Мұнайкәсіпшілік машиналар мен механизмдер


6М070800 – Мұнай-газ ісі мамандығы үшін
«Мұнайкәсіпшілік машиналар мен механизмдер»
пәнінен емтихан сұрақтары
Ұңғымаларды пайдаланудың механикалық әдісінде сораптың қандай түрлері қолданылады?
Фонтанды ұңғыманың түбіндегі қысым қалай анықталады?
Құрылысы бойынша штуцерлер қандай түрлерге бөлінеді?
Мұнай кен орындарын игеру технологиясы дегеніміз не?
Ұңғыма өнімі және түп қысымы қалай өлшенеді?
Жылумен әсер ету әдістерін қандай кен орындарында қолданған тиімді?
Ұңғыманы пайдалануда газлифті әдісінің жүзеге асырылуы.
Ұңғыманы тұз қышқылымен өңдеудің технологиясы.
Газ факторы дегеніміз не?
Мұнай-газ өндіруші өнеркәсібінің дамуын неше кезеңге бөліп қарастыруға болады?
Статикалық қысым қалай анықталады?
Ұңғымалы ортадан тепкіш сораптардың негізгі жабдықтары қандай?
Мұнай кен орнын игерудің әрбір сатысына сипаттама беріңіз.
Қазіргі таңда көп қолданылатын перфорацияның негізгі түрлерін атаңыз.
Фонтанды ұңғыманың жұмысы кезінде қандай қиындықтар болады?
Ұңғымаларды пайдаланудың негізгі тәсілдері.
МемСТ бойынша ұңғымалы сораптардың қандай түрлерін білесіз?
Плунжер толық жүріс жасағанда қандай көлемде сұйық шығарады?
Ұңғыманы пайдалун кезіндегі маңызды жұмыстарын атаңыз.
Штангілі сорапты қондырғының зииянды кеңістігі дегеніміз не?
Екі қатарлы көтергіш құбырдың басқа түрлерінен айырмашылығы қандай?
Динамикалық қысым қалай анықталады?
Қабатқа әсер етудің негізгі түрлерін атаңыз.
Металл шығынын азайтып үнемдеу үшін қандай көтергіш құбырлар қолданылады?
Орташа қабаттық қысым қалай анықталады?
Гидравликалық жару әдісі қандай ұңғымаларда қолданылады?
Газлифтілі клапандардың қызметі қандай?
Кен орнындағы ұңғымалардың құрылысы мен қызметтері.
Қабатқа су айдауда негізінен қандай сораптар қолданылады?
Диафрагмалы сорапты ұңғымаға қалай түсіріледі?
Аралық (техникалық) құбыр қандай қызмет атқарады?
Сұйықты шақыру әдістерінің негізгі түрлері.
Фонтанды арматураның қандай түрлері бар?
Штуцердің негізгі қызметі қандай?
Мұнай кеніштеріне әсер етудің негізгі мақсаты.
Винтті сораптың жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз.
Ротор мен статордың қызметтері қандай?
Ұңғыманы тұз қышқылымен өңдеудің технологиясы.
Қабатқа айдалатын негізгі су көзерін атаңыз.
Су айдау процесін қалай сипаттайды?
Гидроқұмағынды перфорациялаудың ерекшелігі.
Ұңғыманы жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты мен түрлері қандай?
Ұңғыма түбінің құрылысы қандай талаптарға сай болуы қажет?
Құрамы мен жинақталуына байланысты газлифтілі қондырғылар қалай бөлінеді?
Құм араластырғыштың қызметі қандай?
Ұңғыма ішінде қандай жабдықтар орналасады?
Жерасты суларын қолдануда қандай параметрлерге мән беру керек?
Турбосорапты қондырғылардың жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз.
Ұңғыманы зерттеудің негізгі түрлерін атаңыз.
Сорапты-компрессорлы құбырлардың диаметрін анықтау не үшін қажет?
Ұңғымаларды жерасты жөндеу үшін қандай техникалар қолданылады?
Суфлер қондырғысы қандай мақсатта пайдаланылады?
Түп аймағы перфорацияланған ұңғымалардың ерекшеліктері қандай?
Газ өндіру ұңғымасының жерасты жабдықтарына не жатады?
Сорапты-компрессорлы құбырлардың негізгі қызметі мен өлшемдері қандай болады?
Қандай тау жыныстарына тұз қышқылымен әсер еткен тиімді болып табылады?
Терең сорапты қондырғы қандай жабдықтардан тұрады?
Шегендеуші құбырлар пайдалану мақсаттарына байланысты қалай бөлінеді?
Газлифті әдісінің негізгі түрлері қандай?
Ұңғыма құрылысына және оның жабдықтарына қойылатын талаптар.
Емтихан билеттерін құрастырушы
аға оқытушы Р.И.Джусупкалиева

Приложенные файлы

  • docx 10904244
    Размер файла: 16 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий