Ұйқыдан кейінгі жаттығу-1


«03.04»- «07.04»2017 жыл .
Ұйқыдан кейінгі жаттығу «Балдырған» ортаңғы тобы
Тұру керек.Асығыңдар жаттығуға.1. Балалар төсекте, арқаға жатып, қолын жанына созу, демдерін бірнеше секунд іште ұстап, еркін шығару.2. Балалар төсекте, арқаға жатып қолды екі жаққа созу, жұдырықтарын жұму, қолдарын алға созып айқастыру, демалу.3. Балалар төсекте, арқаға жатып қолдарын бастарына қойып кезекпен сол аяқтарын, он аяқтарын көтеру, екеуін бірге ұстап, жайлап түсіру.4. Балалар төсекте, арқаға жатып шынтақтарын тіреп иілу, кеуделерін жоғары көтеру, басты тік ұстау 3 - 5 секунд5. Балалар төсекте, ішке жатып, қолдарын иыққа қою, аяқтары еденде.6. Балалар төсекте, ішке жатып қолдарын иыққа қою, иілу, шынтақтарын тіреп, мойындарын созу
Шапалақ.
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.Балалар сендердің көңіл - күйлерің қандай?Сендер көңіл - күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл - күйлеріңді көрсетіңіздерші.Көңілді болғанда не істейміз?Ренжігенде...Қорыққанда...Қуанғанда...Таң қалғанда...Шапалақты тыңдаБалалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.Қанша дыбыс естідіңдер?Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.
«10.04»- «14.04»2017 жыл .
Ұйқыдан кейінгі жаттығу «Балдырған» ортаңғы тобы
Кемпірқосақ сал.
Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.Оң аяқты көтеріп ауада жарты шеңбер жасау, дәл солай сол аяқты көтеріп жарты шеңбер жасау.Қандай ғажап керемет,Әсем есік ашылды.Түрлі - түсті бояулар,Аспанда жайылып шашылды.
Мысық.
Терезенің қасында,Орындықты тауып ап,Мысық ұйықтап жатады,Оян, қане мысығым,Жаттығуды жасайық.Бір бүйірден екінші бүйірге аунау.
«17.04»- «21.04»2017 жыл
Ұйқыдан кейінгі жаттығу «Балдырған» ортаңғы тобы
Гүл.
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).Кім әлі ұйқыда?
Кемпірқосақ сал.
Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.Оң аяқты көтеріп ауада жарты шеңбер жасау, дәл солай сол аяқты көтеріп жарты шеңбер жасау.Қандай ғажап керемет,Әсем есік ашылды.Түрлі - түсті бояулар,Аспанда жайылып шашылды.
«24.04»- «28.04»2017 жыл
Ұйқыдан кейінгі жаттығу «Балдырған» ортаңғы тобы
Найзағай.Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Аяқтарын кеудеге жеткізу, қолдарымен құшақтау. Түзелу.Аспанда найзағай жарқырады,Балалар қорқып қашады.
Оянайық бәріміз.
Тәрбиешінің айтқанын орындайды.Көздеріңді ашыңдар,Кірпіктеріңді көтеріңдер.Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,Бір - біріңе жымиыңдар,Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер,Іштеріңді тартыңдар,Көңіл күй көтерілді,Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар,Жұдырықты қысыңдар,Енді біраз ашыңдар,Керіліңдер, созылыңдар,Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.
«03.04»- «07.04»2017 жыл
Ұйқыдан кейінгі жаттығу.
Қайық.
Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жартылай тұрып, еңкею, тербелу.Жерде бұлақ жүреді,Қағаздан қайық жасайық.Суға оны жіберіп,Қайықпен бірге жүзейік. Әтеш ұйықтап жатыр.
Арқасымен жату, қол басында, аяқ бірге.Аяқ пен қолды жоғары көтеру,Әтеш оянды.Әтеш бидай іздейді.Отыру, аяқты бірінің үстіне бірін қою.1. Басты оңға бұру2. Қалыпқа келу3. Басты солға бұру4. Қалыпқа келу5. Сол жаққа қайталау.
«03.04»- «07.04»2017 жыл
Ұйқыдан кейінгі жаттығу.
Басты бұру.
Төсекте отыру, қол белде, басты оңға бұру,Қалыпқа келу.Қайталау, сол жаққаҚалыпқа келу. Алақаныңды көрсет.Қолдары иықта,Қолдарды алға созу, алақан көрсету.Қалыпқа келу.Қайталау, сол жаққа, алақан төменде.Қалыпқа келу.Мысық бірде жақсы, бірде жаман.«Төрт аяқтап» тұру.Арқасын бірде бүгіп, бірде түзеу.Аяқ ұшымен тұру.Кереуеттің қасында тұру.Өкшелер екі жақта, аяқ ұшымен тұру.
«03.04»- «07.04»2017 жыл
Ұйқыдан кейінгі жаттығу.
Велосипед.
Бірге секірейік.Бірге созылайық.Бірге қолымызды созайық.Бірге еңбектейік.Бірге тіземізді ұстайық.Бір орында секіру.Тыныс алу.
Әтеш.
Тәрбиеші: Ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку. Балапандарым кәне ұйқыдан тұрайық.Тәрбиеші: Түс мезгілі, түс мезгілі.Балапандар ұйқыға кірісті.Балапандар көреді түсті,Ғажайып сиқырлы әлемді.Балалар ұйқыдан оянады.Тәрбиеші: Көзімізді ашайық,Бойымызды жазайық.Қолымызды созайық,Жаттығулар жасайық.
«03.04»- «07.04»2017 жыл
Ұйқыдан кейінгі жаттығу.
Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.2. Балалар төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.3. Балалар төсекте жатып, велосипед тебу.4. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ - қолды созу.5. Балалар төсекте отырып, бір - біріне қарап сәлемдесу.Тәрбиеші: Балалар кәне шеңбер құрайық.Тыныс алу жаттығуы:
Ку - ка - ру, ку - ка - ри – ку, ку - ка - ри - ку.Табанды шынықтыру массаждары:1.«Балапандар серуенге шықты» шиқ - шиқ - шиқ.2. Табанға арналған денсаулық кілемшелерімен жүру.3. Ілгекті жолмен жүру.4. Тастардың үстерімен жүру.5. Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру.6. Табандар арқылы жүру.
«03.04»- «07.04»2017 жыл
Ұйқыдан кейінгі жаттығу.
Қоңыздар.
Түс мезгілі, мезгілі,Қоңыздар ұйқыға кірістіҚоңыздар көреді түстіӘдемі сиқырлы әлемді. (балалар ұйқыдан оянады)
Көзімізді ашайықТәрбиеші: Аунап, қунап алайық ,(жалпы денеге арналған жаттығу) Бойымызды жазайық.Қолымызды созайықЖаттығулар жасайық,
Ұйқымызды ашайық
(көзге арналған жаттығу) Қоңыз, қоңыз, қоңызым,Ағашқа ол өрмелеп Бұтаққа келіп отырып,Күнге көп қарайды, Қоңыз,қоңыз,қоңызымТербеледі таяқтаТынығады, ұйқтайды.
Оң қолға ұстап тарақты,Түрлі массаж жасайық.Сол қолға ұстап тарақты,Табанға массаж жасайық.
«03.04»- «07.04»2017 жыл
Ұйқыдан кейінгі жаттығу.
Қоңыздар.
(арқаға арналған массажы) Қыбыр-қыбыр жүріспен,Қоңыздар қырға шығады.Төмен қарай сырғанап,Қайта өрмелеп шығады.(Қолға арналған массаж) Қоңыз шықты ағашқа, Артында оның баласы. Бір мезгілде жаңбыр жауды Қоңыз жерге құлады. Қүн шапағын шашадыҚоңыз үйге қайтады.(ілгекті жолмен жүру)Әдемі ирек жолдарменЛақтарша біз ойнақтапТастан-тасқа секіріпЖалаң аяқ жұреміз.Табанға біз нұктеліМассаж жасау білеміз.Балалар жарты шеңбермен тұрып, қонақтар мен қоштасады)Қол үстасып тұрайық,Шеңберді біз құрайық,Көріскенше күн жақсыСау саламат болайық!.
Тұршы балақан.
Балалар ұйқыдан оянады. Бойымызды жазайық, Қолымызды созайық. Жаттығулар жасайық. Ұйқымызды ашайық. 
1.Ояну жаттығу. Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды) Қайырлы таң, құлақтарым!(құлақтарын сипау) Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау) Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау) Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау) 2.Саусақ жаттығу. 1. Бас бармақ, 2.Балан үйрек 3. Ортан терек 4.Шылдыр шүмек 5.Кішкентай бөбек 3.Тыныс алу жаттығу. Қолға шарды аламыз, Қатты, қатты үрлейміз. Уф-ф-ф, Уф-ф-ф... Қатты үрленген шарым Жарылып қалды, пах. Орындыққа отырып, аяқ киімдерімізді шешеміз. 4. Табанды шынықтыру массажы Таяқтарды жылжытып, Массаж жасау білеміз. Он аяққа 1-2-3, Сол аяққа 1-2-3. 5.«Денсаулық» жолымен жүру. Әдемі ирек жолдармен, Жалаң аяқ жүреміз. Табаңға біз нүктелі, Массаж жасау білеміз. «Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»
.Ояну
Ояну үшін тезірек
Бойымызды созамыз
Күнге қарап күлімдеп
Көзімізді ашамыз.
Бойды түзе, көтер басты
Сергіп оян сен енді.
2. Гимнастикалық жолмен жүру.
Көжектерім тұрыңдар,
Жаттығуды бастайық
Шынығайық тұрайық.
Бір – көтер кәне тұмсықты
Екі – төмен ұста құйрықты
Үш, төрт – жаныңа соз қолыңды
Бес дегенде секір көрсет бойыңды.
3. Жүгіру
4. Жалпы дамыту жаттығулары.
а) «Қане қайсы алақан» жаңғақпен жаттығу. Кілемшеде отырып алақандарына жаңғақпен жаттығу жасайды.
ә) «Әдемі саусақтар» жаттығуы.(қол,аяқ саусақтарына арналған)
б) «Тербелу» жаттығуы. (тізені құшақтап отыру)
в) «Көңілді көжектер»жаттығуы.(арқаға массаж)
г) «Ұзын – қысқа аяқтар» жаттығуы.(аяқ бұлшық еттеріне арналған)
Көжектер серуенге шықты.
Бір – екі, бір – екіАяғымыз жүреді
Ілгектермен, тастарменӘдемі ирек жолдарменТабанға массаж жасауменБух – бух
Бақшаға келдік.
«Шөп шабамыз» тыныс алу жаттығуы.
Көжектер сәбізді бір – бірден алып музыка әуенімен әртүрлі жаттығулар жасайды.
Денсаулығым кереметЖаттығуға рақмет.
Көжектер қазір жылдың күз мезгілі болғандықтан ағаш жапырақтары сарғайып жерге ұшып түсіп жатыр екен. Біздерде ағаш жапырақтарын үрлеп ұшырайықшы. Үф – үф – үф
Ғажайып сәт.
Қасқыр келеді.
«Қасқыр мен көжектер» қимыл – қозғалыс ойыны.
Қасқыр көжектермен бірге желді шариктерді үрлеп ұшырады.
Психо жаттығу: «Ыстық – суық»
Міне, бүгін ойнадық
Ойнадық та, ойладық.
Көжктре боп жүгіріп,
Сәбіздерді жинадық.
Бүгін жаттығу жаңаша
Қалмадық біз оңаша
Біздің балабақшада
Күнде осындай тамаша!
Дидактикалық ойын: Менің бір күнім
Міндеті: Суреттерді талдай отырып, рет-ретімен жинастыруға жаттықтыру.
Күн тәртібі туралы білімдерін бекіту.
Құралдар: Күн тәртібінің суреттері салынған конверт.
Ойын барысы: Педагог, балаларға күн тәртібінің суреттері салынған конвертті үлестіреді. Бала ондағы ірекеттерді әңгімелеп,рет-ретімен тізбектеп қояды.
Жыл мезгілдеріМіндеті: Суретте бейнеленген негізгі белгілері бойынша әр жыл мезгілдері жайлы түсініктерін бекіту. Балаларды жыл мезгілдерінің ретін дұрыс көрсететін сөздерді қолдана отырып, талқылай білуге баулу.
Құралдар: Жыл мезгілдерінің суреттері жіне түрлі-түсті төрт карточка.
Балалар жыл мезгіліне сай түстерді шеңберге тізбектеп,ретімен жүйелі құрастырады. Осыған қатысты суреттерді қажетті орнына орналастыру керек.
Азат тіс дәрігерінің қабылдауында
Міндеті: Баланы суреттегі оқиға желісі бойынша құрастыра білуге баулу.
Құралдар: Суреттер.
Ойын барысы: Балалар суретті мазмұны бойынша рет-ретімен орналастыруы қажет.
Тақырыбы: Ұйқы –жанның нәрі
Дидактикалық ойын: Түс ПеризатыМақсаты: Түскі ұйқыға деген жағымды түсінік қалыптастыру.
Құралдар: Сиқырлы таяқша.
Ойын барысы: Бұл ойында түс Перизаты ұйықтауы қиын балаларды таңдайды. Сиқырлы таяқшасын қолына алып, бөлмені аралап жүріп таяғын заттарға тигізіп ұйықтатады. Міне, үстел, кітап сөресі де ұйықтап қалды. Түс Перизаты төсекке жатып, сиқырлы таяқшамен өзін түртеді.
Дидактикалық ойын: Сиқыршы.
Мақсаты: Түс туралы білімдерін бекіту.
Құралдар: Әуен тыңдау, Шығыс әуені.
Ойын барысы: Ұйықтар алдында шығыс әуені қойылады. Балалар сиқыршыға айналып, кілем үстінде малдас құрып отырады. Қолдарын тізелеріне қойып,иектерін тізелеріне тигізіп, көздерін жұмып, денелерін бос ұстайды. Әуен біткен кезде ақырындап, үндемей төсектеріне барып жатады.
Дидактикалық ойын: Ғажап ұйқы.
Мақсаты: Бала бойын босаңсыту.
Ойынды суреттеп айту: Жүргізуші өлеңді оқу барысында балалардан көздерін жұмуды сұрайды.
Кірпігімізді төмен түсірсек,
Көзіміз жұмылады.
Енді еркін демалайық (2 рет).
Ғажап қана ұйықтасақ,
Жеңіл, дұрыс тыныстасақ,
Шаршағанымыз ұмытылып,
Денеміз босаңсиды (2 рет).
Шөпте жатқандай сезінейік,
Жасыл,жұмсақ шөпте жатырмыз…
Күн нұрын бізге төгіп тұр…
Қолымыз біздің жып-жылы…
Күн ыстық…
Түн жылы…
Таза ауада тамаша, тыныстаймыз ( Ұзақ кідіріс).
Біз еркін тыныстадық.
Ғажап қана ұйықтадық!
Оянатын сәт келді!
Қолымызды жоғары көтеріп, жұдырығымызды түйеміз.
Керілеміз! Күлеміз!
Балалар көзін ашады.
Бқл жаттығу жұмыстары ақырын, ұзақ кідірістермен байсалды дауыспен, бала ойын еркінсітетін сазды әуенмен оқылады.
Тақырыбы: Дене тәрбиесі- денсаулық кепіліДидактикалық ойын: Біздің денсаулығымызға не керек ?
Міндеті: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Құралдар: Доп.
Ойын барысы: Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты педагогқа қайтарады. Ал, шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді. Дені саудың- жаны сау.
Дидактикалық ойын: Қуыршақты емдеу.
(Ойынды медбикенің қатысуымен өткізген дұрыс).
Мақсаты: — Балаларды жарақатты дұрыс емдеуге үйрету.
— Олардың алқашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар туралы білімдерін бекіту.
Құралдар: Қуыршақ, алғашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар.
Ойын барысы: Бала алдына қуыршақты алып емдейді. Емдеу кезінде қажетті заттарды алып, оны атап және дұрыс емдеу жолын айтады:
— Жарақатты жуу;
— Таза сүрткішпен сүрту;
— Айналасындағы теріні йод ертіндісімен сүрту;
— Қажеттілігіне қарай дәкемен орау;
— Қуыршаққа жылы сөздер айту.
Тез сауығып кетіңіз! Енді абай болыңыз! Жазылып кетесіз! Сау болыңыз! т.б. жылы сөздер айтып үйрену.
Дидактикалық ойын: Көңіл күй және жүріс.
Мақсаты: Сезім эмоция қозуын төмендету, алаңдатушылықты азайту, бұлшық еттерді босаңсыту.
Ойын барысы: Жүргізуші қозғалысты көрсетіп, көңіл-күйді сүрайды.
— Алдымен ұсақ жауын болып, содан кейін үлкен тамшы болып жауамыз.
— Торғайға айналамыз, бүркіт болып ұшамыз.
— Көңілді сайқымазақ боламыз.
— Құсты аңдыған мысық болып жүрейік.
— Сазды жерді басып келеміз.
— Ойға шомып жүреміз.
— Анамыздың алдынан шығып, мойнына асыламыз.
Тақырыбы: Актерлер(Ересек топ балалары, ата-аналармен де болады.)
Міндеті: өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің рөлі оның маңызы жөнінде түсінік беру.
Ойын барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы – актерлер, педагог- көрермен. Педагог кімді бейнелеу керектігін ұсынады:
— Күзгі бұлт.
— Ренжіген адам.
— Қатыгез сиқыршы.Тәрізді қатуланыңдар
— Күнге қараған мысық.
— Күн.
— Айлакер түлкі.
— Қуанышты бала болып күлімдеңдер.
— Балмұздағын түсіріп алған бала.
— Көпірдегі екі ешкі. Тәрізді ашуланыңдар.
— Жұмыстан келген ана .
— Ауыр жүк көтерген адам.
— Үлкен шырпы тасыған құмырысқа. Тәрізді шаршаңдар.
— Орманда адасып жүрген бала.
— Қасқырды көрген қоян.
— Ит қуып жүрген мысық. Тәрізді қорқыңдар.
— Анасына үйді жинауға көмектескен бала. Тәрізді дем алыңдар.
Сендер осы кейіпкерлерің өздерін қалай сезінгенін солай жеткізе біліңдер. Бір-бірлеріңе қарап, өздеріңнің көршілеріңе осы жағдайларды айта біліңдер.
Тақырыбы: Кім күлкілі күледі?
(Ересек топ балалары, ата-аналармен де болады.)
Міндеті: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің ролінің маңызы туралы түсінік беру.
Ойын барысы: Педагог балаларды шеңбер құрып отырғызып,ертегі айтып береді: «Бір елді Күлкі ханы басқарыпты. Ал оның әйелі Күлегеш ханым және оның бірнеше күлегеш балалары болыпты. Бұл елде өмір сүретін адамдар еш ренжуді білмеген,ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны құрметпен қарсы алып,одан өзінің болған елдері туралы әңгімелп беруін сұрайды.Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттерде қауіпті ауру барын- адамдар тәулік бойы жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп береді. Бұл түні ханның жанұясы қзақ уақыт көз ілмей, қалай көрші мемлекетке көмектесудің жолын қарастырады. Ертеңгісін Күлкі ханы мен Күлегеш ханым екеуі күлдіргіш балаларын шақырып жолға дайындайды, яғни, олардың мақсаты көрші мемлекеттердің көңілін көтеріп,күле білуге үйрету.Күлдіргіштер әлем бойынша барлық жерде болып күлкіні таратқан соң, адамдар көңілдерін көтере бастады. Жылына бір рет қана өздерінің сарайына оралатын болған. Нәтижесінде адамдар шын ниетімен күлуге үйренеді».
Педагог күлкі мейрамын ұйымдастырып, барлық адамдарды қуана білуге шақырады.
Гимнастика және массаж жаттығулар
Зейінді дамытуға арналған жаттығулар: «Не өзгерді ?»
Тақтада әр түрлі суреттер белгілі ретпен орналасқан. Балалар көздерін жұмады. Суреттердің орны ауыстырылады. Көздерін ашқанда қай суреттің орны ауысқанын айтады. Педагог балаларға табанға арналған келесі жаттығуларды орындауды ұсынады:
1. Аяқ саусақтарымен қарындашты жина.
2. Аяқ саусақтарымен сүлгіні ал.
3. Таяқшаларды табанмен тербет. Әр педагог таңдауына қарай береді.
Балалар табанның қасиетін анықтайды.
Дамытушы жаттығу: Артық сөзді тап. Күн, су,жылу,өзен,шомылу,қар.
Өз жауабыңды түсіндір.
Ойлау қабілетін дамытуға арналған жаттығу: Сөзді топтарға бөлейік.
1.Тері. 2. Тіл. 3. Құлақ. 4.Көз. Суық, ащы, қатты, ыстық, тыныш, қараңғы, тәтті,үнді.
Тақырыбы: Мұрын және тыныс ағзалары
Тыныс алу жолдарына арналған жаттығулар жинағы:
«Сағат». Орнымыздан тұрып, аяғымызды алшақ қойып, қолымызды бос жібереміз. Қолды алға, артқа созып жаттығулар жасау;
«Бала әтеш қанатын қағады». Қолды бос жіберіп, тік тұрамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жанымызға ұстап,жамбасқа қойып қанат қағамыз. Демді ішке тартып «Ку-ка-ре-ку»- деп, шақыру.
«Ботқа қайнайды». Оң қолымызды ішке, сол қолымызды кеудеге қойып отырамыз. Ішке тартып, кеудеге ауа толтырамыз. Кеудені жіберіп,ішті томпайта көрсетіп дем шығару. Дем шығарған кезде «Ф-Ф-Ф-Ф» — деп, қатты дыбыс шығару.
«Паравоз». Бөлмеде қолды кезекпен қимылдатып, «чук-піш, чук-піш,чук-піш»- деп, дауыстау.
«Насос». Аяқ бірге, қолды дене бойымен тік ұстау. Терең дем алып, денені жан-жаққа ию. Қолды дене бойымен сырғанатып, терең дем шығарғанда «ыс-с»- деп қатты дыбыстау. Денені тік ұстап тұрғанда және келесі жаққа иілгенде терең дем алып, дыбысты қайталау.
«Реттеуші» . Аяғын иық белдеуімен қойып,бір қолды жоғары,екіншісін жанына созып тұру, мұрнымен дем алып, кейін қолдарының қалыпты жағдайын өзгертіп, ұзағынан дем шығарып «р-р-р-р» дыбысын айту.

Приложенные файлы

  • docx 10019730
    Размер файла: 53 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий