Ауылым-алтын бесігім атты өнер фестивальінің сценарийі


Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған
«Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық округтердің
арасындағы өнер фестивалінің сценарийі
Аса ауылы 14.08.2015ж.
Орталық алаң сағ: 19:00
Орталық алаң мен сахна тақырыпсай безендірілген
(Би «Еркеназ» орындайтын «Еркеназ» бишілер тобы, Ақбастау ауылдық округі)
(Фарфар)
Ортаға жүргізуші шығады
Елдос: Армысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін әнмен күй,өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары.
Жаныма жайлау, өрісің кең,
Сәлем туған ауылым.
Тай құлындай тебіскен,
Сәлем туған бауырым.
Қарлығаш: Армысыздар құрметті жиналған қауым, «Ауылым- алтын бесігім» атты өнер фестиваліне қатысушы қонақтар. Бүгінгі болатын кешімізде, ырысы мол, қонақ жайлы мекен Гродекова , бұрқырап жатқан бұлақтар мен көлдері бар Көлқайнар,қазақи иісі аңқыған таза, мөлдір, тұнық бастаулы Ақбастау және көп ұлтты халқы бар Қарой ауылдық округтерінің дарынды өнерпаздары өз өнерлерін ауданымыздың өнер сүйер жұртшылығына тарту етеді.
Елдос: Мерекеміз бүгінгі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, әнменен орта толсын – дей келе
Кезекті әнге берейік, Н.Тілендиевтің әні «Алатау» орындайтындар Нұргүл, Аслан Беккулиевтер(Көлқайнар ауылдық округі.)
Жүргізушілер бірге : Қарсы алыңыздар!
(ӘН)
Қарлығаш:Қожаберген Толыбайұлының «Елім – ай» әні Орындайтын: Фая Естаева (Ақбастау ауылдық округі.) Қабыл алыңыздар!
(ӘН)
Елдос: Асау уақыт шын талантқа бас ұрар,
Өнерліге бақыт жолы ашылар.
Кетбұға боп, Құрманғазы, Дина боп,
Болашаққа күйден шашу табылар дей келе, -ортаға Гродеково ауылдық округінен Нұрберген «Ел айырылған»күйімен ортаға шақырайық.
КҮЙ
Қарлығаш:Ортада, Ақбастау ауылдық округінен келген биші қызымыз Әбдірәсілова Айгерімді «Аққу» биімен Қабыл алыңыздар!
(БИ)
Елдос: Келесі тамашалайтындарыңыз Сейдолла Бәйтерековтің әні «Әлия»Орындайтын: Жолдыбай Айдана(Ақбастау ауылдық округі)
(ӘН)
Қарлығаш:Гродеково ауылдық округін Кристина Морозованың орындауында «Мы – эхо» әнімен қарсы алайық .
(ӘН)
Елдос: Келесі тамашалайтындарыңыз, Көлқайнар ауылдық округінен Аслан Беккулиевтің орындауында «Қуанышым» әні. Қабыл алыңыздар!
(ӘН)
Қарлығаш:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әніменен жырымен бізге жеткен,
Жез таңдай өнерлі Жеңісбек Сабденбаевты«Туған жер» термесімен,қарсы алайық.
(ТЕРМЕ)
Қарлығаш:Келесі, Қарой ауылдық округінен «Қыран» түрік этно – мәдени орталығын «Түрік» биімен тамашалайық.
(БИ)
Қарлығаш:О, туған жер, айналдым қасиетіңнен,
Бабалардың нәр алдым өсиетінен.
Тәуелсіздік халқыма мәңгі болып,
Өсе берсін жастарым аман – есен дей отырып, сахнаға Гродеково ауылдық округінен «Русская красавица» ансамблін« » әнімен тамашалайық. Қабыл алыңыздар!
(ӘН)
Қарлығаш:Қазақстан көкке өрлеп атағы,
Дастарханнан мың дос дәмін татады.
Көк байрағын барлық ұлттар көтерген,
Қазақстан ынтымақтың Отаны-деп ортаға Қарой ауылдық округінен келген«Қыран» түрік этно – мәдени орталығын «Лезгинка» биімен қарсы алайық!Қошеметтеп отырайық ағайын!
(БИ)
Қарлығаш:Ән керек жыр кестені зерлетуге,
Шабытпен сезімдерді селдетуге.
Қызарып балқып барып күн батқанда,
Аялап армандарды тербетуге,-дей келе ортаға
Қарой ауылдық округінен Асханұлы Ағаділдің орындауында «Сәлем саған туған ел» әнін қабыл алыңыздар!
(ӘН)
Елдос: Көлқайнар ауылдық округінен, Тұрлыбек Арайлымның
орындауында «Қазақ елі осындай» әнін тамашалаңыздар!
(ӘН)
Елдос: Алдарыңызда Қарой ауылдық округінен Назерке Ахметтің орындауында
, Е.Хасанғалиевтың«Атамекен» әнін қарсы алайық!
(ӘН)
Қарлығаш: Сымбатты сұлу ғажап тым,
Қыздары қандай қазақтың!
Көрмесең сағындырған,
Биімен табындырған.
Аққудай арулардың,
Жолында жаның құрбан.-дей отыра,алдарыңызға Гродеково ауылдық округінің«Үкілі ару» бишілер тобын шақырайық!
(БИ)
Финал
(Хабарландырусыз)Аслан Беккулиевтың орындауында Бауыржан Есебаевтың әні «Алға Қазақстан»(өнерпаздар сахнаға шығып, бір шанырақ астына жиналады, әнді хормен орындайды, әнің аяғына қарай отшашу болады).
Қарлығаш:Құрметті көпшілік! Мерекелі де берекелі күндеріміз көп болсын дейміз! Шығармашылықтарыңызға шабыт, дендеріңізге саулық тілейміз ағайын!
Елдос: Бақытты бол келген жұртым бәрің де,
Өздеріңе күйім, биім, әнімде
Қоштасайық осыменен халайық,
Шаттық тілеп шаңыраққа әр үйге.- деп бүгінгі «Ауылым-алтын бесігім» - атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Жүргізушілер бірге : Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
С О Ң Ы
Концерттік бағдарлама
№ Шығарманың аты Авторы Орындаушы
1 «Еркеназ» биі «Еркеназ» бишілер тобы (Ақбастау а.о.)
2 «Алатау» әні Н.Тілендиев Нұргүл, Аслан
Беккулиевтер
(Көлқайнар а.о.)
3 «Елім – ай» әні Қ.Толыбайұлы Фая Естаева
(Ақбастау а.о.)
4 «Ел айырылған»
күйі Халық күйі Нұрберген
(Гродеково а.о.)
5 «Аққу» биі Әбдірәсілова Айгерім (Ақбастау а.о.)
6 «Әлия» әні С.Бәйтереков Жолдыбай Айдана
(Ақбастау а.о.)
7 «Мы – эхо» әні Кристина Морозова
(Гродеково а.о.)
8 «Қуанышым» әні М.Құсайынов Аслан Беккулиев
(Көлқайнар а.о.)
9 «Туған жер» терме М.Бесбаев Жеңісбек Сабденбаев
(Көлқайнар а.о.)
10 «Түрік» биі «Қыран» бишілер тобы
(Қарой а.о.)
11 « -------- » әні «Русская красавица» ансамблі
(Гродеково а.о.)
12 «Лезгинка» биі «Қыран» бишілер тобы
(Қарой а.о.)
13 «Сәлем саған туған ел» әні Е.Хасанғалиев Асханұлы Ағаділ
(Қарой а.о.)
14 «Қазақ елі осындай » әні М.Арапбаева Арайлым Тұрлыбек
(Көлқайнар а.о.)
15 «Атамекен» әні Е.Хасанғалиев Назерке Ахмет
(Қарой а.о.)
16 Би «Үкілі ару» бишілер тобы
(Гродеково а.о.)
17 «Алға Қазақстан» әні Бауыржан Есебаев Аслан Беккулиев
(Көлқайнар а.о.)

Приложенные файлы

  • docx 11110158
    Размер файла: 23 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий