Дәріс Жіті ринит, баспа , жітістенозды ларингит, бронхит


Пәнің аталуы Балалар ауруы Алматы медицина колледжі
Кредитер- 2 ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Дәрістің тақырыбы: Жіті ринит, баспа , жітістенозды ларингит, бронхит, бронхолиттер, жіті пневмония.
Сабақтыңмақсаты – дидактикалық , тәрбиелік, дамытуКурс-3,семестр-5
Оқытушы – Туменбаева М.Т Дәрістің кысқаша мазмұны:
Дәрістің жоспары:
Жедел риниттің себептері , клиникасы
Баспа себептері, клиникасы
Созылмалы тонзилит
Стоноздаушы ларингит, диагностикасы
Бронхит ,себептері, клиникасы
Пневмония, диагностикалық критерийлері
Емі және күтімі
Жедел ринит
Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы. Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, механикалық, химиялық, гипертермиялық тітіркендіргіштер. Осы этиологиялық факторлардың әсерінен мұрынның шырышты қабатының ісінуі және гиперсекрециясы дамиды.
Клиникалық көрінісінің 3 кезеңі бар
1.      Құрғақ ринит, ұзақтығы 1 тәулік.
2.      Серозды бөліністер кезеңі- 2-3 тәулік.
3.       Іріңді бөліністер кезеңі- 3-4 тәулік, кейде бірнеше аптаға созылады.
Үлкен жастағы балаларда мұрнында және  жұтқыншағында құрғақтық сезімі пайда болады. Тыныс алу қиындайды, жас ағу, бас ауыру байқалады, иіс сезуі төмендейді. Жалпы жағдайы нашарлайды.  Тыныс алудың нашарлауы емудің нашарлауына әкеледі. Дұрыс тамақтанбауы ұйқынуының бұзылуына, мазасыздыққа әкеледі. Дене салмағы төмендейді. Дене қызуының көтерілуі бірнеше тәулікке созылады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен шырыштың ағуы  әсіресе түнде жөтелге әкеледі.
Аллергиялық ринитте дене қызуының көтерілуі болмайды. Мұрын бөліндісі іріңді болмайды. Бала түшкіреді, көзінің және мұрнының қышуы болдады.
Емі:
1. Жергілікті ем-вирусқа қарсы майлар (оксалин майы, интерферон, бонафтон).
2. Қантамырларынтарылтатынпрепараттар-нафтизин, галазолин.
3. Антисептиктер.
4. Иммуностимуляторлар-тимоген.
5. Күрделітамшылар-пиносол.
6.Қыша қағазын қолдану.
 
Баспа
Бадамша бездердің қабынуы мен сипатталатын инфекциялық ауру. 1 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың бадамша бездері әлі дамып жетілмеген.
Этиологиясы-әртүрлі микробтар.
Клиникалық айқындалуы: Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы 38-390 С-қа көтеріледі, басы ауырады, буындары қақсайды, жұтынғанда тамағы ауырады, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, денесі тітіркенеді, жақасты бездері ісініп, ауырады.
Бадамша бездеріндегі жергілікті өзгерістерге байланысты 3 түрі бар:
1.      Катаральды баспа-бадамша бездерін, таңдайды қан кернеп ісініпкетеді.
2.      Лакунарлы баспа- қан  кернеп ісінген бадамша бездерінің лакуналарында іріңді қабыршықтар пайда болады.
3.      Фолликулярлы баспа- инфекция бадамша безінің тканіне өтіп, оның ішіндегі фолликулаларды іріңдетеді. Іріңдеген фолликулалар сары іріңді нүкте сияқты болып көрініп тұрады. Бұл баспаның ең ауыр түрі.
Емі және күтімі:
1. Төсек режимі тағайындалады.
2. Көп мөлшерде сұйықтықтар -компот, малина салынған шай, сүт т.б.
3. Сағат сайын баланың тамағын ас содасымен, фурациллин ерітіндісімен, түймедағы, эвкалипт, календула қайнатпаларымен  шайдырып тұру керек.
4 Тамақты булау.
5. Каметон, ингалипт аэрозольдарын қолдану.
6. Баланың жасына қарай антибиотиктер, сульфаниламидтер тағайындау.
7. Дене қызуын басатын дәрілер -амидопирин, парацетамол, аспирин.
Созылмалы тонзиллит
            Бадамша безінің созылмалы қабынуы. Дамуына жиі баспа мен ауыру және созылмалы инфекциялық ошақтардың (кариестітістер, риниттер, синусит, аденоидит) болуы әсер етеді. Микроорганизмдердің токсикалық әсер етуі лимфоидты ұлпаның өсіп дәнекер ұлпаға алмасуына әсер етеді. Нәтижесінде жергілікті иммунитет төмендейді. Ауру бадамша безінің қабынуымен, гипертрофиясымен, кейде атрофиясымен және организмнің улануымен айқындалады. Тонзилогенді улануда бала ашуланшақ, тез шаршағыш, өкпелегіш, жылауық болады. Ұйқысы бұзылады. Сабаққа үлгерімі нашарлайды, тәбеті төмендейді, көзінің асты көгеріңкі болады. Созылмалы тонзилиттің қабынуында баспаны емдейді. Жергілікті және жалпы УФО, УВЧ, электрофорез, аэрозоль колданылады. Бадамша безді Люголь ерітіндісімен, колларгол мен өңдеу қажет. Элеутерококк тұнбасы, алоэ экстракты, Фибс, поливитаминдер, темір препараттары тағайындалады. Тонзилэктомия жасалады.
Стеноздаушы ларингит (жалған круп)
Көмейдің шырышты қабатының қабынуы, көбінесе риниттен кейін дамиды. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дауысы қарлығып шығады, құрғақ «ит үрген жөтел» пайда болады, дене қызуы көтеріледі. 4-5 күннен кейін бала жазылып кетеді. Аллергиялық диатез бен ауыратын балалардың дыбыс желбезектері астының клетчаткасы ісініп, тыныс саңлауы тарылып бітеді. Стеноз көбінесе түнде кенеттен дамиды. Баланың тыныс алуы қиындап, сырылды демалыс пайда болады, еріндері, мұрын-ауыз үшбұрышы көгілдір тартады (цианоз дамиды).
Стеноздың және тыныс алу жетіспеушілігінің айқындалуына байланысты 4 дәрежесі бар:
1-ші дәрежесінде- «ит үрген жөтел», дауыстың қарлығуы, алыстан естілетін тыныс алу бала жылағанда немесе мазасызданғанда пайда болады.
2-ші дәрежесінде- бала мазасызданады, жөтелі жиілейді, ентігу, терлегіштік және мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы айқын.
3-ші дәрежесінде-бала тынымсыз, қорқақ, төсекте мазасыз, терісі бозғылт, ылғалды, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, акроцианоз. Тыныс алуы-шулы. Тыныс алуда қабырға аралық бұлшық еттері қатысады. Пульсының ритмі бұзылған,  жүрек соғысы нашар естіледі.
4-ші дәрежесінде- бала әбден шаршаған,  әлсіз, басын артқ атастап, аузы мен ауақармайды, мойнының бұлшық еттері тартылған. Цианоз кенет дамиды, тырысу пайда болуы мүмкін. Пульстің ритмі ретсіз, жүрек тоны нашар естіледі, тыныс алу тоқтап, жүрек соғысы тоқтайды.
 
Нағыз круп пен жалғанкруптың (стеноздыларингиттің) ажыратудиагностикасыБелгісіНағыз круп Жалған круп
дауысыҚарлығып, толық жоғалады Қарлығуы тұрақсыз
Жөтелі Құрғақ, «ит ургенге ұқсас», дыбыссызҚұрғақ, «ит ургенге ұқсас», дыбысы сақтаулы
Бадамша безіндеСұрғылт, қиын алынатын, алғанда орны қанталайтын қабыршық Беткей, оңай алынатын іріңді шырышМойын лимфа түйіндері Екі жақта үлкейген, ауырсынуы әлсіз, теріасты қабатының ісінуіҮлкейген, қатты ауырсынады, ісіну жоқ, жеке лимфа түйіндері пальпацияланады.
Стеноздың дамуыБаяу дамиды, тыныс алуышулы, ентігуге ауысады, өзбетімен басылмайдыКенет түнде дамиды, өзбетімен басылады.
«Жалған круптағы»/стенозды ларингиттегі/ көрсетілетін жедел жәрдем
1.      Баланың басын жоғары салуыңыз
2.      Қысатын киімдерден босатыңыз
3.      Таза ауамен қамтамасыз етіңіз
4.      Қыша қағазын балтырға жапсырыңыз, ыстық аяқ ваннасын жасаңыз/экссудаттың төмен кетуіне байланысты ісінуі қайтады/
5.      Ингаляция жүргізіңіз/эуфиллин, ассодасы, қақырық түсіретін дәрілер/ дауыс қуысының ісінуін төмендетеді.
6.      Бұлшық етке немесе көктамырға лазикс 1-2мг/кг/1мл-10мг/ енгізіңіз
7.      Эфедрин 0,1мл/жас тері астына немесе бұлшық етке енгізіңіз. Ауыр жағдайда преднизалон бұлшық етке немесе көктамырға енгізіңіз 3-5мг/кг /1мл -30мг/
8.      Оттегі беріңіз
Бронхит
Бронхит-бронхтың қабынуы. Көп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның асқынуы.
Этиологиясы: вирустар, (парагрипп, аденовирус, қызылша, микоплазма вирустары т.б.),  кейде бактериялар болуы да мүмкін (жұтқыншақтағы тұрақты инфекция ошақтары, интубациядан болған асқынулар), тыныс жолдарына сырттан бөгде заттар түскенде ( химиялық) дамуы да мүмкін.
Икемдеуші жағдайға-салқындық,  лас ауа, темекі түтіні т.б.жатады.
Патогенезі: Вирустар тыныс жолдарының эпителийін зақымдайды. Бронх қабатының кедергілік (барьерлік) қасиетін төмендетеді. Балаларда, әсіресе сәбилерде тыныс жолдарының тарылуы, бронх қабатының ісінуі, ішіне секреттердің жиналуы жиі байқалады.
Клиникасы: Баланың терісі, еріні,  ауыз қуысының шырышты қабаты көгілдірленіп тұрады, тыныс алуы жиілейді, дем алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Көкірек  клеткасы кеңейіп, гипоксияға әкеледі. Кейде қатты жөтелгенде тынысы тарылып, демалысы тоқтап қалуы мүмкін.
Тыңдағанда:Орташа, ірі көпіршікті, құрғақ тұрақсыз сырылдар көкірек кеудесінің екі жағынан да естілуі мүмкін.
Емі: Төсек режимі дене қызуы түскеннен соң  тағы 2-3 күнге тағайындалады.
        Диета:  Баланың тамағында сүт, өсімдік тағамдары болуы керек. Витаминге бай, құнарлы, сұйықтық жеткілікті болғаны жөн. Әсіресе мүкжидек, итмұрын тұнбасы, боржоми, лимон қосылған шай, бал аралас сүт, таңқурай қосылған шай, жалбыз  беру керек.
        Антибиотиктер, сульфаниламидтер.
        Қақырық түсіретін дәрілер-алтей тұнбасы, мукалтин, мия түбірі, бромгексин, перкуссин.     Жөтелді азайту үшін көп беруге болмайды, себебі жөтел қорғаныс реакциясы, қақырық шықпай обструкция болуы мүмкін.
        Қыздырғыш компресс, қышамен аяққа ванна жасау.
        В тобының витаминдері
        Физиоемі-УФО, калий иодидімен, эуфиллинмен кеуде клеткасына электрофорез.
        Оттегімен демалдыру, ингаляциялар.
        Ең жиі асқынуы-пневмония.
Пневмониялар.
Пневмония-өкпе ұлпасының қабынуы. Пневмонияның себептері: әртүрлі  инфекциялар, бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар т.б.), вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар. Балалардың өкпе ққабынуымен ауыруына келесі факторлар себепкерболады:
1. Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).
2. Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.
3. Фондық аурулар-мешел, анемия, гипотрофия, аллергиялық диатездер.
4. Қатты тоңазу.
Патогенезі: инфекция өкпеге бронхогенді, лимфогенді, гематогенді жолдармен түседі. Өкпенің қорғаныс қызметі төмендеп қабыну процессі дамиды. Өкпенің вентиляциясының және газ алмасуының бұзылыстары гипоксияға және гипоксемияға әкеледі. Зат алмасудың барлық түрлері бұзылады.
Диагностикалық критерийлері:
Ұзақ фебрильді қызба.
Интоксикация белгілері.
Тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері- ентікпе, цианоз, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы.Тұрақты жергілікті өзгерістер: Аускультативті-ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар, перкуторлы-қабынған жердің үстінде дыбыстың қысқаруы.
Рентгенографияда-көлеңкелер.
ЖҚА-де- нейтрофильді лейкоцитоз, ЭЖТ-ның жоғарылауы.
Пневмониялардың жіктелуі
Зақымданған аймағына байланысты:
Ошақты
Сегментарлы
Крупозды
Интерстициальды
Ағымына байланысты:
Жедел /2 айға дейін/
Созылыңқы /2-8 ай/
Созылмалы /8 айдан жоғары/
Ауырлығына байланысты:
Жеңіл.
Орташа.
Ауыр.
Асқынуына байланысты:
1.Асқынған.
2.Асқынбаған.
Глоссарий:
Жалған круп – көмейдің шырышты қабатының қабынуы
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
Жедел рииттің себептері , клиникасы?
Баспа себептері, клиникасы?
Созылмалы тонзилит?
Стоноздаушы ларингит, диагностикасы?
Бронхит ,себептері, клиникасы?
Пневмония, диагностикалық критерийлері?
Емі және күтімі?
Тарататын материал: тестер, ситуациалық есептер:
Манипуляция алгоритмдері:
Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөз жұмбақтар
ЧЕК.парағы:
Үй тапсырмасы:Бронх демікпесі , Муковисцидоз. Балалардағы өкпе туберкулезі.
Қолданатын әдебиет:
К.А. Святкина, Е.В. Белогорская, Н. П Кудрявцева Алматы « Анатілі» 1993 « Балалараурулары»
Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, Шеховцева 2003г;
Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, 2002;
Тестер:
Ерте жастағы балалардың мұрын қуысының ерекшеліктері
Мұрын қуысы тар, қантамырларына бай
Мұрын қуыстары тар, қан тамырлары аз
Мұрын қуыстары кең, қантамырларға бай
Мұрын қуыстары кең, қантамырлары аз
Мұрын қуыстары кең, қантамырлары қалыпты
Жедел бронхитке тән белгі
Әлсіздік
Мазасыздану
Тәбетінің төмендеуі
Жөтел
Ларингоспазм
Пневмонияның қоздырғыштарын анықтау үшін өткізу керек
ҚЖА
ЗЖА
Өкпе рентгенография
қақырықты егу
ФГДС
Нәрестеде ринитте тыныс алудыңбұзылуы немен сипатталады
Емшек емудің қиындауы
Емшек емудің жеңілдеуі
Дене салмағының көбеюі
Іш өтпе пайда болуы
көзден жас ағу
Дауыс өзгеруі , дөрекі жөтел стенозды демалу кездеседі
Ларингостенозда
Трахитте
Бронхиттте
Пневмонияда
Фарингитте
Пневмонияда қоздырғышқа ем ретінде қолданады
Микробка қарсы
Саңырауқұлаққа қарсы
Деценсибиляциялық
қақырықты жібітетін
бронхолитиктер
Дене температурасының , қызуы, ентігу, жөтел , перкуторлы дыбыс қысқаруы неге тән
Жедел бронхитке
Созылмалы борнхитке
Жедел пневмонияға
Бронх демікпесіне
Туберкулезге
Жедел бронхитте қақырықты шығаруды жақсарту үшін қолданады
Виброциондық массаж, постуральді дренаж
Банкілер, қыша қағазы
Ылғалды оттегі
Қатаң төсек режимі, №15 диета
Ултра күлгін сәулесі
Жедел бронхиттің қоздырғышы:
Бактериялар
Вирустар
Қарапайымдылар
Саңырауқұлақтар
Паразиттер
Ерте жастағы балалардың көмейінің тарылуына бейімдейтін факторлар:
Дауыс желбезектері кең
Дауыс желбезектері тар
Көмейдің формасы цилиндір тәрізді
Көмейдің формасы дөңгелек тәрізді
Көмейдің формасы сопақша тәрізді
Ситуациялық есептер:
1 есеп 12 айлық бала ауруханада ринофарингитпен жатыр,
дене қызуы 38,9 жөтеледі, мұрнымен дем ала алмайды. Түн ортасында кенеттен баланың жағдайы нашарлайды. Жөтелі үдеп құрғақ, дөрекі болды, тынысы тарылып ентікті, танауы желбіреп, аузымен ауа іздеп қысылды. Қабырға аралары тыныс алғанда тартылады, ерні көгеріп кетті.
Сіздің диагнозыңыз?
Жедел көмек .
2есеп ЖРВИ –мен ауыратын 5 жасар баланың ауруының 3-ші күні, қызуы 39 градусқа көтеріліп, жөтелі жиілеп ылғалды болды, ентігеді.
Дәрігер қарағанда: тынысының жиілігі 1 минутта 40, танауы желбіреген, қабырға арасы тыныс алғанда тартылады, ерні көгерген.
Сіздің диагнозыңыз ?
Емі, күтімі .

Приложенные файлы

  • docx 11080311
    Размер файла: 41 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий