DOC-20170629-WA0000



Қазақстан қазіргі заманғы тарихы пәні
Емтихан-100 балл
Биссимиллә
1.Қазақстан қазіргі заманғы тарихы пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
Қазақстан қазіргі заман тарихы - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы дербес пән. Пәнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан күні бүгінгі дейінгі аралықты қамтиды. «Қазақстан қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты- отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, тарихи сана мен бірлікті қалыптастыру. Сондай-ақ бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын есте сақтап, Ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастырып, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу. Пәннің мәселесі – ХХ ғасырдың басынан қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихы курсының міндеті обьективті әрі нақты тарихи материалдар негізінде Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттің қалыптасуы мен дамуын ашып көрсету. Мұндай жағдайда қоғамдық-экономикалық құбылыстардың өткені мен бүгінгісін зерделеуде обьективтілік, ғылыми, тарихилық принциптерге сүйену қажет. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің қоғамдық тарихы сананы қалыптастырудағы бірден бір маңыздары мыналар:
- Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау;
-- Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі үшін идеологиялық база дайындау;
- Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;
- Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін құру, олар мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы;  тарихтың сабақтары;
-Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми тарихи біліммен толықтырып,осы арқылы Қазақстанның империялықтан кейінгі кезеңнен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау,сөйтіп оның XX-XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық–мәдени даңғылға шығып,өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін керсету."Қазақстан тарихы"оқу пәнінің негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның  этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі,  сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.Алғашқы кезеңде теориялық негізді жаңарту, оқу материалын дайындаудың әдіснамасы мен әдістемесін жасау қажет. Мұның езінде де тарих саласындағы барлық ізденістерді тұтас қамтитын, сапалы деп есептелінетін бірғана әмбебап теорияны басшылыққа алудан, сондай-ақ тарихи зерттеуде бірқатар жеке мәселелерді ғана қарастырудан аулақ болған дұрыс. Бұл жағдайда ең тиімді тәсіл, біздің ойымша, қазіргі тарих ғылымының теориялық нәтижелеріне сүйене отырып, Отанымыздың өткенін, қазіргісін және келешегін бүкіл адам баласы дамуын қазіргі жалпы маңызды таным нормалары принципін сақтай отырып, тұтас қарастыру.
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міңдеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Сондықтан да бұл еліміздің барлық жоғары оку орындарының (ЖОО) оқу жоспарларына енгізілді. Студенттер жоғары білім дипломын алу үшін мамандық пәні сияқты Отан тарихынан да мемлекетгік емтихан тапсырады.
2) Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын Ұлы дала тарихымен сабақтастығын айтып беріңіз.
Халқымыздың, ата-бабаларымыздың санмыңдаған жыл бойы армандап келген тәуелсіздігіне, бүгінде міне 25 жыл толып отыр. Қ.Р атты мемлекет болып құрылып, ұлттық азаттығын сақтай білу бүгінде қаншалықты маңызды болса, мемлекеттің шынайы тарихын жазып, оны келер ұрпаққа жеткізе білуде соншалықты маңызды. Өйткені тарих-ұлттың жады. Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады.Танымды тарихы жадында сақталған ел,ұлт қана ұлт ретінде сақталалып, басқалармен терезесі тең бола алады. Тарихын білетін, қастерлейтін ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды. Тарих- шын мәнінде ұрпақты отан-сүйгіштікке тәрбиелейтін негізгі қайнар көзі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде « Өркениетті бастырар - ғылым десек, соның біріде жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа,әділеттілікке тәрбиелей алмайды.» деген екен. Сондықтанда қазіргі кезде тек қана «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын» ғана емес, жас ұрпақты бойына Ұлы Дала тарихын да сіңдіру маңызды.
Ұлы Дала тарихымызды оқу,білу арқылы көп мағлұмат білуге болады. Мәселен, Адамдардың еңбек құралдары неден жасалған деген сұраққа байланысты археологияда тарихты үш үлкен дәуірге бөледі және оларды шартты түрде «Ғасырлар» деп атайды. Олар: тас, қола, темір. Ең ұзағы - тас ғасыры (2,6 млн. жыл бұрын - б.з.б. 3 мың жылға дейін). Қола дәуірі 2,5 мың жылға созылды (б.з.б. 3 мың жылдан б.з. 7-5 ғғ. дейін). Андронов мәдениетін таратушылардың негізгі шаруашылық қызметі мал бағушылық болды. Қазақ халқының этногенезінің басталуы жазба деректер бойынша ертеде Қазақстан территориясын мекендеген турлар мен арилер тайпалық одақтарымен байланысты. Көшпелі тұрмысқа ауысу б.з. дейінгі II мыңыншы жылдың аяқ кезінде басталды.
Ерте темір дәуірі барлық аймақтарда көшпелі мал шаруашылығына ауысуға әкелді. Евразия ұлы даласын скиф-сақ қауымдастығы игерді. Сақтардың тарихи-мәдени мұрасын жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар, ал савраматтарды - сарматтар жалғастырды. Ғұн державасы Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя еді.
Түрік қағанаты - Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түріктер тарихы ғұндар мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Түркілер ғұндар мемлекеттілігі мен мәдени дәстүрін одан әрі дамытты. Қазақстан жері Түрік қағанатының құрамында болды, оның шекаралары Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін созылды. Қазақ мемлекеттілігі осы кезден бастап монғолдар жаулап алғанға дейін түркілер өркениетінің аясында болды. Барлық түркі мемлекеттік бірлестіктері әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму дәрежесі жөнінен бір деңгейде болды.
XI - XII ғғ. қыпшақтар қазақ халқын топтастырушы негіз болды. Қыпшақ халқының өзінің құралуының аяқталу кезеңі Шыңғысхан шапқыншылығына байланысты үзілді.
XIII ғ. аяғында - XV ғ. басы аралығындағы Көк Орда мен Ақ Орда жергілікті этникаға негіз делген алғашқы ірі мемлекеттік бірлестіктер болды.
XV - XVIII ғғ. аралығындағы Қазақ хандығы. Бүгінде Қазақ хандығына 550 жыл толды.
Орта ғасырлардағы Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.
Қазақстан егемендік алғанға дейін оның жаңа заман тарихы. Ресейге қосылу себептерін дәлелдеу және осы тарихи актінің прогрессивтігін деріптеу талаптарына сай келу тұрғысынан баяндалуы тиіс болды. Сөйтіп осы проблеманы зерттеуші алдын ала-ақ қатаң шектеушілік шеңберінде өз зерттеуін сыңаржақ шешуге мәжбүр болды. Қазіргі тарихнама жаңа замандағы Отан тарихының көптеген проблемаларының маңыздылығын негіздеді, солардың арасында әсіресе Отанды қорғау және қазақ халқының азаттық үшін қозғалысы ерекше орын алады. Сайып келгенде, ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихының негізгі дерек көзі Ұлы далада болып қайтқан дипломаттардың, саяхатшылардың, саудагерлердің және басқаларының жолжазбаларына, күнделіктеріне сүйенеді. Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихы туралы зерттеулердің дені негізінен алғанда, орыс тілінен аударылып келді, шетел ғалымдарының еңбегінің басым көпшілігіне тыйым салынды. Тарих ғылымы нақты тарихи жағдайды саралау әдісін колдана отырып, тарихи фактілерді зерттеліп отырған уақыттың көзімен талдап бағалауға ұмтылуы керек. Өткен заман оқиғаларын баяндағанда, тек елдің саяси тарихын, мандай алды саясаткерлердің қызметін әңгімелеумен ғана шектеліп қалмай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениет тарихын барша болмыс-бітімімен толық зерттеген дұрыс. Бұл ретте бұрынғы ұғымдық аппаратты жаңғырту, ескірген әсіре идеологиялық терминологиядан бас тарту қажет.Қазақстанның тарих ғылымы алдында:
— Тарихи ілім-білімнің үзіктігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау;
— Ежелгі және орта ғасырлар тарихына баса назар аудару;
— Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын қайта пайымдау;
— Еліміздің осы заманғы тарихының толғақты мәселелерін зерттеуді күшейту;
— Қазақ диаспораларының тарихын зерделеу;
— Ел тарихы мен оны мекендеген әр түрлі этностар тарихының ара жігін ажырата отырып, Қазақстандағы этностық топтардың тарихын жазуға да жеткілікті көңіл бөлу міндеті тұр.
Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол -қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік - біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халқы бар. Ол - ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол - Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Мәңгілік Ел» бағдарламасында «Мәңгілік Ел» ұғымы кең әрі осы екі ауыз сөз қазақ халқының өткені мен болашағы екенің ашық түрде айтып өткен болатын. Егеменді ел болып қалыптасу жолындағы қиыншылықтарымызды тілге тиек етсек , бәлкім қағаз бетіне сыймас. Осы уақытқа дейін тар жол , тайғақ кешіп, мойымай өттік. Әр қазақтың жадында қорқынышты түс секілді сақталған ызғарлы желтоқсан оқиғасы.
Әрине, желтоқсан оқиғасын ұмыту мүмкін емес . Желтоқсанның желі, аязы, ызғары «Қанды мұзда» талай қазақ жазық болды. Ұлт қамы үшін сол күні алаңға , қайсар қазақ қыздары да шықты. Талай қазақ қыздарын да , гүлдерін де желтоқсан солдырып, тоңдырды.
Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі,-деп Марфуға апайымыз жырлағандай, оны үнемі жүрегімізге сақтауымыз керек. Тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл толып, еліміз құрсаудан босады. Ата –бабаларымыздың үміті ақталып , көк туымыз көгімізде желбіреп тұр.
Ендеше, әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын. Еліміз құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Ұлы мақсаттарға жету жолында бізге батыр бабалардың аруағы жар болсын! Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз - солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз - ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл - біздің тағдырымыз! Бұл - біздің таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз аман болсын! Яғни біз Ұлы Дала тарихымызды болмаса, ұлт деп айтуға кемиміз!
3.Қазақстан қазіргі заман тарихы әлемдік үдерістер аясында сипатап жазыңыз
«Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап береді», - деген мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отырғанына назар аударды. Мемлекет басшысы «Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс» деп баса көрсетіп отыр. Жалпы тарих ғылымына феноменология мен герменевтика әдістерінің енуі тарихи зерттеулердің сипатының өзін едәуір өзгертіп жіберді. Осы тұста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынғанын жеткізді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасауды; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырды. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзіңді өзің сақтап қалудың жалғыз жолы. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. 2003 жылы, Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын бастайтынын жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған жеті жылда - 2004-2011 жылдар аралығында Қазақстанның тарихы, археологиясы мен этнографиясы бойынша 26 арнаулы зерттеу жүргізілді. Дегенмен, мұның бәрі - тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстың басы ғана. «Тарих толқынында» еңбегінде Мемлекет басшысының жазғанындай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті». Бұл құрылымдардың қазіргі Қазақстан мен Орталық Азия аумағында тұрып жатқан жалпы (арғы түркілік) антропологиялық тип пен арғы түркілік тілдік топты қалыптастырудағы рөлі қандай? Олардың Қытай, Рим, Кушан империяларымен, Парфиямен және басқалармен өзара қатынасының (саяси, экономикалық және мәдени байланыстарының) жүйесі қандай болған? Ұлы Жібек жолының, әсіресе оның біздің ел аумағы арқылы өтетін бөлігінің - Дала жолының дипломатиялық және сауда-экономикалық рөлі қандай еді? Ол жол мәдениеттердің өзара кірігуі мен бірін бірі байытуына, Орталық Азия мен Еуразияның басқа да мемлекеттерінің, әсіресе Шығыс елдерінің мәдени-өркениеттік қарым-қатынасына қалайша септескен? Тарихшылар алдына қойған бұл мәселелердің әрқайсысы жеке-жеке, сала-сала зерттеулерді талап ететіні талассыз. Өкінішке орай, қазіргі тарихнамада еуропацентризмнің ықпалымен бір-бірімен кереғар күштер - көшпелілер («варварлар») мен отырықшы халықтар («өркениеттілер») күресумен өткен деген түсінік басым. Өткен дәуренді дәріптеудің қажеті жоқ. Баяғы бір тәртіпті аңсай бермей, жиырмасыншы ғасырдағы қиыншылыққа толы тарих туралы ашық айту керек. Сол тәртіптің тұсында миллиондаған ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін біз жақсы білеміз. Қазақстанның қазіргі заман тарихы - тарих ғылымында салыстырмалы түрде алғанда жаңабағыт. Бір жағынан қарағанда, ол тәуелсіздікке қол жеткізу және жаңа мемлекет құру тарихы болып табылады.

4.20 ғасыр басында қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы
Қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы ой-арманға, саяси күреске толы кезеңдерінің бірі – ХХ ғасырдың бірінші ширегі болып саналады. Бұл аралықта халқымыздың қоғамдық-саяси сана сезімінің оянуымен қатар, саяси толқулар мен әлеуметтік жарылыстары да айрықша көрініс берді. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы, 1917 жылдың дүркін сілкіністері Ресей империясының езгісінде болған қазақ елінің де азаттық пен бостандықты баянды ету мақсатындағы ұзақ күресіне ұласты. Алайда олардың еңбегі мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, саяси тәртіп олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін есімізден өшіре алған жоқ. Тіпті қатал саясаттың тоңы жібіген тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Бүгінгі тәуелсіз қазақ мемлекетінің ең ұлы мұраты-ұлттық идеяны қалыптастыру болып отырғаны анық. Өсер ұрпақтың саяси қоғамдық санасын қалыптастырып, тәрбиелеп отыру мақсатында кешегі төл тарихымыздың ақиқатын зерттеп оқыту маңызды. Бұл жөнінде оң бағыт берген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын: «... ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алған таратқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарапынан шыққандар әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Ендеше саяси ой-пікірлердің ерекше айшықталып, қоғамымызды дамытудың саяси жүйесі ретінде дамытуды Елбасы атап көрсеткендей ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ зиялылары өз мойнына алды. Олар қазақ халқын тәуелсіздікке жеткізетін маңызды саяси құндылықтарды дөп басып, ұлттық идеяның басты мұраттарын анықтап берді [2]. Әсіресе ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы Ресей құрамындағы қазақ халқының тарихындағы аса күрделі кезең саналады. Крепостниктік құлдықтан құтылып, капиталистік қатынастарға аяқ басқан патшалық Ресей империясында төңкерістер дүмпуі күшейді. Оның әсері Ресейдің отарына айналған шет аймақтағы бұратана халықтардың да сана-сезімінің оянуына ықпал жасады. Кемеңгер ұлдары бастаған қазақ халқы үшін де бұл кезең азаттыққа, өнер-білім арқылы өркениетке ұмтылған жылдар еді. Қазақ даласын басқару жөніндегі 1867-1868 жылдардағы қабылданған Ереже отарлауды заңдастыруға жан-жақты мүмкіндіктер ашты. Реформа негізіндегі жасалған әкімшілік өзгерістер қазақ қоғамының бұрыннан қалыптасқан ішкі мемлекеттік құрылымын жоя отырып, қазақ қоғамын әлеуметтік құрылымы мен басқарудың дәстүрлі, тарихи ерекшеліктерін, мүддесін ескеру негізінде емес, керісінше өзіне басқаруға қолайлы, патшалық Ресей мүддесі тұрғысынан билік жүргізетін отаршыл әскери-феодалдық мемлекеттік жүйені орнатты. Хандық билікті түпкілікті жою нәтижесінде қалыптасқан басқару жүйесінде жергілікті халықтың билікке тартылуы мемлекеттік аппараттың ең төменгі буыны - болыс пен ауылды басқарумен шектелді. Бұл қазақ ұлтын саяси биліктен аластату ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі әлеуметтік құрылымын іріктеуге жасаған қадам еді. Қорытындысында қазақтар өзінің саяси дербес мемлекеттік мүддесін қорғау қаблетінен айырылғанды, бұдан былай қазақ қоғамы Ресей империясының экспансиялық саясатына жалпы ұлттық деңгейде ұйымдасқан, қуатты қарсылық көрсете алмады. Басқару аппаратын орыстандыру (кадр саясаты, орыс тілінің мемлекеттік тілге айналуы т.б) қазақ қоғамы арасына христиан дінінің енуіне қажетті, қолайлы жағдайлар жасау империялық саясаттың нақты көріністері болатын. Ұлттық езгіні күшейткен патша үкіметінің отарлық саясаты қазақ қоғамын, оның шаруашылық жағдайларын күрт төмен түсіріп, әлеуметтік дағдарысқа ұшыратты.

5.20 ғасыр басындағы мемлекеттік идеяның жаңғыруының алғы шарттары
ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман талабына сай сапалық тұрғыдан жедел жетілді. Әрі уақыт ағымына орай, саяси тұрғыдан ширығып, Алаш идеясы дүниеге келді. Оны жетілдіруші hәм қозғаушысы Алаш партиясын шынайы қажеттіліктен құрған алаш қайраткерлері тарихи мүмкіндікті мүлт жіберіп алмау жолында жан аянбай еңбек етті. Бұл ел тарихындағы елеулі кезең турасында Президент Н.Назарбаев: «ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Алаш партиясының алатын орны мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған қағидалары күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр» — деп, әділ бағасын берді. Қазақ бола ма, болмай ма деген сауал талқыға түскен жиырмасыншы жүзжылдықтың басында ғасырдан-ғасырға ұласқан ұлттық идея ширыққан тұста, оның заңды жалғасы Алаш идеясы дер уағында дүниеге келді. Басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов сынды жол сілтер Алаш көсемдері тұрған алыптар шоғырының абыройлы ісіне тың серпін, жаңа тыныс берген жас шамасы жиырма-жиырма бестің, әрі кетсе отыздың о жақ, бұ жағындағы өрендер еді. Алаш қозғалысының көшін бастаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовтар болды. Ол кісілер өздерінен кейінгі толқын ізбасарларына Алаш идеясының өміршеңдігі ұрпақтар жалғастығында екенін ұғындырып, сол идеяны жүзеге асыру жолында қызмет етті. Алаш идеясының баянды болуына бар ынты-шынтысымен еңбек еткен, арқалы ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытов Алаш қозғалысы құрылған тұста бірі жиырма төртте болса, бірі жиырма сегізге енді келді. 1917 жылы “Алаш” партиясын құрушылардың қатарындағы ең жас көсем, Алашорда үкіметінің мүшесі Әлімхан Ермеков жиырма бес жасында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Мұхаметжан Сералиндермен бірге Коммунистік партия көсемі Ленинге көршілес елдерге өтіп кеткен шекарадағы қазақ жерлері қазақтікі екенін дәлелдеп, көзін жеткізіп, мәселені қазақтың пайдасына шешті. Сол кездегі ірі тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұлов Түркістан АКСР-і үкімет басшысы ретінде 1920 жылы тарих сахнасынан кеткен Алашорда қозғалысының жетекшілері мен белсенді мүшелеріне қолынан келген мүмкіндігінше қамқорлық жасады. Тұрар Республика үкіметін басқарған тұста Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Мұхамеджан Тынышбаевтың т. б. аса көрнекті қазақ зиялыларының Ташкент пен Қазақстанның оңтүстік өңірін паналап, ғылыми, педагогикалық және шығармашылық жұмыспен айналысқаны Тұрар қамқорлығының арқасында екендігі күмән тудырмайды.1918 жылы Ахмет Байтұрсынов Қостанайға келіп, алашорда отряды қатарына жастарды тартқанда,қатардағы жауынгер болып тізімге жазылып, «Алашорда отрядының» еріктісі атанып, алашордаға үміт арта сенген, табиғатында халқына қай жақтан жақсылық болса, солай қарай аңсары ауып, икемделетін Бейімбет Майлин және Омбы студенттерінің “Бірлік” атты ұйымының жұмысына белсене қатысып, Ақмола жастарының революцияшыл тобы “Жас қазақ” атты ұйым құрып, “Тіршілік” атты газет шығарған.
Қорытынды
XX ғасырдағы қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кездердің бірі болды. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. XX ғ.б.кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жер мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынанда отарлады: дінінен, тілінен біртіндеп айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырып отырады. Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерелеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешегіне қатер төндіріп отырған патша өкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан-жақты экспансиясының тоқтауды мақсат етті. Көптеген көтерілістер болып өткен 1905 жылы басталған Алаш қозғалысы 1917 жылы Алаш партиясы болып жалғастырылды. Басшысы: Ә.Бөкейханов. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етуді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қ.Р атты мемлекет- сол орыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Алаш Орда үкіметі мүшелерінң негізгі іс-әрекет бағыттарынан Ресей патшасының отаршылдық езгісіне қарсы күрес жолындағы қазақ Бұхарасының заңдық тұрғыдан құқық қорғау мәселесі анық аңғарылды. Алаш идеясының өзегі - ұлттық мемлекеттік. Ә.Бөкейханов айтқандай мемлекеттілігі жоқ халық - жетім халық. Болашағынан үміт бар ұлт үшін мемлекет негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда Қ.Р Алащ идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды.»
6.  Қазақстанның қазіргі заманңы тарихын зерттеудің негізгі әдістері
Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын ұғынуға, өзінің азаматтық ұстанымын дұрыс анықтауға, орын алған құбылыстар мен оқиғаларға өз көзқарасын білдіруге және олардың маңызы мен бағытын терең ашуға мүмкіндік беретін тарихи ойлау болып табылады.
Тарих ғылым ретінде халықтың ұлттық санасын қалыптастыруы, әсіресе, өз тәуелсіздігін жариялаған кезде орнықтыруы және әлемдік қауымдастықта өзін тең құқылы мүше ретінде сезінуі тиіс.
Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар:
 Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;
Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;
Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;
Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.
Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.
Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаттары мынадай:
тарихи дәуірлерге талдау жасау;
этностық тарихқа талдау жасау;
түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;
 түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.
Қазақстан тарихы келесі кезеңдерге бөлінеді:
- ежелгі дәуірлерден б.д. VI ғ. дейін - Қазақстанның ежелгі тарихы;
- б.д. VI ғасырынан б.д. XVIII ғ. дейін - ортағасырлық Қазақстан тарихы;
-  XVIII ғасырдан XX ғ. басына дейін - Қазақстанның жаңа тарихы;
-  1917-1991 жж. - Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тарихы.
-  1997 жылдан тәуелсіз Қазақстан тарихы. Қазақстан тарихы мол дерек көздеріне ие. Оған мыналар енеді:
- археологиялық деректер;
- этнографиялық деректер;
- жазба дерек көздері;
- халық ауыз әдебиетінен алынатын ақпараттар.
Ежелгі жазба дерек көздеріне ежелгі парсы сына жазумен жазылған кітаптар және Ахеменид патшаларының жазбалары жатады.
Көне түркі дәуірі, этникалық және әлеуметтік-саяси құбылыстар туралы ақпараттар түркі қағандарының руникалық жазбаларынан алынады. Кейіннен Қазақстанда ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша көптеген материалдардан құралған бай ислам әдебиеті пайда болды.
Қазақ халқының тарихы М.Х.Дулати, Қ.Жалаиридың (XV-XVI г.ғ) еңбектерінде көрініс тапқан.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу ісі Ресей зерттеушілері тарапынан (Рычков, Левшин, Радлов, Бартольд) жүргізілді.
Ш.Уәлиханов, С.Асфендияров, М.Тынышпаев қазақ халқының тарихын зерттеуде мол үлес қосты.
7.Зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орны.
 Қазіргі қоғамда зияткерлік, зияткер тұлға жайлы көп айтылып жүр. Білім саласы да осы бағытқа көп көңіл бөлуде.  Сондықтан Қазақстаннның әр аймақтарында Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылды. Зияткерлік мектептерде оқитын оқушылар қандай болуы  керек?  Осы сұрақтың жауабын табу  біз үшін  қызықтырақ болғаны  рас.  Иә, «зияткерлік» ұғымы ойымызды сан-саққа жетеледі.
2013 жылдың желтоқсан айында қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында мектебімізде өткен «Бауыржан Момышұлы: Ұлттық намыс. Ар-ождан. Абырой»  деп аталатын  Тараз Мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы  «Бауыржантану» орталығы қызметкерлерімен кездесу барысында біз осы сұраққа өзімізше жауап тапқандай болдық. Жазушы, драматург Елен Әлімжанмен кездесу бізге көп әсер мен тың идеялар қалдырды. Біз зияткер тұлға – Абай мен Бауыржан шығармаларының көзқарас  үндестігінен  танылатын   нағыз кемелденген адам болуы тиіс деп шештік. Осы ойды дамыту үшін ғылыми жұмысымыздың негізгі мақсаты –  А.Құнанбайұлы мен Б.Момышұлы шығармаларындағы «кемел адам» ұғымы мен  қазіргі қоғамдағы негізгі идеялардың бірі – зияткерлік туралы түсініктің бір-бірімен үндестігін, үйлесімін табу, зияткер тұлғаның кемелденген адам екенін дәлелдеу болды.Абай  Құнанбаев пен Бауыржан Момыщұлының шығармаларына нұсқауымызда да бір мән бар. Тек біз емес, бүкіл әлем ерекше тұлға ретінде мойындаған жандарды ұлттың зияткер ұрпағы мәселесі толғандырмай өтті десек, жаңсақ пікір болар деп есептейміз. Дәл қазір біз тілге тиек етіп отырған Абай мен Бауыржанның шығармаларын жанына арқау етіп өскен әрбір бала дарынды әрі зияткер. Зияткер тұлға болып қалыптасқаны – кемелденгені деп білеміз.Сондықтан біз даналығымен, даралығымен танылған Абай Құнанбайұлы мен батырлығымен, көрегенділігімен танылған  Бауыржан Момышұлының шығармаларын оқып,  бір-бірімен үндесетін тұстарын табуға тырыстық. Осыны алдымызға міндет етіп қойдық. Абайдың қара сөздері мен оқу-білімге шақыратын, адамгершілікке үндейтін бірнеше өлеңдерін оқып шығып, Абай атамыз қазір бізден талап етіліп отырған зияткер болудың жолын айтып кеткендігін түсіндік.  Заманынан озық туған Абай Құнанбайұлы ғаламдық  өркениетке қарай  қазақ даласынан алғаш қадам басушылардың бірі болды [1]. Ойшыл ақын жалпы адамзаттық құндылықтары қалыптасқан адамның қазақ ішінде қалыптасуын көздеді. Абай да, Бауыржан да  – ең әуелі ұлты үшін еңбек еткен адамдар, олардың бүкіл дүниені тану жолындағы ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған. Екеуіндегі ұқсастықтар – кемел адамды тәрбиелеудің басты шарттарын қарастыруында. Олар қоғам талаптарына жауап бере алатын кемел адамды қалыптастыру негізі отбасы тәрбиесінен басталады дей отырып, оның қоғам мүдделерімен сабақтастықтарының жан-жақты қырларын ортаға салады.Бауыржан Момышұлы тәрбиенің тамыры халықтың бай дәстүрінде жатқанын бейнелей отырып, нағыз адамның қалай қалыптасатын жолдарын көрсететін көркем шығармаларды жазды. Соның нәтижесінде  «Ұшқан ұя» шығармасы кемеңгер Абай ұсынған адамның кемелдену жолын көркем суреттеуге негіз болды. Б.Момышұлы соғыс тақырыбына бірден қалам тербемей, алдымен «Ұшқан ұяны» жазған себебі: өзінің даңқын емес, халқын ойлады дейді Е.Әлімжан ағамыз . Ұрпақ тәрбиесінің қалай болу керек екенін көрсеткісі келген Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» тұнып тұрған тәрбие емес пе?! Ата, әже, әке, ана, аға, жеңге, ағайын, ауыл, әпке, жезде, мұғалім тәрбиелері туралы айтқаны баланың ғана емес, үлкенге де әсер ететін көркем тілмен суреттелген.
8.Қазақстанның қазіргі ұлттық идеясының тарихын бастауларны білудің бастауларны ашыңыз
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық идеология жөнінде көп айтылып, көп жазылып жүр. Бірақта күні бүгінге дейін, ол қандай идеология болуы керек және алға қандай мақсаттар қойып, оны қалай іске асыруға болатыны жөнінде нақты жүйеленген бағдарлама әлі жасалынған жоқ. Біздің егеменді ел болғанымызға мүшел жас толды. Енді балалық аурудан айығып, алдымызға үлкен мақсат қойып, соған қалай жетудің жолын іздестіретін уақыт келді. Ол үшін бізді адастырмай, сол мақсатқа тура апаратын компас сияқты идеологиялық бағдарламамыз болуға тиіс. Қоғам да тірі организм. Егерде байыпты ойлап қарасақ, қоғамның құрылымы адамның дене құрылысына өте ұқсайды. Адамның организмі тіршілік жасауы үшін дененің әрбір мүшесі бір – бірімен тығыз байланыста болып және әрқайсысы өзінің жеке функциясын атқарып отыратын болса, қоғам да сол сияқты, оның әрбір саласы бір – бірімен тығыз байланыста болып және әрқайсысы өзінің тиісті міндетін атқаруы керек.Саясат – қоғамдағы билікті басқарудың әдіс – тәсілдерін іске асырудың құралы болса, имандылық – сол қоғамдағы өмір сүретін адамдардың рухани қасиетін тәрбиелеудің дұрыс жолы, ал экономика болса, қоғамдағы әлеуметтік өмір тіршілігінің басты тірегі. Олай болса, осы үш сала ұлттық идеологиямыздың негізгі арқауы болуға тиіс. Сондықтан, қоғамымыз дұрыс дамуы үшін, оның әуелі идеясы, осы идеяның дұрыс – бұрыстығын тексеретін оның ғылыми теориясы, сонымен қатар, оны іске асырудың тәсілдерін көрсететін стратегиясы мен тактикасы болуға тиіс. Осы айтылғандардың бәрін қосқанда ол біздің ұлттық идеологиямыз болып шығады.  Біздің санамыздағы ұлттық рух – негізінен дінімізден, тілімізден, салт – дәстүрімізден нәр алып, нығайып, дамып отырады. Сол себепті ұлттық рухымызды байытқымыз келсе – дінімізді сақтап, тілімізді жетілдіріп, салт —  дәстүрімізді өркендетуге тиіспіз. Бүгінгі күнгі қоғамымыздағы шындап қолға алынбай, ақсап жатқан басты проблема осы болып отыр. Рухани тәуелсіздігіміз берік болмаса, саяси, экономикалық тәуелсіздігіміз де баянды болмақ емес. Себебі, адамдардың санасы төмен болса, ұлттық рухани құндылықтарымызды дұрыс бағаламаса, олардың патриоттық сезімі де әлсіз болады. Патриоттық сезім болмаған жерде отанына деген сүйіспеншілік, халқына деген жанашырлық, мәдениетіне деген қамқорлық болмайды. Біздің қазіргі қоғамымызда жүріп жатқан процестер осының айқын айғағы. Бізге ұлттық идеология керек дегенде Қазақстанда тұратын халықтарды руға, жүзге, нәсілге, дінге, тапқа бөлетін идеология емес, қайта олардың басын біріктіріп, адамзат баласына ортақ құндылықтарды насихаттайтын идеология қажет. Яғни, ұлттық идеология қоғамдағы әлеуметтік топтардың идеяларынан жоғары тұруға тиіс.Дүние жүзінде құрылған 200-дей мемлекеттердің басым бөлігі ұлттық сипаттағы мемлекеттер. Әрбір мемлекеттің өзегі болып саналатын басты ұлт сол мемлекеттің мүддесін қорғайды, ол ұлт Қазақстан бойынша қазақ ұлты болып табылады. Бізде ұлттық идеологияны кейбіреулер «Бұл тек қазақ ұлтының идеологиясы, ал Қазақстан болса көп ұлтты мемлекет, сонда, басқа ұлттардың мүддесін кім қорғауы керек» деп жаңсақ түсінеді. Шын мәнісінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет емес, бұл тек қазақ халқының тарихи отаны және Қазақстан унитарлы мемлекет. Қазақстанды мекендейтін басқа этностар болса, олар басқа ұлттардың өкілдері және олардың ұлттық мүддесі, діні, тілі, салт – дәстүрі өз тарихи отанында қорғалып, дамып отырады. Қазақстан қазақтардың тарихи отаны болғандықтан олардың ұлттық мүддесі, діні, тілі, салт – дәстүрі осында қорғалуы керек.
9.Қазақ зиялыларының қалыптасуы әлуметтік құрамы білімі мен қызметі туралы.
Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Бастапқыда Шортанбай Қанайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Әбубәкір Кердері және тағы да басқа исламдық ағартушылық ағымның өкілдері шығармашылығында, сәл кейінірек тұтастай түрде Ыбырай Алтынсарин, Абай өнернамасында қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің көркемдік, стильдік, жалпы тілдік белгілерін іргелендірді. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Әңгіме, повесть, роман, поэма, баллада, драма сияқты жанрлардың түгенденуі де ұлттық жазба әдебиетіміздің қалыптасу кезеңінен даму биігіне қарышты қадам жасағандығын әйгіледі. Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан «Алаш әдебиеті», «Алаш ұранды әдебиет» делініп жүрген әдебиет идеялық жағынан да,тақырыптық жағынан да, тілдік-стильдік жағынан да, жанрлық жағынан да, бейнелілік жағынан да ауызша дамыған сөз өнеріміздің жазба әдебиетке тән деңгейге көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл тіліміздің бойындағы мүмкіндіктерді барынша көрсетуге, көркем әдебиет стилінің дамуына жағдай жасады. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз жаңа деңгейге жетіп, тіліміздің байлығы мен оралымдылығының, мағыналылығының, әлеуетінің мүмкіндіктері мол екендігін паш етті. Сайып келгенде, Алаш қозғалысының өзі сол қаламгерлердің шығармашылық жолын айқындады. М.Жұмабаев, Ж.аймауытов, М.Әуезов сияқты ұлы қаламгерлердің қалыптасуына шешуші ықпал етті. Бұған қоса Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы мақалаларынан басталып, «Әдебиет танытқышқа», «Әдебиет тарихына» ұласқан әдебиеттану ғылымының қалыптасуы да Алаш қаламгерлерінің жазба әдебиетімізді дамытқанын, ғылыми-эстетикалық тілдің де негізін қалағандығын дәлелдеді. Қалам ұстаған Алаш азаматтарының әдеби тілімізге жасаған осы тарихи еңбегі қазақ тілінің кейінгі өрістеу жолдарын айқындаған өнегелі, өміршең дәстүр болды. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау, бейнелілік тудыру, тілдің стильдік мүмкіндіктерін ашу, құбылысты суреттеу – олардың ұлттық ойлаудың биігіне жеткендігін, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың рухани игіліктерін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Алаш әдебиетінің рухы Мұхтар Әуезов сияқты данышпан жазушының қаламына қанат бітірді, осы рух Бауыржан Момышұлын, Ілияс Есенберлинді, Мұхтар Мағауинды тағы да қаншама қазақтың ұлыларын, ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің жоралы дәстүріне баулыды. Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Бұл алаштықтар тарапынан тілдің саяси, әлеуметтік маңызын, ұлттың тұтасуы мен өркендеуіндегі орнын сезініп, оған тұңғыш рет берілген толымды баға болатын.
10.Бірінші орыс революциясының саяси қоғамдық саяси қозғалысқа әсері туралы мысал келтіріңіз
1905-1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанғада жетті. Патша үкіметінің 1905 жылы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды Жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті әкімшіл отаршыл оны басып шығаруға тыйым салды. Авторды қуғын-сүргінге келтіреді. Бұл кезеңде қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекеленген баскөтерулері орын алды.Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Себебі: әлі олар әзірленіп бола қоймады. Патшалық самодержавие қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты. 1906 жылы 3 шілдеде Семей жұмысшылар ереуіліне 500-ге жуық адам қатысты. Ереуілдің негізгі талаптары жұмыс уақытын азайту, ауырып жатқандарға төлемақы төлеу, жалақыны көбейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау т.б болды, 1906 жылы жұмысшылар қозғалысы одан әрі өрістеді. Жұмысшылар ереуілі Жетісу,Орал,Сырдария обылыстарын қамтыды. Жұмысшылар қозғалысын ұйымдастыру жолында Семейде Ә.Бөкейханов, Торғайда А.Байтұрсынов, Жетісуда М.Тынышбаев белсенді қызмет атқарды. Жалпы, 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар қазақ жұмысшы табының толық қалыптаспауы, жұмысшылардың біріге алмауы, қозғалысты басқаратын демократиялық топтардың әлсіз болуы себептерінен жеңілді.1905 -1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар патша үкіметіне қарсы мол тәжірибелер жинақталы, революциялық қозғалыс өкілдерін жинақтауда үлкен үлес қосты. Революция Қазақстанның саяси дамуына зор әсер етті.1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ол жылдардағы маңызды оқиғаның бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.Бірінші орыс революциясы жылдардағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырады. Қазақ жұмысшыларын өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі дежетілмегенін көрсетті.
Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды. Олардың ереуәлге шығыуының себебтерін аита кететін болсақ; Жалақының аздығы Ағылшын капиталистері Мессе, Гиббердің қытгездіктері жіне де жұмыс істеі жағдаиының ауырлығы.Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды:
-Азық – түлік бағысын төмендету.-Жалақыны 15, 25% - ға көтеру.
-Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін ашу.-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.
-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.
Олардың бірден–бір талабы орындалмағандықтан «Орыс-қырғыз өдағының» шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды.1906 жылы Қарқаралы уезінде, Жаркент уезінде, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.Саяси толқулардың жеңілеуінен шощынған патша өкіметі шаралар қолданып, ереуілдерді қарудың күшімен басып отырды. революцияның жеңілуінің себептері: Қазақ жұмысшыларының аздығы Қазақ ауылдарының басты оқиға ортылықтарынан алыыста болуРеволюциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.Революцияның тарихи маңызы:-Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды.-Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.-Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.-Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды.1905-1907 жылдардағы революция жеңілді.
11. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз
1915 жылы Екібастұз шахтасында, Спасск кенішінде, Орынбор-Ташкент теміржолында,1916 жылы Семейде, Верныйда жұмысшылар ереуілі болды. Мұның бәрі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары болды. Көтерілістің негізгі себептері: 1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты. Көтеріліс барысыі: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің « Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығында 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы.Көтерілістің қозғаушы күші - қазақ жұмысшылары мен қол өнершілері, яғни ұлт-азаттық революцияның негізгі қозғаушы күші тұтастай - халық бұқарасы. Торғай, Ырғыз уездерінде дала ақсүйектерінің 9 өкілі хан сайланды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу жеріндегі қарулы қақтығыс шілде-тамыз айларында бұқараралық сипат алды. Жетісуда көтеріліс басшысы – Бекболат Әшекеев болды. Бұл кезде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Куропаткин болды. 1916 жылы 3 тамызда 2000-ға жуық көтерілісші Асы маңында патша отрядына шабуыл жасады. 1916 жылы 6 тамызда 5000-ға жуық көтерілісші Самсы станциясын басып кіруінен басталды. Патша үкіметі жазалау отрядтары Түркістан өлкесінде 347 адам атылдырып, 168 адамды жер аудартқызды. Торғайдағы көтеріліс ұзақ әрі табанды, ұйымдасқан түрде өтті. Торғайдағы көтеріліс басшысы сардарбек Амангелді Иманов еді. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны 20 мыңға жетсе, 1916 жылы 26 қарашада 50 мыңға жетті. Патша үкіметі ең алдымен көтеріліс басшыларының көзін жойып отырды. Мысалы, Б.Әшекеевті Боралбайда дарға асты, Жәмеңке Мәмбетов түрмеге қамалды. Сондай-ақ, олардың бытыраңқылығы, қару жетіспеушілігі, қазақ феодалдарының сатқындығы оларды жеңілуіне әкеп соқтырды. Салдарынан: қазақтардың саны 0,5 млн-ға жуық кеміді. Тарихи маңызы: Қазақ халқының рев-қ таптық санасы өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды, қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды, Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
12. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы туралы мысал келтіріңіз
Қазастанның Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуы халықтың ұлттық санасының өсіп, өзгеруіне, тарих ғылымының жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің күшеюіне үлкен дәрежеде өз ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде жаңа заманның қоғамдық өмірінде болып жатқан күрделі құбылыстармен тығыз байланыста қаралатын өткен тарихи шындықтарды қалпына келтірудің үлкен проблемалық маңызы артып отыр. Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бірінші дүние-жүзілік соғыс кезіндегі күресі, жергілікті халықтың өздерін еріксіз түрде майданның қара жұмыстарына мобилизация жасауға көрсеткен қарсылығының Орта Азия мен Қазақстандағы өте күшті көтеріліске айналуы және де осыған байланысты көптеген мәселелер ұлттық мемлекеттің нығаю процестерімен тіке байланыстыра қарауды қажет етеді.Тұтас алғанда, Қазақстандаңғы 1916 жылғы көтерілістің отаршылдыққа қарсы және феодализмге қарсы сипаты болды, оның негізгі қорғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы болған еді.
Ресейдің отаршыл патшалық үкіметінің қарсы қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көпшілікке белгісіз, тарихи ақтаңдақтардың бірі-патшаның «25 маусым жарлығы» бойынша жасы 19 бен 31 жас аралығындағы «соғыс жүріп жатқан жерлердегі майданның қара жұмыстарына» барған қазақ жігіттерінің тағдыры, олардың елден тыс алыста қандай жұмыстар істегені, майдан шебіндегі қандай жерлерінде болғандығы туралы белгісіз деректер болып табылады.
Ресей патшасы II Николай Министірлер Советінің ұсынысымен 1916 жылы маусымда бұратына халықтардың ер адамдарын бекініс құрылыстарын және байланыс жолдарын салу үшін майданның қара жұмысына алу туралы жарлық шығарады. Осы жарлық бойынша, 19 бен 43 жас аралығындағы бұрын әскер міндетін атқармаған Астрахань, Сібір, Сырдария, Орал, Торғай және Закаспий облыстарының, Кавказдың Тер және Кубань облыстарының халықтары реквезицияға ұшырады.
1916 жылғы ұлт-азаттық  көтеріліс проблемалары географиялық жағынан да өте тар шеңберде қарастырылады: негізінен көтерілістің Жетісу ошағы мен Торғай орталығына баса назар аударылды. Қазақстанның батыс аймағы бойынша, өкінішке орай, толыққанды зерттеулердің осы күнге дейін жоқтығын айтуға тура келеді. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Торғай және Орал облыстары бойынша 1916 жылғы көтеріліс зерттеу қазіргі Қазақстанның Батыс аймақтарындағы ұлт-азаттық қозғалыс ерешеліктерін ұғуға мүмкіндік береді. Патша жарлығы бойынша «соғысып жатған армиялар қатынастар орнату» жөніндегі жұмыстар үшін Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.
Соның ішінде Түркістан бойынша: Сырдария облысы-87 мың адам, Жетісу облысы-60мың адам, Ферғана облысы-50 мың, Самарқанд облысы-38 мың адам, Закаспий облысы-15 мың.      Ақмола облысы-48316 адам, Семей облысы-85479 адам, Орал облысы-50270 адам, Торғай облысы-49489 адам. [1]
Патша жарлығын жүзеге асыру үшін Қазақстанның батыс аймақтарында да шұғыл түрде әскери-әкімшілік шаралар қолға алынды. 1916 жылғы 25 маусым жарлығы Торғай, Орал облыстарына 28-29 маусым күндері телеграф арқылы жеткізеді. Ресей ішкі істер министрлігінің 1916 жылғы 8 желтоқсандағы мәліметі бойынша, Орал облысынан 50270 адам, Торғай облысынан — 49489 адам майданының қара жұмыстарына алынуға тиіс болды.    Сөйтіп, Қазақстанның батыс аймағынан 1916 жылғы жарлық бойынша, шамамен 90 мыңдай адам  жұмысқа алынуы тиіс болды. Оның ішінде Ақтөбе уезінен 12895, Ырғыз уезінен 12510, Орал облысының 4 уезінен 50270, Маңғыстау уезінен 3 мың адам тізімге ілінді.   Майданға алынған қазақ жігіттері, негізінен Солтүстік, Батыс, Оңтүстік-Батыс және Кавказ майдандарында, яғни Ресей, Прибалтика, Украина, Белоруссия және Кавказ территориясында майданның азапты қара жұмыстарын атқарған. Темір жол, ішкі істер министірлігі т.б. ведомстволарының қарамағына бөлінген қазақ жігіттері Ресейдің ірілі-уақты станциялары мен бекіністеріне жіберілген. Қызылордадан жұмысқа алынған 1088 қазақ Новосибирск және Томск губерниясында темір уезінен жұмысқа алынған 900 қазақ жігіттері. Дэпо станциясында, 160 қазақ Валдай станциясында вагондардан жүк түсіру жұмыстарын атқарған, Бөкей Ордасынан 1500 қазақ – Рязань губерниясында ағаш дайындау істерімен айналысқан.
Кейінгі тарихи оқиғалар Алаш қозғалысы лидерінің патша жарлығына қарсылықсыз көнуі туралы пікірінің дұрыстығын дәлелдеді. Қазақстанның барлық территорясында, соның ішінде Батыс Қазақстанда болған көтеріліс пен толқулар көтерілісшілерге ойдағыдай толық нәтиже берген жоқ. Патша үкіметі алдын-ала ойластырып, қазақтарды қарудың күшімен белгілі бір мөлшерде тыл жұмыстарына баруға көндірді. Мобилизацияға ұшыраған жігіттерді сауатты азаматтар бастап, олардың жағдайын септігін тигізді. Көптеген жұмысшылар майдан даласында солдаттармен араласып, жалры бірінші дүние жүзілік соғыс, патшалық Ресейдің әлеуметтік саяси-экономикалық жағдайы туралы көп түсінік алды. Солардың көпшілігі Қазақстанның батыс бөлігінің жігіттері еді. 1916 жылғы көтеріліс мәселелерінің тереңірек түсіну үшін, кеңес үкіметінің тоталитарлық  режимінің қатаң цензурасына байланысты осы уақытқа дейін көпшілікке белгісіз болып келген М.Шоқай, Б.Хайт сияқты ұлт зиялыларының еңбектерінің маңызын бөліп айтқан орынды. [2]
Бұл еңбектерде нақтылы деректер арқылы 1916 жылғы көтеріліс Ресейдің үстемдігіне      қарсы болған бұқаралық көтеріліс деп бағаланып, оның негізгі шығу себебі елдің отарлық қанауға ұшырауына байланысты деп атап көрсетіледі. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің алуы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көптеген даулы мәселелері мен «ақтандақтар беттерін» тарих шындығы тұрғысынан зерттеп баяндауға мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты қазақ ауылының көтеріліс алдындағы ерекшеліктері, Қазақ инттеллигенцыясының көтеріліске деген көзқарасы, патша жарлығы жарияланғаннан кейінгі әртүрлі әлеуметтік топтардың бірігу дәрежесі, көтерілісші сарбаздар мен олардың отбасыларының Қазақстаннан тыс жерлерге кетіп қалу жағдайлары және оның себептері, майданның қара жұмысына алынған жігіттердің тағдыры т.б. көптеген мәселелер қазақ халқының тарихына жаңа көзқарас тұрғысынан жазыла бастады. К.Нүрпейісов «Азаттық үшін арпалыс» деген мақаласында көтерілістің Торғай және Қазақстанның басқа аймақтарындағы оқиғаларды сипаттай келіп: «Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық пен аш-жалаңаштылықтың өріс алуы, міне, осының бәрі еңбекші бұқара тарапынан жаппай наразылық тудырады.
1916 жылғы көтеріс кең байтақ өлкенің барлық аймықтарын қамтып, бүкіл қазақстандық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік халық жат саясатқа қарсы бағытта өрбіді», — деп тұжырым жасайды.[3]         Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалыстарын шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. Көтеріліс дүниежүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Бұл жерлерінің империализмнің жалпы ресейлік системасына мықтап соққы болып тиді. Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. Көптеген аудандарда көтеріліс антифеодалдық сипат алды. Алайда, көтеріліс стихиялы  түрде дамып, онда тұрақты, жеткілікті біріккен басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқасының  таптық сана-сезімін арттыруда зоррөл атқарды. Көтеріліс негізгі қорғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер еді. Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық инттелигенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғанадар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды.
Алайда 1916 жылғы көтерілісі жеңіліске ұшырады. Себебі ол алдын-ала жоспарланған бас көтеру емес еді, көтерілістің жеңілуі заңды құбылыс еді. Оның негізгі себебі, көтерілістің-елдің ең сапалы құбылысы еді. Бастауыш тобы ұлт зиялыларының қолдауына ие болмады. Қазақ интеллигенйиясы орыс империясының өзінің отаршылдық саясатын жүзеге жолында халықты қару күшімен аяусыз басып-жаншу әрекеті қолданатынын түсініп, елді бүлікшіліктен сақтандырды, көтерілістен бас тартуға шақырды. Бұл кезде елді тәуелсіздікке бастап егемендік мақсат-мұратқа жеткізетін саяси күш әлі де толық қалыптаспады. Сондықтан көтерілісшілер тарихи дәстүрмен хандықтар мен хандарды қайта құру әдісімен отаршылдыққа қарсы күресті. Бірақ бұл әдіс тарихтың жаңа мақсаттары мен мұраттарын іске асырмады.
Көтеріліс жазалаушы отрядтардың күшімен басылды. Жігіттер еріксіз майдан жұмыстарына алынды.1916 жылғы көтеріліс сол тұста қазақ қоғамында феодалдық-пиатриархалдық қатынастардың әлі де болса күштілігін аңғарды.
Дегенмен, 1916 жылғы көтеріліс нәтижесінде патша жарлығы жартылай ғана жүзеге асты, империялық саясаттың негізіне елеулі соққы берілді. Қазақтың ұлт-азаттық қазғалысы 1916 жылғы оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік құрылыстың жаңа заманға сәйкес түрін келесі 1917 жылға мақсат етіп қойды, сөтіп 1916 жылғы көтеріліс ұлт-азаттық күрестің жолайырық кезеңіне айналды.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күрестің жалпы тасқынына ұласты.
Қазақстандық тарихшының пікірімен қырғызстандық тарихшы Толобек Абдырахманов та келіседі. Ғалым оған қоса Орталық Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс себептерін түгендегенде діни фактор да көп айтылмай келеді деп біледі.– Жергілікті халықтың көтеріліс жасауына жанама түрткі ретінде діни жағдай әсер еткен. Мәселен, сол кездері тек Қырғызстанда 200-дей ауылда шіркеулер жұмыс істеп тұрды. Шіркеу салуға ешқандай шектеу болмады. Ал мешіт салу үшін отаршыл генерал-губернатордың арнайы рұқсаты керекболған, – дейді қырғыз ғалымы.Толобек Абдырахманов патшалық Ресей билігінің дінге қысымы Қырғызстанда 1916 жылғы жарлыққа қарсы көтерілісті қоздырған себептің бірі деген пікір айтады.– Осындай шетін жағдайда патшаның тылға адам алу жарлығы жетті. Ол дәлораза кезі еді. Молдалар «оразаны ешкімнің бұзуға хақы жоқ» деп жастарды қарсылыққа алып шықты, – дейді тарихшы.Татар ғалымы, Қазандағы Маржани атындағы тарих институтының жаңа тарих кафедра меңгерушісі Ильдус Загидуллин Орталық Азияның кей елдерінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде дін мәселесі де маңызды болғанын айтады.– Осман империясы Ресей, Англия, Франция мұсылмандарына өз мемлекеттері мен билігіне қарсы жиһадқа шығуға пәтуа шығарды. Ресей билігі дереу әскери бөлімдерде діни көңіл-күйді қадағалауды қолға алып, молдаларды идеологиялық қызметкер ретінде пайданаланды. Себебі армияда мұсылман офицер өте аз еді, – дейді ол.Ильдус Загидуллин Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орталық Азиядағы халықтарды тыл еңбегіне шақырып жатқан кезде татарлар мен башқұрттар патша боданы ретінде соғыста жүргенін айтады.
13. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз
1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы болды. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы нәтижесінде манархия құлап, 1917 жылы 5 наурызда Қосөкімет орнады. Яғни олар: .Уақытша үкімет, .Жұмысшы,шаруа және солдат депутаттары кеңесі. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуірде құрылды. Ә.Бөкейханов- Торғай обылысының, М.Тынышбаев- Жетісу обылысының, М.Шоқай- Түркістанның Уақытша үкіметінің камисары болды. Уақытша үкімет ұлтаралық келісім орнату, халыққа әлеуметтік көмек көрсету туралы шараларды жүзеге асыра бастады. Ал жұмысшы,солдат депутаттарының Кеңесі жазалау экспедициясын кері шақырып алды. 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы патша үкіметінің бұратана халықтарды кемсіту саясатын тежеп, халықтар теңдігіне жол ашты. Уақытша үкімет 1917 жылы 5 мамырда тыл жұмысына алынған бұратаналарды Отанына қайтару туралы шешім қабылдайды. Тыл жұмысындағылар ауыр жағдайға байланысты ереуілге шықты. Олар солдаттармен қатынаста тұрды. 1917 жылы Верныйда тыл жұмысынан оралғандар « Қара жұмысшылар одағын» құрды.Аягөздегі Жүсіп Бабаев басқарған «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын» да тылдан келген қазақтар мен 800-ге жуық солдат құрды. Тыл жұмысында болғандар Петропавлда «арбакештер одағын» құрды. Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің отар ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар – Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері  және мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысты. Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді. Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы және т. б. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық-территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бүл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс" деп жазылды. Сондай-ақ, жер мәселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында "Қазақ" газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық-либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж. Х. Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды.Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде "ұлтшылдықтың", "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі болған емес. "Алаш" қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті.  Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде  (төрағасы - Р.Мәрсеков);  Омбыда  (төрағасы - Е.Итбаев);  наурыздың аяғында -  Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де,   Уақытша   үкіметтің   органдарымен де ынтымақтастық   жасады.  Мысалы, Ә.Бөкейханов  - Торғай облысы   бойынша, М.Тынышбаев  Жетісу облысы    бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов,  Ж.Досмұхамедов,  Х.Ғаббасов,  Ж.Ақпаев,  А.Бірімжанов,  Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді.
14. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясын түсіндіріңіз
Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді . Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық посткеңестік мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Бүгінде қазақстандық қоғамда да мемлекетіміздің болашақ даму бағытына қатысты ұлттық идея мен мемлекеттік идеология қандай болуы тиіс деген қызу пікірталас қалыптасып отырғандығын аңғаруға болады. Бұл мәселеде Қазақстанның зиялы қауым өкілдерінің пікірлері келесідей бағыттарға бөлінеді: – кеңестік заманда ұмыт болған дәстүрлі мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту және нығайту; – батыс құндылықтарын енгізу; – батыс құндылықтар жүйесі мен дәстүрлі сананың араласуы. Сонымен қатар, елімізде анағұрлым кең интеграцияны білдіретін «еуразияшылдық» идеясы да кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, қоғамның идеялық шоғырлануына септігін тигізетін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы «Қазақстан – 2030» стратегиясы, «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің санатына ену», «Зияткерлік ұлт қалыптастыру» идеялары да соңғы кездері ресми билік тарапынан да, бейресми ұйымдар тарапынан да қызу пікірталастар тудырып отыр. Ұлттық идея, ел Президенті Назарбаевтың пікірінше, қоғамның дамуына қарай туындайды. Осыған орай «Қазақстан-2030» Стратегиясы біздің осы заман¬ғы ұлттық идеямыздың негізі бола алады дей келе, ұлттық идеяның мынадай басты тұғырларын анықтайды: бірінші тұғыры – ел бірлігі; екінші тұғыры – экономиканың бәсекеге қабілеттілігі; үшінші тұғыры – интеллектуалдық жасампаз қоғам; төртінші тұғыры – өркениетті мемлекет. Ұлттық идеяның табиғатын түсіну үшін, алдымен «идея» мен «ұлт» түсініктерінің ғылыми анықтамаларына тоқталуымыз қажет. Идея сөзі грек тілінен аударғанда – көрініп тұрған нәрсе, бей¬не, яғни, мағына, ой, пікір, маңыз, мән ұғым¬дарын білдіретін, түрлі мағынада қол¬да¬нылатын философиялық термин. Идея болуға тиістінің жалпы кескінін көрсетеді, соның жалпы бағытын анықтайды. Сол идеяның негізінде кейін тұтас бір жүйелер, олардың нақты түрлері мен фор¬малары өрбиді. Осы жағынан алғанда идеялар саяси және әлеуметтік өмірде, көркемөнерде, дінде, философияда шын мәнінде белгілі бір (жалпыадамзаттық, ұлттық, гуманистік, т.б.) құндылықтармен тығыз байланысып жатады. Қоғамдағы әрбір адамның өзіндік идеялары, өмірге деген көзқарастары, идеалдары мен құндылықтар жүйесі бар. Бұлар жиналып келіп, адамның рухани жан дүниесін құрай¬ды. Сонымен, идея – бар нәрсені емес, басқа ұғымдардан өзгеше әлі жоқ нәрсені, жасалуға тиіс дүниелерді білдіреді. Идея өзі тарихи дамудың нәтижесі ретінде өзінің даму барысында өзінің көптеген қырларын айқындап толысқан ұғым. Ол бүкіл даму тарихындағы жасалған рухани байлықтардың бәрін бойына сіңірген, бір жүйеге біріктірген. Ал, «ұлттық» термині ұлтқа тиесілі деген мағынаны білдіреді. «ұлт» ұғымына Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында былай деп анықтама берілген: ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеу¬мет¬тік бірлестігі. Сонымен бірге, көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастыр¬ғанда «ұлт» және «этнос» ұғымдары біріне бірі өте жақын, этнос ұлттың туып, қалыптасуына негіз болады . Дегенмен, әлі де философиялық және саяси-әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Қазір біздің елде де дүниежүзінің өркениетті елдеріндегідей, «ұлттық» сөзі «мемлекеттік» деген ұғыммен бірдей қолданылады. Демек, «ұлттық банк», «ұлттық экономика», «ұлттық валюта» сияқты сөздерде «ұлттық» сөзі тек қазақ ұлтының сөзі деп түсінілмейді, ол бүкіл қазақ халқынікі деп түсініледі. Сол сияқты «ұлттық идея» дегенде де біз тек қазақ халқының идеясы туралы емес, жалпы Қазақстан халықтарының идеясы туралы сөз болып отыр деп түсінуіміз қажет. Сонда, ұлттық идея – қазақ ұлтының және Қазақстан жерін мекендеген өзге ұлттық диаспора өкілдерінің қатысуымен жасалады. Еліміздегі ұлттық идея мен азаматтық идеясын үйлесімді біріктіріп, жалпыұлттық идеяны жасау арқылы елімізді түрлі ұлт өкілдерінен құралған біртұтас азаматтық және саяси қауымдастыққа айналдыру мемлекетіміздің ұлттық саясатының басты мақсаты болуы керек деп ойлаймыз. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік тәжірибелердің маңызы зор. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа жаһандық демократиялық құндылықтардан бас тартпай, осы жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жаңғырта отырып, ұлттық қорға сүйену.
Қорыта келгенде, бүгінгі таңдағы адамның еркіндігі, бостандығы мен құқының сақталуы мен қауіпсіздігі басты құндылық болып саналады. Қазақстандық қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай, гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтықты ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады.
15. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін көрсетіңіз
1917 жылғы қазан – 1918 жылғы наурыз аралығы – Кеңес өкіметі өлкеде түгел орнады. Большевиктердің алғашқы шаралары. Іріткі салу және ішкі конрревалюцияға қарсы күресу үшін кеңес елінің барлық жерлеріндегі сияқты , Қазақстан Бүкілресейлік төтенше комиссия (БТК) органдары құрылып, қызыл террор енгізді. Жазалау шаралары 1. Контрреволюцияға іш тартқаны үшін бас бостандынан айыру. 2.Жаппай террор жасап кепілдерді ату3.»Тап жауларын» концерациялық лагерлерге қамау. 1918 жылы 21 наупыз – 3 сәуір Орынбордағы Кеңестердің Торғай облысытық 1 съезі болды. Қаралған мәселелер: 1.Қызыл армия бөлімдерін құру. 2. Жергілікті өкімет органдары туралы . 3. Жер және азық- түлік мәселесі . 1918 жылы наурызда Кеңестердің Ақмола уездік съезі болды . Қаралған мәселелері : 1. Алашорда автономясын теріске шығарған қарар қабылдау. 2. Торғай облыстық Кеңестер съезі қаулысы мен Алашорданың «Қазақ» газеті жабылды (1918 жылы наурыз). 3. Ұлт мәселелерінің қойылуы. 1918 жылы 20 сәуір Ташкенттегі Түркістан өлкесі Кеңесінің төтенше 5 съезі болды. Қаралған мәселелер 1. Түркістан автономиялы Кеңестік соцалстік республкасы жарияланды. 2. Республка құрамына Сырдария, Жетісу облыстары енгізілді. 3. Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда «Орыс –қазақ қатынастарын реттеу жөніңдегі комитет құрылды. Коммисардың орынбасары – Т.Бокин. «Қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөніңдегі комитет жұмысістейді. Коммиссардың орынбасары –А.Розыбакиев. 4.Әлеуметтік –экономикалық мәселелердің шешілуі. Кеңестік жүедегі Қазақстан.Экономикалық Ұлт мәселесі және Әлеуметтік Ішкі ЖЭС , оның Жағдайдың нашар ұлт қайраткерлерінің қозғалыстар реформалар қиыншылықтарылауы қызметі мен табыстары
Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак – орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – нан 17 – не қараған түнде көшті.1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды. Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
16. Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін көрсетіңіз.
1905 жылы- «Алаш» қозғалысы пайда болды, соның негізінен 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылды. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс – қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Кеңес үкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы — тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы.


17. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз
Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты — халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» жетекшілерінін бәрі Міржақып Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндаған: «...Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана». XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби» (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті.
Әлихан Н.Бөкейханов- қоғам және мемлекет қайреткері, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, әрі публицист ғалым, аудармашы. Патша үкіметі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауға отырды. Кеңес үкіметін мойындамады. Қазақстан егеменді ел болуы үшін күресті, сол себептен 1977 жылы ату жазасына кесілген. Ахмет Байтұрсынұлы- ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, мемлекет қайреткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімімен әдебиеттану ғылымының негізін салушы. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін қазақ жерінде Алашорда үкіметін құру үшін бар күш салды. Болшевиктерді мойындамады, оларға қарсы шықты. 1929 жылы 2 маусымда Алаш қайраткерлерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік облысында жер аударылды.Кейіннен босап шығып, бірақ 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.
18. Қырғыз (Қазақ) АКСР –нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуін көрсетіңіз
Қазақ (Қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономилы қазақ республикасы.Республика орталығы — Орынбор қаласы.1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қантардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:1.Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралыуездерінен түратын Семей облысы 2.Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері менОмбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.3.Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінентұратын Торғай облысы. 4.Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратынОрал облысы.5.Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстыңКрасноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші женебесінші облыстар.6.Астрахань губерниясының құрамында болып келгенБөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екіншіПриморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.
19. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру мәселені шешіңіз
Қазақ КСР құрылуының тарихи маңызы.
20-30 – жылдар кезеңінің қорытындысы:
Тиімді жағы Тиімсіз жағы
1.Қазақ халқының саяси теңдікке, территориялық автономия құқығына қолы жетті.
2.Индустриясы жедел дамыды.
3.Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.
  1.Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті.
2.Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.
3.Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.
1936ж. КСРО Конституциясы бойынша  әр республикада жеке құқықтар бар деп тек қағаз жүзінде жариялады:
-ішкі  ,сыртқы саясаттың негізгі бығыттарын айқындауға,
-қорғаныс, аумақ, шекара мәселелерін шешуге құзыреті болған жоқ.
Азамат соғысы большевиктерге шет халықтардың ұлттық мемлекеттілігі идеясымен санаспауға болмайтындығын тағы бір рет көрсетіп өтті.
Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі Кеңестік бастауларда Қазақ автономиясын құру бойынша дайындық жұмыстарын бастады.
1919      жылы 10 шілдеде В.И.Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөнінде революциялық комитет құру туралы Декретке қол қойды. Мұнда Қазревком өлкенің Жоғары әскери азаматтық басқармасы ретінде бекітіледі делінген.
Декрет оның мақсаты мен міндеттерін белгіледі:контрреволюция мен интервенцияға қарсы күрес; өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай құру;Қазақстанда Кеңестердің құрылтай съезін дайындау.Ревком қарамағында Астрахань губерниясының қазақ аумақтары мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары болды. Қазревкомды Пестовский Станислав Станиславович басқарды (1882-1943 ж.ж.). Ревком құрамына Лухашев, Жангелдин, Байтұрсынов, Тунғанчин, Меңдешев, Қаратаев және т.б. енді.Қазревком мен оның органдары жергілікті орындарда Қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттық интеллигенцияның жат пиғылды өкілдерін Кеңестік құрылысқа тарту жұмыстарын жүргізді. 1920 ж. 9 наурызда «Қырғыз үкіметі» деп өзін атаған Алаш Орданы жою туралы шешім қабылдады. Қазревком органы - «Ұшқын» газеті шығарылды.1920      ж. 26 тамызда Кеңес үкіметі РСФСР Құрамында Автономды Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасы туралы Декрет шығарды.1920 ж. 4 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Съезд республиканың Орталық Атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесін сайлады. Сейтқали Меңдешев (1812-1937) ОАК төрағасы, В. А.Радус - Зенькович Қаз АКСР ХКК төрағасы болып сайланды.Қабылданған «ҚазКСР еңбекшілерінің құқықтары Декларациясында қазірден бастап негізгі қатынас РСФСР құрамындағы ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігі негізіндегі бауырластық қатынас» болып табылады делінді.Декларация ҚазАКСР құрылуын конституциялық тұрғыдан жариялады, мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарын, жер саясатын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесі мен оның қағидаларын, сот қызметін ұйымдастыру жүйесін белгіледі.
20. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі мен «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттерін көрсетіңіз
Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.
«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» [1]. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.
Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Әскери коммунизм саясаты:Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті
21. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) және оны жүзеге асыру ерекшеліктерін түсіндір.
ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалык және саяси алғы шарттары. Социалистік, капитализмге дейінгі және стихиялы тауар-нарықтык бағыттардың күресі: «Кімді кім жеңеді» мәселесі. Экономикалық көп укладтылықтың қалыптасуы. ЖЭС-тің екі жағы және екі кезеңі. Өнеркәсіпті, көлікті және ауыл шаруашылығын кайта калпына келтірудің басталуы. Саудадағы кооперативтік қозғалыс. ЖЭС идеясынан ауыткушылыктың басталуы. 1927-1928 жж. азық-түлік дағдарысы. Ауыл шаруашылык өнімдерін күшпен дайындауға көшу.Шаруаларға қарсы бағытталғак жаппай+куғын-сүргіннің+күшейуі. Ұжымдастыру-шаруалар қасіреті. Индустрияландыру: сипаты, ауқымы, қарқыны. Қазақстанда ғы коғамдық - саяси ахуал
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық  жағдайын  көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді.  1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. 
Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді.  Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.
Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды.  Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың  жалпы түсімі 5 млн. пұт деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты көрсетті. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті.  1920–1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді.
Азамат соғысының аяқталуына және  елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне  қарамастан,  Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды.  Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі “Сібірдегі артық астықты алу туралы” декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке  сай 1921 жылдың  тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді.  Тапсырманың  26 млн. пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек  Қостанайдың өзінен 6 млн. пұт астық  алынды.  Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы, мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр болды.
Кеңес үкіметінің солақай  саясатының  нәтижесінде Республиканы сұрапыл  аштық жайлады. Бөкей губерниясында – 100 мың,  Оралда – 400 мың, Семей губерниясында – 500 мың, Орынбор – 445, Ақтөбеде – 360  мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда  халықтың 75 проценті қырылған.  Әулиеата уезінде  халықтың қатты қырылғандығы  соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тұра келді. Жалпы зерттеушілер  2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді.
Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай соракылыққа қарсы шыққан Т. Рысқұлов болды.  Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше  комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті  Т. Рысқұловтың  талабын қолдап, аштықпен күресті  өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді.  Аштықпен күресті тікелей басқаратын  ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады.  Оның төрағасы болып  Т. Рысқұлов  тағайындалады. Бұл ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде  көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдар тарапынан жасалған қасақана іріткі салу әрекеттеріне ұшырайды. Рысқұлов жалпы Орталық комиссияның құрылуының өзін “дені дұрыс құбылыс емес” дейді.  Үкіметтің құрамында  аштықпен күресуге міндетті толып жатқан  “экономикалық органдар бола тұра,  мұндай ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз” дейді.
Өткір пікір таластардан кейін, яғни Т. Рысқұловтың  аса зор еңбегінің арқасында  Түрікатқару комитеті мен ХКК-і бұл Орталық комиссия қорына құнсызданған болса да 42 млн. сом қағаз ақша  бөледі. Орталық комиссияның облыстар мен уездерде, болыстар мен қалаларда жергілікті мекемелері мен бөлімшелері ашылады, олардың басына сауатты мамандар отырғызылады.
Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл  аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрынғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе, революциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді.
Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) де аштыққа ұшыраған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды.  ҚОАК-ті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылады.  Республикалық  комиссияны ҚОАК-нің төрағасы Мендешев басқарды. Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, КазАКСР ОАК-і  ашыққандарға көмек беруші Орталық Комиссияның шешіміне сәйкес, бұл аудандардың тұрғындарын астық,  картоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты. 
Қазақ қоғамын жайлаған аштықты Орталықтағы Кеңес үкіметі мойындамады.  Республиканың  кейбір басшылары мен орыс жұртшылығы негізінен өлкенің көшпелі тұрғындарын қамтыған сұрапыл аштықты “кездейсоқ, тұтқиылдан  тап болған  зобалаң ” ретінде  бағалады. Өлке халқының мұндай нәубетті бұрын-соңды басынан кешпегендігі Орталық үкіметті  ойландырмады да. Мұндай жағдай  Кеңес өкіметінің өзі жүргізіп отырған саясатқа еш күмән келтірмей,  оны толық дұрыс деп есептегендігінің айғағы еді.
Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мемлекеттің күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920-1921 жылдары шаруалардың кеңес үкіметіне қарсы стихиялы қарулы көтерілістерінің тууына әкелді. Көктем–жаз айларында басталған шаруалардың наразылықтары “Азық-түлік салғырты жойылсын!”, “Большевиктерсіз Кеңестер үшін!”, “Ерікті саудаға жол берілсін”,–деген ұрандармен басталып, қарулы көтерілістерге ұласты.  Өскемен, Павлодар, Семей, Петропвл, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде ашық түрдегі көтеріліс кеңінен орын алды.
1921 жылы наурызда Қазан төңкерісінің орталықтарының бірі болған Кронштадта  матростар көтеріліске шықты.  Кронштадтықтар негізінен Ресей  селоларынан келген, флотта әскери міндетін өтеп жүрген шаруалар еді.  Олар Азамат соғысының  аяқталуына байланысты армияны таратуды, шаруаларға жер мен онда өндірілген өнімді пайдалануға бостандық беруді,  ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді және жұмысшыларға жалақы төлеуді талап етті.
Бұл және Қазақстанды да қамтыған басқа да көтерілістер ұйымдасуы және қару-жарақпен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан Қызыл Армия әскерлерінің күшімен талқандалды. Қазақстандағы көтерілісшілердің  кей бөліктері Қытайға өтіп кетті. Елде көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған адамдар тұтқындалып, олардың  932-сі сотқа тартылды. Кеңес үкіметі бұл қарсылықтардың бәрін “контрреволюциялық баскөтерулер” деп бағалады.
Алайда  большевиктер өздерінің  биліктен  айырылып қалу қаупінің күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясаттың мүлде жаңа принциптеріне  көшу қажеттігін айқын сезді. Партияның Х съезі (8 наурыз, 1921 ж.) көтерілісшілерді айыптағанмен,  экономикалық саясатты өзгертуге мәжбүр болды.  Съезд шаруашылық мүддені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың шараларын белгіледі, яғни  «соғыс коммунизм» саясатынан  жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.
Партияның Х съезінде қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?
Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке  капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді.Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерізімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға беріледі. Сауда бостандығы жүзеге асырылады, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат беріледі. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналуға тиіс болды. Сонымен қатар мемлекеттік және кооперативтік сауда  да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл шаруашылық  қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат беріледі.  Еңбекке деген міндеткерлік және еңбек армиялары жойылады. Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек биржалары арқылы жүзеге асырылатын болады.  Елдегі ақша жүйесін нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді. 
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған  міндеттердің ішіндегі ең  маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің  өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді.  Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте  қолайлы болды. Себебі, олар  өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды.  Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға  ынталы болды.
Енді осы жаңа экономикалық саясаттың  қазақ  өлкесінде ендірілу әдістері мен жолдарын қарастырып көрейік.  РКФСР ХКК-нің арнайы декреті бойынша бірыңғай азық-түлік  салығы мал шаруашылығымен айналысатын аудандарға да ендірілді. Қазақстан ауылы мен деревнясында жаңа экономикалық саясаттың  алғашқы азық-түлік салығы науқаны өте қиын жағдайда жүргізілді. Оның себебі ЖЭС ендірілген жылы да  партия, кеңес және азық-түлік органдары азық-түлік салғырты саясатын жалғастырды да, ол бойынша дайындалған өнімдерді Орталыққа жіберу жөніндегі Еңбек және Қорғаныс кеңесінің тапсырмасын орындаумен айнылысты. Мысалы, көшпелі мал шаруашылығы аудандарында алғашқы бірыңғай азық-түлік салығы 131,9% көлемінде орындалды. Бұл әрине  соғыс коммунизм саясатының әрі қарай жалғасуы  болды.
Сөз жүзінде ЖЭС ендірілгенімен Кеңес үкіметі іс жүзінде баяғы қарқынмен экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады.  Бірнеше ай бойы мемлекет қала мен деревня арасындағы айырбасты кооперация арқылы бақыламақ болды. 1921 жылы 7-ші сәуірде мемлекет өзінің арнайы декретімен кооперацияға фабрика – зауыттық өнімдерді ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастауды міндетті тапсырма етіп берді. Бірақ бұл мәселені жүзеге асыру өте қиын болды.  Оның  себебі мемлекеттің бақылауымен жүргізіліп отырған тауар айырбасы жеке саудамен жарысқа түсе  алмады. Оның үстіне мемлекеттік тауар айырбасы ЖЭС-тың принциптеріне сай келмеді, яғни сауда бостандығына кедергі келтірді. Мұндай жағдай  халықтың жаңадан ендірілген шаруашылық саясатына деген сенімсіздігін тудырды.
Жоғарыдағы аталған кемшіліктер біртіндеп азық-түлік салығы саясатының кең ендірілуі барысында жойыла бастады. 1924-1925 жылдары ауыл шаруашылық салығынан КазАКСР-ң бүкіл шаруашылығының 32,7%-і босатылса, 1925-26 жылдары – 33,8% босатылған еді. Әсіресе, 1924-1925 жылдары мал өсіруші шаруашылықтың 72%-ке жуығы алым-салықтан босатылды. Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3-5 жылдық мерізімдерге жеңілдіктерге негізделген несиелер берілді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де белгіленді. Осының бәрі  ұсақ товар өндірушінің материалдық құштарлығын арттырды, оның өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті. 
ЖЭС-тің аясында нарықтық қатнастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына  әсерін тигізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін  партияның ХІІ съезі (1923 ж. сәуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен  алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді.
Осы жылы ақпан айында Кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгізді.  Осы жағдайлар Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне жол ашты. 1926 жылы  Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді.  Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына – Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20–23 млн. сомды құрады. Сондай-ақ, осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді.
Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында  қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады.  1921 жылы 19 сәуірде  Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлерінің  тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады.  Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті “Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы” заң қабылдады.  Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды.  Жер  заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана  оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды.
Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей территориясын түгел қамтыған  “Жер кодексін” қабылдады. Осы кезден бастап жер туралы бүкіл мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық құндылықтарына негізделген  құқыққа  ие болы. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қамтамасыз етілуі керек болды. Сонымен бірге  автономияларға қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат етілді. Бұл кодекс отрықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы мүлде жермен қамтамасыз етілмеді.
Кеңес үкіметі  патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі  отарлық саясатын жойғысы келгенмен, іс жүзінде  жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. Соның нәтижесінде  жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді.  Оның үстіне  патша үкіметі  кезінде жерге орналасқан басқа ұлт өкілдері ол жерден айырылғысы келмей үлкен қарсылық көрсетті.  Сонымен қатар олар өз иеліктеріндегі жердің межеленбеуін, яғни шекараларының айқындалмауын пайдаланып, жаңа жерлерді тартып алды.
Осы жағдайлар  жер және жерге орналастыру мәселесін  шешуді өте  қиындатқанымен, жаңа экономикалық саясат шеңберінде азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы 3-4 жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара бастады. 1925 ж. егістік жердің  көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті, яғни бұл 1913 жылдың (4,4 млн. га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналса, 1927 ж. астықтың жалпы түсімі 1,4 млн. пұтты құрады. 1925 ж. мал саны 1922 ж. салыстырғанда екі есе өссе, 1925-1928 ж. аралығында жыл сайын 5%-ке артып отырды.
Қазақстанның өнеркәсібі саласында да едәуір өзгерістер болды. Қазақстан халық шаруашылығы орталық кеңесі (ВСНХ) сегіз (Балық, Тері, Илецктұз, Павлодартұз, Батысалтын, Ақжалалтын, Сексеул, Спирт) трестерді және  сантонин зауыты мен Қарғалы шұға комбинатын  біріктірді. Губерниялық кеңестің құзырына  жергілікті  деңгейдегі  өндірістер  бағынды.  Олардың көбі арендаға берілді. Сонымен бірге Қазақстанның көптеген өндіріс орындарын одақтың қорғанысына қажетті, оның  мүддесін дүниежүзілік рынокта  қорғайды деген желеумен бүкілодақтық деңгейдегі трестерге біріктірді. КазАКСР-де одақтық деңгейдегі Ембімұнай, Алтайполиметал, Атбасцветмет сияқты трестер құрылды. Олар республика бюджетіне белгілі мөлшерде ғана қаржы бөліп тұрды. Ал қалған табыстардың  бәрі орталықтың иелігінде болды. Мұндай жоғарғы дәрежеде өндірістерді орталықтандыру саясаты кейін де үстем болды.
Сөйтіп, Кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында жүргізілген шаралары кейін республика экономикасына орталықтың үстемдігінің мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс орындарын орталықтанған трестерге біріктіру сонымен бірге өндіргіш күштерді региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол ашты, яғни  Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады.
ЖЭС аясында Республиканың халық шаруашылығында болған өзгерістер елдің дағдарыстан шыққанын, экономикалық дамуда жаңа үрдістің кең етек жайғанын көрсетеді. Елдің шаруашылық жүйесі нарықтық экономика қатынасына біртіндеп енді. Өлкенің экономикасы  көпукладты сипатқа ие бола бастады, яғни әртүрлі меншік түрлерінің қатар өмір сүру мүмкіндігі пайда болды. Меншіктің әртүрлі түрлерінің қалыптасуы, олардың арасындағы бәсекелестік пен ұдайы өндірістегі бірін-бір толықтыруы халық шаруашылығының алға даму бағытын айқындады. 
Большевиктер таптық мүддені қорғау принциптерінен ажырамаса да, жаңа экономикалық саясат аясында мемлекеттің экономикаға араласуы шектелді. Мемлекет белгілі мөлшерде ғана көпукладты ұдайы өндірісті кредит, салық жүйелері арқылы ғана реттеп отырды. Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді.
Алайда ірі өнеркәсіп саласын мемлекеттік монополизациялау нәтижесінде олар өз өнімдерін тұтынушыларға (әсіресе аграрлық сектордағы жеке тұтынушыларға) өте жоғары бағамен ұсынды. Партия және үкімет шешімдері ауыл шаруашылық кооперацияның ЖЭС жағдайындағы жаңа ролін анықтағанына қарамастан, оны бақылап отыруға мемлекет мүдделі болды, соның нәтижесінде мемлекет  ауылшаруашылық товарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі және ол  өте төмен болды.
Ұзақ әлеуметтік даму барысында қалыптасқан дәстүрлі товарлы шаруашылық мемлекет тарапынан ендірілген мұндай реттеуші  бақылауға сәйкес келмеді. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер тарапынан қарсылық тудырды.  Олар өндірген өнімдерін төменгі бағамен сатудан бас тартты. Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше ол қарсылықты тап жауларының іс-әрекеті деп бағалады.  Мемлекет тарапынан жеке  шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті.  Ұсақ тауар өндірушілерді әкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы шектеуге, яғни  ЖЭС-тің шектелуіне әкелді. 
Мұндай жағдай  “соғыс коммунизм” саясаты тұсындағы әкімшілік басқару әдістерін жандандырды. Экономикалық даму жүйесіне әкімшілік тұрғыдан араласу большевиктердің негізгі жұмыс әдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік, шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды.  Экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды.  Дағдарыстардың бәрі осы жоспарлаудағы кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті партия және кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде  дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп  белгіледі және оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан  көпукладты ұдайы өндірістік  жүйенің  қатар даму барысын шектеді, яғни 20-жылдардың аяғында ұсақ товар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті.  Соның нәтижесінде  нарықтық қатынас  тоқырады, яғни  ЖЭС  тоқтатылды. 
22. Ф.И.Голошекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын түсіндіріңіз.
Ф.Голощекин 1926-1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны «Кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанда келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қобылдады. «Кіші Қазанның» мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлермен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар: қазақ ауылын кеңестендіру; жайылымдық- шабындық жерлерді қайта бөлу; ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылады.!«Кіші Қазан» идеясы жалпы айтқанда: халық шаруашылығын жаппай индустрияландыру саясаты бұл идеяны ұсынған. Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.Голощекин болған! Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету. Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды.  Оның бағыты:
1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 
2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер « ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.
23. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұнын негіздеңіз.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты Индустрияландыруды жүзеге асыру.Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. 2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. 3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. 4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.
Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. 1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды. 2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды. 3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом). 4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. 5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды. Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.
Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: 1) Халық дәстүрі бұзылды. 2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. 3) Лагерьлер жүйесі орнықты. 4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.
Индустрияландыру ерекшеліктері:
1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды. 2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді.3) Жергілікті мамандар жетіспді. 4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).
1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.
Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды. 2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті. 3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды. 4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. 6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды. 7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. 8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді. 9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды. 10.Жұмыссыздық жойылды. 11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті. 12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.
Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды.
Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.
1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды. Соған қарамастан Қазақстандағы индус¬трияландыру ісі патриархаттық-феодалдық қатынастарды, яғни дәстүрлі шаруашылық жүйесін біржолата жою, феодализмнен капитализмге соқпай социализмге жедел қарқынмен өту сияқты ұрандармен басталды. Жерді қайта бөлу, мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру әрекеттері осылайша жаңа науқанмен ұласты.
1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақ АКСР-нің ХШК (Халық шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне республиканы өнеркәсіптік аудандастыру мен өнеркәсіптің, ең алдымен түсті металлургияның дамуының перспективалық жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте сондай-ақ Қазақ АКСР-ы жағдайында “әсіресе жер және мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты жергілікті өнеркәсіпті кең түрде өрістету” өмірлік қажеттілік ретінде атап көрсетілді. Осы негізде өңдеу өнеркәсіптерінің тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екен. Демек, пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін орталықтағы ірі кәсіпорындар үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді. Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат көзі ретінде орталыққа қызмет еткізу бағытында басталғанын көрсетеді.
Бірнеше жылға созылған революция мен Азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен кәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал — Ембі аймағындағы бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы түсті металл өндіру кәсіпорындары қайта жанданды. Дегенмен, Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды. Оның үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 84,4 пайызы тиетін және халықтың 90 пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді. Ресей аумағында Волхов ГЭС-ін, Днепрогэсті, Сталинград трактор, Ростов ауылшаруашылық машиналарын жасау, Кузнецк, Магнитогорск, Кривой Рог және т.б. металлургиялық зауыттарды салуға бар қаржы-қаражат пен күш жұмылдырылды. Ал дәл осындай кәсіпорындардың Қазақстан жерінде де аса қажет екеніне назар аударылмады. Мұндағы бай кен орындары мен бүкіл ауылшаруашылық өнімдері орталық аймақтардағы осындай кәсіпорындарда өңделіп, тауарға айналдырылғаннан кейін ғана қажет делінген мөлшерде қайта жеткізіліп отыратын еді. Кеңес үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын тудырған болатын. Қазақстанда да бұл мәселе көлемінде қызу тартыстар болды.
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар. Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Олар мемлекеттік саясат негізінде, республиканың ерекшеліктерін ескере отырып, “партияның ауыл шаруашылығы шикізат базасы есебінде оның өнімдерін өңдеумен ғана шектелуін, ұсақ өнеркәсіпті дамыту жолын ұстануы бірден-бір дұрыс бағыт” деп мәлімдеді.
Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.
Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі. Ал қарқынды түрде индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді.
Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т.б. деп санады.
Бұл соңғы екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз пікірлерге негізделген еді. Ал алғашқы екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі тартыс жүрді. Бірінші бағытты Голощекин мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар Сталин мен орталықтағы кейбір үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар өктемдеу болды. Соған қарамастан екінші бағытты жақтаушылар ой-тұжырымдарының тереңдігімен ерекшеленді. Қазақстанда “Кіші Қазан” науқанын жүргізуге ұмтылған Голощекин мен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде ірі өнеркәсіп орындарын салуды жақтамады. “Өнеркәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма тартатын, жүн жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары және т.б.) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығына байланысты және оны неғұрлым рентабельді ететін деңгейде ұстау”, — деп мәлімдеді олар. Голощекин бұл бағытты 1927 ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық партия конференциясында тағы да қайталады. Орталық Комитеттің Саяси бюросының мүшелігіне кандидат А.Андреев VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз”,— деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру, тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді. Бұл Қазақстандағы Голощекиндік бағытты айқын қолдап, олардың әрекетін күшейте түсті. Соның барысында К. Сарымолдаев: “Қазақстанның алдында да Одақ аумағында шешілетін мәселелер тұр, сондықтан жалпы мәселелерден асатындай өзгешеліктер бізде жоқ”, — деп бұл бағыттың ыңғайымен кетті.
24. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын жаз.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.
Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне немқұрайлы қарау да орын алды. Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. Мамандар жетіспеді. Округтік органдардың қазақ аудандарын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге немкетті қараулары салдарынан материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген, пәтері жоқ және қазақ тілін білмейтін мамандары отырықшыландыру аудандарында көп тұрақтамады. Қазақстанға сырттан келген келімсектерден құралған өндіріс орындары мен кеңшарлардың қазақ шаруаларына қол ұшын бермеуі де отырықшыландыру үрдісін қиындата түскен еді. Қазақстандағы ірі одақтық кәсіпорындар басшыларының байырғы халықтан өнеркәсіп пролетариатын жасауға көңіл бөлмеулері де отырықшыланатын қазақтарды жұмысшылар қатарына тарту жоспарын 66 % -ға ғана орындауға мүмкіндік берді.
Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті «ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды. Шовинизм көрінісі – қазақтарды отырықшыландыруға бөлінген қаржыны еуропалық селоларға жіберу, сондай-ақ, отырықшыландыру ісін тек қазақтарға қатысты нәрсе ретінде түсіну, еуропалық ұжымшылардың және кеңшарлардың қазақтар шаруашылықтарын қамқорлыққа алуға немқұрайлы қараулары болды. Ал, ұлтшыл деп отырықшыландыру үрдісін кезекті арандатушылық, қазақтар қожалықтары эволюциялық жолмен бірітіндеп дамуы керек, көшпелі шаруашылық Қазақстан табиғатына бейімделген қажеттілік дегендей пікір білдірушілер кінәланді. Сонымен бірге отырықшыландыруды тек сырттан қазақ жеріне қоныстанушыларды жермен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан шара деп түсіндіретіндерге де ұлтшылдар ретінде айып тағылды. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында «оңшыл», «солшыл» деп айыпталғандар да аз болған жоқ. Отырықшыландыру шараларына немкетті және жауапсыз қарағандар «оңшыл», ағым өкілдеріне, отырықшыландыруды барлық, соның ішінде мал шаруашылығы аудандарында да бірдей деңгейде және қарқындата жүргізу керек деп ұрандаушылар «солшыл» ретінде сипатталды. Осындай әртүрлі саяси кінәлаулардан қаймыққан жергілікті басшылар отырықшыландыруға байланысты шараларды, жоғарыдан келген нұсқауларды орындауға тырысып бақты. Ал мұның өзі алғашқы бес жылдық жоспарға сәйкес белгіленген отырықшыландыру жоспарларын орындау қарқынын үдете түсуге себеп болды. 1930 – 1933 жылдардағы жоспарларда Қазақстанда отырықшыланатын қожалықтар саны жыл сайын 20000-ға өсіп отыратын болды. Ал бұл, өлкелік партия комитетінің болжауынша бесжылдықтың тұсында қазақ аудандарындағы егістік көлемін 1 млн. гектардан 5 млн. гектарға дейін өсіруге ықпал етуі тиіс еді. Қағазда белгіленген осы жоспарлардың орындалуына орын алған нақты кемшіліктер кедергі жасады. Ешқандай даярлық және түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Кейбір қожалықтар тіптен өздерінің отырықшыланып жатқанын білген де жоқ. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. Отырықшылану жөніндегі республикалық комитеттің жерге орналастыру және суландыру мәселесіне арналған қаражатты басқа мақсатқа – отырықшыландыру аудандарында құрылыстар салуға жұмсауы да осының көрінісі еді. Жерге орналастырушы және гидротехник мамандарды материалдық жағынан ынталандыруға жете мән бермеген Қазақстан үкіметі, оларға қысым жасауға және оларды жазалауға әрқашан да бейім тұрды. Мұндай отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жекелеген мамандарды «бүлдірушілік» әрекеттері үшін тұтқынға алу және сотқа тарту туралы ұсыныстар жасаулары орын алды. Топырақтанушылардың немесе агрономдардың арасында өз міндеттеріне жауапсыз, үстірт және немкетті қарағандар да кездескен. Олар кейде жергілікті халықтың мүддесін де, пікірлерін де ескермей, жерді өз беттерінше өлшеп, белгілеп картаға түсірді және аудандық қызметкерлерді үгіттеп, олардың келісімдерін алды. Кейіннен осы жерлерде отырықшыландыру іс жүзінде басталған кезде бұл жерлерде тұщы судың жеткіліксіздігі, топырақтың құнарсыздығы анықталып, бұл орындарды қайтадан өзгертуге тура келді.
Осындай «тәртіпсіздіктерді» дер кезінде әшкерелеп, оларға кінәлілердіайқындап жазалау үшін отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жанынан «жұмыс үштігі» құрылды. Оның міндеті отырықшыландырудың республикалық комитетіне көмектесу болды. Кеңестік жазалау органдарымен тығыз байланысты болған, Конституцияға қайшы бұл үштік жергілікті жерлерде отырықшыландыру үрдісінің қарқынын күштеп жеделдете түсуге елеулі үлес қосты. Жұмысты қиындата түскен тағы бір мәселе – Қазақстан партия ұйымының басшысы Ф. Голощекиннің отырықшылануы шаруаларға деген көзқарасының дұрыс еместігі еді. Оның ойынша, тұрғын үй, баспана мәселесі екінші қатарға жатқызылды. Ол отырықшыландыруда шаруашылық мәселелері – шөп шабу, егіншілікпен айналасуға үйрету бірінші кезекте тұруы керек деп санады. Ал, шаруа екі жылдай киіз үйде отыра тұруы және бірітіндеп өз күшімен баспананы өзі салып алуы тиіс болды. Осыдан келіп Ф.Голощекин отырықшыландыруға байланысты құрылысты шаруаның отбасына арналған баспана салудан емес, алғаш қора-қопсылар, яғни шаруашылық құрылыстарын салудан бастауды ұсынады. Мұндай қате көзқарас және жұмыс барысындағы асыра сілтеулер ауыр зардаптарға ұрындырды. 1930 жылдан бастап қазақтардың қоныстарынан ауа көшулері үдей түсті. Көп кешікпей-ақ босқын қазақтар Қазақстанның өз ішінде шұғыл көбейді және олар көрші республикалар аумағына қоныс аударды. Олардың саны 1 млн. адамнан асып түсті. Осылайша отырықшыландыру саясаты шын мәнінде сәтсіздікке ұшырады, Қазақстанда 1931-1933 жылдары қолдан жасалған алапат аштықтың кең өріс алуына зор ықпал жасады. Зорлап отырықшыландыру науқанында орын алған өрескел кемшіліктер жаңа шаруашылықтық-саяси науқанда босқындарды орналастыру барысында бірітіндеп жойылды. Алайда, қазақтар эволюциялық өркендеудің табиғи, дәстүрлі шаруашылық жолынан тайдырған зорлап отырықшыландыру шаралары демографиялық және рухани тұрғыдан қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер қалдырды.
25. Меншікті айыруға және күшпен ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екенін дәлелдеңіз.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы болған шаруалардың қарулы көтерілістері мен баскөтерулерінің тарихын зерттеу ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы 30 жылдардың басынан басталады. Берілген кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін мәселенің тарихнамасы күрделі және қайшылықты жолдардан өтті, жалпы алғанда сатылап дамыды. Бүгінгі таңда шаруалардың қарулы көтерілістері мен баскөтерулерінің тарихын арнайы зерттеген ғылыми еңбектер өте аз десек те болады. Берілген тақырыпқа қатысты бірқатар зерттеулер мен басылымдарда тек сәйкесінше бөлімдер ғана бар. Ал Орталық Қазақстан өңіріндегі шаруалардың қарулы қарсылықтарының тарихы көп еңбектерде жалпылама қарастырылып өтеді.
Т.Омарбековтың монографиясында ХХ ғасырдың 20–90 жылдарында Қазақстандағы 1920–1930 жылдары орын алған әлеуметтік—экономикалық үрдістердің негізігі мәселелері бойынша: «кіші Қазан» саясаты, байлардың мүліктерін кәмпескелеу, көшпелі халықты отырықшыландыру және ұжымдастыру, 1931–1933 жылдардағы аштық туралы жарық көрген әдебиеттердің бірқатар кешеніне кеңінен тарихнамалық шолу жасалынған. Берілген шолуда тарихнаманың даму кезеңдері мен сипатына қатысты ойталқылар, көзқарастар беріліп, басқа зерттеулерге сыни талдау жасап, зерттелуші тақырып бойынша кейбір сәттерді ғана қамтиды. Сонымен қатар 30 жылдардағы Орталық Қазақстан өңіріндегі Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау көтерілістері туралы мұрағат деректерімен толықтырылған біршама толыққанды деректер берілген. Шаруалардың қарулы көтерілістерінің тарихына арналған қазақстандық тарихшылардың жаңадан шыққан басылымдарына қысқаша сипаттама Т.Алланиязов пен А.Таукеновтың біріккен басылымында берілді . Бұнда ұжымдастыру кезеңіндегі Қарағанды облысының Шет ауданындағы және Қарсақпай өңіріндегі шаруалар көтерілістерінің тарихы туралы арнайы зерттеулері берілген. 2002 жылы жарық көрген Т.Алланиязовтың еңбегінде Қазақстандағы 1929–1932 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихы бойынша әдебиеттердің методологиялық және деректанулық негіздерімен қатар шаруалар көтерілістері тарихын зерттеу үрдісіне кеңейтілген сипаттама берілген .
Отандық тарихнамада 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері 1930 жылдардан 1980—жылдар аралығында тыйым салынған тақырып болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесінің түрлі аспектілерін қарастырғанда отандық тарихшылар осы қауіпті тақырыпты айналып өтуге тырысты. Бұл отандық тарихнамаға сол кезеңде қойылған партиялық қатаң талаптар мен идеологиялық қысымнан болды. Кеңестік дәуірде жарық көрген еңбектерде партия саясатына қарсы шаруалар көтерілістері тек тап күресі шеңберінде ғана қарастырылды. Сонымен қатар олар «бандиттік», «антикеңестік», «контрреволюциялық» қозғалыстар ретінде қарастырылды. Тек 90 жылдардың басында ғана Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихын обьективті зерттеу мүмкіндігі туды. Академик М.Қ.Қозыбаев Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі, қазақ шаруаларының қарулы көтерілістерінің тарихын тарихшылар экономист, заңгер, тіл білімі мен әлеуметтанушы мамандармен бірлесе отырып кешенді түрде зерттеу қажеттігін баса атап өткен болатын . 1980 жылдардың соңындағы қоғамдық өмірді либералдандыру жағдайында қазақ халқының тарихи өткеніне деген қызығушылық арта түсті.
Қазақстандағы ұжымдастыру мәселелері бойынша концептуалдық жағынан алғанда барынша жаңа болып Ж.Абылхожин, М.Қозыбаев пен М.Тәтімовтардың мақаласы табылды. Ол Қазақстандағы ұжымдастыру тарихының тарихнамасында қазіргі заманғы кезеңінің бастамасын салып берді, себебі мәселенің негізгі құрамдас бөліктері сол кезеңде қазақстандық тарих ғылымында қалыптасып жатқан жаңа парадигмалардың тұрғысынан алғанда байланыстырылып қарастырылды. Бұнда республикадағы ұжымдастыру кезеңінде іс жүзінде болған барлық жағдайлар барынша толық көрінісінде құрастырылып берілді. Сонымен қатар авторлар шаруалардың қарулы көтерілістері туралы мәселені де назардан тыс қалдырмаған. Бірқатар округтер мен аудандарда орын алған ірі қақтығыстар мен жанжалдардың бірнешеуін көрсетіп бере отырып, зерттеушілер сол жылдардағы партиялық құжаттарда бұл оқиғаларды тек тап күресінің ашық көрінісімен және ішкі және сыртқы жауларды іздеумен түсіндіруге талпыныс жасағандығы байқалады деп дәл көрсетеді. Бұл мақаланың барынша кеңейтілген түрі 1991 жылы жарық көрді [6]. Бұл басылымды сипаттасақ, мұнда ең алдымен ұжымдастырудың қарқынына саяси—идеологиялық реттеулердің ықпал ету механизмі дәл көрсетілген, бұның нәтижесінде 1931 жылдың күзінде Қазақстанда барлық шаруашылықтың 65% ұжымдастырылды. Сонымен бірге күш көрсету жағдайында төтенше режимде жүрген ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау науқанының тәжірибесі мен идеологиясы да барынша суреттелген. Мақалада 1928–1929 және 1929–1930 жылдарда үш округ бойынша (Ақмола, Петропавл және Семей) осындай дайындау науқандарымен қатар жүрген қуғын—сүргін саясатының көлемін сипаттайтын статистикалық материал берілген. Бай—кулактарды жою саясатының сипаты, мазмұны мен салдарын анық көрсетіп берген.
1980 жылдарда жарық көрген отандық тарихшылардың мақалалары ұжымдастыру жылдары орын алған демографиялық апаттық жағдайлар көрініс табуымен, қуғын—сүргін мен босқынға ұшырау, 1932–1933 жылдардағы аштықтың нәтижесінде Қазақстандағы адами шығындар туралы мәліметтердің көрсетілуімен құнды. Берілген мақалалардан шығатын қорытынды, авторлардың көрсетуінше, сол кезеңде орын алған қайғылы оқиғалардың себебі «кездейсоқтықтан» (қателіктер мен бұрмалаушылықтар) емес, болып жатқанның бәрі «заңды құбылыс», тіпті «фатальді» деп көрсетеді, жалпы алғанда әкімшілік—жұмылдырушылық және бұйрықтық—күштеу әдістері табиғаты жағынан апатты болып табылады. Сол себепті жіберілген қателіктер мен бұрмалаулар шын мәнінде қоғамды ұйымдастырудың сталиндік моделінің шынайы қисынын көрсетіп береді
Шаруалардың қарулы көтерілістері тарихын зерттеу жағдайы тек 1991 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының күштеп ұжымдастыру жағдайларын зерттеу үшін Комиссия құрғаннан кейін өзгере бастады. «Қазақстан Кеңестері» газеті редакциясының 1992 жылы мамырдың соңында өткізген дөңгелек үстелдің кезінде бұрын құпия ұсталған мұрағат құжаттарын зерттеудің алдын ала қорытындыларын жасау барысында, алғаш рет баскөтерулердің саны, оларға қатысқандардың саны туралы мәліметтер беріліп, шаруалардың қарсылығын туғызған себептер атап өтілді.
М.Қ. Қозыбаев «әсіресе қызықты мәлімет ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалардың 372 баскөтерулері бойынша анықталды» деп атап көрсетті . «Шаруалардың тарапынан қарсылық көрсетілді ме?» деген сұраққа жауап ретінде Қ.С. Алдажұманов баскөтерулердің себебі болып «ауылдар мен деревняларда жүргізілген саясатқа ашық қарсылық», «күштеп қысым көрсету мен қатаң үкім» болғандығын көрсетті. Баскөтерулерге итермелеген тікелей жағдайдың бірі ретінде Қ.С.Алдажұманов «ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау саясаты, сонымен қатар КСРО ХКК мен ОАК 1930 жылғы 1 ақпандағы тап ретінде кулактар мен байларды жою туралы қаулыларының негізінде тап күресін жасанды түрде шиеленістіру» екендігін атап өтті. Жағдайды сипаттай келе, ол наразылардың бір бөлігі қарсылық көрсету жолына түскендігін, бұл «бандитизм» ретінде жіктелгенін атап өтті және республика шын мәнінде азамат соғысы жағдайында болғандығын көрсетті. 1929 жылдың күзінен 1932 жылға дейін Қазақстанда «шамамен 380 көтерілістер, шаруалар толқыны» болып өткен. Комиссиямен алынған алдын ала мәліметтер «30 жылдардағы көтерілістер 80 мыңдай тұрғындарды қамтығанын», «ірі көтерілістерге қатысқаны үшін ғана ОГПУ үштігінің шешімімен ОГПУ 5551 адамның сотталғанын, оның 883 атылғанын» көрсетті . Бұл Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері туралы тарихи білімдердегі қарқынды жетістіктің бастамасы болды. Қазақстандағы ұжымдастырудың сипаты, мазмұны және зардаптары туралы ғылыми білім 1992 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Комиссиясының Қорытындысының жарық көруімен біршама кеңейді. Мұнда шаруалар қарулы көтерілістерінің масштабы мен географиясы, адами шығындар, шаруаларға қарсы қуғындаулар, малды етке өткізудің сипаты мен салдары, бай шаруашылықтарды тәркілеудің мазмұны мен нәтижелері сияқты сұрақтар кеңейтілген және тереңнен зерттеуге мүмкіндік берген жаңа фактілік және статиститкалық материалдармен біршама толықтырылды.
1992 жылы жарық көрген «Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства» деген кішігірім жинақтамада «Шаруалар толқулары» деген арнайы бөлім бөліп қарастырылды. Бұл бөлімнің құндылығы сонда, 1989 және 1991 жылдардағы жоғарыда көрсетілген басылымдармен салыстырғанда, бұнда күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы қазақ шаруаларының қарулы баскөтерулерінің барынша толық және көлемді, сыйымды сипаттамасы берілді. Ғылыми айналымға 1929–1931 жылдардағы Қазақстанның бірқатар аудандарында болған қарулы көтерілістердің мақсаттары мен қозғаушы күштері, сипаты туралы құнды фактілік материалдар енгізілді. Мысал ретінде ерекше бөліп көрсетілгені 1930 жылғы Созақ көтерілісі, басқа көтерілістер бойынша —Ырғыз, Қарақұм, Қарқаралы округтеріндегі көтерілістері туралы берілгендер келтірілді. Авторлар барынша жалпы сипатта Ортаазиаттық және Еділ бойы әскер округтерінің тұрақты әскери бөлімдерінің қызметінің сипаты мен масштабын көрсетіп берді. Бөлімде қарулы көтерілістердің саны туралы мәліметтер берілген. Сонымен бірге, ОГПУ есептеріне сүйене отырып, олардың саны «үш жүзден астам» және оларға «80 мыңдай адам қатысқандығы» атап көрсетілген. Егер «Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства» жинақтамасында қарулы баскөтерулер көрінісінің сызбалары тек жалпы сипатта ғана берілсе, Т.Омарбековтың көптеген басылымдарында алғаш рет 1929–1931 жылдардағы антикеңестік қарулы көтерілістердің тарихы мәселелері қойылды және біршама бөліктері шешілді. Қазақстандағы ОГПУ ПП жергілікті және орталық органдарының қызметінің нәтижесінде қарулы көтерілістерді басуға қатысқан әскери бөлім басшыларының қалдырған құжаттар мен материалдарға сүйене отырып, сонымен қатар Ф.И.Голощекиннің И.В.Сталинмен жазысқан хаттары арқылы автор көшпелі халықты отырықшыландыру және күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы халық бұқарасы баскөтерулерінің барынша кең бейнесін берді.
1929–1932 жылдардағы Қазақстандағы шаруалардың қарулы көтерілістерінің тарихын зерттеудің ағымдық нәтижелері автормен арнайы зерттеуде жалпыланды, онда хронологиялық бірізділікпен он бірдей барынша ірі қарулы көтерілістердің себептері, сипаты мен мазмұны берілді. Олар: Тақтайкөпір, Бостандық, Батпаққара (1929 ж.), Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Өскемен және Зырян, Шұбартау, Балқаш, Шоқпар (1930 ж.) және Адай (1931 ж.) көтерілістері. Әрбір көтеріліс бойынша қорытындыларда, сонымен қатар жалпы қорытындыда автормен көтерілістердің мәндік сипаттамасы берілген, олардың «өздерінің тәуелсіздігі, ұлттық дәстүрлері , салттары мен діни нанымдарын қорғауда әміршіл—әкімшіл сталиндік жүйенің заңсыздығы мен күштеуіне қарсы халықтың әділетті ұлт азаттық күресі» болғандығы бөліп көрсетілді. Зерттеудің басты және негізгі дерегі болып автормен Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты мен ҚР ҰҚК Мұрағатының қорларынан алынған құжаттар мен материалдар табылды.
Қ.С. Алдажұманов жалпылаушы сипаттағы «Крестьянское движение сопротивления» атты мақаласында жоғарыда көрсетілген көтерілістер туралы материалдар берді. Мақалада 1929 жылдан 1931 жылға дейінгі Қазақстандағы қарулы көтерілістер мен наразылық қозғалыстарының бірқатарынынң себептері, сипаты мен мазмұны барынша сығымдалған, бірақ фактілік материалдармен барынша толыққанды берілді. Мақаланың деректік негізі болып Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты мен Қазақстан Республикасы ҰҚК Мұрағатының құжаттары мен материалдары табылды. Басылымның ерекшелігі сол, автор мұнда қарулы көтерілістер мен наразылық қозғалыстарының сипаты мен бағытталуына қатысты қандай да бір бағамдық ойталқыларын білдірмейді, оларды ұлтазаттық қозғалыс контекстінде қарастырмайды, мақаланың атауында көрсетілген мәндік жалпылаушы бағамдаумен шектеледі. Сонымен қатар Орталық Қазақстан өңіріндегі шаруалар көтерілістеріне қатысты автор барынша толыққанды және қысқа мазмұнда мәліметтер береді.
Шаруалардың қарулы көтерілістерінің тарихы жалпылаушы сипаттағы еңбектерде де көрініс тапты, онда ол 20–30 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік—экономикалық және саяси тарихымен кең контексте қарастырылады . Бұл шаруа бұқарасының қарсылығын туғызған себептердің барлық жиынтығын толық көруге, көшпелі қоғамды күштеп жаңғырту саясатының мәнін тереңнен ашуға, мемлекеттік саясатқа шаруа бұқарасының қарсылық көрсету сипаты мен тәсілдерін нақты анықтауға мүмкіндік берді.
Ж. Абылхожиннің монографиясында Қазақстандағы ұжымдастыру тарихының мәселелерінің кең шеңбері бойынша алдыңғы жылдардағы жетістіктер жалпыланды және теориялық жағынан ой елегінен өткізілді. Ұжымдастырудың генезисі, барысы мен салдарын талдау үрдісінде мемлекеттік шектеу саясатының әрекет ету механизмі мен табиғаты барынша айқын көрсетілді, сонымен қатар қазақ көшпелі шаруашылығын өмірлік қамтамасыз ету элементтерінің бөліктері де назардан тыс қалмады. Нақтылы фактілермен шаруа қожалықтарына қатысты салық саясатының тәжірибесі мен идеологиясы тізбектелді, сонымен бірге күштеу және төтенше сипатқа ие болған түрлі тектегі ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу де қарастырылды. Жартылай көшпелілер мен малшы—көшпелілерді отырықшылыққа көшіру бойынша науқандардың мазмұны ашылып, сонымен қатар сипаты мен бағыты нақты белгілеп берілді. Колхоз құрылысының формалары мен әдістері, ұжымдастыру үрдісінің барысымен мазмұны сыни тұрғыдан ой елегінен қайра өткізілді. Күштеп ұжымдастыруды жүзеге асыру барысындағы адами және материалдық шығындар бойынша берілгендер шығарылды. Көшпелі қоғам жүйесіне шабуылдаудан туындаған антикеңестік қарулы көтерілістерді басудың сипаты мен тәсілдері көрсетілді. Жинақтап алғанда, ұжымдастыру тарихына арналған кітаптың тараулары оның негізгі сюжеттерін құраудың мазмұны бойынша толықтай және фактілік жағынан сыйымды қылып береді. Ғылыми айналымға енгізілген материал, Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындарын тоталитарлық социализм сатыларына күштеп көшіру сияқты күрделі және динамикалық құбылыстың мәні мен сипатын ашу тұрғысынан ой елегінен өткізілді және жалпыланды.
Мәселенің бірқатар аспектілер Ж. Абылхожинның кітабында тек атап өтілді және одан әрі дамыту мен тереңнен зерттеуге, нақтылы фактілік мазмұнмен толықтыруды қажет етті. Бұл міндет біршама деңгейде Т.Омарбековпен ғылыми айналымға мазмұны жағынан құнды және көлемі жағынан біршама ауқымды фактілік және статистикалық материалдарды енгізудің негізінде шешілді. Нан және ет дайындаудың сталиндік бағытының салдары мен мәнін талдау, ірі байлардың мүлкін кәмпескелеу саясаты мен оның нәтижелері, қозғаушы күштері, күштеп ұжымдастыруға қарсылық көрсетудің сипаты мен формалары, отырықшылыққа күштеп көшіру, қаақ шаруаларының тағдыры, күштеп ұжымдастырудың демографиялық салдары—міне, негізгі сұрақтардың осындай шеңбері Т.Омарбековпен нақты қойылды және обьективті тұрғыда қарастырылды. Кітапта күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыруға қарсы шаруалар бұқарасының қарсылығының мазмұны мен формасы, қозғаушы күшіне жалпылаушы сипаттама берілген арнайы бөлім бар, онда 1929–1931 жылдардағы 14 қарулы көтерілістер көрсетілген. Автордың «Зобалаң» деген еңбегімен салыстырғанда бұл зерттеуде Қастек және Қордай аудандарындағы көтерілістер мен Сарқанд (Жетісу) көтерілісі қосымша берілген. Қалған көтерілістер алдыңғы басылымдарда толық мазмұндалғаны ескеріле отырып қысқаша (1–2 бет) түрінде берілген. Мәселен, Абыралы дүрбелеңі, Шұбартау мен Шыңғыстау наразылықтары. Т.Омарбековтың 1994–1997 жылдары жарық көрген еңбектерінде жасақталған аса құнды тарихи ойларды атап көрсете отырып, оның Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихын зерттеуді одан әрі дамытуда маңызды бастамасы болды деп ойлаймыз.
Жалпы алғанда 1999 жылға дейін Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы ірі қарулы көтерілістер мен бас көтерулердің тарихы мақалалар мен тарауларда, басым бөлігі Т.Омарбековпен жазылған кітаптарда берілген.
Қорыта келе, жоғарыда берілген тарихи зерттеулер өзінің сипаты мен мазмұны жағынан біртекті емес. М.Қ.Қозыбаев, Ж.Б.Абылхожин, Қ.С.Алдажұманов, Т.О.Омарбеков, М.Омаров,Т.К.Алланиязов, А.С.Таукенов және басқа да зерттеушілер 1929–1931 жылдардағы шаруалардың қарулы көтерілістері мен бас көтерулерінің тарихы арнайы зерттеу пәні болған ондаған мақалалар, бірнеше монографиялар мен жинақшалар басып шығарды. Берілген тақырып көптеген еңбектерде жалпылаушы сипатта берілді және ғылыми конференциялардың арнайы тақырыбы болып та қарастырылды. Шаруа наразылықтарына қарсы күш құрылымының күрес жүргізу тәжірибесі сияқты, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарындағы шаруалар көтерілістерінің тарихына қатысты ғылыми білімдерді кеңейту бойынша құжаттардың біршама топтарын деректанулық талдаулар жүргізіліп, алғашқы қадамдары жасалды.
Жалпы алғанда 1929–1931 жылдардағы шаруалардың қарулы көтерілістері Қазақстанның тарих ғылымында көрнекті орын алады. Ол отандық тарихшылармен дайындалған көп санды зерттеулер мен басылымдарда, аса бай деректанулық базасы мен бір бірінен ажыратылатын түрлі тұжырымдары бар еңбектерде көрініс тапты. Тақырыпты одан әрі зерттеу соңғы жылдары жаңа деңгейге шықты. Ғылыми айналымға бұрын белгісіз болған мұрағат құжаттарының үлкен көлемі жарық көрді. Дегенмен 1929–1931 жылдардағы қарулы көтерілістердің тарихын зерттеу әлі де өзекті болып қала береді. Бұл мәселені кешенді зерттеу қажеттілігімен, ғылыми айналымға жаңа фактілік материалдарының тартылуымен, қарулы көтерілістердің тарихы қазақ дәстүрлі қоғамының ерекшеліктерімен тығыз байланыстылығымен шартталады. Күштеп ұжымдастыруІрі жазу 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.
26.Алаш зиялыларына қарсы қуғын сүргін қазақ ұлтын рухсыздандырудың жіне мәнгүрттеудің астауы екенін негіздеңіз
Кеңестік тоталитарлық қоғам ұлт мүддесін аяққа басу, ұлт рухын әлсірету мақсатында саясат жүргізіп, «кеңес халқын» қалыптастыру ісін қарқынды қолға алды. Енді саяси қуғын-сүргіннің адам құқығын аяққа басқан заңдық негіздерін зерделесек: КСРО-да 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін социалистік құрылысты орнықтырудағы шаруашылық механизмінің ажыратылмас бөлігіне айналды. Жак Росидің айтуынша 1920 жылдың басынан бастап-ақ «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» іс-әрекеті үшін 6 айдан жоғары мерзіммен бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Ал, 1930 жылы РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-10 бабымен 10 жылға сотталғандар саны миллионға жетіп, ГУЛАГ халқының 25 процентін құраған. Осы баппен сотталғандар түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде «агитатор» деген атты иеленген.1920-1930 жылдары кеңестік сот жүйесі қайта құрылып, саяси қуғын-сүргін шараларын жүргізуге бейімделді. Кеңестік заңдар халық шаруашылығын дамытуға есептелген жаңа экономикалық саясаттың тиімді тетігі болғандығын да көптеген зерттеушілер дәлелдеді. Сол кезеңдегі КСРО Конституциясының 157-бабында сот мәжілістері ашық жүргізіледі, ал 155-бапта судьялар мен халық заседательдері дербес, тәуелсіз болып, тек қана заңға бағынады деп жазылғанмен, іс жүзінде жағдай басқаша болды. Конституция тұжырымдары мен шынайы өмір арасындағы алшақтық адамдардың өз қоғамынан жаттануына (отчуждения от общества) әкелді. Саяси қуғын – сүргіннің қалыптаса бастаған жүйесіне сталиннің болмысы сәйкес келген. 1928-1931 жылдары жалған айып пен жала жабу әдісі күшейіп, айыпкерді «мойындатудың» әдіс – тәсілдері жетілдіріліп, ОГПУ – дің қолында репрессияны жүргізудің даяр механизмі болған. Осы механизм 1930 жылдары толықтай күшіне енген. Нәтижесінде саяси қуғын – сүргін жалпылама бағыт алды. Сот – тергеу органдарының жазалаушы қызметі саяси – шаруашылық науқандар барысында қарқынды деңгейде жүрді. Астық, ет дайындау, бай – кулактарды тап ретінде жою, социалистік меншікті қорғау науқандары кезінде жоспарды орындай алмаған халыққа қарсы қолданылған репрессиялық шаралар өте көлемді. Юстиция халық комиссариаты екі апта сайын сот – тергеу органдарынан экономикалық науқандарға қатысты қылмыс туралы мәліметтерді сұрап отырған.Сол кезде азаматтар үстінен қозғалған қылмыстық істердің басым көпшілігі заңсыз болған. Дәлел келтірсек: «... 1928 жылы сотталған шаруалар өз өнімдерін сатпаған және алыпсатарлықпен айналыспаған. Оларлың көпшілігінде астықты сату туралы рұқсат қағаз болғанымен, олардың үстінен заңсыз түрде түрде қылмыстық істер қозғалған», - деген мазмұндағы деректер мұрағаттарда жиі кездеседі. Айыпқа тартылған тұлғаны «қылмыскер» атандыру үшін бірін – бірі танымайтын, әр ауылдан шыққан «айыпкерлерді» топтап, байланысы жоқ бірнеше істер біріктірілген. Ал, астық жинау науқанында кеңес өкіметіне наразылық білдіргендерді «террористік іс – әрекет» жасады деп айыптаған. Олар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 8 тармағымен ату жазасына кесілген. Тіпті, ауылдарында бай – кулак қаламағандығын айтқан ауылдық кеңес төрағалары да атылған. Ал, «науқан жоспарын орындауға шамамыз жетпейді» деп шындықты айтқан тұлғалар Қылмыстық Кодекстің 58 бабының 10 тармағымен сотталған. Нәтижесінде түрмелерге адам сыймай, сотталғандар адам төзгісіз жағдайда «жазаларын» өтеген. Түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде азапты өмір туралы мұрғаттарда көптеген құжаттар сақталған. Түрмелерде адам санының шамамдан тыс болуын билік «таптық күрестің шиеленісуінен» деп түсіндірген. Кейбір түрмелерде қылмыстық іс қозғалмай сотталған азаматтар да болған. Мысалы, 1931 жылы 112 орындық Қызылорда түрмесіндегі 325 адамның 203 – і ешқандай айыпсыз қамалған. Ал, 300 адам түрме қабырғасының жанында ашық аспан астында «қамауда» жатқан. 1930 жылдан бастап өлім жазасына кесілгендер туралы ақпарат мемлекеттік құпияға айналады.
1934 жылы С. М. Кировке жасалған қастандықтан соң репрессиялық саясат жедел дамыды.


27.Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі мәдениетіндегі білім мен ғылымдағы ұлт мәселесінднгі таптық партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлы державалық астарларының өзара баиланысы.
Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды.•    Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлық мемлекеттер өздерін сол мемлекеттердің негізін құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын.•    Екіншіден, ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін жоғалтып, өз жерінде саны жағынан азшылыққа айналған қазақ халқының ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада аяғынан тік тұрғызу керек болды.•    Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезінде жойылып кете жаздаған қазақ халқының ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін, ділін қалпына келтіру үшін мұндай саясат қажет болды.Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасына қарай қазақ халқы өзінің мемлекеттілігін сезіне бастады, ұттық рухы оянды, өзінің ұлттық құндылықтарын ақтап алды, ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін қалпына келтіре бастады, имандылыққа мойнын бұрды. Осы кезеңді мемлекеттің атауына негіз болып отырған қазақ ұлтының ұлттық санасының ерекше ояну кезеңі, ұлттық рухының ерекше көтерілу кезеңі десе де болады.Жалпы осы кезеңде, бұдан соңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан қоныс аударуын республикадағы этноцентристік саясаттың нәтижесі ғана деп түсінбеу керек. Егемендік алған кездің алғашқы жылдарындағы өзге ұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің біздіңше мынадай себептері де бар. Біріншіден, бұрынғы КСРО сияқты үлкен мемлекеттің ыдырауы ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында ұлттардың арасында болашағына деген белгілі бір сенімсіздік туғызды. Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті.  .

28.Кеңес өкіметінің білім мен ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтары.
Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.   Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.   Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі “Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық, уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табылады.   1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы - 5 жыл және ІІ сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді.   Мұғалімдер қауымы революцияға әртүрлі көзқараспен қарады. Көптеген мұғалімдер, көбіне орта мектептің мұғалімдері революциялық өзгерістерге дұшпандықпен қарады. Олар Кеңес үкіметіне қарсы шықты, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының (БМО) Контрреволюциялық қызметін қолдады.
29.Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі — Алашорданың көсемі еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы — 1899 жылы «Түркістан ведомое тыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелері талқыланады. Шексіз сахара қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз бен руға бөлінген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат — ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея — жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі — Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы.
Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл — бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті Кеңес өкіметі кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін «демократтар» санаған Уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары — қазақтарға» деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін XX ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды. Революцияның бастапқы кезіндегі маңызды мәселенің бірі ұлттық-мәдени автономияға қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және коммунистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты. В.И. Ленин болсын, Ф. Керенский болсын территориялық федерацияны желеу етіп, бірорталыққа бағынған Ресейдің империялық мәнін сақтап қалуға тырысты. Большевиктер оған қоса өздерінің атышулы «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке шығарып тастады. 1917 жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы мәселені тікелей қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21—26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның кейбір бөліктерінен үзінді келтірейік:
1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей Федеративтік Республикасының құрамды бөлігі болып табылады...
3. Ресей Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар еріктілігі болады.
4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың өзіндік муфтийлігі болуы керек...
5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу — тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары, университеттері де болуы керек.Бұл бағдарлама 5—12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтық екінші съезде құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды. Кейін тоталитарлық жүйе оларға әдейі «контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан. Алайда большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің басқа халықтарының да) азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. XX ғасырдағы ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси өзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ.
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 76 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи дәстүрден мүлдем айырылған, тіпті өз анасын өлтіруге дайын мәңгүрттер қаптап кетті. Жас жеткіншектерге үлгі ретінде ұсынылған Павлик Морозов өз әкесін сатқан адам.
Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен «жергілікті ұлт өкілдеріне» мұқтаж еді. Оларды даярлау Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт өкілдерінің еуропалық мәдениет және білімге қолдары жетті. Баспасөз, газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «отарба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қалқаман — Мамыр» сияқты опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927—1928 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды. 1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман Бұғалығын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды
30. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуалды сипаттаңыз
Жоғарғы партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі ойластырылмаған біржақты өзгерістер. Л.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. 1965 – 1966 жж экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Басқарудағы сөзбұйдалықтың күшеюі. Идеологиялық тоқырау.Қазақстанның КСРО-ның өнеркәсібін өркендетуге үлесі. Өнеркәсіптің дамуындағы қайшылықты сипат. Өндіріс орындарының дербестігінің шектелуі. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайындағы келеңсіздіктер. Өнеркәсіп дамуындағы тоқырау құбылыстарының бел алуы.Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі.Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын қасақана тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.

31. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін жазыңыз
Кеңес Одағының Батыры — Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілді. Кеңес одағының батыры атағы берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылды. Кеңес Одағының Батыры атағын 2-ші рет алғандар екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталып, оның туған жеріне қоладан бюст қойылды. Кеңес одағының батыры атағын үш рет алғандарға бюст Мәскеуде қойылды. Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш алғандар мұзда қалған кемелердегі адамдарды құтқарушы ұшқыштар болды. Қазақстандықтардың ішінен ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алғаш ұшқыш П.Ф. Шевцов (1937, 22 қазан) Испанияда фашизмге қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін берілді. 1938 – 1941 жылдары жапон және фин соғысында көрсеткен ерліктері үшін С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков, В.К.Булавский мен Г.С. Пулькин Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атанды. Одан кейінгі уақытта да Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар қатары біршама өсті.
Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары – ең жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған жауынгерлер (қ. Кеңес Одағының Батыры). Алғаш қазақстандықтар арасынан Кеңес Одағының Батыры атанғандар С.В. Гуденко, С.Е. Чуйков 1938 ж. Хасан көліндегі, В.К. Булавский, Н.Т. Видяшев, М.С. Зубарев 1939 – 40 ж. қыста кеңес-фин соғысындағы шайқаста көрсеткен ерліктері үшін алды.
1941 – 45 ж. Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында қазақстандықтар ерлікпен шайқасып, Украина үшін шайқаста 200-ге жуық, РКСФР үшін – 70, Белоруссияда – 50-ден астам, Латвияда – 8, Молдовада – 7, Литвада – 6, Эстонияда – 1, Польшада – 47, Венгрияда – 22, Чехословакияда – 7, Румынияда – 5, Австрияда – 3, Югославияда – 2, Германияда – 63 және Жапонияға қарсы соғыста (Қиыр шығыста) – 3 жауынгер батыр атанды. Қ. К. О. Б. арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып, қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 беларусь, бір-бірден тәжік, эстон, корей, лезгин, ұйғыр және еврей халықтарының өкілдері бар. Бұл жоғарғы атақты 4 адам (Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды.

32. Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігін сипаттап жазыңыз

Адамзат тарихында үлкенді – кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс жəне оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды.
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл  шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.
1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр.
Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесін саралап берді.
Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тыл еңбекші халқы кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетті асыл сезімін ешкім есінен шығармауы тиіс. 
АЙМАНОВА Бибатша (1918 – 1975) Жем бойында туған. Озат колхозшы атанып еңбек еткен. Жолдасы 1941 соғысқа кетіп, майданнан оралмай қалған. Калинин атындағы, Жамбыл атындағы колхоздарда сауыншы, бұзау бақташы болып, колхоз өндірісін нығайтуға көп еңбек сіңіреді. Осындай ел таныған еңбегіне сай ол облыстық кеңеске депутат болып сайланып, бірқатар марапаттарға ие болады.АЙТҚҰЛОВ Алаңбай (1886 – 1952) – Социалистік Еңбек Ері. Байғанин ауданының Қосарал елді мекенінде дүниеге келген. Әке – шешесі мал бағумен күн кешкен шаруа адамдар. Айтқұлов та жас кезінен осындай шаруамен айналысқан. Ел өміріндегі ұлы өзгеріске байланысты халықты көшпелі тірліктен отырықшылыққа бейімдеу жылдарында серіктестікке мүше болып кіреді және осы ұжымның малын бағады. Одан әрі Чкалов атындағы колхозда еңбек етеді. Айтқұловтың қой түлігін өсірудегі шеберлігі «Қарақоға» колхозының мүшесі болған жылдарында айқын көрініс береді. Ұлы Отан соғысы кезінде өзіне бекітіліп берілген бір отар қойды Сам қысқы жайлысында бағып, әрбір көктем сайын төл алуда жоғары әрі тұрақты көрсеткішке ие болып отырды. Мәселен, хатқа түскен дерек бойынша ол 1947 жылы қарауындағы 691 қазақы саулықтан 839 қозы алып, аман өсірген. Мұндай табысқа бұдан бұрын да, одан кейінгі жылдарда да ие болғаны сөзсіз. Сондықтан да оған ауданның бір топ озат малшыларының қатарында 1948 жылғы 23 июльде Социалистік Еңбек Ері атағы берілген.АҚҚАҒАЗОВ Досқұл (1928, Шеңгелши е.м. Мұғалжар ауданы) – мұғалім. Қызылорда педагогика институтының химия – биология факультетін сырттай оқып бітірген. 1943 жылдан Байғанин ауданындағы Ворошилов атындағы, Абай атындағы орталау мектептерде бастауыш класс оқытушысы болды.1949 – 1950 оқу жылынан бастап Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінде, 1968 – 1969 оқу жылынан бастап Қарауылкелді орта мектебінде мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1978), «Тың және тыңайған жерді игергені үшін» медальдарымен марапатталды. «Қазақстан мұғалімі» газетінің штаттан тыс тілшісі болып, аудан мектептерінің өмірінен мазмұнды мақалалар жариялады, білім беру ісі шеберлерінің озат тәжірибесін таратты.
33. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес одағының Батыры атағын алғандар: Барлығы- 11600 адам; Қазақстандықтар- 497; Қазақтар97; Қазақ қыздары-2. Сонымен қоса Даңқ солдат ерлігі орденінің толық иегері 142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар – 96638. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар – 600 мыңнан астам. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бенгелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Луганский( жекеөзі 37 ұшақты және топтасып 6 ұшақты атып түсірді). Әрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып, 10-нан астам жау ұшағын, көптеген соғыс техникасын, 100-деген фашистерді жойған. Үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын аллған: И.НКожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ірі әскери қақтығыс болды мынадай. Ол 1,7 миллиард халқы бар 60-тан астам мемлекеттер қатысты адам.; әскери іс-әрекеттер, оның ішінде 40 болды. шайқасты әскерлерінің жалпы саны 110 млн теңгені құрады, әскери шығындарды адам -.. 1,384 триллион доллардан. Адам шығындар мен қырып-жою бұрын-соңды болмаған ауқымды болған. , Соғыс астам 46 млн өлтіруді өлім лагерьлерінде 12 млн адам, соның ішінде: Кеңес одақ, Германия, 26 миллион астам жоғалтты - шамамен 6 млн, Польша - 5,8 млн, Жапония - шамамен 2 млн Югославия - шамамен 1,6 млн. Венгрия - 600 мың, Франция - 570 000, Румыния - шамамен 460 мың, Италия - шамамен 450 мың, Венгрия - шамамен 430 мың АҚШ, Ұлыбритания және Греция - 400 мың, Бельгия - 88 000, Канада - 40 мың. Материалдық зиян 2,6 трлн бағаланып отыр. Dollars. Соғыс алапат салдарлары жаңа әскери жанжалдарды, Ұлттар Лигасының қарағанда ұжымдық қауіпсіздік неғұрлым тиімді жүйесін құру қажет алдын алу үшін біріктіруге әлемдік үрдісті нығайта түсті. Оның өрнек Біріккен Ұлттар Ұйымының 1945 жылдың сәуірінде құрылды.

34. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуалы туралы түсіндіріңіз
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.
1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік өнімдерін ете төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап көрсету салты тарихи шындықка карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен алмастырылды. Барлық себептер, көбінесе, өткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халыкаралық дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді.
35. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын көрсетіңіз
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді.


36. Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық»істерді іздестірудің зардаптарын көрсетіңіз
Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл басқарудың өрши түсуі. Кеңестік биліктің колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары.
Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. Тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру. «История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней» кітабының негізсіз сынға түсуі. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың К.Қасымұлы көтерілісін зерттеушілік жұмысының негізсіз айыпталуы. Хан Кене тарихи әдебиетте. «Феодалдық» эпостарға шабуыл – халықтық мұраларды күйрету. «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тиым салынуы. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлері.
Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы.
И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты.
Партияның шешімдерінде мәселені үстірт шешетін волюнтаристік әрекеттердің өсе түсуі. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар – Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі.
Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Әкімшілік әдістерден экономикалық әдістерге көшуге талпыныс. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары. МТС-ті қайта құру ауылшаруашылығын техникалық жабдықтаудағы қиыншылықтарды жоюды іздестіру жолы. Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы.
Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық сипатының тереңдей түсуі.
Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл басқарудың өрши түсуі. Кеңестік биліктің колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары.
Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі. Тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру. «История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней» кітабының негізсіз сынға түсуі. Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың К.Қасымұлы көтерілісін зерттеушілік жұмысының негізсіз айыпталуы. Хан Кене тарихи әдебиетте. «Феодалдық» эпостарға шабуыл – халықтық мұраларды күйрету. «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тиым салынуы. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлері.
Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы.
И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан. Күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты.
Партияның шешімдерінде мәселені үстірт шешетін волюнтаристік әрекеттердің өсе түсуі. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар – Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі.
Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Әкімшілік әдістерден экономикалық әдістерге көшуге талпыныс. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары. МТС-ті қайта құру ауылшаруашылығын техникалық жабдықтаудағы қиыншылықтарды жоюды іздестіру жолы. Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы.
Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық сипатының тереңдей түсуі.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.
37. Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі мен тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру мәселелерін шешіңіз
Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары. Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл басқарудың өрши түсуі. Кеңестік биліктің колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары.Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюіҚоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40–50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен  заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға  жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.

38. Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерінталдап көрсетіңіз
Ресейде алғаш 16 ғ-да діни Цензура дүниеге келді. Оны 1721 жылдан бастап Синод жүзеге асырды. 19 ғ-да Цензура ны жүзеге асыру тәртібі арнаулы жарғылармен айқындалды. Ресей тарихында 1848 — 55 ж. кезеңі цензуралық террор дәуірі ретінде енді. Бұрыннан қолданылып жүрген алдын ала Цензура мен қатар жазалау Цензура сы да қолданылады. Онда шығармалар жойылып, авторлар қуғындалады. 1865 ж. Ц. мен баспасөз туралы уақытша ережелер шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында Коммунистік партияның бақылауымен КСРО республикаларында қатаң Цензура жүзеге асырылды. ОЛарды біз алаш зиялыларының шығармаларынан байқай аламыз. Алаш арыстарының бүркеншік ат пайдалануы да сол кеңестік цензураның әсері болды деп айтуымызға болады.
Сол жылдары халықтан тамылжаған небір сұлу жері “қара тізімге” алынды. Тәттімбеттің кербез, сылқым күйлері белсенділердің тар пиғылдарына симай,цензураңа ұшырады.
Қазақ музыка аспаптарының жоқтаушысы болғаен үлкен ғалым, профессор Болат Сарыбаевтан соңына шырақ алып түскен өз әріптестері оның докторлық диссертациясының бекітпей тастады.
Ғылымға бұл үлкен соққы болып өмірден мезгілсіз кетті.
Ә.Әбішев, М.Әуезовтың “Hамыс гвардиясы”,М.Әуезовтың “Сын сағаты” деген пьесалары мен опералары театр сахналарынан шығарылып тастады.


39. Соғыстан кейінгі жылдардағы білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістерді көрсетіңіз
Тегін оқу. Ұлдар мен қыздарды бірге оқыту. 1924 жылы сәуір «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Кеңестік білім  жүйесінің негізгі қағидалары: тегін оқу, ұлдар мен қыздарды бірге оқыту, дніи пәндерді оқу бағдарламасынан алып тастау болды. 1921-1927 жылы 200 мың адам
оқып сауатын ашты. 1928 жылы аяғында сауатты адамдар 25 %, оның ішінде
қазақтар – 10 %  болды. 1926 жылы «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Ереже»
қабылданды. Осы ережелер бойынша міндетті бастауыш білім беру енгізілді. Үшжылдық және төрт жылдық мектептер және қазақ қыздарына арнап мектептерашылды. Қыздарға арналған мектептер Шымкент, Алматы, Түркістан, Оралдашылды.2. Зайырлы пәндер. Латын әрпінің ендірілуі.
Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды.Араб тілінде оқулықтар жазылды. Мысалы: А. Байтұрсынов – суретті әліппені,мысал-жұмбақтар жинақтары, Ж. Аймауытов – қостілділік және ана тілін оқытуәдістемесі, Ә. Бөкейханов – география оқулығын, Қ. Сәтпаев – алгебра оқулығынқұрастырды.1928 жылы араб  әрпіне көшу туралы жарлық шықты. Араб әрпімен оқып,сауатын ашқан қазақтар жаңа әліппені меңгеру керек болды. Ғасырлар бойыжазылған рухани мұраны игеруге мүмкіндік болмай қалды. Араб әрпімен шыққанбасылымды пайдаланғандар «пантюркист», «панисламист» деп жарияланып,қудалауға ұшырады.
3. 1928 жылы комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. Соғысқа дейін 65 мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты. 1931 жылы  желтоқсан «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім  беру» енгізілді. 1939 жылы жалпы халықтың сауаттылығы 65 %-ға, оның ішінде  қазақтар 40 %-ға жетті.
4. Жоғары оқу орындарының ашылуы.
1928 жылы – тұңғыш педагогикалық институт, оған кейін Абай есімі берілді.1929 жылы – Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты.
1930 жылы – Қазақ ауылшаруашылық институты  1931 жылы – Алматы медицина институты. 1931-1932 жылдары – Орал  және Қызылорда педагогикалық институттары. 1934 жылы – С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті.1934 жылы – Қазақ кен-металлургия институты.
1928 жылы – 24 техникум, 1940 жылы – 118 техникум. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып 40 мыңдай адам оқыды.5. Қазақстан ғылымының қылыптасқан кезеңі. 1920 жылы қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды. Қазақ АКСР халық ағарту комиссариятының академиялық орталығы құрылды. Бұл орталық қазақша жазуды
жетілдірді. Қазақ тілінде алғашқы оқулықтарды құрастырды. Қазақ халқының тарихы, этнографиясы жөнінде еңбектер басып шығарды. Мысалы: 1926 жылы  М. Е. Массон Әулиеатада қазба жұмыстарын жүргізді
1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы құрылды. Зоология және ботаника секторларының қатарына тарих секторы қосылды.
1935 жылы «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» (авторы С. Асфендияров) жарыққа шықты. Соғыс қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700-дей ғалым  еңбек етті.

40. Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмахановтың негізсіз айыпталуын көрсетіңіз
Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.[2]Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Ермұханның жары Халима Бекмаханованың естелігінен:«1952 жылдың 30 тамызында Ермұқанды Новотроицкіге шығарып салдым. Кеткісі келмей, бірдеңе сезгендей, мазасыз күй кешіп еді. Айтқандай-ақ, 5 қыркүйекте оны тұтқындап, Алматыға әкеліпті. Сол күні біздің үйде де тінту жүргізілді. Кешкі сағат 10-да жұмыстан келсем, үйдің есігі ашық тұр. Бір бейтаныс қазақ тінтуге құжат көрсетті. Ермұқанға бірдеңе болғанын сездім. Ас-су беруге рұқсатты табаннан тозып жүріп бір ай дегенде әрең алдым.Тергеу үш айға созылды. «Тергеу әдістері жайында жиркенішсіз еске түсіре алмаймын, – деп жазды Ермұқан өзі Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке. – Тергеудің өн бойында қорқыту

41. Н.Хрушевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстанда күнәсіз қуғындалған мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерді «ақтау» және оның жартыкештік сипаты туралы жазыңыз.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды. 1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды. 1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудакты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады. Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
Бұл – кеңес қоғамының сталинизмнен құтқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам болды..Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзкдакты, А.Рыковты, В.Чубарьды ақтады.. КОКП-ның ХХ съезінен кейін есімдері қайта қалпына келтірілген мемлекет қайраткерлері: С.Асфендияров, О.Жандосов.. О.Исабаев, Л.Мирзоян, С.Сейфуллин.. С.Мендешев, М.Масанчи.. Н.Нұрмақов, А.Розыбакиев.. Мемлекет басшылығы шалғай саясат жүргізді: Қуғын сүргінге ұшырағандарды ақтау реформасы аяқсыз қалдырды.. Кәрістердің, немістердің, Қырым татарларының, Месхет түріктерінің құқықтары қалпына келтірілмеді... Одақтас республикалардың құқыларын кеңейтуге бағытталған тұжырымдама толық жүзеге асырылмады...Экономикалық артта қалу себептерін ашу әрекеттеріне тыйым салынды.

42. КСРО мен ҚазКСР арсындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарды сипаттаңыз.
КСРО мен ҚазКСР арасындағы территорияға байланысты ең басты қарама қайшылық ол Сібір жерлері үшін болды. Яғни ҚазКСР Сібірді қайтарып беруді сұрады. Бірақ Кеңес өкіметі әрине бұл талапқа келісе кеткен жоқ. Кеңес өкіметі де өздерінің талабын қойды олар Байқоңыр аумағын беруді талап етті. Бірақ ҚазКСР Байқоңырды беруді бас тартқан соң Кеңес өкіметі де Сібірді қайта бермеді.Жалпы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж.26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарыy қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам).Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған жақсы. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді.

43. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптарын анықтаңыз.
Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды. 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты. 1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.

44. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты сипаттаңыз.
«Ел көшін бастау – маған сын, мені қостау – елге сын» деген Президентіміздің сөзін  ту еткен қандастарымыз елге қайта оралу үдерісін бастады. Тәуелсіздіктің арқасында ұлт ретінде түгенделіп жатырмыз. Қазақ жеріндегі және сырт елдерге кеткен қазақтардың рухы, салты, тілі мен әдебиеті, мәдениеті, тарихы біртұтастанып, байытыла толығып жатыр. Өз отанында басы біріккен қазақ сан жанынан көбейіп, сапасы жағынан дамудың жаңа сатысына аяқ басуда. Бұл тарих таразысының әділдігінің және қазақ халқының өміршеңдігінің дәлелі. Әділдігі – шетелге қашуға мәжбүр болып, төрткүл дүниеге тарыдай шашыраған қазақтың өз отанына қайта оралуында. Өміршеңдігі – «мың өліп, мың тірілген» қазақтың жаңа сапалық, сандық өлшемге жетіп, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып дамуында.
Атамекенінен айрылған қазақтардың қайта оралуы кеңес дәуірінде де орын алғанын айтумыз керек. Соның ішінде 1950-жж. Қытайдан қайта оралған репатрианттарға ерекше тоқталуға болады.
1950 жж. ортасында КСРО-ның саяси өміріндегі «жылымық» жылдарында Қытайдың Шыңжаң аймағынан КСРО-ға, соның ішінде Қазақстанға 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына қатысқандарды жазалау экспедициясының әскери қимылдарынан қашқан, кеңес өкiметiнің қысымына шыдамай ел асқан, 1921-1922 жж. мен 1929-1933 жж. ашаршылық жылдарында шетелге өтiп кеткен бауырларымыздың және олардың ұрпақтарының бір бөлігі атамекеніне қайтты. Екі ел арасында кеңес азаматтарын қайтару туралы арнайы келісім болған жоқ. Бірақ, 1954 ж. КСРО мен Қытай арасындағы қарым-қатынас туралы жасалынған 10 жылдық келісім-шарт «кеңес азаматтарының» КСРО-ға қайтуына жол ашты. Сонымен бірге, КСРО Министрлер кеңесі 1954 ж. 16 сәуірде № 751-329 ерекше құпия жарлығы бойынша маусым-тамыз айларында Қытай Халық Республикасындағы «кеңес азаматтарын» тың жерлерді игеруге көшіру туралы, 1955 ж. 17 қыркүйекте № 1701 «Шекарадан тыс жерлердегі кеңес азаматтарын репатриациялау және оларды КСРО-да еңбекпен қамту» туралы қаулы қабылдайды. Осы қаулылар негізінде Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен т.б. аудандарынан қазақ, ұйғыр, дүнген, орыстар қайта оралады .
1955 ж. Қытайдан қоныс аударған репатрианттар ресми құжаттарда «кеңес азаматтары» деп аталды. «Кеңес заматтары» деп аталу тарихына келсек: 1930-жж. Қытайдағы кеңес консулдықтарының жанынан құрылған Үрiмшi, Құлжа, Шәуешек, Алтай және Қашқарда орналасқан «Кеңес мұғаджарлар қоғамының» өкiлдерi мен олардың сенiмдi агенттерi 1945 ж. қаңтарда Шығыс Түркiстан ислам жұмхұрияты (республикасы) құрылғаннан соң, Кеңес Одағына қайтамын деген адамдарға кеңес азаматтарының паспортын үлестiреді. Олардың арасында 1916-1933 жж. арасында Қазақстаннан қашқан қазақ, ұйғыр, дүнген,  өзбек, орыс және т.б. ұлт өкілдері болды. Кезiнде «кеңестiк тазалау», «бай-кулактарды тазалау» деген желеумен жүрген кеңестiк саясаттың салдарынан қуғыншылыққа ұшырап,  шекара асқан қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкiлдерiне де 1950 жж. қайта оралу мүмкіндігі туды. Олардың шекарадан өткендiгi туралы белгiсi бар-жоқтығына қарамастан, тууы туралы куәлiгiн алып кеткендердi сол құжат негiзінде, ал, құжаты жоқтарды тiлектерi бойынша «кеңес азаматы» деген тiзiмге тiркедi. Сонымен бiрге, КСРО-дан бармағанымен КСРО-ға, Қазақстанға кетемiн дегендерге де мөр басылған Кеңес Одағы азаматының паспортын берген. Тiптi, паспорттарды қоржынға салып жүрiп, кез-келген жерде үгiтке ерген адамдарға үлестіріп, «кеңес азаматы» ретінде тiзiмге алған оқиғалар да кездескен. Осылайша, Қытай жерінде «кеңес азаматтары» деген контингент пайда болды . 1954 ж. КСРО мен Қытай арасында жасалынған 10 жылдық келісім-шарт «кеңес азаматтарының» КСРО-ға қайтуына жол ашты. Олар заңды түрде 1955 ж. жаппай Қазақстанға қайта бастады.
1955 ж. Қытайдан келген «кеңес азаматтарын» қабылдау арнайы тәртіппен жүргізілді. Олар Хоргос станциясынан Сарыөзекке жіберіліп, одан ары қарай Іле, Аягөз және Отпор станциялары жанынан құрылған 3 қабылдау-бөлу пункттері арқылы қабылданды. Әрбір қабылдау, бөлу пунктін ауыл шаруашылығы, кеңшар және құрылыс пен көлік министрліктерінің одақтық және республикалық көлемдегі өкілдері басқарды. Оларға көмекші ретінде әрбір облыс орталықтары мен аудандардан есепшілер мен техникалық қызметкерлер бөлінді. Қабылдау арнайы жоспар мен график бойынша жүргізілді. Барлық пункттерде сауда орындары ашылып, дәрігерлік және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылды. Көшіп келген «кеңес азаматтарына» көмек ретінде: отбасы басшысына 3000 сом, мүшелеріне 600 сомнан қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банкіден жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін, мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.
Сонымен, 1955 ж. тікелей өзіне қатысты мәліметтерді саралар болсақ, Қазақстан кеңшарларына 240 отбасы (39467 адам, соның iшіндегi еңбекке жарамдысы 13508 адам) көшiп келдi. Сондай-ақ, ұжымшарларға қоныс аударған «кеңес азаматтарының» саны 2529 отбасы (16016 адам, оның 8407-сi еңбекке жарамды, 1261-і еңбекке жарамсыздар мен қарт кiсiлер, 8 жасқа дейiнгi балалар – 3835 адам, 8 жас пен 16 аралығындағы балалар – 2515 адам) болды . Қытайдан келген «кеңес азаматтары» негiзiнен, жұмыс қолы жеткiлiксiз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жiберiлдi. Сол сияқты, құрылыс пен көлік салалары бойынша да орналасты.
Қоныс аударушыларды қабылдаған шаруашылық басшылары жылы қабақ танытып, оларды жұмыс орындарымен, қолайлы баспанамен қамтамасыз етуге тырысып бақты. Мүмкіндігі барлары жаңа үй берсе, жоқтары ескі үйлерді жөндеуге немесе жаңадан үй салуға қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге көмектесті. Әр шаруашылық келісілген шарт бойынша, тиесілі малын, ақшалай көмегін беріп, өзінің экономикалық күш-қуатына қарай отын-су, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысты. «Бір қой егіз туса, бір түп жусан артық өседі» дегендей аштан өліп, көштен қалмаудың жағдайлары жасалды. Тіпті, тұрғылықты адамдарға жетпейтін болғандықтан, тек қоныс аударушыларға ғана қолда бар азық-түлік т.б. қажетті заттарды берген шаруашылықтар да болды. Бұл тұрмыстық қиындықтар көріп жатқан жергілікті тұрғындардың арасында наразылықтар тудырып, Қытайдан көшіп келуші «кеңес азаматтарына» суық қабақпен қараған жағдайларға әкелді. Яғни, барлық жерлерде Қытайдан келушілерге деген көзқарас бірдей емес еді.
Көшіп келушілердің басынан өткізген қиыншылықтар мен кедергілерге келетін болсақ, онда ауыртпалық әуелі азды-көпті білімі бар азаматтардың басына түскенін байқаймыз. Қайсыбір шаруашылық басшылары көшіп келушілердің ішіндегі малшы, бақташы, механизаторларын іріктеп алып, қалғандарынан ат-тонын ала қашқан да кездері болды.
Қытайдан «кеңес азаматтары» 1955 ж. 1-сәуірінен ұйымшылдықпен келе бастаса, сол жылдың қыркүйек айында Республикалық Қоныс аудару басқармасына қоныс аударушыларды қабылдаудан бас тартқан және орнығу кезіндегі келеңсіздіктерге душар болғандардың реніші мазмұнындағы хаттар көптеп түсе бастады. Мұрағат құжаттарына сөз берсек, Қазақстанға көшіп келушілердің негізгі қатынас тілі – орыс тілін білмегендіктен тұрмыста, жұмысқа орналасуда, дәрігерлік көмек қабылдауда, білім алуда және т.б. байланысты бірқатар қиыншылықтарды басынан өткізгенін байқаймыз. Мұрағаттардан қоныс аударушылардан үкімет органдарына шағымданған құжаттары кездесті. Тек, 1955 ж. өзінде Қазақ КСР кеңшарлар министрлігіне қоныс аударушылардан арызданған 280 хат түскен.
Керісінше, Қазақстанға көшіп келгеннен соң, не несие алмай, не үй салу қаракетін жасамай, барғысы келген жаққа рұқсатсыз кетіп қалғандар мен жергілікті жерлердегі тәртіпсіздіктерге себеп болған жағдайлар да болды. Елдің солтүстік аудандарына жіберілгендері оңтүстікке, әсіресе, Алматы, Талдықорған облыстарына, орыс ұлты өкілдерінің Ресейге көшіп кету оқиғалары орын алды. Өз ұлтының өкілдері жинақы орналасқан жерлерге көшіп кетіп, бастапқы орналастырған жерінде тұрақтамаған репатрианттар да кездесті. Несиені алған соң орналастырған жерінде бекімей қашып кеткендер, кейіннен оларды милиция органдары арқылы таба алмаған немесе кейбір репатрианттардың кері Қытайға жіберуді сұраған жағдайлар да болды.
Репатрианттардың бір тобы кеңшарлар мен ұжымшарларға және көлік жолдары мен өндіріс орындарының құрылысына тартылды. Қытайдан келген «кеңес азаматтары» Қазақстанның барлық облыстарына бөлінді. Жоспарлы түрде белгілі бір елді мекендерге жинақы орналастыру шаралары жүргізілгенімен, уақыт өте, қайта оралған қазақтар, негiзiнен, Алматы, Талдықорған, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарына шоғырланды.
1960 ж. кеңес-қытай қарым-қатынасы шиеленіскенге дейін екі жақта қалған туыстар арнайы виза мен ресми куәліксіз бір-бірімен араласып тұрды. Қытай егіншілері кеңестік жерлерден келіп шөп, отын-ағаш дайындап, балық аулайтын. Шыңжаңда Орта Азиядан шыққандардың автономиялық уездері мен болыстары болатын . 1962 ж. жағдай өзгерді. Сол жылы Қытайдың Іле-Қазақ автономиялық облысынан өткендердің саны 100 мың болды (көпшілігі қазақтар мен ұйғырлар). Шекара жабылады.
Осы жылдардағы қазақтардың тарихи отанына көші-қонына тарихшы, ғалым З. Қинаятұлы: «...біріншіден, атажұртқа оралған көштің бастауы, екіншіден, империал-коммунистік аса қатаң жүйені өзіне мойынсұндырған күрделі құбылыс», – деп баға бере отырып, – ол көштің легінде келгендер өкіметтен бір басының сыйуынан өзге ештеңе күтпеген. Олар саяси идеологияның қатаң бақылауында жүріп-ақ, қазақтың этномәдениетіне өзіндік үлес қосты», – деген тұжырым жасайды.
Партиялық және үкіметтік органдар репатрианттарды қабылдау еңбекпен қамтамасыз ету, орналастыру және тұрмыстық жағдайларын реттеу мәселесін мейлінше қатаң қадағалауға тырысты. Қытайдан оралғандардың негiзгi бөлiгi ауыл шаруашылығы салалары бойынша орналастырылды. Репатрианттар, негізінен, еңбек күшін қажет ететін, мал шаруашылығымен айналысатын совхоздары көп облыстарға жіберілді. Мұрағат құжаттары, ең алдымен, ауыл шаруашылығына қатысты мамандық иелерінің қабылданғанын, басқа мамандық иелерін де осы сала мамандықтары бойынша жұмыспен қамтамасыз еткендігін айтады. Бірақ, көбіне арнайы мамандықтары бойынша орналастыруға тырысты. Қоныстанушылардың көпшілігі шопандар, малшылар, құрылысшылар болды. Мамандығы бойынша орналаспағанына, үй-тұрмыстық жағдайының нашарлығына, несие мен медициналық көмек алудағы қиыншылықтарға және тағы басқа кедергілерге байланысты наразылықтар болды.
Қытайдан көшiп келгендерге арнайы жеңiлдiктер жасалынды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1962 ж. 24 мамырдағы № 380-51 қаулысы негiзiнде әрбiр келген адамға 40 сом мөлшерiнде (қайтарылмайтын) көмек 1 сом тәулiк ақы және азық-түлiк, өнеркәсiп товарлары беріліп, көмек көрсетiлдi.
1963 ж. 18 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінiң «ҚХР-нан келген азаматтарға тұрғын үй және тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы» арнайы қаулысында облыстардағы совхоз директорларына қоныстанушыларды бiрiншi кезекте үймен қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен бірге репатрианттарға сатуға 5400 т. ұн, 225 т. қант, жылы киiмдер: жылы кеудеше, 20 мың шалбар, 24 мың пар қолғап, 24 мың пар етiк т.б. бөлiндi. Мәселен, 1961-1963 жылдары бiр Алматы облысынын  колхоздары мен совхоздары 10030 отбасын қабылдады. Яғни 45094 адам, оның 21 мыңы еңбекке жарамды болып келдi. Ұлттық құрамына келетін болсақ, келгендердiң 60%-ы қазақтар, 35%-ы ұйғырлар, қалғандары дұнған, татар, орыс, өзбек. 1962 ж. Гвардейск өндiрiстiк Басқармасының «Жоламан» совхозына ҚХР-нан 78 отбасы орналасқанмен, еңбек ақының төмендiгiнен және тұрғын үй жағдайының нашарлығынан бұл жерден 28 отбасының кетуiне тура келген . ҚХР-нан келген көші-қоншыларға жағдай жасамаған шаруашылықтар да болды. Мысалы, Қызылорда облысының көптеген совхоздарында жекелеген шаруашылық басшыларының бюрократтық тұрғыда қатынас жасауының салдарынан, оралмандарды орталықтан алыс, елсiз жерге орналастырып мән бермеген. Нәтижесiнде Қазалыдағы Көларық бөлiмшесiне келген 12 отбасының 11-сі совхоздан кетуге мәжбүр болған. Сондықтан ҚХР-нан келген азаматтардың көбiсi басқа облыстарға барып орналасты. Дегенмен, 1964 жылдың аяғына қарай репатрианттарға мәдени-тұрмыстық жағдай жасау жақсара түстi.
Қытайдан келген репатрианттардың көпшiлiк бөлiгi бiрден еңбекке араласып кеттi. Мысалы, Алматы облысы Панфилов ауданында Калинин колхозында Мауленовтер отбасы шопан қызметiн атқарып, әр 100 саулықтан 118 қозы алған, аудандық кеңес депутаттығына сайланған. Мұндай мысалдарды көптеп келтiруге болады.
Тарихи әдебиеттерде 1950-1960 жж. Қытайдан қайта оралған қазақтардың саны туралы мәліметтер әр түрлі. Репатрианттардың саны туралы қазақстандық, шетелдік тарихшылардың пікірлері де әр басқа. Сондықтан, бұл мәселеге орай өз ойымызды айтар болсақ, мұрағат құжаттарын саралай отырып, 1954-1963 жж. Қытайдан 268371 репатриант қайта оралды деп есептейміз: 1954 ж. 2461 адам Қытайдан ұйымдасқан түрде келді. Келесі 1955 ж. мен 1963 ж. аралығында барлығы 199269 адам ұйымдасқан түрде, ал, 1962 ж. сәуір айында 66841 адам өз бетінше Қытайдан Қазақстанға оралды. 1962 ж. келгендердің ішінде 16135 әйел, 27375 бала, 13121 жалғыз бастылар тіркелді . Барлығын қосар болсақ, репатрианттар саны 268371 адам болып шығады. Қабылданған репатрианттардың көбiсi басқа республикаларға да барып орналасты. Мысалы, 1954 – 1965 жж. ҚХР-нан келген 47569 отбасы (259398 адам) республиканың 14 облысына орналастырылды, 1849 отбасы (8984 адам) басқа республикаға жiберiлді . Оларды шегеріп тастасақ, 1954–1965 жж.Қытайдан Қазақстанға барлығы 259, 4 мың репатриант келді деп есептейміз.
Қытай Халық Республикасынан келген қандастарымыздың негiзi ауылдық жерлерге орналасты. Олардың Қазақстанға қайта оралуы 1960-1962 жж. Қазақстандағы халық өсіміне негіз болған «демографиялық» жарылысқа әсер етті деп айта аламыз.
Бүгінде қазақстандықтардың саны – 16 776 мың адам . Қазақстандағы қазақтардың саны 11 миллионға жетіп қалды. Қазіргі Қазақстандағы қазақтардың 2 миллионнан астамы ХХ ғ. саяси-экономикалық, әлеуметтік катаклизмдердің нәтижесінде орын алған демографиялық апаттар кезінде шетелге кеткендердің ұрпақтары. 1950 жж. екінші жартысынан 1963 ж. аралығында Қазақстанға қайта оралғандар өсіп-өнуі негізінде 1 миллионнан асқан болса, Қазақстанға келген отандастарымыздың квотадан тыс өз бетінше келгендермен қосқанда 1 миллионнан асты. Сол себепті, 2009 ж. санақта 10098,0 мың адам болған қазақтардың шамамен алғанда 2 миллионнан астамы қайта оралған қазақтар болады (Қазақстандағы қазақтардың 19,8 %).
Сонымен,  Қытайдағы қазақтардың тарихи отанына қайтуының ХХ ғасырдағы тәжірибесі бұл үдерістің стихиялы түрімен бірге, жоспарлы шараларының да жүргізілгенін көрсетеді. Этникалық қазақтарды қазақстандық қоғамның  ажырамас бөлігіне айналдыруды мақсат еткен еліміз үшін отандастарымызды тарихи отанына қайтаруды демократиялық, құқықтық және әділдік негізінде жүргізу  мемлекеттік, ұлттық-стратегиялық маңызы басым бағыт болып табылады. Жетістігі мен шешімін күтіп тұрған мәселелері бар бұл үдеріс жалғасын табары сөзсіз.
45. «Жылымық» жылдарында экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформаларды ашып жазыңыз.
ХХ съезд елдегі «жылымық» дәуірінің басы болды. 1930-1950 жж. репрессияға ұшырағандар реабилитацияланды, жүздеген, мыңдаған адамдар елге қайтты. 1956-1957 жж. шешен, ингуш, балкар, қарачай, қалмақ халықтарының мемлекеттілігі қалпына келтірілді. Троцкий, Бухарин, Зиновьев, Рыков аттары әлі аталмай жатты.\\ХХ съезден кейін қоғамдық сана мен мәдениетте үлкен өзгерістер болды, қоғамның рухани жаңғыруы жүрді. \\ХХ съезден кейін қоғамдық сана мен мәдени тұрмыста елеулі өзгерістер жүрді. Әсіресе әдебиет саласындағы серпіліс нәтижесінде «Юность», «Наш современник», «Моладая гвардия», «Иностранное литература» журналдары шығарылып, қоғам тұрмысындағы проблемалар талқыланды. \\Б. Пастернак, Д. Гранин шығармалары қалың қауымның назарына ілікті. \\«Доктор Живаго» романы үшін Б. Пастернакқа Нобель сыйлығы берілді. Сол сияқты А.А. Вознесенский, Э.Н. Нейзвестный, М.М. Худциев т.б. мәдени қайраткерлердің аттары кеңінен танымал болды. \\50 ж. басында КСРО-да халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі аяқталды. 50-60 ж. (6-7- бесжылдық кезеңі) экономикалық даму тұрғысынан алғанда ең сәтті кезең болып есептелінеді. Экономиканың дамуы 5-6 % өсті. \\Халық шаруашылығын одан әрі дамытуда 50 ж. жүргізілген шаруашылық реформаларын атауға болады. 1953 ж. СОКП ОК қыркүйек Пленумы ауыл шаруашылығын дамытудың шараларын анықтады. Мемлекеттің ауыл шаруашылық өнімін сатып алу бағасы 3 есе өсті, үй жанындағы шаруашылыққа салынатын салық жойылды. \\1954 ж. ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыты тың және тыңайған жерлерді игеру болды. Тыңды көтеру жылдарында 33 млн. гектар жер егістікке айналды. 1956 ж. 125 млн. тонна астық жиналды, соның 40% тың аудандарынан жиналған болатын. Тыңды көтеру науқанында көптеген қиыншылықтарға қарамастан, жалпы халықтық энтузиазм, рухани жаңғыру, патриоттық сезім тұтастай қоғамның рухани-психологиялық мазмұны болды деп айта аламыз. \\1958 ж. МТС-ларды реорганизациялау туралы заң шықты. Техника түгелдей колхоздарға сатылды. Бір мезгілде колхоздар ірілендірілді, кейбір колхоздар совхоздарға айналдырылды. \\Экономиканы басқаруды децентрализациялау үшін 1954 ж. әкімшілік реформасы жүргізілді. Көптеген одақтық және республикалық Министерстволар жойылып, республикалық және облыстық аймақтық халық шаруашылық Кеңестері құрылды. (СОВ нархоздар) Стратегиялық салалар: қорғаныс, авиация т.б. салаларда ғана орталықтанған басқару жүйелері сақталды. Бірақ бұл жүйе тиімді болмағандықтан 1956 ж. қайтадан министрлік жүйеге оралды. \\1961 ж. СОКП-ның ХХІІ съезінде СОКП-ның ІІІ бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша 1980 ж. коммунистік қоғамның материалдық-техникалық базасын жасау белгіленді. Бағдарлама утопиялық мазмұндағы бағдарлама болатын. \\1954 ж. Н.С. Хрущев барлық партия және мемлекеттік қызметінен босатылды. Хрущев дәуірінің өзіндік қиыншылықтары болды. Дағдарыстар, қарама-қайшылықтар айқын байқалды. Алайда бұл кезеңді «Жылымық» кезеңі деп атайды. Десталинизация процесі жүрді, сыртқы және ішкі саясаттың бұрынғы стереотиптері өзгерді. КСРО дамуының жаңа басым бағыттары айқындала түсті. Хрущев дәуірін тарихи әдебиетте субьективті саясат дәуірі деп те атайды.

46. Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонынындағы ядролық сынақтардың зардаптарын сипаттаңыз.
Қоршаған ортаның жайы бүкіл планетадағы экологиялық жағдайға үлкен əсер етеді. Өйткені біздің республикамыз территориясының көлемі жағынан дүниежүзінде сегізінші орында тұр, соған сəйкес ұлан ғайыр шекараны алып жатыр. Құрғақ жердегі12 мың шақырымдай жерге созылып жатқан шекарамыз бес мемлекетпен, ал су кеңістігіндегі шекарамыз төрт мемлекетпен шектеседі. Қазақстанда қоршаған ортаның проблемалары негізінен өткен жүзжылдықтың соңына қарай шиеленісе түсті. Бұл өнеркəсіптің шексіз өсуінің, ғылыми, əскери зерттеулерді жүргізуде табиғи ресурстарды ойланбай, қалай болса солай пайдаланудың, ел территориясына əскери полигондарды орналастырудың нəтижесінде болды. Қазіргі кезде де республика терең экологиялық дағдарысты басынан өткізуде. Экологиялық дағдарыстан шығу үшін шұғыл жəне батыл іс-қимылдар керек. Құкықтық мемлекетте адамның Конституциялық құқы сақталуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясының31-бабында: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" делінген. Бұл қағиданы естен шығармауға тиіспіз/. Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы экологиялық проблемаларға тек қана бар күштерді біріктіріп жəне үкімет назарын аударып қоймай, экологиялық тəрбие мен білім беруді күшейтуіміз жəне топыраққа, суға, атмосфераға зиянды заттардың шығуын шұғыл азайтуға кезек күттірмейтін шаралар жасалуы кажет. Біздің республикамызда жүргізіліп жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты- адам өмірін жақсарту, елімізді дағдарыстан шығару жəне əлемдік қоғамдастықта оның лайықты орын алуына жету. Сондықтан қазіргі қоғам жаңа сападағы мемлекет пен құқық, экономика мен экология құруға ұмтылуы тиіс. Республикада экологиялық дағдарысты, туындататын бірнеше ошақтар бар. Экологиялық жағдайды қиындата түсетін негізгі факторлар:
- өнеркəсіп өндірісінде зиянды қосындылардың ара салмағының жоға-ры болуы(түсті жəне қара металлургия, газ, мұнай өндіру салаларында, химиялық өндірістерде, т.б.);
- əскери жəне ядролық полигондар(Семей полигоны);
- "Байқоңыр" ғарыш аймағындағы космостық(ғарыштык) станциялар-дың жұмысы;
- суармалы жерлерді игеру технологиясын күрт өсіру. Арал теңізінің жойылуға дейін бару себептерінің бірі- судың да сұрауы бар екенін ескермей, мақта, басқа да мəдени дақылдардың егіс көлемін есепсіз көбейту, су ысырабына жол беру салдарынан бірте-бірте Сырдария суының тартылуы, іпті жазғы маусымда өзен арнасының құрғауы, ал Амударияның теңізге жетпей кеуіп қалуы;
- пайдалы қазбаларды кейбір технологиялық процестерді сақтамай тағылықпен өндіру;
- энергетиканың дамуының зардаптары;
- жердің өзгеруі, жасанды тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану, тоғайларды кесу, топырақ эрозиясы;
- өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың көлемінің артуы;
- табиғатқа тікелей ықпал ететін əр түрлі өнеркəсіптік жəне шаруашы-лық объектілерін салу болып табылады.
Республикада индустриялық дамыған аймақтарда денсаулыққа қажет таза ауаның болмауы күрделі кеселдің бірі. Мысалы, бір ғана Өскеменде ауаның ластығы шектен тыс, онда зиян келтіретін заттар(азот, фенол, қорғасын) тиісті мөлшерден17-20 есе артық. Шымкент, Жезқазған, Қарағандыда демалатын ауа жетіспейді. Бұл1990 жылдардың басымен салыстырғаңда өнеркəсіп орындарының ластау мөлшерінің едəуір төмендеген кезеңіндегі жағдай. Оның себебі бəрімізге белгілі, осы кезде көптеген кəсіпорындар жұмыс істеген жоқ. Ауаны ең ірі ластаушылар: "Испат-Кармет", "Казахмыс", Балқаш химиялық комбинаты, Екібастұз ГЭС-і, "Тенгизшеврол". Қазақстан территориясында20 млрд. тонна қоқыс жинақталған. Жыл сайын оның мөлшері бір миллиард тоннаға көбейіп отырады. Оның ең көп үлесін мұнай өңдеуден, металлургиялық, тау-кен өнеркəсібінен шыққан уытты қалдықтар алады. Олар жыл сайын84,4 млн. тоннаға өсіп отыр. Орта есеппен алғанда, ормаңдарда жылына600-дей өрт болады. Орманның өте көп бөлігі заңсыз кесілуде. Бақылаушы органдар браконерлікпен өз дəрежесінде күрес жүргізбейді. Браконерлік, ауру жəне өрт өте бағалы аңдардың құрып кетуіне əкеліп соқтыруда/. Егер республиканың облыстары бойынша талдау жүргізсек, экологиялық жағдай мəз емес екеніне көзіміз жетеді. Алматы облысының экологиялық қиын жағдайы Балқаш көлінің проблемаларына, қолдан жасалған Сорбұлақ су қоймасына(Алматы қаласы-ның ағынды суын жинақтаушы), əуе жолының жағдайына байланысты. Балқаш көлі бассейнінде алаңдарлық жағдай қалыптасып отыр. Оның суын халық шаруашылығына алу(жыл сайын2,96-3,53 млрд. текше метр) жалғасуда. Қапшағай су қоймасы толтырылуда, Іле, Лепсі, Қаратал өзендерінен егістік үшін салынған су тоспалары өзін-өзі ақтамай келеді. Іле өзеніне тасқын сулардың құюын тоқтатуы, Шелек өзенін бөгеу есебінен Бартоғай су қоймасын, Үлкен Алматы каналын салу, өнеркəсіп орындарының қалдық суларын өзенге ағызу- осының бəрі Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне ықпал етті. Балқаш көлінің деңгейінің өзгеруі Балқаш өңірінің табиғи жағдайына кері əсерін тигізді. Сексеуіл азайды, балық аулау күрт төмендеді/. Газ өнеркəсіп орындары ілеспе газды пайдаға асырмау салдарынан айдалада босқа жанып, қоршаған ортаны ластауда. Жылына 740 миллион текше метрге дейін босқа кетуде. Мұнай, газ, кен орындары аймағы қоршаған ортаға мүмкіндіктен бірнеше есе көп зиян жасауда. Маңғыстау облысында Бозашы түбегінің территориясында төрт кен орнының(соның ішінде Қаламқас жəне Қаражанбас мұнай өнеркəсібі) 200-ден астам скважинасы суға бастырылды. Қазақстан территориясы жарты ғасыр бойы ең жаңа қырып-жоятын қаруларды сынау полигонына(Семей, Азғыр, Капустин Яр жəне басқалары) айналды. Сонымен қатар, бұған Қазақстан шекарасына жақын жатқан Қытайдағы Лоб-Hop полигонының зардабын қосуымыз керек. Семей полигонында ғана айналасына радиоактивті заттар шашатын ашық ауада жəне жер астында жасалған ядролық сынақтардың барлық қуатын қоссақ, Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбалардың қуатынан1000 есе жоғары екен. Семей полигонындағы ядролық жарылыстардың құрбандары-ның генетикалық зардабы Чернобыль атом электр станциясының зардапта-рын жоюшылардан 18-25 есе жоғары екендігі есептелген. Семей жəне басқа полигондарда барлығы ядролық қондырғылары бар500-ден астам сынақ жасалған. Ғалымдардың мəліметіне қарасақ, полигондағы сынақ жылдарында Семей аймағындағы50 мыңдай тұрғыңдар қауіпті радиациялық сəулелерден түрлі ауруларға шалдыққан. Ядролық қаруларды жер астында сынау суландыру жүйелеріне орны толмас зиян келтірді, жер асты суларының, бұлақтардың тартылуына əкеліп соқтырды. Ұзақ жылдар бойы атом қаруларын сынаудың адам өміріне шын мəніндегі əсері құпия түрде ұсталып, айтылмай келді. Олардың бірсыпырасында қатер-лі ісік аурулары пайда болды, тұрғындардың өлімі көбейді. Бұлардан басқа бала тууда азаю байқала бастады, жүйке аурулары жəне өзін-өзі өлтірушілер саны өсті/. Республика территориясында əр жылдарда Семей полигонынан басқа27 жерде38 қуаты түрлі ядролық жарылыстар жасалды. Бұл мақсатта басқалардан гөрі Атырау облысы көбірек пайдаланылған, онда барлығын қосқанда жаппай қырып-жоятын қарумен17 сынақ жасалған. Орал маңында-ғы полигондарда8 ядролық зарядпен жарылыс, ал қалғандары Актөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында болған. Арал теңізіндегі Возрож-дение аралы бактериологиялық қаруларды сынайтын полигонға айналған. Семей сынақ полигонының проблемалары, оның ерекшеліктеріне қарамас-тан, тек қана Қазақстанның ішкі мемлекеттік проблемасы емес. Бұл пробле-малар бүкіл планеталық масштабты қамтиды, өйткені қоршаған ортаны лас-тау деңгейі көрші елдерге(Қытай, Россия) айтарлықтай қауіп төндіреді. Біз қазіргі кезде экономикалық жағдайымыздың қиыншылықтарына байланысты əлмдік қоғамдастықтың қаржылай көмегіне көбірек көңіл аударудамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Семей полигонының проблемалары қаралған53-сессиясына Қазақстан делегациясы да Қатысты. Шетелдік жəне қазақстандық сарапшылардың пікірінше, ядролық сынақтардың зардаптарын жою үшін кемінде43 млн. доллар қаржы керек. Осы сессияның қорытындысымен"Қазақстандағы регионыныңсей жəне Қазақстан делегациялары қатысты. Талқылау мен пікір алысу кезінде аса маңызды мəселенің бүгінгі таңда туындатып отырған қиыншылықтары мен оның зардаптары кеңінен, жан-жақты əңгіме болды, ортақ шешімге негізделген аса құнды құжаттар қабылданды. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан"Протон" ракетасының апатқа ұшырауы экологиялық жəне экономикалық проблемаларға əсерін тигізіп отыр. Қарағанды облысының жеріне1999 жылғы июльде құлаған ракетаның59 ірі жəне70 майда сынықтары табылған. Аса қауіпті гептилдің ұшып, атмосфералық ауаны улауынан босқа өсімдік əлемі құрып кетті, жер ауылшаруашылығына пайдаланылмайтын жағдайға келді. Ал, 1999 жылдың ноябрінде Ақ-Тойғал селосына жақын мың жарым адам өмір сүріп жатқан жерге тағы да ракета құлады. Ракета сынықтарының ені5,7 шақырымға, ұзындығы25 шақырымға дейін шашылды. Зымыран əр ұшырылған сайын қоршаған орта жəне атмосфера ластанады. Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында ауа райы тəулікке жетпей күрт өзгеріп, алай-дүлей дауылды боран соғады. Ракета құлаған сайын радиациялық фон күшейе түседі. Торғай өңіріндегі Есенгір қыстағы аумағында1996 жылғы14 майда двигательдің істен шығуынан қорабындағы250 литр гептил, 400 литр азот тетраоксид жəне10 тонна керосині бар"Союз" зымыран-тасымалдағыш спутнигімен құлады. Нəтижесінде өрттің, мұнай өнімдерінің жəне гептилмен ластану салдарынан810 гектардың өсімдігі құрып кетті, ал жер алдағыуақытта ауылшаруашылығына пайдаланылмайтын дəрежеге жетті. Есептегенде экономикалық орасан зор шығын болды. Егер келтірілген экономикалық шығынды өтеуге болатын болса, ал экологиялық зиянның орнын толтыру мүмкін емес жəне оны ақшамен бағалауға болмайды. Ол өте ұзаққа созылатындықтан, оны бұрынғы қалпына келтіру өте қиын. Ал, табиғаттың кейбір ресурстары орнына келмейді. Қорытындысында экологиялық зиян адамның денсаулығына қатты əсер етеді. Жасыратыны жоқ, экологиялық зардап шеккендерді əлеуметтік қорғауға қоршаған ортаны қорғаудан ондаған есе көп қаржы жұмсалады. Мемлекетке экологиялық зиянның алдын алу жəне ескерту тиімді де арзанға түседі. Сонымен қатар, Қазақстанда экологиялық проблемалар өте көп. Таза судың қоры таусылып барады, басқадан гөрі Қызылорда, Торғай, Көкшетау, Қарағанды жəне Шығыс Қазақстан облыстарында су құбырының сапасы қанағаттанғысыз. Бұл су құбырлары құрылысының техникалық жағдайының күрт төмендеуінен, хлорланбағандықтан, желілердің жиі істен шығуынан, ауылдық жерлерде су құбырларының иесіздікке ұшырауынан болып отыр. Табиғи су объектілерінің өнеркəсіптік жəне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануы өте жоғары күйінде. Ертіс өзені бассейні экологиялық тұрғыдан алғанда өте қолайсыз жағдайда қалып отыр. Негізінен ластағыш заттар(мыс, цинк, фенолдар, нитратты азот) өзенге металлургиялық кəсіпорыңдардың қалдық суларымен келуде. Табиғи ресурстар- жер, жер астындағы байлықтар, орман жəне су жаҚазақстан мемлекетінің егемендігінің материалдық негізі. Көптеген экономикалық проблемалар, оның ішінде халықтың əл-ауқатын көтеру, көбінесе осыларды қалай пайдалануға байланысты. Соңғы жылдары елімізде табиғат қорғау қатынастарын үйлестіруде негізге алатын нормативтік актілер жасалып, қабылданды. Сөз жоқ, олар табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарды. Шетел инвесторлары мен Қазақстан арасындағы жағдай нақтылана бастады. Мұнай мен газ, аса бағалы жəне басқа түсті металдардың, тағы басқа кен орындарын пайдалануға айқындық енгізуге талаптар жасалуда. Соған қарамастан, Қазақстан кезінде тоталитарлық үкімет жүйесі қалдырған экологиялық дағдарыстан толық шыға алмай отыр. Семей, Каспий маңы, Арал региондарындағы экологиялық зардаптар соның куəсі. Сондықтан бұл өзекті мəселс- экологиялық проблемаларға жаңашакөзқарас, бұрынғылардан түбегейлі басқа табиғат пайдалануда жаңа идеоло-гия қажет: - экологиялық проблемаларды шешудің альтернативті варианттары(құрылымдық қайта құру, экспорттық саясатты өзгерту, конверсия); - аз қалдықты жəне ресурс сақтау технологиясын дамыту, технология-лық өзгерістер; - тікелей табиғат қорғау шаралары(əр түрлі тазалағыштар, сүзгіштер құрылысын салу, қорғауда болатын территорияларды белгілеу, рекультива-ция, тағы басқалар). Аталған бағыттар экономикалық дамуды экологизациялау проблема-ларын шешу, экономикалық өсудің тұрақты түрін қалыптастыру болып табы-лады
47. 1965-1966 жж. Эканомикалық реформалардың аяқсыз қалуы мен экономикалық экстенсивтік үлгісінің орнығуы туралы жазыңыз......
1959 жылы кезде жеті жыл қабылдауға Жоспар 1959-1965gg., Бірінші сатылы және ғылыми тапсырманы негізделген болатын қайталама кеңейту өндіріс қарқындату, бірінші кезекке болып табылады және орта 80-шы жылдардың реформалар басталды, өнеркәсіп әзірлеуге немесе мүмкін кең немесе қарқынды арқылы.
Бір қарағанда, өнеркәсіп Жеті жыл өте табысты дамыған. Ол өнеркәсіптік арттыру жоспарланған болатын 80% -ға өндіру және сандық терминдер, сондықтан 84% -ға өсті, бұл асып түсті. Технологиялық жетістіктерді көрсету үшін құрылымдық өзгерістер болды. Темір және болат өнеркәсібі 66-67% -ға, оның өндірісін өсіп, түсі - 2-3 фактор. Қара, бұрын соншалықты көп емес қажетті жаңа машиналар өндірісі үшін металл, бірақ көп емес - түрлі-түсті қорытпалар. Көмір өндіру тек 16% -ға өсті, ал мұнай өндіру - 2,2raza жылы [Жаңа қозғалтқыштар. сұйық отын қажет. химия өнеркәсібі өндірісі өсті 2,5 есе синтетикалық материалдар шығаруды арттыру жетекші бірі болды қазіргі заманның техникалық прогресс үрдістер. Бұл Алайда, кейбір прогрессивті құрылымдық өзгерістер орын алды кеш; Көмір ескі Quot және болат өнеркәсібі санаттағы ұзартқыш көшіп; Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін филиалдары. Енді бірінші орынға шықты өнеркәсіп және ғылыми-техникалық революция - роботтық техника, микроэлектроника және т.б. Алайда, жеті жыл жылдары технологиялық прогресс құрылымдық ғана емес білдірді өзгерістер. Бұл уақытта өнеркәсіптік әдістері көшу болып табылады Ғимараттың бөліктері зауытта мен құрылыс кезінде дайындалып, құрылыс, ойын алаңы құрастыру айналды.
Бірақ жеті жылдық өсу қарқыны жыл еңбек өнімділігі артты, бірақ төмендеген жоқ. Қысқартылған капитал өнімділігі, Яғни капитал бірлігіне шығару. BbIPOC бойынша шығыс 84%, негізгі капиталға өнеркәсібі - 100% -ға өсті. Бірақ қарқынды Жаңа техника, неғұрлым өнімді - капитал өнімділігі жаңа қаражат өсуі керек. Осылайша, қарқындату процесін көрсететін көрсеткіштер, процесінің баяулауы көрсетті. ұраны қарқындату емес, экономикалық ынталандыру арқылы күшейтілген. Әкімшілік жүйесі алынып тасталды бәсекелестік, және онсыз, Company Техникалық мүдделі болған жоқ прогресс, ол тек әкімшілік тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды, өйткені жоғарғы . Алдыңғы қатарлы елдердің КСРО Lag техникалық деңгейі өнеркәсіп өсті.
1964 жылы наурызда, билікке келді топ, негізінен ауыр экономикалық реформалар бапталған емес ең алдымен ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласында елдер. Алайда, арқылы бұл мәртебесі кво әрекет емес қиын болды, бұл жолы: жылы онда азық-түлік тапшылығына байланысты елдің кейбір бөліктері нормалау халықтың (купондар) енгізу керек және жасыру жағдай. 1965 жылы наурыз айында, КОКП пленарлық отырысы есеп онда Ауыл шаруашылығы ұзартқыш әрі қарай дамыту үшін шұғыл шаралар туралы; Жаңа партия басшысы Леонид Брежнев құрады. Пленум, оның шешімінде мәжбүр болды бұл Quot мойындайды; Ауыл шаруашылығы, оның өсуі баяулады. Оның жоспарлары даму орындалмаған болды. Баяу өнімді арттыру дақылдар. ет, сүт және басқа да өнімдерді өндіру Бұл жолы, сондай-ақ сәл Quot артты;.
партиясының саясаты және мемлекеттік кейін Наурыз Пленумы, әрине, түбегейлі өзгерту, мүмкін емес, бірақ ол әлі күнге дейін ауыл шаруашылығы ұйымының тарихында өте маңызды кезең болды өндіру. 1965 кейін. ауылға дейін өсті бөлу: жылы 1965-1985gg. Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға инвестициялар 670.4 млрд теңгені құрады. рубль, ауыл шаруашылығы өнімдерін үшін 2 есе сатып алу бағасы, мемлекетке сатуға, шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық базасын жақсартып, оның орнатылған қуаты артты. қыркүйекте 1965 КОКП Орталық Комитетінің пленумында Өнеркәсіптегі менеджмент жетілдіру туралы қаулы «қабылданды, жақсартылған жоспарлау және экономикалық ынталандыру нығайту өнеркәсіптік өндіріс, «жаңа ел басталды, оған сәйкес экономикалық реформалар.
Барлық дерлік зерттеушілердің
реформа атымен ММТУ байланысты. қыркүйек пленарлық отырысында туралы есеп болды кейбір ұсыныстар пайдаланылатын атақты экономист EG Либерман. Ретінде үлгісі кезінде кеңестік экономиканың болған жүйесін қабылданды ҰЭП, бірақ бір елеулі айырмашылық бар: 1920 жылы өте маңызды рөл 1960-1970 жылдары толығымен жеке кәсіпкерлік, ойнады жоқ. Әкімшілік және экономикалық шаралардың реформалау.
1965 реформалар
Жалпы тұжырымдамасы, үш бағыттан тұрады.
Бұл өткізу, біріншіден, болып табылады материалдық сыйақы топтарды жақсарту іс-шаралар өндірісін ұлғайту және өнім сапасын жақсарту үшін компаниялар.
Екіншіден, - іс-шараларды іске асыру жоспарлары кепілдік қамтамасыз ету үшін бағытталған жоспарлау, жетілдіру пропорционалды экономиканың секторларын дамыту және техникалық өсуі өндіріс деңгейі.
Үшіншіден, басқару қайта ұйымдастыру экономикалық кеңестер мен министрліктер құру жою арқылы өнеркәсіп емес, Бүкілодақтық, сонымен қатар бір қамтамасыз ететін одағы Республикалық ғана техникалық саясат және техникалық прогресс. Motives экономикалық екеуі болды және саяси: белгіленген Реформация көпшілігінің мүддесіне сай Одақтас республикалар. [[4]]
Экономикалық
басты мақсаты реформа экономикалық басқармасының әкімшілік әдістерін көшу болды экономикалық. Құны рөлі мен әсерін жақсарту үшін ұсынылатын Құралдар: сондықтан бағасы, пайда, несие, пайыздық, бонустар және осы орайда, астында. реформашыл түрлендіру, яғни теориялық базасын қолданылған социалистік өндіріс тауар табиғат тану болды. [[5]]
Реформалар
Тағы бір маңызды міндеті Кәсіпорынның жедел және экономикалық тәуелсіздігін күшейту жариялады. Реформа компания социалистік экономиканың негізгі сілтемесін жариялады. Тәуелсіздігін нығайту центр айтарлықтай қысқарту білдіреді қайта енгізу мақсаттары. Мекен-жайы директива жоспарлау болып табылады жойылды, бірақ (орнына 9.30 бойынша) тек бірнеше параметрлерге шектеулі , сату көлемі, олардың арасында жалақы төлеу, табыс рентабельділігі. Жоспарын іске асыру жалпы тұрғысынан емес білдірді және сату көлемінің, т. е шын мәнінде ғана қарастырады сатылды.
Кәсіпорынның бұрын-соңды болмаған алды бостандығы: олар өз өнімінен жоспарлауға болады еңбек, шығындарды азайту, орташа жалақы мәнін орнатыңыз. Барлық осы кәсіпорындардың табыстылығының қызығушылық құрылды және Жақсартылған экономикалық көрсеткіштері.
Реформа кепіл
Соңында, идея Толық құны есепке алу жөніндегі барлық бизнес аудару. Бұл тартылған экономикалық ынталандыру арқылы кәсіпорындардың басқару. Компаниялар үшін белгіленген ұзақ мерзімді экономикалық ережелер мен салық төлемдері, мемлекеттік бюджет өзара қарым-қатынас айқындау: активтер, жалдау ақысының үшін төлем, дамыту және экономикалық ынталандырулар үшін қаражат қалыптастыру стандарттары. Жеке ынталандыру тығыз бүкіл кәсіпорынның қорытындысы байланысты.
экономикалық қағидаттарына сәйкес кәсіпорындардың пайда реформа иелігінде қалады болды өндірушілер өздері.
1965 реформалау. Кейбір берді өндірістік өсу санын көбейту, экономикалық дамуын арттыруға. Туралы дәстүр Сегізінші бесжылдығының (1966-1970) қортындылау құрылған, Алынған нәтижелер, содан кейін өте маңызды болып табылады, бұл басым пікір тиімді. Шынында да, 60-шы жылдардың екінші жартысынан. Тиімді салыстыру 1961-1965gg. маңызды параметрлердің саны.
айтарлықтай өзгерістер болды баға белгілеу жүйесі: көтерме бағалар неғұрлым объективті нақты көрсетуі айналды шығындар мен туынды бизнес қазірдің өзінде сатудан түскен пайда алар еді олардың өнімдері. Экономикалық реформалар барысында анық ескірген қаралды олардың арттыру бағытында көтерме бағалар 1955 ж. 1968 жылы, нәтижесінде өнеркәсіп барлық дерлік филиалдары тиімді болды. Осы пайдадан кәсіпорындар бюджет өндірістік комиссияны жасау керек, (жалдау) төлемдері белгіленген, және өз ынталандыру қалыптастыру алмады қаражат.
1967 жылы, жаңа экономикалық жағдай бүкіл салаларын беруге бастады, және жұмыс жыл соңына дейін Индустриялық 37% -ды кәсіпорындар 15% жаңа тәсілі, өнімдер. қыркүйек (1965) шешімдері. Пленум жаңа бағалар жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек, деп атап көрсетті пайда бөлу жүйесін енгізді. Бұл өнімдердің бағасы білдірді барлық бизнес білім беру жеткілікті жоғары болуы тиіс бюджет қабылдау жоғарғы бекітілген стандарттарға сәйкес үш ынталандыру қорлары, тіркелген активтер мен капиталдың айналым капиталын қаржыландыруға арналған төлемдер орталықтандырылған жоспарына сәйкес компания инвестициялық. Соңғы Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы жыл 10 млн жоспарланған болса, білдірді. рубль болды. орталықтандырылған инвестициялық компаниясы, Goskomtsen өз өнімдеріне бағаны көтеруге мәжбүр болды а «өзін-өзі қаржыландыру» инвестицияларды қамтамасыз ететін деңгейге дейін. Идея өзін-өзі қазірдің өзінде жария, бірақ ол емес еді тұтынушының есебінен өзін-өзі қаржыландыру және қаржыландыру, көтеріңкі баға мен үстемдігін тапшылығы кезінде өнімдерді сатып алу жеткізуші (монополиялық өндіруші).Жаңа бағасы болды уақыт Барлық осы проблемалардың негізінде есептеледі және 1967 жылы қолданысқа енгізілді. (Жоқ 1965 және екі жыл өткен соң, кеңестік экономика мерзімі туралы, сондай-ақ ) барлық қоғамдық баға айырбастау үшін қажет болды. Сол уақыттан бері Ақша бөлу бойынша бағаның түзету жолында берік Баға тіпті экономиканың салалары арасында қаражат, оның салалары, кәсіпорындар, және компанияның ішіндегі (үш ынталандыру қорлар).
Ал, кемшіліктерге қарамастан, Реформа 1965-1967 жж. социалистік экономиканың дамуында маңызды рөл атқарды КСРО. Мүмкін, бұл ЖЭС күннен бастап кеңестік экономика болуы мүмкін. себептері реформа үлкен когерентного реформа ретінде dorassmatrivat жеткізілді жоқ, кім соңы аз болды білмедім. Біріншіден, тіпті кішкентай кеңейту мақсатты төмендетілген кәсіпорындар қосылған автономия таңдаңыз неғұрлым жеңіл шешімдерді. Нәтижесінде, өсімін озып бастайды еңбек өнімділігінің өсіміне салыстырғанда жалақы. Сонымен қатар, нақты күшімен қарсы реформалар: өндіріс ескі қатынастар, белгіленген әкімшілік аппараты, тас экономикалық ойлау. Әрекет өзгеріс біржақты материал еңбек мотивациясын мәжбүр Бұл бүкіл жоспарлау жүйесін дереу жойылуға әкеледі көрсеткендей, және алды бұл идея тастап кеткен болатын. реформа басқа себептермен ұмтылмаған. Айырбастау экономикадағы саяси өзгерістерге қолдау емес және әлеуметтік сала. көптеген қайшылықтар реформа бірте-бірте нарықтық экономикаға көшкен, басқарылатын болады. Алайда, ол саяси және идеологиялық себептер бойынша мүмкін емес. Тіпті «progressist», «білімдарлар» А Н Косыгин нарығының қарсылас болды және тек қарым-қатынас жеке элементтеріне әрекет, социалистік экономикалық реттеушілер рөлін нығайту, яғни. gosudarstvlennoy, жоспарлы экономикаға Директивасына. А.Н. Косыгин Брежнев, генерал қарсы кез келген елеулі реформаларды емес жақтаушысы. Сонымен қатар, Кеңес элита қорқып өршіп американдық Вьетнам араласуы, сондай-ақ «Прага Екінші «социализм беруге Чехосовакия ның әрекет 1968 Коммунистік партиясының» Көктем Сайып келгенде, әкелуі нарықтық тетіктер арқылы, соның ішінде Тыныс «, Чехословакия кеңестік шапқыншылығы. Кеңес Одағының экономикалық реформаның нәтижесі бастады сгустков, егжей-тегжейлі жоспарлау және операциялық оралу бастады министрліктер мен ведомстволардың бизнес әкімшілігі.
1964 ж. 14-қазанда СОКП ОК Пленумы Н.С. Хрущевты орнынан түсіріп, партия хатшысы етіп, Л.И. Брежневті тағайындады. Тарихи әдебиетте Л.И. Брежнев ұстанған бағыт консервативтік бағыт деп бағаланады.
1965 ж. СОКП ОК наурыз және қыркүйек Пленумдарының шешімдеріне байланысты елде шаруашылық саласында реформаны жүзеге асыру басталды. Ауылшаруашылық өнімдерін даярлаудың жаңа жоспарлары белгіленді. Мемлекеттің астық сатып алу бағасы 1,5, 2 есе өсті. Колхозшылар тұрақты түрде ақшалай еңбек ақы ала бастады. Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасын бекітудің нақты шаралары белгіленді:
1. Ауыл шаруашылығын электрофикациялау бағдарламасы.
2. Аграрлық өндірісті химизациялау.
3. Егістік даланы суландыру және мелиорациялау.
1966-1980 жж. аралығында ауылшаруашылығына 383 млрд. Сом инвистиция салу белгіленді. Осы шаралар ауыл шаруашылық өндірісін көтеруде үлкен маңыз алды. Алайда осы бағдарламаны жүзеге асыруда үнемі жоспардан ауытқу байқалды.
Ауыл шаруашылығындағы қайта құрулармен қатар өнеркәсіп саласын реформалау ісі жүргізілді. Реформа мазмұнын даярлауда КСРО Министрлер Советінің төрағасы А.Н. Косыген белсенді роль атқарды. Өзінің көзқарастары жағынан жоспарлы экономика шеңберінде экономикалық қатынастарды либерилизиялау бағытын ұстанды. Реформаның мақсаты орталықтанған жоспарлау негізінде кәсіпорындардың белсенділігімен праволарын кеңейту арқылы елдің экономикасын басқаруды жетілдіру болатын. Басқару құрылымы өзгерді:
Территориялық принциптен басқарудың салалық принциптеріне көшті. Совнархоздар жойылып, салалық министрліктер қайтадан құрылды. Өнеркәсіп орындарына белгілі-бір деңгейде автономиялық праволар берілді.
Кәсіпорындар бірыңғай мемлекеттік жоспар шеңберінде шаруашылық есепке көшіріліп, жоспарлау мәселесінде, негізгі фондыларды пайдалану мәселесінде өзіндік шешім қабылдау құқығын алды. Өндірістен түскен пайданың бір бөлігін өндірісті дамытуға, материалдық ынталандыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсау құқығын алды.
Реформа 1966 ж. қаңтарда басталды. 1970 ж. аяғында 41 мың өнеркәсіп орындары (барлығы 49 мың болатын) шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа жүйесіне көшті. Реформаның позетивті нәтижелерін көруге болады. Мысалы: 1966-1970 жж. сегізінші бесжылдық барлық көрсеткіштері жағынан осы кезге дейнгі бесжылдықтар нәтижелерінен асып түсті. Экономиканың тұрақты даму тенденциялары қалыптасты.
Өндіріс көлемінің өсу қарқыны ұлғайды.
Ұлттық табыс өсті.
Еңбек өнімділігі артты. Екі мыңдай жаңа өнеркәсіп орындары салынды.
Сонымен соғыстан кейінгі он жыл ішінде индустрилизация міндеті
жүзеге асты. 60 ж. реформалар елдің экономикалық дамуында үлкен роль атқарғандығын баса айтуға болады. Алайда бұл қарқын қысқа мерзімді болды. Реформа басқарудың экономикалық әдістерінің ролін күшейткенімен, ескі шаруашылық механизмді өзгерте алмады. Жоспарлы-директивалық экономика жаңа басқару әдістерін тез бейтараптандырды. 70 ж. басында реформалар бірте-бірте тоқырады.
1970-1985 жж. аралығында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында күрделі, қарама-қайшы процестер жүрді. Экономика көлемі ұлғайды. Ұлттық табыс 4 есе өсті. Ауыл шаруашылық өндірісі 1,7 есе өсті. КСРО-да бірыңғай халық – шаруашылық комплексі қалыптасты, бірыңғай энергетикалық, транспорт жүйесі қалыптасты. 1960-1985 жж. 9 мың жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылды. Территориялық-өндірістік комплекстер құрылды. (ТӨК). 70 ж. Батыс-Сібір, Павлодар-Екібастұз, Красноярск-Ачинска, Саян-Шушенска ТӨК құрылды.
Алайда осы аталған жетістіктер мен қатар экономикада тоқырау, дағдарыс белгілері байқала бастады. 1971-1985 жж. аралығында ұлттық табыстың өсу қарқыны 2,4 есе төмендеді, өнеркәсіп саласында 2,5 есе, ауыл шаруашылығында 3,5 есе 1981-1985 жж. аралығындағы ХІ бесжылдықтың көрсеткіштері орындалмады. Тоқырау-стагнация жағдайы қалыптасты. Бұл құбылыстың әралуан себептері болды, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша негізгі себеп экономикалық моделге байланысты болды:
Директивалық экономика экстенцивтік дамудың барлық факторларын сарқып, прогресті қамтамасыз ету қабылетінен айырылды.
Экономиканы милитаризациялау. Ұлттық табыстың 20% әскери салаға жұмсалды. Машина жасау заводтарының 60-80% Әскери Өнеркәсіп Комплекс тапсырыстарын орындап жатты.
АҚШ-пен әскери саладағы жарыс нәтижесінде екі елдің әскери қуаты тепе-тең жағдайға жетіп еді (паритет). Міне, осының өзі экономиканы тұралатып, қоғамдағы тоқырау тенденцияларын қалыптастырды.
Кеңес экономикасы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін баяу енгізіп, батыстағы технологиялық революцияға қатыса алмады.
Партияның ХХІҮ-ХХҮІ съездерінде елдегі қалыптасқан жағдайлар жан-жақты талқыланғанымен, ондаған қаулы-қарарлар қабылданғанымен жағдайды түзету мүмкін болмады. Директивалық экономика негізінде тоқыраудан шығу мүмкін емес. Тоқыраудың ең басты көрсеткіші ретінде мысал келтіруге болады. КСРО халқының жан басына шаққандағы табыс деңгейі тұрғысынан әлемде 77 орында болды.
1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды. 60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігі арттыру жүзеге аспады.Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енгізу арқылы жүзеге асты.
48. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын салыстырыңыз.
“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті.Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған кәсіпорын және оның басшыларының көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. ІХ бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне қарамастан өнеркәсіп көлемі 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%-ке, ал он бірінші – 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралып отырған жылдарда ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70%-ке өсіру міндеті қойылса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің “жалпы саны” өскенімен, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапония өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40% кем пайдаланды. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе осы себептен еді.Өндірісті көлемі жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8-10% ғана пайдаланылды. Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды.
1966 жылы басталған экономикалық реформа бастапқы Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси 70 жылдардың басында реформаны жүргізу тоқтатылды.Тоқырау жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары «Тоқырау» жылдары (1971-1985 жж.) республиканың индустриялықЭкономиканы басқаруды қатаң орталықтандырудың жағдайында өнеркәсіптің 70-80 жылдары алып кәсіпорындар түріндегі шикізат Директивалық жоспарлау және монополист-ведомстволардың мүдделері салдарынан Бесжылдықтан бесжылдық өткен сайын индустрияға жұмсалатын Экономиканың көкейкесті міндеттері көбінше әміршіл-әкімшілік әдістермен Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өсуі халық шаруашылығының Бітпеген құрылыстар түрінде аса көп материалдықӨмір сүріп отырған жүйе экономиканы жандандыруға Республикада Тула облысы Щекино қаласы химкомбинаты Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өндірістің құрылымы Бұл дәуірде Кеңестік басшылық елдің халық Шаруашылық жүргізудің жұмыс істеп тұрған механизмі 70-80 жж. республика экономикасында тұтастай елдің Ведомстволық бюрократияның жүгенсіздігі, «жоғарыдан» қатаң әміршілдік Өмір сүріп отырған шаруашылық жүйесі шын Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің әлеуметтік-экономикалық Бұл жылдары интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында «Қайта құру» кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған Өнім өсуінің күрт төмендеуінің тағы бір 1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу Экономикалық дағдарыс республикадағы өнеркәсіп өндірісінің көптеген Қазақстанда республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің Мемлекеттік шаруашылық басқару құрылымы өзгеруіне байланысты Бұл бағдарлама бойынша: бұрынғы Одаққа қараған Бұл шараларды іске асырғанда ең әуелі Сөйтіп, бұл бағдарламада қазіргі қоғамдық қатынастарды Алайда, осындай өзара уағдаластыққа қарамастан ұлттық Дегенмен әр түрлі себептерге байланысты бірінші 1991 жылы Қазақстандағы барлық кәсіпорындар мен Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық Халық шаруашылығына жұмсалатын қаржының барлық көлемі ХХ ғасырдың 70-80 жылдары Қазақстанда ұлттық Халықтың қалың бұқарасы арасында әлеуметтік жағдайын Қоғамды қайта құру, қоғамдық-саяси ахуалды жандандыру Қазіргі кезеңгі өмір талаптарына сай кейбір 1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-нде тіл Қоғамды жаңартып, қайтадан құруда ұлттық, демократиялық Қазақстанда тұратын адамдардың басым көпшілігі өз Нақты өкімет қоғамның барлық жолында партиялық Қазақстандағы ауыл мен қалалар арасындағы әбден Бұл құжатта Қазақстандағы 205 ауылдық ауданның «Невада – Семей» қозғалысы Семей және басқа полигондарда барлығы 500-ден 1989 жылы ақпанда «Невада – Семей» «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі белгілі қоғам қайраткері, Ядролық сынауды тоқтату үшін әскери өнеркәсіп «Невада – Семей» қозғалысының бастамасы бойынша Қазақстанда атом қаруын сынауды тоқтату үшін 2011 жылдың 29 тамызында Қазақстандағы СемейҚорытынды Тоқырау жылдарында Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті1985 жылы КСРО-да қоғамды демократияландыру белгілері
49. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсерін жазыңыз.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.2. Демократияландыру мен жариялылық.3. Төрешілдікке қарсы күрес.4. Халықтық реформа жүргізу.5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болдыЖелтоқсан оқиғасы
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
Кеңес саяси жүйесіндегі реформалар
1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан). 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады. КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Ресей Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Ресей «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.
Қоғамдық – саяси қозғалыста
Невада-Семей қозғалысы
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
1991 жылғы тамыз бүлігі
5 тамыз күні М. С. Горбачев отбасымен бірге Қырымда құрылысы жаңадан аяқталған Форосқа демалуға кетті. М. С. Горбачев демалысқа кеткеннен кейін ел билігін Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті өз қолына алады. 18 тамызда Форосқа ГКЧП (Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті) мүшелері — Бакланов, Шенин, Болдин, Варенников жөне Плеханов барып, М. С. Горбачевтің елде төтенше жағдай жариялау туралы құжатқа қол қоюын талап етті. М. С. Горбачев құжатқа қол қоюдан бас тартты. ГКЧП-ның басшылары вице-президент Г. И. Янаев, В. С. Павлов, Д. Т. Язов, Б. К. Пуго, В. Крючков, В. А. Стародубцев, А. И. Тизяков жөне Бакланов болды. 19—21 тамыз күндері ГКЧП басшылары Мөскеу төңірегіне өскерлерді өкелді. Бірақ, нақты іс-өрекеттерге бармады. Мөскеу қаласында демократиялық күштердің шақыруымен 500 мың адам қатысқан саяси шеру болды. Жиналғандар алдында Б. Н. Ельцин сөз сөйлеп, ГКЧП-ның іс-өрекеттерін антиконституциялық, антидемократиялық деп бағалады. ГКЧП мүшелері ешқандай қарсылық көрсетпеді. 1 тамызда ГКЧП мүшелері Форосқа барып, М. С. Горбачевті Мөскеу қаласына өкелді. 22 тамызда ГКЧП бас- шылары түтқындалды. Елдегі билік Б. Н. Ельциннің қолына көшті. 23 тамызда РКФСР Жоғарғы кеңесінде М. С. Горбачевтің КОКП-ты таратуға келісім беруі үзілді-кесілді талап етілді. М. С. Горбачев КОКП-ты тарату туралы келісімге қол қойды. Б. Н. Ельцин РКФСР компартиясын таратты. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белорусияның Беловеж Пущесын- да үш славян мемлекетінің басшылары — Б. Ельцин (РКФСР), Л. Кравчук (Украина) жөне С. Шушкевич (Белоруссия) кездесіп, “Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы халықаралық құқық негізінде өзінің өмір сүруін тоқтатты” деген мәлімдеме жариялады. 10 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылғандығы (ратификацияланды) бекітілді. 1991 жылы 16 желоқсанда Қазақстан Республикасы өз төуелсіздігін жариялады. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы 11 ел басшылары бас қосып, ТМД елдерінің ынтымағы ретінде Алматы декларациясына қол қойды. КСРО ыдырап, оның орнына жаңа одақ — ТМД құрылды. 1991 жылы 25 желтоқсанда М. С. Горбачев теледидардан сөз сөйледі. Ол “ТМД елдері одағының құрылуы, КСРО деген елдің жойылуы менің КСРО Президенті қызметінен бас тартуыма әкелді” деді. Кешкі сағат 19-дан 38 минут кеткенде Кремльдің үстіндегі КСРО-ның қызыл жалауы түсіріліп, оның орнына қызыл, ақ және көк бояулы Ресей жалауы ілінді. Сөйтіп, XX ғасыр тарихындағы ең ірі держава — КСРО деген ел тарих қойнауына кірді.
КСРО-ның сыртқы саясаты
70-жылдардың соңында КСРО- ның өз өскерлерін Ауғанстанға кіргізуі “қырғи-қабақ” соғыс саясатының жаңадан басталуына әкелді. АҚШ жөне оның одақтастары КСРО-ға қарсы күш көрсету саясатын жалғастыра отырып, “жұлдыздар соғысы” доктринасын қабылдады. Бүл КСРО Үкіметі үшін өте ауыр болды. Кеңес мемлекеті сыртқы саясатта Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі “барқыт” революциясынан қорғанып, кеңестік диктат саясатын жалғастырды. 80-жылдардан бастап КСРО сыртқы саясатта жаңаша ойлау доктринасын жариялады. 1985 жылы КОКП-Ның Орталық комитетінің сөуір пленумында М. С. Горбачев сыртқы саясаттағы жаңа доктринасын белгілеп, американ-кеңес қарым-қатынастарындағы келіссөздерді жаңа бағытқа көшірді. 1985 жылы күзде Женева қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. 2000 жылға дейін ядролық қаруды таратпау жөне қысқарту туралы келісімдерді жалғастыруға келісті. 1985 жылы қазан айында Исландия астанасы Рейкявик қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. Орта қашықтықтағы зымыран- дарды қысқарту туралы келіссөздер жүргізілді. М. С. Горбачевтың сыртқы саясаттағы жаңаша ойлау түжырымдамасын көптеген Батыс Еуропа елдері қолдады. Бейбіт қатар өмір сүру саясатын жалғастыру арқылы КСРО өзінің диктаттық саясатынан бас тарта бастады. 1987 жылы 8 желтоқсанда Вашингтон қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган үшінші рет кездесті. Олар орта жөне қысқа қашықтықтағы зымырандарды жоюға келісті. 1989—1991 жылдардағы Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі демократиялық революция нөтижесінде бүл елдерде социализмнен капитализмге өту процесі жүрді. 1989 жылы желтоқсанда АҚШ Президенті Дж. Буш (үлкен) жөне КСРО Президенті М. С. Горбачев Мальта аралында кездесті. Екі ел стратегиялық қаруларды 50 %-ға қысқартуға келісті. Химиялық қару-жарақты жоюға келісті. 1989 жылы қарашада Берлин қабырғасы құлатылып, бүл “қырғи-қабақ” соғыс саясатының символына айналды. 1990 жылы 3 қазанда екі Германия мемлекеті біріктірілді. Еуропада Герман Федеративтік Республикасы — біртүтас неміс мемлекеті құрылды. М. С. Горбачев пен Г. Коль екі мемлекетті біріктіруге зор еңбек сіңіріп, тарихта қалды. 1989 жылы 15 ақпанда КСРО Ауғанстаннан Кеңес өскерлерін шығарды. 1990 жылы М. С. Горбачев Нобель сыйлығын алды. 1990—1991 жылдарда КСРО-ның ішкі дамуындағы дағдарыс пен ұлтараздық, жергілікті соғыстар КСРО-ның халықаралық қатынастағы беделін түсірді. Халықаралық қатынаста бір полюстің ықпалы күшейе түсті. 1991 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы “құмдағы дауыл” соғыс жылдарында айтарлықтай қолдау жасай алмай, бейтараптық саясат ұстанды. КСРО үлы державалық саясатынан айырылды. 1991 жылы 28 маусымда Социалистік елдер арасындағы ынтымақ ұйымы, Өзара экономикалық кеңес ұйымы өз жүмысын тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Прага қаласында Варшава келісіміне мүше елдер өскери одақтың жұмысын тоқтатқандығы туралы келісімге қол қойды. КСРО-ның құлауынан кейін Төуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымы құрылып, КСРО-ның мүрагері — Ресей Федерациясының жаңа тарихы басталды.
50.Алматыдағы және Республиканың басқа қалаларындағы желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.Себептері :Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.\Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Осы тұста Желтоқсан оқиғасының шығу себебін еске түсіре кетсек артық болмас. 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен  Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Діңмұхаммед Ахметұлы Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ  В.Колбиннің «сайлануы»  болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға  қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді  айтып қалуға тырысты.Бірақ 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар.  1986 жылдың желтоқсанында Алматы қаласында болған оқиға әлі күнге толыққанды бағасын алған жоқ. Негізгі қалыптасып қалған ұғым, ол – Желтоқсан оқиғасы. Ал бұл атау сол жылдары ресми бекітілгенін де ұмытпаған жөн. «Желтоқсан оқиғасы» деген формулировка совет газеттері мен партия құжаттарында суреттеледі. Кейінгі, ресми құжаттарда да осындай атау бекітілді. Мысалы, КСРО Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің 1990 жылғы 18 мамырдағы қаулысына байланысты қалыптастырылғаны өздеріңізге мәлім. Кеңес билігі әу баста Алматыда болған оқиғаларды «қазақ ұлтшылдығының көріністері» деп бағалады. Орталық Комитеттің қаулысынан соң ғана Алматыда болған жайларды «Желтоқсан оқиғасы» деп аталып келеді. Ал шын мәнінде «оқиға» деген не? Негізі Желтоқсан көтерілісіне оқиға деп баға беру қазақтың азаттық жолындағы шешуші әрекеттерінің бірі және бірегейінің бағасын түсіретін сияқты. 2008 жылы жарық көрген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «оқиғаға»: «Оқиға – болып өткен іс, елеулі құбылыс» деп баға берілген. Бізге мәлімі, шын мәнінде, КСРО-ның құлауына тұңғыш рет алғышарт жасаған Алматы желтоқсаны болатын. Мұны әлемдегі қоғамтанушы-ғалымдардың бәрі бірауыздан мойындайды. Ендеше, «Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйеге тұңғыш демократиялық қарсылық 1986 жылы желтоқсанда Қазақ елінде, Алматы қаласында басталды» деп түзетіп жазуға күш салуымыз керек. Жазғанда, «әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы шығу» деген сөзді «Ресей-КСРО отаршылдығына қарсы шығу» деп түзетіп жазуымыз керек деген ой бар.Тарих – халықтың зердесі. Зердені жалған деректермен, өтірік ақпаратпен бұрмалап, халықты адастыруға болмайды. Зерде бүлінеді, сана сүрінеді, жад былғанады. Жад былғанса, халық мәңгүрттенеді. Мәңгүрт халық – болашағы жоқ халық. Айтайын дегеніміз — Желтоқсан ақиқатын әртүрлі саяси амбицияның, жеке бас ойындарының «құралына» пайдаланып, бұрмалауға жол берілмеу керек. Ұлт тарихын ұлықтап, кешегіні бүгінгінің биігінен зерделеу кезінде ертең өкініш болмауы үшін біздің де әлемдік озық әдістемелік үлгілерге иек артқанымыз жөн. 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» СССР жетекшілігіне Михаил Горбачев тағайындалып, Мәскеу «қайта құру» мен «жариялылық» саясатын ұстана бастаған кезеңдегі одақ көлемінде болған алғашқы саяси демонстрациялардың бірі ретінде тарихта қалды.Біз қазір өз еркіміз өзіміздің қолдағы, ешкімнің алдында есеп бермейтін, әлем мойындаған тәуелсіз мемлекетпіз.
51.Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы
Біздің бүгінгі өмірімізде Қазақстанда көп партиялық жүйе қалыптасу кезеңін басынан кешіруде, әлбетте бұл жүйеге өтпелі кезеңге сай тұрақсыздықта тән екенін де айтпауға болмайды.
1990 жылы КСРО-ның «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңы қабылданды. Ортақ мүдде жолында халықтың бірігу мүмкіндігінің жоғарғыдай заңдастырылуы, қоғамда саяси ұйымдардың құрылуына жол ашты. Сол кезде олардың басым көпшілігі уақыт көрсеткендей, биліктің қажетіне жарайтын саясатты жүргізуге лайықталған қолдан жасалған «қуыршақ» партиялар болды. Жалпы саяси партия-пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе оны жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік жасайды, соған жетуді мақсат етіп құрылатындығы әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелденген.
Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП)
Республиканың саяси өмірінде бұл партия 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның социалистік партиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады.
Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын, 47 мыңнан артық ҚСП мүшелерін біріктіреді. Партияғылардың 42 пайыздан астамы 40 жастан асқандар, 24 пайызы 40-50 арасындағылар. Олардың аррсында көптеген мемлекеттік жүйенің басқарушылары, халық депутаттары бар.
Қазақстан халық конгресі партиясы (ҚХКП)
Партия 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның тең төрағалары болып «Невада – Семей» қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын, саясаткер О.Сүлейменов пен «Аралды қорғау» қоғамдық қозғалысының жетекшісі, ақын, саясаткер М.Шаханов сайланды. Кейінен М.Шаханов төрағалықтан кетіп, «Арал – Азия – Қазақстан» қозғалысына ауысты. Сондықтан партияның төрағалық қызметін В.Рогалев, Г.Ерғалиева атқарды. Оның құрылтайшылары Семей-Невада, Арал-Азия-Қазақстан қозғалыстары, Әйелдер одағы, Тәуелсіз бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі қоғамы мен республика жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды.
Қазақстан халық бірлігі партиясы (ҚХБП)
Қазақстан халық бірлігі одағы 1995 жылы ақпан айыннан бастап аталмыш партияға айналды. Халық бірлігі одағының құрылтай съезі 1993 жылы 6 ақпанда өтті. Онда саяси Кеңес сайланып, оның құрамына 71 адам мүшелікке енді. «Қазақстан халық бірлігі» одағының лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды. Одақтың төрағасы болып халық депутаты С.Әдірахманов бекітілді. Басқару органдарына мемлекеттік билікте отырған бірнеше жас саясатшылар кірді. 1993жылы 2 қазанда халық бірлігі одағының бірінші съезі болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында, 20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық аудандарында құрылтай конференциялары өткен болатын.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады;
2) Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар;
3) Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы);
4) Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні -кәсіподақтар. Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еқбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.
52.Кеңес одағының ыдырауы және ТМД құрылуы
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.
Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-бесжылдықта (1986-1990 жж.) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан көздері іске қосылмады. 1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының бұрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап құлдырағаны байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейлінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.
Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Оның құрамына енген белгілі экономист Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг тағы басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары – акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді.
Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, ұлттық табыс 10%-ке, еңбек өнімділігі 5,4%-ке төмендеді. Тұтыну-сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы “көлеңкелі” экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 миллиард сомға дейін өсті. 1991 жылы Қазақстандағы барлық кәсіпорындар мен ұжымдардың 11%-і  шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар азайды.
Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1,5-3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті механизм мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алынды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60-65%-тен асқан жоқ. Соның салдарынан республикада ет, сүт, жұмыртқа сатып алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімі 8%-ке, еңбек өнімділігі 11%-ке  төмендеді. Мемлекетке небәрі 3,2 миллион тонна астық сатылып, бұл барлық жиналған астықтың тек 27%-ін ғана құрады. Колхоздар мен совхоздардың қаржы жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті.
Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған құрылыстар саны 1,4 есеге көбейді. Оған жұмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сомға жетті. Транспорт бойынша 1990 жылмен салыстырғанда жолаушыларды тасу 8%-ке қысқарды. Шет елдерге бұрынғысынша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым болды. Оның 60% қара және түсті металлургия өнеркәсіп өнімдерін құрады. Есесіне республика басқа жерлерден бұрынғыша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-ден астам түрлерін, 13% көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар мен шикізатты алдырды.
Мұндай жағдай өзге республикаларда да орын алды. Осыған байланысты Кеңес Одағы елдерінде ұлттық толқулар күшейді. Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын айқындады. Кеңес басшылары ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.Бұл Декларацияда негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; Республика әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-ұлттық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы;Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы бапта көрсетілді. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылдың ортасынан-ақ  Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды. 1990 жылы желтоқсанда төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива көтерді, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.
1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп жіберді. КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-министрі В.С. Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған КСРО президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің № 1 қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А. Собчак, КОКП басшыларының бірі А. Яковлев, Э. Шеварднадзе және т.б. қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, - деп атап көрсетілді.
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті.  Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның “Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін  бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті ұйымдастырылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.  1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами  бастады. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті.  Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар - елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер - Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды. 
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты. Әрине, оның кері салдарлары болды. Орныққан экономикалық, саяси, мәдени қатынастарды қайта орнату жаңа тәжірибесіз мемлекеттер үшін оңайға соқпады. Бірақ оның оң жақтары да болды. Ол 70 жыл бойы отарда болған, мәжбүрлі интеграция үрдісіне түскен мемлекеттер үшін, әлемдік қауымдастыққа өздерін жаңа, тәуелсіз, демократиялы, зайырлы мемлекеттер ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Алыс-жақын шет елдермен қатынас орнатуға мүмкіншілік туды. Көпшілікті қызықтырған, дүниенің бір бөлігін өз уысында ұстаған одақтың ыдырау себебіне тоқталар болсақ біріншіден КСРО-ның орталық билігі бұқаралық көпшіліктің сана-сезімінің әсіресе, ұлттың қайта өрлеп дамуы мен өсуінің заңдылығын мойындамағандығынан. Үшіншіден, өзінің дұрыс екендігіне сенген басқарушы элита әлеуметтік төмен адамдардың мәселелрін тыңдаудан және түсінуден қалды. Орталықпен одақ республикаларының мүдделері көп нәрселерде сәйкес келе бермейтін болды. Бұлардың бәрі әлеуметтік наразылықтар тудырып, қоғамның деформациясына алып келді. Қайта құру кезіндегі «реформаторлар» қоғамды жаңаша басқаруға қабілетсіз болып шықты. Қоғам саяси және мемлекеттік жетекшілерден түбегейлі өзгерістер күтті. Бірақ ол бітпейтін саяси талқыламаларға түсіп, нәтижесіз қалып жатты. Бөлек этникалық қауымдастаықтар әр түрлі бағыныштылы, тәуелділік сатысына қойылды.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
 53.Тәуелсіз Қазақстанның дамуының мемлекеттік стратегиясы
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз;  жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз».  Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді.  «Қазақстан өзінің геосаяси орналасуына және экономикалық әлеуетіне қарай тар аймақтық проблемалармен шектеліп қалмауы тиіс, - деді Президент. - Бұл біздің көпұлтты халқымызға ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа да түсініксіз болар еді. Қазақстанның болашағы - Азияда, Еуропада, Шығыста және Батыста. Нақ осындай саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстанның қауіпсіздігіне қандай да болмасын қатерлердің пайда болуына жол бермейміз». Өмір көпвекторлық ұстанымын толығынан ақтап шықты, республиканың өзінің ұлттық мүдделерін тиімді жақтай отырып, халықаралық аренада дербес және ықпалды ойыншы болуына мүмкіндік берді. Бірде Француз Республикасының Президенті Жак Ширак Қазақстан туралы былай деген болатын: «Франция 1991 жылы болған өзгерістерді маңызды және шешуші деп бағалайды. Белгісіз және күрделі жағдайда Сіздің еліңіз мемлекет құрудың қайтпас жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтарына және ұзақ тарихына адалдықпен қатар демократия мен құқықтық мемлекеттің жалпыадамзаттық ұстанымдарын. жақтайтындығын мәлімдеді. Қазақстан 15 жыл ішінде тұрақты институттары және серпінді экономикасы бар елге айналды».

54.Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы рөлі мен маңызын жазыңыз.
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау - рухани мұралардың сақталуына бағытталған мемлекеттік шаралар кешені. Қазақстанның немесе өзге мемлекеттің аумағындағы қазақ халқының тарихи және мәдени мұралары мемлекет тарапынан қорғауға алынады. Тарихи және мәдени мұраларға тарихи, шығарм., ғыл. немесе мәдени мәні бар діни не зайырлы сипаттағы мүліктік құндылықтар жатады: өнер туындысы, кітап, қолжазба, инкунабула, мұрағат материалдары, архитектуралық, тарихи, шығарм., монументалдық ескерткіштердің құрылымдық бөліктері, т.б. Рухани мұралар тізімге алынып, мемлекет аумағынан сыртқа шығарылмайды. Тек белгілі бір мәдени іс-шаралар кезінде құзіретті органның қатаң бақылауымен уақытша сыртқа шығарылуы мүмкін. Рухани мұраларды қорғау және сақтау мәселесі халықаралық дәрежеде қолға алынған. Көптеген халықаралық актілердің арасынан 1954 жылғы «Қарулы қақтығыс кезінде мәдени мұраларды қорғау туралы», 1972 жылғы «Мәдениет және табиғат мұраларын қорғау туралы», 1979 жылғы «Мәдени мұраларды заңсыз тасымалдау және оларға деген меншік құқығын беруге тыйым салу шаралары туралы» Конвенцияларды атауға болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туыҚазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимніБұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан НазарбаевОтанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұранықадірлеу,оныкөздіңқарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгіұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Елдік ертеңгі өскелең ұрпаққа берілер - ұлы мұра. Мұраның салмақтылығы елдің бейбітшілік, тұрақтылық, татулық және бірлігімен өлшенбек. Тәуелсіздіктің алғашқы екінші жылында-ақ дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтай өтіп, «қазақтардың кешегі, бүгінгі, ертеңгі» тарихы ғылыми конференцияға негіз болып, қазақ халқының кешегі тарихының тереңде екендігі әлемге паш етілді. Бүгінде әлем таныған қазақ елі тәуелсіздігінің мызғымастығы және рухының биіктігі ұлы мұра иегерлері қазіргі жастардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізер басты құндылығы. Тәуелсіздік идеясы ертеден-ақ халқымыздың жан дүниесінің ажырамас бір бөлігі іспеттес.
55. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттап көрсетіңіз.
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.
Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді.
Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында "Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.
56.Өтпелі кезеңнін қиыншылықтары экономикалық дағдарыс әлуметтік шиеленіс тұрмыс деңгейінің төмендеуі жұмыссыздық қылмыстың көбеюі.
Өтпелі кезең – КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезең тәуелсіз әрқайсысында түрліше болды.
Қазақстан Өтпелі кезеңді 1989 – 1996 жылдары өтті.
Ресей 1990 – 1999 жылдары бастан кешірді.
Ал олардың ең құлдыраған кезі – тиісінше 1994 және 1992 жылдары Экономикалық реформа социалистік лагерьге кірген мемлекеттерден:Польшада 1990 жылы жасалды.Венгрияда, Чехия мен Словенияда 1991 – 1992 жылдары жасалды.
Ал КСРО құрамында болған Қазақстанда шын мәнінде мұндай реформа 1994 жылы басталды. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институц. дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан постсоциалдық елдерде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ушыға түсті.
Ал кейбір елдерге Азиялық дағдарыс (1997) та әсерін тигізді.
Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді.
1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.
1994 – 1995 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды.
Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.[1]57.Индустриялық иновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.
Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру .
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр. Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.
Индустриалды-инновациялық саясат – бұл мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау көрсететін шаралар кешені. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыратын саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған.
Жалпы, президентіміздің өзі тікелей ендіріп отырған индустриалды-инновациялық саясаттың басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын инновациялық технологияларды ендіру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу екені мәлім. Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін атап өтеді. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау керектігін де айтқан болатын. Жалпы, индустриалды-инновациялық саясат бойынша өңдеуші өнеркәсіптер және қызмет көрсету салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісін дамыту мәселесі ең бірінші орынға қойылады.
Индустриялық-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттары бойынша елімізде жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекет жоғары технологиялы өндірістер қалыптастыруға, оның ішінде шетелдік те, салааралық та технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдесу үстінде. Сонымен қатар, жоғары ғылыми-технологиялық әлеуеті бар ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда қазіргі заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазіргі заманғы элементтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдауда. Индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазіргі ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану мүмкіншілігі біздің елімізде де берілген. Қазақстан қазірдің өзінде мына салалардағы әзірлемелер негізінде ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамыту үшін белгілі бір ғылыми базаға ие, оның ішінде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың  генотиптері, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнімдер және басқаларды жасау. Ғылыми-техникалық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуіне бағытталған заң шығару базасы да елімізде барынша жетілдіріліп жатыр. Бұл дегеніміз, бізде индустриалды-инновациялық саясаттың алғышарты жасалып қойғанын көрсетеді.
Президентіміздің жемісті еңбегінің арқасында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Ендігі уақытта Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілеттілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру. Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты.
«Еліміздің алдында тұрған үлкен мақсат – мынадай алмағайып заманда экономикамызды түзеп, жағдайымызды жөндеп, индустриялық Қазақстанды жасау. Сол кезде еліміздің келбеті өзгереді, басқа кадрлар даярланады, басқа ұрпақ өседі, экономика жаңарады. Біз шынымен де 30 өркендеген, өскен елдің арасына енеміз. Мақсатымыз – сол. Осындай мақсат қойған ел қызметкерлерінің жұмысы да қызық болады. Істеген жұмысыңның ертең нәтижесін көресің өзің. Қолыңмен істейсің, көзіңмен көресің, елдің ризашылығына бөленесің. Осы жұмысты атқару – бәрімізге бақыт. Осы бақытты пайдаланып еңбектенейік, халқымызға қызмет етейік», – деп айтқан болатын елбасымыз Н.Назарбаев үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңесте. Жалпы, 2014 жыл – Қазақстандағы индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы аяқталатын жыл. Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай, 2 шілде күні Үкімет Президент Н.Назарбаев алдында елдегі индустрияландыру саясатының барысы жайында жартыжылдықтың ресми мәліметін паш етіп еді. Индустриалды-инновациялық бағдарлама туралы атқарушы билік Елбасы алдында есеп беріп, 2014 жылдың І жартыжылдығының нәтижелері сараланды. Шындығында, бағдарлама барысы елдік дамудың келбетін көрсетіп қана қоймай, келешекке деген нық сенімді айқындай түскен секілді. Өйткені, дәл осы күні Мемлекет басшысы жалпыұлттық телекөпір арқылы ел аймақтарымен байланысып, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы дүниеге келтірген инвестициялық жобалардың және бір парасының тұсауын кесті. Үкіметтің өткен бесжылдық ішінде ел дамуының бас бағдарына баланған индустрияландыру саясатына бар күш-жігерін арнағаны сөзсіз. Өйткені, бұл Президенттің тікелей қадағалауда ұстап отырған тапсырмасы. Сонымен қатар, Елбасы өзінің бір сұхбатында «Менің арманым – индустрияланған Қазақстанды көру» деген болатын. Бұл дегеніміз, индустриалды-инновациялық саясаттың жүзеге асуы президент тарапынан тікелей қадағаланып отырғанын көрсетеді.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңестің қорытындысы бойынша, сонау жылдары дағдарыс дауылы дамуға кедергі келтіріп, экономиканы тұралатып тұрған тұста қолға алынған индустрияландырудың бергені аз емес. Үкімет те Индустрияландыру картасында межеленген бағдарламалардың нақты орындалуына баса мән беріп, көрсеткіштердің орындалуын қатаң қадағалаған. Нәтижесі де баршылық. Мәселен, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан 4-5 жыл ішінде 672 жоба іске қосылыпты. Ең бастысы, 69 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылған. Сөйтіп, жаһанды жұмыссыздық атты құбылыс жалмап тұрған тұста Қазақстанның осы саладағы көрсеткіші уыста ұсталды. Сонымен қатар, өткен жылдар ішінде индустрияландыру арқасында Қазақстанда бұған дейін шығарылмаған 325 түрлі жаңа өнімдер өндірісі игеріле бастаған. Бұл да индустрияландыру саясатының ел игілігіне айналғанының нақты көрінісі.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы 12 негізгі индикатордың 10-ында жоспарлы өсім көрсеткіші тіркеліпті. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қосылған құн салығының нақты өсімі 2013 жылы 24,5 пайызға артқан. Ел кәсіпорындарының инновациялық белсенділік көрсеткіші де екі есеге өсіпті. Жалпы ішкі өнімдегі энергияның қамтымдылық деңгейі 2008-2012 жылдар аралығында 13,6 пайызға төмендеген. Бұл бәсекелестікке қарай бетбұрысты білдірсе керек. Тоқтала кететін жайт, машина жасау, құрылыс индустриясы мен химиялық өнеркәсіп салалары өңдеуші өнеркәсіптегі өсімнің негізгі драйверлері саналады. Бұл ретте машина жасау 75 пайызға, металл емес өндіріс пен минералды өнімдер 47 пайыз, химиялық өнеркәсіп 28 пайызға өскен. Бұдан бөлек, Үкімет индустрияландыру картасындағы жобалардың жүзеге асуын жүйелі қадағалап келеді. Жұмыс тобының мәліметтеріне қарағанда, картадағы жобалардың 80 пайызында жұмыс жоспарға сай жүріп жатса, шамамен 300 жоба өздерінің толық өндірістік қуатына мінген. Тұтастай алғанда, Индустрияландыру картасына ілінген жобалар арқасында 3,2 триллион соманың өнімдері шығарылған. Ал Карта аясындағы жобалардың шет мемлекеттерге экспортқа шығарған өнімдер құны 133 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, Үкімет қазір 48 республикалық жобаны жіті бақылауға алған. Ал сол 48-дің 15-і бірінші бесжылдық аясында іске қосылады деп жоспарланса, республикалық жобалардың басым бөлігі, атап айтқанда 8 трлн. теңгені құрайтын 33 жоба келесі бесжылдықта іске қосылмақ. Сөйтіп, индустрияландыру бағдарламасының нақты нәтижелері екінші бесжылдықта сезіле бастайтынға ұқсайды. Бейнелі түрде алсақ, бірінші бесжылдық индустрияландырудың іргетасын қалады, енді негізгі жұмыс жанданбақ. Ендеше, бұл кезең Үкіметтен бұрынғыдан да сауаттылықты талап етеді.
2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде Үкімет нақты басым салаларды айқындау, экспорт бағдарын арттыру, бизнестің қатысуын арттыру, кластерлерді дамыту мен өңірлердің мамандануын тереңдету секілді мәселелерге барынша мән берген. «Бірінші бесжылдықта негізінен қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту шаралары жүзеге асты, сонымен бірге екінші бесжылдық үшін қуатты салаларды қалыптастыруға өндірістік негіз қаланды. Біз халықаралық сарапшыларды тарта отырып, қосылған құн тізбегіне қатысты зерттеулер жүргіздік. 300-ден астам өнім сараланып, оның ішінде шикізаттық база, технология мен өндіріс мүмкіндігінің қолжетімділігі, нарықтық әлеуеті мен экономикалық тиімділігі есепке алына отырып, 36-сы басым ретінде айқындалды», – дейді Индустрияландыру Картасына тікелей жауапты министр Әсет Исекешев. Дегенмен, оның сөзіне қарағанда, индустрияландырудың екінші бесжылдығы Қазақстан үшін оңайға соқпайтын тәрізді. «Индустрияландырудың бірінші бесжылдығын аяқтауға бар жоғы жарты жыл уақытымыз ғана қалды. Әлбетте, барлық көрсеткіштерге бірдей қол жеткен жоқ, кемшіліктер орын алды, қателіктер де жоқ емес. Түзетулерді де көп жасадық. Дегенмен, ағымдағы жылы бізге көршілес нарықтарда да, әлемдік нарықта да жағдайдың күрт нашарлап кетуі болжанады. Бұл негізінен шикізатқа бағаның тұрақсыздығынан, геосаяси тәуекелдердің шиеленісе түсуінен, сонымен қатар, капиталға қолжетімділіктің шектелуінен орын алуы мүмкін. Дегенмен, Үкіметте нақты іс-шаралар жоспары бар, ал ондай жоспарды жүзеге асыру оң нәтиже береді деп сенеміз», – деді Әсет Исекешев президентімізге берген есебінде. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы Үкімет индустрияландыру аясындағы 700 млрд теңгені құрайтын 120 жобаны іске қоспақ.
Елбасының сөзіне қарағанда, 2017 жылға дейінгі қабылданған Мұнай және газ секторын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, елімізде мұнай өңдеу 17,5 млн тоннаға, мұнай тасымалы 98 млн тоннаға жетуі тиіс. Газ өндіруді жылына 35 млрд текше метрге жеткізу міндеті де бар. Мұның барлығы экономика үшін аса маңызды салалар екеніне тоқталған Елбасы осы бағытта білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, білікті кадрлар ең алдымен индустрияландыру сұранысының талаптарына жауап беруі тиіс. Соған орай, Білім және ғылым министрлігі мен барлық өңірлер алдында білікті мамандар дайындау міндеті тұр. Қазірдің өзінде сұранысқа ие 20 мамандық пен 9 оқу орны анықталған. Түйіндей айтқанда, 2015-2019 жылдары жүзеге асырылатын индустрияландырудың екінші кезеңі экономиканың теңдестірілген құрылымын жасауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталады. Соның ішінде, ҮИИД-2 бағдарламасында 6 бағыт бойынша басымдық беріліп, негізгі өзек экономиканың теңдестірілген құрылымын жасауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталады. Жаңа жұмыс орындары елдің экспорттық әлеуеттін арттыратын қайта өңдеу саласында, макроэкономикалық тұрақтылық пен оның өсіміне қаржылық негізді қамтамасыз ететін дәстүрлі шикізат секторы, инновациялық және қызмет көрсету салаларында ашылатыны көзделіп отыр. Сонымен қатар, 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен әлемнің 30 дамыған елі қатарына кіру мақсатының маңызды құралына айналатын болады.
«Қазақстан - 2030» стратегиясын жүзеге асырудың соңғы жылдары, экономиканың сатылы дамуы адам басына орташа табысты екі есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Стратегияның көптеген сандық параметрлері мезгілінен бұрын орындалып болды. Осыған байланысты, сонымен қатар қауіпсіздіктің сапалы жаңа сипатына байланысты, ел басы «Қазақстан - 2050» стратегиясын дамудың жаңа векторы түрінде анықтады.
«Мен Үкіметке үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға екінші бесжылдық жобасын өңдеуге бірнеше тапсырыстарымды бердім», - деді президент.
Осы жолы, мәлімделінген экономика деңгейіне жету үшін, Қазақстан талай жігер салу керек. Ол үшін құрылымдық өзгресітерді жүзеге асыру қажет: жаңа жұмыс орындарын құрып, өндіретін өнеркәсіп даму деңгейін жоғарылатып, шикізат тәуелділігінен арылу қажет.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыру арқасында, мемлекетте тұрақты өнеркәсіп орнықты, бірақ оның кейбір түрлі салалары, 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламадан кейінгі дамуды талап етеді. Қазіргі өнеркәсіптік саясаттың негіздері салынып, өнеркәсіптік дамуды қолдаудың құралдары мен тұра шетелдік инвестициялады баурау тәжірибе жүзінде сыналды. Алайда ол да жеткіліксіз.
Өнеркәсіптік индустрияны дамытудың 2015-2019 жылдарға арнаулы бағдарламасы оның мықты және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдаудың арқасында өңделіп жасалды. Зерттеу барысында әлі де жеткіліксіз инвестициялық белсенділік, квалификацияланған мамандар жетіспеушілігі, кіші мен орта бизнестің аз үлесі тәрізді тосқауылдар анықталды. Олардың бәрін бағдарлама ресурстық секторларда өндірудің сапасын жақсарту, Кедендік Одақ, Қытай, Орта Азия елдері мен Каспий маңы елдері нарығына қол жеткізу тәрізді мүмкіндіктерді пайдаланып шешпек.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы «Қазақстан - 2050» стратегиясының қағидаттары мен мақсаттарымен сәйкес және республикамыздың ең дамыған елдер қатарына жату тұжырымдамасымен сәйкес жасалды.
Бағдарлама өзіне тәріздес табысты жүзеге асырылған осыдан бұрын өткен бесжылдықтың логикалық жалғасы болып табылады. Жаңа бағдарламаның басты мақсаты – әртараптандыру мен өндіру саласындағы мемлекет бәсекелестігін арттыру.
58.ЭКСПО - 2017 өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығы
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017  көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті. 2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017  көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өтті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.   2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға. 1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады.                    ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша  «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.

59.Тәуелсіз Қазақстанның этнодемографиялық үдерістері жіне ұлтаралық келісімнің нығаюы.
Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі адамдардың жақсы түрмысын ic жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда эрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны жэне жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы басты міндеттер: үлттық байлықты көбейту, халықтың түрмыс-тіршілігі жөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы жэне түрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту.
Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен жэне нарықтық экономикаға көшумен байланысты халықтың түрмыс жағдайы төмендеп кетті. Еліміздің экономикасының қүлдырауымен бай-ланысты еңбекақы, зейнетақы, жэрдемақы бүл жылдары тиісінші дэрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған ece артта қалып қойды. Халықты жүмыспен қамту проблемасы күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жүмыссыздық ба-сталды. Әсіресе, ауылдық жерлерде кеңшарлардың таратылуына байланысты жүмыссыздық көбейді. Жастар жүмыс іздеп қалаға шүбырды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. He баспана, не дайын жүмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен, үрлық-қарлықпен шүғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын көбейтті.
Қазақстанның элеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі — зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн. адамға жетті. Үкімет зейнетақы мәселесін шешу үшін үш бағытта бірқатар жүмыс жүргізді. Бірінші — зейнетақының бүрынғы қарыздарын жабу, екінші — зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші — зейнетақы жүйесін реформалау. Бүл үш бағытта жүргізілген ic- шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, 7-8 ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл түрғындарына ерек¬ше көңіл бөлінді. Зейнетақыны одан эрі арттыру бағытында шара¬лар жүргізілді. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1998 жылы 3 мың теңге болса, 2000 жылы 4 мың теңгеге жетті. 2000—2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мэрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері — 8335 теңгені қүрады.
Елімізде реформалау нәтижесінде аралас эрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі қүрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі - жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік жэне 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 млн. азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд. теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары түрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллион теңгеден асып түсті.
Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік. Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 ece, ал зейнетақы төлемдерінің орта- ша көлемі 3,3 ece көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық бюджеттен алады (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).
Халықтың түрмысындағы маңызды көрсеткіш — түрғын үймен қамтамасыз ету. Бүрын да, қазір де түрғын үй адамдардың ең ба¬сты мүқтажы болып отыр. 90- жылдары республикада түрғын үй салу төмендеп кетті. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жылдан бастап ілгерілеуімен байланысты түрғын үй қүрылысы соңғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй қүрылысына 29,4 млрд. теңге инвестициялық қаржы жүмсалды немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9%-ке артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Үй қүрылысы, әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. 2004 жылғы көктемдегі Президенттің халыққа жолдауында республикадағы ap- зан үй қүрылысын кеңейту, үзақ мерзімге 9-10 пайызбен берілетін ипотекалық несиелер, жинақтаушы түрғын үй банкілерінің көмегімен мүмкіндігі төмен отбасыларын түрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жарияланды жэне оны іске асыру үшін Үкімет қазір қарқынды жүмыстар жүргізуде. 2005—2007 жылдары 19 млн. шаршы метрден астам түрғын үй пайдалануға берілді. Бүл жоспардағыдан 22 процентке артық. Осы уақыт ішінде елімізде 44 мыңнан астам пәтер салынды. Бюджеттік қаржы есебінен 6 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер салынды.
Қазақстан үкіметі кейінгі жылдары халықтың эл-ауқатын жақсарту, соныңішінде еңбекшілер мен қызметкерлердің жалақысын арттыруға назар аударуда. Экономиканың көтерілуі әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың теңгені қүрады. Бүл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі меке- мелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек мүғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бүл мүғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін үлғайтуға мүмкіндік берді.
Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушыларынан айырылған жэне басқа да санаттағы түрғындарды элеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық түрғындардың 23,6%) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 1,5 ece көбейді. Бүл қазақстандықтардың кірісін айтарлықтай арттыр- ды, оған мынадай өсім индикаторлары дәлел болады. 1999—2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 ece (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі — 1,9 ece (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы — 2 ece (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі — 2 ece (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі — 1,5 ece (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орта¬ша мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақы көлемі — 1,3 ece (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті (Назарбаев H. Жаңа кезең — жаңа экономи-ка. // Егемен Қазақстан, 16.12.2004).
Түтастай алғанда, 90- жылдардың аяғымен салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға өсті.
Халықтың денсаулығын сақтау жэне оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл — Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жэне Фармация комитеті қүрылды. Жал-пы, 2000—2002 жылдары денсаулық сақтау саласынреспубликалық бюджеттен қаржыландыру екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен — 50%-ке дерлік үлғайды. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Соңғы он жылда (1997—2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 ece өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені қүрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салы- нып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жүмсалды. Соңғы бес жылда алғашқы көмек көрсету буынын қүрал-жабдықтармен жэне медициналық техникамен жарақтандыру 3 есеге жуық өсті. Егер осыдан 10 жыл бүрын 1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта ауылдықтар жер-жерде медициналық көмекпен қамтылып отыр. Түрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетуді қаржымен қамтамасыз ету көлемі кепілдендірілді жэне 2003 жылдан бастап өткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есеге артты (Егемен Қазақстан. 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды рефор-малау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарла- масы табысты жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президенті H. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (Егемен Қазақстан, 2005 ж. 19 ақпан) атапкөрсеткеніндей: Бүкілдүниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995- 2005 жж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 ece; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 ece; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 ece; жеке түлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 жэне 37 ece өскенін көреміз. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едэуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мүның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.
Түтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде еңбекақының ең төменгі мөлшері 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін — 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойын¬да орташа еңбекақы деңгейі жонінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік элеуметтік жэрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық ості. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік элеуметтік жәрдемақы алады.
Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға осіп отырды. Бүл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 7.02.2008).
Еліміздегі элеуметтік ахуал да түрақты қалпында. 2000 жыл¬дан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беру- ге, денсаулық сақтауға жэне әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам үлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бүл көрсеткіш осыдан бес жыл бүрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль қүрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де қүрастыратын бес кэсіпорын жүмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де қүрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, қүрылыс индустриясы жэне басқа салалар серпінді дамуда.
Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, элеуметтік мэселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды жэне елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бэсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тэуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, элеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды», — деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын.Тоталитарлы жүйе тұсындағы жалпы мемлекеттік саясатқа эклектизм, яғни қарама-карсы әр түрлі философиялық көзқарастарды, теориялық алғышарттарды, саяси тұжырымдарды қалай болса солай дәйексіз біріктіре салу тән болды. Соның нәтижесінде ұлттарды аға мен ініге теңеу саясаты, келеңсіз көріністер орын алды. Кеңес халқы тоталитарлық-саяси әдістермен біріккен қауым, оның мәдени негізі идеологияландырылған кеңес мәдениеті болды. Сол себепті саяси қатаң тәртіп сол әлсіреген кезде «адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы» ыдырап кетті. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империялық көңіл күйге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды. Ұлт мәселесі «атылмаған жанартау» болудан қалып, ұлт мәселесінің ақылды, парасатты шешімдерді қажет ететіндігі мойындалды.Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді.Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қазақ ұлты мен басқа этикалық топтардың мәдениетін, жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында — 13 мың, Алматы облысында — 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 740 мың, Жамбыл облысында — 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында — 700 мың, Қарағанды облысында — 610 мындай, Қостанай облысында — 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 360 мыңдай, Павлодар облысында — 330 мың, Ақмола облысында — 330 мың адам орналаскан.
60.Мәңгілік ел идеясының негіздері тарихи сабақтастығы қазақ мідениеті еркіндік бірлік күшті мемлекет жоғарғы мақсаттар. Ұлы болашақ туралы сипатап көрсетіңіз.
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.
Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.
Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» — дейді.[4, 382 б.] Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден бастайды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.
Еуроцентристік көзқарас бойыншатүркі тілдес халықтардың ынтымақтастығына деген сын айтушылар көп. Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты өз жемісін берді. Н.Ә. Назарбаевтың түрік халықтарының бірлігін нығайтудағы тарихи рөлінің қаншалықты маңызды болғанын аңғаруға болады. Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына қолдау көрсетіп, түрік дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі идеясы ашық әрі табанды насихаттала бастады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Тарихтың алға қойып отырған өктем талабы әрбір түрік еліне әртүрлі салада саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық тәсілдермен бірігу проблемасын шешудің бәріне бірдей тең институттық тетіктерін жаппай-тұрмай іздестіруді міндеттейді» [3, 120 б.], — дей отырып, түрік мемлекеттері интеграциясының тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін көрсетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады
Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген түркі тілдес мемлекеттерді жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның көшбасшысына айналдыру идеясы өз жемісін берді. Оған Түркістандағы Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуы, 2009 жылы Түркияның «Түрік ошақтары» қоғамдық ұйымынан Н.Ә.Назарбаевқа «Түркі әлеміне қызмет» марапатының берілуі, Астанада Түркі академиясының ашылуы, сонымен қатар, Анкара қаласындағы «Генчлер» саябағына Н.Назарбаев ескерткішінің орнатылуы, Түркия Президенті Абдулла Гүлдің Президент Н.Назарбаевты «түркітілдес халықтардың көшбасшысы» деп бағалауы — Елбасының түркі әлемін біріктіру, экономикалық және мәдени салаларды тығыз байланыстыру жолындағы тарихи еңбегіне берілген әділетті баға болды. Елбасының түркі интеграциясы жолындағы қызметінің мақсаттарының бірі — экономикалық ынтымақтастыққа негізделген.
2012 жылдың 12-желтоқсаны күні Түркия астанасы Анкара қаласында Лев Гумилевтің 100 жылдығына орай өткен «Лев Гумилев және оның түркологиялық ғылыми мұрасы» атты конференцияда Алтайлық түркітанушы Беликовтың: «Бүгін Мая күнтізбесі бойынша тұтас бір кезең аяқталып, түркі жұртының дәуірі басталды!» — деген жалынды сөздері барша түркі халықтарын дүр сілкіндіріп, ертеңге деген ерен сенім ұялатып отырғаны аян. ХХІ ғасырды Түрік мәдениетінің ғасыры болады деп болжам жасаушылардың қатары күн санап артып келеді. Осы орайда Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары, түркітанушы ғалым Дархан Қыдырәлі: «Енді осы Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз керек. Түріктің бойындағы пассионарлық қасиет қайта оянуда. Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тарихынсыз Еуразия кеңістігін елестету мүмкін емес. Ежелгі түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын еркін қоныстанған. Бүгінгі түсінікпен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет деп атауға болады. Біздіңше, Шыңғысхан идеялық тұрғыда ұлы түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың арасын мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан», — дейді.
Белгілі тарихшы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісі жайында диссертация жазған ғалым Елтоқ Ділмұхамедовтың қызы Эльза Ділмұхамедова Л.Н.Гумилевтен сұхбат алады. Лев Николаевич Гумилев «Қазақтың пассионар тұлғасы кім?» деген сұраққа: «Ол, әрине, хан Кенелерің» деп жауап беріпті. Эльза Елтоққызы «Қазақстанды алда не күтіп тұр?» деп сұрайды. Сонда ол: «Қазақстанда таяу уақытта мықты серпіліс, пассионарлық дүмпу болады» деген екен. Бұл жерде Л.Н.Гумилевтің этностардың өмір сүруі теориясы бойынша әрбір ұлт, әр халық 1200-1500 жылдай өмір сүреді. Осы кезеңде халықтың туып, өсіп-өркендеп, даму шыңына жететіні, содан соң біртіндеп құлдырап құрдымға кететіні дәлелденген. Осы эволюциялық үрдіске 1500-дей жыл кетеді екен. Ал Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылды. 14 ғасырдың орта шенінде қазақ халқы пайда болады. Соған қарағанда, халықтың даму жолының шырқау шегіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Эльза Ділмұхамедова Гумилевке тағы да бір сұрағын қойып, «халықтың күшейіп бара жатқанын қалай білуге болады?» дейді. Сонда ғалым: «Оның белгісі сол жерде алқалы жиындар өтеді. Халық пассионарлық болып жатса, тарихын зерттейді. Пассионар тұлғалар көбейеді. Алдымен бір адам туады, ол өз ойларымен екінші адамның ойын қозғайды. Және адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді. Міне, пассионар халықтың белгісі осындай» деген екен .
Гумилевтың айтқан сөздері жаңа дәуірге қадам басып жатқан Қазақ елінің қазіргі жағдайымен тұспа-тұс келеді. Гумилевтың «алқалы жиындар өтеді» дегені түркі ұрпақтарының ынтымақтастық жолында атқарып жатқан шаралары болса, «тарихын зерттейді» дегені түркі академиясының құрылуы және де 2013 жылы 5 маусымдағы М.Тажиннің ұлттық тарихты зерделеу бағдарламасының жариялануы, сонан кейін, «бір адам туады» дегені Ұлт Көшбасшысының дүниеге келуі, сонымен қатар, «адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді» дегені Елбасының Қазақстан 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын аяқтап, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын алға қоюы деуге болады.
Көне түркілердің «Мә .гілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді.
«Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасы, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X–XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды — әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды.
XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қарату еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
«Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. «Мәңгілік ел» - ежелгі түркілер мұраты. «Мәңгілік ел» - бабалардан мұраға қалған тарихпен суарылған қазақ халқының арманы. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; ұлы болашақ. «Мәңгілік елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті. Елбасының мемелкеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі орны. Мәңгілік елдің құндылықтары: 1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана
2. Ұлттық бірлік, бейбітшілік және біздің қоғамдағы ынтымақтастық
3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық
4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу
5. Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы
6. Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы
7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызы.
– 2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтасып, жалғасып жатқаны, біз Еуразия түркілерінің қара шаңырағын ұстап қалған мұрагері болып табылатынымыз ресми дәйектелді.Байырғы түркілерден жеткен «Мәңгі Ел» ұғым-түсінігінің мәні мен мазмұнын анықтап алу бүгінгі және болашақтағы ғылыми танымның нәтижесін дәйектеу бағытындағы бірінші қадам болып табылады. Біздің ойымызша, Күлтегін, Тоныкөк, олардың үлкен-кіші замандастары «Мәңгі Елді» идея ретінде де, манифест ретінде де тасқа басқан жоқ. Бұл ұғым-түсінікке халық пен тұлғаның, билік пен мемлекеттің пайда болғаннан соңғы демі таусылғанға дейінгі тағдыр-тәлейін сиғызды. Жарық дүниені қамтуы жағынан идеядан да, манифестен де әлдеқайда ауқымды. Өйткені идея дүниетанымның, ғылыми, көркем, т.б.с.с. ақыл-ойдың сүйенетін іргетасы, тірегі болса, манифестің мәнін жоғары билік немесе танымал күш тарапынан жарияланған бағдарламалық мәлімдеме құрайды. Орхон мұраларынан бұл екеуінің де белгілерін көруге болады. Дегенмен «Мәңгі Ел» сөзтіркесін бірінші кезекте тұжырымдама (концепция) мәртебесімен қабылдағанымыз жөн деп білемін. VIII ғасыр тұрғысынан келгенде, концепция дегеніміз – уақыт пен кеңістікке, үдеріс пен құбылысқа, бар мен жоққа, көк аспанның астындағы, қара жердің үстіндегі тыныс-тіршілікке тұтас көзқарас жүйесі.Осы тұтас көзқарас жүйесі, құрамдас бөліктерінің бәрінің мәні бір ауыз «Мәңгі Ел» сөзіне сиғызылған. «Мәңгі Ел» тұжырымдамасы дүниеге келген VІІІ ғасырда байырғы түркілер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өркениеттік дамудың биік шыңына көтерілген еді. Бұған Күлтегін тасындағы: «Тәңірі жарылқап, құтым бар үшін, нәсібім бар үшін өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Ығыр (болған) елдікті, ығыр (болған) қағандықты игі қылдым. Төрт тараптағы халықты бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып менің қоластыма кірді. Ісін-күшін берді. Осындай төрді басқарып інім Күлтегін өзі бұл дүниеден өтті» деген жолдар айғақ-дәлел бола алады. Империялық шалқыған көңіл 753 жылы орнатылған Тариат (Теркін) мәтінінде де тұр. Онда: «Алдыңғы күн шығыстың [елі], одан соң ай туар жақтың халқы, [дүниенің] төрт бұрышының халқы күш-қуатын берер, [ойы] бөлек жауым болмады. Жайлар жайлауым, егін алқабым сегіз Селеңгі, Орхон, Тоғла суы (дария бойы), Телдү, Қарға, Борғу ол жерлермен, сулармен көшіп-қонып жүрдім» делінген екен. Осындай пайым-тұжырымды Тоныкөк тасындағы жазудан да оқуға болады: «Бұл түрік халқына жарақты жау келтірмедім. Шұбырған аттыларды жүргізбедім. Елтеріс қаған иелік етпесе, оған еріп мен өзім иелік етпесем, ел де, халық та жойылар еді. Иелік еткендіктен, қасиетті еліме иелік еткендігім үшін, ел де ел болды, халық та халық болды».Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы «Мәңгі Ел» идеологемасының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы. Кім Отанының, ұрпағының, ісі мен есімінің мәңгілік болғанын қаламайды? Ешкім де! Америкада да, Африкада да солай. Жұмыр басты пендеге мәңгілік өмір бұйырмаған. Бірақ қамшының сабындай қысқа өмірінде адам терең ақыл-ойымен, шебер қолымен мәңгілік ел түзе алады. Басқасының бәрі – көмір де, темір де, тау да, тас та көмекші құрал ғана. Сенімді серігі – толағай интеллектуалдық ізденіс пен серпіліске сүйенген ұлттық идея. «Мәңгілік Ел» идеясы мемлекет құраушы халықтың сан ғасырлық құндылығын ұлықтауын, көпұлтты, көпдінді ахуалымызды, бірде-бір этносқа қандай ғана болмасын басымдық берілмейтінін меңзейді. Сөйтіп, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын, межесі мен мәресін айқындайтын іргетасқа төл тарихымыздың қойнауында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа аманатталған, бәсеке мен сынақтардан шыңдалумен бүгінге жеткен бабалар арманы қаланды.


Приложенные файлы

  • docx 10875819
    Размер файла: 503 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий