Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі — копия


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Төреқұлова Әйгерімнің 17.10 – 30.10.2016жыл аралығында Төле би атындағы
№8 мектеп гимназиясында өтілген үздіксіз практикадан жинақтау портфолиосы

Аты-жөні: Төреқұлова Әйгерім Мейрамбекқызы
Туылған күні:14.06.1997жыл
Факультеті: Филология
Мамандығы: Екі шетел тілі
Тобы: ШТ-15-1В
Практика жетекшісі: Төрекеев Бақытжан
Портфолио жасақталған уақыт:17.10-30.10.2016ж
Тараз 2016жыл
Төле би атындағы №8 мектеп гимназиясы



Гимназия тарихы
   
 
    Төле би атындағы №8 қазақ орта мектебі 1992 жылы 1 шілдеде ашылды. Ашылған күннен  мектеп оқу-тәрбие үрдісінде оқушының дарындылық қабілетін дамытуды қолға алды.
  1992-1993 оқу жылынан бастап Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтымен пәндерді тереңдетіп оқытуда эксперименттік байланыс жасалды. Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі мектебіміздің жақсы көрсеткіштерге жетуіне негіз болды.
    1997 жылы мектепке  гимназия статусының лицензиясы берілді.
Мектеп-гимназия 1999 жылдан бастап «Мұғалімдерді кәсіптік жетілдіру» институтының базалық мектебі болды.
     2001 жылы гимназия статусының ББ-5467 ұзақ мерзімді лицензиясына ие болды. 
860 оқушыға арналған мектепте бүгінгі таңда 55 сыныпта - 1625 оқушы білім алуда. 
    Гимназия  алты  күндік  жұмыс аптасы, 2 ауысымда, циклдік режимде жұмыс істейді.
    Гимназия 2007 жылы облыстық «Жылдың таңдаулы мектебі» атағын алды.
     “Алтын белгі”  төсбелгісі иегерлері –51, 
     “Ерекше аттестат” иегерлері – 136,
     “Болашақ”  бағдарламасы бойынша  грант иегерлері  - 14
(Англия, Қытай, Германия, Жаңа Зеландия, Шотландия, Мәскеу, АҚШ)
“Аccels” бағдарламасының жеңымпаздары –  5  (Англия, АҚШ)
“RAD” бағдарламасының грант иегері – 1 (Германия)             
Гимназия 5 жыл бойы ҰБТ қорытындысы бойынша Республиканың «Ең үздік 100 мектебі»  қатарына енді. 
    2011-2012 оқу жылы ҰБТ қорытындысында оқушылары жоғары балл алған мұғалімдер: Демегенова Д.(қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Наметова Р., Оразкулова Г.,Солтанаева С (тарих пәні мұғалімдері), Ахтамбердиева А.,Байталиева З. (орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері), Пашенова Б. ( физика пәнінің мұғалімі), Ақымбекова Л. (биология пәнінің мұғалімі), Ғарипуллаев Ә.Ә. (Дүние жүзі тарихы) Тұнғышбаева Л. (ағылшын тілі пәнінің мұғалімі), Баяхметова Д. (география пәнінің мұғалімі).
    2010 жылы МАБ қорытындысы бойынша 4 және 9 сынып оқушылары   100 % білім сапасын көрсетті. 9-сыныпта орта балл 26,5-ті құрап, республикадағы алдыңғы 100 мектеп қатарына енді.
 
Төле би атындағы №8 гимназия туралы мәлімет
 
    Төле би атындағы №8 қазақ орта мектебі 1992 жылы 1 шілдеде ашылды. Ашылған күннен мектеп оқу-тәрбие үрдісінде оқушының дарындылық қабілетін дамытуды қолға алды.
    1992-1993 оқу жылынан бастап Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтымен пәндерді тереңдетіп оқытуда эксперименттік байланыс жасалды. Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі мектебіміздің жақсы көрсеткіштерге жетуіне негіз болды.    1997 жылы мектепке гимназия статусының лицензиясы берілді..860 оқушыға арналған мектепте бүгінгі таңда 56сыныпта - 1749 оқушы білім алуда.Гимназия алты күндік жұмыс аптасы, 2 ауысымда, циклдік режимде жұмыс істейді.
 
Мультимедиалық кабинет-1;Жаңаша жабдықталған
физика кабинеті - 1;
химия кабинеті – 1;
биология кабинеты- 1.
Шеберхана-2: ағаш шеберханасы-1,тігін шеберханасы-1;
Кітапхана-1.Мәжіліс залы – 1, ондағы орындық саны –150;Би залы-1;
Спорт залы -1;
Спорт аланы -2 ( баскетбол, футбол)
Дәрігерлік кабинет -1;
Асхана -1
Сынып: 10 “А”
Сынып жетекшісі: Кушербаева Эльмира
Сынып тізімі:
Аты-жөні Туылған күні
1.Азреткулов Р. 20.12.00
2.Асқанұлы Н. 27.09.00
3.Әбдірез А. 03.02.01
4.Әбітай Т. 09.01.01
5.Әділхан А. 23.06.01
6.Әділхан С. 18.05.00
7.Ваисбеков З. 27.05.00
8.Дәулетов Д. 27.01.01
9.Елемесов Ұ. 12.04.01
10.Елшібек Ж. 23.10.00
11.Есіркепов А. 14.01.01
12.Имаділдә Ә. 29.07.01
13.Кенжалин А. 04.07.00
14.Керімқұлов Д. 24.12.00
15.Қабылбаев Б. 15.08.01
16.Мейрамбек А. 11.07.00
17.Мұратова Ә. 25.11.00
18.Несіпбаева Ж. 31.12.00
19.Нұржанова А. 27.07.01
20.Сержанов Б. 10.03.01
21.Сман Ә. 15.04.01
22.Сұлтанбаева А. 12.07.01
23.Терекбаева С. 13.08.01
24.Тоқтаева А. 06.05.01
Сынып мінездемесі

Сыныпта 24оқушы. Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепішілік, сынып аралық іс – шараларға сынып толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған. Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік дастарқан түрінде өткізеді. Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады. Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады.Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.
Сынып жетекшісі: Кушербаева Эльмира
Сыныптың үздік оқушысына мінездеме
Тоқтаева Әйгерім Сейдіақпарқызы мамыр айының 6-шы жұлдызында 2001жылы дүниеге келген. Осы мектепте 5-сыныптан бастап оқиды.Айгерімнің мінезі – ашық,жүрегі - кеңпейілді оқушы деуге болады. Айгерім осы мектепке келгелі оқуда озат, үздік оқушы болып келеді. Ол мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс - шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді. Айгерім әдеби кітаптар оқығанды ұнатады, үйінде ата - анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі. Оның сүйікті пәні – химия, биология және ағылшын. Жалпы барлық пәнді өте жақсы оқиды. Болашақта дәрігер болғысы келеді және де жеті түрлі тіл білгісі келеді. Айгерім өте талапты қыз. Бұл оқушының болашақта өз мақсатына жететініне сенімдімін және сәттілік тілеймін.
Сынып жетекшісі: Кушербаева Эльмира
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне –100 жыл
Студент: Төреқұлова А.
Сынып жетекшісі:Кушербаева Эльмира
Тараз 2016жыл
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне –100 жыл
Биылғы, 2016 жылғы, ең үлкен, әрі маңызды мерейтойымыз – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық тойы. Осы Тәуелсіздікке, азаттыққа қол жеткізген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдық тойы. Қазақ халқы азаттық үшін ХХ ғасырдың аяғында ғана күресіп қойған жоқ. Өмір бойы күресіп келді. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісіне шықты. Оған биыл – 100 жыл толады. 
Бостандық сүйгіш қазақ халқы Тәуелсіздік үшін ылғи да сыртқы жаумен аянбай күресіп келді. Жоңғарлармен жан алысып, жан беріскен соғыстан әбден әлсірегенде қазақ жерін Ресей отарлап алды. Бірақ халқымыз онда да басын иіп, мәңгілік құл болуды ойлаған жоқ. Патшалық Ресей кезінде ірілі-ұсақты 300-дей ұлт-азаттық күресін бастан кешірді. Солардың ірілерінің бірі – 1916 жылғы кекті, ұлт-азаттық көтерілісі болды.Көтеріліске шығуға халық арасында «Июнь жарлығы» негіз болды. Бұл жарлық бойынша 19 бен 31 жас аралығындағы қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу көзделген еді. Нәтижесінде, майданға бала бермеуге бекінген қазақ халқы көтеріліске шықты. Көтерілістің ең ірісі – Амангелді Иманов бастаған «Торғай көтерілісі» еді. Мұндай бас көтерулер қазақ даласының әр жерінде тұтанып, Жетісу, Сырдария, Ақмола, Семей, т.б. әкімшілік губернияларда халықтың толқуы орын алды. Мысалы, Жетісудағы көтерілістің бірі – «Қарқара көтерілісі» болды. Бұл көтеріліске Ұзақ батыр мен Жәменке би басшылық етті. Көтерілісті басып-шаншыған соң Ұзақ батырды сотсыз, тергеусіз атып тастады. Ал Жәменке биді у беріп өлтірді.Жетісудағы екінші көтеріліс, қазіргі Алматы облысының Қарасай батыр мен Жамбыл ауданының аумағында болды. Оны басқарған Бекболат Әшекеұлы мен белгілі революционер Тоқаш Бокин еді. Бұл көтеріліс те басып-шаншылған соң Бекболат Әшекеұлын Алматыда дарға асты. Тоқаш Бокинді Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өшіккен жаулары тірідей өртеп жіберді. Ал көтерілісшілердің қолға түскендерін жазалаушы отряд. Тірі қалғандары Қытайға ауып кетуге мәжбүр болды.1916 жылғы патшалы Ресейдің астамшылық, отарлау, озбырлық саясатына қарсы көтеріліс бұрынғы Семей губерниясы, қазіргі Шығыс Қазақстан аумағында да болды. Мысалы, Өскемен уезі «Тойынты тарғын» болысындағы көтерілісті Күркебай батыр мен оның баласы Базар басқарды. Екеуі де «құралайды көзге атқан» мерген болған. Көтеріліс жеңілген соң бұлар Алтай тауына барып бекініп, ары қарай Тарбағатай тауы арқылы Қытай асып, соңында Құлжа аймағына өтіп кетеді.Осы Семей губерниясына қарасты Ақсуат жерінде Мүрсәлім Бектенұлы бастаған көтеріліс бұрқ ете қалды. Жазалаушы отрядпен бірнеше рет бетпе-бет келіп, нашар қаруланған көтерілісшілер жеңіске жете алмайтындарын білген соң, соғыса отырып Қытай асып кетті.Ақсуат жерінде «Майданға бала бермейміз» деп қарсылық көрсеткен адамның бірі – Тоғас Нұғыман болыс болды. Нұғман болыс жағдайды жан-жақты саралай келе қарулы қақтығысқа бармауға бекінеді. Себебі бұларда 2-3 аңшы мылтығы ғана бар. Қалғандары шоқпар, айыр, күрек сияқты қару болмақ. Бұндай қарумен басынан бақайшығына дейін отты қарумен қаруланған жазалаушы отрядқа төтеп беру мүмкін емес. Босқа қырылады. Ойластыра келе, майданға бала да бермей, қарулы қақтығысқа түсіп қан төгуді қажет етпей, елін бастап барлық тізім-құжаттарын жиып алып Қытайдың Шәуешек қаласы маңына асып кетеді. Сөйтіп, елін қырылудан аман алып қалады. Тоғас елінің болысы Нұғыман Жұбанышұлы Кеңес өкіметі орнаған соң: «Біз патшаға қарсы шықтық. Коммунистер патшаны құлатты. Мақсатымыз бір болды» деп Ақсуатқа, туған жерлеріне қайтып оралады. Бірақ коммунистер Нұғыман болысты «сен орысқа қарсы шықтың» деп атып тастайды. Бұны көрген, естіген, енді еліне қайтайық деп отырған Тоғас руластары Қытайдан келмей қалады. Бұлардың ұрпақтарының алды 1954-1962 жылдары, соңы енді «оралман» аталып келіп жатыр.Әрине, қолдарында бірлі-екілі аңшы мылтығы, қалғандары сойыл мен шоқпардан басқа қаруы жоқ кішігірім көтерілістер тез басылып тасталды. Басшылары ұсталып, атылды-асылды, тірі қалғандары жан-жаққа бытырап кетті. Тек қана Амангелді Иманов бастаған көтеріліс алдымен «Ақпан төңкерісіне», одан кейін «Қазан төңкерісіне» ұласты. Осыдан кейін, Ресей капиталистік даму формациясынан социализмге өтті. Ресейдің қол астындағы басқа елдер де социалистік құрылымды қабылдауға мәжбүр болды. Сөйтіп, КСРО мемлекеті құрылды. Әлемдегі беделді мемлекеттің бірі болған КСРО басқа мемлекеттерді де, кейбіріне тікелей көмек бере отырып, кейбірін ақыл-кеңесімен социализмге тартты. Шығыс Еуропада: Польша, Венгрия, т.б. елдер, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның жартысы, Азияда: Қытай, Вьетнам, Солтүстік Корея, Монғолия, т.б. елдер, тіпті Жер шарының екінші бетінде жатқан, Американың түбіндегі Куба да социализмге өтті.Өкінішке қарай, КСРО құрылып, билік ауысқанмен, үстемшіл пиғыл өзгермеді. Кеңес кезінде қазақ халқы талай әділетсіздік көрді. Атылды, шабылды, ашаршылыққа да ұшырап, саны 4 миллионға азайды. 1986 жылы өзімбілемге салып, жергілікті халықпен санаспай, республика басшысы Д.Қонаевты орнынан алып тастауы қазақ халқының намысына тиді. Бұл кездегі қазақ халқының көтерілісі ұлттық сана-сезімнің пісіп-жетілуімен қатар, халықтың ендігі жерде оны қорлауға жол бермейтіндігін көрсеткен үлкен көтеріліс болды. Алматыда басталған көтерілістің лебі Бакуге, Тбилисиге, Вильнюске, Сумгаитке, Ферғанаға және Саха Республикасына әсер етіп, әзербайжан-армян, грузин, Балтық бойы елдері халықтары, месхет түріктері және т.б. көтеріліске ұласты. Нәтижесінде, 1991 жылғы 8-желтоқсанда Беларусь жеріндегі Беловеж орманында Ресей (сол кездегі президенті Б.Ельцин), Украина (Л.Кравчук) және Беларуссия (С.Шушкевич) басшыларының ұйғарымымен КСРО таратылды. КСРО-ның құрамындағы республикалар жеке тәуелсіз ел болып, социалистік даму формациясынан бас тартып капитализмге бет бұрды. Бұны көрген біраз социалистік елдер де капитализмге ауысты.1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн «Тәуелсіздік күні» болып аталып келеді. Ал Желтоқсан көтерілісіне биыл 30 жыл толады.1916 жылғы көтерілісте талай адам құрбан болды. Басшыларынан басқа, қатардағы сарбаз болғандардың көбі шейіт болып кетті. Амангелді Иманов пен Жетісудағы көтерілістер туралы біраз кітаптар жазылып, кинолар түсірілді. Қалған көтерілістер қай жерде болды, кім басқарды, оларды еске алып, насихаттап жатқан ешкім жоқ. Бұның себебі, әлі күнге дейін 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жайлы Кеңестік идеология шеңберінен шыға алмай реакциялық теріс көтеріліс» деген пікірден арылмай келе жатқанымызда болса керек. Сондықтан да бұл көтеріліс туралы тарихи әділ баға берілмей келеді. Өйткені, оны дәл көрсететін, атап өтуге себеп болатын нақты күні жоқ деп сылтауратамыз. Әрине, қазақ даласындағы бұл көтеріліс әр жерде, әр уақытта басталды. Дегенмен, олардың бәріне ортақ бір датасы бар. Ол – қазақ халқының көтеріліске шығуына себеп болған 1916 жылғы 25 маусымдағы патшаның «Июнь жарлығы». Ендеше, «25 маусым – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс күні» деп белгілеуге әбден болады. 25 маусымда шейіт болғандарды еске алып, жиналыстар, конференциялар, т.б. шаралар өткізіп, осы күні құран оқылып, ас берілсе дұрыс болар еді. Бұл күнді «ҚР мемлекеттік мерекелер» күніне қоспаса да, «ҚР кәсіптік және өзге де мерекелер» күніне қосу керек. Биылғы, 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығында бұл шаралар іске асуы міндетті.Әйтеуір, біз басқаға келгенде көлдейміз, өзімізге келгенде шөлдейміз. Басқаның қаңсығын таңсық көреміз. Өзгені төрге шығарып, өзіміз босағада отырамыз. Барымызды бағалап, насихаттап, айта білмейміз. Әйтпесе, осындай әлемге әсер еткен көтерілістерімізді дүниеге паш етер едік қой. КСРО-ның құрылуы мен құруы әлемді өзгерткені баршаға аян. Ал, КСРО-ның құрылуының да, құруының да бастауында қазақтардың көтерілісі тұр. Бұны ашып айтуға әлі күнге дейін жасқанамыз, жалтақтаймыз. Бұндайларды ашып айта алмасақ ұрпағымызды патриоттыққа тәрбиелей алмаймыз. Ұрпағымыз басқалардың алдында өздерін қор санайтын болады.
Сабақтардың өтілу барысы
10 “А” Ағылшын тілі

8 “А” Ағылшын тілі


Приложенные файлы

  • docx 7973383
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий