алтын дән к.ә


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Тобы: «Балдырған»І кішілер
Күні: 23. 09. 2014.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алтын дән».
Мақсаты: Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру,оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру;
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Топты ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне дайындау.
Қажетті көрнекі құралдар: Хрестоматия ,егін,комбайын суреттері.
Билингвальді компонент: нан-хлеб
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
«Шаттық» шеңбері
(балаларды ортаға жинау)
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл гүл жайнап толамыз.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасты.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Кіріспе әңгіме:
Балалар,бүгінгі оқу іс әрекетімізде ақын апаларың Күләш Ахметованың «Алтын дән» өлеңін мәнерлеп оқимыз:

Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән,
Тербеледі,толқиды.
Толықсыған тасқындай,
Көкжиекпен ұштасып.
Күн астында ақ бидай
Билиді қол ұстасып.
Сұрақ жауап арқылы түсіндіру.
Алтын дән дегеніміз сап сары болып өсіп тұрған бидай.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Астықты күзде жинайды.
Өсіп тұрған бидайды комбайын орып,астықты
Жүк машиналары қамбаға тасиды.
Алтын дән ақырында дастарқанға ас атасы нан болып келеді.
Сөздік жұмыс:
Алтын дән, ақ бидай,қамба, дала.

Сергіту сәті:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дидактикалық ойын: Алтын дән,
Ақ бидай,қамба,дала.
Балалар сергіту сәтін қимылмен жасады.
Балалар ойынға белсене қатысты.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
Қорытынды.
- Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде қандай өлең шумағымен таныстық?
- Тағы сендерге не ұнады?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды жеке-жеке атап мадақтау, бағалау.
Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға толық жауап берді.
Тәрбиешінің мадақтауларына ризашылық білдірді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өлеңнің мазмұнын біледі;
Қандай түсініктерді игерді: Алтын дәннің нәтижесі нан, оны қадірлеу керек екенін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Нанның үлкен еңбекпен келетінін түсінеді.
МдҰ әдіскері: Куспанова Р.Х.
МдҰ тәрбиеші: Сисенгалиева С.Х. .


Приложенные файлы

  • docx 11108877
    Размер файла: 16 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий