Қара Шекпен


«Қара шекпен»
Қатысушылар:
Тұзар –
Бэ-бэ қошақан -
Шопан -
Кикоесек–
Көкжал -
Көкшулан-
Қосүрейқоян-
Қуқарқарға -
Сылаңтүлкі -
Қортықкрот -
Петропавл 2013 жыл
БІРІНШІ БӨЛІМ
Жарық сөнеді, ән естіледі.
Достан да адал,
Туыстан да адал.
Көңілінді оқып,
Көзіңнен алар.
Қожасы үшін
Қыста ол тонды.
Боранда талай,
Тапты да жолды.
Әйтеуір адал,
Әйтеуір аңғал.
Адамның құлы-
Бір төбет болды...
БІРІНШІ КӨРІНІС
Тау басындағы шопанның лашығы. Алыстан мұзарт тау шыңы ағарады.
Шопан/жартастың үстінде, әндетеді/:
Ән саламын тау мен тасқа, салаға
Ән саламын кең жайлауға, далага.
Мұзарт таулар ерімейтін жазда да,
Ән саламын ақ бас қарлы шыңға да.
Төбет иті топтап қойды иірген,
Бақташылар қара шекпен киінген
Тау бұлағы сылдыр қағып ағады,
Таудың бұлты кетті аунап түнерген
Қыран отыр сонау шыңда, мұнарда
Бұндай сәтте әндетпеуге бола ма?
Ән саламын тау мен тасқа салаға,
Ән саламын кең жайлауға, далаға!
Ия, жаз өтті, күз де аяқталып қалды.Кешікпей таудан түсіп, үйге қайтамыз. Үйге, үйге, үйге! /айқайлайды/ Э-ге-ге, у-у-у жігіттер! Қойды жинақтандар. Күн қауысып барады. Тұзар! Тұзар! Бері кел!/иттің үргені естілер/ Тұзар! Маған!
/Үлкен, сүйкімді төбет кіреді, бір сәтке де тыным таппастан айкалап жүгіріп. қожасының бүйрыгын күтеді/
Төбет десең-Тобет! Жарайсын! Тұзарым! Ақылдым менің! Сенсіз күніміз не болар еді? Қасқыр-құзғынга жем болар едік.Қасыр біткеннін қас жауы, жүгір! Жина отарды!
/Тұзар сүйкенеді./
Шаршадың ба?Е,е... сүйек керек пе? Әуелі шаруаны бітір. Бар,бар! Екеуіміз мылжыңдасып тұрғанда қойларға қаскыр шапса қайтеміз? Үйге не бетімізді айтамыз? Екеуміздің де жонымыздан таспа тіледі ғой. Сонда не істейміз, Тұзар!
/Төбет түсініп, "Жоқ, кожайын, оған жол бермеймін"дегендей кимылдар жасап, шығып кетеді/
Қандай төбет! Топ қасқырдың да топалаңын шығаратын шыгар, біздің Тұзар! Тұзар барда-көңіл жәй /айқайлайды/ Ого-го-го! /Тау жаңгырыгы/ Жігіттер! Есектер орманға кіріп кетпесін! Қараңгы түссе- таптырмайды. Го-го-го! Қимылдандар! Ырр кайт! Кәне, кайда кеттіңдер, Қайт! Жартастан ұшып өлгілерің келді ме? Қайт кейін! Тұзар! Қу оларды. Қу, қу!
/ Тұзар үреді, койлардың маңыраган дауыстары естіледі. Бе-бе мен Тұзар келеді./
Тұзар: Р-р-р, гав! Қайда бара жатырсын, акымак! Шыннан ұшсаң, сүйегінді де жинай алмаспыз! Бұл жерден сен түгілі қаскырлар да жүрмейді. Жолама ұшпаға!
Бэ-бэ: /жұлқынып/ Жолымда тұрма! Мүмкін, менің өмір сүргім келмейтін шығар.
Тұзар: А-а..Өмір сүргің келмей ме? Онда қойшыларға бар. Олар қазір қазан асады. Анау акылсыз басынды отқа үйте қойсын. Сенің де арманың орындалады.. Маған да мүжитін сүйек табылады сонда.
Бэ-бэ: Сені койшы.Сен күштісін. Ал маған койшы да айкайлайды. Сен де үресің, есек екеш есек те жақындап кетсем - тебеді. Бұнын бәрін де койшы, шыдар едім-ау. Анау сасык теке ше? Бір отар қойды бір текенің басқарғанын кім көрген? Оған қалай шыдарсың? Сонша қойдың ішінен бір бастаушы табылмағаны ма?
Тұзар: /күліп, ырылдайды/ Қой-басшы? Қойшы, шырағым, күлкімді келтірме. Сендер бірің таудан құласа, артынан бәрің таудан құлап өлетін қой емессіндер ме?!
Бэ-бэ:/масаттана/ Ия, біз біріміз үшін бәріміз жанын қиятын қойлармыз. Біріміз-бәріміз үшін, бәріміз-біріміз үшін!
Тұзар: Біріміз... Бәріміз! Ондай жанкештілік кімге кажет? Бәрің өліп қалсандар, кімнің жүнін қыркады. Менің жүнімді ме? Шұлык, жейденінеден тоқиды? Адамдар етті қалай жейді? Сүтті қалай ішеді? Соны ойласаңшы әуелі, ақымак-ау!
Бэ-бэ: Мсйлі! Бәрібір бізге теке-басшының қажеті жок. Жаман болса да өз басшымыздың болғаны жаксы!
Тұзар: Тоқтат былшылды! Сенің басың жетер іс емес- ол! Түсінесің бе? Маған ән салуға болмайды. Мен үремін. Егер ит-ән салып, қой-үріп, мысык-құс болып ұшып жүрсе, не болмақ? Ақырзаман болады. Ана қоқиған тұмсығыңа қорғасынмен құйып жазып ал! "Қойдан басшы кою - құру" деген сөз.
Бэ-бэ: Соқпа! Анау адамдарды қарасаңшы."Баран" дейді де басшы қоя береді. Неге?
Тұзар: Әй, басымды қатырма! Өз проблемаларынды өздерің шешіп алыңдар. Мен өз ісімді білемін. Менің жұмысым-сендерді қасқырдан қорғау, шыңнан құлатпау, тау суына жібермеу, арқаларыңа жел бітіріп, желіктірмеу. Р-р-р гав! Бар! Отарга бар /күйіне/ Ала таңнан қара кешке шейін тілін салақтап сендерді кәрі арланнан қорғаймын деп шаршадым. Гав!
Бэ-бэ: Арлан келсе, сен бізді құтқара алмассың. Быт-шытынды шығарады ғой.
Тұзар: Менін бе? Кәрі арлан ба? Гав, ха-ха! Айтасың-ау! Ол мен жүрген жерді айналып өтеді. Ол менен - оттан бетер қоркады.
Бэ-бэ: Міне, міне! Оттан қоркады! Қойшының мылтығынан коркады! Тек сенен емес. Бір атқан мылтық даусының өзі тау шатқалында екі күн күркіреп тұрады. Құлағың тұнады. Мақтаншағым! "Сенің күшің-койшынын қасында жүргенде". Сен де жазып қой ана талпақ танауыңан! /ит ырылдайды/
Тұзар: Акымақ, ағайындарыңа бар! Тірсегіңнен тістеп алсам, бақырғаннан тауды жаңғырыктырарсың Р-р—р! Гав!
Бэ-бэ: Жарар! Ырылдама! Қаппай-ак кой! Кеттім. Бе-бе-е!
Тұзар: "Бе-бе-е!" Бар, бар! Гав!, гав! /Қозы кетеді. Соңынан Тұзар кетеді. Кико шығады, көңілсіз, артынан қойшы келеді./
Шопан: Қалай күңкілдесең де мына жүкті саған артамыз. Артатын уакыт келді. Жаз бойы шүйгін шөпте жайылып, жұмыс істеген жоқсын. Курорт аяқталды. Енді жұмыс істеу керек. /Кико ақырады/
Қара бұны. Болмайды, достым! Мына қара қазанды көрдің бе? Соған екі пұттай қалған астықты саламыз. Оны да саған сақтадық./Кико ақырады./
Жә-жә! Екі пұт деген саған не болыпты. Қазан да көп болса сонша тартар.
/Кико ақырады/
Ақырма! Тауға өрмелесең қайтер едің? Төмен қарай ғой. Таудан түссек-үйге де жетеміз. Байка тағы жоғалып кетпе!. Ұзын қамшыны көрдің ғой. Оңдырмаймын./Кико ақырады./Ия-ия! Оңдырмаймын. Қартамыс! Кико, ерегессең білесін ғой, не істейтінімді. /кетеді/
Кико: /күңкілдеп жүр/ Осы жерге сол шағылғыр, қазанды сен арқалап әкелген шығарсың? Ішінде тас қайнағырды тауға тасығанда байкағам-екі пұттан да асады. Ескі құман-шылапшынды қайда қоясың, ірімшік салған бөшкелер ше? Төсек-орын, шекпендері тағы бар. Осының бәрін артқанда құлағым мен құйрығым-ия көрінер, ия көрінбес?! Ара-арасында өздері де бұттарын арта салуға дайын тұрады. Қыр арқанды қикандатып тарта бер, Кико мырза! Әйтпесе ұзын қамшылары дайын тұрады бұлардың./мысқылдай/ Ерегеспе! Есек бәрін көтереді. Онын арқасы-темір, аяғы-емен. "Үнінді шығарма! " Ғүмырында қыр арқаңа бір тыныштык болса-шы. Себебі сен- есек, ол-кожайын. Өле өлгенше осылай. Сенін жасың да, стажың да есепке алынбайды. И-о, и-о! Митындай бер өле-өлгенше. /әндетеді/
Қияндағы тау жолымен,
Тұяк тілер тастақпен.
Жүк арткан есек келеді,
Әрең асып белестен.
И-о, и-о, бұл Кико!
Арқамда ауыр қазан бар
Көрпе-төсек, қоржындар
Шелек, шылапшын, шымшуыр
Құрт-май салған бөшкелер.
И-о, и-о, бұл Кико!
Аяғымды әрең аламын.
И-олап әнге саламын
Қамшысымен қуырып
Келеді артта қожайын
И-о, и-о, шыда Кико!
Тұзар: /кіреді/ Баяғы сарыуайымыңа қайта бастың ба? "И-о, и-о " Ауылга барғың келмей ме? Саған әрине, тауда болғаның жаксы? Еркіндік! Жаз бойы курорттасың. Ал ауылда жұмыс істеу керек. Алдыңа бір айыр шөп салса жаксы.Ал салмаса, карның кабысып, сағыз шайнаған адамдарша күйіс қайыра бергеннен басқа не қалады?! Гав-ха-ха! Әй, бірақ сенің де кесірлігің бір басыңа жетеді. Қарның ашса, жер теуіп, шыңғырып қожайыннын мазасын аласың. /Кико артқы аягын көтереді/.
Не, тағаң түсіп калды ма? Сен маған емес, қожайынга көрсет. /айнала жүгіріп/Жарайды тек осы жерден қозғалма! Әр кайсысынын артынан жүру керек түнемеге жинау керек бұларды...
Кико: Эх-хе-хе. "Жаны ашымастың-басы ауырмас" деген. Құйрығыңды қайқайтып алып жүгіргеннен баска нені білесің? Аркан майысып ауыр аркаламайсың. Дастарханның ең дәмдісі саған тасталады. Жіліктің майлы басының өзі неге тұрады?!
Тұзар: Жіліктің майын сен де сор, колыңнан келсе.
Кико: Сорып көргем. Ішім өткені соншалык, әзер токтады. Әрі жілік мүжу үшін, иттің тісі керек-ау деймін.
Шопан: /сырттан/ Кико жер жұтып кетті ме сені?
Кико: Естідің бе? "Жер жұтты ма, сені"
Тұзар: Естідім. Сені шакырғаны ғой.
Кико: Қайтем? Мені кай бір қонаққа шакырып жатыр дейсің.
Тұзар: Қожайын шакырады. Бар! Қызмет қыл!
Кико: Не үшін?
Тұзар: Жаңа таға тағу үшін! Не үшін!? Ұялмайсың ба? Ол біздің асыраушы -кожайын емес пе?
Кико: Сені асыраса - сен-ак қызмет қыл!
Тұзар: Мен кожайыныма қашан да кызмет етемін.
Кико: Карай көр! Жаңынды беруге дайынсың ғой, өзің?!
Тұзар: Ия! Жанымды беруге дайынмын. Біле білсең, бұл - менің иттік парызым!
Кико: Қарай көр! И-о, и-о, и-о! Менің жылағым келеді. Менің жыным келеді!
Тұзар: Р-р-р гав! Менің кожайыныма тіл тигізбе! Мен оған төзе алмаймын.
Кико: Сен...Өзің жағымпаз екенсің ғой?
Тұзар: Гав, ха-ха! Бұл сөзді қайдан... кімнен естіп жүрсің?
Кико: Менің құлағым сенікінен гөрі ұзындау ғой. Естимін... кімнің не айтатынын.
Тұзар: Ендеше, ұзынкұлақ сәуегейім, есінде болсын! Мен кожайыным үшін жанымды беремін! Себебі, ол-Адам! Жараткан бізді әу баста-ақ оған кызметші етіп жараткан. Арғы аталарымыздан бастап адамға беріле кызмет етіп келеміз. Бұл- канымызға сіңген касиет! Оған өкінген де, күніміз болған жок! Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі ең күдіреттісі де, ең акылдысы да, ең әдемісі де- Адам. Оны күшік кезімде атамнан естігемін.
Кико: Білмеймін. білмеймін?!...Адамның ондай касиеттерін көрген де естіген де емеспін. Мына қамыс құлағым керең болып калмаса, естіген емеспін!
Шопан: /сырттан/ Кико!
Тұзар: Енді естідің бе? Әлде, құлағың тағы керең болып калды ма? Бар кожайыныңа. Әйтпесе, ана сипаңдаған құйрығынды жұлып алам. Гав,гав! Бар дедім ғой саған!
Кико:Ия, жұлдырармын саған! Арткы аяғыма жакындап көрші өзің. /тебетінін сездіреді/
Тұзар: Р-р-р,ха-ха-ха! Таға қайда мені тебетін?
Кико: Сенің тісінді қағып алуға өз тұяғым да жарайды.
Тұзар: Қане, байкап көрейік! Гав,гав /тістейді/
Кико: И-о,и-о! Тиіспе маған! Тебем әйтпесе! Тиіспе маған! /Тұзар тағы тістейді. Екеуі бірін бірі қуып, шығып кетеді. Бэ-бэ кіреді/
Бэ-бэ: Тағы бір күн өтті. Біздің қойларга бәрі бір. Жатыр әне! Бірі, мүлгіп, бірі сағызын шайнап. Жаным жәй табар емес. Мына қорлық -ішімді жарып барады! Өзіңіз қараңызшы. Сақалы жер сипайды, сонда да отардың алдын бермейді. Бетіне қарасаң-жер жүзіндегі жалғыз ақылды тек өзі сияқты. Осы жасыма дейін бұндай мақтаншақты көргенім жоқ. Бірдеңе сұрасақ, бетіңе маңызданып бір қарайды да, маңқиып алып тарта береді. Бар болғаны кәдімгі теке! Ал иісінен, фу, бүкіл отар түшкіреді. Өзімізге де сол керек! Өз ішімізден теке сайлайык деп ағайындарға айтсам, бірі құлак аспайды. Қорқады!... Сосын бізді бөтен басқарады./жатады/ Тағы да түнімен көз ілмей шығатын болдым.
/бұтаның арасынан Көкжал мен Көкшулан шығады. Бэ-бэ оларды көріп, үрейленеді/
Көкжал:/еркелетіп/ Тс-тс! Неге шошаңдайсың? Жата бер,бе-бе! Жата бер,жарқыным!
Бэ-бэ: /тұтығып/ Мен.. мен..мэ-мэ, мэ-э /Айқайлап жібереді/ Тұзар!
Көкжал: /қаһармен/ Өшір үнінді, ақымақ! Сені біреу сойып жатыр ма? Неге айқайлайсың?/күліп/ Міне, колға түстің!
Көкшулан: Қолға түстің! /Қаскырлар әндетеді/
Кішкентай ғана кошақан,
Сеп-семіз ғана қошақан!
Біздер саған тимейміз,
Айналып сені билейміз!
Көзің қандай әдемі!
Жүнің кандай әдемі!
Біз бір жүрген ғаріптер,
Көптен сенен дәмелі.
Етке бүгін тоямыз,
Қылкытып жұтып қоямыз.
Мамаң да іздеп келеді,
Бір уыс жүнді көреді.
Атаң да іздеп келеді.
Тұягынды тереді.
Бэ-бэ: Ме-ме-н, мен қ-ко-зы емеспін!
Көкжал: /күліп/ Енді кімсің? Әлде төбетсің бе?
Көкшулан: /қосыла күліп/ Мүйізді төбет?
Көкжал: Жоқ, жарқыным! Мен қозы мен қойды, төбет пен тушаны иісінен-ақ айыра аламын!
Бэ-бэ: Жоқ, бұл менің иісім емес, бүл...бүл - текенің иісі.
Көкжал: Әй, ақымақ! Әлі қой болған жоксың. Сонда да мені алдағын келеді, ә!... Мені, кәрі Көкжалды. Ха-ха! Жоқ, сен теке емессің! Сен қойсың? Тек қой емессің/тамсанып/ қозысың. Тек қозы емессің, /тамсанып/ менің қозымсың!
Көкшулан: Менің де!.. Шал! Қарашы, оның көздері кандай сүйкімді... Көкжал: Кемпөшкі! Саған ұнай ма?
Көкшулан: Ұнайды!
Көкжал: Ендеше саған көздері, маған калганы тиеді.
Көкшулан: Мен ет жемеймін дегенім жок.
Көкжал: Саған көздері ұнаған жок па?
Көкшулан: Мен ұрғашымын ғой, көзді ұнатамын.
Көкжал: Ал мен еркекпін. Маған ет ұнайды. Ха-ха! Әсіресе жас ет ұнайды. Эй, қозы! Сенің мүйізің де шықпапты ғой. Жаңа көрініп келеді екен. Қалай біздің артымыздан өзің ересің бе? Әлде осы жерде жайрата салайык па?
Бэ-бэ: Жайрата салады деген не?
Көкшулан: Байғүс бала! Қорыкпа. Жайрата салады деген... Қалай түсіндірсем екен?
Көкжал: Маған кел, мен түсіндірейін. Әуелі мына жеріңнен /тамагын көрсетіп/ қанынды сорамыз. Сосын етінді мүшелейміз.
Көкшулан: Жылы кан мен ет кандай тәтті! Салкын еттен бауырым ауырады. Сосын бір жұма бойы шөппен емделіп жүргенің. Көкжал, мынаның көзжасын қара! Жылама байғұс бала, жылама! Көп қиналмайсың, көзінді жұмып та үлгермейсің! Чик! Болды! Жаның жәй табады.
Көкжал: Токтат мылжынды! Кешкі астың уакыты өтіп барады. Эй, қозы! Жыраға жүр! Кеттік!
Бэ-бэ: Өтінемін! Таңға дсйін тимендерші маган!
Көкжал: Акылдысын карай көр! Тіпті қой деуге қимайсың! Таң атканша табанынды жалтыраткың келеді ғой. Өзің ойлап көрші. Сосын біз туралы жұрт не дейді? Су жүрек қояндарға дейін сандарын, колдарын шапалактап күлетін шыгар. Ол арманың бола қоймас. Қаскырды қой алдағанды кайдан көрдің! Көкшулан, ұста /Бэ-бэге жақындап/ Кел, маған, келе ғой! Қорыкпа!
Көкшулан: Қорыкпа! Бұл Көкжал деген атаң гой. Қазір "ап" дейді.Болды! Бэ-бэ/айқайлап/ Тұз-а-ар!
Көкжал: А,а? Көмекке шакырмақсың ба? Айуан!/қозыны тістемек болады, қозы сытылып кетеді/Тфу! Жүнін құрысын! Көкшулан, неғып тұрсың? Ұста, оны!/бәріарпалысады/
Тұзар келеді.
Тұзар: Р-р-р. Гав! Ұр-р-ылар! Р-ра-хым күтпеңдер-р! Ыр-р-ым. Жыр-р-рым-дар-ынды шы-ға-ра-мын!
Бэ-бэ кашып кетеді. Ит пен қаскырлар арасында өмір мен өлім үшін шын арналыс басталады. Мылтық дауысы естіледі. Қасқырлар қашып кетеді. Тұзар оларды қуып кетеді. Қолында мылтығы бар шопан кіреді.
Шопан: Құрт! Құрт оларды, Тұзар! Құтылып кетеді, Құрт./атады/. Қап! Мүлт кетті! Итті алып кетіп, шайнап тастайды-ау енді. Тұзар! Тұзар! Қайт кейін! Тұзар, кайт!
/Тұзар келеді. Арсалаңдап кожайынга сүйкенеді./
Жарайсын батырым! Жарайсын, акылдым! Қаракшыларды қуып жібердің бе? Рахмет саған! Кәне, көрсетші! Қан шығып тұр ғой. Тырнактарына іліккен екенсің ғой қарақшылардың. Ештеңе етпес! Сендей батырға сол да жара болып па? Ит жарасын жалап жазады. Жарайсың, достым! Жалғыз адал дос сенсің. Көмекшім менің!
Шымылдық.
ЕКІНШІ КӨРІНІС.
/Жықпыл орман ішіндегі қасқырдың ұясы. Өзінің тағында Көкжал отыр. Бір қолын таңып, мойнына асып алган. Қоңыраулатады. Көзілдірік киген көртышкан кіреді/
Көкжал: Көкшулан әлі келген жок па?
Қортык: Келді.
Көкжал: Шакыр!
Қортык: /қолын құсырып, басын иеді/ Құлдық! /шыгып кетеді./
Көкшулан: Мені шақырдыңыз ба, әміршім!
Көкжал:/кідіріп/ Шақырдым.
Көкшулан: Құдіретіңді күтіп тұрмын, әміршім!
Көкжал: Күн шықты ма?
Көкшулан: Әлдекашан, әміршім. Түс болуы жакын.
Көкжал: А-а,а, солай ма? Мен таң әлі атпаған шығар деп сенің тәтті ұйкыңды бұзбай отыр ем.
Көкшулан: Жок! Мен әлде қашан тұрғанмын.
Көкжал: Қайда болдың?
Көкшулан: Онша алыста емес. Жорытып қайттым, қарын ашкан соң, "өлмегенге өлі балык "деген бірдеңе ұшыраса ма деп едім.
Көкжал: Ұшырасты ма?
Көкшулан: Жок! Босқа жүгірдім Аштықтан көзім қарауытып барады.
Көкжал: Немене, менің көзім карауытпай ма? Шыдап отырмын ғой. Бүгін төртінші күн болды. Шыдап отырғаныма. Ет түгілі қаткан құйқа да тістегенім жоқ. Қарным тура қыр арқама жабысып қалды. Шектерім құрғап, қаусап түсетін шығар. Қабырғамды қарға атым жерден санап шығуға болады.
Көкшулан: Сен ызадан арып жүрсің, әміршім. Сол нәрсеге бола жынданасың.
Көкжал: /айқайлап/ Жындандырып қойсаң, не істейміз? Жынданасың! Көкшулан: Мен бе?!
Көкжал: Сен! Сен! Сенін анау төбет Тұзармен қалай төбелескеніңді мен байқамайды дейсің бе? Бір жеріне не тырнағың, не тісінді тигізген жоксың! Тістегенің - ғашыктардын сүйіскені сияқты.
Көкшулан: Ол-күшті! Қорықтым.
Көкжал: Әлсіз болса, өзім-ак жайратар едім гой. Сенің көмегіңсіз-ак. Әрине, күшті. Есімді білгелі шопандарда бұндай төбет болған емес. Тырнағы да, тісі де - іліксең сау жібермейді. Жаз бойына бір тышқақ лағын шашау шығарган жок. Бұндайды қашан көріп едіндер?
Көкшулан: Ия, онымен бетпе-бет келу кауіпті.
Көкжал:/ызамен/ Әрине! Егер қазандағы майлы жілікті әуелі табаққа салмай, соған жастаса, сүйек біткен соған бұйырса, сүтпен шөлін қандырса, ол күшті болмаганда, мен күшті болам ба? Соған секер де тастағанын көрдім.
Көкшулан:/мыскыллап/ Мүмкін секермен шәй да ішетін шыгар?
Көкжал: Ішсе, ішетін де шығар. Несіне күлесің? Қаншыктың кұйрығы ұзын. ақылы-қыска деген рас-ау. Акымак!
Көкшулан: Саған қолымнан келгенше қызмет етіп жүрмін. Ақымак десең - кетемін!
Көкжал: Міне, міне! Сенің әуелден арманың-кету. Есіл еңбегім саған сарп еткен! Сондағы көрсеткенің осы ма? Бұрнағы жылы өзінді өлейін деп жатқан жеріңнен шарананды сыпырып, аман алып калганым есіңнен шығып кетті ме? Анаң туған жерінде тастап кеткен. Аузыңа емшегін де салмаған. Қасқырлыққа бармай, мен сені қасқырлардың қатарына қостым! Өзім сағыз шәйнап, бұралып жүрсем де тапканымды сенің аузыңа тостым. Өстің! Бой жеттің! Енді сонау алыс ормандардан саған жас бөрілер келетін шығарды. Біздің ұйыктың тұсына тұрып алып серенада айтатынды шығарды, серілік құратынды шығарды!
Көкшулан: Ал сен оларды қуып, ештеңе өнбеген соң - мені осы аңнын аяғы тимеген жыкпылга әкеліп қамадың.
Көкжал: Ия, жыкпылға! /жалына/ Сен маған керексің!
Көкшулан: Саған? Бәрі саған бұйыруы керек пе? Сен менің атаммен жасты шығарсың?
Көкжал: Тіпті, арғы атаңмен құрдас болсам да, сен-менікісің! Сенімен жүрсем жасымды ұмытамын. /еркелете/Сені ессіз-сүйемін! Бүкіл ет жүрегіммен сүйемін! Келші бермен, Көкшуланым менің!
Көкшулан:Ия, сүйесің! Әсіресе тамактың кезінде. Ет пен сүйегін өзің жеп, маған шек-қарын тастайтының содан екен ғой. Осы ма махаббатың?
Көкжал: Одан артык саған кандай махаббат керек. Баска болса, саған оны да қимас еді. Ал мен сенімен нені де болса бөлісемін./әндетеді/
Айым да сен Көкшулан!
Күнім де сен, Көкшулан!
Кәрі етімді қыздырып
Сенсің мені жасартқан
Махаббатың тек емес
Мас болатын мен емес
Маған енді жылу керек
Жастык шақтың буы емес
Есіл дертім ауған саған
Сенсіз сірә тұра алман
Қасымда бол, кетпеші енді
Сүйем сені, Көкшулан!
Көкшулан: Ал мен сені сүймеймін! Тіпті жек көремін!
Көкжал: /айла/ Жарайды! Сүймей ақ кой! Бірақ мен сені асырадым ғой. Сондықтан сен мені тыңдауың керек. Ал енді бара бер! Қайда барғың келеді. Сонда бар!
Көкшулан: Қалайша?..Сен мені босатасың ба? Біржолата ма? Қайда кетсем де еркім бе?!
Көкжал: Жәннамның түбіне кетсен де. Бірак бір шартым бар. Біздің тамағымызды тауып жүретін бір жас арланды ертіп келесің.
Көкшулан: Ертіп келесің...Айтуға жеңіл. Несін жасырайын, болған менде біреу. Таң сәріде көрші шатқалға сол үшін жорытатын едім. Ақыры шыдамы таусылган соң, тау асып кетті.
Көкжал: Қап, әттеген-ай! Жібермеуің керек еді. Жарайды, капаланба! Мен саған жас арланды қөзім табам. Сенікінен он есе тегеуріндісін.
Көкшулан: Қайда?
Көкжал: Кайдалауын қарашы! '
Көкшулан: Енді, мені кімге ұзататыныңды білуім керек кой, мүмкін маған ұнамас, барғым келмес.
Көкжал: Барасын! Ол сені ала ма? Мәселе сонда.
Көкшулан: Саспа! Әлі күнге дейін менің жанымнан бір арлан көзін сүзбей өткен емес.
Көкжал:/кідіріп/ Олар-каскыр! Бұл-төбет!
Көкшулан: Төбет!
Көкжал: Ия. Өзі-жас, өзі сұлу, өзі-күшті! Сен оны білесің. Онын аты.... Көкшулан: Тұзар!? Ол бірак....Қаскыр емес кой!
Көкжал: Бәріміздің атамыз біреу. Олар кейін ит болған. Менің таңдауым калай? Көңіліңнен шыкты-ау деймін? Жо, жо! Қысылмай-ак кой, көзің айтып, түр. Күлімдеуін қарашы. Семіз тушаны сойғандай...!
Көкшулан: Күлмей ақ кой! Екінші жыл байкап келемін мынау дүниені... Не деген ғажап! Ағаш басында құстар жұптасып, ән салады, ұя салады, балапан өрбітеді. Аңдар да қос-қостанып ін қазады, суға келеді! Балаларын аяқтандырады. Қайда карасаң да тірлік! Махаббат! Өмір!
Көкжал: Сарнама! Тірлік! Махаббат, Өмір! Бұның бәрі менде де болған. Ін де, шуылдаған бөлтіріктер де.Қаншығым да болған...Мен оларға қанды сорғалаған ет әкелуші едім... Олар оны жұлып, ырылдасып, жұмылып... жейтін. Бәрі болған /кідіріп/ Бәрі өтті ғой.
Көкшулан: Міне, көрдің бе? Сенде болған. Ал қазір не болды? Күндіз ештеңеге көңілің толмайды, күңкілдейсің де жүресің. Ал, түнде-қорылға басасың. Мен ұшқым келеді! ұя салғым келеді! Қосарланып суға барғым келеді!
Көкжал: Есінді жи! Сен ұя салатын құс емессің ғой.
Көкшулан: Махаббат қанат бітіреді!
Көкжал: Онда бар! Сүй! Суға бар! Аспанға ұш! Тек төбетпен!
Көкшулан: Келістім! Тек онымен калай кездесем?
Көкжал: Үйретемін! Түнімен соны ойлап шықтым. Акыры біреуге бұйырсаң- соған бұйыр! Сонымен ұйық, бөлтіріктер еріт! Басын мықтап айналдыр! Қойшыларына қызмет ете берсін! Бірақ жаны мен жүрегі біздің жақта болсын! Сені мен бөлтіріктерін қия алмайды. Сонда біздің дегеніміз болады. Ет те болады. Сүйек пен жылы-жүмсақ та болады! Ораза ұстамайтын боламыз. Міне, жоспар осындай!
Көкшулан: Қандай акылдысың, Көкжал! Өмірі ұмытпаспын бұлжақсылығынды./сүйеді/ Тек мен оның көңілін аудара алсам... Алмасам ше?
Көкжал: Аласың! Қорыкпа!
Көкшулан: Арлан түсіме кіріп еді! Жаксылық болғай да!
Көкжал: Сенің түсіңе баска не кірсін! Іске кіріс! /қоңыраулатады/
Қортық кіреді.
Қортық: Құлагым сізде!
Көкжал: Түлкіні. Қарғаны, Қоянды шакыр!
Қортық: Түлкі қабылдауыңызды күтіп отыр. Қарға бұтада көз шырымын алуда. Ал қоян зым-зия жок. Таба алмай жатырмыз.
Көкжал: Тауып, маған құлағынан сүйреп алып келіңіз!
Қортық: Құп болады!/кетеді/
Көкжал: Қаскырдың күнде қабылдауында болып жүргендей... жоғала қоюын қара, қорқақтың!
Сылаң: Есен-саусыз ба! Құрметті Көкжалым? Ойпырмай, мына қолыңызға не болған? Шыңнан құладыңыз ба, әлде аңшының оғы тиді ме?
Көкжал:/түлкіні бажайылап/ Осы сенін жынысың кім?
Сылаң: /қылымсып/ Көрініп тұрған жок па,Көкжалым!
Көкжал: Бәрің бұттарыңа шалбар киіп алған соң, қалай көресің? Сонымен сен...
Сылаң: Қасыма әлі түлкі түнемеген қызбын мен. Атым - Сылаң!
Көкжал: О, тоба! Отыр ана жерге Сылаң кыз!/Сылаң отырады.Сигарет тұтатады./Офисте шылым шегуге болмайды.
Сылаң: Ах кешіріңіз /сөндіреді/ Сонымен мені неге шақырдыңыз?
Көкжал: Шыда! Бәрі жиналған соң айтамын./Карга кіреді. Қанатын көтеріп сәлемдеседі./
Қуқар: Каар, Кар-кар!
Көкжал:Қуқар, отыр!
Қуқар: Қар-кар /отырады/
Сылаң: Менімен неге амандаспайсың!
Қуқар./маңгыздана/ Кешір, көрмеппін /қанатын көтереді/ карр!
Сылаң: Не жазып қалдык саған?
Қуқар: Ашулымын саған.
Сылаң: Не үшін?
Қуқар:Есіңнен шығып кетті ме? Өткен жолы жоғарыдан хабарладым ғой саған. Машина кағып кеткен күрке тауықты айтып, "Үлесімді қалдыр, иісі шыққан соң шұкырмын"-дегенім кайда? Ал сен жынойнак ордаңмен келіп, түк тамтығын калдырмапсың. Тіпті тырнактарын да таба алмадым. Мәдениетті аңдар бұлай істемейді! Сен ұрысың, Сылаң!
Сылаң:/шегі қата/Мәдениеттім-ау! Сондай семіз, дәмді күркетауықты сасытып қою, обал емес пе? Айтпақшы, екеуміз есептестік. Есінде ме, мен саған жол жиегінде жатқан есектің өлексесі тұралы хабарлағаным. Сол есектің сасығаны сондай, андар айналып өтетін еді. Бүкіл тұқымдарыңмен, тойдыңдар емес пе? Бір жұмадан кейін байғұстың каңкасы калды ғой. Көрдің бе, мен саған бережак емеспін.
/Қортық кіреді/
Қортық: Қоянды таптык.
Көкжал: Әкеліңіз!
Қортык: Құп болады, әміршім! /кетеді/
Қосүрей: /оны итеріп кіргізеді/ Ш-ш-ш! Ш-ш-ш!
Көкжал: Неге ышылдайсың? Тісің түсіп калды ма?
Қосүрей: Ш-шақырдыңыз ба?
Көкжал: Көп күтуге тура келді сені.
Қосүрей: Кешіріңіз! Хабар күтпеген жерден келді. Есімнен танып кала жаздадым. Енді—жеңіз! Дайынмын./тізерлеп құлайды/ Тек бір өтінішім бар. Менің балаларыма тимеңізші. Тұңғыштарым еді. Сіз шақырды дегенде, мен қайтып оларды көрмейтінімді білдім. Емізіп, ұйкыға жатқыздым. Енді менің кішкене бөртелерім ұйқыларынан оянғанда мамасы бұл дүниеде болмайды. Тек оларға тимеңізші, жалынамын! Ал мен..мен дайынмын! Жеңіз!
Көкжал: Нешеу еді балаларың?
Қосүрей: Төрт ұл, бір қыз. /күледі/ Сондай сүйкімді, кызык, жұп-жұмсақ өздері. Оларды мен сізге әнге косып айтып беремін. Тек жемеңізші менің балапандарымды. Тек сіз қол соғып отырыңыз /көрсетеді/ Былай. /Сылаң мен Қарку кол соғады/ Тез тез! /Ән ырғагымен тез билей бастайды/
Мен кәдімгі коянмын!
Моп-момақан ноянмын!
Артық бақыт не керек?
Осыған да тоямын.
Балаларым-балдырым!
Аппақ, мамық, ән жырым!
Солар асыр салғанда,
Жарысып еме қалғанда.
Бақыттан басым айналып,
Ішкендей болам бал шырын!
Аунасаңдар шалғанға,
Жарыссаңдар жайлауда.
Ұмытпаңдар ешкашан,
Қатер барын қайда да!
Қатер шыңның басында,
Қатер отыр қойнауда.
Кезігесің бір күні,
Қатер сенің қасында.
Тудым ба әлде сендерді,
Қанжығаға байлауға.
/күдер үзе білейді, ақыры құлайды/ Енді жеңіз!
Көкжал: Тамаша. /екілене/ Браво, браво!
Қуқар: Бр-ра-во! Бәрр-екелді!
Көкжал: Жарайсың, қорқағым! Тамаша! Браво /Қосүрей орнынан тұрады. Басын иеді/ Корыкпа, біз сені жемейміз?
Қосүрей: Не айттыңыз? Қайталаңызшы? Құдай үшін, қайталаңызшы?
Көкжал: Қорыкканнан құлағың керең болып қалды ма? Жемейміз дедік қой, жемейміз!
Қосүрей: Ой! /күліп, есінен танып қалады/
Көкжал: Мәссаған! Әй, Қортык валерианка әкел! /Қортық дәрі әкеледі/Сылаң мен Қарқу қоянды жулқылап жүр. Қосүрей есін жияды, көзін ашып, түшкіреді/ Тірілдің бе? Отыр ана жерге! /Қоянды отырғызады./ Сонымен, жемтіктестер! Мен сендерге мынадай жаңалық айтқалы отырмын. Таяу күндері шопандар қойларын үйге айдайды. Қыс келеді. Біз үшін бұл киын шақ. Қыспен бірге аштык, суық, өлім келеді. Қыстан аман қалу үшін біз не істеуміз керек? Отарды күзететін күзет бізді де тақыршаққа отыргызыпкетпесінші. Алынбас қамал. Басты жауымыз сол. Оның аты - Тұзар. Міне, сол Тұзарды біз өзімізге дос етіп алуымыз керек. Сонда ол бізді асырайды. Қой беріп тұрады.
Қосүрей:/тұрады/ Мен бұнда қателесіп шақырылған шығармын. Мен қой етін жемеймін. Маған қырыққабат пен сәбіз болса!
Көкжал: /ақырып/ Отыр! Сәбізшілін бұның!? Егер біз аш болсақ, сенің де, сенің балаларыңның да күндері санаулы екеніне ақылын жетпей тұр ма? Енді жетті ме жұмырыңа?
Қосүрей: Жетті! Сөзімді қайтып алдым. Қой етіне жететін не бар!
Көкжал: Солай ма екен! Отыр, тында әрі қарай. Қуқар, сен жоғардан шолып, отардың қалай кетіп бара жатқан жолын хабарлайсың. Ал сен, корқақ! Тұзардың жанынан жып беріп, каша жөнелесің. Ол сені қуып береді. Оны отардан алыс әкетіп, қалың нуға кіргізуте тырыс.
Қосүрей: Ал, егер мен нуға кіріп...үлгере алмай қалсам?
Көкжал: Қаһармандықпен қаза табасың. Сен қашып келе жатқанда балаларыңды ойла, сонда үлгересің. Әрі карай эстафетаны Сылаң кабылдап алады.
Сылаң: Мен?
Көкжал: Ия, сен. Қүйрығыңның барлық өнерін көрсет. Осында алып келесің. Ал біз дастархан жайып қарсы аламыз. Құдамыздай қонак қыламыз. қалыңдығын көрсетеміз!
Сылаң:/қылымсып/ Қалыңдыгын?... Ол- кім?
Көкжал: Қалыңдығы-Көкшулан болады.
Сылаң: Мүмкін, Тұзар қалыңдығын өзі тандар?!
Көкжал: Саған бұндай жұмысты сенуге болмайды. Сен тек оны емес, бізді де тақыршаққа отырғызып кетесін.
Сылаң: Мейлі, Көкшулан болса, Көкшулан болсын! Мен де далада
қалмаспын!
Көкжал: Қуқар!
Қуқар: Мен карр-карр!
Көкжал: Сылаң!
Сылаң: Мен!
Көкжал: Қосүрей!
Қосүрей: Мен!
Көкжал: Барлык айуандық айла-құлықтарыңды салыңдар! Уакыт жок! Іске кірісіңдер. Адалдыққа ант етіңдер!
Сылаң: Құйрығыммен ант етемін!
Қуқар: Карр-р -карр, қанатыммен!
Қосүрей: Ұзын құлақтарыммен!
Бәрі: Ант етеміз! /әндетеді/
Көкшулан: Ант етеміз!
Бәрі: Ант етеміз! Қасқырмен бір боламыз!
Көкжал: Ант етеміз!
Бәрі: Ант етеміз! Итті жөнге саламыз!
Қосүрей: Қоянмын мен - Қосүрей.
Сылаң: Айла аспаған түлкімін.
Қуқар: Қара қанат қарғамын.
Қортық: Көртышқанмын, Тасты тесем білдірмей.
Көкжал: Мен-касқырмын!
Көкшулан: Мен-каншық!
Бәрі: Іске кіріс! іске кіріс кідірмей!
шымылдық
ҮШІНШІ КӨРІНІС.
Сол жер
Көкжал: /шақырады/Қортық! /Қортык кіреді/
Қортық: Мен мұндамын.
Көкжал: Ешкім көрінбей ме?
Қортық: Әзірге көрінбейді. Сізге мынаны айтсам ба деп едім, әміршім! Осы маңызды іске қоянды қоспау керек еді... Мүмкін мен қателесетін шығармын. Бірақ сол Қосүрей сіз ойластырған керемет жоспарды бүлдіре ме деп қорқамын... Менің өзім барғаным дұрыс еді.
Көкжал: Сонда не болатын еді. Қойлардың тұяғына тапталып қаласың ғой. Тұзар да саған көзін сала қойса жақсы. Қоянның күші- оның қорқақтығында. Шыбын жаны үшін шырылдағанда, оған ешкандай чемпион қуып жете алмайды./кідіріп/ Дастархан дайын ба?
Қортық: Дайын ғой. Бірак соның кажеті бола қояр ма екен?
Көкжал: /ашуланып/ Болады! Онсыз да оттан көйлек кигендей болып отырмын!Жынымды келтірме! Тек әкелсінші, әр жағын өзім-ақ қатырамын. Ішімдік жеткілікті ме?
Қортық: Қам жемеңіз!
Көкжал: Сен оған күштісінен кұй! /Косүрей ұшып кіреді./
Қосүрей: Не? Не..? Не..?
Көкжал: Токтасаңшы! От басқансың ба?
Қосүрей: Токтай алар емеспін. Жүгіріп емес, ұшып жеткен сияқтымын. Көкжал: Тұзар қайда? Қалғандары кайда?
Қосүрей: Анда! Қалғандары да анда?
Көкжал: Миғүла! Қайда-анда?
Қосүрей: Әй, өзім де жүйрікпін-ау!... Қоянға кім жетуші еді?... Қалды бәрі шаң кауып!...
Көкжал: Кім шаң капты ? Айтсаңшы қасқыр жегір-ау!
Қосүрей: Сендердің Тұзарларың да! Кім болушы еді. Оны мен алдап кеттім. Ит кылып кеттім. Ол мені қуып берді. Мен былай секірдім-ол артымнан. Акыры ит тұмсығы өтпейтін жыныска әкеп бір-ак сүңгіттім. /масаттана/
Енді мені кімде кім қорқақ десе, өзінен көрсін! Тура тұмсығын бұзамын Тапсырманды мүлтіксіз аткардым. Құрметті Қасеке! Сен үшін басымды өлімге де тіктім. Орманға да тығылдым.
Көкжал: /ашуланып/ Тұзар кайда?
Қосүрей: Тұзар жок!
Көкжал: Жоғалып кет, сен жоғалып кеткір. Мен сені кімге жібердім?
Қосүрей: Тұзарга! Мен оны орманға дейін алып келдім. Әр жағында шаруам жок. Мен өз міндетімді аткардым.
Көкжал: Түлкі кайда? Сылаң кайда?
Қосүрей: Тұзарға құйрығын бұландатып жүрген шығар.
Көкжал: Құйрығы құрсын! Мында әкелмей ме оны?
Қосүрей: Онда менің шаруам жок
Көкжал: Қазір сенің быт-шытыңды шығарамын! Шек-қарныңды шашып тастаймын.
Қосүрей: Не үшін? Осында оқтай ұшып жеткенім үшін бе? Төбеттің тісі артымнан сақыр-сұкыр еткендс бүкіл бөксемнің жаны кетіп, құйрығым үзіліп түсіп қала жаздады. Мен ерлік жасап келіп тұрмын!
Көкжал: Егер енді келмссе, тұра тұр Қосүрей!/Сылаң кіреді./
Сылаң: Ой, басым айналып барады, басым!
Көкжал: Бәріңе бірдей не болған? Төбет кайда?
Сылаң: Ах, төбет демеңіз оны, ол-төре! Мен бұндайды бұрын кездестірген емеспін. Арлан болсаң осындай бол! Ах,ах!
Көкжал: /ашуланып/ Сіздер төбетті қайда жібердіңіз, сонымен?
/Қарку кіреді/
Қуқар: Кар-р!
Көкжал: Қайда?
Қуқар: Келе жатыр! Қаншыкпен! Көкшуланмен!
Көкжал: 0-о,жараткан! Акыры болды! /Кукарга/ Бір кескен ірімшік-аузыңа!
Қуқар:/күңкілдеп/ Одан да сасыған ет десе аузы қисайып кете ме? Бұл дүние не болып барады өзі? Бұрын сасыған өлексе жеткілікті еді. Қазір бәрін сасытуға жеткізбейді. Қанша айтамын: Шыдандар, дәмі кірсін, сөлі шықсын деп. Жок, тындамайды. Сосын қарындарын улайды. Ойбой, ішім, ойбай, бауырым! Мен неге гастрит болмаймын, неге асқазаныма жара түспейді. Себебі мен астың жәйін білемін. Ас-иісімен ас!
Көкжал: Әй, койшы құдай үшін сарнамай.
Қуқар: Ал, сен бар ғой каскыр, тамакты тек қасқырша жейсің. Қанымен, жанымен жұтасың. Ешбір мәдениет жок- Қар-рр!
Көкжал: Қаркылдама! Әйтпесе бір қанатыңмен каласың.
Қукар: Қар-р! Ғажап емес.Әуелі мені барлаушы самолет қылдың. Мен бәрін істедім. Енді басымды жұлмақпысың?
Қосүрей: /Әуелі қасқырдың кұлагына сыбырлап, қаргаға келеді/ Әй, Барлаушы самолет! Қаркылдамай қоя тұр. Әйтпесе тілінді тістеп алып, казір төбетке тастаймын./Көкжалга қарап/ Ұрайын ба, ұрмай-ак қояйын ба?
Қуқар: Қарай көр мынаны! Өзіне тіл бітейін деген екен. Ғажап! Кәне, былай шығып сөйлесейік! Жүр!
Қосүрей: Сен айтатыныңды мен сияқты жұрттың көзінше айт! Мен саған бұрынғы Қосүрей қоян емеспін енді. Менің де енді крышам бар. Қазір онсыз болмайды/қасқырға қарап/ Бұндай крышаң болса қоян да каскыр болады. Калай, кәллаңа енді жетті ме? /Касқырга/ Қаскыр достым, дұрыс айттым ба мен?
Көкжал: Мылжыңдап кеттің.
Қосүрей: Бакыттан басым айналып тұр ғой, достым!
Көкжал: /қаргага/ Сен де тоқтат қарқылдауыңды. Одан да жолды қара?
Қосүрей: /қаргага/ Ей, инспектор! ГАИ саған айтып тұрмыз ғой! Жоғарыдан жолды кара.
Қуқар: Токтай тұр Косүрей! Ертен қолыма түссең аспаннан тура
жартасқа тастап жіберем. /күледі/
Кар-р! Қар-р! Быт-шытың шығады, Кар-р!
Қосүрей: Қорқыткан түрін қара! Мен орманға кіріп кетемін.
Қуқар: Ол жерден де алып шығам мен сені.
Қосүрей: Тікенді бұтаға тасаланамын Көзсіз қаласың, қасқа!
Қукар: Алып шығам. Қалай да алып шығам сені!
Көкжал: Токтат! Шығарып жіберемін! /иіскелеп/ Иттің иісі шығады.
Бәрі иіскелейді.
Сылаң: Дұрыс айтасың. Мен де сезіп тұрмын.
Қосүрей: /қорқыныш кіреді/ Иісі жаман-н! /түшкіреді/ Жәракмолла!
Қуқар: Жардан ұш!
Қосүрей: Әуелі сен ұш /түшкіреді/ Рас екен!
Көкжал: Бәрін, орындарыңа тұрыңдар. Оларды қарсы алу керек. Қосүрсй,әрмен тұр жабыспай.
Қуқар: Қарынға жабысқан талақ!
Қосүрей: Ішің күйсе, тұз жала!
Көкжал: Тыныш! Өздеріңді аңдарша ұстаңдар! Менің рұксатымсыз шуқуға, тырнауға, үруге, ұлуға болмайды.
Сылаң: Ал егер Тұзар төбелес бастаса қайтеміз?
Қосүрей:/қатты күліп/ Бастап көрсін! Ит тұмсығынан қан ағызып берейін!
Көкжал:Тоқтат! Бәрі менің рұксатыммен істеледі./Көкшулан кіреді. Үнсіздік. Бәрі сыртқа қарайды/
Көкшулан: Мен жалғыз емеспін. Рұқсат болса, мен оны шакырайын.
Көкжал. Шакыр!
Көкшулан:Тұзар. Кір!
/Тұзар кіреді. Әркім өзінше сәлемдеседі./
Көкжал: Отыруыңды сұраймыз!
Тұзар: Рахмет, тұра тұрамын!
Көкжал: Болмайды. Сен-қонақсың! Отыр! Әйтпесе, біз де отырмаймыз. /Тұзар отырады. Оның қасынан Көкшулан орналасады. Қалгандары отырады. Кортык отырмайды./ Қортық кайдасың?
Қортық: Мындамын, әміршім!
Көкжал: Нең бар? Бәрін әкел! Бұндай қонақтан ас аяуға болмайды.
Қортык: Айтканыңыз орындалады, әміршім! /кетеді/ Бәрі үнсіз.
Көкжал: Ал, ас келгенше әңгімелесе отыралық. Қандай жаңалык бар сіздің жакта? Адамдар не істеп жүр? Қандай жаңа қару ойлап тапты? Өз-өздерін құртуга кірісті ме? Сүйтсе, бізге де, табиғатқа да жаксы болар еді. Неге үндемейсің? Әлде сен олардың тілін түсінбейсің бе? Әлде саған айтпай ма олар?
Тұзар: Оларды мен жақсы түсінемін. Ал не істеп жатқандарын көзіммен көріп жүрмін. Қару оларда жеткілікті...
Көкжал: /күледі/ Мен сенен сабайтын қаруды айтып отырғаным жок.
Тұзар: Түсіндім. Адамдар да әртүрлі. Олардың да ішінде қасқырдан жамандары болады.
Көкжал: Шаныраққа қара! Байкап сөйле!
Тұзар: Мен адамдар туралы дұрыс айтпай отырмын ба?
Көкжал: Солайы солай ғой. Бірак баска әңгімеге көшелік. Бүгін қалай ұйықтадың?
Тұзар: Мен қожайыным ояуда, күндіз ұйыктап алуға тырысамын. Ал сіз қалай ұйыктадыңыз? Қолыңыз ауырмай ма?
Көкжал: Ауырады. Бірақ жеңіл жара.
Тұзар: Онда неге байлап алдыңыз?
Көкжал: Қол жұмсап,саған зақым жасармын деп жаңа ғана байлай салдым.
Тұзар: Жөн!
/Қортық дастарханга тамақ қоя бастайды, үйітілген тауық, ағаш қасық, айыр. Жапырак тарелка т.б./
Көкжал: Мына тауықтарды Сылаң біреудің тауық қорасынан әкелді. Үйіткен - Қортық. Цыплята в табака! Сүйегімен де жей беруге болады.
Тұзар: Тауық менің де менюімде бар.
Сылаң: Ең семізін, еттісін таңдап алдым
Көкжал: /койдың мүйізін көтеріп/. Ал мына сусынды сен білмейсің. Бұл қасқыр жидек пен бүлдіргеннен ашытылған. Бұл сендердің шараптарыңнан күштірек. Бокалдарымызды көтерейік!
Тұзар: Кешіріңіздер, мен ішпеуші едім.
Көкжал: Ғажап! Сен адамдармен тұрмаушы ма едің? Олар арақпен аузын ашып, арақты төсегіне бірге алып жатпай ма?
Қосүрсй: /күледі/ Оған күштілеуі керек шығар? Аюсұлатардың тұнбасын ішер, мүмкін. /көкжалдың бетіне карап, тиылады/
Көкжал: Біз де ішпейміз! Бірақ, сенің келуіңе байланысты салтымызды бұзып отырмыз. Бокалынды ал! Тұзар үшін ішеміз!
/Тұзарды әркім өзінше құрметтейді./
Құрметті де сүйікті Тұзар төбет? Сені солай атап, дастархан жайып, құрмет жасауымыздың өзінше себебі бар. Сен біздін қандас туысымызсың.
Ия,ия, қандас! Сенің арғы аталарын- қаскыр болған. Бірақ адамдар бірде біздің арғы анамызды өлтіріп, бөлтіріктерін қолға үйреткен. Содан бір тұқым тарағансындар. Сөйтіп айтулы қасқырлардан сендер, иттер тараған. Оларды адамдар мәңгүрт қылып, түп тамырларын, өздерінің қандас бауырларын ұмыттырған. Бара-бара олар өздерінің туған тілі мен салт-дәстүрлерін де ұмытқан. Ол аз болса, сендерді біздерге, өздеріңнің туыстарыңа қас жау етіп тәрбиелеген.
Құрметті Тұзар, біз бүгін сені сол туыстығымызды кайта жалғастыру үшін шакырып отырмыз. Жауласуды тоқтатайык. Бүгіннен бастап сені "ит" деген жаман атпен атаман "каскыр" деген каһарлы атпен атайык! Тұзар үшін! Тарқамас туыстық үшін!/Бәрі мүйіздерін көтереді./
Қуқар: Қар-р,кар-р! Тарқамас туыстык үшін!
Сылаң: Аталарымыздың аруагы үшін!
Көкшулан: Сен үшін,Тұзар!
Қосүрей: Менің достарым-қасқырлардын мың жылдық құдалықтары үшін!
/Бәрі Тұзармен соғысып ішеді./
Көкжал: Ал, құрметті Тұзар мырза, тост саған беріледі.
Тұзар:/тұрады/ Ия, айтуға тура келеді. Менің арғы аталарым қасқыр болса болған шығар. Бірақ адамдардың да арғы аталары маймылдар дейді. Сол маймылдар бір күні адамды шақырып алып, енді маймыл боласың десе, оған адам қалай қарар еді? Сендерше адам бұл ұсынысты қабылдар ма еді, қабылдамас па еді? Неге үндемейсіндер?
Сылаң: Тамада мырза! Осы тостыны ертелеу бердің білем.
Көкжал: Мүмкін. Асығатын не бар. Ал қазір би билеп, дснемізді қыздырып алайық. Әй, Қортық, музыка!/Музыка естіледі./ Сылаң, биді бастап жібер!
Сылаң: Бастаса несі бар./Бәрі билейді./
Көкжал: Әй, Қуқар, не ғып тұрсын сызылып.Қоянды шакырмайсың ба?
Қуқар: /Қосүрейге барып/ Ренжігенмен болмайды. Амалсыз билеймін де...
Қосүрей: Сен билей аласың ба? Шашылып қаласың ғой. Жасың-екі жүзде. Мен болсам-екідемін. Сол дастархан басында қиқым шұқып отыра бер. Өзім-ақ билеп беремін!
Көкшулан: /Тұзарга/ Менімен билейсің бе? Мен-қасқырмын ғой. Жабайымыз. Көрдің бе калай билейтінімізді. Сендер баскаша билейтін шығарсындар?
Тұзар: /шақырып/ Мархаббат етіңіз!/Бәрі тоқтайды./ Мүмкін болса танго!
Көкшулан: Әй, Қортық, танго!
/Танго естіледі. Тұзар мен Көкшулан білейді. Калғандары қарап тұрады.
Сылаң: /Көкжалга/ Биші деп осыны айт! Қандай реверанс! Қандай пластика!
Көкжал: Көкшулан одан кем емес.
Сылаң: Бұндай бишімен өзіңнен өзің билейсің ғой. Мен де билер едім! Екеуі бір дене болып кеткендей. Махаббаттары оянып кетсе кайтесің?... Тізеңді құшақтап, жалғыз қаласың ғой!
Көкжал: Мейлі,мен тек куанар едім.
Сылаң: Айтарсың, бұндайды таба аласың ба?
Көкжал: Менің жасымда махаббаттан көрі қарынды ойлаған тиімді, қарынды.
Сылаң: Қандай тамаша, кандай әдемі! Көкжал, мені осы жергс неге араластырдың. Саған қой әкеледі, маған одан кандай пайда?
Көкжал: Бұйыртса, тауық та болар!
Қосүрей:/Көкжалға/ Сізді биге шакыруға мархаббат етіңіз. Біз олардан неміз кем. Билейік. Жүр, достым, тангомен, шалқытып бір айналып келейік!
Көкжал: Адамдар "Өлетін бала молаға жүгіреді" дейді. Құлағыңды жұлып алармын, әрмен жүр!
Қосүрей: /шексілесі қатып/ Сенің де әзілің таусылмайды екен. Жүрсеңші енді биге. Мсн шақырып тұрмын ғой. Тангоға шакырамын!
Көкжал: Қорқақ, сен - массың!
Қосүрей: Кім? Мен бе қорқақ! Сен мені білмейді екенсің ғой. Қазір мен биді тоқтатамын. Сосын Тұзардың бетіне бір-ақ түкіремін. Қазір өзің көресің. Әй, Тұзар!
Көкжал: /желкесінен ұстап алады/ Тоқта! Қайда барасың!
Қосүрей: Жібер деймін, Жібер! Сендер менің кім екенімді білмейсіңдср! Көрсетемін мен сендерге. Бәрің Тұзардан қорқасыңдар. Ал мен оның тұмсығын бұзып, қанын бетіне жағып жіберемін. Мен үшін Тұзар деген кім? Тфу! Түк емес!
Сылаң: Шаруаң бітіпті ғой, Қосүрей.
Қосүрей: Кімнің шаруасы біткен? Өзің шаруаң біткен шығар, маскүнем! Ал мен шыдаймын. Көңіл күйім құлпырып тұр. Ха-ха! Біз осы неғып жүрміз төбелеспей! Әлі бір мұрын бұзылмаған, бір көз көгермсген. Бұл не отырыс! Көкжал, сен менен қорықпа! Мен саған тимеймін. Сен маған братан, досымсың. Екеуміздей дүние жүзінде дос жоқ!
Сылаң: Бұндайды мәдениетті ортаға жіберуге болмайды.
Қосүрей: Көкжал, мынау не дейді? Бұл кателеспесем, әлгі қорадан тауық ұрлайтын Сылаң бикеш кой.
Көкжал: Сені тындаймыз деп би қарай алмайтын болдық.
Қосүрей: Онда қарайтын ештеңе жок. Қазір мен шығамын Бидің көкесін Ссонда көресің. /Тұзар мен Көкшулан биді аяқтайды. Бәрі қол соғады. оқыстан әндете жөнеледі/
Кімдер отыр дастарханда
Кімдер кімді аңдиды!
Бірін бірі, іштей арбап
Іштей шәйнап, қылғиды.
Күле кара! Жымсия бер!
Шарап ішіп, болдырма!
Шыға салып, ізіне түс!
Ал кездессе-оңдырма!
Бүгін бірге отырғанмен.
Әркилы жол таңдармыз.
Себебі біз секем алғыш.
Сенімі жок аңдармыз.
Аплодисмент кайда? Көкжал еңкейші мен сені сүйейін!
/Көкжал оны желкесінен алып лақтырып жібереді. Қоян жерге жалп етеді./
Ох сүрініп кеттім білем! Жарайды, кішкене көз шырымын алайын, көп жұмыс бітірдім бүгін. Төбелесті ертең бастармыз. Ей, Қортык, көпшік әкел!
/бүрісіп ұйықтап кетеді/
Көкшулан:Біздің үй ұнайма саған?
Тұзар: Өте ұнайды! Бұнда сен барсың. Сенің әдемі көздерің бар. Сенің жүрегіңнің соғысын, демінді естіп тұрмын. Бойымды балқытып барасың..
Көкшулан: Сенің махаббатын оянган шығар. Махаббат қана осылай сезіледі.
Тұзар: Білмсймін. Бірақ сені жақсы көремін. Сенсіз бір сағат та тұра алмайтындаймын. Мен не істеуім керек? Анда мені күтіп жатыр. Шақырып жатыр. Ал мен сенен ажырай алар емеспін.
Көкшулан: Мен сені ешқайда жібермеймін. Маған да жаксы. Екеумізге де жақсы. Біз бірге болуымыз керек және ешкашан ажыраспауымыз керек.
Тұзар: Ия. Солай. Кеше мен сені қатты тістеген жоқпын ба?
Көкшулан: Тісіңнің өзі әр жеріме түскен. Таңертенмен ауырып тұр еді. Енді.. тіпті ауырмайды. Жазылып кетті. Неге екенін білмсймін мен сені кеше тістей алмадым.
Тұзар: Қазір тісте! Ренжімеймін!
Көкшулан: Жоқ. Енді тіпті тістей алмаймын.
Тұзар: Көкшулан, жүр бізге барайық. Мен кожайынға сенсіз тұра алмаймын деп түсіндіремін. Саған ешкім тимейді. Тіпті жаксы көріп кетеді. Бірге отарды қарауылдаймыз. Адамга қызмет етеміз.
Көкшулан: Ол не дегенің, жаным-ау! Олай бола ма?! Сіздің тәртіпке мен өмірде де көндіге алмаймын. Сен кал! Мені мына Көкжалдан құткар! Ол қартайды, сұм әрі күншіл. Басқан қадамымды бағады. Ал мен..мен жаспын. Сүйгім келеді. Сүйгеніммен тұрғым келеді. Сснімен тұрғым келсді. Тұзар! Тағдыр екеумізді бекер қоспаған шығар.
Тұзар мен Көкшулан махаббат әнін салады.
Сылаң: Өзгснің бақытын көру кандай азап! Менде жоқ бақыт өзгсгс неге бұйырады. Түсінбеймін өмірге!
Көкжал: Әй, Қортық, оларға шарап әкел!
Қортық: Қазір, әміршім! /кетеді/
Көкжал:/Сылаңға/ Ісіміз оңға басты. Көкшулан оны арбады. Биыл соғым сойылады дей бер!
Қосүрей:/оянып/ Түсінсем бұйырмасын. Мен жердің астындамын ба, үстіндемін бе? Мына жыбырлаған жеркұрттар кімдер? Мүмкін түсімде көріп жатқан шығармын. Қане, құлағымды тістеп көрейін. Ауырса, ояу болғаным./тістейді/ Ойбай, ауырып кетті. Ояу болғаным ғой. Ах, есіме енді түсті. Қасқыр менің кұрметіме банкет жасады, итті шакырды.
/тұрып сілкінеді Қортықты көріп/ Достым, қайдан келесің?
Қортык: Қонақтарға шарап әкелемін.
Қосүрей: Әлі ішіп жатыр ма? Маскүнем сорлылар. Достым, екеуміз билеп жіберсек қайтеді.
Қортык: Болмайды. Мен кызметтемін.
Қосүрей: Бар, бар! Қарға тұмсығын әлі шұкып отыр. Үсті басын сүйел басқан кәрі сайтан! Сылаң, сен неге көңілсіз жүрсің? Басың мең-зең бе? Аздап ішу керек. Екеуміз билеп жіберсек кайтеді?
Сылаң: Заукым жок!
Қосүрей: Ха-ха! Менің де Заукым соқпайды.
Тұзар: Достар! Бокалдарыңызды толтырыңыздар!
Көкжал: Қортық, бокалдарды әкел.
Қосүрей: Бокалдарды әкел дедім ғой саған! /Қортық беріп шыгады./
Тұзар: Мен тост көтеремін. Мен ең әдемі қаншық үшін тост көтеремін! Көкшулан үшін! Бүгін бүкіл әлемде менен бақытты тобет жоқ. Өз бақытымды таптым. Бізді енді ешбір күш айыра алмайды!
Көкжал: Тамаша тост! Құттықтаймын!
Сылаң: Мен де құттықтаймын! Браво!
Қуқар: Кар-р. кар-р, Ура!
Қосүрей: Ащы! Ащы!
/ Тұзар мен Көкшулан сүйіседі./
Әй музыканттар,би! /Музыкамен бәрі билейді./
шымылдық.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ТӨРТІНШІ КӨРІНІС.
/Шопандар қосы. Таңсәрі. Есек ұйықшап тұр. Агашта Қуқар отыр. Тұзар мен Көкшулан кіреді./
Тұзар: Бұдан әрі барма, көріп қалады.
Көкшулан: Мейлі, көре берсін. Мен енді ештеңеден қорықпаймын. Өзің шақырдың ғой.
Тұзар: Біржола кел дегенім рас. Ал бұлай- қауіпті. Көріп қалса айқай-шу, ату басталады. Қайырлы түн. Көкшулан! Таң да атып келеді.
Көкшулан: Қайырлы таң. Тұзар!
Тұзар: Жаным мен жүрегім сенімен бірге!
Көкшулан: Мен де сенімен біргемін! Кете алар емеспін!
Көкжал:/Бута арасынан/ Сөздің қысқасы, шұжықтың ұзыны жақсы!
Көкшулан: Кесел болма. Әрі жүр!
Көкжал: Кесел бола бастадым ба?
Көкшулан: Ия. Кесел болып тұрсың.
Көкжал: Жарайды. Күтс тұрамын. Тұзар, бізге күндіз жолауға болмайды. Ал түнде үшбұлақ қосылатын шатқалда кездесерміз. Ссндер әдетте сол жерге аялдайсыңдар. Ал енді бізге бір қозыңды бере сал. Сілекейім ағып барады.
Тұзар: Болмайды. Әзірге болмайды, өтінемін!
Көкжал: Тағы қарын босатар күн болды.
Көкшулан: Тауықтың қалғанын жесейші.
Кико:/кенет акыра бастайды/ И-0,И-о!
Тұзар: Не болды саған айкайлап? "И-о, и-о" мұндамын, мен! Мұндамын! Кико:/жер теуіп/ Кімді ертіп келдің, саткын? И-о,И-о!
Көкжал: Ой, мисыз есек! /есекке шабады/
Тұзар: Кейін! Есекке тимендер. Жолама!
Кико: И-о! /Көкжалды тебеді/
Көкжал: Ойбай! Қабырғам..Кездесерміз әлі. Ана ербиген құлактарынды қуырып жеймін.
Шопан: /сырттан/ Тұзар, сен кайдасың? Әй-ггей Тұзар!
Тұзар: Р-р-р. Гав-гав! /қаскырларға/ Тезірек кетіңдер! Көрсе-атады!
/Көкжал мен Көкшулан қашып кетеді. Есекке/ Жұртты азан-қазан еттің ғой. Қорқақ қаска!
Кико: Ал сен сатқынсың. Қаскырларды ертіп келдің, ұялмайсың ба? /ақырады/ и-о, и-о!
Шопан: Неге қышқырасың сонша. Қасқыр шауып жатыр ма?!
Кико: И-0,И-0 /айнала жүгіреді/
Шопан: Бекер қышқырып тұрған жок. Қасқырды көрген ғой. /Тұзарды көреді/ А-а! Қашкын! Келдің бе? Бір күн, бір түн бойы қайда болдың? /Тұзар еркелетеді./Жок, сен айт қайда болғаныңды. Кеше ертеңгілік кетіп бүгін келіп тұрсың.
Кико: /қожайынга/ И-о!
Тұзар: /есекке/ Өшір үніңді.Сенен ешкім ештеңе сұрап жаткан жоқ.
Кико: Сен қожайынға адал едің гой. Негс айтпайсың қасқырлар ертіп келгеніңді. Міне, сенің адалдығыңның жеткен жері, И-о, и-о!
Шопан: /Тұзарга/ Сені қасқырлар алып кеткен жоқ па? Қане, аяғыңды көрсетші. Төбелестің бе? Тырнақ ізі көрінбейді. Міне, жұмбақ! Қайда болдың сен! Мына таяқты көрдің бе?/Тұзар ырылдайды./ Енді аяғыңды қия бассаң, жоныңнан таспа тілемін! /Тұзар еркелейді./Олай жазаңды өтей алмайсың. Әйтеуір түнде қасқыр шапкан жоқ. Әйтпссе бүкіл отарды жарып кететін еді. Ұят кайда? Бізге көшу керек. Ал сен зым-қайым жоқсың. Әрі жүр! Ашуландырдың мені. Кико, сен де жөнел, зат тиеу керек. /кетеді/
Кико: Нағыз итсің-ау! Қожайынның жан-жағын жалап, адалдығыңды дәлелдемексің гой.
Тұзар: Қойшы! Жарамды шүқи берме? Өзім де ұяттан жердің жарығы болса, кіріп кеткелі тұрмын.
Кико: Ия деймін-ау. Итке сенуге бола ма? Өмір бойы адамға есек болып келемін, ол "Ең жакын достым-ит" дейді. Әділдік кайда? Айтыңдаршы. Жоқ әділдік! Неге уһ-лисің. Түнімен жаңағы қасқырлармен ойнап, шаршаған шығарсың. Жатып, дамылдап ал.
Тұзар: /жаратпай/ Мазамды алмашы, есек!
Кико: Өзің есек!
Тұзар: Кешір! өзімді билей алмай біртүрлі болып тұрмын.
Кико: /жатады/ Не болған саған? Ғашык болып қалғаннан саумысың? Әлгі сұм қаншыққа ма?
Тұзар: Оны сұм демеші.
Кико: О, жараткан! Мына итке ес бере көр!
Тұзар: Есекке менің жан дүниемді түсіну қайда? Сенің бар махаббатың-тістелеу ғой.
Кико: Ей, Жаркыным! Бізден махаббаты күшті айуан жок. Жер бетіндегі жыбырлағанның бәрі өздерін есектен жоғары қоятыны несі осы. /кетеді/
Тұзар: Не бүлдірдім мен? Қожайынды ренжіттім. Күнәмді калай өтермін енді. Ұят болды. Біреу арбап тұрғандай өзіме ештеңе істей алар емеспін. Неге сонда бардым? Бірақ онда Көкшулан бар ғой. Қандай сұлу! Онсыз қалай өмір сүрем. Жынданып кететін шығармын. Қожайынымды қайтем! Оған саткындық жасай алам ба? Кету керек! Онда иттердің ата заңын бұзам. Мені бүкіл кейінгі ұрпагым қарғайды. Жок! Ішімдегі жалынды, ғашыктық сезімді ұрпағым үшін үрлеп өшіруім керек. Ауылға барган соң біреу табылар. Онда да жас, сұлу қаншықтар аз емес. Қожайынға істеген күнәмді адал еңбегіммен өтеймін. Баска жол жоқ. Кешір, Көкшулан!
Бе-бе келеді.
Бэ-бэ: Сенімен сөйлесейін деп едім. Екі күн бойы сені ойлап жүрмін. Мен үшін басыңды өлімге тіктің. Жаксылығынды қалай өтермін. Сен болмағанда олар сүйегіме дейін жеп кететін еді.
Тұзар: Эх, Бэ-бэ! Қаскыр жемесе, қойшылардың казанына түсесің. Айырмасы кандай!
Бэ-бэ: Шынында да солай-ау. Қайдан білейін әйтеуір "Қасқыр жегір" деп қарғап жатады ғой. Айтайын дегенім ол емес еді. Сен тек адамдарға емес бәрімізге жаксылық жасайсың ғой. Әйтпесе, мен саған не жақсылық жасадым? Ал сен мен үшін теріңді тырнатып, жанынды беруге барсың. Қаскырлармен алыстың. Жұрттың бәрі оған бара бермейді. Мысалы, біздер қойлар бір-бірімізді өйтіп қорғамаймыз. Бізде де жан берісіп соғысады. Бірақ қасқырлармен емес. Өзді өзі. Махаббат маусымында. Ол-адал сайыс. Отарды оздырып жіберіп, екеуден екеу бөлек қалады. Бір бірін дуэльге шакырады. Дуэльдегідей араларын өлшейді. Сосын бір-біріне қарсы октай ұшады. Сатыр- сұтыр соғысқан мүйіздерден кейде от шашырайды. Жеңгені сол түйіскен жерде тұрып қалады. Жеңілгені жөніне кетеді. Енді қарсыласының көзіне түспеуге тырысады. Бірак ең күшті қошқардың өзі сен үшін қасқырға қарсы бара алмайды. Ал сен біз үшін барасың! Қой үшін де, есек үшін де, адам үшін де!
Тұзар: Қожайыным үшін өмірімді беремін! Екі қасқыр емес, топ қасқырға да қарсы барамын.
Бэ-бэ: Ал сол кожайын сен үшін басын қатерге тіге ме?
Тұзар: Әрине, оған күмәнім жок.
Бэ-бэ: Эй, қайдам. Менің естуімше олар сенін осы жанкештілігіңді-сенін міндетің дейтін көрінеді. Өздерінің қолынан ондай адалдық келмейді дейді.
Тұзар: Жалған. Қожайын мені өзінен де артык көреді.
Бэ-бэ: Жарайды, сендім. Таудан түсіп, ауылға қайтамыз деп естідім.
Тұзар: Ия, бүгін көшеміз.
Бэ-бэ: Сен бізбен бірге жүресің бе?
Тұзар: Әрине, әбден ауылға жеткенше жандарыңда боламын.
Бэ-бэ: Сен қасқырдын қаншығына ғашык, болыпты, осында қалады екен деп қойлар түні бойы өсек айтып шықты.
Тұзар: Былшылдамасын. Мен осындамын. Ана мүжік бастарыңа айт өсектерін тоқтатсын. Мен кожайынымды қаншық қасқырға айырбастамаймын.
Бэ-бэ: Дәл солай деп жеткіземін! Менің өмірімді қорғағаның үшін тағы да рахмет саған! /кетеді/
Қуқар: Қар-р, Қар-р!
Тұзар: Кімді карғап отырсың.
Қуқар: Мен жоғарыдан бүкіл әңгімелеріңді естідім. Сен сонда Көкшуланды өтірік алдаған екенсің ғой.
Тұзар: Оған сенің басың жетпейді. Одан да өлексеңді іздесейші.
Қукар: Оны іздейтіні жок. Толып жатыр.
Тұзар: Кеше ғана "Сасытпастан жеп қояды" деп жыланып отыр едің ғой.
Қуқар: Қазір өлексенің басқа түрі шықты. Тірі жүріп іріп-шіри бастайды. Әсіресе сенің қожайындарың сондай індетке шалдыққан. Сырты сап-сау, ал іші-сасық.
Тұзар: Сенің аузыңнан жаладан басқа не шығушы еді.
Қуқар: Жоқ, достым, сен жассың. Бұл дүниені де біліп жарымайсың. Ал менің өмір сүргеніме екі жарым ғасыр болды. Бір жұмадан кейін менін юбелейім-екі жүз елуге толамын! Аңдар мен құстардың бәрін шақырдым. Адамнан басқасын. Ия,ия оған сенуге болмайды. Аңдар нені ойласа соны айтады. Ал адамдар, тост көтергенде жер-көкке сиғызбай мақтайды, сенің арқанда ғана тірі жүрміз дейді, сенен аскан ақылды да, батыр да, сұлу да жоқ дейді. Құлың да болады, қызметшің де болады, ғашық та болады. Айнала беріп, сені жамандай жөнеледі, бүкіл тырнақ, тұмсығыңмен сатып кетеді. Сөйтіп жүріп, өркениет, цивилизация деп даурығады. Сенбейсіз бе? Салыстырып көрші. Аю-аюды жей ме? Түлкі-қу, бірақ түлкі түлкіні сата ма? "Қасқыр да қас қылмайды жолдасына"-деп жүрген де сол адамдар емес пе? Сол адамдар жер бетіндегі аң мен құсты, өсімдік пен балықты құртып болып енді өз өзін құртуға кірісті. Мен осы жасыма дейін қанша соғысты көрдім! Санынан жаңылдым. Бір рет-бірінші дүниежүзілік те ме, әлде екінші дүниежүзілікте ме еді есімде қалмапты. Мен де жарақаттандым, қанатымнан. Ал адамдар өз өзін өлтіреді де жатады,өлтіреді жатады. Сосын жылылай жерге көме салады.Адамдар тек өздерін емес. Жер бетіндегі бүкіл тірлікті құртатын шығар!...
Тұзар: Сенбеймін саған! Сенбеймін!
Қуқар: Көрерсің әлі!...Көргесін-сенерсің. Ал кетпей қалсаң, міндетті түрде мерейтойыма кел. Шақырамын. Сонау тау етегіндегі алып еменнің түбіне кел. Біз емен екеуміз-құрдаспыз. Аңдар сол жерге жиналады. Кар-р!
/ұшып кетеді /
Тұзар: Қарқылдаған қара қарға! Түсінбеймін, аңның бәрі адамды жек көреді. Аңды қойшы, адамға есек неге өкпелейді! Бір көңілі толған күні жоқ. Қой екеш қойға дейін адамга өкпелі. Ойым жетпейді. Қой, маған ойлауға болмайды. Мен қожайыныма қызмет етуім керек. Ол-адам. Адамнан артық жануар жоқ.
Қосүрей: /бұтадан басын шығарып, ыскырады/ Әй, Тұзар! Мен мұндамын. Бұл-мен Қосүрей! Қоян! Танымадың ба?
Тұзар: Саған не болған? Даусың қарлығып, түрің түр болмай қалыпты ғой.
Қосүрей: /маңдайына жапырақ басады/ Айтпа! Басым сынып барады. Кешегіден ғой. Аспирин жок па?
Тұзар: Ол не?
Қосүрей: Адамдармен тұрасың, соны білмейсің? Бас жазатын дәрі ғой.
Тұзар: Бірінші рет естіп тұрмын
Қосүрей: Қызық екен. Мен сенде бірдеңе бар ғой деп.. Түнде үйге келсем балаларым есік ашпайды. Сол ішкен жеріндс ұйықта дейді. Ой, иттің ғана балалары-ай!
Тұзар: Кімнің балалары дедің?
Қосүрей: Кешір. Иттің балалары деп койдым ба? Қате айтыппын. Иттің гана күшіктері-ай дедім.
Тұзар: Күшіктері?
Қосүрей: Пардон. Тағы қателестім. Кешегінің кесірі ғой. Өй, қасқырдың арғы ағайындары дедім. Дұрыс айттым ба? Ой, басым, басым! Кім кімнің аргы ағайыны екенін итім біліп пе? Бас жазатын дымың да жок па? Адамдар не істеуші еді мұндайда?
Тұзар: Сен неге балаларынды итке қарсы қоясың? Біздің тұқымымыз қояннан да жаман ба? Бізді жаксы көрмейсің-ау, Қосүрей?
Қосүрей: Мен бе?! Біз бе? Сендерді жақсы көрмейтін. Мастықпен айтып жатырмын ғой. Әйтпесе, сендерді жанымыздай жақсы көреміз. Дүниеде сендерден жақсы ешкім жоқ. Біз, қояндар мынадай мақал таптык-"Иттің үргенін жел хабарлайды", "Итке итшілік өлім"! Ойбай! Мен не деп кеттім? Басым, басым, тым болмаса, минералка да жок па? Неге теріс қарайсың? Мен сені рснжітіп алдым білем. Кешір Тұзар! Сендей адал, ақылды төбет жок. Көкшуланға үйлен! Ол-сұлу, саған ұнайды. Менің балаларымды қасқырларға бермес едік сонда. Мені үйге кіргізбесе де, олар- менің балапандарым ғой. Түзар, егер Көкшулан екеуіңнің балаларың болса олар кімдер болады. Иттің бөлтіріктері ме, әлде қасқырдың күшіктері бола ма? Бірак, атында тұрган не бар? Баланын аты - бала. Барлык балалар бірдей. Менің акылымды алсаң үйлен!
Тұзар:/кенет әндетеді. Қосүрей оған қосылады/
Шопан: /сырттан/ Тұзар! Тұзар! Тағы жоғалып кеттің бе?
Тұзар: /Қосурейге/ Зыт! Көзіне түспе!
/Қоян қашып, кетеді Шопан шығады./
Шопан: Мәс-саған! Не болды саған. Отар өріп кеті. Ал сен әлі жатырсың. Ұзын камшыны сағындың ба,әлде? Тұзар тұрады.
Ыр-р-хайт, ыр-р-хайт! Әне, көрдің бе? Теке топ бастаудың орнына жартасқа шығып ойнап жүр. Әй, түс ол жерден! Қайт! Қазір таскесекпен қабырғаңды қаусатамын./шекпенін тастап, тас іздей бастайды/. Тұзар, қушы! Айуандар! Ой, арам қаткыр! /жүгіріп шығып кетеді/
Тұзар: Р-р-р Гав! Гав! Мен оңы қазір-аққуамын, қожайын! Гав! Гав!
/жугіріп кетеді. көшкен елдің дауысы: қой маңырайды. есек ақырады, қойшылардың дауысы, ит үреді. Жан-жақтан Көкжал, Көкшулан, Қортық, Сылаң, Қосүрей, Қуқар шығады./
Көкжал: Көшті. Олар өзен жағалап жүреді. Ал біз шатқалды кесіп өтіп, оларды қарсы аламыз. Ух, Төбет! Бір тышқақ лақты да тастамай кетті-
ау.
Қуқар: Қар-ар.р! Оның есесіне шопан бізге шекпенін тастап кетті. Караңдар, /күледі/ Қар-р, кар-р! Дайын ұя! Қыстап шығатын болдым. Қар-р,кар-р!
Қосүрей: Ой, айналайын аңдар. Шекпенді маған қиыңдар! Мен-анамын ғой. Бес балам бар. Қакаған аязда олардың халі не болады.
Көкжал: Қыска кім жетсе, сол алады!/Тұзар жүгіріп кіреді./ Неге оралдың. Біз сендердің арттарыннан айналма жолмен жортқалы тұр едік.
Тұзар: Шекпенді ұмытып кетіппіз.
Көкшулан: /Тұзарга/ Шекпенді сылтау қылып, қалып қойған ғой. Бізді кім айырады ? Бәрін таста, кеттік, қымбаттым, орманға! Алаңсыз махаббат шеруін салайық.
Тұзар: /Оған жақын келеді, толқып/ Казір! Казір қетеміз! Тек Шопан шекпеніне келсін. Сосын кетеміз! Гав, Гав,/шақырады/
Қуқар: Бекер тамағыңды жыртпа. Олар сені естімейді. Шекпенді бізге таста. Көшті қуып жет!
Тұзар: Қожайынның шекпенін тастап кетпеймін. Ол оны жаңбырдан, желден, суықтан қорғайды. Түнде-төсек, күндіз - күрке болады. Шопан шекпенін тастап кетуі мүмкін емес. Шекпенсіз Шопанға күн жок. Тастамаймын!
Көкжал: Акымак! Шопан келмейді оған. Шекпенді қайтсын тозып біткен. Одан да сен оларды қуып жет. Ал біз сендерге қарсы жолығамыз.
Тұзар: Жок! Мен шекпенді тастамаймын. Қожайын міндетті түрде келеді, оралады ол маган /көш соңынан жанұшыра үреді/
шымылдық.
БЕСІНШІ КӨРІНІС.
Сол жер. Қыс. Ағаш түбіндегі шекпен. Бәрін қар жапқан. Қуқар келеді.Қуқар: Қар-р!/Ешкім көрінбейді./Қар-р - кар-р кешегі аяздан соң аңдардың тірі қалганы індеріне тығылған.Әншейінде бәрі батыр. Бірақ ешқайсысы мендей аязға шыдай алмайды. Асқазандары жауырындарына жабысып жатса да біреуі тамақ іздейін демейді. Бәрі оларға тамақты біреу төсектеріне әкеліп береді деп ойлайды. Қысы-жазы тамақ іздеп, тыным көрмейтін мен. 250 жыл бойы тамақ- іздеумен келемін. Соның арқасында 250-ге келдім. Төбет көрінбейді. Өліп қалды ма екен. Бірақ өлсе, иісі шығар еді.Мына аязда ет бұзылмайды ғой. Қар-р,Қар-р! Әй, Төбет! Аты қалай еді? Тұзар ғой деймін. Тұзар! Әй, Тұзар!/Тұзар шекпеннен басын шығарады./
Тірімісің! Сәлем! Неге үндемейсің? Аштық пен аяз қатар келді ме? Ішегін бұралып, құлағың шуылдай ма? Аяғың әлсіреп, басын айнала ма? Ұлы ораза деген осы болады. Қанша болды жатқаныңа! Ай болды ма? Одан да көп пе? Айналадағы ағаштардың қабығын жұлыпсың. Адамдар көрсе-оңдырмайды ғой. Өздері табиғатты бүлдірсе-білінбес еді. Ал сені міндетті түрде жазалайды./күледі/ Тұзар, сен қар жеп көрдің бе? Шекпенді күзеткенің үшін адамдар тамақ әкеле жаткан шығар! Күт! Келіп калар. Келесі жылы жазға салым ақымақ! Тыңда, мынау жартастан қойшының аты құлап өліпті. Қасқырлар үш күн бойы жеп жатыр. Біреуі тіпті ішін үңгіп жатыр. Бар! Мүмкін талғайтын бірдене қалған шығар.
Тұзар: /әрең/ Мен бұл жерден ешкайда кетпеймін.
Қуқар: Хе-хе! Кетер едім, аяғым жүрмейді десейші одан да!
/Тұзар шекпеннен шығып, жүргісі келеді, тәлтіректейді/. Қар-р. Қар-р! Сен құлағалы тұрсың ғой, сорлы-ау!
Тұзар: Сенің мылжыңыңнан басым айналып кетті. Жолыңнан қалма! Сол өлексеге өзің бара бер.
Қуқар: Мен тоқпын! Сені аяймын. Нәр татпағаныңа қанша болды. Енді аштан өлесің ғой. Қожайыныңды қанша күтпексің?
Тұзар: Ия, қожайынымды күтемін. Ол келеді. Оның мені тастап кетуі мүмкін емес. Қардан жол түспей жатқан шығар.
Қуқар: Қар жауғалы екі жұма болды. Одан бұрын неге келмеді ол?
Тұзар: Ауырып калган шығар.
Қуқар: Қар-р, кар-р! Ауырып калган шығар, менен сұра оның ауруын. Мен барып қайттым онда. Аман-сау қожайының!
Тұзар: Мүмкін жұмыстан қолы тимей жаткан шығар.
Қуқар:Кайдағы жұмыс. Күнде той! Күнде садақа! Сені есіне де алмайды. Енді түсіндін бе?
Тұзар: Жалған! Жала жаппа! Ол келеді. Ол ұмыткан жоқ мені.Жол ашылысымен келеді, міндетті түрде келеді.
Қуқар: Акымак! Саған бір кесек өлексе әкелейін. Жүрек жалғайсын ғой. Тұзар: Қажет емес! Сенен ештеңе алмаймын.
Қуқар: Өзін біл. Жата бер онда сол шекпенді күзетіп. Қар-р, кар-р. Кеттім.
/ұшып кетеді/
Тұзар: Әлім жок. Қанша күтем? Аңдардың бәрі мазак етеді. Бәрі адамдарды жамандайды. Мүмкін ол мені шынында ұмыткан шығар. Жок, мүмкін емес? Мен оған құлындай қызмет еттім. Бүкіл отардан бір тұяғын қасқырға бергенім жок. Дегенін істедім. Айтқанын екі еткенім жоқ. Осындай қыста мені тау басына тастап кетуі мүмкін емес. Егер ол шекпенін ұмытып тастамаса, менің де бұнда қалмайтынымды ол біледі. Ол менің аязды ұзақ түндерде де, шегің шұрқыраған аштык күндерде де менін күтетінімді біледі. Қорлық пен күлкі, мүсіркеу мен мазаққа да төзіп менің күтетінімді біледі ол. Ол келеді... Мен оны күтемін.
/Көкжал келеді/
Көкжал:/ашулы/ Әй, төбет, әлі тірімісің? Қозғалады, өлмепті. Көкшулан түнде тағы келмеді. Сөзімді құлағына да ілмейді. Саған келген жоқ па? Көкшулан!
Тұзар: Жок, Мен оны көргенім жок.
Көкжал: Сенбеймін. Егер ол тамақ тасымаса, сен калай тірі жүрсің?
Тұзар: Таситын шыгар, бірак маған емес.
Көкжал: Тұра тұр қолыма бір түсерсің, Көкшулан. Сен арып бітіпсің ғой. Не болып кеткенсің. Өзіне сол керек. Мені тындамадың. Ақылы барды тыңдағанда біз де тоқ болатын едік, сен де кандай өмір кешетін едің. Қазір қар бауырдан келеді. Иіскеп-иіскеп қазып қалсаң, астында ештсңе жок. Жүрміз қарды қорс қылып. Басты қатеміз басында, етің барда сені жеп алуымыз керек еді. Енді жемек түгілі карайтын ештемең қалмапты. Сенде ішек-қарында жок шығар. Ха-ха!
Тұзар: Қалды. Жар менің қарнымды.
Көкжал: У-у. Иттің тұкымы.
Тұзар: Біз аталаспыз дегенің қайда?
Көкжал: Жок! Сен де итсің, сенің тұқымың да ит! Тезірек өлсең екен. Шекпенге кіріп қәрі сүйегімді жылытар едім.
Тұзар: Ол бола қоймас. Саған ерегескенде өлмеймін. Әлі-ақ қожайыным келеді.Қоржын-қоржын тамақ, жылы жұмсақ әкеледі. Ішек-бауыр, майлы сүйек! Үйткен тауық. Езуімнен майын ағызып келіп кеміремін. Сен маған қарап тұрасың аузынды жалап. Жағың қарысып, көзіңнен жас ағады сонда.
/ Көкжал күледі./
Күл! Күл, бірак мен сенен бұрын өлмеймін. Менің кісім келеді. Ол мені ұмытпайды. Қоржындар...бауыр...Майлы сүйек...ал. сен...сен.
Көкжал: /күліп/ Тауыктың түсіне тары кіреді.
Тұзар: Күле бер! Мен бәрібір адамдар мен тұрамын.
Көкжал: Адамдардан не таптың. Онда күт адамдарыңды. Көкшулан келсе, тез үйге қайтсын. Қуқар сонау жартастан жылқы құлап өлген дейді. Сонда барамын. Қаузайтын бірдеңе қалған шығар. /кетеді/
Тұзар: /ағаштың жапырағын жулып, талмайды/ Ащы екен. Тамыр іздеп көрейін./қарды қаза бастайды. Қосүрейкеледі/
А, коянбысың. Көптен көрінбей кеттін ғой. Жакында бермен. Неге көңілсізсің. Әлде мен сияқты екі айдан астам аш жүрсің бе? Қашанда ойыншыл, көңілді едің ғой. Сенің даусың құлағымнан әлі кетпейді.
Қосүрей: Қуанышты күндер аяқталды ғой. /жақын келіп/ Ендігі менің ажырамас достарым-қайғы менен көз жасым.
Тұзар: Сені де... сатып кетті ме? Имандай сенген досың мен сияқты сені де ұмытты ма? Жылама! Саған жаным ашып тұр.
Қосүрей: Менің үйіме қасірет кірді. Менің балапандарым жок енді. /жылайды/ Бүл дүниеде қояннан сорлы аң бар ма екен? Бізге бәрінің әлі келеді. Біз бәрінен қорқуымыз керек. Күнге шығып, кыздырынсам да сақ болуың керек. Балаларың үшін шөп жұлуға кетсең, кайтіп үйге жеткенше ішкенің ірің болады. Тұзар, айтшы балапандарым жок, енді мен не істеймін?!...
Тұзар: Қосүрей, саған не дерімді білмеймін? Басу айтудан басқа қолымнан не келеді. Өмір солай құрылған. Қандай көңілді, шат өмірдің де соңынан ілесіп қайғы мен көз жасы келеді. Екеуі бірінсіз бірі болмайды. Тек кезектесіп келеді. Адамдарда да солай.
Қосүрей: Екінші күн орман кезгеніме. Біреу-міреу кездесіп, жесе екен деймін. Бірак, ешкімге кездеспей-ақ қойдым. Мүмкін мына кайғым мен жан азабымнан мені сен құтқарарсың. Сен ашсың ғой. Өзің де тоясың, маған да керегі өлім. Тұзар! Өтінемін сенен, жеші мені жеші. /булығыпжылайды/
Тұзар: Кел, одан да шекпеннің астына кір. Сені жегенше, өзімді өзім жермін. Қар же, Қосүрей! Аздап басады. Міне, былай бетінді жу. Жылама. Көз жасың қарды да ертіп жатыр. Ғажап! Нағыз көзжастан сірескен қар да, тіпті көк мұз да ериді. Аз өзіңмен тағдыры бір тірілер көзжаска көңіл де бөлмейді, жібімейді де/тамыр жұлады/ Мә, тамыр шәйна!
Қосүрей: Өзің ше?
Тұзар: Мен тоқпын. Жапырак жеп тұрмын. Же, бауырым, же! Тағы да жұлып беремін. Сенің балаларың адасып жүрген шығар.
Қосүрей: Жок, жок! Мен олардың бір жапырак терісін таптым. Қасқырдың ізі де бар...Жарайды, мен жылындым. Енді кетейін. Кішкене жеңілденіп қалдым. Сенің кайғың өзіңе жеткілікті ғой. Мен қосылып...
Тұзар: Кал! Шекпен екеумізге де жетеді. Бірге тұрамыз.
Қосүрей: Енді маған өмірдің керегі не?!/басын шайқайды./ Балаларым барда-өмір сүрдім. Енді олар жоқ. Кеттім. Мүмкін мені түсінетін біреу
кездесер./күліп қолын бұлғайды/ ЧаО!/кетеді/
Тұзар: Сенікі де дұрыс шығар. Қажетің барда-өмірдің де мәні бар. Біреуге қамқор болып, кызмет етсең-оған керекпін деп жүресің. Ал ешкімге керегің болмаса, өзіңе де не кажетің бар./шекпенге кіреді. Көкшулан кіреді./
Көкшулан: Тұзар, үйдесің бе? Суықтық сүйегіңе дейін жеткен шығар. Қыс қатты, Тұзар!
Тұзар: /көрініп/ Саған не керек?
Көкшулан: Қайырлы күн. Маған ашулы шығарсың. Көптен келгенім жоқ. Аяз қатты, іннен шыға алмайсың. Аң біткен солай. Жел де өкпеңнен өтеді. Шекпеннің іші жылы шығар.
Тұзар: Қайнап тұр!
Көкшулан: Сен маған ренжіме. Өзің кінәлі. Қырсықсың. Біздің інде тұрсаң болатын еді.Ал сен қайдағы бір шекпенді күзеттің. Күзет! Бірақ тамақ та керек қой. Бұл жерге саған ешкім тамақ алып келмейді. Ал сен осы жерге байлап қойғандай қия баспайсын. Не шекпенді біреу алып кете ме, әлде шекпен өзі қашып кете ме? Сені де оны да әлде қашан ұмыткан. Жарайды ырылдама. Енді айтпаймын. Саған мен ашулануым керек еді. Мен кешіремін. /қылымсып/ Саған мен бір нәрсе әкелдім.. Тапшы не әкелдім? Кәне..!
Тұзар: Білмеймін.
Көкшулан: Қоян еті. Қара! Өзім жедім, сосын саған әкелдім. Мен сені сүйем ғой.
Тұзар: Сен кайдан алдың бұны?
Көкшулан: Каскыр кайдан алушы еді.. Орманда қарсы кездесті. Калт жібермедім, тап бердім. Болды!
Тұзар:Олар нешеу болды?
Көкшулан: Нешеуі калай?
Тұзар: Бес коян болды ғой. Солай ма?
Көкшулан: Жок, біреу.
Тұзар: Өтірік айтасың. Олар бесеу еді. Торт бала, бір кыз. Және олар сенің жаныңнан жүгіріп өткен жок. Мамаларын күтіп үйінде отырғанда сен бұзып кіріп, алып кеттің.
Көкшулан: Кім айтты саган?
Тұзар: Кім айтқаныңда не тұр? Міне сендердің қасқыр қағидаларын. Сен қорғансыз балапандарды інінен қазып алғанша, олардың анасын орманда теріңді тамшылатып қуып ұстасайшы. Енді сені не деп атайын! Ұры ма? Қоркау ма? Қанышер ме? Мен саған ғашык та болдым-ау. Армандап едім-ау. Сен үшін қожайынга өтірік те айттым-ау. Жоғал! Жексұрын! Тіпті осы ет өмірімді соңгы қалатын соңғы үмітім болса да тырнағымды тигізбен! Осы балалардың анасының көз жасына түншығып ол! Канышер қаншык! Жоғал! Жоғал! Көрінбе көзіме, қанышер! /жылап, шекпенге кіріп кетеді/
шымылдық.
АЛТЫНШЫ КӨРІНІС.
Сол жер. Ағаштар көгере бастаған. Алыстан қойшылар дауысы. иттің ургені, адамдар даусы естіледі.
Қуқар: Қар-р.Қар-р. Тұзар! Тірімісің. Тұзар.Қар-р-р, кар-р-р. Шекпен жатыр. Тұзар жоқ./түртіп қарайды/ Осы шірік шекпен үшін не көрмеді сорлы.! /Тұзар кіреді. Ырылдайды/
Қорықпа, алып кетпеймін. Өлейін деп тұрса да ырылдайды. Саған жақсы хабар әкелдім. Адамдар келеді. Естисің бе? Акыры аман жеттің. Мен бәріне хабар бердім. Көкжал, Көкшулан, Сылаң. Қортык- бәрі де келеді сендердің кездесулерінді қарауға. Қуаныштан жүрегің жарылып, демің үзіліп кетпесін. Кояннан өзгелерінің бәрі келеді. Оны өткен қыста бүркіт әкеткен. Сен не, есіңнен танып калғансың ба?Әлде естімей тұрсың ба? Бұл хабарым үшін маған бір қой бережақсың.
Тұзар: /Даусы әрең шығады/ Лепірме! Сөзіне түсіну қыин! /шекпенді тартып/Кешегі жаңбырдан су болған екен. Күн көзіне жайып, кептіру керек. Кожайынға керек болады. Неғып тұрсың? Жөнел! Хабарың үшін кейін есептесермін. Қазір сөйлесуге жәйім жок.
Қуқар: Қарай гөр! Менімен сөйлескісі келмейді. Ұскыны анау. Мен әлі сендей он иттің жасын жасармын, бірак сендей акылсызды көрмеспін./ұшыпкетеді/
Тұзар: /жалгыз/ Келе жатыр. Маған не болган? Басым солқылдап, аяғым дірілдейді. Толкығаным несі? Мені танымай қалатын шығар. Ал егер баска иттермен баска қожайын келсе не кылам? Эх, жарар! Не болса да көрермін. Мен өзімнің борышымды, атқардым. Шекпенді күзеттім./тыңдайды/ Міне, Олар да келіп калды.!
/ Бэ-бэ жүгіріп кіреді. Тұзарды көріп, корқып кетеді./ Сен неге қоркасың? Мені танымай калдың ба? Кәне,кәне! Кандай өсіп кеткенсің? Мүйізің кандай болған. Енді өзің де қорғана аласың. Әлі танымай тұрсың ба? Күзде қасқырлардан құтқарып калдым ғой сені, есінде ме? Бэ-бэ?
Бэ-бэ:/қуанып/ Бэ-бэ! Тұзар! Сен тірімісің! Сені қасқырлар алып кетіп, жеп қойыпты деп еді.
Тұзар: /күліп/ Өтірік! Жеп қойған жок. Мен тірімін!
Бэ-бэ: Саған не болган? Етің мен сүйегің қалыпты ғой. Даусың да жок. Сүзектен тұрдың ба?
Тұзар: Сүзектен де күшті, қыстан тұрдым. Арып-аштым.Ұлы ораза тұттым.
Бэ-бэ: Ораза! Бүкіл қыс бойына ма? Олай бола ма екен?
Тұзар: Болады. Бэ-бэ! Болады! Ой, кандай өскенсің. Әлі ешкіммен төбелескен жоқсын ба?
Бэ-бэ: Жоқ. Осы жазда жайлауда жақсылап қонданып алған сон, байқап көремін.
Тұзар: Қоңдан! Қондан! Күш жина, әлсізді әлсіретіп, кішіні жардан итеру үшін күш жина. Өмір-осы./ Есектің даусы естіледі./ Таныс дауыс кой.
/Кико кіреді. Жүктен тек құлағы көрінеді/.
Кико: И-о!, и-о! Әй, қайсысың бар, жүкті алыңызшы арқамнан! Әлде менін қыр аркам қарс айырылсын дейсіндер ме? И-о! И-о! /Бэ-6э көреді/ Не маңкиып тұрсың қой құсап! Түсірсеңші жүкті.
Бэ-бэ:. Енді есекше қарай алмаймын ғой. Сен одан да мынаған қара.
/Тұзарды көрсетеді/
Кико: Эй, кәрі қақбас! Тау басында өлгін келіп тұр ма? Төмендеу түсіп, өл! Әйтпесе иісіннен бүкіл отар түшкіретін болады. Не карайсын? Есек көрмеп пе ең?
Бэ-бэ: Сендей есекті көрмесе көрмеген шығар. Бұл деген Тұзар ғой.
Кико: /есі кетіп/ Қалай..Тұзар!/айналып өтіп/ қойдың айтуы дұрыс сияқты..
/Тұзар басын шайқайды/. Міне, қызық. И-о! И-о! Сен мұнда неге калдың!
Тұзар: Күзде қожайын шекпенін ұмытып кетті. Мен оны қыс бойы күзетіп шықтым .
Бэ-бэ: /таңқалып/ Тұз-а-ар!
Кико: /жүгімен жерге отырады/ Тұза - ар!
Бэ-бэ: Қыс бойы немен қоректендің?
Кико: Қойсың ба сен, ол қоректенсе осындай бола ма? Эй бэ-бэ шопандарға жүгір.Қуант оларды. Тұзар тірі де. Менің де жүгімді түсірсін. Сені шопан қалайша іздемеді?
Тұзар: Шекпенін де іздемеді .
Қуқар: /ұшып келіп/ Кико, каар-р, кар-р, сәлем!
Кико/Карғаға/ Егер хабарың жаман болса қарқылдамай -ақ кой.
Қуқар: Тойға келдік. Әне Қортык, міне Сылаң, Қаскырлар да осында.
/бұталардан олар көрінеді./
Көкжал: Сәлем Кико. Тағаларың түгел ме?
Кико: Әрине, төртеуін де ауыстырдым. Көрсетейін бе?
Көкжал: Қажеті жок. Бір рет көрсеткенсің. Қабырғам содан қисық бітті. Саған сол тағалардың керегі не? Артық жүк қой.
Кико: Сен жүрген жерде артықтық етпейді. Сен неге келдің?
Көкжал: Шопан Тұзарға қандай орден берер екен деп көруге келдік. Бұндай қиындықты жеңу-ерлік. Шекпенге ешкімді жолатқан жоқ. /Бэ-бэ.
артынан Шопан келеді. Қолында мылтығы бар. Аңдар жығылады. Бэ-бэ шекпенге кіреді./
Шопан: Менің шекпенім! Қарай көр! Мен жолшыбай жолғаттық деп
Киконы күнәлап жүрсем. /Бэ-бэ маңырап оны Тұзарға тартады/
Мынау негылған құбыжық!
/Есек пен Бэ-бэ Тұзарга сүйкеніп , түсіндірмек болады./
Мүмкін емес! Мынау Тұзар ма? /Бэ-бэ қуанып бақылдайды/ Не болғансың? Көрдің бе қожайыңды тындамай, кайда болса сонда каңғыған иттің не болатынын?! Саған каншама рет өзіңнің ит орнынды біл деп ескерттім. Тындамадың. Аягы не болды. Менің шекпенім болмағанда үсіп өлетін едің. Енді шекпенді сенің жүніңнен тазалау керек. Акымаксың, Тұзар! Шәйнам акылың жоқ. Ұсқыныңа қарашы. Жексұрын түріңмен сен енді кімге керексің. Неге қарайсың маған? Сені осы күйге түсірген мен бе? Өзіңнің мисыздығың әй, сен аяғыңа тұра да алмайсың гой. Саған қазір тамақ та беруге болмайды, бірден сұлап түсесің. Ағаштарды да кеміріп алғансың. Орманшы көрсе, бірден шаруаңды бітіретін еді. Сен бұндай түріңмен енді кімге керексің? Қыста өліп қалуың керек еді. Бізді несіне күттің. Күшің барда әрірек кетіп бол. Неменеге жылайсың? Өмір солай, достым! Маған кол-аяғы сау, қасқырдан қорықпайтын төбет керек! /шекпенді бүктейді/ Кешір достым! Қандай төбет едің.Қимаймын да.. Бірак болмайды... Жанынды қинап қайтесің.. қылжыта салайын. Саған көмегім сол./мылтығын алып, көздейді. Айқайлап жібереді./Неге тесілесің маған! Мен бе сені осындай қылган. Өзің ғой, өзіңнің түбіңе жеткен. Өзің! /көздейді. Аңдар, бэ-бэ,есек бәрі еңіреп, теңселіп кетеді.айқайлайды/ Неге шуылдайсыңдар! Ол енді бұрынғыдай ит бола алмайды. Ауру, ит кімге керек? Өзі де жанын қинап, азап шегеді.
/Тұзар әрең тұрады. Аңдар, аюандар тым-тырыс болады./
Жынұрғандай қарама дедім ғой. Маған! Қазір мүлт кетемін. Бұдан да жаман болады! Кінәлі өзің! Өзің! Өзің! Өзің!
/Мылтық аттады. Тұзар жылап, у-шу болады./
Көкжал: Тұзар! Төбетім-ау, сенің қызмет қылған қожайының осы ма? Кімге қызмет еткесің?
Тұзар./орнынан тіктеп тұрады. Шопанға қарап/ Мен оған қызмет еткенім жоқ. Мен Адамдарға қызмет еттім. А-дам-дар-ға! А-дам-дарға /қулайды/ Шатқал таулар жанғырып"А-дам-дар-ға, А-дам-дар-ға!" деп қайталайды. Жарық сөнедіән естіледі.
Адамға құлдай,
Қызмет еткен.
Болды бір төбет
Адал еді неткен!
Боран мен жауын,
Аптап пен шаңда.
Күзетті ол сені,
Түнде де таңда.
Ойланшы адам,
Ойланшы қанша!
Ойланар жәй бар,
Бәріңе, барша !
Бір-бірімізге
Ағайын-жұртқа,
Иттердей адал
Болмағанымыз ба?
шымылдық

Приложенные файлы

  • docx 11125584
    Размер файла: 109 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий