
Жазу дәптері: 29-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: бұл оқушыларды өз пікірін айту, ойымен бөлісу дағдысын дамы- тады. Сонымен қатар оқушыларды сұрақ қоюға ынталандырады және олардың тілдік дағдысын жетілдіреді.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардың көңіл күйлерін көтеру және жаңа сабаққа бейім- деу үшін ән тыңдалады. «Мектебім» әні (Алтын- шаш Қалмақанованың орындауындағы ән)https:// vk.com/. Әннің сөзі болса, оны оқушыларға беріп, музыкасын минус бойынша қойып, караоке түрін- де айтқызады. Өлең не жайында екендігі сұра- лады. Мұғалім оқушыларға оқулықта ұсынылған сұрақтарға жауп беруін сұрайды.
Оқушылар бірнеше сұраққа жауап береді. Оқушылардың жауабы әртүрлі болуы мүмкін, мұғалім оларға негізгі сұрақтар қойып, пікірлерін айтуына көмектеседі.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда ресурс бой- ынша саралау жүргізіледі. Қабілеттері әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: барлық сынып оқушылары сабаққа қатысуы үшін сұрақ қо- юдың әртүрлі стратегиялары қолданылады.
Мәнерлеп оқы

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма өлеңді оқу арқылы мазмұны не жайында екенін түсінуге негізделген. Оқушылардың түсініп оқу дағдысын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқу- лықтағы Ы. Алтынсаринның «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін оқитындарын айтады. Алдымен өлеңнің авторымен таныстырып, оның портретін көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет береді. Ба- лалар өлеңді іштей түсініп оқып шығады.
Содан соң өлеңді кезектесіп дауыстап, мәнер- леп оқу тапсырылады. Оқымас бұрын мұғалім
мәнерлеп оқып, үлгі көрсетеді. Мұғалім оқулықта берілген «айшылық алыс, күн жарымда, дүниені кезді» тірек сөздерінің мағыналарын түсіндіреді. Мұғалімнің көмегімен өлең үзіндісін иллюстраци- ялық суреттермен салыстырады, ойларын ортаға салып бір-бірін толықтырады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сен білесің бе?
Сыныпты ұйымдастыру: өлеңді дауыстап оқу- да оқушылардың қабілеті ескеріледі.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың білімін кеңейтуге, қосымша ақпа- ратпен танысуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар автор ту- ралы мәліметті оқулықтан оқып танысады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сұра және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағды- лары дамиды және өлең бойынша түсінгендерін анықтауға бағытталады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар түр- лі түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді. Топ- тық жұмыстың ережесін еске түсіреді. Оқушы- лар оқулықта берілген өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Бұл сұрақтардың жауабын постерге жазып қорғайды. Сұрақтарды топтарға бөліп беріп, әр топ өз сұрақтары бойынша жазған постерлерін қорғайды.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жа- сап, өз идеяларын айтуды үйренеді.
Ойымызбен бөлісейік және жазайық
Сыныпты ұйымдастыру: мұғалім сынып оқушыларын түрлі түсті үлестірме парақшалар арқылы топқа бөледі. Бір топ 4 немесе 5 оқушы- дан құралады. Мұғалім қабілеті бірдей оқушылар- дың әр топта болуларынын қадағалайды.
Тапсырманың негіздемесі: оқушылардың жа- зылым дағдысын дамытады.
Тапсырманың орындалуы: оқылған өлең бойынша қорытынды жасайды. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Кейін айтқандарын қағазға түсіреді. Ол үшін қағазды төртке бөліп, әр бөлікке өз пікірін жазады.
Саралау мүмкіндіктері: Мұнда тапсырма бой-

ынша саралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді болулары үшін қолайлы орта жасалады.
Ойлан, тап!
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты басқа формада түсіне алу дағдысын дамытуға көмектеседі. Өлең мазмұ- нын түсінгендерін анықтауға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: алдыңғы тапсыр- маны қалай орындағаны туралы мұғалім өз пікірін білдіреді. Тапсырманы орындау кезінде белсен- ділік көрсеткен оқушылардың аттары аталады, оларға қошемет көрсетіледі. Бұл тапсырманыңда топпен орындалатыны айтылады. Мұғалім кез келген жұмыста бірлік пен ұйымшылдық болған кезде ол өте жақсы болатыны туралы ескертеді. Осы іс-әрекет арқылы сыныпты ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылар оқулықта берілген өлең сөздерін қазіргі өмірмен байланыстырады.
Тастан сарай салғызды; Жылдам хабар алғызды. Аты жоқ құр арбаны; Адамды құстай ұшырды. Отынсыз тамақ пісірді; Теңізде жүзді балықтай. Ол үшін әр топқа суреттер мен жазылған сөз-
дер таратылады. Осы сөздерді оқушылар өз сөз- дерімен толықтыра алады. Оқушылар суреттер мен сөз тіркестерін байланыстырып, постерге жапсырады. Мұғалім топтық жұмыстың қалай іске асып жатқанын қадағалап жүреді. Жұмыс жемісті болу үшін, оқушылар өзара жауапкершілікті бөліп алады.
Оқушылар топтарда дайын болған тапсырма- ларының таныстырылымын жасайды. Танысты- рылып болған соң топтар жасалған жұмыстарына н көрме ұйымдастырады. Барлық оқушылар өз- деріне ұнаған жұмыстарына смайликтерді жапсы- рады. Соңынан қорытынды шығарылады.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста ресурс бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты жинақтан іздеуді немесе өз идеяларын айтуды үйренеді.
Пәнаралық байланыс: «Бейнелеу өнері» мен
«Еңбекке баулу» сабақтарында алған білімдерін қолданады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы орын- дау үшін сынып дайындалады. Ол үшін парталар жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орна- ластырылады. Сынып оқушылары алдыңғы топта- рымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Оқушылардыңбілімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты
меңгергенін тексеруі қажет.
мәтінді іштей түсініп, таныса алады.
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау;
2.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру;
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.
малдас құру, киіз үй, шөге-шөге.
суреттер, флипчарт, маркерлер.
тірек сөздер арқылы автордың не туралы айтқысы келгенін түсінеді;
шығарма үзіндісін басқа нұсқамен салыстырады;
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:

Оқулық: 10-11-беттер
Жазу дәптері: 30-бет

Менің мектебім
Алғашқы сабақ
Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Ертедегі мектептердің қандай болға- ны жөніндегі білетіндері мен білгілері келетіндері жөнінде анықтауға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: тапсырманы мұғалім барлық сынып оқушыларына «Ертедегі алғашқы мектептер қандай болды? Онда қандай заттар болды?, «Қандай заттар болған жоқ» деген жетекші сұрақтар қою арқылы «Білемін» кестесін толтырудан бастайды. Оқушылар жұмыс дәптер- леріне кестені сызады, білемін кестесін жеке тол- тырады. Содан соң оқушылар білетіндерін ортаға салып жазғандарын оқиды, барлық оқушылардың жауаптары тыңдалады. Барлық оқушылардың жауаптары тыңдалған соң «Білгім келеді» кестесі толтырылады. Оқушылар ертедегі алғашқы мек- тептер жөнінде не білгілері келетіндерін кестеге жазып толтырады. Барлық оқушылардың не біл- гілері келетіндері талқыланады.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада нәти- же бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма бар- лық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәти- же күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: берілген тапсырма жеке жұмыс болған соң, оқушылардың қабілет- теріне қарай ойланып жазуларына уақыт беріледі.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма әңгімеден үзінді оқыу арқылы, шығарманың мазмұны не жайында екенін түсінуге негізделген. Оқушылардың түсініп оқу дағдысын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқу- лықтағы Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа са- яхат» әңмесімен танысатындарын айтады. Ал- дымен әңгіменің авторымен таныстырып, оның портретін көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет беріп түсіндіріледі. Сонан соң балалар әңгімені іштей түсініп оқып танысып шығады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоға- ры сезімдер пайда болады. Мұғалім оқушылардан оқып отырғанда нені елестеткендерін сұрайды.
Сол бойынша оқушылардың айтқандарын сы- ныпта талқылайды. Барлық оқушылар елестеткен- дерін айта алмайды, не елестете алмауы мүмкін. Сондықтан барлық оқушылардан жауап алынбай- ды, тек өз еріктерімен айтулары керек. Мұғалім
«малдас құру, киіз үй, сыз, қызыл жабқыш»тірек сөздермен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көме- гімен көркем шығарма үзіндісін иллюстрациялық суреттегі үлгісімен салыстырады, ойларын ортаға салып бір-бірін толықтырады. Мұғалімнің нұсқа- уы бойынша «Үйрендім» кестесін мәтіннен және иллюстрациялық суреттен түсінгендері бойынша толтырады. Кестені толтыруда оқушылар ертедегі мектептер туралы білгендерін және авторы тура- лы да жазуларына болады. Кесте бойынша бар- лық оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл тапсырама барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: мәтінді іштей оқуда оқушылардың қабілеті ескеріліп уақыт беру мүм- кіндігі ерекшелінеді.

Анықтайық
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма жа- зылым дағдысын жетілдіруге арналған.
Тапсырманың орындалуы: сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыстығын анықтайды.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеттері әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, нәтижесі әртүрлі болады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы орын- дау үшін сынып дайындалады, жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орналастырылады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың білімін кеңейтуге, қосымша ақпа- ратпен танысуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға «Сен білесің бе?» айдарымен берілген ақпаратпен та- нысу тапсырылады. Бердібек аталарың балаларға арнап көптеген қызықты әңгімелер жазған. Ол әңгімелерін балалық шақтағы қызықты сәттерінен жазған. Сен қызықты сәттеріңді жазып жүресің бе?
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазан- да Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында туған.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру;
2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.
оның жауабын таба біледі.
Менің мектебім
Менің қиялымдағы мектеп
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
ғажайып, болашақ, қиялым.
суреттер, сызғыш, бояу қарындаш, флипчарт, маркер.
мұғалімнің көмегімен шағын ертегі жаза алады;
қарапайым және нақтылау сұрақтар қояды,
Оқулық: 12-13-беттер
Жазу дәптері: 31-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Жасайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың сыни ойлау дағ- дылары дамиды. Оқушыларды алда орындайтын тапсырмаларға дайындайды.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардың көңіл күйлерін көтеріп аламыз. Сынып оқушыла- ры орнынан тұрып, ән айтады. «Ризашылық әнін» айтып көрейік.
Ризамын бүгінге, ризамын бүгінге, Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге, Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыста- рымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.
Содан соң оқулықта берілген жұмбақты шешеді. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
Бұл жұмбақтың шешуі не деп ойлайсыңдар? (мектеп)
Жұмбақтың жауабымен байланыстырып төмен- дегі сұрақтарды қояды. Сендер қандай мектепте
оқуды армандайсыңдар? Ол мектептердің ішінде не болғанын қалайсыңдар? Мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарын толықтырып отырады. Сұрақтар төңірегінде балалардың әртүрлі пікірлерін тыңдаған жөн. Оқушылар өз қиялындағы мектебі жайында сұрақтарға жауап берген соң суретін қағаз бетіне түсіреді. Оқушыларды қиылған қағаздар бойынша топқа бөледі. Оқушылар қиылған қағаздардан су- рет құрастырады. Құрастырылған суреттер бойын- ша топ болып бөлінеді. Оқушыларға өздерің қандай мектепте оқығыларың келеді, сол мектептің суретін таңда деп тапсырма беріледі. Таңдалған суреттер бойынша оқушылар өз қиялын пайдаланып ғажай- ып мектептің суретін жабыстырады. Дайын болған сурет бойынша ертегі жазуға бағыттайды.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы орын- дау үшін сынып оқушыларының санына қарай топқа бөлінеді. Оқушыларға әртүрлі тақырыпта суреттер беріледі, оқушылар оларды ортақ бел- гілеріне қарай топтастырады және неліктен олай топтастырғандары туралы айтып береді.
Ойымызбен бөлісейік және жазайық
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындауда оқушылар өз ойларын жазу арқылы жазылым дағдысын дамытады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды. Салған суреттері бойынша ертегі жазу тапсырылады. Ертегіні жазу үшін мұғалім жоспар ұсынады. Жоспарды танысты- рып, не жазуға болатынын түсіндіріп өтеді.
Ертегі жазу барысында мұғалім оқушылардың қа- білеттерін ескеріп әр қайсына бағыт беріп отырады. Қабілеті жоғары оқушылар жоспар бойынша өз ой- ларын жазса, қабілеті төмен оқушылар берілген үлгі бойынша жазуына болады. Мыс.алы:
Қиялымдағы менің мектебім.
Оның ғажайып көрінісі.
Ғажайып мектеп оқушысы. т.б.
Ертегі жазу барысында оқушылар өз қиялдарын қолданады, яғни ертегіні түрлендіріп жазуларына болады. Ертегіні оқушылар өз дәптерлеріне жаза- ды. Ол келесі тапсырма үшін керек болады.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста үлгі бой- ынша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушы- ларға тапсырманың үлгісі беріледі. Қабілеті төмен оқушыларға тапсырма үлгісі ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушылар өз идеяларын жазуды үйренеді.
Сұра және жауап бер
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы орын- дау үшін сынып дайындалады. Ол үшін парталар жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орнала- стырылады.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындауда оқушылар өз жазғандарын баяндай алулары арқылы айтылым дағдысын дамытады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды. Жазған ертегіні ортаға салып оқиды. Оқушылар жазылған ерте- гілерді бағалайды. Ол үшін «Авторға сұрақ қою» стратегиясы пайдаланылады. Сыныптың ортасына орындық қойылып оқушылар жазған ертегіні оқи- ды. Оқулықтағы берілген сұрақтарды пайдаланып бір-біріне сұрақтар қояды.
Оқушылардың барлығы ертегілерін оқып бе- реді. Оқушылардың ертегілерді мұқият тыңдалуы тапсырылады.
Көрсетейік
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Сыныпты ұйымда- стыру: Тапсырманы орындау үшін сынып дайын- далады, жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орналастырылады.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындауда оқушылар өз жазғандарын баяндай алулары арқылы айтылым дағдысын дамытады.
Тапсырманың орындалуы: бұл ойында оқушылар өздерінің жазған ертегілеріндегі қи-

ялдағы мектептері бойынша жазған ертегілерін
«ертегілер галереясына» ілінеді. Оқушылар өз- деріне ұнаған ертегілерді бағалайды. Бағалау үшін оқушыларға смайликтер таратылып беріледі. Оқушылар бағалап болған соң қорытынды жа- салады. Ең көп смайлик жинаға ертегі «үзік ер- тегі»номинациясын жеңіп алады. Мұғалім «үздік ертегі номинациясының жеңімпазы» деген ме- даль (қағаздан) жасап оқушыларды мадақтауына болады. Бұл сыныпта сақталып тұрады. Оқушылар бұл медальды алу үшін ертегі, шығарманы үздік жазуға тырысады. Бұл оқушылардың шығарма жазуға қызығушылығын тудыруға негізделген.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, нәтижесі әртүрлі болады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы орын- дау үшін сынып дайындалады, жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орналастырылады.
Салыстырайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың шығармашылық пен сыни тұрғыдан ойла- уын дамытуға және оқыған мәтінді терең түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: тапсырмада оқушылар алдыңғы бөлінген топтарымен отыра береді. Мұғалімнің көмегімен алдыңғысабақта оқыған «Алғашқы сабақ» мәтіні мен өздерінің қи- ялындағы мектептерін салыстырады.
Ол үшін кесте беріледі, кестеге мұғалім өз үл- гісін береді.
Алғашқы мектеп Өз қиялыңдағы мектеп
Парта жоқ Қозғалмалы, жұмыс жасауға икемделетін пульты бар парта
Кестені толтырған соң оқушылар жазғандарын ортаға салып талқылайды. Барлық топтардың жазғандары тыңдалып, оқушылардың өздерінің бағалаулары арқылы бағаланады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу;
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру;
2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу.
мәтінді дауыстап, дұрыс түсініп оқиды
Менің мектебім
Мектеп – ана, асыл дос
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсына алады.
күзге тіреп күн иек, шөмеле, межелі, рай.
күзге тіреп күн иек, шөмеле, межелі, фотосуреттер.
дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастырады;
Оқулық: 14-17-беттер
Жазу дәптері: 32-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағды- сы дамиды. Өз ойларын еркін айтуды үйренеді. Алда орындайтын тапсырмаларға дайындау.
Тапсырманың орындалуы: (ынтымақтастық атмосфера орнату) «Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанын- дай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүре- гімізді жылумен махаббатқа толтырады. Мұғалім оқушылардың санына қарай топқа бөледі. Ол үшін топқа бөлуге арналған белсенді стратегияларды қолдануға болады. Мұғалім сабақта сұрақ қою- дан бастайды. Мектепке алғаш келген күндеріңді көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Бұл күнді еле- стеткенде қандай сезімде боласыңдар? Мұғалім тақтаға өз мектебінің суретін іліп қоюына болады. Ол оқушылардың алғаш мектепке келген күнді еле- стете алуларына көп көмектеседі. Мектепке алғаш келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Оқулықта ұсынылған сұрақтар қойылады.
Оқушылар естеріне түскен сәттерін ортаға сала- ды. Ол үшін мұғалім сигналды үлестірме парақша- лар берді. Оқушылардың еркі бойынша сұралады. Яғни, үлестірме парақшаны көтерген оқушыдан сұралады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда нәтиже бойын- ша саралау жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді болуына жағдай жасалады. Мұғалім оқушы- лардың санына қарай топқа бөледі. Ол үшін топқа бөлуге арналған белсенді стратегияларды қолда- нуға болады.
Оқы және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқу- шылардың оқылым дағдысын дамтытады. Мәтінді түсініп, мазмұнын ашуға берілетін тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар оқу- лықта берілген Ө.Тұрманжановтың «Мектеп
біздің анамыз» өлеңін оқиды. Автор туралы мәлімет беріледі.
Оқымас бұрын мұғалім мәнерлеп оқып, үлгі көрсетеді. Сонан кейін оқушылар өлеңді бірігіп оқиды. Күрделі немесе жаңа сөздермен жұмыс жасалады. Осыдан соң өлеңдегі ұйқастарға көңіл бөлгізіп, олардың қай жолдары ұйқасып тұрғанын
анықтайды. Оқушылар оқып болған соң, оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Көрсетейік
Сыныпты ұйымдастыру: өлеңді ілесіп оқыған- да барлық баланың оқып отырғаны қаралу керек.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар қосымша ақпарат- тарды алу дағдысын жетілдіреді. Алдыңғы тапсы- рмада алған ақпараттарды қолданады. Шығар- машылық жұмыстарын ұсына алады.
Тапсырманы қалай орындау керек: оқушы- лар шығармашылық жұмыстар жасау үшін топқа бөлінеді. Мұғалім фотосуреттерді ұсынады .
Оқулықтаға топтық жұмыс мазмұнымен таныс- тырылады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орын- дайды. Жұмыс барысында барлық оқушылар- дың жұмысқа қатысуын мұғалім қадағалайды. Мұғалімнің көмегімен жұмыс талқылап, ретін анықтап алып, оның жоспарын құрады. Жоспарды тақтаға мұғалім көрнекі етіп жазып қояды.
1.«Коллаж» құрастыру жұмысының жоспары:
Өлең мазмұнына сәйкес келетін фотосурет- терді таңда;
Ол фотосуреттерді ретімен орналастырып жа- быстыр;
Коллаждыбарлықсыныптыңалдында қорғаңдар.
«Сурет сал» жұмысының жоспары;
Өлең мазмұны бойынша постерге қандай су- рет салуға болатынын ойластыр;
Суретті салыңдар;
Жұмыстарыңды барлық сыныптың алдында қорғаңдар.
Өлең мазмұнын ашатын сөздерді постерге жаз.
Өлең мазмұны бойынша постерге қандай сөздер жазуға болатынын ойластыр;
Сөздерді жазыңдар;
Жұмыстарыңды барлық сыныптың алдында қорғаңдар.
Оқушылар сол жоспар бойынша жұмыстарын безендіреді. Жұмысты сынып бұрышына қоюға болады.
Барлық топтың жұмысына таныстырылым жа- салады. Таныстырылып болған соң топтар жа- салған жұмыстарын мұғалімге тапсырады. Соңын- да қортынды шығарылады.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста топтық саралау жүргізіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «бейнелеу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: мұғалім қабілеті бір- дей оқушылардың әр тотпа отыруларын қадаға- лайды.

Сен білесің бе?
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың білімін кеңейтуге, қосымша ақпа- ратпен танысуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға өлең туралы қосымша ақпарат беріледі.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Өзгертейік

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты өзгерте алу дағдысын дамытады. Шығармашылық тұрғыда жұмыс жасай алуға үйретеді.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларды тапсырманы орындау барысында ынталандыру үшін алдымен өздері оқып жүрген мектептері ту- ралы сұрақтар қойылады. Сонан кейін «Біз бүгін өзіміздің мектебіміз туралы 4 жол өлең шыға- рып көреміз, сөйтіп өз мектебімізді қалай жақ- сы көретінімізді өлең арқылы білдіреміз. Және бұл өлеңдеріңді сынып қабырғасындағы сынып тақтасына жазып қоямыз» деген бағытты қысқаша түсіндірліп беріледі.
Оқушылар жұптарымен жұмыс жасайды. Мұғалім тақтаға дайын ұйқастар жазып қояды, оқушылар оны өз беттерімен толықтырады.
Оқулықта берілген өлең жолдарын толықтырады. Саралау мүмкіндіктері: мұнда нәтиже бойын- ша саралау жүргізіледі. Қабілеті жоғары оқушы- лар 4 шумақ өлең шығарса, қабілеті төмен оқушы
2 немесе 1 шумақ өлең шығарады.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бар- лығын сабаққа қатыстыру үшін оқушылардың аттары жазылған таяқшалар пайдаланылады. Бұл үшін оқушылардың аттары жазылған таяқшалар қажет. Мұғалім таяқшаларды өзі таңдап оқушы- лардың қабілеттеріне қарай сұралады.
Жасайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар қосымша ақпарат- тарды алу дағдысын жетілдіреді. Алдыңғы тапсы- рмада алған ақпараттарды қолданады. Шығар- машылық жұмыстарын ұсына алады. Оқушылар өздерінің қиялдарындағы мектептің макетін жа- сайды. Әрбір топ флипчартқа мектеп макетінің сызбасын жасайды. Сосын сынып топтарының ал- дында қорғайды.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар шығар- машылық жұмыстар жасау үшін топқа бөлінеді. Оқулықтағы топтық жұмыс мазмұнымен танысты- рылады.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста топтық саралау жүргізіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «бейнелеу
Менің мектебім
Мектеп – менің өз үйім
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу.
шығарманың үзіндісіне сүйеніп оқиғаның соңын болжай алады
шығармадағы кейіпкердің сипаттай алады;
шығармашылық жұмыстар ұсына алады.
мүлік, тым-тырыс, жауапкершілікпен қарау, қорғаныс қаруы, ауыр жүк түсу.
қатырма қағаз, желім, қайшы, флипчарт, маркер.
Оқулық: 18-21-беттер
Жазу дәптері: 33-бет

Ойымызбен бөлісейік және жазайық
Сабаққа қатысты нұсқаулар
ата-анасынан көмек сұрайды
орындықты тығып қояды
Тапсырманың негіздемесі: Бұл тапсырманы
Осы тұжырымдама кестесі бойынша оқушы-
орындау арқылы оқушылардың айтылым дағды- сын, айтылған ақпарат бойынша өз пікірлерін қосу дағдысын дамытады. Оқушыларды алда орындай- тын тапсырмаларға дайындайды.
лардың ойлары сұралады. Топтағы барлық оқушының ойлары тыңдалып, ортақ жауаптар жазылады.
Саралау мүмкіндіктері: Мұнда нәтиже бойын-
Тапсырманың орындалуы: Еңбек құралда-
ша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушы-
ры арқылы топқа бөледі /ара, балға, балта, тісте- уік/. Оқушылардың алдына кесте сызылған қағаз
ларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
таратылады. Мәтінмен таныспас бұрын мәтінге
Сыныптыұйымдастыру:Оқушылардың
төмендегідей тұжырымдар алынады. Оқушылар
белсенді болуына жағдай жасалады. Еңбек
мұғалімнің қойған сұрақтары бойынша өз жора- малдарын айтады.
құралдары арқылы топқа бөледі /ара, балға, балта, тістеуік/. Мұғалім қабілеті бірдей оқушы-
Оқулықта ұсынылған тұжырымдар бойынша
лардың бір топ болып отырмауларын қадаға-
оқушылар өз жорамалдарын ұсынады. Осы тұжы- рымдардың жауаптарын «Тұжырымдар» кестесіне жазады. Ол кестені мұғалім қағазбен таратады.
СұрақтарТұжырымдар сындырғандарын
мойындамайды
орындықты тастап, қашып кетеді
мұғаліміне барып айтады
лайды.
Оқы және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым дағды- сы дамиды. Алдында орындаған тапсырманы аяқтауға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: Мәтін бірқатар стратегияларды пайдаланып оқылады. Мұғалім әңгіменің тақырыбын дауыстап оқып, ол әңгіме
жайлы қандай мәлімет беретінін сұрайды. Ал- дымен әңгімені мұғалім өзі оқып береді. Кейін осы берілген мәтінді оқушылар мұғаліммен бірлесіп оқиды. Сонан соң балалар әңгімені іштей оқып танысып шығады. Оқып шығу үшін оқушыларға уақыт беріледі. Оқушылардың бір-біріне бөгет жа- самай оқып шығулары қадағаланады. Мәтін оқылып болған соң оқиғаға байланысты оқушылар өз пікір- лерін айтады. Оқушылар жұп болып, кейіпкерлер- ге мінездеме береді. Мәтіннен Марат пен Азаттың айтқандарын тауып оқиды. Оқулықта ұсынылған сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманың жауаптары орынды болса, оқушылар сабақ басында жасалған тұжырымда- маға қайта оралады. Мәтінмен танысқаннан кей- інгі «кейін» кестесін толтырып, ойларының қанша- лықты дұрыс болғандығына көз жеткізеді.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста топтық саралау жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді болуына жағдай жасалады.

Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқылған мәтін бойынша шығармашылық жұмыстар жа- сайтындығын айтады. Топтық жұмыс жүргізіледі. Оқушылар алдыңғы топтарымен отыра береді. Ең алдымен оқушылар шығарманың тақырыбы мен бастапқы бөліміне сүйеніп, оқиғаның соңына болжау жасайды, сол бойынша топтық талқылау жүргізіп, ортақ бір шешімге келеді. Содан соң топ- тарға флипчарттар таратылады және соған мәтін бойынша комикс салу тапсырылады. Ол үшін оқушыларға комикс жайлы түсінік беріп, дай- ын комикстері бар кітаптар мен журналдар көр- сетіледі. Сол кітаптар мен журналдар бойынша қалай жұмыс жасауға болатыны көрсетіледі. Ол үшін топтық жұмысты рөлдерге бөлуге болады. Суретін салушы, жазушы, ақпарат жинаушы т.б
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.
Сыныпты ұйымдастыру: сынып оқушылары алдыңғы топтарымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Өзгертейік
Көрсетейік

Тапсырманың негіздемесі: бұл ұсынылған тапсырма оқушылардың өз ойларын, қиялын да- мытуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқылған мәтін ту- ралы өз ойларын ортаға салады. Топтарға постер беріледі. «Мәтінді тағы да қалай аяқтауға болады? Өз болжамыңды жаса» деп тапсырма беріледі. Оқушылар топта талқылап, ортақ бір пікірге келіп, өз болжамдарын жазады. Жазған болжамдары бойынша ортаға шығып қорғайды.
Шағын топтардағы жұмыста оқушылар өз бетін- ше жұмыс жасап үйренгенше рөлдері бөлініп беріледі. Сыныптағы белсенділігі төмен оқушы- ларды жұп жасап, сенімді диалогқа қатысу үшін қосымша уақыт беріледі. Жазбаша орындау осы оқушыдан талап етіледі.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқушылар топтасады. Бір-біріне көмектеседі.
Сен білесің бе?
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар сынып, мектеп, кітапхана суреттері бойынша топқа бөлі- неді. Бұл суреттердің тақырыпқа қатыстығы сұра- лады.
Тапсырманың негіздемесі: оқушыларға қосым- ша ақпарат беріледі, тыңдалым және айтылым дағдысын дамытуға бағытталады.
Жасайық
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушыларға "комикс" ағылшын сөзі, күлкілі мағынаны біл- діретін сөз екенін айтып түсіндіреді. Комикс -су- ретпен салынған хикая.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың шығармашылық дағдылары дамиды. Алдында орындалған тапсы- рманы түсінуге мүмкіндік береді.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар айтылым дағдысын жетілдіреді. Алдында орындалған тапсырманы қорытындылауға мүмкіндік береді.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- лардың жасаған жұмыстарын таныстыратынын айтады. Ол үшін оқушылардың арасынан кімнің таныстыратынын топтың мүшелері өздері шешеді.
Таныстырылым жасар алдында мұғалім келесі жетістік белгілерін береді:
Әңгіменің басы, ортасы, аяғы бар ма?
Әңгіменің басқаша аяқталғандығы көрсетіл- ген бе?
Оқушылар осы берілген жетістік белгілері бой- ынша таныстырылым жасайды. Кейін топтар жа- саған жұмыстарын «Галереяда ой шарлауға» іліп қояды. Соңынан қорытынды шығарылады.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: сынып оқушылары алдыңғы топтарымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма ай- тылым дағдысын дамытуға арналған.
Тапсырманың орындалуы: оқулықта берілген сауалдарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың белсенді болуына жағдай жасалады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау;
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
бойынша айта алады және сахналай алады ;
Менің мектебім
Керемет баға
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алады.
дәліз, танауы желпілдеу, бағдарлай қарау, аптықпау.
кейіпкерді суреттейтін үзіндіні және ондағы көр- кем сөздер мен сөз тіркестерін тауып оқи алады;
шығарманың мазмұнын өз сөзімен жоспар
мәтін мазмұнын ашуға негізделген суреттер, оқушыларды ынталандыруға смайликтер, үлестірме парақшалар т.б.
Оқулық: 22-23-беттер
Жазу дәптері: 34-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіреді. Со- нымен қатар алдында орындалатын тапсырманы ашуға негізделеген тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: өткен сабақта біз не туралы айттық және не істедік? т.с.с. сұрақтар қойып, оқушыларды жаңа сабаққа ынталандыру керек.
Оқулықтаға берілген талқылау сұрақтары бой- ынша топтық талқылау жүргізіледі.
Ол үшін мұғалім «Сыңарыңды тап» ойы- ны арқылы оқушыларды топқа бөледі. Ойында мұғалім оқушылардың қабілетіне қарай бөлу үшін арнайы суреттер әзірлейді. Мұнда қабілеттері бірдей оқушылар бөлінеді. Ресми емес талқыла- уда оқушылар өз ойларын ортаға салады, әрбір топ мүшесі өз ойын ортаға салып, қағазға жаза- ды. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріліп барлық жауаптар жазылады, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету ен- гізілмейді. Оқушы теріс қорытынды жасаған кезде де, өз қызығушылығын арттырып қолдау көрсетіледі. Шағын топтардағы жұмыста оқушы-
лардың өз бетінше жұмыс жасап үйренгенше рөл- дері бөлініп беріледі. Әр оқушы кезектесіп жұмыс істеуі үшін уақыттың белгіленгені туралы жария- ланады. Кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау керекті ескертіледі. Жазбаша орындау осы оқушыдан та- лап етіледі. Бұл топпен жүргізілетін тапсырма.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада топтық саралау жүргізіледі, қабілеті бірдей оқушылар бірін- бірі қолдайды, өздерін еркін сезіне алады.
Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуын, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру. оқушылар 4-5 ба- ладан бірнеше топқа бөлінеді. Ол үшін парталар жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орнала-
стырылады.
Ойлан, тап!

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіруге көмектеседі. Әңгіменің мазмұнын түсінуге негіз- делген.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға оқу- лықтағы суреттерге қарап оқиғалар желісін құру тапсырылады. Оқулықтағы ұсынылған суреттер бойынша болжам жасалынады.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырамада қа- білеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушы- ларға көмек көрсетеді.
Тыңдайық
Сыныпты ұйымдастыру: мәтінді түсініп оқуға жағдай жасалады, яғни оқушылардың қабілеті, ерекше мінездері ескеріледі.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын жетілдіруге көмектеседі. Әңгіменің мазмұнын түсінуге негіз- делген.
Тапсырманы қалай орындау керек: оқушы- ларға «Керемет баға» әңгімесі тыңдатылады. Мұғалім мәтінді тыңдатып болған соң бейтаныс
«дәлізде, танауың желпілдеп, бағдарлай қарап, ап- тықпай» сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
Содан соң оқушылардан тыңдалған мәтін бой- ынша сұрақтар қойылады:
Айжарық үйге қалай кірді?
Оның бірдеңе айтқысы келгенін қайдан білді?
Айжарықтың апасы оның бетіне қарағанда, оның көңіл күй қандай еді?
Сонымен бірге сол үзіндіден жазушы кейіпкердің бейнесін, іс-әрекетін суреттегенде қандай сөздер мен сөз тіркестерін қолданғаны түсіндіріледі.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырамада қа- білеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушы- ларға көмек көрсетеді.
Мазмұнын айт
Сыныпты ұйымдастыру: мәтінді түсініп оқуға жағдай жасалады, яғни оқушылардың қабілеті, ерекше мінездері ескеріледі.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқу- шылардың айтылым дағдысын дамытуға бағыт- талған. Мәтінді түсінгендерін анықтауға арналған.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларды кез келген тәсілмен шағын топтарға бөліп, қабілет- тері бірдей оқушыларды топтастырады. Бұл шағын топтарда бірдей қабілетті оқушылардың отыруына байланысты берілетін тапсырмалардың деңгейлері әртүрлі болады. Оқушылар мәтіннің мазұнын айту үшін, мәтінді бөліктерге бөліп қарастырады.
Оқулықта ұсынылған жоспар бойынша мәтін мазмұнын айтып шығады. Бір топ мәтіннің мазмұ- нын толық айтып шығады, екінші топ құрылған жоспар бойынша 1-2-ін ғана айтады, үшінші топ- тан әңгімені сахналап береді. Мұғалім бұл тапсыр- маларды оқушылардың қабілетіне қарай беріледі. Шағын топта жұмыс бастамас бұрын тапсырма нақты және анық түсіндіріледі, оқушылардың бірі- нен нұсқаулықты қайталап сұрауға болады. Мұғалім ылғи бір топтан екінші топқа барып, олардың жұмы- старын бақылауы керек. Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсы-

нылатын әдістерді моделдеуіне болады. Жұмыста қабілеті төмен оқушылар отырған топқа баса назар аударылады. Егер олардың жауаптары дұрыс бол- са, сол топтан бастаған дұрыс болады. Себебі ол топ мүшелерінің дұрыс жауаптары аз болса, басқа топтың оқушылары дұрыс жауаптарды беріп қоюы мүмкін. Ал, олар ұтымды жауаптар бере алмасыа онда басқа топтардың берген жауаптары бойынша қай жерлерде қате жіберілді соны айтулары ұсы- нылады. Топтық жұмыс жүргізіледі.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.
Жазайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың мәтін желісіндегі оқиғаны өмір- мен байланыстыра алу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- лардан осыған ұқсас қызықты оқиғалар өз баста- рында болған/болмағанын сұрап, оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызады. Шығармашылық тапсырма ұсынылады. Әңгіме кейіпкері Айжарық атынан оқырманға хат жазады. Оқулықтағы екі топқа арналған тапсырманы орындайды.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, өз идеяларын айтуды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: қабілеті бірдей оқушылардың бірлесіп, жұмыс жасауына мүмкін- дік беріледі.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Сен бағаны кім үшін аласың? Өз ойыңды жаз.
Қосымша тапсырма
Мейірімді мұғалімнің қасиеттерін тізіп жаз. Мы- салы: қамқор, мейірімді, т.с.с.
Оқушылардың білімін
бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау;
2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;
2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру.
сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алады.
Менің мектебім
Кітаптың мұңы
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
есіл-дерті, күнұзақ, еркінсу, көрсоқыр, қылдай ой, дәу.
ертегінің басталуын, жалғасуы мен аяқталуын айта алады;
мәтінді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқи аламыз;
ертегі мазмұнын ашуға негізделген суреттер, оқушыларды ынталандыруға смайликтер, үлестірме парақшалар т.б.
Оқулық: 24-27-беттер
Жазу дәптері: 35-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқу- шылардың айтылым, тыңдалым дағдысын жетіл- діреді. Өз пікірін айтуға, ойымен бөлісуге жетелей- тін тапсырма. Сонымен қатар алдында орындала- тын тапсырманы ашуға негізделеген тапсырма.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар шең- берге тұрып, 4 топқа бөлінеді. Әр топ «еуро- палықтар», «жапондықтар», «африкандықтар» және «италияндықтар» болып бөлінеді. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен жүріп, «өз аман- дасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «еу- ропалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен,
«италияндықтар» құшақтасады. Оқушылардың әртүрлі рөлдерде болуы үшін, жаттығуды қайтала- уға болады. Мұғалім оқулықтағы жұмбақты оқып шығуды және шешімін табуды сұрайды.
Мұғалім шағын топтарға суреттер (теледидар, кітап, бала) таратады. «Суреттер арқылы болжау» стратегиясы бойынша ертегіні оқушылар болжай-
ды. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріліп барлық жауаптар жазылады, ешқандай шектеу жа- салмайды, идеялар сыналмайды, түзету енгізілмей- ді. Жазылған ертегіні оқушылар оқып шығады. Әр топтың ертегілері әртүрлі болады. Мұғалім барлық жазылған ертегіні де жақсы деп мадақтайды.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі, қабілеті бірдей оқушылар бірін-бірі қолдайды, өздерін еркін сезіне алады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуын, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру. оқушылар 4-5 бала-
дан бірнеше топқа бөлінеді.
Оқы және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқу- шылардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Әңгіменің мазмұнын түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқу- лықтағы Әділ Балтаның «Кітаптың мұңы» әңмесімен танысатындарын айтады. Алдымен әң- гіменің авторымен таныстырып, оның портретін/
көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет беріп түсін- діріледі. Содан соң ертегіні іштей оқу ұсынылады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Мұғалім оқушылардан оқып отырғанда нені елестеткен- дерін сұрайды. Сол бойынша оқушылардың ай- тқандарын сыныпта талқылайды. Барлық оқушы- лар елестете алмауы не елестеткендерін айта алмауы мүмкін. Сондықтан барлық оқушылардан жауап алынбайды, тек өз еріктерімен айтула- ры керек. Мұғалім «есіл-дерті, күнұзақ, еркінси, көрсоқыр, қылдай ой» тірек сөздермен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен көркем шығар- ма үзіндісін иллюстрациялық суреттегі үлгісімен салыстырады, ойларын ортаға салып бір-бірін толықтырады. Содан соң оқушыларға ертегіні басқаша аяқтауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін өз топтарында өз ойларын жазып, мәтінді басқаша аяқтап жазады. Өз жазғандарын барлық топта оқиды.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырамада қа- білеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушы- ларға көмек көрсетеді.
Сұра және жауап бер
Сыныпты ұйымдастыру: мәтінді түсініп оқуға жағдай жасалады, яғни оқушылардың қабілеттері, ерекше мінездері ескеріледі.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға және оқыған мәтінді терең түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- ларға автордың айтайын деген ойын оқушылар- дың қалай түсінгендерін білу үшін оқулықтағы сұрақтарды қояды.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Мазмұнын айт
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді болуына мүмкіндік жасалады.

ертегінің ұнаған немесе ұнамаған тұстары жөнін- де әңгімелеседі. Өздерінің жазған болжамда- рымен салыстырады. Ұнағаны не ұнамағандарын айтады, себептерін түсіндіреді.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада «Қа- зақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушы- лар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және жазылуы бойынша алған білімдерін қолданады.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді болуына мүмкіндік жасалады.
Ойымызбен бөлісейік және жазайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық пен сыни тұрғы- дан ойлауын дамытуға жәнежазылым дағдыла- рын дамытуға бағытталған
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- ларға хат жазу үшін рөлдерді бөліп береді.
1-топ. «Менің саған айтарым» (Кітап Теледи- дарға хат жазады)
2-топ. Түзелуге сөз беру.» (Теледидар кітапқа хат жазады)
3-топ. «Тағанбайдың кешірім сұрауы» (Тағанбай кітапқа хат жазады).
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада «Қа- зақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді болуына мүмкіндік жасалады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық пен сыни тұрғы- дан ойлауын дамытуға жәнеоқыған мәтінді терең түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: мұғалімнің көме- гімен оқулықтағы «Кітаптың мұңы» ертегісінің су- реті мен оқылған ертегі желісі бойынша кестені толтырады.
Бір кезде Бірақ Сондықтан
Осы сөздерді пайдалана отырып, оқушылар ертегіні мазмұндап көреді. Мұғалім оқушыларға ертегі бойынша өз ойларын ортаға салуға, яғни
Менің мектебім
Керек оқу құралдар, жақсы білім аларға
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру;
2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс- салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау және автордың не туралы айтқысы келгенін түсіну.
дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар құрайды;
халық ауыз әдебиетіндегі жұмбақтың ерекшеліктерін таниды;
тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы шығарманың тақырыбын анықтайды.
ретім жоқ «қап!» дер, әдетінен жаңылмау.
өлең ашатын суреттер, флипчарт, маркер.
Оқулық: 28-31-беттер
Жазу дәптері: 36-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар айтылым дағдысын, айтылғын ақпарат бойынша өз пікірлерін қосу дағдысын дамытады. Оқушыларды алда орындай- тын тапсырмаларға дайындайды
Тапсырманың орындалуы: «Комплименттер бұрқасыны» стратегиясы арқылы оқушылардың көңіл күйін көтеру. Оқушыларға кішкентай кесіл- ген қағаз әзірлеп, бір сөзден тұратын жағымды сөз жазуын ұсынады.
Кішкентай кесілген қағазға сынып оқушылары- на арнап жағымды сөздер жазып, лақтырады. Әр- кім алдына түскен қағазды ашып дауыстап оқиды. Содан соң мұғалім оқулықтағы «Шашылған сөз- дер» (күнделік, дәптер, қаламсап) бойынша тоқта- лып, жаңа сабақты ашуға түрткі сөздер екені айты- лады. Шашылған сөздерді оқушылар дауыстап оқи отырып, ортақ тақырыпты анықтайды. Оқушылар- дың түрлі пікірі тыңдалады. Соңында білім алатын оқу орны мектеп туралы сөз қозғалады. Жаңа са-
бақтың тақырыбы айқындалады.
Тапсырманың жауаптары, орынды болса:
Оқушылар берілген сөздердің мазмұнына қарап
ойланып, «Мектеп – біздің анамыз» деген тақы- рыпқа тоқталуы тиіс.
Саралау мүмкіндіктері: Мұнда нәтиже бойын- ша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушы- ларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бар- лығын сабаққа қатыстыру үшін оқушылардың аттары жазылған таяқшалар пайдаланылады. Мұғалім таяқшаларды өзі таңдап оқушылардың қабілеттеріне қарай сұрақтарды қояды.
Оқы және жауап бер

Тапсырма негіздемесі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар оқылым дағдысын жетілдіреді. Алдыңғы тапсырмадағы ақпараттарын кеңейтеді. Келесі тапсырманы орындауға дайындайды.
Тапсырманың орындалуы: Оқушылар оқу- лықта берілген Ертай Ашықбаевтың «Ертеңгілік» өлеңін оқиды. Автор туралы мәлімет беріледі. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқу үлгісін көрсетеді. Оқушылар өлеңді кезекпен тізбектеп оқиды. Бұл тапсырма жеке түрде орындалады. Әр оқушы топ- та жеке оқиды. Үздік мәнерлеп оқыған оқушыны топ ішінде анықтау үшін оқу үлгісі сайысын ұй- ымдастырады. Мәнерлеп оқу барысында мұғалім әр топтың, кемінде екі-үш мүшесін тыңдап, олар-
ды оқудағы жетістіктері үшін мадақтайды. Сынып әр топтың үздік деп таныған оқушысын тыңдайды. Оқушылар оқып болған соң оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Өзгертейік
Сыныпты ұйымдастыру: өлеңді ілесіп оқыған- да барлық баланың оқып отырғаны қаралу керек.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағды- лары дамиды. Алдыңғы тапсырмадағы ақпаратта- рын кеңейтеді.
Тапсырманың орындалуы: бұл тапсырма жұппен орындалады. Ол үшін оқушылар орында- рынан тұрғызып, тез ырғақты би әуенімен билей- ді. Бұл әдіс «Билейтін» жасуша деп аталады. Билеп жүрген топқа мұғалім «Жасуша 4» десе, оқушылар төртеуден бірігу керек. Ал егер «Жасуша 6» деген нұсқау берілсе, оқушылар алтаудан топтасады. Сөйтіп мұғалім оқушыларды бірнеше рет топта- стырып, әуенді қайта жалғастырып, оларды қайта билетеді. Ең соңында мұғалім: «Жасуша 2 » деген нұсқаулық беріледі. Сол кезде оқушылар екі-екі- ден жұп болып, орындарына отырады. Содан соң оқулықтағы «Ертеңгілік» өлеңіндегі қарамен бел- гіленген сөздерге назар аудартылады. Мұғалім сыныпқа өлең құрау үшін қара өлең ұйқасының ерекшелігін түсіндіреді. Яғни өлең құрау үлгісін ұсынады. Ол үшін оқулықтағы бұлтшаларда беріл- ген сөздермен алмастырады.Бұл сөздерді қара- мен белгіленген сөздердің орнына ауыстырып жазады. Әр оқушы өз жұбымен сөздерді алма- стыру арқылы өлең мәтінін құрайды. Мұғалімнің мақсаты өлеңді дұрыс шығару үшін оқушыларды бағыттайды.
Оқушылардың жазбаларын тыңдалып, бағалау
«Автордың орындығы» стратегиясы арқылы жүр- гізіледі. Ол үшін сыныптың ортасына орындық қойып, жұптардың шешімі бойынша жазылған өлеңді кім оқиды сол оқушы отырады. Өлеңді оқып болған соң, галереялар тақтасына ілінеді. Оқушылар оқылған өлеңдерді жұлдызшалар арқылы бағалайды. Мұғалім оқушыларға жабыса- тын жұлдызшаларды таратады. Кімнің жұлдызша- сы көп болса, сол жұптың өлеңі қайта оқылады. Қалған жұптар өздерінің өлеңдерін тексереді, қа- телерін түзетеді.
Саралау мүмкіндіктері: Қабілеті жоғары оқушыларды өзіне көмекші ретінде белгілейтінін сыныпқа ескертеді. Бұл оқушылар мұғаліммен бірге сыныпты бақылауға алады. Олардың мін- деттері - әр жұптың қасына барып, өз нұсқасын ұсыну.
Сыныпты ұйымдастыру: жұпттық жұмыстар-

да барлық балалардың жұмысқа араласуын қа- дағалау керек.
Ойлан, тап!
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар шығармашылық ой- лау арқылы дамиды. Айтылған ақпарат бойынша өз пікірлерін қоса алады.
Тапсырманың орындалуы: бұл тақырыпта
«Жұмбақтар сайысы» ұйымдастырылады.Ол үшін оқушылар топқа бөлінеді. «Өз жұбыңды тап» жат- тығуы. Оқушылар шеңбер құрап отырады. Мұғалім жануарлардың аттары жазылған үлестірме парақ- шада таратып береді. Жануарлардың аттары 4-6 үлестірме парақшада қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы басқалардың қолында сондай сурет бар екенін білесіз. Әрқайсысыңыздың міндеттері - өз тобын табу. Оқушылар топқа бөлініп болған соң сайы- сты бастайды. Оқушылар мектеп, оқу құралдары, ұстаз, білім туралы білетін барлық жұмбақтарын ортаға салады. Жұмбақтар тыңдалған соң қай жұптың көп жұмбақ айтқанын мұғалім айтып бағалайды.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда нәтиже бойын- ша саралау жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың са- бақта белсенді болуына жағдай жасалады. Өз ой- ларын еркін жеткізе алады.
Құрастырайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың сөздік қорын қолдану дағдысы дамиды.
Тапсырманың орындалуы: жеке оқушы орындайтын жұмыс түрі. Оқушылар өздері жұм- бақ құрайды. Мұғалім сыныпқа жұмбақ құрау ерекшелігін түсіндіреді. Яғни жұмбақ құрастыру үлгісін ұсынады. Мұғалімнің мақсаты жұмбақты дұрыс құрау оқушыларды бағыттайды. Оқушы- лардың жазбалары тыңдалып, бағалау «Автордың орындығы» стратегиясы арқылы жүргізіледі.
Саралау мүмкіндіктері: Қабілеті жоғары оқушыларды өзіне көмекші ретінде белгілейтінін сыныпқа ескертеді. Бұл оқушылар мұғаліммен бір- ге сыныпты бақылауға алады. Олардың міндеттері әр жұптың қасына барып, өз нұсқасын ұсынады.
Сыныпты ұйымдастыру: Жұптық жұмыстарда барлық оқушылардың жұмысқа араласуын қа- дағалау керек.
Оқушылардың білімін
бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің мектебім
Дәптер, қалам – достарым
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу.

бүй деді, зергер, жөн-жосық, безіну, үрку.
үлестірме парақшалар.
сөйлеу барысында мақал-мәтелді қолдануды үйренеді
шығармашылық жұмыстарын ұсына алады
Оқулық: 32-35-беттер
Жазу дәптері: 37-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар айтылым дағдысын, айтылғын ақпарат бойынша өз пікірлерін қосу дағ- дысын дамытады. Оқушыларды алда орындайтын тапсырмаларға дайындайды.
Тапсырманың орындалуы: бұл тақырып осы бөлімді соңғы тақырып болған соң оқушылардың осы бөлімдегі алған білімдерін жинақтау үшін де ең алдымен «Мақалдар сайысы» ұйымдастырылады. Ол үшін оқушылар топқа бөлінеді. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы. Оқушылар шеңбер құрап отырады. Мұғалім жануарлардың аттары жазылған үлестірме парақшалар таратып береді. Жануарлардың атта- ры 4-6 үлестірме парақшада қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, онда басқалардың қолында сондай сурет бар екенін біледі. Әрқайсысының міндеттері өз тобын табу. Оқушылар топқа бөлініп болған соң сайысты бастайды. Оқушы- лар мектеп, оқу құралдары, ұстаз, білім туралы білетін барлық мақалдарын ортаға салады. Барлық оқушылардың бірін-бірі тыңдауына және бірге ой- лануына мүмкіндік береді.
Оқулықта берілген мақалдар жазылған ағашты оқушылар өздері жатқа білетін мақалдармен то- лықтырады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда нәтиже бой- ынша саралау жүргізіледі. Қабілеттері әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді болуын жағдай жасалады. Өз ойларын еркін жеткізе алады.
Мәнерлеп оқы

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын жетілдіруге көмектеседі. Әңгіменің мазмұнын түсінуге негіз- делген.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға «Ақ дәптердің олақ қаламға зары...» өлеңі мәнерлеп оқылады. Содан соң оқушылар оқылған мәтін бойынша оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.
Саралау мүмкіндіктері: бұл тапсырмада қа- білеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушы- ларға көмек көрсетеді.
Сыныпты ұйымдастыру: Өлеңді түсініп оқуға жағдай жасалады, яғни оқушылардың қабілеті, ерекше мінездері ескеріледі.
Ойлан, тап!
Тапсырма негіздемесі: мәтін мазмұны бой- ынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінде не туралы айтылғанын түсінгенін анықта- уға көметеседі.
Тапсырманың орындалуы: Мұғалім осы са- бақта өлеңді қаншалықты түсінгенін анықтау үшін
«Жалған» және «Рас» ойынының шартымен та- ныстырады. Оқулықты барлық оқушылар жаба- ды. Мұғалім сұрақты өзі оқып тұрады. Оқушылар
«иә», «жоқ» деп жауап береді. Бұл тапсырма сы- нып болып орындалады.
Қалам мен дәптер таласты. ( иә)
Кір дәптер сөйледі, Қаламға кеп, бүй деді. (жоқ)
Өрнегіндей зергердің Болмайтын ба сөз деген?! ( иә)
Таза аяқпен бес баттам
Төрге шыққан баладай. ( жоқ)
Қиын болды-ау ұнауың, Көрген пенде қуанар. ( жоқ)
Қалам емес, мынауың – Су себердің өзі!- дер. (иә)
Сен сияқты «жақсыдан» Дәптер біткен үріккен. (жоқ)
Қалам жазбайды екен-а, Ақыл мен ой жазады. (иә)
Саралау: нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Сыныпқа бірдей сұрақ қойылады. Әр оқушы қа- білетіне қарай жауап береді.
Көрсетейік
Сыныпты ұйымдастыру бойынша кеңестер: Әр оқушы өз жұмыс орнында тапсырманы орын- дайды.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардың дұрыс шешім қабылдау дағдылары дамиды, өзара идея алмасу мен мәселені бірлесіп шешуді үйренеді.
Тапсырманың орындалуы: әрбір оқушының белсенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Мұғалім оқушыларға «Сенің дәптерің қаламыңа не айтар еді? Сен өз дәптерің мен қаламың болып сөйлесіп көр» деп тапсырады. Ол үшін оқушылар жұпқа бөлінеді. дәптер мен қалам болып рөлдер- ге бөлінеді. Оқушыларға дайындалуына уақыт беріледі. Оқушылар өз дайындағандарын сахна- лап көрсетулері керек.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже арқылы сара- лау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушылар бірге жұмыс жасап, өз идеяларын еркін айтуға үйре- неді.

Сыныпты ұйымдастыру: қабілеттері әртүрлі оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына мүмкін- дік беріледі. Яғни, рөлдер оқушылардың қабілет- теріне қарай бөлінеді.
Жоспарлайық
Тапсырма негіздемесі: Бұл тапсырманы орын- дау арқылы оқушылар айтылым дағдысын жетіл- діре алады. Сабақ барысында алған білімдерін бекітеді.
Тапсырманың орындалуы: Әр топқа текше та- ратып беріледі. Мұғалім текшеге не жазу керектігін түсіндіреді. Текшенің алты қырына мектеп туралы не білгендерін жазатынын түсіндіреді. Топтың әр мүшесі алғашқы мектеп туралы сипаттаушы сөз- дерді жазып шығады. Оқушылар жазу барысында сабақтан алған ақпаратты қолдана отырып жазады. Жазылған сөздер барлық топтарда ортаға салып оқылады, бірақ оқушыны мәжбүрлеп оқытуға бол- майды. Сынып оқылған барлық жұмысты қошемет- теп отырады. Бұл тапсырма жеке түрде орындалады. Уақыттың біткенін мұғалім қызыл үлестірме парақша көрсету арқылы белгі беріп отырады. Үш минут біт- кеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды. Мұғалім қызыл үлестірме парақшаны көрсеткеннен кейін тоқтайды, басқа қатысушыға қарсы отыра- ды. Оқушылар жазбаларын тыңдап, бағалау үшін оларды жұпқа бөлу керек. Сыныптағы оқушыларды жұпқа бөлу үшін оқушыларды орындарынан тұрғы- зып, тез ырғақты би әуенімен билету керек. Бұл әдіс
«Билейтін» жасуша деп аталады. Билеп жүрген то- пқа мұғалім «Жасуша 4» десе, оқушылар төртеуден бірігу керек. Ал егер «Жасуша 6» деген нұсқау беріл- се, оқушылар алтаудан топтасады. Сөйтіп мұғалім оқушыларды бірнеше рет топтастырып, әуенді қай- та жалғастырып, оларды қайта билетеді. Ең соңында мұғалім: «Жасуша 2» деген нұсқаулық беріледі. Сол кезде оқушылар екі-екіден жұп болып, орындары- на отырады. Әр жұп бір-біріне жазған жазбаларын оқып береді, қажет болса, жазған мәтінінің мазмұ- ны бойынша сұрақ қояды. Ең соңында жұбының жазбасы бойынша «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша рефлексия жасайды.
Саралау: Нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру бойынша кеңестер: Оқушылардың белсенді болуына мүмкіндік жаса- лады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің мектебім
Қамқоршы мұғалім
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру;
2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру.
пана, нану, имену, асулардан асу, тұғырынан түспеу.
флипчарт, маркер, стикер.
кейіпкердің сыртқы бейнесін сипаттап, оның іс-әрекетіне, мінез-құлқына сәйкес пікір білдіре алады;
өлең мазмұны не жайында екенін түсініп, қарапайым сұрақтарға жауап бер алады.
Оқулық: 36-37-беттер
Жазу дәптері: 38-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік және жазайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма- ны орындау барысында оқушылардың айтылым және тыңдалым дағдылары дамиды. Сол бойын- ша сұрақтар құрастыра алады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардың барлығы шаттық шеңберіне тұрады. «Сағат бой- ынша достар» стратегиясы арқылы оқушылар қозғалып тұрады. Бұл тапсырма оқушылар ара- сында ынтымақтастық атмосферасын қалыптасты- рды. Мұғалім келесі нұсқауды айтып тұрады ( до- сыңның қолын қыс, арқасынан қақ, күлімсіре,қол бұлға, жағымды сөздер айт, бір тілек айт, арқасын уқала, арқаңды түйістір, қол ұстасып 3 рет секір). Осы шеңбер бойында торған кезде оқушылар- ды топқа бөледі. Топтық жұмыста оқушыларға флипчарт таратылады. Флипчарттың ортасында
«мұғалім» деген сөз бар. Оқушыларға мұғалімге қатысты барлық сөздерді жазу тапсырылады. Жұ- мыстың басталуы мен аяқталуын мұғалім қадаға-
лайды. Барлық топ мүшелерінің қатысуы ескеріл- ген жөн. Мұғалім негізгі сұрақтар қою арқылы толықтыруына болады. Мұнда әрбір ойдың құн- ды екендігі ескеріліп барлық ойлар тыңдалады, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сынал- майды, түзету енгізілмейді. Бұл тапсырма кезінде кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау маңызды екен- дігі жиі ескеріліп отырады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада топтық саралау жүргізіледі, әртүрлі қабілетті оқушылар бір-бірлеріне қолдау көрсетеді. Әр оқушының қосқан үлесі көрініп тұру үшін әр оқушы бөлек түсті қалам қолдануларына болады.
Сынып «Атомдар мен молекулалар» белсенді стратегиясы арқылы топқа бөлінеді.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді жұмыс жасауына жағдай жасалады.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіреді.
Тапсырманың орындалуы: алдымен мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып шығады. Содан соң оқушы-
лар кезектесіп өлеңді оқиды. Мұғалім оқушылар- дың екпін мен дауыс ырғағына назар аударады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Салыстырайық
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың бел- сенді жұмыс жасауына жағдай жасалады.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушыларалында алған ақпа- раттарды жинақтай алу дағдысын жетілдіреді.
Тапсырманың орындалуы: бұл тапсырма топ- пен орындалады. Ол үшін «Атомдар мен моле- кулалар» ойыны арқылы бөлінеді. Мұғалім бұл тапсырмада мұғалім туралы алған ақпараттарын салыстыруға арналған тапсырма екендігін айтады. Яғни, бірінші өздерінің мұғалім туралы топтастырған сөздері мен өлеңнен тауып оқыған сөйлемдерін са- лыстырады. Ол үшін сыныпқа бірінші тапсырмадағы
«мұғалім» туралы топтастырған сөздері беріледі. Өзі жазған сөздерге өлеңдегі сөздер сәйкес келсе, сол сөздің жанына басқа түспен жазып қояды. Қанша сөз сәйкес келгендігін анықтайды. Ал, сәйкес келме- ген сөздер болса, ол сөздермен сөздік жұмыстары жүргізіледі, яғни түсіндіріледі. Әр топқа флипчарт- тар, түрлі түсті маркерлер, стикерлер таратылады. Оқушылар берілген тапсырмаларды талқылайды. Бір ортақ шешімге келген соң оны флипчартқа түсіреді. Топтық жұмысқа барлық оқушы қатысуы шарт. Сондықтан мұғалім топ мүшелерінің әрқайсы- сының жазуы керек екендігін ескертеді. Оқушылар- дың қызығушылығын арттыру мақсатында оларға мадақтау сөздері айтылуы қажет.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста топтық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ортақ шешімге келуге үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: мұғалім сыныпты кез келген белсенді әдіс арқылы бөле алады.
Қосымша тапсырма
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырмада өлеңді оқыу арқылы, оның мазмұны не жайында екенін түсінуге негізделген. Оқушылардың түсініп оқу дағдысын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқу- лықтағы Алмат Исәділдің өлеңімен таныстырады. Алдымен өлеңнің авторымен таныстырып, оның портретін көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет беріп түсіндіріледі. Сонан соң балалар өлеңді іштей түсініп оқып танысып шығады. Түсініп оқу барысында оқушыларға өлеңдегі кейіпкердің сы- ртқы бейнесі, оның іс-әрекеті, мінез-құлқы си-

патталған ба соған мән беріп оқулары сұралады. Мұғалім «панамыз, нанамыз, именіп, асулардан асыңыз, тұғырынан түспесін» тірек сөздермен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін оқулықта берілген суреттегі үл- гісімен салыстырады, ойларын ортаға салып бір- бірін толықтырады. Өлеңді оқып, сөздіктермен жұмыс жасалған соң, оқушылар жұпқа бөлінеді. Онда «Өлеңдегі мұғалімнің сыртқы бейнесі, оның іс-әрекеті, мінез-құлқы туралы сұрақтар құрастыр және жұбыңа қой. Сұрақтардың жауабын өлең- нен тауып оқы» деген тапсырма беріледі. Ол үшін екі оқушы өлең бойынша сұрақтар дайындайды және кезекпен сол сұрақтарды өлеңнен тауып оқып береді.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл тапсырама барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: өлеңдегі кейіпкерге байланысты сұрақтарды қоярда оқушылардың қабілеті ескеріліп, және уақыт беру мүмкіндігі ескеріледі.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.2.1.2 мәтінді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқу;
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету;
2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу.
өлеңді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқиды;
сөйлемдерінің дұрыс құрылуын тексере алады;
Менің мектебім
Кезекшілік міндетім
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
шығармашылық жұмыстар ұсынады.
кезекші, қоқыс жию, әркім-ақ.
плакаттар, мазмұнына сәйкес салынған суреттер.
Оқулық: 38-39-беттер
Жазу дәптері: 39-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: бұл оқушыларды идеялармен бөлісу, пікір білдіру үшін сынып- та, топта немесе жұппен бірлесіп жұмыс істе- уге ынталандыратын тапсырма. Сонымен қатар оқушылардың өздерін де сұрақ қоюға ынталан- дырады және олардың айтылым дағдысын да- мытады.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларды 4-6- дан бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа «Сыныпта қандай міндетті орындағанды жақсы көремін не- месе нені істегім келмейді?» деген сұраққа жау- ап беру тапсырылады. Ол үшін оқулықта берілген
«Кезекшілік», «Сынып басшысы», «Тазалықшы» сөздерін таңдап, неге сол сөзді таңдағандарын топта талқылап айтады. Оқушылар топта жұмыс жасай отырып, өз ойларымен бөліседі, бірге талқылайды. Өз ойларын комментарий ретінде жазуларына болады.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті жоғары оқушылардан таңдалған сөздері бойынша толық, жан-жақты жауап беру талап етуге болады.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылар «Молеку-
ла» жаттығу арқылы топқа бөлінеді. Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші бел- гілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.
Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың білімін кеңейтуге, қосымша ақпа- ратпен танысуға негізделген.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға «Сен білесің бе?» айдарымен берілген ақпаратпен та- нысу тапсырылады.
Оқулықтағы өтірік өлеңді оқу ұсынылады. Өтірік өлең - ауызша тараған қазақ халқының асыл мұра- ларының бірі.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Оқы және жауап бер

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырма оқушыларды оқығанын түсінуге, маңызды тұста- рына көңіл бөлуге, есте сақтауға жетелейді. Бұл тапсырма, келесі тапсырмаға қажетті ақпараттар- ды қолдану дағдысын дамытады.
Тапсырманың орындалуы: Оқушыларға оқу- лықтағы «Кезекші» өлеңін оқу тапсырылады. Ең алдымен мұғалім өлеңді өзі оқып, мәнерлеп оқу үлгісін көрсетеді. Оқушылар оқулықтарын ашып, мұғалімнің оқығанын тыңдайды. Содан кейін сы- нып оқушыларының түсіндірмелі оқу түрін дамы- ту үшін өлеңді қатесіз оқытуда тізбектеп оқыту түрін қолданады. Партада отырған ретіне қарай әр оқушы мұғалімге еліктеп шапшаң, мәнерлеп оқиды. Мәтінді барлық оқушы түгел оқып шыға- ды. Өлең оқылып болғаннан кейін мұғалім қа- лай түсінгенін анықтау үшін оқулықта ұсынылған сұрақтарға жауап беруін сұрайды.
Бұл тапсырма жеке түрде орындалады. Әр оқушының түсініп оқу дағдысын жетілдіру үшін сыныпты толық қамтиды.
Саралау мүмкіндіктері: қабілетті төмен оқушыларға қосымша ресурстар ұсынылады.
Ойымызбен бөлісейік және жазайық
Сыныпты ұйымдастыру: әр оқушы өз жұмыс орнында отырып, өлеңді мұғалімнің оқуы бойын- ша тыңдайды. Әрқайсысы оқиды. Сұрақтарға жа- уап береді.
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар қосымша ақпараттар- ды алу дағдысын жетілдіреді. Алдыңғы тапсырма- да алған ақпараттарды қолданады.
Тапсырманың орындалуы: бұл тапсырма «Сәй- кестік белдеуі» әдісі орындалады. Оқушылар өз топ- тарында отыра береді. Өлеңнің мазмұнын талқы- лай отырып, солардың ішінен ең ұнаған 5 сөйлемді іріктеп алады да, сол сөйлемдерді қатыстырып «ке- зекшіліктің міндеті» ережесін құрастырады. Әр топ өздерінің құрастырған ережесін қорғайды. Мұғалім бұл тапсырманы орындау үшін сыныпты қайта топ- тайды, себебі бұл жұмыста қабілеті бірдей оқушылар бірге отырғызылады. Қабілеті төмен оқушыларға үлгі ұсынылады, қабілеті жоғары оқушыларға тек негіз- гі сұрақтар қою арқылы жасатылады. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдерінің дұрыс құрылуын тексеріп, орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзетеді. Соңынан әр топ өздері жазған ережесін оқып бе- реді. Барлық топ өздерінің ережелерін салыстырып, сәйкестерін анықтап пікірлерін білдіреді. Шағын топта жұмыс бастамас бұрын тапсырма нақты және анық түсіндіріледі, оқушылардың бірінен нұсқау- лықты қайталап сұрауға болады. Мұғалім үнемі бір топтан екінші топқа барып, олардың жұмыстарын бақылауы керек. Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді үлгілерін беруге болады. Жұмыс аяқталған соң, топтар өз ережелерімен таныстырады.
Саралау мүмкіндіктері: мұнда тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныптыұйымдастыру:оқушылардың

бір-біріне бөгет жасамауы үшін жұмыс алдында ережені еске түсіріп қайталауға болады.
Қосымша тапсырма
Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар қосымша ақпараттар- ды алу дағдысын жетілдіреді. Алдыңғы тапсырма- да алған ақпараттарды қолданады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар ереже- лер кітапшасын дайындайды. Оқушылар өз топ- тарымен отыра береді. Жұмысты бастамас бұрын мұғалім оқушыларға бірнеше балаларға арналған кітапшаларды таратады. Оқушылар сол кітапша- ларды көріп, кітапшаларда не болатынын қарап шығады. Ақпарат жинап болған соң, мұғалім әзір- леген кітапшаның үлгісін безендіреді. Кітапшаға ат қойып, авторын тағайындайды. Әр топ тапсы- рманы өзінше орындайды, ол тапсырманы орын- дауға деген қызығушылықтарын арттырады. Жұ- мыс барысында барлық оқушылардың жұмысқа қатысуын мұғалім қадағалайды. Ережені әдемілеп кітапшаға жазады, суреттермен безендіреді. Жұ- мысты сынып бұрышына қоюға болады. Оқушы- лар топтарда дайын болған кітапшаларының та- ныстырылым жасайды. Таныстырылым жасар алдында мұғалім келесі көрсеткіштерді береді: 1. Кітапшаның аты; 2. Авторлары; 3. Шағын мазұнын айту. Оқушылар осы берілген көрсеткіштер бой- ынша таныстырылым жасайды. Барлық топтың жұмысына таныстырылым жасалады. Мұғалім оқушылардың жасаған жұмыстары жөнін- де мақтау сөздер айтып, олардың тапсырманы орындауға деген ынтасын арттырады. Оқушылар топтарда дайын болған тапсырмаларына таны- стырылым жасайды. Таныстырылып болған соң топтар жасалған жұмыстарын мұғалімге тапсыра- ды. Соңынан қортынды шығарылады.
Саралау мүмкіндіктері: бұл жұмыста топтық саралау жүргізіледі.Қабілеті төмен оқушылар қа- білеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, ақпаратты жинақтап іздеуді немесе өз идеяларын айтуды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру: мұғалім қабілеті бір- дей оқушылардың әр топта отыруларын қадаға- лайды.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің мектебім
Тараудың қорытынды беті
Оқығанды қайталау
Сен не үйрендің?
Тапсырма негіздемесі: бұл тапсырма арқылы оқушылар алған білімдерін қолдануына және тарауды қорытындылауға бағытталған.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушыларға дайын сөз тіркестерін береді. Оқушылар сол сөз тіркестеріне қатысты мақалдарды айтады. «Мен ертең жасаймын» – Еріншектің ертеңі бітпес., «Кітап оқу қызықты» – Кітап – білім бұлағы. Бұл мақалдар, оларды біз қандай тақырыптарда қарастырдық? Біз қандай мақалдың суретін салдық? Білім – теңіз, мектеп – кеме. Мақалдар жарысын өткізуге болады. Мектеп туралы қандай әңгімелер, өлеңдер оқылды?
Көрсетейік
Тапсырма негіздемесі: бұл тапсырма оқушылардың осы тараудан не алғандарын анықтауға бағыт- талған. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, өз ойларынан қорытынды шығаруына көмектеседі. Тапсырманың орындалуы: бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға алдын ала тапсырма беріледі. Қабырға газетін жасауға қажетті заттар алып келу тапсырылады. Қабырға газетінің тақырыбы «Біздің мектеп». Тарау бойынша жасалған жұмыстардың бәрі сыныпқа әкелінеді, оқушыларға көрнекті жерде болғаны дұрыс. Бұл жұмыстар оқушыларға қажет болады. Мұғалім оқушылардың қабілетін ескереді. Топта рөлдерге бөліп қойған дұрыс. Оқушылар өздерінің қабілетіне қарай жұмыстарын жасайды. Қа- бырға газетінің қалай болатынын мұғалім өзі көрсетеді. Бірнеше қабырға газетінің суреттері болса, топтарға таратылады. Барлық жұмыстар болған соң, сыныпта таныстырылым жасайды. Таныстырылым жасалған соң оқушылар өздеріне ұнаған жұмысты бағалайды.
Қосымша тапсырмалар
Алға ұмтыл!
Тапсырманың негіздемесі: Бұл тапсырма оқушылардың ақпараттық құралдардан мәліметтер алу дағ- дыларын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманы қалай орындау керек: Мұғалім оқушыларға инттернеттен алғашқы және заманауи ме- тептердің, басқа елдердегі мектептердің суреттерін қарауды тапсырады. Өздеріне ұнаған суреттерді әкеліп мектептер коллажын дайындау тапсырылады. Қабілеттері жоғары оқушылар суреттерді та- уып әкелсе, ал, қабілеттері төмен оқушылар суреттерді желімдеуге көмектесе алады. Қабілеті жоғары оқушылар барлық суреттерді өздерінің қиялдары бойынша қолданады. Дайын жұмыстар қорғалады. Бағаланады. Өз ойларын ортаға салады. Тарау бойынша қарастырылған ақпараттардың қолданылуын мұғалім қадағалайды.
Алға ұмтыл!
Тапсырма негіздемесі: Бұл тапсырма оқушылардың өміріне қажет болатын мәтін түрлерін құра алу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Тапсырманы қалай орындау керек: Мұғалім оқушыларға хат жазатындарын айтып түсіндіреді. Ол үшін РАФТ әдісін қоданылатыны айтылады.
Рөл Аудитория Формат Тақырып
Кітап Оқушы Хат Мені күтіп ұста
100
4Менің туған өлкем
Тарауға кіріспе бет:

«Менің туған өлкем» туған ел, туған жер ұғымына түсінік беріледі, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы мен бұрынғы астанасы Алматы қаласы туралы мәлімет алады, туған жердің табиғаты, туған жерде өткен балалық шақ туралы көркем туындылармен танысып, өз ойларын білдіреді. Мәтіндердегі автордың айтпақ ойына өз көзқарастарын білдіріп, ойларын жинақтайды. Алған білім мазмұнын қолданып, өз шығармашылықтарына бастау алады.
Оқу мақсаты:

Осы тараудың оқу мақсат 9-11-беттердегі Көлем мен құрылым кестесінде берілген.
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру ;
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;
2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау;
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;
2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу;
2.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын мәтіннен таба білу;
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау;
2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс- салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен
аяқталуын анықтау;
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу;
2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу;
2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру;
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру;
2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу;
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.
Туған елім
Туған жер – байлығың
Батыр туса – ел ырысы
Батыр туса – ел ырысы
Астанам – айбарым
Астана –жас қала
Жайлауы жасыл байтақ ел
Мен тұратын өлке
Аңыз түбі – ақиқат
Елімнің даналары
Елге еңбек еткен де – ерлік
Туған жерге туың тік!
Тірек сөз
байтақ ел, жөргек, белін буу, диқан, қамба, жұ- мақ, ғажап, тікенек, туған ел, ер жігіт, батыр, ырыс, көгілдір күмбез, қажымас қайрат, шырақ, қала-
ну, тоғыз жолдың торабы, інжу-маржан, шалғай, шүйгін, жазғы қоныс, абыз би, бата алу, солқылдақ шыбық, ауызбірлік, сайран салу, қанасына сыймау, тұлға, тегістік, абырой, жұпар, ақ күмістей, көркем, билік, бірлік, шапшаң.

101
Менің туған өлкем
Туған елім
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау.
байтақ ел, жөргек, белін буу, диқан, қамба.
А3 парақтары, бояу қарындаштар.
туған ел туралы ойларын еркін айта алады;
көркем шығарма элементтерін салыстырады.
Оқулық: 42-43-беттер
Жазу дәптері: 40-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел. сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардытақырыпқа қатысты өз ойларын ай- туға дағдыландыру көзделген.
Тапсырманың орындалуы: тапсырманы орындар алдында Қазақстан Республикасы тура- лы (рәміздері, табиғаты, т.б) суреттер көрсетіледі. Топта «Суретте не бейнеленген?» «Қандай елге ұқсайды?», «Қазақстанды неге байтақ ел дейміз?» сұрақтары бойынша сөйлесіп, өз ойларын ор- таға салады. Топтың ойын «өрмекші сызбасына» түсіріп, сыныпқа таныстыруға дайындалады.
Таныстырылым кезінде ойларын толық айта ал- маған жағдайда мұғалім сұрақ қойып, ойларын толық жеткізуге қолдау көрсетеді. Оқушылар су- рет бойынша өз ойларын айтқаннан кейін мұғалім
«Қазақстан -– байтақ ел» ұғымына түсіндіру үшін
«Қазақстанымызда қандай көрікті жерлер бар?»,
«Сендер қандай жерлерінде болдыңдар?» деген сұрақтармен оқушыларды Қазақстанның қалала- лары, көрікті жерлері туралы сөйлетеді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен немесе тапсырманы орын- дауда қиналып отырған оқушыларға үлгі болар- лық суреттер немесе сөздер беріледі. Ресурс бой- ынша саралау жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыс: туған жер ұғымына
қатысты суреттер топтамасы ұсынылғандықтан,
«Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс орын ала- ды.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топтық жұмыс түрінде ұсынылады. Сынып бөлмесі топта отыруға лайықталып, парталар біріктіріліп қойы- лады.
Мәнерлеп оқы

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың сөздік қорларын, тақырыпқа сай ой-өрісін кеңейтеді деп күтіледі. Берілген өлең мазмұнын меңгеруде ақынның көңіл күйіне назар аударты- лады.
Тапсырманың орындалуы: оқулықта берілген Оразақын Асқардың «Туған жер» өлеңіне назар аудартылады. Оқушылардан өлең мәтінімен оқып танысу сұралады. Өлеңдегі таныс емес, түсінбеген сөздермен сөздік жұмысы жүргізіледі. Өлең не ту- ралы екені анықталады. Мұғаліммен бірге ілесіп айту арқылы, өлеңді жаттап алады.
Саралау мүмкіндіктері: өлең мәтінін қабілетті оқушылар шапшаң жаттап алып, 2-3 оқығаннан кейін жатқа айтуды сұрауға болады. Ал қабілеті төмен оқушыларға жаттауға қосымша уақыт беріледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Музыка» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: Тапсырма барлық
сыныппен бірге орындалады.
Ізденейік
Тапсырманың негіздемесі: оқушылар та- нысқан өлеңдегі тірек ұғымдарды, мазмұнын анықтап, өз ойын, пікірін білдіру арқылы тақы- рыпқа қатысты өз сезімін жеткізуге дағдыланады. Берілген өлең мазмұны оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді деп күтіледі.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардан өлеңге мұқият қарап, тірек сөздерді анықтау сұра- лады. Әр шумақты дауыстап оқи отырып, осы шумақтағы тірек сөздер анықталады. Осы тірек сөздер арқылы әр шумақтағы ойды анықтауға мұғалім бағыт-бағдар береді. Мағынасы түсініксіз сөздер сөздік-гол ойынын ойнау арқылы мең- гертіледі. Кесте ұсынылады.
сөз немесе сөз тіркесі менің түсінігім сөздіктегі мағынасы Сөйлем
жөргек бабам тұнған жер қамба белін буған Топта кестені толтырып болғаннан кейін «гол» деп айтып белгі береді. Топтар жұмысты мүмкін- діктеріне орай әртүрлі уақытта аяқтайды. Сынып аяқталғанда ортақ тексеріледі. Қателері түзетіледі. Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада ресурстар арқылы саралау орын алады. Топтағы оқушылар- дың сөздермен жұмыс жасауда түсініксіз сөздер- ге мұғалім ресурстар беріп, қолдау көрсетеді. Кей сөздердің мағынасын мүлде түсінбей, топта тал- дай алмай отырған жағдайда, сол сөзді синоним немесе мағынас жуық сөздермен, ұғымдармен
байланыстырып түсінік береді.
Салыстырайық
Сыныпты ұйымдастыру: Тапсырма барлық сыныппен бірге орындалады.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардың бір тақырыпта берілген көркемө- нердің екі туындысын салыстыру арқылы ортақ белгілері мен айырмашылықтарын ажырата алуы арқылы танымы кеңейтіледі деп күтіледі.
Тапсырманың орындалуы: өлең мазмұ- ны мен суретте не берілгені туралы жұппен же- ке-жеке талдау жасайды, ортақ шешімге келеді. Жұбымен талдағандарын топта ортаға салып, ай- ырмашылықтары мен ортақ белгілерін венн диа- граммасына түсіреді. Диаграмма түсіруге А3 па- рақтары беріледі. Әр топ өз жұмыстарын сыныпта таныстырылым жасайды. Соңынан мұғалім топ- тардың жұмысын саралай отырып, толықтырулар жасатады.
Саралау мүмкіндіктері: топ арқылы саралау

орын алады. Топтар бірдей қабілетті оқушыларға бөлінеді.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырма «Бейне- леу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: Тапсырма топпен орындалады.
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың тақырыпқа қатысты ой-өрісін кеңейтеді. Ұғымдарды байланыстырып айта алу дағдысы қа- лыптасады.
Тапсырманың орындалуы: мақалды оқып танысады, мақалда не айтылғаны жайында жұ- бымен талдайды, оқылған өлең мазмұнымен бай- ланыстырып әңгімелейді. Екеуіндегі ойдың ортақты- ғын дәлелдейді. Өздерінен мақал құрастыру сұрала- ды. Жұптар өз жұмыстарын топта айтады, толықтыра- ды да, сыныптан сұрау кезінде айтады. Топтағы үздік мақалдарын қағазға жазып, тақтаға іледі.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Топтар бірдей қабілетті оқушы- ларға бөлінеді.
Сыныпты ұйымдастыру: Тапсырма топпен орындалады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Адамда туған жерге деген қандай сезімдер бола- ды?
«Туған ел» ұғымына өз ойыңды сызбамен бер. Алдымен туған жерге қандай сезімдер болаты-
нын дәптерлеріне еркін жазады. Осы сөздерді жұп- та қандай топтарға бөліп жазатынын талқылап, топ- тастыру сұралады.
Туған ел туралы ойларын ақ параққа «туған ел» деп жазып, айналдыра жазуға кеңес беріледі.
Қосымша тапсырма
Мақалды оқы, мағынасын түсіндір. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Мұғалім оқушыларға мақалды оқуды ұйымдасты- рады. Оқыған мақал мазмұны бойынша өз ойла- рын «5 неге» деген сауал қойғызып, жауап айтқызу арқылы талдатады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің туған өлкем
Туған жер – байлығың
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;
2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
жұмақ, ғажап, тікенек.
парақтар, «білемін, білгім келеді, білдім» парағы.
туған жер туралы аңызбен танысады;
аңыз мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап бере алады.
Оқулық: 44-45-беттер
Жазу дәптері: 41-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Сыныпты ұйымдастыру: жұптық жұмыс ұсы- нылады.
Кел, сөйлесейік!
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың суретпен жұмыс жасау дағдысын дамыта- ды және өз ойларын толық жеткізе алу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.
Тапсырманың орындалуы: оқулықтағы су- ретке назар аудартылады. Оқулықта берілген су- реттер топтамасы бойынша не көргендерін айта- ды. Сурет бойынша болжау сұрақтары қойылады:
Суреттегі құстың туған елі бар ма?
Еркіндіктегі құстар мен торда ұстайтын қан- дай құстарды білесің?
Сурет не туралы екені анықталғаннан кейін
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұмыс жасау ұсынылады. Онда «білемін, білгім келеді, білдім» бағандарына мәліметтерді қысқаша орналастыра- ды. Тапсырма жұппен орындалғандықтан, өзара талқылап, ортақ жазу ұсынылады.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқушыны жұпқа бөлу ұсынылады. Қабілетті оқушы өз жұбына көмек жасайды.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада «Дү- ниетану» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын қалыптастырады. Ұсы- нылған мәтінді оқу арқылы жаңа мәліметпен та- нысады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардан аңыз не жайында жазылғаны сұралады. "Аңыз не туралы? Аңыздың мазмұны бойынша сені не таңғалдырды?" деген сұрақтар арқылы жұбымен ой бөліседі. Жұбымен бір айтқаннан кейін мәтінге қайта назар аудартылады. Екінші оқығаннан кейін мәтін толық меңгерілді деп есептеледі.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқу- шыны жұпқа бөлу ұсынылады. Қабілетті оқушы өз жұбына көмек жасайды.
Сыныпты ұйымдастыру: Жұптық жұмыс ұсы- нылады.
Мәтін.
Ертеде бір құсты ұстап алып, торға қамап қой- ыпты. Торға түскен құс күні-түні бірдей: «Елім, елім, елім, елім», – деп қақсай беріпті. Құс иесі ойлапты: «Мұның елі қандай екен, ол қай- да болды екен? Мүмкін мұның елі, жұмақтағы ағаш өсіп, жұмақтағы құс мекендейтін гүл жай-
Жоспарлайық
наған тамаша бақ секілді шығар? Мен осы құсты қоя берейін де, оның қай жаққа ұшып кеткенін көрейінші, сонау алыстағы ғажап елдің жолын көрсетсін маған». Сөйтіп ол тордың қақпағын ашыпты. Өзі құстың соңынан еріпті. Құс жа- лаңаш тасты қақ жарып өсіп тұрған тікенек бұтаға қоныпты. Осы бұтаның жапырағының арасында ұясы бар екен.
Тапсырманың негіздемесі: аңыз мазмұны- бойынша сұрақтар қоя отырып, мазмұнға жоспар құру арқылы оқушының алған білім мазмұнын қолдану дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтар қоя отырып, аңыз жоспарын жасау талап етіледі. Жоспар құруда аңыз оқиға- сын бөліктерге бөледі. Әр бөліктегі тірек сөздер анықталады. Негізгі оқиғаларға сұрақ қояды. Осы сұрақтар арқылы аңыз жоспарын жасайды.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже арқылы сара- лау орын алады. Мұғалім қабілетті оқушылардан тиянақты дұрыс нәтиже көре алады. Ал қабілеті төмен оқушылар да өз деңгейінде жоспарларын жасайды.
Жасайық
Сыныпты ұйымдастыру: жұмыс топпен ұсы- нылады.
Тапсырманың негіздемесі: аңыздағы оқиғаны жалғастырып жазу арқылы шығармашылық қа- білетінің артуына мүмкіндік жасалады.
Тапсырманы қалай орындау керек: алдымен аңыз кұстың өз ұясына жетуімен аяқталды. "Егер аңыз әрі қарай жалғасса, қандай оқиға орын алар еді деп ойлайсыңдар?" деп аңызда әр қа- рай қандай оқиға болуы мүмкін екендігі сұрала- ды. Оқушылардың болжамы тыңдалғаннан кейін, өздері оқиғаны жалғастырып жазуға тапсырма беріледі. Оқиға жалғасын парақтарға жазады. Су- реттермен көркемдеуге кеңес беріледі. Соңынан сыныпта таныстырылады. Оқушылардың жұмы- сына «ең қызықты», «ең тапқыр» деген марапат- тар беріледі.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже арқылы са- ралау орын алады. Әр топтағы оқушылардың шығармашылық қабілетіне қарай әртүрлі нәтиже күтіледі.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Бейнелеу өнері пәнімен» байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: жұмыс топта орын- далады.

Кел, сөйлесейік!
Тапсырманың негіздемесі: ұсынылған мақалға пікір білдіруде өз ойын, идеясын еркін жеткізе алу алдыңғы тыңдалған пікірлерді қолда- на алу дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: мақалды топта талқылайды. Өз ойларын айтуға жоспар құра- ды. Мәтін туралы өз ойларын айтуда алдыңғы тыңдалған пікірлерді байланыстыру талабын ескереді. Өз ойларын өмірден мысалдар алып, дәйектеп беру сұралады. Өзінің туған жерімен байланыстырады. Оқушыларға мұғалім бағыттап көмек береді. Топтан 1-2 спикер шығып топ жұ- мысын таныстырады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма арқылы са- ралау орын алады. Мұғалім оқушылардың қамты- май кеткен сұрақтарын өзі қабілетті деген балаға соңынан арнайы қояды.
Сыныпты ұйымдастыру: Топтық жұмыс ұсы- нылады.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Патша құстың арман еткен туған жерін көрген- де қандай ой түйді деп ойлайсың?
Оқушылар өздерінің ойларын «сәйкестік зо- насы» стр. арқылы білдіреді. Топта әр оқушы өз ойларын парақтардың шетіне жазады. Барлығы жазғаннан кейін ортада оқылып, ортақ ойларын парақ ортасына жазады. Сыныпта топтардың жұ- мысы оқылып таныстырылады.
Қосымша тапсырма
Аңыздың мазмұны бойынша өзің ерекше деп таныған көріністің суретін сал.
Оқушыларға аңыз оқиғасында өздеріне ұнаған жерінің суретін салу үшін уақыт беріледі. Сабақта суреттерін тақтаға іліп, неге осы суретті салғанын таныстырады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет. Сонымен қатар, Кіріспедегі көлемі мен құрылымын көрсететін секциядан тиесілі бағалау стратегиясын таңдауы керек.
Менің туған өлкем
Батыр туса – ел ырысы
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу;
2.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану.
кейіпкердің бейнесін сипаттап, іс-әрекетіне пікір білдіре алады;
мұғалім көмегімен шағын ертегі құрай алады.
батыр, ерлік, елдік.
мақал-мәтелдер жинағы, парақтар, бояулар.
Оқулық: 46-47-беттер
Жазу дәптері: 42-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: сурет арқылы өз ойларын айтуға, тақырыпты болжау дағдысы қа- лыптасады.
Тапсырманың орындалуы: оқулықтағы ұсы- нылған суретке назар аудартылады, суреттен кімді көріп тұрғандарын айтады. Суреттегі адамның си- патын айта отырып, тауды не үшін көтеріп келе жатқандығына болжам жасалады, оған мінездеме беріп, суреттегі адамның батыр екендігі анықта- лады. Батырдың тауды не үшін көтеріп келе жатуы мүмкіндігіне өз болжамдары айтылады. Суретке қандай тақырып қоятындарын ұсынады. Топтар- дың болжамы мен суретке қойған тақырыптарға- тыңдалады, сыныпта ең ұтымды тақырыбы қолдау көрсетіліп немесе сұрақтар қойылып нақтыланады. Саралау мүмкіндіктері: диалог бойынша са- ралау орын алады. Сұрақ қоюда кей оқушыларға жауабын тез тауып айтуға болатын сауалдар қой-
ылады.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма барысы жеке - сыныппен жұмыс ұсынылады. Болжам жа- сап, суретке тақырып қоюда топпен жұмыс ұй- ымдастырылады.

Байланыстыр

Тапсырманың негіздемесі: тапсырмада мақал мазмұны мен берілген суреттің байланысын тауып, осы тақырып бойынша өз пікірін, идеясын таныта алу дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар топта мақал мазмұнына өз ойларын айтады. Өздері көрген кино, мультфильмнен, оқыған ертегі- ден мысалдар келтіріп мақалда берілген ойды дәлелдейді. Тау көтеріп келе жатқан Толағайдың суретін осы мақалмен байланыстыруда оның ісі ерлік екендігін және жанқиярлық ерлікті елі үшін жасап отырғандығы анықталады.
Саралау мүмкіндіктері: Нәтиже бойынша са- ралау көрініс табады. Барлық оқушыға бірдей тапсырма болғанмен, әр топтағы оқушылардың қабілетіне қарай әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: жеке жұмыс ұсыны- лады.
Жаса

Тапсырманың негіздемесі: алдыңғы тапсырма- дағы тақырып бойынша өз ойларын қалыптасты- ра алса, бұл тапсырмада өз ойларын жалғастыру- да кейіпкер сипаты, кейіпкер әрекетінің себептері туралы ойларын жинақтауға мүмкіндік беріледі.
Тапсырма оқушының ой-өрісін, шығармашылығын дамытады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар бе- кетті аралай жүріп өздеріне берілген кейіпкер парақтарына әр бекет тапсырмасын орындай- ды. Мұғалім кейіпкер парағын алдын ала дайын- дайды. Оқушыларға парақтарды тиянақты тол- тыруға кеңес беріледі. Кейіпкерінің әрекеті мен сол әрекетті жасаудағы себептері тақырыппен байланысты болуы ескертіледі.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша сара- лау көрініс табады. Барлық оқушыға бірдей тапсы- рма болғанмен, әр оқушыдан қабілетіне қарай әр түрлі нәтиже күтіледі.
Жазайық
Сыныпты ұйымдастыру: сыныпта әр оқушы тапсырманы жеке орындайды.
Тапсырманың негіздемесі: алдыңғы тапсырма- ның логикалық жалғасы болып табылады. Оқушы- ның шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Тапсырма оқушының ой-өрісін дамыта- ды.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар ал- дымен суретте не берілгені туралы өз жұптарымен талқылайды.
Суретте қандай жер бейнеленген?
Суреттегі балалар не істеп тұр деп ойлайсыңдар?
Ауыл ақсақалдары кіммен сөйлесіп тұр?
Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлай- сыңдар? т.б. сұрақтарды мұғалім қоя отырып, сурет бойынша оқушыларды сөйлетеді.
Суретпен таныстық аяқталғаннан кейін осы су- ретті бір оқиға етіп, әңгіме құрау тапсырылады. Әң- гіме 40-50 сөз шамасында болады.
Аяқтаған әңгімелерін жұп арасында оқып, үздік- терін сыныпта автор орындығында оқуға ұсынады. Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша сара- лау көрініс табады. Барлық оқушыға бірдей тапсы- рма болғанымен, әр оқушыдан қабілетіне қарай
әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: сыныпта әр оқушы тапсырманы жеке орындайды.

Кел, сөйлесейік!
Тапсырманың негіздемесі: алдыңғы тапсырма- ларда алған білім мағлұматтарын бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларын айта алуға, оқушыны сыни ойлауға жетелейтін тапсырма болып табыла- ды.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар жұ- бымен бір-біріне қарсы қарап отырады. Бір оқушы берілген бірінші сұрақ бойынша өз ойын айтуды бастайды. Осы жауаптан «неге?» деген сауал арқылы туындатып, екінші оқушы сұрақ қояды. Ол сұрақтың жауабынан тағы да «неге?» деген сауал туындатып қойылады. Осылайша бірінші оқушыға 5 сұрақ қойыла- ды. Ұсынылған «Бүгінгі күні батыр атану үшін қандай ерліктер жасайды?» сауалы бойынша екінші оқушы жауап беріледі. Сонымен қатар
«Бүгінгі күннің батыры кімдер?» сауалы қойы- лады. Ол оқушыға да жұбындағы оқушы жау- аптары арқылы «5 неге» сұрағын қояды.
Саралау мүмкіндіктері: диалог бойынша сара- лау көрініс табады. Оқушылар ашық және жабық сұрақтар қояды.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма жұппен орындалады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Елі үшін ерлік жасаған батыр туралы мәлімет жина. Ол мәліметті таныстыру үшін шағын плакат әзірле.
Қосымша тапсырма
«Батыр» сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет. Сонымен қатар, бет- те орналасқан Кіріспедегі көлемі мен құрылымын көрсететін секциядан тиесілі бағалау стратегия- сын таңдауы керек.
Менің туған өлкем
Батыр туса – ел ырысы
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау;
2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс- салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.
тыңдаған мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады;
шығарманың жанрын анықтайды және кейіпкерді бағалайды.
туған ел, ер жігіт.
парақтар, бояу қарындаштар.
Оқулық: 48-49-беттер
Жазу дәптері: 43-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: Тапсырма оқушы- лардың берілген екі ұғымның байланыстылығын ажырату арқылы өз ойларын еркін айтуға және басқа оқушылардың пікірін тыңдай отырып, ой жинақтауға мүмкіндік жасауға бағытталған.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар ішкі және сыртқы шеңберде тұрып берілген екі ұғым бойынша өз ойларын айтады. Алдымен ішкі шең- бердегілер сыртқы шеңберде тұрған оқушыға отыз секунд туған ел туралы өз ойын айтады. Шеңберде қозғала отырып, щеңбердегі барлық оқушымен сөйлесіп шығады. Келесіде ер жігіт туралы сыртқы шеңбердегі әр оқушы да отыз се- кундтан өз ойын айта отырып, шеңбердегі бар- лық оқушыға өз ойын айтып шығады. Оқушылар шеңберде тыңдағандарын жинақтай отырып, топ- та «ер жігіт» пен «туған ел» ұғымдарының бай- ланысын сызбаға түсіреді. Оқушыларға парақтар беріліп, ойларын сызбамен беру ұсынылды. Сыз- ба жасауда қиындық туғанда мұғалім топтастыру сызбасын жсауға кеңес беруіне болады.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша са- раланады, әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: алдымен сыныппен жұмыс орын алады, ойларын жинақтауда топта жұмыс жасау ұсынылады.
Тыңдайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- ның (аудио) тыңдалым дағдысын дамытуға ар- налған. Тыңдалым мәтінінің мазмұнын анықтап, кейіпкерлері мен оның ерлік істеріне өз ойларын айту арқылы оқушының тыңдалымды түсінуге мүм- кіндік жасалады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардан оқу- лықта берілген суретке назар аударады және он- дағы оқиғаларды өздері әңгімелеу сұралады. Су- ретте берілген алып баланың тауды көтеріп келе жатқанын, таумен бірге жаңбыр жауып келетіні айтылады. Оқушыларға сұрақтар қойылып, су- рет бойынша әңгіме өрбітіледі. «Бала тауды неге көтеріп келе жатыр деп ойлайсыңдар?» «Таумен бірге жаңбырдың келе жатуының себебі неде?»,
«Ел-жұрт баланы қалай қарсы алып жатыр?» деген сұрақтарды қою арқылы жаңбырдың қажеттілігін, бала халқына жақсылық жасап осындай әрекет жа- сағаны болжанады.
Аудиомәтін бірінші тыңдалғанда, сыныптан не туралы, қандай оқиға болғаны ғана сұралады. Екін- ші тыңдағанда жұп арасында аңыз мазмұнын өза-
ра айтады. Суретпен байланыстырып әңгімелейді. Саралаумүмкіндіктері:қабілетіәртүрлі оқушыларды жұпқа бөлу арқылы саралау орын алады. Жұп арасында бір-біріне қолдау көрсетіп
нәтижелі болады.
Анықтайық
Сыныпты ұйымдастыру: жұмысты жұппен орындау ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма алдыңғы тапсырманың логикалық жалғасы болып табыла- ды. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы- лар мәтін мазмұнын қолданып, талдау жасауға дағдыланады.
Тапсырманың орындалуы: тапсырманы орындауда аңыз құрылымы қандай бөліктерден тұратыны сұралады. Оқушылар аңыздың басы, ортасы, соңы екенін еске түсіреді. «Әңгіме тауы» тапсырмасының сызбасы таныстырылады. Әр топқа парақтағы сызбалар беріледі. Аңыз мазмұ- нын осы сызбаға түсіру тапсырылады. Аңыздың басы қандай оқиғамен басталды, ортасында қан- дай негізгі оқиға болды, соңында оқиға қалай аяқталғанын екі-үш сөйлеммен жазу ұсынылады. Топта талқылай отырып сызбамен жұмыс орын- далады. Тапсырманы аяқтағанда, тақтаға іліп әр топтың жұмысы таныстырылады.
Саралаумүмкіндіктері:қабілетіәртүрлі оқушыларды топтау арқылы саралау орын алады. Топта бір-біріне қолдау көрсетіп нәтижелі болады.
Сұра және жауап бер
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы жұппен орындау ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі: сұрақ-жауап тапсырмасы арқылы әңгіме мазмұнын пысықтауға әрі бағалауға қол жеткізіледі.
Тапсырманың орындалуы: тапсырманы ұй- ымдастыруда мұғалім сынып оқушыларына кей- іпкеріміз Толағайға сұрақтар дайындауды тапсы- рады. Сұрақ дайындағаннан кейін ортаға санамақ арқылы таңдалған немесе қалауымен оқушы шығады. Ортадағы оқушының әңгімедегі рөліне лайық дайындалған сұрақтар қойылады. Сұрақтар қайталанбауы сұралады. Басқа да кейіпкерлерге сұрақтар қойылады. Жақсы сұрақ қойған оқушыға да, сұраққа жауап беріп отырған оқушыға да қол- дау көрсетіледі.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетті оқушыдан толық тия- нақты жауап күтілсе, қабілеті төмен оқушы нақты жауапты айтуы арқылы жда жақсы нәтиже көр- сетті деп саналады.
Сыныпты ұйымдастыру: сыныппен орындай- тын жұмыс.

Ойланайық
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- ның тақырып арқылы алған білімдерін өмірмен байланыстыра алуын және сыни ойлауын дамы- тады, өз ойларын, сезімдерін ортаға салу арқылы айтылым дағдылары дамиды және бір-бірін тыңдау арқылы сөздік қорлары кеңейеді.
Тапсырманың орындалуы: алдымен «Толағай қандай адам?» деп сұрақ қойылып, оның елінің қамын ойлаушы, халық қамқоршысы екендігі тағы да айтқызылады. Оқушылардан Толағаймен кез- дессе, қандай ұсыныс немесе тілек айтуға болаты- нын ойлану сұралады. Оқушылар екі минуттай ой- ланғаннан кейін ойлары айтқызылады. Толағайға ұсыныстарының халық қамы, ел жағдайы туралы болуына мұғалім бағыттап отырады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетті оқушылар жақсы пікірлер, ойларын толық айта алса, қабілеті төмен оқушылар толық айта алмауы мүмкін. Мұғалім он- дай жағдайда сұрақтар қойып, қолдау жасайды.
Сыныпты ұйымдастыру: Сынып жұптарға бөлініп, жұмыс жасайды.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
«Егер мен Толағайдай болсам... » өз ойыңды жаз. Оқушылардан өз ойларын, қандай істер істей- тінін жазу сұралады. Өз жазғандарын топта оқып, ең қызықты жұмысты сынып алдында «автор
орындығында» оқу ұсынылады.
Қосымша тапсырма
Толағай туралы өлең шығар. Ұсынылған ұйқас- ты пайдалан.
......................... ауылын,
......................... батырым.
.........................
......................... ақылын.
Оқушылардыңбілімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты
меңгергенін тексеруі қажет.
Менің туған өлкем
Астанам – айбарым
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу;
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру.
көгілдір күмбез, қажымас қайрат, шырақ.
парақтар, жарнама жазуға арналған арнайы парақтар үлгісі, бояулар үлгісі.
мәтіннен көркем сөздер сөз тіркестерін табады;
ұйқастарды қатыстырып, шумақтар құрастырады.
Оқулық: 50-51-беттер
Жазу дәптері: 44-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Салыстырайық

Тапсырманың негіздемесі: сабақтың кіріспе тапсырмасы. Тапсырма оқушылардың оқулықта берілген суреттер бойынша өз ойларын айта алу дағдысын және сурет бойынша салыстыру жасап, айырмашылықтарды нақты көрсете алу дағдысын қалыптастырады.
Тапсырманың орындалуы: алдымен оқушы- лардың назары оқулықтағы суретке аудартыла- ды. Суреттен не көргендерін оқушылар айтады. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Суретте қазақ жерінің өткен тарихы берілген және қазіргі кездегі қазақ елі мен оның елордасы Астана қаласы берілгенін айта алады. Екі сурет бойынша не көргендері сұралады. Мұғалім толық айтқызу мақсатында сұрақтар қояды. Осы екі сурет бойынша қазақ елінің өткені мен бүгінін салыстырып, венн диаграммасына түсіртіледі.
Саралау мүмкіндіктері: оқушыны диалог арқылы саралау орын алады. Қабілеті жоға- ры оқушыға жабық сұрақ қойылады, ал қабілеті
төмен оқушыға ашық сұрақ не үлгісі бар жауапты ұсынуға болады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Дүниета- ну» пәнімен байланыс жүргізіледі. Еліміздің елор- дасы, тарихы мен тұрмысы туралы әңгіме өріс алады.
Сыныпты ұйымдастыру: сыныппен, топпен жұмыс ұсынылады.
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы оқушылардың елорда туралы білетін және білгісі келетін мәліметтерін ортаға салып, ойларын жи- нақтау дағдысын қалыптастырады.
Тапсырманың орындалуы: алдымен оқушы- лардың назары оқулықтағы суретке аудартыла- ды. Суреттен не көргендерін оқушылар айтады. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Суреттегі Астанадағы айтулы кешен- дер туралы оқушылар атап айта алады. Оларды суреттеп әңгімелейді. Астана Қазақстанның Елор- дасы екендігі айтылғаннан кейін, Астана туралы не білетіндерін ортада әңгімелейді.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма орындау- да ресурс арқылы саралау орын алады. Қабілеті
төмен оқушыға сөздер немесе сөз тіркесін айтып ойларын айтуға көмек жасалады.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада пен
«Дүниетану» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Оқиық
Сыныпты ұйымдастыру: Сыныппен жұмыс ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі: ұсынылған өлеңді оқып танысады, алдыңғы тапсырмадағы бол- жанған мазмұнмен салыстыру арқылы өлең мәтінінің ерекшелігін (түрін) тану ескеріледі.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушылар- ды оқулықтағы өлеңге назар аудартудан бастайды. Алғаш оқығанда мұғалім өзі мәнерлеп оқиды да, оқушылар саусақпен жүгіртіп ішінен ілесіп оқиды. Екінші оқуда оқушылар өздігінен жеке оқу орын алады. Мәтінмен танысқаннан кейін алдыңғы бол- жағандарын еске түсіріп және оқығандарымен байланыстырып , жұп арасында әңгімелейді.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқушы- ларды жұпқа бөлу арқылы саралау орын алады. Жұп арасында бір-біріне қолдау көрсетіп нәтижелі болады.
Анықтайық
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы орын- дауда мәтінді оқу сәтінде мұғалімге сынып бірге ілесіп оқиды, мәтінді жұп арасында өзара талқы- лайды.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма алдыңғы тапсырманың логикалық жалғасы болып табыла- ды. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы- лар алдыңғы тапсырмада алған мәтін мазмұнын қолданады.өз ойларын еркін жеткізе алу, сыни ойлауға дағдыланады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардан «ав- тор Астананы кімге, неге ұқсатады?» деген сұрақ қоюдан басталады. Олар анаға ұқсататынын айта- ды. Қандай сипатына қарай ұқсататынын мәтіннен табу сұралады. «Ал Ақорданы неге ұқсатады, нелік- тен ұқсатады?» деген сауалға да мәтіннен нақты жауап тауып, оған өз пікірлерін айтады. Мәтіндегі сөз қолданыстарын талдағаннан кейін автордың Астана туралы көзқарасына пікір айту сұралады. Ол пікірге қосылса, неліктен автор пікірін қолдай- тындықтарын, қарсы болса, неліктен автор пікіріне қарсы екендіктерін айтады. Өздері Астананы қан- дай ұғымдар арқылы танытатындары айтқызылады. Оқушының сыни ойлауына, өз пікірін дәлелді айта алуына жағдай жасалады.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқушы- ларды жұпқа бөлу арқылы саралау орын алады. Жұп арасында бір-біріне қолдау көрсетіп нәтижелі болады.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада «Дү- ниетану» пәнімен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру: алдыңғы тапсырма- дағыдай жұмысты жұппен орындау ұсынылады.
Жасайық
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма алдыңғы тапсырмамен жалғасын табады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алу, шығармашылықпен ойлауға дағдыла- нады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар өлең құрауы қажет. Оқулықтағы үлгі көрсетіліп, талда- нады.
.......Астанам,
........ бас қалам
.........................
............. жас қалам.
Оқушылар үлгіні басты назарда ұстап, өздері өлең шығарады.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқушыларды жұпқа бөлу арқылы саралау орын алады. Жұптар бір-біріне қолдау көрсетіп, тапсы- рма нәтижелі болады.
Сыныпты ұйымдастыру: алдыңғы тапсырма- дағыдай жұмысты жұппен орындау ұсынылады.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Бұл сабақта өткен үш маңызды ақпаратты жаз. Маңыздылығына пікір айт.
Үш маңызды ақпарат Неліктен?
Мұғалім мәтін бойынша жаңа үш маңызды ақпаратты анықтап, оның маңыздылығына өз ойын берілген кестеге жазуды ұсынады.
Қосымша тапсырма
Астананың бір көрікті жерінің суретін сал.
Оқушы Астана қаласындағы өзі білетін жерлер туралы жұп арасында әңгімелеу сұралады. Ол жер өзіне неге ұнайтынын, неге көрікті деп санайты- нын айтады. Астанадағы көрікті жерлер туралы ойын жинақтап алғаннан кейін, бір көрікті орын- ның суретін салу сұралады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің туған өлкем
Астана – жас қала
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру;
2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу.
қалану, тоғыз жолдың торабы, інжу-маржан.
парақтар, бояу қарындаштар.
шығарманың мазмұнын түсініп, қарапайым сұрақтарға жауап береді;
мәтінді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқиды.
Оқулық: 52-53-беттер
Жазу дәптері: 45-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Көрсетейік
Анықтайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың сөзді мағы- насына сай орынды қолданып, берілген ұғымды сипаттай алу дағдысы дамиды.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы- лардың назарын суреттерге аудартады. Олардан не көріп тұрғандары сұралады. Астана қаласы бейнеленген, себебі неде деп ойлайсың деп сұра- лады. Қазақстанның бас қаласы Астананы сендер қалай суреттер едіңдер, бір әсем жерді суреттеу үшін сипаттап айту сұралады. Дайындыққа 5 ми- нут уақыт беріледі. Сынып шеңберге тұрып Аста- надағы өздері таңдаған бір жерді сипаттап таны- стырады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Әр оқушыдан әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті оқушылар толық сипаттап таны- стыра алса, қабілеті төмен оқушылар өз деңгейін- де нәтиже көрсетеді.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: Тапсырма топта орындалады.
Тапсырманың негіздемесі: ұсынылған мәтін- мен танысады, мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтау арқылы мәтінмен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар мәтінді жұппен оқып танысады. Жұп арасында өзара әң- гімелейді. Әңгімелеу барысында негізгі ақпарат- тарды түртіп отырады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Әр оқушыдан әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті оқушылар мәтіндегі көркем сөз- дерді толық тапса, қабілеті төмен оқушылар жар- тылай ғана таба алады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма барлық сыныппен бірге орындалады.
Талқылайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушының мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытады. Оқыған мәтін мазмұны бойынша жұмыс жасау арқылы оқушының білімді бекітуі орын алады.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім оқушы-
ларға «дұрыс-бұрыс» ойыны парағын таратады. Парақта берілген мәліметтерді жұбымен талқы- лайды. Талқылау барысында жауаптарды белгілеп отырады. Тапсырманы жұптар жұмыстарын ауы- стырып, өзара тексеру орын алады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетті оқушылар толық дұрыс жауап берсе, қабілеті төмендерден ішінара қате кездеседі.
№ Мәліметтер дұрыс бұрыс
1 Астана – жаңа қала + 2 Астана ретінде аталуы
– 1997 жыл 10 маусым – 3 Астана 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді + 4 Қаланың негізі 1986 жылы қаланған – 5 Астананың шекарасы 710 шақырым + 6 Шетелдік қонақтар Астананы дүниенің жетінші кереметіне теңейді. – Жасайық
Сыныпты ұйымдастыру: бұл тапсырманы жұппен орындау ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі: алдыңғы тапсыр- маның жалғасы болып табылады. Оқушының тіл- дік қорын, кретивті ойлауын қалыптастырады.
Тапсырманың орындалуы: Оқушыларға Астана қаласына қандай үлес қосатындары сұралады. Онда кешендер, ескерткіштер, ерек- ше ғимараттар ұсынуға болатыны айтылады. Оқушыларға қажетті ресурстар беріледі. Олар өз туындыларының макетін жасап, оны сыны- пқа таныстырады. Туындыларының ерекшелігі,

түсі, көлемі, орналасытын орны туралы толық мәлімет беру сұралады.
Саралау мүмкіндіктері: ресурстар арқылы са- ралау орын алады. Тапсырма толыққанды орын- далуы үшін мұғалім ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада «Бей- нелеу өнері» мен «Музыка» пәндерімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы топта орындау ұсынылады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Астана қаласын бұрынғы астанамыз Алматы қа- ласымен салыстыр.
Қосымша тапсырма
Қазақстан Республикасының рәміздерінің су- ретін сал.
Рәміздердің суретін салуда тақтадан көрсетіп оқушыларға көмек жасалады. Негізгі ерекшелік- терін нақты таныта алуға бағыттау ұсынылады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің туған өлкем
Жайлауы жасыл байтақ ел
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу;
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау;
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру.
әңгіме мәтінін мәнерлеп оқи алады;
тақырыбы мен идеясын ажырата алады.
шалғай, шүйгін, жазғы қоныс.
Оқулық: 54-55-беттер
Жазу дәптері: 46-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: оқушыға қазақ өл- кесінің бір ерекше жері танылатын жайлау ұғымын, жайлау тіршілігі туралы алғашқы түсінік беру мақ- сат етіледі. Оқушының тыңдалым және айтылым дағдысын қалыптастыру көзделген.
Тапсырманың орындалуы: тапсырманы топ- та орындау ұсынылады. Топта берілген сұрақтар негізінде постер құрау тапсырылады. Берілген сұрақтар бойынша үш минут талқылау ұсыныла- ды. Талқылау барысында ойларын параққа тірек ұғымдар арқылы түртіп отырады. Талқылағаннан кейін ортақ ойларын постерге түсіру туралы ор- тақ шешімге келіп, постерлерін жоспарлауға кеңес беріледі. Постер жасауға уақытты сынып мүмкін- дігіне орай мұғалім өзі белгілейді. Дайын болған постерлерін сыныпта қорғайды. Постердің мазмұ- ны, көркемділігі, таныстырылуы бойынша бағалау орын алады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Әр топтың деңгейіне орай әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топпен орындалады.

Құрастырайық

Тапсырманың негіздемесі: бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың сөздік қорла- ры қолдана алу дағдылары дамиды.
Тапсырманың орындалуы: тақырыпқа қа- тысты суреттер мен сын есім белгісі қойылған 5/5 тақтасы CD дисктен қағазға шығарылып таратылады. Мұғалім 5/5 тақтасына екі текше тасы кезек лақтырылу арқылы қолданатынын көрсетеді. 1-тас суретке түссе, 2-тас сын есім деген жазуы бар бөлікке түседі. Сонда оқушы суреттегі атауды сын есіммен тіркестіріп айтады. Тақырыпқа қатысты сөздерге қатысты сын есім- дерді тауып айту арқылы сөздік қоры кеңейеді. Ал тасы жұлдызшаға түссе, онда шағын сыйлық ұсынылады. Топта тірек сөздерді тауып, дәптер- ге жазады. Осы тірек сөздерді қолданып, әңгіме құрайды. «Жайлаудың бір күні» тақырыбында әңгіме құра. Дәптеріңе жаз. Тірек сөздерді қол- дан. Әңгімеге қойылатын талаптарды мұғалім әр топқа парақтарға шығарып таратады.
Әңгімеге қойылатын талаптар:
Әңгімеде оқиға болады;
Оқиғаның басы, ортасы, соңы толық беріледі.
Кейіпкер мен оның әрекеттері сипатталады.
Топтар өз әңгімелерін кітапша жасап, кітапшаға
жазады. Аяқтағанда сыныпта таныстырылым жа- сайды.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырмада жылдам- дық бойынша саралау орын алады. Қабілеті төмен оқушылар сөз тіркестерін айтуда қиналып, ұзағы- рақ ойланып, уақыт көбірек керек болуы мүмкін. Ал қабілетті оқушылар сөздерге лайықты сын есімдерді тез айтып, жылдам жауап береді. Әңгіме жазуда да жылдамдықтың әртүрлі болуы көрініс табады.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада «Қазақ тілі» мен «Бейнелеу өнері» пәндерімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: Тапсырма топтық жұмыс түрінде ұсынылады. Алдыңғы тапсырманы орындаған топ сақталады.
Салыстырайық

Тапсырманыңнегіздемесі:берілгенөлең мәтіні мен ақпараттық мәтіннің ұқсастығы мен ерекшелігін тану арқылы оқушының салыстыра алуы қалыптасады. Өз ойларын, пікірлерін ортаға салу арқылы айтылым дағдылары дамиды және бір-бірін тыңдау арқылы сөздік қорлары кеңейеді. Тапсырманың орындалуы: берілген мәтін- дерге назар аудартылып өздеріне оқытылады. Оқыған мәтіндердің ұқсастығын анықтап, топта талқылай отырып, ортақ шешімге келеді. Айыр- машылығын да талдай отырып, жазады. Тақырып- та, мазмұнда ұқсастық бар болғанымен, мәтін түрі және мазмұнның кеңдігінде айырмашылықтар
бар екендігін венн диаграммасына жазады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетті оқушылар кеңінен әрі толық айта алса, қабілеті төмен оқушылар то- лық айта алмауы мүмкін.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Дүниета- ну» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: Сынып топтарға бөлініп, жұмыс ұсынылады.

рмаларды кестеге түсіріп, өз мәліметтерін тек жайлауға ғана тән екендігін дәлелдеу сұралады. Топта талқылай отырып, ортақ шешімге келеді.
Жайлауда қандай шаруашылықпен айналыса- тындығын атап көрсетеді.
Жайлауда қандай ойындар ойнауға болатынын атап өтеді.
Жайлаудағы көңіл күйді суреттейді.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетті оқушылар кеңінен әрі толық айта алса, қабілеті төмен оқушылар то- лық айта алмауы мүмкін.
Пәнаралық байланыс: бұл тапсырмада «Дү- ниетану» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныптыұйымдастыру:Сыныптоптарға бөлініп, жұмыс ұсынылады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Ұйқасты пайдаланып, өлең шығар.
............ қуана барамыз,
............ шаттанамыз.
............ құшақтап,
............ сағынамыз.
Қосымша тапсырма
Ата-әжеңнің ауылына барғанда басыңнан кеш- кен ерекше оқиғаңның суретін сал.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Ізденейік

Тапсырманың негіздемесі: Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алу, шығармашылықпен ойлауға дағдыла- нады.
Тапсырманың орындалуы: берілген тапсы-
Менің туған өлкем
Мен тұратын өлке
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау;
2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау.
шығармадағы кейіпкердің бейнесі мен мінез- құлқын сипаттауда қарапайым тілмен пікірін білдіреді;
негізгі оқиғаларды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды.
табалдырық, қия, мұржа, балауса, шапақ, мейірбан.
парақтар, түрлі бояулар.
Оқулық: 56-57-беттер
Жазу дәптері: 47-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: ұсынылған пікірді жалғастырып айту арқылы оқушының сөйлеу мәдениеті, тыңдалған пікірге өз ойын айту, ойын жеткізе білуге дағдыланады.
Тапсырманың орындалуы: алдымен оқушы- лардан туған ел мен туған жер ұғымы туралы ой- лары сұралады. Содан кейін С. Мәуленовтің туған ел туралы айтқан пікірінің үзіндісін оқулықтан оқиды. Осы үзінді бойынша оқушыларға өз пікір- лерін айтқызып, ақын пікірін жалғастырып әң- гіме өрбітіледі. Сынып шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім І сұрақты қойып кез келген бір оқушыға допты лақтырады. Доп алған бала сұраққа жауап беріп, басқа оқушыға допты лақтырып береді. Әр сұрақ бойынша доп бес балаға беріледі. Бес пікір тыңдалады. Берілген барлық сұрақтар бойынша осылайша пікірлер тыңдалады. Соңынан мұғалім пікірлерді жинақтап, оқушыларға алғыс белдіреді. Саралау мүмкіндіктері: диалог бойынша са- ралау орын алады. Әңгімелеуде қабілеті төмен оқушыға сұрақтар немесе жауабы дайын сұрақтар
қойылып көмек жасалады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Дүниета- ну» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: сыныппен жұмыс ұсынылады.
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: ұсынылған мәтінді мұғаліммен ілесіп оқу арқылы оқушының көркем мәнерлеп оқуы қалыптасады. Мәтіннің не тура- лы екенін, негізгі айтар ойы не екендігін анықтау арқылы мәтінмен жұмыс жасау дағдысы қалыпта- сады.
Тапсырманың орындалуы: мәтінді мұғалім алдымен оқып таныстырады. Екінші оқуда ілесіп оқитындары ескертіледі. Мұғалімнің оқу мәнері мен ырғағын байқап отыру тапсырылады. Екін- ші оқуда сынып мұғаліммен бірге ілесіп оқиды. Мәтін үш рет бірге ілесіп оқылады. Мәтін оқып танысқаннан кейін мәтін не туралы, ақын қандай ой айтуда екені сұралады. Туған жер, ата-әжеңнің, әкеңнің өскен жеріне деген құрмет туралы екенді- гін оқушылар айтқаннан кейін, автор осы әңгімеде қандай ой ұсынып отырғаны анықталады. Жетек- ші, анықтау сұрақтары қойылып, әңгіменің негізгі ойы не екендігі анықталады.
Саралау мүмкіндіктері: Диалог бойынша са- ралау орын алады. Әңгімелеуде қабілеті төмен оқушыға негізгі сұрақтар немесе жауабы дайын сұрақтар қойылып көмек жасалады.
Сөздерді зертте
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырманы жұппен орындау ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі: мәтін бойынша тірек сөздер мен көркем сөздерді картаға түсіру арқылы мәтін тілімен жұмыс жасауға қалыптаса- ды және ол сөздерді қолдана алуға дағдыланады. Тапсырманың орындалуы: мұғалім тапсыр- маны жұбымен талқылап орындауды ұсынады. Мәтін бойынша тірек сөздер мен көркем сөздерді қағаздан жасалған шағын карталарға жазады. Белгіленген уақытта жұпта жауап береді. Өз жа- уаптарын топтағы екінші жұпта тексереді. Егер жауаптары сәйкес келмесе топта талқылау жа- сайды. Мәтін бойынша сөздер картасын мұғалім сыныппен бір тексеріп толықтыртады немесе өзгертеді. Осы картадағы сөздерді пайдаланып, жұппен туған жері туралы сипаттама мәтінін жазу сұралады. Сипаттама мәтін туралы мағлұмат еске түсіріледі. Жазылған мәтіндер топта тыңдалады да, ең үздігі сыныпта таныстырылады. Саралау мүм- кіндіктері: аралас топтардағы оқушылар арқылы саралау жүреді. Оқушылар өзара қолдау көрсетіп
нәтижелі болады.
Жасайық
Сыныпты ұйымдастыру: Жұптық, топтық жұ- мыс ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі: алдыңғы тапсыр маның жалғасы болады. Оқушылардың өздері жазған туған өлкесі туралы сипаттау мәтіндерін постер арқылы таныту тапсырмасы арқылы шығармашылық қырларын дамыту көзделеді.
Тапсырманың орындалуы: тапсырманы топ- та орындау ұсынылады. Алдыңғы тапсырмада жазған мәтін мазмұнын және оқылған мәтін ойын постерге түсіру тапсырылады. Топта талқылаған- нан кейін ортақ ойларын постерге түсіру туралы бір шешімге келіп, постерлерін жоспарлайды. По- стер жасауға уақытты сынып мүмкіндігіне орай мұғалім өзі белгілейді. Дайын болған постерлерін сыныпта қорғайды. Постердің мазмұны, көр- кемділігі, таныстырылуы бойынша бағалау орын алады.

Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Әр топтың деңгейіне орай әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топпен орындалады.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Өзің тұратын өлкенің өзіне ғана тән 5 ерекшелі- гін жаз.
Қосымша тапсырма
Өлеңді оқы.
Өлең не туралы.
Ата мен немере арасындағы жылы қатынас туралы өз ойыңды айт.
Қымбат Әбілдәқызы Атам келгенде
Алақай, алақай! Келді атам ауылдан Көп хабар әкелді, Елдегі бауырдан.
Сұрадым атамнан, Ауылдың хал - жайын. Өзімдей баланың, Көңілі қандайын.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің туған өлкем
Аңыз түбі – ақиқат
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;
2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу.
ақбас бура, Күміскөл, қасиетті, «әулие жануар», боздау.
«әңгіме тауы» сызбасы.
шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
шығармашылық жұмыстар жасайды.
Оқулық: 58-59-беттер
Жазу дәптері: 48-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: берілген сурет ту- ралы, оған ат қойып суретпен жұмыс жасау және осы суреттегі көріністі басқа сипатта бере алу арқылы оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдылары артады.
Тапсырманың орындалуы: алдымен оқушы- лардың назары оқулықтағы суретке аудартылады. Суреттен не көргендерін оқушылар айтады. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылай- ды. Суреттегі табиғат көрінісі қазақ елінің қай жеріне тән екендігін сұрайды. Сынып айта алмаған жағдай- да мұғалім Көкшетау екендігін өзі айтады. Суретте- гі Көкшетаудың сипатын оқушылардың өздеріне айту сұралады, соңынан мұғалім толықтыру үшін сұрақтар қояды. Суретке ат қойылады.
Суреттегі табиғат көрінісі жаз мезгіліне тән, ал қыс пен күзде осы көріністер қалай берілетінін сипаттау тапсырмасы топта орындатылады. Сыныптағы екі топ күз мезгілін, екі топ жаз мезгілін сипаттайды.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: сурет бойынша жұ- мыс сыныппен орындалады, ал тапсырма соңын- да жұмыс топта орындауға ұсынылады.
Тыңдайық

Тапсырманың негіздемесі: аңызды тыңдап, аңыз мазмұны не туралы екенін анықтау арқылы оқушылардыңтыңдалым дағдылары қалыптаса- ды.
Тапсырманың орындалуы: Бурабай туралы аңызды тыңдауда алдымен мұғалім оқушылар- дың назарын оқулықтағы суретке аудартады. Су- рет арқылы не туралы тыңдайтындары болжана- ды. Ертегіні алғаш тыңдағанда мұғалім не туралы тыңдағандарын сұрайды. Оқушылар түсінгендерін айтқаннан кейін аудиомәтін екінші рет тыңдала- ды. Алдыңғы болжағандарын еске түсіріп және оқығандарымен байланыстырып, жұп арасында талқылайды.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі жұп арқылы саралау орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: Жұптық жұмыс ұсы- нылады.
Ойланайық
Тапсырманың негіздемесі: оқиға бөліктерін дұрыс орналастыра алу арқылы сабақта танысқан аңыз мазмұнын қолдану дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: сынып топтарға бөленеді. Алдымен аңыздағы оқиғаларды бөлік- терге бөледі. «Әңгіме тауы» сызбасы таратылады. Осы сызбаға аңыздағы оқиғалардың басталуын, дамуын, шарықтау шегін, шешімін түсіреді. Оқиға- ларды қысқаша екі сөйлеммен немесе суретпен беру ұсынылады. Топтардың орындаған тапсыр- масы тексеріледі. Қателерін өздері тауып, өзгерту- ге ұсыныстар беріледі.
Саралау мүмкіндіктері: тапсырма аралас топ- тар арқылы сараланады. Қабілетті оқушылар қа- білеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы бірдей нәтижеге жетеді.
Талқылайық
Сыныпты ұйымдастыру: Топтық жұмыс ұсы- нылады.
Тапсырманың негіздемесі: берілген пікірге өз ойларын айту арқылы сөздік қорлары қалыптаса- ды, пікірталас мәдениетін үйренеді.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім талқыға ұсынылатын ойды ортаға салады. Сыныптың үш бұрышына «келісемін», «келіспеймін», «қалыс қа- ламын» деген сөздерді жазып іліп қояды. Оқушы- лар осы пікір бойынша өздері таңдаған бұрышқа барады. Өзімен пікірлес балалармен бірге бұл бұрышты таңдау себебін талдайды. Ортақ ойла- рын сыныпқа айтады. Мысалы «ақбас бура туралы аңыз шындыққа жанаспайды» деп келіспейтіндер тобы келіспеу себебін санамалап, өз дәлелдерімен айтуы керек. Үш топты таңдағаннан кейін пікірін өзгертетіндер болса, бұрыш өзгертуге болады, бірақ не үшін өз ойын өзгертетінін айтып өтеді.
Мұғалім оқушыларды бағыттап, көмек береді. Жауап толық болмаған жағдайда, мұғалім сұрақты жеңілдетіп қайтадан қояды.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша са-

ралау орын алады. Қабілеті төмен оқушыға жауап беруде көмек болатын сөз тіркесі немесе сөздер тізбегі суретпен немесе картаға жазылып көр- сетіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: Тапсырманы топта орындалады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтар дайында және жауап бер.
«Ыстық орындық» рөлдік ойыны ойналады. Аңыз мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды, таңдалған балаға сұрақтар қойылады.
Қосымша тапсырма
Жер-су атаулары бойынша қандай аңыздар білесің?
Қосымша дереккөздер өзі білетін атаудың қой- ылу себебі туралы аңызды тауып, сыныпта айту тапсырылады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің туған өлкем
Даналық даламнан дарыған
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу;
2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау.
тәккаппар, шешен, би.
парақтар, сахнадағы рөлге қажетті киімдер.
қосымша деректерден ақпарат ала алады;
шешендік сөздерді өз сөзімен мазмұндайды.
Оқулық: 130-131-беттер
Жазу дәптері: 49-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: оқушылар өз ой- ларын ортаға салып, топта талдап ортақ шешімге келу арқылы жинақтау дағдысы қалыптасады.
Тапсырманыңорындалуы:тапсырмада
«дастарқан» стратегиясы қолданылады. Топ мүше- лері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ор- тақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған па- раққа тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауа- бымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. Саралау мүмкіндіктері: аралас топтар арқылы саралау орын алады. Топтағы оқушылардың дең- гейі әртүрлі болуы тапсырманың нәтижелі болуы
мүмкіндік жасайды.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада "Бейнелеу өнері" пәнімен жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма топпен орындалады.

Көрейік

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма арқылы қосымша дереккөздермен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады және тақырыпқа сай шешендік сөз- дер туралы ақпарат жинайды.
Тапсырманың орындалуы: мұғалім сыныпты дереккөздермен қамтамасыз етеді. Шешендік сөз- дер туралы бейнематериал көрсетеді. Оқушылар бейнематериалдан немесе тыңдалған мәтіннен шешендік сөздер жайында ақпаратты жазып, жи- нап отырады. Топта мазмұнын меңгеру мақсатын- да бір-біріне айтады. Түсініксіз болған сөздермен жұмыс жасайды, сынып бөлмесіндегі түсіндірме сөздіктен іздейді.
Саралау мүмкіндіктері: ресурс бойынша са- ралау жүзеге асады. Қабілеті төмен оқушыларға сөздікпен жұмыста, түсінбеген сөздер бойынша мұғалім көмек жасайды.
Сыныпты ұйымдастыру: Топтық жұмыс ұсы- нылады.
Кел,сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі: тыңдаған немесе көрген шешендік сөздер туралы мағлұмат бой- ынша ақпараттарымен бөліседі. Қандай маңызды ақпараттар естігендерін топта талқылайды.
Тапсырманың орындалуы: топтарда оқушы- лар маңызды деген ақпаратты кезектесіп айтып, А3 парағына жазады. Әр топ сынып алдында бір ақпараттан айтады. Қандай топ көп ақпарат жи- нағаны анықталады. Сол жиналған ақпараттың маңыздылығына қарай топтастырады. Топ-топқа тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтар дайындайды. Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады, әрбір топтағы оқушылардың жинаған ақпаратының маңыздылығына байланы- сты топтастыруы ескеріледі. Сонымен қатар жи- наған ақпараттың санына да байланысты сарала-
нады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма толыққан- ды орындалуы үшін мұғалім топтарды ресурстар- мен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Оқиық
Топтық жұмыс ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Мәтіннің мазмұнын түсінуге негізделген.
Тапсырманың орындалуы: Шешендік сөзді мұғалім өзі оқып береді. Одан соң мұғалім оқу техникаларын қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше оқуға тартады. Сөздерді оқу стратегиясы оқушыларға шешендік сөздің мағынасын түсініп, мағынасын өз ашып айтуға көмектеседі. Жаңа сөздің мағынасы бар ма? Анықталады. Сонан соң балалар әңгімені іштей оқып танысып шығады. Оқып шығу үшін оқушыларға уақыт беріледі. Оқып болғаннан кейін төмендегі сұрақтарға жауап береді:
Ақыл, білім неге ауыр? Оқу, ғылым неге терең?
Адамның өмірі неге оттан ыстық? Тәкәппар адам дегеніміз қандай адам? ЖЕРДЕН АУЫР НЕ?
Бала би қартайған шағында халқын жиып: Жерден ауыр не?
Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не? – деп,
төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Бала би өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім. Судан терең дегенім – оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: оқушылардың мәтін- ді оқып отырғанда бір-біріне бөгет жасамауын қа- дағалау керек.

Өзгертейік
Тапсырманың негіздемесі: алдыңғы тапсы- рмаларда шешендік сөздердің ерекшелігі мен құрылымымен таныстығы болғандықтан, бұл тапсырмада берілген Бала бидің шешендік сөзін өз пікірімен өзгертіп жазады.
Тапсырманың орындалуы: алдымен шешен- дік сөз бойынша әңгімелеседі. Сосын оқушылар Бала бидің жауабын өз ойыңша өзгерту ұсыныла- ды. Сен қалай ойлайсың?
Оттан ыстық не бар? Көктен биік не бар?
Жауап үлгісі: Менің ойымша, оттан ыстық ананың құшағы, оттан ыстық Отан т.б.
Менің ойымша, Көктен биік – арман, қиял бо- лады.
Сосын өз пікірлерін топта дәлелдейді. Мұғалім шешендік сөзді әрі қарай жалғастырып, топ оқушыларына:
Дүниеде: не жеңіл? не тәтті? не қатты?
деген сұрақтар қояды. Топ оқушылары жауап беріп, жауаптарын дәлелдейді
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі топтар арқылы саралау орын алады. Қабілетті оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қолдау жасап, нәти- желі жұмыс болады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Қазақ тілі», «Сөз өнері» пәндерімен байланыс жүр- гізіледі. Байланыс орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: топтық жұмыс ұсы- нылады.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Шешендік сөз ерекшелігін балық сызбасына түсір.
Балықтың басына не туралы болатынын, үстіңгі қабырға сүйегіне ерекшеліктерін, астыңғы қабырға сүйегіне осы ерекшеліктерінің себебін, құйрығына қандай қорытынды ойлар болатынын жазу ұсыны- лады.
Қосымша тапсырма
Бір шешендік толғаудан үзінді жатта.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің туған өлкем
Елімнің даналары
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;
2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру;
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
абыз, бата алу, солқылдақ шыбық, ауызбірлік.
парақтар, бояу қарындаштар.
мәтіннің үзіндісі арқылы оқиғаның соңын болжай алады;
мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құра алады.
Оқулық: 132-133-беттер
Жазу дәптері: 50-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Әңгімелесейік

Тапсырманың негіздемесі: оқушылардың би- лер мен шешендер туралы не білетіндерін және оларды халықтың шешен деп тануының себеп- терін ортаға салу арқылы тақырып бойынша білетін мағлұматтары жинақталады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардың назары оқулықтағы суретке аудартылады. Сурет- тен не көргендерін оқушылар айтады. Олардан қазақтың дана үш биі туралы не білетіндері сұра- лады. Оқушылар би-шешендер туралы білетін мағлұматтарын ортаға салады.
Осы би-шешендерді халық дана, шешен, ретін- де тануының себебі неде деп ойлайсыңдар? – де- ген сауал бойынша ойларын сәйкестік аймағы арқылы талдайды. Берілген А3 парақтарына ор- таға қойып, өз ойларын өз бөлігіне жазады. Ой- ларын топта айтады да, ортақ шешімге келіп ор- тадағы аймаққа жазады. Жұмыстарын сыныпта таныстырады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: топпен жұмыс ұсы- нылады.

Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: берілген мәтін үзі- гімен болжам жасау арқылы сыни ойлау дағдыла- ры артады.
Тапсырманың орындалуы: алдымен оқушы- лардың назары оқулықтағы суретке аудартыла- ды. Суреттен не көргендерін оқушылар айтады. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Онда сурет арқылы оқушылардың қандай болжам жасайтыны тыңдалады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: жеке жұмыс ұсыны- лады.
Тыңдайық

Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- ның тыңдалым дағдысын дамытуға арналған. Тыңдалым мәтінінің мазмұнын анықтап, мазмұны- на жоспар құру арқылы оқушының тыңдалымды түсінуіне мүмкіндік жасалады.
Тапсырманың орындалуы: аудиомәтін бірін- ші тыңдалғанда, сыныптан не туралы, қандай оқиға болғаны ғана сұралады. Екінші тыңдалғанда жұптар аңыз мазмұнын өзара айтады. Суретпен байланыстырып әңгімелейді.
Жұптар мазмұнды топта айтады. Мазмұныды шолып шыққанннан кейін ұсынылған оқиғалар- ды реті бойынша қойып шығу тапсырылады. Оқу- лықтағы берілген сөйлемдер парақтарға шыға- рылып қиықтармен беріледі. Топта сөйлемдерді оқиға реті бойынша қойып шығады. Топтар орнын сағат тілімен ауыстырады. Жұмыстар өзара топтар арасында тексеріледі.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқушыларды топтау арқылы саралау орын алады. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп нәтижелі болады.
Сыныпты ұйымдастыру: жұмысты жұппен, топпен орындау ұсынылады.
Аудиомәтін
Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сынды- ра алмайды.
Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
Бұдан не түсіндің, балам? – дейді. Сонда Төле бала:
Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ын- тымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала ал- майды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
Ойымызбен бөлісейік
Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа ба- рамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.
Тапсырманың негіздемесі: шешендік сөз мазмұны бойынша кейіпкерге мінездеме беру арқылы сыни ойлау дағдылары артады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар тапсы- рманы топта орындайды. Екі топқа әкесіне, екі топқа Төле биге мінездеме беру тапсырыла- ды. Мінездемені сызбамен жазу ұсынылады. Өз жазғандарын сыныпқа таныстырады, толықтыра- ды. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Төле бидің дана болып қа- лыптасуына әкесінің әсері туралы жұп арасын- да айтады, топта ойларын ортаға салып, ортақ шешімдерін сыныпта айту сұралады.

Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады.
Сыныпты ұйымдастыру: топпен жұмыс ұсы- нылады.
Көрсетйік
Тапсырманың негіздемесі: тапсырма оқушы- ның айтылым дағдысын дамытуға арналған. Берілген білім мазмұны бойынша ойын жинақтап, өз ойларын оқиға арқылы бере алуға мүмкіндік жасалады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылардан шешендік сөздегі Төленің әкесіне берген сауалы- на өздері қалай жауап беретіндіктері сұралады. Оқушылардың ойлары тыңдалғаннан кейін өздері айтқан ойларды оқиға арқылы қалай түсіндіруге болатыны сұралады. Тапсырманы топта ойланып, осы сауалға жауап болатын оқиғаны плакатқа түсіру ұсынылады. Плакатта оқиғаның баста- луы, дамуы, шешімі бөліктермен берілу талабы ескертіледі. Көркем суретпен ғана емес, әңгіме арқылы беруге болатыны айтылады. Соңында жұ- мыстары таныстырылады. Әр жұмыс ең үздік, ең қызықты деген атаулармен марапатталады.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқушыларды топтау арқылы саралау орын алады. Топта бір-біріне қолдау көрсетіп, нәтижелі бола- ды.
Сыныпты ұйымдастыру: жұмысты жұппен орындау ұсынылады.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Бірлік, ынтымақ туралы мақал-мәтел жатта.
Қосымша тапсырма
Бата алу туралы қосымша деректер ізде. Бір бата үлгісін жатта.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің туған өлкем
Елге еңбек еткен де – ерлік
Тірек сөздер:
Сабақтың соңында оқушылар:
Оқу мақсаты:
2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу;
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.
мысалды рөлмен мәнерлеп оқи алады;
кейіпкердің мінез-құлқына қарапайым тілмен пікірін білдіреді.
сайран салу, қанасына сыймау, тұлға болмау, тегістік, абырой.
Оқулық:64-67-беттер Жазу дәптері: 51-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Ойымызбен бөлісейік

Тапсырманың негіздемесі: берілген тапсыр- маны орындау арқылы оқушыны тақырып туралы ойларын жинақтауға, өз ойларын айту және жұп арасында айтылған ойды жалғастырып айта алу дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: тапсырма «әт- кеншек» әдісі арқылы жүргізіледі. Жұптағы екі оқушы бір-біріне қарсы қарап отырады. Бірінші оқушы бірінші сұрақ бойынша өз ойын толық ай- тады. Ол оқушы өз ойын бір минут айтады. Уақыт аяқталғанда екінші оқушы алдыңғы оқушының пікірін ескере отырып, екінші берілген сұрақтың жауабын жалғастыра отырып беру талап етіледі. Екінші оқушы да бір минут сөйлейді. Берілген екі сұрақ бойынша жұбымен пікір алмасады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Оқушы қабілетіне орай әртүрлі нәтиже күтіледі.
Мәнерлеп оқы
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма жұппен орындалады.
Тапсырманыңнегіздемесі:мысалмазмұ-
нымен танысып, кейіпкер табиғатына сай мәнер- леп оқуда оқушы кейіпкердің мінез сипатына сын көзімен қарауы арқылы оқушының ойлау дағды- сы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: алдымен мысал- ды жеке оқып танысады. Жұп арасында мағынасы ауыр сөздерді анықтап, өздері түсіну үшін сөздікпен жұмыс жүргізеді. Мысалда қандай кейіпкерлер бар, олар кімдер, сипаты қандай топта талдайды. Рөлдерді бөліп алып, дауыс мәнерін, көңіл күйін бере алу үшін жаттығады. Топтар кезектесіп оқиды. Саралаумүмкіндіктері:қабілетібірдей оқушыларды бір топқа жинау арқылы арқылы са- ралау орын алады. Нәтижесінде әр топтан әртүрлі
нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: топтық жұмыс ұсы- нылады.
Анықтайық

Тапсырманың негіздемесі: мысал мазмұ- ны бойынша кейіпкерге мінездеме беру арқылы сыни ойлау дағдылары артады.
Тапсырманың орындалуы: оқушылар тапсырманы топта орындайды. Екі топқа қаң- баққа, екі топқа бидайға мінездеме беру тапсы- рылады. Мінездемені парақтарға сызба арқылы жазу ұсынылады. Өз жазғандарын сыныпқа та-
ныстырады, толықтырады. Мұғалім толық ай- тылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Қаңбақтың әрекеті мен мінез-құлқы мысалға ала отырып, адамның осындай жағымсыз әре- кеттерін сынап отырғанын мұғалім түсіндіреді. Осы түсініктен кейін өздеріне берілген кейіп- кердің мінез құлқын адам бойынан кездестіру- лері, олардың көрінісі туралы топта талқылау жасайды. Мысалдың негізгі мақсаты осындай жағымсыз әрекеттерді мысалға ала отырып, өнеге қалдыру екендігі айтылады. Осы мысал- дан қандай ой түйгендерін түйінді ой тақыры- бымен жазып, сыныпқа таныстырады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады.
Есіңе сақта!
Сыныпты ұйымдастыру: Топпен жұмыс ұсы- нылады.
Тапсырманың негіздемесі: берілген мысал мәтіні арқылы мысалға тән белгілерді анықтау арқылы әдеби-теориялық ұғым беріледі.
Тапсырманың орындалуы: оқушыларға «Би- дай мен қаңбақ» мәтіні мысал жанрына жататы- ны айтылады. Мысалдың ерекшелігін тану үшін топта талқылау ұсынылады. Топта мәтінге қарай отырып мысалдың ерекшелігін өрмекші сызба- сына түсіреді. Барлық топтар өз сызбасын галле- реяға іледі. Сызбаларды аралай жүріп танысады. Стикер арқылы пікірлерін, ескертулерін жазады. Соңынан өз жұмыстарын қайта алып, ескертулер мен пікірлер бойынша қайта қарастырады.
Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқушыларды бір топқа жинау арқылы арқылы са- ралау орын алады. Нәтижесінде әр топтан бірдей деңгейдегі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: Топтық жұмыс ұсы- нылады.

бойынша қаңбаққа кеңес беру арқылы оқушы- ның алған білім мазмұнын бағалауы, ойларын жинақтау дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: осы мысал арқылы қандай ой түйгендері сұралады. Сыныпта өз пікірлерін білдіргеннен кейін «Осы мысалдағы кейіпкер қаңбаққа қандай кеңес берер едің?» де- ген сауал тасталынады. Мұғалім «қаңбаққа кеңес» деген атауы бар парақтар дайындап, оқушыларға таратады. Онда үш кеңес жазуға арналған орын беріледі. Оқушылар өз кеңестерін жазып, сынып- та оқып таныстырады.
Саралау мүмкіндіктері: нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетіне орай әр оқушыдан әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: жеке жұмыс ұсыны- лады.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Қаңбақ пен бидайға 5 жолды өлең жаз.
Қосымша тапсырма
Қаңбақ пен бидайдың жауаптасып тұрған су- ретін сал. Олардың мінез-құлқын танытуға тырыс.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Бөлісейік және жазайық

Тапсырманың негіздемесі: мысал мазмұны
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі/ кестеге салу;
2.3.2.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар;
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды ( салыстыру, теңеу, кейіптеу) табу.
құрай алады;
Менің туған өлкем
Туған жерге туың тік!
Сабақтың соңында оқушылар:
Қажетті ресурстар:
Тірек сөздер:
Оқу мақсаты:
тақырыпқа сәйкес жинақтардан қосымша ақпарат алады.
жұпар, ақ күмістей, көркем.
туған жер туралы өлеңдер жинағы, кітапша жасауға арналған парақтар.
дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар
Оқулық: 68-69-беттер
Жазу дәптері: 52-бет

Сабаққа қатысты нұсқаулар
Оқиық

Тапсырманың негіздемесі: мәтіндегі сөз- дердің мағынасын тану және мәтінді бірге бір ырғақпен оқу арқылы оқушының мәнерлеп оқу дағдысы дамиды, өлең ерекшелігі ырғақ пен ұй- қас туралы ұғым қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы: мәтін оқылады. Оқушылардан қандай мәтінмен танысқандығы сұралады. Оқушылар өлең мәтіні тыңдалғанын, жанры поэзия екендігін айтады. Өлең не туралы екендігін жұбымен ой бөліседі.
Өлеңге сай дауыс ырғағын, тонын таңдайды. Әр тармақ пен шумақтағы өлең мағынасына сай көңіл күйді танытады. Әр топтың жұмысы сынып алдында ұсынылады.
Саралау мүмкіндіктері: диалог бойынша сара- лау орын алады. Қабілеті төмен оқушыларға ашық сұрақтар қойылып, жауап беруге мүмкіндік жаса- лады.
Сыныпты ұйымдастыру: Жеке жұмыс ұсыны- лады.

Анықтайық

Тапсырманың негіздемесі: сұрақтарға жа- уап беру арқылы өлең мәтінін түсінгені тек- серіледі және мәтінмен сөздік жұмысы орын алады.
Тапсырманың орындалуы: өлеңді еске түсіруден бастаймыз. Өлеңді жатқа айта алған қа- білетті оқушылар болса, өлеңді мұғалім бастап, ілесе айтуға шақырылады. Өлең мәтіні бойынша берілген сұраққа жауап береді. Жауап беруде сы- ныппен бірге талқылаған тиімді саналмақ.
Туған жердің өлеңде сипатталуын мәтіннен та- уып оқиды. Неге осы сөзбен сипаттағанына өз ой- ларын айтады.
Саралау мүмкіндіктері: Диалог бойынша са- ралау орын алады. Қабілеті төмен оқушылар сұраққа жауап беруге қиналса, мұғалім сұрақты жеңілдетіп қояды.
Сыныпты ұйымдастыру: тапсырма сыныппен бірге орындалуға ұсынылады.
126 4-тарау. Менің туған өлкем
Жасайық
Тапсырманың негіздемесі: өлеңдер кіта- бынан тақырыпқа қатысты шағын өлеңдер таңдап өз кітапшасын жасайды, ол кітапшасын сыныпқа таныстыру арқылы оқушы қосымша әдебиеттер- мен жұмыс жасай алуға дағдыланады.
Тапсырманың орындалуы: сынып топтарға бөлінеді. Әр топқа өлеңдер кітабы беріледі. Өздеріне берілген өлеңдер жинағы кітабынан тақырыпқа сай өлең тауып, кітапша жасау сұра- лады. Өлең таңдауда мұғалім көмек береді, жасаған кітапшаны сыныпқа таныстырылым жасауда мұғалім бағыттайды. Өлеңді сыныпқа таныстыруда топтың тапқырлығы мен шығар- машылығын танытуына қолдау көрсетіледі.
Саралау мүмкіндіктері: ресурстар арқылы са- ралау жүзеге асады. Өлеңді таңдауда, тақырыпқа сай болуын қарауда мұғалім ресурстармен қолдау көрсетеді.
Ойланайық
Сыныпты ұйымдастыру: Топтық жұмыс ұсы- нылады.
Тапсырманың негіздемесі: алдыңғы тапсыр- маның жалғасы болып табылады. Өздері топпен таныстырған өлеңдеріндегі көркем сөздерді табу арқылы мәтін тілімен жұмыс жасау дағдысы қа- лыптасады.
Тапсырманың орындалуы: алдымен сыныпқа көркем сөздерді еске түсіртіледі. Көркем сөздер түрлерін анықтап алғаннан кейін, өлеңдеріндегі көркем сөздер картасын жасайды. Көркем сөздер картасында өлең мәтініндегі көркем сөздің мағы- насын немесе басқа қандай сөзбен ауыстыруға болатынын кестемен береді. Оқушыларға карта жасауға парақтар беріледі. Өздері жасаған карта- ны сыныпқа таныстырады.
Саралау мүмкіндіктері: егер топтағы оқушы- лардың мүмкіндігі мол, қабілетті екендігі байқал- са, оларға көркем сөздерге синоним немесе анто- ним жазу да ұсынылады.
Пәнаралық байланыс: тапсырмада «Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі.
Сыныпты ұйымдастыру: топтық жұмыс ұсы- нылады. Тапсырма толыққанды орындалуы үшін мұғалім топтарды ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Жазайық
Тапсырманың негіздемесі: ұсынылған өлең ұйқасын пайдаланып немесе әр тармақтан бір сөзін ауыстырып өлеңді өзгертіп жазу арқылы оқушы шығармашылыққа бағытталады.
Тапсырманың орындалуы: өлең ұйқасы та- ныстырылады. 1, 2, 4 тармақ ұйқасы ұсынылып, ал 3 тармақ өлең мазмұнына сай еркін берілгенін айтылады. Алдыңғы тапсырмада жасаған көркем сөздер картасын қолданады.
Саралау мүмкіндіктері: жылдамдық бойынша саралау орын алады. Қабілетті оқушылар шапшаң орындап аяқтаса, қабілеті төмен оқушыларға орындауға қосымша уақыт беріледі.
Сыныпты ұйымдастыру: топтық жұмыс ұсы- нылады.
Білімдібекітугеарналған тапсырма
Туған жерге деген ыстық сезімдеріңді білдіретін сөздер тізбегін жаса.
Осы сөзтізбегін пайдаланып, туған жерге деген махаббатыңды жарнамала.
Қосымша тапсырма
Туған жер туралы 3 мақал-мәтел жатта.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Менің туған өлкем
Тараудың қорытынды беті
Оқудың қорытындысы
Сен не білдің?
Тапсырманың негіздемесі: тарау бойынша оқушының айтылым дағдысын қалыптастыратын тапсырма. Тапсырманың орындалуы: Қазақстан Республикасы туралы өз ойларын айту сұралады. Берілген үлгі бойынша ойын айтуға беріледі.
Менің елім .............
Оның ерекшелігі ...............
Оның табиғаты .............
Қосымша тапсырмалар
Жоғары көзде
Тапсырманың негіздемесі: өз туған өлкесін таныстыру арқылы жазылым дағдысы қалыптасады. Тапсырманыңорындалуы:оқушыданшетелдікдосынаөзініңтуғанжерінтаныстыру мақсатында ғаламтор арқылы хат жазу сұралады. Хат шағын әрі түсінікті болу қажет.
128
1-тарау. Өзім туралы
Жазбалар үшін
Жазбалар үшін

Оқу-әдістемелік басылым
Р.Ж. Кабдолла, А.К. Шадетова Әдебиеттік оқу
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 1-бөлім
2-сынып
Сынама нұсқа
Редакторы Ж.Б. Сентаева, Ә.Т. Жұмағұлова, М.С. Мухамбедьярова
Техникалық редакторы С.М. Жапарова Макеттің дизайнері Л.С. Сарқытбаева Корректор Г.С. Исаева
Көркемдеп-беттеу «Назарбаев Зияткерік мектептері» ДББҰ орталығында жасалды.
Басуға 00.00.2017. қол қойылды. Пішімі 60х90/8. Сандық басылыс. Қаріп түрі “Hypatia Sans Pro“.
Қағазы 80г. Шартты баспа табағы 16,5. Шартты бояулы беттаңбасы 4,1.
Есептік баспа табағы 8,0. Таралымы 27 дана. Тапсырыс №
010000, Астана қаласы, 31-көше. 37А ғимарат: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Адрес тип

Приложенные файлы

  • docx 9484600
    Размер файла: 685 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий