зарина


КІРІСПЕ


Нан адамгершiлiк қоғамның дамытының барлық кезеңдерiнде және кез келген елдiң негiзгi байлығы.
Іс жүзiнде жер шарының 90 % тұрғындары күнделiктi негiзгi өнiм ретiнде пiсiрiлген нанмен қоректенеді немесе басқа астықтан жасалған өнімдермен қоректенеді.
Әр түрлi шаруашылық жұмысы заттық құндардың нақтылы қорларымен сөзсiз байланысты. Жыл бойы тұтыну үшiн жеткiлiктi артық астық дақыл өндiрiсiнiң маусымдығы және қажеттiлiгi астықтың үлкен сандарын сақтау ұйымдары талап етедi. Астықтың қорлары резерв ретiнде сақталады, сонымен бiрге ауыл шаруашылығының егiс науқанының материалын қамтамасыз ету үшiн керек.
Қабылдап, сақтауға дайындап және астықтың толық сақталуын шығынсыз қамтамасыз ету - елдiң өнеркәсiбiндегі элеватор-қоймасының негiзгi функциялар.
Элеватор өнеркәсiбi - бұл социалистiк айналымдағы материалдық-техникалық база. Ол келесi функциялар орындауға арналады:
- уақытында және кедергiсiз колхоздар және совхоздардан дәндi қабылдау, сақтау процесінде оның сапасын толық сақтап, жақсарту;
- астықпен және өнеркәсiп саудасының оның өңдеу өнiмдерiмен жабдықтау
- жедел қорларды сақтау.
Соның iшiнде кез келген өнiм, қоймалық өңдеусiз және тасымалдаусыз қолдануға жіберілмейді. Осыған байланысты қамбалар үлкен өндiрiстiк мән алады. Элеватор өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк функцияларының мәнi социалистiк шаруашылық шарттарында әрдайым үлкейедi, өйткенi сақтауға, кептіруге және тазартуға деген жұмыс көлемi үлкеедi.
Астықты сақтауға арналған бөлме қамбалар деп аталынады. Сақталатын астық, тағайындау, қамбаның техникамен жарақтандырылуының массаларына байланысты болады: қарапайым жәндiк - қалқалар және қоймалар; механикаланған қоймалар; элеваторлар – арнайы тік резервуарларда сақтауға, машиналар мен тазарту, кептіруге және орын ауыстыруға арналған аппараттармен жабдықталған.
Барлық астық коймаларының түрі және қайта өңдеу кәсiпорынның дайын өнiмiнiң тура қоймалар сияқты қамбалардың барлық түрлерi бар.
1.Кәсіпорынмен танысу.
Кәсіпорын – ЖШС Абишева Гульмира
«Baltic Control Kazakhstan»
Жұмыс орны-г.Астана ул.Жанажол 3/1
ЖШС «Baltic» барлық зертханалар сияқты дәнді,бұршақ тұқымдас,майлы және т.б. дақылдардың физика-химиялық көрсеткіштерін анықтайтын зертхана болып табылады.Бұл зертхана ҚР аумағындағы барлық астық өңдеу,кәсіпорындармен бірлесе жұмыс істейді.Сонымен қатар Ресей,Иран,Қырғызстан,Өзбекстан,Таджикстан,Еуропа елдеріндегі астық кәсіпорындарымен жұмыс істейді.
Кәсiпорынның ортақ мiнездемесi.

Кәсiпорынның бас жоспары барлық негiзгi, қосалқы және көмекшi ғимарат және ғимараттарды, әр түрлi кiру жіне шығу жолдарын, энергия жабдықтауды сызық және (жер бетi және жер астындағы) сумен жабдықтауды байланыстыруда.
Өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары ғимарат және ғимараттардың арасындағы қашықтықтар болуы керек және кәсiпорынның барлық объекттерiне өрт автокөлiктерiн ыңғайлы және тез кіргізуін талап етеді.
Барлық ғимараттар, олардың келешек өндiрiстiк қызметi, еңбек шығыны, уақыт және сонымен бiрге жұмыс iстейтiн адамдардың санитарлық-гигиеналық тәртiбі және қауiпсiздiктерiн қамтамасыз ету үшiн жабдықтардың минималды мүмкiндерiн есептеудi олардың өндiрiске қатысуына байланысты.
Негiзгi ғимараттардың қабырғаларын бойлай нөсер сулардың енуінен қорғау үшiн асфальтті беттiк қабаттары жасалған.
2.Кәсiпорынның бас жоспары.
Кәсiпорынның бас жоспары барлық негiзгi, қосалқы және көмекшi ғимарат және ғимараттарды, әр түрлi кiрiс жолдарды , сонымен қатар энергия жабдықтау торлары және сумен жабдықтауды байланыстырады.
Өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары- ғимарат және ғимараттардың арасындағы байланысынығ болуы, кәсіпорынның барлық объектілеріне өрт автокөлiктерiн ыңғайлы және тез кіргізу болып табылады.
Өрт қауірсіздігін нормалы және минималды қашықтықтарда мұнай қоймалары мен газды және басқа да өртке қауіпті объекттерден алыс орналастыру керек.
Барлық ғимараттар және олардың келешек өндiрiстiк қызметi, еңбек шығыны, уақыт және сонымен бiрге жұмыс iстейтiн адамдардың санитарлық-гигиеналық тәртiбі және қауiпсiздiктерiн қамтамасыз ету үшін минималды машиналардың болуы есепке алынады.
Кәсiпорын қызметкерлерлер үшiн жұмыс формасын және киiм ауыстыруға арналған бөлмелер жеке шкафтармен және ыстық сумен қамтылған жуынатын орындар бар. Бөлмелерде киiм шаң болмас арнайы желдеткіштер орналастырады. Жұмыс аумағында бірінші жәрдем көмегін көрсетуге арнлаған пункт, буфет немесе асхана мiндеттi түрде ескередi.
Өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары- ғимарат және ғимараттардың арасындағы байланысынығ болуы, кәсіпорынның барлық объектілеріне өрт автокөлiктерiн ыңғайлы және тез кіргізу
Кәсіпорынның өндірістік-технологиялық зертханасы дербес құрылымдық бөлімше болып табылады. Астық зертханасы – астық сақтау қоймасындағы астықтарды қабылдау, өңдеу, сақтау және операцияларға технологиялық бақылау жасайды. Астық зертханасында мына жұмыстар жүргізіледі:
- тауар өндірушіден астықты қабылдау және астық сақтайтын жерге орналастыру;
- толықтырып әзірлей жұмысы;
- кептіру;
- тартылған ұн партияларын қалыптастыру;
- кәсіпорынға жөнелту (диірмен, жарма зауыты, аралас жем зауыты).
Зертхана көлік құралдарының кәсіпорынның аумағына кіруге ыңғайлы болу үшін кіре беріс жерге салынады. Астық зертханасы екі қабатты ғимаратта орналасады. Зертхана ғимаратының екінші қабатында астықтың алдын ала талдауы болатын бөлме бар. Онда астықтың ылғалдылығы, жаратылысы, сапасы және желімтік қасиетін анықтайтын аспаптармен жабықталған. Астықты жарты тәуліктік сынақтан өткізу үшін БИС-1 бөлгіші және бункерлік Воронцов үстелі орнатылған. Әр бункер екі бөліктен тұратын ысырмамен бөлінген. Бункердің жоғарғы бөлігі зертхананың екінші қабатында орналасқан.
3. Астық зертханасының жабдықтары
Астық зертханасының жабдықтарының атауы:
- БИС-1 бөлгіш аппараты;
- ВЛР-2 3 сыныптық зертханалық теңдік таразы;
- ЦВЗ-3 А ылғалдылықты тексергіш;
- Литрлік пурка;
- 4-тік астықтық лупа;
- Бюкс пен салқындатқышы бар СЭШ-3М бар кептіргіш шкаф;
- Зертханалық әмбебапты МУЛ-1 диірмені;
- Автокөлік (теміржол) бұрғысы;
- Автокөлік шанағындағы астықты іріктеу ішін сынақтамасы;
- 0,2 кг НПВ АДВ-200 зертханалық таразы;
- ИДК-1, ИДК-1М желімтіктің сапасын анықтайтын аспап;
- МОК-1 желімтігін тазартаны қондырғы;
- ДСЗ-2 диафанаскоп;
- Муфельді пеш.
Астық зертханасында 7 қызметкер болады: ПТЛ бастығының орынбасары, 2 инженер лаборант, техниканы ауыстыратын 4 лаборант. Лаборанттар дайын өнімнің шығуына және өңделуіне бақылау жасайды. Зертханада 2 адам жұмыс істейді: инженер-лаборант, олар шикізатты қабылдау, дайын өнімнің шығуына және өңделуіне бақылау жасайды. Зертхана қызметшілері нан өнімдерінің технологиялық бақылаудың барлық кезеңдерінен өткен сапа талдауын тіркейтін көп құжаттар рәсімдейді. Шығыс құжаттарына мыналар жатады: талдау карточкалары, сапа туралы куәлік және қатарлы жазба белгісі.
Талдау карточкалары барлық операцияларда – яғни, қабылдау, сақтау, өңдеу, технологиялық істің бақылауы рәсімделеді. Талдау нәтижелері карточкаларда дөңгелексіз көрсетіледі.э
1.Келіп түскен астықтың сапасы туралы журнал. Бұл – теміржол және көлік құралдарынан келіп түсетін астықтың сапасын тіркейтін журнал, онда көліктің түріне байланысты бөлек толтырады:
1. темір жол вагондарына арналған журнал;
2. автокөлікпен келетін астықты тіркетйтін журнал (тақ);
3. автокөлікпен келетін астықты тіркетйтін журнал (жұп).
Бұл журналдарда астықтың зертханада анықталған сапасын тіркейді, сонымен қатар уақыты мен сағаты, астықты автокөлікпен жеткізген жағдайда автокөлік жүргізушісінің аты-жөні, көліктің маркасы жазылса, астық теміржол вагонымен келген жағдайда вагонның нөмірі жазылып, лабаранттың қолы қойылады.
2.Сақталып тұрған астықтықты қадағалау журналында астықтың сапасы жайында жазбалар жазылады. онда сонымен қатар қондырғының маркасы жазылады.
3.Құйылу санын анықтайтын журналында ұнның құйылу саны және диірменнің нөмірі жазылады.
Зертханалық жиынтық журналында қайта өңдейтін кәсіпорындардағы технологиялық бақылау нәтижелері жазылады:
1.Цех бойынша журнал, мұнда астық, ұн, жарма, аралас жемнің басқа рецепті бойынша сападан өткізу талдауы жазылады. Сонымен қатар, шикізаттың тұрған орны (№ 1, № 2 диірмен) жазылады;
2.Астық қалдықтарының журналында жүкқұжат, жүргізушінің аты-жөні, жабдықтаушының сериясы, нөмірі міндеттелген тәртіппен жазылады. Сондай-ақ, қалдық түрлері (жарамсыз қалдықтар, қоқымдар және т.б.) жазылады.
«БИС-1» бөлгішімен өлшенділерді бөліп алу.
Орташа сынама циферблатты таразыда өлшеп алынады. Стандарттарға сәйкес қалдық мөлшерін анықтауға арналған өлшендінің массасы анықталады. « БИС-1» бөлгішінің шкаласында орташа сынама көлемі мен массасының қиылысуындағы санды тауып, оны оң жақтағы шкаланың төменгі жағына салады. Орташа сынаманы бөлгіш воронкасына құйып, тегістеп жапқышты (затворды) ашу керек. Дән ҥш бөлгіш-араластырғыш қҧрылғылардан өтеді де, біркелкі орналасады. Қалдық мөлшерін анықтаға арналған өлшендіні оң жақ ожаудан алып, техникалық таразыда өлшеу керек. Егер ожау ішіндегі дән массасы керекті массадан 10% - ға артық болса, онда таразы ыдысындағы артық масса алынып тасталынады. Егер ожау ішіндегі дән массасы керекті массадан 10% -дан асатын болса, онда дәннің артық масса келесі жолмен алынып тасталынады. Бөлініп алынған дән массасын тегіс бетке төгіп, жұқа қабатта жаяды. Артық масса кішкентай қалақшаның көмегімен кішкене порциялармен жұқа қабаттың әр жерінен бөліп алынады. Егер ожаудан алынған астық массасы стандартта көрсетілген өлшенді массасынан кем болса, онда өлшенді қайта анықталады.

Натура – белгілі бір көлемдегі дән массасы, ол г/л бірлігімен өлшенеді. Натурасы көп болған сайын, дән ірірек болып, оның құрамындағы эндосперм шамасы да көбірек болады. Натура мөлшеріне дәннің өлшемі, пішіні, дәннің беті, ылғалдылығы мен астықтағы қалдықтар әсер етеді. Жеңіл органикалық қалдықтар натураны төмендетеді, ал ауыр келетін кесек, топырақ , тастар - көбейтеді. Дәннің ылғалдылығы 15 -дан жоғары болғанда көп жағдайда оның натурасы төмендейді. Натураны 1литрлік пуркада стандарт бойынша анықтайды. Пуркада натураны анықтау алдында орта сынаманы тесіктерінің диаметрі 6 мм болатын електе ірі қалдықтардан тазартады да, мұқият араластырады. Пурка бөліктері орналасқан жәшікті горизонталь үстел үстіне қояды. Таразымен жұмыс істер алдында бір жағында өлшегіш жүгі бар, ал екінші жағында кіреге арналған табақшасы бар таразыны тексереді. Егер тепе-теңдік болмаса, пурка іске қойылмайды. Өлшегіш саңлауға пышағын орналастырады. Оның үстіне жүкті қояды. Содан кейін өлшегішке дән толтыратын ыдысқа дән толтырады. Воронканың жапқышы алдын ала жабылып, цилиндр дәнмен толтырылады. Цилиндр мен воронканы толықтырғышқа орналастырып, воронканың жапқышын ашады. Пышақты тез, тербеліссіз өлшегіштен алып тастайды. Жүк түсіп, дән өлшегішке толғаннан кейін пышақты қайтып салады. Өлшегіш пен толықтырғышты ұясынан алып, пышақты ұстап тұрып, пышақ үстіндегі артық дәнді түсіріп алады.Сығылып қалған дәндерді түсіріп, пышақты 28 алады. Дән мен жҥгі бар өлшегішті, пышақсыз, 0.5 г дәлдікпен таразыға тартады. Екі параллель анықтау арасындағы ауытқу бидай үшін 5 г-нан аспауы керек, ал сұлы үшін – 10 г-нан аспауы керек. Литрлік пуркада натураны анықтау кезінде дәнді таразыға тарту қателігі 0,5 г- нан аспауы керек.


Астық өндірушілерден дән қабылдау кезінде дәннің ылғалдығын орта сынама бойынша 2 рет анықтайды.
1.Әрбір автомашинадан алынған бастапқы сынама бойынша (астық партиясының ылғалдылығы бойынша кҥйін біліп, қоймаларға дұрыс орналастыру үшін);
2.Орташа- тәуліктік сынама бойынша (астықтың есептік массасын анықтап, астық өндірушілермен есептесу үшін). Орташа-тәуліктік сынаманың ылғалдылығын стандарт бойынша анықтайды. Ылғалдылық ұсақталған дән өлшенділерін СЭШ-1; СЭШ- 3М шкафтарында 60 минут ішінде 130 градуста қыздырылып, кептіру арқылы өлшенді массаларының айырымы бойынша табылады. Дәннің ылғалдылығын анықтау ҥшін 20г дәнді алып оны зертханалық диірменде ұсақтайды.Ұсақталған дәннің ірілігі 3 минут аралығында номерлері 1- 0,8 болатын електерде бақыланады. Майдаланған өнімнің бөлшектерінің өлшемдері 0,8мм кем болып, олардың мөлшері 50%-дан төмен болмауы керек. Одан кейін 5г құрайтын 2 өлшендіні алдын ала таразыға тартылған бюкстерге орналастырып ,130 градусқа дейін қыздырылған шкафқа қояды. 40 минуттан кейін бюкстерді алып шығып 15-20 минут бойы эксикаторда суытады. Кептірілген өлшенділері бар суытылған бюкстерді 0,01г дәлдігімен таразыда өлшейді. Кептірілгенге дейінгі және кейінгі өлшенділердің айырымы бойынша, бастапқы өлшендіге есептей отырып, пайызбен ылғалдылықты есептейді. Анықталған екі ылғалдылықтың орта мәнін тауып, сынаманың шын ылғалдылығын қабылдайды.




Сағыз - бұл ұсақ майдаланған дәнді жуу нәтижесінде алынатын резеңке тәрізді желімшелі тығыз масса. Жуу барысында крахмалдың біраз бөлігі шайылып кетеді. Сағыздың құрамы негізгі ақуыздан, аздаған крахмалдан , клетчаткадан, май және минералды заттардан тұрады. Негізінен сағызда глиадин және глютенин (фран.глютен - сағыздылық) ақуыздары бар бидай бағалы болып келеді. Бидай ұнының наубайханалық қасиеттері оның құрамындағы сағыздың мөлшері және сағыздың серпімділік және созылымдылық қасиеттеріне байланысты.
Сағыздың мөлшерін келесі жолмен анықтайды. Орта сынамадан қолмен немесе бөлгіштің көмегімен алынған 50 г дән өлшендісін шөп шалаң қалдықтардан тазартады. Бұл кезде бидай, қара бидай және арпаның бүлінген дәндерін қалдырып, зертханалық диірменде майдалайды. Майдаланған дәннің ірілігін келесідей етіп алады: № 067 елегінің сырғымасы 2% - дан аспауы керек, ал № 38 капрон немесе жібек елегінің өтімі 40% - дан кем болмауы керек. Бұл шарт орындалмаған жағдайда өнімді қосымша майдалау қажет. Егер зерттелетін дәннің ылғалдығы 18% - дан артық болса, онда дәнді майдалау алдында комната температурасында немесе кептіру шкафында 50 С – танаспайтын температурада кептіріп алады. Майдаланған дәннен жақсы араластырылғаннан кейін 25 г ӛлшенді алынады. Бірақ бұл өлшендінің шамасы сағыздың 4 граммнан кем емес шығымын қамтамасыз етуі керек. Алынған өлшендіні фарфор ыдысқа салып, температурасы 18±2ºС шамасындағы су құяды.
ИДК-1 құрылғысы. Бұл құрылғы көрсетілген уақыт аралығында екі жазықтық арасындағы деформациялау күшіне қарсы тұру қабілеті арқылы бидайдың сағызының сапасын анықтауға арналған. Сағыз ҥлгісінің деформация көлемін өлшеу, пуансондардың орналасуын өлшеуге негізделген.Құрылғыда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты сағызды сапасы бойынша келесі кестеде келтірілген үш топтың біреуіне жатқызады. Сағыздың сапасы
Құрылғыдағы көрсеткіш Сапа топтары Сағыз сипаттамасы
0 – 15 III Қанағаттанарлықсыз қатты
20 – 40 II Қанағаттанарлық қатты
45 – 75 I Жақсы
80 – 100 II Қанағаттанарлық әлсіз
105 – 120 III Қанағаттанарлықсыз
әлсіз

Соңғы уақытта сағыздың мөлшері мен сапасын анықтау үшін келесі жаңа құрылғылар қолданылады: ДВЛ-3; ТЛ-1; МОК.



Күлділігін анықтау
Ұнның күлділігі әртүрлі әдістермен анықталады, оның ішіндегі ең негізгісі күшейткішсіз өртеу. Ұнның күлділігін күшейткіш арқылы анықтау кезінде күшейткіш ретінде азот қышқылы немесе магнийд сірке қышқылының спирттегі ерітіндісі қолданылады. Ұнның күлділігін негізгі әдіспен анықтау үшін 20-30г өлшендіні екі шыны арасына орналастырады, одан кейін ұнды 1,5-2 грамнан арнайы қыздырылған тигельдерге салады. Ұн салынған тигельдерді муфталы пештерге қояды. Өртеуді қара бөлшектері жоқ болып кеткенше, кҥлі ақ немесе сұр болғанға дейін жүргізеді. Тигельдерді пештен алып шығып, оларды эксикаторда суытқан соң, таразыда өлшейді. Таразыда өлшенген тигельдерді 20 мин ішінде қайта өртеп, суытып, таразыда өлшейді. өртеуді екі таразыға тарту нәтижесі бірдей масса бергенге дейін жүргізеді.
Муфель (неміс тілінде Muffel) – отқа төзімді материалдан немесе ыстыққа берік болаттан жасалған камера не қалпақ. Муфельге муфельді пеште қыздырылған әр түрлі бұйымдарды жанғыш өнімдердің әсерінен қорғау үшін орналастырады. Онда бұйым қабырғасы жұқа тұйық камера – муфельдің ішінде қыздырылады. Муфельді пеште бұйымға жалын тікелей тимейді, сондықтан ол аз тотығады. Муфель пеші металдарды термиялық, химиялық-термиялық өңдеуде, керамика өндірістерінде қолданылады. Арнайы жағдайларда Муфель бейтарап газбен (аргон, гелий, неон, т.б.) толтырылады.

4. Астық массасының қасиеттерiнiң ортақ сипаттамасы
Бидайдың дәнi үш негiзгi жиiректен тұрады: олар-ұрық, эндосперма және қабықтар. Әрбiр дәннiң бiр бөлiгiнің құрылысы күрделi болады.
Ұрық. Бұл жаңа өсiмдiктiң ұрықтары. Ол әйел аналық жасушасының ядросы мен спермияның араласуының нәтижесiнде пайда болады. Дән өткiр ұрық аяғында орналасқан. Эндоспермаға тығыздап жабысады. Өсiмдiк ұрықтың баптарында дамиды.
Дәннің ұрығы мен эндосперманы қатты қалқанша жалғастырып тұрады. Қалқанша дәндi мәдениеттерге жататын даражарнақты өсiмдiк, дән жарнақты формаға және физиологиялық функция бойынша түрiн өзгертіледі. Қалқанша торшадан торшаға өтетеін, ауыспалы легеменикосына, органикалық заттаға айналуға мүмкiндiк туғызатын ферменттерге бай. Қалқанша арқылы пайдалы заттар тұқымның өсуі кезінде эндоспермадан әрі қарай ұрыққа айналады. Эндоспермадан нәрлi заттардың ұрыққа бөлінуінде ұрықтың эндоспермімен жапсарлас сінірілетін клеткалар маңызды рөл атқарады .
Iсiнулер және сулау салдарынан температуралық эффекттiнің тұқымның ісіну салдарынан iшкi жылу пайда болады. Қалқаншаның iске қосылған сiңетiн торшаларының температуралық құбылысы пайда болуы нәтижеде ерiтiлген органикалық заттарды орын ауыстыруға мүмкiндiк туғызады, сонымен қатар ерiтiлген зольдi элементтердiң эндоспермадан ұрыққа қарай өтіп, дәннің ұнға айналудағы үлкен технологиялық мәні бар процесс.
Сонымен қатар ұрықтың құрамына эпибласта деген атауы бар, жарғақты- қабыршақты ұрық кіреді.
Қабықтар. Сыртқы орта факторынан тұқымдарды қорғайды. Олар жемiстi (околоплодник) және тұқымды болып бөлінедi. Жемiстi қабық, немесе перикарпий түйнектiң қабырғадан пайда болатын торшалардың үш жiктерiнен тұрады. Тұқымдық қабық, немесе перисперм семяпочканың қабырғасынан пайда болады және үш сөзден тұрады. Қабықтарының жуандығы (жемiстi және тұқымдық) қатты бидай мен жұмсақ бидайдың шынылығы бірдей. Қабықтарының жуандығы бидайдың әр бөлігінде әр түрлі, бидайдың ортасы (орташа есеппен қатты бидай үшін 84 мкм және жұмсақ бидай үшін 78мкм ) ал бүйірлеріне қарай (арташа есеппен қатты бидай 75 мкм, ал жұмсақ бидайдікі 68 мкм).
Бидайдың өсу процесінде қабықтың кұрылымы бүйіріне қарағанда арұаларында жақсы сақталатыны белгілі (Александров). Сондықтан дәнді ұнтақтауға дайындау алдында қабықтың беткі қабатын ғана алу шарт, сөйтіп ұнтактауға астықтарды әзiрлеуде жемісті қабықты алейрон қабықтарымен бірге қалдырып, ұн зауытында ұнтақтайды.
Эндоспермалар.Эндосперм(гректің эндо-ішкі,спер-тұқым) дәннің ішкі бөлігінемесе ол ұнды ядроднп аталады.

Эндоспермада ұрық үшiн нәрлi заттар болады. Эндоспермды тұқымнан бөліп тұратын перифирикалық қабат,ол тұқымға жанасып орналасқан және ол ірі,түзу клеткалы жуан қабырғалы болып келеді.Бұл қабат алейрон деп аталады. Алейрондық қабаттың клеткалары кішкене ақуызды телицамилармен (кейбір бидай сорттарында кирсталл түрінде) араларында кішкене ғана май тамшылары кездеседі.Бұл қабатта крахмал кездеспейді. Алейрондық қабат кейбір нандарда (бидай, сұлы, қара бидай) бiр нандарда бiр қатардан тұрады, басқаларында(арпа ) бiрнеше қатар клеткалардан тұрады. Бұл ерекшелiктерді микроскопиялық бақылауда ұнының құрамындағы арпа қоспасын анықтауда қолданады. Қатты бидайдың алерондық қабаты жуандығы (орташа 39 мкм)жұмсаққа өарағанда біршама жуандау (34 мкм).
Азық-түлік саласында дәннің ең қымбат бағалы бөлігі және одан өте жақсы сорт алу мүмкіндігі ол эндосперм болып табылады. Қабықтардың жуандығы және қабаттардың және алейрондық қабаттың жуандығы кебектен эндоспермді алғанда үлкен рөл атұарады; қабық жуан болған сайын эндоспермді қабығынан ажырату қиын,бұл энергияның көп жұмсалуына және ұнның шығымының азаюына тікелей әсер етеді. Жұқа қабықтар оңай майдаланып ұнға араласып,оның сапасын төмендетеді.
Қабықтардың және алейрондық қабаттың жуандығы сортқа тікелей байланысты,бірақ оған өсуіп өну шарты және өнімнің жылы (қалдықтар, топырақ, тыңайтқыш және тағы басқа факторлар)әсер етеді. Бiр партия- бірыңғай сыртқы белгілері және дәннің сапа көрсеткіштері бірдей болуы. Сусымалылығы. Астық дақыл массаларының негiзгісі-дән болып табылады. Бұдан басқа, астық дақыл массасында минералды және органикалық қоспалар болады.Бұлар астық массасының оңай жылжуына және оның сусымалылығын қамтамасыз етедi.Астық дақыл массаларының жақсы сусымалылығы нориялардың,тронспортерлар және пневмотранспорттық жабдықтар арқылы оңай қозғалуға мүмкіндік туғызады.Әдетте астық массасының сусымалылығын бұрышытық үйкеліс немесе табиғи құлау бұрышымен көрсетеді.
Бұрыштық үйкелiс-бұл қандайда болмасын бетте астықтың массасының сырғанауын айтады. Табиғи құлау бұрышы –бұл көлденең жазықтықтағы еркiн түсуде пайда болатын жасаушы конус диаметрiнiң аралығындағы бұрыш.
Өздігінен сұрыпталу. Астық массасының қозғалуы ол-өздігінен сұрыпталу, бiр қалыпты астық массасының және оның құрамына кіретін компоненттерінің бірқалыпты емес болып орналасуы. Өздігінен сұрыпталу меншiктi масса бойынша болады, ал еркiн түсуде өздігінен сұрыпталуына және парустыққа,қарсыласуға әрбiр жеке бөлшектiң орын ауыстыруына ,ауа арқылы қозғалуға мүмкiндiк туғызады.
Жылу тұрақтылық- астықтың тұқымдық, азық-түлiк тағы басқа сапа процесстерін сақтауға қабiлеттiлiгi. Бидай үшін қолайлы температура 50ºС жоғары.
Жылу өткiзгiштiк - астық дақыл массасының температурасының өзгерiс жылдамдығымен байланысты және жылу өткiзгiштiк коэффициентімен белгіленедi. Астық массасының жылу еткiзуi қабілеті төмен болады.
Жылу сыйымдылық –жылу санымен анықталады, ол 1 кг дәнді 1 ºС-қа дейін көтереді. 5.Астықты тазарту
Астық тапсыратын жерден келіп түскен кез келген дәнді массада органикалық және минералды қоспалар болады. Зиянды органикалық қоспалардан (улы өсімдіктердің тұқымдары) адамдар мен жануарлар уланып қалуы мүмкін. Жабайы өсімдіктердің тұқымдары, соның ішінде карантиндік өсімдіктердің тұқымдары топыраққа егу материалдарымен бірге егілген кезінде осы арамшөптердің өсуі себеп болады.Астықтағы минералдық (құмдар, тозаңдар, топырақ, қиыршықтар) және металлмагниттік қоспалардың бары астықты тұтынушылардың маңыздылығы болып табылады.Астықтағы қоспалардың көптеп кездесуі жұмыстың тиімділігін төмендетеді, кей жағдайда оны арнайы пайдалану мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда астық массасындағы қоспалар жойылуы керек. Бұл тапсырма жинаудан кейінгі өңдеу – яғни астықтық тазарту жұмысы болып табылады.Астық тазарту машиналарда дәнді массаларды бөлу секілді әртүрлі жұмыс органдары қолданады.Дәнді массаларды бөлу төмендегідей бөлінеді: астықтың және қоспаның ұзындық өлшемі (ұзындығы, қалыңдығы, ені); аэродинамикалық сапасы (айналым жылдамдығы); жүзінің пішіні мен жағдайы (фрикциондық сапасы); тығыздығы; түсі, серпіндігі, магниттік сапасы және т.б.
Астық пен қоспаларды бөлу тәжірибеде кеңінен қолданылады:
- ені бойынша – дөңгелек тесігі бар елеуіште;
- қалыңдығы бойынша – ұзынша тесігі бар елеуіште;
- ұзындығы бойынша – тор көзді;
- аэродинамикалық сапасы бойынша – пневмасепарациялық каналдарда;
- пішіні және жағдайы бойынша – түкті жалпақтылықта;
- серпінділік және пәрменді ысылу бойынша – дірілсоқпалы;
- магниттік сапасы бойынша – магниттік серпінділік;
- көлемі, тығыздығы бойынша – жылжымайтын еңкішті елеуіште.
Технологиялық желілерде үйіндіні тазарту немесе кептіруге дейінгі сепараторларда алдын ала тазарту қарастырылған; астықты өз қажеттілік кемеліне жеткізу үшін әуе-елеуіштен бір немесе екі рет тазарту жұмыстарын жүргізеді. Егер бұл жеткіліксіз болса триер, аспиратор, тасуатқышты пайдалану арқылы қосымша тазарту жұмыстарын жүргізеді.
Астықты тазалау бойынша нұсқамада көрсетілген ережеге сәйкес тазартады. Тазарту жұмыстарының сапасын зертхана бақылайды. 6.Астықты кептіру
Астықтың бұзылмай сақталуының кепілдігі оны құрғақ жағдайға дейін жеткізу болып табылады. Кептіруге жаңадан жиналған ылғалды және шикі астық кедергі болады.Кептіру процесі қолданыстағы нормативтік құжаттарға (нұсқау) сәйкес жүзеге асуы тиіс. астықты сақтау кезінде ауаны белсенді жаңартып отыру тәсілі кеңінен қолданылады. Ауаны белсенді жаңарту – бұл қозғалыссыз жатқан астыққа мәжбүрлі түрде ауа соқтыру. Ауа желдеткіш және арнайы құбырлар арқылы астыққа кең көлемде айдалады да астықтың жағдайына татымды ықпал етеді.Ауаны белсенді жаңарту массаның ауа өткізгіштігіне негізделеді. Астықтың жағдайын, сапасын білу игілікті нәтижеге қол жеткізеді. Суық ауаны пайдалану арқылы барлық астықты өте тез, бірнеше сағат ішінде салқындатуға болады. Бұл өздігінен қызатын процесті жоюға болады. Әртүрлі температурадағы құрғақ ауаны пайдалана отырып астықаралық кеңістіктегі ылғал ауаны төмендетуге және оның физиологиялық белсенділігін бәсеңдетіп, астықты кептіруге де болады. Тұқымды астықты және жаңадан жинаған астықты жиі-жиі ауамен есіп тұру арқылы астықтың өнгіштік қасиетін сақтауға болады. Ауаны белсенді жаңартып отыру қондырғысын пайдалана отырып қажет болған жағдайда астықты жеңіл әрі тез газсыздандыруға болады. Астықты осылайша ауамен белсенді жаңартып отыру технологиялық жан-жақты әдіс болып табылады. Астықты ауамен белсенді жаңартып отыру дайындау жүйесі және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын маңызды технологиялық әдіс. Астықты ауаны жаңартып отыру арқылы салқындатудың тағы бір артықшылығы астықтың астық тазалайтын машинадан өту кезінде және көлік құралымен бір жерге жеткізу кезінде зақымдалуын жояды. Бұл әсіресе тұқымдық материалдың партияларына маңызды. Ауаны белсенді жаңартып отыру үшін ұзақ уақыт бойы табиғи атмосфералық ауаны қолданып келді. Қазіргі уақытта жылытылған ауаны белсенді жаңартатын болды, осы әдіс арқылы астықты астық сақтайтын қоймаға жеткізбей-ақ кептіруге қол жеткізеді. Жылытылған ауаны белсенді жаңарту жақсы нәтиже береді және ауыл шаруашылығында үнемдеу жағынан тиімді. Астықты жасанды салқындатылған ауамен жаңарту да кеңінен қолданылады. Бұл әдіс элеваторда, қоймада, кей жағдайда алаңдарда жүргізіледі.Өздігінен жылытылатын ауаны жаңарту ауа су буларымен толыққан кезде де тиімді болады. Осы жағдайда желдеткіш жүйесі мен астықты судан, қардан қорғап, желдеткіштің сору тетігін жауып қою керек. 6.1. Тұқымды астықты кептіру
Тұқымды астық астық қабылдайтын пунктке жоғары ылғалдылықпен келіп түседі. Оның тіршілік әрекеті сақтау кезінде күшейеді, тыныстауы қарқынды болып келеді, астықтағы микроорганизмдер көбейеді. Бұл дегеніміз өздігінен қызуға және тұқым сапасының төмендеуіне әкеп соғады. Сондықтан осындай астықты өз уақытында кептіруге үлкен мән береді.Тұқымды астықты кептіру тәжірибесін әртүрлі институттар жеке зерттеу зертханада жүргізді. Колхоздар мен совхоздарда және астық қабылдайтын пункттерде кептірудің әртүрлі жүйесін қолданды. Бұндай әдістер, яғни астықты кептіру тұқымды астықтың сапасын нашарлатады деген пікірді жоққа шығарды.А.Б. Баха, ВНИЗ, ВИМ, ВНИИХП атындағы институт тұқымды астықты шахталық кептіруде тексеру жүргізді. Олардың алған нәтижесі мынаны көрсеттті: тұқымды астықты 25 пайыздық ылғалдылықтағы 70 температурада және камерада орташа 45 температурада кептіру тұқымның қасиеті жойылған жоқ, алайда оның өнгіштік қасиеті және көктеу энергиясы өскен.
7.Майдалау бөлімінің сипаттамасы.Қатты денені бөлшектерге бөлу үрдісін майдалау үрдісі деп атайды.Майдалау 2 түрге бөлінеді:
-Қарапайым
-Таңдамалы
Қарапайым майдалау-біркелкі бөлшектерге ұсақтау үшін қолданылады.Бұл майдалауға қарапайым ұн тартулар жатады.Құрамы әртүрлі болатын қатты денені оның бір бөлігін ажыратып алу үшін қолданылатын майдалау түрін таңдамалы майдалау деп атайды.Бұл майдалау көпсортты ұн тартуларда қолданылады. Ұн зауытындағы майдалау үрдісінің мақсаты-жарма мен жармашықтың сапалы максимал түрін алу. Бидайды көпсортты ұн тарту кезінде майдалау үрдісі келесі 3 кезеңнен тұрады:
1.Жармалау үрдісі
2.Аралық өнімдерді байыту үрдісі
3.Байытылған аралық өнімдерді ұнтақтау үрдісі
Майдалау үрдісінің тиімділігін бір мезгілде келесі 2 көрсеткіш анықтайды:
1)Сандық-илеп алу коэффициенті арқылы;
2)Сапалық-күлділігі арқылы анықтау.
Ұн өндірісінде дәнді негізгі майдалау үшін біліктер,ал қосымша майдалау үшін энтолейторлар мен детошорлар қолданылады.
Білікті станоктардың негізгі жұмыс органы ретінде жұптасып жұмыс істейтін біліктер қабылданған.Олар бір-біріне қарама-қарсы әр түрлі жылдамдықта айналмалы қозғалыста болады.Біліктер цилиндр пішінді болып,негізінен шойыннан жасалынады.
Астықты майдалау үрдісіне әсер ететін негізгі факторлар:
1)дәннің құрылымдық –механикалық және технологиялық қасиеттері;
2)біліктердің геометриялық және кинематикалық параметрлері;
Майдалау үрдісіне ең көп әсер ететін ең көп әсер ететін факторлық астық массасының шынылығы мен ылғалдылығы. Кинематикалық параметрлеріне жататындар:
1.жылдамдығы тез айналатын –Uтез
2.баяу айналатын-Uбаяу
3.Олардың қатынасы-Uтез/Uбаяу꞊k;
Геометриялық параметрлері жұпталып істейтін біліктің ұзындығы мен диаметрі 1000х250мм,ені біліктің арасындағы саңылау өлшемі В мм,біліктің беті тісті және жылтыр,біліктің шеңбері бойынша 1см келетін тістер саны , тістердің көлбеуі у,білік бетінде тістер орналасады.
8.Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және қоршаған ортаны қорғау
Кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария қауіпсіздік техникасының Ережесіне, өндірістік санитария талаптарына және қауіпсіздік іс жүйе.сінің стандартына сай келуі тиіс. Өндірістік процестерді жүргізу кезінде 8.12.01-84 «Элеваторла және Х.П.П.-да өндірістік процесс кезіндегі қауіпсіздік талаптары» стандартына сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Кәсіпорындарда барлық сүрлемдер мен бункерлер тұтас жапқышпен жабылуы тиіс, қақпақтан басқа 250х75 мм металдан жасалған мықты тор болу керек. Сүрлемді аспирациялау кезінде астықпен толтырылғанда ауа жұмыс орнына таралмауы керек.Сүрлемдер, бункерлерде сақталып тұрған астықтың температурасын өлшеуге адамдар жіберілмейді. Жүк арбаларға көмек көрсету және сүрлемдер мен бункерлерге түсу үшін жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін арнайы оқытқан жұмысшылар ғана сақтандыратын арқамен түсіріледі. Сүрлемге түсетін жұмысшыда сүрлемге түсуге және биіктікке көтерілуіне денсаулығы жарайтындығы туралы медициналық қорытынды болу керек.Қондырғыларға қызмет көрсету, жқндеу кезінде қауіпсіз болу үшін машиналар, аппараттар,, механизмдер, өздігінен жүретін транспорт және басқа өндірістік жабдықтар ыңғайластырып орналастырады. Конвейрлерді орналастыру кезінде таспалы және шынжырлы конвейрлерге қызмет көрсету үшін өткелдердің ені 0,75 м аз болмау керек. Қатар орналастырылған конвейрлердің арасы 1,0 м болу керек. Механизацияланған астық қоймаларындағы төменгі конвейрге құятын жалпақ едені бар ұраны көлденең торлармен жабдықтайды. Өндірістік қондырғының қозғалмалы бөлігі, конвейрдің ашық бөлшектері (шкив, таспа), аспалы, бұрмалы барабандары және басқа да элементтер қоршалып тұруы тиіс. 9.Жеке тапсырма
Астықты қабылдау және сақтау, оны орналастыру.
Астықты көлік құралынан қабылдап алу негізгі тәсілдердің бірі. Астықты механикалық тәсілмен жөнелту стационарлық, жылжымалы баржалық және көтермежол кранның көмегімен жөнелтеді. Баржадағы астықты көтермежол краннан дербес жағдайда кәсіпорында сағатына 100 тоннаға дейін түсіреді.
Астықты пневматикалық тәсілмен түсіру стационарлық, жылжымалы, және қалқымалы жабдықтармен жүзеге асырылады. Оларды арнайы мұнарада немесе порталда, ауыспалы рельстік жолда құрастырады.
Астық сақтау саласының негізгі мақсаттары оны сақтауға жағдай жасап, ұзақ мерзім ішінде сандық жіне сапалық шығын жасамай, тұтынушылардың сұранысын дақылдарға және оның әр түрлі ассортименті өнімдеріне деген қажеттігін орындау болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін сақтау технологиясын, кешенді ғылымдық жүйенің заңдылықтарын әр түрлі салаларынан: физика, химия, биология, физиология және т.б жетістіктерінен құрастырып, жинақтап адам өміріндегі практикалық атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қорытындылап, тиімді іс-шараларын жүзеге асырғанда толық шешіміне жетуге болады.
Астық әр елдің байлығы мен дәулетінің өлшемі, жетістігі деп саналады Дән өнімі – біріншіден, тамақ шикізаты, ол өзінің химиялық құрамы және тамақтың құндылығымен керемет жаратылыс. Екіншіден, малдардың құрама жемінің құраушысы, оның азықтық құндылығының жоғарғы дәрежесін анықтайды. Үшіншіден, ол көптеген тамақ өндірісінің бастапқы шикізаты болып саналады. Оның өнімін өсіру және жинап ору белгілі қысқа уақытта өтеді және келесі ору науқанына дейін ұзақ сақтауға дайындау қажет. Астық массасының құрамына көптеген компоненттер кіреді. Соның ішінде олар тірі организм ретіндегілер физиологиялық үдерістің жүруінің негізгі арқауы болып табылады. Астық массасының өзгеше физикалық қасиеттері бар. Олардың әсері сақталу қабілетіне көп әсер беруі мүмкін. Бұның бәрі сыртқы әсер беретін факторларға байланысты болады. Оларға темпратура, ылғалдылық, қоспа қалдықтары және сақтау жағдайлары жатады. Бұл факторлардың жағымсыз әсерлері астықты орудан кейін өңдеу(партияларын қалыптастыру тазарту кептіру салқындату) үдерістерін жүргізгенде және сақтау ережелерін бұзғанда байқалады.
Орудан кейінгі астықтың құрамында толық пісіп жетілмеген дәндер көп болады. Олардың пайда болу себебі ауа-райының қолайсыз жағдайы, аурулармен зақымдалуы, механикалық жарақаттануы, ору және тасымалдаудың жүргізу жағдайлары және т.б.

Астық қолхаттары
ҚР 13.10.03 ж №488-II Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара);
2006.10.01. №116-ІІІ ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
39-бап.Астық қолхаты
1.Астық қабылдау кәсіпорны астықты сақтауға қабылдағанын растайтын астық қолхатын береді.
2.Астық қолхаты қажет болған жағдайда бір-бірінен бөлінуі мүмкін екі бөліктен-қойма куәлігінен және кепіл куәлігінен тұрады.Астық қолхаты және оның бөліктерінің әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлік бағалы қағаз болып табылады.
3.Астық қолхатының әрбір бөлігі мынадай міндетті деректемелерді бірдей қамтуға тиіс:
1) облыстың жергілікті атқарушы органы берген код;
2) астық қолхаты бланкісінің сериясы мен нөмірі;
3) астықты сақтауға қабылдап алған астық қабылдау кәсіпорны салық төлеушісінің атауы,тұрған жері мен тіркеу нөмірі;
4) астық қабылдау кәсіпорнының тізілімі бойынша астық қолхатының ағымдағы нөмірі;
4.Астық қабылдау кәсіпорны облыстың жергілікті атқарушы органына астық қолхатына қол қоюға уәкілетті адамдардың аты-жөні және әкесінің аты жазылған карточканы,олардың қолтаңбаларының үлгілерін,сондай-ақ астық қолхатына қойылған мөрдің бедер-таңбасының үлгісін табыс етуге міндетті.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Е.М. Вобликов. Элеваторлық өнеркәсіп технологиясы. Ауылшаруашылық өндірісінің технологиясы, Ростов-на-Дону. «МарТ» баспа орталығы 2001.
2.А.А. Бориневич. Астық қабылдайтын кәсіпорынның мәселелері. М. Загот-издат. 1961.
3.П.Н. Платонов, С.П. Пунков, Ф.Б. Фасман. Элеваторлар мен қоймалар. Мәскеу. Агропромиздат. 1987.
4.Л.А. Бороховский. Астықты өңдеу және сақтау бойынша кәсіпорынды жобалау. «Колос» баспасы 1987.
5.Л.А. Бороховский. Сұрыптық диірмен. М. Заготиздат. 1953.
6.В.И. Жидко, В.А. Резчиков, В.С. Уколов. Астық кептіру және астық кептіруші. Мәскеу. «Колос» 1982.
7.С.А. Веселов. Желдеткіш қондырғысы бойынша тәжірибе. Мәскеу. «Колос» 1967.
8.О.С. Воронцов. Элеваторлар, қоймалар және астықты қайта өңдейтін кәсіпорындар. «Колос» баспасы 1970.
9.М.Е. Гинзбург. Жарма өндіру технологиясы. «Колос» баспасы 1969.
10.А.М. Дзядзио, А.С. Кеммер. Астықты өндіретін кәсіпорындардағы пневматикалық транспорт. «Колос» баспасы 1967.
11.М.Х. Дорфман. Астық пен азықтарды өңдейтін пневматикалық транспорт. Хлебоиздат 1960.
12.П.В. Калмыков, В.А. Ральцевич, И.С. Хороший, С.А. Шлеймович, З.С. Шухман, Э.И. Ариели. Сырғанайтын қалыпқа темір бетонды қондырғыны орнату 1965.
13.Г.И. Креймерман. Астық қабылдаудың технологиялық жобасы. «Колос» баспасы 1970.
14.Д.И. Курбатов. Астық элеваторының жобасы. Загот-издат 1947.
15.Е.М. Вобликов. Элеваторлық өнеркәсіптің технологиясы. Ростов-на-Дону. «МарТ» баспа орталығы 2001.
16.П.Н. Платонова, С.П. Пунков, В.Ф. Фасман. Элеваторлар мен қоймалар. Мәскеу. Агропромиздат. 1987.
17.Л.Р. Торжинская, В.А. Астықты технохимиялық бақылау. Агропромиздат. 1987.
18.Е.Д. Казаков. Астықтың сапасын бақылау тәсілі. Агропромиздат.1987.

Приложенные файлы

  • docx 10987881
    Размер файла: 358 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий