Четвертый подвиг Геракла


Мұзафар Әлімбаев ағамыз айтқандай:
Ырыс алды - ынтымақ.
Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір — біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүре үгінде егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-сессиясында сөйлеген сөзінде «Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас емлекетімізді бекемдей түстік. Тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, дамудың қазақстандық жолын айқындадық» деп айтқандай, осы жылдар ішінде еліміздің дамуына татулық пен бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесінің зор болғанын ерекше атаған еді. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы күннен-күнге жанданып, түрлі этномәдени шаралардың ұйытқысына айналып келеді. Ассамблея қарамағындағы 16 қалалық және облыстық кіші Ассамблеялардың жұмыстары да ауыз толтырып айтарлықтай болып отыр. Соның бірі – Қызылорда облыстық Қазақстан Халықтары Кіші Ассамблеясы.Бұл Кіші Ассамблеяның негізгі жұмысы аймақтағы қоғамдық саяси тұрақтылықты, ұлтаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етуге және этникалық ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауға бағытталған. Қазіргі уақытта облыста оннан астам ұлттық мәдени бірлестіктер жұмыс жасайды. Олар: «Понтийцы» грек ұлттық мәдени орталығы, Түрік ұлттық мәдени орталығы, Татар ұлттық мәдени орталығы, «Вайнах» шешен ұлттық мәдени орталығы, «Lev ami» еврей ұлттық мәдени орталығы, Қазақстан кәрістерінің Қауымдастығы облыстық филиалы, Өзбек ұлттық мәдени орталығы, «Wiedergeburt» неміс ұлттық мәдени орталығы, «Славяне» ұлттық мәдени орталығы, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» Қызылорда филиалы және жуырда ғана шаңырақ көтерген Қырғыз ұлттық мәдени орталығы. Аталған ұлттық мәдени орталықтардың басшылары мен мүшелері мемлекеттік ұлт саясатының белсенді насихаттаушылары десек, артық айтқандық емес. Себебі мәдени орталықтардың өкілдері облыс көлемінде ұйымдастырылатын кең көлемді шараларға белсене қатысып қана қоймай, өз тараптарынан да шаралар ұйымдастыруды жолға қойған. «Мемлекеттік тілді білу – парызың» атты өзге ұлт өкілдерінің арасында облыстық олимпиада, «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» атты облыстық этномәдени дәстүрлер фестивалі секілді көптеген шаралар оған нақты дәлел бола алады. Ұйымдастырылған шаралар барысында ұлтаралық келісімді нығайту, бірлік пен татулық идеялары мен патриотизмді насихаттауға көп мән беріледі. Сонымен қатар өзінің ділін, ана тілі мен мәдениетін сақтау – ұлттық мәдени орталықтардың қызметінің мәні. Қызылорда облыс әкімдігі және облыстық ішкі саясат басқармасы және өзге де тиісті құрылымдар жыл бойы ұлттық мәдени орталықтармен ұлтаралық қатынастарды сақтау және олардың салт-дәстүрін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды бірге атқарады.Атап айтсақ: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі, «Рождество» мерекесі, «Масленница» «Остерн» (Пасха) мерекесі, «Сабантой», шығыс күнтізбесі бойынша мерекеленетін Жаңа жыл сияқты ұлттық мерекелер ешқашан назардан тыс қалған емес. Бұл мерекелердің барлығы облыс тұрғындары үшін дәстүрге айналған. Олар осындай ұлттық мерекелердің арқасында келешек ұрпаққа өздерінің салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарын кеңінен насихаттауға да мүмкіндік алады. Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Тәуелсіздік мерекесі секілді мемлекеттік деңгейдегі мерекелер де ұлттық мәдени орталықтардың қатысуынсыз өтпейді. Қазіргі таңда Сыр өңіріндегі 11 ұлттық этномәдени орталық елдің дамуына өзіндік үлестерін қосып, бірлік пен өзара түсіністік жағдайында жақсы нәтижелерге жетуде. Яғни бұл дегеніміз біздегі ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығын білдіреді.Баршаға белгілі, ұлтаралық келісім – экономикалық және саяси реформалардың алға жылжуына, демократияның одан әрі дамуына және қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешілуіне септігін тигізеді. Сондықтан ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері бейбітшілік пен достық, ұлтаралық келісім болуы үшін облыстың қоғамдық-саяси өміріне бұдан ары қарай да белсене араласа бермек. «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деген атам қазақ. Демек, жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір ұлттар арасындағы татулықтың арқасында Сыр өңірінде әлі де талай тындырымды шаралардың шымылдығы түріліп, тұсауы кесілері сөзсіз.йік.
Құт дарып, қыдыр қонған қасиетті жеріміздің, қабырғалы жұртымыздың шаңырағын шайқалтапай, теңдік пен татулықты ту етіп ұстаған Елбасының сара саясатының арқасында мемлекетіміздің іргесі сөгілмей осы күнге жеттік. Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарды саралау, өзгерістер өлшемін дәйектеу Тәуелсіздігіміздің туын аспандата түсті. Оның негізі осыдан 22 жылдан астам уақыт бұрын қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңынан бастау алған болатын. Бұл еңселі ел болудың жолын шыңдаған, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бағытталған маңызды құжат еді. Ең бастысы, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің алдында бүкіл қоғамдық, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік қатынастарды реформалау қажеттігі туындады.Қашан да алғашқы қадамды жасау қиын. Ал егемендігін енді алып, бүкіл саладағы жұмысын әліппеден бастағалы отырған жас мемлекетті бүгінгідей кемелдікке жеткізу үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айналасына өз саласының білгірлерін топтастыра білді. Өйткені, бәтуалы істің тетігі білімді, еңбекқор, ізденімпаз кадрларға тәуелді екенін Елбасы жақсы түсінді. Міне, сондықтан да біз еліміздің сот, прокуратура, ішкі істер органдарындағы батыл бетбұрыс, жаңашыл реформалар үшін әуелі Мемлекет басшысына, содан кейін ел игілігі үшін бар күш-жігерін сарп еткен, өзі қызмет еткен ортаны заман талабына сай дамытуға үлес қосқан қайраткерлерге алғыс айтуымыз керек. Жетістікке марқаймай, қиындықтан тайсалмай Елбасының саясатын қолдап, мемлекеттің болашағы үшін барын аямаған азаматтар «Көп іздеген көмбе үстінен шығады», «Көптік қайда болса, тоқтық сонда болар», «Кеңесті елде кемшілік болмас» деген бабалар сөзінің растығын дәлелдеді.
Әділетті қоғамның кепіліне айналған қазақстандық сот жүйесі де сондай дара тұлға, кемеңгер басшылардың арқасында бүгінгідей биікке жетті. Кешегі дана билердің дәстүрін бүгінгі әлемдік тәжірибемен байыта отырып дамытқан сот билігінің небәрі 23 жылдың ішінде адам танымастай өзгеруі де сол білікті мамандардың ұсынысы, ізденісі, еңбегінің жемісі. Әр сала оны қалыптастырған тұлғалармен биік, беделді.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.
Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Денсаулық – байлық негізі.
Лейкоз —лейкоз. Қан түзетін тканьнің қатерлі ісігі, яғни қан жасау жүйесінің ауруы. Лейкоциттердің көбейіп, эритроциттер азаюы арқылы білінеді. Аурудың созылмалы және жедел түрлері бар. Қызыл иек тканінің шамадан тыс ісініп, ауыздың әр жерінде жараның пайда болуы, дерттің меңдеуін көрсетеді
Лейкоз лейкемия (грек. leukos — ақ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады. Соның нәтижесінде қан түйіршіктерінің (эритроцит, тромбоцит) саны азайып, ал жетілмеген лейкоциттер саны көбейіп кетеді. Лейкоз иондаушы сәулелердің (радиацияның), кейбір хим. заттардың (бензол, бензпирен, т.б.), вирустардың әсерінен дамиды. Клиник. ағымы бойынша және қан элементтерінің цитохим. өзгерістеріне қарай Лейкоздарды жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел Лейкоздер кенеттен басталады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, қызыл иектің қанап қабынуы, ауыз шырышты қабықтарының қанталауы, мойындағы, қолтық астындағы лимфа түйіндерінің шошынып ісінуі байқалады. Қандағы лейкоциттер саны 1 мкл қанда 10 мыңнан 100 мыңға дейін 109/л) жетеді, олар негізінен жетілмеген клеткалардан(10,0–100,0 тұрады. Шырышты қабықтардағы, денедегі қанталау ошақтары қан ұюына қатынасатын тромбоциттер санының азайып кетуіне байланысты болады. Қан тамырларының қабырғасына Лейкоз клеткаларының сіңіп қалуы — миға қан құйылуына әкеледі. Науқас адам қалтырап тоңады, қаны азаяды (қ. Анемия). Адамды әр түрлі инфекциялардан қорғайтын қалыпты лейкоциттердің, лимфоциттердің тапшылығы — организмде екіншілік инфекциялардың, өкпе қабынуының (пневмония), денеде іріңді ошақтардың, сепсистің дамуына алып келеді. Лейкоз клеткаларының ми қабықтарына таралуы науқасқа өте қауіпті жағдай туғызады. Тыныс алуы, жүрек соғуы жиілейді, адам әлсірейді. Созылмалы Лейкозға көк бауырдың, бауырдағы лимфа түйіндерінің өте ұлғайып кетуі жатады. Мыс., көкбауырдың салм. 5 — 8 кг, бауыр — 3 кг-ға дейін жетеді. Аурудың дене қызуы көтеріледі, тәбеті болмайды, қатты жүдеп әлсіздік пайда болады. Науқас тез шаршап, қатты тер басып, ентігеді, басы айналып, сүйектері сырқырайды. Қанда лейкоциттер саны ерекше көбейіп кетеді (1 мкл қанда 1 млн-ға дейін жетеді). Лейкоздың бұл түрі бірнеше жылдар бойы (кейде 5 — 8 жыл) дамиды. Егер ауру қатерлі ісік түріне ауысса, науқас 3 — 6 айдың ішінде өліп те кетеді.
«Әрбір  жаманшылықтың  жағасында  тұрып,  адамның  адамдығын  бұзатын  жаманшылықтан  бойын  жинақтау, бұл  адамға  нұр  болады» деп  Абай атамыз  айтқандай бүгінгі  -  тақырып  «ЖИТС-21  ғасыр  дерті» 
Қазіргі  уақытта  көптеген  аурулардың  алдын  ала  егілетін  вакциналары  бар, емі  бар.  Ал  ЖИТС  ауруының  қауіптілігі – оның  емінің  табылмай  отырғанында.  Бұл  дүние  жүзінің  халқын  алаңдатып  отырған  ғаламдық  мәселе.  Сондықтан  әрбір  адам  осы  ауру  туралы  жан-жақты  білсе,  мұндай  дерттің  алдын  алуға  болады. 
ЖИТС  (СПИД) – жүре  пайда  болатын  иммунитет тапшылығын  синдромы.  ЖИТС – ауру  емес,  ол  тек  басқа  жұқпалы  аурулардың  жұғуына  жағдай  жасайды.  Яғни  адамның  қорғаныш  қабілетін  төмендетеді. 
Ғалымдардың  есептеуі бойынша  ЖИТС  (СПИД)  ең  алғаш  20  ғасырдың  70 жылдары  АҚШ, Гаити, Африкада  тіркелген,  1979-81 жылдары  Нью-Йорк  пен  Лос-Анжелес  дәрігерлері  адамдардан  иммунитеттің  нашарлығын  байқаған.  Олар  қан  тамырының  ісігі  (саркома  Капоши)  және  пневманияның  сирек  формасымен  ауыратын  адамдар.
1982  жылы  ауруларды  бақылау  орталығы  жаңа  ауру  ЖИТС-ты  тіркеді.  1983  жылы  француз  Люком  Монтанье  мен  американдық  Роберт  Галло  ауру  қоздырғышы  туралы  алғашқы  мәлімет  айтты. 
1981  жылы  Америкада  (Атланта) ауруды  бақылау  комитетінің  баяндауы  бойынша  гомосексуалистер  арасында  өкпе  қабынуынан  және сирек  болатын  жаңа түзінді  /денеде/ сияқты  бұрын  таралмаған  түсініксіз  аурулардың көбеюі үреймен  баяндалған.
Осыдан  соң  олардың  иммунитеттері  әлсіреп, әртүрлі  қатты  аурулардың  себебінен  өлім  жиіленгені Бұл  аурудағы  иммундық  жүйені  толық  жоятындығынан  бұл  вирус  АИВ (адамның  иммунитет  тапшылық  вирусы)  деп  белгіленеді.  туралы  мақалалар  жарық  көрді.  Бұл  ЖИТС  еді. 
ЖИТС – бірте-бірте  дамитын,  кейде  5  жылға  созылып,  адамды  ақыры  өлімге  жеткізетін  кесел. 
ЖИТС-пен  ауру-өлім  жазасына  кесілгенмен  бірдей.  Себебі дүние  жүзінде осы  уақытқа  дейін  әлі  оны  толық  жазатын  емжоқ.  Тек  қана  бірақ  жол-ол  сақтану, алдын алу.
Есірткі  қабылдау да  өте  қауіпті.  Себебі  нашақорлар  пайдаланылған  шаншу  инелерін  бөліскенде  қауіпті  аурулар  жұғуы  мүмкін.  Мысалы  СПИД  пен  гепатит  осылай  тарайды. 
Соңғы  жылдары  республикамызда  ЖИТС-ке  қарсы  арнайы  қызмет  жүйесі ұйымдастырылған.  Қазіргі  кезде  республикамызда  ЖИТС-тен  қорғану  жұмыстарынатқаратын  18  орталық,  64  зертхана  бар.  Олардың  жұмыс  бағыттары:
1.  Вирус  жұқтырған  адамды  іздестіру.
2.  Ауру  адамды  дәрілерлік  бақылауға  алып,  вирустың әрі  қарай  дамуына  жол  бермеу.
 Жақсылық  көрсем  өзімнен, 
                        Жамандық  көрсем  көзімнен.
                        Тағдыр  қылды деулерді,
                        Шығарамын  сөзімнен. (С.Торайғыров).
Қорыта  айтқанда  әр  оқушы аурудың  алдын  алу  үшін  ауырмай тұрып,  ауырмайтын  жол  іздеу керек.  Салауатты өмір  салтын  ұстану,  жеке  бастың  тазалығын  сақтау  арқылы айналасындағыларға  дерттің  алдын  алуға  мүмкіндік  жасайды. 
Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.[1]Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.
Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.
Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Денсаулық – байлық негізі. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Жеке бас тазалығының ережелері. - Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; - Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; - Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; - Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; - Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл; -Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел; - Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой; - Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс; - Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын; - Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн; - Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен; - Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл; - Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста; - Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт; - Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой; - Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой; - Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын. - Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой. Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
Денсаулық дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларыт бейімделуі.
Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі. Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды, Олар: 
Физикалық денсаулық – ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
Соматикалық денсаулық – Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы.
Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. «Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік қажеттіліктен туындайды. Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде отуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы. 
Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді. 
Адамдардың денсаулығы негс байланысты болады деген сауалға келетіы болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; – денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.
Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: "Ішімдікпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым дей бер" деген ұлағатты сөз бар. Бүгінгі батыстық әдеттерден арыла алмай жүрген кейбір жастарымызды сол адамгершіліктен баяғыда қоштасқан десек те болады. Ондайлар өздері өмір сүрген қоғамды қайтіп көгертеді, елінің қамын қашан ойлайды, оны қалай қорғамақ? "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал, барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Осы орайда мектеп-лицейімізде әр айдың соңында «Салауатты өмір салты – лицейдің өмір қалпы» деген ұранмен спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Дені сау ұлт – жалпы ұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек» – деп атап айтқан еді. Сонымен қоса, баланық шақтан бастап денешынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек екендігіне баса назар аударды.   Міне, осы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, дені сау, денешынықтыру және спортпен шұғылданатын тәні сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында лицей осындай іс-шараларды үнемі өткізіп тұру керек.
Ел басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.б. бағытталған» делінген.
Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді
— Өзіңді тану- өзіңнің көңіл күйіңді, мінез- құлқыңды, қабілетіңді, сезіміңді, ойыңды, жалпы болмысыңды тану. Табысқа жетудің бір кепілі- жақсы мінез- құлық. Жақсы мінез- құлық айналадағылармен жылы қарым- қатынасқа құрылған мәнді өмір негізі. Адам өз бойындағы жағымсыз мінездерінен арылуға ұмтыла отырып өзін-өзі тәрбиелейді.
Өзін ғана ойлаған
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған
Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі ізгіліктен қалыптасады.Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек.
 Адамгершілік адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі. Ол қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйламайды. Қазақта мақал бар:«Әдепті бала ата-анасын мақтатар,әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.» бұл мақалдың мән мағанасы үлкенді құрметтеуге, сыйлауға әдепті болуға үйретеді. Өзіңді және өзгені сыйлау білу адамгершілікке жатады. Әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, Отанын, жерін сүйетін, бауырмал, жолдастыққа адал, ата-анасын құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу өзектілігі туып отыр. «Жаста білген, басқа сіңген тәлімің, өзің өлмей сүйегінен қала алмас», деп классик жазушы І. Жансүгіров айқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді. Оны туған елге, жерге, халқына сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге баулап, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеп өсіру – бүгінгі таңдағы аса жауапты міндеттердің бірі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері білім беру саласында ғылымның дамуында, саясатта, мәдениетте, жалпы қоғамда көптеген өзгерістер болды. Педагогтардың міндеті – оқытудағы жаңа көзқарасқа басты назар аудару: бала тұлғасының даралығын мойындау. Тағы бір міндеттерінің бірі – адамды үйлесімді дамыту. Білім беруге жаңа ықпал – адамгершілік – рухани білім беру. Баланың қабілетін ашу қажет, себебі ол өзіне жол таба білетін, өз күшіне өз тағдырына сенетін болу қажет. Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері. Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық. Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы - оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты: - əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай; - əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді. Үгіттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне келтіруге болады. Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз əрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді. [1] Үлгі-өнеге - өте əсерлі тəрбие əдісі.
ҚОРЫТЫНДЫЛАЙ КЕЛЕ МЕНІҢ АЙТАРЫМ:
Жақсыға ұмтыл, жаманнан тыйыл”. Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді. Адамгершілік- мәнді өмір бастауы. Алдағы өмірлеріңе сәттілік тілеймін.
Четвертый подвиг Геракла.
Керинейская лань
left0Целый год после истребления Лернейской гидры Геракл и Иолай наслаждались покоем в Микенах, теша себя охотой и состязаниями. Когда год миновал, явился к Гераклу Копрей."Выслушай новый приказ царя Эврисфея,— сказал он Гераклу.— На склонах Аркадских гор стала появляться лань с золотыми рогами и медными копытами. Крестьяне называют ее Керинейской, по имени города, близ которого ее впервые увидели. Многие пытались поймать ее, но, едва завидев людей, лань в мгновение ока скрывается в непроходимом лесу. Приведи эту лань живьем царю Эврисфею. Для победителя Немейского льва и Лернейской гидры выполнить это будет простой забавой".С этими словами Копрей ушел.Задумался Геракл. "Поймать Керинейскую лань труднее, чем победить Немейского льва и истребить Лернейскую гидру,— сказал он Иолаю.— Немало рассказов слышал я об этой лани. Она — священное животное богини-охотницы Артемиды. Вот почему Эврисфей приказал поймать лань, но не убивать ее. Он страшится гнева Артемиды. Собирайся, Иолай в дальний путь. Выполним мы и этот приказ Эврисфея".И отправился Геракл с Иолаем в дикие горы Аркадии. Ни своей тяжелой дубины, ни лука с ядовитыми стрелами Геракл не взял, зато прихватил с собой крепкий топор да острый нож.
Неприступные горные кручи Аркадии, поросшие непроходимым лесом, были главным препятствием на пути верных друзей. Они прорубали просеки, валили деревья и перекидывали их через глубокие пропасти, пробивали ступени на отвесных скалах, поднимаясь все выше. Снежные лавины осыпали их ледяной пылью, прямо над их головами проносились грозовые тучи…Однажды, когда первые лучи восходящего солнца окрасили нежно-розовым цветом снега горной вершины, Геракл увидел лань с золотыми рогами. "Смотри, вот она, Керинейская лань", — шепнул Геракл Иолаю.Лань стояла так близко, что убить ее было бы легко, но они должны были взять ее живой. Гераклу казалось, что лань смотрит на него с насмешкой: попробуй, поймай меня, догони, если сможешь.Но стоило только пошевельнуться Гераклу, как лань быстрее ветра помчалась прочь. Разве мог герой упустить ее? Каких трудов и лишений стоили поиски этой лани! Бросился Геракл за ней в погоню. Целый день он преследовал неуловимое животное, потом второй, третий… Иолай остался где-то далеко позади. А лань, не зная усталости, неслась через горы, через равнины, прыгала через пропасти, переплывала реки, убегая все дальше и дальше на север — в страну Гипербореев. У истоков реки Истр лань, наконец, остановилась и снова посмотрела прямо в глаза своему преследователю. Только на сей раз увидел Геракл в ее глазах укоризну.Долго стояли друг против друга — могучий герой и быстроногое животное. Потом Геракл сделал шаг, другой, подходя к лани все ближе и ближе. Вот уже их разделяет расстояние протянутой руки: осталось только схватить лань за рога. Но лань, отпрыгнув в сторону, снова помчалась, как выпущенная из лука стрела, теперь назад, к югу.И снова началась погоня через равнины, леса. Геракл догадался: лань стремится в родные ей горы Аркадии, под защиту своей покровительницы Артемиды. Отчаялся Геракл,— не отдаст ему Артемида священное животное, но остановиться, бросить погоню сын Громовержца не мог.Остались позади Фракия, Фессалия, Беотия, а погоня все продолжалась. Горы Аркадии были совсем рядом, когда лань покорилась Гераклу: может быть силы оставили ее, а может быть она поняла, что от судьбы убежать нельзя. Связал Геракл златорогую лань, взвалил себе на плечи и пошел не спеша в Микены19.Вдруг на лесной тропинке появилась перед ним прекрасная дева в короткой легкой тунике, с охотничьим луком в руках и колчаном за плечами. Лицо ее было гневно, глаза сверкали негодованием. Повелительным жестом она остановила Геракла и сказала: "О жадные смертные! Разве вам мало дорог и полей в широких долинах? Зачем вы нарушаете тишину моего заповедного леса? Что плохого сделала тебе, человек, эта беззащитная лань?"Геракл узнал прекрасную деву — Артемиду-охотницу."Не гневайся на меня, богиня!— ответил он ей.— Я пришел сюда не по своей воле. Поймать Керинейскую лань приказал мне царь Эврисфей, а служу я ему по воле всемогущего Зевса. Значит здесь я потому, что так хочет Зевс. Хочешь ты того, богиня, или нет, на эти высоты рано или поздно придут люди. Здесь так прекрасно, отсюда далеко видно вокруг, здесь воздух чист, и сам человек, поднявшись сюда, станет чище и лучше".Взгляд богини смягчился. Она подошла к связанной лани, ласково потрепала ее и сказала: "Ну, что ж, Геракл, иди своей дорогой. Я не стану отнимать у тебя твою добычу. А ты, подружка, скоро вернешься ко мне!" С этими словами Артемида исчезла, словно растворилась в воздухе.Придя в Микены, Геракл, по особому желанию Эврисфея, показал ему Керинейскую лань — лани трусливый царь не боялся. "Возьми ее себе, Геракл. Можешь зажарить ее и съесть. Мне эта лань не нужна",— сказал Эврисфей.Геракл вспомнил слова Артемиды: "Скоро ты вернешься ко мне!" Чтобы эти слова исполнились, он принес лань в жертву богине-охотнице.

12 подвигов Геракла:
Немейский лев (первый подвиг)
Лернейская гидра (второй подвиг)
Стимфальские птицы (третий подвиг)
Керинейская лань (четвертый подвиг)
Эриманфский вепрь (Пятый подвиг)
Авгиевы конюшни (шестой подвиг)
Критский бык (седьмой подвиг)
Кони Диомеда (восьмой подвиг)
Пояс Ипполиты (девятый подвиг)
Стадо Гериона (десятый подвиг)
Яблоки Гесперид (одиннадцатый подвиг)
Укрощение Кербера (двенадцатый подвиг)
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ № 145
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ
Р Е Ф Е Р А Т
ТАҚЫРЫБЫ:
«Күннің көзі – ортақ, жақсының сөзі -артық»
ТЕКСЕРДІ: Габдулова А.
ОРЫНДАДЫ: 6 А сынып оқушысы
Төлеуғазы Б.
АЛМАТЫ 2016
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931)
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.
Өмірбаяны
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
Шығармалары
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтікағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.
Хафиз, Физули, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шәкәрімнің бір өлеңі:
Біреу сені мақтаса, қуанасың, Жамандаса, жабырқап суаласың. Мақтаған кім, сөккен кім — онда ісің жоқ, Бәрібір сен де елірме дуанасың.
Дос мақтасса, не пайда онан саған, Дұшпан сөксе, не кемдік көрдің жаман? Шын сөзбенен мақтаса иә боқтаса, Мақтау — пайда, зиян ба жамандаған?
Бойда жоқпен мақтаса, яки сөксе, Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе? Ғаділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғын, Солар сөкпес іс қылар жолды көксе.
Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін, Дұшпан мақтар елірте бермек үшін. Есептемей есірік елің мақтар, Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.
Бұл үш мақтау берер ме саған пайда, Мақтаулыны білерлік адам қайда? Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік Жол таптағы ақылды солай айда.
Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе үшін, Дұшпан сөгер сыртыңнан қайрап тісін. Өнері жоқ, өсекшіл ел жамандар, Өтірік пе, рас па, көрмей ішін.
Келеркетер зиян жоқ мұнан тағы, Мін болмайды наданның қорламағы. Білімділер сөгерлік ісің болса, Жоғалта бер, айласын ойладағы.
Түйіп айтқан талассыз мақтау, боқтау, Жақсы іске — ындын, зиянға салар тоқтау. Көп наданның сөзімен құйқылжысаң, Сен де жында боласың есі жоқтау!
Кеңестік заманның әділетсіздігінен зардап шегіп, қарақшының қанды қолынан қаза болған көрнекті ақын, философ әрі сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының соңында қалған мол мұрасымен туған халқы кешігіп қауышты. Шәкәрім Абайдың қайталанбас ән дәстүрін жалғастырып қана қоймай, оны ары қарай дамытқан тума талант иесі еді. Оның сұлу сазға, әсем әуенге бай алуан қырлы ойлы әндерінен адамдық болмысы, өмірге көзқарасы, асқақ арманы айқын көрінеді. ӘКЕ АМАНАТЫНА АДАЛДЫҚ Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары елдің саяси өміріндегі орын алған жылымық қазақ әдебиетінің бір топ шоқ жұлдыздарының ақталуына өзінің септігін тигізгені мәлім. Солардың арасында Абайдан кейінгі кесек тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы да бар еді. Дәл сол кездері ақынды елімен жақынырақ таныстыру яғни қайта қауыштыру, мол мұрасын кеңінен насихаттау, зерттеу, талдау мәселесі қолға алына бастағаны белгілі. Міне, осы тұста біз Шәкәрімнің сазгерлік өнерін зерттеп жүрген музыкатанушы Талиға Бекхожинамен кездесіп, ол кісіні әңгімеге тартқан болатынбыз. «1966 жылдың ақпан айы болатын. Ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыка бөліміне алпысты алқымдаған, ұзын бойлы, тіптік, қара торы кісі келді. Ол кезде бөлім бастығы академик Ахмет Жұбанов еді. Екеуі өзара шүйіркелесіп біраз әңгімелескеннен кейін Ахмет Қуанұлы мені қасына шақырып: «Мына кісі белгілі ақын Шәкәрімнің баласы. Сен осы кісі айтқан әндерді жазып ал, ноталарының бір данасын маған, екіншісін мына отырған Ахат ағаңа бер»,деді. Сөйтіп, артына аса бай мұра қалдырған, ғажайып дарын иесі Шәкәрімнің әндерін алғаш нотаға түсіру бақыты менің үлесіме тиді.Сол жолы Ахат әкесінің «Жастық», «Шын сырым», «Ажалсыз әскер», «Насихат», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек ән», «Кетермін, артымда сөз, әнім қалар», «Тыныштық жоқ, тыным жоқ», «Қалқаман Мамыр», «Дубровский» деп аталатын он үш әнін өзінің орындауында магнитофон таспасына жаздырды, деген еді сонда Талиға ерекше мақтаныш сезіммен. Ал екі жылдан кейін ол әкесінің тағы бір әнін әкеліп, Талиғаға тапсырады. «Мен олардың тональдық түрлерін сақтай отырып нотаға түсірдім. Мұхтар Әуезов мұражайындағы бір кездесуде бұл әндерді күйсандықта ойнап, айтып бергенімде, Ахат ағай қатты толқып, көзіне жас алды. Ризашылық білдіріп, алғыс айтты. Ахаттың өзі де зерек, алғыр болып ержетсе керек. Тұлпардың тұяғына тән қасиет оның бойына әкенің қанымен дарыған десек ақиқаттан алшақ кетпеспіз. Дерек көздеріне сүйенсек, жастайынан әке өнегесін көріп өскен ол әндерді Шәкәрімнің өзінен үйреніп, жадында жаттап алған көрінеді. Әрі өзіде сазгер болғандықтан әндерді дәлмедәл үйренгені даусыз. «Сондықтан Ахат жаздырған ән үлгілерін негізгі нұсқа деуге келеді. Әрине, Шәкәрімнің өзінің шығыс нота жазуымен қағаз бетіне түсірген қолжазбасы табылса, сөз басқаша болмақ», дегенді Талиға. Қазақтың дәстүрлі әншілерінің орындаушылық өнерінің ерекшелігіне байланысты мына бір жайды айта кеткен жөн. Олар алуан қырлы халық әндерін үйрену, игеру барысында өзінің танымталғамына, айту мәнері мен шеберлігіне әрі оның өзіндік деңгейіне байланысты әндерге өзгерістер енгізетіні біз айтпасақ та түсінікті. Кейбір әншілер айтуға ауыр сөздерді, шумақтарды өздерінің дауыс ауқымына қарай алмастырып отырған. Кейде өздері де жеңіл, жүрдек әуен тауып немесе өздері әнге лайықты жаңа сарын шығарып орындап та жүрген. ЖАҢА ОЙДАН ТУҒАН БӨЛЕК ӘН Шәкәрім әндері мұндай өзгерістерге аз ұшырағанын байқау қиын емес. Себебі, әндерінің көбісі баласының айтуымен қағазға түсірілгендіктен олар түп нұсқасын, мәнмағынасының тереңдігін, форма өзгешелігін, өлең құрылысын, ән мақамын бәз қалпында сақтап қалған. Ақынның әуендері күрделі, иірімдері қиын болып келетінін Шәкәрімнің әндерін орындап жүрген әншілерден талай рет естідік. Өйткені, олар қалыптасқан қазақтың халық әуендері үлгісінен шығыңқырап кетеді. Себебі, әннің сөзінің құрылысы солай. Өлеңнің өзі ақынға тән басқа формамен жазылған. Бұған дәлелі 1925 жылы жазылған, бүгінде әншілер Жанар Айжанова мен Тамара Асар айтып жүрген «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», деп аталатын әні. Енді ән сөзінің құрылым ырғақтарына көз жүгіртіп көрелікші: Ән өлшеуіш, Өлең күміс, Қоспаңыз мыс Аралас, Артық алу, Не кем салу, Қарпі қалу Жарамас, v мұндай өлең жүйесі, ән сөзі Абайдың «Сегіз аяқ» әнінде кездеседі, бірақ онда: Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиядан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған, деп Абай мөлдіретіп, төгілдіріп әкетеді. Ал Шәкәрім әндерінде әр сөзге салмақ сала айту мәнері байқалады. Бұл әннің әр сөзінің мағынасын тереңірек ашуға бағытталғанын әрі сазгердің өзіне тән қасиетін, қолтаңбасын көрсетеді. Ұлы ойшылдың әндерінде қазақ өлеңдерінде жиі кездесетін алтыжеті сегізон бір буынды өлеңдер шумағымен қатар тоғызонон екі буынды өлең жолдары жеке шумақ ретінде немесе бір шумақ өлең ішінде кезектесіп келіп отырады. Міне, осыған сәйкес ақын әуендерінің де ауқымы кеңейіп, яки қысқарып бұрынғы қазақ әндері формасынан мүлдем өзгеше, жаңаша болып шығатыны осыдан болса керек. Сахналардан, теледидарлардан, радиолардан анда санда естіп қалғанда бір байқағанымыз Шәкәрімнің әндерінде қазақтың халық әндерінде жиі кездесетін дәстүрлі «ай», «ей», «беу», «ахау», «ой», «сәулем» сияқты одағай қыстырма сөздер жоқтын қасы. Әуен мен өлең әрқашан бірбіріне дәлмедәл келіп үйлесіп тұрады. Қазір оның кейбір әндерінің екі түрлі сөзі бар екені анықталып отыр. Мысалы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шырқап жүрген «Кебек батыр» әні; Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы, Жуантаяқ Тоқтамыс дейтін кісі. Жамағайын жақыны сол кісінің, Бар екен Кебек деген бір інісі,деп басталса, осы әннің ендігі бір сөзі: Қысылып Нысан абыз батты терге, Қарайды, сөз сөйлейді Кебек ерге: «Ажалың биік қабақ, сұрлау қыздан Батырым, ондай қызға жолай көрме, деп басталады. Бұны «Еңлік Кебек» әнінің үшінші түрі деп те айтып жүр. Жалпы осы әннің төрт түрі болса керек. Бұдан басқа «Ләйлі Мәжнүн» әнінің де екі түрі бар екенін білеміз. Ақынның өзі кезінде әншілерге солай айтуға рұқсат еткен бе немесе олардың өздері өзгертіп, үйлестіріп айтқан ба, ол арасы әзірге бізге белгісіз. Ахаттың айтуынша, деп еді сонда Талиға үзілген әңгімесін қайта сабақтап, Шәкәрім «Ала байрақ», «Бозторғай» атты күйлер де шығарған. Алайда, бұл арада түйінді пікір айту қиын. Бұл күйлерді Шәкәрімнің өзі шығарды ма әлде ежелден келе жатқан халық күйлері ме, ол арасы әлі нақты зерттеліп біткен жоқ. Ол келешекте анықталып, табылған тиісті деректермен дәлелденіп, басы ашылар деп үміттенемін. Себебі сазгер екі ішекті домбырамен қатар үш ішекті домбыраны да кеңінен қолданған әрі шебер ойнаған».
ШӘКӘРІМ ӘНДЕРІН КІМДЕР АЙТҚАН?
Кезінде Шәкәрімді көрген белгілі этнограф Садық Қасиманов өзінің естелігінде: «Сонда мені, әсіресе, қайран қалдырғаны Шәкәрімнің өлеңі мен сол өлеңдеріне шығарған өз әндері болатын. Ол кезде Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа білмейтін адамдар Тобықты елінде кемдекем болатын. Ал Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды. Мен солардың орындауында Шәкәрім әндерін тыңдадым. Шәкәрімнің үш ішекті домбырада ойнағанын көрдім, бірақ өзінің ән салғанын көре алмадым. 1924 жылы Жамбасқұдық деген жерде Шәкәрім өз әндерін Әбдіғалиға орындатып, оның орындау мәнеріне көптеген түзетулер, ескертпелер айтып отырғанының куәсі болдым. Солардың кейбірі есімде қалыпты. Ол кісі өз әнін орындау үшін домбыраның жоғарғы тұсынан қосымша тағы бір перне тағып берді. Сонымен қатар Әбдіғалиға: «Домбыраны шерткенде асықпа, жылдамдатып ұра салма, тақтайды бет алды тарсылдата берме, ән әуеніне қарай саусақтар да кербез, әсем қимылдауы керек. Әсіресе, үстіңгі, үшінші ішектің сүйемелін орнымен пайдалан, деді. Әбдіғали бетаузын өте биязы ұстап, азырақ тістеніп, сыздықтата бастап еді, Шәкәрім: Әбіш, сенің әннен гөрі өз бетаузыңның әдемі көрінуін ойлағаның қалай? Олай етпе, бар әдемілікті айтып отырған әніңе қый, еркін отыр, бетауыз, дене, қол қимылдарын ән әуенінің еркіне жібер. Тынысты кең ал, екі ұрт пен ерінді тежей берме, орындаушы мүше солар ғой, деген сияқты ақылкеңестерін беріп отырды. Шәкәрім өте талғампаз, адам жанымен сырласа білетін ақын, сазгер әрі қол ісіне өте іскер адам еді, деп еске алады. Біздің бұдан байқайтынымыз Шәкәрім сазгер ғана емес, ол музыкалық аспаптардың акустикасын жете білетін, оның құлақ күйін шебер қоя алатын, әнді қалай орындау керектігін жете меңгерген өз дәуірінің озық ойлы, білімді азаматы екені. Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым қой, жұлдызым июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірденбір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.
ТҰҢҒЫШ ҚАҒАЗҒА КІМ ТҮСІРГЕН?
Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, деп жазған. Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақынжазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман Мамыр» балетіне, «Еңлік Кебек» пьесасына, «Еңлік Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян. Қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының музыкалық мұрасы түгел жиналып, толық зерттеліп болды деуден аулақпыз. Ақын - сазгердің әлі ашылмаған қырларын ашу, ел ішінде жатқан туындыларын жинау, орындалмаған әндерін тауып оны ел игілігіне айналдыру келешек ұрпақтың еншісінде демекпіз.
Торайғыров Сұлтанмахмұт
Өмірбаяны Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай ауылында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт Семей губерниясының Павлодар уезінен. Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай ауылында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт Семей губерниясының Павлодар уезінен.
Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902-1903 жылдары – Әлі, 1904-1905 жылдары – Тортай, 1906-1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады. Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902-1903 жылдары – Әлі, 1904-1905 жылдары – Тортай, 1906-1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.
Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.
С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы еркін қоғам туралы асқақ арманға қанық. Оның болашаққа ұмтылған әдеби мұрасы өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизм мен  Отанға деген махаббатқа тәрбиелеудің адамзаттық мәніне ие.
«Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін».
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда кім болам, - деп жырлаған ақынның шын мәнінде де, бүгінде қазақ аспанындағы рухани сәуле шашып тұратын ең жарық күндердің бірі болып мәңгілікке қалғанына ешкімнің де таласы жоқ екені анық.
Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы жайлы “Адасқан өмір” поэмасы, XX ғ. басындағы қазақтың іріп- шіріген билеуші табының ескен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн кетерген “Қамар сұлу” шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы – оны қазақ әдебиетіндегі демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті [1, 56-б.].
Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы – өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.
Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.
1908-1910 жылдары Сұлтанмахмұт Баянауылдағы медреседе оқиды. 1911 жылы Троицк қаласынан көрші ауылға келіп, молдалық құрған Нұрғалидан дәріс алады. Нұрғалидың көмегімен бұл кезде ол қазақ, татар тілінде шыққан кітаптарды, газет-журналдарды көп оқиды. Өлең, әңгіме жазуға ден қояды. Білімі толысып, өнерге құштарланған Сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек қашан келеді", "Оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым" деген әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы толғанады.
 1912 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт оқу іздеп Троицк қаласына барып, осындағы медресеге түседі. Қуанышында шек болмайды. Көңілін шабыт кернеп, "Оқудағы мақсат не?", "Анау-мынау", "Қандай?", "Зарлау" тәрізді бірқатар өлеңдерін жазады.
Әйтсе де бұл медреседе көп оқи алмайды. Туберкулез індетіне шалдығып, 1913 жылы Троицкідегі оқуын тастауына мәжбүр болды. Амалсыздан Троицк маңындағы қазақ ауылдарына барып, бала оқытады. Өзі де көп оқиды, өлеңдер жазады. Осында жүріп "Ауырмай есімнен жаңылғаным" – деген белгілі әңгімесін жазады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.
Ақынның 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. «Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады», тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді.
«Айқап» журналында жұмыс істеген жылдары (1913-1914) Торайғыров өлең мен әңгімеден басқа, бірқатар сыни мақалалар жазды (олардың арасындағы ең едәуірлері: «Қазақтың өлең жинақтары жайлы», «Әндер мен оны орындаушылар», «Қазақтарды оқыту жүйесі»), онда оқыту жүйесін жетілдіру қажеттілігі жазылған.
Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы адамдардың түсінік-танымындағы кереғар құбылыстарды бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы туралы толғанады.
1914 жылы революцияға кейінгі кезеңнің ең үздік туындысы «Қамар сұлу» романы жарық көрді. «Қамар сұлу» романы қазақ әдебиетінде мәні зор туындылардың бірі.
Жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романын басшылыққа ала отырып басқада ақын – жазушылардың шығармаларымен салыстыра отырып, кейіпкерлер портретін, мінез – қылығын сол сияқты тағы басқа қырынан ашуды жөн көріп отырмыз. С.Торайғыровтың осы тұста жазған алғашқы эпикалық туындысы «Қамар сұлудың» да негізгі тақырыбы. Бұл тұрғыдан оны әлеуметтік роман есебінде қарауға әбден болады. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздіктегі күйін көрсетуге құрғанмен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілігін, ұғым-нанымын терең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреткен, тоздырып бара жатқан әдет – ғұрыптың кертартпа жақтарын әшкерелейді.
Осыған жалғас жазылған «Кім жазықты?» романы да Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толғанысын тереңдете ашуға арналады. Сол негізде феодалдық – патриархалдық қоғамның күйреуін көрсетеді. 1916 жылы «Кім жазықты?» өлеңдер желісінде құралған романды жазумен өтеді. Мұнда ол қазақ қоғамы жайлы ойларын ел тағдырын ұстап тұрған белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез – құлқы жан – жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық – болыстық қызметі де халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық – зомбылықты, қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті қуып шығуға күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жанаруына бөгет болып отырған ауыртпалықтың жиынтық бейнесіне көтереді.
Бұл романдар – дәуірдің тарихи тақырыбын тап баса білген жаңашыл шығармалар. Әрине, ақын тарихшы емес. Ол тарихи оқиғаны түгендемейді. Мәселе – заманның рухын, дәуір сырын аңғартар моменттерді де дәл басып, оған тән белгілерді айқындауда. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ауылы өмірін, ескілшілдік жайлап тозып, іріп бара жатқан салт – сананың көріністерін энциклопедиялық суреттелген іргелі туындылар, ол көпті қинаған шындықты ашынып, батыл, ашық айтып, онымен күреске шықты. Бұл – Сұлтанмахмұт реализмінің ең бір биікке көтерілген тұсы. Мұның бәрі Сұлтанмахмұттың жаңа жол – «шындықтың аулын іздеуге» ұмтылуының заңдылығын көрсетеді.
Әр ақынның тағдыры әртүрлі жағдайда қалыптасады. Тұқымы топыраққа түсіп, оңай өнім беретін де, талмай ізденіп, қиыншылықпен алыса жүріп шындық жолын табатын да ақындар болады. Сөйте жүріп олар өз тағдырын өзі жасайды. Сұлтанмахмұт осы соңғы жолмен жүрген ақын. Ол өз өмірін өзі, өз өлеңімен жасады. Ақынның шығармашылық жолын қадағалай қарап, өлеңдерінің жазылу ізімен жүрсеңіз, бұған көзіңіз әбден жетеді. Сұлтанмахмұт көрген өмір азабы, жоқшылық, жас таланттың соған қарамай ізденіп шарқ ұру іздері – бәрі оның шығармаларында сайрап жатыр. Бұл жағынан оны өмірі мен тағдыры өлеңінде өрілген ақын деп айтуға әбден болады.
Шындықты іздеу жолында талант иесі әлеуметтік-саяси, философиялық әдебиетпен таныса бастайды, жалпы күрес алаңындағы өз орнын табу үшін заманның күрделі мәселелерін шешу керек. Оптимизм мен Отан болашағына деген сенімге толы шығармаларды Торайғыров өмірінің соңғы жылдарында, ауыр індетке шалдыққанда жазды. «Егер де сен өміріңді арманға арнасаң...» Торайғыровтың лирикасы тақырыбы бойынша әр алуан: азаматтық және философиялық өлеңдер бар, махаббат пен табиғат жайлы өлеңдері көп. Алайда, бастапқыда айтылғандай, Сұлтанмахмұт азаматтық ақын болды [2, 389-б.].
Сұлтанмахмұт әлеуметтік-саяси лирикаға бір жақтылық сипат берді. «Тағдыр», «Айт», «Кедей», «Оқудағы мақсат не?» және т.б. өлеңдері қоғамдық тәртіпсіздікке қарсылығымен ерекшеленеді.
Сұлтанмахмұт өз елінің адал азаматы болды. Ол халықтың басындағы ауыр қасіретті терең түсінді. Зорлық пен зұлымдыққа қарсы айбынды үн көтерді. Ақын, әсіресе, рухани езудің тілсіз құрбандығы болған қазақ әйелінің ауыр тағдырын тебірене жырлады. Оның «Қамар сұлу» сияқты шығармалары ашынған жүректің қанымен жазылды. «Кедей» поэмасы қазақ еңбекшісінің ауыр халін, қазақ сахарасындағы езушілікті аяусыз әшкереледі. Кемеңгер ақын өз қоғамының барлық құбылысын көрсете білді. Оның шығармалары алған мәселесінің кеңдігі, тереңдігі жағынан Абай дәстүрін ілгері дамытты. Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетінің Абайдан кейінгі ең биік асқары. Ол қазақ өмірінің шындығын жырлаған нағыз ұлттық ақынымыз еді. Өзімен тұстас ақынның ешқайсысы да дәл Сұлтанмахмұттай поэзиясын жалпы халықтық дәрежеге көтере алған жоқ.
«Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды.
«Адасқан өмір» (1918) - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. Поэмада күрделі философиялық ой-толғамдар басым.
Ақынның «Адасқан өмір» пайымдауы бойынша жарық дүниеде себепсіз жарала салған, жоқтан бар болған ештеме жоқ. Жалғанда қанша жан бар? Адам дейсің бе, маймыл дейсің бе? Әлде мал дейсің бе? Не ағаш, не шөп туралы әңгіме қозғап, сұрақ қойсаң да мейлің. Бәрі де белгілі бір себептің жемісі екені дау туғызбайды. Соншалық жан иелерінің ішінде адамның алатын орны бөлек. Табиғатта оның ми күші жетпеген құпия сырлар жылдан-жылға азайып барады. Дүниедегі бар нәрсені түрлі-түрлі түстерге енгізіп, себепті қолдан жасауға да адамның күші жетеді.
Поэма бес тараудан тұрады: «Мен — бала», «Мен-жігіт», «Мен — тоқтадым» «Мен— кәрі», «Мен - өлік». Ақынның ойынша, адамға туғанынан бастап адамгершілік тазалық, таза ой тән. Мұндайда бәрі тең: бай да, кедей де, христиан да, мұсылман да. Адам табиғаты бойынша мейірімді және рақымды, оның бойында керемет қасиеттер көп, алайда бұл оның «дәстүр, құдай, хан және алтын» билігіне түскенге дейін жалғасады [3, 24-б.].
Бұл қазақ ақыны Сұлтанмахмұт ғана емес, жалпы адамзат ұлы гуманистерінің арманы болғанын кім бекер дей алады? Адамзат қоғамының, елдер мен халықтардың тарихы олардың бастарынан кешірген үлкенді-кішілі оқиғалардың жай тізбегі емес, әділдік пен озбырлықтың, адалдық пен арамдықтың күрес тарихы. Озық ойлы, ақ ниетті адамдар жоғарыда Сұлтанмахмұт суреттегендей қоғамды аңсаған. Замандастарын сондай қоғам құруға жан сала шақырған. Бұл жолдың сайрап жатқан даңғыл жол болмағаны, ол жолға түскендердің көп қарсылықтарға кездесіп, көп адасқаны белгілі. Кезінде көп адамға дұрыс көрінген қоғамдық құрылыс, оның заңдары уақыт талабына жауап бере алмай мансұқ етілген де, басқа бір қоғамдық құрылыс, басқа бір заңдармен ауыстырылған. Өз заманын талмай таразылаған ғұламалар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері жаңа идеялар ұсынған. Олардың ой-пікірлері миллиондардың санасын билеп, әркімнің өз ойы, өз пікірі болып материалдық күшке айналған. Халықтың жаппай толқу, көтерілістері билеушілердің біреулерін лақтырып, олардың орындарына басқаларын отырғызған. Бір ғажабы, «бұл күнде адасудан көз ашпадым» деп Сұлтанмахмұт айтқандай, адамзат қоғамы қаншама көп ізденсе, соншама көп адасуды бастан кешірген.
«Кедей» поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» поэмасының кейіпкері сияқты кедей еш жерден бақыт таппайды: ал байдың малын бақты, шахталарға түсті, бақытсыздық пен қасірет бүкіл жерде оның жазмышына айналды. Кедей тұрмысының өмірлік көріністері өте анық суреттелген. Ең құрымағанда, аштықсыз қалыпты адам өмірін іздеуде мақсатына қол жеткізген жоқ [4, 109-б.].
Мұның бәрі Сұлтанмахмұттың жаңа жол – «шындықтың аулын іздеуге» ұмтылуының заңдылығын көрсетеді. Өзінің тегі жағынан Қамар бай қызы, бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз. Ол қазақ әдебиетінде көрінген жаңа тұлға, жаңа характер. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді. Басына күн туып, ескі салтпен айқасқанда ғана Қамар өршелене бастайды. Сөйтсе де ол махаббат сезімінен құр емес. “Ахметтің алғашқы хатында оқығанда, ол бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынымсыздықта қалады”. Мұнда пәк сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе – өз ойы, арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық. Тағы мұнда «Қамар сұлу» романында теріс сипаттарын көреміз. Мынау залымдықты көргенше, қаңғып өлейін. Мұны Ахметтің кетер алдында Қасен деген досына жазған хатында байқаймыз. Шыдай алмай күйіп – жанып кеттім қашып, Қамауға көре күйік жан таласып. Бұл күнде өлетінім сол қайғыдан, Қамардың халін ойлап жаным ашып дейді. Оқуды сылтау қылып, екі жүз шақырым жерден шаһарға кетті. Бұл арадан Ақметтің Қамарға деген сезімі бар және ғашығы үшін қиналуы, жаны ашуын байқаймыз. Енді бірде Қамардың қандай халге түскенін байқайтын болсақ, мына шумақтан көреміз. Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар, Амалсыз бәріне де көнген Қамар Айдай әлем аузының суын құртып, Арманда арсыздардан өлген Қамар.
Ал романның басындағы Қамар портретін ақын былай суреттейді. Бастапқы келтірген шумаққа қарағанда мұнан мүлде өзгеше, оны мына шумақтан аңғарамыз. Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Бал ауыз, балбыраған тәні қандай. Ақыл-ой, мінез-көрік түгел келіп, Толысып, толып тұрған сәні қандай. Сұлтанмахмұт Торайғыров жоғарыда келтірілген екі шумақта Қамардың портретін сәтті суреттеген. Жаңа заманның қызының бейнесін ашуға ден қойған. Ақын кешегі еркін де балғын өскен сұлу қыз, озбырлыққа душар болып, бақытсыздыққа ұшыраған сәтін байқатса. Мұндағы қарсыласқан екі түрлі портрет автордың осы гуманистік, азатшылдық идеясын береді. Осындай мысал келтіретін болсақ Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романындағы Жамал бейнесін алатын болсақ. Жамал – өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиындыққа да қарсы тұратын қайсар жан. Жамалдың рухани жан дүниесі, ішкі әлемі ғашығына жазған өлең хатында ашылады. Осындай дәрменсіздікті біз Ахмет сүйгеніне қолы жетпей арманда кеткен Қамар сұлудан да байқаймыз. Ағатай болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иектегі құрымыңа. Кірпідей аяқ – қолы жиырылған, Қосылар күн бар ма екен тұлыбыңа, – деген Қамар өлеңінен Нұрымды сүймейді тіпті мейлінше жек көреді. Оның кәрілігін, ұсқынсыздығын мазақ етіп, өлең шығарады.
Нұрым мен Оспанның жауыздығын әшкерелейтін осы өлеңде халықтың басына төнген ауыртпалықтың мұңлы сарыны байқалады. Ақын Жорға Нұрым бейнесін Қамар арқылы тіпті аша түседі. Ол Қалтан мен Оспан арқылы Қамарды ризашылықсыз, күшпен айттырады. Қамардың наразылығымен есептеспей, оны зорлықпен тартып әкетеді. Осындай қым – қиғаш қайшылықтар арқылы ақын әр нәрсенің бетін ашып көрсетеді. Осындай келеңсіз қатыгез алаяқ жауыздардың қолына түскен Қамардай қыздың бүкіл өмірі, қазақ қыздарының басындағы ең бір қиын жағдайда өмір кешкен бақытсыз махаббаттары үшін күрескен жаңашыл жастарды ақын қинала суреттейді [5, 56-б.].
Романда Нұрымды суреттеуінің өзі – ақ оның ебедейсіз, дөрекі, зұлым екенін бірден байқатады. “Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді – бірге атыстырып, елді қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді” десе, екіншіден, “Құр Нұрымның залымдығы мен атағы болмаса, әліпті таяқ деп білмейтін надан, пішіні де жаман, ауызы толған боғауыз бен былш – былш насыбай, ішпей мас, әрі нас, елу шамасында жасы бар, қойсақтардың басындай басы бар, жай форымның өзі сұп – суық, бүйі секілді, түксиген, күпсиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, дорба сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді”. Үшіншіден, Феодалдық ғұрыптың барлық тізгінін қолына берік ұстанған ол – елді жеп, қан қақсатып жүрген адам. Елдің оған шығарған бір шумақ өлеңінен де байқауға болады. Халқыңды қан жылаттың, Жорға Нұрым, Болдың ғой заманында сорға Нұрым. Оспан деген жұтқышы тағы шықты, Бара – бара қайтерсің, қайран күнім [6, 253-б.].
Сұлтанмахмұт поэзиясы - ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Шынайы ақындарымыздың бәрі де мың бейнелі классиктердің ізбасарлары екені де даусыз. Қайталама басылымы қарымсыз әрі тым сирек, насихатталуы да мардымсыз, зерттелуі ауыз жарытпастай аз болса да Сұлтанмахмұт мұрасына деген халық құштарлығы қашанда биік! Жастай жабысқан дерт – сырқаттық, жоқшылық пен тапшылықтың қасіретінен діңкелеп жүрсе де, мойымай қыруар білім теріп, өнер ізденіп, өлең шыңдап, өзіне дейінгілер көтерілген өр асқарларға құлаш ұрып, қыз бұрымындай қысқа ғұмырында тыңнан сөз асылдарын жасап үлгеру - ерлік емес пе?!
Сұлтанмахмұт өз заманының рухын мейлінше кең көрсете білген классик ақын. Қазақтың классикалық поэзиясының ардақты өкілі. Біз ұлы ақынның есіміне бас иеміз. Осындай дана ақынымыз болғанына мақтанамыз.
Азамат ақын қазақ халқының бақытты, мәдениетті ел болуын өмірлік арман етіп еді. Сол үшін де, ол өзіне «қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам» деп өршіл мақсат қойған болатын. Халықтың ғазиз ұлының сол арманы қазір орындалды. Қазақ халқы мәдениетті, азат ел болды.
Сұлтанмахмұттан зор әдеби мұра қалды. Бұл халқымызға қалдырған ақынның аманаты. Сол мұраны қадірлей білуіміз, оның алтын нәрін ала білуіміз керек. Шығармалары халықтың рухани өміріне терең қабысқан ақын мұралары әрбір оқушыға қымбат, әрі сүйікті. Сұлтанмахмұтқа берілген ең үлкен баға да осы. Мұндай сүйіспеншілікке әдебиеттің асқан алыптары ғана ие бола алады. Сол алыптың бірі – қазақтың халықтық, классик ақыны – Сұлтанмахмұт. Ол қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдыздың бірі. Қазақ халқы мәдениеттің биігіне өрлеген сайын, өткендегі мәдениет күрескерлеріне, ақындарына өшпес ескерткіш жасай береді. Ол ескерткіш ақынға деген халық махаббаты.
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1965 — 1986 жж.)

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.
Өмірбаяны
1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді. 1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.
Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М. Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С. Савицкийдің өліміне кінәлі етеді. Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е. Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.
Жетістіктері
Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған; қ. Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші.
HYPERLINK "http://wiki.iteach.kz/images/3/3a/%D0%9A%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B9.pdf" \l "page=1" \o "Страница 1"

Қаракерей Қабанбай батырдың өмірбаяны
Қаракерей Қабанбай  батыр (1692 – 1770ж.ж. ) Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра өзендерінің ортасындағы Қабанбайдың Үш бұлағы аталатын жерде дүниеден өтеді. Сүйегі Үш бұлақтан 3 шақырымда, «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Қазір бұл маң Қабанбай ауылдық округіне қарасты,Астана қаласынан 30 шақырымда.
Аңыздарда Қаракерей Қабанбай батыр бұл жотаға :Жиылып тегіс ас беріп,
Ту биені сойыңдар.
Арқаға арнап бейіт соғып,
От орныма қойыңдар.
деген өз аманаты бойынша жерленеді. Себебі, Қаракерей Қабанбай батырдың арғы бабасы Байжігіттен бастап,өз атасы – Мәмбет,әкесі – Қожақұл,екі ағасы – Есенбай,Есенаман,әпкесі – Меруерт,барлығы Арқаның тумалары. «От орным» деуі сондықтан. Шешесі Мәми (азан шақырып қойған аты-Нәбилә) әлі күнге дейін  Арқаны мекендеп отырған Ашамайлы Балта керейдің аты шыққан Баубек батырының  қызы. Бәрінің сүйегі «Найман қорымда» сияқты.
Қаракерей Қабанбай батыр туған кезде және көз жұмғанда найманның қаракерей,матай,төртуыл бұтағы негізінен,садырдың бір бөлігі  Есіл -  Нұра- Сарысу бойын,Қорғалжын,Теңіз көлдерінің маңайын жайлайтын.  Ұлытауға қарай Балталы,Бағаналы наймандар қоныстанған.
Дарабоздың өз жұрты Байжігіттер Аякөз маңынан алғаш рет 1817 жылы көрінеді. Онда Ұлы Қолбасшының дүние жалғанды артқа тастағанына аттай 47 жыл болған. Байжігіттердің Үржар,Алакөлге жете қонулары Матай – қызайлардың Алакөлді тастап,Тазабек бидің бастауымен Боздала арқылы Күнеске көшіп кетуінен соңғы 1855-1860 жылдар.
«Ерасыл» деп азан шақырылып қойылған есімге кейіннен жеңгелері алып денесіне орай - «Нарбала»,жолдастары әкесіне тартқан батыр болар деген оймен - «Ізбасар»,нағашы жұрты - «Қабанбай» аттарын қосты. 1723 жылы Түркістанда хан сайланып «Хан Батыр» атанды. Абылай ешкімге теңестірмей «Дарабоз» деп әспеттесе,қазақтың көзі де сөзі де болған Көмекей әулие – Бұхар жырау батырды «Көкірек әулие» деп төбесіне көтерді.
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Ормандай көп Орта Жүз,
Содан шыққан төрт тірек
деп,қазақтың сол тұстағы бар батырының,ел тұтқаларының басына қояды. Мәшһүр Жүсіп Көпей әулие «...Қазақта Қаракерей Қабанбайдай батыр болған емес» деп кесіп айтады.
Қаракерей Қабанбай Батыр туралы кейбір әдеби шығармалар тарихи шындықтан тым алыс жатыр. Мысалы, бабамыз Үрімжіге жылқы айдап бармаған. 1758 жылғы қарашаның 17-сінде Үрімжі саудасына баласы Едіге,немере інісі Туматай келгені Үрімжінің бас амбаны Нусанның Бейжіңге жолдаған есебінде тайға таңба басқандай жазылған. Бабамыз  наймандарды Жетісу,Семей,Өскемен жерлеріне өз билігімен бөліп орналастырмаған. Себебі, Қаракерей Қабанбай батырдың көзі тірі кезінде наймандардың аяғы Аякөз өзенінің сол жағалауына тие қойған жоқ еді. Дарабоздың елі-Төлек атайдың төрт ұлының арасынан, Қаракерей Қабанбайдың тірі кезінде бір-жар тайпа ғана Есіл-Нұра маңынан Шығысқа қотарылады. 1770 жылдардың соңында қаракерей-болатшының Жанбай би бастаған 600-дей шаңырағы,төртуылдың Ошан,Итемген би бастаған 600-дей шаңырағы алғаш рет Аякөз маңына жете тоқтайды. 1810 жылдарға дейін ары өте алмай Аякөзге тіреліп отырады.
Төлекетай бабамның төртеу екен баласы
Садыр, Матай ,Төртуыл, Қара керей ағасы
Аңыз болған халқына Қабанбайдай хас батыры-дарасы
"Қабекем қолда" деуші еді, қысылған қазақ баласы
Ұран болған халқына Батыр бабалар болмаса,
Болар ма еді кең байтақ, қазақтың дархан даласы.
Далаңа мынау қарашы, Ей, Қазақтың баласы

«Халық Қаһарманы»
атағына алғаш ие болған атақты тұлғалар.
«Халық Қаһарманы» атағымен ең алғаш болып, 1994 жылы армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов марапатталды. Сондай-ақ «Халық Қаһарманы» атағы қоғам қайраткері, металлург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ахат Күленовке, Қарағанды ғылыми-зерттеу совхозы – ауыл шаруашылығы институтының директоры Александр Христенкоға, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, генерал-майор Тоқтар Әубәкіровке, Қазақстанның екінші ғарышкері, генерал-майорТалғат Мұсабаевқа, РФ ұшқыш-ғарышкері Юрий Маленченкоға, Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Қасым Қайсеновке, Ұлы Отан соғысының ардагері Алексей Кулаковқа, Ұлы Отан соғысының ардагері Мурдин Таиповқа, академик Мұхтар Әлиевке, Қазақстанға еңбек сіңірген құрылысшы Аким Атмачидиге, академик, Қазақстан ҰҒА президенті Шафик Чокинге, КСРО Халық әртісі Роза Бағлановаға, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Қайрат Рысқұлбековке (қайтыс болғаннан кейін), Ұлы Отан соғысына қатысушы, РФ Батыры Бақтыораз Бейсекбаевқа (қайтыс болғаннан кейін), атақты композитор Нұрғиса Тілендиевке, КСРО Халық әртісі, театр режиссері Әзірбайжан Мәмбетовке, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Берлинге ту тіккен батыр Рахымжан Қошқарбаевқа (қайтыс болғаннан кейін), Ұлы Отан соғысының ардагері Хиуаз Доспановаға, Ұлы Отан соғысының ардагері Мәулен Қалмырзаға, Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Капоринге, армия генералы, Қорғаныс министрі болған Мұхтар Алтынбаевқа, ҚР Қарулы күштерінің аға лейтенанты Азамат Жұмаділовке, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа, Ұлы Отан соғысындағы даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына (қайтыс болғаннан кейін)
Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз,» — дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан «ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің» ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, «Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды». Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың ақсақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет «елім-ай» деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.«Біз — қазақ, ежелден азаттық аңсаған» демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азатыққа жасалған бір қадам.Орыс империясының екі басты самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп қонды. Бірі жан-жағына білім шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от бүркіп, жалмады. Адам өміріндегі ең ыстық, ең жақын нәрсе – Отан, төрт ана. Осы дәуірде, әсіресе қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айналып, тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. «Жаулаған елің өзіңе бағынсын десең — оның тілі мен дініне қол сұқпа», — деген екен Шыңғыс хан. Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді мәңгүрт, «қазақ емес» ұрпақ пайда бола бастады. Бірақ, бұл кезде де халқымыздың ауырын көтерер Қайрат, Ләззат сынды азаматтар табылды. «Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің». Қазақ жастары жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен дегеніне жетті. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір «соқтықпалы» соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды. «Мың өліп мың тірілген», енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды.Ал 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.Қазір Желтоқсан оқиғасына себеп болған нендей жағдай еді деген сұраққа жауап жиі ізделінуде. Меніңше КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының сол кездегі Қазақстан басшысын ауыстыру туралы ұйғарымынан туған наразылық мәселенің бір жағы ғана. Елдегі шетін жағдайлар оған дейін де қордаланып қалған еді. Өйткені, республикамыздың егемендігі ол кезде тек сөз жүзінде ғана болды.
Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументы
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.Көтер3ліс хронологиясы
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

Приложенные файлы

  • docx 11091018
    Размер файла: 196 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий