созылмалы пиелонефрит 1


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Жедел және созылмалы пиелонефрит Просмотреть Бүйректің анатомиясы мен физиологиясы Өзектілігі СП кең тараған аурулардың бірі,мәліметтері бойынша оның кездесу жиілігі жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялық ауруларынан кейін екінші орында, ал бүйрек ауруларының арасында- бірінші орында. Өзектілігі СП әр он адамның біреуі пиелонефриттен зардап шегеді. Пиелонефрит нефрогенді гипертензияның және созылмалы шамасыздығының басты себебінің бірі.Латентті ағымға бейімділігінен 20-25 % пиелонефрит алғаш рет аутопсияда анықталады. СП көбіне жедел пиелонефриттің салдарынан дамиды. Пиелонефрит -анықтамасы П-бүйректің тостағанша-түбек жүйесі мен өзекшелерінің биспецификалық инфекция әсерінен қабынуы, кейін процессбүйрек шумақтары мен тамырларына тарайды СП анықтамасы СП-бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі. Жедел пиелонефрит анықтамасы ЖП-бүйректің қуыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын жедел бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі.ЖП асқынулар-апостематозды нефрит және бүйректің карбункулы. Бүйрек микропрепараты, жедел серозды пиелонефрит, микроциркуляторлық арнаның гиперемиясы, кеңейген веналар және күңгірт түске боялған эритроциттер байқалады Бүйрек микропрепараты, жедел іріңді пиелонефрит: лейкоцитарлық инфильтрация анықталады (стрелкамен көрсетілген); Классификациясы 1.Орнына қарай:1.Бір жақты пиелонефрит;2.Екі жақты пиелонефрит3.Жалпы пиелонефрит (бүйректі түгел зақымдайды)4.Сегментарлық пиелонефрит(бүйрек сегментін не бөлшегін зақымдайды). Классификациясы 2. Себебіне (туындауына) қарай : 1.Бірінші ретті пиелонефрит(алдында урологиялық ауру болмайтын пиелонефрит);2.Екінші ретті пиелонефрит (несеп бөлу жүйесінің урологиялық ауруларына қосылатын пиелонефрит). Классификациясы 3. Аурудың фазасы: 1.Қайталауы а) активті қабынудың қайталауы; б) бүркемелі қабынудың қайталауы. 2. Саябыр кезі (ремиссия) Классификациясы 4. Клиникалық түрлері:1.Жедел пиелонефрита) сепсистік түрі(бүйрек карбункулы абсцесі);б) гематуриялық түрі;в) іш ауыратын (абдоминальдық) түрі.2. Созылмалы пиелонефрита) гипертониялық түрі;б) нефроздық түрі;в) моносимптомдық түрі;г) анемиялық түрі. Классификациясы 5. Даму сатысына қарай: а) тез үдемелі( активті) даму; б) бүркемелі (аз симптомды) даму; в) қайталама даму; г) саябыр кезі. 6. Созылмалы бүйрек шамасыздығының дәрежесі Классификациясы (А.Г.Брюховецкий) Зақымданудың механизмі: біріншілік (гематогенді), екіншілік (уриногенді).Орналасуы: а) бір жақты, ә) қос жақты, б)жалғыз бүйректін пиелонефриті.Аурудың фазасы: а) өршу; ә) тұрақсыз ремиссия; б) ремиссия,Барысы: а)латентті, ә)рецидитеуші, б )үдемеліНегізгі синдромдары және асқынулары: а)артериялық гипертензия, ә)БСШ б)паранефрит, в)гидронефроз, г)уросепсис , д)анемия, е)дистрофия. Этиологиясы ЭнтерококкМикоплазмаЖалған протей.Сирегірек жағдайда –вирустар, саңырауқұлақтар, сальмонелдер.Стафилококк.Энтерококк.Көкшіл ірің таяқшасы. Этиологиясы Ішектік аутоинфекция ( ішектің облигаттық флорасы-ішек таяқшалары,энтерококтар;ішектің дисбактериозында пайда болатын факультативтік флора- ішек таяқшасының гемолиздік түрі, протей,клебсиелла,алтын сары стафилококк,көк іріңді таяқшалар); Этиологиясы Экзоинфекция-урология,акушерлік-гинекология,реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдармен жұғуы(көбіне іріңді коктық инфекция); Этиологиясы Бактериялардың L-түрлері және микоплазмалар (әдеттегі антибактериялық дәрмектерге төзімді);бактериялардың L-түрлері қолайлы жағдайда әдетті түріне айналып пиелонефритті өршітуі және өрістетуі ықтимал. СП түрткі (өршітуші) факторлар Салқын тию, уродинамиканың бұзылуы, несеп бөлу жолдарының тастары , қуық безі аденомасы, қант диабеті, урологиялық манипуляциялар, бұрын болған жедел пиелонефрит. СП дамуының беймдеуші факторлары Бактериурия (1 мл несепте микробтар мөлшерінің 1*10 9 артық болуы) Себебі шат аймағының, әсіресе үрпі маңының микробтық ластануы.Уродинамиканың бұзылыстарына әкелетін аурулар (несеп тас ауруы, қуықасты безінің аденомасы, нефроптоз, несепағардың стриктурасы, бүгілуі немесе сырттан басылуы, рефлюкстар, дегидратация). СП дамуының беймдеуші факторлары Әйелдер несеп жолдарының жыныстық ерекшеліктері. Әйелдер уретрасының қысқалығы және кеңдігі,үрпінің артқы өтіс пен қынапқа жақындығы инфекцияның уретраға және қуыққа оңай енуіне септігін тигізеді. СП дамуының беймдеуші факторлары Жүктілік және гормондық контрацепциялық заттарды қолдану.Қантты диабетБұрын болып өткен интерстициялық нефрит, дәрмектік нефропатиялар (сульфаниламидтердің, анальгетиктердің, кейбір антибиотиктердің, алкогольдің, еріткіш заттардың әсерінен болған. СП дамуының бейімдеуші факторлары 40 жаста дейінгі шақта- әйелдерде, ал егде және кәрілеу шақта-жиілеу еркектерде кездеседі. Әйелдерде СП балалық шақтан немесе тұрмыс құру кезінен басталады. ЖП түрткі (өршітуші) факторлар Салқын тию, уродинамиканың бұзылуы, несеп бөлу жолдарының тастары , қуық безі аденомасы, гинекологиялық аурулар, урологиялық манипуляциялар,септикалық эндокардит Патогенезі (басты механизмдері Инфекцияның бүйрекке урогендік (өрлеме), лимфогендік, гематогендік жолмен енуі.Өзекшелер сыртқы капиллярдың, уротелийдің, шумақ капсуласының зақымдануы.Бактериялық флораның, эндотоксиндердің әсерінен бүйрек тканінің зақымдануы-интерстицийдің инфекциялық қабынуы. Патогенезі Инфекциялық қабынуға түрткі факторлар: уродинамиканың бұзылуы, несеп жүрудің бұзылуы, патологиялық рефлюкстер.Несеп бөлу жүйесінің атониясы.Организмнің иммунологиялық активтігінің төмендеуі .Гормон алмасудың өзгерістері.Сенсибилизацияның, аутоиммундық реакцияның дамуы. Клиникасы (басты синдромдар) Қабыну синдромы: қызба, қалтырап тоңу, ЭТЖ өсуі, лейкоцитоз, фибриногеннің көбеуі.Ауыру синдромы: белдің тұсының, бір жақтан не екі жақтан бірдей ауыруы.Несеп синдромы: лейкоцитурия, протеинурия, эритроцитурия. Клиникасы (басты синдромдар) Дизурия синдромы: сұйық дәретке жиі отыру, зәр бөлу кезінде ашып ауыру, полиурия.Артериялық гипертензия синдромы.Созылмалы бүйрек шамасыздығы синдромы: азотемия, гипоизостенурия, никтурия, олигурия.Улану синдромы: жүрек айну, бас ауыру, шөл, тәбеттің төмендеуі. Несептік синдром Лейкоцитурия, микрогематурия, 1 г жетпейтін тәуліктік протеинурия, гипостенурия және бактериурия.Гипостенурия - бұл белгі несептің концентрациялау процесінің бұзылысынан болады (бүйректің милы қабатында жүретін). Нақты зерттеу үшін Зимницкий сынамасын жасайды. Несептік синдром Бактериурия-микробтардың несеппен бөлінуі. Қалыпты жағдайда қуықтағы несеп стерильді. Егерде зәрдің 1 мл микробтардыңсаны 1* 10 5 болса;бұл сенімді бактериурия саналады; бактериялардың 1*104 саны-сенімсіз бактериурия. Несептік синдром Протеинурия-пиелонефритте аз мөлшерде, тәулігіне 1-2 г аспайды. Оның себебі-шумақтардан өткен төмен молекулалық белоктардың проксимальді түтікшелерде реабсорбциясының кемістігі (альбуминнің, лизоцимнің және т.б.) Пиелонефрит диагнозының критерийлері Дизурия не полиурияның қызу көтерілуімен, бел тұсының ауыруымен және бактериуремиямен қоса кездесуі.Пальпациялағанда іштің бір немесе екі жағының ауырсынуы.Бүйректің зәрді қышқылдау қасиетінің төмендеуі.Зәр шөгіндісінің өзгерісі. Пиелонефрит диагнозының критерийлері Бүйректің концентрациялау функциясының нашарлауы.БактериурияБүйрек тканінің интерстицийіндегі өзгерістер.Рентгенологиялық өзгерістер: тостағанша – түбекше жүйесінде жергілікті түйілу (спазм) болу, тостағаншалар мен бүйрек түбегіні деформациясы (толу кемістігі). Клиникалық есеп Науқас әйел 37 жаста, бел тұсының ауырсынуына, жиі дәретке баруына шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері суықтаған кездерде бел тұсының ауыруы, қызба, дизурия мазалайды. Қарағанда: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы 370С. Тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ 18 рет 1 мин. Жүре тондары бәсең ырғақты. АҚ 130/80 мм.рт.сын.бағ. ЖСС 84 рет 1 мин. Қағу симптомы екі жақтан оң мәнді. Қанында: лейк – 6,1х10 9 /л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализ: сал.тығыздығы -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер өте көп, эритроциты – сілтіленген және өзгермеген, к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин клеткалары. Қосымша зерттеудің нәтижелері: Қанның жалпы анализі. Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Көптен келе жатқан пиелонефритте нормохромдық анемия анықталады.Несептің анализіндегі өзгерістер: микоропротеинурия, гипостенурия, лейкоцитурия, микрогематурия, бактериурия. Қосымша зерттеудің нәтижелері: Экскрециялық урография Процестің жаңа басталған кезінде зақымданған бүйректен контрасттық зат кешігіп бөлінеді, кейбір тостағаншалардың (көбіне жоғарғылардың) түйілуі байқалады. Қосымша зерттеудің нәтижелері: Ультрадыбыстық зерттеуде түбектің, тостағаншалардың деформациясы, бүйрек паренхимасының ошақты тығыздалуы, кейде тастар болуы айқын анықталады. Қажетті жағдайларда радиоизотопты ренография, компьютерлік томографияны жасайды. Тасты пиелонефрит Ретроградты пиелограмма. Тубулярлы рефлюкс. Созылмалы пиелонефрит. Дифференциальдық диагностика Дерттің көрінісінде қызба, интоксикацияның белгілері басым болып және рецидивтері жиеленсе, онда бүйрек туберкулезінен айыру қажет. Ол үшін арнайы зерттеулерді жасайды-экскрециялық, ретроградтық урографияны, цистоскопияны, зәрдің құрамында-туберкулез таяқшаларын микробиологиялық, бактериоскопиялық және полимеразалық тізбектік реакция әдістерімен анықтайды. Дифференциальдық диагностика Бүйрек туберкулезі болса, іштің шолу рентгенограммасында, урограммаларда іш қуысы лимфотүйіндерінің кальцинозы, бүйрек паренхимасында кальцинатты ошақтар анықталуы мүмкін.Ретроградтық урографияда бүртіктер ұшының тышқан кеміргендей кетіктері анықталуы мүмкін.Цистоскопияда қуықтың бетінде туберкулездік түйіндер анықталады, аса ауыр жағдайда қуық бүрісіп, микроциститке айналады. Емдеу принциптері СП емі екі сатыдан тұрадыөршуді басу және рецидивке қарсы ем.Өршу басу емі ауруханада жүргізіледі.Диетотерапия Тәртіп Кез келген фазасында науқастар суықтаудан аулақ жүруі керек және де физикалық күштемені шектеу керек.Созылмалы пиелонефриттің жасырын кезеңінде артериалдық қысым қалыпты жағдайда, бүйрек қызметі сақталған кезде тәртіпті шектеу қажет емес. Аурудың өршуі кезінде тәртіп шектеледі, егер қызбамен және белсенділігі жоғары кезінде төсектік тәртіп тағайындалады. Асханаға және әжетханаға баруға болады. Артериялық гипертензия жоғары болғанда, бүйрек шамасыздығы болғанда қозғалысты шектейді. Жалпы созылмалы пиелонефрит кезінде тәртіп 4-6 апта бойында сақталады. Емдік тағам Пиелонефритпен науқастар 7 емдәмді сақтау қажет. Оның мақсаты бүйректі барынша аялау, қан қысымын ретке келтіру, зәрдің шығуын жақсарту, ісінуді жою. Тағам құрамында: Нан өнімдері – тұзсыз нан, жайма, құймақ.Жануарлар, құс, балық еттері қайнатылып беріледі. Жұмыртқа – суға қайнатылған, омлет түрінде тәулігіне бір рет. Жемістер (картоп, сәбіз, капуста, қызылша) және жидектер (алма, алхоры, өрік, жүзім, инжир және басқа).Кері көрсеткіші болмаса сұйықтықты 2-3 л дейін қолданады (минералды су, витаминді сусындар, соктар, морс, компот, кисел. Шай және итмұрын қайнатпасы.Сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік, айран, қаймақ, простокваша, сливки). Өткір тағамдар және приправалар шектеледі. 1. Созылмалы пиелонефриттің өршуі кезінде тұзды шектейді. 2. Пиелонефриттің кез келген кезеңінде қарбыз, қауын, асқабақты қабылдауға болады (олар зәрдің шығуын жақсартады, зәр жолдарын микробтардан, ұсақ құмдардан жақсы тазартады). Сп кезіндегі емдәмді ауыстырып отыру қажет 2-3 күн ұннан жасалған тағамдар2-3 күн сүт,жеміс жидектерМақсат бүйректе зәрдің құрамын өзгертіп инфекцияның өмір суру ортсына жағымсыз әсер етеді, сол арқылы СП ның дамуын тежейді Фитотерапия Фитотерапияның мақсты зәр айдайтын, бактерия жоятын, қан тоқтатын, қабынуға қарсы әсер етеді Сп кезінде қолданылатын жинақтар 1 шөптер жинағы Жүгері шашағыЖалбыз жапырағыАққайың жапырағы 2 Шөптер жинағы Вероника шөбіШиповникҚарақат жапырағы 3 шөптер жинағы Бүйрек шай Қолдану тәсілдері Бұл жинақтарды қолдану тәртібі 3 ас қасық жинақтан алып 0,5 л қайнатылған суға салып 30 мин тұңдырады,оны 3 рет тамақтан 30 мин бұрын ішу қажет Қолдану тәсілдері Сонымен қатар, СП кезінде ванна түрінде жинақтарды қолданған тиімдіОл үшін түймедақ, жүгері шашағы және аққайың жапырақтары қолданылады1л суға 100 г салып қайнатып оны жуынатын суға қосып жуыну керек Аурудың өршуін алдын алу үшін 1- аптада фитопрепараттар.2- аптада антибиотиктер (аугментин 2 таблетка түнге қарай).3- аптада өсімдіктік дірілері (канефрон 2 др). 4- аптада уросептиктер (5-НОК 2 таб түнге қарай).5- аптада зиннат 0,5 г түнге қарай 2 ші әдіс 3-4 айда 1реттен1аптада шиповник отвары,витаминдер2-3аптада дәрілік жинақтар4аптада антибактериальді дәрілер Стационарда ем қабылдап болған соң жылына 3-4 рет өсімдіктен жасалған шөптер, антибактериальді ем тағайындалады Диспансерлік бақылау Жылына 2 рет диспансерлік бақылауда болуКөрсеткіш бойынша уролог, нефролог, терапевтке қаралуы тиісЖылына 2-4 рет қанның жалпы анализі, зәрдің жалпы анализін анықтау, қанның биохимиялық анализін жылына 2 рет, зәрді антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау Артериалдық қысымды бақылауЖылына 1 рет экскреторлық урография жүргізу Кеңестер 1 Суықтан сақтану, бел аймағын жылы ұстау2 Жеке бастың тазалығын сақтау3 Құнарлы тамақтану4 Фитопрепараттарды 3-4 айда 1 рет курстық ем түрінде қабылдау Кеңестер 5 Антибиотиктерді, анальгетиктерді жиі қабылдамау6 Ауруы өршіген кезде дәрігерге уақытылы көрініп ем қабылдау СП кезінде санторлы курортты емӨршуден тыс кезеңде минеральді сулармен емделу, ішу, ванна түрінде қабылдау тағайындалады Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет Этиологиялық ем -несеп жолдарының обструкциясын жою-антибактериялық ем бүйректің функциялық дренажы (пассивті жаттығуы)-бүйрек қанайналымын жақсарту-организмнің жалпы реактілігін, иммундық жүйенің қорғаныс қасиетің арттыру.-физиотерапиялық шаралар -симптомдық ем Емдеу принциптері Тұрмыс пен қызмет тәртібін, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру .Дәрімен емдеу: 1.Бактерияға қарсы ем:а) антибиотиктер + сульфаниламидтер немесе антибиотиктер + налидиксин қышқылының өнімдері.Ең тиімдірек антибиотиктер : левомицетин, цепорин, гентамицин, тетрациклиндерді бүйрекке жағымсыз қасиеттерін ескере отырып белгілеу; тиімділігі төмен антибиотиктер : эритромицин, пенициллин, стрептомицин. Емдеу принциптері б) әсері ұзарған сульфаниламидтер (сульфапиридозин және сульфодиметоксин). в)нитрофурандар (фурагин, фуродонин, солафур) г) налидиксин қышқылы (неграм, невиграмонд)бисептол (бактрим, септрин)2.Симптоматикалық артериялық гипертензияны емдеу.3. Фитотерапия.

Приложенные файлы

  • ppt 11028105
    Размер файла: 863 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий