Жынысты және жыныссыз көбею және олардың көбею СРС


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы.СӨЖ.Жынысты және жыныссыз көбею және олардың көбею түрлері.Орындаған: Қапышев М.С 121 топҚабылдаған: Құлтанов Б.ЖҚарағанды 2010 Жоспар: Кіріспе Көбею туралы түсінік Негізгі бөлім Жыныссыз көбею туралы түсінік Жынысты көбею туралы түсінік Жынысты және жыныссыз көбеюдің ерекшелігі Қорытынды Жынысты және жыныссыз көбеюдің мәні Пайдаланған әдебиеттер Тірі ағзалардың көбеюі.Көбею тірі ағзалардың өзінен кейін өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру қабілеті. Көбею тірі ағзаларға тән қасиеттердің біреуі және осы процестің арқасында жер бетінде тіршілік үздіксіз жалғасып отырады.Табиғатта көбеюдің екі түрі кездеседі -жыныссыз және жыныстық. Жыныссыз көбею.Организмнің көбеюі дегеніміз - жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті болып саналады. Жыныс жасушаларының қатысуынсыз жүреді, ұрпақтың ата тегімен генетикалақ ақпарат, морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық жағынан бірдей болуымен сипатталады, оның негізінде митоз процесі жатыр.Жыныссыз көбеюдің бірнеше түрі бар:І.Қарапайым бөліну. Митоз арқылы бөлінудің нәтижесінде ата тегімен бірдей ұрпақ пайда болады. Бұл қарапайымдыларға тән жыныссыз бөлінудің ең қарапайым түрі. 2.Спора түзілу. Көптеген өсімдіктер, саңырауқұлақтар және кейбір қарапайымдылардың тіршілектерінің белгілі бір сатысында спора түзіледі. Тығыз қабықшамен қапталған, жасушаларды қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында қорғайтын жасушалар споралар деп аталады. Қолайлы жағдайлар туғанда споралар дамып митоз арқылы бөліне бастайды 3.Вегетативті көбею. Көптеген өсімдіктерге тән жыныссыз көбеюдің түрі. Мұндай көбею кезінде организмнің бір топ жасушалары бөлініп жаңа организм түзеді, яғни генетикалық материалдары бірдей организмдер түзіледі. Тірі ағзалардың түріне байланысты вегетативті көбеюге арналған әртүрлі мүшелер мен өсінділер пайда болуы мүмкін. 4.Бүршіктену. Кейбір саңырауқұлақтар мен жануарларға тән. Олардың денелерінде бүршік өсіп шығады, сосын ол бөлініп жаңа организмге бастама береді. Жыныстық көбею.Жыныстық көбею кезінде ұрпақтың пайда болуына екі ата-аналық даралар қатысады. Олар арнайы жыныстық жасушалар-гаметалар түзеді. Осы жасушалардың қосылуы нәтижесінде жаңа организмнің бастамасы - зигота пайда болады. Зиготада ата-анасының екеуінің де белгілері болады. Яғни жыныстық көбеюдің маңызы - ұрпақтан ұрпаққа генетикалық ақпараттың әрдайым өзгере беріліп отыруы және даралардың бір-біріне ұқсамауы болып табылады. Тірі ағзалардың негізгі белгілерінің бірі — олардың көбеюге қабілеттілігі. Осы қасиеттің арқасында миллиардтаған жылдар бойына ұрпақтар жалғасып, Жер бетінде тіршілік байқалып келеді, келе де бермек. Ағзалардын көбею қасиеті тіршіліктің дискреттілігімен тікелей байланысты. Мысалы, ағзалардын денелері көптеген жасушалардан тұрады, ал жеке жасушалардың тіршілік ұзақтығы ағзалардың тіршілік ұзақтығымен салыстырғанда әлдеқайда қысқа болады, сондықтан да ағзалардың тіршілігі оның жасушаларының үздіксіз көбеюі нәтижесінде ғана байқалуы мүмкін. Кез келген биологиялық түрлер жекелеген даралардан тұрады, ал жеке даралардың тіршілік ұзақтығы түрлердің тіршілік ұзақтығына қарағанда әлдеқайда қысқа. Демек, түрлердің тұрақты тіршілік етуі оның дараларының үздіксіз көбеюінің нәтижесінде ғана байқалады т.с.с.Ағзалардың көбею формалары түрліше болып келеді, ол жоба күйінде төменде келтірілген. Жыныссыз көбею1. Бір жасушалы ағзалар:а) жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы (прокариоттар, бір жасушалы эукариоттар);б) шизогония (бір жасушалы эукариоттар - споралылар);в) бүршіктену арқылы (ашытқы саңырауқұлағы);г) споратүзу арқылы (өсімдіктер);2. Көп жасушалы ағзалар (вегетативтік):а) қаламшалар, түйнектер арқылы;б) бүршіктену арқылы;в) сомалықэмбриогенез;г) бөлшектену арқылы (жауынқұрты);Жыныстық көбею1. Агаметогамия: конъюгация (инфузория).2. Гаметогамия: копуляцияизогамия (хламидамонада); анизогамия (қарапайымдылар); оогамия. Жыныссыз көбею жыныстық көбеюге қарағанда қарапайым және ол эволюция құбылысында алғаш пайда болған. Оның негізгі ерекшелігі осы жолмен пайда болған ұрпақтардың аналық ағзалардан еш бір айырмашылығы болмайды, себебі екеуінің де тұқым қуалаушылық материалдары өзгеріссіз, бірдей. Ал жыныстық көбею — күрделі процесс, себебі болашақ ұрпақтың генетикалық материалы екі ата-ананың тұқым қуалаушылық ақпараттарының қосылуы нәтижесінде қалыптасады. Жыныс-тық көбеюдің ең қарапайым түрі — конъюгация кейбір бір жасушалы ағзаларға тән. Коньюгация кезінде арнайы жыныс жасушаларын (гаметаларды) пайда етпей, өздері өзара қосылады не генетикалық ақпараттармен алмасады (қарапайымдылар, бір жасушалы балдырлар), мысалы, кірпікшелі кебісше. Копуляция. Тірі ағзалардың басым көпшілігінің жыныстық көбеюі ерекше жасушалар - жыныс жасушалардың (гаметалардың) қосылып, зигота түзуі арқылы жүреді. Кейбір ағзалар мөлшері, козғалуы жағынан біркелкі болып келеді, мысалы хламидамонада, оның құрылымы бірдей екі жасушасының косылуын изогамия деп атайды.Енді бір ағзалар қозғалуы жағынан әртүрлі гаметалар түзеді. Олардың бірі ұсақ, жылдам қозғалады. Мысалы, аталық гамета, ал екіншісі одан гөрі үлкендеу, баяу қозғалады, ол — аналық гаметалар. Мұндай гаметалардың өзара қосылуын анизоогамия деп атайды, Оған мысал: безгек плазмодийлері. Жыныстық процестің ең күрделі түрі — оогамия. Бұнда ата-аналар әр түрлі гаметаларды пайда етеді. Бірі — ұсақ, қозғалғыш аталық гаметалар - сперматозоидтар пайда етсе, екіншісі өте аз мөлшерде, тіпті тек бір дана күйінде үлкен, козғалмайтын аналық гамета - жұмыртқа жасушасын түзеді. Міне осылардын қосылуын оогамия (көбею) деп атайды.Гаметалардың түзілу процесін гаметогенез (сперматогенез не оогенез) деп атайды. Аталык гаметалар аталык бездерде, аналық гаметалар — аналық бездерде пісіп жетіледі. Сперматогенез 4 кезеңнен (көбею, өсу, пісіп жетілу, қалыптасу), ал оогенез 3 кезеңнен тұрады (көбею, өсу, пісіп жетілу).Гаметаларды (сперматозоид және жұмыртқа жасушасы) пайда ететін диплоидты жасушаларды сперматогониялар және овогониялар деп атайды.Гаметогенездің бірінші - көбею сатысында жыныс бездерінде сперматогониялар мен овогониялар митоз жолымен бөлініп, олардың саны көбейеді. Ер адамдарда сперматогониялардың көбеюі жыныстық жетілген кезден басталып қартайғанға дейін созылады, ал әйелдерде овогониялардың көбеюі олардың эмбриондык дамуының алғашқы 2 айлығында басталып, жатырдағы дамудың 7 айларында овоциттердің көбісі миоздың профаза — Іде болады.Екінші өсу сатысында жаңадан түзілген жас жасушалар өсіп бірінші реттік сперматоциттар мен бірінші реттік овоциттерге айналады.Пісіп жетілу сатысында бірінші реттік сперматоциттер мен бірінші реттік овоциттер мейоз жолымен екі рет бөлінеді. Бірінші бөлінудің нәтижесінде екінші реттік сперматоциттер мен екінші реттік овоцит және бір редукциялық денешік түзіледі, ал екінші бөлінудің нәтижесінде әрбір сперматоциттен төрт сперматидтер және әрбір екінші реттік овоциттен - бір жұмыртка жасушасы мен үш редукциялық (бағыттаушы) денешіктер пайда болады. Сперматогенез — қалыптасу сатысымен аяқталады. Бұл сатыда сперматидтер сперматозоидқа айналады. Бұл кезде сперматидтің цитоплазмасы азаяды, хромосомалардың тығыз ширатылып инерттік күйге көшуіне байланысты ядро тығыздалып сперматозоидтың басы пайда болады. Эндоплазмалық тор, Гольджи комплексі сперматидтің бас бөлімінің аддыңғы полюсіне ығысып акросомалық аппаратқа айналады, ал центросома қарама-қарсы полюске орналасып сперматозоидтың құйрығын қалыптастырады, ал оның түбіңде митохондриялар топтасып сперматозоид мойнын пайда етеді Гаметогенез процесінің ең негізгі мәнінің бірі — мейоз. Мейоз — жасушаның күрделі бөлінуі, оның нәтижесінде бір диплоидтық аналық жасушадан төрт гаплоидтық жыныс жасушалары пайда болады. Мейоз — жасушаның ДНҚ еселенуінсіз (қысқа интерфаза) екі рет бөлінуі: оның бірінші бөлінуін — редукциялық, екіншісін — эквациялық бөліну деп атайды. Мейоздың әрбір бөлінуі митоз сияқты төрт фазадан (профаза, метафаза, анафаза, телофаза) тұрады. Мейоздың негізгі қорытындылары — гаплоидтық жасушалардың пайда болуы, тұқым қуалаушылық материалдарының рекомбинациялануы, оның бірінші бөлінуінде жүзеге асады Мейоз сатылары. Профаза: Метафаза: Анафаза: Телофаза: . Профаза-1 бес сатыға жіктеледі: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез. Лептотена сатысында диплоидтық хромосомалар ширатыла бастайды, нашар тығыздалған жіпке ұқсайды. Зиготенада гомологтік хромосомалар әрі қарай ширатылып бір-біріне жақындап, қосылып жұптар құрайды (коньюга-цияланады). Хромосома жұптарының саны гаплоидтық хромосома санына, яғни адамдарда 23 тең болады. Пахитена сатысында гомологтік хромосомалар толық қосылып төрт хроматидадан тұратын биваленттер түзеді. Бұл сатыда хроматидалар әрі қарай ширатылып бір-бірімен айқасады. Осы сатыда айқасқан хромосомалар өзара генетикалық материалдармен алмасады; оны кроссинговер процесі деп атайды. Диплотена сатысында гомологтық хромосомалардың ширатылуы сәл-сәл жазылып, олар бір-бірінен ажырай бастайды, дегенмен, олар әлі де болса, бір-бірімен хиазмдер арқылы байланысып тұрады. Диакинез сатысында хромосомалар одан әрі ажырайды, өте тығыз ширатылады, ядро қабықшасы ериді, ядрошық жойылады, бөліну ұршығы пайда болады.Оогенез процесінің алғашқы бәлінуінің (редукциялық бөлінуі) профазасында 4 және 5 сатылар аралығында ерекше саты — диктиотена сатысы болады. Бұл саты эмбриогенезде басталып қыздар 11—13 жасқа, яғни жыныстық жетілген жаска, келгенге дейін созылады. Бұл кезде хромосомалар ерекше морфологиялық формаға айналып әрі қарай бөлінуін уақытша тоқтатады. Ал, жыныстық жетілу кезінде гипофиздің лютеиндеуші гормонының әсерінен ай сайын бір овоцит өзінің бөлінуін әрі қарай жалғастырады. Метафаза 1-де биваленттер бөлінуші жасушаның экваторына топтасады. Анафаза І-де биваленттер екі хромосомаларға ажырасып, олардың әрқайсысы қарама-қарсы полюске қарай тартылады. Телофаза І-де пайда болған ядролардағы хромосомалардың саны екі есе азаяды (редукцияланады), жасуша цитокинез нәтижесінде екіге бөлінеді. Қысқа интерфазадан (интеркинезден) кейін бірден мейоздың екінші бөлінуі - эквациялык бөліну басталады. Интеркинез кезінде екінші бөлінуге қажет ақуыздар және энергия қоры жиналады, бірақ ДНК еселенбейді. Екінші бөліну метафаза ІІ-ден басталады. Бұл фазада митоздағыдай әрбір хромосома екі хроматидаға ажырайды.Анафаза ІІ-де ажырасқан хроматидалар жасуша полюсіне қарай тартылады. Телофаза ІІ-де хроматидалар деспиралданады, ядро қабығы және ядрошық түзіледі, цитокинезден соң хроматидалар жиынтығы гаплоидты 4 жасуша пайда болады. Мейоздың биологиялық маңызы:1) мейоздың және ұрықтанудың нәтижесінде биологиялық түрлердің хромосома санының тұрақтылығы сақталынады; 2) мейоз нәтижесінде гаметаларда хромосомалардың еркін комбинациялану ықтималдығы күшейе түседі, себебі әрбір гомологтік хромосомалардың (әкесінен және шешесінен алынған) екі гаметаға ажырау ықтималдығы 1/2 тең, ал барлық хромосома санын алатын болсақ олардың гаметаларда еркін комбинациялану ықти-малдығы 2 п дәрежесіне, яғни адамдарда 223 дәрежесіне тең. Былайша айтқанда, бір гаметаға тек қана әкесінен алынған хромосомалар, ал екіншісіне шешесінен алынған хромосомалардың топтасу мүмкіншілігі өте аз мөлшерде болады (1/2)22 =1/4 194304 яғни 1/4000000-на тең; 3) мейоз процесінде кроссинговер салдарынан хромосомаларда генетикалық материалдар (гендер) рекомбинациаланады, тұқым қуалаушылық материалдың ұрпақтар жалғасында комбинативтік өзгергіштік байқалады. Қорытынды.Жыныстық көбеюдің негізгі мәні ұрықтану екені белгілі, бірақ кейде жана ағза ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан да дамуы мүмкін. Бұл құбылысты партеногенез деп атайды. Бұл жолмен пайда болған ағзалар гаплоидты болады. Партеногенездің екі түрі белгілі: андрогенез және гиногенез. Андрогенезде жана ағза сперматозоидтың ядросы негізінде дамиды, яғни сперматозоид жұмыртқа жасушасына енеді де оның ядросын ауыстырады, яғни жұмыртка жасушасының ядросы өліп жойылады; ал гиногенезде сперматозоидтар арқылы активтенген (бірақ қосылмаған) жұмыртқа жасушасының ядросы жаңа ағзаның дамуына алып келеді Қолданылған әдебиеттер тізімі:Қуандықов «Генетика» Стамбеков «Жалпы генетика»Оспанова А., Ахметжанова Т. «Биология шың» Алматы. 2008ж Интернет саиты google www. kz. Исатаев, Совет Исатаұлы      Жалпы физикалық практикум. Молекулалық физика. Назар аударғандарыңызға үлкен рахмет!!!

Приложенные файлы

  • pptx 1595698
    Размер файла: 748 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий