ТЕСТЫ ОВП (ПМСП) каз 100 без ответов


1. Төменде аталған механизмдердің қайсысы асқазандағы қышқыл-тұзды сөлге Helicobacter pylori-дің негізгі патогенетикалық әсері?
*H.pylori асқазанның ішкі клеткасын бұзып және қышқыл-тұздың секрециясын төмендетеді.
*H.pylori гастрин сұйықтығының консентрациясын жоғарылтып және қышқыл тұздың секрециясын жоғарылатады.
*H.pylori қышқыл тұздың секрециясын өзгертпей, асқазан эпителийінің жасушасына тікелей цитолитикалық әсер етумен көрінеді.
*H.pylori асқазанда аммияктық бұлттың пайда болуынан қышқыл тұздың мөлшерін төмендетіп және НСl нейтралицазиялайды.
*H.pylori қышқыл тұздың секрециясына әсер етпей, қалыпты патогенетикалық микроорганизм болып табылады.
2. !Пациент қыз 2,5 жаста. Профилактикалық тексеру кезінле шамалы гематурия байқалды. Қызда дизэмбриогенез стигмасы,туа пайда болған сол жақтық катаракта.Туыстарында анасында гематурия байқалды. Қан анализінде: Нв- 108 г/л, эритроциттер- 3,5 х 1012/л, лейкоциттер- 6,4 х109 /л, СОЭ- 6 мм/ч. Зәр анализі: ақуыз –жоқ, эритроциттер 20-35-40 п/зр, тығыздығы 1008-1020. Қанның биохимиялық анализі: көрсеткіштер қалыпты. Бүйрек және зәр шығару жолын УДЗ-де ешқандай патология жоқ.
Бұл клинико-лабораториялық көрсеткіштер қайсы жағдайға сәйкес келеді?
*Жедел нефритикалық синдромға
*Созылмалы нефритикалық синдромға
*Тубуло-интерстициалді нефритке
*Қатерсіз отбасылық гематурия
*Альпорт синдромы
3. !Ұл бала, 12 жаста, фиброгастродуоденоскопия жүргізгенде келесі өзгерістер анықталды: асқазанның абдоминальді бөлігіндегі шырышты қабаттың босап және азаған айқын көрінетін эритема, асқазанның шырышты қабатын аз уақытқа 1,5-2,0 см тітіркендіргенде асқазанның төменгі сфинктерінің тонусының айқын төмендеуі байқалды.
Бұл эндоскопиялық сурет қайсы жағдайға сәйкес келеді?
*Дуоденогастральді рефлюкске
*Барретт асқазанына
*Гастроэзофагеальді рефлюкске
*Диафрагманың асқазандық бөлігінің жарығы
*Асқазанның стриктурасы
4. !Төменде аталғандардың қайсысы обырдың екіншілік профилактикасында қарастырылады?*Химиялық канцерогдерді алып тастау*Онкогенді вирустардың инфицирленуінің профилактикасы*темекіні тастау *Обыр алды ауруларды анықтау және емдеу
*Ішімдіктен бас тарту
5. !75 г глюкозаны пероральді енгізгеннен кейін екі сағаттан кейінгі нәтижесі,ДДҰ критериі бойынша қант диабетінің диагностикасында қанша болу керек?
*6 ммоль/л
*8 ммоль/л
*8.4 ммоль/л
*9.7 ммоль/л
*11,1 ммоль/л
6. !Бауырдың циррозы бар науқаста гиперсплениз синдромы анықталды. Лабораториялық зерттеуде осы синдромға сәйкес қандай өзгеріс күтесіз?
*АЛТ, АСТ, ЩФ активтілігінің өзгеруі
*Лейкоцитопения, тромбоцитопения, анемия
*Билирубинемия
*Гипопротеинемия
*Гипергаммаглобулинемия7. !Төменде аталған мамандардың қайсысы уақытша еңбекке жарамсыздық парағын бере алады?
*жедел көмек станциясының дәрігері
*қан құю орталығының дәрігері
*шипажай дәрігері
*аурухананың қабылдау бөлімінің дәрігері
*сот-медициналық эксперт
8. !Еңбекке жарамсыздық парағын емдеуші дәрігер қанша уақытқа соза алады?
*3 күнге дейін
*10 күнге дейін
*30 күнге дейін
*45 күнге дейін
*60 күнге дейін
9. !Әйел жүктіліктің 22 аптасында. Жалпы тәжірбиелік дәрігерге декреттік демлысқа шығу туралы қаралды. Жуктілік және тууға жарамсыздық парағын қай уақытта беріледі?
*25 аптадан бастап туғанға дейін 60 календарлық күн және 40 кун туғаннан кейін (асқынусыз)
*30 аптадан бастап туғанға дейін 70 календарлық кун және 56 күн туғаннан кейін (асқынусыз)
*28 аптадан бастап туғанға дейін 30 календарлық күн және 36 кун туғаннан кейін (асқынусыз)
*30 аптадан бастап туғанға дейін 70 календарлық күн және 70 күн туғаннан кейін (асқынусыз)
*28 аптадан бастап туғанға дейін 60 календарлық күн және 56 күн туғаннан кейін (асқынусыз)
10. !Ер адам 40 жаста, эпигастрий аймағындағы ұзақ уақыттан бері ауру сезіміне, айналмалы сипаттағы, ауру сезімі арқаға беріліп оң қабырға астының керіп тұрған сияқты сезім болады. УДЗ зерттеуде: ұйқы безінің өзгерісі және созылмалы холециститтің белгілері байқалды.
Қандай лабораторлық көрсеткіштер осы патологияда барынша ақпаратты болып табылады?
*Лейкоцитоз
*қандағы трансаминаза көлемі
*Гипергликемия
*қандағы сілтілі фосфатазаның көлемі
*қанда және зәрде амилазаның көлемі
11. !МӘСК бойынша мүгедектікті мойындаудң басты белгісі қандай
*Науқастың жасы
*Ем кезіндегі дефект орындары
*Науқас жұмыс істейтін мекеменің сұранысы
*Қолайсыз еңбектік болжам
*Науқастың диагнозы
12. !Жұмыс істейтін 3-топтағы мүгедек, диагнозы: постинфаркті кардиосклерозбен жағдайының төмендеуімен дәрігерге келді. ЭКГ-де: қарыншалық экстрасистолия. Осындай жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі:
*1 ай
*2 ай
*3 ай
*4 ай
*Болжамға байланысты мерзімге дейін
13. !Қазақстан Республикасы азаматтарына мүгедектік топты бекіту үшін, медико-әлеуметтік экспертиза ережелеріне сәйкес үкіметпен бекітілген және науқастар мүгедектікке құжат тапсыру құқығына және тиісті барлық жеңілдіктерге ие бола алады. Осы құжаттың уақыты мен күнін көрсетіңіз?
*2005 жылдың 20 шілде № 750 Үкіметтік бекітілім
*2005 жылдың 10 шілде № 751 Үкіметтік бекітілім
*2005 жылдың 15 шілде № 755 Үкіметтік бекітілім
*2005 жылдың 25 шілде № 756 Үкіметтік бекітілім
*2005 жылдың 05 шілде№ 758 Үкіметтік бекітілім
14. !Науқас И., ЖРВИ диагнозымен уақытша еңбекке жарамсыздық парағы 18.10 нен 20.10 күнге дейін берілген, онда 20.10. күні дәрігер қабылдауына келуі көрсетілген. Ал науқас 25.10күні жағдайының нашарлауымен дәрігерге келді. Ол қала сыртына шығып кеткен. R- граммада оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация ошағы анықталды. Осы науқасты жүргізу әрнекеті және аурухана парағын қалай толтырады?
*21.10 бастап ұзарту (режим бұзылуын көрсету), амбулаторлы ем.
*25.10 - нен ұзарту, ауруханаға жатқызу.
*25.10-нен бастап жаңа ауруханалық парақ ашу, амбулаторлы ем
*25.10-нан бастап ұзарту (режим бұзылуын көрсету), амбулаторлы ем.
*25.10-нан бастап ұзарту (режим бұзылуын көрсетпеу), амбулаторлы ем.
15. Иммунизациялық тәжірибе бойынша кеңестер Комитетіне сай гриппке вакцинациялаудың оптимальды уақыты (Advisory Committee on Immunization Practice – ACIP, 1997)?
*Тамыз – қыркүйек айының бірінші жартысы
*Қыркүйек – қазан айының бірінші жартысы
*Қазан- қараша айының бірінші жартысы
*Қараша – желтоқсан айының бірінші жартысы
*Желтоқсан – қаңтар айының бірінші жартысы
16. Науқас 68 жаста, емханаға гриппке қарсы вакцинациялану үшін келді. Жалпы тәжірибелі дәрігер науқасқа гриппозды вакцинацияның 65 жастан асқан науқастарға салу негізін түсіндірді.
ЖТД науқасқа не туралы айтқан болатын?
*Вакцинация ЖТЖ жұқпасының кезеңділік жиілігін, пневмонияны, ауруханаға жату мен өлім көрсеткіштер қауіптілігін төмендетеді
*Вакцинация пневмококкті жұқпаны жұқтыру қауіптілігін төмендетеді
*Вакцинация гриппті және оның асқынуларын болдырмайды*Вакцинация пневмонияны болдырмайды*Вакцинация бронхоөкпелік жұқпа бойынша ауруханаға жатқызу себебін болдырмайды
17. Созылмалы гастриттердің ерекше түрлеріне жатуы БАРЫНША мүмкін:
A) атрофиялық емес
B) эозинофильді
C) атрофиялық аутоиммунды
D) атрофиялық мультифокальды
E) ассоциирленген Нelicobacter pylori
18. Шектен тыс микробты контаминация синдромының барынша мүмкін себептерін көрсетіңіз:
A)АІЖ қышқылға тәуелді аурулары
B)ферментативті препараттармен емдеу
C)антибактериальды препараттармен емдеу
D)он екі елі ішектің ойық жара ауруы
E)Helicobacter pylory мен қосарласқан созылмалы атрофиялық емес гастрит
19. сезімі; Шоффар, Губергриц зоналарында ауыру сезімі, төмендегі диагноздардың қайсысына БАРЫНША тән:
A)асқазанның ойық жара ауруының өршуіне
B)созылмалы панкреатиттің ауыру сезімді түріне
C)созылмалы пиелонефрит, бүйректік ұстамаға
D)созылмалы панкреатиттің үдемелі түріне
E)созылмалы тассыз холециститтің өршуіне
20. Қандай препарат бауырдың циррозымен ауыратын науқаста аурудың өршуін баяулатып, өмір сүру уақытын ұзартып, өңеш веналарының варикозды кеңеюі қаупін төмендетіп, бауыр трансплантациясына дейінгі уақытты ұзартуы барынша мүмкін?
A)адеметионинB)силимаринC)урсодезоксихолды қышқыл
D)эссенциалеE)холестирамин
21. Интоксикация, тремор, гипотония, гипогликемия, гипоксемия, гипоксия, электролитті баланстың бұзылуы, ТШҚҰ-синдромы, протеолитикалық ферменттердің активациясы мынаған барынша тән:
A)цитолитикалық синдромға
B)холестатикалық синдромға
C)жедел бауыр энцефалопатиясына
D)дисциркуляторлы энцефалопатияға
E)резорбциялық-некротикалық синдромға
22. Осмостық диареяның дамуымен жүретін мальабсорбция мынаған барынша тән:
A)дисбактериозға
B)Крон ауруына
C)жаралы колитке
D)жедел дизентерияға
E)ішек туберкулезіне
23. Өт қабында көбіне қандай тастар түзіледі?
A)Холестеринді
B)БилирубиндіC)АраласD)КальцилыE)Оксалатты24. Гастроэзофагеальді рефлюксті аурудың асқыну болып табылады?
A)өңеш грыжасы B)өңеш ахлазиясы
C)Баррет өңеші
D)өңеш дивертикуласы
E)өңеш полипозы
25. Бауыр циррозы бар ер адамда ісіну – асциттік синдром пайда болды. 3 күндік төсектік режим, тұссыз диета және суды тәулігіне 1000мл дейін төмендету, ісінуді азайтпады.
Науқасты жүргізу тәсілінде БАРЫНША тиімді дәрі:
A)ФуросемидB)ТерлисемидC)ИндапамидD)ГипотиазидE)Верошпирон26. 38 жастағы әйел эпигастрий аймағындағы дискомфорт сезіміне, ауамен кекіруге, тамақтанғаннан кейінгі ауырлық сезіміне шағымданады. Уреазалық тест - оң.ФГДС –та асқазан шырышты қабатында ұсақ дән тәрізді гиперемиясы.Науқасқа төмендегі препараттардың қайсысы негізгі болып табылады?
A)Ципрофлоксацин+метронидазолB)Кларитромицин+метронидазолC)Эритромицин+метронидазолD)Амоксициллин+орнидазолE)Метронидазол+де-нол27. Ер адам 56 жаста ФЭГДС зерттеуде Баретт өңешіне күдік туғызды.Зерттеу кезінде қандай көрніс байқалуы мүмкін?
A)өңештің төменгі үштен бір бөлігінің жалпақ эпителиінің цилиндрлікің метаплазиясы
B)өңештің жоғары үштен бір бөлігінің жалпақ эпителиінің цилиндрлікің метаплазиясы
C)өңештің төменгі үштен бір бөлігінің жалпақ эпителиінің цилиндрлікің метаплазиясының безі
D)өңештің ортаңғы бөлігінің жалпақ эпителиінің цилиндрлікің метаплазиясы
E)өңештің жоғары үштен бір бөлігінің жалпақ эпителиінің цилиндрлікің метаплазиясының безі
28. Метаболикалық синдромның ЕҢ тән компоненті қандай?
А) гиперкератоз
В) диспротеинемия
С) С-пептид төмендеуі
Д) стриялардың көптігі
Е) инсулинорезистентіліг
29. Төмендегі симптомдардың біреуі гипергликемияның ЕҢ тән белгісі болып табылады:
А) діріл
В) шөлдеу
С) тершеңдік
Д) нервтік қозу
Е) ашығу сезімі
30. Төменде берілгендердің біреуі қант диабеті 2 типі емінің негізін құрайды:
А) физиопроцедуралар
В) дәрумендер қабылдау
С) БАҚ қабылдау
Д) рациональды тамақтану
Е) санаторлы-курортты ем
31. Науқас 31 жаста. Бала кезінде туа біткен даму ақауы фонында дамыған қайталамалы НЖИ-мен ауырған. Сол кездері ота жасалған. Қазіргі уақытта несепте: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45мл/мин. Қанда: ПТГ жоғарылаған (200пг/л), кальций мен фосфор деңгейі қалыпты.
Бұл науқас үшін қандай препаратты тағайындау мейлінше дұрыс?
А) Фосфор препараттары
В) Кальций препараттары
С) Поливитаминдер
Д) Кальцитриол
Е) Бифосфанаттар32. 62 жастағы науқас әйелді соңғы 2 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақтан түскен кезде күшейетін тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексерген кезде выпот есебінен оң жақ тізе буыны көлемі біршама ұлғайған. Тізе буындарының R-графиясында, екі жағынан да бірдей айқындалған остеофитоз анықталды. Нозологиялық диагноз қойыңыз:
Екіншілік синовитпен остеоартроз
Псориаздық артрит
Подагра
Рейтер ауруы
Бехтерев ауруы
33. 50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінулеріне шағымданып келді. Ауру дамуына дейін 2 жыл бұрын 5 жыл бойына оң жақ жіліншік аймағында терең жара болған. АҚ жоғарыламаған. Қан талдауында: гемоглобин 45 г/л, несеп талдауында – үлес салмағы 1015, ақуыз 10 г/л, шөгіндісінде көптеген гиалинді және түйірлі цилиндрлер. Несепнәр, креатинин қалыпты мөлшерде. Зимницкий бойынша сынама өзгермеген. Болжамды диагноз:
А) Екіншілік бүйрек амилоидозы
В) Созылмалы гломерулонефрит
С) Созылмалы пиелонефрит
Жедел пиелонефрит
Біріншілік бүйрек амилоидозы
34. 48 жастағы науқасты анықталған АГ бойынша қарап тексерген кезде, несеп талдауында ақуыз 1,2 г/л, эритроциттер 10-15 көру аймағында, үлестік мөлшер 1012. Бүйрек УДЗ-да патология анықталмаған, несепнәр және креатинин – қалыпты. Анамнезінде – ерекшеліктерсіз. Болжамды диагноз:
А) Созылмалы гломерулонефрит
В) Гипертониялық ауру
С) Созылмалы пиелонефрит
D) Подагралық нефропатия
Е) Екіншілік бүйрек амилоидозы
35. Науқаста тамақ ішкеннен соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі және денесі еңкейгенде пайда болатын және күшейетін жүрек аймағына таралымымен семсер тәрізді өсіндінің басында күйдіретін ауырсынулар. Алмагелмен толықтай басылмайды. Сондай-ақ ауамен кекірікату, тұншығу ұстамасы, жөтел байқалады. Барий жүзгінімен рентгенологиялық тексеру кезінде – контрасты массаның асқазаннан өңешке рефлюксі. Аталғандардың барлығы күмәндәндырады:
А) Рефлюкс-эзофагит
В) Өңеш обыры
С) Кардия ахалазиясы
D) Бронх демікпесі
Е) Созылмалы гастрит
36. 44 жастағы науқас, анамнезінде бір апта бойына ішімдік пайдаланған. Соңғы қабылдаудан кейін 12 сағаттан соң – жүрегі айну, қайта-қайта, жеңілдік бермеген құсу, эпигастрийдегі дискомфорт, күрт әлсіздік. Қарап тексерген кезде – жағдайы ауыр, аузынан ішімдік иісі, есеңгіреген, өңі қуқыл тартқан. АҚ 60/20 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 60. Іш пальпациясы ауырсынулы, бұлшық еттік қорғаныс жоқ, іш перде тітіркену синдромы теріс. Дәреті бір рет, қалыптасқан. Болжамды диагнозы:
А) Панкреонекроз
В) Экзотоксикалық шок
С) миокард инфарктының абдоминальды формасы
D) Тағамдық токсикоинфекция
Е) Алкоголь суррогаттарымен улану
37. 44 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуларға, қайта-қайта құсуларға шағымдарымен клиникаға түсті. Науқас 3 күн бойы ішімдік пайдаланған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт, құрғақ, дене температурасы 38,6 0 С. Тамыр соғысы минутына 110. АҚ 80/40 мм сын. бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөліктерінде екі жағынан біршама босаңсыған. Тілі өңезделген, құрғақ. Іші қампайған, жұмсақ, эпигастрииде ауырсынулы. Оң Кер, Керте, Воскресенский симптомдары. Науқаста қандай ауру болуы ықтимал?
Жедел холецистит
Жедел панкреатит
Жедел гастрит
Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы
Бауыр циррозы
38. 32 жастағы әйел адам жүрек қағуына, әлсіздік, күйгелектік, тершеңдік, арықтау шағымдарымен жалпы тәжірибе дәрігеріне келді. 1 жылдан аса ауыру. Объективті: әбігер, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, Ромберг кейпінде қалыпты емес. Жүрегі: тахикардия, тамыр соғысы 1 минутта 110, АҚ 150/30, 160/40 мм сын. бағ. Дәреті – іш өтуге бейім. Науқасқа төменде көрсетілген диагноздардан болжамдысын қойыңыз:
Нейроциркуляторлы дистония
Гипертиреоз
Гипотиреоз
Феохромацитома
Біріншілік альдостеронизм
39. 47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін?
А) Сепсис
B) Инфекциялық эндокардит
C) Жедел жүрек жеткіліксіздігі
D) Жедел тыныс жеткіліксіздігі
E) Жедел респираторлық дистресс-синдромы
40. 38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы.
Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті?
A) Қандағы котехоламиндерді анықтау
B) Қандағы кортизолды анықтау
C) Қандағы альдестеронды анықтау
D) Қандағы электролиттерді анықтау
E) Қандағы ренинді анықтау
41. 38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсындына, жүоек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бөзғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында істік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады .
Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
A) НифедипинB) МетопрололC) ФентоламинD) КлофелинE) Каптоприл42. Бронхиальді демікпе кезінденауқастың ең мәжбүрлі қалыпі
A) аяғымен төмен түсіріп отыру
B) аяқ жағы көтерілген горизонтальді жағдай
C) қырымен жату
D) қолына сүйеніп отырған қалыпта
E)горизонтальді бас жағы көтерілген
43. Қай ауру кезіңде атропин карсы көрсетілген
A) бронхиальді демікпе
B) гипертониялық ауру
C) глаукома
D) АВ блокада 11 дәрежелі
E) қайталататың асқақтық
44. Лактозаның табіткен жетіспеушілігі бар адамдарда қандай затқа жаман төзе ашулығы анықталады
A) сүт
B) жұмыртқа
C) сахароза
D) глюкоза
E) галактоза
45. Тоқ ішекте сіңіріледі
A) ақуыз
B) майлар
C) су
D) көмірсулар
E) қанықпаған майлы қышқылдар
46. Зимницкий сынамасын жасау үшін не қажет
A) тұссыз қатаң диета ұстану
B) физикалық белсеңділікті тежеу
C) тым көп сұйықтық ішіді қою керек (су ішудің стандартизиялған тәртібі)
D) тұз қабылдауды тежеу
E) сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау
47. Зимницкий сынамасын принипі неде
A) шығарылғын зәрдің көлемің динамикалық бақылау
B) шығарылғын зәрдің салыстырмалы тығыздығың тәуләк бойы динамикалық бақылау
C) диурез бен күн тәртібің байланысың анықтау
D) бактерияурияны анықтау
E) шумақшалық фильтрацияны анықтау
48. Феохромоцитома кезіңдегі гипертониляқ кризді тежеу үшін ең тиімді препарат болып табылады
A) фентоламин(реджитин)
B) пентамин
C) клофелин
D) дибазол
E) коринфар
49. Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік кезінде артықшылық беретін диуретикті таңдаңыз:
А) диакарб
В) маннитол
С) фуросемид
D) верошпирон
E) гигротон
50. 57 жастағы науқас, жыл бойына айына 1-2 рет сол жақ жауырынға беріліп, нитроглицерин қабылдағаннан соң жарты сағат көлемінде басылатын төс сүйек артындағы қысып ауыратын сипаттағы ауыруға шағымданады. Холтерлік мониторлау кезінде, ұстама сәтінде v2-v5 бөліктерінде SТ-ң 8 мм-ге жоғарылауы. Келесі күні SТ изолинияда. Науқаста қандай патология?
А) тұрақты стенокардия ФК 4
В) миокард инфаркты
С) миокардтың ишемиялық дистрофиясы
D) варианттық стенокардия
E) күшейе түскен стенокардия

51. Жедел миокард инфарктымен науқаста 4-ші аптада төс сүйек артында қарқынды жиырылатын ауырсынулар, ЭКН-да теріс динамика пайда болып және АСТ, АЛТ, КФК-МВ белсенділігі тағы да көтерілсе, ауру ағымының нашарлауын қалай квалификациялаға болады:
А) ӨАТЭ
В) қайталама миокард инфаркты
С) екінші рет болған миокард инфаркты
D) Дресслер синдромының дамуы
E) варианттық (вариантная) стенокардия
52. Синустық түйіннің әлсіздігі синдромымен науқаста синустық брадикардия – минутына 45 байқалады. Кардиостимулятор орнатудан науқас үзілді-кесілді бас тартты. Консервативті ем үшін аталған дәрілердің қайсысын қолдануға болады?
А) анаприлин
В) кордарон
С) атропин
D) дигоксин
E) новокаинамид
53. Науқаста аяқ астынан тамыр соғу ұстамасы (минутына 160) пайда болды, дәрігер оны каротидті синусты уқалаумен басты. Тамыр соғу ұстамасына себепші болған тәрізді:
А) синусты тахикардиямен
В) пароксизмальды жыпылық аритмиясымен
С) пароксизмальды жүрекшелер жыбырымен
D) пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардиямен
E) пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен
54. 18 жастағы науқасты военкомат тексеру үшін бағыттаған. Қалыпты дамыған. Жүрек негізінің үстінде, эпицентрі төс сүйектің оң жақ шегінің 2-ші қабырғааралығында, дөрекі систолалық шуыл анықталады, ұйқы артерияларына өтеді. Қолқа үстінде екінші тон әлсіреген. Тамыр соғысы минутына – 64, ырғақты. Иық артерияларының АҚ – 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында Қ – 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз?
А) қолқа сағасының стенозы
В) үйлескен жүрек ақауы
С) қолқа коарктациясы
D) қарыншааралық қалқаның ақауы
E) ашық артериалды тармақ
55. 40 жастағы науқас, шағымдары – прекардиальды аймақта толқулармен көмескі байланысты сыздайтын ауырсынуларға, көкірек қуысының сол жақ жартысындағы «жарылу» сезімдеріне. Қарап тексеру кезінде патология анықталмаған, ЭКГ ерекшеліксіз. Пациентті тексеруді қандай зерттеуден бастау қажет?
А) қанның қант және холестеринге зерттеуінен
В) қанның липопротеидтерге зертетуінен
С) эхокардиографиядан
D) велоэргометриядан
E) фонокардиографиядан
56. 52 жастағы науқас әйел жүрек аймағындағы қысқа мерзімді ауырсынуларға шағымданады. ЖРА-н кейін 2 апта бойы науқас. ЭКГ-да – SТ сегментінің 1,5 мм-ге төмендеуі және теріс Т тісшесі. ЭТЖ – 45 мм/с. Болжамды диагноз:
А) климактерийлік кардиомиопатия
В) ЖИА
С) НЦД
D) миокардит
E) перикардит
57. 28 жастағы науқас, отбасылық дәрігердің қабылдауына келді, шамалы дене жүктемелері кезіндегі ентігу, тез шаршағыштық, жүректің лүпілдеп соғуына шағымданады. Балалық шағында баспамен жиі ауырған. Аускультация кезінде: жүрек ұшы түрткісі күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, қатты І-ші тон, өкпе діңінің үстінде ІІ-ші тонның екіге бөлінуі, митральды қақпақшаның шертіліп ашылуы ІІІ-тон (бөдене ырғағы). Сіздің диагнозыңыз?
А) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үш жарғақты қақпақша жеткіліксіздігі
В) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша жеткіліксіздігі
С) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының стенозы
D) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
Е) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша стенозы
58. Науқас М., 63 жаста, 3 жыл бұрын өткізген жұқпалы миокардиттен кейін пайда болған қатты басы айналып есінен танатын аяқ асты ұстамаларына шағымданады. Соңғы уақыттарды ұстаманың айына 2-3 ретке дейін жиілегенін байқаған. АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 57 соғу. ЭКГ-да PQ интервалының ұзаруы, Самойлов-Венкебахтың жүйелі кезеңдері. Аталған науқасқа қандай ем ең қолайлы?
А) Кальций антагонистерін ұдайы қабылдау
В) Бета-адреноблокаторларды ұдайы қабылдау
С) М-холиноблокаторларды ұдайы қабылдау
D) Ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату
Е) Аортокоронарлы шунттау жүргізу
59. Жағдайының нашарлауына байланысты отбасылық дәрігерге 68 жастағы науқас М. Келді. ЖИА, Инфаркттан кейінгі кардиосклероз, Артериальды гипертензия ІІ, IV қауіп факторы, НКІІБ диагноздарымен бақылауда. Әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, ішіндегі дүркін-дүркін ауыруларға, көзіне қос көрінуіне шағымдары бар. Дәрілерін тұрақты қабылдайды. АҚ-150/90 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 50 соғу. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS жиынтығы деформацияланған, барлық бөліктерде дерлік ST интервалының изоэлектрлік сызықтан төмен «астау тәрізді» жылжуы, бигеминия типі бойынша қарыншалық экстрасистолия. Науқас жағдайы төмендеуінің ең ықтимал себебін көрсетіңіз:
А) Гипертониялық криз
В) Жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы
С) Гликозидті интоксикация
D) Қайталама миокард инфаркты
Е) ми қанайналымының өткінші бұзылысы
60. Отбасылық дәрігерге 41 жастағы Науқас М. Жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ ФК. Артериалды гипертензия ІІ, қауіп факторы ІІІ, НК0 диагнозымен бақылауда. Қарап тексеру кезіне шағымдары жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ-да қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапия тағайындауға бола ма?
А) иә, өйткеніқарыншалық тахикардия пароксизмі амуының қаупі бар
В) иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған
С) жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді
D) жоқ, өйткені жасанды ырғақ жүргізушісін орнату қажет
Е) иә, өйткені Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін
61. Семсер тәрізді өсіндінің артына орныққан, көкірек қуысының, қолдың сол жақ жартысына таралатын, жатқан кезде пайда болып, вертикальды жағдайға көшкен кезде жоғалатын немесе әлсізденетін көкіректегі ашитын сипаты бар ауырсынулар кезінде қандай патология туралы ойлауға болады?
А) миокард инфаркты
В) перикардит
С) диафрагманың өңеш тесігінің жарығы
D) плевропневмония
E) қабырғааралық невралгия
62. Л. атты науқас әйел, 29 жаста, дене жүктемесі кезінде ентігу, жүрек аймағында, жауырын аралық аймақта ауырсынулар. Анамнезінде: ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, І-ші тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, «бөдене» ырғағы, жыпылық аритмиясы. R-графияда: контрастыланған өңеш кіші радиус доғасы бойынша қисайған. ЭКГ-да: Р – mitrale, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз:
А) митральды қақпақша жеткіліксіздігі
В) қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
С) митральды қақпақша пролапсы
D) сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы
E) қолқа сағасының стенозы
63. Науқас М., 20 жаста, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуларға, жүрек қағысына, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарап тексеру кезінде жүрек шекаралары солға ұлғайған, жүректің барлық аймағының үстінен таралусыз систолалық шуыл естіледі, ЖҚЖ – 1 минутта 90 соғу. Температурасы – 37,70С. Зертханалық тексеру кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ ұлғаюы (+) анықталған, С реактивті ақуыз. ЭКГ-да: қайта үйектеліс бұзылысы және қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы. Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз:
А) перикардит
B) кардиомиопатия
C) миокардиодистрофия
D) нейроциркуляторлы дистония
E) миокардит
64. Науқас Н., 65 жаста, жүрек аймағындағы іркілістерге, жүрек қағысына, шаршағыштыққа, шамалы дене жүктемесі кезіндегі ентігуге, ісінулерге, оң жақ қабырға астындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын күретамырлары ісінген. Жүрек дүмпуі ұлғайған. Жүрек ұшы дүмпуі көтеріңкіленген. Тондар тұйықталған, минутына 100 соғумен жыпылық аритмиясы. Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде екі жағынан да дыбыссыз ылғалды сырылдар. Бауыры ұлғайған, тығыз, аздаған ауырсынумен, тегіс беткейлі, шегі сүйірленген. ЭКГ-да: тісшелердің төмен вольтажы, ошақтық өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, қайтаүйектеліс бұзылысы. NYHA (Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясы) бойынша ХНК сатысын көрсетіңіз:
А) ФК І
B) ФК ІІ
C) ФК ІІІ
D) ФК IV
E) ФК анықтау мүмкін емес
65. 70 жастағы науқас әйелді соңғы 3 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақпен шыққан кезде күшейе түсетін, тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексеру кезінде – шамалы ісіну, оң тізе буынының гиперемиясы. Тізе буындарының R-граммасындаекі жағынан да бірдей байқалған остеофитоз. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:
A) деформациялаушы остеоартроз
B) псориаздық артрит
C) подагралық артрит
D) ревматикалық артрит
E) ревматоидты артрит
66. Учаскелік дәрігерге 35 жастағы әйел жүрек қағысына, ентігуге, әлсіздікке, ашушаңдыққа, тершеңдікке, арықтауға шағымданып келді. Анамнезінен: жарты жыл бойына ауырады, басынан өткізген қатты стресспен байланыстырады. Объективті: күйгелек, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ЖҚЖ – 1 минутта 110, АҚ 160/70 мм сын. бағ. Дәреті іш өтуге бейім. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:
A) нейроциркуляторлы дистония
B) гипертиреоз
C) гипотиреоз
D) феохромацитома
E) біріншілік альдостеронизм
67.Науқас К., 50 жаста, 15 жылдан аса созылмалы обструктивті бронхитпен диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы 3 жыл бойына артерия қысымының 170/90 мм сын. бағ. көтерілуі тіркелген. Бұл науқастың артериялдық қысымын коррекциялау үшін препараттардың қандай тобын тағайындауға болмайды:
A) диуретиктер
B) АПФ ингибиторларын
C) нитраттар
D) кальций антагонистері
E) β-адреноблокаторлар
68. К. Атты науқас әйел, 56 жаста, 2 типті қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы жыл бойына стенокардия ұстамасын байқаған. Бұл науқаста ЖИА-ны емдеген кезде антиангинальды препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?
A) кардиоселективті бета-блокаторлар
B) селективті емес бета-блокаторлар
C) нитраттар (монотерапия ретінде)
D) ИАПФ ингибиторлары
E) кальций антагонистері
69. 40 жастағы ер адамның эпигастрий аймағында белдеуленген сипаттағы, арқасына таралатын ұзақ ауырсынулар және оң жақ қабырға астында жарылатындай сезім байқалады. УДЗ тексеру кезінде: ұйқы безінің өзгерістері және созылмалы холецистит белгілері. Аталған патология кезінде қандай зертханалық көрсеткіштер ең ақпаратты болып табылады:
A) лейкоцитоз
B) қан трансаминазасының деңгейі
C) гипергликемия
D) қандағы сілтілік фосфатаза деңгейі
E) қан мен несептегі амилаза деңгейі
70. 50 жастағы ер адам оң жақ табанындағы қатты ауырсынуларғ шағымданады. Қарсаңында көп мөлшерде ет және алкоголь қолданған. Ауыру аяқ астынан пайда болған, таңғы 6 мөлшерінде және оң жақ табанының І-ІІ табан сүйек фалангалық буындары аймағында басымырақ орналасқан. Объективті: үлкен саусақ буынының үстіндегі терісі қып-қызыл, сипағанда ыстық, пальпациялағанда жанға батып ауырады, қимыл және жүру мүмкін емес дерлік, дене температурасы – 38°С. Учаскелік дәрігердің диагностикалық әдісі қандай?
A) ауру буынның пункциясы
B) несеп қышқылына қан тапсыру
C) қанның клиникалық талдауы
D) оң жақ табан рентгенографиясы
E) зақымданған буын УДЗ-сы
71. Отбасылық дәрігерге 41 жастағы науқас жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ-ші ФК. Артераилды гипертензия 2, қауіп 3, НК0. Диагнозымен бақылауды. Тексеру кезінде шағымы жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКС-те қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапияны тағайындау қажет пе және қандай мақсатпен?
А) иә, өйткені қарыншалық тахикардия пароксизмі дамуы қаупі бар
В) иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған
С) жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді
D) жоқ, өйткені ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату қажет
Е) иә, өйткені Адамс-Моганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін
72. 2 типті қант диабетімен жапа шегетін 40 жастағы А. атты науқас әйелде 2 дәрежелі артериалды гипертензия байқалады. Қандағы глюкоза деңгейі 8 ммоль/л шамасында. Аталған жағдайда гипотензивті препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?
A) АПФ ингибиторлары
B) кальций каналдарының блокаторлары
C) β-адреноблокаторлар
D) АТ ІІ рецепторларының антагонистері
E) диуретиктер
73. Қабылдауға 8 жасар бала анасымен келді. Тыныштықта және қозғалыста екі тізе буынының ауру сезіміне шағымданады. Ауру бір жарым апта бұрын басталған, кешке дене температурасы бес күн бойы 37,6°С көтерілген. Бір ай бұрын дачада велосипедтен құлаған. Объективті: буын үстіндегі тері сипалағанда ыстық, буынның ісінуі және деформациясы байқалады. Қозғалған кезде ауру сезімі күшейеді.
Қандай диагностикалық зерттеу бірінші кезекте жүргізілу керек?
*тізе буынын пункциялау
*буын өлшемін динамикада бақылау
*жалпы қан анализі
*тізе буынын жылыту
*қан анализін антистрептолизин және антистрептокиназаға тексеру
74. Стенокардия кезіндегі ауырсыну сипатың анықтаңыз
А) қысып, басып, жанып
В) сыздап
С) сыздап , түйреу
D) шаншып
Е)  түршіктіріп
75. Науқас 20 жаста, тамақ ішкеннен кейін 30 минуттан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болады, жүрек айну, құсу, соған байланысты дәрігерге келді . Анамнезі ерекшеліксіз. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?
A) гастроэзофагеальді рефлюкс ауруыB) асқазан денесінің ойық жарасы
C) асқазанның пилорикалық бөлімінің ойық жарасы
D) он екі елі ішектің жарасы
E) шартты гастропатия, ҚҚСП индукциялаған ойық жарасы,
76. !Шамамен пневмония кезінде антибиотиктерді тағайындау уақыты:
*дене қызуы қалыпты болғанға дейін
*өкпедегі инфильтрат толық сіңірілгенге дейін
*ЭТЖ қалыпқа келгенге дейін
*дене қызуы тұрақтан соң 4-5 күн
*жөтелдің қайтуына дейін
77. Науқас 63 жаста, ЖИА күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіленіп, 7-9 минутқа дейін ұзарған, ұстаманы басуға нитроглицериндің бірнеше таблеткасын қабылдау қажет болды. Берілген жағдайда аумақтық дәрігердің дұрыс тәсілін көрсетіңіз:
*Қабылдайтың препараттардың мөлшерін көбейт
*Кардиологтың кеңесіне бағыттама беру
*Стационардың кардиологиялық бөліміне емделуге бағыттама беру
*Пролонгирленген нитраттарды таѓайындау
*Үй стационарын ұйымдастыру
78. Науқас 50 жаста, үнемі аздаған шырышты қақырықпен жөтелге, күштеме кезіндегі ентігуге шағымданады. анамнезде: 15 жыл темекі шегеді. Объективті: кеуде қуысы бөшке тәрізді, бұғана үсті аймағы ісінген. Дыбыстық діріл екі жақтада әлсіреген. Перкуторлы: коробкалық дыбыс. Аускультацияда: тыныс алуы қатты ұзақ дем шығарумен, бүйір аймағында сырыл, форсирленген тыныс шығару кезінде күшейеді.
Бұл ауруда төменде аталған зерттеулердің қайсысы ең ақпаратты нәтиже береді
*кеуде қуысының рентгенографиясы
*жалпы қақырық анализі
*өкпенің компьютерлік томографиясы
*Бронхоскопия
*Спирография
79. Аумақтық дәрігердің қабылдауында соңғы ай бойы жөтелуге, кешкі уақытта субфебрильді температураға, әлсіздікке, түнгі уақытта терлеуге, 4 кг арықтауға шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын адаммен қатынаста болған. Объективті: өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді. Айтылған зерттеулердің қайсысы алдын ала диагнозды қоюға дәлелді болады:
*Қанның жалпы анализі
*Қақырықтың бактериоскопиялық зерттеуі
*Қақырықтың жалпы анализі
*Қақырықтың антибиотикограммасы
*Атиптік ұлпаларға қақырық
80. Ер адам 49 жаста, 2 айдан астам таңертеңгілік шырышты қақырығы бар жөтелге, физикалық жүктемеге ентігуге шағымданады. 20 жыл ішінде күніне 20 сигареттен шылым шегеді, ішімдікті көп ішеді. Қарап тексергенде –кеуде қуысының деформациясы - «етікшінің кеудесі».
Төменде көрсетілгендердің ішіндегісі созылмалы обструктивті өкпе ауруының (СОӨА) дамуына қауіп факторы болып табылады?
*Кеуде қуысының құрылысының аномалиясы
*IgM өндірілуінің төмендеуі
*Ішімдікті көп қолдану
*Белсенді және белсенді емес темекі шегу
*Біріншілік өкпе гипертензиясы
81. Науқас 67 жаста, үйге дәрігер шақыртты. Шағымы: аз өнімді жөтелге, ентігуге, себепсіз әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне, дене температурасының 38,5ºС дейін көтерілуіне. Жоғарыда айтылып кеткен шағымдар науқасты екі күндей мазалап жүр.
Дәрігер ең бірінші болып науқаста қандай ауруға күмәндану керек?
*Созылмалы обструктивті өкпе ауруы
*2Ауруханадан тыс пневмония
*Өкпе абсцессі
*Жедел жүрек жетіспеушілігі
*Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
82. Везикулярлы тыныс естіледі
А) дем алуда
В) дем шығаруда
С) дем алуда және дем шығарудың алғашқы үштен бірі
D) дем алуда және дем шығарудың алғашқы үштен екісі
Е) бүкіл демді ішке алуда және дем шығаруы
83.Крепитация тән
А) өкпе эмфиземасына
В) өкпе абсцессіне
С) крупозды пневмонияға
D) бронх демікпесіне
Е) кіші қанайналым шеңберінде қан тоқырау
84. Бронхиалды тыныс естіледі
A) дем алуда
B) дем шығаруда
C) дем алуда және дем шығарудың үштен бірі
D) бүкіл демді ішке алуда және дем шығаруы
E) дем алуда және дем шығарудың алғашқы үштен екісі
85. Бастапқы гиперальдостеронизм үшін тән емес
А) бұлшық еттердің ауруы
В) полиурия
С) парестезия
D) гипостенурияЕ) гипергликемия
86. ДСИ мынадай формула бойынша айқындалады:
A) Салмағы (кг) / бойы (м)
B) Салмағы (кг) / бойы 2 (м)
C) Бойы (м) / салмағы 2 (кг)
D) Бойы 2 (м)/ салмағы (кг)
E) Бойы (м)/ салмағы (кг)
87. ӨСОА науқаста өкпелік жүрек негізгі даму себептері
А) бронх тармақтарының деформациясы
В) тыныс алу жолдарының обструкциясы
С) гипоксия мен ұзақ өкпе артерияларының спазмы
D) бронхиолдар мен альвеолдардағы қысымның төмендеуі:
Е) жүректің минуттық көлемінің азаюы
88. Бронх демікпесі бар науқастарды емдеудің тиімділігін қолдау үшін мыналар қажет:A) ингаляциялық кортикостероида тұрақты қабылдау
В) β2-агонисті тұрақты қабылдау
C) ипратропиума бромиді тұрақты қабылдау
D) дене шынықтыру сабақтары
E) санаторий-курорттық емдеу
89. Подаграсы бар науқастарда аллопуринолды (милурит) тағайындауы :
A) монотерапия түрінде- орташа терапевтік мөлшермен емдеуді бастау – 0,4-0,6 г/тәу.
В) ҚҚСП -мен бірге орташа терапевтік мөлшермен емдеуді бастау.
C) «шектейтін» емдеу дозалары бар монотерапия түрінде емдеуді бастау - 0,6-1,0 г / тәул.
D) ҚҚСП көмегімен шағын және орта мөлшерде дозасы – 0,2-0,3 г/тәу емдеуді бастау
E) шағын мөлшерде монотерапия түрінде емдеуді бастау
90. Бронх демікпесі бар науқаста, тексеру кезінде 1 дәрежелі артериаялдық гипертензия анықтады . Тиімді емдеуге арналған препарат:
A) Амлодипин
B) Анаприлин
C) Атенолол
D) Каптоприл
E) Эналаприл
91. Крупозды пневмония үшін аурудың қызған кезінде тән перкуторлы дыбыс
А) тұйық тимпанит
В) қорап
С) тимпаникалық
D) тұйық
Е) металл
92. Дауыстың дірілінің әлсіреуі тән
А) бронхоэктазия
В) экссудативті плевритке
С) өкпе абсцесстің қуысы сатысында
D) ошақты пневмония
Е) крупозды пневмонияға
93. Пульс tardus, parvus тән
А) үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
В) митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
С) қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
D) қолқа сағасының стенозы
Е) митральді стеноз
94. Жүрек айтарлықтай солға және төмен кеңейту дилатация кезіңде байқалады
А) оң жақ жүрекшенің
В) оң жақ қарыншаның
С) сол жүрекшенің
D) сол қарыншаның
Е) сол жүрекшенің және оң қарыншаның
95. Жүректің қандай ақауы кезінде жиі қан түкіру байқалады?
А) митральды қақпақшаның жетіспеушілігі
В) митральді стенозда
С) қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
D) қолқа сағасының стенозы
Е) үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
96. Біржақты бел аймағында ауырсыну қандай бүйрек патологиясына тән болады ?
А) жіті гломерулонефриткеВ) жіті цистит
С) жіті пиелонефритД) бүйрек амилоидозы
Е) созылмалы гломерулонефритке97.Бета-адреноблокаторлардың негізгі әсерлеріне жатады
А) ЖСЖ арттырады
В) қоздырғыштықты арттырады
С) оң инотропты әсер
Д) өткізгіштікті азайтады
Е)жүрек электрофизиологиясына әсер етпейді
98. Жедел миокард инфарты кезінде науқаста кардиомиоциттер некрозының көрсеткіштері анықталды№ Осы кезеңде қай маркер ең спецификалық болып табылады
А) аспартатаминотрансфераза
В) аланинаминотрансфераза
С) Тропонин Т,I
Д) креатинфосфокиназа
Е) лактатдегидрогеназа
99. !ЭКГ-да деформирмацияланған комплекс QRS тіркелген, 180 мин біркелкі формамен.
Жүрек ритмінің қандай бұзылысы барынша тиімді?
*Қарыншалық экстрасистолия
*Пароксизмальді суправентрикулярлы тахикардия
*Синусты ритм
*Пароксизмді қарыншалық тахикардия
*Пароксизмді қарыншалық фибрилляция
100. Жедел миокард инфарктымен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау прпепаратын көрсетіңіз:
А) амиодарон
В) лидокаин
С) хинидин
D) верапамил
E) дилтиазем

Приложенные файлы

  • docx 11060712
    Размер файла: 59 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий