Дәріс 3 Қосылған құн салығы есебі


Дәріс 3 Қосылған құн салығы есебі
Дәріс мақсаты: Қосылған құн салығын есептеу және бюджетпен есеп айырысу. 300-Н салық декларациясын толтыруды үйрену.
Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер ҚР-да қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған жөне тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.
Салық салынатын импорт мөлшеріне ҚР кеден зандарына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ ҚҚС қоспағанда, ҚР-на тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке ҚҚС Қазақстан аумағына импортталатын тауарларға салынады.
Тауар импорты - ҚР кеден заңдарына сәйкес ҚР-ң кеден аумағына еркін айналыс үшін тауарлар шығару.
Салық салынатын импорт мөлшеріне:
Тауарлардың кедендік құны (ТКҚ);
Кеден рәсімі үшін кедендік алым (КА);
Импорттық кедендік баж салығы (БС);
Тауарларды импорттау кезінде төленетін акциз (А);
Тауарлар импорты кезіңде ҚҚС-ның сомасы келесі формуламен есептелінеді:
Кедендік баж салығы және акциз салынатын тауарлар бойынша:
ҚҚС=(ТКҚ+КА+БС+А)*12 %:100%;
Кедендік баж салығы салынатын,бірақ акциз салынбайтын тауарлар бойынша:
ҚҚС=ТКҚ+КА+БС)*12 %:100%;
Кедендік баж салығы мен акциз салынбайтын тауарлар бойынша: ҚҚС=(ТКҚ+КА)*12%:100%;
ҚҚС ставкасы салық салынатын айналым мөлшерінің 12%-не тең болады. Салық салынатын импорт бойынша ҚҚС ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 12 %-не тең болады.
ҚҚС бойынша кейбір салық салынатын айналымдарға нөлдік ставка бойынша салық салынады. Нөлдік ставка бойынша салық салу дегеніміз нөлге тең мөлшерлі ҚҚС есептеу. Тауарларын нөлдік ставка бойынша өткізетін салық төлеушінің сатып алынған тауар-материалдық құндылықтар бойынша кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын жұмыстар немесе қызметтер бойынша салық сомасын есепке алуға (бюджетке төлемдерді азайтуға) бюджетке өтеуге құқығы бар.
Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі (12 айдан аспайтын) кезеңнің соңғы айына белгіленген АЕК-тің 30 000 еселенген шамасын құрайды.
ҚҚС бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ҚҚС салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.
Қосылған кұн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша кұнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетгі. Егер де ҚҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 1420 шоты дебеттеліп, 1610, 3310 шоттары кредиттеледі.
ҚҚС есептеу кезінде 1210 «Алынуға тиісті қарыздар» шоты дебетгеледі де, 3130 «Қосылған кұн салығы» шоты кредиттеледі.
Содан соң 1210 шотынық кредитінен 3130 шотынын дебетіне есепке алынады.Айырмашылығы бюджетке аударылады: 3130 шотының дебетінде, 1030 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол акша» шотынын кредитінде көрініс табады.
Сатып алушылар бұрындары ҚҚС-ның сомасы төленген тауарларды қайтарған кезде,ол 3130 шотының дебеті мен 1210 шотының кредиті бойынша көрініс табады.
ҚҚС бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырылысу жөніндегі есепті салық кезеңі болып табылады.Егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиіс ҚҚС-ның салық кезеңі тоқсан болып табылады.Егер ҚҚС төлеуші әрбір салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
Декларациямен бірге салық кезеңі ішіңде оларда салық салынатын айналымы 150 000 теңгеден асатын сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізімі табыс етіледі.
ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.ҚҚС бойынша 300.00-Н салық декларациясын және декларацияға қосымшаны есепті тоқсаннан кейінгі екінші айының 15 жұлдызынан кешіктірілмей, салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органына табыс етеді.
Импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС кеден төлемдері үшін ҚР-нан кеден зандарында белгіленген күні төленеді.
Ұсынылатын әдебиеттер
1 .Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» заңы (Салық Кодексі). Алматы, 2012 ж.
2.Төлегенова Р.А. Салық есебі: оқу құралы / Р.А .Төлегенова. - Алматы: ЖШС «Нур-Принт», 2012. - 466 б.
3. Жақыпбеков, Д. С.Қазақстандық кәсіпорындарындағы салық салу,салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру: оқу құралы / Д. С. Жақыпбеков.- Алматы : Экономика, 2009.

Приложенные файлы

  • docx 10096694
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий