Баланың және бала емізетін ананың нутриентті қамтамасыз етілуі


Баланың және бала емізетін ананың нутриентті қамтамасыз етілуі
.
Жойылған энергияны және негізгі зат алмасуды қамтамасыз ететін заттарды организм тамақпен қабылдайды. Емшек жасындағы бала үшін негізгі тағам - ана сүті. Оның құрамы ананың тамағының құрамына тығыз байланысты. Балалардың физиологиялық тамақтануының ересек адамдардың физиологиялық тамақтануынан айырмашылығы, оның өсуі мен дамуды қамтамасыз етуіне бағытталуында. Балалық шақ диетологиясы ең бірінші даму диетологиясы болып келеді.
Балалардың тағамдық заттар мен энергияға мұхтаждығы
Тағам – бала ағзасының дұрыс дамып, қалыптасуын, оның белсенді іс – әрекеті мен сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне қарсы тұру қабілетін қамтамасыз ететін өмірлік маңызды заттар : ақуыз, май, көмірсулар, минералды заттар мен витаминдердің қайнар көзі болып табылады. Тағамдық заттар күрделі химиялық жолдармен өңделіп, олардан түзілген ыдырау өнімдері ағзаны ақуызбен, ақуыздық заттармен, липидтермен, көмірсулармен, минералды және тағы да басқа кешенді қосылыстармен қамтамасыз етіп отырады. Олар морфологиялық құрылымдардың жанаруын және тұрақтылығын қамтамасыз етуге, функциялық белсенді қосылыстар – ферменттер мен гормондардың түзілуіне қажет.
Тағам – өсуші ағза болып санатын бала ағзасы үшін маңызды.
Әртүрлі жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері
Тек қана емшекпен тамақтандыру – емшек сүтімен емшекті емізіп тамақтандырумен қатар анасының сауылған сүтін алғашқы 4-6 ай бойына беру
Көбіне емшекпен тамақтандыру – жоғарыдағы сияқты,оған қоса аздап су немесе басқа сусындар беру.
Толық емшекпен тамақтандыру – тек қана және көбіне емшекпен тамақтандыру ұғымдарын қамтиды.
Толық емес қосымшаланған емшекпен тамақтандыру – емшекпен тамақтандырумен қатар жасанды сүт қоспаларын, немесе 4-6 айдан бастап 30г артық қою қосымша тағамдар беру.
Шыныдан тамақтандыру – жасанды тамақтандырудың баламасы, тамақтандыру тәсіліне байланысты шыныдан кез келген тағамдық қоспалармен тамақтандыру.
Бір жастан асқан балалардың тамақтануы
Бір жастан асқаннан кейін балалардың асқазан ішек жолдарының асты қорыту қабілеті жоғарылап өсе бастайды, дәмді сезу қабілеттері біртіндеп жіктеледі. Шайнау аппараттарының жіктеліп жетілуі ас – мәзірінде ұқыпты шайнауды қажет ететін қатты тағамдар енгізуге мүмкіндік береді.
Тамақтандыру кезіндегі сақталуы тиіс ережелер:
Барлық тағамдарды біртіндеп және белгіленген мөлшерде беру керек. Бастапқы кезде өте аз мөлшерде бөлшектеп, содан кейін үлкенірек бөлшектен, біртіндеп, әдеттегі дайындалған қарапайым тамақ беріледі;
Әрбір жаңадан берілетін тағамды анасы жүргізуі қажет. Бұл талап, әсіресе баланы басқа адам тамақтандыратын болса, өте маңызды.
Бір күнде тек бірғана жаңа тамақ қосу дұрыс
Балаға тамақты өзіне арналған үйреншікті ыдысынан берген жөн
АС мәзірінде жаңа тағамдар қосқанда қолайлы жағдайларды таңдау қажет. Баланың тісі шығып келе жатқанда, жаңа тамақ енгізуге болмайды. Яғни, жаңа тамақ тек қана дені сау балаға жаңадан беріле басталуы керек
Ас мәзіне өзгеріс, бала азды көпті болса да өзін аш сезініп тұрғанда енгізілуі қажет
Тамақтану ережесіне өзгеріс енгізгенде баланың даму ырғағын есепке алып отыру керек. Бірақ, бұл өзгерісті енгізуге кеш қалуға да болмайды, себебі, жасы өскен сайын ол өзгерістерді енгізу қиындай түседі.
1 жастан 1,5 жасқа дейінгі балалардың тамақтанатын тамағы механикалық өңдеуден өту үшін тағам бөлікшесінің негізгі мөлшері 2 – 3 см болуы қажет. Тағамның тығыздығы ботқа тәрізді, пюре, суфле, пудинг, буға пісірілген котлет сияқты болуы керек. Егер балада 8 – 10 тіс болатын болса, жеткілікті мөлшердегі қажеттіліктерді нан, кептірілген нан, печенье, жұмсақ алмаларды шайнауға қабілеті болады.
1 – 1,5 жасқа дейінгі балалардың тамақтану саны тәулігіне 5 рет, тәуліктік рационның жалпы көлемі 1100мл. Тәуліктік көлем және калория бөлінісі жеткілікті мөлшерде толық қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтануы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық және нервтік – психикалық дамуының ең оңтайлы көрсеткіштері, оның күнделікті рационындағы 1 кг дене салмағынаесептелген белок, май, көмірсулардың қатынасы 1:1:4 құраған кезде байқалады.
Егер тағамдық заттардың өзара қатынасы бұзылса, онда рацион өте жоғары энергетикалық құндылықта болса да, тиімсіз болады.
Мектепке дейінгі балалардың тамақтануында сүт маңызды орынды алады. Тәуліктік рациондағы сүттің көлемі 500 г құрайды. Оған минералдық заттардың, толыққанды белоктың, ауыстырылмайтын аминқышқылдары көзі болып табылатын сүт қышқылды өнімдерін қосады. Белок көзі сиыр еті, тауық еті, қоян еттері, майлы қаз және үйрек еті, балаларға арналған ет консервілері жатады. Күндізгі рационға нанның әртүрлі сорттары және бөлкенандар өнімдері (кептірілген нандар, тоғаштар) кіреді. Қара нан дәрумендердің В тобына бай. Кондитерлік тағамдар мектеп жасына дейінгі балаларға зефир, қақ, қайнатпалар, повидло, жидектен жасалған тәттілер, карамелдер ұсынылады. Қант орнына жиі бал тағайындалады. Күріш, манная, қарақұмық жармалары тағайындалады. 5-7 жастан бастап ас мәзіріне бидай және сұлы қосылады. Табиғи және консервіленген шырындар, морс, сусындар, компоттар, жаңа жеміс – жидектер қолданылады. Тамақтану арасындағы үзіліс 3,5-4 сағат болуы керек.
Ана сүтінің биологиялық және химиялық қасиеттері.
Ана сүтінің құрамы жануарлар сүтінен белок, май, көмірсулар, минералды түздар және судың мөлшеріне, қарым-қатынасына байланысты өзгеше болады.Ана сүтінің құрамында көптеген белоктар кіреді, соның ішінде 18 белок қан сарысуының белоктарына сәйкес болып келеді.Ана сүтінің құрамындағы энергияның 47 пайызын май құрайды.Майдың баланың өсіп жетілуінде атқарар маңызы зор.Сонымен қатар ана сүтінің құрамында бифидобактериялардың өсуін стимулдайтын олигомен қантының маңызы бар. Ол бифидусфактор деп аталады.Ана сүтінің қ Ана сүтінің құрамындағы витаминдер жыл кезеңіне және бала емізетін ананың тағамының витаминдік құндылығына байланысты. Ана сүтінде, сиыр сүтімен салыстырғанда, майда еритін витаминдер (А, Д, Е) айтарлықтай көп болады.
Ана сүтіндегі Д витаминінің мөлшерінен активтілігі айтарлықтай артық екені белгілі болып отыр, өйткені ана сүтінің құрамында Д витаминінің активті метаболиттер бар. Олардың активтігі таза, Д3 витаминіне (холекальциферол) қарағанда, 100-10000 есе артық болып келеді. Солай бола тұрсада, сиыр сүтінде ана сүтімен салыстырғанда, тиамин – 2 есе, рибофлавин – 3 есе, пантотен қышқылы – 3-4 есе, биотин – 5-6 есе, В12 витамині – 10-11 есе артық болады. Дегенмен, сиыр сүтін қайнатып пісіргенде, сүт қоспаларын дайындау үшін, сұйылтқанда витаминдер мөлшері күрт азаяды, сондықтан, бұны жасанды сүт қоспаларымен тамақтандырғанда ескеріп отыру керек (сүт қоспаларын витаминдермен толықтыру, жеміс-жидек шырындарын немесе үгінділерін ерте беру).
Еліміздің кейбір аймақтарында балаларды тамақтандыруға сиыр сүтімен қатар бие, түйе, ешкі, қой сүттері де қолданылады.
Бие сүті белоктың құрамы бойынша ана сүтіне жақындау келеді. Бие сүтінін құрамында еритін азоттық заттар көп болғандықтан, ұйығанда қатты қойылмайды, өйткені, оның құрамындағы казеин кішкене нәзік үлпек сияқты болып тұнады. Бие сүтінің белоктары оңай сіңірілетін болғандықтан, оның қоректік құндылығы сиыр сүтінен артық болып келеді
УЫЗ БЕН СҮТТІҢ ҚҰРАМЫ
Белок Қант Май Күл
Уыз 80-110 40-53 28-41 8,1-4,8
Өткінші сүт (4-5 күннен бастап) 23-14 57-66 29-44 2,4-3,4
Жетілген сүт (2-3 аптадан бастап) 14-12 73-75 33-34 1,8-2,0
Ана сүтінің биологиялық маңызы.
Уыз бен өткінші сүттің көптеген антигендерге қарсы иммунологиялық активтілігі бар, үйткені оның құрамында әртүрлі антиденелер болады. Ана сүтінде сапрофитті және энтеропатогенді эшерихияларға, шигелдерге, энтеровирустарға, кокктік флораларға қарсы бағышталған антиденелер анықталған. Сонымен қатар, бейспецификалық қорғаныс факторлары (макрофагтар, лизоцим және басқалар) болады. Ана сүтінің секреторлы А иммуноглобулині, баланың инфекциялық ауруларының алдын алатын қорғаныстың алдыңғы шебі болып табылады. Сонымен қатар, ана сүтінің құрамындағы лимфоциттер (1 мл уызда 0,5-10 млн лимфоциттер болады) ішек-қарынның жергілікті иммунитетін стимуляциялауға қатысады. Ана сүтінде лимфоцит-термен (Т–50%, В–34%) қатар фагоцитоздық қабілеті бар макро- және микрофагтар бар. Ана сүтіндегі лицозим мен макрофагтар грам оң флораларғада қарсы активтілік білдіреді (ана сүтіндегі лизоцим деңгейі сиыр сүтіне қарағанда 300 есе көп болады). Ана сүтінде антибактериялық қасиеті бар комплемент және лактоферрин бар. Ана сүтінде лактоферрон 2-6 г/л деңгейінде болады. Бифидус флораның қарқынды өсуіне ықпал ететін бифидус-фактор ішекте патогендік микрофлораның пайда болуына қарсы әсер етеді.
Табиғи тамақтанатын балалар сирек ауырады, ауырса жеңіл ауырады. Ерте жастағы емшек еметін балаларда, жасанды тамақтанатын балаларға қарағанда, өлім бірнеше есе сирек кездеседі.
Емгендегі жақ-тіс жүйесінің қимылы, оның дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізеді. Ему процессі сүт безіне физиологиялық массаж ретінде әсер етеді. Дүниежүзілік статистиканың мәліметі бойынша көп бала туып, оларды емізіп асыраған әйелдер арасында сүт безінің және жыныс жүйесінің залалды ісіктері оншақты есе сирек кездеседі.
Ана сүтінде эволюциялық даму кезінде баланың дұрыс өсіп жетілуіне ықпал ететін әртүрлі биологиялық қасиеттер пайда болады. Қандай да болмасын жасанды сүт қоспалары, химиялық құрамы қалай өңделген болса да ана сүтінің, әсіресе, алғашқы 2-3 айда, орнын толық баса алмайды. Ана сүтінің құрамына ананын денсаулығы, күн тәртібі, тамақтануы ықпалын тигізеді.
Бала емізіп жүрген ананың тамақтануыБала емізіп жүрген ананың ас мәзірінен барлық аллергенді тамақтарды алып тастау ұсынылады. Олардың қатарына қызыл және қызғылт сары жемістер мен көкөністер кіреді. Сіздер сәбіз, қызыл алма, апельсин, мандарин және басқаларын пайдалануға болмайтындығын естіген боларсыздар. Сондай-ақ көкөністердің бірнеше түрін қолдануға болмайды. Бала емізіп жүрген ананың ас мәзірінде ақ қырыққабатқа, қиярға, қызанаққа орын жоқ. Себебі қырыққабат ішті кептіреді, ал қияр баланың дәретін бұзады. Тіпті ол баланың ас мәзіріне емес ананың үлесіне түсседе әсер етеді. Егер әр азық-түліктің сапасын зерделей бастасақ, біздің күнделікті үлесіміздегі тағамның көп бөлігі бала емізіп жүрген ана үшін даусыз тыйымды екендігін көреміз. Бірақ біз азық-түліктен қажетті дәрумендерді, минералдарды және қоректі заттарды аламыз ғой. Өзіңіздің ағзаңыз бен балаңыздың ағзасын «құрылыс материалдарынан» айыруға бола ма? Бала емізіп жүрген ананың жеткіліксіз және мардымсыз тамақтануынан тек қана ананың ағзасы ғана емес, сонымен қатар балсының ағзасына әсер етеді. Бұл жөнінде ұмытпаған жөн.
БАЛА ЕМІЗЕТІН АНАЛАРДЫҢ 1 КҮНГЕ АРНАЛҒАН ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ШАМАМЕН АЛЫНҒАН МӨЛШЕРІ
Тағам атаулары Мөлшері, Белок, Май, Көмірсулар Калория,
г г г г Ккал
Ет өнімдері 120 16,2 9,12 - 147,6
Балық өнімдері 100,0 16,0 0,4 - 68
Сүзбе 170 23,8 0,81 5,4 112,5
Айран 200 6,7 6,7 7,4 124
Сүт 250 9,0 10,5 13,5 186
Сары май 30,0 0,12 23,54 0,15 220,2
Қаймақ 50,0 1,0 14,0 1,5 142,58
Өсімдік майы 35,0 - 32,48 - 270,2
Қант 50 - - 47,75 195
Қара нан 100 7,0 1,0 45,0 223,0
Бидай наны 100 7,1 1,0 47,0 230
Ұн тағамдары 150,0 8,55 17,7 83,55 541,95
Жарма, макарон 60,0 7,44 1,5 40 208,0
Картоп 200 3,73 - 42,1 189,0
Көк-өніс:
Капуста 100 1,2 - 14 62
Қызылша 100 1,1 - 10,3 47,0
Сәбіз 100 1,29 - 7,6 36,0
Томат 200 1,34 - 4,0 21,3
Жуа 35 0,95 - 3,5 16,1
Жеміс-жидек 200 1,2 - 46 193
Барлығы - 122,91 114,25 419,25 3121,58
Бала емізетін аналардың витаминдерге, әсіресе, С витаминіне (100-200мг), В1 витаминіне (2 мг), В2 витаминіне (2 мг), В6 витаминіне (4 мг), В12 витаминіне (20 мг), Д витаминіне (тәулігіне 500 ХБ), мұқтаждығы арытады.
Аналарға жаңа жемістер мен шикі көк-өністер беру мүмкін болмаған жағдайларда витаминдік дәрілер беру қажет. Балаларда ана сүті арқылы гипервитаминоз болады деп қорықпау керек. Себебі, витаминдерді қабылдау, әртүрлі жеміс-жидек шырындарын ерте беруден пайдалырақ болып келеді.
Сүт безінің кедергілік функциясы жақсы дамыған болғаны мен, кейбір заттарды, әсіресе ішімдектерді ішуге, тіптен болмайды. Себебі, алкоголь сүтке өтіп, сәбиді уландыруы мүмкін. Сонымен қатар, емізетін әйел исі жаман заттарды қабылдағанда (пияз, сарымсақ, және т.б.) ана сүтінің дәмі және иісі бұзылады, сондықтан, бұндай тағамдарды емшекте баласы бар аналардың жемегені жөн.
Емшекте баласы бар аналар ұзақ уақыт дәрілер қолданғанда, олардың сәби организмінде жинақталып қалуы мүмкін. Цистостатиктерді, активті гормондарды, олардың аналогтарын және гормондар ингибиторларын мүлдем қолдануға болмайды. Олар сәби организмінде эндокриндік бұзылыстарының пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Асқазан жолында ыдырайтын (зақымсызданатын) гормондарды (инсулин, адреналин, АКТТ және т.б.) қолдану керек.
Емізетін аналар қабылдаған антибиотиктер сәбилерде дисбактериозға соқтыруы мүмкін. Көптеген дәрі-дәрмектер дәрілік аллергия себебі болады. Бала емізетін әйелге шылым шегуге болмайды.
Әдетте тәуліктік су мөлшері көбірек болып келеді, дегенмен, сүт мөлшері көбеймейтін болғандықтан, тәуліктік су мөлшері 2л деңгейінде болады.
Тиімді тағамдану тәртібін жеткілікті демалыспен (күндіз 1-2 сағат ұйықтау, таза ауада қыдыру) ұштастыру керек.
3-4 күн бойына лактация қалыптаспаса, сәбиді бір емізгенде екі емшекті де беру керек. Тек қана барлық мүмкіндікті пайдалаиғаннан кейін үстеме (қосымша) тамақ қолдану керек. Лактацияны жақсарту үшін емізуден 10-15 минут бұрын шай, компот, итмұрын тұнбасын ішуді ұсынуға болады.
Дәрі-дәрмектерден никотин қышқылы (40-50 мг, күніне 2-3 рет, емізуден 10 минут бұрын), С витамині (10-15 мг-нан күніне 2 рет, 10-15 күн бойына); апилак (күніне 0,01 г-нан 3 рет, 2 апта бойына) беріледі. Сонымен қатар, ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру, ультражоғары жиілі тоқ, ультрадыбыспен әсер ету, вибрациялық массаж, инемен емдеу, сүт безін жылтқышпен таңу сияқты процедуралар қолданылады. Фитотерапия қолдануға болады: қалақай жапырақтарының қайнатпасы, 1 ас қасығымен 3 рет (қалақайдың 3-4 ас қасығын 1 литр суда қайнатады), доланың сығындысы (экстрактасы) 20-30 тамшыдан күніне 3-4 рет тамақ алдында, 10-14 күн бойына. Бақбақтың тамырының, жәй киікшөптің тұнбасын, аскөктің (укроптың) қайнатпасын қолдануға болады.
Емшектің ұшының қысқа, ішіне тартылған, жалпақ, инфантильді, тығыз болып, түрінің өзгеруі. Бұндай жағдайда балаға емшекті, әдейі осыған арналған, емізікшелер арқылы сорғызады. Массаж жасап, уқалап, қолымен тартып, сауып, біртіндеп баланы емізуге үйретеді.
Емшек ұшының жарылуы – лактацияның алғашқы аптасында пайда болады, көбіне маститтің пайда болуына себепкер болады.
Емшектің ұшының жарылуына әртүрлі даму ақаулары, бала емгенде зақымдану, ананың жеке гигиенасын толық сақтамауы себепкер болады. Бұндай жағдайларда баланы сауылған сүтпен тамақтандыруға немесе арнайы емізікшелер арқылы емізуге мәжбүр болады. Емшектің сүттен толық босауын қадағалап отыру керек. Анестезин қосылған май, А витамині, бриллиантты көктің 1%-дық ертіндісі, дезинфекциялайтын препараттар, ультракүлгін сәуле сияқты эпителизациялауға бейімдейтін шаралар қолданылады.
4. Мастит – сүт безінің қабынуы. Емшек ұшының жарылуы сырттан инфекциялануына байланысты пайда болады. Маститтің пайда болуына жеке гигиенаны сақтамау, сүт бездерін дұрыс күтпеу, сүт безінде сүттің тоқырауы әсерін тигізеді.
Мастит бездің ісінуі, жекеленген тығызданып ауруы, лимфа түйіндерінің үлкеюі, организмнің уыттану белгілерінің және қызбаның пайда болуы сияқты клиникалық белгілерімен анықталады.
Алдын алу шаралары: сүт бездерін ұкыпты күту, емшектің жарылуын мезгілінде дұрыс емдеу, баланы дұрыс емізу, емшекте сүттің тоқырауын мезгілінде жойып отыру.
Жаңа басталып келе жатқан қабынуды жою үшін абайлап сүтті сауу, емшекті жоғары тартып, байлап тастау пайдалы болады. Маститті емдеу тиісті мөлшерде антибиотик тағайындау және зақымдалған емшектен сүтті түгел сауып тастаудан басталады. Маститтің жергілікті түрлерін емдеу хирургпен бірігіп жүргізіледі. Баланы зақымдалған емшекпен емізу мәселесі клиникалық белгілеріне анасың, баланың жағдайларына байла-нысты әрбір жағдайда жеке шешіледі. Организмнің уыттану және қызба белгілері айқын білінгенде баланы емізуге болмайды. Сауылған сүтті балаға беруге болама деген мәселені шешу үшін бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізу керек.
Сүттің тоқырауы (сүт өзектерінің бітеліп қалуы) сүттің көбеюімен қатаремшегі ауырады. Кейде дене қызуы көтеріледі. Бұл белгілер сүттің түзілуімен бала еметін сүттің мөлшері теңелгенде, жойылып кетеді. Егер бұл белгілер жойылмай ұзақ байқалса, емшекті сауып тастауға тура келеді. Бұндай жағдайда сүт безіне жылы спиртті жылытқыш салған, ішетін сұйықтық мөлшерін ұлғайтқан жөн.
Галакторея – сүттің өзінен өзі ағуы, 2 түрлі болады:
а)емшектен сүт сәби екінші емшекті еміп жатқанда ғана ағады,
б)сүт емшектен өзінен-өзі емізу аралықтарында да аға береді. Баланы емізе беру керек. Тек жиі емген сүт мөлшерін тексеріп, қажет болса үстеме тамақ беру керек.
7. Эпилепсия, истерия, босанғаннан кейінгі психоз.
ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ НӘРЕСТЕЛЕРДІ ТАМАҚТАНДЫРУ
Жаңа туылған нәрестелерді күн тәртібі бойынша емес – нәрестенің талабы бойынша тамақтандыру керек. Емшек сүтінен басқа ешбір сусын бермеу керек, әрине, медициналық көрсеткіштер болмаса. Анасы мен нәрестенің бір бөлмеде болуын іске асыру қажет. Емшек еметін нәрестелерге ешбір тыныштандырғыш дәрілер, болмаса, емшекті ауыстырушы заттар (емізік және т.б) беруге болмайды. Арнайы дайындалған медицина қызметкерлері анасына емізудің артықшылығы туралы ақпарат беріп, емізудің тәсілін үйретулері қажет.
Анасы жағынан нәрестені ерте емізуге болмайтын көрсеткіштерге операциямен босандыру, көп мөлшерде қан кету жатады.
Нәресте жағынан ерте емізуге болмайтын белгілерге Апгар шкаласының 7 ұпайдан (баллдан) төмен көрсеткіші, нәрестенің тұншығуы, бас сауытының ішінің босану жарақаты жатады.
Нәрестені бірінші рет емізу тәсілі. Бірінші сатыда, кіндіктің соғуы біткенге дейін, нәрестені жалаңаш күйінде анасының ішінің үстіне салып, стерильді жаялықпен жабады. Кіндіктің соғуы тоқтағаннан кейін, кіндікті алғашқы өндеуден өткізіп, нәрестені қайтадан анасының ішінің үстінің жоғарғы бөлігіне салады. Анасының кеудесі мен іші физиологиялық ертіндімен ылғалдандырылған стерильді жаялықпен жабылады. Біртіндеп, нәрестеде іздеуі рефлексі пайда болып, ему, басын бұру және аяқ-қолының еңбектеу қимылдары пайда болады.
20-30 минут ішінде көптеген нәрестелер өз бетімен, анасының көмегісіз, анасының емшегін тауып алып, оның ұшын ауызына салады. Нәресте емшекті қуатты «сүзу» тәрізді, емшекті жоғары көтеретін қимылмен ауызына алуы керек. Сору тиімділігі сол қысым пайда болуына байланысты емес, баланың тісі жасайтын ырғақты массажбен, яғни емшекті айқын механикалық «сауыумен», анықталады. Бірінші контакттан кейін бала ембесе, оны бір сағаттан артық ұстаудың пайдасы жоқ. Ол ұйықтап қалады. Сонымен қатар, туылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң терілік қатынас тәсілін қолдану пайдасыз болады. Ал, келесі күндері удайы бұл әдісті қайталап отыру керек.
Бірінші күннен бастап баланы аштықтың кез келген белгісі немесе мазасыздану пайда болған сайын, арнайы мерзімді күтпей емізе беру керек.
Аштықтың белгісі болып ерінінде сору қимылдарының, басын жан-жағына қозғау, әртүрлі дыбыс шығару (жылағанға дейін) есептелінеді.
Баланы, бекітілген күн тәртібісіз, жиі емізу керек. Баланы емізу 24 сағат ішінде 8-12 реттен кем болмауы керек.
Жиі сору және жиі сүт безін босату лактацияның жақсы және тез қалыптасуына, сүттің жеткілікті, баланың мұқтаждығын қанағаттандыратын мөлшерде түзілуіне ықпал етеді.
Ему мерзіміде шектелмеу керек. Тіптен іштеңе сормай, анасының емшегінде қалғып жатса да, ему мерзімін баланың өзі шешуі керек.
Емізу аралығында басқа сусындар беріп, нәрестенің тағамдық мазасыздануын баспау, өте маңызды болып келеді.
Уыз бен сүттің мөлшерінің ұлғаю және сәбидің емуге үйрену барысындаемізу жиілігі бір балаларда көбірек, кейбіреуінде азырақ сирей түседі.
Түнде емізудің сүт мөлшерін көбейтуде маңызы үлкен (пролактин түнде көбірек түзіледі).
Бала ұзақ жақсы еміп, сүт безін толық босататын болса, екінші емшекті беру дұрыс. Келесі емізгенде сол екіншісінен бастап емізу керек.
Лактация қалыпты болса, сауудың қажеті жоқ.
Екі емшекті де емізгенде, сүттің қиын сорылатын, бірақ, қажетті бірінші емшектегі «артқы» сүтті толық іше алмай қалады, сондықтан екі емшекті жиі ауыстырмаған жөн.
Емшекті бергенде сәби емшекті бірден алмаса, емшектің ұшын баланың ерніне тигізіп, 1-2 тамшы сүтті аузына сауу керек. Емізу арасында емшектің ұшын стерильді сулықпен (салфетка) жауып қойған дұрыс.
Босанғаннан кейінгі алғашқы күндері баланы бір қырынан жатып емізу.
Емшекпен тамақтандырудың артықшылығы
+ Емшек сүті, нәресте үшін табиғат дайындаған, балаларға арналған ең жақсы және пайдалы тағам болып келеді.
+ Емшек сүтінде балаға аса пайдалы , жеңіл қорытылатын және сіңірілетін белоктар, майлар, көмірсулар бар;
+ Сонымен қатар емшек сүті құрамында, баланың дұрыс психофизикалық дамуын қамтамасыз ететін, сана сезімінің даму көрсеткіштерін артыратын ферменттер, гормондар, ауыстырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болады;
+ Ана сүті туа біткен және пайда болатын иммунтитетті қалыптастыруға өмірінің алғашқы күндерінен қажетті витаминдерге, микроэлементтерге, минералдарға бай;
+ Теміртапшылық анемияның алдын алуға қажетті жеңіл сорылатын темір мөлшері жеткілікті;
+ Антиденелер және басқа баланы инфекциядан қорғауға қажетті және аллергиялық реакциялар даму қаупін төмендететін заттар жеткілікті;
+ Су жеткілікті мөлшерде. Тіптен күннің ыстық кезінде де қосымша сусын берудің қажеті жоқ.
+ Ана сүті тез және жеңіл сіңіріледі.
+ Емшек сүті таза, құрамында бактериялар болмайды, сондықтан балалар ауруларның себебі болуы мүмкін емес.
+ Температурасы оңтайлы болады.
+ Анасының емшегін ему тісжақ жүйесінің , сөйлеу қабылетінің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.
+ Табиғи тамақтану, анасы мен сәбидің арасында тамақтану кезінде тығыз эмоциялық қатынас қалыптасатын болғандықтан, баланың психикалық дамуына жағымды ықпал етеді;
+ Емшекпен тамақтандыру қарапайым және арзан (экономды).
 
ҚОСЫМША ТАМАҚ БЕРУ
Қою қосымша тамақ беру көрсеткіші болып баланың емген сүтіне қанағаттанбай, тек қана қою тамақ беру арқылы қанағаттануы саналады.
Қосымша тамақ енгізу шарттары:
Жасы 5-6 айдан кем болмау керек;
Ауызға түскен тамақты «шығарып тастау» рефлексінің төмендеуі;
Ауызға түскен тамақты шайнауға бейімділігі;
Тістерінің кейбір бөлігінің шығып болуы немесе шығып келе жатуы;
Сенімді отырып, тамаққа ұмтылуы және тойғандығын сезінуі;
Ас қорыту жүйесінің жетілуі, берілген тамақтан нәжісінің бұзылмауы, аллергиялық реакциялардың болмауы.
БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ ШАМАЛАП АЛЫНҒАН ЖОБАСЫ
ТАҒАМ АТТАРЫ ЖАСЫ, АЙЫ
0-3 4 5 6 7 8 9 10-12
Жеміс шырыны, мл - - 5-30 40-60 60 70 80 90-100
Жеміс пюресі, г - - - 40-60 60 70 80 90-100
Сүзбе, г - - - 10-30 40 40 40 50
Жұмыртқаның уызы, дана - - - - 1/4 1/2 1/2 1/2
Көкөніс пюресі, г - - 10-100 150 150 170 180 200
Сүт ботқасы, г - - - 50-100 150 150 180 200
Ет пюресі, г - - - - - 5-30 50 60-70
Сүт және сүт өнімдері - - - - - 200 200 400-600
Нан, г - - - - - 5 5 10
Кепкен нан, печенье - - - - 3-5 5 5 10-15
Өсімдік майы - - - 1-3 3 5 5 6
Сары май, г - - - 1-4 4 4 5 6
Ет тағамдары рационға 8 айдан бастап, ет пюресі түрінде беріледі. 8-9 айдан бастап аптасына 1-2 рет ет орнына балық беруге болады.
7,5-8 айлығынан бастап III қосымша тамақ бейімделмеген сүт өнімдері (айран, сүт, сүзбе) жұмыртқа, цитрустар және оның шырындары, бидай жармасынан дайындаған ботқалар беріледі.
Әрекеттерін дамыту мақсатында 10 айдан бастап шайнау, тістеу әрекеттерін дамыту үшін біліктік, IV қосымша тағам енгізіледі. Бұған кепкен нан, печенье, жемістер, бұқтырылған котлеттер жатады. Тамақ ассортиментінің кеңеюі емшек сүтін ығыстырады, сондықтан да қосымша тамақ енгізу кезеңі, емшектен айыру кезеңінің басталуы болып есептеледі.
Ана сүтінің тәуліктік көлемі 1 жасқа дейін 600 мл-ден кем болмауы тиіс.
Қосымша тағам тағайындағанда келесі қағидаларды сақтау қажет:
Біртіндеп енгізу
Қосымша тамақты сау балаға, ауырып тұрғаннан кейін 2-3 аптадан соң беру;
Қосымша тағамды енгізіп болғаннан кейін қасықпен беру;
Баланың жүйке-жүйесінің ерекшелігін ескеру;
Тағамдар механикалық қорғау, тамақ жұтуға оңай ұнтақталған, ұсақталғанболуы керек.
Тамақтандыру жиілігі, тамақтың тиісті көлемін есептеу тәсілі.
Тамақтандыру еркін режимде болғаны дұрыс, аралығы 1-4 сағат болуы мүмкін, тамақтандыру жиілігі — тәулігіне 7-10 рет, тамақ көлемін баланың өзі анықтайды, қанша емгісі келсе сонша емеді.
Аралас және жасанды тамақтандыруда жалпы қабылданған есептеу тәсілі қолданылады.
Баланың 10 күндік өмірінен бастап 1 жасқа дейін тамақ көлемін анықтаудың 2 тәсілі ұсынылады.
1 тәсіл: «Көлемдік» — тамақтың тәуліктік көлемі баланың жасына, салмағына сай есептеледі. 2 аптадан 2 айға дейін дене салмағының 1/5 білігіне тең көлемде болады.
2 ай — 4 ай — 1/6 бөлігі
4 ай — 6 ай — 1/7 бөлігі
6 ай — 9 ай — 1/8 бөлігі
2 тәсіл: «Калориялық» тәсілде баланың жасы, салмағы және тәуліктік калорияға мұқтаждығы ескеріледі.
I тоқсанда — 120 ккал/кг,
II тоқсанда — 115 ккал/кг,
ІІІ тоқсанда — 110 ккал/кг,
IV тоқсанда — 100кал/кг.
Мысалы: балаға 3 ай, салмағы — 5800 г.
Тәуліктік калорияға мұқтаждығы:
120 ккал х 5,8 кг = 696 ккал
100 мл ана сүтінде — 700 ккал
Тәуліктік сүт мөлшері:
100 мл — 700 ккал
X — 696 ккал
Х = 100 x 696 = 991 мл
700
Негізгі қоректік заттар мен энергияға мұқтаждық. ДДҰ мәліметі бойынша алғашқы аптада өсуді қамтамасыз ету үшін қажет белок деңгейі – 1,4 г/кг. Қосымша тағам енгізгенге дейін қауіпсіз деңгей – 1,85 г/кг. Қосымша тамақ енгізгеннен кейінгі аралас диетада 2 г/кг дене салмағына дейін көтеріледі.
Аралас тамақтандыруда бейімделген сүт қоспасын қолданғанда белокқа мұқтаждық – 2-2,5 г/кг, ал бейімделмеген сүт қоспасын қолданғанда – 4 айға дейін – 3 г/кг, кейінгі айларда 1 жасқа дейін 2,5-3 г/кг болып есептеледі.
Жасанды, бейімделген қоспамен тамақтандырғанда – 2-2,5 г/кг, ал бейімделмеген қоспамен тамақтандырғанда – 3-3,5 г/кг.
Майға мұқтаждық тамақтандырудың барлық түрлерінде 3 айға дейін – 6,5 г/кг, 3-6 айда – 6 г/кг, 6 айдан бастап – 5,5 г/кг.
Көмірсуларға мұқтаждық тамақтандырудың барлық түрлерінде де 1 жасқа дейін 13 г/кг.
БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТЫҚ ЭНЕРГИЯҒА МҰҚТАЖДЫҒЫ (ДДҰ— 1985 ж.)
ЖАСЫ ДДҰ комитеті ұсынған - 1985 ж.
ккал/кг кДж/кг
0-2 ай 116 485
3-5 ай 99 415
6-8 ай 95 400
9-12 ай 101 425
Кейбір тағамдық заттардың жеткіліксіздігін толықтыру. Табиғи тамақтандыруда К, Д витаминдерінің темір, фтор элементтерінің тапшылығы байқалады. К витаминінің жеткіліксіздігі бала өмірінің алғашқы күндерінде ана сүтінде К витаминінің аз мөлшерде болуына байланысты немесе сүтті аз емуіне байланысты болады, сондықтан да күніне 1 рет парэнтеральді К витаминін егу керек.
Д витаминінің жеткіліксіздігі оның ана сүтінде аз мөлшерде екеніне байланысты. Тәулігіне 300-400 ХБ Д витамині тағайындалады.
ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАР МЕН ЭНЕРГИЯҒА БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МҰҚТАЖДЫҒЫ (РФ, 1991 ж.)
Тағамдық заттар мен энергия 0-2 ай 3-5 ай 6-12 ай
1 2 3 4
энергия, ккал/кг 115 115 110
белок, г/кг 2,2 2,6 2,9
белок (жануартекті), г/кг 2,2 2,5 2,3
май, г/кг 6,5 6,0 5,5
линолин қышқылы, г/кг 0,7 0,7 0,7
көмірсулар, г/кг 13,0 13,0 13,0
кальций, мг 400 500 600
фосфор, мг 300 400 500
магний, мг 55,0 60,0 70,0
темір, мг 4,0 7,0 10,0
мырыш, мг 3,0 3,0 4,0
йод, мг 40,0 40,0 50,0
С витамині, мг 30,0 35,0 40,0
А витамині рет. экв., мкг 400,0 400,0 400,0
Е витамині экв., мкг 3,0 3,0 4,0
Д витамині, мкг 10,0 10,0 10,0
В, витамині, мкг 0,3 0,4 0,5
В2 витамині, мкг 0,4 0,5 0,6
В6 витамині, мкг 0,4 0,5 0,6
РР витамині, мкг 5,0 6,0 7,0
Фолацин, мкг 40,0 40,0 60,0
В12 витамині, мкг 0,3 0,4 0,5
Темір жеткіліксіздігі. Темір жеткіліксіздігін толықтыру мақсатында кіндікті байлауды тамыр пульсациясы біткенше кешіктіру (60 сек). Бұл бала организмінде темір қорын толықтыруға қолайлы жағдай туғызады.
Барлық екіқабат әйелдер күніне құрамында 120 мг темір және 80 мкг фоль қышқылы бар таблетка ішуі керек және де көп мөлшерде «С» витаминін қабылдауы қажет.
Фтордың жеткіліксіздігі – фтордың сүт безі секретіне нашар ауысуына байланысты, көптеген мемлекеттердің педиатрлары тәулігіне фтордың микродозасын (0,25 мг) қолдануды ұсынып отыр.
Тиімді табиғи тамақтандырудың 10 қағидасы:
Табиғи тамақтанудың ережелерін қатал сақтап, медициналық қызметкерлер мен босанушы әйелдерді осы ережелер туралы ұдайы хабардар етіп отыру ;
Медицина қызметкерлеріне табиғи тамақтандыру тәжірибесін іске асыруға қажетті дағдыларды оқытып – үйрету;
Барлық екі қабат әйелдерді табиғи тамақтандырудың артықшылығы мен тәсілі бойынша хабардар ету;
Босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта аналарға нәрестені емізе бастауға көмектесу;
Аналарға, тіпті уақытша сәбилерден бөлек болса да, қалай емізу және лактацияны қалай сақтау керек екенін көрсету;
Медициналық көрсеткіштер қажет еткен жағдайдан басқа уақытта нәрестеге ешқандай басқа тамақ немесе сусын бермеу қажет;
Ана мен жаңа туған нәрестенің тәулук бойына бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету;
Нәрестені кестемен емес талабы бойынша тамақтандыруды мадақтау;
Жаңа туған емшек еметін нәрестеге анасының емшегін еске түсіретін ешқандай тыныштандыратын зат және құрал (емізік және басқалар) бермеу;
Табиғи тамақтандыруды қолдайтын топ құруды мадақтау және сол топтарға перзентханадан немесе ауруханадан шыққан аналарды қатыстыру;
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: № 1 Балалар аурулары неонатологиямен
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Баланың және бала емізетін ананың нутриенттік қамтамасыз етілуі
Орындаған: Кутыбаев О.Т.
Тобы: 414 А
Тексерген: Бекзада Жылқыбаевна
Ақтөбе – 2015ж
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Т. К. Каримов , С. К. Бермағамбетова «Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану гигиенасы» Ақтөбе – 2009 ж
Б. Түсіпқалиев «Балалар аурулары»
Б.Түсіпқалиев « Балалар аурулары пропедевтикасы».
. Интернет желісі www.google.kz,HYPERLINK "http://www.google.ru"www.google.ru,www.mail.ru.
Жоспары:
Баланың және бала емізетін ананың нутриентті қамтамасыз етілуі
Балалардың тағамдық заттар мен энергияға мұхтаждығы
Әр түрлі жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері
Бір жастан асқан балалардың тамақтануы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтануы
Ана сүтінің биологиялық – химиялық қасиеттері
Ана сүтінің биологиялық маңызы
Бала емізіп жүрген ананың тамақтануыБала емізіп жүрген ана тамақтануының негізгі ережелер
Перзентханадағы нәрестелерді тамақтандыру
Қосымша тамақ беру
10.Тиімді табиғи тамақтандырудың 10 қағидасы

Приложенные файлы

  • docx 10979097
    Размер файла: 66 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий