карапайым матиматика


Ортаңғы топ балаларына арналған оқу қызметінің жоспары.
«Таным» білім беру саласы Қарапайым Математикалық
Ұғымдарды Қалыптастыру
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мақсаты, міндеттері
1 Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші. Шеңбер( өзге фигуралардың арасынан табу) 1 сан мен заттың санының арасындағы сәйкестікті анықтау заттарды санау қабілетін нығайту.Заттарды көлеміне қарай ажыратуды
( үлкен - кіші) геометриялық пішіндерді үйрету. Зейінді болуға тәрбиелеу.
2 Саны 3-ке, 4-ке тең заттарды салыстыру, заттарды санау. Жыл мезгілдері(күз). Оң жақта, сол жақта 1 4 - көлемдегізаттарды санауға үйрету;үлгі бойынша санау,екі топтағы заттарды теңестіру жыл мезгілдері туралы түсініктерін нығайту.Қағаз бетіне бағдарлай алу.
3
4 Сан мен заттың саны
арасындағы сәйкестікті анықтау. Үлкен, кіші, кішкентай. Шаршыны көптеген фигуралардың арасынан табу 2 сан мен заттың санының арасындағы сәйкестікті анықтау, заттарды санау қабілетін нығайту.Заттарды көлеміне қарай ажыратуды
( үлкен кіші) геометриялық пішіндерді үйрету. Зейінді болуға тәрбиелеу.
5 Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер, шаршы туралы өткенді пысықтау 1 балаларды 1 санымен таныстыру; екі топтағы заттарды салыстырып үйрету;тәулік бөліктері туралы білімін нығайту; ұйымшылдыққа,байқампаздыққа тәрбиелеу.
6 Балалардың 1 цифры туралы білімін бекіту. Тез-баяу. Үшбұрыш( өзге фигуралардың арасынан табу 1 1 цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен салыстыруды үйрету. «Тез» , «баяу» түсініктерін дамыту.Үлкен, кіші, салыстыруды үйрету. Үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатыны жағынан түсінік беру.
7 2 саны және цифрымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша ( көптеген фигуралардың арасынан табу) 1 2 саны және соған сәйкес 2 цифрымен таныстыру; 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан таба алу қабілетін нығайту;Көлеміне қарай ұзын, қысқа салыстыруды дамыту. Геометриялық пішіндер арасынан сопақшаны табуды пысықтау.
8 2 цифры туралы білімдерін бекіту. Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Алыс- жақын 1 2 цифры жайлы білімдерін бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білуге үйрету:1, 2 ,3, цифрларын заттың санымен салыстыруды әрі қарай жалғастыру: «алыс» ,«жақын» ұғымдарын мағына жағынан айыра білуге үйрету.
9 3 цифрымен таныстыру. Цифрды заттың санымен салыстыру. "Кеше", "ертең", "бүгін" . Жыл мезгілдері(күз) 1 3цифры жайлы білімдерін бекіту; 3 цифрын басқа сандар арасынан табу. «Кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарын айыруға үйрету; Балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімін дамыту.
10 1, 2, 3 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Биік - аласа. Баланың зейінін дамыту 1 3 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау. 1, 2, 3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру. Биік- аласа ұғымдарына сөйлем құрастыруға үйрету. Бір- біріне ұқсас екі заты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту.
11 Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Кең- тар. Тіктөртбұрыш(өзге фигуралардың арасынан табу) 1 математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын йифрымен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау;өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру(кең, тар); тіктөрт
12 Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі, үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру, заттардың теңдігін анықтау. Заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен баяндау. Шеңбер, сопақша 1 өзгеше орналасқан (шеңбер, шаршы ішінде) заттар тобын теңестіруді үйрету; әртүрлі арақашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтау; заттың орналасқан орнын анықтау.
13 4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінін дамыту 1 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрының сандық қатардағы орнын анықтау; 4 цифрын өзге цифрлар арасынан табу; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамытуға ықпал ету; балаларды көлемі әр түрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйрету.
14 1, 2, 3, 4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Солға, оңға 1 1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; беске дейін реттік санауды жалғастыру, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; символдық белгілерден геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту; қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру.
15 1, 2, 3, 4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру. Алыс, жақын 1 үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу; кеңістікте бағдарлау түсініктерін қалыптастыру (жақын - алыс); геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
16 Цифрды заттың санымен сәйкестендіру. жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта. Шаршы , тіктөртбұрыш. Жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз) 1 цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістік қарым-қатынастары туралы түсініктерін қалыптастыру (сол жақта, оң жақта, үстінде, алдында, ортасында); геометриялық фигуралар туралы білімін бекіту; жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз) туралы өткенді пысықтау.
17 5 цифрымен танысу. Сол жақта , ортасында, оң жақта 1 5 саны және цифрымен танысу; нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрену; заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрену (сол жақта, оң жақта, алдында, артында); жыл мезгілі туралы өткенді пысықтау (қыс).
18 5 цифры туралы өткенді бекіту, 4-5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. Кеңістікте бағдарлау: "алдында", "үстінде", "астында","артында" 1 5көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; бір-бірінен әр түрлі арақашықтықта ораласқан заттар тобын теңестіруді үйрету; айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды көре білуге үйрету; «алдында», «үстінде», «астында», «артында» түсініктерін бекіту.
19 Реттік санаумен танысу. Жоғарғы оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі
сол жақ бұрышы, ортасы 1 5 саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды айыра білу(есептік және реттік санау), «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; қағаз бетінде бағдарлауға үйрету, заттардың арасынан геометриялық фигураларды таба білуге үйрету, 5 затты ұзыдығына қарай сәйкестендіру, заттарды ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай бір қатарға орналастыру (заттың ішінен ең ұзынын (қысқасын) алу керек деген ережені ұстану керек).
20 Реттік санау, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру 1 реттік санауды үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына жауап беруге үйрету, математикалық жұмбақтарды шешге үйрету; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын түсіну; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу.
21 Сан заттың көлеміне бағынбайды. Санның заттардың шамасына тәуелсіздігі. Реттік санау. "Кең", "таралу", "тар", "еі тар" ұғымдары 1 заттарды санымен сәйкестендіру; санның заттың көлеміне бағынбайтынын түсіндіру; 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру, сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырату,«қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба отырып, ені бойынша салыстыру және сол белгілері арқылы біріктіру; оқиғаның ізбе-ізділігін (тәулік бөліктері) анықтауға арналған логикалық тапсырмаларды орындау жолдарын үйрету.
22 Үлгі бойынша санау. 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау, цифрды санмен салыстыру. "Алдымен", "кейін" ұғымдары. Шар, текше 1 үлгі бойынша санауды және сонша зат шығаруды үйрету; екі топтағы заттарды салыстырып үйрену; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; «алдымен», «кейін» ұғымдарын айыра білуге, оларды дұрыс қолдануға үйрету; шеңбер, сопақша, тіктөртбұрыш, шаршы сынды геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; шар, текше сынды геометриялық денелермен таныстыру; оқулықтағы тапсырманы түсініп, оны өз бетиінше орындау қабілетін қалыптастыру.
23 Сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Дөңгелек, шаршы,
үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткені пысықтау 1 реттік санауды жалғастыру (5 саны көлемінде), сандық және реттік санауды ажырата алу, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; цифрды сандық карточкамен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыштуралы өткенді пысықтау.
24 Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі - көктем 1 цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, күз, жаз, қыс) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту.
25 Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Солға , оңға. Оқиғаның ізбе- ізділігін анықтау 1 :реттік санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде); сандық және реттік санауды ажырата білуге үйрету; «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; «солға», «оңға» ұғымдарын ажырата білуді үйрету; оқиғаның ретін анықтауға үйрету.
26 Санның заттардың кеңістікте орналасуына тәуелсіздігі. Көзбен шамалау қабілетін дамыту. Балалардың зейінін дамыту 1 цифрды заттың санымен сәйкестедіруді үйрету; заттар тобының теңдігін кеңістікке орналасуына қатыссыз қоюды үйрену; математикалық жұмбақтарды шешу жолдарын үйрету; көлемі әр түрлі заттарды салыстыруды үйрету; әр түрлі заттардың ұқсас белгілерін табу және оларды сол белгілері арқылы біріктіруге үйрету; заңдылықтарды анықтауға берілген логикалық есептерді шешуді үйрету.
27 Реттік санау туралы өткенді пысықтау. Цифр мен заттың саны арасындаға сәйкестікті анықтау. "Жоғары", "төмен", "арасында" ұғымдары 1 сандық және реттіксанаудыбір-бірінен ажырата білуге,«қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету;заттың орналасқан ретін сөзбен баяндау (жоғары, төмен, арасында); балаларды ұзындығы бойынша бес заттың арасындағы сәйкестікті қоюды үйрету; ұзындығының артуына жіне кемуіне байланысты заттарды қатарға қоя білу; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету.
28 Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Баланың зейінін дамыту 1 цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру; математикалық жұмбақтарды шешу; баланың зейінін дамыту.
29 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Реттік санау. Сол жақ, үстінде, астында. 1 : 1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; беске дейін реттік санауды жалғастыру, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; символдық белгілерден геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту; қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру.
30 Заттың санын цифрмен сәйкестендіріу. Үлгі бойынша санау. Нақты заттарды геометриялық денелермен салыстыру. Сол жақта, оң жақта 1 цифрды заттың санымен сәйкестендіру қабілетін нығайту; айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық денелерді көру қабілетін бекіту.
31 Заттың санын цифрымен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Кең – тар. Тіктөртбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу). 1 математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын йифрымен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау;өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру(кең, тар); тіктөртбұрыштуралы білімін пысықтау, оны өзге геометриялық фигуралардың ішінен табу.
32 Математикалық жұмбақ. Цифр туралы өткенді пысықтау. Кең, тар. Жыл мезгілдері. 1 заттың санын цифрмен сәйкестендіруді әрі қарай жалғастыру; математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; сандардың арасындағы байланысты түсіндіру; «тез», «баяу» ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру; заттардың еніне қарай салыстыруды үйрету; логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету (терістеу).
33 Реттік сандар туралы білімін нығайту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау 1 5-ке дейін санауды жалғастыру, реттік және есептік санауды ажырата білу; математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; кеңістік байланысы (сол жағында, оң жағында) туралы түсінігін нығайту; геометриялық фигуралар – дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау.
34 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Солға, оңға. 1 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттың орналасқан орнын анықтау жіне сөзбен атап көрсету (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).
35 5 цифры туралы өткенді пысықтау. Заттың пішінін геометриялық фигурамен сәйкестендіру. "Үлкен", "кіші", "кішікентай" ұғымдарын бекіту 1 5 көлемінде санау қабілетін күшейту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; әр түрлі арақашықтықта орналасқан екі топтағы заттарды салыстыру; аяқталмаған фигуралардан геометриялық фигураларды көру қабілетін арттыру.
36 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар. Цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Логикалық тапсырма. Жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта 1 Цифрды заттың сәкестендіруге үрету; кеңістіктегі қарым-қатынастар (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде)туалы түсінік қалыптастыру; заттар әртүрлі арақашықтықта орналасқан жағдайда топтарды теңестіру; балаларды 5заттың арасындағы сәйкестікті табуға, оларды бес-бестен топтастыруға үйретеді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 1 технологиялық картасы
Күні :
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс- әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Бір және көп». «Үлкен кішкентай».
Мақсаты: сан мен заттың санының арасындағы сәйкестікті анықтау заттарды санау қабілетін нығайту.Заттарды көлеміне қарай ажыратуды
( үлкен - кіші) геометриялық пішіндерді үйрету. Зейінді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Санау материялдары, карточкалар.
Билингвальді компонент: үлкен – большой
Іс- әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылы Шаттық шеңбері:
Кел балалар тұрайық ,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алақанға күн суретін салайық.
Таза ауада жүрек суретін саламыз
Жылуларды жинап достарға шашайық.
Тәрбиеші балаларды тақтаның алдына шақырады ;
-Балалар, маған геометриялық пішіндерден шаршыны тауып , сол туралы айтып беріңдерші? Балалар шаттық шеңберге тұрып,
тәрбиешімен бірге іс- қимылдарды орындап, сөздерін қайталайды.
Балалар шаршыны тауып сол туралы әңгімелей бастайды
Ұйымдастырушылық
ізденістік Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
-Сәбіз қанша?
-Шие нешеу?
Шалқан нешеу?
2-тапсырма
Тәрелкелердің көлемі қандай?
Алмалардың көлемі қандай?
Тапсырма:алмаларды өз тәрелкесіне сал.
Сергіту сәті:
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді,
Ең Әдемі қызылын
Маған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
3-тапсырма
Суретте қандай фигуралар көрсетілген?
Олардың ішінде неше шеңбер бар?
Сұрақ-жауап:
4-тапсырма
Жоғарыда неше аң отыр?
Аттарын атап беріңдер?
Төменде неше аң қашып кетті Үш
Екі
бес
Балалар алмаларды сызық арқылы қосады.
-Балалар
тәрбиешімен бірге іс- қимылдарды орындап, сөздерін қайталайды.
-рахмет
Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар екі дөңгелекті бояйды
Тиын, қасқыр
Рефлексиялық- түзетушілік Ұ.о.іс-әрекетін қорытындылау.-Бүгін не үйрендік?
Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Мақтау, бағалау. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Үлкен, кіші деген сөздердің мәнін түсініп, оларды сөз арасында қолдануды ;заттардың ұқсас белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай біріктіруді.
Нені игереді; 2 көлемдегі сандарды санауды,заттарды көлеміне қарай салыстыруды.
Нені біледі:шеңберді өзге пішіндер арасынан таба біледі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 2 технологиялық картасы
Күні :
Білім беру саласы «Таным »
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру .
Тақырыбы: Саны 3-ке,4-ке тең заттарды салыстыру ,заттарды санау
Мақсаты: 4 - көлемдегізаттарды санауға үйрету;үлгі бойынша санау,екі топтағы заттарды теңестіру жыл мезгілдері туралы түсініктерін нығайту.Қағаз бетіне бағдарлай алу.
Көрнекіліктер: Суреттер
Әдіс-тәсілдер: демонстрациялық,сұрақ-жауап,түсіндіру,практикалық.
Билингвальдық компонент: шаршы - квадрат
Іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың
іс -әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.
-Келіңдер балалар мына топталып тұрған заттарды санайық?
-«Санамақ»
-Бір дегенім бірлік
Онсыз болмас тірлік
Екі дегенім еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім үлес
Үлес үшін күрес
Төрт дегенім төбе
Тұрған жақсы ерте.
Дәптермен жұмыс
Тапсырмалар :
-шарларды санайық, салыстырыңдар және төменге сонша шар суретін салыңдар
-Допты санаңдар және сонша доптың суретін салыңдар Балалар шаттық шеңберге тұрып,
тәрбиешімен бірге іс- қимылдарды орындап, сөздерін қайталайды.
-жақсы
балалар санайды
Балалар қайталайды.
-Балалар санап 3шардың, 4доптың суретін салады
Ұйымдастырушылық- ізденістік Сергіту сәті:
-Күндей болып күлеміз.
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Жұмбақтар
Төрт аяқты тағанды
Тасиды ол адамды.
Жанармайды қүйып ап
Тез жүріп ол зулайды.
Мүйізінен ұстап ап
Айдайды адам баласы
Қане балалар ойланып
Табыңдаршы бұл қандай ат
2 тапсырма
3тапсырма
Күз мезгіліне тән белгілерді ата
Күз суретін бояу. Балалар
тәрбиешімен бірге іс- қимылдарды орындап, сөздерін қайталайды.
Балалар жұмбақтың жауабын айтып жауап береді
-Автокөлік
-Велосипед
Балалар тапсырманы өз бетінше орындайды.
Рефлексиялық- түзетушілік Ұ.о.іс-әрекетін қорытындылау
Біз не үйрендік?
Балаларды мақтап бағалау Балалар сұрақтарға жауап береді
Балалар өз білімдерін бағалайды
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Заттарды санауды, жыл мезгілдерін біледі.
Нені игереді: Үлгі бойынша санауды,екі топтағы заттарды теңестіруді, сөзбен баяндауды
Нені біледі: Заттың атауы мен оның санын сәйкестендіру туралы түсінікті қағаз бетіне бағдарлауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 3 технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы. «Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау.
«Үлкен кішкентай». Шаршыны көптеген фигуралардың арасынан табу.
Мақсаты: сан мен заттың санының арасындағы сәйкестікті анықтау, заттарды санау қабілетін нығайту.Заттарды көлеміне қарай ажыратуды
( үлкен кіші) геометриялық пішіндерді үйрету. Зейінді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Санау материялдары, карточкалар.
Билингвальді компонент: үлкен - большой
Іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылы Шаттық шеңбері:
Кел балалар тұрайық ,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алақанға күн суретін салайық.
Таза ауада жүрек суретін саламыз
Жылуларды жинап достарға шашайық.
Тәрбиеші балаларды тақтаның алдына шақырады ;
-Балалар, маған геометриялық пішіндерден шаршыны тауып , сол туралы айтып беріңдерші? Балалар шаттық шеңберге тұрып,
тәрбиешімен бірге іс- қимылдарды орындап, сөздерін қайталайды.
Балалар шаршыны тауып сол туралы әңгімелей бастайды ;
Ұйымдастырушылық- ізденістік Дәптермен жұмыс.1-тапсырма
-Сәбіз қанша?
-Шие нешеу?
Шалқан нешеу?
2-тапсырма
Тәрелкелердің көлемі қандай?
Алмалардың көлемі қандай?
Тапсырма:алмаларды өз тәрелкесіне сал.
Сергіту
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді,
Ең Әдемі қызылын
Маған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
3-тапсырма
Суретте қандай фигуралар көрсетілген?
Олардың ішінде неше шаршы бар?
Сұрақ-жауап:
4-тапсырма
Жоғарыда неше аң отыр?
Аттарын атап беріңдер?
Төменде неше аң қашып кетті? -Білмейміз.
Үш
Екі
бес
Балалар алмаларды сызық арқылы қосады.
-Балалар
тәрбиешімен бірге іс- қимылдарды орындап, сөздерін қайталайды.
-рахмет
Дөңгелек
Үш бұрыш шаршы
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар екі дөңгелекті бояйды
Тиын, қасқыр
Рефлексиялық- түзетушілік Ұ.о.іс-әрекетін қорытындылау.-Бүгін не үйрендік?
Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Мақтау, бағалау. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Үлкен, кіші деген сөздердің мәнін түсініп, оларды сөз арасында қолдануды ;заттардың ұқсас белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай біріктіруді.
Нені игереді; 5 көлемдегі сандарды санауды,заттарды көлеміне қарай салыстыруды.
Нені біледі: шаршының көлемі жағынан әртүрлі болатынын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 4 технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы. «Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау.
«Үлкен кішкентай». Шаршыны көптеген фигуралардың арасынан табу.
Мақсаты: сан мен заттың санының арасындағы сәйкестікті анықтау, заттарды санау қабілетін нығайту.Заттарды көлеміне қарай ажыратуды
( үлкен кіші) геометриялық пішіндерді үйрету. Зейінді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Санау материялдары, карточкалар.
Билингвальді компонент: үлкен - большой
Іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылы Шаттық шеңбері:
Кел балалар тұрайық ,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алақанға күн суретін салайық.
Таза ауада жүрек суретін саламыз
Жылуларды жинап достарға шашайық.

Тәрбиеші балаларды тақтаның алдына шақырады ;
-Балалар, маған геометриялық пішіндерден шаршыны тауып , сол туралы айтып беріңдерші? Балалар шаттық шеңберге тұрып,
тәрбиешімен бірге іс- қимылдарды орындап, сөздерін қайталайды.
Балалар шаршыны тауып сол туралы әңгімелей бастайды ;
Ұйымдастырушылық- ізденістік Дәптермен жұмыс.1-тапсырма
-Сәбіз қанша?
-Шие нешеу?
Шалқан нешеу?
2-тапсырма
Тәрелкелердің көлемі қандай?
Алмалардың көлемі қандай?
Тапсырма:алмаларды өз тәрелкесіне сал.
Сергіту
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді,
Ең Әдемі қызылын
Маған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
3-тапсырма
Суретте қандай фигуралар көрсетілген?
Олардың ішінде неше шаршы бар?
Сұрақ-жауап:
4-тапсырма
Жоғарыда неше аң отыр?
Аттарын атап беріңдер?
Төменде неше аң қашып кетті? -Білмейміз.
Үш
Екі
бес
Балалар алмаларды сызық арқылы қосады.
-Балалар
тәрбиешімен бірге іс- қимылдарды орындап, сөздерін қайталайды.
-рахмет
Дөңгелек
Үш бұрыш шаршы
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар екі дөңгелекті бояйды
Тиын, қасқыр
Рефлексиялық- түзетушілік Ұ.о.іс-әрекетін қорытындылау.-Бүгін не үйрендік?
Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Мақтау, бағалау. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Үлкен, кіші деген сөздердің мәнін түсініп, оларды сөз арасында қолдануды ;заттардың ұқсас белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай біріктіруді.
Нені игереді; 5 көлемдегі сандарды санауды,заттарды көлеміне қарай салыстыруды.
Нені біледі: шаршының көлемі жағынан әртүрлі болатынын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 5 технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы:«Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер, шаршы туралы өткенді пысықтау Мақсаты:балаларды 1 санымен таныстыру; екі топтағы заттарды салыстырып үйрету;тәулік бөліктері туралы білімін нығайту;ұйымшылдыққа,байқампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер үлгісі, тапсырма қағаздары,
түрлі – түсті қарындаштар.
Әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу, практикалық.
Билингвальдық компонент:Шаршы-квадрат, шеңбер-круг.
Іс- әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялыққ
қозғаушылық Шаттық шеңбері
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
-Балалар, мен де сендерді көрсем қуанам.
-Жылулық шеңберімізде кімдермен сәлемдестік?
Аспанда күн нешеу болады?
Ендеше, біз бүгін 1санымен танысамыз. Балалар шаттық шеңберге тұрады.
қимылдарды орындайды.
Достарымызбен,
Жер анамен, Күнмен.
-Біреу болады
Ұйымдастырушылық- ізденістік - Суретпен жұмыс;
Д\о Сұрақ-жауап.
Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу.
-Қыз нешеу?
-Арыстан нешеу?
2 тапсырма.
-Аралас сандардың ішінен 1санын белгілеп шығыңдар.
Сергіту сәті:
Мен мықты арыстан
Аңдардың патшасы.
Жауымның соғысқан
Күл болған қаңқасы.
3 –тапсырма.
Ұқсас суреттерді сәйкестендір.
-Қандай суреттер бар екен?
-Киіз үй оң жақта ма?
-Жарайсыңдар.
4 тапсырма.
-бірінші және екінші қатардағы шаршы мен шеңберсалынған суреттерді жалғастыру. Біреу,
Біреу
Балалар, берілген тапсырмаларды орындап шығады.
Жұдырығын түйіп сермейді.
Балалар бірдей суреттерді сәйкестендіріп шығады.
Киіз үй, сандық, камзол.
-сол жақта, сандық ортада, камзол оң жақта.
-Балалар бірінші қатарға –шаршы- шеңбер. Шаршы-шеңбер етіп, жалғастырады.
Рефлексиялық-түзетушілік Қорытындылау.
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Біз қандай санмен таныстық?
-Қандай геометриялық пішіндер жайлы өттік?
Балалар өздері жасаған жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.
-1 санын өттік.
-шаршы, шеңбер.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 1 санын таниды; оң мен сол, ортасын ажырата алады. Нені игереді: 1 санын көптеген сандар арасынан таба алады. Нені біледі: сан туралы түсініктерін; геометриялық пішіндерді ажырата біледі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 6 технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы:«Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Балалардың 1 цифр туралы білімін бекіту.
Мақсаты:1 цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен салыстыруды үйрету. «Тез» , «баяу» түсініктерін дамыту.Үлкен, кіші, салыстыруды үйрету. Үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатыны жағынан түсінік беру.
Көрнекіліктер: Суреттер, заттық суреттер, баяу және тез жүретін аңдар суреті.
Әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу, практикалық.
Билингвальдық компонент: Тез-быстро, баяу-медленный, үшбұрыш-треугольник.
Іс - әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады:
Таңғажайып кірпішті,
Бір-біріне қададым.
Ұнамасақұлатып,
Қайта, қайта қаладым (Текшелер)
Доп-домалақ іші қуыс,
Секіреді қоянша. (Доп)
Кезікті кербез сұлу,
Бір жануар.
Үстінде
Екі тауы бар. (Түйе ) Балалар, жұмбақтың
шешуін табады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Дәптермен жұмыс;
Д\о Сұрақ-жауап.
1 тапсырма.
-Неше текше?
-Неше түйе?
-Неше доп?
2 тапсырма:
1 цифырына сәйкес заттарды бояу.
Сергіту сәті:
Санамақ:
Бір дегенің –білеу.
Екі дегенің –егеу,
Үш дегенің – үлес
Үлес үшін күрес
Төрт дегенің –төсек.
Бес дегенің-бесік.
3 –тапсырма.
Жылда, баяу туралы туралы тапсырмалар.
4 тапсырма.
-Үш бұрыштың өлшемі қандай?
-Үш бұрышты табыңдар? Балалар, берілген тапсырмаларды орындап шығады.
Балалар тәрбиешімен бірге айтып, қимылдарды орындайды.
Балалар, берілген тапсырмаларды орындап шығады.
Рефлексиялық түзетушілік Қорытындылау.
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Тасбақа тез жүреме, арыстан ба?
-Қандай геометриялық пішіндер жайлы өттік? Арыстан тез жүреді, тасбақа баяу жүреді.
-1 санын өттік.
Үшбұрыш жайлы.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Көлеміне қарай заттарды салыстыруды (үлкен, кіші )
Нені игереді: Көпдеген пішіндер ішінен үшбұрышты таба білуді, жұмбақтарды шешуді игереді.
Нені біледі: 1 цифырын, үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатынын , тез және баяу ұғымдарын біледі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 7 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы:«Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Балалады 2 және цифрымен танысу. Қысқа, ұзын , сопақша (көптеген пішіндер арасынан табу).
Мақсаты:2 саны және соған сәйкес 2 цифрымен таныстыру; 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан таба алу қабілетін нығайту;Көлеміне қарай ұзын, қысқа салыстыруды дамыту. Геометриялық пішіндер арасынан сопақшаны табуды пысықтау.
Көрнекіліктер: Қысқа, ұзын заттардың суреті, сопақша пішін.
Әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу.
Билингвальдық компонент:Қысқа-короткие, Ұзын -длинные,
Іс - әрекет кезеңі Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық 1-тапсырма
Жұмбақтар:
Далада жүрген түйенің
Іші пысты, жалықты.
Төлі келіп қасынаҚатары оның толықты.
-Далада неше түйе жайылып жүр.
Қанша түйе жайылып жүрсе сонша дөңгелекті боя. Балалар, жұмбақтың
шешуін табады.
Екі түе жайылып жүр.
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік - Дәптермен жұмс;
2 тапсырма:
Көп цифрлардың арасынан тек 2 цифырын ғана қоршап сызу керек.
Сергіту сәті:
Санамақ:
Бір дегенің –білеу.
Екі дегенің –егеу,
Үш дегенің – үлес
Үлес үшін күрес
Төрт дегенің –төсек.
Бес дегенің-бесік.
3 –тапсырма.
Қысқа-ұзын туралы тапсырмалар.
Мен Димаш пен Іңкәрға лента бердім, кімнің лентасы ұзын?
-Ал, Іңкәрдің ше?
4 - тапсырма.
Геометриялық пішіндер арасынан сопақшаны көрсетіңдер?
Сопақшалардың үлкенін жасылмен, кішісін көкпен, ал, ең кішісін қызыл түспен бояймыз? Балалар 2 цифрын ғана бояп шығады
Балалар тәрбиешімен бірге айтып, қимылдарды орындайды.
Димаштың лентасы ұзын болып тұр,
қысқа деп жауап берді.
Балалар, берілген тапсырмаларды орындап шығады.
Рефлексиялық- түзетушілік Қорытындылау.
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Қандай геометриялық пішіндер жайлы өттік?
2 санын өттік.
Сопақша жайлы.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Көлеміне қарай заттарды салыстыруды (ұзын, қысқа )
Нені игереді: 2 цифрын көп сандар ішінен таба білуді, жұмбақтарды шешуді игереді.
Нені біледі: 2цифрын, сопақшаны
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 8 технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы:«Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: : 2 цифры туралы білімдерін бекіту. Алыс-жақын.
Мақсаты: 2 цифры жайлы білімдерін бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білуге үйрету:1, 2 ,3, цифрларын заттың санымен салыстыруды әрі қарай жалғастыру: «алыс» ,«жақын» ұғымдарын мағына жағынан айыра білуге үйрету.
Көрнекіліктер: алыс, жақын заттардың суреті
Әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын.
Билингвальдық компонент: алыс-далеко, жақын -близко,
Іс- ірекет кезеңі Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері
Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
1-тапсырма
Жұмбақтар:
Далада жүр шапқылап,
Керемет тым, саққұлақ
Тек есектен басқада
Оған ұқсар жоқ құлақ.
Басы жерде бұғып тұрады,
Жап-жасыл сақалы
Жерге шығып тұрады
-Суретте неше сәбіз, неше қоян бар?
-Суреттегі заттарды бояймыз. Балалар орындарынан тұрып, қимылмен жасайды.
Балалар, жұмбақтың
шешуін табады.
Қоян.
Сәбіз.
Екі сәбіз, екі қоян.
Ұйымдастырушылық- ізденістік - Дәптермен жұмс;
2 тапсырма:
Көп цифрлардың арасынан тек 2 цифырын ғана қоршап сызу керек.
Сергіту сәті:
Ойнақтаған ор қоян,
Түлкіні көріп орманда
Орғып- орғып секірді.
Бұтаға барып секірді.
3 –тапсырма.
Цифрларды суреттегі заттардың санымен сәйкестендір?
4 тапсырма.
Қоянға жақын тұрған сәбізді бояп, сәбәзден алыс тұрған қоянды боя. Балалар 2 цифрын ғана бояп шығады
Балалар бірге айтып, қимылдарды орындайды.
Балалар, берілген тапсырмаларды орындап шығады.
Рефлексиялық- түзетушілік Қорытындылау.
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Қандай геометриялық пішіндер жайлы өттік?
-2 санын өттік.
Алыс, жақын жайлы.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Көлеміне қарай заттарды салыстыруды (алыс, жақын )
Нені игереді: 2 цифрын көп сандар ішінен таба білуді, жұмбақтарды шешуді игереді.
Нені біледі: 2цифрын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 9 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы:«Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: : 3 цифры туралы білімдерін бекіту. «Кеше», «бүгін», «ертең». Жыл мезгілдері (күз).
Мақсаты: 3цифры жайлы білімдерін бекіту; 3 цифрын басқа сандар арасынан табу. «Кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарын айыруға үйрету; Балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімін дамыту.
Көрнекіліктер: Суреттер, сандар.
Әдіс -тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын
Билингвальдық компонент: Кеше- вчера, ертең-завтра.
Іс- ірекет кезеңі Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивация
лық- қозғаушылық Біз қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Біз сәлем береміз
Балалар санамақты есімізге түсірейік;
Бір дегенім бірлік
Онсыз болмас тірлік
Екі дегенім еңбек
Онсыз болмас тірлік
Үш дегенім
Үлес үшін күрес Балалар тәрбиешімен бірге айтып, қимылдарды орындайды.
Балалар бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Өткен тақырыпты еске түсіру
- Балалар бүгін үш цифрымен танысамыз.
-Дәптермен жұмс;
1- тапсырма:
Айдын келді балабақшаға бірінші боп ,
Оған Марат пен Зере қосылды сонда балабақшаға неше бала келе жатыр?
3- тапсырма:
Көп цифрлардың арасынан тек 3 цифырын ғана қоршап сызу керек.
Сергіту сәті:
Желмен ағаштар,
Тербеледі әрдайым.
Бір иілді, екі иілді,
Сыңғырлады жапырақтар.
3 –тапсырма.
- Балалар қазір қандай мезгіл?
- Күзде қандай құбылыстар болады? Балалар 2 цифрын өттік.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.балалар тәрбиешімен бірге айтып, қимылдарды орындайды.
Күз мезгілі
Күн суытып, жапырақтар сарғаяды, жел болады.
Балалар, берілген тапсырмаларды орындап шығады.
Рефлексиялық- түзетушілік Қорытындылау.
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Қандай санмен таныстыңдар?
Балаларды мақтап, мадақтау.
-3 санын өттік.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 3 цифрын: . «Кеше», «бүгін», «ертең» деген ұғымдарын дұрыс қолдана білуді, жыл мезгілдерін білу.
Нені игереді: Сандар қатарынан 3цифырының орнын табуды.
Нені біледі: . «Кеше», «бүгін», «ертең» деген ұғымдарына сөйлем құрастыра білуді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 10 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы:Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы:1, 2, 3 цифрлары туралы өткенді пысықтау; Биік- аласа. Баланың зейінін дамыту.
Мақсаты:3 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау. 1, 2, 3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру. Биік- аласа ұғымдарына сөйлем құрастыруға үйрету. Бір- біріне ұқсас екі заты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту.
Көрнекіліктер: Заттық суреттер, ойынға қажетті материалдар.
Әдіс –тәсілдері:сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелесу.
Билингвальдық компонент: Биік – аласа – высокий –низкий.
Іс- ірекет кезеңі Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Санамақ:
Бір дегенім бірлік
Онсыз болмас тірлік
Екі дегенім еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім үлес
Үлес үшін күрес.
Сұрақ - жауап;
-Біздің топта неше тақта бар?
- неше есік бар?
- Неше ойыншық машина бар?
-Ал кім маған 3 цифрларын ауада жазылуын көрсетеді? Балалар тәрбиешімен бірге айтып, қимылдарды орындайды.
-бір тақта.
- екі есік бар.
- үш машина
Балалар саусақтарымен жазып көрсетеді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Дәптермен жұмыс:
Сергіту:
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам,
Шапалақ үрамыз
Алға бір қадам
Артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Д\о «Зейінді бол»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.Биік- аласа ұғымын бекіту. Биік деген де бала орнынан тұрады, аласа деген де отырады.
Дәптермен жұмыс;
тапсырма.
Балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма беріледі.
- Қымыз құятын неше ыдыс боядыңдар?
- Қанша кесе боядыңдар?
2- тапсырма.
- Сопақшаның астында қандай цифрды сыздыңдар?
3- тапсырма.
Балалардан биік үйдің қасына аласа ағаш, ал
Аласа ағаш алдына биік ағаштың суретін салайық. - Балалар сәлемдеседі.
Балалар тәрбиешімен бірге айтып, қимылдарды орындайды.
-Балалар өте қызықты ойнайды.
Үш торсық.
Үш кесе
- 1 цифрын
-балалар дәптермен жұмысын аяқтап тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық- түзетушілік Өзін- өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Балаларды мадақтау.
Сендерге көп рахмет! -Балалар өз жұмыстарын бір- біріне көрсетіп, салыстырады.
Нені білу керек:1, 2, 3, цифрларынбиік- аласа түсініктерін.
Нені игереді:екі суретті салыстырып, айырмашылығын таба білуді игереді.
Нені біледі : 1, 2, 3, сандарын заттың санымен сәйкестендіруді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 11 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Заттың санын цифрымен сәйкестендіру.3-4 сандарын салыстыру. Кең – тар. Тіктөртбұрыш (өзге фигуралардыңарасынан табу).
Мақсаты:математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын йифрымен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау;өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру(кең, тар); тіктөрт
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,демострациялық,
Үлестірмелі материал:
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Педагог:
–Балалар, үстелдеріңде цифрлар жатыр. Мен өлең оқимын, ал сендер мұқият тыңдап, соған сәйкес цифрды көрсетіңдер. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды және тиісті цифрларды көрсетеді.
1-тапсырма.
Қуыршақ театрларының кейіпкерлері – қоян, тышқан және аю балаларға қонаққа келеді. Олар бір нәрсеге келісе алмай қалыпты. Олардың әңгімесіне педагог араласты. Сөйтсе, достар кімнің қайда және қалай баратынын шеше алмай отыр екен. Педагог қоақтарға басу айтады жәе балалардан көмек сұрап көрелік деген ұсыныс жасайды.
Педагог балалардан сұрайды:
–Суреттегі көліктердің аты қандай және оның неше дөңгелегі бар?
Нақтылайды:
–Аңдардың киімдеріндегі цифрлар ойышықтың дөңгелегінің санымен сәкес болу керек. Ендеше сан нешені көрсетсе, аңдар сонша дөңгелегі бар көлікті мініп кетеді.
–Бағыт сызығымен кімнің ойышығы қайда екенін көрсетіңдер.
Қоян сұрайды:
Машина кімдікі?
Тышқан сұрайды:
Самокат кімдікі?
Педагог балалардан:
Велосипед кімдікі?–деп сұрайды.
Аңдар балаларға алғыс айтып, кетіп қалады.
Қоян балалармен бірге қалады.
2-тапсырма.
Суретте неше қоян болса, сонша дөңгелекті бояуға тапсырма береді.
«Сұр қоян». Сергіту минуты.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
3-тапсырма.
Қоян айтады:
Менің үйім тиін мен кірпінің үйінің ортасында. Кәне, балалар, айтыңдаршы, біздің қайсымыз тиіннен алыс тұрамыз: мен бе, әлде кірпі ме? Кәне, жауабын тауып көріңдер.
Педагог балаларға дәптердегі көмекті пайдалануды ұсынады. Педагог қоянның тапсырмасын тағы бір қайталап оқиды, үй мен оның қожайынын бояюға тапсырма береді.
Қоян бәріне рақмет айтып, кетіп қалады.
4-тапсырма.
Педагог екі суретті мұқият қарап шығып, олардың айырмашылығын табуды сұрайды.
Неше айырмашылық тапсаңдар, сонша дөңгелкті бояңдар.
Жұмысты аяқтағаннан кейін педагог балалардан сұрайды:
Неше дөңгелек боядыңдар?
Қандай айырмашылық таптыңдар?
Самокатта екі дөңгелек, велосипедте 3, машинада 4 дөңгелек бар.
Аюдікі, өйткені оның киімінде 4 деген цифр бар. Қояндікі, өйткені оның киімінде 2 цифры бар. Тышқандікі, өйткені оның киімінде 3 цифры бар.
Балалар жасырынып тұрған қояндардың барлығын санап, 5 қоянды бояйды.
Балалар өлеңнің мәтіні бойынша қоянға тән қимылдарды жасайды.
Балалар суреттен қоянның үйін тауып көрсетеді. Тиіннен ең алыс тұратын кірпі. Өйткені кірпінің үйі менің үйімнен де кейін тұр.
Қоян мен оның үйін бояйды.
Төрт айырмашылықты тауып, 4 дөңгелекті бояйды. Сол жақтағы суретте күн, оң жақтағысында бұлт тұр. Оң жақтағы суретте көбелек бар, сол жақтағыда жоқ. Сол жақтағы суретте ағаштың жапырағы бар, ал оң жақтағы да жоқ. Оң жақта тұрған суретте гүлдің жапырақтары бар, ал сол жақтағы суретте гүлдің жапырағы жоқ.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі баылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.
Балалардан қорытынды шығаруды сұрайды: 4артық па,5 артық па? Балалар қорытынды шығарады: 5 саны 4-тен үлкен, 4 саны 5-тен кіші.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1-де 5-ке дейінгі цифрларды; заттың орналасу ретін сөзбен баяндауды; Игеру: математикалық жұмбақтарды шешуді; логикалық есептерді шешкен кезде талдай алуды; бір-біріне ұқсас екі суреттің айырмашылықтарын табуды; Меңгеру: логикалық тапсырманы көрген мәліметтеріне сүйене отырып шешуді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 12 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі, үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру, заттардың теңдігін анықтау және сөзбен баяндау. Шеңбер, сопақша.
Мақсаты:өзгеше орналасқан (шеңбер, шаршы ішінде) заттар тобын теңестіруді үйрету; әртүрлі арақашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтау; заттың орналасқан орнын анықтау.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, демонстрациялық түсіндіру.
Үлестірмелі материал:әр балаға тәрелкеге салып қызыл, жасыл және көк түсті 3жолақ береміз.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Педагог балаларға өткен оқу іс-әрекетінен қайталау сұрақтарын қояды.
Балаларға тақырып бойынша мынадай тапсырма береді:
-Балалар, үстелде геометриялық фигуралар жатыр. Кез келген фигураны алып, сол туралы білгендеріңді айтып көріңдер. Балалар фигуралар туралы айтады:
Тіктөртбұрыш дегеніміз – ...
Шаршы дегеніміз – ...
Ұйымдастырушылық – ізденістік Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог балаларға таяқшалар салынған тәрелкені жақындатып, «Таяқшалардың түсі қандай? Әр түстен неше таяқша бар?» деп сұрайды. Ол балаларға әр түсті өз алдына бөліп алып, оларды әр түрлі фигуралар шығатындай етіп қойып шығуды тапсырады.
1-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
-Шеңбердің ішінде неше кесе бар?
-Шаршының ішінде неше кесе бар?
-Олар туралы не айтуға болады?
2-тапсырма.
Педагог балаларға төмендегі жолаққа жоғарыда қанша болса, сонша дөңгелек салуды ұсынады. Ол дөңгелектердің арақашықтығы алшақ болуы тиіс.
-Балалар дөңгелектердің саны туралы не айтасыңдар?
-Жоғарғы жолақта төмендегіге қарағанда бір дөңгелек артық болуы үшін не істеу керек?
-Педагог жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек салуға тапсырма береді.
-Енді жолақтар ішіндегі дөңгелектер туралы не деуге болады?
Сергіту минуты.
Бәріміз біргеміз.
Оңға бір қадам, солға бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Алға бір қадам, артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
4-тапсырма.
Педагог балаларға аюлардың суретін көрсетеді.
-Балалар, суретші бес аюдың суретін салды. Бірақ басқа нәрсеге алаңдаймын деп төртеуінің суретін дұрыстап сала алмады. Кейбір бөлшектерін ұмыт қалдырды. Кәне, жоғарыда отырған аюды мұқият қарап шығайық. Содан соң жетпей тұрған тұстарын толықтырып, төмендегі аюлардың суретін аяқтайық.
-Бірінші аюдың суретіне не қостыңдар?
-Ал төртіншісіне ше? Балалар әр түрлі фигуралар құрастырады.
Балалар таяқшаларды бір қатарға қойып шығады.
Шеңбер мен шаршыдағы кеселердің саны бірдей, төрт-төрттен.
Балалар 4 дөңгелектің суретін салады. Жоғарғы және төменгі жолақтағы дөңгелек саны теңдей, төрт-төрттен.
Жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек керек.
Жоғарғы жолақта төменгіге қарағанда бір дөңгелек артық.
Балалар тақпақтың мәтіні бойынша жаттығу жасайды.
Балалар суреттің жетіспей тұрған тұстарын толықтырып салады.
Түйме.
Бантик, белбеу, табанын салдық.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды. өз жұмыстарын педагогтың үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу:заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігін:
Игеру:орналасқан екі топтағы заттарды теңестіру; заттың орналасқан орнын анықтау;
Меңгеру:топтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 13 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінін дамыту.
Мақсаты:4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрының сандық қатардағы орнын анықтау; 4 цифрын өзге цифрлар арасынан табу; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету; баланың зейінін дамытуға ықпал ету; балаларды көлемі әр түрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу, сұрақ-жауап, практикалық.
Үлестірмелі материал:үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері, цифрлар карточкасы.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Әйгерім өз себетіне,
Үш саңырауқұлақ салды.
Қарап жүрмей тағы да,
Тал қасынан біреуін алды.
Жоғалтпайық уақытты,
Бізге тек санау ғана қалды. Балалар жұмбақ өлеңнің жауабын табады.
4 саңырауқұлақ.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады. Содан соң сұрақ қояды:
-Неше дөңгелек салдыңдар?
-Неліктен?
2-тапсырма.
Педагог өлең оқып береді.
Білек күші тасыған,
Төрт күрескер ағаң.
Қолын қойып беліне,
Шаршамайды ешқашан.
«Санамақ». Сергіту минуты.
Бір, екі, үш, төрт
Жиналамыз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт
Секіреміз бәріміз.
Бір, екі, үш, төрт
Отырамыз бәріміз.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог балаларға мынадай тапсырма береді: барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа қойып шығуларың керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын.
3-тапсырма.
Балалар бір қатарда неше киіз үй тұрғанын санайды, содан соң олардың көлеміне назар аударады. Осылайша үш қатардағы суретке де талдау жасайды.
4-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Мені қардан жасапты,
Ойланып көр.
Қолым – таяқ,
Мұрным – сәбіз,
Көзім – көмір.
Педагог балаларға төрт бірдей аққала көрсетіп, олардан қанша айырмашылық тапса, сонша щеңбер бояуды ұсынады. Балалар 4 дөңгелектің суретін салады жіне сұрақтарға жауап береді.
Төрт.
Үшке бірді қоссақ төртеу болады.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Балалар жаттығуларды орындайды.
Балалар шаршыларды санайды.
Балалар суреттің ең кішкентайдан басталып, біртіндеп үлкейе беретінін айтады.
Балалар жұмбақтың шешуін табады:
Аққала.
Балалар олардың айырмашылықтарын атайды.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Әйгерімнің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен?
Сендер қандай цифрмен таныстыңдар?
Педагог балаларды мадақтайды. Балалар өздерінің жұмыстарын педагогтың үлгісімен салыстырады.
Төрт саңырауқұлақ.
4 цифрымен.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 4 цифрын; «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін.
Игеру:4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақты шешуді.
Меңгеру:4 цифры туралы түсінікті
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 14 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Реттік санау. Сол жақ, оң жақ, үстінде, астында.
Мақсаты:1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; беске дейін реттік санауды жалғастыру, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; символдық белгілерден геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту; қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру.
Үлестірмелі материал:геометриялық фигураларда құрастырылған заттар суреті, цифрлар карточкасы.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Математикалық әліпби» ойын жаттығуы.
Педагог кез-келген цифрды алып, сол туралы өлең оқып беруді сұрайды. Үстелде 1-ден 5-ке діейінгі сандар жатыр. Балалар қалауынша өлең оқиды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог 1 цифрын қызыл түспен, 2-ні жасылмен, 3-ті көкпен, 4-ті сарымен, 5-ті қызғылт сары түспен бояуды ұсынады.
Тапсырма орындалғаннан кейін балалардан сұрайды:
3цифрын қадай түспен боядыңдар?
4-ті ше?
2-тапсырма.
Педагог балалардан суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беруін өтінеді:
Суреттегі заттардың нешеу екенін айтыңдар.содан соң ретін анықтаңдар. Ол үшін қалай санаймыз?
Екінші, төртінші тұрған заттарды ата. Оларды боя.
3-тапсырма.
Педагог мысық құрастырылған геометриялық фигураларды ғана бояуға тапсырма береді.
Балалар, сендер неше геометриялық фигураны және қандай фигураларды боядыңдар?
4-тапсырма.
Айгүл сурет салуға көмектесулеріңді сұрап отыр. Қандай сурет салатынымызды қазір Айгүлдің өзі айтып береді. Педагог тапсырманы оқиды. Жоғарғы оң жақ бұрышқа бұлттың суретін;
Төменгі сол жақ бұрышқа үйдің суретін;
Жоғарыдағы сол жақ бұрышына күннің суретін;
Ал төменгі оң жақ бұрышқа шыршаның;
Ортасына гүлдің суретін саламыз.
Содан соң педагог балалардан сұрайды.
Күнді қай жерге салдыңдар?
Шыршаны қай жерге салдыңдар?
Бұлтты қай жерге салдыңдар?
Үйді қайда салдыңдар?
Гүлді қайда салдыңдар? Балалар цифрларды бояйды.
4заттың суреті берілген. Олардың ретін анықтау үшін бірінші , екінші, ... деп санаймыз.
Ары қарай кішкентай үшбұрыш құлағы, 1 үлкен үшбұрыш денесі, т.б. екенін айтады.
Балалар тапсырманы мұқият тыңдайды, орындайды.
Балалар тапсырманы орындап болғаннан кейін, қай жерде не салғандарын айтып береді.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог тапсырмаларды орындауға белсенді үлес қосқаны үшін балаларды мақтайды Балалар өз жұмысын педагог үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды; геометриялық фигураларды;
Игеру: «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді;
Меңгеру: цифрлар туралы түсінікті; қағазбетінде бағдарлау туралы түсінікті (сол жақта, оң жақта, жоғары, төмен).
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 15 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру. Алыс, жақын.
Мақсаты:үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу; кеңістікте бағдарлау түсініктерін қалыптастыру (жақын - алыс); геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, практикалық, ойын.
Үлестірмелі материал:балалардың әрқайсысында 12-18 см ұзыдыққа дейін жететін 3 жолақ.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
-Балалар, жұмбақтарды мұқият тыңдаңдар. Оны шешуге жұмбақтың ішіндегі сандар көмектеседі.
Екі қарауыл,
Екі тыңшы,
Бір жыршы.
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.
Екі атым бар тынбайтын,
Өзімді ғана тыңдайтын. Балалар жұмбақтарды шешеді:
Екі көз, екі құлақ,бір тіл.
Бор.
Аяқ.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
-Суретте неше шырша бейнеленген?
-Сонша дөңгелекті төменгі қоршауға жапсырыңдар.
-Тағы бір дөңгелек қосыңдар. Нешеуі артық?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог балалармен бірге жолақшаларды бір-біріне қойып салыстырады. Педагог балаларға неше жолақша барын анықтауға көмектеседі және олардың көлемі туралы айтып береді. Балалардан сол қолға ең қысқа жолақшаны, ал оң қолға ең ұзынын алуын сұрайды. Содан соң тапсырма береді:
-Енді бір-біріне қойып, ең ұзыны қайсысы, ең қысқасы екенін анықтаңдар.
Сергіту минуты.
Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты... деп жүреміз.
2-тапсырма.
Педагог әр карточкадағы шыршаның ойыншықтарын санап, солардың санына сәйкес келетін цифрды бояуға тапсырма береді.
Содан соң мынадай сұрақ қояды:
-Әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар?
3-тапсырма.
Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады және тапсырма береді:
-Балалар, Аязата өте асығыс. Ол ормандағы аңдарға тез жетуі тиіс. Ол жол айрығында тұр, бірақ қай жолмен жүрерін білмейді. Әрине, тезірек жету үшін ол ең қысқа жолмен жүруі керек.
4-тапсырма.
Педагог балалардан жоғарғы қатардағы фигуралардан атап берулерін сұрайды.
-Жоғарғы бұрыштағы фигураларды рет-ретіме атап беріңдер.
-Екінші және үшінші қатарларға жетпей тұрған фигуралардың суретін жабыстырыңдар.
Қандай фигураларды жапсырдыңдар? Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді:
Бір дөңгелек артық.
Өйткені, төрт санының үштен біреуі артық.
Балалар бірінің үстіне бірін қою арқылы жолақшалардың көлемін анықтайды(қайсысы ұзын, қайсысы қысқа және ең қысқасы қайсысы екендігін табады).
Балалар саусақтарымен көрсетіп, жаттығу жасайды.
Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді. 2 шардың суреті бар карточкада 2 цифрын боядық және т.б.
Балалар жолды бағыт сызығымен көрсетеді.
Балалар фигуралардың атауын атап береді.
Жоғарғы қатарда шеңбер, шаршы, үшбұрыш бар.
Екінші қатарға шаршы, үшінші қатарға шеңбер саламыз.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды. Балалар өздерінің жұмыстарын педагогтың үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1,2,3,4 цифрларын, «алыс-жақын» ұғымдарын;
Игеру: үлгі бойынша санауды, аралас сандарды салыстыруды;
Меңгеру: «ұзындау, қысқалау» ұғымдарын; шеңбер, шаршы, үшбұрыш сынды геометриялық фигуралар туралы түсінікті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 16 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: цифрды заттың санымен сәйкестендіру.Жоғарыда,төменде,
сол жақта,оң жақта.Шаршы,тіктөртбұрыш. Жыл мезгілдері(қыс,көктем,жаз,күз).
Мақсаты:цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістік қарым-қатынастары туралы түсініктерін қалыптастыру (сол жақта, оң жақта, үстінде, алдында, ортасында); геометриялық фигуралар туралы білімін бекіту; жыл мезгілдері (қыс, көктем, жаз, күз) туралы өткенді пысықтау.
Әдіс-тәсілдер:түсідіру, практикалық, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.
Педагог үстелге бірден онға дейінгі сандарды орналастырады. Содан соң балаларды кезек –кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді. Балалар цифрды табады және тақпақ айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог өлең оқиды:
Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
-Балалар, өлеңде не туралы айтылады?
-Дәптерде оң жақтағы цифр нешені көрсетсе, әр қоршауға сонша қар қиыршығының суретін салыңдар.
Фланелеграфта жұмыс.
Педагог заттарды фланеграфтың әр бұрышына орналастырады, содан соң балалармен жұмыс істейді.
-Балалар, үшбұрышты жоғарғы оң жақ бұрышқа, шеңберді ортаға, ал шаршыны төменгі сол жақ бұрышқа... орналастырыңдар.
«Түрлі жіпті...»Сергіту минуты.
Түрлі жіпті көп тауып,
Кесте тікті ақ тауық.
Қауындықта ақ қораз,
Дайындады қақ біраз.
2-тапсырма.
Педагог балаларға мынадай сұрақ қояды:
-Суретте Аязата қай жерде тұр?
-Ақшақар ше?
-Шырша қай жерде орналасқан?
-Қоян қайда?
Педагог шырщаның төмен жағындағы ойыншықтарды сары, ортасындағыларын қызыл, жоғарыдағыны көк қарындашпен бояуды тапсырады.
3-тапсырма.
Педагог балалардан сұрайды:
«Топтағы заттардың қайсысының төрт бұрышы бар?»
Содан соң ол балалардан тік төртбұрышты заттарды бояуды сұрайды.
Педагог балаларға мынадай сұрақ қояды:
-Сендер қандай фигураларды боядыңдар?
-Шаршы нешеу және олардың көлемі қандай?
-Неше тіктөртбұрыш бар және олардың көлемі қандай?
4-сурет.
Педагог балаларға сұрақтар қояды және тапсырма береді:
-Балалар, сол жақтағы суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?
-Оң жақта қыстың белгілері бар суретті табыңдар.Ол қандай суреттер екен?
-Артық суреттерді сызып тастаңдар.
-Барлығы неше жыл мезгілі бар?
-Оларды рет-ретімен атап беріңдер.
Балалар мұқият тыңдайды және сұраққа жауап береді:
Қар туралы балалар қар қиыршығының суретін санай отырып салады.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар мәтін бойынша жаттығу жасайды.
Оң жақта.
Сол жақта.
Ортада.
Шыршаның алдында.
Балалар шырша ойыншықтарын бояйды.
Балалар төртбұрышы бар заттарды атайды.
Балалар 3 тіктөртбұрышты бояйды
Шаршылар мен тіктөртбұрыштарды
Шаршы екеу: бірі үлкен, екіншісі кішкентай.
Олар да көлемі жағынан әртүрлі.
Қыс мезгілі.
Аязата, жаңа жылдық шырша.
Қыс, көктем, жаз, күз.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Балалар,сендер екінші жолаққа неше қардың суретін жапсырдыңдар?
-Үшінші жолаққа ше?
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды. Балалар өз жұмыстарын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады. Үшеу.
Төртеу.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1-4цифрларын;
Игеру: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді;
Меңгеру: кеңістік қарым-қатынастар туралы түсінікті (сол жаққа, оң жаққа, жоғарыда, алдында, ортасында).
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 17 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 5 цифрымен танысу. Сол жақта, ортасында, оң жақта.
Мақсаты:5 саны және цифрымен танысу; нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын салып үйрену; заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрену (сол жақта, оң жақта, алдында, артында); жыл мезгілі туралы өткенді пысықтау (қыс).
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын.
Үлестірмелі материал:әр баланың қолында тіктөртбұрыш, шаршы мен үшбұрыштың суреті салынған карточка; олардың түсі мен көлемі әр түрлі болуы мүмкін.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Педагог балаларға жыл мезгілдері жайлы сұрақтар қояды.
- Жыл мезгілдері нешеу? Ретімен атап беруін сұрау.
1-тапсырма. Суретпен жұмыс.
Ағашта бес қарға отыр, оған тағы біреу келіп қосылды. Нешеу болды? Бесеу.
Төртеу. Қыс, көктем, жаз, күз.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Педагог тапсырма бойынша сұрақтар қояды.
-Шатырда неше қарға бар?
-Олар қалайша бесеу болып кетті?
-Қайсысы артық: төрт пе, бес пе?
-Суретте неше құс болса, жолаққа сонша дөңгелектің суретін сал.
«Алғыр Джек».Сергіту минуты.
Ағылшынның «Джек, алғыр бол» деген өлеңі беске дейін санауға көмектеседі. Джектің рөлін балалар кезек-кезек орындайды.
Джектің алғыр екенін,
Білесің бе, досым, сен?
Секіреді ол қазір,
Алға қарай бес рет.
Ал біз қарап тұрмайық,
Санайық сонша рет.
2-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді:
Жақсы оқыған балаға,
Қойылатын бұл баға.
Барлық бала ізденіп,
Алады «бестік» баға тек.
Педагог балаларға 5 цифрының сандық қатардағы орнын анықтап, бес саны қаншаны білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады.
Содан соң өзге цифрлардың арасындағы бестіктерді тауып, оларды қоршап сызуды сұрайды.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог алдымен балаларға карточкадағы фигураларды саусақпен сызып шығуды ұсынады. Содан кейін дәл сол фигуралар салынған кестені көрсетеді. Бірақ олардың түсі мен көлемі балалардың қолындағыға қарағанда өзгеше. « Мен де үлкенсары үшбұрыш жоқ, сендерде ше?» және т.б. сұрақтар қояды. Екі-үш баладан шақырып, өздерінің қолындағы белгілі бір фигураның түсі мен көлемін (үлкен, кіші) атап беруді өтінеді.
3-тапсырма.
-Текшелер қайда жатыр?
-Кереует қайда тұр?
-Доп қай жерде жатыр?
Педагог қыс туралы өлең оқиды:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Алғашында төрт қарға болатын, сосын оған тағы біреуі келі қосылды.
Бестің төрттен біреуі артық.
Олар шеңбер болып тұрады, ортасында жетекші (Джек) тұрады.
Балалар бес цифры туралы өлеңді жаттайды.
Балалар бес моншақты бояйды.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар тапсырманы орындайды: менде кішкентай көк үшбұрыш бар.
Текшелер төменгі сол жақ бұрышта.
Кереует –ортада.
Доп кереуеттің астында жатыр.
Рефлексивті – түзетуші Балалар, сендердің сол жақтарыңда не бар?
-Ал оң жақтарыңда ше?
Педагог балаларды мақтайды. Балалар сұраққа жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 5цифрын, қыс мезгілінің ерекшеліктерін;
Игеру: математикалық жұмбақтарды шешуді, 5цифры нүкте бойымен бастырып салуды, заттың орналасқан орын сөзбен баяндауды (сол жақта, оң жақта, алдында, артында);
Меңгеру: 5саны мен цифры туралы түсінікті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні :
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 5 цифры туралы өткенді бекіту, 4-5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. Кеңістікте бағдарлау: «алдында», «үстінде», «астында», «артында».
Мақсаты:5көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; бір-бірінен әр түрлі арақашықтықта ораласқан заттар тобын теңестіруді үйрету; айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды көре білуге үйрету; «алдында», «үстінде», «астында», «артында» түсініктерін бекіту.
Үлестірмелі материал:әр үстелге ұсақ ойыншық салынған екі қорап қойылады (ұзын, қысқа шыршалар). Әр баланың қолына 2 бос жолағы бар карточка беріледі.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Сан және цифр» ойыны.
Педагог әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар жиынтығын береді.
Педагог балаларға саны жағынан әр түрлі заттардың суреті бар (1, 2, 3, 4, 5)карточкаларды кезекпен көрсетеді.
Балалар тиісті цифр жазылған карточканы көрсетуі тиіс. Балалар тиісті цифр жазылған карточканы көтереді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.
-әр қатарға сол жақтағы цифрға сәйкес фигураны жапсырыңдар.
Неше сопақша салдыңдар?
-Неше шаршы салдыңдар?
2-тапсырма.
Педагог суретті мұқият қарап шығуды тапсырады. Сода соң барлық заттардың геометриялық фигураларға ұқсайтынына балалардың назарын аударады.
-Заттардың атын атаңдар.
-Геометриялық фигураларды атаңдар.
-Заттарды өздеріне ұқсайтын геометриялық фигураның суретімен қосыңдар. Қай фигураы қандай затпен қостыңдар?
Сергіту минуты.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Айналып билейміз.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Айналып билейміз.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог тапсырма береді:
-Менің қолымдағы карточкада неше дөңгелек бар екен, санап шығыңдаршы, балалар. Содан соң карточканың жоғарғы жолағына төрт шыршаның суретін салыңдар (4 дөңгелегі бар карточка көрсетеді). Сосын 5 дөңгелегі бар карточканы көрсетіп, тағы бір тапсырма береді:
-Мына карточкада неше дөңгелек болса, төменгі жолаққа сонша қысқа шырша салып шығыңдар.
3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
-Жоғарғы жолақта неше шырша бүрі бар?
-Төменгіде ше?
-Олардың саны туралы не айтуға болады?
-Олардың саны тең, яғни бес-бестен болуы үшін не істеуіміз керек?
Педагог жоғарғы жолаққа тағы бір шырша бүрінің суретін салуды сұрайды.
-Енді олардың саны туралы не деуге болады?
4-тапсырма.
Шаршының ішіндегі шеңберді сары түспен, шаршының оң жағындағы шеңберді жасылмен, шаршының сол жағындағы шеңберді көкпен бояңдар. Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді:
Бес сопақша.
Төрт сопақша .
Доп, сағат, тоңазытқыш, қалпақ, қияр.
Шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша, үшбұрыш.
Сағатты шаршымен, допты дөңгелекпен, тіктөртбұрышты тоңазытқышпен, үшбұрышты қалпақпен, сопақшаны қиярмен қостық.
Балалар өлең мазмұнына қарай жатығу жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.
4 шырша.
5шырша.
Жоғары жолақта төмендегіге қарағанда шыршаның бүрінің саны кем, ал төмендегіде жоғарғыға қарағанда артық.
Енді олар теңесті.
Балалар тапсырманы орындайды.
Рефлексивті – түзетуші Педагог балаларды мақтайды. Балалар өз жұмыстарын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже: Білу: 5 цифры;Дөңгелек, шаршы, т.б. фигураларды; Игеру: заттардың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіруді; Меңгеру: геометриялық пішіндер туралы түсінікті кеңістікте бағдарлауды: алдында», «үстінде», «астында», «артында».
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Реттік саннаумен танысу.Жоғарғы оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы.
Мақсаты:5 саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды айыра білу(есептік және реттік санау), «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; қағаз бетінде бағдарлауға үйрету, заттардың арасынан геометриялық фигураларды таба білуге үйрету, 5 затты ұзыдығына қарай сәйкестендіру, заттарды ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай бір қатарға орналастыру (заттың ішінен ең ұзынын (қысқасын) алу керек деген ережені ұстану керек).
Үлестірмелі материал:әр балаға ұзындығы 20-дан 12-сантиметрге дейін біртіндеп қысқарып отыратын 5 жолақша беру керек.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Шаттық шеңбер.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнде!
Педагог балаларға тақтада жұмыс істеуді ұсынады:
-Балалар, менің үстелімде жатқан цифрлардың арасынан 3 пен 4 сандарын табыңдар және солар туралы тақпақ айтып беріңдер. Балалар 3 пен 4 цифрларын табады және тақпақ айтады:
Бұл – 3 саны...
Бұл – 4 саны...
Ұйымдастырушылық – ізденістік Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Педагог алдымен қай балада неше жолақша барын және олардың түсін анықтауға көмектеседі. Олардың ұзындығы туралы қандай пікір айтуға болатынын түсіндіреді.
-Кәне, балалар ең ұзын және ең қысқа жолақшаны көрсетіп беріңдер.
-Жолақшаларды ең ұзынынан бастап ең қысқасына дейін қағаз бетіне жайып қойыңдар. Содан соң педагог 2-3 баланы шығарып, жолақты жоғарыдан төмен, төменнен жоғары жылжыта отырып, өлшемін ретімен атауды сұрайды, алқалға балалардан сәйкес жолақтарды саусақпен санап отыруды сұрайды.
Соңында педагог мынадай сұрақ қояды: «Барлығы неше жолақша бар екен? Оларды қандай тәртіппен орналастырдық?»
Сергіту минуты.
Аппақ, аппақ, қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ,
Қырау-қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
«Қолғапқа жасырынған кім?» ойыны.
І-тапсырма.
Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады және мынадай сұрақтар қояды:
Балалар, суретші мына суретті қай ертегіге арнап салған?
Бұл ертегіде бірінші болып кім келеді?
Екінші ше?...
Бесінші болып келген кім?
Суретші кімнің суретін салуды ұмытыпты?
Берілген тапсырма бойынша балалар екінші және төртінші келген аңдарды бояуы тиіс.
2-тапсырма.
Педагог:
Балалар, сол қолдарыңмен оң құлақтарыңды, ал оң қолдарыңмен мұрындарыңды ұстаңдар.
Педагог балалардан Маратқа тіктөртбұрыштың ортасына дөңгелек, жоғары оң жақ бұрышына шаршы, төменгі сол жақ бұрышына сопақша, төменгі оң жақ бұрышына үшбұрыш, жоғары сол жақ бұрышына тіктөртбұрыштың суретін салуды сұрайды.
Тіктөртбұрыштағы фигуралар қалай орналасқан?
«Қоян қандай фигуралардан құралған?» ойыны.
3-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Дөңгелек те емес,
Шеңбер де емес,
Бірақ соған ұқсап тұр. Бұл не? Балалар жолақшалармен жұмыс істейді.
Балалар жаттығуларды өз бетінше орындайды.
Балалар суретті қарап шығады және сұрақтарға жауап береді.
«Қолғап» ертегісіне.
Тышқан.
Бақа.
Қасқыр.
Ит.
Балалари бақа мен түлкіні бояйды.
Балалар тапсырманы орындайды жәе сұрақтарға жауап береді.
Сопақша.
Қоян сопақшалар мен шеңберлерден құралған.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Суретші « Қолғап» ертегісінен неше аңның суретін салыпты?
Түлкі нешінші келді?
Педагог сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды. Балалар өз жұмыстарын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Бес аңның суретін салды.
Түлкі төртінші келді.
Күтілетін нәтиже:Білу: 5 саны көлемінде санауды, заттардан геометриялық фигураларды табуды; Игеру: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырата білуді; қағаз бетінде бағдарлауды; Меңгеру: ұзындығы бойынша бес зат арасындағы қатынасты қою туралы түсінікті; қалған заттардың арасынан ең ұзынын (ең қысқасын) таңдау қажеттігін.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: реттік санау, санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.
Мақсаты:реттік санауды үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына жауап беруге үйрету, математикалық жұмбақтарды шешге үйрету; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын түсіну; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, практикалық, демонстрациялық, ойын.
Үлестірмелі материал:көліктер суреті, цифрлар карточкасы, геометриялық пішіндерден құрастырылған көліктер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Жұмбақтың шешуін тап» ойыны.
Педагог балаларға екі, үш, төрт, беске байланысты жұмбақтар жасырады:
Екі аяғым оны
Кезек-кезек тебеді.
Тепкен сайын
Алысқа желеді.
Педагогсұрақ қояды:
– Жұмбақтарды шешуге қандай сандар көмектесті? Балалар жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақтың шешуі: велосипед.
Екі, үш, төрт, бес.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балаларға тапсырма береді:
Балалар, гаражға кіріп бара жатқан көліктерді бояңдар. Біріншісін қызыл түспен, екіншісін сарымен, үшіншісін жасылмен.
Гаражға барлығы неше машина кірді? Педагог гараждан шыққа кезде соңғы машинаның бірінші, ал бірінші машинаның соңғы болатынын айтады. Педагог гараждан шығып келе жатқан көліктерді бояуға тапсырма береді.
Жасыл машина гараждан нешінші болып шықты?
Ал қызыл ше?
Екінші қатардағы сары машина нешінші?
Бірінші қатардағы қызыл машина ше?
Бірінші қатардағы жасылмашина
нешінші?
Сергіту минуты.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Айналып билейміз.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Айналып билейміз.
2-тапсырма.
Педагог сұрақ қойып, тапсырма береді:
Үшбұрышта неше дөңгелек бар?
Дөңгелекте неше шаршы бар?
Шаршы мен дөңгелектегі фигуралардың саны туралы не айтар едіңдер?
Үшбұрыштағы, дөңгелектегі фигуралар санына сәйкес келетін цифрды бастырып жазыңдар.
3-тапсырма.
Педагог балалардың назарын үшінші тапсырмаға аударады:
Бесікарба қандай геометриялық фигуралардан құралған?
Бесікарбада қанша фигура болса, шаршыларға сонша геометриялық фигураның суретін салыңдар.
Неше фигура салдыңда?
4-тапсырма.
Балаларға машиналардың суретін көрсетеді:
Балалар, суретші машиналардың суретін салды. Бірақ басқа затқа алаңдаймын деп кейбір бөліктерін ұмытып кетіпті. Жоғарыда тұрған машинаны мұқият қарап шығып, төмендегі машиналарға жетпей тұрған бөлшектерді салып шығайық. Балалар көліктерді бояйды.
Гаражға үш машина кіірді.
Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді.
Бірінші.
Үшінші.
Екінші.
Бірінші.
Үшінші.
Балалар жаттығу жасайды.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Айналады.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Айналады.
Бес дөңгелек бар.
Бес шаршы бар.
Әртүрлі орналасқанына қарамастан дөңгелек пен шаршының саны тең.
Арба үшбұрыш, дөңгелек, тіктөрт-бұрыштардан құралған.
Балалар фигуралардың суретін салады.
3 үшбұрыш, 2 дөңгелек, 2 тіктөртбұрыш.
Балалар машиналардың жетпей тұрған жерлерін салып шығады.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды. Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 5 цифрын; реттік санауды; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын;
игереді: «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруді, таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.
меңгереді:санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Сан заттың көлеміне бағынбайды. Санның заттардың шамасына тәуелсіздігі. Реттік санау. «Кең», «тарлау», «тар», «ең тар» ұғымдары.
Мақсаты:заттарды санымен сәйкестендіру; санның заттың көлеміне бағынбайтынын түсіндіру; 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру, сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырату,«қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба отырып, ені бойынша салыстыру және сол белгілері арқылы біріктіру; оқиғаның ізбе-ізділігін (тәулік бөліктері) анықтауға арналған логикалық тапсырмаларды орындау жолдарын үйрету.
Үлестірмелі материал:әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар тарату.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Психожаттығу.Күнмен сәлемдесу.
Сәлеметсіз бе,апай!
Сәлеметсің бе достарым!
Сәлеметсің бе Алтын Күн!
Күнге қарап жымияды.
Сандар қатарымен жұмыс істейміз (1-ден 5-ке дейінгі сандарды қойып шығу керек).
Педагог балалардан 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды рет-ретімен үстелдеріне қойып шығуды сұрайды. Балалар тапсырманы орындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма
Педагог балаларға сұрақтар қояды және тапсырма береді:
– Жоғарыдағы тіктөртбұрышта неше кесе бар?
– Төмегі тіктөртбұрышта неше кесе?
– Олардың саны туралыне айтасыңдар?
–Әр тіктөртбұрыштағы кесе санын білдіретін санды нүкте бастырып жазыңдар.
Сергіту минуты.
Бәріміз біргеміз.
Оңға бір қадам, солға бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Алға бір қадам, артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
«Сөйлемді аяқта» ойыны.
Педагог балалардан сөйлемді аяқтауды сұрайды:
Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты ... ішеміз.
Түнде ұйықтаймыз, ал ... жаттығу жасаймыз.
Күндіз Күн шығады, ал Ай ... шығады.
Кешкі асты кеште, түскі асты... ішеміз.
2-тапсырма.
Педагог сұрақ қояды:
–Бұл өлеңде тәуліктің қай бөлігі туралы айтылған?
–Бұдан басқа тәуліктің қандай бөліктері бар?
Педагог тәуліктегі уақыттың бірінен кейін бірі тұрғанын және олардың ешқашан өзгермейтінін айтады. Педагог әр суреттің қасындағы тәулік бөлігінің ретіне сәйкес келетін цифрды бастырып сызады.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
Сендер 1 деген цифрды қай суреттің қасына жаздыңдар?
2 цифрын ше?
3-ті ше?
4 цифрын ше?
3-тапсырма.
Педагог суреттегі барлық ленталарды мұқият қарап шығып, ені бірдей ленталарды бір-біріне қосу жөнінде тапсырма береді.
Балалар ленталарды қалай қостыңдар?
4-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Қасқырдан да құтылды,
Аюдан да құтылды.
Ақыр соңында
Қу түлкіге тұтылды.
Ол не?
Педагог балалардан суретті мұқият қарап шығып, суретшінің қатесін табуларын сұрайды. Содан соң сұрақ қояды:
Бауырсаққа кездескен аңдарды рет-ретімен атап беріңдер, балалар.
Педагог балаларға тапсырма береді және мынадай сұрақтар қояды:
Бауырсаққа 1-ші кездескен аңның суретін боя. Қай аңның суретін боядың?
Бауырсаққа екінші жолыққан аңның суретін боя. Қандай аңды боядың?
Бауырсаққа үшінші жолыққан аңның суретін боя. Қандай аңды боядың?
Бауырсақ орманда неше аңға жолықты? Балалар сұрақтарғажауап береді.
Бес.
Бес.
Үлкен кесе де, кішкентай кесе де бесеу, яғни тең.
Балалар жаттығуды жасады.
Балалар толықтырады:
Кешке
Таңертең
Күндіз
Түнде
Түсте
Таңертең
Күндіз, кеш, түн.
Балалар тиісті санды салады.
Таңертең
Күндіз
Кеш
Түн
Балалар суретті қарап шығады және ленталарды қосады.
Балалар түсіндіреді.
Бауырсақ
Қоян, аю, қасқыр, түлкі.
Қоян
Аю
Қасқыр
Түлкі
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды. Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: сан заттың көлеміне бағынбайтындығын; 1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды.
Игеру: заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба отырып, ені бойынша салыстыруды және сол белгілері арқылы біріктіруді; оқиғаның ізбе-ізділігін анықтауға берілген логикалық тапсырмаларды орындауды.
Меңгеру: тәулік бөліктерін, 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар туралы түсінікті; «кең», «тар», «тарлау», «ең тар» ұғымдарын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 7.02.2016
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Үлгі бойынша санау. 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау, цифрды санмен салыстыру. «Алдымен», «кейін» ұғымдары.
Мақсаты:үлгі бойынша санауды және сонша зат шығаруды үйрету; екі топтағы заттарды салыстырып үйрену; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; «алдымен», «кейін» ұғымдарын айыра білуге, оларды дұрыс қолдануға үйрету; шеңбер, сопақша, тіктөртбұрыш, шаршы сынды геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; шар, текше сынды геометриялық денелермен таныстыру; оқулықтағы тапсырманы түсініп, оны өз бетиінше орындау қабілетін қалыптастыру.
Үлестірмелі материал:әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды үлестіріп беру.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Шаттық шеңбер.
Амансың ба, Алтын Күн,
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Сандар қатарымен жұмыс істейміз.
Педагог балалардан 1-ден 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен қатарға қойып шығуды сұрайды. Балалар педагогтың тапсырмасын орындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Балаларға кірпілер мен саңырауқұлақтарды санап, оларды теңестіруді тапсырады. Балалар қанша саңырауқұлақ болса, сонша кірпінің суретін салуы тиіс.
Балалардан сұрайды:
Неше саңырауқұлақ салуларың керек?
Неге?
Кірпілер мен саңырауқұлақтардың саны туралы не айтуға болады?
2-тапсырма.
Педагог балаларда 1-5 сандары туралы өлеңдерді еске түсіріп, қайталауды өтінеді (бұрыңғы сабақты қарау).
Сергіту миуты.
3-тапсырма.
Педагог алдымен балаларға плакатты көрсетеді. Мұқият қарап, қайсысының «бірінші», қайсысы «кейін» пайда болғанын айтып беру керек.
Содан соң педагог дәптердегі жанып тұрған шырағдандарды мұқият қарап шығып, олардың қайсысы бірінші, қайсысы екінші, қайсысы үшінші, төртінші жағылғанын айыруды тапсырады.
Геометриялық фигуралармен жұмыс.
Педагог балаларға геометриялық фигураларды көрсетіп, атын атауды сұрайды. Фигураларды тақтаға қойып, олардың жазық фигура екенін түсіндіреді.
Педагог бұған көз жеткізу үшін фигураларды балалардың қолдарыа береді. Содан соң педагог балаларға көлемді фигуралар – шар мен текшені көрсетеді. Олардың атауымен таныстырып, оларды геометриялық жазық фигуралармен салыстырады. Олардың көлемді дене екеніне көздерін жеткізеді. Бұлардың геометриялық денелер деп аталатынын айтады. Балалардан шар мен текшенің қандай заттарға ұқсайтынын сұрайды.
4-тапсырма.
Педагог балаларға тапсырма береді:
Шарды қызыл қарындашпен, текшені көкпен боя. Балалар кірпілерді санайды және жетпей тұрған саңырауқұлақтың суретін салады.
4.
Өйткені суретте бір саңырауқұлақ тұр.
Олар теңесті. Кірпі қай жақта болса, сонша саңырауқұлақ болды.
Балалар цифрлар туралы өлеңдер оқиды.
Балалар цифрды дөңгелектер санымен қызыл қоңыздың үстіндегі нүктелері сәйкес келетін карточкалармен қосады.
Балалардың жауабы:
Алдымен жұмыртқа, содан кейін балапан пайда болды.
Балалар геометриялық фигураларды атайды. Балалар фигураларды қолына алып, олардың жазық екендігіне көз жеткізеді.
Балалар бояйды.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1, 2, 3, 4, 5 цифрларын;шар, текше сынды көлемді фигураларды;
Игеру: цифрларды санмен сәйкестендіруді; үлгі бойынша санауды; «алдымен», «кейін» ұғымдарын ажырата білуді, сол сөздерді дұрыс қолдануды;
Меңгеру: оқулықтағы тапсырманы түсініп, оны өз бетінше орындауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты:реттік санауды жалғастыру (5 саны көлемінде), сандық және реттік санауды ажырата алу, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; цифрды сандық карточкамен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыштуралы өткенді пысықтау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық ойын.
Үлестірмелі материал:цифрлар карточкасы, торсық, домбыра, камзол суреті.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Психожаттығу.
Күнге қолын созып, күннің жылуын алғандай болады. Уысындағы күннің жылуын бір бала екінші балаға жылы лебізбен қоса тарту етеді. Сандар қатарымен жұмыс істейміз.
Педагог балалардан 1-ден 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен қатарға қойып шығуды сұрайды. Балалар педагогтың тапсырмасын орындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балаларға өлең оқып береді:
Шар – Маратқа,
Ал торсық – Қайратқа,
Домбыра – Азаматқа,
Ал камзол – Қымбатқа.
Содан соң педагог былай деп сұрақ қояды:
Балаларға неше сыйлық жасалды?
Балаларға тапсырма береді:
Төртінші сыйлықты жасыл түспен, біріншісні қызылмен, екіншісін көкпен,
үшіншісін сарымен бояу керек.
«Жұмбақтар мен олардың шешуі»ойыны
Бұл ойынды ойнау үшін 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар қажет.
Педагог балаларға математикалық жұмбақтар жасырады.
Балаларға жұмбақты шешкен кезде, оның жауабын тиісті цифрмен көрсетуі тиіс.
Қарындаштың бірі Мақсатта, екіншісі Ғабитте. Балалардың қолында барлығы неше қарындаш бар?
Мысықтың аяғы су болмауы үшін оған неше жұп етік қажет?
Қабырғаның жанында күбі тұр. Олардың әрқайсысының ішінде бір-бір бақа бар. Егер бес күбі болса, бақаның саны нешеу болар еді?
2-тапсырма.
Педагог балаларға «Етікші» деген өлеңді оқып береді:
Етіктер жыртылып қалды, енді олардың әрқайсысына сәйкес келетін жамауды табуымыз керек. Ол үшін пішіні жағынан етіктің жыртығына сай келетін жамау мен етіктің арасын сызықпен қосу керек.
Педагог сұрақ қояды:
Етіктің жамаулары қандай пішінде?
«Санамақ» сергіту минуты.
«Дұрыстап қос» ойыны.
3-тапсырма.
Балаларға цифр жазылған шаршы мен карточкаларды ондағы заттар мен дөңгелектер саны сол цифрға сәйкес келетіндей етіп сызықпен қосу туралы тапсырма береді. Балалар өлеңді тыңдайды.
Төрт сыйлық.
Балалар жұмбақтарды шешеді және жауабын цифрмен көрсетеді.
Бірінші жамауы – дөңгелек, екінші – шаршы, үшіншісі – үшбұрыш, төртіншісі – тіктөртбұрыш,бесіншісі – сопақша.
Балалар тапсырманы орындайды.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды.
Сендер етіктерге қандай пішінде қиылған жамауларды таңдадыңдар?
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары неше затты білдіреді? Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: сандық және реттік санауды, реттік сандарды;
Игеру: «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді; заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табуды;
Меңгеру: дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша, үшбұрышты тануды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі – көктем.
Мақсаты:цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, күз, жаз, қыс) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,демонцтрациялық, практикалық
Үлестірмелі материал:цифрлар карточкасы, көктем көрінісінің суреті.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Цифрды тап» ойыны
Педагогбалаларға цифрды көрсетеді және оның қандай цифр екенін сұрайды. Балалар жауап береді
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма
Сұраққояды:
–Қоянның неше сәбізі бар?
– Тиіннің неше саңырауқұлағы бар?
– Себетте қандай сан жазылған?
Педагог себетті төрт заты бар аңмен сызық арқылы қосуды сұрайды (тиінмен).
Нақтылайды:
– Неліктен тиінмен қостыңдар?
2-тапсырма.
Педагог сол жақтағы цифр қандай санды көрсетіп тұрса, жолақтың ішіне сонша зат салуды тапсырады.
Педагог орындалған тапсырманы тексереді және мынадай сұрақ қояды:
– 5,4,3 цифрларының қасына неше заттың суретін салдыңдар? Себебін түсіндіріп беріңдер.
3-тапсырма.
Педагогтің оң қолында қоян, сол қолында тиін (ойыншық) тиін тұр. Балалардан тиін мен қоянды қай қолына ұстап тұрғанын сұрайды. Осыдан қорытынды жасайды:
Егер адам сендерге қарап тұрса, оның «оңы» сендердің «сол жағың»болып табылады.
Педагог балаларға тапсырманы дәптерге орындау керектігін айтады. Содан соң сұрайды:
Бала бетімен қарап тұр ма, әлде арқасы беріп тұр ма?
Оның «оң жағы» қайсы, «сол жағы» қайсы?
Жалауша оның қай қолында?
Шар баланың қай қолында?
Педагог баланың оң қолындағы затты қызыл қарындашпен бояуды тапсырады.
4-тапсырма.
Педагог өлеңде суреттелген жыл мезгіліне байланысты суретті тауып бояп, ал артық суретті сызып тастауға тапсырма береді.
Балалардан сұрайды:
Алма салынған себетті неліктен сызып тастадыңдар?
Қандай суреттерді боядыңдар және неге?
Көктемнің тағы қандай белгілерін білесіңдер? Үш сәбізі бар.
Төрт саңырауқұлақ.
Төрт саны жазылған.
Өйткені, оның төрт саңырауқұлағы бар.
Балалар сурет салады.
Бес, төрт, және үш. Өйткені,сол жақтағы цифр осындай затты білдіреді.
Балалар педагогтің қимылын қадағалап отырады.
Арқасын беріп тұр.
Дәл біздікі сияқты.
Оң қолында.
Сол қолында.
Қызыл түсті жалаушаны бояйды.
Өз бетінше сурет салады.
Балалар суреттерді бояйды.
Алманы көктемде емес, күзде жинайды.
Көктемде мұз ериді.
Көктемде құстар ұя салады.
Көктемде көбелектер пайда болады.
Балалар жауап береді.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Балалардан сұрайды:
Кім тамағын себетке салды?
Мен сендерге қарап тұрмын. Менің «солым» қайсы, «оңым» қайсы?
Педагог балаларды мақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу:1-ден 5-ке дейінгі цифрларды, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін (көктем, жаз, күз, қыс).
Игеру:цифрды заттың санымен сәйкестендіруді;
Меңгеру:өзіне қатысы бойынша заттардың жағдайын сөздермен бере білу түсініктерін.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы:Реттік сандар туралы өткенді пысықтау.Үлгі бойынша санау, заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Солға, оңға. Оқиғаның ізбе-ізділігін анықтау.
Мақсаты:реттік санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде); сандық және реттік санауды ажырата білуге үйрету; «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; «солға», «оңға» ұғымдарын ажырата білуді үйрету; оқиғаның ретін анықтауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, демонстрациялық материал, түсіндіру.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы 1-тапсырма.
Педагог балалардан ойыншықтардың қандай ретпен орналастырылғанын айтып беруін сұрайды.
Педагог сандық және реттік санаудың бір-бірінен айырмашылығы барын балалардың есіне салады. Оған көз жеткізу үшін тапсырманы дәптерге орындауды тапсырады.
Үшінші орынды қандай ойыншық тұр?
Қоян нешінші тұр?
Аю нешінші тұр?
Қайсы ойыншық бесінші орында?
Ал маймыл нешінші орында орналасқан?
Өткенді бекіту үшін педагог екінші және төртінші ойыншықты бояуға тапсырма береді. Балалар ойыншықтарды атап көрсетеді.
Түлкі үшінші тұр.
Қоян төртінші тұр.
Екінші.
Бақа.
Бірінші.
Балалар жұмыс дәптерлеріндегі аю мен қоянды бояйды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 2-тапсырма.
Педагог екі баланы тақтаға шығарып, біріне машиналарды, екіншісіне пирамидаларды санауды тапсырады. Заттарды санап болған соң, бала сол заттың санына сәйкес келетін цифрды алуы тиіс. Содан соң балалар өз цифрларын топқа көрсетеді. Ал топтағы балалар кімнің нені санағанын табуы тиіс.
Бұл жаттығуды бірнеше рет өткізіп, оған сыныптағы балаларды түгел қатыстыруға болады.
Пысықтау үшін балаларға дәптерден осыған ұқсас тапсырма беріледі.
Марат нені санады? Айгүл нені санады?
Нақтылайды:
Сендерге балалардың қолындағы цифрлар көмектесе алады.
Педагог балалар ме заттарды сызық арқылы қосуды өтінеді.
3-сурет
Алманың бір рет, екі рет тістелген, т.б. суретін көрсету.
Алма бастапқы да қандай болып еді, кейін қандай болды?
Педагог балаларға алмада болған өзгерістерді (оның бастапқы да, кейін қандай болғанын ) бағыт сызықтары арқылы көрсетуді тапсырады.
4-тапсырма
Педагог оңға қарай жүзіп бара жатқан балықтарды қызыл қарындашпен, солға қарай бара жатқандарын сарымен бояуды сұрайды.
Содан соң сұрақ қояды:
Неше балық оңға жүзіп бара жатыр?
Неше балық солға жүзіп бара жатыр?
Егер балалар тапсырманы тез орындаса, оң жақтағы мысықтың үстіне сұр ал сол жақтағы мысықтың үстіне сары дақтар салуды ұсыныңыз. Екі бала заттарды санайды және тиісті цифрды алып, топтағы балаларға көрсетеді.
Айгүл камзолдарды, Марат тақияларды санады. Балалар дәптермен жұмыс істейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманы дәптерге орындайды.
Екі.
Екі.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балалардан сұрайды:
Бірінші тапсырмада неше ойыншықты боядыңдар?
Кім камзолдарды санады?
Оңға жүзіп бара жатқан балықтардың түсі қандай?
Педагог балаларды мадақтайды Балалар өз педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу:1-ден 5-ке дейінгі цифрларды; «солға, оңға» бағыттарын;
Игеру: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажыратуды, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді, оқиғаның ретін анықтауды;
Меңгеру:реттік санау дағдысын (5 саны көлемінде); реттік с андар туралы білімді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 26 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: санның заттардың кеңістікте орналасуына тәуелсіздігі. Көзбен шамалау қабілетін дамыту. Балалардың зейінін дамыту.
Мақсаты:цифрды заттың санымен сәйкестедіруді үйрету; заттар тобының теңдігін кеңістікке орналасуына қатыссыз қоюды үйрену; математикалық жұмбақтарды шешу жолдарын үйрету; көлемі әр түрлі заттарды салыстыруды үйрету; әр түрлі заттардың ұқсас белгілерін табу және оларды сол белгілері арқылы біріктіруге үйрету; заңдылықтарды анықтауға берілген логикалық есептерді шешуді үйрету.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, практикалық.
Үлестірмелі материал:цифрлар карточкасы, заттық суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Педагог балаларға сандарды рет-ретімен қатарға қойып, зат саны жағынан әр цифрға сәйкес келетін суретті табуды тапсырады. Балалар сандарды рет-ретімен қойып шығады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог дәптерге орындау үшін тапсырма береді.
Шаршының ішіндегі қойларды санап шық.
Үшбұрыштағы қойларды сана.
Шаршы мен үшбұрышқа салынған қойлардың саны туралы не айтар едіңдер?
2-тапсырма.
Балаларға үйрек пен балапандарды санау тапсырылады.
Суреттегі үйректердің санына сәйкес келетін цифрды нүкте бойынша бастыру ұсынылады.
3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.
Түйелердің көлемі қандай?
Шелектердің көлемі қандай?
Түйелер мен шелектерді көлемі жағынан сәйкес келетіндей етіп қосыңдар.
4-тапсырма.
Педагог балаларға тапсырма береді:
Екінші және үшінші қатардағы бос тор көздерге жетпей тұрған фигураларды салып шығуы керек.
Сұрақ қояды:
Неге бұл фигураны салдыңдар? 5 қой.
5 қой.
Олар әр түрлі орналасқан. Бірақ олардың с аны тең.
Үйректерді санап, анықтағаннан кейін, 5 цифрын бастырып сызады.
Үлкен, кіші, кішкентай, одан да кішкентай, ең кіші.
Балалар көлемі жағынан бір-біріне сәйкес келетін түйелер мен шелектерді бір-біріне қосады.
Балалар екінші қатарға тіктөртбұрыштың үшінші қатарға дөңгелектің суретін салады. Екінші қатарға тіктөртбұрыш салдық, себебі онда шеңбер мен шаршы бар.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларға өз жұмыстарын дайын үлгімен салыстырып, оған баға беруді ұсынады. Сұрақ қояды:
Заттың саны оның көлемі мен орналасуына бағына ма?
5 саны қалай пайда болды?
Педагог балаларды мақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Жоқ, бағынбайды.
4.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды; геометриялық заттарды салыстыруды;
Игеру: заттар тобын орналасу реті мен көлеміне қарамай теңестіруді; көлемі жағынан әр түрлі заттарды салыстыруды; түрлі заттардың ұқсас белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай біріктіруді;
Меңгеру: цифрды заттың санымен сәйкестендіру туралы; көлемі әр түрлі заттарды салыстыру туралы түсінікті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 27 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: реттік санау туралы өткенді пысықтау. Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау. «Жоғары», «төмен», «арасында» ұғымдары.
Мақсаты:сандық және реттіксанаудыбір-бірінен ажырата білуге,«қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету;заттың орналасқан ретін сөзбен баяндау (жоғары, төмен, арасында); балаларды ұзындығы бойынша бес заттың арасындағы сәйкестікті қоюды үйрету; ұзындығының артуына жіне кемуіне байланысты заттарды қатарға қоя білу; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету.
Үлестірмелі материал:әр балаға ұзындығы әр түрлі жолақтар беру.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Үлестірмелі материалмен жұмыс.
«Өлшеуші» жаттығуы.Педагог балаларға тапсырма береді:
Балалар, жолақтардыт ең қысқасынан бастап, ең ұзынына дейін (және керісінше) орналастырып шығыңдар. Педагог заттарды ұзындығына қарай орналастыру керектігін балалардың есіне салады. Ол үшін әр кез қалған заттардың ішінен ең ұзынын (қысқасын) таңдап алу қажет деген ережені ұмытпаған жөн.
Педагог тапсырманың орындалу барысын қадағалайды, сұрақ қояды:
Ең қысқа жолақты көрсет.
Ең ұзын жолағың қайсы?
Сенің жолағың ұзарып жатыр ма, әлде қысқарып жатыр ма? Балалар ұзындығы әр түрлі жолақтарды өз бетінше орналастырып шығады.
Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік «Айболитке кім келді?»ойыны.
1-тапсырма.
Балаларға сұрақ қойды.
Қане, балалар, Айболитке кімдер келді, атап беріңдерші.
Олар нешеу?
Сиыр дәрігерге нешінші болып көрінді?
Қасқыр ше?
Қоңыз нешінші келді?
Құрт ше?
Ал аю нешінші?
Педагог балаларға Айболитке бірінші және бесінші болып келгендерді бояуға тапсырма береді.
2-тапсырма.
Педагог балаларға әр цифрды ондағы заттар саныа сәйкес келетін цифрмен қосуға тапсырма береді. Сұрақ қояды:
Тиіндерді қандай цифрға қостыңдар, кірпілерді ше?
1 цифрын қай суретке қостыңдар?
3 цифрын неге қостыңдар?
3-тапсырма.
Педагог дәптердегі суретті мұқият қарап шығуды өтінеді. Сода соң сұрақ қояды:
Бәрінен жоғары не отыр? Оның себетін жасыл түспен бояңдар.
Бәрінен төмен не отыр? Оның себетін қызыл түспен бояңдар.
Тиін мен қоянның арасында отырған не? Оның себетін сарымен бояңдар.
Мысық пен бақаның арасында қандай аң бар? Оның себетін көкпен бояңдар.
Қалған аңдар қайда? Сиыр, қасқыр, қоңыз, құрт, аю.
5-еу.
1-ші.
2.
5-ші.
4-ші.
3.
Балалар сиыр мен қоңыздың суретін бояйды.
2 цифрына
4 цифры бар суретке.
Қояны бар суретке.
Бақаларға.
Қоян.
Бақа.
Кірпі.
Аю.
Мысық қоян мен аюдың ортасында. Тиін кірпі мен бақаның ортасында.
Рефлексивті – түзетуші Педагог балаларды мақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады
Күтілетін нәтиже:
Білу: бес көлеміндегі сандарды реттік санауды;
Игеру: сандық және реттк санауды айыра білуді, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді, цифрды заттың санымен сәйкестендіруді;
Меңгеру: 1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы, заттың орналасуы жөнінде түсінікті (жоғары, төмен, арасында); ұзындығы бойынша 5 заттың арасындағы сәйкестікті қоюды; ұзындығының артуына және кемуіне байлнысты заттарды қатарға қоя білуді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 28 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: заттың санын цифрымен сәйкестендіру. Баланың зейінін дамыту.
Мақсаты:цифр мен заттың санын сәйкестендіруді жалғастыру; математикалық жұмбақтарды шешу; баланың зейінін дамыту.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, демонстрациялық, ойын.
Үлестірмелі материал:заттық суреттер, санау материалдары, сандар карточкасы.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Тыңда,сана, көрсет» ойын жаттығуы.
Балалар үстелдеріңде цифрлар жатыр. Мен қол шапалақтаймын, ал сендер мұқият тыңдап, соған сәйкес цифрды көрсетіңдер. Балалардың алдында 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар жатыр.
Педагогтың тапсырмасын орындайды. Цифрларды көрсетеді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік «Математикалық жұмбақтар»ойыны.
1-тапсырма.
Педагог балаларды дәптерлерін ашып, ойын ойнауға шақырады. Педагог математикалық жұмбақтар жасырады:
Үш мысықтың құйрығы нешеу?
Қоянның неше құйрығы бар?
Екі балада неше құлақ бар?
Екі есектің мұрны нешеу?
5 сиырдың басы нешеу?
Педагог тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалайды.
2-тапсырма.
Педагог балаларға әр карт очканы тиісті цифрымен қосу туралы тапсырма береді.
Балаларға төмендегідей сұрақтар қояды:
Суретте неше дөңгелек бар? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
Үшбұрыш нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
Сопақша нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
Шаршы нешеу? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
Неше тіктөртбұрыш бар? Оны қандай цифрмен қостыңдар?
3-тапсырма.
Педагог мысықтарды мұқият қарап, айырмашылығын табуды сұрайды. Балалар қанша айырмашылық тапса, сонша дөңгелек салу қажет.
Неше айырмашылық таптыңдар және неше дөңгелек салдыңдар? Балалар дәптердегі суретті басшылыққа ала отырып, сұрақтарға жауап береді.
3.
1.
4.
2.
5.
3 дөңгелек бар.
4.
1.
5.
2.
4 айырмашылық бар.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балалардан сұрайды:
Мысықтардың қасына қандай цифр жаздыңдар?
Сиырлардың қасына ше?
2 цифрын қай жануардың қасына жаздыңдар? Педагог тапсырмаларды орындауға белсенді үлес қосқаны үшін балаларды мақтайды. Балалар өз жұмыстарын көрсетеді.
3.
5.
Есектердің қасына.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 3пен 4 цифрларын; заттың орналасу ретін сөзбен баяндауды;
Игеру:математикалық жұмбақтарды шешуді; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді; бір-біріне ұқсас заттарды салыстыруды және айырмашылығын табуды;
Меңгеру:геометриялық фигураларды ажырата білуді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 29 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Реттік санау. Сол жақ, оң жақ, үстінде, астында.
Мақсаты: 1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; беске дейін реттік санауды жалғастыру, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; символдық белгілерден геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту; қағаз бетінде бағдарлау қабілетін арттыру.
Үлестірмелі материал: геометриялық фигураларда құрастырылған заттар суреті, цифрлар карточкасы.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Математикалық әліпби» ойын жаттығуы.
Педагог кез-келген цифрды алып, сол туралы өлең оқып беруді сұрайды. Үстелде 1-ден 5-ке діейінгі сандар жатыр. Балалар қалауынша өлең оқиды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог 1 цифрын қызыл түспен, 2-ні жасылмен, 3-ті көкпен, 4-ті сарымен, 5-ті қызғылт сары түспен бояуды ұсынады.
Тапсырма орындалғаннан кейін балалардан сұрайды:
3цифрын қадай түспен боядыңдар?
4-ті ше?
2-тапсырма.
Педагог балалардан суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беруін өтінеді:
Суреттегі заттардың нешеу екенін айтыңдар.содан соң ретін анықтаңдар. Ол үшін қалай санаймыз?
Екінші, төртінші тұрған заттарды ата. Оларды боя.
3-тапсырма.
Педагог мысық құрастырылған геометриялық фигураларды ғана бояуға тапсырма береді.
Балалар, сендер неше геометриялық фигураны және қандай фигураларды боядыңдар?
4-тапсырма.
Айгүл сурет салуға көмектесулеріңді сұрап отыр. Қандай сурет салатынымызды қазір Айгүлдің өзі айтып береді. Педагог тапсырманы оқиды. Жоғарғы оң жақ бұрышқа бұлттың суретін;
Төменгі сол жақ бұрышқа үйдің суретін;
Жоғарыдағы сол жақ бұрышына күннің суретін;
Ал төменгі оң жақ бұрышқа шыршаның;
Ортасына гүлдің суретін саламыз.
Содан соң педагог балалардан сұрайды.
Күнді қай жерге салдыңдар?
Шыршаны қай жерге салдыңдар?
Бұлтты қай жерге салдыңдар?
Үйді қайда салдыңдар?
Гүлді қайда салдыңдар? Балалар цифрларды бояйды.
4заттың суреті берілген. Олардың ретін анықтау үшін бірінші , екінші, ... деп санаймыз.
Ары қарай кішкентай үшбұрыш құлағы, 1 үлкен үшбұрыш денесі, т.б. екенін айтады.
Балалар тапсырманы мұқият тыңдайды, орындайды.
Балалар тапсырманы орындап болғаннан кейін, қай жерде не салғандарын айтып береді.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог тапсырмаларды орындауға белсенді үлес қосқаны үшін балаларды мақтайды Балалар өз жұмысын педагог үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды; геометриялық фигураларды;
Игеру: «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді;
Меңгеру: цифрлар туралы түсінікті; қағазбетінде бағдарлау туралы түсінікті (сол жақта, оң жақта, жоғары, төмен).
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: заттың санын цифрымен сәкестендіру. Үлгі бойынша санау. Нақты заттарды денелермен салыстыру. Сол жақта, оң жақта.
Мақсаты:цифрды заттың санымен сәйкестендіру қабілетін нығайту; айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық денелерді көру қабілетін бекіту.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, практикалық, демонстрациялық.
Үлестірмелі материал:цифрлар карточкасы, жемістер суреті.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Педагог балалардан 1-ден 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен қатарға қойыпшығуды сұрайды. Балалар педагогтың тапсырмасын орындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балаларға тапсырма береді:
Қалқан құлақтың нені жинайтынын, ал қолтырауын Генаның нені жинайтынын бағдаршамен көрсетуі тиіс. Ол үшін ағаштардағы алма мен алмұрттарды санап шығып, олардың қолындағы сәйкес келетін цифрға бағыт сызығымен қосу керек.
Гена не жинады?
Қалқанқұлақ не жинады?
2-тапсырма.
Педагог жолақтарға сол жақтағы цифрларға сәйкес келетіндей етіп фигуралар салып шығуларын сұрайды.
Неше үшбұрыш салдыңдар?
Неге?
Осылай барлық жолақтар бойыншы жеке –жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сергіту минуты.
Жаттығулар балалардың қалауы бойынша өткізіледі.
3-тапсырма.
Педагог балаларға геометриялық фигураларды көрсетіп, олардың атын атап берулерін өтінеді.
Неге оларды жазық фигуралар деп атайды?
4-тапсырма.
Педагог:
Қалқанқұлақ орманда келе жатыр. Ол сендерден жолдың оң жағы мен сол жағында кездескен заттардың атын атап шығуға көмектесулеріңді сұрайды.
Педагог балаларға Қалқанқұлақтың оң жағыдағы заттарды бояуды тапсырады.
Сода кейінолардан нені бояғандарын сұрайды.Нақтылайды:
Қояды қандай түспен боядыңдар?
Неліктен? Ағашта бес алмұрт бар, ал Генаның қолындағы кестеде 5 саны жазылған.
Алма ағашынд төрт алма бар, ал Қалқанқұлақтың қолындағы кестеде
4саны жазылған.
Төрт.
Өйткені бір үшбұрыш салынған. Тағы төртеу салсақ, бесеу болады және сол жақтағы 5деген цифрға теңеседі.
Өйткені, олардың көлемі жоқ және біз оларды алақанымызбен жаба аламыз.
Текше және шар.
Қорап, доп, әріптер жазылған текше.
Қоян мен үйшік.
Сұр түспен. Өйткені ол жазда сұр болады.
Рефлексивті – түзетуші Өзін –өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балалардан мына нәрселерді еске бтүсіру ді сұрайды:
Текше мен шарға ұқсайтын тағы қандай заттар бар?
Қолтырауын Гена нені жинады?
Ал Қалқанқұлақ ше?
Педагог балаларды мадақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Гена алмұрт, Қалқанқұлақ алма жинады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды; геометриялық фигураларды;
Игеру:цифрды заттың санымен сәкестендіруді; заттың орналасқан ретін сөзбен баяндауды;
Меңгеру:айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық денелерді көре білуді; текше, шар сияқты геометриялық денелер туралы түсінікті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 31 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Заттың санын цифрымен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Кең – тар. Тіктөртбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу).
Мақсаты: математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын йифрымен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау;өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру(кең, тар); тіктөртбұрыштуралы білімін пысықтау, оны өзге геометриялық фигуралардың ішінен табу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық, түсіндіру.
Үлестірмелі материал: әр балаға түрлі түсті 4 жолақ беріледі: 2- еуінің ұзындығы да, ені де бірдей; ендігі бір жолақ енсіздеу, ал төртіншісі алдыңғы екеуінен енділеу болуы керек.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Жұмбақтар және оның шешуі» ойыны.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Бұл жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі.
Екі дөңгелегі, екі басқышы бар,
Бір орындық, екі мүйізі бар.
Ол не?
Үшеуінің тұратын орманда бар үйшігі,
Ертегіге арқау болған, кейіпкерлер ғой ізгі.
Ойланбай-ақ, балақай, сен де тауып көрші енді.
Үш көзінде жалын – от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезекпенен ашылар,
Кезекпенен жабылар. Балалар жұмбақтардың шешуін табады.
Велосипед.
Үш аю.
Бағдаршам.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балаларға қазақтың ұлттық ыдыстарының суретін көрсетеді. Балалар оны мұқият қарап шыққаннан кейін, цифрларды тиісті суретпен қосуды сұрайды.
«Машина жеткілікті ме?» ойыны
2-тапсырма.
Педагог балаларға келесі суретті көрсетеді. Сұрақ қояды:
-Балалар нешеу?
-Машина нешеу?
-Ойыншық балаларға жете ме?
-Неге?
-Балалардың саны мен ойыншық машиналардың саны туралы не айтуға болады?
-Қанша бала болса, сонша машинаны бояңдар. Қане, балалар, нешеуін боядыңдар?
«Көліктер». Сергіту минуты.
Бағындырар талай жолды,
Көлік шіркін керек болды.
Жолдағыдай қатарласып,
Ұстап көрейік біз де рульді.
Жеңіл көлік зуылдатып,
Оңға қарай бұрылар.
Жүк көлігі түтіндетіп,
Тура жолмен зуылдар.
3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
-Балалар, солға бара жатқан көліктер қандай жолмен кетіп барады?
3-тапсырма.
Педагог балаларға барлық тіктөртбұрыштарды бояуды тапсырады. Сұрақтар қояды. Балалар цифрларды тиісті суретпен сызық арқылы қосады.
Балалар суретті мұқият қарап шығып, сұрақтарға жауап береді:
Үшеу.
Төртеу.
Жетпейді.
Өйткені төрт үштен үлкен.
Машинаға қарағанда баланың саны кем, ал балаға қарағанда машина артық.
Үш машинаны бояйды.
Балалар қолдарына ойша руль ұстап, бөлменің бір шетінен екінші шетіне дейін жүреді. Бұрылады, қарсы бетке қарай қозғалады.
Кең жолмен.
Балалар бояйды, сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Сендер шәйнекті, торсық пен кесені қандай цифрмен қостыңдар? Неге?
Педагог балаларды сабаққа белсенділік танытқаны үшін мақтайды. Балалар өз жұмыстарын педагогтың үлгісімен салыстырады.
Шәйнекті 2 цифрымен қостық, себебі суреттегі шәйнек саны екеу...
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 4 цифрын, геометриялық фигура – тіктөртбұрышты;
Игереді: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді; таныс заттарды еніне қарай (кең – тар) сәйкестендіруді;
Меңгереді: заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: математикалық жұмбақ. Цифр туралы өткенді пысықтау. Кең,тар. Жыл мезгілдері.
Мақсаты:заттың санын цифрмен сәйкестендіруді әрі қарай жалғастыру; математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; сандардың арасындағы байланысты түсіндіру; «тез», «баяу» ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру; заттардың еніне қарай салыстыруды үйрету; логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету (терістеу).
Үлестірмелі материал:карточкалар, заттық суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Математикалық аукцион»ойын жаттығуы.
Педагог балаларды математикалық аукционға қатысуға шақырады.
Мен сендерге лоттар, яғни карточкалар ұсынамын. Оны тек заттың санын білдіретін цифрды жылдам көтерген бала ғана «сатып» ала алады.
Педагог лоттарды көрсетеді.
Ойын соңында ең бақытты «САТЫП АЛУШЫ» анықталады. Балалар заттың санын білдіретін цифрды көрсетеді.
Балалар жеңімпазды құттықтайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Суреттегі балапандарды санауды сұрайды.
Балаларға тапсырма:
Суреттегі балапанның санын білдіретін цифрды нүкте бойымен қос.
2-тапсырма.
Цифрларды тиісті карточкалармен қосыңдар.
Содан соң балалардан сұрайды:
5 цифрын қандай карточкалармен қостыңдар?
4цифрын қандай карточкалармен қостыңдар?
Қанша сурет болса, сонша дөңгелекті бояңдар.
3-тапсырма.
Педагог кең жолды сары қарындашпен, тар жолды жасылмен бояу туралы тапсырма береді.
Кең жолда не келе жатыр?
Тар жолмен ше?
Педагог олардың мәреге асығып бара жатқанын айтады. Содан соң балалардан сұрайды:
Мәреге қайсысы ерте келеді?
Неге?
Педагог балалардан жарыс жеңімпазын бояуды өтінеді.
4-тапсырма.
Суретте қай мезгіл бейнеленген?
Ол жақтан жаз мезгіліне сәйкес келетін суреттерді атап, нені бояйтындарыңды анықтаңдар.
Ал қай суретте артық? Неге артық? Балалар балапандардың саны 4 екенін анықтағаннан кейін, 4 цифрын көрсетеді және бастырып сызады.
5 цифрын 5гүлдің суреті бар карточкамен қостық.
4 цифрын 4 көбелегі бар карточкамен қостық. Балалар 5 және 4дөңгелекті бояйды.
Кең жолда жылқы келе жатыр. Тар жолмен ұлу келе жатыр.
Жылқы бірінші келеді, өйткені ол тез шабады, ал ұлу баяу жүреді.
Жазмезгілі бейнеленген.
Көбелек пен гүлді бояймыз.
Ағашты сызып тастадық. Өйткені жапырақтар күзде түседі. Ал аққала тек қыста болдаы.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі баылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды Балалар қорытынды шығарады: 5 саны 4-тен үлкен, 4 саны 5-тен кіші.
Күтілетін әтиже:
Білу: 4 пен 5 цифрларын салыстыруды; «тез», «баяу», «кең», «тар» ұғымдарын;
Игеру: 5-ке дейін санауды, заттар санын цифрмен сәйкестендіруді; заттарды еніне қарай салыстыруды;
Меңгеру: 4 және 5цифрлары туралы түсінікті; сандар арсындағы байланысты түсіне білуді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Реттік сандар туралы білімін нығайту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты:5-ке дейін санауды жалғастыру, реттік және есептік санауды ажырата білу; математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; кеңістік байланысы (сол жағында, оң жағында) туралы түсінігін нығайту; геометриялық фигуралар – дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау.
Үлестірмелі материал:сандар карточкасы, ойындарға берілген суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы Сандық қатармен жұмыс істейміз.
Педагог 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды ретімен орналастыруды сұрайды. Балалар сандарды рет-ретімен орналастырады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балалардан сұрайды:
Бөшкеде неше бақа бар?
Ал бес бөшкеде неше бақа болады?
Балаларға дәптерлерін ашып, бес бөшкеде неше бақа болса, сонша дөңгелекті бояуға тапсырм а береді.
Содан соң сұрайды:
Кәне, балалар, неше дөңгелек боядыңдар?
2-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Тақия толған сөк,
Күндіз тұрсам жоқ.
Балалар, жұмбақтың жауабын табу үшін біірден беске дейінгі цифрларды түзу сызық арқылы рет-ретімен қосуы керек.
Не пайда болды?
3-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
Сол жақтың жоғарғы бөлігіндегі тіктөртбұрышқа ненің суреті салынған?
Неше дана орамжапырақ бар?
Сәбіз нешеу?
Ал алма ше?
Неше шиенің суретін көріп тұрсыңдар?
Оң жаққа дөңгелек салыңдар. Сол жақтағы суретте неше жеміс пен көкөніс болса, оң жақтағы шеңбердің саны содан біреуге артық болуы тиіс.
4-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды.
Қандай геометриялық фигуралар бейнеленген?
Бұл геометриялық фигуралар қандай заттарға ұқсайды? Фигураларды өздеріңе таныс заттардың суретіне айналдырыңдар.
Дөңгелектен қандай сурет шығаруға болады
Тіктөртбұрыштан қандай сурет шықты?
Ал шаршыдан ше? Сұрақтарға жауап береді.
Біреу.
Бесеу.
Бес дөңгелек.
Балалар цифрларды ретімен сызық арқылы қосып шығады.
Жұлдыздың суреті пайда болды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Сопақша, шеңбер, шаршы...
Дөңгелекті күн, шар, допқа... айналдырып салуға болады.
Шкаф, терезе, есік...
Теледидар, сыйлық, портрет ...
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.
Балалар, еске түсіріңдерші, бес бақаға неше бөшке қажет болды?
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары нені білдіреді? Балалар өз жұмысын педагогтың қолындағы үлгімен салыстырады.
Бес.
Күтілетін нәтиже:
Білу: сандық және реттік санауды; реттік сандар туралы;
Игеру: кеңістікте бағдарлай білуді (солға, оңға); заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табуды.
Меңгеру: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы білімді
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың санын цифрымен сәйкестендіру. Солға, оңға.
Мақсаты:1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттың орналасқан орнын анықтау жіне сөзбен атап көрсету (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялық.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.
Педагог үстелге 1-ден 10-ға дейіінгі цифрларды қояды. Содан соң балалардың бірін шақырып, бір цифрді алдырады және сол туралы өлеңді оқып беруін сұрайды. Балалар цифр туралы өлеңді еске түсіреді.
Бұл– 1цифры ...
Бұл– 2цифры ...
Бұл– 3цифры ...
Бұл– 4цифры ...
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балаларға суреттерді мұқият қарап шығып, цифрларды сәйкес келетін суретпен қосуды тапсырады.
2-тапсырма.
Педагог балаларға суретті көрсетеді және сұрайды;
Мұнда неше бала бар?
Неше машина бар?
Балалардың бәріне машина жете ме?
Неге?
Машиналар мен балалардың саны туралы не айтар едіңдер?
Балаларға машина жету үшін, неше машинаның суретін салуымыз керек?
3-тапсырма.
Педагог балалардан үй мен жұлдызшаның арасында, қолшатырдың үстінде, жұлдыздың астында, саңырауқұлақтың үстінде не тұрғанын сұрайды.
Педагог суреттерді бояуды ұсынады:
Жоғарғы оң жақ бұрыштағы суретті сары түспен төменгі сол жақ бұрыштағы қызылмен, ал төменгі оң жақ бұрыштағысын көк түспен бояу керек. Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауа береді.
4.
3.
Жоқ.
Өйткені машинаға қарағанда балалар артық.
Балалр сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды 1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы.
5.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1-ден 5-ке дейінгі реттік санауды.
Игеру: 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді;
Меңгеру: заттың орналасқан орнын табуды (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, арасында).
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 5цифры туралы өткенді пысықтау. Заттың пішінін геометриялық фигурамен сәйкестендіру. «Үлкен», «кіші», «кішкентай» ұғымдарын бекіту.
Мақсаты:5 көлемінде санау қабілетін күшейту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; әр түрлі арақашықтықта орналасқан екі топтағы заттарды салыстыру; аяқталмаған фигуралардан геометриялық фигураларды көру қабілетін арттыру.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, демонстрациялық, әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Сан және цифр»ойыны.
Педагог әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі үлестіреді.
Педагог балаларға 1, 2, 3, 4, 5 зат бейнеленген карточкаларды кезек-кезек көрсетеді.
Педагог белгілі бір карт очканы көтерген кезде балалар соған сәйкес сандарды көтеруі тиіс. Балалар заттың санына сәйкес келетін цифрды көтереді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балалрға сұрақ қояды.
Балалар, аяқ киімдерге қараңдаршы, нешеу екен?
Он қонақ келді деп айтуға бола ма?
Онда неше қонақ келді?
Тиісті цифрды қоршаңдар.
Қандай цифрды бастырып сыздыңдар.?
2-тапсырма.
Педагог балаларға поездың суретін көрсетеді. Поездың вагондары жаңа және нөмірлеуді ұмытып кетіпті. Педагог вагондарды нөмірлеуді ұсынады.
Поездың неше вагоны бар?
Поезд қай бағыттқа қарай бара жатыр?
Сергіту минуты.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Айналып билейміз.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Айналып билейміз.
3-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Сол аяқ пен оі аяқ,
Кезек-кезек тебеді.
Ол тынымсыз зымырап,
Зыр жүгіре береді.
Педагог балаларға суретпен мұқият танысуды ұсынады және сұрақтар қояды.
Доп нешеу?
Доптардың көлемі қандай?
Бұдан да кішкентай тағы бір доптың суретін салыңдар.
4-тапсырма.
Педагог балаларға геометриялық фигуралардың қабырғаларын көрсетеді. Содан соң фигуралардың қабырғаларынан шаршы, шеңбер, сопақша, үшбұрыш, төртбұрыш шығатындай етіп суретті аяқтаңдар деген тапсырма береді. Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауа береді.
10аяқ киім.
Жоқ, әр бала аяқ киімді жұбымен киеді.
5қонақ келді.
5.
Поезд солға қарай кетіп барады.
Балалар жаттығу жасайды.
Балалар шешуін табады.
3 доп.
«Үлкен», «кіші», «кішкентай»
Балалар тапсырманы орыдайды.
Рефлексивті – түзетуші Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.
Сендер 3-ші вагонға қандай цифр жаздыңдар?
Сендер салған доптың көлемі қандай еді? 3 цифрын.
Ең кішкентай.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 5 цифрын,геометриялық фигураларды.
Игеру: заттың пішінін геометриялық фигурамен сәйкестендіре білуді;
Меңгеру: геометриялық пішіндер туралы түсінікті; «Үлкен», «кіші», «кішкентай», «ең кішкентай» деген ұғымдарды ажырата білуді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1-ден 5-кедейінгі цифрлар. Цифрды заттың санымен сәкестендіру. Логикалық тапсырма. жоғаыда, төмеде, сол жақта, оң жақта.
Мақсаты: Цифрды заттың сәкестендіруге үрету; кеңістіктегі қарым-қатынастар (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде)туалы түсінік қалыптастыру; заттар әртүрлі арақашықтықта орналасқан жағдайда топтарды теңестіру; балаларды 5заттың арасындағы сәйкестікті табуға, оларды бес-бестен топтастыруға үйретеді.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Цифрды тап» д/ж.
Педагог 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды үстелге оналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек шақыып, кез-келген бір цифрды алуын және сол туралы тақпақ айтып беруін сұрайды. Балалар цифлар туалы тақпақтар оқиды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балалардан: «Сендер қандай цифрларды білесіңдер» деп сұрайды. Содан соң суретпен танысып,тек қана цифрларды бояуға тапсырма береді.
–Сендер қандай цифрларды боядыңдар? «Гүлдесте жасаймын» ойыны
2-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
–Балалар, далада өсіп тұрған түймедақтарға қараңдаршы. Келіңдер бәріміз бес-бес гүлден алып, гүлдесте жасайықта, достарымызға сыйлайық.
«Түрлі жіпті...» Сергту минуты
Түрлі жіпті көп тауып,
Кесте тікті ақ тауық,
Қауындықта ақ қораз
Дайындады қақ біраз.
3-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Бір аяғы, қалқиған қалпағы бар, Ағаш түбінде тұрағы бар.
–Балалар, суретке қарасаңдар, заттар саны біртіндеп көбейіп отырады. Заттарды санының өсуіне қарай бағыт сызығымен сызып көрсетіңдер.
4-тапсырма.
Педагог балалардан суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрайды.
–Сол жақтағы жоғарғы суретте ненің суреті салынған?
–Оң жақтағы жоғағы суретте ненің суреті?
–Сол жақтағы төменгі сурет ше?
–Шаршы ладың қасындағы заттарды мұқият қарап шығыңдар және жетпей тұрған фигураны бояңдар.
–Кәне, балалар,нені боядыңдар? Балалар сұаққа жауап береді және тапсырманы орындайды.
Бір, екі, үш, төрт,бес.
Балалар бес гүлден қоршап оларды бір топқа біріктіреді.
Балалар мәтін бойынша жаттығу жасайды.
Балалар жұмбақтың шешуін табады: саңырауқұлақ. Балалар 1-ші саңырауқұлақтан бастап 2-шіге, т.с.с. ретімен сызып көрсетеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Алма ағашы.
Алма
Шырша
Шырша бүрінің суретін боядық.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды мадақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтың үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды;
Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді; заттарды топтастыруды:
Меңгееді: кеңістіктегі қарым-қатынастар (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде)туралы түсінікті.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің № 37 технологиялық картасы
Күні
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1-ден 5-кедейінгі цифрлар. Цифрды заттың санымен сәкестендіру. Логикалық тапсырма. жоғаыда, төмеде, сол жақта, оң жақта.
Мақсаты: Цифрды заттың сәкестендіруге үрету; кеңістіктегі қарым-қатынастар (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде)туалы түсінік қалыптастыру; заттар әртүрлі арақашықтықта орналасқан жағдайда топтарды теңестіру; балаларды 5заттың арасындағы сәйкестікті табуға, оларды бес-бестен топтастыруға үйретеді.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы «Цифрды тап» д/ж.
Педагог 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды үстелге оналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек шақыып, кез-келген бір цифрды алуын және сол туралы тақпақ айтып беруін сұрайды. Балалар цифлар туалы тақпақтар оқиды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1-тапсырма.
Педагог балалардан: «Сендер қандай цифрларды білесіңдер» деп сұрайды. Содан соң суретпен танысып,тек қана цифрларды бояуға тапсырма береді.
–Сендер қандай цифрларды боядыңдар? «Гүлдесте жасаймын» ойыны
2-тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:
–Балалар, далада өсіп тұрған түймедақтарға қараңдаршы. Келіңдер бәріміз бес-бес гүлден алып, гүлдесте жасайықта, достарымызға сыйлайық.
«Түрлі жіпті...» Сергту минуты
Түрлі жіпті көп тауып,
Кесте тікті ақ тауық,
Қауындықта ақ қораз
Дайындады қақ біраз.
3-тапсырма.
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Бір аяғы, қалқиған қалпағы бар, Ағаш түбінде тұрағы бар.
–Балалар, суретке қарасаңдар, заттар саны біртіндеп көбейіп отырады. Заттарды санының өсуіне қарай бағыт сызығымен сызып көрсетіңдер.
4-тапсырма.
Педагог балалардан суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрайды.
–Сол жақтағы жоғарғы суретте ненің суреті салынған?
–Оң жақтағы жоғағы суретте ненің суреті?
–Сол жақтағы төменгі сурет ше?
–Шаршы ладың қасындағы заттарды мұқият қарап шығыңдар және жетпей тұрған фигураны бояңдар.
–Кәне, балалар,нені боядыңдар? Балалар сұаққа жауап береді және тапсырманы орындайды.
Бір, екі, үш, төрт,бес.
Балалар бес гүлден қоршап оларды бір топқа біріктіреді.
Балалар мәтін бойынша жаттығу жасайды.
Балалар жұмбақтың шешуін табады: саңырауқұлақ. Балалар 1-ші саңырауқұлақтан бастап 2-шіге, т.с.с. ретімен сызып көрсетеді.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Алма ағашы.
Алма
Шырша
Шырша бүрінің суретін боядық.
Рефлексивті – түзетуші Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Педагог балаларды мадақтайды. Балалар өз жұмысын педагогтың үлгісімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды;
Игереді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді; заттарды топтастыруды:
Меңгееді: кеңістіктегі қарым-қатынастар (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде)туралы түсінікті.

Приложенные файлы

  • docx 10789249
    Размер файла: 171 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий