Аудит Срсп 1


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Аудиттің ревизиядан айырмашылығы Үкітай Асқар Фск-302 Ревизия және аудит – экономикалық субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметіне бақылауды ұйымдастырудың әдістері болып табылады. Ревизия (тексеру) - мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің маңызды бөлігі ол жүргізілетін шаруашылық операциялардың заңдылығын, дұрыстығын, мақсатқа сәйкестігін, экономикалық тиімділігін байқау мақсатымен шектеліп немесе қызмет бойындағы адамның ісін тексеру болып табылады. Тексерудің негізгі міндеттеріне келесі жағдайларға бақылау орнату жатады:- мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету;- мемлекеттік қаржыларды тиімді, үнемді пайдалану;- ақшалай және материалдық ресурстардың сипатталуы;- бухгальтерлік есептің дұрыс қойылу;- қосып жазу дер кезінде анықтау т.с.с. Тексерудің субъектілеріне мыналар жатады:- мемлекеттік органдар және құрылымдар,- мемлекеттің қатысуымен құрылған мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар;- бюджет қаржысы есебінен қаржыландыратын немесе мемлекеттік субсидия алып отыратын кәсіпорын, ұйымдар және мекемелер;- мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар мен мекемелер.- Мемлекет тарапынан қызметтері реттеліп отыратын кәсіпкерлік құрылымдар мен жеке тұлғалар. Аудит(лат. audіt) – кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит:1) жүйенің басқару элементтерін тексеру;2) қорғанышқа қатысы бар маңызды оқиғаларды табу және тіркеу мүмкіндігі. Операциялық жүйенің қорғаныш жүйесі осы қимылды орындаған процесті тіркеу үшін қорғаныштың ұқсастырғышын қолданады. Шарттық негізде кәсіпорындармен жылдық бухгалтерлік есепті қуаттау мен тексеруді жүзеге асыратын тәуелсіз бақылаушы-ревизиялық ұйым. Тексеру барысында аудиторлық фирма: бухгалтерлік есептің жағдайын және оның ұсынылатын талаптарға сәйкес болуын, қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларды, құрылтайшылық және басқа құжаттардың ережелерін, бухгалтерлік есеп мәліметтерінің нақты жағдайға сәйкес келуін сақтауға бақылау жасап, төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық декларациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерді тексеруді жүзеге асырады.

Приложенные файлы

  • ppt 9769412
    Размер файла: 92 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий