1 бөлім


1 бөлім. ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ1.1. Жекіншектердің тұлғалық даму ерекшеліктері.............................................................................................61.2. Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феномен...................191.3. Жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық тұрақсыздықтың себептері....................................................................302 бөлім. ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ2.1. Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері...........................................................................................352.2. Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау............................................53ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................63ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................65ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................................68КІРІСПЕЗерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» /1/ арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» /2/. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген. Жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық үйлеспеушілікті зерттеушілер А.Бек /46/, Л.С.Выготский /29/, Л.А.Орбели /46/, Г.Селье /87/, К.Роджерс /46/, К.Юнг /99/, В.Франки /94/, Р.Бэрон /24/, Перлз /74/, Изард /45/, З.Фрейд /91/, Қ.Жарықбаев /40/, С.Н.Ениколапов /43/ т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық үйлеспеушіліктің табиғаты, пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктер түрлері мен көрініс беру ерекшеліктері талданған. Жеткіншектер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінң кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Қазіргі кезде жеткіншектердің психоэмоционалдық үйлеспеушілігін болдырмау және осы жағдайдан шығару әдістемелерін тиімді пайдалану жолдары анықталған. Жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігі орын алғанда оларға нақты көмек көрсету жолдары мен құралдарын анықтау қажет болғандықтан біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» деп анықтадық.Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.Зерттеу мақсаты: жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктің теориялық негіздерін талдау арқылы оның алдын алу және коррекциялаудың жолдарын анықтау.Зерттеу міндеттері:
жеткіншектердің эмоционалдық даму проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
жеткіншектердің эмоцияларының көрініс беру түрлерін және себептерін анықтау;
жеткіншектерде орын алатын акцентуация, мазасыздану, депрессия жағдайларын диагностикалау;
мектеп психологінің эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайындағы балаларды коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін талдау.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы № 26 гуманитарлық мектеп-гимназиясы және № 36 орта мектеп.Ғылыми зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Леонгард-Шмишек тестін, «М және Д», Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» т.б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын, депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеідің теориялық негіздері талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы № 26 гуманитарлық мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп оқушыларының эмоционалдық жағдайлары зерттелінді. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді.Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.1 бөлім. ЖЕТКІНШЕКТЕР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ1.1. Жеткіншектерде кездесетін мінез ауытқулары және оның себептеріЖеткіншек жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларын зерттеу және оның негізінде мінез типологиясын жасау ХІХ ғасырдың аяғында басталды. Бұл мәселені зерттеушілер мінез ерекшелерінің жеке тұлғаның қоршаған әлеуметтік ортаға икемделуіне және қарым-қатынас мәдениетіне үлкен әсер ететінін атай отырып, типология жасаудың қажеттілігін көрсеткен. Бірінші типологияны жасан неміс психиатры Э.Кречмер, кейінірек бұл проблеманы тереңірек зерттегендер У.Шелдон, Э.Фромм, К.Леонгард, А.Е.Личко т.б. ғалымдар. Мінез типологиясын жасаушылар келесі ортақ пікірлерге сүйенген:Л.С.Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі. Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы АҚШ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания», шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген «Роршах» және «Тақырыптық апперцепция» тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар, Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жеткіншектер психиатры А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты В.Д.Кисловская «проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында. Төмен реактивтілік психологиялық жағымсыз фактор болып табылады. Осыған байланысты жүргізілген Калифорниялық лонгютидтің зерттеу нәтижесі бойынша төмен эмоционалды реактив тән жеткіншектер мен жасөспірімдерге біршама мазасыздық тән, эмоционалды тұрақсыз, икемсіздеу және қарым-қатынассыздау болып келеді екен. 1. Мінез онтогенезде қалыптаса бастайды және адамның өмірінің барысында біршама тұрақтылықпен көрініс береді.2. Мінез ерекшеліктерін сипаттайтын жеке тұлға көрсеткіштері кездейсоқ болмайды, олар анық байқалатын типтерді құратын болғандықтан осы ерекшеліктер негізінде типология жасауға болады. 3. Адамдардың басым көпшілігін типтерге жатқызып зерттеуге болады. Э.Кречмер /29/ жеке тұлға құрылымындағы психологиялық және физикалық қасиеттердің бір-біріне тәуелді деп тұжырымдама жасап, барлық адамдарды дене құрылысына байланысты конституционалды типтерге бөліп, олард: астеникалық, атлетикалық және пикникалық топтарға бөлді. Әр тип өкілдері өздеріне тән ерекше темперамент иелері деп көрсетті. Сонымен қатар әр тип өкілдері психоз ауруына ұшыраса оның бір түріне жақындығымен сипатталатынын атап өтті. Кречмердің айтуы бойынша, психоз ол «нормадағы жеке тұлғаның келемежденген сипаты». Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулерге осы типология негіз болды. А.Безумен /46/ жеткіншектердің өз-өзін бағалауындағы өзгерістердің динамикасын алты деңгейге бөліп көрсеткен. Солардың ішіндегі ең бағалыларын қарама-қарсы көрсеткіштермен бағалайды, мысалы: күшті-әлсіз; дені сау-ауыру; сұлу-ұсқынсыз. Жеткіншектерді осы қоршаған ортадағыларды бағалауын негізгі көрсеткіш ретінде анықтау арқылы типологиялау жолдарын К.Леонгард /46/ ұсынған. Леонгард жеткіншектік жас кезеңінде орын алатын акцентуация мәселесін жан-жақты зерттеді. Оның айтуынша акцентуация ол нормадағы мінездің шекаралық жағдайға дейін дамыған варианттары болып табылады. Акцентуация жеткіншектер алдына көптеген проблемалар қояды да баланың қоршағандармен қарым-қатынасында түсініспеушіліктер, дау-дамайлар мен қиындықтар туғызады. Безумен, Леоггард, Личко т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек жеткіншектердің жартысынан көбінің мінезінде акцентуация байқалады. К.Леонгардтың концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі.Осы айтылған факторлардың себебі, Л.Е.Личко /65/ пікірі бойынша, осы ерекшеліктердің негізгі себебі, 12-18 жас аралығының психопатияға кризистік кезең болуында. Сондықтан да дәл осы кезеңде оларға аса көңіл бөлінбесе олардың мінез-құлқының эмоционалды үйлеспеушілігінің тереңдеп кетуі мүмкін. Бірақ, эмоционалды үйлеспеушілік тек қана гармоналды өзгерумен ашылмайды, сонымен қатар, әлеуметтік факторға және тәрбие шартына тәуелді және индевидуалды – типологиялық ерекшеліктерге де байланысты болады. Өсіп келе жатқан балаға әсер ететін және оның пайымдау дүниесін өзгертетін сыртқы және ішкі факторлардың көлемін білу күрделі нәрсе. Сондықтан да есеюдің психологиялық қиындықтары «мен» бейнесі және талпыну еңгейінің қарама-қайшылығы сияқты жеткіншектерге тән эмоционалды күштену ерте жасөспірімдерде болады деуге алып келеді. Сонымен қатар, балалардағы дисгармонияның жеткіншектік синдромы, яғни, оқушылардың өзінің денесіне және сыртқы көрінісіне көңіл бөлуі, тағы сол сияқты жағдайлар олардың эмоционалды үйлеспеуіне әкеліп соғады. Бірақ нормадағы оқушылардың эмоционалды үйлеспеушіліктің психопатиялық белгілері аз көлемде болады. Жалпы эмоционалды үйлеспеушілік өтпелі кезеңнің барлық кезіне тән және олар қиын балалар қатарына жатады. Мұндай балаларға оқудың өзі қиын, үйде ешкім көмектеспейді, өздігінше өмір сүруге ешкім тәрбиелемейді. Олардың өзіндік бағасы оқудағы жетістіктерге жетпеуіне байланысты төмен болады. Бұл жағдайда бала өзін-өзі көрсетуге қысылады. Жеткіншектердің оқу әрекетінде апатия, ашушаңды, қаталдық, өкпе, түңілушілік кездесіп отырады, сонымен бірге, олардың мінез-құлқына тітіркенудің импульсивті формасы тән болып отырады. Бұл мәселені толық түсіну үшін балада орын алған акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бүл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификациялардың бірі А.Е.Личко акцентуацияның түрлері мен олардың сипаттамасын ұсынған.Личко ұсынған сыныптастыру бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі сипатта көрініс береді.1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты – жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, үзақ уақыт шат болып жүреді. Махабатта қатты ренжігіш, Бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратынойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өзорнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда-эпилептикалық психопатия ретінде көрініс береді.4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.6. Тұрақсыз тип (Қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда -эпилептоидты психопатия.7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда - истериялық психопатия.9. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бүл түрі көрініс бергендер майда-шүйде сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетуге, экзальтацияға жақын, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект 
Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады. Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз, екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстермен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады.Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады. Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оның жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де олардың шамадан тыс зорлануымен сипаттауға болады. Оның себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасының бұзылуы. Бүл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай үлкендерге елеусіз себептерден басталады.Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабаққа үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:1. Биологиялық ерекшеліктер;2. Әлеуметтік орта.Жалпылап айтқанда эмоционалдық үйлеспеушіліктің орын алуын және одан шығу жолын В.М.Астапов /76/ келесі нұсқамен көрсеткен. Осы нұсқа бойынша мазасыздану ыңғайсыз күй-жағдайдың орын алуына түрткі болады, сонымен қатар мазасыздану орын алғанда одан шығудың көптеген варианттағы жолын іздеу функциясын атқарады. Мазасыздану жеке тұлғалық (ағзада орын алған ішкі үйлеспеушілікке байланысты), және ситуативті (сыртқы ортада орын алған көптеген қайшылықтар, дау-дамай, келіспеушілік т.с.с. себептерге байланысты. Осы тұрғыдан талдағанда жеткіншектер мазасыздануы мектептік, отбасылық т.б. баланың өмір сүру ортасына байланысты орын алады. Мазасыздану агрессияның орын алуына негіз болады.В.М.Астапов жасаған эмоционалдық үйлеспеушілік және одан шығу нұсқасыТүрткі функциясыІздеу функциясыискаleft000left000left000Бағалау функциясыКүй-жағдай. шығуleft000left000left000Субъективтік мүмкіндіктерді бағалауleft000left000Күй-жағдайдың өзгеруіҚауіптің жоқтығыleft000left000ҚашуҚауіптің барлығыleft000
Ступор
Жағдайдан артық белсенділік активностьКризистік жағдайда болу
Агрессия
left000left000left000left000
Жағдайдан шығуleft000Л.С.Выготский /29/ өз еңбектерінде жеткіншек жасындағыларды зерттеуде жаңа проблемалар анықтады: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайынанықтау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Оның айтуынша, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады.Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады. Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің орын алуы) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерленуіне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мүндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын. түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара. жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің, эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы—қалыпты құбылыс.Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму, процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарды сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игілііктерді, үлкендерден және жолдастары мен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзiнің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады.Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады және көптеген жағдайларға байланысты болады. Осы себепке байланысты «өтпелі кезеңнің» жүруі әр балада әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен ал, екінші жағынан, сол бір ғана кәмелетке толу жасындағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. А.А.Бодалев қазіргі мектеп окушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты деп түсіндіреді. Жеткіншектерде ересектіктің дамуын тежейтін жайлар: 
балалардың көбінде басқалардай тұрақты және байыпты міндеттер болмай тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қынжылыстардан, қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы; 
ересектендіретін жағдайлар мазмұны сан алуан мәліметтердің орасан зор тасқыны болуынан; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі; жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуымен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мысалы, жеткіншектің басым көпшілігінің бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бірақ, сонымен қатар, оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.Л.Колбергтің пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін.Мәселен, қайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қоршағандардың барлығы оны әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен, комьютермен әуестенсе, ал екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек жасөспірімдер. Үшіншілерін «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі. Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас ұзақ уақыттан бері болып келеді. Өйткені осы жас кезеңінде жеткіншектердің дамуындағы позитивтік әсерлер адамның болашағына үлкен әсерін тигізеді. Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердіңболуынан туындайды, дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады. Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінін, (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі – жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.Бүлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері үлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұнатанады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге карағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұәылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне козғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік, колапайсыздық). Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6—14 жас аралығында көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта, хореографияда ерекше шеберлік көрсетіп жоғары жетістік иесі болу мүмкіндіктері де артады.Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы қан қысымының артуы, бастың ауруы бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрініс беруі мүмкін. Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланыста болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт, өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мүндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғащқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен З.Фрейд /91/ болды. Олар жеткіншектің дағдарысы ен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады. Көптеген зерттеулерде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті: 1) үздіксіз жүретін; 2) үзіліспен жүретін.Баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің ролі жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Осы кезеңге өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады. Осы кезеңге өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мидоны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып жүреді және оның өзіне тән нәтижесі болады – ресми кемелеттілікке жeткeн кезде баланың ересектер ролін атқаруға әлі дайын емес екендігі анық байқалады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әр түрлі болады және оның ешқайсысы да кәмелеттікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.АҚШ ғалымы К.Левин /46/ жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір-бірінен бөлінгендігін, жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап көрсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралыәындағы жағдайда болатын кезеңінің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа шетел психологтары дамытуда, олар жеткіншектердің ерекше бір «субмәдениеті» бар дегенді, яәни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. Л.С.Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады.Жеткіншек жас кезеңіндегі балалардың даму ерекшеліктерін зерттеу барысында бұл жас кезеңіндегі «дағдарысты» түсіндіруге арналған теориялық ой-пікірлердің барлығы осы кезеңде орын алатын көптеген нормадан ауытқулар организмде жүретін өте күрделі психофизиологиялық өзгерістермен байланысты екенін көрсетеді. Жеткіншек жас кезеңіндегі пайда болатын жаңа құрылымдар, гамоналдық жүйенің жетілуі т.б. өзгерістер бала ағзасының сапасы өзгеріп, оның қысқа мерзім ішінде үлкендер ағзасының сапасына өтуіне байланысты болатыны дәлелденген. Осы өзгерістер баланың эмоционалдық жағдайына әсерін тигізіп, оның мінезінде көптеген ерекшеліктер көрініс береді. Сонымен қатар жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайлармен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.Психологиялық қызмет көрсету барысында жеткіншектердің осы ерекшеліктерін ескере отырып, эмоционалдық үйлеспеушілік орын алған кезде эмоцияның мінез-құлыққа тигізетін әсерін, эмоционалдық жағдайлардың пайда болу себептерін, оның көрініс бері ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, толық түсіну қажет.
1.2. Эмоция – мінез – құлық негізіне жататын феноменЭмоция қазіргі теорияларда білімнің маңызды түрі ретінде қарастырылады. Эмоция психологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі эмоция психологиясында «эмоция» түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Бірақ, барлық теоретик –психологтардың тәжірибелі тұрғыдан сай келуі осы «эмоция» түсінігінің жалпы қабылдаған анықтамасының жоқтығында. Сондықтан да «эмоция» категориясы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты туғызып отыр. Осыған байланысты Э. Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зеріттеуін қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі.1. Жиілік.2. Прототиптілік.3. Бейкатегориялық.4. Доминанттылық.А. Ортони, Дж. Клор және А. Коллинз /45/ өздерінің «эмоцияның конгетивті құрылымы», еңбегінде эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық пайда болулар ғана жатуы керек, яғни, жағымды немесе жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік және осы сияқты феноменттер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі. К. Изарды «Адам мінез – құлқының фундаметальды принципі болып, эмоцияның қабылдауды, ойлауды және әрекетті ұйымдастыруы және күшберуі болып табылады, барлық эмоция эволюция барысында дамитын адаптивті функцияларға ие» деп, атап көрсетеді.Эмоция – адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: «эмоция өз әсерімен мінез – құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді» деп, атап өтеді. Мінез – құлықтың негізгі қозғаушы күші эмоция болып табылады. Осы эмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық. Эмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде эмоция кезінде электрофизиолгиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидің электірлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975) ; Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 – 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін эмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе аз дәрежеде бір – біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.Эмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене мән бермеу тән. Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқада бөліктеріне әсерін тигізеді. Осының әсерінен субьектінің мінез – құлқы өзгереді.Томкинс пен Изард эмоцияның пайда болуына қабылдаумен білім үлкен роль ойнайды деп атап көсетеді. Жалпы эмоция фудаментальді деп аталады. Өйткені ол 3 компанентен тұрады: 1. Арнайы ішкі детерминацияланған жүйкелі субстрат;2. Мимикалық немесе жүйкелі бұлшықет тән комплекс;3. Субьективті уайымдаумен ерекшеленетін немесе фенаменалогиялық қасиет.Осы 3 компонент бірігіп, эмоцияны көрсетеді. Ал осы пайда болған эмоцияға түрлі сипат тән:1. Қызығу – толқу – жиі уайымдалатын жағымды эмоция, ол оқуды, дағды, үйрену және шығармашылық талпынуды мотивациялайды. Яғни, осы қызығу нәтижесінде субьектінің белгілі нәрсеге деген процестері артады.2. Қуаныш – максималды қажет эмоция. Ол сенімділік сезімімен сипатталады. Бұл Томкинс позициясы тұрғысынан қуаныш - жүйке стимуляциясының градиентінің қатты төмендеуінің нәтижесінде пайда болады.3. Таңқалу эмоцияның бірнеше түрлерінен көрінеді, бірақ ол эмоция емес. Басқаларға қарағанда таңғалудың ерекшелігі - ол барлық уақытта өтпелі жағдаймен сипатталады. Ол жүйке стимуляциясының бірден жоғарлауы нәтижесінде пайда болады. 4. Қайғы – қасірет - бұл эмоция нәтижесінде адам өзін тастап жібереді. Жалғыздықты адамдармен қатынастың жоқтығын сезінеді, өзіне жалынышпен қарайды.5 . Ашу – бұл кезде бет қызарып, қан қайнап кетеді.6. Жек көру – ашумен бірге пайда болады. Ол физикалық немесе физиологиялық бұзылудың нәтижесінде пайда болады. Ол деструктивті мінез – құлыққа алып келуі мүмкін;7. Көргісі келмеу – жоғарыдағы екеуімен бірге пайда болады. Осы, яғни эмоцоияның үш сипаты «жаушылық триадасы» деп аталады. Өзін күштімін яғни, басқадан ақылдырақпын, білімдімін, т.с.с) сезіну осыған алып келеді. Мұның бір қауіптілігі «суық» эмоцияға келіп тіреледі, ол индивид немесе топтың деперсонизациялануына алып келеді. Бұл эмоция біреуді өлтіруде көмегін тигізеді;8. Қорқыныш – бұл эмоция адам психикасы үшін өте зиян: адам тіпті «өлуге» дейін қорқуы мүмкін;9. Ұят – бұл адамның тығылу немесе жоғалып кетуіне кепіл болады немесе керісінше;10. Күнә - моральды этикалық норманы бұзу нәтижесінде пайда болады.Біз эмоцияны мінез - құлық бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар, біз эмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:1. Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект психикасының белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;2. Депрессия – дипрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен қайғы аналогиясы ретінде қарастырды. Дефференциалды эмоция теориясында депрессия мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия фундаменталды эмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық. Махаббат – аффектінің маңызды комплексі болып табылады;4. Жаушылық – агрессияның негізі ретінде анықталады.Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға келеміз: «Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын эмоциялар арқылы көреді екенбіз». Ал эмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше теорияларға тоқталамыз.Фрейдтің психоаналитикалық теориялары психология тарихында және мінез-құлық ғылымында белгілі бір себептерге байланысты үлкен роль алып отыр. Фрейд санасыздық, түс динамикалығын сақтау мезанизмдері санасының дамуы, қысылу, көтерілу, тұрақтылық, өзгергіштік, балалар сексуалдығы сияқты эвристикалық концепцияларды шығарды. Мұның барлығы аффект (эмоция) концепциясы болып табылады.Фрейдтің инстинктік қызығушылық теориясы мотивацияның классикалық психоланалитикалық теориясының ядросы болып табылады. Сөйтіп Фрейд: «аффект немесе эмоция психикалық өмірде тек қана қозғаушы күш болып табылады». Сонымен қатар, ол кейінгі еңбектерінде: «аффект немесе эмоцияны адам психикасына фантазияны және тілекті итеруші күш ретіндегі интропсихикалық фактор» деп атап көрсетеді. Психоаналитикалық теорияларды анықтай отырып, Рапапорт - инстинктік қызығуды немесе мотивті интропсихикалық күш ретінде анықтайды.Түрлі теорияларға сүйене отырып, эмоция механизмі туралы келесі түсініктерді береді: Сөйтіп, қабылданған обьект танылмаған инстинкті энергияны мобилизациялау инициаторы болып табылады деп атап көрсетеді, егерде осы энергияның шығуына ашық жолдар болмаса, (яғни, бұл инстинктивті талаптың конфликті болу жағдайлары) онда ол басқа канал арқылы жол тауып, түрлі әрекеттерге әкеліп соғады. Осының әсерінен «эмоционалды түр» немесе эмоционалды сезім – симультанды немесе бірінен кейін бірі немесе жалғыз иекті болуы мүмкін. Біздің қоғамда инстинктің пайда болуының ашық жолдарының сирек болуына байланысты, түрлі интенсивті эмоционалды разряд жиі болып тұрады. Сондықтан да біздің психикалық өмірімізде «инстинкті эмоциялардан» басқа (бірден көтерілу, қорқыныш және т.с.с.) түгелдей эмоционалдық пайда болу иерархиясы бар (яғни, конвенционалдыққа, интелектуалдыққа негізделген).Эмоция туралы, Рапапорт: «Аффект сигналдар жиынтығы секілді шындықты танудың ойлау механизмі»:Джон Боулби: «Үйреніп қалғанннан басқа өте күшті сезіммен шығарылатын мінез-құлық жоқ (нет поведения сопроваждающегося более сильным чувством чем привязанность)» - деп көрсеткен.Сонымен, эмоцияның толық анықтамасын беру үшін біз үш аспектіге тоқталып өтеміз:а) Эмоцияны сезіну;ә) Жүйке, эндокринді, тыныс және организмнің тағы басқа жүйелерінде болып жатқан процестер;б) Бақылауға берілетін эмоциялық комплекстер, дәлірек айтсақ, түс арқылы белгіленетіндігі. Сөйтіп, Шахер /44/ берген анықтама бойынша, эмоция дегеніміз, физиологияны қоздыру функциясымен біріккен функция оның бағасы және субьектінің сол жағдайға қатынасы. Бұл эмоцияның когнитивті теориясымен байланысты.Ал Лазарус, Авериль оқиғаларға, өмір жағдайларына адамның берген бағасын танымдық процестерден пайда болған құбылыс деп суреттейді, ал Арнольд болса бағаны интуитивті автоматтандырыланған процесс ретінде анықтайды. Томкинс бұл проблеманы неврологиялық дәрежеде қарастыра отырып, эмоция нейронды стимуляцияның өзгеруімен бірге пайда болады деп көрсетеді.Сонымен, мінез-құлық - психологиялық дәстүрлерде кеңінен қолданылатын жалпы термин. Биховиористер бұл терминді бақыланып отырған реакцияның мәнін ашуға қолданды., бірақ көптеген ғалымдар оны кез-келген организмдік функциялар ретінде (аффективтік, когнитивтік немесе қозғалыс) анықтауда қолданды.Осыған байланысты, эмоция мінез-құлық ретінде қарастырылған жоқ, ол мінез-құлық негізінде жататын феномен ретінде қарастырылды.Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық еркшелігімен ерекшеленеді. Ол даралық өзгешелік мінез болып табылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі – із қалдыру. Сондықтан да, мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – еретедегі грек философы Теофраст (б.э.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік санасына тән қасиет дейді. Лабюерде (ХҮІІІ ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті дейді. И.Кант (ХҮІІІ ғ.) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамға жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье және тағы басқалары мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе мінез адамның жүре пайда болатын фенотипті ерекшелігі. К.Рубин айтуы бойынша «баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы өзара интроиндивидуалды және макрожүйелі күйі әрекетімен реттеледі. Интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процесстерге жататаны темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылаы».Темперамент - адам туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса – меланхолик. Сондықтан да, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін деп атап көрсетеді.Адамдар түрлі іс-әрекеттермен айналысады, осы іс-әрекеттермен айналысу барысында оларды белгілі бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтың басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептер мен факторларды талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез-құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:1. Жекелік фактор – жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, дағды, бағыттылық);2. Ситуациялы фактор – сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с.).Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян «өзіндік детерминация және ішкі мотивация» теорияларымен түсіндіреді. Ол бойынша мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтың да екі типі бар:1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві немесе себебі бар мінез-құлық;2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық. 
Сыртқы мотивацияның әсері Ішкі мотивацияның әсері
Іс - әрекет ұзақтығына байланысты ағым.
Сыртқы себебі бар мінез-құлық сыртқы күш кеткеннен кейін тоқтап қалады. Ішкі себебі бар мінез-құлық оған пайда болуына әсер ететін заттар жоқ болып кетсе де, біраз уақыт созылуы мүмкін.
Зерттелушілер біршама жай тапсырмаларды тыңдайды, бірақ оны тек қана керек кезде ғана орындайды. Біршама қиын тапсырмаларды таңдайды.
Іс - әрекет алгоритмизациясының дәрежелері
Канитивтілікке жағымсыз әсер қалдырады. Алгоритмдік әдістерді талап ететін іс - әрекеттердің орындалуын жеңілдетеді. Эвристикалық мәселелердің шешілу жылдамдығының сапасын төмендетеді. Канитивтілікке жағымды әсер қалдырады. Эвристикалық әдістерді талар ететін іс - әрекеттердің орындалуын жеңілдетеді.
Креативтілік
Креативтілікті күшейтеді. Спонталдылықты төмендетеді. Креативтілікке мүмкіндік береді.
Эмоция
Басқалармен өзара әрекет кезінде жағымсыз эмоцияларда пайда болады. Қызығу эмоциялары пайда болады, қуанышты қозу туады т.с.с.
Мектептегі оқу
Ішкі мотивация кезінде мектеп бағдарламаларын нәтижелі игереді және теориялық мәліметтерді игеруде жоғары дәрежеге ие болады, мемоникалық процесстердің сапасының жақсаруы байқалады.
Өзін сыйлау
Ішкі мотивацияның болуы өзіндік бағалауын жоғарылатады.
Мінез-құлық формалары мен функцияларының жүйелілігін Л.С. Выготский келесі ретпен схемалық түрде көрсетеді.1. Кең мағынасындағы жоғарғы психикалық функция:Түрлері: 1. Сыртқы (экстрапсихикалық);2. Ішкі (интрапсихикалық):а) спонтанды түрі,ә) еркін түрі. (Тар мағынасындағы жоғары психикалық функция) 2. Мінез-құлықтың жоғары формасы:Түрлері. 1. Әлеуметтік.2. Даралық.3. Мінез-құлықтың мәдениетті формасы:Түрлері: 1. Әлеуметтік (интерпсихикалық):а) примитивті.ә) жоғары.2. Даралық:а) примитивті.ә) жоғары.4. Мінез-құлықтың табиғи формасы (реактивті мінез-құлық),5. Элементарлы психофизиологиялық функция.Жоғары психикалық функцияның құрылымы:1. Мәселе және мақсат.2. Белгі – психологиялық қару ретінде:Түрлері: а) Сыртқы;ә) Ішкі.3. Мағынасы:Түрлері: 1. Сөздердің мағынасы:а) Заттық қарау (денотативті мағынасы)ә) Сигнификативті мағынасы (сонымен қатар, түсінік)б) Ішкі формасы (этимологиялық мағынасы)в) Мазмұны2. Қабылдаудағы заттық мағына:3. Заттың функционалды мағынасы.4. Жағдайдың мағынасы немесе мазмұны.5. Байланыстылық (салыстыру іс-әрекеті):Түрлері:1. Затты шығару және қолдану.2. Белгілерді шығару және қолдану.5. Психологиялық функционалды жүйе:Қасиеттері: 1. Жоғарылылық пен төменділіктің бірлігі.2. Функционалдық аралық байланыс.6. Сананың құрылымы:Түрлері: 1. Жүйелілік.2. Мағыналық.Л.С.Выготский бойынша схемалық түрдегі жасалған мінез-құлықтың формалары мен функцияларының жүйелілігін былайша талдауға болады. Жоғары психикалық функция мінез-құлықтың өз-өзіне арналған әлеуметтік мүмкіндігі болып табылады. Л.С.Выготский «Жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтың жоғары формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды» деп көрсетеді.Бірінші – мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгерумен, яғни, тілмен, жазумен, есеппен, суретпен көрінеді.Екінші – дәстүрлі психологияда ерікті зейін, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген арнайы жоғары функцияның даму процесстері; осы аталғандарды балалардың мінез-құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз (Выготский Л.С.).Жалпы, Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияны екі мағынада қолданады.1. Кең мағынада – мінез-құлықтың жоғары формалары.2. Тар мағынада – арнайы психикалық функция.Л.С.Выготский «баланың дамуындағы белгі және қару» деген еңбегінде жоғарғы психикалық функция ассортиментіне практикалық іс-әрекеттерді кіргізеді. Бірақ, тек қана оның жоғары формасында жалпы заттық әрекет, тіпті оны қолдану жоғары формаларға жатады. Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияларға дәл анықтама бермеген, ол «дәл анықтама ғылыми білімнің бастамасына жатпайды, сондықтанда мен империкалық және эвристикалық анықтамалармен шектелемін» дейді. Содан соң, бұл мәселелерді А.Р.Лурья шешуге тырысты. Ол Л.С.Выготский көзқарастарымен келісе отырып, психикалық функцияларға дәл және соңғы анықтама береді. Сонымен, жоғары психикалық функция – бұл күрделі өзін реттеуші процесс, өзінің шығуы жағынан әлеуметтік болып табылады, қалыптасуы бойынша байланысты және құрылу тәсілі бойынша ерікті, саналы.А.Р.Лурья берген анықтама өзінің белгілер санының көптігімен ерекшеленеді. Мінез-құлықтың жоғары формаларының ерекшелігі өзінің мінез-құлығын басқару үшін жасанды, көмекші құралдарды қолдануда. Жасанды стимулдарды қолдану мінез-құлықтың жаңа формаларын анықтаудың формалары болып табылады. Мінез-құлықтың жоғары формаларының түріне келесілер кіреді.а) Жоғары формадағы практикалық іс-әрекет.ә) символикалық іс-әрекет.б) Өзіндік жоғары психикалық функция.в) Жоғары әлеуметтік функция (интерпсихологиялық функция).Л.С.Выготский мінез-құлықтың негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп атайды. Л.С.Выготскийдің концепциясын талдау негізінде мінез-құлықтың формалары, функциясының жіктелу схемасы:Л.С. Выготский мінез құлықтың нағыз табиғи формасына тек қана шартсыз емес, шарттыда рефлекстерді жатқызды. Сонымен қатар, К.Бюлердің (инстинк, интелект) теориясын жатқызады.Үйлесімсіз психикалық жағдай күрделі өмір жағдайына байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықты әрекетті негізден алады, олар белгілі бір жағдайға және жасқа байланысты түрлі ұзақтықпен көрінеді, сонымен қатар интенсивтіліктің оптималды дәрежеден не төмендеуінен не жоғарылауымен сипатталады. Үйлесімсіздік келесі жағдайларда пайда болады:1. Бұл жағдай күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады.2. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз техникалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың когеренттігінің жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының бөлінуімен, яғни, стабилизациялану жаққа және әрекет нәтижесінің жоғарылылығы немесе сипаттамаларының төмендігі және әрекет нәтижелерінің төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын негіздейді.3. Үйлеспеушіліктің жас ерекшелік және іс-әрекеттік ерекшеліктері белгілі. Жас ерекшелік даму барысында құрам күрделілігі және үйлесімсіз психикалық жағдайдың құрылымы мен ұзақтығының жоғарылауы жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді. Сонымен қатар, ауытқып бара жатқан мінез-құлықтың негізі болып табылатын үш кілті бар:
Мінез – құлық формалары мен функциялары 

Табиғи Мәдени байланыстылық

Әлеуметтік интерпсихикалық  Мінез – құлық және функциялардың даралық формалары 

Примитивті  Жоғары Примитивті  Жоғары

Сыртқы(экстрансивтік) функция
Ішкі(интрансивтік) функция

Спонтанды психикалық функция

жоғары психикалықфункция
1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі әрекеті болып табылатын оқу әрекеті жеткіншектің кезеңде де негізгі әрекет болып қала береді. Яғни, жеткіншектік кездегі оқуға құмарлық күлкі болып табылады. Сөйтіп олар қатарларымен араласа алмай қалады. Оқудағы жоғары белсенділік ауытқу болып табылады.2. Жеткіншектер әлі «ойын кезеңін» басынан өткізе алмай жатыр, сөйтіп жеткіншектің кезеңде ойын бірінші орынға шығады.3. Көп жоспарлы айналмалы әрекет. Имтимді жекелік және оқу-кәсібі жақтарының дисбаланс тудыруы.Дж. Эйсондорфпен жазылған мотив аралық теория бойынша, балалардың әлеуметтік дамуындағы ауытқудың түрлі типтерінің пайда болуы жақындау және қашу мотивациялық механизмі арқылы қарастырылады. Осы мотивацияның бұзылуы қарым-қатынасты қиындыққа әкеледі. Дж. Эйсондорф мұндай бұзылыстың үш вариантын көрсетеді:1. Бұл жақындасудың төмен мотивациясымен сипатталады. Мұндай мотивацияға ие балалар басқалардан бөлек болғанды қалайды. Бұл балалармен ерте кездегі жалғызды конструктивті және зерттеу белсенділігі кезінде пайда болады және бұл нашар әлеуметтенген адаммен байланысты емес. Жақындасудың төменгі мотивациясы балалардың заттық өмірге деген қызығушылығын меңгеруге негізделген. Жақындасу және қашу мотивациялар арасындағы конфликтіге байланысты. Ол баланың басқа адамдармен араласқысы келеді, бірақ белгілі себептерге байланысты қатынас жасаудан қашады. Мұндай конфликт мінез-құлықтық компромиске әкелуі мүмкін. Әлеуметтік жақындасу мотивацияның жоғарылауымен қашу мотивтерінің төмендеуінің қатынасы нәтижесінде мотивтердің іс-әрекетінен туады. Бұл мотивациядағы балалар басқа адамдармен қарым-қатынас шегі бейтаныс, ал қарым-қатынасты шектеуді сезбейді, қатарластары одан жиі қашады. Бұған агрессивті мінез-құлық тән.Жоғары психикалық жағдай (қуаныш, мазасыздық, таңқалушылық) немесе төменгі психикалық жағдай (өкіну, көңілсіздік т.б.) үйлесімсіз жағдайларға жатады. Осы сипаттамалардың дәлелі ретінде А.О.Прохоровтың жүргізген зерттеулерінің нәтижесін қорытындылау барысында үйлеспеушіліктің келесі жағдайлары кездесті. Оқу әрекетінде жеткіншектер апатия, зұлымдық, ашу, өкпе сияқты жат жағдайларды басынан кешіріп отырса, жағымды жағдайлар ішінен қуаныш, бақыт, таңқалу, қозу сияқты мінез-құлық қасиеттері кездесіп отырған. Сонымен қатар, оқушылардың басынан кешіріп отырған мінез-құлыққа тәуелділігі анықталады. Тітіркенудің импульсивті формасы қиын жағдайға тән мінез-құлықтың формасы болып табылады. Сонымен қатар, К.Рубин өз еңбектерінде «әлеуметтік бөлектену» терминін қолданады. Әлеуметтік бөлектенудің инициаторы болып баланың өзі табылады. Оның бір көрінісі – ұялшақтық. Ұялшақтық – бала бейтаныс жандармен кездескенде қорқу немесе мазасыздану пайда болады. Оның негізгі себебі әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Әлеуметтік бөлектенудің тағы бір көрінісі - өзін еркін сезінбеу немесе шегінушілік. Бұл жағдай баланың қатарластары арасында және тіпті жағдайға байланысты да туып отырады. Бұның негізі жаңадан және әлеуметтік бағадан қорқумен байланысты. Бұл жақындаудан қашудан күресуге негізделген ішкі конфликтілік мінез-құлық. Сонымен қатар, «әлеуметтік бөлектенуге» жақын, бірақ одан басқа «ұстамды» міне-құлық бар. Мұны жақын немесе бейтаныс адамдардың арасында баланың өзін ұстап, олармен қатынасқа түспей олардың әректені бақылаумен шектелу. Мұндай мінез-құлық баланың әлеуметтік стимул алдында сезінетін мазасыздануды бейнелейді. Сонымен қатар, мұның негізінде қашу себебі де жатыр. Бұл үндемейтін балаларға тән. Осы мәліметтер нәтижесі бойынша, үйлеспеушілік ерекше өмір жағдайында туады, яғни адам өмірінің күрделі де, қиын кезеңдерінде пайда болады. Оның пайда болуы рационалды емес, бейадекватты, агрессивті, кей кезде қайғылы да мінез-құлықтың себебі болуы мүмкін. Сондықтан да, субьект үшін бұл жағдайларды басқару күрделі болып табылады. Жүйелі ағым және өзін ұйымдастыру концепциясы позициясы тұрғысынан үйлеспеушілік ағза және орта арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Симметрия бұзылысы ашық жүйеге келетін хабарлар және энергиялар толқынына негізделген процесстер әсерінен пайда болады. Төмен тұрақтылық үйлеспеушіліктің маңызды қасиеттерінің бірі. Күнделікті өмірде үйлеспеушілік қарым-қатынастың үйреншіктік жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Үйлеспеушіліктің пайда болуына әсер ететін басқа жағдайларда бар. Атап айтсақ ол құрылымның негізгі белсенді элементтері және жеке адам жүйелері арасындағы диссонанс болып табылады. Яғни, негізгі себептер арасындағы мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы арасындағы қарсылықтар. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын үйлеспеушілік өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен өткізіледі. Егер энергеетика тұрғысынан қарайтын болсақ, үйлеспеушілік жете зерттелмеген олар тек уақытша координат ретінде қарастырылады. Осы себептерге байланысты үйлеспеушіліктің феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы фаторлары белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикалы жағдайдың негізгі процессуалды сипаттамасы, үйлеспеушіліктің субьектінің мінез-құлқына тигізетін әсері жете зерттелмеген. Бірақтар педагогтар үйлеспеушіліктің негізгі себептерін жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдауға тырысады. Бұл көзқарас түсінікті, өйткені бұл мәселе бала дамуының жас кезеңге бөлінуінің әртүрлілігіне байланысты.Сонымен «үйлеспеушілік», «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты екен. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары үйлеспеушілікті (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді екен.
1.3. Жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық тұрақсыздықтың себептеріБала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларды осы жағдайлардың әсерінен көзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың барлық бала өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылары үшін «сыналу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі. Бірінші кезең – баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелер мен функцияларының қайта құруымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;Екінші кезең – баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, яғни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектік ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар кауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең – жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский, Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.Үшінші кезең – бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте маңызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо («Эмиль» немесе «Тәрбие еңбегінде») саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ бұл кездегі әрбір қатенің белгілі бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа ие болуы да мүмкін. Сондықтан да бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады: 1. Кризистік; 2. Өте қиын, қауіпті. Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін.Қиын балалар дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған нормалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты кризистік жас деп айта аламыз. Л.С.Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі. Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары дарлық уақытта сапалы да, өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырады. Әрбір жас кезеңінде бала мен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтің жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикалары мен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, яғни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.Осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады, өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пировтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15 000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «псиопатия», «шизофрения», «гипомания», шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.Оқушылардың басқа да психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында КСРО мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген «Роршах» және «Тематикалық апперцепция» тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар, Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жасөспірімдер психиатры А.А.Мехрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар, әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты В.Д.Кисловская «проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында.Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациялық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн. Оқушылардағы үйлеспеушілік құрамына қарай едәуір болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі - өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды, оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады. Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады. Жеткіншек жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайларымен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабақты үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:1. Биологиялық ерекшеліктер;2. Әлеуметтік орда.Осы факторлар бойынша, А.Бек жүргізген зерттеулер эмоционалды үйлеспеушілікке әсер ететін факторлар қиындықтар жүйге келтірілген және олар біртіндеп балалардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікке алып келеді деп көрсеткен.№2 кесте.Бек А. бойынша мінез-құлықтың үйлеспеуінің негізгі қозғаушы күштері:
Семьялық Жағымсыз эмоцияның пайда болуына әсер ететін семьялық жүйенің ерекшеліктері
Симбиотикалы байланыстардан жабық семьялық жүйе
Жоғары ата-аналық талап, жоғары дәрежелі критика Басқа адамдарға сенбеушілік, изоляция, жоғары бақылау Семьялық қатынастағы эмоцияларды елемеушілік және пайда болуына жол бермеу
Жеке адам аралық Адамдармен қарым-қатынас құрудағы және эмоционалдық көмек алудағы қиындық
Жоғары талап және басқалардан бірдеңе күту Басқа адамдармен негативтік қатынас өз ойын және басқаларды түсінудегі қиындық
Жекелік өмірді, өзін, басқаларды қабылдауда жекелік қалыптасу және түсіністіктегі қиындық
Перфекционизмдік Жабық жаушылық «Сырттағы өмір»(алекситимия)
Когнитивті Жағымсыз эмоцияларды және қиын түсінушілікті қалыпқа келтіретін когнетивті процестер
Дипрессивті триада Мазасыздану триадасы «Қорқыныш сезімдер»
абсолюттену Асыра айту Мойындамау
Негативті селекциялау, поляризациялау, жоғары қорытындылау т.с.с. Операторлық ойлау
Мінез-құлықтық және симптоматикалық Қиын эоциялық жағдай, өзіне жат дене ауырлығын сезіну, әлеуметтік дезадоптация
Пассивтілік, қайғы және қанағаттанбайды, біреуге көңілі қалған сезім Қашып кету әрекеті, көмекті сезінбеуі, өзіне деген кризистік қатынастан қорқуы Эмоциялар психикалық шағымсыз физиологиялық дәрежеде уайымдалып, жинақталады
2 бөлім. ОҚУШЫЛАРҒА ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУКШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ2.1. Эмоционалдық күй-жағдайды зерттеу нәтижелеріАйқындау экспериментін Жамбыл атындағы № 26 мектеп гимназияда және Қазыбек би атындағы № 36 орта мектепте 7 сыныптарда оқитын балаларды қамтыдық. Оқушылардың акцентуациясы мен мазасыздануының көрініс беруін зерттеудің нәтижелерін бір-бірімен ұштастырып салыстырмалы түрде талдадық. Балалардың акцентуацияның түрлері мен оның көрініс беру деңгейін бағалау үшін Шмишек-Леонгард тестін пайдаландық. Жеткіншектердің мінез акцентуациясының қыр-сырын жан-жақты зерттеген К.Леонгард жасаған теориялық қағидаларға сүйене отырып көптеген зерттеу әдістемелері жасалған. Бұл тестер арқылы жүргізілген диагностикалық бағдарлама баланың өмір жағдайы мен психологиялық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталған. Осы проблеманы зерттеу үшін 7 сынып оқушыларының дезадоптация, акцентуация, агрессия көрініс беруін және оның себептерін анықтауға арналған тестілерді жүргіздік. Жеткіншектердегі тек сол жасқа тән ерекше қасиеттерді анықтау үшін арнайы психодиагностикалық әдістер жүргізіледі. Тест нәтижесін талдау. Балалардың тест тапсырмаларына берген жауаптарын талдау жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі. Осы тест нәтижесін талдау барысында балалардың басым көпшілігінде акцентуацияның бір түрінің, кейде одан көп түрлерінің белгісі бар екені анықталды. Зерттелініп отырған жетінші сынып оқушыларында орын алған акцентуация түрлерін олардың жас ерекшеліктері сипаттамамен салыстырып көргенде жағдай шектен шықпаған, норма көрсеткіштерінің дисперсиясында орналасқанын анықтадық. Тек қана 4 оқушының акцентуациясы нормадан шамалы асық болды.Шмишек тесті бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі. 
№ Акцентуация типі Анықталған балалар саны
12.3.4.5.6.7.8.9.10. Гипертимдік тип. Лабильдік тип. Сенситивтік тип. Шизойдтық тип. Эпилептоидтық тип. Тұрақсыз тип. Астено-невротикалық тип. Демонстративтік тип. Циклоидтық тип. Аффекті-экзальтациялық 5730030060
Акцентуацияны зерттеу барысында 7 сынып оқушыларында акцентуацияның көптеген түрлері орын алатындығы анықталды. Олар кейде қосарланып, бірнеше түрі бір балада кездесетіні де орын алатын жағдай екенін байқадық. Жетінші сынып жағдайы кестеде көрсетілген.Акцентуация түрлерін анықтау кестесі.
№ Балалар аты Акцентуация түрі
1. Айяжан 9-ші түрі анық көрініс берді
2. Асан 2-ші түрі анық көрініс берді
3. Айгүл 2-ші түрі анық көрініс берді
4. Азиза 8-ші түрі анық көрініс берді
5. Бақыт 9-шы түрі анық көрініс берді
6. Гүлайша 1-ші түрі анық көрініс берді
7. Газиз 2-ші түрі анық көрініс берді
8. Даурен 9-ші түрі анық көрініс берді
9. Данияр 8-ші түрі анық көрініс берді
10 Жазира 1-ші түрі анық көрініс берді
11 Жанна 1-ші түрі анық көрініс берді
12 Жаннұр 8-ші түрі анық көрініс берді
13 Луиза 3-ші түрі анық көрініс берді
14 Лаура 1-ші түрі анық көрініс берді
15 Нұрғали 2-ші түрі анық көрініс берді
16 Нұрсұлу 9-ші түрі анық көрініс берді
17 Маншук 8-ші түрі анық көрініс берді
18 Раиса 9-шы түрі анық көрініс берді
19 Толик 3-ші түрі анық көрініс берді
20 Тимур 2-ші түрі анық көрініс берді
21 Фатима 9-ші түрі анық көрініс берді
22 Халил 3-ші түрі анық көрініс берді
Зерттеу нәтижелерін талдау кестесінде көрсетілгендей балалардың басым көпшілігінде сенситивтік және демонстративтік акцентуация түрлері анық байқалды, сонымен қатар тұрақсыздық (ұш балада), акцентуацияның басқа түрлері 2-3 баланың көрсеткіштерінен байқалды, ал акцентуацияның эпилептойдтық және экзальтациялық түрлерінің көрсеткіштері нормадан көп ауытқу бермеді, сондықтан ондай көрсеткішке ие болғандар жоқ деп есептедік.Акцентуацияның түрін дәлірек бағалау үшін біз Кондаштың «Әлеуметтік – ситуациялы мазасыздану шкаласы» принципіне негізделіп жасалған И.Спилбергердің «Ситуативтік мазасыздану шкаласы» әдістемесін әдістемесін жүргіздік. Бұл шкала бойынша мазасызданудың негізгі көзі болып табылатын объектілерді анықтауға болады. Келесі кезеңде И.Спилбергердің «Ситуативті мазасыздану шкаласы» тестін жүргіздік. Ситуативті мазасыздану субьективті уайымдалатын эмоциялармен сипатталады, бұл стресті жағдайларға әсер ететін эмоционалды реакция болып, интенсивті жағынан әртүрлі уақыт жағынан динамикалы болуы мүмкін. И.Д.Спилбергертің ситуативті мазасыздану шкаласы мазасыздану деңгейін дифференциалды өлшеуге мүмкіндік беретін бірден-бір әдіс болып табылады. Шкала 40 тапсырмадан тұрады, оның 20 ситуативті мазасыздану деңгейі бағалауға, 20 жекелік мазасыздану деңгейін бағалауға арналған. Әдістемені топпен де, жеке де жүргізуге болады. Зерттеуші нұсқауға байланысты жауап береді. Тапсырмаларды орындау барысында зерттелінушілерге тапсырмалар номерлері қойылған жауап парақтар беріледі. Жалпы көрсеткішті анықтау үшін жиналған баллдар қосындысы шығарылады.И.Спилбергер ұсынған «Әлеуметтік – ситуациялы мазасыздану шкаласы» әдістемесін пайдалана отырып жеткіншектердің мазасыздануы өзіндік, адамаралық, отбасы мүшелерімен тіл тбыса алмай жүргенімен байланысты немесе мектеппен байланысты екендігін анықтадық. Берілген шкала бойынша мазасызданудың мектепішілік, өзіндік және адамаралық деген үш түріге бөліп бағаланады. Мектепішілік мазасыздану баланың мұғалімдермен немесе басқа оқушылармен қарым-қатынасының қалыптасқанымен байланысты көрініс береді, өзіндік сипаты баланың алдында тұрған проблемаларды шешудегі жетекші мотивациясы табысты болу немесе сәтсіздіктен қашу болуымен байланысты, ал адамаралық – жалпы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасқандығына тәуелді болады. Олардың деңгейі келесі шкала боынша бағаланады.Бағалау шкаласы.
Мазасызданудың түрлері Шкаладағы пункт саны
Мектептік 1 4 6 9 10 13 16 20 25 30
Өзіндік бағалау 3 5 12 14 19 22 23 27 28 29
Жеке адамаралық 2 7 8 11 15 17 18 21 24 26
Зерттелінушінің жалпы жинаған баллдары әр шкала бойынша бөлек-бөлек және түгелдей үш шкаланың біреуі бойынша есептелінеді. Нәтижелері мазасызданудың түрлерін және оның деңгейін көрсетті. Мазасыздану деңгейі төмендегі стандарттар бойынша анықталады.
№ Мазасызданудың көрсеткіші Мазасызданудың әртүрлерінің деңгейі
жалпы мектептік өзіндік бағалау Жеке адамаралық
1 норма 17-54 4-17 4-18 5-17
2 жоғары 55-73 15-20 19-25 20-26
3 жоғары 74-91 23-28 26-32 26-31
4 өте жоғары 92 31 33 31
5 Шектен тыс салмақтылық 16 1 3 3
Жеткіншектердің мазасыздану деңгейінің қаншалықты жоғары немесе төмен екендігін анықтау үшін жүргізілген психодиагностикалық әдістеменің нәтижесін келесі кестеден көреміз:
Мазасызданудың түрлері Зерттеушілер саны
1. мектептік 15
2. өзіндік бағалау 13
3. жекеадамаралық 20
Жалпы 24
Балалардың жауаптарын талдау және ретке келтіру нәтижесінде зерттелінушілердің акцентуациясы олардың өмір сүретін орталарындағы статусына байланысты екені анықталды және мұндей көрініс осы жас кезеңіндегі балалар үшін норма деп айтуға болады. Өйткені басқа сыныптарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі осы көрсеткішке жақын болды. Зерттеу нәтижесінде оқушылардың мазасыздануын туғызатын себетердің ішіндегі жетекшісі сынып ішіндегі қарым-қатынасқа, ұялшақтыққа, өзіне және айналадағыларға деген бейадекватты қарым-қатынасына келіп тіреледі. Бұл жағдайлар тереңдеп кетпес үшін, мазасыздану деңгейі жоғары болған оқушыларға көбірек көңіл бөліп, жеке әңгімелесу жүргізілді. Сонымен қатар, сынып ішінде, топтық іс шаралар кезінде көбіек арластырып, сабақты әр уақытта сұрап, сұрақтарды көбірек қойып, топтық әңгімелер, баланың жеке мәселесін үмыттыруға негіз болатын жеке әңгімелерді жүргізілді. «Ситуативті мазасыздану шкаласы» бойынша зерттеу нәтижесі. 
№ Ситуативті және мазасыздану деңгейі Зерттелінушілер саны 
1. Жоғары 8
2. Орташа  10
3. Төмен  2
4. Норма  2
Бұл әдістеме жоғарыда көрсетілгендей жетінші сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Зерттелінушілердің ситуативті мазасыздануы барлық көрсеткіштері бойынша жоғары болғандар 33 пайыз, жекелік мазасыздану көрсеткіші бойынша 51 пайыз мазасыздану көрсетті. Сонда кейбір оқушыларда ситуативті және жекелік мазасыздану қатар көрініс беретіндігі анықталды. Мектеп оқушыларының ішіндегі жеткіншек жас кезеңіндегілердің акцентуациясын және осы ерекшелікпен ұштасып келетін мазасыздану ерекшеліктерін зерттеу олардың жалпы жағдайын анықтап, қиындық көріп жүрген баларға психологиялық көмек көрсету мақсатында жүргізілді. Сондықтан зерттеудің келесі кезеңінде жеткіншектердің жас ерекшелігін ескере отырып жүргізілген психодиагностикалық жұмыстар нәтижесіне сүйене отырып балалардың ерекше мінез-құлық көрсетуінің негізгі себебі - оқушылардың өздері өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасының қалыптаспағандығы және қарым-қатынас мәдениетінің төмендегі, алаңдаушылықтың басымдығы, өзіне деген сенімнің төмендігімен байланысты деген қорытынды жасадық. Филипстің «Оқушылардың мектептегі мазасыздануын анықтау» тестімен зерттеу нәтижесі.
№ Аты жөні Мазасыздану түрі
1 2 3 4 5 6 7 8
1. Айяжан 3 1 0 1 1 1 0 0
2. Асан 15 5 3 4 3 0 3 4
3. Айгүл 5 2 3 1 2 2 0 0
4. Азиза 9 0 2 1 2 1 4 4
5. Бақыт 8 5 2 2 2 3 4 2
6. Гүлайша 6 5 3 4 0 2 1 2
7. Газиз 11 4 4 3 4 3 5 3
8. Даурен 6 3 6 2 3 4 3 4
9. Данияр 5 2 1 0 2 1 2 2
10 Жазира 2 1 0 0 1 1 0 0
11 Жанна 8 3 0 2 1 5 1 2
12 Жаннұр 9 6 6 1 3 2 0 4
13 Луиза 15 5 3 4 3 0 3 4
14 Лаура 5 2 3 1 2 2 0 0
15 Нұрғали 9 0 2 1 2 1 4 4
16 Нұрсұлу 8 5 2 2 2 3 4 2
17 Маншук 6 5 3 4 0 2 1 2
18 Раиса 11 4 4 3 4 3 5 3
19 Толик 6 3 6 2 3 4 3 4
20 Тимур 5 2 1 0 2 1 2 2
21 Фатима 2 1 0 0 1 1 0 0
22 Халил 8 3 0 2 1 5 1 2
Талдау нәтижесінде бірінші фактор бойынша балалардың мазасыздану деңгейі өте жоғары екендігін анықтадық. Әсіресе Нұрғали, Асан, Гүлмира және Русланның жинаған баллдары өте жоғары болып шықты. Қосымша жүргізілген әңгімелесу нәтижесінде олардың мектеп ішілік қарым-қатынаста көптеген қиыншылықтарға кездесіп жүргендігін анықтадық. Олардың проблемалары сынып жетекшісімен тіл табысуы қиын болғанымен, математика пәні бойынша жалпы үлгерімі төмен болып тұрғанын слндықтан оларды ата-аналар жиналысында, тәрбие сағаттарында оларды жиі ұрсып отыратыны анықталды.Жеткіншектер агрессиясын диагностикалауға Басса-Дарки әдістемесі пайдаланды. Оның нәтижелері 8 кестеде көрсетілген және тесте анықталған шкала бойынша жауаптарды баллға аударып, барлық жиналған ұпайлар бойынша балада орын алған агрессия түрі анықталды.Басса-Дарки әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесі.
Мазасыздану түрлері Көрсеткіштері Зерттелінушілер саны
1.Физикалық агрессия 2. Жанама агрессия 3. Тітіркенушілік4. Негативизм5. Өкпелегіштік6. Күдіктенушілік7. Вербальды агрессия8. Кінәлі сезіну Жоғары, орта, төменЖоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төмен Жоғары, орта, төменЖоғары, орта, төмен 542686116
Жеткіншектерді зерттеу нәтижесінде мектеп оқушылары арасында вербалдьдық агрессия өте жоғары дамығандығын көрсетті. Ол әсіресе ұл балаларға тән, олар балағат сөздерді өте көп қолданатыны анықталды. Сонымен қатар қыздар арасында да вербалдық агрессия сирек емес. Екінші орында өкпелегіштік пен негативизм көрсеткіштері келеді. Жеткіншектерде күдіктенушілігінің жоғары болуы заңды нәрсе, ол үлкендік сезімнің орын алуы және үлкендердің жеткіншектерге көзқарасындағы қайшылықтардан туындайтын проблема екені көптеген зерттеулерде дәлелденген.Айқындау экспериментінің екінші кезеңінде жеткіншектердің мінез ауытқулыры темпераментінің ерекшеліктерін онша басқара алмағандығымен байланыстылығын анықтау үшін Айзенк тестін, Собчик әдістемесін пайдаландық.Темперамент ерекшеліктерін түсініп, оны басқаруына байланысты типологияны ұсынған Собчик. Мақсаты: Зерттелінушінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау. Әр тип бойынша жинаған баллдарды циклограммаға түсіріп, шеңбердің ортасынан көрсеткіштің түскен жеріне дейін штрихтап анық байқалатындай ету керек. Барлық типтер бойынша көрсеткіштерді циклограммаға түсіргенде олардың қайсысы радиуста жоғары түссе, сол қасиет анық байқалады және нормадан артық дамығандығын көрсетеді.Собчик әдістемесі бойынша зерттеу нәтижелері.Өңдеу ережесі. Кілтке сай келген жауаптар бір балл деп бағаланады..
№ Тип атауы Бала саны
І Экстраверсиялық 12
ІІ Спонтандылық 11
ІІІ Агрессивтілік  14
ІУ Ригидтілік 4
У Интроверсиялық 7
УІ Сензитивтік 9
УІІ Мазасызданғыштық 16
УІІІ Лабильділік 5
Жалғандық шкаласы  19
Аггравация (ятрогендік ауруға жақындық) 15
Қорытындылау кестесі:
Агрессиясы байқалғандар Шектелгендік көрсеткендер Ашық-жарқын Байсалдылар
10% 10% 45% 25%
Кестеде көрсетілгендей сыныптағы оқушылардың біршамасы әлі де өзін шектелген деп сезінеді, дегенмен агрессия көрінісі күрт төмен түскені анық байқалады. Сонымен қатар, ашық-жарқындық, байсалдылық жақсы көрініс беретіндер саны көбейгені анықталады. Бұл қысқа мерзімде жүргізілген жұмыс, ал мектеп психологі психокоррекциялық әдістемелердің бірнеше түрлерін жүйелі түрде қолданып жүрсе оның оң әсері терең болатыны сөзсіз. Әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған көптеген әдістемелер жасалған. Олардың көпшілігі мектеп психологиялық қызметінде сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін, оқушының әлеуметтік статусын зерттеуге кеңінен пайдаланып жүрген түрлері социометрия және трансактілі талдау жүргізу. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін бағалап, қажетті болған кезде коррекциялау, тәрбиелік мәні бар қосымша іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын сыныпта жолдастары, достары, бірге ойнайтын, бос уақытты бірге өткізетін құрбылары бар. Осы ортада қалыптасқан сыныптағы ұжымішілік қатынас ерекшеліктерін зерттеу арқылы балардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік болады. Жеткіншектерге тән мінез ерекшеліктерін зерттеу кіріс және шығыс диагностика арқылы ретке келтірілді. Кіріс диагностика барысында зерттелінген оқушылардың барлығында акцентуацияның көрінісі, олардың агрессиясының, эгоцентризмінің өте жоғары екеніні анықталды. Олар мектеп талаптарын бұзуға жиі барып, кей кезде ішімдік ішетіндігі де анықталады. 
«М және Д» әдістемесі» (мазасыздану және депрессия)Мақсаты: жүйке процестерінің ерекшеліктерімен байланысты көрініс беретін мазасыздану және депрессия жағдайларының орын алуын анықтау.Орындау ережесі. Тапсырманы топпен немесе жеке-дара орындатуға болады. Зерттелінушілерге келесі нұсқау беріледі: «Сіздерге 20 сұрақтан тұратын сауалнама берілген. Бұл тест көмегімен өздеріңіздің күй-жағдайларыңыз бағаланады. Сұрақтарға тез және барынша дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Жауаптарыңыз бес вариантта болуы мүмкін: «еш уақытта», «өте сирек», «сирек», «жиі», «өте жиі» кездеседі. Жауап парақта сұрақ номерінің тұсында берілген осы варианттардың біреуін (+) плюс деп белгілеңіз. Жауаптарыңызды талдау арқылы Сіздердің эмоционалдық жағдайларыңыз баллдық жүйемен бағаланады. Тапсырмаға түсінбей қалсаңыз оны сұрап алуға болады». Зерттелінушілерге жауап парақ беріліп, оны толтыру ережесі түсіндіріледі.Тапсырмалар.
Сіз өзіңіздің бұрынғыдай жылдам қимылдамай, асықпай, аяқты жай басатын болғаныңызды байқадыңыз ба?
Сізді бір нәрсе мазалағанда ұйқыңыз бұзылады ма?
Сіз өзіңіз жабырқаңқы сезімде, тұнжыраңқы болап жүресіз бе?
Ешқандай себепсіз мазасызданып, бірнәрсе болатындай сезімге бөленіп жүретін кезіңіз болады ма?
Достыққа және мейірмандыққа қажеттілігіңіз төмендегенін байқадыңыз ба?
Сіздің өміріңізде құаныш пен баққыттылық аз деген ойға бөленесіз бе?
Сіз өзіңізді бұрынғыдай қызығушылықтар кернемейтінін, көптеген нәрселерге немқұрайды қарайтындай сезінесіз бе?
Сіз бір орында отыра алмайтындай мазасызданған кезіңіз болды ма?
Бір нәрсені күту сіздің жүйкеңізді тоздырады ма?
Жаман түс көресіз бе?
Сіз ешқандай себепсіз басқа біреулерге немесе бір нәрсеге байланысты қауіптеніп, мазасызданған кездеріңіз болды ма?
Сізге ешкім көңіл аудармай, ешкімнің сізді түсінгісі келмей жүргендей сезімге бөленіп, өзіңізді жалғызсыраған кездеріңіз болады ма?
Колдарыңыз бен аяқтарыңызға орын таба алмай мазасызданған кездріңізді байқадыңыз ба?
Сіз өзіңіздің шыдамсыз, тұрақсыз, әбігерленгіш екеніңізді байқадыңыз ба?
Өзіңіздің жалғыз қалғаңыз жиі келеді ме?
Жақын адамдарыңыз сізді жақтырмайтын немесе нем құрайды қарайтын кездерін байқадыңыз ба?
Көпшілік ішінде өзіңізді ыңғайсыз сезініп, бөгеліп қалған кездеріңіз болды ма?
Сізге өзіңіздің достарыңыз немесе жақындарыңыз сізден гөрі бақытты деген ой келеді ме?
Шешім қабылдау үшін көп ойланасыз ба?
Көптеген сәтсіздіктерге өзім кінәлімін деген сезім сізді мазалайды ма?
Жауап парақ 
Тапсырмалар номері Жауап варианттары Жауап белгісі Тапсырмалар номері Жауап варианттары Жауапбелгісі Тапсырмалар номері Жауап варианттары Жауап белгісі
1 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 8 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 15 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі
2 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 9 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 16 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі
3 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 10 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 17 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі
4 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 11 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 18 еш уақытаөте сирексирекжиіөте жиі
5 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 12 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 19 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі
6 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 13 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 20 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі
7 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі 14 еш уақыттаөте сирексирекжиіөте жиі
Бағалау шкаласы:
еш уақытта - 5 балл;
өте сирек – 4 балл; 
сирек - 3 балл;
жиі - 2 балл;
өте жиі - 1 балл.
Мазасызданудың диагностикалық коэффициенті
Мазасыздынуды анықтайтын сұрақтар номері Жауап бойынша алған баллдар
1 2 3 4 5
2 -1,38 -0,44 1,18 1,31 0,87
4 -1,08 -1,3 -0,6 0,37 1,44
8 -1,6 -1,34 -0,4 0,6 0,88
9 -1,11 0 0,54 1,22 0,47
10 -0,9 -1,32 -0,41 -0,41 1,2
11 -1,19 -0,2 1,04 1,03 0,4
13 -0,78 -1,48 -1,38 0,11 0,48
14 -1,26 -0,93 -0,4 0,34 1,24
17 -1,23 -0,74 0 0,37 0,63
19 1,92 -0,36 0,28 0,56 0,1
Егер коэффициенттер суммасы +1,28 және одан көп болса зерттелінушінің мазасыздану бойынша жағдайы жақсы екенінің белгісі. Суммасы -1,28 және одан төмен болса – зерттелінушінің мазасыздануы, депрессиясы және эмоционалдық зорлануы жоғары екенін көрсетеді. Аралық көрсеткіш (-1,29-дан +1,27-ге дейін) мазасызданудың орта мағнада екенін көрсетеді.
№ Балалар аты Мазасыздану көрінісі
1. Айяжан -1,38
2. Асан -1,08
3. Айгүл -1,6
4. Азиза -1,11
5. Бақыт -0,9
6. Гүлайша -1,19
7. Газиз -0,78
8. Даурен -1,26
9. Данияр -1,23
10 Жазира 1,92
11 Жанна -1,38
12 Жаннұр -1,08
13 Луиза -1,6
14 Лаура -1,11
15 Нұрғали -1,38
16 Нұрсұлу -1,08
17 Маншук -1,6
18 Раиса -1,11
19 Толик -0,9
20 Тимур -1,19
21 Фатима -0,78
22 Халил -1,26
Нәтижесін талдау ережесі.Зерттелінушінің берген жауабы бойынша оның алған баллдары кесте бойынша коэффициенттік мағнасына ауыстырылады. Сонан соң барлық коэффициенттердің арифметикалық суммасы шығарылады.Мазасыздану көрсеткішінің жоғарылағаны адамның себепсіз невротикалық реакциялары орын алуымен, өзінің және жақындарының денсаулығына деген уайымдауының жоғарылауымен сипатталады. Егер көрсеткіші төмен болса адамның неше түрлі тітіркендіргіштерге әсерленуі төмен болады.Мазасыздану және депрессияны анықтау шкаласыМазасыздану мен депрессияны анықтауға Д.Голдбе ұсынған шкаланы пайдалануға болады.Голдбе жасаған қадамдық алгоритм әдістемесі көмегімен аз уақыт жұмсап мазасызданудың көрініс беруін дұрыс диагностикалау мүмкін. Бұл диагностикалық әдістемені дұрыс пайдалану үшін келесі шарттар орын алуы керек:
Мазасыздану симптомдары анық байқалатын болса.
Оны ағзаның стресске дұрыс жауабы деп есептесеңіз.
Егер мазасыздану соматикалық аурулармен байланысты болмаса.
Мазасыздану шкаласы
Сіз өзіңізді ашу кернеп абырдығаныңызды сезінесіз бе?
Шамадан тыс тынышсызданасыз ба?
Тез ашуланасыз ба?
Босаңсуңыз оңай ма?
Егер сіз бір сұраққа ғана «иә» деп жауап берсеңіз, сіздің мазасыздануыңыз нормада. Егер екі сұраққа оң жауап берсеңіз келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
Ұйқыңыз тынышсыз ба?
Басыңы немесе мойныңыз ауырып, тамағыңыздың қысылып тұрғанын сезінесіз бе?
Сізде келесі симптомдар байқалады ма: бас айналу, қалшылдап кету, бірден терлеу, іш өту, тіл шаншып кету және басқа мазасыздану белгілері?
Ден саулығыңыз сізді жиі мазасыздандырады ма?
Ұйықығы бөленуіңіз қиын ба?
Нәтижесін талдауЖоғарыда берілген тоғыз сұраққа берген жауаптардың ішіндегі әр «иә» дегені бір баллмен бағаланады. Жинаған баллдар 5 және одан көп болса мазасыздану деңгейі өте жоғары деп бағаланады.Мазасыздануды төмендету үшін әр адам өзінің психологиялық жағдайына теріс әсерін тигізетін симптомдарды анықтап алуға мүмкіндік беретін қадамдық алгоритмді пайдалануға болады.Қорқыныш тудыратын симптомдар:
жүректің күшті немесе жылдам соғуы;
тершең болу;
дірілдеп, қалтырап кету;
ауыздың құрғап қалуы (дәрі қабылдамай ақ).
Көкірек пен іш симптомдары:
тыныс алудың қиындағаны;
тұншығып қалу;
көкіректің ауыруы;
жүрек айнуы немесе асқазанның ашуы.
Психикалық жағдайларды көрсететін симптомдар:
бас айналуы, талып қалу;
заттардың бұлыңғырланып, оларды қабылдау ақиқатқа сай болмауы;
өз-өзін басқара алмай қаламын немесе жынданып кетемін деген қорқыныш;
өліп қалатын шығармын деген қорқыныш.
Жалпы симптомдар:
бірде дене қызып, бірде қалтырап-дірілдеу;
дененің ұйып қалуы.
Ішкі кернеу симптомдары:
бұлшық еттердің тартылып қалуы, ауыруы;
босаңсиалмау;
шамадан тыс зорлану, өзін «атылуға даяр мылтықтай» сезіну;
тамаққа бір нәрсе тұрып қалғандай болып жұтынуға қиналу.
Басқа ерекше симптомдар:1. күтпеген нәрселерден қатты сескену;2. мазасызданған кезде зейінді шоғырландыруға, ойлануға қиналу;3. ызақор болу;4. ұйқының бұзылуы.Осы диагностикалық тұжырымдамалардың қай-қайсысы сіздің психологиялық жағдайыңызды сипаттайтынын анықтап алғаннан соң оның немен байланысты орын алғанын маманмен отырып талдаған дұрыс. Өйткені бұл ауытқулардың басым көпшілігі соматикалық мәселелермен байланысты екені дәлелденеді (шаршау және қажу, бұлшық еттерге салқын тиген, невралгия т.с.с.). Оларды емдеу арқылы адам көптеген өзін мазасыздандырып жүрген симптомдардан қол үзіп кетеді.
Қақтығыс жағдайдан шағып кете аласыз ба?Томас Килмен сауалнамасыМақсаты: мінез-құлық ерекшеліктерін, дау-дамайдағы қақтығысқа жақындығын анықтау.Әдістемеге түсініктеме.Орын алған дау-дамайдан шығып, келісімге келу жолын басқаларға көрсетіп беру үшін, зерттелінушінің келіспеушілік орын алған қандай мінез-құлқ көрсететін анықтау керек. К.Томастың айтуы бойынша келіспеушілікке алып келетін шатақ мінезді екі типке топтастыруға болады:
басқа адамдардың, қызығушылықтарына, тіршілігіне зиянкестікпен ерекше көңіл аударуы;
өз қызығушылығын қорғаудағы ерекше қайсарлығы.
Осы екі себепке байланысты қақтығыс келіспеушілікке алып келген мәселені шешудің келесі жолдарын көрсеткен:А) бәсекелесу, жарысу барысында басқаны жеңу арқылы өзінің мәртебесін көтеріп, өзгенің намысына тиу, ең жиі пайдаланылатын және ең тиімсіз жолы;Б) икемделу, бәсекелесуге қарама-қарсы келетін әрекет, өзгенің пайдасын ойлап өз қызығушылығын құрбандыққа келтіру;В) ымыраға, компромисске келу, дау-дамайдың себепкерлері бір-бірімен келісімге келуі;Г) жалтару ( бойды аулақ салу, қашып кету) басқаның тіршілігіне де, өзінің мақсатына да ынталануы төмендігі;Д) ынтымақтастық, екі жақты да қанағаттандыратын альтернативаға келуі.К.Томастың айтуынша «а» және «б» вариант бойынша, бәсекелестік пен икемделуарқылы келісімге келгенде дауласқандардың біреу ұтса, екіншісі ұтылады, немесе компромисске келу арқылы екеуі де ұтылады. Сондықтан тек қана ынтымақтастық дау-дамайды шешудің ең тиімді жолы болып табылады.Сауалнамада 60 тұжырымдама бар. Олардың тізімі зерттелінушіге орындау ережесі түсіндіріліп беріледі.Орындау ережесі. Сауалнаманың әр бабы «А» және «Б» әріптерімен белгіленген екі варианттағы тұжырымдамадан тұрады.. Оның қайсысы сіздің мінезіңізге жақын болса, сол вариантты белгілеңіз.Сауалнама.1. А. Кейде тартыс-талас мәселені шешу үшін басқаларға жауапкершілікті мойнына алуға мүмкіншілік беремін.Б. Біздің көзқарасымыздағы қарама-қайшылықтарды талқылаудың орнына, екеуміздің де келісетін нәрселерге көңіл аударғым келеді.2. А. Мен компромисстік шешім қабылдауға тырысамын.Б. Мен мәселені өзімнің де басқаның да көңілін табатындай етіп шешкім келеді.3. А. Әдетте мен өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын.Б. Өзгелердің қызығушылығын қарғау үшін қейде өз қызығушылығымды жанпида етемін.4. А .Мен компромисстік шешім қабылдауға тырысамын.Б. Басқалардың сезімін аяққа таптамауға тырысамын.5. А. Тарты-талас сұрақтарды шешу үстінде біреудің қолдауын іздеймін.Б. Бостан-босқа шиеленістік болмауы үшін қолымнан бар келгенің істеймін.6. А. Өзіме қолайсыздық әкелетін жағдайлардан аулақ жүруге тырысамын. Б. Мен өз айтқанымды орындауға тырысамын.7. А. Тартыс-талас тудырған сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана дәл шешуге болатынына сенемін. Б. Мақсатқа жету үшін кейбір жағдайларда кішіпейілділік танытуға болады деп есептеймін. 8. А. Өз дегеніме жетуге әбден тырысамын.Б. Бірінші кезеңде барлық қаралған мәселелер мен тартыс-талас тудырған сұрақтардың негізін анықтап алуға тырысамын. 9. А. Қарама-қайшылықтарға бола қатты толғануға болмайды деп ойлаймын.Б. Өз дегеніме жету үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.10. А. Өз дегеніме жетуге тырысамын.Б. Мен компромистік шешім қабылдауға тырысамын.11. А. Ең бірінші қандай өзекті мәселе тартыс-талас тудырғанын анықтап алу керек деп есептеймін.Б. Екеуміздің арамыздағы сыйластықты сақтау үшін оны сабырлылыққа шақырамын.12. А. Ұрыс-қағыс шығатын жағдайдан аулақ жүру ұстанымын сақтаймын.Б. Егер маған қарсылық білдірмесе мен де оған өз пікірінде қалуға мүмкіндік беремін.13. А. Мен ортақ ұстанымды сақтауға шақырамын.Б. Өз дегенімдей болуды қатаң талап етемін .14. А. Өз пікірімді басқа біреуге жеткіземін және оның пікірін сұраймын.Б. Өз пікірімнің логикасы мен артықшылығын басқа біреуге көрсеткім келеді.15. А. Біздің сыйластық қатынасымызды сақтау үшін оны келісімге шақырамын.Б. Ауыртпалық болмауы үшін бар жағдайды жасауға тырысамын.16. А. Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын.Б. Өз ұстанымымның артық екендігіне басқадың көзін жеткізуге тырысамын.17. А. Өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын.Б. Қолайсыз жағдайдан аулақ болу үшін бар күшімді жұмсаймын.18. А. Егер біреу бақытты болатындай жағдай болса, мен оған мүмкіндік беремін. Б. Егер ол маған қарсы болмаса, мен оған өз пікірін ұстануға мүмкіндік беремін.19. А. Біріншіден барлық қаралған мәселелер мен тартыс-талас сұрақтардың негізін қызығушылықпен анықтаймын. Б. Тартыс-талас сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана шешуге болатынына сенемін.20. А. Қарама-қашы ойларды тез арада жеңіп шығуға тырысамын.Б. Екеумізге де тиімды болатын үйлесімділікті табуға тырысамын.21. А. Әңгіме барысында өзгелерге мұқият болуға тырысамын. Б. Мен әрқашанда мәселені тікелей талқылауға бас бұрамын.22. А. Менімен басқалардың ұстанымдарына ортақ болатын ұстанымды табуға тырысамын. Б. Өз ұстанымымды қорғаймын.23. А. Әр адамның тілегін қанағаттандыруды мақсат етемін. Б. Кейде тартыс-талас сұрақтарды шешуге жауапкершілікті өзге адамның өз мойнына алуға мүмкіндік беремін. 24. А. өзгенің ұстанымы ол үшін өте маңызды болған жағдайда мен оған қол созамын.Б. Оны компромиске бару керек екеніне көзін жеткізуге тырысамын.25. А. Менікі дұрыс екеніне нандырамын.Б. Әңгіме барысында біреудің дәлелдеріне зер саламын.26. А. Мен әдетте орта позицияны ұсынамын.Б. Әрқайсысымыздың қызығушылығымызды қанағаттандыруға әрқашан талпынамын.27. А. Тартыс-талас жағдайларды болдырмауға тырысамын.Б. Егер осы жағдай біреуді бақытты ететін болса, мен оған өзінің ұстанымын сақтауға мүмкіндік беремін.28. А. Өз айтқанымнан қайтпауға тырысамын. Б. Шиеленіс мәселерді шешуде біреудің қолдағанын қалаймын.29. А. Мен ортақ ұстанымды ұсынамын. Б. Дау-дамайға бола толғанудың қажеті жоқ деп ойлаймын. 30. А. Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын.Б. Келіспеушілікті шешкенде екеуміз бірлесіп жетістікке жететіндей ұстанымда боламын.Бағалау шкаласыКеліспеушілік жағдайдағы мінез-құлық көрсетудің келесі бес түрі орын алады: «бәсекелес», «ынтымақтас», «ымырашыл», «жалтарғыш», «бейімделгіш». Осылардың қайсысы (қандай дәрежеде) Сізге тән екендігін анықтау үшін жауаптарыңыздың төменде берілген кілтке сәйкес келгенін бір балл деп бағалап шығыңыз.«Бәсекелес»: 3 «А», 6 «Б», 8 «А», 9 «Б», 10 «А», 13 «Б», 14, 16 «Б», 17 «А», 22 «Б», 25, 28 «А».«Ынтымақтас»: 2 «Б», 5 «А», 8 «Б», 11 «А», 14 «А», 19 «А», 20 «А», 21 «Б», 23 «А», 26 «Б», 28 «Б», 30 «Б».«Ымыралышыл»: 2 «А», 4 «А», 7 «Б», 10 «Б», 12 «Б», 13 «А», 18 «Б», 20 «Б», 22 «А», 24 «Б», 26 «А», 29 «А».«Жалтарғыш»: 1 «А», 5 «Б», 6 «А», 7 «А», 9 «А», 12 «А», 15 «Б», 17 «Б», 19 «Б», 23 «Б», 27 «А», 29 «Б».«Бейімделу»: 1 «Б», 3 «Б», 4 «Б», 11 «Б», 15 «А», 16 «А», 18 «А», 21 «А», 24 «А», 25 «Б», 27 «Б», 30 «А».Нәтижесін талдау.Дау-дамайдағы мінез-құлықтың 5 түрінің көрсеткіштері 0 мен 12 баллдың аралығында ауытқып тұрады. Дау-дамай кезінде осы аталған 5 түрінің элементтерін бір-бірімен ұштастырып пайдаланған стратегия тиімді болады. Олардың әрқайсысы 5-тен 7 баллға дейінгі аралықта болғаны қарым-қатынаста сыйысымдылық, тіл табысқыштық білдіруге негіз бола алады. Егер мінез-құлықтың бір түрі бойынша жинаған баллдарыңыз 5-тен төмен, ал басқалары 7 баллдан жоғары болса (барлық баллдың қосындысы 30-ға тең) - сіздің көрсететін мінез-құлқыңыз тиімділіктен алыс.Өз мінез-құлқыңыздың тиімділігін арттыру үшін барлық бес тактиканың көрсеткіштері 5-7 аралығындағы ұпайларды жинағаны дұрыс, яғни жоғары ұпайдағы мінез-құлықты азырақ қолданып, төмен ұпай жинайтындарын көбірек қолданған дұрыс болады. Дау-дамай мәселесін зерттеуші мамандар осы 5 тактиканы: бәсекелестік, тіл табысушылық, ынтымақтастық, жалтарушылық және жол берушілікті шеберлікпен қолдана білу шытырман жағдайды болдырмаудың негізгі шарты деп есептейді.4. «Стресс тесті»Мақсаты: оқушының стреске берілгіштігін айқындау және талдау.Уақыты: 15 минут.Нұсқау: Пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.
ешқашан (1 балл)
кейде (2 балл)
жиі (3 балл)
әрқашанда (4 балл)
Мені болар-болмас мәселелер кейде ашуландырады.
Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады.
Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда, мен қызарамын.
Мен өкпелесем онда біреуді ренжітуім мүмкін.
Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін.
Егер мені көлікте итерсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.
Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын.
Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін немесе кешігемін.
Тыңдай білмеймін, килігіп кетемін.
Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.
Еш себепсіз жиі қамығамын.
Таңертең өзімді нашар сезінемін.
Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын ойымды басқаға аудара алмаймын.
Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезінбеймін.
Меніңше жүрегімде бір кінәрәт бар.
Менің арқам және мойыным ауырады.
Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып, аяғымды қимылдатамын.
Өзгелердің мойындамағанын армандаймын, менің жасағанымды мақтауын қалаймын.
Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын.
Мен диета сақтаймын.
Бағалау шкаласы:30 балл және төмен. Сіз туындаған мәселелерді шешіп, тыныш әрі ақылмен өмір сүресіз. Сізде жалған атаққұмарлық та, шектен тыс қарапайымдылық та жоқ. Бұл адамдар бәріне жақсы жағынан ғана қарап, кемшілігін ескермейді.31-45 балл. Сіздің өміріңіз іс-әрекет пен арпалысқа толы, стресс жағымды және жағымсыз түрде әсерін тигізіді. Сіз өміріңізді өзгертпейсіз, дегенмен де өзіңізге де уақыт бөліңіз.46-60 балл. Сіздің өміріңіз күрес. Сіз атақты болуды ұнатасыз және карьераны армандайсыз. Сізге басқаның пікірі маңызды, сондықтан да үнемі стресте жүресіз. Егер дәл осындай қарқынмен жүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз, дегенмен де бұл сізге қуаныш әкеле ме? Артық сөз бәсекесі қажет емес, ұсақ-түйекке ашуланбаңыз. Әрқашан жоғары нәтижеге әкетуге тырысыңыз. Уақыт-уақытымен толық тынығуға уақыт бөліңіз.61 балл және одан артық. Сіз бірде газды бірде тежегішті басатын машина жүргізушісі сияқты өмірсүресіз. Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің стресс жағдайыңыз, денсаулығыңыз және болашағыңызға қауіп келтіреді.
№ Аты Нәтижесі
1. Айяжан 42
2. Асан 39
3. Айгүл 43
4. Азиза 52
5. Бақыт 47
6. Гүлайша 39
7. Газиз 43
8. Даурен 52
9. Данияр 47
10 Жазира 39
11 Жанна 43
12 Жаннұр 52
13 Луиза 47
14 Лаура 39
15 Нұрғали 43
16 Нұрсұлу 39
17 Маншук 43
18 Раиса 52
19 Толик 47
20 Тимур 39
21 Фатима 43
22 Халил 52
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей балалардың басым көпшілігінің өмірі іс-әрекет пен арпалысқа толы, сондықтан стресс жағымды және жағымсыз түрде әсерін тигізетіндігі анықталды. Олар өз өмірін өзгертуге онша көңіл бөлмейді, дегенмен оларға өздерінің өмір салтын құруға уақыт бөлу қажет екендігі туралы кеңес берілді.2.2. Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялауКоррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі. - Ойын барысында қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді. - Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейрімділік көрсетуге үйренеді. - Өзіне деген сенімі нығайады. - Құрбы-құрдастарымен және әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады. - Ойын қатысушыларды іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады. - Балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді. Коррекциялық ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Сондықтан оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Ол ерекшеліктерді бернеше талаптар ретінде көрсетуге болады.Бірінші талап - тотық кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Ол бөлмеде ойын барысында пайдалануға арналған жұмсақ ойыншықтар, шарлар, доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жеңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, «қаныт, май, шәй» тәрізді нәрселер). Тотағы жұмысты екі психолог (әйел және ер кісілер) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкендердің үлгісі болғандықтан әр жыныс өкілдерінің ерекшеліктерін көрсетуге ыңғайлы жағдай орнатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ер адамның қара күші де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір немесе екі рет, ұзақтығы 1,5-2 сағат деп анықтап алу керек. Топтағы қатынасушылар саны 7-9 , ал кей кезде 12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады. Екінші талап - қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейрімділікке негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық мінездің өрескіл, ыңғайсыз екенін көрсетеді және өзгелермен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі. Ол үшін: а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;б) ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айыптап, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;в) әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады. Үшінші талап - шектеудің шектеулілігі. Нені шектеуге болады: а) жұмыс уақыты (ойын бөлмесінің жұмыс уақыты шектеулі); б) бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды; в) ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды. Кішкентайлармен ұйымдастырған коррекциялық топтың ең үлкен ерекшелігі – баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмай, нормативтармен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру. Төртінші талап - өзінше талдауды (интерпретациялауды) қолдану. Қатнасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында олардың әрқайсысына өз ойын тұжырымдап айтқызу. Бұл әдістің орындайтын міндеті - адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып, салыстырып талдайды. Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет: 
қатысушының интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;
интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы. 
Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы қерек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады. Бесінші талап - әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол «қайта проекциялау» деп аталады. Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді, немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді. Алтыншы талап - клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз қатынас және вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда клиент өз проблемасын ашып сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдау қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап…)Жетінші талап - әр адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияны тәрбиелеу үшін әр адам өз праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыруы қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену – коррекцияның маңызды шарты. Оқушылардың психологиялық проблемаларын шешуге көмек көрсету жолдарын нақты анықтау үшін жетінші сыныпта оқитын 24 оқушыны жан-жақты зерттеп нәтижесі бойынша психологиялық кеңес беру және коррекциялық іс-шаралар жүргізлді. Қарым – қатынас және оқу барысындағы балалардағы кең тараған, бұзылыс мұғаліммен конфликтіге түсу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстардан соң жүргізілген шығыс диагностикасы жағдайдың аз да болса оңға бет бұрғаны байқалды. Сондықтан коррекциялық іс-шаралар жеткіншектермен жүргізетін жұмыста өз орнын табу керек екендігі дәлелденді деп айта аламыз.Топтағы ойындарды ұйымдастыру арқылы жүргізілетін жұмыс барысында, біріншіден, топтағылардың қарым-қатынасы қалыптастырылады, сонан соң, екінші ретте коррекциялық мәселелер шешіледі. «Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы» деп атадық. Мақсаты: адам өз проблемаларына толық түсініп, оны талдап шығу жолын табуға шамасы келсе ол тұлға өзін-өзі қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстауға болатындығына сенімін күшейеді. Бұл топ жұмысына сынып оқушылары түгел қатынасып келесі кезектегі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.А) Шағылыстыру тәсілі адамның әлеуметтік ортадағы позициясы қате екенін, барлық құбылыстарға реакциясы ақиқатқа сай еместігін көрсету және оның себебін түсіндіріп қабылдату. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде клиент проблемасын шешудің жаңа жолын іздеп, өз болашағын және осы болашақ өмірдегі басқа адамдармен қарым-қатынасының моделін жасауға кіріседі.Сонымен, бұл тәсілдің негізгі мақсаты – адам өз қателерін өз санасынан өткізіп, шағылыстырып шығарып жіберу (айнадан шағылысқан сәуле тәрізді).Б) Проблемасын өзінше талқылау (интерпретация).Бұл тәсілдің негізгі мақсаты – қақтығыс туғызған ыңғайсыз, шытырман жағдайдың орын алған себептерін психолог көмегімен талдап, пациентке өзінің де кіналы екенін түсіндіріп, қай жерде, қандай қателік жібергенін, оның мән мағынасын толық түсінуге жәрдем береді.В) Түсіндіру арқылы өзгелерге деген сенім мен иланушылықты қалыптастыру. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде адамдардың бір-бірін түсінуі, жанашырлығы қалыптасуы қажет. Осы міндетті атқару үшін топтағы адамдардың бір-біріне деген адамгершілікпен, жанашырлықпен қарауын, барлық адамдарды өз туысқанындай қабылдауын қалыптасуы керек.Г) «Жанама әсер» арқылы көмек көрсету тәсілі пайдаланғанда топтағылар бір-біріне сұрақ беруі арқылы қатысушылар өз мінез құлқының, мінез көрсетуінің ерекшелігін анықтап, оны түсінуге жол ашылады.Түсінген мәселердің ішінде отбасында қалыптасқан, еркеліктің қалдығы деп есептеуге болатын мінез-құлықтың жағымсыз стереотиптері екенін оқушылармен бірге анықтап алдық.Коррекциялық ойын әдістері көмегімен адамда орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құруды алты типте көрініс береді.
Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру.
Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу.
Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау.
Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.
Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау.
Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы.
Сонымен қатар ойын барысында нешетүрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойнға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қоқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытулық функциясы күшті деп айтуға болады.Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге – сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге – көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның праблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.Жағымсыз (ұнамсыз) стереотинтерді бұзу тобы.Мақсаты: ұнамды мінез құлықты қалыптастыру, балаларды басқаларға ыңғайлы болуға үйрету.Бұл топтың ерекшелігі келесі екі көрініспен сипатталады.А) Жағымсыз мінез – құлыққа қарсы әрекет арқылы тосқауыл қою.Психолог баланың жағымсыз мінез көрсетуіне тосқауыл қойып, агрессия (басқыншылдық мінез, басқаларға толық тиым салу) көріністерін басып тастауы. Бұл тәсіл клиенттің елермелігін, желікпелі қызулығын шақырып, барлық теріс мінезін толық, аффект жағдайында көрсетуге мүмкіндік беруді талап етеді, клиентке барлық эмоциясын шығаруғы мүмкіндік береді. Бұл жағдайда клиент психикасын жарақаттандырған оқиғаларды анықтап алуға мүмкіндік туады. Тосқауыл қою келесі іс- әрекет арқылы жұргізіледі: қолынан ұстап отырғызып қою, қағып жіберу, мықтап ұстап орнынан тұрғызбай қалу т.с.с.Б) Жағымсыз мінезін сөз арқылы қоршауға алып баламен одақтасу. Қатысушыға қарым–қатынасының басқаларға өте ыңғайсыз жағдай туғызып отырғанын айқын көрсетіп, оның басқа позицияға тұруы қажет екенін, шыдамды, байсалды болуы қажет екенін көрсету. Өз-өзін өзінің мінез құлқы арқылы қорғауы қажет және мүмкін екенін анық байқату. Сонан соң ақиқатқа сай келетін, басқалар оны қабылдайтын мінез-құлық көрсетуге үйрету. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігі анықталады. Осыған орай келесі негізгі міндет – мінез-құлқында ерекшелігі байқалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу және оның нәтижесін талдап, баланың психологиялық көрсеткіштерінің динамикасын бағалау. Жеткіншек жасындағы оқушылардың мінез-құлық ерекшелігінің негізгі көрінісі – көкіректік, яғни, өзімшілдік, акцентуация және агрессия екендігін барлық мектептерде жүргізген психодиагностика дәлелдейді. Ал эгоизм (өзімшілдік, дарашылдық) түрлі себептермен (табиғи ерекшелігімен, сыртқы түрімен, байлығымен, өз кемшілігін жасырғысы келуімен және баланы қоршаған көпшілік орта ыңғайына байланысты) сипатталды. Коррекциялық топ құрмас бұрын, оқушылардың ең алдымен бағдарлау фазасынан өткізген дұрыс болады. Бұл фазада қатынасушылар арасында емін-еркін қарым-қатынас қалыптасып, келесі міндеттер атқарылады:1. Оқушылардың коррекцияны қажеттілігін сезінуін қамтамасыз ету;2. Клиенттің көңіл-күйін көтеріп, әр қатысушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;3. Топтағылардың ішкі қайшылығын, эмоционалдық зорлануын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып, бір-біріне жақындастыру.Бұл фазада топ қалыптастырып, бір-бірімен эмоционалдық жақындық туып, топтағылар адаптациядан өтеді. Осы адаптациядан өткеннен соң коррекцияны міндетті түрде керек деп тапқан оқушыларды бір топқа жинақтаған дұрыс. Бұл топппен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныптағы ішкі қарама-қайшылықты жоюға бағытталды. Психокоррекциялық топтағыларға қысқаша психологиялық мінездеме.Психокоррекциялық тренингтерді жүргізуде «Мәдениаралық өзара әрекет» тренингі алдымыздағы мақсатқа жетуге негіз болады деп таптық.Мақсаты: Топта әр адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қалыптастырудың ең тиімді жолы – ойын тренингін жүргізу. Ойын адамның мінез-құлқын, қабілетін, әлеуметтік ортада өзін ыңғайлы сезінуге үйретіп, өз құрбыларымен, оқытушылармен қарым-қатынас жасау жолдарын көрсету, мінез-құлық нормаларын меңгертіп, құндылықтары мен таныстыру үшін тиімді әдіс-тәсілдер жинағы болып табылады. Сондықтан коррекцияның басым көпшілігі ойын арқылы жүргізіледі. Ойын барысында қатынасушылар талап ететін тұлғааралық қатынасты құру арқылы балалардың жалпы мәдениетін көтеруге мүмкіндік туды. Топтағы балалардың бір-біріне сенімі артып, қарым-қатынастағы кеңістіктің маңыздылығын жете түсінуге көмек көрсетіледі және серіктерстік қатынас барысында кеңістікте орналасудың өзінің өте маңызды екенін, оның әсерін түсінеді.Коррекция барысында пайдаланылған жаттығулардың біраз түрлерін осы жерде басндап өткенді дұрыс көрдік.1. «Кімде қандай қасиет бар» ойыны.Малдың түрі бейнеленген карточкаға балалар оның қаситін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлк і және айлакерлік, түйе және такаппарлық және т.б. Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін түсінеді.2.«Сүйіспеншілік» ойыны.Бұл ойын барысында қатысушылар бір-біріне деген сүйіспеншілігін, жақсы көретініндігін неше түрлі теңестіру сөздермен жеткізуі керек.Психолог бағыттаушы сөзді таңдап айтып, ол өзбен өзінің сүйіспеншілігін білдірген адамына допты береді. Ойынға қатысушылар сол аймақтағы жылы сөздерді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Айтылған сөзді қайталаған дұрыс. Сондықтан бір оқушы айтылған сөздерді тақтаға жазып отыруына болады. Ойын соңында қатысушылар құнды қасиеттерді білдіретін бірнеше сөздер жинақтап, олардың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеседі. 3. «Сәлемдесу» ойыны.Екі бала ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып, бір-бірімен сәлемдесуі қажет. Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін?Ағасы інісіне қандай жақсылықтар жасауы мүмкін.?«Өзің жалғастыр...»Марат коррекция сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты...Айнұр досын ренжітп алғандай болды...Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті...Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өздерінше бетінше аяқталуларын тауып, соңынан әрқайсысының ойын талқылауға болады.4. «Бір-бірінің жақсы мінезі мен қылықтарын айтып, мадақтау» ойыны.Балалар шеңбер бойынша дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да таяқшаны оған береді . Ол осы ретпенен таяқшаны келесі адамға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. (Ондағы айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл, сенің даусың қандай керемет!, Гүлнар, сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді!, Марат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды т.с.с.) Соңында балалар бір-біріне жақсы көңілі мен пікіріне рақмет айтады. 5. «Түспен ажырату» ойыны.Ойынның мақсаты адамның мінез-құлқын бояумен көрсетіп, жағымды, жағымсыз жақтарын түспен ажырату.Жүргізуші балаларға адамның қасиеттін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанынын өзі түсіндіріп береді. 6. «Баға беру» ойыны.Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген. Жүргізуші балалардан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка қойылып, белгілі бір уақыт беріледі. Бұл ойын баланың адамды тани білу келбетін дамытады, мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі. 7. «Пантомима» ойыны.Бұл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді. Мысалы, топтарға бөліп, түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі.: - ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аймалайды;- оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек. - әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды;- ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласады. Әр топ музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді. Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша әңгімелер құрастырады. Коррекциялық ойындар әр адамның өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, пай даланылған ертегілер, әңгімелер кейіпкерлерінің батылдық, ұстамдылық, мейірмандық, сыйысымдылықжәне ертегі баланың қиялын дамытып, өзіндік пікірін туғызады. Адам бойындағы қасиеттердің ара-жігін ажыратып, жағымды жақтарын өзіне азық етуге тырысады.Осы тренигтерден балаларды ата-аналармен бірге өткізгенде балалық және ата-аналық боршты атқаруда тілтабысу, ізгілікке бағытты болу, кішкентай баланы да азамат деп санап, олардың жақсылық қасиеттерін дамытуға үлес қосу қажеттілігін үлкендер түсінді. Нәтижесінде көптеген сұрақтар туып, психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін талдау ата-аналарды қызықтырды және болашақ отбасылық қарым-қатынас ерекшеліктеріне үлкен көңіл аудару қажеттілігін түсінді.8. «Құпия» ойыны. Жүргізуші қобдишадан әр балаға «ешкімге көрсетпе» деп құпия затты алақанына салып береді. Қобдишада түйме, ескі сағат, значок, скрепка, болт, винт, машинаның дөңгелегі, моншақ, түйрегіш, прищепка т.с.с. майда заттар болуы керек. Әр бала басқаның «құпиясы не» екенін сұрап білуі керек. Барлық құпиялар ашылғаннан соң әр бала өзінің жүргізген зерттеуінің нәтижесімен басқаларды таныстырады. Таныстыру барысында ол «құпияны» қай жерде және қалай пайдалануға болатынын айтып беруі керек.Баланы заттармен таныстырады және олардың тіл байлығын дамытып, көрген-білгенін басқаларға әңгімелеп беру дағдысын қалыптастырады.Психодиагностикалық әдістемелердің ішінде балаларды мектеп режиміне адаптациялау мақсатын көздейтіндері де бар. Осындай әдістемелердің бірі «Жануарлар мектебі» деп аталады. Бұл әдістеме әлі қазақ тіліндегі басылымдарда орын алмағандықтан біз оны орындату ережесінтолық келтіргенді дұрыс көрдік.9. «Тұсаукесер» ойыны.Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы, дене қимылы арқылы, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында өзіңізді қандай адам тұрғысында сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдайтынын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз"- деп түсіндіреді. Психолог өз сөзінен кейін топқа өзі туралы мағлұмат береді. Содан кейін әр қатысушы сағат тілі бойынша шеңбер бойымен өзін басқаларға таныстырады.Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі. Психолог келесі сұрақтарды қояды:- Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?- Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?- Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?- Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды?- Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?Бұл сұрақтардың көмегімен балалардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады. Барлық сұрақтарды талдап алғаннан соң келесі жаттығуды немесе ойынды балалардың ұсынысы бойынша ұйымдастырған дұрыс.10. «Көпір» ойыны.Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық сызып, ойынның мәнін былай түсіндіреді: "Бұл сызық - тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам - екі ұлттың өкілі. Олар бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жүру керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі".Талдау:- Тапсырма ненің көмегімен орындалады?- Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?- Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербалды немесе вербалды емес) маңызды?- Қай ұлттың вербалды емес қарым-қатынасы Сізге жақын және түсінікті көрінді?11. «Елсіз арал» ойыны.Психолог ойынның шарттарымен қатысушыларды таныстырады: «Мұхит бойындағы бірнеше күнгі болған оқиғадан кейін адамдар елсіз аралға орналасады. Осы уақыт аралығында тек үрленген салдан басқа ештеңе қалмады. Әрі ол да жарамсыз екені анықталды».Ойынның шарты: «Сіздер елсіз аралда қалдыңыздар. 20 жылға дейін Сіздер басқа адамдармен кездесе алмайсыздыр. Енді үш топқа бөлініңіздер».Топтардың әрқайсысында бір ұлттың халқы. Ұлттарын шек тастап анықтап алуға болады. Ойынның аяғына дейін ұлт өкілдері басқа топтағылардың ұлтын білмейді және өздерінің ұлтын басқаларга айтуына болмайды.Жиырма жылдың аралығында әр ұлт өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай заттарға сүйенетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, құндылықтары мен салт-дәстүрі тағы сондай ерекшеліктерін мейрам-тойлар өткізіп, басқаларға өздерін таныстыруы керек. Әр топ қағаз, түрлі-түсті қарандаш, фламастер, желім және тағы басқа заттармен қамтамасыз етіледі.Әр топ тапсырманы алғаннан кейін, екі сагаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ қай ұлт өкілдері екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды көп мөлшерде дайындайды. Көрермендер олар қай елдің және қай ұлттың өкілдері екенін анықтайды.Талдау:- Қандай белгілер арқылы ұлтты анықтауға мүмкіндік болды?- Аралды «мәдениеттендіру» мәселесі қалай шешілді?12. «Көзқиық» ойыны.Қатысушыларға адам санымен бірдей ішкі және сыртқы шеңберлер құру ұсынылады. Ішкі шеңбердегілер сыртындағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-ауызын қисайтпай, тыжыраймай карап тұруы керек. Содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлығы сағат тілі бойынша бір орынға жылжып, келесі серіктеске барады. Сонан соң осы көрініс қайталанады. Осымен жаттығу аяқталып, қатысушылар өз орындарына отырады.Ескерту: Жаттығу көптеген жеке түлғалық тосқауылдарды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мсүшелері өздерін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда келесі жаттығуларды немесе олардың біреуін орындатуға болады:А) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;Б) шеңбер құрып, барлыгы бірге тебінуі, бір мезетте қолы жұдырықтап сілкуі;В) Барлығы бірге бар дауысымен а-а-а деп айқайлауы.Талқылау:Қатысушыларға келесі сәттерді еске түсіру ұсынылады:а) жаттығудың басында және аяғында өзінің күй-жағдайы қандай болғанын;б) не айтқысы, қандай әрекет жасағысы келгенін;в) бір-біріне қарап тұрғанда қандай ойлар пайда болғанын;г) серіктесің не туралы ойлағанын болжамдап айтып бер.Талқылау барысында бір-біріне талап қою немесе ақыл айтуға тиым салынады.«Шынымды айтсам» жаттығуыМақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қатаюынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.Уақыты: 15 минут.Материал: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.Нұсқау: Алдарыңда топтамалар жиынтығы жатыр.Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірлеп алады. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.Топтама үлгілері:Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойлансам...Шынымды айтсам тест, емтиханға дайындалып жатқанда...Шынымды айтсам, мен алдағы тест емтиханда болатын стресті ұмытқанда... Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның қобалжуын ойлағанда...Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда...Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде немесе биге барғанда...Шынымды айтсам мен қобалжығанда...Шынымды айтсам, ойымды жинақтай алмай жатқанда...Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде...Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде...Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда...Талдау:Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңдер ме?Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?Барлық коррекциялық ойындардың және жаттығулардың нәтижелері жан-жақты талданды. Балалар психокоррекциялық тренингтер барысында өздерінің эмоционалдық жағдайларын талдап, оны басқару жолдарын үйренді. Сонымен қатар агрессиясын керегі жоқ заттарға шығару, ойын барысында агрессивтілікті жеңілдету әдістерін меңгерді. Жалпы эмоционалдық жағынан өздерін үйлесімді сезінгенін өздері де анық байқады. ҚОРЫТЫНДЫ«Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу барысында келесі қорытынды жасадық.1. Үйлесімсіз психоэмоционалдық жағдай бала өміріндегі күрделі мәселелермен байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықта, қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға байланысты түрлі ұзақтықпен көрініс береді және орта мен адам арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Күнделікті өмірде үйлеспеушілік қарым-қатынастың үйреншікті жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің негізгі себептері ретінде мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы арасындағы қайшылықтарды айтуға болады. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын үйлеспеушілік өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен байланысты көрініс береді. Осы себептерге байланысты үйлеспеушіліктің феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы фаторлары белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикасы әлі жете зерттелмеген. Бірақтар педагогтар үйлеспеушіліктің негізгі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдайды. Бұл көзқарас жеткіншек жас кезеңінің даму ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан біз осы қағиданы басшылыққа алдық.2. Эмоционалдық үйлеспеушілік, «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары үйлеспеушілікті (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді.3. Эмоционалдық үйлеспеукшілік күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз психикалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының өрлеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын кеңейтеді.4. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің жеткіншек жас кезеңінде жий орын алатындығы және іс-әрекеттік ерекшеліктері анықталған. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің күрделілігі және құрылымы мен ұзақтығы әртүрлі болып жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді. 5. Зерттеу барысында жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің көрініс беру түрлері акцентуация, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, қырсық мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және ден саулығына байланысты жағдайлар арқылы көрініс береді деп анықтадық. Эмоционалдық үйлеспеушілік басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүретіндігі анық байқалды. Әсіресе баланың мектептегі тәртіпті бұзуы, ата-аналарымен келіспеушіліктердің орын алуы, агрессивті мінез көрсетуі, қырсық мінез көрсетуі осы жағдайдың нәтижесі болып келеді. Сондықтан эмоционалдық үйлеспеушіліктің орын алуын зерттегенде оған не себеп болғанын анықтау үшін оның темпераментін, акцентуацияның көрініс беруін және түрін, мазасыздануын, агрессиясын (Басса-Дарки, Собчик тесті, Флипс тесті, темпераментін анықтау, пиктограмма әдістерімен) зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігінің акцентуациясы анық байқалатын, мазасызданғыш, экстравертті, агрессивті екені анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы балалар арасында өзін өте жоғары бағалау, сондықтан мұғалімдер қойған бағаларды менсінбеушілік, вербалдық және физикалық агрессиясының анық байқалатыны мен сипатталды. Эмоционалдық үйлеспеушілігі байқалған жеткіншектерге психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.
Жеткіншектермен психокоррекция жүргізгенде оларды өздерінің мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін диагностикалауға үйретіп, өздерінің қарсықтығының кесірі тек өздеріне тиетінін түсіндіру арқылы эмоционалдық жағдайын үйлесімді етуге қызығушылығын тудырудан бастау керек. 
Психокоррекция барысында келесі мәселерге ерекше көңіл аудару қажет:
- жеткіншекті әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге үйрету, дау-дамай жағдайында, қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру; 
баланы қоршаған ересектерге әрдайым психологиялық кеңес беу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру; 
мұғалімдермен қарым-қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау.
жеткіншектің отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір мінез көріністерін реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру жұмыстарын арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдану; 
психокоррекция нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан оқушылардың ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізу.
Дипломдық жұмыс материалдарын шамадан артық зорлануы байқалған балалармен коррекция жүргізуге, ата-аналарымен психологиялық білім беру жұмысын ұйымдастыруға және студенттерді кәсіби қызметке даярлау барысында пайдалануға болады.

Приложенные файлы

  • docx 10851316
    Размер файла: 132 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий