халк шпор


Фольклор және фольклортану туралы түсінік: Ауыз әдебиетін фольклор деп  те атаймыз. Фольклор - ағылшын сөзі. Ол - халық творчествосы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды береді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта кездеспейді.
Әдебиеттік жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері т. б. қазақ ауыз әдебиетінің негізгі  түрі болып табылады. Әрине, ауыз әдебиетінің  барлық түрі бір мезгілде тумаған  және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Бірақ бұл мәселе, яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі күнге  дейін дәлелденбей келеді. Әйткенмен  өткен кезде орыстың және шетелдердің  бірсыпыра ғалымдары ауыз әдебиетінің  шығу жайына біраз көңіл аударып, әр түрлі пікірлер айтқанды. Олар ауыз әдебиеті қалай туды, қалай дамыды деген мәселені өздерінше баяндап, әр алуан теориялар шығарған - ды. Бұл теориялардың қазақ ауыз әдебиетіне тікелей қатысы болмаса да, жалпы ауыз әдебиетін зерттеуде алған орны да бар еді.
Сондықтан бұл теориялардың кейбіреулеріне шолу ретінде қысқаша тоқтай кетелік.
Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Ресейде  ауыз әдебиетін зерттеген буржуазияшыл ғалымдар «мифтік теория» дегенді ойлап шығарды. Бұл теорияны XIX ғасырдың 50-60-жылдарында орыстың    Ф. И. Буслаев,     0. Ф. Миллер, А. Н. Афанасьев секілді ғалымдары қолдап, ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға, әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп қарады.
Өткен ғасырдың ақырынан бастап революцияға дейінгі  дәуірде ауыз әдебиетін зерттеу  жөнінде жоғарыда аталғандардан  басқа тағы бірнеше теориялар  болды. Соның ішінде ауыз әдебиетінің  шығу жайын тексеруде басқа теорияларға  қарағанда аз да болса ғылыми негіз  бары -«тарих мектебі» деп аталган еді. Оның негізін салушы орыс ғалымы В.Ф.Миллер - ауыз әдебиетін, әсіресе орыстың батырлар жырын көбірек зерттеген адам. Көп жылғы зерттеу еңбегінің қорытындысы етіп, ол 1897 жылы «Орыс ауыз әдебиеті жайындағы очерктер» деген кітабын шығарды. Осы еңбегінде    В.Ф.Миллер орыстың батырлар жыры монғол басқыншыларының шабуылына байланысты туды деп қарайды. Бұл пікірін ол тарихи материалдар, деректер келтіре отырып дәлелдейді. Батырлар жырын тарихта болған оқиғалардың айнасы, соның документі деген қорытынды жасайды.
2, Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері
1. Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің қайсысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман – мүддесін, әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады.
Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтық сипаты, ең алдымен, оның, “халық психологиясын”, “халықтың арман - мүддесін, тілегін” қалай суреттеп көрсеткендігіне байланысты деп түсінуіміз керек.
Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір - бірінен бөліп қарауға болмайды. Таптық қоғамда таптан тысқары, қоғам өмірінен, тап көрінісінен бөлек тұратын әдебиет болмайды, әдебиет әрқашан да белгілі бір таптың идеясын, көзқарасын білдіреді.
Әдебиеттің таптық сипаты туралы классиктердің даналықпен айтқан пікірлерін ауыз әдебиетіне де қолданамыз. Өйткені ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың тілегін, мүддесін жырлайды және оған қызмет етеді.
2. Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап - айқын көруге болады. Еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты – халықтың тұрмыс - тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман - мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендігі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолдан халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды үстем тап өкілдеріне қарама - қарсы қойып әңгімелейді.
3. Халық ауыз әдебиетінің өз кезінде, жастарға идеялық тәрбие беру ісінде, айырықша мәні болған еді. Ауыз әдебиеті жалпы әдебиет тарихынан да елеулі орын алады. Ол өзінен кейін туған көркем әдебиетке көп әсер етті. Сюжет құру, образ жасау, тіл байлығын пайдалана білу т.б. жөнінде ауыз әдебиеті көркем әдебиетке негіз салды. Бұл ретте де ауыз әдебиетінің мәні өте зор.
Еңбекші халықтың көп ғасыр бойына жасаған ауыз әдебиетін ғалымдар аса жоғары бағалаған. Олар ауыз әдебиет халықтың қоғамдық өміріне, тұрмысына, тарихи жағдайларына, таптық күресіне байланысты туатындығы жөнінде тамаша пікірлер айтты. Олар ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың құралы, таптық сананы білдіретіндігін және таптық тілектен тысқары ауыз әдебиеті болмайтындығын айтады.
Қазақ фольклортану ғылымы[1] – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=V_%D2%93%D0%B0%D1%81%D1%8B%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "V ғасыр (мұндай бет жоқ)" V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі.
«Қорқыт ата кітабы» (VIII–IX ғасырлар),Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» (XI ғасыр),Ж.Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (XI ғасыр),Рабғузидің «Қиссасу-л Әнбие» (XIII ғасыр),«Кодекс куманикус» (XIV ғасыр), т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштерде қазақ фольклорының үлгілері жинақталған.
Дегенмен, қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк,И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады.
Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.
Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ ағартушылары мен оқығандары:
Ш.Уәлиханов Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев, С.Бабажанов,Т.Сейдалин, С.Жантөрин, Б.Дауыбаев, сондай-ақ ресейлік зерттеушілер В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, А.А.Алекторов, В.В.Григорьев, А.В.Васильев, И.Н.Березин, Н.И.Ильминский, П.М.Мелиоранский, А.П.Харузин үлкен үлес қосты.
Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B1%D1%83%D0%B1%D3%99%D0%BA%D1%96%D1%80_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%94%D0%B8%D0%B2%D0%B0%D0%B5%D0%B2" \o "Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев" Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған.
Шәкерім Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Өскенбайұлы, X.Досмұхамедов, т.б. зиялылар шоғыры қазақ фальклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді.
Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926),
Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927),
Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде, 1928) – қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады. Кеңестік қазақ фальклортану ғылымының даму өрісін шартты түрде 20–30-жылдары, 30–50-жылдары, 50–90-жылдары деп бірнеше белестерге бөліп қарастыруға болады. Ұлт зиялылары 20-жылдардың соңына дейін халық мұрасын жинап, жариялау, зерттеу ісін біршама дамытты. Алайда кеңестік идеология 20-жылдардың соңы мен 30-жылдары қазақ фальклортану ғылымына үлкен зардабын тигізді.
«Алашшыл» ғалым-қайраткерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Әйтсе де С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин тәрізді зиялылар зерттеулерін одан әрі жалғастырды. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1931) атты зерттеу еңбегі жарияланды. Диваев сияқты фольклортанушылар соны ғылыми ізденістер жасады. Бірақ 30-жылдардың соңына қарай бұл буын да саяси зұлмат құрбаны болды. «Жеке басқа табыну» мансұқталғаннан кейін Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов қазақ фальклортану ғылымының жандануына барынша күш салды.
40-жылдардың ортасына қарай Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, кейіндеу М.Ғабдуллин, т.б. әдебиеттанушы-фольклортанушы ғалымдардың жаңа шоғыры қалыптасты. Бұл кезеңде халық мұрасын жинау қайта жанданды, елдің түкпір-түкпіріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Ә.Қоңыратбаев бастаған фольклорлық экспедиция Орта Азиядағы Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, академия қорына мыңдаған қолжазбалар өткізді. 1946-1948 жылдары "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты екі томдық академиялық зерттеу жоспарлап, бірінші томын қазақ фольклорына, екінші томын көне түркі әдебиетіне ("Құтты білік", "Диуани лұғат ит-түрік", "Диуани хикмет", "Бақырған", т.б.) арнады. 1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан ВКП(б) Орталық комитеті "Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси-өрескел қателіктер" ("Социалды Қазақстан", 1 ақпан 1947 ж.) атты қаулы қабылдаған соң, аталған қостомдықтың бірінші томы жарық көріп, екінші томы тоқтатылды. Артынша қаулыда аттары аталған ғалымдар - Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметовалар қызметтен шығарылып, жер аударылды.
Баспа ісі жетіліп, халық әдебиетінің үлгілері жүйелі түрде жариялана бастады. Бұл дәуірде, әсіресе халық ақындары шығармашылығына ерекше назар аударылды. Республикада халық ақындарының дәстүрлі айтыстары жанданды, жер-жерде халық театрлары жұмыс істеп, халық өнерпаздарына қолдау көрсетілді. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертттеу институттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары да қалыпты ырғаққа түсіп, халық мұрасын жинауға студенттер мен аспиранттар да араласты, қазақ фольклоры жанрлық сала-салаға жіктеліп, диссертациялық тұрғыдан зерттеле бастады. Екі кітабы фольклор тарихына арналған «Қазақ әдебиеті тарихының» (1960–1964) алты томдық зерттеуі жазылды. Қазақ фальклортану ғылымы теориялық әдістемелік жағынан айтарлықтай өсіп, Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, А.Сейдімбек, Ш.Ибраев, Б.Әбілқасымов, т.б. ғалымдардың фольклордың әр саласын тереңдей зерделеген жаңа еңбектерімен толықты. Қазақ фольклоры қолжазбаларының 6 томдық ғылыми сипаттамасы мен көп томдық жинақтары жарияланды. Осы кезеңде фольклордың қандай саясат болса да өзінің табиғи болмысын өзгертпейтін құндылық, халық шығармашылығының қайнары екендігі дәлелденді.
Тәуелсіздік жылдары қазақ фольклортану ғылымына жаңа серпін әкелді. Қазақ фольклорының түрлі жанрларын зерттеуге Бақытжан Әзібаева, Едіге Тұрсынов, Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов, т.б. атсалысты. Бұрын жарияланбай келген шығармалар, әсіресе, тарихи жырлар, діни дастандар ғылыми айналымға түсті. Шет елдегі қазақтар фольклорымен, ғалымдарының еңбектерімен етене танысуға мүмкіндік туды. ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институты қазақ фольклорының 100 томдық басылымын шығаруды қолға алды.[2]3 Лирикалық өлендер. Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BF%D0%B8%D0%BA%D0%B0_%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D1%80%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Эпика жанры (мұндай бет жоқ)" Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясындаШалкніз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
Саяси-азаматтық Лирика Махаббат ЛирикасыФилософиялық ЛирикаТабиғат Лирикасы
Лириканың тағы басқа түрлері - арнау, ой, романс, пастораль, эклога, эпиталама, эпитафия, эпиграмма, идиллия. Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерініңпоэзиясында туып қалыптасқан Лириканың ерекше бір түрі - баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы, қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың "Бидай туралы баллада", сондай-ақ, "Мұғалима", "Күзетші" балладалары бар. Антикалық әдебиетінде көп тараған идиллия уайым-қайғысыз жеңіл өмірді жырласа, одалар есімі елге тараған белгілі жеке адамдарды, не батырларды мадақтаған. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқ та бар. Арнаулы өлшеммен жазылатын Лирикалық сонет үлгісін Е.Әукебаев, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Аманжоловтар қолданған. Элегия да Лирикаға жатады. Онда көңіл кайғысын суреттеу жиі ұшырайды. Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін Лирикалық шығармалар өте көп. С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, I. Жансүгіров, М. Дулатов, С. Мұқанов, С. Мәуленов, Ә. Тәжібаев, F.Орманов, Ж. Молдағалиев, М. Мақатаев шығармаларында қазақ Лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.[1]4 Мақалдар мен мәтелдер
Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
Абай мұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл-нақылды өлең жолдарына бай.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын»
деген жолдар осының дәлелі.
Ақын өзінің бірсыпыра шығармаларында кейбір мақал, мәтелдер жөнінде ғылыми пікірлерде айтқан. Кейбір мақал, мәтелдердің зиянды мәнін ашып, сынап отырған.
Мысалы, Жиырма тоғызыншы сөзінде
«Жарлы болсаң, арлы болма»
деген мақалдың теріс тәрбиелік мәнін аша келіп, керісінше,
«Жарлы болсаң, арлы бол, ардан кеткен соң тірі болып жүргенің құрысын»
дейді.
«Қалауың тапса, қаржанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ»
деген мақалдарды келтіреді де,
«сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой»
дейді.
«Атың шықпаса, жер өрте» мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?..», «Алтын көрсе, періште жолдан шығады»
деген мақал женінде
«періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтыңды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны»
деп реніш білдірген. Ақын пікірінше,
«қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар... Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек...».
5 Жұмбақтар.
Бiз қалай да фольклордың бұл нұсқаларының шешендiк сөздермен байланысын жоққа шығармаймыз. Өйткенi академиялық басылым ”Қазақ әдебиеттiнiң тарихынының” 1-том, 2-кiтабында: ”Халық ауыз әдебиетiнде басқа жанрлармен қатарласа дамып келе жатқан жанрдың бiрi — жұмбақтар. Ал сол жұмбақтардың ерте заманнан берi өз алдына жеке жанр екенi туралы осы томның 1- кiтабында айтылған”, — десе, одан әрi ”жұмбақтарды халықтық шығармалардың басқа жанрларымен салыстыру оның өзгешелiктерiн айқындауға мүмкiндiк бередi. Басқа жанрлармен байланысты зерттеу арқылы жұмбақтардың тарихи шығу жолын, өсуiн және өзгерген жолдарын байқаймыз”, — дeп, зерттеудiң жаңа аспектiлерiн мегзейдi. Сондай-ақ ой төркiнi ендiгi кезекте: ”Кейбiр шешендiк сөздер мен қанатты сөздердiң және ертегiлер мен мақал-мәтелдердiң төркiнi осы жұмбақтармен де ұштасып, жалғасып жататынын бiлемiз”, — деп жанрлық байланысты айқын көрсетедi, бiрақ бұл құбылысты жанрдың бiр жанрға ауысуы деп түсiндiрмейдi.
666 Шешендiк сөздермен жұмбақтардың тығыз байланыстылылығы мына бiр мысалдан айқын көрiнедi. ”Алыс сапардан арып-талып келе жатқан бiр топ жолаушы ауыл шетiндегi бiр үйге келiп: ”сөйлес” дегенде үйдегi адам ”сөйлей тұр” деп жауап қайырады. Сонда әлгi жолаушылар: ”Алыстан келе жатқан едiк, көже – мөже iшуге аттың басын ауылға бұрдық”, — дейдi. Сонда үй иесi сараңдау кiсi болса керек, үйiнен шықпай қырыстанып жатып: ”Көжең көже, мөже дегенiң не? Соның шешуiн тапсаңдар, аттан түсiп сусындаңдар, оның шешуiн таппасаңдар, жөндерiң әне!” — деп қасарысып жатып алыпты. Сонда жолаушылардың iшiнен бiреуi суырылып шығып: ”Қоңырат деген ел болады, Жантақты деген жер болады, тарыдан түйiс қылады, сары майдан иiс қылады, қауын iшекпен қабиды, сүтпен астарлайды, соны бiз мөже деймiз”, — дептi. Сонда үйiнде жатқан сараң бай далаға жүгiрiп шығып мұнда шешен адам, ақын адам бар екен, ел жұртқа масқара етер деп олардың шылбырына оралыпты. Сонымен оларға ”тарыдан түйiс қылып, сары майдан иiс қылып, қауын iшекпен қабып, сүтпен араластырып ”жент” жасап берiптi дейдi. Көженiң ”нағашысы” шешендiктiң, тапқырлықтың арқасында осындай тәттi тағам жентке айналыпты. ”Ұзақтау келтiрiлген бұл мысалдан бiз қалайда шешендiк сөздер мен жұмбақтар арасындағы әдеби байланысты (контактiлi) көремiз, әрi бұл жанрлар тоғысының айқын көрiнiсi.
Шешендік сөздер. Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз «Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің», «Сөз сүйектен өтеді», «Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік» деп, сөз өнерін ерекше тани білген.
Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.
Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді», «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды», – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», – деп толғайды. Бұлар – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі». Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
…Көш бастау қиын емес –
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын –
Шешімін таппас дау бар, –
деп дұрыс аңғартады.
Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған.  Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған.
Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны – айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Ш.Уәлихановтың: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған», – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», – деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.
6 ертегыден тыс проз
7 Ауыз әдебиетінің әлеуметтік маңызы
Фольклор шырармалары қоғам  дамуының әр түрлі сатысында, негізінен  еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкерлері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм белгісі дейміз.
Қазақ эпосының құндылығы мен халықтығының бір белгісі - оның бай да көркем тілінде. Мұндай жырлардың тілі, халықтық сөздігі, грамматикалық құрылысы жазба  әдебиетімізден көп бөлек емес. Фольклор шыгармаларының тілі ақындық тілдің биік табысы болумен қатар, қазақтың бүгінгі әдеби тілінің де негізін  қалаған. Осы себептерден, қазақ  фольклорын зерттеудің ғылыми, өмір-танытушылық, эстетикалық, тәрбиелік және тарихи мәні  аса зор.
Ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы, ақын, көркем сөз зергерлерінің өңдеуінен  өткендіктен, қазақ фольклоры жанр жағынан да аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фолъклоры  жазба әдебиетке жете қабыл. Еңбек  пен түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты салт жырлары да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: төрт түлік мал туралы жырлар, бәдік, арбау, бата, бақсылық сарындары, наурыз, жарапазан, т. б. Қазақ ертегілерін қиял-ғажайып (мифологиялық). хайуанаттар жайындағы және шыншыл-реалистік ертегілер деп бөлер  болсақ, соның әрбір жанрында жүздеген сюжеттер бар. Эпос туындыларын батырлық, тарихи және ғашықтық жырлары деп бөлсек, мұның да әр саласында келелі жырлар аз емес. Айтыс поэзиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан көретініміз: қазақ фольклоры оқып үйренуді, ғылыми тұрғыдан терең зерттеуді тілейтін қымбат қазыналардың бірі, бүгінгі мәдениетімізге келіп құйған халық творчествосының үлкен бір арнасы.
8 рулық қоғ фоль
9 феод
10 кақіргі
11 Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Сәбилiк салт жырлары.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D3%99%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5" \o "Нәресте" Нәрестенiң дүниеге келуi – қай халықтың салтында болмасын үлкен шаттық, зор қуаныш. Бұл күндi әр отбасы ұлан-асыр той жасап, атап өтедi, оны қазақ «шiлдехана» деп атайды. Шiлдеханада ән мен күйдiң нәрестеге айтылатын ақ тiлектiң тиегi ағытылады. Жиналған жұрт үй иесiн мақтап, жас сәбиге арнап жыр төксе, баланың ата-анасы да: Қуанып қан жүрегiм қақ жарылып, Қасiрет басымдағы қалды арылып. Ұл көрiп, ұлы дүбiр той жасаймын, Атқан соң маңдайымнан таң жарылып , – деп өз қуанышын әнмен бiлдiредi. Шiлдехана дастарханы жиылып, ауыл үлкендерi қайтар сәтте ақсақалдан бата тiленедi. Сөздiң магиялық құдiретiне сенуден шыққан бұл көне салт қазақ арасында өте кең тараған және оның түрлерi де мол: астан соң үй иесiне, дастарханға берiлетiн бата, ұзақ сапарға жорыққа аттанатын батырларға берiлетiн бата, өнер жолын қуған ақын, әншi, күйшi жастарға берiлетiн бата, үйленген ұлға, ұзатылған қызға берiлетiн бата т.т. Сол сияқты оң бата, терiс бата да болады. Оң бата жоғарыда айтқандай ақ тiлеу тiлесе, терiс бата, керiсiнше, қарғыс түрiнде келедi. Бата түрлерi қазақтың эпостық жырларында кең көрiнiс тапқан. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында Көктiм аймақ елiне аттану үшiн Қобыланды «Батаңды бер, көке» – деп Естемiстiң алды-артын орайды. Естемiс «батасын берiп қол жайып», баланы шығарып салады. Қазақ халқында «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақал да бар. Бата беру салты тек қазақ халқына ғана емес барша халықтарға да ортақ. Түркi тектес халықтар iшiнде татар, өзбек, қырғыз, қарашай, алтай халықтары фольклорынан көптеп мысал келтiруге болады. Мұның өзi бұл тiлек өлеңдерiнiң, түп төркiнiнiң тым көне екендiгiн аңдатады. Ш.Уәлиханов түркi-монғол халықының арасында кездесетiн «тәңiрi жарылқасын», «көк соққан», «көк соққыр» сияқты тiркестердiң шығу тегiн шамандықпен байланыстырады. Сондай-ақ, «Қазақтардың түсiнiгi бойынша, адамның тiлi сөз арқылы үлкен әсер еткiш күшке ие. «Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп мақалдаудың себебi сонда», – деп Шоқан сөздiң магиялық құдiретiне деген халық сезiмiн де жақсы көрсетiп кетедi. Шiлдехана соңында берiлетiн бата – ақ сақалды қарияның сәбиге, оның ата-анасына арнап айтқан ақ тiлеуi. Бұл сәби атына үлкендер тарапынан бiлдiрiлетiн алғашқы тiлек. Олардың мазмұны мынадай болып келедi: Сары тiстi болсын, Ақ шашты болсын. Өмiрi ұзын болсын, Уайымы аз болсын. Балаларға берiлетiн батаның ересектерге берiлетiн батадан айырмашылығы – мазмұнында. Онда балаға ұзақ ғұмыр, бақытты тiрлiк тiленедi. Сондай-ақ балаларға арналған батада: ...Жұртта қалған тулағы Тулап келiп тай болсын. Тай болсын да туласын, Бiр құрдасы сұрасын. Сұраса да бермесiн, – дегендей балалар өмiрiне етене жақын тiркестер, әзiл-оспақтар да аралас жүредi. Тай үйретiп мiну, оны күтiп, бағып-қағу қазақ баласының ең қымбат ермегi, жоғарыдағы өлеңде балалық өмiрдiң осы қыры қамтылған. Кейбiр өлеңдерде әзiл-қалжың бұдан да тереңдеп кетедi. Сәбидiң денінiң сау, тәрбиелi азамат болып өсуi барша жұрттың арман-тiлегi, бата-тiлек өлеңдерiнiң мазмұны соған негiзделедi. Ол бала өмiрiнiң түрлi кезеңдерiне байланысты жиын тойларда ақ сақалды аталар, ақ шашты әжелер аузымен айтылса, күнделiктi өмiрде ата-ананың өз аузымен жырланады. Баланың алғаш бесiкке бөленуi, қырқынан шығуы, тiс жаруы, құйрық басып отыруы, тұңғыш киiм киюi, тiлiнiң шыға бастауы қаз тұрып, тәй-тәй басуы т.б. сәттерi ата-ана iлтипатынан тыс қалмайтыны анық. Олардың барлығы да түрлi ырым, жоралғылармен атап өтiлiп, тiлектер айтылады. Мұндай тiлектер негiзiнен көбiне-көп экспромтты түрде, әркiмнiң қабiлетiне қарай суырып салып айтылатындықтан барлығы бiрдей өлең дәрежесiне жете бермейдi, көбi қарасөз күйiнде болып келедi. Сондай-ақ өлең кестесiне түсiп, халық арасына кең тарап кеткен және өңделiп, ысылған тұрақты шумақтар да аз емес. Мұндай тiлек өлеңдерде халық түсiнiгiнiң түрлi көрiнiстерi, дiни наным-сенiмдерге байланысты салт-дәстүрлерi бой көрсетедi. Мәселен, баланы бесiкке бөлер алдында: Алас, алас, баладан алас, Иесi келдi бәлекет көш! Алас, алас пәледен қалас, Көзi жаманның көзiнен алас. Тiлi жаманның тiлiнен алас! Отыз омырқасынан алас, Қырық қабырғасынан алас! ... – деп отпен аластайтын болса, бесiктен шешiп аларда: Анасы шешiп алсын, Ұйқысы бесiкте қалсын. Немесе: Балам бесiктен шықсын, Пәлесi есiктен шықсын. деген сияқты өлеңдер айтылады. Балаға жаңадан киiм кигiзерде де: Жағасы жайлы болсын Етегi майлы болсын. Киiмiң тоза берсiн, Өмiрiң оза берсiн, – деп тiлек бiлдiредi. Осы сияқты алғаш отырған кезде айтылатын: Отырсын, балам отырсын, Құшағын гүлге толтырсын! – деген тәрiздi тiлек өлеңдер де аз емес. Қазақ халқы арасында кең тараған этнографиялық астары мол сондай салт өлеңдерiнiң бiрi – «тұсау кесу» жыры. Өлеңнiң аты да халықтың тұсау кесу ырымына байланысты қойылған. Бұл ырым бала өмiрiндегi елеулi оқиға ретiнде атап өтiледi. Ырымның негiзi аяғынан қаз тұрып, апыл-тапыл жүре бастаған сәбидiң қадамын байлап тұрған тылсым күш бар, соны қиып жiберсе, бала жүгiрiп кетедi деген көне магиялық ұғымнан туған сияқты. Бұған ұқсас түсiнiктi әлем халықтары тарихының барлығында болғандығы белгiлi, ал Орта Азия халықтарының көпшiлiгiнде бертiнге дейiн сақталған. Мәселен, қарашай-балқар халқында бұл ырым «жанға атлан» (алғашқы қадам) деп аталады. Бұл салт бойынша, бала алғаш жүре бастаған сәтте жүгерi ұнынан күлше пiсiрiп, оны сәбидiң аяғының арасынан домалатады. Нанды ұстап алуға талпынған бала әрекетiн қызықтаған әйелдер: Хайда, хайда, топ, топ... Балачығым, топ, топ, топ.. Хайда, хайда, топ, топ... Балачығым, топ, топ... Онг жанына топ, топ... Ерге, енше, топ, топ... Балачығым, топ, топ... – деп әндетедi. Бұл ырымның жүзеге асуы қазақ пен қырғыз халқында бiрдей. Ол үшiн аяғынан қаз тұрып жүрген баланың аяғын ала жiппен майлы тоқ iшек араластырып (кейде шөп араластырады) тұсайды да, тұсауды аяғы жеңiл, ширақ жүрiстi адамға кестiредi. Содан соң отырғандар баланы жағалата жетектеп: Тәй, тәй, балам, тәй, балам, Жүре қойшы жәй, балам, Қарыс, сүйем қаз бастың, Қадамыңнан айналдым... – деп әндетедi. Бұл жерде баланың аяғын ала жiппен тұсауда да астарлы мән бар. Халық тұрмысында ала жiпке байланысты басқа да этнографиялық детальдар сақталған. Соның бiрi мынандай: Араздасқан екi адамды татуластырған кезде ертеректе билер оларға ала жiп ұстататын болған. Керiлiп тұрған жiптi екi адамға да сыйлы, беделдi адам ортасынан қиып жiберген. Оның мәнiсi – егер уәде бұзып бiр-бiрiмiзге қайтадан жаулық сағынсақ, тәңiр жазамызды берiп, осы ала жiптей қиылып қалайық деген сөз. Қазақтардың адамға қиянат жасаған емеспiн деудiң орнына «Ешкiмнiң ала жiбiн аттаған жоқпын» дейтiнi де сондықтан. «Ала жiп» – қазақ ұғымында белгiлi әдептiң шегi. Ел iшiнде қораға ит-құс (қасқыр) тимесiн деп қора аузына ала жiп құрып қоятын да салт бар. Яғни халық түсiнiгiнде ала жiп – киелi ұғымға ие. «Ала» сөзiнiң көне семантикалық қолданыстарын барласақ оған байланысты бiраз қызықты мағлұматтар табуға болады. «Ырық бiтiг» (Гадательная книжка) сияқты көне түркi жазба ескерткiштерiнде «ала атлы иол тәңiрi» үнемi сапар үстiнде адамдарға жақсылық шарапатын тигiзiп жүредi. С.Г.Кляшторныйдың түсiндiруiнше «Жол тәңiрi – кiшi құдай, ол Қаған сияқты аспанға жалбарынып «тiлек тiлеп, тәңiрдiң еркiн орындап, жоғары әлем мен ортаңғы әлемдi байланыстырып, үнемi жол үстiнде жүретiн тәңiрдiң кiшi өкiлi», – деп түсiндiредi. Телеуiттердiң де «жердегi жол тәңiрлерi» (иер йол пайана) ала атқа мiнiп жүретiн көрiнедi. С.Г.Кляшторныйдың пайымдауынша жол тәңiрi ортаңғы әлемдi жоғары әлеммен байланыстыра жүрiп жерге құт дарытады. Хақастардың аспаннан құт тiлеп жалбарыну салтында қайың басына байланған ала жiп басты рөл атқарады екен. Яғни, бұл жерде жiп адамдарды жоғары әлеммен байланыстыратын жолдың символы. Осы детальдарға сүйене отырып ғалымдар «жол құдайлары» осылайша әлемдердi байланыстыратын жолға «қызмет етедi», оларды байланыс қызметкерлерi ретiнде түсiнуге болады. Бұл жол арқылы ортаңғы әлемге болашақ тiршiлiктiң жаны келетiн болса, жоғары қарай құрбанға шалынған жануарлар мен өлген сәбилердiң жаны кететiн болған, – деген тұжырым жасайды. Байқап отырғанымыздай, екi әлемдi байланыстырушы жол тәңiрi мiнген ат та ала, екi әлем арасындағы жолдың символы – жiп те ала. Бiздiң пайымдауымызша, «тұсау кесу» ырымындағы жiптiң ұшығы да осылармен сабақтас. Х.Хустанаевтың дерегiне сүйенсек, Қызылорда, Қазалы жақтағы қазақтар арасында ертеректе ала жiп баланың аяғына тұсалмай, шұбатыла байланады екен. Демек, бұл жоғары әлемнен келген сәбидiң жолын бейнелейдi, ал ол жiптiң қиылуымен бiрге оның ортаңғы әлемге келу сапары да аяқталады, аяғынан қаз тұрған бала жер бетiнiң тұрақты тұрғыны деген түсiнiктi бередi. Оңтүстiк Сiбiрдегi түркi тектес халықтардың дәстүрлi дүниетанымын зерттеушi ғалымдар ала түсiне байланысты этнографиялық мәлiметтердi саралай келiп: «Ала – қара мен ашық түстiң қосындысы ретiнде көз алдында бардан жоққа айналу, немесе керiсiнше жоқтан барға айнала бiлу, жалпы өзгергiштiк, шектiк қасиеттi бейнелей алады... Ала, шұбар ала жолақ – аралық жағдайдың шектiк сапаның сипаттамасы болу керек», – деп жазады. Егер осы тоқтамға сүйенсек, қораның аузына ала жiп керiп қою салты оның көзге көрiнбейтiн ортаңғы әлемге айналып кету қасиетiне иланғандықтан туған тәрiздi. Халықтың тым көне түсiнiгiн бейнелейтiн бұл этнографиялық деталь тұсау кесу жырының мәтініне де терең сiңiсiп кеткен: ...Күрмеуiңдi шешейiк, Тұсауыңды кесейiк... ...Ала жiптi алайық, Әжеңе алып барайық, Ер жеттi деп айтайық, Шашуын жеп қайтайық, – деп әндетедi ырымды атқарушылар. Жырдың негiзгi мазмұны соңғы кезеңде алғашқы ырымдық қасиетiнен ажырап «Елгезек бол ерiнбе, Iлгерi бас, шегiнбе...» сияқты ақылгөй тiлектермен байытылған. Әрине, соңғы кезеңде бұл жырлардың әдет-ғұрыптық астары тiптен ұмытылып бара жатыр. Қазiргi уақытта тұсау кесу ырымы көп отбасында жасала да бермейдi, бiрақ баланы қаз тұрғызып, жетелеп аяқтандырған уақытта жырмен сүйемелдеу салты әлi бар. Ол жырларда: Қаз, қаз, балам, қаз, балам, Қадам бассаң мәз болам. Немесе: Тәй, тәй, балам, тәй, балам, Жүре қойшы жәй, балам... деген сияқты «қаз-қаз», «тәй-тәй» сөздерi баланың аяқ басу ырғағымен дәлме-дәл қайталанып келiп отырады. Бала өмiрiне байланысты әдет-ғұрыптары, әрине, мұнымен шектелмейдi. Олардың қатарында «тiлашар», «тоқым қағар» сияқты толып жатқан үлкендi-кiшiлi дәстүрлi салттар баршылық, бiрақ оларға байланысты өлең-жырлар көбiнде хатқа түспеген. Жинақтай айтқанда, кезiнде белгiлi ырымды атқарудың құралы болған сәбилiк ғұрып жырларының соңғы кезеңдегi басты қызметi - үлкендердiң, ата-аналардың ырым кезiндегi сәбиге деген ақ тiлегiн, жүрек тебренiсiн жыр тiлiмен жеткiзу. Өлеңнiң әрқашан бала өмiрiндегi түрлi әдет-ғұрып салттарымен байланысып келетiндiгi – оны басқа әлпештеу жырларынан ерекшелейтiн басты сипаты. Сәбилiк салт жырлары негiзiнен баланың сәбилiк кезеңiнде,нақтылай айтқанда, бiр жарым жасқа дейiнгi аралықта жырланады. Өзбек ғалымы А.Сафаров осы ерекшелiктердi ескере келiп, бұл өлеңдердi бесiк жырымен бiр топта қарастырады. Бiздiңше, бұлайша топтау өте шартты, Бесiк жыры деген атаудың өзi бесiк тербетiп отырып айтылатындықтан шыққан. Ал сәбилiк салт жырлары жалпы баланың бесiктегi жас кезеңiнде айтылғанмен де, бесiкке бөлеу, бесiктен шешiп аларда айтылатын жырлардан басқа өлеңдердiң бесiкке қатысы жоқ. Және атқаратын қызметi де бесiк жырынан мүлде бөлек. Сондықтан да бұл жырларды бесiк жырларының бiр тармағы ретiнде қарастырғаннан гөрi әлпештеу поэзиясының өз алдына жеке жанрлық түрi ретiнде қарастырған дұрыс. А.Сафаров «Бата-тiлектер – бала туған күннен бастап тәрбие процесiнде түрлi ғұрыптармен, салтанаттармен байланысты айтылатын ананың, асыраушылардың өлеңдерi. Онда... бақытты балалық шаққа, баланың тамаша келешегiне деген тiлек әлеуметтiк негiзде, поэтикалық формада берiледi» , – деп бұл жырдың өзiндiк ерекшелiгiн дұрыс анықтайды. Баланың бақытты болашағы жайлы толғану бесiк жырының да, әлпештеу поэзиясының да мазмұнына тән. Сәбилiк ғұрып жырларының олардан айырмашылығы функциялық негiзiнде. Бесiк жыры баланы тыныштандыру, ұйықтату мақсатын көздесе, әлпештеу жырларының мiндетi баланың дене тәрбиесiне жаттығуларды сүйемелдеу, балаға деген ана махаббатын жеткiзу. Ал сәбилiк ғұрып-жырларының басты мазмұны – тiлек тiлеу болса, мiндетi – халықтың дәстүрлi түсiнiгiне байланысты әдет-ғұрып, дәстүрлi салттарды өлең-жырлармен сүйемелдеу. Оның алғашқы негiзiнде баланы ауру-сырқаудан, сыртқы қауiп-қатерден сақтау жөнiндегi сарын басым болса, кейiн заман ағымына қарай өзгерiске ұшырап, баланың бақытты өмiрi, жарқын болашағы жөнiнде ата-ана мен үлкендердiң тiлек тiлеу мазмұны басым бола бастайды. Ең өкiнiштiсi, қазақтың бала күтiмiне байланысты ғұрыптар мен фольклорлық үлгiлер жете жиналмаған. Мәселен, бала құйрығын басып отырған кезде жасалатын «құйрық ботқа», бауырын көтерiп еңбектей бастағанда жасалатын «бауыр аяқ» сияқты көптеген жоралғылардың бiз атын ғана бiлiп жүрмiз. Егер ел арасынан жалықпай тiрнектеп жинаса оның бiразының жұрнақтарын қазiр де табуға болады. Тек, ықылас, ыждаһат жетiсе бермейдi. Пайдаланылған әдебиеттер: Кенжехан Ісләмжанұлы. Рухани уыз. -Алматы, 2008.
12 шешендік сөздер жиналу зерттеулу тарихы
Жұмбақтардың жиналу, зерттелу тарихы
14Мақал-мәтелдердің жиналу, зерттелу тарихы
15 Батырлар жыры. Батырлар жыры. Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады. Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында "әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді. Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті. Қазақ эпостарының халықтық үлкен мәдени мұра екені хақында айтқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, бертініректе Сұлтанмахмұт Торайғыров пікірлерінің ғылыми бағасы зор. Қазақ эпосын жан-жақты зерттеу, оны жариялау ісі совет дәуірінде кеңінен өріс алды. Эпикалық жырлар жөнінде арнайы мақалалар, ғылыми еңбектер жазылады, батырлар жырының таңдауылы үлгілері жеке кітап болып басылды. "Алпамыс батыр”, "Қамбар батыр”, "Қобыланды батыр”, сияқты эпостық жырлар-дың белгілі бір жүйеге түсірілген ғылыми басылымдылары жарық көрді. Орта мектептерге және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда, жекелеген ғылыми еңбектерде, "Қазақ әдебиеті тарихының” 6 кітаптық басылымын да батырлық жырлар жеке талдауға алынып зерттелді. 1953 жылы Алматыда болған дискуссияда, 1956 жылы Ташкентте өткен республика аралық конференцияда эпос мәселесі кеңінен сөз болды. Қазақ ғалымдары С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин тағы басқалары зерттеулерінде, сондай-ақ А.С.Орлов, В.М.Жирмунский, Н.С.Смирнова, Х.Т.Зарифов сияқты оқымыстылар еңбектерінде де қазақ эпосы жайында айтылған бағалы пайымдаулар аз емес. Сөйтіп, қазақ халқының батырлар жырын зерттеу саласында елеулі жұмыстар жүргізілді. М.Ғабдуллин қазақ эпосының шығу төркіні XIII ғасырмен шектеліп қоймайтын, одан арырақ кезеңнен басталатынын негіздеді. Бұл жөнінде М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев айтқан пікірлердің мәні ерекше. Мәселен, Ә.Марғұлан қазақтың эпосы өзінің қалыптасып даму тарихында XIII ғасырға дейін екі кезеңді (көне заман және VI VIII ғасырлар арасы) бастан кешіргенін және сол кездерде зпостық шығармалардығ алғашқы үлгілері өте ерте заманда туғанын, Қ.Жұмалиев батырлар жырының әдепкі нұсқалары қазақ батырларының ертедегі ру бірлігін қорғау жолында жасаған ерліктерін жырлау кезінде пайда болға-нын айтты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында батырлар жыры баспа арқылы және ауызша айтылуы арқылы қалың жұрқыншылыққа кеңінен белгілі бола бастады. Бұл кезеңдегі ақын, жыршылар елге ертеден белгілі жырларды айтып таратумен бірге жаңадан эпостық жырлар ("Төрехан”, "Құбығұл” т.б.) шығарады. Сонымен бірге сол кездегі батырлар жырына кітаби тілдің, шығыстық қиссалардың белгілі дәрежеде әсері тимей қалған жоқ. Қазақ батырлар жыры нұсқаларының көпшілігінде идеялық мазмұны, сюжет желісі, образдық бейнелеуі және көркемдік құралдары саласында ортақ элементтер болғанмен, бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысының өзіндік ерешеліктері бар. Әйткенмені батырлар жырының барлығына тән нәрсе — халық тағдырын жырлау негізгі түйін болып табылады. Қайсыбір жырда болмасын, халық эпосы нұсқаларының көпшілігі кейінгі заманда шыққан. Бұл нұсқаларда қалың қауымның бертінгі ғасырлардағы өмірге көзқарасы, дүние танымы бейнелеген. Сонымен бірге батырлар жырында көне дәуірден елес беретін эпизодтар, мотивтер, сюжеттік өрістері және кейіпкерлердің іс әрекетіндегі әр түрлі жайлар сақталған. Ақын, жыршылардың еңбегі, орындау ерекшеліктері мен қабілеті жырдың идеялық мазмұнынан, сюжет желісінен, образдарынан, формасынан айқын көрінеді. Эпостық негізін, дәстүрлік элемент-терін сақтай отырып, жаңа ой, идеяларын қосып жырлайды. Қазақтың батырлық жырын бұрынғы айтушылар мен кейіннен жалғастырушы ақын, жыршылардың нұсқаларын ислам дінінің әсері байқалады. Ғасырлар бойы халық ұғымында сақталып келе жатқан ғайып-ерен, қырық шілтен тәрізді образдар XIX–XX ғасырларда жырланған эпос жырларында да кездеседі. Ислам дінінің халық санасына ықпал етуі нәтижесінде батырлар жырында діншілік идеялар туа бастады. Сан ғасыр бойына айтылып, ауыздан ауызға таралып келе жатқан қазақ эпосына үстем таптың да әсері болды. Сонымен қатар халық мұңын жырлаған ақындар XIX–XX ғасырларда жаңа эпостық шығармалар тудырды, онда қалмақ және жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының азаттық, еркіндік жолындағы күресін жырға қосты. Бұған Жамбылдың "Сұраншы батыр”, "Өтеген батыр”, Нұрпейіс Байғаниннің "Нарқыз” т.б. дастандарын мычалға келтіруге болады. Совет дәуіріндегі батырлық жырды айтушы ақындарың творчествасындағы негізгі нәрсе — жаңа заман тақырыбын жырлау, жаңа адамдар бейнесін кескіндеу. Яғни олардың творчествасындағы эпикалық дәстүр қазіргі заман ("Ер Төлеген”, "Лавадағы өмір” т.б.) жалғасты. Бұдан халық поэзиясының іргелі жанырының бірі — қазақтың ежелгі батырлық эпосы жаңа сипат алып, дамып отырғанын көруге болады. Қазақтың батырлар жырының қайсы-сын алсақ та бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы, ел мұны халық тағдырымен ұштасып жатыр. (М. Ғабдуллин.)
16 Діни дастандар. Діни дастандар – ислам дінін уағыздайтын, Мұхаммед пайғамбар мен оның төрт ярының есімдеріне байланысты мифтік аңыздар негізінде туған дастандар. Бұлар – «Сал-сал», «Зарқұм», «Кербланаың шөлі», «Хазрет расулолланың Мағражға шыққаны», «Жұм-жұма», «Әзірет Әлінің құлдыққа сатылғаны», «Әлінің сараң байды жолға салғаны», «Мұса ғалаиссалам мен Қарын хикаясы», «Жүсіп-Зылиха» т.б. Діни Дастандар қазақ даласына XVIII ғасырда әуелде ауызша, кейін жазба түрде тарай бастады. Діни дастандарды 3 топқа бөлуге болады.[1]Бірінші топ
1-топтағылар - «Сал-сал» мен «Зарқұм». Бұлар басқа дінді табынушыларды ислам дініне енгізу жолындағы жорықтарды баяндайды. Мұхамедтің 4 яры (серігі) - Әбу Бакір, Омар, Оспан, Әзірет Әлі өздерінің сахабаларын (сарбаздарын) бастап соғыс жорығына шығады да, қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратып, өз мақсаттарына жетеді. «Сал-сал»-дың оқиғасында Әзірет Әлі Сиқыр шаһарына барып соғыс ашып жатқанда, Мұхаммедтің Меккеде жалғыз қалғанын естіген Жамшит патша қалың қол жіберіп, Меккені жаулап алмақ болады. Екі жақтың бір-біріне жасаған шабуылы қиссада қос-қабат келеді де, Пайруз, Қитар патшылықтарын жеңіп, Әзірет Әлі олардың халқын ислам дініне күшпен енгізеді.
«Сал-салда» миф көп орын алса, «Зарқұмда» гипербола басым. «Зарқұм» соғысына пайғамбар бастаған 4 яр, 33 мың сахаба түгел қатысады. «Сал-салда» пайғамбар жойқын соғыста хабарсыз кеткен Әбілмәжін, Оқас, Сағиттардың тағдырын біле алмаса, «Зарқұмда» періштелер (жебрейіл) арқылы құдаймен тілдесіп, соғыс майданынан хабар алып отырады. Бұл соғысқа дейін Әзірет Әлі бірнеше патшалықты бағындырады. Ал Зарқұмның жер қайысқан әскерін көріп сахабалар сасқан кезде, Мұхаммед оларға жігер береді. Әзірет Әлі жеті жүз батпан күрзісі бар Жанәбілді аспанға атып, әскер басы Қаһанды мың батпан сауыт-сайманымен жерге ұрған кезде, олар өз патшалығына қарсы соғысады. Қылышын айдаһардын зәріне суарған Зарқұмға пайғамбар өзі жекпе-жекке шығып, оны сауыт-сайманымен, басындағы қырық батпан тәжісімен аспанға атып, жерге түсірмей қағып алды да, «құдай бір, пайғамбар хақ, Құран шын» дегізіп дінге кіргізеді. Ғирақ шаһарының 400 қақпасы түгелдей ашылып, бұтқа табынған Ғирақ (Ирак) патшылығын мұсылман етіп қайтады.[2]Діни дастандарда діни уағыздармен бірге батылдықты, батырлықты, намысты, бір сөзділікті мадақтау да бар. Жанәбіл мен Қаһанға жекпе-жек шыққан Әзірет Әлі тоғыз күндей соғысып жеңе алмағанда, Мұхаммед Қанапия кезек сұрап жетіп барады. Сонда Әзірет Әлі: «Күнбатыс, күншығысқа барған бабаң. Шаһар бұзып, ойранды салған бабаң. Талай Қайсар, Қаһандай палуанды, Жолдассыз жалғыз жүріп алған бабаң» деп намысқа булығып, денесінің түгі сауытын тесіп шығады. Соғыс алаңын тастамайды.
«Кербаланың шөлінде» пайғамбар әулетінің күші әлсіреп, жеңіліске ұщыраған кезі баяндалған. Копе шаһараның патшасы Нығманнан қысым, зорлық көрген Сәнилердің Мұхаммед әулетінен көмек сұрауы қиссаның сюжеттік желісін тартады. Бұл оқиға Нығманның әкесін қатты шамдандырып, Шам, Басыра патшалықтарынан көп әскер жөнелткен Язит Меккеден келе жатқан Әзірет Әлінің ұлы Хұсайын қолын Кербаланың шөліне (Ирак) қамап алып, сусыз қалжыратады. Қырық мың әскермен айқасқан Хұсайын қолы суға жете алмай әлсіреп жеңілді. Әскер басы Хұсайынның басын алып, Язит патшаға апарып сыйға тартады.
Екінші топ[ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D1%96%D0%BD%D0%B8_%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80&action=edit&section=2" \o "Бөлімді өңдеу: Екінші топ" өңдеу]
Діни дастандарда өсиет, насихат көп орын алады. Бұлар діни сарында жазыла тұрса да, оқиғасы тартымды, тілі көркем, тарихи шындыққа жақын, озбырлық пен қатыгездікке қарсылық нышаны да бар. 2-топқа кіретін Діни дастандар «Жұм-жұма» мен «Әзірет Әлінің пыраққа мініп, Мағражға шығуы». Бұл дастандарда Әзірет Әлінің ұжмақта жүрген пайғамбарлармен кездесуі, хор қыздарымен сұхбаттасуы әңгімеленсе, тіршілігінде дүние қызығына әуестеніп кеткен Жұм-жұманың өлгеннен кейін дозаққа түсіп, ораза, намаз тұтпағаны үшін қатты азап тартуы бірыңғай діни мифтік тұрғыда баяндалған.
Үшінші топ[ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D1%96%D0%BD%D0%B8_%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80&action=edit&section=3" \o "Бөлімді өңдеу: Үшінші топ" өңдеу]
3-топтағы Діни дастандарда «Әзірет Әлінің құлыққа сатылғаны», «Әзірет Әлінің сараң байды жолға салғаны» және «Жүсіп-Зылиха» қиссаларында діни уағыздардан көрі тұрмыс тіршіліктері, әр алуан жайлар, тағылым, ғибраттар жырланады. Бұлардың ішінде «Жүсіп-Зылиха» - өмірге бір табан жақын шығарма. Мұнда түс жору, кітап ашу арқылы болашақты күні бұрын болжау, тағдыр, жазмыш сияқты мифтік ұғымдар бола тұрса да, құл сату, керуен шығу, аштық тоқтық, қуаншылық т.б. тұрмыс-тіршілікте кездесетін жайлар көп айтылады, мейрімділік пен адалдықты күншілдікке қарсы қояды, тағдырдан болған талай қиындықтарды жеңіп шығып, Жүсіп пен Зылиха мұратына жетеді.
Діни дастандарда тап қайшылықтары діни уағыздардың қалтарысында қалып қояды. Алайда оларда малды адал еңбекпен жию, ғарып, мүскінге шапағат ету насихатталады. Сонымен бірге оларда соғысқан екі жақтың батырларының жекпе-жектегі намысқорлығы мен бір сөзділігін, өлім қаупі төніп тұрса да, өз сөзінен танбайтын, бетінен қайтпас ерлігін паш ету бар.[3]17 Айтыс, зерттелу түрлері. Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету - әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді.Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. Мұның мәні – қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында.Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр.Сол өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің бәрінің көзқарасы бірдей емес. Әрине, олай болуы мүмкін де емес.Осы орайда А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі. А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен «Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады» деп хабар береді. Бұл түйін - айтыстың, дара ақындар айтысының аса жанданған әдеби үлгі, жаңа көркемдік арна екендігін айғақтай түсетін түйін.Мысалыға Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті үлгілерін қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен айырмашылығын атап көрсетіп берді. Оның арғы-бергі әдебиет үлгілеріне қатысын көрсетеді.Ә.Қоңыратбаев XІX ғасырда туған айтыс поэзиясын беске бөледі. Ілгеріде айтысты зерттеушілер әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар немесе бәдік жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, салт, қыз бен жігіт, ру, совет дәуіріндегі деп жіктегенін, М.Жармұхамедов еңбегінде айтыстың он төрт түрі бар деп көрсетілгенін ескертіп айтады.М.Жармұхамедов айтыстағы ақындық тәсілге, айтыстың дәстүрлі сипаттарына кең тоқталады. Қазақ айтыстарының жанрлық табиғатын белгілейтін басты ерекшелігінің бірі деп, белгілі бір айтыстың қайта жырлануда өсіп, түсіндірме қосыла отыратындығын айта отырып, оған «Бақтыбай мен Мәйкө қыздың айтысын» мысалыға келтіреді. Сондай-ақ ғалым айтыстың мұндай түрлері «Мансұр мен Дәме», «Түбек пен Қарқабат», «Біржан мен Сара», «Ыбырай мен Доскей», «Әсет пен Ырысжан» айтыстарында көп кездесетіндігін айтады.Ал, Сыдиқов болса, XIX ғасырдағы ақындардың дәстүрлі айтыс өнеріндегі өзіндік өрнегіне тоқтала отырып, айтыстың жанрлық, даралық сипаттарын айқындай түсер толғамдар жасады. Оған сөз жүйріктері Абыл, Нұрым, Қашаған сынды ақындардың айтыстарын мысал етті.Темірхан Тебегенов әдеби шығармашылық жөнінен зерттеуде ақындар айтысын үш түрге бөліп қарастырады: 1) Мұсылмандық ағартушылық айтыстар; 2) Еларалық-ұлтаралық айтыстар; 3) Жазбаша айтыстар.Жалпы, айтысты зерттеушілер XIX ғасырдағы айтыс үлгілерін, сипаттау қисындарын әлі де жан-жақты ойластыра, тереңдете қарастыру керектігін айтады.Қазақтың төл мұрасы – айтыс жанры бойынша үлкенді-кішілі зерттеулер жасағап, еңбектер жазған С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Исмайылов сынды зерттеушілеріміздің айтуынша, айтыс – екі адамның өзара сөз қағыстыруы, сөзбен тартысуы, жарысуы, дауласуы, сынасып-мінесуі, өнер салыстыруы сияқты ұғымдардың жиынтығын қамтиды. Айтыс екі түрде, яғни сөз түрінде және өлең түрінде кездеседі. Қазақ әдебиетінде, жалпы әдебиет көлемінде өсіп-өрбуге, әдебиет жанры ретінде қарастырылатыны да – өлең түрі болып табылады.Айтыс өлеңдерін, әдебиеттік жағынан қарастырғанда, мазмұны мен тақырыбына қарай екі түрге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына қарай бөлінеді. Ал, екіншісі – ақындардың шын мәніндегі өзара айтысы. Қазақ айтысының күрделі де қомақты бөлігін осы айтыс түрі құрайды.Алғашқы үлгідегі айтыс өлеңдері халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына сай туындаған.Ол міндетті түрде халықтың жиналған жерінде, яғни той-тамаша, ойын-сауық үстінде шығарылатын болған және оны шығарушы ақындар болған. Бұл айтыстардың өзіндік ерекшелігі болған, себебі, ол жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы, бастапқы үлгісі болып табылады. Бастапқыда ол ойын-сауық ретінде жиналған халықтың көңілін көтеру, күлдірту мақсатынан туындаған. Өлең құрылысы жұрттың жаттап алып айта беруіне ыңғайлы болған. Айтыстың мұндай түрінде, нағыз ақындар айтысының үлгісіндегідей, тың тақырып, күрделі де көкейкесті әңгімелер, көкіректі жарып шыққан ой түйіндері мүлдем кездеспейді, керісінше, жеңіл-желпі сөз, әзіл-оспақ, ойын түрінде болып келеді. Тағы бір ерекшелігі – бұл айтыста халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпына байланысты туған әртүрлі ұғымдар мен түсініктері біте қайнасқан.Әрине, бұны сол кездегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты туған айтыстың кемшілігі деп қарастырмау керек. Керісінше, ол – айтыс өлеңдерінің дүниеге қалай келіп, өзінің алғашқы қалыптасу барысында нендей тақырыпқа тоқталып, нені сөз еткендігі жайында аңғартып, мағлұмат беретін басты ерекшелігі деп қарастыру керек. Айтыстың дәп осы түрін - жалпы айтыс өнерінің әдебиеттен алар орнын көрсетіп, ақындар айтысының өніп, өрбіп шығуына себеп болған, үлкен жанр ретінде танылудың негізін қалаушысы, бастамасы болған түйткі ретінде бағалау қажет!Айтыстың бұл түрін мазмұнына қарай бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Олар: «жар-жар», «бәдік айтысы», «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» деген бастапқы тақырыптарға бөлінеді. Мұндағы «жар-жар»мен «бәдік айтысы» айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең көне, ескі үлгілері қатарында болып саналады.Қалған «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» болып саналатын айтыс түрлері халықтың жиналған жерінде жұртты көңілдендіру, сергіту, ән мен жыр қызығына толтыру мақсатында көбірек қолданылған айтыс түрлері болса керек.«Қыз бен жігіт айтысы» ақын жігіт пен ақын қыздың арасындағы сөз жарысы болып, оны шығарушы да, айтушы да сол қыздар мен жігіттер болғандықтан, халық оны осылай атап кеткен. Бұл айтыс әдеттегідей амандасудан басталып, әдемі қалжың, жарасымды әзіл-оспақ, елді күлдіруге тұрарлықтай күлдіргі жайттарға ұласып отырған. Айтыс барысында қыз бен жігіттің бір-біріне айтылған міні неғұрлым көңілді, құлаққа қонымды болғандықтан, қарсыласының намысына тиіп, ашу-ызасын шақырмаған. Қарсыласын жеңу үшін оның мінін көбірек тауып, сынауға тырысқанмен, ол мін мұқату, әшкере ету, бетін қайырып тастау мақсатымен айтылмаған. Ол керемет әзіл өрнегімен көмкерілген «мін айту» болған. Мысалы, қыз қарсыласының өсіп кеткен сақалына мін тағу арқылы оны ұялтуды емес, дәйім жұртты қыран күлкіге кенеп, жігіттің осы әзілге жөнді жауап қайтара алмай, тосылып қалар-ау деген мақсатпен:Қызға барған ел білсін атағыңды,Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды.Қыздан көңілі қалмаған қу көкірек,Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды...Сақалыңды айнаға көрші қарап,Ту құйрықтан маңызды төрт-бес қадақ.Ауылыңдағы бақалға күзеп сатсаң,Алты сабын береді, жеті тарақ, -деп келтірсе, жігіт оған лайықты жауап ретінде халықтың «Сөздің көркі – мақал, адамның көркі - сақал» деген мақалын қолданады және өз тарапынан қыз бойындағы титтей де мінін іздеп табуға тырысады.Айтыс - кейде осындай сөз сайысына түскен қыз бен жігіттің бір-біріне деген ықыластары болса, сол лебіздерін, іштегі көңіл сырларын айтып қалуға да үлкен мүмкіндік берген (түсінбегендері әзіл түрінде қарап, түсіне білгендері астарлап болса да жауап қайыра білген). Ерте заман айтысына үңіле қарасақ, ондағы ақындар тек өз ойларынан шығарған шумақтарды ғана емес, сол тұстағы халық өлеңдерін де пайдаланып, әнге қосып отырған. Кейде ол қайырма түрінде келсе, кейде тіпті екі ақын да (қыз бен жігіт) өлең шумақтарының алдынғы екі жолын қайталап, ал өздерінің негізгі ойларын кейінгі екі шумаққа сидырып отырған. Олар көбінесе жатталуға жеңіл, тілге орамды, құрылысы он бір буынды өлең түрінде кездеседі.Жинақтай айтсақ, «қыз бен жігіт айтысы» халықтың ойын-сауық, салтанатына байланысты туындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі «айтыс» жанрының бастапқы үлгілерінің бірін құрап, кейінгі үлкен «айтыстың» негізін салуға себепші болған қомақты жанрдың бірі.Қазақ даласына ислам діні таралғаннан бастап, (тарихтағы келтірілген деректер бойынша XVII ғ. бері) қожа – молдалар, басқа да дін иелері ислам дінін уағыздап, үгіт-насихат жасау үшін поэзияның қосар үлесі мол екендігін біліп, оны тікелей пайдалануға кіріскен. Осы мақсатпен әсіресе айтысты көбірек пайдаланған. Міне осылай «дін айтысы» пайда болған. Әрине ол қайсы бір ақынға келіп «дін» туралы айтысасыңдар деп қолқа салу емес, ол үшін алдын-ала өздері жалдамалы ақындарға уағыз айтып, көпшілікке ақын тілі арқылы діни үгіт – насихат жүргізіп отырған. Олар жұрттың жиналған жеріне үгіт-насихатты тереңірек жүргізу үшін екі ақынға да алдын-ала дін жайында не айтуды, кімдер туралы және қалай айтудың үлгілерін тапсырып қойған. Міне, осындай «саясаттың» негізінде діни тақырыптық айтыс түрі туған.Айтыстың бұл түрі екі ақынның сөз жарысынан гөрі бір-біріне берген сұрау-жауабына көбірек келеді. Айтыстың аты айтып тұрғандай, оның негізгі тақырыбы - дін жайындағы әңгімелер, үгіттер болады. Жиналған барша халықты дін жолына түсіру, діни ұғымдарға иландыру, діни наным –сенімдерді ұстануға жетелеу, үйрету сияқты мақсаттарды көздеген. Бәріне тек бір ғана жаратушы ие «Алла тағаланың» күшіне сену, намаз оқу, ораза ұстау, құран жолымен жүру, пітір-садақа беріп тұру керектігі және тек осыны ұстанған адамдар ғана «жұмақ төрінен» орын алатынын, ал бұған қарсылық білдіріп, сенімсіздік артқан «дінбезерлерді» «тозақ» оты күтіп тұратындығын сөз ететін болған. Қарапайым халыққа жай сөзбен үгіт жүргізгеннен гөрі, олардың сүйікті поэзиясын қолдану қожа-молдалар үшін дін насихатының құралы ретіндегі бірден-бір таптырмас жол екендігі байқалады.Қазақтың айтыс өлеңдеріне дін айтысы елеулі үлес қосып, оның қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізе қоймаған. Бұл тек айтыс жанрының алғашқы үлгілерінің қатарындағы бірі болып табылады. Өлеңдік құрылысына келер болсақ, дін айтысы айтыстардың үздік шыққан тобына жатпайтын, тіпті айтыскерлердің аса қызығушылығын тудырып, жандандырар тақырып болып табылмайтын, тек дін тақырыбының аясында ғана сөз қозғалатын бірыңғай, қара дүрсінді өлең түрінде кездеседі.Халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына сай туындаған айтыс өлеңдерінің тағы бір түрі – жұмбақ айтысы.Ақынның тапқырлығы мен білгірлігіне тікелей байланысты айтыстың бұл түрі айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең күрделі, қиындау түрі десе болады. Осы себепке байланысты ақынның тек суырып салма болуы ғана емес, оның үстіне ол өте тапқыр, көп нәрселерден хабардар, білімді, тез ойлап, табан асты жауап беруге дайын болуы шарт.«Жұмбақ айтысының» қатысушылары жұмбақ қылып жасыратын нәрселерін адамзатқа таныс, деректі заттардан алып, сондай-ақ екі затты бір-бірімен салыстыра білу арқылы жұмбақ шығарған. Дәлірек айтқанда, жұмбақ қылып жасыру аясына кіретін тақырыптар көлемі – жаратылыс дүниесі, аспан әлемі, жан-жануарлар, хайуанаттар, адам және адамның еңбегі мен кәсіп құралы, өнер, табиғат, ілім-білім болған.Жоғарыда айтып өткен айтыстың қиындығының салдарынан ба, айтыстың басқа түрінен гөрі «жұмбақ айтысына» қатысушы ақындар аз болса керек. Мұның өзі «жұмбақ айтысындағы» айтыскердің аса тапқыр, білімді болуын талап ететіндігінің тағы бір айғағы.Қалай болғанда да қазақ халқы мұндай айтыскерлерден де кенде емес. Олардың қатарында Нұржан, Рысжан, Әсет, Шөкей, Сапарғали, Күңбала т.б. сынды айтыскерлеріміздің аттарын атауға болады. Бұлар айтыстың талабына сай – білгір ұшқыр ойлы, суырып салма, тапқыр айтыскерлер.«Жұмбақ айтысы» өз дәуіріндегі айтыстардың ішінде мәні зор, салмақты айтыс болған.Оның басқа айтыстан ерекшелігі, ол өз айтыскерін көп білуге, ізденуге, жан-жақтылыққа талпындырған. Ал бұл жастардың (тек айтыскерлер емес) білімге деген құштарлығын оятуға, білімді болуға жетелеген.Қорыта айтқанда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына байланысты туған айтыс өлеңдерінің қай-қайсы болмасын, олар кейінгі туған үлкен айтыстардың, нақтырек, ақындар айтысының бастамасы, негізгі тірегі, ұйытқысы болып табылатыны хақ.
18 Айтыстың көркемдік ерекшеліктері. Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір саласы – айтыс өлеңдер. “Айтыс” деген атау қазақ ұғымында өлеңмен айтысу, өлең сағысына, жарысына түсу мағынасында қолданылып келген. Айтыс дәстүрі тек қазақта ғана емес, Иран, Индия халықтарында да, арабтың бәдуйлер деп аталатын көшпелі тайпасында көшпелі тайпасында да және түркі тілдес өзбек, түрікпен, қарақалпақ, қырғыз сияқты халықтарда да болған. Айтыс әр елдің өз тілінде аталған. Мысалы: арабта “мұғалақат”, өзбекте “лафар”, қырғызда “айтуш”. Айтыстың диалогтық кейбір жолдарын V-VII ғасырлардағы Орхон-Енисей жазуларындағы Иоллы ақынның “Күлтегін” дастанынан кездестіреміз. Немесе XI ғасырларда жазылған Баласағұнидің “Құтадғу-Білік” шығармасының бірнеше өлең шумақтары айтыс үлгісінде құрылған. XIII ғасырда өмір сүрген Ұлы жыршының Шыңғыс хан мен өлеңмен жауаптасқаны да айтыс түріне жатады. Айтыстың топтасып айтылатын кейбір түрлері бұдан да арғы заманға барып тіреледі. Адам баласының өзінен жоғары нәрселердің бәрін “тәңірі” деп танып, табиғатқа табынған. Сәбилік дәуірде туған бәдік тағы басқа сондай жырлар айтыс өлеңдерінің ең көне түрі болып табылады. Айтыс қазақтың сөздік қорын жетілдіретін бай қазына.Айтыстың тарихи даму жолы, өзіндік ерекшеліетері бар. Айтыстың басты ерекшеліктерінің бірі – ол өзінің ұзақ даму жолында болған оқиғаны, шындықты, ақиқатты өткір тілмен бүкпесіз айта алатын берік қалыптасқан дәстүрге аайналды. Расында айтыс нағыз ақындық өнер. Ипровизаторлық өнер, оның үстіне айтыс – поэзиямыздың көлемді де күрделі жанры.Айтысқа кез-келген адам түсе бермеген, айтыс сайысына түсетін ақын ойдан тез шығарғыш дарынды да, сөз нөсерін түйдек-түйдегімен құйлатын төкпе де қарсыласынан тұтқиылдан төнетін ұшқыр да, ұтқыр, логиклық ой да күшті болуы шарт . Айтыс сайысына дейін екі жақ ақындар да сөз жоқ үлкен дайындықпен келеді. Ол өзінің туған жерін ардақтап адам ата тегін, дін саптарын білумен бірге өз қарсыласына мін тағатын кемшіліктерін, осал мінездерін соғұрлым көп білсе, соғұрлым тиімді. Айтыстың өзіндік тағы бір ерекшелігі, оған әйел еркек бірден қатасып отырғанын еске алсақ, мұның көпке ортақ өнер, ортақ жанр болып дамығанын көреміз. Ақын әйел қатыспаған айтыс кемде-кем. 1965 жылы “Жазушы” баспасынан шыққан 3-томдық айтыстың нақ жартыс ақын әйелдер.Айтыстың күшті дамыған кезі XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын, өз руының әруағын көтеріп, туын жоғары ұстауға тырысқан. Айтыс ақындарының өткен ғасырдағы өкілдері Сүйінбай, Шернияз, Қатаған, Орынбай, Шортанбай, Кемпірбай, Шөже, Балта, Жанақ, Түбек, Тоғжан, Ақсұлу, Тәбия, Майлықожа, Тезекбай, Әсет, Ырысжан, Бейбіт, Мұса, Манап қыз сияқтылар. Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі халықтың тұрмыс тіршілігіне, әдет-ғұрып саласына байланысты туған айтысар. Екіншісі – шын мәніндегі ақындар айтысы. Екіншісі қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады. Көбінесе әзіл-оспаққа, күлдіргі әңгімеге құрылған айтыстың алғашқы үлгілерінде ақындар айтысындағыдай ақындық шабыттан, тыңнан туған өткір ой, өзекті оқиға желісі, әсерлі сөз жүйесі бола бермейді. Айтыс өнерінің ең ерте заманнан келе жатқан түрі – бәдік айтысы. Екінші түрі “жар-жар” қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы.Жар-жарда бір жағы ескі әдет-ғұрыптың, қатал заңның әділетсіз кесікінін әшкерелесе, екіншіден, қазақ әйелдерінің бас бостандығының болмағанын айтып көрсетеді. Бұл жағынан жар-жар өлеңнің әлеуметтік мәні зор. Жар-жар өзіне тән еретеден қалыптасқан өлеңдік құрылысы бар. Жар-жар көбінесе 7-8 буынды жыр үлгісіне, кейде 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. Жар-жар өлеңдерінің көркемдік стилі, әдісі, негізінен психологиялық паралеллелизм деуге болады. Көркемдік құралдарының бұл түрінде жансызды жандандыра сөйлету, жануарға тіл бітіру сияқты табиғат құбылыстарын адам ойына қатар қою әдісі жиі қолданылған. Айқындар айтысы. Қазақтың әдебиетші ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, нағыз ақындар айтысы XIX ғ. дамыған. Олай дейтіні XIX ғасырға дейінгі айтыс ақындарында өмірбаяндық деректері де, айтыс өлеңдері де сақтала бермеген. XVIII ғ. өмір сүрген ақын-жыраулардың аты-жөні белгілі болғанымен, олардың айтыс өлеңдерінен қай түрде, қандай көлемде болғаны туралы нақтылы деректер әлі күнге анықталған емес. XIX ғ. басында туып, бертін келе дамыған айтыс ақындарының аты-жөні, тіпті өмірбаяны да белгілі. Олардың айтыс өлеңдері халық аузында немесе қолжазба күйінде сақталып келген.Айтыстың күшті дамыған кезі – XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын өз руының әруағын көтеріп туын жоғары ұстауға тырысқан. Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі- халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі- шын мәніндегі ақындар айтысы. Бұл соңғысы қазақ айтыстарының ең күрделісі.Айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған. Және ол жұрттың жиналған жерінде, ойын-сауық үстінде шығарылған. Оларды шығарушы да ақындар болған. Бұл айтыстар жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілірі болғандықтан да өзіне тән ерекшеліктері барлығын көрсетеді. Ең алдымен, ол ойын-сауық ретінде, халықтық көңілдендіру, күлдіру негізінде туғандығын аңғартады. өлеңі жұрттың жаттап алып, айта беруіне лайықталған болады. Мұнда нағыз ақындар айтысындағыдай тыңнан қозғалатын күрделі әңгімелер, оқыстан туған оқиғалар буырқанып-буырсынып шығатын сөз саптасы кездеспейді. Көбінесе жеңіл-желпі айтылған әзіл-оспақ түрінде болып отырады. Екіншіден, бұл айтыстарда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған әр түрлі ұғым, түсініктер араласа жүреді.Бүл айтылғандар тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып салтқа байланысты туған айтыс өлеңдерінің көмекшілігі емес. Ол – айтыс өлеңдерінің қалай туып, алғашқы қалыптасу ретінде нені сөз еткендігін аңғартатын ерекшеліктері болуға тиісті. Және осы айтыстар кейіннен үлкен айтыс өлеңдерінің, яғни аындар айтысының, шығуына негіз салды, соның бастамасы болды деп түсінеміз.Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстарды мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлеміз. Солардың ішінде басталары:”жар-жар”, “бәдік айтысы”, “қыз бен жігіт айтысы”, “дін айтысы”, “жұмбақ айтысы”. Бұларды талдағанда “жар-жар ”мен “бәдік” айтысына тоқталып жатпаймыз. өйткені ьол екеуін осы кітаптың алғашқы тарауында қарастырғанбыз. Бұл арада, қайталау түрінде, “жар-жар” мен “бәдік” – айтысы өлеңінің ең ескі, алғашқы үлгілеріне салыстырғандығын ескертпеппіз.19 турлері жоқ Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ балалар фольклоры, балалар фольклоры – халық фольклорының арналы салаларының бірі. Ол халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналығына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар фольклорыы балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарм. қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, логик. жүйелілігімен, муз. әуенімен, өнегелі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.
Қазақ балалар фольклоры шығу тегі мен орындаушыларына қарай – үлкендер тарапынан балаларға арналып айтылатын және балалардың өздері орындайтын шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, мәпелеу жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш шығармалар жатса, соңғысы қаламақ, санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақ балалар фольклорын ірі-ірі төрт арнаға жіктеп қарастыруға болады. Олар:
1) әлпештеу поэзиясы. Әлпештеу поэзиясына жататын жырларды шығарушылар да, орындаушылар да – ересектер. Ол жырлар сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап оны бағып-қағуға арналған түрлі салт-дәстүрлерді сүйемелдейді, ата-ананың, қалың жұртшылықтың сәбиге деген сүйіспеншілігін, арман-тілегін, халықтық идеалды жыр тілімен өрнектейді. Бөбектің денінің сау, ауру-сырқаудан аман, ширақ болып өсуімен қатар, ең бастысы, оның рухани жетілуіне қызмет етеді. Бұлардың өзі мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жыры, уату-алдарқату жыры деп іштей төрт түрге жіктеледі;
2) жеткіншектер жыры. Бұл топқа балалардың өздері шығарып, өздері айтатын және ересектер фольклорынан ауысып, балалардың орындауына көшкен жырлар жатады. Ол әлпештеу жырларынан кімдер орындайтындығымен ғана ерекшеленбейді, поэтик. құрылымымен де, атқаратын қызметімен де, тақырыптық, мазмұндық жүйесімен де ажыратылады. Бұл топқа балалар мен ересектердің орындауында қатар өмір сүріп келе жатқан наурыз жыры, жарапазан, маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер, тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең, мазақтама сияқты өлең-жырларды топтастыруға болады;
3) ойындық фольклор. Мұның қатарына балалар ойыны кезіндегі ойынға шақыруға ойынды бастауға, оны жүргізуге қызмет ететін өлеңдер (қаламақ, санамақ, мен өлең ойындарды (тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы) қосуға болады. Жалпы, балалар фольклорына тән шығармалардың барлығында ойындық белгілер болатыны сөзсіз, бірақ ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше басым көрінеді, оларда ойынға тән драматизм мен қимыл-әрекет, динамизм күшті. Ойынға шақыру өлеңдері, қаламақ, санамақ, ойын ішіндегі өлеңдер тікелей балалар ойындарымен бірге өмір сүрсе, халық арасында кең тараған жұмбақ, жаңылтпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады;
4) балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалардың прозалық фольклоры. Балалар күнделікті өмірде ересектер аузында айтылатын магиялық фольклордан бастап, аңыз-әңгімелерге дейін үйреніп, жаттап, соларға еліктеп айтып жүреді. Солардың ішінде әсіресе, ертегілердің алдыңғы орында тұратыны белгілі. Бірақ сәби, жеткіншек жасындағы балалар ертегілердің барлығын игере бермейді. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан балалардың прозалық фольклорының қатарына оқиғасы жеңіл, шағын да тартымды, тілі жатық тізбекті ертегілерді, себептік мифтерді, үрейлі әңгімелерді, кейбір батырлық аңыздарды жатқызуға болады.[1]20 түркі халықтарына ортақ ежелгы Түрік халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі фольклордың ролі.Көне түркі жазба ескерткіштері– ұрпақ қазынасыҰрпақтан-ұрпакқа мұра болғанруникалық жазба ескерткіштер(V-VIII іт.) қазақ және өзге түркі халықтарының көне дәуірде мәдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге танылған түркі руникалық жазбалары атақты Египет перғауындарының қорғандарынан табылған шумер жазуларымен дәуірлес болып келеді.Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 19жыл ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайгы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
адебиеттегі фоль рөлі
21 қазіргі қаз әд фольклоры
22 қаз фоль зерттелелу тар 2 сур
23 20 ғас бас қазақ фольклористикасы
20 ғасырдың бас кезіндегі ғұрып фольклорының зерттелуі
ХХ ғасырдың бірінші жартысында фольклорды теориялық тұрғыдан зерттеу жұмысы Қазан төңкерісінен кейін қолға алына бастады. Бұл кезеңде фольклор мен әдебиеттің өзара байланысын, сондай-ақ қазақ фольклорының жекелеген жанрларын зерттеуге көңіл бөлу өсті. Кеңестік фольклористикада фольклор мен әдебиеттің өзара байланысына ерекше назар аударылды. Бұл мәселені зерттеу жұмыстарының негізі сонау 1920-шы жылдары қалана бастады. Бұл кездегі ғалымдар көзқарастарында қарама-қарсы екі пікір қалыптасты: бірі – әдебиетте фольклордың ізі жоқ дегенге табан тіресе, енді біреулері – керісінше, әдебиетте фольклордың элементтері кездеседі дегенді алға тартты. Сонымен  қатар фольклордың теориялық мәселелері де зерттеле бастады.  Мәселен,   қазақ  фольклорының   әр  түрлі    жанрларының  өзіндік жеке ерекшеліктерін ажырату, саралау, сараптау т.б. жұмыстарының негізі қаланды. Көбінесе ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары т.б. тәрізді фольклор жанрлары қарастырыла бастады.
Қазақ фольклортану ғылымы тек Кеңестік дәуірде ғана түбегейлі қалыптасты деуіміз Қазан төңкерісіне дейін қазақ фольклоры жайында жүргізілген кейбір зерттеу еңбектерін жоққа шығармайды. Мәселен, Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Г. Потанин,            П. Мелиоранский, Ә. Диваев т.б. тәрізді ғалымдар мен ағартушылардың жалпы қазақ фольклоры туралы, оның кейбір жанрлары жайында айтқандары бар. Әрине, мұнда пікірлер үлкен ғылыми зерттеу еңбектерінің міндеттерін атқармаса да, қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуына үлкен әсер еткені күмәнсыз.1920-шы жылдардың басында қазақ халқының ауыз әдебиеті жайында көтерілген мәселелер баспасөз беттерінде үлкенді-кішілі мақалалар, зерттеулер түрінде жариялана бастады. Мұнда қазақ фольклорын жинау, жариялау, зерттеу, бағалау мәселелері көтерілді. Мұның өзі халық ауыз әдебиетін зерттейтін қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуына негіз салды. Сол тұста қазақ фольклоры туралы жазылған кішігірім мақалалардан басталған фольклортану ғылымы идеология майданында таптық күрес, фольклордың тарихи және оның қоғамдағы рөлі жайында көтерілген мәселелерге белсене араласты.
Қазақ фольклорын таптық тұрғыдан, еңбекші халықтың арман-мүддесі тұрғысынан зерттеп бағалау ісіне С. Сейфуллин [33] кейін 1920 жылдардағы С. Мұқанов, Б. Кенжебаев тәрізді біраз әдебиетші фольклористер назар аударды.
1920 жылдардағы қазақ фольклортану  ғылымының көтерген екінші бір үлкен мәселесі қазақ халық ауыз әдебиеті тарихын зерттеу болатын. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген М. Әуезов қазақ фольклоры туралы бірнеше зерттеу жазды: «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1922 ж.), «Қобыланды батыр» (1925 ж.), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1927 ж.) т.б. Бұл еңбектерде: қазақ әдебиетінің даму жолдары, қазақ жазба әдебиетінің XVIII-XIX ғасырда қалыптаса бастағаны, бұл әдебиеттің алдында халықтың ғасырлар бойы жасаған бай халық ауыз әдебиеті жатқаны, ол кейінгі жазба әдебиеттің бастамасы екендігі т.б. сөз болады. Сонымен қатар М.Әуезов қазақ жазба әдебиетінің кейбір өкілдерінің шығармашылығы халық әдебиетімен тығыз байланыста екендігін дәлелдейді. Қазақ ауыз әдебиетін іштей жанрларға жіктейді, әрбір жанрдың өзіндік ерекшеліктерін сөз етеді. Қазақтың эпостық жырларына арнайы тоқталып, олардың белгілі бір оқиғаларға, әлеуметтік жағдайларға байланысты туғандығын көрсетеді
Қазан төңкерісінен кейін Кеңестік оқу ағарту саласында кадрлардың жетіспеуі өз алдына, тіпті оқу орындарындағы оқулықтардың жұтаңдығы сол кездегі қазақ зиялыларын толғандырған басты мәселелердің бірі болғандығы анық. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін де белгілі ғалым  М. Әуезовтың «Халық ауыз әдебиеті туралы» мақаласы 1924 жылы «Жас қайрат (Ташкент) журналының 4 санында (Б.19) жарияланған [34]. Бұл мақалада автор уақыт өткізбей халық ауыз әдебиеті үлгілерін тездетіп жинап алуға шақырады. Халық ауыз әдебиетін жинауға қолайы бар адамдар, оқыған шәкірттерді тарта отырып, автор оларға қазақ елі тұрмысының ерекшелігіне орай ескі мұраны жан-жақты  жинастыру міндетін жүктейді. Ғалым Мұхтар Әуезов халық әдебиетіне өлең, жыр, ертек, мақал, жаңылтпаш, бесік жырлары, діндар өлеңдер, үлгілі әңгімелер, жын, шайтан, аруақтар туралы айтылған әр түрлі хикаялар, халық дәрігерлігі, олардың пері, сиқыршылар, албастылар һәм басқа да осылар сияқты сөздердің бірсыпырасын жатқызады. Демек фольклорды өзінше іштей жіктей отырып, және оның алғаш  анықтамасын да береді: «…халық әдебиетінде жоғарғылардың кім айтып, кім шығарғандығы, анық емесі мәлім болмайды. Ескі білетіндерден кім ұғып жаттап айтса, сол ие болып, бірден-бірге тапсырылып жүре береді. Ондай белгілі иесі болмаған сөздер жалпы халыққа ортақ мүлік есебінде қалып отырады.
Сәкен Сейфуллиннің 1929 жылы «Қазақ әдебиеті туралы хат» атты мақаласы [35] да, негізінен, оқу-ағарту мақсатында жазылған. Автор қазақтың халық әдебиетін жинаушылардың  көбейе бастағанын сөз ете отырып, елдің жаңа тұрмыс дәуіріне аяқ басқанын, мектеп, медреселері көбейгенін жазады. Автор қазақтың мәдениет, әдебиет тарихын зерттеу мақсаты Қазақстанның халық ағарту орындарының алдында тұрған ең басты мәселесі болу керектігін айтады. Ол үшін     С. Сейфуллин: «Халық тарихын, әдебиет тарихын тәртіптеп жазып шығаруға әдебиет тарихының деректері керек. Болған тиісті мағлұматтар, біраз ескі мағлұматтар, біраз тарихи әдебиет деректері қазір қазақ университеті қарамағында бар. Бұл ескі мағлұматтар дегеніміз, тарихи әдебиет дегеніміз мыналар: ескі сөздер, билер сөздері, ескі батырлар әңгіме-жырлары, қиссалар, ертектері, неше түрлі өлеңдер, әдет-ғұрып жырлары, мәселен: беташар, ау-жар, тойбастар, бесік жырлары, жоқтаулар, айтыстар, ескі әңгіме-жырлар, аңшылық әңгімелері, бақташылық әңгімелері, бақсы әңгіме-жырлары, тағы басқа осы тәрізді әңгіме-жырлар»,-деген тәрізді фольклор үлгілері оқулық жазу үшін қажетті мәтін көзі боларын ескертеді. С. Сейфуллин қазақ фольклорының барлық жанрларын бір жерге жинап, бастырудағы мақсаты – ол мектеп, медресе, университеттер үшін қажетті оқулық жазу екендігін анықтадық. Ендеше бұл үгіт-насихат құралын атқарған мақала әсерінен барып, сол кезде жиналған фольклорлық үлгілердің оқу-ағарту сипатындағы зерттеу жұмыстарына негіз қалағаны сөзсіз. Мақала соңында халықтық шығармаларды қайда жіберу керектігін де көрсететін Сәкен Сейфуллиннің Алматыдағы мекен-жайы көрсетілген. Бұл еңбектер қазақ фольклорын кеңінен, ғылыми тұрғыдан баяндауға арналған алғашқы зерттеулер екені сөзсіз.
Ендеше, 1920 жылдары дүниеге келген Кеңестік қазақ фольклортану ғылымы аз уақыттың ішінде көп жұмыстар атқарды. Қазақ халық ауыз әдебиетін дұрыс пайдалану, ескі мұраны бағалау, қазақ фольклорының тууы мен даму тарихын зерттеу жайында аса маңызды мәселелер көтерді.
24 кеңес дау
25 В. Радлов қазақ фольклорын зерттеуші. XIX ғасырдың 70 жылдарында Қазақстанды аралап көп саяхат жасаған В.В. Радлов былай деп жазды: «Менің бұрынғы Жарғының қолданылуын қадағалауыма жеткілікті жағдайлар болды. Ол тәртіп орнатқан және қазақтармен көрші тұратын отырықшы егіншілерді қорғауды қамтамасыз еткен. Бірақ тәртіп орнатылуына байланысты халықтың әл-ауқаты төмендеген. Семей маңындағы толық бағындырылған Ішкі орда мүлдем дерлік күйзелген, сонымен бірге Үлкен ордаға жақындаған сайын халықтың байлығы арта түседі». XIX ғасырдың 20 жылдарындағы реформаның құны осындай болды.
Аса көрнекті түріктанушы ғалым В.В.Радлов өзінің он томдық шығармалар жинағының «Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері» деген үшінші томын түгелдей қазақ фольклорына арнады. Ол қазақтардың шешендік өнерінің зор екенін, олардың табиғи дарынының молдығын және осының аркасында әрқашанда ырғаққа және тіпті жай сөйлескеннің өзінде ұйқасқа мән беретінін ерекше атап өткен. В.В.Радлов қазақтардың жоғары поэтикалық мәдениетін атап көрсетті. Ол халық жадының қаншалықты күшті және қазақ тілі мен оның поэзиясы дамуының деңгейі қаншалықты жоғары екеніне көзбен көріп көз жеткізді. Қазақтардың ауызша халық шығармашылығының, фольклорлық жанрының байлығына қайран қалған ол қазақ әдебиетін дидактикалық, эпикалық және лирикалық жанрларға бөлген.
Ш.Уәлиханов пен В.В.Радловтың тәжірибесі қазақ фольклорын болашақтағы жинаушылар мен зерттеушілер үшін үлкен мектеп болды
26 Ш. Уалиханов – фольклоршы Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды" – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н.Потанин. Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты (орыс әдебиеті мен тілі, тарих пәні) оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның "Профессор И.Н.Березинге хат", "Профессор И.И.Березиннің "хан жорықтары" кітабына рецензия" т.б. алғашқы ғылыми жұмыстарының өзінен-ақ, оның болашағы зор ғалым, зерттеуші болатындығы аңғарылатын. Шоқанның біліміне мұғалімдері мен құрбылары ерекше қызыққан, сол кездің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерімен таныстығын жолдастарының көбі үлгі тұтып, мойындаған. Шоқан олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған. "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г.И.Потанин. Мұның өзі Шоқанның жолдастары арасында беделі ерекше зор болып, оның биік тұрғанын көрсетеді. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" – деп атайды. Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады. Қоғамдық, әдеби қызметі Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ-орыс әскерінің 6-атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік-Батыс аймағының генерал-губернаторы Г.X.Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сондай-ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады. Қызметі барысында Шоқан Уәлиханов патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді жете танып, қарсы батыл пікірлер білдіруге тырысты. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты. Омбыдан кетуді, өзінің туған халқына пайдасы тиетін істермен шұғылдануды армандағанын өзінің достары Ф.М.Достоевскийге, Қ.Қ.Гутковскийге жазған хаттарынан анық көруге болады. 1855 жылы Шоқан Уәлиханов Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы, Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келеді, қайтарда Алакөл, Тарбағатай жерлерін аралайды. Орталық Қазақстан-Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында көптеген материалдар жинайды. Сонымен бірге өзі болған аймақтардың тарихы, ескі қалалардың орны, шың-тастарағы жазу, белгілерін, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдерді жазып алады. Осы материалдардың негізінде "Тәңірі", "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" сияқты еңбектер жазады. 1856 жылы Шоқан полковник М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады. Қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспедияцияға қатысу Шоқанның зерттеу жұмысын ойдағыдай жүргізуіне мүмкіндіктер туғызады. Ыстықкөлге, Қытай империясының Құлжа қаласына саяхаты және 1856-1857 жылдары Жетісу, Тянь-Шань сапарларында П.П.Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге болуы, Кырғыз Алатауына екінші рет сапарының нәтижелері оның "Жоңғария очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар", "Ыстық көл сапарының күнделіктері", "Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы" атты еңбектерін жазуға септігін тигізеді. Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға айырықша назар аударды. Мәселен, ол қырғыз халқының "Манас", "Семетей" туралы дастандарының біраз тарауын тұңғыш орыс тіліне аударып, оған ғылыми тұрғыдан толық тарихи және әдеби талдаулар жасады. Бірінші рет баспаға ұсынды. Көлемі жағынан, оқиға құру, адам образдарын бейнелеу жағынан әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен теңдес, аса құнды туынды ретінде бағалаған. "Манас" – қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам Манастың төңірегінде топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол "Илиада" тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда қырғыз халқының өмірі, діні дәрігерлік ұғымдары шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған. Екінші эпос – "Семетей" – "Манастың" жалғасы. Бұл қырғыздың "Одиссеясы", – деп көрсетеді Шоқан. Шоқан әдебиет, оның теориясы мәселелері жөнінде сол кездің өзінде-ақ, көптеген тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының жағдайларына лайық дамытады. Сондай-ақ, әр халықтың әдебиетін оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарастырады. Қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы тың ой-пікір білдіреді. Халықтың рухани серігі болған поэзия туралы ол: "Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен", – деп жазады. Қазақ өлеңдерінің халықтығы жайлы құнды пікірлер білдіруде, Шоқан халық әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлаған. Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Құрымбай сияқты ақындардың еңбектеріне жүгінеді, мысалдар келтіреді. Сонымен бірге қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей келе, мұны орыс ғалымдарына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттей келе Шоқан олардың славян халықтарының, әсіресе, орыстардың ауыз әдебиетімен байланысын ашып дәлелді мысалдар келтіреді. "Жоңғария очерктерінде" "Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, этникалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарының, әсіресе, славяндардың осы тектес шығармаларымен бір сарындастығына қайран қалдым", – деп көрсетеді. Орыс-қазақ ертегілерін, мақал-мәтелдерін салыстыра отырып нақты дәлелдейді. Мысалы: өмір шындығының сәйкестігі әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып, дала өмірін жырлаған екі елдің поэзиясының бір-біріне ұқсастығын, көшпелі ел тұрмысы сұлу табиғат, рулық тартыс, қайшылықтарды суреттеуінен анық көрінетінін айтады. Әсіресе, бұл халықтарда өлеңді суырып салып айту өнерінің ерекшелігіне назар аударған. Қазақтың шешен билері жайында құнды пікір білдіреді. Ш.Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы зерттеу еңбектері Петербург ғалымдарының назарына ілігіп, құнды ықылас-ілтипаттарына ие болады. П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған.
27 М. Әуезов фольклортануышы
28 Тәуелсіздік кезіндегі айтыстар
29 батырлар жырындағы кейіпкерлер жүйесі
30 Қиял-ғажайып ертегілердегі халық арманы. Қиял - Ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. Қиял - Ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. Оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. Мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет - ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат, т.б.), ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. Қазақтың Қиял - Ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. Оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады. Демек, біздің Қиял - Ғажайып ертегілерміз жанр жағынан синкретті, яғни дараланбаған. Қазақ Қиял - Ғажайып ертегілердің тағы бір ерекшелігі - үнемі трансформациялық процесте болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. Осы себепті Қиял - Ғажайып ертегілерінің біразы жанрлық өзгеріске ұшыраған, олар қиял-ғажайып пен тұрмыс-салт ертегілерінің аралық жанры сияқты. Кей жағдайда Қиял - Ғажайып ертегілері бүтіндей тұрмыс-салт оқиғаларын баяндап келеді. Қиял - Ғажайып ертегілердің сюжетіне, поэтикасы мен құрылысына батырлық жыр үлкен ықпал еткен. Көптеген Қиял - Ғажайып ертегілердің сюжеттік желісінде батырлық жырларындағыдай тұрақты кіріспелер мен қорытындылар бар. Әдетте, сюжеттің кіріспесінде ертегі қаһарманның кәрі ата-анасы мен оның дүниеге келуі туралы баяндалады: қартайғанша перзент көрмей, қу бас аталған құдайдан бала сұрап, әулие-әмбиелердің басына түнеп, жалбарынады. Кемпір-шалдың тілегі қабыл болып, бала сүйеді. Ол - ертегінің бас кейіпкері, батыр, ержүрек жауынгер. Ал қаһарман туралы әңгіме біткен соң негізгі сюжетке жалғасатын қорытындыда кейіпкер мен оның жанындағылардың бұдан кейінгі тағдыры сөз етіледі. Қорытындыдағы бас кейіпкер көп жағдайда, негізгі сюжеттегі қаһарманның баласы немесе інісі болады. Ол ендігі жерде ағасы не әкесі бастап, үлгере алмай кеткен істі тындыруы тиіс. Қазақ Қиял - Ғажайып ертегілерінің сюжеттік құрамы біркелкі емес. Әлденеше халық, ұлтқа ортақ халықар. Сюжеттер де, көрші халықтар ертегілерінің нұсқалары да, қазақтың өзіне тән оқиғалар да ертегілерге негіз бола береді. Бұл кездейсоқ емес. Қазақ халқы өмір бойы басқа халықтармен қоян-қолтық аралас, тығыз қарым-қатынаста болды. Ерте заманда туып, көне дәуірдің көріністерін сақтап келсе де, Қиял - Ғажайып ертегілер қазақ халқының тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Қиял - Ғажайып ертегілердің бас қаһарманы, эстетикалық мұраты - халық арманы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары, аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша және басқа да әлеум. Теңсіздіктен жәбір көрген, әділдік іздеген бұқара өкілдері ("Қаңбақ шал"). Бұлардың бәрі халық арманынан туған кейіпкерлер, яғни қияли-тарихи құбылыс. Кейінгі дәуірде, адамзат рулық қоғамға көшкен кезде халықтың арманы өз руын бөтен елден, шапқыншы жаудан қорғайтын жауынгер-батыр болды. Бұл бейне қазақ ертегілерінің біразында кездеседі. Рулық қоғам ыдырай бастаған кезде - арман басқа. Енді ол - ыдырап бара жатқан қоғамның дәстүрін қолдаушы, ата жолын қуушы. Қиял - Ғажайып ертегілер өмірге тікелей жақындап, бұқара арманын дәріптейді, халық эстетикалық мұратқа айналдырады.[1] 31 Көне эпостың негізгі белгілері.
32 Ер Төстік, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала бейнелері
33 Балалардың өзі орындайтын өлең-жырлар.
Халык
1 “Бақырғани кітабы”[1] — түркі тілдес халықтардың 12 ғасырдан сақталған сопылық ағымдағы әдеби ескерткіштердің бірі. Авторы, сопылық ағымның ірі өкілі — Сүлеймен Бақырғани. Бақырғанидың сопылық мазмұндағы хикмет-өлеңдері кезінде ұлан-ғайыр Қыпшақ даласы мен Орталық Азияның түркі тілдес халықтарының арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім болғанымен, ақын мұрасы тек 19 ғасырда ғана толық жинақталып, Қазан және Стамбұл баспаларынан “Бақырғани кітабы” деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 1882, 1898 жылдары) басылып шықты. “Бақырғани кітабы” — бес бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі — көңіл-күй жырлары;
екіншісі — сопылық идеясын насихаттауға арналған дидактикалық философиялық хикмет-өлеңдері;
үшіншісі — Алланы мадақтауға арналған жырлары (“Меғрожнаме”);
төртіншісі — “Ақыр заман көріністері” дастаны;
бесіншісі — “Бибі Мариям” толғауы.
“Бақырғани кітабының” басты идеясы — оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал, бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы), тариқат (сопылық ағымның идеясы, мұрат-мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың қағида-шарттарын танып-білу) және хақиқат (Хаққа жақындау). Бұл рухани асулардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Сондай-ақ осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Аталған төрт сатының (басқыштың) қырық мақамын толық танып-біліп, жақсы игерген адам ғана Алланың (ақиқаттың) дидарын көруге мүмкіндік алады. “Бақырғани кітабы” жырларында сопылық идеяның негізгі қағида-шарттарына, сонымен бірге, адамның қоғамда атқаратын қызметіне гуманистік тұрғыдан түсінік беріледі. “Бақырғани кітабы” Алла сыйлаған өмірдің ләззатынан безбеуге, махаббат қызығын көруге, ғылым мен өнерді меңгеруге үндейді. Адамды сүю арқылы құдайды сүюге болатыны жырланған. “Бақырғани кітабының” “Бибі Мариям” атты бөлімінде пайғамбарлар, әулие-әнбиелер, әлемнің жаратылысы, т.б. туралы жазылған сопылық-дидактикалық сарындағы жырлар қамтылған. Мұнда Ғайса пайғамбар өз анасы Мариям бибімен өмір мен өлім, мейірімділік пен зұлымдық, жақсылық пенжамандық жайында әңгімелеседі. “Бақырғани кітабы” оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, құдайға құлшылық етуге шақырады.
Сүлеймен Бақырғани шығармашылығыСүлеймен Бақырғани – сопылық сарындағы хикмат-жырларымен есімі машһүр ақын. Ахмет Яссауидің фйилософиялық ой-пікірлерін ислам қағидалары бойынша жалғастырушы шәкірті. Бақырғани кітабының негізгі идеясы – сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке, ізгілікке, бауырмалдыққа үндеу. Гуманистік бағыттағы ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан баяндау. Сүлеймен Бақырғани Бақырғани кітабының идеясы.Бақырғани кітабы-түркі тілдес халықтардың 12ғас.сақталған сопылық-дидактикалық ағымдағы алғашқы әдеби жәдігерліктің бірі.Аталмыш кітап орта ғасырлық қазақ әдебиетінің бірден-бір мұрасы.Ақынның хикмет жырлары ақыл-өсиет айту сарынындағы жыр-толғау үлгісімен үндес болып келеді.Бақырғани кітабы немесе Ақыр заман кітабы.Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі,адамгершілік,ғашықтық,білім,т.б.жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар.Діни аңыздардың желісіне сюжеттті өлеңдер де жазған.Сөйтіп түркі әдебиетінде 13-14ғас.кең ріс алып,қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының творчествосында дамытылған нәзирашылдық әдістің алғашқы бастауларына жол ашылған.
Бақырғани кітабы-негізінен 5бөлімнен тұрады.1ші бөлімінде шартты түрде көңіл күй жырлары деууге болады.2сі-сопылық идеясын насихаттауға арналған дидактикалық-философиялық хикмет өлеңдері,3сі-Алланы мадақтауға арналаған жырлар,4сі-Ақыр заман көріністері,5сі-Бибі Мариям толғауы бөлімдері.Шығармаларының басты тақырыптары сопылық,Аллаға сүйіспеншілік,құлшылыұ ету,исламның басты шарттарын орындауға шақырып,соңында автор өзі туралы мәлімет айтып,кейіпкерлердің мінсіз болып суреттелуін,сұлулықты асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер байқалады.Бақырғанидың түсінігінде сұлулықтың 3түрі бар:Алла тағаланың абсолютті сұлулығы,Жер сұлулығы,Рухани сұлулық.Сулықты суфизм тұрғысынан қарастырып,жырлайды.Сонымен,барша адамды бірден-бір оқу құралы арқылы адамды барша адамды жақсылыққа,қайырымдылыққа шақырып тәрбиелейді.
Ж.Баласағұнның Құтты біліг дастанының зерттелуі.Ж.Баласағұнның Құтты біліг дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен 3нұсқасы бар.1сі-Вена нұсқасы оны Герат нұсқасы деп атайды.Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр.Сондықтан бұны Вена нұсқасы дейді.Ал дәл осы нұсқаны Герат нұсқасы деуінің себебі,бұл 1439ж Герат шахарына ұйғыр әрпімен көшірген адам Хасан Қара Сейіл көшірген екен.Осы қолжазбаны сатып алып,оны Венадағы Корольдік кітапханаға сыйға тартқан.
2сі-Каир нұсқасы.Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген.Оны Каирдегі бір кітапханадан қолжазбалар қорынан 1896жнеміс ғалымы Б.Морщтапқан.Сонымен қатар орыс ғалымы Радлов Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады.Қазір бұл қолжазба СССРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.
3сі-Наманган нұсқасы.Оны 1913ж валидов Өзбекстанның Наманган шахарынан тапқан еді.Араб әрпімен жазылып,Әбу-Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.
Осы аталған үш кітап нұсқасы өзіндік ерекшеліктерімен ерекше орын алады.Құтты Біліг дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде 1823ж Азия журналында француз ғалымы Жауберт Амадес бастырып шығарған болатын.Осы дастанды зерттеп,аудару жұмыстарымен көптеген ғалымдар айналысқан болатын.Кең көлемде аударма жасаумен айналысқан орыс ғалымы Радлов 20жыл айналысқан болатын.Сонымен қатар қазақтың белгілі ғалымы ,ақыны ,әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егубаев Құтты Біліг дастанының қазақ әжебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері ретінде деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды.Сонымен қатар осы дастанның түпнұсқаға мейлінше жақын поэтикалық аудармасын жасап шықты.
Оғызнама дастаны.11ғас.Жетісу,Сыр бойында кеңінен таралған туынды.11ғас.қағаз бетіне түскен.Каир.Стамбұл,Лондонда оның араб,ұйғыр тіліндегі нұсқалары сақтаулы.1959ж Мәскеуде м.Щербак ұйғыр тіліндегі нұсқасын бастырды.
Оғызнама 40тан астам хикаядан тұрады.Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы оқиға баяндалады.Жырда оғыздар Көк тәңірге табынып,өздерін Көк бөріден таратады.
2 Жүсіп Баласағұни "Құтты білік"Өмірі. 9-13 ғ.ғ. (840-1212) Қарахандар дәулетінің дәуірлеген тұсы.Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн өмірі туралы там-тұм деректерді негізінен шығарма мәтінінен табамыз. Қарахандар мемлектінің Баласағұн("Тауарих хамса": "Бала"-көрікті қашалған тас, "сағұн"-қала деген монғол сөзі) шаһарында 1015-1016 жылдары дүниеге келген. "Құтты білік". 1069 жылы жазылған. Дастанды Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтайды. Еңбекті Бограханға (Табғаш Қара Богра хан, Қарахан мемлекетінң қожасы) тарту етеді. Бұған разы болған Бограхан Хас Хажип атағы, береді (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы).Онда әлеуметтік, саяси, мораль, этика, адамгершілік мәселелері қамтылған. Бұл дастан-мемлекет басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды. Дидактикалық сарында жазылып, уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бұл дастанда қарапайым халықтан бастап, Бограханға дейінгі түрлі дәрежедегі әеулеттік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормалары қандай болу керек, олардың әрқайсысының қоғамның алатын орны қалай болу тиіс екені баяндалады.Басылуы, зерттелуі, аударылуы. Дастан жөнінде баспасөзде хабар беріп, нұсқасының бір бөлігінің 1823 жылы "Азия журналында" бастырып шығарған француз ғалымы ЖаубертАмадес.Әуелі зерттегендер венрг ғалымы Г. Вамбери (бірнеше тарауын транскрипциялап,неміс тіліне аударды, сөздік жасады, соның бәрін қосып, 1870 жылы "Құтты білікті" жеке кітап етіп шығарды), В. Радлов (шығарманың зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен 20 жыл айналысты, бңрнеше тарауын неміс тіліне аударды ).Зерттегендер – С. Малов, А. Самойлович; грамматикалық жағынан А. Щербак, Г. Әбдірахманов, У. Асанәлиев, А. Аманжолов, Ө. Қараев. Шетел ғалымдары Т. Танджей, А. Бомбачи, Р. Пелльо, С. Руткевич т.б. ОРыс тіліне аударғандар Н. Гребнев, С. Иванов.Өзбек тіліне 1972 жылы Каюм Каримов аударып, транскрипциясын жасап, зерттеген.Қазақ тіліне 1989 жылы тұңғыш А. Егеубаев аударған. Аталғандардан басқа зерттеген қазақ ғалымдары Х. Сүйіншәл иев, Қ. Жарықбаев, ^ А. Егеубаев.Нұсқалары. Вена (Герат). Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Герат нұсқасы деп атауының себебі, 1439 жылы Гератта көшірілген. Араб әрпімен жазылған нұсқадан ұйғыр әрпімен көшірілген. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі- Хасан Қара Сейіл. Бұл қолжазба Гераттан әлдекімдер арқылы Түркияға жеткізіледі. 1474 жылы біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді.1796 жылы Австрия ғалымы Иосиф фон Хаммер-Пуршаль қолжазбаны сатып алып, Венаның Корольдік кітапханасына сыйға тартады. Тұңғыш 1870 жылы Г. Вамбери Инсбург қаласында неміс тілінде бастырады. 1890 жылы Радлов жариялайды. Каир. Араб әрпімен көшірілген.1896 жылы Каирден неміс ғалымы Б. Морий тапқан. 1898 жылы көшірмесін В. Радлов Петербург ҒА-ның Азия музейіне алдырған.Наманган (...Ферғана). Оны 1913 жылы А.З. Валидов Наманган шаһарынан тапқан. Араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқа Өзбек ҒА-ның әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында. С. Малов пікірінше, Каир, Наманган нұсқалары өзара жақын.Үш қолжазбаның басын қосып, құрама толық транскрипциясының мәтінін жасаған түрік ғалымы Рәшит Рахмати Арат.
3333333333"Оғыз -наме" дастаны.Түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын шығарма, әрі көркем, әрі тарихи туынды.13-ғасырдың аяғы мен 14-ғасырдың басында хатқа түскен, бірақ соған дейін көп замандар бұрын Орта Азияда, Сыр бойында эпос дәстүрімен айызша айтылып келген аңыз-жыр. Қ. Өмірәлиев: "Оғыз қаған" жыры ежелгі ғұндардың ұрпақтары Ашина түріктерінің тарихи аренағашыққан кезінен бұрын 6-5 ғасырға дейінгі жерде-ақ түпкілікті жасалып болса керек. 12-13 ғасырларда жазуға түскен, бірақ 13-ғасырдың мұрасы деуге болмайды. Дәлел:Түркі қағанатына тән оқиғалар әсері тимеген;6-8 және 9-11 ғасырларда тарих аренасына шыққан ірі түркі тайпалары аталмайды, оның орнына Қыпчақ, Қарлұғ, Қаңлы, Қалач сияқты тайпа аттары кісі аттары (эпоним) болып келеді.Бұл аттардың кейбірі "Оғыз-қағандаңы" модель-үлгісімен, мотив түрімен 11-ғасыр жазбаларында-ақ келтіріледі. Мысалы, Қашқарида Қалая есіміне байланысты аңыздың бір варианты келтірілген.4. 6-8 ғасырларда түркілер көп соғысқан Табғач, Соғдағ т.б. жұрттың аты және бұлар аттаса қағандар кездеседі. Үрім қаған да 6-8 ғасырларда түркілердің жазба деректерінде ескерілмеген. Оғыздың Ітілдің (Еділ) батыс жағасынан өтіп барып, Урум қағанмен соғысы 5-ғасырға дейінгі ғұндардың батысқа жасаған жорықтарын мегзейді.". "Миф атаулыдан таза, ертегілік элементтер жоқ, бір кездегі эпостық жырдың қиялға құрылған пафостың сипаты бәсеңдеп, байырғы сипатынан айрылып, хронологиялық баяндау формасына түскен эпостық әңгіме"Тарих. Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков 9-10 ғасырдағы Оғыз мемлектінің құрылуымен, Х.Сүйіншәлиев Қарахан мемлектеінің тарихымен байланыстырады. А. Қыраубаева:"Жырдың негізгі желісі, оған ұйытқы болған кейіпкер Оғыз-Өгіз тотемінің пайда болу замандарынан шығып, хатқа түскенге дейінгі аралықтардағы түркі тайпаларының тіршілігіне қатысты көптеген аңыздарды жинақтау, екшеу сатысынани өтіп келген. Оған 8-9 ғасырлардағы Қыпшақ, оғыз, қарлұқ, қаңлы ру-тайпаларының қалыптасу оқиғалары да кіреді".Нұсқалар.Оғыз туралы аңыздар түркі халықтары арасында ертеден тараған. 9-ғасырдың өзінде Жетісу, Сыр бойындағы түркі ру-тайпалары арасыда кеңінен аңыз болып тараған. 11-ғасырдан бастап қағазға түседі. 14-ғасырға дейін түрліше жазбаны, редакцияны өткереді,сөйтіп, көп варианттыға айналады.Ұйғыр, араб жазба нұсқалары Каир, Стамбул, Лондоннан табылған. Кейіннен Оғыз батыр және оның ұрпақтары туралы ауызша айтылып жүрген алуан түрлі ертегі, аңыздар қағазға түсіріледі. Келімбетов:"Тегінде Оғыз батыр жайындағы аңыздар ертеректе, 9-10 ғасырларда – ақ қағазға түсірілген болса керек. Бірақ Оғыз жайындағы хикаяның осы алғашқы түпнұсқасы сақталмаған".Ауызша тараған нұсқалары кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар.Бірі-ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған(Түркі тайпаларында туып, ұйғырлар өктем болған Қараханидтер дәуірінде ұйғыр таңбасымен хатқа түскен). Бұл нұсқа Парих ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Париж нұсқасын тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктеме берген, транскрпциясын жасап, орыс тіліне жолма-жол аударған-А.М.Щербак. Тарихи шежіреден гөрі көркем шығармаға жақын. Көлемі жағынан үлкен емес. 21 парақ немесе 42 бет. Әр бетке 9 жолдан жазылған. Екіншісі-араб әрпімен жазылған. Бұл кұсқаның авторы-тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663). Тарихшы ғалым ретінде оның жазып кеткен екі еңбегі бар: "Шежіре-й түркіме" ("Түрікмен шежіресі"), "Шежіре-й түрік" ("Түріктер шежіресі"). Бұл екі шығармасы да Оғыз хан жайында деуге болады. "Түрікмен шежіресінің" түпнұсқасы жетпеген. Көшірме жеті нұсқасы сақталған. Кеңес түркологы А.Н. Кононов солардың бәрін жинап, зерттеді, ғылыми негіздегі тексін әзірлеп, орыс тіліне аударды. "Түрікмен шежіресінде" адамзаттың пайда олуы, Оғыздың туылуы, патшалық етуі, Тұранға, Үндістанға, Иранға, Сирия, Египетке жорықтары, еліне оралып тойы жасауы, үлкен ұлы Күн таққа отыруы, оның өзіне қарасты 24 аймақты інілері мен балаларына бөліп беруі т.б. туралы айтылады. Нақтылы деректер көп. Екі нұсқа сюжеті жағынан ұқсас. Ерекшеліктері де бар: билік пен байлықты балаларына бөліп беруі екі нұсқада әр түрлі: шежіреде садақ пен жебені нөкерлер құмға көміп тастаған болып шығады; ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасында алтын садақ пен күміс жебелердің бар екенін Ұлұқ Түрік түсінде көреді.Осы ек інұсқасынан басқа да вариантары бар. Мысалы, Оғыз жөнінде деректер тарихшы Хондармидің (1475-1535) "Хуласат ал-хабар" ("Тарихи мәліметтер жинағы") атты еңбегінде бар. Ал Стамбул нұсқасында Оғыз туралы аңыз "Қорқыт ата кітабымен" біріктіріліп берілген. Бұдан басқа да нұсқалары бар. Бірақ бәрі біз жоғарыда атап өткен ұйғыр әрпімен көшірілген Париж нұсқасы мен Әбілғазы нұсқасына әкеліп саяды.Композиция жағынан "Күлтегін" жырына өте ұқсас. Оғыз туралы шығарма "Күлтегін" жыры сияқты цикл-хикаядан тұрады(олардың саны қырықтан астам).Әр циклда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Әрбір циклдың өзі үш элементті қамтиды: 1.Оқиғаның басталуы.2. Оқиға желісінің ұлғайып, өрістеуі.3. Оқиғаның түсіні, қорытынды. Қ. Өмірәлиев 17 топтамаға бөліп қарастырады.Түркілік наным-сенімдер.Діни-мифологиялық элементтер едәуір орын алады.Жырда Көк тәңірімен, Көк бөрімен байланысты оқиғалар бар. Оғыз жорықтарын көк бөрі бастап отырады. Бұл исі түркі тайпаларының өз тегін көк бөріден таратуына байланысты. Мысалы, алғашқы түркі қағандарының бірі "Ашин өзінің арғы ата-бабасы қасқыр тұқымынан тараған деп білген" (Л. Гумилев. Древние тюрки"). Ұйықтап жатқан батырдың шатырына көктен сәуле түседі.Сәуле ішінен көкжал қасқыр шыға келеді. Оған тіл бітіп:О, Оғыз мен сені бастап барайын,-дейді.Исламға дейінгі Көк тәңірге, Жер-су тәңіріне,Ұмай анаға сыйынатын адамның жаралуын да аспан денелерімен баланыстырып қарағанын. Осында элементтер "Оғыз қаған" жырында да бар.
444444 Скиф, үйсін, қаңлы, дулат, оғыз, қыпшақ тайпалары бірігіп, Түркі қағанатын орнатады. Түркі халықтарының тірлесуін тарихшылар 545 жылдан (Бумын қаған) санайды. 6-ғасырдың 80-жылдары хан тұқымдарының арасындағы дау-жанжал өршіп, соның салдарынан Түркі қағанаты екіге бөлінеді. 656 жылы Қытай империясы БТҚ-на шабуыл жасайды, басып алады. Бірақ әбден қорлық көргег түркі халқы көтеріліп, Құтлығ қаған дана Төныкөкті ертіп, 683 жылыҚытай басқыншыларыанан түркі жерін азат етеді. Осы әрекеті үшін халық оны Елтеріс қаған деп атайды. 396 жылы Елтеріс дүние салады. Оның орнына қатал, көтерілісшілер қорлынан қаза тапқан Қапаған хан болған. Оданк ейінгі тақтың екі мұрагері – Білге қаған мен Күлтегін.Міне, Орхон жырларында бейнеленген тарихи оқиға осы. Табылуы, ашылуы. Селенге, Орхон өзендері бойынан табылған. Бұл ескерткіщтерді тұтқында жүрген швед офицері Ф.И. Стралленберг тауып, Г. Спасский зерттеп, 1889 ж. орыс ғалымы Ядринцев Монғолия жерінен жаңа нұсқасын тауып, ғылыми оралымға келтіреді. 1893 ж. дат ғалымы В. Томсен оқып, неміс тіліне аударады (1895). Академик В.В. Радлов 1894 ж. орыс тіліне аударады, 1894,97 ж.ж. жарияланады. Алайда Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым -С.Е. Малов .Ядринцевтің көрсетуі бойынша биіктігі – 3,45 м., енің – 174 м., қалыңдығы-48 см.Аударылуы. Орыс тілінде қара сөзбен – В. Раблов, Мелиоранский, С. Малов (дәлірек). Өлең – И.В. Стеблева. Күлтегіннің кіші жазуын – Ғ. Мұсабаев. Қ. Мырзалиев – еркін өлең. М. Жолдасбеков Кейіпкерлер. Білге қаған – мықты ел басшының қасиеттерін жинаушы тұлға. "Күлтегін" жырындағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға-Күлтегін жырда оған көп көңіл бөлініп, батыр екендігін дәріптейді.
Жырдағы Білге қаған да ақылды, батыл адам:
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың,
Аты, даңқы өлмесін деп,
Түркі халқы үшін,
Түн ұйықтамадым.
Тоныкөк бейнесі қазақ жырауларын еске түсіреді. Сол кездегі түркі қағанатының саяси-әлеуметтік және әскери ісінің барлығын өз қолынан өткізген дана абыз, қаған ақылшысы, кемеңгер жан. Білге қаған тұсында төбе би болған. Тілі. Малов – ұйғыр жазуы, Аристов, Малицкий – тамға, В.А. Ливщиц, С.Г. Кляшторный – арамей, Айдаров – жалпы түркі тілдерінде. Жанры туралы бірінші көзқарас – Стеблева – поэзиялық туынды, екінші көзқарас – Щерба – тарихи тақырыптағы деректі әңгіме. Ескерткіштегі түркілердің наным-сезімі.Қаған көк Тәңірі Ата мен жер Ананың құдіретімен дүниеге келеді. Бұл көне түркілердің аспанды-ата, жерді –ана деп ұғынуының көрінісі.
5555555
Тоныкөк (Тоңыұқық) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түрік Қағандығының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.
Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын қалдырып; ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес.
Сол тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған.
Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық зорлығының бәрін көріп біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды.
Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі «жабайыны жабайының қолымен құрту» саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. Бірақ табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін қандай әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан көрегендікпен бұл апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз оғыздардың әскерін тас талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды Тоныкөк Құтылығ қағанға айтып, түгел босатып, еліне қайтарады. Оларға: «Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе, Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру боламыз» дейді. Тоныкөктің осынау сөзі қандастарының жүрегін жібітіп, оғыздар түгелдей түрк туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей ақ келтірдім ау» деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады.
Құтылығ қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады. Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Елтөресі (Құтылығ) қаған, Білге Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр» дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын қызғаншақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру тайпа көсемдерін тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым жоғарлығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады.
Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күл-тегін батыр ағасы Могилиәнді (Білге қаған) қаған тағына отырғызды.
«Білге қаған» деген атпен таққа отырған Могилиән өз тайпасының ортасына кеткен Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс, тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Тас жазуда Тоныкөк: «Түрк Білге қаған түрк - сыр, оғыз халқын асырап, мерейін үстем қылып отырар» деп, оған үлкен сенім артады.
Түрк жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті.
«Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» дейді дана қарт.
Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D1%82%D0%B0%D0%B9" \o "Қытай" Қытай тарихында білге қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің жасының 70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның қасында болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға көмектесіп, оған пайдалы ақыл кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған уланып өледі. Бұдан кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде кездеспейді. Білге қаған өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары бірінен кейін бірі отырғаны және бар биліктің сол балалардың анасы, Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің қызы Бопының (Пофудың) қолында болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті бұл жылдарда да қаған ордасында болды деуге мүмкіндік береді. Тарихшылар оны әбден әртайып барып өлді дегенді айтады. Соған қарағанда ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді.
Бiлге қаған (көнетүркіше Arslan Bilge qaγan; қыт. 毗伽可汗 — Бике кыхан, Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны.
Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ашина» текті.
Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті.
Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680—692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді.
Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады.
17 жасында Таңғұтқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б. елдерге жорық шабуыл жасаған. Білге қаған (шамамен 685-734) - Екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған ушықтырған тайпа ішілік соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ал қайын атасы Тоңыкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындайды. Осылайша билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. "Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал, Білге қағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады" (Т.Жұртбай. "Дулыға", 131 б.). Бірақ бұл құт-береке өздігінен келмеп еді. «Жалаңаш халықты тонды, аз халықты көп қылу» құны неге түскені Күлтегін үлкен жазуында былай баяндалған: «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құрадым... Мен өзім қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп жітіп, жаяу жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып телес тайпасы оралды. Түргештер, қырғыздар бөрілі байрақ астына жинала бастады. Бұлардың бірқатарын ақыл-айламен, бірқатарын әскери күшпен қаратуға тура келді. Терістікте оғыз халқына қарсы, ілгері қатаң, татабы халықтарына қарсы, бергері табғашқа қарсы үлкен әскермен он екі рет соғыстым», - дейді Білге қаған (Күлтегін үлкен жазуы).
Түркі қағанаты күшейгенін мүлде қаламайтын «Ұлы Аспан» империясы Білгенің бейбіт келіссөзге келу жөніндегі ұсынысын ұнатпады. Қытай соғысқа дайындалып жатты. Бірақ, бұл жоспар іске асырылмады. Өйткені оларға 714 ж. Тибеттіктер шабуыл жасады. Түркілер біраз тыныстады. Әйтсе де, империялықтар ұсақ тайпаларды бір-біріне айдап салып, арандатып отырды. Білге қаған өздерін үнемі сатып кетіп, қауіп төндіре берген ұйғырларға қарсы жорыққа аттанып, оларды бағындырды. Одан соң Білге қаған татабтардың аттарын тартып алып, ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осыдан кейін түркі әскері жұмылған күшке айналды. Осы кезде Тар түмен қарлықтарды талқандады. Солтүстік Жоңғария түркілердің қоластына кірді. 717 жылдың аяғында қала қағанатқа бағынды.
Енді қағанаттың алдында не істеу керек деген сауал туды. Сол кезде Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін сансыз көп ұрыстардан кейін түркі халқы өз-өзіне келуі үшін бейбіт өмірді қалпына келтіру керек деп шешті. «Уақыт ұтқылары келіп тұр» деп, Қытай Білге қағанның бейбітшілік жайындағы ұсынысын қабылдамай тастады. Түркілердің сол уақыттағы стратегиялық мұраты қорғаныс болды да, ол саясат пен идеология астарында өзін Қытайға қарсы қоюшылық жатқан еді. «ұлы үштіктің» арқасында түркілер 722 ж. Қытайларды талқандады.
Л.Н.Гумилев: «Жеңіске тек сыртқы ғана емес, ішкі жауларын жеңумен де келді. Елде тыныштық орнады. 716 ж. Жеңіскер түркілердің жағдайлары соншалықты мәз болмады. Білге қаған: «Мен бай халыққа хан болып отырмадым. Ішерге тамағы, киерге киімі жоқ, аянышты, төмен халыққа хан болып отырдым», - дей келе, халықпен қатынасу әдісін өзгерткендігін айтады. «Сонша құрап, біріккен халықтарды от пен су етпедім, олармен тіл табысуға ұмтылдым. Адал халқы мен адал қоғамы бар жерде мен жақсылық жасадым. Әлемнің төрт бұрышындағы халықты бейбітшілікке шақырдым, жауластырмадым, олардың бәрі маған бағынды»... Оның еңбегі құрудың аз-ақ алдында қалған халқын тірілтті, киіндірді, ештеңесі жоқ халықты байытты, аз халықты көбейтті деп бағаланады, - деп жазған. – Білге қаған түбінде Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Оны Қытайлықтар қаншалықты құптамаса да, мәмілеге келуге мәжбүр болды. Осылайша Білге қаған халқын 722-741 жылдар арасында 20 жыл бейбіт өмірмен қамтамасыз етті. Екі ел арасындағы бұл тыныштық Білгенің алғыр саясатшың арқасында орнықты.
722 ж. Кездесуде Қытайдың бұрынғы елшісі, түркіден шыққан сатқын 734 ж. Қытай жағының өтінішімен Білге қағанға у беріп өлтіреді. Ал Қытай императоры өзіне сезік түсірмес үшін қағанды жерлеу рәсіміне елші жібереді. Түркі тағына Білге қағанның ұлы Иоллығтегін отырды.[1][2]6666"Қорқыт ата кітабы"Қорқыт туралы. Қорқыт тарихи шежірелер мен халық аңыздары бойынша 8-ғасырда Сыр бойында өмір сүрген атақты ақын , асқан күйші, аңыз кейіпкері, заманының ақыл-ойлы биі. Оның 3 хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Қорқыттың бейіті бүгінде Қызылорда облысының Қармақшы станциясынан 18 шақырым жерде тұр. Өзі оғыз тайпасының Баят руынан, анасы қыпшақ қызы. Түркі шежіресін жазған Әбілғазы:" Оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, ақылшы, кеңесші. Ол Оғыз заманындағы үлгі айтып, билік құрған дана кісі,"-деп жазады. Қорқыт есімі түркі тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім. "Қорқыт ата кітабы". Түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, бай танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. Ғалымдар В.Бартольд В. Жирмунский т.б. бұл кітап қырғыз, қазақ, өзбек, түрікмен, әзербайжан халықтары арасында кең тараған ескі аңыз сюжеттері негізінде жасалды дейді. Сырдың төменгі ағысы (9-10 ғ.ғ), оғыздардың жаңа отаны Кавказда (Әзербайжан) және Кіші Азияның көрші аудандарында (11-15 ғ.ғ) әр түрлі айтушылар туғызған. В.В. Бартольд: 15 ғасыр басында көшірілген (бірақ сюжетер өте ежелгі). Э. Росси: 15 ғасырдың орта шенінде, Х. Көроғлы: 1482 жылы, Ә. Қоңыратбаев: 9-11 ғасырларда туып, 15 ғасырда хатқа түскен. Қорыта айтсақ, "Қорқыт ата" 8-ғасырларда, одан да бұрын туған аңыздардың уақыт бедерінен біраз өзгеріп, 15-ғасырда хатқа түскен. Эпикалық сарындағы түркі эпостарымен ұқсас. Кітапта Қорқыт дананың ел аузында қалған нақыл сөздері келтіріледі. Осы сөздердің көбі бүгінге дейін қазақ мақал-мәтелдерінде айтылады.Нұсқалары. Екі қолжазба нұсқасы сақталған. Біріншісі Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кезесетін қолжазбалар қорында сақтаулы. Бұл қолжазба кітаптың мұқабасында көрсетілген аты: “Кітаби дедем Коркут ғали лисани таифаи у озузан” (“Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы”) Бұл нұсқа он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады. Көшіруші - Абдаллах ибн Фарах. Екінші нұсқасы Ватикандағы (Италия) Аристолика кітапханасында сақталып келеді. Алты жырдан құралған, ол “Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри” деп аталады. Мұны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне түңғыш рет аударған ғалым Этторе Росси болды. Ватикан нұсқасы толық емес, онда 1,2,3,4,7,12 - жырлар бар. Ватикан нұсқасы кейінірек 50-жылдары табылған. Екі нұсқаның арасында сюжеттік, мазмұндық айырмашылық жоқ. Айырмашылық-тек жекелеген сөз, сөз тікестерінде. Зерттелуі, аударылуы. Дрезден нұсқасын зерттеу, Европа тілдеріне аудару ісі 19-ғасырдың бірінші жартысында басталған еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г.Ф.Диц сегізінші хикасын неміс тіліне аударып, баспасһзде жариялады. Екінші бір неміс ғалымы Теодор Нельдке неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ бұл іске аспады да, өзінің шәкірті В.В.Бартольдке тапсырды. В.В.Батрольд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен ондаған жылдар бойы айналысты. Сөйтіп, ол кітапты 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты. Бұл аударма 1962 жылы академик В.М. Жирмунский мен А.Н: Кононовтың редакциясымен жарық көрді. ТМД елдерінде 1950 жылы Бакуде, 1982 жылы Мәскеуде басылған. Зерттеуге А.Н. Самойлович, В.В. Вельяминов-Зернов, К.А. Иностранцев, А.Ю.Якубовский, А.А. Диваев сияқты көрнекті орыс ғалымдары да мол үлес қосты. Әзербайжан ғалымы Х.Г. Көроглы әдеби, тарихи, тілдік тұрғыдан комплексті түрде зерттеді. Бұдан басқа жырларды зерттеуге еңбек сіңірген әзербайжан ғалымдары: Ш.А. Джамшидов, Г.А. Байрамов т.б.Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем толық тексін латын әрпімен транскрипция жасап, бастырып шығарды. Түрік ғалымы Килисли Рыфан 1916 жылы Дрезден нұсқасын араб әрпімен басып шығарған. Түрік ғалымы Фуад Капрюлю де зерттеуге өз еңбегін сіңірді. Орыс, неміс, италиян тілдеріне аударылған. Кітаптың сюжетін 1921 ж. Ғалымжан Шарипов "Арслан бек" деген атпен бастырады. Бірақ ол тым еркін болғандықтан, ғылыми жағынан маңызы аз дерек болды.Қазақ ғалымдарының ішінде алғашқылардың қатарында Ә. Марғұлан 1944 жылы Қорқыттың бақсылығы, сәуегейлігі туралы мақала жазды. М. Әуезов аңыздарды сипаттап, талдаулар жасады. Қорқыт атаны ойшыл деп бағалады. Р.Бердібаев Қорқыт бейнесін ашуда аңыз бен шындық жөніндегі мәселелерді қозғады. Ә. Қоңыратбеав жырларды жан-жақты талдап, ғылыми зерттеулер жасады, 1986 жылы қазақ тіліне аударып шықты. М. Жолдасбеков те жүйелі пікірлер айтып, қазақ эпосына жақын деп таңдаған жырға талдаулар жасады. Бұдан басқа қазақ тіліне аударып бастырғандар - Ш. Ыбыраев, Б. Ысқақовтар. Шәкір Ыбыраев осы жырлардың поэтикасын, эпитеттеріне тән құбылыстарды айқындап, еңбек жазды.
Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ұылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт Ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “ Қорқыт Ата кітабы” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата). “Қорқыт Ата кітабы’’ Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықар. деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедия жинағы жарыққа Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.
7777777 Ахмед Иүгінеки «Хибатул-Хқайық»Ахмед Иүгінеки /12 ғасыр/ - кезінде есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған атақты ақын.«Ақиқат сыйы» дастанының зерттеушілер, аударма жасаушылар /Рашид Арат, Е.Э.Бертельс, В.В.Радлов, С.Т:Малов, Қ.Махмұдов, Э.Нәжіп, Б.Сағындықов, Ә.Құрышжанов, т.б.//.«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Композияциялық құрылысы. Идеялық мазмұны.«Ақиқат сыйы» - ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез+құлық нормаларын жыр еткен жинақ.«Ақиқат сыйы» - оқу-білім, мораль, мінез-құлық, әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейрімділік, ізгі қасиеттер туралы. «Ақиқат сыйы» дастанының негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазулу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тию - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы», «Жақсының игі қалығы мен дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы туралы» т.б.«Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшеліктері. Ақынның бір-біріне қайшы екі құбылысты қатар қойып, жұптап суреттеу әдісі. Дастанның он бір буын аруз жүйесі бойынша жазылуы.
8888888«Бабырнама» «Бабырнама»
Тарихи шығарма, Орта Азия халықтарына ортақ құнды мұра. Авторы – Моғол империясының (1526–1258) негізін қалаған Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Түркі (шағатай) тілінде 1526–1930 жылы жазылған. Кітап – Темір әулеті құрған мемлекеттердің құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және топонимикасын зерттейтін тарихшы, этнограф, географтар үшін және орта ғасырда түркі тілінде жазылған әдеби, ғылыми шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен тіл мамандарына қажетті құнды еңбек. «Бабаранамада» мәліметтердің молдығы, тілінің байлығы жағынан ерекше туынды. Шығарма Темір әулетінің билік құрған ұрпақтарына тарихи мінездеме бере отырып, 15–16 ғасырлардағы Ферғана, Хиндустан аймағындағы (бүгінгі Орта Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан) елдерінің, халықтарынының тарихы, Темір әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы, Моғолстандағы тақ таласы, билік және жер үшін жүргізілген соғыстар жайлы егжей-тегжейлі сөз етеді. Үлкенді-кішілі қалалардың (Ақсикент, Кабул, Шаш, Бұхара, т.б.) салынуы, архитектурасы, қирауы, Сырдария, Жетісу бойындағы елді мекендер туралы жазады. Орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янги (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің кесірінен қирағаны айтылады. Бұл қалалар маңында бау-бақшалар, түрлі жабайы жемістер, Орта Азия мен Үндістан тауында жан-жануарлардың ондаған түрлері болғандығы баяндалады. Бабыр дүние салысымен шығарма парсы тіліне (ауданы Абдул-Рахым), одан ағылшын тіліне тәржімаланған. Шығарманың қолжазбасын Н.И.Ильминский орыс тіліне аударып, 1857 жылы Қазан қаласында, ал А.С.Беверидже 1905 жылы Лондонда бастырып шығарды. «Бабырнама» ағылшын (1826, 1921), француз (1871), орыс (1943, 1958), өзбек (1960), қазақ тілдерінде (1990, 1993) жарық көрді. 1980 жылы француз тіліндегі жаңа аудармасына және оның басылуына ынталы елдердің (КСРО, Ауғанстан, Үндістан) ғалымдарының қатысуымен ЮНЕСКО тарапынан арнаулы комиссия құрылды. «Бабырнаманың» осы аудармасы француз (1985, 2-рет), түрік (1987), жапон (1995, 1996) тілдерінде басылды.
«Бабырнаманың» 460 жылдығы халықаралық деңгейде тойланып, «Бабырнама және Шығыс Ренессансы» деген тақырыпта ғылыми-теориялық конференция өтті (1990, 22–26 қазан, Ташкент қаласы).[1]
Абай оқыған тарихи-әдеби естелік шығарма, ортағасырлық Орталық Азия халықтарының аса қымбат жазба ескерткіші. Авторы - Үндістанда Ұлы моғолдар әулетінің негізін салушы, атақты қолбасшы Бабыр. Бүл еңбекте Үндістан және Орта Азия халықтарының тарихы, әдет-ғұрпы, этнографиясы, мәдениеті, Түркістан, Мауереннахр, Жетісу аймағының географиясы, Дешті-Қыпшақ билеушісі М. Шайбанимен арадағы соғыс жайы баяндалады. Қазақ хандары Жәнібек, Әдік, Қасым, «Тарих-и Рашидидің» авторы Мухаммед Хайдар Дулати жайында аса құнды мағлұматтар жинақталған. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде Алаша хан жайлы деректерін «Бабырнамадан» алғанын айтады. «Бабырнама» 1990, 1993 ж. қазақ тілінде жарық көрді
Захиредден Мұхамед Бабыр (араб.: ﻇﻬﻴﺮ ﺍﻟﺪﻳﻦ محمد بابر‎, «Бабыр» есімінің парсы тілінен мағынасы «арыстан, қолбасшы, барыс»[1]) — моғол және үнді ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы.[2]
1483 ж. ақпанның 14 қазіргі Ферғана уәлаятында туған. Оның әкесі Омар Шайхы — Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі — Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс хан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидың шешелері — бірге туған, апалы-сіңлілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар — бөле болып келеді
Тарихи шығарма, Орта Азия халықтарына ортақ құнды мұра. Авторы – Моғол империясының (1526–1258) негізін қалаған Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Түркі (шағатай) тілінде 1526–1930 жылы жазылған. Кітап – Темір әулеті құрған мемлекеттердің құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және топонимикасын зерттейтін тарихшы, этнограф, географтар үшін және орта ғасырда түркі тілінде жазылған әдеби, ғылыми шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен тіл мамандарына қажетті құнды еңбек. «Бабаранамада» мәліметтердің молдығы, тілінің байлығы жағынан ерекше туынды. Шығарма Темір әулетінің билік құрған ұрпақтарына тарихи мінездеме бере отырып, 15–16 ғасырлардағы Ферғана, Хиндустан аймағындағы (бүгінгі Орта Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан) елдерінің, халықтарынының тарихы, Темір әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы, Моғолстандағы тақ таласы, билік және жер үшін жүргізілген соғыстар жайлы егжей-тегжейлі сөз етеді. Үлкенді-кішілі қалалардың (Ақсикент, Кабул, Шаш, Бұхара, т.б.) салынуы, архитектурасы, қирауы, Сырдария, Жетісу бойындағы елді мекендер туралы жазады. Орта ғасырлардағы Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янги (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің кесірінен қирағаны айтылады. Бұл қалалар маңында бау-бақшалар, түрлі жабайы жемістер, Орта Азия мен Үндістан тауында жан-жануарлардың ондаған түрлері болғандығы баяндалады. Бабыр дүние салысымен шығарма парсы тіліне (ауданы Абдул-Рахым), одан ағылшын тіліне тәржімаланған. Шығарманың қолжазбасын Н.И.Ильминский орыс тіліне аударып, 1857 жылы Қазан қаласында, ал А.С.Беверидже 1905 жылы Лондонда бастырып шығарды. «Бабырнама» ағылшын (1826, 1921), француз (1871), орыс (1943, 1958), өзбек (1960), қазақ тілдерінде (1990, 1993) жарық көрді. 1980 жылы француз тіліндегі жаңа аудармасына және оның басылуына ынталы елдердің (КСРО, Ауғанстан, Үндістан) ғалымдарының қатысуымен ЮНЕСКО тарапынан арнаулы комиссия құрылды. «Бабырнаманың» осы аудармасы француз (1985, 2-рет), түрік (1987), жапон (1995, 1996) тілдерінде басылды.
«Бабырнаманың» 460 жылдығы халықаралық деңгейде тойланып, «Бабырнама және Шығыс Ренессансы» деген тақырыпта ғылыми-теориялық конференция өтті (1990, 22–26 қазан, Ташкент қаласы).[1]9999999 Саиф Сараи «Гүлстан» поэмасы.Сайф Сараи – Алтын Орда әдебиетінің 14-ғ. Аса көрнекті өкілдерінің бірі. С.Сараи – лирик және эпик ақын, аудармашы. «Гүлстан» /1391 ж./ прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркем шығарма.Бұл поэма парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы. Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы — 1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сарайды Ә.Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің “Гүлстан” шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды.
Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы — 1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сарайды Ә.Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің “Гүлстан” шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды. Сайф Сарайи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған. Ол Шираздық Саһдид ақынның "Бустан" атты шығармасы негізінде жазған. Соның кей жерін қысқартып, кей жерін ұзартып, өзінше жырлаған
Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (арабша аталуы: «Гүлстан би-т-түрки»атты кітап жазған. Бұл парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» (1258ж)түркі тіліндегі аударма нұсқасы.
Кітап сегіз тарау, кіріспе, қорытындыдан тұрады. Алғашқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден құралған. Сегізінші тарауы нақыл, мақал-мәтелдерді жинақтаған. Ежелгі әдебиет дәстүріне сай, қара сөзбен жазылып (проза), арасына өлеңдер кірістіріліп отырған. Тарулары: «Патшалардың өмірі туралы», «Азға қанағат етудің артықшылығы», «Махаббат пен жастық», «Кәрілік пен әлсіздік», «Тәрбиенің ықпалы», «Қарым-қатынас ережелері», т. б деп аталады.
Сәйф Сараидің өз ойынан жазған төл туындысы - «Суһаил мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасын баяндау арқылы өз дәуірінің өзекті мәселелерін көтереді. Соғыс зардаптарын, оның қарапайым халыққа әкелетін қиыншылығын суреттейді. Бұл, әсіресе, өсиет-өнеге бағытында жазылған, адамгершілік, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.
101010 «Орхон-Енисей» жазба ескерткіштері. 
Орхон ескерткіштерінде Монғолия жеріндегі бір замандарда түркілер мекендеген Орхон өзені маңайларынан табылған тастағы жазулар жатады. Олар: Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Онгин, Суджа, Құлы-Шора, Мойын-Шора ескерткіштері. Ескерткіштер VІІ-VІІІ ғас.ғы түркі ру-тайпаларының іргелі елі – Түрк қағанатының тұсында жазылған. Білге қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты, беделді азаматтарына арнап тұрғызылған құлыптастағы жазулар. Түрклер құлыптасты «бітіг тас», яғни «жазба тас» деп атаған. «Күлтегін жырын» шығарып, жаздырған Иоллығ тегін болып есептеледі.
Орхон ескерткіштері ХVІІІ ғас.да табылып, зерттеу жүргізілген. Ондағы руналық таңбаларды (қазақтың ру таңбаларына ұқсас таңба) алғаш түсініліп, оқып шыққан Дания ғалымы Вильгельм Томсен (1893 ж.)
Орхон ескерткіштері тақырыбы, көтерген мәселесі, көркемдік сипаты т.б. жағынан қазақтың эпостық жыр дәстүріне өте жақын. Елдің бірлігі, елге қорған болған батыр, ел басқарған көсемдер туралы айтылады.
Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық мемлекет соңғы үйсіндер дәуірінде (ІІІ-VІ ғ.) құрылды. Атақты ғалым Абел Ремюзенің пікірінше, үйсіндер Орхон жазуын пайдалана білген. Үйсіндерден кейінгі түрік қағанаты кезінде орхон жазулары олардың мемлекеттік жазуына айналған. Бұл жазумен түркі қағандары Иранға, Византияға, ҚЫтайға елшілік хат жазып жіберген, өлген адамдарының басына қойған жоқтау жырларын ойып жазып отырған.
Қазақстандағы жазудың тарихын бір кезде ғалымдар тек ислам дінінің тарауымен ғана байланыстыратын еді. Орхон жазуы ашылған соң кейінгі зерттеушілер бұл пікірді жеткіліксіз деп тапты. Ғалымдардың байқауынша, орхон жазуын түсіруге тас, түсті металл, былғары, ағаш, сүйек жібек сияқты нәрселер қолданылған. Сөйтіп, біздің жазба мәдениетіміздің түп тамыры халқымыздың өз жерінде туды. Оның негізі- ежелгі ұлыс тайпалары алғашқы тайпалық одақ құрылған кезінде қаланған. Тұрмыс мұқтаждығы, ел, хандық не тайпа қажеттері жазудың тууына негізгі себепкер болды.
Тегінде Орхон жазуының негізгі түрлері кұлпытастарға ойылған жазба түрінде сақталған, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк (VІІ-VІІІ ғ.) басына қойған құлыптастарға өте мәнерлі жазу қолданған. Бұларды тасқа жазылған кітап деуге де әбден болады.
Орхон жазуының ең ескі үлгісінің бірі – Талас жазулары — V-VІІ ғасырлардың мұрасы. Бұл жазуларды көп зерттеген ғалым С.Е.Малов. Тілдік құрылысы жағынан ескерткіш жазуы ескі қазақ тіліне мүлде жақын. Сөйлемі мен сөз тіркестері ұғуға жеңіл. «Көрүр көзүм көрмез тег, білір білігім білмөз тег» (көрер көзім көрместей, білгір ақылым білместей) т.б. Бұл сөйлемдер түркі тілдес халықтарға түсінікті және құрылысы жағынан көп өзгешелігі жоқ. Қазақтың қазіргі сөйлеу тілінен де алшақ емес. Осыдан болса керек: «Менің түсінігімше, — дейді профессор С.Аманжолов, — қазіргі дулаттар — V-VІІІ ғ. ежелгі Орхон-Енисей түркілердің тікелей ұрпақтары».
Ертедегі өлең, жыр, ертегі, аңыздар, жоқтау, мақал, мәтел, жұмбақтар Орхон жазуларының өзінде де аз кездеспейді. Ауыз әдебиетінің мұндай түрлерінің ертедегі жазба ескерткіштерден әдебиет тарихы үшін қажеттігін ескертсе, екінші жағынан әдебиеттің халық өмірі мен байланысы тым әріде жатқанын танытады.
Күлтегін мен Білге қаған және Тоныкөк жазбалары. Бұл жазбаларды қазір ғалымдар тарихи дастан ретінде бағалап жүр. Мәселен, Т.Стеблева өзінің 1965 жылы шыққан «поэзия тюрков» деген кітабында осындай ой айтады. Аталған ескерткіштерде қазақ ұығымына жақын жыр жолдары толып жатыр.
Шешем – қатын, (онон) соңғы аналар,
Жеңгелерім, келіндерім, ханымдар,
Тірілерің түгел күңдікте болар едіңдер,
Өліктерің жұртта, жолда жатар ма едіңдер!
Күлтегін жоқ болса,
Бәріңде өлмекші едіңдер.
Інім Күлтегін қаза болды.
Өзім қайғырдым.
Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон-Енисей» жазуы деп атап кетті.
Орхон аңғарынан табылған ескерткіш-жырлардың тілін бірқатар лингвистер қазақ тіліне жақын десе, енді біреулері қырғыз немесе хакас, алтай тілдерімен туыстас деген пікір айтады.
Орхон өзені бойынан табылған бұл ескерткіштер текстінде түрік қағанатының құрылуы мен құлдырауы, өрлеу дәуірі мен күйреу кезеңі жайында бірқатар тарихи деректер бар. Сол үшін тарихшылар руна жазуындағы мәліметтерді өз еңбектерінде кеңінен пайдаланып келеді. Алайда тасқа қашап жазылған бұл жәдігерліктер жылнама-шежіре емес. Мұны сол дәуірдің тарихи шындығы мен ескерткіштер текстін салыстыра отырып аңғаруға болады.
Орхон жазба ескерткіштерінің жылнама-шежіре емес, өз дәуірінің әдебиет үлгісі екенін дәлелдейтін бір мысал келтірейік. Қапаған қаған туралы хикаядан кейінгі жолдарда Білге қаған өзі туралы:
Түркі халқының атақ-даңқы
Өшпесін деп,
Әкем қағанды,
Шешем қатынды
Көтерген тәңірі,
Ел (билігін) берген тәңірі
Түркі халқының атақ-даңқы
Өшпесін деп,
(Мені) қаған отырғызған еді.
11111 Ахмет Яссауи «Диуани хикмат»Ахмет Яссауи – сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне мәшһур болған ойшыл қайраткер. «Диуани хикмат» - түркі халықтарының ХІІ-ғасырдың сақталған әдеби ескерткіші.«Даналық кітабын» зерттеуші ғалымдар /М.Ф.Кепрюлю-заде, А.К.Боровков, А.Н.Самойлович, Е.Э.Бертельс, Э.Р.Рустамов, Н.М.Маллаев, Г.Ф. Благова, т.б. туралы/.«Диуани хикматтың » қазақ тіліне тәржіма жасалуы /М.Жармұхаметұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи, Б.Сағындықов т.б./.«Диуани хикмат» - исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен белгілеген жыр жинағы. «Даналық кітабы» - адамзатты туыстық-бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида шарттарын, Аланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикматтағы» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы, т.б.
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.[1]
Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты
121212 Қазақ әдебиетінің Алтын Орда дәуірі.
Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сол кезеңде жасалған туындылар арасында «Кодекс Куманикус» сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің «Мұхаббат-наме», Құтбтың «Хұсрау-Шырын», Сәйф Сарайдың «Гүлистан би-т-түрки», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха», Рабғузидің «Қиссас-ул әнбия» атты шығармаларын және т.б. ерекше атап көрсетуге болады.
«Кодекс Куманикус» (XІV ғ.) — Жоңғар қақпасынан Дунайға дейінгі ұлан-байтақ жерді қамтыған қыпшақтар үстемдігі кезіңде туған еңбек. Оған көркем әдебиеттің үлгілері де енгізілген. Мазмұны мен құрылымы жағынан бұл еңбек — Ордаға түрлі мақсаттармен келген және латынша білетін европалықтарға, сондай-ақ, латынша білгісі келген қыпшақтарға (парсыларға да) арналған арнайы сөздік және қыпшақ тілінің оқулығы іспетті. Сөздік екі бөлімнен тұрады. Түркітанушылардың пайымдауынша, оларды түрлі мақсаттар көздеген бірнеше автор жазған. Итальяндықтар жазған болуы мүмкін деген бірінші бөлім жақсы ойластырылған үш тілді латын-парсы-қыпшақ (құман) сөздігі болып табылады. Бұл бөлім қолжазбаның 110 бетін қамтиды.Одан әрі бірнеше бетте «аudіo» («есіту») сөзінің бірнеше түрі берілген. Мұның өзі сөздікті лексикография принциптерін жақсы білген және Дешті Қыпшаққа келіп, тіл жөнінен қиналған адамдарға көмек көрсету мақсатын ғана көздеген адам құрастырғанын байқатады.»Кодекс Куманикустың» екінші бөлімін негізінен алғанда фольклорлық материалдар құрайды. Олар: жергілікті ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және христиан уағыздары мен Мария ананың, Христос пен оның апостолдарының өмірі туралы аңыздар. Бөлім қолжазбаның 161 бетін қамтиды, оны тегінде миссионерлік мақсатпен немістер құрастырған болса керек. Бұл бөлімде көптеген сөздер құман-неміс тілінде, ал өзге лексикалық ұғымдар құман-латын тілінде берілген.
XІV ғасырдың басында Насреддин Рабғузидің халық арасында «Қиссас ул-әнбия» деген атпен көбірек мәлім «Қисса-и Рабғузи» деген қолжазба кітабы пайда болды. Қолжазба ғасырлар бойы бірнеше рет көшіріліп, көптеген көшірме нұсқалары көптеген елдерге тарады. ХҮ ғасырға жататын ең ерте нұсқасы Британ мұражайында сақтаулы. Ол 1990-1991 жылдары Ташкентте басып шығарылды. Автор Мауараннахрда, Рабати Оғыз деген жерде туған (оның Рабғузи деген бүркеншік аты да содан шыққан). Кітап Мұхаммедке дейінгі пайғамбарлардың өмірі мен олардың бастан кешкен оқиғаларын және Мұхаммедтің өзі мен мұсылман халифтарының өмірін баяндауға арналған. Онда дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан су басуы туралы және Жер бетінде жаңа тіршіліктің басталуы туралы мифологиялық әңгімелер, түрлі аңыздар, ертегілер мен мысал әңгімелер бар. «Қисса-и Рабғузиге» енгізілген шығармаларды идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады: а) дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы туралы, адамның, жануарлардың, жын-шайтандардың және басқа да тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер; ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері; б) хижраның алғашқы он жылындағы негізгі оқиғалар тізбегі, жылдардың, айлар мен күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер туралы мәліметтер. Осылардың бәрі ислам діні тұрғысынан баяндалады. Бірақ мұнда халықтың дүниетанымы мен кейіпкерлерді фольклорлық дәріптеу айқын байқалады.
Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі шығармалардың бірі — «Хұсрау-Шырын» дастаны, оның авторы — шыққан тегі қыпшақ Құтб ақын. Ақын өмірі туралы толық мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдарда Ақ Орданың астанасы — Сығанақ қаласында туып, өз дастанын сонда жазғаны, бұл туындысын билеуші Тыныбек пен оның әйелі Мәлике ханымға арнағаны мәлім. Автор дастанының түпнұсқасын билеушіге тарту еткен болуы мүмкін, өйткені ақын билеушіден өзін қызметке қабылдауды өтінгенде әмірші Құтбтың тілегін орындаған. Негізінен Құтб өз дастанын 1341-1342 жылдарда жазып бітірген. Қолжазбаның бірнеше көшірмесі болса керек. Дастанның бір көшірмесін қыпшақ ақыны Берке Факих (Берке ибн Беракез ибн Едгу Қыпшақи) Мысырға алып кетіп, онда 1383 жылы өзінің туысы Құттықожаның өтінуімен дастанды қайта көшіріп жазған, бұл қолжазба қазір Париждің ұлттық кітапханасында 312-нөмірмен сақтаулы. Оның Парижге қалай жеткізілгені жұмбақ күйінде қалып отыр.
Тамырын тереңге тартқан түркі жазба әдебиеті тарихында Алтын Орда кезеңінің алар орны ерекше. Жошы ұлысы билігінің негізінде дүниеге келген алып империя тұсында түркі сөз өнерінің гүлдену кезеңі болды. Арғы арнасы «Күлтегін», «Тоныкөк» секілді руна жазулы мәтіндерден бастау алатын түркі жазба әдебиеті бертін келе қарахандықтар тұсында дүниеге келген «Құтты білік», «Ақиқат сыйы» секілді құнды әдеби жәдігерлермен толыға түссе, ал ХІІІ–ХV ғғ. сөз өнері жанрлық және поэтикалық жағынан байи түсті. Құтыбтың «Хұсрау–Шырыны», Хорезмидің «Махаббатнамасы», Хусам Кәтибтің «Жұмжұмасы», Бұрһануддин Рабғузидың «Пайғамбарлар тарихы», Махмуд Кердеридің «Жұмақтардың ашық жолы», Сейф Сараидың «Түрікше гүлістаны» мен «Сухайил мен Гулдірсін» секілді т. б. ғашықтық, діни-сопылық, діни-дидактикалық шығармалар Алтын Орда билігі тұсында дүниеге келді. Түркітанушы Х.Миңнегуловтың: «Алтын Урда әдәбиятына кыскача гына күзәтү да шуны күрсәтә: бу чор язма мәдәнияте үзенең үсеше, идея-эстетик байлыгы, поэтик дәрәжәсе белән үз дәверенең алдынгы әдәбиятлары югарылыгында торган» (1; 41),– деп, бұл дәуір әдебиетіне жоғары баға беруі біздің ойымызды нақтылай түседі. Алтын Орданың астанасы Сарайдың сол кездегі ғылым мен білімнің кеніші болғаны туралы көптеген деректер сақталған. Әсіресе Берке ханның хақ дін – Исламды қабылдауымен түркілердің қоғамдық-саяси өмірінде оң өзгерістер орын алғанын араб, парсы саяхатшылары жарыса отырып жазған. Саяси-мәдени өмірдің жандана түсуіне сол кездегі Мысырда билік тізгінін қолға алған мәмлүк қыпшақтары да өз септігін тигізді. Бір дін мен ортақ мәдениеттің аясына топтасқан бауырлас мәмлүк-қыпшақтары мен дала қыпшақтары саяси-мәдени дипломатиялық қарым-қатынастар жасады. Тату саяси байланыстың бір ұшы екі елдің арасындағы әдеби-мәдени өмірдің жандана түсуіне ықпал етті. Соның нәтижесінде Мысыр мен Сарай арасын қолына қалам ұстаған ақындар жалғап, алтын көпір рөлін атқарғаны тарихтан белгілі.
Ә. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары.
Үркер романының тарихилық сипаты күшті. Үркер – маңдай алдыңнан туып, жолыңа нұр беріп тұрған адастырмайтын жарық жұлдыз немесе жұлдыздар шоғыры. Орысқа қосылу арқылы қазақ тапқан жол да романда осылай ұғылады. Ұзақ көшпелі өмірден қажыған, қашқылықты-пысқылықты тіршілік көп кешкен, көп жауласқан қазақ та адаспайтын жолға шықты. Қазақ халқыныың Россияға қосылуының прогресті жолын, оның қазақ елін көшпелң, рулық тартыстардан, көршілердің феодалдық көз алартуынан құтқаратынын ұғынған да осындай іс басындағы, ел билігіндегі азматтар болғанын тарихи деректерге сүйене отырып суреттеген. Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет өмір құбылыстары бәрі де негізгі қаһарман Әбілқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды. Жазушы Ә өмірінің барлық кезеңін тізіп, оның жеке басының тіршілігін күйттеп жатпайды. Оның кіші жүз ханы тағында отырып, Россияға қосылу жайындағы ұсыныспен патшаға өкілдік жіберумен арадағы келіссөз жағдайларын ғана шығармасына арқау етеді. Сонымен байланысты романның төрт тарауында Петербургтен хабар күтіп жүрген ханның күпті, ойлы күйін «Тығырық», патша елшілігінің келуін «Елшілік», онымен қиын жағдайда жүргізілген келіссөз барысын «Арбасу», және соңғы келіссөздің ұзақ тартысу негізінде сәтті аяқталуын «Айқас» тарауларында суреттейді. Шығарма өте сәтті шыққан.
Хұсрау-Шырын. Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі шығармалардың бірі — «Хұсрау-Шырын» дастаны, оның авторы — шыққан тегі қыпшақ Құтб ақын. Ақын өмірі туралы толық мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдарда Ақ Орданың астанасы — Сығанақ қаласында туып, өз дастанын сонда жазғаны, бұл туындысын билеуші Тыныбек пен оның әйелі Мәлике ханымға арнағаны мәлім. Автор дастанының түпнұсқасын билеушіге тарту еткен болуы мүмкін, өйткені ақын билеушіден өзін қызметке қабылдауды өтінгенде әмірші Құтбтың тілегін орындаған. Алайда Тыныбек елді ұзақ билеген жоқ, кейбір деректер бойынша — 1337 жылдардан 1340 жылға дейін, басқа деректерге қарағанда 1342 жылғы наурыздан 1343 жылдың басына дейін ғана билік еткен. Сарай төңкерісі нәтижесінде Тыныбекті өз інісі Жәнібек өлтірген, ал Құтбтың одан арғы  тағдыры туралы деректер жоқ.
Негізінен Құтб өз дастанын 1341-1342 жылдарда жазып бітірген. Қолжазбаның бірнеше көшірмесі болса керек. Дастанның бір көшірмесін қыпшақ ақыны Берке Факих (Берке ибн Беракез ибн Едгу Қыпшақи) Мысырға алып кетіп, онда 1383 жылы өзінің туысы Құттықожаның өтінуімен дастанды қайта көшіріп жазған, бұл қолжазба қазір Париждің ұлттық кітапханасында 312-нөмірмен сақтаулы. Оның Парижге қалай жеткізілгені жұмбақ күйінде қалып отыр. Алеппода (Александрияда) болған қолжазбаның Наполеон экспедициясының Солтүстік Африкаға жорықтары кезінде әкетілген болуы әбден мүмкін. Ғалымдар XX ғасырда нақ осы қолжазбаны ғылыми айналымға енгізді және ол қазір де зерттелуде.
Құтбтың «Хұсрау-Шырын» дастаны Низамидің осы аттас дастанының сарыны бойынша назира үлгісінде жазылған. Құтб Низами поэмасының бүкіл желісін сақтап, негізгі эпизодтары мен басты кейіпкерлерін өзгеріссіз қалдырған. Низами сияқты ол да өз дастанында шексіз таза махаббат пен мінсіз билеуші тақырыптарын өрбітеді. Екі тақырып та шексіз берілген махаббат — адам мен қоғамның жетілуіне бастайтын негізгі кілт, махаббат — адамды тазартып, оған ізгілік беріп қана қоймай, оны өзгертетін де сезім деген идеяға сүйенеді.
Әділ билеуші және мінсіз (ізгі) қоғам идеясы халықтың утопиялық хикаяларында және Ибн Сина, әл-Фараби мен басқа да ойшылдардың ғылыми трактаттарында ежелден сөз болып келген болатын. Ол Фирдоусиде, Құл Ғалиде, Низамиде көркем көрініс тапты. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны Құтб үшін тікелей дерек көзі  болды, сондықтан да екі ақында мінсіз билеуші мен әділетті қоғам тұжырымдамасы үндесіп жатады. Құтб пен Баласағұнидың ойларынша, халықты дана әрі әділ адам басқаруға тиіс, ол ең алдымен халықтың игілігін ойлап, өз маңындағы адамдарға, ұлықтар мен шенеуніктерге қатаң бақылау жүргізуге және қиянат жасағаны үшін оларды аяусыз жазалауға міндетті. Егер әмірші мұндай болмаса, ол ел қарғысына ұшырайды.
Құтб «Хұсрау-Шырын» сюжетін көркемдік жағынан дамытуда Низамиді барлық жағынан қайталамайды. Құтб кейіпкерлердің диалогтарын қысқаша береді, сондай-ақ ирандық өмір шындығын түркілік тұрмыс сипатымен ауыстырады: сасанид билеушілерінің емес, Алтын Орда хандарының өмірі мен тұрмысын көрсетеді, Дешті Қыпшақ табиғатын суреттейді. Құтб өз кейіпкерлерінің, әсіресе әйел кейіпкерлердің бейнелерін әйелдердің өмірдегі ролін түркілік түсінікке, Алтын Орда дәуіріндегі әйелдердің нақты қоғамдық жағдайына сәйкес бейнелейді.
131313 Хорезми "Махаббат-наме"Хат түріндегі дастан. Нұсқалары. Екі көшірмесі бар. Ұйғыр(1432) және араб(1503-1509). Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы А.М. Щербактың аудармасы арқылы жақсы таныс, ал араб әрпіндегі нұсқасын Э.Н.Наджип орыс тіліне аударып зерттеген. Араб нұсқасы әлдеқайда толық, дұрыс сақталған. Зерттелуі, аударылуы.Екі аудармасы жасалған: А. Қыраубайқызы (1983) және Ө. Күмісбаев пен М. Жармұхамбетов (1985). Тілі. Екі тілде жазылған. Сегіз хаты түркі тілінде, үшеуі парсы тілінде. Тақырыбы, идеясы. А. Қыраубайқызы: "А. Яссауидың сопылық поэзиясының әсерімен жазылған. Қыздың тал бойындағы мінсіздікті суреттеу-Алланың шеберлігін мабақтау болып табылады".Хорезмиге дейін нама жанрында дастан жазу түркі поэзиясында болмаған. Әсіресе, "жауаптасу-хат" түріндегі наманы Хорезми "арнау хат" жазу арқылы байытқан. Наманың шығысқа белгілі үлгілері араб әдебиетіндегі "тарассульден" тарайды. Тарассуль арабд-тың "хат", "арнау" деген мағынаны білдіретін "рисала" сөзінен шыққан. Бұл жанр 13-ғасырда араб мемлекетінде ресми іс-қағаз стиліне мұқтаждық туған кезде пайда болған. Негізгі белгісы-біреуге немесе көпшілікке арнау ретінже юазылады. Ұйқастың әрі ырғақты қара сөз –"саж" өрнегімен орындалады. Өлең, мақал-мәтел, құран үзінділері көп қолданылған. Дастанда ренессанстың белгілері байқалады (туындыгердің өз ана тілін құрметтеуі, сол заманда поэзия парсы тілі болып қалыптасқанм ен, ана тілінде жазуы, кейіпкердің жан дүниесін, сезім толқуын нәзік суреттеуі). Дастанда "шарап культі" жырланады. Шығыс поэзиясындағы "шарапқа мас болу" ұғымының мәні тереңде. Шарап-бұл жерде симфолдық нышан ғана. Алланы жүрекпен танып-білуге ұмтылған, аллаға ғашық, жаны пәк адамның жан рахатының семіргендей күй кешуі, сезім күйі ғана. Мас болу- алланы сүюден жан рахатына бөленгенін елестететін нышан.Дастанның "Хикаят" аталатын шағыт бөлімі шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек. Айтар ойы-азға қанағат тұту, дәстүрлі әдет-салтты сақтау, ақыл-парасатты материалдық құндылықтардан артық қою. Дастанның көркемдік дастаны қазақ әдебиетінде көбірек сақталған. Көркемдігі. Араб, парсы поэзиясының түрлері байқалады. Мысалы, бәйіт, ғазал, мәснәуи т.б. Жалпы алғанда, аруз өлең өлшемімен жазылған лирикалық дастан деуге болады.
141414
151515 Құтб «Хұсрау-Шырын» Низами аудармасы. Сюжетті сақтай отырып, еркін, өз елінің жағдайына сәйкестендіріп, түркі оқырманының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап жазылған. Тынысбек шаһзананың тұсында 1341-1342 жылдары жазылған екен. Ғашықтықты, жақсылықты, ізгілік пен адамгершілікті үлгі етеді.Дастандағы негізгі бір ой-өмірдің өтпелілігі турады. Шығыс халықтарына кең тараған әдеби сюжетке құрылған. Бұл тақырыпты алғаш жырлаған Фирдоуси болса, одан кейін Низами, Әмір, Хұсрау, Жәми, Науаилер де қалам тартқан. Дастанға арқау болған кейіпкерлер-590-628 жылдары Иранды билеген, Өз баласы Шируяның бұйрығымен өлтірілген патша Хосров Парвиз Бен оның әйелі Шырын. Бас жағы түркі поэзиясының дәстүрі Алла тағалаға тілек етумен басталады. Одан соң өзі шығарманы арнап отырған Тынысбектің жұбайы Мәликені дәріптейді. Басылуы, зерттелуі. Париж ұлттық кітапханасында сақтаулы. Көшірген ақын-Берке Факих. Транскрипциясын поляк ғалымы А. Зайончковский 1961 жылы латын әрпімен жаниялаған. Қазақ тіліне аударып, тілдік тұрғыдан зерттеген-Ә. Ибатов. Толык емес
161616
1717
1818 «Кодекс Куманикус» сөздігі«Кодекс Куманикус» - кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ.«Кодекс Куманикус» - /1303 ж. жазылған/ екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлім: «Латынша, парсыша, куманша сөздік».«Кодекс Куманикус» - жұмбақтар, христиандар діни аңыздарынан түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар .«Кодекс Куманикусты» зерттеуші, тәржіма жасаушы, бастырып шығарушы ғалымдар /Г.Ю.Клапрот, Г.Кун, В.В.Радлов, К.Гренбек, Ә.Құрышжанов/ туралы.
1919 Орыс тілінде қара сөзбен – В. Раблов, Мелиоранский, С. Малов (дәлірек). Өлең – И.В. Стеблева. Күлтегіннің кіші жазуын – Ғ. Мұсабаев. Қ. Мырзалиев – еркін өлең. М. Жолдасбеков
2020
2121
22222
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавияхалықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады..
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенінХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
1893 жылғы қарашаның 25-күні Даниякорольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.
Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.
Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.
Тасқа жазылған ескерткіштерде негізіненТүрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.
Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.
Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.
Турік қағанаты тұсында жазылған жырлар.
Жауаптары: Шамамен 6 ғ. Орта кезеңінде Жетісу,Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру – тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан мәлім.Сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық , әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар.Оларға: Орхон Енисей ескерткіштері, Онгин жазулары «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған », «Қорқыт ата» жырлары жатады.Бұларды поэзия, проза ретінде де қарастырып жүр ғалымдар. Бұл жазулар тасқа қашалып жазылған құнды жәдігерлер.(Ойды жалғастыру.Не туралы жазылған бұл жәдігерлер де соны жазасыңдар)
2.Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» кітабындағы тәрбие мәселесі
Жауабы: Дидактикалық сарында шығармасында мораль,этика, әдептілік, тәлім- тәрбие туралы өсиет ғибрат сөздер айтады.Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы, әсіресе тіл әдептілігі егжей-тегжей сөз болады.Ақын маскүнемдікті, жалқаулықты, әдепсіздікті, дөрекілікті , жылпостықты, т.б жаман қылықтарды өлтіре сынайды. Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік, аңқаулық пен аярлық т.б өзара қарама-қарсы қойылған.Соынмен қатар, автор ерекше мән берген аса маңызды мәселелердің бірі – адамдардың бірін-бірі құрметтеуі,ізет көрсетуі,сыйлауы болып табылады.Жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне,жалшылардың өз қожаларына,балалардың өз әке-шешелеріне,ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі- құрметі қандай болу керек деген сауалға жауап берілген.Жақсы мінез-құлық, әдептілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім – тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан да жас нәресте өмірге келісімен –ақ оның тиісінше тәрбиелей бастау- әке – шешенің қасиетті борышы екенін айтады.Жастарды өр көкірек, тәкаппар,қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады.Кішіпейілділік – үлкенге де, кішіге де бірдей жарасатын қымбат қасиет екенін ескертеді:
Кісілік қымбат емес,кішілік қымбат.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Тіл әдептілігі туралы дастанның жетінші тарауында айтылған,яғни мәнді , сыпайы, сөйлей білу өнеріне арналған.
Тілімнен көп жапа шектім есебім:
Бас кесілмес үшін, тілді кесемін!
3. Құтб « Хұсрау-шырын» дастанының көркемдігі
Жауабы: Құтб ақын «Хұсрау -Шырынды» аударғанда, дәстүрлі тақырыпқа шығарма жазудың әдісін жақсы пайдаланған.Ол түп нұсқада идея мен сюжетті , мазмұн мен форманы, дастанның көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, оған өз дәуірінің 14 ғ. Алтын орда мем.орын алған әлеуметтік құбылыстарды табиғи түрде енгізе білген.Бұл дастанда мал шаруашылығымен,аңшылықпен тіршілік ететін Алтын Орданың дала қыпшақтары мен оғыздарының өмірін суреттейді.Құтб жырлаған қаhармандар қашанда қылыш пен қалқан асынып, ұдайы атқа мініп жүретін,шетінен аттың бабын білетін шабандоз жандар.Низамиден аударып отырып, Құтб ақын той думанда шарап емес, қымыз, ішеді той-жиын сарайда емес, көк –майсалы ен далада болады. Тойға жиналған жұрт қобыз сарынын тыңдап, бас шұлғиды. Сонымен қатар Низами Хұсрауды мадақтап,ақсүйек екендігін, дүние-жиhазын, айтудан бастайды. Ал,Құтб Хұсраудың әділетті, оқыған, адамгершілігі, мол жан екеніне көбірек көңіл бөлген.Адам бойындағы ең асыл қасиеттерді – адамдықты, мейірімділікті, бауырмалдылықты, мөлдір махаббатты,білімділікті, еңбек сүйгіштікті ту етіп көтерген бұл дастанның тәрбиелік , танымдық мәні бар.
4.Хорезми. «Махаббат Наманың зерттелуі ,көшірмелері»
Жауабы:Ақын Хорезми- Алтын Орданың ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген.Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған, Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат-наме» дастанын жазған.Бүгінгі күнге дейін, «Мұхаббат – наме » дастанының екі қолжазба нұсқасы мәлім.дастанның екі нұсқасы да қазір Лонданның Британия музейінде сақтаулы тұр.ССРО Ғылым академиясының Азия халықтар институты 1952 жылы осы екі қол жазба нұсқасының фото көшірмесін алды.Қолжазбаның бірі 1432 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. 80 жылдан кейінгі көшірмесі. «Мұхаббат –наменің » араб әрпімен жазылған нұсқасы 1509 жылы көшірілген. Дастан жазылғаннан кейін 166 жыл салып барып араб әрпімен көшірілген.
Бұл шығарманы тұңғыш рет зерттеген ғалым А.Н.Самойлович болды.Бұл әдеби ескерткіштің ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын белгілі совет ғалымы А.М.Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп шықты. Шығарманың екі нұсқасында зерттеген, қазіргі әріпт ермен транскрипция жасап, оны орыс тіліне аударған,совет түркологі Эмир Нәжіп болды. Соңғы жылдары: өзбек ғалымдары С.Қасимов,В.Валиходжаев,Н.Маллаев, т.б зерттеп жүр.
5.Ахмет Йүгнекидің «Хибатул Хақайық» (Ақиқат сыйы) дастаны
Жауабы: Бұл дастан орта ғасырдағы түркі тектес тайпалардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған.Тек шығарманың аты ғана «Хибатул - хақайық» деп арабша қойылған.Ақиқат сыйы – дидактикалық сарында жазылған шығарма.Дастан сюжетке құрылған емес.Көтерген тақырыбымен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген феодалдық қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез –құлық нормаларының жиынтығы болып келеді. Оқу-білім,жомарттық пен сараңдық, тіл жайында, игі мінез бен жарамсыз қылық жайында тараулары бар.Бұл қолжазба қазір Стамбул қаласындағы Айя-София кітапханасында сақтаулы.Оны 1444 жылы Самарқан қаласында атақты каллиграф Зейнул-Абидин Джураний деген кісі ұйғыр әрпімен көшірген екен.Зерттеуге : В.В.Радлов Т.Ковалевский , Ж.Дени т.б
Ал фараби дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі.
Абайдың хауас үғымы-көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан.
Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «… өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», – деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «… Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін – үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған.
Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті.
Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» – деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «… дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар…», – деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«… адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі…» – деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.
Махмуд қашқар Диуану лұғат-ит-түрк
Бұл бетте кейбір сұрақтар бар
Диуану лұғат-ит-түрк — Қашғарлы Махмұд 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.[1]
Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.
Сөздіктің алғы сөзінен үзінді
Түркі тайпаларының қоныстануын және көршілес басқа халықтардың орналасуын көрсететін сөздіктегі карта.
Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.[2]
Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы
Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:
"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен.
"Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар.

Приложенные файлы

  • docx 10953043
    Размер файла: 190 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий