мусиндеу тех карта зарина


«Шаттық» ересектер тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әжем үшін тағамдар»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың мүсін жасап үйренуін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Үлкенге көмектесуге,кішігі ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды мүсіндеу арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту.
Көрнекіліктер: тұзды қамыр,тақтайша,суреттер.
Көптілді компонент: тағам – еда – әже – бабушка -
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
Көк аспанда күн күлсін,
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін,
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.
Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу қызметі Мүсіндеу.Бүгінгі тақырыбымыз «Әжем үшін тағамдар» Үйымдастырушылық-ізденуші Ғажайып сәт.
(Есік қағылады,сиқырлы қорап тастап кетеді.)
Балалар тыңдайықшы,біреу есік қағатын секілді.
Кәнекей,есікті ашып көреміз бе?
Ой,балалар бұл не екен?
Бұл сиқырлы қорап балалар.Бүл сиқырлы қорапты кім тастап кетті екен ?
Балалар сиқырлы қорапты ашып көреміз бе? Бірақ ашылмайды балалар.Балалар сиқырлы қорап ашылу үшін сиқырлы сөз айтуымыз керек.Сиқырлы сөз Мақал айтуымыз керек балалар,кім біледі мақал,кәне айтайықшы.
Мінекей,балалар сиқырлы қорап ашылды.
Балалар,сиқырлы қораптың ішінде хат бар екен,оқып көрейін.
«Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен Айсұлумын.Әжемнің сүйікті немересімін.Менің әжем ауырып жатыр. Әжем жазылуы үшін әжеме арнап тағам дайындау керек,бірақ мен әлі кішкентаймын,әзірлеуді білмеймін.Әжем немересінің тәтті тоқашын жесе,тез жазылып кетеді.Маған тәтті тоқаш әзірлеуге көмектесіңдер ма?»
Балалар көмектесеміз бе?
Жарайсыңдар,балалар.
Олай болса,бәріміз алдымызда тұрған тұзды қамырмен тоқашты әзірлеуге кірісейік.Ол үшін алдымызға тақтайшаны аламыз,жеңімізді түреміз.Тұзды қамырды үзіп аламыз,домалақтаймыз,одан кейін үстінен басамыз.Шеңбер секілді тоқаш дайын болды.Енді оны қалауымыз бойынша әсемдейміз.
Жарайсыңдар,балалар біз Айсұлудың әжесіне арналған тоқашын дайындадық.Ендеше жасаған мүсінімізді сиқырлы қорапқа салып Айсұлуға беріп жіберейік.Балалар Айсұлу сендерге сиқырлы қорапқа әжесіне тоқаш дайындағандарын үшін сыйлық беріп кетіпті. Балалар мұқият есікке назар аударып қаладыы.
Ашып көрейік деп жауап береді.
Қорап деп жауап береді.
Балалар ойланып қалады.
Ашып көрейік деп жауап береді.
Балалар бірнеше мақал айтады.
Балалар қуанып қалады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Айсұлуға көмектесетіндерін айтады.
Балалар мүсіндейді және әсемдейді.
Рефлексивті-түзетушілік Қорытынды.
Балалар біз бүгін қандай ұйымдастырылған оқу қызметін өттік?
Біз кімге көмектестік?
Тұзды қамырдан не жасадық,кімге жасадық?
Балалар Айсұлу сендерге сыйлық беріп кетіпті.Ала қойыңдар,жарайсыңдар.Оқу қызметіне белсене қатысқандарың үшін көп рахмет! Сау болыңдар,балалар! Мүсіндеу оқу қызметін өттік деп жауап береді.
Айсұлуға көмектестік деп жауап береді.
Айсұлу әжесіне тоқаш дайындық деп жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Меңгереді: Үйренеді:

Приложенные файлы

  • docx 10987758
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий